Top Banner
Бүгінгі оқушы – ертеңгі білікті маман К е р е к к ә с і п Елдің елдігін сақтап, көркейтетін де, басқа елмен терезесін тең етіп өркендететін де – білімді ұрпақ.Ал олардың болашағын айқындап беретін, білім мен тәрбиенің алтын дәнін себетін, талантын ұштайтын, қанаттарын қатайтып, өмірлік жолдарын таңдай білуге талпындыратын – білім ордалары.Сондай білім ордаларының бірі – «Ақтөбе автожол колледжі».Жақсы маманның тәрбиесі ұстазға байланысты.Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім- тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде колледж ұстаздарының еңбегі зор.Қазіргі білім беру жүйесін реформалаудың негізгі бағыттарында көрсетілген мемлекеттік маңызы бар міндеттердің бірі – жастардың өз кәсібіне деген қызығушылығын қалыптастыру мәселесі.Бұл орайда колледждің алдына қойып отырған міндеттері – мамандары кәсіби даярлаудың сапасын көтеру, олардың таңдап алған мамандықтарына деген қызығушылығын арттыру, өз кәсібіне деген жауапкершілігін қалыптастыру.Мектеп бітірген соң оқушылардың колледжге келуі – олардың өміріндегі алғашқы дербес қадамдарының бірі.1 курсқа келгенде жан-жақтан әртүрлі балалар жиналады, олардың мінез-құлықтары да, тәрбиесі де, өз - өздерін ұстауы да әртүрлі болады.Бұрын сабақ үлгерімі төмен, тәртібі нашар деген балалар 9 сыныптан соң, колледжге кетуіне мүдделі болатын.Бүгінгі таңда бұл көзқарас біршама өзгерді.Қазіргі кезде колледжде оқығысы келетін балалардың ішінде жақсы оқитын, тәртібі жақсы оқушылар да көптеп кездеседі.Олар өздері қызығатын нақты бір кәсіпті меңгерсем деп алдына үлкен мақсат қойып келеді.Тіпті, сабақ үлгерімі төмен, «бұзық» деген балалар да бірте-бірте колледж тәртібіне бейімделеді, талапқа бағынады, жауапкершілікті үйренеді.Колледжді аяқтаған соң олар мүлде басқа адам болып шығады.Есейген, ержеткен, ақыл тоқтатқан, үлкен өмірге бет алған, өз бетінше өмір сүруге үйренген, әр ісіне жауап бере алатын адам, кәсіби маман болып шығады.Білім алушыларымыз келешекте тек биіктерден көрініп, Абай атамыз айтқандай, «Атаның ұлы емес, адамның ұлы» болсын деп тілеймін! Білім ордасының мәртебесі асқақтай берсін! Абимолдина Жұлдызгүл Абдуалиевна 9
5

Газета

Feb 10, 2017

Download

Automotive

manzyr
Welcome message from author
This document is posted to help you gain knowledge. Please leave a comment to let me know what you think about it! Share it to your friends and learn new things together.
Transcript
Page 1: Газета

Бүгінгі оқушы – ертеңгі білікті маман

Керек кәсіп

Елдің елдігін сақтап, көркейтетін де, басқа елмен терезесін тең етіп өркендететін де – білімді ұрпақ.Ал олардың болашағын айқындап беретін, білім мен тәрбиенің алтын дәнін себетін, талантын ұштайтын, қанаттарын қатайтып, өмірлік жолдарын таңдай білуге талпындыратын – білім ордалары.Сондай білім ордаларының бірі – «Ақтөбе автожол колледжі».Жақсы маманның тәрбиесі ұстазға байланысты.Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде колледж ұстаздарының еңбегі зор.Қазіргі білім беру жүйесін реформалаудың негізгі бағыттарында көрсетілген мемлекеттік маңызы бар міндеттердің бірі – жастардың өз кәсібіне деген қызығушылығын қалыптастыру мәселесі.Бұл орайда колледждің алдына қойып отырған міндеттері – мамандары кәсіби даярлаудың сапасын көтеру, олардың таңдап алған мамандықтарына деген қызығушылығын арттыру, өз кәсібіне деген жауапкершілігін қалыптастыру.Мектеп бітірген соң оқушылардың колледжге келуі – олардың өміріндегі алғашқы дербес қадамдарының бірі.1 курсқа келгенде жан-жақтан әртүрлі балалар жиналады, олардың мінез-құлықтары да, тәрбиесі де, өз - өздерін ұстауы да әртүрлі болады.Бұрын сабақ үлгерімі төмен, тәртібі нашар деген балалар 9 сыныптан соң, колледжге кетуіне мүдделі болатын.Бүгінгі таңда бұл көзқарас біршама өзгерді.Қазіргі кезде колледжде оқығысы келетін балалардың ішінде жақсы оқитын, тәртібі жақсы оқушылар да көптеп кездеседі.Олар өздері қызығатын нақты бір кәсіпті меңгерсем деп алдына үлкен мақсат қойып келеді.Тіпті, сабақ үлгерімі төмен, «бұзық» деген балалар да бірте-бірте колледж тәртібіне бейімделеді, талапқа бағынады, жауапкершілікті үйренеді.Колледжді аяқтаған соң олар мүлде басқа адам болып шығады.Есейген, ержеткен, ақыл тоқтатқан, үлкен өмірге бет алған, өз бетінше өмір сүруге үйренген, әр ісіне жауап бере алатын адам, кәсіби маман болып шығады.Білім алушыларымыз келешекте тек биіктерден көрініп, Абай атамыз айтқандай, «Атаның ұлы емес, адамның ұлы» болсын деп тілеймін! Білім ордасының мәртебесі асқақтай берсін! Абимолдина Жұлдызгүл Абдуалиевна 9

Page 2: Газета

Науанова Жұмагүлата – аналар комитеті

Ақтөбе автожол колледжіне биыл менің балам оқуға түсті.Колледжге ең алғаш келген күні ұстаздардың студенттерге деген жауапкершіліктерін көрдім.Колледждің жақсы да,жоғары қалыптастырылғаны бірден байқалады.Ұстаздармен студенттер арасындағы қарым-қатынас өте жоғары деңгейде қалыптасқан.Колледж спортқа, өнерге және басқа салаларға балаларды тартуда.Колледж балаларға жақсы мамандық алуларына үлкен қызмет етуде.Қаншама студенттер қазіргі уақытта көрнекті маман иесі болып шықты.Менің балам Иса Әмитов осы колледждің бірінші курсында оқып жатыр.Балам жақсы маман иесі боларына сенімдімін.Колледжде «КВН» командасына қатысып көзге түсіп жүр.Колледж жастары қоғамдық жұмыстарға да ат салысуда.Мен ұстаздарға үлкен рахмет айтқым келеді.Оқу жылы басталғалы осы колледждің жетістіктерін көріп келемін.Балаларға жоғары деңгейде маман иесі болуларына жақсы жағдай жасалған.Колледж ішіндегі қалыптасқан тәртіппен, тәрбиеде өте жоғары.Балалардың жақсы мамандық алып шығуларына көп жағдай жасалған.Колледжде ұйымшылдық жақсы қалыптасқан және ұстаздар өте білімді де, жоғары маман екені көрінуде.Мен 15 топ жетекшісі Жұлдыз апайдың оқушылармен жұмысына риза болдым.Колледж ұжымы болашақта да жоғарыдан көріне беретініне сеніммен қарауға болады.

Сұх

бат

20

Page 3: Газета

Шайгузова Мадина

ата - ана

Мен Мұғалжар ауданындағы Еңбек негізгі мектебінде 30 жылда мектеп директоры болып қызмет жасадым.Сол мектептің түлектерінің көбі осы колледжден әртүрлі мамандық бойынша оқып,білім алып,қазіргі таңда жұмыс жасап жатыр.Атап айтсақ: Қапаров Аманбек, Қожабергенов Алтынбек, Қусаинов Айбат.Ал 2008 жылы өзімнің үлкен немерем Исен Ануар оның кластастары Сәметов Дулат, Жұмағалиев Жанболат, Аққошқаров Медет оқуға түсіп, оқуларын аяқтап, қазіргі таңда жұмыс жасап, еңбектерінің жемісін жеп отыр.Биыл сол мектептің түлектері: Узбасқан Бақдәулет, Жоламан Әділбек, Обаш Ерден, Тастемір Батырбек, Саметов Нурболат оқу бітіргелі отыр.Бұлар да өмірдің еңбек жолына аттанғалы отыр.Осы үстіміздегі оқу жылында тағы 5 түлек оқуға келіп, әртүрлі мамандық бойынша оқып жатыр.Оның ішінде менің немерем Есенов Ернар бар және оның сыныптастары: Қусаинов Азамат, Қусаинов Мирлан, Абдуллин Ерболат, Саметов Нұрсейт.Бұл колледжі ер балаларға лайықты мамандық береді.Осы оқу жыл бойынша мен колледжде болып жатқан іс-шараларға қатысып, көп жақсы істердің куәсі болып жүрмін.Немерем оқитын 15 топ, яғни авто - слесарлық мамандығы бойынша оқитын көптеген жетістіктерімен үлгілі топ.Бұл жетістік куратор апайы Жұлдыздың еңбегі.Әр жерден келген ер балаларды бір семьяның баласындай ұстау өте қиын.Соған қарамастан оқушыларын өте жақсы дәрежеде тәрбиелеп отыр.Колледждің бәсекеге сай қабілетті мамандар дайындауға үлесі зор және келешегі бар деп айтуға болады.

Сұхбат

21

Page 4: Газета

Менің колледжім –С

туде

нтте

р ле

бізі

Мен Абдрахман Нұрсұлтан 9 - шы сыныпты . аяқтағаннан кейін осы колледжді таңдадым,және . өз таңдауым үшін өкінбеймін.Елбасы Н.Назарбаев . «техник мамандықтар иесін экономистермен, . заңгерлермен салыстыруға болмайды, олар біздің . болашағымыздың дамуына үлкен үлес қосатын . азаматтар» деген болатын.Сондықтан «техникалық мамандықты таңдау – елбасы сөзін қолдау» деп түсінемін.Міне 1-ші курсты да аяқтап жатырмын.Құрметті оқытушылар, сіздердің қаталдықтарыңызға, мейірімдеріңізге, 1 жылда берген білімдеріңізге, әрдайым қол созып көмектескендеріңізге үлкен рахмет.

Мен Орын Нұржан Ақтөбе қаласында №8 мектепті аяқтап, осы колледжге келіп түстім.Ғылым мен техниканың өрістеп тұрған заманында Қазақстанның дамуы, әлемнің озық елдерінің қатарына қосылуы үшін техникалық мамандықтар аса қажет.Менің мамандығым да солардың қатарында.Еңбек нарығында білімді мамандар ғана сұранысқа ие.Мұны жеке түсінетін оқытушыларымыз өз білімгерлеріне сапалы білім беруде аянып қалған емес.Өндірістік сабақта өтетін тәжірибие сағаттары да өз кәсібімізді меңгеруге көмектеседі.Мен мамандығымды мақтан етемін.

Мен Сержанов Мержан бала кезімнен әкемнің ж жанында жүріп, техникаға деген қ қызығушылығым арта бастады, әрі бұл іске и икемімнің бар екенінде байқадым. 9 – сыныпты бітіргеннен кейін, Ақтөбе автожол колледжімен мектебімізге кәсіптік бағыт бағдар беру кезінде білдім, осында құжат тапсыруға бел будым. Ал колледжге түскеннен кейін мамандығым жайлы тереңірек біле бастадым. «Автокөліктерді жөндеуші слесарі» мамандығының арнайы пәндері маған өте қызық, пәнге қызығушылығымды арттыруға арнайы пәндер оқытушысы, өндірістік оқыту шебері Мәжит ағайлар үлестерін қосуда.

22

Page 5: Газета

– менің мақтанышымС

туденттер лебізі

Мен Мұсағалиев Қаныбек Темір ауданы Шұбарқұдық ауылында Жансен Кереев атындағы орта мектебінде оқып,9-шысыныпты бітірдім.9-шы сыныпты бітірер кезде, Ақтөбе қаласы«Ақтөбе автожол колледжінен» кәсіптік бағдар беру үшін Абимолдина Жұлдызгүл Абдуалиқызы келіп,бізге колледжді таныстырды.Маған колледж ұнады.Мен бала кезімнен машинаайдағанды және жөндеуді үйренгім келетін, сол себептен 9-шысыныпта ТҚС-да жұмыс істеп жүрдім «Ақтөбе автожол колледжімен»танысқаннан кейін,осы мамандық иесі болуды мақсат етіп «Авто-слесарь» мамандығына түстім.Қазіргі кезде мен «Ақтөбе автожол колледжінің» 15 топ студентімін.Маған мамандығым ұнайды және де осы колледжде үздік маман иелері сабақ береді.Мен өз мамандығым туралы теорияда, өндірістік сабақта көріп жүрмін.Бұл колледжде бәсекеге сай қабілетті мамандарды дайындайды. Колледжде балдарға оқуға бар жағдай жасалған, көптеген үйірмелер бар.Мен осы колледжді бітіріп болашақта үздік маман иесі болғым келеді.Мен өз мамандығымды сүйемін «Мамандықтың бәрі жақсы, қалауыңды таңдай біл» демекші мен өз мамандығымды дұрыс таңдадым.Мамандығым – мақтанышым.

Мен Исмағзам Райымбек Ақтөбе қаласындағы № 21 орта мектеп-гимназиясының, 9 сыныпты аяқтап осы колледжге келдім.9 сынып бітірген соң, анам осындай колледж бар екенін айтты.Колледжге келіп, өзіме жақын мамандық «Автокөліктерді жөндеуші слесаріне» түстім.Мен осы колледжге түскелі көптеген іс-шаралар мен мерекелерге қатысып, өз деңгейімді көтердім.Олимпиадаларға қатысып, өз білімімді тексердім.Тексеріп қана қоймай, өз деңгейімді арттырдым.Колледж маған осындайымен қызықты.Сол себепті мен осы колледжді таңдадым.\мамандығым – автокөліктерді жөндеуші слесарі.Бұл мамандық қазіргі білім мен ғылым және техниканың дамыған кезінде өте қажетті мамандық.Сол себепті осы мамандықты таңдадым.Мақсатым колледж бітірген соң, жоғарғы оқу орнына түсіп және өз алдыма техникалық қызмет көрсету орталығын ашсам деген арманым бар.Мен өз мамандығымның сырына қанығып, өзгенің емес, өзінің қызметімнің жемісін жеп, шыңына өрмелегім келеді... Елбасымыз кәсіптік білімге көп көңіл бөліп жатқан уақытта,ер адамға тән осы бір мамандықты таңдағаныма еш өкінбеймін.Болашақта «жақсы маман», «білікті маман», «кәсіби маман» иесі атанып, өз ісімнің шебері болғым келеді.

23