Top Banner
ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫ Алматы 2012 ЖҰМА МІНБЕРІ
720

ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Jun 17, 2021

Download

Documents

dariahiddleston
Welcome message from author
This document is posted to help you gain knowledge. Please leave a comment to let me know what you think about it! Share it to your friends and learn new things together.
Transcript
Page 1: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫ

Алматы 2012

ЖҰМА МІНБЕРІ

Page 2: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

УДК 28Ж81

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған

Жалпы редакциясын басқарған: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және Орта Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы,

филология ғылымдарының докторы, профессор, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі

Жұма мінбері – Алматы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, 2012 – 720 бет.

ISBN 978-601-80227-1-5 Ислам – аясы кең, рухани құндылықтарға мейлінше бай

дін. Оның ізгілікке негізделген інжу-маржандары мен баға жетпес жауһарларын халыққа насихаттау ҚМДБ-ның үздіксіз жалғастырар негізгі міндеттерінің бірі.

Қолыңыздағы жинаққа еліміздегі танымал дінтанушылардың әр жылдары баспа бетінде жарық көрген діни уағыздары және арнайы осы жинақ үшін жазылған жаңа уағыздар топтасты-рылып отыр. Бұл еңбек дін қызметіндегі имамдарға, білім-тәрбие саласының қызметкерлеріне және жалпы мұсылман жұртшылығына арналған.

УДК 28Ж81

ISBN 978-601-80227-1-5

©Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, 2012

Ж81

Page 3: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

3

АЛғЫСөЗ

Сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) ғұмыр кешкен сонау бақытты ғасырдан бері мұсылмандардың мешітке жиналып, жұма күндері уағыз тыңдауы дінімізде негізін тапқан игі дәстүр. Сахабалар ардақты елшінің нұрлы жүзіне көз ал-май тамсана қарап, мүбәрак аузынан маржандай тізіліп төгілген сөздерін тапжылмай, кірпік қақпай отырып тыңдайтын. Әрбір қасиетті аят оқылған сайын иманын жаңартып, амалдарын та-разылайтын. Бұрын естімегендерін естіп, білмеген жайттарға қаныға түсетін. Жүрекке жылу ұялатып, санаға сәуле құйған сырлы уағызға елітіп, өмірдің ағы мен қарасын, шындығы мен жалғанын барлап, ақиқаттың өлшемін салмақтап терең ойға шо-матын. Мешіттен шыққан уақыттарында хұтбада ескертілген жайттарға мұқияттылық танытып, рухани сергіп, Алланың әмірі мен пайғамбарымыздың хадистері негізінде амал етуге асығатын. Сол уақыттардан бері хұтба мұсылмандар өмірінде мазмұнды әрі мәні зор ұлағаттарымен ерекше орын алып келеді.

Мойындау керек, жер басқалы бері адам баласы пендешіліктің шекпенін ысыра шешіп тастауға қауқарсыз. Бәлкім, бұл жаратылысындағы қателесушілік, ұмытшақтық табиғатынан шығар. Қалай дегенде де, адам – бәрібір қателікке, жаңылысуға, ағаттық жіберуге бейім жаратылыс. Алда-жалда жанашыры яки иманды жан кездесіп, ақылын айтып, дұрыс кеңес бермесе, өмірін тұтастай ғапылдықта өткізіп алуы да ғажап емес. Бұл біз-ге «Дін – насихат» деген хадисті еске салғандай. Расында, наси-хат қана пәнидің күйбеңімен жүрген пенделерге бақи өмірдің артықшылығын еске салып, мұсылмандарды бұл өмірдегі түрлі жауапкершіліктерге көңіл бөлуге шақырады. Ниеттерін дұрыстауға, амалдарын түзетуге ынтықтырады. Ынтымақ пен берекенің, тату-тәтті тіршіліктің де ұйытқысы сонда жатыр. Дін де үздіксіз насихат негізінде дамиды, халыққа жетеді. Сол себепті

Page 4: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері4

әрдайым дін насихатын жүйелеудің, мүмкіндігінше күшейтудің жолдарын, тетіктерін қарастыра берген жөн.

Тарихтың қай кезеңін алып қарасақ та, мұсылман қоғамында дін насихатына көңіл бөлінбеген кез болмаған. Өйткені, дін сол қоғамның негізін құрайды. Діні мықты қоғам діңгегі мықты ағаш секілді. Осы орайда, кез-келген мұсылман елдерінде мешіт істері, имамдарды даярлау, біліктілігін арттыру, оларға оқулық әзірлеу, діни-ағарту жұмыстары т.б. ретті түрде жолға қойылған. Соның бірі – апталық уағыз тақырыптарының жинағы деуге болады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы республикамыздың түкпір-түкпірінде мешіттердің көптеп бой түзеп келе жатқанына, сондай-ақ әр аймақта (ауыл, аудан, қала) қызмет етіп жатқан имамдардың да өтініш-тілектеріне байланысты «Бір дін, бір мәзһаб» түсінігі негізінде жұма хұтпаларын жүйелеп, бір кі-тап етіп даярлауды көптен-ақ жоспарға енгізген еді. Сол жос-пар жүзеге асып, бүгін, міне тұңғыш рет даярланған бір жылғы уағыздар топтамасы кітап ретінде жарыққа шығып отыр.

Қазір елімізде 2300-ге жуық мешіттер бар, оларда 3000-дай имамдар мен молдалар қызмет етуде. Осы орайда діни-наси-хат жұмысын нақтылап, пәрмендірек ете түсуде бұл уағыздар жинағының тигізер пайдасы мол болмақ. Бір жылда 52 апта бар десек, яғни 52 рет жұма намаздары алдында міндетті түрде уағыз айтылуы керек. Сол үшін кітапта әр аптаға жеке тақырып таңдалды. Онда «Дін және отан», «Ислам – ынтымақ діні», «Жа-ратушыны тану қандай болмақ?!», «Құран және ғылым», «Имам әл-Матуриди және оның мұрасының мәні мен маңызы» секілді ауқымды тақырыптармен қатар, «Мәзһаб ұстанудың қажеттілігі», «Жиһад деген не?», «Қасиетті мәулітті мереке ретінде атап өтудің дінімізде үкімі қандай?» деген сынды өзекті тақырыптар қамтылды. Бұған қоса, исламдағы атаулы мерекелер мен қасиетті түндерге (қасиетті үш айлар, қадір түні, бәрағат түні, исра және миғраж, айт мерекелері), ораза, намаз, ақыретке сенім секілді иман шарттарына да орын берілді. Қоғамда әлі күнге залалы тыйылмай отырған арақ, темекі, зинақорлық секілді нашар әдеттердің кеселін халыққа жеткізу де назардан тыс қалмады. Негізгі тақырыптар

Page 5: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 5

ретінде, әрине, мейірімділік, жомарттық, тазалық, тақуалық, ұят, кішіпейілдік, жұмсақмінезділік, тәуба, жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю секілді т.б. толып жатқан халыққа ең кере-кті әдеп нормалары, адамгершілік қағидалары, аһлақ-тәрбие ұстындары қозғалғаны белгілі.

Негізінен Уағыз-насихат бөлімінің ұйытқы болуымен ҚМДБ қызметкерлері, әр облыстардағы өкіл имамдар, отандық дінта-нушылар атсалыса отырып әзірленген бұл еңбекте бұрынырақта жарық көрген кейбір кітаптардан, конференция жинақтарынан, баяндамалардан, «Ислам және өркениет» газетінде, «Иман» журналдарында жарияланған материалдар ретіне қарай алынды. Бұрын жарық көрмеген тың уағыздар да баршылық.

Ислам – аясы кең, рухани құндылықтарға мейлінше бай дін. Оның ізгілікке негізделген інжу-маржандарын, баға жет-пес жауһарларын халыққа насихаттай беру – Діни басқарманың алдағы уақытта да үздіксіз жалғастыра берер ісі. Сондықтан өздеріңізге жол тартып отырған уағыздар жинағы имамдардың ғана емес, жоғарғы және орта білім беретін білім мекемелерінің, шәкірттер мен жалпы жұртшылықтың ортақ кәдесіне жарай бер-гей!

Дәйім еліміз тыныш, отанымыз аман, дініміз ынтымақты болғай!

Шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және Орта Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, Бас мүфти

Page 6: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

6

Шейх Әбсаттар қажы ДербісәліҚазақстан мұсылмандары діни басқармасы және Орта Азия

мүфтилер кеңесінің төрағасы, Бас мүфти

ҚҰРАН ЖӘНЕ ғЫЛЫМ

Кейінгі ғасырларда ғана ашылып жатқан көптеген ғылыми жетістіктердің Құран Кәрімде осыдан он төрт ғасыр бұрын яғни, микроскоптан, телескоптан мақұрым ғасырда қорытынды түрде дөп басып айтылуы бұл күнде батыс-шығыс ғалымдарын таңғалдырып, Исламға бас идірген. Бұл Құранды Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар жазбағанын, Алла тарапынан жіберілген иләһи кітап екендігін айқын білдіреді.

Өсімдіктердегі аналық-аталық ұрықтарының ғылыми тұрғыдан соңғы ғасырларда ғана зерттеліп айқындалғаны мәлім. Ал Құран мұны он төрт ғасыр бұрын былай деп көрсеткен:

ا ل يعلمون رض ومن أنفسهم ومم ا تنبت ال زواج كلها مم سبحان الذي خلق ال«Жерден өніп-өсетін барлық өсімдіктерді, өздеріңді және

сендердің білмейтін нәрселеріңді жұп-жұп қып жаратқан Алла қандай пәк»1.

Сондай-ақ, зерттеушілердің теңіздердің ерекше қасиетіне бай-ланысты соңғы ғасырда ашқан жаңалықтарының бірі Құранның «Рахман» сүресінде былайша баяндалады:

مرج البحرين يلتقيان بينهما برزخ ل يبغيان«Алла тағала екі теңізді ағызды, олар бір-бірімен

қабысады, бірақ араларында перде болғандықтан бір-бірімен араласпайды»2.

Иә, бір-бірімен қосылып жатса да, сулары араласпайтын теңіздердің жоғарыдағы аятта айтылған ерекшелігі жақында ғана мұхит зерттеушілері тарапынан Жерорта теңізі мен Атлант мұхитының тоғысқан жерінен табылды. Ғасырлар бойы бір-бірі-

1 «Ясин» сүресі, 36-аят.2 «Рахман» сүресі, 19-20-аяттар.

Page 7: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 7

мен түйісіп тұрған теңіз суларының тығыздықтарының әр түрлі болуы сол – екі теңіздің сулары бір-біріне араласпай ортада көрінбейтін бір қабырға бардай боп тұрады.

Жердің айналу бағыты жайлы Құранда:

الذي أتقن كل حاب صنع الل وترى الجبال تحسبها جامدة وهي تمر مر الس

شيء إنه خبير بما تفعلون «Тауларды көріп, оларды тапжылмай тұр деп ойлап

қаласың. Ал олар болса, бұлттардың көшуі тәріздес жылжу-да3.

Алла тағаланың адамдардың ақиқат аясында өмір сүрулері үшін шырақ етіп түсірген қасиетті Құранның бұл аятында Жердің тек айналуы ғана емес, сонымен қатар оның айналу бағыты да таңғаларлық білгірлікпен айтылып кеткен. Қазіргі заман ғылымы қол жеткізген жаңалықтарының бірі – 3500-4000 м. биіктіктегі негізгі бұлт жиындарының қозғалыс бағыты әрқашан батыстан шығысқа қарай жылжитыны. Ауа райын болжау үшін көбінесе батыстағы жағдайға назар аударылуының себебі де содан.

Ал бұлт жиындарының батыстан шығысқа қарай қозғалуының негізгі себебі – Жердің айналу бағыты. Өйткені, жер батыстан шығысқа қарай айналатыны белгілі. Кейіннен белгілі болған бұл ғылыми ақиқат бірнеше ғасыр бұрын қасиетті Құранда айтылып қойған. Құранның тағы бір баға жетпес мұғжизаға толы аятында ана құрсағындағы сәбидің өсу кезеңдері атап айтқанда, алдымен сүйектер бітіп, кейін сол сүйектерді бұлшық еттер қаптайтыны туралы былайша баян етіледі:

طفة كين ثم خلقنا الن ن طين ثم جعلناه نطفة في قرار م نسان من سللة م ولقد خلقنا ال

علقة فخلقنا العلقة مضغة فخلقنا المضغة عظاما فكسونا العظام لحما ثم أنشأناه خلقا

أحسن الخالقين آخر فتبارك الل«Расында, біз адамды нағыз (сүзілген) балшықтан

жараттық. Сосын оны шәуеттің бір тамшысы күйінде мықты жерге орналастырдық. Сосын ол тамшыны алақаға

3 «Нәміл» сүресі, 88-аят.

Page 8: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері8

(жабысқақ ұрықтанған клеткаға), сосын оны мудғаға (бір жапырақ ет көрінісіндегі жаратылысқа), сосын мудғаны сүйектерге айналдырдық, сосын сүйектерді етпен қаптадық, сосын оны басқа бір жаратылыс жасадық. Алла – ең керемет Жаратушы»4.

Ана құрсағындағы сәбидің өсіп-жетілуін зерттейтін эмбрио-логия ғылымы – көпке дейін сүйектер мен бұлшық еттер бірге құралады деген қате тұжырымда болып келді. Тек технологияның дамуы нәтижесінде ақиқат айғақтарына қол жеткізіліп отыр.

Шынымен-ақ, физика ғылымы, су асты зерттеулері, тығыздық өлшемі сияқты нәрселер адамның үш ұйықтаса түсіне кірмей-тін дәуірде Құранның бұл ғылыми ақиқатты дөп басып баянда-уы, оның мәңгілік құндылықтарға бай, Ұлы Жаратушының сөзі екенін көрсетеді.

Осындай көптеген Құран аяттарының кереметіне таңғалып, оның иләһи кітап екендігін мойындаған атақты батыс-шығыс ғалымдарының айтқан сөздерінің ғибраты мол. Мысалы: C.Харт: «Құран Алла тарапынан Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) уахи арқылы жіберілген», Жан Поуль Роул: «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ең үлкен мұғжизасы – періште арқылы жіберілген Құран Кәрім», Виктор Имбердес: «Құран – бүкіл заң негіздеріне қайнар көз бола алатындай бай кітап...» десе, Доктор М.Букайле Құранның көптеген ғылыми жетістіктердің негізін қамтығандығын толық зерттеп және ондағы басқа да ақиқаттарға тәнті бо-лып, мұсылман болғандығын, M.Родвел «Құранды оқыған сай-ын таңғалатындығын...» айтқан. Ал Гете: «Бұл кітап (Құран) мәңгілік қуат күштің қайнар көзі болып қала бермек...», Капитан Кусто: «Қазіргі ғылымды он төрт ғасыр артқа тастаған Құранға ант етейін, ол – Алланың хақ сөзі» депті, Абай атамыз: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз ешуақытта жалған болмас», – деп Құранның хақ екендігін айтқан.

Құран адамзаттың екі дүниелік бақыты үшін түскенін білсе де, көре алмай, Құранды пенде кітабы етіп көрсетіп, оны жоққа шығаруға тырысқан Құран дұшпандары қанша жанталасқанмен,

4 «Муминин» сүресі, 12-14-аяттар

Page 9: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 9

оның мәңгілік жарығын өшіре алмасы анық. Құранда: يريدون الكافرون كره ولو نوره متم والل بأفواههم الل نور Олар Алланың» ليطفؤوا

нұрын ауыздарымен үрлеп өшіруге тырысады. Алайда Алла кәпірлер қаламаса да нұрын толықтырады»5, – дейді.

Сондықтан да Құран жайлы сын айтып, сөз таластырмақ болғандар мәңгілік сөнбес нұрдан мақұрым қалмақ. Ал Қасиетті кітаптың хақтығына қалтқысыз сеніп: للإيمان ينادي مناديا سمعنا إننا بنا رفآمنا بربكم آمنوا «Раббымыз, біз «Раббыларыңа иман етіңдер» أن деп шақырған (Пайғамбар, Құран) шақырушыны естіп, де-реу иман еттік...»6 дегендер сол бір нұрдың бақытына бөленіп, الميعاد إنك ل تخلف القيامة يوم تخزنا Рабб» ربنا وآتنا ما وعدتنا على رسلك ول -мыз, бізге пайғамбарларыңа уәде еткендеріңді бер, һәм бізді қиямет күні қорлама. Күдіксіз, Сен берген уәдең мен сөзіңнен айнымайсың»7 деп дұға етіп, ақыретте Ұлы Жаратушының уәдесі бойынша Оның таусылмас қазынасы мен сарқылмас сый-сыяпатына қол жеткізеді.

Иә, Құран – жеті қабат ғаламзатты жоқтан жаратқан жалғыз Жаратушы Алла тағаланың мән-мағынасы шексіз, мәңгілік кіта-бы.

Құран Кәрім оқудың сауаптығыӘрбір мұсылман Құранды өзі ғана оқып үйреніп қоймай, оны

өзгелерге де үйретуге міндетті. Себебі, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадис-шәріпте: خيركم من تعلم القرآن وعلمه «Сіздердің ең жақсыларыңыз – Құранды үйреніп, оны басқаларға үйреткендеріңіз»8, – деген.

Құрансыз өмірдің бос өмір екендігін әрбір мұсылман жақсы түсінуі керек. Құран оқылмаған үйде, жерде, елде береке, тыныштық болмайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл туралы хадис-шәріпте былай дейді: «Үйлеріңізде Құран Кәрімді көп оқыңыздар. Себебі, Құран оқылмаған үйде жақсылық, береке аз болады. Он-

5 «Саф» сүресі, 8-аят6 «Әли Имран» сүресі, 193 аят7 «Әли Имран» сүресі 194 аят8 Сахих Бухари, фадаилул Құран, 21

Page 10: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері10

дай үй қиыншылықтан көз ашпайды». Яғни ондай үйде тыныштық болмайды.

Құрансыз дүниедегі ешбір нәрсе адам баласын бақытты ете алмайды. Отбасында тыныштық, татулықты тек Құран ғана бере алады. Әсіресе қазіргі заманда болып жатқан әлеуметтік құбылыстарға зер салсақ, отбасы мүшелері арасындағы түрлі араздасулар, келіспеушіліктер, ұрыс-керістердің көпшілігі дін жолын ұстанбайтын, Құран оқылмайтын үйлерде, отбасылар-да болады. Құран оқылған үйге Алла тағаланың шексіз мейірім, рақымы жауады.

Бұрын өткен ата-бабаларымыз заманында ажырасулар, ер-лі-зайыптылар арасында ұрыс-керіс, әке мен бала арасында та-лас-тартыс өте аз ұшырасқан, себебі олар Құран жолымен өмір сүрген, Құранды үйреніп, бала-шағаларына үйретіп отырған. Әрбір мұсылман Құранды өзі оқи білген. Сондықтан отбасында береке, жақсылық, бір-біріне деген ізет, құрмет сақталған.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Бір үйде Құран оқылса, аспаннан періштелер енеді. Шайтандар қашады. Үй-ішіне жақсылық, тыныштық енеді, жақсылық көп, жамандық аз болады. Бір үйде Құран оқылмаса, ол жерге шайтандар үйірсектеп, пері-штелер кірмейді, онда жайсыздық орнайды, жақсылық азайып, жамандық көбейеді», – деген.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Құран қарайған жүректерге нұр береді» деп те ескерткен.

Құран адамды рухани күйзелістерден, пейілдің тарылуынан сақтайды. Құран өзіне ынтық жандар үшін – үміт бастауы. Құран мұсылмандарға үмітке толы өмір сыйлайды.

Пайғамбарымыз бір хадис-шәріпінде: «Құран оқу – көңілдің шипасы», – дейді.

Иә, Құран қай жерде болса да дертке дауа. Себебі, Алла тағала былай дейді:

دور بكم وشفاء لما في الص ن ر وعظة م ها الناس قد جاءتكم م يا أي

وهدى ورحمة للمؤمنين

Page 11: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 11

«Әй, адамдар! Тәңірлеріңнен сендерге насихат болған, жүректегі дертке дауа, мұсылмандарға тура жол және жарылқау болған кітап (Құран) келді»9.

Құран – рухани ауруларға да қарсы шипа көзі. Дәрі-дәрмекпен емделмейтін аурулар Құранмен шипа табады.

Мұсылман адам іштей құлазып, көңілін мұң басқанда дереу дәрет алып, Құран оқығаны жөн. Жабырқаудың жалғыз емі – Құран оқу, оқыған Құранды тыңдау.

Құран дауа ретінде түскен. Алла тағала: «Біз Құранда шипа болатын аяттарды түсірдік», – деген.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кім Құраннан шипа таппаса, оған басқа ем жоқ» деп ескетркен.

Құран Кәрімде шипалық қасиеттері бар бірнеше аяттар кез-деседі10. Бұл аяттар – Құранның шипа көзі. Мысалы «Исра» сүресінің 82-аятында:

المين إل خسارا ل من القرآن ما هو شفاء ورحمة للمؤمنين ول يزيد الظ وننز«Мүміндерге рақымы, шипасы бар Құранды түсіреміз.

Залымдардың шеккен зияны арта түседі» делінген. Яғни Құранда баяндалған үкімдер – теріс ақида (сенім), жалған

көзқарас және жаман мінез-құлық сияқты рухани ауруларға бірден-бір шипа көзі. Оның ішінде Алла тағаланың әмірін орындағандар үшін Құран – рақымдылық пен мейірімділіктің бастауы. Сондықтан Құран – әрі шипа, әрі Жаратушы Иеміздің пенделеріне түсірген рақымы.

Ибн Масғуд (р.а.): «Құран шапағат етеді, иесіне пайда тигі-зеді. Сондықтан кімде-кім Құранды жолбасшы етсе, ол оны жәннатқа жетелейді. Кімде-кім Құран жолын ұстамаса, бұл жағдай оны тозаққа сүйрейді» деген.

Бұл сөздің мағынасы: өзін оқып, үкімдеріне амал жасаған кісіге Құран Алла тағаланың алдында шапағатшы болады. Құран

9 «Юнус» сүресі, 57-аят .10 «Жүніс» сүресі, 57-аят, «Тәубе» сүресі 14-аят, «Нахл» сүресі, 69-аят,

«Исра» сүресі 82-аят, «Шуара» сүресі 80-аят, «Фуссилат» сүресі 44-аяттары

Page 12: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері12

өзін оқымаған, үкімдеріне амал етпеген адамға да қарсы куә бо-лады. Құранның бұл куәлігін Алла тағала қабыл етеді дегенді біл-діреді.

Абдуллаһ ибн Масғуд (р.а.) риуаят еткен осыған ұқсас тағы бір хадис-шарифте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

وعن ابن مسعود رضي الل عنه قال: قال رسول الل »ص« من قرأ حرفا من كتاب الل

فله حسنة والحسنة بعشر أمثالها. ل أقول ألم حرف ولكن: ألف حرف ولم

حرف و ميم حرف.«Алла кітабынан бір әріп оқығанға бір жақсылық бар, ол

он есе жақсылық болып жазылады. (Яғни, бір әрпіне он сауап беріледі). Мен әлиф, ләм, мим – бір әріп демеймін. Әлиф – бір әріп, ләм – бір әріп, мим – бір әріп деп айтамын»11, – деген. Яғни әлиф, ләм, мимді оқыған кісіге отыз сауап жазылады. Сондықтан біз, мұсылмандар, Құран оқудың қасиетін жақсы түсіне білуге тиіспіз. Бір әріп үшін сонша сауап берілетін болса, Құран Кәрімді толық оқып шыққан кісіге қанша сауап жазылатынын ойлап көрейікші! Ендеше, қасиетті кітапты оқып, мол сауапқа кенелейік, құрметті бауырлар!

11 Тирмизиден, хадис хасан сахих, фадаилул Құран, 16.

Page 13: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

13

Шейх Әбсаттар қажы ДербісәліҚазақстан мұсылмандары діни басқармасы және Орта Азия

мүфтилер кеңесінің төрағасы, Бас мүфти

ДІН ЖӘНЕ ОТАН

Дін және отан – өте қасиетті ұғымдар. Бұл екеуі бір медальдің екі беті сияқты. Ел игілігіне тілектес діндарлар үшін де отаннан қымбат ештеңе жоқ. Аталарымыз ұзақ ғасырлар бойы армандап, бүгінгі ұрпақ әрең жеткен, талайлар аңсап өткен тәуелсіздік, егемендік үшін жанын қиған азаттықты көздің қарашығындай сақтауымыз керек.

Кім-кімнің де жапырақ жаяр жері – Отан. Отансыз бақыт жоқ. Сол себепті, әрбір адам туған жерін, отанын қастерлеуі керек. «Отанды сүю – иманнан» деген кең тараған мағынасы терең, қанатты сөз бар. Өйткені, иманды адам өз Отанын сыйлап, қастерлей алады. Имансыз адам отанның қадір-қасиетін білмей-ді. Біздің Отанымыз – тәуелсіз Қазақстан. Қазақстан біреу-ақ. Екі Қазақстан жоқ. Отанды ешкім сатып ала алмайды. Сол себеп-тен де Қазақстан біз үшін өте қымбат. Сондықтан ары тарт та, бері тартқан, яғни, фитнаға, алауыздыққа жол бермей, отанның амандығын, халқымыздың ынтымағы мен бірлігін тілейік. Сол үшін білек сыбана еңбек етейік. Себебі ынтымақты, иманды елді жау ала алмайды.

Отан деген сөздің ұғымына тоқталып көрейікші. Отан деген не? «Отан» деп отбасы мен ошақ қасын, ауасын жұтып, суын ішіп жүрген, байлығы мол кең-байтақ жерді, қазыналы қарттар мен ақ жаулықты әжелеріміз тай құлындай бірге өскен құрбы-құрдастарымыз бар ауылды, қадірлі ата-ана, жарымыз бен бала-мыз жүрген елді айтамыз. Міне, осы туған ел мен жерге ие болу, амандығын тілеу – әрбір мұсылманның діни, әрі азаматтық бо-рышы.

Отанды сүю дінімізде өте қадірлі іс болып саналады.

Page 14: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері14

Мәдинаға һижрат жасаған уақытында Адамзаттың ардақтысы, Алланың елшісі хазірет Мұхаммед (с.ғ.с.) Хазрауа деген жерге жеткенде түйесін тоқтатқан екен. Кіндік қаны тамған Меккеге жабырқаған көңілмен қимай ұзақ қарап тұрып: – Уаллаһи, сен жер бетіндегі ең көрікті, ең сүйікті мекенсің. Мен үшін сенен артық жер жоқ. Егер тағдыр тауқыметіне ұшырамағанымда, өзіңнен бір сәтке де алыстамас едім, – деген.

Тағы бір жолы Ұхуд тауына қарап: «Біз Ухудты жақсы көреміз, Ұхуд та бізді жақсы көреді» дегені де тегіннен тегін емес. Бұл Пайғамбарымыздың туған жерге деген, туған жерінің әрбір өзен, көл, тау, тасына деген зор сүйіспеншілігін байқатады.

Бір хадисте:

هما النار، عين بكت من خشية الل، وعين باتت تحرس في سبيل الل عينان ل تمس«Екі көз ақыретте тозаққа күймейді: біріншісі күнәсына

өкініш білдіріп, оңашада егіліп жылаған көз, екіншісі Отанды қорғап шекара күзеткен көз»12 делінген. Демек, «өлсек шейіт, қалсақ ғазимыз» деген асқақ мұратпен «А, Құдайлап» жауға шапқан жүрегі түкті батыр-баһадүрлеріміз ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен дұшпан жолатпаған кең байтақ жерге бабалар аманаты деп қарай білген .

«Біз, қазақ деген мал баққан елміз. Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, Жеріміздің шетін жау баспасын деп, Найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз. Басымыздан сөз асырмаған елміз...» деген Қазыбек би

бабамыздың отты сөзі жерімізге көз алартқан дұшпанды тәубесіне түсіре білген батырлар ұрпағы болғандығымызға дәлел.

Халық даналығы «Отан үшін отқа түс, күймейсің» дейді. Бұл не деген сөз? Мәнін ойлап көрдік пе? Бұл Отанды қорғау жолын-да бәріне бара білуді, ештеңеден тайсалмауды білдіреді. Адамға алуан түрлі қасиет, дарын туған ортадан дариды. Сондай-ақ

12 Тирмизи, Фәдәилул-жихад, 12

Page 15: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 15

туған жер ата-бабаларымыздың сүйегі жатқан жер болғандықтан ұрпаққа перзенттік парыз жүктейді.

Исламда бес нәрсені: Отаныңды, дініңді, ұятыңды, жаныңды, дүниеңді қызғыштай қорғау міндеттеледі. Осы құндылықтарды қорғау жолында қайтыс болғандар шейіт саналады. Ал шейіттердің ақыретте есепсіз жәннатқа барары мәлім. Құранда бұл жөнінде

ول تقولوا لمن يقتل في سبيل الل أموات بل أحياء ولكن ل تشعرون«Шейіттерді өлдіге санамаңдар. Олар тірі, Алла біледі, сен-

дер білмейсіңдер»13 делінген. Сондықтан Отанды қорғау жолын-да, ұлтымыздың жарқын болашағы үшін басын бәйгеге тіккен-дерді шейіттер қатарына қосып, Жаратушы Иемізден жәннаттан жай бұйыртуын тілейміз.

Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген де мәнді сөз бар. Отанды сүюге, туған елге деген құрмет сезімі жанұядан бас-тау алады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Барлығың жауаптысыңдар. Елбасы еліне жауапты. Отағасы жанұясына жауапты. Әйел жанұядағы дүниеге жауапты. Малшы малына жауапты. Әркім өз қарамағындағылардан жауапқа тартылады»14 деген. Олай болса, балаға жастайынан жақсы тәрбие берумен туған елге құрметтеуді жанын қорғағандай дінін, отанын қорғау секілді құндылықтарды үйретуге де, отағасы жауапты болғаны. Бұл жөнінде Жүсіп Баласағұн бабамыз «Бала нені көрсе жастан ұядан, өле-өлгенше соны таныр қиядан» деген. Туған елге деген құрметті, патриоттық рухты өз ата-анасынан көре алмаған бала болашақта өзіне бала кезден таныс емес сезімді жатсынады.

Туған жерге деген сүйіспеншілік елді көркейтуге, білім ізде-ген жастардың талабына қолдау білдіруді де ұқтырады. Осы се-бепті Ислам дінінде ең жақсы садақа ілім жолындағыларға беріл-ген садақа екендігі айтылған. Тарихта әлі күнге дейін мұсылман елдерінде жекелеген қайырымдылық қорлар арқылы студент жастарға шәкіртақы беріліп отырады. Бұл сол елдің болашағына жасалған қамқорлық екені сөзсіз. Өйткені бір тағылымды кеңесте

13 «Бақара» сүресі, 154-аят14 Бухари, Жұма 11; Мүслим, Имара 20

Page 16: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері16

«Бір жылыңды ойласаң, егін ек. Он жылыңды ойласаң, ағаш ек. Жүз жылыңды ойласаң, ұрпақ тәрбиеле, білімге көңіл бөл» де-лінген. Соңғы ғасырлардағы ірі ғұламалардың «Мұсылмандарды артта қалдырып отырған үш кесел: білімсіздік, өзара алауыздық, кедейлік» деп атап көрсеткендей, бүгінгі күнгі көзі ашық, көкірегі ояу мұсылмандардың елге деген жанашырлығы жас ұрпақтың заманға сай озық білім алуына, сондай-ақ ұлтжандылық пен мұсылмандық тәліммен де сусындауында жатыр.

Ұлт жанашыры Ахмет Байтұрсынұлының «Балам деген жұрт болмаса, жұртым деген бала қайдан шықсын?!» деген ұлағатты сөз қалдырған.

Демек отанға деген сүйіспеншілік ел игіліне жасаған жақсылықтармен өлшенбек. Әлі күнге есімдерін ел құрметтеген әл-Фараби, Йүгүнеки, Баласағұн, Ясауи, Бақырғани, Кердерілер − бәрі де отанды гүлдендірген, елге, жерге адал қызмет еткен жандар еді. Құранда ешбір жақсылықтың бекерге кетпейтіндігі, Алладан сауап жазылатындығы айтылған:

ة خيرا يره فمن يعمل مثقال ذر«Кімде кім тозаңдай жақсылық жасаса, міндетті түрде са-

уабын алады»15. Мешіт-медреселердің бүгінгі күні ізгі жандардың қолдауымен

қайта жандана бастауы да туған елге, отанды гүлдендіруге деген ниеттің көрсеткіші. Алла тағала оларды шексіз сый-сыяпатына бөлесін.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

إذا مات النسان انقطع عمله إل من ثلث : صدقة جارية ، أو علم ينتفع به ، أو ولد

صالح يدعو له«Адам қайтыс болғанда мына үш түрлі амалынан басқасының

бәрі тоқтайды: садақа жария, ел игілігіне жарайтын ілім, дұға жасайтын ізгі ұрпақ»16деп, ел игілігіне жұмыс істеудің екі дүниеде де сауабы үзілмейтінін сүйіншілеген. Осы себепті сауап

15 «Зилзәлә» сүресі, 7-аят16 Бухари, Әдәбул-муфрад, 19

Page 17: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 17

ниетімен қоғамның түзелуіне жұмыс істеу, жамандықтан тыйып, жақсылыққа шақыру (әмр бил мағруф уә нәһи анил мүнкар) – әрбір мұсылманның міндеті. Мұсылман үмбетін басқалардан артық еткен осы қасиет екендігі Құранда былай келтірілген:

ة أخرجت للناس تأمرون بالمعروف وتنهون عن المنكر كنتم خير أم«Сендер жақсылыққа шақырып, жамандықтан

сақтандыру арқылы игі үмбет болдыңдар»17. Демек, қоғамның игілігіне жұмыс істеу, қоғамды ізгілендіруге талпыныс әрбір мұсылманның міндеті болғаны. Халыққа деген ең үлкен жақсылық та осы.

Ислам діні әр нәрсенің бір зекеті бар екенін ескерту арқылы әркімге өз мүмкіндігі жеткенінше қоғамдық істерге атсалысу ке-ректігін ұқтырған. Білімділер білімін басқаларға үйрету арқылы білімінің зекетін берсе, дәулеттілер түрлі қайырымдылық шараларға ұйытқы болумен, қайыр садақа, зекеттерін беру арқылы халықтың әл ауқатының артуына жағдай жасауға міндеттелген.

Отанды сүйе білу іспен көрсетуді қажет етеді. Отанды сүю – туған елге қызмет ету деген сөз. Туған елге қызмет өте кең ұғым. Айталық, басшыларға бағыну. Бұл да ел ішіндегі тыныштықты сақтау, бүлік тудырмау үшін қажет. Пайғамбарымыз өз сөзінде «Қара нәсілді құл басшы болса да бағыныңыздар, қарсы шықпаңыздар» деп тапсырған. Өйткені, Құранда: والفتنة أشد من القتل «Бүлік шығару − кісі өлтіруден де ауыр күнә»18 делінген. Ен-деше, елдегі, діндегі тыныштықты сақтау әрбірімізге міндет. Сол себепті басшыларға, мешіттерде имамдарға бағыну да тып-ты-ныш жатқан елді ала тайдай бүлдірмеу үшін аса қажет. Қандай да бір діни мәселеде талас туған жағдайда «бас-басына би болу емес» жүгінетін орын − Діни басқарма немесе Діни басқарманың жергілікті жердегі өкілетті имамы болуы тиіс. Бұл еліміздегі мұсылмандардың ұйымшылдығы, ауызбіршілігі үшін қажет.

Бір елдің нанын жеп, бір жердің суын ішіп отырғандықтан мұсылман мұсылманға қаталдық танытпай, бауырмалдығын

17 «Әли Имран» сүресі, 110-аят18 «Бақара» сүресі, 191- аят

Page 18: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері18

көрсетуі тиіс. Бұл − Исламның бұйрығы. Құранда إنما المؤمنون إخوة «Күмәнсіз, мұсылмандар бір-бірімен бауыр»19 деп баяндалған. Екі мұсылман ренжіссе арасын татуластыру әрі үлкен сауап екен-дігі айтылған. Хадистерде: «Сіздер иманға келмейінше жұмаққа кіре алмайсыздар. Бір-бірлеріңізді жақсы көрмейінше иманға келе алмайсыздар. Сіздерге бір-біріңізді жақсы көруге септігі тиетін нәрсе айтайын ба? Араларыңызда сәлемдесуді жайыңыздар!»20

المؤمن للمؤمن كالبنيان يشد بعضه بعضا«Мұсылмандар қабырғалары бір-бірін мықтап ұстап тұрған

ғимарат тәрізді»21, «Мүминдер бір-бірін жақсы көруде, жан ашуда, бір-біріне мейірімділік танытуда бір мүшесі ауырғанда басқа мүшелері қосыла сыздайтын дене тәрізді»22 «Уа, Алланың құлдары! Бауыр болыңыздар! Мұсылман − мұсылманның ба-уыры. Оған әрқашан қол ұшын береді. Өзінен төмен көрмейді. Тақуалық деген осында. Адамға мұсылман бауырын қор сана-уы күнә ретінде жеткілікті»23 делінген. Сол себепті ансар мен мұһажир сахабалардың бауырластығы тәрізді қиналғанда бір-бірі-не қол ұшын созып, әрдайым көмекке әзір тұру, бір-бірін жақын тарту − бүгінгі мұсылмандарға ең бір жетпей жатқан қасиет деуге болады.

Мәдинаға келген мұһажир Абдуррахман ибн Ауф (р.а.) пен Ансарлық Сағыд ибн Рәби екеуін Пайғамбарымыз бауыр деп жариялағанда, Саад Абдуррахманға: «Бауырым, Мәдиналылықтар ішіндегі ең дәулеттісі менмін. Ендігі жерде байлығымның тең жартысы өзіңдікі. Екі үйім болса, біреуі сенікі. Бау-бақшам да сондай. Өзің таңда», – дейді. Сонда Абдуррахман ибн Ауфтың оған: «Алла ниетіңді қабыл алып, байлығыңа берекесін берсін. Сен маған базардың қайда екенін көрсетсең болды, сол

19 «Хужурат» сүресі, 10-аят20 Муслим, Сахих, 93.21 Муслим, Сахих22 Муслим, Сахих23 Муслим, Сахих,

Page 19: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 19

жеткілікті»24, – дегені Исламда бауырластықтың қаншалықты шынайы болғандығына дәлел.

Туған елді сүю сол елдің ата-бабасынан келе жатқан дінін де құрметтеуден білінеді. Құранда: ينصركم الل تنصروا -Сен» إن дер Алланың дініне көмектессеңдер Алла да сендерге көмектеседі»25 делінген. Олай болса, елімізде исламның өркендеуі − дін мамандарының ғана емес, әрбір көзі ашық мұсылманның міндеті екенін ұғынатын кез жетті. Бүгінгі күні дінге қол ұшын беріп, республикамыздың түкпір-түкпірінде мешіт, медресе са-лып беріп жатқан ағайындардың молайып келе жатқаны көңілге қуаныш ұялатады. Ендігі жерде діни ағарту істеріне де қол ұшын беру кезекте тұрған мәселе екенін ескерген жөн. Бірақ бұның барлығы да бір ғана Алланың разылығын көздеп, туған елге деген сүйіспеншілікпен атқарылуы тиіс. Ислам тарихына қарасаңыз, мұсылман елдерінде мешіт, медресе, кітапхана, көпір, монша, керуенсарай секілді халық игілігіне жарайтын істердің көбінесе жеке тұлғалардың қайырымдылығымен атқарылғанын көреміз.

Отанға деген сүйіспеншілік халық игілігіндегі мүлікті көздің қарашығындай көру, талан-таражға салмау, кісі ақысына көңіл бөлу, ел мүддесіне жұмыла жұмыс істей білуді де қажет етеді.

Хазірет Омар (р.а.) бірде сырттан бір кісі келгенде, дереу барып алдында тұрған май шамды ауыстырған екен. Әлгі кісі оның мәнін сұрағанда, «Мен бағана мемлекет ісін қарап отыр едім, енді жеке ісімді қарайтын болғаннан кейін өз май шамымды жақтым» деп жауап бергені тарихтан мәлім. Бұл хазіреті Омардың ел басқарып тұрған халифа кезінде мемлекет меншігіндегі затқа қаншалықты жауапкершілікпен қарағандығын көрсетеді. Сахабаларымыздың қай қайсысы да адалдығын осылай дәлелдей білген. Өйткені, олар ақыретте осы дүниеде істеген істерінің бәрі үшін сұрақ ба-рына нық сенген. Ол сұрақтың оңай болмасын да тереңнен сезін-ген. Сондықтан да Алланың алдына ешкімнің ақысын жеместен маңдайлары жарқырап баруды қалаған. Бұл бүгінгі біздер үшін де

24 Бухари, Сахих, Тәжриди Сарих тәрж. Т. 6. Б. 342.25 «Мухаммед» сүресі, 7-аят.

Page 20: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері20

ой салуы тиіс. Сол себепті қандай да бір ел мемлекет мүлкіне зор жауапкершілікпен қарайтын, мемлекет мүддесін өз мүддесінен жоғары қоя білетін, арды ақшадан биік қоятын ерлер көбейгенде ғана гүлденетіні белгілі. Бұл біз үшін қазіргі таңда ауадай қажет қасиет болып отырғаны баршаға аян.

Туған жердің көркейгенін қалаған әрбір азамат өз ісін жақсы меңгеруге талпынуы керек. Кәсібилігін арттырып, өз мамандығының шыңына шығуы тиіс. Құранда бұл туралы:

اعملوا فسيرى الل عملكم ورسوله والمؤمنون «Еңбек етіңдер! Себебі, істеріңді Алла тағала, елшісі және

жалпы мұсылмандар көреді»26 делінген. Демек, мұсылман адам өз жауапкершілігіне алған жұмысына немқұрайлы қарамауы ке-рек. Немқұрайлы қарау басқа адамдардың да жұмысына кері әсерін тигізетінін ескерген жөн. Осы орайда, Америка пре-зиденті Линкольннің балаларына «Кейін өскенде аула сыпы-рушы болсаңдар да, ісіне ұқыпты, ең жауапты жұмыскер сендер болуларың керек» деп кеңес беруі өте мәнді. Елдің әрбір аза-маты осындай ниетпен, өзіне берілген істі ең сапалы деңгейде атқарғанда ғана туған елдің көркеюіне үлес қоспақ. Әйтпесе, үнемі басқаларды сынау, аяқтан шалудан аса алмаудың кері тартқаннан басқа елге берері шамалы.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде: «Ең жақсы адам − басқаға пайдасы тиген адам» дейді. Осы себепті туған елімді сүйем де-ген әрбір азамат ол айтқанын туған елге жасаған жақсылығымен дәлелдеуі керек. Саясаткерлер халық игілігін көздейтін мықты саясат жүргізуі керек. Балабақшаларда тәрбиешілер балаларға жақсы тәрбие, имандылықты үйретуі тиіс. Мектептерде ұстаздар сапалы білім беруге талпынып, дәрігерлер науқастарға қолдан кел-генше жәрдем бергені жөн. Тәртіп сақшылары халыққа сенімділік ұялата білуі ләзім. Дипломаттар шет елдерде өз елін жақсы жақтарынан таныта білуі қажет. Өнерпаздар мен ақындар елдің, халықтың мұңын мұңдап, жырын жырлауы, халыққа имандылық пен ізгілікті дәріптеуі, отанға деген сүйіспеншілікті насихаттаған

26 «Тәуба» сүресі, 105-аят,

Page 21: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 21

абзал. Имамдар халыққа Ислам дінінің құндылықтарын кеңірек жайып, елдің ауызбіршілігін арттырып, іс-әрекетімен үлгі болуы тиіс. Отанға деген сүйіспеншілік, құрмет − осындай кең ұғымды білдіреді. Сол себепті әркім қолынан келетін жақсылығын жасауға тырысуы қажет. Хадисте: «Ертең қиямет болатынын білсең де, бүгін ағаш ек» дейді. Міне, бұны туған жерге жақсылық жасауға асығу деп те түсінуге болады. Мәшһүр Жүсіп бабамыз да «Адам сол − адамдығын жұрты көрсе» деген.

Туған елге деген құрмет үлкенді сыйлау, кішіге ізет білдіру, сондай-ақ мәдениеттілікке бет бұрумен де қалыптасады. Хадис-те: كبيرنا ر ويوق يرحم صغيرنا لم من منا Үлкенге құрмет, кішіге ізет» ليس көрсетпеген бізден емес» делінген. Демек, ақ сақалды аталары-мыз бен ақ жаулықты аналарымызды, жасы үлкен аға, әпкелерді құрмет тұту, қарындасты қарындас, ініні іні деп сыйлай білудің де елді құрметтеуге жататынын ұққан жөн. Осы орайда бүгінгі күні жастарды имандылық пен ибалылыққа тәрбиелеу турасындағы насихатты күшейтудің басты орында тұрғанын ұмытпауымыз қажет.

Отанға жанашырлық үнемі елдің тілеуін тілеуді, жүрген ор-таны таза ұстауды да қажет етеді. Ата-бабаларымыз әрдайым баталарында елдің, жердің, халықтың амандығын тілегені осының айғағы. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде «Алла лағынеттеген екі нәрседен сақ болыңыздар. Адам жүретін жол-дар мен көлеңкелейтін орындарды ластау»27 деу арқылы адамдар жүретін жерлерді, қоғамдық орындарды, қоршаған ортаны таза ұстауға шақырған.

Отанды, елді атақ алу, абыройға кенелу үшін емес, ұрпағым, елім болашақта жетім болмасын, Отансыздықтың азабын тарт-пасын деп қорғау керек. Жер бетінде Отансыз ұлттар қаншама?! Оларды жер-жерде дәл біздің еліміздегідей бауырына басып, жақсылық жасап отыр деп тағы айта алмаймыз. Жергілікті ұлттың ызғарына тоңып, қаһарына ұшырап отырғандары қаншама?! Біздің де ұрпағымыз біреудің қас-қабағына қарап жәутеңдемесін,

27 Муслим, Тахарат, 68.

Page 22: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері22

біреудің қолына қарап дәметпесін десек, атадан қалған асыл мұраны сақтап, ақылды ұрпақ тәрбиелеу – мүлт кетуге болмай-тын парызымыз болу керек. Осы орайда «Халықты сүйем деп байбалам салмай, оған тек жан жүрегімен ғашық бола білу керек» деген Мұқағали ақынның мына бір жыр шумақтары ойға орала-ды:

Оңай сөз ғой Отанды сүйем деген, Не тындырдың «басымды иемменен»?Оңай сөз ғой, құрбым-ау, оңай сөз ғой Отан үшін күйемін, өлем деген.

Өлім деген ерліктің қорегі ме?Өлмей-ақ қой, өлімнің керегі не?... Егер Отан сыңсыған орман болса,Жапырақ боп жармасқын терегіне.

Самалы бол Отанның салқындаған,Сандуғаш бол, сайратсын алтын далаң.Семсері бол, Отанның қынабындаСертке ұстаса селт етпей жалтылдаған.

Шетсіз, шексіз, қиырсыз, ұлы дала,Шуақ болып шашылмай жылына ма?Сүй Отанды! Шыныңмен сүйіп өт те,Гүл боп қадал ойына, қырына да.

«Жүз толғанып, күніне мың ойласам»,Ақ басты алып анаммен шырайласам. Қалай оны сүйем деп айта аламын,Бірге күліп, қуанып, мұңаймасам?!

...Оңай сөз ғой Отанды сүйем дегенІс тынбайды «жанамын, күйемменен...»Өгей әке емес қой Отан деген,Отанды мен Атамдай иемденем!

Page 23: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 23

Иә, туған ел, туған жер үшін жасалатын жақсылықтардың барлығы ізгі ниеттен, иманнан туатыны даусыз. Сол себепті «Отанды сүю − иманнан» деген сөздің мәні терең.

Данышпан, дана, ойшыл әз Төле би:Бұл қазақтың баласы,Тегінде нені көрмеген. Неше бір жайсаң данасы, Шешенде болған сөзбенен.Көсемде болған ойменен,Бірақ соның бәрі де.Ыдырап жатқан қазақтың,Қоса алмады бастарын.Мен боламын дегендер,Ақтамады сенімді.Көкірек қаққан хандарың,Лауазымға таласып.Быт-шыт қылды елімді,Береке бітім келместен.Аз дұшпаннан жеңіліп,Қайыстырды белімді, – деп, аһ ұрып өтті дүниеден. Одан

кейінгі Абылайлар да, басқалар да қазақтың басын қоса алмай за-рлап кетті. Қазақ – алауыздықтан езілген, жаншылған, тапталған, көрмегені жоқ халық. Талай рет тарих сахнасынан жойылып та кете жаздады. Міне осындай қасіреттен жұрттың басын қосып құтқарған, ел етуді мемлекет болып, өзгелермен терезесі тең тұруды іске асыруды Алла тағала Нұрсұлтан Назарбаевқа нәсіп етіпті. Нұрекең – елім, жерім, отаным, тілім, дінім деп еңіреп, ел үшін бар күш-қуатын сарқа жұмсап, ыстығына күйіп, суығына тоңып жүрген азамат. Ән де салады. Күй де тартады. Домбырада да ойнайды. Ана тілінде майын тамызып сөйлей де алады.

Сондай азаматтың қадірін біліп жүрміз бе? Қазақ Нұрсұлтанның бастауымен ЕҚЫҰ (ОБСЕ) секілді үлкен ұйымдарға төраға болу мәртебесіне ие болды. Әлем қазақты, Қазақстанды мойындап отыр. Қазақстан жаһандану қауымдастықтан ойып орын алды. Қашан болып еді бұл? Түске де кірмейтін жайт емес пе еді.

Page 24: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері24

Нұрекең күні кеше ғана халқына арнаған жолдауында отаным-ды, елімді алдыңғы қатарлы әлемнің 50 елінің қатарына қоссам деген ұлы мақсатпен таныстырды. Соның ішінде ең маңыздысы, тәуелсіз Қазақстан, отан, халық мәселесі. Бәрі де отан үшін, ел үшін, елдің көсегесін көгерту, елді биікке көтеру, мәртебесін асы-ру, асқақтату. Ал осындай ұлы мақсаттарға жету үшін ең алды-мен ынтымақ пен бірлік, бір жағадан бас бір жеңнен қол шығара білуіміз керек.

Page 25: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

25

Шейх Әбсаттар қажы ДербісәліҚазақстан мұсылмандары діни басқармасы және Орта Азия

мүфтилер кеңесінің төрағасы, Бас мүфти

ИМАМ АғЗАМ ӘБу ХАНИфА

Исламның алғашқы дәуірінде мұсылмандар арасында діни қайшылықтар туындамады. Өйткені хазірет Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз қасиетті Құран және өзінің даналығымен мәселенің шешімін айтып, дер кезінде алауыздықтың алдын алып отырған.

Бұл туралы Алла тағала мұсылман үмбетін:

سول وأولي المر منكم فإن تنازعتم في شيء ها الذين آمنوا أطيعوا الل وأطيعوا الر يا أي

سول إن كنتم تؤمنون بالل واليوم الآخر ذلك خير وأحسن تأويل وه إلى الل والر فرد«Ей, иман келтіргендер! Аллаға, пайғамбарға және

өз араларыңдағы ұлықтарыңа бойсұныңдар. Егер өзара бір нәрсеге келісе алмасаңдар, оның жайын Алладан, пайғамбардан сұраңдар. Аллаға, қиямет күніне сенетіндерің рас болса, бұл сендер үшін қайырлы, әрі тиімді»28, – деп ес-кертеді. Шариғаттың негізгі мәселелері Құран мен хадисте қамтылған. Сондықтан пайғамбарымыз хазірет Мұхаммед (с.ғ.с.) ислам қауымына:

تعالى، وسنة رسوله كتم بهما: كتاب الل وا ما تمس تركت فيكم أمرين لن تضل«Мен сендерге екі нәрсені қалдырып барамын. Егер оларды

бекем ұстап, амал етсеңдер, ешқашан адаспайсыңдар. Олар – Алланың кітабы (Құран Кәрім) және Алла Елшісінің сүннеті»29, – деген.

Мұсылмандардың саны көбейе түсті, кейбір мәселелер де бой көрсете бастады. Мінеки осындай кезде сахабалар Құран

28 «Ниса» сүресі, 59-аят29 Муатта, Қадар, 46, II/899

Page 26: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері26

мен сүннет негізінде, өз білімдеріне сүйене отырып, туындаған мәселелерді шешіп отырған.

Уақыт өте фиқһ (мұсылман заңы) саласы бойынша Құран аят-тарын дұрыс талдау және хадистерді зерттеу арқылы шариғатты дамытып, жалған мектептерге қарсы күресуші, олардың қателіктерін паш етуші имам Ағзам Әбу Ханифа (699–767), имам Малик (717–795), имам Шафиғи (767–820), Ахмад ибн Ханбал (780–855) секілді ислам ғұламаларының мәзһабтары дүниеге кел-ді.

Бұлар ислам әлемінде ресми мәзһаб саналып, 1300 жыл-дан бері өз ұстанымдары бойынша амалдарын жүргізуде. Ол мәзһаб иелерінің әрқайсысы білгір ғалымдар еді. Солардың біріне мойынсұну арқылы, осы заманға дейінгі әртүрлі қайшылықтардың жолы кесіліп, алды алынып келеді. Сондықтан бұл төрт мәзһабтың бірін ұстану қазіргі заман талабы да. Өйткені олар Құран кәрім мен сүннет жолына лайық болғандықтан, «әһлус-сүннә уәл-жамаға», яғни хазірет Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың сүннет жолын ұстанып, көпшіліктен бөлінбей, бірлік-ынтымақты жақтаушы қауым мәзһабтары атанды.

Мәзһабтардағы айырмашылықтар тек «абзал» және «дұрыс» деген сөзде ғана. Яғни біз өз мәзһабымызды абзал санаймыз да, ал қалған үш мәзһабты дұрыс деп білеміз. Алайда біздің мәзһаб дұрыс, қалған үшеуі бұрыс деу адасушылық болып есептеледі.

Соның ішінде біздің Ханафи мәзһабымыз тұла бойы адам-гершілік пен бүкіл адамзатқа ортақ асыл құндылықтарға бай. Бұл күндері әлем халқының төрттен бірі мұсылман болса, солардың 48% осы мәзһабта.

Ислам дінінің қазақ даласына келгеніне ХІІ ғасырдан аса уақыт өтті. Содан бері халқымыз атақты ислам ғұламасы Нұғман ибн Сәбит (р.а.) (699–767) негізін қалаған Ханафи мәзһабын ұстанып келеді.

Бұл мазхабтың құрушысы Имам Ағзам Әбу Ханифа ән-Нұғман ибн Сәбит (р.а.) һижраның 80 (699) жылында Ирактың Куфа қаласында өмірге келген.

Page 27: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 27

Азан шақырып қойылған аты ән-Нұғман болғанымен, халық оны Әбу Ханифа немесе Имам Ағзам деп атайтын. Өйткені ислам әдебі бойынша үлкен ғалым адамдардың аттары аталмайды. Олар хазірет, ұстаз сияқты құрметті сөздермен тілге алынады.

Бұл ұлы фиқһ ғұламасының таза да айдын өмірі баршаға белгілі болған. Көптеген адамдар оның білімін айтып, мақтауда. Солардың бірі әрі замандасы болған Фудайл ибн Иаз: «Әбу Ха-нифа – фақиһ, тақуа ғалым. Фиқһ ілімінде танымал әрі өте бай еді. Айналасындағыларға жақсылық жасауымен, күні-түні ілім үйренуімен танылған. Өзіне келгендерге қарасатын, ілім үйрететін. Аз сөйлеп, көп ойланатын. Халал немесе харам нәрселерге байланысты бір мәселе болғанда оған ылайықты жа-уап беріп, түсіндіруден жалықпайтын еді. Сұлтандардың мал-мүлкін алудан аулақ жүретін, сыйлық алмайтын»30 дейді.

Жағфар ибн Рабиға : «Бес жыл бойы Әбу Ханифаның жа-нында болдым, ол секілді өте ұзақ уақыт бойы үндемей отырған адамды өмірімде көрген емеспін. Фиқһтан бір мәселе жайында сұралғанда, ашылып, сарқыраған өзендей ілімін төгетін. Оның айтқандары баршаға әсер ететін еді»31 дейді.

Хасан ибн Салиһ: «Әбу Ханифа – өте тақуа адам. Харамнан қорқатын, сәл күмәнданса, халалдың өзін тәрк етуге даяр еді. Өзін және білімін мұнша қорғайтын адамды көрмедім. Ол үнемі ақырет үшін дайындық жасауды естен шығарған емес»32.

Әбу Ханифаның білімінің түп негізі Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) сабақ алған, хадистерін жаттаған Абдуллаһ ибн Масғудтан келетіндігін көптеген ғалымдар айтуда. Дін ғұламалары мұны былайша түсіндіреді: «Фиқһ ілімінің дәнін Абдулла ибн Мәсғуд (р.а.) екті, Имам Әлқама өніп шыққан егінді суарды, Ибраһим ән-Наһаъи піскен астықты жинады, Әбу Ханифа оны диірменге тартты, Имам Әбу Юсуф ұннан қамыр жасады, Имам Мұхаммед нан пісірді. Міне, барлық халық осы күнге дейін Имам Ағзам дайындаған ұннан жасалған нанды жеп келеді» деп хана-

30 Хатиб Бағдади, Тарих Бағдад 8-т., 340-б. 31 Хатиб Бағдади, Тарих Бағдад 8-т., 340-б..32 Саймари, Әбу Ханифа уа Асхабуһу 23-б.

Page 28: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері28

фи мәзһабының негізін қалап, оны нығайту жолындағы фиқһ ғұламаларының жасаған қызметін баяндайды.

Әбу Ханифа өмірінде төрт сахабамен кездескен. Олар: Әнас ибн Малик, Абдуллаһ ибн Әбу Ауфә, Сәһл ибн Сағыд және Әбу Туфайл. Сахабаны көрген адам табиғин деп аталады. Олай болса Әбу Ханифа да табиғиндерден болды. Алайда кейбір ғалымдар табиғин болу үшін сахабемен тек қана кездесу емес сонымен бір-ге олардан білім алу керек деген көзқарас та бар.

Әбу Ханифа ұстазы Хаммадтың (р.а.) қолында жүйелі түрде 18 жыл оқыған. Ұстазы дүниеден өткенге дейін, одан ажырамаған. Өйткені ол ұстазын жақсы көріп, оның асыл қасиеттерін, даналығын, парасаттылығын, тақуалығын, әсіресе кеңпейілділігі мен жомарттығын өзіне үлгі тұтқан.

Хаммад бай болғанымен, мал-мүлкін туған-туысқандарына, жетім-жесірлерге және шәкірттеріне жұмсайды екен. Бұл жай-лы: «Хаммад ғұламалар ішінде ең жомарты еді, жылда келетін қасиетті рамазан айында күнде 500 адамға ауызашар беретін, жағдайы нашар шәкірттеріне ақшалай көмектесіп тұратын еді», – деп риуаят етіледі.

Хаммад ибн Сүлеймен (р.а.) дүние салғаннан соң, оның ісі ба-ласы Исмаилға тиді. Жұрт та оның бойынан әкесінің ілімі мен асыл бейнесін көргісі келді. Өкінішке орай, Исмаил халық көңілінен шыға алмады. Сол себепті ұстазының оқу-ағартушылық істерін әрі қарай жандандырып, дамытуды шәкірті Әбу Ханифа мойнына алды. Халықтың қалағаны да сол болатын. Ол кезде оның жасы қырықта еді.

Әбу Ханифаның есімі мен білімі кеңінен тарай бастайды. Оған жан-жақтан білім алу мақсатымен мыңдаған шәкірттер келіп жатты. Оның дәрісханасы Куфадағы ең үлкен, әрі берекелі білім ошағына айналды. Шәкірттердің ғылыми сұхбаттары мен қуанышты үндері мешіт сыртынан да естіліп тұратын.

Әбу Ханифа ақылды, өткір, парасатты кемел ой иесі еді. Осы ерекшелігімен ол тез арада өз дәуірінің ең ұлы ғалымдарының біріне айналды. Ол – ислам фиқһының үлкен мүжтаһид ғалымы болды. Құран кәрім және сүннеттен басқа нақты дәлел ретінде ол

Page 29: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 29

сахабалардың, табиғиндердің алқалы пікірін, сондай-ақ қияс (са-лыстыру), истихсан (дұрыс санау, жақсы деп білу) және ғұрып-дәстүр сияқты фиқһ қағидаларын пайдалана отырып, шариғат шеңберінде үкімдер шығара білді.

Әбу Юсуф (р.а.) ұстазын: «Оның бет-пішіні мен дене-бітімі сымбатты да сұлу еді. Сөзге өте шешен, дәлел келтіруге ұста, тілі жұмсақ болатын. Дәрісіне қатысқан кез-келген адам, оның ілім үйрету әдісінен ләззат алатын. Ол шәкірттерінің шариғат мәселелерін терең түсінетін ғалым болуларына көп көңіл бөлді. Оларға жұмсаған күш-қайраты соншалық, ол кісіден дәріс алған кез-келген адамның әйгілі ғалым болуы оңай еді», – деп еске ала-ды.

Әбу Ханифа жүзі жарқын, сақалы жарасымды, жақсы киі-нетін, басына қара түсті «қалансуасын» киетін. Жағымды иіс себетін, сапалы киімдерден киінетін. Өте ақ көңіл, аз сөйлейтін, аз күлетін, көп ойлайтын, өте ақылды, сөйлескенде орта жолды ұстанатын, өзіне сұрақ қойылмағанша сөйлемейтін, әрбір істі ой-ланып істейтін, біреулермен пікірталасқанда өзіне қатты сөздер айтылғанда сабыр сақтайтын парасатты ғалым.

Әбу Ханифа мұсылман отбасында дүниеге келіп, тәрбие алған. Кішкентай кезінен Құран жаттап, Құранды ең көп оқығандардың бірі саналған. Ораза айында Құранды 60 мәрте бітіргендігі ри-уаят етілген. Бұл асыра сілтеушілік секілді көрінгені мен, оның Құранды өте көп оқығандығын білдіреді. Түрлі риуаятшылардың айтуы бойынша, қырағат ілімін яғни Құранның оқылу түрлерінің ұстаздары болған Асымнан сабақ алған33. Қырық жыл бойы құптан намазының дәретімен таң намазын оқыған.

Мысалы, имам Ағзам Әбу Ханифа жалпы саны қырық мыңға жуық шәкірт тәрбиелеген. Ол шәкірттерімен барлық мәселелерді бірге талдап, даулы мәселелерді тиянақты шешуімен көпшіліктің көңілінен шығып отырған. Осы себепті сол кезеңде хадис, усул-и

33 Ибн Хажар Хайсами. Хайратул хисан, б 265

Page 30: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері30

хадис34, нақд-и рижал35, нақд-и мәтін36 сияқты ілім салалары пай-да болып, тұңғыш рет тәфсир мен фиқх кітаптары да жазылған. Бұл − IV ғасырдың аяғында Азияда жүзеге асқан Ренессанс де-сек артық айтпаған болар едік. Философия және ғылым тарихы тұрғысынан алып қарағанда, сол ерте кездердің өзінде-ақ ірі құқықшылармен қатар Ибн Сина сынды данышпандардың және жаратылыстану ғылымдары саласында Зәхрауи сияқты айтулы ғалымдардың шыққанын көреміз. Зәхрауидің мықтылығы сон-да, оның ойлап тапқан құралдары батыстың университеттерін-де мың жылға жуық қолданылып келген. Осы тұрғыдан алғанда мұндай даналарға «мың жыл жасаған адам» деп құрмет білдірсек болғандай. Жан-жақты байыптай келгенде, бұл мәселелердің қай-қайсысы да оңай шаруалар емес.

Имам Ағзам түні бойы ғибадат етіп, күндіз ораза тұтатын, тілін жалған сөзден сақтап, тәнін пәк ұстайтын, жағымсыз іс-әрекет пен ойын-сауықтан аулақ жүретін, Алла тағаланың разылығын табуды өзіне парыз санайтын. Имам Ағзамның имандылығы мен тақуалығы, білімділігі мен парасаттылығы туралы Имам Шафиғи (р.а.): «Адамдар фиқһ ғылымында Әбу Ханифаға қарыздар. Кімде-кім Әбу Ханифаның кітаптарын оқымаса, ғылымға бойламағаны және фиқһ ғалымы болмағаны», – дейді.

Ол харам істерге жоламайтын, күмәнді нәрсеге де қол сұқпайтын өте сақ әрі тақуа, білімді, парасатты адам болатын. Сондықтан, оның уағызы әрбір тыңдаушы жүрегіне жететін. Оны төмендегі әңгімеден білуге болады:

«Имам Ағзам Куфаның орталық мешітінде жұма күні уағыз айтатын. Бір күні жұмадан соң оған бір құл келіп: «Ұстаз, сіз-ден өтініш. Құлды азат етудің артықшылығы мен сауабы туралы да уағыз айтыңызшы. Мүмкін қожайынымның көңілі жібіп, мені азат етер», – дейді. Әбу Ханифа: «Жарайды, айтқаныңдай-ақ бол-сын», – деп жауап береді. (Ол кез құлдық заманы болатын.)

34 Хадис негіздері35 Риуаятшылар сыны36 Мәтін сыны

Page 31: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 31

Келесі жұма да жетті. Бірақ Имам Ағзам уағызын басқа тақырыпқа арнайды. Тағы бір жұма өтеді. Құлдың өтініші тағы орындалмай қалады. Үшінші жұмада Имам Ағзам құлды азат ету және оның мән-маңызы мен артықшылығы туралы тартымды да, әсерлі уағыз айтады.

Жұмадан соң әлгі құлдың иесі келіп : «Ұстаз куә болыңыз. Алла разылығы үшін құлымды азат еттім», – дейді. Әбу Хани-фа: «Алла сізден разы болып, істеген ізгі амалыңызды сауаптан жазғай», – деп бата береді.

Бостандық алған құл Имам Ағзамға рахметін айтып, одан: «Ұстаз, бір сұрағым бар. Екі апта бұрын айтқан өтінішімді неге бүгін ғана орындадыңыз?», – деп сұрайды. Әбу Ханифа: «Ол күні құл азат етуге жететін ақшам жоқ еді. Сол үшін, екі апта бойы жұмыс істеп, ақша жинадым. Базардан құл сатып алып, оны азат еттім. Содан рухани жеңілдік пен әлдеқандай рахатты сезіндім. Бұл амалды өзім істемей тұрып, басқаға бұйырғанымда, оның ешқандай әсері болмас еді, қожаң да саған азаттық бермес еді», – деген екен.

Әбу Ханифа (р.а.) – адамзатқа мейірімі мол ғұлама. Оның ұлағаттылығы ілімде ғана емес, қоғамға тән істерде де өз орнын тапқан. Құран мен сүннет ілімінің тереңінен сусындағандықтан жемісті пәтуәлары мол. Имам Ағзам пәтуаларына дәлел ретінде жеткізушілер тізбегі үзілмеген хадистерді іріктеп алатын. Имам Ағзам заманында ғұламалар – «әһлі хадистер» және «әһлі райлар» болып екі мектепке бөлінген болатын. Олардың араларындағы пікірталас тек ақиқатқа жету мақсатында еді. Сондықтан да бұл екі мектеп өкілдерінің арасында ешқандай да реніш тумаған. Бас-ты мақсаты тек қана ислам ақиқатын жетік әрі дәлдікпен тура баяндау болғандықтан кез келген тартыс, пікірталастары өзара құрмет пен әдептілік шегінен шықпайтын еді.

Әбу Ханифа өмірінің соңғы жылдарында аталмыш екі топтың өкілдері өзара пікірталасуларын тоқтатып, жалпы мұсылмандарға пайдасы мол үкімдерге көздері жеткен соң келісе бастады.

Шындығында, Имам Ағзам Құран Кәрім және Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүннетінен, сонымен қатар

Page 32: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері32

сахабалардың сөздерінен таба алмаған мәселелерді өз ілімі мен ақылына сүйеніп шешуге толық құқылы мұжтаһид ғұлама еді.

Әбу Ханифа Құран Кәрім және пайғамбар сүннетінен кейін қияс (салыстыру тәсілі) және райды (негізгі дәлелдерді басшылыққа ала отырып ақылға жүгіну тәсілі) үкім шығаруда негізгі өлшемдердің бірі ретінде қолданған. Ғұламаның бұл ижтиһад ету тәсілін жете түсінбеген кейбір ғалымдар оны тұрпайы деп санады. Сондай-ақ Әбу Ханифа исламның көрнекті мұжтаһид ғалымы бола тұра үкім шығаруда «Истихсан» және «урфты» (әдеп-ғұрыптарды) дәлел ретінде қолданысқа түсіруі ғалымдардың таңданыстарын мұнан да күшейте түсті.

Әбу Ханифа ешбір өлшемді Құран мен пайғамбар сүннетінен жоғары қоймаған. Ол өзіне пікірі қайшы ғалымдарға: «Кімде-кім бізді Құран және сүннет тәлімдерінен қиясты жоғары қояды деп айыптаса, Алланың атымен ант етемін, ол өтірікші әрі жала жабушы. Құран және хадис тұрған жерде қай ғалым қиясқа жүгінбек?! Біз қиясқа салу тәсілін өте қажет жағдайда ғана қолданамыз. Бір мәселені анықтауда Құран және хадистен дәлел табылмағанда ғана, аталмыш мәселені дәлелі бар мәселемен са-лыстыра отырып шешеміз. Біз дәлелді алдымен Құраннан, сосын Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетінен іздейміз. Олардан таба алмаған жағдайда сахабалар сөзіне тоқталамыз. Бұл сұрақты саха-балар да талқыламаған болса, онда мәселені айқындау мақсатында екі мәселенің ортақ жерін тауып, бір үкімді келесі бір мәселеге салыстыра отырып, үкім шығарамыз,» – деп жауап берген.

Бұған мысал ретінде мына оқиғаны айта кетейік. Мұхаммед Бакир алғашқы рет Әбу Ханифамен жолыққанда оған .

– Сен атам Алла елшісінің (с.ғ.с.) дінін және хадистерін қияспен ауыстырады екенсің? – деген. Сонда Әбу Ханифа :

– Алла сақтасын, бұл мүмкін емес, – дейді. – Мүмкін өзгерткен шығарсың? – Сіз өзіңізге лайық мына жоғарғы орынға жайғасыңыз. Сізді

сыйлаймын, құрметтеймін. Өйткені атаңыздың құрметіне біз де сізді сыйлауға тиістіміз.

Page 33: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 33

Осыдан кейін Мұхаммед Бакир төрге барып отырды. Әбу Ханифа оның алдына тізе бүгіп, екеуара былайша әңгіме өрбітті. Әбу Ханифа:

– Сізге қояр үш сұрағым бар. Соларға жауап берсеңіз, – деп сөзін бастады.

Біріншіден: – Әйел әлсіз бе, әлде еркек пе?– Әйел. – Әйелдің атадан қалған мұрадан үлесі қанша?– Ер кісі екі пай алса, әйел бір пай алады.– Бұл атаңыз Пайғамбардың (с.ғ.с.) сөзі емес пе? Егер мен осы

дінді бұзған болсам, қияспен ер кісінің пайын бір, ал әйел кісінің пайын екі қылатын едім. Өйткені : әйел заты әлсіз, табыс табатын жолдары аз, ал ер кісінің күш қуаты бар, жұмыс істеп, мол табыс таба алады. Бірақ мен қияс жасамаймын, Құран мен хадис болса осылармен амал жасаймын.

Екіншіден: – Ең абзалы намаз ба, жоқ әлде ораза ма?– Ең абзалы намаз.– Атаңыздың айтқаны осындай. Егер мен оның дінін бұзған

болсам әйел хайыздан тазарынғаннан кейін, намазының қазасын өтесін деп айтар едім. Оразасының қазасын өтеттірмес едім. Бірақ мен осылайша қияспен бір өзгеріс енгіздім бе?

Үшіншіден: – Зәр ласпа, әлде ұрық па?– Зәр лас.– Егер мен атаңыздың дінін өзгерткен болсам, қияспен ; зәрге

жуынуды, ұрыққа дәрет алуды бұйырар едім. Бірақ мен хадис-ке теріс көзқарас қолданып, қияспен Алла елшісінің (с.ғ.с.) дінін өзгертуден аулақпын. Мұндай өзгертуден бізді Алла сақтасын, – дейді.

Осы әнгімеден кейін Мұхаммед Бакир орнынан тұрып, Әбу Ханифаны құшақтап, маңдайынан сүйді37.

37 Мекки, әл-Манақиб 1/168; Хайсами, Хайратул хисан, 177 б

Page 34: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері34

Осылайша Мұхаммед Бакир мен Әбу Ханифаның алғашқы кездесуі болды. Ол кезде Әбу Ханифа қиясшы ретінде танылған еді. Бірақ Әбу Ханифа «нас» (Құран мен хадис) бар жерде қиясқа жүгінбейтін. Құран және хадиспен амал қылатын.

Әбу Ханифа қайтыс болғаннан кейін ислам ғұламалары және олардың көшбасшысы Имам Шафиғи қиясты Имам Ағзам пікірі негізінде дамыта отырып, оған: «оқиғаның шешімі Құран Кәрім және Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетінде, сондай-ақ ижмағда да нақты үкімі жоқ мәселені шариғаттағы үкімі анық мәселеге са-лыстыра отырып үкім шығаруды – қияс дейміз», – деп анықтама берген.

Имам Зуфар ибн Һузайл (727–774), Имам Әбу Юсуф (730–798) және Имам Мұхаммед ибн Хасан (748–804) еді. Олардың қатарында аттары белгілі Яхъя ибн Саид әл-Қаттан, Абдулла ибн Мүбәрак, Уақиъ әл-Жәррах, Язид ибн Һәрун, Абдураззақ ибн Һәмман, Дәуд Таий секілді ғұламалар да бар. Олар Әбу Ханифаның жолын жалғастырып, дамытқан шәкірттері.

Ұлық имам – Әбу Ханифа қашан да ғұмыры мен бар мал-мүлкін Алла разылығы жолында жұмсап, келер ұрпаққа жақсы өнеге қалдырды. Өзінің айналасына білім нұрын шашқан тұлға. Сондықтан амалда имамымыз болған Әбу Ханифаны мақтаныш тұтуымыз керек.

Олай болса, халқымыздың діни бірлігі мен рухани ынтымағын сақтап қүшейту үшін Әбу Ханифа мәзһабын бүкіл ел болып ұстануымыз қажет-ау.

Алла тағала ғибадаты мен ғибраты мол, жомарт, жұмсақ мі-незді, тақуалығы терең ұлы имамымыз Әбу Ханифаны рақымына бөлесін. Дүниежүзі мұсылмандарының ынтымағы мен бірлігі нығайып, дау мен алауыздық жойылсын. Әлемде тыныштық пен сыйластық орнықсын. Әмин!

Page 35: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

35

Шейх Әбсаттар қажы ДербісәліҚазақстан мұсылмандары діни басқармасы және Орта Азия

мүфтилер кеңесінің төрағасы, Бас мүфти

ИМАМ ӘЛ-МАТуРИДИ ЖӘНЕ ОНЫң МҰРАСЫНЫң МӘНІ МЕН МАңЫЗЫ

Әбу Мансур Мұхаммед ибн Мұхаммед – ислам дінінің ақида саласында мол мұра қалдырған ұлы имамдардың бірі. Ол мұсылман ғұламалары арасында «Аләмул һуда (һидаят туы), Имамуль һуда (һидаят көшбасшысы), Имамуль-мутакаллимин (кәламшылар имамы) сынды лақап аттарымен кеңінен танылған. Ғалымның туылған жылы туралы нақты мәлімет сақталмаған. Дегенмен оның шамамен 852 жылдары дүниге келгендігі тура-лы болжам айтылады.

Имам әл-Матуриди Саманидтер әулеті билік құрған, ислам ғылымы өркендеген кезеңде Самарқанд маңындағы Матурид қалашығында өмір сүрді. Бұл өлке Қарахан хандығы кезінде Мауараннаһр қарамағына енді.38

Имамның ұлтын да тарихшылар дөп басып дәл айта ал-майды. Бір деректер оны түркі тектес халықтарға жатқызса, екінші бір еңбектерде ол Мәдиналық атақты Әбу Әйюб Ха-лид ибн Зәйд ибн Кулайб әл-Ансари әулетінен, яғни арабтар-дан шыққан деп тұжырымдалған. Кейбір отбасылардың Мәдинадан Самарқандқа келіп қоныстанғаны туралы мағлұмат осы пікірді қуаттайды. Имамның есімі Камалад-дин әл-Баязи еңбегінде (ө.1098/1687) «әл-Имам Әбу-Мансур Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Махмуд әл-Матуриди әл-Әнсари» деп берілуі осыдан.

38 Мауараннаһр – Орта Азияда Жейхун (Амудария) өзенінің арғы жағындағы түркілер қоныстанған алқапқа берілген географиялық атау. Аймақ қазіргі Өзбекстан, Қарақалпақстанның шығыс бөлігі, Тәжікстан, Қырғызстанның оңтүстігі және Қызылқұм шөлі мен Қазақстанның бір бөлігін алып жатыр.

Page 36: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері36

Матуриди өмір сүрген дәуірде Ислам әлемінде негізгі билік иесі болып келген Аббасидтер әулеті құлдырап, бірнеше ис-лам мемлекеттері ірге қалап жатты. Саманидтер әулеті дәл осы кезеңде жаңа мемлекет құрып, Мауараннаһр аймағына иелік етті. Олар билік жүргізген аймақта мәзһабаралық пікір-таластар кеңінен етек алып, қызу тартыстар жүргізілгендіктен, ел билеушілері оқымыстылар мен діндар ғұламалардың дін мен ғылымды жандандыруына жағдай жасады. Сөйтіп бұл Саманид-тер әулеті Ислам дініне қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстарының дұрыс жолға қойылып, кемелденуіне елеулі үлес қосты. Елде тәпсір, құқық, хадис, тасаууыф, кәлам, тіл мен әдебиет секілді түрлі ғылым салаларындағы білімдарлар бой көрсете бастады.

Өз дәуірінің әйгілі ғалымдарынан сабақ алып, жан-жақты дайындығын жетілдірген Имам Матуридидің дін ғылымы бойын-ша қажырлы еңбек етіп, ғылым-білімнің қуатты күшін паш етуі осы мерзіммен сай келеді. Саманидтер мемлекеті (999) қолынан билік кеткенге дейін өз ғалымдарын ұдайы қорғап, қолдап отыр-ды. Имам әл-Матуриди сондай ғылымға құрметі мол ортада ғылым-білімнен әбден қаныға сусындап, жемісті еңбек етті.

Оның ұстаздарының қатарында Имам Ағзам Әбу Ханифа мектебінен өткен Шейх Әбу Бакр Ахмад ибн Исқақ, Фақиһуль Самарқанди лақабымен танылған Әбу Наср Ахмад ибн әл-Аббас, Нусейр ибн Йахия және Рәйдің қазысы болған Мухаммад ибн Муқатиль әр-Рази сынды т.б. өз дәуіріндегі алдыңғы қатарлы ғұламалар бар. Имам Матуридің оқу-білім іздену жолында дәріс алған ғалымдар тізімін, негізінен, Имам Әбу Ханифаның көзқарастарын мақұлдап, мәзһабын ұстанушылар құрады. Сондай-ақ Имамның Наср ибн Йахйа әл-Балхиден (ө.ж. һ.268ж.) ханафи фиқһын оқығандығы туралы да деректер бар. Аталмыш ғұламалардың біліктілігі мен ой-толғамдарының биік деңгейі тарихи туындыларда сара таңбасын қалдырды. Мәселен, Әл-Мақдиси (990) шығармасында Имам Матуриди жетілген орта мен Саманидтер жайлаған аймақ туралы: «Бұл өлкенің ғалымдары ғылым-білімнің шырқау шыңына қол жеткізген. Ол жер – оқу-білім мен жақсылықтың қазынасы, исламның алынбас берік

Page 37: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 37

қамалы. Бұл жерде шариғат ғалымдары патшалардай сыйлы» де-ген мәлімет берілген.

Саманидтер әулеті билік басында отырған кезде имам Әбу Мансурдың жұлдызы оңынан туады. Саманидтер (874-999) жыл-дарда Иран аумағында билік жүргізеді. Осы тұста ғылым мен әдебиетке мол қамқорлық жасалып, сарайларда төрткүл дүние ғалымдары бас қосты. Ірі қалаларда бай кітапханалар бой көтерді. Олардың ең үлкені Мару қаласында болды.

Һижраның екінші ғасырынан бастап, ислам әлемінде ежел-гі Грек-Рим мемлекеттерінен бастау алған философиялық ілімдер аударма және жазба жұмыстары арқылы таралып жатты. Сол тұста ақылдың маңыздылығын шамадан асы-рып жіберген мұғтазилалар пайда болып, өз сенімдері мен көзқарастарын ислам әлеміне жая бастады. Бүкіл амалдарын тек аят пен хадиске негіздейтін фиқһ пен хадис ғұламалары да бұл жаңа ағымға тосқауыл қоя алмады.

Сөйтіп исламдағы ой-пікір философиясы Мұғтазила ағымының пікірлерінен басталды. Хижри бірінші ғасырдың соңы мен екінші ғасырдың бас кезінде Мұғтазила мәзһабы бірте-бірте жеке ой-пікір ағымы болып қалыптаса бастады.

Мұғтазила негізін қалаған түсіндіру әдісін хижри ІІІ ғасырдың орта тұсынан бастап, сүннит ғалымдары да қолдана бастады. Һижри төртінші ғасырдың басында әһли сүннәт кәлам ғылымы пайда болды. Бұл ғылымның ірі өкілдері Ирактық Әбу Хасан әл-Әшғари және Матуридилік мектебінің құрушысы имам Матури-ди болды.

Халифа Мәймун 833 жылы мұғтазила ағымын мемле-кеттік ұстаным етіп жариялап, бұл ағымның одан әрі қанат жайып, өркендеуіне жол ашып берді. Осындай толғағы жет-кен жағдайды тап басып, оған тойтарыс беретін, шынайы исламның қағидаларын түсіндіретін әдістеменің қажеттілігі осы кезде туындады. Бұл әдістеме аят-хадисті бекем ұстанумен бірге ақылды пайдалануға да мән беріп, фиқһ пен хадисті ұстанушылардың һәм мұғтазила пікірлерінің ойға қонымды тұстарын біріктіруі керек болатын. Осындай шешуші сәтте

Page 38: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері38

Мауараннаһрда Әбу Мансур әл-Матуриди, ал Иракта Әбу Ха-сан әл-Ашари (946) «әһли сүннет кәлам ғылымының» негізін қалады.

Имам Матуридидің пікірлері көбіне-көп карамийлер, ши-иттер және мұғтазилалармен қайшы келді. Әсіресе, мұғтазила бағытымен келіспейтін пікірлері мен топшылаулары көп бол-ды. Өзімен замандас мұғтазила бағытының басшысы жазған үш кітаптың мазмұнындағы қателіктерге үш кітап етіп жауап жазуы Имам Матуридің өз ойын солардың тәсіліне салып дәлдегенін көрсетеді. Имамның түрлі ағымдар мен мәзһабтардың өкілдерімен Самарқанд пен одан тысқары жатқан мемлекеттердегі пікір та-ластары мен додалары көбіне-көп сәттілікпен аяқталып отырды.

Имам Матуриди ислам шариғатын дұрыс түсіндіру үшін ақыл-ой пәлсапасының да керек екендігін алға тартты. Бұл жағынан алғанда, ол тек сөзбе-сөз түсінуді құптайтын құқықшылар мен хадисшілердің әдістемесінен өзгешелеу жол ұстанды. «Ақыл ойдың жаңылуы мүмкін, сондықтан нақылды тек сөзбе-сөз түсіну керек» деген пікірдің иелеріне Имам Матуриди «Кита-бут таухид» атты кітабында мынадай бұлтартпас ұтымды ой білдірді: «...Бұл пікір (ақылмен ойлаудан қашу) – шайтанның қатерлі тұзақтарының бірі. Өйткені ақылды қолдануға қарсы келушілердің өздері ұстанымдарын ақтайтын ақылдан басқа ешқандай дәлел келтіре алмайды (олар осы қарсылықтарының өзінде ақылға жүгініп отыр). Мұның өзі оларға ақылмен ойлаудың аса зәрулігін мойындатуға жеткілікті. Олар қалайша ақылға салу ісін терістейді? Алла тағала құлдарын ойланып-толғануға, терең ізденіс жасауға шақырады және оларға ғибрат пен үгіт-насихат алудың қажеттілігін көрсетеді. Ал бұл ой-пікір мен ақылға салу ғылымның қайнаркөздерінің бірі екендігін дәлелдейді».

Сондай-ақ кімде-кім аят пен хадистерге сүйенуді теріс-ке шығарып, адамның ақылы жете алмайтын дүниелерді, Алла тағаланың бүкіл иләһи хикметтерін Пайғамбарымыздың нұсқау-сілтеуінсіз өзінің шектеулі, кемшін ақылымен қамтуды қаласа, өз ақылына қиянат жасап, көтере алмас шоқпарды белі-

Page 39: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 39

не байлағандық болады. Демек, Имам Матуридидің ұстанымы ақылға сүйенгенде де шариғат шеңберінен шықпау болған.

Имам Матури мәзһабының ерекшеліктері және оның таралуы

Әбу Мансұр әл-Матуриди фиқһты, яғни, шариғат қағидаларын Самарқандтағы ханафи мәзһабының фиқһ ғалымдарынан үйренді. Кейінірек өзі де осында фиқһ және кәләм ілімдерінен дәріс бер-ді. әл-Матуридидің көзқарастары алғашқыда тек Мауараннаһр елдеріне ғана тарады. Ол кезеңде бұл өлке фиқһ пен хадис ғалымдарының нағыз пікірталас алаңына айналған болатын. Пікірталас көбінесе ханафи және шафиғи мәзһабтары өкілдерінің арасында өрбіді. Пікірталастардың қызықты өтетіні сонша – не-бір басынан қайғы арылмаған адамдар келіп, фақиһтердің сөз сайыстарын тыңдағанда, ғажайып рухани нәр алып, дерттерінен кәдімгідей айығып кететін. Сонымен бірге мұғтазила ағымының өкілдері мен фақиһ – хадисшілер ұдайы кәләм іліміндегі мәселелер бойынша өзара пікір таластыратын. Имам Матуриди жастайынан осындай ақыл мен пікірталасы мол ортада өсті. Ол фиқһ мәселелері бойынша ханафи мәзһабын ұстанды. Сонымен қатар кәләм іліміндегі тақырыптар бойынша шығармалар жазды.

Оның кәләм ілімінде қолданған әдістерінің имам Әшғаридің түсіндіру тәсілдерінен өзіндік айырмашылығы бар еді. Де-сек те, оның сенім тұрғысындағы көптеген пікірлері мен ой-тұжырымдары әшғари мәзһабымен үйлесетін. Ханафи мәзһабы ғұламалары Имам Матуридидің көзқарастары Имам Ағзам Әбу Ханифаның сенімдік пікірлерімен ұштасатынын айтады. Имам Ағзам адамзат тарихында шариғат және пәтуа мәселелері бойын-ша үкім беруде заңғар тұлға болып саналады. Ол ақида (сенімдік) мәселелері бойынша ғалымдармен пікір сайысу мақсатымен Бас-ра қаласына жиырма екі рет сапар шекті. Имам Ағзамның өмірін зерттеушілер оның ақида мәселелермен шұғылдануы фиқһ сала-сына біржола бет-бұруынан бұрын болғандығын айтады. Оның сенім тұрғысындағы шығармалары сол дәуірдегі кейбір ислам-ды күйретпек болған топтарға қарсы бағытталды. Яғни, ол сол

Page 40: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері40

кезеңде туындаған сенімдік мәселелерге орнықты жауап беріп, Исламға қарсы ұйымдастырылған шабуылдарға тойтарыс беріп отыратын. Имам Ағзам сенім негіздері бойынша трактаттар жаз-ды. Бұл трактаттардағы мағлұматтардың Имам Әбу Ханифаға қатысты екендігі даусыз. Имам Ағзамның сенім негіздері тұрғысында жазған мынадай шығармалары мұра болып қалған:

- «әл-Фиқһул-әкбар»;- «әл-Фиқһул-әбсат»; - «Рисалату Әби Ханифа илә Осман әл-Уәтти»;- «Уасияту Әби Ханифа ли-тилмизиһи Юсуф ибн Халид әс-

Сәмти»;- «Китабул-илми; бәрран уа бәхран, шарқан уа ғарбан, буғдан

уа қурбан». Аталған туындыларда Алла тағаланың сипаттары, иман

ақиқаттары, Алланы ақылмен немесе нақылмен (аят және ха-дистер) тану керектігі, жақсылық пен жамандықтың жараты-луы, тағдыр және өзге де сенім мәселелері қарастырылған. Сол дәуірдегі Ирак шариғат ғалымдарының көшбасшысы болған Имам Ағзамның бұл шығармалардағы көзқарастарын Имам Матуридидің сенімдік тұрғыдағы көзқарастарымен салыс-тырып көрер болсақ, бірізділік пен біртектілікті аңғару қиын емес. Осы себептен де, зерттеушілер екі ғұламаны бір-бірі-нен ажыратып жатпайды. Имам Әбу Ханифа «Ақиданың» не-гіздерін айтып кетсе, Имам Матуриди сол негіздерді кеңінен тарқатып, егжей-тегжейіне дейін түсіндірген. Ирак пен Шам ғұламалары Имам Әбу Ханифаның «Фиқһ» мәселелеріне кеңінен түсініктеме берсе (Өйткені, «Ақида» мәселелерінде олар ең ал-дымен хадисшілер мен фақиһтердің содан-соң Имам Ашғаридің көзқарастарымен шектелген), Мауараннаһр ғұламалары Имам Ағзаманың «Фиқһ» мәселелерімен қатар «Ақидаға» байланысты еңбектерін де кеңінен тарқатып түсіндірген39. Имам Матуриди өз шығармаларында Имам Ағзамның жоғарыда санамаланып өткен кітаптарын қолданғандығын зерттеушілер анықтады. Имам Ма-

39 Мухаммад Әбу Захра, Тарихул-мәзәһибил-исламия (Ислам мәзһәбтарының тарихы), 176-177-б.

Page 41: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 41

туриди ол кітаптарды ұстаздары Әбу Насыр Ахмад ибн Аббас әл-Бәйади, Ахмад ибн Ысқақ әл-Жүржани және Насыр ибн Йахия әл-Балхилердің көмегімен үйренгендігі, ал олардың Әбу Сүлейман Мұса әл-Жүржаниден дәріс алғандығы, әл-Жүржани болса, бұл ілімді ұстазы Мұхаммед ибн әш-Шәйбаниден алғандығы тарихи шығармаларда айтылған.

Ханафи мазһабының үлкен ғалымдарының бірі Захид әл-Кәусари «Ишаратул-мәрам» атты төлтумасының кіріспесінде: «Мауараннаһр өлкесі бидғат пен бұзықтықтан алыс, тыныш ел еді. Сүннетті берік ұстанып, оның үкімдерін ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп қалдырып отырған. Ендігі жерде имам, ғалым әбу Мансур әл-Матуриди шығып, әрбір мәселеге жеке-жеке тоқталып, олардың ара-жігін ажыратып айқын дәлелдермен шегелеп, нақтылау жұмыстарын жүргізді. Ол үкімдерді шариғаттан алатын және өз кезегінде ақылмен ойлауды да қолданатын», – дейді.

Осы шығарманың тағы бір жерінде Имам Матуридидің Имам Ағзамның еңбектерін жеке-жеке қарастырып түсіндірме жасағандығы да келтірілген. Бұдан Имам Матуридидің Имам Ағзамның сенімдік көзқарастарын тереңдете зерттегендігін аңғарамыз.

Имам Матуридидің ақида іліміне қосқан ең үлкен үлесі сенім мәселелеріне шариғат негіздерін бұзбай, ақыл мен қисын арқылы дәлел келтіруге болатындығын көрсетуі еді.

Имам Матуриди сенім негіздеріне байланысты бірқатар еңбектер қалдырды. Олардың қатарында мына туындыларды атап көрсетуге болады:

- «Китабу тәуилиль-Құран»;- «Китабу мәьһазиш-шәрайғ»; - «Китабул-жәдал»;- «Китабул-усул фи усулид-дин»;- «Китабул-мәқаләт фил-кәләм»;- «Китабүт-тәухид»;- «Рәдду әуайлил-әдилле лил-Кағби»;- «Рәдду тәһзибил-жәдел лил-Кағби»; - «Китабу рәдди усулил-хамса»;

Page 42: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері42

- «Рәдду китабил-Имәмә»;- «әр-Рәд алел-Карамит». Сондай-ақ имам Матуридидің имам Ағзамның «әл-Фиқһул-

акбар» атты шығармасына түсіндірме жазғаны да айтылады. Бірақ кейбір зерттеушілер бұл түсіндірме кітапты Әбул-Ләйс әс-Самарқанди жазған дегенді алға тартады.

Имам Матуридидің әдістемесі мен көзқарастарыИмам Матуриди мен Имам Әшғари бір дәуірде өмір сүріп, бір

бағытта еңбек еткен. Бірақ Имам Әшғари Исламды іштен ірітпек болған дұшпандармен бірге күн кешті. Ол өмір сүрген Басра қаласы мұғтазила мәзһабының отаны еді. мұғтазила мәзһабының өкілдері мен фикһ-хадис ғұламалары арасындағы қақтығыстың майданы осы Ирак өңірі болатын. Ал Матуриди өмір сүрген Мауараннаһр өлкесі сүнниттік ғалымдар мен мұғтазила мәзһабының өкілдері арасындағы пікірталастан біршама ұзақ еді. Дегенмен Мәймун, Муғтасым, Уасиқ секілді халифтердің дәуірінде мұғтазилиттік сенім мемлекеттік идеологияға айналғандықтан, олардың пікір-лері халифаттың барлық өңірлеріне тарап жатты. Мауараннаһр өлкесінде мұғтазила мәзһабы басым күшке ие болмағанмен, олардың пікірлерін уағыздаушылар бірлі-жарым болса да бар еді. Имам Матуриди мұғтазила мәзһабының ондай өкілдерімен пікір талас жүргізгендігі белгілі. Имам Әшғари мен имам Матуридидің пікірталас майдандары бір болғандықтан, олардың ортақ ұстанымдары ғана емес, шариғатты түсіндіру тәсілдері де бір-біріне ұқсайтын. Десек те, екі имамның пікірталастағы кейбір әдістемелік ерекшеліктері мен ұстанымдағы айырмашылықтары болды. Бірақ зерттеушілердің көпшілігі Имам Матуриди мен Имам Әшғари пікірлерінде айта қаларлық өзгешелік болмағандығын білдіреді. Мысалы, Шейх Мұхаммед Абдуһ Имам Әшғари мен Имам Матуридидің арасындағы ерекшеліктер үлкен қарама-қайшылық туғызбайтынын айтқан.

Бірақ екі имамның кәләм іліміне қатысты көзқарастарын тал-дар болсақ, олардың пікірлерінде азды-көпті айырмашылық ба-рын байқаймыз. Екі имам да Құран Кәрімді зерттеу барысында ақыл мен қисынға мейлінше арқа сүйеген. Оларың бірі екіншісіне

Page 43: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 43

қарағанда ақылға көп арқа сүйеді. Имам Әшғари Алла тағаланы Құран, хадис арқылы тануға көбірек мән берсе, Имам Матуриди Имам Ағзамның жолын ұстанып, Алланы ақылмен тануға көберек бейімділік танытты.

Имам Әшғари ақыл-ой бір нәрсенің жаман-жақсысын шариғатсыз ажырата алмайды десе, Имам Матуриди шынайы ақыл жақсы-жаманды өздігінен ажырата алатынын айтады.

Имам Матуриди ақиқатқа жету үшін ақылды қолданғанда, әсіре сілтеп жібермей, ақыл мен қисынға орнымен жүгінеді. Ал Имам Әшғари мен оның ізбасарлары нақылға (Құран мен сүннетке) көп мән беруімен ерекшеленген. Осыларға орай, Ма-туридилікті мұғтазила мен әшғарилік арасындағы ақида мәзһабы деп түюге негіз бар. Ал әшғарилік – мұғтазила мен фиқһ, хадис ғалымдарының арасындағы мәзһаб.

Имам Матуриди ақылға шариғаттың шеңберінде жүгінді. Нақылмен бірге ақылды да ақиқатты танудың қайнар-көзі деп білді. Имам Әшғари да ақиқатқа дәлел келтіруде нақылға ақылды сүйеніш еткен. Бірақ ол ақылды ақиқатты танудағы нақылға көмекші құрал ғана деп түсінді. Ал имам Матуриди ақылды да сенім мәселелеріне қатысты дәлел келтірудің дербес қайнар-көзі деп білді, бірақ мұғтазилиттер секілді нақылсыз жалаң ақылмен ақиқатты табуға бас қойып қателікке ұрынбады. Ақыл бойлай алмайтын жайттарды мойындады. Аят-хадис негізінде ақылмен әрекет етуді үндеген Имам Матуриди Құран Кәрімге түсіндірме жасағанда, мағынасы айқын білдірілмеген аяттарға мағынасы анық аяттардың негізінде жорамал жасау тәсілін қолданды. Оның пікірінше, егер адамның ақылы діни мәтіндерді тәуил жасауға күші жетпесе, оларға иман келтіріп қана тоқтаған жөн. Сахабалар мен табиғиндердің мағынасы анық емес діни мәтіндерге қатысты ұстанымдары да осындай еді. Имам Матуриди Құран Кәрімді мүмкіндігінше аяттармен тәпсірлеуге тырысты. Себебі, аяттарда қарама-қайшылық кездеспейді:

أفل يتدبرون القرآن ولو كان من عند غير الل لوجدوا فيه اختلفا كثيرا

Page 44: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері44

«Егер Құран Алладан басқаға тиесілі болса, онда көп қарама-қайшылық табатын еді»40.

Имам Матуридің мағынасы анық емес аяттарға түсіндірме жасауы, фиқһшылар мен хадисшілердің ұстанымына қайшы кел-се де, сол дәуірдің заманауи қажеттілігі еді. Ислам қанатын кеңге жайған сайын, ескі діндер мен мәдениеттердің ықпалына ұшырай бастады. Ислам ғұламалары мутәшәбих аяттарға түсіндірме жасамағанмен, дүбәра сенімдегі кейбір ғалымсымақтар исламдағы мағынасы анық емес мәтіндерді белгілі бір ғылыми тәсілсіз өз білгендерінше жорамалдай бастады. Олардың азғын пікірлерінен діни түсінікті арашалау мақсатында имам Матуриди мутәшабих аяттарды ислами негіздерге қайшы келмейтіндей тұрпатта жора-малдап, халық сенімінің бұзылуына тосқауыл қойды.

Сүнниттік ақида мен кәләм мектебін құрушы екі мектеп те алдымен нақылға (аят пен хадис) сүйеніп, одан кейін ақылға мән береді. Олар ақида саласында ақылға мүлдем мән бермеген фиқһ, хадис ғалымдары мен ақылды шектен тыс қанаттандырып жібер-ген мұғтазила ағымының ортасынан орын тепті.

Әшғарилік пен матуридиліктің арасындағы ең басты өзгешеліктер мыналар:

Имам Матуриди Алла пендесіне күші жетпейтін нәрсені жүктемейді және оны күші жетпейтін істен жауапты қылмайды. Себебі, Құранда былай дейді: «Алла кісіге шамасы келмейтінді жүктемейді...» («Бақара» сүресі, 286-аят). Ал Имам Әшғаридың пікірінше, Алла қаласа, пендеге күші жетпейтін нәрсені бұйырып, оған жауапты етуі мүмкін.

Имам Матуриди адамның ақылымен Алланың бар және бір екенін білуі парыз десе, Имам Әшғари парыз емес деді. Мату-риди бойынша діни үгіт-насихат болсын-болмасын адам Алланы ақылымен тауып, сенуі керек. Мысалы, тау басында өмір сүрген адам біздің сеніміміз бойынша Алланың бар екендігін ақылымен тауып, оған сенуі керек. Бірақ оған дінді ешкім үйретпегендіктен мұндай жағдайда ондай пенде діни міндеттерден жауапқа тар-тылмайды. Әшғарилер бойынша діни үгіт-насихат жасалмаған

40 «Ниса» сүресі, 82-аят

Page 45: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 45

жердегі адамдар Алланы ақылымен тауып, оған иман келтіруге міндетті емес.

Имам Матуриди «иман кемімейді де артпайды да» десе, имам Әшғари «иманның кемуі де, кемелденуі де мүмкін» деді.

Имам Матуриди қазір мүмін болған адамды мұсылман дейміз бірақ та, өлер алдында кәпір болса, күпірлікке кірген болып табы-лады десе, Имам Әшғари күпірлікпен өлген адам өмір бойы кәпір болған болып саналады деген пікірде. Өмірінің соңында мүмін болып өлген адамға да осылай (өмір бойы мүмін болған) дейміз деді.

Имам Матуриди: «Иншалла мүминмін» деуге болмайды (бұлай деу өзінің иманына шүбә келтірушілік) десе, имам Әшғари бұлай деп айтуға болады деп тұжырымдады. (Осы себептен де Матуриди мәзһабындағылар: «дінің не?» деп сұрағандарға, «Әлһамдулиллаһ, мұсылманмын» деп жауап береді. Ал, Ашғари мәзһабындағылар: «Иншалла мұсылманмын» деп жауап береді.

Имам Матуриди «иман мен Ислам» бір десе, имам Әшғари «екеуі екі басқа нәрсе, Ислам сеніммен бойұсыну болса, иман сенімін амалмен дәлелдеу» деп білді.

Әшғарилер жан алқымға келгенде жасалған тәубе қабыл емес десе, Матуридилер мұндай тәубенің қабыл екендігін білдіреді. Бірақ жан алқымға келгендегі иманның жарамсыздығын айтады;

Әшғарилер бойынша бір нәрсенің жақсы немесе жаман (хусн-қубх) екенін ақыл біле алмайды. Бұлардың жақсы немесе жаман екендігі Алланың әмірі мен тыйымдары нәтижесінде анықталады. Матуридилер бойынша жақсы мен жаманды ақылмен білуге жол ашық. Алла бір нәрсенің жақсы болғандығы үшін әмір етіп, жа-ман болған нәрсеге тыйым салған.

Әшғарилер бойынша Алланың жасағандарынан себеп із-дестірілмейді және бір хикметпен байланысы да жоқ. Өйткені, Алла жасағандарынан жауапты емес. Матуридилер бойынша Алланың жасаған нәрселерінің бір хикметі бар және себепке сүйенеді. Өйткені, Алланың әрбір ісінде бір хикмет бар. Ол бәрін біледі әрі Хаким.

Page 46: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері46

Имам Әшғари Алла тағалаға дінді түсіндіруші пайғамбарлар жіберу уәжіп емес десе, имам Матуриди пайғамбарлардың жі-берілуі Алланың Хикмет сипатының қажеттерінен деді.

Негізінен екі ғұлама да өз пікірлеріне Құран Кәрім және ақыл мен қисын тұрғысынан нақты дәлелдер келтірген. Осылардың кейбіріне тоқталып өтер болсақ.

Имам Матуридидің пікірінше, пайғамбардың ер адам болуы міндетті. Имам Матуриди өзінің пікіріне Құран Кәрімнен мынан-дай дәлел келтірді:

كر إن كنتم ل تعلمون وما أرسلنا من قبلك إل رجال نوحي إليهم فاسألوا أهل الذ«(Мұхаммед с.ғ.с.) сенен бұрын да уахи етіп тек ер адам-

дарды ғана елші жібердік. Егер білмесеңдер, білім иелерінен сұраңдар»41.

ن أهل القرى وما أرسلنا من قبلك إل رجال نوحي إليهم م«Сенен бұрында кенттердің халқынан өздеріне уахи етіп,

ер адамдарды ғана жібердік42.

وما أرسلنا قبلك إل رجال نوحي«Сенен бұрын да өздеріне уахи етіп, ер адамдарды ғана

жіберген едік»43. Сондай-ақ оның пікірінше халиф, әкім, әмірші, қолбасы және қазының да әйел затынан тағайындалғаны дұрыс емес. Себебі, әйел затының нәзіктігі бұл міндетті көтере алмай-ды. Бірақ әйел адам фәтуа бере алады деді. Ал имам Әшғаридің көзқарасы бойынша пайғамбар әйел затынан да келуі мүмкін. Оның дәлелі ретінде Құран Кәрімнің мына аяттарын ұсынады: إذ ك أم إلى Біз Мұсаның анасына уахи еттік»44. «Мұсаның» أوحينا анасына: «Оны еміз де, оған бір нәрсе болады деп қорықсаң, онда оны дарияға салып жібер. Қорықпа да күйінбе! Расында

41 «Нахыл» сүресі, 43-аят.42 «Юсуф» сүресі, 109-аят.43 «Әнбия» сүресі, 7-аят.44 «Таха» сүресі, 38-аят.

Page 47: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 47

оны саған қайтарамыз да оны пайғамбарлардан қыламыз» деп уахи еттік»45.

Бұл ойдың иелері осы аяттардың әйел затына да Алладан уахи түсетінін білдіретіндігін, ал уахидің келуі пайғамбарлық белгілерінің бірі екендігін айтқан. Сондай-ақ имам Әшғари ұстанымы әйел адам фәту бере беретіндігін, әкім және дін уағызшысы да бола алатындығын алға тартқан. Себебі, жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю олардың да парызы. Имам Әшғари осы пікірінің негізінде Құранда аттары аталған Мәриям, Асия, Сара, Хажар, Хабба және Мұсаның анасын пайғамбар болуы ықтимал деп пайымдады. Имам Матуридидің Әшғари сеніміндегілердің жоғарыдағы дәлелдеріне келіскісі кел-меді. Имам Матуриди «...Мұсаның анасына уахи түсірдік» аятын пайғамбарларға берілетін уахи емес, Мәриям анамызға түскен иләһи аян деп ұққан жөн екендігін білдірді. Мұнда Алла бір пайғамбарды өмірге әкелу үшін оның анасына періште жіберіп отыр. Сол секілді «Мұсаның (ғ.с.) анасына уахи жібердік» деген аятта да Мұса пайғамбардың (ғ.с.) анасына бір періште жіберген болуы мүмкін деп ой түйеді. Имам Әшғари да Матуридидің бұл пікіріне қарсы мынадай уәж айтты: «Мәриям анамызға Жәбірейіл періште жіберілген, бұл періште тек пайғамбарларға уахи түсіруші екендігі белгілі. Олай болса, Мәриям анамыз – пайғамбар».

Екі имамның арасында пікір-талас тудырған мәселелердің тағы бірі Алланың заты мен сипатымен астасып жатты. Имам Ма-туриди Алланың заты мен сипаты бір деп білді. Ал Имам Әшғари оларды екі басқа нәрсе деп ұқты. Екі имам да күн мен күннің шапағын мысал ретінде келтіреді. Имам Матуриди Алланың заты күннің өзі болса, Алланың сипаттары күннің шапағы. Күннің шапағы күннен шығады. Күн болмаса шапақ болмайды. Демек, екеуі бір нәрсе деп түсінді. Ал имам Әшғари Алланың заты күн бола қойсын. Алланың сипаттары күннің шапағы деп алалық. Бірақ шапақ дәл күннің өзі секілді емес. Күн де дәл шапақ секіл-ді емес. Демек Алланың заты мен сипаты бір емес деп білді. Сондықтан әшғарилер Алланың құдірет, қалау, ілім, хай (мәңгі

45 «Қасас» сүресі, 7-аят.

Page 48: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері48

тірі), есту, көру, кәләм (сөйлеу) секілді сипаттары бар, бірақ Алланың бұл сипаттары затынан мүлде басқа деп сенді.

Ал матуридилер Алланың осындай сипаттары бар, бірақ бұл сипаттарды Оның затынан бөліп қарастырмаған жөн деген ұстанымда болды.

Имам Матуридидің тағы бір өзгеден ерекше пікірі қиямет күні Алла тағаланың дидары көріне ме, көрінбей ме деген мәселе. Шындығында, Құран Кәрімде: وجوه يومئذ ناضرة «Қиямет күні кейбір жүздер жарқырап, Раббыларына қарайды»46 деп бұйырылып, ақырет күні кейбір жүздердің Оған қарайтындығы айтылған. Имам Матуриди Құранда баяндалғанындай қиямет күні Алланың дидары көрінеді деп сенді.

Имам Матуриди Алланың көрінуі, бұл қиямет күніне тән ерекше жағдай. Ақыретте Алла көрінсе, онда Ол заттан және мекеннен тұрады деп ойлау – бұл дүниелік көзқарас. Ал қиямет күнгі жағдайдың қалай болатындығы бізге беймәлім. Сондықтан Құранда қиямет күні Алланың көрінетіндігі туралы анық айтылса, біз бұған сенуге тиістіміз деген ұстанымда болды. Әрі бізге білін-бейтін нәрселер жайында пікір айтпау туралы Құран Кәрімнің:

مع والبصر والفؤاد كل أولـئك كان عنه مسؤول ول تقف ما ليس لك به علم إن الس«өзің білмеген нәрсенің соңына түспе. Расында, құлақ,

көз және жүрек – барлығы да сұралады»47 деген аятты негізге алды.

Имам Матуридидің пікірлері үлкен күнә жасаған адамның ақыреттегі жағдайы қалай болады деген мәселе төңірегінде де шоғырланды. Ислам ғұламаларының көпшілігі Аллаға иман кел-тірген адамның мәңгілік тозақта қалмайтындығына сенген. Ал харижиттер үлкен-кіші күнә істеген адамды мүминдік санаттан шығарып, кәпірлер қатарына қосқан.

Имам Матуриди бұл жөніндегі ойын былайша сабақтайды: «Күнәһар мұсылмандардың ақыреттегі жағдайын Аллаға қалдырғанымыз жөн. Егер Алла қаласа рахым етіп, күнәһар пен-

46 «Қямет» сүресі, 22-аят. 47 «Исра» сүресі, 36-аят.

Page 49: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 49

десін кешіреді. Қаласа күнәсіне қарай азаптайды. Бірақ Өзіне иман келтірген адамды тозақта мәңгі азаптамайтыны анық. Осы-лай ойлағанда адам «үміт» пен «үрей» арасында күн кешеді. Се-бебі, Алла кішкентай бір күнә үшін рахым етпей, пендесін аза-птауы немесе үлкен күнә жасаған пендесін кешіруі мүмкін. Алла Құран Кәрімде:

إن الل ل يغفر أن يشرك به ويغفر ما دون ذلك لمن يشاء ومن يشرك بالل فقد

افترى إثما عظيما«Алла өзіне ортақ қосқанды жарылқамайды да, бұдан

өзге күнә жасаушыларды кешіреді. Кімде-кім Аллаға серік қосса, расында, үлкен күнә жасаған болады»48, деп Өзіне серік қосушыларды ғана кешірмейтінін айтқан.

Һижра жыл санауымен ІІІ-ІV ғасырларда Ислами ойды мазалаған осындай мәселелер жайында имам Матуридидың жал-пы көзқарастары осылар.

Бұл мәселелер ғұламалар арасында пікірталастардың ту-уына жол ашқан. Ғалымдар бұндай мәселелер төңірегінде таласқа түсудің мұсылмандардың ешқайсысын күпірлікке апармайтындығы турасында бірауыздан келіскен.

Осы тұста Абай хакімнің сенім тұрғысынан Имам Матуридидің ақидасын ұстанғанын айта кеткен жөн. Оның Алла тағаланың сүбүтия сипаттарына байланысты айтқаны соның дәлелі болмақ. Әшғари мәзһабында Алла тағаланың сүбути сипаттары жетеу деп көрсетіледі. Ал Абай Алла тағаланың сүбути сипаттары-на Хаят, Ғылым, Құдірет, Басар, Сәміғ, Ирада, Кәлам, Тәкуинді жатқызады.

Әшғари сеніміндегі әлгі жеті сипатқа Тәкуинді қосып, Алла тағаланың сүбути сипаттары сегіз деп білу – матуридиліктің нақты ұстанымы.

Неліктен біз шариғатта Имам Әбу Ханифа мәзһабын, ал ақидада Имам Матуриди мәзһабын ұстанамыз?

48 «Ниса» сүресі, 48-аят.

Page 50: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері50

«Фиқһ» (шариғат) пен «Ақида» – екі бөлек пәндер. «Фиқһ» мұсылманның Алла тағалаға жасайтын құлшылықтары туралы қағидаларды қарастырады, ал «Ақида» Жаратушының өзі туралы (сипаттары) және Құран мен хадистерде келген ғайып хабарлар-ды (тозақ, жәннат, қабір азабы т.б) қарастырады.

Имам Әбу Ханифа бастапқыда «Ақида» саласында кі-тап жазғанымен, оның еңбектері негізінен «Фиқһ» бағытында жүргізілді. Имам Матуриди болса үнемі «Ақида» бағытын тереңірек зерттеуді көздеді.

Ханафи мәзһабының ғалымдары Имам Матуридидің көзқарасы мен Имам Әбу Ханифаның көзқарасы толық үйлесетініне біра-уыздан келіскен.

Шариғаттағы төрт имамның ақидаларында ешқандай қарама-қайшылық жоқ. Төрт имам да, Исламдағы барлық мужтаһид ғұламалар да шариғаттағы амал ету мен «Ақида» дәлелдерін Құран мен сүннеттен алады.

Сөз соңы, Имам Матуриди бүкіл күш-жігерін Әһли сүннәт мәзһабын қорғауға және мұсылмандарды осы мәзһаб туы астын-да жинауға сарп еткен.

Тарихшы В. Бартольд Имам Матуридің һижра жыл сана-уы бойынша 333/944 жылы Самарқандта қайтыс болғанын, мазарының Жакардиза ауданында екендігін айтады.

Қорыта келе айтарымыз, айналасына білім нұрын шашқан заңғар имам Әл-Матуриди тұлғасына мұсылман баласы құрметпен қарауы тиіс.

Page 51: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

51

Шейх Әбсаттар қажы ДербісәліҚазақстан мұсылмандары діни басқармасы және Орта Азия

мүфтилер кеңесінің төрағасы, Бас мүфти

ИСРА ЖӘНЕ МИғРАЖ ТүНІ

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Исра және Миғраж оқиғасын миләди 621 жылы Режеп айының 26-сынан 27-сіне қараған түні, дүйсенбіде басынан өткерді. Бұл Меккеден Мединеге һижрат етуден 18 ай бұрынғы оқиға. Кейінірек жыл сайын бұл түнді шын иман-ықылас және қосымша нәпіл ғибадаттармен өткізу мұсылмандар үшін дәстүрге айналды.

Миғраж түні пайғамбарымыз хазіреті Мұха ммед (с.ғ.с.) Меккедегі әл-Харам меші ті нен Құддыстағы (Иерусалим) әл-Ақса мешітіне бір сәтте исра жасады. (Түнгі сапар арабтар-да “исра” деп аталады). Одан Миғражға, яғни жеті қабат көкке көтеріліп, өзіне бұрын өткен барлық пай ғам барлармен кездесті, үнемі құлшылықтағы періштелермен жолықты. Құдіретті Жа-ратушымыздың түрлі белгі-аяттарын көріп, Онымен тілдесті. Бес уақыт намаз осы түнде парыз етілді.

Миғраж пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) ең үлкен мұғжизаларының бірі. Мұғжиза – Алланың құдіретімен жүзеге асатын, адам дар дан тек пайғамбарларға ғана тән, таң ға жайып құбылыс. Жүрегінде иман нұры орныққан әрбір адам Алланың мұғжизаларына шүбәсіз сенеді. Алла тағала жеті пайғамбарға миғражды сыйлаған. Олар: Адам, Ыдырыс, Ибраһим, Мұса, Жүніс, Иса (ғ.с.) және Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарлар. Әрқайсысының миғражы әр түрлі болған. Соның ішінде соңғы пайғам бар хазірет Мұхаммедтің (с.ғ.с.) миғражы ерек ше.

Исра және миғраж оқиғасы пайғам бар лықтың оныншы жы-лына, яғни ислам тарихында “қайғыға толы жыл” деп аталған кезге сәйкес келеді.Себебі сол жылы пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) үл кен ұлы Қасым шетінеді. Соңынан екінші ұлы Абдулла да арғы

Page 52: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері52

дүниеге сапар шекті. Бауыр еті балаларының арғы дүниеге көшуі Алла елшісіне (с.ғ.с.) оңайға соқпады.

Қорғаушысы әрі аяулы ағасы Әбу Тәліп пен қадірлі жары Хадиша анамыз (р.а.) да осы кездерде дүние салды. Бұл мұсылмандардың кәпірлерден түрткі көріп, олардың зорлық-зобалаңы мен ауыр азабынан қиналған шақ болатын. Мұндай оқыс оқиғалар мен қайғылы қазалардан Расулулланың қабырғасы қайысты.

Дегенмен, миғраж хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз үшін Алла тағала тарапынан үлкен жұбаныш әкелді. Үміт шамын қайта жақты.

Осы түнде періште Жәбірейіл (ғ.с.) пайғам барымызға (с.ғ.с.): “Ей, Мұхаммед, Алла тағала ешкімге нәсіп етпеген шарапатты саған нәсіп етпек. Сені құзырына шақырды”, – дейді. Осыдан кейін Жәбірейіл (ғ.с.) Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымызды әл-Харам мешітінен әл-Ақса мешітіне бір сәтте алып келеді. Бұл ту-ралы Алла тағала қасиетті Құранда:

ن المسجد الحرام إلى المسجد القصى الذي باركنا سبحان الذي أسرى بعبده ليل م

ميع البصير حوله لنريه من آياتنا إنه هو الس“Алла – пәк. Мұғжизаларымызды көрсету үшін (Алла

тағала) бір түні өз пендесін (Мұхаммедті) әл-Харам мешітінен төңірегі тұнған береке-байлық – әл-Ақса мешітіне алып кел-ді. Шынында, Ол (Алла тағала) естуші әрі көруші”49, – деді.

Араб тілінде “исра” сөзі түннің бір бөлігін серуендеумен өт-кізу деген ұғымды береді. Ал шариғат тілінде пай ғамбарымыздың (с.ғ.с.) түннің бір сәтінде әл-Харам мешітінен әл-Ақса мешітіне барғанын білдіреді.

Үш мешіт қасиетті саналады. Олар әл-Харам ме шіті (Мекке-де), Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ме шіті (Мединеде) және әл-Ақса мешіті (Иеру са лимде). Бұл мешіттердің маңайында қылмыс пен күнәлар жасау харам (тыйым салынған). Әл-харам деп аталуының да себебі осында.

49 «Исра» сүресі, 1-аят

Page 53: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 53

Аяттағы әл-Харам мешіті деп Мекке қаласы түсініледі. Әл-Ақса мешіті кезінде Мұса (ғ.с.) мен Иса (ғ.с.) және ол екеуінің арасында өткен пайғам бар лардың (ғ.с.) құбыласы болған. Пайғамбары мыз (с.ғ.с.) да Меккедегі әл-Харам мешіті құ была болғанға дейін Ысқақ пен Яқуб (ғ.с.) екеуі салған әл-Ақса мешіті-не қарап намаз оқыған. Бұған қажылық сапарына барған бауыр-ларымыз Мединедегі әл-Қибләтәйн (қос құбылалы) мешітінде болғандарында көздері жетеді. “Ақса” «ұзақ, алыс, бір шеттегі» деген мағынаны біл діре ді. Ол мешіт Меккеге қарағанда алыс, шеттегі ғибадатхана болғандықтан, “әл-Ақса” деп аттанып кет-кен.

Әл-Ақса мешітін Алла тағала бере ке лі мекен еткен. Ол ту-ралы аятта: “төңі ре гі тұнған береке-байлық”, – делінді. Расын-да да, ол мекен мүбәрак етілгендігінен Алла тағала топырағын өте құнарлы, егіндерінің өнімін мол, ауа райын ғажап, суларын мөлдір әрі шипалы еткен. Сондай-ақ осы өлкеден көп пайғам-барлар шыққан.

Исра оқиғасы түс те, рухани серуен де емес. Ол пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өңінде денесімен әрі рухымен жасалған сапар.

Ал миғраж – биікке көтерілу, жоғарылау дегенді білдіреді. Шариғатта – пайғамбары мыз дың (с.ғ.с.) Бәйтул-Мақдис мешіті-нен аспан дағы «Сидратул-мүнтәһәға», яғни Алла тағала құ зырына көтерілгенін айтамыз. “Сидрат” араб ша да ағаш, ал “мүнтәһә” – соңғы деген мағына береді. Мұнын әлемнің соңғы шегі деп түсінеміз.

Адамзаттың өзінен тыс әлеммен қарым-қатынас жасауы әркімнің ақылына қона бермейді. Оған тек иман келтірген-дер ғана сене алады. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) кезінде де ой өрісі тар, дүниенің қалай пайда болғанын және де Жаратушы Иесінің құдіретіне күмәнмен қарап, сауатсыздықтан аса алмаған мүшріктер: “Керуен бір айда әрең барып келетін ұзақтықты Мұхаммед қалай бір түнде жүріп өтеді?” – деген күдіктен аса алмады. Бірақ Әбу Бәкір сияқты ислам дінін шын жүрекпен қабылдаған мұсылмандар: “Егер Мұхаммед осылай деген болса,

Page 54: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері54

онда ол рас. Мен оны бұдан да ұзақ жерге бардым десе де растай-мын”, – деп жауап берді.

Миғраж оқиғасы туралы мағлұматтарды көп теген діни кітап-тардан табуға болады. Олар: “Қысасул-әнбийа”, “Тәжул-қысас”, “Нәдирул-миғраж”, “Мәғәрижун-нубууәт”, “Усулул-миғраж” және т.б. Айтылған кітаптарға сүйене оты рып, оқиғаның қандай болғандығын хазірет Мұ хаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың өз сөзімен баяндалық:

“Жәбірейіл (ғ.с.) маған бурақ (пырақ) деген жануарды жәннаттан алып келді. Пырақ есектен биік, қашырдан аласа, қадамын көз ұшы жете тін жерге тастайтын жүйрік жануар екен. Оған мі ніп, Жәбірейіл (ғ.с.) екеуміз Бәйтул-Мақ дис ке кел-дік. Мұнда бізді дүниеден өткен 124 мың пайғамбар күтіп алды. Барлығымен көрісіп, мешітке кіріп, бірге намаз оқыдық. Намаз оқып болған соң баршасы мені миғражға шығарып салды.

Бірінші қабатМен пыраққа мініп, жер бетінен көкке көтерілдім. Жәбірейіл

(ғ.с.) қасымда болды. Аспанның бірінші қабатына жеттік. Жәбірейіл (ғ.с.) оның күзетші періштесіне: “Қақпаны аш!” – деп бұйырды.

– Қасыңдағы жолдасың кім? – деп сұрады періште.– Бұл – Алланың хабибі, соңғы пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с.),

– деп жауап берді.– Мұхаммедтің пайғамбарлық дәуірі басталды ма? – деп таң

қалып сұрады періште.– Иә! – деп жауап қайырды Жәбірейіл (ғ.с.).– Қош келдің, Мұхаммед!, – деп сүйіне қақпаны ашып,

пайғамбарды (с.ғ.с) қарсы алды ол.Бірінші болып алдымыздан Адам (ғ.с.) шықты. Мен оған сәлем

бердім. Ол маған: “Ей қадірлі перзентім, қош келдің”, – деп ақ ба-тасын берді. Адамның (ғ.с.) оң мен сол жағында есік бар екен. Оң жағына қарап күледі де, сол жағына қарап көзіне жас алады екен. Оң жағындағы жәннат есігі. Ол жәннатқа кіретін ұрпақтарының

Page 55: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 55

хал-жағдайын көріп, сүйісінеді екен. Сол жағындағы тозақ есігі. Ол тозақтағы ұрпақтарының тартатын азабына қайғырады екен.

Осыдан кейін Нұх (ғ.с.) пайғамбармен жолығып, оның да ба-тасын алдым. Нұх пен Адамның (ғ.с.) бірге болуы жайдан-жай емес. Адам ата жер жүзінде жаратылған бірінші адам болса, Нұх (ғ.с.) дүние жүзін су басып, барша жан иелері қайтыс болғаннан кейінгі тірі қалған халықтың атасы саналып келеді.

Алла күн мен айды және шексіз жұлдыздарды жақыннан көруді маған нәсіп етті. Сансыз періш телер Алланы дәріптеп, мадақ айтып жүргенін көрдім.

Періштелердің бір тобы сапқа тізіліп, тік тұрып, Алланы ұлықтап жатыр екен. Мен Жәбірейілден: “Бұлар не істеп тұр?” – деп сұрадым. Ол маған: “Бұлар Жаратушы Иесіне ғибадат етіп тұр. Аспан жаратылғаннан қиямет күніне дейін осылай тұрып, құлшылық етеді. Бұлардың ғибадаты осылайша өтеді”, – деп жа-уап берді. Мен де үмбетіме осы ғибадатты сұрадым. Алла тағала сөзімді жерде қалдырмай, үмбетіме намаз ішінде қиямда тұруды парыз етті.

Содан соң, дүниеден өтіп, түрлі азаптарға салынған күнәһарлар тобын көрдім. Жәбірейілден: “Бұлар кімдер?” – деп сұрадым. Ол: “Бұлар кісі өлтірген, әке-шешесін қорлаған, араққа салынған, өсек, өтірік, жала сөздер айтқан, Алланың әміріне құлақ қоймаған адамдар және басқалар”, – деп егжей-тегжейін баяндап берді.

Бірінші аспанды еркін араладым. Аспан көркем әрі су сияқты көкпеңбек екен. Бірінші аспан мен екінші аспан арасындағы қашықтық бес жүз жылдық жол. Қалыңдығы да сонша екен.

Екінші қабатОл жерден аттанып аспанның екінші қабатына жеттік. Оның

есігінің қасында да жоғарыдағыдай сұрақ-жауап болды. Рұқсат алып, ішке кірдік.

Хазіреті Яхья мен Иса (ғ.с.) пайғамбарлар осында екен. Олар-мен кездесіп, баталарын алдым.

Page 56: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері56

Бұл екі пайғамбардың тағдыры бір-біріне ұқсас секіл-ді. Сондықтан болар, Алла тағала бұларды бір мекенге орналастырған.

Зәкәрия (ғ.с.) пайғамбар қартайған шақта ұлы Яхья дүниеге келген. Адамның табиғи жаратылысы бойынша, ердің жасы ұлғайып яки әйелінің жасы өтіп немесе бедеу болса, олар бала көрмеуі тиіс. Бірақ құдіреті күшті Алла жоқтан бар етеді. Яхья да Алланың қалауымен дүниеге келді. Бұл туралы Құран Кәрімде: يشاء ما يفعل الل كذلك قال عاقر وامرأتي الكبر بلغني وقد غلم لي يكون أنى رب قال “(Зәкәрия): Ей, Раббым! Маған кәрілік жеткен, әйелім бедеу болса, қалайша менен перзент болмақ? – деді. Алла: “Осы-лайша, Алла қалағанын істейді”50, – деді”.

Яхья үлкейіп, ер жетті. Пайғамбар болды. Зәкәрия (ғ.с.) Құдайға әдемі құлшылық жасайтын еді. Өкінішке орай, жас Яхья (ғ.с.) кәпірлер қолынан қаза тапты.

Иса (ғ.с.) Алланың құдіретімен әрі қалауымен әкесіз дүниеге келді. Негізінде, бала табу үшін үйлену, ерлі-зайыпты болу қажет. Содан соң Алланың қалауымен перзентті болады. Исаның анасы Мәриямның қасына періште келіп: “Қорықпа! Алла мені саған сүйінші хабар жеткізуім үшін жіберді. Жақында сен перзент сүйесің. Оның есімі Мәриям ұлы Иса болмақ”, – деді. Иса қауымын хақ жолға шақыра бастады. Кәпірлер оған қарсы шығып, жан түршігерлік қиындықтар көрсетті. Алла тағала өз ел-шісі Исаны (ғ.с.) кәпірлерден құтқарып, аспанға көтеріп әкетті.

Қиямет күніне дейін төрт пайғамбар тірі жүреді деп айтады. Екеуі аспанда, екеуі жерде. Аспан да ғылар: Ыдырыс пен Иса (ғ.с.) пайғамбарлар. Жердегілер: Қыдыр мен Ілияс (ғ.с.) пайғамбарлар.

Осы аспанды аралап жүргенде, Мүнкир-Нәкир атты екі періштені көрдім. Бұл періштелер жерленген мәйіттің қабіріне кіріп, олардан сұрақ-жауап алады екен. Қастарына барып, сәлем бердім. Олар мені жақсы қарсы алды. Мен оларға: “Қабірде жатқан мәйіттен қалай сұрақ-жауап аласыңдар?” – деп сұрадым. Олар: “Адамдар мәйітті қабірге қойып кеткеннен соң, алдына кіріп:

50 «Әл- Имран» сүресі, 40-аят

Page 57: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 57

“Раббың кім, пайғамбарың кім, дінің не?” – деп сұрақ береміз. Шын мұсылман сұрағымызға: “Раббым – Алла, пайғамбарым – Мұхаммед (с.ғ.с.), дінім – Ислам”, – деп қиналмай жауап бе-реді. Оның жауабына қанығып, қайтып кетеміз. Пасық, екі жүзді мұнафық және кәпірлер сұрағымызға дұрыс жауап бере алмайды. Сондықтан оларды азапқа саламыз”, – деп түсіндірді.

үшінші қабатАспанның үшінші қабатына келдік. Ондағы сақшы періште

де: “Қош келдің, Мұхаммед! – деп бізді қуана қарсы алды.Мұнда жетпіс мың періштенің “Сүбхаанә зиль-мүлки уәль-

мәләкуут, сүбхаанәль-мәликиль-хаййиль-ләзии ләә ямуут” (яғни, Алла барлық айып және мін-кемшіліктерден пәк. Ол – барлық мүліктің әрі құдіреттің иесі. Сондай-ақ Алла барлық айып және мін-кемшіліктерден пәк. Ол – шынайы патша. Ол тірі, ешуақытта өлмейді), деп тәсбих айтып жатқанын көрдім.

Бұл жерден өтіп, сапарымды жалғастырдым. Сол кезде бас-тарын сәждеге қойып, Аллаға тәсбих айтып жатқан періштелерді көрдім. Оларға сәлем бердім. Олар бастарын сәждеден көтеріп, сә ле міме «әлейк» айтты да, қайтып сәждеге жығылды. Мен Жәбірейілден: “Үшінші аспандағылардың ғиба даты осы екен ғой?”, – деп сұрадым. Ол маған: “Иә, Алладан бұл ғибадатты сіз де сұрасаңыз болады”, – деді. Солай істедім. Алла тағала дұғамды қабыл етіп, намаздың әр рәкатында екі рет сәжде жасауды маған парыз етті. Намаздың әр ракатында екі сәжде жасаудың тарихи қайнары осыған саяды.

Үшінші қабатта Жүсіп, Дәуіт және Сүлеймен пайғамбарлармен (ғ.с.) кездесіп, сөйлестік. Олар (ғ.с.) да тілегін айтып, құттықтады. Мен Жүсіптің (ғ.с.) көркіне және оның ере-кше көркем мінез-құлықты екеніне куә болдым.

Жүсіп (ғ.с.) – Жақып (ғ.с.) пайғамбардың баласы. Алла тағала Жүсіптің пайғамбар болатынын бала кезінде-ақ оған білдірген. Ол ұйқысынан оянып, көрген түсін әкесіне айту үшін келіп: إذ قال

Page 58: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері58

مس والقمر رأيتهم لي ساجدين بيه يا أبت إني رأيت أحد عشر كوكبا والش ,Әке“ يوسف لмен он бір жұлдыздың, күннің және айдың маған сәжде жасап тұрғанын көрдім”51, – деді.

Дәуіт (ғ.с.) әрі пайғамбар, әрі патша еді. Ол Исрайыл қауымының басын қосып, оны қуатты мемлекетке айналдыр-ды. Алла тағаланың бұйрығымен ол Исрайыл жерінде “Бәйтул-Мақдис” ғибадатханасын салды. Ислам діні келгеннен кейін ол Ақса мешітіне айналды. Мұхаммед (с.ғ.с.) миғражға сол жерден көтерілді.

Дәуіт (ғ.с.) тірі жанға қиянаты жоқ, әділ патша болатын. Өзінің қателігін байқаған сәтте, дереу Аллаға жалбарынып, кешірім тілей отырып, әрбір ісін Алланың атымен бастайтын. Ол мансап қуып, билік көксемесе де, Алла оған пайғамбарлықпен қоса патшалықты сыйлады.

Дәуіттің (ғ.с.) жалғыз ұлы Сүлейменнің (ғ.с.) бойына Алла ерекше қасиеттер дарытты. Ол өте зерек, парасатты, табиғаттың сыры мен жануарлардың тілін жақсы білетін. Бұл туралы Алла тағала: داوود سليمان Сүлеймен (пайғамбарлықта да, ілімде“ وورث де, патшалықта да) әкесі Дәуітке мұрагер болды”52, – деп хабар береді.

Төртінші қабатТөртінші қабатқа беттедік. Қақпаның сақ шы сы нан кіру-

ге рұқсат алып, мұндағы сапарымызды бастадық. Бұл жерде тізе бүгіп, тәсбих айтып, Алла ға құлшылық жасап отырған бір топ періш те лерді көрдім. Мен Жәбірейілден: “Бұлар Аллаға ғибадат етіп отыр ма?”, – деп сұрадым. Ол маған: “Иә, осы аспан жаратылғаннан бері мұн дағы періштелер осылайша құлшылық етеді, бұл ғибадатты сіз де Алладан сұраңыз”, – деді. Шын ниет етіп, Жаратушы Иемнен осы ғибадатты сұ радым. Ниетім Аллаға жетіп, намаздың соңын дағы “қағдайи ахир” (соңғы отырыс) ама-лы парыз етілді.

51 «Жүсіп» сүресі, 4-аят.52 «Нәміл» сүресі, 16-аят.

Page 59: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 59

Төртінші аспанда Ыдырыс (ғ.с.) пайғамбармен кездестім. Ол да ашық жүзбен қарсы алып, батасын берді.

“Ыдырыс” деген арабша сөздің түбірінде дәріс, сабақ, оқу де-ген мағыналар бар. Бұл пайғамбар білімге жақын болғандықтан, көп сабақ оқып, сабақ бергендіктен, Алла оны “Ыдырыс” деп ата-ды. Ол астрология білімін игерген, жазу-сызуды, күмісті пайда-лануды, соғыс құралдарын жасауды, киім тігуді жақсы білген.

Қауымын иманға шақырып, Алланың разылы ғын тапты. Көп құлшылық жасады. Алла тағалаға дұға етіп: “Ей, Алла! Сенің айтқаныңдай ғибадат етіп келемін. Сенен екі нәрсені сұраймын. Бірін шіден, Әзірейіл періште жанымды бір сәтке алса, өлімнің азабын татсам. Екіншіден, көкке көтеріліп, Сен жаратқан тозақты және жәннатты көрсем. Сон да өзіңе ғана құлшылық етуге деген құш тар лығым көбейсе”, – деді. Әзірейіл оның жанын алды. Ыдырыс (ғ.с.) өлімнің ащы дәмін тат-ты.

Пайғамбардың екінші тілегі де орындалды. Ыдырыс (ғ.с.) көкке көтеріліп, тозақты көрді. Кейін жәннатқа кірді. Біраздан соң Әзірейіл одан жәннаттан шығуды сұрады. Ыдырыс (ғ.с.) шығуға көнбей: “Шықсам, Алланың үкіміне қарсы шыққан боламын. Өйткені, Алла тағала: كل نفس ذآئقة الموت “Әркім өлімді татады”53, – деген. Мен оны көрдім. Алла тағала: نكم إل واردها كان على ربك وإن مقضيا م Сендер ден (тозақ басына) бармай қалатын ешкім“ حتما болмайды. Мұның өзі Раббыңның өзгермес үкімі”54, – деді. Мен тозақтың қасына келдім, оны көрдім. Алла тағала: خالدين فيها ل Олар онда (жәннатта) мәңгі қалып, одан ауысуды“ يبغون عنها حولқаламайды”55, – дейді. Мен жәннатқа кірдім. Бұл жерден басқа жерге ауысуды қаламаймын”, – деп жұмақта қалып қойған екен.

Миғраж түнінде Мұхаммед (с.ғ.с.) Ыдырысқа (ғ.с.): “Сен Алланың сыйлы әрі сүйікті пайғамбарысың. Өйткені, менен бұрын жәннатқа кіріп, оның нығметтерін көруді саған нәсіп етті.

53 «Әли Ғимран» сүресі, 185-аят.54 «Мәриям» сүресі, 71-аят.55 «Кәһф» сүресі, 108-аят.

Page 60: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері60

Сен жайлы Алла тағала: ورفعناه مكانا عليا “Біз оны жоғары мәртебеге көтердік”56, – деп хабар берді”, – деді. Сонда Ыдырыс (ғ.с.): “Олай емес. Мен жәннаттың сыртындағы бақшаға ғана кірдім. Жәннаттың есігін ғана көрдім. Ол есікте: “Мұхаммед және оның үмбетінен бұрын ешкім жәннатқа кіре алмайды”, – деген жазуды оқыдым”, – деді.

Аспанның төртінші қабатында тақта отырған суық жүзді үлкен бір періштені көрдім. Жәбірейіл (ғ.с.) оны маған: “Ол дүние ләззатын бұзып, жа ма ғаттан айыратын, үйлерді тоздырып, зираттарға өмір бағыштайтын, сәбилерді жетім, қыз-келін шек-терді жесір қалдыратын барлық мақұлық тар дың жанын алушы Әзірейіл”, – деп таныстырды.

Оның жүзінде күлкі белгісін байқамайсың. Мен ба рып сәлем бердім. Бірақ сәлемім жауапсыз қал ды. Алла тағала оған: “Хақтың хабибі, халықтың ардақтысының сәлемін қабыл ал!” – деп бұйырды. Періште дереу төмен түсіп, пайғамбарымызды (с.ғ.с.) құшақтап: “Расында, Раббымыз сізді қадірлі, үмбетіңізді құрметті етіп жаратты”, – деп жылы қарсы алды. Жәбірейіл (ғ.с.) маған: “Иә, Расулулла! Өлім періштесі сізден басқа ешкімге ор-нынан тұ рып, мұншалық қошемет көрсетпеген болатын”, – деді.

Мен оған: “Ей, бауырым Әзірейіл! Сен адам дар дың жанын қалай аласың?”, – деп сұрадым. Ол: “Несібесі таусылып, ажа-лы жеткен адамдарға жан алушы көмекші періштелерді жіберіп отырамын. Әрбір иманды ізгі адамның алдына алты жүз рахмет періштесі, әрбір имансыз жаман адамның алдына сонша азап періштесін жіберемін. Олар өлім төсегінде жатқан пенденің жа-нын терден, жүйкеден, еттен, қаннан ажыратып алады. Жанның шығуы тырнақ ұшынан басталып, тізеге жетеді. Аздап дем беріледі. Кейін жанталасу қайта басталып, жан кіндікке келеді, сосын жан алқымға жетіп, ғарғара сәті басталады.

Періштелер жақсы адамдардың жанын қылды майдан ажы-ратып алғандай, жеңіл алып, оны «иллийин» деген орынға алып

56 «Мәриям» сүресі, 57-аят.

Page 61: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 61

барып қояды. “Иллийин” – жәннаттың бір бау-бақшасы. Онда ізгі пенделердің жандары сақталады.

Періштелер жаман адамның жанын ағашты тамырымен суы-рып немесе қойдың үстіне жабысқан тікенекті жұлып алғандай, денесінен қинап алады да, «сижжин» деген жерге алып ке-теді. “Сижжин” – тозақтың бетіне жабылған бір тас. Ол тастың көптеген тесіктері бар. Кәпір, мұнапық, залым және бұзық жан-дар сол тесіктен тозаққа лақтырылады.

Төртінші аспанда орналасқан “Бәйтул-мәъмур” атты ас-пан періштелерінің қасиетті үйіне жеттік. Жер жүзінде мұсылмандардың ең қасиетті үйі Мек ке қаласындағы Кағба са-налса, ал аспан әлемінде – осы үй екен. Күнде бұл үйде жетпіс мың періш те тәуеп етеді, бір рет тәуап еткен періштенің қия мет күніне дейін екінші тәуапқа кезегі жетпейді екен. Жәбірейіл (ғ.с.) мені қолымнан ұстап, Бәй тул-мәъмурға алып кірді де, маған: “Уа, Алланың хабибі! Жер бетінде сіз барлық пайғамбарларға имам болып намаз оқып бердіңіз. Енді мұнда жеті ас пан періштелерінің баршасына имам болып, екі ракат намаз оқып берсеңіз”, – деп өтініш білдірді. Мен Жәбірейіл бауырымның өтінішін қабыл алып, имам болып намаз оқып бердім. Мұндай көп жамағатты көрмеген едім. Сонда менен “менің үмбетімнің де осыған ұқсас жамағаты болса еді” деген ой кетпей қойды. Осы сәт Алла көңілімдегіні біліп: “Ей, хабибім Мұхаммед, бұл сияқты жамағатты сенің үмбетіңде де бар қыламын. Ол – жұма намазына қатысқан жамағат. Бәйтул-мәъмурда оқылған намаздардың сауа-бын оларға да жазамын”, – деді.

Бесінші қабатОдан да жоғары көтеріліп, аспанның бесінші қабатына жеттік.

Мұнда да рұқсат сұрап, ішке кірдік. Бұл жерде де Аллаға тәсбих айтып, құлшылық жасап жүрген періштелер көп екен.

Мұнда Һарун (ғ.с.) пайғамбарға жолықтым. Һарун (ғ.с.) көп жақсы баталар беріп, аса құрмет көрсетті. Һарун (ғ.с.) Мұсаның (ғ.с.) бауыры болып келеді. Мұсаның (ғ.с.) пайғамбарлық қызметі өте ұлы да маңызды еді. Ол Раббысынан жәрдем сұрады. Алла

Page 62: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері62

тағала оның дұғасын қабыл етіп, оған көмек беру үшін Һарунның баратынын айтып: اذهب أنت وأخوك بآياتي ول تنيا في ذكري. اذهبا إلى فرعون إنه ر أو يخشى طغى. فقول له قول لينا لعله يتذك

“Сен де, сенің бауырың (Һарун) да мұғжизаларымды алып барыңдар. Мені еске алуда селқостық жасамаңдар. Екеуің Перғауынға барып, онымен сыпайы сөйлесіп көріңдер. Ол тым асқақтап кетті. Мүмкін ол насихат тыңдар, әйтпесе, қорқар”57, – деді. Сол тапсырманы орындаған Һарун осы еді.

Сабырлылық жағынан ғибратты өмірі дастанға айналған Аййуб (ғ.с.) пайғамбар да хазірет Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымызға тағзым етті. Онымен пайғамбарымыз (с.ғ.с.) осында ұшырасты. Аййуб (ғ.с.): “Уа, Расулулла, Алла сіздің сабырлылық сипатыңыздан маған аз ғана берген”, – деп өзіне қарағанда, Мұхаммедтің (с.ғ.с.) аса төзімділігін мойындады.

Алла Аййубты ауыр сынақпен сынап еді. Ол байлығынан, жо-ра-жолдастарынан, әйел, бала-шағаларынан айырылып, соңында ауыр кеселге шалдықты. Еті арылып, сүйегі қалды, құрт бүкіл денесін жеп бітірді. Әйтсе де, Аййуб (ғ.с.) Аллаға тәкбір айтып, шүкір етті. Иманнан ауытқымады.

Бесінші аспанда бір қауымды көрдім. Беттері қап-қара, нұрсыз, қайғылы, қорқынышқа толы. Азап періштелері олар-ды шыбықпен ұрып қуып жүр, заққұм атты от пен ірің аралас тағамды ауыз дары на құйып тұр. Мен Жәбірейіл бауырымнан: “Бұлар кімдер?” – деп сұрадым. Ол маған: “Дү ние де Алланың берген ризық-несібесін басқалармен бөліспеген, малынан зекет шығармаған пенделер. Ондай адамдарды аспандағы періштелер Алланың күнәһар сараң дұшпаны деп әлемге жар салады. Ал ма-лынан зекет бергендерге Алла разы болып, аспандағы періштелер оларды Алланың иманды, жомарт досы деп атайды.

Бұл туралы Алла тағала:

وأنفقوا في سبيل الل ول تلقوا بأيديكم إلى التهلكة وأحسنوا إن الل يحب المحسنين

57 «Таһа» сүресі, 42-44-аяттар.

Page 63: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 63

“Қазыналарыңды Құдай жолынан аямаңдар, өз қолдарыңды өздерің байлап (сараңдық жасап), бастарыңды қатерге тікпеңдер. Жақсылық жасаңдар. Ізгі жандарды Тәңірі шын дос тұтады”58, – дейді.

Алтыншы қабатОдан шығып, аспанның алтыншы қабатына жеттік. Қақпа

алдындағы сақшы періште де мені кө ріп, қуана күтіп алды. Мұнда да Аллаға тәсбих ай тып, құлшылық жасап, жалбарынып жатқан көп те ген періштелерді және түрлі ғажайыптарды көрдік.

Алтыншы қабатта Мұса (ғ.с.) пайғамбарға жолықтым. Ол да игі тілек тілеп, бата берді. Құранның көптеген аяттары мен сүрелерінде Мұса және оның қауымы туралы түрлі мысалдар келген. Олар біз үшін үлгі-өнеге болу қажет.

Перғауын Мұсаға (ғ.с.) қарсы қолынан келген зұлымдықтарды жасады. Мұғжиза көрсе де жүрегі жұм сармады. Керісінше, залым патша Перғауын иманға келген кісілерді өліммен қорқытып, көз-де рін жоюға асықты. Мұса пайғамбар мен Исрайыл ұрпақ тарының арасында біраз келіспеушіліктер болып өткен. Олар берілген нығметтерге шүкір етудің орнына қанағатсыздық танытып, шыдамсыздыққа бой алдырды. Алайда Мұса (ғ.с.) өз қауымын жақсы білетін. Миғраж кешінде Мұса (ғ.с.) діни үгіт-насихат пен рухани тәрбие жолындағы өзінің жинаған мол тәжрибесімен бөлісті.

Мұсаға (ғ.с.) берілген миғраж оқиғасы ерекше өткен. Іл-геріде Алла тағала Мұсаға (ғ.с.) “Кітап иесі” боласың” деген еді. Перғауын теңізге батып кетті. Оның азабынан құтылған мүминдер тыныс-тіршіліктерін амандықта жалғастыра бастады. Сонда Мұса (ғ.с.) Алладан сол кітапты түсірші деп сұрады. Ол қырық күн Тур тауына барып, Аллаға құлшылық етіп, қасиетті Тәурат кітабын қабылдап алатын болды. Осы уақытты Мұсаның (ғ.с.) миғражымен байланыстырады.

58 «Бақара» сүресі, 195-аят.

Page 64: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері64

Алла тағала тарапынан Мұхаммедтің (с.ғ.с.) үмбетіне бұйырылған елу уақыт намаздың бес уақытқа қысқартылып, оларға жеңілдік жасалуына Мұса (ғ.с.) себепші болды.

Үтір намазы да мұсылман үмбетіне осы жерде үәжіп болған екен. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Жәбірейілдің (ғ.с.) мақамына жет-кен кезде, періште оған: “Иә, Расулулла, қазір менің мақамымда тұрсыз. Сондықтан бір ракат намаз оқыңыз, сөйтіп Алла бұл жер-ді бұдан да мүбәрак еткей”, – деді. Мұхаммед (с.ғ.с.) бір ракат на-маз оқыды, көңіліне “бір ракат та намаз болушы ма еді” деген ой келді де, артынан тағы бір ракат қосып, екі ракатқа толықтырды. Алла тағаладан: “Уа, Мұхаммед! Сенің ғибадатың бізге ұнады, соның үшін тағы бір ракат қос. Оны біздің әміріміз деп білгейсің”, – деп бұйырды. Үшінші ракатты оқып, рукұғқа еңкейгенде Құнут деген періште: “Иә, Алланың хабибі! Құнут дұғасы арқылы маған ұлық дәреже берілді, сіз де осы дұғаны оқып, сыйлық ретінде қабыл етіңіз”, – деп ұсыныс тастады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оны да қабыл алды. Намазды оқып болған соң, Жәбірейіл (ғ.с.) маған: “Осы намазды берік ұстаңыз, мұнда талай жасырын сыр жатыр”, – деді.

Жетінші қабатАспанның ең соңғы қабатына да келдік. Мұнда да таусыл-

мас керемет мұғжизалар бар екен. Онда бара жатып, кенет мұрнымызға хош иіс келді. Оның адамға жаққаны соншалық, жұта бергің келеді. Жәбірейілден: “Бұл не?” – деп сұрадым. Ол: “Сегіз жәннаттың иісі”, – деп жауап берді. Алла тағала: “Кім-де-кім Маған және пайғамбарыма иман келтіріп, ешкімді серік қоспаса, ізгі ғамал жасаса, сол пендеге жәннатыма кіру нәсіп бо-лады”, – деп хабар берді.

Жетінші аспанда Ибраһимды (ғ.с.) көріп, қасына барып, оған сәлем бердім. Сәлеміме әлейк алып: “Қадірлі перзентім, қош келдің, – деп қуанышпен қарсы алды.

Алла тағала Ибраһимге (ғ.с.) туралық пен дана лық ты сый-лады. Балалық шағы қолдан жасалған мүсіндерге табынып, тура жолдан адасқан надан қауымның арасында өтті. Соған қарамай,

Page 65: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 65

ол Алланы жалғыз әрі бүкіл әлем нің Жаратушысы деп таныды және пұттардың еш қандай да пайда бере алмайтынына көзін жет-кізе білді. Сондай–ақ басына түсетін азап пен қиыншылықтарды біле отырып, халыққа пайда да, зиян да келтіре алмайтын пұттарға табынуды доғару қажеттігін баса айтты, оларды Аллаға ғана сиы-нып, құлшылық жасау керектігін насихаттады.

Осыдан соң Сидратул – мунтәһәға жеттік, ол Алланың құдіретіне белгі болардай, жемісті үлкен ағаш екен.

“Сидратул – мұнтәһә” сөзі “шекараның соңы”, “соңғы бекет” деген ұғымды береді. Ибн Аббас (р.а.): “Пайғамбарлар, пері-штелер және ғалымдардың білім – ғылым өрісі де осында келіп бітеді”, – деген. Кейбіреулер: “Алланың ең ардақты пенделері шейіттердің рухтары осында келіп тоқтайды, одан ары өте алмай-ды”, – дейді. Жәбірейіл періштенің мақамы да осында екен. Осы күнге дейін бұл жерден ары қарай пайғамбарлар және періште-лерден ешкім өтпеген.

Жәбірейіл періште Мұхаммедке (с.ғ.с.): “Екеуіміздің де шека-рамыз бар. Менің шекарам осы арада бітеді. Бұдан ассам, біткенім. Ал сен Алланың қонағысың, Алла тағала сені өзіне шақырған. Сен адамзатқа рақым ретінде жіберілген пайғамбарсың. Мұнан ары өзің барғайсың”, – деп қоштасты.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ол жерден әрі қарай қаншалықты дәреже көтерілгені, қалай көтерілгені сыр боп қалған.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сапарының жалғасы жайында: “Ғарышқа өттім. Алла тағала маған: “Ей, Мұхаммед, менімен сөйлес!” – деді. Мен: “Ей, тәңірім Алла! Тілім, жан-тәнім және мал-дәулетіммен жасалатын ғибадаттарымның баршасы сен үшін”, – дедім. Сонда Алла тағала: “Ей, Алланың елшісі, саған сәлем мен Алланың рақымы әрі берекеті болсын!” – деді. Мен: “Сәлем бізге және Алланың ізгі пенделеріне болсын”, – дедім.

Мұндағы бетпе-бет сөйлесуден кейін ұлы ғарышта – аспанның жоғарғы қабатында періш телер бір ауыздан танымал сөзді оқыды: “Ал ладан басқа құдай жоқ, хазіреті Мұхаммед Алланың пендесі және елшісі екен дігіне куәлік береміз”, – деді. Біз әр намазда арабша оқып жүрген “әт-тәһиййат” дұғасы осы. Ол – Алла тағала

Page 66: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері66

мен пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) миғражда сөйлесуінен келіп шыққан дұға.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) миғраж түнінде “үмбетім, үмбетім” деп көзіне жас алып, өзіне ілескен барлық мұсылмандар үшін көп дұға-тілектер жасады, оларды кешіруді сұрады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): “Ей, Тәңірім, маған миғраж мұғжизасын нығмет еттің. Үмбетіме де осындай бір нығмет сұраймын”, – деді. Хақ тағала: “Намаз-мүминдердің миғражы”, – деп Мұхаммедті (с.ғ.с.) осы ха-бармен қуантты.

Миғраж түнінде пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) үш сый жасалды. 1. “Бақара” сүресінің соңғы екі (“Әәмәнәр-расул”) аяты уахи етілді. 2. Қиямет күні Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) үмбетіне шапағат ету құқығы берілді. 3. Бес уақыт намаз парыз етілді.

Мұхаммедке (с.ғ.с.) Алла тағаланың құдіре ті не белгі болатын-дай көп мұғжизаларды көру нә сіп етті. Ең ұлысы Алла тағаланың кемел дидарын көру болды. Бұл ешбір пайғамбарға нәсіп етпеген ең ұлы керемет еді. Сол үшін пай ғам барымызға берілген есепсіз мұғжизалардың ең үлкендерінің бірі миғраж мұғжизасы. Өйткені, ол ең төменгі әлемдегі тозақты, ең жоғарғы әлемдегі пейішті өз көзімен көріп, тамашалады. Иә, шетсіз-шексіз әлемді аралап шығу, көптеген оқиғаларды басынан өткізу түннің бір бөлігінде ғана болып өтті.

* * *Оқиға соңына жетіп, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) үйіне қайтып ке-

леді де, қуанышы қойнына сыймай миғражда көрген-білгендерін адамдарға ертерек жеткізуге асығады. Оқиғаны бастан-аяғына дейін тыңдап, мүшріктердің оған сене қоймайтындықтарына көз жеткізген Әбу Тәліптің қызы Үммі һани Мұхаммедтің (с.ғ.с.) етегіне жабысып, оған: “Құрайыштар саған жала жаппаса екен деп қорқамын”, – деп жылайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): “Мей-лі, айтқан сөздерімді жалған деп, мені өтірікшіге шығара қойсын. Оларды құлақтандыру менің міндетім”, – деп үйінен шығып ке-теді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) үйден шығып тура Кағба алдына ба-рады да, құрайыш қауымы өткізіп жатқан жиналысқа қатысады.

Page 67: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 67

Сол жиынға Әбу Жәһил да келіп, Мұхаммедтің (с.ғ.с.) қасына отырады. “Көңіліне Алла иман нұры мен тәуфиқ салса, түк емес” деген жақсы ниетпен оған миғраж оқиғасын айта бастай-ды. Жүрегі тастай қатып, иманнан мақрұм қалған Әбу Жәһил әңгімені мұқият тыңдайды да, орнынан атып тұрып, адамдарды шақырып, оларға: “Құр мет ті халайық, жақын отырып, мынау “пай ғамбардың” әңгімесіне құлақ түріп көріңдерші”, – деп кеке-те бастайды. Расулулланың (с.ғ.с.) айтқан әңгімесін ақылдарына сыйғыза алмаған кәпірлер: “Міне, енді өтірігі шықты”, – деп айыздары қана масайраған. Иманы әлсіз жандар ислам дінінен қайтып, күпірлік жолына бас ұрады. Құрайыш кәпірлері бұл оқиғаны дәлел ретінде пайдаланып: “Қалайша түннің бір сәтінде алыс жерге барып келеді, бұл өтірік емес пе?” – деп мүминдерге соқтыға бастайды.

Басқа біреулер жүгіріп, Әбу Бәкірдің (р.а.) қа сына келіп: “Ей, Әбу Бәкір, досың Мұхам медтің айтып жатқанын естідің бе? Ол тағы бір жаңа өтірікті шығарыпты. Екі ай дегенде әрең жетіп ба-ратын Бәйтул-Мақдиске түнде бір-ақ сәтте барып келдім, деп ла-пылдап жүр. Сен не дейсің, әлде бұған да сенесің бе?” – деп оны шатастырмақшы болды. Әбу Бәкір оларға: “Осыны Мұхаммед айтқан болса, ол рас айтқан. Әрине, мен оған сенемін. Өйткені, жеті қабат аспан үстінен оған бір-ақ сәтте келген уахи хабарла-рына сеніп, оны мойындап жүрген мен, бұл айтқанына неге сен-бейін?!”, – деп жауап қайырды.

Сол күннен бастап Әбу Бәкір “сыддық”, яғни шыншыл деп атала бастады. Сонымен адамдардың арасында түрлі-түрлі әңгімелер көбейді. Олардың ішінде Құддыста болған адамдар да бар еді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұрын Құддыста болып көрмеп еді. Бәйтул-Мақдисты көргендер пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) оның қандай екендігін сұрап, сынамақ болды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) көргенін әдемілеп сипаттап берді. Құддысты көргендер: “Иә сондай, иә сондай”, – деуден ары аса алмады. Мүшріктердің бірқатары: “Біздің керуенімізді қай жерде көрдің?”, – деп сұрады. Оларға да керуендерінің қай жерде келе жатқаны, онда неше адам барлығы, жағдайлары қалай екені, сол түні қай жерде қонғаны,

Page 68: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері68

кім басшы екені және оның қара боз түйеге мініп келе жатқаны, тіпті сол түйеге не артылғаны туралы анық сипаттама береді. Кейін адамдар керуенді күтіп алып, қараса пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқанындай болып шығады.

Миғраж түнінен кейін Жәбірейіл (ғ.с.) келіп пайғамбарымызға (с.ғ.с.) намаздардың уақыттары мен оның оқу тәртібін үйретеді. Сол күнге дейін ол Ибраһим (ғ.с.) намаз оқығандай, күніне екі рет – таң мен кешкі уақыттарында екі ракаттан төрт ракат намаз оқып жүретін.

Мұхаммедтің (с.ғ.с.) ұлық мұғжизасы исра және миғраж оқиғасын барлық мұсылмандар үлкен нығмет әрі құрмет деп қабылдаулары тиіс.

Құрметті бауырлар! Миғраж түні мен онда болып өткен ғажайып оқиғалардың берекетімен Алла тағала иманымызды баянды етсін. Қасиетті айлар мен күндерде Жаратқан Иеміз күнәлары мызды кешіп, екі дүниенің бақытын берсін. Қиямет күні пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) шапағаты баршамызға нәсіп болсын. Мейірбан Алла тағала режеп пен шағбан айларында дүние және дін істерімізге береке беріп, рамазан айына аман-есен жеткізсін!

Page 69: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

69

Шейх Әбсаттар қажы ДербісәліҚазақстан мұсылмандары діни басқармасы және Орта Азия

мүфтилер кеңесінің төрағасы, Бас мүфти

ЗЕКЕТ

Дін – бүкіл әлемдерді жаратушы Алла тағаланың адам бала-сын екі дүниеде де шынайы бақытқа жетелеу үшін жіберген иләһи ережелер мен қағидалар екені белгілі. Расында да, әр нәрсенің авторы өз туындысының барлық қыр-сырын жақсы білетіндігі тәрізді, адамды да ең жақсы танитын – оны жоқтан бар еткен Жаратушы Хақтың өзі емей, кім болмақ? Сондықтан, адамзатқа жіберліген иләһи діндердің соңғысы – Ислам дінінің барша қағидалары да адам баласы үшін, қияметке дейінгі келетін барша қоғамдар үшін ең дұрыс жолды көрсетіп, екі дүниеде де шынайы бақытқа жетелейтіні сөзсіз. Исламның тыйған тыйымдары – адам мен қоғамды ластық пен жамандықтан қорғау үшін болса, әмір еткен парыздары – кейде тікелей, кейде жанама түрде қоғамдық тепе-теңдікке, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа, адами бақытқа жол ашатынына тарих куә.

Ал, Ислам дінінің ежелден-ақ қазақ қоғамының санасына сіңіп, жүрегіне терең тамыр тастағаны соншалық, біздің салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымыз діни қағидалармен етене қайнасып кеткен. Ата-бабаларымыздан келе жатқан асыл дініміз соңғы жиырма жыл ішінде ел арасында қайта түлеп, жастарымыз ақиқаттың шуағына шомыла бастағанын көріп көз тояды, көңіл қуанады. Халықтың діни сауаты артып, күннен күнге үйренген білімімен амал етуі де көбеюде. Бірақ жетпіс жыл бойы асыл дін-нен алшақтап қалған қоғам ретінде халықтың әлі де білгенінен білмегені көп, үйренері мол екені даусыз. Мысалы, Исламның басты парызы бесеу болса, соның бірі – зекет туралы көпшілік жамағат арасында толық ақпарат әлі де жеткіліксіз десек артық айтпаспыз. Кәлимаға тіл келтіріп, намазын оқыса да, оразас-ын ұстап қажылыққа барғанымен, зекетті міндетті парыз ретін-

Page 70: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері70

де емес, ожданға қалған қосымша қайырымдылық деп түсініп, садақамен шатастыратындар да жоқ емес. Ал ақиқатқа келсек, зе-кет те намаз сияқты, ораза сияқты әр мұсылманға (нисабы жетіп тұрса) міндетті ғибадат екенін білген абзал.

Зекет беру – бес парыздың бірі.«Зекет» сөзі – тазалау, арту, көбею деген мағыналарды біл-

дірсе, діни термин ретінде –адамдардың өз мүліктерінің белгілі мөлшерін берілуі тиіс жерлерге бөліп беруін білдіреді. Зекет – исламның басты бес парызының бірі. Абдуллаһ ибн Омар тара-пынан риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

، وإقام دا رسول الل وأن محم بني السلم على خمس شهادة أن ل إله إل الل

، وصوم رمضان كاة، والحج لة، وإيتاء الز الص«Ислам бес нәрседен тұрады. (Олар:) Иман етіп, кәлима

келтіру, намаз оқу, зекет беру, қажылыққа бару және Рамазан оразасын ұстау»59 деп айтқан. Демек, зекет тек материалдық көмек беру ғана емес, ол ең әуелі мұсылманға жүктелген үлкен ғибадат. Оның ерекшелігі сол – намаз, ораза сияқты ғибадаттар адамның денесіне қатысты болса, зекет кісінің дүние-мүлкіне қатысты ғибадат. Сондай-ақ тек «өтелгені абзал» дейтіндей емес, Құран мен сүннетте нақты бекітілген, сауап пен жазасы бар, мін-детті парыз амал. Қолдарындағы байлықтарының зекетін берме-ген адамдардың ақыретте тартатын азаптарының өте ауыр екен-дігі туралы Әбу Һурайрә, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) былай деп айтқанын риуаят етеді:

«Зекетін бермеген адамның байлығы ақырет күні ірі жылан пішініне кіреді. Екі көзінің үстінде (қорқыныштылығының бел-гісі ретінде) қап-қара екі домалақ дағы бар. Осы жылан қиямет күнінде иесінің мойнына оралады. Сосын аузымен иесінің екі жағынан ұстап: «Мен сенің дүниедегі (қатты жақсы көрген) байлығыңмын, мен сенің (жинаған) қазынаңмын», – дейді. Сосын Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мына аятты оқыды:

59 Бухари сахих, Муслим сахих.

Page 71: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 71

ول يحسبن الذين يبخلون بما آتاهم الل من فضله هو خيرا لهم بل هو ماوات والرض ميراث الس قون ما بخلوا به يوم القيامة ولل شر لهم سيطو

والل بما تعملون خبير«Алланың кеңшілігінен өздеріне берілген нәрселерін

(басқаларға бермей) сараңдық істегендер бұл істерін өздеріне қайырлы деп ойламасын. Жоқ, тіпті (бұл істері) өздері үшін ең үлкен жамандық. Ақырет күні сараңдық жасаған дүниелері мойындарына оралады»60». Тағы бір аятта Алла Тағала сараңдарды ақыреттің күйзелтуші азабынан былай деп ес-кертеді:

رهم بعذاب أليم يوم ة ول ينفقونها في سبيل الل فبش هب والفض والذين يكنزون الذ

يحمى عليها في نار جهنم فتكوى بها جباههم وجنوبهم وظهورهم هـذا ما كنزتم

لنفسكم فذوقوا ما كنتم تكنزون «Алтын, күмісті жинап, оны Алланың жолында

жұмсамағандарға күйзелтуші азап бар екендігін ескерт. Жиналған алтын мен күміс тозақ отында қыздырылып, онымен маңдайлары, қабырғалары және арқалары таңбаланатын қиямет күні оларға: «Міне, мынау – өздерің үшін жиған дүниелерің. Ал енді қанеки, жинағандарыңның дәмін татыңдар!», – делінеді61.

Сонымен қатар, қасиетті Құранда мүшріктердің сипаттары аталғанда, солардың қатарында зекет бермеу де айтылады:

كاة وهم بالآخرة هم كافرون للمشركين الذين ل يؤتون الز«.. ол мүшріктер зекет бермейді және ақыретке сенбейді»62.

Зекет бермеген бай адам Алла тағаланың кең рақымы мен Пайғамбарымыздың достығынан мақрұм қалатыны жайлы да Құранда сөз етілген63.

60 «Әли Имран» сүресі, 180-аят61 «Тәубе» сүресі, 34-35-аяттар62 «Фуссилат» сүресі, 6-7- аяттар63 «Ағраф» сүресі, 156-аят; «Маида» сүресі, 55-аят.

Page 72: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері72

«Зекетті жинауын жинадық, бірақ беретін адам таппадық...»

Зекеттің мұсылман қауымға парыз болуы Мәдина дәуірінде, һижраның екінші жылына сәйкес келеді. Құранда зекет парыз ғибадаты ретінде отыз жерде айтылса, оның жиырма жетісінде намазбен қатар айтылады. Мұның өзі бір жағынан зекеттің на-мазбен тығыз қатынасын білдірсе, екінші жағынан оның намаз-дан кейінгі үлкен парыз екендігін көрсетеді. Атап айтсақ, «Намаз оқыңдар, зекет беріңдер», «олар намаз оқиды, зекет береді» сияқты мағынадағы ұқсас аяттар «Ахзаб» (33/33), «Бақара» (2/3, 43, 83, 110, 177, 277), «Ниса» (4/77), «Хаж» (22/78), «Нұр» (24/57), «Мужадала» (58/13), «Музаммил» (73/20), «Тәубе» (9/5, 11, 18, 71), «Бәиинә» (97/5), «Маида» (5/12, 55), «Әнфал» (8/3), «Нәмл» (27/3), «Лоқман» (31/4), «Рағд» (13/22), «Фатр» (35/29) сүрелерінде кездеседі. Ал,

يهم بها رهم وتزك خذ من أموالهم صدقة تطه«Олардың дүние-мүліктерінен зекет ал, сөйтіп оларды та-

зартып, кірден арылт...»64 деген аят арқылы Пайғамбарымызға (с.ғ.с) зекетті жинау жұмысын ұйымдастыруға байланысты нақты әмір беріліп, «Тәубе» сүресінің 60-шы аятында жиналған зекеттің кімдерге үлестірілуі қажеттігі туралы толықтай нұсқаулар айты-лады. Осы тұстан бастап, Алланың Елшісі (с.ғ.с.) өзінен дінді үйренуге келгендерге намазбен бірге зекетті де әмір етіп отырған. Яғни, зекет Исламның басты парыздарының бірі, оны түбегейлі жоққа шығару күпірлікке апару мүмкін. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) соншалықты ұқыптылықпен мән берген зекет ғибадатына одан кейінгі халифалары да көп көңіл бөлген. Соның арқасында Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) «Бір күн келеді, қолында алтыны бар кісі садақа алатын адам іздейді, бірақ ондайды таба алмайды...» де-ген сөзі шындыққа айналып, Омар бин Абдулазиздің халифалығы кезінде адамзат баласы әлі күнге дейін құруға тырысып келе жатқан – бақытты қоғам орнағаны тарихтан белгілі. Ол кезде халифаның Құран мен сүннетке және төрт ұлы халифаның жо-лына негізделе жүргізген әлеуметтік-экономикалық саясатының

64 «Тәубе» сүресі, 103-аят

Page 73: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 73

арқасында кедейлердің жағдайы жақсарып, зекет беретін адам табылмайтындай жағдайға жеткен. Бұл саясаттың түп төркінінде зекет институты тұр еді. Яхъя бин Саидтің риуаятында мынадай оқиға баяндалады: «Бір жолы Омар бин Абдулазиз мені зекет пен садақаларды жинап, тиісті кісілерге тарату үшін Африкаға жібер-ді. Зекетті жинауын жинадық, бірақ беретін кедей адам іздеп едік, таппадық. Сұраушылар да болмады. Өйткені олардың бәрінің жағдайы түзелген еді. Ақырында ол ақшаға құлдар сатып алып, азат еттік» (Ибн Абдилхакам, Әбу Мухаммад, Сирату Омар бин Абдулазиз ала ма Рауаһу Имам Малик бин Әнәм уа асһабуһу; Да-маск, 1954). Иә, Омар бин Абдулазиздің кезінде зекетке мұқтаж кедейлер қалмағаны былай тұрсын, бұрынғы кедейлердің өздері зекет беретін жағдайға жеткен.

Қазіргі кезде шешімін таппай жатқан көптеген әлеуметтік, қоғамдық мәселелердің түйіні, шынайы мұсылман қоғамында зе-кет институты арқылы өздігінен шешіліп отырғаны бүгінгі ұрпаққа сабақ боларлықтай. Өйткені Жаратқанның (түбінде адамның өз пайдасы үшін) адамға жүктеген үлкен ғибадаты – зекеттің жеке тұлғаларға беретін сансыз сауабы, осы дүниедегі береке мен ру-хани ләззатынан, ақыретте күтетін шексіз нығметтерден бөлек, тұтастай қоғамға берер пайдалары да өте көп. Солардың кейбіре-уіне тоқталайық.

Зекеттің адам мен қоғамға берері не? 1) Алла тағала Құранда өзінің әмірлері мен тыйымдары-

на бойсұнған құлдарын жәннатпен сүйіншілеп, мейіріміне бөлейтіндігі турасында уәде еткен. Сондай әмірлердің бірі – зекет. Сонымен қоса, зекет – күнәлардың кешірілуіне себеп болатыны да Құранда айтылған: يهم بها رهم وتزك Олардың» خذ من أموالهم صدقة تطهмалдары көбейіп және өздері күнәлардан тазалануы үшін мұсылмандардың малдарынан садақа ал»65.

2) Қоғамдағы бай мен кедейдің арасындағы байланысты жақсартып, бауырмалдыққа тәрбиелеуде де зекеттің маңызы зор. Кедейлерге мейірімділік танытып, жағдайларына қарасқандықтан,

65 «Тәубе» сүресі, 103-аят.

Page 74: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері74

кедей де байларға құрметпен қарап, олардың дүние-мүліктеріне сұқ көзденбейді. Бүгінгі таңдағы әлемнің түкпір-түкпірінде белең алып жатқан көтерілістер мен төңкерістердің түбінде қоғамдық топтардың бір-біріне деген ашу-ызасы, реніші жатқанын ескер-сек, сондай құбылыстардың алдын алуда да зекеттің маңызы айқындала түсетіні сөзсіз.

3) Зекет – капиталдың тек қана байлардың арасында ай-налып тұратын күш болуына бөгет жасайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Зекет – Исламның көпірі», – деп, әлеуметтік өмірдегі табиғи түрде бай, кедей деп бөлінудің зекет арқылы бір дастарқан басына жиналатындығын ишарат етуде.

4) Адам баласының бойында дүние-мүлік, байлыққа деген қомағайлық пен қанағатсыздық және байлығымен басқаларға тәкаппарлану, паңдану сияқты жаман сипаттар болуы мүмкін. Зекет ғибадаты адамды осы өзімшілдік, сараңдық, дүниеқорлық, тәкаппарлық сияқты жиіркенішті қылықтардан сақтап, кіші-пейілдік, жомарттық және кеңпейілдік сияқты жақсы сипаттарға тәрбиелеп, баулиды.

5) Зекет – қоғамдағы жарлы-жақыбайлардың тұрмысының жақсаруына ықпал етіп, мемлекеттің әл-қуатының артуына сеп-тігін тигізеді.

6) Зекет пәле-жаладан, апаттан, ауру-сырқаудан сақтайды. Байлықтың құрып кетуіне тосқауыл болып, берекесін арттырады. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с):

عاء وا للبلء الد دقة ، وأعد كاة ، وداووا مرضاكم بالص نوا أموالكم بالز حص«Малдарыңды зекет беру арқылы қорғаңдар, ауруларыңды

садақа беру арқылы емдеңдер, тілейтін дұғаларыңмен бастарыңа келетін пәлелерді қайтарыңдар»66 – деген хадисі осыған дәлел.

7) Зекет – қоғамдағы ұрлық-қарлық, алдап-арбау, адам тонау, кісі өлтіру сияқты жаман әдеттердің кеңінен жайылуына бөгет болады. Мұқтаж адамдардың өмір сүрулеріне керекті матери-алды көмек зекет сияқты заңды жолмен қамтамасыз етілгендік-

66 Ат-Табарани, Әбу Наим.

Page 75: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 75

тен, қоғамдағы аталмыш болымсыз кереғар көріністер өздігінен тоқтайды.

8) Зекет ғибадаты – Алла тағала берген байлыққа деген шүкіршілік. Зекет беруші мұсылман қолындағы байлықтың Алла тағала берген жақсылық екенін ұғынады. Өзінен де зерек, қабілетті, денсаулығы мықты талай адамдардың бұл нығметтен мақрұм екендігін түсініп, сол нығметтерді өзіне нәсіп еткен Алла тағалаға шүкір етеді. Әр нығмет өзіне сай шүкір талап етеді. Ілімнің шүкірі оны басқаға үйретумен, дене мүшеміздің шүкірі ораза ұстап, намаз оқу тәрізді ғибадаттармен орындалатыны сияқты, байлық нығметінің де шүкірі мұқтаждарға көмектесіп, зекет беру арқылы жүзеге асады. Яғни, байлық нығметінің шүкірі аузымызбен айтылатын «Аллаға шүкір» деген сөзбен ғана шек-телмейді.

9) Шайтан адамды «зекет берсең, аш – жалаңаш, кедей болып қаласың» – деп қорқытып, барынша азғырады. Шындығында, зекет – малымыздың азаюына емес, көбейіп, өсіп-өнуіне себеп. Құранда бұл шындық былай баяндалады:

نه وفضل غفرة م يطان يعدكم الفقر ويأمركم بالفحشاء والل يعدكم م الش«Шайтан сендерді кедейлікпен қорқытып, жаманшылық

жасауды бұйырады. Ал Алла сендерге өз тарапынан кешірімі мен кеңшілігін уәде етеді…»67,

ار أثيم دقات والل ل يحب كل كف با ويربي الص يمحق الل الر«Алла өсімнің берекетін кетіріп жояды, ал садақасы

берілген малды берекеттендіріп арттырады»68.10) Зекет берген адамның жан жүрегін, ішкі сезімін керемет

қуаныш билеп, ерекше ләззат құшағына кіргендей күй кешеді. Өмірдің қысымынан, дүние-мүліктің ауыртпалығынан, жүректің қаттылығынан арылады. Батыс елдерінде материалдық өмірмен етене байланысып кеткендіктен рухани тоқырауға ұшырағандарға психологтар жаңа емнің түрі ретінде мұқтаж адамдарға көмек

67 «Бақара» сүресі, 268-аят68 «Бақара» сүресі, 276-аят

Page 76: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері76

көрсетуді ұсынуы кісі ойлантарлық. Хақ Тағала әр жақсылықтың есебін қолма-қол жүрекке рухани рахат құю арқылы сездіреді. Бұны ешбір материалдық рахаттан алу мүмкін емес.

11) Экономикалық тұрғыдан алғанда, зекет, адамдарды өз қаржыларын бір жерде жинап қоймай, ел экономикасына айналымға салуға итермелейді. Себебі, қолдағы саудаға қатысты мүліктің (қаржының) қырықта бірін беру тиісті болғандықтан, ол байлық жылдан жылға азаяды, сондықтан оның иесі үшін оны айналымға салып, жұмыс істетуі тиімді болмақ. Ал, қолда жиналған егіншілік өнімдерінің онда бірі зекет ретінде алы-нуы, азық-түлікті бір жерге жинап қоюдың алдын алу үшін өте тиімді шара. Бұл, бір жағынан, Ислам дінінің бір адамның жеке басының пайдасы емес, тұтас қоғамның, халықтың пайдасы мен өркендеуін, сол арқылы әрбір тұлғаның да өсуін көздейтіндігіне жақсы бір дәлел бола алады. Мал мен мүліктің шынайы иесі Алла тағала, оны адамдарға пайдалану үшін беретіні сөзсіз. Сондықтан ондай байлыққа ие болған адам оны пайдаға асырып, басқалардың да игілігіне қолдануы қажет. Ал, өтйпейді екен, байлықты шоғырландырады екен, онда оның бір бөлігін мұқтаж адамдарға, кедейлерге таратуы тиіс. Өйткені зекет – сол зекетті алуға құқы бар адамдардың Алла тағала бекіткен заңды ақысы.

Зекет қайда жұмсалады?Әр мұсылманға парыз боп жүктелген – зекеттен жиналған

қаражаттың таратылуы жайында да Құранда нақты айтылған. Зе-кеттен түскен қаржы Алла тағала әмір еткен сегіз бағытта ғана жұмсалады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Маған зекет бер» – деген адамға былай жауап берген: «Ұлы Алла зекеттің берілетін орындары жайында пайғамбарының да, басқаның да үкіміне разы болмай, өзі берді. Оны сегіз топқа бөлді. Егер сол сегіз топтың ішінде болсаң, саған есеңді беремін» деген. Зекеттің берілетін орындарын Алла тағала:

قاب دقات للفقراء والمساكين والعاملين عليها والمؤلفة قلوبهم وفي الر إنما الص

ن الل بيل فريضة م والغارمين وفي سبيل الل وابن الس

Page 77: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 77

«Шын мәнінде садақалар (зекеттер): кедей-кепшіктер-ге, түгі жоқ міскіндерге, зекетті жинауға тағайындалған адамдарға (жалақы ретінде), көңілдері жібітілуі мақсат етіл-гендерге (жаңа мұсылмандарға), құлдарды азат етуге, қарызға батқандарға, Алла жолына және қиналған жолаушыларға берілуі Алла тарапынан парыз етілді»69 деп тағайындап біл-дірген. Бұл аятта айтылған сегіз топты былай түсіндіруге бола-ды: 1-2) Пақырлар мен міскіндер: бұл жерде пақыр деп – нисап мөлшеріне жететін байлығы жоқ адамдарға, міскін деп – түгі жоқ адамдарға айтылады. 3) Зекет жинауға тағайындалған арнайы адамдар: зекеттің жиналуы, сақталуы, есептеліп, лайық адамдарға таратылып, тапсырылуы сияқты жұмыстар үшін тағайындалған адамдар. Бұларға зекеттен белгілі мөлшердегі төлем, еңбектерінің қарымына орай жалақы ретінде берілгендіктен, тағайындалған адамдардың бай болулары зекеттен белгілеген мөлшерін алу-ларына бөгет емес. 4) Муаллафату-л қулууб: мұсылман болу бақытына әлі кенелмеген кейбір адамдардың жаманшылығынан сақтану үшін және Ислам дінін жаңадан қабылдаған има-ны әлсіз адамдардың, тіпті әлі Исламды қабылдамаған кейбір адамдардың көңілін жібіту үшін Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) кедей болсын, ауқатты болсын, оларға зекеттен белгілі мөлшер беріп отырған. Міне, осы аталмыш үш топ Құранда айтылып, зекет-тен белгілі бір есе тағайындалған «муалләфатул-қулууб» тобына жатады. Бірақ Хазіреті Омар дәуірінде бұл топқа берілетін зекет есесі тоқтатылған. Тоқтатылуының басты себебі, Ислам дінінің дүниеге қанат жайып қуаттанғаннан кейін бұлардың көңілін Исламға жібітіп, жаманшылықтарынан сақтанудың қажеті болмай қалуында еді. Алайда, кейбір ғалымдардың фәтуасына сүйенсек, қажет болған жағдайда, қайтадан бұл топқа беруге болады. 5) Құлдар: қожайынынан азат болу үшін белгілі ақшаға келіс-кен құлдарға зекет беріледі. Міне, бұл Ислам дінінің құлдарды азат ету жолында жұмсаған еңбектерінің бір көрінісі. 6) Қарызға батқандар: Пақырға зекет бергеннен гөрі қарызынан қиыншылық көргендерге зекет беру – абзал. Өйткені, қарызынан құтылу –

69 «Тәуба» сүресі, 60-аят.

Page 78: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері78

қарызы бар үшін басты міндет. 7) Алла жолында: бұл топқа Алла ризалығы үшін ілім іздеушілер, Алла тағаланың дінін қорғау және жастарымызды имандылық, адалдық, адамгершілік, әділдік сияқты жақсы қасиеттерге тәрбиелеу үшін, жалпы қоғам пайда-сына шешілетін қайырлы істер кіреді. 8) Қаржылары бітіп, жол-да қалғандар: бұларға негізгі тұрғылықты жерлерінде ақшалары барлар жатады, яғни, бай болса да оларға зекет беріледі (қажылар, ілім ізденушілер, т.б. сияқты).

Қазіргі кезде мұсылман елдерінде зекет қалай жиналады?

Осы орайда тағы бір түйінді мәселе – зекетті жинау жұмысын ұйымдастыруға қатысты. Бұл іс әр елде әрқалай жолға қойылған. Пәкістан, Сауд Арабиясы сияқты Ислами мемлекеттерде, азаматтардың зекеттері жыл сайын Рамазан айында мемлекет та-рапынан жиналады. Ал, керісінше, Еуропа, АҚШ, Канада, Авс-тралия сиқты жерлердегі мұсылмандар өзара мемлекеттік емес ұйымдар құрып, сол арқылы зекет жинау және тарату жұмыстарын атқарып отыр. Ондай ұйымдар бір жерде мешіттің ауқымында қызмет етсе, АҚШ, Австралия сияқты мемлекеттерде арнайы Зекет қоры ретінде жүйелі түрде жұмыс істейді. Сонымен қатар, мемлекет жүйесі зайырлы бола тұра, мұсылман елдері болып саналатын Малайзия мен Түркияның тәжірибесі, және бірқатар араб елдерінің, соның ішінде Біріккен Араб Әмірліктерінің Зекет қорлары Қазақстан үшін жақсы үлгі бола алады.

Біріккен Араб Әмірліктерінде, 2003 жылы ел басшысының жарлығымен құрылған арнайы Зекет қоры жұмыс істейді. Мақсаты — халықтың зекетін жүйелі түрде жинап, оны шариғат үкімдеріне сай тарату болып табылады. Жиналған қаражатты арнайы комис-сия тексере отырып, тиісті жерлерге жұмсап отырады. Қордың еш кедергісіз жұмыс істеуі үшін толық жағдай жасалып, заңнамалық тұрғыда бекітілген. Қор барлық салықтардан босатылған және ті-келей Дін істері Министрлігіне қарасты қызмет атқарады.

Малайзия да зекет жинау жұмысын ең жүйелі жолға қойған елдер қатарына жатады. Бұл бағыттағы әрекет 1990 жылы қолға

Page 79: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 79

алынып, 1991 жылы арнайы Зекет жинау Орталықтары құрылды. Олар әр штаттың Дін Істері Кеңесіне бағынып, мемлекеттік мекеме болып саналады. Мақсаты — жаңа техтологияларды қолдана отырып, зекетті жүйелі жинау және үлестіру. Зекетті жинау жағынан жаңа технологиялар қолдану және халық үшін төлемдерді өте жеңіл түрде жасауға жағдай туғызу тұрғысынан Малайзия алда келеді.

Түркияда Осман империясы кезінен қалыптасқан уақф жүйесі жақсы дамыған. Қалаларда, ауылдарда, әрбір жергілікті мекен-де арнайы қорлар құрылып, әлеуметтік мәселелердің шешілуіне жақсы пайдасын тигізіп отыр. Заңнамалық тұрғыдан да қорлардың жұмысы жақсы реттелген. Ал, 1975 жылы сол заңнамаға сәйкес Дін Істері Басқармасының құрылтайшылығымен арнайы Қор құрылды. Мақсаты – Ислам дінінің қоғамда дұрыс насихатта-луында Дін Істері Басқармасына көмекші және қолдаушы болу, керекті жерлерде мешіттер салу, кедейлер үшін арнайы аурухана-лар ашу, зекет, пітір сияқты мұсылмандардан түсетін көмектерді шариғатқа сай тарату арқылы әлеуметтік көмек пен қызметтерді дамыту деп көрсетілген. Яғни, Қор зекетпен қатар қосымша түрлі қайырымдылық көмектерді де жинап, сол арқылы кең түрде қайырымдылық және әлеуметтік қызметтер атқарумен айналыса-ды.

Енді, сол асыл дініміздің бес парызының бірі – зекетті өз шарттары мен қағидаларына сәйкес, жүйелі түрде халыққа түсіндіріп, Алла тағала алдындағы міндетімізді кіршіксіз орын-дау үшін жүйелі жұмыс істеудің уақыты келді. Алла бірлігімізді сақтап, берекемізді арттырсын!

Page 80: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

80

Шейх Әбсаттар қажы ДербісәліҚазақстан мұсылмандары діни басқармасы және Орта Азия

мүфтилер кеңесінің төрағасы, Бас мүфти

ҚАСИЕТКЕ ТОЛЫ ҚАДІР ТүНІ

Қасиетті Рамазан – берекелі ай. Бұл айда Алла тағала мұсылман үмбетін мол нығметке бөлейді. Ал Жаратқан иенің құлдарына нәсіп еткен несібе-берекесі мен нығметтеріне адамзат ақылы әсте жетпейді! Сондай ұлы нығметтердің бірі – “лайлатүл қадір” түні. Ол – Алла тағала тарапынан Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың үмбетіне сый етілген құтты түндердің бірі.

“Лайлатүл қадр”– сөздік жағынан алғанда, «қадірі ұлық, әр сәті қымбат, қасиетті түн» деген мағынаны береді. Әрі бұл сөздің астарында тағдыр түні мағынасы да бар. Өйткені әр жылы осы түн ішінде адамзаттың және басқа да тіршілік иелерінің бір жылдық ризық-несібелері, дүниеге байланысты дәрежелері және туыла-тындары мен қайтыс болатындары анықталады. Бұл жайында Құранда:

ن عندنا باركة فيها يفرق كل أمر حكيم. أمرا م إنا أنزلناه في ليلة م «Анығында, Біз Құранды мүбәрак түнде түсірдік”. “Сол

түнде хикметті істің барлығы (“Лаухүл Махфуздан” “Кәтәбә” періштелеріне) бөлінеді”. Ал, “Мұның (бөлінетін істер) барлығы – Біздің құзырымыздан бір бұйрық (тағдыр)…”»70 – делінген.

Негізінде, барша жаратылыстың қиямет күніне дейінгі тағдыры әуелде, Алла тағаланың әзәли қалау (ирада) және білу (ілім) сипатымен “Лау хүл Махфузда” жазылып, анық талып қойған. Өйт кені Алланың шексіз білімі осы за манда да, келешек-те де бо латын барлық нәрселерді қамтиды.

Бұл жайында Имран ибн Хусайннан (VІІ ғ.) Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

70 «Духхан» сүресі, 3-4-5 аяттар.

Page 81: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 81

كر كل شيء وخلق كان الل ولم يكن شيء غيره وكان عرشه على الماء وكتب في الذ

رض موات وال الس“Әуелде Алладан басқа еш нәрсе жоқ еді. Сосын Алла тағала

судың үстіне аршыны (таққа ұқсаған ең үлкен жаратылыс) жа-ратты. Ал содан кейін кітапқа барлық нәрсені (тағдырды) жаз-ды. Содан соң көктер мен жерді жаратты”71 – деген. Бұл жерде ай тылған кітап – “Лаухүл Махфуз”.

Ибада ибн Самит (р.ғ) (VІІ ғ.) жеткізген хадисте:

اعة بما هو كائن ل من خلق الل القلم ثم قال له اكتب فجرى في تلك الس إن أو

إلى يوم القيامة“Алла тағала (су мен аршыдан кейін) алдымен қаламды жа-

ратты да, оған: “Жаз!” – деп бұйырды. Сол кезде қиямет күніне (жәннат иелері жәннатқа, тозақ иелері тозаққа кіргізілгенге) дейін болатын нәрселердің бәрін (тағдыр) жазды”, – делінген.

Тағы бір хадисте:

موات والرض بخمسين ألف سنة ر الل مقادير الخلئق قبل أن يخلق الس قد“Расында, Алла тағала көк пен жер ді жаратудан елу мың

жыл бұ рын барша жаратылыстың тағды рын жазды”72, – деп нақты айтылған.

Қадір түнінде Алла тағала құрметті періш телеріне жоғарыда айтылған “Лаухүл Махфузда” жазылған, келесі Қадір түніне дейін болатын істер туралы хабар береді. Мысалы, пен делердің бұл дүниеге келетіндері мен дүниеден өтетіндері, Алла тағала кімді ауру-сырқау, кедейлік, не бір қасіретпен сынап, кімді байлық, денсаулық нығметтеріне бөлейтінін, одан да басқа көптеген іс-терді Өзінің ең жақын періштелеріне білдіреді. Осы бір құпия мағынаны “Духан” сүресіндегі: «Сол түнде хикметті істің барлығы (“Лаухүл Махфуздан” Кәтәбә періштелеріне) бөлінеді» – деген аяттан түсінеміз.

71 Сахихул-Бухари72 Имам Муслим

Page 82: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері82

Қасиетті Құранда бұл түнгі ақиқатты ай қындай түсетін “Қадір” деп аталған арнайы сүре де бар. Онда:

ل ن ألف شهر. تنز إنا أنزلناه في ليلة القدر. وما أدراك ما ليلة القدر. ليلة القدر خير م

ن كل أمر. سلم هي حتى مطلع الفجر وح فيها بإذن ربهم م الملئكة والر “Анығында, Біз (Құранды) Қадір түні түсірдік”(1-аят).

“Қадір түні не екенін білесің бе?”(2-аят). “Қадір түні – (игілік-тегі) мың айдан артық”(3-аят). “Сол түнде, Алланың әмірімен барлық істі реттеу үшін (аспаннан) періштелер және Жәбірейіл түседі” (4-аят), “Бұл түнде таң атқанша (Алла тағаланың) “сәлемі” жалғаса ды”73(5-аят), – делінген.

Бұл сүреден біз Қадір түнінің қандай қасиеттері бар деген сұраққа жауап аламыз. Сүренің бірінші аятында: “Анығында, Біз (Құранды) Қадір түні түсірдік”, – делінеді. Демек, қасиетті Құран Кәрім – қадірлі, әр сәті қымбат, қасиетті түнде түсірілген. Сондай-ақ жоғарыдағы “Духан” сүресінің 3-аятында бұл түн мүбәрак, яғни құт-берекелі түн деп те атап өтіледі.

Сондай-ақ қасиетті Құранда:

ن الهدى والفرقان شهر رمضان الذي أنزل فيه القرآن هدى للناس وبينات م“Рамазан – адамдарға тура жол нұс қаушы, ақ пен қараны

айырушы, бекем тұтынатын жолбасшы ретінде Құран түсіріле бастаған ай”74, – делінген.

Кей хадистерде «Қадір түні» Рамазан айының соңғы түндерінің бірінде делінген. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

واخر من رمضان وا ليلة القدر في الوتر من العشر ال تحر“Қадір түнін Рамазан айының соңғы он күндігінен, әсіресе

соңғы тақ күндерден іздеңдер”75, – деген. Сонда «Қадір түнінің» мерзімі соңғы он күн дік ішінде немесе соңғы тақ күндерге қара-ған түндердің бірі болмақ.

73 «Қадыр» сүресі, 1-5 аяттар.74 «Бақара» сүресі, 185-аят.75 Бухари, Ләйләтул қадр,3

Page 83: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 83

Пайғамбарлар атасы Ибраһим пайғам барға (ғ.с.) нәсіп болған Сухуфтар76, Иса пайғам барға (ғ.с.) берілген Інжіл және Мұса пайғам барға (ғ.с.) нәзіл болған Таурат кітаптары да осы мүбәрак Рамазан айында түсірілген-ді. Бұған Уасила ибн Асқаъ жеткіз-ген Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): “Ибраһимнің Сухуфтары – Ра-мазан айының бірінші түні, Таурат – Рамазанның алтысына, Ін-жіл – Рамазанның он үшіне қараған түнінде, ал Фурқан (Құран Кәрімнің аталуы) Рамазанның жиырма төртіне қараған түнінде түсірілді”, – деген хадисі дерек болады.

Сөз орайында, адамзатты қиямет күніне дей інгі екі дүниелік бақытқа бастайтын, Алланың мәңгі мұғжизасы Құран Кәрімнің Қадір түнінде түсірілу тарихына тоқтала кетейік. Осы түні Жәбірейіл періште (ғ.с.) Құран Кәрімді Алла тағаланың құзырындағы “Лаухүл махфуздан” алуға Жаратушы тарапы-нан бұйрық алады. Сөйтіп оны тұтас күйінде әуелі аспанның бірінші қабатындағы “Байтүл изза”- ғиззат үйіне түсіреді. (Жеті қабат аспанның әр қабатында жердегі “Қағба” іспеттес періште-лерге арналған ғибадат үйі бар. Ол үйлер Қағбаның үстінде бір орналасқан. Жетінші қабаттағы үй “Байтүл мағмұр”, ал бірінші қабаттағы үй “Байтүл изза” деп аталады). Бұл оқиға жоғарыдағы хадисте айтылғандай, Рама зан ның жиырма үшінен жиырма төртіне қараған Қадір түні болатын. Содан кейін “Байтүл изза-дан” қасиетті Құранның аяттары бөлшек-бөлшек болып жиыр-ма үш жыл бойы Алланың әмірімен Жәбірейіл періште арқылы Мұхаммед пайғамбарымызға (с.ғ.с.) уахи етіліп отырды. Құран толық түсіріліп болғаннан кейін Пайғам ба рымыз (с.ғ.с.) саха-баларына ондағы сүрелердің дәл қазіргідегідей басы “Фатиха”, одан кейін “Бақара”, ең соңы “Нас” сүресімен аяқталатын тәртібі мен оқу реттілігін үйретті. Бірақ, “Байтүл Иззадан” түсірілген бастапқы тәртібі бұлай емес еді. Ең әуелі түсірілген – “Алақ” сүресінің ал ғашқы бес аяты, ал ең соңғы болып түсірілген “Нас” сүресі емес, “Бақара” сүресінің 281-аяты болатын.

76 Діни парақшалар

Page 84: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері84

Ал, Қасиетті Құранның алғашқы аяттары Жәбірейіл (ғ.с.) пе-ріште арқылы Мұхаммед пайғамбарымызға (с.ғ.с.) жеткен түн лайлатүл Қадір түні еді.

Сөйтіп бұл түн хазірет Мұхаммедке (с.ғ.с.) пайғамбарлық жүктеліп, ақиқатты жалғаннан, жақсыны жаманнан, сауапты күнәдан ажыратушы қасиетті Құранның алғашқы аяттары түсіріле бастаған түн-ді. Сол түнде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Нұр тауының Хира үңгірінде Аллаға ғибадат жасап отырған еді.

Міне, осындай, яғни аспаннан қасиетті Құран ның алғашқы аяттары түсіріле бастаған үлкен оқи ғалы түн – қадірлі болмай, басқа қай түн қадірлі бол сын?! Бұл түн – адамзат баласына Алланың рақымы жауған түн. Бұл түн – Алла тағаланың адам-затқа бақыт шамын жаққан түн. Бұл түн – адам затқа надандықтың қараңғылығынан иман нұрына шығуға мүмкіндік берілген түн. Бұл түн – адамзатты қателікке бастайтын теріс жолдардан тыйып, Алланың тура және нұрлы жолына жүру мүмкіндігін берген түн. Бұл түн пенделердің күнә-кемшіліктері ғафу етілетін, дұға-тілектері қабыл болатын түн. Бұл түн – ұлық, сондықтан оның толық қасиеттері адамзат ақылына сыймайтын кең де ауқымды.

Демек, қасиетті Құран үмбетке мүбәрак айдың мүбәрак түнінде, яғни “лайлатүл Қадр” түнінде түсірілді. Расында да, бұл түн дүние тарихындағы ең қасиетті де ең қымбат түн.

Алла тағала жоғарыдағы сүренің екінші аятында: “Қадір түні не екенін білесің бе?”, – деп, бұл түнді ақылмен түсіну қиын екенін ұқтырады. «Қадір түні – (қасиеті және сауабы жағынан) мың ай-дан артық» (3-аят). Сонда “лайлатүл Қадір” уақыт жағынан бір түн болғанмен, маңыздылығы жағынан мың айдан жақсы әрі аб-зал. Ал мың айда 83 жыл 4 ай бар. Демек, Қадір түніндегі ғибадат-құлшылығымыз 83 жыл ғибадаттың сауабына тең болмақ.

Бұл қалай, оған не себеп болған?Алла тағала тарапынан хазірет Мұхаммедке (с.ғ.с.) Бәни Ис-

райыл қауымынан Алла тағаланың разылығы үшін мың ай бойы құлшылық жасаған бір адам туралы хабар жетеді. Сонда Пайғам-барымыз (с.ғ.с.):

Page 85: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 85

تي أقصر المم أعمارا وأقلها أعمال ؟ يا رب جعلت أم“Уа, Алла! Басқа пайғамбар лардың үмбетінің өмір жасын

ұзақ, амалдарын көп еттің. Ал менің үмбетімнің өмір жасы қысқа, амалдары кем”, – деп қайғырды. Осы оқиғадан соң Алла тағала Расулуллаһтың көңіліне жұбаныш ретінде “Қадір” сүресін нәзіл етіп, ол түнде жасалған құлшылықтың мың айлық құлшылықтан да қайырлы екенін білдірді.

Қасиетті Құранның мүбәрак аятында осы түннің келесі бір қадір-қасиеті туралы: “Сол түнде, Алланың әмірімен барлық істі реттеу үшін (аспаннан) періштелер және Жәбірейіл түседі” (4-аят), – делінді. Демек, бұл түн тек пенделер үшін ғана емес, періштелер үшін де маңызды түн.

Хадисте: “Қадір түні жерге түсетін періштелердің саны жер бетіндегі майда тастардан да көп болады”77,– делінген. Тағы бір хадисте: “Ол түнгі түскен көп періштелерге жердің беті тарлық етеді”, – делінеді. Әрбір мұсылман үшін Аллаға, оның пайғамбарларына, оларға жіберілген кітаптарға, қиямет күніне, өлгеннен кейін қайта тірілуге қалай иман келтіру парыз болса, періш телерге де солай сену парыз.

Кааб әл-Әхбар (р.а.): “Қадір түні аспаннан түскен періштелердің санын ешкім де білмейді. Ол тек Аллаға ғана аян. Жәбірейіл (ғ.с.) сол қаптаған періштелердің ортасында бола-ды. Жәбірейілдің (ғ.с.) назарына ілікпеген мұсылман қалмайды. Де не ңіз бір нәрсені сезіп, жүрегіңіз езіліп, көзіңізден жас ақса, маңайыңызда Жәбірейіл (ғ.с.) тұр деп сезініп, дұға-тілегіңізді көп айтыңыз”, – деген.

Жәбірейіл (ғ.с.) періштелерді үмбетті аралауға жібергенде олар жұрттың тұрғанын, отырғанын бақылап, зікір-пікірлерін тыңдап, намаз оқыған дардың сәлеміне жауап береді, олармен сәлем деседі, таң намазына дейін дұға жасағандардың қасында “әмин” деп тұрады. Ол осы түннің қадірін біліп, бұл түнді ұйқысыз ғибадаттармен өткізген миллиондаған мұсылмандардың шын ықылас тарын, ниеттерін байқап, тілек-дұғаларының қабыл

77 Әбу Дауд,

Page 86: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері86

болуына септіктерін тигізіп, қиямет қайымда Қадір түніндегі жасаған ғибадаттарымызға, құлшылық тарымызға куә болады.

Діни мәліметтер бойынша, “Таң атқан кезде періштелерге Жәбірейіл (ғ.с.): “Кетіңдер-кетіңдер!” дейді. Сонда періштелер: “Әй, Жәбірейіл (ғ.с.) Алла тағала Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар үмбетінің дұға-тілектерін не істеді?”, – деп сұрайды. Жәбірейіл (ғ.с.): “Бүгінгі Қадір түнінде кірпік ілмей құлшылық еткен пенде-лерге Хақ тағала рақым назарымен қарап, күнәларын кешірді. Тек төрт кісінің тілегі қабылданбай қалды”, – деді. “Әй, Жәбірейіл! Олар кімдер?”, – деп періштелер таңдана сұрасты. Жәбірейіл (ғ.с.): “Арақ ішкіш, ата-анасының қарғысын алған, туыстарынан қол үзген, мұсылман бауырымен үш күннен артық араздасып жүрген адамдар”, – деп жауап берді”, – делінген.

Ислам діні арақ ішуді қатты айыптайды. Өйткені маскүнемдік адамдарды аздырып, ауруға шалдықтырып, отбасын, бала-шағасын тоздырады. Мас адам ісіне есеп бере алмайды, түрлі қылмысқа барып, көптеген ауыр күнәлар жасайды. Соңғы кездері қоғамымыздан аз да болса байқалып жүрген рухани жұтаңдық пен имансыздық ұл-қыздарымызды өз торына түсіріп, сенім мен үміттен айырып, сергелдеңге салуда. Арақ әрдайым адам-ды ұят, ар-намысты ұмытуға және иман сыздыққа жетелейді. Пайғамбарымыз хадисінде: “Арақтан аулақ болыңыздар, өйткені ол — барлық жамандықтардың кілті”, – деген.

Ислам тұжырымы бойынша ата-ана разы болмай, Алла разы болмайды. Сондай-ақ хадисте туыстары мен мұсылман бауы-рынан қол үзген адамның да дұғасы Қадір түні қабыл болмай-тындығы ескертілген. Бұлар туралы Пайғамба рымыз (с.ғ.с.): “Дүниеде ризық несібесінің мол болуын, өмірінің ұзақ болуын қалаған адам туысымен тату болсын” және “Туысынан қол үзген адам жәннатқа лайық емес”, – десе, үш күннен артық араз-дасып жүргендер туралы хадисте:

اك - وهو ابن عثمان ح د بن أبى فديك أخبرنا الض ثنا محم د بن رافع حد ثنا محم حد

-صلى الل عليه وسلم- قال » ل يحل بن عمر أن رسول الل - عن نافع عن عبد الل

للمؤمن أن يهجر أخاه فوق ثلثة أيام.

Page 87: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 87

“Бір мұсылман екінші мұсылманмен үш күннен артық сөйлеспей жүруі дұрыс емес. – делінген.

Сондықтан да осыны ескеру қажет. Арамызда қандай да бір түсінбестік туа қалса, бір-бірімізбен хабарласып тезірек татуласқанымыз абзал.

Сөйтіп: “Бұл түнде таң атқанша (Алла таға ланың) “сәлемі” жалғасады”, – делінеді “Қадір” сүресінің 5-аятында. Аяттағы “сәлемі” деген сөз тыныштық-амандық мағынасын береді. Сонда, «Лайлатүл қадір» тыныштық пен амандық түні саналып, ол осын-дай қағидатты уағыздайтын түн деген мағына келіп шығады.

Аяттағы “сәлам” мен “ислам” түбірлес сөздер. Олар амандық, тыныштық, бейбітшілік, татулық, мойынсұну мағыналарын біл-діреді. Демек, исламда фундаментализм, экстремизм, лаңкестік деген сұмдықтар атымен жоқ. Сондай-ақ тарих беттерін парақтайтын болсақ, мұсылмандардың әрқашан да бейбітшілік жағында, тыныштық пен амандықты ту етіп, тату өмір сүруді қолдайтындығын көреміз. Демек, исламның басты мұраты адам-дар арасындағы бейбітшілік пен татулық. Сондықтан лаңкес деп аталған топтардың дінге мүлдем қатысы жоқ.

Ислам тұжырымы бойынша, тыныштық – адамның жүрегінен басталады. Әлемде адамзат жүрегіне тыныштықты ұялататын исламдай асыл дін жоқ. Тыныштық жүректен отбасына өтеді. Ислам діні отбасының тыныштығы үшін керек барлық іс-ша-раларды іске асырған. Кейін отбасынан тыныштық ағайын-туыстыққа, көршілікке көшеді. Ислам діні бұлардың арасындағы қарым-қатынастың, тыныш өмір сүрудің жол-жорықтарын кеңінен баяндаған. Одан соң тыныштық қоғамға өтеді. Әрбір қоғамның өзара тыныш болуы үшін не қажет екендігін де ис-лам белгілеп қойған. Исламда мемлекет пен қоғам арасындағы, мемлекетаралық, халықаралық тыныштық пен татулық негіздерінің жол-жорықтары да жолға қойылған. Ислам дінінің көздеген мақсаты дүниежүзінде тыныштықтың біржола орнауы.

Демек, Қадір түні – сәлем түні, тыныштық түні, амандық түні. Бұл түнде түскен қасиетті Құранды адамдар оқып, зерделе-се, әрбір адамның жүрегі, әрбір отбасы, әрбір қоғам, әрбір мемле-

Page 88: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері88

кет, жалпы адамзат тыныштыққа қол жеткізетіні рас. Сондықтан «Лайлатүл Қадір» қанша мерекеленсе де, қастерленсе де көптік етпейді.

Біздің бұл түнді атап өтуіміз шариғат шеңбе рінде, хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз өсиет еткеніндей болады. Ха-дис шәріпте:

م من ذنبه من قام ليلة القدر إيمانا واحتسابا غفر له ما تقد“Кім Қадір түнін шын иман және ықыласпен ұйқысыз

өткізсе, оның бұрын-соңды істеген күнәлары кешіріледі”78, – де-лінген. Сондай-ақ, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

هور شهر رمضان ، ومن الليالي وجل اختار من اليام يوم الجمعة، و من الش إن الل عز

ليلة القدر“Алла тағала күндердің сұлтаны – жұма, айлардың сұлтаны

– Рамазан, түндердің сұлтаны – Қадір түні етіп таңдады”, – дей-ді. Бұл сөздер тектен-тек айтыла салмаған. Сондықтан мүбәрак Рамазанның қасиетті түнінің қадір-қасиетін сезініп, тағат-ғибадат, дұға-тілекте болу өте пайдалы екенін лайым есте болғаны жөн. Әйтпесе: “Мүбәрак рамазан айында Алла тағала сендерге ора-за ұстауды парыз етіп, жәннат есіктерін айқара ашып, тозақ есіктерін тарс жауып, жын-шайтандарды кісендеп қойды. Ол айда мың айдан қайырлы түн бар. Кімде-кім сол түннің сауа-бынан құр қалса, барша жақсылықтан мақұрым қалмақ79, – деп Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқандай көп жақсылықтардан құр қалып қоямыз.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінде: «Қадір түні Рамазанның жиырма жетінші түні»80, – екендігі туралы да ай-тылады. Демек, Қадір түні қай түн екендігі Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) аян болған. Ол – жиырма алтысынан жиырма жетісіне өтер түн.

78 Бухари, Муслим,79 Имам Насаи,80 Имам Ахмад,

Page 89: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 89

Бұл туралы сахабалардан Ибн Аузаъи (VІІ- ғ.) және Суфян ибн Ұайнаның (VІІ- ғ.) риуаятында (р.а.): “Ант етемін, мен Қадір түні Рамазан айының жиырма жетісі екенін білемін, өйткені Расулуллаһ (с.ғ.с.) біздерге сол түні ұйықтамауға бұйырған”81, – делінген.

Ұбай ибн Кааб (р.а.) (VІІ- ғ.): “Ант ішіп айтамын, Қадір түні Рамазанның 26/27 өтер түн”, – деген.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) үмбетін Рамазанның соңғы он түндігін, кей хадистер бойынша, Рамазан айының барлық түндерін Қадір түніндей мүбәрак етіп өткізуді өсиет еткен. Өзі де Рама-зан айының барлық түндерін қадірлеп, әсіресе соңғы түндерді ұйқысыз ғибадаттармен өткізген. Кей риуаяттарда тек бір түнді ғана белгілеп, нақты кесіп айтылмауы мұсылмандарды ғибадатқа артықтау құлшындыру үшін деп түсінеміз. Айша анамыздан (р.а.) жеткен хадисте: “Расулалла (с.ғ.с.) айлардың ішінде Рама-зан айында әрі Рамазан айының сонғы он күндігінде құлшылыққа ерекше ыждаһаттылық білдіретін” 82, – делінген.

Мұса (ғ.с.) пайғамбар өзінің мінәжатында: “Жаратқан Ием! Саған жақын болуды қалаймын”, – депті, Алла тағала оған: “Менің жақындығым Қадір түнін ұйқысыз өткізген адам үшін”, – дейді. Сонда Мұса (ғ.с.) тағы: “Жаратқан! Рақымыңа бө ленуді қалаймын”, – дегеніне Алла тағала: “Менің рақымым Қадір түні міскіндерге рақым еткендер үшін”, – десе, Мұса (ғ.с.): “Ей, Алла тағала! Қыл көпірден найзағайдай жылдам өтуді қалаймын”, – дейді. Оған: “Ол Қадір түні садақа жасаған адам үшін”, – деген. Сонда Мұса (ғ.с.): “Раббым! Жән нат ағашының саясында оты-рып, жемісін жеуді қалаймын” деп тіледі, Алла тағала: “Бұл Қадір түні таспих айтқан адам үшін”, – деп үн қатты. “Жаратқан ием, разылығыңды қалаймын”, – деп еді, “Ме нің разылығым Қадір түні екі ракат намаз оқыған адам үшін”, – деп жауап берді”, – де-лінген.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): “Кімде кім Қадір түні бір сағат немесе қойшы қойдың қарнын тойдыр ғанындай шамада намаз

81 Муслим,82 Бухари,

Page 90: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері90

оқыса, Алла тағалаға жыл бойы ораза ұстағанынан артық бо-лады. Мені пайғамбар етіп жіберген Аллаға ант етейін, Қадір түні Құраннан бір аят оқу басқа кезде Құранды толық хатым етіп оқығаннан жақсы”, – деді.

Діни риуаяттарда кейбір ізгі кісілерге Қадір түнінің белгілері өңінде де көрінетіні жайлы айтылады. Ол түні күн, ай немесе электр лампасының сәулесіне мүлдем ұқсамайтын ерекше бір нұр көзіне көрінеді. Сол қасиетті түн таңындағы күннің шығуы жай күндердегі шығуынан мүлдем өзгеше болып көрінуі, ал кей-біреулер оны тіпті түсінде де көруі мүмкін. Бірақ өңінде көру әлдеқайда абзалырақ.

Жаратушы Иеміз кімге осы қасиетті түннің белгілерін көруді нәсіп етсе, онда үлкен жақсылық бар. Ол адам Алла тағаладан мұсылмандарға бірлік-ынтымақ беруін, мұсылмандарды қайғы-қасірет, пәле-жаладан сақтауды және мұсылмандар басына түскен қайғы-мұңды тезірек сейілтуді тілеп дұға жасағаны абзал.

Алла тағала қасиетті Құранда:

مت لغد واتقوا الل ا قد ولتنظر نفس م ها الذين آمنوا اتقوا الل يا أي

خبير بما تعملون إن الل“Ей, мүміндер! Алладан қорқыңдар! Әркім ертең үшін не

дайында ғанын қарасын. Және Алладан қорқыңдар! Күмәнсіз Алла не істегендеріңді толық біледі”83, – деген..

Иә, осы айда игі істерді көбірек атқарған жөн. Әсіресе жоқ-жітіктер мен міскіндерге, мұқтаждар мен кембағалдарға көбірек көмектесуді, садақа беруді молайтқан жөн. Алла тағаланың бер-ген дәулетінен зекет беру де үнемі есте болуы тиіс.

Алла тағала “Қалам” сүресінде бір бақша иелерінің басынан өткен ғибратты қисса жайлы хабар береді. Ол Алланың бергенін өзгеден қызғанып, ашкөздікке салынғандары үшін жазаланып, бақшаларынан айырылғандар туралы. Бұл жөнінде Алла тағала:

إنا بلوناهم كما بلونا أصحاب الجنة إذ أقسموا ليصرمنها مصبحين

83 «Хашыр» сүресі, 18-аят.

Page 91: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 91

“Бақша иелеріне бәле жібергендей оларды да бәлемен сынадық. Сол уақытта олар, таңсәріден оның жемісін жинап алуға ант ішті”84, – дейді.

Тәпсіршілердің айтуынша, Йемен елінде Иса пайғамбар (ғ.с.) дәуірінен кейін бір мүмін кісі өмір сүрген. Ол жыл сай-ын бақшасынан жеміс жинаған кезде мұқтаждар мен кедей-лерді ұмытпай, олардың несібелерін беріп тұратын. Әлгі кісі: “Бұл Алланың маған берген дәулеті. Осыдан Құдай мұқтаждар мен кедейлердің хақын зекет ретінде беріп тұруды бұйырды” – дейтін. Алла тағала бұл салих кісінің рызығын көбейтті, ал ол оған шүкірлік ете білді. Бірақ бұл мүмкін дүниеден өткен соң балаларының пейілі тарылып мұқтаждар мен кедейлерге түк бермеуге ұйғарысты. Таңертең ерте тұрып, бақшаларындағы жемістерді түгел жинап алған соң, өнімді өзара ғана бөлісіп, кембағалдарға еш нәрсе бермеуге жасырын уағдаласты.

Сөйтіп жақсыдан туған сараңдар Алла тағала берген байлықтан Алла разылығы үшін зекет бергілері келмеді, бірақ, олар айлала-рын Алла тағаладан жасыра алмады. Сол түні оларға Жәбірейл (ғ.с.) періште арқылы үлкен бәле жіберілді. Алла тағала:

بك وهم نائمون ن ر فطاف عليها طائف م “Олар ұйықтап жатқанда бақшаға Раббың тарапынан

бір апат келді”85, – дейді.Бақшалары өртеніп, күл болып тек орны ғана қалды. Олар

таңертең мұнда келгенде бақтарын танымай қалды, бір-біріне: “Бұл біздің бақша ма? Кеше ғана жапырақтары жайнап, жеміс-тері пісіп тұр еді ғой. Бәлки біз адастық па екен”, – десті. Сонда ортаншысы тұрып (ол өзі әкесіне тартқан ізгі болатын): “Жоқ, бұл біздің бақша мыз дың дәл өзі. Мұқтаждар мен кедейлерге берілер несібені қызғанып, дәулетімізден мақұрым қалдық. Бұл сараңдықтарымыздың жазасы”, – деді. Сөйтіп олар бірін-бірі кінәлап балағаттай бастады. Біріншісі: “Кедейлерге түк те бер-меуді сен бірінші болып ұсындың!” – десе, екіншісі: “Сол ойдың

84 «Қалам» сүресі, 17-аят. 85 «Қалам» сүресі, 19-аят.

Page 92: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері92

жобасын дайындап, жоспарын құрған өзің емес пе едің?!” – деді. Біреуі: “Бізді кедейлікпен қорқытқан сенсің!” – десе, тағы бірі:”Дүниеге бізді қызықтырып, құмар қылған сенсің!” – деді. Соңында олар:

قالوا يا ويلنا إنا كنا طاغين“Нендей өкінішті іс істедік, шынында шектен

шығушылардан болдық”86, – десті. Содан кейін олар Аллаға жүздерін бұрып, тәубе етіп кешірім

сұрады. Жаратушы иемізден бұрынғыдан да жақсы бақшаны нәсіп етуінен үміттеніп:

نها إنا إلى ربنا راغبون نا أن يبدلنا خيرا م عسى رب“Мүмкін, Раббымыз оның орнына жақсырағын бе-

рер. Расында Раббымызға ынтықпыз”87, – деді. Олар осылай шынайы тәубеге келген соң, Алла тағала оларға ра қым етіп, Жәбірейл (ғ.с) періштеге өртенген бақшаларының орнына, Шам жерінен жапырағы жайқал ған, жеміске толы бақшаны алып ке-луге бұйырды. Сөйтіп олар дың ісіне береке кіріп, бұрынғыдай мұқ таждар мен кедейлерді ұмыт пағаны үшін өздерін әрі мал-мүлкін сақтап, Алла тағаланың разылығына бөлейтін амалдарын жалғастырған.

Қиссаның ғибраты көп. Сүрін бейтін тұяқ, жаңылмайтын жақ жоқ, тек пайғамбарларды ғана Алла тағала күнәлі істерден сақта-ған. Сондықтан адам біліп-білмей істеген күнәларын мойын-дап, сол үшін шынайы тәубе етуі парасат тылықтың белгісі. Егер пенденің істеген күнәсі көп болға нымен, бірақ ол тәубеге келіп, “истиғфар” айтып кешірім тілесе, Жаратқан иеміз бәрін де кешіреді. Пайғам барымыздан (с.ғ.с.) Әнас (р.а.) жеткізген мына хадисте:

ابون اء ، وخير الخطائين التو كل ابن آدم خط

86 «Қалам» сүресі, 31-аят.87 «Қалам» сүресі, 32-аят.

Page 93: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 93

“Адам бала сының әрбірі қателеседі, олардың ішіндегі ең жақсысы тәубе еткен дері”88 – деген. Алла тағала осы қиссаның соңында:

إن للمتقين عند ربهم جنات النعيم كذلك العذاب

ولعذاب الآخرة أكبر “Ақырет (қиямет) азабы өте ауыр...” – деп ескерте келіп:

“Күдіксіз, тақуа лар үшін Раббылары дайын даған “Нағим” жәннаты бар”89 – деп, жүктеген па рыз дарын бұлжытпай орын-дап, харам істерден аулақ бо лып, тақуалық жолын ұстан ған дар үшін дайындаған ны ғыметі барын білдіреді.

Иә, Алла тағала кімге дәу лет беріп, рызығын молайт қан бол-са, олар мұқтаждар мен кедей лерді ұмытпай, несібелерін зекет, сада қа ретінде беріп тұрғаны жөн. Пайғамбары мыздан (с.ғ.с.) Ибн Масғұд (р.ғ) (VІІ- ғ.) жет кізген хадисте: “Дүниелеріңді зекетпен қорғаңдар, науқастарыңды садақа берумен емдеңдер, бәле-жала толқынын дұға-тілекпен тойтарыңдар” – деген. Жүрегіміз тез тайып дүние-дәулетке байланбағаны, алданбағаны дұрыс.

Абдулла ибн Саламнан (VІІ-ғ.) Пайғамба рымыз (с.ғ.с.):

وا بالليل عام ، وصلوا الرحام ، وصل لم ، وأطعموا الط ها الناس ! أفشوا الس يا أي

والناس نيام ؛ تدخلوا الجنة بسلم“Ей, адамдар! Сәлемдессеңдер, ас берсеңдер,

туысқандарыңмен жақсы қарым-қатынаста болсаңдар және адамдар шырт ұйқыда жатқанда тұрып намаз оқысаңдар жәннатқа есен-аман кіресіңдер”90, – деген. Сондықтан мың ай-дан артық сауаптар мен жақсылықтарға толы қасиет ті түнді Алла разылығы үшін сауапты істер атқарып қана қоймай, тәубе ету-мен, намаз оқумен, дұға жасаумен, истиғфар айтумен және Құран оқумен, Жаратушы иемізден тілек тілеумен өткізген абзал.

88 Имам Тирмизи89 «Қалам» сүресі, 33-34 аяттар90 Имам Тирмизи,

Page 94: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері94

Алла тағала тілеген тілегімізді қабыл, отаны мызды аман етіп, елімізге береке, бірлік, ынты мақ бергей. Ел қамында жүрген Ел-басымыз бен асыл азаматтарымызға тірліктерін баянды етуін және әмәнда әрбір ісімізге жар болғай деп тілеймін. Әумин!

Page 95: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

95

Шейх Әбсаттар қажы ДербісәліҚазақстан мұсылмандары діни басқармасы және Орта Азия

мүфтилер кеңесінің төрағасы, Бас мүфти

ҚҰРБАН АйТ – ҰЛЫҚ МЕРЕКЕ

Құрбандық шалуҚұрбан айт – мұсылмандардың ұлық мерекесі. Ол күні Алла

разылығы үшін мал шалынып, ақ түйенің қарны жарылады. Қажылық өтеушілер Қағбаға жүзін қаратып, Арафатта жал ба-рынып, дұға оқиды. Дүйім мұсылман баласы пайғамбарлардың ісін қайта жаңғыртып, Алла жолында құрбандық шалу арқылы бір-бірін дінге беріктік танытуға шақырады.

Құрбан – араб тілінде “жақындау” дегенді білдіреді, яғни жасаған сауапты іс тер арқылы жүректі тазартып, Аллаға жа-қындай түсу. Ал шариғаттағы тер миндік мағынасы – “шарттары-мен са наса отырып, құлшылық ниетімен мал ба уыздау” дегенге саяды. Құрбан айт күн дері (алғашқы үш күні) шалынатын мал арабша “ұдһия” деп аталады.

Құрбандықтың мәнін ұғу үшін діннің не екенін, құл шы лық-т ың не үшін жасалатынын жақсы білген жөн. Мына кең-байтақ ғаламды жаратқан Құдіретті ие жер бетіндегі саналы пенделерін бекерге жаратпаған. Оларға қоғам құрып, дұрыс өмір сүруі үшін тура жол көрсетіп дін жіберген. Қасиетті кітабы Құранда

نس إل ليعبدون وما خلقت الجن وال“Мен жындар мен адамдарды (Мені танып), тек қа на

құлшылық жасасын деп жараттым”91 деген аят келтірілген. Демек, құлшылық жасаудың түп мәні – Жа саған иенің әмірлеріне бағыну, разылығына ұмтылу, сауап жинау.

Құрбандық шалу – тек мал бауыз дау емес. Онда адамның ішкі ниеті, шын пейілі, дінге бекемдігі, та қуалығы, басқаларға

91 «Зарият» сүресі, 56-аят.

Page 96: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері96

жанашырлығы та разыға түседі. Сондай-ақ пенденің пен дешілігі мен мәрттігі, сараңдығы мен жомарттығы да сынға түседі.

Мұсылман адам қара бастың қамын ғана ойламауы тиіс. Өзім ғана ішсем, жесем, өзім тоқ болсам болды, басқаларда жұмысым жоқ деген түсінік оған жат. Өйткені, “Көршісі аш кезде өзі тоқ тү неген адам бізден емес”,

لخيه ما يحب لنفسه ليؤمن أحدكم حتى يحب“Өзіңе ті ле ген жақсылықты басқаға да тілемейінше шы-

найы мұсылман бола алмайсың”,92 “Мұ сыл мандар біртұтас дене тәрізді, бір жері ауыр са, басқа мүшелерінің де мазасы ке-тіп, ұйқысы қашады” деген Пайғам ба ры мыздың (с.ғ.с.) хадис-тері күллі мұ сыл ман жұрт шылығын бір-біріне жа на шыр болуға, қамқорлық жасауға, қи налғандарға көмектесуге, жағдайы на шар-ларға қара суға, өзара мейірімді болуға шақырады.

Құрбандық шалудың үкіміҚұрбан айтта құрбан дыққа мал шалу – Ханафи мәзһабында

(шамасы жеткендерге ғана) уәжіп. Бұған мына аят-хадистер дә лел: Алла тағала Құран Кәрімде:

فصل لربك وانحر“Намаз оқы және құрбан шал”93 – деп құр бан шалу бұйрық

райда келген.Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)

نا من كان له سعة ولم يضح فل يقربن مصل“Кімде-кім мүм кіншілігі бола тұра құрбан шалмаса, біз дің

намаз оқитын жерімізге жақындамасын!”94, – деп бұйырған. Әрине, мұн дай қатаң ескерту де құр бан шалудың уәжіптігін біл-діреді.

Сондай-ақ ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) “Құрбан шалыңдар! Өйткені ол Ибраһим бабаларыңның сүннеті”, – де-

92 Бухари, Иман бөлімі, 1/53, 54. Муслим Иман бөлімі 45.93 «Кәусар» сүресі, 3-аят.94 Ибн Мәджә, 2/1044, н: 3123.

Page 97: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 97

ген. Хадисте айтылған “сүннет” – жол деген мағынаны біл-діреді. Яғни, бұл бізге уәжіп ретінде міндеттелген құрбан шалу – Ибраһимнен (а.с.) ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса келген жолы деген мағынаны меңзейді.

Cондай-ақ құрбандық шалуға бай ланысты мынадай аяттарды келтіруге болады:

ن في الناس بالحج يأتوك رجال وعلى كل ضامر يأتين من كل فج عميق ليشهدوا وأذ

نعام فكلوا ن بهيمة ال علومات على ما رزقهم م في أيام م منافع لهم ويذكروا اسم الل

منها وأطعموا البائس الفقير “Әрі барша адамдарды қажы лық қа шақыр, олар жаяу не-

месе ұзақ жер ден арып-ашып, түйемен саған кел сін. Келгесін олар мұның өздеріне тигізген түрлі пайдаларын көрсін. Ал-ладан өз деріне ризық ретінде берілген құрбандық малдарды белгілі күндерде Алланың атын айтып, құрбандық шалсын. Оның етінен өздерің де жеңдер, жоқ-жітікке де жегізіңдер!” 95.

Құрбандық шалу кімдерге уәжіп?Төмендегідей төрт шартқа ие жан дарға құрбан шалу уәжіп: 1. Мұсылман болуы; 2. Ақылды және балиғат жасына толуы; 3.

Құрбан айт уақытында жолау шы болмауы; 4. Негізгі қажеттерден тыс нисап мөл шеріндегі қаржыға ие болуы.

Нисап мөлшері – 85 грамм алтын яки соның құнына тең ке-летін ақша. Зе кет ғибадаты сияқты құрбанның уә жіп бо луы үшін нисап мөлшеріне жет кен малға бір жыл толу шарт емес. Құр бан шал ған уақытта міндетті түрде ниет ету ке рек. Өйткені, мал кейде ғибадат үшін емес, тек қана еті үшін де сойылуы ықтимал. Мұндай байлық мөлшері қолын да жоқ адамдарға құрбандық шалу міндет болмағанмен, жағдайы келсе құрбандық шалуына рұқсат96.

95 «Хаж» сүресі, 27-28 аяттар.96 М. Исаұлы, Қ. Жолдыбайұлы, Ислам ғылымхалы, «Нұр-Мубәрәк»

баспасы Алматы, 2008, 398-бет.

Page 98: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері98

Құрбандық шалудың қысқаша тарихы және айт ретінде бекітілуі

Құран Кәрімде өзара таласқан Абыл мен Қабылдың кімнің ақтығын анықтау үшін құрбандық мал шалғандары, соңында Абылдың құрбандығының қабыл болғандығы айтылады97. Осы оқиғадан бастау алған құрбандық шалу Аллаға ғибадат ретінде Жаратқанның елшілері арқылы жүздеген жылдар бойы жал ғасып, Ибраһим (ғ.с.) мен Исмаилдың (ғ.с.) дәуіріне дейін келіп жетті.

Ибраһим мен баласы Исмаилдың құрбандық оқиғасы

Ибраһим (ғ.с.) пайғамбар өзінен кейін халықты тура жолға бастайтын ізгі ұрпақ сұрап, көп жыл бойы Алла та ғалаға жалбарынған-ды. Бұл тілегі әбден қар тайып, ұрпақ сүюден үміті үзілген қарттық шағында орындалады.

Күндердің бірінде Ибраһим пайғамбар түсінде баласын құрбандыққа шалғалы жатқандығын көрді.

Өз бауыр етің балаңды өз қолыңмен өлімге қайтіп қиярсың?! Бұйрықтың Жаратушыдан келгеніне көз жет кізген Ибраһим пайғамбар оны орындауға бекем буынды. Не де болса нар тәуекел! Алланың берген жаны Аллаға аманат.

Баласына мейірлене көз тастады. Кө ңілі толқып, жүрегі елжіреп қоя берді. Жоқ! Шайтанның азғыруына көнбеген жөн. Ұлы Жаратушы әмірі қайткенде де сөзсіз ор ын далуы тиіс. Көңілін көптен қобалжытқан жайды баласына ретін тауып айтпақшы бо-лып оқталғаны сол еді, тұтығып, тілі күр меле берді. Ақыр соңында тәуекелге бел буды. “Балам, түсімде Алланың әмірімен се ні құрбандық шалуға ниеттеніп, ба уыз дайын деп жатыр екем. Бұған не дерсің?”, – дейді. Баласы әкесінің ойын түсінді. Жү зіне тесі-ле қараған күйі: “Әкетай, еш тартынба! Хақ тағаланың бұйрығын не болса да орында. Мен де сабырлылық, шыдамдылық танытар-мын. Тәуекел ет”, – деді қасқая.

Әке мен бала бұйрықтың басқадан емес, Ұлы Жаратушыдан келгенін жете ұғына білді. Сол үшін де талша мойным қылша деп

97 «Мәидә» сүресі, 27-аят.

Page 99: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 99

пышаққа түсті. Әттең, қанша қайралса да, пышақ өтпей қойды. Сонда да жалтармады. Алланың әміріне толықтай мойынсұнды. Ақыры соңында әкелі-бала сын-сынақтан сүрінбей өтті. Алланың өзі аян білдірді:

“Әй, Ибраһим! Сен көрген түсіңе адалдық таныттың. Міндетіңді орындадың. Исмаилдың орнына құрбандық ретінде шалуыңа қошқар түсірдім. Біз жақсы құлдарды осылайша ма-рапаттаймыз!”. Иә, Алла тағала сынағаны болмаса, Исмаилды құр бандыққа шалуды қаламады. Ол тек Ибраһим пайғамбардың өзіне адалдығына, әмірін қалтқысыз орындауына тәнті бо луды қалады. Нағыз тәуекел ете білудің үлгісін паш етті. Әйтпесе, Алла тағалаға сойған малдардың еті мен жүні де қажет емес екені белгілі. Алла тағалаға құлының ақ-адал ниеті мен кең пейілі-ақ жеткілікті. Иә, солай. Қартайғанда көрген қызығы, жал ғыз тұяғы, асылдың сынығы, құлдығы Ис маил үшін Ибраһим (ғ.с) нені де болса құр бан етуге даяр еді. Өйткені, оны өте қат ты жақсы көретін. Ал Аллаға деген ма хаб бат балаға деген махаббаттан әлдеқайда ба сым болуы керек еді. Алла соны ұқтырды. Ал ла жо-лында, Алланың үкімін орындауда дүниедегі ештеңе оның орнын баса алмайтындығын көрсетті. Бұл сы нақ тардың ең ауыры еді. Бірақ ең мағыналысы98. Ибраһим пайғамбардың кезінде құрбан шалу қажылықтың бір шарты ретінде сүннетке айналып, соңғы елші хазірет Мұхаммедке де (с.ғ.с.) жетті. Осы кезден бас тап құрбан шалу қажылықтың бір рә сімі ғана емес, бүкіл мұсылман жұрт шы лығына ортақ құлшылық түріне айналды.

Мекке кезеңінде түскен “Кәусар” сүре сінде

إنا أعطيناك الكوثر. فصل لربك وانحر“Расында, біз саған Кәусарды бер дік. Ендеше, сен де (осы

жақсылыққа шүкір ші лік ретінде) Раббың үшін намаз оқы және құрбан шал”99 деген бұйрық бар. Осы бойынша Дұха (сәске) на-мазын (Күн найза бойы көте рі ліп, тас төбеге жет кенге дейінгі

98 «Құрбан айт» кітапшасы, Алматы, 2007.99 «Құрбан айт» кітапшасы, Алматы, 2007.

Page 100: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері100

кезеңде оқы латын нәпіл намаз) оқу және құрбан ша лу әуелі Пай-ғам барымыздың (с.ғ.с.) жеке өзіне парыз етілген болатын100.

Хазірет Ибраһимнен (ғ.с.) бері келе жат қан қажылықта орын-далатын құрбан (һәди) шалу Алла елшісі (с.ғ.с.) Мәдинаға қоныс аударғаннан кейін, хижраның екін ші жылы қажылықтан тыс мұсыл мандарға да (удхия құрбаны) міндеттелді. Осы күн дері айт намазын оқу және құрбан шалу уәжіп болып бекітілді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Мәдинаға қо ныс аударып келген-де, жергілікті халықтың бұ рыннан келе жатқан екі мерекесі бар еді. Пай ғамбарымыз (с.ғ.с.) ол мерекелердің мәнін сұрады. Олар бұрынғы жәһилия кезінен бері осы күндері де ме ре келеп, көңіл көтеретіндіктерін айтты. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): “Алла та ғала осы екі мерекенің орнына одан да ар тық екі мейрам сый-лады, олар: құрбан айт пен ораза айт”, – деп ендігі жерде мұ сыл-мандардың мерекесі осы екі күн екендігін ұқтырды.

Кезінде Ибраһим (ғ.с.) пайғамбар сү йікті ұлы құрбандықтан аман қалғанда қуа нып, осы күні мерекелеп, өзіне түсірілген қошқарды құрбандыққа шалғандығын жо ғарыда атап өттік. Ал адамзаттың ар дақ ты сы Мұхаммедке (с.ғ.с.) еркек кіндіктінің ор-нына “Кәусар” (араб тілінде “көп, мол” дегенді білдіреді) беріл-гендігі әрі сол үшін шүкір ретінде намаз оқып, құрбандық шалу арқылы осы күнді атап өту керектігі аят арқылы білдірілген. Яғни, Ибраһим пайғамбарға өзінен тарайтын екі ұрпақ берілсе (Ысқақ пен Исмаил), Алла елшісіне (с.ғ.с.) иман жолы ар қы лы шынайы ұрпағы, яғни үмбеті сый ре тінде берілді. Кәусардың мағынасы “үм бет тің көптігі” дегенге саятындықтан, бұл жо ғарыда айтылған сөзге нақты дәлел бола алады. Ұрпағын жалғастыратын Пайғам ба ры мыздың (с.ғ.с.) өз ұлдары шетінеп кете бергенімен, миллиардтаған үмбетінің өзі оған шынайы ұрпақ болды101.

Құрбандық шалудың пайдалары мен хикметтеріа) Алла тағаланың әмірлерін қалтқысыз орындау пендені

Жаратушының разы лы ғына бөлеп, ақыретте сый-сыяпатқа ке-

100 «Зейлай, Набур-райә», 4/206.101 М. Хуб, Хер йөнииле құрбан, Измир 2006, 32-33-бет.

Page 101: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 101

нелтеді. Құрбан шалу да – Алла тағаланың арнайы бұйрығы. Сол себепті бұл бұйрық ты шын ықыласпен атқарушы Раб бы сы ның разылығын алып, ақыретте жүзі жар қын болады, мол сауапқа ке-нелді. Пай ғам барымыз (с.ғ.с.) хадисінде бұл ақиқатты былай деп түсіндіреді:

، وإنها لتأتي م ما عمل آدمي من عمل يوم النحر أحب إلى الل عز وجل من إهراق الد

م ليقع من الل عز وجل بمكان قبل أن يوم القيامة بقرونها وأشعارها وأظلفها، وإن الد

رض، فطيبوا بها نفسا يقع على ال“Адам баласы құрбан айт күні Алла тағалаға (құрбан ша-

лып) қан ағызудан да сү йік ті басқа іспен жақындаған емес. Қаны ағызылған мал қиямет күні мү йіз дері, тұяқтары және жүндерімен келеді. Ағызылған қан жерге тамбай жатып, Алла та ғаланың құзырында үлкен мақамға же те ді. Сондықтан құрбандарыңды көңіл риза шылығымен шалыңдар”102. Пайғамба-рымыз (с.ғ.с.) басқа хадистерінде Алла разылығы үшін шалынған құрбанның әрбір қылшығы үшін сауап бар екенін бы лай деп сүйіншілеген: “Сахабалар Пайғамбарымызға (с.ғ.с.):

– Уа, Алланың елшісі, құрбандық деген не? – деп сұрақ қойды.

– Құрбандық – сендердің Ибраһим (а.с.) бабаларыңның сүннеті, – деді.

– Одан бізге қандай сауап бар?– Әрбір тал қылшығы үшін сауап аласыңдар.– Қойдың жүнінен ше?– Қойдың жүнінің әрбір тал қылшы ғына да сауап жазыла-

ды”.Алла разылығы үшін риясыз көңілмен сойылған құрбандық

мал ақыретте қылдан жіңішке, қылыштан өткір қылкөпірден өтерде иесіне көп көмектеседі. Пай ғам ба ры мыз (с.ғ.с) бұл жай-лы өз хадисінде былай дейді: “Құрбандыққа малдың ең жақ-

102 Тирмизи, Құрбан 1493. Ибн Мәджә, Құрбандықта 3126.

Page 102: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері102

сысын, көзге жұғымдысын таңдаңдар, өйт кені ол – қылкөпірден өтердегі өз көліктерің”.

Шындығында, Алла тағала біздің шал ған құрбандарымыздың ағызылған қанына немесе етіне мұқтаж емес. Біздің шалған құр-бандарымыздың еті немесе қаны Алла та ғаланың құзырына жетпейді. Бірақ біздің оның әмірін «ләббайк» деп құлдық ұрып орындауымыздағы ықылас-ниетіміздің Алла тағалаға жетіп, разылығына себеп болары сөзсіз. Бұл шындықты Құран Кәрім былай деп баяндайды:

لحومها ول دماؤها ولكن يناله التقوى منك لن ينال الل “Олардың (құрбан малдарының) еттері де, қандары да Алла

тағалаға жетпейді. Бірақ Оған сендердің тақуалықтарың ғана жетеді”103.

ә) Құрбан шалу – Ибраһим пайғам ба рымыздан (а.с.) жалғасып келе жатқан сүннет. Иә, Ибраһим пайғамбарымыз (а.с.) Алла тағаланың әміріне мойынұсынып, бауыр еті баласы Исмаил-ды Ұлы Жара ту шы сының жолында пида ете алатындығын паш ету арқылы қиын сыннан өткен еді. Міне, құрбан шалу сол бір ғибратты оқи ға ның ұмытылмас көрінісі.

б) Адам баласы құрбан айтта құрбан ша лу арқылы Ұлы Жаратушысының өзіне бер ген сансыз нығметтерінің шүкірін өтеп, күнәларына кешірім тілейді.

в) Табиғатында өзімшілдік, сараңдық, дүниеқұмарлық секіл-ді жағымсыз қа сиет тері бар адам нәпсісі құрбан айтта тек қана Алла тағаланың разылығын ойлайды. Бір малын қиып, кедей және мұқтаж бауырларына жәрдем беру арқылы жаман қы-лықтарын бауырмалдық, жомарттық, кі шіпейілдік секілді жақсы қасиеттермен алмастырады.

г) Дүниежүзінде жыл сайын мил лион да ған мал сойылып жатады. Бірақ сол со йыл ған малдың еттері кедей-кепшіктердің бә ріне жете бермейді. Міне, құрбан айтта осы кедей, жағдайы нашар адамдардың жағдайы ойластырылады. Ең болма-са, бір то йындырып, олардың жүзіне шаттық сый лайды. Әр

103 «Хаж» сүресі, 37-аят.

Page 103: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 103

күні қиындықпен өткен көңілі сы нық кедейге мұсылмандық жанашырлық та нытып, қол ұшын беру қандай ғанибет! Алла тағала ақыретте бәріміздің жүзімізді жар қын қылып, көңілімізді шаттандырсын! Әмин!104

Құрбандық шалу – берекетке себепАлла тағала былай дейді:

ن في الناس بالحج يأتوك رجال وعلى كل ضامر يأتين من كل فج عميق. ليشهدوا وأذ

نعام فكلوا ن بهيمة ال علومات على ما رزقهم م في أيام م منافع لهم ويذكروا اسم الل

منها وأطعموا البائس الفقير“Әрі барша адам дарды қажылыққа шақыр, олар жаяу не-

месе ұзақ жерден арып-ашып, түйемен саған келсін. Келгесін олар мұның өздеріне тигізген пай даларын көрсін. Алладан өздеріне ризық ре тінде берілген құрбандық малдарды белгілі күн дерде Алланың атын айтып, құрбандық шал сын. Оның етінен өздерің де жеңдер, жоқ-жі тік ке де жегізіңдер!105.

Байқасақ, аятта құрбандыққа ша лы на тын малдың Алладан берілген несібе екен дігі айтылуда. Айт күндері құрбан шалу – ғибадат. Ал құрбандық шалудағы ең ма ңызды жайт оны – Аллаға арнап сою. Ниеттің адалдығы жай ғана істің өзін ғи б а датқа ай-налдырады. Құрбандыққа ша лынған мал – Жаратушының берген ры зығы болғандықтан, етін сол отбасы мү шелерімен қоса ке-дей-кепшіктер де жейді. Күн делікті өмірде жағдайы тым нашар адам дардың бар екенін ұмытпаған жөн. Сон дықтан мұсылман ғалымдарының айтуынша, шалынған құрбанның етінен жеу – мұстахап, мұқтаж жандарға үлестіру – уәжіп. Әбу Ханифаның айтуынша, жеуге де, таратуға да болады, алайда ол уәжіп емес. Бұйрық түрі үнемі уәжіптікті талап етпейді. “Пақырды тойдырыңдар” деген бұй рық байларға берілмесін деген мағы-на ны білдірмейді. Өйткені сахабалар құр бан ның етін бай, кедей көрші-қолаң мен ту ыс тарына да беретін. Осы тұрғыдан қа ра-

104 «Құрбан айт» кітапшасы, Алматы, 2007105 «Хаж» сүресі, 27-28 аяттар.

Page 104: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері104

ғанда, құрбандық шалатын айт күндері ша лын ған миллиондаған құрбанның еттері бай-кедей, жетім-жесір, кедей-кепшік, жас-кәрі, әйел-еркегімен бүкіл адамзатқа сый ретінде қабылданып, осы үлкен жақ сы лықты нәсіп еткен Раззақ (шынайы Рызық бе-руші) Жаратушыны естен шы ғармай, бұл мереке кең көлемде атап өтілуі тиіс.

Біз бұрынғы кезге қарағанда, бүгінгі күні діни құндылықтарымызды наси хат тау ға, құрбандық шалу дәстүрімізді жан дан ды руға, қоғамда қайырымдылық ша ра ларының көптеп ұйымдастырылуына анағұрлым көбірек мұқтажбыз. Оның төмендегідей себептері бар:

*Жеке адам тұрғысынан ғана емес, от ба сылық, әлеуметтік, экономикалық, тіпті бұл дүние мен о дүниенің игілігіне бөлену тұрғысынан құрбандық шалу ислам дініндегі міндет екенін мұсылмандардың сана-сезіміне мықтап орнықтыру;

Алла тағалаға ең ұнамды ғибадат бол ғандықтан, уәжіп ретін-де бір ғана құр бандық союмен шектелмей, нәпіл құр бан дықтар қоса шалып, осы ізгі істің өрісін кеңейту, сауабын арттыра түсу;

*Еліміздің ертеңі үшін иманды да салауатты ұрпақтың өсіп-жетілуі жолында сапалы білім беретін ілім орда ла ры на, діни са-уат ашу мақсатында қызмет ат қаратын білім ошақтарына қолдау білдіруге шақыру;

Құрбандық шалудың мұсылмандық міндет екенінен бейхабар жандарға ұқтыру;

*Мүмкіндігі жоқ кісілердің атынан да Пайғамбарымыз (с.ғ.с) секілді құрбандық шалып сүннетті орындау;

*Құрбандыққа шалынған малдардың еттерін тарату арқылы бүкіл адамзаттың жү регінде асыл дініміз исламға деген жы лылық сезімін ояту;

*Алла тағалаға керегі құрбандықтың еті не қаны емес, құлының ниеті екенін жақсы білу.

Page 105: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 105

Жоқ-жітіктің атынан құрбан шалу – сүннетСахабалардың айтуына қарағанда, құрбандық шалуға жағ-

дайы жоқ адамдардың атынан да Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мал сойған.

Бұл жайлы Жәбир (р.а.) былай дейді: “Хазірет пайғамбармен бірге мешітте едім. Құтпасын бітіріп

мінберден түсті. Со сын құрбандық қошқарды өз қолымен ба-уыздады. Бауыздап жатқанда: “Бисмил ла һи, Аллаһу акбар! Бұл менің атымнан және үмбетімнен құрбан шалуға шамасы жетпегендердің атынан”, – деді”.

Жабир (р.а.) арқылы жеткен тағы бір ха дис те өзінің және үмбетінен жағдайы кел мейтін жандардың атынан Пайғам ба ры-мыз дың екі құрбандық шалғандығы да айтылады.

Сондықтан да жағдайы бар мүминдер ардақты пайғамбарымыздың ұмыт болып бара жатқан осы бір сүннетіне қайта жан бітіруге тырысқаны жөн.106

Айт күнгі тазалықҚұрбан шалуға жағдайы жоқ кісілерге жа сал ған және бір

жеңілдік, ол – айт күні жуы нып-шайынып, тазалану. Себебі, бұл та за лық оларға құрбандық шалғандай сауап әкеледі.

Абдуллаһ ибн Амр ибнул-Астың (р.а.) айтуынша, бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

ة أمرت بيوم الضحى عيدا جعله الل عز وجل لهذه الم“Құрбан (айт) күнін мереке ретінде атап өтуге маған бұйрық

келді. Бұл күнді Алла тұтас үмбет үшін мереке қылды”107, – деді.

Әйел кісі құрбандық шала ала ма?Құрбандық шалу – мүмкіндігі бар бар лық адамға уәжіп. Ис-

лам дінінде әйел эко номикалық тұрғыдан дербес, өзіндік жауап-кершілік иесі болып саналады. Сол се бепті егер әйелдің меншіктік

106 М. Хуб, Хер йөнииле құрбан, 114-116-б.107 Әбу Дәуд, құрбан, 1/2789.

Page 106: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері106

құқы, өзіне ғана тиесілі байлығы нисап мөлшерінен (Шариғатта байлық болып саналатын мөлшер. Ол мөлшер жоғарыда берілді) асса, әйелдің жеке өзі құрбандық шалуы – уәжіп.

Құрбандыққа шалынатын малдар және олардың ерекшеліктері

Кез-келген мал құрбандыққа жара май ды. Құрбандық ретінде шалынатын малдың ерекшеліктері мынадай болуы қажет:

1. Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр, түйе се кілді малдар жарам-ды. Ал үйрек, қаз тауық, түйетауық, елік секілді т.б. аң-құстар құрбандыққа жарамсыз. Бұларды құрбандық ретінде шалу харамға жақын мәкрүһ болып табылады. Өйткені мұнда мә жусиларға (отқа табынушылар) елік теу дің нышандары бар. Қой, ешкі, сиыр және түйенің еркектері де, ұрғашылары да құрбандыққа жарамды.

2. Құрбандыққа жарайтын қой мен еш кі ең кемі бір жасар бо-луы қажет. Де ген мен алты айлық қозы бір жасар қой секілді ірі, қоңды болса құрбандыққа жарамды. Ал еш кінің міндетті түрде бір жасқа толған бо луы қажет. Сиыр екі жасқа, түйе бес жасқа толғанда құрбандыққа шалуға болады.

3. Құрбандық малдың дені сау, етті және дене мүшелері түгел болуы керек. Оның бойында құрбандық ретінде шалуға ке дергі келтіретін кемшіліктер болмауы қажет.

4. Құрбандық мал ғибадат ретінде бауыздалуы шарт. Шын мәнісінде Алла пенделердің құлшылығына да, құрбандық ша-луына да зәру емес. Құрбан шалудың бізге мәлім әрі беймәлім көптеген пай да лары мен хикметтері бар. Дегенмен негізгі мақсат – Алла тағаланың разылығына бөлену. Мал шалғанда пенделердің ние тінің негізге алынатындығы Құран Кәрімде бы-лайша баяндалған:

لحومها ول دماؤها ولكن يناله التقوى منكم لن ينال الل

Page 107: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 107

“Ұмытпаңдар, олардың еті де, қаны да ешқашан Аллаға жетпейді. Оған жететін жалғыз нәрсе – жүректеріңізге ұялаған тақуалық, Аллаға деген құрмет”108.

Құрбандық шалудың жөн-жобасыМұсылман – Алла тағалаға толықтай мойынсұнған жан.

Сондықтан да Раб бы сына жасайтын ғибадатын өз ойынша емес, Алла ның белгілеген ережелері не гізінде жасайды. Бұл жайлы Құран Кә рімде:

فإنها من تقوى القلوب م شعائر الل ذلك ومن يعظ“Кімде-кім Алланың нышандарын (белгілерін) ұлықтаған

болса күдіксіз бұл жүректегі тақуалықтан”109, деп айтылады. Сондықтан да Алла та ғала мән берген нәрсеге біздің де көңіл бөлуіміз өте маңызды.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): “...Құрбан шалатын адам пышағын жақ сылап қайрасын,

малды қинамай жұм сақ бауыздасын”, – деген хадисінің астары терең.

Мүмкін болса, құрбандық шалатын жан өз құрбандығын өзі шалғаны – мұстахап (ұнамды іс). Дегенмен өкілеттік беру ар-қылы басқа адамға да бауыздатуға болады. Құрбандық шалатын жанның мұсылман болғаны абзал.

Құрбандық шалған кезде төмендегі жайттарға да назар аударған жөн:

Құр бан шалынатын жердің таза болуына көңіл бөлуҚұрбан шалатын жерге малды ұрмай-соқпай апаруҚұрбан малын құбылаға қаратып, сол жағымен жатқызуТөменде келтірілген аяттарды мал бауыздалмай тұрып оқыған

абзал:

ماوات والرض هت وجهي للذي فطر الس إني وج

حنيفا وما أنا من المشركين

108 «Хаж» сүресі, 37-аят.109 «Хаж» сүресі, 32-аят.

Page 108: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері108

“Жүзімді мені керітартпа діндерден алыс татып, көктерді және жерді жарат қан әлемдердің раббысына бағыттадым”110.

“Былай де:

رب العالمين. ل شريك له وبذلك أمرت قل إن صلتي ونسكي ومحياي ومماتي لل

ل المسلمين وأنا أو “Менің намазым да, түрлі ғи бадаттарым да, өмірім мен

өлімім де үнемі әлемдердің раббысы Аллаға тән. Оның серігі жоқ. Маған айтылған бұйрық осы. Оған алғашқы болып бас иген де менмін” 111.

Осы аяттар оқылғаннан кейін немесе бұл аяттар мен дұғаларды білмесе “Иә, Алла тағалам, досың Ибраһим, сүйіктің Мұ хаммедтен (с.ғ.с.) қабыл алғаныңдай ме нен де қабыл ала гөр!” деп, яки осыған ұқсас дұға оқуға болады. Кейіннен “Аллаһу ак-бар!” және “Лә иләһа иллаллаһ” деп айтылады.

Малды құбылаға қарата жатқызғаннан кейін оң қолымен “Бисмиллаһи, Аллаһу акбар” деп бауыздайды. Құрбандық мал-ды басқа адамға бауыздатқан кісі мал бауыз да лып жатқанда “Бисмиллаһи, Аллаһу ак бар” деп қоса айтқаны жөн. (Малды ба-уыз дайтын кісі бауыздарда біле тұра әдейі бисмиллаһ деп айтпа-са, Ханафи мәзхабы бойынша ол малдың еті желінбейді).

Малдың жаны бойынан толық шығып бол ғанға дейін оның терісін сыпыруға болмайды.

Малдың қаны толық ағып біткенше күтіледі. Құрбан шалғаннан кейін сол маңайдың тазалығына да көңіл

бөлу керек. Малдың қан-жынын ашық-шашық далаға қал дыр-май, көміп тастаған жөн. Бұл – құрбандық ма лына әрі құрбан құлшылығына деген құрметтің белгісі.

Құрбандық шалудың уақытыҒибадат Алла тағала талап еткен, бел гі ленген мезгілде және

орында жасалуы шарт. Сондықтан құрбанның дұрыс болуы үшін діни тұрғыдан оның белгіленген уа қытта бауыздалғаны жөн.

110 «Әнғам» сүресі, 79-аят.111 «Әнғам» сүресі, 162-163-аяттар.

Page 109: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 109

Құрбан шалудың уақыты құрбан айт тың бірінші күні айт на-мазынан кейін бас талып, айттың үшінші күні ақшамға аз уақыт қалғанға дейін жалғасады.

Жарықтандыру жүйесі нашар орын дар да түрлі қателіктерге жол бермеу үшін түн де құрбандық шалу мәкрүһ болып са на-лады. Ал жарықтандыру мүмкіндігі жет кі лік ті жерлерде түнде де құрбандық шалына береді. Құрбан айтқа арнап алынған мал құрбан айтта бауыздалмаса, малдың өзін садақа ретінде атау қажет.

Үзір себептерге байланысты құрбан айт намазына бара ал-май қалған адамның, намаз оқып болатындай уақыт өткеннен кейін құрбанын шала беруіне болады. Пайғам ба ры мыздан (с.ғ.с.) құрбан ша лу дың уақытына байланысты бірнеше хадис риуаят етілген. Бәрә ибну Азибтің риуаяты бойынша:

“Алланың елшісі (с.ғ.с.):

ل ما نبدأ في يومنا هذا: أن نصلي، ثم نرجع فننحر، فمن فعل ذلك فقد أصاب إن أو

مه لهله، ليس من النسك في شيء لة فإنما هو لحم قد سنتي، ومن نحر قبل الص“Біздің бұл күнде алғашқы жа сай тын ісіміз – намаз оқу, со-

сын қай тып келіп, құрбанымызды шалу. Кім осылай іс тесе біздің сүннетімізге ергені. Ал кімде-кім бұдан бұрын құрбанын шала-тын болса, бұл құрбанының отбасына берілген еттен айыр ма-шылығы жоқ. Мұның құрбан болуы мүм кін емес”112. Басқа бір хадисте:

لة فليعد من كان ذبح قبل الص“Кімде-кім на маз дан бұрын құрбанын шалса, қайтадан шал -

сын”113, – деп, намаздан бұрын шалын ған малдың құрбан дыққа есептелмейтінін ескертеді.

Құрбандыққа шалынған малдың еті мен терісіБай болсын, кедей болсын құрбан айтта шалған құрбандығының

етін жеуіне болады. Құрбандыққа шалынған малдың етін

112 Бухари, 922. Муслим 1961.113 Бухари, Муслим, Құрбан, №: 1, 100-б.

Page 110: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері110

үш бөлікке бөліп тарату – мұстахап. Бір бөлігі – туған-туыс, көршілеріне бай болса да сыйға тартылады, екінші бөлігі – кедей және мұқтаж адамдарға, үшінші бөлігі – өзінің отбасына, бала-шағасына тиесілі. Бірақ шалынған малдың етін түгел дей кедей-мұқтаждарға таратуға да болады. Егер құрбандық шалған адам аса дәулетті болмаса және отбасында адам саны көп бол са онда құрбандықтың етін түгелдей өзінің отбасына да қалдыра алады.

Алла тағала Құран Кәрімде құрбанның еті турасында былай дейді:

فكلوا منها وأطعموا البائس الفقير“Құрбанның етінен өздерің жеңдер әрі міскіндер мен ке-

дейлерге жегізіңдер”114. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) шалған құрбанының етін қалай таратқандығы турасында Ибн Аббас былай деп риуаят етті: “Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) шалған құр бан дығының үштен бірін – отбасына, үш тен бірін – кедей көршілеріне, қалған үштен бірін садақа ретінде тарататын”.

Уәжіп болсын, нәпіл болсын құр бан дыққа шалынған малдың етін, терісін, бас-сирағын және сүтін сату – мәкрүһ. Құрбан малының аталмыш бөлшектері сатылған жағдайда құны кедейлер-ге садақа ретінде беріледі. Құрбанға шалынған малдың ешқандай бөлшегінен қасаптың ақысы ретінде төлеуге болмайды.

Хазірет Әлидің былай дегені риуаят етіл ді: “Алланың ел-шісі (с.ғ.с.) түйелер құрбандыққа шалынған уақытта басында тұруымды және терілері мен жүндерін таратуымды әмір етті. Олардың ешбір нәрсесін қасап ақысы ретінде беруге маған тыйым салды. “Қасап ақысын біз өзіміз береміз”, – деді.

Құрбандыққа шалынған малдың терісін ке дейлерге, қайырымдылық қорларына бе ру ге болады115.

Бірігіп құрбан шалуға бола ма?Қой немесе ешкі іспетті ұсақ малды құрбандық ретінде тек

бір адам ғана шала алады. Ал түйе немесе сиыр секілді ірі қара

114 «Хаж» сүресі, 22-аят.115 Ислам ғылымхалы, 401-402 б.

Page 111: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 111

малдарды бір кісіден жеті адамға дейін бірігіп немесе бір адам жеке өз атынан да соя алады. Құрбан шалуға біріккен кі сі лердің барлығының ниеті құрбандық құл шылығын өтеу мақсатында бо-луы керек. Егер осы адамдардың ішінен біреуі құр бан дыққа тек ет алу ниетімен қосылса, бар лы ғының да құрбандығы құрбандық ретінде саналмайды.

Марқұм болған кісінің атынан құрбан шалуға бола ма?

Кез-келген адамның дүниеден озған туысына немесе қадір тұтқан кісілеріне сауабын бағыштау ниетімен құрбандық мал шалуына болады. Бірақ мойнына құр бан дық шалу уәжіп болған кісі ең әуелі өз атынан құрбандық шалуға тиіс. Осыған дәлел ретінде Әбу Дәуд өзінің “Сунән” атты еңбегінде “Қайтыс болған кісінің аты нан құрбандық шалу” деген бөлімінде мына хадисті келтіреді:

“Әзіреті Әли (р.а.) біреуін өзі үшін, екін шісін Пайғамбарымызға атап екі құрбандық шалатын. Мұның себебін сұрағандарға ол: “Алланың елшісі кеу дем де жаным бар кезде Өзі үшін құрбандық ша луымды өсиет етіп кетті”, – деп жауап бер ген екен”.

Бұл жерде мына мәселеге де басты мән беру керек; егер қайтыс болған кісі өз аты нан арнайы құрбан шалуды өсиет етіп ай тып кеткен болса, бұл құрбандық осы айт күндері шалынуы тиіс. Құрбандық шалған адам оның етін жей алмайды. Оның етін то лығымен таратуы керек. Егер қайтыс болған кісі арнайы өсиет етпей, бірақ сөйте тұра оның артынан қалған дүние-мүліктен алы-нып құрбан шалынса да оның үкімі әлгіндей болады.

Ал марқұм өсиет етпеген, бірақ сіз ізгі ниет пен өз қаражатыңызға мал сатып алсаңыз оны құрбан айт күні, немесе басқа кез келген уақытта шалуға болады. Мұндай құрбандықтың етін жоқ-жітікке таратуға да өз отбасыңызға да қалдыруға бола-ды.

Page 112: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері112

Ақиқа құрбаныНәресте дүниеге келгенде шүкіршілік ретінде шалынатын

құрбан “ақиқа” деп аталады. “Ақиқа” сөзі – араб тілінде жаңа туған сәбидің шашының атауын білдіреді. Ақиқа құрбандығын шалу – нәпіл ғибадат. Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) неме ре лері Хасан мен Хүсейін туғанда қошқар шал ған. Сондай-ақ үмбетіне ұл не қыз туғанда құрбандық шалу керектігін білдірген.

Сүйікті Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бұл ісі діни талап емес, ондағы мақсат – нәрестенің дүниеге келу қуанышын басқалармен бөлісу, адамдар арасын да ғы бауырластық қатынастарды нығайту.

Ақиқа құрбанын нәресте дүниеге кел ген жетінші күні шалу – мұстахап (ұнам ды іс). Дәл осы күні нәрестеге ат қою, шашын алып, шашының сал ма ғындай алтын не кү міс садақа таратуға ке ңес берілген. Дегенмен, ақиқа құр банын нәресте туғаннан кәмелетке тол ған ға дейінгі аралықта шалуға да болады.

Құрбандыққа жарайтын малдарды ақиқа құрбаны ретін-де шалуға болады. Шалынған құрбандық етін қаласа отбасы мүшелері өздері жейді, қаласа дос-жаран, жоқ-жітікке садақа ретінде де таратуға болады.

Нәзір құрбаны“Нәзір” – адамның көптен көңілін күп ті еткен бір ісі

орындалғанда я бол маса былай да бір ақсарбас шалам де ген-дегі атаған малы. Ол – Аллаға бер ген уәдесін орындауға жата-ды. Мы салға, ауырып жатқан адам осы ауруым нан айықсам, бір қойды құрбандыққа ша ламын деп ниет етсе, ауруынан айыққан жағдайда, бір қой шалуы – уә жіп.

Нәзір құрбанына шалынған малдың етінен, шалған адамның өзіне, бала ла рына, немерелеріне және әке-шешесіне тіпті ата-әжелеріне жеуге болмайды. Түгелдей садақа ретінде кедейлер-ге та ратылуы тиіс. Шалынған құрбанның бір бөлшегі аталмыш адамдар тарапынан же лінген жағдайда сол желінген бөлшектің құнын кедейлерге тарату керек116.

116 Ислам ғылымхалы, 403- б.

Page 113: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 113

Құрбан айт намазыАйт – араб тілінде “мейрам” деген ма ғынаны білдіреді. Айт

намазын оқу дың уәжіптігі Құран мен сүннетте ай тылған. Бірін-шісі – Рамазан айты, екін шісі – Құрбан айт.

Алла Елшісінің (с.ғ.с.) екі айт на ма зын оқығаны жайлы ха-бар “тәуатүр” (бұлтартпас, анық) жолмен бізге жеткен. Пай-ғамбарымыздың (с.ғ.с.) алғашқы оқы ған айт намазы – һижраның екінші жылындағы Рамазан айт намазы.

Бұл жайлы ибн Аббас: “Алла елшісі (с.ғ.с.) Әбу Бәкір, Омар-лармен бірге Ра мазан айт намаздарына қатыстым. Бар лығы да айт намазын хұтпадан бұрын оқыды” деген.

Басқа бір хабарда ибн Аббас: “Алла елшісі (с.ғ.с.) айт намаз-дарын азансыз, қаматсыз оқыды”, – деп риуаят еткен.

Жұма намазы парыз болған жан дар ға осы екі айт намаздары да – уәжіп. Бірақ айт намаздарында хұтпа намаздан соң оқылады. Бұлай оқылуы – сүннет. Айт намаздарының алғашқы уақыты – күннің көкжиектен найза бойындай көтерілгендегі уақыт. Ол бесін намазы кір генге дейін жалғасады.

Айт намазы – екі рәкат. Жама ғат пен жария түрде оқылады. Азан мен қа мат оқылмайды. Имам “Екі рәкат Құр бан айт намазы-на ниет еттім” деп ниет етеді. Жамағат “Екі рәкат айт намазына ниет еттім, ұйыдым имамға” деп ниет етеді. “Аллаһу акбар” деп, ифтитах (ашу, бастау) тәкбірі алынады. Қолдар бай ла нып, имам мен жамағат бірге құпиялай “Субханака Аллаһумма” дұғасын оқиды. Одан кейін имам – жариялай, жамағат – құпиялай “Аллаһу әкбар” деп, үш рет тәкбір алады. Әрбір тәкбірді айтқанда қолдар жоғары көтеріліп, екі жанына түсіріледі. Әрбір тәкбірдің арасын-да үш тәсбих айтылатындай сәт тұрады. Үшінші тәкбірден кейін қолдар бай ла нып, имам “Ә’узу” мен “Бисмиллаһты” құ пиялай, одан кейін “Фатиха” мен қо сым ша сүрені жариялай оқиды. Осы-дан кейін жариялай “Аллаһу әкбар” деп рүкүғ пен сәждеге ба-рады. Жамағат та құ пиялай тәкбір алып, имамға ұйыйды. Со дан кейін екінші рәкатқа бастайды. Имам құпиялай – Бисмиллаһ, жа-рия лай – “Фатиха”, содан кейін қосымша сү ре оқиды.Міне, осы-дан кейін осы жерде алғашқы рәкаттағыдай үш рет тәкбір алады.

Page 114: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері114

Бұдан кейін имам – дауыстап, жамағат – іштей “Аллаһу әкбар” деп, рүкүғ пен сәждеге барады. Одан кейін отырып, “әт-тахият”, “салауат”, “рәббәнә” дұғасы оқылып, екі жаққа сәлем беріледі. Яғни, бұл айт намаз д а ры ның әрбір рәкаттарында үш қо сым ша тәкбір бар. Бұл тәкбірлер – уәжіп.

Хұтпашы айт намаздарының арты нан мінберге шығып, тіке тұрып, жұма да ғыдай екі хұтпа оқиды. Айт хұт па ларында тәкбірмен басталып, жамағат та осы тәкбірге жайлап қосылады. Жұма намазындағы сүннеттер мұнда да сүннет. Мәкрүһ болған нәрселер, бұл жерде де – мәкрүһ. Айт хұтпасының намаздан бұрын оқылуы – мәкрүһ.

Имам бірінші рәкатта айт тәк бір ле рін ұмытып, “Фатиханы” оқып жат қан да есіне түссе, дереу тәкбірлерді алып, “Фатиханы” қайта оқиды. Бірақ “Фати ха” мен Құранды оқығаннан кейін есіне түссе, тек қана тәкбірлерді алады. Қайта оқудың қажеті жоқ117.

Құрбан айттың алғашқы күніҚұрбан айт – діни мереке. Хадис тер де жылдың ең қадірлі күні

құрбан айт тың алғашқы күні екендігі айтылған. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл жайында:

أفضل اليام عند الل يوم النحر ثم يوم القر

“Алла үшін күндердің ішіндегі ең абзалы– Құрбан айттың бірінші және екінші күні”118 – деген. Құрбан айттың бірінші кү-нінің артықшылығы мен ерекшелігі сол күні Алла тағаланың разылығына бөленуге сеп болатын ең маңызды амалдың істе-летіндігінде. Алла елшісі (с.ғ.с.): “Алла үшін (құрбандық ретінде) қан шығарудан ұнам ды іс жоқ. Және ол (құрбан) қия мет күні ал-дынан шығады”,– десе, тағы бірде:

117 М. Исаұлы, Қ. Жолдыбайұлы, Ислам ғылымхалы, 178-179 - б.118 Тирмизи,

Page 115: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 115

، وإنها لتأتي م ما عمل آدمي من عمل يوم النحر أحب إلى الل عز وجل من إهراق الد

م ليقع من الل عز وجل بمكان قبل أن يوم القيامة بقرونها وأشعارها وأظلفها، وإن الد

رض، فطيبوا بها نفسا يقع على ال

“Адам баласы Құрбан айт күні қан шығарудан (құрбандық шалу) абзал амал арқылы Алла тағалаға жақын бол ған емес. Құрбандық ретінде шалған малы қиямет күні мүйіздері, тұяқтары және жүндерімен келеді. Ағызылған қан жерге там-бай тұрып Алла тағаланы құ зырында ерекше жоғары дәрежеге жетеді. Сондықтан да шын жүректен әрі ризашылықпен құрбанда рыңды ша лыңдар”119,– деп құрбандық шалудың қан-шалықты сауапты іс екенін шегелеп айтқан.

Құрбан айт мерекесін қалай атап өтемізЖақсылап ғұсыл құйынғаннан (де нені толықтай жуу) кейін

әдемі, таза киімдерін киіп, үстіне хош иіс сеуіп, ме шіт ке айт намазына бару – мұстахаб (жақсы амалдарға жатады). Айт на-мазын оқығаннан кейін құрбан шалу міндеттелген жандар құрбандықтарын шалып, етін тиісті адамдарға таратады. Айт күні мұсылмандар көрші-қолаң, туыс-туғанды қыдырыстап, “Айт құтты болсын” айтысады. Айт күндері мейлінше көтеріңкі көңіл-күйде, жылы жүзді, кешірімді болуға тырысу керек. Ренжіскен кісілер қайта табысып, Айтта бір-бірін кешіріскені жөн. Ауырып жатқан кісілердің көңілін сұрап, арнайы бас сұғу, жетім, жесір, мұң-мұқтаждарға қол ұшын беріп, көмектесе алса көмектесу, оларға да айттың қуанышын сез діру өте сауапты істерге жатады. Бұған қоса, әке-шешесіне, отбасындағы жан дарға, көрші-қолаң, жора-жол дас тарына мүмкіндігінше кішігірім болса да сәлем-сауқат, сый-сыяпат жасап айт мейрамын ерекше өткізуге де бо-лады. Айтта осындай амалдарды жасау қоғамдағы адамдардың бір-біріне деген жылылықтары мен сыйласымдықтарын барынша арттырады120.

119 Тирмизи, Құрбан 1493. Ибн Мәджә, Құрбандықта 3126. 120 «Егеменді Қазақстан» Республикалық газеті, 2008-12-02.

Page 116: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

116

Балғабек Мырзаев,Қазақстан мұсылмандары

діни басқармасының Аппарат басшысы

ИСЛАМ ТАТуЛЫҚ ПЕН БІРЛІК - ДІНІ

«Халықтарды бір - бірінен бөлетін теңіздер немесе тілдердің бөлектігі де емес, араздық қана» деген даналық сөз бар. Достық жоқ жерде араздық белең алатыны белгілі.

Адамзат тарихында мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы айырмашылықтар көбiне жанжал мен зорлық-зомбылықты ақтау үшiн себеп ретiнде пайдаланылғанын байқаймыз. Өкiнiшке қарай, бүгiнгi заманның да тұрақты еместiгiн, керiсiнше одан сайын ушыға түскенiн амалсыз мойындауға тура келедi.

Қазақстанның тарихы мен мәдениеті Исламмен тікелей бай-ланысты. Орталық Азия аймағына мұсылмандық идеяларының келуі VII-VIII ғасырлардан басталады. Бірінші араб дағуатшылары сонау VII ғасырдан бастап аймағымызға келе бастаған. Ис-лам жеңісінің соңы VIII ғасырда болды. 751 жылы Тараздың жанындағы Атлах қаласында араб армиясы қытай әскерлерін жеңгені мәлім. Нәтижесінде, қытай әскерлері Жетісуды тастап қашқан. Осы жеңістен кейін бүкіл Орталық Азияда Исламның бекуі мен мұсылман мәдениетінің күшеюі басталды.

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) хадисінде айтқан:

طلب العلم فريضة على كل مسلم«Білімді болу – әр мұсылманның парызы», – деген қағидасы

ешқашан да маңызын жоғалтпаған. Әсіресе, қазіргі заманда оның мәні аса жоғары. Діннің экстремизмге үш қайнаса сорпа-сы қосылмайтынына қарамастан, өкінішке қарай, кейбір керітар-тпа күштер лаңкестік атаулыны тікелей дінге телуге ұмтылып отырғаны жасырын емес. Дінді білетін, түсінетін, жүрегінде има-ны бар жанның еш уақытта зұлымдыққа бармайтынын біз жақсы білеміз.

Page 117: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 117

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің I съезінде сөйлеген сөзінде: «Тәуелсіздік жыл-дары Қазақстанды мекендейтін 130-ға жуық ұлт пен 40-тан ас-там діни конфессиялар арасында татулық, өзара келісім берік орнықты. Соның арқасында біз дамудың қазақстандық мо-делін ойдағыдай жүзеге асырып, экономиканы реформалау-да зор табыстарға қол жеткіздік. Ядролық қарудан бас тартып, Қазақстанды бейбітшілік аймағына айналдырдық. Барлық көршілерімізбен тату қарым-қатынас орнатып, жаһандық қауіпсіздікті сақтауда өңірдің көшбасшысы атандық. Осының бәрі бізге бар ғұмырын әлемдегі алуан дінді ұстанған халықтарды тыныштық, бітімгершілік, татулық пен келісімге арнаған Сіз-дер сияқты дін басшыларын шақырып, келелі кездесу өткізуге мүмкіндік туғызып отыр», – деген еді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен әлемдегі түрлі діни конфессияларды ашық үнқатысуға шақырған бұл жиынға дүниенің төрт бұрышындағы 17 мемлекеттің дін адамдары және халықаралық ұйымдар мен басқа да сала өкілдері келген бола-тын.

БАҚ әсіресе, әл-Әзһар университетінің жоғары имамы, марқұм Мұхаммад Саид Тантауи мен Израильдің бас раввині Йона Мецгердің съезд үстінде қол алысуын өздері де күтпеген то-сын оқиға ретінде жер жүзіне таратып, халықаралық қауымдастық арасында серпіліс туғызды.

Мұндай басқосулар бұған дейінгі уақыттарда да болған, бірақ Елордамыз – Астанада болған бұл форум мұсылман, христиан, иуда, будда, синтоизм, даосизм, брахманизм сияқты әртүрлі дін өкілдерін бір есіктен кіргізіп, бір үстел басында әлемдік деңгейде бас қосуға мұрындық бола алды. Қазақстан осыншама сан алу-ан дін өкілдерінің басын қосып, алқалы жиын өткізген тұңғыш мұсылман мемлекеті ретінде тарихқа енді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі «Астана – әлем дін-дері үнқатысуының орталығы» атты мақаласында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен өткізіліп келе жатқан діни

Page 118: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері118

үнқатысудың мәні мен маңызын түсіндіріп, дәстүрлі діндер деле-гациясына жеке дара тоқталып, кеңінен мағлұмат берді. Астана съезінің тағылымын ерекше атап өтті. «Астана үнқатысуының өзіміз үшін де тағылымы зор деу керек. Елбасымыздың мұндай съезд өткізудегі мақсаттарының бірі көп ұлтты, көп дінді республикамыздағы ел тыныштығының болашағы, ынтымағы. Осы салада қандай да бір жаман аттың алдын алу». Барлық діндерге құрметпен қарап, сыйластық таныта отырып асыл дініміз Исламның шеттеп қалмауын да назарға алады. Елімізде тұратын халықтың жетпіс пайызы мұсылмандар. Олар, негізінен, Исламдағы Әбу Ханифа мәзһабын ұстанады. Онда жергілікті халықтың шариғатқа қайшы келмейтін әдет-ғұрпы қуатталады. Сол себепті өз мәзһабымыздан айнымай, ұлттық озық әдет-ғұрпымызды сақтай отырып, өркениетті жолмен дінімізді көркейтуіміз керек. Олай болса, үнқатысу, діндер, ұлттар мен ұлыстараралық сыйластыққа кең жол аша отырып, өз дініміз Исламның беделін көтеру, насихаттау, абыройын арттыру секілді мұраттарды осындай жиындардың темірқазығы ету ләзім.

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлінің «Діні күшті елдің іргесі берік», «Дін достыққа, бірлікке, болашаққа бағыттайды», «Ислам ізгілік ұрығын себеді», «Ел мен дін мұраты – ынтымақ пен бірлік» деп аталатын мақалаларының, атының өзі айтып тұрғандай, елдің бірлігі, діндер мен конфессияаралық татулық, халықтар достығы жайлы болып келеді. Солардың бірін-де: «Діндераралық түсіністік, сыйластық – уақыт талабы», – деп атап көрсетті Әбсаттар қажы.

Ендеше, біз әңгіме етіп отырған съездер шариғатымыздың да талабы. Мұсылман халқының өзге тілдегі және діндегі адамдарға құрметпен қарайтындығын Құран Кәрімнің:

وهم ن دياركم أن تبر ين ولم يخرجوكم م عن الذين لم يقاتلوكم في الد ل ينهاكم الل

يحب المقسطين وتقسطوا إليهم إن الل«(Өзге дін өкілдерінің ішіндегі) сендермен соғыспағандарға,

сендерді мекендеріңнен қуып шықпағандарға келсек, оларға жақсылық жасаудан, олар туралы әділ болудан Алла

Page 119: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 119

сендердің жолдарыңды тоспайды. Алланың әділ жандарды жақсы көретіні даусыз»121 – деген аяты да дәлелдейді.

Хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымыз:

ين النصيحة الد«Дін – насихат»,122 – деп айтып кеткен. Мұның мән-маңызы

бүгінгі таңда, тіпті, айрықша.Ашықтық пен ынтымақтастық рухы біздің дәстүрлердің бір

бөлігін құрайтындығы, өйткені бағзы замандардан бері Қазақстан түрлі дәстүрлер мен мәдениеттердің тоғысу және табысу мекені болғандығы да бүгінде айтылып та, жазылып та келеді. Сондықтан жаңа замандағы еліміз басқа халықтармен, ұлттармен және мәдениеттермен мүдделес ынтымақтастықтың «көпірлерін салу» үшін қажетті алғышарттардың, туысқандықтың, диалог пен өзара түсіністіктің рухында өркендеуді қалайтындығын да көре білді.

Осы ойлармен сабақтасып, көп ұзамай елімізде діндер диало-гы басталды. Мәдениеттер мен діндердің диалогы шиеленістерді шешу үшін ынтымақтастықты дамытуды қажет етеді. Бұл орайда, Қазақстан үлгі бола аларлық. Этникалық және діни төзімділікке тәрбилеп, этностардың дәстүрлі мәдениетін сақтау мен өрістету, қоғамда түсіністік пен сыйластықты арттыру үшін игі шаралар атқарылуда.

Жалпы, «өркениеттер арасындағы қақтығыс» туралы пікірлердің бүкіл адамзат үшін аса қауіпті екенін ескерткен, тіпті оған қарсы шыққан Иран президенті Мұхаммад Хатами, Польша президенті Лех Валенса сияқты танымал саясаткерлер мен мемлекет басшылары да болды. Әйтсе де, олардың пікір-лері жеке ұстаным ретінде қалып жатты. Ал Н.Назарбаев әлемде өркениетаралық қақтығыс пікіріне қарсы тұруды, мәдениеттер мен дін өкілдері арасындағы үнқатысуды жан-жақты қолдауды мемлекеттік саясатқа айналдырған жалғыз мемлекет басшы-сы. Осы арқылы Қазақстан Президенті өзінің аймақтық қана

121 «Мумтахина» сүресі, 8-аят122 Муслим

Page 120: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері120

емес, әлемдік өреде ойлайтын кесек күрескер, бүкіл адамзаттың тағдырына алаңдайтын табанды тұлға екенін көрсетіп берді.

Расында, бүкіл діндердің негізінде сенім мен сүйіспеншілік, мейірім мен махаббат бар. Ал, дінаралық деп атап жүрген соғыстардың астарынан саяси, әлеуметтік және экономикалық себептер іздеген жөн. Мәселен, кезінде мұсылман әлемін қанға бөктірген крест жорықтарының мақсаты – орасан байлық пен ауқымды жерлерді иелену болғаны жасырын емес. Сонымен қатар, діндер арасында татулық болмай, әлемде бейбіт өмірдің тұрақталмайтыны да анық. Дінді дұрыс түсінбеу немесе өзге дін-ді біржақты білу де қақтығысқа апарып соғатын факторлардың бірі. Дұшпандықтың білместіктен туындайтыны сияқты, келісім – білуден, білу – танудан, тану – өзара әңгімеден бастау ала-ды. Диалогты келісім мен сыйластық, өзара түсіністік пен өзгеге төзімділік дейтін болсақ, бұл әңгіме шынайы ықыласпен және терезесі тең жағдайда өтуі керек. Ал, кездесудің астарын-да келісімге жат пиғыл мен миссионерлік ниет болса, онда бұл диалог емес, монологқа айналып кетері сөзсіз. Сондықтан, дін-дарлар арасындағы басқосулардың негізгі мақсаты қойыртпақ, жаһанға ортақ жаңа дін жасау емес, әлемдегі әділетсіздіктер мен қақтығыстарға, түрлі келіспеушіліктерге тоқтау айтып, нашақорлық, ұрпақ азғындауы немесе экологиялық апат сияқты адамзат баласының ортақ мәселелеріне ізгілік арқылы шешім із-деуде жатыр.

Айта кетерлік жәйт, Астана қаласында үш рет өткізілген діндарлардың басқосуы дінімізге жат құбылыс емес, керісін-ше, оның түп тамыры Алланың сөзінен бастау алады. Өзге дін өкілдерін келісімге шақырған қасиетті кітап Құранда бұл тура-лы:

قل يا أهل الكتاب تعالوا إلى كلمة سواء بيننا وبينكم أل نعبد إل الل ول نشرك به شيئا

ن دون الل فإن تولوا فقولوا اشهدوا بأنا مسلمون ول يتخذ بعضنا بعضا أربابا م«(Уа, Мұхаммед): Ей, кітап иелері (Яһудилер мен Насара-

лар)! Келіңіз, сізбен біздің арамыздағы ортақ сөзде бірлесейік: Бір Аллаға ғана құлшылық етейік, оған ешқандай ортақ

Page 121: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 121

қоспайық. Алладан тыс бір-бірімізді тәңір тұтпалық» деп айт. Егер олар мұнан бас тартса: «Біздің мұсылман екендігімізге куә болыңдар» деңдер.123 – деп айтылады. Осылайша, христи-андар мен яһудилерді серік қоспай, тек Аллаға ғана құлшылық етугешақырған Құран мұсылмандарды басқа сенім өкілдеріне, тіпті, Алла мен ақырет күніне сенбейтін дінсіздерге де мейлінше мейіріммен және түсіністікпен қарауға уағыздады.

Алланың жолдауы – ізгілік бастауы. Исламның бір мағынасы –бейбітшілік. «Адамзатты махаббатпен жаратқан» (Абай), сондықтан адам баласына жүрек беріп, оған ізгі сезім-дер дарытқан, тура жолды, ақиқатты көрсетіп, мейірім-шуағын төккен Алла тағала, хадисте айтылғандай, «пендесін ананың өз перзентін сүйгенінен артық жақсы көреді».

Ұлы Жаратушы қасиетті Құран Кәрімде бір-бірімен таны-сып, білісу үшін адамдарды қауым-қауым, тайпа-тайпа етіп жаратқанын ескертеді. Ендеше, біле-білсек, біздің ұлттық ерек-шеліктеріміз, әрқилы дәстүріміз бен мәдениетіміз бөліну емес, бірігу, айырылу емес, танысып, білісу үшін екен.

Құран бізге Адам атадан (ғ.с.) бері Алла тағаланың құзырында тек бір дін – ханиф дінінің ғана болғанын айтады. Ханифтік діннің мағынасы Алланың адамзаттың болмысына, табиғатына лайықтап, әуел баста түсірген ақиқат діні. Бұл туралы Құранда

ين ذلك الد التي فطر الناس عليها ل تبديل لخلق الل ين حنيفا فطرة الل فأقم وجهك للد

القيم ولكن أكثر الناس ل يعلمون«Бәрінен бет бұрып, жүзіңді ханиф дініне қарат. Алла жа-

ратылыста адам баласын соған арнап жаратқан. Алланың жаратуында өзгеріс болмайды. Хақ діні – осы. Алайда адамдардың көпшілігі мұны түсінбейді»124.

Бүкіл пайғамбарлар адамзатқа Алла тағаланың бір және теңдессіз екенін, ақыреттің бар, сондай-ақ, тағдырдың хақ екенін уағыздап келген. Бұл – Абайша айтқанда «... неше мың жылдан

123 «Әл-Имран» сүресі, 64-аят124 «Рум» сүресі, 30-аят

Page 122: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері122

бері әркім әртүрлі қылып сөйлесе де, бәрі де бір Құдай бар деп келгендігі, уа һәм неше мың түрлі діннің бәрі де ғаделет, махаб-бат Құдайға лайықты дегендігі».

Құранның «Шура» сүресінің 13-аятында, «Әнбия» сүресінің 25-аятында және «Рұм» сүресінің 30-аятында Нұхқа (ғ.с.), Ибраһимге (ғ.с.), Мұсаға (ғ.с.), Исаға (ғ.с.) және Мұхаммедке (с.ғ.с.) түсірілген уаһиді дұрыс ұстану үшін діннің шариғат-заң ретінде бекі-тіліп берілгені баяндалады. Сол сияқты «Әли-Имран» сүресінде Ибраһим пайғамбардың (ғ.с.) яхуди де, хрис-тиан да емес, ақиқатқа бет бұрған мұсылман екені айтылады.

Жалпы, Ибраһим (ғ.с.) көктен түскен үш діннің – иуда, хрис-тиан және мұсылмандықтың ортақ атасы болып есептеледі. Мұсылман болған кісі Ибраһим, Мұса (ғ.с.) мен Исаға (ғ.с.) және тағы да басқа пайғамбарларға иман етіп, олар әкелген хабарға шәк келтірмейді. Тіпті бұған иланбаған кісінің иманы кәміл бол-майды. Сондықтан, бір мұсылман Исаға (ғ.с.) немесе Мәриям анаға әр христианнан кем құрмет көрсетпейді. Сондай-ақ, хазіреті Мұсаға (ғ.с.) деген сенімі мен сезімі бір иуда діні өкілінен кем соқпайды.

Құранды негізге алған хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с) кезінен бастап, өзге сенім өкілдері мұсылман өлкелерде тыныштық пен сенім ішінде өмір сүрді. Мысалы, Мәдина қаласында яһудилер пайғамбарымызға қастандықтар ұйымдастырып, оны тіпті, улап өлтіруге әрекеттеніп, мұсылмандарға сан мәрте сатқындық жасаған еді. Әйтсе де, Құран Кәрім йаһудилер мен христиандар-ды «аһл ал-китап», яғни қасиетті кітап түсірілгендер санатына қосып, мүшріктер мен дінсіздерден жоғары бағалағандықтан, мұсылмандар әрдайым кешіріммен қарап, олардың құқығына қол сұқпай, керісінше, өз қамқорлығына алып отырды. Осылай-ша, мұсылман елінде бейбіт жағдайда күн кешіп, тең дәрежеде өмір сүрген иудашылар мен христиандар арасында әр кезеңде көптеген ғалымдар мен мемлекет қайраткерлері шықты. Соны-мен қатар, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзге сенім өкілдерінің талап-тілектерін қабыл алып, олармен Медине және Худайбия келісімін жасаған болатын. Бұл орайда ерекше айта кетерлік жәйт,

Page 123: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 123

622 жылы Мәдина қаласында мұсылмандар мен өзге сенім өкілдері арасында жасалған келісім – осы бағыттағы әлемдегі ең алғашқы құжат. Әйгілі профессор Мұхаммед Хамидуллаһтың пікірінше, «Мәдина құжаты» тек келісім ғана емес, сонымен қатар, мемле-кеттегі бүкіл қауымның қатысуымен жазбаша түрде қабылданған әлемдегі ең алғашқы конституция.

Ислам діні адамзат баласына имандылықты парасат пен пайымды, кешірім мен келісімді, шапағат пен мейірімді, қанағат пен рахымды, білім мен еңбекті насихаттайды. Сондықтан, Ис-лам тарихында өзге дін өкілдеріне құрметпен қарау тек пайғамбар кезеңіне ғана тән құбылыс емес. Әділетті халифалардың бірі хазіреті Омар (р.а.) кедей әрі жұмыс істеуге қабілетсіз, қауқарсыз өзге дін өкілдері үшін мемлекеттік қазынадан арнайы қаржы айырып, жалақы төлеп тұрған. Сондай-ақ, Шам маңында моңғол әскерімен бітімге келген мұсылман елшісі тек мұсылмандар ғана емес, өзге дін өкілдері де тұтқыннан толық босатылмай, келісімге келе алмайтынын айтқан. Сүйікті пайғамбарының: «Сізге әһл-ал кітапты, яғни христиандар мен иудашыларды аманат етемін», – деген хадисін бұлжымас әмір ретінде қабылдаған елші өз сөзіне таңырқай қараған қарсы жаққа өзге дін өкілдерінің мұсылмандар үшін аманат екенін, ал аманатқа қиянат жүрмейтінін мәлімдеген. Сондай-ақ, крест жорықшылары Испаниядағы мұсылман мемле-кеті – Андалусияны талқандап, оның бейбіт тұрғындарын жаппай қырып-жоя бастағанда, жоқ болып кету қаупі туған жергілікті яхудилер Османлы мемлекетіндегі мұсылмандарды паналаған. Мысалдар тізбегін одан әрі жалғастыра беруге болады. Бұл орай-да біздің айтпағымыз – адами қасиеттерді ардақтап, қастерлеу және адам құқығын аяққа таптатпай, асқақ ұстау – Ислам дінінің басты ерекшеліктерінің бірі. Сондықтан, Ислам дінін кеңдік пен кешірімнің, келісім мен түсіністіктің діні деуге толық негіз бар. Исламда дінді күштеп мойындату да жоқ.

Диалогтың Құраннан бастау алатыны жоғарыда айтылды. Бұл ретте қазақ жеріндегі басқосулар арқылы ата-бабаларымыз ғасырлар бойы ұстанған дәстүрлі дініміздің де еңсесін көтеруіне

Page 124: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері124

әбден мүмкіндік бар екенін естен шығармаған жөн. Құранның «Нахл» сүресінде:

ادع إلى سبيل ربك بالحكمة والموعظة الحسنة وجادلهم بالتي هي أحسن «Алла жолында даналықпен, жақсы насихатпен шақыр

және олармен өте көркем тәсілмен пікір таластыр»,125 – десе, тағы бір аятта: «Залым емес кітап иелерімен (яхуди және христиандармен) өте көркем әдіспен пікір жарыстыр», – деп айтылған. Ендеше, хақ діннің өкілі ақиқат жолында өзгемен пікір алысудан неге қорықсын?! Әлемде түрлі арандатушылықтардың белең алып жатқаны жасырын емес. Бұл – дін өкілдері арасындағы үнқатысуды, ортақ үндесуді, терезесі тең отырып тілдесуді қаламайтын теріс пиғылды жандардың әлі де көп екенін көрсетсе керек. Сондықтан, дін өкілдері арасындағы мұндай үнқатысу, әсіресе, мұсылмандар үшін таптырмайтын мүмкіншілік екені да-усыз. Өйткені, Ибраһим (ғ.с.) пайғамбардан бастау алатын хақ дін өкілдері бас қосқан осындай алқалы жиындарда мұсылман ғалымдары Исламның ізгілігін сөз ете отырып, әлемде орын алған «исламофобия» төңірегіндегі жөнсіз, орынсыз, негізсіз әрекеттерді ауыздықтауға мұрындық бола алады деп ойлаймыз.

Елбасымыз VII Бүкіләлемдік Ислам экономикалық форумын-да сөйлеген сөзінде: «Әлемнің өзге өңірлері қарқынды дамып жатқанда, көптеген мұсылман елдерінің көштің соңында қалуы анық байқалды. Бір жарым миллиардқа жуық адамды құрайтын Ислам дүниесі бүгінде мызғымас тұтастық құрай алмай отыр. Ислам дінінің діңгегі біртұтас екені бәрімізге ақиқат. Бірақ Ис-лам әлемі даму үлгілерінің анағұрлым қайшылығы бар әр түрлі аймақты қамтиды.

Сол үшін, Ислам әлемі туралы пікір айтпас бұрын, мұсылман қоғамының қазіргі даму жолдарын түсініп алу керек деп санай-мыз», – деп терең мағыналы, маңызды ойды ортаға салды.

Ендеше, әлемнің «екінші ұстазы» атанған ғұламаның білім іздеп, сол замандағы дін мен ғылым ордасы атанған сонау Шам еліне сапар шегіп, ғылымның сан саласында өзінен кейін өшпес

125 «Нахл» сүресі, 125-аят

Page 125: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 125

із қалдырған қазақ топырағының перзенті Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыздың жолын жалғастыру Ислам әлемінің мойнына жүктелген үлкен бір аманат деп қабылдауымыз керек.

Әлемдегі дін өкілдері мен белгілі қайраткерлер адамгершілік қағидаттарды басшылыққа алып, дүниенің төрт бұрышына айқара құшақ ашқан қазақ елі мен оның Елбасы ұстанған сара саясатын ұлтаралық татулық пен дінаралық келісімнің әлемдегі ең үздік үлгісі ретінде бағалап, Қазақстанды дүние жүзіндегі бейбітшілік пен келісім аймағы деп жариялады. Біздіңше, әлем жұртшылығы да қазақ даласынан бастау алған осынау ізгі идеяның баянды болғанын тілейтіні анық.

Page 126: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

126

Қайрат ЖолдыбайұлыАстана қаласындағы

«Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы

АҚЫРЕТКЕ ИМАН

Бірде Иб ра һим пайғамбар те ңіз жа ға сын да құстар да, толқынмен келген балықтар да шоқып жеп кетіп жатқан бір өлек-се ні көр ді. Қызықтап тұрып, бір мезет жырымдалған бұл өлексені Алла тағаланың ақыретте қалай бүтін күйде тірілтілетінін ойла-ды. Сөйтті де: «Уа, Раб бым, ақыретте өлі лер ді қа лай ті ріл те ті нің-ді ма ған көр сет ші?», – деп дұға жасады. Аллаһ та ға ла тіл қатып, төрт құсты қолға үйреткеннен кейін төртеуін де сойып, еттерін араластырып, әр тауға апарып тастауын, содан соң оларды өзіне шақыруын тапсырды. Иб ра һим (ғ.с.) айтылған әмір ді орын да-ғанда, Ұлы Жа ра ту шы ның құ ді ре ті не таң қалды. Әлгінде ғана өз қолымен сойған құстар тірі ліп, еттері құралып, жа ны на ұшып кел іп еді. Қайта тірілтудің Алла тағала үшін еш қиын еместігін өз көзімен көрді. Жү ре гі жай тап ты.

О дүниенің бар екендігі – барлық діндерге ортақ сенім. Ис-лам дінінде Құ ран Кә рім нің ша ма мен үш тен бі р бөлігін осы се нім құрайды.

Адам Ата дан бас тап жүз жиырма төрт мың пайғам бардың барлығы да бір Жа ра ту шы ның бар екендігі мен ақы рет тің хақ екен ді гін бірауыздан жар салған. Бұны сан мыңдаған тақуа жандар тіршіліктегі құлшылықтарымен қуаттаған. Осының өзі ақы рет-тің растығына айшықты дәлел екені сөзсіз. Себебі, пайғамбарлар ешқашан өтірік айтпаған.

Бі рақ соң ғы ға сыр лар да өлім нен кейін қай та ті рі лу се ні мінің әл сірегені ащы да болса шындық. «Арғы дү ниеге бі реу барып ке ліп пе?» деп сұрайтындар да бар. Құ ран да шеттен шыққан, күнәһар адамдардың ғана о дүниенің бар екендігіне сенбейтіндігі айтылған:

ب به إل كل معتد أثيم وما يكذ

Page 127: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 127

«Есеп кү нін шек тен шы ғу шы әрі кү нә һар адам дар ға на өтірікке балап, се ну ден бас тар та ды»126

لين و إذا تتلى عليه آياتنا قال أساطير ال«Олар ға есеп кү ні не бай ла ныс ты аят та ры мыз оқыл ған

уа қыт та: «Бұ лар бұ рын ғы лар дың ертегісі ғой» дейді»127 Арғы дүниенің бар екендігіне сенбейтіндер Жаратушының

құдіретіне шәк келтіргендерін білмей жатады. Шын мәнінде, он сегіз мың ғаламды жаратқан, оны ға сыр лар бойы кем ші лік сіз бас-қа рып тұр ған Жап пар ие міздің адам дар ды өл ген нен кейін де қай-та ті ріл ту ге құ ді ре ті то лық же те ді.

Құ ран да:

رض ولم يعي بخلقهن بقادر على أن يحيي ماوات وال الذي خلق الس أولم يروا أن الل

الموتى بلى إنه على كل شيء قدير«Күл лі Ас пан әле мін жә не жер ді жа рат қан әрі олар ды жа-

рат қан уа қыт та еш шар шап-шал дық па ған Алланың, өлі лер-ді қай та ті ріл ту ге құ ді ре ті нің то лық же те ті нін (ақы рет ке сен-бей тін дер) көр мейді ме? Иә, Ол әр нәр се ге то лық құ ді рет ті»128

ق رض بقادر على أن يخلق مثلهم بلى وهو الخل ماوات وال أوليس الذي خلق الس

العليم«Көк әле мін жә не жер ді жа рат қан Алланың оларға ұқ са-

сты жа ра ту ға құ ді ре ті то лық же те ді емес пе? Әри не, то лық же те ді. Ол – (әр нәр се ні) то лық бі ле тін жа ра ту шы», 129 - дейді.

اعة كان رجال من العراب جفاة يأتون النبي صلى الل عليه وسلم فيسألونه متى الس

فكان ينظر إلى أصغرهم فيقول إن يعش هذا ل يدركه الهرم حتى تقوم عليكم ساعتكم

يعني موتهم

126 «әл-Мутаффифун» сүресі, 12-аят127 «әл-Мутаффифун» сүресі, 13-аят128 «Ахқаф» сүресі, 33-аят129 «Иасин» сүресі, 81-аят

Page 128: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері128

Бірде Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) бәдәуи бір кісілер келіп ақыреттің қашан болатыны жайлы сұрайды. Сонда Пайғамбар (с.ғ.с.) олардың ең жасы кішісіне қарап: «Егер мынау (ұзақ) өмір сүрсе, сендерге қияметтерің келмейінше оған кәрілік жетпейді», - деп, олардың өлімдерін меңзейтін»130, - деген.

ماء بناه أأنتم أشد خلقا أم الس«(Ей қай та ті рі лу ге сен бей тін дер! Ойла нып ақыл ға са лың-

дар!) Сен дер ді қай та дан жа ра ту қиын ба? Жоқ әл де ас пан ды ма? (көз са лып, қа раң дар шы) Аллаһ аспан әле мін қа лай мық-ты етіп жа рат ты»131 делінген.

Мына таң ға жай ып үй ле сім ді жүйе мен әрі дәл ме-дәл есеп пен іс теп тұр ған ұшы-қиыры жоқ ас пан әле мін, жы мың да ған жұл дыз-дар ды жа рат қан Аллаһ Та ға ла үшін өл ген нен кейін адам ба ла сын қай та ті ріл ту дің еш қиын емес ті гі не на за ры мыз ды ауда ра ды. Иә, мил лиард та ған га лак ти ка лар мен сан сыз жұл дыз дар ды жа ра тып, олар ды бір-бі рі мен қақ ты ғыс тыр май, бел гі лі бір жүйе мен ғасыр-лар бойы ұс тап тұр ған Құ ді рет ті нің, әл бет те, адам ба ла сын қай та ті ріл тіп, жан бе ру ге құ ді ре ті то лық жетеді.

Пай ғам ба ры мыз дың дәуі рін де де өл ген нен кейін қай та ті рі-лу ге сен бей тін дер бо ла тын. Бір кү ні Убай ибн Ха лаф Аллаһ ел-ші сі нің жа ны на ке ліп, қо лын да ғы ші ріп кет кен бір сүйек ті ұс тап тұ рып ке ле ке ет кен сы ңай мен бы лай де ді:

Сен сонда мына атам заманда шіріп кеткен сүйекті Аллаһ тіріл те ді дейсің бе?

Аллаһ ра су лы(с.ғ.с.):Әри не, оған жан бе ріп ті ріл те ді әрі се ні то за ғы на са ла ды, –

деп жауап бер ді.Осы оқи ға ға бай ла ныс ты «Ясин» сү ре сі нің тө мен де гі аят та ры

түс ті:

130 Сахих Бухари, 6511.131 «Назиғат» сүресі, 27-аят

Page 129: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 129

بين ∗ وضرب لنا مثل ونسي نسان أنا خلقناه من نطفة فإذا هو خصيم م أولم ير ال

ة وهو بكل ل مر خلقه قال من يحيي العظام وهي رميم ∗ قل يحييها الذي أنشأها أو

خلق عليم «Адам ба ла сы біз дің олар ды бір там шы су дан жа рат қа-

ны мыз ды көр мей ме? Сөй те тұ ра ол біз ге ашық дұш пан бол-ды. (бір там шы су дан) Қа лай жа ра тыл ға нын ұмы тып, біз ге бы лай деп мы сал кел тір ді: «Шіріген сүйек тер ді кім ті ріл те-ді?» Олар ға: «Олар ды әу бас та кім жа рат са, қай та дан ті ріл-те тін де Сол жә не де Ол бар лық жа ра ту ды бі ле ді де»,132 – деп ке ше мен бүгін нің адам да ры ның қай та ті рі лу ді жоқ қа шы ға ру бары сын да кел тір ген дә лел де рі мен кү мән да ры ның, осы отырған көпшіліктен ай ғақ та ры ның қи сын сыз еке нін көр се те ді.

Осы дан 100 жыл бұ рын жер бе тін де қай сы мыз бар едік? Бә рі-міз жоқ емес пе едік? Со лай бо ла тұ ра адам ба ла сы өзі нің бір там-шы су дан жа ра тыл ға нын қалай ұмы тады? Өзін жоқ тан жа рат қан Раб бы сы ның қай та ті ріл те ті ні не қалай кү мән келтіреді?

Қол са ға тын ал ғаш тауып, жа са ған ше бер адам біз ге: «Мы на са ғат ты қа зір бұ зып, қай та дан жа сауға ілі мім әрі қа бі ле тім то лық же те ді» де се, еш кү мән сіз се нер едік. Ал ен ді біз дер ді жоқ тан тір ші лік бе ті не шы ғар ған Ұлы Жа ра ту шы мыз дың біз ді өл тір ген нен кейін қай та ті ріл те ті ні не қалай сенбейміз?!

Кейде адам ба ла сы көзді ашып жұмғандай тез өте шығатын мына өмірге қа на ғат тан бай ды. Оның ру хы да, жан дү ниесі де мәң гі лік ті аң сай ды. Адам ба ла сы ның жанын мәң гі лік ке құш тар се зім мен безен ді рген Жа ратушы Алла, әл бет те, оның аң сап, ті ле-ген мәң гі лік ба қи өмі рін бе ре ді. Егер адам үшін мәң гі лік өмір ді жа рат пай тын болса, Жап пар ие міз оның ту ла ған жү ре гі не бақи өмірге ынтық се зі мін де бер мес еді.

Егер ақы рет бол ма са, бұл ғұ мыр да кө рі ніс тап қан Ұлы Жа-ра ту шы ның ма хаб бат шуағы ның мәні қал май, мейі рім ді лік – зұ-лым дық қа, ма хаб бат – дұш пан дық қа ай на лар еді. Се бе бі, адам бұл дү ниенің фә ни ләз зат та ры мен, өт пелі ра ха ты мен, Ұлы Жа-

132 «Ясин» сүресі, 77-78-79-аяттар

Page 130: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері130

ра ту шы сы ның мы на дү ниемен шектеу лі уа қыт ша ма хаб ба ты мен қа на ғат тан бай ды. Ол мәң гі лік ғұ мыр ды, шы найы ба қыт ты, шек-сіз мейі рім ді қа лай ды.

Ұлы Жа ра ту шы мыз мы на дү ниеде-ақ қай та ті рі лу дің сан сыз үл гі ле рін жа ра тып, са налы адам ба ла сы на қай та ті ріл ту дің оңай екен ді гін көр се ту де. Ойлағанға әр бір көк тем қай та ті рі лу дің дә-ле лі емес пе? Көк тем қай та ті рі лу дің сан сыз үл гі сі не то лы. Жаз-да жап-жа сыл бо лып жай қа лып, күз де жеміс-жи де гін ша шу етіп төккеннен кейін бар лық өсім дік әле мі адам ның қар тай ған ша ғын-да ғы шаш та ры ның ағар ға нын дай жа пы рақ та ры со лып, са ры ал-тын ға боялып, бір тін деп тө гі ліп, өз де рі қу рай бас тай ды. Қыс кел-ген де бей не бір өлім ге ұшы рап, мәйіттің жерге қойылғанындай ап пақ қар дың ас тын а көміледі. Тір ші лік ты ны сы бай қал май ды. Мі не, өсім дік тер дің қыс та ғы осы өлі қал пы нан кейін олар ды көк-тем де көрсеңіз ғой. Көк тем ке лгенде, күл лі өсім дік әле мі әп-сәт те бүр шік атып, гүл де рін ашып, жай қа ла тү се ді. Иә, қыс қы өлім нен кейін өсім дік әле мін, мыңдаған жән дік түрлерін қай та жер бе ті-не қайта шығар ған Ұлы Жа ра ту шы мыз адам ба ла сын да өлімнен кейін қай та ті ріл те ді. Се бе бі адам -өсім дік тен де, шыбын-шір кей, жән дік тер ден де ма ңыз ды әрі ма ғы на лы жаратылыс.

Күз де то пы рақ қа тү сіп кө міл ген әр түр лі дән дер мен да қыл-дар ды ші рі ді, біт ті, өл ді деп ой лай мыз. Алай да ол көк тем де ке ре-мет түр де қай та ті рі ліп, қа ра жер ді қақ жа рып шы ғып, жай қа ла өсіп шығады. Бі реу бо лып өле ді, бір не ше бо лып ті рі ле ді.

Аллаһ Та ға ла Құ ран да:

ت وربت إن الذي رض خاشعة فإذا أنزلنا عليها الماء اهتز ومن آياته أنك ترى ال

أحياها لمحيي الموتى إنه على كل شيء قدير«Сен жер ді құр ғап, (Аллаһ тан ме дет сұ рап тұр ған адам дай)

ба сын иген күй де кө ре сің. Бі рақ Біз жаңбыр жау ғыз ған сәт те жер бе ті құл пы рып, көп си тү се ді. Мі не, құр ғақ жер ді осы лай кім ті рі лт се, өлілер ді де Сол ті ріл те ді. өйтке ні Оның әр нәр-

Page 131: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 131

се ге құ ді ре ті толық же те ді»133 – деп өлі лер ді ті ріл те тін шек сіз құ ді ре ті не на за ры мыз ды ауда ра ды

Алла Тағала, өзі нің жер бе тін де гі ха ли фа сы – адам ба ла сын да қа бір дегі өмірінен кейін көк темге ұқсас Хашыр кү ні қай та ті-ріл те ді.

Алла Та ға ла – күл лі әлемге мен өзі нің үкі мін қа был да тып, би-лі гін жүр гі зу ші әділетті Ұлы Пат ша. Құ ді ре ті шек сіз Ұлы Пат ша өзі нің бұй рық та ры на қар сы шы ғып, әл сіз дер дің ақы сын жеп, зұ-лым дық қа бел ше сі нен ба тып, тай раң дап жүр ген дер дің тиіс ті жа-за сын бе рмеуі, олар дан әл сіз құл да ры ның мүд де сін қор ға мауы, әр нәрсенің ақысын қайтармауы мүм кін бе? За лым дар дың іс те-ген іс те рі нен есеп ал ма стан, олар ды жауап қа тарт па стан жі бе ре сал са, бұл ісі Оның сал та нат ты пат ша лы ғы мен әді лет ті би лі гі-не жа ра спас еді. Алла Та ға ла мы на жал ған дү ниеде за лым дар дың тиіс ті жа за сы мен жақ сы лар дың із гі іс те рі нің қа ры мын үнемі то-лық қайтармайды. Де мек сы нақ үшін жа ра тыл ған мы на уа қыт ша дү ниеден кейін ақы рет те үл кен сот бол мақ. Бұл сот тың әді лет-ті тө ре ші сі Ұлы Жа ра ту шы мыз дың өзі бо лып, сол жер де бә рі не тиіс ті ба ға сы беріл еді. Ен де ше, бар лық ке мел дік тің шы найы иесі, пат ша лар дың пат ша сы – Аллаһ Та ға ла жақ сы лар ға сауа бын сый-лап, жа ман дар ға аза бын бе ріп, әді лет ті лі гі мен шексіз құ ді ре тін паш етуі үшін ақы рет ті жа ра тқан. Иә Алланың шек сіз құ ді ре ті мен қа ра қыл ды қақ жа рар әді ле ті, үл кен есеп кү ні нің жа ра ты-луын қа лаған.

Ұлы Жа ра ту шы мыз Құ ран Кә рім де:

ن خردل ونضع الموازين القسط ليوم القيامة فل تظلم نفس شيئا وإن كان مثقال حبة م

أتينا بها وكفى بنا حاسبين «Қия мет кү ні әділ дік та ра зы сын құ ра мыз. Ол жер де еш-

бір жан әді лет сіз дік ке ұшы ра май ды. Істелін ген іс бір хар дал дә ні нің сал ма ғын дай бол са да, оны та ра зы ға әке ліп тар та мыз. Есеп алу шы ретін де біз жет кі лік ті міз»134, – деп бұл дү ниеде іс-

133 «Фуссиләт» сүресі, 39-аят.134 «Әнбия» сүресі, 47-аят.

Page 132: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері132

те ген әр бір ісіміз дің ақы рет те әділ та ра зы мен тартылатындығын біл ді ре ді.

Иә, ақы рет болмаса, мы на дү ниеде гі көп те ген түйіні қиын сауал дар жауап сыз қал мақ. Мы на дү ниеде се зі ліп, бай қал ған көп те ген әсем ма ғы на баян сыз ке тіп, күл лі жа ра ты лыс бей не бір мағына сы аяқ сыз қал ған тү сі нік сіз кі тап бол мақ.

Жал пы әлем Ұлы Жа ра ту шы ның те рең мейі рім-шара па ты мен шек сіз жо ма рт ты ғы на тұ нып тұр. Алла Таға ла – тең дес сіз дар хан-дық пен аса жо ма рт тық тың нағыз иесі. Ал Он да ғы бұл дар хан дық пен жо ма рт тық мәң гі ба қи бе ру ді, тө гу ді, ры зық тан ды ру ды қа-лай ды. Мі не, сон дық тан Оның дар хан ды ғы мен жомараттығынан жаң быр дай құй ыла тө гі ле тін сый сыяпат қа, ырыс-бе ре ке ге ке-не ліп, мәң гі ба қи рызықтана тын жа ра ты лыс ке рек. Ол еш шү-бә сіз мы на дү ниенің ха ли фа сы, ең мағы на лы жа ра ты лы сы – адамның қай та ті рі луі ар қы лы бол мақ. Егер мы на дүниеден кейін Ұлы Жа ра ту шы ның осы аса жо ма рт тық пен дар хан дық сияқ ты сипаттарының кө рі ніс та ба тын бас қа екін ші мәң гі өмір болма ған жағ дай да, бұл сипатта ры осы дү ниемен шектеу лі қалмақ.

Әлем де гі кез кел ген нәр се бел гі лі бір мақ сат пен, хик мет пен жа ра тыл ған. Әр нәр се нің өзін дік мән-мағына сы, мін де ті бар. Жер-ден не ше есе үл кен Күн де, су да, ну ор ман да, өсім дік те, жан-жа ну ар да бә рі-бә рі «ләб байк» деп адам ға қыз мет ету де. Жал пы әлем адам үшін жа ра тыл ды де сек де ар тық бол мас. Осы әлем нің ішін де адам ның ор ны мүл дем ерек ше. Өйтке ні жер бетін де гі жал-ғыз са на лы тір ші лік иесі – адам. Ал ен ді Ұлы Жа ра ту шы мыз дың бар лық дү ниені адам үшін жара тып, ал адам ды бо стан-бос қа, еш мақ сат сыз жаратып, мәң гі лік ке жоқ қылуы мүм кін бе? Кіш кен тей ара ны да мақ сат пен жа рат қан Ұлы Жа ра ту шы – Хаким Ие міз дің адам ба ла сын бо стан-бос қа мақ сат сыз жаратып, мәң гі лік ке кел-мес ке жі бе руі мүм кін емес. Құран да:

أفحسبتم أنما خلقناكم عبثا وأنكم إلينا ل ترجعون«Біз сен дер ді бо стан-бос қа жа рат тық, әрі өз де рің де Біз ге

ке рі қай та рыл май мыз деп ой лап қал дың дар ма?»135– де лін се,

135 «әл-Мүминун» сүресі,

Page 133: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 133

«Қиямә» сү ре сін де: أيحسب النسان أن يترك سدى «Адам ба ла сы (еш сұ-рақ алын ба стан) бос қоя бе рі ле мін деп ой лай ма?» – де лі не ді.

Ал, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) адам баласының барлығы бұл дүниеге мәңгілікке келмегенін былай жеткізеді:

نيا كأنك غريب أو عابر سبيل كن في الد «Бұл дүниеде жат жұрттық немесе жолаушы (секілді)

бол»136 - деп, жалған дүниеден кейін ақыреттің барын меңзеп сон-да мәңгілік қалатынымызды ескерткен.

Кейбіреулер «арғы дү ниеге бі реу ба рып ке ліп пе?» деп күмән келтіруі мүмкін. Ал ақиқатында, бір нәр се нің бар екендігіне се ну үшін ол нәр се ні, ал ды мен, мін дет ті түр де кө ріп ке лу шарт емес. Еш бір адам ана сы ның құрса ғын да жа тып, мы на дү ниені кө ріп, со сын бұл дүниеге аяқ бас қан жоқ қой. Ана ның құр са ғын да ғы сәби өзі нің жат қан тар, қа раң ғы ме ке ні нен тыс бас қа әлем жоқ деп пай ым да са, қан ша лық қа те лес кен бо лар еді. Ту ра сол сияқ-ты біз дер де осы дү ниені бар лық болмыс әле мі деп та нып, бұ дан бас қа әлем жоқ деп пайым да сақ, құр сақ та ғы ба ла дай қа те ле се рі-міз анық. Өйтке ні мы на әлем де ақы рет әле мі мен са лыс тыр ған да ана ның құр са ғын дай ға на.

Құранда күллі адамзатты бір мезетте тірілтудің Аллаға қиын еместігі былай айтылған:

سميع بصير ا خلقكم ول بعثكم إل كنفس واحدة إن الل م«Сен дер дің жа ра ты лу ла рың да, қай та дан тірілті лу ле рің

де бір кі сі нің жа ра ты лып, тірілтілуіндей-ақ (оңай). Кү мән сіз Аллаһ Та ға ла барлық нәр сені то лық ес ту ші әрі кө ру ші»137

Өл ген нен кейін қай та ті рі лу ге иман етудің мынадай пай да ла-ры бар:

Өлім нен кейін қай та ті рі лу ге то лық илан ған кез кел ген адам-ның қо ғам да ғы ең се нім ді тұл ға ға ай на ла ры сөз сіз. Се бе бі ол, Ұлы жа ра ту шы сы өзі нің іс те ген әр бір ісін кө ріп тұрғанына се-неді. Бұ ған қо са бар лық қимыл-әре кет те рі екі жа ғын да ғы пе ріш-

136 Сахих Бухари, 6416.137 «Лұқман» сүресі, 28-аят

Page 134: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері134

те лер та ра пы нан жа зы лып, есеп ке алы ну да. «Зил зал» сү ре сін де ай тыл ған дай:

ة شرا يره ة خيرا يره ∗ ومن يعمل مثقال ذر فمن يعمل مثقال ذر«Кім де-кім то заң дай жақ сы лық іс те се, жақсылы ғы ның

қа ры мын ала ды. Ал кім де-кім тозаң дай жа ман шы лық іс те се, оның жа за сын тартады».138

Іс те ген әр бір ісі нің, бас қан әр бір қа да мы ның, сөй ле ген әр-бір сө зі нің арғы дү ниеде есе бін бе ре ті нін ойлап, жү ре гі мен бек сен ген адам жа ман шы лық атау лы дан, жал пы кү нә дан алыс жү-ре ді. Өйтке ні иман ды адам іс те ген қия нат та ры ның жа за сы нан бұл дү ниеде құ тыл ға ны мен, ана дү ниеде құ тыл май ты нын ой лап, кү нә ла ры ның есеп кү ні ал ды нан «қай да сың» деп ат тан са лып, жа ға сы нан алып, мас қа ра ете ті ні не кә міл се не ді. Бұ ған қо са ана дү ниеде қай та ті рі ле ті ні не сен ген кез кел ген адам өзін жа рат қан Ұлы Иесі нің ри за шы лы ғын алып, жән на тын да сый-сыя пат қа ке-не луі үшін бар лық өмі рін із гі істер мен өр нек теп, жақ сы амал дар-мен кес те леуге ты ры сып ба ға ры сөз сіз. Мұн дай се нім ге ие бол ған же ке тұл ға дан да, қо ғам нан да жа ман шы лық кү ту дің өзі орын сыз. Же ке тұл ға ның, от ба сы ның, кез кел ген қо ғам ның, тіп ті жал пы дү ниенің бей біт ші лік ті ту етіп, ба қыт ты ғұ мыр ке шуінің жал ғыз жо лы – ақы рет ке, өл ген нен кейін қай та ті рі лу ге де ген шы найы се нім. Жал пы әлем де гі іс те лі ніп жат қан зұ лым дық қа, бо стан-бос-қа тө гіл ген бей кү нә жан дар дың қа ны на, әді лет сіз дік ке, бар лық жа ман шы лық атау лы ға «Же тер ен ді, тоқ та!» деп, тосқауыл бо ла ала тын жал ғыз күш – қай та ті рі лу ге де ген осы се нім. Өйтке ні бұл се нім әр тұл ға ның ар-ұж да нын да, жү ре гін де әр бір ісін қа да ға лап тұ ра тын ең әділ кү зет ші іс пет ті. Ақи қат тек күш деп са на ла тын жә не әді лет сіз дік ке, ұр лық-қар лық қа, жем қор лық қа, па ра қор лық-қа то лы қа зір гі мы на дү ниеде бұл се нім нің қан ша лық ты қа жет ті-лі гі айт па са да тү сі нік ті. Қа зақ атам ның «Құ дай дан қо рық па ған-нан қорық» деуі де осы тұс ты ай қын дай тү се тін дей.

Ақы рет ке кә міл сен ген адам еш қа шан өлім нен қо рық пай ды. Өлім – ол үшін жоқ бо лып, ші рі ген сүйек ке ай на лып, мәң гі лік ке

138 «Зилзәл» сүресі, 7-8 аяттар

Page 135: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 135

көз жұ му емес, ке рі сін ше, екін ші бір мәң гі лік өмір ге кө шу, жал-ған дү ниеден ба қи не гіз гі дүиеге қо ныс ауда ру. Өлім құ бы лы сы – ақы рет се ні мін то лық қа был да ған адам үшін мәң гі лік өмір дің, шек сіз ба қыт тың ба сы бол мақ. Ке зін де гі ең күш ті мем ле кет тер-дің бі рі Иран ды же ңіп, ті зе бүк тір ген Сағд ибн Әби Уақ қас өзі нің же тіс ті гі нің се бе бін бы лай деп тү сін ді ре ді: «Мұ сыл ман әс кер лер шейіт бо лып, мәң гі лік ба қыт қа қауышу үшін еш нәр се ден қо рық-па стан өлім ге жү гі ре ді. Ал жау дың әс кер ле рі бол са, ке рі сін ше, өлім нен қа шып, әр бір қа да мын өлім ге де ген үрей мен ба са ды».

Иә, ақы рет ке сен бе ген адам үшін өлу ден қор қы ныш ты нәр се жоқ. Өйтке ні олар үшін өлім – жоқ бо лып, тір ші лік бе ті нен мәң гі-лік ке өшу де ген сөз. Мұн дай жан дар өлім ді ой лап кет се, ұйқы ла-ры қа шып, өне-бой ла ры суып, ма за ла ры ке те ді. Әсі ре се, өмір ле-рі нің со ңы на таяп қал ған қарт тар мен ай ық пас ауру ға шал дық қан жан дар үшін өлім өте қор қы ныш ты. Қал ған аз ға на өмір ле рі де олар үшін бей не бір тас қа раң ғы зын дан дай кө рі ніп, тір ші лік тен тү ңі ліп, үміт сіз күй ке ше ді. Олар ды осы қа раң ғы зын дан нан жа-рық нұр ға, үміт то лы өмір ге алып шы ға тын жал ғыз күш, да ра ме-дет – ақы рет ке, қай та ті рі лу ге де ген бе рік се нім.

Ақы рет ке сен ген адам өзі нің қа рақан ба сын ға на ой лай тын өзім шіл дік тен құ ты ла ды. Ақы рет те жү зі нің жар қын бо лып, Ұлы Жа ра ту шы ал дын да сүйік ті құл да ры ның қа та ры нан та бы лу үшін әр қа шан бас қа лар ға жақ сы лық жа сап, кө мек те се ді. Жал пы айт-қан да, Алланың құл да ры на пай да лы бо лу ға ты ры са ды. Мұн дай жақсылық жа сауды өмір ле рі нің түп мақ са ты ет кен адал жандар-дан құ рал ған қо ғам – жер бе тін де гі ең ба қыт ты қоғам.

Ақы рет ке де ген се нім – бұл дү ниеде за лым дар дың зұ лым ды-ғы на ұшы рап, адам бей не сін де гі жырт қыш тар дың қан ды ау зын-да ақы сы кет кен әл сіз жан дар үшін үл кен жұ ба ныш. Бұл се нім ге ие әр бір жан ер тең есеп кү ні Ұлы Жа ра ту шы ның ал дын да осы дү ниеде за лым дар ға қол ды бол ған ақы сын, мүд де сін қай та рып ала ты ны на кәміл сен ген дік тен, өз-өзін жеп, уай ым-қай ғы ға са лы-нып, іш кі дү ниесін ыза ға, кек ке, дұш пан дық қа бу лық тыр май ды. Ке рі сін ше, са быр сақ тап, «ер тең-ақ за лым дар Аллаһ тың ал дын да са зай ын тар та ды» деп, бой ын да ғы иман ның си қыр лы кү ші нің ар-

Page 136: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері136

қа сын да еш те ңе бол ма ған дай өмір дің нұр лы жо лын да ба ғы тын өз гер тіп, қа да мын бә сең дет пес тен жү ре бе ре ді.

Жа зыл май тын ауру лар ға, сал сияқ ты дерт тер ге шал ды ғып, әр түр лі жағ дай лар ға бай ла ныс ты мү ше ле рі не ай тар лық тай зақым кел ген мү ге дек жан дар ға жұбаныш бо ла тын жал ғыз нәр се – осы ақы рет ке де ген се нім. Ұлы Жа ра ту шы ла ры нан кел ген қиын сы-нақ қа сабыр етіп, сү рін бей өт кен жағ дай да мәң гі лік ғұ мыр да ба қыт ты бо ла тын да рын ой лап, жан да ры жай тауып, бойла ры на ерек ше күш кі ріп, жа ра лы жү рек те рі не үміт қа на ты бітеді.

Ақ жау лық ты ана мен ас қар тау дай әке нің, еш кім ор нын тол-ты ра ал май тын бауыр дың жә не бас қа да сүйік ті адам дар дың бұл дү ниеден қай туы кез кел ген адам ның, әсі ре се, жас бүл дір шін дер-дің нә зік жү ре гін де олар ға де ген үл кен са ғы ныш сезімін қал ды ра-ды. Иә, өмір де гі ті ре гің нен, қыс қа айт қан да, соқ қан жү ре гің нен, қи мас ада мың нан ай ыры лу – адам ның нә зік бол мы сы на ауыр соқ қы, жү ре гі не үл кен ай ық пас жа ра. Мұн дай ауыр соқ қы ның, ай ық пас жа ра ның ор нын тек қа на сол сүйік ті адам да рың мен қай-та қауышу ға, ақы рет ке, қай та ті рі лу ге де ген иман ға на тол ты ра-ды. Ақы рет те бұл дү ниеден өт кен сүйік ті адам да ры мен қай та та-бы сып, қай та қауыша ты ны на илан ған кез кел ген адам ның жү ре гі ор ны на тү сіп, сол ған гү лі қай та ті рі ле ді. Има ны кә міл жан дар бұл дү ниеде гі қи ма сы ның қайт қа нын ес ті ген сәт те «Кү мән сіз, біз Ұлы Жа ра ту шы мыз дан кел дік, әрі Ұлы Жа ра ту шы мыз ға қай та қай та мыз» ма ғы на сын да ғы аят ты көкейін де түйіп, Құ ран да мақ-тал ған «са быр» нә рін жү ре гі не қо рек етіп, қи ма сы на де ген ыс тық се зі мі мен са ғы ны шын ер тең гі ақы рет кү нін де гі қауышу ға, мәң-гі лік өмір ге ама нат тай ды. Қыс қа сы, өлім ха ба рын ес ті ген сәтте иман нан нә сі бін ала ал ма ған жан дар не іс те рін біл мей тү ңі ліп, аб ды рап қа лып жат қан да, иман ды адам әр қа шан са быр сақ тап, бай сал ды лық та ны та ды.

Page 137: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

137

Қайрат ЖолдыбайұлыАстана қаласындағы

«Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы

МӘЗҺАБ ҰСТАНуДЫң ҚАЖЕТТІЛІГІ

«Мәз һаб» сөзі жол, ба ғыт, көз қа рас де ген ма ғы на ны біл-ді ре ді. Ша ри ғат та – ар найы тә сіл дер, ере же лер ар қы лы Құ ран мен сүн нет тен шы ға рыл ған үкім дер мен көз қа рас тар негізінде қалыптасқан діни мектеп деген мағынада қолданылады.

Мәзһаб ұғымын жете түсіне алмаған кейбір шала сауаттылар халық арасында: «Сен пайғамбардың сүннетімен жүресің бе, жоқ әлде ханафи мәзһабын ұстанасың ба» дегендей сөздерімен ха-нафи мәзһабын пайғамбар жолынан бөлек етіп көрсетуге тыры-суда. Әрине, бұл сөздердің астарында мәзһаб ұстанушылардың адасқандығы меңзелгендіктен, ел арасында діни дүрдараздық пен бүлікке себеп болуда.

Ханафи мәзһабы пайғамбар жолынан бөлек, жеке басына дара жол емес.

Шариғат үкімдерінің қайнар көзі болып табылатын Құран және хадистің әрбір сөзінің тілдік негізгі мағынасымен қатар бірнеше ауыспалы мағыналары да бар. Тіпті, кейде аят пен хадистердің бір әрпінің өзі бірнеше мағынаны білдіреді. Аяттардың түсу себептері, кейбір себептерге байланысты хадистердің қарама-қайшы келетін, яки бір қарағанда бір-біріне қарама-қайшы сияқты көрінетін жерлері де кездеседі. Және хадистердің «са-хих лизәтиһи», «сахих лиғайриһи», «хасан лизәтиһи», «хасан лиғайриһи», «әлсіз», «жалған», «мутауатир», «ахад», «мәшһур», «ғариб» сияқты қуаттылық жағынан үкім шығаруда үлкен мәнге ие дәрежелері бар. Бұларды кез-келген қарапайым адам тереңнен талдап, аражігін ажыратып, шариғи үкім шығара алмайды. Алла тағаланың өзі барлық мұсылмандарға мұндай ауыр жауапкер-шілік жүктемеген. Керісінше, Құранда:

كر إن كنتم ل تعلمون فاسألوا أهل الذ

Page 138: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері138

«Білмесеңдер, білім иелерінен сұраңдар»139 деп білім ие-леріне жүгінуді құлдарына жүктеген. Сондықтан пайғамбарымыз бақилық болғаннан кейін сахабалар мен табиғиндардың Хижаз аймағындағылары Абдуллаһ ибн Омардан, ал Куфадағылары Абдуллаһ ибн Мәсғуд (р.а.) сынды ғалым сахабалардан пәтуа сұрап, солардың айтқан үкімдерін негізге алып амал еткен бола-тын.

Ендеше, ана тілдері арапша әрі Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарды көздері көрген сахабалардың және сахабаларды көзі көрген табиғиндердің өздері діни мәселелерде араларындағы білімділер-ге жүгінген болса, кейінгі ғасырлардағы адамдардың Әбу Ха-нифа секілді Құран ілімімен қоса хадис ілімін, мантық-қисын, фиқһ негіздерін, сахаба фәтуалары мен басқа да ғұламалардың көзқарастарын, т.б. ислами ілімдерді жетік біліп, әрбір аят-ты зерделеп, мыңдаған хадисті мұқият зерттеген мүж тә һи д ғалымдардың шығарған үкімдерімен жүруге қаншалықты зәру әрі мұқтаж екені айтпаса да түсінікті. Ал өз бе тін ше әре кет еткен адамның ақиқаттан ада суы әрі өзгелерді де адастыруы әб ден мүм-кін. Ол бейнебір асау толқынды теңізге желкенсіз, әлсіз қайықпен шыққан ақылсыз бейшараға ұқсамақ.

Мәзһаб ұстанбаймын деген адамның мысалы мынаған ұқсайды: Математика, физика ғылымдарында білгірлердің анықтаған тұрақты формулалары бар. Қарапайым адамдар сол формулаларды қолдана отырып есептерін шығарады. Ал оны қолданбаймын деп бас тартқандар өздері сондай формулалар-ды ойлап табуы ләзім. Ал ол үшін ондай адам өзінің алдындағы білгірлерден де асып түсіп, білімі олардан да терең болуы қажет. Олай болмаса, бұрынғы формулаларды қолданбаймын деуі бекер. Міне, дәл осы тәрізді мәзһаб ұстанбаймын деген адам да Имам Әбу Ханифа, Имам Малик, Имам Шафиғи, Имам Ахмад ибн Хан-бал секілді мүжтаһидтік дәрежеге жетпеген жан болса, мәзһабсыз жүрем деуі де бос әурешілік.

Олай болса, ханафи мәзһабын исламнан бөлек, пайғамбар сүннетінен өзгеше жол емес, керісінше Құран аяттары мен ха-

139 «Нахл» сүресі, 43-аят

Page 139: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 139

дистерде білдірілген ақиқаттарды анықтап, үкімдерді халыққа түсіндіруші мектептердің бірі деп түсінуіміз керек.

Қазіргі таңда хадис кітаптары алдымызда, қай хадистің сахих, ал қайсысының әлсіз екені де белгілі. Олай болса, мәзһаб ұстанудың қажеттілігі қанша?

Бұлай деп пайымдау қате болып табылады. Олай дейтініміз; Біріншіден, мәзһаб ұстанбаймын деген адам хадистердің

сахихтығы мен әлсіздігін өз біліміне сүйеніп біліп отырған жоқ. Хадис ғалымдарының хадистерге берген анықтауына жүгініп отыр. Ал хадистің сахихтығы мен әлсіздігін анықтау – әр хадис ғалымының хадистерді қабылдаудағы шарттары мен талаптарына, зеректігі мен ыждаһаттылығына қарай өзгеруі мүмкін. Сондықтан кейде біреуінің сахих дегенін екінші бірі қабылдамауы мүмкін. Олай болса, әр хадисті өзі жеке зерттеп, оларды риуаят еткен ха-дис тізбектеріндегі мыңдаған адамдардың өмірбаянын жеке-же-ке тексеріп, сараламаған адам хадистің дәрежелерін білуде бел-гілі бір хадис ғалымдарының берген анықтауына сүйеніп отыр. Олардың мынау сахих дегеніне сахих деп, анау әлсіз дегеніне әлсіз деп хадиске берген үкімін ұстануда. Бұл өз кезегінде хадис ілімінде белгілі бір мәзһаб ұстанып отыр деген сөз. Ал енді фиқһта белгілі бір мәзһаб ұстауға қажеттілік жоқ деген адам хадистің сахихтығы мен әлсіздігін анықтауда да мәзһаб ұстанбауы тиіс. Ал ұстанады екен, онда фиқһ мәселелеріндегі мәзһаб ұстануға да қарсы шықпауы тиіс140. Екіншіден, хадистердің сахих, әлсіз секіл-ді дәрежелерінің белгілі болуы – үкім шығару үшін жеткіліксіз. Себебі, хадистердің қайсысының үкімінің жалғасып, қайсысының мәнсұх (үкімінің жойылған) екенін білмек керек. Қайсысының қандай жағдайда айтылғанын білу үшін сол тақырыпқа қатысты айтылған хадистердің бәрін оқып, ондағы нәзік мағыналарды бір-бірімен салыстыра алатындай дәрежеде білімге ие болу қажет. Ал мұның бәрін базардағы саудагер яки, көлік жүргізіп жүрген қарапайым мұсылмандарды былай қойғанда, арнайы бес-алты жыл діни ілім алып шыққан маман да біле бермейді.

140 Зафар Ахмад әл-Усманиют-Тахауани, Қауағиду Ъилмил-хадис, 466-457-бет. «Дарус-Салам» баспасы, Каир қаласы, 2000 ж.

Page 140: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері140

Үшіншіден, фиқһта тек қана сахих хадистермен емес, кейде әлсіз хадиспен де амал етіледі. Мысалы «әлсіз» делінген хадис басқа жолдармен риуаят етілсе, «Хасан ли ғайриһи», яғни басқа жолмен «жақсы» дәрежесіне көтеріледі. Ал мұндай хадиспен амал етуге әбден болады.

Мысалы, Омар ибн Хаттабтан риуаят етілген хадисте былай делінеді:

هما عاء لم يحط كان رسول الل صلى الل عليه و سلم ـ إذا رفع يديه فى الد

حتى يمسح بهما وجهه«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қолдарын дұға ету үшін көтерер

болса, оны жүзіне сипамастан түсірмейтін еді»141 .Сондай-ақ, Ибн Аббастан (р.а.) риуаят етілген хадис-

те: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): Алла тағаладан тілеген кез-де алақандарыңның сыртымен емес, ішімен тілеңдер және алақандарыңды жүздеріңе сипаңдар деді»142, – делінген.

Жоғарыдағы келтірген хадистердің барлығының дәрежесі әр хадисті жеке алғанда «әлсіз». Бірақ әлсіз хадис басқа да ри-уаяттармен келер болса, бірін-бірі қуаттағандықтан хадистердің жалпы топтамасы «хасан» дәрежесіне жетеді. Ал «хасан» дәрежесіндегі хадиспен амал етуге әбден болады. «Сахих Буха-риге» «Фатхул-бари» атты 15 томдық түсіндірме жазған Хафиз Ибн Хажар әл-Асқалани өзінің «Булуғул-Марам мин әдиллатил-әхкам» атты еңбегінде жоғарыдағы бет сипауға байланысты Тир-мизидегі хадисті келтіргеннен кейін: «Бұл хадис басқа да жол-дармен келген мысалы, Ибн Масғудтан. Сондықтан бет сипауға байланысты хадистердің топтамасы бұл хадистің «хасан» болуын қажет етеді» деген. Ғалым Мухаммед ибн Исмағил әс-Санғани «Булуғул-Марамға» түсіндірме етіп жазған «Субулус-Сәлам» атты кітабында Ибн Хажардың осы сөздерінен кейін: «бұл жерде

141 әт-Тирмизи, 3308.142 әл-Мустадрак алас-сахихайн лил-Хаким, 1924. Әбу Дәууд, Бабуд-дұға.

Муснад Абд ибн Хамид, 717

Page 141: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 141

дұғадан кейін бет сипаудың шариғатта бар екенін көреміз»143, – дейді.

Сондай-ақ, кейде ханафи ғұламалары бір мәселені білдіретін сахих хадистер көп бола тұра, ол хадистерді негізге алмай басқа хадистерге сүйенгендіктен, өзгеше үкім берген. Мысалы, хана-фи мәзһабында намазда бір-ақ жерде қол көтеріледі. Намазды бастаған уақытта ғана. Ал рүкүғке барғанда және қайтқан кезде тәкбір айтылғанмен, қолдар көтерілмейді. Бұған байланысты са-хих хадисте:

عليه وسلم صلى الل أنه قال أل أصلي بكم صلة رسول الل عن علقمة عن عبد الل

ة واحدة فصلى فلم يرفع يديه إل مر Алқама Абдуллаһтан риуаят етті: Ол (Абдуллаһ ибн

Мәсғуд): «Мен сендерге Алла елшісінің намазын оқып көрсетейін бе? – деп намаз оқыды. Намазда екі қолын бір-ақ рет көтерді». Бұл хадис Насайиде келтірілген. Дәрежесі сахих. Және бұл хадис Ибн Әби Шәйбада да келтірілген. Оның риуаятындағы жеткізген жеткізушілердің бәрі Бухари мен Муслимнің шартына сай. Бұл хадис тағы да Ахмадтың «Муснадында» келген.

Ханафи ғалымдары рүкүғқа иілер алдында және рүкүғдан қиямға тұрғанда қол көтерілетіндігіне байланысты басқа сахих хадистерді емес, Ибн Масғудтың осы хадисін негізге алған. Се-бебі, Ибн Масғуд сахабалардың арасындағы фиқһ білімін ең көп меңгерген әрі жас жағынан да ең үлкені еді. Сондай-ақ қолды рүкуғқа бара жатқанда және қайтқанда көтерілетіндігіне байла-нысты сахих хадисті риуаят еткен Абдуллаһ Ибн Омардың өзі іс жүзінде намазда бір-ақ рет қол көтергендігі сахих жолмен жеткен. Ендеше, ханафи мәзһабында хадисті жеткізген адамның хадисін емес, ісін негізге алғандықтан қолдар алғашқы тәкбірлерде ғана көтеріледі. Жоғарыдағы мысалдардан байқағанымыздай, белгілі мәселеде сахих хадистердің болуы үкім шығару үшін жеткілік-сіз.

143 Субулус-сәлам, лис-Санғани

Page 142: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері142

Ислам діні – белгілі бір уақытқа ғана емес, қияметке дейін жалғасатын жүйе, һәм, нақтылы бір қауымға ғана емес, жер бетін-дегі барша адамзатқа жіберілген ақырғы дін. Ал мұндай діннің еш өзгермейтін негізгі (кулли) ата задарының жанында кейбір тармақ мәселелері адамзаттың ой-өрісінің жетілуі, заманының өзгеруі, шарттар мен жағдаяттардың әрқилы болуына байланысты өзгеру мүмкіншілігіне ие боп келеді. Сондықтан пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Үмбетімнің (кейбір мәселелерде) әртүрлі көзқараста болуы – рақымдылық» деген. Себебі, адам мен заман, қоғам мен ахуалдың түрлі болуы – тармақ мәселелерде біркелкілікті қабылдай бер-мейді. Міне, сондықтан мәзһаб ғұламалары діннің ата заңдары шеңберінде қоғамның менталитеті мен жағдаятын ескере оты-рып, кейбір тармақ мәселелерде түрлі үкімдер шығарған. Ал егер тармақ мәселелерде жаппай біркелкілік болғанда, мұсылмандар кей жағдайларда қиындыққа тап болар еді.

Мысалы, ха на фи мәз һа бын да, екі на маз ды бі рік ті ріп қо сып оқу тек қа жы лық мез гі лін де Ара фат пен Муз дә ли фә да ға на рұқ-сат етіл ген. Бұ дан тыс жо лаушы лық се кіл ді се беп тер ге байла ныс-ты қо сып оқи ал майды. Бі рақ бас қа мәз һаб тар да жо лаушы лық-та т.б. қиын жағдайларда екі на маз ды қо сып оқуға рұқсат. Осы мүмкіншілікті негізге ала отырып, ха на фи мәзһабындағы кісі ұзақ сапар кезінде көпшілікке арналған көлікте болғандықтан, дәрет алып намазын уақтылы оқи алмаса, онда ша фи ғи мәз һа бы бойын ша екі на маз ды қосып оқып жат са, ра қым ды лық әрі же ңіл-дік болмақ.

Не гі зін де, ис лами мә се ле ле р «Мут та фа қун алейһ», «Мух-тә ла фун фиһ» деп екі ге бө лі не ді. Бі рін ші сі – нақ ты, бұл тарт пас дә лел дер мен дә лел ден ген бар лық ис лам ғұ ла ма ла ры ның бір көз-қа рас та ғы мә се ле ле рі. Мы са лы, Алланың жалғыздығын да, соң ғы пай ғам бар дың Мұ хам мед (с.ғ.с.) екен ді гін де, на маз дың бес уа-қыт ты ғын да, т.б. осы сияқ ты мә се ле лер де жал пы мұ сыл ман дар ара сын да еш та лас-тар тыс жоқ. Осы мұ сыл ман дар дың бір көз қа-рас та бол ған мә се ле ле рі не қар сы шық қан адам ға «се ні кі дұ рыс емес, сен ада су да сың» деп айта ала мыз. Бі рақ «Мух тә ла фун фиһ», яғ ни, мұ сыл ман дар дың әу бас тан әр түр лі көз қа рас та бол ған тар-

Page 143: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 143

мақ мә се ле ле рін де бел гі лі бір көз қа рас ты таң да ған адам екін ші бір мәз һа бты таң да ған адам ға «сен дер ді кі дұ рыс емес, тек қа на біз ді кі дұ рыс, біз дің жол ақи қат, сен дер ада сып жүр сің дер» деп айта ал майды. «Бәл кім, ме нің таң да ға ным, ме нің ше, дұ ры сы рақ» деп қа на айта ала ды. Өйткені, бар лық мәз һаб тың өзін дік ша ри ғи дә лел де рі бол ған дық тан, «тек қа на ме ні кі дұ рыс» деу – мұ сыл-ман дар ара сын да бү лік шы ға рып, өза ра қыр қы су ла ры на әке ліп со ға ды.

Сахабалардың да одан кейін келген табиғиндардың да ара-сында діннің кейбір мәселелерінде әр түрлі көзқарастар болмай тұрмайтын. Мысалы, олардың арасында пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) миғражға рухымен көтерілді ме, жоқ әлде, рухымен қоса тәнімен шықты ма,, ол жерде Алла тағаланы көрді ме дегенге қатысты әр түрлі көзқарастар бар болатын. Бірақ бұл әр түрлі көзқарастар олардың бірліктері мен ынтымақтарына зәредей де кері әсерін тигізбейтін. Кейінгі мәзһаб ғұламалары да бір-бірін қатты сыйлаған. Мысалы, ханафи ғұламасы әл-Қади Әбу Усам Шафиғи ғалымы Қаффалдың мешітіне барады. Әбу Усамды көрген Қаффал муәззинге азанды ханафи мәзһабы бойынша оқылуын тапсырады. Әбу Усам намаз оқытады. Бірақ өзі хана-фи мәзһабын ұстанатындығына да қарамастан, «бисмиллаһты» шафиғи мәзһабы бойынша жария оқыған144. Міне, ғұламалардың арасындағы әр түрлі көзқарас ұстануы мен мәзһаб ерекшелігі бір-біріне деген сый-құрмет, ықыластарына кері әсерін тигізбеген. Сондықтан біздер де ортақ мәселелерімізде бір-бірімізді қолдап, әр түрлі келіспейтін мәселерде бір-бірімізге кең түсінікпен қарай білуіміз қажет.

Хрис тиан дар мен ев рей лер екеуі екі бө лек ха лық, дін де рі де екі бө лек. Ға сыр лар бойы бір бі рі мен шайқа сып, қыр қы сып кел-ген. Бі рақ осын дай дін де рі де ұлтта ры да екі бө лек, бір бі рі мен ға сыр лар бойы со ғы сып кел ген екі ха лық мұ сыл ман дар ға қар сы кү рес те тарихта рын да ғы со ғыс та рын, бір-бі рі не де ген ыза-кек те-рін ұмы тып, бі рі гіп ын ты мақ та са біл ді. Ал ен ді мұ сыл ман дар дың

144 Мәурауи, әл-қаулус-садид. Абдул Желил Жандан, Мүсүлман ве мезһеб 45-бет.

Page 144: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері144

бол май тын тар мақ мә се ле ле рін де қы зыл ке ңір дек бо лып, бір-бі-рін рен жі тіп, бү лік шы ға ру ла ры на не де мек піз. Бар лық мұ сыл-ман дар дың Жа ратушыла ры бір, Құ ран да ры бір, Пай ғам бар ла ры бір, сүн ннет те рі бір, на маз да ры бір, ора за-зе кет те рі бір, Қағ ба-құ бы ла ла ры бір, дұш пан да ры бір, осындай сан жет пес ор тақ мә-се ле ле рі бо ла тұ ра «на маз да қо лың ды ха на фи мәз һа бы бойын-ша емес, біз ді кі сияқ ты байла, құ ныт дұ ға сын олай емес, бұ лай оқы» деу сияқ ты иманмен салыстырғанда, түйме дей мә се ле лер ді түйедей қы лып, бір-біріне ала көз бен қа рап, «ме нің таң да ған көз-қа ра сым мен жүр ме дің» деп жү ре гін ыза мен кек ке бұқ ты руы қан-дай ағаттық де се ңіз ші.

Ғи ба дат та не гіз гі мә се ле құл шы лық бол ған дық тан, уақы ты-мыз ды «қолыңды алай байла, бұлай байла» деген секілді кішігірім нәр се лер ге ке тір мей, та қуалық қа, көр кем мі нез ді бо лу ға, Алланы кө ріп тұр ған дай ғи ба дат ету ге, хал қы мыз дың има нға келуіне се-беп бо лу ға, жал пы еліміздің игілігі жолында жұм са сақ нұр үстіне нұр болмақ. Бәл кім кейбір мұ сыл ман дар дың ма ңыз ды мә се ле ле-рін тас тап, осын дай нә ти же сін де еш қан дай пайда бермейтін мә-се лелер мен айна лы суының түбінде бас қа лар дың ойыны да бар шы ғар дей ке ле мұ сыл ман дар ды қы ра ғы лық қа, па ра сат ты лық қа ша қы ра мыз.

Құрметті мұсылмандар! Енді ғана тәй-тәй басып, мұсылманшылықты жаңадан үйреніп жүрген аз ғана халқымыздың арасында бәрінен бұрын бірлік, ынтымақ қажет. Елі міз де гі мұ-сыл ман дар ға сыр лар бойы ха на фи мәз һа бын ұс тан ған дық тан ха лық ара сын да ғы ауыз бір ші лік ті сақ тау әрі ен ді ен ді на маз да-рын оқып үйре ніп жүр ген дер дің ойын сан -сақ қа жү гір тпеу үшін халқымыздың үйреншікті мәзһабын насихаттауға ат салысайық. Біз бұл сөздерімізбен ханафи мәзһабынан тыс басқа суннит мәзһабтарды адасып жүр деуден де аулақпыз.

Тек айтпағымыз шет елден келген келімсек миссионерлер-лер руханиятқа аш, адал халқымызды алдап арбап жатқан мына кезеңде біздің өте парасатты, аса қырағы болуымыз қажет. Сондықтан қазіргі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұстанып әрі насихаттап отырған жолы ата бабамыз ежелден

Page 145: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 145

ұстанған ханафи мәзһабы біздің кез келген сұрағымызға жауап беріп, қандай да болсын қажеттілігімізді өтей алатындай бай әрі өте қолайлы екенін естен шығармайық. Ендеше, басқа мәзһабты уағыздап, жаңалық ашудың адамдардың басын қатырғаннан басқа қандай пайдасы болмақ? Олай болса, біз күш-қуатымызды жаңа жол салуға жұмсағаннан гөрі ықылым заманнан үйренген жолымызды жандандырып, халықты ізгілік пен имандылыққа, бірлік пен ынтымақтыққа шақырайық.

Page 146: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

146

Қайрат ЖолдыбайұлыАстана қаласындағы

«Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы

ЖИҺАД ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

«Жиһад» сөзі араб тілінде белгілі бір нәтижеге, мақсатқа жету үшін яки бір істі істеу үшін бар қажыр-қайрат пен ынта-жігерді жұмсау, тырысу, күресу деген мағыналарды білдіреді.

Жиһад ұғымының аясы өте ауқымды. Бүгінгі таңда көптеген адамдар жиһадты қару алып соғысу деп біржақты түсінеді. Әрине, мұндай түсінік жиһадтың мағынасын шектейді. Құранда «жиһад» сөзі 35 жерде аталғанымен, төрт жерде ғана тікелей соғыс мағынасында келген. Құранда соғыс ұғымы «харб», «мухарабә», «мағрака», «қитал» терминдерімен білдірілген. Бірақ жиһад сөзі соғысты да қамтығандықтан, көпшілік «жиһад» делінген кезде ті-келей соғысты түсінеді.

Жиһад – адамға Алла тағаланы тану үшін жол ашу дегенді біл-діреді. Жаратушыны тануға сауатсыздық, кедейшілік, ерік-ойға, санаға жасалған шектеулер кедергі келтірсе, солармен күресу үшін атқарылатын барлық іс-шара жиһад болып есептеледі.

Алла разылығы үшін істелген әрбір іс-әрекет «жиһад» бо-лып саналады. Қандай да болсын қиын жағдайларға қарамастан, күн сайын үздіксіз бес уақыт намаз оқу, кейде ми қайнатар ап-тап ыстықта ораза ұстау, Алла тағаланы халыққа таныту үшін істелген әрбір іс, қоғамдағы кейбір кері тартпа келеңсіздіктерді1 түзету үшін атқарылған үлкенді-кішілі барлық шара исламдағы жиһад ұғымының аясына кіреді.

Жиһад – ең әуелі өзіңді түзету. Ішкі дүниеңді, жүрегіңді тазар-ту. Болмысыңды қызғаншақтық, қанағатсыздық, сабырсыздық, жалқаулық, тәкаппарлық секілді күллі жаман қасиеттерден арылтып, олардың орнын көркем қасиеттер егу. Қысқасы, мұсылманның өз нәпсісімен үздіксіз күресі. Себебі, әуелі өз ба-

Page 147: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 147

сын түзете алмаған адам, нәпсісін жеңіп, кемел адам болу жолы-на түспеген жан өзгені қалай тура жолға шақырмақ?!

Сыртқы күрестен бұрын ішкі күресті қолға алудың маңыздылығы айтпаса да түсінікті. Себебі, адам өзінде жоқ нәрсені басқаға қалай бермек? Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бірде соғыстан шаршап-шалдығып келе жатқан сахабаларына

رجعنا من الجهاد الصغر إلى الجهاد الكبر، قالوا: وما الجهاد الكبر؟ قال مجاهدة

العبد هواه«Біз қазір кіші жиһадтан үлкен жиһадқа қайттық», – деген

кезде, сахабалары: «Уа, Расулуллаһ, «үлкен жиһад» деген не?»145, – деп таңғала сауал қойды.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ол – өз нәпсіңмен күрес», – деп қысқа да нұсқа жауап қайырды. Міне, көрдіңіз бе! Неге? Өйткені, нәпсімен күрес қолға қару алып дұшпанмен соғысқаннан да қиын. Олай дейтініміз, сыртқы дұшпанның кім екені, қайда екені, қашанға дейін болатындығы белгілі. Сондықтан, онымен күресу оңай. Ал нәпсің болса, олай емес. Ол сенің ішіңде. Қай жақтан, қалай келіп айласын асыратыны да беймәлім. Оның дұшпандығы белгілі бір уақытпен шектелмейді, әрдайым сенімен бірге. Міне, сондықтан пайғамбарымыз сыртқы дұшпанмен күресті «кіші жиһадқа» теңеп, нәпсімен күресті «үлкен жиһадқа» балаған.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) басқа бір хадисінде: «Нағыз жиһад жасаушы кісі – өзінің нәпсісімен күресуші»,– деп нәпсімен күрестің маңыздылығын тағы бір рет айшықтай түскен.

Жиһад ұғымы адамнан адамға, қоғамнан қоғамға, жағдайдан жағдайға қарай түрленіп отырады. Бір дәрігердің өз саласында кәсіби деңгейге қол жеткізу үшін тынбай талпынуы мен ізденуі, эко-номика маманының мұсылмандардың әлеуметтік жағдайларының түзелуі үшін жұмсаған қажыр-қайраты, мұғалімнің сапалы білім беруі – мұның бәрі жиһадқа жатады. Мұсылмандардың керекті қаржыны тірнектеп жинап, өздеріне мешіт, медресе тұрғызуы; қалталы азаматтардың жоқ-жітіктерге көмектесіп, жетім-жесір-

145 Ажлуни, Кәшфул Хафа, I, 45.

Page 148: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері148

лерге қарайласқан істері де Хақ жолындағы күреске – жиһадқа жатады.

Пайғамбарымыз бір хадисінде: «Жесірлер мен міскіндер үшін жұмыс істеуші кісі дін жолында жиһад жасаушы адамға тең»146 дейді.

Кейде нағыз сұранып тұрған тұста бір ғана кесімді сөз айту да, сөз кері әсер етер сәтте сабыр сақтап, үндемеу де жиһадқа са-налады. Тіпті, кейде қажеттілігіне қарай тек қабағыңды шыту яки күлімсіреудің де жиһадқа саналуы ғажап емес. Қысқасы, істелетін әрбір істің Хақтың разылығына қарай реттелуіне жиһад делінеді.

Жиһад мәжбүр жағдайда қарумен де болады. Барлық дипломатиялық байланыстар нәтижесіз аяқталып, келіссөздерден толықтай үміт үзілген шақта отанды қорғау үшін қолға қару алып, жиһад жасауға болады.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) дәуіріндегі жиһадқа, яғни мұсылмандардың Хақ жолындағы күрестеріне назар аударсақ, жоғарыда айтылған жиһадтың барлық түріне куә боламыз.

Хазреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарлығының алғашқы үш жылында исламды жасырын насихаттады. Мұсылмандардың бұл кезеңдегі жиһадтары дұшпандардың көзіне түспестен, пайғамбарымызбен жасырын түрде кездесіп тұруы болатын.

Пайғамбарлықтың төртінші жылынан бастап, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) елді жаңа дінге жария түрде шақыра бастады. Осы кезде Мекке мүшіріктері иман етіп, жаңа дінге кірген ат төбеліндей аз ғана мұсылмандарды келеке, мазақ етіп, сан-алу-ан қиыншылықтарға душар етті. Осы кезеңдегі мұсылмандарға тиесілі жиһад – мүшіріктердің жан шыдатпас азаптарына сабыр етіп, жаңа дінді насихаттауды тоқтатпау болатын. Әз сахабалар мұны ең керемет түрде атқара алды.

Мүшріктердің жан түршігерлік азабына душар болған кейбір мұсылмандарға пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Эфиопия еліне көшуді бұйырды. Жағфар және басқа да онымен бірге барған бірқатар са-хабалар Эфиопия патшасы Нәжашиға жаңа дінді жеткізіп, оның иманға келуіне себеп болды. Осылайша бұл көш жай ғана көш

146 Бухари,

Page 149: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 149

емес, Жағфар сынды сахабалардың үлесіне тиген сол кездегі дін жолындағы жиһадтың нағыз өзі болатын.

Мүшріктер мұсылмандарды азаптаптауда жаңа бір айлаға көшті. Мұсылмандарды өзге халықтан бөлектеп, сауда-саттық секілді жалпы адами қатынастардың барлығына тыйым салып, оларды қоғамнан оқшаулап, саяси-экономикалық блокада жа-риялады. Тоз-тоз болып, аш-жалаңаш күй кешкен мұсылмандар бұл қиын заматта да сабыр сақтап, ұстанған жаңа діндерін таста-мастан, өздеріне жасалған зұлымдықтарға табандылық танытты. Осындай қиын кезеңде Хадиша анамыз қолындағы бар дүниесін мұсылмандарға үлестіру арқылы өзіне тиесілі жиһад міндетін атқара білді. Исламнан бұрын Меккенің санаулы байларының санатына жататын Хадиша анамыз бар байлығын Хақ жолына жұмсағандықтан, өзі қайтыс болған кезде ақыреттік кебініне бір орам бөз де бұйырмаған еді.

Және сол қиын кезеңдерде Әбу Бәкір өз үйінде Құран оқитын. Бірақ Құранды ішкі бөлмелерінде емес, ел жүретін жаққа қарайтын сыртқы бөлмеде оқитын. Көшеден ары-бері өткен адам-дар Әбу Бәкірдің тебіреніп оқыған Құранына құлақ түре бастады. Кейбірі көп өтпей мұсылмандықты қабылдап жатты. Міне, Әбу Бәкір қиын заманда өзінің бір ғана Құран оқуымен де жиһадты тамаша атқарды.

Күн санап азғындықта шектен шыққан мүшріктердің азабына шыдай алмайтындай жағдайға жеткен кезде, ғибадаттарын еркін атқарып, жаңа дінді өзгелерге жеткізудің уайымымен мұсылмандар Меккедегі туған жерлерін, бар дүние-мүлік, туған-туыстарын тастап, Мәдина қаласына һижрат етті (көшті). Мұсылмандардың Мәдинаға келгеніне екі жылдай уақыт өткен аралықта Мекке мүшріктері олардың Меккеде қалған бар мал-мүліктерін талан-таражға салып, өртейтінін өртеп, құртатынын құртты. Қалған дүниелерін үлкен керуендермен Шамға, Сирияға сатуға жіберді. Мұсылмандар бұлардың бәрінен хабардар еді. Енді олар Мәдина қаласының маңайынан өтіп бара жатқан мүшіріктердің керуені-нен өздерінің мал-мүліктерін қайтарып алуды ниет етті. Алайда Меккедегі мүшіріктер бұдан хабардар болып, мұсылмандарға

Page 150: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері150

қарсы үлкен әскер жіберді. Яғни, мұсылмандардың ниеттері соғыс емес, өздерінің талан-таражға түскен дүниелерін қайтарып алу болатын. Бірақ мүшіріктер соғысты қалады. Алла тағала осыдан кейін ғана мұсылмандардың рухын көтеріп, әлсіздерге, қорғансыздарға пана болу мақсатында, күн санап қиянат жаса-уда шектен шыққан кәпірлердің шама-шарқын көздеріне көрсету үшін соғысқа алғашқы рет мына аят арқылы рұқсат берді.

على نصرهم لقدير . الذين أخرجوا من أذن للذين يقاتلون بأنهم ظلموا وإن الل

نا الل ديارهم بغير حق إل أن يقولوا رب «өздеріне қарсы соғыс ашылған мұсылмандарға

(мүшріктермен) соғысуға рұқсат берілді. өйткені олар зұлымдыққа ұшырап, жәбір көрді. Әлбетте, Алла тағала оларға жәрдем беруге толық күші жетеді. Олар ешбір се-бепсіз тек «Раббымыз – Алла» дегендері үшін отандарынан қудаланды...»147.

Яғни өздеріне ешбір себепсіз зұлымдық жасап, сан-алуан қиыншылықтарға душар етіп, елінен-жерінен кетуге мәжбүрлеп, мал-мүліктерін талан-таражға салған адамдарға қарсы соғысуға тек он бес жылдан кейін ғана рұқсат етілді.

Исламда негізгі ұстаным – бейбітшілік. Бұл туралы Алла тағала былай дейді:

لم فما جعل الل لكم عليهم سبيل فإن اعتزلوكم فلم يقاتلوكم وألقوا إليكم الس

«Егер олар сендерден аулақ тұрса әрі сендермен соғыспаса, тіпті сендермен бейбіт тұруды ұсынса, онда Алла тағала сендердің оларға шабуыл жасауларыңа ешқандай жол бермеді»148.

Алла тағала өзге дін өкілдерімен бейбіт ғұмыр кешуді былай қойғанда, мұсылмандардың оларға жақсылық әрі әділдік таныту-ларына рұқсат берген.

147 «Хажжаж» сүресі, 39-аяттар.148 «Ниса» сүресі, 90-аят.

Page 151: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 151

وهم ن دياركم أن تبر ين ولم يخرجوكم م عن الذين لم يقاتلوكم في الد ل ينهاكم الل

يحب المقسطين وتقسطوا إليهم إن الل

«Дін турасында сендермен соғыспаған, әрі сендерді өз отандарыңнан қуып шығар-маған адамдарға жақсылық жасауларыңа және оларға әділетті болуларыңа Алла тағала қарсы емес. өйткені Алла тағала әділеттілік жасағандарды жақсы көреді»149.

Соғыс – дипломатиялық жолдар түгелдей іске аспаған жағдайларда ғана амалсыз барылатын ақырғы шара. Ал бейбіт-шілікке, келісімге қайтадан мүмкіншілік туған жерде соғысқа жол жоқ. Яғни қарсы жақ соғысты тоқтатып, келіссөз сұраса, мұсылмандар да соғысты тоқтатып, келіссөзге жүгінулері абзал.

لم فاجنح لها وإن جنحوا للس«Егер олар келіссөзге, бейбітшілікке (ниет білдірсе)

жақындаса, сен де жақында»150.Исламда қарулы соғысқа тек мынандай жағдайларда ғана

рұқсат етіледі:Қорғану мақсатында. Шабуыл жасаған жауға қарсы соғысу.

Құранда:

وقاتلوا في سبيل الل الذين يقاتلونكم ول تعتدوا إن الل ل يحب المعتدين «Сендермен соғысқандарға қарсы сендер де Алла жо-

лында соғысыңдар. Бірақ шектен шықпаңдар. Алла тағала шектен шыққандарды жақсы көрмейді»151, – делінеді.

Өзіңе шабуыл жасайтыны нақты анықталған дұшпанға соғыс тактикасы бойынша бірінші болып шабуыл жасауға рұқсат етіледі. Екінші, жазалау және түрлі зұлымдықтарға жол бермеу мақсатында.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) барлық соғыстарына көз жүгіртсек, тек жоғарыда айтылған себептерге ғана сүйенгеніне

149 «Мумтахина» сүресі, 7-аят.150 «Анфал» сүресі, 61-аят.151 «Бақара» сүресі, 190-аят.

Page 152: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері152

куә боламыз. Яғни соғыс тек Алланың разылығы үшін Оның рұқсат еткен жағдайларында ғана болуға тиіс.

Жай кезді былай қойғанда, соғыс жағдайында да Ислам озбырлық әрекеттерге жол бермейді. Айталық, соғыста әйелдерді, жас балаларды, соғысқа қатыспаған қарт кісілер мен ешкіммен ша-руасы жоқ монахтарды өлтіруге қатаң тыйым салды. Өсіп тұрған ағаштар мен егін алқаптарын өртеуге, түйе, сиыр сияқты малдарды өлтіруге, әр түрлі өзге діннің ғибадатханаларын қиратуға жол бер-меді. Дұшпан әскерлерінің өлі денелерін тілгілеп, көздерін ойып, мұрындарын кесуге де қатаң тыйым салды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) соғысқа кетіп бара жатқан қолбасшыларына мынандай ескерту-лер жасады: «Алланың атымен жолға шығыңдар. Алла жолында күресіңдер. Соғысатын адамдарыңмен араларыңда келісімдер бар болса, оны қадағалаңдар. Шектен шықпаңдар, соғыс кезінде өлтірген адамдарға «мүслә» (өлі денелерін тілгілеп, көздерін ойып, мұрындарын кеспеңдер) жасамаңдар. Балаларды, әйелдерді, қарт кісілерді, ғибадатханалардағы адамдарды өлтірмеңдер»152. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) тіпті өзіне қарсы соғысып жатқандарды лағынеттеуі былай тұрсын, оларға: «уа, Алла тағалам, олар Сенің құлдарың, біз де Сенің құлдарыңбыз...», «уа, Аллам, олар білмейді, Сен оларды кешіре гөр!» деген сияқты игі тілек-те болған. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірбаянының атақты жа-зушысы Қади Мұхаммед Сүлеймен әл-Мансұрдың «Сирату рах-матан лил-аламин» атты кітабындағы келтірген дерек бойынша һижри жыл санауымен ІІ-ІХ жылдар аралығында болған барлық соғыстарда дұшпан әрі мұсылман қатарынан бар болғаны 1018 кісінің ғана көз жұмғаны төңірегіндегі мәліметтерді ескерер болсақ, соғыс деп адамдарға әй-шәй жоқ қыра берудің де дұрыс емес екендігін аңғарамыз. Ал 1914-1918 жылы болған бірінші дүниежүзілік соғыста 21 миллион адам жараланып, олардың 7 миллионы өмірмен қош айтысқаны белгілі.

Жоғарыда айтылғандай, соғыс – дауды бейбіт жағдайда шешудің еш мүмкіндігі қалмағанда ғана баратын соңғы жол. Рұқсат етілген бұл соғыстың өзін жекелеген адамдар, яки бел-

152 Ахмед ибн Ханбәл, Муснәд, 1/300. әбу Дәуід, Жиһад, 82

Page 153: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 153

гілі бір топ бұйрық беріп бастата алмайды. Соғысқа қатысу не қатыспауды шешетін, «жиһад!» деп аттан салатын, «соғысыңдар!» деп бұйрық беретін тек қана мемлекет болуы тиіс. Әйтпесе, кез келген соғысқұмар адамның ашқан соғысы жиһадқа жатпайды.

Әлемде болып жатқан лаңкестік әрекеттермен исламның ешқандай байланысы жоқ. Ислам сөзі «бейбітшілік, амандық, есендік» деген мағынаға саяды. Ислам діні – жер бетінде бейбіт-шілік пен тыныштықты» орнату үшін жіберілген Құдайлық соңғы дін. Міне, сондықтан әр мұсылман, тіпті, сәлем бергеннің өзінде хал жағдай сұрап емес, «бейбітшілік пен тыныштықты тілейді. Мұсылмандардың сәлемдесуде айтатын «әссәламу алейкум» сөзі «сендерге Алланың бейбітшілігі мен есендігі, тыныштығы бол-сын!» деген мағынаны білдіреді. «Ислам», «сәлем», «мұсылман» сөздерінің барлығының түбірі бір. Яғни бейбітшілік пен тыныштықтың мағынасын қамтитын сөздер. Ислам бейбітшілікті уағыздайтын дін болса, мұсылман баласы сол бейбітшілікті өзінің отырып-тұруында, сәлемі мен сөйлеуінде, өзгелермен қарым- қатынасында, қысқасы, әрбір іс -әрекетінде іс жүзінде көрсетуші тұлға болмақ.

من قتل نفسا بغير نفس أو فساد في الرض فكأنما قتل الناس جميعا

«Бейкүнә бір адамды өлтірсе немесе жер бетінде бұзақылық қылса – күллі адамзатты өлтіргендей болады»153. Бұл ереже қасиетті Құранда айтылған. Олай болса, қаншама бейкүнә адамның, періштедей бүлдіршін сәбилердің жанын қиған лаңкестік әрекеттер исламға, Құранға, мұсылманшылыққа жата ма? Тіпті, адам өлтіру былай тұрсын, малды қорқытудың өзі Исламға қайшы. Сойылатын малдың көзінше пышағын қайраған сахабасына Аллатың соңғы елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.) қатты кейіп: «Сен малды неше рет өлтірмексің? Пышағыңды малды жатқызбас бұрын қайрамадың ба?»154, – деп ескерту жасаса, басқа бір хадисін-де: «Қаруды қалжыңдап болса да өзгеге кезенбе!» деп, адамды

153 «Маида» сүресі, 32-аят.154 әл-Мустадрак алас-сахихайн лил-Хаким, 17-том, 422-бет.

Page 154: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері154

өлтіру былай тұрсын, өзгенің көңіліне аз да болса үрей салудың өзі исламға, шынайы мұсылманға жат әрекет екенін түсіндірген.

Беліне түрлі жарылғыш байлап, өзгелердің жанын қию үшін өзіне де қол жұмсаған жанкештілер өздерін «шейітпіз» деп есеп-тейді. Шейіттік мәртебе бейкүнә жандарды өлтірумен келетін оңай нәрсе емес.

Өз-өзіңді өлтіру – исламда үлкен күнә. Құранда:

ول تقتلوا أنفسكم

«өздеріңе өздерің қол жұмсамаңдар!»155 делінген. Біз дінімізді қасиетті кітап Құраннан, әрі оны түсіндіруші

соңғы пайғамбар Мұхаммедтен (с.ғ.с.) үйренеміз. Ал енді осы мұсылманшылық қағидаларының қайнар көзі саналған Құран мен Пайғамбарымыздың өмірінде өзіне қол жұмсап, бейкүнә жандар-ды қыру бар ма? Тіпті, соғыс жағдайында да соғысқа қатыспаған адамдарды өлтіру – дінімізде харам саналып жатса, жай уақытта күнде құбылмалы саяси ойындар үшін жүздеген бейбіт жатқан күнәсіз жандардың жанын қиюдың қандай ауыр күнә екені айт-паса да түсінікті.

Қоғамның пайдасы үшін болса да, исламда қандай да бір адамның құқы аяқ асты етілмейді. Бір ғана адамның құқы – жал-пы қоғамның құқындай қымбат.

Исламда мақсат қандай ұлы, таза болса, оған апаратын жол-дар да сондай таза, ұлы болуы тиіс.

Лаңкестік әрекеттер арқылы ешбір қиындық қазірге дейін шешілмеді, мұнан кейін де шешілмек емес.

Барлық лаңкестік әрекеттер – ислам үшін жасалған күрес емес, керісінше, исламға қарсы жасалған қиянат.

Кейінгі кезде Ислам мен лаңкестіктің бірге аталуы – тырнақ астынан кір іздейтін ислам дұшпандары үшін таптырмайтын олжа болды. Сондықтан қандай қиын жағдайға душар болса да исламның, мұсылманшылықтың атына кір келтіретін лаңкестік әрекеттерден мұсылмандар аулақ болуы керек. Себебі, белгілі бір

155 «Ниса» сүресі, 29-аят.

Page 155: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 155

жағдайлар, дағдарыстар мен саяси ойындар күнде өзгереді. Ал діннің ұстаным, ереже-қағидалары мәңгілік. Өтпелі жағдайлармен діннің атына кір келтіруге болмайды.

Қазіргі таңда болып жатқан барлық жарылыс, лаңкестік әрекеттерді ислам дініне жабу кең етек алды. Алайда солардың барлығын істеп жатқан мұсылмандар ма? Бұған «иә» деп жауап беру, әрине, қиын. Мұсылмандықты бет-перде етіп, лаңкестік әрекеттерге барып жатқандар кімдер? Кей жағдайда олардың қатарында соғыстарда әке-шешесінен, туған-туыстарынан айырылған, немесе басқа да рухани күйзелістерге түскен адам-дар да болады. Ондай адамдар ішкі ыза-кек пен күйіктің салдары-нан барлық іске баруы мүмкін. Мұндай адамдар психологиялық тұрғыдан алғанда діннің рұқсат етпеген нәрселерін де жасауға бейім тұрады. Өздерінің істеріне шариғаттан әлсіз болса да негіз іздей бастайды. Не болмаса, олардың кейбіреулердің ойыншығына айналып, бопсалау тұзағына іліккен мұсылмансымақ адамдар бо-луы да мүмкін. Бұған қоса, әлдебір мұсылманның атын жамылған ұйымдар саяси мақсаттары үшін шала сауатты кейбір дүмбілез зомбилерді арнайы дайындап, Құрандағы кейбір аяттардың бас-аяғын қырқып монтаждап, істейтін істерін ақ көрсетіп, лаңкестік әрекеттерге айдап салуы да ықтимал.

Бүгінде кейбір арнайы дәрілерді ішкен адамдардың өлімнен де қорықпай, өз жандарын қиып та жіберетіндігі белгілі болды. Мысалы, Шриланка аралында өсетін бір шөптің жойылуы үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (WHO) 110 миллион қаржы бөлді. Бұл шөпті жеген жастарда өлімнен қорқу сезімі жоғалып, өздеріне оп-оңай қол жұмсайды екен. Тіпті «Lsd» атты дәріні белгілі бір адамға арнайы лагерлерде күнде тамағына қосып беру арқылы миындағы өзіндік ойларын өшіріп, орнына қалаған пікіріңді құйғаннан кейін «ecstasy» секілді химикаттар арқылы 8-10 сағат бойы оған кез келген лаңкестік әрекеттерді орындатуға болады. Мұндай дәрілер арқылы өлімнен қорқу деген сезімі өшірілген, тіпті өлімді аңсайтын мәңгүрт адамдар арқылы кез келген лаңкестік әрекеттерді жүзеге асыруға болады.

Page 156: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері156

Осындай жолдардың түрлі-түрлісімен жасалып жатқан лаңкестік әрекеттерді Ислам дініне жауып, оны «лаңкесшіл дін» етіп көрсету – оған жасалған тарихта бұрын-соңды болмаған ауыр қиянат. Лаңкестіктің діні, ұлты болмайды. Жапонияның Токио қаласындағы метрода бірқатар адамның өліміне себеп болған «Аум Сенрике» сектасының жасаған лаңкестік әрекетін ешкім «Будда лаңкестігі» деген жоқ қой. 2000-2004 жылдар аралығында болған Испанияның Мадрид қаласында орын алған бірнеше лаңкестік әрекеттерді «Христиан лаңкестігі» деп тірі жан айыптаған жоқ. Ендеше, мұсылманның атын жамылған кей-бір лаңшыл адамдардың жасаған бүлдіру әрекеттерін бейбіт-шілікті уағыздайтын Ислам дініне жабудың ешқандай негізі жоқ. Бұл тек күн санап көркейіп, өсіп келе жатқан дінімізге жаны қас дұшпандардың жапқан жаласы мен жаққан күйесі ғана.

Құрандағы:

واقتلوهم حيث ثقفتموهم«Оларды (мүшіріктерді) қайда көрсеңдер сол жерде

өлтіріңдер»156 деген аятты лаңкестер өз істеріне ақтау ретінде қолдана алмайды. Себебі, бұл аят соғыстың қызып тұрған кезін-де қолына қару алып, мұсылмандарды өлтіру ниетімен соғыс майданына шыққан дұшпан әскерін «сендер де өлтіріңдер» де-ген мағынаны білдіреді. Ол бейбіт жатқан кез-келген өзге дінде-гілерді «қайда көрсеңдер, сол жерде өлтіріңдер!» деген сөз емес. Исламда мұсылман өлкесінде тұратын өзге дін өкілдерін өлтіру былай тұрсын, оларға мұсылман болмағанын желеу етіп, титтей де болса әділетсіздік жасау дұрыс емес.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бір хадисінде:

يا فأنا خصمه و من كنت خصمه أحاسبه يوم القيامة من أذي ذم«Кім де кім бір зиммиға (мұсылман елінде тұратын өзге

дін өкілдері) қиыншылық көрсететін болса, мен ол адамның дұшпанымын. Ал мен кімнің дұшпаны болсам, онымен ақырет күні жеке есептесемін», – делінген.

156 «Бақара» сүресі, 191-аят.

Page 157: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 157

Басқа бір хадисте: «Кімде кім біздің қарамағымыздағы зим-миді өлтірсе, жәннаттың исін де сезбейді»,– деп келісім бойын-ша мұсылман өлкесінде тұрып жатқан басқа дін өкілін өлтірген адамның жәннаттан мақұрым қалатындығын білдірген. Міне, дініміздің осы кеңшілігінің арқасында ғасырлар бойы мұсылман елдерінде христиандар бейбіт ғұмыр кешуде. Олардың діни рәсімдері мен жеке істеріне мұсылмандар араласпаған. Оларға пікір және сенім бостандығы берілген. Қазірге дейін Мысыр, Түркия, Сирия сияқты мұсылман мемлекеттерінде мыңдаған «Бақара» сүресі, 191-аят. шіркеулер мешіттермен қатар тере-зелері тең тұр. Бұл исламның дінімізді қабылдамаған өзге дін өкілдеріне жасаған төзімділік көзқарасының айқын көрінісі. Ис-ламда мұсылманшылықты қабылдамағаны үшін адам өлтіру де-ген ұғым жоқ. Исламға әркім өз еркімен саналы түрде кіруі тиіс. Алла тағала Құранда бұл туралы:

ين ل إكراه في الد«Дінде зорлық жоқ»157 деп кесіп айтады. Ғасырлар бойы

мұсылмандардың Құранның осы бір өміршең қағидасынан айнымағанына тарих куә. Бұл ақиқатты батыстың өзі мойындайтындығына айғақ ретінде С.Арнольдтың мына сөздерін келтірейік: «Мұсылмандардың христиандарды жеңгеннен кейінгі жасаған төзімділік қарым-қатынастары ауыз толтырып айтуға тұрарлық жайт. Олардың бұл қарым-қатынастары кейінгі ұрпақтарда да жалғасын тапты. Шындығын айтар болсақ, христи-ан тайпалары кейіннен исламға кірген уақытта өздерінің дербес ерік-қалауларымен кірген еді. Бүгінге дейін мұсылмандардың арасында христиандардың ғұмыр кешуі – олардың осы төзімділік әрекеттерінің айқын көрінісі». Мысырдағы мұсылмандардың жеңісіне куә болған Никоу епископы Джон (694 жылдарында өмір сүрген) мұсылмандардың сол кездегі қолбасшысы Амр ибн Астың өзге дін өкілдеріне көрсеткен құрметін былай деп тілге тиек етеді: «Ол шіркеулерден еш нәрсе алмады. Талан-таражға салмады. Тіпті, шіркеулердің мүлкіне қол тигізбеді де».

157 «Бақара» сүресі, 256-аят.

Page 158: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері158

Осы сияқты тарихи дәлелдер кейбіреулердің айтқанындай, исламның жер жүзіне қылыштың жүзімен емес, айдай анық ақиқаттары мен оны ұстанушы мұсылмандардың адамгершілігі мен төзімділік ұстанымдарының арқасында жайылғандығын біл-дірсе керек.

Мұсылмандар ғасырлар бойы қол астындағы өзге дін өкілдерін алаламастан оларға жақсылық жасап, қошемет көрсеткені соншалық – Рим императоры Сирияны қайтадан қайтарып алуға қалың әскер жинап келе жатқанда, сол жердегі христиан-дар шіркеулерге жиналып, мұсылмандар үшін қол жайып тілек тілеп, мінәжат еткен. Егер мұсылмандар қол астындағы өзге дін өкілдеріне қысастық жасап, исламға кірулері үшін күштегенде, олар жалына-жалбарына осылай мұсылмандардың тілеуін тілер ме еді?

Қазіргі таңдағы ең үлкен жиһад – сауатсыздықпен күрес. Мұсылмандардың соңғы ғасырларда артта қалуларының, көптеген саяси ойындардың құрбанына айналуларының, экономикалық күйзеліске ұшырауының бірден-бір себебі – сауатсыздық, парасаттың таяздылығы. Білім мен дін – бір-бірін толықтыратын егіз ұғым. Дінсіз ғылым ақсақ болса, ғылымсыз дін соқырға тең. Сондықтан мұсылмандар үшін ең қатерлі дұшпан – сауатсыздық, білім деңгейінің төмендігі, біліктіліктің аздығы, жаңа техно-логияны ойлап табуды былай қойғанның өзінде, өзгелердің технологиясын да сауатты қолдана алмаулары. Осының бәрі – мұсылмандардың дамымай артта қалуларының негізгі себептері. Ендеше, бүгінгі таңдағы жиһад қылыштан гөрі қаламға, сойыл-дан гөрі ғылымға сүйенбек.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Махшар күні соғыста аққан шейіт қаны мен ғылымға жұмсалған ғалымдардың сиясы таразыға тартылған сәтте ғалымдардың сиясы басым түседі»,– делінеді.

Қазіргі өмір талабына сай озық құралдармен жабдықталған білім ордаларын ашып, ол жерде сауатты білім беру, үлкен зер-тханалар құрып, ғылыми жаңалықтар ашу, қысқасы, жүректері діни тағылыммен тәрбиеленген, рухани білімнен нәр алған ақыл-

Page 159: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 159

ойлары қазіргі озық ғылыммен сусындаған еңсесі биік ұрпақ жетілдіру – қазіргі мұсылмандардың кезек күттірмей іске асы-ратын ең үлкен жиһады болмақ. Бұл жолда қолымыздағы бар мүмкіншілігімізді сарп ету ләзім. Бай байлығын, мұғалім білімін, тәрбиеші тәлім-тәрбиесін берсе, лауазымды орындықта отырған кісілер де қолдарынан келген барлық қолдауларын көрсетсе, қысқасы, ел болып әркім өз үлесіне тиген міндетін, мүмкіншілігін Алла разылығы үшін атқарса, сонда ғана мұсылмандар өз қиындықтарын сауатты шеше алады. Әлдебіреулердің сая-си ойыншығы болудан, пікір бодандығынан, экономикалық тәуелділіктен құтылады. Сонда ғана мұсылман әлемі күшейіп, әлемдегі барлық озбырлық әрекеттер мен әділетсіздіктерге ба-тыл қарсы тұра алады. Сонда ғана мұсылман әлемі мемлекеттер арасындағы тепе-теңділіктің сақталуына, әлемде бейбітшіліктің орнығуына тарихтағы орны толмас өз үлестерін тағы да көрсете алмақ.

Page 160: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

160

Қайрат ЖолдыбайұлыАстана қаласындағы

«Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы

ҚАСИЕТТІ МӘуЛІТТІ МЕРЕКЕ РЕТІНДЕ АТАП өТуДІң ДІНІМІЗДЕ үКІМІ ҚАНДАй?

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туылған күнін – қасиетті мәулітті мереке ретінде атап өтудің дінімізде үкімі қандай? Кейде мәуліт мерекесінің «бидғат», яғни дінімізге кейіннен қосылған негізсіз жаңалық, тіпті күнә амал екендігі айтылып жатады. Осының ара-жігін ажыратып берсеңіздер.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туылған күнін қасиетті мереке ретінде атап өту үрдісі ислам әлемінде һижри IV-V ғасырлардан басталады. Ислам ғұламалары бұл жайлы көптеген құнды еңбектер жазып, мәуліттің дініміздегі орнын анықтауға тырысқан. Қазіргі таңда бұл мерекені бір-екі мемлекеттен тыс барлық ислам әлемі ерекше атап өтеді. Мерекеде Алла тағаланың кәламы – қасиетті Құран оқылып, пайғамбарымыз жайлы мадақ өлеңдер мен жыр-лар, салауаттар айтылып, сәлем жолданады. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өнегелі өмір жолы барынша қыр-сырымен насихатталып, үмбетінің Алла елшісіне (с.ғ.с.) деген сүйіспеншілік сезімдері одан әрі күшейтіле түседі. Мүмкіндікке қарай қасиетті мәуліт күнін себеп етіп жұртқа сусын, тамақ таратып, сыйлықтар беріп, басқа да игі шаралар атқаруға болады. Мәуліт мерекесін атап өтуді дұрыс деген ғалымдардың бәрі бірауыздан бұл мерекені атап өту барысында шариғатқа қайшы іс-әрекеттердің орын ал-мауын шарт етіп қосқан.

Мәуліт мерекесіне байланысты дәлелдерге келмес бұрын бұл мерекені арнайы атап өтудің пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисін-дегі:

كل بدعة ضللة وكل ضللة في النار

Page 161: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 161

“...Кейіннен (дінде) шығарылған барлық жаңа нәрселер – бидғат, ал барлық бидғат – адасушылық»158 деп ескерткен адас-тырушы бидғатқа қатысы бар-жоқтығын анықтап алайық.

Иә, мәуліт мерекесін тойлау пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) кезеңінде болмағаны рас. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) заманында болмаған істі ғибадат ретінде тұрақты жасау бидғатқа жатады. Бірақ бидғат түсінігі ғұламалар арасында әр түрлі түсіндірмеге ие күрделі мәселе. Бір топ ғалымдар бойынша бидғат; «бидғат хаса-на», «бидғат саийа» яғни, жақсы және жаман бидғат болып екіге бөлінеді. Шариғатқа қайшы емес әрі мұсылмандарға пайдасы бар, құлды сауапқа жетелер барлық істер кейіннен қосылса да жақсы бидғатқа жатады. Бұл жайлы Имам Муслимнің хадис кітабына 18 том етіп кең түсіндірме жазған, әрі мұсылман әлемінде өте та-нымал «Риадус-салихин» (салиқалы құлдардың бақшалары) атты хадис кітабының авторы Имам Нәуәуи: «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) заманында болмаған барлық істер бидғатқа жатады. Бірақ бидғаттың жақсысы да жаманы да бар» деп бидғатқа түсінік бер-се, Имам Шафиғи: «Кейіннен шығарылған істер екі түрлі болады. Біріншісі, Құранға, сүннетке, әсаарға яки ислам ғұламаларының келісіп шешкен үкіміне (үкімдегі ортақ көзқарас) қайшы келетін бидғаттар, бұл – адастырушы бидғат. Ал екіншісі – ешкімнің қарсылығы жоқ жақсылық істер. Бұл – дұрыс бидғат»159 деп бидғатты екіге бөліп қараған.

Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) кейін қалыптасқан кейбір жақсы істер мен үрдістердің ғибадатта болса да жақсы бидғатқа жататындығына Омардың (р.а.) халифалық кезеңінде орын алған мына бір оқиға дәлел бола алады: Абдур-Рахман ибну Абдил-Қаридан риуаят етілді. Ол былай деді: «Омармен бірге рамазанның бір түнінде мешітке бардым. Адамдар шашыраңқы. Біреуі жеке басына өзі намаз оқып жатса, енді бірі өзінше намаз

158 әл-Мустадрак алас-сахихайн, 1-том, 174-бет, Дарул-кутибил-илмия, Бәйрут, 1990 ж.

159 Әбу Бәкір Ахмед ибн әл-Хусайн ибн Али ибн Муса Әбу Ахмед, Мағрифатус-сунан уәл-әәсаар лил-Бәйһақи, 2-том, 521-бет. Дәрул-кутубил-илмия, Бәйрут.

Page 162: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері162

оқып жатқанда артына келіп басқа бір топ адамдар оның оқып тұрған намазына ұйып жатыр. Мұны көріп Омар: «Адамдардың бәрін бір қаридың артына жинағаным жөн болар», – деді де Убәй ибн Кәғбті жамағатқа имам етті. Сосын басқа бір түні мешітке Омармен бірге бардым. Адамдардың бәрі бір қариға ұйып тұр екен. Мұны көрген Омар: «бұл қандай жақсы бидғат»160 деді. Яғни, пайғамбарымыздың заманында мұсылмандар рамазанның әр түнінде жамағат болып тарауих намазын мешітте оқымайтын. Пайғамбарымыз бастапқы кезде бір неше күн тарауиқ намазын мешітте оқыса да кейіннен мешітте оқымаған әрі тарауих үшін мешітке жамағатты жинамаған. Әбу Бәкірдің заманында да солай болған. Кейіннен Омар (р.а.) жамағаттың бәрін бір имамға жинап, тарауих намазын күнде мешітте өткізу үрдісін қалыптастырған. Әрі «бұл қандай жақсы бидғат» деп бидғаттың барлығының жа-ман еместігін меңзеді.

Рифағату ибну Рафиғ әз-Зурақииден риуаят етілген мына бір оқиғаны да дәлел ретінде келтіруге болады. Рифағату ибну Рафиғ әз-Зурақии былай деді: «Бір күні пайғамбарымыздың артында намаз оқып тұр едік пайғамбарымыз рүкүғтен басын көтерген кезде: «Самиғаллаһу лиман хамидаһ» (Алла тағала мадақтың кім үшін екенін әлбетте естіді) деді. Артында тұрғандардың бірі: «Раббана уә лакал-хамду хамдан таййбан мүбәракан фиһ» (Раб-бымыз! күллі тамаша әрі мүбәрак мақтаулардың бәрі саған тән) деп дұға оқыды. Намаздан шыққаннан кейін Пайғамбарымыз: «Жаңағыны айтқан кім?» – деді. Әлгі кісі: «Мен» деп жауап қайырды. Пайғамбарымыз: «Отыз неше (Араб тілінде «бид’атун» сөзі үш пен тоғыз санының арасындағы мөлшерді білдіреді. Біз бұл жерде «неше» деп қазақ тіліндегі ең жақын баламасын ғана беріп отырмыз) періште (айтылған бұл дұғаның) сауабын қайсымыз бірінші жазамыз деп жарысқанын көрдім»161, – деді.

160 Сахихул-Бухари, 2-том, 707-бет, Дәру Ибни Кәсир баспасы Бәйрут, 1987 ж. Сунанул-Бәйһақил-кубра, 2-том 493-бет, Мактабату Дарил-Баз, Мекке, 1994ж.

161 Сахах әл-Бухари, Қосымша мына хадис кітаптарына қараңыз: Муснад Ахмад, Насаай, Муатта, Бәйһақи, Әбу Дәууд, Сахиху Ибни Хиббан

Page 163: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 163

Хадис саласының танымал хафиз ғалымы Ибн Хажар Асқалани бұл хадисті түсіндіру барысында: «Осы хадис арқылы намазда сүннет дұғаларға қайшы емес, дұғаларды қосуға болатындығын дәлелдеді»162, – деді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтпаған бұл дұғаны әлгі сахабаның намазда айтуы әрі пайғамбармыздың әлгі сахабаға қарсы шықпауы, тіпті, айтқан дұғасының сауабының зор екенінен хабар беруі – пайғамбарымыз істемеген әрбір нәрсенің дініміз-де тыйылмағандығын аңғартады. Намаздың өзінде осындай сүннет дұғаларға қайшы емес дұғаларды айтуға тыйым салынба-са, намаздың тысындағы істерде қаншалықты кеңдік бар екенін аңғару қиын емес.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) басқа бір хадисінде: «Кімде-кім исламда жақсы жол бастаса (салса, үрдіс қалыптастырса, ой-лап шығарса), ол адамға сол істің сауабы және өзінен кейін сол жолмен қияметке дейін амал еткен барлық адамдардың ала-тын сауабындай сауап жазылады. Ал кім де кім исламда жа-ман жол бастаса (салса, үрдіс қалыптастырса, ойлап шығарса), ол адамға да сол жолдың күнәсі және өзінен кейін сол жолмен қияметке дейін амал еткен барша адамдардың күнәсындай күнә жазылады»163, – деген. Демек «Сахих Муслимдегі» бұл хадистен пайғамбарымыздан кейін қалыптасқан барлық істердің жаппай адастырушы бидғат емес екендігін, тіпті кейіннен қалыптасқан кейбір шариғатқа қайшы емес істердің өте сауапты іс екенін аңғаруға болады.

Ендеше, мәуліт мерекесін атап өту де, иншалла, «жақсы бидғаттың» қатарына жатады. Хадис саласының мәшһүр ғалымы Хафиз Жәләлуддин әс-Суюти өзінің «Мәуліт нәбиді атап өтудегі жақсы мақсат» деген кітабында мәуліттің үкімі жайлы сұралған сұраққа: «...Мәуліт мерекесі жақсы бидғатқа жатады. Бұл амалды атқарушы сауапқа кенеледі. Себебі, мәулітте Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қадір-қасиетін құрметтеу әрі оның дүниеге келуіне қуанғандығын көрсету бар»164, – деп жауап берген.

162 Ибн Хажар Асқалани, Фатхул-Бари, шархул-Бухари, II/287163 Сахих Муслим, II/705164 әл-Мустадрак алас-сахихайн, 1-том, 174-бет, Дарул-кутибил-илмия,

Бәйрут, 1990 ж.

Page 164: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері164

Енді бір топ ғалымдардың пікірлері бойынша, бидғат; «жақсы», «жаман» деп екіге бөлінбесе де, дінде негізі бар, әрі шариғатқа қайшы емес, кейіннен пайда болған барлық іс әрекеттер бидғатқа жатпайды.

Енді мәулітті атап өтудің дұрыс, тіпті, мұстахаб амал екен-дігіне байланысты дәлелдерді саралап көрейік:

صلى الل عليه وسلم سئل...عن نصاري رضي الل عنه أن رسول الل عن أبي قتادة ال

صوم يوم الثنين قال ذاك يوم ولدت فيه ويوم بعثت أو أنزل علي فيهСахих Муслимде Әбу Қатададан (р.а.) мынандай хадис ри-

уаят етілді. Ол былай деді: Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) дүйсенбі күнгі ораза жайлы сұралған еді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Бұл күні мен дүниеге келдім әрі елші болып жіберілдім немесе бұл күні маған Құран түсті»165 (Пайғамбарымыздың елші болып жі-берілдім дегенін яки Құран түсе бастады деп айтқанын хадисті риуаят етуші кісі нақты есіне сақтай алмағандықтан осылай риуа-ят еткен) – деп жауап берді. Хадисте Пайғамбарымыздың дүниеге келген күнінің ерекшелігі мен қасиеттілігі, тіпті, бұл күнде Ұлы Жаратқанға шүкір ниетімен ораза ұстаудың сауаптылығы айтылған. Иә, Адамзаттың ардақтысының (с.ғ.с.) дүниеге ке-луі Ұлы Жаратушының ғаламға сыйлаған ең үлкен нығметі мен жақсылығы екені сөзсіз. Құранда:

وما أرسلناك إل رحمة للعالمين «Біз сені күллі ғалам үшін рақым етіп қана жібердік»166

деп осы ақиқатты меңзеген. Сондықтан Оның (с.ғ.с.) дүниге аяқ басып, ғаламды нұрға бөлеуі – артына ерген үмбеті үшін үлкен қуаныш. Ол (с.ғ.с.) дүниеге келмес бұрын барша ғалам қараңғылыққа тұншығып жатқан-ды. Адамзат меңіреу пұттарды құдай танып, ес-түссіз құлшылық ұрды. Ақ қара саналып, асыл құнсызданды. Небір сорақы істер мен арсыз қылықтар игілікке бағаланып, иелері атақ-абыройға кенеліп жатты. Осы бір сұрапыл да қараңғы дәуірде Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) дүниеге

165 Сахих Муслим, II/819166 «Әнбия» сүресі, 107-аят.

Page 165: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 165

қадам басты. Оның құтты қадамы осынау қараңғы дәуірге нұр боп шашылды.

Иә, біздер ақырғы Елші (с.ғ.с.) арқылы Ұлы Жаратушыны қатесіз танып, оның тура жолын түсіндік. Ақ пен қараны ажы-ратып, жұмақ пен тозақты білдік. Бізге ғайып болған ақыреттің сырларына сүңгіп, небір тылсым дүнилерден хабардар болдық. Адамдық борышымыз бен асыл міндетімізді аңғарып, дүниенің мәні мен жаратылыстың мағынасын ұқтық. Ендеше, оның (с.ғ.с.) дүниеге келуі – мұсылмандар үшін зор қуаныш, Ұлы Иеміздің құлдарына жасаған ұлы жақсылығы. Ал қуанышты бөлісудің, оны белгілі бір жүйемен көрсетудің, Алла тағаланың жақсылығы мен нығметіне шүкіршілік мақсатында жария етудің дінімізде не-гізі мен дәлелі бар. Құранда «Дұха» сүресінде: «Ал, Раббыңның саған берген нығметін (шүкір ету мақсатында) айт!» – десе, «Ибраһим» сүресінде:

رهم بأيام الل وذك «...Алла тағаланың күндерін олардың есіне сал»167 делінеді.

Ибн Аббас: «Алла тағаланың күндерін» дегенді «Алла тағаланың жақсылықтары берілген күндер»168, – деп те тәпсірлеген. Олай болса, Пайғамбарымыздың дүниеге келуін мереке ретінде атап өту – ең әуелі Алла тағалаға шүкір етудің, көкіректегі қуанышты жария етіп бөлісудің көрінісі деуге әбден болады. Иә, оның дүниеге келіп, ғаламды нұрға бөлей бастаған күнге қуанбау әсте мүмкін емес. Сахихул-Бухариде және басқа да хадис кітапта-рында Әбу Ләһабтың әр дүйсенбі күні тозақтағы азабының аз да болса жеңілдейтіндігіне байланысты хабар бар.169 Себебі, Әбу Ләһаб Пайғамбарымыз дүниеге келгенін естіген кезде қуаныштан Суәйба атты күңін азат еткен. Ал енді өмірден кәпір боп өткен, әрі Құранда Алла тағаладан тікелей:

تبت يدا أبي لهب وتب

167 «Ибрахим» сүресі, 5-аят.168 Алфайруз Абади, Тануирул-миқбас мин тафсири Ибн Аббас, I/2116

Дарулул-кутубил-илмия, Лубнан.169 Сахихул-Бухари, 5-том, 1961-бет

Page 166: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері166

«екі қолы бірдей құрысын!»170 – деп қарғыс алған Әбу Ләһабтың пайғамбарымыздың дүниеге келгенін естіп, бір рет қуанғаны үшін тозақта аз да болса, азабы жеңілдейтін болса, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың дүниеге келгені үшін өмір бойы көкірегін қуаныш кернеп, Раббысына сол үшін шексіз шүкір ет-кен мұсылман баласының ақыретте Ұлы Жаратушысынан алар сауабын пайымдау қиын болмаса керек-ті.

Ибн Хажар Асқалани мәуліт мерекесінің дұрыстығына байла-нысты Бухари мен Муслимде және басқа да хадис кітаптарында кездесетін Ибн Аббастан риуаят етілген мына бір сахих хадисті дәлел ретінде келтіреді:

صلى الل عليه وسلم قدم المدينة فوجد عن ابن عباس رضي الل عنهما أن رسول الل

صلى الل عليه وسلم ما هذا اليوم الذي اليهود صياما يوم عاشوراء فقال لهم رسول الل

ق فرعون وقومه فصامه تصومونه فقالوا هذا يوم عظيم أنجى الل فيه موسى وقومه وغر

صلى الل عليه وسلم فنحن أحق وأولى موسى شكرا فنحن نصومه فقال رسول الل

صلى الل عليه وسلم وأمر بصيامه بموسى منكم فصامه رسول اللПайғамбарымыз (с.ғ.с.) Меккеден Мәдинаға келген кезде

еврейлердің Ашура күні ораза ұстап жатқанын көрді де: «Ора-за ұстап жүрген бұл күндерің қандай күн?» деп сұрады. Олар: «Бұл – ұлы күн. Өйткені, бұл күні Алла тағала перғауын мен оның жұртын суға батырып, Мұса пайғамбар мен оның қауымын құтқарған еді. Мұса пайғамбар осы күні Алла тағалаға шүкір ни-етімен ораза ұстайтын. Міне, біз де сондықтан ораза ұстаймыз» – деп жауап берді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Мұса пайғамбарға біз сендерден де жақынбыз» – деп осы күні ораза ұстады әрі мұсылмандарға ораза ұстауды бұйырды»171. Ибн Хажар Асқалани бұл хадистен мәулітке байланысты мынандай дәлел шығарып отыр: «Бұл хадистен Алла тағаланың арнайы бір күні құлдарына берген жақсылығы яки бір қиыншылықтан құтқарғаны үшін құлдарының оған алғыс білдіріп, шүкір етудің қажетті амал екенін түсінуге болады. Әрі бұл күн жыл сайын қайталанып оты-

170 «Мәсад» сүресі, 1-аят.171 «Мәсад» сүресі, 1-аят.

Page 167: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 167

рады. Алла тағалаға шүкір ету – сәжде жасау, ораза ұстау, садақа беріп, құран оқу секілді түрлі ғибадаттар арқылы жүзеге асады. Ендеше, рақым пайғамбары – Мұхаммедтің (с.ғ.с.) дүниеге келуі-нен де артық Алла тағаланың қандай жақсылығы, нендей үлкен нығметі бар?»172, – деп Пайғамбарымыздың дүниеге келуінің Алла тағаланың құлдарына берген ұлы жақсылығы екенін және мәуліт мерекесін атап өтудің Ұлы Жаратушының осы жақсылығына деген құлдарының алғысы мен шүкірі, пайғамбарларына де-ген сүйіспеншілігі екенін түсіндіруде. Иә, Ибн Хажар Асқалани секілді «Сахих Бухариға» «Фатхул-Бәри» атты кең түсіндірме жазған хадис саласының майталман шебері, хафыз ғалымының келтірген дәлелі терең ойлануға тұрарлық.

Әртүрлі зиянды яки пайдасыз мерекелердің көптеп аталатын бүгінгі қоғамда, сан-алуан жолдармен ділімізге, салт-санамызға жат ұғымдардың барынша жарнамаланып жатқан қиын да қым-қиғаш мына заманда мәуліт мерекесіне «бидғат» деп қарсы шығу былай тұрсын, оны жастарымыздың, жалпы халқымыздың имандылығының артып, пайғамбарына деген сүйіспеншілігінің нығаюы үшін бар мүмкіндігінше пайдалана білуіміз керек.

Сөз соңы, Мәуліт мерекені атап өтуде арнайы кеш ұйымдастырудың негізгі мақсаты – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өнегелі өмір жолын жан-жақты ашып түсіндіру, исламның асыл құндылықтарын насихаттау екенін ұмытпағанымыз жөн. Әйтпесе, пайғамбарымыздың туылған күні – тек ән салып, ішіп-жеумен ғана өткізілетін пендешілік мереке емес. Сондықтан мәуліт мерекесін атап өту барысында шариғатқа қайшы түрлі іс-әрекеттерден барынша аулақ болуымыз ләзім. Бұған қоса, жыл сайынғы мәулітке орай ұйымдастырылатын іс-шараларды түрлендіріп, мазмұнын сан алуан тақырыптармен гүлдендіріп отырсақ, халықтың ынта-ықыласының да артып, мерекенің бе-рер нәтижесі де жемісті болары сөзсіз.

Хақ тағала баршамызды өзіне сүйікті құл, хазіреті Мұхамметке (с.ғ.с.) шынайы үмбет болуды нәсіп еткей! Әмин!

172 Али Жума, әл-Баян ми әту фәтуа ли радди әһәмми шубәһил-харижи уә лима шамилад-дахил, 167-бет, 2005 ж.

Page 168: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

168

Қайрат ЖолдыбайұлыАстана қаласындағы

«Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы

ШЫЛЫМ ШЕГуДІң ЗИяНЫ

Пайғамбарымыздың, сахабалардың, одан кейін келген төрт мәзһаб имамдарының кезінде темекі тарту әдеті болмаған. Сондықтан темекі тартудың адал, яки арамдығына байланысты хадистерден, не төрт мәзһаб имамдарының пәтуаларынан нақты дәлел табу қиын. XVI ғасырда алғаш рет пайда бола бастағаннан бері оның адал не арамдығына байланысты ислам ғұламаларының түрлі пікір білдіргенін байқаймыз. Қайсібір ғұламалар темекіні нақты харам ететін Құран, не хадистен айқын дәлелдің жоқтығын және сол ғасырларда оның адам ағзасына зияндығы анық дәлелденбегендігін алға тартып «мәкрүһ» немесе «мұбах» деп үкім шығарса, енді біреулері Құрандағы кейбір аяттарға сүйене отырып «харам» деп кесіп айтқан.

Ислам шариғатында кейбір үкімдердің заманы мен жағдаятқа қарай түрленетіні мәлім. Темекі тарту үрдісінің кең тарамаған әрі денсаулыққа аса зияндылығы нақты дәлелдене қоймаған ерте дәуірлерде берілген «мәкрүһ» үкімнің бүгінгі таңда басқаша қаралатыны анық. Сондықтан кейінгі ғасырларда темекі тар-ту әдетінің әлемде, оның ішінде мұсылмандар арасында да кең жайылып, денсаулыққа аса зияндылығы ғылыми тұрғыда нақты анықталғаннан кейін басым көпшілік ислам ғұламалары мен бірқатар ислами ұйымдар оның анық харам екендігін айтып пәтуа шығарды. Мысалы, Мысырдағы «әл-Әзһар» университетінің жанындағы «пәтуа комитеті» 1979 жылы темекіге «харам» деп пәтуа шығарған. Сондай-ақ, «әл-Әзһар» университетінің бұрынғы шейхул-әкбары Жәддул Хақ Али Жаддул Хақ, Мысыр республикасының бұрынғы мүфтиі Насыр Фәрид, заманымыздың

Page 169: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 169

Атия Сақр, Юсуф Қарадауи сынды бірқатар ғалымдары да харам деп пәтуа берген.

Темекінің харамдығына байланысты мынандай дәлелдер кел-тіруге болады:

Құранда:

م عليهم الخبآئث يبات ويحر ويحل لهم الط

«Оларға пайдалы пәк нәрселерді адал етіп, зиянды нахош нәрселерді харам етеді...»173 – делінген. Демек дінімізде адамға зиянды барлық нәрсе харам. Яғни адамның ағзасына, жүрегіне, санасына, ұрпағына зиянды барлық нәрсе Құран бойынша харам деген сөз. Ал темекі адам ағзасына, санасы мен ұрпағына зиян болғандықтан, Құранның осы аяты бойынша оның харам екен-дігін айту қиын емес. Құранда:

ول تلقوا بأيديكم إلى التهلكة«өздеріңді өз қолдарыңмен қатерге итермеңдер!174,

ول تقتلوا أنفسكم«өздеріңді өздерің өлтірмеңдер!»175 делінеді. Ал шылым ше-

гіп, денсаулығына зиян тигізген кісі өз қолымен өзін қатерге итер-мелейді әрі өз-өзін ұзақ мерзімде «баяу өлтіруге» бет бұрады.

Қазіргі таңда ғылым темекінің адам ағзасына аса зиянды екенін дәлелдеді. Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәлiметiне сүйенсек, Жер шарындағы 1,8 миллиард 10-24 жас аралығындағы жеткіншектер темекiнiң түтiнiмен уланған. Ал Қазақстан халқының 27 пайызы (4 миллион адам) темекi шегеді. 4 миллионның 600 000 астамы қыз-келiншек болса, 120 мыңы - 13-15 жас аралығындағы жасөспiрiмдер. Отандастарымыздың ба-сым бөлiгi 20 жасқа толмай жатып, шылымның «дәмiн» татады екен. Сорақысы сол – елiмiзде жылына 25 мың, күн сайын 70 пенде темекiнiң кесiрiнен туындаған дерттерден көз жұматын көрiнедi.

173 «Ағраф» сүресі, 157-аят.174 «Бақара» сүресі, 195-аят175 «Ниса» сүресі, 29-аят.

Page 170: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері170

Дүние жүзі ғалымдарының зерттеуінше, өкпе рагы ауруларының 90 пайызы шылым шегетіндердің үлесіне тиеді екен. Егер шы-лым шегушілер күніне 20 дана темекі шексе, олардың өкпе рагы ауруына шалдығу қаупі өзгелерге қарағанда 10-15 есе артып, ал бүйрек дертіне бес есе көп шалдығады екен.

Езуiне шылым қыстырғандардың үштен бiрi, кейде тiптi, тең жартысының ғұмыры 15 жылға кемиді екен. Статистика бойын-ша, әлемде әр 13 секунд сайын бір адам, әр 65 секундта бес адам темекі кесірінен көз жұмады. Жылына үш миллион адам темекі-ден пайда болған кеселдердің нәтижесінде қайтыс болады.

Шылым алдымен, қан тамырларына әсерін тигізеді, қан тамырларының жұмысын нашарлатып, оларды жіңішкертіп, қан қысымын көтеріп, жүрек талмасына жетелейді. Темекі құрамында 4000-дай химиялық улы зат барлығы анықталған.

Тек бір тал темекі шеккен адамның ағзасында никотиннің за-рдабынан бүйрек үстіндегі бездерден арденамен және норадре-намен деп аталатын гармондардың қызметі бұзылады. Осының кесірінен асқазанның қышқыл сұйықтығы (запран) артады. Үнемі темекі шегетіндер уақыт өткен сайын асқазанында гастрит (асқазанның қабынуы) және жара пайда болады.

Темекі тартатындардың жүрегі тез соққандықтан жүректің қанға және ауаға қажеттілігі артып, осыған орай, жүрекке келетін, қан мен ауа азаяды. Темекі түтініндегі төрт мыңнан астам зиянды заттың біреуі – көміртегі. Көміртегі – автокөліктердің түтігінен шыққан улы газдардың бірі. Темекінің түтінімен бірге бұл да бел-гілі бір мөлшерде денеге кіреді.

Ер мен әйел арасындағы төсек қатынасының салқындығы да – осы никотиннен болады.

Жалпы зерттеудің нәтижесінде, темекіден өкпе рагы, жүрек ауруы, амфизем, тыныс жолдары қабынуы сияқты аурулар пайда болады.

Құранда:

وكلوا واشربوا ول تسرفوا

Page 171: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 171

«...Ішіңдер, жеңдер, бірақ ысырып етпеңдер!»176 делінсе, басқа бір аятта:

يطان لربه كفورا ياطين وكان الش رين كانوا إخوان الش إن المبذ«Ысырап етпе, сөзсіз ысырап етушілер шайтанға бауыр

болмақ. Ал шайтан болса, Раббысына тым күпірлік етуші»177, – деп ысырап етудің күнә екендігін, тіпті, кісіні шайтанға бауыр ететін Жаратушыға жағымсыз іс екенін білдіреді.

Иә, адам ағзасына аса зиянды нәрсе үшін маңдай теріңмен тапқан ақшаңды жұмсаудың ысырап екені айтпаса да түсінікті. Әр күн бір-екі құты темекі тауысқан адам ғұмыр бойы қанша ақшаны босқа жұмсайтынын есептеді ме екен? Күніне шамамен 300 теңгенің темекісін тартқан кісі айына 9000 теңгеге, ал жы-лына 108000 теңгеге, ал шамамен 50 жыл тартты деп есептесек, онда 5 400 000 теңгені текке рәсуа етеді екен. Бұл сіріңке мен ауыздың жағымсыз иісін кетіру үшін шайналған сағызға кет-кен ақшаны қоспағандағысы. Ал бұл сомаға темекі зардабынан бұзылған денсаулығын емдеуге жұмсаған қаржысын қоссақ, атал-мыш мөлшердің одан сайын көбейе түсері анық. Ал енді мұндай көлемдегі қаржымен қанша мұқтаж адамның қарнын тойдырып, неше зәру жанның киімін бүтіндеп, талай науқасты емдеуге бола-тыны күмәнсіз. Ысырап дегенде тек ақшаны ойламауымыз керек. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бір хадисінде:

ة والفراغ ح نعمتان مغبون فيهما الناس الص«Адамдардың көбі Алланың өздеріне берген екі үлкен

нығметінің қадірін білмейді. Олар денсаулық пен бос уақыт»178, – делінеді. Тәулігіне 20-22 дана шылым шегетіндер жылына уақытының шамамен 40 күнiн темекі тартуға пида ететінін білуші ме едіңіз?

Олай болса, «Дәрет алған кезде өзеннің жағасында болсаң да суды ысырап етпе!» деп ысырапқа қарсы соғыс жариялаған

176 «Ағраф» сүресі, 31-аят.177 «Исра» сүресі, 27-аят.178 Сахихул Бухари, 5-т., 2357-б. «Дару ибн Кәсир» баспасы, Бәйрут, 1987 ж.

Page 172: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері172

ислам сияқты діннің темекінің үкіміне «мәкрүһ» деп жеңіл қарап, ысырапқа рұқсат беруі, әсте мүмкін емес.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде:

من أكل ثوما أو بصل فليعتزلنا وليعتزل مسجدنا وليقعد في بيته «Пияз, не сарымсақ жеген кісі бізден аулақ жүрсін немесе,

намаз оқитын жерімізге жақындамасын, үйінде отырсын!»179, – деген. Неліктен? Себебі, көпшілік жиналатын жерге жағымсыз иіспен бару – ислам этикасына қайшы. Құлшылығын алаңсыз жасағысы келетін жандардың мазасын қашырып, жеке құқығына қол сұғу деген сөз. Ал енді адал тамақ пияз бен сарымсақты жеп мешітке кіруге, көпшілік жүретін жерге баруға болмайтын болса, темекінің жағымсыз иісі тұла бойына сіңген кісінің мешітке ба-рып құлшылықтағы жамағаттың құтын қашыруға не деуге бола-ды? Бұл дегеніміз өзгеге жасалған зұлымдық емес пе? Себебі, кез келген шылым шекпейтін кісі темекінің исін мүлде жақтырмайды, тіпті кейбір жандардың басы айналады. Құранда:

المين والل ل يحب الظ«Сөзсіз Алла тағала зұлымдық жасағандарды жақсы

көрмейді»180 деп өзгеге зияны тиген адамдардың Жаратқанның махабатынан алшақтайтынын ескерткен.

Шылым шегетіндердің айналасындағы бала-шағасы, басқа да адамдар темекі тартатындарға қарағанда анағұрлым көбірек зиян шегетіндігі анықталып отыр. Сондай-ақ шылым шегетін әйелдерден туылған сәбилер көп жағдайда аурушаң боп дүниеге келеді. Бала емізген әйелдерде никотин емшек сүтіне араласып, осы арқылы сәби денесіне өтетінін көп аналар біле бермейді. Анасының жауапсыздығы нәтижесінде дүниеге келген аурушаң балалар мен ағзасын ана сүті арқылы улаған сәбилер ертең ақырет күні әкесі мен шешесінің жағасына жабысып, қиын сұрақтың ас-тына алары сөзсіз.

179 Сахихул Бухари, 1-т., 292-б.180 «Әли Имран» сүресі, 57-аят.

Page 173: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 173

4. Бұларға қоса, темекі тартқан кісі бұл жағымсыз әдетін көпшілікке, бала-шағасы мен жас жеткіншектерге жарнама етіп, оларды жиіркенішті қылыққа баулығандықтан және темекісін тастаған кейбір жұрттың нәпсісін қоздырып, қайта елірткендік-тен олардың да күнәсін Алла алдына арқалай бармақ. Исламда: «Бір іске себепкер болған кісі сол істі істегенмен бірдей күнә, не сауап алады» деген негізді қағида бар.

Әкесінің, не жақын адамының, өзіне дәріс үйреткен ұстазының, тіпті, бейтаныс үлкен кісінің шылым шеккенін көрген бала сана-сында ол табиғи құбылыс секілді көрініп, одан жренбейтін бола-ды. Будақтап шыққан темекінің көк түтініне кішкентайынан көзі үйреніп, жан дүниесіне жақын қабылдаған жас жеткіншек темекі тартуға әрдайым құмарланып, құмбыл тартып тұрады. Тіпті шы-лым шегу олар үшін есеюдің нышанындай боп көрінеді. Міне, сондықтан темекі тартқан кісі қанша адамды өзі секілді жиір-кенішті нәрсеге тәуелді еткенін ұмытпауы тиіс.

5. Иә, темекі тарту – әлде бір нәрсеге тәуелділік. Олай дей-тініміз, темекі тартқан кісі өзін онсыз өмір сүре алмайтындай сезі-неді. Темекі тартпаса ішкен асы бойына дарымайтындай, төсекке жатса ұйқысы қашатындай боп көрінеді. Тіпті, шылым шекпесе, қуанышынан айрылып, көңілі әрдайым күпті жүреді. Темекі тап-паса абыройын түсіріп көшедегі бейтаныс адамнан қол жайып сұрауға дейін барады. Тіпті, кейбіреулері қатты қысылғанда өзгелердің шегіп тастап кеткен қалдығын да қолданып жатады. Міне, бұл дегеніміз Алла тарапынан ардақтап жаратылған адам баласының осындай исі жағымсыз қураған құр жапыраққа қол қусырып, тәуелді болғандығының белгісі. Ендеше, шынайы да ке-мел мұсылман мұндай тәуелділіктен бойын аулақ ұстап, әрдайым бір Аллаға ғана тәуелді болуды мақсат етеді.

Кейбір жандар «темекі тартсаң жүйкеңді жұбатып, ашуыңды тарқатады» деп, өздерін алдаған болады. Алайда Хақ пайғамбар (с.ғ.с.) ашуланғанда шылым шегуді емес дәрет алып, намаз оқуды бұйырғанын ұмытпайық.

Сөз соңы, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Қиямет күні әрбір құл ғұмырын қайда өткізгенінен, алған білімімен қандай амал

Page 174: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері174

жасағанынан, мал-мүлкін қалай тауып, қайда жұмсағанынан және дене мүшесін қайда тоздырғандығынан сұралып, есеп бер-мейінше орнынан бір қадам алға жылжымақ емес»181, – деген жауапкершілігі ауыр, тағылымы мол хадисін әркез жадымызда ұстасақ игі.

181 Мұхаммед ибн Иса Әбу Иса әт-Тирмизи, Сунанут-тирмиз, 4-том, 612-бет. «Дарул-ихиаайт-турасил-араби» баспасы, Бәйрут.

Page 175: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

175

Смайыл СейтбековҚМДБ-ның Оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі

ИСЛАМ – ЫНТЫМАҚ ДІНІ

Араб тіліненен алынған «Ислам» сөзі – «амандық, есен-дік, мойынсұну, бағыну, берілу» деген мағыналарды біл-діреді. Яғни, ислам – амандық пен бейбітшілік діні деген сөз. Әлемді сүйіспеншілікпен жаратқан Ұлы Жаратушының ақырғы пайғамбары жер бетіне мейірімділікті жайып, бейбітшілік орнату үшін жіберілген.

Құранда бұл турасында:

وما أرسلناك إل رحمة للعالمين«Біз сені әлемдерге тек рақым етіп қана жібердік»182 – де-

лінген. Құранда бейбітшілік деген мағынаны білдіретін «сәлам» сөзі

көптеген аяттарда кездеседі. Өйткені, Құран ең алдымен ынтымақ пен бейбітшілікті насихаттайды.

Адам саналы жаратылыс болғандықтан, оны еріксіз түрде: Бұл дүниеге не үшін келдім? Қайда барамын? Жаратушы бар ма? деген сұрақтар мазаламай қоймайды. Бұл сұрақтардың дұрыс жа-уабын біз Алла тағаланың пайғамбарлар арқылы жіберген діні арқылы табарымыз хақ. Өмір сүру қағидалары мен заңдылықтарын қамтыған дін бұйрықтар һәм уахи арқылы пайғамбарларға түсіріліп, һәм жазбаша түрде қасиетті кітаптармен де расталып отырды. Ислам ілімі бойынша, діндер негізінен екіге бөлінеді: Алла тарапынан жіберілген діндер (иудаизм, христиан, ислам); ойдан шығарылған діндер (буддизм, индуизм, сихизм т.б.).

Ислам кез келген дін өкіліне құрметпен қарайды. Ешкімді дініне, ұлтына, нәсіліне және жынысына қарап бөлмейді. Адамға адами тұрғыдан баға беріп, Алла алдында ешкім ешкімнен жоғары

182 «Әнбия» сүресі, 107-аят

Page 176: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері176

емес, тек тақуалық пен діндарлықта ғана дәрежелері жоғары бола алады деген сеніммен әрекет етеді. Себебі, Алла тағала Құранда:

ها الناس إنا خلقناكم من ذكر وأنثى وجعلناكم شعوبا وقبائل لتعارفوا إن أكرمكم ياأي

عليم خبير أتقاكم إن الل عند الل«Ей, адамзат! Сендерді Біз әуелде бір еркек, бір әйелден,

бір ата, бір анадан өрбіттік. өзара қарым-қатынас жасап, бір-бірлеріңді танысын деп түрлі ұлт пен ұлыстарға бөлдік. Алла тағала алдындағы ең абыройлылырың тақуа болғандарың. Шын мәнінде Алла барлық нәрсені толық білуші, барлығынан толық хабардар»183, – деп бұйырса, Пайғамбарымыз да бы-лай дейді: «Ей, адамдар! Естеріңде болсын! Раббыларың біреу, ешбір араб араб еместен, араб емес арабтан, ақтың қарадан, қараның ақтан діндарлығынан басқа ешқандай артықшылығы жоқ. Күмәнсіз, Алланың алдында ең мәртебелілерің тақуа болғандарың».

Тәуелсіздік алғалы руханиятқа шөліркеген еліміздің күн са-нап имандылыққа бет бұруы көкірекке қуаныш ұялатады. Аллa тағаланың рахымымен, халқымыздың Ислам дінініне деген құлшынысы артып, мешітке келушілер мен намазға жығылушылар санының көбейіп жатқаны да мәлім. Алайда, баз біреулердің үй ішінен үй тігіп, ынтымағы мен бірлігі жарасқан мұсылмандардың арасына ірткі салып жүргені, Ислам атын жамылған діни ағымдардың шолақ белсенділікке салынып, Қасиетті Құран мен хадистерге кайшы ic-әрекеттері арқылы хақ дініміз ислам мен оның асыл құндылықтарына зиянын тигізуде.

Мұсылман кісі өзгелерге тіл тигізіп сауап таппайды, керісін-ше исламнан алшақтап күнә табады. Олай болса, мұсылманның міндеті – өзара ұрыс-керіс жасап өзгелерді діннен үркіту емес, керісінше, бірлік-ынтымақты дамыту арқылы өз дінін кемшілік-сіз түрде жеткізе білу. Сонымен қатар исламда зорлық жоқ. Құран Кәрімде:

ين ل إكراه في الد

183 «Хужурат» сүресі, 13-аят.

Page 177: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 177

«Дінде зорлық жоқ»184, – деп Алла тағала анық түрде баян етті, сондықтан әрбір мұсылман пенде өз дінін бойына сіңірген көркем мінез арқылы насихаттап, қоғамдағы бейбітшілікті орнатуға талпынуы керек.

Кейінгі кездері діндераралық диалог, түсіністікпен қараушылық мәселесі өзекті қоғамдық тақырыпқа айналды. Алай-да, бұл түсіністік туралы Құран ғасырлар бұрын мұсылмандарға әмір еткен. Құранда Алла тағала кітап иелерін бірлікке, татулыққа және үн қатысуға шақыруды былайша үйретеді:

قل يا أهل الكتاب تعالوا إلى كلمة سواء بيننا وبينكم أل نعبد إل الل ول نشرك به شيئا

ن دون الل فإن تولوا فقولوا اشهدوا بأنا مسلمون ول يتخذ بعضنا بعضا أربابا م «(Ей, Мұхаммед!) Оларға айт: Ей, кітап иелері! Сендер

мен біздің арамыздағы мынандай ортақ сөзге келіңдерші: (яғни) Алла тағаладан басқаға құлшылық етпейік, Оған еш нәрсені ортақ қоспайық. Сондай-ақ Алладан өзгені бір-бірімізге тәңір тұтпайық. Егер олар жүз бұрса: Куә болыңдар, шәксіз біз мұсылман болдық, деңдер» 185.

Ислам діні қоғамдағы өзге дін өкілдерімен сыпайлықпен қарым-қатынас жасауымызды бұйырады. Құранда бұл жайында былай дейді:

ول تجادلوا أهل الكتاب إل بالتي هي أحسن«Кітап иелерімен ең көркем түрде, сыпайылық пен

әдептілік сақтап пікір таласыңдар»186. Құранның бұл бұйрығын қалай жүзеге асыру қажеттігін хазірет Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар өз өмірімен өрнектеп берген болатын. Мысалы, Исламның алғашқы жылдарында христиан римдіктерді, эфиопиялықтарды отқа табынушы парсыларға қарағанда, жақын тұтты. Әһлі кі-тап саналатын Рим империясы отқа табынушы парсылардан жеңілгенде, көп ұзамай олардың қайта жеңіске жететіндіктері Құранда айтылған-ды. Расында да, «Рум» сүресінде айтылғандай

184 «Бақара» сүресі, 256-аят.185 «Әли Имран» сүресі, 64-аят.186 «Анкабут» сүресі, 46-аят.

Page 178: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері178

олар жеңіске жетті. Сондай-ақ кітап иелері болған Рим, Мысыр, Хабаш (Эфиопия) патшаларын исламға шақырып хат жолдаса, 623 жылы Мадинада алғашқы мұсылман ата заңы қабылданып, онда Мәдиналық яһудилерге де діни еркіндік беріліп, заңға негіз-делген әділ қоғам құрылды.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қоғамның ынтымағы мен бір-лігін сақтау жолында үлкен қажыр-қайрат жұмсап, екерше сабырлықпен әрекет етті. Ол Мәдина халқы арасында іріткі салушы мұнафықтарды, бастарында кімдердің жүргенін өте жақсы білетін. Соған қарамастан қоғамның ынтымағы үшін оны ешқашан елге паш етпеген. Паш ету былай тұрсын, олармен мұсылмандар секілді қарым-қатынас жасайтын. Мұнафықтардың көсемі Абдуллаһ ибн Убәй ибн Сәлулдің адам айтқысыз қиянаттарына төзіп, оны жазаламауы бірлік көксеудің айқын дәлелі. Омар (р.а.) қанша рет мұнафықтың көзін құртуға рұқсат сұрағанымен, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мәселені Аллаға тапсырып, дін исламға, қоғамға зиян тигізуші екі жүзділерді өлтіртпеді. Тіп-ті мұнафықтардың көсемі Абдуллаһ ибн Убәй ибн Сәлул қайтыс болмай тұрып баласын Пайғамбарға жіберіп, үстіндегі көйлегін (ниеті кебін ету) сұратқанда, Екі дүние сардары, Адамзаттың ардақтысы (с.ғ.с.) көйлегін береді. Міне, осындай ғибратты оқиғаларды Пайғамбарымыз бен одан тәлім алған сахабалардың ғұмыр тарихынан көптеп келтіруге болады.

Қоғам ішінде бүлікшілік пен алауыздықты тоқтату – әрбір мұсылманның міндеті. Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың хадистері біздерге осыны бұйырады. Қоғамның бірлігі мен ынтымағы үшін жеке мүддеден бас тарта білу иманның кемел-дігіне жатады.

Әлемдік діндердің ешбірі қоғам тыныштығын бұзуға рұқсат бермейді. Сол секілді ислам дінінің де ең басты ерекшелігі қоғамды басқарушы әміршіге әрбір мұсылманның бағынуын, тыңдауын талап ететіндігінде. Осыған қатысты Құранда:

مر منكم سول وأولي ال وأطيعوا الر ها الذين آمنوا أطيعوا الل ياأي

Page 179: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 179

«Ей, иман келтіргендер! Аллаға, пайғамбарға және өз араларыңдағы әмір иелеріне бойұсыныңдар»187, – делінсе, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл жайында:

مير فقد أطاعني من أطاعني فقد أطاع الل ، ومن عصاني فقد عصى الل ، ومن يطع ال

مير فقد عصاني ، ومن يعص ال «Кім маған бағынса, Аллаға бойұсынған болады. Кім маған

қарсы шықса, Аллаға қарсы шыққан болады. Кім әміршіге бағынса, маған бағынғаны. Кім әміршіге қарсы келсе, маған қарсы келгені»,188 – деген.

Тағы бір хадисте былай делінген:

اعة، فمات فميتته جاهل من فارق الجماعة، وخرج من الط«Кімде кім бағынудан бас тартып, жамағаттан бөлініп

кетсе әрі сол кеткен күйінде өлетін болса, онда ол надандық өліммен өлген болып есептеледі»189.

Ал қоғамның тыныштығын бұзатын бүлік пен іріткі салушылыққа Алла тағала қатаң түрде тыйым салады. Қасиетті Құранда бұл мәселе жайында мынадай аят келтірілген:

والفتنة أكبر من القتل «Бүлік шығару адам өлтіруден де ауыр (күнә)»190.

رض فكأنما قتل الناس جميعا ومن أحياها من قتل نفسا بغير نفس أو فساد في ال

فكأنما أحيا الناس جميعا«Кім кісі өлтірмеген немесе жер бетінде бұзақылық

жасамаған біреуді өлтірсе, сонда шынайы түрде барлық адамды өлтіргенмен және кім оны тірілтсе (өлімнен құтқарса) барлық адамды тірілткенмен тең...»191. Міне, көріп

187 «Ниса» сүресі, 59-аят.188 Муслим, риуаяты189 Муслим, риуаяты190 «Бақара» сүресі, 217-аят.191 «Мәйдә» сүресі, 32-аят.

Page 180: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері180

отырғанымыздай, Алла тағала мұсылмандарға қоғам ішінде бүлік шығаруларына тыйым сала отырып:

ول تفسدوا في الرض بعد إصلحها«Жер беті дұрысталғаннан кейін бүлікшілік жасамаңдар»192

деген аятта қайталап ескертеді де, мына бір аятпен қоғам тыныштығын бұзған жанды сүймейтіндігін баяндайды:

ل يحب المفسدين والل«Алла бүлік шығарушыларды сүймейді»193.Мешіт жамағаты да қоғамның ажырамас бөлігі екендігін

ескеретін болсақ, мешіт жамағаты арасында түрлі жанжал мен араздық тудыру, имамның айтқанын тыңдамай қарсы келу аяттың шеңберіне кіретіндігін ұмытпағанымыз жөн. Себебі, аят қоғам ішіндегі өзге дін иелеріне емес, мұсылман адамдарға бүлік шығармауды бұйырып тұр.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде былай дейді: «Сендерге намаз, ораза және садақадан да артық нәрсе айтайын ба? – деді. Сахабалар: Иә, Расулулла! – десті. Пайғамбарымыз: Жарасты-ру, татуластыру»194.

Екінші халифа Омардың тұсында ислам әлемі кеңейіп, көптеген жерлер халифа билігіне қарады. Сол жылдары ұлттар мен ұлыстардың ешбіріне мұсылмандар тарапынан қысым жа-салмай, тұрғындар еркін өмір сүре білді. Ислам діні әһлі кі-тап яғни христиан дін өкілдері көбірек шоғырланған Палести-на аймағына тарағаннан кейін, хазірет Омар 637 жылы оның тұрғындарымен былайша келісім шарт жасайды: «Бұл Алланың құлы, мұсылмандардың әміршісі Хаттабұлы Омардың Илиа халқына берген қауіпсіздік қағазы. Олардың жандарына, малда-рына, шіркеулеріне, крестеріне, дені саулары мен сырқаттарына және қалған ұлтына амандық берілді. Шіркеулерін ешкім тұрғын үйге айналдырмайды, оларды ешкім бұзбайды, олардың ішкі

192 «Ағраф» сүресі, 56-аят.193 «Мәйдә» сүресі, 64аят194 Тирмизи, Қиямет, 56

Page 181: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 181

және сыртқы қор мүліктерінен еш нәрсе кемітілмейді, олардың малдарына ешкім қол сұқпайды. Мұндағылардың дініне зорлық жасалмайды»195.

Міне, осындай бейбітшілікпен қоғамды басқарған ислам әлемінде өзге дін өкілдері мұсылмандардың тілеуін тілейтін сәті де болғандығын тарихтан білеміз. Халифа Омардың тұсында көзі тірісінде жәннатпен сүйіншіленген Әбу Убайда ибн Жаррах Сирияның әкімі болатын. Рим императоры Ираклий Сирияны өзіне қаратып алу мақсатында қалың қолмен аттанады. Бұл кезде Әбу Убайданың қарамағында аз ғана әскері болғандықтан, қаланы жаудан қорғауы мүмкін емес еді. Дереу Шам тұрғындарын жи-нап алып: «Сіздерден жизия (мұсылман билігін мойындап, өз діні бойынша өмір сүрген кісіден алынатын жан салығы) салығын алдық. Алайда, дәл қазір бізде жауға төтеп беретін күш жоқ. Сіздерді қорғай алмайтындықтан, жизия салығын қайтарып бе-руді жөн көрдік. Өйткені, бұл жағдайда оның бізде болуы дұрыс емес», – дейді.

Жиналған салық иелеріне қайтарылды. Бұл оқиғаға куә болған христиан дін адамдары шіркеулерді лық толтырып, мұсылмандардың жанын аман алып қалуын Жаратқан Иеден жал-барына сұрады. Христиан діндарлары күллі шіркеуді күңірентіп: «Мұсылмандармен бірге бізді де қанқұйлы Ираклийдің жауыздығынан құтқара гөр!»,196 – деп дұға жасаған екен.

Мәселеге орай, тағы да тарихтан мысал келтіріп өтейік. Әли (р.а.) қайтыс болғанда (661 ж.) куфалықтар оның үлкен ұлы Ха-санды халифа етіп сайлайды. Әли (р.а.) оңтүстік аймақта халифа болып тұрғанда, солтүстік яғни Сирия аймағында Мұғауия (р.а.) өз халифалығын жариялап, бір мезетте ислам әлемін екі хали-фа басқарған еді. Хасанды халифа етіп тағайындаған соң, ислам әлеміндегі саяси жанжал қайта жанданып, екі халифа арасында соғыс өрті шығу қаупі туындайды. Сол кезде Хасан небәрі 6 ай ғана халифа болса да, ислам әлемінің тыныштығы, қоғамның бір-лігі мен ынтымағы үшін халифалықтан бас тартып, Муғауияға

195 Жолдасов Абдулла, Әділетті төрт халифа, Шымкент, 72-73 бет. 196 Саңлақ сахабалар, 129-бет.

Page 182: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері182

биліктің тізгінін ұстатады. Өйткені, қаншама бейкүнә жандардың опат болуы бек мүмкін еді. Сол себепті Хасан қоғамның ынтымағын жеке бастың пайдасынан жоғары қойды.

692 жылы Ирактың әкімі залым Хажжаж ибн Юсуф әс-Сақафи Мекке қаласын соқыр саясаттың нәтижесінде қанды қырғынмен басып алады. Қаншама жазықсыз адамды өлтіреді. Меккені басып алған соң, намаз оқыту үшін өзі имам бо-лып халықтың алдына шығады. Халықтың арасында Мекке-де Пайғамбардың (с.ғ.с.) көзін көрген, тәлімін алған қаншама ардақты сахабалар соның ішінде Абдуллаһ ибн Омар (р.а.) да бар еді. Халық залым Хажжаждың артында намазға тұрып-тұрмау мәселесінде Абдуллаһ ибн Омарға қарайды. Абдуллаһ ибн Омар еш қысылмастан залым Хажжаждың артында тұрып намаз оқиды. Өзгелер де намазға тұрады. Намаздан кейін одан неліктен мұндай қаныпезер адамның артында намазға тұрғанын сұрағанда: “Егер мен оның артында намазға тұрмағанда, тағы да қаншама адамның қаны төгілетін еді”, – деп жауап береді. Олай болса, құрметті бауырлар, біздер де қоғамның, мұсылман қауымының ынтымағы мен бірлігі үшін мешітке келгенде тәртіп сақтап, бір бағытта жүруіміз керек. Сахабалар мұсылманның бірлігі үшін көп нәрсені тәрк етуге мәжбүр болғандай біздер де бірлігімізді бұзбау үшін өзімізше дұрыс деп тапқан кейбір фиқһи мәселеде сіресіп қатып қалмай, еліміздің ынтымағы үшін бір мәзһабпен жүрейік. Сонда ғана біздер өркендейміз.

Ислам қоғамдағы тыныштық пен ынтымақты сақтау үшін мына негізгі қағидаларды талап етеді:

1. өзгенің құқығына қол сұқпау: Ислам дінін қабылдаған, Құраннан нәр алған әрбір мұсылман өзгенің ақысын жемей, ала жібін аттамай, өзге мұсылман бауырына зиянын тигізбеу керек. Бұл жайында Пайғамбарымыз былай дейді:

المسلم أخو المسلم ، ل يظلمه ول يسلمه ، ومن كان في حاجة أخيه

كان الل في حاجته

Page 183: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 183

«Мұсылман мұсылманның бауыры. Ол бауырына қиянат жа-самайды және оны залымдарға тастамайды. Кім бауырының мұқтаждығын өтесе, Алла да оның мұқтаждығын өтейді»197.

2. Әділ қарым-қатынас жасау: адам өмірінің бір қалыпты болуы үшін барлығына бірдей әділ болу керек. Қоғам тыныштығы үшін де бұл басты талап. Сонымен қатар өзгелермен қарым-қатынасты дұрыстау керек. Құранда бұл жайында былай дейді:

يأمر بالعدل والحسان وإيتاء ذي القربى وينهى عن الفحشاء والمنكر والبغي إن الل«Анығында, Алла адамдарды әділ болуға, жақсылық

жасауға, ағайынға қарайласуға бұйырады. Арсыздықтан, тоңмойындықтан, азғындықтан тыяды»198

3. Көркем мінезділік: Ислам көркем мінез-құлықтан тұрады. Бұны да Құран ахлағы дейміз. Пенденің иман тұрғысынан кәмілдігі мен әлемнің тыныштығы жақсы мінез-құлықпен жүзеге асады. Алла тағала мұсылмандарға барлық жақсы амалды жаса-уды бұйырып, жаман іс-әрекет пен қылықтан аулақ тұруды әмір етті.

4. Сенім еркіндігі: Ислам жеңіл дін әрі ешкімді діни сенімі үшін бұл дүниеде айыптамайды. Дінде зорлық жоқ. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде:

روا روا ول تنف روا و بش روا ول تعس يس«Жеңілдетіңдер – қиындатпаңдар, сүйіншілеңдер –

қорқытпаңдар!»,199– деген. 5. Мейірімділік пен кешірімділік: Ислам әрбір пендеге мей-

ірімді және кешірмді болуды бұйырады. Аятта былай дейді:

خذ العفو وأمر بالعرف وأعرض عن الجاهلين«Кешірім жолын ұстан, дұрыстыққа бұйыр, надандардан

аулақ бол»200.

197 Бухари риуаяты198 «Нахыл» сүресі, 90-аят.199 Сунән Әби Дәуд,200 «Ағраф» 199-аят.

Page 184: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері184

Құрметті бауырлар! Ислам бізден үй ішінен үй тігіуді немесе түрлі ағымға бөлініп, кейбір діни-саяси топтың қолшоқпары бо-лып, бүлік шығаруды емес, керісінше қоғамдағы ынтымақ пен бір-лікті ұстануды бұйырады. Сол себепті Алланың біздерге нәсіп ет-кен тыныштығын сақтайық. Сөзімізді Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мына бір хадисімен аяқтайық: «Сендерге бірге болуларыңды өсиет етемін. Бөлініп шығудан өте қатты сақ болыңдар. Себебі, шай-тан жеке дара өмір сүрген кісіге жақын болады. Бірге болған екі адамнан алыс тұрады. Кімде кім жәннаттің дәл ортасында өмір сүргісі келсе, көпшілікпен бірге болуға мән берсін»201.

201 Тирмизи, Фитән. 7.

Page 185: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

185

Смайыл СейтбековҚМДБ-ның Оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі

ИСЛАМДА САуДА-САТТЫҚ ЖӘНЕ ОНЫң ӘДЕБІ

Еңбектену, тіршілік ету – адамның өз нәпақасы мен нәсібін өзі табудың өзгермейтін қағидасы. Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде былай дейді: «Ешбір пенде өз еңбегімен тапқан нәрсесінен қайырлы тағам жемеген. Алланың елшісі Дәуід (ғ.с.) пайғамбар да еңбектеніп, маңдай термен тапқанын жеген»202.

Нәпақаны түрлі жолдармен табуға болады. Ал Ислам діні мұсылмандардан тапқан табыс пен нәпақаның тек қана адал болуын талап етеді. Харам табыс пен күнкөріс пендені тозаққа жетелейтін амал деп қатаң ескертеді. Ықылым заманнан бері күнкөрістің негізгі жолы болып келгенгендіктен Ислам сауданы біздерге халал етті. Бірақ ол – адал, өсім араласпаған сауда болуы шарт. Құранда бұл жайында былай дейді:

با م الر وأحل الل البيع وحرАлла сауданы халал, өсімді харам етті»203. Ал тағы бір аятта былай дейді:

ها الذين آمنوا ل تأكلوا أموالكم بينكم بالباطل إل أن تكون تجارة عن تراض منكم ياأي

كان بكم رحيما ول تقتلوا أنفسكم إن اللӘй, иман келтіргендер! Мал-мүліктеріңді араларыңда

арам жолмен жемеңдер. Егер ол табысыңыз әрбіріңіздің ризашылығымен болған сауда заты болса да»204.

202 Бухари, Бую, 15203 «Бақара» сүресі, 275-аят204 «Ниса» сүресі, 29-аят

Page 186: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері186

Ислам діні мұсылмандарға қайыр сұрауға тыйым салып, еңбектенуге шақырады. Мұсылмандар ең әуелі, өзін және отба-сын асырау үшін еңбек етеді. Еңбектенуге сауда-саттық та жата-ды. Алла тағала оған өсім араластырмау шартымен рұқсат береді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сахабаларына қол жайып тіленудің орны-на еңбек етуін, тым болмаса бір бума отын сатып нәпақа табуды бұйырған. Сахабалар өздері еңбек етіп, рызық несібесін іздейтін. Ешбір сахаба қол қусырып қарап отырмаған. Әбу Һурайраның ри-уаяты бойынша Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай дейді: «Сендердің қайсы біріңнің арқанын алып, таудан бір бума отын арқалап әкеліп сатуы өзгеден қол жайып сұраудан әлдеқайда жақсы. Кім біледі, ол адам берер я бермес»205.

Ислам табыстың негізгі көзі сауда екендігін де айтып өткен. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл жайында былай дейді: «Ырыстың онда тоғызы сауда мен диқаншылықта. Қалғаны мал асырап са-туда». Демек, сауда жасау – маңызды кәсіп. Жақсы саудагерлер жайында Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген: «Ең таза және адал табыс – сауда жасайтындардың табысы. Олар сөйлеген кезде өтірік айтпайды, өздеріне бір нәрсе аманат еткен кезде аманатқа қиянат жасамайды. Уәде берсе уәделерінен таймай-ды, сатып алған кезде затты жамандамайды, сатқан кезде оны орынсыз мақтамайды, қарызданған кезде қарыздарын кешіктір-мейді. Алашақ болған кезде қиындық тудырмайды»206.

Алла елшісі (с.ғ.с.) пайғамбарлығынан бұрын саудамен айналысқан. Яғни сол заманда Мекке халқының тұрмыс-тіршілігі негізінен сауда-саттықпен тығыз байланысты еді. Хадиша анамыз (р.а.) саудамен айналысатын санаулы кісілердің бірі болатын. Сауда-саттық мақсатында керуенін Шамға жолдайтын. Алай-да керуенбасына көңілі толмай бірде Меккеде «Мухаммәдул әмин» (Сенімді Мұхаммед) атанған болашақ пайғамбар 25 жа-сар Мұхаммедті (с.ғ.с.) керуен басы етіп тағайындайды. Міне осылайша Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) саудаға араласып, бұл істе де өзгелерге үлгі болады. Тіпті 623-жылы Мәдина қаласына қоныс

205 Бухари, Бую, 15206 Мунзири, әт-Тарғиб уәт-тарһиб, ІІ, 586

Page 187: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 187

аударған кезде мұсылмандарға арнап базар аштырып, олардың емін-еркін сауда жасауына мүмкіндік жасады.

Ал сахабалардың өмірлеріне көз жүгіртсек, олардың көпшілігінің мысалы, Әбу Бәкір, Осман, Абдуррахман ибн Ауф (р.а.) және т.б. саудамен айналысқандығын көреміз.

Әбу Бәкір (р.а.) халифа болғанға дейін саудамен айналысты. Ал халифа болып сайланған соң бүкіл мұсылманның амандығы мен Исламның жайылуы жолында қызмет ету үшін сауданы тастауына тура келді. Алғашқыда халифа болған соң, күндегі әдеті бойынша таңертең заттарын алып базарға барады. Базарда жаңа тағайындалған халифа Әбу Бәкірді (р.а.) Омар (р.а.) мен Әбу Убәйда ибн Жарраһ (р.а.) кездестіріп қалады да:

Сіз мұсылмандардың әміршісі болдыңыз. Базарда қандай ша-руамен жүрсіз? – дейді. Халифа:

Мен отбасымды қалай асыраймын? – деп сұрайды. Сонда олар:

Біз саған айлық тағайындайық, – деп күндігіне жарты қойдың құнын беруді кеңес арқылы шешеді (ол заманда бір қой 10 дир-хамдай күміс ақша тұрған).

Осылайша сахабалар кеңесіп отырып, халифаның қызметін алаңсыз атқаруы үшін жалақы төлеуді ұйғарады.

Ал Осман (р.а.) исламға дейін әкеден қалған кәсібі саудамен айналысып жүрді. Мұсылман болғаннан кейін де саудасын үзбеді. Ауқатты сахабалардың біріне айналған Осман (р.а.) мұсылмандар таршылыққа түскен кездерде әрдайым көмек қолын созып, Алланың разылығын ала білген. Бірде Алла елшісінің (с.ғ.с) әмірімен Тәбук жорығына дайындық басталады. Бұл маңызды жорық еді. Алайда, мұсылмандардың көпшілігінің қару-жарақ алуға жағдайы жоқ болатын. Осындай сәтте пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ауқатты мұсылмандарды қайыр жолында жарысуға шақырғанда, Осман (р.а.) 300 түйе, 50 ат және 1000 динар (алтын ақша) береді.

Ислам діні адал, таза сауда-саттық жасаған кісілерді мақтайды. Ондай жандардың барар жері жұмақ деп сүйіншілейді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде былай дейді: «Сенімді,

Page 188: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері188

дұрыс сауда жасаған кісі қиямет күні пайғамбарлар, сыддықтар (шыншылдар) және шәһидтермен бірге болады»207.

Ислам сауда жасауды ешқашан да тыймаған, керісінше насихаттаған. Алайда сауда мәселесінде адалдыққа шақырып мынандай ережелерді белгілеген:

Таразы мен өлшемде (метр) әділ болуАлла шексіз етіп, көкті жаратты. Өлшемде қиянат жасамау

үшін таразы құрды. Әділдік үшін өлшемде мүлт кетірмеуді, тара-зыдан жемеуді бұйырды. Бұл жайында Құранда былай дейді:

وأقيموا الوزن بالقسط ول تخسروا الميزانөлшемде әділ болыңдар. Таразыдан жемеңдер»208. Алла тағала кем өлшеудің ауыр күнә екенін ескертіп, арнайы

«Мутаффифиин» деген сүре түсірген. Онда:

فين الذين إذا اكتالوا على الناس يستوفون وإذا كالوهم أو وزنوهم يخسرون ويل للمطف

أل يظن أولئك أنهم مبعوثون ليوم عظيم يوم يقوم الناس لرب العالمين كل إن كتاب

ين ار لفي سج الفجКем өлшеушілерді қарғыс атсын! Олар біреуден алғанда

толық алады да, басқаға өлшеп бергенде кемітеді. Сонда олар қияметте қайтып тірілетіндеріне сенбей ме? Ол күнде адам біткен күллі әлемнің иесінің алдында тікесінен тік тұрады. Ондайлар (өлшеммен, таразыдан) жегенін қойсын. Жаман адамның амалы сөз жоқ Сижинде тұрады»,209 – делінеді.

Демек, саудагерге қойылатын басты талап – дұрыс өлшеп-тарту. Салмақ өлшемінде де таразыдан жемей тура тартып беру керек. Базардағы саудагердің көпшілігі қайсы бір зат болмасын таразыдан жеу арқылы пайда табудың жолын іздейді де, ондай күнәлі істі әдетке айналдырады. Алушыны алдағанымен, бүкіл әлемнің жаратушысы Ұлы Алланы қалай алдамақ? Бұл өмірдің уақытша екендігін, ақыреттің сынағы екендігін біле тұра, бес-он

207 Тирмизи, Бую, 4208 «Рахман» сүресі, 9-аят209 «Мутаффифин» сүресі, 1-7 аяттар

Page 189: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 189

теңгеге бола қалайша ар-ожданын, ұятын ойламайды? Алайда, бес күндік пайда үшін ақыретін тозаққа айналдырып алмауды ұмытпағаны жөн. Адал болып, аз да болса тапқан нәпақасының берекесін Алладан тілеу – шынайы мұсылманның сипаты.

өтірік айтпау және өтірік ант-су ішпеуӨтірік айтпау қасиеті тек қана саудамен айналысқандарға

ғана қойылатын талап емес. Жалпы Мұсылман өтірік айтпауы және өтірік ант-су ішпеуі керек. Мұсылман – сенімді кісі болуы тиіс. Ал өтірік айту – адамның сенімін жоғалтатын ұятты қылық. Сол себепті саудагер өтірік айту арқылы абыройын сатқанша, өзгелердің сеніміне кіре білудің қаншалықты маңызды екендігін білуі тиіс. Сөз орайы келгенде, әйгілі неміс кәсіпкері Роберт Боштың: «Адамдардың сенімін жоғалтқанша, ақша жоғалтқанды қалаймын» деген сөзі еріксіз еске түседі. Сатушы сатқан затының сапасы жайында өтірік айтып, тұтынушыны алдаса, әрі күнәға батады, әрі рызығына харам араластырады. Кейде саудагерлер-мен дидарласа қалсаң, «бәрі солай жасайды. Жасамасаң тауарың өтпейді, пайда түспейді» деп ақталуға тырысады. Алайда, өтірік ант-су ішіп, Алланың алдында күнәһар болғанша, шынын айтып тапқан адал нәпақасының берекесін тілегені абзал.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде былай дейді: «Алушы мен сатушы базардан шыққанға дейін ерікті. Егер екеуі де тауардың кемшілігі мен құнын жасырмай шынын айтса, сауда-лары өздеріне берекелі болмақ. Керісінше тауардың кемшілігін айтпай, құнын жасырып өтірік айтса, бәлкім пайда табар. Бірақ сауданың берекесін жояды»210.

Енді кейбір саудагерлер өтірік ант-су ішіп тауарының құнын көтеру үшін: «Сенен бұрын мынанша баға берді, сатпадым», – деп алушыны алдаса, осы үшін өтірік ант ішсе, онда үлкен күнәға батады. Өйткені, аз табыс үшін арын сатып, өтірік айтып, қала берсе, Алланың атымен ант ішуі тозаққа жетелейтін амал.

Құранда бұл жайында былай дейді:

210 Бухари, Бую, 19; Муслим, Бую, 11.

Page 190: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері190

إن الذين يشترون بعهد الل وأيمانهم ثمنا قليل أولـئك ل خلق لهم في الآخرة ول

يهم ولهم عذاب أليم يكلمهم الل ول ينظر إليهم يوم القيامة ول يزك «Аллаға берген серттері мен анттарын аз ақшаға

айырбастайтындарға қиямет күнінде ешқандай несібе жоқ. Ол шақта Алла оларға тіл қатпайды, қарамайды, күнәдан та-зартпайды. Олар ауыр азапта қалады»211. Аятта айтылғандай ондай жандар ақыретте Алланың рақымынан мақұрым қалады.

Бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай дейді: «Мынадай үш топ адам бар. Алла тағала қиямет күні олармен сөйлеспейді, оларға қарамайды және оларды ақтамайды. Олар үшін ауыр азап бар», – деп осы сөзді үш рет қайталайды. Сонда Әбу Зәрр: «Әй, Алланың елшісі! Мақұрым қалатын, зиянға ұшырайтын адамдар кімдер?», – деп сұрайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Киімін көкіректеніп жерге сүйретіп жүрген, жасаған жақсылығын міндетсінген және затын өткізу үшін өтірік ант-су ішкен адам», – деп жауап берді212.

Иә, саудагер алушыны алдамауы тиіс және затының айыбын да айтып, адал сауда жасауы керек. Өкінішке орай, көкөніс пен жеміс-жидек сататындар ең жақсы өнімін бетіне қойып, сатқанда араластырып, жаманын қосып, алушыны алдайды. Бұлай алдап сату да – күнә. Сіз заттың жаманын жасырып, жақсысын көз бояушылықпен жарнамалап сатып, пайда табудың орнына Алла-дан қорқып, адал сатуды мақсат тұтыңыз.

Бір күні Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) астық сататын базарға бара-ды. Бір бидай сатушының бидайын ұнатып, бидайын ұстап көрмек болып, қолын сұққанда астыңғы жағы дымқылдау болады. Сонда Пайғамбарымыз бидайдың иесіне:

– Мынау не? – деп сұрайды. Саудагер:– Уа, Алланың елшісі, жауынның астында қалып, су болып

қалды, – дейді. Пайғамбарымыз:

211 «Әли-Имран» сүресі, 77-аят212 Муслим, Иман, 46

Page 191: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 191

– Сол дымқыл жағын адамдардың көруі үшін бидайдың үстіне шығарып қоймайсың ба? Бізді алдаушы бізден емес, – деді213.

Мәселеге байланысты мына бір оқиғаны айтып өтейік. Ер-теректе Юнус ибн Убәйд есімді саудагер болыпты. Ол мата са-тады екен. Оның дүкенінде құны 200 дирхам мен 400 дирхам аралығында түрлі бағадағы маталар бар еді. Бірде Юнус намазға бару үшін орнына, яғни дүкенге бауырының ұлын қалдырып ке-теді. Намаздан қайтып келе жатқанда, бір кісінің қолынан өзінің дүкенінен алынған арзан матасын таниды. Әлгі адамға:

– Матаны қаншаға алдыңыз?– деп сұрайды. Ол:– 400 дирхамға алдым, – дегенде, Юнус саудагер:– Алдаған екен ғой, матаның құны 200 дирхам. Кері қайтыңыз

артық ақшаңызды алыңыз, – дегенде әлгі кісі:– Бұл мата біз жақта 500 дирхам тұрады, мен алданған жоқпын,

– дейді. Юнус саудагер:– Жоқ, болмайды. Кері қайтып, матаны қайта өткізіңіз. Наси-

хат айту дүниелік пайдадан артық, – деп әлгі кісіні дүкенге алып келеді де 200 дирхамын қайтарып береді. Ол кісі кетісімен неме-ре інісіне:

– Алладан қорықпайсың ба? Екі жүз дирхамдық матаны 400 дирхамға қалай саттың? Мұсылмандарға насихат айтуды ұмыттың. Алушының білместігін пайдаланып, 200 дирхамдық матаны 400 дирхамға сатып жіберуге қалайша дәтің барады? – деп ренжиді. Сонда інісі:

– Ант етейін, ол матаны өз ризашылығымен алды, – дегенде, Юнус ибн Убәйд:

– Жарайды, ол ризашылығымен алды делік, сенің бұған дәтің қалай барды? – дейді214.

Міне, иманды саудагер Алладан қорқып, затының өз ақысына ғана сатылуына разы болуда. Демек, саудагер өз затының кем-шілігін айтуы және бағасын да нарыққа шығарған құнынан асыр-мастан, ынсаппен сатқаны дұрыс болмақ. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)

213 Муслим, Иман, 43214 Ғазали, Ихиау улумид-дин, ІІІ том

Page 192: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері192

бір хадисінде былай деген: «Саудагердің ынсабына қалдырған алушыдан артық ақша алу – харам»215.

Қарызға батқанға жеңілдік жасауҚарыз алушы алған кісіге қарызын уақытылы қайтаруы

қажет. Ал қарыз беруші де қарыз алған жанға жеңілдік жаса-уын Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өсиет еткен. Бір хадисте былай де-лінген: «Сатқан кезде, алған кезде, қарызын сұраған кезде, қарызын төлеген кезде жеңілдік жасаған пендеге Алла мәрхамат етсін»216.

«Кімде кім қарыз алған жанның қайтару уақытын созса немесе қарызын кешірсе, Алла оны (қиямет күні) өз көлеңкесіне алады»217.

Расында да, қарызы бар кісіге көмек көрсету немесе оның қарызын кешіру – сауапты іс. Тіпті ондай пенденің қарызын кешірсе, қайтарымын Алла еселеп беретіндігі мына аятта баян етіледі:

قرضا حسنا فيضاعفه له وله أجر كريم من ذا الذي يقرض الل«Кімде кім Алла үшін қарыз-несие берсе, оның қайтарымын

Алла еселеп қайтарады және зор сауап жазады»218. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) алдыңғы өткен үмбеттердің бірінің

басынан өткен мына бір оқиғаны баян етеді: «Сендерден бұрынғы бір қауымда жомарт бір кісі өлген кезде періштелер оны сұраққа алады:

– Өмірде бір жақсылық істедің бе? – деп сұрайды. Ол:– Қарамағымдағы кісілерге нұсқау беріп, қарызын төлеуге

қиналған жарлыларға кең уақыт бергіздім, байға жеңілдік жасау-ды бұйырдым, – деп жауап берді. Сонда Алла тағала:

– Бұл құлымның күнәсін кешіріңдер, оны жарылқадым, – деп бұйырды219.

215 Хайтами, Мәжмауз-зауаид уә мәнбаул-фәуәид, ІҮ,76.216 Бухари, Бую, 16217 Муслим, Зухд-18218 «Хадид», 57/11219 Бухари, Бую, 17

Page 193: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 193

Сауда адамды Алланы еске алудан ғапыл қалдырмауы керек

Қайсы бір сала мен кәсіп болмасын пендені Аллаға құлшылық етуден ғапыл қалдырмауы тиіс. Бұл дүние ақырет өмірінің сынағы екендігін біле тұра, пендешілікке салынып дүниелік аз ғана пай-да үшін имандылықтан таю неткен өкінішті. Алайда, Аллаға шы-найы құл болғандарды ештеңе де, ешбір қиындық та, қайғы мен қасірет те мінәжат етуге тосқауыл бола алмайды.

Құранда Алла тағала бұл жайында былай дейді:

كاة يخافون يوما لة وإيتاء الز وإقام الص رجال ل تلهيهم تجارة ول بيع عن ذكر الل

بصار تتقلب فيه القلوب والОндай адамдарды Алланың есімін еске алудан, намаз

оқудан, зекет беруден сауда-саттық істері де тоса алмайды. Олар жүректері де көздері де орнында тұрмайтын тауқыметті (қиямет) күнінен қорқады»220.

Намаз бен ораза сіздің саудаңызға кедергі келтірмейді. Алайда, саудамен айналысу нәтижесінде намаз бен құлшылыққа уақытым жоқ деп уәж айту ақыретте Алланың рахымынан мақұрым қалуға себеп болады.

Тауарды сақтай тұрып, құнын көтермеуАдам болғасын әркім өз пайдасын өзгеден артық санай-

тыны рас. Алайда, Ислам мұсылмандарға: «Өзің үшін қалаған нәрсені дін бауырың үшін қаламасаң, толық иман еткен болып саналмайсың», – деп бұйырады. Сондықтан мұсылман кәсіпкер тек бір күндік пайдасын ойламай, ақырет үшін де амал етері хақ.

Әр саланың өзіне тән кейбір нәзік тұстары мен пайда әкелетін тұстары бар болғандай сауда-саттықтың да әр түрлі тәсілі бар. Ис-лам діні белгілі бір тауарды немесе халық көп тұтынатын азықты базарға шығармастан, құнының көтерілуін күтіп барып сатуға

220 «Нұр» сүресі, 37-аят

Page 194: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері194

тыйым салады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұлай пайда тапқысы ке-летін пенденің күнәһар екендігін бір хадисінде ескерткен.

Тыйым салынған харам затты сатпауАлла тағала мұсылмандарға халал мен харам дүниені нақты

белгілеп берді. Тыйым салынған амалды жасау қаншалықты күнә болса, ішіп-жеуі тыйым салынған азықты тұтыну да соншалықты күнә болмақ. Айталық шошқа етін, өлексе, арам өлген малдың етін, жыртқыш аң-құстардың етін жеу, шарап ішу, қан ішу секіл-ді тыйым салынған әрекеттерді баршамыз білеміз. Міне осындай харам етілген затты ішіп-жеу харам болғандай сату да шариғат бойынша күнә саналады. Мысалы, ішімдік жайында бір хадисте былай дейді:

الخمر وشاربها وساقيها وبائعها ومبتاعها وعاصرها ومعتصرها لعن اللوحاملها والمحمولة إليه

«Алла ішімдікке, оны ішкенге, оны ұсынғанға, сауда үшін са-тып алғанға және сатқанға, оны езген, ездірген, тасыған және тасытқанға лағынет етсін»221.

«Алла тағала ішімдікті және оның ақшасын харам етті. Сол секілді арам өлген малдың етін және ақшасын харам етті. Шошқаның етін және ақшасын да харам етті»222.

«Шарапты сатқан, шошқаның етін халал санасын»223, – деп Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мұндай харам болған затты қолдану былай тұрсын оны сатып, түскен пайдасын жеуді де біздерге харам етуде. Олай болса, өзім жемесем, ішпесем болғаны деп шошқаның етін және арақ-шарап сатып нәпақа табуды шариғат құптамайды.

Ислам шариғаты біздерге сауда жасау барысында осындай ережелерді орындауымызды талап етеді. Әрине, Аллаға және ақырет күніне иман еткен әрбір мұсылман саудагер жоғарыда айтып өткен ережелерді орындайтындығына сеніміміз мол. Де-

221 Әбу Дәуід, 3/328, 3674-ші хадис222 Әбу Дәуід, 3/279, 3485-ші хадис223 Әбу Дәуід, 3/280, 3489-шы хадис

Page 195: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 195

генмен нәпсіміз азғырып, шайтанның алдауына түсіп, бес күндік пайда үшін ақыретті ұмытып жататын жандар да кездесіп жатады. Алла тағала оларды кешіріп, жүректеріне иман байлығын берсін деп тілейміз.

Алла тағала адал сауда саттық жасауды және адал табыс та-буды нәсіп етсін. Әумин!

Page 196: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

196

Смайыл СейтбековҚМДБ-ның Оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі

ІЛІМСІЗДІКТІң ЗАЛАЛЫ

Ілім алу, сауатты болу – ислам дінінің ең басты талабы. Се-бебі, Аллаһ Құранның алғашқы аяттарын уахи еткенде әуелі «Алақ» сүресінің бес аятын түсіргенін баршамыз білеміз. Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) Жәбірейіл:

كرم الذي علم بالقلم نسان من علق اقرأ وربك ال اقرأ باسم ربك الذي خلق خلق ال

نسان ما لم يعلم علم ال«Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен оқы! Адамды ол

ұйыған қаннан жаратты. Оқы! Сенің Тәңірің ең ардақты! Ол қаламмен жазу үйретті. Адамдарға білмегенін үйретті»224 аят-тарын Хира үңгірінде уахи етті.

Демек, алғашқы түскен уахи «Оқы» әмірімен басталды. Бұл да Аллаһтың мұсылман пенделерге бұйырған әмірі. Аятта қай ілім саласын оқу айтылмаған. Олай болса адамдар үшін пайдалы болған барлық ілім саласын оқып-үйрену қамтылып тұр. Тек дін ілімін меңгеру парыз да, дүнияуи ілім алу керек емес деу аяттың жалпылама бұйырған әмірін тар мағынада түсіну деген сөз.

Аллаһ Тағала Хз. Адам атаны халифа ететіндігін періштелер-ге білдіріп, періштелердің уәждеріне қарсы Адам атаға барлық нәрсені үйретіп, періштелерден артық еткен еді. Сол себепті Құранда:

هل يستوي الذين يعلمون والذين ل يعلمونБілетіндер мен білмейтіндер бір бола ма?»225 деп бұйырды.

Құран Кәрімде 670 жерде ілім жайында баян етеді. Сонымен қатар

224 «Алақ» сүресі, 1-5 аяттар225 «Зумар» сүресі, 9-аят

Page 197: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 197

Құранда айтылған мәселелерді тек ілім иелері ғана түсінетіндігін көптеген аятта айтып өтеді:

مثال نضربها للناس وما يعقلها إل العالمون وتلك الАдамдарға баян еткен бұл мысалдарды ғалымдар ғана

түсіне алады»226. Ал білім алудың қаншалықты сауап екендігін Пайғамбарымыздың мына бір хадисінен білеміз: «Ей, Әбу Зар! Таңертең үйіңнен шығып, Құраннан бір аят үйренуің сен үшін 100 ракағат нәпіл намаз оқығаннан да хайырлы. Сол секілді таңертең үйіңнен шығып, ілімнен бір бөлім үйренуің сен үшін мың ракағат нәпіл намаз оқудан хайырлы»227.

Ілім жолы – жәннат жолы. Ілім алып, өзгеге пайдамыз тиіп жатса және иманына себеп болсақ қаншалықты сауапқа кене-летінімізді мына хадисте баян етеді: «Сенің себебіңмен Аллаһ Тағала бір адамға хидаят берсе, сен үшін бұл дүние және дүниеде болған барлық нәрседен хайырлы»228.

Пайғамбарымыздың хадистерінде де ілім жайында аз айтылмаған. Тіпті Пайғамбарымыз сахабаларына ілім алуды өзі бастап үйреткендігін тарихтан білеміз. Мысалы, Бәдір соғысында қолға түскен мүшриктерге бостандық алулары үшін әрбіріне он баладан сауат аштыруды талап етеді.

Мұсылман үшін ілім алу, білімді болу ғибадатының кемшілік-сіз орындалуына жол ашады. Керегінше дұрыс діни біліміміз бол-маса, ғибадатымызға нұқсан болып, тіпті кейбір теріс пиғылды тұлғалардың пайдасы үшін саяси құрбандыққа айналып кетуіміз ғажап емес. Мұндай келеңсіз жағдайлар тарихта болғандай соңғы жылдары бұқаралық ақпарат құралдарында жиі жариялануы біз-дерді қынжылтады.

Ислам бізге ілім алуды, яғни дұрыс білім алуды бұйырады. Өкінішке орай, білімсіздік мұсылман жамағатын жік-жікке бөліп, ислам әлеміне қара күйе жақтырады. Сол себепті ілімсіздіктің за-лалы шаш етектен екендігін ұмытпайық.

226 «Анкабут» сүресі, 43-аят227 Ибн Мажа, Муқаддима 16228 Бухари, жиһад 102

Page 198: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері198

Аллаһ Құранда бірнеше аятта адамдардың ілімсіздігі мен сауатсыздығынан күнәға, ширкке түскендігін және олардың бұл білімсіздігі олар үшін сылтау болмайтындығын білдіреді. Егер са-уатсыз болу, білімсіз болу сылтау болғанда Құран сауатсыздығы мен білімсіздігі үшін Аллаһқа серік қосушыларды үзірлі пенде-лер деп баяндар еді. Аллаһ Құранда мүшриктерді баяндағанда оларды сауатсыз, білімі жоқ пенделер екендігін, алайда бұл кем-шіліктері олардың тозаққа түсуіне кедергі бола алмайтындығын білдіреді. Сол себепті күпір мен ширктің бастауы – ілімсіздік. Ілім мен хикмет – мүминнің жоғалған малы, мүмин оны қайдан тапса алуы тиіс. Дүние мен ақырет бақытының кілті – ілім. Ілім амалдардың ең абзалы.

Ілімсіздік залалының басты зияны адамды таассубқа (бір жақтылық) итермелейді және бұның ақыры күпірлікпен айыптауға жетелейді. Сол себепті тарихта болғандай, қазіргі кез-дегі мұсылмандардың басты дерті мәселені жетік түсінбестен, яки ғалымдардан сұрамастан, пәтуасына жүгінбестен нәпсіге беріліп, таассубқа бой алдырады.

Алдымен, таассубтың себептері мен зияндылығына тоқталайық. Таассуб дегеніміз – бір пікір мен көзқарасқа, яки бір адам мен жамағатқа көзсіз сену, жақтау. Діндегі таассуб бол-са, пікір мен пәтуаларда дұшпан болатындай дәрежеде ешкімді тыңдамастан адасушылыққа түсу. Алайда қоғам ішіндегі ортақ мәселелерді қорғап, сөзін сөйлеу таассубқа жатпайды. Соны-мен қатар ақылмен шешілген, дәлелдерге сүйенген мәселелерде жанашырлық таныту, ислам ғалымдары тарапынан дәлелденген діни мәсеелелерде ешқандай күмән келтірмей, күдіктенбей, байсалдылықпен орындау, таласпау таассуб емес. Алайда қолында ешбір дәләлі немесе қабыл ететіндей негізі болмас-тан қайсыбір мәселеде жарыққа ұшқан көзсіз көбелектей сеніп, сенімінде табандылық танытса, онда ол таассуб. Ілімсіздік негізін-де өрбіген және шексіз нәпсіқұмарлыққа берілуден туындаған та-ассуб қоғамның әлеуметтік мәдени және экономикалық дамуына бірден бір кедергі болмақ.

Page 199: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 199

Мысалы, тарихқа көз жүгіртсек, исламда кері ағым болып саналған топтар негізінен осындай кемшіліктен туындаған еді. Яғни, Құран тілімен айтқанда, көзі бар ақиқатты көрмейді, құлағы бар ақиқатты естімейді, тілі бар ақиқатты айтып мойындамайды. Тарихта харижит атымен шыққан ағымның ең басты кемшілігі Құран оқып, жатқа білгенімен, күндіз ораза ұстап, түнде нәпіл намаз оқығанымен, білімсіздігі мен таассубы шектен шығуға себеп болды. Мұсылмандар тарапынан сайланған халифа Хз. Әлиге және оның сапында жүргендерге қарсы шықты. Уәждері адамның емес, Аллаһтың үкімімен жүру деп өз пәтуаларында табандылық танытты. Яғни, 657 жылы Хз. Әли мен Хз. Муғауия арасында соғыс болады. Соғыстың ақыры екі жақтың келісімімен аяқталады. Міне, осы келісімге келісіп, төрешілердің әділ төрелігін қабыл етуге көнген Хз.Әлиді күпірлікте айыптайды. Сөйтіп, Хз. Әлиден бөлініп шыққандықтан «бөлініп шыққандар» мағынасын білдіретін «харижит» атауын алады. Харижиттер негізінен бәдәуилерден құралып, Хз.Пайғамбарымыздың айтқанындай, Құран оқиды, бірақ оқыған Құрандары көмейлерінен ары кет-пейтін надан сауатсыз жандар еді. Өз нәпсілеріне беріліп, тек өздерінің жолын дұрыс, өзгенікін бұрыс деп санады. Ақырында, тыныш жатқан елді кәпірлер деп айыптап, елді мекендерді шап-ты. Мұсылманның жанын адал, малын олжа, бала-шағасын құл деп санап, таассубқа берілді. Міне ілімсіздіктен туындаған таассубтың ақыры тыныш жатқан қоғамға өз залалын тигіз-ді. Алайда азғындаған, шектен шыққан мұндайлар мұсылман халықтың ашу-ызасын тудырып, ақырында Хз. Әлидің өзі бастап харижиттерге күйрете соққы берді.

Ілімсіздіктің ақыры мынадай себеп-салдар нәтижесінде таассубқа ұласатындығын ұмытпайық:

1. Имандай сену: яғни қоғамда абыройлы кейбір кісілердің пікірлерін ешқандай талқыламастан қабыл етіп, оларға имандай сену. Асылында, бұлай әрекет ету Исламға қайшы, өйткені ислам ақли, нали дәлелдерге сүйенеді. Олай болса, айтылған мәселенің дәлелдерін және шындыққа қаншалықты жанасатынын ізденіп

Page 200: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері200

барып, қабыл ету керек. Егер ол кісіге сенгендігі үшін қабыл етсе, онда таассубқа түседі.

2. Ілімсіздік: Исламның негізгі мәселелері болған ақида, ғибадат және ахлаққа байланысты ережелерді білмеген, Хз. Мұхаммед пайғамбарға үммет болудың не екендігін толық түсінбеген, білмесе де білетін адамдай өз білгендерін діни үкім деп санап, дәлелдеуге тырысу – адасушылық.

3. Білетін кісіден сұрамау: Бір кісі өзі білмейтін мәселені маманынан сұрамастан басқа біреуден сұрап, соны дәлелдеуге тырысу адасушылыққа жетелейді. Ал Құранда былай дейді:

كر إن كنتم ل تعلمون فاسألوا أهل الذ«Егер білмесеңдер, білетіндерден сұраңдар»229. Сол себепті білмеген діни мәселені білетін маманынан сұрау

қажет. Нәпсіге беріліп, пәлен айтты деу дұрыс емес.Бірде яхудидің бірі имамды сынамақшы болып, көпшіліктің

алдында: «Осы сендердің Құрандарыңда барлық нәрсе жайын-да айтылыпты ғой. Сол рас па?», - дейді. Имам: «Иә, Құранда барлық нәрсе жайында айтылған»,- дейді. Сонда яхуди: «Олай болса, қазір бір сұрақ сұрайын. Құран не дейді екен?»- деп, ана-дай жерде бір қап нан арқалаған наубайшыны нұсқап: «Анау наубайшының қабында қанша нан бар? Құранда не айтады екен?»- деп, жерден жеті қоян тапқандай сұрақ қояды. Құранда ол жайында ештеңе жоқ екендігіне сенімді болып тұрады. Имам болса әлгі наубайшыны шақырып, қабында қанша нан бар екен-дігін сұрап, яхудиге тиісті жауабын бергенде, яхуди: «Мен сізден наубайшыдан сұраңыз дегенім жоқ. Құранды ашып, бұл жайында не айтылғанын сұрадым»,- дейді. Сонда имам: «Құранда Аллаһ Тағала: «Білмесеңдер білгендерден сұраңдар»- деп бұйырған. Сол себепті наубайшының қабында қанша нан бар екендігін біл-мегендіктен наубайшыдан сұрадым»- деп жауап береді. Яхуди айтарға сөз таппайды.

4. Адам өзін үлгі етіп көрсетуі: Бір кісі тек өзінің болмы-сына, жаратылысына, мінезіне сай келген пікірді, яки мазхаб-

229 «Әнбия» сүресі, 7-аят

Page 201: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 201

ты дұрыс, өзгелерін бұрыс деп, өзін үлгі етіп, нәпсісіне берілуі таассубқа жетелейтін себеп. Яғни, ақиқатты көрмейтін ілім мен даналықтан мақрұм пенделер қоғамда іріткі салудан басқа пайда-лары болмайды.

5. Жеңіл жағын алу: Діни аңыз-әңгімелерге, наным-сенімге сеніп, ақиқатты іздемей, білгенін исламның негізі деп қабылдаушылар да адасушылыққа түседі. Сол секілді өзінің ыңғайына келген әр мазһаптың пәтуасын теріп амал ету. Айталық, қыс мезгілі болса, ислам жеңілдік діні деп дәрет кезінде аяқ жу-мастан жұқа шұлыққа мәсх тарта салу.

6. Жеке пікірге сену: Діни мәселелерді шешу үшін исламның негіздеріне сүйенбестен, жүгінбестен бір адамның айтқан пәтуасын негізге алып, ұстану да таассуб. Себебі, ислам қияметке дейінгі соңғы дін болғандықтан заман талабына сай мәселеге пәтуа шығару ғалымдардың ғылыми мәжілістерінде шешіледі. Сол секілді күн сайын өзгеріп отырған қоғам тіршілігінде кейбір мәселелер адамдардың түсінетін әдісімен көркем түрде жеткізілуі тиіс.

Ислам діні – ақылды дұрыс қолдануды талап ететін дін. Құран ақли және нақли дәлелдер арқылы адамдарға жол көрсетеді. Құран ілім иелері мен көзі ашық, ақылын әдемі қолдана білген пендені мақтайды. Қате сенім, пікір мен нәпсіге ергендердің ақыры жа-ман болатындығын мына бір аятта баян етеді:

ق بكم عن سبيله بل فتفر وأن هذا صراطي مستقيما فاتبعوه ول تتبعوا الس

اكم به لعلكم تتقون ذلكم وص Менің тура жолым осы. Сол жолмен жүріңдер, бұрыс

жолға түспеңдер. Олар сендерді құдай жолынан тайдырады. Тозақтан сақтануларың үшін Аллаһ осы істерді өсиет етеді де»230.

Өкінішке орай, кейбір пенделер ілімсіздіктен нәпсіге еріп, яки біреудің сойылын соғып, өзгелерге зиянын тигізіп жүргенінен ха-барсыз. Пайғамбарымыз бұл жайында былай деді: «Ойыңыз бен

230 «Әнғам» сүресі, 153-аят

Page 202: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері202

нәпсіңізге берілуден сақ болыңдар. Өйткені бұл құлақты керең, көзді соқыр етеді»231.

«Ең азғын дұшпаның екі жаның арасындағы нәпсің»232.Аятта мұндай адасушылықты былай деп баяндайды:

أرأيت من اتخذ إلهه هواه أفأنت تكون عليه وكيل«өз қалауы бойынша қолдан тәңір жасап алғандарды сен

көрдің бе? Ал соларға сен кепіл бола алар ма едің?»233.

ا من خاف مقام ربه نيا فإن الجحيم هي المأوى وأم ا من طغى وآثر الحياة الد فأم

ونهى النفس عن الهوى فإن الجنة هي المأوى«Кім шектен шығып кетсе, пәни дүниені артық санаса,

оның мекені сөзсіз тозақ болады. Ал тәңірі алдында сұраққа тартылудан қорыққандарға пәни дүниенің нәпсісіне еруден өзін тыя білгендерге келсек, олардың орны жәннат болаты-ны анық»234.

Ілімсіздіктің екінші залалы өзгелерді күпрлікпен айыптау. Адам өзінің адасушылығын мойындау, яки түсіну былай тұрсын, тек өзінің бағытын дұрыс, өзгені бұрыс деп, кәпір деп айыпта-умен қоғам ішінде жік тудырады. Бұлай айыптау мәселесі тарихта алғаш харижиттерден бастау алады. Исламның бұйырған бір ама-лын тәрк ету немесе өздеріне қосылмаған әрбір мұсылман олар үшін кәпір еді. Мысалы, олар өмірінде жәннатпен сүйіншіленген Хз. Әли сынды ұлы сахабаның өзін кәпір деп айыптады. Бұл харижиттердің ілімінің таяздығының залалы. Тарихта алғаш рет харижиттер үлкен күнә істеген кісіні күпірлікпен айыптады. Харижиттердің ақидасы бойынша амал мен иман бір, сол себеп-ті амалдың бірін тәрк еткен кісі кәпір. Харижит ағымы тарихтан жойылғанымен, өкінішке орай, ғасырымызда жаңа харижит-тік ақида сипатымен кейбір мұсылман жамағаттары әр жерден «Тәкфир жамағаты», «Кәһф жамағаты», «Хижрат жамағаты»

231 Суюти, Әж-жәмиус-сағир, 1-т., 2928 х232 Байхақ, Зухд, 343233 «Фурқан» сүресі, 43-аят234 «Назиғат» 37-41 аяттар

Page 203: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 203

секілді аттармен бой көтеріп жатқандығы мәлім. Мысалы, мұндай түсініктегі мұсылман жамағаттары Мысыр, Сирия, Иемен, Түркия, Пакистан, Иордания т.б. мұсылман елдерінде болғандай, елімізде де кейбір бауырларымыз адасушы харижиттік ақиданы жандандыруға әрекет етуде.

Ілімсіздіктің басты залалы өзін хақ, өзгелерді такфир (кәпір деп айыптау) ету. Бұлай әрекет ету кейбір адамдардың ойлағанындай ат үсті айтатын нәрсе емес. Керісінше, өте қауіпті. Себебі шариғат үкімдерінде терең фиқһ іліміне сүйенбегенше ықыласты болу жет-кіліксіз. Харижиттер осындай қателікке түскен еді. Сондықтан салаф имамдары ғибадатпен жихадтан алдын білім алуды өсиет еткен. Хасан Басри бұл жайында былай дейді: «Ілімсіз амал еткен жолсыз жүргенмен тең. Ілімсіз амал еткен кісінің бүлдіргендері туралағанынан да көп. Олай болса сіз ілімді ғибадатқа зиян тигіз-бейтіндей үйреніңдер. Ғибадатты да ілімге зиян тигізбейтіндей етіп үйреніңдер. Себебі ғибадатты үйреніп, ілімді тәрк еткен топ Хз. Мұхаммед үмметіне қылыш көтеретіндей артық кетті. Егер олар ілім алғанда ілім оларды бұған жібермес еді».

Ислам негізі бойынша көрінгенді такфир етуге болмайды. Тек біле тұра Аллаһты, Оның Елшісі Мұхаммедті, ахиретті жоққа шығарса, халал, харам танымай парыздарға сенбесе ғана кәпір бо-лып табылады. Алайда өзін мұсылман деп санаған пендені кәпір деп айыптауға тыйым салынады. Бір кісіні саналы түрде кәпір деп айыптау шындығында қауіпті. Пайғамбарымыз бір хадисін-де:

«Бір адам бір адамға фасық немесе кәпір деп сөз айтпасын. Негізінде ол кісіде бұл жағдай болмайтын болса, айтылған бұл сөз оны айтқанға кері келеді»,235 Өйткені бір мұсылман кісіні такфир етумен мынадай жағдайлар орындалуы тиіс болады:

1. Ол мұсылман пенденің әйелін оған харам етесіз. Бұл жағдайда екеуі ажырасуы тиіс. Өйткені Құранда бұйырылғандай мұсылман әйелдің кәпірге тұрмысқа шығуына рұқсат жоқ.

2. Ол пендеге балаларының қасында қыдыруға болмайды. Себебі күпірлігі бала-шағасын улауы мүмкін. Тірі жетім болған

235 Риядус Салихин, 3, 1591 хадис

Page 204: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері204

балаларды бағу өзге мұсылмандардың мойнына аманат етіп жүктейсіз.

3. Ашық түрде күпір еткен пенде діннен шыққандықтан оны-мен қатынас жасалмайды.

4. Оны тәубе етуге шақыру керек.5. Өлген жағдайда жаназасы шығарылмауы, мұсылман зира-

тына жерленбеуі, мирасқор бола алмауы секілді шариғат үкімдері орындалуы тиіс.

6. Күпірлікпен өлген жағдайда мәңгі тозақтық болады. Демек Аллаһтың құлдарынан біреуі жайында такфир үкімін

берген адам әуелі осы сөзді айтпастан алдын дұрыстап ойланғаны жөн.

Аллаһтың діні мен адам өміріне байланысты болған мұндай қауіпті мәселені алдымен Құран мен Сүннетке жүгініп, аят пен хадис аясында үкім бергені дұрыс.

Күмәнсіз адам кәлима-и шаһадат келтіру арқылы исламды қабылдайды. Егер адам сенімін тек тілімен айтып, іштей сен-бесе де біз үшін мұсылман болып саналады. Өйткені біз оның айтқан сөзі бойынша үкім етеміз. Ал ішкі жан-дүниесін Аллаһқа қалдырамыз. Бұған мынадай дәлел келтіреміз:

1. Пайғамбарымыз дін исламды уағыздағанда алдымен кәлима шахадат айтуды үйретті. Аллама б. Ражаб әл-Ханбали «Жамиул-улум уәл-хакам» атты кітапта: «Хз. Пайғамбар ислам-ды қабылдауға келгендерге тек кәлима айтуды бұйырып, қабыл ететін».

2. Бірде Пайғамбарымыз сахабаларын жорыққа жібереді. Жорық барысында мүшриктермен қақтығыс болады. Сонда Уса-ма б. Зайд есімді сахаба бір адамды шаппақ болғанда ол «Лә иләһә иллаллаһ» дейді. Усама оған қарамастан шауып тастайды. Хз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мұны естігенде қатты ашуланып, Усамаға: «Сен оны «лә иләһә иллаллаһ» деген соң өлтірдің бе?»- дейді. Ол: «Ол өлімнен құтылу үшін сөйлеген»- дегенде, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Сен оның жүрегін жарып көрдің бе?»,- деп ұрсады (Бу-хари).

Page 205: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 205

3. Тағы бір хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай дейді: «Мен адамдармен «Лә иләһә иллаллаһ» дегенге дейін соғысуға әмір етілдім. Олар осы сөзді айтқан соң менен жандары мен малдарын құтқарған болады. Олардың ішкі есептері Аллаһқа қалады»236. Бұл хадисті Хафыз әс-Суюти әл-Жамиус сағир атты кітабында «мутауатир хадис» деген.

Олай болса, лә иләһә иллаллаһ деген кісі мұыслман деп есеп-теледі.

Мұсылман болып өлген кісі жәннатқа барадыХарижиттер, Муғазилиттер, Шииттер, Мужассималар, Так-

фиршілер секілді адасушы, көрінгенді, өзіне қосылмағанды тәкфир етумен пәтуа берушілерге айтарымыз Таухид сенімі бойынша, яғни Аллаһтан басқа тәңір жоқ екендігіне сеніп өлген кісі Аллаһ құзырында екі нәрсеге ие болады:

1. Тозақта мәңгі қалудан құтылады. Қандай да бір күнә істе-месін Аллаһтың бұл уәдесі өзгермейді.

2. Мына өмірде жасаған күнәсі үшін тәубе ете алмаған жағдайда тозақта күнәсі үшін жазаланып, түбінде міндетті түрде жәннатқа барады. Ал кәпір ешқашан тозақтан шықпайды. Сол се-бепті пенденің бір күнәсі үшін кәпір деп айыптау бос әурешілік. Себебі, иман келтірген ол пенденің ақырын Аллаһ шешеді.

Бұл жайында біздің дәлеліміз: Бухари мен Муслимде сахих деп қабыл етілген мына хадистер:

«Жүрегінде бидайдай иманы болған кісі тозақтан шығады».«Аллаһтан басқа тәңір жоқ» деген және осы сеніммен өлген

кісі жәннатқа кіреді».«Күмәнсіз Аллаһ өз разылығын ойлап, «лә иләһә иллаллаһ»

дегенге отты харам етті».«Кімде-кім Аллаһтан басқа тәңір жоқ екендігіне, Мұхаммед

Аллаһтың Елшісі екендігіне куәлік етсе, Аллаһ оған тозақты ха-рам етеді».

236 Бухари, Муслим

Page 206: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері206

Бухари мен Муслим Әбу Зардан мынадай бір хадисті ри-уаят етеді: «Хз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген: «Маған Жәбірейіл келді де:

- Сенің үмметіңнен кім Аллаһқа ешбір серік қоспастан өлетін болса, жәннатқа кіреді,- деп, мені сүйіншіледі. Сонда Әбу Зар:

- Зина етсе де, ұрлық жасаса да ма?- деп сұрады. - Ұрлық жасаса да, зина етсе де,- деп Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)

жауап берді.Әһлі сүннет сенімі бойынша адам кәлима-и шахадат айтса

мұсылман болып есептелді. Ал күнәсі үшін Аллаһқа өзі жауап бе-реді. Біз осындай сенімде болғандықтан харижиттер, такфиршілер және солардың ақидасын ұстанушы мұсылман ағымдарымен келіс-пейміз. Пайғамбарымыздың сахих хадисінде кәлима-и шахадат айтқан кісі ашық түрде жәннатқа барады деп айтылғандықтан біз солай сенеміз. Өйткені Құранда Пайғамбарымыздың айтқанына сенуді бұйырады:

ورسوله أمرا أن يكون لهم الخيرة من أمرهم وما كان لمؤمن ول مؤمنة إذا قضى الل

ورسوله فقد ضل ضلل مبينا ومن يعص اللАллаһ және Оның Пайғамбары бір нәрсе жөнінде

үкім айтса, мүминдердің еркек-әйелдері оны өз қалауына қарай бұрмалай алмайды. Егер кімде-кім Аллаһқа, Оның Пайғамбарына астамшылық жасаса, анығында, ол ашықтан ашық азғын адам боп саналады»237.

ورسوله ليحكم بينهم أن يقولوا سمعنا وأطعنا إنما كان قول المؤمنين إذا دعوا إلى اللЕгер әлдебір үкім шығару үшін Аллаһқа, Пайғамбарға

мүминдер шақырылса, олар естідік, бойұсындық деуі керек»238.

Үлкен күнәлар иманды әлсіретеді, бірақ имансыз етпейдіХарижит ақидасы бойынша үлкен күнә істеген мұсылман

кәпір болады. Муғтазилиттер бойынша ондай кісі кәпір де, мұсылман да емес. Тәубе етсе тозақтан құтылады. Ал тәубе етпес-

237 «Ахзап» сүресі, 36-аят238 «Нұр» сүресі, 51-аят

Page 207: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 207

тен өлсе тозақтық болады деп сенеді. Сол секілді кейбір адасушы ағымдардың ақидасы осындай. Соңғы уақытта арамыздағы кей-бір мұсылман бауырлар өздерін сәләфпыз деп санап, харижиттер секілді өзгелерді такфир етуді әдетке айналдырды. Әһлі сүннет, яғни 4 мазһаб соның ішінде біздің Ханафи мазһабының ақидасы бойынша үлкен күнә істеген кісі иманнан шықпайды, тек күнәһар пенде болып саналады. Себебі олар айтқандай, амал мен иман бір емес. «Күнә істеген кәпір» деген пәтуамен келіспейміз. Дәлеліміз мынадай:

1. Құранда қысас аяты баян етілгенде (қараңыз: Бақара-178) өлтірген кісі мен өлген кісінің әке-шешелерін дін бауыры деп келтіреді.

2. Құранда Алла тағала:

وإن طائفتان من المؤمنين اقتتلوا فأصلحوا بينهما«Мүминдердің екі тобы соғысатын болса, араларын

табыстырыңдар...»239 деп бұйырады. Аятта екі мұсылман тобы бір-бірімен соғысқан жағдайда да оларды «мүмин» деп атап тұр. Адам өлтірудің қаншалықты күнә екендігін ескерсек, бәрібірде ол иманнан шықпайды деген сөз.

3. 630 жылы Хз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мүшриктерге ес-кертпестен Меккені алу үшін жорыққа шыққанда Бәдір соғысына қатысқан Хатиб б. Әби Балта есімді сахаба меккелік құрайштарға хабар бермек болып бір әйелді жолдайды. Яғни «опасыздық, сатқындық» деп айыптайтын әрекетке барады. Аллаһ оның бұл әрекетін Пайғамбарымызға білдіріп, әрекетін әшкерелейді. Оның бұл әрекеті үшін Хз.Омар: «Я, Расулуллаһ! Рұқсат берсең ба-сын шабайын. Өйткені ол мунафиқтық жасады» - дегенде, Хз. Пайғамбар (с.ғ.с.) оның бұл әрекетін күпірлік, яғни иманнан шығатын әрекет деп санамады.

4. Бір мұсылман шарап ішкенде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жазаға тартады. Жазасын алып, кетіп бара жатқанда сахабалар-дан кейбіреулер: «Аллаһ сенің жаныңды алсын»,- дейді. Сон-да Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Олай демеңдер. Одан да Аллаһым,

239 «Хужурат» сүресі, 9-аят

Page 208: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері208

оны кешір. Аллаһым, оған мархамат ет»,240 - деңдер дейді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жамандықтың анасы болған ішімдік іш-кен, яғни үлкен күнә істеген мұсылманды мүмин шеңберінен шығармай, керісінше, оған дұға етуді бұйырады.

5. Жоғарыда айтып өткеніміздей «лә иләһә иллалаһ» деген кісі зина жасаса да, ұрлық істесе де жәннәтқа баратындығына жоғарыдағы хадисті дәлел етеміз.

6. Тағы бір дәлеліміз Хз. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сахих риуаятпен жеткен хадисінде үмметінен үлкен күнә істегендерге ақыретте шапағат ететіндігін білдірген: «Шапағатым үмметімнен үлкен күнә істегендер үшін»241. «Әр пайғамбардың өзіне тән, жасағанда қабыл болатын бір дұғасы бар және онымен дұға ет-кен. Ал мен болсам дұғамды ақыретте үмметіме шапағат ету үшін қалдырдым»242. Егер Хз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) үмметінен үлкен күнә істегендердің өзіне шапағат ететін болса, демек олар қалайша кәпір болмақ? Кәпір болған тікелей тозақтық болады, оған Пайғамбардың шапағаты жүрмейді. Үлкен күнәға жататын әрекеттер жайында Хз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)былай дейді: «Сіз-дерге үлкен күнәлардың ең үлкенін айтайын ба? Олар: Аллаһқа серік қосу, ата-анаға қарсы келу және жалған куә жасау»243. Бұл хадисте үлкен күнәні үшеу деп айтса, мына хадисте же-теу екендігін білдіреді: «Азапқа ұшырататын жеті күнәдан сақтаныңыздар!- дегенде сахабалар: Олар не? – деп сұрады. Олар: Аллаһқа серік қосу, сиқыр жасау, хақсыз (орынсыз) адам өлтіру, жетімнің малын жеу, өсім жеу, соғыстан қашу, на-мысты және иманды бір әйелге зина жаласын жабу деп жауап береді»244 – дейді.

240 Әбу Дауд241 Әбу Дауд, Сүннәт 21; Тирмизи, Қиямет, 11242 Бухари, Даауат 1; Муслим, Иман 86243 Бухари, Әдеб – 6; Муслим, Иман-38244 Бухари, Уасия-1200

Page 209: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 209

Ал басқа бір хадисте осы айтылған жеті күнәға қосымша: ата-анаға құрметсіздік пен мәсжидул Харамда күнә істеуді қосып, үлкен күнәні 9-ға шығарады245.

Мәселені қорыта айтар болсақ, Аллаһтың кешірмейтін бір ғана күнәсі бар ол – Аллаһқа серік қосу. Одан басқа үлкен бол-сын, кіші болсын күнәлардың барлығын Аллаһ қаласа кешіреді, қаласа жазалайды. Бұл жайында аятта былай дейді:

ل يغفر أن يشرك به ويغفر ما دون ذلك إن اللРасында Аллаһ өзіне серік қосқаны кешірмейді. Одан

басқа күнәсі болса, ықыласы ауған адамын кешіреді»246.

نوب يغفر الذ إن الل قل ياعبادي الذين أسرفوا على أنفسهم ل تقنطوا من رحمة الل

حيم جميعا إنه هو الغفور الر(Ей, Мұхаммед, менің атымнан) айт: Ей, өз нәпсілерінде

шектен кеткен пенделерім! Аллаһтың рақымынан түңілмеңдер. Аллаһ сөз жоқ бар күнәні кешіреді. Аллаһтың өте жарылқағыш, әрі өте мейірімді екені даусыз»247.

Енді сөзімізді қоырытындылай келе айтарымыз, харижит-тер, муғтазилиттер, тәкфирлар, сәләфтар (қазіргі сәләфтар), хизбуттықтардың айтқанындай ешбір мұсылманды күнәсі мен қателігі үшін тәкфир етуге яғни кәпір деп айтуға хақымыз жоқ. Сөзіміздің дәйекті болу үшін ұлы имамдардың пәтуаларымен аяқтайық:

Әл-Мунтақа атты кітапта Әбу Ханифа әһлі қыбладан (мұсылмандар) болған ешбір кісі тәкфир етілмейді деген.

Имам Шафи: «Мен әһлі хауа (нәпсіге берілген) мен бидғатшы ешбір кісінің кәулігін жоққа шығармаймын. Тек Хаттабиядан (ағым) басқа. Өйткені олар өтірік айту халал екендігіне сенеді».

Әбул Хасан Әл-Ашғари «Мақалатул исламиин кітабын-да»: «Мұсылмандар Пайғамбарларынан кейін кейбір мәселеде ихтилафқа (тартыс) түсті. Бұл тартыстың нәтижесінде кейбіре-

245 Әбу Дауд, Уасия - 10246 «Ниса» сүресі, 116-аят247 «Зумар» сүресі, 53-аят

Page 210: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері210

улері кейбіреулерін адасушылықпен айыптады. Ал кейбіреулері кейбіреулердан алыс тұруды жөн санады. Осылайша бірнеше ағымға бөлінді. Соған қарамастан ислам барлық ағымдарды өз шеңберінде, өз аясында ұстауда».

Имам Нәуәуи «Шархул муслим» атты кітапта былай дейді: «Мынаны біліп қой! Хақ мазһаб ұстанушылар бойынша қандайда бір күнә істеген ешбір кісі тәкфір етілмейді. Сол секілді әһлі хауа мен бидғаттан болған харижиттер, муғтазилиттер, рафизилер және өзге де ағым өкілдері де тәкфир етілмейді. Бірақ бір адам ислам діні тұрғысынан міндетті болып саналған үкімдерді біліп тұрып қабыл етпесе ғана оның діннен шыққандығына және кәпір болғандығына үкім етіледі. Алайда жаңадан мұсылман болса не-месе исламнан хабарсыз алыс жерде өмір сүрсе яки шындық оған жетпесе, ақиқат беймәлім болса, тәкфир етілмейді».

Аллаһ баршамызға жар болып, пенделікпен жасаған қателіктерімізді кешірсін. Адасқан бауырларымызға тура жолын нәсіп етсін. Әмин!

Page 211: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

211

Тыныштықбай Яхияұлы,ҚМДБ-ның Діни істер бөлімінің меңгерушісі

НЫғМЕТКЕ ШүКІР ЕТу – ИМАНДЫЛЫҚ БЕЛГІСІ

Жаратушы Иеміз Өзінің нығметтеріне, ризық-несібесіне қанағат етіп жүретін шүкіршіл құлдарын жақсы көреді. Өйткені Жаратқанның берген ырзығына шүкірлік ету иманның ажырамас бөлігі болып табылады. Сондай-ақ, Алла тағала Өзіне күпірлік қылмауға, шүкірлік етуге бұйырған. Бұл жөнінде Құранда:

فاذكروني أذكركم واشكروا لي ول تكفرون «Мені естеріңе алыңдар, сонда Мен де сендерді есіме ала-

мын. Маған шүкіршілік етіңдер, күпірлік етпеңдер»248, – де-лінген. Ендеше, Жаратқанның берген өміріне, денсаулығына, материалдық және рухани байлықтарына алғыс білдіріп, лайықты түрде шүкірлік қылу әрбір пенденің міндеті.

Ақиқатында, Раббымыз құлдарының шүкірлігіне мұқтаж емес. Бұл Құран Кәрімде:

ومن شكر فإنما يشكر لنفسه ومن كفر فإن ربي غني كريم «Кім шүкірлік етсе, расында ол өзі үшін шүкірлік етеді. Ал

кім шүкірсіздік қылса, расында Раббым Бай һәм Жомарт»,249 – деп анық айтылған.

Тағы бір аятта:

غني عنكم ول يرضى لعباده الكفر إن تكفروا فإن الل

وإن تشكروا يرضه لكم «Егер де сендер (уа, адамзат) күпірлік етсеңдер, онда Алла

сендерге мұқтаж емес, әрі Ол өз құлдары үшін кәпір болуын ұнатпайды. Ал егер шүкір етсеңдер, Ол (Алла) оны (шүкірлікті)

248 «Бақара» сүресі, 152-аят249 «Нәміл» сүресі, 40-аят

Page 212: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері212

сендер үшін қабыл көреді»,250 – дейді. Сондықтан, адам баласы өзін Жаратушының аса ұлық кейіпте, күллі жаратылғандардан артық етіп жаратқандығын әрдайым еске алып, шүкір еткені ләзім.

Құранда:

هاتكم ل تعلمون شيئا وجعل ن بطون أم والل أخرجكم م

مع والبصار والفئدة لعلكم تشكرون لكم الس«Алла ештеңе білмейтін кездеріңде сендерді аналарыңның

құрсақтарынан шығарып, сендерге құлақ, көз, жүрек бер-ді. Бәлкім, шүкір етерсіңдер»,251 – делінген. Бұл аят арқылы өмірімізден бастап, дене мүшеміз-дің барлығы Алланың нығметі екенін ұғамыз. Алайда, адамзаттың бәрі бірдей Жаратушының нығ-меттеріне, жер бетінде берген мүмкіншіліктеріне шүкіршіл емес.

Кім шүкіршіл болса, Алла тағала оның несібесін кеңейтеді. Бұл жайында Құран Кәрімде:

ن ربكم لئن شكرتم لزيدنكم ولئن كفرتم إن وإذ تأذ

عذابي لشديد «Сонда Раббыларың: «Егер шүкір етсеңдер, Мен сендерге

еселей түсемін. Ал шүкірсіздік қылсаңдар, расында Менің азабым қатты», – деп білдірген еді»,252 – деп көрсетілген.

Енді осы тақырыпқа қатысты хадистерге назар аударайық. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өз үмметіне нығметке шүкір етудің сырларын түсіндіріп өткен. Суһайыбтан (р.а.) жеткен риуаятта Алла елшісі (с.ғ.с.) былай дейді: «Мүміннің ісі неткен ғажап! Шындығында оның барлық ісі қайырлы. Бұл мүміннен басқаға жазылмаған. Егер оның басында қуаныш болса, Аллаға шүкір етеді – сонысына сауап-сый алады. Егер оған бір жамандық

250 «Зумар» сүресі, 7-аят.251 «Нахыл» сүресі, 78-аят.252 «Ибраһим» сүресі, 7-аят

Page 213: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 213

төнсе, оған сабыр етеді – онысына да сауап алады. Алланың мұсылманға жазған әрбір тағдыры қайырлы».253

Шариғат пайымында шүкіршіл жүрек ең үлкен байлықтардың бірі. Оған Сәубан (р.а.) жеткізген мына хадис пен осы хадиске байланысты мына аят дәлел:

ة ول ينفقونها هب والفض والذين يكنزون الذ

رهم بعذاب أليم في سبيل الل فبش«Алтын мен күмісті жинап, оларды Алла жолында

жұмсамағандарды күйзелтуші азаппен сүйіншіле»,254 – деген аят түскенде пайғамбармен (с.ғ.с.) бірге сапарда жүр едік. Аят түскен соң сахабалардың бірі: «Алтын мен күміс жайында түсті ғой. Енді қандай малды жиғанымыз дұрыс екендігін білгіміз ке-леді», – деді. Сонда расулулла (с.ғ.с.): «Ең жақсысы: зікір ету-ден талмайтын тіл, шүкір етуден талмайтын жүрек, иманына тірек болатын мүмін жұбай»255

Пайғамбардың (с.ғ.с.) өзі шүкір етуде үмбетіне үлкен үлгі. Ол (с.ғ.с.) түні бойы Раббысына құлшылық қылып, табаны жары-лып кеткенше намаз оқитын еді. Сонда оған жұбайларының бірі: «Уа, Алланың елшісі! Неге олай етесіз? Сіздің бұрынғы да, кейін-гі де күнәларыңыз кешірілген жоқ па?» – дегенде, адамзаттың ардақтысы (с.ғ.с.): «Олай болса, шүкір етуші пенде болуым керек емес пе?» – деп жауап береді».256

Тіршіліктің түрлі кезеңдерінде бастағы бақтың қадірін біліп, шүкір ету нағыз иманды пенденің белгісі. Бірде пайғамбар (с.ғ.с.) сахабаларының (р.а.) алдына шығып: «Уа, сахабаларым! Қалай тұрдыңдар?», – деп сұрапты. Сонда сахабалар (р.а.): «Аллаға мүмін болып тұрдық, уа, Расулалла!», – деп жауап беріпті. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Имандарыңның белгісі қандай?», – деп сұрапты. Сахабалар (р.а.): «Бәле-жалаға сабыр, жағдайға шүкірлік, тағдыр-қазаға разылық білдіреміз», – депті. Сонда Ра-

253 Мүслім риуаят еткен254 «Тәубе» сүресі, 34-аят255 Ахмет, Тирмези, Ибн Мәже риуаят еткен.256 Бұхари мен Мүслім риуаят еткен

Page 214: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері214

сулалла (с.ғ.с.): «Олай болса, Қағбаның Иесімен ант етейін, сен-дер нағыз мүмінсіңдер», – деген.

Пайғамбар (с.ғ.с.) тағы бір хадисінде былай дейді: «Сорлылықтың белгісі төртеу. Олар:

1. Алланың алдында сақтаулы тұрған өткен күнәларын ұмыту;

2. Қабыл болғанын білмей бұрынғы жақсылықтарын айту; 3. Дүниеде өзінен жоғары тұрғанға қарап өкіну; 4. Діни жағынан өзінен төменге қарап шүкірлік ету.Сонда Алла тағала: «Мен оны қалап едім, бірақ ол мені

қаламады, сондықтан оны тәрк еттім» дейді. Ал бақыттылықтың белгісі төртеу: 1. Өткен күнәларды еске алып тұру; 2. Жасаған жақсылықтарын ұмыту; 3. Өзін діни тұрғыдан өзінен жоғары адаммен салыстыру; 4. Дүниелік халін өзінен төмен адаммен салыстырып,

шүкірлік ету».Сондай-ақ, Әбубәкір Сыддықтың (р.а.) мына бір сөзі де көпке

ой салары анық. Ол (р.а.): «Сегіз нәрсе сегіз нәрсенің әшекейі. Кедейліктің әшекейі – тілемсектіктен бойын тарту, нығметтің әшекейі – шүкірлік ету, бәле-қазаның әшекейі – оған сабыр ету, білімнің әшекейі – салмақтылық, шәкірттің әшекейі – өзін төмен ұстауы, Алладан қорқудың әшекейі – көп жылау, басқаға жақсылық жасаудың әшекейі – міндетсінбеу, намаздың әшекейі – қорқынышпен оқу», – деген екен.

Расында, Алла тағаланың адамзат үшін көк пен жерден төгіп жатқан нығметтердің саны шексіз. Бұл жөнінде Құранда:

وا نعمت الل ن كل ما سألتموه وإن تعد وآتاكم م

ار ل تحصوها إن النسان لظلوم كف«Сондай-ақ, Ол сендерге сұрағандарыңның бәрін берді.

Егер Алланың нығметтерін есептейтін болсаңдар, санына

Page 215: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 215

жете алмайсыңдар. Расында, адам өте әділетсіз, әрі шүкірсіз», – деп айтылған257.

Сол нығметтердің бірі ден-саулық пен бос уақыт. Оның қадірін біліп, Раббының разылығы үшін мүлтіксіз пайдаланып жатқан пенде кемде-кем. Сондықтан Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

ة والفراغ ح نعمتان مغبون فيهما كثير من الناس الص«Адамдардың көбі екі нығметтің қадірін дұрыс білмейді.

Олар – денсаулық пен бос уақыт»,258 – деп, осы айтылған екі нығметтің әрдайым назардан тыс қалатындығын үмметіне ескер-ткен.

Мұсылман пенде нығметке қуанып, белгілі бір табысқа жет-кенде, Аллаға шүкіршілік етіп, мадақтап, ұлықтауы керек. Ол үшін «Әлхамдулилләһ» деп айту жеткілікті.

Шүкіршілік туралы «Кәһф» сүресінде баяндалған оқиғаның тәпсіріне назар аударайық:

Ертеде Бәни Исраил қауымында Алла тағала мол ризық беріп байытқан ағайынды екі жігіт болатын. Оларға әкелерінен мұраға мол байлық қалған екен. Ағайындылардың біріншісі ке-дей-кепшіктерге көп қарасып, оларға жақсы қарым-қатынас жасайтын. Жомарт байдың үйіне келіп, садақа сұраушылардың сабы үзілмейтін. Ризық-несібесін молайтып, артықшылық берген Аллаға мақтау-мадақ айтып, асып-таспай қанағатпен күн кешкен ол Жаратушыға шүкірлік ететін.

Ал, екіншісі Қатрус бауырына керісінше тіршілік етті. Ол байлығының бір бөлігін игілікке жұмсаудан, Алла жолындағы қайырлы іс істеуден мүлде бас тартты.

Қатрус қараған көз тоймайтын бақшалардың иесі болатын. Сондай-ақ, үйінде өрімдей ұл-қыздары да барды. Ол әркімге бері-ле бермейтін осындай нығметтер үшін Аллаға шүкір етудің орны-на шалқақтап, тәкаппарланып, алшаң басып жүретінді шығарды.

Бірде оған туысқан бауыры келді. Екеуі оның құлпырған жүзім бағының ішінде жүріп әңгімелесті. Бауырымен әңгімелесіп

257 «Ибраһим» сүресі,34-аят.258 Хадисті Бұхари, Тирмези, Ибн Мәже риуаят еткен.

Page 216: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері216

келе жатып, айналадағы бағының көркемдігіне масаттанған Қатрус оған: «Көрдің бе?! Менің бағым сенікінен үлкен, әрі бала-шағам да көп!» – деп қарқылдап күлді. Бауырынан мұндай астамшылықты күтпеген оның көңілі түсіп қалса да сабырлылық сақтап, жанашырлықпен: «Уа, Қатрус! Мұның не астамшылық сөз? Бұл нығметтің Алланың саған берген сыйы, әрі сынағы екендігін есіңнен шығардың ба? Ендеше, Алланың берген артықшылығына асып-тасып, масаттанғанның орнына, бақшаңа кіргенде шүкірлік етіп: «Машалла! Лә қууата иллә биллә!» (Бұл Алланың қалағаны! Алладан басқа күш-қуат жоқ!) десең, болмай ма? Егер менің бақшам мен бала-шағам сенікінен аз болса, оны сенікінен артық етуге Раббымның күші де, қуаты да жетеді. Немесе бақшаңа бір пәле жіберіп, сені тақырға қалдыруға да Құдіретті. Одан кейін ештеңе де істей алмай, сорлап қалуың мүмкін. Сондықтан да, бұлай асып-тасуыңның жөні жоқ», – деп насихат айтты.

Бірақ, Қатрус бауырының сөзін түсінгісі де келмеді. Басын кекжитіп, жан-жағындағы әдемі көрініске қарады. «Менің ойым-ша, бұл бақша ешқашан да құрымайды. Мұның бәрі менің иелігім! Мен үшін Қиямет те болмайтын сияқты. Қайдан білесің, тіпті, о дүниелік болып, Раббыма қайтқан соң бұдан да үлкен ырысқа ке-неліп, пейіштік болармын?» – деп өзеурей түсті.

Қатрустың мына сөзін естіген бауыры оның әбден адасқанын түсінді. Сондықтан оны райынан қайтаруға тырысып: «Сен не деп тұрсың, бауырым? Сені топырақтан жаратып, адамға айналдырған, байлыққа кенелтіп, нығметіне бө-леген Иең – Аллаға қарсы шық-қаның ба, бұл? Алла қалағанына байлық беріп, қалағанын кедей етеді. Өзіңнің малыңнан менің малымның аз екендігін айтып мақтанба! Алла қаласа, малымды да, жаным-ды да көбейтіп, өзімді жәннаттық етер. Ол жәннаттың бақшасы дүние бақшасынан әлдеқайда артық. Бауырым, Қартус! Шектен шығып, асып-таспа! Бұл сөзің үшін Алла тағаланың бақшаңа бір бәле жіберіп, жоқ етіп жіберуінен сақтан!», – дейді.

Әйтсе де, бауырының бұл сөзін тыңдауға Қатрустың мүлде құлқы жоқ еді. Бойын мақтаныш пен есірік кернеген ол теріс бұрылып кете барды.

Page 217: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 217

Сол күні кеш түсіп, қараңғылық басып, бүкіл ауыл ұйқыға кеткен уақытта Қатрустың бақшасына Құдайдың зауалы төнді. Аяқ астынан ауылдың шетінен құйын көтеріліп, Қатрустың бақшасына бағыт алды. Ақырында кең алқапты қамтыған құтты бақша әп-сәтте қираған үйінділерге айналып шыға келді.

Ертесіне Қатрус күнделікті әдетінше үйінен шығып жан-жағына қарағанда гүл жайнаған бағын көре алмады. Оның орнындағы ойранды көріп есінен тана жаздады. Содан кейін ба-рып бір апаттың болғанын түсінді. Өзінің кеше асыра сөйлегеніне өкініп, қос жұдырығымен басын тоқпақтай берді.

Раббысының нығметін мойын-дамай, асып-тасқан надан бай Қатрус өзінің терістігін осылайша кеш түсініп: «Сорым-ау! Раб-быма серік қоспай, шүкірлік етсемші?!» – деп ойбайлаумен бол-ды. Оны Алланың алапатынан құтқаратын ешбір жан болмады.

Даңқ пен абыройдан бір сәтте айырылған сорлы пенде сән-сал-танатты тіршіліктің көзден бір-ақ ұшқанын білді. Сосын бауырының насихат сөздерін есіне түсірді. Оның тілін алмағынына өкініп: «Мен тақыр кедейге айналдым! Балаларымның көптігі де еш пайда бермеді. Асыра сөз сөйлеп, Алланың ашу-ызасы-на қалдым. Уа, Раббым! Уа, Рахымдылардың Рахымдысы! Енді өзіңнен басқа құтқарушы жоқ», – деп қайғырумен болды.

Міне, Құранда баян етілген бұл оқиға шүкірсіздіктің соңы сор екенін ескертуде.

Пайғамбар (с.ғ.с.) бір хадисінде былай деген екен: «Алла тағала кімге бес нәрсені берсе, үстеме ретінде тағы да бес нәрсе береді:

1. Кімге шүкіршілік қасиет берсе, оның ризығын үстемелейді;

2. Кімге дұғагөйлік қасиет берсе, оның дұғасын қабыл етеді;

3. Кімге истиғфар – жарылқану тіленетін қасиет берсе, оған кешірім жасайды;

4. Кімге тәубешілік қасиет берсе, оның тәубесін қабыл алады;

Page 218: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері218

5. Кімге садақа берушілік қасиет берсе, оның садақасын қабыл етеді».

Ендеше, Алла тағала бізді нығметтеріне шүкір ететін шүкіршіл пенделерінен етсін! Шүкірсіздіктен, күпірліктен сақтасын! Жасаған амалдарымызды, ғибадаттарымызды қабыл алсын! Әмин!

Page 219: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

219

Қалмахан Ержан,ҚМДБ Уағыз-насихат және интернетпен

жұмыс бөлімінің қызметкері

ҚАСИЕТТІ үШ Ай: РЕЖЕП, ШАғБАН, РАМАЗАН

Мінеки, дінімізде мүбәрак саналған үш айға да келіп жет-тік. «Режеп», «Шағбан», «Рамазан» барша мұсылман әлемінде қасиетті айларға жатады. Олардың діни ерекшеліктері жайында көп деректер бар.

Қасиетті үш айлар бізді терең ойларға жетелейді. Айталық, бойымызды бойкүйездендірген сырқаттан сауығу үшін дәрігерге қаралып, құлан-таза айығып кетуді қаншалықты қаласақ, жан дүниемізге селкеу түсіріп, рухымызды күйзелткен, көңілімізге кірбің келтірген күнәларымызды жуып-шаю үшін де соншалықты өкініш білдіруіміз керек емес пе? Мұндай жағдайда не істей-тінімізді бірге ойланып көрейікші. Ислам деректерінде күнәлардан арылу үшін өкініш білдіруді «тәубе» және «истиғфар» дейді. Тәубе-истиғфар айтуды тілмен бірге діл-көңілмен ұйып, ын-ты-шынтымен мойынсұну біршама уақытты талап етеді. Тәубе мен истиғфарды ұдайы жасаудың өзіндік алғы шарттары да жоқ емес. Тәубе етудегі белгілі кезеңдер біздің шын мәнінде өкініш білдірумізге, тәубені бар күш-жігер рухымызбен жасауымызға септігін тигізеді. Ал, қасиетті күндер мен түндерді біздің тәубе-истиғфарды табиғи түрде жасауымызға зор мүмкіндік беретін шақтар десек болады. Бұл шақтар мұсылмандардың күнәларынан арылып, жақсылық пен әсемдікке шынайы және тікелей жол тар-туына зор мүмкіндік тудырады. Бұл қасиетті күндер мен түндерде адам ешбір дәнекерсіз өз жан-дүниесімен Ұлы Жаратушыға жалба-рынып, Алланы еске алып, тәубе-истиғфар етіп күнәлармен бірге келмеске кеткен ішкі ізгі-сезімдеріне қайта ие болуға күш салады. Осылайша, қасиетті күндер мен түндерде жасаған құлшылығы-мыз бір күні алдымыздан мол қазына болып шығады.

Page 220: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері220

Қасиетті күндер мен түндерде ерекше назарға алатын жайттардың бірі өмір сүрген ортамыздағы қоңсыларымыз бен жақын дос-жарандарымыз, әріптестер мен күнделікті қарым-қатынастағы адамдармен бірге болуымыз болып табы-лады. Өйткені, біз бір өлкені мекендегендіктен, бір сенімде болғандықтан, бір тудың астында болуымыз шарт. Дегенмен, базбір мәселелерге деген көзқарасымыз мен түсінігіміз әр түрлі болуы әбден мүмкін. Мұндай әркелкі ұстанымдар, біздің ішкі жан-дүниеміздің түрлі таным мен деңгейде болуына байланыс-ты. Әйтсе де, сан түрлі ерекшеліктеріміз бола тұра, бір-бірімізді дос санай аламыз ба? Айналамызға әрбір істе әділдік тұрғысынан үлгі болып жүрміз бе? Әртүрлі өзіндік ерекшелігіміз бола тұра, әрбір игі һәм тура істе бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара аламыз ба? Көршілеріміз бен жұмыс орындағы әріптестермен не-месе тәлім-тәрбие берген адамдарымызға шынайы сенім білдіре аламыз ба? Біз жұрт қалтықсыз сенетін, өмірі мәнді, әрбір адам-мен жақсы қарым-қатынас жасайтын, сәлемі түзу, кішіге ізетті, үлкенге құрметті, жарқын жүзді, жұмсақ тілді, қиындықты бірге көтеріскен мейірбан адамдармыз ба?

Қасиетті күндер мен түндерде бұл сұрақтарға жауап іздеп, көпшілік ортадағы өз болмысымызды сын көзінен өткізсек, өз-өзімізді жаңаша түлетуге мүмкіндік тудыртатынымыз сөзсіз. Адам баласы күн өткен сайын өзгеріске ұшырап отырады. Мұндай жағдайда өзгеріс жақсы, жағымды тұрғыдан болып жатса құба-құп. Қасиетті күндер мен түндер де бізге игілік тұрғысынан қақпаларын ашып, біздің ғұмырымыздағы кедергілерді жойып, табысты болуымызға оң әсер етеді.

Үш айдың қасиетті болуы Рағайып пен Миғраж түнінің ре-жеп айына, Бәраат түнінің шағбан айына, Қадір түнінің рамазан айына дөп келуіне тікелей байланысты.

Бұл жайлы Қасиетті Құран Кәрім аяттары мен пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өмірі мен мүбәрак сүннеттерінен мол мәлімет алуға болады.

Page 221: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 221

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) рамазан айымен қатар режеп, шағбан айларында ауыз бекіткен. Режеп айы кіргенде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

اللهم بارك لنا في رجب وشعبان وبلغنا رمضان«Раббым, режеп пен шағбан айларын берекелі қыла гөр. Бізді

рамазанға аман-есен жеткізе гөр!»259 деп дұға тілейтін.Қасиетті үш ай режеп айымен басталады. Ал режеп Ислам

діні келмей тұрып та құрметті ай болған. Ислам діні келісімен бұл айға деген құрмет күшейе түсті. Мұны қасиетті Құран Кәрімде:

هر الحرام قتال فيه قل قتال فيه كبير وصد عن سبيل الل وكفر به يسألونك عن الش

والمسجد الحرام وإخراج أهله منه أكبر عند الل والفتنة أكبر من القتل ول يزالون

وكم عن دينكم إن استطاعوا ومن يرتدد منكم عن دينه فيمت يقاتلونكم حتى يرد

نيا والآخرة وأولـئك أصحاب النار هم فيها وهو كافر فأولـئك حبطت أعمالهم في الد

خالدون«Олар сенен тыйым салынған айда соғысуға бола ма? –

деп сұрайды. Сен оларға бұл айда соғысу – үлкен күнә, – де. Ал адамдарды құдай жолынан тайдыру, күпірлік келтіру, Мәсжид-әл-харамда (ғибадат етуге) тосқауыл болу, ол жерден адамдарды қуып шығару – құдай алдында таудай үлкен күнә. Бүлік жасау – кісі өлтіруден де ауыр қылмыс. Олар (мүшрік кәпірлер) сендерді діндеріңнен бездіргенше тоқтамай, сен-дермен күресе береді. Сендерден кімде-кім өз дінінен безіп, кәпір болып өлсе, оның істеген әрекеттері бұл дүниеде де, қияметте де түкке тұрмайды. Олардың орны – тозақ, онда олар мәңгі қалады»260, – дейді.

Бұл қасиетті айлардың қадірін осы аяттар анық аңғартады. Режеп айында қасиетті екі түн бар. Айдың алғашқы жұмасы

Рағайып түніне, ал жиырма жетінші түні Миғраж түніне сай ке-леді.

259 Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд, I/259260 «Бақара», 217 - аят.

Page 222: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері222

Рағайыптың сөздік мағынасы «рағибә» сөзінің көптік мағынасын береді. Ал рағибә «жауһар, құнды, бағалы, игілік» деген мағыналарға келеді. Осыған байланысты «Ләйлә Рағайып» тіркесін «жақсылық пен игілікке толы және аса құнды, ерекше бағалауды қажет ететін түн» деп түсінеміз. Ислам ғұламаларының айтуына қарағанда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл түні адамның жан сарайына шуақ берер амалдар жасап, нұрлы сырларға қанығып, Ұлы Жаратушыға мадақ келтіріп, шүкіршілік жасап, дұға, кешірім тілеп, намаз оқыған.

Сөздік мағынасына қарар болсақ, бұл түн рухани тұрғыдан бе-рекеге толы, яғни осы себептен мұсылмандар ерекше қадірлейтін түн болып табылады. Бұл мүбәрак түннің ерекшелігінің бірі, «Қасиетті рамазан айының келетіндігінен хабар беруінде. «Режеп, шағбан, рамазан» айлары бірінен соң бірі келіп, мұсылмандар өз - өзін қадағалап, біртіндеп тақуалықтың шыңына шыға алады. Режеп айының алғашқы жұма түніндегі бұл Рағайып мейрамы халық арасында айлардың сұлтаны деп танылған рамазан айын, көңіл мен рухты және сананы кір қоқыс, қияс ойлардан арынды-рып, бір тамаша аппақ айдын көңілмен бастауға әзірлену керек-тігін мұсылмандарға бейне рух тілімен хабарлайды.

Демек, Рағайып түні мұсылмандар үшін рухани салмағы зор қасиетті Рамазан айының келетіндігін алғаш болып сүйіншілеген рух хабаршысы секілді десек болады. Психологиялық тұрғыдан мұның зор мағынасы бар; өйткені мұндай психологиялық ауқымы кең, салмағы батпан қасиетті түнде адам руханият көгіне шығу үшін тыңғылықты рухани дайындық жасап, әрбір күндік құлшылықтарын, қайырлы істерін, жеке басының және отбасылық жауапкершілігін, қоғамдық ортадағы іс-әрекеттерін ой елегінен өткізіп, өз-өзіне есеп береді. Сөйтіп, Рағайып түнін қастерлей біл-ген адамның бойында жақсылық жасауға және жаманшылықтан аулақ болуға деген асқақ та, асыл сезім пайда болады.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өзіне қарсы дұшпан болған жабайы то-бырмен табанды күрес жүргізген шақта, қасиетті Миғраж (түнгі серуен) орын алған еді.

Page 223: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 223

Миғраж сапары – сенімді дерек көздеріне қарағанда Мәдинаға көшпестен бір жарым жыл (621 ж.) бұрын болған. Режеп айының жиырма алтысынан жиырма жетісіне қараған түні пыраққа мініп түнгі сапарда көк жүзінен өтіп, Ұлы Жаратуышымен ерекше су-ретте қауышып, тікелей байланысқа шыққан болатын.

Қасиетті айлардағы сауапты амал турасында Айша анамыз Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.):

و عن عائشة رضي الل عنها قالت لم يكن النبي صلى الل عليه وسلم يصوم من

شهرأكثر من شعبان فإنه كان يصوم شعبان كله وفي رواية كان يصوم شعبان إل قليل«Шағбан айындағы секілді көп ораза тұтқандығын

көрмедім», – дейді261. Айша (р.а): Алла елшісі (с.ғ.с.) Рамазанға дейін шағбан айын

толықтай оразамен өткізетін. Сонда мен: «Уа, Расулалла! Шағбан сіз үшін айлардың ең сүйіктісі ме? Сол үшін ораза тұтасыз ба?», – деп сұрадым. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Иә, бір жыл ішінде бақилық болатындардың тізімі осы айда жазылады. Сондықтан да менің де ажалымның құлшылық үстінде жетуін қалаймын».

Ибн Нәжжардың риуаятында: «Айша! Бұл айда ажал пері-штесі жаны алынатындардың тізімін жазады. Менің де атым ора-за тұтқан кезімде жазылғанын қалаймын» деген еді262.

Алланың сүйікті елшісінен не үшін шағбан айында көп ора-за тұтатындығы сұралғанда: «Шағбан – амалдар Алла тағалаға ұсынылатын ай. Мен де амалдарымның ораза тұтқан кезім-де ұсынылғанын қалаймын. Шағбан – адамдардың басым көпшілігінің рамазан мен режеп айларының ортасында мән бер-мей кететін ай. Мен ол айды босқа өткізгім келмейді», – деп жа-уап берген263.

261 Мүслім, Сиям, 176262 Суюти, Дүррул Мансур, 7/402263 Риязус Салихин аудармасы, т.V

Page 224: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері224

Шағбан айының маңыздылығы туралы:

وم عنه قال: سئل قال رسول الل صلي الل عليه وسلم أي الص وعن أنس رضى الل

دقة أفضل؟ أفضل بعد رمضان ؟ قال: شعبان لتعبان رمضان، وأى الص

قال في رمضان. Әнас (р.а.) былай дейді: «Алла елшісінен (с.ғ.с.) «Рамазаннан

кейін қандай ораза маңызды?», – деп сұралғанда, ол: «Рамазанға құрмет ретінде шағбан айы», «Қай садақа абзал?», – дегенде, «Рамазан айында берілген садақа», – деп жауап берді»264.

Мүбәрак шағбан айының 15-түні – Бәрағат кеші. Бұл түнде періштелер жер бетіне түседі, дұғалар қабыл болады.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл түннің маңыздылығын былайша түсіндіреді:

«Шағбан айының жартысы толған түнді құлшылықпен (мағынасы мен маңыздылығына сай) өткізіңдер. Күндіз ауыз бекітіңдер. Өйткені, Алла тағала күн ұясына батқан шақта: «Кешірім тілеуші бар ма, кешірейін. Рызық сұраушы бар ма, бе-рейін. Ауру-сырқауға ұшыраған бар ма, шипасын берейін» деп таң шапағы атқанға дейін рахымын төгеді».

Тағы бір хадисте: «Алла тағала шағбан айының он бесінші түні (Бәрағат түні)

жер бетіне мейірім жаудырып, Өзіне серік қосқандар мен ата-анаға қарсы шыққандардан басқаларды кешіреді»265.

Бұл түнді ислам ғұламалары «Мүбәрак», «Кешірім», «Сақ» (кешірім, пәрмен, рахмет) секілді атаулармен атайды. Берекелі, рухани, шуақты, құтты түн болғандықтан «Мүбәрак», күнәлардан тазаруға ерекше мән берілсе, рахымы мол Ұлы Жаратушының кешіруі мүмкін екендігі тарту етілгендіктен «Бараағат», мағынасына сай амалдар жасаса, Жаратушы сүйікті құлдарын ерекшелейтіндіктен «Сақ» (кешірімді), есіркеуші, жарылқаушы Ұлы Жаратушыға мойынсұнар шақ болғандықтан «Рақым» атау-лары берілген. Қай жағынан алып қарасақ та, құттылық пен бе-

264 Тирмизи, Зекет, 28 И.Жанан, Кутуби Ситта, аудармасы, 9/428265 Сүнән-и Ибн Мажә, Иқамәтус Салат, 191

Page 225: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 225

рекеге толы бұл түнді мұсылман жұртшылығы «Бараағат түні» деген атаумен ерекше мереке ретінде атап өтеді.

Пайғамбармыз (с.ғ.с.) кейбір сахабалардың Шағбан айының ортасында ораза тұтпағанына орай, сол күндердің қазасына Рама-зан айынан соң екі күн ораза тұтуларын абзал көрген.

Мүбәрак күндер мен түндерді қалайша өткізу керек?Ең алдымен мүмкіндік болып жатса, мүбәрак күндер мен

түндерде намазды мешітте жамағатпен оқуға күш салған жөн. Бұл сауап әрі тамыр-таныспен қоса көрші- қолаңмен бірге бұл шуақты түнде бірге болып, сәлем сауқат сұрап, бір-бірімізге ізгі тілек тілеуге мүмкіндік аламыз.

Екіншіден, мұндай қасиетті күндер мен түндерде жас жет-кіншек ұлдарымызбен қоса оң-солын таныған жастарымызды өзімізбен бірге мешітке апарар болсақ, олардың діни сезімі мен танымын арттыруға күш салған болар едік. Осылайша олар жамағат болудың, бірін – бірі демеп, қолдау білдірудің мәнісін ұғынып, бірлік деген ұғымды терең түсіне алар еді.

Үшіншіден, мүбәрак күндер мен түндерде ағайын-туыс, көрші қолаң, дос-жарандарымызға «Құдай тағала құттылық, береке жа-удырсын» деп тілеп, бір-біріміздің қал-ахуалымызды сұрап, бір-біріміздің қайғы мен қуанышымызға, жеткен жетістіктеріміз бен өзге де мәселелерімізге ортақтаса алған болар едік.

Төртіншіден, мұндай қасиетті күндер мен түндерде мүмкіндігінше Құран оқумен, Құран тыңдаумен, Құран және ха-дис сұхбаттарына қатысып, уағыз-насихат тыңдап, көпшілікпен рухани ләззатты бірге бөліскен абзал. Әсіресе, Құран мен хадистердің мағынасын терең ұғынуыңыз, діни сауатыңызды арттырып, көзіңізді ашатындығы сөзсіз.

Бесіншіден, мұндай қасиетті күндер мен түндерде Ұлы Жа-ратушыны еске алып, тәубе-истиғфар жасап, дұға ету адамның құлдық санасын сәулелендіре түсері белгілі.

Алтыншыдан, қасиетті күндер мен кештерде шынайы ықыласпен намаз оқу, Ұлы Жаратушыға жақындата түседі. Себебі, құлдың Алла тағалаға ең жақын болған сәті, сәждеге бас қойған

Page 226: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері226

кезі. Намаз оқу – ең үлкен зікір. Сондықтан мүбәрак күндер мен кештерде шынайы жасалған ғибадаттың сауабы ерекше.

Жетіншіден, мұндай рухани күн мен кеште ұлттық бірлігіміз бен тұтастығымыз, ұлттың болашағы мен баяндылығы, туған жеріміз, бүкіл ислам дүниесі, қала берді күллі адамзат баласының қайғы мен қасыреттен аман болып, бақытты болуы үшін Ұлы Жаратушыға жан жүрегімізбен жалбарынуымыз шарт. Мұндай негізде таным көкжиегіміз жоғары болған болса, адамдық бол-мысымыз аласармай, тұлғалық тұрпатымыз биіктей түсетіні та-лассыз.

Сегізіншіден, мүбәрак күндер мен кештерде құлдық кейпіміз-ді толықтай ой сүзгіден өткізгеніміз абзал. Әке – шеше ретін-де, адал ұрпақ ретінде, қызметкер ретінде, оқытушы ретінде, шәкірт ретінде, басшы ретінде, қоңыстас ретінде қақымыз бен қызметімізді дұрыс атқарып жатырмыз ба? Осындай сындарлы сәтте кемшіліктерміз бен қателерімізді көз алдымызға келтіріп, көңіл сүзгісінен өткізуіміз, біздің алдағы уақытта табысты бола беруімізіге өз септігін тигізетіні анық.

Тағы бір баса ескерте кететін жайт, бұл айларда оқыған әрбір намаз жамағатпен оқылғаны жөн. Құран Кәрімде:

لة تنهى عن الفحشاء والمنكر لة إن الص اتل ما أوحي إليك من الكتاب وأقم الص«Са ған уахи етіл ген кітап ты оқып, на маз ды орын да. Кү-

дік сіз, на маз арсыздық пен жамандықтан тыяды» деп ескер-теді266.

Бұл мүбәрак айларда Алла тағалаға шүкіршілік етіп, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтуымыз керек. Өйткені, жүрек тек Алланы еске алғанда ғана жай табады. Ал дұғалар сәлем жол-дау арқылы қабыл болады. Ұлы Жаратушы сәлем жайлы Құран Кәрімде:

وا عليه وسلموا تسليما ها الذين آمنوا صل وملئكته يصلون على النبي يا أي إن الل«Сөзсіз, Алла тағала және Оның періштелері әрдайым

пайғамбарға салауат етеді. Ей, иман еткендер! Сендер де

266 «Әнкабут» сүресі, 45-аят

Page 227: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 227

Оған (Мұхаммедке) салауат айтып, жан-дүниелеріңмен сәлем жолдаңдар!»267.

Сәлемі қабыл болған адам сәтсіздікке ұшырап, сау басы саудаға түспейтіні анық.

Өткен жылы осы айларда арамызда болған кей-бір бауырларымыздың бүгін ортамыздан табылмауы бізді толғандыруы керек. Ал келер жылы да осы айларға аман-есен жететінімізге кім кепіл. Адам баласы кейде «әлі жаспын» деп өлмейтіндей, қу дүниенің соңына түсіп, ғапылдыққа салынып жатады. Алайда, өмір қамшының сабындай қысқа. Ұлы Алла тағала адамзатқа бұл ғұмырда иманын сақтап, күшейтіп, келесі дүниеде мәңгі бақытты болу мүмкіндігін сыйлаған. Бұл қысқа ғұмыр соңында бақытты болып, соңғы демге дейін иманды бо-лып өту қаншама амалдарды қажет етеді. Бұл амалдардың басы имандылықтан басталатыны белгілі. Сол себепті алдымен има-нымызды күшейтуіміз қажет. Ол үшін сауапты іске ұмтылмақ керек.

Бұл мүбәрак айларда өзі келіп тұрған сауаптарды мүмкіндігінше жіберіп алмаған абзал. Мәңгілік өмірде бақытты болуымызды осы пәни дүние белгілейді. Егер де Алла тағаланың әмірлері мен тыйымдарына құлақ асып, пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жолымен жүрер болсақ, нәтижесі жұмақ болмақ.

Ұлы Раббымыз режеп пен шағбан айларын мүбәрак етіп, рамазанға амандықпен жетуімізді нәсіп етсін.

267 «Ахзаб» сүресі, 56-аят

Page 228: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

228

Қалмахан Ержан,ҚМДБ Уағыз-насихат және интернетпен

жұмыс бөлімінің қызметкері

БӘРААТ ТүНІ ЖӘНЕ ОНЫң МАңЫЗДЫЛЫғЫ

Ережеп пен Рамазанның арасындағы Шағбан айының он бесінші түні – мүбәрак Бәраат түні. Ол береке, кешірім және ра-хым түндердің бірі.

Ислами күнтізбеде «Бәраат түні» ерекше аталып, қасиетті Рамазанға он бес күн қалғандығын білдіреді.

Бәраат түні – баршаның тағдыр бағдарламасы сызылып, пе-ріштелерге тапсырылып268, құлдардың жасаған амалдары Алла тағалаға ұсынылады.

Ислам дінінің пайда болу кезеңі Асры сағадатта269 (бақытты ғасыр) айдың қақ бөлінуі осы Бәраат түніне дөп келгендігін айтқан ғалымдар бар.

Бәраат түнінде – Жаратушы Иеміз құлдарының тәубесін қабыл етіп, күнәсін кешіреді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Бәраат түнін ғибадатпен өткізген. Айша (р.а) анамыз былай дейді: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір түні орнынан тұрып намаз оқыды. Сәждеде көп тұрғаны сонша, мен оның демі үзіліп кетті ме деп қорықтым. Орнымнан тұрып, қолымды аяғына тигізіп едім, қимылдады. Мен қайта орныма бардым. Сәждеде былайша жалбарынғанын естідім:

«Раббым, азабыңнан кешіріміңе, ашуыңнан ризалығыңа сыйынып, Өзіңді қорған етемін. Сен ұлысың. Саған арнаған мадағымды, Сенің өзіңе жасаған мадағыңмен тең тұта алмай-мын. Саған лайық мадақтауға күшім жетпейді».

Намазды бітіргенде:

268 «Дұхан» сүресі, 3-аят; Тафсири Табару, 13/109; Ибраһим Жанан, Кутубу Ситта, 3/287

269 Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өмір сүрген дәуірі.

Page 229: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 229

– Айша, Алла тағаланың елшісі саған әділетсіздік жасайды деп ойладың ба? – деді. Мен:

– Жоқ, уаллаһи, пайғамбарым. Ондай ойым жоқ. Бірақ сәждеде ұзақ уақыт тұрып қалғаныңды байқап, демі үзіліп кетті ме деп ойладым.

– Бүгін қандай түн екенін білесің бе?– Алла және оның елшісі жақсы біледі. Сонда ол:– Бұл түн – шағбанның он бесінші түні. Алла тағала шағбанның

он бесінші түні құлдарына рақымын төгіп, кешірім тілегендерді кешіріп, «рақым ет!» деп жалбарынғандарға рақым етеді. Тұла бойы қастыққа тұнғандарды өз еркіне қалдырады», – деді»270.

Бәраат түні Алла тағала адам баласының жасаған құлшылықтары мен дұғаларын қабыл етіп, ерекше жарылқайды.

Діни кітаптарда бұл түні періштелердің Алланың әмірімен адамның бір жылдық рызық-несібесі, бай немесе кедей болаты-нынан, ғұмырларының ұзаруы немесе ажалының келуі жайлы хабарларды дайындайтындығы туралы айтылған. Осы түнді құлшылық, нәпіл намаздармен өткізу үлкен сауап.

Сонымен қатар Абдулла ибн Омардың (р.а.) риуаяты Алла елшісі (с.ғ.с.):

«Мына төрт түні жасалған дұғалар кері қайтарылмайды» деді. Олар:

1.Ережеп айының алғашқы түні, 2.Шағбан айының ортасы (бәраат түні), 3.Қадір түні, 4.Бірінші айт күні271.Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Шағбан айының он үшінші түні

үмбетіне шапағат етуді тілеген болатын. Алла тағала шапағат ету құқығының үште бірін берді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Шағбан айының он төртінші түні қайтадан үмбетіне шапағат етуді сұрайды. Алла тағала тағы үште бірін береді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Шағбан айының он бесінші (Бәраат) түні қайтадан дұға етеді. Осы түні Алла тағала пайғамбарымызға (с.ғ.с.) үмбетіне

270 Мунзири, әт-Тарғибут Тарһиб, 2/118271 Абдулла Ибни Әюб, қасиетті күндермен-түндердің артықшылығы, 65

Page 230: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері230

шапағат ету құқығын толықтай береді. Бірақ кей адамдар Алла-дан қашып жүріп, бұл шапағаттан құр алақан қалмақ272.

Қадір түні мүбәрак болғандай, Бәраат түні де пенделер үшін мүбәрак түн саналады. Үлкен ғалым Абдулқадыр Жайлани: «Мұсылман баласының жер бетінде екі (Рамазан мен Құрбан) мейрамы болғандай көктегі періштелердің де екі мейрамы бар. Олар: Бәраат пен Қадір түні. Періштелердің мейрамы түнде. Өйткені, олар ұйықтамайды. Ал мүміндердің мейрамы күндіз. Өйткені, олар түнде ұйықтайды»273, – дейді.

Әбу Һұрайра (р.а.) риуаят етеді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Шағбан айының орта түнінің алғашқы уақытында Жәбірейіл періште маған келіп былай деді: «Уа, Мұхаммед! Көзіңді көкке қарат!», – деді. Мен: «Бүгін қандай түн?», – деп сұрадым. Сонда: «Бұл түнде Алла тағала рақым есіктерінің үш жүзін ашады. Өзіне серік қоспағандарды кешіреді. Ал сиқыршы, дуакештер, ішімдік-ке салынғандар, аса дүние құмарлар, пайыз алушы, зина жаса-ушылар тәубеге келмейінше оларды кешпейді», – деді. Түннің бір бөлігінде Жәбірейіл періште тағы келді де: «Уа, Мұхаммед! Басыңды көтер! – деді. Жұмақ есіктері ашылыпты. Бірінші есігін-де бір періште: «Бұл түні рүкүғ жасағандар қандай бақытты!», – десе, екінші есіктегі періште: «Бұл түні сәжде еткендер қандай бақытты!», Үшінші есіктегі періштелер: «Бұл түні дұға жасағандар қандай бақытты!», Төртінші есіктегілер: «Бұл түні Алланы еске алып зікір еткендер қандай бақытты», Бесінші есік-тегілер: «Бұл түні Алладан қорқып көз жасын төккендер қандай бақытты», Алтыншы есіктегілер: «Бұл түні мұсылмандар қандай бақытты», Жетінші есіктегілер: «Дұға жасаушы бар ма екен, Алла оның қалауын берсін!», Сегізінші есіктегілер: «Кешірім тілеуші бар ма екен, Алла оны кешсін!», – деп тұр екен. Сонда Мен Жәбірейіл періштеден «Бұл есіктер қай уақытқа дейін ашық болады?», – деп сұрадым. Сонда ол: «Күн ұясына батқан шақтан таң ағарғанға дейін», – деді де, «Уа, Мұхаммед! Бүгін Хақ тағала

272 Елмалылы, Хақ Діні, 7/68; Алуси, 13/112273 Жайлани, Гуниятут Талибин, 87-88

Page 231: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 231

Кәлб тайпасының қойларының жүніндей (әрбір қылшығындай) адамдарды тозақтан құтқарады», – деді»274.

Байһакидің «Шуабул-иманында», Ибни Жәрирдің тәпсірінде және Табаридің өзі Үбәйд ибн Адам ибн Әби Яс, Үбайдтың әкесі, Лайс, Уқайл ибн Халид, ибн Шихаб, Осман ибн Мұхаммед ибн әл-Муғира ибн әл-Аһнас арқылы риуаят етеді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ажал Шағбан айынан Шағбан айы-на дейін анықталады. Тіпті біреу үйленіп, балалы болайын деп жатса да, сол жылы қайтыс болатындардың тізімінде аты орын алып жататын кез де болады»275.

әд-Дәйнури, әл-Жужаләсада Рашид ибн Саадтан алғанына қарағанда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Шағбан айының ортаңғы түні Алла тағала ажал періштесіне «Осы жылы алынатын адамдардың рухын ал» деп уахи етеді»276.

Айша анамыз (р.а): Алла елшісі (с.ғ.с.) Рамазанға дейін Шағбан айын толықтай оразамен өткізетін. Сонда мен: «Уа, Ра-сулалла! Шағбан сіз үшін айлардың ең сүйіктісі ме? Сол үшін ораза тұтасыз ба?», – деп сұрадым. «Иә, бір жыл ішінде қайтыс болатындар тізімі осы айда жазылады. Сондықтан да менің де ажалым Алла тағалаға құлшылық етіп, игі амал жасау барысында жазылғанын қалаймын». Ибни Нәжжардың риуаятында «Айша, бұл айда ажал періштесі рухы алынатындардың тізімін жазады. Менің де атым ораза тұтқан кезімде жазылғанын қалаймын», – деген еді277.

Ибни Әби Дүния Ата ибн Ясирдің «Шағбан айының ортаңғы (Бәраат) түні ажал періштесіне тізім жазылған парақ беріледі де оған: «Егер құлым ағаш отырғызып, үйленіп, немесе үй соғып жатса да есімі мына тізімде бар болса, оның рухын ал»278 дегенін айтады.

274 Жайлани, а.а.е., 84-86275 Тафсири Табари, 13/109; Суюти, Дүррул Мансур, 7/401; Ибни Атийа, әл-

Муһаррар, 13/263276 Суюти, Дүррул Мансур, 7/401277 Суюти, Дүррул Мансур, 7/402278 Суюти, Дүррул Мансур, 7/402

Page 232: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері232

Бәраат түнін – құлшылықпен, күндізін оразамен өткізу мұстахап амалға жатады.

Әнас (р.а.): «Төрт түн күндіздері сияқты, төрт күндіз де түндері сияқты (мүбәрак әрі қасиетті)». Алла тағала осы күні серт бергендердің сөзін шыншыл шығарады (ант еткеннің қалауын), тілегеннің тілеуін береді. Адамдарға мәңгі сауап пен сый тарту етеді. Бұл уақыт: «1. Қадір түні, 2. Ара-па түні, 3. Бәраат түні, 4. Жұма түні (бұл күндердің түндері мен күндіздері де)»279.

Кейбір ислам ғұламалары былай деген: Бәраат түні Құран Кәрімнің «Ләухул Махфуздан»280 дүниенің көгіне түсірілген, Қадір түнінде Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) алғаш рет Құран аяттары бөлек-бөлек түсіріле бастаған.

Көптеген тәпсірші ғалымдар

باركة إنا كنا منذرين. فيها يفرق كل أمر حم. والكتاب المبين. إنا أنزلناه في ليلة م

ن عندنا إنا كنا مرسلين حكيم. أمرا م«Ха, мим. Ұлы Құранмен ант етемін! Құранды Біз

анығында, мүбәрак түнінде түсірдік. Шынында, Біз адам-дарды (сонымен) ескерттік. Сол түнде хикметті істің барлығы (қатесіз, нақты) жіктеледі. Мұның барлығы – Біздің қолымыздағы тағдыр»281 деген аяттағы «Ләйла-и мубарака» (мүбәрак түн) осы Бәраат түні деп жорамалдайды. Өйткені, басқа аятта Құранның Рамазан айында (Қадір түні) түсірілгендігі айты-лады. Олай болса Құран, Бәраат түні Ләуһүл-Маһфуздан дүниенің көгіне түсірілген деген пікірге тоқталады282.

Фахруддин Рази былай дейді: Атийаи Харури, Абдулла ибн Аббастан

إنا أنزلناه في ليلة القدر«Анығында, Біз (Құранды) Қадір түні түсірдік»283 және

279 Дәйлами; Ахмад Зияуддин Гумушһанауи, Рамузул Әһадис, 69280 Сақтаулы тақта: бүкіл жаратылысқа тән нәрселердің негізгі жады.281 «Дұхан» сүресі, 1-5-аяттар282 Елмалылы, Хақ Діні, 7/68-69283 «Қадір» сүресі, 1-аят

Page 233: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 233

باركة إنا أنزلناه في ليلة م «Құранды Біз анығында, мүбәрак түнінде түсірдік»284 де-

ген аят туралы: «Ұлы Алла тағала Құранды (23 жыл ішінде) бүкіл айда түсіре тұра, «осы түні түсірдік» дегенді түсінбедім» деп сұрайды. Сонда Ибн Аббас (р.а.): «Ей, Ибну Әсуад! Құран Кәрім әуелі толықтай Ләуһи Махфуздан дүниенің көгіне түсті. Одан кейін Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) түсірілді» деді285.

Ибн Аббас (р.а.) «Дұхан» сүресіндегі «حم» (ха, мим)286 аяты «Ұлы Алла тағала қиямет күніне дейін ненің болатынын және қалай болатынына үкім еткен. «Түсірілген бұл кітап...»287 Құран, ал «мүбәрак түн...» Шағбан айының ортасы, яғни он бесінші түн. Бәраат түні»288, – дейді.

Сондықтан да мүбәрак Бәраат түнін құлшылықтармен яғни тәубе етіп, дұға жасап, намаз оқып, Құран оқып, пайғамбарымызға салауат айтып өткізген абзал.

Бәраат түні – жақындарымызбен, көрші қолаң, дос-жарандарымызға «Алла тағала құт-береке жаудырсын» деп тілейік. Осы бір мүбәрак түні біріміздің қал-жағдайымыздың жақсы болуын сұрап, ұлтымыздың бірлігі мен тұтастығын, болашағы мен баяндылығын, жеріміздің, қала берді күллі адамзат баласының қайғы мен қасіреттен аман болып, бақытты болуын тілеп, Ұлы Жаратушыға шынайы түрде жалбарынайық.

284 «Дұхан» сүресі, 3-аят285 Фахриддин Рази, 27/240; Суюти, 7/398; Алуси, 13, 1/111286 «Дұхан» сүресі, 1-аят287 «Дұхан» сүресі, 2-аят288 Абдулқадир Жайлани, Гуниятут Талибин, 70-71

Page 234: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

234

Қалмахан Ержан,ҚМДБ Уағыз-насихат және интернетпен

жұмыс бөлімінің қызметкері

ЗИНА – өТЕ АуЫР КүНӘ

Құрметті мұсылман бауырлар! Алла тағала адам бала-сын жаратқаннан кейін оларды қараусыз қалдырмаған. Өзінің таңдаулы құлдары болған пайғамбарларды жіберіп, тура жолды нұсқап отырған. Солар арқылы жақсы мен жаманды, әділдік пен әділетсіздікті, обал мен сауаптың не екенін ажыратуды үйреткен. Алайда, адам баласы үнемі пайғамбарларына бойсұнып, солар көрсеткен жолмен жүрді дей алмаймыз. Пайғамбарымыздың көзін көріп жүрсе де, түрлі зұлымдықтар мен ұятсыз істерге бой алдырғандар болды. Ал пайғамбарлар өткеннен кейін жаман әрекеттерге беріліп кеткендер тіпті көбейіп кетті.

Құранда бұл жайлы:

هوات فسوف يلقون غيا لة واتبعوا الش فخلف من بعدهم خلف أضاعوا الص«Бұл пайғамбарлардан кейін орындарына, намазды

қойып, нәпсілеріне ергендер келді. Олар жақында (қияметте) адасуларының сазайын тартады»289 делінген.

Алла тағала жақсы көрмейтін абыройсыз істердің бірі – зина. Қазіргі қоғамда осы бір жексұрын қылыққа тоқтам бол-май, көбейіп бара жатқаны белгілі. Сондықтан бүгінгі уағыз осы тақырыпқа арналады.

«Зина» ер не әйелдің некесіз бөгде біреумен төсек қатынасына түсу дегенді білдіреді290.

Қасиетті Құран Кәрімде айтылған Алланың үкімі мен пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистері және барлық Ислам ғұламалары зина жасауды бірауыздан ең ауыр күнәға жатқызады.Ол Ислам дінінде ғана емес, сондай-ақ өзге діндерде де тыйым салынған кеселді істер қатарына жатады.

289 «Мариям» сүресі 59-аят290 Рағиб әл-Исфахани, Муфрадату Әлфазыл-Құран, Дамаск, 1992, 384

Page 235: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 235

Ал Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бұл күнәнің ауырлығына қатысты: «Алла тағала үшін серік қосудан кейін, зинадан асқан ауыр күнә жоқ»291 деген.

Зина – жеке адам мен бүкіл қоғамның бақытына балта ша-батын, қасиетті жанұя отауының керегесін шайқалтып, отын өшіретін ең жиіркенішті күнәлардың бірі.

Мейрімі шексіз Жаратушы Иеміз өзінің сүйікті құлдарын осындай кесапатты дерттен сақтануды ескертіп, қасиетті Құран Кәрімде:

نى ول تقربوا الز«Зинаға жақындамаңдар»292 деген. Аяттың мәніне үңілер

болсақ, бұл жерде Алла тағала «зина жасамаңдар» деп тұрған жоқ, «зинаға жақындамаңдар» деу арқылы осы арсыз, ауыр күнәны жасау былай тұрсын оған жақындамауды, тіпті соған соқтыратын кез келген әрекеттен бойды аулақ ұстауды бұйырған. Түптеп кел-генде, зина – тек екі күнәһардың ғана жасаған қылмысы емес, отбасының тамырына балта шабу және келешек қоғамның ыды-рауына жол ашатын, халықты іштен ірітетін қоғамдық індет. Сондықтан да кез-келген мұсылман баласы осы аса қауіпті дерт – зинақорлыққа және зинаға итермелейтін қандай да бір әрекеттен аулақ болуы шарт.

Құран зина жасау мақсатында көңілдес, ашына табуды (اتخذ ) .харам санаған293 (أخدان أخدان( Иттаһазу аһдан» сөзі некесіз»اتخذ жыныстық қатынасқа түсу үшін ашына болу деген мағынаға ке-леді294.

Бұған қоса Құрандағы:

ول تقربوا الفواحش ما ظهر منها وما بطن

291 Ахмәд ибн Ханбәл292 «Исра» сүресі, 132-аят293 Қараңыз: «Ниса» сүресі, 25-аят; «Маида» сүресі, 5-аят294 Елмалылы, Хақ діні Құран ділі, 1982, ІІ/1331

Page 236: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері236

«Жамандықтардың (фауахиш) ашық, жасырын болғанына да жақындамаңдар»295 деген аят күллі күнәларды қамтумен қатар зинадан да аулақ болыңдар деген мағынаны береді.

Негізінен, құмарлық сезім әу бастан адамның табиғи болмы-сында бар. Бұл сезімді Алла тағала құлдарына ұрпақ жалғастыру үшін сыйға тартқан. Аталмыш сезімдерді жақсы не жаман жолға жұмсау адамдардың өз еркінде. Егер дұрыс қолданса, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) үмбетінің көбеюіне үлес қосып, сау-ап алады. Ал дұрыс қолданбаса, Ібілістің ойыншығына айналады. Ібіліске жолдас болғандар Алланың рақымынан қуылады.

Әйгілі төрт халифаның бірі Әли ибн Әбу Тәліп (р.а.): «Ең қорқынышты жайт – нәпсіге ие болмау. Нәпсінің жетегінде кету – адамды ақиқаттан аластатып, ақыретті ұмыттырады», – деген екен. Сол сияқты, ислам қағидасымен қарағанда, ең бақытты адам деп – өз нәпсісіне ие адамды айтады. Міне, рухани тұрғыдан адамның адамнан артықшылығы өз нәпсісін тізгіндей алуымен өлшенеді.

Ислам діні зинақорлық індеттің алдын алу үшін мұсылман ба-ласына отбасылық өмірін ақ некемен бастауды әмір еткен. Алла тағаланың адал жолымен қосылып, перзент сүйіп, киелі шаңырақ көтеру арқылы өз ар-намыстарын сақтап қалмақ. Ал үйленуге шамасы келмегендерді қасиетті Құран Кәрімде:

من فضله وليستعفف الذين ل يجدون نكاحا حتى يغنيهم الل«үйлене алмағандар, Алла өз кеңшілігімен байытқанға

дейін, (күнәлі істерден) өздерін таза ұстасын...»296, – деп оларды ар-намысын сақтауға шақырған.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) да:

ج فإنه أغض للبصر وأحصن للفرج، باب من استطاع منكم الباءة فليتزو يا معشر الش

وم فإنه له وجاء ومن لم يستطع فعليه بالص«Уа, жастар! Араларыңыздан үйленуге жағдайлары

барларыңыз үйленсін. Үйлену – көзді харамнан, бойды күнәдан

295 «Әнғам» сүресі, 151-аят296 «Нұр» сүресі, 33-аят

Page 237: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 237

сақтайды. Үйленуге жағдайы келмегендер ораза ұстасын. Се-бебі, ораза ол үшін қалқан»297, – деп өсиет еткен. Иә, ораза арқылы нәпсіні тәрбиелеуге болады. Аш адамдардың мұндай ар-сыз қылықтарды жасамасы анық.

Тағы бірде:

تناكحوا تناسلوا تكاثروا فإني مباه بكم المم يوم القيامة«Неке қидырып үйленіңдер, перзентті болып көбейіңдер.

Әрине, мен сендердің көптіктеріңді қиямет күні басқа үмбеттің алдында мақтаныш етемін» деген298. Яғни, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мұнда азғындыққа бой алдырып, қара көбейткендерді емес, жүрегі иманға толы, адамгершілігі мол жандардың көптігімен мақтанатынын меңзеген. Демек, ақ некеде көзделген ең ізгі мақсат – адамзат ұрпағын адал жолмен сақтап, көбейту.

Және көбейтіп қана қоймай, пайғамбарымызға үмбет болатын-дай етіп тәрбиелеу де ата-анаға жүктеліп тұрғанын байқаймыз.

Ислам діні зинаны тыйып қана қоймай, оған бастайтын жол-дарды да харам еткен. Мұны шариғатта «сәдду-зәрәи» деп атай-ды. Сондықтан бөгде ер мен әйелдің арасындағы қатынасқа бел-гілі бір шек қойған.

Бұл жайлы қасиетті Құранда:

خبير بما وا من أبصارهم ويحفظوا فروجهم ذلك أزكى لهم إن الل قل للمؤمنين يغض

يصنعون وقل للمؤمنات يغضضن من أبصارهن ويحفظن فروجهن«(Ей, Мұхаммед!) Мүміндерге айт: бөгде әйелдерге

сұқтанып көз сүзбесін, абұйырларын (ұятты жерлерін) ашпа-сын. Олардың осылай еткені жақсы. Шынында, Алла олардың бар қылықтарын байқап тұрады. Мүмін әйелдерге айт: жат еркектерге көз сүзбесін, абұйырларын жапсын...»299, – деп бұйырады. Осы аяттан Алла тағала еркектерге де, әйелдерге де харамға көз салмауды, ұятты жерлерін арсыздықтан сақтауды

297 Бухари, Саум, 10; Әбу Дәуід, Никаһ, 1; Нәсаи, Сиям, 43; Ибн Мажә, Никаһ, 1

298 Хадис энциклопедиясы, XVII, 187-б.299 «Нұр» сүресі, 30-31-аяттар

Page 238: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері238

бұйырғанын байқаймыз. Басқа да аяттарда Жаратқан Жаббар ие зинаны харам қылумен қатар, ақыреттегі азабын есімізге салып:

إل بالحق ول م الل إلها آخر ول يقتلون النفس التي حر والذين ل يدعون مع الل

يزنون ومن يفعل ذلك يلق أثاما . يضاعف له العذاب يوم القيامة ويخلد فيه مهانا .«Олар Алламен қатар басқа тәңірге жалбарынбайды және

Алланың өлтірілуіне тыйым салған адамды өлтірмейді әрі зина жасамайды. Кімде-кім осылардың біреуін істесе, ауыр жазаға тап болады. Қияметте оның жазасы еселене түседі әрі олар онда мәңгі қор болып қала береді»300, – деп жан түршігерлік азап-тан сақтануды ескертуде.

Бөтен еркектердің бөтен әйелдерге, бөтен әйелдердің басқа еркектерге құмарта қарауы – харам.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Әлиге: «Ей, Әли! Қайта-қайта артыңа тесіліп қарама. Өйткені, бір

рет қарау – сенің хақың, ал екінші рет қарауға хақың жоқ»301, – деп өсиет айтты. Бұл харамға бойлау сатылы түрде жүзеге асатынын, яғни көз салумен, құлақ түрумен, тіл қатысумен, қол ұстасумен басталып, жүзеге асатынын көрсетеді. Ал ақыры зина әрекетіне апарып соқтыратынын меңзейді.

Адам кейде харам нәрсеге немесе ашық денеге еркінен тыс көз салып қоюы мүмкін. Мұндай жағдайда бірден, сол сәтте көзін тайдырып әкетуі тиіс. Оның жөні бөлек. Алайда одан соң екінші рет қайта қарамауға күш жұмсауымыз керек. Ол оңай шаруа емес. Бірақ күш-қуатты тек Алла береді. Адам тек ниет етсе болғаны. Сөйтсе де адам бұл дүниеде шайтанның құрығынан құтылу үшін Алланы еске алуы керек. Сонда ғана адам кесепаттан бойын таза ұстай алады.

Ардақты елші (с.ғ.с.) өзіне әлдебір мәселе бойынша келген жас әйелге көз алмай қарап қалған жанындағы жас сахабаның бетін қолымен басқа жаққа көлегейлеп, оны күнәдан қақпайлады.

300 «Фұрқан» сүресі, 68-69-аяттар301 Тирмизи, Әдаб, 28; Әбу Дәуід, Никаһ, 43

Page 239: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 239

Бір құдси хадисте:

يطان من تركها مخافتي أعقبته عليها النظرة سهم مسموم من سهام الش

إيمانا يجد حلوته في قلبه«Харамға қарау – Ібілістің улы оғы, кім одан Менен қорқып

бас тартатын болса, мен оған терең иман беремін, оның дәмін жүрегінде сезеді»302 делінген. Демек, ер не әйелдің бөгде біреуге құмарта қарауы көз зинасы болып саналады.

Ислам діні бөгде әйел мен еркектің жеке қалуына да тыйым салған. Ибн Омар (р.а.) жеткізген бір хадисте: «Бөтен әйелмен жеке қалушы болмаңдар. Өйткені, оңаша қалған еркек пен әйелдің үшіншілері шайтан болмақ»,303 – делінген.

Ардақты елші (с.ғ.с.): «Егер де әйелдеріңіздің арлы, намыс-ты болғанын қаласаңыз, бөгде әйелге құмарта қарамаңыз» деп өсиет ету арқылы қоғамдағы індеттің алдын алуға шақырады. Ар-намысын ойлаған жан өз шаңырағындағы қызына, әйеліне, әпке-қарындасына, басқа да жақындарына, бейтаныс кісіге де мұндай жамандықты тілемейтіні анық.

«Көз көрмесе, көңілің де тілемес, көзің көрсе, көңіл құлауы түк емес» демекші, улы жебенің нысанасы болғысы келмеген мұсылман баласы көздерін харамнан сақтауы тиіс.

Пайғамбарымыз бір хадисінде: «Жаннат адамға ұнамсыз көрінген нәрселермен, жаһаннам (нәпсіге) ұнамды нәрселермен бүркемеленген»304 деген.Расында, кейде адамдар көбіне дүние-нің болмашы жылтырағына алданып жатады. Нәпсімізге майдай жаққан тән құмарлықтары зерлеп тоқылған жібек кілем секілді су-сылдап, сылаң қағып, өз ұйығына тартып әкетеді. Ол у қосылған бал іспетті. Ал оның емі мына хадисте айтылғандай:

ات أكثروا ذكر هادم اللذ«Ләзәттардың дәмін ащыландыратын (өлімді) көп еске

алыңдар»305 дегендей өлімді бір сәтке де қаперімізден шығармау. 302 Мүслим, Хаж, 407303 Сахих хадистер, Абдуссамад Махат, Ж.Сандыбаев, Алматы, 2006, 104304 Бұхари, Риқақ, 28; Мүслим, Жаннат, 1305 Бұхари мен Мүслимде риуаят етілген бұл хадисті Әбу Һұрайра

жеткізген

Page 240: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері240

Қазіргі таңда жастарымыз заман талабы осы екен деп, жар-тылай жалаңаштанып жүруді сәнге айналдырып алған. Бұл да зинақорлыққа бастайтын жолдардың бірі. Өйткені, «көзің көрсе – көңіл ауып қалады, көңіл ауса – кімдер ұстай алады!?» дегендей нәтижесінде, бөгде ер не әйел адамдардың күнә жасауына жол ашылады.

Зинаның зардаптары:Зина адамдардың ар-намысына қол сұғу әрі қоғам өмірінің

баяндылығын шайқайтын қылмыс болып табылады. Мұндай күнәға барушы бала-шағасына, жақын-туыстарына зиян кел-тіреді. Бала-шағасына жаман үлгі көрсеткен мұндай кісі олардың абыройына дақ түсіріп, сүйекке таңба салады. Зина ар-намысты, ұятты жоқ етумен қатар болашақ ұрпақтың болашағына балта шабады. Ер-азамат әйеліне, әйелі еріне адал болмауы отбасында ауыр психологиялық ахуал туғы зады. Бұл көптеген шаңырақтың шайқалуына, бойжеткендердің абыройдан айрылуына себеп болмақ.

Зина жасаудың ақыреттегі азабына қатысты Бұхаридің са-хихында Сәмурә ибн Жүндүбтің Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бір түсін риуаят еткен хадисін былайша жеткізеді: «Түсінде Пайғамбарымызға Жәбірейіл мен Микаил періште келді. Бұдан кейінгісін Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай әңгімеледі: «Бірге келе жатып, жоғарғы жағы тар, асты кең тандыр секілді бір нәрсенің қасына келдік. Оның іш жағынан айқайлаған дауыстар естіліп жатты. Ішіне үңіліп қарағанда тыр жалаңаш еркек-тер мен әйелдірді көрдік. Олардың төмен жағына жалындап жанған от әкелінді. От оларға жақындаған кезде жан дауыста-ры шығып, айқайлап жатты. Мен «Уа, Жәбірейіл, бұлар кім-дер?» деп сұрадым. Ол: «Бұлар зина жасағандар. Олардың азабы қиямет-қайымға дейін осылай жалғасады» деп жауап берді»306.

Әбу Һұрайрадан риуаят етілген бір хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Алла тағала қиямет күні мына 3 топқа назар салмай-

306 Бұхари, Сахих, (7047)

Page 241: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 241

ды, күнәларынан тазартпайды, оларға ауыр азап бар. Олар: зина жасаушы қарт кісі, өтірікші басшы, тәкаппар кедей»307 деген.

Әбу Һұрайрадан жеткізілген бір хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

اني حين يزني وهو مؤمن ...يزني الز «Зина жасаушы, зина жасаған кезде мұсылман ретінде

жасамайды»308, – десе, тағы бір хадисте

لة، فإذا نزع عاد إليه ايمان جل خرج منه اليمان وكان على رأسه كالظ إذا زنى الر«Егер кісі зина жасаса иман одан шығып, басының үстінде

бұлт секілді қалықтап тұрады. Зинадан соң қайта оралады»309 дейді. Ғалымдар бұл жердегі қайта оралуды тәубе етумен бай-ланыстырады. Ал тәубенің қабыл болуының да өзіндік шартта-ры бар. Сондықтан мұсылман баласы иманын сақтап қалғысы келсе, бұл пәлекетті жасамақ түгілі, аятта айтылғандай оған жақындамауы да қажет. Иманның отауы – жүрек. Күнә жасаған сайын адамның жүрегіне қара дақ түседі. Олар көбейген сайын, жүректі кір басып, тәубемен жуып-шайылмаса, ақыры иманынан айырылады. Алла тағала мұның бетін аулақ қылсын!

Осы ауыр күнәнің ақыреттегі азабымен қатар осы дүниедегі зардаптары да орасан. Жаратқанның адам баласына жаны ашып тыйым салған зина жасаудың түрлі кеселдерге жол ашатыны бүгінгі медицина дамыған сайын айқын біліне түсуде. Ғасыр де-ртіне айналған СПИД – осындай арсыздықтың ащы жемісі.

2005 жылы дүниежүзі бойынша ВИЧ пен СПИД жұқтырғандардың саны 40 миллион адамнан асып жығылған. Сонымен қатар 3,1 миллион адам, оның ішінде 570 мың бала осы дерттен көз жұмған екен.

Ал Қазақстанда алғаш рет 1987 жылы бұл дертке шалдыққан бір азамат тіркелген екен. Дәл қазіргі таңда Қазақстанда 11369 науқас тіркелген.

307 Хадис Мүслимде, Ахмәд ибн Ханбәлда, Нәсәиде риуаят етілген308 Бұхари, Мәзәлим, Мүслим, Иман, 100, Әбу Дәууд, Сүннет, 16 (4689) (И.

Жанан, 16/294)309 Әбу Дәууд, Сүннет, 16 (4690), Тирмизи, Иман 11 (2627) Жанан, 16/296

Page 242: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері242

ТМД елдері арасында Ресей, Украина, Өзбекстан, Белло-руссиядан кейін бесінші орынға табан тіреппіз. Таза СПИД-ке шалдыққандар қатары – 605. Дені 29-39 жас аралығындағы ауру азаматтар жиі ұшырасады. Мұны ұлт тамырына балта шабатын қасірет деуге болады310.

Пайғамабырымыз (с.ғ.с.) да осыны меңзеп:

: لم تظهرالفاحشة أن تدركوهن يا معشر المهاجرين! خمس إذا ابتليتم بهن وأعوذ بالل

وجاع التي لم تكن مضت في اعون وال في قوم فط حتى يعلنوا بها إل فشا فيهم الط

أسلفهم الذين مضوا«Әй, мұһажирлер! Мына бес нәрсемен сынаққа душар болған

кезде (қоғамда ешқандай ізігілік қалмаған) көздерің тірісінде бастарыңа келуден Аллаға сыйынамын! Олар: Зина: бір қоғамда ашықтан-ашық жасалатын жағдайда олардың арасында Тағұн/оба әрі бұрынғы халықтарда кездеспеген түрлі аурулар кең таралады..»311 деуі де дәл осы жағдайды көріп-тұрып айтқандай-ақ.

Осының салдарынан көзі жәутеңдеген мыңдаған пәк сәбилер тастанды болып, жетімдер үйіне тоғытылып жатыр. Жылына са-налы түрде қаншама жасанды түсікке жол беріліп отыр. Мәселен, Қазақстанда қазіргі таңда 100 мың тастанды бала, 600 балалар үйі бар. 2003 жылғы есеп бойынша 127200 жасанды түсік жасалғаны ресми тіркелген. Ал ресми тіркелмегені қанша екені белгісіз.

Әлем бойынша жыл сайын 32 миллион жасанды түсік жаса-лады екен! Бұл – күніне 87 мың деген сөз. Аналар тек сәбилерін ғана өлтіріп қоймай, өз ағзаларына да зор зиян келтіруде312.

Жалпы зина денсаулықты бұзумен қатар, ақыл-еске зия-нын тигізеді, діни сезімді әлсіретеді, өмір жасты қысқартады. Мамандар зинақорлардың балаларының да бойында көптеген

310 www.aikyn.kz311 Зәуәид, Жанан, 17/557312 «Ислам және Өркениет» газеті, №11(119) Алматы, 2008ж. «Мені өлімге

қалай қидың, анашым?!», 11-бет.

Page 243: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 243

кеселдердің болатындығын айтуда. Мысалы, мезгілінен бұрын жетілу, денсаулығы мен психикасындағы ауытқулар т.б. секілді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Уа, мұсылмандар, зинадан сақтаныңдар! Өйткені, оның мына алты үлкен зияны бар. Оның үшеуі осы дүниеде, үшеуі ақыретте. Осы дүниедегілері: 1. Жүздегі нұр таяды, 2. Өмірі қысқарады, 3. Кедейліктен көз ашпайды, ал ақыреттегілері: 1. Алла тағаланың қаһарын туғызады 2. Есебі ауыр болады 3. Жаһаннамда азапталады»313 деп зинаның залал-дарын баяндап берген.

Жалпы әлемдік деңгейде адамзаттың азғындауына бойдағы құмарлық сезімін қоздырып, адамдарды күнәға итермелейтін көріністердің мерзімді басылым беттері мен теледидарларда ашық көрсетілуі, ішкілікке қоғамдық жерлерде тиым салынбауы, ұлттық сана мен салт дәстүрлерді жойып-жалмап бара жатқан жаһандану үрдісі кері әсерін тигізуде. Жеке бас еркіндігін желеу етіп, қалаған нәрсемде жасауға құқылымын деген түсінік сананы улауда. Батыс қоғамында өзгеге зияны тимеген жағдайда жеке адам қалағанын жасай алады. Алайда, дінімізде өзгеге тұрмақ адамның өзіне зиян жасауына да тиым салынған. Түптеп келген-де ол тыйымның өзі адамдардың игілігі үшін жасалған.

Негізінде зина – өзгенің құқығына қол сұғу болып табылады. Сондықтан мұсылман баласына өзгелердің жанын қию, дүние-мүлкіне, ар-намысына тию харам саналған.Ақындардың бірі

«Көзін бағып, ие болсын тіліне,Ақыл тізгін салсын нәпсі тәніне», – деп жырлапты, Ал

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

من يضمن لي ما بين لحييه وما بين رجليه أضمن له الجنة«Маған мына екі нәрседе: екі жақ арасы мен екі аяқтың

арасына (зина жасамауға) кепілдік берсеңдер, мен сендерге жәннатқа кірулеріңе кепілдік беремін»,314 – деген.

Хадисте белгілі болғандай, кейбір адамдар зинақорлығымен қоса тілінен де табады.

313 әл-Бәйһақи, Шуаб, (5475)314 Бухари, Риқақ, 23; Мүслим, Китабуль иман, 42

Page 244: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері244

Сондықтан да арсыздық пен азғындық ешкімге де абырой берген емес.

Зина атаулыдан қанша алыс болсақ – соншалықты жамандықтан, ауру сырқаудан, қылмыстан, т.б. аулақ бола-мыз. Жезөкшелік, зинақорлық секілді жиіркенішті әрекеттер халқымызда болмаған. Бола қалған бірен-саран оқиғаларды да ауыр қылмыс санап, қоғамда індет ретінде жайылмауы үшін, әрі болашақ нәсілдің рухани тазалығын сақтау үшін қатаң жазалап отырған.

Тарихи деректерге қарар болсақ, зинақорлықтың салдарынан көптеген елдер жермен жексен болған. Мәселен Лұт пайғамбардың қауымы тым шектен шыққан еді. Қатты азғындаған оларда ер мен ер жанасушылық үйреншікті әдетке айналған болатын. Күнәға белшеден батқан қауымға Алла тағала жаза ретінде апат жібер-ді315. Исламға дейінгі кезеңде де зина жасау күнделікті әдетке айналған-ды. Дәл сол сияқты Рим мен Византияның түбіне осы нәпсіқұмарлық жеткен. Үмму Сәләмә анамыз Пайғамбарымыздан (с.ғ.с): «Уа, Алланың елшісі! Арамызда салиқалы адамдар бола тұра, біз апатқа ұшыраймыз ба?», – деп сұрағанда, ол: «Иә, егер жамандық (зина) көбейсе»316 деп, түбімізге жететін қасіретті ба-яндап берген еді.

Осы орайда мына бір оқиғаны еске сала кеткенді жөн көріп отырмыз. Исламның алғашқы жылдарында мұсылмандықты қабылдағанымен, қараңғылық дәуірінде бойына сіңіп қалған жиіркенішті (зинақорлық) әдетінен арыла алмаған бір жас жігіт Алла елшісіне (с.ғ.с.) келіп:

– Уа, Алланың елшісі, маған зина жасау үшін рұқсат берсеңіз? – дейді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жанында отырғандар жігіттің әбес өтінішін естіген сәтте оған бірден өре түрегеліп дүрсе қоя берді. Сонда Алла елшісі (с.ғ.с.) сабырлы қалпын бұзбай, оны жа-нына отырғызып, одан былай деп сұрады:

315 Қараңыз: «Ағраф» сүресі, 80-84-аяттар; «Нәмл» сүресі, 54-58-аяттар; «Әнкабут» сүресі, 28-35-аяттар.

316 Муатта, Кәлам, 22 (2, 991) (Жанан 16/336)

Page 245: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 245

– Осындай нәрсенің сенің анаңа жасалғанын қалар ма едің?– Әке-шешем сенің жолыңда құрбан болсын, уа, Алланың ел-

шісі, әрине, қаламаймын!– Ешқандай адам анасына мұндай жиіркенішті қылықты

қаламайды. Егер сенің қызың болса, оған осындай әрекет жасағанын қалар ма едің?

– Жаным саған құрбан болсын, ей, Алланың елшісі, еш қаламас едім!

– Ешбір жан да қызына мұны тілемес еді. Ал әпкелеріңе осын-дай нәрсе жасалғанын қалар ма едің?

– Жоқ, пайғамбарым, мұны да қаламаймын!– Ешкім де әпкелеріне мұндай сорды қаламайды.

Қарындастарыңа ше, оларға осындай жамандық жасалғанын қалар ма едің?

– Жо-жоқ, қаламаймын!– Ешкім де қарындастарын қасіретке душар еткісі келмей-

ді, – деген Алла Расулы (с.ғ.с.) қолын әлгі жігіттің жүрек тұсына қойып: «Раббым, мұның күнәсін кешір, жүрегін жамандықтардан тазарт, намысын сақтауға жәрдемші бол!», – деп дұға етеді.

Міне, осылайша, жігітке ашуланбай, оның өрекпіген көңілін басып, зинақорлықтың жиіркенішті екенін осындай мысалдармен түсіндіріп, әкелік мейірім танытып, жанын жегі құрттай жеген әлгі күнәдан құтылуы үшін дұға етеді317. Жас жігіт сол сәттен бас-тап өмірінің соңына дейін иманына дақ түсірмеді. Бұл хадистен ұғарымыз өз анамызға, қарындасымызға, апа-қарындасымызға қаламайтын нәрсені бөтен әйелдерге қаламауымыз керек.

Ислам дінінде осындай ауыр қасыреттің алдын алатын, оны түбірімен жоятын барлық дәстүрлер бар. Тек қана Ислам әлемі емес, бүкіл адамзат қоғамы оның өмірге мән сыйларлық сара дәстүрлеріне зәру екенін көзбен көріп, көңілмен түюдеміз. Ұрпағымыздың иманды болуын, іргеміздің берік болуын қаласақ зинадан аулақ болуды жан-жақты насихаттауымыз ләзім.

317 Мүснәд, V/256-257

Page 246: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

246

Асылбек Ноғаев ҚМДБ Уағыз-насихат және интернетпен

жұмыс бөлімінің қызметкері

ИСЛАМДА ҰяТТЫң ОРНЫ

Ұят – Алла тағала құлдарына нығмет етіп берген тамаша көркем мінездердің бірегейі. Ол күнә мен қылмыс жасаудан, опасыздық пен нашар қылықтардан, қысқасы, аяқты шалыс басу-дан сақтайды. Сүйікті Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): الحياء ل يأتي إل بخير «Ұялшақтықтың берері тек қана игілік» деген хадисінің мәнін осыдан іздеген дұрыс. Ал ұяттың кемуі Құдайдан қорқуды да азайтады. Сондай-ақ ғалымдардың «Кімнің жүрегінде қорқыныш пен ұят болмаса, онда жақсылық та қалмаған» деген пікірлері де жүректегі бүкіл ізгілік, жақсылық атаулының ұяттан келетінін ұғындырады. Өйткені, ұят пен иман үнемі қатар жүреді. Иманнан тек жақсылық қана келетіні бесенеден белгілі.

Алланың соңғы елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.):

يمان في قرن فإذا نزع الحياء تبعه الآخر الحياء وال«Ұят пен иман тығыз байланыста. Егер ұят кетсе, екін-

шісі де бірге кетеді» деп, ұяттан ажыраған кісінің иманнан да қол үзетінін білдірген. Олай болса, ұялудың астарында Алла-дан қорқу, Алланы жақсы көру сынды ізгі қасиеттер де жатады. Ұнамсыз, нашар істермен бетпе-бет келгенде, «ұят болады» деп оны жасаудан тартынуымыз Алла тағаладан қорқудың белгісі. Ғалымдардың бірі осыған байланысты: نيا فلا والله ما في العيش خير ول الدАллаға ант етемін, адамнан ұят кеткеннен кейін ті» إذا ذهب الحياء -шілікте де, дүниеде де жақсылық қалмайды»318 деген мәні терең сөз қалдырыпты.

Мұсылман баласы ұялуды Жаратушы иемізден үйренеді. Хадистердің бірінде мейірім жаршысы Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Алла тағаланың ұлы ұяты туралы былай деген:

318 Әбу Тәммам, Диуанүл-хамасә 2/26.

Page 247: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 247

عن سلمان الفارسي ، عن النبي صلى الل عليه وسلم ، قال إن ربكم حيي كريم

هما صفرا يستحيي من عبده إذا رفع يديه إليه أن يرد«Сендердің Раббыларың – ұлы ұят иесі әрі жомарт.

Сондықтан қолдарын дұға үшін жайған уақытта оны бос (рақымы мен шарапатынсыз) қайтаруға құлынан ұялады»319. Ұлы Алла тағаланың бұл мінезінен тәлім алған Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) да жер бетіндегі адамдар ішінде ең кәміл ұяттың иесі бол-ды. Ол оң босағада отырған иманды қыздың ұялшақтығынан да артық ұялатын. Егер оның жан дүниесіне ұнамайтын іс жасал-са, сахабалар оның бет-әлпетінің өзгерісінен бірден байқайтын. Алла тағаланың өзі Құран кәрімде Пайғамбарымыздың осы бір мінезінен хабар берді:

ها الذين آمنوا ل تدخلوا بيوت النبي إل أن يؤذن لكم إلى طعام غير ناظرين إناه يا أي

لكم كان كن إذا دعيتم فادخلوا فإذا طعمتم فانتشروا ول مستأنسين لحديث إن ذ ول

ل يستحيي من الحق يؤذي النبي فيستحيي منكم والل«Әй, мүміндер! Пайғамбардың үйлеріне дастарханға

шақырылмасаңдар кірмеңдер, тамақтың пісуін күтпеңдер (ал-дын ала келіп отырмаңдар). Ал егер шақырылсаңдар, кіріңдер де тамақ жеген соң, дереу тарқаңдар, сөзге айналмаңдар. Ра-сында, бұларың Пайғамбарды қынжылтады әрі ол сендерден ұялады. Бірақ Алла шындықтан ұялмайды»320.

Иә, Пайғамбарымыз өте ұятты кісі болған. Өз үмбетін де осы-нау қасиетті мінезден үлгі алуға шақырған.

Оның:

ين الحياء إن لكل شيء خلقا وخلق هذا الد «Әр діннің бір мінезі болады. Ислам дінінің мінезі – ұят»321

деген хадисі ұяттың дініміздегі орны қаншалықты жоғары екен-дігін көрсетпейді ме? Дінімізде көркем мінездің үлкені де, кішісі

319 Сунану Әби Дәәуід, Сунанут-Тирмизи, Сунанул-Кубра лил-Бәйһақи, Сахих Ибн Хиббан. Хадисті Хаким сахих деп бағалаған

320 «Ахзаб» сүресі, 53-аят321 Әл-Уатуат. Ғурурул хасайисил-уадихати. 1.8.

Page 248: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері248

де, зәредейі де, ірісі де мұсылманның мінезі деп бағаланады. Олай болса, бұл хадисте Расулулла (с.ғ.с.): «Әрбір мұсылман ұялу сезіміне ие болсын»,– деп бұйырып тұрғандай. Сондай-ақ хадис мазмұнынан ұят жеке басты да, отбасын да, бүкіл қоғамды да қамтуы тиіс деген нұсқауды да аңғаруға болады.

Алла тағала ұят сезімін жоғары ұстауды тек Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с.) ғана емес, өзге хақ елшілерге де бұйырған. Мысалы, Иса (а.с.) пайғамбарға былай деп бұйырғаны мәлім:

يا عيسى عظ نفسك فإن اتعظت به فعظ الناس وإل فاستح مني«Әй, Иса, әуелі өз нәпсіңе уағыз айт, егер ол қабыл етсе, онда

халыққа насихат жаса, болмаса Менен ұял»322. Дініміздің адам баласы жаратылғаннан бергі ұзақ-сонар та-

рихына көз жіберсек, ұялудың небір баға жатпес үлгілеріне кезі-геміз. Адам (а.с.) атамыз Алла тағаладан кешірім туралы пәрмен келгенге дейін, әрбір сөзі мен әрекеттерінде «өзін кінәлап» ұялуы соның бір көрінісі. Күнәсіз пәк періштелердің күндіз-түні то-лассыз Алланы мадақтап тұратындарына қарамай, حق عبدناك ما Саған дұрыстап, құлшылық жасай алмадық» деп ұялуы да»عبادتك осының айғағы. Олар Алла тағаланы анық көріп, терең таныса да, معرفتك حق عرفناك -Сені толығымен тани алмадық» деп жал»ما барынуын да ұялудың бір белгісі деп санауға болады. Өмірде тақуалар үшін де Алла тағаладан ұялу бәрінен жоғары тұрды. Алла тағаладан бір нәрсе сұрап-тілегенде, өз қалауын дұрыс жет-кізе алмағанына «ықыласымыз бұзылды» деп ұялғандар да тарих-та өткен. Пайғамбарымызды өз деңгейінде жақсы көре алмадық деп, өздерін «опасыз» санап ұялғандар да болған. Қазір де жоқ дей алмаспыз. Бірақ бұл ұяттар, әрине, жөні бөлек, деңгейі биік ұяттар.

ғұламалардан ұят туралы көптеген аталы сөздер қалған. Олардың бірі: «Ұялу – адамның ұнамсыз істерден қысылып, оларды жасаудан тыйылуы» деп түсіндірсе, енді бірі: «Көңілге

322 Ибн Әби Асм, Китабуз-зүһд. 54 б.; Әбу Нуайм, Хилйатүл-әулия 2/382; әд-Дәйләми, әл Мүснад 1/144.

Page 249: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 249

қонымсыз, жақсылыққа жат әрекеттерге байланысты жүректе орнайтын қынжылыс, уайым» деген.

Жүнәйд деген ғалым ұятты: «Алла тағаланың бізге берген материалдық және рухани нығметтерінің парқына бару, әрі кем-шіліктеріміз бен нұқсандарымызды ойлап қамығуымыз», – деп бағалаған. Ұятты «үнемі көңілімізде орынсыз қылықтарымыздың ауырлығын сезіну және өз жағдайымызды тағы бір рет тексеру-ден өткізу»,– деп айшықтаған ғұламалар да бар323.

Мына бір анықтама да ұялудың сырларын аша түседі: «Ұялу – адамның Алла тағаланың жария және жасырын жасалған әр істі білетіндігін сезініп, өз өмірін соған қарай реттеуі, Оның өзімен арасындағы қарым-қатынасты басшылыққа алып өмір сүруі». Тіпті Омар ибн Бахр сынды ғалымдар ұятты киімге теңеген: من عيبه الناس ير لم ثوبه الحياء ,Кімде кім ұятты киім етіп кисе» كساه онда оның айып, кемшіліктерін өзгелер көрмейді».

Сондай-ақ ғалымдар ұялу сезімін үлкен-үлкен үш топқа бөліп қараған:

Алладан ұялу, Адамдардан ұялу Өзінен ұялу. АЛЛАДАН ҰЯЛУ. Алладан ұялу Оның бұйрықтарын орын-

дап, тыйымдарынан бас тарту арқылы болады. Өзін мұсылманмын, мүминмін деген кісі, ең алдымен, ұяттың осы түріне көп көңіл бөлуі керек, Алладан ұялуды қалай түсіну керектігін Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадистерінің бірінде айқын түсіндіріп берген.

Бір күні ол сахабаларына:

استحيوا من الل حق الحياء«Алла тағаладан ұялудың ақысын беріп ұялыңдар», – деді.

Сонда олар:

إنا نستحي من الل يا رسول الل والحمد لل«Я, Расулулла, біз Алладан ұяламыз, Аллаға шүкір», – деді. Алла елшісі:

323 Әл-Қушайри, әр-Рисаләту-л Қушайрия. 342 б.

Page 250: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері250

أس وما وعى وليحفظ قال ليس ذاك ولكن من استحيا من الل حق الحياء فليحفظ الر

نيا فمن فعل البطن وما حوى وليذكر الموت والبلى ومن أراد الآخرة ترك زينة الد

ذلك فقد استحى من الل حق الحياء«Ол емес, кім Алладан ұяттың ақысын беріп ұяламын

десе, басын және басындағыларды, ішін және ішіндегілерді сақтасын. Өлім мен бәлені еске алсын. Ақыретті қалаған кісі дүние қызығына қатты мән бермейді. Кім осылай жасаса, Алла-дан ұяттың ақысын беріп ұялған болады».

Бұл хадистен мынадай қорытынды жасауымызға болады. Ең алдымен, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) «ұялудың ақысын беріп ұялу» дегеніне түсініктеме жазушылар «тұрақты, шынайы және қажеттілігін сезініп ұялу» деп түсіндіріпті. Ал «Ол емес» деген сөзді «Шынайы ұят сендер ойлап тұрғандай емес» деп түсінуге бо-лады. Енді ақиқат ұят ол болмаса, қайсы сұрағына Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзі жауап берген. Нағыз ұятты бас пен бастағыларды, іш пен іштегілерді сақтау, өлім мен бәлені көбірек еске алу және дүние қызығына қатты құмартпау деп түсіндірді.

Басты сақтау дегенде, ең алдымен Жаратушы иемізден басқаға сәжде жасамау еске түсуі қажет. Бастағыларды сақтау маңызды болса, басымызда екі көз бар. Оларды күнәдан, Алла тағала ха-рам еткен нәрселерге қараудан тыйып жүрміз бе? Басымызда екі құлақ бар. Олардың жайы қалай? Оларды Алла тағала жақсы көрмейтінді есітуден тоқтатып жүрміз бе? Басымызда тіл бар. Оны дініміздің заңдарына сай қолдану да бастағыларды сақтауға жатады. Ішіміз бен іштегілер дегенді қалай түсінеміз? Ішімізді, ең әуелі харам нәрсе жеуден сақтауымыз керек. Екіншіден, ішімізге байланысты денелерді, яғни екі аяқ пен олардың арасындағыны, екі қолды күнәлі істерден қорғауымыз қажет. Үшіншіден, бойы-мызда адам үшін ең маңызды бір жапырақ ет бар. Ол – жүрек. Соны адамшылыққа жат бөтен сенімдер мен түсініктерден таза сақтау нағыз ұяттың қажеттілігі. Ал өлім мен бәлені қаншалықты көп еске аламыз? Өлімді көп ойлаған кісі еш уақытта біліп тұрып күнә жасамасы хақ.

Page 251: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 251

Құрметті мұсылман бауырлар! Ойланып көрейікші. Біз Алла тағаладан ұялудың ақиқатын білеміз бе? Әлі оның толық парқына жете алмай жүрген болсақ, онда кешіктірмей, ұят сезімін молайтудың жолдарын қарастыруымыз қажет. Алладан ұялуды күшейтетін істер бар. Бұл ұят Жаратушы иеміз Алла тағаланы тану, оның құдіретіне бас ию арқылы күшейеді. Оның өз құлдарына жақын екендігін, көзімізді неге қаратып, кеудеміз-ге нені тоқып жүргенімізді білетінін сезіну арқылы да ұят сезімі артады.

Алла тағала Құран Кәрімде былай деген:

موات وما في قل إن تخفوا ما في صدوركم أو تبدوه يعلمه الل ويعلم ما في الس

رض والل على كل شيء قدير ال«Оларға: «Көңілдеріңде бір нәрсені жасырсаңдар да,

жарияласаңдар да Алла оны біледі. Әрі Алланың барлық нәрсеге толық күші жетуші» деп айт»324. Олай болса, осы ақиқатты үнемі естен шығармау арқылы Алла тағаладан ұялуды күшейтуіміз керек.

Сондай-ақ намаз оқу да Алладан ұялу сезімін күшейтеді. Бұл туралы Алла тағала Құран Кәрімде:

لة تنهى عن الفحشاء والمنكر لة إن الص اتل ما أوحي إليك من الكتاب وأقم الص

أكبر ولذكر الل«Кітаптан саған уахи етілгенді оқы және намазды орын-

да. Шын мәнінде, намаз арсыздықтан, жамандықтан тыяды. Ал Алланы еске алу – аса ірі нәрсе»325.

Олай болса, намаз арсыздық пен ұятсыздыққа бөгет болады. Қазақтың әйгілі ойшылдары мен атақты жыраулары да Құдайдан ұялу туралы мәнді сөздер қалдырған. Мысалы, Ыбырай Алтын-сарин:

324 «Әли Имран» сүресі, 29-аят325 «Анкәбут» сүресі, 45-аят

Page 252: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері252

Иманды ер құдайынан ұялады,Ұялып иесінен сый алады326, – деп насихаттаса, Қабан жырау:Ұяттың иман қабы дер,Имандыда ұят бар327, – деп қисынды тұжырым жасаған. Адамдардан ұялу. Адамдардан ұялу толық адамгершілік пен

жомарттықтан туындайды. Адамдардан ұялуды ешкімге зиян тигізбеу, жамандықтарды көпе-көрнеу жасаудан тыйылу деп түсінуге болады. Ұят кемігенде, ащы тілмен, өсекпен, ғайбатпен, іс-тірліктермен өзге кісілерге зиян келтіру де көбейеді. Адамдар-ды тілмен түйреу, кекету, келемеждеу, мазақ қылу, тәлкек ету де осындай өзгеге зиянды істерге жатады.

Ата-анасына сөз қайтарып тілазарлық жасайтын ұл-қыздар өз ұяттарының деңгейінен хабар береді. Ата-анаға қарсылық жаса-удан артық ұяттан безу жоқ. Кімде-кім бір істі іштей, ойша жа-сап алып, сырттай ұялғансып отырса, онда ол кісінің өзі үшін де қадірі болмағаны.

Сондай-ақ адамдардан ұялуға мұсылмандардың бір-біріне әурет жерлерін көрсетпеу де жатады. Бөтен еркектер мен бөгде әйелдерге құмарта қарауға да Алла тағала тыйым салған. Құран Кәрімде бұл туралы былай делінген:

خبير لك أزكى لهم إن الل وا من أبصارهم ويحفظوا فروجهم ذ قل للمؤمنين يغض

بما يصنعون٠ وقل للمؤمنات يغضضن من أبصارهن ويحفظن فروجهن ول يبدين

زينتهن إل ما ظهر منها وليضربن بخمرهن على جيوبهن ول يبدين زينتهن«Мүміндерге айт: (Бөгде әйелдерге қараудан) көздерін

сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Бұл олар үшін өте жақсы. Рас Алла – олардың не істегендерінен хабар алушы. Мүмін әйелдерге де айт: «(Бөгде ерлерден) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Сондай-ақ зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ олардың өзіндігінен

326 «Ай, заман-ай, заман-ай», II т, 13б327 Бабалар сөзі-даналық көзі, 77б.

Page 253: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 253

көрінгендері басқа. (Беті, қол-аяқтары) және бүркеншіктерін омырауларына түсірсін. Зейнеттерін көрсетпесін»328.

Демек, жұрттың көзінше ашық-шашық жүруден де ұялуымыз керек. Осы тұста шариғат бойынша әурет жерлерге қай дене мүшелері жататынын айта кеткен жөн. Әйел адамдардың әурет жеріне олардың қолы (білезігіне дейін ғана көрсетуге болады) мен жүзінен өзге дене мүшелері, ал еркектерде кіндік пен тізенің арасы әурет жерге жатады.

Сонымен қатар көп күлу, көп қалжыңдау да адамдардан ұялмаудың көрінісі. Бұл туралы хазірет Омардың (р.а.) мынадай сөзі бар: «Күлкісі көбейгеннің – сұсы азаяды. Көп қалжыңдасатын адам – келекеге ұшырайды. Кім нені көп істесе, сонысымен та-нылады. Көп сөйлеген адам – көп қателік жібереді. Қателікті көп істейтін адамның – ұяты азаяды. Ұяты азайған адам –күнәлі нәрселерге үйірсек келеді, ондай адамның жүрегі өледі»329. Бұл жағынан алғанда, адам табиғатындағы ұят оның бойындағы өзге де жақсылық нышандары сияқты Алланы тану сезімдері-мен күшейеді. Ол адамның тақуалық дәрежесіне қарай дамиды, сөйтіп рухани өмірдің бір саласы жағдайына келеді де, нәпсі құмарлықтарына бөгет болады. Ал ұят сезімі иманмен, Алланы танумен бекімесе, ихсан330 сезімінен нәр алмаса, онда жеке адам да, қоғам да адамды адам екендігінен ұялтатын рухани ауруларға шалдығуы әбден ықтимал.

ӨЗІНЕН ҰЯЛУ. Адамның өзінен ұялуы әркімнің өз ар-на-мысын сақтауы арқылы болады. Ұяттың бұл түрі адамдар өз бөлмесінде жеке қалғанда, жалпы көпшіліктің назарынан тыс жерлерде көбірек байқалады. Ғалымдар адамның өзгеден ұялуына қарағанда, өзінен ұялуы көбірек болуы керектігін айтқан. Өйткені, шынында да адам өз табиғатындағы ұялу, қымсыну сезімдерін

ألم يعلم بأن الل يرى

328 «Нұр» сүресі, 31-аят329 Имам Ғазали, Ихия-у-улумуддин, ІІІ, 288330 Алла тағаланы көріп тұрғандай, ол көрмесе де, Алла оны көріп тұрғанын

сезіну

Page 254: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері254

“Ол Алланың көріп тұрғанын білмей ме?”331 деген сияқты аяттармен қуаттандырмаса,

إن الل كان عليكم رقيبا“Күдіксіз, Алла тағала сендерді бақылаушы”332 деген аят-

тарда айтылған ихсан түсінігімен әрлендірмесе, ондай ұяттың да өмірі қысқа болмақ.

Сондай-ақ Құран Кәрімнің: وأن إلى ربك المنتهى «Соңғы аялдар жерің Раббыңның қасында» 333 деген аяты да Алладан қорқуды, сол арқылы ұялуды күшейте түсуге, құл екенімізді мойындауға жәрдем берері хақ. Олай болса, жұрттың көзінше жасауға ұялатын нәрселерді, жеке қалғанда жасаудан да ұялуымыз керек. Өзінен ұялудың жарқын үлгісін Әли (р.а.) көрсеткен. Алидың аты аталғанда, ғалымдар «кәррамаллаһу уәжһаһу» деп айтады. Оның себебі Әли (р.а.) ғұмыры бойынша өз әуретіне де қараудан ұялған екен. Міне, бұл адамның өзінен ұялуының тамаша мы-салы. Ал Осман ибн Аффанның (р.а.) ұяты тіпті ерекше. Ол ұятты өміріне тірек еткен, тіпті періштелердің өзі одан ұялатын. Пайғамбарымыздың өзі оған куәлік еткені осының дәлелі. Керек десеңіз, Османның (р.а.) ұяты арнайы бір уағызды қажет етеді.

Кімнің бойында осы аталған үш түрлі ұят, яғни Алладан ұялу, адамдардан ұялу, өзінен ұялу бірігетін болса, онда жақсылыққа тұтастай жол ашылары хақ.

Бұл туралы мына бір оқиғаны айта кетуге болады: Жаппар Иеміз махшарда есепке шақырған бір қарттан: «Мына

күнәларды неге жасадың?», – деп сұрайды. Ол қарсылық білдіріп, күнә жасамағанын айтады. Сол кезде Рақымды Алла тағала пе-ріштелерге: «Олай болса, оны жәннатқа апарыңдар» деп бұйрық береді. Сонда жағдайдан хабардар періштелер: «Уа, Алла тағала, бұл кісінің мынадай-мынадай күнә жасағаны Өзіңе аян ғой», – дейді. Алла тағала оларға: «Иә, солай, бірақ Мұхаммедтің үмбеті

331 «Алақ» сүресі, 14-аят.332 «Ниса» сүресі, 1-аят.333 «Нәжм» сүресі, 42-аят.

Page 255: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 255

екендігіне, ағарған сақал-шашына қарап, оның айыптарын бетіне басуға ұялдым», – дейді.

Жәбірәйіл періште осы хабарды жеткізгенде, мол мейірім мен шапағат иесі Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) көзіне жас толып: «Алла тағала үмбетімнің ақ сақалдыларын сыйлап ұялғанда, үмбетімнің ақ сақалдылары күнә жасаудан ұялмайды»”334, – деп еді.

Сонымен, құрметті мұсылман бауырлар! Адам баласының нағыз адамшылығы оның ұятының өлшемінен көрінеді. Егіннің көктеуі үшін су қандай маңызды болса, адам өмірінен ұяттың алатын орны да сондай. Ұятқа немқұрайлы қарауға болмайды. Алла тағала бәрімізге шынайы ұяттың ақиқатын біліп, ұялуды жазсын.

اللهم إني أعوذ بك من علم ل ينفع ومن قلب ل يخشع ومن دعاء ل يسمع ومن

د وعلى آله وأصحابه أجمعين م على خير خلقك محم نفس ل تشبع وصل وسل

334 Әл-Муттақи, Кәнзу-л уммал 15 т. № 42680 хадис.

Page 256: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

256

Асылбек Ноғаев ҚМДБ Уағыз-насихат және интернетпен

жұмыс бөлімінің қызметкері

МҰСЫЛМАНДЫҚ ӘДЕП

Ислам – көркем мінез бен әдепке негізделген дін. Ол әрдайым тазалық пен пәктікті насихаттайды. Бұл оның негізгі қағидаларынан айқын көрінеді. Мәселен, дініміздегі қайсыбір амалды алсақ та, жақсылыққа, тазалыққа жетелері сөзсіз. Исламдағы материалдық және рухани мәдениет тек арғы дүниеде Алла разылығына бөлеумен шектелмейді, осы дүниеде де адам атаулыға үлгі боларлық өркениеттің негізін құрайды. Исламдағы барлық ғибадат-құлшылықтар осы мақсатта тоғысады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде өзінің жіберілу мақсатын былай деп жеткізеді:

خلق م مكارم ال تم إنما بعثت ل«Шындығында, мен көркем мінезді кемеліне жеткізу,

толықтыру үшін жіберілдім». Демек, асыл дініміздің негізгі мақсаттарының бірі адамзатты

тәриелеу болып саналады. Ал пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) ғұмыры бойы жалықпастан, осы көркем мінезді үйретумен бол-ды. Алла тағала Құран Кәрімде:

وإنك لعلى خلق عظيم«Сен, әлбетте, ұлы мінезге иесің»335деп, оның көркем мі-

незін ерекше атап, арнайы аят түсірді. Олай болса, дінімізде мінез-құлықтың алар орны ерекше. Иманның кәмілдігі де мінез-құлықтың көркемдігімен, әдептің толықтығымен байланысып жатыр. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

أكمل المؤمنين إيمانا أحسنهم خلقا

335 «Қалам» сүресі, 4-аят.

Page 257: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 257

«Мүминдердің иман тұрғысынан кәмілі– мінезі көркем болғаны» деген хадис-шәріпінде иман мен көркем мінез арасын байланыстырып отыр. Бұның астарлы мәні терең. Сондықтан көркем мінез, әдеп дегенді бүкіл өмірімізді Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) іс-әрекеттеріне қарай ұйымдастыру деп түсінуге де бо-лады. Бұл хадисте Алла тағала өз елшісіне айтқызып отырған көркем мінездің құрамында толық және жалпы әдептің маңызы зор. Ғалымдар оны ішіп-жеу әдебі, киім кию әдебі, ұйықтау әдебі, адамдармен қарым-қатынас жасау әдебі, жалпы барлық істегі әдеп деп бірқатар салаларға бөліп қарайды. Исламның негізгі қағидаларына жататын әдептің бұл түрлері өмірдің қай саласын-да да, салаларында да нағыз өркениеттің үлгісін көрсетеді. Олар адам өмірімен тығыз байланыса келіп, көркем мінездің ең биік мәртебесіне қол жеткіздіреді. Сондықтан болар, шариғатымызда жеке адамның өмірінде де, қоғамда да сенімділік пен достықты, бауырмашылдық пен жақсылық сүйгіштікті қалыптастыру ісі осы әдеп шеңберінде қалыптасады. Өйткені, әдеп адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасында да көрінеді. Алла тағала Құран Кәрімде мүминдердің өзара қарым-қатынасы туралы мынадай бір аят түсірген:

والمؤمنون والمؤمنات بعضهم أولياء بعض يأمرون بالمعروف وينهون عن المنكر

كاة ويطيعون الل ورسوله أولـئك سيرحمهم الل إن الل لة ويؤتون الز ويقيمون الص

عزيز حكيم «Мүмін ерлер мен мүмін әйелдер – бір-бірінің көмекшілері,

достары. Олар игілікке шақырып, жек көрінішті істерден тоқтатады. Сондай-ақ намаздарын толық орындап, зекет беріп, Аллаға, елшісіне бой ұсынады. Міне, соларды Алла ра-хымына бөлейді. Расында Алла тым үстем, аса дана»336.

Қасиетті аят кәрімде әдептің бірқатар өлшемдері көрсетілген. Иманды жандар бір-біріне көмекші һәм дос болатыны айтылған. Ал достықтың сипаты олардың өздерін және бір-бірін жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтаруы. Аяттағы

336 «Тәубе» сүресі, 71-аят

Page 258: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері258

«маърууф» (игілік) сөзін тәпсіршілер бүкіл жақсылық атаулы, дұрыс сенім, ізгі амал, терең ықылас деп түсіндіреді. Міне бұл құндылықтардың барлығы да әдептіліктің белгілеріне жатады. Ал «мүнкар» (жамандық) сөзіне жақсылыққа қайшы келетін барлық қасиеттерді, қате сенімді, жаман қылықтардың бәрін және төмен ықыласты жатқызуға болады. Олай болса, адамдар арасындағы қарым-қатынас әдебі ең алдымен осындай жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтарудан басталмақ. Әсіресе, Алла тағалаға және оның елшісіне бағыну бүкіл әдептің басында тұрады. Сондықтан әдеп тақырыбын Алла тағаланың алдындағы әдептен бастаған жөн.

Мына бір оқиға мұсылман адамның Алла тағаламен байланы-сы қандай болу керектігін көрсетеді:

Бірде Абдуллаһ ибн Омар (р.а.) бірнеше достарымен Мәдина маңындаға сахара шөлінде келе жатады. Бір кезде олар тамақ жеуге отырғанда, оларға бір қой бағып жүрген жас бала жақындап келіп сәлем берді. Ибн Омар (р.а.) оны дастарханға шақырып: «Кәне, кел, тамақтан ал», – деді. Қойшы бала: «Ау-зым берік еді», – деп жауап қайырды. Ибн Омар таң қалып: «Мынандай ми қайнатқан ыстық күнде, тау-таста қой бағып жүріп ораза қайтіп ұстап жүрсің?», – деді. Сөйтті де баланың сенімділігі мен тақуалығын сынау үшін былай деді: «Қойларыңның бірін сатасың ба, біз саған ақшасын береміз, етін береміз, соны жеп ауыз ашасың», – дейді. Бала: «Бұл менің қойым емес, қожайынның қойлары», – дейді. Ибн Омар: «Оған қойды қасқыр жеп қойды дей саларсың», – деді. Бала ашуланып: «Алла қайда қалды сонда?», – деп теріс қарап кетеді. Баланың «Алла қайда?» деген сұрағынан Ибн Омардың (р.а.) көңілі босап, жылап жібе-реді. Кейін қалаға келгенде, Ибн Омар баланың қожайынын та-уып алып, одан қойды да, қойшысын да сатып алады. Артынша қойшыны азат етіп, босатып жібереді.

Мінеки, мұсылман адамның Алла тағала алдындағы әдебі осындай болса керек. Алланың үнемі бізді көріп, естіп тұрғанын сезіну, әрқашанда бізбен бірге екенін ұмытпау бізді күнәлі істер-ге қадам басудан сақтайды. Әрі бұл сөзімізде, қылықтарымызда,

Page 259: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 259

ойлауда, қарым-қатынаста әдепті болуға алып келеді. Мәселен, Алла тағала көріп тұрғанын ұмытып, дауысымызды тым көтеріп сөйлеу әдепсіздікке жатады.

Құран Кәрімде Алла тағала:

صوات لصوت الحمير واقصد في مشيك واغضض من صوتك إن أنكر ال«Жүрісіңде орташа бол да даусыңды бәсеңдет. Сөз жоқ,

дауыстардың ең жаманы есектің дауысы»337, – деп, мұндай әбес қылықтан аулақ болуға шақырады. Сондай-ақ бөтен үйге баса көктеп, рұқсатсыз кіріп кете беру де дінімізде құпталмайтын іске жатады.

Құран кітабымызда:

ها الذين آمنوا ل تدخلوا بيوتا غير بيوتكم حتى تستأنسوا وتسلموا على أهلها يا أي

رون لكم خير لكم لعلكم تذك ذ«Әй, мүміндер! өз үйлеріңнен басқа үйге рұқсат алмайын-

ша, әрі үй иесіне сәлем бермейінше кірмеңдер. Бұл сендер үшін қайырлы. Әрине, түсінерсіңдер»338.

Міне бұл аят та мұсылман жұртшылығын әдепті болуға шақырып тұрғандығы сөзсіз. Кейде адамдар бір кісі үйіне кіруге рұқсат бермеген кісіге ашуланып жатады. Үйге кіргізбеудің се-бебін өзінше жорамалдап, қатты өкпелеп жататындар да кезде-седі. Ал, ақиқатында, иесі жоқ немесе кіруге рұқсат берілмеген үйге кіруге болмайды. Бұл –Жаратушы иеміздің бұйрығы.

Құран Кәрімде бұл туралы былай делінеді:

فإن لم تجدوا فيها أحدا فل تدخلوها حتى يؤذن لكم وإن قيل لكم ارجعوا فارجعوا

بما تعملون عليم هو أزكى لكم والل«Егер үйде ешкім таппасаңдар, өздеріңе рұхсат бермей-

інше кірмеңдер. Егер сендерге: «Қайтыңдар» делінсе, онда қайтыңдар. Бұл сендер үшін жақсырақ. Алла не істегендеріңді жақсы біледі»339.

337 «Лұқман» сүресі, 19-аят338 «Нұр» сүресі, 27-аят.339 «Нұр» сүресі, 28-аят.

Page 260: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері260

Бұрынғы ғұламалар әдеп туралы небір құнды қанатты сөздер қалдырды. Мысалы, «Әдептілік – арлылық, әдепсіздік – сорлылық», «Әдептілік – әдемілік», «Әдеп – адамның киімі тәрізді. Әдепсіз адам жалаңашқа ұқсайды» деген қанатты сөз әдепті бейнелі түрде түсіндірген. Әрине, әдеп адамның тәнінің емес, рухы мен жанының киімі. Киім болмаса, ұятты жерлеріміз ашық болып тұратыны сияқты, әдеп болмаса, рухымыздағы кей-бір ағат мінездер жұртқа көрініп жүреді.

Тағы бір ғалым: «Әдеп – тәж секілді. Оны киген кісі бар бәледен құтылады» деген. Ойланып қараңызшы, шындығында, әдепті кісіге қай адам жау болады, қастасады. Ешкімге соқтықпай, құлшылығын жасап, тек жүрген кісімен ешкімнің де ілігі болма-сы анық. Керісінше, әдепті кісілерді жұрттың бәрі сыйлайды, тіп-ті патшадай құрметтейді.

Жер бетінде нағыз әдептің үлгісін Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) көрсетті. Әдепті тәлім-тәрбие жағынан алсақ та, киім кию, ас ішу тұрғысынан қарасақ та, сөз сөйлеуді алсақ та, бәрібір қашан да ең биіктен табылды.

Әбу Бәкір (р.а.) Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) сұрады: «Уа, Алланың елшісі, сені осыншалықты әдепке кім баулыды?». Ол: «Мені Раббым әдепті етті және жақсылап тәрбиеледі», – деп жа-уап қайырды.

Айша анамыздан (р.а.): «Алла елшісінің мінез-құлқы қадай еді?», – деп сұралғанда, ол: «Сіздер Құран оқымайсыздар ма?», – деді.

Олар: «Оқимыз», – дегенде, анамыз: «Алла Расулының мінез-құлқы Құран еді», – деп жауап берді.

Демек, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) әдептің ең шыңынан орын алған. Олай болса, әдеп үйренгісі келгендер Алла елшісі-не қараулары керек. Сөйтіп бейнебір әдеп айнасына қарап тұрғандай, өзінің кем-кетігін түзетуі қажет. Өйткені, Алла тағала оны бүкіл адамзатқа үлгі болатындай әдепті етіп жаратты. Пайғамбарымыздың пайғамбарлығының бір кереметі де осында. Алла елшісінің(с.ғ.с.) әрбір қылығы миллиардтаған адамдарға әсер етеді, сондықтан ол басқа көркем мінездің кез келген

Page 261: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 261

түрінде де, әдеп мәселесінде де кіршіксіз өнеге-тәлім көрсеткен. Оны ешбір ісінде қателесуі мүмкін де емес еді. Өйткені, оның жүрегінен былайғы адамдар қашып құтыла алмайтын шайтанның оғына нысан болатын қара нүкте алынып тасталған. Жай адам-ды азғыру үшін қан тамырларына әбден орнығып алған шайтан Пайғамбарымыздың маңайына да жолай алмайды. Сондықтан әдепті, ең алдымен, Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) үйренеміз. Оның әдебі бүкіл өмірді толығымен қамтиды. Қай жерде, қандай әрекет жасаса да, оны сол жағдайға қатысты нағыз әдептіліктің үлгісі деп қабылдау керек. Алайда әдепті бұғып, үндемей отыра беру екен деп түсіну дұрыс емес. Мысалы, әділетсіздікті көргенде, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қатты ренжитін, ашуланатын еді. Ол әділетсіздікті сүймейтін. Сол әділетсіздікті орнына келтірген-ше тынышталмайтын. Бұны да әділетке көрсетілген әдептің бір үлгісі деп бағалауға болады. Алайда жеке басына зиян келсе, ол еш уақытта қабағын да шытпайтын. Өйткені, мұнда да әдептілік одан осылай жасауды талап ететін.

Әнас (р.а.) былай деді: «Он жыл Алла елшісіне қызмет ет-тім. Жасаған қылықтарым үшін бір рет те «Неге былай еттің» деп немесе жасамаған істерім үшін «неге жасамадың» деп кейі-генін көрген емеспін. Тіпті бірде Алла Расулы мені бір жұмысқа жұмсады. Көшеге шықтым да, ойынға айналып кетіппін. Арада қанша уақыт өткенін білмеймін, әлден уақытта арт жағымнан біреу тақап келіп, құлағымды ұстағанын сездім. Қарасам, әдеттегідей күлімсіреп тұрған Алла елшісі (с.ғ.с.) екен. «Міне, бара жатыр-мын» дедім де айтылған істі орындауға жүгіре жөнелдім».

Алла елшісі бізге жолдан адаспау үшін ұстанатын екі нәрсе қалдырды. Бірі – Құран, екіншісі – Алла елшісінің сүннеті. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бізге қалдырған ең маңызды мұрасы оның парызды, уәжіпті, сүннетті, мұстахабты қамтыған түгелдей өмірі болса, онда оның әдебінен әдеп үйрену біздің қажеттілігіміз. Алла тағала Пайғамбарларды адамдар тура жолда өмір сүрсін, адаспасын деп жіберді. Олай болса, біз ішіп-жеудің, жатудың, тұрудың, күллі табиғи қажеттіліктерімізді өтеудің әдебін сол Алла елшісінің өмірінен үйренеміз. Осы әдептен нәр алып, жеке

Page 262: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері262

басымызға, отбасымызға, қоғамымызға қатысты өмірімізді соған орай ұйымдастырамыз. Енді пайғамбарымызға қатысты әдепке тоқтала кетелік.

Саңлақ сахабалар Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) өте қатты құрметтеген, оған деген әдептері де тым жоғары болатын. Оның әңгімелерін бейнебір бастарына құс қонып отырғандай, сол құсты ұшырып алудан қорқып отырғандай мұқият тыңдайтын. Оны таныған сайын бұл әдептері одан сайын тереңдей түсті. Тіп-ті өздерін мазалаған сұрақтарды емін-еркін сұрауға да именетін. Жаңадан дінді үйреніп жүрген кісілер сұрақ сұрағанда, айтылған жауаптарды қаныға тыңдауды қатты қалайтын, сондай мүмкіндікті асыға күтетін. Пайғамбарымыздың алдында тұрып, екі ауыз сөзді батыл әрі еркін айта білетін сахабалар аз еді. Олар осыншалықты дәрежеде әдеп сақтайтын. Бұл бәлкім адамзаттың ардақ тұтар тұлғасы, ғаламның мейірім нұры Мұхаммед Мұстафаға (с.ғ.с.) деген махаббат пен құрметтен туындаса керек-ті.

Худайбия келісім-шарты кезінде сахабалардың Пайғамбарымызға деген құрметін көрген бір кісі таң қалыпты. Сөйтіп Меккеге қайта оралғанда былай депті: «Мен Қисра сарай-ларында болдым, Византия патшалығында қонақта болдым. Не-бір билеушілерді көзім көрді. Алайда ешкімнің олардың алдында хазірет Мұхаммедке (с.ғ.с.) көрсетілгендей шынайы құрметке, сыйға бөленгенін көрген емеспін».

Ол келгенде, сахабалар орындарынан тұратын. Ол отырмай, ешкім отырмайтын. Бірақ Пайғамбарымыз еш уақытта мұндай әрекетті талап еткен жоқ. Керісінше, «Өзгелердің орнынан тұрғаны сияқты орындарыңнан тұрмаңдар» дейтін. Дегенмен сахабалар әркез осы әдептерінен бас тарта алмады. Оған құрмет көрсетуді қасиетті борыш деп санаудан таймады.

Әбу Бәкір (р.а.) мен бір яһудидің арасында бір талас туды. Екеуі де өз пайғамбарының жоғары екендігін дәлелдеуге тырыс-ты. Бір мезет яһуди Пайғамбарымыз туралы әдепсіз сөз айтып қалады да, Әбу Бәкір (р.а.) шыдай алмай, оны шапалақпен тартып жібереді. Йаһуди сол заматта Пайғамбарымызға барып, болған жайды айтып береді. Алла елшісі (с.ғ.с.) осы оқиға себепті саха-

Page 263: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 263

баларына былай деді: «Мені Мұсадан (р.а.) жоғары санамаңдар. Өйткені, тірілу үшін сүр үрленгенде, ең бірінші тірілетін мен бо-ламын. Тұрғанымда Мұсаның (а.с.) Аршта жалбарынып тұрғанын көремін. Менен бұрын да хашр-нәшр (қайта тірілу, жиылу) болды ма, әлде Тур найзағайының бір түрі ме, біле алмаймын».

Сондай-ақ Алла тағала оған:

ول تكن كصاحب الحوت«Сен (Хұт иесі Юнус (а.с.)) сияқты болма»340 деген аят

түскенде, сахабаларының ойына Пайғамбар туралы теріс пікір келіп қалмасын деп, бірден «Мені Юнус ибн Мәттадан жоғары санамаңдар» деп бұйырған еді. Бұл оның пайғамбарларға деген құрметі мен әдебінен еді. Ақын аталарымыз да «Зер қадірін зергер білер» демеуші ме еді?! Олай болса, Мұсаны (а.с.), Исаны (р.а.), басқа да бүкіл пайғамбарларды қалай құрметтеу керек екендігін Мұхаммед пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) сұрасақ, ақиқат жауапқа көз жеткізе аламыз. Ал Мұхаммед пайғамбарымызды (с.ғ.с.) тану үшін де сол пайғамбарлардың сөздеріне құлақ ассаң болады. Сондықтан болса керек, Иса пайғамбар (а.с.) соңғы елшінің келуі-нен бес жүз жыл бұрын «Ғаламдардың басшысы келе жатыр» деп сүйінші сұраған еді. Өйткені, олар Пайғамбарымыздың ұлылығын жақсы түсінетін. Алайда, Пайғамбарымыз қарапайымдылық пен кішіпейілділік танытып, жоғарыдағы сөздерді айтты.

Иә, бұл да «көркем мінезді кемеліне жеткізу үшін жіберілген» Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)әдебі еді. Ол осыншалықты кішіпейіл еді.

Бұл айтылғандар «қай жерде қалай әрекет жасаймыз?» деген сұрақтың айналысында өрбіді. Енді бір нәрсе айқын: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қай жерде кіммен қалай қарым-қатынас жасаса, біз де солай әрекет етеміз». Ендеше, мұсылман адам өзінен үлкенге, елбасына, патшасына, мұғаліміне, ұстазына т.б. қалай қарым-қатынас жасау керектігін Алла елшісінің (с.ғ.с) өмірінен үйренгені абзал.

340 «Қалам» сүресі, 48-аят

Page 264: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері264

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) еш уақытта да мүбәрак аяқтарын толық созып жатпаған. Олай керіліп-созылып жатуды Алла тағаланың алдындағы әдепсіздік санайтын.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өз серіктерімен жасалатын жұмыстарда үнемі белсенділік танытатын. Үй шаруашылығында жанұясына жәрдем беретін. Ешкімге өзінің жеке тірліктерін жүктеп қоймайтын. Керісінше, достары оның бір жұмысын атқарып беруге үнемі жарыса кірісетін. Алайда әрқашан да жұмысқа алғашқы болып кірісіп кететін Пайғамбарымыз болып шығатын.

Мысалы, жолда ас пісіріп ішерде, бірден орнынан тұрып: «Отынды мен жинайын» деуі, мешіт салынып жатқанда жұртпен бірге кірпіш тасып жүруі, тіпті басқалар бір кірпіш апарғанда, оның екі кірпіштен тасуы осының дәлелі. Ол осылай жасай-тын, сахабаларын да, олар арқылы кейінгі үмбетін де осылай тәрбиелейтін. Әбу Бәкір, Омар, Осман, Алилердің (радиаллаһу анһум) әр ісінде қара қылды қақ жаратын әділ болуы да ұлы ұстаздарынан үйренген әдептерінен бастау алып жатса керек.

Ислам шариғаты бойынша көшеде жүріп-тұрудың да өзіндік әдебі бар. Мәселен, мәжбүр болмаған жағдайда көшеде бет алды отыра беруге дініміз рұқсат бермейді. Пайғамбарымыздың бізге жолдың ақысын беруге шақыруы жолда жүрудің әдебін үйрену керектігін аңдатады. Олай болса, жолда немесе көшеде жүрер болсақ, жолдың әдебін сақтауға тиіспіз. Әбу Сайид әл-Қудриден жеткен бір хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген:

ث ، نتحد رقات، فقالوا: يا رسول الل ما لنا من مجالسنا بد »إياكم والجلوس في الط

ه ريق حق فيها فقال رسول الل صلى الل عليه وسلم: فإذا أبيتم إل المجلس فأعطوا الط

لم، ذى، ورد الس ريق يا رسول الل؟ قال: غض البصر، وكف ال فقالوا وما حق الط

مر بالمعروف والنهي عن المنكر” وال Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бірде «Бұдан былай жол бойында

отырмаңыздар!», – деді. Ел: «Уа, Алланың елшісі, біз жол бойын-да жиналуға мәжбүрміз, кейде бір-бірімізбен сұхбаттасамыз», – деді. Сонда Алланың елшісі (с.ғ.с.): «Егер сендер онда жиналуға

Page 265: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 265

мәжбүр болсаңдар, онда жолдың ақысын өтеңдер!», – деді. Ел: «Уа, Алланың елшісі, жолдың ақысы деген не?», – деп сұрағанда, «Бұл – адамдарға сұқтанып қарамау және оларға зиян тигізбеу, сәлем бергенге жауап беру, жақсылыққа ынталандыру және жамандықтан қайтару»341, – деп жауап қатты.

Сондай-ақ, ғылым үйрену үшін, ең алдымен, әдеп үйренгеніміз абзал. Кейде бір-екі діни кітапты оқып алып, төңірегіндегі жұрттың бәрінің «мынау дұрыс емес, анау қате» деп мазас-ын алатын мұсылман бауырларымызды көріп қаламыз. Бұлай жұрттың бәріне беталды соқтыға беру де әдепке жат. Тіпті бас-шыларына ақыл айтып, тәртіпке бағынбай кеткендер де кезде-седі. Алайда, шынайы Ислам үлкендерімізді құрметтеуге, оларға бағынуға үндейді. Алла тағала қасиетті Құран Кәрімде былай деп баяндаған:

ورسوله وإذا كانوا معه على أمر جامع لم يذهبوا حتى إنما المؤمنون الذين آمنوا بالل

ورسوله فإذا استأذنوك ئك الذين يؤمنون بالل يستأذنوه إن الذين يستأذنونك أول

حيم غفور ر إن الل لبعض شأنهم فأذن لمن شئت منهم واستغفر لهم الل«Шын мәнінде, Аллаға, Пайғамбарына иман келтірген

мүміндер егер Пайғамбармен бірге топпен жасалатын істе болса, Пайғамбардаи рұқсат алмайынша кетпейді. Рас, се-нен рұқсат сұрағандар – Аллаға, Пайғамбарға иман келтір-гендер. Қашан олар кейбір жұмыстары үшін сенен рұқсат сұраса, олардан қалағаныңа рұқсат бер. Және оларға Алла-дан жарылқау тіле. Күдіксіз, Алла – өте жарылқаушы, аса мейірімді»342.

Осы аятта мұсылмандарға жамағатпен жұмыс жасаудың әдебі көрсетілген. Демек, бір істе арамыздағы басшыға бағынуымыз керек, қажет болса, рұқсат сұрауға тиіспіз.

Дүниеде барлық дін адамды әдепті қыла бермейді. Ал Ислам діні адамды әдепті қылады.

341 Әл-Бухари, 190. Муслим.342 «Нұр» сүресі, 62-аят.

Page 266: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері266

Өзара сәлемдесіп жүрудің өзі мұсылмандар арасындағы әдепке жататыны сөзсіз. Өйткені, адамдар арасында өзара сүйіспеншілікті арттыратын ең негізгі құндылықтардың бірі сәлемдесу. Ойланып көріңізші, бір ғана сәлемдескеннен кейін қанша кісілермен достасып кеткен жоқ па едік? Сондықтан бүгінгі қоғамда үлкен, кіші демей барлық адамдармен сәлемдесуді көбейткеніміз дұрыс. Сүйікті Пайғамбарымыз кез келген кісімен жас демей, кәрі демей сәлемдесе беретін болған.

Құран Кәрімдегі:

كان على كل شيء حسيبا وها إن الل وإذا حييتم بتحية فحيوا بأحسن منها أو رد«Қашан сендерге сәлем берілсе, одан жақсырақ неме-

се соның өзін қайтарыңдар. Шәксіз, Алла әр нәрседен есеп алушы»343 деген аят сәлемдесудің қаншалықты маңызды екен-дігін анық білдірсе керек. Сондай-ақ бір үйге кірген кезде сәлем беру де дінімізде сауабы мол іске жатады. Құранда бұл туралы мынадай аят келтірілген:

ها الذين آمنوا ل تدخلوا بيوتا غير بيوتكم حتى تستأنسوا وتسلموا على أهلها يا أي

رون لكم خير لكم لعلكم تذك ذ«Әй, мүміндер! өз үйлеріңнен басқа үйге рұқсат алмайын-

ша әрі үй иесіне сәлем бермейінше кірмеңдер. Бұл сендер үшін хайырлы. Әрине түсінерсіңдер»344.

Тамақ ішу әдебі де мұсылман адамның өмірінен елеулі орын алуы тиіс. Ол, ең алдымен, халал тағамды таңдап ішіп-жеуден басталады. Шариғатымыз рұқсат берген асты ғана ішіп-жеп, ал тыйым салынған нәрселерден аулақ болу тамақтанудағы ең басты талаптары қатарына жатады. Өйткені, «өңештен өтсе ас екен» деп кез келген нәрсені талғамай ішіп-жей беру мұсылманшылыққа жат қылық. Тамақтану туралы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) көптеген хадистерінде сөз қозғалады. Мысалы, бір хадисінде Алла елшісі (с.ғ.с.) дініміздегі тамақ жеуге қатысты бірнеше ережені көрсетіп берген. Хадисті Омар ибн Әбу Сәлам (р.а.) былай баяндайды:

343 «Ниса» сүресі, 86-аят344 «Нұр» сүресі, 27-аят

Page 267: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 267

صلى الل عليه وسلم: عنهما قال: قال لي رسول الل عن عمر بن أبي سلمة رضي الل

ا يليك«. وكل بيمينك ، وكل مم »سم الل «Маған Алланың елшісі (с.ғ.с.) былай деді: «Әй, балақай,

«бисмиллә» (Алланың атымен)”, - деп баста да, оң қолыңмен өзіңе жақын тұрғаннан же!”345.

Айша анамыздан (р.а.) жеткен бір хадисте Алланың елшісі (с.ғ.с.) былай дейді:

له، تعالى في أو تعالى، فإن نسي أن يذكر اسم الل إذا أكل أحدكم فليذكر اسم اللله وآخره« أو فليقل: بسم الل

«Тамақ жердің алдында сендерден кез келгенің Алла тағаланың есімін айтсын, ал егер де ол Алланың есімін тамақтың алдында айтуды ұмытып кетсе онда: “Алланың атымен тамақтың ал-дында және соңында!» (Бисмилләһи фи аууалиһи уа ахириһи!), – десін346.

Жалпы алғанда Исламда әдептілік кең ұғымды қамтиды. Мұсылман адамды әдеп иесі деуге болады. Ал әдепті құлын Алланың сүйері анық.

345 Әл-Бухари 728, Муслим.346 Әбу Дауд, 729. әт-Тирмизи

Page 268: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

268

Асылбек Ноғаев ҚМДБ Уағыз-насихат және интернетпен

жұмыс бөлімінің қызметкері

ДүНИЕҚҰМАРЛЫҚ

Құлдарын тәрбиелеу мақсатында Алла тағала белгілі бір амалдарды орындауға немесе олардан бойымызды аулақ ұстауға шақырады. Жаппар Иеміз сүймейтін және мұсылмандардың бойында болуын да қаламайтын ұнамсыз қасиеттердің бірі – дүниеқұмарлық.

Қасиетті Құран Кәрімде Алла тағала:

ولد موال وال نيا لعب ولهو وزينة وتفاخر بينكم وتكاثر فى ال اعلموا انما الحيوة الد

ا ثم يكون حطاما وفى الخرة ار نباته ثم يهيج فتريه مصفر كمثل غيث اعجب الكف

نيا ال متاع الغرور عذاب شديد ومغفرة من الل ورضوان وماالحيوة الد«Біліп қойыңдар! Шын мәнінде, дүние тіршілігі бір ойын,

ермек, сән ғана. өзара мақтанысу, сондай-ақ мал-дүние мен балаларды көбейтудің жарысы. Бейне бір өсірген өсімдігімен егіншілерді таң қалдыратын жаңбыр сияқты. Сосын қурап, сап-сары болғанын көресің. Содан кейін үгінді болады. Дүние тіршілігі де сол сияқты. Ал ақыретте (кәпірлер үшін) қатты азап, (мүминдар үшін) Алладан жарылқау, ризалық бар. Не-гізінде, дүние тіршілігі алданыштан басқа ештеңе де емес»347, – деп дүние тірлігінің нағыз бет пердесін ашып берді.

Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) мына өмірдегі қызылды-жасылды қызықтарға көңіл бөлмей өмір сүрудің бі-регей үлгісін паш етті. Бүкіл дүние уысына берілсе, зәредей қуанбайтын, бүкіл дүние уысынан шықса, еш ренжімейтін нағыз құлдың мінезін де ардақты пайғамбарымыздан байқаймыз. Ол үшін бүкіл ғаламды уысында ұстау мен жерден жай ғана тас та-уып алудың арасында айырмашылық болмаған. Алла елшісінің бұл дүниені жүрегімен тәрк етуі осындай еді. Бірақ бұны бүкіл

347 «Хадид» сүресі, 20-аят

Page 269: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 269

дүниеден безіп кету деп қате қорытынды шығаруға болмайды. Бұл іспен емес, жүрекпен тәрк ету. Бізге өмір сүрудің, табыс табудың ең қисынды жолдары мен түрлерін көрсеткен пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) еді. Егер мұсылмандардың барлығы тіршілік жасауға қолды бір-ақ сілтеп, өмірден баз кешсе, Ислам әлемі қандай күйге ұшырап кетер еді? Дамып, өсер ме еді? Әрине, жоқ. Олай болса дүниені тәрк ету жүрекпен жүзеге асуы қажет. Алла Расулының (с.ғ.с.) пайғамбарлықтың ақ жолын алғаш аттаған сәттен бастап, ең соңғы күніне дейін мінез-құлқы еш өзгермеген. Жүрегінде дүниеге деген қызығушылық атаулы мүлдем болмаған. Иә, бүкіл әлем мұсылмандықты мойындап, ақиқатқа бас ұрғанда да, ол өзінің материалдық және әлеуметтік жағдайын жақсартуға бір де бір қадам баспады.

Абдуллаһ ибн Масъуд (р.а.) жеткізген мына бір оқиға осы жайттың айқын дәлелі бола алады:

صلى الل عليه وسلم على عنه ، قال : نام رسول الل بن مسعود رضي الل عن عبد الل

لو اتخذنا لك وطاء ، فقال : » مالي حصير فقام وقد أثر في جنبه ، قلنا : يا رسول الل

نيا إل كراكب استظل تحت شجرة ثم راح وتركها«. نيا ؟ ما أنا في الد وللد «Бірде Алланың елшісі (с.ғ.с.) шидің үстінде ұйықтап тұрған

кезінде денесіне шидің іздері түскен еді. Біз: «Уа, Алланың ел-шісі, саған бір нәрсе төсеп беруіміз керек еді!», – дедік. Ол: “Бұл дүниені қайтейін? Менің бұл дүниеге келуім – ағаштың көлеңкесіне сәл аялдап, сапарын қайта жалғастырып, ағашты тастап жүріп кеткен жолаушы тәрізді»348, – деді.

Иә, пайғамбарымыздың таңдауы осындай болды. Ол дүниеге еш қызықпады. Қанша ауыр қиыншылықтарды басынан өткерсе де, осы мінезінен таймайтынын өмірімен дәлелдеді. Қасиетті хадис-шәріптерінің бірінде бұл дүниеде адамның ең негізгі қажеттіліктері жайлы былай деді:

ليس لبن آدم حق في سوى هذه الخصال : بيت يسكنه وثوب يواري عورته وجلف

الخبز والماء 348 Риадус-салихин (Ат-Тирмизи) 486.

Page 270: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері270

«Адам баласының мыналардан басқа еш нәрсеге хақысы жоқ: тұратын үй, денесін жабатын киім және қара нан мен су»349.

Демек, адам баласының күнкөрісіне осылар-ақ жеткілік-ті болғаны. Сондықтан болар Омар ибн Хаттаб (р.а.) Алланың сүйікті құлы Мұхаммед (с.ғ.с.) туралы:

نيا ، فقال : لقد رأيت عنه ، ما أصاب الناس من الد اب ، رضي الل ذكر عمر بن الخط

قل ما يمل به بطنه . صلى الل عليه وسلم يظل اليوم يلتوي ما يجد من الد رسول الل «Мен Расулалланың (с.ғ.с.) күні бойы тіске басар құрмасы да

болмай аштықтан бүгіліп жүргенін көрдім!»350 деп жүрек тербер сөз қалдырды. Қалай ойлайсыздар, он сегіз мың әлемге мейірім жаршысы болып жіберілген соңғы Елшіге қарнын тойғызып, ас ішсе жараспас па еді? Қасындағы саңлақ сахабалары оның жо-лында жұмыр бастарын пида ету былай тұрсын, ата-аналарын да құрбан етуге дайын болды. Олар Пайғамбар қаласа болғаны, қалаған асты үйіп алып келер еді.

Иә, ол қаласа пат ша лар дай өмір сүруіне болар еді. Бірақ ол өзінің бұл дүниеге жіберілген мақсаты мен қызметі үшін қиын ғұмырды, рақат ғұмырдан артық көрді351. Бір күн аш болып жал-барынуды, бір күн тоқ бо лып шүкір етуді жөн санады және таңдау құқы берілгенде, құл пайғамбарлықтың пат ша пайғамбарлықтан артық екендігін білдірді352. Өйткені, оның өзі де үмбетіне өсиет еткендей, отбасымен өмір сүретін баспана, денесінің әурет тұстарын жауып жүретін киім және бір үзім нан мен судан өзгеге хақым жоқ деп санады. Осы аталғандардың қатарын Алла тағала Құран кәрімде былай деп толықтырған:

ة هب والفض هوات من النساء والبنين والقناطير المقنطرة من الذ زين للناس حب الش

عنده حسن المآب نيا والل لك متاع الحياة الد نعام والحرث ذ مة وال والخيل المسو«Адам баласы үшін әйелдерден, балалардан, алтын, күміс

қазыналардан, сәйгүлік аттардан, малдар мен егіннен ке-349 Риадус-салихин (ат-Тирмизи). 482350 Муслим.351 Ибн Кәсир, әл-Бидәйа, 380.352 Муснәд, 2231; Кәнзу’л-ммал, 7191; Мәжмау’з-Зәуә’ид, 919-20.

Page 271: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 271

летін құмарлық әдемі (және тартымды) етілді. Олар дүние тіршілігінің сәні. Ал, негізінде баратын орынның ең жақсысы Алланың қасында»353.

Бұл аятта бүгінгі қоғамда адамдардың өмір сүруінің бас-ты мақсатына айналып үлгерген қызыл түлкі секілді алдамшы дүниелер тек осы өмірдің сәні ғана екендігі айтылған. Әрине, бұл айтылған мәселені дұрыс түсінген жөн. Мәселен, дүние қызықтарының қатарына әйел мен бала-шаға жатқызылған. Сон-да отбасымыздан суынып кетуіміз керек пе деген сұрақ туында-уы мүмкін. Жоқ, олай емес. Олар біздің құлшылық жасауымызға, мұсылманша өмір салтын ұстануымызға кедергі болмауы керек. Олардың сөзіне еріп, күнделікті жасайтын құлшылықтардан қол үзіп қалмау маңызды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Айша анамыздан рұқсат сұрап, түнгі құлшылығын жасайтын. Сол сияқты бүгінгі мұсылмандар да отбасына зияны тимейтіндей етіп құлшылық жа-сауы және құлшылыққа зиян келтірмей отбасына қарауы мақұл. Сондай-ақ көлік те бүгінгі қоғамның қажеттілігі. Алайда, ол сол тұрмыстық қажеттілікті өтесе болғаны. Дүние дінімізді, иманы-мызды ұмыттырмауы тиіс. Қысқасы, бұл аталғандарды иелену біздің мақсатымыз болмауы тиіс.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мына хадисі иемденуге құмар болудың қаншалықты зиян екендігін көрсетеді:

صلى الل عليه وسلم : عنه ، قال : قال رسول الل بن مسعود ، رضي الل وعن عبد الل

نيا«. يعة فترغبوا في الد » ل تتخذوا الض «Меншіктей беруге көп салынбаңдар, олай істесеңдер осы

дүниені қалап (жақсы көріп) кетесіңдер»354. Шынында да, бүгін мұсылман кісілердің: «Жұмысым көбейіп

кетті, намаздарымды дұрыс оқи алмай жүрмін. Дүние, дүние деп жүріп Құдайымызды ұмытып қалатын түріміз бар. Бұған не іс-

353 “Әли-Имран” сүресі, 14 аят.354 Риадус-салихин (ат-Тирмизи) Яғни, Алланың бұйырған

құлшылықтарынан алыстататын дүние тіршіліктерімен шұғылданып кетпеуді ескерткен. 479.

Page 272: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері272

тейміз?» деп ағынан жарыла уайымға салынып жатқанын кейде естиміз. Оның жауабы мынау:

Бір ғалымнан: «Алланы жақсы көру жүрекке қалай орнай-ды?», – деп сұралғанда, «Жүректен дүниеқұмарлық кетсе, Алла-ны жақсы көру сезімі өзінен-өзі орнайды», – деп жауап беріпті. Сөйтіпті де: «Шыны ыдыстағы суды төгіп тастаса, не болады?» – деп сұрапты. Қасындағылар: «Судың орнына ауа толады», – депті.

Яғни су мен ауа бірге тұрмайды, солай ғой!Иә, дәл солай.Міне, жүрек те сондай. Онда екі махаббат бірдей орныға ал-

майды. Онда не дүниеқұмарлық болады, не Аллаға деген махаб-бат. Жүректен дүниеқұмарлық кетсе, Алланы жақсы көру сезімі өзінен өзі орнайды. Жиналған көпшілік:

Жарайды, ал дүниеқұмарлық жүректен қалай шықпақ? – деп сұрапты. Сонда ақылман:

Жүрегінде дүниеқұмарлығы жоқ адамның әдемі уағызымен, – деп жауап қайырған екен.

Ондай кісілер болмаса ше?Олардың тірі болуы шарт па екен. Қайтыс болып кеткен болса

да, терең иманды, тақуа жандарды, шын жүректен жақсы көрудің өзі жүректен дүниеқұмарлықты сылып алып тастайды. Әрине, оларды жақсы көру үшін алдымен тану керек.

Қалай танимыз?Кітаптары мен өмірбаяндарын оқу арқылы, – деді. Солар

оқылғанда, жақсы көру сезімі пайда болады... Иә, адам бойында жақсылыққа да, жамандыққа да қолдануға

болатын бірқатар сезімдер бар. Солардың бірі осы құмарту сезімі. Егер біз бұл сезімді мал-мүлік, лауазым, мансап, байлық жолында қолдансақ, оларды қатты қалап, соңына түсіп алсақ, ол бізге Жа-ратушымызды да, иманымызды да, ақыретімізді де ұмыттырып жіберуі ғажап емес. Өйткені, Алланың соңғы елшісі (с.ғ.с.) бір хадисінде:

Page 273: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 273

رف لدينه ما ذئبان جائعان أرسل في غنم بأفسد لها من حرص المرء على المال والشـ«Екі қасқырдың бір отар қойға тигізген зияны, адамның

байлыққа деген құштарлығының дініне тигізетін зиянынан артық емес»355, – деп осыны ескертсе керек. Екі қасқыр бір отар қойға шапса, не қалдырады дейсіз? Түк қалдырмай жарып тастайды емес пе? Олай болса, құрметті жамағат, отарымызды қасқырдан қалай қорысақ, жүрегімізді дүниеқұмарлықтан солай қорғауымыз қажет. Біз қаласақ та, қаламасақ та бұл дүниедегі байлықты осы жақта қалдырып кетеміз. Арғы дүниеге ештеңе де алып кете алмасымыз хақ. Мәңгілік өмірге бұл жақтан бір нәрсе алып барудың қажеті де шамалы. Ол жақтың байлығы он-сыз да жеткілікті. Енді өзіңіз ой жүгіртіп байқаңызшы, біздің дүниеқұмарлығымыз мал-дүниені жинап-теріп арғы дүниеге алып кететіндей өмір сүретін адамдарға ұқсап кеткен жоқ па? Негізінен, нағыз ақиқат байлықтың кеніші сол жақта. Жәннат пен тамұқты өз көзімен көріп келген Алланың елшісі (с.ғ.с.) екі дүниенің парқын мынадай бір мысалмен түсіндірді:

نيا في الآخرة إل مثل ما يجعل أحدكم أصبعه في اليم فلينظر بم يرجع؟ ما الد «Бұл дүние мен мәңгілік дүниенің айырмашылығын білу үшін,

араларыңнан біреуің саусағын теңізге салсын да, одан не ілгеніне қарасын»356.

Бейнелеп айтқанда, мына жалған мен мәңгілік мекеннің ара-сы теңіз бен көзге ілінбес тамшыдай деген сөз. Бұл біздің шекте-улі ақылымызға лайықтап берілген мысал. Ал ақиқатында, бұл екі өмірдің айырмашылығын ақылмен өлшеп, қиялмен таразы-лай алмасымыз даусыз. Сондықтан да қызыл түлкі секілді бір көрініп, жоқ болатын болмашы қызықтарға алданбау – мұсылман жұртының бір міндеті. Алла тағаланың жақсы көретін құлдары да әр нәрсеге құмар жеңілтек емес, салмақты мінезге ие болса керек. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мына бір даналыққа толы хадисі осы ақиқатты айғақтай түседі:

355 Риадус-салихин (Ат-Тирмизи) 485. 356 Риадус-салихин (Муслим) 463.

Page 274: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері274

اعدي ، رضي الل عنه ، قال : جاء رجل إلى - وعن أبي العباس سهل بن سعد الس

، دلني على عمل إذا عملته أحبني الل النبي صلى الل عليه وسلم : فقال : يا رسول الل

، وازهد فيما نيا يحبك الل وأحبني الناس ، فقال : » ازهد في الد

عند الناس يحبك الناس «Бір жолы Расулаллаға (с.ғ.с.) бір адам келді де: “Уа, Расулал-

ла, маған орындасам, Алла мені жақсы көретіндей және адамдар жақсы көретіндей бір амал айтыңызшы?”, – деп сұрады. Расу-лалла (с.ғ.с.) оған: «Бұл дүниеге қызықпа, сонда сені Алла жақсы көретін болады, адамдардағы нәрселерге қызықпа, сонда сені адамдар жақсы көретін болады», – деп жауап қайырды357.

Хадисте Жаратушы иеміздің сүйіспеншілігіне бөленетін жоғары дәрежеге қалай жетуге болатындығы сөз болған. Бұны өсиет, мәнді хадис деп қарауымызға болады. Өйткені, сұраушы өсиет сұрап келген еді. Өсиет дініміздегі өте маңызды тақырыпты қозғап тұр. Себебі, адамдар үшін Алла тағаланың жақсы көруінен артық бақыт жоқ. Адамдарға жеккөрінішті болмау да салмақты мәселердің бірі. Өмірде бір адамның екінші адамды жақсы көруі, көбінесе, олардың бір-біріне деген ақысын өтеумен жүзеге асады. Ислам дінінің өзі Алла тағаланың ақысын өтеуге және адамдардың ақысын беруге негізделген. Кімде-кім Алла тағаланың ақысын өтесе, оны Алла тағала да жақсы көреді. Алла тағаланың ақысын өтеу деген не? Бұл – Алла тағаланың бұйрықтарын орындап, тыйымдарынан бас тарту. Сондай-ақ аталмыш хадистегі «ал адамдардағы нәрселерге қызықпа» дегенді «адамдардан еш нәрсе сұрама, олардың қолындағыға қызығып қарама, сонда адамдар сені жақсы көретін болады» деп түсінуге болады.

Жаратушы иеміз біздің игілігіміз үшін екі дүниелік өмірімізге зиян келтіретін кейбір қылықтарға тыйым жасаған.

Мысалы, Құранда:

نيا لنفتنهم فيه ورزق نهم زهرة الحياة الد ن عينيك إلى ما متعنا به أزواجا م ول تمد

ربك خير وأبقى

357 472. Риадус-салихин (Ибн Маджа)

Page 275: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 275

«Біз олардың кейбіреуіне сынау үшін берген дүние тіршілігінің ғана сәні түріндегі нәрселерге көзіңді сүзбе. Раббыңның несібесі хайырлы әрі тұрақты»358.

Олай болса, дүниеге қатты құмартпаған жөн. Өйткені, байлық атаулы мұсылман үмбеті үшін үлкен бір сынақ. Байлық беру арқылы Жаратушы иеміз өз құлдарын сынайды.

Бұл жөнінде Алланың елшісі мынадай бір хадис қалдырған:

صلى الل عليه وسلم عنه ، قال : سمعت رسول الل وعن كعب بن عياض ، رضي الل

تي المال « ة فتنة ، فتنة أم يقول: إن لكل أم «Расында, әр үмбеттің бүлігі бар, менің үмбетімнің бүлігі

байлық болады»359. Құран Кәрімде Алла тағала жалған дүниенің жалғандығы,

алдамшылығы туралы былай дейді:

الغرور نكم بالل نيا ول يغر نكم الحياة الد حق فل تغر ها الناس إن وعد الل يا أي«Әй, адам баласы! Шын мәнінде, Алланың уәдесі хақ.

Дүние күйбеңі сендерді алдап қоймасын. Сондай-ақ азғырушы (шайтан) да сендерді Алла жөнінде алдап жүрмесін»360.

Жаратушы Раббымыздың мейірімділігін көрдіңіз бе? Біздің әлсіздігімізді, сенгіштігімізді, ермелігімізді ескеріп, осынау сақтандыру, қорғау мәніндегі аят түсірген. Әйгілі ғалым Хасан Басри осы аятты оқығаннан кейін былай депті: «Дүние күйбеңі сендерді алдаусыратпасын» дегенді кім айтып тұр? Сол дүниені Жаратушының өзі айтып отыр. Дүние тіршілігін оны жара-тушыдан артық кім білмек? Сақтаныңдар, ей адамдар, дүние тіршілігінің алдамшылығынан сақтаныңдар! Дүниенің жас бала-дай алдандыратын ойындары өте көп. Біреуі бітсе, екіншісі бас-талады. Не деген әурешілік! Адал табысының есебін беретінін, арам жолмен табылған табыстар үшін азапталатынын біліп тұрып, осынау қым-қуыт тірлікті таңдайды. Ақырет қиындықтарын еш уайымдамайды. Есеп күнін де ойламайды. Әрбір ісін тек Алла

358 «Таһа» сүресі, 131-аят.359 Ат-Тирмизи бұл хадисті “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.360 «Фатыр» сүресі, 5-аят

Page 276: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері276

разылығы үшін жасамайды. Дініне зиян келіп жатса, мән бермей қоя салады да, дүниелік пайдаларына зиян келсе, жылап-сықтай жөнеледі». Иә, шынында да, адамдардың бұнысы несі?

Бір күні Мейірім жаршысы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Әбу Һурайраға: «Әй, Әбу Һурайра, саған дүниені шын бет-бейнесімен көрсетейін бе?», – деп сұрады. – Иә, көрсетіңіз, – дегенде, Алла елшісі оны Мәдинаның қоқыстары төгілетін жерге ертіп барды. Онда жыртық киімдер, адамның түрлі ластықтары, тіпті адам сүйектері де шашылып жатыр еді. Соларды нұсқады да, «Сен көріп тұрған мына сүйектер де бір кезде сендер сияқты дүниені пайда қылумен шұғылданып жүрген еді. Міне, қазір еттерінен ажырап, саудырап сүйектері ғана қалды. Бірте-бірте әбден шіріп, топыраққа айналады. Ал мына нәжістер адамдар бұрын жеген жылы-жұмсақ тағамдар еді. Қайдан болса, әйтеуір тауып, ауызға тоғытушы еді. Қазір қарашы, жұрттың бәрі бұлардан аулақ қашады. Ал мынау тозығы жеткен маталар бір кездерде әдемі, әсем киімдер еді. Қазір ше? Жел олардың тоз-тозын шығарған. Мына сүйектер олар мініп алып, жер-жерді шарлап, шапқылап жүрген көліктерінің сүйектері. Міне, дүниенің жағдайы мен ақыры осы. Енді дүние тірлігі үшін жылағысы келгендер жыла-сын».

Қиямет күнінде таудай амалмен барған кісілер Алла тағаланың құзырына шығарылады. Оларға жәһаннамға кірсін деп бұйрық беріледі. «Олар намаз оқитын ба еді?» деп сұралғанда, Пайғамбарымыз: «Иә, намаз оқитын, ораза ұстайтын, тіпті түнде тұрып та намаз оқитын, бірақ дүние тірлігінен оларға бір нәрсе ұсынылса, адал-арамдығына қарамай ұшып тұрады, тек соны ойлап басы айналып қалады, – деп жауап берді.

Пайғамбарымыздан «Уа, Расулулла, адамдардың ішінде дүниеге еш қызықпайтын кімдер?» деп сұралады. Ол: «Қабір мен өлімді есінен шығармайтындар. Олар дүниенің әсемдіктеріне мән бермейді, мәңгілікті жалғаннан жоғары санайды, өміріне де қатты көңіл бөлмейді. Өздерін өлілер қатарында санайды», – деп жауап берді.

Page 277: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 277

Сондай-ақ Алланың елшісі (с.ғ.с.) мынадай бір мәні терең өсиет қалдырды: «Кімде-кімнің таңертең тұрғанда, ең бірінші ойы дүние және дүние тіршілігі болса, Алла оның жүрегіне үш түрлі қайғы-қасірет салып қояды:

Еш құтылмайтын қорқыныш, үрей;Бітпейтін қым-қуыт тірлік;Түгесілмейтін өмірлік қажеттіліктер».Шариғатымыздың адалдық аясында жақсылыққа құмарлыққа

жол берілген. Мысалы, пенде өзінің құлшылығы, ғибадаты және білім-ғылым жолында қанша құмарлыққа салынса да, рұқсат. Тіпті бұл жағдайларда қарапайым болайын деп ұялудың өзі орын-сыз. Алланың ізгі құлдары бұл мәселеде тамаша үлгі көрсетіп кетті. Дін жолында небір адам төзгісіз қиындықтарға душар бол-са да, дінінен бір қадам да кері баспаған сахабалардың өмірі осы-ны көрсетпейтін бе еді? Мусъаб ибн Умәйр (р.а.) сондай өнегелі өмірдің үлгісін көрсеткен сахабалардың бірі.

Хаббаб ибн әл-Арат (р.а.) ол туралы былай баяндады:

صلى الل عليه و عنه ، قال هاجرنا مع رسول الل وعن خباب بن الرت ، رضي الل

، فمنا من مات ولم يأكل من أجره تعالى فوقع أجرنا على الل سلم نلتمس وجه الل

ينا عنه قتل يوم أحد وترك نمرة فكنا إذا غط شيئا . منهم مصعب بن عمير ، رضي الل

صلى الل عليه ينا بها رجليه بدا رأسه فأمرنا رسول الل بها رأسه، بدت رجله وإذا غط

ي رأسه ونجعل على رجليه شيئا من الذخر و منا من أينعت له ثمرته و سلم أن نغط

فهو يهدبها Сауабымызды беретін Алланың дидарына талпынып,

Пайғамбармен (с.ғ.с.) бірге Меккеден Мәдинаға көштік. Ара-мызда кейбіреулер бұл дүниеден сыйын алмай қайтып кетті. Солардың арасында Мусъаб ибн Умәйр (р.а.) болды. Ол артында ала жамылғы ғана қалдырып, Ухуд шайқасында шейіт болды. Біз жамылғымен оның басын жапқан кезде аяғы ашылып қалатын да, аяғын жапсақ, басы ашылып қалды. Сонда Алланың елшісі (с.ғ.с.) бізге оның басын жауып, ал аяғын тәтті иісті қамыспен

Page 278: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері278

жабуға әмір берді361. Міне, қараңызшы, сондай Алла жолында қасық қаны қалғанша күрескен жарықтық Мусъаб қалай өтті өмірден? Оны патшалардай аттандырса, жараспас па еді? Иә, жа-расар еді. Алайда Пайғамбарымыз оның өз сый-сыяпатын арғы дүниеде толығымен алуын қалады. Болмаса, ондай сахаба үшін екі құлаш бөз табылмас па еді. Бәлкім, мұндай өлімнің хикметі де сол шығар! Бәлкім, Алла тағала үшін бұл дүниенің ешбір маңызы жоқтығы, оның мейірімділігінің жүзден тоқсан тоғыз бөлігі арғы дүниеде көрінетіндігінен де болар.

Сахл ибн Саъд ас-Саъди (р.а.) Расулалланың (с.ғ.с.) былай деп айтқанын жеткізді:

صلى الل عليه اعدي ، رضي الل عنه ، قال : قال رسول الل وعن سهل بن سعد الس

جناح بعوضة ، ما سقى كافرا منها شربة ماء « نيا تعدل عند الل وسلم : » لو كانت الد «Егер бұл дүниенің Алла тағала үшін масаның қанатындай

маңызы болса, онда Ол имансызға бір жұтым су да татырмас еді!»362.

Жаратушы иеміздің дүниеге бұлай қарауы біз үшін сабақ болуы қажет. Дүниенің құны көк бақырға да тұрмайтынын реті келген жерде нақты мысалдармен сахабаларына түсіндіріп оты-рудан еш жалықпайтын. Ардақты Пайғамбарымыздың дәл осы мазмұнды қуаттай түсетін мынадай бір хадисі де бар:

Бірде Расулалла (с.ғ.с.) өзіне бір топ болып ерген сахабалары-мен базарға барғанда, өліп жатқан бір лақты көріп, оны құлағынан ұстап көтеріп:

كم يحب أن يكون هذا له بدرهم؟ أي«Қайсыларың мынаны дирхемге сатып аласың?», – деп

сұрады. Ел:

ما نحب أنه لنا بشيء ، وما نصنع به ؟

361 476. Риазус-салихин (Әл-Бухари, Муслим).362 477. Риазус-салихин (ат-Тирмизи)

Page 279: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 279

«Ешқандай ақшаға сатып алғымыз келмейді, біз оны не іс-тейміз?», – деді. Ол:

أتحبون أنه لكم؟«Осыны сендерге бергенін қалар ма едіңдер?», – деді. Ел:

والل لو كان حيا كان عيبا ، إنه أسك . فكيف وهو ميت «Алланың атымен ант етеміз, өлексе түгіл, тірі болса да біз

оны қаламас едік, өйткені оның құлағы қораш, тым кішкентай екен?», – десті. Сонда Пайғамбар (с.ғ.с.):

من هذا عليكم نيا أهون على الل للد فو الل«Алланың атымен ант етемін, бұл дүниенің қадірі Аллаға

осы лақ құрлы жоқ»363, – деді. Сонда кейде адам баласының күн демей, түн демей аласұрып,

іздейтін дүние ертеңіміз үшін аса көп пайда алып келмесі анық. Тек қана Алла тағала біреуге мал-дүние берсе, ол оны күндіз-түні Алла жолында үлестіруден шаршамай жүрсе, міне сол адамға қызықсақ болады. «Ей, Алла тағала, маған да сондай дүние бұйырсаң, мен осылай жұмсар едім-ау» деп ниет етіп, сауапқа кенелуге де болады. Алайда дүние, дүние деп жүріп, тура жолы-мыздан адасып кетуден Алла бәрімізді сақтасын.

Дүниеге қатты құштар болуды Пайғамбарымыз (с.а.с) келе-шекте болатын істерден ха бар бер ген хадисінде де уайыммен еске алыпты:

كلة إلى قصعتها فقال قائل ومن قلة مم أن تداعى عليكم كما تداعى ال يوشك ال

من صدور يل ولينزعن الل نحن يومئذ قال بل أنتم يومئذ كثير ولكنكم غثاء كغثاء الس

وما الوهن في قلوبكم الوهن فقال قائل يا رسول الل كم المهابة منكم وليقذفن الل عدو

نيا وكراهية الموت قال حب الد«(Бір күні) ұлттар бір-бірін дастарқанға шақырған адам дар-

дай сен дер ге қарсы шығу үшін жи на ла ды». Бір сахаба сұрады:

363 464. Риазус-салихин Муслим.

Page 280: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері280

«Біздің аздығымыздан ба?». Алланың сүйікті елшісі (с.ғ.с.): «Жоқ, керісінше, сен дер сол күні өте көп боласыңдар. Бірақ сел-мен аққан шөп-ша лам секілді... Ол күнде Алла дұшпандарыңның жүрегінен сен дер ге де ген қорқынышты алып тас тай ды да сендердің жүректеріңе «уәһнді» салып қояды», – деді. Сон да бір сахаба: «Уа, Расулулла, «уәһн» де ген не?», – деп сұрады. Сон-да Алла елшісі (с.ғ.с.): «Өлімді қаламау мен дүниеқұмарлық!»364, – деп жау ап қайырды. Енді ойланып көрелік. Мұсылмандар көп болса да, жердің асты-үстіндегі қазыналарынан айырылуына се-беп болатын мінез де осы дүниеқұмарлық екен.

Бір тал шашының өзі құрмет көрсетуге лайық Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өз үмбеті үшін қатты уайым жеп, қамыққаны да осы дүние сүйіспеншілігі еді.

Амр ибн Ауф әл-Ансари (р.а.) мынадай бір хадис риуаят етеді:

صلى الل عليه وسلم عنه ، أن رسول الل - عن عمرو بن عوف النصاري . رضي الل

عنه ، إلى البحرين يأتي بجزيتها فقدم بمال اح ، رضي الل بعث أبا عبيدة بن الجر

نصار بقدوم أبي عبيدة ، فوافوا صلة الفجر مع رسول الل من البحرين ، فسمعت ال

ضوا صلى الل عليه وسلم ، انصرف ، فتعر ا صلى رسول الل صلى الل عليه وسلم فلم

كم سمعتم أن صلى الل عليه وسلم حين رآهم ، ثم قال : »أظن م رسول الل له ، فتبس

لوا ، فقــال: » أبشروا وأم أبا عبيدة قدم بشيء من البحرين « فقالوا : أجل يا رسول الل

نيا عليكم كما ما الفقر أخشى عليكم . ولكني أخشى أن تبسط الد كم ، فوالل ما يسر

بسطت على من كان قبلكم ، فتنافسوها كما تنافسوها . فتهلككم كما أهلكتهم«Бір жолы Алланың елшісі (с.ғ.с.) Әбу Убайда ибн әл-Жәррахты

Бахрейнге жиналған жизияны (салық) алып келуге жіберді. Әбу Убайда ақшаны алып келді. Оны білген ансарлар таң намазына Алланың елшісімен (с.ғ.с.) бірге келді. Алланың елшісі (с.ғ.с.) таң намазын оқығаннан соң шаруаларды реттеуге кетпекші еді, бірақ қасына келгендерді көрді де сәл жымиып: «Сендер Әбу

364 Әбу Дәуд, Мәлахим, 5; Муснәд, 5278.

Page 281: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 281

Убайда Бахрейннен бір нәрсе әкелгенін есітіп келіп тұрсыңдар-ау”, – деді. Олар бас изесті. Бұған Пайғамбар (с.ғ.с.): «Онда сендерді қуандыратын нәрсеге қуаныңдар да, үміттеніңдер! Бірақ Алланың атымен ант етемін, мен сендер үшін кедейлік-тен қорықпаймын, менің сендер үшін қорқатыным, сендерге дейін өмір сүргендерге берілгені сияқты сендерге де мына дүние жақсылықтарының бәрі беріледі ме екен және олар сияқты бір-біріңмен бәсекелесесіңдер ме екен, сонда ол оларды құрдымға түсіргендей сендерді де жояды!»365, – деді.

Иә, Пайғамбарымыз осыны ойлап қамықты. Біздің дүние әлегіне түсіп кететінімізден қорықты. Сөйтсек, оның жөні де бар екен-ау! Айналаға көз жүгіртіп көрейікші. Таңертең көзімізді тырнап ашқаннан бастап, бұл дүние бізді еліктіріп әкетіп жатқан жоқ па? Әрлі-берлі зырылдап жатқан көліктер, жүйткіген поездар мен ұшақтар еш тоқтаусыз ненің соңына түсіп кеткен? Анаған да, мынаған да асығамыз. Әрбір ісіміздің ақыры не боларын бір сәт те ойланбай, сүңгіп кетеміз. Ертең ақырет күнінде Алланың алдына барғанда, абырой әпере қояр ма? Бұрынғы атақты дүниеқұмарлардың соңынан кетіп бара жатқан жоқпыз ба осы? Ол жағы белгісіз.

Міне, мал-дүниені Пайғамбарымыз көрсеткендей, жұртқа оңды-солды таратып, тұрмысы нашар жарлыларға қамқор болып жатсақ, ол неге керек болмасын! Сөзсіз, керек! Алайда оған алда-нып қалмаудың қамын жасап қоюымыз қажет-ақ.

Сөз соңында айтарымыз,Алла тағала мал-дүниені ретімен тауып,орнымен жұмсауды жазсын.Жаратушы иеміз баршамыздың екі дүиемізді оңғарсын.

365 457. Риазус-салихин (Әл-Бухари, Муслим).

Page 282: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

282

Асылбек Ноғаев ҚМДБ Уағыз-насихат және интернетпен

жұмыс бөлімінің қызметкері

АРАҚ – БүКІЛ ЖАМАНДЫҚТЫң КөЗІ

Арақ Құранда «жасырып тұру» деген мағынаны біл-діретін «хамр» деген сөзбен аталған. Бұл арақтың адам ақылын жасыратындығымен, улайтындығымен байланысты. Әйелдердің жүзін жасырып тұратын орамал да араб тілінде осы мен түбірлес «химар» деген сөзбен аталады. Яғни «хамр» ақылды жасырып тұрса, «химар» әйелдердің жүзін жауып тұрады. Сондай-ақ қамыр ашытатын ашытқының да «хамира» деп аталуы тегін емес. Демек, арақтың ең әуелгі кесірі адам ақылын алжастырып, істен шығаратындығында. Адамның бойындағы ең құнды нығметтердің бірі ақыл десек, арақ ішуші өз қолымен өз ақылын, тек ақылын ғана емес, санасын да барынша улайды. Араққұмардың, небір жамандыққа ұрынуы, дінге тіл тигізуі, күнә артынан күнә жа-сай беруі сананың улануынан туындайтын арсыз әрекеттерге жатады. Сондықтан болса керек, Ислам дінінде арақ «бүкіл жаманшылықтың көзі» болып саналады.

Құрметті мұсылман бауырлар! Қазіргі таңда бұл улы суды кейде кәрілер де, жастар да, еркектер де, әйелдер де ұрттап қоятынын жүргеніне куәміз. Тіпті кейбір жанұяларда бала-шағасы әкелерінің бір күн арақ ішпей, сау келуін армандайтын жағдайға жеткені шындық. Әкелері көшеде құлап жатып, құрбы-құрдастарына күлкі етпесе, үйге келіп ұрыс-керіс шығарып, отбасының берекесін алмаса, бір күн болса да айқай-шусыз ты-ныш отырып тамақ ішсе, бейкүнә балалар үшін ең үлкен бақыт сол. Қаншама адамдар осы тентек судың салдарынан зардап ше-гуде. Дініміз Исламның арақ ішуге қатаң тыйым салуы да осы секілді озбыр қылықтардың зияндығынан болса керек.

Әнәс ибн Малик (р.ғ.) жеткізген хадисте былай делінген:

Page 283: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 283

أنس بن مالك - رضي الل عنه - قال : » لعن رسول الل -صلى الل عليه وسلم- في

الخمر عشرة : عاصرها ومعتصرها ، وشاربها ، وساقيها ، وحاملها ، والمحمولة إليه

، وبائعها ، ومبتاعها ، وواهبها ، وآكل ثمنها « «Пайғамбарымыз (с.ғ.с) араққа қатысты он нәрсеге

лағынет айтты: жасаушыға, жасатушыға, ішкенге, ішкізген-ге, көтергенге, көтерткенге, сатушыға, сатып алушыға, сыйға тартушыға, арақты сатып ақшасын пайдаланғанға»366 .

Мінеки, бұлардың бәрі де лағынеттелген істер. Ал Пайғамбарымыздың лағынеті пендені екі дүниеде де бақытсыздыққа қауыштырары сөзсіз. Сондықтан бұл аталған іс-терден барынша сақтануымыз керек. Бірақ кейде арақ қойылған тойға немесе туыстарымыздың жиынына баруға тура келуі мүмкін. Ондайда бір ауыз болса да Құдайдың жөн сөзін айтып, арақтың ешкімге опа әпермейтінін, Алла Тағаланың оны ішкен-дерді жек көретінін, қоғамдағы бүкіл бәленің көзі сол екенін ба-рынша түсіндіруге тырысқан жөн. Ең дұрысы, айналамыздағы адамдарға арақтың зиян екенін түсіндіріп, өзіміз араласуға тура келетін туыстарымызды одан алдын-ала аулақ етуге талпынған дұрыс. Болмаса, жоғарыдағы хадисте айтылғандай, Ардақты елшінің (с.ғ.с.) лағынетіне ұшырап қалуымыз әбден мүмкін.

Қасиетті Құранда арақ ішу шайтанның ісіне жатқызылған:

واسع يعدكم مغفرة منه وفضل والل يطان يعدكم الفقر ويأمركم بالفحشاء والل الش

عليم «Шайтан сендерді кедейлікпен қорқытады да арсыздықты

әмір етеді. Ал Алла сендерге өз қасынан жарылқауды, кеңшілікті уәде етеді. Алла аса кең, толық білуші»367.

Иә, адамның бойындағы арсыздықтардың бірі – арақ ішу.Негізінде, лағынет атқыр шайтаннан еш уақытта жақсылық шықпаған, Өйткені, шайтан адамның айқын дұшпаны. Сондықтан ол адам баласын кедейлікпен қорқытып, дүниеқұмарлыққа

366 Сүнәнү ибн Мәжа367 «Ниса» сүресі 268-аят

Page 284: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері284

қызықтырады, сондай-ақ арақ ішу сияқты жаман әдеттерге қызықтырып, арсыздық пен ұятсыздыққа шақырады. Олай бол-са, ақыл-есі орнында болған адам мұндай жиренішті қылықтан іргесін аулақ салуы керек.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) мына хадисі арақтың жеке адамға, отбасына, қоғамға қаншалықты зиян екендігін көрсетеді:

عن ابن عباس ، رضي الل عنهما قال : قال رسول الل صلى الل عليه وسلم : اجتنبوا

الخمر فإنها مفتاح كل شر«Арақтан сақтаныңдар, ол барлық жамандықтың кілті» 368.Арақ ішу кісіні қастық пен дұшпандыққа бастайды. Неше

түрлі дұшпандықтар арақ ішіп отырып жоспарланып, арақ ішіп отырып жүзеге асады. Арақ ішу айырылмас достардың арасын алыстатып, бір-біріне жек көрсетеді. Тентек суға негізделген достықтың ғұмыры үнемі қысқа болатынын бәріміз көріп-біліп жүрміз. Мас қылатын ішімдік Алла тағаланың мейірімінен алыстатып, ғибадатқа кедергі келтіретін нәрсе. Мысалы намаз – бұзақылық пен жамандықтан қайтаратын, жүректі ғапылдықтан оятып, Алладан қорқу сезімін ұялататын құлшылық, әрі – діннің тірегі. Арақ ішу міне осы намаздан, бірте-бірте тіпті иманнан да жұрдай қылады. Улы судың тағы бір кесірі –мынада. Мас адам арсыз келеді. Арақ ішкендерде парасат, төзімділік сезімдері жоғалады. Олар күнәлармен, қылмыстың бәрін іркілмей жасай береді. Сөздері өтірік пен жалған уәдеден тұрады. Арақ ішкен кісі Алла тағалаға, ата-анасына тіл тигізуден де тайынбайды. Біреудің ар-намысын аяқ асты қылып, зина да жасайды. Жиған-тергенін жөнсіз шашады. Кейде сиықсызданып жылайды, ретсіз күледі, жас балалардың мазағына айналады, ақыры,қоғамдағы ең жек көрінішті адамға айналады. Міне, осылардың барлығын Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Арақ – бүкіл жамандықтардың кілті» деп бір-ақ ауыз сөзге сыйдырған.

Пайғамбарымыздың саңлақ сахабаларының бірі Осман ибн Аффанның (р.а.) мынадай бір сөзі бар:

368 әл-Мүстәдрак лил-Хаким

Page 285: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 285

«Арақтан аулақ болыңдар, ол – қайғы-қасырет атаулының көзі. Сендерден бұрынғы заманда бір кісі өткен еді. Ол құлшылық-ғибадатқа беріліп, ұдайы ел-жұрттан оқшауланып жүретін. Міне, сол кісіге бір арсыз әйелдің көзі түседі. Оған күңін жіберіп, куәлік етуге шақыртады. Сөйтіп ол әлгі кісі үйге кіргенде, есік-терді іштен мықтап бекіте бастайды. Бөлмеде ұятсыз әйелдің қасында бір бала мен арақ құйылған ыдыс тұр еді. Әйел: – Ант етемін, сені куәлік ету үшін шақырған жоқпын, менімен күнә іс жасайсың не мына баланы өлтіресің, я болмаса арақ ішесің деп шақырттым, – деп мәжбүр жағдайға душар етеді. Тығырыққа тірелген әлгі кісі көп ойланып, ақыры арақ ішіп қана құтылғанды жөн көреді. Сөйтіп, арақ ішісімен әйелмен зина жасағанын да, баланы өлтіргенін де байқамай қалады. Арақтан аулақ болыңдар, өйткені, арақ пен иман еш уақытта бірікпейді. Олар бірін-бірі ығыстырумен болады», – деді (Байһақи).

Бұлар арақтың бұл дүниедегі зияндарының бір бөлшегі ғана. Ал нағыз азап ақырет күнінде болады. Дәмі удай әрі иісі адам шыдатпайтын «Заққұм» ағашы олардың ішер асы бола-ды, шөлге шыдамай су сұраса, қайнап жатқан, ыстықтығы бұл дүниедегі ыстық судан мың есе артық «Хамим» суынан көмейіне құйылады. Араққұмарларды арғы дүниеде не күтіп тұрғаны тура-лы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) тағы бір хадисінде былай дейді:

عز وجل عهدا -صلى الل عليه وسلم- » كل مسكر حرام إن على الل قال رسول الل

وما طينة الخبال لمن يشرب المسكر أن يسقيه من طينة الخبال «. قالوا يا رسول الل

قال » عرق أهل النار أو عصارة أهل النار«.Алла елшісі: «Әрбір мас қылатын ішімдік – арам, мас қылатын

нәрсені ішкен адамға Алланың уәде еткен «улы балшықты» іш-кізетін жазасы бар», – деді. «Улы балшық деген не нәрсе?» деп сұралғанда, Пайғамбарымыз: «Ол тозақ отына жанғандардың үстінен ағатын тер мен ірің»369, – деп жауап берді.

Алла тағала барлығымызды мұндай азаптан сақтасын! Ен-деше, онсыз да ананы-мынаны сылтауратып оңдырмай жүрген

369 Сахих әл-Мүслим

Page 286: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері286

ғибадат-құлшылықтарымыздың тамырына арақ ішу арқылы бал-та шауып жүрмейік.

Дінімізде арақ ішудің үкімі – анық харам. Оны ішуші Алла тағаланың үкіміне келмейтін болса, дүние мен ақыретте Алланың лағынетіне ұшырайды.

Ибн Хажар әл Хайсами: «әз-Зауажир» атты кітабында: «Тіпті бір тамшы болса да арақ ішу, үлкен күнәлардың қатарына жата-ды», – деп жазған.

Ал енді арақ ішуге тыйым салынуының тарихына қысқаша тоқтала кетсек. Алла тағала арақты бірден емес, бірнеше саты бойынша харам еткен. Алғашқыда ешқандай тыйым болмағандықтан мұсылмандар да оны ішетін. Сол кезде Омар (р.а.), Мұғаз (р.а.) және басқа да кісілер Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) келіп: «Уа, Алланың елшісі, бізге арақ туралы пәтуа беріңіз, өйткені ол ақылды кетіреді, еріксіз ақша шығындатады», – деді. Сол кезде Алла тағаладан мына аят түсті:

يسألونك عن الخمر والميسر قل فيهما إثم كبير ومنافع للناس

وإثمهما أكبر من نفعهما«Олар сенен арақ, құмар туралы сұрайды. Оларға: «Еке-

уінде де зор күнә бар. Адамға пайдасы бола тұра, пайдасынан күнәсы басым де»370.

Осы аяттағы «күнәсі көбірек» деген сөзге қарап бір топ адам арақ ішуді тастап кетті. Ал кейбіреулері ішулерін жалғастыра берді.

Бірде Абдурахман ибн Ауф мұсылмандардың біразын тамаққа шақырып, арақ құяды. Сол кезде ақшам намазының уақыты кіріп қалады да, араларынан біреуін имамдыққа шығарып намаз оқи бастайды. Имамдыққа шыққан сахаба «Кәфирун» сүресіндегі «Сендердің құлшылық қылған нәрселеріңе құлшылық қылмаймын» деп оқудың орнына мастықпен қателесіп: «Сендердің құлшылық қылғандарыңа құлшылық қыламын»

370 «Бақара» сүресі, 219-аят

Page 287: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 287

деп аятты қате оқиды. Осы жағдайдан кейін «Ниса» сүресіндегі араққа байланысты келесі сатыдағы тыйым аяты түсті:

لة وأنتم سكارى حتى تعلموا ما تقولون ها الذين آمنوا ل تقربوا الص يا أي«Әй, мүміндер! Сендер мас болып, не айтқандарыңды біл-

генге дейін намазға жақындамаңдар»371. Бұл аятта намаз үстінде мас болып тұруға тыйым салынды.

Осы аятқа орай тағы бір топ адамдар «Біздің намазоқуымызға ке-дергі жасайтын нәрседе ешқандай жақсылық жоқ» деп арақтан тыйылды. Намаз уақыттарының көбісі күндіз оқылатындықтан адамдар арақты кешкі «құптан» намазынан кейін ішетін болды. Өйткені, таң намазы кіргенше мастығы тарқап кететін.

Бірде Ғатбан ибн Малик мұсылмандарды қонақ қылады, олардың арасында Сағд ибн Аби Уаққас (р.а.) та бар еді. Олар тамақтанады, арақ ішіп әбден қызып алғаннан кейін кезектесіп өлең оқи бастайды. Сол кезде олардың бірі өз қаумын мадақтап, ансарлардың ашуына тиіп кетеді де олардың бірі түйенің жақ сүйегімен бір қойып, Сағдтың басын жарып тастайды. Сағд Пайғамбарымызға (с.ғ.с) шағымданып барғанда, Алла тағала «Мәида» сүресіндегі төртінші сатыдағы аятты түсірді де, арақ толығымен харам етілді.

Бұл ақырғы бұйрықта Алла тағала:

يطان ن عمل الش ها الذين آمنوا إنما الخمر والميسر والنصاب والزلم رجس م يا أي

يطان أن يوقع بينكم العداوة والبغضاء في الخمر فاجتنبوه لعلكم تفلحون إنما يريد الش

نتهون لة فهل أنتم م كم عن ذكر الل وعن الص والميسر ويصد «Әй, мүміндер! Арақ, құмар, бұттар және бал ашатын

оқтар лас, шайтанның істерінен. (Ақыретте ауыр азаптан) құтылу үшін одан сақтаныңдар. Негізінен шайтан, арақта, құмарда араларыңа дұшпандық әрі кек салып, Алланы еске алудан және намаздан тосуды қалайды. Ал сонда да тыйылмайсыңдар ма?»372 – деді.

371 «Ниса» сүресі, 43-аят372 «Маида» сүресі, 90-91-аяттар

Page 288: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері288

Осы аятты естігенде, Омар (р.а.) انتهينا يا رب«Тыйылдық, Раб-бым, тыйылдық» деп айтып ендігәрі мұсылмандар араққа жола-майтын болды. Сол кезде Мәдина көшелерімен бірнеше күн бойы арақ ағып жатты.

Арақтың бірден емес, бірте-бірте сатылай тыйым салынуының хикметі не? Негізі ол кезде арабтар арасында ішкілік ішу тым кең тарап, қандарына сіңіп қалған болатын. Айша анамыз (р.а.): «Егер ең бірінші болып араққа тиым салған аят түсер болса араб-тар ислам дінін қабылдамас еді» деуі сол кездегі жағдайды нақты бейнелеуде. Олардың әдеттерін бірден тастауы оңай шаруа емес еді. Сондықтан шексіз мейірімді Алла тағала, оны харам етуді бірнеше кезеңмен жүзеге асырды. Ал енді бұл аятты естіген-де, хазірет Омардың (р.а.) «біз тыйылдық» деп айтуы Алланың әміріне мұсылмандардың бойұсынуы қаншалықты терең екен-дігін көрсетсе керек. Біз де Құраннның тек араққа қатысты емес, басқа да кез келген бұйрығын оқығанда, дәл осылай өзіміздің мойынсұнғыштығымызды білдіруіміз керек.

Исламға дейінгі дәуір де араб даласында да бүгін бізді мазалап жатқан жағымсыз қылықтар жетерлік еді. Әйелдердің қасиетті қара тасты жалаңаш жүріп айналуы, пара алу, құмар ойнау және арақ ішу, жезөкшелік кең өріс алған болатын. Алайда,Ислам келген соң, сахабалар мұндай ұнамсыз істердің барлығын таста-ды. Бұл олардың қаншалықты жігерлі тұлғалар болғандығын көрсетеді. Осы қасиеттерінің арқасында Пағамбарымыз (с.ғ.с.) айтқандай әрқайсысы бір жұлдыз болатын дәрежеге жетті. Бұл олардың осы дүниедегі еңбекпен жеткен мәртебесі еді. Біздер де жамандық атаулыдан барынша сақтанып, тікензарда жүргендей әр қадамымызды аңдап бассақ, нұр үстіне нұр болмақ.

Сөз соңында айтарымыз, құрметті мұсылман бауырлар! Ал-ладан қорқайық, мас қылатын ішімдіктерге Алла тағала тыйым салған. Арақ рызық-несібенің берекесін кетіреді, қорлық пен бейшаралық, тапшылық, уайым мен қайғы-қасірет алып ке-леді. Арақтың мінез-құлыққа, қоғамға, рухани өмірге, қаржыға, денсаулыққа тигізер кесірі өте көп. Сондықтан шайтанның сусы-нынан өзіміз аулақ болып, өзгені де одан тоқтатуға тырысайық.

Page 289: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 289

Ал бұрынырақ білместіктен бұған барған кісілер болса, Алла тағала олардың тәубесін қабыл етсін! Жаратушы Иеміз денімізді сау, бауырымызды бүтін қылғай! Әмин!

Page 290: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

290

Асылбек Ноғаев ҚМДБ Уағыз-насихат және интернетпен

жұмыс бөлімінің қызметкері

ЖӘННАТ ҚАЗЫНАЛАРЫ

Адам табиғаты жәннатты аңсайды. Мәңгі тұрағының сонда болғанын қалайды. Бір кездерде Адам атамыз бен Хауа анамыз жәннатта өмір сүрген. Кейін Алла тағаладан:

قلنا اهبطوا منها جميعا«Жәннаттан бәрің түсіңдер»373 деген әмірі келіп адамзат

тіршілігі жер бетіне ауысты. Содан соң Раббымыз адамдарға тура жол жіберетінін, онымен жүрушілер екі дүниеде де рахатқа бөленетінін хабарлады. Ал осы бұйрыққа көңіл бөліп, ізгі амал-дар жасап өткен жандардың арғы дүниеде көретін сый-сыяпатта-ры өте мол.

Құран Кәрімде:

ة أعين جزاء بما كانوا يعملون ن قر ا أخفي لهم م فل تعلم نفس م«Жасаған амалдары үшін оларға көз бен көңілді

қуандыратын қандай сыйлық сақтаулы тұрғандығын ешкім біле алмайды»374 деп осы ақиқат білдірілген. Ибн Масғұттың ай-туынша, «оны Аллаға жақын періштелер де, Пайғамбарлар да білмейді»375. Олай болса, ізгі құлдар үшін сақтаулы сыйлықтың сипаты мен көлемін тілмен жеткізу де мүмкін емес. Оған тірі жанның пайымы да жетпес. Дегенмен бізге мәлім аяттар мен хадистер аясында жәннат қазыналары туралы жалпы мағлұмат алуға болады.

Мысалы, «Инсан» сүресінде жұмақ нығметтері былай сипатталған:

373 «Бақара» сүресі, 38-аят374 «Сәжде» сүресі, 17-аят375 «Кутубу ситтә» 14 том, 228 б.

Page 291: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 291

رائك ل يرون فيها شمسا ول زمهريرا . ودانية عليهم ظللها متكئين فيها على ال

ة وأكواب كانت قواريرا. قوارير ن فض وذللت قطوفها تذليل . ويطاف عليهم بآنية م

ى روها تقديرا . ويسقون فيها كأسا كان مزاجها زنجبيل . عينا فيها تسم ة قد من فض

نثورا. وإذا رأيت خلدون إذا رأيتهم حسبتهم لؤلؤا م سلسبيل. ويطوف عليهم ولدان م

وا أساور من ثم رأيت نعيما وملكا كبيرا . عاليهم ثياب سندس خضر وإستبرق وحل

شكورا ة وسقاهم ربهم شرابا طهورا . إن هذا كان لكم جزاء وكان سعيكم م فض«Олар ыңғайлы тақтарда қалауынша жастанған түрде

отырады. Онда ыстыққа да, суыққа да душар болмай-ды. Бейіште ағаш көлеңкелері жақындайды, ал жемістері толығымен еріктеріне беріледі. Оларға зінзәбіл қосылған су-сын ұсынылады, һәм күміс ыдыстармен, мөлдір шыны кесе-лермен қызмет көрсетіледі. Ал сусындар «Сәлсәбіл»атты бас-таудан алынады. Жәннат иелерінің айналасында мәңгілік жас қызметшілер болады. Оларды көрсең, бейне бір шашылған інжу-маржанға балайсың. Қайда қарасаң да, көзіңе нығмет пен зор салтанат көрінеді. Олар атлас пен қалың жасыл жі-бектен киінген, күміс білезіктермен сәнделген болады. Ал Раббылары оларға тап-таза сусын ішкізеді. Оларға: «Мұның бәрі сендердің еңбектеріңнің сыйақысы. Қажыр-қайраттарың қабыл болды»376 делінеді.

Сүйікті Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мына бір хадисі жәннаттың биіктігі мен ұзақтығын білдіреді:

إن في الجنة مائة درجة لو أن العالمين اجتمعوا في إحداهن لوسعتهم«Жәннаттың жүз дәрежесі бар. Бүкіл ғаламдар олардың

біріне ғана сыйып кетеді»377, – деген. Тағы бір хадисінде Алланың елшісі (с.ғ.с.) былай деген еді:

376 «Инсан» сүресі, 13-22 аяттар.377 Тирмизи, Жәннәт, 4 (2534)

Page 292: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері292

ماء والرض والفردوس أعلها في الجنة مائة درجة ما بين كل درجتين كما بين الس

درجة ومنها تفجر أنهار الجنة الربعة ومن فوقها يكون العرش

فإذا سألتم الل فسألوه الفردوس«Жәннатта жүз дәреже бар. Ол дәрежелердің бірі мен

екіншісінің арасы жер мен көк арасының ұзақтығындай. Фирдаус жәннаты – олардың ең үстіңгі қабатында тұрғаны. Жәннаттың төрт өзені осы жерден шығады. Оның үстінде Аршы бар. Алла-дан жәннат сұрасаңдар, осы Фирдаусты сұраңдар»378.

Бұл хадистен аңғаратынымыз, жәннаттың адамның ой-қиялынан әлдеқайда биіктігі. Қазір төбеміздегі бір аспанға қарағанның өзінде көзі талатын адамның назары одан жүз дәреже биіктіктікке жете алар ма? Ал аталған төрт өзенді ғалымдар бірі судан, бірі сүттен, бірі шарап және бірі балдан деп түсіндіреді. Алайда бұл жәннатқа өзіміздің еңбегімізбен кіре алуымыз неғайбыл. Сондықтан біздің қолымыздан келетіні Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадис соңында айтып отырғандай, Алла тағалаға дұға етіп, жәннатты сұрау ғана. Ал Фирдаус жәннатын сұрауға кеңес берілуін Алла тағаланың кең рақымына байланысты ұғамыз. Алла тағаладан бір нәрсе сұрағанда, ең үлкенін, ең ұлысын, ең артығын сұрау керек. Бұл жағдайда, қарапайымдылық пен кішіпейілділік сақтаудың жөні жоқ.

Расулулла (с.ғ.с.) жәннат туралы айтқанда:

ما في الجنة شجرة ، إل ساقها من ذهب«Жәннатта діңгегі алтыннан болмаған бір де бір ағаш

жоқ»379 деген. Демек, ондағы ағаштар бұл дүниедегідей өткінші емес, шірімейді, мәңгі-бақи бір қалыпта тұрады. Ибн Аббас бір сөзінде: «Жәннат құрмаларының діңгектері жасыл маржаннан, бұтақтары қызыл алтыннан, жапырақтары жәннат иелерінің киімдерінен. Жәннаттықтардың шапандары мен киімдері со-дан жасалады. Ал жемістері құмырадай ірі, сүттен ақ, балдан

378 Бухари, Тирмизи, Жәннат, 4 (2531).379 Сахихул-Тирмизи, Жәннат, 1 (2527)

Page 293: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 293

тәтті, қаймақтан жұмсақ болып келеді. Олардың шіріген жері болмайды» деп айтылған. Жәннат иелері осы ағаштардың ас-тында отырып, дүниені еске түсіреді, ал көңіл көтергілері келсе, Алла тағала жіберген жел ағаштарды қимылдатып, сонда дүние тіршіліктері естеріне түседі.

Бір бәдәуи Пайғамбарымызға келіп:

أتى النبي أعرابي فقال يا رسول الل إني أحب الخيل أفي الجنة خيل قال رسول الل إن

أدخلت الجنة أتيت بفرس من ياقوتة له جناحان فحملت عليه ثم طار بك حيث شئت«Уа, Алланың елшісі, мен атты жақсы көремін, жәннатта

ат бар ма?», – деп сұрады. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Жәннатқа кіретін болсаң, жақұттан (жаратылған) қос қанатты ат саған әкелінеді. Сен соған мінгізілесің, ол ат сені қалаған жеріңе ұшырып апарады»380, – деді.

Демек, жәннатта адам көңілі қалаған нәрсенің бәрі бар. Ал ат-тары бұл дүниедегі аттардан бөлек, ерекше. Тіпті оның қос қанатты әрі жақұттан екендігі білдірілген, бірақ сонда да ақылымыз бен көңіл көкжиегі ол аттың сыр-сипатын толық қамти алмайды.

Жәннатта қара көзді Хури қыздары жиналатын бір жер бар. Олар онда жаратылыс атаулы есітіп көрмеген бір дауыспен ән шырқайды:

Біз мәңгіміз, біз өлмейміз!Бөленгеміз нығметке, кедейшілік білмейміз!Раббымызға разымыз, уайым-қайғы көрмейміз!Біз оларға тән болған жарларымыз неткен бақытты!Мұндай хор қыздарының кімдерге жұбай болатындығы Құран

кәрімде былай баяндалған:

الحات أن لهم جنات تجري من تحتها النهار... ولهم ر الذين آمنوا وعملوا الص وبش

رة وهم فيها خالدون طه فيها أزواج م«(Мұғаммед с.ғ.с.) иман келтіріп, ізгі іс істегеңдерді

қуандыр! Расында олар үшін астарынан өзендер ағатын

380 Тирмизи, Жәннат, 11.

Page 294: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері294

жәннаттар бар... Әрі олар үшін онда тап-таза жұбайлар да бар. Олар онда мәңгі қалады»381.

مال فتحثو في وجوههم وثيابهم إن في الجنة لسوقا يأتونها كل جمعة فتهب ريح الش

فيزدادون حسنا وجمال فيرجعون إلى أهليهم وقد ازدادوا حسنا وجمال فيقول لهم

أهلوهم والل لقد ازددتم بعدنا حسنا وجمال فيقولون وأنتم والل لقد ازددتم بعدنا

حسنا وجمال«Сондай-ақ жәннат иелерінің бір базары болады. Әр жұма

олар сол базарға келеді. Сол кезде сол жағынан әдемі бір са-мал есіп, киімдері мен жүздерін сипап өтеді. Сонда олардың көркемдіктері мен ажарлары арта түседі. Сөйтіп өз жар-ларына сондай әсемдігі артқан күйде оралады. Жұбайлары: «Уаллаһи, сымбаттылықтарыңыз бен әдеміліктеріңізді артты-рып келіпсіздер», – дейді. Ал ерлері: «Аллаға ант етейін, сіздер де сұлулықтарыңызды еселеп арттырып келіпсіздер», – дейді382 Осылайша ерлі-зайыптылар арасындағы сүйіспеншілік молаяды.

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген бір хадисте: «Жәннатқа алғаш кірушілер толған айдай жарқырап кіреді. Олардан кейін кіруші топ жарық сәулесі жағынан ең үлкен жұлдыздай болып кіреді. Жәннат иелері кіші дәрет те, үлкен дәрет те сындырмайды, түкірмейді, мұрнын босатпайды. Тарақтары алтыннан бола-ды. Денесінен шыққан терлері миск жұпары болады. Жұбайлары қара көзді Хури қыздарынан болады. Олар аталары Адамның жаратылысындай алпыс құлаш (зиръа) бойлы және бәрі бір адамдай бірдей бейнеде болады» деп айтылған383.

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбарымыздың мына хадисін жет-кізген: «Жәннат иелері денесі түксіз, жүздері сақалсыз, көздері сүрмелі болады. Олардың жастық шақтары қайтпайды, киім-дері ескірмейді»384.

381 «Бақара» сүресі, 25-аят382 Мүслим, Жәннат 13, (2833).383 Бухари, Бәдиүл халқ, 8, Әнбия; Мүслим, Жәннат 15, (2834;); Тирмизи,

Жәннат, 7 (2540).384 Тирмизи, Жәннат 8 (2542).

Page 295: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 295

Жәннат иелерінің жүректері бір кісінің жүрегіндей (тату) бо-латыны, онда көре алмаушылық, жаулық, дұшпандық болмайты-ны туралы мәліметтер де бар.

Жәннат нығметтері мен қазыналары туралы хадистер де өте көп. Оларды жинақтап келіп былайша тұжырымдауға болады: Жәннаттың төменгі дәрежесіндегілердің өздері «мың жылда жүріп бітіре алмайтын мекенді толтырып тұрған бақшалар мен нығметтерге, жұбайлары мен қызметшілеріне, мамық тақтарына қарап қуанышқа бөленіп отырады», ал жәннаттың ең биік дәрежесі нәсіп болғандар «Алланың көркем дидарына таңда да және кеште де көріп, рахатқа бөленетіні» айтылған. Бұл екі дәреженің арасы болса, адам баласының қиялы да жетпейтін құтты мекен.

Ал енді сол мәңгі бақытты орынға екінің бірі қол жеткізе бермейтіні де ақиқат. Ол тек таңдаулы құлдарға ғана бұйырмақ. «Рахман» сүресінде айтылғандай:

متكئين على فرش بطائنها من إستبرق وجنى الجنتين دان «Раббының құзырына шығудан қорыққан кісіге екі

жәннат бар»385. Мұнда екі бірдей жұмақтың Алланың алдына ба-рудан қорқып, әр қылығы үшін жеке-жеке жауап беретінім хақ қой деп өзін күнәлі, әбес істерден тыйған кісілерге нәсіп болаты-нын аңғарамыз.

Жұмаққа кімдердің кіретінін Құран Кәрім көптеген аяттары-нан көруге болады:

حمن اب حفيظ من خشي الر وأزلفت الجنة للمتقين غير بعيد هذا ما توعدون لكل أو

نيب ادخلوها بسلم ذلك يوم الخلود بالغيب وجاء بقلب م«Ал бейіш тақуалардан алыс болмайды, таяу жерде

тұрады. Оларға: «бүкіл тәубеге келгендер мен сақтанушылар үшін уәде етілген (жәннат) міне, осы. Олар Рахманды көрмей-ақ иман етіп, тәубелі жүрекпен келеді. Жәннатқа сау-саламат кіріңдер, мәңгілік күні осы»»386 делінеді. Бұл аятта тақуалық, өзін күнәлі істерден сақтаушы, ғайыпқа иман етуші, тәубелі жүрек

385 «Рахман» сүресі, 54-аят386 «Қаф» сүресі, 31-34 аяттар

Page 296: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері296

сөз болған. Демек, жәннатқа аман-есен кіруді қалаған кісілердің осы сипаттарды дамытқаны абзал.

«Бақара» сүресінде тақуалардың сипаттары деп мыналар аталған: 1. Ғайыпқа иман келтіру, 2. Намазды толық орындау, 3.Алланың рызық-несібесінен жұртқа тарату, 4. Құран Кәрім мен одан бұрын түскен кітаптарға сену, 5. ахиретке анық илану387. Олай болса, бұл амалдар адам жанын пейішке жетелейді.

Жәннатқа кірудің тағы бір жолы жан мен малға байланысты келтірілген. Қасиетті Құранда:

إن الل اشترى من المؤمنين أنفسهم وأموالهم بأن لهم الجنة«Күдіксіз, Алла мүміндердің жандарын, малдарын

жәннәтпен айырбастап алды»388. Осы аятқа қарасақ, Алла тағаланың теңдессіз кереметін байқаймыз. Адамның жанын Алла тағала жаратқан, мал-дүние де Соныкі. Енді өзі жарылқап берген-дерін жай ғана алмай, орнына мәңгілік бақыт мекені жәннатын сыйлайды. Мұны Алла тағала мен құлдың арасындағы сауда деп атаған ғалымдар бар. Бұл саудада сатып алушы – мүмин құл, ал сатушы – ғиззат иесі Алла тағала, белгіленген баға – жәннат, ал дәлелдеуші құжат – Құран Кәрім. Ал адамзаттың ардақ тұтар тұлғасы Мұхаммед (с.ғ.с) бұл саудада дәнекер болған дейді389. Уәдеге берік Алладан артық кім бар?!

Кейбір аяттарда жәннатқа Алланың үкімдері мен Пайғамбардың әмірлеріне бойұсыну арқылы кіруге болатыны айтылған:

تلك حدود الل ومن يطع الل ورسوله يدخله جنات تجري من تحتها النهار خالدين

فيها وذلك الفوز العظيم«Кім Аллаға және елшісіне бой ұсынса, астынан өзендер

ағатын бақшаларға кіргізіледі де, олар онда мәңгі қалады. Зор табыс осы»390.

387 «Бақара» сүресі, 2-4 аяттар.388 «Тәубе» сүресі, 111-аят389 «Сафуатут тафсир», І том, 481 б.390 «Ниса» сүресі, 13- аят

Page 297: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 297

Олай болса, Жаратушы Иеміздің бұйырған істерін орындап, тыйым салғандарынан іргемізді аулақ салуымыз керек. Сондай-ақ Пайғамбарымыздың сүннетін өміріміздің әр саласында ұстану да мұсылман жұртының бір мұраты болуы керек. Оған қоса, Алланың үкімдеріне бой ұсынып, құлшылық-ғибадат жасау бұл дүниеде де, арғы әлемде өте үлкен табысқа қол жеткізбек. Ал арғы дүниедегі нығметтердің салмағын ақылдың шектеулі тара-зысы тарта алмайды. Шындығында да, мәңгілік өміріміз жәннатта өтсе, одан артық қандай жеңіс бар?!

Ардақты Алла елшісі (с.ғ.с.) бір хадисінде:

أعددت لعبادي ما ل عين رأت، ول أذن سمعت، ول خطر على قلب بشر«Алла тағала өзінің салих құлдары үшін көз көрмеген, құлақ

естімеген және адамдар елестете де алмайтын, дәйім бітпей-тін нығметтер әзірлеп қойған» деп, адамның жақсылық құмар көңілін сүйіншілейді391. Олай болса, салих құлдар қатарынан орын алуға тырысуымыз қажет-ақ. Негізінде, адамдарды Алла тағалаға салихтық, ізгілік, туралық, жомарттық сияқты қасиеттер жақындатады, сөйтіп оларды сүйікті құл болу мәртебесіне көтереді. Ал Алла тағала сүйген құлы туралы құдси хадисте бы-лай дейді:

فإذا أحببته كنت سمعه الذي يسمع به وبصره الذي يبصر به ويده التي يبطش بها

ورجله التي يمشي بها«Егер оны жақсы көрсем, онда оның еститін құлағы, көретін

көзі, ұстайтын қолы, жүретін аяғы боламын»392. Ендеше, амал-дарына дұрыс қарап, Алла тағала көрсеткен тура жолдан айнымай жүрген құлдарды шегі-қиыры жоқ нығметтер мекені күтіп тұр.

Жәннатқа апаратын ізгі амалдардың үлгісін Пайғамбарымыздың достары, саңлақ сахабалардың өмірінен де көреміз. Меккеден көшіп келген муһажирлар мен оларды Мәдинада туған бауырындай күтіп алған ансарлардың өмірлері ізгілікке толы. Көшіп келген діндес бауырларына жасалған

391 И.Жанан, «Күтубу ситтә», Бұхари, 5097-хадис, 14т., 227б392 Бухари

Page 298: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері298

қомқорлық жақсылық жасаудың ұлы үлгісіндей. Олар қадірлі достарына қолындағы азығы мен малының тең жартысын бөліп берді, екі бөлмелі үйінің бірін босатып ұсынды. Сондағы ықыластарына орай, Құранда Алланың разылығы баяндалған аят-тар түсті. Ол разылыққа сахабалар қалай жетті дейсіз бе? Әрине, шынайы ықыласпен жасалған ізгі әрі сауапты істермен жетті. Біздің де ізгілік жасауды барынша көбейткеніміз, ең алдымен, өзіміз үшін пайдалы.

Адам басына түсетін түрлі қиындықтарға сабырлық таныту да жәннатқа кіруге себеп болатын игі амалдардың бірі. Қиындыққа тап болған сәтте өзін ұстап, сабыр ету ерлердің ері жасайтын іс. Мәселен, біреуден ауыр сөз естігенде, сабыр етіп, ашуды ақылға жеңдіру жеңіл шаруа емес. Алайда бұл сәттерден жәннатқа апара-тын жол іздеп, тек Алла разылығы үшін сабыр ету мұсылманға жа-расымды әрекет емес пе? Және де бұл жамандықты жақсылықпен кері қайтарудың бір жолы. Осы амалмен дүние өмірінің сондай әдемі ақырына қол жеткізуге болады. Құран Кәрімде осындай іс-тері үшін жәннатқа кіретіндер туралы былай делінеді:

ياتهم والملئكة يدخلون جنات عدن يدخلونها ومن صلح من آبائهم وأزواجهم وذر

ار ن كل باب سلم عليكم بما صبرتم فنعم عقبى الد عليهم م«Олар Адын жаннаттарына кіреді. Аталары, жұбайлары

және ұрпақтарының арасынан жақсылары да олармен бір-ге кіреді. Періштелер де әр есіктен қастарына келіп, «Са-быр еткендерің үшін, сендерге сәлем болсын! Бұл – дүние тіршілігінің қандай жақсы ақыры» дейді393.

Құранда жәннатқа кірушілерді қарсы алу салтанаты да ерек-ше баяндалған.

«Зүмәр» сүресінде:

وسيق الذين اتقوا ربهم إلى الجنة زمرا حتى إذا جاؤوها وفتحت أبوابها وقال لهم

خزنتها سلم عليكم طبتم فادخلوها خالدين

393 «Рағыд» сүресі, 23-24-аят

Page 299: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 299

«Ал Раббыларына қарсы келуден сақтанып жүргендер, топ-тобымен жаннатқа жеткізіледі. Жәннатқа жетіп, есіктері ашылғанда, оның сақшы періштелері: «Сәлем сендерге. Сен-дер жақсы болдыңдар, жақсы өмір сүрдіңдер енді мәңгі қалу үшін мұнда кіріңдер» дейді394. Шындығында да, мәңгілік бақыт сарайының қызметші періштелерінен осы сөздерді есіту де зор ғанибет. Ұмтылса осыған ұмтылуға тұратындай емес пе?!

Ал жәннаттағы ғұмырдың мәңгі болуы өз алдына бөлек қуаныш. Бұл дүниеде түсі оңбайтын, қызығы таусылмайтын, адамға бітпес шаттық сыйлап тұратын ешбір қызық жоқ екені бізге мәлім. Бәрі де тозады, қурайды, түсі оңады, таусылады. Олар адамды бір жалықтырмай қоймайды. Ал жәннат рахатының Алланың сүйген құлдарын мәңгі-бақи қуанышқа бөлеп тұратыны сондықтан да құнды.

Құран Кәрімде:

أعد الل لهم جنات تجري من تحتها النهار خالدين فيها ذلك الفوز العظيم«Алла оларға астынан өзендер ағатын Жәннат бақтарын

әзірлеп қойды. Олар онда мәңгілікке қалады. Бұл – нағыз зор табыс»395 делінген. Негізінен, бұл аятта жан-тәнімен Алла жолында күрескендердің сыйы туралы айтылған. Алайда бұдан Жәннаттың мәңгілігі мен оның әзірлеушісі Алла тағала екен-дігін де байқаймыз. Ойланып көрейікші, бұл дүниенің өзінде бір мемлекеттің басшысы сый әзірлеп қойыпты деген хабар келсе, одан ешкім де болмашы зат күтпейді ғой. Өйткені, ел басшысы-на түкке алғысыз сый әзірлеу жараспас еді. Патшаға қашан да патшалық жарасқан.Ал, пенделік ақылымыз. Алла тағаланың әзірлеген сый-сыяпаты қандай болуы мүмкін,ол жағына пенделік ақылымыз жетпесі анық.

Жәннатқа кірерде мүминдердің жүздері толған айдай жарқырап, жан-жағынан төгілген нұрға бөленіп, мәңгілік бақытпен сүйіншіленеді. Алла тағала бұл туралы Құран Кәрімде былай дейді:

394 «Зүмар» сүресі, 73-аят395 «Тәубе» сүресі, 89-аят

Page 300: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері300

يوم ترى المؤمنين والمؤمنات يسعى نورهم بين أيديهم وبأيمانهم بشراكم اليوم جنات

نهار خالدين فيها ذلك هو الفوز العظيم تجري من تحتها ال«Сен мүмін ерлер мен мүмін әйелдердің алдарында да, оң

жақтарында сәуле шашып тұрғанын көретін сол күні: «Бүгін астарынан өзендер ағатын жұмақтармен куаныңдар. Онда мәңгі қаласыңдар. Міне, бұл ұлы табыс»396.

Жәннат қазыналары осындай таңғажайып екендігін сезінумен бірге оған жетудің де жеңіл еместігін ойланып, құлшылығымыз бен дұғаларымызды көбейтіп өзімізді қамшылап отыруымыз ке-рек. Құран Кәрімде:

تهم البأساء س ثل الذين خلوا من قبلكم م ا يأتكم م أم حسبتم أن تدخلوا الجنة ولم

سول والذين آمنوا معه متى نصر الل أل إن نصر الل اء وزلزلوا حتى يقول الر ر والض

قريب(Мұсылмандар!) «Сендерден бұрынғылардың басына

түскен жағдайларға ұшырамай Жәннатқа кіруді ойладыңдар ма? Олар ауыр қиыншылықтар мен ауырпашылыққа душар болып, қиналғандары сонша, пайғамбары мен онымен бірге иман келтіргендер: «Бізге Алланың жәрдемі қашан болады?» дейтін жағдайға дейін жетті. Біліңдер, шын мәнінде, Алланың жәрдемі жақын»397.

Сонда мұсылмандар емтиханнан өтпей, қиыншылықтарға жолықпай, түрлі ауыртпашылықтарды басынан кешіріп, мех-нат көрмей жәннатқа кіре алмауы мүмкін. Жәннат жолында көп қиыншылық пен машақат кез болып жатса, оған мойымай, кең түсінікпен қарағанымыз дұрыс. Алла тағала құлын жәннатқа кір-генге дейін сынайды.

Жұмақтың айналасы қиыншылықтармен қоршалғанын Алла тағаланың Жәбірейіл періштеге жәннат пен тозақты көрсетуі ту-ралы әйгілі хадисте айтылған. Онда Жаппар Иеміздің жәннатты жаратқаннан соң, Жәбірейіл періштені шақырып алып: «Көрші,

396 «Хадид» сүресі, 12-аят397 «Бақара», сүресі, 214-аят

Page 301: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 301

қандай екен» деп сұрайтыны, Періште көріп келіп: оның ғажап екендігін және адам баласы оған кірмей қоймайтыны туралы пікірін білдіруі сөз болған. Сонда Алла тағала жәннаттың айнала-сын қиыншылықтармен қоршап, періштеден: «Енді көрші, қандай екен» деп сұрайды. Жәбірейіл періште көріп келеді де: «Уа, Алла тағала, бұл қиыншылықтардан өтіп ешкім жәннатқа кіре алмай-тын шығар» деген жауап қатады. Хадистің негізгі мазмұнында осы мәселе қамтылған. Жұмаққа жету оңай емес. Олай болса, әрекет жасау керек. Бірақ жәннат қиын екен деп бәрін тастап немқұрайлылыққа салынып кетуге де болмайды.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с. ) бір хадисінде мына нәрсе айтылған: Алла тағала жәннат иелеріне:

«Ей, жәннат иелері», – деп тіл қатады. Сонда олар: «Уа, Раб-бымыз, айтыңыз! Әміріңе құлдық, жақсылық Сенің қолыңда», – дейді. Құдай тағала: «Разы болдыңдар ма?», – деп сұрайды. Олар: «Уа, Раббымыз! Разы болмай не болыпты, Сен бізге басқа ешқандай мақлұқатқа бермеген нығметтеріңді нәсіп еттің ғой», – деп жауап береді. Алла тағала: «Одан да көбірек берейін бе?», – деп сұрайды. Жәннат иелері: «Мынау бергендеріңнен артық не бар?», – деп жауап қайырады. Жаппар иеміз: «Мен сендерге енді разылығымды беремін. Бұдан соң сендерге мәңгі-бақи ашулан-баймын», – дейді398.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өз сахабаларына ертелі-кеш намаздарында: «Уа, Алла тағалам, бізді оттан сақта және жақсылармен бірге жәннатқа кіргізе гөр», – деп бірнеше рет дұға жасап отыруды кеңес бергені мәлім. Сондықтан бәріміз де осы дұғаны намаздарымыздан кейін бірнеше рет қайталап оты-руымыз жөн.

Сонымен, бұл дүниенің соңы – ақыреттік мәңгі өміріміздің басы. Сондықтан қысқа ғана ғұмырды ғибадат-құлшылықпен, ізгілікті амал жасаумен өткізіп, бір қарыс жері бүкіл дүние мен оның ішіндегілерден қайырлы, теңдесі жоқ жәннатқа кіруге қайрат жасауымыз керек. Жәннат – жалт-жұлт еткен нұры, жұпар

398 Бухари, Риқақ 51, Таухид 38; Мүслим Жәннат 9, (2829;); Тирмизи Жәннат 18 (2558).

Page 302: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері302

иісі аңқыған жасыл желегі, зәулім-зәулім әсем сарайлары мен сарқылмас-бітпес өзендері, сан алуан піскен жемістері мен көздің жауын алатын келісті де сүйкімді жұбайлары бар мәңгілік құтты мекен. Олай болса, жәннатқа және оған жеткізетін игі амалдарға селқос, самарқау қарауға болмас.

Page 303: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

303

Алтынбек ҰтысханұлыҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің маманы

ДҰғА – ғИБАДАТТЫң МӘйЕГІ

«Дұға» –араб тілінен енген сөз. Ол тілдік жағынан – сұрау, шақыру, қалау, жәрдем өтіну деген мағыналарды береді. Ал тер-миндік жағынан Алла тағаланың құдіретінің, ұлылығының ал-дында құлдың өз әлсіздігін сезініп, Оған шынайы ниетпен бет бұрып мұң-мұқтажын өтеуге жәрдем, көмек сұрауы дегенді біл-діреді.

Осы тұрғыдан алсақ, дұға – құл мен Ұлы құдірет иесі Алла тағаланың арасындағы ең берік байланыс құралы. Мүмкіндіктері шектеулі пенденің асыл-мұраттарын құдіреті шексіз Жаратқанға білдіріп, жәрдем тілеуі.

Алла тағала адамзатты ерекше махаббатпен жаратып, сансыз нығметке бөледі. Адамның жаратылуының басты мақсаты – Ұлы жаратушыны танып-біліп, оған мінәжат қылып бас ию. Сондай-ақ дұға – ғибадат болып табылады. Ол – пенденің дәрежесін көтеретін құлшылық. Пенде неғұрлым кішірейіп дұға қылса, Ұлы Жаратушымыз да оның мәртебесін соғұрлым жоғарылатып, асқар биіктерге шығарады.

Жаратылысқа зер салып қарайтын болсақ, жанды-жансыздың бәрі де өз тілдерімен бір Алланы еске алып, оған зікір, мінәжат қылып тұрғанын аңғарамыз.

Бұл жайлы Құранда Алла тағала:

ن شيء إل يسبح بحمده ولـكن بع والرض ومن فيهن وإن م ماوات الس تسبح له الس

ل تفقهون تسبيحهم إنه كان حليما غفورا «Жеті қабат аспан мен жер, сондай-ақ жаратылыс атаулы

Алланы пәктейді. Оны мадақтап пәктемейтін еш нәрсе жоқ. Бірақ сендер олардың тәсбихтарын (пәктеулерін) түсіне ал-

Page 304: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері304

майсындар. Шынында, Алла өте жұмсақ, аса жарылқаушы»399, – дейді.

Құран Кәрімнің дұғаға ерекше тоқталуы, әрі Пайғамбарымызға дұғаның қалай жасалу керектігін тәлім етуі бұл істің қаншалықты маңызды екенін ұқтырса керек. Соны-мен қатар Адамзаттың асылынан келіп жеткен жүздеген, тіп-ті мыңдаған хадистер де дұғаның артықшылығына баса назар аудартуда. Ғаламға рақым ретінде жіберілген Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) үмбетіне дұғаны қай кезде, қалай жасау керектігін өмірімен өрнектеп, үйретіп кеткен. Оның өміріне үңіле қарасақ, ешбір сәтін дұғасыз өткізбегеніне куә боламыз. Пайғамбарымыздан риуаят етілген дұғалардың өзі том-том кітаптарға жүк боларлық көлемде. Ендеше, Құран Кәрімдегі аяттар мен Пайғамбарымыздың кейбір хадистеріне тоқтала отырып, мәселені саралап көрейік.

Құранда Алла тағала:

نس إل ليعبدون وما خلقت الجن وال«Жындар мен адамзатты тек өзіме ғана ғибадат жасасын

деп жараттым»400 деп өмірге келуіміздің мақсатын көрсетсе, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

عاء مخ العبادة الد«Дұға – құлшылықтың негізі»401, – деп құлшылық негізінің

дұға екенін ұқтырған. Құлшылықсыз, дұғасыз өткен өмірде мән-мағына да болмайды. Өйткені, Құран Кәрімнің мына аяты да құлшылықтың, дұғаның маңыздылығын айшықтайды:

قل ما يعبؤا بكم ربي لول دعاؤكم«Айт (Мұхаммед с.ғ.с.): егер дұғаларың болмаса, Раббым

сендерді қалай бағаласын?...402».

399 «Исра» сүресі, 17/44 аят400 «Зарият» сүресі, 56 аят401 Тирмизи, дағуат 1, н. 3371402 «Фурқан» сүресі, 25/77

Page 305: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 305

Иә, құлшылығымыз бен дұғамыз болмаса, біздің құнымыз-дың, қадір-қасиетіміздің жоқтығын ескертуде. Сондай-ақ Алла тағаланың құлына өте жақындығы Құранда былай баяндалады:

اع إذا دعان فليستجيبوا لي وليؤمنوا وإذا سألك عبادي عني فإني قريب أجيب دعوة الد

بي لعلهم يرشدون «(Мұхаммед с.ғ.с) егер құлдарым, Мен туралы сенен

сұраса: Мен оларға өте жақынмын, тілек тілеушінің дұғасына жауап беремін. Ендеше, олар да әмірімді қабыл етсін. Және маған сенсін. Бәлкім тура жол табар»403.

Яғни, Алла тағалаға шынайы сеніммен мінәжат жасап, ықыласпен дұға қылса, оны естіп, міндетті түрде дұғасына жауап қайтарады.

Сондай-ақ Алла тағаланың;

ادعوني أستجب لكم«Маған дұға етіңдер, сендерге жауап беремін»404 деген

уәдесі бар. Иә, Алла тағала – құлдарының барлық дұға-тілектеріне

жауап беруші. Осы тұста кейбіреулер: «Қанша дұға етсек те сұрағанымыз берілмейді. Сонда бұл аятты қалай түсінуге бола-ды?» деп жатады. Мына нәрсені білгеніміз жөн: дұғаға жауап беру бір бөлек те, оны қабыл алу бір басқа. Аятта Алла тағала өзіне жасалған барлық дұға-тілектерге жауап беретінін айтты. Ал дұғада сұралған нәрсенің беріліп, берілмеуі, яғни тілектің қабыл болып, болмауы Алла тағаланың хикметі мен қалауына қарай қилы жолмен жүзеге асады. Осыған қатысты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Алла тағала өзіне дұға жасаған барлық адамның тілегіне жауап береді. Оның дұғаларға жауап беруі – дұға жасаған адамға сұрағанын беруі арқылы, яки, дұғасының са-уабын ақыретке жинауы немесе жасаған дұғасының көлеміндей күнәсін кешіруімен болады405. Бірақ кісі күнә нәрсені немесе

403 «Бақара» сүресі, 2/186 аят404 «Ғафир» сүресі, 40/60 аят405 Тирмизидегі басқа бір риуаятта «жасаған дұғасының көлемінде

күнәсін кешіреді» дегеннің орнына «жасаған дұғасының көлемінде жаманшылықтан сақтайды» делінген.

Page 306: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері306

туысқандық қатынастың үзілуін тілемесе әрі дұғам қабыл бол-мады деп асығыстық жасамаса болғаны»406, – дейді. Яғни, Алла тағала құлдың сұраған нәрсесін береді немесе сауабын ақыретке қалдырады әрі күнәларын кешіреді. Олай болса, қай жағдайда да дұға етудің пайдасы шаш-етектен.

Бұл мәселені қарапайым тілмен тағы да былай түсіндіруге болады. Мысалы, бір сырқат адам дәрігерді көмекке шақырып, белгілі бір дәріні сұрады делік. Дәрігер әуелі: «Иә, құлағым сізде, не болды?» деп, оның шақыруына ілтипат білдіріп, жауап береді. Бірақ сұраған дәрісі ауруына яки басқа бір ағзасына кері әсерін тигізер болса, ол дәріні бермейді. Орнына басқа бір дәрі беруі мүмкін.

Міне, дәл осы тәрізді Ұлы Жаратушымыз да құлдарының барлық жасаған мінәжат, дұға-тілектеріне жауап береді. Бірақ сұралғанның бәрін қолма-қол ұсына саналмайды. Себебі, біз көбіне мына пәни дүниенің өткінші пайдасын ғана күйттеп, мәңгілік дүниемізге кері әсер тиер нәрсені сұраймыз. Сұраған нәрсеміз кейбір жалған сезімдеріміздің яки, асығыс қабылдаған шешіміміздің нәтижесі болуы ықтимал. Кейбір жақсылық деп пайымдаған нәрселеріміздің ақыры біз үшін жамандық болуы мүмкін.

Құранда Алла тағала:

وعسى أن تكرهوا شيئا وهو خير لكم وعسى أن تحبوا شيئا وهو شر لكم والل يعلم

وأنتم ل تعلمون «Жек көрген нәрселерің сендер үшін қайырлы болуы

мүмкін. Ал жақсы көрген нәрселерің сендер үшін жаман болуы мүмкін. Алла біледі, сендер білмейсіңдер»407, – дейді. Сондықтан кейбір сұраған нәрселеріміз берілмеген жағдайда: «Дұғам қабыл болмады» дегеннен гөрі «Тілегімнің орындалмауы мен үшін қайырлы шығар», – деп Жаратқанның жазғанына риза болған жөн.

406 Тахфатул-ахуази Шарху жәмиғит-тирмизи, 2-том, 2426-бет «байтул-афкарид-даулия» баспасы.

407 «Бақара» сүресі, 216 аят

Page 307: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 307

Кейде асығыстық жасап, әлі пісіп-жетілмеген нәрселерді уақыты келмей жатып, шикілей жинап алуды қалаймыз. Алла тағала осындай көңілі мен сезімдеріне ұнамды әр нәрсені сұрай беретін құлына ненің керекті, ненің қажетсіз, дүниесі мен ақыретіне қай нәрсенің пайдалы, қайсысының зиянды екенін жақсы білгендіктен, құлдың тілегін Өзінің хикметіне қарай бе-реді яки сұрағанынан да абзалын нәсіп етпек. Мысалы, біреу Алла тағаладан ер бала тілеуі мүмкін, ал Алла тағала оған қатардағы ер баладан да қайырлы қыз бала нәсіп етуі мүмкін. Имранның әйелі Жаратушыдан ұл бала тіледі. Алайда, Ұлы Жаратқан оған ұл баладан да қайырлы қыз сыйлаған жоқ па. Имранның әйелі Иса пайғамбарды дүниеге әкелетін Мәриям анамызды босанған еді ғой.

Ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с) айтқанындай «Дұға – ғибадат»408. Біз ғибадатты осы дүниеде пайдасын көру үшін жаса-майтынымыз белгілі. Сол секілді дұғаны да ғибадат ретінде орын-дап, жемісін ақыретте көретіндігімізге сену керек. Сондықтан да дұғада сабырлық пен табандылық қажет. Осы тұста мына бір-екі ғибратты оқиғаны айта кетейік:

Кезінде бір Мәлік ибн Динар деген әулие кісі өмір сүрген. Ол қажылыққа кетіп бара жатып, бір қызық оқиғаға куә болады. Тұмсығында наны бар бір құстың жол шетіндегі жартасқа түсіп шығып, аузындағы нанын тастап, қайта ұшып келіп жүргенін байқайды. Не де болса бұл жерде бір гәп бар деп, әлгі жартасқа өрмелей бастайды. Біраз жоғары шыққанан кейін таң қаларлық көрініске куә болады. Аяқ-қолы маталып, шұңқырға тасталған бір кісіні көреді. Үсті-басы әбден күнге күйіп, терілері сыпыры-лып түсе бастаған екен. Ол өз көзіне өзі сенбей:

Әй, сен адамсың ба, жынсың ба? – деп дауыстайды. Әл-дәрмені қалмаған әлгі бейшара ымдаған соң оны шығарып алады да не болғанын сұрайды. Сонда ол былай деп әңгімелейді:

– Мен қажылыққа кетіп бара жатқан едім. Біздің керуенге қарақшылар шабуыл жасап, жолдастарымның бәрін түк қалдырмай тонап кетті. Мен қарулы болғандықтан, оңайшылықпен беріс-

408 Тирмизи, Тәфсир, Ғафир, (2973); Әбу Дәууд, Соләт, 358

Page 308: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері308

педім. Әбден алысып, осы жерге дейін қашып келдім. Ақыры ұстап алып, не бар, не жоқ бәрін тартып алып, аяқ-қолымды бай-лап шұңқырға лақтырып кете барды. Осылайша күнге қақталып жатқаныма тура бір апта болды. Күн өткен сайын аштықтан бұратылып, әлсіреген үстіне әлсірей түстім. Ақыр соңында ешқандай үміт қалмаған соң: «Уа, Алла тағалам! Өзіңнің разылығың үшін аптап пен шөлге қарамай жолға шықтым. Қандай күйге тап болғаным Өзіңе аян. Өзіңнен басқа жәрдем етер ешкім жоқ. Өзіңе ғана сыйынып, жалбарынамын, мені құтқара гөр!» деп тіледім. Дұғамды бітіргенім сол екен тұмсығында наны бар бір құстың маған қарай ұшып келе жатқанын көрдім. Ол көкірегімен қонып, тұмсығымен нанды үзіп-үзіп аузыма салды. Шамалы бол-са да әлденіп алдым. Біраздан кейін қайдан әкелгенін қайдам бір ыдыспен су әкеліп, көкірегімен қонып, су ішкізді. Осылайша мені аштықтан құтқарды. Әлгінде де біраз нан әкелгені сол еді, артын-ша сен келдің.

Мәлік ибн Динар өз көзіне өзі сенбей аң-таң қалды. Ақыры әлгі адамның аяқ-қолын шешіп, керуенге жеткізіп салды. Осы кез-де олар әлгі құстың аспанда қалықтап ұшып, шиқылдап жүргенін көрді. Әулие Мәлік ибн Динар құстың бұл қылығын:

– Бұл құс саған былай деп жатқандай: «Алла тағаладан шын көңілмен сұрасаңдар, Ол дұғаларыңды қабыл етеді. Күтпеген жерден орайын келтіріп, құстардың өзін көмекке жібереді»409 деп жорыған екен. Иә, атам қазақ «Шын жыласа, соқыр көзден жас шығады» деп бекер айтпаған ғой.

Тағы бірде Әбул Ғариб әл-Исфахани деген машайых болған екен. Ол Тарсұс қаласын қатты жақсы көрсе керек. Шираз қаласында жүрген кезде қатты ауырып, төсек тартып жатып қалады. Әл үстінде жатқан ол басына жиналып отырғандарға қарата:

– Өліп кетер болсам, мені осы кәпірлердің мазаратына көміңдер. Алланың разылығы үшін сұраймын. Менің басқа ешқандай тілегім жоқ,– дегенде, қасындағылар аң-таң қалып:

409 А. Шахин, Дини хикаелер, 102-б.

Page 309: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 309

– Уа, хазірет! Бұл сөзіңізді қалай түсінуге болады? – деп сұрайды. Сонда ол:

– Мен Алла тағалаға ұдайы: «Уа, Жаратқан! Саған аз да болса қадірім болса, мені Тарсұста өлтіре гөр!» деп жалбарынудамын. Бірақ, осы жерде көз жұматыныма қарағанда, Алла тағаланың алдында ешқандай қадір-қасиетімнің жоқ екенін түсіндім. Сондықтан да менің тілегімді орындасаңыздар екен, – дейді.

Таң қаларлығы сол, әл-Исфахани көз жұмбастан біраз бұрын шамалы жазылып, өзінің сүйікті қаласы Тарсұсқа кетеді. Көп ұзамай сол қалада қайтыс болады. Оның қабірі қазір осы Тарсұста екен.

Мұндай оқиғаны алыстан іздемей-ақ өз өміріңізге де үңілсеңіз, талай қиналған кезде Жаратқанның жар болып, көмектескенін байқаймыз. Алайда пенделікпен оның барлығын ұмытып кете ба-ратынымыз шындық. Иә, Алла тағаланың құдіретінде шек жоқ. Оған шын көңілмен сену қажет. Дұға – иманымыздың айнасы. Сеніміміздің беріктігіне қарай, дұғаға деген құлшынысымыз да көбірек болуы қажет.

Дұға жасасам да, жасамасам да тағдырда не жазылса соны көремін деп дұғаға немқұрайлы қарамау керек. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Дұға басымызға түскен және келейін деп тұрған нәрселерге пайда береді» деуде. Яғни дұға арқылы басымызға түскен ауыр жағдайдан құтылуға тырысамыз. Өйткені дұғадан асқан қару жоқ. Сонымен қатар дұға келгелі тұрған бәлені қайтарады.

Кейбір ғалымдар «Ғафир» сүресіндегі

إن الذين يستكبرون عن عبادتي سيدخلون جهنم داخرين «Маған құлшылық қылудан паңсынғандар қор болып,

тозаққа кіреді»410 деген аяттағы құлшылық қылуды дұға деп тәпсірлеген. Өйткені Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Дұға – ғибадат» де-геннен кейін осы аятты оқыған. Олай болса, дұға жасамағандар, тәкәппарлық танытқан болып саналады. Ол дегеніңіз Алла тағаланың құдіретіне сенбеушілік қой. Ал бұл иманның кем-

410 «Ғафир» сүресі, 60-аят.

Page 310: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері310

шілігін аңғартады. Сондықтан аятта қатаң ескерту жасалған. Ал енді дұға жасаудың өзіндік шарттары мен әдептеріне тоқтала ке-тейік.

Дұғаның шарттары :1. Дұғаның қабыл болуы үшін мына дүниенің өзіндік

заңдары мен себептерін ешбір ақаусыз атқаруымыз қажет; Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) тек қана дұға етіп қана отырмай, ол үшін қажетті шарттардың бәрін орындаған. Мәселен, Бәдір шайқасында Алланың елшісі бүкіл дайындықтарын жасағаннан кейін барып, қол жайып Жаратқаннан медет тілеген болатын. Сондықтан ғалымдарымыз дұғаны екіге бөліп қарастырған. Біріншісі «фиғли дұға», яғни, ісіміз арқылы Ұлы жаратушыдан тілеу. Мысалы, жер жыртып, дән сеуіп, оны жаз бойы суарып, өсіп-жетілуі үшін керекті барлық іс-шараларды атқару. Мұндай дұға Алла тағаланың орнатқан заңдары мен себептерін орындау арқылы жүзеге асатындықтан көбіне қабыл болады. Ал екінші дұға «қаули дұға», яғни, сөзбен не жүрекпен тілеу арқылы бо-латын дұға. Қаули дұғадан бұрын фиғли дұға жасалу керек. Іс істемей жатып, жасаған барлық дұғаларды Алла тағала қабыл ала беретін болса, елдің бәрі жатып-ішер жалқауға айналар еді. Ал Алла тағала құлдарының жалқау болуын, әлбетте қаламайды. Әр сұрағанымызды Алла тағала сол мезет бере берсе, дүниедегі тепе-теңдік бұзылар еді.

2. Дұғаны шынайы ықыласпен жасау; Құрандағы:

مخلصين فادعوا الل«Аллаға шынайы ықыласпен дұға қылыңдар»411 деген аят

осыған шақырады. Ал Алла елшісі (с.ғ.с):

واعلموا أن الل ل يستجيب دعاء من قلب غافل له«Біліп қойыңдар! Алла тағала құлықсыз жүрекпен жасалған

дұғаны қабыл етпейді»412, – дейді. 3. Харам аспен қоректенбеу;

411 «Ғафир» сүресі, 14-аят412 Күдікпен күрестен, Қ. Жолдыбайұлы

Page 311: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 311

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде бір адамның алыс сапарға шығып, алба-жұлбасы шыққан кейіпте екі қолын көкке көтеріп, Алладан дұға қылғаны жайлы жеткізе келе :

مطعمه حرام ومشربه حرام وملبسه حرام وغذى بالحرام فأنى يستجاب لذلك«Алайда, оның ішкен-жегені, киген киімі харам болса, дұғасы

қалай қабыл болсын?»413 деген. Адамдардың көбісі дұға жасай са-лып, дұғам қабыл болмайды деп шағым айтып жатады, алайда ішкен-жегені мен нәпақасын қалай тапқанына аса көңіл аудар-майды.

3. Құбылаға қарап, дұға жасау; Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) дұға тілерде құбылаға қарап, дұға жасағаны жайлы Жәбир ибн Абдуллаһ былай жеткізеді:

أن رسول الل صلى الل عليه و سلم أتى الموقف بعرفة واستقبل القبلة ولم يزل يدعو

مس حتى غربت الش«Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Арафатқа келгенде, құбылаға қарап

күн батқанға дейін дұға қылған».414

4. Дұға жасағаннан кейін бетті сипау;

هما حتى يمسح عاء لم يحط كان رسول الل صلى الل عليه و سلم ـ إذا رفع يديه فى الد

بهما وجهه«Пайғамбарымыз (с.ғ.с) дұға қылған кезде қолдарын көтеріп

бетін сипамастан түсірмейтін еді»415. 5. Қасиетті мекендер мен уақыттарда жасау; Дұға жасауға кез-

келген уақыт пен кез-келген орын лайық. Бірақ ерекше аталған қасиетті жерлер мен қадірлі уақыттарда жасалған дұғаның айрықша қабыл болатыны туралы да хабарлар бар. Сол хадистің бірінде:

عاء أقرب ما يكون العبد من ربه وهو ساجد فأكثروا الد

413 Сахих Муслим, 2-том, 703-бет Дәру Ихиа ит-турасил-араби баспасы, Бәйрут.

414 Муслим,415 Тирмизи,

Page 312: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері312

«Құл сәжде кезінде Раббысына ең жақын болады. Сондықтан сәждеде мол дұға қылыңыздар» деген.

6. Дұға тілегенде тек бір Алладан ғана сұрау; Құран Кәрімде:

ك ما ل ينفعك ول يضر ول تدع من دون الل «Алла тағаладан басқа пайда да, зиян да келтіре алмай-

тыннан (пұттардан) дұға тілемеңдер»416, – дейді.7. Алла тағаланың көркем есімдерімен дұға тілеу; «Раззақ» есімі

арқылы ризықтың сұралуы, «Рахим» есімі арқылы мейрімділіктің қалануы, Шаафи есімі арқылы неше түрлі ауруларға шипа тіле-нуі дұғаның бір хикметіне жатады. Сол секілді Алланың басқа да есімдері арқылы жәрдем сұрау жайлы Алла тағала былай дейді.

السماء الحسنى فادعوه بها ولل «Алла тағаланың көркем есімдері бар. Осылармен дұға

қылыңдар»417. 8. Дұғаны үш реттен қайталау керектігі жайлы Ибн Масғуд:

لم إذا دعا دعا ثلثا واذا سأل سأل ثلثا. قال ابن مسعود رضي الل عنه كان عليه الس«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) дұға еткенде, бір нәрсені сұрағанда,

үш реттен қайталайтын»418.Иә, дұға қылу, яғни Алладан қажетiн тiлеу – мұсылман тiр-

шiлiгiндегi елеулi орын алатын ғибадат түрi. Пайғамбарымыз (с.а.с)

موات و الرض ين، و نور الس عاء سلح المؤمن، و عماد الد الد«Дұға – мүминнiң қаруы, дiннiң тiрегi, аспан мен жердiң

нұры»419, – деген. Имам ибн Мажә: «Дұға ету арқылы Алланы еске алудың

жүзге жуық пайдасы бар», – дейді. Олардың кейбiрi төмендегiше:

416 «Юнус» сүресі, 106-аят417 «Ағрап» сүресі, 180-аят.418 Әбу Дәууд, ас-Соләт, 361419 Әбу Хурайрадан (р.ғ) Имам Хаким, Имам Әш-Шәукәни риуаят етті.

Page 313: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 313

1. Алла тағаланың разылығына себепкер болады: Өйткені, адамзат өзінің әлсіздігін мойындап бір Жаратушының алдында мінәжат қылып, керек-жарағын жалғыз Алладан сұрайды. Сол арқылы Алланың разылығына қол жеткізеді.

2. Шайтанды қуады: Адам әрбір ісін, сөзін, бастамас-тан бұрын құдіреті күшті Алла тағаланың лағынетіне ұшырап, нығметінен алыстатылған «шайтанның айласынан сақта!», – деп сыйынып дұға қылады.

3. Жүрек жай табады: Дұға уайым-қайғыны жояды. Адам жүрегіне қуаныш пен рахат сезiмiн орнықтырып, оны қуаттандырады. Әрі дұға етушінің жүзiн нұрға бөлейді. Қатқан жүректi де жiбiтiп, дертке шипа болады. Сондай-ақ, тот басқан өлi жүректi тiрiлтедi. Ал Құран Кәрімде:

أل بذكر الل تطمئن القلوب«Естеріңде болсын; Алланы еске алумен жүректер жай

табады»420 , – делінген.4. Рызық-несібені молайтады: Барлық мүліктің иесі болған

Алладан шынайы түрде қорқып, тек бір Өзінен рызығымызды сұрасақ, ойламаған жерден рызық береді.

5. Дұға Алла тағалаға жақындатып, Оның сүйiспеншiлiгiне лайық етедi: Себебі, Алла тағала: «мен сендерге күре тамырларыңнан да жақынмын» дейді. Және де Ол бізді сүйіспеншілікпен жаратқан.

Дана Абай: Махаббатпен жаратқан адамзатты,Сенде сүй Ол Алланы жаннан тәтті! – деп, Жаратушы иеміз-

ді жан тәнімізбен жақсы көріп, Оны жоғары тұтып, Содан ғана тілесек, сөзсіз сүйіспеншілігіне қауышатынымызды айтқан.

6. Адасудан сақтайды. Алла тағала көп дұға етушiнi өз па-насына алады. Ал үнемi дұғада болғандардың тiршiлiгi әрқашан қауiпсiз және тыныш болады.

7. Дұғамызбен Алла тағала «мағфират», яғни кешiрiм есiк-терiн ашады. Сондай-ақ оңаша отырып, шын ықыласпен жылап

420 «Рағды» сүресі, 28-аят

Page 314: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері314

тiлеген дұға қиямет күнi Алла тағаланың таңдаулы пенделерiне арналған саябақтың көлеңкесiне паналауына мүмкіндік сыйлай-ды.

8. Әрдайым зiкiр ету, яғни Алла тағаланы еске алып, Оған дұға ету – тiлдi жаман, бос сөзден сақтайды.

9. Дұға – жәннат егiстiгi. Алла тағаланың пенделерiне әзiрлеген нығметтерiнiң ең абзалы – Алла тағаланы есiне алып, дұға еткендердiң несiбесi. Көп дұға етушiге перiштелер салауат айтып, Алла тағаланың рақымы жауады. Көп дұға етушiлер үшін перiштелер Алладан истиғфар (кешірім сұрайды) тілейді, яғни Алла тағаладан күнәларының жарылқануын сұрайды. Көп дұға етіп, Алла тағаланы еске алу – екiжүздiлiктi жояды.

Дұғалары қабыл болатындар:– Қиналған адамдардың дұғасы; – Зұлымдыққа ұшырағандардың дұғасы, (кәпір немесе

күнәһар болса да); – Ата-ананың баласына жасаған дұғасы; – Әділетті имамның дұғасы; – Салиқалы, ізгі адамның дұғасы; – Ата-анасына жақсылық жасап, кішіпейілділік көрсеткен

перзенттің дұғасы;– Ораза ұстаған адамның ауыз ашардағы дұғасы;– Мұсылманның мұсылман бауыры үшін жасаған дұғасы; – Күнәларынан тәубә еткен пенденің дұғасы;– Жолаушының дұғасы.

Дұға етудің әдептері:– Дәретті болу– Тек жақсылық тілеу– Аят және хадисте көрсетілгендей дұға ету– Алла тағаладан қажетін жалықпай тілеу– Дұғада әдептілік шегінен шықпау– Қасиетті уақыттарды таңдау. Мысалы, Арафат күні, Рама-

зан айы, жұма күні, т.б;

Page 315: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 315

– Дұға жасайтын орындарға көңіл бөлу. Мысалы, сәжде кезін-де, азан мен қамат арасында.

– Дұғаның қабыл болатынына кәміл сену; – Дұға қылуды Алланы еске алумен, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.)

салауат айтумен бастау, Аллаға мадақ, Пайғамбарымызға салау-атпен тәмәмдау.

Қорытындылар болсақ, дұғаның ең жарқын нәтижесі мы-нау: дұға жасаған кісі өзінің дұғасын естуші, мейірімін төгіп, мұң-мұқтаждықтарына жауап беруші Ұлы Құдіреттің бар екенін біледі. Өзінің осынау әлемде жалғыз, қорғансыз емес екенін түсінеді. Ол барлық нәрсеге құдіреті жететін, кез-келген нәрсені әп-сәтте жарататын Жаратқанға мұңын шағу арқылы мойнындағы ауыр жүктен арылып, көңілі сергіп, жеңілдеп қалады. Иә, «Шын мәнінде дұға – ол ғибадат». Алла тағала шын ықыласпен тілеген дұға-ғибадаттарымызды қабыл етсін! Әумин.

Page 316: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

316

Алтынбек ҰтысханұлыҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің маманы

ЫСЫРАПШЫЛДЫҚ – АЛЛА СүйМЕйТІН ІС

Ысырапшылдық – Алла тағала сүймейтін іс. Өйткені, ысырапшылдық жеке тұлғаға, отбасына, қоғамға қауіп төндіретін, тірнектеп тапқан дүниенің түбіне жететін, бұл дүниенің өзінде де кесірін тарттыратын қатерлі дерт. Алла тағала құлдарын кең мей-ірім, рақымымен сан-алуан нығметке бөлеген. Ішіп-жеу, киім-ке-шек, дүние-мүлік тәріздес нығметтердің барлығы Алла тағаланың құлына сыйлаған ерекше сыйы. Ал адамзатқа жүктелген міндет – сол берілген сансыз нығметтерді жөнімен қолданып, астамшылық көрсетпей, ысырапшылдыққа жол бермеу. Себебі, берілген дүние-мүлік пәни дүниедегі тіршіліктің сәні ғана.

Бұл туралы қасиетті Құранда былай делінген:

الحات خير عند ربك ثوابا وخير أمل نيا والباقيات الص المال والبنون زينة الحياة الد«Байлық пен балалар – дүние тіршілігінің сәні. Ал бақи

қалатын жақсылықтар болса, Раббыңның қасында, табыс бойынша да жақсы әрі үміт тұрғысынан да жақсы»421.

Иә, бала-шаға, мал-мүлкіміздің барлығы осы жалған дүниенің сәні. Бірақ осы дүниеде істелген игі амалдарымыздың жемісін мәңгілік ақыретте жейтініміз сөзсіз. Ибн Аббастың айтуынша, жақсы амалдарға күнделікті бес уақыт намаз және әрбір Алла разылығы үшін жасаған іс-әрекеттеріміз, сөйлеген сөздеріміз жа-тады.

Сондай-ақ дүние-мүлік те – адам баласының игілігіне беріл-ген нығметтің бірі. Ал пенде әр нәрсенің адал, арамын ажырата білуі тиіс.

Алла тағала былай бұйырады:

ا في الرض حلل طيبا ها الناس كلوا مم يا أي

421 «Кәһф» сүресі, 46-аят.

Page 317: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 317

«Әй, адам баласы! Жер жүзінде болған халал, таза нәрседен жеңдер!»422.

Яғни, адамзаттың ағзасына, ақылына зиян келмейтін әрі кері әсер етпейтін Алланың берген сансыз халал рызығынан жеңдер деуде. Өйткені ішіп-жейтін барлық қоректеріміздің қайсысы халал, қайсысы харам екені анық та айқын көрсетілген. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) былай дейді:

إن الحلل بين وإن الحرام بين، وبينهما أمور مشتبهات، ل يعلمهن كثير من الناس،

بهات فقد استبرأ لدينه وعرضه فمن اتقى الش«Расында, халал мен харам анық. Ал халал мен харамның ара-

сында адамдардың көбi хабарсыз болған күмәндi нәрселер бар. Күмәндiден сақтанғандар – өзiнiң дiнi мен ары үшiн тазарған болады»423.

Олай болса, Жаратушы иеміздің сансыз нығметтерін, оңды-солды шашпай, харам мен халалды ажыратып пайдалану пенденің басты міндеттерінің бірі болмақ.

Құранда:

وكلوا واشربوا ول تسرفوا إنه ل يحب المسرفين«....Ішіңдер, жеңдер бірақ ысырап қылмаңдар,

шындығында Алла тағала ысырап қылушыларды сүймейді»424 – деп, берілген нығметті қалауымызша тұтынуымызды, бірақ ысырап жасамауымызды ескертсе, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

قوا والبسوا في غير إسرف ومخيلة كلوا واشربوا وتصد«Жеңдер, ішіңдер, садақа беріңдер және киініңдер, бірақ

ысырапшылдық пен дандайсуға жол бермеңдер»425, – дейді. Демек, Алланың берген нығметінен ішіңдер, жеңдер сонымен

бірге дәулет артылып жатса жағдайы жоқтарға, кедей-кепшіктер-ге, жетім-жесірлерге, медресе, мешіт, балабақша, аурухана сияқты

422 «Бақара» сүресі, 168-аят.423 Сахихул-муслим, 107 (1599).424 «Ағраф» сүресі, 31-аят425 Нисаи, зәкет, 66, 79

Page 318: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері318

орындарға жұмсау зор сауапты іс. Сондай-ақ тәкаппарлыққа ұрындыратындай сырт көзге көрсету, мақтану ниетімен қымбат киіну де ысыраптың бір түріне жатады.

Сондықтан қаражатымызды жалпыға пайдасы тиетін жер-ге жұмсап, зияны тиетін істен аулақ болуымыз абзал. Себебі, Алла тағала дүние-мүлікті пенделерге жақсылық жасауда үлкен мүмкіндік етті.

Ал енді ысырап сөзі қандай мағына береді, жалпы ислам тұрғысынан ысырапты қалай түсінуіміз керек деген сауалдарға жауап қарастырып көрейік.

«Ысырап» сөзінің тілдік мағынасы, дүние-мүлкіңді, керек-жарағыңды орынсыз шашу, артық шығынға жол беру, мөлшерден артық ішіп-жеу, уақытыңды дұрыс қолданбау, Алла тағаланың сыйлаған әрбір нығметін өз орнымен қолданбау дегенді біл-діреді.

Ысырапқор адам берілген нығметке қанағатсыздық таны-тып, тек іше берсем, жей берсем, үсті үстіне бола берсе деген тоғышарлық мінез танытады.

Олай болса, ысырапқа бармау үшін үнемшіл болу қажет. Үнемшілдік – шектен тыс кетпеу, керегінен аз немесе көп жұмсаудан алыс болу, яғни орта деңгейді ұстай білу.

Үнемшілдік – шүкіршіліктің белгісі. Үнемшіл адам Алланың берген нығметтерінің қадірін біледі. Сондай-ақ құрметпен қарап, ондағы Алланың мейірімі барын сезініп, өзіне берілген сый-сыяпаттың қадірін түсініп, оны босқа жұмсаудан тартына-ды. Белгілі бір өлшемде ғана қажетіне жұмсайды. Осылайша Жаратушының бергенін қанағат қылады. Оларды тиімді жұмсау біреудің қолына телміруден құтқарады. Және де өз ар-намысын сақтаумен қатар сарқылмас берекеге кенелтері сөзсіз.

Сондай-ақ ол үнемшілдік арқылы Алла тағаланың разылығына бөленуге болады. Ал ысырап қылушы шайтанның достарынан болып табылады.

Алла тағала:

يطان لربه كفورا ياطين وكان الش رين كانوا إخوان الش إن المبذ

Page 319: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 319

«Ысырап етпе, сөзсіз ысырап етушілер шайтанға бауыр болмақ. Ал шайтан болса, Раббысына тым күпірлік етуші»426, – деп, ысырап етудің күнә екендігін, тіпті, кісіні шайтанға бауыр ететін Жаратушыға жағымсыз іс екенін білдіреді.

Аятта дүниені оңды-солды шашуға болмайтындығы ескер-тілуде. Оңды-солды шашудағы мақсат, дүниені аз немесе көп жұмсауында емес, оны қай жерге пайдаланғаны маңызды. Ислам ғалымдарының көзқарасы бойынша, Алла үшін жұмсалған дәулет ысырапқа жатпайды. Ал жеке мүдде үшін қаражатты орынсыз шашу ысырапқа жатады.

Сондай-ақ ысырап – үлкен күнә, әрі отбасының берекесін қашыратын жағымсыз іс. Құранда:

ول تسرفوا إنه ل يحب المسرفين«Ысырап етпеңдер, күдіксіз Алла ысырап етушілерді

жақсы көрмейді»427 деп ысырапқа үзілді-кесілді жол бермеу ке-ректігі айтылған. Мәселен, үлкен күнәлар қатарына жататын арақ, құмар ойнау, зинақорлыққа жұмсалған қаражаттың түбі неге апа-ратыны айдан анық. Өйткені, ішімдікке қаражат жұмсап, соны-сына тояттаған адам өз отбасының шырқын бұзады. Оның ақыры жанұяның ажырасуына, шиеттей сәбилердің жетім қалуына әкеп соғады. Сол сияқты құмар ойынға ақша жұмсағандар, соған әуестеніп, санасын улағандар түрлі қиындықтарға душар бо-лып, сан соғып қалып жатады. Сондай-ақ пара беріп өз ойын іске асырғандардың да, болмашы дүниеге алданып арын сатқан барлық зинақордың да күні осылай болмақ. Ондай жолдың соңы жақсылыққа апармайтыны белгілі. Міне, осы кесірлердің бір се-бебі мақтанышпен дүние шашушылық, яғни ысырапшылдық. Тіпті кейде бұның ысырап екенін білмей, өз істеріне сүйсіне жа-сайтындар да ұшырасады.

Құран Кәрімде былай делінген:

كذلك زين للمسرفين ما كانوا يعملون

426 «Исра» сүресі, 27-аят427 «Әнғам» сүресі, 141-аят.

Page 320: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері320

«Солайша шектен шығушыларға (ысырап қылушыларға) істеген істері көркем көрсетіледі»428.

Бұл аятта адам баласына қандай да бір қиыншылық төнсе, ауырса, кедейленсе, Жаратушы иемізден әр кейіпте: тұрып та, отырып та, жатып та жәрдем сұрайтынын айта келе, әлгі дерт-тен айықтырған сәтте барлығын ұмытып, баяғы әніне қайта басатындығы айтылған. Бұған қоса өз білгенін дұрыс көріп, ысырапшылдығын тыймайды.

Негізінен жұртқа көрсетіп, байлығымен масаттану үшін жасалған мұндай істердің сыбайласы шайтан. Өйткені, олар жетім-жесірлерді жебеп, кембағал-кәрілерге көмек жасамайды. Ал Құранда:

ر تبيذرا بيل ول تبذ ه والمسكين وابن الس وآت ذا القربى حق«Туысы жақындарға, міскіндерге, жолда қалғандарға

міндетті түрде қарайласыңдар. Және мүлде ысырап қылмаңдар»429, – деп ескертіледі.

Туған-туысымызға, міскін-кедейлерге, сапарға шығып жолда қалғандарға қанша қайырымдылық көрсетсек те ысырапқа жат-пайды. Керісінше олардың жағдайын жасау міндетіміз. Сондай-ақ мүмин орта жолды ұстанғаны дұрыс. Алла тағала:

والذين إذا أنفقوا لم يسرفوا ولم يقتروا وكان بين ذلك قواما«Олар мал сарп қылғанда, ысырап жасамай, сараңдық

қылмай, ортасында болады»430, – дейді. Яғни, өздерінің сарп қылған дүниелерінде ешбір ысырапқа

жол бермей әділдікті ұстанып, ортаны игі тұтқандар. Шынайы құлдар Жаратушымыздың көрсеткен шариғатынан асып кет-пей, сонымен қатар парыз қылған әмірін кем қылмай орындай-ды. Сондай-ақ дүние-мүлікті жинап, пайдалы жерге жұмсамай сараңдық танытып, қол қусырып отырғанның да дұрыс еместігін Алла тағала ескертуде.

428 «Юнус» сүресі, 12-аят.429 «Исра» сүресі, 26-аят.430 «Фурқан» сүресі, 67-аят.

Page 321: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 321

Тағы бір аятта:

ول تجعل يدك مغلولة إلى عنقك ول تبسطها كل البسط «Қолыңды мүлде мойныңа байлаулы қылма да бүтіндей

ашпа (өте сараң да, тым дарақы да болма)»431, – дейді. Ысырап қылу мен бірге тым сараңдық таныту да Исламға

жат қылық. Себебі, пендені күтпеген жерінен рызықтандырушы, мал-мүлік беруші – Алла. Бірақ таршылық көрсек, сабырлық танытқанымыз абзал. Адамзатқа ненің керек, ненің керек емес екенін жақсы білетін Алла Тағала әрбір істі хикметпен жаратыны сөзсіз. Олай болса, дүниені сарп ету мен оған сараңдық таныту тек бір Аллаға тән сипат. Өйткені, Ол – мүліктердің Иесі.

Жеп-ішудегі ысырап:Жалпы күнделікті қимыл-қозғалыс, жұмыс істеу үшін қорек

қабылдап отыру табиғи мәселе, яғни дініміз құптайтын іс. Бірақ тамақтануда өз мөлшерін сақтаған дұрыс. Осы орайда, дініміз аз тамақтанып тән саулығын күшейтумен қатар обырлықпен артық асаймын деп ысырапқа жол бермеу керектігін де ескерткен.

Ендеше, тыңқиып тойып алу да, аштықтан көзі қарауытып құлап түсетін жағдайға жету де дұрыс емес.

Алла елшісі (с.ғ.с.): ا من بطن، بحسب ابن آدم لقيمات يقمن صلبه، فإن كان لبد ما مل آدمي وعاء شر

فاعله فثلث لطعامه وثلث لشرابه وثلث لنفسه«Адам баласы еш уақытта асқазанынан өткен жаман ыдыс-

ты лықа толтырған емес. Негізінде, адам баласына белін түзеп, әлденуі үшін аз ғана дәм-тұз (азық) жеткілікті. Егер міндетті түрде ішіп-жеуі керек болса, (асқазанының) үште бірін тамаққа, үште бірін суға және үште бірін ауаға арнасын»432, – дейді. Яғни керегінен тыс тағам жеудің адамға зиян келтіретінін айтуда.

Өкінішке орай, бүгінгі таңда қоғамда, жалпы қоршаған ортада ішіп-жеудің нормасы сақталмай ысырапқа жол берілуде. Мысалы,

431 «Ал-Исра» сүресі, 29-аят. 432 Тирмизи, зуһд, (нәпсіні тию) 47.

Page 322: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері322

артық тамақтардың төгілуі, нан қалдықтарының қоқысқа таста-луы, суды бекерге ағызып қою т.б. Бұған той-томалақта шама-шарқына қарамастан ешкімнен құр қалмайын деп ысырапқа жол беріп шашылатынымыз да бар. Ал өмірде күнделікті күнкөріске зар болып жүргендер қаншама. Мүминдер үшін табақтағы соңғы асты ысырап етпей сүннет жолы деп бітіріп тауысып қою әдептіліктің бір көрінісі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) дәрет алу кезін-де артық суды қолданудың өзін ысырапқа жатқызған. Сондықтан әрбір ісімізді жақсы ойлап, ысырапқа жол бермеуге тырысайық.

Киім киістегі ысырап: Негізінде, адам баласы киім киюге мұқтаж. Киімсіз жүруі

мүмкін емес. Ол – пендесіне берген Алланың сансыз нығметтердің бірі. Өйткені, Алланың елшісі (с.ғ.с.):

يحب أن يرى أثر نعمته على عبده إن الل«Шынында Алла тағала Өзінің нығметтерінің белгісін

құлының бойынан көргенді ұнатады»433, – деген. Демек, таза әрі жарасымды киінген құлын Алла тағала жақсы көретін болғаны. Бірақ адамдарға көрсету мақсатында немесе мақтану ниетімен менмендікке салынса, киімі тұрып мода қуып бірінің үстіне бірін алып жатса, ол – ысырап. Одан сақтанғанымыз дұрыс. Ысырапты Алла жек көреді.

уақыт ысырабы:Ислам діні уақыт мәселесіне қатты көңіл бөлген. Өйткені,

уақыттың алатын орны ерекше. Сол себептен Құран кәрімнің көптеген аяттарында уақытпен санасуымыз керектігі айтылған. Уақыттың маңыздылығы сонша – Жаратушы иеміз Құранның «Фәжр», «Духа», «Аср», «Ләйл» секілді кейбір сүрелерінде уақытқа серт еткен. Алла тағала:

نسان لفي خسر والعصر إن ال

433 Тирмизи, әдеп, 54.

Page 323: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 323

«Заманаға серт. Негізінен, адам баласы зиянда»434 – дей-ді. Яғни, уақытпен серт етіп, сол уақыттың ішінде адамзаттың қасіретте болатынын айтқан. Ал сол қасіреттен арылуымыз үшін ең бастысы әрбір сағат, күн, ай, жылымызда игі істердің көп жаса-луына көңіл бөліп, уақытты бекер өткізіп алудан сақтануымыз ке-рек. Уақыттың жауы теледидарға (керексіз телесериал көру т.б.), интернетке, бос сөзге, көп ұйқыға берілмеген дұрыс. Сондай-ақ ағзамызға зиян тигізетін арақ, темекіге жұмсалған қаражат та ысырапқа жол ашады. Себебі, ол әр ағзаны бүлдіргенімен қоймай, қаражатты да бекерге шаштырып, қалтаны қағатыны белгілі. Пайғамбарымыз (с.а.с):

ة، والفراغ ح نعمتان مغبون فيهما كثير من الناس: الص«Адамдардың көпшілігі қадір-қасиетін біле бермейтін екі

үлкен нығмет – денсаулық пен бос уақыт»435 – деген хадисін де тегін айтпаса керек. Олай болса, Алланың құлына өлшеп берген өмірін, алтындай уақытын өзімізге, қоршаған ортаға пайдасы ти-етін амалмен өткізуге тырысайық. Өйткені, уақыттың қас қағым сәтте өте шығатыны бәрімізге белгілі. Уақыттың қадір-қасиетін біліп, оны тиімді қолданған даналарымыз, ғалымдарымыз жет-кілікті. Дана Абай:

«Кеше бала ең, келдің ғой талай жасқа,Көз жетті бір қалыпта тұра алмасқа.Адамды сүй, Алланың хикметін сез,Не қызық бар өмірде одан басқа?!», – деп, бұл өмірдің мәңгі

еместігін, бір қалыпта тұрмайтындығын, уақыттың зымырап өтетінін ескертіп, адамды сүйіп жаратқан Алланың хикметін сезініп, дұрыс өмір сүру керектігін айтқан. Сонда ғана өлшеулі өмірдің мәні ашылмақ.

Алла тағала Құран Кәрімде:

لتسألن يومئذ عن النعيم

434 «Аср» сүресі, 1-2 аяттар. 435 Бухари, Тирмизи

Page 324: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері324

«Сол күні (дүниеде берілген) әр нығметтен, әлбетте, сұраққа тартыласыңдар»436, – десе, Пайғамбарымыз (с.а.с) бір хадисінде:

ل تزول قدما ابن آدم يوم القيامة من عند ربه حتى يسئل عن خمس: عن عمره فيم

أفناه، وعن شبابه فيم أبله، وعن ماله من أين اكتسبه وفيم أنفقه، وفي ماذا عمل فيما

علم«Қиямет күні Алланың ешбір құлы өмірін қайтіп өткізгендігі,

алған білімін не істегендігі, дүние-мүлкін қандай жолдармен тауып, қайда жұмсағандығы және тәнін қандай жолда жүріп тоздырғандығы жайлы есепке тартылмайынша бір адым да аттай алмайды»437, – деген.

Олай болса, берілген нығметтердің қадірін біліп, жеке басымызға, қоғамға пайдасы тиетіндей істерге арнайық. Ысырап-ты Алланың сүймейтіндігін жадымыздан шығармайық.

436 «Тәкәсур» сүресі, 8-аят.437 Тирмизи, қиямет, 1,

Page 325: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

325

Алтынбек ҰтысханұлыҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің маманы

ТАБИғАТТЫ ҚОРғАу МҰСЫЛМАННЫң МІНДЕТІ

Салауатты өмір салтын сақтап, әлеуетті өмір сүрудің бір негізі қоршаған ортаға көңіл бөліп, бай табиғатымызды қорғай білуде. Адам ата мен Хауа ана жаратылғандағы табиғаттың табиғи мүсіні мен саф ауасының адамзат өркениетке ұмтылып, озық технология ойлап тауып жатқан бүгінгі заманда әбден то-зып кеткені өкінішті-ақ. Әсіресе, қалалар көптеп тұрғызылып, қағаз өнімдерін тұтыну көбейген қазіргі уақытта бұл ор-ман шаруашылықтарына айтарлықтай кері әсерін тигізуде. Нәтижеде бір жағынан жасампаздықпен алға ұмтылған адам баласына табиғат ананы да қамқорлыққа алу міндеті еселе-не түсуде. Осы табиғат ананы қорғап қалу мәселесінде өте-мөте ағаштарға көңіл бөлудің, тал, шыбық отырғызуды ұмыт қалдырмаудың мәні зор. Өйткені ағаш егудің адамзат баласына тигізер пайдасы, жалпы қоршаған ортаға жақсы әсері бар екені баршаға белгілі. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) көптеген хадистерінде бұл мәселе де қалыс қалмаған. Мәселен, мына бір хадисінде сүйікті Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

اعة وفي يد أحدكم فسيلة ،فإن استطاع أن ل يقوم حتى يغرسه فليغرسها إن قامت الس«Кімде-кімнің қолында бір құрма ағашының көшеті (тал

шыбығы) болса, соны қиямет қайым басталып кетсе де дереу отырғызып үлгерсін»438 - дейді. Бұл жерден ағаш егудің өте маңызды екеніне көз жеткіземіз. Сондай-ақ Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұны тек айтып қана қоймай, іс жүзінде де дәлелдей білген. Оған тарихтан дәлел ретінде ай-тар болсақ Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Меккеден

438 Бухари, Әдеп кітабы, 163-бет №479

Page 326: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері326

Мәдинаға көшіп келген кезінде Мәдинаның батпағын кетіру үшін айналдыра ағаш еккізгені баршаға мәлім. Міне осы секілді ағаш батпақты ғана кетіріп қана қоймай ауаны да тазарта-ды, оның саясында демалған адам кең тыныс алып жаны жай табады. Күнделікті қолданып жүрген материалдарымыздың көбі осы ағаштан жасалады. Кітаптар, қағаздар, үйіміздің есігі, терезесі, үстелдер мен тақталар, мектеп парталары т.б. Жаңадан өмірге келген сәбидің бесігі де, өміріміз біткен-нен кейін қабірге апаратын табыт та сол ағаштан жасалады. Ағаштардың арқасында табиғат көз тартарлық жап-жасыл кейіпке бөленеді. Ауаны тазартып, суықта үйді жылытатыны да өз алдына.

Бір қызығы, жеміс берсін-бермесін кез келген ағаштың адамзатқа тигізер пайдасы ұшан-теңіз. Адамға тіршілік үшін ең керегі ауа болса, сол ауаны жасайтын, тазалайтын, сүзгіден өткізетін, яғни ауадағы газдарды, түрлі ластықтарды өзіне тартып алып, орнына оттегі бөліп шығаруда орасан қызмет атқаратын да осы ағаш. Халық даналары «Ауа адамсыз өмір сүре алады, Адам ауасыз өмір сүре алмайды» деп тектен тегін айтпаған. Адамзат өз тарихында осы күнге дейін әлі ағаштан артық ауаны тазартатын бірде-бір қондырғы ойлап таба алмады. Ағаштың ауаны тазарту-мен қатар ауаны реттеп, шудың азаюына да айтарлықтай пайда тигізеді. Әсіресе қаладағы ағаштардың шуды азайтуға еңбегі ора-сан. Яғни шудың деңгейін едәуір төмендететін бірден бір себеп.

Табиғи тепе-теңдікті сақтап тұрған да айналамыздағы ағаштар. Бұған қоса, ыстықты, аязды басып, ылғалдылықты сақтап, жаңбырлардың уақытында және табиғи тәртіппен жаууын реттейді, топырақтың құнарлылығын сақтайды, дауылдардың екпінін азайтады, т.б. Айта берсе ағаштың адамға берер пайдасы мол.439

Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «Адамдардың ең жақсысы басқаларға пайдасы тигені» дегенін де жадымыздан шығармаған дұрыс. Тағы бір хадисте: «Бір адам бір ағаш отырғызса, дәптеріне отырғызған ағашының жемісіндей

439 «Жас қазақ үні» газеті

Page 327: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 327

сауап жазылады» дейді. Осы тұста мына бір ғибратты әңгімені айта кеткенді жөн көріп отырмын.

Аббаси халифаларынан Һарун Рашид бір қарт адамның кішкене жеміс ағашының көшетін (тал шыбығын) отырғызып жатқанын көріп, оған: -Әке, сен ғой қартайдың. Отырғызып жатқан ағашыңның жемісін көре алмайсың, олай болса неге бей-неттеніп жатырсың? – дейді. Қарт былай деп жауап береді: -Бізден бұрынғылар ағаш отырғызды, жемісін біз жедік. Енді біз де ағаш отырғызайық, ал жемісін бізден кейінгілер жесін, – дейді. Бұл жауап Һарун Рашидке ұнап, қартқа бір уыс алтын береді. Қарт: «Көрдің бе, балам. Отырғызып жатқан көшеттің (тал шыбықтың) жемісін міне, мен де көрдім», –дейді. Бұл сөзге Һарун Рашид одан сайын риза болып тағы да алтын береді. Басқа ағаштар жылына бір рет жеміс берсе, менің еккен ағашым жылына екі рет жеміс береді, – деген екен қарт. Қазақтың «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деп талды малдан да артық көргені осы-дан болар.

Тіпті еккен ағашымыздан адамды қойып жануар-жәндіктердің өзі пайдаланып жатса оларға біздің берген садақамыз болатындығын Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) айтқан. Онда:

ما من مسلم يغرس غرسا أو يزرع زرعا فيأكل منه طير أو إنسان أو بهيمة

إل كان له به صدقة «Бір мұсылман бір ағаш отырғызса немесе бір нәрсе ексе

және одан бір құс, бір адам немесе жануар жесе, ол адам үшін садақа болып есептеледі»440 деген.

Сондай-ақ табиғатты аялап, қоршаған ортаны таза ұстау да адам баласына жүктелген міндет. Өйткені ислам діні тазалыққа шақыратын дін. Құранда және Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) көптеген хадистерінде тазалықтың маңыздылығы жайында айтылған.

يمان هور شطر ال الط

440 Бухари 2152

Page 328: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері328

«Тазалық иманның жартысы»441 деген хадис осының бір айғағы. Және Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) адам-дар жүретін жолдың үстіне, тынығатын көлеңкелерде, әсіресе жемісті ағаштардың түбінде дәрет сындыруға болмайтындығы жөнінде сахабаларға:

انان يا رسول الل؟ قال: » الذي يتخلى في انين ». قالوا: وما اللع اتقوا اللع

طريق الناس أو في ظلهم«Екі түрлі қарғыс арқалаудан сақ болыңдар!» дегенде, олар:

«Әй, Алланың елшісі! Екі қарғыс алушы дегеніңіз кім?» – деп сұрайды. Ол:

«Адамдар жүретін жолға немесе тынығатын көлеңкеге дәрет сындырушы»442 деген екен.

Негізінде мұсылман бүлдіруші емес, бүтіндеуші, қиратушы емес дұрыстаушы, зиян келтіруші емес пайда әкелуші. Өкінішке қарай, бізде керісінше болып жатады. Мәселен, көктем кез-дерінде табиғат аясына сейілдеуге шыққанда, қоқыстарды шашып, ағаштарды сындырып, темекінің қалдықтарын қалдырып, тіпті оны өшірместен тастап кеткеннің кесірінен бір орман алқаптары өртеніп осылайша табиғатқа кері әсерін тигізіп жататындар да кездеседі. Алла тағала адамзатқа көптеген нығметтерді аманат қылып берген. Сол аманатқа қиянат жасамау да мұсылманның бір сипаты болып санала-ды. Бұл нығметтердің бірі осы біз сөз етіп отырған табиғат. Табиғатты исі мұсылман баласы жанындай қорғаштай білу ке-рек. Бір хадисте:

آية المنافق ثلث : إذا حدث كذب، وإذا وعد أخلف، وإذا اؤتمن خان «Әңгімелессе өтірік айтады, уәделессе уәдесінде тұрмайды

және аманатқа қиянат жасайды»443 деп мұнафиқ яғни екі жүзді адамның үш сипатының қатарына аманатқа қиянат жасайты-нын да айтып өткен. Және Алла тағала құранда осы берілген

441 Мүслим442 Мүслим443 Бухари

Page 329: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 329

шексіз нығметтердің о дүниеде сұрауы бар екенін ескертеді. Онда:

ثم لتسألن يومئذ عن النعيم«Ырыс-дәулеттеріңнен (берілген нығметтер-ден) әлбетте

сұраққа тартыласыңдар»444 деген. Ал даналарымыздың «судың да сұрауы бар» деуі осыған саяды. Олай болса табиғатты аялау, оған көңіл бөлу, таза ұстау, зиян келтірмеу, аманатқа қиянат жасамау әрбір адамзаттың міндеті болып саналады.

Ендеше табиғатты аялап, оны таза ұстау өз қолымызда. Алла тағала әрбір жасаған амалдарымызды қабыл алып, еккен ағаштарымыздың жемісін екі дүниеде жеуді нәсіп етсін. Әмин!

444 «Тәкәсүр» сүресі, 8-аят

Page 330: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

330

Құлмұхаммед Маханбет,Алматы қалалық орталық мешітінің

Бас имамы

РАМАЗАН ҚАйЫРЫМДЫЛЫҚ АйЫ

Айлардың сұлтаны Рамазан Алла тағаланың пенделеріне нәсіп еткен шексіз мейрімінің бір айғағы.

Бұл айда Аллаға мойынсұнған жұмыр басты пенделерге сауап жинаудың өте көп мүмкіндіктері берілген. Бұл туралы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзінің мүбәрак хадистерінің бірінде:

ما مر بالمسلمين شهر قط خير لهم منه«Мұсылмандар үшін бұл айдан қайырлы ай жоқ», – дейді.Міне, осы хадисте айтылғандай, Рамазан айында шексіз мей-

рімді Жаратушы Жаппар Иеміз жасалған игі істердің сауабын есе-леп беріп, Өзінің жомарттық сипатын айдай әлемге паш етеді.

Айталық, осы Рамазан айындағы бір ғана Қадір түнінің өзі, мұсылмандарға жайшылықтағы мың айдан көп сауап сыйлайды.

Бұл жайлы Құран кәрімде Алла тағала былай дейді:

ن ألف شهر ليلة القدر خير م«Қадір түні мың айдан да қайырлы».445

Көріп отырғанымыздай, Алла тағала қасиетті Қадір түнінің мың айға татитын артықшылығын баян етіп, пенделеріне мың айлық сауапты бір түнде жиып алуға мүмкіндік беріп қойған. Мұның өзі Алла тағаланың бізге берген шексіз нығметі мен мей-ірі екені анық.

Рақымды Алла тағала бізге мейірімін төгіп, жыл он екі айдың бірін рақым айы етіп қойды. Әрине, құлдарым тәубеге келсін, сауап жинасын, қайырым жасап, қиямет күніне қамдансын деп, жасаған салихалы, сауапты істеріміздің қарымтасын еселеп қайтаратынын сүйіншілеп, жақсылық пен жомарттық жасауға ынталандырды.

445 «Қадір» сүресі, 3-аят

Page 331: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 331

Рамазан айының қадір-қасиетін бір уағыз көлемінде айтып та-уысу мүмкін емес. Сондықтан, бүгін тек осы айда қайырымдылық істерді молайтудың артықшылығы жайлы ғана сөз етпекпіз.

Имам Байхақи риуаят еткен бір хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

ى فريضة فيه كان ى فريضة فى ما سواه ومن أد ب فيه بخصلة كان كمن اد من تقر

ى سبعين فريضة فيما سواه كمن أد«Кімде-кім Рамазанда Алла үшін кішкентай бір жақсылық

жасаса, басқа айларда парыз өтегендей сауап алады. Ал, осы айда бір парыз өтеген адам басқа айларда 70 парыз өтегеннің сауабындай сауап алады», – дейді.

Жамандықтан тыйып, жақсылыққа жетелейтін осы бір ұлық айда садақамыздың сауабын сан еселеп, қылған құлшылығымызды құзар шыңға көтеріп, сансыз сауап сыйлаған Құдыретті Құдайым құлдарын құзырына шақырып, рақым қылушы құлына рақым қақпасы – Райанды айқара ашып, албастының аяғына кісен салып, ақыреттік азығымызды жинауға мұрсат берді. Міне, бұл түсінген адамға берілген телегей-теңіз, көл-көсір қазына. Ақиқатында, із-гілік істеп, Аллаһтың алдында абыройға ие болудан асқан қазына болмас, сірә!

Имам Тирмизи жеткізген тағы бір хадисте Алла Елшісі (с.ғ.с.):

وء ب ، وتدفع ميتة الس دقة تطفئ غضب الر إن الص«Шынында, садақа Алланың азабының жалынын өшіріп,

жаман өлімнен сақтайды», – дейді.Мінеки, Ақыретте Алланың азабын жеңілдетіп, жәһәннамның

жалынын өшіретін садақаның сауабы қандай керемет десеңізші!!!

Иә, мүминдерге мейірім құшағын ашқан Алла тағала, қателіктері үшін кешірім-тәубе тілеп, құлшылық етіп, қол қусырған пендесіне пейіліне қарай пейішті де уәде етті. Тек, ша-лыс басып, шайтанның шырғалаңына шырмалмауға, шариғат шеңберінен шықпауға шақырады.

Page 332: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері332

Жақсылық жасауда өзгеге өнеге болған тақуалар туралы ауыздан-ауызға таралып, заманымызға жеткен бір қиссада бы-лай баяндалады:

Ибраһим пайғамбардың (ғ.с.) бойындағы тамаша да тартым-ды қасиеттерінің бірі – жомарттығы мен қонақжайлылығы бола-тын. Ол кісі танысын, танымасын әр күні дастарханынан қонақ үзілмеуін қалайтын. Осы қалауы орындалса, төбесі көкке жеткен-дей қуанатын. Хазреті Ибраһим (ғ.с.) бойындағы осы бір жақсы қасиетіне орай тарихта жомарттық және қонақжайлылықпен аты қалған адам. Алла тағала да оның дастарханына толы дәм беріп, еңбегіне қарай береке нәсіп еткен.

Бірде хазреті Ибраһимнің (ғ.с.) үйіне жасы жетпістен асқан, ұзын сақалды, белі бүгілген, бұрын-соңды көрмеген бейтаныс бір адам қонақ болады. Ибраһим (ғ.с.) пайғамбар да бәз баяғы әдетінше қонағын ерекше ықыласпен күтіп, бәйек болады.

Ибраһим (ғ.с.) пайғамбар әлгі адамды әңгімеге тартып, екеуі бір-біріне алма-кезек сұрақ қоя отырып, әңгіме дүкеннің тиегін ағытады.

Ибраһим (ғ.с.) пайғамбар әңгіме барысында қонақтың пұтқа табынатынын байқайды да, біраз тосылып қалады. Аз-кем үзілістен кейін әңгімесін сабақтап, былайша өрбітеді: «Әй, ба-уырым! Мен Алланың жіберген елшісімін. Адамдарды Аллаға құлшылық жасауға шақырамын. Сені қонақ еткенім үшін менің дінімді қабылдауың керек», – дейді.

Қонағы оған қарсылық көрсетіп: «Ренжімеңіз, мырза! Маған бір күн тамақ бергенің үшін, жетпіс жыл бойы ұстанып келген дінімді тәрк ете алмаймын», – деп сөзі бітер-бітпестен үйден шығып кетеді.

Көп өтпей Алла тағала Ибраһим (ғ.с.) пайғамбарға Жәбрейілді (ғ.с.) жібереді де: «Ей, Ибраһим! Үйіңде бір күн қонақ еткеніңді міндетсініп, оған дініңді өзгерт деп неге шарт қоясың? Маған құлшылық етпесе де, Мен оған жетпіс жыл бойы рызық беріп ке-лемін», – дейді.

Ибраһим (ғ.с.) жасаған қателігіне қатты қайғырады. Де-реу үйінен шығып, әлгі кісінің соңынан қуып жетеді де: «Саған

Page 333: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 333

ешқандай шарт қоймаймын, дініңді өзгерт дегенім үшін кешірім өтінемін», – деп оны үйіне қайта шақырады.

Әлгі адам Ибраһим (ғ.с.) пайғамбардың аз ғана уақыт ішінде өзгеріп шыға келгеніне таң қалып, неге бұлай өзгергенін, не се-бепті қойған шарттарынан бас тартқанын сұрайды.

Сонда Ибраһим (ғ.с.) пайғамбар: «Раббым, саған шарт қойғаным үшін маған ескерту жасап: «Сен менің жетпіс жыл бойы тамақтандырып келген адамыма бір күн тамақ беріп, дініңді өзгерт деп шарт қойғаның қалай?» – деді. Мен істеген ісіме қатты ұялдым», – дейді.

Бұл жағдай әлгі кісіге қатты әсер етеді. Сөйтіп ол: «Рас айтасың ба? Раббың мен сияқты қарапайым бір адам үшін саған ескерту жасаған болса, Ол нағыз Тәңір екен. Мен сенің дініңді қабылдадым» – деп, Ибраһим (ғ.с.) пайғамбардың өтінішін қабылдайды да, оның құтты қонағы болады.

Ибраһим (ғ.с.) пайғамбардың басынан өткен осы бір хикая бізге қайырымдылық қылушы қарымтасыз қалмайтындығын түсіндіргендей. Байқап қарасақ, Ибраһим (ғ.с.) пайғамбар қонақжайлылықпен, қайырымдылықпен қонағын құрметтесе де, пенделік қателікке бой алдырып, қонағына жетпіс жыл ұстанып келген дінін тәрк етіп, өз дінін қабылдауды бірден ұсынды. Нәтижеде, қонағы ат-тонын ала қашты. Алайда, Рақымды Алла Ибраһимнің (ғ.с.) қайырымдылығының қарымтасына оның қонағын тура жолға салып, Ибраһим (ғ.с.) пайғамбарды қонағының хидаят табуына себепші етіп қойды. Бір адамның, жетпіс жыл бойы санасына сіңіп, жүрегінен орын алып кел-ген жалған дінінен қайтып, хақиқи дінге қадам қоюына себепші болудың бақыты бұйырды. Атам қазақ айтқан, «қолы ашықтың – жолы ашық» деген осы болар, бәлкім.

«Бәріміз бір адамның баласымыз,Жігіттер бір-біріңе қарасыңыз.Өмір деген бес күндік кетер өтіп,Атаң барған орынға барасыңыз», – деп Ыбырай Алтын-

сарин атамыз айтпақшы, мұқтаждарға қайырымдылық жасап, қолымыздан келген көмекті аямасақ, «береген қолым алаған» деп

Page 334: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері334

бабаларымыз айтқандай, берген садақамыздың есесіне ақыреттің азығы боларлық сауап аларымыз анық.

Ендеше, ағайын, жасаған жақсылығымыздың жанымызды Жәннатқа жетелейтінін ұмытпайық. Алла тағаланың мейірі мен нұры төгілген қасиетті қайырымдылық айында қанжығамызды қампайтып, қоржынымызды томпайтар сауаптан салымсыз қалмайық.

Әл-Жәмиус-Сағирде келген бір хадисінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с):

حماء من عباده الر إنما يرحم الل«Алла тағала өзгелерге рақымды пенделерін өз рахметі-

не бөлейді», – десе, имам Ахмад жеткізген тағы бір хадисінде:

ماء ارحموا من في الرض يرحمكم من في الس«Жер бетіндегілерге рақымдылық етсеңдер, көктегілер

сендерге рахымдылық етеді», – дейді.Халқымыздың дара да дана тұлғаларының бірі, алты алашқа

аты шыққан атақты абыз атамыз Бұқар жырау Қалқаманұлы өзінің өнегелі өлең-толғауларының бірінде былай дейді:

«... Айтқан сөзге түспеген,Жаман емей немене.Сұрағанда бермеген ,Сараң емей немене.Кісі ақысын көп жеген, Арам емей немене.Іштегі сыр Аллаһқа мағлұм,Сыртындағы құлығы,-Амал емей немене.Сусағанда берген су,Шекер емей немене.Һимматсізге446 біткен мал,Бекер емей немене.»

446 Һиммат/арабша-мақсат, бұл өлең жолдарында мақсатсыз деген мағынада айтылған.

Page 335: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 335

Бұқар жырау бабамыз: «Сұрағанға бермеген, сараң емей не-мене», – деп, сықсаң су шықпайтын сараңдықты сынға салып, түрпі тілімен түйреп отыр. «Кісі ақысын көп жеген, арам емей немене?» деп, қолындағыға қанағат қылмай, өзгеге өңмеңдеген өлермендікті, яғни, адамдық ардан аттап, басқа біреудің ақысына аранын ашып, ауыз салатын ашкөздікті айыптайды. «Аштықта жеген құйқаның дәмі кетпес» деп атам қазақ айтқандай, Бұқар бабамыз да: «Сұрағанда берген су, шекер емей немене?» – деп, қажет кезінде берген қара судың қаншалықты қымбаттығын, шөлдегенде шекер татитындығын шебер тілмен түйіндеген.

Тоқсан ауыз сөзді тобықтай етіп түйе білген бабаларымыздың осындай орамды оймен өрілген өнегелі сөздері, жылағанды жұбатып, жетімді жебейтін жайсаңдығы, жомарттығы жүрегімізге орнаса, Алланың разылығына бөлену жәннатқа кіруге де мол мүмкіндік болары анық.

Бұған Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мына сөздері дәлел. Қабиса ибн Бурда әл-Әсади былай жеткізеді:

نيا هم أهل نيا هم أهل المعروف في الآخرة وأهل المنكر في الد أهل المعروف في الد

المنكر في الآخرةМен Расулуллаһтың (с.ғ.с) жанында болғанымда, Ол кісі

(с.ғ.с): «Бұл дүниеде ізгілік-жақсылықтар иесі – ақыретте де сол ізгілік-жақсылықтардың иесі болады. Ал бұл дүниеде күнә, жамандықтардың иесі – ақыретте де сол күнә жамандықтардың иесі»,447 – деді.

Жәбир ибн Абдуллаһтан жеткен басқа бір хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с):

كل معروف صدقة«Әрбір игі іс – садақа»,448 – дейді.Әлемде ислам елдерінің басына қандай қиын-қыстау күн

туып отырғаны баршамызға белгілі. Қаншама мұсылман бауыр-ларымыз бір тілім нанға зар болып отыр. Соңғы кезде көп ай-

447 Хадисті имам әл-Бұхари риуаят еткен448 Хадисті имам әл-Бұхари риуаят еткен

Page 336: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері336

тылып жүрген Сомалиде әр күн сайын аштықтан 100-ге жуық бала дүниеге келмей жатып көз жұмады екен. Аллаһқа шүкір, ел-мізде аштан өліп, көштен қалып жатқан жандар жоқ. Десек те, қайырымдылықты қажетсініп отырған мұқтаж жандар да жетер-лік. Имам Муслим (р.а.) риуаят еткен бір хадисте Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.):

ه ه وإن اشتكى رأسه اشتكى كل المسلمون كرجل واحد إن اشتكى عينه اشتكى كل«Барлық мұсылмандар біртұтас дене сияқты. Бір көзі

қақсаса, барлық денесі қақсайды. Басы ауырса, бүкіл денесі ауырады»,449 – деген екен.

Ендеше, құрметті мұсылман ағайын, қасиетті айда қайырымдылық жасап, Жаратқан Иеміздің разылы және жәннатына жетуге амал жасап, мұқтаж жандардың мұңына ортақтасып, қолымыздан келген көмегімізді көрсетейік, ба-уырлар. Ал басқаға көмек көрсетуге шамасы келмеген жандар, тым болмаса қиыншылықта отырған мүмин мұсылмандар үшін тілек тілеп, Алладан мүминдерге медет сұрасын. Мейірімді де, Қайырымды Жаратушымыз осы Рамазан айының құрметіне сол дұғаларымызды қабыл етер деп сенеміз.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) тағы бір хадисінде:

المؤمن للمؤمن كالبنيان يشد بعضه بعضا«Мұсылмандар кірпіштері бір-бірін сүйеп тұрған ғимарат

тәрізді бір-біріне байланып тұрады деп, екі қолының саусақтарын біріктірді»,– делінген.

Сөз соңында айтарым, қызылды-жасылды әшекеймен көмкерілген алдамшы дүниенің соңына түсіп жүріп, мәңгілік ме-кендегі салихалылардың сарайынан құр қалмайық, қымбатты ба-уырлар. Мұқтаж, міскин, қам көңіл, жетім-жесірлерге қолымыздан келгенше көмек көрсетіп, Алланың алдында жүзіміз жарқын, жүрегіміз тыныштықта, төбеміз көк тірердей керемет күй кешіп, жаратқан Иеміздің Жәннатына кіруге қам қылайық!

449 Хадисті имам әл-Бұхари риуаят еткен

Page 337: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 337

Алла тағалам баршамыздың ұстаған оразаларымызды, оқыған намаздарымызды, жасап жатқан құлшылық-ғибадаттарымызды, берген садақа, қылған қайырлы істеріміздің барлығын қабыл етіп, сансыз сауап жазып, бақилық дүниеде жанымыздың Жәннаттың төрінде болуын нәсіп еткей! Әмин!

Page 338: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

338

Қалижан Заңқоев,ҚМДБ төрағасының орынбасары,

«Нұр Астана» мешітінің Бас имамы

ҚАНАғАТ – САРҚЫЛМАС ҚАЗЫНА

Құран Кәрімде әз-пайғамбарымызды (с.ғ.с.) Алла тағала:

و إنك لعلى خلق عظيم«Расында, сен ұлы мінез иесісің»450, – деп мақтайды.Айша анамыз (р.а.) пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мінезі жайлы:

«Оның мінезі Құран еді. Құран риза болған жайтқа риза болушы еді. Құран ашуланған жайтқа ашуланушы еді»451, – деген бола-тын.

Сондай-ақ, Алла елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.):

م مكارم الخلق تم بعثت ل«Шын мәнінде, мен көркем мінездерді кемелдендіру үшін

жіберілгенмін»,452 – деп өзінің елші ретінде жіберілгендегі негіз-гі мақсатының бірі адам баласына жақсы мінез үйрету екендігін айқын баян еткен.

Расында, адам баласы өз бойына біте бастаған арам шөп секіл-ді жаман мінездерді жойып отыруы, ал көркем мінездің тамыр жаюуына, өсіп өнуіне қолайлы жағдай жасауы керек-ақ. Сондай мақтаулы көркем мінездердің бірі – қанағат. Қанағат – сарқылмас қазына.

Хакім Абай да адам бойындағы қанағат сезімін:«Талап, еңбек, терең ой,Қанағат, рақым, ойлап қой – Бес асыл іс, көнсеңіз», – деп келтірген.Қанағатшыл адам ғұмырында көп жақсылық көріп,

жаманшылықтардан құтылады.

450 «Қалам» сүресі, 4-аят451 Муслим, солатул мусафирин, ұзын хадистен үзінді.452 Әбу Һурайра риуаяты, Ахмед 2/381.

Page 339: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 339

Қанағат аса құнды қасиет. Бірақ, қанағаттың жөні осы екен деп, әрнәрседен безіп кетуге де болмайды. Ендеше, тұрмысы нашар кедейді қанағатшыл деп, ал ауқатты бай адамды жөнсіз қанағатсыз деп ойлау да үнемі дұрыс бола бермейді. Себебі, кедейдің бәрі қанағатшыл, ал байдың барлығы ашкөз емес. Бай бола тұра қанағатшыл болуға болады. Сондай-ақ, кедей бола тұра қанағатсыз болуы ықтимал. Себебі қанағат жүректе. Көңілі тоқ, шүкіршілігі мол адам ғана қолындағы барына қанағат ете алады.

Әсілі, қанағат дегеніміз не? Қанағат – адам баласынан дәметпеу. Тек Алла тағаладан ғана тілеу. Пенде Құдайдың өзіне ажыратып берген несібесін менсінбей, біреудің мүлкіндегі дүниені жан-тәнімен қалаудан артық арсыздық болмас, сірә. Со-нымен қатар, ашкөздік жасап қалай болса да дүние табамын деп, халал мен харамды ажыратпай табыс табу да қанағатсыздық.

Парақорлық, ашкөздік, халал мен харамды ажыратпау – бәрі де қанағатсыздық салдарынан келіп туындайтын дерттер. Сонымен бірге адамның өз тұрмысына шүкіршілік етуі қанағатшылдық са-налады. Ал, керісінше тұрмысымды жақсартамын деп әр нәрсеге қол соза берген және ашкөздікке салынған адам ең әуелі дүние емес, жаман мінез тауып алады. Адам табиғатында қанағатсыздық болуы жайлы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.):

كاة ولو كان لبن آدم واد أحب أن يكون له ثان لة وإيتاء الز إنا أنزلنا المال لقام الص

راب ويتوب الل , ولو كان له ثان أحب أن يكون له ثالث ول يمل فم ابن آدم إل الت

على من تاب«Расында, Алла тағала шын мәнінде Біз мал-дүниені намаз

оқу және зекет беру үшін түсірдік. Егер адам баласының бір сай тола алтыны болса, әлбетте екі сай алтыны болғанын қалар еді. Ал, екі сай алтыны болса, әлбетте екеуіне қоса үшіншісін қалайды. Адам баласының ішін тек топырақ қана толтыра ала-ды. Алла тағала тәубе еткенді кешіреді», – деген көзін.453

Міне, адам баласының нәпсісі осындай. Нәпсі қанағат де-генді білмейді, білгісі де келмейді. Қанағат ұғымы нәпсіге

453 Ахмед және Байһақи риуаяты.

Page 340: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері340

тән емес. Керісінше нәпсі ашкөз һәм тойымсыз келеді. Демек, қанағат нәпсіні тәрбиелейтін мінездің бірі. Жоғарыдағы хадисте айтылғандай, тойымсыздың құлқынын тек топырақ қана толтыра алады. Қанағат не екенін білмейтін тойымсыз таудай алтынды да місе тұтпайды. Хадисте дүние мақсат емес, құрал екені айтылуда. Дүние мұсылманның ғибадат етуіне септігі тиетін құрал болуы тиіс. Ал, ашкөз адам дүние-мүлікті құлшылық ету үшін пайдалан-байды. Керісінше, сол дүниенің өзіне құлшылық ете бастайды.

Жәбир (р.а.) риуаят еткен хадисте ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

«Ей, адамдар! (ризық-несібені) табуда көркем әрекетте болыңдар! Өйткені пенде тек өзіне тиесілі жазылғанды ғана ала-ды. Пенде дүниеден өзіне тиесілі сыбағасы тап алдына келмейін-ше дүниеден әсте кетпейді»,454 – деген екен.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бұл сөзі адамның ашкөздік, қанағатсыздық секілді дерттен емдейді. Алла тағала өзін несі-бесіз қалдырмайтындығына шын сенген адамның бойына қанағат сезімі орнай бастайды. Ал, көкте самғаған құсқа да, ағаш ішінде-гі құртқа да, барлық тіршілік иелеріне қорек берген Раззақ Алла адам баласын қалайша азықсыз қалдырсын?!

Алайда, қанағатсыздыққа себеп болатын тағы бір жексұрын мінез – ысырапшылдық. Адам баласы көзіне түскен барлық дүниені иемденгісі келеді де тұрады. Осылайша тойымсыздық пен ысырапшылдық кесірінен адам бойындағы қанағат ешқашан жабылмайтын ашкөздік есігіне айналады. Бұдан шығудың жолы – үнемшілдік.

Ибн Масуд (р.а.) Алла елшісінің (с.ғ.с.) мына сөзін риуаят ет-кен:

ما عال من اقتصد«Үнемшілдік еткен жоқшылық көрмейді».455 Расында,

дүниесін оңды-солды шаша бермей, байыппен жұмсай білген үнемшіл кісінің қолындағы қаражат берекелі болады.

454 Хаким, 3353455 Ахмад, 3360; Табарани, 1/447

Page 341: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 341

Ал, Әбу Наъим және Байһақи хадис жинақтарында:

ر و العلنية, و القصد في الغنى و الفقر, و العدل في ثلث منجيات: خشية الل في الس

ضا و الغضب. الر«Үш құтқаратын амал бар. Олар: жария және құпия түрде

де Алла тағаладан қорқу, бай және кедей жағдайда да үнемшіл болу және ризашылық пен ашу үстінде де әділ болу», – деген ха-дис келтірілген.

Сөзсіз, бұл адамның мәртебесін көтере түсетін қасиеттер. Со-нымен қатар, бұл адамды Алланың азабынан құтқаратын амал-дар. Адам баласы тек ашық түрде ғана Алла тағаладан қорықса, нағыз екіжүзділіктің белгісі осы емес пе? Ал, үнемшілдік етіп қанағат ете алмаған өз нәпсісінің құлына айналып ысырапшыл болмайды ма? Ал, ашуын ақылына жеңдіре алмаса, әділетсіз бо-лып кетпейді ме?

Алла тағаладан тек жұрттың көзінше қорыққандай екіжүзділік пиғылда болу, қанағатсыз ысырапшыл болу және ақылы ашуы-на бас ұрып залым болуы адамды құрдымға тартатын әрекеттер. Алла тағала мұндайдан сақтасын!

Имам Ғазалидің (р.а.) «әл-Ихияу улум әд-дин» кітабында мынадай риуаят бар: Мұса (ғ.с.) Раббысынан: Сенің қай құлың ең бай? – деп сұраған екен. Алла тағала: Менің бергеніме ең қанағатшылы, – деп жауап береді. Құлдарыңның ең әділі кім? – деп сұрағанда Алла тағала: әуелі өзіне әділ болғаны, – дейді.

Расында, байлық дүниенің көптігінде және қолдағы уыс-уыс алтында да емес.

Байлық жүректегі қанағатта. Қанағатшыл мұсылман дүниенің жылтырағына көз қиығын да салмайды. Жаратқанның өзіне ти-есілі етіп берген ризық-несібесіне шүкіршілік етеді. Қанағатшыл мұсылман ашкөз адамға қарағанда, құлшылыққа да едәуір жақын. Қанағат шүкіршілікті тудырады. Ал, шүкір етуші Раббысының бұйрығын бұлжытпай орындауға бейім тұрады.

Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен бір хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

Page 342: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері342

كن ورعا تكن أعبد الناس, و كن قنعا تكن أشكر الناس و أحب للناس ما تحب

لنفسك تكن مؤمنا.«Тақуа бол, сонда адамдардың ең ғибадатшылы боласың.

Қанағатшыл бол, адамдардың ең шүкіршілі боласың. Өзің үшін жақсы көргенді адамдарға да жақсы көр, сонда мүмин боласың»,456 – деген.

Шынайы шүкіршілік адамды ізгі құлдар қатарына қосады. Ризық-нығметінің берекетті болуына да бұл ең үлкен себеп. Ал, осы шүкіршілікке қол жеткізу үшін қанағатшыл болу қажет-ақ.

Хазреті Омар (р.а.): Расында, дәмету – кедейлік, ал адамдарға қол созбау – байлық. Кімде-кім адамдардың қолындағы дүниеден дәметпесе, ол адамдарға қол жаймайды, – деген екен. Данышпан-дар: «Байлық не?» деген сұраққа: «Сенің аз армандауың және өзіңе жететін нәрсеге риза болуың», – деп жауап берген.

Сахаба Ибн Масуд (р.а.):

ما من يوم إل و ملك ينادي: يا ابن آدم قليل يكفيك خير من كثير يطغيك«Әр күні бір періште: Ей, адам баласы! Өзіңе жететін аз

дүние сені шектен шығаратын көп дүниеден қайырлы, – деп жар салады», – деген екен.

Бірақ «семіздікті қой көтереді» демекші дүние пендені қатты өзгертіп жібереді. Бірақ пенде өз-өзіне: жоқ мен өзгермеймін, Алла тағала маған мол ризық берсе, жомарттық танытамын, де-ген ойда болады. Шын мәнінде, байлық пенденің мінезіне және иманына кері әсер етпейтін болса, Алла тағала ол пендесіне көп нығмет береді.

Талха бин Убайдулла (р.а.) риуаятында:

ر أفقره الل, و من ذكر الل عز و جل أحبه الل. من اقتصد أغناه الل, و من بذ«Кімде-кім үнемшіл болса, Алла тағала оны бай етеді. Кім-

де-кім ысырапшыл болса Алла тағала оны кедей етеді. Ал, кімде-

456 Ибн Мажаһ, 3356.

Page 343: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 343

кім Алла тағаланы зікір етсе оны Алла тағала жақсы көреді», – деген хадисті риуаят еткен.457

Демек, байлық қалаған адам үнемшіл болсын дер едік. Ал, кедейліктен сақтанған адам ысырапшыл болмауы тиіс. Ал барлығынан жақсысы Алла тағаланың сүйікті құлдарының қатарынан болу үшін үнемі Алла тағаланы зікір етіп жүру қажет.

Қанағат кісіні қадірлі де абыройлы етеді. Ал, ашкөздік кісінің беделін түсіріп, абыройдан айырады. Хазреті Әлидің (р.а.):

ن شئت تكن نظيره, و احتج إلى من شئت تكن أسيره, و أحسن إلى من استغن عم

شئت تكن أميره«Қалаған кісіге тәуелсіз бол, сен оның теңісің. Қалаған кісі-

ге мұқтаж бол, сен оның тұтқынысың. Қалаған кісіге жақсылық жаса, сен оның әміршісің», – деген екен.

Ия, адам өзі таңдау жасайды. Терезем тең араласамын десеңіз, ешбір кісіге тәуелді болмаңыз. Ал, барға қанағат етпей ашкөздік жасасаңыз адамдардан сұраңыз, бірақ бұл жағдайда сіз олардың сөзінен шықпайтын тұтқынға айналасыз. Сондай-ақ, өзіңіз де адам баласына қол ұшын беріп, жәрдем етіп көріңіз.

Ибн Омар (р.а.) риуаят еткен хадис қудсиде Алла тағала:

يا بن آدم ، عندك ما يكفيك وأنت تطلب ما يطغيك ، يا بن آدم ل بقليل تقنع ول

بكثير تشبع ، يا بن آدم إذا أصبحت معافى في جسدك ، آمنا في سربك ، عندك قوت

نيا العفاء يومك فعلى الد«Ей, адам баласы! Сенде өзіңе жететін (дүние) бар. Ал, сен

өзіңді шектен шығаратынын сұраудасың. Ей, адам баласы! Сен азға қанағат етпейсің, көпке тоймайсың. Ей, адам баласы! Тәні сау, жаның тыныш болып таң атырсаң, жаныңда күніңе же-тетін азығың болса, бұл дүниені қайтпексің», – деген.

Бұл хадис құдсиде адам баласының болмысы және оның пси-хологиясы айтылуда. Алла тағала адамзаттың ризық-несібесін ана құрсағында-ақ белгілеп қойған. Жаратушы Алла адам үшін

457 Ихия улум әд дин, 3-том, 2079-бет.

Page 344: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері344

байлық немесе кедейлікті таңдауда адам болмысына пайдалысын қалаған.

Сонымен қатар, данышпандар: «денсаулық дені сау адамдардың басындағы тәж, бірақ оны тек науқастар ғана көре алады» дегендей адам баласы көп жағдайда денсаулық және бас амандығы, Алла тағала тарапынан берілген ең баға жетпес нығмет екенін ұмытып кетеді.

Хамид әл-Лаффаф (р.а.) қанағат жайлы:

أربعة طلبناها في أربعة فأخطأنا طرقها فوجدناها في أربعة أخرى طلبنا الغنى في المال

احة في الثروة فوجدناها في قلة المال, وطلبنا اللذات في فوجدناه في القناعة,وطلبنا الر

ماء. زق في الرض فوجدناه في الس حيح, وطلبنا الر النعمة فوجدناها في البدن الص«Біз төрт нәрсені төрт нәрседен іздеп едік. Алайда, қателескен

екенбіз. Іздегенімізді басқа төрт нәрседен таптық. Мал-дүниені байлықтан іздеп едік, бірақ оны қанағаттан таптық. Рақатты молшылықтан іздеп едік, бірақ оны дүниенің аздығынан таптық. Ләззаттарды нығметтен іздеген едік, бірақ оны денсаулықтан таптық. Ризық-несібені жерден іздеген едік, бірақ оны аспаннан таптық», – деген екен.

Расында, қанағат – байлық. Бойына қанағат мінезі біткен адамнан артық бай адам болмас. Мұндай жан барға қанағат етіп, жоқтың соңынан қумайды.

«Мунаббихаб» кітабында Уаһб бин Мунаббиһ әл-Йаманидің (р.а.) мына сөзі жазылған:

نيا و المطيع مطاع و إن كان مكتوب في التوراة الحريص فقير و إن كان ملك الد

مملوكا و القانع غني و إن كان جائعا«Тауратта: Ашкөз адам – кедей, дүниені иеленген болса да.

Алла тағалаға бойұсынушыға басқалар бойұсынады, ол құл болса да. Қанағатшыл адам – бай, тіпті ол аш болса да, – деп жазылған», – деген екен.

Ендеше, әрбір кәміл мұсылман болуға талпынған адам, пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетіне сай ғұмыр сүруді қалаған бауырымыз қанағатқа қатысты айтылған дана сөздерді ести оты-рып, уағызға жүрегінен жай береді деп үміт етеміз.

Page 345: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

345

Нұрбек Есмағанбет, ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкіл имамы,

облыстық «Иманғали» мешітінің Бас имамы.

ТуЫСҚАНДЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

Күллі мадақ-мақтаулар, шексіз шүкіршіліктер туысқандық қарым-қатынасты үзбей, оны нығайтуды жәннатқа кіргізер са-уапты амалдардан еткен Ұлы Жаратушы Иеміз Алла тағалаға болғай!

Алланың игілігі мен ізгілігі, салауаты мен сәлемі, туысқандық қарым-қатынасты үзбеген жандарды ризық-несібелерінің көбеюі және өмірлерінің ұзаруымен сүйіншілеген пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.), әрі оның отбасы мен сахабаларына, сонымен қатар, жақын-жуық, ағайын-туысқандарымен көркем мәміледе болған барша иманжүзді жандарға болғай!

Қазіргі таңда қоғамымызда дұрыс тәрбиеден шалыс, имандылықтан қалыс қалған кей адамдардың арасындағы туысқандық қарым-қатынас үзіліп, тіпті өзара дауласып жатқан, бауыр еті бір ағайын-туысқандарды кезіктіреміз. Ендеше, бүгінгі мақаламызда туысқандық қатынастың қаншалықты маңыздылы-ғы мен киелілігіне, сонымен қатар, шайтанның және нәпсіміздің кесірінен бұл киелі байланысты үзудің жазасы осы өмірде берілетін ауыр күнә екендігіне тоқталуды жөн санадық.

Біле білсек, жақын-жуық, ағайын-туысқандармен жақсы қарым-қатынас пен көркем мәміледе болып, өзара байланыс-ты нығайту – бізді Жаратушы Раббымызға жақындататын ең ұлы ғибадаттың бірі. Алла тағала қасиетті Құран Кәрімде тума-туысқандарымен жақсы қарым-қатынаста болған мүміндерді мадақтап:

الذين يوفون بعهد الل ول ينقضون الميثاق والذين يصلون ما أمر الل به أن يوصل

ويخشون ربهم ويخافون سوء الحساب

Page 346: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері346

«Олар Алланың уәдесін орындағандар, әрі серттерін бұзбағандар. Олар Алланың жалғастыруды әмір еткенін (туысқандық байланысты) жалғастырып, Раббыларынан қорқа отырып, есебінің жаман болуынан қауіптенгендер»458, – деп дәріптеген.

Майқы би бабамыз айтқандай: «Ауыр жүкті бөлісу – ақ атанның парызы», – демекші, аса қамқор ерекше мейірімді Раб-бымыз да ағайын-туысқандарға қарайласып, қолдары қысқарып, қалталары жұқарып, қажеттілік туындағанда, оларға қол үшін бе-руді Құран Кәрімде бұйырып:

إن الل يأمر بالعدل والحسان وإيتاء ذي القربى «Негізінде Алла әділетті, игілікті және ағайын-туысқанға

қарайласуды бұйырады»459, – деп ескерткен. Сол секілді Алла тағала Өзінің қасиетті Кітабында пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.):

ن خير فللوالدين والقربين واليتامى والمساكين يسألونك ماذا ينفقون قل ما أنفقتم م

بيل وما تفعلوا من خير فإن الل به عليم وابن الس «(Мұхаммад с.ғ.с), олар сенен Алла жолында не беретін-

дерін сұрайды. Оларға: «Қайыр істе болсаңдар, әке-шеше, туыс-жақындар, жетімдер, міскіндер және жолда қалғандар үшін. Қайырдан не істесеңдер, күдіксіз Алла оны біледі», – деп айт»460, – деген.

Осы тәрізді аяттарға құлақ асқан дана халқымыз: «Өле жеген-ше, ағайынмен бөле же», «Бауыр шырын, бас тәтті. Ағайынмен ішкен ас тәтті», «Туысы бірдің қонысы бір. Туысы бірдің уысы бір» деп ұл-қыздарына ақыл айтып отырған. Жаббар Иеміз тағы бір қасиетті аятында:

ليس البر أن تولوا وجوهكم قبل المشرق والمغرب ولـكن البر من آمن بالل واليوم الآخر والملآئكة والكتاب والنبيين وآتى المال على حبه ذوي

458 «Рағыд» сүресі, 20-21-аяттар.459 «Нахыл» сүресі, 90-аят.460 «Бақара» сүресі, 215-аят.

Page 347: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 347

قاب وأقام آئلين وفي الر بيل والس القربى واليتامى والمساكين وابن السابرين في البأساء كاة والموفون بعهدهم إذا عاهدوا والص لة وآتى الز الص

اء وحين البأس أولـئك الذين صدقوا وأولـئك هم المتقون ر والض«Жүздеріңді шығысқа, батысқа жөнелту бір игілік емес.

Бірақ кім Аллаға, ақырет күніне, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға иман келтірсе және туыс жақындарына, жетімдерге, міскіндерге, жолда қалғандарға, сұраушыларға және құлды азат етуге жақсы көре отырып, мал сарп қылса, әрі намазды толық орындап зекет берсе, өзара байласқан уәдесін орындаушы, таршылықта, қиыншылықта және соғыс кезінде сабыр етуші болса, міне солар шыншылдар әрі солар тақуалар»461, – деп баян еткен.

Осы бір аяттан Аллаға, ақырет күніне, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға иман келтіргеннен кейінгі игілікті істің не екенін және жетімдерге, міскіндерге, жолда қалғандарға, сұраушыларға малды сарп ету мен құлды азат етуден бұрын туыс жақындарға жақсылық жасаудың алдыңғы орында екендігін аңғарамыз. Өйткені, жоғарыдағы аятта туысқандар реттік жағынан жетімдердің, міскіндердің, жолда қалғандардың, сұраушылардың және құлды азат етудің алдында айтылып, ол шыншылдар мен тақуа жандардың іс-әрекетінен екендігі баяндалған. Осы айтылғанды ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) мына хадисі де қуаттай түссе керек: «Шынында, міскінге берген садақа, бір ғана садақаға жатса, ал туысқан адамға беру екі сауапты амалға, әрі садақаға, әрі туыстық байланысқа жатады»462, – де-ген. Сонымен қатар, ағайын-туыстармен араласып, хабарласып, қажеттілік туындағанда жәрдем беру арқылы туысқандар ара-сында сүйіспеншілік пен ризық-несібемізді молайтып, өмірімізді ұзартып, өзімізге-өзіміз үлкен пайда келтіретіндігіміз жөнінде пайғамбарымыз (с.ғ.с.) асыл хадисінде сүйіншілеп хабарлаған.

461 «Бақара» сүресі, 177-аят.462 Ән-Нәсәй, әт-Тирмизи, ибн Мәжә.

Page 348: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері348

Әнас ибн Мәлік (р.а.) Алла елшісінің (с.ғ.с.) былай деп айтқанын жеткізді:

من أحب أن يبسط له في رزقه وينسأ له في أثره فليصل رحمه «Кімде-кім ризығының көбеюін және өмірінің ұзаруын

қаласа, туған-туысқандарымен қарым-қатынасын үзбесін463. Сондай-ақ, Әбу Һурайрадан жеткен хадисте (р.а.) Алла елшісі (с.ғ.с.): «Расында туысқандық қарым-қатынас – отбасын-дағы махаббат, мал-дүниенің көбеюі, өмірдің ұзаруы»464, – де-ген. Сол сияқты, туысқандық байланыста болу – Аллаға және қиямет күніне иман келтіруіміздің белгісінен.

Әбу Һурайра (р.а.) пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) былай деп айтқанын жеткізген: «Кім Аллаға және Қиямет күніне иман кел-тірсе, қонағын сыйлап, құрметтесін. Кім Аллаға және қиямет күніне иман келтірсе, туысқанымен қарым-қатынасын үзбей, жалғастырсын. Кім Аллаға және қиямет күніне иман келтірсе, жақсы сөз сөйлесін немесе үндемесін»465.

Жақын-жуықпен жақсы байланыста болу – тәубеміздің қабыл болуына, күнәларымыздан арылып, тазаруымызға үлкен септігін тигізеді. Бұған дәлел хадис: «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) алдына бір жігіт келіп: «Уа, Алланың елшісі! Мен бір ауыр күнә істеп қойдым. Енді маған тәубеге келу жолы бар ма?», – деп сұрайды. Сонда пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Анаң бар ма?», – деп сұрады.

– Жоқ, – деп жауап берді жігіт. Сонда пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Анаңның сіңілісі бар ма?», – деді.

– Иә, – деп жауап берді жігіт. – Олай болса, нағашы әпкеңе жақсылық жаса, батасын

аласың және Алла күнәларыңды кешіреді», – деп айтты466.Ағайын-туысқандармен қарым-қаты-насты үзбей, көркем

мәміледе, тату-тәтті байланыста болу – жұмақ-пейішке кіруімізге жетелейтін ұлы амал. Сүйікті пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

463 Бұхари, Мүслім.464 Ат-Тирмизи. 465 Бұхари, Мүслім 466 Әт-Тирмизи.

Page 349: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 349

عام ، وصلوا الرحام ، وصلوا لم ،و أطعموا الط ها الناس ! أفشوا الس أيوالناس نيام ، تدخلوا الجنة بسلم

«Уа адамзат! Өзара сәлемді жайыңдар, аш-мұқтаждарды тамақтандырыңдар, туысқандармен болған байланысты үзбеңдер, адамдар түнде ұйықтап жатқанда тұрып намаз оқыңдар. Міне, сонда аман-есен жәннатқа кіресіңдер»467, – деп айтқан. Ал, Әбу Айюб әл-Ансариден (р.а.) жеткен тағы бір ха-дисте:

حديث أبي أيوب النصاري رضي الل عنه أن رجل قال: يا رسول الل أخبرني بعمل

يدخلني الجنة، فقال النبي صلى الل عليه وسلم: تعبد الل ل تشرك به شيئا وتقيم

حم كاة وتصل الر لة وتؤتي الز الص«Пайғамбарымызға (с.ғ.с.): «Маған, мені жәннатқа кіргі-

зетін амалды хабар етіңізші», – дегенде, пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Аллаға ғана құлшылық етіп, Оған еш нәрсені ортақ қоспа, намаз оқып, зекет бер. Сондай-ақ, туысқанмен байланысыңды үзбе», – деп айтты»468, – делінген.

Расында, он екі ғасырдан бері ата діні Ислам жолымен жүріп, қасиетті Құран мен ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) асыл хадистерінен нәр алып, сусындаған ата-бабамыз туысқандық қарым-қатынасқа ерекше мән берген, жіті көңіл аударған. Оның айғағы – дана халқымыздың озық әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерінің, өткір де ойлы өлең-жырларының, дөп басып айтқан мақал-мәтелдерінің шариғатпен ұштасуы. Соның мысалы ретінде ақын бабамыз Мәшһүр Жүсіпті айтатын болсақ, ол ағайын-туыс, бауырдың жан сырын терең жырлайды, нәзік тербейді:

Аманыңда елжіреп, мақтайтын да ағайын,Алыстамай айналып, жақтайтын да ағайын.Ауырыңды жеңіл ғып, жоқтайтын да ағайын,Еркелетіп, бетіңнен қақпайтын да ағайын, – дейді.

467 Ахмад, әт-Тирмизи, ибн Мәжә.468 Бұхари, Мүслім.

Page 350: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері350

Данагөй ата-бабамыз ағайын-туыстардың өзара татулығы мен бірлігіне шақырып: «Ағайын тату болса, ат көп, абысын тату болса, ас көп», «Ағайын жақсы болса – қанатың, ағайын жақсы болса – санатың», «Бір ауылда мың туысың болғанша, әр ауылда әр туысың болсын», «Мал қонысын іздейді, ер туысын іздейді», – деп туысқандық байланыстың маңыздылығы мен парқын жете түсінген, «Туғаныңмен сыйыспасаң, кең дүниеге сыймассың», – деп те ескерткен.

Жаббар Иеміз қасиетті Құран Кәрімде және ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзінің бірқатар асыл хадистерінде ағайын-туысқандармен байланысты үзу – жазасы осы өмірде берілетін өте ауыр күнә, әрі оның соңы қасірет екендігін ескерткен. Алла тағала Өзінің қасиетті Кітабында бақытсыз жандарды сипаттап:

به أن يوصل ويفسدون في من بعد ميثاقه ويقطعون ما أمر الل الذين ينقضون عهد الل

الرض أولـئك هم الخاسرون «Олар серт бергеннен кейін Алланың уәдесін бұзады

да, Алланың жалғастырылуын бұйырған туысқандық бай-ланысты үзеді. Сондай-ақ, жер жүзінде бұзақылық істейді. Міне, солар қасірет шегушілер»469, – деді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл туралы қатаң ескертіп: «Туысқанымен қатынасын үзген адам жәннатқа кірмейді»470, – деп айтқан.

Әбу Бәкірден (р.а.) жеткен хадисте пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Өзінің (күнәһар) иесінің жазасын ақыретке қалдырмай, осы дүниеде тартуын тездетуді лайықты ететін «әл-бағю», яғни зұлымдық, басшыға қарсы шығу немесе тәкаппарлықтан және туысқандық байланысты үзуден асқан күнә жоқ»,471 – деген. Осы тәрізді мүміндердің анасы Айшадан (р.а.) жеткен хадисте де Алла елшісі (с.ғ.с.): «Сауапты тездететін қайырлы іс – жақсылық жасау мен туысқандық байланыста болу. Ал, жазаны жылдам-дататын іс – «әл-бағю», яғни, зұлымдық, басшыға қарсы шығу

469 «Бақара» сүресі, 27-аят.470 Мүслім.471 Әт-Тирмизи, ибн Мәжә.

Page 351: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 351

немесе тәкаппарлық және туысқандық байланысты үзу»472, – деді.

Бұқар жырау: «Ағайынның аразы елдің сәнін кетірер, абысынның аразы ауыл сәнін кетірер», – деп айтқандай, ағайын-туғанның араздасып, арадағы байланыстарын үзуі Құдайдың қаһарына ұшыратып, елдің берекесін кетіреді. Әрине, туыстық байланыстың үзілуінің бірнеше себептері бар. Соның бірі дана халқымыз: «Араласпаса, ағайын жат», «Ағайыннан шет жүрсең, көңілің бір күн тарығар», – дегендей, жиі-жиі араласып-құраласпау да туысқандық байланыстың үзілуіне апарады.

Сол сияқты, болмайтын кішігірім мәселелер үшін түймедейді түйедей етіп, артын айғай-шуға ұластыру да жақсылық емес. Мұндай жағдайда Раббымыздың:

مور ولمن صبر وغفر إن ذلك لمن عزم ال«Әрине, кім сабыр етіп, кешірімді болса, дау жоқ, істердің

ең маңыздысы осы»,473 – деген сөзіне құлақ асып, сабырлы, кешірімді болуға тырысқан жөн. Сүйікті пайғамбарымыз да (с.ғ.с.) өзінің хадисінде нағыз туыстық байланыс жасаушыны си-паттап: «Туыстарының қарым-қатынасына жауап қайтарушы – байланыс жасаушы емес, нағыз туыстық байланысты жа-саушы – туыстары қатынасты үзгенде байланыс жасаушы»,474 – деген. Яғни, туыстарының жаман қылықтарына мән бермей, олармен байланысты барынша сақтап қалуға тырысатын адам осындай болмақ.

Өкінішке орай, Құранмен, сүннетпен жүрміз деп жүрген кейбір жастарымыз жоғарыдағы Құран аяттары мен пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистеріне қарама-қайшы әрекет етуде. Дәлірек айтсақ, өздерінің діннен хабарсыз жүрген тума-туысқандарына дінді көркем, әдемі етіп жеткізудің ор-нына, оларға «кәпірсің» деп айып тағып, әке-шешелерінің шаңырақтарынан кетіп, ағайындарымен туысқандық қаты-

472 Ибн Мәжә.473 «Шура» сүресі, 43-аят474 Бұхари.

Page 352: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері352

насты үзушілер де кездеседі. Бұл Ислам құндылықтарына қайшы нәрсе. Егер біз туған-туыстың арасында бір кемшілік көретін болсақ, оған айып тағудың орнына имандылықты жет-кізіп, істеген кемшілігі-нің дұрыс еместігін жақсы сөз және көркем мінез-құлықпен жеткізуіміз керек. Себебі, әке-шешеге құрмет көрсету мен туыстық қарым-қатынасты үзбеудің дінімізде маңызы зор. Мұндайлар туысқандық байланыстың үзілуі себепті Алламен болған қатынастың үзілетіндігін ес-керсе етті. Бұған дәлел – Алланың елшісі (с.ғ.с.): «Расында, «әр-рахм», яғни туыстық байланыс сөзі «әр-рахман» сөзінен туындаған, ал Алла туысқандық байланысқа: «Кім сенімен бай-ланыс жасаса, Мен онымен байланыс жасаймын, ал кім сені-мен қатынасын үзсе, Мен онымен қатынасымды үземін», – деп айтты»,475 – деген. Ата-бабамыз: «Туысы жаман туғанын жа-мандайды», – деп тектен-тек айтпаса керек. Әрбір ісі біздер үшін үлгі-өнеге болған пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзінің көкесі Әбу Тәліб пен Исламды қабылдамаған басқа да туысқандарымен туыстық қатынасты үзбеген. Амр ибн Астан (р.а.) жеткен хадисте ол: «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Расында, менің әкемнің әулеті қамқоршыларым емес, менің шын қамқоршым – тек қана Алла және ізгі мүміндер. Бірақ, олармен туыстық байланысым бар және мен оны өз дәрежесінде сақтаймын», – деп жасырмай ашық айтқанын естідім»,476– деген. Тіпті, туысқандар түбегейлі дінге қарсылық танытса да, сабыр сақтап, олар үшін Алладан һидаят тілеуіміз керек.

Жоғарыда айтылған аят-хадистерден туысқандық қарым-қатынастың маңыз-дылығы мен киелілігін естігеннен соң, әркім өзіне: «Туысқандарыммен қатынасым қандай деңгейде?», – деп сұрақ қойып, ойланғаны жөн. Бабаларымыздың: «Ағайын-мен жауласпа – басың азаяды, Көршіңмен дауласпа – асың азаяды», – деген өсиетін естен шығармайық!

475 Бұхари.476 Бұхари.

Page 353: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

353

Талғат Омаров,ҚМДБ-ның Қызылорда облысы

бойынша өкіл имамы

ИСЛАМДАғЫ ХАЛАЛ МЕН ХАРАМ

Қай кезде де адамдар өздерінің өмір тіршілігіне ненің пайдалы және қай нәрселердің зиян, әрі қәуіпті екенін білуге мүдделі. Осы мәселенің ара жігін ажыратып алу үшін, көбінесе өз араларындағы көсемдеріне жүгінген. Алайда көсемдердің де кейбірі халықты жарыққа шығарса, кейбірі жарға жығып жатады.

Тарихқа қарасақ, көсемдердің арасында халықты күшпен бағындыратындар, дін бұйрығы деп жол бастайтындар, «менің ақылым ақыл, осымен жүріңдер» деп бастайтындар немесе «ба-балар жолы, мынау» деп жол ұсынғандар кездеседі.

Мен білемін дейтіндердің кейбірі халыққа шамадан көп тый-мдар салған болса, енді біреулері «еркіндік» ұғымын қате түсініп, барша нәрсені мубах санай берген.

Әуелгі топқа Үндістандағы брахмандар мен христиан дінінің кей ағымдарының дін басыларын мысалға алсақ жеткілік-ті. Олардың өздерін-өзі қинау арқылы құдайларға жақындай түсуге болады деген пікірі болған. Оларға ерген халықтың кей-бірі өздерінің беттері мен дене ағзаларын тесіп, Алла тағаланың адам игілігіне жаратқан көптеген ризық-несібені пайдаланудан бас тартқан болса, енді бірі өзін айшыққа қағып, өзін-өзі қинап, құдайға сүйікті боламын деген пікірде болған. Тіпті, моншаға түсудің өзін күнә деп есептеген ағымдар да болған.

Сонымен қатар, жабайы ну орман (жунгли) ішінде өмір сүретін үндістердің салттары халықтық өз-өздерін азаптауына бастаушы болып отыр. Себебі ол елдің салтында жігіт өз денесін тілгілеп, «әшекейлеу» арқылы ер азамат атанады.

Сондай-ақ, кей топтар, атап айтқанда, Иранда Муздак де-ген ағымды ұстанған көсемдер бұл дүниеде барлық нәрсе мұбах

Page 354: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері354

(рұқсат) санап, өз халқын ар-намыс қасиетінен айырып, елде тек-сіздік жайлаған еді.

Осындай тексіздік жайлап, қасиетті нәрсені білмей кеткен елде ұшырасқаны өздерінің туған қарындастарына үйленуді де дұрыс санайтындар тарих кітаптарында жиіркенішпен жазылған.

Қазіргі кезде де бұл өмір көзді ашып жұмғандай-ақ, енде-ше «оралыңның барында ойна да күл» деген ұғымды ұстанған кей адамдар «барында жалғанды жалпағынан басайын» деп өз қызығы үшін еш нәрседен тайынбай, қасиетінен айырылып жүрген жағдайлар жоқ емес.

Мейірімін төккен Алла тағала өздерінің ғұламалары мен ма-шайыхтарын және Мәриам ұлы Исаны құдай деп, тура жолдан ауытқыған пенделерді өз жолына қайта салу үшін пайғамбарлар жіберіп, әсіре сілтеу мен ақылға қонымсыз, қатыгез тыйымдарды қатты сөгіп, игі жүйе Ислам дінін жіберді. Бұл жайлы Құранда:

أذن لكم من رزق فجعلتم منه حراما وحلل قل آلل قل أرأيتم ما أنزل الل

تفترون لكم أم على الل«Алланың сендерге берген ризық-несібесін арам, адал деп

бөлдіңдер, айтыңдаршы, сендерге Алла рұқсат етті ме? Неме-се Аллаға жапқан жалаларың ба? – де»477, – делінген.

Расында халал мен харамды белгілеу Аллаға ғана тән! Ұлы Алла тағала Құран кәрімде:

ها الذين آمنوا كلوا من طيبات ما رزقناكم يا أي«Әй, иман келтіргендер! Ризықтандырғаны-мыздың

жақсысынан жеңдер»,478 – деп бұйырады.Ендеше, бізге қай нәрселер пайдалы, ал қай нәрселер зиянды

екендігін Ислам дінінің негізгі ережелерін қамтыған Құран кі-табы мен Ол кітапты түсіндіруші пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) даналы сөздерінен ғана іздеуіміз ләзім.

Әлемдегі барша нәрсені адамдарға жаратып, мойынсұндырып сыйлаған Алла тағала:

477 «Юнус» сүресі, 59-аят478 «Бақара» сүресі, 172-аят

Page 355: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 355

رض جميعا هو الذي خلق لكم ما في ال«Алла жер жүзіндегі барлық нәрсені сендер үшін жаратты»479

десе, тағы бір аятта:

رض وأسبغ عليكم ماوات وما في ال ر لكم ما في الس سخ ألم تروا أن الل

نعمه ظاهرة وباطنة«Алланың расында көк пен жердегі нәрсенің күллісін сен-

дерге бойсұндырып бергенін және сендерге көрнеу, әрі көмес игілік нығметтерін толықсытып бергенін көрмедіңдер ме?»480 дейді. Сонымен қатар мына бір аятта:

رض جميعا ماوات وما في ال ر لكم ما في الس وسخ«Ол және де, өз тарапынан жер мен көктегі барлық нәрсені,

сендерге бойсұндырып береді»481 , – деп барша нәрсенің негізі халал екендігін білдірген. Сондай-ақ, өзге де бірқатар аяттар мен хадистерде Алла тағала рұқсат етілмеген, яғни тыйым салынған мәселелер қамтылған.

Мысалы, Құранда:

م عليكم ل لكم ما حر وقد فص«Алла сендерге арам етілген нәрселерді ашық баяндаған»,482

– деп анық айтылған. Сол секілді Әбу Абдулла Нуғман ибн Ба-шир (р.а.):

عبي سمعت ثنا ابن أبي عدي عن ابن عون عن الش د بن المثنى حد ثني محم حد

ثنا علي بن عليه وسلم و حد عنه سمعت النبي صلى الل عمان بن بشير رضي الل الن

عمان بن بشير قال عبي قال سمعت الن ثنا أبو فروة عن الش ثنا ابن عيينة حد حد عبد الل

ثنا ابن عيينة عن د حد بن محم ثنا عبد الل عليه وسلم و حد سمعت النبي صلى الل

عنهما عن النبي صلى الل عمان بن بشير رضي الل عبي سمعت الن أبي فروة سمعت الش

479 «Бақара» сүресі, 29-аят480 «Лұқман» сүресі, 20-аят481 «Жасия» сүресі, 13-аят482 «Әнғам» сүресі,119-аят

Page 356: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері356

عمان عبي عن الن د بن كثير أخبرنا سفيان عن أبي فروة عن الش ثنا محم عليه وسلم حد

عليه وسلم الحلل بين والحرام بين عنه قال قال النبي صلى الل بن بشير رضي الل

ثم كان لما استبان أترك ومن اجترأ وبينهما أمور مشتبهة فمن ترك ما شبه عليه من ال

من يرتع ثم أوشك أن يواقع ما استبان والمعاصي حمى الل على ما يشك فيه من ال

حول الحمى يوشك أن يواقعه «Мен Алла елшісінің (с.ғ.с.): «Ақиқатында, халал (нәрселер)

белгілі және харам (нәрселер) белгілі. Ал бұлардың (халал мен ха-рам) арасында адамдардың көпшілігі білмейтін шүбәлі нәрселер бар. Шүбәлі нәрседен сақтанған адам өз дінін және өз абыройын (сақтау) үшін (одан) арылады. Ал шүбәмен айналысушы адам харамға да баратын болады. Өйткені, ол әне-міне кіріп кет-келі тұрған қойларын қорық маңында бағып жүрген шопанға ұқсайды. Әр патшаның өз қорығы бар. Алла тағаланың қорығы – адамдарға тыйым салған нәрселері. Ақиқатында, адам денесін-де бір кесек ет бар, ол жақсы болса, бүкіл дене жақсы болады. Ол жаман болса, бүкіл дене де жаман болады. Шын мәнінде, ол – жүрек», – дегенін естідім». Бұл хадистен тыйым салынған нәрселердің де және үкімі айтылмаған нәрселердің де бар екен-дігін көрсетеді.

Харамды халалға шығару сондай-ақ халалды харам деп пәтуә беру Аллаға серік қосуға таяу тұрған ауыр күнә. Мұнан сақтану ләзім.

Осы орайда ескерте кететін жәйт ел ішінде кей кісілер тілек айтарда «сөзін көркемдеймін» деп парыз емес нәрсені парыз деп, күнә емес нәрсені күнә деп және жақсы ниетте болғансып, «сау-абын алайын» деп, сауап емес, арсыздық болған нәрсеге өзінше адал деп пәтуа беріп адасып жататыны кездеседі. Міне, сондай жалған пәтуалармен кешірілмес күнә жасағандардың қатарында болып қалудан қатты сақтануымыз керек, өзгелерге де ескер-туіміз қажет. «Жақсы ниетпен» орындалған харам нәрсе – бәрібір харам. Алла тағала:

Page 357: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 357

زق قل هي للذين آمنوا في يبات من الر التي أخرج لعباده والط م زينة الل قل من حر

يات لقوم يعلمون ل الآ نيا خالصة يوم القيامة كذلك نفص الحياة الد

ثم والبغي بغير الحق وأن م ربي الفواحش ما ظهر منها وما بطن وال قل إنما حر

ما ل تعلمون ل به سلطانا وأن تقولوا على الل ما لم ينز تشركوا بالل(Ей Мұхаммед!) Алланың пенделері үшін жаратқан киім-

дерін, таза ризықтарын кім арам ете алады?» «Ол несібелер бұл дүниеде иман келтіргендердікі, ал ақыретте тек қана му-миндердікі болмақ». Білетін қауымға аяттарды осылайша баяндаймыз. Раббым көрнеу және көмес арсыздықтарды, күнәкарды, біреуге орынсыз тиісуді, Алла ешқандай бір дәлел түсірмеген нәрселерді оған серік етуді, өздерің білмеген нәрселеріңді Алла атынан албаты сөйлеуді арам қылды» деп айт»,483 – делінген. Бұл аяттарда Алла тағала жоғарыда айтылған надандықпен берілген пәтуаны қатты сөккен. Шынайы мұсылман харам етілгенге де «құп болады» халал етілгенге де «құп болады» деп мойынсұна бермейді. Себебі Алла тағала:

نجيل ي الذي يجدونه مكتوبا عندهم في التوراة وال م سول النبي ال الذين يتبعون الر

م عليهم الخبائث يبات ويحر يأمرهم بالمعروف وينهاهم عن المنكر ويحل لهم الط

روه ونصروه غلل التي كانت عليهم فالذين آمنوا به وعز ويضع عنهم إصرهم وال

واتبعوا النور الذي أنزل معه أولئك هم المفلحون«Олар жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тыятын,

таза нәрселерді алал, лас нәрселерді арам ететін, ауыр жүктен жеңілдетіп, бұғаудан босататын, есім-ныпсысы қолындағы Інжіл мен Тәуратта жазылған, хат танымайтын пайғамбарға (Мұхаммедке) сеніп ілескендер, оған құрмет етіп, жәрдем бер-гендер, сондай-ақ, оған түсірілген нұрға (Құранға) ілескендер, міне, солар – (қиямет азабынан) құтылғандар»,484 – деген. Бұл

483 «Ағраф» сүресі, 32-33 аяттары484 «Ағраф» сүресі, 157-аят

Page 358: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері358

аятта, таза әрі пайдалы нәрселер халал, ал лас әрі зиян нәрселер харам етілгендігі баяндалған.

Шынайы мұсылман Алланың харам еткен нәрселерінен тыйы-лып, Алла тағалаға мадақ айтумен болады. Себебі Алла тағала бір нәрсені харам етсе артынан соған ұқсас бірнеше нәрсені халал еткен.

Мәселен, Алла тағала зинақорлықты харам еткенімен, неке қидырып үйленуді халал еткен.

Алла тағала арақты харам еткенімен, түрлі тәтті әрі дәмді су-сындарды халал етті.

Алла тағала өсім жеуді (процент) харам еткенімен, сауданы халал етті.

Алла тағала құмар ойындарын харам еткенімен, жарысып жүлдені жеңіп алуды халал етті.

Алла тағала ер кісілерге жібекті харам еткенімен, түрлі мақтадан немесе жүннен тоқылған киімдерді халал етті.

Алла тағала лас нәрселерді жеуді харам еткенімен, мың түрлі таза, әрі дәмді нығметтерді жеуді халал етті.

Осылайша жалғастыра берсек, Алла тағаланың бұйырған үкімдерінде пенделеріне жасаған кеңшіліктерін молынан көреміз. Алла тағала Құран кәрімде:

نسان ضعيفا ف عنكم وخلق ال أن يخف يريد الل«Алла сендердің жүктеріңді жеңілдетуді қалайды, бірақ

адам (нәпсімен күресуге) өте әлсіз жаратылған»,485 – деп адамға өзінің кеңшілігі мен қамқорлығының белгісін көрcетеді.

«яһудилер Алла тағала харам еткен нәрселерді айла жасап өздерінше халал етіп алғанындай сіздерде күнәға ба-тып жүрмеңіз!» – деп пайғамбардың ескерткен ескертуін есте сақтайық ағайын!

Біліңіз! Яһудилерге сенбі күні балық аулауға тыйым салынған кезде, олар жұма күні әлгі балық келетін орынның жа-нына шұңқырлар қазып, сенбі емес жексенбі күні оны аулап ала-

485 «Ниса» сүресі, 28-аят

Page 359: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 359

тын еді. Олар осылайша ептілік істеймін деп Алланың қаһарына ұшыраған еді.

Шариғатта харам етілген нәрсені адалдап алуға ешқандай айла немесе ептілік жүрмейді!

«Алла тағалла – пәк, тек пәк болғандарды ғана қабылдайды».Ендеше, мүминдерге:

ها الذين آمنوا كلوا من طيبات ما رزقناكم يا أي«Әй, иман келтіргендер! Сендерге берген ризық-

тарымыздың таза (адал) болғандарын жеңдер!» – деп таза тәбетті болуды Алла тағала бұйырады.

! و مطعمه حرام ماء يا رب ! يا رب فر أشعث أغبر يمد يده إلى الس جل يطيل الس الر

رام فانى يستجاب له و مشربه حرام و ملبسه حرام و غذي بالح«Бір адам Алла жолында ұзақ жорық тартады. Үсті-басы

алба-жұлба, шашылған, тозаң-топыраққа бұлғанған күйі қолын көкке жайып, Уа, Раббым! Уа, Раббым! – деп, жалбарынады. Алайда, оның жегені харам, ішкені харам, кигені харам және хараммен тамақтанады. Мұндай адамның дұғасы қалай қабыл болады десеңізші!» деген хадис Алла Расулы (с.ғ.с.) білдірген өлшеулер – осылай айқын әрі нақты екенін көрсетеді. Демек, бір адам дін жолында соғысып, жанын пида етсе, тозаң-топыраққа бұлғанып, үсті-басы алба-жұлба боп дініне қызмет үшін ұзақ сапарға шықса, соның өзінде харам азықпен қоректенгені үшін істеген қызметінің еш құны жоқ, түкке тұрмай қалады екен.

Мұсылманды дүниенің ең таза, адал адамы еткен нәрсе – сеніммен бірге дінінің бұйрық-ережелеріне сай өмір сүруі, пәк, халал азықпен қоректенуі! Осылайша адам өз тәнін және рухын тазалап алады.

Әлемнің мақтанышы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) халал мен харамға деген ұқыптылығы мына хадис шәрифте өте айқын байқалады:

«Біреулерің бауырына қарызға ақша берсе, қарыздар адамда оған сыйлық берсе, қабылдамасын. Немесе көлігіне отырғызайын

Page 360: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері360

десе, мінбесін. Тек бұрыннан бері өз араларында сый тартып, жәрдемдесіп келе жатқан болса, бұл басқа».

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) осындай нәзік өзгеше өлшеулеріне жан тәнімен бағынған ұлы тұлғалардың бірі – имам Ағзам еді. Имам Ағзам Әбу Ханифаның бір кісіде алашағы бар еді. Сол кісінің тұратын аймағында бір шәкірті қайтыс болып, Әбу Хани-фа оның жаназасын шығаруға барған-ды. Күн өте ыстық болса да, имам «қарыздар кісінің үйінің қабырғасының көлеңкесінде отырсам, пайыз (процент) болып қала ма», – деген уайымы се-бепті күннің ыстығында күтуді артық көреді.

Қорыта айтқанда, харам мен халалды ажырата білу, олар-ды өмірде пайдалану діни әмір мен ақиреттегі бақыттың не-гізін құрайтын ең маңызды ықпал. Құл ақысына көңіл бөлудің маңыздылығы да, мұның бір бөлшегі.

Алла және Оның елшісі (с.ғ.с.) бұйырған нәрсеге жабысып, рұқсат еткен нәрседен қашпайық. Сондай ақ Алла және оның ел-шісі тиым салған нәрсеге тіпті де жақындамай Алла желісінен ұстап ажырамайық, ағайын!

Page 361: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

361

Данияр Әлимұхамедұлы Жұмабаев,ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі,

облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы

ҚҰРАН ОҚуДЫң АРТЫҚШЫЛЫғЫ

Алла тағала:

وإذا قرئ القرآن فاستمعوا له وأنصتوا لعلكم ترحمون «Құран оқылғанда оған құлақ салыңдар әрі тыныштық

сақтаңдар. Рақымдылыққа бөленесіңдер»486, – десе, Пайғам-барымыз Мұхаммед (с.ғ.с.):

خيركم من تعلم القرأن و علمه «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп оны

үйреткендерің»487, – деп өсиет қалдырған. Құранды жақсылап оқыған, әріптерін дұрыс оқуға машықтанған әрі амал етуге тырысқан мұсылман Құранды жазуға тағайындалған мәртебелі періштелермен бірге болатынын Айша (р.а.) анамыздан кел-ген риуаяттан көреміз: «Құранды шебер оқуға машықтанған жан Құранды жазуға тағайындалған мәртебелі періштелер-мен бірге болады. Ал Құранды оқығанда кібіріктеніп қиналса, екі сауап алады», – деген.488 Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Көкірегінде Құраннан еш нәрсе болмаған адам қаңырап тұрған үйге ұқсайды», – деген.489

Ибн Масғуд (р.а.): «Құран жаттаған адам ел ұйықтап жатқандағы түннің қадірін білсін, Адамдардың аузы ашық кез-дегі күндіздің қадірін оразамен өткізсін, адамдар қуанышпен жүргенде қайғыны да естен шығармасын, көп күлкінің артынан жылаудың да келетінін білсін, тәкаппарлықты кішіпейілділікпен

486 «Ағраф» сүресі, 204-аят487 Бұхари, Әбу Даут және Термизи риуаяты488 Термизи риуаяты.489 Термизи және Ахмад Ибн Аббастан

Page 362: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері362

бассын»; «Құран жаттаған адам қуаныштың артынан қайғының, қаттылықтың артынан жұмсақтықтың, мазасыздықтың артынан тыныштықтың, қатыгездіктің артынан мейірімділіктің барын біл-сін», – деген.

Ибн Масғуд (р.а.): «Кімде-кім Құранды күндіз хатым етіп оқыса, сол күні періштелер кешке дейін оған салауат айтып тұрады. Ал енді кім Құранды түнде хатым етіп оқып шықса, таң атқанша періштелер оған Алладан жарылқау тілеп шығады», – деген.

Құран – адамзатты шексіз бақытқа жетелейтін, тура жол көрсететін, қияметке дейін өзгермейтін мәңгі мұғжиза. Құран-соңғы пайғамбарлықтың дәлелі, ханиф (тура) діннің үні әрі Ис-лам шариғатының ата заңы. Құран оқыған адамның бүкіл болмы-сымен өзгергенін байқайсың. Ішкі дүниесіне үңіліп қарасаң оның рухани тазарғанын, жүріс-тұрысының өзгергенін көресің. Құранға деген махаббат оны оқуға байланысты. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сахабаларының бірі Узайр бин Ғусайд Құранды ұнамды, жақсы бір мақаммен оқитын еді. Алланың елшісі (с.ғ.с.) ол кісіні: «Мына Ғусайд Құранды қандай жақсы оқиды», – деп мақтады. Ғусайд өзінің естелігінде: «Бір күні түнде «Бақара» сүресін оқып отырғанымда, атым жанымда байлаулы тұрған еді. Құранның даусын естіп атым оқырынып жер тарпи бас-тады. Оқығанынымды тоқтата қойдым. Атым да тыныштал-ды. Қайта оқи бастап едім, атым орнынан тарпи бастады. Үшінші мәрте оқи бастағанымда, атым тағы да мазасыздана бастады. Ұлым Яхия аттың жанында ұйықтап жатқан, басып кетпесін деп баламды алып кейін жатқызып қойдым. Басымды көтеріп аспанға қарағанымда ақ бұлттың көлеңкесіне ұқсайтын бір тұманның ішінде шырақ сияқты көптеген нәрселердің жарқырап тұрғанын көрдім. Ақ бұлт жарқыраған күйінде көкке көтеріліп көрінбей кетті. Таңертең Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) айтқанымда: «Ей, Ғұсайд, оқы. Ей, Ғұсайд, оқы», – деген сөзінен Құранды оқу керек екенін білдім. «Иә, Расулалла! Яхия ұлым аттың аяғының астына жақын жатқандықтан басып кетеме деп қорқып Құран оқығанымды тоқтатып едім», – дегенімде

Page 363: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 363

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ей, Ғұсайд! Сенің көргенің періште-лер болатын. Оқыған Құраныңды естіп келді. Сол қалпы оқи бергеніңде, таңға дейін тыңдайтын еді. Көпшілік көзінен жасы-рынбайтын еді», – деді.

Қасиетті кітапты оқу – ең ұлы ғибадаттардың бірі және Аллаға жақындататын төте жол. Әбу Умама риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

صحابه اقرءوا القرآن ، فإنه يأتي يوم القيامة شفيعا ل«Құран оқыңдар! Ол қиямет күні иесіне шапағат етеді»,

– деп басқа пайғамбарларға берілмеген шапағатты Құран иеле-нетінін білдірген.

Алла тағала:

ا كنتم تخفون من الكتاب ويعفو عن كثير قد م قد جاءكم رسولنا يبين لكم كثيرا م

لم ويخرجهم بين يهدي به الل من اتبع رضوانه سبل الس ن الل نور وكتاب م جاءكم م

ستقيم لمات إلى النور بإذنه ويهديهم إلى صراط م ن الظ م«Расында, сендерге Алла тарапынан нұр және ашық кі-

тап келді. Сол арқылы Алла тағала өзінің разылығына ілес-кендерді амандық жолдарына салады және өз нұсқауымен оларды қараңғылықтан нұрға шығарады әрі тура жолға салады».490 Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Құран аяттарын көп жаттаған адамның жұмақта дәрежесінің аса жоғары болатындығын Абдул-ла ибн Амр аль-Ась риуаят еткен хадисте айтқан: «Құран иес-іне (Құран оқып жаттаған адам) былай делінеді: Оқы және жоғарыла (төрлет), оқы, дүниеде қалай оқыған болсаң дәл со-лай оқы. Расында, сенің орның ең ақырғы оқылатын аятта».491 Құранның бір кереметі сол – адам өміріне керектінің барлығын осы кітаптан табады. Құранда Адам атадан бастап келе жатқан адамзат тарихын, олардың әлеуметтік жағдайларын, өз ара қарым-қатынасымен табиғаттың үйлесімділігі барлығы дерлік қамтылған. Жаратылыстың дүниеге келгенге дейінгі, дүниеге

490 «Маида» сүресі, 15-16-аяттар.491 Термизи, Абу Даут және Ахмад риуаяты.

Page 364: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері364

келгеннен кейін оның тұрмыс-тіршілігі және ақыретке барғанда оқыған Құран өзіне де, өзгеге де сауабы тоқтаусыз барып тұратын жағдайын суреттеген. Демек ислам жолымен жүрудің ең дұрыс бағыты Құран сөзіне құрмет көрсету, жаттап алу болып табылады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Құранды жаттау, есту, назар салу, арқылы үйренуге болатынын айтқан. Құранның қасиеті жөнінде мына бір мысалдың ұлағаты мол: «Баяғыда бір әулие кісі мазардың жанынан өтіп бара жатып, сол жерден шығып жатқан айқай-шудың куәсі болады. Жақындап барып қараса, ол жердегілердің сауапқа таласып жатқанын көреді. Анадай жерде көлеңкеде отырған бір кісінің жанына барады да: «Аналардың жанына ба-рып өзіңіздің сауабыңызды неге талап етпейсіз, сізге сауаптың керегі жоқ па?»-деп, сұрайды. Әлгі кісі: «Мен балама жастайы-нан Құран оқуды үйретіп кеткенмін, сол балам бүгіндері ба-зарда тіршілігін жасап, ет сатумен айналысады. Тіршілігін де жасайды, Құранын да оқып құлшылығын үзген емес. Сауабын бағыштауды ұмытпайды. Оның маған сауабы жетіп, жемісін қабірде де көріп жатырмын», – деген екен.

Қараңыз ағайын! Дүниедегі амалдарымыздың ешбірі еске-русіз қалмақ емес. Алла тағала қасиетті Құранда:

ة شرا يره ومن يعمل مثقال ذر «Кім шаң-тозаңның салмағындай жақысылық істесе оны

көреді, ал енді кім шаң-тозаңның салмағындай жамандық іс-тесе оны да көреді»492, – деген.

Қаншама ақынның өлеңіне арқау болған, ғылымның негізі-не жол көрсеткен, жазушылардың мақалаларына тақырып болған Құран Кәрім сияқты кітапты ешкім жаза алмайды. Дүниежүзі жазушыларының кітаптары бір бағытта, бір тақырыптың төңірегінде ғана өрбіген. Алла Тағала Құранда:

قل لئن اجتمعت النس والجن على أن يأتوا بمثل هـذا القرآن

ل يأتون بمثله ولو كان بعضهم لبعض ظهيرا

492 «Зілзәлә» сүресі, 8-аят.

Page 365: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 365

«Оларға былай деп айт: Ант етейін, егер адамдар мен жындар мына Құранның ұқсасын жасау үшін жиналып, тіпті бір-бірін қолдап, күштерін жинаса да оған ұқсас бір кітап жаза алмайды»493, – деген.Әбу Убайда Ибрахим ат-Таймидан риуаят етеді: «Бір күні Ибн Аббас хазреті Омардың: «Мына үмметтің пайғамбары бір, кітабы бір, қыбласы бір, мешіті бір бола тұра бір-бірінен ажырап, бөлініп кетті», – деп, айтып отырғанын естіп қалады да жанына келіп: «Уа, мүміндердің әміршісі! Бізге Құран түсті, біз оны оқыдық. Оның қандай себеппен түскенін білеміз. Бізден кейін сондай бір қауымдар келеді, Құранды оқиды бірақ оның не себепті түскенін білмейді. Сол кезде олар ақылына сүйеніп шешетін болады. Ақылға салғаннан араларында келіс-пеушіліктер пайда болады. Келіспеушіліктің нәтижесі ұрыс-жанжалға алып келеді», – деген. Өйткені, ақылды кісі өзінің шек-теулі ақылына емес, Жаратушы хақтың нұсқауларына сүйенеді. Абай атамыз айтқандай, ақылды кісіге иман парыз, иманды кісіге ғибадат парыз. Ғибадат – барлық ізгі ниетпен жасалған іс-әрекеттер. Ақылын дұрыс ниетте пайдала білген кісі жақсылық пен жамандықтың арасын ажырата біледі. Алла тағала қасиетті Құран Кәрімде:

يئة ادفع بالتي هي أحسن فإذا الذي بينك ول تستوي الحسنة ول الس

وبينه عداوة كأنه ولي حميم«Жақсылық пен жамандық тең болмайды. Жамандықты

жақсы ісіңмен жолға сал. Сонда ғана сенімен дұшпандығы бар қас адам, өзіңнің сырлас досыңдай болып кетеді»,494 – де-ген. Осы аяттардан адамның мінез-құлқы Алланың дінін үйрену арқылы жақсылыққа қарай өзгеретінін білеміз. Жаратушы иеміз әлемді көркем әрі үйлесімді жаратып, оған тыныштық орнатып, адам баласына бағындырып қойған. Бүгінгі ғылымның соңғы жетістіктерін пайдаланып зерттеп жүргендерге әлі де ашылмаған жұмбақ дүниелері көп бұл әлемнің сырлары Құран Кәрімде жа-

493 «Исра» сүресі, 88-аят494 «Фуссилат» сүресі 34-аят

Page 366: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері366

тыр. Алла тағала осыдан 14 ғасыр бұрын азғындықтың шегіне жеткен, адами қасиеттерден жұрдай, елді тура жолға салу үшін жіберген пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) иман жолында үнемі ізгіліктің жаршысы болатын, насихатына құлақ салған кісінің жүрегіне тыныштық орнататын, бойына қуат, көңіліне демеу болатын және ғылым атаулыны қамтыған Құранды тарту етті. Тыныштыққа бөленген жүрек Алланың тура жолына түсіп, Жаратушының рахымына бөленері ақиқат. Алла тағала бұл жөнінде Құран Кәрімде:

بكم وشفاء لما في ن ر وعظة م ها الناس قد جاءتكم م يا أي

دور وهدى ورحمة للمؤمنين الص«Ей, адамдар! Тәңірлеріңнен сендерге Насихат, жүректегі

дертіңе дауа, мұсылмандарға тура жол және жарылқау келді»,495 – деген. Ибн Масғуд (р.а.): «Құран Алла тағаланың әдеп мектебі. Құранға мықтап жабысып, шамаларың келген-ше, Алланың көрсеткен әдеп жолын үйреніңдер. Ол – ашық бір нұр, дертке дауа, Құран – амал еткен адамға берік қорған, жо-лын ұстағанды адастырмайтын құтқарушы», – деген. Адамдар арасындағы қарым-қатынастың дұрыс болуының өзі жер бетін-дегі тыныштықтың басты талабы. Аты затына сай Ислам дінінің мағынасы бейбітшілік, тыныштық. Бейбітшілік, тыныштық орнаған жерде ырыс-береке, ауызбіршілік, өзара келісім болады. Сол бейбітшілікке апарар жол – Алланың кітабы. Алланың кіта-бын дұрыс сеніммен, ақылмен оқысақ, бүкіл түйікілді мәселенің шешімін содан табамыз. Ақыл шектеулі, демек шектеулі ақылмен Алланың шексіз құдіретін танып, білу мүмкін емес. Ақиқатты біз тек қана Алланың сөзінен ғана таба аламыз. Адам баласының ақылы жетпеген мына шексіз ғалам адамзат баласы үшін өзінің қызметін бір Алланың әмірімен ұсынып отыр. Алла тағала:

اهن ماء فسو ا في الرض جميعا ثم استوى إلى الس هو الذي خلق لكم م

سبع سماوات وهو بكل شيء عليم

495 «Жүніс» сүресі, 57-аят.

Page 367: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 367

«Алла жер жүзіндегі барлық нәрсені сендер үшін жарат-ты, соңынан аспанды жаратуға кірісті де, оны ақаусыз жеті қабат етіп орналастырды. Ол барлық нәрсені білуші»496, – десе, Рағыд сүресінде:

تطمئن القلوب أل بذكر الل«Біліп қойыңдар! Жүректер тек қана Алланы еске алу

арқылы жай табады»497, десе,

مع والبصر والفؤاد كل أولـئك كان عنه مسؤول ول تقف ما ليس لك به علم إن الس«өзің білмейтін нәрсеге ілеспе! (Білмегенді білдім, есті-

мегенді естідім, көрмегенді көрдім деме!) расында, құлақ, көз, жүрек барлығы тергеуге түседі»,498 – деген. Адам мүшелерінің сезімі анасының құрсағында беріледі. Дүниеге келгеннен кейін оны жанұядағы тәрбиесімен, білімімен, өмірлік тәжірибесімен жетілдіреді. Бұның бәрі Алланың берген үлкен нығметі. Құранда: «Егер Алланың сендерге берген нығметтерін санасаңдар, санап тауыса алмайсыңдар», – делінген. Құранның алғашқы сөздері де жаратқан Раббыңның атымен оқы деп, әрбір істің басы біліммен болатынына меңзеп тұр. Имам Бұхаридің: «Бір нәрсені айтудан және істеуден бұрын білім алыңдар», – деген сөзі бар. Құранның ақиқатын білгісі келген жан дүиенің білімін қатар алып жүргені абзал. Қасиетті Құранда:

من عباده العلماء إنما يخشى الل«Алладан лайықты түрде тек қана ғалым құлдары

қорқады»,499 – делінген. Бір саланы терең зерттеп, содан дис-сертация қорғап, Алланың жаратқан кішкетай бір жаратылысын зерттеп ғылыми атақ алып жатқандар әлі зертелмей өз кезегін күтіп жатқан қаншама дүние барын білер ме екен? Алла тағала:

496 «Бақара» сүресі, 29-аят497 «Рағд» сүресі, 28-аят498 «Исра» сүресі, 36-аят499 «Фатыр» сүресі, 28-аят.

Page 368: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері368

ا نفدت ه من بعده سبعة أبحر م رض من شجرة أقلم والبحر يمد ولو أنما في ال

عزيز حكيم إن الل كلمات الل«Егер, жер жүзіндегі ағаш атаулының барлығы қалам

болса, оның үстіне тағы жеті теңіз сия болса, оның үстіне тағы жеті теңіз сыя болып қосылса да, Алланың сөздерін (жа-зып) тауысуға болмайды. Алла анық жеңімпаз, анық хикмет иесі»500, – деген. Демек ғылым дамыған сайын Құранның ақиқаты ашыла береді. Алдыңғы үмметтің аша-алмаған жаңалығын бүгінгі күнде ғылым ашып жатса, біздің жете алмаған жетістігіміз кейін-гі ұрпақтың еншісінде. Алла тағала Құранда:

كر وإنا له لحافظون لنا الذ إنا نحن نز«Расында Құранды біз түсірдік. Әрі шын мәнінде, оны

Біз қорғаушымыз»501, – деп, Өзінің дінін Пайғамбарлар арқылы үмметіне жеткізсе, пайғамбарлардан кейін ислам ғалымдары біліммен, жаны жайсаң жомарт мұсылмандар мал-дүниесімен жоқ-жітік мұқтаждарға исламның төртінші парызын орындап Алланың дініне жәрдем беріп жатыр. Алла адам баласының жәрдеміне мұқтаж емес. Алла тағала:

هو الغني الحميد رض إن الل ماوات وال ما في الس لل«Көкпен жердегінің барлығы Алланікі. Алла мұқтажсыз

бай, мақтауға лайық»502 ,– деген. Алланың дініне жәрдем беру арқылы адамдар бұл дүниенің сауабына кенелсе, ақыретте жаза-сы жеңілдейді. Ол жөнінде Алла тағала:

ينصركم ويثبت أقدامكم ها الذين آمنوا إن تنصروا الل يا أي«Ей, мүміндер! Сендер Алланың дініне жәрдем берсеңдер,

Сендерге Алла жар борлып, қадамдарыңды мығымдайды»

503, тағы бір аятта:

500 «Лұқман» сүресі, 27-аят501 «Хижр» сүресі, 9-аят502 «Лұқман» сүресі, 26-аят503 «Мұхаммед» сүресі, 7-аят

Page 369: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 369

«Егер, оларға (Алланың дініне жәрдем бергендерге) жер жүзінде үстемдік берсек, олар намаз оқып, зекет берер еді, жақсылыққа үндеп, жамандықтан тияр еді. Күллі істің соңы Аллаға тән»504, – деген.

Шәкәрім Құдайбердіұлы:«Алланың пендесіне рақымы мол,Сен де өзіңдей адамға мейірімді бол.Ол жаратты, Сен-дағы жаратып бақ,Бардан барды шығарсаң болады сол.Керексіз қылмайды иең дағы, Мен де сүйтем деп қана сен де тағы. Бір Құдайың сабырлы, сенде шыда,Бәрі осындай ойлансаң артқы жағы.Мұны білсең, боласың сүйікті құл, Құлы болсаң қожаңның сүйгенін қыл.Шын мұсылман болайын деп ойласаң, Құдайға құл болудың мәнісін біл», – деп жырлағанПайғамбарлардың тарихындағы биік таулардың ішінен үңгіп

сарайлар салған үмбет бүгіндері қайда? Әлемнің жеті кереметіне енген ғажайып дүниелер сол заманның адам нанғысыз туынды-сы емес пе? Алланың берген ұлық нығметін көтере алмай талай үммет қатты азапқа ұшырады. Құранда:

ن قرية أهلكناها وهي ظالمة فهي خاوية على عر فكأين م

شيد لة وقصر م عط وشها وبئر م«Көптеген қалаларды, халқы залым болғандықтан ой-

рандап жібердік. Міне, бұлардың астан-кестеңі шығып жа-тыр және иен қалған құдықтар мен (қаңыраған) сарайлар жатыр»505дейді. Жаратушы хақты танымай өздерін тәңірі деп көкірек керген талай патшалар мал-дүниесімен қош айтысты. Шал ақын жырлағандай:

504 «Хаж» сүресі, 41-аят505 «Хаж» сүресі, 45-аят.

Page 370: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері370

«Жігіттер, жалған дүние бізден қалар,Бір күні ажал келіп жаныңды алар,Жан шығып, дүниеден көшкеннен соң,Мал-мүлкің, қатын-балаң бәрі қалар», – деп, ақыретті естен

шығармауды айтып отырСөз соңында айтарымыз, Алла тағала қыбламыз бір, кіта-

бымыз бір, намазымыз бір деген үмметті Ислам туының асты-на біріктіріп, басқа ұлттар және діндегілермен жақсы мәмледе болуға шақырады. Алла тағала жұмаға келеген қадамдарыңызға сауаптан жазсын.

Page 371: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

371

Серікбай Сатыбалдыұлы Ораз,ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкіл имамы

ТӘРБИЕ ТАЛ БЕСІКТЕН БАСТАЛАДЫ

Имандылық – бала тәрбиесінің ең басты қайнар бұлағы. Сондықтан тәрбиені діннен бөлек алып қарауға әсте болмай-ды. Қаншалықты жақсы тәрбие көрсе де, дініне енжар, селқос қарайтын, имандылық негіздеріне аса мән бермейтін ұрпақ екі дүниеде де мұратқа толық жете алмайды.

Қазіргі жаһандану заманында қоғамымыздағы кейбір жастардың әдепсіз әдеттерге, мұсылманға жат қылықтарға бой алдыруы, батыстық мәдениетке еліктеп, әзәзіл әуендерге үйір болып, ақырында болашағынан үміт күттірген өскелең ұрпақтың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық, рухани құндылықтарға қарсы келуінің басты себебі де, сөз жоқ, нақ осы имандылық тәрбиенің әлсіздігінен немесе жоқтығынан.

Жалпы бір ғасырдай уақыт бойы ажырап қалған төл дініміз-ге оралу, рухани құндылықтарды басты назарда ұстау қоғамда қордаланған талай түйіткілді мәселелердің шешімі болып табы-лады.

Асыл дініміз туылған нәрестеден бастап, ер жеткенге дейін перзентке қандай тәрбие беру керектігін нақтылап берген. Алла тағала Құран кәрімде былай дейді:

ة جعلنا منسكا هم ناسكوه لكل أم«Әрбір үмбетке өздері ұстанатын салттар бекіттік».506

Соларды біздің ата-бабаларымыз салт-дәстүрімізбен біте қайнастырып ұстанып келген. Енді бала тәрбиесіне қатысты дәстүрлерді тізбектеп атап өтейік. Солардың бірі нәресте алғаш туылған сәтте жүзеге асатын амалдар.

506 «Хаж» сүресі, 67-аят.

Page 372: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері372

Туылған нәрестемен сүйіншілеуНәресте туылған кезде сүйіншілеп қуандыру, құттықтау айту

дәстүрі дінімізде бар. Құран кәрімде Алла тағала Зәкәрия (ғ.с.) туралы былай деген:

رك بيحيى فنادته الملآئكة و هوقائم يصلي في المحراب أن الل يبش«Ол михрабта намаз оқып тұрған сәтте оған періште-

лер: «Расында Алла сені Жақиямен қуандырады», – деп дауыстады»507.

رك بغلم اسمه يحيى لم نجعل له من قبل سميا يا زكريا إنا نبش«Ей, Зәкәрия! Расында, сені Жақия атты бір ұлмен

қуантамыз. Біз бұрын мұндай ат қоймаған едік»508.Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) дүниеге келген кезде Суәйба деген күң

қожайыны әрі Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) әкесінің бауыры, яғни көкесі Әбу Ләһәбтан сүйінші сұраған болатын. Әбу Ләһәб осы ха-барды естіген кезде Суәйбаны күңдіктен босатып, азат етті. Имам Бухари риуаят еткен бір хадисте осы бір жақсы ісі үшін әрбір дүйсенбі күні Әбу Ләһәбтің азабы сәл де болса жеңілдетілетіні айтылған.

Нәрестенің құлағына азан айтуНәресте туылған соң атқарылатын келесі бір іс оң құлағына

азан, сол құлағына қамат айту мұстахаб – жақсы амалға жатады. Әл-Байһақи мен әс-Сунни Хасан ибн Әлиден (р.ғ.) Алла Елшісінің (с.ғ.с.): «Кімде-кімнің баласы туылғанда оң құлағына азан айтып, сол құлағына қамат айтылатын болса, онда ол нәрестеге «умму сибян» әсер ете алмайды», – дегенін жеткізді. «Умму сибян» – сәбилерді ауруға шалдықтыратын жел немесе жынның әсері.

Нәрестеге азан айтудың мәні мен сыры – азан сөздерінен шайтанның қашатындығында. Әбу Һурайрадан (р.ғ.) жеткен ха-дисте Алланың Елшісі (с.ғ.с.): «Нәрестенің туылған кездегі дау-ысы шайтанның әзәзілдігінен», –деген».

507 «Имран» сүресі, 39-аят. 508 «Мәриям» сүресі, 7-аят.

Page 373: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 373

Тахник – нәрестенің таңдайын тәтті нәрсемен сүртуЕсте болуға тиіс діни жоралардың келесі бір түрі тахник жа-

сау, яғни нәрестенің таңдайын тәтті құрма сияқты нәрсемен сүрту. Тахник сөзі құрманы шайнап, сонымен нәрестенің таңдайын сүрту дегенді білдіреді. Шайналған құрманы саусақтың үстіне қойып, нәрестенің аузына салып, таңдайына жағып, уқалайды.

Таңдайды уқалаудағы мақсат – жаңа туған нәрестенің ауыз бұлшық еттерін нығайтып, емшек емуге дайындау болуы мүмкін. Бұл амалды тақуа ізгі адамдарға жасатқан дұрыс. Тахник ама-лына мына хадистер дәлел болады. Әбу Муса әл-Ашғари (р.ғ.) өзінің ұлы туылғанда оны Пайғамбарға (с.ғ.с.) алып барады. Сон-да Алланың Елшісі (с.ғ.с.) оның атын Ибраһим деп қойып, бір құрмамен таңдайын уқалап, береке тілеп, дұға қылады.

Нәрестенің шашын алуМұсылмандық салттың тағы бір түрі – нәресте туылғаннан

біраз уақыт өткен соң шашын алып, сол шаштың салмағындай күміс мөлшерінде садақа беру керек. Бұл амалдың пайдасы, нәрестенің денсаулығының күшейюіне әсер етеді әрі оның шашының салмағындай садақа беру қоғамдағы ынтымақты нығайтады. Бұл амалға Ибн тағы бір хадисте Алланың Елшісі (с.ғ.с.) қызына: «Уа, Фатима! Оның шашын алып, сол шаштың салмағындай күміспен садақа бер», – деп бұйырғаны да бар.

Ақиқа Мұсылмандық дәстүрдің келесі түрі туылған нәрестеге

арнап, ақиқа құрбандығын шалу. Қазақ халқында мұның бір көрінісі шілдехана жасау. Ақиқа – нәресте туылғанда Алла тағаланың ұрпақ беру нығметіне шүкіршілік ретінде сойы-латын құрбандық түрі. Алланың Елшісі (с.ғ.с.) ақиқа туралы сұрақ қойылғанда: «Кімнің баласы туылып, баласы үшін құрбан шалғысы келсе, шалсын», – деді.509

Ақиқа құрбандығы бала туылған соң жетінші күні сойы-лады. Осы құрбандықтың үкіміне келер болсақ, шариғат

509 Мәлік бин Анас әл-Муатта кітабында риуаят еткен

Page 374: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері374

ғалымдары екі түрлі пікір айтқан. Оған кейбір риуаяттардың бір-біріне қарама-қайшылығы себеп болған.

1. Ханафи мәзһабының ғұламалары ақиқа құрбандығы мұстахаб емес мубах, яғни орындау-орындамау әркімнің өз еркіне қалдырылған іс деп үкім берген. Олардың айтуынша, ақиқа шалу амалы Құрбан айт кезінде құрбан шалу туралы үкім түскеннен кейін жойылған. Айша (р.ғ.) анамыздан жеткен риуаятта: «Құрбан айт кезіндегі құрбан шалу амалы өзінен алдынғы құрбан шалу түрлерін түгелімен жойды», – делінген.

2. Ханафи мәзһабынан басқа мәзһабтардың ғалымдары туылған нәрестеге ақиқа құрбандығын шалу сүннет амалынан де-ген үкімді берген.

Сумрадан (р.ғ.) жеткен риуаятта Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бы-лай деген: «Әрбір бала өзінің ақиқасына тәуелді: оның атынан жетінші күні сойылып, оның (баланың) шашы алынады».510

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ұл бала үшін екі қой, қыз бала үшін бір қой сойылсын», – деген.511

Ақиқа құрбандығының етін жеумен қатар оны садақа ретінде тарату – мустахаб амалына жатады. Алла тағала ақиқа құрбандығын туылған сәбидің ана құрсағынан дүниеге келген сәттегі шайтанның оған салатын азғыруынан азат ету ретінде жасаған. Сондықтан Пайғамбар (с.ғ.с.): «Туылған бала ақиқасына тәуелді, сондықтан да оның атынан құрбан шалып, алдындағы кедергіні жойыңдар», – деген. Дұрысын Алла біледі.

Емізу мәселесіМұсылмандық салттың келесісі – анасының туылған нәрестені

емізіп, уызына тойдыруы. Мұны барлық ғалымдар мақұлдаған. Баласын толық емізгісі келген ана екі жыл емізеді. Осыған байла-нысты Құран кәрімде:

ضاعة و على المولود و الوالدات يرضعن أولدهن حولين كاملين لمن أراد أن يتم الر

له رزقهن و كسوتهن بلمعروف ل تكلف نفس إل وسعها ل تضآر والدة بولدها ول

510 Сунан кітаптарының авторлары мен имам Ахмад риуаят еткен.511 Термези риуаяты.

Page 375: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 375

مولود له بولده وعلى الوارث مثل ذلك فإنا أرادا فصال عن تراض منهما و تشاور فل

م أن تسترضعوا أولدكم فل جناح عليكم إذا سلمتم ما آتيتم ناح عليهما و إن أردت ج

بالمعروف واتقوا الل واعلموا أن الل بما تعملون بصير«Аналар балаларын толық емізгісі келсе, толық екі жыл

емізсін. Ананың тиісті қорегі мен киімі, баланың әкесіне мін-дет. Әркімге шамасы келетіні ғана жүктеледі. Сондықтан да ана баласы үшін зиян шекпесін, сонымен қатар туылған бала-сы үшін әке де зиян тартпасын. Мирасқордың (яғни баланың) міндеті де сол сияқты. Ал егер өз разылықтарымен және өзара кеңесіп, баланы емізуден шығарғылары келсе, ешқандай күнә жоқ. Егер сүт ана жалдағыларың келсе, белгілі ақысын беру шартымен мұнда да еш күнә жоқ. Аллаһтан қорқыңдар. Расында Алла тағала істеген нәрселерді көруші».512

Бұл аяттан төмендегідей үкімдер шығады. Емізудің толық мерзімі – екі жыл. Егер анасы мен әкесі келісіп, кеңесіп нәрестені екі жылға жетпей емізуден шығарғысы келсе, әрі одан сәбиге ешқандай зиян келмейтін болса, оған рұқсат. Қазіргі жас келін-шектер тәндерінің сұлулығын сақтаймын, ұйқыдан қалдырады деп, сәбилерін емізуден ерте шығарып жатады. Бұл дұрыс нәрсе емес.

Ана омырауынан сүт еміп, уызына тою баланың хақысы бо-лып табылады. Егер анасы баланы емізуден бас тартса, Алла ал-дында күнәһар саналып, арғы дүниеде осы ісі үшін жауапқа тар-тылады. Алайда, қазылық емізуден бас тартқан ананы мәжбүрлей алмайды. Мына жағдайлар туындаған кезде ғана ана баланы емі-зуге мәжбүрленеді. Олар:

1. Емшектегі сәби өз анасының омырауынан басқа әйелдің сүтін ембесе, баланы аман алып қалу үшін анасы емізуге міндет-теледі.

2. Анасынан басқа емізетін жан табылмаған жағдайда анасы міндеттеледі.

512 «Бақара» сүресі, 233-аят.

Page 376: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері376

3. Тек анасымен жалғыз қалған немесе әкесінің бөгде әйелді сүт ана ретінде ешкімді жалдай алмаған жағдайда да анасы мін-деттеледі.

Аталған жағдайлар тумаса, емізуден бас тартқан ана мәжбүрленбейді де әкесі ақыға емізетін ана жалдайды. Ақыға емізуге келіскен бөгде әйелмен сәби арасында туыстық туып, әйелдің балалары емген баланың сүт бауырлары ретінде есепте-леді.

Сүндетке отырғызуСүндетке отырғызу да мұсылманшылықтың салты болып та-

былады. Әбу Һурайрадан (р.ғ.) жеткен бір хадисте Алла Елшісі (с.ғ.с.) былай деген:

ارب وتقليم ونتف البط الفطرة خمس الختان والستحداد وقص الش«Бес нәрсе фитрадан (әуелгі жаратылыстағы әдеттерден).

Олар: сүндетке отыру, денедегі түктерді алу, мұртты басу, тырнақтарды алу, қолтықтың түгін кетіру».

Сүндетке отыру – адамзат жаратылысындағы туа біткен сипаттардың біріншісі. Бұл Ибраһим (ғ.с.) пайғамбардан бері келе жатқан таза ханифтік діннің рәмізі саналады. Осы тазалық әдеттерін сақтауды Ибраһим (ғ.с.) пайғамбарға Алла тағала бұйырған.

Шариғат ғұламалары сүндетке отырудың үкімі жайында түрлі көзқараста. Мәлики, Шафиғи, Ханбали мазһабтары бойын-ша сүндетке отыру амалы әрбір ер мұсылманға уәжіп, міндетті іс. Ал Имам Әбу Ханифа Пайғамбардың (с.ғ.с.) сүннеті деген үкімге тоқтаған.

Бала балиғат жасына жеткенге дейін сүндетке отырғызу міндеттеледі. Себебі осы жаста балаға намаз да парыз. Сағид ибн Жубәйрден (р.ғ.) жеткен риуаятта адамдар Ибн Аббас (р.ғ.) Пайғамбар (с.ғ.с.) қайтыс болғанда, оның қанша жаста болғандығы жайлы сұрағанда: «Мен ол кезде сүндетке отырғызылған едім», – деп жауап берген. Зерттеуші ғалымдардың есептеуінше, Алла Ел-шісі (с.ғ.с.) дүние салғанда, Ибн Аббас (р.ғ.) он үш жаста болған.

Page 377: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 377

Бала тәрбиесіАлла тағала қасиетті Құран кәрімде былай дейді:

ها الذين آمنوا قوا أنفسكم و أهليكم نارا و قودها الناس و الحجارة يا أي«уа, иман келтіргендер! өздеріңді және отбасыларыңды

отыны адамдар мен тастар болған оттан (тозақтан) құтқарыңдар»513 .

واعلموا أنما أموالكم و أولدكم فتنة و أن الل عنده أجر عظيم «Біліңдер! Шындығында мал-мүліктерің және балаларың

сынақ, ал Аллаһтың алдында-үлкен сый»514.Ибн Омар (р.ғ.) Алла Елшісінің (с.ғ.с.) былай дегенін риуаят

еткен:

جل راع كم مسؤول عن رعيته، المام راع ومسؤول عن رعيته، والر كم راع وكل كل

في أهله وهو مسؤول عن رعيته، والمرأة راعية في بيت زوجها ومسؤولة عن رعيتها،

جل والخادم راع في مال سيده ومسؤول عن رعيته، -قال: وحسبت أن قد قال: والر

كم راع ومسؤول عن رعيته راع في مال أبيه ومسؤول عن رعيته- وكل«Сендердің бәрің де жауаптысыңдар, бәрің де өз отарларыңа

жауаптысыңдар. Әмірші адамдарға бақташы, ол сол отарына жауапты, ер кісі өз отбасына бақташы, сол отарына жауапты, ал әйел күйеуінің үйіне және баласына бақташы әрі соларға жау-апты, кісінің құлы (қызметкері) қожайынының малына бақташы әрі соған жауапты. Әлбетте, бәрің де бақташысыңдар әрі бәрің де өз отарларыңа жауаптысыңдар».

Балаларды сүйіспеншілікпен тәрбиелеп, махаббат нұрын жаудыру – әр ата-ананың міндеті. Бұл тұрғыда ең бірінші үлгі тұтарымыз – Пайғамбарымыз (с.ғ.с.). Ол бірде балаларын еміреніп сүймейтінін айтқан бәдәуиге: «Алла тағала жүрегіңдегі мейірімді алып қойған болса, мен не істейін енді?» – деп реніш білдірген. Себебі, мейірімділікпен өскен бала да мейірімді бо-лады. Мейірімділік жүректі жібітіп, жұмсақтығын жоғалтпауын

513 «Тахрим» сүресі, 6-аят.514 «Әнфал» сүресі, 28-аят.

Page 378: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері378

қамтамасыз етсе, қатыгездік пен салқындық, керісінше, жүректі қатайтады.

Тәрбиенің басты ұстанымдарыЖанұя құрумен бірге ата-аналардың ұрпақ тәрбиесіндегі

жауапкершіліктері де аса зор. Балалық шақ және жасөспірімдік кезең адам өміріндегі сенім мен мінез-құлық сияқты бас-ты ұстанымдардың қалыптасатын кезеңі. Адамның тұлғалық жағынан қалыптасуы отбасынан бастау алады. Жанұя тұлғаның шынығып, қалыптасатын шеберханасы десе де болады. Тұлғалық қасиеттер жанұя жағдайында бірте-бірте қаланады. Содан кейін осы қалыптасқан қасиеттер, әдетте, ешқандай өзгерістерге ұшырмайды да, мызғымас тұлғалық тұтастыққа айналады.

Сәбиге туған кезден бастап жақсы тәрбие беру керек. Оның тыныш, мамыражай жағдайда өскені жөн. Оған қатты дауыс көтеріп ұрсуға, жекуге, қорқытуға болмайды. Сондай-ақ айқай-шу, төбелес сияқты жағымсыз көріністер көрсетілмеуі тиіс. Мұндай әрекеттер баланың жүйкесіне теріс әсер етіп, оның ақыл-есінің кемуіне әкеп соғуы ықтимал.

Қазіргі заманда кейбір ата-аналар баласының жағымсыз қылықтары мен жүріс-тұрыстары туралы шағымданып пси-хологтардан ақыл-кеңес сұрап жатады. Алайда, көп жағдайда сондай келеңсіздіктердің себебі өздерінде екенін түсінбейді. Өйткені, олардың өздері де сондай түрлі қателіктерге ұрынып, жүйке жүйелері бұзылған жандар. Өз қате-кемшіліктерін түсінбегендіктен, сәбилерінің неліктен ондай болып шыққандығына қайран қалады. Осыған байланысты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген:

رانه دانه وينص كل مولود يولد على الفطرة حتى يكون أبواه هما اللذان يهو«Әрбір туылған сәби фитрада («әуелгі таза болмыста»

– яғни еш нәрседен бейхабар пәк болып) туылады. Кейін әке-шешесі оны не яһуди, не христиан, не отқа табынушы қылады. Бұл хайуанның хайуан туғаны іспеттес. Сен одан (туған төлден

Page 379: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 379

егер оның енесі мұрны кесілген пұшық болса) пұшықтықты көресің бе?»515

Сондықтан ата-ананың балаға дұрыс үлгі болуы – игі ұрпақ тәрбиелеп шығарудың басты талабы.

Сәбидің дамуындағы ең маңызды кезең оның өмірінің алғашқы он жылдығы болып саналады. Педагог-психологтардың айтуларынша, баланың ақылдылық, интеллектуалдық қабілетінің 80 пайызы алғашқы жеті-сегіз жылда ашылып, жетіледі. Сондай-ақ, тұлғалық жан-жақты және үйлесімді қалыптасуы да осы кезеңде жүреді.

Әсіресе, алғашқы екі жылдағы тәрбиенің маңызы өте зор. Се-бебі, бұл сенімділік, шынайылық сезімдерінің іргетасы қаланатын кезең. Сондықтан да осы кезеңде нәрестеге тұрақты әрі үйлесімді сүйіспеншілікпен, үлкен мейірім-шапағатпен қарау керек. Мәселе нәрестені кім бағып жатқандығында емес, сүйіспеншіліктің тұрақты болуында. Тәжірибелердің көрсеткеніндей, тез ауысып, өзгеріп тұратын орталарда өскен балалардың бойында уақыт өте келе қоршаған ортаға деген сенімсіздік пайда болады. Мысалы, Филиппин елінде жүргізілген тәжірибелерде балалық шағында сүйіспеншілік пен ыстық ықыластың құшағында өскен бала-лар есейген кезінде аса сабырлы, байыпты әрі ұстамды болып қалыптасқан. Сондықтан ештеңеден хабарсыз болып көрінетін алғашқы сәбилік кезеңнің, шын мәнінде, бала санасының қалыптасуындағы рөлі ерекше.

Сонымен, бала тәрбиесінің басты ұстындарын былайша бөлуге болады:

1. Жаңа туылған нәрестеге мейлінше сүйіспеншілікпен, мейірім-шапағатпен, ыстық ықыласпен қарау керек. Алғашқы кезеңде мұның барлығын оның анасы береді. Алайда, мейірімнің өзі мөлшермен берілуі тиіс. Шектен тыс әлпештеп, еркелету нәрестенің өзімшіл болып өсуіне әкеліп соқтырады.

2. Өзін-өзі ұстай білу, сабырлылық сезімін қалыптастыру. Қалауын орындату талабы нәрестенің бойында алғашқы кезеңнің өзінде-ақ пайда болады. Бірақ оның ырқына көне беруге болмай-

515 Әбу Һурайрадан (р.ғ.) имам Бұхари риуаяты.

Page 380: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері380

ды. Анасы оның еріксіз дәрет жіберіп қоюына, жылауына, қайта-қайта тамақ сұрауына шектеу қойып, ұстамдылық қалыптастыруы тиіс. Өсе келе оған әңгімелесу мен үлкендермен қарым-қатынаста ұстамды, әдепті болуға үйрету керек. Бала басынан-ақ өзінің қалауының шектелуі екенінен нақты, шынайы түрде хабардар бо-луы қажет.

Әсіресе, қандай жағдайда да балаға жалған сөйлемеген жөн. Бұған Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мына хадисі дәлел. Абдуллаһ ибн Амир (р.ғ.) былай дейді: «Бір күні үйімізде Алла Елшісі (с.ғ.с.) отырған кезде анам: «Бері кел, бірдеңе беремін», – деп мені шақырып алды. Сонда Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Оған не бермек-ші едіңіз?» – деп сұрады. Анам: «Бір түйір құрма бермекші едім», – деді. Сонда Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Егер ештеңе бермегеніңде, саған бір өтірік жазылар еді», – деді.516

3. Ата-ананың жақсы үлгі болуы. Алғашқы кезеңде нәресте айналасындағы адамдарға еліктейді. Ал 5-7 жастан бастап жаман мен жақсыны ұғына бастайды. Осы уақытта оған жақсы достар керек. «Ұлың өссе, ұлы жақсы болғанмен көрші бол, қызың өссе, қызы жақсы болғанмен көрші бол» деп қазақ тегін айтпаған.

4. Жақсы білім беру. Жалпы бала тәрбиесінде ислам дінінің қайнар бұлақтары – Құран мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетіне сүйену керек. Осы негіз бойынша Аллаһтың алдында жанұя үшін әкенің жауапкершілігі үлкен екендігін айтқан жөн. Аллаһ Елшісі (с.ғ.с.) былай деп өсиет еткен:

إذا مات ابن آدم انقطع عمله إل من ثلث صدقة جارية أو علم ينتفع

به أو ولد صالح يدعو له«Өлген соң адамның барлық амал дәптерлері жабылып, тек

мына үш амалдың ғана сауаптары оған үздіксіз жетіп тұрады. Олар: берген жария садақасы, (мысалы, құдық, көпір, медресе салу) пайда келтіретін білімі, (таратқан білімі) артынан қалған игі перзентінің ата-анасы үшін жасаған дұға-тілектері.».

516 Әбу Дәуіт риуаяты.

Page 381: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 381

Егер ата-ана нағыз шынайы мұсылман етіп тәрбиелей алса, олардың баласы қияметте жұмақ қақпасының алдында отырып: «Әке-шешем кірмесе, мен де кірмеймін»,-деп отырады. Ізгі ұрпақ тәрбиелегені үшін ата-анаға осы дүниеде де, ақыретте де үлкен құрмет, шексіз қошемет бар.

Жалпы баланың тәрбиесіне әсер ететін төрт фактор бар:1. Отбасы.2. Сыртқы орта («көше»).3. Мектеп.4. Қоғам және жалпы қоғамдық мәдениет.Демек, бала тәрбиесі ата-ананың, мектептің, қала берді

жалпы мұсылман қоғамының ортақ ісі. Жаратушы Хақ тағала мұсылмандардың ізгі істерде әрдайым тізе қосып, бірге іске асы-руларына үндейді. Осыған байланысты Алла тағала:

ثم و العدوان و تعاونوا على البر و التقوى ول تعاونوا على ال«Ізгілік пен тақуалықта ынтымақтасыңдар, күнә мен

дұшпандықта ынтымақтаспаңдар», – деген.517

Сонымен қатар, баланы тым әлпештеп, аялап, мамы-ражай тұрмысқа үйретпеу керек. Қарапайым тіршілікке, қанағатшылдыққа баулу керек. Өйткені, шектен тыс рахат, тоқшылық ортада өсу ұрпақтың әлжуаз, аурушаң немесе кердең-кербез болып шығуына апарып соқтырады. Хадисте былай делі-неді: «Тым тоқшылдықтан сақ болыңдар! Расынды Аллаһтың құлдары қанағатсыз емес».518

Абай атамыз айтқандай:«Тамағы тоқтық,Жұмысы жоқтықАздырар адам баласын!»Ата-ананың есейген балаларын ерте жастан еңбек ету-

ге үйретіп, өзінің құрдасындай тұтып, кей істерде ақылдасып, кеңесіп отырғаны жөн. Сонда ғана бала өз бетінше еңбек етуге үйреніп, алдынан шыққан қиындықтардан оңай жол табатын бо-

517 «Мәида» сүресі, 2-аят.518 Имам Ахмад риуаят еткен.

Page 382: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері382

лады. Халық нақылында: «Алтыға дейін патшаңдай сыйла, ал-тыдан кейін құлыңдай жұмса, он алтыда досыңдай сырлас» де-лінеді.

Кімде-кім баласын тәрбиелеуге, оған пайдалы нәрселер үйретуге салғырт қараса, орны толмас қателік жасаған болады. Балалардың әдепсіз бұзық болып шығуына көбіне ата-аналардың өздері кінәлі. Өйткені олар балаларына дұрыс тәрбие беруге, діннің алғы шарттары мен Пайғамбар (с.ғ.с.) сүннетін үйретуге немқұрайлы қарайды. Көбі мұны өздері де білмейді. Баланы жа-сынан ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелемеген соң, есейген кезде олар ешкімге де опа бермесі анық.

Page 383: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

383

Қасымхан АбдуллаұлыҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы,

Қызылжар орталық мешітінің бас имамы

АРАҚ – БүКІЛ БӘЛЕНІң КөЗІ

Бұл арақты ішіп еді қай бабаң?Ішпек түгіл ауызын да шаймаған.Алла бізге арам деді арақтыЗияны көп болғаннан соң пайдадан..

Арман Бердалин

Жалпы, ішімдік сөзі «ішуге болатын барлық сұйық заттарды» білдіргенімен, діни әдебиеттерде һәм еліміздің әдет-ғұрпында діни тұрғыдан ішуге болмайтын мас қылатын сұйық заттардың арнайы атауы. Фиқһ саласында бұл тақырып жалпы түрде «әл-әшриба» тармағында талқыланады. Қазақ тілінде «ішімдік» сөзімен де сол мағына, яғни, діни тұрғыдан ішуге болмайтын, мас қылатын алкогольді сұйық заттарды айтамыз.

Адамзат тарихындай көне тарихы бар және барлық кезеңдер мен қауымдарда болған ішімдік және оған үйреншікті болу – Құран түскен кезеңде Хижаз-араб аймағында да етек жайған әдет еді. Ислам адамзатты зұлымдықтан, адасудан және барлық жамандық атаулыдан сақтап, заттық һәм рухани бақытқа кенелтіп, адамның жан дүниесі мен қоғамға тыныштық сыйлауды мақсат тұтқан мейірім діні болғандықтан, адамның есін ауыстыратын, ақылын тұмшалайтын ішімдіктерге үзілді-кесілді тыйым салды. Әрі бұл жаман әдетке қарсы адамның ақылы мен еркі арқылы жасайтын күресінде оны жалғыз тастамай, қолдау мен тіреу болды.

Ақиқат жаршысы Құран адамзатты жер бетіндегі ең қымбат, ең абыройлы жаратылыс ретінде сипаттап, таныстырады. Құранның «Тин» сүресінде: نسان في أحسن تقويم لقد خلقنا ال

Page 384: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері384

«Расында адамзатты ең көркем бейнеде жараттық»519, – деп баяндауы осыны айғақтайды.

Себебі адам баласына басқа жаратылыстарға берілмеген көптеген қасиеттер дарытылған. Сондықтан да асыл дініміз-де адам баласының тәнімен бірге рухының да қорғалуы мақсат тұтылады. Оны төмендегіше түсіндіруімізге болады: Ислам діні жанды, ақылды, нәсілді және мал-мүлікті қорғауды бес негізгі қағида еткен. Бұларды қорғау тұрғысында Құран мен сүннетте көптеген әмірлер мен тыйымдар келтірілген. Міне, осы рет-те Исламның мас ететін, ақыл мен рух тепе-теңдігін бұзатын, адамның жүйкесін тоздыратын заттардың қолданылуына тыйым салуы және бұларды қолданғандарды жазаға кесіп, адамдарды мұндай заттардан алыс ұстауға әмір етуі аса мәнді. Құран Кәрімде бұл туралы былай бұйырылған:

يطان فاجتنبوه لعلكم ها الذين آمنوا إنما الخمر والميسر والنصاب والزلم الش يا أي

يطان أن يوقع بينكم العداوة والبغضاء في الخمر ن عمل إنما يريد الش تفلحون رجس م

نتهون الل عن ذكر لة فهل أنتم م كم وعن الص والميسر ويصد

«Ей, иман келтіргендер! Арақ, құмар, бұтқа табыну, бал ашу - лас, нәжіс шайтанның істерінен», Сондай-ақ, аяттың жалғасында: «Расында шайтан, арақ және құмармен араларыңа дұшпандық, бір-бірлеріңді көреалмаушылықты салып, Ал-ланы еске алумен намаз оқып, сауап алудан тосқысы келеді. Әлі де тоқтамайсыңдар ма?» – дейді.520

Ал, Рахым пайғамбары (с.ғ.с.) бұл туралы былай деген: «Мас қылатын әр нәрсе хамр. (арақ, шарап) Ал әрбір хамр – харам».521 «Мас ететін нәрсенің азы да харам».522 Әнас ибн Мәлік (р.ғ.) жеткізген тағы бір хадисте:

519 «Тин» сүресі, 4 аят.520 «Маида» сүресі, 90-91 аяттар521 Бұхари, Әдеп 80, Мүслим, Әшрибә, 73. 522 Тирмизи, әшрибә, 3. Әбу Дәуіт, Әшрибә, 5.

Page 385: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 385

أنس بن مالك - رضي الل عنه - قال : » لعن رسول الل -صلى الل عليه وسلم- في

الخمر عشرة : عاصرها ومعتصرها ، وشاربها ، وساقيها ، وحاملها ، والمحمولة إليه،

وبائعها ، ومبتاعها ، وواهبها ، وآكل ثمنها «Пайғамбарымыз (с.ғ.с) араққа қатысты он нәрсеге:

жасаушыға, жасатушыға, ішкенге, ішкізгенге, көтергенге, көтерткенге, сатушыға, сатып алушыға, сыйға тартушыға, арақты сатып ақшасын пайдаланғанға» лағынет айтып, тым ауыр түрде ескерткен еді. Осы хадистің үкіміне қарағанда, мұсылманның адамдарға арақ сыйлауына әсте болмайды. Тіпті, сыйлық ретінде йаһудиге, христианға және басқа адамға беруі де харам саналады. Бірде Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) бір кісі арақ құятын ыдысты сыйға бермек болады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ол кісіге: «Бұл харам», – деп түсіндіреді. Ол кісі: «Бұл ыдысты са-тайын ба?» деп сұрады. Пайғамбар: (с.ғ.с.): «Ішуге тыйым еткен Алла оны сатуды да харам еткен», – деді. Әлгі адам: «Мұны йаһудиге сыйға берсем ше?» – деп сұрайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Алла харамды йаһудиге сыйлық етуге де тыйым салған», – деді.523 Тіпті, арақ-шарап ішілген дастарханға отыруға тыйым салған еді.

Ал бүгінде осы уды наннан бұрын дастарханға қойып, жақыны мен туысын у беріп, сыйлауды алға қойған адамдардың ақиреттегі жайы қандай болмақ?! Қандай да бір қуаныш, той-ларда Аллаһтың харам еткенін қолға ұстап тұрып, тілек айту да бұлжымас қағидадай қалыптасып қалған. Айтыскер ақын Арман Бердалин:

Қолымызға арақ алып: «Иә, Алла,Ұл-қызымды бақытты ет» деп сұраймыз.Ұл-қызымыз бақытсыз боп кетсе егер,«Саған, Құдай, не жаздым?» деп жылаймыз... – деп, осын-

дай келеңсіз жайттарды дөп басқан.Иә, шығыстың ен даласын жалпағынан басып, сауық-сайран

салған бабаларымыз күндердің күнінде өз ұрпағының батыс-

523 Әбу Дәуіт, әшрибә, 2. Ибн Мажа, әшрибә, 6.

Page 386: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері386

тан судай ағылған араққа санасы уланатынын білді ме екен? Бүгінде бұл маскүнемдік қоғамды жайлаған індетке айналды. Иә, тәуелсіз қазақ елінде де осынау әлеуметтік індеттің тамыры тереңдеп бара жатқаны өзекті өртейді. Ішкіліктің салдарынан талай жастың өмірі қыршынынан қиылып, қаншама отбасының шаңырағы шайқалды. Арақтың адам денсаулығына ғана емес, сондай-ақ, қоғамға тигізер зияны да шаш етектен. Түрлі ауру-лар мен қылмыстардың да түп атасы – арақ. Оның салдарынан қаншама халық (ұлт) пен өркениет азғындыққа ұшырап, жер беті-нен жойылып кеткені тарихтан мәлім. Осындайда айтыскер ақын Балғынбек Имашевтың:

«...Тарихын тасқа жазған бабалар-ай, Ұрпағыңның тағдыры қандай зарлы? Тас жазуды оқымақ түгілі олар, Бас жазудан арыға бармай қалды...», – деген жыр жолдары

еріксіз ойға оралады.Арақтың хазірет пайғамбарымыз (с.ғ.с.) тарапынан: «Арақ

барлық жаманшылықтың кілті»524, – аталғаны баршамызға бел-гілі. Өзіңіз ойлапкөріңізші, отбасының берекесіздігі мен ажыра-суды туғызып отырған ең үлкен бәлекеттің бірі де арақ әкелген тынышсыздық. Арақ тектес ішімдіктер жаралану, зорлық көрсету, адам өлтіру тағы басқа әртүрлі қылмыстың туындауының да ең басты себептерінен.

Жалпы арақты араб тілінде «хамр» деп атайды. Бұған ақыл естен айыратын барлық мас қылатын ішімдіктер жатады. Мас қылатын ішімдік адамның ақыл-есін жоғалтып, жасырып тұратын болғандықтан, «жасырып тұру» түбірінен шығатын «хамр» ата-уы берілген. Араб тілінде әйелдердің жүзін жасырып тұратын орамал да осы сөзбен түбірлес «химар» деген атаумен аталады. Демек, арақтың кесірі адам ақылын алжастырып, оны өзіне есеп бере алмайтын күйге келтіруінде.

Шынында да ғылым мен техника дамыған сайын, бұл ақиқаттың туралығы дәлелденуде. Арақ тек денсаулыққа зи-

524 Хадисті Убада ибн Сомиттен (р.ғ.) Имам Табораний риуаят етті

Page 387: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 387

янды болып қалмастан, қылмыстың, жол апаттарының және жұмыссыздыққа ұрынудың да ең басты себептері болып отыр.

Спиртті ішкілікті жүйелі түрде пайдалану бауырдың, жүректің, жүйке жүйесінің зақымдануына алып келеді. Жыныстық қатынас арқылы жұғатын ауруларды қоздыра түседі. Бұл кеселдің 70 пайызы мас болу кезінде жұқтырылатыны анықталған. Ащы суды пайдаланудың кесірі бедеулікке ұрындырып, ұрпақтың дене бітімі мен ойлау қабілетінің дұрыс жетілмеуіне де әсер етеді.

Құрамында алкоголь бар ішімдіктер дақылдар мен жемістердің шырынынан жасалады. Бұл ішімдіктердегі адамды мас қылатын, яғни, нақтылы залал келтіретін зат көбінесе этил спирті деп аталған химиялық зат. Әртүрлі арақта белгілі бір мөлшерде этил спирті болады. Сыра арақтың бір түрі, тек оның спирт дәрежесі біраз төмен болады. Сондықтан да Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Арақ болмаса да мас қылатын нәрсенің ешбірін ішуші болмаңдар!»-деп ескерткен.525 Бұл жердегі «...мас қылатын нәрсенің ешбірін» дегенде яғни, сыра, коньяк, шампан, шарап, т.с.с. айтқан.

Арақ, адам денесінде бауырда буға (окситке) айналады, яғни, жанады. Осында су және көмір қышқыл газына дейін бөлінеді. Аз бір бөлімі бүйрек жолдарынан және тыныс арқылы ауыздан шығады. Сондықтан арақ ішкен адамның демі алкоголь сасиды.

Арақ ішкіш адам қоғамға рухани және заттық ауыртпалық, қиындық туғызатын масыл күйге ұшырайды. Олар бара-бара «маскүнем боламыз» деп, әсте, ойламайды. Алайда, жүре келе маскүнемге айналып, өмірін де, ақиретін де құрдымға кетіреді.

Расында, қоғамда мас адамды ешкім де жақсы көрмейді. Ішімдік ішкеннен кейін: науқасынан сауығып кеткен, кедейшілік-тен құтылған, ел арасында абыройға ие болған пенде бар ма, бұл дүниеде? Ондай адам жоқ.

Арақ-шараптың науқастарды емдеуде қолдануға болатын-болмайтындығын сұрағандарға Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ол – дәрі емес, дерт», – деп жауап берген. Өйткені, iшімдік – сау адамды ауру, байды кедей, абыройлыны жексұрын етедi. Дана халқымыз «Арақ – ардан айырады» деп бекер айтпаған. Әлемнің

525 Хадисті Бурайдадан Имам Муслим рияуат етті.

Page 388: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері388

түкпір-түкпірінде ішімдік проблемасына қатысты түрлі-түрлі бас қосулар өтіп жатыр. Отырыстағы ғалымдардың барлығы біра-уыздан оның бір тамшысының өзінен адамның ағзасында және рухани болмысында кейбір кінарат (деформация) пайда болаты-нын талмай айтуда. Ал, екі жаһан саруары пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл туралы он төрт ғасыр бұрын үмбетін арақтан шектеп, кет-кен.526

Шынында да, бұл дүниеде арақ ішкен адамдар жексұрын көрініп, тіпті бала-шаға алдында да абыройы айрандай төгіліп жатқаны ақиқат. Мұның ар жағы үмітсіздікке ұрындырып, пен-дені харамның батпағына батыра түседі. Иә, қоғамды жайлаған осы дертті тағы да Арман ақынның «Қазақ пен арақ» толғауымен сабақтастыра түссек деймін.

Арақ осы қай адамды бай қылған, Талайларды түзу жолдан тайдырған. Қайран жұртым қайда барып тоқтар деп, Құнанбайдың баласы да қайғырған.Арақ ішсең кімге сыйлы боларсың?Мас адамның құны төмен маймылдан.Ішіп алып үсіп өлсең, ұл-қызынӨлігіңді тауып алады қай қырдан? Ал, арақ ішкіш адамның ақиреттегі жағдайы қандай болмақ?

Ғаламның Рақым нұры пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Ішкілік ішетін адам Қиямет күні Алла тағалаға мас күйде жолығады. Алла тағала:

– Ей, сорың құрғыр! Не ішкенсің? – деп сұрағанда, ол:– Арақ, – деп жауап береді.– Мен оны саған харам етпедім бе?– Иә, харам еткенсің, – деп жауап береді. Осыдан кейін Алла

тағала оны отқа тастауға бұйырады», – деген.527

1929 жылы Америкада мемлекеттің шешімімен араққа тыйым салынған. Сонымен қатар бұл жөнінде көптеген үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, ішкен адамдар қатты жазаланған. Бірақ,

526 Х.Өзтүрк, Ислам ғылымхалы ІІ, 373-бет. 527 А.Махат. «Таңдамалы сахих хадистер» (жинақ).

Page 389: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 389

бұған мемлекеттен көп қаражат жұмсалып, қанша күш-жігер салғанымен иман мәселесі болмаған соң олар табысқа жете алмаған еді. Ал, Ислам діні арақ ішуді қалай тоқтатты?528

Жаһилият (Ислам діні келгенге дейінгі уақыт) заманында арабтар араққа қатты берілген. Тіпті, сол кездің өзінде арақтың 100 түрлі аты болғаны айтылады. Ислам діні келуімен араб жази-расында арақ ішу бірте-бірте жойылды. Алдымен адамдарды мас ететін ішімдіктердің жаман қасиеттері туралы ойланып, белгілі бір ой деңгейіне жеткізу көзделген еді. Арақтың зияны көп екені туралы:

يسألونك عن الخمر والميسر قل فيهما إثم كبير ومنافع للناس

وإثمهما أكبر من نفعهما«Мұхаммед! Олар сенен iшімдік пен құмар ойнаудың

үкiмiн сұрайды. Сен: «Оларда үлкен күнә мен адамдарға пайда да бар, алайда оның күнәсi пайдасынан тым зор, деп айт» де-ген насихаттық мағынадағы аят келді.529 Бұл аят түскеннен кейiн мұсылмандардың бiразы iшкiлiктi тастайды. Алайда, аяттағы «адамдарға пайда бар...» деген сөзге иланып әлi де ішімдіктен тыйыла қоймағандар да баршылық едi. Соның бiрi әйгілі сахаба Абдурахман ибн Ауф намаз оқып тұрып «Кәфирун» сүресiндегi: «Сендер (яғни, кәпiрлер) құлшылық еткен нәрселерiңе мен құлшылық етпеймiн» деп оқудың орнына, iшiмдiктiң әсерiнен: «Сендер (яғни, кәпiрлер) құлшылық еткен нәрселерiңе мен де құлшылық етемiн», деп аяттағы «лә» шылауын тастап кетеді. Осыған байланысты Пайғамбарымызға (с.ғ.с.):

لة وأنتم سكارى حتى تعلموا ما تقولون ها الذين آمنوا ل تقربوا الص يا أي«Ей, мүминдер! Не айтып жатқандарыңды бiлмейiнше

мас күйде намазға жақындамаңдар!» деген, арақты тыюдың екінші сатысындағы аят түсiрiлді.530 Тағы бiр отырыста iшiмдiктің әсерiмен қызу күйге түскен муһажирлер мен ансарлар әрқайсы-

528 Х.Өзтүрк, Ислам ғылымхалы ІІ, 374-бет.529 «Бақара» сүресі, 219-аят.530 «Ниса» сүресi, 43-аят.

Page 390: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері390

сы өздерiн мақтай бастайды. Мақтанудың соңы қызғаныш, ренiш, төбелеске ұласты. Осы оқиғадан кейiн жоғарыдағы «Маида» сүресiнiң 90-91 аяттары уахи етiлiп, iшімдікке толық тыйым са-лынды.

Яғни, Аллаһ тағала:

يطان ن عمل الش ها الذين آمنوا إنما الخمر والميسر والنصاب والزلم رجس م يا أي

يطان أن يوقع بينكم العداوة والبغضاء في الخمر فاجتنبوه لعلكم تفلحون إنما يريد الش

نتهون لة فهل أنتم م كم عن ذكر الل وعن الص والميسر ويصد«Ей, иман келтіргендер! Арақ, құмар, бұтқа табы-

ну, бал ашу – лас, нәжіс шайтанның тірлігінен. Шайтан, арақ және құмармен араларыңа дұшпандық, бір-бірлеріңді көреалмаушылықты салып, Алланы еске алумен намаз оқып, сауап алудан тосқысы келеді. Әлі де тоқтамайсыңдар ма?» деген үкімі арқылы түбегейлі тыйым салынды.531 Дәл осы аяттар түскен күні Мәдина мұсылмандары үйлерiндегі ішімдікті сыртқа төкті.

Сахаба Әнас ибн Малик бұл оқиға туралы: «Iшкiлiкке тыйым салынғаннан кейiн бiз үйлерiмiздегi арақ-шарапты көшеге шығарып төктiк. Төгiлген iшiмдiктiң көптiгi сонша бiрнеше күн бойы Мәдина көшесінен iшімдіктің иiсi мүңкiп тұрды», – деген.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Мәдина тұрғындарынан үйлерiндегi арақ-шарапты шығаруын бұйырып, ыдыстардағы iшкiлiктi өз қолымен төктi. Осы оқиғадан кейiн сахабалардың ешбiрi iшiмдiк iшпеген және оның саудасымен де айналыспаған.

Аятта «шайтанның лас жиіркенішті істері» деп аталған арақ адамға рухани һәм тәндік тұрғыдан тигізетін зардабы мен зиянын қатардағы қарапайым адамның өзі байқай алатындай, ғылыми зерттеу жұмыстарында да бұл мәселенің нәзік тұстары туралы маңызды қорытындылар шығарылуда.

Бүгінгі статистика бойынша жер бетіндегі халықтың үштен бір бөлігі ішімдік тұтынатындар. Ол дегеніміз 6 миллиардтан астам халықтың 2 миллиарды спирттік ішімдік тұтынады де-

531 «Маида» сүресі, 90-91 аяттар.

Page 391: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 391

ген сөз. Өкінішке орай, Қазақстан тұрғындары да ішімдікті көп тұтынатын елдердің қатарында екен. Жалпы еліміздегі халықтың 35,5 пайызы ішімдік тұтынса, ал 300 мыңнан астам адам ішімдік-ке салынғандар, дейді мамандар. Еліміздегі халық тұтынатын ішімдіктің бір жылдық мөлшерін жан басына шаққанда 12 литр арақ, 31 литр сырадан келеді екен. Бұл статистикалық мәліметтен ұғатынымыз, дүкен сөрелерінде шөлмектердің орын алуы экономикалық заңдылық бойынша сұраныстан туындап отыр. Сұраныстың қажеттілігін өтеу өндірушілер мен саудагерлер үшін таптырмайтын табыс көзі.

Америкалық академик Жулиус Херш көп жыл арақтан ары-лу мәселесін зерттей отырып, маскүнемдiкке қатысты жазылған еңбегiнде: «Мұхаммед (с.ғ.с.) Құран арқылы арақты шектеп және ғасырлар бойы адамзаттың бір тобын арақтың зардабынан қорғай бiлді. ХХ ғасырда өркендеген Америка әртүрлi ұрандар көтеріп және ғылыми конференциялар ұйымдастырып ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмады»,- деп ашық мойындайды.532

Ішімдікке қатысты хазiретi Осман р.а: «Ей, жамағат! Аллаһпен ант етем! Бiр жүректе маскүнемдiк пен имандылық бiрге тоғыспас. Оның бiрi екiншiсiн құртады» десе, хазiретi Біләл р.а: «Шараптың бiр тамшысы құдыққа тамып, кейiн сол құдықтың үстiне мұнара көтерiлсе, мен сол мұнарадан азан ай-тпас едiм. Егер шараптың бiр тамшысы теңiзге тамып, кейiн ол теңiз кеуiп, орнына шөп өнiп шықса, мен одан пайдаланбас едiм»,- дегені арақтың қаншалықты лас, харам екендігін білдірсе керек.

Адамды бiр ғана микроб өлтiруi мүмкiн. Сол сияқты ішiмдiктiң бір тамшысы жүректегi иманды жояды. Жаратушысының әмiрiне бой ұсынудан алыстатады.

ХІХ ғасырда өмір сүрген Тайжан биден ақырзаман қашан болады?-деп сұрағанда: ақырзаман белгілерін айта келіп:

Ашытқан судан асы болады,Адал-арамды білмейді.Азған адам осы болады,

532 Талғат Рысқұлбеков, «Iшімдік – барлық жамандықтың көзi».

Page 392: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері392

Адамда шолақ өмір болады.Құлшылық деген кәсіп болады,Ұрлық деген нәсіп болады.Етпен майды ас демейді,Шарапсыз ас жемейді.Ақырзаман осы болады! – деп жауап беріпті.Құрметті мұсылман қауым, ел боламыз десек ең алды-

мен халқымыздың тамырына балта шабатын арақтан аулақ болғанымыз абзал. Осы арақтың кесірінен небір қауымдар құрып кетті. Арақ атамыздан қалған ас емес.

Дінбасымыз Әбсаттар қажы Дербісәлі хазірет жыл сайын, рамазан айы қарсаңында отандастарымызға үндеу тастап ке-леді. Үндеуде арақтың зияндығы мен зардабынан құтылу үшін ең болмағанда бір ай дүкен сөрелеріне қойылмаса, дастарханнан аластатылса деген сөздер бар. Осыған құлақ асып, жақсылыққа үн қоссақ, нұр үстіне нұр болар еді. Арақтан абай бол, ағайын!

Page 393: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

393

Қондыбай Серікбайұлы Акпаров,ҚМДБ-ның Жезқазған өңірі бойынша өкіл имамы,«Ахмет Ишан Оразайұлы» атындағы Жезқазған

орталық мешітінің Бас имамы

ЖЕТІМ КөРСЕң ЖЕБЕй ЖүР

ث ا بنعمة ربك فحد ائل فل تنهر }{ وأم ا الس ا اليتيم فل تقهر}{ وأم فأم«...жетімді қорлама. Сұраушыны зекіме. Раббыңның

нығметін білдір.»533

Өзіне ғана құлшылық етіп, мінсіз мойнұсынуды әмір еткен Алла тағаланың кітабы Құран Кәрім де, ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) сара жолы сүннеті де, жетім-жесірге қамқорлық жасауға, жетімдердің басын сипап, көңілін аулай жүруге шақырады. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сол өнегесін сан ғасыр бойы ұстаныпкелген қазақ халқы да жетімін жылатпай, жесірін қаңғытпай, «Жетім көрсең жебей жүр» деп, асыл дініміз Ислам қағидаларынан ауытқымай, иман беріктігі мен ахлақи ке-мелдігін танытып келгені даусыз.

Жалпы алғанда, кез келген қоғамның қай уақытта да ең қорғансыз әрі әлжуаз бөлігі – жетімдер. Жетім сөзінің түпкі мағынасы «жалғыздық». Жетімдер – өздері балалы болмай жатып-ақ, ата-ананың қадірін тым ерте түсінгендер. Оларды бұғанасы қатпай, небір сорақылықты көзімен көрген, көңілі қаралы, жаны жаралы жандар десек, артық айтқандық емес.

Он төрт ғасыр бұрын адамзатқа түскеннен бастап әлсіздер мен міскіндерді қорғауына алған асыл дініміз Исламда жетім-дерге жақсылық жасау, оларға қамқор болу, Аллатың ризалығына жеткізетін, әрі пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) шапағатына ие болатын ізгі амалдардан болып саналады. Ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.):

ج بينهما بابة والوسطى وفر أنا وكافل اليتيم في الجنة هكذا، وأشار بالس

533 Құран Кәрім. «Духа» сүресі. 9-11-аяттар.

Page 394: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері394

«Менімен жетімге қамқорлық етуші адам жәннатта мына екі саусақ тәрізді жақын боламыз» 534, – деп сұқ және ортаңғы саусағын көрсетуі де бұл істің абзал, әрі Алланың қош көрген салиқалы сүннет екендігін аңғартады.

Адамзат тарихында алдыңғы қатарлы елдердің озық ойлы даму көрсеткіші, жетімдерге деген көзқарасымен өлшенеді. Сондықтан болар, ең қатыгез соғысқұмар мемлекеттерде жаны жарым жандарға жасаған қамқорлақтарын жария ету арқылы, адамзат алдындағы күнәсін жуып-шаюға тырысады. Өйткені, жетімнің жоғын жоқтап, мұң-мұқтажын өтеу, адамның рухани кемелділігінің белгісі.

Тегінде, қазақ халқы күш-қауқары жеткенше жесірі мен жетімін қорғауға тырысқан. Осы ұлағатты ұстаным ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, бүгінгі тәуелсіз басшысының да тұрақты әрі салихалы саясатына айналған. Бүгінде мемлекет қамқорлығы ая-сында елімізде жүзге тарта балалар үйі жұмыс істеуде. Әрине, бұл қазақ халқы үшін қуанарлық жағдай деуге болмас. Сонымен қатар, жүрегіне иман ұялаған азаматтардың болашақ ұрпағы алдындағы жауапкершілікті терең сезінуінен туындаған жеке қайырымдылық мекемелерінің ішінара болса да бой көтеруі, қолдауға лайық іс. Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) ұлағатты сүннет қазынасында жетімдердің басынан сипауға жігерлендіретін ха-дистер өте көп. Солардың бір қатарына тоқталайық.

1. Жәннаттың есіктерін ең алғашқы ашатын мен ғанамын, де-генмен, менен озуға тырысқан бір әйелді көремін, оған: «Саған не болды? Сен кімсің?» деймін. Сонда ол: «Мен жетімдердің ба-сында отырып, тәрбиелеген әйелмін», – дейді.

2. Жетімнің жылауынан өте сақтаныңдар, өйткені, адамдар ұйықтап жатқанда, түнде олар жүріп жүреді. Яғни, жетімнің зары түнде жүреді, таң сәріде Раббына көтеріледі де, жылатушы-ны шағады. Алла тағала жылатушының тиісті жазасын береді. Сондықтан. Хазреті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Жетімді жылату-дан мейлінше сақтаныңдар!» – деп бұйырған.

534 Хадисті Имам Бұхари риуаят еткен. 10/450 (6005)

Page 395: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 395

3. Бір жетім дастарханда елмен бірге отырса, дастарханына пәле жоламайды.

4. Мұсылмандардың арасында ең қайырлы үй – оның ішінде жетім болып, оған жақсылық етілген үй және мұсылмандардың арасында ең жаман үй – ішінде жетімге жамандық етілген үй.

5. Аллатың қасында ең жақсы көрінген үй – ішінде жетімге құрмет етілген үй.

6. Хазреті Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) біреу келіп, өз жүрегінің қаттылығын білдіреді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оған: «Жүрегіңнің жұмсаруын арманыңа жетуіңді қалаймысың? Онда жетімге мейірімділік көрсет, басынан сипа және тамақтандыр. Сон-да жүрегің жұмсарады. Сондай-ақ, арманыңа жетесің», – деп бұйырады.

7. Мені ақиқат бойынша жіберген Аллақа ант етемін, жетімге мейірімділік еткен, оған жұмсақ сөз сөйлеген, оның жетімдігіне, нашарлығына жаны ашыған, сондай-ақ, Алла тағаланың өзіне берген бақытымен көршісіне мақтанбағанды Алла тағала қиямет күні азаптамайды.

8. Құл мен жетімдерге көмек еткен кісі, Алла жолында соғысқан немесе күндіздерде ораза ұстап, түндерде ғибадат ет-кен кісі сияқты.

9. Жетімдерге көмек еткен кісі мынадай үш кісімен түнді ғибадатпен өткізген, күнді оразамен өткізген және таңертең соғысқа кеткен кісімен тең.

10. Кім Алла ризалығы үшін бір жетімнің басынан сипаса, оның қолы тиген әр тал шашы сайын жақсылық болады.

Міне, сондықтан да әрқайсымыз күнделікті кездесіп жатқан түрлі жағдайлар үстінде жетімдерге, тек оларға ғана емес, бір-бірімізге сыйластықпен қарап, жылы жүрек танытқанымыз абзал. Яғни, жетімдердің көбеймеуіне әрқайсымыз үлес қосуымыз керек. Ол дегеніміз, үлкеніміз кішімізді адасушылықтан сақтандырып, имандылыққа баулуымыз қажет. Барлық жақсылықтар тек имандылықтың, адамгершілік пен мейірбандықтың арқасында болады.

Page 396: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері396

Жетімдерге қамқор болу немесе қамқор болғандарға қолдау көрсетіп сөзімен де, ісімен де жәрдем беру – әр азаматтың мін-деті. Қайырымдылық қанат жайып, сүйіспеншілік салтанат құрған елдің ғана болашағы баянды.

Алла тағаланың ризалығына лайық болуды қаласақ, жетім-жесірлерді қорғап, оларға қолдан келгенше, ие болып, оларды ауыр тұрмыс соққысынан, қиын жағдайдан құтқаруға тырысуы-мыз қажет. Алла тағала біздерді шынайы ықыласымен жетім-жесірлерге қамқорлық етіп, өз ризалығына бөленген, екі дүние мұратына жеткен бақытты құлдарынан еткей.

Жетім-жесірлерге садақа беру, оларға қамқорлық жасау, сауапты әрі салиқалы амалдардан екендігі жайлы жеткізген Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сахабасы Әбу Сағид әл-Худриден (р.а.). Ол: «Бір күні Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мінберге шығып отырды да, біз оның айналасына жайғастық. Сонда ол: «Расында, менің өзімнен кейін сендерге қатысты қорқатыным – өздеріңе берілетін мына дүниенің жылтырақтары мен әшекейлері», – деді. Бір кісі: «Уа, Алланың елшісі! Жақсылық өзімен жамандық ала келе ме?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) үнсіз тұрып қалды. Сонда (әлгі кісіге): «Не болды, Пайғамбарға (с.ғ.с.) сөйлеген едің, ол саған жауап қатпады?» – деп айтыла бастады. Сосын оған «уаһи» түсіп жатқанын көрдік», – деген.

(Әбу Сағид): «Сосын Пайғамбар (с.ғ.с.) (маңдайынан) аққан терді сүтіп, оны мақтағандай: «Сауал қойған қайда?» деді де: «Расында, жақсылық өзімен жамандық әкелмейді. Шын мәнінде, көктемде шығатын (өсімдіктер) көкті екі бүйірі керіліп кеткен-ше жеген (жануарды) ғана өлтіреді немесе ауыртады. Сонда ол (жануар) күн көзіне қарап қыздырынып, қиын шығарып, зәрін төгеді де, (тағы) жейді. Сондай-ақ бұл мал-дүние де дәмді көкөніс (сияқты). (Байлыққа) ие болған мұсылман одан кедей-міскінге, жетімдер мен жолда қалғандарға беріп отырса қандай жақсы! (Немесе Пайғамбар (с.ғ.с.) (бір сөзді айтты). Ал (байлықты) нақақ жолмен тапқан адам – жеп тоймайтын (мешкейге) ұқсайды және ол (байлығы) Қиясмет күні оған қарсы куә болады», – деп айтты», – дейді.

Page 397: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 397

Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өзінің ұлағатты хадистерінің бірінде: «Жетімге пана болған кісімен мен ақыретте былай боламыз», – деп сұқ саусағы мен ортаңғы саусағын қоса көрсетіп, жетімге пана болғанның ақыретте өзімен жақын болу бақытына қол жеткізетінін сүйіншілеген еді. Дархан халқымыз да «Жетім көрсең жебей жүр», – деп, осы хадисті өміршең дәстүрге айналдырды. Қазақ хандығы құрылмай тұрып-ақ қазақ топрағында өмір сүрген көптеген бабаларымыз, оның ішінде Бақырған бабамыздан қалған мына өлең жолдары, барша мұсылман жанға жетім-жесірге қамқорлық жасауға үндейді.

Бабаларымыз бастаған даңғыл жолды жалғастырған халқымыз Құран аяттары мен хадистерді ұлттық дүниетанымымызға сай бол-мысымызбен ұштастыра білген. Соның айқын бір дәлелі ретінде: «Қазақ арасында да жетім-жесірлер болған. Бірақ, олар жаппай бір қатер болмаса, ешқашан тентіреп, ел аралап қайыр сұрамаған.Өйткені, қазақтар өз жетім-жесірлерін өздері қамқорлығына алған, қаңғыртпаған» - деп жазады535.

Сонымен, мұсылмандық қасиеттерді бойына сіңіре білген халқымыз жетімдерді мойындарына аманат деп біліп, оған қамқор көңілмен қараған.Алайда, бүгінгі таңда елімізде тастанды бала санының күн өткен сайын артуы, әрі олардың мүшкіл халі – бүгінгі ұрпақтың аталарымыздың бойындағы әлгі асыл қасиеттерден алыстағанының белгісі болса, болашақтың бұлыңғыр болуына ықпал етуі мүмкін. Сондықтан да жетімдерге қамқорлық жасау әр саналы мұсылман жанның міндеті болса керек.

535 Д.Кішікбеков «Қазақ менталитеті: кеше, бүгін, ертең» атты еңбегі. 86-бет, Алматы. 1999ж.

Page 398: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

398

Бейбіт Мырзагелдиев, ҚМДБ-ның Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша

өкіл имамы

ИСЛАМДАғЫ МЕйІРІМ МЕН РАҚЫМ

Бауырмалдық – адам бойындағы ізгілікті сезімдердің бірі. Ба-уырласу арқылы адам баласы бір-бірін жақын тартады. Мұның, әсіресе, Ислам дініндегі өзіндік орны өте ерекше.

Мұсылмандардың бауырмашылдығы берік болса, онда олар алынбайтын қамал, өте алмайтын асу жоқ. Өкініштісі, қазіргі таңда мұсылмандар арасында достық, бауырмалдық мінездерден гөрі алты бақан алауыздықтық көбірек байқалатыны жасырын емес. Мұның себебін, ең әуелі, Исламды дұрыс түсінбеушіліктен іздеген жөн. Мәселен, дініміздегі мейірім мен рақымның мәнін дұрыс бағамдаған адам ешқашан дауласуға бой алдырмасы анық. Хадис шәріптердің бірінде пайғамбарамыз Мұхаммед (с.ғ.с) бы-лай деген:

ماء إرحموا من في الرض يرحمكم من في الس«Жердегілерге рақымдылық жасаңдар. Сонда көктегілер

де сендерге рақымдылық жасайды»536, – деген болатын. Адам баласының мейірімді, қамқоршы болуы үшін ең алдымен меніз-құлықтың дұрыс болғаны абзал. Әлемнің екінші ұстазы әл-Фараби атамыз: «Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, еке-уі біріккенде – бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады», «Ағаштың өсіп-жетілгенін бұтақтағы жемісіне қарай бағалайды ғой. Сондай-ақ, адамның басына қонған бақыттың тұрақты бо-луы жақсы мінез-құлыққа байланысты», – деген ұлағатты тәлім қалдырған. Ал хакім Абай: «Рақымдылық, мейірбандылық, уа әрбір түрлі адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай ойды оларға да болса игі еді, демек бұлар – жүрек ісі, асықтық та –

536 Әбу Дауд, Тирмизи

Page 399: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 399

жүрек ісі. Тіл жүректің айтақанына көнсе, жалған шықпайды», – деген.

Мейірім мен рақым – жалпы жаратылыстың түп негізі. Мей-ірімі болмаса, не нәрсе де мәнсіз, әрі суық. Ғаламдағы барлық нәрсе терең мейірім, рақымшылық негізінде бар болып, өсіп-өнеді.

Құрандағы барша сүренің «Бисмиллаһир-Рахманир-Рахим» деп басталуы бәрінен бұрын Алланың рақымдылық сипатынан хабар береді. Алланың Рахман және Рахим есімі рақымдылыққа тән бүкіл сипаттарды қамтиды. Жер бетіндегі тіршілік атаулының (құстардың самғауы, ағаштардың жер қойнауынан бой көтеріп, көкке шырқап өсуі, судың сарқырап ағуы, алып күннің күлімдеп сәуле шашуы, ағаштардың иіліп жеміс беруі, тіпті, жан-жануардың төліне мейіріммен емірене қарауы) бәрі де Аллаһтың Рахман есімін дәріптейді. Құран кәрімнің «Бақара» сүресінде: «Алла тағала имандарыңды жоймайды. Еш күмәнсіз, Аллаһ адам баласына тым жұмсақ, аса рақымды» десе, тағы бір аятта:

ورحمتي وسعت كل شيء «Менің рақымым барлық нәрсені тегіс қамтиды»537 деп

Алла рақымшылығының баршаға тән екендігі баяндалған. Шын мәнінде, Алланың шексіз рақымшылығы болмаса жер бетінде тіршілік атаулы болмас еді.

Алла тағаланың рақымдылығы жайлы бір хадисте «Алла жа-ратылысты жаратпастан бұрын рақымдылықты өзіне жазды және «Расында, менің рақымдылығым азабымнан жоғары» де-ген. Сондай-ақ, Алланың аса рақымдылығын айқын көрсететін көптеген хадис келтіруге болады: «Аллаһтың атымен ант етейін, Алланың құлына деген мейірім-шапағаты бір ананың ба-ласына деген мейірімділігінен сан есе үлкен».

Әлемде ананың мейіріміне жетерлік ешбір мейірім жоқ, ана өз баласы үшін жанын пида етуге де әрқашан дайын. Бұл – Алла тарапынан аналарға берілген ерекше сый. Бұл қасиет барлық жан-жануарларға да тән. Біз таң қалатын ана мейірімі мен әлемдегі

537 «Ағраф» сүресі, 156-аят

Page 400: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері400

бүкіл мейірім атаулы Алланың жүз рақымдылығының бірі ғана. Бұл шындық хадисте былайша көрініс тапқан: «Алла тағаланың жүз рақымы бар. Тоқсан тоғызын өзінің жанында сақтады. Дүниеге тек бір рақымын түсірді. Жаратылыстың бір-біріне де-ген мейірім-рақымы, ананың балаға деген мейірімі, жануарлар-дың өз төлдеріне жұмсақтығының бәрі осы бір рақымның се-бебімен. Қиямет болған кезде Ол бір рақымын тоқсан тоғызға қосып, жүз рақымдылық етіп ашады. Әрбір рақымдылығы жер мен көктің кеңдігіндей. Ол күні шынайы мағынада жазаға лайық болғандар ғана құрдымға кетеді».

Хазреті Жәбир (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мына бір ха-дисін жеткізген: «Мына үш нәрсе кімнің бойында болса, Аллаһ оны қорғауына, қамқорлығына алып оны жаннатқа кіргізеді:

1. әлсіздерге жұмсақтық;2. әке-шешеге мейірім;3. құлдарға жомарттық (жақсылық, сый)», – дегенін алға

тартады. Осы ақиқаттарды бізге жеткізген Алла елшісі (с.ғ.с.) үнемі

үмбетін мейірімділік пен рақымдылыққа шақырды. Бір хадисін-де:

ماء إرحموا من في الرض يرحمكم من في الس«Жердегілерге рақымдылық жасаңдар. Сонда көктегілер де

сендерге рақымдылық жасайды»– дейді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл хадисінде: «Ей, адамдар!», «Ей,

мұсылмандар!», «Ей, салиқалылар!» деп бөлмеген. Олай бол-са, мейірімділік пен рақымшылық бүкіл жаратылысты толық қамтиды. Жер бетіндегілерге мейірімділік жасау шексіз рақым иесінің ризашылығына бөлейді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

ه الل من ل يرحم الناس, ل يرحم«Адамдарға мейірімділік танытпағандарға Алла мейірімділік

жасамайды»538, – дейді.

538 Бухари, Муслим

Page 401: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 401

Мейірімділік – иманның да маңызды қажеттіліктерінің бірі. Оны Ибн Аббас арқылы жеткен мына бір хадистен байқауға болады: «Мейірімді, жұмсақ жүректі болмайынша иман ет-кен болып саналмайсыңдар». Тағы бір хадисте: «Мейірім тек қана бақытсыздың (иманнан нәсіпсіз) ғана жүрегінен алынып тасталған», – делінген.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ерекше қасиеті сол – өзінің істе-меген нәрсесін айтпайтын, айтса оны міндетті түрде орындай-тын. Сондықтан оның айтқандары елдің көкейіне қонып, сенім ұялататын. Оның өмірі тұтастай мейірімге толы еді.

Сонымен қатар, сүйікті Пайғамбарамыз (с.ғ.с): «Кімде кім мұсылмандар мен бірге тұратын өзге дін өкілдерін өлтіретін болса, ол жәннаттың иісін де иіскемейді...»539.

«Кім мұсылмандар арасында ортақ келісімде жүргенге (өзге дін өкіліне) зұлымдық етсе немесе оның құқықтарын аяқ асты етсе я болмаса оның шамасы келмейтін нәрсеге күштесе яки оның өз ризашылығынсыз бір затын тартып алса, қиямет күні мен (өзге дін өкілінің) сол адамның қорғаушысы боламын»540. Бұл жерде пайғамбарымыз өзге дін өкілдернің құқықтарының бұзылмауы мен оларға мейірімділік пен рақымдылық, бірлік пен ынтымақта болу мәселелерін айтып отыр. Осы орайда, Ел-басы Н.Ә.Назарбаев еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың бірлік-ынтымағын берік сақтап қалу саясатын жүргізіп келеді.

Тарихи мәліметтерге қарағанда, хазреті Әлиден (р.а.) кейін-гі мұсылмандардың әміршісі Муауия ибн Абу Суфиянның (р.а.) жеке дәрігері христиан дінін ұснатушы Ибн Ассал еді. Ендеше, асыл дінімізде өзгелермен жақсы мәміледе болу және оларға мейірімділік таныту, сенім білдіру дұрыс амал саналады. Алла елшісі (с.ғ.с.) өз дәуірінде өзге дін өкілдерінің берген тарту-таралғыларын алып, тіпті үстіне киіп алатын болған екен. Міне, бұл жерде үлкен мән жатыр.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі хазрет өз сөзінде: «Алла тағала

539 Имам Насаи540 Әбу Дауд

Page 402: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері402

– мейірімді, шапағатты әрі кешірімшіл. Тіпті, 50 жыл күпірлік жасап, ауыр күнә арқалаған адам да тәубаға келіп, шын көңілмен Жаратушы иемізге мінәжат етсе, шапағаты мол Алла Тағала күнәсін кешіреді. Тәубаға келудің ешқашан да кештігі жоқ» «Ис-лам басқа дін өкілдерімен төрт түрлі жолмен байланыс жасауды дұрыс көреді:

– Танысып-білісіп, жақсы қарым-қатынаста болу;– Бір-біріне жәрдемдесу;– Жақсылық жасау;– Әділ болу», – деген болатын.Алла ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедті (с.ғ.с.) күллі

әлемге рақым нұры етіп жіберген. Ол Хақ рақымын паш етіп, бар ша ғаламды нұрға бөлеуде. Бей нелеп айтқанда, Ол (с.ғ.с.) бір сахарадағы мөп-мөлдір бұлақ, кәусар хауыз дай. Ыды сын қолына ұстаған әркім сол хауызға ба рып, әрі қанып ішіп, әрі ыды сын қалағанынша тол ты ру да. Иә, көңілі құлаған әрбір пен де Одан мейірі қанғанша пай да ла на ала ды.

Олай болса, сол кәусардан қанып ішкен мұсылмандар ара-сында да мейірімділік өзара рақымдылық болуы заңды. Тарихқа көз салсақ, Алла Елшісінің (с.ғ.с.) мұсылмандарға ғана емес, оның адуынды дін дұшпандарына да ілтипатты рақымдылығын көрсеткенін анық байқаймыз. Ал мұсылмандарға деген жақындығын айтар болсақ, Ол: «Мен мұсылмандарға өздерінен де жақынмын», – дейді. Мы на аятқа көз са лып көріңіздер:

النبي أولى بالمؤمنين من أنفسهم«Пайғамбар мұсылмандарға өздерінен де артық

тұрады»541, – де ген соң сөзін әрі қарай жалғастырды: «Кімде-кім ар ты на дүние-мүлік қалдырса ол ағайын-туы сы на. Бірақ кімде-кім ар ты на қарыз тас та са он да ол менікі».

Алла Елшісінің (с.ғ.с) тағы бір рақым аясындағы өнегелі ісіне көз салайықшы. Бұл, әсіресе, қазіргі уақытта намаз оқымайтын, діннен әлі де алыстау жүрген бауырларымызды «кәпір» деп есеп-тейтін кейбір жандарға сабақ болар деген ойдамыз. Алла Елшісінің

541 «Ахзаб» сүресі, 6-аят

Page 403: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 403

(с.ғ.с.) діннің анық та, ашық дұшпаны болған адамдардың өзіне тек мейіріммен жауап қатқаны мұсылмандар үшін үлгі боларлық. Рақым пайғамбары (с.ғ.с) Өзінің немере ағасы Исламның қорғаны, Хазреті Хамзаны (р.а) өлтірген адамға «кәпір» деген көзқараспен қарамай, оған рақымдылық танытып, біреу арқылы арнайы хат жіберіп, хақ дін Исламға кіру үшін жа ны на шақырады. Бірақ Уах-ши бұл кел ген адамға бір хат жа зып береді. Хат та төмендегі аят жазылған:

إل بالحق ول م الل إلها آخر ول يقتلون النفس التي حر والذين ل يدعون مع الل

يزنون ومن يفعل ذلك يلق أثاما«Олар Алламен бірге басқа тәңірге жал ба рын бай ды.

Алланың өлтіруін ха рам ет кен кісіні орын сыз өлтірмейді. Зи на да жа са май ды. Кімде-кім осы айтылғанды жа са са, күнәға ба та ды»542.

Уах ши осы аяттың ас ты на: «Сен мені мұсылман болуға шақырасың, бірақ мен осы аят та өткен барлық күнәларды жа са-дым. Күпір ішінде өмір сүрдім. Зи на да еттім. Және сенің көзіңнің нұры болған туысқан ағаңды өлтірдім. Мен мұсылман бо ла тын-дай, сірә, мен секілді пенденің күнәсы кешіріле ме екен?» – де ген жүректі қан жы ла тар ауыр сөздерді жа зу ды да ұмытпапты.

Алла Елшісі (с.ғ.с.) екінші мәрте хат жібереді. Бұл жо лы мы на аят ты жа за ды:

إن الل ل يغفر أن يشرك به ويغفر ما دون ذلك لمن يشاء ومن يشرك بالل فقد افترى إثما عظيما

«Алла өзіне ортақ қосқанды кешірмейді. Бұдан өзге қалағанын кешіреді. Сон дай-ақ, кім Аллаға ортақ қосса, ра-сын да, ең үлкен күнә жа сап, орын сыз жа ла жа ба ды»543.

Уах ши бұл жо лы да аят та кешірімнің анық еместігін Аллаһтың қалауымен екенін Алла Елшісіне (с.ғ.с.) жеткізеді.

542 «Фұрқан» сүресі, 25,68543 «Ниса» сүресі, 48-аят

Page 404: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері404

Мейірім Пайғамбары үшінші рет хат жібереді. Ол хат та мы на аят жазылған:

نوب يغفر الذ إن الل حمة الل قل يا عبادي الذين أسرفوا على أنفسهم ل تقنطوا من ر

حيم جميعا إنه هو الغفور الر«Ей, өздерін шектен шыға зияндыққа ұрындырған

құлдарым! Алланың рақымдылығынан үміттеріңді үзбеңдер. Алла барлық күнәларыңды кешіреді. өйткені Ол - тым жарылқаушы, аса мейірімді де рақымды»544.

Уах ши тек қана осы үшінші хат тан соң Алла Елшісіне (с.ғ.с.) келіп биат (сенім ан ты) етеді. Ол енді са ха ба қатарынан са на лып, соңына «(р.а)» қосылмай есімі ес ке алын бай тын бо-ла ды. Бірақ ол Хазіреті Хам за ны (р.а) өлтірген адам еді. Өзінің де, басқалардың да мұны ұмытуы мүмкін емес. Уахши қылмыс жасаған күні мұсылман емес-тін. Ал Исламға кірген соң, барлық өткен күнәлары кешірілген еді.

Бауырластық қашан да қан жақындығымен ғана айқындалмайды. Шын мәнінде, діндестер өзара нағыз бауыр са-налады. Себебі, ондағы бауырластықтың маңызына сөз жетпей-ді. Сондықтан да, бауырластықтың ең жоғары үлгісін көрсеткен пайғамбарымыз еді. Ол меккелік және мәдиналық сахабалардың арасында екі дүниедегі теңдессіз бауырластықты орнатты. Олар бір-біріне жанын беруге даяр бауырлар болатын.

Туған жерге деген сүйіспеншілік елді көркейтуге, білім ізде-ген жастардың талабына қолдау білдіруді де ұқтырады. Осы се-бепті Ислам дінінде ең жақсы садақа ілім жолындағыларға беріл-ген садақа екендігі айтылған. Тарихта әлі күнге дейін мұсылман елдерінде жекелеген қайырымдылық қорлары арқылы студент жастарға шәкіртақы беріліп отырады. Бұл сол елдің болашағына жасалған қамқорлық екені сөзсіз. Өйткені, бір тағылымды кеңесте «Бір жылыңды ойласаң, егін ек. Он жылыңды ойласаң, ағаш ек. Жүз жылыңды ойласаң, ұрпақ тәрбиеле, білімге көңіл бөл» де-лінген. Соңғы ғасырлардағы ірі ғұламалардың «Мұсылмандарды

544 «Зүмәр» сүресі, 53-аят

Page 405: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 405

артта қалдырып отырған үш кесел: білімсіздік, өзара алауыздық, кедейлік» деп атап көрсеткендей, бүгінгі күнгі көзі ашық, көкірегі ояу мұсылмандардың елге деген жанашырлығы жас ұрпақтың заманға сай озық білім алуына, сондай-ақ ұлтжандылық пен мұсылмандық тәліммен де сусындауында жатыр.

Отанды, елді атақ алу, абыройға кенелу үшін емес, ұрпағым, елім болашақта жетім болмасын, отансыздықтың азабын тарт-пасын деп қорғау керек. Жер бетінде Отансыз ұлттар қаншама?! Оларды жер-жерде дәл біздің еліміздегідей бауырына басып, жақсылық жасап отыр деп тағы айта алмаймыз. Жергілікті ұлттың ызғарына тоңып, қаһарына ұшырап отырғандары қаншама?! Біздің де ұрпағымыз біреудің қас-қабағына қарап жәутеңдемесін, біреудің қолына қарап дәметпесін десек, атадан қалған асыл мұраны сақтап, ақылды ұрпақ тәрбиелеу - мүлт кетпес парызы-мыз болу керек.

Алла тағала елімізге амандық, халқымызға бірлік пен ынтымақ нәсіп етсін.

Page 406: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

406

Асет Қадырақынұлы Аташов,ҚМДБ-ның Алматы өңірі бойынша өкіл имамы,

Облыстық «Қарасай батыр» мешітің бас имамы, «Шамалған» медресесінің директоры.

ғИБАДАТ МӘйЕГІ – НАМАЗ

Біздерді иманның қуанышына бөлеген Жаратушы Алла тағалаға сансыз мадақ-мақтаулар болсын!

Адамзаттың қараңғылықтан, жарыққа шығуына себепші болған бүкіл әлемнің мақтанышы – Мұхаммедке (с.ғ.с) салауат болсын!

Алла тағала жер мен көктегі барша жаратылысты адам баласының игілігі үшін, ал адамзатты Өзіне құлшылық етсін деп жаратқандығын Құран Кәрімің мына бір аятында баяндайды:

نس إل ليعبدون وماخلقت الجن وال«Адамдар мен жындарды өзіме құлшылық ету үшін ғана

жараттым».545 Осы аят жарытылысымыздың негізгі мақсатын айқындайды. Демек, жұмыр басты пенденің ең әуелгі міндеті – Алланы танып, оған иман келтіру және ізгі амалдар жасау арқылы Оның ризалығына бөлену болмақ.

Исламның бес шартының әуелгісі иман болса, екіншісі намаз. Яғни дінімізде алғаш парыз болған құлшылық, ол – Намаз. Раб-бымыз Алла Құран Кәрімнің 87 жерінде намаз оқуды бұйырып, оның адам баласы үшін маңыздылығына ерекше назар аударған. Тіпті, жаныңды шүберекке түйіп бораған оқтың астында жүретін соғыс кезінде де намаз оқыңдар деген Алланың бұйрығы бар. Ал Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадистерінде ақирет күні алғашқы есеп намаз екендігін ескертеді.546 Сондай-ақ, намаздың қадір-қасиеті жайында айтқан көптеген хадистері де бар. Мәселен, намаз-ды «Діннің тірегі», «Мүминнің миғражы», «Жұмақтың кілті»,

545 «Зарият» сүресі, 56-аят.546 Тирмизи, Салат – 118.

Page 407: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 407

«Көзімнің нұры» деп атаған. Намаз мүминнің жүрегінің әл-дәрмені болған дұғаны да қамтиды. Намаз оқыған құл :

راط المستقيم اهدنــــاالص«Бізді тура жолға сала гөр»547 деп, күніне қырық мәрте фати-

ха сүресін оқу арқылы бағытын реттеп алады. Осы тура жолдың басында намаз тұрады. Тіпті, Исламды намазсыз елестету мүмкін емес, өзін мұсылманмын деп есептейтін үмметтердің әрбірі намаз оқыған. Алла расулінің (с.ғ.с.) алтын жүректі ізбасарлары болып есептелетін сахабалардың арасында намаз оқымағанын кездестіру әсте мүмкін емес. Ендеше, намаз – ең маңызды, мағынасы мен мәні терең құлшылық. Оның ішінде Алланы мадақтау, ұлықтау, Оған шүкіршілік білдіру, тәубеге келіп кешірім сұрау, Одан жәрдем тілеу, дуға ету т.б. еске алар зікірлер де бар. Намаз – пенденің ақтық демі келгенге дейін тастауға болмайтын құлшылық. Тіпті, оны тәрк етушілер тозақ азабына душар болатындығын бпяндай-тын аят та кездеседі:

سلككم في سقر. قالوا لم نك منالمصلين «Сендерді тозаққа кіргізген не нәрсе? Олар: Біз намаз

оқушылардан емес едік»548. Бабамыз Бұхар жыраудан қалған әйгілі «Тілек» деген толғауында:

Бесінші тілек тілеңіз, Бес уақытта бес намаз Біреуі қаза қалмасқа», – деуі де тегін емес.Намазды бес уақыт оқу парыз. Күнделікті күйбең тіршілік-

ке алаңдап жүріп адамдар Алланы, ақыретті, өлімді, өмірлік мақсаты мен міндетін ұмытып кетуі мүмкін. Ал күн сайын бес рет намаз оқу адамға Алланың құлы екендігін еске түсіріп, өмірге деген құлшынысын арттырады. Әр намаз пенденің жан-дүниесін жаңғыртып, қайта тірілгендей күй кешеді. Яғни өткінші дүниенің алдамшы ләззатынан мәңгілік өмірдің шәрбатына, шайтанның шырмауынан Алланың құзырына өтеді.

547 «Фатиха» сүресі, 1/6.548 «Муддасир» сүресі, 74/42-43.

Page 408: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері408

Осы өткелдің басы азан мен дәреттен бастау алады. Мүмин негізгі таухидтың қысқа да нұсқа сөздерінен тұратын азан арқылы намазға асығады. Ал, намаз оқу үшін шырмауықтай шырмап алған шайтанның құрығынан құтылудың жолы дәрет алу арқылы, намаз оқу еркіндігіне қауышады. Дәрет жан мен тәннің кірлері-нен арылтады. Дәрет алу тек қана дененің кірлері мен дақтарынан тазартып қана қоймайды, сонымен қатар әрбір ағзасын жуғанда біліп-білмей істеген барлық күнәларына тәубе жасап, екінші қайта істемеуге шешім қабылдап, жан дүниесін шаттық рахатына бөлейді.

Мұнтаздай таза жүрек, тап-таза тән және киіммен Алланың құзырына шыққан құл жүзін қыблаға яғни Қағбаға бұрады. Алланың үйі болып саналатын Қағбаға бет бұрған мүмин, жүрегі мен бар ойын Аллаға ұштастырып, өзге кыблалардан бас тартады. Барлық адамның өзіндік қыбласы бар, жүзін кағбаға қаратқанымен ішкі жан дүниесі басқа нәрсені көздеп тұрғандар шынайы қыблаға қараған болмайды.

Нағыз ниет жүрекпен болады. Тілдің ұшы мен ойдың қиялында қалған ниеттің міндеті толық орындалмайды. Өйткені намаз Алла разылығы үшін оқылады. Қолын көтеріп: «Аллаһу әкбар» деген мүмін дүниелік сансыз ойлар мен мың түрлі машақаттың барлығын бір шетке ысырып тастап, көңілін Жаратушыға бай-лайды. «Субханәкә» дұғасын оқып, Аллаһты мадақтап, көркем есімдерін ұлықтап, Одан басқа Тәңір жоқтығын тілімен және шын көңілімен дәріптейді.

جيم يطان الر فإذا قرأت القرآن فاستعذ بالل من الش«Құран оқитын кезіңде қуылған шайтанның кесірінен

Аллаға сиын!»549 әміріне құлақ асып, шайтанның сыбдырынан Аллаға сиынған құл, «Әғузу» мен «бисмилләдан» кейін «Фати-ханы», одан кейін қалауынша қысқа бір сүрені оқиды. Намаздың әр рәкәтында «Фатиханы» оқитын құл, Жаратушысына «құл боламын» деген уәдесін қайталайды. Намаз өзінің бүкіл ұлы құрамымен Алла мен құл арасында екіге бөлінген ерекше ғибадат

549 «Нақыл» сүресі, 16/98.

Page 409: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 409

болып табылады. «Фатиха» сүресінде «бисмилләдан» «Мәлики яумид-динге» дейінгі бөлігі Алла тағалаға қатысты болса, қалған жалғасы құлдың Хақ тағалаға жалбарынатын дұғасын қамтиды. Бір Құдси хадисте былай баяндалған: «Намазды өзім және құлымның арасында екіге бөлдім. Жартысы менікі, қалған жар-тысы оныкі».550 Сондықтан намаз Алла мен құл арасында дұға, жалыну және зікір болып келеді.

Әрбір мұсылман Жаратушыға бас иіп, тәслім болғандығын білдіретін рукуғ арқылы, тек Оның алдында ғана иілетінін мына: «Субхана Раббиял азим яғни Раббымды дәріптеп, барша кем-шіліктерден пәктеймін» дейтін, көркем сөзбен дәлелдейді.

Раббысының құзырында ерекше ықыласпен тік тұратын құл: «Сами Аллаһу лиман хамидаһ» яғни «Алла Өзін мадақтаған жанның мадағын естиді» деген ұранмен, осы қиямның жалған тәңірлеріне қарсы бас көтеру екендігін сезінеді.

Сәжде – құлшылықтың мәйегі, Раббына жақындаудың қол жетпес шыңы екендігін Құранның: واسجد واقترب

«Сәжде жаса да Раббыңа жақында»551 аятынан көре ала-мыз. Сәждеге жығылған құл, Раббысын ұлықтап мадақтап, өзінің әлсіздігі мен шарасыздығын білдіреді: «Субхана Рабби-ал ағла» яғни «Ең ұлық Раббымды барлық кемшілік сипаттар-дан пәктеймін» деу арқылы Одан басқа жаратылыстың алдында жығылмайтындығын жариялайды.

Қиям, рукуғ және сәжде баспалдақтарынан өткен мүмин «ташаһудте Жаратушысына жүрегін айқара ашып, таухид сенімін тағы бір ауызға алады. Пайғамбар мен оның туыстары-на салауат пен сәлем айтқаннан кейін, ата-анасына және бар-ша мұсылмандарға жақсылық тілейді. Тозақ отының азабынан сақтауды сұрап, өзі мен ұрпақтарының тура жолда болуын, на-мазды үзбей оқуын жалбарынып дұғасына қосады.

Соңында «Әс-сәләму алейкум уа рахматуллаһ» деп, оң жағы мен сол жағына барша мұсылман бауырлары мен періштелерге

550 Муслим, Салат – 38.551 «Алақ» сүресі, 19 - аят.

Page 410: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері410

сәлем береді. Осылайша мүминнің бір уақытта оқыған намазы өмірлік дұға-тілек, мақтаулар мен мадақтар, зікірлер мен пікір-лер үзілмей жалғаса береді. Күделікті дұрыс оқылған бес уақыт намаз, мүминді тура жолдан адастырмайды.

Намаз адамды шектен тыс ішіп-жеу мен жыныстық қатынас деген сияқты нәпсі қалауларынан алшақ тұтып, барша теріс ой-лар мен күллі жамандық атаулыдан ұзақтатады. Осылайша на-маз, адамның зейінін түрлі пенделік ойлардан, көңілін нәпсілік сезімдерден, тілін жаман сөздерден тыйып, құлағын әдепсіз дауыстардан қорғау жағынан ораза тұтқандай болады. Тоқтар Насырханұлының «Бес намаз» атты өлеңінде:

Аллаға жағам десең, азанды бол,Халыққа жағам десең, қазанды бол.Бес намазды оқымай бекер жүрсең,Қияметте тартарсың жазаңды мол.Шүкірлік бір Аллаға таң намазым,Түнде өліп, тірілген жан намазым.Бесінге аман-есен жеткізгенше,Күнәдан таза болсын сан таразым.Түс ауған соң Бесінді,Намазбен жидым есімді.Иманымды жолдас қыл,Несібем бар ғой кесімді.Күнмен бірге еңкейдім Екінтіге,Күнәмді кеш өзің деп бекінгенде.Бес намаздың ортасы деп отырмын,Күн батып, дем алатын келер түнге.Алла деп асығамын Ақшам намаз,Уақытын ұттырмас қашқан намаз.Қараңғылық келеді қас қаққанша,Ризықты түнге қарай шашқан намаз.Құдайым, құдіретті қыл Құптанымды,Күн бойы жиған-терген жұтқанымды.Құдай бір, Құраным шын, пайғамбар хақ,

Page 411: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 411

Жарылқай көр жанымды, жатқанымды, – деп, бес уақыт намаздың қадір-қасиетін тамаша әспеттеген.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) намазды діннің тірегі-не теңеген. Өйткені пенденің дініне деген беріктігін арттыра-тын құлшылық намаз болып саналады. Намаз дене мен рухты тазартудың арқасында мұсылман адам күнәларынан арылып жаннатқа кіруге лайықты болады. Намаздың Ислам дінінде-гі маңызды орынын көрсету үшін қасиетті Құран Кәрімдегі пайғамбарлардың атасы Ибраһимнің (а.с) Алла тағаладан:

يتي ربنا وتقبل دعاء لة ومن ذر رب اجعلني مقيم الص«Раббым! Мені әрі ұрпақтарымды намазды толық орын-

даушы ет! Раббымыз! Тілегімізді қабыл ал»552 ,– деп сұраған тілегін айту жеткілікті.

Намаз – адам баласы үшін берілген бақыт. Намаздың бақытқа жеткізер және көзге көрінбейтін пайдалары көп. Алайда адамзаттың көпшілігі бұл туралы біле бермейді. Исламның кемеңгер ғұламаларының бірі намаздың адам баласына тигізер пайдасын былай ашықтайды: «Намаз денсаулықты жақсартады, ауру-сырқаттан алыстатады, жүректің жақсы жұмыс атқаруын күшейтеді, адамның жүзін нұрландырып сулулық береді, тән мен жанның рахат табуына себепкер болады, денені тазалайды, жалқаулықтан арылтады, кеудені ілім үшін ашады, адамға руха-ни азықпен қамтамасыз етіп, жүректі ізгілікке ашып, Алланың махаббатына бөлейді. Намаз Алланың қаһарынан қорғайды. Ол бізді шайтаннан алыстатып, Аллаға жақындатады. Намаз бұл дүниеде де, ақыретте де жақсылық пен ізгіліктің нышаны», – деп сипаттаса, қазақтың бір туар ақындары да553:

Абай еді «Алланың өзі де рас, сөзі де рас,Рас сөз еш уақытта – деген – жалған болмас»,Өзіміздің бабамыз еді адал болған жолдасқа,Тілек тілеген бес уақыт намаз, бесеуі де қаза қалмасқа,Ыбырай еді: «Бір Аллаға сыйынып,

552 «Ибрахим» сүресі, 40 - аят..553 Проф.док. Умер Шелик, «Усвей Хасана» - 336

Page 412: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері412

Кел балалар оқылық,Оқығанды көңілге, ықыласпен тоқылық», – деген.Намаз – барша құлшылықтың өзегі. Бізге жеткен хадистерде:

«Діннің басы – Ислам, тірегі – намаз, шыңы – күрес»554 яғни, кім-де-кім дінін тіктегісі келсе, намазын оқып, қас дұшпаны болған нәпсісімен күрессін делінеді. Өйткені намаз – ақыретте алғаш сұралатын амал. Әбу Хурайра (р.а) Алла Елшісінің (с.ғ.с.) сөзін бізге былай жеткізеді: «Қиямет күні пенденің амалдарынан ең әуелі сұралатыны – намаз. Кімнің намазы дұрыс болса, онда пен-де қуанышқа бөленіп, игілікке қол жеткізеді. Ал дұрыс болмаса, онда күйзеліске ұшырап, қатты қайғырады. Егер пенденің парыз амалдарында кемшілік болса, Алла тағала: «Нәпіл амалдары бар ма екен? Сонымен парыздарының кем-кетігін толтырсын», – дейді. Әлгінің басқа амалдарыда осы секілді есептеледі».555

Оқыған намаздарымыздың хикметтері бар ма деп сұрау әбестік болар. Себебі, Алла тағаланың сыр-хикметсіз ешқандай құлшылықты жаратпасы хақ. Мүмин пенде Алланың жібер-ген хикметтерінің соңына түсіп іздестіруге міндетті. Өйткені құлшылықтың қыр-сыры мен хикметтерін үйрену амалдың мәнін кіргізеді. Олай болса, айтып отырған хикметті күнде бес уақыт оқитын намаздан іздеп көрелік. Құран бізге намаздың хикметін былай түсіндіріп береді:

لة تنهى عن الفحشاءوالمنكر لة إن الص اتل ما أوحي إليك من الكتابوأقم الص«(Махаммед ғ.с) Кітаптан саған уаһи етілгенді ғана оқы

да намазды толық орында. Күдіксіз намаз – арсыздық пен жамандықтан тыяды»556.

Оқып жүрген намаздарымыз бізді арсыздық пен жамандықтан тыйып жүр ме? Бес уақыт Алланың құзырына шығып жүрсекте намазымыз әрбір іс-әрекетімізге сақ болып, жамандық атаулы-дан қалқан болып жүр ме? деген сауал туындайды. Алайда, бұл

554 Әл-Муттақи Хинди, «Кәнзул-уммал» - 7/284.555 Тирмизи, Сунан – 2/269.556 «Әнкәбут» сүресі, 45 - аят.

Page 413: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 413

сұрақтың жауабын оқыған пенде, өз-өзін иман таразысына тар-тып біле алады.

Намаз – уақыт пен мекенді тиісті орынға қоятын күш. Намаз адамзаттың өлмей тұрып барша кірден арылудың жолын және тәубе мен дұғаны үйретеді. Олай болса, оқыған намазымызды күнделікті істеп жүрген әдетке айналдырмай, өміріміздің негізіне айналдырыуымыз қажет. Сонда ғана оқыған намазымыз – рух-ты тазартып, жүректі нұрландырып адамды Аллаһтың құзырына жоғарлатады.

Құран Кәрімде Лұқман (ғ.с.) баласына айтқан өсиетінде:

لة وأمربالمعروف وانه عن المنكر واصبر على ما أصابك يا بني أقم الص«Әй, ұлым! Намазды толық орында, жақсылықты бұйырып

жамандықтан тиып, басыңа түскен ауыртпашылыққа са-бырлы бол»557, – деуі, намаз арқылы бәрінде жеңіп шығатынын түсіндіргісі келгендігін байқаймыз.

Алла Елшісі (с.ғ.с.) намазды сүйіншілеу жайлы хадисінде «Менің ең үлкен қуанышым намазда. Намаз – көзімнің нұры, ру-хани ләззатым»558, – деп, намаздың маңызды құлшылық екенін білдірген. Намазда құлдың Аллаға деген құлшылығы жан дүниесінің көркемдігімен өлшенеді. Яғни Аллаға деген сенімі қаншалықты болса, құлшылығының да мәні соншалықты бола-ды. Намазға ерекше мән берсе, ақыретте намазының сауабы да мол болып жаннатқа намаз есігінен шақырылатыны сөзсіз. Бір хадистегі: «Намазды көп оқығандар – Жәннаттың намаз есігі-нен шақырылады»559, деген сүйінші хабар, намаздың мәні терең құлшылық екендігін білдірсе керек.

Жас шәкірт ұстазынан сұраған екен:– Ұстаз! Бір адамның өмірі шамамен қанша уақыт?Ұстазы күлімдеп:– Азан мен намаз арасындағы уақыттай, – дегенде шәкірті

түкке түсінбей:

557 «Лұқман» сүресі, 19 - аят.558 М.Юсуф Кандаһлауи, «Хаятус-сахаба» - 3/500559 Муслим, Мәнеқиб – 16

Page 414: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері414

– Сонда қалай? Өмір осыншалықты қысқа ма? – деп сұрайды. Ұстазы:

– Иә, қарағым! Өмір намазсыз азан мен азансыз намаздың арасындай, – дейді. Шәкірті қайта таң қала сұрайды:

– Намазсыз азан мен азансыз намаз деген сөздің төркінін қалай түсінуге болады, түсіндіріп беріңізші? – дейді.

– Айналайын-ау, өткенде ауылда пәленшенің баласы дүниеге келді, сол сәбиге азан айтып, құлағына ат қойғанымыз есіңде ме?

– Иә.– Сол азанның намазы оқылды ма?– Жоқ.– Ол азан «намазсыз азан» болатын. Ал адам соңғы сапарға

аттанарда оқылатын намаздың азаны болмайды, оған «азансыз на-маз» дейміз. Ол намаздың азаны адам туылған кезде шақырылған деп жауап береді.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін қорыта айтар болсақ, на-маз – жүрегімізді нұрға, рухымызды жырға, көңілімізді шаттыққа бөлейтін құлшылық. Пенде күнделікті бес уақыт намаз үшін Алланың бізге берген жиырма төрт сағаттық уақыт нығметінен бір сағатын намаз құлшылығына арнаса, сол уақыт ішінде Алла-мен көркем сұхбат жасау бақыты бұйырса, ақыретте жәннаттың есігін ашып, бөлген бір ғана сағаты, күллі өмірді ойланбай-ақ айырбастауға болатын жұмақ кілтіне айналуы әбден мүмкін.

Page 415: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

415

Бақтыбай Бейсенбаев,С. Ғылмани атындағы мешіттің

Бас имамы. Астана қаласы.

ТӘуБЕНiң ҚАСИЕТi

Тәубе – күллi мұсылман қауымының тіліндегі арабша сөз. «Өткен күнәларына шын жүректен өкiну, күйiну» дегенді біл-діреді. Пенденің күнәдан толық арылуы мүмкiн емес. Ендi бұл жамандықтан арылу тек қана екi оттың бiрiмен, яғни бұл дүниеде бiлiп-бiлмей iстеген қателiгiне iштей, шын жүректен қатты өкiнiп, Аллаға жалбарынумен немесе ақыреттегi тозақ отымен ғана бо-лады. Ал ақыреттегi тозақ отымен күйдiру, ол адами жауһарды шайтанның жамандығынан тазартудағы қажеттi нәрсе. Бұған тат басқан темiрдi темiр ұстасының отқа қыздырып, балғамен ұрып жөнге келтіргенін мысал етіп беруге болады. Сондықтан осындай ауыр жағдайға ұшырамай тұрып, осы дүниеде тәубе ету ләзiм.

Исламда тәубе етудің әрбiр мүмiн-мұсылман үшiн уәжiп екендiгi туралы аят - хадистер көп.

Алла тағала Құран Кәрiмде:

ها المؤمنون لعلكم تفلحون جميعا أي وتوبوا إلى الل «Әй, мүмiндер, түп-түгел Аллаға тәубе етiңдер! Мүмкiн

(азапқа) ұшырамассыңдар»560; Алла Тағала:

توبة نصوحا ها الذين آمنوا توبوا إلى الل يا أي «Әй, мүмiндер! Аллаға шынайы тәубе етiңдер!»561 делін-

ген.Тәубе ету адам баласының барлық үлкен күнәларын жойып

қана қоймайды. Жүрегiнде иманы бар әрбiр пенденiң Жаратқан иесiнiң разылығын табудан үмiтi болса, тәубе ету Алла тағаланың пендесiне деген сүйiспеншiлiгiн оятады. Құран Кәрімде:

560 «Нұр» сүресі, 31-аят.561 «Тахрим» сүресі, 8-аят.

Page 416: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері416

رين ابين ويحب المتطه إن الل يحب التو«Шәксiз, Алла тағала тәубе етушiлердi жақсы көредi әрi

таза болушыларды да жақсы көредi»562.Тәубе етушi Алланың сүйiктi пендесi болатындығына және

тәубе адам баласының бiрде-бiр күнәсiн қалдырмайтындығы жайында Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадис-шәріпінде:

نب كمن ل ذنب له التائب حبيب الل و التائب من الذ«Тәубе етушi Алланың сүйiктi пендесi әрi ол бейкүнә сәбидей

таза болады». Негiзiнде, тәубе ету – ол өзiмiзге пайдасын тигізеді, әлемдегi

адамзаттың барлығы тәубе етпей өтсе де, оның Аллаға титтей де кесiрi тимейді. Бiрақ Алла тағаланың мейiрiмдi, рахымды деген сипаттары бар. Осы мейiрiм-рахымдылығынан пенделерiне жол көрсетiп, сол жолмен жүрген пендесiне разы болады.

Алла тағаланың пенделерiне мейірiмдiлiгi сонша – егер бiр пендесi тәубе етсе, адам баласы жоғалтқан нәрсесiн тауып алғандағы қуанышынан да артық қуанады.

Бұл жайында Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадис-шәріпінде былай деген:

Мысалы, ұзақ шөл далада сапар шегіп шаршап-шалдығып келе жатқан бiр кісі аялдауға ниеттеніп, түйесiнен түседі. Қисайып кішкене көз шырымын алғаны сол екен, бiр уақытта қараса, түйесi үстiндегi ас-суымен бірге ұшты-күйлі жоқ. Әлгi кiсi ары-берi жүгiрiп іздеп әлек болады. Әбден шаршап-шалдығып отырып бір мезет қараса, өз-көзіне өзі сенбейді. Сөйтсе, түйесi қасына келіп тұр екен. Азық-түлiгi де дін аман. Бұған әлгі кісі жүрегi жары-лардай қатты қуанады. Мiне, Алла тағала мүмин пендесi тәубеге келгенде, осы кісінің қуанышынан да артық қуанады, – деген.

Хасан риуаят еткен хадис құдсиде: «Алла тағала Адамның (ғ.с.) тәубесiн қабыл еткен уақытта, тiптi перiштелер де қуанып Адамға (ғ.с.) сүйiншi айтып құттықтады. Жәбiрейiл мен Микәйiл

562 «Бақара» сүресі, 222-аят.

Page 417: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 417

(ғ.с.) келiп: «Әй, Адам, сүйiншi Алла тағала тәубеңдi қабыл еттi», – дедi.

Адам (ғ.с.): – Әй, Жәбірейiл, осы тәубеден кейiн сұрақ-жауап болса, ақыретте менiң жайым қай жер болады? – деп сұрады.

Осы сәт Алла тағала уахи етiп: «Ей, Адам! Сенiң ұрпағыңа сынақ қиыншылығын бердiм. Бiрақ осы қиыншылықтан өте алмағандарға тәубенi бердiм. Кiмде-кiм маған дұға етсе, саған ләббай дегенiмдей оларға да ләббай деймiн. Кiмде-кiм кешiрiм сұраса, сараңдық жасамаймын. Себебi, мен оларға жақынмын әрi дұғаларын қабыл етушiмiн. Ей, Адам! Қиямет күнi тәубе етушiлердi қабiрiнен сүйiнiштi және де дұғаларын қабыл етiп тұрғызамын», – деген.

Алла тағала Құран кәрiмде шынайы мүмин қандай екен-дiгiн баяндай келе оларға ақыретте ұлық дәрежелi орындар болатындығын айтып сүйiншiлейдi:

والذين إذا فعلوا فاحشة أو ظلموا أنفسهم ذكروا الل فاستغفروا لذنوبهم ومن يغفر

وا على ما فعلوا وهم يعلمون نوب إل الل ولم يصر الذ«Ал олар қашан арсыздық iстесе не өздерiне зұлымдық

қылса, Алланы естерiне алып, күнәларының жарылқауын тiлейдi. Күнәларды Алладан басқа кiм жарылқайды?! Сондай-ақ олар iстеген iстерiне бiле тұра қасарыспайды»563.

بهم وجنات تجري من تحتها النهار خالدين فيها ونعم ن ر غفرة م أولـئك جزآؤهم م

أجر العاملين«Мiне солардың сыйлықтары Раббылары тарапынан

жарылқау және астарынан өзендер ағатын ұжмақтар. Олар онда мәңгi қалады. Амал iстеушiлердiң сыйлықтары қандай жақсы! – деген»564.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өзiнiң хадис-шәріпінде:

إن الل تعالي يقبل توبه العبد ما لم يغرغر

563 «Әли Имран» 135-аят. 564 «Әли Имран» 136-аят

Page 418: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері418

«Шынында Алла тағала пендесiнiң жан тәсiлiм ететін халге келмей тұрып еткен тәубесiн қабыл алады»565, – деген.

Иман келтiрiп, әрдайым тәубесiне келiп, күнәлары үшiн Ал-ладан кешiрiм сұрап жүрген пенденiң жан тапсыруы жеңiл әрi соңғы сөзi “Лә илаһа илаллаһу Мұхаммадур расулуллаһ” деген куәлiк беруi болады. Ал иман келтiрмей, тәубесiз жүрген пенделердiң жаны алқымына тығылып, мұны айтуға тiлi кел-мей, тамағы қырылдап қалады. Мұндай жағдайда шын жүректен күнәсiне өкiнген кісінің тәубесін Алла қабыл етедi деген де хадис бар. Алла тағала пенделерiне аса мейiрiмдi, рахымды, кешiрiмдi, тәубелерды қабыл етушi.

Хадис-құдси:Бiр күнi пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) Жәбiрейiл

(ғ.с.) келiп: – Әй, Мұхаммед, Алла тағала саған сәлем жолда-ды. Үмбетiңнен кiмде-кiм ажалынан бiр жыл бұрын тәубе етсе, тәубесiн қабыл етем, – дедi.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): – Көп үмiтке салынып қапы кетуі мүмкiн. Сондықтан үмбетiме бiр жыл көп, – дедi.

Жәбiрейiл кетiп, кейiн қайта оралып: – Әй, Мұхаммед, Раббың: Кiмде-кiм ажалынан бiр ай бұрын тәубе етсе қабыл етемiн, – дедi.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): – Әй, Жәбірейiл, үмбетiме бiр ай да көптiк етедi, – дедi.

Жәбiрейiл (ғ.с.) қайта оралып: – Әй, Мұхаммед, Раббың: үмбетiңнен кiмде-кiм ажалынан бiр күн бұрын тәубе етсе қабыл етемiн, – дедi.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Үмбетiме бұл да көп, – дейді. Жәбiрейiл (ғ.с.) үшiншi мәрте қайта оралып: – Әй, Мұхаммед,

Алла тағала: үмбетiңнен кiмде-кiм ажалынан бiр жыл бұрын не-месе бiр ай немесе бiр күн немесе бiр сағат бұрын тiптi жаны алқымына келiп тiлi күрмелiп, сөйлей алмай қалған жағдайда да шын жүректен күнәларына тәубе етсе, күнәсiн кешiремiн, – дедi.

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) тәубе туралы қайта-қайта сұрауы, Алла тағаланың Құран кәрiмде:

565 Тирмизи, Хадис хасан, бәб тәубә

Page 419: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 419

م حريص عليكم بالمؤمنين ن أنفسكم عزيز عليه ما عنت لقد جاءكم رسول م

حيم رؤوف ر«Расында сендерге iштерiңнен ардақты бiр Пайғамбар

келдi. Оған қиналуларың ауыр тиедi. Сендерге өте ынтық, мүмiндерге өте жұмсақ, ерекше мейiрiмдi»566, – деп сипаттағынындай үмбеттерiне аса рахымды, мейiрiмдiлiгiнен туған.

Осы хадиске Омардың (р.а.) Пайғамбарымызбен (с.ғ.с.) бiрге ансарлардан бiр кiсiнiң үйiне барғандағы оқиға дәлел:

Бiр күнi Омар ибн Хаттаб (р.а.) пайғамбарымыз Мұхаммедпен (с.ғ.с.) бiрге ансарлардан бiр сахабаның үйiне кiрсе, ол кiсi жағдайы нашарлап, ажал аузында жатыр екен. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оған: «Аллаға тәубе ет!», – дедi. Әлгi кiсi тiлiн икемге келтiре алмай, аспанға қарады. Осы сәт Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) күлiмсiредi. Сол уақытта Омар (р.а.): «Уа, Алланың елшісі, неге күлдiңiз? – деп сұрады.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Бұл кiсi тiлiмен тәуба айта алмаса да, көзiмен аспанға қарап өкiнiп жүрегiмен шынайы тәубе еттi. Алла тағала: «Ей, перiштелерiм, мына пендем, тiлiмен тәубе етуге шамасы келмей шын ықыласымен, жүрегiмен ашынып тәубе еттi. Мен оның тәубесiн және шын жүректен күйiнгенiн бос қалдырмаймын. Расында, мен оны кешiрiп, тәубесiн қабыл еткендiгiме сендер де куә болыңдар! – дедi. Осы iстерге қуанып күлiмсiредiм, – деп жауап бердi.

Бiрақ, бұдан «Өлерiмде бiр тәуба етермiн. Сондықтан ойнап-күлiп өмiр сүрейiн» деген ой тумаса керек. Керiсiнше тезірек тәубе етсең, Алланың рақымына бөленесiң, әйтпесе, шайтанның алдауында қаласың дегенi.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадис-шәріпiнде:

فون هلك المسو«Мусаууафундар өледi (яғни тозақы болады)»567, – деген.

566 «Тәубә» сүресі, 128-аят.567 Тирмизи,

Page 420: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері420

Мусаууафун деп кейiнiрек пәлен жасқа жеткенде тәубе етiп, барлығын тастап намаз оқып, құлшылық етемiн деп өзiн-өзi жұбатушы адамды айтады. Ол нағыз адам баласының түбiне жететiн, адамды тозақы ететiн нәрсе. Ондайдан Құдай өзi сақтасын!

Себебi, ешбiр адам өзiнiң қай кезде көз жұмарын бiлмейдi. Екiншiден, адам баласы әдетке айналған iстерiн тастай алмай, тiптi оның күнәларын жеңiл санап, қорықпай да қалады.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) үмбеттерiне былай деп өсиет еткен: «Ей, үмбеттерiм! Кәлима шаһадат пен истиғфарды парыз бiлiп, ол екеуiн әрдайым айтып жүрiңдер. Себебi, шайтан (оған Алланың лағынетi болсын!) былай дедi: «Мен адамдарға күнә iстер iс-тетiп, олардың түбiне жетiп тозақы етемiн десем, олар кәлима шаһадатпен Алладан кешірім тілеп, менiң түбiме жетпекшi. Осы-ны көрiп оларды бос, сауапсыз iстермен әуре қылып қойдым. Ендi олар өздерiн тура жолда жүрмiз деп ойлайды да Алладан кешірім тілемейді», – деп.

Басқа бiр хадис-шәріпте: «Алла тағала Адамды (ғ.с.) жара-тып, оған перiштелерге және әзәзiлге сәжде етудi бұйырғанда, әзәзiл тәкаппарлық жасап пейiштен қуылған уақытта:

تك ل أزال أغوي بني آدم ما دامت أرواحهم في أجسادهم قال إبليس يا رب و عز “Әй, Раббым! Сенiң құдiретiңе ант етiп айтамын. Адам

баласының кеудесiнде жаны бар екен, азғырғаным азғырған, – дедi.

Алла тағала:

تي و جللي يا ملعون ل أزال أغفر لهم ما استغفروا فقال الل تعالي و عز“Ей, малғұн! Құдіретiм мен ұлықтығыма ант етемiн. Егер пен-

делерiм тәубе етiп истиғфар айтса, күнәларын кешiремiн, – дедi.Алла тағала Құран Кәрімде:

وا على ما فعلوا وهم يعلمون نوب إل الل ولم يصر ومن يغفر الذ

Page 421: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 421

«Күнәларды Алладан басқа кiм жарылқайды?! Сондай-ақ олар (мүмiндер) iстеген iстерiне бiле тұра қасарыспайды»568, – деген.

Осы аят түскенде Iбiлiс (лағынет атқыр) әскерлерiн бар да-усымен айқайлап шақырған екен. Сонда алай-дүлей болып, ба-сына топырақ құйылып кетедi. Шөлдегi, көлдегi барлық жердегi қызметкерлерi келiп: «Әй, жетекшi ұлығымыз, саған не болды?», – деп сұрайды.

Шайтан-малғұн: «Құранның мына бiр аяты түстi. Ендi адам баласының бiр де бiрiне кесiрiмiз тимейтiн болды», – деп мұңаяды.

Қызметкерлерi: «Ол қайсы аят?», – деп сұрағанда, жоғарыдағы аятты оқып бердi. Яғни, бұл аяттың мағынасы «мүмiндер iстеген iсiн мойындап, Аллаға әрдайым истиғфар айтып, тәубесiне келiп, тәкәппарлық көрсетпей өзiн төмен санап, ғибадаттарының қабыл болуын Алладан сұрап жүредi деген», – деп түсiндiредi.

Қызметшiлерi: «Олай болса, бiз оларға пайдасы жоқ, сауап-сыз iстердi көрсетемiз. Сонда олар өздерiн «Тура жолдамыз» деп ойлап тәубе етпей, истиғфар айтпай жүре бередi», – дедi.

Шайтан (лағынет атқыр): «Ондай болса, дұрыс екен», – деп көңiлi жай тауып, қуанып қалады.

Адам баласы әрдайым жүрсе де, тұрса да Алланы есi-нен шығармай, шүкiр етiп, жақсылығын тiлеп, сауап үмiт етiп, күнәларының кешiруiн сұрап, тәубе етiп жүрсе, Алла тағала да ол пенденi соншалық жақсы көредi. Бұл адам баласының пенделiк мiндетi болып саналады. Ал шүкiршiлiк етпей, кешiрiм сұрамай жүруi тәкаппарлыққа жатады. Егер күнәсi көптiгiнен кешiредi ме әлде жоқ па деп кешiрiм сұрамай, тәубе етпей өтетiн болса, ақыретте Алла тағала ол пендесiн жеке алып сұрайды.

Бұл жайында Пайғамбарымыздың мынадай хадисi бар:

568 «Әли Имран» сүресі, 135-аят.

Page 422: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері422

قال الل تعالي يا ابن آدم انك ما دعوتني و رجوتني غفرت لك ما كان منك و ل أبالي،

ماء ثم استغفرتني غفرت لك و ل أبالي، يا ابن يا ابن آدم لو بلغت ذنوبك عنان الس

تيتك بقرابها مغفره رض خطايا ثم لقيتني ل تشرك بي شيئا ل آدم لو أتيتني بقراب ال «Ей, адам баласы, менен жақсылық үмiт етiп дұға етпедiң.

Ей адам баласы, күнәң көкке жеткен болса да, менен кешiрiм сұрасаң кешiрер едiм. Ей, адам баласы, сен жер бетiнде қанша күнә iстесең де маған еш нәрсенi серiк қоспай жолықсаң, мен саған сонша кешiрiм жасар едiм», – дейдi.

Сондықтан әрдайым тәубе етiп, Аллаға истиғфар айтып, үмiтiмiздi үзбей, жарылқау сұрап жүрсек, осы дүниенiң өзiнде-ақ Алла тағала бiзді өз нығметiне бөлеп, барлық қиыншылықтардан құтқарып, ризығын молайтады.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадис шәріпiнде:

ستغفار جعل الل له من كل ضيق مخرجا و من كل هم فرجا و رزقه من من لزم ال

حيث ل يحتسب «Кiмде-кiм күнәлары үшiн Алладан кешiрiм сұрауды өзiне

мiндет тұтса, Алла тағала да ол пенденi барлық қиыншылық-тар мен қайғы-қасіреттен құтқарады. Және оған ойламаған жерден несiбесiн бередi», – деген.

Алла тағала Құран Кәрiмде:

ورحمتي وسعت كل شيء

«Менiң рақымым барлық нәрсені қамтитындай кең»569, – деген.

Осы аят түскен уақытта, шайтан (лағынет атқыр) «Мен де мақұлықтардың бiрi емеспін бе? Маған да Алланың рақымынан үлес тиіп қалар» деп үмiттендi. Дәл осылай еврейлер мен христи-андар да үмiттендi.

Сол уақытта Алла тағала :

كـاة والذين هم بآياتنا يؤمنون فسأكتبها للذين يتقون ويؤتون الز

569 «Ағраф» сүресі, 156-аят.

Page 423: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 423

Мейiрiм-рақымымды тақуалық еткендерге, зекет берген-дерге және аяттарымызға сенгендерге тез жазамын»570, – деген аятын түсiрдi. Аяттарымызға сенгендер дегенде шайтан (лағынет атқыр) Алланың рақымынан үмiтiн үздi.

Еврейлер мен христиандар: «Бiздер Аллаға серiк қосудан қорқамыз, зекет беремiз, Алланың аятына сенемiз, – дедi.

Сонда Алла тағала:

ي الذي يجدونه مكتوبا عندهم في التوراة والنجيل سول النبي الم الذين يتبعون الر

«Олар сондай жандарындағы Тәуратта және iнжiлде жа-зулы жiберiлген, сауатсыз пайғамбарға ергендер едi, – яғни, Мұхаммедтің (с.ғ.с.) пайғамбарлығын растап соңынан ергендер, – дедi.

Мiне, сондықтан Алланың рақымы тек тәубе еткен мүмiндерге ғана тиiстi болады.

«Асығыстық – шайтанның iсi» деп жатамыз, дегенмен мына бес нәрсеге асығу сүннет:

Мәйiттi жерлеуге. Бойжеткен қыздарды ертерек тұрмысқа ұзатуға. Қарыздан барынша ертерек құтылуға. Күнә iстен кейiн тез тәубе етуге. Келген мейманға тағам беруге. Бұндай ұлық нығмет тек қана пайғамбарымыз Мұхаммедтің

(с.ғ.с.) үмбетiне ғана берiлген. Iлгергi пайғамбарлардың барлығы да Алланың Мұхаммедтiң (с.ғ.с.) үмбетiне берiлетiн нығметке тамсанып өткен. Пайғамбарымыздың хадис шәріпінде бүкiл адам баласының атасы Адам ата (ғ.с.) былай деген:

«Алла тағала Мұхаммедтiң (с.ғ.с.) үмбетiне маған бермеген бес нарсенi бердi: Бiрiншiден, менiң тәубем Меккеде ғана қабыл болды.

Яғни, Алла тағала Адамның (ғ.с.) тәубесiн Меккеде Арафат тауында қабыл еткен. Мұхаммедтiң (с.ғ.с.) үмбетi қай жерде тәубе етсе де Алла тағала олардың тәубелерiн қабыл етедi. Басқа

570 «Ағраф» сүресі, 156-аят.

Page 424: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері424

үмбеттерден артықшылығының бiрi осында. Алдынғы өткен үмбеттердiң ғибадат, тәубе тағы басқа Аллаға жалбарыну сияқты амалдары шiркеу сияқты белгiлi бiр орындармен шектелген. Ал пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) және оның үмбетiне жер бетiнiң кез-келген орнында ғибадат етуге рұқсат берiп, тәубелерiн қабыл болатын етiп қойды.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) тағы бір хадис шәріпінде:

مم تصلي ال في رض كلها مسجدا ولم تكن ال أختص صلي الل عليه و سلم بجعل ال

البيع و الكنائس«Мұхаммед (с.ғ.с.) және оның үмбетi басқа үмбеттерден,

барлық жер намаз оқитын жай етiлумен ерекшелендi. Басқа үмбеттер болса, ғибадаттарын шiркеулерiнде ғана оқыған, – деген.

Екiншiсi, мен киiмдi едiм. Алла тағалаға күнә жасап едiм, Алла менi жалаңаш етiп қойды. Ал Мұхаммедтің (с.ғ.с.) үмбетi тыр жалаңаш болып күнә iстесе де, Алла оларды киiндiредi.

Үшiншiсi, мен күнә iстегенiмде Алла менi әйелiмнен ажы-ратты. Адам (ғ.с.) мен Хауа анамызды жерге түсiргенде, екеуiн екi жаққа адастырып жiберген. Мұхаммедтiң (с.ғ.с.) үмбеттерi күнә iс iстесе де Алла оларды бір-бірінен көз жаздырып, ажыра-тпайды.

Төртiншiсi, мен пейiште жүрiп күнә iстеп қойған едiм, Алла тағала менi пейiштен шығарып жiбердi. Мұхамммедтiң (с.ғ.с.) үмбетi пейiштiң сыртында (жерде) жүрiп күнә iстеп, кейiн тәубе етсе, Алла тағала оларды пейiшке кiргiзедi», – деп айтқан.

«Бұл уәделердiң барлығы ақыретте болатын нәрселер, мен көп күнә жасаған адаммын. Алла менi кешiрiп, тәубемдi қабыл ете ме» деп күмәндану шайтанның iсiнен. Алла тағала тәубенiң жемiсiн тек ақыретте ғана емес осы дүниенiң өзiнде де көрсетедi. Бұл да болса тәубенiң қасиеттерiнiң бiрi. Егер де тәубе еткен-нен кейiн күнә iске қайта бармаса, Алла тағала ондай адамға басқа нығметтерiмен бiрге, ата-анасына мейiрiмдi, жанашыр, өте зерек, дана перзенттер бередi. Әрбiр адамның өмiрдегi үлкен армандарының бiрi осы. Бұны ғұламалар тексерiп тәжірибеден

Page 425: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 425

өткiзген. Тiптi Бәни Исрайыл қауымынан, заманында жезөкше болып, кейiннен Аллаға шын ықыласымен тәубе еткен әйелден қасиеттi адамдар дүниеге келген.

Бухаридың кiтабында тәубенiң берекесi жайлы ислам даны-шпандары былай деген:

«Кiмде-кiмге Алла төрт нәрсенi нәсiп етсе, ол адам және төрт нәрседен құр қалмайды.

1. Аллаға жалбарынып дұға етудi нәсiп етсе, дұғасының қабыл болуы сөзсiз.

Құран кәрiмде :

ادعوني أستجب لكم«Маған дұға етiңдер, тiлектерiңе жауаб беремін»571, – де-

лінген. Күнәсiн кешiруiн сұрайтын болса, Алла күмәнсiз кешiредi.

Алла тағаланың:

ارا إنه كان غف«Расында Алла күнәларды кешiрушi»572, – деген сөзi бар. Нығметке шүкiр етсе, Алла тағала нығметтерiн арттыра

түседі. Алла тағала Құранда:

زيدنكم لئن شكرتم ل«Егер шүкiр етсеңдер, сендерге нығметiмдi көбейтiп

беремiн»573, – деген.Кiмде-кiм тәубе етсе, тәубесi қабыл болады. Алла тағаланың

Құран кәрiмде мынадай сөзi бар:

يئات وهو الذي يقبل التوبة عن عباده ويعفو عن الس«Алла пенделерiнiң тәубесiн қабыл етiп, күнәларын

кешiредi»574, – деген.

571 «Ғафир» сүресі, 60-аят.572 «Нұх» сүресі, 10-аят.573 «Ибраһим» сүресі, 7-аят.574 «Шура» сүресі, 25-аят.

Page 426: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері426

Пайғамбарымыз Мұхаммедтiң (с.ғ.с.) өзi әр күнi 70 рет истиғфар айтып, тәубе етiп, және де үмбетiне тәубе етiп жүрудi бұйырған.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадис-шәріпінде:

ة ستغفر الل و أتوب إليه في اليوم أكثر من سبعين مر و الل إني ل«Аллаға ант етейін, мен де күнiне 70 реттен аса Алладан

кешiрiм сұрап, тәубе етемiн», – дедi.Және бiр хадисiнде:

ة. ها الناس توبوا إلي الل فإني أتوب اليه في اليوم مائة مر يأي“Ей, адамдар, Аллаға тәубе етiңдер. Расында мен де күнiне

жүз мәрте тәубе етемiн”;

ابون. ائين التو اء و خير الخط كل بني آدم خط«Барлық адам баласы күнәкар. Күнәкар пенделердiң iшiндегi

жақсылары тәубе етушiлер», – деген.

Page 427: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

427

Бақтыбай Бейсенбаев,С. Ғылмани атындағы мешіттің

Бас имамы. Астана қаласы.

РАМАЗАН ОРАЗАСЫ ҚАБЫЛ БОЛСЫН!

Биыл да Жаратушының нәсіп етуімен, аман-есендікте қасиетті Рамазан айымен қауышқалы отырмыз. Келе жатқан мүбәрак ай-мен баршаңызды құттықтай отырып, елімізге амандық, жерімізге тыныштық, шаңырақтарыңызға Жаратқанның жақсылықтары да-рысын деп тілеймін.

Рамазан – араб сөзі, түбірі «рамада» – «өте ыстық» деген мағынаны білдіреді. Ғұламалар мұны: «Рамазан айында ора-за ұстаған пенденің бойына біткен кішігірім күнә-кемшіліктері күйіп кетеді», – деп түсіндіреді. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) ораза туралы өз хадистерінің бірінде: «Кім Рамазан ора-засын иман және сауап үмітімен ұстаса, оның өткен күнәлары кешіріледі», – дейді. Сондықтан Рамазан айы күнәлар кешірілетін ай деп айтуымызға негіз бар.

Рамазан – ерекше ай. Бұл айда жасалған ғибадат, құлшылықтарға Алла тағала еселеп сауаптар жазады. Хазірет Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың хадис-шәріпінде: «Ра-мазан айында бір жақсы іс жасаған адамға Алла тағала басқа айларда парыз істі орындағанның сауабын береді. Ал парызды орындағанға басқа айларда жетпіс парыздың сауабын жа-зады», – дейді. Демек, бұл айда жай садақа жасаған кісі басқа айда зекет бергендей сауап алады, ал бес парыздың бірі – зекет-ті осы айда өтесе, жетпіс рет зекет жасағанның сауабын алады. Сондай-ақ нәпіл, тарауих намазға жығылса, басқа айда парыз на-маз оқығанның сауабындай сауапқа кенеледі, ал парыз намазын оқыса, басқа айда жетпіс парыз намазын оқығанмен тең сауап жа-зылады. Сол себепті, бұл айды әдеттегіден де имандылыққа ба-рынша ден қойып, маңызды өткізген жөн. Исі мұсылман рамазан айында ораза ұстайды, ауыз аштырады, тігінен-тік тұрып тарауих

Page 428: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері428

және Құран хатымға қатысады, пітір-садақаларын береді, тақуа болады, рухани байи түседі.

Ораза – бес парыздың бірі. Ораза – қасиетті Құранның аяты-мен бекітілген ғибадат.

Қасиетті Құранда:

يام كما كتب على الذين من قبلكم لعلكم تتقون ها الذين آمنوا كتب عليكم الص يا أي

ن أيام أخر وعلى الذين ة م ريضا أو على سفر فعد عدودات فمن كان منكم م . أياما م

ع خيرا فهو خير له وأن تصوموا يطيقونه فدية طعام مسكين فمن تطو

خير لكم إن كنتم تعلمون .

«Ей, иман келтіргендер! Тақуалықтан үміттерің болса, өздеріңнен бұрынғыларға ораза ұстау парыз етілгені сияқты, сендерге де ораза ұстау парыз етілді. Санаулы күндерде. Сон-да сендерден кім ауру немесе жолаушы болса, басқа күндерде өтесін. Ал ораза ұстауға шамасы келмейтіндер бір міскіннің пидиясын берсін. Сонда кім өз қалауымен қайырлы іс жаса-са, ол өзіне жақсы. Біле білсеңдер, ораза ұстағандарың өздерің үшін жақсы»575,– делінген.

Осы аяттан ораза ұстау жаңа бір ғибадат емес, керісінше, ораза ұстау барлық діндерде бұрыннан бар ғибадат екенін бағамдаймыз. Дінтанушы ғалымдардың айтуына қарағанда, барлық діндерде, тіпті, иләһи емес діндерде де ораза ғибадаты болған. Бірақ, ораза ғибадатын орындау оларда әртүрлі сипат алған.

Кейбір діндерде үш мезгіл тамақтың бір мезгілін жеме-уді ораза ғибадаты деп санаса, қайсыбір діндерде түске дейін аш жүруді ораза дейді, кейбір діндер тамақтың ешқандай түрін жемей, бірақ су ішіп жүруді ораза деп түсінеді, кейбір діндер астың кейбірін жемей ораза ұстайды. Мысалы, христиандарда жануарлардың етін, құстардың жұмыртқаларын қырық күн же-мей жүруді ораза дейді. Бүгінгі күнгі христиандардың бір қазанда сорпасы қайнамайтын секталары өте көп, сондықтан ораза ұстау

575 «Бақара» сүресі, 183-184 - аяттар.

Page 429: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 429

әрқайсысында әртүрлі болуы да мүмкін. Ал, исламдағы ораза – иләһи мағынаны қамтитын, нағыз ғибадат.

Ораза деп айтып отырған сөзіміз жоғарыдағы аяттағы «сиям» деген сөзден аударылды. Мағынасы «өзін тыю» деген сөз. Шариғатта «таң атқаннан күн көзі толық батқанға дейін ниетпен оразаны бұзатын немесе ашып жіберетін нәрселерден өзін тыюға» айтылады. Оразаны бұзатын нәрселер дегенге тоқталатын болсақ, олар: жеу, ішу, жыныстық қатынасқа түсу және басқа да оразаны бұзатын әрекеттер. Сондай-ақ дәрі ішу, клизма жасату, укол салу, құлағына дәрі тамызу да оразаны бұзады.

Исламда ораза ғибадаты діннің тірегі болып саналады. Ра-мазан айына аман-есендікпен жеткен, дені басы сау, балиғат жасындағы өзін мұсылман санаған адамға ораза ұстамау – үлкен күнә. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Рамазан айында парыз болған оразаны ұстамаған адам, бір күн әдейі өмір бойы ораза ұстап өтсе де, сол ұстамаған күнінің орнын толтыра алмайды», – дей-ді. Сондықтан, Алланың әмірін өз уақытында орындау – үлкен сауаптарға кенелтеді.

Ораза ұстаудың өзіндік ұстанымдары бары рас. Сондықтан Алла тағала сырқат және сапарға шыққан адамға көрген қиындықтарының үстіне ауырлық болмасын деп жеңілдік бе-реді: «Сонда сендерден кім ауру немесе жолаушы болса, басқа күндерде өтесін». Яғни, сырқат ауруынан айыққан соң, жолаушы сапардан қайтқаннан кейін, қанша күн ұстамаған болса, сонша күн рамазаннан басқа айда қаза ораза ұстайды. Шариғат ғалымдары сырқат адамдардың қатарына етеккірі келген әйелді, жүкті әйелді және қолында емізулі нәрестесі бар әйелдерді де қосады. Етеккірі келген әйел рамазанда қанша күн ораза ұстамаған болса, рама-заннан басқа айда сонша күн қаза ораза ұстайды. Жүкті әйел бо-санып, емізулі баласын емшектен шығарғаннан кейін қаза ораза ұстайды.

Аяттағы: «Ал ораза ұстауға шамасы келмейтіндер бір міскіннің пидиясын берсін», – дегеннен ұзақ ғұмыр кешіп, ораза ұстауға шамасы келмейтін кәрі кісілерді түсінеміз. Олар рамазан айында ұстамаған әрбір оразасының орнына бір міскін

Page 430: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері430

бейшараның қарны тоятындай тамақ беріп отырады. Мұны шариғат тілінде «пидия» дейді. Ғұламалар ауруынан айықпайтын сырқат адамдарды да жасы ұлғайып, әлжуаз тартқан қарттар то-бына қосады. Олардың ораза қазасын ұстауға шамалары жоқ. Өйткені, жазылып кетуінен үміт жоқ. Сондықтан, оразаның ор-нына пидия береді.

«Кім өз қалауымен қайырлы іс қылса, ол өзіне жақсы», – делінген аятта. Кім өз ынтасымен көп сауап аламын деп бір міскін-ге ғана емес, екі-үш адамға немесе арзан емес орташа немесе бір кісіні болса да аса қымбат дәмді тағамдармен тамақтандырса, өзі үшін жақсы. «Біле білсеңдер, ораза ұстағандарың – өздерің үшін жақсы», – дейді. Демек, басқа ғибадаттар сияқты ораза да әуелі ауыз бекіткен пенделеріне жақсылық келтіреді.

Ораза ғибадаты пенденің Аллаға деген сезімін оятады, ора-за – адамның тақуалығын күшейтеді, ораза – адамды Жаратқанға жақындатады, ораза – Алланың разылығына бөлейді, ораза – мол сауапқа кенелтеді, ораза – жәннат есігін ашады, ораза – тозаққа қалқан болады. Және біз білетін- білмейтін жақсылықтарға жет-кізеді. Сондықтан, ораза ұстаған адамнан Аллаға жақын адамның табылуы екіталай. Өйткені, ораза ұстаған адам тек Алла үшін, Оның разылығына жету үшін таңнан күн батқанға дейін аш жүреді, шөліркейді және жыныстық құмарлыққа берілмейді.

Алла тағала хадис құдсида:

كل عمل ابن آدم يضاعف الحسنة عشر أمثالها إلى سبعمائة ضعف ، قال الل عز

وم فإنه لي وأنا أجزي به إنه ترك شهوته وطعامه وشرابه من أجلي : إل الص وجل«Адамзаттың барлық амалы өзі үшін, адамзат әрбір

жақсылығы үшін оннан жеті жүз сауапқа дейін, тіпті одан да көп сауап алады. Ал ұстаған оразасы Мен үшін, оның са-уабын Өзім ғана білем, әмірін Өзім берем. Өйткені, ол Менің разылығым үшін таң атқаннан күн батқанға дейін ішіп-жеуден және жыныстық қатынастан бас тартты»576 ,– дейді.

576 Муслим, 1151.

Page 431: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 431

Басқа ғибадаттарға қарағанда, оразаның сауабы тым көп болғандықтан, санмен шектелмейді, сол үшін Алла тағала оразаның сауабын Өзім берем, яғни сауабының көптігі Маған ғана аян, дейді. Шын мәнінде, оразадан басқа ғибадаттар сырт көзге байқалып жатады. Мәселен, намаз оқыса, оны басқалар көреді. Зекет берсе, жоқ дегенде, оны садақа алған адам біледі, оған алғысын жасырмайды. Қажылық жасаса, ол да байқалады. Қажылық та көпшілікпен атқарылатын амал. Тіпті, бүгінгі күнде қажыға барғандар атына «пәленше қажы» деп қостырып атату-ды әдетке айналдырған. Ал, ораза ұстаған адам ешкім көрмейтін сәресі уақытында тұрып аузын бекітеді. Күні бойы басқалардан айырмашылығы білінбей жүреді, тек Алладан қорыққаннан, тек Алланың разылығы үшін ұстаған оразасын ешкім жоқ жер-ге кіріп алып ашып жібермей, таза ниетпен соңына дейін жет-кізеді. Сондықтан да Алла Тағала: «Оразаны пендем Мен үшін ұстайды», – дейді.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) хадис-шәріпiнде:

ائمون ، فإذا دخلوا يان، ل يدخله إل الص ى الر في الجنة ثمانية أبواب ، باب منها يسم

أغلق فلم يدخل غيرهم«Жәннатта сегіз есік бар.Оның бiр есiгінің аты – Райан.

Қиямет күнiнде ол есiктен тек ораза ұстағандар ғана кiредi. «Ораза ұстағандар кірсін», – дегенде, олар есiктен кiргiзiледi. Соңынан есiк жабылады. Олардан кейiн ол есiктен ешкiм кiр-гiзiлмейдi», – деген.

Пайғамбарымыз хазірет Мұхаммед (с.ғ.с.): «Үш адамның дұғасын Алла тағала кері қайтармайды. Яғни, үш кісінің тілегі Алла құзырында қабыл болады. Ата-ананың перзенті үшін жасаған тілегі, дұғасы. Ораза ұстаған адамның тілегі. Жолаушының тілегі», – дейді.

Демек, Жаратқан тәңіріміз Алла тағала үшін ораза аса мәртебелі ғибадат. Сондықтан, Алла тағала ораза ұстаушының тілеген тілегін береді. Ораза ұстаушыға берілетін сауаптар-дай сауаптар басқа ғибадаттарда жоқ. Оразаның сауабы басқа ғибадаттардың сауабынан артық. Оразаның ораза ұстаған адамға

Page 432: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері432

берері де мол. Ораза адам бойындағы ең жақсы қасиеттерді қалыптастырады. Сондай қасиеттердің бірі – тақуалық.

Жоғарыда келтірілген аятта: «Ей, иман келтіргендер! Тақуалықтан үміттерің болса», –

деп айтылған. Ал, сонда «тақуалық» деген не? Тақуалық деп – жаманнан

жиренуді, жақсы, көркем мінездерге бейімделуді айтады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Иман – жалаңаш, тақуалық –

иманның киімі”, – деген. Демек, тақуалығың болмаса, имандымын деп айтудан ұял дегені. Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.): «Тақуалық қайда?», – деп сұрағанда, көкірегіне алақанын қойған екен. Алла тағала: «Жәннатқа тақуалы жандар кіреді», – деп қасиетті Құранның бірнеше аятында баяндайды.

Сондай-ақ, қасиетті Құранның «Бақара» сүресінің ең алғашқы аятында: «Бұл Құран тақуалы жандарды ғана тура жолға бас-тайтын кітап», – дейді.

Демек, тақуалық – адам бойындағы ең жақсы қасиет. Егер аяттағы «тақуалықтан үміттерің болса», – деп айтылуына мән берсек, онда оразаның мұсылманды тақуалы етуі үшін парыз болғаны ақиқат. Ораза – тақуалыққа апаратын жолдардың ең не-гізгісі. Ораза ұстаған адам тақуалыққа бет бұруы керек. Ал егер кім ораза ұстаса, бірақ көкірегінде тақуалық сезім пайда болма-са, яғни, жаманнан жиренетін, көркем мінездерге өзін бейімдей-тін сезімі пайда болмаса, ол адам оразаны шынайы ықыласымен ұстамаған саналады. Оның оразасынан тек қиналғаны ғана қалады. Осылай болып қалудан Алла сақтасын! Келе жатқан ра-мазан айында ораза ғибадатын шынай ықыласымызбен ұстауды Алла нәсіп етсін. Жаратқан баршамызға өзі жар болғай!

Қасиетті Құранда:

ن الهدى والفرقان فمن شهد شهر رمضان الذي أنزل فيه القرآن هدى للناس وبينات م

هر فليصمه منكم الش

«Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын жолбасшы ретінде Құран түсіріле

Page 433: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 433

бастаған ай. Рамазан айы туғанын көрген адам бірден ораза ұстайтын болсын»577,– делінген.

Рамазан – айлардың сұлтаны. Ол – он екі айдың ішіндегі ең абзалы, ең қадірлісі. Өйткені, бұл мүбәрак айда Алланың күллі адамзатқа жіберген соңғы кітабы – Құран Кәрім түсірілді. Құран адамдар үшiн жолбасшы, тура жолды түсiндiрiп, ақ пен қараны, сауап пен күнәні, ақиқат пен жалғанды, жақсы мен жаманды айырушы, жаман қылықтардан сақтандырушы қасиеттi кітап. Рамазан – қасиетті Құран айы. Мұсылмандар осы айда қасиетті Құранды көбірек оқиды. Рамазан айында Құранды бір хатым жа-сау – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннеті. Сондықтан, Рамазан айында мешіттерде тарауих намазы оқылып, онда Құран хатым түсіріледі.

Ислам әлеміндегі барлық дерлік мешіттерде, еліміздегі қалалық, ауылдық мешіттерде рамазан айының кештерінде та-рауих намазы оқылады. Тарауих намазында қасиетті Құранды толығымен жатқа айтатын хафиз, қари ер кісі жамағаттың алды-на шығып, имамдыққа өтеді. Қариға ұйыған жамағат тік тұрып, қаридың қирағатпен оқыған аяттарына құлақ қойып, зер са-лып тыңдайды. Рамазан бойы әр күні тарауих намазы жиырма рәкәттан оқылады. Қасиетті Мекке мен Мәдина қалаларындағы екі қасиетті мешітінде де тарауих жиырма рәкәттан оқылады. Ислам әлеміндегі дерлік барлық мешітте де неше ғасырлардан бері тарауих намазы жиырма рәкәттан оқылып келеді. Тарауих намазы рәкәттарының саны туралы шариғат кітаптарында басқа да риуаяттар болғанымен, амалда осы жиырма рәкәты басымдау. Тарауихта Құран хатымды әр күні бір парадан оқу – ең құпталған түрі. Құран отыз парадан, яғни 30 бөлімнен тұрады. Рамазан айы да отыз немесе жиырма тоғыз күндік. Құранның бір пара-сы жиырма беттен тұрады. Рамазандағы тарауих намазы жиырма рәкәттан. Демек, Құран мен Рамазан бір-біріне сәйкес. Олай бол-са, тарауихтың бір рәкәты Құранның бір бетін оқуға сәйкес келіп тұр.

577 «Бақара» сүресі, 185-аят.

Page 434: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері434

Тарауих намазы – мүбәрак Рамазан айының ең көзге көрінген маңызды ғибадаттарының бірі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кім ра-мазан айында тарауих намазын иманмен, ықыласпен оқыса, оның өткен күнәлары кешіріледі»,– деген.

Тарауих намазы Рамазан айы бойы құптан намазынан кейін үтір намазынан бұрын немесе кейін оқылады. Тарауих намазы жиырма рәкәттан тұрады, екі рәкәттан он рет ниет жасап оқиды. Тарауих намазын мешітте жамағатпен оқу абзал. Бірақ, үйде немесе басқа жерде жалғыз оқыса да болады. Пайғамбарымыз хазірет Мұхаммед (с.ғ.с.) бұл намазды кейде мешітте жамағатпен оқыған мұсылмандарды тарауих намазын оқуға үндеген, бірақ бұйырмаған. Сол үшін тарауих намазы шариғатта парыз немесе уәжіп емес, сүннәт мүәккада саналады.

Жоғарыда қасиетті Құранның соңғы аятында: «Рамазан айын көрген мұсылмандар бірден ораза ұстайды», – делінді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Айды көріп, ораза ұстаңдар және Айды көріп, оразаны ашыңдар, ал аспан бұлтты болып, ай көрінбесе шағбан айын отыз күн етіп толтырыңдар», – деген.

Демек, шағбан айының жиырма тоғызы күні яғни, ертең кеш-кісін рамазан айының шығуын көру әрбір мұсылманға – уәжіп. Аспан бұлтты болса, шағбан айы отыз күн.

Әр жылғы ораза алдыңғысынан он, он бір күн бұрын ұсталады. Мұсылманша жыл санау осылайша отыз үш жыл да бір жылға айырмашылығы артады. Содан мұсылмандар, бір кісі дүние са-лып жатса, оған айтізбесімен жыл санап, марқұмның жасын шығарып, мұсылманша жас береді. Бұл – өте орынды. Қайтыс болған адамның мұсылманша жасын есептетіп, жаназа шығару – шариғатқа теріс емес. Қайта, мұсылманның жасын мұсылман күнтізбесімен анықтап алу құптарлық іс. Алла тағала айтізбесі-не жататын Рамазан айын ораза ұстау үшін таңдағанының себебі және хикметі – қыс, жаз, көктем, күз мезгілдерінде, яғни, ұзын-қысқа уақыттарда да, ыстық-суық күндерде де пенделерін ораза ғибдатымен сынап көру болса керек.

Page 435: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 435

Рамазан айы баршамызға қайырлы болсын. Рамазан айына лайық ғибадаттар жасайық. Алла береке, бірлік берсін. Рамазан құтты, Алла баршамызға жар болсын!

Page 436: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

436

Жолдас Бердімұратов,Павлодар облыстық орталық

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы

ЖАЛғАН АНТ ИСЛАМДА үЛКЕН КүНӘ

Бұл дегеніміз иманның алты шартына иман келтіруді, исламның бес парызын орындау және ондағы ихсан амалын өзіне қамту. Сонымен қатар, ислам діні пайғамбарлар мен елшілірдің ең ақырғысы Абдуллаһ ұлы Мұхаммедке (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) түсірген Алланың тарапынан соңғы пайғамбарлық жолдамасы.

Ислам – Алла тағаланың алдында қабыл қылынатын жалғыз ғана дін. Алла тағала Ислам дінін жеңіл әрі қолайлы қылды, онда ешбір қиыншылық немесе машақат жоқ. Ислам дінін ұстанушыларға шама жетпейтін, жағдай көтермейтін немесе мүмкіншіліктерден тыс бірде-бір амал, іс-әрекет міндеттелме-ген. Сонымен бірге адам баласы мұсылмандық жолмен жүргенде Исламның қағидаларын жақсы білу керек.

Ислам шариғаты екі жолға бөлінеді. Біріншісі, бұйырған (па-рыз бен уәжіп) амалдарды жасау, екіншісі, тыйым салған (харамен, мәкруһ) амалдардан алыс болу. Сонымен қатар, үлкен күнәлардан алыс болып, жасамау керек. Ал үлкен күнәлардың бірі – жалған ант беру болып табылады. Адам баласы мұсылмандық жолымен жүргеннен кейін, осы амалдан әрдайым сақ болғаны дұрыс.

1. ғамус антыЖалған ант бip нәрсенің жалған екенін біле тұра, өзгелерді

сендіру үшін айтылған жалған сөз. Мысалы, біреудің қарызын бер-мегенін біле тұра, «Алла атымен ант етейін, уаллаһи, билләһи қарызын өтегенмін» деуі секілді. Мұндай ант – үлкен күнә. Алайда, мұндай антқа Ханафи мәзһабында кәффарат керек емес. Оған дәлел Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бес нәрсеге кәффарат ке-рек емес деген. Солардың арасында осы ғамус анты бар.

Page 437: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 437

Лағу анты қателесіп немесе айтқаным дұрыс деп ойлап, ант ету. Мысалы, бермеген қарызын бердім деп ойлап, «уаллаһи, билләһи бердім» деп айту осы антқа жатады. Сол секілді ант етуді ниет етпестен ант сөзін айтуды әдетке айналдырғандықтан, сөзін қуаттау үшін «уаллаһи, билләһи» деуі. Бұндай антқа кәффарат керек емес.

Мунақид анты – іске асу мүмкіндігі бар және жалпы болашаққа байланысты бip нәрсе жайлы ант ету. Мысалы: «уаллаһи, билләһи, Алла атымен ант етейін, ертең қарызыңды қайтарамын» деу осы анттың түріне жатады. Бұл ант орын-далмаса, кәффарат керек. Құранда: «Алла біле тұра жасаған анттарыңа жауапты етеді», – дейді. Мұсылман адам қолынан келетін бip нәрсеге ант берсе, орындауы керек. Сондықтан, «Біздің ата-бабаларымыз «Аманатқа қиянат жасама», «Ердің екі сөйлегені – өлгені», «Ант бұзған – оңбайды, салт бұзған – сорлай-ды» деген секілді аталы сөздер қалдырған. Мұсылман өзіне бер-ген cөзi мен уәдесінде де тұрғаны дұрыс. Алла тағала ізгі құлдар туралы:

إل بالحق ول م الل إلها آخر ول يقتلون النفس التي حر والذين ل يدعون مع الل

يزنون ومن يفعل ذلك يلق أثاما «Олар Алламен бірге басқа жаратушыға жалбарынбай-

ды. Алла өлтірілуін харам еткен кісіні орынсыз өлтірмейді де, зина жасамайды», – дейді578. Тағы бір аятта Алла тағала:

م يوم ان الذين يشترون بعهد الل و ايمانهم ثمنا قليل الئك ل خلق لهم و ل ينظر اليه

هم و لهم عذاب اليم القيامة و ل يزك«Негізінен сондай Аллаға берген серттерімен, анттарын

аз ақшаға (дүниеге) айырбастағандар, міне солардың ахирет-те бір сыйы жоқ. Қиямет күні Алла оларға сөз қатпайды да оларға қарамайды, әрі оларды ағартпайды. Сондай-ақ, олар үшін күйзелтуші азап бар»579.

578 «Фурқан» сүресі, 68-аят.579 «Имран» сүресі, 77-аят

Page 438: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері438

Сахих қудси хадисте Алла тағаланың мынандай сөздері кел-тіріледі: «Әй, құлдарым! Мен зұлымдықты өзіме харам еттім және сендердің араларыңда да харам еттім. Ендеше, бір-біріңді жәбірлемеңдер!580

Хузәйфа ибн әл-Йәмән, Алла оған разы болсын, былай ба-яндайтын: «Маған Бәдр шайқасына қатысуға тек мына жағдай ғана мүмкіндік бермеді: мен өзімнің әкем Хусайлмен бірге (Бәдр шайқасына қатысу үшін) аттанғанымда кәпір құрайштықтар бізді ұстап алып: «Сендер Мұхаммедке барғыларың келіп тұр ма?» – деп сұрады. Біз: «Жоқ, біз Мұхаммедке барғымыз келіп тұрған жоқ, біз тек ғана Мәдинаға барып келгіміз келіп тұр», – деп жауап бердік. Сонда құрайштықтар бізден Мәдинада біз Пайғамбардың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) жағында соғыспаймыз деген Алланың атымен ант алды. Біз Алланың Елшісіне (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) келіп, оған орын алған жағдайды баяндап бергенімізде, ол: «Екеуің де (Мәдинаға) аттаныңдар. Біз олармен келісім-шартты орындаймыз және Алладан оларға қарсы көмек сұраймыз», – деді».581

Бұл хадис келісім-шарттарды орындаудың қажеттілігін айқын көрсетуде. Дәл осы жағдай Хузәйфәны және оның әкесін мұсылмандар мен кәпірлердің соғыс майданында алғашқы кез-десуінде қатысудан бас тартуға мәжбүрледі. Пайғамбардың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) шешімі осылай болды, ал одан өзге кім маңыздырақ және сенімдірек бола алады?!

Әбу Рафидың мына бір баяны да антқа берік болудың маңызын білдіреді: «Құрайштықтар мені Пайғамбарға (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) елші етіп жіберді, бірақ, оны көрген сәтте мен өз жүрегімде Исламды қабылдағым келіп тұрғанын сездім. Мен: «Уа, Алланың Елшісі! Алла тағаламен ант етемін, мен оларға ешқашан қайтпаймын!» – дедім. Бұған Пайғамбар (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Мен келісім-шарттарды бұзбаймын және елшілерді ұстап қалмаймын! Оларға қайт, ал содан кейін,

580 Хадис Құдуси581 Муслим.

Page 439: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 439

егер сенің жүрегіңде қазір болған қалауың сақталып қалса, бізге қайтып кел», – деді».582

Муғира атты тағы бір сахаба Исламға келудің қарсаңында өзіне сапарлас болған адамдарды өлтірді де, олардың мүлкін иемденіп алды. Кейін ол Пайғамбарға (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) келіп, Исламды қабылдады. Ал Пайғамбар (Алланың оған игілігі мен сәлемі босын) оған былай деп айт-ты: «Сенің Исламға (келуіңе қатысты) айтар болсақ, мен (оны) қабылдаймын. Ал, мал-мүлікке келер болсақ, менің оған ешқандай қатысым жоқ», – деді.583

عن عبد الل ابن مسعود رضي الل عنه أن النبي صلى الل عليه وسلم قال: »من حلف

على مال امرئ مسلم بغير حق لقي الل وهو عليه غضبان، قال ثم قرأ رسول الل صلى

الل عليه وسلم مصداقه من كتاب الل عز وجل : إن الذين يشترون بعهد الل وأيمانهم

ثمنا قليل أولـئك ل خلق لهم في الآخرة ول يكلمهم الل ول ينظر إليهم يوم القيامة

يهم ولهم عذاب أليم ول يزكАбдулла бин Масъудтан (Алла оған разы болсын) жеткен

хадисте Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі бол-сын): «Кімде-кім бір мұсылманның малы жөнінде жалған ант беретін болса, ол Алланың ашуына жолығады»584, – деді де, Алла тағаланың мына сөзін оқыды: «Аллаға берген серттері мен ант-тарын аз ақшаға айырбастағандар, міне соларға ақиретте еш несібе болмайды. Қиямет күнінде Алла оларға сөз қатпайды да оларға қарамайды әрі оларды тазартпайды. Сондай-ақ олар үшін күйзелтуші азап бар».

وعن أبي أمامة رضي الل عنه أن رسول الل صلى الل عليه وسلم قال: من اقتطع حق

م عليه الجنة. فقال رجل: وإن كان شيئا امرئ مسلم بيمينه فقد أوجب الل له النار وحر

يسيرا يا رسول الل؟ قال: وإن كان قضيبا من أراك

582 Әбу Дауд, ән-Нәсаи, әл-Хаким, әл-Бәйхақи, Ибн Хиббән және Әхмәд.583 Бухари.584 Бухари, Муслим

Page 440: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері440

Абу Умаманың (Алла оған разы болсын) хадисінде, Алланың Елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) айтады: «Кім мұсылманның ақысын ант етумен тартып алса, Алла оған тозақты міндетті етіп, жәннатты харам етеді». Сонда бір кісі: «Иә, Расулалла! Егер кішкене нәрсе болса да ма?» – деп сұрады. Алланың Елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Тіпті, арак (мисуак) ағашының талы болса да», – деп жауап берді.585

عن عبد الل بن عمرو رضي الل عنهما عن النبي صلى الل عليه وسلم قال: الكبائر:

الشراك بالل وعقوق الوالدين، وقتل النفس، واليمين الغموس Абдулла бин Амр (Алла оған разы болсын) Пайғамбарымыздың

(Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) мына хадисін жеткі-зеді: «Үлкен күнәлар: Аллаға серік қосу, ата-ананың тілін алмау, жазықсыз адамды өлтіру, жалған ант беру»586.

وفي رواية أن أعرابيا جاء إلى النبي صلى الل عليه وسلم فقال: يا رسول الل ما

الكبائر؟قال: »الشراك بالل، قال ثم ماذا؟قال: اليمين الغموس، قلت وما اليمين

قتطع مال امرئ مسلم« الغموس؟قال: الذي يБасқа бір риуаятта: Бір бәдәуи Пайғамбарымызға (Алланың

оған игілігі мен сәлемі болсын) келіп: «Уа, Расулалла! Үлкен күнәлар қайсылар?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Аллаға серік қосу», – деп жауап берді. «Тағы қайсы?» – деп сұрады. «Жалған қасам ішу», – деді. Мен: «Жалған ант ішу деген не?» – деп сұрақ қойдым. Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Мұсылманның малын тартып алатын жалған ант», – деп жауап берді.587

Алланың атымен ант ету ерекше құрметті нәрсе. Өйткені, ол құқықтардың сақталуына әлде тапталуына себеп болатын шарғи себептердің бірі. Жалған ант берумен адамдардың заңды құқықтары бұзылады. Сондықтан жалған ант етушінің жазасы да ауыр болмақ.

585 Муслим586 Бухари.587 Муслим

Page 441: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

441

Еркебұлан ҚарақұловҚазақстан мұсылмандары діни басқармасы

Діни сараптау және талдау бөлімінің меңгерушісі

ТӘКАППАРЛЫҚ – ЕКІ ДүНИЕ КЕСІРІ

Кейде адам баласы «мен» деген сөзді қаншалықты көп айта-тынын өзі де байқамай қалады. Бір кісінің жүрегіне үнемі өзін көрсету, мойындату, өзгеден жоғары екендігін білдіру сезімі ұяласа, онда ол жүректі білдірмей келіп шағатын улы жылан маңайлап жүр деп болжасақ қателесе қоймаспыз. Ол сезімді Ис-лам шариғатында «тәкаппарлық» деп атайды.

Алла тағала Құран Кәрімде:

رض ولن تبلغ الجبال طول كل ذلك رض مرحا إنك لن تخرق ال ول تمش في ال

كان سيئه عند ربك مكروها«Жер бетінде тәкаппарланып жүрме! өйткені, сен

ешқашан жерді тесіп кете алмайсың және таулардан биік бола алмайсың. Бұлардың барлығы Раббыңның құзырында жек көрінішті жаман қылықтар саналады»588, – деген аят түсіріп, бұл мінезді жақсы көрмейтіндігін білдірген.

Бұл аятта ең алдымен жүріс-тұрыстағы паңдыққа тыйым салынған. Иә, адамдардың арасында өзін тым асқақтатып, жерді тесіп жіберердей көкіректеніп жүретіндер кездеседі. Бірақ оны Алла тағала жақсы көрмейтінін бүгінде біреу білсе, біреу білмей-ді.

Бүгінгі таңда тәкаппарлықтың белгілерін жастан да, кәріден де байқаймыз. Жастардың киім киісінен, сөз сөйлеуінен, өзін қоғамда ұстауынан осы кеселдің ұшқындары айқын байқалады. Мектептің өзінде оқушылардың «ана киімді кимеймін», «мына киімді киемін», «жұрттың бәрі жаңа үлгідегі киімдерді киеді, мен ғана бұрынғы киіммен жүрмін» деп байбалам салатынын ата-аналардан көп естиміз. Бұл тәкаппарлықтың белгісі емей немене?

588 «Исра» сүресі. 37,38-аяттар

Page 442: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері442

Бесіктен белі шықпай жатып осылай өзгелерден артық болуды көздесе, өсе келе, бұл мінез тіпті ұлғайып кетеді. Ертеңіміздің үміті, көзіміздің нұры деп жүрген ұл-қыздарымыз менмендіктің шырмауынан шыға алмай жүрсе, ертеңіне қалай үмітпен қарамақпыз? Сондықтан, құрметті жамағат, ұл-қыздарымыздың ойынан өркөкіректіктің нышандарын байқасақ, кешіктірмей оны емдеуге тырысуымыз керек. Өйткені, аталмыш аятта айтылғандай бұл мінез адамның екі дүниесін де астаң-кестең етері хақ.

Тәкәппарлық – араб тіліндегі «кибр» және «тәкәббур» сөздерінен шығады. Ол «үлкен», «ұлы болу» деген мағынаны білдіреді. Қазақ тілінде ол «менмендік», «өркөкіректік», «кеудемсоқтық», «паңдық» деп те айтылады. Көкіректік – адам-ды өзгелерден жоғары ұстауға итермелейтін ішкі сезім, мінез. Бұл, әрине, Алла тағала сүймейтін, адамдыққа жат сипат. Алай-да, бұл ойды адам тез байқап, бірден Алладан кешірім тілеумен жуып-шайып отырса, ол адамға көп зиян келтірмейді. Исламда менмендікті жоюдың маңыздылығы сонша – ол туралы қанша уақыт уағыз айтылса да артықтық етпейді. Өйткені, ақыреттегі мәңгілік бақытты ғұмыр осынау озбыр мінезден аулақ болғандарға бұйырмақ.

Құран Кәрімде бұл туралы:

رض ول ا في ال ار الآخرة نجعلها للذين ل يريدون علو تلك الدفسادا والعاقبة للمتقين

«Міне, сол ақырет мекенін жер жүзінде өзін-өзі көтеріп, (кеуде қағып) бүлік (пен бұзақылық) жасамағандарға нәсіп етеміз. Ақырғы мол табыс тақуалар үшін»589, – делінген. Олай болса, мына қысқа ғана дүниеде кеуде көтеріп, менменсудің, өзгелерге өзімізді көрсетудің қаншалықты қажеті бар десеңізші.

Асылында, тәкаппарлық тек Аллаға ғана жарасады. Ал ешбір жаратылысқа өзін өзгеден биік санауға рұқсат жоқ. Жара-тушы Иеміздің «Рақымды», «Қамқор», «Жомарт» сияқты кейбір есімдерінің сәулесі құлының мінезінен көрініп жатса, олардың

589 «Қасас» сүресі, 83-аят

Page 443: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 443

адамдарға екі дүниеде берер пайдасы мол. Оған Алла тағала рұқсат берген. Ал «Ұлы», «Үлкен» және «Жоғары» секілді есімдер адам-зат бойынан көрінбеуі тиіс. Сондықтан егер пенде маңғазданып тәкаппарланса, Алла тағаланың ашуына ұшырайтыны хақ. Орын-сыз асқақтаудың кесірінен пайда болатын ұнамсыз іс-әрекеттер өте көп. Кейде бұл кесапат қылық мұсылмандықты ұстанып жүрген пенделердің бойынан да көрініп жатады. Олай болса, оның зардаптары мен апаты да орасан. Оның үстіне, тәкәппарлықты құл мен жәннат арасындағы пердеге балауға да болады. Өйткені, көркем мінез-құлықтар – жәннаттың есіктері. Ал тәкаппарлық сол есіктердің барлығын жауып тастайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде былай деген:

ة من كبر ل يدخل الجنة من كان فى قلبه مثقال ذر«Жүрегінде тозаңның салмағындай тәкаппарлық болған кісі

жәннатқа кірмейді»590. Тағы бір хадисінде сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)

көкіректенгендер тозақ түбінен орын алатынын хабарлаған:

صلى الل عليه وسلم عنه قال : سمعت رسول الل وعن حارثة بن وهب رضي الل

اظ مستكبر « يقول : »أل أخبركم بأهل النار ؟ : كل عتل جو«Сендерге отта болатындардан хабар берейін бе? – Олар –

барлық дөрекі, сараң және өркөкірек тәкаппарлар»591. Негізінде, бұл хадистерді естігенде, Алладан қорқатын

құлдардың денесі тітіркенуі керек. Алайда оны естігенде, түк болмағандай әсерсіз отыра берудің өзі біздің тәкаппарлықтан қорқуымыздың дәрежесін білдіреді. Енді өмір бойы құлшылық етсе де, болмашы ғана менмендігі үшін сағынышты жәннатына кіре алмаса, одан асқан бақытсыздық бар ма? Бұл жасалған құлшылықтың, оқылған намаздың, тұтылған оразаның бекер болғаны деген емес пе? Алла тағала барлығымызды ондайдан сақтасын!

590 Муслим591 Хадисті Харис ибн Уахб (р.а.) риуаят еткен. Аль-Бухари, Муслим.

(Риизус-салихин № 614 хадис)

Page 444: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері444

Расулулланың (с.ғ.с.) тағы бір хадисінде былай делінген:

ت الجنة والنار فقالت عن أبى هريرة أن النبى -صلى الل عليه وسلم- قال: احتج

الجنة: يا رب ما لى ل يدخلنى إل فقراء الناس وسقطهم. وقالت النار: ما لى ل

يدخلنى إل الجبارون والمتكبرون فقال للنار: أنت عذابى أصيب بك من أشاء. وقال

للجنة: أنت رحمتى أصيب بك من أشاء. ولكل واحدة منكما ملؤها«Жәннат пен тозақ оты сөз таластырды. Сонда жәннат

айтты: «Уа, Раббым! Неліктен маған тек адамдардың пақырлары мен әлсіздер ғана кіреді?». Тозақ оты айтты: «Не-ліктен маған қатыгездер мен тәкаппарлардан басқа ешкім кірмейді». Алла тағала тозақ отына: «Сен менің азабымсың, сенімен қалағанымды азаптаймын». Жәннатқа айтты: «Сен менің рақымымсың сенімен қалағанымды мейіріміме бөлеймін». Екеуіңді де толтыратындар бар».592

Осы хадисте Алла тағала жәннаттың да, тозақ отының да толатындығын айтады. Бірақ қалай толады, кімдермен толады? Жәннатқа кіретіндер кедейлер мен әлсіздер болса, тозаққа кіретін-дер қатыгездер мен тәкаппарлар. Яғни, адам баласы қалаған жақсылығын жасасын, бірақ мінез-құлқы мұсылмандыққа сай болмаса, жасаған амалдарынан ақырет үшін зәредей де пайда шықпайды. Барар жері осы хадисте айтылғандай болады. Алла тағала бәрімізді одан сақтасын.

Сондықтан кімде-кім тәкәппар болса, Ібілістің кебін киетіні сөзсіз. Ондай жанның ізгі амалдары да еш пайдаға аспайды. Адам-зат тарихында жасалған ең бірінші күнә да – осы тәкаппарлықтан туындаған. Бұны жасаушы лағынет атқыр Ібіліс еді. Сол күнәсінің кесірінен Алланың рақымынан мәңгілікке қуылды.

Құран Кәрімде бұл туралы:

دم فسجدوا إل إبليس أبى واستكبر وكان من الكافرين وإذ قلنا للملئكة اسجدوا لآ«Біз періштелерге Адамға (а.с.) сәжде етуді әмір еткеніміз-

де, олар сәжде етті. Тек Ібіліс қана бас тартты, тәкаппарланды

592 Хадис имама Бұхари мен имам Ахмадта риуаят етілген

Page 445: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 445

және кәпірлерден болды»593, – деп, лағынетке ұшыраған тәкаппар шайтанның жағдайын баяндайды. Бұл аятта Ібілістің тәкаппарлануы кәпірлікке соқтырғаны баяндалған. Алла тағала бұл аятты бізге сабақ ету үшін түсірген. Олай болса, кез келген адам тәкәппарланса, осындай дәрежеге түсуі ғажап емес. Шай-тан менмендіктің арқасында бақытсыздыққа ұшырады. Оның бұл жағдайға ұшырауына білімсіздік емес, сол білімді көтере алмаушылық себеп болды. Олай болса, көркем мінезсіз, әдепсіз алынған білім-ғылым адамның рухани дәрежесін өсірмейді. Керісінше, білімді дұрыс қолдана алмаушылық адамды жарға жығады. Сондықтан білімімізді қарапайымдылықпен, кішіпейіл-ділікпен, әдеппен безендіруіміз қажет.

Құранның көптеген аяттарында Алла тағаланың паңдық пен өркөкіректік мінезді сүймейтіні айтылған. Мысалы, «Лұқман» сүресінде:

ل يحب كل مختال فخور رض مرحا إن الل ك للناس ول تمش في ال ر خد ول تصع«Адамдарға паңданып (тәкаппарлықпен) қырын қарама

және жерде тәкаппарланып жүрме. Шынында, Алла тағала дандайсыған мақтаншақтарды сүймейді»594 делінген.

Біз көбінесе бір істі жасай салып шүкір етудің, сол арқылы тірліктің берекесіне қауышудың орнына «Мен олай еттім, мен бұлай еттім. Мен, мен...» деп білместікпен күнәға барып жата-мыз. Ал негізінде әрбір адам «мені де, амал-тірліктерімді де жаратушы Алла» деген түсініктің аясынан шықпауы тиіс. Алла тағаланың мейірімділігімен жасауға мүмкіндік берген істерді өзіне таңып, нәпсісін еркінсітуден аулақ болуы керек. Мысалы, «Мен тамақ жедім» дегендегі «жеу» Алла жаратқан әрекет. Өйткені, асты шайнап жұмсарту, асқазанға жіберу, асқазанда қорыту, содан соң пайдалы нәрселерді алып қалып, қалғанын сыртқа шығарып тастаудың барлығы адамның еркінен тыс болып жатқан істер. Сондықтан оның бәрі тек Алланың қалауымен және жаратуымен болады. Олай болса, осының барлығын біліп тұрып, адамның

593 «Бақара» сүресі, 34-аят594 «Лұқман» сүресі, 18-аят

Page 446: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері446

«мен үйттім,бүйттім» деуі онша қисынға келе қоймайды. Ра-сында да, ойланып көріңізші, осы әрекеттердің қаншасын адам өзі, Алланың көмегінсіз жасады дей аламыз. Иә, ешбір әрекеттің мыңнан бірін де адам өзі жасай алмайды. Сол себепті, анаған да, мынаған да, «мен жасадым», «мен қол жеткіздім», «мен бітірдім» деп «мен» сөзін қолдана беру орынсыз. Оның орнына, «Алла қалады», «Алланың көмегімен», «Аллаға шүкір» деген сынды сөздерді жиі айтып, үнемі шүкіршілікті ұмытпауымыз қажет. Бұл біріншіден, Алланың нығметінің еселеп молаюына себеп болса, екіншіден, тәкаппарлық сияқты үлкен күнәларға жол бермейді.

Бұл, әрине, бірден қалыптаса салатын дағды емес. Оны бойға сіңіру, жан дүниеміздің сол түсінікті қабылдауы, айтылған нәрселердің ақиқат екендігіне көз жеткізіп, олардың өмірлік ұстанымға айналуы үшін уақыт қажет. Сонда ғана бүкіл жақсылықтың қайнар бастауы Алла тағала екендігіне толық көзіміз жетеді.

Жаратылыс негізіміз топыраққа бір көз салып көрейікші. Біз бүкіл тіршілік көздерін сол топырақтан аламыз. Ішіп-жеміміздің бәрі де содан шығады. Бірақ ол үнемі аяқ астында төсеніш бо-лып жатады. Алла тағаланың құдіреті сол – біздің күнімізді сол топыраққа қаратып қойған. Соған алданып, басын көтермей жерге қарап жүруіміз үшін шығар, бәлкім? Алайда, біз қашан да өзімізді төмендеткіміз келмейді. Басымыздан сөз асырмаймыз. Ал нәпсімізге, тіпті шаң жуытпаймыз. Ол қашан да пәк, еш кінәсіз секілді. Бір нәрсені өзіміз бүлдіреміз де, кінәліні сырттан іздеп жүреміз. Мысалы, үстел шетінде тұрған кесені сындырып ала-мыз да, «Мұны бұл жерге қай ақымақ қойған. Бұл жерде сынып қалатынын көрмей ме, немене?» деп өз кінәмізді өзгеге жабуға даярмыз. Мұндай мысалдардың ұсағын да, ірісін де көптеп кел-тіре беруге болады. Алайда, біздің айтпағымыз, бір сәт болса да, өзімізді жұрттан жоғары көрмеудің ғажайып кереметтері туралы ойланып көрейікші. Бір мезгіл қателік өзімізден шығар деп ойла-нып көрейікші?! Алла бәрімізге қарапайым болуды жазсын.

Менмендік өзіңді өзгелерден артық санау ғана емес, ол жүріс-тұрыс, қимыл-әрекетіңмен өзіңді паң ұстауды да қамтиды. Мұны

Page 447: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 447

менмендігі сыртына теуіп тұратын рухани кеселге де жатқызуға болады. Бұл дертке шалдыққандардың әрбір ісінен де, қызметінен де, сөздерінен де өзімен деңгейлес кісілерді төмен көрушілікті байқай аламыз. Болып жатқан оқиғалардың барлығын міндетті түрде өзімен байланыстырып, өзін көрсетіп қалу мүмкіндігін қалт жібермеу де осы аурудың белгілерінен саналады. Тәкәппарлық дертіне шалдыққан жан мұнымен ғана шектелмей, бірте-бірте өзгелерді төмен санай бастайды. Осылай келе-келе ақыры, өз Жа-ратушысына қарсы келгенін де сезбей қалады. Сондай-ақ мына жағдайға, мына дәулетке мен өз еңбегіммен, ақылдылығыммен, біліміммен, пысықтығыммен жеттім дейтіндер кездеседі. Бұл түсінік те бірте-бірте «Мен басқалардан артықпын» де-генге алып келетін зиянды қылықтардың бірі. Олай болса, тәкаппарлықты тудыратын негізгі себептердің тағы бірі «Мен басқадан артықпын» деген қағида. Бұл – лағынет атқыр шай-танды Жәннаттан қуып, мәңгілікке Алланың қаһарына душар ет-кен сөз. Бір қарағанда, бір-ақ ауыз сөз сияқты болып көрінгенмен, бұл – талай бәленің бастауында тұратын кесірлі сөз. Адам (а.с.) пайғамбарға бүкіл періштелер бас ұрып, сәжде жасап жатқанда, Ібіліс-шайтан (оны лағынет атсын) ұялмай, өз Жаратушысының айтқанына қарсы келді.

Алла тағала одан:

قال ما منعك أل تسجد إذ أمرتك قال «Мен әмір еткенде, сені сәжде етуден не тыйды?» деп

сұрағанда, ол:

أنا خير منه خلقتني من نار وخلقته من طين«Мен одан артықпын. Мені оттан жаратып, оны

балшықтан жараттың»595, – деді. Осыдан соң Ібіліс Алланың рақымынан қуылып, адам баласының қас жауына айналды. Қараңызшы, бір ғана сөзбен қарсылық танытқан шайтанның жағдайы не болды? Ал енді біздің күнделікті өмірімізде

595 «Ағраф» сүресі, 12-аят

Page 448: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері448

Жаратушымыздың бұйрықтарын орындамаушылық кездеспей жүр дейсіз бе?

Аталмыш оқиғада тәкаппарлықтың бір себебі көре алмаушылық екені аңғарылады. Ібілістің сөздерінде «Ол менен жоғарылап кететін болды, мен төмендеп қалатын болдым» деген пікір жасырынып жатқандай. Бұл күндерде дәл осы оймен ауырған адамдар да кездесіп қалады «Қатардан қалмайық» дегенді басты қағида етіп ұстанып алып, әрі де, бері де шапқылай беретін ба-уырларымыз өте көп. Олай болса, «жұрттан асайын», «жұрт мені көрсін» деген ұстанымның апарар жері жақсылық емес екенін ес-тен шығармауымыз қажет. Егер бүгінге дейін бұл қателікті біл-меушілікпен жіберіп алған болсақ, онда Адам (а.с.) атамыздың жолымен Алладан кешірім тілеу жылдам тәубе етуіміз ләзім. Болмаса, Ібілістің, Перғауынның, Қарунның, Нәмруттың көшіне ілесіп, біз де кете бармақпыз.

Адам атамыз (а.с.) да ұмытып, бір рет Алла тағаланың тыйым салынған жемісті алғанын білеміз. Бірақ ол қатесінде табандап тұрып алмай, бізге тәубеге қалай қадам басу керектігін үйретіп кетті. Ол Хауа анамызбен бірге отырып:

قال ربنا ظلمنا أنفسنا وإن لم تغفر لنا وترحمنا لنكونن من الخاسرين«Раббымыз, біз өзімізге қиянат жасадық. Егер Сен

бізді жарылқап, рақымыңа алмасаң, біз, әлбетте зиянға ұшырағандардан боламыз»596 деп дұға етті. Алла олардың тәубесін қабыл етті.

Әбу Һурайра (р.а.) Алла елшісінің (с.ғ.с.):

يهم ، ول ينظر إليهم ، ولهم عذاب أليم : يوم القيامة ، ول يزك » ثلثة ل يكلمهم الل

اب ، وعائل مستكبر« شيخ زان ، وملك كذ«Алла тағала ақыретте мына үш топ адаммен сөйлеспейді,

оларды тазартпайды, назар аудармайды, олар: зинақор қарт, өтірікші басшы, және менменшіл кедей»597, – деп айтқанын жет-кізді.

596 «Ағраф» сүресі, 23-аят597 Муслим. (Риадус-салихин № 617 хадис).

Page 449: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 449

Ойланып көріңізші, көмек тек Алладан ғана күтілетін сол бір қиын қиямет күнінде Жаратушы иеміздің сөйлеспеуі, на-зар аудармауы, күнәларымызды кешіріп, арылтпауынан асқан қасірет бар ма? Алладан басқа сенетін кіміміз бар? Нағыз пұшаймандық осы емес пе? Бұл хадисте қарттың аппақ сақалына қарамай зинақорлықтан тыйылмауы, өзіне сеніп отырған халықты басшының алдауы, сонымен қатар тұрмысы төмен адамдардың кеуде көтеруі сөз болған. Бұлар – өте жиіркенішті істер. Бұдан жастардың зинақор болуына, қарапайым адамдардың өтірік ай-туына, байлардың көкірек көтеруіне рұқсат деген тұжырым жа-салмайды. Қараңызшы, бір аяғы жерде, бір аяғы көрдегі қарт адам Алла тағаланы тани алмаса, дінінің заңдылықтарын үйрене алмаса, ақылын толықтыра алмаса, білімін жетілдіре алмаса, өзге түгіл өз қылықтарына есеп бере алмаса түптеп келгенде қиынның қиыны осы емес пе? Қарт кісінің сондай жиренішті іске баруын Алла тағала жақтырмайтындығының бір себебі осында. Яғни қартайғанға дейін зина жасаудың күнә екендігін білмегендігі оның басына қиямет күні таяқ болып тиеді. Ал басшының өтірік айтуы-на келсек, негізінен, өтірікті көбінесе өз кінәларының әшкере бо-луынан қорыққан кісілер айтады. Ал басшы қол астындағыларға есеп бермейді. Сөйте тұра, өтірік айтуы әбестік саналады. Ал кедей кісінің тәкаппарлануға ешбір мүмкіндігі де жоқ емес пе? Ауқатты кісілер жағдайының арқасында өзгелермен бәсекеге түседі. Бірақ жарлы адамдар несіне сеніп тәкаппарланбақ? Жағдайы төмен кісілердің өздеріне тән бақыттары бар. Сол бақытты дұрыс түсініп, соған ие болу қандай жақсы. Қарапайым өмір сүрудің өзіне тән тәттілігі бар. Соның дәмін сезген адамның шүкірлігі де көбейеді. Шүкір ету – мұсылмандық міндетіміз. Олай болса дәйім кішіпейілділікке, қарапайымдылыққа қарай ұмтылғанымыз жөн.

Бірде бір адам Алланың елшісінің (с.ғ.с.) көзінше сол қолымен тамақ жей бастады, сонда Расулуллаһ: «كل بيمينك» “Оң қолыңмен же!”, – деді. Ол адам: أستطيع Жей алмаймын”, – деді, сонда“ل Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): ل استطعت« ما منعه إل الكبر» «Сірә, менмендігің жібермей тұр-ау, жей алмай қал онда!”, – деуі мұң екен, ол адам

Page 450: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері450

сол кезден бастап (сол) қолын аузына апара алмайтын болды (Мүслим).

Құрметті мұсылман бауырлар! Біз Исламды, иманды жан-жақты танып, ондағы асыл құндылықтарды дұрыс түсініп, дұрыс меңгермейінше, әр ісімізден көркем мінез аңқып тұрмайынша, қоғамдағы мұсылмандық туралы түрлі алып-қашпа ойлардың толастамасы анық. Діндегі кейбір талаптарға немқұрайды қарау дінімізге де, бүгінгі қоғамымызға да көп зиян келтіреді. Тіпті он-дай немқұрайлылық ақырет бақытына қауіп төндіруі ықтимал. Өйткені, біз Исламға мән беріп, көңіл аудармасақ, оның иесі Алла тағала да бізді ең қажет сағатта қараусыз, назарсыз қалдыруы мүмкін. Кімде кім Аллаға бет бұрса, Алла да оған бет бұрады. Қайсыбір отбасы Алланың заңдарымен өмір сүрсе, Алла тағаланың мол берекесі де сол шаңыраққа ұялайды. Қайсыбір қоғам неме-се халық Алла тағалаға мойынсұнса, Алла да ол қоғамға өзінің нұрын жаудыратыны сөзсіз.

Тарихқа үңілсек тәкәпарлыққа тереңдеп кеткен талай әйгілі адамдар бұрын-соңды адам баласы көрмеген апатқа ұшырады. Мысалы, Мұса пайғамбардың қауымынан шыққан Қарунның жайы не болды? Алла тағала оған өзгеге берілмеген мол қазына берген еді. Құранда ол қазынаның молдығы туралы былай баян етіледі:

ة وآتيناه من الكنوز ما إن مفاتحه لتنوء بالعصبة أولي القو«Сондай-ақ оған, кілттерін күшті бір топ әрең көтеретін

қазыналар берген едік»598. Кілттерінің өзін бір топ күшті жігіт-тер әрең көтеретін болса, қазынаның өзі қаншалықты екендігін ойлай беріңіз. Енді сол Қарун бұл дәулетке тиісті шүкірлік жасай алмады. Оған қасындағы ақылмандар:

ل يحب الفرحين إذ قال له قومه ل تفرح إن الل«Дандайсыма! Расында Алла көкірек көтерушілерді жақсы

көрмейді»599, – деді. Бұдан тәкаппарлыққа себеп болатын негізгі

598 «Қасас сүресі», 76-аят.599 «Қасас сүресі», 76-аят.

Page 451: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 451

себептердің бірі мол байлық пен дәулетті көтере алмау екендігін ұғамыз. Сондықтан Алла тағаланың бұйрықтары мен тыйымда-рына, жақсы көретін істері мен жақсы көрмейтін істеріне көңіл бөліп, ықтияттылық таныту қажет. Өз-өзімізді қамшылап, «мен осы Алла тағаланың әмірлеріне қалай қарап жүрмін? Жүрегімде діни құндылықарға деген салғырттық, салқындық жоқ па?» деген сұрақтарды көп қоюымыз керек. Еш уақытта да Жаратушы иеміз-ді естен шығармауға тырысуымыз ләзім. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Алла тағалаға: «Мені нәпсіммен қас-қағым сәтке де жеке қалдырма» деп дұға етуді үйретуінің астарында да осы мән жатыр. Өйткені, он сегіз мың ғаламның Иесі болған Мәликуль-Мүлк, Алла тағаланы ұмытқан адам өз билігім өзімде деп топшы-лайды да, нәпсісіне Перғауынның тағын орнатады. Өзін бәрінен жоғары санай бастайды.

Тәкаппарлық – иманға баратын жолда адамның алдын жа-уып тұратын үлкен бөгет. Бұл ауру кез-келген жүректі денде-се болғаны оның арғы дүниеде көретін бүкіл жарықтары сөне бастайды және ол өзгенің бойындағы әр жетістікті көре алмай, сол жетістікті өз бойынан тапқысы келіп, іші оттай жанады. Өйткені, ол айналадағы барлық құрмет, сый-сыяпат тек өзіне ғана көрсетілгенін қалай бастайды. «Үйім міндетті түрде соңғы үлгіде салынса, ең жүйрік көлік менікі болса», тағысын тағы деп жүріп адам бүкіл өмірінің қалай өтіп кеткенін де сезбей қалады. Ондай бейғамдар Алла өмір берсе, қартайған шағында өткізген өміріне бір көз тастаса не көреді дейсіз ғой? Бүкіл өмірді босқа өткізгенін, енді әне-міне көшем деп отырған арғы дүниесіне ешқандай дайындық жасамағанын, ең бастысы, мәңгілік өмірін өз қолымен құрдымға жыққанын көреді. Алла бәрімізді одан сақтасын!

Тәкаппарлық осыншалықты жеккөрінішті болса, ол адам табиғатына не үшін берілген? Ол адамның әу бастағы жараты-лысына Исламның намысын, Құранның беделін, дініміздің қадір-қасиетін, мұсылман қоғамының ар-намысын сақтау үшін берілген. Ал бұл сезім дұрыс арнаға салынбаса, оның адамды күпірлікке жетелейтін қасіретке айналары хақ. Тарихқа көз жүгіртсек, небір

Page 452: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері452

кісілердің өз жолынан адасып, иман шеңберінен ауытқып кетуіне осы тәкаппарлық әсер еткенін аңғарамыз.

Айтылғандардан шығар қорытынды, адам өзін тәрбиелегісі келсе, ең алдымен мінез-құлқын осы менмендіктен арылтуы ке-рек. Ол адам бойындағы ең қауіпті сезім. Өйткені, көкіректікке бір бой алдырған жандардың ақиқатты танып білуі де, тура жол-дан ажырамай, мақсатына жетуі де қиын.

Page 453: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

453

Нұрлан Сайлауұлы, дінтанушы

НАМАЗ – ДІННІң ДІңГЕГІ

Намаз – діннің тірегі, құлшылықтың ең абзалы. Намаз оқу пенденің мұсылман екендігінің айғағы. Мұсылман адам намаз-ды Құдайға деген шүкіршілігін білдіріп, Оның бұйрығын орын-дау мақсатында оқиды. Сондай-ақ шынайы намаз адамды түрлі арсыздықтар мен жаманшылықтардан арылтып, кісіні тазалыққа шақырады. Демек, намаз оқу – иманды жанның ұлық міндеті.

Намаз мұсылманды өте қысқа ғұмырда шексіз пейіш бақыты мен қуанышына қол жеткіздіреді. Сонымен қатар мұсылманның тәулігін жүйеге келтіріп, материалдық және рухани кірлер-ден тазартып, жанына тыныштық пен қуаныш сыйлайды. Ол – Исламның бес парызының бірі, Жаратушыны еске алып тұрудың нышаны.

Намаз – бұрынғы пайғамбарлардың шариғаттарында да болған. Ол туралы Құран Кәрімде аяттар жиі кездеседі. Мыса-лы, Ибраһим пайғамбар (а.с.) өзінен кейінгі ұрпақтарынан намаз оқитын үмбет келуін қалап, Алла тағаладан:

يتي ربنا وتقبل دعاء لة ومن ذر رب اجعلني مقيم الص«Раббым! Мені, әрі ұрпағымды намазды толық орындаушы

қыла гөр! Раббым! Тілегімізді қабыл ете гөр»600 деп дұға еткен. Лұқпан (а.с.) баласына айтқан өсиетінде:

لة وأمر بالمعروف وانه عن المنكر واصبر على ما أصابك إن ذلك يا بني أقم الص

مور من عزم ال«Әй ұлым! Намазды толық орында, жақсылықты бұйырып,

жаманшылықтан тый. Басыңа келген қиыншылықтарға сабыр-лы бол. Расында бұлар маңызды істер»601 деген болатын.

600 «Ибраһим» сүресі, 40 - аят.601 «Лұқман» сүресі, 17 - аят.

Page 454: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері454

Мұса пайғамбарға да (а.с.) Алла тағала:

لة لذكري ل إله إل أنا فاعبدني وأقم الص إنني أنا الل «Рас, мен Алламын. Менен басқа тәңір жоқ. Маған ғана

құлшылық қыл, мені еске алу үшін намаз оқы»602 деп намаз оқуын әмір еткен.

Иса (а.с.):

آتاني الكتاب وجعلني نبيا وجعلني مباركا أين ما كنت وأوصاني قال إني عبد الل

لم علي يوم ا بوالدتي ولم يجعلني جبارا شقيا والس كاة ما دمت حيا وبر لة والز بالص

ولدت ويوم أموت ويوم أبعث حيا«Мен Алланың құлымын, Ол маған кітап берді, мені

пайғамбар қылды. Мені қайда болсам да құтты, мүбәрак қылды. Тіршілігім бойынша (өмір бойы) маған намаз оқуды, зекет беруді бұйырды»603

Израйыл ұрпақтары намаз оқулары үшін сөз бергендігін Құран кәрім былай баяндайды:

«Бір кездерде Исрайл ұрпақтарынан: «Алладан басқаға құлшылық қылмаңдар, Әке-шешеге жақсылық істеңдер, жақындарға, жетімдерге, міскіндерге қамқорлық жасаңдар, адамдарға көркем сөз сөйлеңдер, намазды толық орындаңдар және зекет беріңдер’’деп ант алған едік»604.

Бұған қоса, Шұғайып пайғамбар да көп намаз оқитын, намаз оқығаны үшін айналасындағылар оны келемеждейтін605. Хазіреті Исхақ, Ияқуб,606 Закария да намаз оқитын607. Бірақ олардың қанша рет, қалай қылғанына байланысты мәлімет жоқ. Қазіргі таңда хрестияндардың, яһудилердің т,б діндерде кейбір намазға ұқсас құлшылықтар кездеседі. Бұл Құран аяттарындағы шындықты дәлелдей түседі.

602 «Таһа» сүресі, 14 - аят603 «Мариям» сүресі, 31 - аят.604 «Бақара» сүресі, 83 - аят.605 «Худ» сүресі, 87 - аят.606 «Әнбия» сүресі, 73 - аят.607 «Әли-Имран» сүресі, 39 - аят.

Page 455: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 455

Құран Кәрімдегі бес уақыт намазНамаз Құранда «әс-салату» деген сөзбен кездеседі. Бұл сөздің

тілдік мағынасы «дұға ету» немесе «жақсы дұға жасау» деген сөз. Ал, шариғаттағы мағынасы: тәкбiрмен басталып, сәлеммен аяқталатын, арнайы қимылдар мен сөздерден тұратын құлшылық. «Салат» яғни «намаз» сөзі түрлі қолданыста 99 жерде, намаздың парыздары болған «сәжде» сөзі 64 жерде, «рукуғ» сөзі 13 жер-де қайталанған. Бұл намаздың бұлтартпас, аса маңызды ғибадат екенін және Алла тағаланың намазға құнды баға бергендігін көрсетеді608.

Құранда намаздың парыз екендігі бірқатар аяттарда білдіріл-ген. Айталық,

وقوتا لة كانت على المؤمنين كتابا م إن الص«Расында намаз мүминдерге белгiлі уақыттарда парыз

қылынды»609-делінеді.Демек, намаздың белгілі уақыттарда өтелуі парыз. Сондықтан сол белгіленген уақыттан кешіктіруге болмай-ды. Әр намазды өз уақытында өтеу қажет610. Алла тағала намазға аса жауапкершілікпен қарауға шақырады. Қасиетті Құранда:

قانتين لة الوسطى وقوموا لل لوات والص حافظوا على الص«Барлық намаздарды және ортаңғы намазды сақтаңдар»611-

деп бұйырады. Және осы бес уақыт намазды толық өз уақытында өтеу арқылы адам баласы Алла тағаланың, мейірімділігі мен кеңшілігіне бөленеді. Бұл жайында Құранда:

سول لعلكم ترحمون كاة وأطيعوا الر لة وآتوا الز وأقيموا الص«Намазды толық орындаңдар да зекет беріңдер. Әрі

Пайғамбарға бойсұныңдар. Әрине мәрхаметке бөленесіңдер»612 -деп баяндалады.

608 әл-Мұғжамул муфаһрис лил-Алфазил Құран, 324, 344, 345609 «Ниса» сүресі, 103-аят.610 Сафуатут-тафәсир. Мухаммад Әли әс-Сабуни, дәрур-Рашид, Сирия.

Халәб, 2-том. 302-бет.611 «Бақара» сүресі, 238-аят.612 «Нұр» сүресі, 56-аят.

Page 456: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері456

Сондай-ақ Алла тағала отағасына отбасы мүшелеріне намаз-ды өз уақытында өтеуді бұйыруын әмір етеді. Құранда:

لة واصطبر عليها وأمر أهلك بالص«Үй-ішіңді намазға бұйыр және өзің де оған (намазға) көңіл

бөл»613-делінеді.

Хадистерде бес уақыт намазНамаздың бес уақыт болуы тек қана Құран Кәрімде айтылып

қана қоймаған, сонымен қатар Алла тағала тікелей Жәбірейіл періште арқылы пайғамбарымызға үйреткен. Ибн Аббастың ри-уаят еткен хадисінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Жәбірейіл маған Қағбаның жанында екі мәрте имам болды.

Біріншісі: көлеңке қысқа кезде маған имам болып бесін на-мазын оқытты.

Содан соң барлық нәрсенің көлеңкесі өз бойларымен бірдей болғанда, екінді намазын оқытты.

Ал күн батқанда, ораза ұстағандарға ішіп-жеу рұқсат беріл-генде, ақшам намазын оқытты.

Көкжиектегі шапақ кетіп, қараңғы болғанда, құптан намазын оқытты.

Екінші таң атып, ораза ұстағанға ішіп-жеу харам болғанда, таң намазын оқытты.

Екінші мәрте: «бесін намазын» алғашқы кезде оқытқан уақытынан, барлық нәрсенің көлеңкесі өз бойындай болғанша оқытты.

Содан соң екінді намазын барлық нәрсенің көлеңкесі өз бойынан екі есе ұзарғанша, ақшам намазын кешегі уақытында, құптан намазын түннің үштен бірі өткенде, таң намазын жер беті ағарғанға дейін оқытты. Содан соң маған қарап: «Уа Мұхаммед! Бұл уақыттар сенен бұрын келген пайғамбарлардың уақыты. На-маз уақыттары осы аралықтарда оқылады» деген614.

613 «Таһа» сүресі, 132-аят.614 Тирмизи, Салат 1. Абу Дауд Салат 2.

Page 457: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 457

Намаз уақыттары Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қалай үйретсе, әлі күнге дейін тап солай жалғасып келе жатыр. Сондықтан бір мұсылман үшін бес уақыт намаз қаншалықты маңызды болса, ол намаздарды сол уақыттарында оқу да соншалықты маңызды. Яғни намаз оқу парыз болғаны секілді ол намаздарды өз уақытында оқу да парыз. Сондай-ақ намаз оқымау харам болғаны секілді ол намазды уақытынан кешіктіру де харам болып есептеледі.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) намазыПайғамбарымыздың намаз оқығанын көргендер таңдайының

суын жұтып тамсанатын. Рүкүғпен сәждеде ұзақ тұрғаны соншалықты – басқалар оның «демі үзіліп кетпеді ме екен» деп қатты қобалжитын.

Айша анамыз Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) намазын былайша түсіндірген:

«Кейде (нәпіл) намазында «Фатиха» сүресін оқығаннан кейін «Бақара» сүресін оқитын, тіпті одан кейін «Әли-имран» және «Ниса» сүрелерін қосып, тоқтамай Құранның ұзақ сүрелерін оқи беретін еді615.

Намазды шын жүрекпен, барын сала оқып, рүкүғ пен сәждеде ұзақ уақыт тұрғандығы соншалықты – Пайғамбарымыздың аяқтары ісініп кететін кездері де болатын. Намаздан алған рухани ләззатын: «Маған намаз – көзімнің нұры, рухани ләззатым»,616– деп жеткізген еді.

Және басқа бір хадисінде : Әй, Біләл, (азан шақырып) бізді намазбен» )أرحنا يا بلل بالصلة(

рахатқа бөлеші?». Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) намаз жайында оның өтелуі мен

маңызды ғибадат екендігін түсіндіретін көптеген хадис-шәріптері бар. Олардың кейбірін тілге тиек ететін болсақ, Ибн Омардан (р.а.) риуаят етiлген хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

615 Кандаһлауи, Хайату Сахаба, 3/503616 Нисай, Аширатун-ниса, 1/7,61

Page 458: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері458

عن ابن عمر رضي الل عنه قال سمعت رسول الل صلى الل عليه وسلم يقول )بني

لة دا رسول الل وإقام الص سلم على خمس شهادة أن ل إله إل الل وأن محم ال

كاة وحج البيت وصوم رمضان( وإيتاء الز«Ислам бес нәрсеге құрылған. Олар: Алладан басқа ешбір

тәңір жоқ екендігіне және Мұхаммед (с.ғ.с.) Алланың елшiсi екендігіне куәлiк ету, намаз оқу, зекет беру, қажылыққа бару және Рамазан оразасын ұстау»617 – деген.

Ал Муаз ибн Жәбәлдi (р.а) Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Йеменге аттандырып тұрып:

«Сен әһли кiтап қауымына (кітап берілгендерге, яғни, хрис-тиандар мен яһудилдерге) бара жатырсың. Сондықтан сен оларға барған соң оларды ең алдымен Алладан басқа ешбір құдай жоқ екендігіне және Мұхаммед Алланың елшiсi екендігіне куәлiк ету-ге (таухидке) шақыр. Егер олар саған (құлақ асып) мойынсұнса, онда оларға Алла әрбір күн мен түнде (бір тәулікте) бес уақыт намаз оқу парыз еткендігін айтып жеткізгін. Егер олар саған (құлақ асып) мойынсұнса, онда оларға Алланың олардың байла-рынан алып, кедейлеріне беретін садақаны (зекеттi) парыз еткен-дігін айтқын. Егер олар саған (құлақ асып) мойынсұнса, олардың мал-мүлкiнiң ең жақсысын алудан сақтанғын. Әрі зұлымдыққа ұшыраған кісінің дұғасынан (қарғысынан) сақтанғын. Өйткенi, онымен Алланың арасында ешбір перде жоқ»618, – деген бола-тын.

Ибн Масуд (р.а): «Мен Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) ең жақсы амал қандай?», – деп сұрағанымда, «Уақытында өтелген намаз», – деді. Сосын мен одан кейін ше деп сұрадым. Ол кісі: «Ата-анаға жақсылық жасау», – деді. «Сосын ше?», – деп тағы сұрағанымда, «Алла жолында күресу» деп жауап берді», – деген.

Күнде бес уақыт өтелетін намаздың көптеген пайдала-ры бар. Олардың ең негізгілерінің бірі күнәға кәффарат болуы. Хадистердің бірінде: «Бiр мұсылман адам рет-ретiмен жақсылап

617 Мұттафақун алайх.618 Мұттафақун алайх.

Page 459: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 459

дәрет алып, содан кейiн шын көңiлiмен рукуғ жасап намазын өтесе, егер ол үлкен күнә саналатын іс-әрекеттерді жасамаса сол күнгі жасаған кіші күнәларының бәріне (ол) кәффарат, кешірім болады», – делінсе, тағы бір басқа хадисте:

ات هل يبقى من درنه )أرأيتم لو أن نهرا بباب أحدكم يغتسل منه كل يوم خمس مر

لوات الخمس يمحو الل شيء؟ قالوا: ل يبقى من درنه شيء!! قال: فذلك مثل الص

بهن الخطايا(«Бес уақыт өтелетін намаз сендердің бiреуiңнiң есiгiңнiң ал-

дында тоқтаусыз ағып жатқан өзен іспеттес. Егер сендердің бірің сол өзенге күн сайын бес рет жуынса, сол кісінің бойында кiр дейтiн бірдеңе қала ма?», – деп сұрағанда сахабалар: «Жоқ, оның бойында кірден ештеңе қалмайды», – дейді. Сонда Алланың елшісі (с.ғ.с.): «Бес уақыт намаз да сол сияқты. Қателіктерді кетіреді судың кірді кетіргеніндей»619, – деп түсіндірген.

Намаз адамды осы дүниеде һидаятқа бастайды. Сондай-ақ на-маз о дүниедегі азаптан қорғайды. Алла елшісі (с.ғ.с): «Егер кім-де-кім намазын берік ұстаса, ол оған Қиямет күні нұр әрі анық, нақты дәлел және оны құтқарушы болады. Ал, егер кімде-кім оны берік ұстамаса (намазды орындамаса), онда ол оған нұр да, нақты дәлел және құтқарушы да болмайды. Ол кісі (намазды өтемеген адам) Қиямет күні Қарунмен, Перғауынмен, Һаманмен және Убәй ибн Халафпен бірге болады»620, – деген.

Намаздың мәні мен пайдалары

Ол – шүкіршіліктің белгісі Күнделікті өзіміз мұқтаж күннің сәулесі мен жарығын, сәт сай-

ын тыныстауымызға керекті оттегіні ауадан алуымызға мүмкіндік берген бір Алла қана. Бізге көру үшін көзді, есту үшін құлақты, ойланып-түйсіну үшін миды берді. Бұған қоса бүкіл дүниені біз-дер үшін сан жетпес нығметтерге бөледі. Ол адамды өзге жараты-

619 Бұл хадисті имам Мүслим риуаят еткен 620 Бұл хадисті имам Ахмет және әт-Табарани мен Ибн Хаббан риуаят

еткен.

Page 460: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері460

лыс иелерінен ерекшелеп, саналы етіп жаратты. Осынша сансыз нығметтерінің және мейірімінің қайтарымы ретінде бар болғаны бір Өзіне құлшылық етуімізді ғана әмір етті.

Намаз құлдың Жаратқан Иесіне деген шүкіршілігінің белгісі. Ал мұны ең абзал түрде қалай жасау керектігін үйреткен Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) кей күндері таң ағарғанға дейін түнімен намаз оқитын. Тіпті аяқтары ісініп кететін. Бұны көрген Айша анамыз (р.а.): «Уа, Алланың елшісі! Алла тағала сізді барша күнә атаулыдан сақтамап па еді, осынша таусыла намаз оқығаныңыз қалай?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм): «Аллаға көп шүкіршілік еткен құл болмаймын ба?»621 – деп шүкіршіліктің асыл мәнін ашып берген болатын.

Намаз Жаратушыға жақындатадыКүніне бес уақыт намаз оқу, кем дегенде, Алланы бес рет еске

алып отыруды білдіреді. Құран кәрімде Алла тағала: «Мені еске алу үшін намаз оқы!»622 деген. Ислам дінінің ораза, зекет, қажылық секілді парыздары періште арқылы жеткен, ал намаздың Алла тағаладан Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) тіке-лей Миғраж кезінде міндеттелуінің мәні мүлде бөлек секілді. Хақ тағаланың намазды Миғраж түні Пайғамбарымызды (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) өз құзырына шақырып табыстауы оның басқа ғибадаттардан ерекшелігін айқын аңғартуда.623.Міне сондықтан Пайғамбарымыз: «Намаз – мұсылманның миғражы» деген бола-тын.

Құл Жаратушы иесін есіне алып отырған сайын, Алла тағала да оны есіне алып отырмақ. Құран Кәрімде: «Мені еске алыңдар, Мен де сендерді еске алайын»624 делінген. Алла тағаланың адам-ды еске алайын деуі – пендесінің абыройын биіктетіп, бағасын

621 Бухари, Тәһәжуд, 16, Тирмизи, Салат, 304622 «Таһа» сүресі, 14 - аят.623 Бухари, Салат, 1; Муслим, Иман, 263624 «Бақара» сүресі, 152 - аят.

Page 461: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 461

арттырғаны. Оның үстіне Өзінің қауқарсыз құлына тіл қатуының өзі оған айрықша әрі арнайы көңіл бөлгендігін білдіруде.

Тағы бір құдси хадисте Алла тағала былай деген: «Ей, адам баласы, егер сен мені іштей еске алсаң, мен де сені іштей еске аламын. Егер сен мені бір көпшілік ішінде еске алсаң, мен де сені бір топ періштелер не одан да жақсы көпшіліктің ішінде жария түрде еске аламын»625.

Пайғамбарымыздан жеткен тағы бір құтси хадисте «Мені кеңшілікте еске алыңдар, мен де сендерді таршылықта еске алайын» делінген. Яғни дүниеде мені еске алыңдар, (ұмытпаңдар) мен де сендерді махшарда, қыл көпірде, тозақ отының ұшқындары жауған уақытта еске алайын. Сендер Мені жастық шақтарыңда, күшті әрі қуатты шақтарыңда еске алыңдар, намаз оқыңдар, мен де сендерді қартайғанда, әл-дәрмен кеткен шақтарыңда еске алып жәрдем берейін деуде.

Алланы еске алу тілмен зікір етумен ғана шектелмей амал-дар арқылы да жүзеге асады. Амалымыз көбейген сайын иманымыздың да арта берері шындық.

Намаз – жанның тазалығыНамаз – адам жанын тазартып, жүректі нұрландырып,

адамды Алланың құзырына жетелейтін қасиетті ғибадат. Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) хадисінде: «Бес уақыт намаз бен жұма намазы үлкен күнә жасамаған адам-ды келесі жұмаға дейінгі жасаған күнәларынан арылтады»626, – деген. Яғни, бір күндегі бес уақыт намаз аралығында жасалған күнәлар келесі намаздың оқылуы арқылы тазарады. Олай болса, әрбір намаз кішігірім күнәларға кәффарат (кешірім) болып табы-лады.

«Иманы бар адамға ғибадат парыз» Қасиетті Құран Кәрімнің көптеген жерлерінде иман-

нан кейінгі кезекте намаздың қадір-қасиеті жайлы айтылады.

625 Ибн Хаббан, Сахих, 3/92626 Таһарат, 79,106. Муслим, Таһарат, 14-15, Тирмизи, Мәуақит, 46; Ибн

Мажә,

Page 462: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері462

Мұсылмандарды әрдайым «иман келтірген және ізгі амал істе-гендер» деп сипаттаған. Ал ізгі амалдың басы – намаз. Мұның мәнін Хакім Абай «Ақылы бар адамға иман – парыз, иманы бар адамға ғибадат – парыз» деп дөп басып түсіндірген.

Бірде Уаһб ибн Мунаббихтен бір сахаба: «Лә иләһә иллаллаһ» жәннаттың кілті емес пе? - деп сұрағанда, ол: «Иә, солай бірақ, кілт тіссіз бола ма? Тістері бар кілтің болса есік ашылады, ал тіс-тері болмаса ашылмайды», – деп, иман келтіргеннен кейін намаз оқудың қажеттігін атап өткен.627

Тек иманым бар деп жүру, әрине, имансыздықтан жақсы. Алайда, адам сол иманның бар екенін намаз оқып, ораза ұстау арқылы дәлелдесе, нұр үстіне нұр болары хақ.

Намаз – діннің тірегіНамаз – бүкіл ғибадаттардың өзегі. Өйткені, хадисте: «На-

маз – діннің тірегі»628 делінген. Хадистерде айтылған кейбір сүйінші хабарларда, мысалы: жомарт адам жәннәтқа кіретіндігі жайлы сүйінші хабар айтылса, ол намаз оқыған иманды жомарт адамға қатысты нәрсе болғаны. Мінезі жақсы пейішке кіреді де-лінсе, ол да намаз оқыған адамға қатысты жайт екені шүбәсіз. Ал Алланы және Пайғамбарымызды (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) мойындаған, жомарт, әділ адам жәннәтқа кіреді. Бірақ бәрібір оқылмаған намазы үшін сұраққа тартылатыны күмәнсіз. Өйткені, намаз – ақыретте ең алғаш сұралатын амал. Осыған орай Әбу Һұрайра Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) былай дегенін естіген: «Қиямет күні пенденің амалдарынан ең әуелі сұралатыны – на-маз. Егер намазы дұрыс болса, онда пенде қуанышқа бөленіп, игілікке қол жеткізеді. Егер намазы дұрыс болмаса, онда апатқа ұшырап, қайғыға түседі. Егер оның парыз амалында кемшілік болса, Хақ тағала «Оның нәпіл амалдары бар ма екен? Онымен парыздардың кем-кетігін толтырсын» – дейді. Оның басқа амал-дары да осы тәрізді есептеледі»629. Сондықтан намаз оқып, оған

627 Бухари, Жаназа, 1628 Әл-Муттақи Хинди,Кәнзул-Уммал, 7/284.

629 Тирмизи, Сунан, 2/269

Page 463: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 463

қоса ізгі қасиеттеріміздің болуы ақыретте Алланың қалауымен сауабымызды молайтып, сұрағымызды жеңілдетеді.

Хадисте Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм): «Діннің басы – Ислам, тірегі – намаз, шыңы – күрес», яғни кім-де-кім дінін тіктегісі келсе, намазын оқып, қас дұшпаны болған нәпсісімен күрессін»630,– деген.

Намаз оқу – табысы мол сауда Алла тағала адамдарға дүниелік істері үшін күніне 24 сағат

берген. Ал бес уақыт намаз шамамен тек бір сағатты ғана алады, сауабының молдығы сонша – мәңгілік жәннатпен сүйіншілейді. Олай болса, Алланың берген 24 сағатының бір сағатын мәңгілік жәннат үшін, ал қалғанын дүниеміз үшін жұмсау біз үшін үлкен табыс емес пе?

Намаз оқу денсаулыққа пайдалы Бес уақыт намаз барысында 40 рәкат иіліп-түрегелумен

қатар, маңдай жерге тигізіліп, 80 мәрте сәжде жасалады. Ал дене жаттығуымен айналысатындар күн сайын қаншалықты бес уақыт үзбей осыншама қимыл-қозғалыс жасайды? Намаз оқыған жанның бұл қимыл-қозғалыстары адам бойындағы қан айналым жүйесін реттейді, жүректің қызметін едәуір жеңілдетеді.

Сексен рет сәжде жасау, сексен рет адамның басына қан баруына, ми қабыршықтары қанмен тазарып тұруына, алжасу, ұмыту ауруларының болмауына, көру, иіскеу, есту, дәм сезу орталықтары мидың артқы бөлігіне орналасқандықтан, бұның да 80 рет қанмен тазарып тұруына жәрдемдеседі. Сонымен бірге, намазда сәжде нүктесіне сексен рет көз түйістіргендіктен көздегі қан айналым жүйесі жақсарады.

Намаз оқыған адам сан, иық, қол буындары иіліп-бүгіліп үнемі қалыпты қозғалысын үзбейтіндіктен, ревматизм және деге-неративті кесел түрлерінен аман болады631.

630 Тирмизи, Иман, 8/2619631 С.Сених. «Құлшылық құпиясы», Алматы 2007, Б.9 (Ауд. Қ. Бағашар).

Page 464: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері464

Намаз – ғибадат атаулының түйіні «Фатиха» сүресі Құранның негізгі ұстанымдарын қалай

қамтыса, сол секілді намаз да барлық ғибадаттарды толық қамтиды. Айталық, намазға тұрған адам жеп-ішпегендіктен, ора-за ұстағандай күйде болады. Сол сияқты намазда зекет те бар. Ол – уақыттың зекеті. Намазда қажылық та бар. Өйткені, намаз оқуға ниеттенген адам қасиетті Қағбаға бет бұрады. Намазда куәлік сөзі (шаһадат) де бар. Ол әрбір отырыста айтылады. Тіпті, періштелердің де ғибадаттарын қамтиды: олардың кейбіреулері тік тұрып құлшылық жасаса, кейбіреулері үнемі рүкүғқа барған бойда иіліп, кейбіреулері тек сәжде жасаған күйі құлшылық қылады. Ал, адамдар болса, осылардың бәрін бір намазда орын-дайды.

Намаздың бес уақытқа бөлінуінің мәні Уақыттың сағат, минут, секундтары, жалпы өтіп жатқан

уақыт пен күн санағыштары бір-біріне бағынышты, тәуелді бо-лып, бірін-бірі толықтырып, қайткенде де олар өзара тығыз бай-ланыста жылжып жатқандығы қаншалықты бұлтартпас шындық болса, мына жатқан кең дүние де Хақ тағаланың үлкен сағаты іспетті. Ондағы күн мен түннің зырылдап ауысуы – оның секунд-тары, минуттары – жылжып аққан жылдарға ойысып, сағаттары - адам өмірінің әр түрлі кезеңдерімен астасып, күндері – ғаламдағы дәуірлерге айналуы Алла тағаланың адамдарға берген өлшемдері екендігі анық. Абай хакімнің «Сағаттың шықылдауы емес ермек, Һамиша өмір өтпек, хабар бермек» деген сөздері осы ақиқатты түсіндіретін сыңайлы.

Айталық, таң намазының уақыты күн шыққанға дейін. Ол шуақты көктемге ұқсайды. Адамның жатырда пайда болу сәтін, көктер мен жердің алты күнде жаратылысының бірінші күнін еске түсіреді. Олардағы иләһи хал-ахуалдан сыр шертеді.

Түскі уақыт болса, жаз мезгілінің ортасына, жастық шақтың кемелдігіне, дүние тіршілігіне бас қойған адамның алғашқы жара-тылыс дәуіріне ұқсайды. Бұған қоса, олардағы рақым құбылысын, нығмет берекесін еске салады.

Page 465: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 465

Екінді уақыты – күрең күз мезгіліне, қаусаған қарттыққа, пайғамбарымыз хазірет Мұхаммедтің (с.ғ.с.) көзі тірісіндегі қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған мамыражай бақытты заманға ұқсайды. Сол уақыттардағы иләһи жайттарды және нығмет-несібелерді еске түсіреді.

Ақшам уақыт – күз мезгілінің соңын ала көптеген жандылардың індеріне тарқасқан, сондай-ақ адамның көз жұмуын, қиямет алдындағы әлемнің аласапыран күй кешіп астаң-кестең болаты-нын ескертіп, халықты бейқамдықтан арылтуға, терең ұйқыдан оятуға тырысатындай мезгілді меңзейді.

Құптан уақыты – күндізгі әлемге тән барша болмыс атаулы-ны қараңғылық әлемнің өз тұңғиығына сүңгітіп, қалың көрпесін кең төсей қымтауын, тынымсыз тірлігі бір сәтке талмаусырап, өлдіге баланған жер бетін қытымыр қыстың ақ кебінге орауын, бақилық сапарға аттанған жанның артындағы күллі еңбегінің де қас-қағым сәтте ұмытылып кете барғанын, сын-сынақ мекені бұл дүниенің аяқталғандығын еске түсірумен қатар қаһарлы күш иесі – Алланың құдіреті күшті өктемдігі мен құдайылық ісін паш етеді. Қараңғылығы қою түнгі уақыт болса қысты да, қабірді де, Бәрзах әлемін632 де қатар еске түсіріп, Алланың рақымы мен мей-іріміне адам жанының қаншалықты зәру екенін сездіреді.

Түн ішінде «тәһажжүд» намазын оқу – қабір қараңғылығы мен Бәрзах әлеміне тап болғанда аса керекті жарығы мол сәуле екенін білдіріп ескерту жасайды.

Осыншама құбылыстар барысында нығмет атаулының бір ғана шынайы иесі – Алла тағаланың шексіз жақсылықтарын еске алумен қатар, Оның мадақ пен мақтауға, шүкір мен алғысқа қаншалықты лайық екенін паш етеді.

Ертесі күнгі рауандап атқан таң шапағы болса, өлгеннен кейін қайта тіріліп жиналатын Хашыр және Қиямет мезгілін елестетеді. Иә, түн қараңғылығынан соң сейіле таң атары, қаһарлы қыс өте, көктемнің жұпар лебінің есетіндігі қалайша заңды құбылыс бол-са, өлгеннен кейін қайта тірілетін Хашыр мезгілінің туып, Бәрзах

632 Бәрзаһ әлемі – өлген адам рухтарының Қияметке дейін сақталатын жері.

Page 466: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері466

көктемінің келетіндігі де дәл сондай бұра тартуға келмейтін заңды құбылыс.

Демек, осы бес уақыттың әрқайсысында маңызды бір ауы-су үрдісі жүреді. Олар сондай-ақ жоғарыда айтылғандай кең шеңбердегі үлкен өзгерістерді үнемі еске түсіреді. Былайша айтқанда, Жаратушы бір күндік іс-қимыл арқылы бір жылдық, бір ғасырлық, тіпті замана, дәуірлерге тән құдіретті мұғжизаларды, рақым сыйларын еске салады.

Қорытындылап айтар болсақ, жаратылыстағы асыл мақсат – ол құлшылық жасау. Ал парыз ретінде міндеттелген намаз болса, өзінің бес уақытына өте лайық. Оны әр түрлі уақыттарда атқару адам үшін де ыңғайлы633.

633 С. Сених. Құлшылық құпиясы. Б. 12. (Ауд. Қ. Бағашар)

Page 467: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

467

Құдайберді Бағашар, дінтанушы

ИСЛАМДА ЖҰМСАҚ МІНЕЗДІЛІК

Жұмсақтық – адам бойындағы ең асыл, баға жетпес мінездердің бірі. Мінезі жұмсақ адам кешірімді, байыпты, бай-салды, ашуға бой алдырмайтын, сабырлы, парасатты, кішіпейіл, жанашыр, жылы жүзді, майда тілді келеді. Жұмсақтық қай халықта да игі саналған. Дана қазақ «Алмас қанжарды жұмсақ қайраққа қайрайды», «Түсі игіден түңілме» десе, қарақалпақтар «Қатты ағашты жейтін – жұмсақ құрт», – деп бағамдапты. Тіпті қытайлардың өзі «Ашулы жұдырық – күліп тұрған бетті ұра ал-майды» деп жұмсақтықты насихаттайды екен.

Байқасаңыз, бүкіл адамзатқа ортақ осы қасиет – мұсылманға тән мінез. Хазіреті Мұхаммед (саллаллаһу алайһи уәсәллам) өзіне пайғамбарлық келгенге дейін де, одан кейін де ең жұмсақ мінез-ді жан еді. Құранда Алла тағала оның осы мінезін мақтап, қатал адамның маңайына жан жуымасын былай деп білдірген:

وا من حولك ن الل لنت لهم ولو كنت فظا غليظ القلب لنفض فبما رحمة م«Алланың рақымдылығымен сен оларға жұмсақтық

таныттың. Егер қатал жүректі болғаныңда, олар маңайыңнан тарап кетер еді»634.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзіне жасалған қастандықтар үшін ешкімнен кек алуды көздемеген. Елшілік міндетін орындап, Ислам дінін жая бастаған алғашқы жылдары Құрайыштың азу-лы мүшріктері оны мазақтап, келеке-қылжаққа айналдырып, жүретін жолдарына тікен төсеп, үстіне малдың қан-жынын төгіп, тасадан тас лақтыратын еді. Бұнымен қоймай, сиқыршы, айлакер, арбағыш, балгер, ақын деген секілді жаланың астына да алатын еді. Алайда олар қанша жамандық жасаса да, пайғамбарымыз шыдамдылық танытып, ашуланбайтын. Өйткені, ол қаттылыққа

634 «әл-Имран» сүресі, 159-аят.

Page 468: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері468

қарағанда жұмсақтықтың анағұрлым артық екенін, тамшылаудан танбаған су ғана тасты тесетінін, зорлықты тек сүйіспеншілікпен ғана жеңуге болатынын жақсы білетін. Жұмсақмінезділікті ол өз іс-әрекетімен үлгі етіп көрсетумен қатар, бірқатар хадис-терінде де үмбетін осыған шақырған: «Қиямет күні Алланың алдында дәреже тұрғысынан адамдардың ең жаманы – мінезінің дөрекілігінен жұрт қашатын адам», «Алла тағала – жұмсақ, әр ісінде жұмсақтық танытқандарды жақсы көреді, жұмсақ мінезділерге нәсіп еткен игіліктерін басқа ешкімге нәсіп етпейді»635, «Жұмсақтықтан мақұрым адам – барлық жақсылық атаулыдан мақұрым»636, «Адамдарға істің оңайын көрсетіп, жұмсақтық танытқан мүмин тозаққа түспейді», «Қай жерге жұмсақтық ұяласа, сол жерді әсемдейді, жұмсақтық жоқ жерде ақау пайда болады»637 т.б.

Бір аймаққа сахабаларын жіберсе,

روا روا ول تنف روا ، وبش روا ول تعس يس«(Дінді) ауырлатпаңдар, жеңілдетіңдер. Қорқытып-

үркітпеңдер, сүйдіріп үйретіңдер»638 деп ескертіп, қаттылықтың еш опа-жақсылық әкелмейтінін, қай кезде де жүрекке жұмсақтықпен ғана жол табу керектігін ұқтыратын.

Бір жолы пайғамбарымыз сахабаларымен мешітте әңгіме-дүкен құрып отырғанда, сырттан кірген бір бәдәуи мешіт шетіне барып кіші дәрет сындыра бастады. Оның бұл қылығын көрген сахабалар ашумен өре түрегелісті. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оларға: «Тиіспеңдер, аяқтасын. Артынан сол жерге бір шелек су төгерсіңдер, өйткені сіздер қиындатуға емес, жеңілдетуге жіберілдіңіздер», – деп басу айтты. Іле шала әлгі бәдәуиді қасына шақырып, қателік жасағанын жай сөзбен былай деп түсіндірді: «Бұндай мешіт орындары дәрет сындыруға, я болмаса, басқа

635 Муслим, Бирр уә сыла, 77 636 Муслим, Бирр 75 637 Муслим, Бирр 78638 Бухари, Ілім 11, Әдаб 80

Page 469: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 469

да ластықтар үшін арналмаған. Мешіттер Алланы еске алып, намаз оқу үшін, Құран оқу үшін салынады»639.

Негізі сахабаларға қарағанда, бұған Пайғамбарымыздың көбірек ашулануы керек еді. Неге десеңіз, өзі бас болып салдырған әрі тек ғибадатқа ғана арналған мешітте жасалған бұл іс дөрекіліктің сойқаны болатын. Алайда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бәдәуидің оны әдейі емес, білместікпен жасағанына түсіністікпен қарап, барынша жұмсақтық танытты. Кешіріммен қарап, сабырға салды. Өйткені, Екі жаһан сардары (с.ғ.с.) нашар қылықты адамға жұмсақмінезділік танытқанда ғана оның түзелетінін жақсы білетін. Жиырма үш жылдық тәлім-тәрбие жұмысында пайғамбарымызды зор табысқа жеткізген жайттардың бірі – оның кешірімді әрі өте жұмсақмінезді болғандығы екенін осы мысал-дан айқын аңғарамыз.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) шаңырағындағы қызметшілеріне де барынша жұмсақмінезділік танытатын. Айтқанын істемесе не ұмытып кетсе, сыпайы түрде ғана себебін сұрайтын.

Сахабаларымыздан Әнас ибн Малик Пайғамбарымыздың бұл қасиетін былай деп еске алады: «Он жыл бойы Алла елшісінің (с.ғ.с.) қызметінде жүрдім. Сол он жылдың ішінде бір де бір рет мені сөккен емес, бір істі істемесем, «Қап, соны істеуің керек еді» деп, не болмаса «Бұны неге бұлай істедің?» деп қабақ шытқан емес»640.

Алла тағала қатты азғындаған Перғауынды тура жолға шақыру үшін Мұса мен Һарұн пайғамбарларды жұмсағанда,

ر أو يخشى فقول له قول لينا لعله يتذك«Барып оған жұмсақ сөз айтыңдар, мүмкін насихаттарыңа

құлақ салар, бәлкім үрейленер»641 деп, жұмсақтықты негізге ала отырып майда тілділікпен, жылы-жылы сөз бастау керектігін үйреткен.

639 Бухари, Уду58, Әдаб 80..640 Бухари, Әдаб, 39641 «Таһа» сүресі, 44-аят.

Page 470: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері470

Бірде Халифа Мәмунға бір кісі келіп, қателіктерін бетіне басып, қатаң ескертулер жасай бастағанда, Халифа оған қарап: «Әй, сенің мына дөрекілігіңді неге жатқызуға болады, кішкене жұмсақтау болсаңшы?! Алла тағала сенен де жақсы кісілерді (Мұса мен Һарұнды) менен де нашар адамға (Перғауынға) жібере-рде, жұмсақ сөйлеу керектігін айтпап па еді?!», – деп, жоғарыдағы оқиғаны еске алып, жұмсақ тілмен айтылған насихаттың ғана адамға пайда беретінін меңзеген.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірбаяны жазылған кітап-тарда оның өте кішіпейіл, мейірімді әрі жұмсақмінезді жан болғандығының мысалдары өте көп. Сахабалардың айтуынша, Алла елшісі (с.ғ.с.) ең нашар кісінің өзін ерекше ілтипат, жылы жүз, жұмсақ тілімен демде баурап алатын.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)

إن الل كتب الحسان على كل شيء، فإذا قتلتم فأحسنوا القتلة، وإذا ذبحتم فأحسنوا

بحة، وليحد أحدكم شفرته، وليرح ذبيحته الذ«Алла тағала барлық тіршілік иелеріне жақсы қарауды

бұйырды. Олай болса, мал бауыздасаңыздар да оны қинамаңыздар. Малды бауыздарда пышақтарыңызды жақсылап қайрап, оны жұмсақ бауыздаңыздар»642 деп, тіпті мал бауыздағанда да жұмсақтық пен аяушылықты ұмытпауды ес-кертетін.

Үнемі Алла елшісінің (с.ғ.с.) жүзінен нұр, жүрегінен жылу төгіліп тұратыны әр сахабасы секілді Амр ибн Асқа да қатты әсер еткені соншалық, ол да Пайғамбарымыздың ең жақсы көретін ада-мы мен шығармын деген ойға қалған. Тіпті бірде шыдамай: «Уа, Алланың елшісі, айтыңызшы, Әбу Бәкірді көбірек жақсы көресіз бе, жоқ мені ме?»,– деп сұраған да еді. Пайғамбарымыздың өзіне жақын сахабаларына жиі көрсеткен бұндай жылы жүзділігі мен ыстық ілтипаты – үлгі-өнеге аларлық сүннет екені сөзсіз.

Ибн Аббастың риуаят етуінше, хазіреті Мұхаммед (саллаллаһу алайһи уәсәлләм) Абдулқайс ұлдарынан Әшажға: «Сенде Алла

642 Муслим, Сайыд, 57.

Page 471: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 471

сүйетін екі тамаша қасиет бар: ол жұмсақмінезділігің мен ұқыптылығың»643 дегенде де, бұл екеуі Құдай сүйетін ең кере-мет мінез екенін білдірген.

Ақын ағамыз Мұқағалиша айтқанда, «Тайраңдап алды-ар-тына қарамайтын түйсіксіз тайлақ» іспетті адуын не дөрекілік – көңілді қаралап, жанды жаралайтын, көргенсіздіктен туатын қаншалықты нашар қылық болса, майдай жұмсақтық, иілгіштік, кешірім жасай білу – тектіліктен, имандылықтан, көргенділіктен өріс алатын соншалықты ұнамды әрі зәру қасиет.

«Сен қатал, ашуланғыш болған сайын ісің өрге баспайды. Өзің жылы жүз таныта алмасаң, ел де саған тікенектері сойдиған кірпі секілді көрінері рас» деген мәнді сөзді айтқан Мәулана Руми бірде намаз оқып жатқанда, үйіне қайыршы бас сұғыпты. Мәулананың намазға қатты беріліп кеткенін көрген қайыршы де-реу бір кілемшені ұрлап шығып кетсе керек. Бұны байқап қалған көршісі ол ұрыны базарда әлгі кілемшені сатып жібермек болып тұрған жерінен ұстап алып, ұрып-соғып Мәуланаға алып келіпті. Сонда әлгі ұрының кейпіне жаны ашыған Мәулана «Алса, бәлкім, қажетсініп алған шығар, соған бола бұл байғұсты ұрып-соқпай, қолынан сатып-ақ ала салсаң болмас па еді», – деп аяушылық танытады. Апыр-ай, Пайғамбарымыз үйреткен кешірімділік пен жұмсақмінезділікті бойына осыншалықты сіңірген жандарға не деуге болады! Өзіне жамандық жасап тұрған адамның өзін кешіріп, жанашырлықпен қарай білу, оған қайта жақсылық жасау – ислам тағылымын терең меңгерген жандарда ғана кездесетін асыл қасиет болса керек!644. Мұсылманшылықты ұстанған ата-ба-баларымыз да халық арасындағы бауырмашылдық пен бірлікті, ынтымақ пен ағайындықты нығайтуда әрқашан жұмсақмінезді болуды насихаттаған.

Әбубәкір Кердері бабамыз (1861-1905) бұл қасиеттің бойдағы жылу, жүректегі иманнан келетінін білдіріп:

...Нұр иманның белгісі –

643 Муслим, Иман 25,26.644 Шамсаддин Ахмад әл-Афақи, Манақиб ул Арифин, Тахсин Языжы

(Анкара: Түрік Тарих куруму басымеви 1959), том 1, 405.

Page 472: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері472

Көңліміздің жұмсағы!- десе, оны Әсет Найманбайұлы (1867-1923):

...Мамықтай мінезіңді жұмсақ қылып, Жылы жүз, тәтті сөзбен мақтауға тол,- деп толықтырады. Міржақып Дулатұлы да шет қалмай: Майда бол, жігіт болсаң тал жібектей, Жақсы емес қатты болу тікенектей, – деп, қаттылықты жолап

кетсең денеңді жарақаттайтын тікенекке ұқсатқан. «Көңілі жұмсақ адамның – күрмеуін Алла шешеді» деп,

Шәкәрім бабамыз атаған биязы мінезділік пен жұмсақтық, сы-пайыгершілік пен майда тілділік әсіресе үлгілі сөз айтып, ұнамды ақыл-кеңес беретін, тәлім-тәрбие, үгіт-насихат жұмыстарымен айналысатындарға қатты керек екенін ескерсек, бұны Әріп Тәңірбергенұлы бабамыз өз өлеңінде тамаша жеткізген:

Болмайды насихатшы неге жұмсақ, Майда тіл әсер қылмақ түбін қусақ. Ақырып айтқан сөзден көңіл қаларСағынар тәтті сөзге әркім сусап. Мұсаны перғауынға жіберді Хақ, Сөз айтсаң, әмір қылма, жұмсақ боп бақ. Жұмсақ сөзбен тәрбие тез ұғылмақКөзі барлар көрмей ме осыны нақ?! Осы бір халыққа жағымды мінез турасында мына бір тәмсіл

де өте мәнді: Бірде екі сатушы қатар тұрып біреуі лимон, екіншісі тәтті

алма сата бастапты. Бірақ неге екенін лимон сатып тұрғанның са-удасы жақсы жүріп, алма сатып тұрғанға көп ешкім беттемепті. Тәтті тұрғанда елге қышқыл ұнағаны қалай, тәтті алмамнан неге жұрт алмайды деп ойлаған екінші саудагер бұның мәнісін білмек болып бір данышпанға жолығыпты. Сонда данышпан оған: «Сен тәтті сатып тұрғанмен, түрің суық, қабағың қату екен, ал анау қышқыл сатқанмен жылы жүзді, майда тілді екен. Ел өңі жылы, сөзі жұмсақ адамдарға көбірек үйір келеді. Бұның бар мәнісі осы»,– деп түсіндірген екен.

Page 473: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 473

Расында да, жұмсақ сөйлеу, жылы жүзді болу адам мен адам-ды жақындастырып, достыққа, бауырластыққа шақырса, түксиген қабақ, түңкиген мінез, бырқыл жауап, дөң айбат не дөрекі сөйлеу – адамның жеке мәдениеттен жұрдай екенін сездіріп, адамды адамнан суытады, көңілін қалдырып, өкпе-ренішке соқтырады.

Дөрекі сөйлеген адамға қандай жауап айту жөнінде хазіреті Али «Дөрекі адамға сөз қайтарам деп әуре болмаңыз. Өйткені, оның басқа да дөрекі сөздері жетерлік. Надан адамға әзіл айтып та бекер, найзадай сөзімен көңіліңізге қаяу салып, бойыңызды мұздатады» десе, Абай атамыз да дөрекі адамдарға дәл сондай дөрекілікке салынып жауап берудің жөн еместігін білдіріп, «Ит тістеді екен деп, мен де барып итті тістесем, аузымда не қасиет қалады?!» деген екен.

Page 474: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

474

Құдайберді Бағашар дінтанушы

ИСЛАМДА КүЛКІНІң ОРНЫ

Қазақ үш арсыздың бірі – күлкі деп біледі. Оны төмендегідей бірқатар мақал-мәтелдерден де байқаймыз: «Малсызға малға ба-лап ұйқы берер, арсызға арға балап күлкі берер», «Дарақының күлкісі қанбас, жалқаудың ұйқысы қанбас», «Санасы жоқ – ұйқышыл, ақылы жоқ – күлкішіл», «Ит мезі болса үреді, кісі мезі болса күледі», «Орынсыз күлкі – ұрыс шақырар», «Артық байлық адамды аздырады, артық күлкі жиреніш қоздырады».

Біз осының ішінде орнымен болатын мәнді-мағыналы күлкіге, яғни әр істе үмбетіне үлгі көрсеткен сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өнегелі өлшемдеріне тоқталмақпыз.

Еш күлмейтін адам бола ма? Оған нақты жауап беру қиын шығар, дегенмен өмірде қанша қиындық көрсе де, басқа түскеннің бәрін шын ризашылығымен қабылдап, мұң-қайғысын жүрегіне жасырып, сырт адамға еш нәрсе білдірмей, жүзінен жылылықтың табы кетпейтін, қай кезде де жылы жымыюдан танбаған ғажап тұлғалар болған. «Дін жолында ешкім бастан кешіп көрмеген не-бір қиындықтарға ұшырадым»645 деген Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) ешкім ешқашан қабағы қатулы, салқын мінез, маңайына ызғар шашатын кейіпте көрмеген. Қай кезде де пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мейрімді жүзінен нұр тамып, маңайына жылы шуақ ша-шып тұратын. Күлсе, езу тартып әдемі ғана жымиып, бойындағы тұнып тұрған иманның әсемдігінен сыр ұқтыратын. Үнемі Хақ тағаламен бірге болудың тілмен жеткізгісіз қуанышы мен ләззатынан болар, қашанда жүзі күлімсіреп, жан дүниесінің күллі жаратылыс атаулыға деген махаббат пен сүйіспеншілікке толы екенін сездіретін. Әрине, ондағы бұл керемет мінез сахабалары-на да әсер етпей қоймады. Олар да жылы ғана жымиып қоюды өздеріне әдет ете бастады.

645 Тирмизи, Қиямет, 34/2472

Page 475: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 475

م في حديثه ، فقلت : إني رداء – إذا حدث حديثا يتبس كما تقول عنه زوجته أم الد

أخشى أن يحمقك الناس ، فقال ما سمعت رسول الل - صلى الل عليه وسلم -

م في حديثه . ث حديثا إل تبس يحدБұл жайында Үммү Дәрда былай деген: «Күйеуім Әбу Дәрда бір нәрсе айтпақ болса, сөзін күлімсіреп

барып бастайтын. Бір күні мен оған: – Сенің мына қылығыңды көрген ел не ойлайды? – дегенімде, ол: – Алла елшісі сөйлер ал-дында үнемі күлімсірейтін,– деп жауап берген еді»646.

Кісі жүзіне жылы жүзбен күлімдеп қарауды садақаға, сауап-ты амалға жатқызған пайғамбарымыздың (с.ғ.с) қалай күлгендігі жайлы жары Айша анамыз (р.а.) былай дейді:

ما رأيت رسول الل صلى الل عليه وسلم مستجمعا قط ضاحكا حتى ترى منه لهواته،

م إنما كان يتبس«Мен ол кісінің таңдайы көрінетіндей дауыстап күлгенін

көрген емеспін. Ол тек күлімсірейтін»647. Иә, пайғамбарымыз(с.ғ.с) ешқашан жөн-жосықсыз, қатты

дауыстап күлмеген, қуанышты кездерінде іштей сүйсіне көзін жұмып, күлімсірейтін. Сахабалардың айтуынша, ол мінезі жібек-тей, ең кішіпейіл жан еді. Күлгенінен күлімсіреуі басым түсіп, жүзінен нұр шашып тұратын.

Бұл жайында Әбу Құрсафа былай деген: «Мен, шешем және туыс әпкем серт беру үшін Алла елшісіне (с.ғ.с.) бардық. Қоштасып сыртқа шыққанымызда, шешем мен әпкем маған: – Балам, жүзі осыншалықты жылы, киімі осыншалықты таза, сөзі соншалықты жұмсақ мұндай кісіні ғұмырымда көрген емеспіз. Мүбәрак аузынан нұр төгілгендей екен»648, – деп таң қалысты.

Еврей ғалымдарынан Абдуллаһ ибн Сәлам да пайғамбарымызды алғаш көргенде, қасиетті жүзіне барлай қарап

646 Ахмад, v, 198, 199.647 Бухари, Муслим, Әдеб, 68.648 Хайсами, VII, 279-280.

Page 476: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері476

тұрып: «Мынандай келбеттен өтірік күту мүмкін емес»649 деп, сол мезетте-ақ мұсылмандықты қабылдаған еді.

Иә, кісілік келбеттің қалыптасуында адамның әрбір іс-әрекетінің, соның ішінде ең қарапайымы күле білудің де өз жөні бар. Алаңсыз бейғам қарқылдап күлу адамның парықсыздығын аңғартып, оны ойсыздық пен ғапылдыққа салуы мүмкін, ол уайымсыз-қайғысыз, бос кеуде пендеге ғана тән. Бұл жөнінде Құранның

وتضحكون ول تبكون وأنتم سامدون«Күлесіңдер, бірақ жыламайсыңдар, тым қаперсізсіңдер»650

деген аяты көкірегі ояу жанға ой салады емес пе? Ал сәт сайын бұл өмірде сыналу үстіндегі адамның өзін қаперсіз күйге сала-тын әрекеттерге баруы мұсылмандыққа жараспаса керек. Оның жүрегі үнемі үміт пен үрейден арылмайды. Өзін: өлім, қабір, қайта тірілу, есеп беру, қылкөпір секілді алда қандай қиындықтар күтіп тұрғанын білетін жан жөнсіз күлуді дөрекілікке балап, ғапылдық ретінде оны өзіне ар санайды. Осы себепті өмірінің көбі қайғырумен өткен шерлі пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

لو تعلمون ما أعلم لضحكتم قليل ولبكيتم كثيرا«Менің білгенімді білсеңіздер, аз күліп, көп жылайтын

едіңіздер651 деген еді. «Күйдірген соң шыдатпай, қоя ма екен жы-латпай» деп Абай атамыз айтпақшы, ардақты пайғамбарымыздың кеудесін күйдірген жайт – халықтың ертеңгі күннен ғапылдығы, тым қамсыздығы, нәпсіқұмарлықтан бас алмауы, ақыретті ұмытқан парықсыздығы, мейлінше жайбарақаттығы еді. Бұл дүниеде күліп күнә істегеннің – о дүниеде жылап тозаққа түсетінін білмеуі, осыларды ойлап көңілі босап, көзін жасқа бұлаудың ор-нына қарқылдап күлуі де адамдық атына да, мұсылмандыққа да жат еді. Оларға жанашырлықпен түсіндірген сайын өзін келемеж-деп, мазаққа алуы, жақсылықтың сауапшылығын айтқан сайын

649 Тирмизи, Қиямет, 42/2485.650 «ән-Нәжім» сүресі, 60-61 аяттар.651 Бухари, Тәфсир, 5/12.

Page 477: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 477

қасарысып күнәдан бас алмауы Ақиық елшінің (с.ғ.с.) арқасына аяздай батып, жылаудан көз аштырмады. Өзі де осыны меңзеп, бірде: «Мен күйіп қалатынын білмей отқа жүгірген көзсіз көбелектерді жасқап әлек болған адам секілдімін»652 деп, тозаққа күйесің деп күнәдан аластатпақ болған сайын адамзаттың қайта соған ентелей түсетінін ойлап қатты қамығып, іштей күйзелген еді.

Иә, сыпайы күлкі адамның ажарына ажар, мінезіне салмақ қосса, күлегештене беру кісіні тым жеңілтек етеді. Бұл жайында хазіреті Омардың (р.а.) айтқан мына бір сөзі өте мәнді:

«Күлкісі көбейгеннің – сұсы азаяды. Көп қалжыңдасатын адам – келекеге ұшырайды. Кім нені көп істесе, сонысымен танылады. Көп сөйлеген адам – көп қателік жібереді. Қателікті көп істейтін адамның – ұяты азаяды. Ұяты азайған адам – күнәлі нәрселерге үйірсек келеді, ондай адамның жүрегі өледі»653.

Расында да, не болса соған күлегеш адамда салмақтылық, байсалдылық болмайды. Мұның сорақылығы сол – ондай адамның көп күлуден бара-бара жүрегі қарайып, ішкі сезім түйсіктері әлсірей түседі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) осыны меңзеп Әбу Һурайраға берген кеңесінде:

حك تميت القلب حك، فإن كثرة الض ل تكثر من الض«Көп күлуден сақ бол, көп күлу жүректі өлтіреді»654деп ес-

керткен еді. Бір хадисінде пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай дейді: «Күлкінің

екі түрі бар: Алланың жақтыратыны әрі жақтырмайтыны. Аллаға ұнайтын күлкі – бір мұсылманның екінші бір мұсылманды жолықтырғанда, қуанғанын білдіріп жүзіне күліп қарауы. Ал Алланың жақтырмайтын күлкісі – біреуді біреудің мазаққа ай-налдырып, келемеждеп күлуі».655 Бос күлкі адамның шикілігін,

652 Муслим, Фәдаил,19653 Ғазали, Ихия-у-улумуддин, 111, 288.654 Тәнбихул-ғафилин, Бустанул-арифин, Б. 225 Мұхтарул әхадисин нәбәуия,

№727-хадис, Б. 398-399.655 Мұхтарул әхадисин нәбәуия, №727-хадис, Б. 398-399.

Page 478: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері478

көкірегінің бос екенін аңғартатын тәрізді. Оны терең ойлы жандарға жарастыру қиын. Мұқағали ағамыздың:

Ақылына айырбаста күлкіңді, Қайтесің сол күлкі деген шіркінді?!Бейқам күліп өспеген соң өз басымБос күлкіні ұнатпаймын бір түрлі, – деуі де сөзімізді қуаттай

түсіп, бос күлкімен өмірді босқа өткізгеннен гөрі күн сайын ойға ой жамап, ақылға ақыл қосудың анағұрлым пайдалы екеніне на-зар аудартатындай.

Қара сөзінің жалғасында Абай атамыз басқалардың нашар қылығын табалап күлуге емес, қайта солардан ғибрат алып күлуге шақырады. «Бос күлкіге» тағы да «ызалы күлкі», «бояма күлкі» деген жаңа тіркестерді қосады:

«Әрбір жаман кісінің қылығына күлсең, оған рахаттанып күлме, ыза болғаныңнан күл, ызалы күлкі – өзі де қайғы. Он-дай күлкіге үнемі өзің де салынбассың, әрбір жақсы адамның жақсылық тапқанына рахаттанып күлсең, оның жақсылықты жақсылығынан тапқандығын ғибрат көріп күл. Әрбір ғибрат алмақтың өзі де мастыққа жібермей, уақытымен тоқтатады. Көп күлкінің бәрін де мақтағаным жоқ, оның ішінде бір күлкі бар-ау, Құдай жаратқан орныменен іштен, көкіректен, жүректен келмей-ді, қолдан жасап, сыртыменен бет-аузын түзеп, бай-бай күлкінің әнін сәндеп, әдемішілік үшін күлетін бояма күлкі».

Күлкіге себеп болатын нәрсе көп, соның бірі – әзіл. Әл-Фараби бұл туралы «Сөз тапқырлық – жақсы адамшылық қасиет және мұның өзі әзілді орнымен пайдаланғанда болатын нәрсе» деп, орнымен айтылған әзілдің кісі бойындағы ізгі қасиеттердің біріне жататындығын ұқтырған. Әзіл өз өлшемінен аспай, тамаққа қосылған тұз мөлшеріндей болғанда ғана сөздің дәмін келтірмек. Осы тұста «Әр ісі үлгі-өнегеге толы Пайғамбарымыз әзілдесетін бе еді?» деген сұрақ туындайды. Соңғы елшінің (с.ғ.с.) өміріне көз жүгірткенімізде, жиі болмаса да оның әркез әзілдескенін көреміз. Тіпті кейде «Уа, Алланың елшісі, сіз де әзіл айтасыз ба?», – деп таңырқағандарға:

Page 479: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 479

«Иә, мен әзіл айтам, бірақ арасына өтірік аралас-тырмаймын»656,– деп жауап беретін. Әзіл айтса да ақиқаттан аттамаған пайғамбарымыз

وبيتا في وسط الجنة لمن ترك الكذب وإن كان مازحا«Әзілдеп болса да өтірік айтудан сақтанған адамға

жұмақтың ортасынан жай беріледі»657 деп, әзіл айтудың да өз әдебі барын үмбетіне ескерткен.

Алла елшісінің әзілдері санаулы-ақ болған:

حابيات إلى رسول الل صلى الل يام جاءت امرأة عجوز من الص وفي يوم من ال

عليه وسلم وقالت له: يارسول الل ادع الل أن يدخلني الجنة، فداعبها صلى الل عليه

وسلم قائل: إن الجنة لتدخلها عجوز، فانصرفت العجوز باكية، فقال النبي صلى الل

عليه وسلم للحاضرين: أخبروها أنها لتدخلها وهي عجوز، إن الل تعالى يقول }إنا

أنشأناهن إنشاء فجعلناهن أبكارا{ أي أنها حين تدخل الجنة سيعيد الل إليها شبابها

وجمالهاБірде бір қарт әйел келіп: «Мені жұмаққа кіргізсін, Аллаға дұға етіңізші», – деп

өтінгенде, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оған: «Қарт кісілер жұмаққа кірмейді», – деп әзілдеді. Бұны шын көріп қалған әлгі әйел қатты мұңайып келген ізімен кете барды. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Ана кісіге айтыңыздар, әйелдер қартайған түрінде емес, Алла оларды жас әрі әдемі кейіпте Жұмаққа кіргізеді»658, – деген еді.

ث أنس بن مالك -رضي الل عنه- فقال: إن رجل أتى النبي )صلى الل عليه وسلم( حد

فاستحمله, أي طلب منه أن يحمله على بعير ونحوه، فقال له)صلى الل عليه وسلم(:

)إنا حاملوك على ولد الناقة(. فقال الرجل: يا رسول الل ما أصنع بولد الناقة؟ فقال

وق؟ بل إل الن رسول الل صلى الل عليه وسلم: هل تلد ال

656 Тирмизи, Бирр, 57657 Әбу Дәуд, Әдеб, 7.658 Тирмизи, Шамаил,18.

Page 480: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері480

Тағы бірде бір кісі келіп, мініске көлік сұрады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Жарайды, сені бір түйенің ботасына мінгізейік», – дейді. Ол кісі: «Мен ботаға қалай мінем?», – деп таңданғанда, пайғамбарымыз оған күліп: «Түйе – түйеден тумай ма, әр түйе бір түйенің ботасы емес пе?»659, – деп әзілдегенін аңғартты.

Иә, иманды адам әрдайым байыпты болуы тиіс. Әзілдесе де ор-нымен әзілдеп, күлсе де білікпен күліп, тәрбиесі мен көргенділігін байқатуы тиіс. Өмірі тірі жанға жылы қабақ танытып, жылы сөз айтып, күлімсіреу дегенді білмейтін қаталдық пен қарадүрсін мі-нез оған жат.

Үлкен ғалым Жәләладдин Руми адамның күлкісі-ақ көп нәрсені аңғартатынын меңзеп:

«Қалай күлгеніне қарап кісінің – әдептілігін, неге күлгеніне қарап – оның ақыл-өрісін танимын» деген екен.

659 Әбу Дәуд, Әдеб, 84.

Page 481: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

481

Құдайберді Бағашар дінтанушы

ИСЛАМДА СөйЛЕу МӘДЕНИЕТІ

Жас кезінен дұрыс, әсем сөйлеуге дағдылану – адам бойындағы ізгі қасиеттердің бірі. Мұсылман жұртшылығы бұған үлкен жау-апкершілікпен қараған.

Қасиетті Құранда:

وإن عليكم لحافظين . كراما كاتبين . يعلمون ما تفعلون«Расында да, сендерді қорғаушылар бар. Мәртебелі жа-

зушылар. Не істегендеріңді бүкпесіз біліп тұрады»660 деп, адамның әр қылығын, сонымен бірге аузынан шыққан әр сөзді жазып алып тұратын екі періштесі болатындығын ескертуде.

Сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің (саллаллаһу алайһи уә сәлләм) өміріне көз салсақ, сөз сөйлеуге аса бір байып-пен қарағанын көреміз. Айша анамыздың (р.а.) айтуынша, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сөз сөйлегенде асықпай-аптықпай баппен сөйлеген. Қажет кезінде ұғынықты болу үшін айтқан сөзін үш рет қайталаудан жалықпаған661.

Сөздері мірдің оғындай өткір әрі даналыққа толы болғандықтан, естіген жанға қатты әсер еткен. Оны бір тыңдаған жан тағы да тыңдауға құмартқан. Тілі таза әрі шұрайлы, анық және түсінікті болған.

Бұны бір хадисінде «Арабтардың ішіндегі ең таза, шешен сөйлейтіні менмін» деп білдірген, «Өйткені, Алла тағала маған тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айта білетін ерекше қасиет дарытқан»662 деп түсіндіретін.

Алла елшісінің даусы зор, бірақ жағымды болған. Аузынан ешқашан жаман сөз шықпаған. Жаймашуақ не ашулы кезінде де

660 «Инфитар» сүресі, 10-11-12-аяттар661 Тирмизи, Мәнақиб, 9.662 Али әл-Мұттақи, Кәнзул-Ұммал, 11/412

Page 482: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері482

сөздің әділін ғана айтатын. Айтқан сөзінің артығы не кемі бол-майтын. Өте анық айтатындықтан әрі сөздерінің арасында бір мезет кідіретіндіктен, тыңдап отырған кісілер сөздерін тез жат-тап алатын. Өзіне ұнамсыз бір жайтты сездіргісі келгенде, оны астарлап жеткізетін. Өзі тоқтағанда барып қасындағылар кезек-пен сөз алатын. Үнемі сахабаларына күлімсіреп қарап, олардың да сөйлегенін ұнатып, мұқият құлақ салатын. Өзін солардың қатарында санайтын.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сөз сөйлеген кезін сахабалар: «Біз пайғамбарымыз сөйлей бастағанда, басымызда құс

қонақтап отырғандай, соны ұшырып алмайық дегендей аса бір сақтықпен құлақ салып тыңдайтынбыз»663, – деп еске алады.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мұсылман адамның не нәрсеге қараса да, ғибратпен қарағанын, үндемеген кездерінде Алланың құдіретін ойлап терең ойға берілуін, ал сөйлеген кезінде мәнді-мағыналы сөз айтуын қалаған. Өсек, өтірік, шағыстыру, ғайбат секілді көп күнәнің тілде жатқанын ұқтырып: «Адам баласы көп күнәні тілінен табады» деп ескерткен.

Айша анамыз (р.а.) бір әйелдің бойының қысқалығын айтып қалғанында, «Қой, ғайбат айтпа. Әлгі сөзіңді теңізге тастаса, тұтас былғап жібергендей екен»664 деп сол мезет тыйған бола-тын.

Әркез мұсылман адамның тілге өте абай болу керектігін сез-діріп

المسلم من سلم المسلمون من لسانه ويده«Шын мұсылман – тілі мен қолынан ешкімге зияны тимей-

тін адам»665, – дейтін. Бос сөзбен уақыт өткізуді ұнатпай: «Мұсылман адамның Ис-

ламнан алған ең ізгі қасиеттерінің бірі – бос сөзден арылуы» , من كان يؤمن بالل واليوم الآخر فاليقل خيرا أو ليصمت

663 Бухари, жиһад, 37664 Ибн Кәсир, Хужурат 12,3/365665 Бухари, Иман, 4-5.

Page 483: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 483

«Кімде кім Аллаға, сондай-ақ ақырет күнінің растығына сен-дім десе, сөйлегенде мәнді нәрсе айтсын, әйтпесе үндемесін»666 дейтін.

Өзі сөйлеуге қажеттілік тумаса, үндемегенді жөн көретін: «Үндемеуде үлкен даналық бар, әттең оның байыбына баратын-дар бірақ өте аз»667 деп қынжылатын.

Үш кісі отырғанда екі кісінің өзара күбірлесіп сөйлескенін дұрыс көрмейтін. Өйткені, бұл үшінші кісінің көңіліне келуі мүмкін деп түсіндіретін668.

«Сиырдың шөп күйсегеніндей етіп, көбікезуленіп сөйлейтіндерді Алла тағала ұнатпайды»669 деп мейлінше ұғынықты әрі анық сөйлеуге шақыратын.

Қандайда бір көпшіліктің арасында сөз сөйлеудің жолы әуелі жасы үлкен кісіге тән екендігін білдіретін.

Бірде көпшіліктен сұралған оқиғаны сол жердегі жасы ең кіші Абдуррахман ибн Сәхл бірінші болып айтуға оқталғанда, «Сөзді жасы үлкенге бере ғой»670 деп еді.

«Өзіне (тікелей) қатысы жоқ нәрселерге көңіл бөлмеуі – кісінің жақсы мұсылмандығын байқатады»671 деп, өзіне қатысы жоқ әңгімені тыңдауға құмартпауға баулитын.

Насихат сұрап келген адамға: «Ертең жерге қаратып, кешірім сұрауға мәжбүр ететін сөзді айтпа»672 деп, жан-жақты ойланып барып сөйлеу керектігін меңзеген.

Сахабалардан Осман ибн Мазун қайтыс болғанда, әйелінің «Жәннәтың құтты болсын, Османым» дегенін құлағы шалып қалғанда, «Мен пайғамбар бола тұра, Османның Жәннатқа ба-ратынын біле алмаймын. Сіз қалай білесіз?!»673 деп, ойланбай сөйлей салудан тыйғаны белгілі.

666 Бухари, әдап, 31,85667 Дәйләми жеткізген668 Бұхари, Истизан, 47669 Әбу Дауыд, әдаб, 94670 Бухари, Жизия, 12671 Тирмизи, Зухд, 11672 Ибн Маже, Зүхд, 15673 Тирмизи, Бирр, 40

Page 484: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері484

من يضمن لي ما بين لحييه وما بين فخذيه أضمن له الجنة«Кім маған екі ұрты мен екі санының арасындағы мүшелеріне

ие бола алатындығына кепілдік берсе, мен оның Жәннатқа бара-тынына кепілдік беремін»674 дегенде де, адамды байқамастан ең көп күнәға итермелейтін қылық зинақорлық пен тілден келетін кесел екеніне көңіл аудартқан.

Естір құлаққа жағымды сөз айтудың садақаға, сауапты амалға жататындығын жиі айтатын675.

Сүлеймен пайғамбар бірде «Құдай қаласа» деп айтпаған-дықтан, бір ісі орындалмаған екен676. Осыны әңгімелеп әрі Құранның

ول تقولن لشيء إني فاعل ذلك غدا . إل أن يشاء الل«Мен мына істі ертең істеймін демеңдер, «Құдай

қаласа» деп қана айтыңдар»677 деген аятын түсіндіріп, сөз сөйлегенде мұсылмандық әдеппен «Құдай бұйырса» деп айтуға дағдыландыратын. Өйткені, Алла қаламайынша ешбір істің орын-далмайтыны белгілі.

Пайғамбарымыз сөз сөйлеуге осыншалықты жауаптылықпен қарағандықтан, сахабалар да бұған қатты көңіл бөлетін болды. Сөз сөйлеудің үлкен нығмет екенін, аузынан шыққан әр сөзге ертең о дүниеде есепке тартылатындығын білгендіктен бос сөз, бөстекі әңгімелерге салынбауға тырысты. Осы ұстаным келе-келе Әбу Бәкір (р.а.) сынды тақуалығы биік заңғар тұлғалардың «Алла разылығы үшін айтылмаған сөзде қайыр жоқ, Алла разылығы үшін жұмсалмаған байлықта қайыр жоқ» деп ой қорытуына се-беп болды.

Әли (р.а.): «Жүрек таза болғанда ғана тілден оңды сөз шығады» деп, сөздегі дұрыстық – жүректегі иманға, тілдегі зікір – ойдағы пікірге байланысты екенін меңзеген. Кісі жайшылықта нені көп ойласа, айтатыны да сол болатындығын тұспалдаған.

674 Бухари, Риқақ, 23675 Бұхари, Әдап, 34676 Бұхари, Әйман, 3 677 «Кәхф» сүресі, 23-24 аяттар

Page 485: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 485

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Алланы еске салмайтын сөздерге көп үйір болмаңдар. Зікірден тыс сөздер жүректі қатайтады. Алладан ең алыс адамдар – жүрегі қатты адамдар екені даусыз»678 деген хадисінде де терең мазмұн жатқаны анық.

Сөз сөйлей білудің мәдениеті кең. Оған басқаларды тыңдай білу де жатады. Өйткені, «сөздің жартысы – айтушынікі болса, жартысы – тыңдаушыныкі» деген бар. Бұл турасында Әбу Бәкір (р.а.): «Сені тоқтатқанша сөйлегеніңнен гөрі – сені сөйлеткенше үндемей отыруың әлдеқайда артық» деген екен.

Сөз сөйлеу мәдениетінің ауқымы кең. Айталық, өзіне қызық болғанмен өзгелерге қызықсыз тақырыпты сөз етіп отырып алу да сөйлеуші мәдениетінің төмендігін аңғартады. Сол себепті баршаға ортақ тақырып таңдай білген дұрыс.

Отырғандардың деңгейімен санасу, бәріне түсінікті тілмен жеткізе білу де өте маңызды. Ғалым кісімен әңгімелесу білімі жоқ адаммен әңгімелескендей болмасы анық. Бұған қоса, жүрекпен айтылған сөздің ғана жүректерге жететінін ескерудің мәні зор. Кейбір бір сарынды, тым селқос баяндаған әңгімелер қанша мағыналы болса да, бояуы қашып көңілді селт еткізбесі белгілі.

Көп сөйлеу емес дөп сөйлеу ғана ақылдылыққа жатады. Қысқа қайырып, тоқетерін ғана айту мұсылманға жарасымды әдет.

Тыңдарманға пайдасы тиетін, ойлы көңілден туған сөзді ғана айтуға дағдыланған дұрыс. Тыңдармандар бөлген уақытына өкінбеуі тиіс. Өзгелерде «Қап, осы уақытымды одан да басқа бір пайдалы іске жұмсасамшы» деген өкініш тудырмау ке-рек. Өйткені, біреудің уақытын алудың да сұрауы бар. Өнегелі, мазмұнды сөз айту турасында Жетес шешен былай деген:

«Адамның сәні – өнер, білім, ақылы, Жердің сәні – жеміс, өнім, дақылы, Сөздің сәні – өнегелі нақылы. Пікірдің сәні – ойландырар мақұлы!». Кереңге айтып тұрғандай қатты дауыстап не мылқауға ай-

тып тұрғандай тым сыбырлап сөйлеу де мұсылманға жарас-пайды. Сондай-ақ тыңдарманның сөз тыңдауға қаншалықты

678 Тирмизи, зүхд, 62

Page 486: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері486

құлықтылығын сезе білу де аса қажет. Неге десеңіз, құлықсыз я сөз түсінбейтін адамға әңгіме айту далаға айтылған сөзбен тең. Қанша ақылды сөз болғанмен, оны қадірін ұққанға айту керек. Бұл туралы айтқан Абай атамыздың сөзі қандай мағыналы:

«Уәзінге өлшеп тізілген..Қайран тіл, қайран сөз, Наданға қадірсіз...».Бар салт-санасы исламға негізделген қазақ халқы – сөз

құдіретін жете түсініп, сөзге үлкен мән бергендіктен ел ішін-де ауыз әдебиетін, айтыс, терме, жыр, дастан, шешендік өнерді қатты дамытқан. От тілді, орақ ауызды сөз дүлділдеріне қай кезде де зор құрметпен қараған. Сөзге қатысты мәнді мақал-мәтелдерді де көп айтқан: «Сүйкімді сөз сүйек балқытар»; «Тілден бал да та-мады, зәр де тамады»; «Оттың шаласынан сөздің шаласы жаман»; «Тау мен тасты су бұзады, адамзатты сөз бұзады»; «Ұялмас бет-ке талмас жақ бітеді»; «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі», «Көз жетпеген жерге сөз жетеді» т.б.

Исламдағы сөз сөйлеу әдебіне бұдан басқа да: үлкен кісінің сөзін бөлмеу, біреуден естігенді біреуге жеткізбеу, сыр сақтай білу, әуелі амандаспай тұрып сөз бастамау, дөрекі сөйлемеу, тіл-ді балағат сөздерге үйретпеу, ешкімнің көңіліне жара салмау, сыпайы сөйлеу, өзің жақсы білмейтін жайтты сөз етпеу, айтқан уәдеңде тұру, өтіріктен аулақ болу т.б. жатады.

Қорыта келгенде, адамдық қасиеттерді кемелдендіре түсуде дұрыс сөйлей білуге көңіл бөлудің орны ерекше. Өйткені, ол – адамның ішкі жан дүниесінің айнасы. Жүрек тазалығы мен ой тұнықтығының, мәдениеттілік пен кісіліктің белгісі, арабтарша айтқанда «ақылдың таразысы».

Иә, атам қазақ «Кісіні аузындағы сөзінен таны» деп бекер айтпаған.

Page 487: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

487

Құдайберді Бағашар дінтанушы

ИСЛАМДА ТАЗАЛЫҚТЫң ОРНЫ

Құрметті бауырлар! Ислам – тазалыққа негізделген дін. Тарихқа қарасақ, еуропалықтар ХІХ ғасырда ғана қолға алған тазалыққа мұсылмандар VІІ ғасырдың өзінде-ақ қатты көңіл бөле бастағанын көреміз. Патша сарайларының өзінде еуропада монша жоқ кезде шығыста бұған барлық жағдай жасалып, тазалықтың күнделікті әдетке айналғаны баршаға мәлім. Тіпті сабынның өзін мұсылмандар ойлап тапқанын былай қойғанда, Ибн Сина, Рази, Абдулқахир және Сахир ибн Насруллаһ сынды ғалымдар тазалық пен денсаулық тұрғысынан моншаның қаншалықты пайдалы екендігін зерттеп те үлгірген.

1600 жылдары шығыс Испанияның инквизиция сотын-да испандықтардың мұсылман я христианы екені денесінің тазалығына қарап ажыратылған. Саяхаттап келген шетелдіктер мұсылман елдеріндегі тазалыққа таң қалатын болған.

Исламда тіпті алғашқы түскен бұйрықтардың өзі хазірет Мұхаммедті (с.ғ.с)

ر ثر قم فأنذر وربك فكبر وثيابك فطه ها المد يا أي«Әй, бүркенген жан! Тұр, халыққа ескерт. Раббыңды

ұлықта. Киіміңді таза ұста»679 деп тазалыққа шақырғаны бел-гілі.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) тазалық мәселесіне айрықша ден қойып,

هور شطر اليمان الط «Тазалық – иманның жартысы»680,– деп мұсылмандарды

тазалыққа жіті мән беруге шақырған. Ол дәрет алған сайын әрі тамақтанардан бұрын және кейін де қолын жуатын еді.

679 «Мүддәсир» сүресі, 1-4 аяттар680 Бухари, Муслим, дәрет,1

Page 488: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері488

عام الوضوء قبله والوضوء بعده بركة الط«Тамақтың берекеті – тамақтың алдында және тамақтан

кейін қол жуу»681,– деп сахабаларына ескертетін. Сондай-ақ, «Ешкім ұйқыдан тұра салысымен қандай да бір ыдысқа қолын жүгіртпестен, алдымен қолын жусын. Түнімен қолын қайда ұстағанын білмейді ғой»682,– деген хадистің тазалық үшін мәні жоғары.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) тіс тазалау мәселесіне де қатты көңіл бөлген. Әр намаздың алдында, мисуакпен тіс тазалағанын ескер-сек, күнін ең кемі бес рет тіс тазалап тұрғанын көреміз. Бұдан басқа сәске, түнгі намаздарынан соң, сондай-ақ тамақтан кейін-гі уақыттарды да қоссаңыз, тіс дәрігерлерінің өзінен де жиі тіс тазалағанына куә боламыз. Дәл осындай тазалықты міндеттесе, үмбеті ауырсынатындығын ойлап,

واك عند كل صلة مرتهم بالس تي ل لول أن أشق على أم«Үмбетіме ауыр соғады-ау деп тартынбағанымда, әр

намаздың алдында мисуәк қолдануын міндеттер едім»683,– дегені бар

Ауыз тазалығына көңіл бөлгені сонша, жағымсыз иіс шығаратын пияз бен сарымсақ жеуден де тартынатын. Өйткені, мұншалықты таза болмаса, Оған періштелер жақындай алмас еді. Осыны меңзеп, «Сіздер жеңіздер, менің жемеу себебім – маған періште келетіндігінде» деп түсіндіретін.

Тіс тазалығын сақтамайтындарға кейіп «Менің қасыма сарғайған тіспен, жағымсыз иіспен келмеңіздер»684 дейтін.

Кей уақыттарда тырнағы өсіп кеткендерге де ренжитін. Сондай кейіппен қасына келіп дін жайын сұрағандар тура-сында «Сіздерден маған біреу келіп, көктен хабар сұрайды. Қараймын, тырнақтары өсіп кеткен, онысы кірге толы» деп бұндай ластықты ұнатпайтындығын білдіретін. Бір жолы хазірет

681 Бухари, Дәрет, 26682 Муслим, Дәрет, 87683 Муслим, 42684 Суюти, Жамиус-Сағир, 2/72.

Page 489: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 489

Әлиге де: «Ей, Әли, өсіп кеткен тырнақтарыңды ал. Ішінде зи-янды нәрселер болады»685 деген де еді. Уахи арқылы көп жайтқа қанық болып отыратын Пайғамбарымыз тырнақ ішінде микроб жүретінін халыққа сол дәуірде тек осылай ғана түсіндіре алған.

Бірде көмек сұрап келген әйелге Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір-неше ешкі беріп тұрып былай деген: «Балаларыңызға айтыңыз, сауғанда ешкілердің жанын қинамау әрі желінін қанатпау үшін тырнақтарын алсын»686.

Бірде сақал-шашы ұйысқан кір-қожалақ бір кісіні көргенде «Мына кісі басын жуатындай су, шашын басатындай май таппаған ба?» деп ренжіп еді. Бұған қоса «Кімнің шашы болса жақсы күтсін»687 дегені де мәлім. Бұдан Пайғамбарымыздың шаш күтіміне де айтарлықтай көңіл бөлген. Алба-жұлба кір ша-штарды ұнатпағанын байқаймыз.

Әр жұма сайын ғұсыл құйынып, толық жуынып тұруға шақырғаны бөлек, дәрет алу кезінде аяқ, қол, ауыз, мұрын, бет, тіпті құлақ, мойынға дейін сүртілуінің өзі де күн сайынғы бір-неше мәрте қайталанатын мұқият тазалыққа жатады. Өйткені, ғылымдағы мәліметтер бойынша, бір грамм мұрынның суында 10 млн бактерия болса, бір грамм түкірікте 100 млн бактерия кез-десетіні анық.

Әбу Һурайра Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мына хадисін жет-кізген:

لم عليكم عن أبي هريرة، أن رسول الل صلى الل عليه وسلم أتى المقبرة، فقال: »الس

دار قوم مؤمنين. وإنا، إن شاء الل، بكم لحقون. وددت أنا قد رأينا إخواننا« قالوا:

أولسنا إخوانك، يا رسول الل؟ قال: »أنتم أصحابي. وإخواننا الذين لم يأتوا بعد«.

تك، يا رسول الل؟ فقال: »أرأيت لو أن فقالوا: كيف تعرف من لم يأت بعد من أم

لة. بين ظهري خيل دهم بهم. أل يعرف خيله؟« قالوا: بلى، يا رجل له خيل غر محج

لين من الوضوء. وأنا فرطهم على الحوض« رسول الل! قال: »فإنهم يأتون غرا محج685 Дәйләми, Фирдаус 3/205, Дәрул-кутубул-илмия, Бәйрут, 1986686 Хайсами, Мәжмау-з Зауаид, 8/196687 Әбу Дәуід, Тәражжул, 3

Page 490: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері490

Пайғамбарымыз қабірге келіп: − Сәлем сіздерге, уа, мүминдердің мекені. Иншалла, біз де сіздерге қосыламыз. Әттең, діндес бауырларымды да көрер ме едім, − деген еді. Қасындағылар: − Сіздің діндес бауырларыңыз біз емеспіз бе? − деп сұрағанда, «Сендер менің сахабаларымсыңдар, бауырларым әлі келген жоқ, − деген жауап естіген. Сахабалар «Үмбетіңізден әлі келмеген-дерді қалай танисыз?», – деп сұрағанда, ол «Біреудің бірыңғай жирен түсті үйірі болса, соның ішінен қасқасы мен аяғында ала-сы бар аттарын тани алады ғой. Дәрет алған мүшелер де осы секілді ақыретте аппақ болып жарқырап көрінеді. Содан тани-мын. Әркім шамасы келгенше, денесін жарқыратуға тырыссын»688 деп жауап берген еді.

Бір хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

ظافر بط، وتقليم ال ارب، ونتف ال خمس من الفطرة، الستحداد، والختان وقص الش«Бес нәрсені жаратылысынан адам қажетсінеді: мұртты

басу, тырнақ қысқарту, қолтықты түктен тазарту, ұятты жерді түктен тазарту, сүндетке отыру»689 деп, Исламдағы тазалық адам жаратылысын толық қамтитынын аңғартқан Бүгінгі күні медицина ғылымы профилактикалық әрі гигиеналық тұрғыдан сүндетке отырғызу адам ағзасына аса қажетті екен-дігін дәлелдеді. Батыс елдерінде сүндеттеу амалы оқиғасы жиі ұшырасады. Өйткені, қатерлі ісікке жол ашпау секілді жыныстық кеселдердің алдын алу және тазалық тұрғысынан олардың бұған әлдеқашан көзі жеткен.

Құранда:

جز فاهجر ر والر وثيابك فطه «Киіміңді таза ұста, жаман нәрселерді таста»690 делінген-

діктен, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) әрқашан киіміне қыл жуытпауға тырысқан. Намаз оқу үшін де киімнің тазалығы маңызды болғандықтан, «Ақ киім киіңіздер. Ақ түсті киім әдемі көрінеді,

688 Муслим, Тахарат, 39689 Муслим, Тахарат, 49,56690 «Муддәсир» сүресі, 4-5 аяттар

Page 491: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 491

тазалық тұрғысынан да ыңғайлы. Мәйітті ақ түсті матамен кебіндеңіздер» деп, ақ киген жағдайда тазалыққа көңіл бөлудің анағұрлым артатындығын білдірген.

Киімі ластықтан көрінбейтін адамды көргенде, «Мына кісі киімін жуатын ештеңе таба алмаған ба?!»691 деп ренішін білдіргенін хадис кітаптарынан кездестіреміз. Осы сөзімен мұсылмандарды киімді таза ұстауға шақырған Құранда:

يا بني آدم خذوا زينتكم عند كل مسجد«Әй, адам баласы! Мешітке барған сайын әдемі киімдеріңді

киіңдер»692 делінгендіктен Алланың елшісі (с.ғ.с.) мешітке ба-рарда, сондай-ақ мереке күндері үсті-басының тазалығын тіпті қадағалай түсетін. Біздің де:

«Алла тағала − жомарт, жомарт құлдарын жақсы көреді. Алла тағала − таза, тазаланғандарды жақсы көреді. Ендеше, үйлеріңіздің маңайын таза ұстаңыздар»693 деген Пайғамбарымыз үмбетін әрқашан өзі тұратын үйді, ауланы да таза ұстауға шақырған.

Бірде «Абайлаңыздар, қарғыс атқандардан болмаңыздар» деп еді. Сахабалары қарғыс ататындардың кімдер екенін сұрағанда: «Ел жүретін жолға, ел көлеңкелейтін ағаштың түбіне, өзен, көлдің жағасына дәрет сындырып ластағандар»694,– деп жауап берді. Бұдан қоғамдық орындарды да таза ұстауға Пайғамбарымыздың сүннеті екенін ұғамыз. «Суға дәрет сындырмаңыздар. Сол судан дәрет алу я болмаса ғұсыл алу қажет болмасын қайдан білесіз-дер. Ешкім жүніп кезінде ыдысқа құйылған судың ішіне түсіп жуынбасын. Бір ыдыспен су алып сыртта жуынсын» дегені де тазалық тұрғысынан мәні тәлім екені сөзсіз.

Құран Кәрімде Алла тағала құлдарына:

كلوا من طيبات ما رزقناكم

691 Әбу Дәуід, Либас, 14692 «Араф» сүресі, 31-аят693 Тирмизи, Әдеп, 41694 Муслим, Тахарат, 68

Page 492: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері492

«Біз берген рызықтың тазасынан ғана жеңдер»695 деп бұйырған. Олай болса күнделікті асымыздың адал болуына да қатты көңіл бөлуіміз керек. Бірде пайғамбарымызға сахабала-ры беті ашық ыдыспен сүт әкеледі. Сонда Алла елшісі (с.ғ.с.): «Тақтаймен болса да бетін жауып әкелмедіңіздер ме» деп ескер-ткен.

Сыртқы тазалыққа осыншалықты көңіл бөлінген исламда ішкі рухани тазалыққа да айтарлықтай мән берілген. Өйткені, сыртқы тазалық ішкі тазалықпен үйлескенде ғана адамның жасаған құлшылықтары қабыл болмақ.

Ислам дінінде мұсылмандардың ішкі, рухани тазалығына да аса қатты мән берілген. Ішкі тазалық − жүрек тазалығын, көңіл ақтығын, ниет дұрыстығын, пейілдің ақ жарқындығын, әдептілік мен адамгершілік қасиеттердің кемелдігін құрайды. Жүректі таза ұстау жөнінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

ه و إذا فسدت فسد إن في الجسد مضغة إذا صلحت صلح الجسد كل

ه أل و هي القلب الجسد كل«Адам баласының денесінде жұдырықтай ет бар. Сол жақсы

болса бүкіл дене (іс-әрекеттері) жақсы болады. Сол бұзылса, бүкіл дене бұзылады. Абайлаңыздар, ол − жүрек» десе, тағы бірде «Әр затты кір шалғаны тәрізді жүректі де кір шалады. Оны тәубамен, кешірім тілеумен тазалап отырыңыздар» деп, жүректі таза ұстау керектігін үйреткен. Өзі күн сайын жүзден аса кешірім тілейтін. Сонымен қатар, «Лә иләһә иллаллаһ» секілді зікірлердің де жүректі тазартатындығын білдірген.

Рухани тазалыққа: өтірік, өсек, балағат сөздерге үйір болмау, екіжүзділік пен жалақорлықтан, ұятсыздық пен арсыздықтан, тәкаппарлықтан аулақ болу, күнәлі істерге жуымау, харам ас же-меу, қулық-сұмдық, алдау-арбаудан бойды жырақ ұстап, ешкімнің ала жібін аттамау, кісі ақысына көңіл бөлу, ешкімді күндемеу, жан баласына жамандық ойламау, өзіне өлшеп берілген нығметтерге шүкіршілік ету т.б. жатады.

695 «Араф» сүресі, 160-аят

Page 493: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 493

Айнаға қараған сайын:

اللهم أحسنت خلقي فأحسن خلقي«Уа, Раббым, сыртқы бейнемді әсем еткеніңдей, ішкі жан

дүниемді де әсемдей гөр!»696 деп дұға еткен Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) рухани тазалығымен де әрдайым өнеге-үлгі болған. Өзіне сан мәрте қастандық жасамақ болғандардың бәрін де кешіре білуі − соның бір ғана дәлелі.

Осы тазалық кейіннен де жалғасты. Әбу Бәкір (р.а.) бір-де байқамай жеп қалған бір түйір астың харам екендігіне күдіктенгенде, артынша-ақ өзін қатты қинап құсып тастауға асыққан еді.

Имам Ағзам Әбу Ханифа Куфада бір қойдың ұрланғанын есті-генде, қойдың жасын есептеп, он шақты жылдай бір түйір де қой етін аузына салмай қойған. Байқаусызда әлгі ұрланған қойдың етін жеп қоймайын деп сақтық жасаған.

Пайғамбарымыздың «Мына кісі − жұмақтық»697 деп көрсеткен сахабасы өмірінде қызғаныш дегенді білмейтін, еш-кімді күндемейтін, жаман сөзі жоқ адам болып шыққан.

Міне, осы секілді мысалдардың барлығы да ішкі рухани тазалықтың мөлдіріне қол жеткізген кісілерде кездескен. Де-мек, таразыға салып салмақтасақ, сыртқы тазалықпен қатар ішкі тазалықтың да мәні зор.

Ата-бабаларымыз да осы ішкі тазалыққа көбірек көңіл бөлуге үндеген. Айталық, Үмбетей жырау елге үлгі болған жандарға басу айтқан бір сөзінде:

Әй, Ақтамберді, Қабанбай, Суытпа бекер түсіңді,Қайрама мұнша тісіңді. Сырт тазасы не керекТазарт әуел ішіңді! − десе, Ақмолда Мұхаммедиярұлы:Әуелі жуу керек іштің кірін,Іште толып жатпасын сасық ірің.

696 Ахмад,697 Ю.Кандаһлауи, Хаятус-сахаба, 2/164

Page 494: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері494

Аһ, дариға, іш тазарсын, іш тазарсын,Әйтпесе пайда бермес құры білім, − деп өмірде ойға жинақтаған

тәлім мен бойға жинақтаған білім адамды тазалыққа шақырмаса, адамдығын арттырмаса, «сырты бүтін, іші түтіндіктің» пайда бермейтіндігін толғаған.

Абай атамыз да өз өлеңінде халыққа ислам дініндегі тазалықты дұрыс насихаттау керектігін, сыртқы тазалығына көңіл бөлетіндердің көп жағдайда ішкі рухани тазалыққа да соншалықты көңіл бөле бермейтіндігіне өз қынжылысын былай деп білдірген:

Имамдар ғибадаттан сөз қозғаған, Хүснізан мен иманды білді ойлаған. Иманның тазалығын жақсы ұқтырмай, Сыртын қанша жуғанмен іші оңбаған... Иә, «Мықты болсаң жердей бол, бәрін шыдап көтерген, таза

болсаң судай бол, бәрін жуып кетірген» демекші, Ыбырай Ал-тынсарин бабамыз да «Таза бұлақ» әңгімесінде оқырмандарын бұлақтай тұнық, судай таза болуға шақырмап па еді?!

Page 495: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

495

Құдайберді Бағашар, дінтанушы Рһ. докторанты

ИСЛАМДА уАҚЫТ ҚҰНДЫЛЫғЫ

Ислам діні уақыт мәселесіне қатты көңіл бөлген. Қасиетті Құранда уақыт ұғымына қатысты «күн» (яум), «апта» (усбуғ), «ай» (шахр), «жыл» (сәнә), «ғасыр» (аср), «сағат» (саат), «күндіз» (нахар), «түн» (ләйл) сөздері кездеседі. Адам үшін ең маңыздысы күн болғандықтан, Құранда ең көп (475 рет) осы сөз қолданылған. Демек, ең әуелі, бір күндік уақытты ысырапқа жол бермей реттей білу аса маңызды. Содан соң аптаны, айды, жылды тиімді өткізу де мұсылманға міндеттелген. Уақыттың маңыздылығы сонша – Ұлы Раббымыз Құранда кейбір маңызды саналған уақыттарға серт ет-кен. Бұған «Аср», «Дұһа», «Ләйл», «Фәжр» секілді сүрелер дәлел. Исламда бос уақыт деген ұғым кездеспейді. Сондықтан болар, Құранда бір жұмыстан шаршағанда, дереу екінші бір жұмысты қолға алу арқылы тынығу керектігі меңзелген. Бұны «жұмыс істеп отырып тынығу» деуге болады. Тек дене қатты шаршайтындық-тан, түнде тынықтыруды жөн көреді. Өйткені, Алла тағала күндізді еңбектену үшін, түнді тынығу үшін жаратқанын айтқан:

وهو الذي جعل لكم الليل لباسا والنوم سباتا وجعل النهار نشورا«Сендерге түнді жамылғы, ұйқыны тынығуға (себеп),

күндізді еңбектену мерзімі етіп жаратқан – Алла»698.Сүйікті пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өміріне қарасақ, оның

өз уақытын өте тиімді пайдаланғанын көреміз. Өйткені, ол барлық істеріне үлгерген. Парыздарды былай қойғанда, нәпіл құлшылықтардың өзі өмірінің соңына дейін өз уақытында орындалған, әрі еш үзілмеген. Бұған қоса, ертелі-кеш жасаған дұғалары, мешітте уағыз айтуы, сахабаларымен кеңесуі, өзіне келушілерге уақыт бөлуі, өзінің зиярат етіп барған кісілері (науқастар, қабірлер т.б.), халықпен жүздесуі, ел ішіндегі діни

698 «Фурқан» сүресі, 25-аят

Page 496: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері496

рәсімдерді атқаруы (балаға ат қою, сүндеттеу, неке қию, жа-наза т.б.), барлығы да оның жоспарына сыйып отырған. Бұл істердің барлығына уақыт табылған. Бұл нені көрсетеді? Бұл күндік жұмыстарын қаншалықты жүйелей білгенін, уақытты қаншалықты тиімді қолданғанын көрсетеді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) күндізгі уақыттарды ғана емес, түнгі уақыттарды да мүмкіндігінше пайдалы өткізуге тырысқан. Құранда:

ومن الليل فاسجد له وسبحه ليل طويل«Раббыңның есімін ертелі-кеш зікір ет. Түнде сәждеге

жығыл. Жаратушы Иеңді ұзақ пәкте» 699делінгендіктен, түнде тұрып тахажжуд намазын оқуды әдетке айналдырған. «Мүззәммил» сүресінің алғашқы он аяты да түнгі уақытты жүйелеуді меңзейді. Пайғамбарымыз түнгі уақытын үшке бөлген: жанұясына, демалуға және құлшылыққа. Ең көп хадис риуаят ет-кен Әбу Һұрайра да түнді үшке бөліп, бір бөлігінде дем алған, екінші бөлігінде ғибадат жасаған, үшінші бөлігінде жинақтаған ілімін қорытқан. Күндіз Пайғамбарымыздан естіген хадистерін түнге қарай асықпай зерделейтін.

(Түнгі уақытқа кешкі намаз да кіреді). Күн бата салысымен түн басталып, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) жанұясымен бірге кеш-кі асқа отырған. Қалған уақытын тынығуға және құлшылыққа арнаған.

Қазақ халқы: «Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық»,– деп, ерте тұрып, ақыреттік және дүниелік тіршілікке кірісуге шақырған. Исламда таң намазын оқу үшін ерте тұру − әр мұсылманға парыз екені белгілі. Бір күннің бес уақытқа бөлінуі де 24 сағаттық тәулікті жүйелеп, ұтымды пайдалану үшін берілген үлкен мүмкіндік. «Ең ізгі амал қандай?» деп сұраған кісіге, Пайғамбарымыз «Уақыты кірісімен оқылған намаз» деп жауап бергені мәлім. Бұл да уақытты ұтымды пайдаланудың бір жолы. Құрбан шалуда да уақыт мәселесі маңызды рөл атқарады. Пайғамбарымыз Минада айт намазын оқытып, құрбанды на-

699 Инсан» сүресі, 26-аят.

Page 497: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 497

маздан кейін шалу керектігін ескерткен. Жамағаттың біреуі құрбанын намаздан бұрын шалғанын айтқанда, Ардақты елші оның құрбанға жатпайтындығын білдірген. Бұл Ислам дінінде әрбір құлшылықты орындауда уақыттың басты негізге алынаты-нын аңғартады. Уақыт кірмейінше, намаз оқылмайды. Уақытында үлгермесе, қазасы өтеледі т.с.с.

«Қарыны тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын»,– деп Абай атамыз айтпақшы, адамның бос отыруы − шайтан үшін таптырмайтын мүмкіндік. Ол дереу бос отырған адамның ойы-на түрлі жамандық салып, азғыра бастайды. Күнәға итермелей-ді. Сол себепті мұсылманның өмірінде бос уақыт болмауы тиіс. Ахмет Яссауи бабамыз «Кітабына үңілген бала, егінін егумен айналысқан егінші, қолы істегі тігінші, ас үйде тамақ пісірген әйел жамандық ойлауға уақыт таппайды» деген. Олай болса, жұмысы көп адамның жамандық ойлауға да мұршасы келмейді.

Байқасаңыз, Исламда ұзақ уақыт демалыс жариялау кез-деспейді. Тіпті мейрамдардың өзі санаулы. Мереке күндері де бос қарап жату жоқ. Таң атысымен мешітке барып, айт намазын оқу міндетті. Ондай күндерде айтта деп, туған-туыс, көрші-қолаңның қал-жағдайын білу, мерекемен құттықтау істері атқарылуы тиіс. Құрбан шалу керек болса, мал сою, етін тарату жұмыстары күтіп тұрады. Ақыретке сенетін, ертең осы дүниедегі әр күнге, әр сағат, әр минуттың есебін берем деген уайыммен жүрген мұсылман үшін уақытқа деген жауапсыздық бей-жай қарайтын мәселе емес. Сүйікті елші (с.ғ.с.) бір хадисінде о дүниеге барғанда, әрбір адам-нан мына бес сұрақ міндетті түрде сұралатындығын ескерткен:

1. Өмірін қайда өткізгендігі;2. Жастық шағын қалай өткізгендігі;3. Дүниесін қандай жолмен тапқандығы;4. Дүниесін қайда жұмсағандығы;5. Білгендерімен амал етіп-етпегендігі700. Кейбір адамдардың «уақытымды қайтіп өткізерімді білмей-

мін» деуі аса қауіпті жағдай. Өйткені, зерттеушілердің айтуын-ша, әсіресе жастар арасында түрлі бұзақы топтарға қосылу, на-

700 Тирмизи, Қиямет, 1/2416 хадис

Page 498: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері498

шар қылықтарға үйірсектеу, секталарға бару, қылмыс жасау, моралдық азғындықтарға салыну не істерін білмей бос жүрген кездерде кездеседі екен. Ұзақ мерзімді жазғы демалыс кез-дерінде жастарға үлкендер тарапынан қадағалау күшейтілмесе, айтарлықтай зардап әкелуі мүмкін екенін де ескерген жөн. Осы себепті мұсылман адам бос отырудан сақтанғаны дұрыс. Қолы қалт етсе, кітап оқып білімін арттыруға, аят, хадис, дұға жаттауға, ата-ананың алдындағы міндеттерін орындауға, туыста-рын зиярат етуге, жетім-жесір, кедей-кембағалдарға көмектесуге, жақсылық жасауға, мамандығын жақсы игеруге, қазалары мен қарыздарын өтеуге, араз адамдардың арасын татуластыруға, т.б. мәнді әрі пайдалы істерге жұмсауға дағдыланған дұрыс. Өйткені, мұсылманның түсінігінде өмір − шектеулі, уақыт − қысқа.

Алла елшісі бұл турасында былай деген: «Бес нәрседен бұрын бес нәрсенің қадірін біл: Өлмей тұрып өмірдің, Ауырмай тұрып денсаулықтың, Қартаймай тұрып жастықтың, Кедейленбей тұрып байлықтың, Көп жұмысқа тап болмай тұрып бос уақыттың қадірін біл!»

(Әбу Нуаймнан).Адамзаттың ардақты ұстазы хазірет Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)

ешқашан қолы бос отырмаған. Айша анамыз (р.а.) бұл жай-лы «Үй ішінде ешқашан қолы бос отырғанын көрмедім» деген. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) қолы босап қалуы мүмкін емес те еді. Өйткені, Жаратушы Иеміз оған

فإذا فرغت فانصب . وإلى ربك فارغب«Босағаныңда дереу қайта жұмысқа кіріс. Раббыңа

құлшылық жаса»701 демеп пе еді?! Бұл барша мұсылмандарға да берілген бұйрық. Яғни, «Әй, мұсылман! Ешқашан бос оты-рушы болма! Бір істі бітірсең, екіншісін баста. Діннің бір ама-лын бүтіндесең, дүниелік бір ісіңмен айналыс. Дүниелік бір ісіңді тәмамдасаң, діни бір амалды қайта қолыңа ал. Тәннің

701 «Шарх» сүресі, 7-аят.

Page 499: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 499

бір қажеттілігін өтесең, жанның бір азығын қамда. Өз ісің біт-се, жақындарыңды еске ал. Содан кейін қоғамның, мұсылман үмбетінің қажетіне жарайтын іс қыл. Сонда сенде бос уақыт де-ген болмайды» дегендік.

Уақытты тиімді пайдалану мәселесіне сахабалар мен кейінгі мұсылман ғалымдар да үлкен жауапкершілікпен қараған.

Ибн Масғұд (р.а.): «Не дүниеге, не ақыретке пайдалы ісі жоқ адамды көргім келмейді» деген.

Қады Шұрәйһ бос сандалып жүрген кейбір көршілерін көргенде, «Не істеп жүрсіңдер?» деп сұрайды. Олар «Бүгін бос-пыз» дегенде, «Бос болсаңдар, осылай жүру керек пе екен?!» деп ренжіген екен.

Қырық бес жасында қайтыс болған ислам ғұламасы Нәуауидің артқа тастап кеткен еңбектерін есептесеңіз, 45 жылға қайта сыйғызу қиын. Өйткені, ол уақытын қалай үнемдеуді жақсы біл-ген. Ғылым-білім алуға, құлшылықтарын атқаруға уақыт жет-кізу үшін ол кісі тек қана сәске уақыттарында ғана бір-ақ рет тамақтанған екен.

Шейх Фахраддин «Аллаға ант етейін, тамақ жеген уақыттарымда ғылыммен айналыса алмағаныма қатты өкінем. Өйткені, уақыт қашан да қымбат қой» деген.

Әл-имам Әбул уәфа Али ибну Ақил былай деген: «Мен тамақ уақыттарын қысқарту үшін қолымнан келгенді жасаймын. Тіп-ті көп шайналатын тамақтан гөрі тез жұтылатынын таңдаймын. Неге десеңіз, шайнауға да уақыт кетіп қалады. Содан жазуға, оқуға көп уақыт таба алам».

Имам Малик болса, көбірек ғылым-біліммен айналысу үшін үш күнде бір-ақ рет әжетханаға баратындай тамақ жеуді қысқартқан.

Ибни Ақил ешқандай бос уақыт жібермейтін. Тыныққан уақыттарын ол былай деп суреттейді: «Қолым қалт етіп демалған кездерімде мен аяқты созып құры жатқаннан гөрі терең ойға беріліп, ойша шешілетін біраз мәселелерді шешумен айналысам. Жазатындай бірдеңе есіме түсе қалса, дереу тұрам да жазам. Сек-сен жасымда ғылымға деген менің ынтам жиырма жасымдағы

Page 500: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері500

кезіме қарағанда әлдеқайда жоғары болатын»... Айтқанындай осыншалықты ынтасының арқасында Ибни Ақил ғылымның 20 шақты әр түрлі саласында өте құнды еңбектер қалдырған.

Фахраддину-Рази дастархан басында да бір жағынан тамақ жеп, екінші жағынан шұқшия кітап оқитын.

Медицина саласында өте мықты еңбектер қалдырған, қан ай-налымын тұңғыш рет ойлап тапқан ғалым Ибну-Нәфс жазу кезін-де қолындағы қаламның сиясы бітіп қалғанда, оны ашып уақыт шығындамау үшін қасына бірнеше қалам қойып қойып, солардың кез-келгенімен жалғастыра беретін.

Ибнул-Жаузи: «Адамға жарасатын нәрсе – уақыттың қадірін біліп, оның әр сәтін ұтымды пайдалана білу. Мен адамдардың уақыттарын сұмдық өлтіретіндіктерін байқадым. Ондай адам-дарды батып бара жатқан кемеде алаңсыз әңгіме-дүкен құрып отырған жолаушыларға ұқсатам», – дейді. Оның өміріне көз жі-бергенімізде, расында да, уақытты өте үнемді пайдаланғанын байқаймыз. Ол бүкіл ғұмырын ғылым-білім, жазу, пәтуамен өткізген. Ғылымның түрлі саласында еңбек жазып қалдырған. Кейбіреуі 20 томға жететін 340- тан астам еңбек қалдырған. Күн сайын төрт қалың дәптерлік жазу жазған. Бір жылда жазғаны 50-60 томға жеткенін байқаймыз. Ибнул-Жаузидің кітап жазу кезін-де ұштаған қалам жаңқалары ол қайтыс болғанда мәйітін жуатын суды ысытуға жеткен екен702.

ة، والفراغ ح نعمتان مغبون فيهما كثير من الناس: الص«Адам баласы екі нәрсенің қадірін білмейді: бос уақыт

және денсаулық»703 деп хадисте ескертілген, әрі кезінде ислам ғұламалары осыншалықты көңіл бөлген уақыт мәселесіне біз бүгін өте самарқау қарайтын сияқтымыз. Өйткені, бүгінгі күні уақытты өлтіретін жаулар көбейген. Соның бірі теледидар де-уге болады. Бүгінгі күні көк сандығы жоқ үйді елестету қиын. Алайда осы теледидардың уақыттың нағыз жауы екеніне екінің бірі көңіл бөле бермейді. Орташа есеппен күніне 3 сағат теле-

702 Заман шууру, Сызынты, 12, Ибрахим Рафиқ Б.151703 Бухари

Page 501: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 501

дидар тамашалайтын адамның бір жылда осыған жұмсалатын уақыты 1095 сағатты құрайды екен. Бұл дегеніңіз күндіз-түні 45 күн деген сөз. Яғни тоқтамай көрген 45 түн мен 45 күнге тең. Есіл уақыт! Ал теледидарға босқа кеткен осы 1095 сағат ішін-де қандай істер бітіруге болады, соны бір көрейік. Бұл уақыт оқушының бір жылғы орташа оқу жылынан да асық. Яғни 1 жыл оқымай қалдыңыз деген сөз. 1095 сағат ішінде шет тілін өте жақсы меңгеруге болады. Яғни теледидардың кесірінен біз бір шет тілін үйрене алмай қалудамыз. Ал кітап оқығыңыз келсе, өте баяу оқитын адамның өзі осыншама уақытта 25 мың беттік кітапты оқып тауысады екен. Ал әрбір әрпі сауапқа батыратын Құран Кәрімді оқимын десеңіз, 1095 сағат ішінде сіз оны 10 рет хатым (бастан-аяқ оқу) жасайды екенсіз. Осы уақыттың үште бірін ғана қаза намаздарыңызға бөлетін болсаңыз, онда 3 жылдық борышыңыздан еркін құтылады екенсіз. Бұны осылай көбейте бе-руге болады. Міне, теледидар көрудің адамды қаншама игілікті істерден құр қалдыратынын осыдан-ақ байқауға болады.

Уақыттың тағы бір жауы, ол – ұйқы. «Ұйқы – өлімнің бауы-ры» деген хадисті әрі «Көп білмек болсаң, аз ұйықта», «Түнгі ұйқысын түгел ұйықтаған адам мақсатына жете алмайды» деген халық даналығының астарын түнгі уақыттарын шығармашылыққа арнаған, ұйқымен өткен уақыттарын өлдіге балап өкініш біл-дірген Мұқағали ағамыздың мына бір ғибратты өлеңінен аңғарғандаймыз:

Түн маған ұйықтау үшін жаралмаған, (Ұйықтасын сапарларын тәмамдаған). Алдымда сапар жолы тарам-тарам, Ұйықтасам, барлығынан қараң қалам. Түн маған ұйықтау үшін берілмеген, Ұйқы тең шала-жансар өлімменен. Қанша менің өлді екен уақытым, Ақ төсек, ала жастық кебіндеген?!Рас, уақыттың бұдан да басқа жаулары өте көп. Көп сөз,

көп қыдыру да солардың қатарында. Біле білгенге уақыт ол – мүмкіндік. Адам мүмкіндікті дер кезінде пайдаланып қалмаса,

Page 502: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері502

«қолын мезгілінен кеш сермері» анық. «Уақыт адамзатпен са-наспайды, ал уақытпен санасқан адаспайды» деп түйген халық нақылын мына бір ой да аша түседі:

Бір жылдың қадірін білем десең, сыныпта қалған оқушыдан сұра.

Бір айдың қадірін білем десең, нәрестесін сегіз айлығында босанған келіншектен сұра.

Бір аптаның қадірін білем десең, апталық газет шығаратын редактордан сұра.

Бір сағаттың қадірін білем десең, бір-бірін асыға күткен ғашықтардан сұра.

Бір минуттың қадірін білем десең, пойызынан қалып қойған жолаушыдан сұра.

Бір секундтың қадірін білем десең, жол апатының алдын алуға үлгермеген жүргізушіден сұра.

Бір минисекундтың қадірін білем десең, әлемдік жарыста күміс жүлде алған желаяқ жүгірушіден сұра!

Иә, үлкен жетістіктерге жеткен ұлы кісілердің барлығы да уақыттың қадірін біліп, оны өте тиімді пайдалана білгендер. Абай атамыз да өз өлеңінде уақыттың қайта айналып келмейтін-дігін, шық-шық еткен сағаттың уақыттың ұрысы екенін тамаша бейнелеген:

Сағаттың шықылдағы емес ермек, Үнемі өмір өтпек - ол білдірмек. Бір минут бір кісінің өміріне ұқсасӨтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек.Сағаттың өзі ұры шықылдаған, Өмірді білдірмеген күнде ұрлаған. Тиянақ жоқ, тұрлау жоқ, келді кетті, Қайта айналмас, бұрылмас бұлдыр заман. Иә, адам баласы «қайта айналып бұрылмайтын, бұлдыр»

уақытты өте тиімді пайдалануы керек. Осы себепті болар еңбекқор қытайлар да уақыт мәселесіне келгенде, «Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың» деп безектейді екен. Осы тұста «Нағыз рахат – рахатты тәрк етуде» деген шығыс даналығына

Page 503: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 503

көңіл бөлудің мәні зор. Бұл қазақтың «жас кезімде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер» дегенімен үндес. Барлық уақытша қызықты қоя тұрып, дер кезінде қимылдаған адам кейін соның жемісін жемек. Ал уақытын бекер ойын-күлкімен, шегірткеше ән салып, көгалды қуып гөлайттаумен, желікпен өткізген жан кейін өкінішпен бармақ тістемек. «Нағыз рахат – рахатты тәрк етуде» деген сөзді бұл дүниелік уақытын өткінші қызыққа алданып, бе-кер өткізбей, Алла алдындағы мұсылмандық парыз, қарыздарын өтеумен бейнеттеніп өткен жан да о дүниелік шынайы мәңгілік рахатын осы дүниедегі өткінші жан рахатын тәрк етуден таппақ деп түсінуге болады.

Page 504: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

504

Құдайберді Бағашар, дінтанушы Рһ. докторанты

ПАйғАМБАРЫМЫЗ ЖӘНЕ БАЛА ТӘРБИЕСІ

Құрметті мұсылмандар! Ислам діні – толымды тәрбие негізі десек, ғаламға ұстаздық жасап, бүкіл саналы ғұмырын адамзат бақытына арнаған пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (саллал-лаху алайхи уә сәлләм) балаларға қаншалықты көңіл бөлген? Бұл жөнінде үмбетіне қандай үлгі-өнеге қалдырды? Ізгілік пен мей-ірім жаршысы ретінде бала тәрбиесінің қай тұстарына ерекше на-зар аударды? Сүйікті елшінің өміріне осы тұрғыда бір көз жіберіп көрсек.

Адамзаттың таңдаулысы (с.ғ.с.) бала өмірге келмей жатып-ақ оған қамкөңілділік танытатын. Баланың өмір есігін ашқанын қуаныш көретін. Туыла салысымен мұсылмандық тәрбие ны-шандарын жасайтын. Айталық, қызы Фатима (р.а.) босанып, немересі Хасанды алғаш көргенде, үстіндегі сары жаялығын шешіп, ақ жаялыққа ораған704. Бұл оның сәби жынысына сай түсті таңдағанын білдірсе керек.

Сәби туылғанда сүйінші бергенді ұнататын. Өзінің ұлы Ибраһим туылғанда, сүйінші сұрап келген Әбу Рафиға сый-си-япат тарту еткен705. Жаңа туған сәбиді құшағына алып тұрып, игі дұға тілейтін, сосын құрманың сөлін таңдайына жағып, алғашқы дәм таттыратын болған706. Айша анамыз бұл жайды: «Пайғамбарымыз өзіне әкелінген нәрестелердің әрбіріне береке тілеп, дұға оқитын», – деп еске алған707.

Балаларды жүректің жемісіне (сәмәрәтүл-құлуб), көздің нұрына (құрратул-айн)708 теңеген мейірім жаршысы Ардақты елші

704 Ибн Абдилбәрр, әл-Исабә фи тәмиизис-сахабә, 4-т., 337-338-б.705 Ибн Абдил-бирр, Әбу Омар Юсуф ибн Абдиллаһ ибн Мұхаммед (қ.ж.

463), әл-Истиаб фи марифатил-асхаб, Каир, 1328, ¼.706 Муслим, Таһарәт, 101.707 Әбу Дәууд, Әдеп, 108.708 Фәтһул-бари, 11/255.

Page 505: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 505

(с.ғ.с.) Абдуллаһ ибн Аббасқа бала кезінде: «Иә, Алла тағалам, бұған хикмет үйрете гөр!» деп дұға жасаған709. Ал Әнәсқа (р.а.) байлығы мен бала-шағасының көп болуын, ұзақ өмір сүруін, бер-ген садақаларының қайырлы болуын тілеген710. «Ата-ананың ба-ласы үшін жасаған дұғасы қабыл болады» деген Пайғамбарымыз бала тәрбиесінде Алладан тілек тілеп, дұға жасауда үлкен мән бар екенін осылай ұқтырып отырған.

Нәрестелерге туыла салысымен ат қойған кездері болған. Бірақ, көбіне бұған нәресте туылғаннан кейінгі жетінші күнді дұрыс көрген. Сәбиге азан шақырып, ат қоюды ата-ананың балаға деген алғашқы міндетінің біріне жатқызған. Сондай-ақ әрдайым балаға мағыналы, жақсы ат қоюға шақырған. Бұның мәнін «Сен-дер қиямет күні өз есімдеріңмен және әкелеріңнің есімдерімен шақырыласыңдар. Олай болса балаға әдемі есім қойыңдар»711 деп түсіндірген. Ең әдемі есімдердің қатарына Абдуллаһ (Алланың құлы) және Абдуррахман (Рахманның құлы) деген қос есімді жатқызған. Кей нашар аттарды мағынасы дұрыс, естір құлаққа жағымды есімдерге өзгерткен.

Немерелері Хасан мен Хұсейін (р.а.) өмірге келгенде, неме-релі болғанына шүкіршілік білдіріп, арнайы құрбандық шалған (ақиқа). Қызы Фатимаға (р.а.) сәбилердің үлпілдек шашын алып, алынған шаштың салмағындай садақа беруді тапсырған712. «Нәрестеге берілген сүт адамның болашақ табиғаты мен мінез-құлқын қалыптастырады»713 деп, адал сүтпен қоректендірудің маңызын ұқтырған. Қандай да бір себеппен баланы басқа біреу емізген жағдайда, харамға ауыз салмайтын адал жанға табыстауға көңіл бөлуді аңғартқан.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жылаған баланы жұбатуға да ерекше көңіл бөлетін. «Кімде-кім жылаған баласын жұбатуға тырысса, Алла тағала жаннатта оған риза болғанға дейін нығметтерін үйіп-

709 Тирмизи, Мәнақиб, 50; Ибн Мажә, Муқаддимә, 11.710 Муслим, Фәдаилус-сахабә, 141-144; Тирмизи, Мәнақиб, 50711 Әбу Дәуд, Әдеп, 70.712 Мустәдрәк, 3-т., 179-б.713 Фәйзул-Қадир, 4-т., 55-б.

Page 506: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері506

төгеді»714 деген ол жамағатқа намаз оқытып тұрғанда, жылаған баланың дауысын естісе, намазды тезірек бітіруге тырысатын.

Бірде таң намазын әдеттегіден жылдам оқып бітіреді. Сахабалардың бірі бұған таңданып: «Уа, расулалла, бүгін намаз-ды неліктен жылдам аяқтадыңыз?», – деп сұрағанда, «Арт жақтан жылаған баланың дауысын естімедің бе? Анасы барып тезірек жұбатқанын қаладым»715, – деген жауап естіген.

Үйіне кіре бергенде баланың жылаған дауысын естіп: «Мына бала неге жылап жатыр, көз тиюге қарсы оқытпап па едіңдер?»716, − деп сұрағаны да бар.

Пайғамбарымыз балалардың кіш етіп қойғанына да түсіністікпен қарайтын. Бұл жайында Уммул-Фадл басынан өткен мына бір оқиғаны баяндаған:

«Мен Әлидің ұлы Хұсейінді емізіп жатқанымда Алла елшісі (с.ғ.с.) қасыма келіп, баланы сұрады. Қолына ұстатқаным сол еді, сәби үстіне жіберіп қойды. Баланы қайта алмақ болып қолымды соза бергенімде: «Асықпа, аяқтасын. Кедергі жасама», – деді. Ал киімінің былғанған жерін сумен тазалап жіберді»717. Баланың ер-кінен тыс болған іске қабақ шытпайтын.

Баланы алдамауға, берген уәдені орындауға қатты көңіл бөлетін.

Бірде Мәдинаға хижрет жасаған сахаба аналарымыздың бірі Ләйла (р.а.) Пайғамбарымыздың үйінде отырған кезінде сыртта ойнап жүрген ұлын шақырып:

− Балам, келе қойшы, саған бір нәрсе беремін, – дейді.Бұны естігенде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) дереу одан:− Ұлыңызға не бермексіз? – деп сұрайды.

714 Дәйләми, Муснәдул-Фирдәус, II, 147-б.715 Ибн Хажәр, әл-Мәталибул-алия би зәуаидул-мәсанидис-сәмания, I, 122-б.,

Кувейт, 1973716 Ахмед ибн Ханбал, Муснәд, VI, 72-б.717 әл-Хаким ән-Нисабури, әл-Мустәдрәк аләс-Сахихайн, III, 180-б.,

Хайдарабад, 1335.

Page 507: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 507

Әйел: − Құрма берейін деп едім, – дегенінде, − Егер балаға «бір нәрсе берем» деп шақырып, еш нәрсе бермесеңіз, амал дәптеріңізге «өтірік айтты» деп жазылар еді, – деп ескерткен718.

Алла елшісінің (с.ғ.с.) балаларға деген сүйіспеншілігі алабөтен еді. Он жыл қызметінде болған Әнәс (р.а.) былай дей-ді: «Бала-шағасына Пайғамбарымыздан артық мейірімді жанды көрмедім»719.

Бір хадисінде былай деген: «Балаларыңды көп сүйіңдер. Се-бебі, сүйген сайын жаннатта бір дәреже беріледі. Әрбір дәреженің ара қашықтығы бес жүз жыл. Періштелер әр сүйгендеріңді санап, жазып отырады»720.

Бір күні Алла елшісі (с.ғ.с.) немересі Хасанды өбектеп, сүйгіштеп отырғанда, қасына келген Ақра ибн Хабис: «Ойпырым ай, менің бір емес он балам бар, ешқайсысын әлі күнге басынан сипап, маңдайынан сүйген емеспін», − дейді таңданып. Сонда Пайғамбарымыз: «Сен басқаларға мейірімділік танытпасаң, Алла да саған мейірімділік көрсетпейді»721, − деген мағынада жауап қатады.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) балаларды райхан гүліне ұқсатып722, ал иісін жаннаттың иісіне теңеген723. Немерелерін жиі-жиі қасына шақырып, бауырына басып, мейірлене иіскейтін. Тіпті кейде оларды құшақтап, сүйгеннен кейін: «Иә, Алла тағалам, бұларды мен жақсы көремін, Сен де жақсы көре гөр!»724 деп дұға ететін. Бөлмесіне ешкім кірмесін деген уақыттарда да немерелері кірсе қарсылық танытпайтын. Тіпті мешітте жамағатпен намаз оқып жатқанда немерелері келіп ұмар-жұмар үстіне асылып ойнай-тын.

718 Әбу Дәуіт, Әдаб, 80719 Бәззар, 5/а.720 Мүснаду Зәйд ибн Али 505721 Әбу Даууд, Әдаб 156. (4/355).722 Айни, Ұмда 16/243.723 Мәжмау-зауаид, 8/156.724 Бұһари, Фәдаилүс-сахаба. 18 (5/30).

Page 508: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері508

Әбу Қатадә былай дейді: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір күні жиен немересі Умамәні

иығына отырғызған күйде мешітке келді. Жамағатқа намаз оқытты. Рұқуғқа иілгенде қызды жерге түсіретін, сәждеден тұрған кезде қайтадан алатын»725. Ханафи мәзхабының ғалымдары осы хадистен үкім шығарып, намаз оқып тұрған кезде осы секілді мәжбүрлік жағдайда артық қимыл жасауға болатынын айтады.

Бір күні Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) немерелері Хасан мен Хұсейінді арқалаған күйде мешітке кіреді. Жамағатқа намаз оқыту үшін орнына барып тұрады да, балаларды оң жағына отырғызады. Алла расулы сәждеге барған кезде сәждені ұзақ жасайды. На-маз біткен соң халық: «Уа, расулалла, намазда сәждені көбірек создыңыз. Мұндай сәждені бұрын-соңды көрмеген едік. Бұл Алла тағаланың әмірі ме?», – деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз: «Жоқ, бұл Алланың әмірі емес. Немерем арқама мініп алды. Өзі түскенге дейін күткенді дұрыс көрдім»726, – деп жауап береді.

Басқа риуаяттарда хазірет Пайғамбар (с.ғ.с.) намазда сәжде жасағанда немерелерінің арқасына мініп алатыны, сәждеден тұрар кезде жайлап жерге түсіретіні, құлап кетпесін деп қолымен ұстап, руқұғ жасаған кезінде аяқтарын ашып тұратыны, намаз біткен соң оларды бауырына басып, сүйетіні жайлы айтылады. Кейде саха-балар бұндай сәттерде намазға кедергі жасамау үшін балалар-ды көтеріп алмақшы болған кездерінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оларға тиіспеуге ым жасайтын. Намаздан кейін «Балаларды алып анасына апарайық» дегендерге, «Тиіспеңдер», − дейтін. Біраздан кейін өзі немерелеріне «Аналарыңа бара қойыңдар», – дегенде, олар өз еріктерімен тұрып, үйлеріне қарай жүгіре жөнелетін.

Жұма күні бірде Пайғамбарымыз хұтба оқып жатқан бола-тын. Немерелері Хасан мен Хұсейін сүріне-қабына мешітке кірді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сөйлеп жатқан жерінен тоқтап, мінберден түсіп, екеуін көтеріп алады да, мінберге қайта шығады. Екеуін алдына отырғызып: «Алла тағала:

725 Бұһари, Әдаб, 18 (8/8).726 Мүстәдрак, 3/165-166; Мәталибул-Алия 4/72 (3997 Х.).

Page 509: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 509

إنما أموالكم وأولدكم فتنة«Балаларың мен дүние-мүліктерің сендер үшін сынақ»727,

деп қалай дұрыс айтқан. Олардың құлап-сүрініп келе жатқанын көрген кезде шыдай алмадым, айтып жатқан сөзімді бөліп, барып оларды құшағыма алдым», – дейді728.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) тек қана өзінің балалары мен немере-лерін ғана емес, сахабалардың да балаларын жақсы көрген. Усамә (р.а.) өзінің балалық шағындағы бақытты сәтін былай баяндайды: «Алла расулы бір тізесіне мені, екінші тізесіне немересі Хасан-ды отырғызды, сосын бізді құшағына қысып: «Уа, Жасаған ием, бұларға рақымыңды төге гөр, себебі мен де оларға мейірімдімін», – деді»729.

«Баласы бар баламен бала болсын»730 деп өсиет қалдырған Пайғамбарымыз жас сәбилерге ерекше мейіріммен қараған. Кейде өзі де немелеріне ат болып, кейде иығына мінгізіп жүріп ойнатқан. Бірде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) Хасан мен Хұсейінді иығына отырғызып алып, көтеріп ойнатып жүргенін көрген Омар (р.а.) бұған қатты сүйсініп «Әй, балақайлар, мініп алған сәйгүліктерің қандай тамаша!», – дейді. Сонда Пайғамбарымыз оған «Олар да осал атқамінерлер емес»731, – деп жауап береді.

Пайғамбарымыз балаға «Алла тағаланың берген сыйы»732 деп қарағандықтан, ұлды артық көріп, қызды кемсітуге жол берме-ген. Қоғамды қыз баланы жек көрмеуге шақырып, «Егер таңдау еркі маған берілсе, қайта қыз баланы артық санар едім»733 деген. Өйткені, қыз баланың жүрегі жұмсақ, жаны нәзік, ол ертеңгі біреудің қимас серігі, оң босағадағы қонақ деп түсіндірген. Өзі сапарға шыға қалса, ең соңынан қызы Фатимамен қоштасып, оралғанында ең алдымен соған амандығын сұрап, кіріп

727 «Тәғабун» сүресі, 15-аят.728 Нәсәи, Жұма, 30729 Бухари, Әдеп, 22.730 Дәйләми, Мүснәдүл фирдауси, ІІ, 136\6.731 Мәталибүл-алия 4/72.732 Хаким, әл-Мүстәдрак, ІІ, 284.733 Дәйләми, Мүснәдүл фирдаус, 3\а.

Page 510: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері510

шығатын734. Қызды қор көрмеуге шақырып, «Кімде кімнің үш қызы болып, ұлды олардан артық санамаса, жақсы тәрбиелесе, Алла ондай ата-анаға жұмақты нәсіп етеді»735 дейтін. Қыз балаға мейіріммен қарауға шақырып, оның сауабы зор екенін білдіретін. Осы орайда Айша анамыз (р.а.) тілге тиек еткен мына бір әңгіме өте мәнді.

«Бірде маған бір әйел қайыр сұрай келді. Қасына ертіп алған екі қызы бар екен. Менде бары бір тал құрма еді. Әлгі әйел мен берген құрманы екі бөліп, екі қызының аузына тосты. Өзіне ештеңе қалдырмады. Олар кетіп қалғаннан кейін Пайғамбарымыз келді. Мен болған жайтты әңгімелеп бергенімде, «Кім өмірде қыздарымен сыналса, қыздарына жақсы қараған жағдайда қыздары ата-анасын тозақтан сақтайды»736 деп еді.

Әркез отбасында балаларды бір-бірінен алаламауға шақырып, «Балаларыңды бөліп-жармай, теңдей көріңдер»737, «Бала алдындағы ата-ана міндеттеріңнің бірі – оларды алаламау»738, – дейтін.

Бірде бір кісі Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қасында отырған кезінде, жанына ұлы келеді. Әлгі кісі ұлының бетінен сүйіп, оны алдына отырғызады. Сәлден кейін қызы келеді. Қызын да шақырып, алдына отырғызады. Бірақ оның бетінен сүймейді. Бұны байқаған Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Екеуін теңдей көрмейсің бе?», – деп ескерту жасайды739. Осы тәрізді бірқатар хадистерді талдай келе, мұсылман ғұламалары «балаларға сыйлық бергенде ғана емес, еркелетіп, бетінен сүйген кезде де оларды алаламауға көңіл бөлу керек»740 деген қорытынды жасаған.

Осы тұрғыда мына бір оқиға да ерекше мәнді. Нұғман ибн Бәширдің (р.а.) әкесі бір күні:

734 Әбу Дәуіт, Тәрәжжүл, 21.735 Ибн Мажә, Әдәб, 3; Тирмизи, Бирр, 13.736 Бұхари, Зекет, 10.737 Әбу Даууд, (3544. Х.).738 Мүснәд, 4/269.739 Мәжмауз-Зәуаид, 8/156.740 Тирмизи, Ахкам, 30 (1387 х.)

Page 511: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 511

− Уа, Алланың елшісі, өзге балаларым да бар. Бірақ, Нұғманым бір төбе. Рұқсат етсеңіз, дүние мүлкімнің көбірек бөлігін Нұғманға бергім келеді, – дегенде, Пайғамбарымыз:

– Өзге ұлдарыңа да сол мөлшерде бердің бе?– деп сұрады. Бәшир:

– Жоқ, – деді. Алла елшісі басқаларына да ескерткісі келгендей көтеріңкі

дауыспен: – Алладан қорқыңдар, балаларға әділ қараңдар! – деді. Артынша Бәширге бұрылып: – Сен әлде бар балаларыңның өзіңе бірдей құрмет көрсетуін

қаламайсың ба? – деп сұрады. Ол: – Жоқ, қалаймын ғой – деп күмілжігенде, – Ендеше, бұлай

жасаушы болма741– деп қатаң ескерткен еді. Кейде балалармен әзілдескенді ұнататын. Хасанды еркелетіп

лұқа742 (бұзық), Әнасты Зүл-Ұзұнайн743 (қос құлақты), ал кішкене бауырын Әбу Ұмайр744 деп атаған. Махмұд ибн Рәби бес жастар шамасында Пайғамбарымыздың өзімен су бүркіп ойнағанын айтқан745. Бұл оның Ансарлық сахабалардың балаларымен әр түрлі әзілдесіп ойнағанынан туған746.

Баланы жақсы көретіндігін әр түрлі жағдайлармен көрсетіп отыратын. Мекке-Мәдинаға келген кезінде алдынан жүгіріп шыққан балаларды көлігіне мінгестіріп алатын. Ибн Аббас ри-уаятында Меккеге келген кезінде өзін күтіп жүгіріп шыққан Абдулмұтталиб әулетінің балаларының бірін алдыға, бірін арты-на мінгестіріп алғандығы айтылады747.

741 Бұһари, Хибә, 12-13; Нәсаи, Нухл, 1; Тирмизи, Ахкам, 30; Ибн Мажә, Хибә, 1; Тайалиси, 1/280.

742 Мүснәд, 2/532. Әдәбүл-мүфрәд, 404 (1183. х.)743 Әбу Дәуіт, Әдеп, 92 (4/301, 5002. х.)744 Тирмизи, Бирр 57 (6/206, 1990 х.)745 Бұһари, Илм 18 (1/29).746 Ибн Хажар, Фәтхул-бари, 1/182.747 Бұһари, Ұмра, 13/(3/9).

Page 512: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері512

Баланың тентектігіне ашуланбай, сабырлылық танытқан. «Бала кішкене кезінде бұзық болса, бұл оның өскенде ақылды болатындығының белгісі»748 дейтін.

Баланың физикалық жетілуіне де көңіл бөлетін. «Топырақ – баланың көктемі»749 деп, апақ-сапаққа қалмай, баланың күн жарықта ойнағанын құп көрген750. Тамақтан бұрын және тамақтан кейін қол жуу, оң қолмен жеу, «бисмилламен» бастау, өз алдынан жеу деген секілді тамақтанудың әдебін, бұған қоса тән мен жан тазалығын үйретумен қатар, ер балаларға күрес, садақ ату, жүгіру, суда жүзуді игертуге шақырған. Жыныстық тәрбиені де назардан тыс қалдырмай, «Он жасқа толғанда қыз бен ұлдың төсегін бөлек салыңдар»751 деген.

Бала оң-солды ажырата бастағаннан бастап, оны ұяттылыққа, имандылыққа тәрбиелеп, ненің күнә, ненің сауап екенін үйрету, мешітке үйір етіп, Алланы, пайғамбарды танытуға, Құранды үйретуге, 7-10 жастарынан бастап намаз оқу752 секілді мұсылмандық міндеттерді орындауға баулу да сүннетте негізге алынған.

Қорыта келгенде, өз өмірінде Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.) балаларға қатты көңіл бөліп, тәрбиеге үлкен жауапкер-шілікпен қараған. Баланы тәрбиелеу үшін мейірімділік танытуға, жақсы көруге, ақылмен еркелетуге, көңіл бөліп ойнатуға, адал не-сібемен бағып-қағуға, ұл-қыз деп алаламауға, ешқашан алдамауға, берген уәдені орындауға шақырған. Әр қылығына түсіністікпен қарап, жынысына сай тәрбие беруге көңіл аудартқан. Денесін шымырлыққа шынықтырумен қатар жастайынан иман негіз-дерін сіңіруге назар аудартқан. Ата-ана ретінде отбасында жақсы өнеге көрсетіп, баланы жастайынан тазалыққа, адамгершілікке, мұсылмандық әдептілікке баулуды үлгі еткен.

748 Фәйзул-қадир, 4/310.749 Фәйзул-қадир, 3. 281.750 Шәрху Мүслим, 13/186.751 Әбу Дәуд, Салат, 25.752 Бұл да сонда.

Page 513: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

513

Құдайберді Бағашар, дінтанушы Рһ. докторанты

ИСЛАМДА КөРШІ АҚЫСЫ

Көрші − қонысы ортақ, етене араласып, күнделікті жүзбе жүз кездесіп, аман саулық сұрасып жүретін кісілеріміз. Қазақ халқы «Көршіні Құдай қосады» дейді. Жаңа орынға көшіп келісімен ерулік беріп, қоныс тойын жасау дәстүрінде де ең әуелгі ниет − көрші қолаңдармен танысу болған. «Адам күні – адаммен» демек-ші, күнделікті өмірде әркім-ақ көршіні қажетсінеді. Өйткені, бір іс туып қинала қалғанда да, бір нәрсе қажет болғанда да, ең ал-дымен, көршілерден көмек сұрап жатамыз. Көршімен сыйластық − елдің сыйластығын, көршімен татулық − қоғамның татулығын ұқтырады.Сондықтан болар, Ислам діні көршімен жарасымды сыйластықта болуға шақырады.

Бұл туралы қасиетті Құранда:

واعبدوا الل ول تشركوا به شيئا وبالوالدين إحسانا وبذي القربى واليتامى والمساكين

بيل وما ملكت أيمانكم احب بالجنب وابن الس والجار ذي القربى والجار الجنب والص

إن الل ل يحب من كان مختال فخورا«Аллаға құлшылық қылыңдар. Оған ешкімді серік

қоспаңдар. Әке шешеге, туыстарға, жетімдерге, кедей-кепшіктерге, жақын көршіге, алыс көршіге, жаныңдағы жолдасыңа, қаражаты таусылған жолаушыларға, қолдарыңа қарағандарға (қызметшілерге) жақсылық жасаңдар. Алла дандайсыған тәкаппарларды жақсы көрмейді»753 делінген.

Байқасаңыздар, аятта Аллаға құлшылық, ата ана мен туыстарға жақсылық жасау секілді әр мұсылманға тиесілі жоғарғы міндеттердің қатарында көршілік қатынастардың да аталуы те-гін емес. Бұл көрші ақысына көңіл бөлудің дінімізде үлкен рөл атқаратынын ұқтыруда.

753 «Ниса» сүресі, 36-аят

Page 514: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері514

Аяттағы «көрші» (арабшасы − жәр) ұғымына кімдер жататындығына орай, көршілердің мынандай жіктелуі жасалған:

Есігінің аузы тым тақау көрші басқаларға қарағанда анағұрлым жақын болып есептелген.

Туыстық жақындығы бар немесе үйлері бір біріне жақындар «жақын көрші» деп аталған.

Үйлері бір біріне жақын да, алыс та емес, өзге діндегілер «алыс көршіге» жатқызылған.

Айша анамыз (р.а.) бұның төңіректегі қырық үйлік арақашықтық екенін айтқан. Көрші ақысы осы қашықтыққа тән екенін білдірген. Ал Әли (р.а.) адамның даусы жететін жердегілердің бәрі көрші болып саналатындығын білдірген.

Исламда көршілер өздеріндегі ақыларына қарай үш түрге бөлінеді:

Үш түрлі ақысы бар көршілер: әрі туыс, әрі мұсылман кісілер. Бұлардың көршілік, туыстық және мұсылмандықтан туатын үш түрлі ақысы бар.

Екі ақысы бар көршілер: туыстығы жоқ мұсылмандар. Олардың көршілік әрі мұсылмандықтан туатын екі түрлі көршілік ақысы бар.

Бір ғана ақысы бар көршілер: не туыс, не мұсылман еместер. Олар өзге дінге жататындар. Олардың көршіліктен туатын бір ғана ақысы бар754.

Қысқаша айтқанда, көршіге мұсылман, еврей, христиан секіл-ді наным-сенімі, ұлты, нәсілі, түсінік-танымы әр түрлі кісілердің бәрі жатады.

Шындап келгенде, өмірде жақсы көрші бола білудің өзі үлкен сын. Өйткені, ол иманның беріктігі мен ізгі мұсылманшылықты білдіреді. Бұл турасында жеткен хадистер көп. Солардың бірінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

ثه مازال جبريل يوصيني بالجار حتى ظننت أنه سيور«Көрші туралы Жәбірейіл періштенің кеңесті үйіп-төккені

сонша – мен еріксіз көршіні көршіге мұрагер етпес пе екен деген

754 Хилиятул-әулия. Т.5. Б.201.

Page 515: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 515

ойға қалдым»755; «Көршілеріңмен көршілігіңді жақсарт, шынайы мұсылман боласың»756, «Екі көршің бір уақытқа шақырған бол-са, алдымен ең жақынына бар. Ал бір уақытқа басқа кездерде шақырылсаң, онда алдымен шақырған көршіңе бар»757 деген.

Демек, жақсы көрші бола білу – жақсы мұсылман бола білуді де аңғартпақ. Жақсы көрші бола білудің жарқын мысалын имам ағзам Әбу Ханифаның өмірінде кездескен мына бір мысалдан айқын аңғара түсеміз.

Имам ағзам Әбу Ханифаның маскүнем бір көршісі бар еді. Күнде дабырлап сөйлеп, жанұясында жанжал шығарып имамның мазасын алатын. Сол жігіт бірде абақтыға қамалады. Имам мән-жайды білгенде, қаланың әкіміне жолығып, көршісін босатып-ты. Екеуі бірге қайтып келе жатқанда, қылығына ұялған жігіт «Өзіңізге жамандығы болмаса, жақсылығы жоқ адамды неге боса-тып әурелендіңіз?» деп сұрапты. Сонда үлкен парасат егесі имам: «Жігітім, сен қандай адам болсаң да, менің көршімсің. Көршіге жақсылық жасау − мұсылмандардың міндеті. Мен өз міндетімді ғана орындадым. Қайта кешірек естіп, кештеу қамдандым ба деп өкініп келемін» деп жауап беріпті.

Кейіннен әлгі жігіт тәубаға келіп, имамның шәкірті болған деседі...

Жалпы, жақсылығы тимесе, мұсылман адамның өмірде еш-кімге жамандығы болмауы тиіс. Өйткені, ол қылдай қиянаттың ақыретте таудай сұрағы барын жақсы біледі. Осы себепті көршісімен арадағы сыйластығына қатты мән береді. Көршісін ренжітпеуге, көңіліне келетін іс әрекеттер жасамауға, оған қандайда бір залалын тигізбеуге тырысады.

Әбу Хұрайра риуаят еткен бір хадисте Пайғамбарымыз:

والل ل يؤمن ، والل ل يؤمن ، والل ل يؤمن قالوا : وما ذاك يا رسول الل ؟ قال : جار

ه ل يأمن جاره بوائقه قالوا : وما بوائقه ؟ قال : شر

755 Бұхари, Әдаб, 28756 Ибн Мажә, Зүхд, 24, ІІ, 1410.757 Әбу Дәууд, Әтима, 9, IV, 134

Page 516: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері516

«Уаллаһи, мүмин емес, уаллаһи, мүмин емес, уаллаһи мүмин емес» деп кейиді. Кімді айтқанын сұрағанда, «Көршісіне залал тигізетін адам»758 деген.

Хадистегі «мүмин емес» деген сөз кәміл мүмин емес деген мағынаны білдіреді.

Мүслім жеткізген басқа бір хадисте

ل يدخل الجنة من ل يأمن جاره بوائقه «Көршісіне зияны тиетін адам жұмаққа кіре алмайды»759 де-

лінген. Хадистегі «Жұмаққа кіре алмайды» деген сөзді «Қияметте алғашқылардың қатарында жұмаққа кіре алмайды» деп түсінген жөн.

Тағы бір хадисте «Аллаға, қиямет күніне сендім деген адам көршісін сыйласын»760, – делінген.

Жақсы кісілермен көрші болу өмірдің сәнін келтіріп, адам жанына шуақты сезім ұялатады. Ол Алла тағаланың бұл дүниеде нәсіп еткен жақсылықтарының біріне жатады. Осы себепті жақсы кісілермен көрші болған адам Аллаға көп шүкір айтқаны жөн. Неге десеңіз, көп жағдайда жақсы көрші туыстан да артық саналған. Ата бабаларымыз бұны «Алыс туыстан жақын көршің артық» деп түйген. Осы себепті Пайғамбарымыз бір хадисінде: «Кімге жұмсақ мінез берілсе, оған бұл дүние мен ақырет игіліктерінен үлес берілгені. Туыстық қатынастарға көңіл бөлу, көркем мінез, жақсы көршілік қатынастар елді түзейді, өмірді ұзартады»761 деген.

Хадистерде айтылған жақсы көршіге қандай адам жатады де-ген сұрақ туындауы мүмкін. Оның жауабы көршілердің бір біріне деген көршілік ақысында. Жақсы көрші осы құқықтарға көңіл бөлген адам деуге болады:

Бұл тұрғыда Пайғамбарымыз:

758 Бухари, Әдаб, 29759 Мүслим, Иман, 73760 Бухари, Әдаб, 31, VII, 79.761 Ахмед, Мүснәдүл-Мәккиун, V, 291, VI, 159.

Page 517: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 517

«Алла назарында достардың ең жақсысы досына ең қайырлы, пайдалы болғаны. Алла назарында көршілердің ең жақсысы көршілеріне ең қайырлы болғаны»762 деген.

Халқымыз «Көрші ақысы − тәңірі ақысы» деп, оған аса мұқият қарауға тырысқан. Ірі мұсылман ғалымы Имам Ғазали бұл жайлы былай деген:

«Көрші ақысы көршіге жамандық жасамаумен ғана шектел-мейді. Бұған қоса, көршіге әрдайым жақсылық жасау да осының аясына кіреді. Мұсылмандықта көршіге сыпайы мінез таны-ту, көршімен кездескенде онымен амандасу, ауырғанда қалын сұрау, қайғысын бөлісу, қуанышына ортақтасу, жолаушылап кеткенде үй-ішіне бас-көз болу, балаларына жақсы қарау, айы-бын әшкерелемеу, дінге не күнделікті тіршілікке қатысты ақыл сұраған істерде дұрыс жөн сілтеу т.б. – бәрі де көрші ақысына жатады»763.

Бұл көрші ақысының қаншалықты маңыздылығын көрсетеді. Демек, өзіңе тілеген жақсылықты көршіге де тілей білудің,

көршінің де игілігіне тілектес болудың мәні зор. Бұл мына бір хадисте де ескертілген:

«Аллаға ант етейін, өзіне тілеген жақсылықты көршісіне не діндес басқа біреуге де тілемейінше шынайы иман ете алмайсың»764.

Әбу Зәрдан жеткен хадисте Пайғамбарымыз оған: «Әй, Әбу Зәр! Сорпа қайнатсаң суын көбірек қос, сөйтіп жағдайы нашар көршілеріңе де сорпаңнан беріп, жақсылық жаса» деген. Бұл өз жағдайыңды қалай ойласаң, көршіңнің жағдайын да дәл солай ойлауға тырыс. Өйткені, «көршің аш бұратылып жатқанда, сенің тоқ жатуың мұсылмандыққа сай емес» дегенді білдіреді.

Бір тағылымды кеңесте адамды көршісіне қарап та тануға болатындығы айтылған. Өйткені, көрші адамның күнделікті өміріне, елмен араластығына, жақсы-жаман істеріне, пейілі-не, адамгершілігіне т.б. бірден бір куә адамдар. Көршілердің

762 Ахмәд, Тирмизи, Хаким (Ибн Омардан) 250, Н. 151763 Ғазали, Ихияуулумуддин, ІІ, 271-272, Каир, 1386.764 Бұхари, Иман, 7, І, 9.

Page 518: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері518

куәгерлігі ақырет үшін де аса маңызды болып есептеледі. Бір хадисте: «Бір мұсылман қайтыс болғанда, көршілерінен үш кісі ол жайлы жақсы куә болса, Алла тағала былай дейді: «Осы білгендерін құлдарыма куә ретінде қабыл алдым. Немесе «Бұл құлымның Өзім білетін күнәларын кештім» деп бұйырады»765 де-лінген.

Пайғамбарымыздың өміріне қарасақ, әркез сахабалардан бірі келіп: «Маған жұмаққа лайық жақсы бір амал айтыңызшы?» деп өтінетін. Пайғамбарымыз ондайда үнемі әлгі кісінің жағдайын негізге ала отырып кеңес беретін.

Әбу Хұрайраның айтуынша, тағы бір жолы бір кісі келіп, ең жақсы амал қайсы деп сұрады. Пайғамбарымыз оған: «Жақсы адам бол», – деді. Сахаба: «Жақсы болғанымды қайдан білем?», – дегенде, «Көршілеріңнен сұра, егер олар сенің жақсы екеніңді айтса, жақсы болғаның. Жаман екеніңді айтса, жаман адам болғаның», – деді.

Демек, жақсы жаман болуымыздың өлшемі жақын көршілеріміз екені анық. Көршілер біздің жақсы екенімізді айтса, Алланың жақсы көретін құлы болғанымыз. Көршілеріміз жаман екендігімізді айтса, Алланың есебінде де жаман болғандығымыз.

Тарихқа үңілсек, кеңестік иделогия бүлдіргенге дейін қазақта ғасырлар бойы жалғасып келген аяулы көршілік дәстүрі былай суреттелген:

«Кезінде халқымыздың терең мәнді, келісті, әдемі салт-дәстүрі бар еді. Көршілер күнде ертемен бір-бірінің тықырын естіп, төбесін көрісімен дауыстап сәлемдесіп, қол берісіп амандасатын еді. Кешқұрым да, күндізгі шаруаларын жайғасқан соң, үлкендер ауыл сыртында бас қосып, жаңалықтарын айтысып, осы күнгіше айтқанда, «ақпарат алмасып», бір-біріне, тұтас ауылға қатысты ертеңгі істерін келісетін еді, аз уақыттық болса да, әңгіме-дүкен, әзіл-қалжыңдарына бір жасап қалатын еді. Кішкентай балалар да үлкендердің осы бір шүйіркелесулерін мерекедей көріп, мәз бо-лып, араларында жүретін еді, көршіліктің жан марқайтар рухын

765 Ахмед, ІІ, 291, VI, 159.

Page 519: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 519

жүректеріне дарытып, кейін үлкейгенде, соны өздері айнытпай қайталайтын еді.

Алыстан ағайын, құда-жегжат, құрметті қонақ келе қалғанда немесе үй иелерінің бірі сапардан оралғанда, көршісі сәлем беріп шығатын еді, отағасының өтінішімен қонақтармен бірге отырып, әңгімелесіп, өткен-кеткенді айтысып, кейде оны ән-жыр, терме, дастандарға, күйге ұластыратын еді. Осының бәрі балаларға ел өмірі, тіл-өнер туралы сабақ, дәстүр-салт, тарих мектебі, әдеб-инабат тағылымы болып саналады. Олар – зорлаусыз, міндет-теусіз, сұраусыз, бірақ жас баланың жан дүниесін баурап алып, ақыл-ес және көркемдік-сезімдік зердесінде өшпестей болып жа-зылатын дәрістер болған.

Ауырып-сырқап қалғанда, көңіл сұрау, той-томалақ, өлім-жітімді атқарысу өз алдына, үлкендері жолаушы кеткен көршінің отбасына қарайласып, бас-көз болып, шаруасын, мал-жанын түгендеп, ақыл-кеңес беріп, шамасы жетпей, қолынан келмей жатқан жерлерін жөндеп жіберетін еді. Момын, әлсіз, ауру, жас немесе кәрі көршінің біреуде кеткен есесін іздеп, қуысатын еді. Соғымға сойылған малдың басына шақырысып, әйелдер жағы дәмді, әуес тағамдарын бір-біріне аяқ-табақпен балаларынан беріп жіберетін еді. Ауық-ауық бір-біріне дәм татқызар еді. Мұның бәрі ара дәнекер, ынтымақ, ауызбірлік ұйытқысы, сенім кепілі рөлін атқаратын, нақты мәнге ие болатын766.

Иә, қазақ көршімен сыйластық негіздерін Исламнан алған. Өйткені, бұл Ислам ғалымдары хадистер негізінде атап көрсеткен көршімен арадағы сыйластықтың жалпы мынандай әдептерімен толық сәйкеседі:

Қорыта келгенде, қоғамның бейбіт өмірін жақтайтын Ис-лам діні жоғарыдағы аят-хадистер негізінде мұсылмандарды көршімен тату-тәтті тұруға шақырған. Алланың әмірін, Пайғамбарымыздың өсиеттерін бәрінен жоғары қоя білетін мұсылман үшін ата-ананың, сүйікті жарының ақылары секіл-

766 Әдептану. Ұ. Асылов. Ж. Нұсқабайұлы. «Мектеп» баспасы. 1998. Б. 175-176.

Page 520: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері520

ді көрші ақысына да көңіл бөлу айтарлықтай мәнге ие. Әркім көршісімен де сынға алынатынын ұмытпағаны дұрыс.

Алла тағала бұл дүниеде де жақсы көршілер нәсіп етіп, ақыретте де сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафамен (с.ғ.с.) көрші болуды баршамызға нәсіп еткей!

Page 521: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

521

Құдайберді Бағашар, дінтанушы Рһ. докторанты

ИСЛАМ ДІНІНДЕ ӘйЕЛДІң ОРНЫ

Тарихқа қарасақ, Ислам діні келгенге дейін әлемде әйел баласының кемсітіліп, көп қағажу көргенін байқаймыз. Әйел за-тын қорлықта ұстау, адам қатарында санамау, арын аяққа таптау, туған әке-шешесінің мұрасынан қағу сынды т.б. нашар әдеттер араб қоғамында да бар еді.

Ислам діні алғашқы уақыттардан бастап-ақ әйел затының жанұядағы әрі қоғамдағы орнын белгіледі. Өзіне тиесілі міндетін нақтылап, ар-ұяты мен абыройын қорғады. Сүйкімді қыз, сүйікті жар, аяулы ана ретінде беделін өсірді. Дініміздің әйелдерге зор қамқорлық жасауы – бар ша әйел за ты үшін адам зат тарихындағы теңдессіз оқиға болды. Өйткені, өзге елдерде де әйелдің жағдайы тым аянышты күйде еді. Құран Кәрімде 176 аяттан тұратын «Ән-ниса» («әйелдер»), 98 аяттан тұратын «Мәриям» деп аталатын сүрелер тікелей әйелдерге арналған. Бұдан басқа, «ән-Нұр», «әл-Ахзаб», «әл-Мұмтахина», «әт-Тахрим», «әт-Талақ» сүрелерінде де дініміздегі әйел адамның орны туралы кеңінен айтылған. Бұл – Ислам дінінің әйелдерге қаншалықты көңіл бөлгеніне дәлел.

Араб қоғамында қыз баланы асыраудан қашатын, ұлды артық көріп, қызды болғанына күйініп, қатты ызаланатындар да бар еді. Бұндай жауыз мінездің асқынғаны сонша, жаңа туған нәзік жы-нысты шарананы шімірікпестен тірідей өлімге қиып, аулаққа апа-рып көміп тастайтындары да кездесетін.

Қыз баланы бетке шіркеу, сүйекке таңба санайтын надандық әрекет Құранда ащы сынға алынған:

ر أحدهم بالنثى ظل وجهه مسودا وهو كظيم يتوارى من القوم من سوء ما وإذا بش

راب أل ساء ما يحكمون ه في الت ر به أيمسكه على هون أم يدس بش«Кейбіреулері қызды болғанын естігенде, ашудан жүздері

түтігіп, түнеріп кетеді. Бұндай «жаман» хабардың салдарынан

Page 522: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері522

ел көзінен тасаланады. Бұл қорлыққа шыдап оны асырап-бағу керек пе, жоқ әлде топыраққа көміп тастаған дұрыс па? Қараңдаршы, берген үкімдері қандай жаман?!»767.

Іле Жаратушы ие жаһилиядағы осы бір тағылыққа тосқауыл қойып, қыз баланы өлтірмеуге шақырды:

ول تقتلوا أولدكم من إملق نحن نرزقكم وإياهم«Жар лы күй кешіп тұрмыс-тіршіліктерің на шар

болғандығы үшін балаларыңды өлтірмеңдер! Сендердің де, олардың да ризығын Біз береміз»768.

Сондай-ақ қиямет күнінде бейкүнә сәбилерге көрсетілген жауыздықтың есебі сұраққа алынып, жа за сыз кетпейтіндігі ес-кертіледі:

وإذا الموءودة سئلت بأي ذنب قتلت «Тірідей көмілген балаларыңа «қандай кінәларың бар еді,

нен дей күнә үшін өлтірілдіңдер?» деп сұралғанда...769. Біз бұны мына оқиғадан да анық ұға түсеміз. Бірде үлкен

сахабалардың бірі өткенін еске алғанда, кейде қатты жылағысы, кейде күлгісі келетінін айтқан еді. Қасындағылар мұның себебін сұрағанда: «Жылағым келетін себебі – исламға дейінгі кезде бір қызым бар еді. Төрт жасқа толғанда, көзін құртпақ пиғылмен шөлге ертіп апардым. Шұңқыр қазып жатқанымда, қызым ештеңеден бейхабар күйде менің үстіме жұққан құм-топырақты тазалаумен болды. Қазып болғаннан кейін қызымды шыңғырып жылағанына қарамастан тірідей көміп кетіп едім. Сол бір қатігездігім есіме түскен сайын еріксіз көзімнің сорасы ағады. Екіншісі – жаһил кезімізде ұннан әр түрлі мүсін жасап, соған табынатын едік. Кей-де соны отқа пісіріп жеп те қоятынбыз. Сол кезгі надандығымызға қазір күлкім келеді», − деп жауап берген екен.

Демек, Ислам діні алғашқы уақыттардан бастап-ақ қыз балаларға мейіріммен, аяушылықпен қарауға шақырған. Тіпті бір

767 «Нахл» сүресі, 58,59-аяттар768 «Әнғам» сүресі, 151-аят769 «Текуир» сүресі, 8-9 - аяттар.

Page 523: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 523

жанұядағы балаларды да ұл-қыз деп алаламауға тәрбиелеуінің өзі қыз балаларға дініміздің зор көңіл бөлгенін байқатады.

Адамзаттың асылы сүйікті Пайғамбарымыз дінді насихат-тай бастағанда әйелдер қаумы да өте көп қолдау көрсеткен. Айталық, Хадиша анамыз Исламды алғаш болып қабылдап, бүкіл байлығын дін жолында сарп еткені белгілі. Осы себепті Пайғамбарымыз «Ел менен теріс айналған кезде, Хадиша маған сенді. Әркім айтқандарымды бекерлегенде, мені растаған сол еді»770 деп, оны өмір бойы ұмытпай, жақсылықтарын әрдайым еске алып отырған. Хадиша анамыз мұсылман болған соң кейін-нен қыздары Руқия, Зейнеп, Үммү Күлсім және Фатима да Ислам дінін қабылдаған771.

Қыздары Пайғамбарымызды (с.ғ.с) қатты жақсы көретін. Аяулы әкелерін қорғау үшін өжет мінезге де баратын. Бір күні Пайғамбарымыз Қағбада намаз оқып тұрған кезінде Әбу Жәһил бастаған бір топ мүшрік бұқпантайлап келіп, мүбәрак басына түйенің жемтігін қотарып, айыздары қана сыртынан әжуалап күліп жатты. Олардың мазақтаған дөрекі дауыстарын естігенде, Фатима (р.а.) жанұшыра жүгіріп келіп, мүшріктерге жер-жебірі-не жете ұрысты. Жылап тұрып әкесінің үстінен аққан малдың қан-жынын тазалады. Әлгілердің аузына құм құйылып, дереу күлкісін тыйды772.

Дін жолындағы осындай табанды ерліктері мен қажырлы еңбектерін бағалап Пайғамбарымыз бірде: «Осы дүниеде де, ақыретте де құрметке ие болатын төрт әйел бар: Имранның қызы – Мәриям, перғауынның жары – Әсия, Хуайлидтің қызы – Хадиша, Мұхаммедтің қызы – Фатима», – деген еді773.

770 Ибнул-Әсир Иззуддин Әбул-Хасан,, Усдул-ғаба фи марифәтис-сахабә, VII-том, Каир, 1970. Б. 84-85.

771 Ш. Әділбаева. Алғашқы мұсылман қоғамындағы әйелдер. «Исламтану және Араб филологиясы мәселелері». Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары (2007-2008ж). Алматы. Нұр-Мүбәрак университеті. Б. 51.

772 Хәйсәми Али ибн Әби Бәкр, Мәжмауз-Зәуәйд, VI,13, Каир, х.1407ж.773 Ибн Исхақ Мухаммед, Сира, ред: М. Хамидуллаһ, Кония, 1981. Б. 228

Page 524: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері524

Ислам тарихында алғашқы шейіттің де әйел кісі болғаны баршамызға мәлім. Исламды жарыса қабылдап жатқандардың көпшілігін әйелдер құраған. Айталық, Әбу Бәкірдің (р.а.) үйінің қасына келіп, іштен дауыстап оқылған Құранға құлақ түретіндердің де біразы әйелдер еді. Өйткені, мүшріктер «Әбу Бәкір әйел-бала-шағамызды жолдан тайдыратын болды»774 деп уайымдаған.

Тарихшылар сахаба Омардың (р.а.) Ислам дінін қабылдаған қырқыншы ер кісі екенін, оған дейін 39 ер кісі, 10 әйелдің мұсылман болғанын айтады. Алайда, кейбір зерттеушілер Омар (р.а.) Ислам дінін қабылдаған кездегі мұсылман әйелдердің саны ер кісілерден де көп болғанын алға тартады775. Әйгілі Ұхыд соғысына 14 әйел қатысқаны айтылады776. Ер кісілермен қатар әйелдер де Пайғамбарымызға келіп серт беретін.

«...Мұндай серттерін білдіру үшін кейде топ-тобымен келіп жатса, кейде 2-3 әйел бірге келетін еді. Олар серт беруге кел-гендерін айтқанда, Пайғамбарымыз берген серттерін қабылдап, оларға керекті үгіт-насихат айтатын. Осындай серт беру оқиғасын Сәлма бинт Қайс былай баяндайды: «Әнсарлы әйелдермен бір-ге топ болып келіп, Пайғамбарымызға серт бердік. Алла елшісі бізге Аллаға серік қоспауды, ұрлық жасамауды, зинаға жанаспа-уды, балаларымызды өлтірмеуді, біреуге жала жаппауды, өзіне қарсы келмеуді насихат етті және «Күйеулеріңді алдамаңдар» деді. Біз осы айтылғандарды орындауға уәде бердік. Үйге қайтып бара жатқанда бір әйелге Пайғамбарымызға қайта барып әлгі «Күйеулеріңді алдамаңдар» дегенінің мәнісі не екенін қайта сұрауын өтіндім. Алла елшісі мұның «Күйеуінің рұқсатынсыз оның дүние-мүлкінен ешкімге ештеңе бермеу» екендігін түсіндіріпті»777.

774 Рыза Саваш, Хз. Мухаммед (с.а.в.) Девринде Кадын, Б. 81. Станбул, 1991.

775 Бұл да сонда. Б. 82.776 Ибн Сад Мухаммед Әбу Абдиллаһ, әт-Табақатул-кубра, VIII, Б. 241.

Бәйрут, 1968.777 Ш. Әділбаева. Алғашқы мұсылман қоғамындағы әйелдер. Конференция

материалы.

Page 525: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 525

Мәдина кезеңінің алғашқы жылдарында мұсылмандар қатты қиналғанда, әйелдер алтын, күмістен жасалған жүзік, сырғаларын, алқаларын Пайғамбарымызға әкеп табыстап, мұсылмандарға көп көмек көрсеткен778. Бұл да әйелдердің дін үшін барлық жанқиярлыққа бара білген ықыластылықтарын дәлелдеуде.

Әйелдер қажет кезде батыл мінез танытып, ер сахабаларды қолдап соғыстарға да қатысқан. Дұшпаннан қаймықпай, небір мықты ерліктер көрсеткен. Пайғамбарымызды қорғаған. Оған мына төмендегі мысалдар дәлел.

«Ислам тарихында «екінші Ақаба серті» деп аталған келісім кезінде Мәдинадан Меккеге Алла расулын өз жерлеріне шақырып, көмек жасауға серт берген 75 кісінің арасындағы екі әйелдің бірі – Несібе деген атпен танылған Үмму Умара еді.

Үмму Умара – Пайғамбарымыздың Мәдинаға мұғалім етіп жіберген парасатты сахабасы Мусаб ибн Умәйрдің себепкер-лігімен мұсылман болған, иманы берік әйел сахаба. Ол дін жо-лында шыбын жанын пида етуге әзір болатын. Қанқұйлы Ұхыд ұрысында Пайғамбарымызға берген сертінде тұрып, әйел басы-мен шайқасқа қатысып, теңдессіз ерлік көрсетті.

Жаужүрек Несібе бұл шайқасқа күйеуі, екі баласымен бір-ге қатысты. Шайқастың басында мұсылмандардың күші басым болғанмен, Алла елшісінің әмірін ұмытып орындарын тастап кеткен оқ атқыштардың қателіктерінен мұсылмандар ауыр шығынға ұшырады. Осы тұста Алла елшісінің (с.ғ.с.) маңындағы сахабалардың біразы шейіт болып, оның айналасында өте аз адамның қалғанын көрген бұл қаһарман әйел Алла елшісіне зиян тиіп кетпесін деп, оны қорғауға ұмтылды. Көзіне қан толған мүшріктерден Алла расулын шамасы жеткенінше қорғауға тырыс-ты. Пайғамбарымыз “Ұхыд күні оңыма да, солыма да қарағанымда Үмму Уммараның өліспей-беріспей шайқасып жатқанын көрдім” деп оның ерлігін дәріптеген.

Осы шайқаста баласы жараланды. Ол баласының қолын де-реу таңып, оған: “Балапаным, кәне, Алла расулының (с.ғ.с.) ал-дында шайқасып, оны дұшпаннан қорға”, - деп өз баласын Алла

778 Бұл да сонда.

Page 526: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері526

расулының (с.ғ.с.) жолында шайқасуға жұмсады. Несібенің өзі де бұл шайқаста қатты жарақат алған еді. Ұрыс кезінде азулы мүшрік Ибн Камия Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) жүзін жарақаттап, екі тісін сындырды. Пайғамбарымыздың қан жауып кеткен жүзін көргенде, жауыз мүшріктің жанын жаһаннамға жөнелтуге асыққан Умму Умара оған қылышын сермейді. Алайда екі қабат сауыт киіп алған дұшпанына бұл шыбын шаққан құрлы да болмай-ды. Ибн Камия ұрыста тұрысты білмейтін Несібенің иығын сем-серімен сойып түседі. Басқа сахабалар ержүрек әйелге жәрдемге үлгеріп, жанын аман алып қалады. Оның жарақат алғанын көрген Алла расулы (с.ғ.с) Абдуллаһқа: “Анаңның жарақатын таң”, – деді. Шыбын жанын шүберекке түйіп шайқасқан бұл отбасы үшін “Алла сендердің отбасыларыңа мейірім-шапағатын жаудырсын!” деп дұға етті.

Мұны естіген Үмму Умара шабыттана түсіп: “Уа, Расулалла! Алладан жәннатта бізді өзіңмен көрші етсін деп тілеші”,– дей-ді. Бұл бақытты, жаужүрек әйелдің көңілін қалдырмай, алақанын көкке қаратып, ол: “Уа, Жасаған ием, бұларды жәннатта маған қоңсы әрі жолдас ет”, – дейді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бұл дұғасын естіген Умму Умараның төбесі көкке жетіп: “Бұдан кейін басыма қандай қиындық келсе де көтеріп алуға мен әзірмін”, – деп Алла елшісіне (с.ғ.с.) деген сүйіспеншілігін жеткізді.

Осы кескілескен шайқаста қаһарман Үмму Умара он үш жері-нен жарақат алды. Иығынан алған жарақаты жыл бойы жанын қинап әрең жазылған еді.

Үмму Умара Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) тұсында Ұхұт соғысынан басқа Хайбар және Хунәйн ұрыстарына да қатысты»779.

Сол соғыстан тағы бір мысал берейік. «Ұхұт шайқасында мұсылмандар жеңіліске ұшырады, Расу-

лалла шейіт болды деген хабарды ести сала, екі өкпесін қолына алып, соғыс алаңына барған қаһарман әйелдердің бірі – Сүмәйра (р.а.) еді.

779 А. Әділбаев. Саңлақ сахабалар. Алтын қалам баспасы. Алматы, 2005. .

Page 527: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 527

Ұхұт шайқасына қатысып қаһармандық танытқан асыл ерлердің қатарында Сүмәйраның күйеуі, бауыры және баласы бар еді. Ұхұт шайқасында бұл үшеуі де шейіт болып, денелерінен сау-тамтық қалмайды. Соғыс алаңына келген Сүмәйраға сахаба-лар көңіл айтып, сабыр тіледі. Алайда ол: “Алла расулы қандай күйде?”, – деп сұраумен болды. Сахабалар Алла елшісінің (с.ғ.с.) тірі екенін айтса да, өз көзімен көрмейінше көңілі көншімеді. Жанындағылардан Алла расулының қайда екенін сұрап алып, бөгелместен сол жаққа қарай бет алды. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) тірі екендігін өз көзімен көріп қуанғаннан Сүмәйраның жанарынан жас ыршып кетіп: “Әке-шешем жолыңда құрбан бол-сын, уа, Расулалла! Сен тірі болшы, басқа қиыншылықтар түк емес”,– дейді780.

Ислам тарихшыларының сөзіне сүйенсек, әйелдер дін үшін Исламдағы соғыстарда айтарлықтай белсенділік танытқан. Ті-келей қару алып шайқасумен қатар, керек кездерінде түрлі қызметтер де атқарған. Айталық, Исламның алғашқы кезеңінде мұсылман болған әйелдердің кейбіреулері жасырын тыңшылық қызметін атқарды. Олар мұсылмандарға мүшріктердің қитұрқы жоспарларын астыртын жеткізіп тұрды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Мәдинаға ірге көтеріп, қоныс аудармақ болғанда, оған таң ала-кеуімде қастандық жасамақ болған мүшріктердің арам пиғылын мұсылмандарға алдын ала хабарлаған Рукәйкә бинт Әби Сайфи еді. Сол түні Алла елшісінің төсегіне Әли (р.а.) келіп жатып, үй торыған дұшпандар Пайғамбарымыздың қай уақытта үйден шығып кеткенін сезбей қап, айлалары іске аспай, сан соғып қалып еді781.

Сол жолы Мәдинаға хижрет етіп бара жатып мүшріктерден жасырынып, үңгірді паналаған кездерінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бен қасындағы өз әкесіне Әбу Бәкірдің қызы Әсманың тамақ та-

780 Ибн Кәсир, әл-Бидая, 4/54; Сахабилер ансиклопедиси, 2: 796-798.781 Ибн Сад Мухаммед Әбу Абдиллаһ, әт-Табақатул-кубра, VIII, Бәйрут,

1968. Б. 52.

Page 528: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері528

сып, басқа да керек-жарақтарын жеткізіп тұрғаны тарихтан бел-гіл782.

Имам Бұхари «Китабул-жиһадда» біз жоғарыда сөз еткен әйелдердің соғыстарда атқарған қызметтерін мынадай жеті бапта ашып көрсеткен:

«Әйелдердің жиһады», «Әйелдердің теңіз сапарларына қатысуы», «Сапарда ер кісінің әйелін қасына алуы», «Әйелдердің соғысы, еркектермен шайқасы», «Соғыста әйелдердің еркектерге су тасуы», «Соғыста әйелдердің жараланғандарды емдеуі», «Соғыста жаралылар мен өлілерді әйелдердің шетке тасуы». Ислам үкімдерін әйелдер де ер кісілерден кем меңгермеген.

Бір ғана Айша анамыздың өзі дінге көп еңбек сіңірген. Керек кезінде Айша (р.а.) әскер қолын да басқарған. Сонымен қатар ол көпшіліктің сый-құрметіне бөленген дін ғалымы болған, пәтуа беретін биік деңгейден көрінген. Жастарының ұлғайғанына қарамастан кей сахабалар білмеген нәрселерін келіп Айша-дан (р.а.) сұрайтын. Келтірген айқын дәлелдері Айшаның (р.а.) пікірін оларға еріксіз мойындататын783. Тіпті хазірет Омардың (р.а.) өзі білмеген нәрсесін хазірет Айша анамыздан үйренетін. Оның әсіресе сүннетке қатысты мәселерлерді жиі сұрайтын бір-ден бір адамы осы Айша анамыз еді. Хайра бинт Әби Хадра әл-Әсләми, Умәймә бинт Абд ибн Бижад, Рукайкә бинт Хуәйлидтің қызы Умәймә, Зейнеп бинт Қайс секілді есімдерді де ұстаздық жа-сап, Ислам дінінің кеңірек тарауына үлес қосқан әйел кісілердің қатарында айта кетуге болады.

Айша анамыздан (р.а.) табиғиндардан Саид ибн Мусәииб, Әлқәма ибн Қайс және Мәсрук ибн әл-Әждә сияқты хадис

782 Бухари Әбу Абдиллаһ Мухаммед ибн Исмаил, Сахих, IV, Станбул, 1981. Б. 13.

783 Хазірет Айшаның (р.а.) бұл қасиеттері жайлы кеңірек мәлімет алу үшін қараңыз, Б. әз-Зәркәши, әл-Ижаба ли иради ма‘стадракатһу ‘Айша ‘алас-сахаба, ауд. Б.Ерул, Хз. Айшенин сахабейе йөнелттиги елештирилер, Анкара, 2002.Сахабаны көрген кейінгі буынның атауы

Page 529: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 529

алыптары хадис риуаят еткен. Сахих хадис кітаптарында Айша анамыздың (р.а.) берген пәтуалары өте көп кездеседі.

Хазірет Айша (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмір бойы ешқандай қызметшіні ренжітпегенін, ешқандай әйеліне қол көтермегенін айтады.

Алла тағала:

وعاشروهن بالمعروف فإن كرهتموهن فعسى أن تكرهوا شيئا

فيه خيرا كثيرا ويجعل الل«Сондай-ақ олармен (әйелдермен) жақсы шығысыңдар.

Егер оларды жек көрсеңдер, сендердің жақтырмаған нәрселеріңде Алланың көптеген жақсылығы болуы мүмкін»784 деп, отбасында ыдыс-аяқ сылдырлаған жағдайда сабырға келуге, әйелдің бір қылығы жайсыз көрінген жағдайда қатты ашуланып, қателіктерге ұрынбауға шақыруда. Жаратушы иеміздің қай ісінде де біз білмейтін талай хикмет, жақсылық жататынын еске салу-да.

Әйелді ұру былай тұрсын, күйеуінің оған ренжуін де дұрыс санамаған Алла елшісі (с.ғ.с.): «Мүмин ер кісі мүмин бір әйелге ашуланып ренжімесін. Адам әйелінің бір мінезін ұнатпаса, басқа мінезіне риза болады» деген785.

Тағы бір хадисте:

أكمل المؤمنين إيمانا أحسنهم خلقا ، وخياركم خياركم لنسائهم «Мүминдердің иман жағынан ең кәмілі – көркем мінезде ең

жақсысы, ал сендердің ең жақсыларың жұбайларыңмен жақсы қарым-қатынаста болғандарың»786 деген Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) әйелді қай кезде де сыйлауға, дөрекілік көрсетпеуге, олармен жақсы тіл табысуға шақырған. Осы тұрғыда «Ақыретте күйеуі ұрған әйелдің жоқтаушысы мен боламын», «Күйеуіне қиындық

784 «Ниса» сүресі, 19-аят785 Mүслим, т.II, Б. 1091.786 Риадус – салихин.№ 628 хадис. Бұл хадисті имам Тирмизи “жақсы”

дәрежесіндегі хадис деп таныған.

Page 530: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері530

тудырмай, баласын бағып, намазын оқыған әйелдер сөз жоқ жұмаққа барады», − деген хадистері де баршаға ой саларлық.

Бір шаңырақтағы балалардың арасын алалағанды құп көрмеген Ақиық елші (с.ғ.с.) «Кімде кімнің үш (екі я бір) қызы болса, соларға жақсы қараса, ақыретте жұмаққа барады» деп, қыз балаға мейіріммен қарап, ұлдан кем көрмеуді өсиет еткен.

Ислам діні әйел баласын ана ретінде қатты қадір тұтқан. «Жұмақ – аналардың табанының астында», «Кімге жақсылық жасайын?» дегенде, үш рет «Анаңа» деп жауап берген хадистері осыған дәлел.

Құран Кәрім әйел мен еркектің ізгі амалдарда, ақыреттегі сыйда бір-біріне тең екенін ескертумен қатар, «Ерлердің әйелдердегі хақтары сияқты, әйелдердің де ерлерде бел-гілі хақтары бар»787, – деп, әйелдердің де хақтарының бар екенін баяндады. Шапағат пен мейірімнің үлгісі болған, барлық ісі жақсылық пен түсіністікке негізделген Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Әйелдердің құқықтарын аяқасты етпеңдер, Алладан қорқыңдар. Өйткені, сендер оларды Алланың аманаты ретін-де алдыңдар»788, «Сендердің ең ардақтыларың − жарлары мен балаларына жақсы қарағандарың. Араларыңда жанұясына ең жақсы қарайтын менмін»789 деп әйелге жай емес, Алланың ер-азаматтарға тапсырған аманаты ретінде қарауға шақырды.

Хазірет Омар (р.а.) бұл жайында: «Біз әйел баласының да жеке құқықтары болатынын Ислам келгенде барып біле бастадық»,– деп еске алған790.

Ешқандай діни істе әйелге шектеу қойылмады. Олар да ер кісілермен қатар бір мешітте ғибадат жасады. Барлық діни міндеттер ерге де, әйелге де ортақ жүктелді (намаз, ораза, зе-кет, қажылық, садақа беру секілді т.б.). Алла тағаладан түскен әмірлерді әйелдер де қал-қадарынша орындауға тырысты (хижрат, жиһад, ілім үйрену, ғылымға үлес қосу, ұрпақ тәрбиелеу, дұға

787 «Бақара» сүресі, 228-аят788 әл-Ажлуни, т. I, 36789 Mүнәуи, т. III, Б. 495.790 Ибн Исхақ Мухаммед, Сира, ред: М. Хамидуллаһ, Кония, 1981. Б. 46.

Page 531: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 531

т.б.). Тіпті халифа Омар (р.а.) хұтбада ұзатылатын қыздың мах-рын мүмкіндігінше азайтуды халыққа айтқанда, қартаң бір әйел тұрып Құран аятын дәлел келтіріп, халифаның қатесін түзеткені белгілі. Әйел баласы тіпті кей уақыттарда ер кісілерге қарағанда артық құқықтарға ие болды. Мәселен, хайыз уақыттарында, босанғаннан кейінгі уақыттарда кейбір діни парыздарды орын-даудан босатылу секілді. Күйеуге ұзатыларда қыздың разылығы міндетті түрде ескерілді. Ол тіпті туған нәрестесін емізбей, ол үшін жеке қызметші жалдауға да құқылы болды.

Сонау VII ғасырдан бастап қалыптасқан әдет бойынша мұсылман әйел қашан да өзінің ар-ибасымен, ақыл-парасат, сы-пайы мінез, төмен етектіге тән әдептілігі, жан сұлулығы, биязы жүріс-тұрыс, Алланың бұйрығына сай әурет жерлерін жауып киі-нуімен, қай кезде де ұятын сақтаған имандылығымен ерекшелен-ген.

Әйел баласының киімі жайында Құранда былай делінген:

وقل للمؤمنات يغضضن من أبصارهن ويحفظن فروجهن ول يبدين

زينتهن إل ما ظهر منها «Мүмін әйелдерге де айт: өздеріне харам етілген

нәрселерге қарамасын, ұятты жерлерін зинадан, күнә ата-улыдан қорғасын, мәжбүр көрінген жерлерінен (бет, екі қол, тобықтан төмен екі аяқ) тыс әдеміліктерін көрсетпесін. Және бүркеншіктерін омырауларына түсірсін. Зейнеттерін көрсетпесін»791.

Әйел баласына тән әурет жерін жабық кию үлгісі кемсіту-ден емес, қайта оны өте бағалы көріп, көздің қарашығындай көруден, сырт көзден, сондай-ақ түрлі арсыздықтар мен кесірі қоғамға тиетін (зинақорлық, тастанды бала, түсік тастау секілді) жамандықтардан сақтау үшін бекітілгенін ескерген жөн.

Бұған қоса, Исламда әйелге күйеуінің ризашылығын көздеу, ерінің дүние-мүлкіне ұқыппен қарау, тек өз күйеуі үшін сәндену, неке қидырғанға дейін жігітпен оңаша қалмау,

791 «Нұр» сүресі, 31-аят

Page 532: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері532

өзінің жаратылысындағы нәзіктігін сақтау, алыс сапарға жалғыз шықпау міндеттелді. Бұған қоса, қалыңдық сыйын иемдену құқы, мұрагерліктен өз үлесін иемдену құқы, сауда-саттықпен, табыс көзімен, ғылым-біліммен айналасу құқы, келісім-шарттарға оты-ру құқы, меншік иесі болу құқы да әйелге ортақ. Ал отбасыны асырау ісі күйеудің мойнына жүктеледі. Әйелінің материалдық және рухани қажеттіліктеріне күйеуі шариғаттың шеңберіне сай көңіл бөлуі қажет.

Қорыта келгенде, Ислам дінінде әйелдің орны ерекше. Сондықтан әйелге деген құрмет зор болуы тиіс. Ислам діні әйелге Алланың аманаты ретінде қарауға шақырған. Ешбір құқын шек-темеген. Қайта өз жаратылысына сай сүйікті жар, аяулы ана ретін-де қашанда оның орнын жоғары бағалаған. Қоғам тәрбиесін қыз баланың ұяттылығымен ұштастыра қарастырған. Әйел затын жат пиғылдылардың бұзық әрекеттерінен қорғауға тырысқан. Осын-дай құрметке лайық бола білу үшін әйелден де белгілі бір міндет-терді талап еткен. Әйелдер қауымының дәрежесін ешбір дін дәл Исламдағыдай биіктете алмаған.

Page 533: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

533

өЗГЕ уАғЫЗДАР

Алау ӘділбаевНұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университетінің

ұстазы, теология ғылымдарының докторы

АТА-АНАНЫң ҚАДІРІ

Отбасы – қоғамның негізгі бөлшегі. Отбасындағылар бір-бірінің жеке құқығы мен міндеттеріне қаншалықты құрметпен қараса, қоғам да соншалықты берік болмақ.

Ислам діні отбасыға перзент бойына сүйіспеншілік пен өзара көмектесу, жанашырлық сезімін қалыптастыратын қасиетті ұя деп қарайды. Ұрпақтың жалғасып, олардың баянды өсіп-жетілуі ата-анаға тікелей байланысты. Алла тағала ұрпақтың жалғасуын негіз-гі бес қасиетті ұғымдардың792 қатарына қосып, оның сақталуына үлкен маңыз артқан. Қасиетті шаңырақты шайқалтпай негізін қалыптастыратын ең берік тірек – ата-ана. Адамның дүниеге ке-луіне себепкер болып, жетілуінде ерекше рөлі бар ата-аналар – ең әуелі құрмет көрсетілуі тиіс аяулы жандар.

Адамның дүниеге келуі, өсуі-өнуі басқа тіршілік иелеріне қарағанда ерекше. Жануарлардың төлдері қысқа уақыттың ішін-де жетіліп, өзінің төл қызметін атқаруға бірден кірісіп кетеді. Ал, адамның ес біліп, етек жабуына, одан есейіп ақыл тоқтатуына бірнеше жыл қажет.

Баланың жарқын болашағы мен бақыты үшін ты ным таппай шарқ ұрған ата-ананың балаға деген мейірімі мен өмірде тартқан тауқыметінің қандай бо латынын кесіп-пішіп айту өте қиын. Ата-ананың қадірін түсініп, оларды Алланың рақымдылығына бөленуге себепкер деп білгендер – бұл дүниеде де, арғы дүниеде

792 Бес қасиетті ұғым: дін, ақыл-ес, ұрпақ, дүние-мүлік, жан

Page 534: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері534

де бақытты жандар, ал оларды өздеріне жүк санап ауырсынғандар – өз келешегінің бақытын байлағандар. Ата-анаға лайықты дәрежеде құрмет көрсетпеу – Хақ тағалаға қарсы келумен бірдей күнә .

Ислам діні отбасыға, әсіресе, оның ең негізгі екі тірегі – ата-анаға ерекше мән берген. Мықты отбасы негізінде баянды қоғам қалыптасатынын айта отырып, осы күрделі мәселеге қатысты бұлжымас қағидаларды орнықтырған. Әуелі Алла алдындағы бо-рыштарымыздан кейін бірден ата-анаға деген міндеттеріміздің келуінде ерекше мән бар.

Алла тағала бұны бізге:

م ربكم عليكم أل تشركوا به شيئا وبالوالدين إحسانا قل تعالوا أتل ما حر«Сіздерге Раббыңыздың нені харам еткенін білдірейін.

Оған (Аллаға) еш нәрсені серік қоспаңдар, ата-анаға жақсылық жасаңдар!»793, – деп білдіреді.

Ұлы Жаратушымыздың ата-анаға жақсылық жасау бұйырығы – тек адам баласына ғана тән бұйрық. Басқа жануар-лар мен жәндіктердің табиғатында кішкентайлардың үлкендерді қорғап, пана болуы кездеспейді. Құран мен хадистерде ата-анаға жақсылық жасауға ерекше көңіл бөлген. Құранның бір ерекшелігі, адам табиғатына тән күнделікті ұшырасатын іс-қимылдарға аса тоқталмайды. Өйткені, оны адамның өзі ешқандай мәжбүрлеусіз орындайды. Мысалы, Құранда «ішіңдер, жеңдер, ұйықтаңдар, үйленіңдер» деп баса айтыл майды. Ата-ананың балаға жақсылық жасау мәселесі кей жағдайларға ғана тән. Ал мұндай жағдайлар өте аз кездеседі. Өйткені, ата-ана ешқандай сыртқы жетелеушісіз-ақ болмысындағы өз ерекшелігімен ба лаларына қамқорлық жа-сайды, өмірін пида еткен күннің өзінде ол үшін алғыс та күтпейді. Ал кейінгі ұрпақ алдыңғы буынды емес, өзінен тарайтын кейінгі ұрпақ қамын көбірек ойлайды. Өмірдің заңдылығы осындай794. Ал ата-анаға жақсылық жасау күшті ерік-жігер мен имандылықты

793 «Әнғам» сүресі, 151 - аят. 794 У. Зуһәйли, ат-Тафсируль-мунир филь-ақидати уәш-шариати уәль-

мәнһәж, Дамаск, 1991, 13-т., 346-б.

Page 535: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 535

қажет етеді. Сондықтан бұл мәселеге бірнеше жерде арнайы тоқталып, назары мызды соған аударады.

Алла тағала:

أن اشكر لي ولوالديك إلي المصير«Маған және әке-шешеңе шүкіршілік ет, қайта оралар

жер менің құзырым»795;

ه كرها ووضعته كرها وحمله وفصاله ثلثون نسان بوالديه إحسانا حملته أم ينا ال ووص

شهرا «Біз адамдарға әке-шешесіне жақсылық жа сауды өсиет

еттік. Анасы оны қиындықпен құрсағында көтеріп, сондай ауыртпашылықпен дүниеге әкелді. Ананың жатырда бала-ны көтеруі мен емшектен шығуы отыз ай жалғасты»796, – деп әуелі Өзіне шүкір етуге, содан кейінгі кезекте ата-анаға шүкіршілік етіп, алғыс айтуға шақырады

Аятта: «Анасы оны қиындықпен құрсағында көтеріп, сондай ауыртпашылықпен дүниеге әкелді» десе, «Лұқпан» сүресінің 15-аятында «әлсіреген үстіне әлсіреп» деп ананың балаға жүкті кезін көз алдымызға елестетеді. Ауыр бір жүк артып, әзер тыныс алып, діңкесі әбден құрыған қайғылы қаһарманның аһылап-үһілегенін және босану кезіндегі жан қиналыстарын көз алдымызға келтіреді797.

Сонымен қатар, бұл аятта ананың асыл да ардақты қасиетіне терең мән берген. Күн сайын даму үстіндегі медицинаның бер-ген мәліметтері адамды еріксіз толғандырады. Баланың жатырға түсіп өсе бастауынан кейін ананың ішкі құрылысы толығымен өзгеріп, бала үшін жұмыс істей бастайды. Күнделікті ішкен асын жей алмай, тіпті, оған қарай да алмай, айлар бойы қиналады. Ал баланың сүйектері қалыптасу кезеңінде ананың қанынан кальций артығымен бөлінгендіктен ана әлсірейді. Жатырындағы кішкен-тай нәрестенің өсуі үшін өзінің сүйегі еріп, содан бөлінген зат-

795 «Лұқман» сүресі, 14 - аят.796 «Ахкаф» сүресі, 15 - аят.797 Тафсируль-мунир, 13-т., 347-б.

Page 536: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері536

тарды береді. Ағзадағы бұдан басқа да күрделі құбылыстардың қасында бұл айтқандарымыз өте мар дымсыз мағлұматтар ғана. Оны тілмен айтып жеткізу қиын.

Содан кейінгі сатыдағы баланың жарық дүниеге келуі кезін-дегі ананың жан қиналысы да адам төзгісіз. Өзінің өміріне қауіп төнсе де перзентті дүниеге әкелуге бел байлайды. Бұның қиындығын аналар ғана жақсы біліп, сезіне алады.

Сәбиіне сүт емізген кездегі құбылыс ерекше көңіл бөлерлік. Баланы қолына алып алғаш емізген сәтінде Алла тағала оған бар қиындығын бірден ұмыттырып, алпыс екі тамыры иіген ананың көңілі мейірім мен сүйіспеншілікке толады. Көрген қиындықтарына қарамастан анасы өзін бақытты сезінеді. Баланың қиындығынан жалықпайды, керісінше, перзентінің аман-сау өсіп жетілуін бар жан-тәнімен қалайды.

Иә, адам баласы бұның бәрін қалай өтемек? Әсте бұған ша-масы жетпейді. Сондықтан анасын иығына салып, Қағбаны тауап жасатқан бір кісі Пайғамбарымыздан: «Анамның ақысын өтей алдым ба?» деген кезде «Жоқ, бір толғағының да ақысын өтей алмадың» деген болатын798.

Баланың мойнында өмірде тартқан тауқыметіне қарай әкеге қарағанда шешенің ақысы көбірек. Өйткені, ол баласын жа-тырында тоғыз ай көтеріп, қаншама қиындық көреді. Сәбиді дүниеге әкелу барысында жанын пида еткен аналар қаншама. Дүниеге әкелгеннен кейін де оны күндіз-түні мәпелеп, емізіп, түн ұйқысын төрт бөліп, бөбегі шыр етіп оянса қоса оянатын нағыз мейірім қаһарманы емес пе?! Міне, осындай тартқан тауқыметінің ауырлығына қарай оның құрметке бөлену дәрежесі де ерекше болуға тиіс. Анаға құрмет жайлы айтылған мына хадис көпшілікке мәлім. Пайғамбарымызға бір кісі келіп: «О, Алланың елшісі! Кім-ге жақсылық жасайын?» деп сұрағанда, Ол «Анаңа», – деді. Ол кісі қайта сұрағанда тағы да «анаңа», үшінші рет сұрағанда да «анаңа» деп жауап бергеннен кейін төртінші, ең соңында «әкеңе,

798 Тафсируль мунир

Page 537: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 537

содан кейін жақындығына қарай басқа жақындарыңа» 799 деп жауап берген.

Ислам діні әйел затына ана болу сипаты арқылы ең жоғарғы әрі қымбатты дәрежені берген. Әртүрлі тарихи кезеңдерде қорлық пен кемсітушілікке душар болып, тіпті, соңғы ғасырларға дейін Еуропадағы христиандардың арасында «әйел деген адам ба, әлде шайтан ба?» деген қызу пікірталас болған кезде ислам әйел за-тын бұл қорлаудан азат ету былай тұрсын, ең жоғарғы дәрежеге шығарып «жаннат − аналардың табандарының астында» деп жаннаттағы ең жоғары мәртебені аналардың аяғының астына жайып салды. Нағыз ана өмір бойы тәнімен қоса жанын бала-сына пида етеді. Ана бөбегін алғашында тәнінде көтерсе, жарық дүниеге келген кезде белгілі бір уақытқа дейін қолында, содан кейін ғұмыры түгесіліп біткенге дейін жүрегінде алып жүреді. Асыл ана, бұл неткен ұлы, не ткен сұлу махаббат?!

Мына аят әке-шешеге құрметтің нағыз шыңын көрсетеді.

ا يبلغن عندك الكبر أحدهما أو وقضى ربك أل تعبدوا إل إياه وبالوالدين إحسانا إم

كلهما فل تقل لهما أف ول تنهرهما وقل لهما قول كريما . واخفض لهما جناح

ب ارحمهما كما ربياني صغيرا حمة وقل ر ل من الر الذ «Раббың тек қана өзіне құлдық жасауды, әке-шешелеріңе

жақсы қарауды бұйырды. Ал егер олардың бірі немесе екеуі де қолдарыңда тұрған кезде қартайса, оларға «үһ» деп те айт-па. Сондай-ақ, оларға зекіме және оларға сыпайы сөйле. Мей-іріммен оларға құшақ жайып оларға былай деп дұға жаса: «О, Раббым! Олар мені кішкентай күнімде қалай мәпелеп өсірген болса, оларды солай мейіріміңе бөлей гөр!»800. Бұл жердегі әрбір сөзге терең мән беріп қарау керек.

Аятта сенім негіздерінің ең бастысы – Аллаға серік қоспауды бұйырғаннан кейін, қоғамдағы жеке адамдардың жауапкершілік-теріне тоқталып, Алладан кейінгі кезекте ата-ананың ақысы бар екені еске салы нып, оларға жақсы қарау әмір етілген. Осылай-

799 Әбу Дауд, Әдәб 129, (5141); Тирмизи, Бирр 1, (1898)800 «Исра» сүресі, 23-24 - аяттар.

Page 538: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері538

ша Алланың алдында ата-ананың қаншалықты маңызды екендігі көрсетілген. Сүреде бұл мәселенің маңыздылығына назар аудару үшін адамға балалық шағын елестетіп сүйіспеншілік, мейірім мен жанашырлық сезімдерін ояту үшін «егер олардың біреуі немесе екеуі де қолдарыңда тұрған кезде (жандарыңда) қартайса» дей-ді. Қартаюдың өзіне тән құрметі болумен қатар, оның әлсіздігі мен дәрменсіздігі тағы бар. «Қолдарыңда (жандарыңда)» деу арқылы қартайған әлсіз шағында паналауға мұқтаждықтарын білдіреді. Тіпті, оларға «үһ» деп айтпа деу арқылы әке-шешеге әдепсіздік танытпау керектігі айтылып, «оларға зекіме және оларға сы-пайы сөйле», оларға «бәле болдыңдар ғой, әбден шаршаттыңдар ғой» деп кейіме, жылы сөздер айтып көңілдерін аула дейді. Мей-ірім шуағын жайып олардың тілегін тілеп, алдарында бас июге шақырады. Одан кейінгі сөйлемде адамның ар-ожда нына тікелей әсер ететіндей жолға көшеді. «О, Раб бым! Олар мені кішкентай күнімде қалай мәпелеп өсірген болса, оларды солай мейіріміңе бөлей гөр» – деп, бала күніндегі әке-шешесінің қамқорлығы мен қорғанында өскен әлсіз шақтарын адамның есіне са лады. Ал енді ата-ананың өзі қамқорлық пен мейірімге мұқтаж жағдайда перзент Алладан олар үшін тілек тілейді. Өйткені, Оның мейірім-пана-сы шексіз. Ата-ана баласы үшін шыбын жанын шүберекке түйіп, ерекше жанкештілік жасағандықтан, Алла оларды балаларының күші жетпейтін нәрселерге ие қылуы мүмкін801.

Кезінде сені қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай мәпелеп өсіріп, мейіріммен махаббатта рына бөлеп, бауырына басқан осы қартайған шағында қорғансыз бала күйіне түскен ата-анаға қарамай, «оларсыз да күн көрісім мәз емес» деп бағып-қағуды ауырсыну адамгершілікке жатпайды. Негізінде Алла тағала солардың құрметі үшін үйімізге ризық-берекесін береді. Пайғамбарымыз бір хадисінде «үйдің берекесі кішкентай сәбилер мен қарттарда» деп осы ақиқатты баяндайды. Шексіз Мейірімді де Рақымды, күллі жақсылық атаулының иесі Алла дүниеге бір пер-зент келген кезде оларға ризықтарын өте керемет күйде ананың әлемде теңдессіз сүтімен қалай жіберетін болса, кішкентай балаға

801 Фи зилаль,

Page 539: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 539

айналып мейірімге мұқтаж болған қарттардың да ризығын солай жібереді. Бұл шындықты Жаратушымыз бізге:

ة المتين اق ذو القو ز هو الر إن الل«Ризық беруші, құдіретті күшке ие – Алла тағала»802,

ميع العليم يرزقها وإياكم وهو الس وكأين من دابة ل تحمل رزقها الل «Өз ризықтарына өздері қол жеткізе алмайтын қаншама

жәндіктер бар. Сендердің де олардың да ризығын беруші – Алла»803, – деп білдіреді. Қаншама әлсіз, дәрменсіз жан-жануар-лар мен жәндіктердің ең керемет ризықпен ризықтануы осының айқын дәлелі емес пе? Мысалы, өте нәзік құрт піскен, ең шырын-ды жемістермен, ал дәрменсіз сәбилер ана сүтімен қоректенеді.

Жасөспірім өзінің де бір күні ақ шашты, сары тісті кемпір-шал болатынын ойлауы керек. Егер қартайған кезде құрмет көргісі келсе, әке-шешесіне солай құрақ ұшып, қызмет етуі қажет. Егер ақыретте бақытты бо луды қаласақ, әке-шешені риза етуге ұмтылу керек. Әрі мына жалған дүниеде оларға қамқорлық танытсақ, өміріміз берекелі болады. Ол – құнсыз қазына. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде:

رغم أنف رجل أدرك عنده أبواه الكبر فلم يدخله الجنة «Әке-шешесі қолында қартайып, жаннатқа кіре алмағанның

жағдайы қандай өкінішті»804, – дейді. Негізінде, Алла тағала бізді жаннатқа лайық қылу үшін дүниеде шексіз мүмкіндіктерді сыйлаған. Бұл Алланың мейірімділігін танытады. Солардың бірі – әке-шешеге құрмет. Сырт көзге қарағанда ауыр сияқты көрінген міндет – біздің жаннатқа кіруімізге тарту етілген керемет бір сый. Әрине, осындай сыйдан мақұрым қалған адамның ақыреттегі жағдайы өкінішті болмақ. Тіпті, анасының ризашылығын алмаған жағдайда өлер кезде адамның тілі кәлимаға келмеуі де мүмкін. Пайғамбарымыздың кезінде болған мына оқиға соның куәсі.

802 «Зәрият» сүресі, 58 - аят.803 «Әнкәбут» сүресі, 60 - аят.804 Муслим, Бирр, 3 (251); Тирмизи, Даауат 110 (3539)

Page 540: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері540

...Алқамә пайғамбардың көзі тірісінде құлшылыққа жан-тәнімен берілген, садақаны көп үлестіретін өте бір ізетті, иман-ды жас жігіт еді. Бір күні аяқастынан ауырған Алқамә төсек тар-тып жатып қалды. Ауруы әбден меңдеп, өлетін халге жеткенде, тілі куәлік сөзге келмей күрмеле берді. Оның қатты қиналғанын көрген сахабалар пайғамбарға жүгіріп мән-жайды хабардар етті.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бірден әлгі жігіттің шешесін шақыртты.

– Алқамә қандай еді? – деп сұрады. Әйел: – Балам көп намаз оқитын, көп ораза ұстайтын, садақаны

көп тарататын, – деп жауап берді. Алла елшісі (с.ғ.с.) бұл жолы сұрақты төтесінен қойды: – Сіз-

бен қарым-қатынасы қалай еді? Әйел: – Енді «іштен шыққан ба-лам ғой» деп қанша кешіріммен қарағаныммен мені ренжітетін кездері көп еді. Оны ай тып отырған себебім көбіне әйелін жақтап, маған қарсы шығатын, – деген кезінде, пайғамбар:

– Анасының реніші баласының тілін күрмеп тұр екен. Қане, отын жинаңдар, Алқамәні тірідей отқа жағамыз, – деп маңайындағыларға бұйырды.

Ана байғұс бірден жанұшырды: – Ойбай-ау, қажеті жоқ. Ба-ламды өртей көрмеңіз, – деп жалынғанда, пайғамбар салиқалы түрде: – Алла тағаланың о дүниедегі азабы балаңыздың қазіргі аза бынан да қатты болмақ. Егер Алла ұлыңыздан разы болсын десеңіз, сіз де аналық ақ сүтіңізді кешіп, ұлыңызға деген бар реніш-өкпеңізді қойып, онымен ризалықпен қоштасыңыз, – деді.

Ана жүрек разылығын айтып, күбірлеп кешіргенде баласының да кәлимаға тілі келіп, өмірден озған екен805.

Адамның ет-бауыр жақыны – әке-шешесі. Оларға жасаған әрбір жақсылығымыз секілді дұғаларымызда да олардың бірінші кезекте болуын Құран:

ربنا اغفر لي ولوالدي وللمؤمنين يوم يقوم الحساب

805 Бухари, Әдәбуль-муфрад, Бейрут, 1986

Page 541: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 541

«Уа, Раббым! Есеп күні мені, әке-шешемді және бүкіл мүміндерді жарылқай көр!»806, – деп баяндайды. Міне, бірінші адамның өзі, одан кейін әке-шешесі келеді. Бұл адам болудың, адами сезімдерге ие болудың белгісі болса керек.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Алла тағаланың разылығы әке-шешенің ризашылығын алудан өтетінін, ал Алла тағаланың наразылығы ата-ананың наразылығына байланысты екенін бізге:

رضا الل في رضا الوالدين ، وسخط الل في سخط الوالدين «Алла тағаланың разылығы − ата-ананың ризашылығында,

Алла тағаланың ашуы да − ата-ананың наразылығында»807, – деп ескертеді.

Тағы басқа хадисінде Пайғамбарымыз: «Әке – жаннаттың ортаңғы қақпасы. Қаласаң, оны тәрк ет, қаласаң сақта»808 десе, «Перзент әкесінің құнын әкесін құлдықтан сатып алып, азат еткен жағдайда ғана өтей алады»809, – деп перзенттің ата-ана алдындағы ауыр жауапкершілігін баяндайды. Міне осы айтылғанның бәрі – исламның ата-анаға берген маңыздылығының көрсеткіші.

Ата-анаға қарсы шығу – ең үлкен күнәлардың қатарында. Бір күні Пайғамбарымыз сахабаларына:

– Сендерге күнәлардың ең үлкені қайсы екенін ай тайын ба? – дегенде, сахабалар «Иә, бізге қайсылары екенін үйрет», – деді. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Аллаға серік қосу, ата-анаға қарсы шығу, нақақ адам өлтіру, өтірік айту»810, – деп айтқан.

Ата-анасы бақилық болғаннан кейінгі перзенттің жақсылық жасау жолдарын Пайғамбарымыз: «Оларға дұға жасап, күнәларының кешірімі үшін Алладан кешірім сұрау, өсиеттерін орындау, артта қалған әке-шеше жағынан жақын туған-туыстармен қатынасты үзбеу және олардың достарына сый-

806 «Ибраһим» сүресі, 41 - аят.807 Шуғабул-иман лил-Бәйһақи808 Тирмизи, Бирр, 809 Бухари, Әдәбуль-муфрәд, 6; Муслим, Итқ 25 (1510); Әбу Даууд, Әдәб 129

(5137)810 Бухари, Әдәб, 6

Page 542: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері542

сия пат көрсету»811 деп көрсеткен. О дүниелік ата-ананың арты-нан жасалған дұғаның пайда беретінін Пайғамбарымыз: «Адам қайтыс болғанда амал дәптерлері жабылады. Тек мына үш нәрсемен сауабы жалғасады: сауабы үздіксіз келетін садақа, адамдардың игілігіне жараған ілім және ар тынан дұға жолдай-тын салиқалы перзент»812, – деп ескерткен.

Адам құқына ерекше көңіл бөлген ислам ата-анаға құрмет көрсетуді мойнымызға борыш етіп жазған. Ата-анаға құрмет – тек ар-ождан мәселесі ғана емес, басқа да парыздар сияқты ғибадат. Тіпті, Алла жолында жиһад жасаудан да артық саналған. Бірде сахабалардың бірі Пайғамбарымызға келіп: «Уа, Расулалла! Алла жолында жиһад жасағым келеді», – дегенде, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Әке-шешең тірі ме?», – деп сұрады. «Иә, тірі», – деп жа-уап берді. Пайғамбарымыз: «Олар саған рұқсат берді ме?», – деп сұрағанда, «жоқ», – деді. Сонда Пайғамбарымыз: «Олай болса еліңе қайт, егер рұқсат берсе жиһадқа қатыс. Бермесе, соларға қызмет жаса, батасын ал, сол – жиһад»813, – деген-ді. Тағы бір сахаба жиһад жасауға рұқсат сұраған кезде «Анаң тірі ме?» деп сұрады. Тірі екенін айтқан кезде «Онда анаңның аяғына жармас. Жаннат − аналардың аяғының ас тында»814, – деген.

Дінімізде ата-анамыз мұсылман болмаған жағдайда да оларға жақсылық жасау қажеттігі де ай тылады. Пайғамбарымыздың жұбайларының бірі Әбу Бәкірдің қызы Әсмә: «Сол кезде әлі мүшірік анам қасыма келді. Пайғамбардан «анам келіп тұр, мені-мен сөйлескісі келеді, онымен жақсы қатынас жасайын ба?», – деп сұрадым. «Иә, оған құрмет көрсет»815, – деп жауап берді де-ген. Бұл мәселеге байланысты аят түсіп, онда:

وهم ن دياركم أن تبر ين ولم يخرجوكم م عن الذين لم يقاتلوكم في الد ل ينهاكم الل

يحب المقسطين وتقسطوا إليهم إن الل

811 Тирмизи, Бирр, 3812 Бухари, Әдәбуль-муфрад, 19813 Бухари, Жиһад, 138; Муслим, Бирр 5, (2539)814 Нәсәи, Жиһад 6, (6,11)815 Бухари, Хибә 28; Муслим, Зәкәт 50

Page 543: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 543

«Алла дін үшін сендер мен соғысып, ел-жұрттарыңнан қуғындамағандарға жақсылық жасап, әділдікпен қатынас жасауларыңа тыйым салмайды. Расында Алла турашылдар-ды жақсы көреді»816 делінеді.

Тағы да бір аятта:

نيا وإن جاهداك على أن تشرك بي ما ليس لك به علم فل تطعهما وصاحبهما في الد

معروفا واتبع سبيل من أناب إلي «Әке-шешең сенің білмеген мәселелеріңде маған ортақ

қосуға мәжбүрлесе, оларға бағынба! Олармен жақсы қарым-қатынас жаса және маған құштар адамдардың жолында бол...»817 деп күпірлікке, Аллаға серік қосуға шақырмайынша ата-анамен үнемі жақсы қатынас жасау керектігін білдіреді.

Пайғамбарымыз: «Сенің дүниеге келуіңе себепкер әкең, дүние-мүлкіңнің барлығына сен себепкерсің. Олай болса, сен де, мал-мүлкің де әкеңнің табысы боп саналады» деу арқылы баласының тапқан табысында әкенің де ақысы бар екенін айтқан. Бұл жердегі ақысы – қалағанынша алуы емес, нәпақа ақысы. Перзент дүние-мүлкі жоқ болса да, әке-шешесінің қажеттіліктерін өтеп, асы-рап бағуға міндетті. Осыған байланысты сахаба Әбу Дәрда (р.а.) Пайғамбарымыздың оған маңызды тоғыз нәрсені кеңес еткенін, солардың біреуі ата-анамен қоса бүкіл отбасының қажеттіліктерін өтеу екендігін жеткізеді818.

Ата-ана балаларына жеткілікті дәрежеде көңіл бөліп, қарай алмаған болса да балалары оларға жақсы қарауға міндетті. Өйткені, кісі қартайған сайын бала сияқты қорғансыз күйге түседі. Сәбиінің балаң шақтағы нелер қырсық әрекеттеріне кешіріммен қарап, мейірімділік танытып, енді өздері балаларына мұқтаж болған кезде оларға жақсы қарау – адамдықтың асыл борышы. Бұл міндет «әке-шешемді құрметтеймін» деген құрғақ сөзбен бітпейді. Олардың қажеттіліктерін өтеп, қарасып, рухани әрі материалдық бар мүмкіндіктерді жасаумен ғана жүзеге асады.

816 «Мумтәхина» сүресі, 8 - аят.817 «Лұқман» сүресі, 15 - аят.818 Бухари, Әдәбуль-муфрәд, 9

Page 544: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері544

Орайы келген тұста мына бір тәмсіл әңгімеге де назар аударсақ.

Бір жас жігіт үйленгелі бері үйінде бірге тұрып келе жатқан әкесі үшін әйелімен ылғи да қырық пышақ болып сөзге келіп қалатын. Арадағы ұрыс-керіске әйелінің қайын атасына тыжыры-на қарап, үйге артық адам керек емес деп жақтырмай қарайтын шайпау мінезі себеп болатын. Кейде сондай бір ұрыстардың адам айтса нанғысыз бас бермей кететін кездері де жиі орын алатын. Ондайда жанжалды ушықтырып, жан алқымнан алатын әйелі үйді басына көтере: «Не бұл үйден мен кетем, не әкең кетсін!» деп долылыққа басатын.

Әйелімен ажырасуға дәті барар емес. Үйде бірге тұрып жатқан әкесі үшін лап ете қап, өршіп ала жөнелетін ұрыс-керістер болмаса, былайғы өмірі тып-тыныш-тұғын. Осы әйелге кезінде қолы әрең жеткен еді, үйдегілерді қалай әрең көндіріп еді десей-ші?! Әйеліне өлердей ғашық болғаны соншалық, әлі де қатты жақсы көретін. Енді міне, шақшадай басы шарадай болып, не іс-терін білмей дал болып отырған оның есіне бұл тығырықтан алып шығар бір ғана жол түсті. Ол – кезінде аң аулауға керек болар деп тұрғызған таудағы күркесымақ ағаш үйге әкесін апарып ор-наластырсам деген ой еді. Аптасына бір рет соғып, тамағын апа-рып беріп, керектісін жеткізіп тұрса, күнде құлақ етін же мей үйде әйелі де тыныш табар деген үміт еді.

Әкесіне керекті бар заттарды дайындағаннан кейін төсекке таңылған әкесін көтеріп әкеп жеңіл көлікке отырғызды. Бала-сы да барам деп етегіне жармаса кеткендіктен оны да машинаға отырғызып, жолға бірге ала шықты.

Қақаған қыс айы. Даладағы үскірік аяз бет қаратар емес. Қарсы алдарынан құйындатып борай соққан қардан жолды әрең-әрең көріп келе жатты. Қасында отырған кішкене баласы әкесінен қайда бара жатқандықтарын мазалап, қанша сұраса да еш жау-ап ала алмады. Ал өзін қайда апара жатқандығын бірден ұққан көкірегі ояу қарт іштей егіле жылап, көзінен сорғалай аққан жа-сын жеңімен сүрткен күйі немересі мен баласына білдірмеуге ты-рысты.

Page 545: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 545

Бірнеше сағат жол жүріп таудағы үйге де келіп жетті-ау. Бұл жерге ат басын бұрмағалы да біраз уақыт болыпты. Үйсымақ ағаш күркенің әбден тозғаны соншалық, төбесінен су ағып, еденге тастаған тақтайлардың кейбір тұстары шіри бастапты. Күркенің бір бұрышын тазалап болғаннан кейін машинадағы төсекті әкеліп, сол бұрышқа жайлап орналастырды. Артынша басқа да заттарды өз орындарына реттестіріп қойғаннан кейін ең соңынан әкесін түсіріп әкеп, әлгі төсекке жатқызды. Ал, үй деп әкелген күркесі үйден гөрі далаға көбірек ұқсайды. Едені сыз, суық күркеде әкесі төсекке басы тимей жатып-ақ тісі-тісіне ти-мей сақылдап, жаурай бастады. Денесі қалшылдап, тоңа бастаған әкесіне қарап тұрып «Ертең жылырақ көрпе-жастықтар әкеліп бе-рермін» деп ой лады. Бірақ, өзегін өртеген қалың ой мен еңсесін зіл ғып басқан мұңнан арыла алар емес. Ол осы лайша өзін күнәлі сезініп тұрғанда, әкесінің ішкі жан дүниесінде аласапыран да-уыл тұрып, көңілі астаң-кес тең күйде еді. Қаншама жыл барын аузына тосып, ая лап баққан баласы қартайып, әл-ауқатынан айы-рылып, мынадай қауқарсыз күйге түскен шағында қадір-құрмет көрсетудің орнына өзін тірідей көміп, қыстың көзі қырауда ессіз далаға тастап кетіп бара жатқан жоқ па?! Бұл не, ит-құсқа жем болсын дегені ме, жоқ, әлде, аязда аштан қатып өлсін дегені ме?! Бұдан өткен бақытсыздық, бұдан асқан масқаралық болар ма?! Осындай қорқынышты әрі сұрықсыз ойлар жетегінде іштей қатты мүжілген қарт онысын сыртқа сездірмеуге тырысып бақты. Болған жайттан ешнәрсе ұқпаған тек қарттың немересі ғана. Кіп-кішкентай бала жүрегі, әйтеуір, атасынан айрылып бара жатқанды ғана сезіп, көңілін қорқыныш биледі.

Қайтатын уақыт та таяды. Қоштасарда әкесінің төсегіне еңкейіп, оны құшақтаған бойда өксігін баса алмай көп жылады. «Мені кешірші» дегендей бетінен, көзінен, қолдарынан қимай-қимай көп сүйді. Екеуі де көз жастарына ие бола алмай, әкелі-балалы құшақтасқан күйі күңірене іштей егілді. «Осыған мәжбүр болдым, әке, қайтейін» дегендей ұлы артқа қайта-қайта көз тастап, кішкене баласының қолынан дедектете жетектеген күйі күркеден алыстай берді.

Page 546: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері546

Көлікке келіп отырды. Қайтар жолға бет алғаннан-ақ қасына ерте келген кішкене баласы «Атамды суық жерге неге тастап кеттің?» деп ал кеп жыласын. Бала сына не деп жауап берерін біл-меген әке байғұстың басы қатып, састы. «Шешең осылай болуын қалады» деп айта алмады. Баласы бір уақытта жұлып алғандай «Сен қартайғанда мен де сені осында әкелем бе?» де генде, төбесінен біреу мұздай су құйып жібергендей қалш-қалш еткен күйі тұрды да қалды. Бірден көлігін кері қайта бұрды. Күркеге жете бере «Әке, мені кеш?!» деп әке құшағына қарай далақтап жүгіріп, тамағына тығылған ащы өксікке ие бола алмады. Мой-нынан тас қып құшақтады. Кемсеңдеген әке мен кешірім тіле-ген ұлдың құшақтары көпке дейін айы рылмады. Өз қателігін енді ұққан баласы «Жаза бас тым, жаңылдым, әке, мені кеш» деп аяғына бас ұрып кешірім сұрағанда, әкесі оған еш күтпеген мағыналы жауап қайтарды:

– Сенің қайтып келетініңді білгенмін, балам. Сен мені тауға әкеп тастап кететіндей мен өз әкемді қартайған шағында тауға апарып тастаған жоқпын ғой. Мені тауға алуын алып келсең де, дәтің шыдап тастап кетпейтініңді, қайта оралатыныңды білген-мін, балам, – деген еді қарт сонда...

«Ата-анаң жынды болса байлап бақ» деп бұны дәстүрге ай-налдырып, ислам шуағынан нәр алған біздің халқымыздың та-рихында әке-шешесін қарттар үйіне, далаға тастау деген жаман әдет бұрын-соңды болмаған. Бұл да исламның әке-шешеге бер-ген маңызын көрсетсе керек. Өкінішке қарай, дініміз бен салт-дәстүрімізді ұмытуға шақ қалған қазіргі таңда «Пәленбай қарттар үйі, түгенбай жетімдер үйі бар, оларға мынаны жасап жатырмыз, қамқорлық етіп жа тырмыз» деп мәз болудамыз. Бұл – біздің мақтанышымыз емес, құлдырауымыздың белгісі. Ата-анасын сыйламаған қоғам ұрпағынан сый күтпесін. Әке-шешелері қандай күй кешсе, балалары да одан жырақ кетпейді.

Page 547: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

547

Алау ӘділбаевНұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университетінің

ұстазы, теология ғылымдарының докторы

ЖАҚСЫЛЫҚҚА үНДЕП, ЖАМАНДЫҚТАН ТЫЮ

(ӘЛ-ӘМРу БИЛь-МАғРуф уӘН-НАХИу ӘНИЛ-МуНКАР)

Дініміздің негізін сақтаушы басты жолдардың бірі – жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю (әл-Әмру биль-мағруф уә нахиу әнил-мункәр). Мағруф – ақыл мен дініміз тұрғысынан жақсылық деп қабылданған нәрселер болса, мункәр – ақыл-санамыз бен дінімізге қайшы құбылыстар.

Құран иман келтірген мұсылмандарды жақсылыққа шақыруды бұйырады:

ة يدعون إلى الخير ويأمرون بالمعروف وينهون عن المنكر وأولـئك نكم أم ولتكن م

هم المفلحون«Сендердің араларыңда мынадай жамағат бол сын,

олар басқаларды игілікке шақырып, жақсылыққа үндесін. Жамандықтан тыюға ты рыссын. Міне, осылар нағыз мақсатына жеткен дер»819.

Аятта адамдардың арасында жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыятын бір топ болсын деп әмір етілген. Жақсылыққа, туралыққа шақыратын адамның өзі әуелі осы қасиеттерді жүріс-тұрысымен дәлелдеп, адасқандарға бағыт-бағдар бере білетін темірқазықтай болуы керек. Егер қоғамда жамандықтан тыяр көкірек көзі ояу тұлғалар жоқ болса, ондай қоғамның құлдырап шөгуі заңды. Адами құндылықтар аяққа тапталған қоғамның алысқа ұзап бара алмайтынына тарих куә.

Алла тағала жақсылықты кең жайып жамандықтан тыйғандардың мерейін үстем қылса, әмірінен аттап, адасушылыққа

819 «Әли Имран» сүресі, 104 - аят.

Page 548: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері548

бой ұрып, азып-тозған қоғамдарды жермен-жексен қылған. Бұл – Алланың бұлжымайтын заңдылығы (Һуд, 102).

Басқа бір аятта Алла тағала:

وأمر بالمعروف وانه عن المنكر«Жақсылыққа шақыр, жамандықтан тый»820 деп

бұйырады.Пайғамбарымыз бір хадисінде:

من رأى منكم منكرا فليغيره بيده فإن لم يستطع فبلسانه فإن لم يستطع فبقلبه و ذلك

يمان أضعف ال«Араларыңнан кім жамандықты көрсе, оны қолымен

түзетсін. Бұған күші жетпесе, тілімен түзетсін. Бұған да күші жетпесе, жүрегімен айыпта сын. Бұл – иманның ең әлсізі»821, – дейді.

Адамның баянды өмірін бұзып, қоғамды жегі құртша кеміріп жатқан нашақорлық, зинақорлық, ұрлық, ішкілікке салыну сияқты бейбастықтардың қоғам келешегіне қандай зиян екенін көріп біле-тұра не істеу керек?

Егер мұндай келеңсіз жайттар ислам кең тараған мемле-кеттерде орын алған болса, мұны мемлекет заң шеңберінде тоқтатады. Бұл – қолмен түзету. Ал заң тұрғысынан тыйым салынбаған жерде ешкімді де қолмен түзету мүмкін емес. Оны айтасыз, тіпті, оған әншейін саусақ безегенің үшін өзің айыпқа жығылып, сотқа тартыласың. Қолмен түзете алмайтын болсақ үгіт-насихатымызбен, жазып-сызуымызбен бұл вирустардың қоғамды кеміріп бітіретін зияндарын ай тып, ғылыми тұрғыдан дәлелдеп, халықты олардан жиіркендіріп, жан-жақтан жалмай-тын жамандықтардан арылту үшін атсалысу керек.

Бір қоғамда мұндай жамандықтарды мемлекет заңмен тый-маса, адамдардың бәрі тегіс ол жамандықтарға бой алдырып кетіп жатса, ол қоғамның көсегесі көгермейтіні айдан анық. Егер

820 «Лұқман» сүресі, 17 - аят.821 Муслим, Иман, 78, (49); Әбу Дауд, Салатуль-әйдәйн, 248 (1140); Тирмизи,

Фитән, 11 (2173)

Page 549: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 549

қоғамда аталмыш дерттермен күрес болмаса, Алла олардың ба-сына ауыр азап жіберуі мүмкін. Бұған да тарих куә.

Сондықтан да Құран Кәрім мен Пайғамбарымыздың хадис-тері қоғамдағы індеттердің алдын алудың жолдарын көрсетіп, жақсылықты уағыздап, жамандықтан тыюға шақырады.

Осындай хадистердің бірінде: «Мүміндердің күші басым ортада қандай да бір келеңсіздік орын алса, осы келеңсіздікті тудырған адаммен бірге бұны көре-біле тұра оны тыюға атсалыспаған жақсы-жайсаңдар да бірдей жазықты болады. Осыған орай тартатын жазалары да бірдей болмақ», – делі-неді.

Ал, мына хадисте осынау абыройлы міндет дер кезінде жүзеге асырылмаса, қоғамның ауыр жағдайға ұшырайтыны былайша ұғындырылады:

أن يبعث والذي نفسي بيده لتأمرن بالمعروف ولتنهون عن المنكر أو ليوشكن الل

عليكم عقابا منه ثم تدعونه فل يستجاب لكم«Жанымды уысында ұстаған Аллаға ант етейін! Адамдарға

жақсылықты жайып, жамандықтан тыясыңдар, олай етпеген жағдайда Алла тағаланың жіберетін азабы тым жақын. Одан соң қаншама жалынып-жалбарынсаңдар да дұғаларың қабыл болмайды!»822.

Өздері жақсылық жасап, алайда, оны басқаларға уағыздамаған адамдардың жағдайын Пайғамбарымыз: «Олардың жағдайлары түскен жеребе бойынша бір жартысы астында бір жарты-сы кеменің үстіне отырған жолаушыларға ұқсайды. Астын-да отырғандар үстіндегілерден су сұрап, олардың мазасын алады. Алайда, үстіндегілер астындағылардың бұл өтінішіне тас кереңдік танытып, құлақ аспайды. Астындағылар, амал жоқ, қолдарына балта алып кеменің түбін тесе бастаған кез-де төбедегілер келіп «бұл істеп жатқандарың не?» деген кезде төмендегілер «біз су алар кезде сендерді мазаладық, алайда, біз суға мұқтажбыз. Енді сіздерді мазаламай-ақ суға қол жеткіземіз»

822 Тирмизи, Китабуль-фитән, 2170

Page 550: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері550

дегенде үстінде отырғандар оларды тоқтатса әрі өздерін, әрі төмендегілерді де құтқарады. Егер оларды тоқтатпаса өздерін де, төмендегілерді де өлімге итермелейді»823, – деп көркем бей-нелейді. Сондықтан үстіндегілердің төмендегілерге қол ұшын бе-руі әрі-беріден соң өздері үшін қажет.

Қоғамды кеме деп алсақ, осы кемедегілердің тағдыры ортақ болғандықтан олар бір-бірінің жағдайына көз жұмып қарамауы керек. Шырақтың отымен келесі шырақты тұтатсаң, бұдан бірін-ші шырақтың оты кеміп қалмайды, керісінше, екі шырақ жанса жарық та, жылу да мол болады.

Бір хадисте: «Кімде-кім жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыйса сол адам жер бетіндегі Алланың, Кітабының және Расулының халифасы»824, – деп Алланың өзінің жер бетіндегі ха-лифасы етіп жаратқан адамның осы ұлық дәрежеге лайық болу міндетін айтады. Бұл – біздің Алланың разылығына бөленуімізге септігін тигізетін аса маңызды себеп. Бұған дәлел ретінде мына бір хадисті де келтіруге болады: «Пайғамбарымыз құтба оқып тұрған кезде мешітке бір адам кіріп, одан: «Адамдардың ең жақсысы кім?», – деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз: «Ол жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыйған, көп оқыған, әрі сол оқығанын көңіліне тоқыған, Алладан қорқатын және туыстық қатынастарын үзбеген кісі»825, – деп жауап берген. Бұл істің маңыздылығына байланысты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Адамдардың арасында олардың азаптарына көніп, олар-мен бірге болған, олардың ыстығына күйіп, суығына тоңған мұсылман олардан оқшау тұрып қиындықтарына төзе алмаған мұсылманнан артық мол сауап алады»,826 – дейді. Бұл хадистен түсінгеніміздей, жамандықтың кең етек жайып, қоғамның әбден шіруге жақын қалған кезінде бәрінен жырылып, құлшылық ету-ден артық іс – осы жақсылықты жаю ісі. Егер бұл қасиетті мін-дет басқа құлшылықтардан артық болмағанда Алланың елшісі

823 Бухари, Китабуш-шәрикә824 Дәйләми, Фирдәус, 3/586 825 Муснәд, 6/431826 Тирмизи, Қияма, 55; Ибн Мәжә, Фитән, 23

Page 551: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 551

үйінен шықпай, үнемі Алладан келген нұрлы баяндардан ләззат алып қана отырар еді. Алайда, бұл жауапты міндет болғандықтан Пайғамбарымыз дінді жатпай-тұрмай насихаттаумен болды. Бір хадисінде Пайғамбарымыз «дін – насихат» деп үгітсіз діннің бол-майтынын айтқан-ды827. Айтып қана қоймай бүкіл болмысымен дәлелдеп, іс жүзінде көрсете білді.

Алла елшісі(с.ғ.с.) өмірінің соңғы деміне дейін ел-жұртты жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыюмен болды. Ол бұл қастерлі міндетті кемшіліксіз орындады. Бүкіл әлемге рақым алып келген Ұлы елші имансыздықтың қараңғы қапасындағылардың иманның нұрлы даңғылына шығуы үшін бір сәт болсын тыным таппай бар күшін жұмсады. Бір адам болса да оған ақиқатты на-сихаттамайынша көңілі жай таппай, мазасыз күй кешетін. Тіпті, тамақ ішіп-жеуге зауқы да соқпайтын.

Қай жерде көпшілік жиналса, сол жерге барып адамдарды хақ жолға шақыратын. Бұл жолда талай қиындыққа ұшырап, қорланса да ешқашан мойымады. Оның адамдарды құтқарсам деген алып-ұшып, толқыған көңілін басу үшін Құран:

لعلك باخع نفسك أل يكونوا مؤمنين «Олар иман келтірмеді деп өзіңді-өзің жеп бітіре

жаздайсың»828 немесе فلعلك باخع نفسك على آثارهم إن لم يؤمنوا بهذا الحديث أسفا«Бұл Құранға сенбеді деп, арттарынан қалмай күйзеліп

біте жаздайсың»829 дейді.Адамдарға ақиқатты жеткізсем деген асыл ниетпен Таифқа

жасаған сапарында ол жердің халқы ақиық елшінің сөздеріне құлақ аспақ түгілі оның өзін таспен атқылап, үсті-басын қан жоса қылған еді. Сол кезде көңілі жүдеп қалған Рақым пайғамбары ағаштың көлеңкесінде қолын жайып, Аллаға мұңын шағып дұға етіп жатқанда, қасына біреу үнсіз жақындап келіп, табағындағы бір шоқ жүзімді ұсынады. Екі әлем сардары қолын табаққа со-

827 Бухари, Иман, 42; Муслим, Иман, 95; Әбу Дәуд, Әдәб, 59828 «Шуара» сүресі, 3 - аят.829 «Кәһф» сүресі, 6 - аят.

Page 552: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері552

зып, «Бисмиллаһ» дейді. Жүзімді ұсынған Аддас атты құлдың құлағына бұл сөз мүлдем өзгеше естіліп, ол қатты таңырқап: «Сен кімсің?», – дейді. Алла елшісі (с.ғ.с.): «Ақырғы елші әрі ақырғы нәбимін!» – деп жауап қатты. Аддас сан жылдар бойы көктен іздегені қасынан табылғанына таңғалып әрі қуанып, сол мезетте иман келтіреді830.

Егер осы жайт болмағанда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Таифтен мұң мұхитын кешіп қайтар еді. Бұл мұң өзіне жасалған жәбірден туған мұң емес. Бұл мұң ең болмағанда бір адамға, ақиқатты жеткізе алмағаннан туған кесе түбіндегі судай мөлдір мұң болар еді. Алайда, ол Аддастың ақиқат ауылына жалт бұрылған шалт қимылына сүйсініп қайтты.

Рақым пайғамбары (с.ғ.с.) өзіне қастандық ойлап, өлтіру үшін неше түрлі айла-тұзақ құрған дұшпандарының есігін қаншама рет қақты десеңізші. Әбу Жәһил мен Әбу Ләһәбтарға да сан рет барып, ақиқатқа шақырумен болды. Не керек, мелшиген жақпар тастай меңіреу мейірімсіздіктің тот басқан есігін айқара ашу қиын көрінді. Ақиқатқа жүрек сарайларын тас қылып бекіткен бақытсыздар иманнан нәсіптерін сол күйі ала алмай кетті.

Пайғамбарымыз немере ағасы Әбу Тәліптің иманға келуін жан-тәнімен қалайтын. Әбу Тәліп өлім төсегінде жатқан кезде қасына барып: «Лә иләһә илләлаһ» деп айтшы, ақыретте саған шапағат етейін», – дейді. Бірақ, Әбу Тәліп ол қасиетті сөзді айта алмай жан тапсырады. Соған қарамастан Рақым пайғамбары: «Маған Алла тарапынан тыйым салынбайынша саған жарылқау тілеуді үзбеймін»831, – дейді. Алайда, Алла тағала:

ما كان للنبي والذين آمنوا أن يستغفروا للمشركين ولو كانوا أولي قربى من بعد ما

تبين لهم أنهم أصحاب الجحيم «Пайғамбар мен мұсылмандарға мүшріктердің

жаһаннамдық екендігі айқындалғаннан кейін олар өз

830 Ибн Хишам, әс-Сиратун-нәбәуиия, Бейрут, 1994, 260-63 б.; Бухари, Бадуль-халқ, 7

831 Бухари, Жәнәиз, 80; Муслим, Иман, 24

Page 553: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 553

жақындары болса да жарылқау тілей алмайды»832 деп Пайғамбарымызға тыйым салған-ды.

Әбу Тәліптің мұсылман болуын қалағаны сияқты басқа да өзінің жұмсақ жүрегіне сызат түсіріп, сына қаққан қаншама адамдардың һидаятқа (тура жол) келуін қалап, оларды исламға шақырған болатын. Пайғамбарымыздың жан серігі, Алланың арыстаны, айбарлы Хамзаны (р.а.) өлтірген Уахши, мұсылмандарға дұшпандығы мен қастандығы әкесінікінен екі есе асып түсетін Әбу Жәһилдің баласы Икрима, Ұхұд шайқасында жетпіс шақты хас сахабаның шейіт болуына себепкер болған Халид ибн Уәлид, мүшіріктердің айлакер саясаткері Амр ибн Ас сияқты тұлғалар әуелі Алла, содан кейін Пайғамбарымыздың талмай, үмітін үзбей һидаятқа шақыруының нәтижесінде ислам шуағына бөленген еді.

Кімнің мұсылман болып-болмайтынына байланысты біз өз пікірімізді кесіп айта алмаймыз. Басында дұшпан болған көптеген адамдар өмірінің соңына дейін, әйтеуір бір тәубеге келіп, мұсылман болуы әбден мүмкін. Жоғарыда айтылғандар бұған айқын куә. Тіпті өмірінің көп бөлігін мүшірік болып өткізген мек-келік мүшріктердің беделді тұлғасы Әбу Суфиян және Исламға дұшпандығымен танылған оның әйелі Һинд те соңында мұсылман болған жоқ па еді?! Сондықтан ешкімнен күдер үзуге болмайды. Уақыты келгенде кез-келген жанға Алла тура жол нәсіп етуі бек мүмкін.

Осыған байланысты Хакам ибн Қайсанның оқиғасын айта кеткен жөн. Миқдат ибн Амр былай деп әңгімелейді:

Мен Хакам ибн Қайсанды тұтқынға алдым. Қолбасшымыз оны өлтіргісі келді. Мен оған «Оны өлтірме, Алла елшісіне алып барайық» дедім. Апарғанымызда Пайғамбарымыз оны үнемі исламға шақырумен болды. Бұл жағдай тым ұзаққа созылды. Сон-да да Хакам мұсылмандықты қабылдамады. Хазірет Омар: «Уа, Алланың елшісі! Неге бұл адаммен сонша әуреленесің. Ант етейін, ол ешқашан да мұсылман болмайды. Маған рұқсат бер, желкес-ін үзіп, жанын жаһаннамға жіберейін», – деді. Алла елшісі бұны

832 «Тәубә» сүресі, 113 - аят.

Page 554: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері554

құптамады. Оған жауап та бермей сабырлық көрсетті. Ақырында Хакам мұсылман болды. Омар «Таңғаларлық мына іске қараңыз, әлгі адам мұсылман болды. Мені осылайша бір қызартты. Өз-өзіме «Алла елшісінің менен жақсы білген мәселесінде қалайша оған қарсы шықтым. Алайда, менің бар мақсатым – Алла мен Оның елшісіне қызмет ету еді» дейді. Хазірет Омар тағы да: «Ха-кам мұсылман болды және мұсылмандығы да құрыштан құйған болаттай берік еді. Дін жолында соғысып, Мауна құдығының маңында шейіт болды. Алла расулы одан риза болып, ол жаннатқа қанат қақты»833, – дейді.

Ақиқатты талмай насихаттау – біздің міндетіміз, ал әр пендеге һидаятты (тура жол, иман) нәсіп етуші – Алла. Неге қабылдамады деп ада-күде күдер үзуге хақымыз жоқ. Алла Пайғамбарымызға:

يهدي من يشاء إنك ل تهدي من أحببت ولكن الل«Сен жақсы көргендеріңді тура жолға сала алмайсың. Бірақ

Алла қалағанын тура жолға салады»834 дейді. Пайғамбарымыз адамдар ақиқатты қабылдамай, тіпті, қасақана теріс айналып жатқанда торығып, дағдарып, басқаларға кінә артпай, міндетін үзбей жалғастыра берген. Біз кімнің иман ететінін, немесе ет-пейтінін біле алмағандықтан соңғы демі шыққанға дейін дін-ді уағыздау – міндетіміз. Десек те, мынадай араға жарықшақ түсіретін жаңылыс түсінік болмау керек: «Мен айттым, болды, міндетімнен құтылдым» деп қалай болса солай, ретсіз жүрдім-бардым айта салу адамды тура жолға шақырғанға жатпайды.

Адамға тарту етілер ең қымбат сыйлық – һидаят (тура жол, иман). Бізді біреу туған күніне шақырса, оның көңілінен шығатындай сыйлық алу үшін қаншама ойланып ізденеміз. Кісі жүрегіндегі иманды ояту ісінде сыйлық іздегендей бас қатыруымыз керек қой! Шын мәнінде, адамға иманнан артық сый жоқ. Бұл тұрғыдан алғанда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бен сахабалардың өнегеге айналған өмірлері – бізге тура жол нұсқап тұр.

833 Қандыһләуий, 1 т., 46-б.834 «Қасас» сүресі, 56 - аят.

Page 555: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 555

Хайбар шайқасында туды хазірет Әлидің қолына табыс ет-кен нұр пайғамбар (с.ғ.с.) оған: «Айқасқа кіріспес бұрын асықпай, абайлап әрекет жаса. Оларды әуелі исламға шақыр. Егер мұсылман болса, мал-жандарын аман сақтайды. Ақыреттегі жағдайлары Алланың қолында. Ей, Әли! Аллаға ант етейін, сенің себепкерлігіңмен бір кісінің болса да тура жолға келуі жер беті толған қызыл түйені Алла жолында беруіңнен де артық»835 деп һидаяттың қандай қымбат және оған берілетін сыйдың да баға жетпес екенін білдірген-ді.

Соғыспастан бұрын қарсы шептегілерге әуелі исламды уағыздап, исламға кіру арқылы осы дүниедегі өмірлерін сақтап, бақилық өмірлерін құтқару үшін ұсыныс жасалатын. Егер ис-ламды қабылдамаған күннің өзінде онда мұсылмандардың қол астына кіріп, тек алым-салық төлеуі талап етілетін, осылайша әділдікпен басқарылып, зұлымдықты тоқтатуға шақырылатын. Егер бұған да көнбесе, амал жоқ, соғысуға тура келетін. Бұл дәстүрді Пайғамбарымыздың өмірі мен әділ халифалар және басқа да мұсылман басшыларының өмірінен айқын көре аламыз836. Осыған дәлел ретінде Халид ибн Уәлидтің исламды уағыздауын келтіре кеткен жөн.

Хазірет Халид Нәжрандағы Харис ұлдарына Исламды уағыздауға жіберілді. Халид оларға ислам негіздерін барынша шынайылықпен айтып жеткізді. Нәтижесінде Харис ұлдары ис-ламды қабылдап, мұсылман болды.

Халид ибн Уәлид қатысқан шайқастарында Алланың разылығын алуды көздейтін. Ол Ярмук соғысында гректердің қолбасшысына исламды былайша уағыздаған еді. Екі жақтың

835 Бухари, Фәдәилу асхабин-нәби, 9; Муслим, Фәдәилус-сахаба, 33836 Бұған дәлел ретінде көптеген тарихи шығармаларды келтіруге болады.

Мысалы, Қандыһләуий, Хаятус-сахаба, 1/39-229 б.; Әбу Дауд, Әдәб, 164; Муснәд, 1/404; Р. Гаруди, Исламын вадеттиклери, Стамбул, 1983. Көптеген елдер өз патшаларының, тіпті, өз діндестерінің зұлымдығынан құтылу үшін мұсылмандардан пана тілеп, мемлекеттерінің басқарылуын өз еріктерімен мұсылмандардың қолына берген болатын. Испанияның мұсылман болуы мен Балқандардағы мемлекеттердің исламды қабылдауы кезеңіндегі тарихи жағдайлар бұған куә.

Page 556: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері556

әскерлері бел суытып жатқан мезгілдің бірінде қарсы жақтың қолбасшысы Халид ибн Уәлидтің әскери тәжірибесіне таңғалып, онымен сөйлескісі келді. Византиялық қолбасшы Георгий Халид-тен:

– Уа, Халид, шындықты айт. Азат адам жалған сөйлемейді. Алла сендердің пайғамбарларыңа көктен қылыш түсіріп, саған оны берді ме? Оны кімге сермесең де қақырата қаусататын көрінесің?! Халид:

– Жоқ.– Олай болса, неге сені ел «Алланың қылышы» деп атайды? – Алла бізге пайғамбар жіберді. Біздің арамызда кейбіреуі оны

мойындаса, кейбіреуі оның алып келген ақиқаттарын жалғанға шығарды. Мен де сол жалғанға шығарған адамдардан болатын-мын. Соңында Алла жүректерімізді исламға бұрып, бізді елшісі арқылы тура жолға түсірді. Біз де оған мойынсұндық.

Пайғамбарымыз маған дұға етіп: «Сен Алланың қылыштарының бір қылышысың» – деді. Осыдан кейін мен «Алланың қылышы» деп аталдым.

Византиялық қолбасшы:– Сендер халықты неге үндейсіңдер? – деді. Халид:– Бір Аллаға және исламға.– Бүгін исламды қабылдаған адамға сіздерге берілгендей са-

уап пен сый беріле ме? – деп сұрады. Хазірет Халид бүкіл жан дүниесімен:

– Иә, бәлкім, ол бізден де жоғары болуы мүмкін.– Сендер бұл дінге бұрын кірсеңдер, бұл қалай болады? – деді

таңырқай.– Біз Расулалламен бірге өмір сүрдік. Оның мұғжизаларына

куә болдық. Біздің көргенімізді көріп, естігенімізді естігендердің мұсылман болмауы ақылға қонымсыз. Сендер оны көріп, тыңдаған жоқсыңдар. Сол себепті де сендер ғайыпқа (көзге көрінбеген нәрселер) сенген боласыңдар, егер шын ниет әрі ықыласпен ис-ламды қабылдасаңдар, сауаптарың мол болады.

Византиялық қолбасшы тұлпарымен Халидтің қасына тақап келіп:

Page 557: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 557

– Уа, Халид, маған исламды үйрет, – деді. Ол Халид арқылы жүрегі алып-ұшып, исламды қабылдады. Екі бас намаз оқығаннан кейін өзінің бұрынғы жақтастарына қарсы соғысып, шейіт болған еді837.

Дінді айтып жеткізу – Алла елшісінің бірінші міндеті еді. Міне, сондықтан оның көрсеткен табандылығының нәтижесінде ізінен жаңылмай басқан сахабалар жамағатында да бұл сезім нық орныққан-ды. Осының нәтижесінде Алла да оларды қорғап, дінді көркейтті. Сахабалар төрткүл дүниеге дінді жеткізе білу үшін жақсылық жолында бір-бірімен жарысқан-ды. Кейбір сахабалардың білгендері бірнеше сүре мен бірнеше ғана хадис болды. Бірақ, олар сол білгендерімен шынайы амал етіп, соны әлемге жаюға тырысқан-ды.

Ақиқатты шартарапқа жаюда Мусғаб ибн Ұмәйрдің (жаны жаннатта шалқысын) орны бір төбе. Мұсылман болған кезде не бары он жеті жастағы жігіт болатын. Соған қарамастан жүрегінде бүршік жарған иманы тыным таптырмады. Мәдиналықтар Пайғамбарымыздан дінді үйрету үшін ұстаз сұрағанда адамзаттың ардақтысы бұл аса жауапты іске Мусғабты тағайындады. Мек-кеден Мәдинаға Алланың дінін жаю мақсатында тәуекелге бел буып, жалғыз өзі аттанды. Меккеден келген қадірлі қонақты Мәдинада Әсәд ибн Зурәрә өз үйіне түсіреді. Ел-жұртын тастап келген Мусғаб ибн Ұмәйр мәдиналықтарға ислам негіздерін бар ықыласын салып үйретеді. Ол «Ақиқатты қабылдату күшпен емес, санасын оятып, көздерін жеткізу арқылы ғана мүмкін» дей-тін қағиданы берік ұстанды. Тек күштінің ғана дәурені жүріп, оның стратегиялық маңызға ие болған кезеңінде уағыздау ісін өз деңгейінде алып жүре алған ер тұғын. Алдына келгендерді көркем мінезімен исламға шақырып, иман келтіртуге себепкер болған еді. Өзіне келгендерге хазірет Мусғаб: «Бауырым, алды-мен менің не дейтінімді тыңда. Егер ұнаса, қабыл етерсің, ұнамаса, міне – мойным, шабам десең өзің біл. Мен ешқандай қарсылық көрсетпеймін», – дейтін. Осылайша қылышын білеп, қаһарын төгіп келгендердің жүрегі иман нұрына шомылып қайтатын.

837 Рәл-Баша, 1 т., 502-503 б.

Page 558: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері558

Онымен сұхбаттасқан соң қабағынан қар жауып келгендердің мұз боп қатқан көңілдері елжіреп шыға келетін.

Мәдинадағы танымал адамдардың көпшілігі Мусғаб ибн Ұмәйрдің уағыздауымен Исламды қабылдады. Олардың арасын-да Үсәйд ибн Хүдәйр, Сағд ибн Убәдә, Сағд ибн Муаз сияқты атақты сахабалар бар еді838.

Ислам әлеміне аты әйгілі Әбу Һурайра да, ең алдымен, исламға шақыруды өз жақынынан бастағанды жөн көрді. Ол ис-лам уызының ләззатынан анасының да мақрұм қалмауын қалады. Жөргегінен әлпештеп, аялап, әкесінің жоқтығын сездірмей тәлім-тәрбие берген анасының исламды қабылдауы үшін қолынан келгенін аямады. Алғашында анасы қас қылғандай қасарысып бақты. Әбу Һурайра исламның әсемдігін айтқан сайын анасы Пайғамбарымыздың мүбарак атына тіл тигізіп, ауыр сөздерді қарша борататын. Көп уақыт осылай өтті. Жанындай жақсы көретін анасының исламға илікпеуі оның жүрегіне инедей шан-шылып, шөңге боп қадалды. Қалай айтса да, анасын көндіре ал-мады. Амалы таусылған Әбу Һурайра тілектері сөзсіз қабыл бола-тын Алланың сүйіктісіне уайымын ақтарып: «Расулалла, анамды қаншама рет исламға шақырдым, иілетін түрі жоқ. Онысымен де қоймай, сіздің қасиетті атыңызға ауыр сөздер айтады. Бұдан бы-лай шыдай алар емеспін. Анамның тура жолға түсуі үшін Аллаға дұға етуіңізді өтінемін», – деді.

Адамзаттың ардақтысы (с.ғ.с.) оның өтінішіне құлақ асып, дұға жасады. Оның дұғасын Алла тағала аяқасты етпейтінін жақсы білген Әбу Һурайра үйіне құстай ұшып жетіп, есікті қағады. Іштен анасының “күте тұр” деген жарқын даусын естіп, жүрегі атша ту-лап бөгеліп қалады. Иман келтіргеннен кейін бой дәрет алу керек-тігін де үйренген анасы осыларды орындап болған соң ұлына есік ашып, “Балам, мен де сенің айтқандарыңды қабылдаймын: «Лә иләһә илләллаһ, Мухаммадур-Расулуллаһ» деп тілін кәлимаға келтіреді. Мұны естіген Әбу Һурайраның төбесі көкке жетті.

838 Ибн Сағд, Табақат, 1 т., 220-б.; Саңлақ сахабалар, 149-154-б.

Page 559: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 559

Бір сағат бұрын Алла елшісіне (с.ғ.с.) мұңын төгіп жыласа, енді сүйінші сұрау үшін оған қарай құстай ұшты839.

Бұл – қасиетті пайғамбарлық жолы. Бұл жолға шақыруда адам ақылы мен ар-ожданы, жүрегіндегі мейірімі мен парасаттылығын қатар қолданғанда табысқа қол жеткізуі мүмкін. Хақ дінге сен-гендер үшін бұл пайғамбарлардан мұра боп қалған сара жол.

Атақты қолбасшы Амр Ибн Астың (р.а.) өлім аузында жатқан кезінде айтқан сөздері де біздерге ерекше ғибрат берерлік. Ол баласына «Балам, өмірімде мені елеңдеткен ерекше үш кезең бар. Алғашқы кезеңім күпірлік ішінде өтті. Алланың елшісі мен мұсылмандарға көрсетпеген дұшпандығым қалмады. Әр кез-дескен сайын қастығым тыйылмады. Эфиопияға қоныс аударған кезде ол жерге де барып маза бермедім. Бірнеше шайқаста мұсылмандарға қарсы қылыш сермеп соғыстым. Сол кездері менімен бірге болғандардың біразы күпірлікпен өліп кетті. Алла тағала мені аман сақтап, тура жол несіп етті. Міне, өмірімнің сол алғашқы кезеңінде өліп кетпегенім үшін күндіз-түні Раббыма мадақ айтып шүкіршілік еттім.

Екінші кезеңде үнемі Алла елшісімен бірге болдым. Одан ешқашан ажырамадым. Міне, бұл кездегі өмірім кіршіксіз таза еді. Көптеген сахабалар осындай мөлдір кезеңдерінде жан тәслім етті. Ал мен болсам, өлмей қалдым. Сол кезеңде өлмегенім үшін «әттең-ай, өлім маған сол кезде келсейші» деп үнемі қайғырумен болдым.

Үшінші кезеңде Пайғамбарымыз Ұлылардың Ұлығының жанындағы бақилық мекеніне көшіп кетті. Ол ортамызда жоқ еді. Туындаған шиеленісті жағдайлардың шешімін өзіміз табуға тырыстық. Бұл кезеңде көңілімді мазалаған кейбір уақиғаларға араластым. Міне, өлім маған осындай бір кезеңде келді. Сондықтан да қобалжудамын...» деп іштей маза бермеген шерін жеткізген-ді840.

Осы жерде мына бір оқиғаны баяндай кеткен жөн. (Түркияда 80 жылдары солшылдар мен оңшылдар арасында қақтығыс бо-

839 Муслим, Фәдәилус-сахаба, 158; Табақат, 4 т., 328-б.840 Ибн Әсир, Усдул-ғәбә фи марифатис-сахаба, Каир, 1970, 4-т., 247-б.

Page 560: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері560

лып, қаншама жас өскін идеологияның нақақ құрбаны болған). Жаңадан мұсылман болған бір жас жігіт иман нәріне сусындап жүрген күндердің бірінде сұхбат үстінде жолдастарының біреуі қарсы топтың көрсеткен қиындықтарына шыдай алмай күйініп: «Олардың бәрін тегіс қыру керек!», – дейді. Бұл сөзді естіген жаңадан мұсылман болған жігіт реңі бұзылып, әлгі ашулы досы-на сұқтана қарап: «Бауырым, олай деме. Егер бірнеше күн бұрын осындай асығыс, ағат шешім қабылдап, іске асырғандарыңда мен сендердің араларыңда отырмай мәңгілік жаһаннамға лайық бақытсыз болар едім. Алайда, бүгін сендермен біргемін, ол қарсы топтағы адамдар да мен сияқты мейірім шуағына мұқтаж. Қантөгіс бізге де, оларға да жақсылық әпермейді!» деп ақылға шақырған екен. Осы сияқты кейіннен мұсылман болған көптеген адамдардың айтқан ортақ бір сөздері бар, ол: «Егер де кеше бүлікшілердің арасында жүрген кезімде көз жұмған болсам, иманның шәрбат дәмін татпаған болар едім...».

Бұлардан біздің алатын сабағымыз, осы секілді өзінің һидаят уақытын күтіп жүрген қоғамда қаншама жандар бар десеңізші. Амр ибн Ас сияқты жандардың өмірлерінің екінші және үшінші кезеңінің таза болуына себепкер бола алсақ, олардың маңдайлары сәждеге тиіп, шарқ ұрып жүріп соңында Алланы танып, шүкір ет-кендеріне куә болар едік.

Иман нұрына таңсық қаншама таза жандар бар. Ешбір пен-де өз қалауымен бақытсыздыққа душар болуды қаламайды. Жалған өмірдің көзбояушы құмарлықтары көптеген жандардың көздерін арбап, өзіне тартуда. Алайда, бұл өткінші дүниенің ал-дамшы бақыты мәңгілік бақытқа құштар адам баласының рухани сұранысын толық қанағаттандыра алмайды.

Жақсылыққа шақыру жауапкершілігі – Алла алдындағы міндетіміз. Олай болса, иман еткен әрбір кісі бұған өзіне жүктелген міндет ретінде қарап, намазға ұмтылғандай осы іске де ұмтылуы керек. Әсіресе, бұл міндет жамандықтың кең та-мыр жайған кезінде жеке парыздардың да алдына шығады. Ал бұл істі сезініп орындаған адамның бұл дүниесі де, ақыреті де жемісті болады. Біреуі кітап жазып түсіндірер, біреуі көркем

Page 561: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 561

тілімен уағыздар, біреуі тамаша мінезімен үлгі-өнеге көрсетер. Әркімнің шама-шарқы жеткенше бұл істі жасауы – мойнындағы борышы. Жақсылықты жаю – мұсылмандықтың нышаны. Ал, кім қалай жайса да, мұндағы басты мақсат – Алланың разылығын көздеу болып табылады. Әйтпесе, бұл қасиетті іс жеміс бермей-ді, жеміс бермек түгілі ақыретте зардабы да тиюі мүмкін. Алла тек Өзінің разылығы үшін жасалған ықыласты амалдарды ғана қабылдайды.

Мына аятта Алла бұл істің маңыздылығы мен оны тоқтатпау керектігін:

ة أخرجت للناس تأمرون بالمعروف وتنهون عن المنكر وتؤمنون بالل كنتم خير أم«Сендер адамдардың арасынан шығарылған жақсылыққа

шақырып, жамандықтан тыятын, Аллаға сенген қайырлы үмбет болдыңдар»841, – деп білдіреді.

Құран Кәрім бүкіл ғасырлар мен қияметке дейінгі келетін үмбеттерге түсірілген кітап болғандықтан ондағы дәстүрлердің бәрі әрқашан өз жалғасын табады. Сондықтан бұл аятқа зер са-лып қарасақ, өзіміз үшін маңызды көп нәрсе аламыз. Бұл аяттағы «кунтум» сөзі «болдыңдар» деген мағынаға келеді. Аятта «сондай едіңдер» демей «болдыңдар» сөзінің таңдалуының өзі жай емес. Яғни, әуел баста сондай емес едіңдер, кейіннен болдыңдар. Әуел бастан сондай болу бұл сипаттың оларда үнемі бар болғанын білдіреді. Алайда, ондай «қайырлы болу» кейбір шарттарға бай-ланысты, солар орындалған кезде үмбет қайырлы болады, ал орындалмаған кезде уахидің берекеті кесіліп, керісінше қайырсыз үмбет болады деген мағынаға да саяды. Олай болса, қайырлы үмбет болудың шарттары не? Құран бұған сол аяттың өз ішінде жауап береді: «Жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю». Міне, осы міндет орындалған кезде үмбет әрқашан да басқа адамдар-дан артық, қайырлы болып, бүкіл адамзатқа игілік пен адалдық жолында ұстаздық жасайды. Исламның әлемдік мәдениетке үлес қосуы осы міндеттің дұрыс орындалғанына байланысты. Сахаба-ларды да тарихта үстем қылып, қайырлы еткен осы сипат болса,

841 «Әли Имран» сүресі, 110 - аят.

Page 562: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері562

бұдан кейін келетін ислам үмбетінің қайырлы болуының шарты да осыдан келіп шығады.

Пайғамбарымыздың: «Күн мен түн болған барлық жерге бұл дін жетеді. Алла бұл дінді лайдан және жүннен жасалған барлық күркеге кіргізеді. Ұлылар ұлылығын, қорланғандар қорлығын табады. Бұл сондай бір ұлылық – Алла онымен ислам мен мұсылмандардың даңқын арттырады. Ал күпірліктің ішіндегілер-ді қорлап, дәрежесін төмен қылады»842, – деген хадисі исламның бүкіл әлемге өркен жаятынын паш етеді. Пайғамбарымыздың бұл айтқандары басқалар қаласа да, қаламаса да, біздер уағыздасақ та, уағыздамасақ та келері анық. Алла бізге емес, керісінше, біз Оған мұқтажбыз. Олай болса, бұл қасиетті керуеннен тыс қалмауға қам жасап, Алла разылығын көздеуіміз керек. Ол өзінің разы болған құлдарына сөзсіз жоғары мәртебелерді нәсіп етеді.

Алла дінінің көркейіп жайылуына қызмет еткен адамға көмек береді. Бұл турасында аятта:

ينصركم إن تنصروا الل«Егер Аллаға жәрдем етсеңдер, ол да сіздерге жәрдем

етеді»843, – деп кепілдік берілген.Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде «Алланы құлдарына

сүйдіріңдер, Алла да сендерді жақсы көріп, басқаларға жақсы көргізеді» деу арқылы Аллаға сүйікті құл болудың Оны өзгеге танытып, сүйдірумен жүзеге асатындығын білдіреді. Алланың разылығына бөлену – Оны сүйдіруге байланысты. Бір құдси ха-дисте «Құлымның ғибадатының маған ұнамдысы Мені танытуы мен Менің атымнан насихат етуі» деуі – біздер үшін көрсетілген ең жоғарғы меже.

Заманымызда әмру биль-мағруф, нәһию аниль мункәр (жақсылыққа үндеп, жамандықтан тыю) – өткен ғасырлардан да ауыр мойнымызға жүктелген борыш. Өйткені адамзат тарихы

842 Қандыһләуий,1-т., 47-б., кейбір хадисшілер бұл хадисті сахих десе, кейбіреулері әлсіз екенін айтады.

843 «Мұхаммед» сүресі, 7 - аят.

Page 563: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 563

дәл қазіргідей деңгейде осыншалық дінсіздікке, имансыздыққа душар болған емес.

Бұл жол – Адам атадан басталып кейінгі бүкіл пайғамбарлардың жалғастырған сара жолы. Жер бетінде жақсылықты жайып, жамандықтан тыю мен дінге қызмет етуден артық қызмет жоқ. Егер бар болса, Алла өзінің таңдап жіберген елшілері-не осы қасиетті міндетті жүктер еді. Жақсылықты жаю көктегі жарқыраған күндей адамдарға жарық беріп, Алланы таныту және адамдарды өздерінің пәк болмысына қауыштыру тұрғысынан пайғамбарлар үшін ең жоғарғы мәртебе және Алланың алдындағы ең таза міндет. Біздің намаз оқуымыз, ораза ұстауымыз, зекет бе-руіміз, қажылыққа баруымыз жеке мойнымыздың міндеті болса, жақсылықты жаю – қоғам алдындағы борышымыз. Басқаларға ақиқатты қабылдатқызудың ең сенімді және ең тиімді жолы – сөзіміз бен ісіміздің бір жерден шығуы әрі көркем мінезді бойы-мызда көрсете білу. Иә, айтқан нәрселерді бойымызға сіңіріп, алдымен өзіміз іс жүзінде көрсетпесек, Пайғамбарымыздың Миғраждан қайтып келген кезінде сол жақта көргендерін жет-кізген «еріндерінің оттан жасалған қайшымен кескіленгендердің санатында» боламыз. Олардың еріндері айтуға келгенде алдына жан салмай, істеуге келгенде бойкүйездік танытқандықтан кескі-ленеді. Алла бізді мұндайдан аулақ қылсын.

Бұл мәселеде де Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бен сахабалар және олардан кейінгі ислам ғұламалары осы қасиеттерімен ерекшелен-ген-ді. Абдуллаһ ибн Рауаха Пайғамбарымыздың бұл қасиеті жай-лы: «Егер ашық мұғжизалармен келмеген күннің өзінде нұр дида-рын бір рет көру – оған сену үшін жеткілікті болатын»844, – десе, яхуди ғалымы Абдуллаһ ибн Сәлам: «Оның бет - жүзінде иненің жасуындай да жалғандық жоқ»845 деп мұсылман болған-ды. Иә, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) әр қимылы, сөзі оның Алланың ел-шісі екеніне куәлік ететін.

844 Ибн Хажар, әл-Исаба, 2/307 б.845 Ибн Хишам, Сирә, 2 т.,163-164-б.; Абдуллаһ Ибн Сәлам жайлы кеңірек

мағлұмат үшін қараңыз: Саңлақ сахабалар, 192-197-б.

Page 564: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері564

Оның жетілдірген шәкірттері де айналасына нұр шашқан үлгілі жамағат болатын. Эфиопияға һижрат еткен бір топ мұсылманның бойынан көрген ерекше қасиеттер олардың өзін-өзі ұстаулары мен сөздеріндегі салмақтылық пен шынайылықтары сол елдің патшасы Нәжәшиге ерекше әсер етіп, мұсылманшылықты қабылдауына себепкер болған-ды. Ол Пайғамбарымызға сәлем жолдап: «Уа, Расулалла, қаласаң дәл қазір жаныңа барайын. Қаласаң, осы жерде қалып халқымды дінге шақырайын» десе, тағы бірде Алланың елшісімен бір-ге болу тілегін: «Әттең, бұл патшалықтың орнына Алла елшісінің қызметшісі болсам ғой» деп тілге тиек еткен-ді846. Меккелік мүшріктер мұсылмандарды қаншалықты жамандап бақса да, парасаты биік билеуші мұсылмандардың бойындағы қасиеттерге тәнті болып, мүшріктердің айтқанын қабылдамай мұсылмандарды өз қорғанына алған болатын. Міне, осылай-ша Пайғамбарымыздың тәрбиелеп, жетілдірген жамағаты аса көркем мінезді тұлғалар болғандықтан аз уақыттың ішін-де дүниенің түкпір-түкпіріне ислам шуағы тарап, қараңғы қалтарыстарға жарық түскен-ді.

846 Әбу Дәуд, Жәнәиз, 56; Бәйхақи, Дәләиль, 2/300

Page 565: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

565

Алау ӘділбаевНұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университетінің

ұстазы, теология ғылымдарының докторы

ЖАРАТуШЫНЫ ТАНу ҚАНДАй БОЛМАҚ?!

Жаратылыстың түп мәні – Алла тағаланы танып, Оның шексіз құдіретін баян еткен барша ақиқи ілімдердің тізгінін ұстау. Шы-найы мұсылман Хақ тағаланың Өзін танытатын Кітабын – Құран Кәрімді оқи отырып, Жаратушының бұл әлемдегі мінсіз тәртібіне көз жіберіп, таңғажайып заңдылықтарын тереңірек зерттеуді, зерделеуді өзіне парыз санайды. Бұл керемет жүйенің астарына үңіліп, тылсым сырына қанығып, тұңғиығына терең бойлаған сайын құдіреті шексіз ұлы күшке ие бір Жаратушының бары-на ден қояды. Жаратылыстағы жанды-жансызға ғибрат көзімен қарап, санаға сыйымсыз тұңғиық аспан әлеміндегі бұлжымас тәртіпке тәнті болады. Жер ша рынан тыс, айшылық алыс жатқан алып денелерге көз салса да, тіпті жаратылыстағы кішкентай бір бөлшекке үңілсе де, бәрінің бір ғана Жаратушының қолынан таспадай тілініп, қамшыдай өріліп шыққандығына көз жеткізіп, еріксіз таңдай қағады… Әлемдегі жұмбақ сырлар ашылған сайын оның таңданысы саналы ғибадатқа ұласып, Ұлы Жаратушыны танып-білуге де ген құлшынысы артқан үстіне арта түспек.

Алла тағаланы тану білімсіз жүзеге аспайды. Ал Оны танытпаған білімді «толық білім» деп айтуға келмейді. Себебі, қазіргі кездегі білім, түптеп келгенде тек материалды жалған дүниенің физикалық заңдылықтарымен ғана шектелген. Әрине, шектеулі ғылымның әлемнің алғашқы жаратылысы, дүниенің қыры және одан кейінгі әлемнің қандай күйде болатындығына тұщымды жауап бере алмасы бесене ден белгілі.

Ақыл-ой – Алланы табуға, тануға, Оған тағзым етуге жете-лейтін «жетінші құрлық» (басқа әлем ретінде алынып отыр). Алла тағала өзі жаратқан жанды-жансыздардың ішіндегі ең ардақтысы

Page 566: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері566

болып табы латын адамға өз бойындағы ой-санасын негізге ала отырып, терең пайымдауды насихат етеді. Құранда:

هو الذي جعل لكم الليل لتسكنوا فيه والنهار مبصرا إن في ذلك لآيات لقوم يسمعون «Ол сондай Алла тағала, дема лу үшін түнді, тіршілік

қылып әрекет етулеріңіз үшін күндізді жарық етіп жарат-ты. Мұнда зер салып тыңдайтындарға (саналылар мен терең ойлайтындарға Алланы көрсететін) даусыз дәлелдер бар»847, – делінеді.

Адам баласының санасына сәуле бітіп ойланбаған соң, сан мыңдаған жұлдыздармен аспанға «Алла» деп тайға таңба басқандай анық етіп жазылса да, бүкіл әлемді бағындырып, иелігіне бер-ген Жаратушысын бәрібір таппайды. «Алла – жер мен көктердің нұры» болса да, шел басқан көздер Оны «көре алмайды». Тіпті, ке неттен пайғамбарлар келіп Алланың бар екендігін жаһанға жар салып, түрлі мұғжизалар* көрсетсе де, надандық шекпенін ки-ген жандар көрсоқырлықпен қасарыса түсіп, Жаратушының бар екеніне шек келтіреді.

Олардың бұл күйін Алла Тағала:

شد ل يتخذوه سبيل وإن يروا سبيل وإن يروا كل آية ل يؤمنوا بها وإن يروا سبيل الر

بوا بآياتنا وكانوا عنها غافلين الغي يتخذوه سبيل ذلك بأنهم كذ«...Олар барлық дәлелдерді (мұғжизаларды) көрсе де

иман келтірмейді. Сондай-ақ, тура жолды көрсе де ол жолмен жүрмейді. Қисық жолды көрсе болды, оны бірден жол қылып ала қояды. Бұл олардың дәлелдерімізді өтірік деп, шындықтан мақұрым қалғандықтарынан»848, – деп сипаттайды.

Терең ой (арабшасы – «тәфаккур») – жүректің нұры, рухтың азығы, ілімнің тірегі. Терең ойсыз жүректі қара басып, рух семіп, өмірдің мәні қашады. Жақсы мен жаманның пайда мен зиянның,

847 «Юнус» сүресі, 67 - аят.848 «Ағраф» сүресі, 146 - аят. * Алла тағала тарапынан пайғамбарлардың шынайылығын дәлелдеу

үшін берілген, адам баласының күші жетпейтін жағдайларға мұғжиза делінеді.

Page 567: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 567

әсемдік пен сұрықсыздықтың ара жігі терең ойлау арқылы ажыра тылады. Кез келген оқиғадан ғибрат алғызып, әр істің әлқиссасында адымын аңдап бастыратын да осы – терең ой.

Жаратылыстың сан алуан сырын саналы, ойлы пенделерінің ғана ұғатындығын көрсете отырып, Алла тағала Құранда:

ولي اللباب ماوات والرض واختلف الليل والنهار لآيات ل إن في خلق الس«Даусыз, көктер мен жердің жаратылуында, түн мен

күннің алма-кезек ауысуында ақыл-ой иелері үшін айқын дәлелдер бар»849, – дейді.

Расында да, көктегі ай мен күннің белгілі бір тәртіппен шығуы мен батуында, алып аспан денелерінің мүлтіксіз айналуында зер-делі жандар үшін сансыз дәлелдердің бар екендігі айдан анық.

Жоғарыдағы аят мағынасының тереңдігі сондай, Сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл аятты еске алған сайын шартарап-ты санамен шарлап, түпсіз терең ой ағынынан шыға алмайтын. Сөйткен Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бірде: «Бұл аятты оқып, ой жі-бермеген адамның жағдайы қандай өкінішті!» – деген екен.

Үммүсәләмә (р.а.) анамыздың айтқанына жүгінсек, атал-мыш аят түскенде һәм кейіннен осы аятты оқыған сайын, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) көзіне жас алатын болған. Екі жаһан сұлтаны (с.ғ.с.) бірде тәһәжжуд (түннің бір бөлігінде оқылатын нәпіл намаз) намазында осы аятты оқып көз жасын тыя алмай-ды.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бірде: «Бір үйдің тірегі – оның ірге-тасы, ал діннің тірегі – Хақ тағала жайлы мағрифат (терең білу) жасап, жамандықтан тыятын ой-сана иесі болу», – дегенде, Айша анамыз (р.а.): «Жамандықтан тыятын ой-сана деген не?» – деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кісіні Жара тушысына қарсы қоймай, қайта оның Жаратушы иесіне құлшына мойынсы-нуына дәнекерлік ететін ой-сана» – деп жауап қайтарған бола-тын850.

849 «Әли-Имран» сүресі, 190 - аят. 850 А. Қушайри, ар-Рисалатуль-Қушәйрия , Каир, 1987, 398 б

Page 568: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері568

Жоғарыда айтылғандай білімсіз жанның Алла тағаланы тани алмайтындығы, керісінше, ғылымға көзі ашық кісілердің Алла-ны тануы анағұрлым нәтижелі, пайымды болатындығын тілге тиек еткен Зуннун Мысри бұл жайлы: «Алла тағала жайлы ең көп білетін кісі – Оған басқаларға қарағанда неғұрлым көбірек таңырқап, бас шайқайтын кісі», – деп ұтымды айтқан851.

Құран да осы бір ақиқатты айшықтап:

من عباده العلماء إنما يخشى الل«Шындығында, құлдарының ішінен Алладан шын

қорқатындар – ғұламалар»852 – деген аятында ғалым, көкірек көзі ояу кісілердің Жаратушысын танудағы ерекшеліктерін ар-найы атап өтеді. Расында да, күллі ғаламның жаратылысынан бейхабар, тек бір күндігін ғана ойлап, көп нәрсеге өресі жете бер-мейтін адамға қарағанда, жаратылысқа ойлы жүзбен қарай білетін ойлы жанның деңгейі бір емес.

Сыртқы әлем мен адамның ішкі дүниесін танытқанда ғана ілім, өзінің шынайы сипатына ие болады. Мұның барлығы да тек иләһи ақылдың күшімен жүзеге асады. Әйтпесе, жұмыр бас-ты пенденің шектеулі ой-санасы құдіреті шексіз Жаратушыны толық қамти ал майды. Сондықтан да адам баласы әрдайым иләһи ой-санаға мұқтаж.

Адам ойсыз жүре алмайды. Басқа мақұлықтардан ерекшелігі де, үстемдігі де осы ақыл-ой иесі бо луында. Адам өткен мен бүгінін, келешегін зерделеп, өмірдің мәнін іздеп шарқ ұрады. Ал жануарлар болса мұның бірін де ойланбағандықтан еш мұңсыз. Олай болса, адамның негізгі міндеті – иман келтіру. Ол бұл өмірге иман келтіріп, иманын іліммен толықтыру үшін келген. Шынайы ілімнің негізі мен рухы – Ұлы Жара тушыны тану. Сонан кейін Алла тағаланың бар екендігіне иман келтіру. Ұлы Жаратушыға иман еткен адам басына түскен қандай да бір қиыншылықтарды күле қарсы алады. Қуанышта шүкіршілік етсе, басқа түскен

851 Қушайри, 401 б.852 «Фатыр» сүресі, 28 - аят.

Page 569: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 569

ауыртпалықты Жара тушы тарапынан берілген бір сынақ әрі сый деп пайымдап, ешбір тосқауылсыз үрейін үмітке жеңдіре біледі.

Алла тағала бізді Өзінің сән-салтанатты, таңғажайып са-райын тамашаласын деп бұл әлемге құтты қонақ қылды. Өмір сүруімізге барлық оңтайлы жағдай жасап, жерді жайлы бесік-тей тербетті. Жер шарынан мыңдаған есе үлкен күнді жарық пен жылудың көзі етіп, жан-жануар мен өсімдіктерді құлдарының қызметіне бағындырып берді. Егер адам баласы бір жұтым суды немесе бір дәнді қолдан жасар болса, ол үшін жүздеген фабрика мен зауыттарды са луы керек, бірі оттегін, енді бірі сутегін, бірі жылу мен жарықты шығарса, бірі топырақты өңдеп, осылайша бір жұтым су яки бір ғана дән бізге өлшеусіз шығын арқылы кел-ген болар еді. Оның үстіне, мұның бір де біреуін адам баласы табиғи жаратылғандай етіп жасай алмайды. Жомарт Жаратушы-мыз осының бәрін біздің игілігімізге ақысыз берген болса, енді мұның бәрін кездейсоқтық деу ақылға қонымды ма?! Ғаламдағы сансыз құбылыстарды зерттеп, терең танып білген ғалымдар тым жіңішке жолмен жігі жатқызылған жүйеге таңғала отырып, Ұлы Жаратушының хас шеберлігіне бас иіп мойынсына білген.

Батыстық зерттеуші Джон Клин галактика жайлы зертте-улерін жүргізу барысында оның орасан кеңдігіне таңданады. Бірқатар ізденіс нәтижесінде ғалым ең кішкентай бөлшек бо-лып табылатын атомның алып күн жүйесіне өте ұқсас екендігіне қатысты төмендегідей тұжырымдар айтады:

«Атомдар да аспандағы жұлдыздар іспетті бір ядро айнала-сында жүйелі схемаға сай айналады. Ай налатын – электрондар. «Атом» деп айдар таққан ең кішкентай бөлшектен, «галактика» деген ең алып жаратылысқа дейінгі біздің айналамыздағы барлық нәрсе белгілі бір жоба бойынша өз осьтерін айналады. Бұл көріністің кездейсоқ болуы мүмкін бе? Кеңістіктегі қозғалыстар барысында сан мыңдаған денелердің кенеттен өз осьтерін осын-дай жүйелі түрде айнала бастауын кездейсоқтықтың қисынына тели аламыз ба? Өз басым бұған сене алмаймын. Өйткені, бұл жерде белгілі бір тәртіп пен жүйе бар. Галактиканың ұшан-теңіз кеңдігі маған Ұлы Құдіреттің бар екенін дәлелдейді. Ендеше

Page 570: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері570

мұның барлығын уысында ұстап, басқарып, белгілі бір жүйемен жүргізуші «Ұлы күш» міндетті түрде бар»853.

Ғалым Айферн Уильям: «Шебер Жаратушының бар екеніне сенемін. Өйткені, Оның қасиетті болмысы ғана көз алдымыздағы түпсіз әлемнің жалғыз қисынды түсіндірушісі бола алады» десе, Уайн Эйлет: «Әлемнің жаратылысы жайындағы теориялар оның жаратылуын түсіндіруге шамасы келмейді. Мұндай сұрақ адам-дарды кездейсоқтыққа апарып тірейді. Алайда, Алла тағаланың бар екендігін дәлелдейтін сансыз пікірлер кездейсоқтық тұжырымынан әлдеқайда қисынды. Өйткені, әлемдегі теңдессіз тәртіп пен жүйе – Шебер құрушысының бар екендігіне дәлел. Ой-санадан мақұрым кездейсоқтықтың нәтижесі емес» дейді854.

Аты әлемге Әйгілі физик Ньютонның басынан кешкен мына бір жайтты да осы тұста айта кеткен жөн.

Ғалым Күн жүйесіне ұқсас бір бөлмелік аппарат жасаған. Бұл аппараттың ерекшелігі сол – тетігін басқанда бөлмедегі күллі планета атаулы есепті жылдамдықпен өз осі мен Күнді айнала бастайды.

Бірде Алла тағала туралы түсінігі жоқ жақын досы үйіне келіп, таңданысын жасыра алмай:

– Неткен керемет! Бұл аппаратты жасаған кім? − деп сұрайды. Ньютон сыр алдырмай:

– Өздігінен пайда болған да, әйтпесе ешкім де жасаған жоқ, – деп жауап береді.

– Әсте сен менің не дегенімді түсінбеген боларсың, – деп досы сұрағын қайта қояды. Сонда оған титімдей ой салмақ болған Ньютон:

– Әрине, түсіндім. Дегенмен, бұл аппарат өз-өзінен кенеттен пайда болды. Сөйтті де эволюция (са тылай даму) жолымен осын-дай дәрежеге жетті, – деп жауап береді әлі де сыр алдырмаған қалпы.

853 Мусбет илим ве Аллаһ, құрастырған М. Айдын, Стамбул, 1976, 21- б.854 Мусбет илим ве Аллаһ, 26 б.

Page 571: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 571

– Мұндай сандыраққа сенетін мені кім деп ойлап тұрсың? – деп, әлгі ашуға мінеді. Сонда дәл осы сәтті күтіп тұрған Ньютон досының иығына қолын салып:

– Көз алдыңдағы бұл аппарат – заңдылықтары өзіңе де та-ныс теңдессіз күн жүйесінің қарапайым ғана макеті. Сен енді көз алдымыздағы бұл макеттің де әйтеуір бір жасаушысы бо-луы қажет екенін талассыз қабылдап тұрсың. Ендеше, бұдан сан есе үлкен ғажайып күн жүйесінің де бір жаратушысы бар екенін қалайша түсінбейсің? – деп, досына үлкен ғибрат ұқтырумен қатар, көкірегіне иман ұшқынын да ұялатқан екен.

Алла тағала әлемді өз болмысын көрсететін бір айна іспет-ті жаратқан. Өйткені, күллі жаратылыс, барша тіршілік – Оның бар екендігіне дәлел. Әлем кездейсоқ үлкен бір жарылыстың нәтижесінде пайда болып, ақыл-естен мақұрым аспан дене-лері өздігінен бір жерге түйісіп, ақылдаса келе осындай жүйені құрды деу шындыққа мүлдем жанаспайды. Кездейсоқ болған нәрселерден темірдей тәртіп пен таңғажайып жүйені көру әсте мүмкін емес.

Құранда Құдай тағала:

لن يخلقوا ذبابا ها الناس ضرب مثل فاستمعوا له إن الذين تدعون من دون الل يا أي

ولو اجتمعوا له«Ей, адам баласы, сендерге мысал келтірілді. Соған зер

салыңдар! Алладан өзге сендердің табы нып, жалбарынған Құдайларың түгел жиналса да, бір шыбынды да жарата алмайды»855, – деу арқылы, шы бын екеш шыбынды да жаратуға қауқарсыз екендіктерін көзге нұқып көрсетеді. Адам Алла тағаланы қаншалықты жақсы біліп, Оны қаншалықты жақыннан таныған сайын, Оған деген ынтасы, махаб баты артып, әдепті құл болады. Жаратушыны тануға тақуа мүмін де, дінсіз пенде де зәру. Тану арқылы сенімсіздер иман нұрына бөленіп, адасқандар тура жол таппақ. Ал, құлшылық мәнін тереңірек түсіну тұрғысынан

855 «Хажж» сүресі, 73 - аят.

Page 572: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері572

Ұлы Жаратушыны терең тани білу – мұсылман деген қасиетті атқа ие мүмін жандар үшін де өте маңызды.

Рухани аштық пен пендешіліктің адами, имани құндылықтарды бағаламай аяқасты етудің түп-төркіні Ұлы жа-ратушы – Алла тағаланы таны мауда жатыр. Тіпті, «Біз Алланы таныдық. Құдайға шүкір, құлшылығымызды жасаймыз. Ораза ұстап, на маз оқимыз» дей тұра пенделік әрекеттерге бой алды-рып қою − Хақты толық тани алмаудан туындайды.

Ғаламзаттағы тау, тас, жер, топырақ, күн, ай, жан-жануар, өсімдік, жәндік атаулының барлығының да тек адамзат игілігі үшін жаратылғандығы − оның аса бір ардақты жаратылыс екендігінің дәлелі. Ендеше, өзіндік ақыл-ес, сана-сезім, түйсігімен дараланатын адам баласының бұл өмірге келуіндегі ең әуелгі мін-деті – әлем жаратылысындағы осынау терең сырды түсініп, өзін қадірлі етіп жаратқан Жаратушысын та ну. Оның құдіреттілігі мен ұлылығының алдында бас иіп, өзінің әлжуаздығы мен дәрменсіздігін сезініп, құлшылық ету.

Page 573: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

573

Алау ӘділбаевНұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университетінің

ұстазы, теология ғылымдарының докторы

ЖОМАРТТЫҚ ДЕП НЕНІ ТүСІНЕМІЗ?

Қолдың ашықтығы, қайырымдылық және жақсылық атау-лы – жомарттыққа тән қасиет. Жомарттық – мұқтаж жандарға қолындағы мүмкіндігіне қарай, рұқсат етілген шеңберде тек Алланың разылығын ғана ойлап, ешқандай алғыс немесе мақтау күтпестен риясыз жәрдем беруді білдіретін жоғары адамдық қасиет. Бұл қасиет – дарқан көңілдердің иелері әнбия, әулие және салих құлдарға тән Алланың құдіреті мен мейіріміне деген адал сенімнің белгісі. Күдіксіз, Алла тағалаға деген кәміл иман нышандарының бірі – өзіндегі несібе-нығметтерді басқалардың бақыты үшін де жұмсай білу.

Мүмін Алланың көркем есімдерінің бірі – Раззақ (ризық беруші) екенін біліп, Алла тағаланың осы есімі арқылы бүкіл жаратылысқа құт-береке, өмірге қажетті барлық ризық-несібе беріліп тұр деп сенеді. Құранда айтылғандай:

وما من دآبة في الرض إل على الل رزقها«Жер бетіндегі жәндіктердің бәрінің ризығы Аллаға тән...»856

деп сенген адам қолындағы барын беруден қорықпайды, қайта қуанып, өзін бақытты сезінеді. Нығметтерді жіберген Жаратушы-сына шүкіршілік етеді. Қарымын ақыреттен күтіп, мал-мүлкін молынан береді.

Көркем мінездің ажырамас бөлігі – жомарттық. Құдіретті Жа-ратушымыз көптеген аяттарда мұсылмандарды жомарттыққа, дін жолында жақсылық жасауға шақырады. «Мұхаммед» сүресінің 38-аятында Алла тағала:

856 «Һуд» сүресі, 6 - аят.

Page 574: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері574

ن يبخل ومن يبخل فإنمايبخل عن فمنكم م هاأنتم هؤلء تدعون لتنفقوا في سبيل الل

الغني وأنتم الفقراء وإن تتولوا يستبدل قوما غيركم ثم ل يكونوا أمثالكم نفسه والل

«Негізі, сендер Алла жолында мал жұмсауға шақырылудасыңдар. Алайда, араларыңда сараңдар бар. Кім-де-кім сараңдық жасаса, өзіне сараңдық жасағаны. Өйткені, Алла бай, сендер кедейсіңдер. Егер Алладан теріс айналсаңдар сендердің орындарыңа басқа қауым әкеледі. Олар сендер секіл-ді болмайды» дейді. Негізінде Алла ешкімнің бергеніне мұқтаж емес, бермеген адам өзіне сараңдық еткен болады. Алла дүние-мүлкін жақсылық жолында жұмсамайтын қауымның орнына басқа қауым жіберетінін айтып, ескерту жасайды. Олар иман мен тақуалыққа ие болып, Жаратқанның уәде еткен сауаптары мен жетістігіне жетеді. Тағы бір аятта:

ول يحسبن الذين يبخلون بما آتاهم الل من فضله هو خيرا لهم بل هو شر لهم

ماوات والرض والل بما تعملون ميراث الس قون ما بخلوا به يوم القيامة ولل سيطو

خبير

«Алланың кеңшілігінен өздеріне берілген нәрселерінде сараңдық еткендер, бұны өздері үшін қайырлы деп ойламасын. Жоқ, бұл оларға жамандық әкеледі. Сараңдық еткен нәрселері қиямет күні олардың мойнына оралады. Көктер мен жердің мұрасы Алланыкі. Алла тағала сендердің істегендеріңнен толық хабардар»857, – делінген.

Сараңдыққа байланысты Әбу Зәрр былай дейді: Пайғамбарымыз Қағбаның көлеңкесінде отырған уақытта

қасына бардым. Мені көрген кезде кейіп: – Қағбаның Раб-бысына ант етейін! Олар зиян шегеді, – деді. Мен зиянға ұшыраушылардың кім екенін білмек болып: – Уа, Алланың ел-шісі, жолыңда әке-шешеміз құрбан болсын! Олар кімдер? – деп сұрадым. Пайғамбарымыз: – Олар байлығын оңына да, солына

857 «Әли Имран» сүресі, 180 - аят.

Page 575: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 575

да, алды-артына да осылай молынан беретін жомарттардың сана-тына жатпайтындар, – деп, артынша былай деді:

– Әттең, ондай дархан мінезді адамдар қаншалықты аз. Мына-ны біліп қойыңдар, түйесі, сиыры, қойлары бар бола тұра зекетін бермеген әр адамның ақыретте сол малдары мастана алдарынан шығып, алма-кезек сүзгілеп, тұяқтарымен таптайды. Соңғысы бі-тер-бітпес алғашқы мал әлгі сойқан азапты және бастай жөнеледі. Сөйткен бұл қорлық адамдар арасында үкім беру мерзімі біткен-ге дейін жалғаса береді.

Құранда жомарттық жиһадпен тең саналған. Құл өз ризығынан басқа құлдарға да үлес беру керектігі (Бақара, 254) ескертіледі. Жомарттықтың қиямет күнінде адамды түрлі қиындық, азап пен өкінуден құтқаруға себепкер болатыны (Бақара, 222) айтылады. Кейбір аяттарда жомарттық сауда-саттыққа ұқсатылып, жасаған жақсылықтар Аллаға берілген қарыз есебінде көрсетіледі (Бақара, 244; Мәида, 13; Хадид, 11). Алла үшін жұмсалған дүние-мүлік ақыретте сан есе артық болып қайтарылады. Міне, мейрімі шек-сіз Жаратқан Ие адамдарды осындай мол табысқа жеткізетін аб-зал амалға шақырып, жомарттыққа ынталандырады.

Жүректер жомарттық арқылы мұнтаздай таза, қалыпқа түседі (Ләйл,18). Өйткені, күпірлік пен екіжүзділіктен кейін, жүректі дүние-мүлік пен байлыққа деген құмарлық кірлетеді. Алла Тағала адам баласының осы әлсіз жағын нұсқап:

وتحبون المال حبا جما «Байлық, дүние-мүлікті тым жақсы көресіңдер»858 дейді.

Дүниеқоңыздық адамның ниетін бұзады, «мен мынаны елге тара-тып берсем, өзіме еш нәрсе қалмайды» – деп, шығайбайшыл ойға беріледі. Өзі екі ойлы адамды шайтан да одан ары азғыра түседі. Құранда:

يطان يعدكم الفقر ويأمركم بالفحشاء الش

858 «Фажр» сүресі, 20-аят

Page 576: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері576

«Шайтан кедейшілік, жоқшылықпен қорқытып, сендерді арсыздыққа итермелейді»859 деп ескертеді. Алайда, «Беріл-ген байлық пен дүние – адам үшін бір сынақ» Осы сынақтан сүрінбей аман-есен өтудің бірден-бір жолы – кеңпейілді, жомарт болу (Тағабун, 15-17).

Ислам ғұламалары жомарттықты бірнеше сатыларға бөледі:Сахауат. Мал-мүлкіңіздің бір бөлшегін беру арқылы жасалған

жомарттық. Бұл жомарттықтың ең төменгі дәрежесі ретінде қабылданған. Бұған зекет беру кіреді.

Жуд. Дүние-мүлкінің көбісін беріп, азын өзіне алып қалу арқылы жасалған жомарттық. Көбінесе хазірет Әбу Бәкірдің ислам жолында жиһад үшін жасаған жомарттығына келеді. Әділдіктің символы – Омар (р.а.) оның бұл жомарттығын былай-ша баяндайды:

«Исламның кең таралуы үшін Расулалла бірде жәрдемдесуімізді бұйырды. Бұл менің байлығымның ең көп кезі еді. Ішімнен «Әй, осы бүгін Әбу Бәкірден озбасам ба» де-дім. Мал-мүлкімнің жартысын Пайғамбарымызға әкеліп табыс еттім. Ол: «Әй, Омар! Отбасыңа не қалдырдың?» – деп сұрады. «Дүние-мүлкімнің жартысын қалдырдым»,– дедім.

Біраздан кейін Әбу Бәкір келді. Ол дүние-мүлкін тегіс алып келген екен. Расулалла (с.ғ.с.) одан, «Ей, Әбу Бәкір, отбасыңа сен не қалдырдың?», – дегенде оның жауабы мынау болды: «Оларға Алла пен Расулының сүйіспеншілігін қалдырдым». Мұны естіген мен «бұдан кейін жақсылық жасау жолындағы жарыста мен одан ешқашан да оза алмаспын» деп түйдім.

Исар. Өзіне қажет бола тұра, өзгелер үшін беру арқылы жасалған жомарттық860. Бұл – өзгелерге өмір сыйлағанмен барабар. Бұған мысал ретінде алтын ғасырдағы мәдиналық мұсылмандардың (ансар) меккелік мухажирлерді қалаларына шақырып, барлық мүлкін теңдей бөліп, Алланың разылығын ие-ленгендігін келтіруге болады. Құранда:

859 «Бақара» сүресі, 268 - аят.860 Қушәйри, 336 б.

Page 577: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 577

ا أوتوا ويؤثرون على أنفسهم ولو كان بهم م ول يجدون في صدورهم حاجة م

خصاصة «Олардың көңілдерінде мүміндерге бергендерінде кірбің

болмайды. Сондай-ақ, өздері таршылық пен мұқтаждықта бола тұра, оларды өздерінен артық көреді»861 делінеді. Міне, жомарттықтың ең биік шыңы – осы.

Жомарттық жайлы сөз қозғағанда, Пайғамбарымыздың жомарттығын айтпай кету мүмкін емес. Алланың сүйікті елшісі (с.ғ.с.) жоғарғы адамгершілік қасиеттер мен жо марттықтың да ең шыңында. Мәрттік – оның о бастағы тума қасиеті еді. Жаһілдік кезеңінде де жомарттар болған. Бірақ, олардың жомарттықтары өз беделдері мен даңқын көтеру үшін жасалатын. Қонақ келе қалса, «біз пәленбай, қой, сиыр, түйе сойып күттік» деп мақтанып, екі-лене кеуделерін соғатын. Алланың елшісі нағыз жомарттықтың өлшемін нақтылап көрсете білді. Қолыңдағы дүние-мүлікті оңды-солды шашу емес, қажетінше орнымен жұмсай білу ғана жомарттыққа жататындығын ұқтырды. Жаһілдік дәуіріндегі жомарттық көбіне-көп дарақылық пен ысырапшылықтан аса ал-майтын.

Абдуллаһ ибн Аббас Пайғамбарымыздың жомарттығы жай-лы «Алланың елшісі адамдардың ішіндегі ең жомарты еді. Ораза айында Жәбірейілмен бірге болған кезде қолындағы барын тегіс беретін. Жәбірейіл әр түні келіп, Оған Құран үйрететін. Жәбірейіл: «Алланың елшісі берекет әкелуші желден де жомарт»862, – дей-тін.

Бір хадисте айтылғандай:

قريب من الجنة قريب من الناس بعيد من النار والبخيل بعيد من خي قريب من الل الس

بعيد من الجنة بعيد من الناس قريب من النار الل

861 «Хашр» сүресі, 9 - аят.862 Муслим, Фәдәил, 12

Page 578: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері578

«Жо март – Аллаға, жаннатқа және халыққа жақын, жаһаннамнан алыс. Сараң – Алладан, жаннаттан және ел-жұрттан алыс, жаһаннамға жақын»863.

Алла елшісі (с.ғ.с.) өнегелі өмірінде жомарттықтың керемет үлгісін көрсетті. Ол ақиқатты жаюда да жомарттықты асыл құрал ете білді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) үшін бір адамның мұсылман болуынан асқан бақыт жоқ еді. Тіршіліктегі соңғы дәм-тұзы таусылғанға дейін оның жүрегінде дүниеге деген зәредей де құмарлық болмады. Пайғамбарымыз жасағандарын тек қана Алла үшін жа сап, ниетін таза ұстады. Біреуге үйіп-төгіп дүние-мүлік бер се де, ол ту ра лы жан адамға тіс жарып айт пады. Осы жомарттығымен көптеген адамдарды исламға тартты. Солардың бірі – кезінде Пайғамбарымыздың дұшпаны болған Сафуан. Хунәйн шайқасына шығарда Пайғамбарымыз одан қарыз алды. Шайқас біткеннен кейін мұсылмандарға көп олжа түсті. Сол ол-жаларды көріп қызыққан Сафуанға қалағанынша мал-мүлік берді. Алла елшісінің ерекше жомарттығын көрген ол қауымына ба рып: «Уа, халқым, тегіс исламға кіріңдер! Өйткені, Мұхаммед теңдессіз жомарттық көрсетті. Мұны тек қана кедейліктен қорықпайтын және Аллаға толық сен ген адам ғана бе ре ала ды!» – деген-ді864.

Алла елшісі өзінен гөрі өзгенің бақытына көбірек алаңдады. Ол ең соңғы ке зек те ба рып өз от ба сын, өз жақындарын ой лай тын. Соғыстан түскен олжаны бөліскен кез де, Бәдір мен Ухуд та шейіт болғандардың от ба сыларына ал ды мен үлестіретін. Үнемі өз от-ба сы на: «Мен әуелі оларға ұстатпастан сен дер ге еш нәрсе бе ре ал май мын», – дейтін865.

...Бір бәдәуи Пайғамбарымыздан мал-мүлік сұрады. Пайғамбарымыз сұрағанын берді. Тағы да сұрап еді, тағы да бер-ді. Үшінші рет сұраған кезде жаннаттың гүлзары (с.ғ.с.) қолында еш нәрсесі қалмағандықтан тауып беруге уәде етті. Пайғамбарды жанынан артық сүйген Омар бұл көрініске шыдай алмай: – Уа,

863 Тирмизи, Бирр, 40864 Муслим, Фәда’ил, 59; Ибн Хәжар, Исабә, 2 т.,1887; Муснәд, 6465; Кәнзу’л-

Уммәл, 10505; Ибн Һишам, Сирә, 4137.865 Бухари, Да’уа, 11; Әбу Дәуд, Әдәб, 100; Муснәд, 1136

Page 579: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 579

Расулалла! Сіздің елшілігіңізден ризамыз. Сізден сұраған кез-де бердіңіз, тағы сұрады, онда да бердіңіз. Тағы да сұраған кезде, қолыңызға түскен кезде беремін деп уәде бердіңіз. Неге өзіңізді соншама қинайсыз?! – деп салды. Сол сәт Омардың бұл сөзін салқын қабылдаған Пайғамбарымыз қабағын шыт-ты. Пайғамбарымыздың ризашылық танытпағанын байқаған Абдуллаһ ибн Хузафа тұрып былай деді: – Уа, Алланың елшісі, (Алла үшін) бер! Ғарыштың иесі Сені аш қалдырады деп қорықпа! Бұл жауапты естігенде Пайғамбарымыздың қабағы ашылып, жүзі қайта күлімсіреді. «Мен осылай жасау үшін жіберілдім» деп, өзінің бұл дүниеге деген көзқарасының қандай екенін көрсетті.

Осы бір ұлы тұлғаның арқасында мұсылмандардың ырысы артып, аз уақыттың ішінде-ақ әлемдегі ең бай елге айналды. Тіп-ті, елде садақа мен зе кет беретін адам та ба ал май тын күйге жет-ті. Же ке адам ба сы на шаққанда түсетін та быс өте жоғары бо лды. Соған қарамастан олардың ара сын да өте қарапайым, тақуа ғұмыр кеш кен адам дар да бар еді. Пайғамбарымыздың тәлім-тәрбиесі мен бүкіл әлемді қамтитын мейірім толы құшағында өскен адал сахабалар да өз өмірлерін басқалардың бақыты үшін арнады.

Исламды ең бірінші болып қабылдаған Ха ди ша ана мыз Меккенің аса бай адамда ры ның бірі болатын. Пайғамбарымыздың адал серігі, мұсылмандардың сүйікті анасы бар дәулетін Алла мен елшісі үшін жұмсап түгесті. Ислам жолында барын жұмсағандығы сонша, дүниеден озар кезінде, тіпті, өзін орай тын кебін са тып ала-тын дай да ақшасы қалмады866.

Негізі Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қаласа, әлемнің ең бай ада мы бо ла алар еді. Пайғамбарлығын жа рия ет кен алғашқы күндерінде Құрайыш тай па сы дағуасынан бас тартқызу үшін оған осын-дай ұсыныс жасаған-ды. Алайда, Пайғамбарымыз ол ұсынысқа үзілді-кесілді қарсылық білдірді. «Оң қолыма күнді, сол қолыма айды берсеңдер де ислам дінін уағыздаудан бас тартпаймын» деп табандылық танытты867.

866 Ибн Кәсир, әл-Бидәйа, 3 т., 158 б.; ‘Умар Рида, А’ламу’н-Ниса, Бейрут, ж.ж.,1-т., 326-331-б.

867 Ибн Һишам, Сирә, 1-т., 285-б.

Page 580: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері580

Кейіннен барлық мұсылмандардың дін жо лын да беретін нәрселері үнемі Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қолынан өтті. Пат ша-лар дан кел ген сый-сияпаттардың да есебі жоқ еді. Соғыстан түскен олжаның бестен бірі Алланың әмірі бойынша, Пайғамбарымыздың отбасына тиесілі болатын. Байлықты көздесе, ешқандай кедергі жоқ-ты. Бірақ, Ол өзі үшін бұлардың иесі бо лу ды ешқашан мақсат етпеді. Оның артынан зәулім-зәулім сарайлар емес, иман келтіріп, жандарын адамзатты құтқару жолына атаған нұрлы ұрпақ қалды. Осының өзі – ислам дұшпандарының жапқан жалаларын жоққа шығаратын оның пайғамбарлығына айқын куә.

Құранда:

ومن يوق شح نفسه فأولئك هم المفلحون«Кім бойындағы сараңдықтан сақтанса, міне, солар

нағыз құтылушылар»868, –деген аят бар. Қанағатсыздық пен тойымсыздықты тізгіндеу үшін жомарттық қажет. Бай-кедей болсын, дүние-мүлкі мейлі аз, мейлі көп болсын. Негізі, кедей күнінде біреуге бір нәрсе бере білмеген адам байығанда да уысы-нан ештеңе шығара алмайды.

Бір күні Пайғамбарымыздан: – Уа, Алланың елшісі, садақаның қайсысы жақсы?, – деп сұрағанда: – Пақырдың жомарттығы, – де-ген екен 869. Сондықтан садақа беру, жақсылық жасау қандай да бір мөлшерге емес, көңілге байланысты. «Шынайы байлық – жүрек байлығы». Алайда, адам өзі зәру кезінде қолындағысын бере білу ерік-жігерді қажет етеді. Бұл тікелей ниеттен туындайды.

Жомарттық – рух байлығы. Ол адамды мұқтаж жандарға бе-руге, жақсылық жасауға жетелейді. Мұндай рухқа ие болған кісі ешкімнің мәжбүрлеуінсіз жақсылық жасауды көңілі үнемі қалап, жеке және қоғамдық салада қажет нәрселерге тегіс қол ұшын бе-реді. Ондай жандар «Ризық беруші – Алла»870 түсінігі бойынша амал еткендіктен жүректері пәк әрі көңілдері бай болады. Қалай болғанда да басқалар үшін пайдалы болуға тырысып бағады. Тіп-

868 «Хашр» сүресі, 9 - аят.869 Әбу Дауд, Зәкәт, 32870 «Нәміл» сүресі, 64 - аят.

Page 581: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 581

ті, өзіне тапшы, зәру нәрсесін басқа адамға беруді қалайды. Бұл – кез келгеннің қолынан келе бермейтін – сақы жомарттық.

Адамды «Тірнектеп жиғанымды неге басқасына шашуым керек?», «Басқаға беріп, өзім зәру кезде қиналып қалармын» де-ген пасық ой жомарттықтан алшақтатады. Ислам бұл түсінікті толығымен жоққа шығарады. Ислам бойынша барлық нәрсенің шынайы иесі – Алла. Құранда жиырмаға жуық аятта бұл жайын-да баяндалған. Дүние-мүлік Алланыкі болса, онда оның Иесінің жолында жұмсалғаны иманды адам үшін ең дұрыс шешім болып табылады. Мұсылманның жомарттық сезімі осы түсініктен туын-дайды. Пайғамбарымыз (с.а.у) «Алла үшін надан да болса өзі жо-март пенде құлшылық етуші сараң құлдан жақсы»871, «Дүниеде өзгелер қызыға қарайтындар – жомарттар»872 дейді. Басқа бір хадисте Пайғамбарымыз адамның қол-аяғы бүтін, дін аман, сау-саламат кезінде жомарт болуға шақырып, бұл істі өлгеннен соң кейінге қалдырмауға кеңес береді. «Садақаның абзалы – өзің берген садақа. Садақа тірі, қолыңда бар кезде қалаған адамыңа қалауыңша бергенің. Әйтпесе, жан алқымға тірелген кезде кеш қаласың. Сендерден кейінгілер өз қалауынша жасайды»873. Сондықтан адам баласы өкінбеу үшін, Алла айтқандай

رتني إلى ن قبل أن يأتي أحدكم الموت فيقول رب لول أخ ا رزقناكم م وأنفقوا من م

الحين ن الص ق وأكن م د أجل قريب فأص«Сендерден біреулеріңе өлім таяп: – Уа, Раббым, мені

жақын бір заманға дейін кешіктірсең, садақа беріп ізгілерден болсам» деуден бұрын, өздеріңе берген несібемізден (Алла жо-лында) жұмсаңдар»874 деу арқылы Алланың берген несібесін тірі кезінде Оның разылығы үшін жұмсауды нұсқайды.

Жомарттыққа қарама-қарсы ұғым – сараңдық. Ол – қоғамдағы тепе-теңдікті, адамдардың арасындағы әділетсіздік пен өшпенділікті қоздыратын, Алла тағала қаламайтын қасиет.

871 Тирмизи, бирр, 40872 Бухари, Тәмәнна, 5; Тәухид, 45873 Бухари, Уәсәиа, 14874 «Мұнафиқун» сүресі, 10 - аят.

Page 582: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері582

Пайғамбарымыз бір хадисінде: «Бір мүміннің бойында бірге бола алмайтын екі мінез бар. Олар: сараңдық пен жаман мінез - құлық» дейді.

Сараңдық – Алланың нығметтерін ұмытып, тәкаппарлыққа са-лыну. Бұл қасиеттің зияндығына байланысты Құранда Қарунның қиссасы баяндалады.

Қарунның мал-дәулеті шалқыған бай болғаны соншалық, көптеген адам қазыналарының кілтін көтеріп жүретін. Өзіне: «Елірме, есірме, Алла тәкаппарларды жақсы көрмейді» деп қанша ескерту жасалса да құлақ аспады. Оған: «Алланың бер-ген дәулетін ақыретіңді жемісті ету үшін жұмсап, бұл дүниедегі нәсібіңді де ұмытпа. Алла саған жақсылық еткендей, сен де елге жақсылық жаса. Жер бетінде бүлік шығаруға бүйрек бұрушы болма. Алла бүлік жасаушыларды жақсы көрмейді» дегенде, Қарун: «Бұл байлық өзімнің білгірлігімнің арқасында берілді» деп қасарысты. Ол Алланың өзінен бұрын одан сан есе күшті және байлығы көп болғандарды жоқ еткенін білмей ме?»875.

Әу баста Қарун кәпір емес-ті. Алайда ас та төк байлық оны тасқаяқтай қағыстырып, тура жолынан адастырып жібереді. Тәкаппарлықтан жүрегі қатайып, мейірімнен жұрдай бола бас-тайды.

Қарунның байлығына қызыққан дүниеқұмар жандар, пен-делікке бой алдырып: «Біздің де Қарундікіндей байлығымыз бол-са ғой. Ол не деген жолы болғыш бақытты жан» деп тамсанды. Ақыреттен хабары барлар: «Сендердің жағдайларың қандай жа-ман. Алайда, иман келтіріп, ізгі іс істегендер Алланың сауабына кенеледі. Оған тек сабырлылар жетеді» деді.

Ақыры оны да, көркем сарайын да жердің түбіне батырдық. Енді кеше ғана оның орнында болуды көксегендер: «Сірә, Алла құлдарынан кімді қаласа, соның несібесін кеңейтіп, кейбіре-улерін тарылтады екен. Егер Алланың бізге деген қамқорлығы болмаса, бізді де жердің түбіне батырар еді. Расында да, кәпірлер құтылмайды екен» деді876. Бұл аяттар тәкаппарланып,

875 «Қасас» сүресі, 78 - аят.876 «Қасас» сүресі, 79-82 - аяттар.

Page 583: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 583

дандайсудың екі дүниеде де тығырыққа тірейтінін ұқтырады. Алла тағала Қарун сияқты шектен шығушыны осы дүниеде жазалау арқылы адамдарға сабақ беріп, дүниеге беріліп кетудің зияны мен байлықтың ажал келгенде пайда бермейтінін көрсетті. Қарунның ақыры қайғымен біткеніне куә адамдар сабасына түсті.

Негізінде бір қолға шоғырланған мол қаржы қоғам игілігі үшін жұмсалмаса қоғамдағы экономикалық-әлеуметтік тепе-теңдік бұзылады. Қазіргі кезде капиталистік жүйелердегі адамдардың хал-ахуалы – бұған кереметтей үлгі бола алады. Жекелеген адамдар шіріген бай болып жатса, сол өлкедегі халықтың көбі жоқшылықтан арылмаған кедейлер.

Кейбір рухсыз, парасат-пайымы төмендер өз нәпсісінің рақаты үшін пайдасыз, мағынасыз нәрселерге ақшаларын көл-көсір шашып, ысырап қылудан тартынбайды. Еш ойланбастан құмарханаға бір түнде ондаған мың доллар тастап кете баратын-дар зекет берудің өзінен ат-тонын ала қашады. Алайда, айнала-сында аш, бала-шағасын асырай алмай жүргендер қаншама. Олар-ды тіптен ойламайды. Әрине, оңай жолмен табылған ақша, оңай жолмен шығып кетеді. Маңдай тер, адал қызметпен табылмаған табыс бей-берекетсіз жұмсалады. Қара басының рақатына кел-генде ақшаның бетіне қарамай шашып, ал бір жарлы-жақыбайға көмектесуге келгенде ат-тонын ала қашудың қоғамға келтіретін зияны көп. Аш-жалаңаш жүрген адамдар кейін наразылық біл-діріп, тонауға, ұрлық жасауға, бай адамдарды өлтіруге көшеді. Қоғамдағы түрлі тап өкілдері арасындағы сыйластық пен үйлесімділік жоғалады.

Жомарттыққа байланысты Нафи былай деп әңгімелейді. Абдуллаһ ибн Омар ең жақсы көрген нәрсесін Алла жолында жұмсағанды жақсы көретін. Құлдары оның бұл мінезіне сыралғы еді. Сол себепті бостандықты қалағандар оның көзінше көп ғибадат етуші болып көрінуге тырысатын. Өйткені, Ибн Омар дінге берілген құлын көрсе, дереу азат ететін. Бір күні жолдаста-ры оған: – Олар сені алдап жүр, байқамайсың ба? –дегенде, Ибн Омар: – Мейлі ғой, өтірік болса да Алла жолында жасағандарын қабылдаймыз, – дейді. Сондағысы «бір күн болмаса бір күні

Page 584: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері584

жүректері жібіп, жалған әрекеттері шынға айналар» деген асыл үміті еді877.

Пайғамбарымыздың «Сатуда, алуда, қарыз төлеуде жомарттық танытқан әрі жеңілдікті қалаған адамға Алла рақымдылығын кең қылсын» деген хадисінің жүзеге асырылған үлгісін Имам Әбу Ханифаның өмірінен көруге болады.

Бір күні жолда қарсы алдында келе жатқан бір кісі оны көре салып бетін бұрып, бағытын өзгертпек болды. Бұны байқап қалған парасатты имам «Неге мені көрген бір мұсылман бағытын өзгерту керек?» деп ойлап бұл әрекетінен жайсызданды. Іле-шала Әбу Ханифа дереу оны қасына шақыртып:

– Неге мені көре салып жолыңды өзгертпек болдың? – деген-де, әлгі кісі қысылып:

– Мен сізден кезінде 10 000 ақша (сол кездің құны бойын-ша) қарыз алған едім. Қарыздың белгіленген күні өтіп кетті. Оны әлі сізге қайтара алмадым. Соны ойлап ұялғандықтан көзіңізге түспей-ақ қояйын деп едім, – дейді.

Әбу Ханифа:– Субханалла! Ол ақша саған менің сыйым болсын. Қайта

менен бой тасалайтындай жайсыздық жасағаным үшін кешірім сұраймын, – деп, жомарттық пен жоғары адамгершіліктің ерекше үлгісін көрсеткен еді878.

Жомарттық – кісіні адамдықтың ең биік шыңына шығаратын бірден-бір асыл қасиет.

Бір күні бала-шағасына нан алатын ақшасы қалмаған бір әке қасындағы бай көршісіне барып:

– Өте қиын жағдайда қалдым. Маған жәрдем етіңіз, – деп мұңын шағады. Бұны естіген байдың өңі құбылып сала береді. Шекесін тыжырайтып, жақтырмаған қалпы:

– Бауырым, соңғы кездері жұмыс оңға баспай қойды. Қарық қылып тауып жатқан табыс жоқ. Айыпқа бұйырма, менен көмек күтпе, – деп шығарып салады.

877 Месел денизи, 56 б.878 Месел денизи, 60 б.

Page 585: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 585

Бала-шағасы аштықтан бұратылған әке, амал жоқ, шығып ке-теді. Терең ойға батып келе жатқанда, жолай өзі сияқты жағдайы жоқ досының үйіне соғады. Ол досына:

– Бауырым, сенің жағдайыңның қандай екенін білемін. Алай-да, мәжбүр болғандықтан саған келдім. Күні бойы бала-шағам екі көздері төрт болып аштан-аш мені күтіп отыр. Оларға нан аларлық ақша таба алар емеспін, – дейді. Өзінің де жағдайы мәз емес досы түпкі бөлмедегі тартпаны ашып, бар ақшасын алып досының уысына салып жатып:

– Қадірлі бауырым, Алла тағала ешкімді таршылыққа ұшыратпасын. Бала-шағаның ашыққанын мен жақсы түсінемін. Біз, үлкендер үйіндінің ішінен болса да бір нәрсе тауып жер-міз. Бірақ, кішкентай бүлдіршіндер оны түсіне ме?! Сен мына ақшаға жолдағы дүкеннен азын-аулақ нәрселер алып, балаларыңа жеткізерсің, – дейді.

Әбден жоқшылықтың тауқыметін тартқан әке қолына азын-аулақ ақша түскенде өзін шексіз бақытты сезініп, дереу дүкенге жүгіреді. Тамақ боларлық қажетті азықтарды алып үйіне келді. Төрт көз болып, күткен балалар әкесін қуана қарсы алды. Бойла-рына ас барған бүлдіршіндер бір-біріне тығылыса лезде ұйықтап та кетті. Балаларының тойынғанын көрген әке ауыр жүктен құтылғандай еркін тыныс алды.

Сол күні әлгі тасжүрек бай қызық түс көреді. Түсінде аспанда жұрттың таң-тамаша болып қарасып жүрген екі сарайды көреді. Жұлдыздармен безендірілген сарайлардың біреуінен екіншісіне ұшып жүрген періштелер сарай иелерін қанаттарына отырғызып, апарып-әкеліп жүр екен. Бай адам:

– Бұл сарайды сатып алғым келеді. Иесі кім екен? – деп сұрағанда:

– Бұл сарайдың екеуі де ана бір жердегі кедейдікі. Қиналған бір әке оған барып, бала-шағасының қарнын тойдырарлық ақша сұраған екен. Ол тартпадағы ең соңғы ақшасын беріп, балаларына азық апаруына себепкер болған. Оның бұл қылығы Алла тағалаға ұнап, бұл екі жаннат сарайын оған сыйлады, – деген жауапты ес-тиді.

Page 586: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері586

Толқып оянған бай тағатсыздана таңның атқанын күтеді. Әлгіндегі адамды тауып алып, оған былай дейді:

– Кеше саған келген мұқтажға не берсең, саған екі есесін бе-рейін. Осылайша жәрдемді мен жасаған болсам қалай болады? – дейді. Ол кісі байдың басынан аяғына дейін сүзе қарап былай деп жауап береді:

– Жоқ, болмайды. Сенің көрген түсіңді Алла маған да көрсетті. Әрі сенің берген бұл ақшаны алсам да ол сарайды сен ала алмайсың.

– Сен алғанда мен неге ала алмаймын?– Мен жәрдем еткен кезде тек қана Алланың разылығы үшін

жасадым. Сен болсаң бұл ақшаны маған Алла үшін емес, түсіңде көрген сарайды алу үшін бересің. Айырмашылықты түсіндің бе?

– Қап,әттегені-ай сараң бай болғанша, сен сияқты мейірімді діндар, қанағатшыл болып, ол сарайларға мен иелік еткенде бо-лар еді, – деп өкінеді бай бармағын тістеп879.

Жомарттық – еш міндетсінбестен өзі жақсы көрген нәрсесінен зәру кісілерге беру. Осыған орай Молла Жамидің әңгімесі бізге жақсы өнеге.

Жомарт бір адамнан:– Кедей-кепшік пен мұқтаждарға берген нәрселеріңнен

көңіліңде тәкаппарлық, оларды өзіңе қарыздар көру сезімі бола ма? – деп сұраған екен. Жаңағы жомарт:

– Әсте олай емес. Мен өзімді аспаздың қолындағы шөміш сияқты көремін. Берілген нәрсе шөміш арқылы келгенмен негізгі беруші аспаз емес пе?! Шөміште «ризық беруші менмін» деген сезімнің болуы мүмкін бе?! – деген екен880. Расында да, адамдар жасаған жақсылықтары мен берген нәрселерін осындай терең түсінікпен беріп, нығметтерді жіберушінің Алла екенін ұмытпау керек.

Пайғамбарымыз: «Алла тағаланың сондай құлдары бар, өзгелерге де пайдасы тисін деп оларға мол нығмет беріледі. Кім бұл нығметтерге сараңдық танытса, Алла оны алып

879 А. Шахин, Діни хикайелер, 117-б. 880 Месел денизи, 57-б.

Page 587: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 587

басқаға береді»881 деп, қолда барда астамшылыққа салынбай, бұл нығметтерде басқаларының да үлесі бар болғандықтан оларға жақсылық жасау керектігін, егер бұның қадірін білмесе, бір күні сол дәулеттен айрылып қалатындығы ескертілген.

Жомарттық – жақсылықтың шын ризашылықпен, ерікті түрде жүзеге асуы, (Хашр, 5; Хадид, 11-18), істеген жақсылығы үшін мақтау, мадақ күтпеу, (Инсан, 8-10), жәрдем еткен кісісіне мін-детсіп, ренжітпеу, намысына тимеу (Бақара, 263-264).

Жомарттықтың ең қабыл болмағы – өзі мұқтаж бола тұра өзгеге беру. Қолындағы барын беру байлықтың берекетін артты-рып, бұл дүниенің берекетімен қоса ақыретте де ерекше сыйға бөленеді.

Жомарттық – көркем мінезділік. Бай адамның берген зекеті кедей мен байдың арасын жақындатады. Құл мен Жаратушының арасындағы берік қатынасты қамтамасыз етеді.

Жомарттық – жаннатқа апаратын берік жолдардың бірі. Жо-март жандар фәни нәрселерді Жаратушыларына беру арқылы бақилыққа қол жеткізеді. Өзі ішіп-жеп кеткен нәрселер осы дүниеде қалып жатса, ішкізіп-жегізгендері, мұқтаждарға берген-дері жаннатта сый ретінде есесімен өзіне қайта беріледі.

881 Ғазали, Мукашафатуль-қулуб, 137-б.

Page 588: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

588

Алау ӘділбаевНұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университетінің

ұстазы, теология ғылымдарының докторы

КІРШІКСІЗ ШЫНАйЫ МАХАББАТ

Ұлы Жаратушы өз құлдарын тура жолға бастап, жөн сілтей-тін шамшырақ пайғамбарларын бірінен кейін бірін жер бетіне жіберіп отырды. Әр пайғамбар өз міндетін қалтқысыз орындау-мен қатар ақырғы пайғамбардың келетінін алдын ала хабарлап кетті. Көптен күткен мақтаулы пайғамбар хазірет Мұхаммедтің (с.ғ.с.) дүние есігін айқара ашуы − адам зат тарихындағы негізгі жаңалықтардың бірі болды. Адам баласы дінді ғана емес, ғылым мен мәдениетті үйрену тұрғысынан да Алла елшісіне (с.ғ.с.) қыруар қарыздар. Алла тағала сүйікті құлына пайғамбарлық мін-детті тапсырумен қатар, Оны – «күллі әлемге тек рақым етіп қана жіберді». Ол бүкіл адамзат баласына шуағы мол ерекше нұр сый-лады.

Алла тағала мен елшісіне деген біздің жақындығымыз, оларға деген сүйіспеншілігіміздің өлшеміне байланысты. Нақтырақ айтсақ, оларды қаншалықты жақсы көрсек, соншалықты Хақ тағаланың разылығына кенеліп, Оның ерекше мейіріміне бөленеміз. Алла елшісінің (с.ғ.с.) соңынан еріп, үлгі тұтқан кезде ғана нағыз бақытқа қол жеткіземіз. Өйткені, Алла тағаланың өзі оны күллі адамзатты кемелдікке бастар ұстаз етті. Мұсылманның басты міндеті – Алланы және Оның пайғамбарын тану десек, тек жақсылап таныған адамның ғана оны шынайы сүйе алатындығы шындық.

Негізінде бұл сүйіспеншіліктің қандай болу керектігін үйреткен Алла тағала және Оның елшісі (с.ғ.с.) еді. Осыған бай-ланысты Құранда:

حيم قل إن كنتم تحبون الل فاتبعوني يحببكم الل ويغفر لكم ذنوبكم والل غفور ر«Егер Алланы жақсы көрсеңдер менің ізіме еріңдер, сон-

да Алла тағала сендерді жақсы көріп күнәларыңды кешіреді.

Page 589: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 589

Алла тағала өте кешірімді әрі аса рақымды – де!»882 – деп Өзінің елшісіне (с.ғ.с.) бағынуды, соңынан еруді, үлгі алуды әмір етеді. Шындығына келгенде, Оны үлгі тұтып артынан еру, тек сүйіспеншілікпен ғана жүзеге аспақ.

Тағы бір аятта Алла тағала:

هاتهم النبي أولى بالمؤمنين من أنفسهم وأزواجه أم «Мүміндер үшін пайғамбар өз жандарынан да артық.

Әйелдері олардың аналары...»883, – дейді.Сүйіспеншілікті үйреткен Пайғамбарымыздан өмірдің

мәнісін толық ұққан сахабалар, оны қалай жақсы көрудің асқан үлгісін көрсетті. Олардың қай-қайсысы болсын Пайғамбарымыз үшін шыбын жанын пида етуге әзір еді.

Омар Фаруқ (р.а.) та Алла елшісін жанындай жақсы көрді. Бірде ғаламның рақым нұры (с.ғ.с.) Омардан (р.а.):

– Мені қаншалықты жақсы көресің? – деп сұрағанда, ол:– Уа, Алланың елшісі, сені жанымнан басқаның бәрінен артық

жақсы көремін, – деп жауап береді. – Мені жаныңнан да артық жақсы көрмейінше толық иман

еткен болып саналмайсың, – деп Алла елшісі (с.ғ.с.) оған сүйіспеншіліктің қандай болу керектігін түсіндіреді. Істің мәнісін пайғамбардан үйренген ол жан-тәнімен:

– Уа, Расулалла, Сені енді жанымнан да артық жақсы көремін, – дейді. Алла елшісі оған:

– Міне, енді сүйіспеншілік кемеліне келді, – деді884. Тағы бір хадисте:

ل يؤمن أحدكم حتي أكون أحب إليه من والده و ولده والناس أجمعين«Кімде-кім мені әкесінен, баласынан және бүкіл адам-

дардан артық жақсы көрмейінше кәміл иман ет кен болып

882 Әли Имран, 31; Құранда Аллаһқа және Пайғамбарымызға мойынсынуға шақыратын аяттар көп. Мысалы, Әли Имран, 32; 132; т.б

883 «Ахзаб» сүресі, 6 - аят.884 Муслим, Иман, 69

Page 590: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері590

саналмайды»885 деуі, Алла елшісіне қатысты сүйіспеншіліктің иман келтірумен тікелей байланысты екенін көрсетеді.

Пайғамбарымызды жанымыздан да артық жақсы көру – иман кемелдігінің бірден-бір шарты. Осы ақиқатты терең сезінген сахабалардың жарқын ғұмыры әлбетте Алла елшісіне деген шы-найы сүйіспеншілікке толы болды.

Алланы жақсы көрген адамның Оның елшісін сүймеуі әсте мүмкін емес. Хазірет Пайғамбарды (с.ғ.с.) еске алғанда, көз алдымызға тек қана мейірім мен сүйіспеншілік келеді. Ол бүкіл адамзатқа мейірімділік пен рақым алып келді. Достары түгілі дұшпандары да одан тек қана жақсылық пен ізгілік көрді.

Реті келгенде еске сала кетейік, Мекке азат етілгенге дейін дін дұшпандарының Пайғамбарымызға көрсетпеген қорлығы қалмады. Олар өздерін зұлымдықтан құтқару үшін мейірім ретін-де жіберілген пайғамбарға қарсылық (бойкот) жариялап, үш жыл бойы мұсылмандарды шөл ортасында тастап, олармен ешқандай байланыс құрмады, сауда-саттық жасамай, жақындарына да көмек көрсетуге тыйым салды. Пайғамбарымызға ерген мұсылмандар ағаштың қабығы мен жәндікті қорек етіп күнелтті. Бұл кезде біраз адам аштықтан өлген еді. Бұл да жетпегендей мүшіріктер оны туған жерінен қуып шығып, ол жерде де түрлі зымияндықтарымен үнемі қорқытумен болды. Оның үстіне Бәдір, Ұхұт және Хандак сияқты ірі шайқастарда Пайғамбарымыз бен Оған ерген серіктерін жер бетінен жойып жіберу үшін бүкіл күш-жігерін жұмсады.

Әрі «Хұдайбия» сияқты шарттары ауыр болған келіссөзге қол қоюға мәжбүрледі. Пайғамбарымыз Меккені алған кезде бұл жасалған дұшпандықтардың бәріне көз жұма қарап: «бүгін барлығың азатсыңдар, ешкім де жауапқа тартылмайды»,- деді. Өзіне қарсы істелген қастандықтың бәріне Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Алла тағалам, бұлар менің пайғамбар екенімді білмейді ғой. Егер білсе бұлай жасамас еді. Оларды кешіре гөр!», – деп дұға етті.

Хаббар ибн Әсуад мұсылмандарға әрдайым жапа шек-тіріп, қолынан келген қастандығын істеп баққан, бірнеше

885 Бухари, Иман 8; Муслим, Иман 70, (44); Нәсәи, Иман 19, (8,114)

Page 591: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 591

мұсылманның жанын қиған, пайғамбардың қас дұшпаны еді. Бұл дұшпандығы-мен де шектеліп қалмай һижрет кезінде екі жаһан сардарының қызы Зейнепті атынан аударып құлатады. Осының нәтижесінде аяғы ауыр Зейнеп түсік тастайды. Біраз уақыт өткеннен кейін бұл кеселден өзі де қайтыс болады. Кейіннен Мек-ке алынған кезде Пайғамбарымыздан кешірім сұрап жалбарын-ған Хаббарға рақым пайғамбары кешірім жасайды.

Осылайша, кезіндегі азулы дұшпандары пайғамбар бойындағы көркем мінез бен мейірімділік, әділдік пен адалдық-ты көргенде жүректері жібіп, оның ең жақын серіктеріне айна-лады.

Бір кездері Исламның ата жауы болған Амр ибн Ас та, басқа сахабалар сияқты кезінде өз қолымен өлтіруге жанын салған хазірет Мұхаммедті кейіннен өз жанынан да артық көрген бола-тын. Ақтық демі бітер сәтте Амр ибн Ас: «Алғашында кәпір едім... Алланың елшісіне ең қатыгез болғандардың бірі бо латынмын. Егер сол кезде өлген болсам жаһаннамның шыңырау түбіне кетер едім. Кейін Алла елшісіне серт беріп, пайғамбарлығын мойын-дадым. Адамдардың арасында Алла расулындай ешкімді жақсы көрген емеспін. Егер маған оны сипаттап бер десе, оған шамам келмес еді. Өйткені, Пайғамбарымызды сыйлап, құрметтегенім соншалықты, жүзіне тура қарай алмайтынмын... Егер сол кезде өлген болсам, міндетті түрде жаннатқа кірермін деп үміт етер едім...», – деген-ді886.

Исламға дұшпандық жасауда әкесімен жарысқан Әбу Жәһилдің баласы Икрима Меккенің алынып, көптеген кісілер мұсылмандықты қабылдап жатса да қастығын тоқтатпады. Соған қарамастан Рақым пайғамбары оны хақ жолына шақырумен бол-ды.

Йеменге қашып кеткен Икриманы өзінен бұрын мұсылманшылықты қабылдаған әйелі іздеп барып, Алла елшісінің оны кешіретінін айтып, кері қайтарды.

Икрима Меккеге кірер кезде Алла елшісі өзінің парасаттылығы мен мейірімділігімен сахабаларына «Әбу Жәһилдің бала-

886 Р. әл-Баша, ас-Суару мин хаятис-сахаба, Бейрут, ж.к.,1 т., 114 б.

Page 592: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері592

сы Икрима мүмін һәм муһажир ретінде келе жатыр. Әкесін жамандамаңыздар. Өйткені, марқұмды жамандау өліге емес, тірі-ге зиянын тигізеді» деді.

Икрима келгенде Пайғамбарымыз оны «Ей, һижрет етуші жо-лаушы, қош келдің!» деп ілтипат білдірді. Пайғамбардың ыстық ықыласпен қарсы алғанын көргенде Икриманың қара тастай қатып қалған жүрегі сол мезетте-ақ жібіп, Алла елшісінің қолына жармасып: «Бүкіл дұшпандықтарым үшін Алладан маған кешірім тілеуіңді өтінемін», – деп тебіренеді. Әрине, ол мұндай ерек-ше жылылықты күтпеген болатын. Артынша бар ықыласымен Пайғамбарымызға: «Уа, Алланың елшісі! Исламға дұшпандық жасау жолында қаншалықты күш пен дүние-мүлік жұмсаған болсам, бұдан былай оның екі есесін ислам жолына арнауға ант етемін», – деді. Ол өз уәдесінде тұрды. Йәрмүк шайқасында мал-мүлкін ғана емес, жанын да пида етті. Жанын тәслім етер кезде «Уа, Расулалла! Саған берген уәдемде тұрдым ба?» деп, іле-шала «Юсуф» сүресінің:

الحين توفني مسلما وألحقني بالص«Раббым, жанымды мұсылман етіп ал әрі салиқалы жан-

дармен бірге қыл!»887, – деген аятын оқиды. Пайғамбарымыз «Алланың арыстаны − Хам заны» өлтірген

Уахшиді, Әбу Жәһилдің ұлы Икри маны, Амр ибн Ас, Халид ибн Уәлид т.б. сияқты азулы дұшпандарын кешіруі арқылы олардың ең ғазиз ада мына айналды. Бұл оның (с.ғ.с.) «тек Рақым етіп жі-берілгеніне» шүбәсіз айғақтардың бірі ғана...

Екі жаһан сұлтанының (с.ғ.с.) өзіне аумай тартқан сүт кенжесі әрі ұрпағын жалғастырушы сүйікті қызы хазірет Фатима «На-сыр» сүресі түскен кезде Алла елшісінің өмірден озатынын сезіп жылаған еді. Пайғамбарымыз төсек тартып жатқанда оны қасына шақырып алып, құлағына сыбырлайды. Алғашында Фатима ба-сына жай түскендей еңіреп жылайды. Екінші рет сыбырлағанда жүзі күлімдеп сала береді. Пайғамбарымыз өмірден озғаннан кейін мұның мәнісін сұраған Айша анамызға (р.а.) ол: «Алдымен

887 «Юсую» сүресі, 101 - аят . Р. әл-Баша, 1 т., 99-100- б.

Page 593: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 593

әкем өзінің бұл дүниемен жақын арада қош айтысатынын айт-ты. Сол үшін жыладым. Екіншісінде арғы дүниеде отбасының арасынан өзіне бірінші болып менің қауышатынымды айтты... Қуануымның себебі сол», – деп жауап берген еді888.

Әкесі дүние салғанда хазірет Фатима үшін өмірден мән-мағына қашты. Күндіз-түні көз жасын төккен ол Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жоқтығына алты ай ғана шыдай алды. Алты айдан кейін Пайғамбарымыздың айтқаны айдай келіп, сүйікті әкесіне туыстарының арасынан ең алғаш қауышқан (ақыретке аттанған) хазірет Фатиманың өзі болды889.

Пайғамбарымыздың ең жақын досы әрі сенімді серігі Әбу Бәкір Сыддық төсек тартып жатқан Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) «Алла дүние мен ақыретті таңдауды құлының еркіне берді. Ол құл ақыретті таңдады» дегенін естіді. Іштей Алла елшісінің өмірден озатынын сезіп, «Ей, Алланың елшісі, әкеміз, анамыз, бала-шағамыз сен үшін садақа болсын! Сен аман қал, біз сенің орныңа бақилық болайық» деп жылады890.

Пайғамбарымыз соңғы сапарға аттанбастан бір апта бұрын сахабаларын жинап, олардың ислам үшін жасаған жанқиярлықтарын айтып, Аллаға дұға етеді. Соңында өлімінің де таяу екенінен хабар бергенде са хабалар қарадай жетімсіреп, оңаша қалған кездерінде Алла елшісін (с.ғ.с.) өлімге қимай, іш-тей егілумен болды. Олар үшін жарық күн қараңғы түнге, түн болса қара түнек қабірге айналған еді.

«Мұсылман қауымның алғашқы азаншысы хазірет Біләлдің пайғамбарлар сәруары – хазірет Мұхаммедке (с.ғ.с.) деген сүйіспеншілігін тілмен ай тып жеткізу мүмкін емес. Исламды қабылдағаннан кейін бір сәт болсын қасынан ажырамаған ол екі дүниенің сұлтаны Мұхаммед (с.ғ.с.) ақыретке аттанғанда, көпте-ген сахабалар сияқты қабырғасы қайыса қайғырып Мәдинада қала алмады. Ол үшін Алла елшісінің кетуі жарық күннің сөнуімен

888 Бухари, Манақыб; Муслим, Фадаилус-сахаба, 98,99.889 Муснәд, 1, 6; А. Әділбаев, Саңлақ сахабалар, «Алтын қалам» баспасы,

Алматы, 2004, 242-243 б.890 Бухари, Фадаилул-асхаб: 3; Муслим, Фадаилус- сахаба: 2-3

Page 594: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері594

бірдей болды. Өйткені, Мәдинаның әр тасы мен топырағы оның есіне Алла елшісін түсіретін. Біләл сол тұстағы халифа хазірет Әбу Бәкірден басқа жаққа кетуге рұқсат сұрады. Әбу Бәкірге ба-рып:

– Ей, Алла елшісінің халифасы! Мен Пайғамбарымыздың: «Мүміннің ең қайырлы ісі – Алла жолындағы жиһады» – дегенін естіген едім. Мен де өлгенге дейін дін жолында жанымды пида еткім келеді, – деді. Әбу Бәкір:

– О, Біләл! Бізге кім азан шақырады? – дегенде, екі көзге ерік берген хазірет Біләл:

– Мен Алла елшісінен кейін ешкімге азан шақыра алмаймын, – деді.

Біләлдің алысқа кеткенін қаламай, қанша жібермеуге тырыс-са да хазірет Біләл:

– Уа, Әбу Бәкір, рас сен мені құлдықтан құтқардың. Егер мені өзің үшін азат еткен болсаң, онда алып қал. Ал, егер Алланың разылығын көздеп сатып алған болсаң, еркіме жібер, – деді.

Хазірет Әбу Бәкір рұқсат берген соң хазірет Біләл Хабаши Шамға барып, Ислам туын асқақтатуға бар жігерін салады.

Шамда жүрген кезінде бір түс көріп, Мәдинаға кел-ді. Пайғамбарымыздың қабірінің қасында хазірет Хасан мен Хұсейінді кездестіріп, Алланың сүйікті елшісімен (с.ғ.с.) бір-ге өткізген асыл күндерді еске алды. Әлемдердің падишасы (с.ғ.с.) дүниеден озған соң, Біләл Мәдинада азан шақырмаған еді. Ғаламның рақым нұры (с.ғ.с.) ақыреттік болғаннан кейін азан шақыруға батылы да бармайтын. Өйткені, азандағы «Әшһәду әннә Мухаммадан Расулуллаһ» (Мұхаммедтің Алла елшісі екен-дігіне куәлік етемін) деген сөйлемді айта алмай тамағына өксік тығылып, іркіліп қалатын. Даусы шықпай көз жасына булығып, аяқтарының буыны босап кете беретін.

Пайғамбарымыздың «менің дүниеде мауқымды басқан екі райханым» деп атаған немерелері Хасан мен Хұсейіннің өтінішінен кейін, соңғы рет Мәдинада азан шақыруға бел буды. Көзін көкке қадап тұрып, бүкіл жан дүниесімен азан шақырды. Бүкіл Мәдинада Алла елшісіне (с.ғ.с.) деген сағыныш жаңғырды.

Page 595: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 595

Ел тегіс көшеге шықты. Алла расулының нұрлы өмірін көз алда-рына елестетіп, Пайғамбарымыз қайта тіріліп келіп, Біләлге азан шақыртқандай болды. Сол күні көзіне жас алып иығы селкілде-меген тірі жан қалмады891.

«Қандай иман! Неткен таңғаларлық шынайы сүйіспеншілік! Адамзат тарихында дәл хазірет Мұхаммедтей (с.ғ.с.) мұншама сүйіспеншілікке басқа ешкім ие болмаған»892.

Пайғамбарымыз Муаз ибн Жәбәлді Йеменге ат тандырар кез-де оған біраз өсиет айтты, артынша:

– Ей, Муаз, қайтып оралғаныңда, бәлкім, менің қабірім мен мешітімді ғана зиярат етерсің, – деп, өзінің Ұлы Досына (Аллаға) аттанарлық күннің жақындағанын сездірген еді. Бұл сөзді естіген Муаз төбесінен жай түскендей сенделіп, тамағына өксік тығылды. Буын-буыны босап, қолдары қалтырап, көзі мөлтілдеп жасқа тол-ды. Сол сәтте оның Йеменге кет пек тұрмақ, орнынан тұруға да дәрмені қалмаған еді893. Сахабалар үшін Алла елшісінен (с.ғ.с.) жырақ қалу қиямет қайымның сынағындай ауыр соғатын. Оның нұр шашып, шапағатқа бөлеген рухани кеңістігінен алыстап кету өмір шамшырақтарының маздап барып сөнуіндей үрейлі еді.

Пайғамбарымыздың айтқанындай болды. Муаз келесі жылы оралған кезде сүйікті пайғамбардың қабірін ғана зиярат етті.

«Маур-ражи» шайқасынан кейін Хубәйб ибн Адиді дарға аспақ болғанда көздері қанталап, бойла рын ыза-кек кернеген мүшіріктер одан: – Қазір өзің құтылып, сенің орныңа Мұхаммедтің асылғанын қалар ма едің? – деп сұрағанда, Хубәйб басына төніп тұрған қатерге қарамастан айбарын шашып: – Аллаға ант етейін. Оның асылғаны түгіл табанына тікен қадалуын қаламаймын, – деп жауап берген болатын. Дарға асылар кезде Хубәйб қолын көкке көтеріп «О, Раббым, бұл жерге шығарда Сенің сүйіктіңмен қош айтыса алмаған едім. Менің сәлемімді оған жеткізе гөр» деді. Дәл осы кезде сахабаларымен сөйлесіп отырған Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) орнынан тұрып: «Алланың сәлемі болсын саған, Хубәйб!»,

891 Р. әл-Баша, 1 т., 414-416 -б.892 Саңлақ сахабалар, 174-175-б893 Муснад, 5:235.

Page 596: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері596

– деді. Қасындағы сахабалар істің мән-жайын сұрағанда Алла елшісінің қос жа нары жасқа толып: «Мүшіріктер Хубәйбті шейіт қылды. Соңғы сәтінде маған сәлемін жолдады, мен оның сәлемін алдым» деді894.

Хубәйбтен бір күн бұрын шейіт болған Зәйд ибн Дәсинә да дәл осы сөздерді айтқан болатын. Бұл сөздерді естіген Әбу Суфиян (ол кезде әлі мұсылман емес еді) «Мұхаммедтің сахабаларының Мұхаммедті сүйгеніндей басқа ешкімді сүйгенін көрген емеспін» деген таңданысын жасыра алмаған еді895.

«...Ұхұт шайқасында Алла расулының (с.ғ.с.) соңына ер-ген сахабалардың біразы шейіт болып, Алла елшісінің жа-нында аз ғана адамның қалғанын көрген қаһарман әйел Несібе Пайғамбарымызды қорғауға жанұшыра ұмтылады. Несібенің жанқиярлық ерлігін Пайғамбарымыз «Ұхұт күнінде оңыма да, со лыма да қарағанымда Үмму Уммараның өліспей-беріспей шайқасып жатқанын көрдім» деп паш еткен.

Осы шайқаста Несібенің баласы жараланады. Баласының қолын дереу таңып, оған «Балапаным, кәне, Алла расулының (с.ғ.с.) алдында шайқасып, оны дұшпаннан қорға» деп, өз ба-ласын Алла расулының (с.ғ.с.) жолында шайқасуға жұмсады. Несібенің өзі де бұл шайқаста қатты жарақат алған еді. Қиындығы қылша шатқалдай бұл ұрыста азулы мүшірік Ибн Камия Пайғамбарымыздың жүзін жарақаттап, екі тісін сын-дырды. Пайғамбарымыздың қан жуып кеткен жүзін көргенде, жауыз мүшіріктің жанын жаһаннамға жөнелтуге асыққан Несі-бе оған қылышын сермейді. Алайда, екі қабат сауыт киіп алған дұшпанына бұл шыбын шаққан құрлы да бол майды. Ибн Камия ұрыста тұрысты білмейтін Несібенің иығын семсерімен сойып түседі. Басқа саха балар ержүрек әйелге жәрдемге үлгеріп, жанын аман алып қалады. Оның жарақат алғанын көрген Алла расу-лы Абдуллаһқа: «Анаңның жарақатын таң», – деді. Шыбын жа-нын шүберекке түйіп шайқасқан бұл отба сына «Алла, сендердің отбасыларыңа мейірім-шапағатын жаудырсын» деп дұға етті.

894 Бухари, Мағази, 38, 9; Әбу Дауд, Жиһад, 115 (2660)895 Р. әл-Баша, 28-29-б.

Page 597: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 597

Бұны естіген Үмму Умара шабыттана түсіп «Уа, Расулалла! Ал-ладан жаннатта бізді өзіңмен көрші етсін деп тілек тілеңізші», – дейді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бақытты, ержүрек әйелдің көңілін қалдырмай, алақанын көкке жайып: «Алла тағалам, бұларды жан-натта маған қоңсы әрі жолдас ет», – дейді. Бұл дұғаны естіген Умму Умараның төбесі көкке жетіп, «Бұдан кейін басыма қандай қиындық келсе де көтеріп алуға мен әзірмін» – деп, Алла елшісі-не (с.ғ.с.) деген сүйіспеншілігін білдіреді...»896.

Уруа ибн Мәсуд әс-Сақафи Хұдайбияда мүшіріктер та-рапынан мұсылмандармен келіссөз жасауға жіберілген кезде сахабалардың Пайғамбарымызға деген ерекше құрметтері мен сүйіспеншілігіне куә болған еді. Алла елшісінің бойындағы терең иман мен пайғамбарға лайық ұстамдылығын көріп тебіренеді.

Сахабалардың Пайғамбарымыздың айналасында пәруанадай шыр айналғанын көрген Уруа Меккеге қайтқан кезде «Мен қаншама патшалар мен билеушілерді көрдім. Алайда, бұлардың ешқайсысы дәл Мұхаммедке сахабаларының көрсеткен құрметіндей сый-құрмет көрген емес. Мені тыңдасаңдар, бұл адаммен жағаласуды, жауласуды доғарыңдар» деген-ді. Ол бір-біріне мейлінше мейірімді бұл қауымға тосқауыл болудың мүмкін еместігін бір көргенде-ақ сезген-ді.

Сахабалар Пайғамбарымызды гүл тозаңына қонған таңғы шықтай елестетіп, оның құс ұя салған жүрегін абайсызда жа-ралап алмауға жандарын сала тын. Өз қалауларынан гөрі Пайғамбарымыздың қалауының орындалғанын тілейтін.

Хазірет Әбу Бәкір әкесі Кухафа мұсылман болған кезде сол мезетте-ақ жанары жасқа толып шыға келді. Пайғамбарымыз одан бұлай егілуінің себебін сұрағанда, ол «менің әкемнің орны-на сенің немере ағаң Әбу Тәліп мұсылман болғанда тіптен қатты қуанар едім. Өйткені, оның мұсылман болуы сені қуантар еді» деген-ді897.

896 А. Халил Жум’а, Ниса’у мубашшарату бил-жанна, Бейрут, 1990, 1/124; Сахабилер ансиклопедиси, 2 т., 831-834-б. Саңлақ сахабалар, 244-245-б.

897 Қандыһләуй, Хаятус-сахаба, ауд. А. Арслан,Стамбул, 1993, 2 т., 356- б.

Page 598: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері598

Әбу Талха Ухуд шайқасында өз денесін Пайғамбарымызға қорған етіп, жауына оқ жаудырып жүрді. Пайғамбарымыз оның атқан оғы қайда түсті деп басын көтеріп қарайтын. Мұны байқаған Әбу Талха Пайғамбарымызға оқ тиіп кетуден қорқып: «Алланың елшісі! Әке-шешем сіздің жолыңызда садақа болсын. Абайлаңыз. Сізге оқ тиіп кетпесін. Менің денем сізге қорған болсын», – деп, Пайғамбарымыздың тірі қалуы үшін өз жанын пида етуге даяр екенін көрсеткен еді898.

Хазірет Омар Фатима анамызға келіп: «Ей, Фа тима! Аллаға ант етемін, пайғамбардың біреуді сенен артық жақсы көргенін көрген емеспін. Әкең қайтыс болғаннан бері сенен артық құрмет көрсетіп, сенен қатты жақсы көрген адамым жоқ», – деді899.

Қанды Ұхұт шайқасында «мұсылмандар жеңіліске ұшырады және Расулалла шейіт болды” деген ха барды ести сала, екі өкпесін қолына алып, соғыс алаңына барған қаһарман әйелдердің бірі – хазірет Сүмәйра болды. Ұхұт шайқасына қатысып қаһармандық танытқан асыл ерлердің қатарында Сүмәйраның күйеуі, бауы-ры және баласы бар еді. Ұхұт шайқасында бұл үшеуі де шейіт болып, денелерінен сау-тамтық қалмайды. Майдан шебіне кел-ген Сүмәйраға сахабалар көңіл айтып, сабыр тіледі. Алайда, ол «Алла расулы қандай күйде?» деп сұраумен болды. Сахабалар Алла елшісінің (с.ғ.с.) тірі екенін айтса да, өз көзімен көрмейінше көңілі көншімеді. Жанындағылардан Алла расулының қайда екенін сұрап алып, бөгелместен сол жаққа қарай бет алды. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) тірі екендігін өз көзімен көріп қуанғаннан Сүмәйраның жанарынан жас ыршып кетті: «Әке-шешем жолыңда құрбан болсын, уа, Расулалла! Сен тірі болсаң болды, басқа қиындық сөз емес», – деді900.

Күйеуі мен баласынан бірдей айырылып қалу оған ауыр тисе де, олардың жаннатқа баратынына сенген Сүмәйра көңілін осы-лайша жұбатты.

898 Ибн Касир, әл-Бидая уән-нихая, Бейрут, 1978, 4 т., 27 б.899 Қандыһләуй, 2.т, 358 б.900 Ибн Кәсир, әл-Бидая, 4 т., 54 б.

Page 599: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 599

Ал, Алла расулының (с.ғ.с.) қазасын сахабалардың көбісі көтере алмайтын. Алла расулы нан айырылу олар үшін Алла-дан келген нұрдың сөнуімен бірдей қасірет еді. Сахабалардың мәртебесін көтерген де осы бір Алла елшісіне (с.ғ.с.) деген шексіз сүйіспеншілік болатын. Алла расулының барша мұсылман, күллі адамзаттың жүрегінен жеке-жеке орын табуының өзі – оның (с.ғ.с.) Алланың елшісі екендігінің айқын дәлелі болса керек. Он төрт ғасыр өтсе де, арғы-бергі тарихтағы ұлы тұлғалардың арасын-да аты жеке-дара аталатын хазірет Мұхаммед (с.ғ.с.) даңқының қияметке дейін сөнбейтіндігіне күллі ғалам куә.

Пайғамбарымыздың өзі «анамнан кейінгі анам» деп атаған Үмму Айман оны ерекше жақсы көретін. Үммү Айман Пайғамбарымыздың өз анасы қайтыс болғаннан кейін оған ана-сындай жақын еді. Ол (с.ғ.с.) қуанса қуанып, көңілі босаса оның да көңілі босап шыға келетін. Сырқаттанып жылаған сәбиді құшағына алып отырған мейірім пайғамбары көз жасына ерік береді. Оның егілгенін көріп қалған Үмму Айман да қосылып жылайды. Пайғамбарымыз одан «Алланың елшісі қасыңда емес пе, неге жылайсың?» дегенде, ол Расулалла жылап тұрғанда мен қалайша шыдайын?!», − деп Алла елшісіне деген сүйіспенші-лігінің қаншалықты терең екенін көрсеткен еді901.

Хазірет Осман: «Пайғамбарымыз қайтыс болған кезде саха-балар қатты қайғырды. Тіпті, кейбірлері тұтығып сөйлей алмай-тындай күйге түсті. Солардың біреуі мен едім. Әбу Бәкірге ант беріліп қойған еді. Қасымнан Омар маған сәлем беріп өтіп кет-кенде тіпті, оны байқамаппын да. Өйткені, қайғыдан қаусап отыр едім», – деген902.

Әділеттілігімен аты әлемге әйгілі болған айбынды Омар (р.а.) Алланың елшісін жан-тәнімен жақсы көретін. Пайғамбарымыз Алланың әмірімен ақыретке аттанған кезде, бүкіл сахабалар секіл-ді ол да басына жай түскендей қатты толқыды. Алла елшісінің өмірден озғанына әлі де сене алмай, сергелдең күй кешіп, ашу-

901 Ибн Сағд, Табақатул-кубра, Бейрут, 1978, 8 т., 225-б.; Саңлақ сахабалар, 254-б.

902 Табақат, 2/84

Page 600: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері600

мен: «Егер кім де кім Мұхаммедті өлді десе басын аламын!», – деген-ді.

Алла елшісінің жан дүниесі және адамгершілігі ғана емес, сыртқы ажары да адамды баурап аларлықтай көркем болатын. Баласындай болып жас тайынан оның қолында өскен хазірет Әнәс ибн Мәлік: «Алла елшісі адамдардың ең әдемісі еді», – деп айтқан.

Жәбир ибн Сәмура Пайғамбарымыздың сымбаттылығы жайында: «Бір күні мешітте отырғанбыз. Айдың тура он төрті еді. Төбемізде ай жарығын шашып жарқырап тұрған бола тын. Сол кезде мешітке Алла расулы кіріп келді. Мен Пайғамбарымыздың жүзіне әрі айға қарадым. Ант етейін, Алла елшісінің жүзі айдан да жарқын еді», – деген.

Ка‘б ибн Мәлік: «Пайғамбарымыз қуанған кезде оның жүзі нұрға толып, толған айдай жарқырайтын...» 903 деп сымбаттаған.

Хазірет Айша анамыз «Мысырдың әйелдері Жүсіпті көрген кезде қолдарын кесіп алды. Егер олар менің мырзамды көрсе қол емес, байқаусызда пышақтарын жүректеріне сұғып алар еді», – деп ой қорытқан.

Пайғамбарымыз жан тәслім еткен кезде Әбу Бәкір Сыддық Алланың сүйікті елшісінің бетіне жабылған матаны ашып: «Уа, Расулалла! Тірі кезіңде сен қандай көркем болсаң, өлген кезде де сондай көріктісің!» деп, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) маңдайынан сүйген.

Бәдір шайқасы күні Пайғамбарымыз қолындағы бір жебемен сахабалардың сабын түзеп келе жатқанда Ади Нәжжар ұлдары қауымынан Сәуад ибн Жузәйяның қасынан өтті. Ол алға шығып, сапты бұзып тұрған еді. Пайғамбарымыз жебемен Сәуәдтің қарнынан түртіп «сапқа кір» деді. Сәуад болса: «Уа, Расулалла. Сен менің қарнымды ауырттың. Алла сені ақиқат және әділдікпен жіберді. Олай болса, саған да тура осылай жасауыма рұқсат беруің керек», – деді. Пайғамбарымыз қарнын ашып «қысасыңды ал» деді. Сәуәд Пайғамбарымызды құшақтап қарнынан сүйіп алды. Пайғамбарымыз «Неге бұлай жасадың?» де генде, ол «Ра-

903 Бухари, Мағази, 79; Муслим, Тәуба, 53

Page 601: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 601

сулалла! Соғысқа аттанғалы тұрмыз. Аман қаламын ба, жоқ па, белгісіз. Өлместен бұрын тәнімнің тәніңе тигенін қаладым», – деген. Пайғамбарымыз да оның бұл әрекетіне сүйсініп оған дұға еткен904.

Асым ибн Мұхаммед әкесінен жеткізген бір ха барда: «Пайғамбар жайлы айтқан кезде Ибн Омардың көзінің жасаурамағанын көрген емеспін», – дейді.

Мусәнна ибн Саид әз-Зари: «Әнәс ибн Мәлік: Түсімде сүйікті пайғамбарымды көрмеген түнім жоқ» дегеннен соң жылайтын» деп айтқан905.

Әбу Зәрр (р.а.): «Уа, Расулалла! Бір кісі бір адам дарды жақсы көреді, алайда олардың істегенін істей алмайды», – дегенде, Пайғамбарымыз: «Ей, Әбу Зәрр! Сен кімді жақсы көрсең солармен бірге боласың», – деді. Әбу Зәрр: «Мен Алла пен Оның елшісін жақсы көремін», – дегенде, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ешқандай күмәнің болмасын. Кімді жақсы көрсең, сонымен бірге боласың», – деп сүйіншіледі.

Әнәс (р.а.): Бір адам Пайғамбарымыздан: – Уа, Расулал-ла! Қиямет-қайым қашан орнайды? – деді. Пайғамбарымыз: «Қияметке не дайындадың?», – де генде, әлгі адам: «Еш нәрсем жоқ. Бірақ мен Алла мен Оның елшісін қатты жақсы көремін», – деді. Пайғамбарымыздың: «Кімді жақсы көрсең, солармен бірге боласың» дегенін естігенде, сол жердегі бәріміз балаша қуандық. Тіпті, ол уақытқа дейін басқа еш нәрсеге дәл бұлайша қуанбаған едік. Әнәс сөзін жалғастырып: «Мен Пайғамбарымызды, Әбу Бәкірді және Омарды жақсы көргендіктен солармен бірге бо лу-ды үміт етемін», – деген еді. Мінекей, сахабалар жаннатқа бара-тынын білсе де олар пайғамбарсыз бо луды қаламайтын.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір жиһадқа аттанғанда, Сәубан атты сахаба сол жорыққа қатыса алмады. Алла елшісі шайқастан оралғанда, барлығы барып амандасып жатты. Бұлардың ішінде Сәубан да бар еді. Жүзі солғын тартып, өн-бойы әбден қушиып қалған болатын. Мейірім пайғамбары одан: «Саған не болды?»

904 Қандыһләуй, 2 т, 364-б.905 Табақат, 7/20

Page 602: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері602

деп сұрағанда, ол: «Уа, Алланың елшісі! Жанымды жегідей же-ген бір ой мені осындай халге душар етті. Ол былай болды: Мен Алла елшісінен үш күн жырақ қалғанға шыдай алмадым. Мәңгілік әлемде жырақ қалуға қалай шыдаймын? Өйткені, ол − Алланың елшісі. Оның дәрежесі де жоғары. Баратын жаннаты да өзіне лайық болады. Мен болсам жай бір адаммын. Жаннатқа кірген күннің өзінде Алла елшісінің баратын жаннатына кіруім мүмкін емес. Оны мәңгі-бақи көре алмаймын. Міне, осыны ойлай-ойлай осындай күйге душар болдым», – де генде, Алла елшісі өзін қатты жақсы көрген бұл са хабасын «Адам кімді жақсы көрсе, ақыретте де соны мен бірге»906, – деп жұбатты.

Хазірет Әбу Бәкір Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) мүшріктердің соққыларынан қорғамақ болып, араша түскенде өзі де таяққа жығылып, ес-түсінен айырылып қалды. Анасы ол ес жиғанша тапжылмай қасында отырды. Әбу Бәкір есін жияр-жимас-тан өзінің халі мүшкіл боп жатса да, сүйікті пайғамбарды із-деп: «Пайғамбарымыздың жағдайы қалай, оған не болды?», – деп сұраумен болды. Анасының бір қасық болса да тамақ ішіп әлденіп алуын өтінгеніне қарамастан, ол: «Расулалладан хабар келмейінше еш нәрсе татып ал маймын», – деп жаны тағат тап-пайды. Әбу Бәкір Пайғамбарымызға деген шынайы адалдығымен, сүйіспеншілік, сенімділігімен танылған еді. Пайғамбарды өз жа-нынан да айрықша жақсы көріп, ол үшін жанын беруге әрдайым дайын тұратын.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) да қиын-қыстау кезде үнемі қасынан табылып, өмірдің бүкіл қиыншылықтарын мойында-рына өз ризашылықтарымен қуана-қуана көтерген сахабаларын қатты жақсы көретін. Өйткені, Пайғамбарымыздан кейін оның қызметін жалғастыратын солар болатын. Пайғамбарымыздың бұл сүйіспеншілігін Алла бізге:

م حريص ن أنفسكم عزيز عليه ما عنت لقد جاءكم رسول م

حيم عليكم بالمؤمنين رؤوف ر

906 Бухари, Әдәб 96; Муслим, Бирр 165, (2640); Әбу Дауд, Әдәб 122, (5126)

Page 603: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 603

«Расында, сендерге іштеріңнен ардақты бір пайғамбар келді. Қиналуларың оған ауыр тиеді. Сендерге өте ынтық. Мүміндерге тым жұмсақ, ерекше мейірімді»907, – деп жеткі-зеді.

Міне, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) да өзін жақсы көргендерге осындай сүйіспеншілік танытқан еді. Әр сахабаның өмірін оқыған сайын Пайғамбарымызға жақын сахаба сол екен деген ой келеді.

Тарих беттерін қанша парақтасақ та, барша сахабаның Пайғамбарымызды ерекше сүйгеніндей өзара сүйіспеншілікке не-гізделген сондай бір қоғам, достары тарапынан пайғамбардай ере-кше қадір-құрметке ие болған ешқандай басшы болмағандығын көреміз.

Негізінде, сахабалардың мәртебесін көтерген де осы Алла елшісіне (с.ғ.с.) деген шексіз сүйіспеншілік болатын. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өз міндетін толық атқарып, замандаста-ры тарапынан теңдесі жоқ сүйіспеншілік пен өте зор құрметке бөленді. Сахабалардың өмірі − бұған айқын куә.

Егер біз адамзаттың ардақтысының өмірін халыққа дұрыс таныта алсақ, онда көптеген жандар оның алып келген мейірім шуағына бөленіп, шынайы бақытқа қол жеткізер еді. Өйткені, ол (с.ғ.с.) Рахман әрі Рахим болған Жаратушы тарапынан бүкіл әлемге тек қана мейірім сыйлап, адамзатты қараңғылықтан құтқару үшін жіберілген-ді.

Пайғамбарға деген зор сүйіспеншілік сол заман мен ғана шектелмей күні бүгінге дейін жалғасын тауып келеді. Келетінін сүйіншілеп, ынтыға күткендер қаншама көп болса, келгеннен кейін оны жырға қосып, бас тәжі еткендер де орасан. Пайғамбарды көзі тірісінде өлеңдеріне қосып жырлаған А‘ша, Кағб ибн Зухәр, Хас-сан ибн Сабит, Абдуллах ибн Рауаха, Кағб ибн Мәлик, Амир ибн Си нанил-Әкуа сияқты ақындар болған. Бұдан келіп пайғамбарды мадақ еткен арнайы «нағт» жанры пайда болды. Бұл тек араб халықтары емес, бүкіл мұсылман қауымына тән.

907 «Тәубе» сүресі, 128 - аят.

Page 604: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері604

Пайғамбарымыздың ұлылығына тек мұсылмандар ғана емес, ар-ожданы таза батыстық ғалымдар да бас иіп, ерекше қасиеттерін еріксіз мойындаған. Бисмарк сияқты даңқты қолбасшы «Ей, Мұхаммед! Сенің ғасырыңда тумағаныма қатты өкінемін... Адамзат өзіңдей ерекше тұлғаны бір-ақ рет көрді, бұдан кейін көре алмайды. Алдыңда құрметпен бас иемін» дейді. Сондай көптеген тұлғалардың тізімін жалғастыра беруге болады. Шын мәнінде хазірет Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өмірімен танысып, адамзат тарихындағы жүрек пен санада жүзеге асырған теңдессіз істерін ақыл елегіне салып, зерделеп көрген адам, оның Хақ тағала та-рапынан адамзатты қараңғылық түнегінен шығару үшін арнайы жіберілген пайғамбар екенін мойындар еді...

Уақыт өткен сайын тарихта өмір сүрген мемлекет бас-шылары мен қоғам қайраткерлері естеліктердің өзін жалмап жұтатын обыр уақыттың тегеурініне төтеп бере алмай, ақ жал толқындардың астында қалып жатса, хазірет Мұхаммедке (с.ғ.с.) деген сүйіспеншілік күн сайын жаңарып, жаңғыра түсуде.

Алла тағала Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) тануымызды әрі оған деген сүйіспеншілігімізді арттыра түссін! Оның аты аталған кезде сүйікті елшіміздің есімінің де кереметтігі сол − аузыңызда шәрбат-шекердің дәмін қалдырады. А. Иүгінеки «Оны мадақтағанда тілімнің дәмі кіреді, оны еске алғанда шекер мен бал жегендей боламын» деуі бекер емес. Бүгінгі күннің өзінде адамзаттың ардақты тұлғасы − Мұхаммедтің (с.ғ.с.) мүбәрак атын атаған сайын тілі күрмелгендей буын-буыны босап, көз жа-сына ерік беретін жандар аз емес. Қазірдің өзінде пайғамбардың Нұрлы қаласы Мәдинаға барған жан оның тамаша рухани атмос-ферасына бөленеді. Қасиетті қажылық сапарына барып-келіп жатқан жандардың бәрінен осыны естисіз. Ол жалған дүниемен қош айтысса да үмбетінің жүрегінде әлі тірі. Оның қабірінің ба-сына барған адам бейне бір пайғамбарды көзі тірісінде барып көргендей сезінеді. Қабірінің басына барып сәлемін жолдап, ерік-сіз көз жасын төгеді. Ардақты пайғамбардың сүйіспеншілікке бөленбеуі расында да мүмкін емес, Өйткені, Алла тағаланың өзі оған «Хабибуллаһ» (Алланың сүйіктісі) демеп пе еді?!

Page 605: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

605

Алау ӘділбаевНұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университетінің

ұстазы, теология ғылымдарының докторы

МЕйІРІМ МЕН РАҚЫМ ҰғЫМЫ ЖАйЛЫ

Мейірім мен рақым – жалпы жаратылыстың түп негізі. Мей-ірімсіз не нәрсе де мәнсіз әрі суық. Ғаламдағы барлық тіршілік атаулы терең мейірім, рақымшылық негізінде бар болып, өсіп өнеді.

Құрандағы барша сүренің «Бисмиллаһир-Рахмани-р-Рахим» деп басталуы ең алдымен Алла түсінігінен хабар беріп тұр. Жаратушының Рахман және Рахим есімі рақымдылыққа тән бүкіл сипаттарды қамтиды. Жер бетіндегі тіршілік атаулының (құстардың самғауы, ағаштардың жер қойнауынан бой көтеріп, көкке шырқап өсуі, судың сарқырап ағуы, алып күннің күлімдеп сәуле шашуы, ағаштардың иіліп жеміс беруі, тіпті, жан-жануардың төліне мейіріммен емірене қарауы) бәрі де Алланың Рахман есімін дәріптейді. Алланың Рахман есімі пенделерін мұсылман, кәпір деп бөліп-жармауда. Қаншама күнә жасап, астамшылық танытса да Алла оларды жарылқап, ризық-несібесін беруде. Ал Рахим си-паты ақыретте тек иман еткен дерге ғана тән.

Жансыз нәрселерде мейірімнің болмайтыны баршаға мәлім. Олай болса, алып күн қандай мейірімімен бізге сәуле беріп, жарығы мен жылуын төгеді? Топырақ, ауа, қан тамырлары қандай мейірімімен біздің тіршілігімізге қажетті нәрді еш кемшіліксіз бере алады? Бұл жансыз жаратылыстарға шапағатты таңу мүмкін емес, әрине оның бәрі де Раббымыздың кең рақымдылығының, тым мейірбандылығының көрінісі.

Құранда Алланың рақымдылығына байланысты көптеген аяттар бар, солардың бірнешеуіне тоқтала кетейік. «Бақара» сүресінде Алла:

حيم وما كان الل ليضيع إيمانكم إن الل بالناس لرؤوف ر

Page 606: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері606

«Алла тағала имандарыңды жоймайды. Еш күмәнсіз, Алла адам баласына тым жұмсақ, аса рақымды»908 десе, «Ағраф» сүресінде:

ورحمتي وسعت كل شيء«Менің рақымым барлық нәрсені тегіс қамтиды»909 деп,

Алла рақымшылығының баршаға тән екенін баяндайды. Тағы бір аятта бұл мәселені:

عليكم ورحمته وأن الل رؤوف رحيم ولول فضل الل«Егер сендерге Алланың кеңшілігі мен рақымы болмаса

(жағдайыңыз қалай болар еді?), асылында Алла өте жұмсақ, аса рақымды»910 деп ашық ұғындырады. Шын мәнінде, Алланың шексіз рақымшылығы болмаса жер бетінде тіршілік атаулы бол-мас еді.

Алла тағаланың рақымдылығы жайлы бір хади сте «Алла жа-ратылысты жаратпастан бұрын рақымдылықты өзіне жазды және «Расында менің рақымдылығым азабымнан жоғары»»911 деген. Алланың аса рақымдылығын айқын көрсететін көптеген хадис келтіруге болады:

أرحم بعباده من هذه بولدها لل«Алланың атымен ант етейін, Алланың құлына деген мейірім-

шапағаты бір ананың баласына деген мейірімділігінен сан есе үлкен»912.

Әлемде ананың мейіріміне жетерлік ешбір мейірім жоқ, ана өз баласы үшін жанын пида етуге әрқашан дайын тұрады. Бұл тек адамдарға ғана емес, жануарларға да тән. Бұл – Алла тарапынан аналарға берілген ерекше сый. Біз таңғалатын ана мейірімі мен әлемдегі мейірім Алланың жүз рақымдылығының бірі ғана. Бұл шындық хадисте былайша көрініс тапқан:

908 «Бақара» сүресі, 143 - аят.909 «Ағраф» сүресі, 156 - аят.910 «Нұр» сүресі, 20 - аят.911 Бухари, Тәухид, 15,22; Муслим, Тәубә, 14912 Бухари, Муслим, Ихя, 4/1, 278-б.

Page 607: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 607

«Алла тағаланың жүз рақымы бар. Тоқсан тоғызын өзінің жанында сақтады. Дүниеге тек бір рақымын түсірді. Жаратылыстың бір-біріне деген мейірім-рақымы, ананың балаға деген мейірімі, жануарлардың өз төлдеріне жан ашуларының бәрі осы бір рақымның себебімен. Қиямет болған кезде Ол бір рақымын тоқсан тоғызға қосып, жүз рақымдылық етіп шаша-ды. Әрбір рақымдылығы жер мен көктің кеңдігіндей. Ол күні шынайы мағынада жазаға лайық болғандар ғана құрдымға кетеді»913.

Хазірет Жабир (р.а.): Пайғамбарымыздың: «Мына үш нәрсе кімнің бойында болса, Алла оны қорғауына, қамқорлығына алып оны жаннатқа кіргізеді: әлсіздерге жұмсақтық, әке-шешеге мейірім, құлдарға жомарттық (жақсылық, сый)», – дегенін алға тартады.

Міне, осы дәлелдердің бәрі исламдағы Алла түсінігінің қаншалықты кең, қаншалықты рақымдылық пен мейірімге ие екенін соқырға таяқ ұстатқандай анық көрсетіп тұр. Осылардың бәрін бізге жеткізіп, үйреткен Пайғамбарымыз да ерекше мей-ірімді, аса рақымды, тым кешірімшілдігімен адамдардың жүрек сарайларының төрінен орын алған-ды.

Осы ақиқаттарды бізге жеткізген Алла елшісі үнемі үмбетін мейірімділік пен рақымдылыққа шақырды. Бір хадисінде:

ماء رض يرحمكم من في الس ارحموا من في ال«Жердегілерге рақымдылық жасаңдар. Сонда көктегілер

де сендерге рақымдылық жасайды» – дейді914. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл хадисінде «адам дар», «мұсылмандар», «салиқалылар» деп бөлмеген. Олай болса, мейірімділік пен рақымшылық бүкіл жа ратылысты толық қамтиды. Жер бетіндегілерге мейірімділік жасау шексіз рақым иесінің разылығына бөлейді. Пайғамбарымыз: «Алла адамдарға мейірімділік танытпағандарға мейірімділік жасамайды»915 деген. Мейірімділік – адам болумен қатар иман-

913 Бухари, Әдәб, 19914 Тирмизи, Бирр, 16; Әбу Дауд, Әдәб, 58 915 Бухари, Тәухид 2; Муслим, Фәдәиль 66, (2319)

Page 608: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері608

ның да қажеттілігі екенін Ибн Аббас арқылы жеткен мына бір хадистен байқауға болады: «Мейірімді, жұмсақ жүректі бол-майынша иман еткен боп саналмайсыңдар». Тағы бір хадисте:

شقي من حمة إل الر تنزع Мейірім тек қана бақытсыздың (иманнан» ل нәсіпсіз) ғана жүрегінен алы нып тасталған»916 деу арқылы бірін-ші хадистің мағынасын аша түседі.

Пайғамбарымыздың ерекше қасиеті сол, өзі алдымен орындамаған нәрсесі айтпайтын, айтса оны міндетті түрде орын-дайтын. Сондықтан оның айтқандары елдің көкейіне қонып, сенім ұялататын. Оның өмірі тұтастай мейірімге толы.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бүкіл әлемді мейірім құшағына бөлей келгендігі, рақым етіп жіберілгендігі Құранның мына ая-тында:

وما أرسلناك إل رحمة للعالمين «Біз сені бүкіл әлемге рақым етіп қана жібердік»917 деп

айтылса, Алла елшісі мұны бүкіл ғұмырымен адамзатқа үлгі боларлық түрде жүзеге асыра білді. Екі жиһан сұлтанының рақымдылығы – тек қана адамзатты емес, барлық болмысты қамтыған және әлі де қамти беретін терең сүйіспеншілік.

Ол адамдарға деген мейірімділік пен жанашырлық дәнін еге білді. Олардың мәңгілік бақыты үшін бір ор нында байыз таппай үнемі талмай-жалықпай тура жолға шақырумен болды. Оларға жан ашығаны соншалық тіпті өз жанын құрбан етуден де тартын-бады. Құран Кәрімнің жиі-жиі оның аптыққан, асыққан көңілін басып отыруы соның айғағы. Құран:

فلعلك باخع نفسك على آثارهم إن لم يؤمنوا بهذا الحديث أسفا“Олар Құранға сенбеді деп, қатты күйзеліп өзіңді жеп

бітіре жаздайсың”918, – дейтін.

916 Термизи, Бирр 16, (1924); Әбу Дауд, Әдәб 66, 4942917 «Әнбия» сүресі, 106 - аят.918 «Кәһф» сүресі, 6 - аят.

Page 609: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 609

Алланың сүйіктісінің (с.ғ.с.): انا وإنما بعثت رحمة Мен“إني لم أبعث لعлағынет етуші емес, рақым ету үшін жіберілдім” – деуі рақым пайғамбардың жүрекжарды ақиқи сөздері еді919.

Ол адамдарға бір мәрте болса да «лә иләһә илләллаһ» деп айтқызу үшін қиындықтың қандай түріне болса да шыдады. Қорланды, тәлкекке ұшырады, жеке басына сан мәрте қауіп төнді, бетіне түкіргендер болды, басы жарылып, жолына тікен төселді. Соған қарамастан дұшпандарының тура жолға келіп, жаһаннам азабына душар болмауларын қалап, Таифте басы жарылып, де-несін қан жуған кездің өзінде оларға жаны ашып: «Алла тағалам, егер бұлардың ішінен бір адам болса да иманға келер болса, оларға азап жібере көрме!» деп дұға еткен жоқ па еді?

Өзіне қаншама жапа шектіріп, жақын жолдаста рын азаптап, мазақ етіп, тіпті, достарының көбісін өлтірген дұшпандары үшін: يعلمون ل فانهم لقومي اغفر ,Алла тағалам, елімді кешір, өйткені“ اللهم олар (мені) білмейді!”, –920 деуі Пайғамбарымыздың жалпы адам-затты қамтитын мейірімділігінің, ұлы жауапкершілік мұратының белгісі.

Ол өзі әкелген ұлы ақиқатты мейірім мен рақымдылық, жылулық пен жанашырлық сезімдерінің негізінде құрды. Өз мін-детін айналасындағыларға жанашырлық танытып, көл-көсір мей-ірім аясында жүргізді. Пайғамбарымыздың: «Мен сендерге әке сияқтымын»921 деген сөздері – оның кіршіксіз рух әлемінің ай-насы. Иә, оның өмір бойы тынбастан «үмбетім, үмбетім» деп ар-тынан ерген үмбетін ойлап өтуі бір әкенің «балам» деп құлынын көкірегіне басқан мейірімін елестеткендей еді. Үмбетінің әр тұлғасы өзінің жан баласындай ыстық еді ол үшін. Үмбетінің де оған деген ерекше сүйіспеншілігіне арқау болған басты нәрселердің бірі – оның үмбетінің әрбіріне мейірім құшағын айқара ашуы болатын. Құран оның бұл терең сүйіспеншілігін:

919 Муслим, Бирр, 87920 Бухари, Әнбия, 54; Муслим, Жиһад, 104-105921 Әбу Дауд, Тахара,4

Page 610: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері610

م حريص ن أنفسكم عزيز عليه ما عنت لقد جاءكم رسول م

حيم عليكم بالمؤمنين رؤوف ر «Расында сендерге іштеріңнен ардақты бір пайғамбар

келді. Қиналғандарың оған ауыр тиеді. Сендерге өте ынтық. Мүміндерге өте жұмсақ ерекше мейірімді»922, – деп суреттей-ді.

Үмбетінің басына келген қиындықтар жүрегіне қатты батып, оларға ерекше жаны ашиды. Осы дүниедегі қияметке дейінгі тағдырларына қатты алаңдаған Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ақыретте де «үмбетім, үмбетім» деп қорғаштап шапағат етеді.

Айтып-айтпай не керек, оның балаларға деген сүйіспеншілігі елден ерекше еді. Ол балаларды жақсы көріп сүюге шақырумен қатар, олардың маңдайынан иіскеп сүймеуді тасжүректіліктің, мейірімсіздіктің белгісі әрі Алланың рақымдылығынан мақұрым қалудың себебі екенін білдірген.

Пайғамбарымыз Мария анамыздан туған ұлы Ибраһим қайтыс болғанда қатты қайғырды. Небір қиындықтарға төтеп берген рақым пайғамбары (с.ғ.с.) оны құшағына алып, терең сүйіспеншілікпен бауы рына басты, қос жанарынан ыстық жас тамды. Жылағанын көріп таң қалғандарға ол: «Көңіл қайғырады, көз жылайды, бірақ Алланың қаламаған нәрсесін айтпаймыз»923 деген-ді. Иә, бүкіл әлемге рақым етіп жіберілген Алланың сүйікті елшісі адамдардың ең мейірімдісі еді!

Ол кейде жылаған бала көрсе, қосыла жылауға бар өте мейір-бан еді. Зарлаған ананың қасіретін жан жүрегімен сезінетін. Әбу Һурайраның риуаят еткен хадисінде: “Мен намазға тұрып, оны ұзақ уақыт оқығым келеді. Сосын бір баланың жылаған даусын естимін. Анасының ол үшін жаны сыздайтынын біліп, намазды тез оқып бітіремін”924,- деген дастан боларлық мейірім-шапағаты көрінеді.

922 «Тәубә» сүресі, 128 - аят.923 Бухари, Жәнәиз, 44; Ибн Мәжа, Жәнәиз, 53924 Бухари, Азан, 65; Муслим, Соләт, 192

Page 611: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 611

Алла елшісінің хазірет Хасан мен Хұсейінді құшақтап алып, аймалағанын көргенде Ақра ибн Хабис: “Ойпырым-ай, менің он балам бар; әлі осы уақытқа дейін ешқайсысының маңдайынан иіскеп, бастарынан сипаған емеспін”, – деді. Алла елшісі оған: “Мейірім көрсетпегенге мейірім жоқ”, – деп жауап береді925.

Тағы бір риуаятқа жүгінсек, Расулалла Ақра ибн Хабиске: “Алла жүрегіңдегі мейірімділік сезіміңді өшірсе, менің саған қылар қайраным жоқ?”, – дегені тағы бар926.

Пайғамбарымыздың мейірімі адамдармен ғана шектелмеген. Оның ерекше рақымдылығынан жану арлар да нәсібін алған-ды.

Ол жан-жануарларға мейірімді болуын мынадай бір ғибратты мысалдармен түсіндіреді:

“Алла бір ит үшін жаман атағы шыққан әйелді кешіріп, жанна-тына алды. Құдық басында тілі ау зына сыймай салақтап, шөлден қаталап жатқан әлдебір иттің тұсынан өтіп бара жатып, оның мүшкіл халін байқап қалған әйел дереу белінен белдігін шешіп, аяқ киіміне байлайды да, құдықтан, су алып береді. Осылайша ит ажалдан аман қалады. Міне, әйелдің итке деген осы бір әрекеті оның кешірілуіне себеп болды. Алла оған жаннатын несіп етті».

Пайғамбарымыздың қасындағы сахабалардың бірі: – Уа, Алланың елшісі! Жануарларға да жасаған жақсылықтарымыз үшін сауап беріле ме? – деп сұраған кезде, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

– Иә, әрбір жануарға жұмсақтық жасағаның үшін сауап бар, – деген 927.

Пайғамбарымыздың мөлдір кәусарынан сусындаған сахаба-лар да мейірім мен рақымдылықта оның ізімен жүріп жан-жағына мейірім шуағын таратқан-ды. Кезінде шімірікпестен адам қанын судай ағызған адамдардың ішінен «абайсызда құрт-құмырсқаны басып, өлтіріп алмайық» деп аяқтарына қоңырау тағып жүрген мейірімнің қаһармандары шықты.

925 Бухари, Әдәб, 18; Муслим, Фәдәиль, 65926 Бухари, Әдәб, 18; Муслим, Фәдәиль, 64927 Бухари, Ширб, 9; Муслим, Сәләм, 153, (2244)

Page 612: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері612

Бір сахаба мына бір оқиғаны былайша баяндайды: «Хазірет Омармен бірге бір ширкеудің қасынан өтіп бара жатып, сақалы беліне дейін түскен, жалбарынып тұрған ақ шашты кәрі кісіні көрдік. Оны көрген ха лифа аяғының буындары босап, иегі кемсеңдеп жы лады. «Неге жылайсыз, ей, мұсылмандардың әміршісі?» деп сұрағанымызда, «Мына байғұс 70-80 жасқа келсе де адамзатты құтқарушы хазірет Мұхаммед басқаратын кемеге әлі міне алмапты» деген еді иман мен исламнан несібін ала алмай шіркеу жағалап жүрген әлгі қарт кісіге жаны ашып мұңайып. Бұл да исламның жалпы адамзатқа тән мейірімділігін паш етеді.

Хазірет Омар (р.а.) бірде қайыр тілеп жүрген әлдебір кісінің қасына барып, неге тіленшіленіп жүргенін сұрайды. Бұл кісі ис-лам дінін ұстанбайтын. Кәрі кісі салық төлейтіндігін, сондықтан да кедейленгенін айтқан кезде әділдік жақтаушысы Омар оған қазынадан айлық тағайындаттырып:

– Бұларды жас кезінде жұмыс істеткізіп, қартайған шақтарында далаға тастай алмаймыз, – деп ислам мейірім-ділігінің үлгісін көрсеткен болатын928.

Абдуллаһ ибн Хузафа хазірет Омардың халифалығы кезінде маңызды міндетпен византиялықтардың арасына тыңшы болып барады. Бірақ, дұшпандары оны байқап қойып, тұтқынға ала-ды. Сол-сол-ақ екен, оның көрген күні тамұққа ай налады. Тіп-ті, Пайғамбарымыздың өмірін баяндайтын кітаптар мен кейбір тарихи кітаптардағы мәліметке сүйенсек, бұл даңқты жаужүрек сахабаның басын қайнап тұрған ыстық суға батырып азаптаса да оған ешнәрсе қабылдатқыза алмаған. Осы кезде бұл жағдайдың бәрін монастырьдың бір саңылауынан бақылап тұрған монах Абдуллаһ ибн Хузафатус-Сәхмидің ержүректілігіне таңғалады. Монах ақиық са хаба Абдуллаһқа былай дейді: –Балам, қайсарлығыңа таңғалдым. Саған үш минут уақыт беремін. Бір-екі минуттан кейін сені өлтірулері мүмкін. Егер бұл сәтті дұрыс пайдалансаң, дүниеде әрі ақыретте бақытты боласың. Өйткені, бұл үш минутта саған христиандықты уағыздаймын, бұдан кейін өлсең де уайымдама. Өйткені, Иса мәсіхке қауышасың.

928 Қандыһләуй, Хаятус-сахаба, Бейрут, 1972, 2-т., 153-б.

Page 613: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 613

Абдуллаһ күлімсіреп: – Ей, мо нах хазірет! Осы кезге дейін мені бұл жердегілердің ешбірі тыңдамады. Бұл үш минуттық сәтті бергеніңіз үшін сізге мың да бір рақмет. Өйткені бұл үш минуттың ішінде сізге хақ дінді үйретіп, шын құтылудың жолын көрсетіп кетіп өлсем арманым жоқ...», – дейді.

Ұстазы адамзатқа рақым етіп жіберілген асыл пайғамбардың үмбетіне де жарасарлық мейірім осы болса керек. Міне, бұл оқиға бізге исламның сын сағаттарда да басқалардың бақыты мен жақсылығын ойлауға шақыратынын көрсетеді. Сонымен қатар, исламның мейірім мен сүйіспеншілік аясының қаншалықты кең екендігіне ерекше назар аудару тұрғысынан аса маңызды.

Хазірет Әли Мысырға тағайындаған әкімі Мәлікке айтқан өсиетінде әділдікпен басқаруды айрықша ескертумен қатар: «...Жүрегіңде халыққа де ген мейірім отын жақ, сүйіспеншілік пен жақсылықты өзіңе нышан ет. Оларға қатыгез болма. Өйткені, олар мына екі топтан тұрады: бірі – діндес бауырың, екіншісі – жаратылыс тұрғысынан сенімен теңдес (мұсылман емес басқа да адамдар)...»929, – деп қол астындағы халыққа мейірімді болуға үгіттеген-ді.

Тарихта ислам жолында шынайы қызмет етіп, дін дәстүр-лерін бойында көрсете білген қаншама мейірім қаһарманы бар. Олардың арасында «Менің ұстанған дәстүрім – мейірім. Сондықтан күнәсіз жандарға зияным тимесін деп, өзіме қиянат жасағандарды да қарғаған емеспін. Тіпті, кейде озбырлық жасаған дінсіз, пасықтарға ашулансам да оған қарсы қарғыс айтуға ислам-нан алған мейірімім жіберген емес. Өйткені, ол қатыгез залымның әкесіне не шешесіне, болмаса бала-шағасына зияным тимесін деп оларға бәле тілемеймін» деген жандар да бар. Міне, бұл ислам әкелген зор мейірімнің бір ғана там шысындай көрінісі.

Пайғамбарымыз «Менімен сендердің жағдайларың от жақ-қан адамның жағдайына ұқсайды. От жаққан кезде пәруаналар отқа түсе бастайды. Ол кісі болса оларды қуып жақындатпауға тырысады. Мен де сендерді оттан құтқару үшін етектеріңнен ұстауға тырысамын. Ал сендер қолымнан сытылып шығып

929 Қандыһләуий, 2 т., 712-713-б.; Саңлақ сахабалар, 102-б.

Page 614: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері614

кете бересіңдер»930 деу арқылы үмбетіне деген жанашырлығын көрсеткен еді. Ешбір жан күнәға белшесінен батқан бейшаралық өмірде бақытты бола алмайды. Ар-ожданы әбден өшіп қалған адамдар болмаса, ешбірі бұндай өмірге ризашылық танытпай-ды. Табиғатында жақсылыққа бейім – адам баласына тек одан шығудың жолын ғана нұсқау керек. Ол да шынайы мейірім мен жанашырлықтың арқасында жүзеге асады.

Түсініктілеу болу үшін бұған мына бір мысалды бере кетейік. Алдыңызда алаулап жанып жатқан бір от бар делік. Оның ішінде сіздің еш қаламаған, ұнатпаған адамыңыз бала-шағасымен өртеніп жатса немесе теңіздің ортасында бір кеме батып, судың бетінде сіздің еш танымайтын адамдарыңыз қол созып құтқарушыны күтіп жатса, әрине, сіз сол бейтаныс жандарды құтқару үшін бар жаныңызды саласыз. Басыңызды қатерге тігесіз. Сол кезде сізді тоқтатуға тырысқандар болса да олардың сөзіне құлақ аспайсыз. Өйткені, ол кезде ар-ожданның дауысы одан да басым түседі. Алайда, сол сәттегі олардың өмірін құтқару – фәни, қысқа өмірін құтқару. Ал мәңгілік өмірін құтқару одан да ауыр жанкештілікті талап етеді. Иә, сондай жағдайға душар болған адамдарға ашу-лану былай тұрсын, оларға, тіпті, ренжімеудің өзі таза ар-ождан иелері үшін – парыз.

Ғұмырын ислам нұрымен шырақтандырған мұсылмандар әуелі мейірім сезіміне ие бола білулері керек. Адамдарға күшпен, зорлық-зомбылықпен ақиқатты сүйдіру мүмкін емес. Тек мейірімділіктің үлгісін көрсету арқылы ғана Ислам дінін-дегі адами құндылықтарды таратуға болады. Басқалар дінді уағыздаушының бойынан жан жылуын, мейірімділікті көре ал-маса, ақиқат қаншалықты құнды болса да ешкімнің жүрегіне жол таба алмайды.

Тіршілік шарттарының адам баласын әбден титықтатқан қазіргідей қиын кезеңінде құшағы мейірім мен рақымшылыққа толы осындай қаһармандарға зәру екеніміз анық. Өздерінің дүниелік әрі ақыреттік азаптан құтылуын басқалардың бақытты болуына тәуелді еткен асыл ерлердің арқасында адам зат жоғалтып

930 Бухари, Риқақ, 26; Муслим, Фәдәиль, 17-19

Page 615: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 615

алған алтын құндылықтары мен асыл сезімдерін қайта тауып, шы-найы бақытқа кенеледі. Құранның мәңгі ескірмес дәстүрлері мен Пайғамбарымыздың ғибратты ғұмыры бұған айқын куә. Мұндай арман-ой иелері «өзгеге жарық шашумен өмірін тауысқан» шам сияқты адам баласының ақыреттік азаптан құтылуы үшін барын салады. Адамға деген шынайы жанашырлық – оның өткінші өмірін емес, мәңгілік өмірін құтқаруда деп білеміз. Ал мұндай сезім ақыреттегі ауыр жағдайды көзімен көргендей иман келтіріп, басқаларға шын жаны ашыған, тұла бойы мейірімге толы жан-дарда ғана бар. Адам бойындағы мейірімділік сезімі адамдардың мәңгілік отта жануына көз жұма қаратпайды. Құмырсқаны басуға қия алмаған жан қалайша адамдардың отта жа нуына көнсін?!

Адамдарды адасушылықтан құтқаруда мейірімділік қана бойға үнемі қуат береді.

Ислам – тура орта жолды ұстанатын теңдік діні болғандықтан, оның жалпыға тән принциптерінде сүйіспеншілік пен мейірім сезімінің де тізгінін тең ұстау бар. Мейірімнің де өлшемдерін дұрыс қоя білу маңызды. Залымдарға бұл мейірім көрсетілмейді. Өйткені, залымға жасалған мейірім мен сүйіспеншілік оны ер-кінсітіп, одан әрі құтырта түседі. Бұл басқа кінәсіз жандарға жасалған зұлымдық болып табылады. Десек те, Пайғамбарымыз: «залым да болса зұлымдыққа душар болған бауырыңа жәрдем ет. Залымға оны зұлымдығынан бас тарту үшін жәрдем етсең болады» деуі де залымға да мейірімділік көрсету керектігін біл-діреді. Бұл мейірімділік залымның заң алдында жауап беруіне кедергі бол майды. Бірақ, адамды істеп жүрген нәрсесінің дұрыс еместігін айтып, насихат етіп, мейірімділік танытуға болады.

Адамдық жақсы қасиеттердің аяққа тапталып, құнды қасиеттердің ұмытыла бастаған осындай қиын кезде адамдардың көбісі жүрек жылуына мұқтаж. Өмірден шаршап, қиындықтан қажыған адамдарға сүйіспеншілік пен мейірім жолдарын көрсету басқалардың жүректеріне жан бітіріп, Жаратушының жүрегіне ұя етіп салған мейірімін оятады. Құран Кәрімде хазірет Мұсаға перғауынның өзіне де жұмсақ сөйлеу бұйырылады (Таһа, 44).

Page 616: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері616

Пайғамбарымызға да өте ауыр һұд шайқасының нәтижесіне бай-ланысты түсірілген аятта:

وا من حولك ن الل لنت لهم ولو كنت فظا غليظ القلب لنفض فبما رحمة م«Алланың рақымымен сен оларға жұмсақ сыңай

таныттың. Егер қатал жүректі, дөрекілік көрсетсең олар сенің айналаңнан (сені тастап) тарқап кетер еді»931 делінеді. Адамдарды ақиқатқа шақырудағы Құранның әдісі, міне, осын-дай.

Ешбір пайғамбар адамдарды мәжбүрлеп, зорлық-зомбылық көрсетіп тура жолға түсірген емес. Зорлық-зомбылық тек адамдардың қанын аяусыз ағызған перғауын мен оның ізбасар-ларына ғана тән. Жүрегінде мың бір күмән мен қуысынан жел үрлеген сенімсіздік басым жандарға дөрекілік көрсету – олардың жүрегін жібітудің орнына көңілдеріне жарылғыш қойып, жарып жіберумен тең қатерлі әрекет.

Мейірім болмаған жерде сүйіспеншілік те, сыйластық та бол-майды. Олай болса, адамдарды бір-біріне бауыр бастыру тек қана мейірім арқылы жүзеге асады.

931 «Әли Имран» сүресі, 159 - аят.

Page 617: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

617

Алау ӘділбаевНұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университетінің

ұстазы, теология ғылымдарының докторы

МүМІННІң МҰРАТЫ – КөРКЕМ МІНЕЗ

Адам баласы бірігіп қауым болып өмір сүруге бейім жаратылған. Жеке және қоғамдық қатынастарды рет теуде, жүйелеуде көркем мінездің орны ерекше. Көркем мінез – адамның іс-әрекетін, ішкі және сыртқы сезімдерін қамтитын бесаспап ауқымды жүйе. Ал оны толық қамтитын нәрсе – бүкіл адам бала-сына ортақ діни қағидалар. Жаратушы адамды жаратқанда оның неге мұқтаж екендігін жақсы білгендіктен, өмір сүруін жеңілдету мақсатында елшілер жіберіп отырған. Қандай да бір жүйені пенденің өз еркіне салса, ол жүйесіздікке ұрындырады. Бүгінгі қоғамымыздағы түрлі мінез-құлық нормалары соның айғағы. Ба-тыс пен шығыстың құндылықтары екі бөлек болғандықтан, жал-пы адам баласының басын біріктіретін ортақ құндылықтардың болуы заңды.

Осындай адам баласына тән ортақ құндылықтар бір бойынан табыла білген бірден-бір тұлға – ғаламға рақым нұрын шаша кел-ген ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) болды. Пайғамбарымыз:

م مكارم الخلق تم إنما بعثت ل«Мен көркем мінезді кемеліне келтіру үшін жіберілдім»

деп өзінің ұлық мұратын паш етеді. Осы лайша ол Ислам діні негізінде адамзаттың бақытына баланған игі жақсылықтың бірі көркем мінез екендігін дөп басып айтқан.

Алла елшісінің саналы ғұмыры негізінен көркем мінезді дәріптеуге арналды.

«Көркем мінез» жайлы білмек болған бір кісіге пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

Page 618: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері618

«(Ей, Мұхаммед!) Кешірімділікті ұстан, жақсылыққа бұйыр және надандардан бет бұр»932 деген аятты оқып:

– Көркем мінез – туыстық қарым-қатынастарын үзгендер-мен арадағы аралас-құраластықты арттыруың, саған жаман-дық жасағандарға жақсылық жасап, қиянат жасағандарды кешіруің, – деп қорытқан.

Тағы бір хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Қияметте амал-дар өлшенгенде, таразыны ауыр ба сатын бірден-бір амал – Ал-ладан қорқу мен көркем мінез»933 екенін айтқан.

Бір кісі Пайғамбарымызға келіп:– Дін деген не? – деп сұрағанда: – Ол – көркем мінез, – деп жауап қатқаны тағы бар. Әлгі адам айналсоқтап кетпей, бір қойған сауалын неше мәрте

қайталаса да Пайғамбарымыздан «Көркем мінез» деген жауапты алған.

– Іс-амалдардың қайсысы жақсы? – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз:

– Көркем мінез, – деген. Тағы басқа бірнеше хадистерінде:– Алла бұл дінді өзіне тән қылды. Сендердің діндеріңе

жомарттық пен көркем мінезден басқасы жараспайды. Ояныңдар. Осы екі қасиет арқылы діндеріңізді көркемдеңіздер;

أكمل المؤمنين إيمانا أحسنهم خلقا– Мүміндердің иман тұрғысынан ең кемелі – мінез-құлқы ең

жақсы болғаны 934;

إن من أحبكم إلي و أقربكم مني مجلسا يوم القيامة أحاسنكم أخلقا– Мен үшін сіздердің ең сүйіктілеріңіз, сондай-ақ

қиямет күні маған ең жақын болатындарыңыз – ең көркем мінезділеріңіз935...;

932 «Ағраф» сүресі, 199 - аят.933 Тирмизи, Бирр, 62, (2003)934 Әбу Дауд, Суннат, 14; Тирмизи, Рада, 11; И. Ғазали, Мукашафатуль-қулуб,

(ауд. Я. Арыкан), Стамбул, 1986, 593-598-б.935 Тирмизи, Бирр, 77, (2019)

Page 619: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 619

– Сіркесу балды қалай бұзса, жаман мінез-құлық та сол секіл-ді ізгі амалдарды бұзады (жарамсыз етеді);

يئة الحسنة تمحها ، و خالق الناس بخلق حسن اتق الل حيثما كنت ، و أتبع الس– Қайда болсаңдар да Алла тағаладан қорқыңдар!

Жамандық жасасаңдар, артынша дереу оны жуып-шаятын жақсылық жасаңдар. Елмен қарым-қатынаста көркем мінезді болыңдар!936− деп, бұның маңыздылығына үмбетінің назарын ерекше аудартқан.

Реті келгенде жылы жүзбен кісіге күле қарағанның өзі садақа болып есептелсе, кісі көңілін қалдыру мұсылмандар үшін аса қасиетті, киелі Қағбаны жыққанмен бірдей.

Пайғамбарымыздың басты ерекшелігінің бірі – халыққа тек құрғақ үгіт-насихат айтып қана қоймай, оны өзінің нұрлы өмірі арқылы өрнектеп көрсете білуі. Сондықтан да жомарттық, әділдік, шынайылық, шыншылдық, сенімділік, мейірімділік, тақуалық, сабырлық қасиеттерінің ең биік шыңында қашан да ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) тұрады.

Пайғамбарымыздың бөле-жара айта кетер бір қасиеті – адам баласындағы бір-біріне қарама-қайшы мінездерді өз бойын-да ерекше үйлесімділікпен жинақтай білуі еді. Асылында мінез тепе-теңдігін әркез сақтау − жеңіл іс емес. Мысалы, бір адам аса жомарт бола тұра оның сол жомарттығы дарақылыққа, ысырапқа апаруы бек мүмкін немесе аса үнемшіл, ұқыпты боламын деп жүріп сараңдыққа бой алдыруы да ықтимал. Батыр, қаһарман болуы мүмкін, бірақ бұл қасиеттің де өз арнасынан шығып, ал-ды-артын аңдамайтын, жақсы-жаман деп талғамайтын бірбеткей қатігездікке ұласуы да ғажап емес. Ал Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) болса, ешбір жақсы қасиетті екінші бір қайшылық тудыратын қасиетпен шатасты рмаған және өз арнасынан асырмаған. Алла елшісі (с.ғ.с.) ержүрек, батыр және мұнысымен қоса мейірбан, рақымды һәм кішіпейіл. Алайда, тым кішіпейіл, мейірімді болса да ешқашан қорқақтық пен қорлануға бас имеген. Өте салмақты, байсалдылығымен қоса жанындағы адамдарға шаттық сыйлай

936 Тирмизи, Бирр, 55, (1988)

Page 620: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері620

алатын, күлкісі күміс шашқан, жүзі жарқын нұрлы. Күллі ғаламға ұстаздық етіп, ауқымды мәселелерді қозғаған Пайғамбарымыз кішкентай бүлдіршіндермен құмда отырып ойыншық ойнайтын-дай қарапайым. Яғни, Алла елшісі (с.ғ.с.) әркез таразының екі ба-сын тең ұстап, тепе-теңдікті сақтай білген.

Жан-жақты жетілген, кемел адамның бойынан табылуға тиіс көркем мінездерді өз орнымен бір-бірімен шатастырмастан үмбетіне іс жүзінде көрсете білген адам – пайғамбар болмағанда, кім болмақ?

Тарихта болған ұлы тұлғалардың өміріне зер салсақ, олардың жалғыз ғана қасиеттерімен дараланып көзге түскенін көреміз. Айталық, кейбіреуі Атымтай дай жомарт, бірақ дәл сондай дәрежеде кешірімді, кішіпейіл емес. Кейбіреуі кешірімді, кіші-пейіл, бірақ ашуын ақылға жеңдіре алмайтын сабырсыз. Ержүрек батыр, бірақ, мейірбан емес. Ал, Пайғамбарымыз болса – асыл қасиеттердің бәрін бойына жинақтай білген әрі әрбір қасиетті өз биігінде қолдана білген теңдессіз жан.

«Иә, Пайғамбарымыз қияметке дейін келіп-кетер күллі адам-затты тәнті еткен осы ұлы қасиеттер мен көркем мінез-құлықты қайдан үйреніп, қайдан алды? Оны (с.ғ.с.) тәрбиелеп өсірген кім? Әке-шешесі дейін десек, Пайғамбарымыз әкесінен анасының құрсағында алты айлық кезінде, шешесінен алты жасында айыры-лып, тұл жетім қалды. Демек, Алла елшісінің тәлім-тәрбиені әке-шешесінен алуы еш мүмкін емес. Ал, өскен ортасы, өмір сүрген қоғамынан дейін десек, ол қоғамның тарихта «надандық, қараңғылық» дәуірі деп қара таңбамен қараланғаны бәрімізге мәлім. Мұндай қараңғы қоғам өзінде жоқ қасиеттерді басқаға қалай бермек? Олай болса, Пайғамбарымызға бұл көркем де әсем қасиеттерді беріп, арнайы тәрбиелеп жетілдірген Әлемдердің Раббысы – Алла екендігі айдан анық. Адам баласына қыстың күні мұз бетінде бәйшешек сыйлаған Раббымыз «надандық дәуірде» Пайғамбарымыздай нұрлы тұлғаны жетілдіріп, ғаламға рақым сыйлады. Пайғамбарымыз да (с.ғ.с.) бір хадисін-де:

Page 621: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 621

بني ربي فأحسن تأديبي أد«Мені ең көркем үлгіде тәрбиелеген Раббымның Өзі» – деп

осы шындықты айқындап берген. Иә, Пайғамбарымыздың бойындағы тұнып тұрған кемел

мінез-құлық – оның пайғамбарлығының белгісі мен нышаны екені хақ.

Енді Пайғамбарымыздың пайғамбарлық келгенге дейінгі өміріне көз жүгіртер болсақ, ол қырық жасына дейін ел ішінде ең сенімді тұлға ретінде танылған. Мекке халқы оны «Мухам-мадун Амин», яғни, «Сенімді Мұхаммед» деп атайтын. Кез кел-ген адам сапарға шығар болса, қолындағы ең құнды зат тарын еш күмәнданбастан Пайғамбарымызға аманат тап тапсыратын. Пайғамбарымыз өмірінде ешбір аманатқа қиянат жасамаған. Өйткені, оның дінінде аманатқа қиянат ету, уәдеде тұрмау және жалған сөйлеу – екіжүзділіктің нақ белгісі. Тіпті, Пайғамбарымыз Меккеден Мәдинаға көшуге мәжбүр болған кезде де қолындағы Мекке халқының аманатын иелеріне тапсыру үшін хазірет Әлиді орнына қалдырған.

Өзіне қарсы шығып, тіпті өлтіруді жоспарлап, елінен, жері-нен кетуге мәжбүр еткен пенделердің де аманаттарына қиянат ет-пеген. Не деген сенімділік, не деген туралық десеңізші!

Мекке халқы оның қырық жасына дейін бір рет болсын жалған сөйлегеніне куә болмаған. Жалғандық оның үш ұйықтаса да түсіне кірмейтін.

Әбу Бәкір Сыддық: «Қырық жасына дейін бір де бір өтірік айтпаған адам мінез-құлқы әбден толысқан қырықтың қырқасына шыққанда қалайша өтірік айт сын?», – деп Пайғамбарымыздың дінін еш күмәнсіз қабылдап, бірден мұсылман болған-ды.

Міне, өзі өмір сүрген қоғамда титтей де өтірік ай тып көрмеген жан бойында қалыптасқан бар қасиетін бір-ақ күнде өзгертіп, дін сияқты салмақты мәселеде дүйім жұрттың, тіпті, қияметке дейін келіп-кетер адамзаттың алдында қалайша еш шімірікпес-

Page 622: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері622

тен «Мен пайғамбармын» деп жер-жаһанға жар салып жалған сөйлесін?!...»937.

Пайғамбарымыз: «Мен көркем мінезді кемеліне келтіру үшін жіберілдім» деу арқылы көркем мінездің өзінің пайғамбарлық ұлық мақсатымен тікелей байланысты екенін көрсетіп кеткен. Оның мінез-құлқы – Құранның тәлім берген сүттен ақ, судан таза ұстанымдарының жиынтығы. Айша анамыздан біреулер Пайғамбарымыздың мінез-құлқы жайлы сұрағанда: «Сендер Құран оқымайсыңдар ма? Оның мінез-құлқы – Құран ғой»938 деп жауап беруі осының дәлелі.

Бірде біреулер Халид ибн Уәлидтен Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) суреттеп беруін өтініпті. Халид болса Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) болмыс-бітімін тілмен ай тып жеткізудің мүмкін еместігін айтады. Бірақ, ел-жұрт Халидтің ең болмағанда өз түсінік дәрежесінде ай-тып беруін өтінгенде:

– Жіберілген (елші) Жібергеннің ұлылығына сай болды. Ал Жіберуші күллі әлемнің жаратушысы болса, онда жіберілгеннің қандай болғанын өздерің ойлай беріңдер, – деп жауап берген екен.

Алла елшісі (с.ғ.с.) пайғамбарлығынан бұрын да қара қылды қақ жарған әділдігімен, сөзіне беріктігімен, сенімділігімен, мей-ірімділігімен және қол ұшын беруге әзір тұратын елгезектігімен теңдессіз үлгі көрсетті939.

Өзіне алғаш рет уахи келген кезде бұдан қорыққан Алла расу-лын жан жары хазірет Хадиша анамыз: «Сен әрқашан шындықты айтасың. Аманатқа қиянат жасамайсың. Туған-туыстарыңмен сәлемің түзу, қабағың ашық. Көршілеріңе мейірімдісің. Кембағалдар мен кедейлерге қол ұшын беріп, мүсәпірлерді үйіңнің төріне шығарып, оларды қадірлеп, қонағыңдай күтесің. Халқың қиындыққа ду шар болғанда жәрдеміңді аямайсың. Уаллаһи, сені

937 Қ. Жолдыбайұлы, Ақиқат шуағы, «Алтын қалам» баспасы, Алматы, 2004, 76-83-б.

938 Муслим, Мусафирин, 139939 М. Акгул, Куран-ы Керимде хз. Пейгамбер, Стамбул, 2002, 153-б.

Page 623: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 623

бұл үмбеттің пайғамбары болар деп үміттенемін”940, – деп басу айтқан болатын.

Пайғамбарымыздың ғұмыры – адамзатты жеке әрі қоғамдық-саяси әрі материалдық-рухани тығырықтан алып шығар көркем мінезге көмкерілген сара жол. Оның көркем мінезі мен туралығы, шипалы кәусар сөздері, салған нұрлы жолы күнәға белшесінен батып, өмірден күдер үзген жандарға үміт сыйлады.

Пайғамбарымыздың:

ل ما يوضع في الميزان الخلق الحسن أو«Таразыға ең алғаш тартылатын нәрсе – көркем мінез»941, –

деген хадисі – кемелдік жолын іздеген әрбір адам үшін бағдаршам іспетті. Ешкімді сөзімен және қылығымен ренжітпей, таспен атқанды аспен ата білу де – көркем мінез бен парасаттылықтың белгісі. Жақсымен жақсы қарым-қатынас жасау кім-кімнің болса да қолынан келеді. Алайда, жақсылықтан үрке қашатын жандар-мен де жақсы қатынас жасай білу – екінің бірінің қолынан келе бермейді.

Көркем мінезділікке қол жеткізу – жүрек тазалығының белгісі. Жүрек күпірліктен азат болғанда ғана тазалыққа жол ашылмақ. «Жүрегім таза, халықты жақсы көремін, үнемі қол ұшын беруге дайын тұрамын» деумен іс бітпес. Негізінде адами құндылықтар-ды құрметтеу өте маңызды. Алайда, сол құндылықтардың мән-мағынасын біліп, үнемі есте ұстау иманмен тікелей байланысты. Адамның иман болмаса істеген жақсылығын жалғасы да болмай-ды. Өзегі қуыс ағаш секілді үдей соққан дауылға шыдас бермей, шорт кетіп сынған күйі жер жастанып құлары сөзсіз.

Мысалы, бір адам отанына, қала берді бүкіл адамзатқа пай-далы қызмет етті делік, алайда, жергілікті билікті мойындамаса, тәртіптеріне бағынбаса істеген әрекеттерінің пайдасы болмайды, тіпті жазалануы да мүмкін. Сол сияқты әлемнің Жара тушысын,

940 Муслим, Иман,252.941 әл-Һинди, Канзуль-уммаль фи сунәниль-ақуаль уәль-афаль, Бейрут, 3.т,

номері 5160 хадис

Page 624: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері624

Иесін танымаған адам отанына, халқына қанша қызмет жасаса да ақыретте пайда бермейді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) соншалықты көркем мінез иесі бола тұра:

اللهم أحسن خلقي كما أحسنت خلقي «Алла тағалам, жаратылысымды әдемі қылып

жаратқаныңдай, мінезімді де көркем ет»942 деп үнемі Алла тағаладан жалбарына сұраған.

Көркем мінез – дінімізбен қоса екі дүниеде де бақытқа бас-тайтын бірден-бір жол. Егер біз ислам ұсынған көркем мінез үлгілерін дәріптеп, иманымыздың кәмілдігін Пайғамбарымыз бен са хабалар секілді іспен көрсете білсек және оны өмірлік дәстүрге айналдыра алсақ, төрткүл дүниенің түкпіріне тарыдай шашылған адамзат баласының исламға деген махаббаты да арта түспек.

942 Ахмад ибн Ханбал, Муснад, 1, 403

Page 625: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

625

Алау ӘділбаевНұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университетінің

ұстазы, теология ғылымдарының докторы

САБЫРДЫң ДА САН ҚЫРЛЫ САТЫЛАРЫ БАР

Сабыр − адамзатты кемелдік шыңына жетелейтін ең асыл қасиеттердің бірі. Асылында бұл қасиет адам баласына әуелден Жаратушы тарапынан берілген.

Сабыр – жетістікке қол жеткізудің сырлы кілті. Сабыр − тосыннан қандай да бір қиын жағдайға тап болғанда,

әл-дәрменің таусылып, салың суға кеткен сәтте бойыңдағы бар күш-қуатыңды жинап қайраттану, басқа түскен ауыртпалыққа төтеп беру үшін белді бекем буу. Сабыр сақтау – тағдырға ризашылықтың, шүкірліктің белгісі. Тағдырға налып, іштей риза болмаған адам өмірде ештеңеден байыз таппай өтеді. Басын тау мен тасқа соқса да бәрібір қайғы-мұңнан арыла алмай, май іш-кендей мазасызданып, өмірден түңілумен күн кешеді. Өмірде қуаныш пен қайғының егіз екенін ұмытуға болмайды. Қайғыра алмаған адам қуана да алмайды. Сондықтан өмірде қиындыққа мойымай оны жеңе білу үшін адамға ең қажетті мінез – сабыр.

Шыдамсыз, осал адам үшін өмірде елеулі жетістікке қол жеткізу өте қиын. Сабыр сақтау немесе шыдамдылық таны-ту – парасаттылықтың нышаны. Өмір ағысының арыны күшті. Тас түнек қап-қара түннің артынан шуағын төккен шұғылалы жарық күннің шығуы қандай заңдылық болса, қиындықтың соңы жеңілдікке ұласатыны да шындық. Өмірдің өзі тұтастай өткінші болғандықтан біздегі қуаныш пен қайғы атаулы да өтпелі. Өтпелі нәрсеге бола өмір бойы сан соғып «әттегенайлап» өту орынсыз. «Бұның да өте шығары даусыз» деп нар тәуекелге бел буу – үлкен кісіліктің белгісі. Байқап қарасаңыз, қиындықтармен күресе жүріп шыңдалған адамдар өмірде көптеген жақсылықтар мен табыстарға қол жеткізген. Бұл діни іс-амалдарға ғана қатысты

Page 626: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері626

емес, дүниелік тұрғыдан да аса маңызды. Сол үшін де сабыр – екі дүниенің де бақыты үшін адам бойына дарытқан Жаратушы иеміздің көркем қасиеттерінің бірі.

Алла тағала Құрандағы көптеген аяттарда сабырлы болуды дәріптеп, сабырлы құлдарды жақсы көретіндігін, сабырлы жан-дарды үлкен айтулы сый-сыяпатқа бөлейтіндігін қуана жеткіз-ген.

Құранда:

ابرين والل يحب الص«Алла сабырлыларды жақсы көреді»943 деп, өз

сүйіспеншілігіне артығымен бөленетіндердің сабырлы жандар екендігін білдірсе, бұған қоса тағы бір аятта:

ولنجزين الذين صبروا أجرهم بأحسن ما كانوا يعملون«Әрине, сабыр еткендерге істеген істерінен де жақсы сый

береміз»944 деу арқылы сабырлы жандарға арнайы сый-сияпаттың әзірленетінін сүйіншілейді. Бұл дүниеде біздің басымызға түскен нәрсенің бәрі – сынақ. Кеңшілік те, таршылық та, жоқшылық та, баршылық та, ауру-сырқауға ұшырау да – сынақ.

Жаратушы Иеміз бұл жайында:

ر ن الموال والنفس والثمرات وبش ن الخوف والجوع ونقص م ولنبلونكم بشيء م

ابرين الص«Сөзсіз біз сендерді қорқынышпен, аштықпен, мал-

мүліктеріңді, өздеріңді әрі өнімдеріңді кем қылу арқылы сынаймыз»945, – дейді.

Демек, адамның басына әртүрлі сынақ келуі мүмкін. Дұшпандардың шабуылынан қорқу, қуаңшылық пен құрғақшылыққа ұшырау, ақсирақ ашаршылыққа тап болу, жұқпалы аурудың кең тарауы, әртүрлі табиғат апаттарының белең алуы, туған-туыс, бала-шағаңнан айырылу, өмір бойғы

943 «Әли Имран» сүресі, 146-аят.944 «Нахл» сүресі, 96-аят945 «Бақара сүресінің, 155-аят.

Page 627: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 627

жиған-терген бар дүние-мүлкіңнен қас-қағым сәтте айрылып қалу секілді т.б. Хақ тағала сынақ ретінде жіберген бұндай қиын ауыртпалықтарға ризашылықпен көнгендерге сауаптарының тым көп болатындығын (Зумәр, 10) және өмірдің өзі тұтастай сынақ мекені екенін (Шура, 43) ескерткен.

Ислам тарихы зерделенгенде, мұсылмандар үшін хижраға дейінгі Мекке кезеңінің қағажу мен әлімжеттіктен көз ашпаған ең бір қиын-қыстау кезең болғанын көреміз. Өйткені, алғашқы мұсылмандар исламды қабылдағаны үшін тепкі мен теперіш көрді. Қорлық көргені өз алдына, қан-жоса болып сан мәрте соққыға жығылды. Мүшріктер тарапынан былапыт сөздермен балағатталды, тіпті солардың қолынан өліп кеткендері де болды.

Бір таң қаларлығы, мұсылмандарды қан қақсатып, басына қара бұлт үйірген мүшіріктерге Мекке кезеңінде Пайғамбарымыз ешқандай қарсы күш қолданбады. Сахабаларын үнемі сабырлық пен ұстамдылыққа шақырды. Қандай қатігездікке тап болса да еш мойымастан асқан шыдамдылықпен 13 жыл бойы халықтың жүрегіне жол табуға тырысты. Өзі де, өзі қанатының астына жиылған сахабалары да небір қанқұйлы құқайларды бастан ке-шті. Соққыға жығылып, жұдырық пен тепкінің астында қалды, езілді, жаншылды, тіпті, елден біржола шеттетіліп бойкотка да ұшырады.

Осы тұста Ясир отбасының басына келген қайғылы оқиға баршамызға мәлім. Ислам үшін ауыр қиындыққа душар болған олар ақиқат жолында азапталып, шейіт болғандардың ең алғашқылары еді. Олардың жағдайының қаншалықты мүшкілдігі жанына қатты батып, қабырғасын қайыстырса да, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ясир отбасы, сабыр сақтаңдар. Барар жерлерің − жан-нат» деп қиын сәтте де шыдамдылық пен сабырдан таймауға шақырды. Пайғамбарымыз сабыр ете отырып, қол қусырып қарап отырмады. Бір адамды болса да иманға келтіру үшін бар күш-жігерін жұмсап бақты.

Ол асқан сабырлы болумен қатар парасат-пайымы мол жан еді. Сол себепті ақиқатты айтып түсіндіру мүмкін емес деген көптеген адамдардың өзі Исламға бас иіп, тас болып қатқан

Page 628: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері628

жүректері жібіп сала берген-ді. Егер Пайғамбарымыздың бойындағы мызғымас сабырлық қасиеті болмағанда мыңдаған адамның исламды қабылдауы мүмкін емес еді.

Алғашқы кездері сан жағынан әрі күш тұрғысынан мүшріктер-ге төтеп бере алмайтын мұсылмандарға түскен аяттардың көбі оларды сабырлылыққа, төзімділікке, шыдамдылыққа шақырған аяттар еді. Қауіп пен қиындыққа толы ол кезеңде сабыр мәселесі иманмен тең дәрежеде тұрды. Өйткені, ол кезде басқа түскен жағдайға сабырлық пен шыдамдылық танытудан басқа шара жоқ еді. Алла оларды сый-сияпатқа кенелтетіндігін білдіріп, сабыр сақтауға, мұсылмандарды төзімділікке, тәуекелге шақырды.

Аталары ұстанған пұтқа табынушылыққа, күпірлік дінге қайта кіргізу үшін немере ағасы Зүбәйр ибн Әууәмды шиден жасалған төсенішке орап, сыртынан от қойды. Зүбәйр ибн Әууәм жарты-лай өртеніп, қатты азапталғанына қарамастан бәрібір исламның шапағатты шуағынан айырылмай, иманын берік сақтай білді946.

Алғашқы азаншы Біләлдің де тартқан тауқыметі жан төзерлік емес. Ол неше күн бойы ми қайнатар шыжыған күннің астында ыстық құмға жатқызылып, ол аз болғандай үстіне қызып тұрған зіл батпан қара тас қойылып азапталды. Оған қоса, кешкісін мой-нына арқан байланып, ит секілді Меккенің көшелерінде жетек-телді. Сонда да дінінен бір елі таймады.

Жаңа мұсылман болғандардың бәрінің жағдайы бір-бірі-нен асып жығылмаса кем соқпады. Азапталардан әбден титықтап, қиындыққа шыдауға дәрмені қалмаған осы шақта кей мұсылмандар Алланың елшісіне келіп, өздеріне жапа шек-тірген кәпірлерге қарсы қарғыс айтуын өтінді. Пайғамбарымыз қарғыс айтуға ризашылық танытпады. «Сендерден бұрын келген қауымдар да небір азапты бастан кешті. Олардың кейбіреуінің денесі темір тарақпен таралып, еттері сүйектерінен ажыра-тылды, кейбіреулерінің төбесінен құйқасына дейін араланып, ке-удесі екіге қақ бөлінді. Олар бұның бәріне шыдап, иманын берік сақтай білді.

946 Р. әл-Баша, 2-т, 17-б.

Page 629: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 629

Аллаға ант етейін, Алла тағала бұл дінді әлі-ақ кемел-ден-діреді. Тіпті, кемелдендіргені сонша, Сана қаласынан Хадрамаутқа дейін жалғыз өзі жолға шыққан адам екі-ақ нәрседен өзге ештеңеден қорықпайтын болады. Ол – Алладан және малына шабуы мүмкін қорқау қасқырдан ғана. Алайда, сен-дер тым асығасыңдар»947деп, қайта дін жолында шыдамдылық пен сабырдың маңыздылығын көрсетті.

Діндер тарихына көз жіберсек, Хақ тағаланың ақиқатын жаюға келген бүкіл пайғамбарлардың түрлі қиындыққа душар болғанын, көбісінің осы жолда жанын пида еткеніне куә бола-мыз.

Ұлы пайғамбарлардан хазірет Нұхтың да сабыры мен шыдамдылығын, табандылығы мен төзімділігін 950 жылдық са-налы ғұмырын түгелімен ақиқатты жаю жолында өткізгендігінен аңғарамыз.

Сабырлы болу пайғамбарлардың бәріне тән. Хазірет Әйюб пайғамбарда да бұл қасиет ерекше көрініс

тапқан. Ол үсті-басын түгелімен жара қаптап, құрттап кетсе де сабыр сақтаған қалпы Аллаға құлшылық жасап дұға етумен бол-ды. Бүкіл денесін жеген құрттар Алланы зікір ететін тілі мен иман қағбасы – жүрегіне жеткенде ғана дұға оқып, Алладан жәрдем тіледі. Жәрдем тілеу барысында жаратушыға деген ыстық ықыласына сызат түспегендігін, тек қана «құлшылық жасай ал-май қалам ба?!» деген алаңдаушылық болғандығын байқаймыз.

Сүйікті құл Әйюб пайғамбар Аллаға:

احمين ر وأنت أرحم الر ني الض وأيوب إذ نادى ربه أني مس «Алла тағалам, маған зиян келіп тиді (құрттар Өзіңді

зікір ететін тілім мен жүрегіме келіп жетті. Саған ендігі жерде құлшылық жасай алмаймын ба деп қорқамын. Маған жәрдем ет!) Сен рақымдылардың аса Рақымдысысың»948 деп жалбарынған еді.

947 Бухари, Манәқиб, 25; Әбу Дәуд, Жиһад, 97948 «Әнбия» сүресі, 83 - аят.

Page 630: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері630

Алла осыншама қиындыққа көнген, жаратушының берген сынағынан сүрінбей өткен Әйюб (а.с.) жайлы

اب إنا وجدناه صابرا نعم العبد إنه أو

«Шынында, оның сабырлы екенін көрдік. Ол қандай жақсы құл! Өйткені, ол нағыз бойсұнушы әрі үнемі тәубе етуші»949 деп сипаттағаннан кейін Ибраһим, Исхақ және Яқуб пайғамбарларды мысалға беріп,

خيار وإنهم عندنا لمن المصطفين ال«Сөзсіз, олар қасымызда таңдаулы игі-жақсылардан»950

дейді. Пайғамбарлар, Алланың әулие, таңдаулы құлдарының

барлығы неше түрлі қиындықтарға душар болып, сабырлылық-тың айнымас үлгісі болды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

نبياء ثم الذين يلونهم ثم الذين يلونهم ثم الذين يلونهم إن من أشد الناس بلء ال «Адамдардың ішіндегі ең ауыр қиындықты бастан

өткерушілер, әуелі – пайғамбарлар, содан кейін дәрежесіне қарай келген таңдаулылар»951 дейді. Осы ақиқатты ұғынған кей-бір әулие құлдар бастарына қиындық келмесе «Алла мені жақсы көрмейді ме?!» деп қорыққан.

Сабырлық танытқандарға өзі жәрдем беретіндігін Алла Тағала көптеген аяттарында білдірген. Сабыр – маңызы зор жүрек ама-лы. Бір жағынан алғанда діннің жартысы – шүкір болса, екінші жартысы – сабыр екендігі даусыз. Бір хадисте «сабыр – иманның жартысы» делінеді. Сабырлықпен ғана дін толық болады.

Ислам ғалымдары сабырды бірнеше топқа бөліп қарастырған. Солардың ішінде мынадай негізгі топтарға тоқталуға болады:

949 «Сад» сүресі, 44 - аят.950 «Сад» сүресі, 47 - аят.951 Тирмизи, Зуһд, 56; Ибн Мәжә, Фитән, 23

Page 631: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 631

1. ғибадатқа сабыр Күн сайын бес уақыт намаз оқу алғаш бастаған адамға қиын

көрінуі мүмкін. Алайда, сабырлықпен шыдап, рухын намазбен шыңдаған кісіге белгілі бір уақыт өте келе бір намазды қаза қылу да үлкен өкінішке айналады. Сонымен қатар, жылына бір рет ора-за ұстау, белгілі уақыттарда зекет беру, жағдайы келіп тұрғанда қажылыққа бару, жер бесіктен көр бесікке дейін ілім іздеу, жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю секілді ғибадаттардың барлығы үлкен сабырлылықты, асқан төзімділікті, қажымас қажырлылықты талап етеді.

Ғибадат − жеке өмірге мән сыйлап, қалыпты тыныс-тір-шілік ағынын реттеумен қатар, адамның мәңгілік өмірге жасаған дайындығы болып табылады. Өмірін ғибадат арқылы өрнектеп, өзіндегі әсемдік пен әдеміліктің әрін арттырған адамның жасаған тірлігі де берекетке кенеледі. Ғибадат ақыреттегі мәңгілік бақыт мекені – жаннатқа қол жеткізудегі бірден-бір себеп. Олай бол-са, пенделікке салынбай, нәпсіге ауыр тигеніне қарамастан асқан сабырлылықпен ғибадат жасау екі дүниенің де бақытын ойлаған ақылды адамның ісі.

2. Күнәға сабыр Негізі күнәларды адам баласына әшекейлеп көрсететін –

шайтан. Бейне бір ішіне у қосып бал берген секілді. Ондай бал-ды жеген адамның халі қандай болса, нәпсінің жетегінде кетудің ақыры да сондай болмақ. Харам нәрселерге көз жұма білуге асқан сабырлық керек. Алайда, пенде болған соң көбіне адамның көзі харамға түспей тұрмайды.

Пайғамбарымыз бірде хазірет Әлиге: «Алғашқы мәрте қарағаның күнә емес. Бірақ кейінгілері күнә» деу арқылы алғашында көздің қандай да бір харамға еріксіз түсуі күнә бо-лып саналмағанымен, нәпсіге беріліп қайта-қайта әлгі харамға көз тастаудың күнә болып саналатындығын ескерткен. Өйткені харамға көз салу – көз ілеспес шапшаңдықпен суылдап ба-рып адамның жүрегіне қадалған улы жебе тәрізді. Ол қадалған жеріне уын жая отырып, жүректі аяусыз жарақаттағанымен

Page 632: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері632

қоймай, ішкі жан-дүниенің астаң-кестеңін шығарып, пендені бір сәт күнә жасауға итермелейді. Оған қарсы тұра білу үшін, мықты ерік-жігер, табандылық әрі берік иман қажет. Осы бір жайтты ұқтырған Пайғамбарымыз бір хадисінде: «жаннаттың жолы қиындықтармен, тозақтың жолы нәпсінің қалауларымен көмкерілген»952 дейді.

3. Тағдырға, қиындықтарға сабырӨмірдің тәттісімен қоса ащысы, қызығымен қоса қайғысы

да бар. Басқа қиындық туғанда «Қылша мойным – талша» деген күйі жүректегі иман нұрымен бойдағы бар күш-қуатты жиып, сабыр сақтап, тағдырға налымау – иман кемелдігінің белгісі. «Жазмыштан озмыш жоқ» демекші, тағдырдың ауыр сынын да ризашылықпен қабылдау керек. Ауыр сынға сабыр ете білудің қандай болатындығын үйреткен де екі жаһан сәруәрінің (с.ғ.с.) өзі болатын.

Бір күні Пайғамбарымыз зиярат ету үшін қабірге барғанда, баласы жерленген зираттың жанында шашын жұлып, бетін тыр-нап, тағдырын қарғап-сілеп күңіреніп отырған бір әйелді көреді. Қасына жақындап оның бұлайша зарлап жоқтауының дұрыс емес-тігін айтпақ болғанда әлгі әйел долданып: «Менің қандай қайғы-қасірет шегіп отырғанымды сен түсінбейсің, менен аулақ жүр»,- деп маңына жолатпайды. Ол Пайғамбарымызды танымаған да еді. Тіпті, әдеп сақтамағандығын өзі де байқамаған-ды. Артынша сахабалар әйелге ол кісінің Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) екендігін айтқанда, есі шыққан әйел өзін қоярға жер таппай сол мезетте-ақ Пайғамбарымыздың үйіне жетіп барады. Есікті қақпаған күйі ішке баса-көктеп кіріп барып, әлгіндегі қылығына өкініш біл-діріп, кешірім сұрайды. Сол кезде Пайғамбарымыз:

دمة الولي بر عند الص إنما الص«Сабыр − соққының алғаш тиген сәтінде»953 , – деп ескерт-

кен еді.

952 Муслиим, Жаннат, 1; Әбу Дауд, Сунна, 22953 Бухари, Жәнәиз, 32; Муслим, Жәнәиз, 15

Page 633: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 633

Хаттаби бұл жайлы: «Діни тұрғыдан мақталған сабыр − тосыннан тап болған

қиындыққа көрсетілген ең алғашқы сабыр. Одан кейінгісі сабырға жатпайды. Өйткені, белгілі бір уақыт өткеннен кейін қандай қиындық болмасын сөзсіз ұмытылады. Адам қиындықты еңсеруімен емес, керісінше сол қиындыққа ұшыраған сәттегі ұстамдылығы мен сабырлылығының арқасында сауапқа ие бола-ды» дейді954.

Алайда, бұл дегеніңіз бір жақының қаза болса, көңіліңді бо-сатпайтын, көзіңе жас алғызбайтын тас жүректілікті білдірмесе керек. Өйткені, Пайғамбарымыздың өзі де немерелерінің бірі қалшылдап, өлім аузында қатты ауырып жатқанын көргенде ерік-сіз көңілі босап, көзінен жас парлаған. Оның мұнысын көрген сахабалардың бірі таңырқап «Уа, Расулалла, бұныңыз не?», – де-генде, Рақым пайғамбары: «Бұл – Алла тағаланың құлдарының жүрегіне салған мейірімі. Алла мейірімді құлдарына өз мейірімін төгеді», – деген еді955. Яғни, Алланың басқа салғанына наразылық танытпай-ақ жылауға болады. Өйткені, көңілдің босауы − адам бойына о баста дарыған мейірімділік, жанашырлық сезімінен өрбиді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

حد إل للمؤمن مر المؤمن إن أمره كله خير وليس ذاك ل عجبا ل

اء صبر فكان خيرا له اء شكر فكان خيرا له وإن أصابته ضر إن أصابته سر «Мүміннің ісі қандай ғажап! Оның қай ісі болмасын

қайырлы. Алайда, бұл мұсылманның ғана маңдайына бұйырған. Ол жақсылыққа тап болса, бірден шүкіршілік етеді − бұл оған қайырлы. Егер ол қандай да бір қиындыққа тап болса, дереу сабырлылық танытады − бұл оған қайырлы»956 деу арқылы мұсылман қауымды шүкіршілік пен сабырлылыққа тәрбиелей

954 Хадис ансиклопедиси, 9-т., 190-б.955 Бухари, Жәнәиз, 33; Муслим, Жәнәиз, 11, (923)956 Бухари, Зекет, 50; Муслим, Зекет, 124, (1053); Тирмизи, Бирр, 77, (2025)

Page 634: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері634

отырып, жақсылық пен жамандыққа тап болғанда ұстамдылық танытуға шақырып еді.

Өмірдегі сынақ әр қилы. Алла құлдарына ауру-сырқау беріп те сынайды. Егер кісі сырқатқа шалдыққан кезде тағдырға налудың орнына, қайта шүкіршілік етіп, ел-жұртқа шағым айтып арыздан-бай шыдамдылық көрсете білсе, оның әр сағаты бір күндік ғибадат сауабына теңеліп, өмірі де берекетке кенелмек. Науқас адамның күнәлардан арылуына, рухани тұрғыда кіршіксіз тазаруына себеп болады. Сілкігенде бірі қалмай жапырағы төгіліп түскен ағаш тәрізді, дененің сырқат меңзеген кезінде қалтырауы бойдағы бар-ша күнә атаулыны төгеді957.

Пайғамбарымыз «Қапыда сүйіктісінен (перзентінен) айы-рылса да сабыр етіп, қарымын Алладан күткен мүмін құлға Алла ең жоқ дегенде жаннатты тарту етеді, сый-сияпаттың одан төменіне разы болмайды»958 деу арқылы ең жақсы көрген ет жақын адамы көз жұмса да мүмін құлдың сабыр сақтауы керек-тігін үйретеді.

Негізі, адамдағы сабырлық қасиеті барлық қиындық атаулыға төтеп беруге, барлық ауыртпалықтарды жеңуге жеткілікті. Кісі тағатсыздық танытып, сабырсыздыққа салынған сайын қиындыққа төзу қабілеті азая түседі.

Мысалы, емделіп жүрген науқасқа дәрігер он күн бойы тамақ ішпеу керектігін айтса, өз денсаулығын ойлаған әлгі адам қайтсе де оған шыдайды. Кей кісілер тек қана су ішкен күйі аштыққа отыз-қырық күнге дейін шыдай алады. Демек, адам бойындағы сабыр мен төзімнің күші орасан зор. Алайда, шыдамсыздық пен тағатсыздық салдарынан көп адам қиындыққа шыдас бермей, соңында нәпсінің ырқына жығылып жатады.

Мүмін адам қандай да бір қиындыққа душар болған кезде немесе сүйгенінен айырылған жағдайда мына аятты оқу арқылы көңіліне жұбаныш сыйлап, жүрегіне тоқтау салғаны жөн:

وإنـا إليه راجعون صيبة قالوا إنا لل ابرين الذين إذا أصابتهم م ر الص وبش

957 Муатта, Айн, 5, (2,940)958 Нәсәи, Жәнәиз, 23, (4,23)

Page 635: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 635

«Бастарына қиындық, қайғы-қасірет келген кезде сабырлылық танытып «Біз Алладан келдік және Оған қайтып ораламыз» дегендерді сүйіншіле»959.

Шын мәнінде, барлық болмыс атаулының қайта айналып, әйтеуір, түбінде Жаратушының өзіне барары хақ. Әу баста бәрін Беруші де, кейіннен қайтарып Алушы да құдіреті күшті – Алла тағаланың өзі болғандықтан, не нәрсеге болсын уақытша аманат ретінде қарай білгеніміз жөн.

Сабыр жайлы төмендегі сөздер хазірет Әлиге тән: «Адам денесінде бастың орны қандай болса, иман тұрғысынан

алғанда сабырдың орны да дәл сондай»960.Сабырдың ауырлығымен қоса оның артықшылығы жайлы

«Сабырдың уын жұтымдап ішіп, оны бойыңа сіңір. Егер сабыр сені өлтірсе шейіт боласың, егер аман қалсаң ұлық боп өмір сүресің» делінеді961. Яғни, басқа келген қиындыққа барынша төзіп, сабырлық танытып тағдырға ризашылығын білдірсе, кісі шейіт болады, ал ол қиындық өтіп орнына жақсылық келген жағдайда, Жаратушының алдында мол сыйға бөленіп, мақталған құлдардың қатарынан орын алады.

«Ең көркем сабырмен сабырлық көрсет» деп «Маариж» сүресінің 5-аятында айтылған ұлық сабыр – қандай да бір апатқа, қиындыққа тап болған адамның халықтың арасында сыр берме-уге шақырады.

Әбу Һурайрадан жеткен бір хадисте: «Күштілік күресте анықталмайды. Нағыз күшті адам − ашуланған кезде ашуын жеңе білген адам»962, – дейді. Күштіліктің негізгі өлшемі − сабырлық пен төзімділік.

Ибн Аббас сабырлылыққа байланысты бір оқиғаны былайша баяндайды:

Хазірет Омар жас-кәрі демей қариларды (Құранды жатқа білушілер) өзіне үнемі жақын ұстап, олармен пікір алмасып

959 Бақара, 155-156960 Қушәйри, 266 б.961 Қушәйри, 268 б.962 Муслим, әл-Жәмиус-сахих, 3/2014

Page 636: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері636

тұратын. Бірде Уәйнә ибн Хисн халифаға: «Әй, Хаттабұлы Омар! Сен бізге дүние-мүліктен молырақ бермейсің, әділдікпен үкім жасамайсың»,- деп дүрсе қоя берді. Сол сәт Омардың ашуланғаны сонша -, әлгі адамды ұрып жіберуі мүмкін еді. Бұны байқаған Хурр Омарға былай деді:

«Уа, мүміндердің әміршісі! Құран Кәрімде:

خذ العفو وأمر بالعرف وأعرض عن الجاهلين«Кешірімділікті ұстан, жақсылыққа шақыр және надан-

дардан бет бұр»963 деген аят бар емес пе?! Бұл адам сол надан-дардан». Құраннан осы аят оқылған кезде Омар оған еш нәрсе істемеді. Өйткені ол Раббысының кітабынан өзіне бір аят оқылар болса, сол мезетте-ақ алқымына тығылған ашуын ақылына жеңдіріп, сабасына түсуді, сабыр сақтап өз-өзін тізгіндеуді жақсы білетін»964.

Сабыр − ұлы адамдарды биік тұғырға көтерген қасиет. Сабыр − ұшар шыңға талпынғандардың сарқылмас күш қайнары. Адам күндіз-түні құлдық ұрып жасаған амал-құлшылығымен жете ал-мас рухани биік деңгейге, басына түскен қиындыққа сабыр ету арқылы қол жеткізе алады.

Бұл шындық хадисте былайша баяндалады:«Хақ тағала құлына құлшылық амалдарымен жетуі қиын

бір мәртебені мұрат етсе, ол адамның өзін немесе отбасын бір сынаққа ұшыратады. Сөйтеді де ол ауыр сынақты көтеретін терең сабыр нәсіп етеді. Артынша сабыр еткен құлын жоғарылатып өзі қалаған мәртебеге жеткізеді»965.

Адам жаны мен тәнін қатар қолға алып тәрбиелемесе сабырлылық пен шыдамдылықты, ұстамдылық пен байсалдылықты, төзімділік пен тереңнен мойынсынушылықты үйрене алмайды. Аз ғана бір қиындыққа тап болса салы суға кетіп, ұнжырғасы түсіп, шыдамсыздыққа салынады. Үмітсіздікке са-лынып, әркімге бір жалтақтап бейшара күй кешеді. Шындығына

963 «Ағраф» сүресі, 199 - аят.964 Бухари965 Ибн Хиббан, 4/248; Кәнзуль-уммаль, 3 т., 822- хадис

Page 637: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 637

келгенде, адамгершіліктің де, ғылым-білім, жақсы амал, жараты-лысты танудың да бастауы – осы сабыр.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде:

ه الل و من يستغن يغنه الل و من يتصبر يصبره الل و ما أعطي أحد و من يستعفف يعف

بر عطاء خيرا و أوسع من الص«Кімде-кім тіленуден сақтанса, Алла оны арлы қылады.

Кімде-кім елге зәрулік танытпаса, Алла оның күнін ешкімге қаратпайды. Кім сабырлы болуға тырысса, Алла оны сабыр-лы қылады. Адам баласына сабырдан үлкен әрі қайырлы нәрсе берілмеген»966, – дейді.

Негізі, нағыз сабыр − иман тәрізді игі амалдар арқылы Хақтың жолында жақсылық үшін көзделген сабыр. Бұл сабыр − батырлықтың, адалдық пен мәрттіктің нышаны. Алайда, қорлық пен кемсітуге көніп, қатыгездік пен зұлымдыққа қарсы тұрмау, жасқаншақтық, ынжықтық таныту сабырға жатпайды. Бұлар – мұсылманға жат қасиеттер. Өйткені, зұлымдыққа ризашылық таныту немесе көнбістік – сол зұлымдықтың нақ өзі. Ал, зұлымдықпен күресте шектен аспай парасаттылықпен амал ету − Құранның Пайғамбарымызға және мұсылмандарға нұсқаған жолы.

Алла тағала:

قل هـذه سبيلي أدعو إلى الل على بصيرة أناومن اتبعني«Былай де: «Менің жолым осы. Парасаттылықпен Аллаға

шақырамын. Мен де, маған ергендер де осындай»967,- деген.Сабыр мен төзімділік жайлы мына бір ғибратты хикаяны айта

кетейік: Бір бала медреседе атақты ғалымдардан дәріс алып жүрді.

Алайда зейін қойғанымен талпынысы тасқа соғылып, еш нәрсе үйрене алмады. Соның салдарынан сабаққа деген ынтасы да төмендеп кетеді. Әне-міне дегенше, қатарластарының өзін шаң қаптырып, басып озғаны шымбайына қатты батады. Өзінің әлі

966 Бухари, Зәкәт, 265/3; Муслим, Зәкәт, 1053967 «Юсуф» сүресі, 108 - аят.

Page 638: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері638

сол баяғы қалпында қала бергеніне өкінді. Бірақ, қолдан келер қайран жоқ. Сабақ, бәрібір, миына қонбады. Ақырында «Одан да ауылға қайтып, қара жұмыс істейін» деп іштей шешімге келеді.

Осылайша оқудан күдерін үзіп медресені тастап, ауылына бет алады. Күннің аптап ыстығында ұзақ жүріп, әбден сілесі қатып шаршайды. Әлден уақытта қарсы алдынан үңгір шығады. Үңгірдің салқын екенін білсе де «ішінде аю, болмаса басқа жабайы аңдар болып қалса, қайтемін» деп қорқып, кіруге жүрексінеді. Алайда, шаршағандық пен күннің аптап ыстығы өтіп, ішіне кіруге бел байлайды.

Қорыққан нәрселерінің кездеспегеніне қуанды. Бойын биле-ген үрейден де біртіндеп арылды. Осылайша бір бұрышқа қисая кетті. Бір мезет үңгірдің төбесінен тамшылап тұрған суға көзі түсті... Тамшы тамып тұрған тасты байқағанда, оның ойылғанын көрді. «Су қап-қатты тасты қалайша тескен?» деп таңғалды. Сөйтіп таңғала қарап отырғанда басына бір ой келді. «Су жылдар бойы үзбей тамшылау арқылы қара тастың өзін тесіпті, демек, егер мен де сабырлық пен табандылық танытсам басыма дәріс қонар. Басым мына қара тастан қатты емес шығар» деп түйді.

Сөйтіп шәкірт бала әлгі тамшыдан көкейіне ғибрат түйген күйі медресесіне қайтып оралды. Сабақтарына ерекше зейін қойды. Көп өтпей-ақ үлгерімі жақсарып, жолдастарын басып озады. Ғылым қуып, ғалымдық жолға түсті. Келе-келе ислам әлеміне танымал болды. Есімі тас баласы дегенге саятын – «Ибн Хажар»еді968.

Сабыр – адамды заңғар көкке көтеретін қанат секілді. Ол адам рухын толықсытып, кемелдендіреді. Алысқа көз тікпей-ақ, өмірдің өзіне жүгінейікші: қарапайым дән нанға айналып, адамға пайдалы азық болуы үшін қаншама сатыдан өтеді?! Жердің бауы-рына түсіп егін боп шығып, орылып, ұнтақталып, ыстық пеште қызарғанша пісіріліп, содан кейін ғана пайдалы азыққа айналады. Сондықтан да белгілі бір дәрежеге жетіп, пайдалы бола білу үшін адам осындай сатылардан өтеді.

968 А. Шахин, Дини хикаиелер, Станбул, 1999, 49-б.

Page 639: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 639

Негізінен, ұшырасқан қиындықтар мен қасірет-қайғының бәрі түпкі мақсатпен салыстырғанда тым мардымсыз. Біздің Алланың шексіз жаннатын талап етуіміз байдың қызына ғашық болған та-зша баланың күйін елестетуде. Талап етілген нәрсенің өте құнды екені сөзсіз. Құндылығы сонша, – оның бір сағаты дүниедегі бақытқа кенеліп өткен мың жылдық фәни өмірден артық. Соны-мен қатар, Алланың дидарын көру бар. Міне, осы межеге жету үшін бәріне шыдап, қиындықтарға төтеп бере білу керек. Сол се-бепті бір сөзбен айтқанда, сабыр – толық иманның белгісі.

Page 640: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

640

Алау ӘділбаевНұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университетінің

ұстазы, теология ғылымдарының докторы

СЫДЫҚ – ТуРАШЫЛДЫҚ, ШЫНАйЫЛЫҚ, АДАЛДЫҚ

,Сыдық» сөзі – шыншылдық, шынайылық, адалдық» الصدقтуралық деген мағыналарды білдірумен қатар, хақ жолындағы пенденің дүние қумай аталмыш қасиеттерді өмірінің өлшемі етуі дегенді білдіреді. Ондай жан әркез Құран аятын басты негізге алады. Құранда Ұлы Жаратушы:

ادقين ها الذين آمنوا اتقوا الل وكونوا مع الص يا أي «Ей, иман келтіргендер! Алладан қорқыңдар, әрдайым ту-

рашылдармен бірге болыңдар (турашылдықты ұстаныңдар)»969, – дейді.

Ар мен ақиқатты жаю жолында адалдық сертінен айны-мау, туралықтан таймау – нағыз турашылдықтың белгісі. Хадис тілінде мұндай жандар ақыретте «сыддық» (турашыл, адал) деп көрсетілсе, өмірі өтіріктен көз ашпағандар «кәззәп» (өтірікші, су-айт) деп жазылмақ.

Сыдық – амалдарымыздың рухы мен айнасы. Асылында осы қасиет арқылы мүмін мен мұнафықтың (екіжүздінің) ара-жігі ажы-ратылады. Бұл – пайғамбар емес пенделердің пайғамбарлық сипа-ты. Міне, осы сипат мүміндерді ақыретте Ұлы Жаратушымыздың мәртебелі, сыйлы, қалаулы құлдарымен бірге етеді.

Алла елшісі (с.ғ.с.) қалай сыддық болса, оны алғаш қолдап, қорғаған досы Әбу Бәкір де сондай сыддық еді. Құран бұл жай-ды

ق به أولئك هم المتقون دق وصد والذي جاء بالص

969 «Тәубә» сүресі, 119 - аят.

Page 641: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 641

«Ол шындықты алып келді, оны растап қолдағандар – нағыз тақуалар»970 деп баяндайды. Сыдық – пайғамбарлардың негізгі сипаты болуымен қатар, иман мен ислам жолында, Құран ақиқатын жаю жолында жүргендер үшін ең күшті қозғаушы күш. Ақырет әлемінде азап пен тозақтан құтылудың басты шарасы. Алла:ادقين صدقهم هذا يوم ينفع الص

«Шыншылдарға шындықтарының пайда беретін күні – нағыз осы күн»971 деу арқылы бұл дүниеде шыншыл болудың о дүниеде қайтарусыз қалмайтындығын білдіреді.

Туралық – сөз бен істің бір жерден шығуы, жалған айтып құтылып кетуі бек мүмкін қилы сәтке тап болғанда, өзінің әуелгі табиғатынан титтей де айнымауы. Нағыз шыншылдар мен тура-шылдар мойнына алған іске жан-тәнімен беріліп, ішкі-сыртқы тазалығын сақтай біледі. Жапан түзде жалғыз қалып, басына қандай күн туса да ішкі ар-иман таразысынан әсте жаңылмайды.

Құран аяттары сөз бен іс тұтастығын сақтауды, дүниелік іс-терімен қоса ішкі ниет-пейілде әрқашан туралықтан айырыл-мауды нағыз мүмінге жарасымды асыл мақсат-мұрат ретінде көрсетеді972.

Сыдықтық қасиет пайғамбарларды, муқаррабин (Аллаға жақын аса тақуа жандар) асфияларды (тура да шыншыл әрі салиқалы тақуа жандар) асқар шыңға жеткізсе, ал жалған мен өтірік шайтан мен оның ізбасарларын құрдымға батырған. Де-мек, шыншылдық – пайғамбарлар мен олардың артынан ерген-дерге тән қасиет болса, өтірік сөйлеп, жалған әрекетке бару – екіжүзділік пен күпірлік сипаты.

Әбу Бәкірді де пайғамбарлардан кейінгі ең жоғарғы мәртебе-ге шығарған да шыншылдығы, шынайылығы мен адалдығы. Пайғамбарымыз дінді ең алғаш уағыздай бастағанда, адамдардың бәрі сырт айналып кетіп жатқан қылыштың жүзіндей қысылтаяң кезеңде оған қолдау көрсеткен осы Әбу Бәкір Сыддық болды.

970 «Зумәр» сүресі, 33 - аят.971 «Маидә сүресі, 119 - аят.972 Исра, 80; Шуара, 84; Юнус, 2; Қамар, 54-55

Page 642: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері642

Миғраж оқиғасында да кейбір адамдардың көңілдерінде кірбің туып, екі ойлы болғанда адалдық танытқан, Хұдайбия шайқасын-да да көптеген кісілер тосылып қалғанда Пайғамбарымыздың жа-нынан табылып, оны растаған да Әбу Бәкір (р.а.) еді. Сондықтан да ол Пайғамбарымыздың ең сенімді серігіне айналды.

Туралық – ақиқат жолы. Алайда, тіршіліктегі ақырғы дәм-тұзы таусылғанша адамның туралықтан ауытқымауы үшін өте күшті ерік-жігер, шынайы ықылас қажет. Мұның қаншалықты қиын екенін Алла елшісі:

Әмір етілгендей тура бол»973 аятын толыққанды»فاستقم كما أمرت жүзеге асыра білу үшін «мені «Һуд» сүресі қажытты»974 деген. Яғни, Пайғамбарымыз Алланың бұйырғанындай тура өмір сүру үшін өмірінің соңына дейін бүкіл күш-жігерін жұмсаған, сондай-ақ, үмбетіне де осыны үнемі насихаттап отырды. Ол:

ثتم وأوفوا إذا وعدتم اضمنوا لي ستا من أنفسكم أضمن لكم الجنة اصدقوا إذا حد

وا أيديكم وا أبصاركم وكف وا إذا اؤتمنتم واحفظوا فروجكم وغض وأد

“Маған мына алты нәрсе үшін кепілдік беріңдер, мен де сен-дерге жаннатқа кіруге кепілдік берейін:

– Сөйлегенде шындықты айтыңдар!– Уәделеріңді орындаңдар!– Аманатқа сенімді болыңдар!– Ұятты жерлеріңді күнәдан сақтаңдар!– Харамға қарамаңдар!– Қолдарыңды харамнан аулақ ұстаңдар!”975.Басқа бір хадисінде:

دق طمأنينة وإن الكذب ريبة دع ما يريبك إلى ما ل يريبك فإن الص

973 «Һуд» сүресі, 112 - аят.974 Тирмизи, тафсирус сура 56, 6975 Имам Ахмәд, Муснәд, 5323

Page 643: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 643

“Күмән туғызар нәрсені тастап (күмәнсіз аймақта ғұмыр кеш). Туралық көңілді хош етіп, жанды рақатқа бөлейді. Жалған көңілді жайсыз етіп, күмән ұялатады”,–дейді976.

Тағы бір насихатында:

وا الصدق و إن رأيتم فيه الهلكة فإن فيه النجاة تحر“Әрдайым туралықты іздеңдер! Туралықта құрдымға

бататындарыңды білсеңдер де, сөзсіз онда сендер үшін азаттық бар”, – делінген977.

Басқа бір хадисте:

جل دق يهدي إلى البر وإن البر يهدي إلى الجنة وما يزال الر دق فإن الص عليكم بالص

يقا وإياكم والكذب فإن الكذب صد دق حتى يكتب عند الل ى الص يصدق ويتحر

ى جل يكذب ويتحر يهدي إلى الفجور وإن الفجور يهدي إلى النار وما يزال الر

ابا كذ الكذب حتى يكتب عند الل“Туралықтан айырылмаңдар. Туралық сендерді жақсылыққа,

жақсылық жаннатқа апарады. Кісі әрдайым тура болып, туралықты іздесе, Алла әмірімен турашылдардың қатарына жазылады.

Жалғаннан сақ болыңдар. Жалғандық адамды күнәға, күнә жаһаннамға апарады. Кісі үнемі жалған сөйлеп, жалғанды із-десе, Алла тағаланың жарлығымен өтірікші кәззаптардың қатарына жазылады”– деп әмір етеді978.

Бүгінгі таңда жалғандық пен өтірік сөйлеу қоғамдық өмірдің бүкіл саласына тамыр жайып, адами құндылықтардың аяқ асты етілуіне тікелей себепкер болып отыр.

Ал, жалғандық – мұсылмандық сипатқа мүлдем жат. Оған куәлік етудің өзі де – үлкен күнә. Сөзіне ісінің үйлеспеуі мұнафықтық (екіжүзділік) болса, алдау, қиянат жасау ислам шеңберінен шығуға әкеледі979.

976 Тирмизи, Қиамә, 60; Муснәд, 1200.977 әл-Һинди, Канзуль-уммаль фи сунәниль-ақуаль уәль-афаль, Бейрут, 2004,

3344; Мунауи, Фейду’л-Қадир, 232 б.978 Бухари, Әдәб 69; Муслим, Бирр, 105; Әбу Дәуд, Әдәб, 80.979 Муслим, иман 164; Тирмизи, бую′ 50

Page 644: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері644

Ислам құқығында өмірінде бір рет болса да жалған сөйлеген адамның куәлігі қабылданбайды. Хадис ғалымдарының өмірінде бір рет болса да өтірік сөйлеген адамнан хадисті қабылдамауы, исламның шыншылдыққа қаншалықты ерекше көңіл бөлгендігінің айқын дәлелі.

Шындық пен жалған – иман мен имансыздық сияқты арала-рында жер мен көктей айырмашылықтары бар бір-біріне кереғар ұғымдар. «Алтын ғасырда» («Бақыт ғасыры» – Пайғамбарымыз бен әділетті халифалар кезеңі) Пайғамбарымыз бен оған ер-ген саңлақ сахабаларды шыңдардың шыңына шығарған қасиет – олардағы турашылдық, шыншылдығы мен шынайылығы еді. Алайда уақыт өте келе шындық жалғанмен, шынайылық жылпостықпен араласып кетті.

Адамның мәртебесін өсіріп, жаннаттың төріне жетелер турашылдық жайы сөз болғанда әйгілі сахаба Ка’б ибн Мәликті (р.а.) еске алмау әсте мүмкін емес. Турашылдық қасиетінің арқасында оған бақытқа жол ашылды.

Ка’б ибн Мәлик – сөзі қылыштай өткір, Ақабаға келіп Алла елшісіне сенім білдіріп серт байласқан, екі дүние шырағы әкелген нұрға бөленген алғашқы мәдиналықтардың бірі еді. Бірақ толарсақтан қан кештірген Тәбук жорығына тас түйін дайын болғанына қарамастан қатыса алмады. Ка′бпен бірге тағы екі кісі жорыққа шыға алмады. Алла елшісі (с.ғ.с.) жорықтан оралған кезде қалып қойған мұнафықтар әртүрлі сылтауды алға тартып жатқанда, Ка′б ибн Мәлик жасырмай шындықты айтты. Барма-уына ешқандай себеп жоқ еді. «Үлгерермін» деп жүріп қалып қойған болатын. Пайғамбарымыз сахабаларына Алла тағаладан жарлық келгенге дейін олармен сөйлесуге тыйым салды. Бұл қиын сынақ тура елу күнге созылды. Елу күн болғанда қандай елу күн?!... Олардың сол елу күнде шеккен азабы Құранда былай суреттеледі:

Page 645: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 645

وعلى الثلثة الذين خلفوا حتى إذا ضاقت عليهم الرض بما رحبت وضاقت عليهم

أنفسهم وظنوا أن ل ملجأ من الل إل إليه ثم تاب عليهم ليتوبوا

حيم اب الر إن الل هو التو

«(Алла тағала) артта қалған үш кісінің де тәубелерін қабыл етті. Жер жүзінің кеңдігіне қарамастан, тарылғандай, ар-ождандары өздерін қинаған үстіне қинай түсті. Ақыр соңында олар Алладан басқа ешбір пана жоқтығын аңғарды. Содан соң олардың өздеріне қайта келуі үшін, Алла олардың тәубесін қабыл етті. Өйткені, Алла Тәууәб (тәубені өте көп қабыл етуші), аса Рақымды» 980.

Осы аятты оқығаннан кейін Ка′б Алла елшісіне: «Пайғамбарым! Мен туралығым арқылы азат болдым. Бұдан кейін өмір-бақи шындықтан басқа еш нәрсе айтпайтыныма сөз беремін» деген болатын981. Міне, Ка′б ибн Мәлик осындай қиын сынақтан туралығының арқасында ғана аман өтті.

Сыдық істегі әрі сенімдегі шынайылықты да қамтиды. Алла тағаланың бұйрықтары мен талаптарына бас ию, қандай қиын жағдай болса да ниетінен таймай табандылық таныту – шынайылықтың белгісі. Бұл орайда Ибраһим пайғамбардың (а.с.) қиын сынағы еріксіз еске түседі. Хазірет Ибраһимге түсінде баласы Ысмайылды (а.с.) құрбандыққа шалу бұйырылады. Бала-сын жанындай жақсы көретініне қарамастан Алла тағалаға деген шынайылығын дәлелдеу үшін, сүйкімді де сүйікті ұлын құрбандық етуге ниеттенеді. Хазірет Ысмайыл да жастығына қарамастан, бұл бұйрықтың Алладан келгенін түсініп, еш наразылық білдірмей, әкесін қолдап құрбан болуға бас тігеді. Сол сәт Алла олардың шынайылықтарына дән разы болып, хазірет Ысмайылдың орны-на көктен бір қошқар түсіреді982.

Шынайылыққа байланысты Пайғамбарымыздың сахабасы Шәддәд төмендегідей оқиғаны баяндайды:

980 «Тәубә» сүресі, 118 - аят.981 Бухари, Мәғази, 79; Муслим, Тәубә, 53 982 «Саффат» сүресі, 101-111 - аяттар.

Page 646: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері646

Бір кісі исламды қабылдап, кейін һижрет жасайды. Пайғамбарымыз оны сахабаларының біріне аманаттап тапсыра-ды. Күндердің бір күнінде шайқаста түскен олжадан өзіне тиген үлесін көріп таңғалған ол Пайғамбарымызға:

– Мен саған дүние үшін емес, мына жерімнен (кеңірдегін нұсқап) оқ қадалып шейіт болайын, сөйтіп жаннатқа барайын деп мойынсындым, – дейді. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) байсалды қалпын бұзбастан:

– Егер осы айтқаның рас болса, ниетіңе шынайы болсаң, Алла тағала сені жалғаншы етпей мұратыңа жеткізер, – дейді.

Көп уақыт өтпей бір шайқастан кейін әлгі кісі шейіт бола-ды. Кеңірдегіне жебе қадалған өлі денесі Алла елшісінің алдына әкелінеді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

– Ол тура сөйлепті. Алла да оны растады, – деп, оны шапа-нымен кебіндеп, жаназасын өзі шығарады және «Алла тағалам, сенің бұл құлың сен үшін һижрет жасады және шейіт болды. Мен бұған куәмін» деп дұға жасаған екен983.

Иә, мақсатқа жетудің басты шарттарының бірі – ниет-тегі шынайылық. Ниетіміз шынайы болса, Алла тағала ни-етімізге қарай береді. Пайғамбарымызға ерген алғашқы ис-лам қаһармандары Аллаға, Пайғамбарымызға және исламның бұйрықтарына шынайы беріліп, бас игендіктері үшін мардымсыз күш, аз мүмкіндіктеріне қарамастан Алла оларды жетістікке жет-кізіп, адам баласының ең мәртебелісі етті.

Шыншылдық жайлы мұсылман ғалымдары былай дейді: Ғұлама Әбу Әли: «Бір істің тірегі – шыншылдық. Барлық іс

туралықпен толық болады. Пайғамбарлықтың бір төменгі сатысы – шыншылдық. Алла тағала:

يقين د ن النبيين والص فأولـئك مع الذين أنعم الل عليهم م «Олар Алланың нығметтеріне бөленген пайғамбарлары,

шыншылдармен бірге...»984 дейді.

983 Сунән, 4 т, 60-61, Китабул жанаиз, 61984 «Ниса» сүресі, 69 - аят.

Page 647: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері 647

Ахмад ибн Худрауәйх: «Алла тағаланың өзімен бірге болғанын (қорғап, қолдауын) қалаған кісі шыншылдық пен адалдыққа жар-массын».

Әбу Саид Қураши: «Шынайы, адал (кенеттен өлім келгенде) – ішкі әлемі сыртқа ақтарылса (іші мен сырты бірдей болғандықтан) ұялмайтын, өлімді шаттана қарсы алған кісі»;

Жүсіп ибн Әсбәт: «Бір түн болса да Алла тағалаға деген шы-найы адалдық – Алла жолында соғысудан да қайырлы деп санай-мын», – деп айтқан.

«Адал саудагер жоқшылық көрмейді»985 деген де сөз бар. Турашылдық жауапкершілікті, жауапкершілік өз кезегінде

сөз бен ісіміздегі туралықты талап етеді. Бүгінде туралық пен шындықтан қашу, жалғанға жармасу кең етек алуда. Көптеген жандар ауырдың үсті, жеңілдің астымен өмір сүруді санасына сіңіріп, адами қасиеттерден жұрдай болып жатыр. Міне, осын-дай сын сағатта мұсылмандардың ел-жұртқа әсер ете алмауының басты себебінің бірі – өз бойымыздағы келеңсіздіктермен күресе алмау болуы бек мүмкін. Асылында, өмірін ақиқатты паш етуге арнағандар үшін ең бірінші қасиет – туралық болуы керек.

Алла тағала адамдар ақиқаттан ажырап, туралықтан алшақтай бастағанда үзбей дін жіберіп отырған. Олай болса, діннің мақсаты – туралық пен шыншылдықты сақтау. Сондықтан дін адамына, ақиқат жаршыларына тек шыншыл әрі адал болу ғана жарасады.

Туралық – қоғамдағы ең маңызды құндылыққа жатады. Иман негіздерін мойындамаған адамның мұсылман бола алмағанындай, туралық болмаса адамның «иманы бар» деу де әбестік. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Уа, Алланың елшісі, маған исламды басқа адамнан қайта сұрамастай етіп танытсаңыз» деген кісіге «Аллаға сендім» де. Содан кейін ақиқаттан ауытқымай, әрдайым турашыл бол»986, – деп исламның түпкілікті мәнін көрсеткен.

Ислам түсінігінде Аллаға апарар жол – «сыратуль-мустақим», яғни, «тура жол» деп аталады. Өткінші дүние сынағынан аман

985 Қушәйри, 292-295 б.986 Муслим, Иман 62; Тирмизи, Зуһд 61

Page 648: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

Жұма мінбері648

өтіп, ақыретте құтылудың жолы да осыдан басталады. Бұл жайлы Құранда:

ثم استقاموا فل خوف عليهم ول هم يحزنون نا الل إن الذين قالوا رب«Раббым Алла деп өмірлерінде туралықтан таймағандарға

(ақыретте) қауіп-қатер жоқ және олар мұңсыз болады»987 де-лінеді.

Мәңгілік бақыттың жолы – туралық. Баға жетпес қымбатқа көз тіккен адам оның ыстығына да, суығына да төзуі керек. Туралықтың, шынайылық пен адалдықтың бұл дүниедегі пай-дасы – адамдар арасындағы қатынастарда сенімділіктің негізі, Алла мен құл арасындағы байланыстың шынайы көрсеткіші мен ақыретте азаптан құтылудың басты шарасы.

987 «Ахқаф» сүресі, 13-аят.

Page 649: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –

649

Алау ӘділбаевНұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университетінің

ұстазы, теология ғылымдарының докторы

ТАҚуАЛЫҚ – ИМАН АйНАСЫ

Тақуа арабшадағы وقاية «уиқая» сөзінің (жақсылап қорғану, сақтану) түбірінен шығады. اتقاء «Иттиқа» сөзі жан қиналтатын және қиындық беретін нәрселерден сақтанып, өзін жақсылап қорғауды, осы түбірден тарайтын есім ретінде тақуа қуатты, мықты бір қорғаушының қорғанын паналап өзін сақтауды біл-діреді988.

Терминдік мағынасы – Алланың әмірлерін орындап, тыйым-дарынан қашу арқылы Оның азабынан сақтану дегенді білдіреді. Кейде қорқу мағынасында да қолданылады.

Әрине тақуалық бұлардан да кең ұғымды қамтиды. Ол – діннің принциптерін ерекше ынтамен ұстана отырып, әлемдегі заңдылықтарға бағынуды, жаһаннам мен жаннатқа жетелей-тін амалдардан бастап, мәнсіз еліктеуден сақтануға дейінгінің барлығын да тегіс қамтитын ұғым. Осы тұрғыдан алғанда тақуалық – адам баласы үшін абырой мен құндылықтың бірден-бір қайнары. Міне, осыған орай Алла тағала:

أتقاكم ,Алла алдында сендердің ең ардақтыларың» أكرمكم عند اللабыройлыларың – ең тақуа болғандарың»989 деу арқылы негізгі құндылықтың сыры тақуалықта екенін баян етіп, бізге ұлық дәріс беріп отыр.

Исламнан өзге ешбір ахлақ пен тәрбие жүйесінде тақуалыққа мұншама терең мән берілмеген. Исламда материалдық әлеммен қоса руханиятты қамтып, әрі тамыры осы дүниеде көктеп, жеміс-терін ана дүниеде беретін тақуалық жүйелі түрде ұғындырылған. Мұндай ыждаһаттылықты, тіпті, тақуалыққа айрықша көңіл

988 Е.Хамди Языр, Хак дини Қуран дили, Стамбул, 1-т., 160-б989 «Хужурат» сүресі, 13-аят.

Page 650: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 651: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 652: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 653: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 654: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 655: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 656: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 657: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 658: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 659: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 660: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 661: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 662: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 663: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 664: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 665: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 666: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 667: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 668: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 669: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 670: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 671: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 672: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 673: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 674: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 675: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 676: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 677: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 678: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 679: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 680: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 681: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 682: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 683: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 684: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 685: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 686: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 687: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 688: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 689: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 690: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 691: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 692: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 693: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 694: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 695: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 696: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 697: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 698: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 699: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 700: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 701: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 702: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 703: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 704: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 705: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 706: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 707: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 708: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 709: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 710: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 711: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 712: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 713: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 714: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 715: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 716: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 717: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 718: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 719: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –
Page 720: ЖҰМА МІНБЕРІ - muslim.kzold.muslim.kz/uploads/kk/books/25/juma_minberi.pdf · 2016. 10. 4. · Әбсаттар қажы Дербісәлі Жұма мінбері –