Top Banner
№205 (28428) 21 ҚАЗАН СЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ Президент Нұрсұлтан Назарбаев Италия Респуб- ликасына жұмыс сапары ая- сында Миланның көрнекті жерлерін аралады, деп хабар- лады Елбасының баспасөз қызметі. «Азия-Еуропа» форумы саммитінің ресми бөлігі аяқтал- ғаннан кейін Мемлекет басшысы Миланның негізгі көрнекті орын- дарын аралап көрді. Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев сахнасына əлемнің ең үздік опера əншілері шығатын Ми- ланның «Ла Скала» опера театрын- да болды. Қазақстан Президенті, сон- дай-ақ, Еуропадағы екінші жұрт- шылық кітапханасы əрі еуропалық мəдениеттің басты қоймаларының бірі саналатын Амброзиан кітап- ханасына барды. Мұнда Нұрсұлтан Назарбаевқа Леонардо да Винчидің қолжаз- балары, еуропалық суретшілердің суреттері, сондай-ақ, VII ғасырда- ғы Құран секілді құнды артефакт таныстырылды. «Азия-Еуропа» форумының 10-сам- митіне қатысқан Мемлекет басшы- сы Миланнан қайтар жолда сапарын қорытындылады, сондай-ақ, Бельгия Корольдігі мен Беларусь Республикасына жасаған соңғы сапарларының нəтижелері туралы əңгімеледі. Қазақстан Президенті əлемдік қаржы- экономикалық дағдарыстың салдары халықаралық нарықтарға, соның ішінде біздің елімізге де əлі теріс ықпал етіп отырғанын айтты. Бұл орайда Нұрсұлтан Назарбаев соңғы айда болған сапар- лар түрлі мемлекеттермен арадағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталғанын, бұлар Қазақстанның іскерлік байланыстарын нығайтуға жəне экономикасын əрі қарай дамытуға оң ықпал ететінін атап өтті. Мемлекет басшысы Брюссельде қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақтың кеңейтілген серік- тестігі мен ынтымақтастығы туралы келісімнің жобасы бойынша алты жыл бойы жүргізілген келіссөздердің аяқталғандығы жөніндегі құжаттың маңыздылығына на- зар аударды. Сондай-ақ, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі аясында Еуропалық одақпен екіжақты келіссөздерінің аяқталғандығы туралы құжат та айрықша мəнге ие. Қазақстан Президенті еліміздің ЕО мемлекеттерімен тауар айналымы 53 миллиард долларды құрайтынын жəне аталған келісім тараптардың арасындағы өзара іс-қимылды бұдан да қарқынды ету үшін мүмкіндіктер тудыратынын айт- ты. Бұл қосымша инвестициялар тартуға мүмкіндік береді жəне ел экономикасына оң əсер етеді. Миландағы саммитке тоқталған Нұр- сұлтан Назарбаев оның тұжырымдамасы негізгі тармақтарының бірі Еуропа мен Азияның арасындағы тығыз сауда- экономикалық қарым-қатынастарды да- мыту болып табылатын «Еуразиялық идеямен» үндес екендігін атап өтті. Мемлекет басшысы 50-ден астам елдің мемлекет жəне үкімет басшылары қатысқан салиқалы шараға Орталық Азия елдерінің ішінен тек Қазақстанның ғана шақырылғанын айтты. Қазақстан Президенті мұндай форум- дар өзге мемлекеттердің басшыларымен өзекті мəселелер бойынша пікір алмасуға мүмкіндік беретіндігіне тоқталды. Атап айтқанда, саммит жұмысының бір жарым күні ішінде Нұрсұлтан Назарбаев Ұлы- британия, Жапония, Германия, Қытай, Оңтүстік Корея, Венгрия, Италия жəне Нидерланд көшбасшыларымен кездесу- лер өткізді. Мемлекет басшысы олармен өткен келіссөздер ынтымақтастық аясын одан əрі кеңейтуге жəне тереңдетуге, сондай- ақ, өзара іс-қимылды дамытудың жаңа бағыттарын анықтауға бағытталғанын мəлімдеді. – Бұл кездесулер еліміздің əлемдік аренадағы беделін көтереді, жаһандық экономикадағы күрделі ахуал жағ- дайында Қазақстанға инвестиция тар- ту мүмкіндіктерін кеңейтеді, сондай- ақ, республикамызға деген оң көзқарас қалыптастырады. Көптеген елдер қара- жаттарын Қазақстанға салуға ұмтылады, ол экономиканың дамуын ынталандырып, жаңа жұмыс орындарының ашылуы мен халқымыздың əл-ауқатын жақсартуға септігін тигізеді, – деді Нұрсұлтан Назар- баев. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы саммитке қатысушылар Миланда Украи- надағы жағдайды реттеу мəселелерін кеңінен талқылағанын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев бұл жанжалдың түйінін тек қана келіссөздер жолымен шешкен жөн екенін, Қазақстан өз тарапынан ол үшін барлық күш-жігерін жұмсайтынын айтты. Миландаєы мəдени мўралармен танысты Сапар ќорытындысына арналєан брифинг Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Италия Республикасына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша брифинг өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. ----------------------------------------- Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ. (Соңы 10-бетте). Серік ПІРНАЗАР, «Егемен Қазақстан». Біздің жерлесіміз үшін аталмыш жекпе-жектің бəсі орта салмақта WBA (Super) жəне IBO версиялары бойынша əлем чемпионы атағын сақтап қалу жəне WBC нұсқасының осы салмағындағы уақытша чемпиондығына қол жеткізу бол- ды. Абырой болғанда, Гена бір соққысымен осының бəрін оясына келтірді. Головкинніѕ кезекті жеѕісі Қазақстандық кəсіпқой боксшы Геннадий Головкин сенбі күнінің таңертеңінде АҚШ-тың Калифорния штатындағы Карсон қаласының StubHub Center аре- насында мерзімінен бұрын кезекті жеңісіне жетті. Ол мексикалық Марко Антони Рубиомен жекпе-жекке шығып, қарсыласын 2-раундта нокаутқа түсірді. Бəрекелді! (Соңы 2-бетте). Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан». Атап айтқанда, үйлестіру кеңесіне еліміздің Шығыс Қазақстан облы- сы, Ресейдің Алтай аймағы мен Алтай Республикасы, Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы районы, Моңғолияның Баян-Өлгей жəне Қобда аймақтары енеді. Аталған отырысқа өңір басшысы Бердібек Сапарбаев, Ресей Федерациясы Алтай аймағының губернаторы Александр Карлин, Моңғолияның Баян-Өлгей аймағының əкімі Хүзкей Дəрмен, Қобда аймағы əкімінің орынбасары Морх Əмірсана, Қытай Ха- лық Республикасы Шыңжаң-Ұйғыр авто- номиялы районы Алтай аймағының əкімі Талихади Усунь, осы районның ғылым мен техника басқармасының басшысы Ху Кэл Инь жəне басқа да меймандар қатысты. Алтай – біздіѕ ортаќ їйіміз Халыќаралыќ їйлестіру кеѕесіне Шыєыс Ќазаќстан облысы тґраєалыќ етеді Өскеменде «Алтай – біздің ортақ үйіміз» халықаралық үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Бұл – төрт мемлекеттің ішіндегі алтайлық алты субъектінің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жəне Алтай өңірінің трансшекаралық жо- баларын жүзеге асырып жатқан ұйым. Рекорд!!! Ержан БАЙТІЛЕС, «Егемен Қазақстан». Еңбектің өзі майдан секілді. Жеңіске, яғни жетістікке бір- ден жету қиын. Сүйем-сүйем жетістікке тынымсыз ең- бектің арқасында ғана жете аласыз. Мəселен, былтыр Қызылорда облысында Тəуел- сіздік алғаннан бері уақытта бұрын-соңды болмаған күріш жиналған. Шаруалар əр гектар- дан 49 центнерден өнім алып еді. Міне, биыл бұл көрсеткіш жаңарды. Сырдың шаруақор адамдары əр гектардан 51 цент- нерден күріш өндіріп, ел қамба- сына 395 мың тоннадан астам Сыр маржаны құйылды. Бұрнағы күні егін-тегін жиылып, шаруаның бүгілген белі жазылып, қамба асқа тол- ғанда жасалатын «Алтын күз» мерекесі өтті. Осы мейрамда Қазақстанның Еңбек Ері, об- лыстық күріш өндіруші жəне қайта өңдеушілер ассоциация- сының төрағасы Абзал Ералиев жоғарыдағы көрсеткішті мəлім қылды. Шат-шадыман шақта Еңбек Ері Елбасына арнайы Үндеуін оқыды. – Сіз «Алаштың анасына» балаған Сыр өңірінің əр сала- сында серпінді даму бар. Бүгінде кіші Аралдың айдыны шалқып, ТМД елдерімен қатар Еуропаға дейін балық өнімдері экспорт- талуда. Еуропа мен Азияның түйісу аймағында орналасқан Қазақстанның транспорттық əлеуетін тиімді пайдалану үшін Сіздің бастамаңызбен салынған «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автодəлізі аймақта өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерін таяу жəне алыс шетелдерге та- сымалдауға мүмкіндік туғызып, саланың өркендеуіне жаңа қарқын беріп отыр, – деді ол. Облыста басқа да ауыл ша- руашылығы дақылдарынан бел- гіленген өнім алынды. Келесі жылдың егісі үшін қажетті тұқым жинастырылып, төрт түлік малдың қысқа қажетті азығы жасақталып қойды. Об- лыс бойынша ірі қара малдың басы 263,4 мың басты құрап, уақ малдың саны 609,4 мың бас- қа жетті. Сүт өнімдерінің көр- сеткіші 104 пайызға өсті. «Алтын күз-2014» мере- келік шарасында облыс əкімі Қырымбек Көшербаев аймақ- тың ауылшаруашылық сала- сының еңбек озаттарын 27 түрлі номинация бойынша ма- рапаттап, əрқайсысына 150 мың теңге ақшалай жəне заттай сый- лықтар табыстады. Сонымен қатар, «Мал шаруашылығы саласында үздік жетістіктерге жеткен» – Жаңақорған, «Егін шаруашылығы саласында үздік жетістіктерге жеткен» – Жа- лағаш, «Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде үздік жетіс- тіктерге жеткен» – Шиелі аудандары арнайы марапаттал- ды. Ал «Агроөнеркəсіп кешенін дамытуда ең жоғарғы көрсет- кіштерге қол жеткізген «Үздік аудан» номинациясы бойынша бірінші дəрежелі дипломды Сырдария ауданы иеленді. Жасампаздық жемісі Сенаттыѕ бюро отырысы ґтті Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенаты бюросының отырысы бол- ды. Сенаттың алдағы 23 қазанда болатын жалпы отырысының күн тəртібі талқыланды, деп ха- барлады осы палатаның баспасөз қызметі. Сенат отырысында «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы XXI ғасырдағы тату көршілік жəне одақтастық туралы шартты рати- фикациялау туралы» заң жобасын қарау көзделіп отыр. Сенаторлар, сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан əрі жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жо- басын (бірінші оқылым); «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мəртебесі туралы» Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасын (екінші оқылым); «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігін іске асыруды одан əрі жеңілдету, төрешілдік ресімдерді азайту мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын (екінші оқылым) қарайтын бол- ды. Депутаттар Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының комиссияларын құру туралы мəселені де қарайды. Бюрода «Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатында Іс қағаздарын жүргізу нұсқаулығы туралы» 2007 жылғы 18 қазандағы Сенат бюросының қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мəселесі қаралды. Хроника Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Əбдірашит Төлегенұлы Жүкенов Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары қызметінен; Əли Амантайұлы Көмекбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды. Оймақтай ой Ең алдымен өз қадіріңді жоғалтпа! ПИФАГОР.
10

Миландаєы мəдени мўралармен танысты · №205 (28428) 21 ҚАЗАН СЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ Президент Нұрсұлтан Назарбаев

Jul 16, 2020

Download

Documents

dariahiddleston
Welcome message from author
This document is posted to help you gain knowledge. Please leave a comment to let me know what you think about it! Share it to your friends and learn new things together.
Transcript
Page 1: Миландаєы мəдени мўралармен танысты · №205 (28428) 21 ҚАЗАН СЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ Президент Нұрсұлтан Назарбаев

№205 (28428)21 ҚАЗАН

СЕЙСЕНБІ2014 ЖЫЛ

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Италия Респуб-ликасына жұмыс сапары ая-сында Миланның көрнекті жерлерін аралады, деп хабар-лады Елбасының баспасөз қызметі.

« А з и я - Е у р о п а » ф о р у м ы саммитінің ресми бөлігі аяқ тал-ғаннан кейін Мемлекет басшысы Миланның негізгі көрнекті орын-дарын аралап көрді.

Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев сахнасына əлемнің ең үз дік опера əншілері шығатын Ми-лан ның «Ла Скала» опера театрын-да болды.

Қазақстан Президенті, сон-дай-ақ, Еуропадағы екінші жұрт-шылық кітапханасы əрі еуропалық мəдениеттің басты қоймаларының бірі саналатын Амброзиан кітап-ханасына барды.

Мұнда Нұрсұлтан Назарбаевқа Леонардо да Винчидің қол жаз-балары, еуропалық суретшілердің суреттері, сондай-ақ, VII ғасыр да-ғы Құран секілді құнды артефакт таныстырылды.

«Азия-Еуропа» форумының 10-сам-митіне қатысқан Мемлекет басшы-сы Миланнан қайтар жолда сапарын қо рытындылады, сондай-ақ, Бельгия Корольдігі мен Беларусь Республикасына жасаған соңғы сапарларының нəтижелері туралы əңгімеледі.

Қазақстан Президенті əлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың салдары халықаралық нарықтарға, соның ішінде біздің елімізге де əлі теріс ықпал етіп отырғанын айтты. Бұл орайда Нұрсұлтан Назарбаев соңғы айда болған сапар-лар түрлі мемлекеттермен арадағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге

бағытталғанын, бұлар Қазақстанның іскерлік байланыстарын нығайтуға жəне экономикасын əрі қарай дамытуға оң ықпал ететінін атап өтті.

Мемлекет басшысы Брюссельде қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақтың кеңейтілген серік-тестігі мен ынтымақтастығы туралы келісімнің жобасы бойынша алты жыл бойы жүргізілген келіссөздердің аяқталғандығы жөніндегі құжаттың маңыздылығына на-зар аударды. Сондай-ақ, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі аясында Еуропалық одақпен екіжақты келіссөздерінің аяқталғандығы туралы құжат та айрықша мəнге ие.

Қазақстан Президенті еліміздің ЕО мемлекеттерімен тауар айналымы 53 миллиард долларды құрайтынын жəне аталған келісім тараптардың арасындағы өзара іс-қимылды бұдан да қарқынды ету үшін мүмкіндіктер тудыратынын айт-ты. Бұл қосымша инвестициялар тартуға мүмкіндік береді жəне ел экономикасына оң əсер етеді.

Миландағы саммитке тоқталған Нұр-сұлтан Назарбаев оның тұжырымдамасы негізгі тармақтарының бірі Еуропа мен Азияның арасындағы тығыз сауда-экономикалық қарым-қатынастарды да-мыту болып табылатын «Еуразиялық идея мен» үндес екендігін атап өтті.

Мемлекет басшысы 50-ден астам елдің мемлекет жəне үкімет басшылары қатысқан салиқалы шараға Орталық Азия

елдерінің ішінен тек Қазақстанның ғана шақырылғанын айтты.

Қазақстан Президенті мұндай форум-дар өзге мемлекеттердің басшыларымен өзекті мəселелер бойынша пікір алмасуға мүмкіндік беретіндігіне тоқталды. Атап айтқанда, саммит жұмысының бір жарым күні ішінде Нұрсұлтан Назарбаев Ұлы-бри тания, Жапония, Германия, Қытай, Оң түстік Корея, Венгрия, Италия жəне Нидер ланд көшбасшыларымен кездесу-лер өткізді.

Мемлекет басшысы олармен өткен келіссөздер ынтымақтастық аясын одан əрі кең ей туге жəне тереңдетуге, сондай-ақ, өзара іс-қимылды дамытудың жаңа бағыт тарын анықтауға бағытталғанын мəлімдеді.

– Бұл кездесулер еліміздің əлем дік

аренадағы беделін көтереді, жаһан дық экономикадағы күрделі ахуал жағ-дайында Қазақстанға инвестиция тар-ту мүмкіндіктерін кеңейтеді, сон дай-ақ, республикамызға деген оң көзқа рас қалыптастырады. Көптеген елдер қа ра-жаттарын Қазақстанға салуға ұмтылады, ол экономиканың дамуын ынталандырып, жаңа жұмыс орындарының ашылуы мен хал қымыздың əл-ауқатын жақсартуға септі гін тигізеді, – деді Нұрсұлтан Назар-баев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы саммитке қатысушылар Миланда Украи-надағы жағдайды реттеу мəселелерін кеңінен талқылағанын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев бұл жанжалдың түйінін тек қана келіссөздер жолымен шешкен жөн екенін, Қазақстан өз тарапынан ол үшін барлық күш-жігерін жұмсайтынын айтты.

Миландаєы мəдени мўралармен танысты

Сапар ќорытындысына арналєан брифингЕлбасы Нұрсұлтан Назарбаев Италия Республикасына жұмыс

сапарының қорытындысы бойынша брифинг өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

-----------------------------------------Суреттерді түсіргендер

С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

(Соңы 10-бетте).

Серік ПІРНАЗАР,«Егемен Қазақстан».

Біздің жерлесіміз үшін аталмыш жекпе-жектің бəсі орта салмақта WBA (Super) жəне IBO версиялары бойынша əлем чемпионы атағын сақтап қалу жəне WBC нұсқасының осы салмағындағы уақытша чемпиондығына қол жеткізу бол-ды. Абырой болғанда, Гена бір соққысымен осының бəрін оясына келтірді.

Головкинніѕ кезекті жеѕісі

Қазақстандық кəсіпқой боксшы Геннадий Головкин сенбі күнінің таңертеңінде АҚШ-тың Калифорния штатындағы Карсон қаласының StubHub Center аре-насында мерзімінен бұрын кезекті жеңісіне жетті. Ол мексикалық Марко Антони Рубиомен жекпе-жекке шығып, қарсыласын 2-раундта нокаутқа түсірді.

● Бəрекелді!

(Соңы 2-бетте).

Думан АНАШ,«Егемен Қазақстан».

Атап айтқанда, үйлестіру кеңесіне еліміздің Шығыс Қазақстан облы-сы, Ресейдің Алтай аймағы мен Алтай Республикасы, Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы районы, Моңғолияның Баян-Өлгей жəне Қобда аймақтары енеді. Аталған отырысқа өңір басшысы Бердібек Сапарбаев, Ресей Федерациясы Алтай

аймағының губернаторы Алек сандр Карлин, Моңғолияның Баян-Өлгей аймағының əкімі Хүзкей Дəр мен, Қобда аймағы əкімінің орын басары Морх Əмірсана, Қытай Ха-лық Республикасы Шыңжаң-Ұй ғыр авто-номиялы районы Алтай ай ма ғының əкімі Талихади Усунь, осы ра йонның ғылым мен техника бас қар масының басшысы Ху Кэл Инь жəне басқа да меймандар қатысты.

Алтай – біздіѕ ортаќ їйімізХалыќаралыќ їйлестіру кеѕесіне Шыєыс Ќазаќстан облысы тґраєалыќ етеді

Өскеменде «Алтай – біздің ортақ үйіміз» халықаралық үйлестіру кеңе сінің кезекті отырысы өтті. Бұл – төрт мемлекеттің ішіндегі ал тай лық алты субъектінің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жəне Алтай өңірінің трансшекаралық жо-баларын жүзеге асырып жат қан ұйым.

Рекорд!!! Ержан БАЙТІЛЕС,«Егемен Қазақстан».

Еңбектің өзі майдан секілді. Жеңіске, яғни жетістікке бір-ден жету қиын. Сүйем-сүйем жетістікке тынымсыз ең-бектің арқасында ғана жете ала сыз. Мəселен, былтыр Қызылорда облысында Тəуел-сіздік алғаннан бері уақытта бұрын-соңды болмаған күріш жиналған. Шаруалар əр гектар-дан 49 центнерден өнім алып еді. Міне, биыл бұл көрсеткіш жаңарды. Сырдың шаруақор адамдары əр гектардан 51 цент-нер ден күріш өндіріп, ел қамба-сына 395 мың тоннадан астам Сыр маржаны құйылды.

Бұрнағы күні егін-тегін жиы лып, шаруаның бүгілген белі жазылып, қамба асқа тол-ған да жасалатын «Алтын күз» ме ре кесі өтті. Осы мейрамда Қазақстанның Еңбек Ері, об-лыс тық күріш өндіруші жəне қай та өңдеушілер ассоциация-сының төрағасы Абзал Ералиев жоғарыдағы көрсеткішті мəлім қылды. Шат-шадыман шақта Еңбек Ері Елбасына арнайы Үндеуін оқыды.

– Сіз «Алаштың анасына» балаған Сыр өңірінің əр сала-сында серпінді даму бар. Бүгінде кіші Аралдың айдыны шалқып, ТМД елдерімен қатар Еуропаға дейін балық өнімдері экспорт-талуда. Еуропа мен Азияның түйісу аймағында орналасқан Қазақстанның транспорттық əлеуетін тиімді пайдалану үшін Сіздің бастамаңызбен салынған «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автодəлізі аймақта өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерін таяу жəне алыс шетелдерге та-сымалдауға мүмкіндік туғызып, саланың өркендеуіне жаңа қарқын беріп отыр, – деді ол.

Облыста басқа да ауыл ша-руа шылығы дақылдарынан бел-гіленген өнім алынды. Келе сі жылдың егісі үшін қажет ті тұқым жинастырылып, төрт түлік малдың қысқа қажет ті азығы жасақталып қойды. Об-лыс бойынша ірі қара малдың басы 263,4 мың басты құрап, уақ малдың саны 609,4 мың бас-қа жетті. Сүт өнімдерінің көр-сеткіші 104 пайызға өсті.

«Алтын күз-2014» ме ре-келік шарасында облыс əкі мі Қырымбек Көшербаев ай мақ-тың ауылшаруашылық сала-сының еңбек озаттарын 27 түрлі номинация бойынша ма-рапаттап, əрқайсысына 150 мың теңге ақшалай жəне заттай сый-лықтар табыстады. Сонымен қатар, «Мал шаруашылығы с аласын да үздік жетістіктерге жеткен» – Жаңақорған, «Егін шаруа шылығы саласында үздік жетістіктерге жеткен» – Жа-ла ғаш, «Ауыл шаруашылығы өнім дерін өңдеуде үздік жетіс-тік терге жеткен» – Шиелі аудан дары арнайы марапаттал-ды. Ал «Агроөнеркəсіп кеше нін да мытуда ең жоғарғы көрсет-кіштерге қол жеткізген «Үздік аудан» номинациясы бойынша бірінші дəрежелі дипломды Сырдария ауданы иеленді.

● Жасампаздық жемісі

Сенаттыѕ бюро отырысы ґтті

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенаты бюросының отырысы бол-ды. Сенаттың алдағы 23 қазанда болатын жалпы отырысының күн тəртібі талқыланды, деп ха-барлады осы палатаның баспасөз қызметі.

С е н а т о т ы р ы с ы н д а « Қ а з а қ с т а н Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы XXI ғасырдағы тату көршілік жəне одақтастық туралы шартты рати-фикациялау туралы» заң жобасын қарау көзделіп отыр. Сенаторлар, сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан əрі жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жо-басын (бірінші оқылым); «Қазақстан Республикасының сот жүйес і мен судьяларының мəртебес і туралы» Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасын (екінші оқылым); «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігін іске асыруды одан əрі жеңілдету, төрешілдік ресімдерді азайту мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын (екінші оқылым) қарайтын бол-ды. Депутаттар Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының комиссияларын құру туралы мəселені де қарайды.

Бюрода «Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатында Іс қағаздарын жүргізу нұсқаулығы туралы» 2007 жылғы 18 қазандағы Сенат бюросының қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мəселесі қаралды.

ХроникаМемлекет басшысының Өкімдерімен: Əбдірашит Төлегенұлы Жүкенов

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары қызметінен;

Əли Амантайұлы Көмекбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

Оймақтай ойЕң алдымен өз

қадіріңді жоғалтпа!ПИФАГОР.

Page 2: Миландаєы мəдени мўралармен танысты · №205 (28428) 21 ҚАЗАН СЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ Президент Нұрсұлтан Назарбаев

21 қазан 2014 жылwww.egemen.kz2

Жамбыл облысында туристік кластерді да-мыту үшін бүгінде Тараз қаласы орталығында археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мақсат – екі мың жылдан астам тарихы бар «Ұлы Жібек жолы» бойына орналасқан ежелгі Тараз шаһарының өткен тарихын ұлттық құндылыққа айнал-дыру, «Көне Тараз» археологиялық саябағын құру. Қазіргі уақытта бұл жобаға байланысты тиісті құжаттамалар дай-ындалу үстінде. Жоба іске асырылған жағдайда жүздеген жаңа жұмыс орындарын ашу жəне өңірге келетін туристер санын 4 есеге арттыру көзделуде.

Оралхан ДƏУІТ,«Егемен Қазақстан».

Сенбі күні Жамбыл облы-сының əкімі Кəрім Көкірек-баевтың «Егемен Қазақстан» рес-публикалық газеті» АҚ президенті Сауытбек Абдрахмановпен кездесуінде əңгіме осы туризм саласының тірлігінен бастау алды. «Жалпы, бұл мақсатқа 2014-2017 жылдары облысқа 43 млрд. теңге инвестиция тартылмақ. Біз 2017 жылы елімізде өтетін ЭКСПО халықаралық көрмесі шеңберінде Таразды шетелдік туристер келіп көретін, оның терең тарихы-мен жақын танысатын қалаға айналдырсақ деген ойдамыз», деді Кəрім Насбекұлы. Жалпы алғанда, жыр алыбы Жамбыл есімімен аталған өңірді мемлекеттік саясаттың арқасында қарқынды дамып келе жатқан аймақ деп айтуға толық негіз бар. Облысқа 2020 жылға дейін 1,2 трлн. теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр. Сегіз айдың қорытындысы бойынша жергілікті бюджет

кірісі 24,0 млрд. теңгені құрап, жос пар 104 пайызға орындалды. «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы өңір тұрғындарын, əсіресе, жас отбасыларын баспа-намен қамтамасыз ету мəселесін шешуге үлкен ықпал етіп отыр. Осы бағдарлама аясында облыста 2020 жылға дейін 2,8 млн. шар-шы метр тұрғын үй ел игілігіне берілетін болады. Ал, «Ақбұлақ» бағдарламасы шеңберінде биылғы жылы 8,5 млрд. теңгеге 27 ауыз-сумен қамту жəне кəріз желілері нысандарын салу мен жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Жыл соңына дейін тағы да 16 нысан-ды пайдалануға беру жоспар-лануда. Бұл, əрине, бірлігі бір, мақсаты ортақ облыс тұрғындары еңбектерінің арқасы. Өйткені, ынтымақ пен татулық бар жерде берекелі тірліктің болары ақиқат.

Сауытбек Абдрахманов елі-міз дің бас басылымының бүгін гі жағдайын, қол жеткізген жетіс-тігін, жақсы жаңалықтарын, соң-ғы кездері газеттің сайтына да тиісінше мəн беріліп, бұл тарапта да жұмыс кеңінен жүргізіліп жат-қанын айтып өтті. «Егемен Қазақ-стан» – жақсы тірлікке шын жүре-гімен қуанатын, кемшілікке жаны ауырып, қиналатын басылым. Еліміздің əрбір өңірінің жетістігін бүкіл елге қуана жеткіз іп , кемшіліктерін жерден жеті қоян тапқандай, алақайлап емес, оның себеп-салдарына тереңірек үңіліп, əбден сараптап, зерттеп, одан

шығатын жолды көрсетіп, жан-жақты талдап жазатын газет», деді басылым басшысы.

«Əрине, сандаған ақпарат құралдарының ішінде шоқтығы биік «Егемен Қазақстан» газетінің орны бөлек. 95 жылдан бері ел осы газетпен бірге өсіп, бірге жасасып келеді. Осы басылымда жұмыс істеп, шығармашылық шеберлігі шыңдалған қаншама қызметкерлер аймақтарда облыстық газеттерді басқарып, қалам ұстаған кейінгі жастарға үлгі-өнеге болып жүр. Идеологияның үлкен күш екенін бағамдап, бұрын əкімнің əр орын-басарына бөліп-бөліп берілген білім, денсаулық, мəдениет, спорт, ішкі саясат басқармаларын бір қолға жинақтап, бұған жетекшілік жасауды бір орынбасарыма жүктедім. Бір ғана білім саласын-да 22 мыңнан астам мұғалім еңбек етеді. Шынында, еліміздің бас ба-сылымы барлық мəселеге қалам жүгіртіп, өте байыпты, орынды көтереді. Жамбылдықтар биыл бас басылымға жазылушылар санын көбейтіп, облыстағы таралымды 20 мыңға жеткізуді межелеп отыр. Елмен бірге қуанып, елмен бірге жасайтын «Егемен Қазақстанның» Əулиеата жерінде оқырманы көп болатынына сенім мол», деп ағынан жарылды облыс басшысы.

Жамбыл облысы. –––––––––––––

Суретті түсірген Ақəділ РЫСМАХАН.

● Жазылым-2015

Жамбылдыќтар межесі – жиырма мыѕ

– Алтай арқылы шекаралары түйісіп отырған төрт мемлекеттің арасындағы байланысты əрі қарай дамытуымыз керек. Бұл – бүгінгі əлемдік дағдарыс жағдайында алтайлық өңірлердің экономика-сы мен өзге де салаларына үлкен серпіліс береді деп ойлаймын, – деді отырысты ашқан Бердібек Сапарбаев.

Шығыс өңірі басшысының сөзін қуаттаған Александр Кар-лин шекаралық аймақтар арасында экономика, білім, ғылым, мəде-ниет жəне экология салаларын-дағы əріптестік аясында бірлесіп жұмыс істеу – əр Алтай өңірлері үшін əлеуметтік-экономикалық да мудың тың мүмкіндігі əрі өңір-аралық байланысты кеңейтудің даңғыл жолы екендігін атап өтті.

– Бүгінгі басқосуымыз төрт елдің шекаралас өңірлерінің жетек шілеріне өз əріптестері ту-ралы ақпарат алуға, өзара пікір алмасуға, дамудың басым бағыт-тарын бірге талқылауға көмек-теседі. Үйлестіру кеңесінің он бір

жыл ішінде жинаған тəжірибесі трансшекаралық жобаларды жүзеге асыруда мықты əрі сенімді негіз бола алады, – деді Александр Карлин.

Отырыс шеңберінде делега-ция мүшелері Алтай өңір лері арасындағы сауда-эконо ми-калық, білім беру жəне жас тар мəселелері бойынша бірле се жұмыс істеу жолдарын қа рас-тырды. Маңызды бағдардың бірі – Шанхай ынты мақтастық ұйымының əлеует і арқылы туризмді дамыту болмақ.

Енді үйлестіру кеңесіне Қа зақ-стан жетекшілік жасайтын болды. Отырыс барысында Александр Карлин Бердібек Сапарбаевқа «Алтай – біздің ортақ үйіміз» халықаралық үйлестіру кеңесінің төрағасы өкілеттігін тапсырды.

– Шығыс Қазақстанмен эко-номика саласында ғана емес, мəдени жəне рухани өмірімізде де берік байланыс бар. Қос ел бүгінде серіктес қана емес, достығы жарасқан тату көрші, – деді А.Карлин. Б.Сапарбаев Шығыс Қазақстан облысының

үй лес тіру кеңесі төрағалығын абы рой мен атқаратынын жеткіз-ді. Аталған төрағалықтың мер-зімі – 20 жыл.

Қазіргі уақытта Ал тай аймақ-тарындағы ынты мақ тас тықты күшейту мақсатында бірлескен бірқатар жоспарлар белгіленген. Айта кеткен абзал, бұл кеңес төра-ғалығының тағы бір маңызды нышаны – еліміздің Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалық ету миссиясымен қатар келуінде жатыр.

Алтай биоаймақтарының бір-қатар трансшекаралық жобала-рын жүзеге асыру мақсатында үйлестіру кеңесі мүшелерінің қа тысуымен С.Аманжолов атын-дағы Шығыс Қазақстан мемле-кеттік университетінде «Үлкен Алтай – өркениеттер тоғысы» атты экономикалық, мəдени жəне ғы-лыми-техникалық əріптестік ту-ралы конференция өтті. Жиын ға аталған мемлекеттердің жоғары оқу орындарының ректорлары қатысты.

ӨСКЕМЕН.

Алтай – біздіѕ ортаќ їйіміз

Отырыс барысында Үкімет, қызметкерлер мен жұмыс бе-ру шілердің республикалық бірлестіктері арасындағы 2015-2017 жылдарға арналған бас келі-сімнің жобасын дайындау барысы қаралды.

Ж а ң а к е л і с і м ж о б а с ы

эко но микалық саясатты, халықты тиім ді жұмыспен қамтуды, еңбек өнім ділігін, жағдайын жəне оны қор ғау, өнеркəсіптік, эколо гия лық қауіпсіздік жəне т.б. мəсе ле лер ді қамтиды. Құжатқа ағым дағы жыл-ғы желтоқсанда қол қойы лады.

Сондай-ақ, отырыста Ұлттық

кəсіпкерлер палатасы əзірлеген Қазақ стандағы бизнестің корпо-ра тивтік əлеуметтік жауап кер -шілігі ұлттық тұжырымда масы-ның жобасы талқыланды. Тұ-жы рымдаманың негізгі міндеті, Қазақстан Республикасында кор-поративтік əлеуметтік жауап кер-шілікті жылжытудағы бірыңғай тəсілді өңдеу болып табылады.

Бұдан басқа, еңбек дау лары ның алдын алудың қабылданған шара-лары қаралды. Сонымен ағымдағы жылғы 9 айда мем лекеттік еңбек инспекторлары 5 мыңнан астам тексеру жүргізді, тексеру барысын-да 14 мыңнан астам бұзушылықтар

анықталды. Өңірлік деңгейде еңбек заң на масының уақтылы еңбекақы төлеу бөлігін бұзушылыққа жол бер-ген жұмыс берушілердің қызметін қарау бойынша жұмыстар едəуір күшейтілді.

Отырыс нəтижесі бойынша Ба қытжан Сағынтаев өңір лік ко-миссияларға кəсіп орын дар дағы, еңбек ұжымдарындағы ахуал ға мониторинг бойынша жұмыс-тарды күшейтуді, сондай-ақ, ең-бек заңнамасы мəселелері жө-нінде халық, жұмыс берушілер, кə сіподақтар арасында түсіндіру жұмыстарын жандандыруды тап-сырды.

Їш жаќты комиссия отырысы

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,«Егемен Қазақстан».

Алдымен баяндама жасаған Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов биылғы жылы ІІМ желісі бойынша 249 мың қылмыс тіркелсе, соңғы үш жылда алғаш рет қылмыстың 4 ,6 пайыз төмендеуіне қол жеткізілгенін атап өтті. Бұл жерде ауыр қылмыс 19 мыңға дейін (–21,4%) жəне аса ауыр қылмыс 1531-ге дейін (–20%), ал кісі өлтіру 679-ға дейін (–19,5%) төмендепті. Бұдан басқа, денсаулығына ауыр залал келтіру 1,1 мыңға дейін (–15,9%,), қарақшылық 667-ге дей ін (–39,6%), тонау 10,7 мыңға дейін (–26,2%), бұзақылық 19 мыңға дейін (–15,3%,), ұрлық 152,7 мыңға дейін (–2,4%,) жəне басқа да қылмыс сандары қысқарыпты. Бұрынғыша еліміздегі қылмыстық жағдайға жоғары үлесті құрайтын (60%) ұрлық кері əсер етіп отырғандығы да алға тартыл-ды. Есесіне, қылмыстық істерді қосымша тергеу жүргізу үшін қайтару (–14,8%), азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу (– 2,4%, 80-ге дейін) жəне қылмыстық жауапкершілікке негізсіз тарту фактілері азайған.

Қ.Қасымов енді азаматтардың құқыққа қайшы əрекеттер туралы шағымдары мен хабарламалары қылмыс ретінде тіркелетінін, олар бойынша дереу қылмыстық іс қозғалып, тексеру жүргізілетінін де ортаға салды. Жаңа заңнамаға сəйкес, қылмыстық-атқару жүйесі құрылымына кіретін қамаққа алу үйлерінің құрылысы мəселесі өткір қойылды. Сарапшылардың есептеуі бойынша, «қылмыстық əрекеті» үшін қамаққа (30, 60 жəне 90 тəулікке дейін) алынған адамдар саны шамамен 17 мыңды құрайды. Ұзақ мерзімге ұстау үшін талапқа сай инфрақұрылымы бар 29 мың қамаққа алу үйлерінің құрылысына 32 миллиард теңге қажет көрінеді.

Бұл ретте министр қыл мыс-тық-атқару жүйесінің құрамына 75 түзеу колониясы кіретінінен де хабардар ете кетті. Оның ішінде 18 қоныс-колониясы, бір түрме, кəмелетке толмағандарға арналған бір тəрбие колония сы да бар. Бұдан басқа, 18 тер геу оқ-шаулағышы, онда 6 мың нан астам адам бар жəне бас бос тан дығынан айырумен байла нысты емес жаза-ларды өтеп жат қан базасында 21 мың адамы бар 240 қылмыстық-атқару инс пек циясы жұмыс істейді. Қа зір бас бостандығынан айыру орындарында 48,7 мың адам болса, олардың 3400-і əйел, 100-і кəмелетке толмағандар екен. Министр ұжымдық, жасақтық-барактық нысан өзінің толық мəнін жойғандығын, сотталғандарды камералық ұстауға көшіру бас-талғанын жеткізді. Камералық ұстауға көшу үшін бір колония құрылысына мемлекет 10-12 мил-лиард теңге жұмсайтынын, ал 37-40 мың сотталғанды ұстауға арналған 25 колонияға 250-300 млрд. теңге бағытталуы тиістігін де назарға сала кетті.

Колония құрылыстарын жүр-гізуді мемлекеттік-жеке серік-тес тік қағидаты бойынша жүзеге асыру орынды. Бұл əлемдік тəжі рибеде бар жəне көптеген елдерде нəтижелі іске асуда. Минис тр бұл ретте еліміздің бес климаттық ауданы бойынша 1,5 мың орынға арналған камералық ұстау колонияларының типтік жобасы да əзірленіп қойылғанын жеткізді. Оның айтуынша, жал-пы колонияларда жартысы (50%) немесе 13 мың сотталған ғана жұмыспен қамтылған. Барлық ҚАЖ кəсіпорындары қайта құру-ды жəне өндірістік қуатын техни-ка лық жарақтандыруды, жаңа өн-діріс түрлерін құруды керек етеді.

Биылғы жылы шағын жəне орта бизнестің 20 субъектісімен бір лесіп, мекемелердің бос алаң-дарында құрылыс мате риал-дарын шығару, арнайы тех никаны

жинау жəне ағаш бұйым дарын, пластикалық терезе лерді шығару өндірісі ұйымдас тырылды. Жыл сайын түзеу мекемелері 12 мил-лиард тең ге көлемінде өнімдер өндіреді, жұ мыстар жасайды жəне қызмет көр сетеді. Шығарылатын өнімнің елеулі бөлігі – 80 пайызы жеке қажеттіліктері үшін түзеу мекемелеріне жеткізіледі. 2013-2014 оқу жылының қорытындысы бойынша 1,5 мыңнан аса сот-тал ған түзеу мекемелерінің жанын дағы орта мектептерді бітірді жəне аттестаттарын алды. Бұдан басқа, қылмыстық-атқару жүйесінде 46 кəсіптік колледж-дер құрылып, жұмыс істеуде, онда сотталғандар шамамен 50-ден аса қажет мамандықтар бой-ынша: ағаш ұстасы, сылақшы-бояушы, электр жəне газбен дəнекерлеуші, фрезерші, тігінші, наубайшы, аспаз, көпсалалы құрылысшы жəне т.б. білім алу-да. Бүгінгі таңда еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бой-ынша 4 мыңнан аса сотталған мамандыққа ие болды, деді минис тр.

Үкімет 2015 жылдан бас тап 2018 жылға дейін түзеу меке ме-лерін бюджетке таза табыстың бір бөлігін төлеуден босату тура-лы шешім қабылдады, деген ми-нистр одан түсетін 123,6 милли-он теңгенің өндірісті жаңғыртуға жұмсаларымен де бөлісе кетті. Сондай-ақ, жаңа жылдан бас тап ҚАЖ кəсіпорындары «Мем ле кет-тік сатып алу туралы» Заң норма-ларын қолданусыз тауар лар ды, жұмыстарды жəне қызмет көр-сетулерді жеткізу үшін келісім-шарттар бекіте алады.

Сондай-ақ, Қ.Қасымов ко ло-ниядағы өлім-жітім мəселесін де айналып өтпеді. Оның айту-ынша, соңғы 5 жыл ішінде коло-ниялардағы өлім-жітім деңгейі шамамен 30 пайызға дейін төмендеген. Бұл жылдар ішінде 13 мың сотталған колонияларға денсаулықтарында бар созыл-малы аурулармен түскен екен. Туберкулезден өлім-жітім саны 68 пайызға, ал науқастардың саны 31 пайызға азайғаны да атал-ды. Бұл орайда, дəрігерлердің жа сақталмауы 35 пайызды

құрай тын дығы да көлденең тар-тылды.

Жаңа қылмыстық заңнамамен бас бостандығынан айырумен бай-ланысты емес жазаларды қолдану саласы елеулі түрде кеңейе түсетіні белгілі болып отыр. Бас-ты мақсат – жазалау жүйе сін ізгілендіру, яғни түзелуі бос тан-дықта да болуы мүмкін адам-дар дың тордың арғы жағына қа-малмауы. Бұл заңнамалық новел-ла ҚАЖ пробациялық қызметінің одан əрі дамуы мен жетілдірілуін талап етеді. Жаңа жылдан бас-тап пробациялық бақылау бел-гіленген адамдардың тізбесі шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар, бас бостандығын шектеуге сотталғандар жəне сот əкімшілік бақылау белгілеген адамдар (бұрын тек шартты сотталғандар, бас бостандығын шектеуге сотталғандар болған) санаттарымен толықтырылады. Осыған байланысты, пробация қызметінің есебінде тұрған адам-дар санының 55 мыңға дейін, яғ ни 2,5 есеге көбейетіні (21 мың нан 55 мыңға дейін) күтілуде. Қа зір елімізде осы қызметтің 240 бөлі-нісі бар, оның есебінде 21 мың сотталған (2013 жылы 18 182) тұр.

Жаңа жылдан бастап біз сот-талғандарды бақылау үшін элек-трон дық білезіктерді жаппай пайда лануға кірісеміз, тиісті қара-жатты Үкімет бөлуде. Шетелде білезіктер əлдеқашан қол-данылуда, деді министр осы рет-те. Бұдан кейін Заңнама жəне сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Рахмет Мұқашев тақы-рыпқа орай қосымша баян-дама жасады. Отырысты қоры-тындылаған вице-спикер былай деді: «Депутаттар заң жобалау қыз ме тінде Елбасы мен Үкімет алға қой ған міндеттерді ше-шуде Іш кі істер министрлігіне əрқа шан да қолдау көрсетеді деп сенемін».

Нəтижесінде, депутаттар тарапынан айтылған көптеген ұсыныстар министрлік жұмы-сын да пайдалануы тиістігі ерек-ше аталды. Сондай-ақ, отырыс-та ортаға салынған ұсыныстар мен пікірлер бойынша Үкіметке бірқатар ұсыныстар əзірленді.

Ќылмыстыќ-атќару жїйесін ќыруар жўмыс кїтіп тўр

Мəжіліс Төрағасының орынбасары Сергей Дьяченконың жетекшілігімен кеше «Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесін одан əрі дамыту мен келешегінің жағдайы» деген тақырыпта Үкімет сағаты болып, онда Ішкі істер министрлігінің міндеттері мен проблемалары талқыға салынды.

Динара БІТІКОВА,«Егемен Қазақстан».

«Бəйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төра-ғасы Қуандық Бишімбаев мəлім-дегендей, бүгінде Ұлттық қордан бөлінген қаржы толық игерілген. Аталған қаражатқа 437 жоба қаржыландырылған. 23 жаңа өнеркəсіп орны ашылып, 144 не-сие алушы 27 млрд. теңгеге қайта қаржыландырылған. Жалпы саны 4,5 мың жұмыс орны ашылған.

«Аталған қаражатты біз жарты жыл ішінде игеріп алуымыз қажет болатын. Бүгінгі таңда Мем-лекет басшысының тапсырмасы толық орындалды. Ақша игерілді, шағын жəне орта бизнес екінші деңгейлі банктерден бұрын алған несиелерді жеңілдетілген түрде қайта қаржыландыруға мүмкіндік алып, жұмыстарын жалғастырды. Жаңа кəсіпорындар мен сəй ке-сінше жаңа жұмыс орындары

ашылды. Бағдарлама шынын-да да табысты болды, тəжірибе көр сеткендей, қазақстандық өнді рісшілерге аса қажет екенін дəлел деді. Бұған кəсіпкерлердің өті німдерінің қаржыландырылуы Ұлттық қордың қаражатынан бөлінген 100 млрд. теңгеден асып түсуі дəлел», деді Қ.Бишімбаев. Оның айтуынша, кəсіпкерлердің 98 өтінімі бойынша сұраныс ұсыныстан 23,5 млрд. теңгеге асып түскен. Айта кетсек, қаржы кəсіп керлерге, 6 пайыз ставка-мен 10 жылға берілді. Қаржының төрт тен бірі, яғни 25 млрд. тең-гесі тамақ өнеркəсібінде жаңа кəсіпорындар ашуға бөлінген. Іс жүзінде бұл қажеттіліктің 102 пайызы қамтамасыз етіліп, 25,5 млрд. теңге бөлінді. Басқарма бас шысының айтуынша, салалық бағытта тамақ өнеркəсібі көшбас-шы болып отыр.

Құрылыс материалдарының өндірісі екінші орынды алып отыр.

Бұл жерде 23 млрд. теңге сомасы-на 90 жоба қаржыландырылды. Сондай-ақ, Ұлттық қордан қаржы-лан дырылған басқа да жобалар аясында металлургиялық сала мен машина жасау, химия, ағаш өңдеу жəне тоқыма өнеркəсібі, жиһаз өндіру салалары бар.

Өндіріс өнеркəсібіндегі шағын жəне орта бизнесті қолдау бағдарламасының əлеуметтік-экономикалық əсері өте жоғары. Мəселен, 20 жыл ішінде 13 мыңға жуық жаңа кəсіпорындар ашы-лып, бюджетке салық ретінде жылына 7 млрд. теңге түседі деп күтілуде. Бұл көрсеткіш 20 жыл ішінде 250 млрд. теңгеге дейін өседі. Бір жыл ішінде мем-лекет тарапынан қолдау тапқан кəсіпорындар саны 465-ке жетсе, 20 жылда олардың саны 1 300-ге дейін өспек. Сондай-ақ, импорт-ты алмастыра алатын шағын жəне орта бизнес кəсіпорындарының шығаратын отандық өнімі жы-лына 102 млрд. теңгені құрайтын болады. Бағдарламада көшбасшы болып отырған үш сала – тамақ өнеркəсібі, құрылыс материал-дарын шығару жəне металлур-гия салалары тауарларды өңдеу бойынша ішінара импортты алмастыруға бағытталған. Оның ішінде басым бөлігі, яғни 55 пай-ызы тамақ өнеркəсібіне келеді.

Жалпы, атқарылған жұмыс-тардың нəтижесінде қаржының 73 пайызы жаңа жобаларға берілді. Қалған 27 пайызы неме-се 27 млрд. теңге кəсіпорындарды қайта қаржыландыруға, олардың несиелік шарттарын жеңілдетуге жұмсалды. 100 млрд. теңгенің 20 пайызы Астана жəне Алматы қалаларындағы шағын жəне орта бизнес өкілдеріне, қалған 80 пайызы аймақтардағы бизнес иелеріне берілген.

Алдағы уақытта Ұлттық қор «Бəйтерек» холдингіне тағы да 75 млрд. теңге қаржы бөледі деп жоспарланып отыр. «Бəйтерек» холдингі басшысының айтуын-ша, ол қаржы ірі өнеркəсіптік кəсіп орындарды қайта қаржы-лан дыруға, ашуға, яғни, үдемелі индустриялық-инновациялық да му бағдарламасының келесі бес жылдығын жүзеге асыруға жұмсалатын болады. Тағы айта кетерлігі, 75 млрд. теңге Қазақ-станның Даму банкіне жіберіледі. Даму банкі өз тарапынан тағы 150 млрд. теңге қаржы бөледі. Яғ ни, Ұлттық қордан бөлінген бір тең-генің үстіне банк тарапынан екі теңге қосылады. Ол қаржыны банк ішкі нарықтағы қаржы көздерінен алады. Сонымен, жалпы, 225 млрд. теңге ірі кəсіпорындарды ашуға, дамытуға бағытталады.

Бґлінген ќаржы 100 пайыз игерілдіКеше Орталық коммуникациялар қызметінде өңдеу

өнеркəсібіндегі шағын жəне орта бизнеске Ұлттық қордан бөлінген 100 млрд. теңге көлеміндегі ақшалай қаржыны игеру жайында баспасөз мəслихаты өтті. Оған «Бəйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев, «Даму» кəсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрайымы Лəззат Ибрагимова қатысты.

Кеше Премьер-Министрдің бі рінші орынбасары Бақытжан Са ғынтаевтың төрағалығымен орта лық жəне жергілікті атқарушы органдар, өңірлік кəсіпкерлер палата-сы мен кəсіподақтардың қатысуымен əлеуметтік əріптестік жəне əлеуметтік жəне еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Республикалық үш жақты ко мис сияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

(Соңы. Басы 1-бетте).

Page 3: Миландаєы мəдени мўралармен танысты · №205 (28428) 21 ҚАЗАН СЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ Президент Нұрсұлтан Назарбаев

21 қазан 2014 жыл www.egemen.kz 3

НЎРЛЫ ЖОЛ – БОЛАШАЌЌА ЖОЛ

Қанат ЕСКЕНДІР,«Егемен Қазақстан».

Үлкен Алматы айналма жолы деген атауға ие болған алып жол құрылысы келер жылы жүр-гізіле бастайды. Бұл күрделі жол құры лысы туралы шешім сонау 2002 жылы қабылданып, бас жоспары тиянақты түрде жасалған болатын. Содан бері республикалық бюджеттен тиісті қаражат бөлінбеуі себепті бұл жоба осы күнге дейін кешеуілдеп келді. 2006 жылы Қазақстан Респуб ликасының Үкіметі Ал-ма тыны қоршай салынуы тиіс үлкен айналма жолдың ел эконо -микасындағы стратегиялық ма-ңызына назар аудара отырып, алдағы атқарылар ірі жобалар қатарына қосқан еді.

Тек Алматы қаласының ғана емес, сонымен қатар, бүкіл рес-публиканың тыныс-тіршілігіне дем беретін, ел ішіндегі жəне халық аралық түрлі қатынастар кезінде ерекше рөл ойнайтын күретамырды іске қосу үшін тар тылатын қаржыға қатысты шетелдік инвесторлармен мəміле жасалып, екі жаққа тиімді келісім-шарт түзілді. Жалпы құны 86 миллиард теңгені құрайтын алып құрылыстың құжаттандыру жə-не эко номикалық-техникалық негіздемесін жасасуға халық ара-лық-қаржылық ІFC корпорация-сы мен Еуропалық банк мердігер ретінде тартылып отыр.

Жобаның экономикалық-техникалық негіздемесіне сай келе шекте Үлкен Алматы ай-налма жолының ұзақтығы 66 шақырымды қамтып, қала маңына іргелес орналасқан Қарасай, Іле, Талғар аудандарының аумағы арқылы жүргізілетін болады. Бұл дегеніңіз – сағатына 150 шақырымдық жылдамдықпен қозғалатын 6 қатар машина еркін сыйып кететін үлкен автобан, ол қаланың əр тұсынан сыртқа шығатын 19 жекелеген автожол-дар мен 2 теміржолды басып өтеді. Жəне де жоспарға сай, осы айналма жолдың өн бойында бірнеше жол айрықтары мен жаяу жүр гіншілерге арналған ыңғайлы кө пірлер салу да қарастырылып отыр.

Осы құрылыстың бас жос-парымен етене танысқан эколог мамандар келешекте айнал ма жол іске қосылған соң Алматы қала сының экологиялық ахуалы жақсарып, қазіргідей бірне ше сағатқа созылатын көлік кепте ле-гінен құтылатын боламыз, дейді.

Ма мандардың есебінше, мұ-нан өзге, ауыр жүк машинасы бар, жолаушылар тасымалдай-тын көліктер бар, тəулігіне 40 мың автокөлік қаланы кесіп өтпей, осы жол арқылы облыс аумағына еркін қатынайтын бо-лады. Мəселен, Қаскелең мен Талғар арасында қатынайтын көліктер небəрі жарты сағат аралығында діттеген жеріне еш

кедергісіз жете ді деп болжап отыр жол мамандары.

Үлкен Алматы айналма жолы-ның алдағы уақытта келтірер пайдасы, қала тұрғындары мен қонақтарының уақыт үнемдеуде атқарар рөлі ерекше болмақ. Бір ғана мысал келтірер болсақ, осыған дейін пайдалануға берілген Шығыс айналма жолының өзі бұл күнге дейін қала жəне қала маңы тұрғындарының игілігіне жарап, көптеген шаруасының жеңіл шешілуіне зор ықпал етіп келеді. Əсіресе, қалаға іргелес елді мекендерден қатынайтын жұмыскерлерге өте жақсы бол-ды. Бұрын қалаға кіру, қаладан шығу мұң болып, шіліңгір шілде, шыңылтыр аязда жүріп-тұрудың азабын тартса, қазір ол күндер ұмытылған. Ендігі үлкен айнал-ма жолы Алатау баурайындағы қаланы жартылай шеңберлей оты-рып Алматы – Бішкек, Алматы – Астана, Алматы – Өскемен, Құлжа күрежолдарын басып өтіп, Талғар қаласымен түйіседі. Осы бағыттарда жол қозғалысының жеңілдеуі арқылы кептелегі кібір -тіктетіп тұрған солтүстік жəне шығыс бағыттарындағы қала қа ты-насы жанданып, алып мегапо листің байланыс қақпалары қайта кеңиді.

Жол салу жоспарында алдағы уақытта ауыр жүк машинала-рына есептелген аса сапалы тас жол төселіп, əр бағыт ақылы бол мақ. Жолдың бойы барынша бейне жəне электронды бақылау

құрылғыларымен жабдықталады. Салынған инвестицияны қайтару мақсатында жолдың күтімі мен пайдалану ақысын қадағалауға жол құрлысын жүргізген компа-ния белгілі мерзім аралығында ие лік етеді. Алматы облыстық əкімдігінің мəліметіне үңілсек, осы айналма жолды салу үшін 690 гектардан астам жер аумағы қажет екен. Саяжайлар мен ша-руа қожалықтарына тиесілі жерді айтпағанда, бұл алып құрылыс үшін бірнеше елді мекеннің 300-ге тарта жеке меншік үйі сүріледі. Қазір бас жоспар бойынша жол түсетін бағыт бойындағы үйлердің иелерімен келіссөздер жүргізілуде. Оның сыртында жол құрылысы түспес бұрын кəріз жəне ауыз су же лісін салу, жарық тарту, байла-ныс жүйесін жасақтау секілді ма-ңызды шаруалар басталып та кетті.

Жалпы, Алматы қаласының экологиялық ахуалы мен эконо-микалық тиімділігін арттыру мақ-сатында Үлкен Алматы айналма жолының құрылысы тоқтаусыз жүргізілетін ірі жоба ретінде қазір атқарушы биліктің айрықша на-зарында. Қазірдің өзінде Алматы қаласы арқылы миллионға жуық автокөліктің өтетіндігін ескер-сек, бұл халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігінің кепілі деуге де болады.

Жуырда Алматы қаласының əкімі Ахметжан Есімов пен Алматы облысының əкімі Амандық Баталовтың қатысуымен бірлескен отырыс ұйымдастырылып, қазіргі таңда туындап отырған көлік мəселесінің шешімін бірлесе ше-шуге мəміле жасасты. Онда об-лыс пен қала əкімдігі алдағы ай налма жол құрылысы бары-сында атқарылар шаруаларды тиянақтай келіп, қала аумағынан сыртқа шығатын негізгі үлкен даңғылдарды үлкен айналма жолға қосу жоспарын пысықтады. Жасалған жоспарға сай келешекте үлкен айналма жолдың маңына қаладан тысқары шығарылатын базарлар мен өнеркəсіп құры-лымдары орналастырылып, жол бойын көгалдандыру ісі де қолға алынатын болады.

АЛМАТЫ.

Еліміз тəуелсіздік алған егемендіктің елең-алаң жылда-рында «қолдың қысқалығынан» бар жолдың өзінің күйі тай-ып, ойқы-шойқы жағдайға ұшырады. Ауылдар мен аудан арасында, аудандар мен облыс орталығына қатынас қиындады, жолаушылар жолдың азабын тартты. Міне, осы кезде Елбасы Н.Назарбаев елімізді көктей өтетін «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық көлік дəлізінің құрылысын жүр гізу туралы тың бастама көтерді. Қашанда бастаған ісін аяқтамай тынбайтын Мемлекет басшы-сы бұл бастаманы көтеріп қана қоймай, оны жүзеге асыруға бар күшті жұмылдырды.

«Ба тыс Еуропа – Батыс Қы-тай» халықаралық көлік дəлі-зінің 628 шақырымы біздің об-лыс аумағымен өтеді. Ақтөбелік жолшылар басқа өңірлерге қара-ғанда күрежолдың осы телі-мінің құрылысын бірінші болып аяқтады. Бұл айтуға ғана оңай. Əйтпесе, 628 шақырым жол бой-ында қыруар жер жұмыстары жасалғаны сөзсіз. Оны жол салуға жұмсалған қар жы көлемінен де аңғаруға болады. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзитті көлік дəлізі Ақтөбе теліміне барлығы 47,1 млрд. теңге инвестиция са-лыныпты.

2011 жылдың қазан айында Ақтөбе облысында ұзындығы 215 шақырым болатын «Қарабұтақ – Қызылорда облысының шека-расы» автожолының телі мі пай-далануға беріліп, шал ғай дағы Ырғыз ауданының хал қы қуа-нышқа кенелген болатын. Былтыр ұзындығы 102 шақырым «Ақтөбе – Мəртөк – Ресей Федерациясы шекарасы» автомобиль жолы іске қосылды. Таяқ тастам жердегі Мəртөкке жетудің қиямет-қайым қиындығынан жүргізушілердің мойны босады. Бұл жолдың біраз бөлігі жарықтандырылған сапалы жолға жатады.

Сонымен бірге, қаланың солтүстік айналма жолы құры-лысы да іске қосылды. Бұл өңір-дегі автокөлік қозғалысына, жолау шыларға біраз қолайлылық əкелді. Биыл «Самара –Шымкент» жолының 33 ша қырымына қатты жамылғы төсеу жұмыстары аяқ-талып келеді. Ол да бүгін-ертең пайдалануға беріледі деп күтулі халық. Сонда Қобда жақтан қалаға кіретін жолға түгелдей асфальт төселіп бітеді. Яғни, 250 шақырымдай қашықтағы Ойыл ауданына жəне əріректегі Батыс Қазақстан облысына дейін қатты

жамылғылы жол сайрап жатады деген сөз.

Жолдың жақсылығы адам-дардың барыс-келісіне ғана қолайлы емес, олардың тұрмы-сының жақсаруына да алғышарт жасайтыны белгілі. Сонау қиян-дағы ауылдарға азық-түлік, та-уарлар, құрылыс материалда-рын жеткізу де жеңілдеп сала берді. Қазір ауылдық жерлер-де де тұрмыстық игіліктерді көруде. Ауылдықтар үйлеріне қаладағыдай еурожөндеу жүр-гізіп, салқын суды ішке кіргізіп алып жатыр. Соның барлығын тұрғындар жол қатынасының жақсарғанымен сабақтастырады. Бұрынғыдай ойқы-шойқы жолда алған затымды жеткізе алмай-мын, бүлінеді деп қиналмайды. Жол сапасы жыл өткен сайын жақсарып, жайлы бола түсуде. Көліктердің де неше түрі бар. Бір үйдегілер бірнеше автокөлік мінетін дəрежеге жеттік. Бұл халық тың əл-ауқатының жақсара түскенінің белгісі.

Жол құрылысының қарқын алуы тек күрежолдарға ғана қа-тысты емес. Аудан орталық-тарында да көшелерді жөндеу қолға алына бастады. Оларға сол жерден шыққан қаржылы кəсіпкерлер де атсалысуда. Мұ-ның өзі елдің ортақ игілікке үлес қоссам деген азаматтық ние тінен туып отырғаны қуантады.

Шыны керек, басқасын бы-лай қойғанда, теміржолдан жы-рақ тау орналасқан Ойыл, Ыр-ғыз аудандарына қатты жа-мылғылы жолдың баруын Қа-зақстан Республикасының Тұң-ғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саяса-тының нəтижесі деу орынды болмақ. Бұл арада жұмыстардың жүйелі де сапалы атқарылуына бас-көз болған жергілікті биліктің де ыждағаттылығын айту орын-ды.

Ақтөбеліктерді ғана емес, алыс-жақыннан келетін жолау-шыларды қинап тұрған əзір-ге 319 шақырым «Ақтөбе – Астрахань» бағытындағы тас жол. Бұл жол 1967-1970 жылда-ры қолға іліккен материалдар-дан, мұнайдан алынатын кир-дан, тастан салынғандықтан, сапасы сын көтермейді. Содан бері жөндеу де көрмеген. Екінші бір еңсеңді езетін бағыт – 135 шақырымдық «Ақтөбе – Орск» тас жолы. Ол алпысыншы жыл-дары салынған 4 дəрежелі жол. Мамандардың айтуынша, бұл жол дар қазіргі автокөліктердің с а л м а ғ ы н а , қ о з ғ а л ы с т ы ң

қарқынына төтеп бере алмай-тын көрінеді. Алайда, барлығы бір сəтте бола қалмайтынын ха-лық та түсінеді. Болашақта бұл жолдардың жөнделетініне қазір атқарылып жатқан жұмыстар сендіре түседі.

Елбасы Н.Назарбаевтың «Мерейлі отбасы» ұлттық бай-қауының жеңімпаздарын мара-паттау салтанатында сөйлеген сөзінен аңғарғаным, егемендік алғаннан бергі жиырма жылдан астам уақытта ғана елімізде 40 мың шақырымнан астам авто-жол, 2500 шақырымнан астам теміржол салыныпты. Бұл жəй айтыла салған сөз емес. Нақты дəлелін алыстан іздеудің қажеті жоқ. Халқына қызмет етіп жат-қан «Хромтау – Алтынсарин» теміржолының игілігін көріп жүрміз. Астанаға барған сайын осы теміржолдың бойындағы оң өзгерістерді көріп, көңілің тояды. Ал оның сыртында елге əкеліп жатқан тиімділіктері қаншама?

Мен Елбасының əр бас-тамасы еліміз үшін ауадай қа-жет бір-бір ғасыр жобасына тең дер едім. «Жезқазған – Бей неу» теміржолының пай -далануға берілуі барша қазақ -стандықтардың бойында мақ-таныш сезімін туғызды. Бұл Нұрсұлтан Əбішұлының кезекті тарихи жеңісі болды. Егемен еліміз үшін, Елбасы үшін мақ-тандық десек болады. Мұндай ірі жобаларды жүзеге асыру ірі қайраткердің ғана, ірі тұлғаның ғана қолынан келеді. «Шалқар – Бейнеу» теміржол телімінің пайдалануға берілуі бұл өңірдің өмірі мен тұрмысына жаңаша сипат берері сөзсіз. Қазірдің өзін де құба жонда қайнаған ең-бек, қызу тірлік басталды. Жал-пы, жаңадан жолдар салуда, ескілерін жөндеуде Қазақстан ТМД елдерінен біраз ілгері кетті деп ойлаймын. Мұның барлығы Елбасы Н.Назарбаевтың əуелі – экономика, содан кейін саясат де-ген ұстанымының ұлағаттылығын да, ұлылығын да көрсетсе ке-рек. Мұндай батыл бастамалар, қарышты қадамдар тасымалды тездетті, тиімділікке қол жеткізді, экономиканың дамуына серпін берді. Қалалар мен ауылдар арасындағы қатынас анағұрлым жақсара түсті.

Мұның Еуразиялық эконо-микалық одақ аясындағы қарым-қатынасқа да оң ықпал етері сөзсіз. Яғни, барыс-келісіміз ар-тып, өзара байланысымыз нығая түспек. Ынтымақтасудан ұтпасақ, ұтылмасымыз анық. Елімізде өндірілген өнімдерімізді көп шығын шығармай өзге елдерге еркін шығарамыз, өзімізге қа-жеттілерін тез де арзанға жет-кіземіз. Жол қатынасы осындай қарқынмен дамитын болса, таяу жылдарда бұл мəселе еліміз бойынша тым тəуір шешіліп қала рына көзіміз жетеді. Бұл біз ді дамыған өркениетті елдер қатарына анағұрлым жақындата түсетін болады.

Келдібай ЕСПАҒАМБЕТОВ,Қазақстан Республикасы

Бейбітшілік жəне келісім кеңесі Ақтөбе облыстық бөлімшесінің

төрағасы.Ақтөбе облысы.

Тўрмысты тїзеу тəсілі

Экономикасын дамытамын, халқының тұрмысын жақсартамын деген ел жол салады. Жол экономиканың күретамыры, қарым-қатынастың негізі болып табылады. Күні кешегі кеңестік кезеңде қазақтар мекендеген алыс ауылдарға жол салынып жарытпады, күрежолдан қиыстау жатқан шалғайдағы елді мекендерге баратын жолдың сапа-сы сын көтермеді десе де болғандай.

Ел қазанына қомақты үлес қосып отырған Алматы қаласы – Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан аса маңызды стратегиялық нүкте. Дамыған елдердің əлемге əйгілі ірі компанияларының Орталық Азияны қамтитын бөлімшелері де, əр елдің мəдени, коммерциялық жəне заңдық өкілдіктері де осы қалада орналасқан. Мемлекеттің қаржы орталығына айналған Алматының тынысын қала көшелеріндегі кептелек пен көліктерден шығатын улы газ құрсап-ақ тұр. Міне, баршаға ортақ осындай проблеманы шешу мақсатында Алматыны айналып өтетін үлкен тас жол салу мəселесі күн тəртібіне қойылған еді.

Мегаполис їшін маѕызды жоба

Page 4: Миландаєы мəдени мўралармен танысты · №205 (28428) 21 ҚАЗАН СЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ Президент Нұрсұлтан Назарбаев

21 қазан 2014 жылwww.egemen.kz4

«МЕНІҢ ЕЛІМ – МƏҢГІЛІК ЕЛ:

– Ғилаж аға, өзіңіз көрген осы көрініске қатысты аға ұрпақ өкілі ретінде не айтар едіңіз?

– Біз Елбасымыз шегелеп ай-тып бергендей, бір ел, бір тағдыр, бір мүдде тоғыстырған елміз ғой. Əсіресе, қазіргі кезде осы қағидат бүгінгі жастардың сана-сезіміне неғұрлым тереңірек орнықса, Мəңгілік Ел болу мүмкіндіктері де соғұрлым жақындай түседі.

Біз, қарағым, негізінен ком-партия саясаты кезінде өмір сүріп, еңбек еткен ұрпақпыз. Осы пар-тия өз қызметін тоқтатқан кезде, бізде енді идея жоқ, идеология жоқ деп аттандай бастадық. Неге болмасын, болғанда қандай? Осы идеяның бастысы да , негізгі түп қазығы да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев белгілеп берген Мəңгілік Ел идея сы емес пе? Міне, осы жарқын идеяның төңірегіне қазақстандық жастар-ды біріктіру мен одан əрі топта-стыруда Маңғыстаудан бас тау алған автошерудің атқаратын рөлі жоғары деп санаймын.

– Еліміздің аумағы кең. Бұл фактор əр өңірдегі этногра фия-лық ерекшелікті танып-білуге

кері əсерін тигізіп жүрмей ме? – Иə, біз Еуропа елдеріндей

емес, өзінің жер аумағы жөнінен əлемде алғашқы ондықтан орын алатын мемлекетпіз. Сондықтан да ел өңірлері бірімен бірі соншалық тығыз емес, қашықтау орналасқан. Əрине, бұл тек жағрафиялық тұрғыдағы си-паттама ғана. Егер оған жалпы мемлекеттік тұрғыдан келсек, елдің барлық өңірінің бір-бірімен аралас-құраластығын тереңдетіп, əр аймақтың өзіне тəн руха-ни жəне табиғи ерекшеліктерін біртұтас елдік құндылықтарға ай-налдыру артықтық етпейді.

– Ортақ отаншылдық көз-қа расты да осылай қалып-тастыруға болады демексіз ғой.

– Əлбетте. Ұлан-байтақ елі-міздің түкпір-түкпіріндегі табиғи байлық пен рухани жəдігерлер – бір мақсатқа біріккен Қазақстан халқының ортақ қазынасы. Мы-салы, Каспий де, Жайық та, Есіл де, Ертіс те, Балқаш та барша Қазақ елінің ортақ игілігі. Мысалы, бұл жолы «Менің Елім – Мəңгілік Ел» автоэкспидициясының мүшелері бүкіл Қазақстан өңірлеріне

қазыналы түбек – Маңғыстауды, оның тылсым да таңғажайып табиғатын таныстыруды мақсат тұтуы осындай өрелі ойдан туған қадам деп есептеймін. Сабақты ине сəтімен дегендей, бұдан соң республиканың келес і аймақтарына да кезек келері кəміл.

Өмірімнің кейінгі 23 жылы өз аузымызға өзіміздің қолымыз жеткен тəуелсіздік тұсында өтіп келеді. Осы аралықта мұндай айрықша экспедиция жолға шыққанын ест імеппін . Бұл – өте тың, жаңашыл идея. Бұл автошерудің жөні бөлек. Əсіресе, оның ел аймақтары арасындағы мəдени-көпшілік байланыстарды тереңдетудегі ықпалы мол бола-тыны анық.

– Рахмет, Ғилаж аға. Аман-сау болыңыз.

ƏңгімелескенТемір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

ОРАЛ.

Бұл шараның, əсіресе, қазіргі жас ұрпақтың батысшыл даңғырлаған музыкасымен əуестеніп, Интернет желісіне таңылып отырған сəтінде маңызы мен мəні айрықша арта түседі. Үркердей жалындаған топтың елдің, жердің тарихы мен əдебиетін, мəдениеті мен өнерін насихаттаған ізгі ісі кез келген жасты елең еткізері, отаншылдық сезімін оятары даусыз. Өйткені, автоэкспе-диция құрамындағы этнографтар еліміздің əр өңіріндегі тарихи құнды ескерткіштердің өзіндік ерекшелігі барына назар аударып келеді.

Өзінің кіндік қаны тамған жерін ғана емес, тұтастай елді сүюге, Отанды сүюге үндейтін мұн дай шаралар бір реттік бо-лып қал мауы қажет. Енді алдағы жылдары Алтай өңірінен баста-лып, Каспий жағалауына дейінгі аралықты жүріп өтетін экспеди-цияны басқаша ұйымдастырудың қажеттігі сұранып тұрғандай. Бəл-кім, бір өңірдің жастары келесі бір облысқа туристік сапармен келіп, тарихи, мəдени, танымдық сипаты басым орындарын араласа нұр үстіне нұр болар еді. Мұндай

сапарлардан жастар тағылымдық, танымдық сабақ алары анық.

Еліміздің əр өңіріндегі жастар-дың бір шоғыры Абай, Шəкəрімдей, Мұхтардай заңғар тұлғалар өмірге келген, Алаш туы тігілген Семей өңіріне барып жатса, ғанибет емес пе? Мəселен, Жұмекен Нəжі меде-нов тің атасы баласын соғысқа ат-тандырар алдында табан ізін сорға бастырып, үстіне қазан төң ке ріп қойған. Нəжімеден қария бала-сын сағынғанда төңкерулі қазанды

көтеріп, баласының ізін алақанымен аялай сипайды екен. Аңызға бергісіз осы тарихи орынды өзге өңірдің жастары өз көздерімен көрсе, оның əсері ерекше боларына сенемін.

Қорыта айтқанда, Алтай етегін-дегі жастардың Ақтаудағы не Қызыл ордадағы тұстастарымен, Жамбыл жеріндегі жас буынның Абай мен Махамбеттей ақындары-ның табан ізі қалған, Қаныштай ғұлама ғалымның кіндік қаны там-ған өңірлердегі замандастарымен тереңірек танысуы мен араласу-ына, пікір алмасып, достасуына ықпалы тиер еді. Өзімізден кейінгі буынның ел мен жер тарихын тек кітаптан ғана оқумен шектелмей, Абайлар мен Махамбеттердің сар қыты – Мұқағалидай біртуар асылдарымыздың балдəурені өткен киелі топырақты көзбен көріп, қасиетін сезінсе екен дейміз.

Айдар САБЫРОВ,Х.Досмұхамедов атындағы

Атырау мемлекеттік университетінің доценті.

Атырау облысы.

Қазақстан – Каспийден Алтай-ға дейін созылып жатқан қасиетті өлке. Достықтың, бірлік пен татулықтың, байлық пен жай-лы өмірдің мекені. Бұл мекенде аспанмен таласқан биік таулар, ұшы-қиырсыз далалар, тіпті, теңіз деңгейінен төмен жатқан ойпат-тар да бар. Ну ормандары, шалқар көлдері, сарқырап аққан өзендері – байлық көзі. Біз біле бермейтін небір қазына бар.

Осы байлығымыз бен қа-зы на ларымызды насихаттау үшін Маңғыстау облысы əкім-дігінің қолдауымен арнайы экспедициялық топ құрылды. Ағымдағы жылдың 1 қазан күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары кезінде «Менің Елім – Мəңгілік Ел: Каспийден Алтайға

дейін» атты этнографиялық автоэкспедицияның тұсауын кесіп, жолға салды.

Е л і м і з д і ң К ө к т у ы н көтер іп , т əуелс і зд і г ім і зд і

наси хаттап, жастардың бойында отансүйгіштік сезімін ояту жəне өңірлер арасында мəдени бай-ланысты нығайтуды мақсат ет-кен жастар киелі Маңғыстаудан басталған сапарларын қазақ даласының əр қиырында жалғас-тыруда. Қараша айының орта тұ сына таман Маңғыстауға қай тып ораламыз деп кеткен замандастарымыздың сапарының сəтті болуын тілейміз. Олар сапар қорытындысында еліміздің 16 облысы мен екі қаласы туралы суретті кітап етіп құрастырамыз деді. Қазақстанның əр жеріндегі тамаша жерлерді осы кітаптан табамыз деп ойлаймыз.

Осындай ауқымды іс-шаралар Қазақстанның əлемнің озық 30 елінің қатарына енуіне үлесі тиер деген үміттемін.

Шынар САРМҰХАНОВА,қалалық ішкі саясат бөлімінің

бас маманы.

АҚТАУ.

Маѕєыстауда тўсауы кесіліп еді

Каспий жағалауындағы Ақтаудан алыс сапарға шығып, Алтайға дейінгі ұлан-ғайыр даламызды шарлайтын «Менің Елім – Мəңгілік Ел» автоэкспедициясының көздеген мақсаты айқын. Ол – жастардың арасында отаншылдық сезімді оятуға атсалысу. Жəне осынау ұлы мақсатты көздеген сапарды жастардың ұйымдастыруынан елімізде отаншыл рухтағы буынның өсіп келе жатқаны байқалады.

Отаншылдыќ сезімді оятады

Бўл автошерудіѕ жґні бґлекҒилаж НАУРЗИН – журналистиканың жілік майын шағып ішкен əріптес ағаларымыздың бірі. Сексен бес жасқа келіп қалғанына қарамастан, жеп-жеңіл қозғалады. Арасында қолды-аяққа тұрмай жүгіріп те алады. 7 қазан күні «Менің Елім – Мəңгілік Ел» этнографиялық экспедициясы Орал қаласына келген кезде ол кісіні Оралдың орталық көшелерінің бірінен кездестірген едік. Бəз-баяғы қалпы. Мемлекетіміздің Көк туын желбіретіп өткен автошеру сапындағы көліктерге мейірлене көз тастап тұр екен. Осы сəтті ақсақалға экспедиция сапарына орай бірер сұрақ қоюдың сəті түскен еді.

Батыс Қазақстан облысы

Маңғыстау облысы

Page 5: Миландаєы мəдени мўралармен танысты · №205 (28428) 21 ҚАЗАН СЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ Президент Нұрсұлтан Назарбаев

21 қазан 2014 жыл www.egemen.kz 5

Этнографиялық экспедиция деген атауының өзі жүрекке жылы, құлаққа əуезді естіледі. Көк туымызды желбіретіп, қатпарлы тарихымыз, өнеріміз жайлы айтылған əңгімелер нəзік-жанды

өнер адамы ретінде мені де қатты тебірентті.

Жасымнан сыбызғының сырлы үніне құмартып өстім. Қазақтың өзге де ұлттық аспаптарын еркін меңгердім. Құрманғазы атындағы

Қазақ ұлттық консерваторияны бітіргеннен кейін «Самал» ор-кестрінде, «Айгүл» ансамблінде қызмет еттім. Сыр елінде музы-калық колледжде сабақ беріп жүргенде, шын өнердің қандай екенін түсіндім. Содан бері қазақтың ұлттық аспаптарын жинаумен де шұғылданып келемін. Бүгінде жеке қорымда сыбызғы, сазсырнай, үскірік, қобыз, домбыра аспаптарының, күбі, астау, сынды ұлттық ыдыс-тардың нешеме түрі бар.

С ə н , м а қ т а н ы ш ү ш і н

жинамаймын. Ата-бабамыздан қалған сарқылмас мол мұраның құндылығын, қадір-қасиетін к е й і н г і ұ р п а қ қ а к е ң і н е н

түсін дірсем деймін. Əйтпесе, көбі ұмыт болып барады. Аталмыш шара жадымызға қозғау салып, ауыр ұйқыдан оятқандай əсер қалдырды.

Қазір Петропавлдағы №6637 əскери бөлімдегі оркестрде аға нұсқаушы болып жұмыс істеймін. Оқушылар мен жас-тарға арнап мектеп ашу, ұлттық өнеріміздің қыр-сырына үйрету көптен бері ойымда жүр. Оған Қазақстанның кең-байтақ жерін көктей өткен этнографиялық автошеру үлкен дем бергенін баса айтқым келеді.

Марат ШАХМҰРАТОВ, сыбызғышы.

Солтүстік Қазақстан облысы.

– «Менің Елім – Мəңгілік Ел: Каспийден Алтайға дейін» атты республикалық жастар автоэкспедициясының біздің университетті таңдауында өзіндік мəн бар деп ойлаймын.1998 жылы өңірде жұмыс сапары-мен болған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев біздің жоғары оқу ор нына келіп, Қазақстан мен Ресейдің достастығының белгісі ретінде Халықаралық қазақ-орыс университеті деп атауды ұсынып, өзінің қолтаңбасын қалдырған бо-латын. Қазір сол қолтаңба қал дыр-ғанда отырған креслосы, қолтаңба қалдырған альбом университеттің музейінде тұр.

Бұл автоэкспедицияға да Елбасы батасын бергенін теле-дидардан көріп, басылымдар-дан оқыдық. Мұның өзі тарихи сабақтастық деп білемін. Сон-дай-ақ, біздің университетте көп ұлттың ұландары оқиды. Біз көптеген халықаралық универси-теттермен байланыс жасаймыз. Соның ішінде, Швейцариядағы Еуропа университетімен де. Қазір 4 мыңға жуық студент білім алуда.

Жалпы, Мəңгілік Ел болуға талаптанып жатқан Қазақстанның болашағы интеллектуалды ұрпақ тəрбиелеуде екенін Елбасының өзі ұдайы айтып келеді. Сондықтан елімізде туристік кластерді дамы-ту ға атсалысуға, өңірлердің та-рихи жəне табиғи жəдігерлерін, экономикалық мүмкіндіктерін таныстыруға бағыт ұстаған экс-педиция сапарының ұлағаты мол болады деу орынды.

– Жалпы, республикалық жас тар автоэкспедициясы өткіз-ген шараларға тоқтала кетсеңіз.

– Экспедиция жетекшісі Евгений Рибалко іскер де көп-шіл жігіт екен. Келе сала арнайы

іс-шара өткізілетін сахнаны өздері жабдықтауға кірісіп кетті. Тіпті , бұрынғылардай əкім-діктен, басқа да мемлекеттік ме-кемелерден көмек күткен жоқ. Оқытушылармен жəне студент-термен кездесуде Ақтөбеге жет-кенше (2 мың шақырымнан астам қашықтықты артқа тастағанда), жол азабын тартпағандарын да қуанышпен жеткізді. Осының барлығы еліміздегі экономикалық дамудың қарқын алып келе жат-қанына нақты дəлел екенін мақ-танышпен тілге тиек етті.

Маңғыстау облысы туралы дерек ті фильмді жастар қызы ға қарады. Автоэкспедиция мү ше лері университетпен, оның музейімен танысты. Ақтөбенің көрікті жер-лерін аралап, таза да əдемі қала екеніне тəнті болғандарын айтты. Экспедиция құрамында талантты жастар бар екен. Олар универси-тет кіреберісінде орнатылған сах-надан əндер шырқады. Италиялық Сон Паскаль ағылшын, қазақ жəне орыс тілдерінде əн салып, көрермендер ықыласына бөленді.

Салтанатты шараға жиналған-дар Маңғыстаудың «Аспан ас-тындағы музей» аталуы да тегін еместігіне көз жеткізді. Мұнда 449 тарихи ескерткіш есепке алынғанын, бұл өңір 362 əулие ме-кендеген қасиетті топырақ екенін тағы бір жадыларында жаңғыртты. Студент-жастар «Менің Елім – Қазақстан», «Қазақстан – Мəңгілік Ел» деп ұрандатқанда бойымыз-ды елімізге деген сүйіспеншілік сезімі баурады. Бұл бір ұлағаты мол, үлгілі сапар болып жатыр деп айтқым келеді.

Ақтөбе Халықаралық қазақ-орыс университетінің президенті Темірхан Бердімұратов Ақтө-бе шаһарының эмблемасын Қос танайдан шығатын «Ssang Young» маркалы автокөлікке жап сы рып, өңірлер арасындағы бай ланыстың нығая беретінін аңғарт ты. Экспедиция құрамын-дағы этнограф Марат Өтесінов экспедицияның негізгі мақсаты жүріп өткен жолдарында халықты Маңғыстау өңірінің туристік мүмкіндіктері, экономикалық даму қарқынымен таныстыру екенін жеткізді.

Əңгімелескен Сатыбалды СƏУІРБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Ақтөбе облысы.

Халқымыз «жол» мағынасына үлкен мəн берген. Осы тұрғыдан алып қарағанда, Нұрсұлтан Əбішұлының Мемлекет басшы-сы ретіндегі бүкіл қызметі халық

тағдыры мен болашағы жолының жарқындығын айқындауға бағытталғандығын көреміз. А в т о ш е р у д і ұ й ы м д а с т ы р у біздің санамызға қозғау салса,

оның жүріп өткен жолдары биік болмысымыздың мағынасын көрсетіп бергендей болды. Кең-байтақ Отанымыздың алты об-лысын мерейлі қуанышқа бөлеп, қазақ мəдениетінің маржаны қалыптасқан Көкшеге əдейі атба-сын бұруы таным-түсінігіміздегі ірілік деп қабылдадық. Асқақ рухтың аласармайтыны осыдан-ақ көрініс береді.

Біз – сəні мен салтанаты жарасқан халықпыз. Үңіле қарасақ, мұның астарында сан ғасырлық ерлік, халықтық намыс

жалыны жарқылдап тұрғаны байқалады. Ол арманымыздың орындалғанымен, ел тəуел-с і з д і г і н і ң б а я н д ы л ы ғ ы н н ы қ т а у д а ғ ы ж а н қ и я р е ң -бегіміздің жанғанымен айрық-ша ыстық бола түспек. Осы ұстанымымыз, Отанға деген ыстық махаббатымыз əманда биік тұрғаны абзал. Жолымыз ашық, мақсатымыз айқын бола бергей.

Сəтбек ƏЛІМЖАНОВ, Ауған соғысының ардагері,

«Намыс» орденінің иегері.

Ақмола облысы,Ақкөл ауданы.

Ўлаєаты мол сапар

Маңғыстау облысынан сапарын бастаған «Менің елім –Мəңгілік Ел: Каспийден Алтайға дейін» атты республикалық жастар автоэкспедициясы Ақтөбеге атбасын тірегенде, осындағы халықаралық қазақ-орыс университетіне тоқтап, негізгі шараларын өткізіп, жоғары оқу орнының профессорлық-оқытушылар құрамымен жəне студенттер қауымымен кездесті. Біз осы университеттің ректоры Алтын МЫРЗАШОВА-НЫ əңгімеге тартып, автожорықшылармен болған кездесуден алған əсерін айтып беруін сұрағанбыз.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен елімізде алғаш рет ұйымдастырылған «Менің Елім – Мəңгілік Ел: Каспийден Алтайға дейін» атты ізгілікті шара барысында адамдарды отаншылдық қасиеттерге үндеумен қатар, əр облыс орталығына аялдап, рухани, мəдени құндылықтарымыздың да кеңінен таныстырылуы əбден құптарлық қадам.

Ўлттыќ ґнеріміз де ўмыт ќалмайды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлытаудағы сұхбатында бүкіл қазақ жамиғатының рухын сілкінткен ұлағатты сөздерімен жан дүниемізге жігер қосты. Бұл сөздердің мəңгілік мағынасын нақты ісімен дəлелдеп те берді. Айтпағым, өзінің жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан, Ақтаудағы маңызды шараға əдейі қатысып, Каспийден Алтайға бағыт алған арнайы этнографиялық автоэкспедицияға ақ жол тілеген батасын беруі ұмытылмас тағылым болды.

Асќаќ рух аласармайды

Ақтөбе облысы

Ақмола облысы Солтүстік Қазақстан облысы

КАСПИЙДЕН АЛТАЙҒА ДЕЙІН»

Page 6: Миландаєы мəдени мўралармен танысты · №205 (28428) 21 ҚАЗАН СЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ Президент Нұрсұлтан Назарбаев

21 қазан 2014 жылwww.egemen.kz6

Бекболат БОЛАТҰЛЫ,Назарбаев зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы.

Мен Тараз қаласындағы Назар баев зияткерлік мектебінің оқушысымын. Мен осы мектепте оқып жатқанымды мақтаныш тұтамын. Мұнда қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгере отырып, физика-математика бағытында білім алу-дамыз. Мектеп қазіргі заманға сай заманауи техникамен, оқушылардың терең білім алуына лайық құрылғылармен толық қамтамасыз етілген. Инно вацияның, білім беру үрдісіндегі жаңалық атаулының бəрін осы мектептен көруге болады. Сондықтан мен Елбасымыздың есімімен аталған бұл ордада білім алып жатқанымды бақыт деп білемін.

Елбасының халыққа Жол дау ларынан біздің Қазақстанның даму жолын көреміз. Себебі, бұл елде мен жəне менің сы-ныптастарым еңбек ететін болады. Біз еліміздің ертеңгі ту ұстар азаматтары боламыз. Сөйтіп, халқымызға пайдалы іс жасаймыз, тəуелсіз Қазақстанның бəсекеге қабілетті ел-дер қатарынан орын алып, өсіп-өркендеуіне септі гімізді тигіземіз. Ол үшін қазір тек оқудан, білуден қол үзбеуі міз керек. Шет тілдерін меңгеруі міз қажет. Елбасының Жол-дауында айтылған «Үш тұғыр лы тіл» саясатын іске асырып, үш тілде еркін сөйлейтін боламыз.

Біздің мектебімізде мемлекеттік тілді – басты тіл, орыс тілін – ресми тіл, ағылшын тілін – халықаралық тіл жүйесінде ұстау саясаты қатаң жүргізілген. Біз мұнда үш тілде білім алу-дамыз. Мен осы мектепті бітіріп, үш тілде таза сөйлеп, əлемнің түкпір-түкпірін көргім келеді. Осы мақсатымды іске асыруға септігін тигізіп жатқан Нұрсұлтан атаның еңбегі зор. Болашақ ұрпақтың қамын ойлаған ұлы ата-бабаларымыздың аманатын жүзеге асырып жатқан Президентімізге алғысым шексіз.

Елбасының есімімен аталатын мектептің оқушылары ре тін-де, атамыздың бізге артып отырған сенімін ақтауға тырысамыз.

ТАРАЗ.

Сəкен ЕСПАЕВ, Білім жəне ғылым министрлігінің Ғылым комитеті экономика институтының директоры.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсеткендей, Кеден одағы мүшелері экономикасының жиынтық көлемі 2,2 трилли-он долларды құрайды. Ең алды-мен ЕАЭО-ның ХХІ ғасырдың бірінші жартысындағы қызметі əлемнің ең маңызды экономикалық макроаумағы бола алатындығында, деп көрсетті Мемлекет басшысы.

КО-ның құрылуы оның мүше елдерінің арасындағы өзара сау-да ның өсуіне септік етті. 2013 жылдың қорытындылары бойын-ша Қазақстанның Ресеймен жəне Белоруссиямен сауда айналымы 24 млрд. доллардан асып түсті. Бұл Одақ қа дейінгі соңғы 2009 жыл дең-гейінен 1,9 есе, ал 2012 жылдан 1,4% артық болды. КО елдеріне экс порт 2009 жылдың деңгейінен 1,6 есе артып, 5,9 млрд. долларға жетті, ал импорт 18,3 млрд.-тан асты, мұның өзі 2009 жылдың көрсеткіштерінен 1,9 есе жəне 2012 жылдан 4% артық болып табылады. Мұнда одақішілік экспорттың ширегіне жуығы металл мен металл бұйымдарының (24,2%), 13,7%-ы химия өнеркəсібі өнім-дерінің, 10,4%-ы машиналар мен жаб дықтардың, 8,1%-ы ауыл шаруа-шылығы өнімдерінің үлесіне тиеді.

Біртұтас экономикалық кеңістік шеңберіндегі айналып өтуге бол-майтын бəсекелестіктердің кү-шеюі өз кезегінде кəсіпкерлерді өндірісті жетілдіруге жəне өнім сапасын жақсартуға мəжбүрлеп, экономиканың жай-күйіне оң əсер етіп отырғанын айтуға бо-лады. Бəсекелестіктің күшеюі мемлекеттік сатып алу жүйесінде де қанағаттанарлық көрініс беруде, мұның өзі мемлекетке неғұрлым тиімді ұсыныстарды таңдауға жəне бюджеттік қаржыларды үнемдеуге мүмкіндік туғызуда.

Қазақстанның Кеден одағына қатысуы ұлттық экономиканың дамуының аса мəнді көзіне айналуда. Статистика агенттігінің мəліметтері бойынша, өткен жылы КО елдерімен 17,9 мың сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар бірлесіп жұмыс істеген, олардың 1,1 мыңы экспортшылар, ал 16,8 мыңы импорт-шылар болды, ал 2012 жылы мұндай кəсіпорындар 17,6 мың болған. Сонымен қатар, одақтық саудаға жеке кəсіпкерлер де қатысады жəне олардың саны былтыр екі есеге артты. Егер 2012 жылы мұндай кəсіпкерлер 2673 болса, 2013 жылы 5232 болды. Бұл интеграциялық үдерістер ірі кəсіпорындармен бірге шағын жəне орта бизнесті де қамтып, одақ шеңберінде бірыңғай экономиканы қалыптастырып отырғанын көрсетеді. Ендігі жерде кəсіпкерлердің бұл бөлігі еуразиялық экономикалық интеграцияның негізгі қозғаушы күшіне айналуы толық мүмкін.

Єылым мен ґндіріс арасындаєы

алшаќтыќты еѕсеруМемлекет басшысы ОЭСР-

дың бірқатар ұстанымдары мен стандарттарын Қазақстанда енгізу

бойынша міндеттер белгіледі, сөйтіп, қоғамымыздың дамуының басты бағыты болып табылатын ғылымға негізделген жаңа экономиканың қа-лыптасуын анықтап берді. Ал тех-нологиялық жетілдіру Қазақ стан -дағы аса ауқымды техно ло гия лық революцияның үш кілті болып сана-латын бағыттарының қалып тасуы-мен тығыз байланысты. Олар: био, нано жəне ақпараттық тех но ло гия-лар. Сондай-ақ, өмір сапа сын арт -тырумен байланысты жаңа тех но ло-гиялар да көңіл бөлуді қажет етеді.

2020 жылға дейінгі техно-логиялық дамудың əлемдік бол-жамдарында айқындалған 16 кілттік бағыттардың бесеуін меңгеру үшін Қазақстанда тиісті алғышарттар бар екенін көрсетуге болады, өйткені, мұның өзі аса маңызды. Сымсыз коммуникация технологиясын қолдану мейлінше қажет болып табылады. Мұнда инновациялық серпіліс аймағына АШК-нің меди-цина өнеркəсібінің жəне денсаулық сақтау саласының тиімділігін шұғыл көтеретін био тех нологияның да-муын, сондай-ақ жерсеріктік жəне опто-нəзік талшықты байланыс, ұялы байланыс, т.б. салалар негізінде ақпараттық инфрақұрылымның да-муын жатқызуға болады.

Ел Прези дентінің Жолдауында көрсетіл гендей, ғылымға негізделген экономиканы құру – бұл ең алдымен қазақстандық ғылымның əлеуетінің артуы. «Берілген бағытта венчурлық қаржыландыру, интеллектуалдық меншік, зерттеулер мен инновация, сондай-ақ дайындалған ғылыми жобаларды коммерцияландыру бойынша заңнаманы жетілдіру керек», – деп атап айтылған бұл стратегиялық құжатта. Ал ол деген сөз, жақын арадағы 10-15 жылда ғылымға экономикалық базис құру аса қажет, онсыз Қазақстан үшін əлемнің дамыған елдерімен бір қатарда болуы күрделі іске айнала-ды. Мұндай базисті құру ең бірінші кезекте отандық ғылымның əлеуетін арттырумен байланысты. Сонымен қоса, мұның өзі қаржыландыру, интеллектуалдық меншікті қорғау, зерттеулер мен инновацияларды қолдау, сондай-ақ, дайындалған ғылыми жобаларды коммерциялан-дыру бойынша заңнамаларды одан əрі жетілдіруді талап етеді.

Отандық инновациялық сая-сат əлемдік тəжірибеде мейлінше шыңдаудан өткен көптеген бағыт-тарды қамтиды. Алайда, қабылданып жатқан шаралардың барлығы бірдей тиісті қайтарым беріп жатқан жоқ, өйткені жекеменшік бизнестің ғылыми-зерттеулер мен иннова-цияны қолдау қажет екеніне көзін жеткізу аса күрделі іс болып шықты. Сондықтан Президент белгілеп беріп отырған мақсаттардың жүзеге асуы үшін ғылым мен инновацияларға кешенді ынталандыру шаралары өте маңызды.

Бірінші кезекте Қазақстан ғы лы-мының дамуында шетел инвес тор-ларының рөлін арттыру керек. Яғни, инвесторларды тек өнеркəсіптік компаниялармен ғана емес, соны-мен бірге ҒЗИ-мен де келісімшарт жасауға қызықтыру қажет. Мысалы, шетелдерде ғылымға жалпы шығынның 20%-ы шетелдік көздер үлесіне тиесілі. Қазақстанда бұл көрсеткіш 1-2% ғана, ал мұның өзі біздің елде негізгі капиталдағы

шетел инвестицияларының үлес салмағы соңғы жылдарда 30%-ға артқан жағдайда болып отыр.

Қаржыландырудың ке ле сі көзі – ол жер қойнауын пайда ла нушы-лардың өздерінің жылдық кірісінің жиынынан ҒЗƏКТ үшін аударым (1%) жасап отыруы. Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігінің мəліметтері бойынша бұл көздерден қаржыландыру көлемі өткен жылы 250 млн. долларға артқан. Сондықтан, бұл қаржыларға қолжетімділікті ин-новациялық циклдың кез келген са-тысында технологиялар жеткізуді қаржыландыратын ғылыми-тех-никалық жəне инновациялық қорлар жүйесі арқылы кеңейту ке-зек күттірмейтін қажеттілік.

Ол үшін инновациялық бизнес-жобалардың қаржыландырылуының үздіксіздігін қамтамасыз ету мақ-сатында арнаулы қор құру керек деп ойлаймын. Соның ішінде, технологиялық даму қорын құру қарастырылуы тиіс, ол өз кезегінде мысалы, өнеркəсіп мекемелерінің корпоративтік кірісінің 0,5%-ын құра алар еді.

Сонымен қатар, зерттеушілік пен кəсіпкерлік əрекет салаларының арасындағы алшақтықты игеру ке-рек болады. Бүгіндері бұл мəселе инновациялық кластерлер, техно-парктер, венчурлық қорлар арқылы шешімін табуда. Өмір тəжірибесі көрсетіп отырғандай, бұл жетімсіз: венчурлық қорлар, технопарктер-ден басқа технологиялық делдалдық институттар құру керек-ақ. Олар дайындалған ғылыми-инновациялық жобаларды рынокқа өткізумен, па-тенттеумен жəне лицензиялаумен, инновацияларды консалтингтеу-мен, интеллектуалдық меншікті басқарумен айналысар еді.

Бəріне бас болатын – заѕ

Əрине, ғылымның даму мəсе-лелерін қарапайым қаржыландыру жолымен шешу мүмкін емес. Мұнда «Ғылым туралы» Заңға тиіс -ті толықтырулар енгізу кезек күт-тір мейтін қажеттілік. Бірін ші рет-те ғылыми қызметтің нəти желігі не арналған арнаулы жаңа бап енгі зуді ұсынған болар едім. Сондай-ақ, ин-тел лектуалдық меншікті қорғау ды жəне оның нысандарын пайда ла-нуды қамтамасыз ететін заңнама-лық нормаларды бекіту қажет деп ойлаймын. Мұның өзі бірлес кен ғылыми-техникалық бағдарла ма-ларды, ғылыми жобалар мен жоғары біліктілікті ғылыми жəне инженерлік кадр лардың жаңа сападағы шоғыр-ларын тартуды бірлесіп қаржылан-дыруды жүзеге асыру жолы есебінен бизнестің, соның ішінде, ұлттық ком паниялардың ғылыми-зерттеу қызметіне қатысуын кеңейтуге көмек болар еді. Сонымен қоса, əлем дік даңқы бар жоғары техноло-гиялық корпорациялардың Қазақ-станға келуі үшін мейлінше қолайлы салықтық жағдайлар тудыру заң жүзінде болуы талап етіледі.

Шетелдік технологиялар ағы нын қарай отырып, сонымен бірге ше-телдік серіктестерге дайын өнімді «локализациялау» туралы та лаптар қойылуы тиіс, онда қазақс тан дық мазмұнның үдемелі арттырылуы қарастырылуы міндетті. Мұн дай талаптар технологияларды жет кізу

бойынша келісімшарттарда енгі-зіледі жəне оларда шетелдік серік-тестердің жер гілікті ғылыми-зерттеу ұйым дарымен ынтымақтастығының қажеттілігі де көрсетілуі тиіс.

Мысалы, Қытай елі шетелдік кор-порацияларды өздерінің технология-ларын қытайлық кəсіпорындармен бөлісулеріне мəжбүрлейтін жаңа «ойын ережелерін» үнемі енгізіп отырады. Қазақстанға технология-ларды трансферттеуде əзірге маши-налар мен жабдықтар басымдықта, ал осы жағдайда ноу-хау мен ли-цензиялар иелену төмен деңгейде қалуда. Атап айтсақ, лицензиялар-ды иеленуге қызмет көрсеткені үшін төлемдердің балансында бар болғаны 1-2% ғана үлес тиюде.

Бұл жоғарыда айтқандардың жүзеге асуы, Президент көрсет кен-дей, бағдарламалық құжат тар дың қайта қаралуын қажет етеді. Ше-телдік технологияларды иеленуді үйлестіру мақсатында ұлттық агент-тік құру ұсынылады. Оның не-гізгі міндеттері болып сан түр лі салалар үшін шетелдік техно ло-гияларға қажеттіліктерді анықтау, технологиялардың балама көздері туралы ақпараттарды алуға көмек жəне оларды сараптау, т.б. міндеттер белгіленген болар еді.

Ғылымды көп қажет ететін эко но миканы басқару «ғалым-ше неу нік-ғалым» ұстанымынан «бизнес-шенеунік-ғалым-бизнес» ұс таны мына қайта бағдарланса дей міз. Жоғары дамыған елдердегі ғылыми экономика үдерістерінің негізі не салынған қисынды желіні атап айту керек. Ол: ғылым жаңа технологияларды, машиналарды, құралдарды ғылым нəтижелерін пайдалану жолымен жасау бойын-ша тəжірибелік-конструкторлық немесе тəжірибелік-технологиялық жұмыстар ғылыми-техникалық (инновациялық) қызметінің нəтиже-лерін коммерциялау. Сон дай-ақ, ғылымды қаржыландыру құры-лы мын төмендегідей арасалмақта өзгерт у қажет болады: іргелі зерттеу-лер – 20% , қолданбалы зерттеулер – 30 %, ТКЖ – 50%.

Мұның бəрін ескере келіп, «Ғы-лымды көп қажет етушілік жəне инновациялық қызмет туралы» жаңа заң дайындау қажет. Тəжірибемен айтсақ, мемлекеттік ғылыми-тех-никалық саясат туралы Ресейде – федералдық заң, ал Украинада ғылыми жəне ғылыми-техникалық қызмет туралы заң бекітілген.

Шаєын жəне орта бизнес – ХХІ єасырдыѕ

басты бір ќўралыОсы орайда, ұлттық иннова-

циялық жүйе мен оның базалық инс-ти туттарының тиімділігін арттыру қажеттілігі туындайды. Алғашқы интеллектуалдық-инновациялық клас тер Астана қаласында Назарбаев Университеті базасында табысты жұмыс істеуде. Технопарктерде қазақстандық ірі компанияларының қосымша өндірістерін орналастыру-ды ынталандыру үшін тиісті шара-ларды ойластыру да маңызды.

Осыған байланысты ел Пре зи-денті Нұрсұлтан Назарбаев «Аг-ломерациялар, көлік, энергетика үштігінің инфрақұрылымының икемді дамуын қамтамасыз ету керек. Агломерациялар – ол Қазақстанның

ғылыми экономикасының арқау қаңқасы. Оларды құру жəне дамыту – еліміздің кең-байтақ аумағы мен халық тығыздығын ескере отырып жүргізілетін маңызды іс», деп айтқан еді. Нəтижесінде агломерациялар ғылымның жəне инвестициялар мен халықты тарту орталықтары болуға тиіс, сапалы білімдік, медициналық, əлеуметтік-мəдени қызмет көрсетуді ұсынатын болады.

Бұлармен бірге, Қазақстанның ХХІ ғасырдағы индустриялық жəне əлеуметтік жаңғыртылып же-тілдірілуінің басты құралы болып саналатын шағын жəне орта бизнес жаңа инновациялық кəсіпорындар айналасында дамуы тиіс. Осыған байланысты мемлекетіміз елімізде өндірілуі əлі жолға қойылмаған та-уарлар мен қызмет көрсетулердің арнаулы тізімін бекіту тиіс. Ал ШОБ субъектілеріне Германия тəжірибесі бойынша жеңілдетілген ұзақ мерзімді несиелерді қарастыруы ке-рек болады. Мұнда несиелерді өтеу натуралдық түрде (тауарлар жəне қызмет көрсетулер түрінде) болуы мүмкін. Ал несиелердің қайтарылмау тəуекелділігін кепілдік жүйе бойын-ша немесе (кепілдік мүліктің жоқ болуы жағдайында) жобаларды бірлесіп қаржыландыру арқылы төлемділікті етуге болады. Бұдан басқа басымдықтағы өндіріспен айналысатын ШОБ салық салуды қайта қарау керек жəне салықтар 6-8%-ға дейін қарастырылуы тиіс.

Сондай-ақ, венчурлық қорлар, коммерциялық құпиялылық, құпия жаңа өнертапқыштық, қос қызмет атқара алатын технологиялардың трансферті , интеллектуалдық қызметтің нəтижелері, инновация-ларды жасауға мемлекеттік тап-сырысты орналастыру т.б. туралы заңдар дайындау мүмкіндіктерін де қарастыру қисынды болмақ. Сонымен қатар, іс жүзінде барлық дамыған елдерде шағын жəне орта кəсіпорындардың инновациялық қызметін мемлекеттік ынталандыру жүйесі бар екеніне назар аударғым келеді. Мысалы, Францияда шағын жəне орта фирмалардың бел-сенділігін арттыру халықаралық бəсекелестікке қабілеттіліктің өсуіне ықпал ететініне көз жеткізген соң, инновациялық кəсіпорындарға ар-найы бағдарламалармен көмекті жүзеге асыру қолға алынған, сөйтіп, дотациялар, салықтық жеңіл діктер, жеңілдетілген несиелер, тəуе-келділікті капитал жəне кеңес беру жолдары арқылы олардың шы-ғындарын азайтуға көмек береді.

Осыған байланысты Экономика институты индустрияландыруға шұғыл бетбұрыс жағдайларында ұлттық экономиканың кластерлік дамуын; мемлекет-жекеменшік серіктестігі түрі ретіндегі білім клас-терін; халықтың өзін өзі қамтамасыз ету əдістері мен критерийлерін зерт-теу ісін жүргізуде. Сондай-ақ, инсти-тутта кластерлік дамудың тетіктері, тұжырымдамасы мен «жол карта-сы», машина жасау кешенінің ин но-вациялық-технологиялық клас -терлерінің қалыптасу жəне дамуы-ның экономикалық мүмкін діктерін бағалау бойынша өндірістік нысан-дарда сынақтық зерттеулер жүргізу үшін əдістемелік құралдар мен ұсы-ныстар дайындалып ұсы нылуда.

АЛМАТЫ.

Бірлескен ыќпалдастыќ энергиясыЕАЭО жаєдайында єылыми экономиканыѕ ќалыптасуы мен дамуы туралы

Білімдініѕ алды жарыќ

Елбасы їмітін аќтаймыз

● Жолдау жүгі

9-сынып оқушысы.

Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.

Мүкəрам ТАЙЖАНОВА, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің проректоры.

Елбасымыздың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты» халыққа Жолдауында осы ғасырдың ортасына дейін бағдарланған стратегиялық міндеттер аясында ел тұрғындары мен өскелең ұрпақ үшін жасалып жатқан əлеуметтік қамқорлықтар айқын көрініс тапқан. Елбасы өз сөзінде біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың əлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты екеніне ерекше тоқталып, ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді жəне денсаулығы мықты азаматтар деп атап көрсетті.

Президент өз Жолдауларында бірегей білім беру жүйесін қа лып тастыру, озық елдер стандартына теңестіру идеясын əркез қолдап келеді. Ұлттық білім берудің барлық буыны сапалық түрде жақсартуды əлі де қажет етеді. Сол себепті Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу-тəрбие үдерістерін басшылыққа ала отырып, осы заманғы бағдарламалар мен оқыту əдістерін кеңінен пайдаланудың, білікті мамандар даярлаудың өміршеңдігі зор. Сонда ғана орта білім беру жүйесін жаңашылдық талаптармен да-мытудың, оқушыларды сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығына баулитынымыз сөзсіз.

Қызылжар өңірінде екі мек тептің оқушылары үш ау-ысымда оқып, бірқатар қиындықтарға кезі гіп жүр. Енді көптен бері көте рілсе де, шешімін таппай келген мəселенің шешілетініне қуанудамыз. Елбасы таяудағы 3 жыл ішінде орын жетіспеушілігін жойып, елдегі барлық мектепті екі ауысыммен оқытуға көші руді,Үкімет пен əкімдерге осы мін детті орындау үшін бюджеттен қаражат бөлуді тапсыр-ды. Сол сияқты дуалды, техникалық жəне кəсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру, жастардың техникалық білім алуын мемлекеттік кепілдендіруге көшіру мəселелері атап көрсе тілді. Мұның бəрі еліміздің келе шегі – жастарға жасалып жатқан үлкен қамқорлық.

Ғылыми қамтымды экономика құру алдымен Қазақстан ғы лы мының əлеуетін арттыруға тіке лей байланысты екенін еш кім жоққа шығара қоймас. Осы ған орай, ғы лым ды қаржы-лан дыру көлемін бір тін деп арт ты рып, дамыған елдер дің көрсет кі ші не жеткізу жө нін дегі тапсырма лар əбден құптар -лық. Шетел дер дегідей инвес тиция тартуды толық тай бі лім мен жаңа технология ларды транс ферттеу үшін пай да лану-дың тəжіри бесін енгізу еш артық тық етпейді. Керісінше, өз өнімдері міздің бəсекелестікке деген қары мы жақ сарып, отандық тауарлар санының көбеюіне оң ықпалын тигізеді.

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап стипендиялар мөл-шерінің 25 пайызға өсетіні үлгерімі жақсы сту денттер мен оқушыларды қол дау дың жаңа жүйесін орнық ты ру дың алғы қадамдары екені даусыз.

ПЕТРОПАВЛ.

Page 7: Миландаєы мəдени мўралармен танысты · №205 (28428) 21 ҚАЗАН СЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ Президент Нұрсұлтан Назарбаев

21 қазан 2014 жыл www.egemen.kz 7

Қазіргі таңда мəдениет – əлемдегі барлық мемлекеттер дамуының маңызды басымдықтарының қа-тары на кіреді. Ұлттық жəне əлем -д ік мəдени мұраны сақтау мен ба-йытуды, сапалы мəдени құн дылық-тар ды құруды, трансляциялау мен қол дануды қамтамасыз ете тін мəде-ни институттар мен меха низм дер-дің тиімді жұмыс жасайтын инфра-құрылымдарының болуы дамыған мемлекеттің өлшемін көрсетеді.

Сала дамуының жаңа концеп-туал ды пайымындағы аса қажет-ті лікті ескере отырып, мəдени сая сат тұжырымдамасының жоба-сын əзірлеуге елдің жетекші мə-де ниеттанушылары мен өнертану-шылары, мəдениет ұйымдарының қызметкерлері, шығармашылық одақтар, яғни барлық мүдделі жəне саланың нағыз жанашыр адамдары тартылды. Алдымызға жауапты міндет қойылды – 2050 жылға дейін Қазақстанның мəдени саясат пайы-мын жай ғана ұсыну емес, сондай-ақ, оның дамуына жаңа импульс-тер, қазақстандықтардың бəсекеге қабілетті мəдени ментальдігін қа-лып тастыру механизмдерін көрсету қажеттілігі туды. Сондықтан, əрбір тұлғаның пікірі маңызды болды. Біз əлемдік үздік тəжірибені зерт-те дік, халықтың проблемалары мен қажеттіліктеріне кешенді-əлеу-меттік зерттеу жүргіздік. Əзір леудің əрбір сатысында Тұжырым дама жобасы ауқымды талқылаудан өтті. Бұл нағыз шығармашылық ізденіс болды. Барлығы үлкен қайтарыммен жəне ықыласпен жұмыс жасады.

Елбасы 2050 жылға де йін-гі Даму стратегиясында көп ұлт-ты мемлекетімізді нығай ту дың «Мəңгілік Ел» берік идеясын ұсынды жəне ол мəдени саясат тұжырымдамасы жобасының негізгі құрамдасы болды.

Жалпы, құжат – жаһандық əлем-де отандық мəдениеттің өзіндік бол мысын жəне ұлттық сəйкестігін ай қын дайтын ұлттық мəдени мұра-ның басымдығы, мəдениетті өсу факторы жəне əлеуметтік дамудың қуатты ресурсы ретінде тану, елдің мəдени сан алуандығын құрметтеу, полиэтностық Қазақстанның мəде-ниеті мен дəстүрлерін қолдау жəне дамыту, шығармашыл тұлға мен мəдени өзін өзі көрсету ны сан дары-ның еркіндігі, жаңа инсти туттық бірлестіктер, қазіргі заманғы мəдени кластерлер мен озық технологиялар базасында мə де ни орта бірлігі қағидаттарымен негіз делген. Бұл қағидалар қазақ стан дықтардың бəсекеге қабілетті жаңа мəдени ментальдігін қалып тас тырудың өзегі болатын құндылық тар жүйесін құруға мүмкіндік береді.

Мəдениет өз алдына күрделі сала, себебі, мұнда қандай да бір есеп жасау, дамудың нақты болжа-мын анықтау немесе белгілі бір формуланы жасау мүмкін емес. Əлемнің қай мемлекетінде болсын, мəдениеттің нақты стандарттары мен нормативтері жоқ деп сенімді түрде айта аламыз. Қазіргі таңда мəдениетті адамды оқитын кітабы, көретін фильмдері, тыңдайтын əн-дері, өмір сүріп жатқан айнала сы тəрбиелеуде. Сондықтан, мəде ниет-тің сапалы өнімін əзірлеу, дұрыс құндылықтарды қалыптастыру өте маңызды.

«Дəстүр мен мəдениет – ұлттың генетикалық коды. Қазақстандық мəдениет еліміздің барлық азамат-тары үшін патриоттықтың өзегі болуы қажет. Біз ұлттық мəде-ниеті міз бен дəстүрлерімізді əр алуандығын жəне айбындылығын сақтай отырып, оны қорғауымыз, мұра мызды түйірлеп жинастыруы-мыз керек», деп айтқан Мемлекет басшысының керемет сөзі бар. Ол қазақстандық мəдениет – елдің

бар лық азаматтары үшін пат риот-тық өзегі болуы тиіс екенін əлде-неше рет атап өткен болатын. Қа зақ тарда əрқашан да жеті ұлы ру хани құндылығы, яғни «Жеті қазынасы» болды. Сондай-ақ, тұ-жы рымдама жобасында ұлттың мəдени кодының жеті бөлігі: мұра, дəстүр, салт, тіл, отбасы, шаруа -шылық жүйелер, мерекелер анық -талған. Бұл туылғаннан қалып-тасатын, өмір бойы адамды сүйе-мелдейтін жəне ұрпақтан-ұрпаққа берілетін құндылықтар. Өзінің қалыптасуының бастауын білетін, тарихи түп тамырын құрметтейтін жəне дəстүрін сақтайтын халық – бұл қуатты жəне табысты мем-лекеттің негізі.

Қазіргі жағдайлар əрбір адамға қолжетімді жəне түсінікті басты бағыттарды қалыптастыратын, сон-дай-ақ, тарата алатын мəдениет тің сапалы жаңа өнімдерін əзірлеу ді талап етеді. Ең алдымен, бұл жалпы-адам дық, яғни отбасы, адам гер шілік, ізгілік, жасампаздық құнды лық тары. Нормалардың нақты иерархиясын беретін, қарапайым жəне талассыз ақиқаттардың жетек шісі болатын жаңа жарқын көркемдік образдар əзірлеу қажет. Шартты түрде айт-қанда, біздің кейіпкерлеріміз, өзінің қызметіне берілген дəрігерден бас-тап, тарихта аты қалған ұлы тұл-ға ларға дейін қалыптасуы тиіс. Отандық кино, əдебиет, сурет өнері қорларында елдің тарихи оқиғалары мен мəдени мұралары үшін маңызды жобалар орын алуы керек.

Өзінің толыққанды дамуын отан дық анимация алуы тиіс. Бұл қазақстандықтардың жаңа буынын қалыптастырудың ең əсерлі жəне қолжетімді құралы, олар үшін біз-дің ұлттық өмір салтымыз, дəстүр-леріміз бен кейіпкерлеріміз құнды-лықты бағытқа айналуы керек. Қазақ батырлары, сұлтандары, ұлт-тық кейіпкерлері өзінің көркем-дік орындалуын анимация мен кинематография арқылы алып, өнеге ретінде бұқаралық үлгі бола-ды. The World Disney Company тəжі рибесін мысалға алсақ, ол ба ла -ларға арналған заманауи кейіп кер-лерді қалыптастыра отырып, оларды көлемді тираждау мен ық пал дастыру құралын жасады. Бұл, əрине, үлкен бизнес жəне ауқымды индустрия.

Сондықтан, тұжырымдамада заманауи мəдени кластерлерді құ-ру ға немесе шығармашылық бі-лім мен ғылым, экономика, биз-нес пен инновация байланысын қам та масыз ететін экономиканың шығармашылық секторына маңыз-ды рөл беріледі. Бүгін бұл – саланың бəсекелі басымдықтары мен оның креативті индустрия дамуының оңтайлы түрі.

Институттық қайта құру ға бай-ланысты Қазақстан Респуб ли ка-сының Президенті жанындағы Əдебиет жəне өнер жөніндегі ұлттық кеңес жəне Мəдениет жəне спорт министрлігі жанындағы салалар жөніндегі көркемдік кеңес құру көзделуде. Бұл – шығармашылық, мемлекет пен бизнес үшін мұндай диалог алаңын құру қажеттілігін атап өткен саланың сарап-шылары мен өкілдері қолдаған

шығарма шы лық одақтардың баста-масы. Мұнда репертуарлық жəне гастроль дік саясатты қалыптастыру, саланы кадрлық жəне материалдық-техни калық қамтамасыз ету жəне тағы да басқа мəселелер шешілетін болады.

Сондай-ақ, келешекте бірқатар шығармашылық жоғары оқу орын-дарды, колледждер мен мек теп терді Мəдениет жəне спорт министрлігінің қарамағына беру жоспарлануда. Бұл шара шығармашылық кадрларды даярлаумен қатар, олардың əрі қарай дамуы, кəсіби бағыттылығы мен білім алуының дуалды қағидасын іске асыру саласындағы көптеген

мəселелерді шешуге мүмкіндік бере ді. Бəріміз білетіндей, тұлғаның қалыптасуы балалық шақтан баста-латын жəне қалған өмірінде дерлік жалғасатын үздіксіз процесс. Бұл орайда министрліктің міндеті да-рынды тұлғаларды жүйелі қолдауды қамтамасыз ету, шығармашылық даму үшін бастапқы жағдайлар жасау, мəдениеттегі өзіміздің біре-гей білім беру моделін қалыптас-тыру болып табылады.

Мəдени өнім əр азамат өзінің елін мақтан тұтатындай тəрбиелеуі қажет. Біз тарихи-мəдени мұраға бай елде тұрамыз, бізде бірегей мə-де ни жəне табиғи объектілер, тари-хи ескерткіштер, мінəжат орында ры жеткілікті. Алайда, бəрі бола тұ ра, өзінің лайықты дамуына жете ал -мауда. Осыған орай, бар лық ре с-урс тарды біріктіру, бар құрал дарды қол дану жəне бəсекеге қабілетті мəдени ортаны қарқынды дамыту үшін жағдайлар жасау қажет.

Сондай-ақ, мəдени саясаттың тұжырымдамасы отандық мұражай-лар мен қорық-мұражайлардың фун кцияларын айтарлықтай ке-ңейтуді көздейді. Олардың жұмы-сының форматы тарихи ғылыммен, археологиямен, қайта жаң ғыртумен, өнертанумен, этнографиямен тығыз байланыстыруға бағыттауды көз-дейді. Қазақстан мұражайлары зерт-теу қызметі, ғылым, мəдени ақпарат пен шығармашылық иннова цияның тірек орталықтарына айналуы тиіс.

Сонымен қатар, отандық кітапха-налардың қызметі жаңа форматта жұмыс жасайтын болады. Бүгін ол – барынша пайдаланылатын жəне заманауи, сондай-ақ, ыңғайлы фор-матта баршаға қолжетімді бола-тын елдің ауқымды ақпараттық ресурсы. Жалпы айтқанда, елдің кітапханалары азаматтарымыздың мəдени демалысының көпфунк-циялы, білім беретін жəне ақпарат-тық орнына айналуы қажет.

Жаңа мəдени саясаттың басым-дылықтарының бірі – əлемдегі қазақстандық мəдениеттің мəрте-бесін нығайту. Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда отандық мəдениет пен өнерді əлемнің мəдениет про-цесінде біріктіру əлеуеті жеткілікті іске асырылмауда. Халықаралық байланыстарды ұлғайтудың қажеттілігі туып отыр, оның ішінде ЮНЕСКО, ТҮРКСОЙ, ИКОМОС жəне тағы да басқа беделді ұйым-дармен ынтымақтастықты арт тыру қажет. Келешекте елімізде гу мани-тарлық-ынтымақтастық сала сында өңірлік зерттеу жəне ғылыми-бі-лім беру орталығы – ЮНЕСКО ха-лық аралық институтын құру жос-парлануда. Сондай-ақ, Астанада мəдениет саласындағы жаңа ха-лық аралық ұйым – «Silk Road» мəдени даму жөніндегі Еуразиялық кеңесінің штаб-пəтерін ашу жөнінде ұсыныс бар.

Əрине , саланың алдында жауапты міндеттер тұр. Жаңа мəдени саясаттың əрбір белгіленген бағыты бірқатар жұмыстарды атқаруды талап етеді, ал олардың сəтті іске асырылуы дамудың жоғары мəдени деңгейі бар дамыған мемлекетті қалыптастыруға тағы да бір қадам деуге болады.

Еліміздегі мұнай қорының болжамы – 20-25 млрд. тонна. Жалпы газ қоры – 6 трлн. текше метр. Нақты дерек көздеріне қарағанда, Қазақстан мұнай қоры бойынша дүниежүзінде он екінші орын алады.

Айша ӨТЕБƏЛІ,журналист.

Бірақ, осыған қарамастан, қазіргі таңда біздің еліміз жанармай тапшылығын бастан кешіп отыр. Мамандар мұның себебін Кеңес дəуірінде салынған үш зауыттың жоғары са-натты жанармай шығаруға дəрменсіздігінен дейді. Энергетика министрінің орынбасары Ұзақбай Қарабалиннің айтуынша, Атырау, Шымкент, Павлодар қалаларындағы мұнай өңдеу зауыттарының қуаттары мен техникалық мүмкіндіктері елімізді жоғары октанды бен-зинмен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді. Бүгінгі күнге дейін қазақстандық МӨЗ-дер ішкі нарық сұранысын тек 70% ғана қанағаттандыра алған. Ал қазіргі таңда қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарында жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар 2016 жылы аяқталады деп күтіліп отыр. Нəтижесінде, 2017-2022 жылдары Қазақ стан толығымен Еуро-4, Еуро-5 стан дарт тарындағы бензин-мен, дизель отынымен, авиакеросинмен қамтамасыз етілетін болады. Бірақ оған əлі көп уақыт бар. Сондықтан, сала мамандары бензин тапшылығын шешу үшін əртүрлі амал-дар қарастыруда. Мамандардың пайымдауын-ша, солардың ішіндегі ең тиімдісі көліктерді жаппай газға көшіру көрінеді. Олардың ай-туынша, көлікке арнайы құрылғы орнатып, газбен жүру əлдеқайда тиімді. Сондай-ақ, экологияны да жақсартуға септігін тигізеді. Қыстыгүні көлік қозғалтқышының қуатын жоймайтын, сондай-ақ, қатып қалмай тын табиғи газдың текше метрінің шығыны бензин мен дизельдің литрімен ұқсас. Мамандардың айтуынша, көгілдір отын көлік талғамайды. Табиғи газды моторлы отын түрінде пайдала-ну əлемде соңғы он жылда жеті есеге өскен. Бензин тапшылығына байланысты соңғы кездері біздің елімізде де газға көшушілер саны көбейді. Мысалы, Астана мен Алматының тұрғындарының көпшілігі көліктерін баяғыда-ақ газбен жүруге ауыстырып алған. Дерек көзіне сүйенсек, ауаға тарайтын зиянды заттардың 80 пайызы автокөліктерден бөлінеді екен. Сондықтан, ауаны бүлдіретін жанармай-дан гөрі газды пайдалану тек жүргізушілер үшін үнемді ғана емес, сонымен қатар, халықтың денсаулығы үшін де пайдалы. Бұл бір жағынан Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жасалған «Жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасына да сəйкес келеді. Экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында көлігі ең көп қала Алматы мен Астана қала сы бүгінде автокөліктерді газға көшіру жұмы сын шындап қолға алған. Бұл бағытта біздің орал-дық автокөлік иелері де қызу жұмыс тану да. Күн өткен сайын қаламызда да автокө лік терін газға ауыстырып жатқандар саны көбеюде.

Облыстық энергетика жəне коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Рыспай Өтешевтің сөзінше, бүгінгі таңда жа-нармай мəселесі ақырындап шешіліп келеді.

Өңіріміздегі жанармай құю бекеттерінде бензин талон бойынша да берілуде, қолма-қол ақшаға да сатылуда. Қазан айында об-лыс қа Ресейден 4 мың тонна, отандық жанар май дан 4 мың тонна бөлінді. Осы мөл-шердегі жанармай толық келсе, бензин құю бекеттерінде кезек мүлдем болмайды деп ой-лаймын. Қазіргі таңда өңіріміздегі жанармай тасымалдаушылардың өздері де ебін тауып, сырттан бензин тасымалдаудың жолдарын қарастырып жатыр. Бұған Үкіметтен рұқсат бар. Жанармай тасымалдаушылардың бірі бензинді Ресейден тасыса, екінші біреулері Белоруссиядан əкелуде. Олар арнайы серти-фикаты бар, пайдалануға рұқсат етілген май-ды тасымалдаса болды емес пе? Бірақ, олар бағаны белгіленген шектен асырмай сатуы керек, біз осыны қатаң бақылауда ұстап отыр-мыз. Ал, енді бензин сапасына келсек, əзірге жанармай сапасына наразылық білдірген ешкімді кездестірген жоқпын. Біреулер ана жолы бензиннің қат кезінде оны қолдан сатып алып, көлігін бүлдіріп алған. Қолдан алған бензиннің сапасы, əрине, нашар болады. Оған алыпсатарлар неше түрлі затты қосқан шығар, кім біледі? Сондықтан, көлік жүргізушілердің қолдан бензин сатып алудан сақ болғандары жөн. Бензин қымбаттағаннан бері өңірімізде

көліктерін газбен толтыратындар да көбейді. Қазіргі таңда «Ақас» ЖШС, кейбір авто-парктер мен жол пайдалану кəсіпорындары бензиннің орнына газды пайдалануға көшті. Олар газдың тиімділігін айтады. Газ бензин-ге қарағанда əжептəуір арзан жəне қоршаған ортаға зияны жоқ, экологиялық жағынан таза. Егер бензин бұдан əрі қарай қымбаттайтын болса, барлық көлік жаппай газға көшетін шығар деп ойлаймын. Бұдан жұрт ұтпаса, ұтылмайды, деген ол егер еліміз бойынша газды бензин орнына пайдалану жөнінде шешім шығарылып жатса, бұған біздің облыстың дайын екендігін жеткізді. Рыспай Құрманұлының сөзінше, облыста қазірдің өзінде көліктерге газ қондырғысын орнатып, оларды газбен қамтамасыз етіп жүрген жеке-леген кəсіпкерлер бар көрінеді.

БҰЛ ТЫҒЫРЫҚТАН ҚАЛАЙ ШЫҒУҒА БОЛАДЫ?

«ОралТехСервис» ЖШС директоры Алексей Баклан газбен жүрудің тиімді екенін құптағанымен, бірақ мұның да өзіндік проблемасы жетіп-артылатынын жеткізді. Оның сөзінше, газ толтырылған автокөліктер тек Алматы, Шымкент секілді қысы жылы аймақтарға ғана тиімді. Ал біздегі 25-30 градус аяздарда газ қатып қалып, көлікті от алдыру қиынға түсетін көрінеді. Серіктестік директорының айтуынша, біздің өңірімізде автокөлікке қажетті газ қоры жеткіліксіз көрінеді. Бұған ол өзінің əріптесі «БатысДилижанс» ЖШС көліктерінің газ кезегінде ұзақ тұрып қалатынын мысалға келтірді. Алексей Баклан жаппай газға көшпес бұрын алдымен өңірімізді көлікке қажетті газбен толық қамтамасыз етіп алған дұрыс дейді. Оның бұл пікірін «АқжолАвто» ЖШС механигі Алексей Гайнуллин де қостады. Алексей дің сөзінше, үлкен қорын жасақтап алмаса, газ да жанармай мəселесін қайталауы мүмкін. Себебі, серіктестіктің газбен жүретін көліктері баллондарын толтыру үшін қазіргі кездің өзінде газ кезегінде сағаттап тұратын көрінеді. Сондықтан, бұл мəселені əр өңірдің ауа райын қаперге ала отырып жақсылап тал-қы ға салып, сосын барып қолға алған дұрыс.

Осы мақаланы даярлау барысында «Ұлт-тық сараптау жəне сертификаттау ор талығы» АҚ бөлім басшысы Рəзия Ермағам бетовамен кездесіп, қазіргі таңда қолданыста жүрген жанармай сапасы жөнінде сұрадық.

– Бұрын біздің зертхана қызметкерлері техникалық реттеу жəне метрология депар-таментінің мамандарының сұрауы бойын ша жанармай құрамын тексеріп жүрді. Қазіргі кез-де зертханада облыстық тұтынушылар құқын қорғау департаменті, облыстық қаржы поли-циясы жəне Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті секілді тексеруші органдардың жəне сатып алған затының са-пасына күмəнданған жеке тұлғалардың тап-сырысы бойынша заттың құрамы тексеріледі. Мысалы, өткен ІІІ тоқсанда жоғарыдағы тек серуші органдардың тапсырысымен зерт ханада жанармай сапасына байланыс-ты төрт рет сараптама жасалды. Сараптама кезінде зертхана қызметкерлері жанар-май құрамындағы су мөлшерін, октан са-нын, механикалық қоспаларды, фракциялық құрамын жəне тағы басқа да көптеген көрсет-кіштерді тексеріп, олардың мөлшерін қарайды. Мұндай күрделі көрсеткіштерді анықтайтын зертханалар елімізде тек бірнешеу ғана. Біздің зертханамыз – солардың бірі, əрі бірегейі. Жоғарыдағы сараптамаларды жасау бары-сында біздің қызметкерлеріміз солардың

арасынан белгіленген маркасына сəйкес келмейтін жанармайды анықтады. АИ-92 маркалы бензиннің октан санын анықтаған кезде тапсырылған жанармайдағы октан саны АИ-85-ке жуық болды. Сатып алған затының сапасына күмəн келтірген адамдар бізге келіп зат құрамын тексертіп алуына болады. Сарап тама қызметі ақылы, əр затқа сараптама жасау дың бекітілген бағасы бар. Жанармай құра мы на толық талдау жасау үшін 3-4 күн кетеді. Ал егер зат құра мындағы 1-2 көрсет-кіш ті анықтау қажет болса, бұған бір күн же-тіп жатыр. Жанармай сапасы əуелде жақсы бол ғанымен, кейін оны тасымалдау жəне сақ-тау кезінде əртүрлі жағдайлардың əсерінен бұзылуы мүмкін. Мұндай жағдайдың алдын алу үшін жанармай таратушылар біздің зертха-на секілді арнайы орындарға əкеліп, бензин сапа сын тексертіп алғандары дұрыс. Не бол-маса өздерінде жеке терминал-зертхана ұстауы керек. Мұндай терминал-зертханалар ар қылы бензиннің сыртқы түрін, тығыздығын, фрак-циялық құра мын анықтауға болады. Жанар -май сапасын жоғалт пау үшін оны тасымалда-умен айналысатын мекемелер бензинді сақтау орындарын мұқият қадағалауы керек. Түрлі маркадағы бензиндер араласып кетсе, жа нар-майдың сапасы кемиді. Сосын бензиннің сапа-сы жақсы болуы үшін оны сақтайтын цистер-наны əлсін-əлсін тазалап тұрулары керек. Жа-нар майды сақтайтын ыдыстың қабырғасы тат-танса, бұл жағдай да жанармай құрамын бұ зып, оның сапасының бұзылуына əкеледі, дейді ол.

Жанармай сапасы жөнінде өңіріміздегі жанармай тасымалдаушы серіктестіктермен де хабарласып көруге əрекет жасадық. Бірақ, «Гелиос», «ОралЖанОйл» жəне «ҚазМұ-найГаз өнімдері» компаниясының өкілдері біздің бұл сұрағымызға қашқақтап, əр нəрсені сылтау етіп жауап беруден бас тартты. Бұдан əрі жұмыстары жанармаймен тікелей байла-нысты жолаушылар тасымалымен айналы-сатын кəсіпорын өкілдерімен хабарласып, олардың да пікірлерін тыңдадық.

Алесандр БАКЛАН, «ОралТехСервис» ЖШС директоры:

– Жанармай тапшылығы облыста əлі сезілуде. Бірақ, бұрынғыдай емес, кезекке тұрсақ та, əйтеуір, табуға болады. Ал, бензин сапасын мықты деп айта алмаймын. Сапасыз бензин көлікті істен шығарады. Соны біліп тұрсақ та, қолымызға түскен жанармаймен көлігімізді «суаруға» тура келеді.

Алексей ГАЙНУЛЛИН, «АқжолАвто» ЖШС механигі:

– Қазіргі кезде бензинді қымбатқа болса да табуға болады, бірақ, олардың сапасы онша жақсы емес. Бензин сапасы оны шығарушыға да байланысты. Мысалы, Ресейден шығатын бензин сапасы отандық бензинге қарағанда əлдеқайда жақсы. Оны құйғанда көліктен артық дыбыс шықпайды, əрі үнемді, бірақ бағасы қымбат. Сосын бензин сапасы оны тасымалдаушыларға да байланысты ма деп ойлаймын. Мысалы, «Гелиос» пен «Октан» ЖШС-нен сатып алған бензин са-пасы «ҚазМұнайГаз өнімдері» мен «Беркут» ЖШС-нен құйған бензинге қарағанда, əжептəуір жақсы. Бұл тасымалдаушылардың сатып алған жерлеріне жəне оны сақтайтын орындарына байланысты болуы мүмкін. Мен өзім бензинді, мүмкіндігінше «Гелиос» пен «Октан» ЖШС-нен сатып алуға тырысамын.

БЕНЗИН САПАСЫН ЖҮРГІЗУШІЛЕРДІҢ ӨЗДЕРІ ДЕ

АНЫҚТАЙ АЛАДЫТағы бір айта кететін жайт, биылдан бас-

тап еліміздің автокөлік жүргізушілері жа-нар майдың сапасын өздері анықтай алатын болды. БАҚ хабарлауынша, қазіргі кезде Ұлттық тұтынушылар лигасы жанармай са-пасын тексеретін тестерді тегін таратуды қолға алыпты. Егер жанармайға батырылған тестер-қағазда дақтар пайда болып, түсі өзгерсе, бензиннің сапасыздығын көрсетеді екен. Аталған ұйымнан əр жүргізуші он те-стер ала алады. Егер сапасыз бензинді бай-қаса, тестерді ұлттық лигаға əкелуі тиіс. Нəти-жесінде, мониторинг жасалынып, сапасыз бензин сататын жанармай құю бекетінің тізімі тұтынушылардың ұлттық лигасы сайтында жарияланады. Қазіргі таңда мұндай тексеру қағаздарын жүргізушілердің Астана, Алматы, Өскемен, Семей, Атырау жəне Қызылорда қаласындағы тұтынушылар лигасының филиалдарынан алуына болады. Ұлттық тұтынушылар лигасы уақыт өте келе мұндай тестерлерді Қазақстанның барлық қалаларына таратуды жоспарлап отыр.

Батыс Қазақстан облысы.

Министр мінбері

Мəдени саясаттыѕ тўжырымдамасы бəсекеге ќабілеттілікті ќалыптастырады

Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ, Мəдениет жəне спорт министрі.

Мəдени саясат – қоғамның негізгі құндылықты бағыттары мен тұлғаның жасампаз бастамасын қалыптастыратын əрбір дамыған мемлекеттің басты идеологиялық тұғырнамасы. Мəдени саясатты жаңғыртудың қажеттілігін түсіне отырып, Мемлекет басшысы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстандықтардың бəсекеге қабілетті мəдени ментальдігін қалыптастыруға, заманауи мəдениет кластерлерін дамытуға бағытталған елдің мəдени саясаты дамуының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын əзірлеу жəне бекіту» туралы нақты міндет қойды. Бұл міндетті жүзеге асыру – 2050 жылға дейін Қазақстанның əлемдік мəдениет пен өнердің даму орталықтарының біріне айналуына мүмкіндік береді.

Көкейкесті

Сапасыз бензин, жарытымсыз газ...

Page 8: Миландаєы мəдени мўралармен танысты · №205 (28428) 21 ҚАЗАН СЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ Президент Нұрсұлтан Назарбаев

21 қазан 2014 жылwww.egemen.kz8

Сатыбалды СƏУІРБАЙ,«Егемен Қазақстан».

Жақында газеттің облыстағы тілшілер қосынына бір кейуана-дан хат келді. Онда алыс ауыл-дан Ақтөбеге қоныс аударған ана тұрғын үй кезегінде 2010 жылдан тұрғанын, кезектің жылжитын түрі жоқ екенін жазады. Өзі жеті бала өсіргенін, олардың əрқайсысының өз проблемалары бар екенін, қазір жолдасынан айырылған қызы жəне келіншегі қайтыс болған екінші топтағы баласы, екі немересімен пəтер жалдап тұратынын алға тар-тады. Өзінің аяғы ауырғандықтан, төсекке таңылып жатып қалғанын, жасының ұлғайғанын айтады. Біз арнайы барып, əңгімелестік, айтуының бəрі орынды. Жағдай тура хатта жазылғандағыдай. Біз қалалық əкімдікке осы жағдайды мəлім етіп, олардың уəжін де білдік. Қалалық əкімдіктегілердің жауабы бойынша бұл кісі «Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар» санаты бойынша №444 болып тұрғаны, кезегі келгенде үй берілетінінен хабардар етті. «Тұрғын үй қатынастары тура-лы» заңда тұрғын үйге мұқтаж азаматқа денсаулығы, жасы, ауыр тұрғын үй жағдайлары ескеріліп, кезектен тыс баспана беру қарас-тырылмаған көрінеді. Біз осы ту-ралы шағымданушының қызына мəлім еттік. Кезекке тұрғандарына көп болмағанын, не болғанда да заңдылықты белден бас деп ешкімге де нұсқау бере алмайты-нымызды есіне салдық. Сондай-ақ, бұл кісінің тұрғын үй алу туралы арыз-шағымына он бірінші рет жауап берілген де болып шықты. Біз бұл арада жергілікті билікті қорғайын деп немесе ашынған анаға арызданбаңыз деп басу ай-тудан да аулақпыз. Ол əркімнің өз құқы. Дегенмен, осыншама жауап-тың бəрін жоққа шығаруға бола ма? Ондағылар да бір нəрсеге сүйеніп жауап беріп отыр-ау дегенді ана-ны былай қойғанда, жастар жағы қаперге алуы керек еді ғой деген ой көкейге келгенін жасырғымыз келмейді. Сайып келгенде, жер-гілікті биліктегілер тұрғын үй заңдылықтарында əр топ бойынша кезекке қойылатынын, пəтерлердің əр топқа бөліну үле сіне қарай берілетінін алға тар тады, заңнан қия баса алмайтыны да шындық. Кезектің алдындағыларды айналып өту тағы болмайды. «Ұра берсең, құдай да өледі» дегендей барлық құзырлы органдарға арыздана беру де нəтиже бермей отырғанының астарын өздері де сезетін сыңайлы. Алайда, өзімшілдік, менікі ақ

де ген алабөтен көзқарас бар. Бұл арада тепсе темір үзетін екі немересінің жұмыссыздығын да айтып қалды кейуана. Қазір жұ-мыс жоқ деп ешкімді иландыра алмайсың. Немерелер де əже-сінің зейнетақысына арқа сүйеп, масылдыққа бой үйретіп ал маса не қылсын деген ойда қалдым.

Бəрінен де жеті баланың ана-сының жағдайын жасай алмай қартайған шағында пəтер жал-датып қойғаны көңілге кірбің түсір гені шындық. Бұл туралы жазбас та едім, жақында алыс ау-ылдан он баласымен қалаға қоныс аударған ата-анасына перзенттері бірігіп сəулеті келіскен жеке үй салып берді дегенді естігенде ойы-ма осы жайт қайта оралды. Сол балалардың бірде-біреуі жоғары не арнаулы орта оқу орнын бітірген емес, қарапайым жұ мысшылар. Барлығы да зауытта, басқалай да жұмыс істейді. Əрқайсысының ба-спанасы, жеке көлігі бар, тырбанып тіршілік қылуда. Бірақ, өзара бірлік пен туысқандық татулық, ата-анаға деген құрмет олардың ынтымағына сызат түсірмей, қауымдасып өмір сүруде. Қырық жыл мал соңында жүрдім, он бала өсіріп тəрбиеледім деп міндетсінбей əулетіне арқа сүйеген ата-ананың еңсесі биік, ертеңі жарқын. Батыр ана не жер телімін, не пəтер де алмаған. Бар-лығын ақадал еңбектің арқасында шешіп, он баланы он шаңырақ етіп, ортасында бақытты ғұмыр кешуде. Міне, Елбасы «Мерейлі отбасы» жалпыұлттық конкурс жеңімпаздарын марапаттау салта-натында сөйлеген сөзінде балалар-ды ата-аналары жеткізуі, тəрбиелеуі керектігін, ал балалары ата-анала-рына қарасып, қамсыз қарттық өмір сыйлауы қажеттігін айтқан бола-тын. Ауру ананы алға салып, əкім-қараларды жазғырғанша өз бетінше тірлік қылуға талпынғанда не болар еді деген қисын ғой біздікі. Əрине, тұрмысыңды жақсартпа деуден аулақпыз. Мүмкін болса, Үкіметтен үміттенгеннің əбестігі жоқ. Бірақ, «буынсыз жерге пышақ ұрудан» мəселе шешілмейтіні белгілі. Бұл арада қалайда өзімдікі дұрыс, менікі жөн дегендік əріге апар-майтынын да ескеру керек сияқты. Қазір бəрі заңмен реттелетінін түсінетін кез жетті.

Өзімшілдіктің бір жаманы өзге мен есептеспеуге соқтырып, өзара дау-жанжал тудыруға себепші болатынында жатса ке-рек. Жақында бір анамен əңгі-мелесудің реті келіп қалды. Оның айтқан сөзінен де осы өзім шілдіктің иісі аңқып тұрды. Əңгіменің осы тұсына келген-де əлгіндегі ажарлы жүзін мұң

ораған ана көкірегін кернеген сырды былай өрбіткен-ді.

– Біз де қалаға алыс ауыл-дан қоныс аударғанбыз. Балалар əрқайсысы өздерінше талпынып, жеке үй салып алды. Кенже ұлым үйленіп, келін түсіріп мəз болдық. Балаларға қояр кінə жоқ. Екі ұл бірігіп тұрып жатты. Бірақ, араға құдағиым килігіп, тырнақ асты-нан кір іздеуді шығарды. Үкілеп бағып отырсақ та қызын əлсін-əлсін шақырып алатын болды. Тіпті, біржолата алып кетті десе де болады. Бірақ, ұл кішкентайын сағынып, барып тұрды. Мен құдағиыма барып, балалар бөлек тұрамын десе еркі, бірақ, сіздің араласуыңыз жөнсіз дегендей иша-ра жасап едім, түсінбеді. Қайта алған-бергенді айтып, қалайда ме нікі жөн деп бет бақтырмады. Көңілдің кірі айтса кетеді дегендей, мен барымды бергенімді, келінімді көңіліне қылау түсірмей қызымдай көріп, ұстағанымды айттым. Бірақ, өзім білемге салған құдағи өрек-піп өз дегенінен қайт пады. Құда-ғидың осындай қитарлығын көре тұра баламның жылы ұясы от-басы тұтастығын ойлап, бөлек шығардым, – деді қамығып.

Міне, бұл арада да өзімшілдік өктем діктің алға шығуы байқа лады. Əйтпесе, немересін бағып, азды-көпті тапқандарын ортаға салып, жас жұбайлардың қанаты қатайып кеткенше бірге тұрса, несі əбес.

– Қайта күнделікті ас-суға да бір жерден шығынданып, тірлік қы-луға жеңілдеу болар еді. Кең үйге сыймай жатқан ештеңе жоқ, тек айтқанымды орындатамын деген құдағидың өзімшілдігі күш алып тұр бұл арада, – дейді ана.

Өмірде: «Өзім дегенде өгіз қара күшім бар», дегеннің өзі бар лық жағдайда дұрыс бола бермейді. Айналаңдағылармен санасып, ортақ ойласқанның да артықтығы жоқ. Мұның өзі қазіргідей қатыгездеу қоғамда керек-ақ қасиет. Қазір барлығын ақша шешеді деп, ағайынды адамдардың да дүние-мүлік үшін қырқысып, бірін-бірі алдап кетіп, соттасып жатуы да осындай өзімшілдіктен тамыр тартаты-нын көріп жүрміз. Бір кəсіпкердің өзі жекешелендірген Мəдениет үйін халыққа қайтарамын деп ауыл ақсақалдарын əуре-сарсаңға салғанын кезінде жазғанбыз. Ауыл қарттары сонда басқа алғаны да же-теді ғой, деген уəжді алға тартқан. Мұны айтқандағымыз, қазір «Бай болсаң бəсең болу», кешірімшілдік, өзара түсіністік сияқты адами қазақи қасиеттен гөрі өзімшілдікке бой ұрып бара жатқан сияқтымыз. Содан келіп, түсініспестік ту-ындап жатады. Өзімшілдік өрге сүй ремейді, өрісіңді тарылта-ды деген үлкендердің сөзін есте ұстаған жөн-ау негізі. Бұл біздің ойымыз, əрине. Сондықтан да кейіпкерлеріміздің атын атап, түсін түстемедік. Біздікі, оқырманға ой тастау ғана. Өзгелердің де ой-пікір лерімен санасқанда ғана кө-ңілде кірбің қалмай, өміріміз оң өзгерістерге толы болмақ, ағайын.

Ақтөбе облысы.

Көзқарас Бəрекелді!

ҐзімшілдікӨз жағдайыңды өзің ойлау деген дұрыс-ақ түсінік. Əрине, мұның астарында өз өміріңнің тізгіні өз қолыңда, талаптан, талпынып іс қыл деген ойдың жатқанын кей жағдайларда ескере бермейтініміз бар. Əлі де Үкіметтен дəметіп, масылдық пиғылдан арыла алмай, кей жағдайда буынсыз жерге пышақ ұратынымызды да жасырудың реті жоқ.

Марат АҚҚҰЛ,«Егемен Қазақстан».

«ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамының республикамыздың аумақтарын газдандыру барысын-да елеулі еңбек атқарып жатқанын халық жақсы біледі. Басқасын айтпағанда, компания соңғы он жыл бедерінде Оңтүстік Қазақстан облысының 96 елді мекенін газбен қамтамасыз етіпті. Бұған қажырлы күш жұмылдырылып, қомақты қаражат жұмсалғандығы түсінікті жайт. Ендігі жерде «ҚазТрансГаз» АҚ 55 мыңнан аса тұрғыны бар Бəйдібек ауданына газ жеткізбек. Ол үшін «Бейнеу – Бозой – Шымкент» жобасы аясында 2015 жылға дейінгі мерзімде «Бейнеу – Шымкент» магистральдық газ құбырынан 1365 шақырым «Шалдар» автоматты газ тарату стансасын жəне одан Шаян ауы-лына дейін тартылатын ұзындығы 32 шақырымдық газ құбырын салуды жүзеге асырады. Осыған орай жуырда Оңтүстік Қазақстан облысының Бəйдібек ауданындағы Шыбыт елді мекенінің газ стан-сасы орна ласатын алаңында, яғни, ашық аспан астында ай-тулы іс ұйымдастырылып, оған облыс əкімі А.Мырзахметов, «ҚазТрансГаз» АҚ бас дирек-торы С.Сұлтанғали, «Интергаз Орталық Азия» АҚ директоры С.Естай жəне басқа да лауазым-ды тұлғалар, сондай-ақ, ауыл ақсақалдары да қатысты. Шара барысында Оңтүстік Қазақстан об-лысы əкімдігі мен «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы арасында ынтымақтастық пен бірлескен іс-қимыл жөніндегі меморандумға қол қойылды. Меморандумға сəйкес, екі тарапқа да Бəйдібек ауданын газдандыруға байла-нысты іс-шараларды бірлесіп атқаруға міндет жүктелді. Ол үшін облыс əкімдігі құрылыс салуға жер бөліп, оған қажетті барлық құжаттаманы дайындап беріп отыр. Ал, газ компаниясы 2015 жылға дейінгі мерзімде жоғарыда айтылған «Шалдар» автоматты газ тарату стансасын жəне Шаян елді мекеніне дейін тартылатын ұзындығы 32 шақырымға созы-латын газ құбырын өз қаражаты

есебінен салуды еңсереді. Ал, «ҚазТрансГаз» АҚ-тың еншілес компаниясы есебіндегі «Интергаз Орталық Азия» АҚ жобаның техникалық орындаушысы болып бекітілді.

Жиында Оңтүстік Қазақстан облысының əкімі А.Мырзахметов болашақта өңірдің 284 елді мекені мен 8 ауданы газға қосылатынын, ол үшін 6 ірі автоматтандырылған газ стансасы салыну қажеттігін атап өтті. «Болашақта 6 үлкен автоматтандырылған газ станса-сы салынуы тиіс. Айта кету ке-рек, соның екеуінің құрылысы бүгінгі таңда жүргізіліп жатыр. Оған облыстық бюджеттен 1,2 миллиард теңге қаражат бөлінді. Ал қалған төртеуінің құрылысы 2015-2017 жылдарға жоспарланып қойылды. Соның ішінде Бəйдібек, Созақ аудандарын газдандыру «Самұрық-Қазына» ұлттық əл-ауқат қоры мен «ҚазТрансГаз» АҚ тарапынан іске асырылмақ», деді облыс əкімі. Өз кезегінде «ҚазТрансГаз» АҚ басшысы С.Сұл танғали жұмыс бұйыртса 2015 жылдың соңына қарай бітетінін, жалпы компанияның негізгі ең ауқым ды шаруа-сы магистральдық газ құбырын ауылға жеткізу екенін, ал ішкі жұмыстарды жергілікті əкімдік одан əрі қарай жалғастыратынын баяндады. Сонымен, Бəйдібек ау-данында дəл сол меморандумға қол қойылған күні газ тарату стансасының қазығы қағылып,

құрылыс жұмысы басталып кетті. Осы «Шалдар» автоматты газ тара-ту стансасы арқылы Созақ ауданы-на да газ тартып, тарату көзделіп отыр. Бұл арада мынаны ескер-ген жөн, бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысын газдандыру жұмысы екі бағытта қарқын алуда. Оның бірі – «Газли – Шымкент» желісі болса, екіншісі – «Бейнеу – Бозой – Ақбұлақ» бағыты. Жалпы, облыс жұртшылығы елді мекен атаулыны түгелдей қосып есеп-тегенде 2018 жылы газбен толық қам тамасыз етіледі деп жоспар-лануда.

Елбасы Н.Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында «Қазақстан мұнай мен газ өндіретін ел. Біз елімізді газдандыруға мін-деттіміз», деп айрықша атап өткен болатын. Соған сəйкес, бүгінде «ҚазТрансГаз» АҚ-тың баста-масымен Алматы облысында да бірқатар жұмыстар атқарылып, нəтижесінде қарапайым халық тамызық іздеп от жағудан, күл шығарып əлектенуден біршама құтылып қалды деуге негіз бар. Айталық, жақында ғана Алматы облысының Талғар ауданын-да халық қуанышты оқиғаның куəсі болды. Өйткені, Талғар ауданы газбен қамтамасыз етіліп жабдықталды. Соның құрметіне арналып үлкен ша ра ұйымдастырылды. Оған Алматы облысының əкімі А.Баталов, «ҚазТрансГаз» АҚ бас дирек-торы С.Сұлтанғали, Талғар

ауданы əкімдігінен жəне тиісті министрліктен құрметті қонақтар қатысты. Сүйінішті оқиға бары-сында сөз сөйлеген «ҚазТрансГаз» АҚ басшысы С.Сұлтанғали «Алматы – Байсерке – Талғар» жəне ГРС-3 Талғар магистральдық газ құбырының пайдалануға берілгенін баршаға баяндады. «Бұл жобаның Елбасының на-зарында екенін атап айтуымыз керек. Президент еліміздің газ саласының дамуы үшін зор көңіл бөліп отыр. Естеріңізде болса, көгілдір отын Алматы қаласына жақын Жаңадəуір, Жəпек батыр, Жаңаталап, Ынтымақ, Бесағаш, Көкқайнар сынды, сондай-ақ, тағы бірнеше елді мекендерге берілген болатын. Оның ішінде Алматы қаласының жеке секторы Шаңырақ шағын ауданын қосқанда 100 пай-ыз газбен қамтылды.

– Осы жуық арада біз Алматы қаласының əкімі Ахметжан Смағұлұлы екеуміз қос бірдей автомобильге газ толтыратын компрессорлық стансаны пай-далануға беру үшін тұсауын кескен едік. Оның біреуін жұмысқа жегу дегеніміз, 35 мың ағаш отырғызуға пара-пар. Осылайша табиғи газды көлікке пайдалану арқылы эко-логияны тазартуға да үлкен үлес қосып келеміз. Ал бүгін білікті басшы, ардақты азамат, Алматы облысының əкімі Амандық Ғаб-басұлымен бірге Талғар ауда-нына газ жіберуге байланысты салтанатта өздеріңізбен жүздесіп отырмыз, – деді «ҚазТрансГаз» АҚ басшысы.

Ол Талғар қаласы мен ау-даны бойынша 420 шақырым газ құбырын жəне газ құрал-жабдықтары орнатылған 70 шақ-ты нысанды салуға 8 миллиард теңге жұмсалғанын атап өтті. Қо мақты қаржы құюдың арқа-сында Талғар ауданында жеке сектордағы 12 мың үй көгілдір отын пайдалануға мүмкіндік алды.

Осындай атқарылып жатқан ауқымы кең жұмыстардың Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясында нақты жоспар-лан ғанын көпшілік жақсы біледі. Мемлекет басшысы алдағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ашылуына байланыс-ты бірқатар бастамаларды, оның ішінде «жасыл экономикаға» өту барысында халықты көгілдір отын-мен қамтамасыз етуді аса маңызды мəселелердің қатарында екендігін атап өткен болатын. Өйткені, кө-гілдір отын экологиялық жағы-нан таза əрі экономикалық тұр ғы-дан өте тиімді отын болып есеп-телетіндігі жамағаттың бəріне белгелі. Оны «жасыл эконо ми-каның» алғышарты десе де жара-сып кетеді.

Тағы да айта кетерлік жағымды жаңалық – əлеуметтік жобаларды атқару аясында «ҚазТрансГаз» АҚ өз қаражаты есебінен Талғардағы 7-ші бөбекжай-балабақшаны толық газға қосты. Бұл айтулы оқиғаға Талғар ауданының əкімі Р.Садықова мен «ҚазТрансГаз» АҚ бас директоры С.Сұлтанғали, балабақша ұжымы жəне қала тұрғындары қатысты. Осылайша, талғарлықтар тау қойнауындағы қалаға газ келу қуанышын кө-теріңкі көңіл-күймен тойлауда.

Алматы облысының əкімдігі мен «ҚазТрансГаз» АҚ арасында жасалған меморандумға сəйкес, жақын жылдарда аймақтың тұрғын үйлері түгелдей көгілдір отынмен қамтамасыз етіліп, от жағу деген машақаттан құты-латыны анық.

Жуырда Алматы жəне Оңтүстік Қазақстан облыстарының қалың жұртшылығы айту-лы екі игі шараның куəсі болды. Оның бірі – Оңтүстік Қазақстан облысының Бəйдібек ауданында газ құбыры құрылысының бас-талуына, ал екіншісі – Алматы облысындағы Талғар ауданының газбен қамтамасыз етілгенін жариялауға арналған жиын еді. Бұл қос бірдей ша-раны «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы ұйымдастырды.

Кґгілдір отын – кґптіѕ игілігінеОны елді мекендерге жеткізуде «ЌазТрансГаз» АЌ абыройлы іс атќарып алєысќа кенелуде

Қазақта жер-су аттарының артында тарих жатқаны ақиқат. Қандай да болсын атауды алсақ артында ашылмаған сыр, белгісіз тағдыр, өкінішті мұң, болмаса мақтанарлық ерлікке, оқиғаға, табиғи байлыққа байланысты, болмаса тау тұлғаларымыз – батыр, шешен, махаббат мұң-лықтары, əйтеуір мəні де маңызы да жоғалмаған атаулар. Бүгіндері осылай десек те сол тарихтың табиғатқа жазып кеткен атау-топонимдерінің мағына-мəні жоғалып бара жатқаны да рас. Орыстану барысында қаншама жер-су аттары өзгерді, 23 жыл бойы дұрыстай алмай келеміз. Сонда не істеу керек еді? Міне, осы сұрақ төңірегінде өткен республикалық ғылыми конфе-ренция жұмысы осы көкейкесті мəселеге ғалымдарымыз бен тарихшыларымыздың жан-жақты қарап отырғанын көрсетті.

Арқалық мемлекеттік педа-гогика институтының ұйым-дастыруымен осы оқу орны қабырғасында, Қостанай облы-сы əкімдігінің тілдерді дамы-ту басқармасы жəне облыстық тілдерді оқыту орталығымен

бірлесе өткізілген ғылыми кон-ференция барша студент жастарға да, көненің көзі қарияларға да, барша қонақтарға да ұнады.

Торғай топонимикасы туралы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетінің профессоры, география ғылымдарының док-торы Қуат Сапаров, осы жоғары мектептің ұстазы, профессор Бекжан Əбдуалиұлы, Ыбырай ата-мыз атындағы Арқалық педагоги-ка инс титутының маманы Ш.Бай-ділдин жəне басқа да ғалымдар мен музей қызметкерлері өз ой-сарап тамаларымен бөлісті. Осы арада осындай маңызы мол ғибраты үлгі боларлық конферен-ция жұ мысына Республикалық ономас тикалық комитеттің мүшесі Бекжан Əбдуалиұлының қатысуы тыңдармандардың көкейінде жүрген сұрақтарға да оң жауап алуына ықпал болды.

Бұл конференция жұмысында көтеріліп отырған мəселелер тек Торғай өңірі атауларына байла-нысты болды десек қателесеміз, себебі, ғалымдар Тұран, Алаштың тарихын зерделей келе жер-су топонимдерінің, қазақтың жерінің əр атауы əр өскен бір түп шимен

де, шөппен де, қырат, ойпаң, құдық, өзен-көлмен де, тау-тас пен де астасып жататынын, олардың артында ұлтымыздың нақышын ашып, тарихын айқындайтын белгілері, ескірсе де өшпейтін ескерткіштер тұрғанын жеткізе білді.

Торғай – осынау ұлан-ғайыр, Сарыарқаның шығысы мен ба-тысын алып жатқан жердің ата-уы қайдан пайда болған? Небір тартысты пікір, салиқалы ойлар жетелеп, «Торғай» атауының шөп атауынан шығуы да мүмкін екенін, не кəдімгі торғай құстың, болмаса түркі тілдес ұлттардың атауында қия қабақ, ор, болма-са басқа да негізделіп отырған тұжырымдардың да мəнісінің шындыққа жақын келетінін білдік. Өзендер атауында да қызықты мəліметтер бар екен. Мəселен, «Қарынсалды» жəне «Сабасалды» өзендерінің атауы ол өзендерден өту үшін жа салған салдарға бай-ланысты екен. Малдың қарынын кептіріп үрлеп, сабаны өзенге салып арғы жағаға шығып отырған. Ал бүгінгі Арқалық қаласы орналасқан жер кезінде «Қызылқозы» атанған. Оған дəлел

керегі жоқ. Бокситтің қызғылт шаңы біздің зəулім үйлерге дейін қызғылт түске бояп тұрады.

Ғалымдар осы жер-су атт а-рының ассимиляцияға ұшырап түсініксіз болып отырғанын да сөз қылды. Тек Торғайдың өзінде мəңгүрт тілмен атала-тын жер-су аттары мол екенін білеміз, бірақ соған күнделікті тіршілікте тіптен мəн бермейді екенбіз. Мысалы, Жангелдин ауданындағы «Милісай» атауы. Ертеде жолсапарда жүріп неге сай милі болған деп ойлаған едім. Бүгін соған жауап таптым. «Милісайымыз» «мия»(кей жерде есек мия) шөбінің көп өсуіне бай-ланысты Миялысай» болған екен.

Конференция жұмысына Қос-танай облыстық тілдерді дамы-ту басқармасының басшысы Ж.Үмбетов, Қостанай мемлекеттік университетіндегі А.Байтұрсынов музейінің директоры Қ.Жақып жəне Арқалық қаласының əкімі Ғазиз Ерболатұлы қатысып, құттықтау лебіздерін білдірді.

Сүгірбай НҰРМАН.

АРҚАЛЫҚ.

Дастан КЕНЖАЛИН,«Егемен Қазақстан».

Оған Мəдениет жəне спорт министрлігі Спорт жəне дене-шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов, Азиада чемпиондары дзюдошы Елдос Сметов, грек-рим күресінің ба-луаны Нұрмұхан Тінəлиев, бокс-шы Əділбек Ниязымбетов, жеңіл атлет Ольга Рыпакова, байдарка жəне каноэда есуші Илья Голендов қатысты.

Кездесуде Е.Қанағатов Қазақстан спортшыларының Азиададағы жеңістері, отандастарымыздың жарысқа дайындығы, қазіргі кезде елімізде спортты дамыту мақсатында жасалып жатқан жұ-мыстар туралы кеңірек мəлімет берді. Ол болашақ чемпиондарды дайындау үшін қазірден бастап балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін көптеп ашу керектігін, осындай жерден түлеп ұшқан спорт-шылар халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайтынын айтты. Сонымен бірге, ол спортшылардың дайындығына назар аударып, біліктілігі жоғары мамандарға көп нəрсе байланысты болатынын атап өтті. «Сол себептен бүгінгі күні Спорт комитетінің басты міндеті – осындай спортқа берілген нағыз мамандарды жұмысқа тарту

болып отыр», деді ол. Осыдан кейін Е.Қанағатов Қазақстанның спорт та-рихында алғаш рет жазғы Азия ой-ындарында 28 алтын медальді жеңіп алғанын, спортшыларымыздың осындай жетістігіне балалар мен жасөспірімдердің қызыға қарай-тынын, сондықтан олардың спорт-пен айналысуына мүмкіндік жа-сау үшін қосымша балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін көптеп ашу туралы ұсыныс жасады.

Одан əрі Азиада чемпионы Елдос Ісметов сөз алып, Азиадада спортшыларға жан-жақты қолдау білдірген халқына алғысын айтып, Азия ойындарында чемпиондық атақты жеңіп алғанын үлкен же-тістік санайтынын жасырмады. Енді, ол, осы жеңісті Рио-де-Жаней рода өтетін Олимпия ойын-дарында қайталағым келеді деп отыр. Ал Ольга Рыпакова алдағы өмірінің бəрін спортпен байланыс-ты болғанын қалайтынын, елімізде спортты дамытуға қолдан келгенше көмек беретінін, бұқаралық спорт пен жеңіл атлетиканы жəне балалар спорттық қозғалыстарын дамытуға ниетті екендігін жеткізді.

Байдарка мен каноэ есуден Азия чемпионы Илья Голендов Азиада, басқа да жарыстар туралы айта келе, ендігі басты мақсаты – Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадада чемпион атану, жастарды спортқа

баулып, солардан спорт шеберін шығару дегенді атап айтты.

Кездесуде Азиадаға қатысқан басқа да спортшыларымыздың жа-рыстарына баға берілді. Бұл тура-лы Илья Голендов айтып берді. Ол жастар біздің боксшылардың, бай-дарка мен каноэмен ескек есушілер жарыстарын қызыға қарағанын, бір күнде 5-6 алтын жүлде алу деген өте сирек кездесетін жағдай екенін жеткізді. Осыдан кейін Азия ой-ындарын қатарынан екі рет жеңіп алған боксшы Данияр Елеусінов БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жа-уап берді. Сондай сұрақтардың бірінде Данияр əуесқой бокспен 40 жасқа дейін айналысуға болатынын, бірақ, өзінің дəл осы жасқа дейін əуесқой бокста қалуды жоспарлап отырмағанын айтты.

Биыл біздің еліміз Азия ойын-дарында бұрын-соңды болмаған нəтижеге жетіп, медаль сандары бойынша өзіндік рекорд жасады. Қазақстан спортшылары 84 медаль, оның ішінде 26 алтын, 19 күміс жəне 31 қола жүлде олимпиадалық спорт түрлері бойынша, ал 2 алтын, 4 күміс жəне 2 қола медаль олимпиадалық бағдарламаға жатпайтын спорт түрлері бойынша жеңіп алынды. Бұл біздің 1994 жылғы жазғы Азия ойындарына қатыса бастаған кез-ден бергі ең үлкен жетістігіміз. Естеріңізде болса, сол кезде Жапо-нияның Хиросима қаласында өткен Азия додасында Қазақстан 25 алтын жүлдені жеңіп алған болатын. Ал биыл еліміз тұңғыш рет 28 алтын медаль иеленіп, спорт тарихында үлкен жеңіске жетті.

Топонимиканы тануєа талпыныс

Азиада чемпиондарымен ашыќ əѕгіме

Сенбі күні Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен жазғы Азия ойындарының қорытындысына арналған брифинг өтті.

Page 9: Миландаєы мəдени мўралармен танысты · №205 (28428) 21 ҚАЗАН СЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ Президент Нұрсұлтан Назарбаев

21 қазан 2014 жыл www.egemen.kz 9Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің «Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлік

жəне жекешелендіру департаменті» мемлекеттік мекемесінің Семей филиалы республикалық

меншіктегі мүлікті сенімгерлік басқаруға беру жөнінде тендер өткізетіндігін хабарлайды

Тендер 2014 жылғы 7 қарашада сағат 11.00-де мына мекенжайда өткізіледі: ШҚО, Семей қаласы, Интернационал көшесі, 38, 308-бөлме.

Тендерге қойылатын нысандар: Қазақстан Республикасы Еңбек жəне халықты əлеуметтік

қорғау министрлігінің «Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кəсіпорнының теңгеріміндегі Семей қаласы, Уранхаев көшесі, 57 мекенжайында орналасқан жалпы ауданы 413,0 ш.м. (Литер В – 162,8 ш.м. жəне литер Е – 250,2 ш.м.) көлік тұрағының ғимараттары.

I. Нысандардың нарықтық құны – 3140818,0 теңге, кепілді жарна мөлшері 314081,8 теңге.

Кепілді жарна Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің «Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» мемлекеттік мекемесінің депозиттік шотына енгізіледі: ЖСК КZ110705012170169006, БСК KKMFKZ2A, БСН 120240019160, БеК 11, ТМК 171, «ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті» мемлекеттік мекемесі.

II. Тендер шарттары:1.Нысандар кейіннен сатып алу құқығымен бір жылға сенімгерлік

басқаруға беріледі. 2. Нысандарды құрылыс саласындағы жобалау-сметалық құжаттар

дайындайтын орын ретінде пайдалануға жəне тендер шарттарының үшінші тармағындағы талаптарға қайшы келмейтін басқа да жұмыстар мен қызметтер үшін пайдалануға болады.

3. Нысандар қойма ретінде, өндірістік ғимарат ретінде, шулы дыбыс-тар, қозғалыстар шығаратын жұмыс түрлерін жүргізуге пайдалануға берілмейді.

4. Сенімгерлік басқарушы жалпы ауданы 66,1 ш.м. болатын (Литер Б) көлік тұрағы ғимараттарын өз қаражаты есебінен теңгерім ұстаушының талаптарына сай жөндеуден өткізуі тиіс.

5.Сенімгерлік басқарушы теңгерім ұстаушыға қатысты жүйеден тəуелсіз жеке коммуникациялық жүйелерді орнатуы тиіс.

6. Нысан ауласына кіретін жəне шығатын жеке, тəуелсіз есіктер бо-луы қамтамасыз етілуі қажет.

7. Жаңа жұмыс орындарын ашу.8. Нысан маңында жақын орналасқан басқа да нысандарға зақым

келтірілмеуі керек. 9. Сенімгерлік басқарушы нысандарды сатып алған уақытқа дейін

қалалық коммуналдық қызметтермен шарттар жасасып, олар бойын-ша коммуналдық қызметтер үшін төлемдерді, теңгерімде ұстаушымен шарттар жасап, олар бойынша пайдаланудың шығын төлемін төлеуді қамтамасыз етуге жəне ағымдағы жөндеу жұмыстарын өз қаражаты есебінен жүргізуге міндетті.

III. Тендерге қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 1) нысандар бойынша тендерге қатысушы тендер жеңімпазы деп

жарияланған жағдайда, оның ақпараттық хабарламада көрсетілген тендер талаптарында жəне өзі қосымша ұсынған талаптарында шарт жасасу міндеттемесін білдіретін тендерге қатысуға жазбаша өтінімі;

2) басқа құжаттардан бөлек желімделген конвертте тендерге байла-нысты құжаттамамен қоса, жазбаша түрде тендер шарттары бойынша ұсыныстар жəне нысанның нарықтық құнынан төмен емес сатып алу сомасы туралы ұсыныс;

3) тендер жарияланған күннен кейін берілген анықтаманы бер-ген күннің алдындағы үш айдан астам мерзімге созылатын тендерге қатысушы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша банк (банк филиалы) алдында мерзімі өткен берешектің жоқ екендігі туралы банктің (банк филиалының) қол қойылған жəне мөр басылған (элек-тронды цифрлық қолтаңба) анықтамасының түпнұсқасы. Егер əлеуетті қатысушы екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетел банкінің клиенті болып табылған жағдайда, осындай банктердің əрқайсысынан анықтама ұсынылады;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында міндетті аудит жүргізу белгіленген заңды тұлғалардың соңғы қаржы жылындағы аудиторлық есебі;

5) салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын міндетті түрде ұсына оты-рып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің көшірмесі немесе көрсетілген құжаттың нотариат куəландырған көшірмесі не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) тура-лы анықтама;

6)жарғының нотариат куəландырған көшірмесі немесе салысты-рып тексеру үшін түпнұсқаны міндетті түрде ұсына отырып берілген жарғы көшірмесі. Шетелдік заңды тұлғалар құрылтай құжаттарын мемлекеттік жəне орыс тілдерінде нотариат куəландырған аудармасы-мен қоса ұсынады;

7) тендер жарияланған күннен кейін берілген үш ай бұрын салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кəсіптік зейнетақы жарналары мен əлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы (Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес төлеу мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда) тиісті салық органының қол қойылған жəне мөрі (электронды цифрлық қолтаңбасы) бар анықтамасының түпнұсқасы немесе электронды көшірмесі;

8) мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысының депо-зиттік шотына кепілді жарнаны аудару туралы төлем тапсырмасының немесе түбіртегінің (жеке тұлға үшін) түпнұсқасы;

9)тендерге əлеуетті қатысушы өкілінің, оның ішінде кепілді жарнаны қатысушының атынан енгізген өкілдің өкілеттіктерін куəландыратын құжат (жеке куəлік, паспорт (шетелдік азаматтар үшін) немесе ішкі істер органдары берген уақытша жеке куəлік қоса ұсынған жағдайда жарамды);

10) əлеуетті қатысушының ақпараттық хабарламада көрсетілген сенімгерлік басқаруға қойылатын талаптарға сəйкестігін растайтын құжаттар.

Жеке тұлға болып табылатын тендерге əлеуетті қатысушы жоғарыдағы тізбенің 1), 2), 8), 10) тармақшаларында көзделген құжаттарды, сондай-ақ:

- жеке куəліктің, паспорттың (шетелдік азаматтар үшін) немесе ішкі істер органдары берген уақытша жеке куəліктің көшірмесін;

- кəсіпкерлік қызметті заңды тұлға құрмастан жүзеге асыруға құқық беретін тиісті мемлекеттік орган берген құжаттың көшірмесін (жеке кəсіпкер үшін) ұсынады.

IV. Жеңімпазды таңдау өлшеміТендер жеңімпазы болып тендерлік құжаттамада қамтылған барлық

талаптарға жауап беретін, ұсыныстары тендер шарттары бойынша ең үздік болып табылатын жəне нысанды сатып алуға ең жоғары бағаны ұсынған қатысушы танылады.

V. Тендерге қатысуға өтінішті қабылдаудың мерзіміӨтініш тендер өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап

қабылданады жəне тендер өткізуге дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады (2014 жылғы 6 қарашада сағат 11.00-де).

Өтінімдерді қабылдау жəне тендерге қатысуға ниет білдірген тұлғаларды тіркеу талап етілетін құжаттардың толық жиынтығы бар болған кезде жүргізіледі.

Өтінім қабылдау сенімгерлік басқару құрылтайшысы атына тігілген түрде, парақтарына нөмір қойылған жəне соңғы бетіне қол қойып, мөр басылған құжаттарды (егер осындай болған жағдайда жеке тұлға үшін) ұсынылған жағдайда жүргізіледі.

Өтінімдер қосарланған конверттерде қабылданады. Сыртқы кон-вертте ІІІ бөлімнің 2-тармағында көрсетілген құжаттан басқа аталған құжаттар болуы тиіс.

Ішкі конвертте ІІІ бөлімнің 2-тармағында көрсетілген құжаттар бо-луы тиіс. Ішкі конверт өтінім берген сəтте жабық болуы жəне қатысушы оны мөрлеуі тиіс.

Өтінімді қабылдау жалға берушінің атына тігілген түрде, парақтарына нөмір қойылған жəне соңғы бетіне қол қойып, мөр басылған құжаттарды (егер осындай болған жағдайда жеке тұлға үшін) ұсынылған жағдайда жүргізіледі.

VI. Шарт жасау мерзімі – тендер жеңімпазымен шарт тендер хаттамасына қол қойылған күннен бастап он күнтізбелік күннен кешіктірілмей жасалады.

Тендер өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап Семей қаласы, Интернационал көшесі, 38, 304-бөлме мекенжайында тендер нысанымен танысуға жəне тендерлік құжаттаманы алуға болады.

Анықтама үшін телефондар: 8(7222) 52-53-09, 52-32-66, сайт: www.gosreestr.kz

«НГСК КазСтройСервис» АҚосы арқылы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-пен 2006 ж. 20 наурыздағы № KS01-06-20 кредиттік

желі беру туралы Келісім бойынша ірі мəмілеге өзгерісті бекіту жөніндегі шешімді қоғамның Директорлар кеңесі қабылдағаны туралы барлық мүдделі тұлғалардың назарына жеткізеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігі Қажымұрат Ыбырайұлы Нағмановқа ұлы

АРЛАННЫҢмезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі Иманжүсіп Латкенұлы Ақпомбаевқа анасы

Шəкəр АЙТМҰҚАШҚЫЗЫНЫҢқайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Солтүстік Қазақстан облысының əкімдігі абзал азамат, Солтүстік Қазақстан облысының бұрынғы əкімі Қажымұрат Ыбырайұлы Нағмановқа ұлы

Арлан ҚАЖЫМҰРАТҰЛЫНЫҢмезгілсіз қайтыс болуына байланысты орны толмас ауыр қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Шығыс Қазақстан облысының əкімдігі Қажымұрат Ыбырайұлы Нағмановқа ұлыАрлан ҚАЖЫМҰРАТҰЛЫНЫҢ

қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басшылығы мен ұжымы Қажымұрат Ыбырайұлы Нағмановқа ұлы

АРЛАННЫҢмезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ұжымы «Абай университеті» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Болат Шарахымбайға анасы

Қаншайым АҚБАЙҚЫЗЫНЫҢқайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

«Алматытехстройэксперт» аумақ орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктес -тігінің жəне «Kaz-Lenz» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымдары бас ди-ректор Шохан Валиханұлы Валихановқа інісі

ЫБЫРАЙДЫҢмезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қау-лысымен бекітілген Жекешелендіру нысандарын сату қағидасымен респуб-ликалық меншіктегі нысандарды сату дың орындалуын сəйкестендіреді.

Сауда-саттықтың ағылшын əдісі мен аукционға республикалық мен шік тегі мына нысандар қойылады:

1. ВАЗ-21213 автокөлігі, 2003 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі М 528 DB, Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Ұлытау ауылы, Бұлқышев көшесі, 30. Баланс ұстаушы – ҚР АШМ Мемлекеттік инспекция комитетінің «Қарағанды облы-сы аумақтық инспекциясы» ММ. Ал ғашқы баға – 312 000 теңге, бастапқы баға – 156 000 теңге, кепілді жарна – 46 800 теңге.

2. ВАЗ-21213 автокөлігі, 2003 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі М 461 DЕ, Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, Балочная көшесі, 16. Баланс ұстаушы – ҚР АШМ Мемлекеттік инспекция комитетінің «Қарағанды облысы аумақтық инспекциясы» ММ. Алғашқы баға – 247 000 теңге, бастапқы баға – 123 500 теңге, кепілді жарна – 37 050 теңге.

3. ВАЗ-21213 автокөлігі, 2003 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі М 465 DЕ. Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті, Жамбыл көшесі, 124. Баланс ұстаушы – ҚР АШМ Мемлекеттік инс-пекция комитетінің «Қарағанды облысы аумақтық инспекциясы» ММ. Ал ғашқы баға – 279 000 теңге, бастапқы баға – 139 500 теңге, кепілді жарна – 41 850 теңге.

4. ВАЗ-21213 автокөлігі, 2003 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі М 540 DЕ, Қарағанды облысы, Қаражал қала-сы, Сары Тоқа көшесі, 1. Баланс ұстаушы – ҚР АШМ Мемлекеттік инспекция комитетінің «Қарағанды облысы аумақтық инспекциясы» ММ. Алғашқы баға – 244 000 теңге, бастапқы баға – 122 000 теңге, кепілді жарна – 36 600 теңге.

5. ВАЗ-21213 автокөлігі, 2003 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі М 462 DЕ, Қарағанды облысы, Сəтбаев қаласы, М. Горький көшесі, 25. Баланс ұстаушы – ҚР АШМ Мемлекеттік инспекция комитетінің «Қарағанды облысы аумақтық инспекциясы» ММ. Алғашқы баға – 311 000 теңге, бастапқы баға – 155 500 теңге, кепілді жарна – 46 650 теңге.

6. ВАЗ-21213 автокөлігі, 2003 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі М 467 DЕ, Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Ұлытау ауылы, Бұлқышев көшесі, 30. Баланс ұстаушы – ҚР АШМ Мемлекеттік инс пекция комитетінің «Қарағанды облы-сы аумақтық инспекциясы» ММ. Алғашқы баға – 246 000 теңге, бастапқы баға – 123 000 теңге, кепілді жарна – 36 900 теңге.

Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне аукцион бас-талуға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады.

Кепілді жарналар Қарағанды мемле-кеттік мүлік жəне жекешелендіру депар таменті мемлекеттік мекемесінің шотына төленеді: депозиттік шот KZ060705012170172006, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазы-нашылық комитеті, БИК KKMFKZ2A, БИН 120240019369, КБе 11, КНП 171.

Сатушының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін қатысушының хабар-ламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сатушының шотына сауда-саттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның аукцион басталуға дейін жетпіс екі сағат бұрын түспеуі негіз болып табылады. Кепілді жарнаны қайтару үшін аукционға қатысушы сауданы ұйымдастырушыға банкте ағымдағы есепшоты бар екенін рас-тайтын анықтама тапсыруы керек.

Аукционға қатысу үшін мыналар-ды көрсете отырып, Тізілімнің веб-порталына алдын ала тіркелуі қажет:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке сəйкес-тендіру нөмірін (бұдан əрі – ЖСН), тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағ дайда);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сəйкес-тендіру нөмірін (бұдан əрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда);

3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу шотының деректемелерін;

4) байланыс деректерін (пошталық ме-кенжайы, телефоны, факс, е - mail);

5) ұлттық куəландырушы орталық берген ЭЦҚ-ның жарамдылығы мерзі-мін көрсете отырып, Тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет.

Жоғарыда көрсетілген деректер өзге-рген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде Тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушы ЭЦҚ қойылған аукционға қатысуға өтінімді жекешелендіру нысан-дарын сату қағидасына сəйкес Тізілімнің веб-порталына тіркеуі қажет. Аукционға қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін Тізілім веб-порталында үш минут ішінде сатыла-тын нысан бойынша кепілді жарнаның түсуі туралы мəліметтердің Тізілім

дерекқорында болуы тұрғысынан авто-матты түрде тексеру жүргізіледі. Тізілім дерекқорында сатушының шотына кепілді жарнаның түскені туралы мəлімет болған жағдайда, Тізілім веб-порталында өтінім қабылдау жəне қатысушыны аукционға жіберу жүзеге асырылады.

Аукционның жеңімпазы сатып алу-сату келісімшартына қол қойған кезде құжаттардың түпнұсқаларын көшір-мелерімен бірге міндетті түрде көрсетеді немесе нотариалды куəлан дырылған көшірмелерін сатушыға ұсынады.

1) Жеке тұлғалар үшін: паспорттың не-месе жеке тұлғаның жеке басын куəлан-дыратын құжаттың, сондай-ақ банктен ағымдағы шоттың бар-жоғын растайтын анықтаманың;

Заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің не анықтаманың;

2) Заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куəландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының не-месе оның жеке басын куəландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып көшірмелерін ұсы нады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.

Электрондық аукционға қатысушылар аукцион басталуға дейін бір сағат ішінде аукцион залына ЭЦҚ мен аук-цион нөмірін пайдалана отырып кіреді. Аукцион жекешелендіру нысанының бастапқы құнын аукцион залында ав-томатты түрде орналастыру жолымен сауда-саттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады.

Сауда-саттықтың ағылшын əдісі бойынша электрондық аукцион:

1) егер аукцион залында электрондық аукцион басталған сəттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі осы Қағиданың 36-6-тармағына сəйкес белгіленген қадамға жекешелендіру нысанының бастапқы бағасын артты-ру жолымен жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамайтын болса, осы жекешелендіру нысаны бойынша электрондық аукцион өткізілмеді деп танылады;

2) егер аукцион залында электрондық аукцион басталған сəттен бастап жиыр-ма минут ішінде қатысушылардың біреуі осы Қағиданың 36-6-тармағына сəйкес белгіленген қадамға жекешелендіру нысанының бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растайтын болса, бастапқы баға белгіленген қадамға артады;

3) егер ағымдағы баға артқаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру нысанының ағымдағы құнын арттыру жолымен жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру ны-санын сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы жекешелендіру нысаны бойын-ша электрондық аукцион өткізілді деп танылады.

Жекешелендіру нысаны бойынша сауда-саттықтың ағылшын əдісімен электрондық аукцион қатысушылардың біреуі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі.

Жекешелендіру нысанының бастапқы бағасы бағаны ұлғайтудың кемінде екі қа дамына өскен жағдайда ғана жеке шелендіру нысаны бойынша сауда-саттықтың ағылшын əдісімен электрондық аукцион өткізілді деп та-нылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға өсуін кемінде екі қатысушы жүзеге асырады.

Əрбір сатылған жекешелендіру ны-саны бойынша электрондық аукци-он нəтижелері электрондық аукцион нəтижелері туралы электрондық хатта-мамен ресімделеді, оған сатушы жəне жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, электрондық аукцион аяқталғаннан кейін жиырма төрт сағат ішінде Тізілімнің веб-порталында қол қояды.

Электрондық аукцион нəтижелері туралы хаттама электрондық аукцион нəтижелерін жəне жеңімпаз сатушының жекешелендіру нысанын сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат бо-лып табылады. Жезқазған қаласы, Алаш алаңы, 1, 408-бөлме мекенжайында жеңімпазбен сатып алу-сату шартына электрондық аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады.

Бұл ретте, электрондық аукционның жеңімпазы салыстыру үшін түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып көрсетілген құжаттардың көшірмелерін не болмаса но-тариалды куəландырылған көшірмелерін сатушыға ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.

Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан жəне 8 (7102) 73-40-14 телефоны арқылы алуға болады.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Жауырды жаба тоқып, «өтірікті шындай, шынды құдай ұрғандай» қылып жеткізетін кеңестік идеология елде болған ұлтаралық дүрдараздықтар мен өкіметке қарсы шыққан қимылдарды, террорлық актілерді ешқашан да айтпай, жауып тастайтын. Өйткені, ондайлардың үлгісі басқаға да тарап ке-тер деген қауіп шоқпармен бұқтырылып тұрған империя үшін өте қажет еді. Сондықтан халық ерекше оқиғалар туралы ауызекі əңгімелерден ғана естіп, жеткізушінің қоспасы арқылы «əрленген» алыпқашпалар арқылы ғана білетін. Оның өзін де біраз жұрт «Америка дауысы», «Азаттық» радио-сы сияқты ақпарат құралдарынан үзіп-жұлып естіп, жан-жаққа қарап алып, ауыздарын бағып отырып, талқыласып жатқанын талай көргенбіз. КСРО-дағы келеңсіз оқиғалар ашық айтылатын осынау радиостансаларды естуге халық та қатты құмар еді. Оны өкімет түрлі құралдармен өшіруге тырысып жатса да тыңдаудың əдісі табылып жататын.

...Сондай бір ұлтараздық келеңсіз оқиға 1969 жылы Ташкентте болған. Қыркүйек айында Ташкенттің орталық стадионында «Пахтакор» (Ташкент) мен Куйбышевтің (қазіргі Самара) «Крылья советов» футбол командалары кездеседі. Алпыс мыңға жуық адам сыятын стади-он лық толған. Өзбек жастары өз коман-дасын қатты қолдап, жаны күйіп отыра-ды. Бір кезде «Пахтакор» командасының соққан голы есептелмейді. Міне, осы кезде өзбектер өре түрегеліп, стадион-да Куйбышев командасына жанкүйер болып отырғандарға лап қояды. Матч тоқтатылып, халық есіктерге ұмтылады. Енді өзбек жастары есіктен шығуға бет-теген славян түсті адамдардың бəрін соққының астына алады. Ол-ол ма, төбелес көшелерде де жалғасып, славян түстілердің бəрі таяққа жығылады. Бұл оқиға, тіпті, бірнеше күнге созылып, славян атаулы үйлерінен шықпайтын халге жеткізіледі.

Осы оқиғаның салдарынан жүз-деген адам ұсталып, түрмелерге тоғы-тылғанымен, өзбек басшылығы мұның «ұлтшылдық» деген атақ алуынан қашып, барлық беделі мен ықпалын са-лып, жариялануын барынша шектейді. Соның арқасында «өзбек ұлтшылдығы» деген жаман атақ жалпы ұлтқа таңылмай қалады.

1972 жылы 14 мамырда «өзгенің оккупациясына» қарсы үлкен көтеріліс Литваның Каунас қаласында да болған. Осы қаланың 18 жастағы тұрғыны Ромас Каланта «мен Литваны өзгелердің ок-купациялауына қарсымын, Литваға бостандық берілсін!» деген ұранмен өзіне өзі от қойып, жанып кеткен. Оны жерлеу кезінде жұрттың көп жиналуы-нан қорыққан КГБ рəсімді белгіленген уақыттан 2 сағат бұрын жасатады. Алайда, халық бəрібір көп жиналып, 18 жəне 19 мамыр күндері орталық алаңда боздақты жоқтап, оның көтерген ұранын қолдаған. Бес мыңнан артық адамды милиция, халық жасақшылары жəне солдаттар күш қолданып зорға таратқан. 402 адам тұтқындалып, 40 шақты адам сотталған.

Қазір Р.Каланта туралы бірнеше кітап жазылып, «Субұрқақ балала-ры» атты деректі фильм түсірілген. 2000 жылы марқұмға Литваның ең жоғарғы «Витис кресінің бірінші дəре-желі ордені» берілді. 2002 жылы Литва президенті Валдас Адамкустың қаты-суымен Р.Калантаның өлген жерінде оған арнап ескерткіш орнатылды.

1973 жылы ингуштар мен осе-тиндер арасында да үлкен кикілжің орын алған. 1944 жылы Қазақстан мен Орталық Азияға жер аударылған ингуш-тар «Хрущев жылымығының» тұсында қайтып келіп, Чешен-Ингуш автономия-сын қалпына келтірген еді ғой. Алайда, олардың біршама жері Солтүстік Осетия автономиясының құрамында қала берді. Ингуштар осы жерлерді қайтаруды талап етіп, осетиндермен кикілжіңге түскен жəне кеңестік идеологияны айыптаған ұрандар көтерген.

1977 жылы үш армян азаматының террорлық актісі тіпті, шектен шыққан оқиға болды. «Оккупацияға қарсымыз, Армян республикасына бостандық беріліп, өз алдына тəуелсіз ел бол-сын» деген мақсатты алдарына қойған террорлық топ Мəскеуге барып, бір неше жерде жарылыс жасаған. Есімдері А.Степанян, З.Багдасарян жəне С.Затикян атты үш армян инженері Мəскеудің халық көп жиналатын жерлерінде өздерінің қолдан жасалған бомбаларын тастап кетіп отырған. Жарылғыш заттар иелері кеткен соң, белгіленген уақытта жарылып, 44 адамға залал шектіріп, 7 адамды өлтірген. Бұл оқиға да еш жерде жарияланған жоқ, тек жоғарыда аталған радиостансалар арқылы ғана халықтың құлағына жетті.

Осы армяндардың соттағы соңғы сөздерін тыңдасақ, жағаңды ұстайсың. Олардың бірі судьяға «сендердің маған билік айтуға қақыларың жоқ, өйткені, мен айыпталушы емес, сендерді айыптау шымын» деген. Басқалары да өздерінің істеріне өкінбеген, С.Затикян соңғы сөзін армян тілінде айтып,

отандастарын жаппай кек алуға үндеген. Қызыл империяның тырнағы арқасына батпаса бастарын бəйгеге тіккен осын-ша лық əрекетке олар ешқашан да бар-мас еді.

1977 жылы жұрт «Брежневтік кон-ституция» деп атап кеткен КСРО-ның жаңа конституциясы қабылданды. Осы конституцияның қабылдануы кезінде Литвада үлкен толқулар болды. Жастар жаңа Конституцияға қатысты ұрандар көтеріп, көшеге шыққан. Вильнюс қаласының барлық жерлерінде Октябрьдің 60 жылдығына орай ілінген плакаттар мен ұрандар жұлынған. Бірнеше машина аударылып, өртелген. Тіпті, Литва КП Орталық комитеті үйіне дейін шабуыл жасалып, оның терезелері шағылған. Жүздеген милиция қызметкері зардап шеккен. Оқиғаның қорытындысында 44 адам ұсталып, жүздеген студент оқудан шығарылған. Бірақ өкіметтің тағылығы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасындағыдай болған жоқ. КСРО-ның əумесерлері еуропалық елдердің қолдауынан тайсақтап, шоқ-парларын емін-еркін ойқастата алмады.

1978 жылы ұлттық республикалар-да да жаңа конституция қабылданды. Соның ішінде Грузияда мемлекеттік тіл тек орыс тілі деп қана жазылған бап грузиндердің ашу-ызасын туғызып, он мыңдай адамды наразылық акциясын жасауға алып келді. Бұрынғы конститу-цияда бұл республиканың мемлекеттік тілі тек грузин тілі болатын. Бірақ бұл ак-цияны республиканың бірінші басшысы Э.Шеварднадзе қантөгіссіз, бейбіт жол-мен тарата білді. Ол демонстранттардың талабын орындап, орталықты да соған көндірді. Мұны естіген армяндар да көтеріліп, олар да өз республикасының мемлекеттік тілі етіп өз тілдерін қоюға қол жеткізді.

1979 жылғы Ақмола жастарының көтерілісі де ұрда-жық орталықтың ұлттық құндылықтарды аяққа басу-ына наразылық ретінде жасалған еді. Қасиетті қазақ жерін бөлшектеп, ор-тасынан ойып немістерге автономия береміз деген шешімнің еш қисыны жоқ-ты. Сондықтан бұл шешімге қарсы наразылық иісі қазақ даласын шарпы-ды. Əйтеуір, оқиға бейбіт жолмен оң шешімін тауып, ешқандай неміс авто-номиясы қазақ жерінде ашылмайтын болды. Бұған неміс халқы өкілдерінің өздерінен түскен қарсылықтар да əсер етті. Алайда, суретке түсіріп алынған бір топ студент қуғынға ұшырап, оқудан шығарылды. Бұл оқиға да ресми түрде ешқандай жерде жарияланбай, «жабулы қазан жабулы күйінде» қалды.

1980 жылы «Пропеллер» деген ансамбльдің концерті «ұлтшылдық мақам бар» деген байбаламмен болдырмай тасталғаны үшін Эстония астанасының көшесіне мыңдаған жас шығып, саяси наразылық акциясын ұйымдастырды. Бұл қарсылық акциялары келесі күндері Тарту, Пярну қалаларында жалғасты. Бірнеше күнге созылған митинг ақыры бейбіт жолмен тарады. Алайда, мұнда да жүздеген жас оқудан шығарылып, бірнешеуі «тəртіпсіздік жасағаны үшін» деген баппен сотталды.

Алматыдағы Желтоқсан оқиғасы да ұлттық сана-сезімнің пісіп-жетілуімен қатар, халықтың ендігі жерде оны қорлауға жол бермейтіндігін көрсеткен үлкен көтеріліс еді. Бұл туралы көп жазылғандықтан, оларды қайталамай, тек бұл оқиғаның жариялылықтың арқасында барша КСРО-ға ғана емес,

алыс шетелдерге де естілген алғаш қы ұлттық толқу болғанын айта кеткіміз келеді. Оның дүмпуі өзі де қайнауы жетіп, шымырлап тұрған ұлттық дүрда раздықтардың сыртқа ақта ры-луына мұрындық болды. Сөйтіп, ол əзербайжан-армян, грузин, Балтық бойы елдері халықтары, месхет түріктер жəне т.б. көтерілістеріне ұласты.

Қысқасы, социализмнің əділетті қағидаттары билікте отырғандар тара-пынан бұзылып, бір ұлттан бір ұлтты артық қоюдың салдарынан КСРО-да осындай дүрдараздықтар, қанды оқиғалар болып тұрған. Адамдардың ақпарат алу құқын шектеген казармалық социа лизм жүйесі оларды халықтан жа-сырып, көзбояушылықты ғана өрістетіп, шындықты халыққа жеткізбеген. Ақыры бұл да КСРО-ның күйреуіне соқтырған бір фактор болды.

Жабық қоғамның тəртіптерімен бір сəттік наразылық түрінде ғана емес, саяси күш ретінде құрылған ұйымдар арқылы күреспек болған да топтардың болғанын білеміз. Қарағандыдағы «ЕСЕП» (Елін сүйген ерлер партия-сы), Павлодардағы «Жас ұлан», Хасен Қожахмет құрмақ болған «Жас қазақ» партиялары секілді Ресейдің Туапсе қаласында да 14 адамнан тұратын «Демократия үшін күрес клубы» атты астыртын саяси ұйым болған. Бұл ұйым 1970 жылы ғана əшкереленіп, ол тура-лы КГБ төрағасы Ю.Андропов Саяси Бюроға мəлім еткен. Əрине, мұны құрған да тұмсығы тасқа тимеген 15-16-лардағы жасөспірімдер болғанымен, демократия жолындағы күрес үшін олар өздерінің бағдарламалары мен күрес тəсілдерін анықтаған. Қолжазба түріндегі «Де-мократ» жəне «Русский современ-ник» журналдарын да шығарған. Сталиннің 90 жылдығына орай, 1969 жылғы желтоқсанда қала көшелері мен қабырғаларға кеңеске қарсы ұран-дар жазған. Азаматтардың пошта жə-шіктеріне де осы мазмұндағы хаттар жазып, қалдырған. Бұл ұйымның барлық мүшелерін КГБ анықтаған, алайда, олар кəмелетке толмаған жасөспірімдер болғандықтан соттамай, тек «педсо-ветке салу», «комсомолдан шығару» сияқты жазалармен шектелген. Алайда, ұйымның барлық мүшелері КГБ-ның тізіміне алынып, КСРО тарағанша аңдудан арылмаған.

Свердловск қаласында да «Партия свободной России» атты астыртын ұйым «əшкереленген». Оның мүшелері де мектептің жоғары сынып оқушылары болыпты. Бұлардың өз жарғысы мен бағдарламасы жасалған. Ұйым мүшелері КСРО-дағы саяси режімге қарсы листов-калар таратып, үндеулер жазған. Тіпті, жұмысшылар мен қызметкерлерді ереуілге шығуға шақырған.

Мұндай ұйымдар еріккеннің ермегі үшін емес, менікі ғана дұрыс, біздікін ғана сөйле деп үстіңнен төніп тұрған идеологияға қарсы жастардың серпінді қарсылықтары ретінде құрылғаны ай-дай анық. Ол сонау 30-жылдардан бері басталып, қашан КСРО тарап кеткен-ше бір сəт те толастаған емес. Қазақ жерінде айтылған: «Социалдық сектор, Қимылдамай тек тұр», «Бесжылдық план – Ирелеңдеген жылан» деген сыни, қарсылықты жолдар соның бір айғағы. Адамның ерік-жігері, ой-санасы бостандықта болып, айтамын деген сөзін айтып, жазамын деген тақырыбын жаза алу ға ерікті болғанының өзі бір бақыт қой.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМАҚарағанды мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру

департаментінің Жезқазған филиалы 2014 жылдың 7 қарашасында сағат 10.00-ден сағат 17.00-ге дейін www.

gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында республикалық меншіктегі нысандарды сату жөнінде

электрондық аукцион өткізу туралы хабарлайды

Акт на право пользования землей №0105078 от 15.02.2000 года, тех-нический паспорт на объект недвижимости (ул. Мынбаева, 53) принадле-жащий акционерному обществу «Казахский научно-исследовательский и проектный институт строительства и архитектуры» связи с утерей считать недействительными.

В связи с утерей документов: постановлений акимата г. Капшагай № 3305 от 19.12.2008 г. и №2693 от 30.09.2008 г., акт приемочной комиссии о приемке в эксплуатацию построенного объекта – здание, ангар под СТО, по адресу: Алматинская обл., г. Капчагай, ул. Сейфуллина, 40, на имя АО «Капчагайтяжстрой» считать недействительными.

Замана запыраны

«Бесжылдыќ план – ирелеѕдеген жылан...»

Page 10: Миландаєы мəдени мўралармен танысты · №205 (28428) 21 ҚАЗАН СЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ Президент Нұрсұлтан Назарбаев

21 қазан 2014 жылwww.egemen.kz10 www.egemen.kz10

АдасуАуылдан келген бала қалада адасып кетеді. Қаланың жөнін білетін

əлдебір танысына телефон шалып, өзіне көмек беруін сұрайды. Сəл ойланған танысы: «Қай жерде жүргеніңді білейін, қасыңда дүкен бар ма? Қалай аталады?» десе, əлгі бала: «Дүкен бар, «Мы открылись» деген», депті.

«Пормысын ўќсатыпсыѕдар...»Маңғыстаудың ойындағы бір ауылдың тұрғындары жақсы істі

қолға алып, қарбыз егеді. Алайда, мезгілі келгенде дөңкиіп өскен қарбыздың қайсысын жарып қараса да іші аппақ болып шығады. Топырақтың құнары келіспеді ме, əлде су жеткіліксіз болды ма деп дағдарып тұрғандарға тап болған көрші ауылдың азаматы:

– Ештеңе етпес, əйтеуір пормысын ұқсатқан екенсіңдер, деп басу айтыпты.

Ерекен ҚОРАБАЕВ.Маңғыстау облысы.

«Конгресс-холл» сарайында «Жас ұлан-2014» XVI республикалық əскери əндер фестивалі лауреаттарының гала-концерті өтті.Сахнаға жыл сайынғы байқаудың орындаушы-

лары мен «вокал», «фольклор», «вокалдық-аспаптық ансамбль» номинациялары бойынша финалдық тыңдаудың қорытындысы бойынша айқындалған жеңімпаз дары шықты.

Əн сайысының қорытындысы мынадай болды:

«Вокалдық-аспаптық ансамбль» номинация-сында бірінші орынды Аэроұтқыр əскерлері 18404 əскери бөлімінің вокалдық тобы жеңіп алды.

«Фольклор» номинациясындағы бірінші орын «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 40398 əскери бөлімінің «Шашу» тобына берілді.

«Вокал» номинациясында бірінші орынға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы 03858 əскери бөлімінен келген старшина Сейітқасым Имадуллаев ие болды.

Жас таланттар – жалпы білім беру мектептері, лицейлер мен колледждердің өкілдері де назардан тыс қалмады. Олар Астанаға еліміздің түкпір-түкпірінен келіп өнер көрсетті. Жас орындаушыларға «Жас ұлан-2014» XVI республикалық əскери əндер фестивалінің дипломдары табыс етілді.

Үздік орындаушылық шеберлігі үшін жүлде Қостанай облысы «Қолдасабаев мектебінің» оқушысы Лана Сапинаға берілді. Павлодар облысы №14 орта мектебінің оқушысы Станислав

Баранов пен «Жас ұлан» республикалық мектебі 2-ротасының оқушысы Мəди Темірғалиев ең үздік патриоттық əн орындаушылар ретінде көтермеленді.

Ф е с т и в а л ь д і ң к ө р е р м е н к ө з а й ы м ы жүлдес і Солтүст ік Қазақстан облысы №17 ор та мектебінің оқушысы Олег Девяткинге бұйырды.

«Ауғанстан жəне оқшау соғыстар ардагерлері одағының» жүлдесімен «Ардагер» вокалдық-аспаптық тобы, сондай-ақ, Ринат Шүкіров марапатталды. Олар ҚР ҰҚК Шекара қызметінің атынан өнер көрсеткен болатын.

Сондай-ақ, қатардағы жауынгер Мереке Қырғызбаев (Ұлттық ұлан) пен қатардағы жауынгер С ұлтан Бақытжан (Мемлекеттік

күзет қызметі) көтермелеу сыйлықтарын алды.Бас жүлде – «Жас ұлан-2014» XVI респуб-

ликалық əскери əндер фестивалінің гран-приін Семей қаласы «Жас ұлан» дарынды балалар лицейінің оқушысы Мират Жақсылықовқа Парламент Мəжілісінің депутаты, Халық Қаһарманы Бақытжан Ертаев табыс етті.

Фестиваль Қазақстан Қарулы Күштерінің мəдени өміріндегі маңызды оқиғаға айналды. Əрбір конкурсқа қатысушы өзінің шығармашылық əлеуетін ашып көрсетуге мүмкіндік алды, ал əскери əндердің тамаша орындалуы Қазақстан армиясы мен əскери қызметтің абыройын арттыру ісіне елеулі үлес қосты.

«Егемен-ақпарат».

Меншік иесі:“Егемен Қазақстан”

республикалық газеті”акционерлік қоғамы

ПрезидентСауытбек АБДРАХМАНОВ

Вице-президент – бас редакторЖанболат АУПБАЕВ

Вице-президентЕркін ҚЫДЫР

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А.

АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 341-08-12.БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kzАлматыда: факс (727) – 341-08-12, электронды пошта – [email protected]

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР:Астана – 8 (717-2) 37-61-21;Ақтау – 8 (701) 593-64-78;Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75;Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70;Атырау – 8 (712-2) 31-74-13;

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91;Қарағанды – 8 (721-2) 43-94-72;Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15;Қызылорда – 8 (701) 772-70-74;Орал – 8 (777) 496-21-38;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11;Павлодар – 8 (718-2) 68-59-85;Тараз – 8 (726-2) 43-37-33;Шымкент – 8 (701) 747-63-01;Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ: Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, [email protected] Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 341-08-11, [email protected]

Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.А

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы

5 қаңтарда Қазақстан Республи касының Мəдениет жəне

ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қа зақ стан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009

Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы201 715 дана.

Нөмірдің кезекші редакторы

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 5 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921

Газет мына қалалардағы:010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС,050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС,100008, Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 33, «Қарағанды полиграфия» ЖШС,110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС,120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС,130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС,030010, Ақтөбе қ., Смағұлов к-сі, 9 К, «Хабар-Сервис» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС,160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС,140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС,150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ,080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС,090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС,040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы,070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №421 ek

Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА«Егемен Қазақстан».

Үстіміздегі жылы қаңтар айында Тор-ғай кентіндегі Ыбырай Алтынсарин өз қолымен қалаған мектепке 150 жыл тол-ды. Осыған байланысты облыста кешенді жос пар жасалып, жыл бойы ұлы ағартушы-ұстазға қатысты бірқатар танымдық іс-шаралар белгіленген болатын. Оның бір парасы жүзеге асты. Мұндай игі іс жыл соңына дейін жалғасын таппақ. Бұл жолы облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Ел ертеңі» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйытқы болуымен БАҚ өкілдеріне арналған экспедиция Қостанай қаласы төңірегіндегі ұлы ағартушы есімімен байланысты орын-дарда болды.

Баспасөз беттерінде ұлы ұстаздың туған жерін əркім əрқалай көрсетіп жүр. Бірақ ақиқат біреу. Бүгінгі Қостанай, Алтынсарин аудандарының аумағын Балғожа би жəне оның ұрпақтары жайлаған. Бұл маң тарих-та Арақарағай болысына қараған. Балғожа

би ауылы нақты мекен еткен, Ыбырайдың нақты туған жері – Мезгіл ауылы. Жергілікті көнекөз қариялардың айтуынша, осы маңайда Үлкен мезгіл, Кіші мезгіл, Қошанның мезгілі деген сияқты атаулар көп. Кемеңгер ұстаздың кіндік қаны тамған жер Қошанның Мезгілі деп аталады. 1991 жылы Ыбырайдың туғанына 150 жыл толуы қарсаңында осы жерге ескерткіш тақта орнатылған екен. Күннің, желдің əсерімен тозған белгі биыл қайта жаңартылды.

Əрине, қазір белгі орнатылған жерде Балғожа ауылынан ешқандай да тарихи белгі қалмаған. Ол жерде Алтынсарин ау-даны шаруашылықтарының егіні жайқалып тұр. Атамызға арналған белгі қайта орна-тылып, қасына құдықтың макеті жасалды. Журналистермен бірге жүрген филосо-фия ғылымдарының кандидаты, профес-сор, өлкетанушы Қалқаман Жақыптың əңгімесінен Балғожа би ауылын көргендей боласың.

– Кезінде осы жерді Балғожа би Жаң быр шыұлының ұрпақтары Қошан,

Омар дың ауылы жайлаған. Осы маңайда шамамен 50-60 үй отырған көрінеді. Мына төмпешіктер сол кезеңдерден қалған, жұрттың, көңнің орны болуы ықтимал, тіршіліктің болғанынан хабар беретін белгі,– дейді Қалқаман Жақып.

Щербаков ауылының тұрғыны Балғабай Қасымов та бұл жерде ауылдың болғанын растайды.

– Қазақтар бұл маңды тек Қошан мезгілі ғана емес, Омар құдығы деп те атаған. Бұл жер негізі қоршалуы керек. Тіпті, мəдени мұра есебінде мемлекет қамқорлығына алынса да артық емес. Өйткені, Ыбырай ба-бамыз ұлт мүддесі үшін қызмет еткен адам, – дейді Балғабай ақсақал. Иə, қарияның қай сөзінің де жөні бар. Қазақ тұщы құдықты ырысының бірі санаған. Сондықтан құдыққа байланысты жер атаулары еліміздің қай шалғайында да кездесіп отырады.

Тас жолдан 7 шақырымдай қашықтағы Омар құдығының айналасын жағалай егінжай жапқан. Ел тұрмаған соң кемеңгердің кіндік қаны тамған қасиетті

жердің атауы да орысшаланып, жоқ болып кетуі əбден ықтимал. Халқымыздың рухани діңгегінің бірі Ыбырай Алтынсарин туған, оның атасы Балғожаның ауылы тұрған жерді жас ұрпақ біліп өсуі үшін бұл жер туристік нысанға айналса несі бар? Солай болуы да керек. Қалқаман Жақыптың айта-айта жүретіні де осы ой.

– Келешекте жалғыз бұл ғана емес, Қос-танайдағы Ыбырай мектебі, кітап ханасы бар, мұражайы, кемеңгер қазақ мəңгі тыныс тап жатқан кесенесі бар – осының барлығын біріктіріп, тұтас бір туристік кешен ретінде үлкен жоба жасау керек. Бұл біздің тарихы-мыз емес пе?! Тарихты бүгін түгендемесек, ке-лер ұрпаққа қиянат деп біл, – деген Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры Қалқаман Жақыптың сөзі кімнің де болса көңіліне қонады. Бір қосарымыз, Ыбырай кесенесін, оның айналасын келгендердің көзі тоярлық етіп, қайта жасайтын уақыт та жеткен тəрізді.

ҚОСТАНАЙ.

Айбын

Əн – əскердіѕ жігері

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,«Егемен Қазақстан».

«Теңізшевройл» бірлескен кəсіпорны игеретін «Теңіз» кенішінің мұнайын өндіру оңай емес. Өйткені, бұл əлемдегі өте күрделі, əрі ең ірі кеніштердің бірегейі саналады. Сол себептен оны игеруге əлемдегі ең озық технологиялар мен қондырғылар көптеп қолданылуда. Əсіресе, бұл екінші буын зауыты мен шикі газды кен қабатына кері айдау жо-балары іске асырылғанда көбірек байқалды. Осы жобалар аталған кеніштен өндірілетін мұнайды ұлғайтуға септігін тигізді. Қазір кенішке жаңа технологияларды енгізу мен қондырғыларды кеңінен пайдалану əлі де жалғасын табуда.

Жақында аталған кенішке тағы бір ең ірі жаңа қондырғы əкелінді. Оны тіпті, елімізге шетелден тасымалданған ең алып жүк деуге əбден болады. Себебі, оның салмағы 300 тоннадан асады. Ал ұзындығы 17 метрді, ені мен биіктігі 10 метрдің шамасын құрайды. Осынау аса ауыр салмақты, əрі биіктігі үш қабатты үймен теңдесетін ірі қондырғы «Теңізшевройлдың» тапсырысымен Италияда құрастырылыпты. «Теңіз» кенішіндегі зауыттың қуатын арттырып, сонымен бірге, сенімділігін нығайта түсетін алып қондырғы су жолымен Ресейдегі айлақтың

біріне, одан Волга-Дон каналымен Астрахань қаласына жеткізілген. Еліміздің батыс өңірлерімен шектесетін осы қаладан Каспий теңізі арқылы Атыраудағы айлаққа келді.

Мұнайлы өңірге жеткізілген ең ірі қондырғыны «Теңіз» кенішіне дейін жеткізуді міндетіне алған «Саренс» серіктестігі Атыраудың орталық көшелерімен алып өтті. Бұл жүкті тасымалдау үшін арнайы көп дөңгелекті тіркеме дайындалыпты. Жергілікті коммуналдық сала мамандары арнайы техникаларымен электр сымдары мен кабельдерді көтеріп, жүкті кідіріссіз тасымалдауды қамтамасыз етті. Ең

алып жүк Атырау қаласынан 290 шақырымдық қашықтағы «Теңіз» кенішіне шамамен бір аптадан асатын мерзімде жеткізіледі деп болжануда.

Атырау облысы.

Суретте: «Теңіз» кенішіне жеткізілетін алып жүкті тасымалдау сəті.

Суретті түсірген Рахым ҚОЙЛЫБАЕВ.

Тегінде, Геннадийдің соққысы өте ауыр. Оны қазақстандық тарлан ұрыстың тағдырын дəл тиген бір ғана соққысымен тағы да бір мəрте айқын көрсетіп берді. Əйтпесе, шайқастың басы қарағандылық қабыланның бұлайша тез жеңіске жету ғана емес, жалпы, ұтысқа жете қоятынына ептеп күмəн келтіретіндей көрінді. Мұны Рубионың алғашқы гонг даусы естілген бойда алға ұмтылып, бірнеше нақты соққыны қақырата бергені санаға салды. Дегенмен, Гена екінші нөмірмен шайқасуын ұзаққа созған жоқ. Бір мезет оның өзі қарсы жорыққа шығып, бұрынғы жауынгерлік қалпына қайта көшкендей сыңай танытты. Осының пəтінде бірнеше ауыр соққылар жасап, қарсыласының қайылын қайтаратын қарқынға ауысты.

А л е к і н ш і р а у н д к ө з д і ашып-жұмғандай-ақ пəйтте өте шықты. Себебі, боксшы-лар ринг ке көтеріліп, енді ғана тер шығаратындай шамаға келе бастаған шақта Геннадий визавиін бір хукпен шалқасынан түсірді. Ирелеңдеп барып, жер-ге жантая кеткен Марконың со-дан қайта қосын түзеп, орны-нан тұрып кетуі қиынға соқты. Санаудың соңғы секундында оның аяқтары икемге келмей жатқанын байқаған рефери бірден сөзге келместен: «Нокаут» деген

белгі берді. Сонымен, бəрі тынды. Қазақстандық тарлан кезекті мəрте мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Бұл 32 жастағы Геннадий Голов-киннің биылғы, 2014 жылғы өткізген үшінші, ал жалпы кəсіпқойлар рин-гіндегі 31-ші шайқасы болды. Мұ-ның барлығында жеңіске жеткен Геннадий олардың 28-ін, соның ішінде қатарынан 18-ін мерзімінен бұ рын аяқтады. Ал 34 жастағы Мар ко Антонио Рубио үшін бұл 67 шай қасындағы жетінші жеңілісі екен.

Айта кету керек, осы ұрыстың қар саңында екі файтер салмақ өлшеудің арнайы процедурасынан өткендерінде, Геннадий Головкин – 71,2, ал Марко Антонио Рубио 73,4 кило тартты. Осылайша Гена өз сал мақ категориясы бойынша өлшем ге толық кіре алса, оның бəсеке лесі артық шығып кетті. Сол үшін ол осы шайқастан ала-тын қалам ақысы есебінен айып төлейтін болып шешілді. Сондай-ақ, жекпе-жекте Головкин ұтысқа ие болса, оған өзінің бұрынғы атақтарын сақтап қалумен бірге, WBC болжамы уақытша чемпионының белбеуін де алатын болды. Ал жеңіле қалса, осы үш атақ та вакантты, яғни иесі жоқ есепті қалыпқа келтіретін еді.

Еске сала кетейік, Геннадий Го-ловкин үстіміздегі жылғы 1 ақпанда га налық Осуману Адаманы, 26 шіл деде австралиялық Дэниел Гилді мер зімінен бұрын жеңіп шыққан болатын.

Головкинніѕ кезекті жеѕісі

Жеріңнің аты – еліңнің хаты

Ыбырайдыѕ туєан жері ќалай аталєан?

Ғажап!

Италияда ќўрастырылєан 300 тоннадан асатын ірі ќондырєы «Теѕіз» кенішіндегі зауыттыѕ ќуатын арттырып, сенімділігін ныєайта тїседі

Еѕ алып жїк

(Соңы. Басы 1-бетте).

Ауылдың айтқыштары

«Егемен Қазақстан».