«Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды басқармасының Мойынқұм ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. I.Орман шаруашылығының құрылымы. Мойынқұм орман шаруашылығы мекемесі Қазақ ССР Орман шаруашылығы министрлігінің 1981 жылғы 16-шы қаңтардағы №9 бұйрығы бойынша, Қосқұдық орман шаруашылығы мекемесінің иелігіндегі мемлекеттік орман қорын оңтайландыру мақсатында, 506325 гектар орман қоры жер көлемімен құрылды. Орман шаруашылығы мекемесі Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылы Қабышев көшесі №3 үйде орналасқан. Мекеме кеңсесі. Қазіргі кездегі Мойынқұм орман шаруашылығы мекемесінің иелігіндегі мемлекеттік орман қорының жалпы жер көлемі 865865 гектардан тұрады. Орман қоры жерлері Шу өзенінің сол жақ жағалауындағы Мойынқұм өңіріндегі шөл және шөлейтті аймақта орналасқан. Климаты өте тез ауыспалы, қыс айларында ауа суықтығы -40-45 С-ге дейін, жаз мезгілінде +45+50 С ыстық болады.
18
Embed
пайдалануды басқармасының Мойынқұм ...adm.zhambyl.gov.kz/app/uploads/sites/12/2017/05/Mekeme... · 2017. 8. 1. · көзі сондай-ақ, 28 гектар
This document is posted to help you gain knowledge. Please leave a comment to let me know what you think about it! Share it to your friends and learn new things together.
Transcript
«Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды басқармасының Мойынқұм ормандарды және жануарлар
дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» коммуналдық мемлекеттік
мекемесі.
I.Орман шаруашылығының құрылымы.
Мойынқұм орман шаруашылығы мекемесі Қазақ ССР Орман шаруашылығы
министрлігінің 1981 жылғы 16-шы қаңтардағы №9 бұйрығы бойынша, Қосқұдық орман
шаруашылығы мекемесінің иелігіндегі мемлекеттік орман қорын оңтайландыру
мақсатында, 506325 гектар орман қоры жер көлемімен құрылды. Орман шаруашылығы
мекемесі Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылы Қабышев көшесі №3
үйде орналасқан.
Мекеме кеңсесі.
Қазіргі кездегі Мойынқұм орман шаруашылығы мекемесінің иелігіндегі мемлекеттік
орман қорының жалпы жер көлемі 865865 гектардан тұрады. Орман қоры жерлері Шу
өзенінің сол жақ жағалауындағы Мойынқұм өңіріндегі шөл және шөлейтті аймақта
орналасқан. Климаты өте тез ауыспалы, қыс айларында ауа суықтығы -40-45 С-ге дейін,
жаз мезгілінде +45+50 С ыстық болады.
Орман қоры жерлерінің құрылым бойынша жер көлемімен орналасу кестесі:
р/с Құрылым атауы Жер көлемі (га)
1 Төменгі-Шу орманшылығы 369928
2 Қарашарда орманшылығы 343395
3 Фурманов орманшылығы 152542
жиынтығы 865865
Орман қоры аумағындағы орналасқан ормандар, қоршаған ортаға тигізетін пайдалы
әсеріне байланысты: халықаралық. республикалық.жергілікті мәндегі автомобиль
жолдары мен темір жолдар бойындағы 9979 гектар қорғаныштық және 855886 гектар
егістік пен топырақ қорғау орман екпе ағаштары жер көлемдерімен бөлінген. Орман қоры
аумағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар белгіленбеген.
Мойынқұм орман шаруашылығы мекемесінің иелігіндегі орман қоры жерлерінің
санат бойынша орналасу сипаттамасы төмендегі кестеде көрсетілген.
р/с Орман қоры жерлерінің санаты Ауданы, га Пайыздық
қатынасы
I. Орманды жерлер 788169 91,0
1 Орманмен көмкерілген 605178 69,9
2 Жинақталмаған орман екпелері 230 0,1
3 Орман тұқымбағы 20 -
4 Орманмен қамтылмаған 182741 21,1
-ағашы кесілген жерлер 6874 -
-алаңқай жерлер 35084 -
-өртенген ж/е жойылған екпелер 15023 -
-сирек ормандар 125760 -
II. Ормансыз жерлер 77696 9,0
Барлығы: (I+II) 865865 100,0
II. Орманды қору және күзету.
Орман шаруашылығы мекемесінің мемлекеттік орман қорын, рұқсатсыз пайдалану мен
орман зиянкестерінен қорғау және өрттен күзету іс-шараларын тиімді орындау
мақсатында, орманшылықтар аумағы 4 орман шебері техникалық учаскелер мен 28 орман
айналымына бөлінген. Орманшылықтар аумағында 4 орман күтушілеріне арналған
қызметтік үйлер, 5 өрт бақылау мұнаралары орналастырылған.
Қарашарда орманшылығы 20-шы оралым орман күтушісінің үйі