This document is posted to help you gain knowledge. Please leave a comment to let me know what you think about it! Share it to your friends and learn new things together.
Transcript
84 31
+16°..+18°+8°.. +10°
–
–
4
5
Брифинг те ел іміздегі т ұ рақт ы санитариялық-эпидемиялық жағдайды қамтамасыз ету бойынша агенттіктің қабылдаған алдын алу шаралардың бары-сы қозғалды. Бас санитарлық дәрігердің айт уынша, осыған дейін еліміздегі санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің бақылауында болған 123 мыңнан астам нысанның 60 пайызы эпидемиологиялық тәуекелі жоғары емес нысандар болып табылады екен. Е н д і , Е лб а с ы н ы ң та п с ы р м а с ы н а
сәйкес, мұндай нысандарға тексеру жүргізу тоқтатылып, ескерту сипатына көшірілгенін мәлім етті. Алдағы уақытта ведомство тарапынан болатын жоспарлы тексерулер тек қауіптілігі мен тәуекелі жоғары және орташа нысандарда ғана сақталатын болады. Оның нәтижесінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау саласындағы тексерістер үш есеге дейін төмендейді.
Орталықтан-дырылған балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Отан отбасынан басталады» тақырыбында таным сағаты өтті.
«Астана-Арена» стадио-нында Еуропа лигасының үшінші кезеңінде «Астана» және «АИК» (Швеция) коман-далары кездеседі.Басталуы: 20.00.
«Астана Рок клубында» «Ашық аспан аясындағы рок-н-ролл» 2-ші рок-фестивалі басталады. Басталуы: 15.00.
Елордадағы балалар мен жасөспірімдер спорт
мектептеріне биыл 1800 бала қабылданады.
(Басы 1-бетте)Жандарбек Бекшин сондай-ақ
энтеровирустық инфекциямен сыр-қаттанушылардың жайына тоқталды. Биылғы маусым-шілде айларында Астана қаласында зерт ханалық тек серіс нәтижесінде расталған ме-нингиттің 80 жағдайы тіркелген.
«Агенттіктің аумақтық депар-таменттері энтеровирустық ин-
фекцияның таралуының алдын алуға бағытталған профилак-т и к а л ы қ ж ә н е э п и д е м и я ғ а қарсы жұмыс жүргізуде» дейді Ж .Бекшин. Оның айт уынша, қоршаған орта объектілерін – ашық су қойма ларының, жүзу бассейндерінің, субұрқақтардың суын, ағынды суды мониторингілеу күшейтілді.
Сондай-ақ, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер ата-аналарға балаларын жеке гигиена ережелерін сақтауға, шомылудан бас тартуға, сапасы күмәнді суды ішпеуге, адам-дар жаппай жиналатын жерлерге бармауға, суық тиюден сақтануға дағдылануға кеңес берді.
Айгүл УАЙСОВА
«СтальЦинк» ЖШС – Қазақ-стандағы әлемдік стандарт бой-ынша жоғары технологиялық жабдықпен жол қоршауын дайын-дайтын жалғыз зауыт. Бұл ар-найы қоршау күре жолдарға ор-натылады, сөйтіп жолдағы қауіпті жағдайлардың алдын алады. «Ба-тыс Қытай – Батыс Еу ропа» автомагистралі үшін «Сталь-Цинк» ЖШС осындай қоршаулар шығарады. Зауытта шығарылған қоршаулар «Астана-Шучье» тас жолына да орнатылды.
Аталмыш өндіріс орны «Өнім-ділік – 2020» мемлекеттік бағ-дарламасы бойынша «Zeman Bauelemente Produktionsgesellshaft m.b.h.» австриялық компаниясы-нан тосқауыл қоршауларын өндіру бойынша жабдықтарды сатып алуға лизингтік қаржыландырылды. Ол жылына ұзындығы 437,5 мыңға дейін жол қоршаулары мен олардың элементтерін өндіруді қамтамасыз етеді. Жоба 110 орынға дейін жұ-мыс орнын ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Сағи ОРАЛ
Дәстүрлі сайыс ҚР хоккей федерациясы, «Нұр Отан» партиясы мен «Барыс» хоккей клубының ұйымдастыруымен 9-13 тамыз аралығында «Қазақстан» спорт сарайында өтеді. Биылғы жарысқа «Барыс», «Авангард», «Металлург», «Нефтехимик» клуб-тары қатысады. Әуелі айналымдық жүйе бойынша төрт команда бір-бірімен кездесіп, соңғы екі орыннан көрінгендер 3-орынға таласса, алғашқы екеуі бас бәйгені сарапқа салады. Естеріңізде болар, бұған дейінгі тур-нирлерде астаналық «Барыс» үш рет жеңімпаз атанған болатын.
Билеттер «Қазақстан» спорт сарайының кассаларын-да сатылуда. Құны – 200-1500 теңге аралығында.
Оның айтуынша, жанармай бағасына түзету енгізу мәселесі қаңтар айынан бастап әр ай сайын көтеріліп келеді екен. Алайда, бұл ай сайын баға өсіп отырады дегенді білдірмейтін көрінеді.
Осы айдың басында кейбір баспасөз беттерінде жанармай бағасы қымбаттайды деген сы-быс тараған болатын. Оған се-нер болсақ, ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап АИ-92/93 115 теңгеден 141 теңгеге, АИ-80 89 теңгеден 122 теңгеге, дизельдік отын 115 теңгеден 129 теңгеге қымбаттауы мүмкін екен.
Т.АБДУЛЛИН
3www.astana-akshamy.kz
Бетт
і дай
ынд
аған
: Таң
атар
ТӨ
ЛЕУ
ҒАЛ
ИЕВ
. Дер
ек к
өзде
рі: w
ww
.ast
ana.
kz, w
ww.
info
rm.k
z, w
ww.
baq.
kz
– Астана қаласында сыбайлас жемқорлықтың ашылу деңгейі қандай?
– Есептік кезеңде департаменттің жедел-тергеу жұмысының нәтижелері, жалпы, оң динамиканы көрсетіп отыр. Қабылданған іс-шаралар нәти-жесінде 84 сыбайлас жемқорлық қыл мысы ашылды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 1,5 есе жоғары немесе 55-тен 84-ке дейін артқан. Анықталған залал сомасы 29,7 млн теңгені, өтелген залал сомасы 3 млн теңге, ал мүлікке салынған тыйым 13,3 млн теңгені құрады.
– Нақты қандай істерге тергеу жүргізілді?
– Есепті кезеңде 5 адамға қатысты 23 қылмыстық іс қозғалды. Атап айт-қанда 3 іс Астана қаласы Алматы ау да нының Салық басқармасының са лық тық бақылау комитетінің басшы-сы Қалдарбековке және бас маманы Қа сеноваға қатысты болса, 20 іс ҚР Білім және ғылым министрлігінің қаржы басқармасының бастығы Қал-ды баевқа, жастар саясаты басқар ма-сының бастығы Ибраевқа, және басқа да анықталмаған адамдарға қатысты болып отыр. Жоғарыда аталған істер бойынша тергеу амалдары аяқталып, сот қарауына жолданған.
– Жалпы, елордада жемқорлық қай салада жиі кездеседі?
– Анықталған қылмыстарға талдау жүргізетін болсақ, қозғалған барлық
істердің 29 пайызы немесе 25-і мем-лекеттік сатып алу саласында болса, тоғызы жер қатынастары саласына және алтауы салық органдары мен жол полициясына қатысты.
– Ал, мемлекеттік бағдарламаларға бөлінген қаражатты оңды-солды пай-далану оқиғалары тіркелді ме?
– Астана қаласында іске асыры-лып жатқан салалық және мемле-кеттік бағдарламаларға бөлінген қара жаттардың мақсатты пайдала-нылуын жедел қадағалау жұмысына келетін болсақ, анықталған сыбайлас жемқорлық қылмыстар саны 1-ден 39-ға дейін артқан. Бұл бағытта негізгісінен басым Ас тана т ұ рғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған «Қолжетімді тұрғын үй», «100 мектеп және 100 аурухана», «Балапан», «Саламатты Қазақстан», «Жол картасы» секілді бағдармалар аясындағы мемлекеттік қаражаттың мақсатты пайдаланылуы ерекше бақы-лауға алынған.
Аталған бағыттағы жұмыстың тиімділігін арттыру және сапасын жақсарту үшін, мемлекеттік және инновациялық жобалар барысында Астана қаласында жүзеге асырылып жатқан 60-қа жуық нысандар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің аймақтық паспортына енгізіп, олар бойынша бюджет қаражаттарының криминал-ды қозғалысы нысанына мониторинг жүргізілуде.
– Жемқорлық әрекеттің алдын алу үшін департамент қандай шаралар-ды қолға алуда?
– «Сыбайлас жемқорлық құқық бұ-зу шылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы» ел Үкіметінің қаулы-сына сәйкес 4 азаматқа жалпы сомасы 444 480 теңге төленді.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту шаралары «Нұр Отан» партиясы, «Атамекен» Одағы және мемлекеттік емес қоғамдық ұйым дар-дың бірлескен күшімен іске асырылуда. Департаменттің талдау-ақпараттық бөлімімен бірлескен жұмыстар нәти-жесінде мемлекеттік немесе басқа да бизнес құрылымдарының ісіне араласпай-ақ, мемлекеттік сатып алу барысына мониторинг жүргізіліп, тиімсіз баға ұсынымдары да анықталды. Бұл ретте жанар-жағар май, азық-түлік, формалық киімдер, ұсақ тас және т.б. сатып алу кезінде олардың сатып алу бағаларын асырып көрсету фактілері белгілі болды. Осыған байланысты әртүрлі мемлекеттік органдарға тау-арлар сатып алу бойынша жоспарла-натын бағаларды қайта қарау туралы 9 ұсыныс жолданып, оның 6-сы қана-ғаттандырылды, 64,5 млн теңге сома-сында бюджет қаражаттарын тиімсіз пайдалану фактісінің алдын алдық.
Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ
(Басы 1-бетте)
Аталмыш шарада елорданың ме-кемелері мен кәсіпорындары төрт жүзден аса бос жұмыс орнын ұсынды.
Жәрмеңке барысында қаладағы қат мамандықтар – монтаждаушылар, құрастырушылар, электриктер, дәне-керлеуші, жинаушылар екеніне тағы да көзіміз жетті.
Тағдырдың жазуымен арбаға таңылғандардың тамаша өнерінің бірі – арбадағы би (wheelchair dancing ) деп ата лады. Өнердің бұл түрі өткен ғасырд ың а лпысыншы жылдары алғаш рет Ан-глияда пайда болып, Еу-ропаға тараған еді. Бү-гінде мүмкіндігі шектеулі жандардың жігерін де, талантын да ұштаған қос доңғалақ үстіндегі би елор-далықтарға да жат емес.
– Жас бишілеріміз екі ай бойына тынымсыз даяр -лықтан өтті. Соның ар-қасында Софья Климова, Марат Сейтімов, Алтын-
шаш Мұқатаева, Мұхтар Дәурен есімді бишілеріміз үздік өнерімен марапатқа ие болды, - дейді «Аяла» қо ғамдық бірлестігінің жетек шісі Салтанат Му-сина.
« Ж а л п ы , е р е к ш е сайысқа қатысқандардың бәрі – жеңімпаз. Өйткені, олар бойындағы үрейді үмітке жеңдіріп, әдемі-л і к ке ұ м т ы л ғ а н ж а н -дүниесі арқылы өздерінің қатар-құрбыларына үлгі бола білді» дейді ұйым-дастырушылар.
Айгүл УАЙСОВА
Биыл осы өңірде бау-бақша өнімдері бітік шығып, жергілікті диқандар өздерінен артылғандарын солтүстік облыстарға шығарып саудалауда.
Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас агрономы Т.Базарбаевтың айтуынша, қарбыз бағасы қолжетiмдi, келісі ауылда 25-28 теңгеден сатылады. Ал, елордада оның қандай бағамен сатылатынын жеткізушілер белгілейтін болады. Бір анығы, науқан соңына дейiн 10-17 мың тоннадан астам бақша өнiмдерiн сату жоспарланған.
Жұма ҚАЗИЕВ
Сонымен қатар, Жұмыспен қамту орта-лығының мамандары қайта даярлау және жаңа мамандық алудың мүмкіндіктері туралы кеңес берді. Тігінші, аспаз, тәр-биеші, кіші мейірбике, сатушы-кассир ма мандықтарына оқытатын курстарға өтініш берушілерді тіркеп, үміткерлермен сұхбат жүргізді. Ал, биылғы жоғары және орта оқу орындарының түлектеріне «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша жастар тәжі-рибесінен өтуге қатысты және халықтың нысаналы топтағы өкілдеріне әлеуметтік жұмыс орындарына қызметке орналасты-ру тұрғысында мәліметтер берілді.
Соңғы кезде тұрақты түрде өткізіліп тұратын жұмыс жәрмеңкесі әлеуметтік қолдау жүйесіне тартылмаған азамат-тарды қамтудағы игілікті шара ретінде тұрғындар арасында кеңінен қолдау тауып келеді.
Ақбидай көшесінің бойындағы сонау тың игеру жылдарынан қалған, екі қабатты ескі үйлердегі жандардың адам қызығарлық тұрмысы жоқ екені баршаға аян. Айтпағым, тым болмаса осы қараша үйдің қарадомалақтары алаңсыз ойнауына жағдай жасап беруге бо-
лады ғой. Сырғанақ, әткеншектер сынып, сыры ұшқан. Оның үстіне, ұяттылау болса да айтайық, ауладан әркім бір әжетхана қазып алыпты. Ескі үй деп ескерусіз қалдырмай, сәл де болса сәнін келтіруге болмас па екен?
Варвара ГАБДУЛЛИНА
Мен бала күтіміне байланысты үйде отырған әйелмін. Кіші балам бір жас үш айдан асты, жасқа дейін жөргекпұл ал-
дым. Енді маған кандай да бір әлеуметтік көмек көрсетіле ме? Жұмысқа шыққым
да келеді, бірақ балабақшаның кезегі келмейді. Екі дипломым бар. Бірі – филология мамандығы бойын-ша бакалавр, екіншісі – магистрлік диплом. ЖОО-да оқытушы болсам деймін, көмектесе аласыздар ма?
Маржан ӘЖІБЕКОВА
Өтініш 16 шілдеде түсіп, 5 күнде жауап берілді.
С о л ж а ғ а л а у д а ғ ы « Қ а з М ұ н а й Г а з » ұ л т т ы қ компаниясының ғимараты қоршай о р на л ас қ а н дө ң гел е к а л а ң – субұрқағы аспанға көбік атқан, а й н а л а с ы н д а ғ ы м е й р а м х а н а -
Жақында ғана жеңілдендім. Баламды тумысынан жасанды тағамдық қоспалармен қоректендіремін. Маған ауруханадан қоспаны тегін бермей қойды. Айтуларынша, ол тек азаматтардың белгілі бір са-
наттарына беріледі екен. Бірақ, менің танысым тегін алып келеді. Сонда қалай болғаны?
Наталья
А б ы л а й х а н д а ң ғ ы л ы н д а ғ ы «Встреча» дүкенінің маңын жабайы сауда жайлап кетті. Соңғы кездері ол жерде көкөніс, жеміс-жидек нүктелерінен бөлек, фаст-фуд, ұялы телефон, көзілдірік, буға піскен жүгері, балмұздақ сияқты әрнені сататын орындар қаптады. Одан бөлек осы күні көптеген балалардың аллергиясының асқынып кетуіне себепші боп жатқан батут бизнесі «гүлдеп» жатыр. Кешкісін әлгі жабайы саудадан шыққан қоқысты шала-шарпы жинап-теріп, жолшы-бай шашыратып әкеп жәшікке үйеді. Бір сөзбен айтқанда, антисанитария. Осыған тоқтау бар ма?
Валерия
Өтініш 15 шілдеде түсіп, 8 күнде қаралды
Өтініш 23 шілдеде түсіп, 2 күнде жауап берілді
Сауал 18 шілдеде түсіп, 5 күнде қаралды
Өтініш 25 шілдеде түсіп, 2 күнде жауап берілді
,
*
,
*
дәмханалардан тәбет шақырар тәтті тағамның иісі бұрқыраған қалалықтардың сүйікті орны. Әттең, тек бізде кісі қарасы көп жердің тазалығы мен тәртібі қожырап кететіні қынжылтады. Мұнда да так-
систер мен жеке көлік қожайындары жер жетпегендей, көк шалғын өсетін жерді таптап жатыр. Поли-ция елең қылмады, енді аудандық әкімдіктің абаттандыру бөлімінің назарына салғым келеді.
Бүгінде «халал» деген жазуы бар түрлі өнімдер дүкен сөрелерінде сіресіп тұр. Әсіресе, ет, шұжықтардың сыртқы қаптамаларында осындай жа-зулардан көз сүрінеді. Әрине, еліміздің жетпіс пайыздан астамы Ислам дінін ұстанатындықтан, тұтынушылардың көбісі халал өнімдерді алғысы келеді. Бұл – Жаратқан иеміздің бұйрығы әрі адал астың денсаулыққа кері әсері жоқ. Тұрмыста біз «халал» деп пайдаланып жүрген өнімдерді шығаратын кәсіпорындарға сертифи-катты «Қазақстан Республикасының халал индус триясы» қауымдастығы береді. Әлбетте, ол кәсіпорынның өнімдері халал стандарты талапта-рына сай болуы шарт. Қауымдастық өкілдерінің айтуынша, қара базардағы самса сататын орындарға сертификат берілмейді. «Біздің стандарт әлемдік үлкен зауыттарға, ет өндірісіне, халықаралық талаптарға сай келетін мейрамханаларға негізделген» дейді олар.
Осылай десек те, кейбір арам ойлы пысықайлар ет, нан өнімдерінің сыр-тына «халал» деп жазып, нарықтық сатылымға шығарып жатқаны жасырын емес. Және мұндай кәсіпкерлер көп-ақ. Шындығында, сауда дүңгіршектеріндегі ет, нан өнімдеріне, сыртында «халал» де-ген жазуы бар шұжық пен самса өнімдеріне мән беріп, тексеріп, тара-
зылайтын ешкім жоқ. Халал деп саты-латын шұжық өнімдерінің құрамынан оңай табылатын доңыз майының түйіршіктері осының дәлелі.
ЗАҢСЫЗ ӨНІМДЕРДІҢ ЗАРДАБЫ КӨП
Ә л е м д е т а м а қ ө н д і р і с і н і ң дамығаны сонша, бұл салада жаңа бастаманы іске асыру өте қиын. Елімізде халал өндірісі енді ғана аяғынан тұрып, қалыптасу үстінде. Сондықтан болар, оның жолына кесе-көлденең тұрып, түрлі кедергілер жасаушылар жетерлік екенін айтады кәсіпкерлер. Мемлекет тарапынан нақты бақылау мен қадағалаудың жоқтығы халал индустрияның дамуын тежеп, ел экономикасына зардабын тигізуде. Осының салдарынан халал нарығы тұтынушыларынан айырылса, кәсіпорындар пайдадан, мемлекет кіріс салығынан қағылуда. Мұндай келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін әр өңірде халал өнімдерді сарапқа са-лып, заңсыз өндірістерге қадағалау жүргізетін аймақтық филиалдардың болғаны жөн сияқты. «Қазақстан Республикасының халал индустри-
ясы» қауымдастығының төрағасы Марат Сәрсенбаевтың айтуынша, елімізде көптеген зауыттар, ет комби-наттары, қызмет көрсететін орындар халал стандартына көшті. Бүгінде 500-ден аса үлкенді-кішілі кәсіпорын осы стандарт бойынша жұмыс істеуде. Бұл қатарды толықтырғысы келетін кәсіпорындардың да қатары жыл сайын артып келеді. Бір қызығы, халал стандартына көшкен кәсіпорындардың елу пайызға жуығының басшылары еуропалықтар көрінеді. Бұл да халал индустриясы болашағының зор екенін көрсетеді.
САПАҒА КӨШЕТІН СӘТ ЖЕТТІ
Тіршілігіміздің өзі танытып отырғанындай, әлемде, соның ішінде елімізде адам денсаулығына пайдалы әрі қауіпсіз халал тағамға тиісінше мән беріле бастады. Көпшілік тамақ өнімдерін сатып алғанда, оның құрамына көбірек мән береді. Осы-лай болғаны дұрыс. Өйткені, адал тағам – денсаулық кепілі. Тағы айта кетерлігі, дамыған мемлекеттер тек халал азық-түлік саласына ғана
емес, жеңіл өнеркәсіп, парфюмерия мен фармакология және басқа да салалардың халалдығына айрықша
ден қоюда. Қазақстан бәсекеге қабілетті дамыған елдердің қатарына қосылу үшін жаңа бастамалар мен озық тех-нологияларды іске асырып,
ел азаматтарының мейлінше жақсы өмір сүруін қамтамасыз
етуі керек. Осы орайда, ма-м а н д а р х а л а л ө н д і р і с к е
өзіндік дем беруші кәсіп иелерін мемлекеттік
қолдау қажет
екенін алға тартады. «Халал өнім өндірушілерге салықтық жеңілдіктер, қаржылық қолдау, қаржы айналы-мын бақылау, қадағалау – барлығы мемлекеттік ретте болғаны жөн» деседі олар.
Халал индустрияның дамуы жолында өнім сапасына баса на-зар аударғанымыз дұрыс. Бұған қатысты биолог ғалым Мұрат Ғылмановтың былай дегені бар: «Бүгінде ет және ет өнімдерін өндіретін отандық кәсіпорындарда малды электр тогымен өлтіру, пышақпен ұрып өлтіру тәсілі қолданылатыны бар. Ал, мұндай жол-мен өлтірілген малдың бойында қан ұйып қалатыны, бұл тәсіл қоршаған ортаға инфекцияның тез таралуы-на жол ашатыны әлдеқашан мәлім болды. Зерттеулер бойынша мұндай жолмен өлтірілген жануар алдымен қорқып қалады. Мал қорыққан сәтте бүйрек тұсындағы бездері шошына-ды. Айналып келгенде, осы іспетті әдіспен сойылған малдың етін же-ген адамның ағзасында қатерлі ісік ауруының қоздырғышы пайда бо-лады. Бауыздалмаған малдың етінен
жасалған тағамдар харам тамақтар болып саналады».
Сапа жайында әңгімелегенде, бу-дан өнімдердің харам екенін айтпай кетуге болмас. Айталық, АҚШ-та кәдімгі күріштің тұқымына адамның бауырынан алынған ДНҚ-ны қосып, құрт жемейтін етіп шығарды. Картоп пен бәйшешекті будандастырды. Ал, будан өнімге зиянды жәндіктер жоламайтын көрінеді. Қазақстанда өсірілетін бидайға мысықтың ДНҚ-сы қосылғаны жазылған БАҚ беттерінде. Бұл бидайдың ұнынан пісірілген нанның өзін тышқан тістемейді екен. Ең көп будандастырылған, халық көп тұтынатын дақылдардың қатарында соя, жүгері, арахис, бидай, қызанақ, картоп бар. Құс өсіруші фермер-лер сойылған тауықтың бас-сирақ, тұмсық-тұяқ, жүн-жұрқа, қалдық етін ұнтақтап, химиялық зат қосып, тірі тауықтарға жем қылып береді-міс. Бұл халал индустрияда будан өнімге мүлде жол бермеу қажеттігін айғақтайды.
ХАЛАЛ НҮКТЕЛЕРДІ КӨБЕЙТУ КЕРЕК
Әйтеуір, қуантарлығы, бүгінгі халал сөзінің мәні діни шеңберден шықты. Қазіргі таңда Қазақстан ТМД аумағында халал тағам өндіруден көшбасшы болып тұр. Бұл орайда, «Қазақстан Республикасының халал индустриясы» қауымдастығының төрағасы Марат Сәрсенбаевтың сөзіне тағы құлақ түрсек: «Малайзия елінің «Халал фармация» туралы стандартын еліміздегі сала мамандары дамытуға кірісуде. Спортта «Халал ту-ризм» саласы жанданып келеді. Яғни, демалу орындары мен тамақтануы да тек адал астан дайындалатын бо-лады. Жеңіл өнеркәсіпті де алдағы уақытта халалға өткізу ойымызда бар. Шыны керек, 15 миллион халқы бар Қазақстан үшін 500 кәсіпорын аздық етеді. Өйткені, елімізде ха-лал өнімдеріне деген сұраныс үлкен. Бұл кәсіпорындардың өнімдері тек дүкендерге ғана түсіп қоймайды, олардың өнімдерін дәмханалар мен мейрамханалар, қонақүйлер және басқа да қызмет көрсету орындары тұтынады. Сондықтан, еліміздің ішкі сұранысын толық қамтамасыз ету үшін халал мәселесіне мемлекеттік деңгейде назар бөлінгені жөн» дейді ол.
Жуырда «Астана – халал аймағы» тақырыбымен дөңгелек үстел жиыны өткен еді. Онда елордадағы «Дуслик» татар этно-мәдени орталығының бас-шысы Яннат Низамутдинова «ЭКС-ПО-2017» көрмесі қарсаңында халал өнімдерін сату орындарын көбейту қажет деген ұсынысын білдірді. «Біз өндірушілерді халал өнім шығаруға ынталандыруымыз қажет. Себебі, бұл өнімдер сұранысқа ие және ауқымды нарыққа айналып үлгерді, ол – әлемдік бренд» деді Я.Низамутдинова. Жиынға қатысқан мамандар да 5 миллион шетелдіктің басын қосатын халықаралық шара барысында халал өнімдердің көп тұтынылатынын және үлкен сұранысқа ие болатынын қуаттады. Қазақстан оған дайын болуы тиіс.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты – 49969 теңгеден 91934 теңге.
Функционалдық міндеті: өрттерде және төтенше жағдайларда зардап шек-кендерге алғашқы медициналық көмек көрсету, автомобиль салонының тазалығын бақылауды және ағымдағы тазалық жүргізуді жүзеге асырады. Дәрі-дәрмектермен және табелді төсемелерді таңу материалдарымен уақытылы толықтырылуын қадағалайды.
Конкурсқа қатысушыларға талап: жасы 35 жастан аспаған, ҚР заңнамасына сәйкес әскери қызметтен өткен немесе дереу әскери шақыртылудан кейінге қал-дырылған азаматтар. Педиатрия, гине-кология және стоматологиядан басқа денсаулық сақтау және әлеуметтік қам-тамасыз ету саласында жоғары білімі бар.
Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті білімнің, икемділіктің және дағдының міндетті түрде болуы.
2. С-SGU-8 - 1 санаты бойынша: психологиялық қызмет бөлімінің бастығы лауазымына (бала күтіміне және 3 жасқа толғанына дейінгі демалыс кезеңінде).
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты – 54454 теңгеден 96419 теңге.
Функционалдық міндеті: қызмет-керлерге психологиялық қызмет көрсету, қызметке және ҚР ТЖМ КТИ оқуға қабыл данатын тұлғалардың кәсіби-пси-хологиялық жарамдылығын анық тау, қызмет ұжымында қолайлы пси хо-логиялық жағдайды туғызу, әлеу меттік-пси холо гиял ық жұ мыс тард ы жү р -гізу, психоло гиялық кеңес беру; жеке құрамның кәсіби психологиялық дайын-дығын жүргізу; тесті леуде психо диаг-ностикалық әдістерді қолдану.
Конкурсқа қатысушыларға талап: жасы 35 жастан аспаған. Жоғары білім-психология мамандығы білімі барлар.
Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті білімнің, икемділіктің және дағдының міндетті түрде болуы.
3. С-SGU-11 - 1 санаты бойынша: психологиялық қызмет бөлімінің бас маманы лауазымына (бала күтіміне және 3 жасқа толғанына дейінгі демалыс кезеңінде).
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты – 50609 теңгеден 92574 теңге.
Функционалдық міндеті: қызмет кер-лерге психологиялық қызмет көрсету, қызметке және ҚР ТЖМ КТИ оқуға қабылданатын т ұлғалардың кәсіби-психологиялық жарамдылығын анықтау, қызмет ұжымында қолайлы психологиялық жағдайды туғызу, әлеуметтік-психоло-гиялық жұмыстарды жүргізу, психоло-гия лық кеңес беру; жеке құрамның кәсіби психологиялық дайындығын жүргізу;
тестілеуде психодиагностикалық әдістерді қолдану.
Конкурсқа қатысушыларға талап: жасы 35 жастан аспаған. Жоғары білім-психология мамандығы білімі барлар.
Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті білімнің, икемділіктің және дағдының міндетті түрде болуы.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты – 40359 теңгеден 55017 теңге.
Функционалдық міндеті: өрт орнына жеке құрамды және өрт сөндіру заттарын уақытылы және қауіпсіз жеткізу және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу. Бекітілген автомашинаның техникалық-жөндеу жағдайын қамтамасыз ету.
Конкурсқа қатысушыларға талап: жасы 18 және 25 жастан жоғары, ҚР заңнамасына сәйкес әскери қызметтен өткен немесе дереу әскери шақыртылудан кейінге қалдырылғаназаматтар. Білімі - орта білімнен төмен емес.
5. С-SV-13 - 2 санаты бойынша: №12, №13 өрт сөндіру бөлімдерінің кіші инс-пекторы лауазымына (бала күтіміне және 3 жасқа толғанына дейінгі демалыс кезеңінде).
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты – 44844 теңге-ден 66758 теңге.
Конкурсқа қатысушыларға талап: жасы 18 және 25 жастан жоғары, ҚР заңнамасына сәйкес әскери қызметтен өткен немесе дереу әскери шақыртылудан кейінге қалдырылғаназаматтар. Білімі - орта білімнен төмен емес.
Функционалдық міндеті: меншік ныса-нына және ведомствоға қарасты тиістілікке қарамастан өндіріс объектілерінде төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға қатысу. Өрт қауіпсіздігі шаралары тура-лы жұмысшылармен өртке қарсы үгіт-насихат, нұсқаулықтар беру. Объектіде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау үшін бақылау жүргізу.
Конкурсқа қатысушыларға талап: жасы 18 және 25 жастан жоғары, ҚР заңнамасына сәйкес әскери қызметтен өткен немесе дереу әскери шақыртылудан кейінге қалдырылған азаматтар. Білімі - орта білімнен төмен емес.
6. С-SV-13 санаты бойынша (бала күтіміне және 3 жасқа толғанына дейінгі демалыс кезеңінде): 3-маман-дан дырылған өрт сөндіру бөлімінің радиотелефоншысы лауазымына.
Лауазымдық жалақысы – 40359 теңге.Функционалдық міндеті: өрт және
авариялық-құтқару жұмыстары т у-ралы хабарламаларды қабылдау және қарастыру. Шақырту орнына өрт сөндіру бөлімшелерін уақытылы жіберу.
Конкурсқа қатысушыларға талап: Білімі - орта білімнен төмен емес.
1. Құжат айналымы бөлімінің бас маманы-на, негізгі қызметкердің бала күту бойынша демалыс кезеңіне (D-О-4 санаты, 1 бірлік). Лауазымдық еңбекақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 64 063-тен 86 485 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттемелері: Құжаттарды орыс тілінен мемлекеттік тілге аударуды жүзеге асыру. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын орындау туралы анықтама, есеп дайындау. Басқарма қызметкерлерінің мемлекеттік тілін оқуын ұйымдастыру және олардың оқыту курсы-на қатысуына бақылау жасау. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңына сәйкес мөртабан, штамптар және маңдайша мәтіндерін бақылауды қамтамасыз ет у. Мемлекеттік тілді дамыту бойынша барлық жұмыс түрлерін жүргізу.
Конкурс үміткерлеріне қойылатын негізгі талаптар: Білім; Гуманитарлық ғылымдар саласындағы жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда Білім; Гуманитарлық ғылымдар саласындағы ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар: 1) белгіленген нысандағы өтініш; 2) 3х4 үлгідегі суретпен белгіленген нысанда толтырылған сауалнама; 3) нотариалдық куәландырылған білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 4) нотариалдық куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; 6) Қазақстан Республикасы азаматы жеке куәлігінің көшірмесі; 7) құжаттарды тапсы-ру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (не-месе нотариатты куәландырылған көшірмесі).
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Мемлекеттік қызметшілермен тапсырылатын құжаттар тізбесіндегі 3) және 4) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшір-мелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми дәрежелер жарияланымдар және өзге де олар-дың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады. Азаматтар жоғарыда аталған құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжат тарды қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде бере алады.
Азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды хабарламада көрсетілген электрондық по-шта мекенжайына электронды түрде бере алады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық пошта арқылы берген азамат-тар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын
кешіктірмей беруі қажет. Құжаттардың т үпнұсқасы берілмеген жағдайда т ұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттарды конкурс өткізу туралы хабарлан-дыру БАҚ-та («Вечерняя Астана» және «Аста-на ақшамы») соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күннің ішінде «Астана қаласының Қаржы басқармасы» ММ, 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, №11 ғимарат, 3 қабат, 311 кабинетте қабылданады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар кон-курс комиссия шешім қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күн ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекен-жайлары-на және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер, «Астана қаласының Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде (010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 311 кабинет) үміткерлерді әңгімелесуге шақырған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде өтеді.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі масли-хат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккре-диттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына 1 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарыда аталған ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынуы қажет.
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына үміткерлер Қазақстан Республика-сы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Аста-на, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Көкшетау, Павлодар, Тараз, Талдықорған,Өскемен, Орал, Петропавл, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды және Шымкент қалаларындағы аймақтық тестілеу орталықтарында белгіленген тәртіппен өтеді.
Д-О-4 санаты үшін тестілеу бағдарламасы: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма), Қазақстан Республикасының заңнамасымен білуге арналған тестте Қазақстан Республикасының Конституциясы (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті т уралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын білуге арналған тест сұрақтары кіреді.
«Астана қаласы мәслихатының ап параты» ММ Астана қаласы мәс-лихаты аппаратының мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Рес-публикасының Заңы мен Ар-намыс кодексі нор ма ларын бұзу мәселелері бойынша хабарлау үшін сенім телефоны нөмірін хабарлайды: 55-66-35
«Астана қаласы Мәдениет бас-қармасы» ММ қызмет кер ле рінің ҚР
мемлекеттік қызметкерлері Ар-намыс кодексін бұзған жағ дай да 55-67-75,
55-67-74 сенім телефондарына
хабар ласу-ларыңызды
сұраймыз.
Астана қалалық ардагерлер кеңесі Ұлы Отан соғысы ардагері Ильгунде ИДЕЛЕВТІҢ
қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.
Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы тарапынан көрсетілетін діни қызмет саласындағы:
- «Миссионерлік қызметті жүзеге асы-ратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу»;
- «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру»;
- «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғима-раттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру»
мемлекеттік қызметтер регламенттерін түсіндіру мақсатында, жеке және заңды тұлғаларға (діни бірлестіктер, сауда орта-лықтары, қонақ үйлер, базар басшылары және кәсіпкерлерге) арналған «Ашық есік» күні өткізіледі.
Өтетін орны: Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, № 33, 1 қабат, Мәжіліс залы.
Уақыты: 2014 жылғы 6 тамыз күні сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, негізгі кездесу сағат 15.00-де;
Байланыс телефоны: 8 (7172) 55-74-53, 55-69-65, 55-75-71.
«Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы» ММ
2014 жылғы 24 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Діни қызмет саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту тура-лы» №137 қаулысына сәйкес, Астана қаласы әкімдігінің «Астана қаласында діни қызмет саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» 2014 жылғы 29 мамыр-дағы №12-889 қаулысымен келесі мемле-кеттік қызметтерді көрсету регламенттері бекітілді:
1) «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу»;
2) «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру»;
3) «Діни іс-шараларды өткізуге арнал-ған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғи-мараттарынан) тыс жерлерде орналас-тыруға келісу туралы шешім беру».
Аталған көрсетілетін мемлекеттік қыз-меттерді Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы келесі тәртіпте жүзеге асырады:
Мекенжайы: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, №33, №108 кабинеттер.
Құжаттарды қабыл дау уақыты: Дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа).
Байланыс телефоны: 8 (7172) 55-74-53, 55-69-65, 55-75-71.
«Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы» ММ
Жаздың бас кезінде Қазіргі заманғы өнер мұражайында Рақаң «Еуразия көшпелілері» деген атау-мен 1994 жылдан бері салған сери-ялы графикалық кескіндемелерінен көрме ашты. Суретшінің сондағы тарихи және батальдық жанрларға батыл баруының астарында терең ізденісі жатқанына, тіпті оның қазақ тарихының көне парақтары, шайқас көріністері, аңыздар мен эпостар желісі бойынша салған қазақ батырларының, қазақ әйелдерінің көркем бейнелері отандық гра-фика шеберлерінің идеялары-мен үндесетініне кәнігі кәсіби қылқаламшылардың өздері қостап пікір айтқан.
«Расында, суретші сомдаған батырлар салтанатты-статикалық сипаттағы қатып қалған мүсін кейпіндегі кейіпкерлер емес, көзге арзан сырты жылтыраған әсемдікпен көзге ұрмайды. Керісінше, ат үстіндегі алпамсалар шайқастың шешуші сәтінде бейнеленеді, кейіпкерлеріне динамикалық және экспрессивті мінез тән» деп баға беріп еді өнертанушы Ғайни Мұхтарова.
Рақаң арнайы академиялық көркем сурет білімін алмаған. Қ а р а ғ а н д ы о б л ы с ы Б а л қ а ш қ а л а с ы н ы ң т у м а с ы Қ а з а қ п о л и т е х н и к а л ы қ и н с т и т у т ы н бітіргелі еңбек жолын Балхаш тау-
Арқалық педагогика институтының тұңғыш ректоры белгілі ғалым Мырзағали Төлегенов пен Сейіт екеуі жақсы дос болған әрі бірін-бірі көргенде әзілдеспей өте алмайды екен. Сондай бір кездесуде Сейіт:
– Ассалоумағалейкім, профессор, - депті– Уағалейкімассалам, доцент, - депті Мырзекең.– Сіз мені неге доцент дейсіз, мен ақын емеспін бе?! - депті
Сейіт.– Оның мәнісі бар, Сәке, егер сені доцент десем, өзім жоғары
тұрам да, ал ақын десем, онда сен жоғары тұрасың ғой, - деген екен ғалым.
Жазушылар Мақан Жұмағұлов, Галина Черноголовина және Сейіт Кенжеахметұлы Торғай облысындағы Державин ауданының егіс алқаптарын аралап, диқандармен кездесулер өткізіпті. Сондай күндердің бірінде алақанына салып би-дай үгіп тұрған Мақанның алақанына бидай қылқаны кіріп кетіпті. Оны ауырсынған Мақан жәрдем сұрап жанындағы Сейітке :
– Мына қарашы, Сейіт, алақаныма қылқан кіріп кетті, енді не болар екен?.. - десе, сатирик інісі :
– Алақай, дұрыс болды, енді алақаныңызға бір топ бидай өсіп шығатын болды, - деп жұбатыпты.
Ел аралай жүрген бір сапарында сатирик Сейітке жіп-жіңішке, әлжуаз жігіттің аты Қажымұқан дегенде:
– Шырағым-ай, осыншама зор атты қорықпай, үрікпей қалай көтеріп арқалап жүрсің?! - деп таң қалыпты.
Сапабек Саматов деген полковник қызыңқырап келіп Сейітке жиендігі бар «біз – мергендер қырық мылтық руымен құда болдық» десе, Сейіт «астапыралла» деп шошып кетіпті.
С.Кенжехметұлы «УАЗ-469» машинасын сатып алып-ты. Автоинспекция оған көптеген қағаздар беріп, соларды толтырыңыз дейді. Кеңсе қағаздарымен айналысып көрмеген сатирикке бұл қағаздарды толтыру қиынға соғады. Қиналып, бас қатып отырғанда бөлім бастығы, полковник Алдаберген Ибрагимов келіп :
– Секе, әлі толтырмағансыз ба? - десе, оған ақын :– Шырағым, бұл жазып тастайтын өлең дейсің бе? - деп
ренжіпті.
металлургиялық комбинатында мыс балқытушыдан бастап, өмір-бақи нәпақасын осы мамандықтан тауып келеді.
Бас инженер ретінде ол Алматы облысының Үштөбе қаласындағы кремний шығаратын металлургиялық зауыттың салуына қатысты. «SBS-Steel» ЖШС бастығының орынба-сары болды.
Біз бұл деректерді лауазымын айту үшін емес, керісінше тас үгіп, металл қорытқан сабаздың тарих қаузап, таным кеңейтуге уақыт тапқан ізденгіштігіне мән берейік деген оймен келтіріп отырмыз.
Оның Қазақстан тарихы жай-лы терең білімі бірқатар ғылыми қамтымды мақала жазуына себеп болыпты. Атап айтсақ, «Дөңгелек үстіндегі қозғалмалы сарайлар», «Киіз үй» атты мақалалары «Се-верное Прибалхашье» газетінде жарық көрді.
О с ы н ш а л ы қ т ы з е р д е л е п , түйсінгендіктен бе, Рақымжан Қасымжан тарих – бұл уақыттың қ о з ғ а л м а л ы д ө ң г е л е г і д е г е н ұстанымынан кескіндемесінде де айнымайды. Оның шығармаларында Еуразия даласының тарихы әрқилы уақыт өлшемінде суреттеледі. «Біз, қазақтар - Еуразияның ұлы к ө ш п е л і л е р ұ р п а қ т а р ы м ы з » , «Аңырақай шайқасына – 270 жыл» және «Қозы Көрпеш - Баян сұлу
лиро-эпосына 1500 жыл» атты графикалық коллаждарын зерделе-генде оқиғалар тізбегінде суретші айрықша тарихи даталарға және шешуші кезеңдерге үлкен көңіл бөлетіні анық байқалады.
Сондықтан қимыл грациясы, графикадағы ата тарихтың ақ пен қара қатынасы, композициялық ш е ш і м і н і ң к ө п т ү р л і л і г і м е н ерекшеленетін, бір қарағанда пе-троглифтер мен тастағы бедерлердің тірілген көрінісі іспетті әсер қалдыратын Рақымжан Қасымжан туындылары Қазақстан тарихына жаңа қөзқарас, жаңа сипат береді деген ойдамыз.
Әлбетте, сөзіміздің соңын са-ясиландырудан аулақпыз, бірақ қисыны солай келіп тұр. Президент бастамасымен көтерілген, зиялы жұрт қостай кеткен «Мәңгілік ел» идеясы тарихи сананы жаңғырту қажеттілігінен туды десек, оны жан-жақты насихаттауға тек ғалымдардың, сөзі уәлі зиялылардың жазған-сызғаны ғана емес, осындай визуальды өнердің өзі таным-тәрбие орнына жүретініне шүбә жоқ.
Осы күнгі аудиторияға қонымды насихат құралы – телеарна, интернет жүзінде бейнелеу өнерінің идеялық бастауларын әңгіме қылатын бағдарламаның жетіспейтіндігі осындайда білінеді.