Top Banner
– Кәсіпкерлік – ел экономикасының бойына қан жүгіртетін ең қажетті саланың бірі. Оның халықтың өмір сүру сапасын жақсартуда маңызы үлкен екендігін қоғам да толықтай түсінді. Қазіргі таңда елорданың экономикалық өсімі жаман емес. Айталық, жалпы аймақтық өнім көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда, соңғы бес айдың ішінде 3,4 пайызға өсті. Негізгі капиталға құйылған инвестиция 4 пайызға ұлғайды. Елордада белсенді жұмыс істеп жатқан орта және шағын бизнес субьектілерінің саны 56 мыңнан асты. Ал, соңғы бес айдың ішінде бюджетке түскен түсімдер былтырғымен салыстырғанда 24 пайызға артты. Бұл – жақсы көрсеткіш. Қала экономикасының қарқынды дамуына сіздердің де үлестеріңіз көп, құрметті кәсіпкерлер! – деді құттықтау сөзінде Иманғали Нұрғалиұлы. (Жалғасы 4-бетте) Іс-шараға қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов қатысты. «Біріншіден, біз ауылда велосипед теуіп өстік. Жалпы, қазақтың қай қарасирақ баласын алма, оның балалық шағындағы арманының бірі велосипед са- тып алу, велосипед тебу болды. Ал, енді біздің қалаға келетін 86' (85 585 ĭ³£« Ĥ£¤©L ª£¬¢© HPDLO LQIR#DVWDQDDNVKDP\N] :::$67$1$$.6+$0<.= Ě ÂÆÊÒÆμ Ù¼ÌÅÆ ÇÜÌ ÑæòðôâìéëáìüĬ ĬïĨáíåüĬòáĀòé äáèæó çüìĨü Ĭáèáîîáî âáòóáð ùüĨáåü +34°..+32° +23°.. +21° ʤ˳˵˘ˮ˘ ˪ˮ˧ ˭˟˲˟˪˟˳˧ˮ˟ ˯˲˘˥ ˙ˤˬ ˘ˬ೦˘˾ ˲˟˵ ˟ˬ˯˲Ͳ ˞˘˞˘ ˣ˞˧˪ ˪ഉ˳˧˱˪˟˲ ˣ˞˧˪ ˭˟˻˟ˮ˘˵ ˱˟ˮ ˣ˞˧˪ ˤˮ˚˟˳Ͳ ˵˯˲ ˘ˮ೪˵˘ˬ˱ ˯ˬ˘˲˞ ʤ˳˵˘ˮ˘ ೪˘ˬ˘˳ˮ೮ ഉ˪˧˭˧ ʰ˭˘ˮ೦˘ˬˤ ˃˘˳˭˘೦˘˭˙˟˵˯˚ ˘˲ˮ˘˥ ˭˘˲˘˱˘˵˵˘˞ ˃˘˶˞˘ ˟ˬ˯˲˞˘˞˘ ʤÝãÄ ®» ˚˟ˬ˯˳ˤ˱˟˞˵˟˲˞˧ ˢ˘ˬ೦˘ ˙˟˲˶ ˢ˟ˬ˧˳˧ ˧˳˪˟ ೪˯˳ˬ˞ ʥˤˬ ˯ˣ೪ ˵˟˺ˮˤ˪˘˭˟ˮ ˢ˘˙˞೪˵˘ˬ೦˘ˮ ˟˪˧ ˢˣ ˚˟ˬ˯˳ˤ˱˟˞˪˟ ˘˲ˮ˘ˬ೦˘ˮ ೪˲೪ ˙˟˪˟˵ ˘˾ˬ˘˞ ʥ˟˪˟˵Ͳ ˵˟˲ ʫ˳˧ˬ˞˧೮ ˳˯ˬ ˢ˘೦˘ˬ˘˶ˮ˞˘ ˙˧˲Ͳ˙˧˲˧ˮ˟ˮ ϯϬϬͲϱϬϬ ˭˟˵˲ ೪˘˾೪˵೪˵˘ ˯˲ˮ˘ˬ˘˳೪˘ˮ ʤ˳˵˘ˮ˘ ೪˘ˬ˘˳ˮ೮ ʶഉ˳˧˱˪˟˲ˬ˟˲ ˱˘ˬ˘˵˘Ͳ ˳ ˙ˤˣˮ˟˳Ͳ˱˯˲˵˘ˬ˞ ˧˳˪˟ ೪˯˳˵ ɧɾɳʅʁʊɧɹ ɧɾʆɧʇɧʊ болсақ, Астанамыз – әдемі үздік қалаларының қатарында деп есептеймін. Күннен-күнге өсіп, ірге кеңейтіп келеді. Сондықтан, бұл оның экологиясын сақтау үшін қолайлы. Екіншіден, ве- лосипед тебу – спорттың бір түрі. Денсаулыққа пайдалы» деді шаһар басшысы. Велосипедтерде қуат көзі ретінде күн батареяла- ры қолданылады. Сондай-ақ, олар төзімді шиналармен, GPS жүйелерімен және басқа да жаңаша құралдармен жабдықталған. Бөлшектерінің бәрі бірегей және бір ғана экокөлікке жарамды. Жалпы, елордада 2017 жылға дейін 1000 велосипедке арналған 100 бекет іске қосылмақ. Жұма ҚАЗИЕВ Осыған байланысты брифинг өткізген қалалық Кәсіпкерлер палатасының директоры Мейірбек Мәжитов қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі www.astana2050.kz биз- нес-порталында экономиканың барлық саласы бойынша толыққанды мағлұматтар топтастырылғанын атап өтті. Айталық, порталдың «Қала эконо- микасы» бөлімінде бизнес тіркеуден бастап, банк секторы, сыртқы, ішкі сауда, өнеркәсіп, құрылыс, көлік, туризм сынды қаланың сан алуан салаларындағы көрсеткіштер жөнінде толыққанды ақпарат алуға болады. Ал, «Бизнесті мемлекеттік қолдауда» кәсіпкерлерге мемле- кет тарапынан қандай қолдаулар БИЗНЕС-ПОРТАЛ БІРЕГЕЙ көрсетілетіні, қандай бағдарламаға қатысуға болатыны жөнінде айтылған. Сондай-ақ, «Даму» қорының бағдарламалары мен мем- лекет бөліп отырған гранттар тура- лы мәліметті де осы беттен табуға болады. «Бизнес жоспарлау» тарауында іскерлік жоспардан тартып, бизнеске арналған несие, бухгалтерлік есеп, ли- зинг, маркетинг, салық, мемлекеттік сатып алу және тендер туралы білуге мүмкіндік бар. Ісін жаңадан бастап жүргендер осы беттен бизнесті жүргізуге, дамытуға арналған семи- нарлар, конференциялардың қайда өтетінін біле алады. «Астана кәсіпорындары» мен «Инновациялық Астана» бөлімінде инновациялық жобаларды жүзеге асырумен айналысатын елордалық компаниялар туралы ақпаратты оқи аласыздар. Қымбат НҰРҒАЛИ
12

75 (3132) 2014-07-10

Apr 01, 2016

Download

Documents

АСТАНА АҚШАМЫ №75 (3132) 10 шілде 2014
Welcome message from author
This document is posted to help you gain knowledge. Please leave a comment to let me know what you think about it! Share it to your friends and learn new things together.
Transcript
Page 1: 75 (3132) 2014-07-10

– Кәсіпкерлік – ел экономикасының бойына қан жүгіртетін ең қажетті саланың бірі. Оның халықтың өмір сүру сапасын жақсартуда маңызы үлкен екендігін қоғам да толықтай түсінді. Қазіргі таңда елорданың экономикалық өсімі жаман емес. Айталық, жалпы аймақтық өнім көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда, соңғы бес айдың ішінде 3,4 пайызға өсті. Негізгі капиталға құйылған инвестиция 4 пайызға ұлғайды. Елордада белсенді жұмыс істеп жатқан орта және шағын бизнес субьектілерінің саны 56 мыңнан асты. Ал, соңғы бес айдың ішінде бюджетке түскен түсімдер былтырғымен салыстырғанда 24 пайызға артты. Бұл – жақсы көрсеткіш. Қала экономикасының қарқынды дамуына сіздердің де үлестеріңіз көп, құрметті кәсіпкерлер! – деді құттықтау сөзінде Иманғали Нұрғалиұлы.

(Жалғасы 4-бетте)

Іс-шараға қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов қатысты.

«Біріншіден, біз ауылда велосипед теуіп өстік. Жалпы, қазақтың қай қарасирақ баласын алма, оның балалық шағындағы арманының бірі велосипед са-тып алу, велосипед тебу болды. Ал, енді біздің қалаға келетін

+34°..+32°+23°.. +21°

болсақ, Астанамыз – әдемі үздік қалаларының қатарында деп есептеймін. Күннен-күнге өсіп, ірге кеңейтіп келеді. Сондықтан, бұл оның экологиясын сақтау үшін қолайлы. Екіншіден, ве-лосипед тебу – спорттың бір түрі. Денсаулыққа пайдалы» деді шаһар басшысы.

В е л о с и п е д т е р д е қ у а т көзі ретінде күн батареяла-ры қолданылады. Сондай-ақ,

олар төзімді шиналармен, GPS жүйелерімен және басқа да жаңаша құралдармен жабдықталған. Бөлшектерінің бәрі бірегей және бір ғана экокөлікке жарамды. Жалпы, елордада 2017 жылға дейін 1000 велосипедке арналған 100 бекет іске қосылмақ.

Жұма ҚАЗИЕВ

Осыған байланысты брифинг өткізген қалалық Кәсіпкерлер палатасының директоры Мейірбек Мәжитов қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі www.astana2050.kz биз-нес-порталында экономиканың барлық саласы бойынша толыққанды мағлұматтар топтастырылғанын атап өтті.

Айталық, порталдың «Қала эконо-микасы» бөлімінде бизнес тіркеуден бастап, банк секторы, сыртқы, ішкі сауда, өнеркәсіп, құрылыс, көлік, туризм сынды қаланың сан алуан салаларындағы көрсеткіштер жөнінде толыққанды ақпарат алуға болады.

Ал, «Бизнесті мемлекеттік қолдауда» кәсіпкерлерге мемле-кет тарапынан қандай қолдаулар

БИЗНЕС-ПОРТАЛБІРЕГЕЙ көрсетілетіні, қандай бағдарламаға

қатысуға болатыны жөнінде айтылған. Сондай-ақ, «Даму» қорының бағдарламалары мен мем-лекет бөліп отырған гранттар тура-лы мәліметті де осы беттен табуға болады.

«Бизнес жоспарлау» тарауында іскерлік жоспардан тартып, бизнеске арналған несие, бухгалтерлік есеп, ли-зинг, маркетинг, салық, мемлекеттік сатып алу және тендер туралы білуге мүмкіндік бар. Ісін жаңадан бастап жүргендер осы беттен бизнесті жүргізуге, дамытуға арналған семи-нарлар, конференциялардың қайда өтетінін біле алады.

«Астана кәсіпорындары» мен «Инновациялық Астана» бөлімінде инновациялық жобаларды жүзеге асырумен айналысатын елордалық компаниялар туралы ақпаратты оқи аласыздар.

Қымбат НҰРҒАЛИ

Page 2: 75 (3132) 2014-07-10

2www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

«Жарайсың, Руслан! Сен үлкен құрметке лайықсың! Бұған дейін де бірнеше байқаулардың жеңімпазы болып келдің. Бұл соңғысы емес деп ойлаймын. Еш нәрсе оңайлықпен келмейді. Әр жеңістің артында еңбек тұрады. Сондықтан, сенің жетістігің үлкен маңдай теріңмен келгені анық» деді Иманғали Тасмағамбетов.

Елордалықтар «Конгресс холл» сарайында «Шаншар» әзіл-сықақ театрының өнерін тамашалады.

«Астана Арена» стадионында Еуропа лигасының іріктеу турнирінде «Астана» – «Пюник» (Ереван) ко-мандалары кездеседі. Басталуы: 19.00.

Тәуелсіздік сарайында Қазақстан мен Корея арасындағы мәдени байланыстарға арналған «PeopIe» көрмесі өтеді.Басталуы: 11.00

Астанада ағымдағы жылдың екінші тоқсанында 1575 жаңа кәсіпорын ашылды.

Осы орайда 5, 6, 7 шілде күндері «Қазақ елі» монументі алдындағы алаңда бұқаралық серуен өтіп, «Шуақты қала» отбасылық фестивалі ұйымдастырылған еді.

Деректерге сенсек, фестивальге алғашқы күннің өзінде 800-ге жуық бала қатысыпты. Барлығы дерлік тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардың мүшелері. Олар алаңда шеңбер жасап, елдегі бірлік пен тату тірліктің көрінісін көрсетті. Іс-шараның соңы мерекелік концертке ұласып, бүлдіршіндер еуропалық «Шапито» циркінің қойылымдарын тамашалады. Сондай-ақ, еліміздің төрт бұрышынан жеткен жас өнерпаздар – әншілер, күйшілер және биші қыздар сахнаның сәніне айналды.

Аумақ барлық жас шамасындағы адамдардың қызығушылықтарына

қарай 16 алаңға бөлінген. Оның әрқайсысы өз алдына бөлек безен-дірілген жеке кеңістік, жеке әлем. Мысалы, балаларға арналған ойын-сауық алаңдарында би, көркемөнер сайысы, қолданбалы өнер түрінен шеберлік сағаттары өткізілді. Бұл жас жеткіншектердің рухани байлығын одан әрі дамытып, еліміздің есті аза-маты болып өсуіне оң ықпал етеді. Сондай-ақ, келесі алаңда ересек-терге арналған сан түрлі спорттық ойын-сауық бағдарламалары ұйым-дастырылды. Қаппен секіру, үш дөңге-лекті велосипедпен жарыс, сумо жекпе-жегі, алып шахматта ойнау және т.б. көптеген қызықты шаралар мерекеге қатысушы жұртшылықтың көңілінен шыға білді.

Солардың бірі – «Бампер бол» ойыны. Ұйымдастырушылардың ай-

туынша, спорттың бұл түрі біздің елімізде тұңғыш рет өткізіліп отыр. Ойынға қатысушылар арнайы сфе-раларды киіп алып, қарсыласының қақпасына доп соғуға тырысады. Қазіргі уақытта футболдың осын-дай ерекше т ү рі көптеген шет мемлекеттерін бағындырып үлгерді. Ерекше футболдың бірінші матчы 2011 жылдың соңында Норвегияда өткен болатын. Содан бері аттракцион халық арасында кеңінен танымал.

Сонымен қатар, ауқымды іс-шара л ар а ясында «Шеб ерлер қаласы» алаңында қол данбалы өнер шеберлерінің жеке жұмыстары көпшіл ік назарына ұсынылса , суретшілер тойшы қауымның пор-треттерін салды.

Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ

Жас скрипкашы болса, жеңіске қол жеткізудің оңай болмағанын айтады. Байқаудағы бәсекелестері де осал емес. Дегенмен, намысқа тырысып, барын салған.

Русланның жасы небары он бесте. Ол жеті жылдан бері скрип-камен айналысып келеді. Жас да-

рын түрлі халықаралық конкурстар-да дара шауып, елінің даңқын аспан-датып жүр. Жастығына қарамастан, Омбы, Орынбор, Мәскеу, Куала-Лумпур қалаларына, Италияның Ге-нуясына шақырылып, өнер көрсетті. Атақты скрипкашы Владимир Спи-ваков Русланға «Қазақстандық Паганини» деп батасын берген екен. Оған қоса, Париждегі атақты неміс шеберінің қолынан шыққан скрипканы тарту етті.

Қазіргі күнде жас талант П.Чай-ковский атындағы консерватория жанындағы Орталық музыкалық мектепте профессор, Ресей халық артисі Ирина Бочкованың сыны-бында білім алуда.

Алдағы уақытта тума талант өз елін барша әлемге танымал етпек мақсатта.

Амандық болса, Руслан Тұрын-таевтың көгімізде әлемдік жұлдыз болып жанатын уақыты да аса алыс емес.

Еркежан СӘТІМБЕК2010-2013 жылдары Сарыарқа ауданындағы 707 ауланың 430-ы абаттандырылды. Сондай-ақ, 80 аулаға балаларға арналған ойын алаңдары орнатылды. Биыл ауданда 150 аула абаттандыру жұмыстарын қажет етеді. Қазіргі уақытта 50 аула жобаланса, 28 аулада бөлшектеу жүргізіліп, құрылыс-монтаждау жұмыстары қолға алынды.

Есіл ауданында биылғы мау-сымда 13 тұрғын үйдің ауласын абаттандыру жоспарланған. Аула ішілік аумақты абаттандыру дайындалған жобалар негізінде жүзеге асырылады. Есіл ауданын-да 500 шаршы метрлік балалар мен гимнастикалық алаңдарға резеңке жабын төселді, 10 гим-настикалық тренажер мен 8 ша-ғын архитектуралық форма (әт-кеншек, карусель, «Өрмекші» ойын кешені, құм салғыш және т.б.), сондай-ақ, 550 шаршы метрлік спорт алаңы орнатылды.

Қ а з і р г і у а қ ы т та А л мат ы ауда нында 20 аулада құрылыс-монтаждау жұмыстары қолға алынды. 13 ойын кешені, 18 құм - салғыш, 18 кір жаятын орын, 6 спорт алаңы, 40 жарықтандыру тірегі, 194 орындық, 206 қоқыс жәшігі, 11 күрке орнатылады, 38 043,15 ш.м. аумаққа асфальт төселеді, 1589,92 ш.м. тротуарға кеспе тастар салынады. Бүгінде 7558,09 ш.м. өткелдер мен тұ-рақтар асфальт талды, 300 ш.м. тротуарға кеспе тастар салы-нып, 1078,68 қума метр гүлзар қоршалды, 2 кір жаятын орын мен демалыс алаңы жасалды, 28 орындық, 29 қоқыс жәшігі, 7 жарықтандыру тірегі ор-натылып, ба ла лар а лаңына 2 ойын кешені мен 27 шағын а р х и т е к т у р а л ы қ ф о р м а , 12 гимнастикалық тренажер орнатылды.

Page 3: 75 (3132) 2014-07-10

www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

Кеш тізгіні халықтың сүйікті ұлы Бекболат Тілеуханда болды. Асан қайғының «Таза мінсіз асыл тас, Су түбінде жатады. Таза мінсіз асыл сөз, Ой түбінде жатады.Су түбінде жатқан тас, Жел толқытса шығады. Ой түбінде жатқан сөз, Шер толқытса шығады» деген сөздерін ұран еткен концертті Салтанат Ерсұлтан ұлтымыздың киелі музыкалық аспабы – қобызбен ашты. Ресейден келген қонақ Арсланбек Солтанбек өнерін көрсетті. Бекболат Тілеуханның өзі де «Қазтуғанның жы-рына» салып, көрермендердің делебесін қоздырып алды. Осы жырда жасыры-нып жатқан гуманистік идея жайлы да айтты. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Серік Оспанов «Ақтамбердінің толғау ымен», атыраулық Қайрат Кәкімов «Махамбеттің термесімен» бабаларымыздың батырлық рухын жаңғыртқандай болды.

Қала мерекесін астаналық Жағыпаровтар отбасы да асыға күтіпті. Жиырма алты жастағы Ғалия екінші перзентінің дәл осы күні дүниеге келу ін жақсыл ық қа жорып, ба л апанының болашағынан зор үміт күтетінін жасырмады. «Осындай қос қ уаныш құ шағында өзімд і сондай бақытты сезініп тұрмын. Екі адамның бірінің маңдайына бұйыра бермейтін ерекше күні – Астананың туған күнінде дүниеге келген сәбиіме Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін қоюды ұйғарып отырмыз. Астананы төл перзентіндей аяғынан тік тұрғызып, оның даму-ына, жас қаланың кемелденуіне бар күш-жігерін, қажыр-қайратын жұмсаған Мемлекет басшы-сындай елінің, жерінің қамын ойлайтын беделді азамат болса екен балапаным» деді жас ана.

Әл ия Мол дағ ұлова көшес інің бойында орналасқан Астана қалалық перзентханасында сол күні 18 ана бөпелі болды. Перзентхананың бас дәрігері Зайтуна Хамидуллинаның айту-ынша, күн сайын перзентханада 28-30 бала туады екен. Ал, Астана мерекесі күні туған 7 ұл мен 11 қыздың және олардың аналарының денсаулықтары жақсы, көңіл-күйлері көтеріңкі болып шықты. Олай болатын себебі, дәл сол күні мекеме басшысы мен қалалық Денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала денсаулығын сақтау бөлімінің жетекші маманы Фарида Нұрқасымқызы жаңа туған сәбилердің анала-рын қос қуаныштарымен құттықтап, оларға сыйлықтар таратты.

Қалалық №1 перинаталдық орталықта мере-ке күні дүниеге келген 28 баланың 15-і ұл, 13-і қыз бала екен. Ал, №2 перинаталдық орталықта туған сәбилердің саны – 15.

Жалпы, биыл Астана күні дүниеге келген сәбилердің алтауы – басқа қалалардан елордаға қыдырып келгендер болса , қа лған елу бес бала бас қаланың тұрғындары болып шықты. Үш сәбиге Елбасының құрметіне Нұрсұлтан есімі берілді. Бір қызығы, биылғы мерекеде туғандардың арасында егіздер де, үшемдер де болмай шықты. Дегенмен, Астана тойында дүние есігін ашқан бөбектер мен олардың аналарының бірде-бірі сыйлықтан құр алақан қалмады.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Ұйымдастырушылардың айтуынша, осы уақыт ішінде Астана ту-ралы 100-ден астам ән жазылыпты. Бұл жолы байқауға қатысушылар тыңдаушылардың назарына елордамыз туралы 25 авторлық ән ұсынды. Елорда туралы үздік әндерді көпшілікке таныстыруда республикамыздың түкпір-түкпірінен келген өнерпаздар аянып қалмады. Солардың арасын-да Орал қаласынан келген Нұрсұлтан Қарабалиев Гран-при жүлдесін жеңіп алса, астаналық «Тенгри» тобы үздік атанды. Ал, екінші орынды елордалық «Ұмай» тобы және үшінші орынды қостанайлық Әсел Іргебай иеленді.

«Ән жүрегім – Астана!» республикалық конкурсында өнер көрсеткені үшін «Үміт» аталымы бойынша астаналық Әкімхан мен Милана дуэті, әнге өзіндік үн қосқаны үшін павлодарлық Азамат Сатха-нов, заманауи өнер көрсеткені үшін елордалық Ақмаржан Байназарова, «Үздік мәтін» аталымында семейлік Айдана Каткешова дипломмен марапатталды.

Жас орындаушылардың, композиторлар мен авторлардың жұлдызын жағуға септігін тигізген гала-концертте «Арнау», «Кешью» топтары, Әли Оқапов, Луина, Маржан Арапбаева, Тамара Асар, Марат Омаров, Зарина Омарова, Серік Ибрагимов, Ерлан Көкеев пен «К7» тобы өнер көрсетті.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Жаңадан абаттандырылған аула тұрғындарын қос мере-кемен құттықтаған Алматы ауданының әкімі Бекбол Сағын мен Астана қаласы мәслихатының депутаты Сергей Богаты-рев осы аулада орналасқан қызмет көрсету ұйымдарының қызметкерлерін алғыс хаттармен марапаттап, бағалы сый-сияпаттар таратты.

Үстіміздегі жылы Алматы ауданында 20 аулаға абаттан-дыру жұмыстары жүргізілді. Абаттандырылған аулаларға 13 балалар ойын алаңы, 6 спорт алаңы, 206 қоқыс жәшігі, 194 орындық, 11 демалатын орын, 40 жарықтандырғыш құрылғылары орнатылатынын айтқан аудан әкімі сонымен қатар, жалпы аумағы 38 043,15 шаршы метр аумаққа асфальт төселіп, қосымша 295 тұрақжайлық орындар дайындалып, 1 589,92 шаршы метрден астам аумаққа төсемтас төселетінін жеткізді.

Мереке барысында осы аулада тұратын жасөспірімдер мен бүлдіршіндер спорттық сайыстар мен асфальтта сурет салудан жарысып, жеңімпаздар сыйлықтарға ие болды. Сонымен қатар, мереке барысында осы ау-лада орналасқан № 9 қалалық емхананың дәрігерлері тұрғындардың артериялық қысымын өлшеп, кардиолог және терапевт дәрігерлер кеңес берді.

Әмина АДАЙ

3

«Дарын» мемлекет тік жастар сыйлығының иегері Берік Жүсіпов «Тұрмағамбеттің сөзімен», Елмұра Жаңабергенова мен Клара Төленбаева сазды мақамдарымен, Құрманбек пен Мұхамедәлі Бекпейісовтер «Нартайдың термесімен» Сыр сүлейлерін тірілтті.

Жетісу әншілік дәстүріне кезек берілгенде Ақан Әбдуәлі Жамбылдан бір қайырды. Жазгүл Даңылбаева одан әрі асып, Сүйінбайға барып тоқтады. Тілеулес Құрманғалиев «Оспанқұлдың Кененге көңіл айтуына» салды.

Қарағандылық Сержан Мұсайын «Әсет пен Кемпірбайдың бақұлдасуын» халықтың көз алдына алып келді.

Наурызбек жыраудың дәст ү рін жалғастырушы Өсербай Сәрсенбаевтың

өнеріне тәнті болған көрермендер оған екінші жыр айтқызды.

Жәкен Омаров «Майлықожаның т е р м е с і м е н » , Д а н и я р М ұ қ а н «Шортанбайдың термесімен» өнерлі аталарымыздың ақылын жеткізді.

Ерлан Рысқали Абайдың «Сегіз аяғын», «Қарақат» мектебінің шәкірті Ділназ Сәбитова Шал ақынның «Пасыл да, пасыл, пасылманы» құйқылжытты. Алғысбек Дәуен рухты жанитын жырын Астана тойына тарту етті. Ибрагим Ескендір сағынышқа толы Солдатхан Орайханұлының термесін жаңғыртып, Елбасы Нұ рсұлтан Назарбаевтың « Жерім менің » әнімен ел імізд і асқақтатты.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Page 4: 75 (3132) 2014-07-10

4

«Жеке кредиттік есепте кре-диттер, олардың мерзімдері, со-малары, олар ресімделген банктер туралы мәліметтер көрсетіледі. Сондай-ақ, мұнда клиент банк қарызын адал өтегені, төлемдердің уақытылы енгізілгені, мерзімін өткізіп алуларға жол берілген-берілмегені жөнінде көрсетіледі» деп түсіндірді «ХҚКО» РМК бас директорының орынбасары Мұхамедғали Әшірбаев.

Кредит тарихын алу үшін аза-мат кредиттік тарих субъектісінің ХҚКО арқылы ол туралы кредиттік есепті беру жөніндегі өтініш-к е л і с і м г е қ о л қ о ю ы , с о н д а й -ақ, жеке куәліктің түпнұсқасы мен телнұсқасын, төлем туралы түбіртекті ұсынуы қажет. Ақылы қызмет бас-аяғы 15 минут ішінде жедел көрсетіледі.

Сонымен қатар, тап осындай кре-дит есебін жазбаша сұрау арқылы А л м а т ы қ а л а с ы н д а ғ ы Б і р і н ш і кредит бюросынан, электрондық үкімет порталынан, сонымен бірге www.myth.kz сайтынан алуға бо-лады.

www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

ДЫЕлордада осы бағытта атқарылып

жатқан игі істер жетерлік. Бұл жөнінде Астана қаласы Әділет департаментінің заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің басшысы Әлия Нұғыманова мен Астана қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасы сақталуын бақылау бөлімінің басшысы Руслан Бешеев баяндады. Ал, Астана қаласы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» р е с п у б л и к а л ы қ м е м л е к е т т і к кәсіпорыны филиалының директоры Гүлмира Бабенова қаладағы халыққа қызмет көрсету орталықтарында ұсынылатын мемлекеттік қызмет

түрлері көбейгенін, соның ішінде жұртшылық жылжымайтын мүлікті тіркеу және оған қатысты келісімдер жасау, азаматтарды құжаттандыру және тіркеу, азаматтық жағдай а к т і л е р і н т і р к е у , э л е к т р о н -ды ақпараттық қызмет түрлерін алуға жиі жүгінетінін жеткізді. Жалпы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК үстіміздегі жылдың бес айында тұрғындардан 1 091 833 өтініш қабылдап, оларға 1 123 318 дайын құжат берген.

Г ү л м и р а А й т б е к қ ы з ы н ы ң а й т у ы н ш а , б ү г і н г і т а ң д а б а с қалада республикалық ХҚО-ның

6 жетілдірілген бөлімшесі жұмыс істейді. Олар Есіл ауданына қарасты Достық және Сауран көшелерінде орналасқан №1 бөлімшесі мен «Сау-ран» секторы, Алматы ауданындағы №2, №3 бөлімшелері мен Сарыарқа ауданындағы№4, №5, №6 бөлімшелері екен. Сондай-ақ, «Аружан», «Азия парк» ойын-сауық орталықтарында , Министрліктер үйі, Көлік және комму-никация министрлігінің ғимаратында және «Нұрсая-2» ТЖК Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық орналасқан ғимаратта жылжымалы шоу-рум жұмыс істесе, электронды үкімет порталын көпшілікке насихат-

тау мақсатында қаладағы №1, № 2, №3 перинаталдық орталықтарда, «Нұр Отан» ХДП, Астана қаласы «Жыл-жымайтын мүлік орталығы» РМКК, Алматы ауданындағы Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықта электрондық үкімет секторлары қойылған. Осы күні де азаматтардың үйде отырып-ақ жаңа жүйе игілігін пайдалануына мүмкіндік бар. Оның ішінде «электронды үкімет» порта-лы арқы¬лы некеге тұруына болады. Мекен-жай, соттылығы, жылжы-майтын мүлкінің бар-жоғы, заңды тұлғалар, тұрғын үйдің кепілдікте тұрғаны туралы анықтамаларды а л у ы н а б а р л ы қ м ү м к і н д і к т е р қарастырылғанымен, салада орын алған проблема да жоқ емес екен. Бұл ретте директор қаладағы ХҚО

(Басы 1-бетте)Алдында өткен Кәсіпкерлер жи-

ынында Астананың әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты үлес қосқан кәсіпкер азаматтар мара-патталатыны айтылған болған. Осы уәдеге сай, Астана қаласының әкімдігі қалалық Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, өзгеге өнеге ретінде үздік кәсіпкерлерді марапаттап отырғанын айтқан қала басшысы олардың шаһар үшін жасаған жақсылығына жан-жақты тоқталып өтті.

С о н ы м е н , б и ы л ғ ы « Ү з д і к кәсіпкер» атағына «ALIT» ЖШС бас директоры Нұрлан Әлжанқұлов ие болды. «Бұл компанияның н е г і з і 1 9 9 2 ж ы л ы қ а л а н ғ а н . АЛИТ – құрылыс материалдарын өндіретін бірінші отандық компа-ния. Олардың шығаратын құрылыс материалдарының 95 пайызы – отандық өнім. Астанадағы барлық құрылыс ұйымдарымен жұмыс істейтін компания өнімдерін әлемдік стандартқа сай сапалы жасауға, сан түрлендіруге барын салып келеді» деді қала әкімі.

Ал, «Үздік меценат» болып, «Bi group» холдингінің президенті Айдын

ғимараттары жалдамалы екендігіне әрі жалақының аздығына байланысты мамандардың тұрақтамайтынына тоқталды.

О т ы р ы с т ы қ о р ы т ы н д ы л а й келе, қалалық мәслихаттың хат-шысы С.Есілов халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы тұрғындардың күнделікті көңіл-күйіне әсер ететінін ескеріп, азаматтар өздеріне қажетті құжаттарды еш кедергісіз және дер кезінде алуы үшін жиынға қатысушыларды саладағы жұмыс сапасын арттыруға бірлесе атсалысуға шақырды.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Рахымбаев танылды. Құрылыс сала-сында көшбасшы компания ретінде жақсы таныс ірі инвестициялық хол-динг ұжымы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін жақсы сезінетінін елорда әкімі ерекше атап өтті. Олар 2004 жылы «Жұлдызай» корпоративтік қайырымдылық қорын құрып, мүмкіндігі шектеулі балаларға барынша қолғабыс етіп келеді. Осы «Жұлдызайдан» қанаттанып ұшқан талай өрен денсаулығына қарамастан халықаралық байқауларда топ жарып жүр. Астанадағы Бала-лар үйлеріне, мүгедек балалар орталықтарына демеуші болудан танбай келе жатқан компания жыл сайын 250 жеткіншекті республикалық сауықтыру орталықтарына жіберуді жауапкершілігіне алған. Міне, осындай жомарттығымен аталмыш компания басшысы «Үздік меценат» атанып отыр.

«Үздік инвестор» аталымында «Жаннұр-Астана» ЖШС ком-пания тобының президенті Болат Садық жеңімпаз болды. Бұл өзі сан-салалы 25 компанияны біріктірген серіктестік. Оның ішінде сау-да үйлері де, супермаркеттері де,

көліктік-логистикалық қызметі де, күзет-заңгерлік қызметі де бар. Тіпті, кулинарлық-кондитерлік өнімдер шығарумен де айналысып, коммерциялық тұрғын үйлерді де са-лып жатыр. «Жаннұр-Астана» бүгінде «Хан ауылы» атты мейрамханасы бар, көлемі 45 мың шаршы метрлік алып кешенді салуға инвестиция құйды. Сондай-ақ, «Мыңжылдық аллеясы» мен Сейфуллин көшесі бойындағы көп қабатты тұрғын үй кешендері осы компанияның қаржысымен салынуда.

Олар Астанадағы ғана емес, күллі Қазақстандағы көптеген жобаларға инвестиция құйып келеді. Осын-дай инвестициялық ерекшелігімен «Жаннұр-Астана» үздіктердің қатарынан көрініп отыр.

Жалпы байқау екі кезең бой-ынша өтіпті. Алғашқы өтінімдерді қабылдау кезеңі 5 маусым мен 25 мау-сым аралығында жүргізілген. Кейін 5 шілдеге дейін іріктеу кезеңі өткізіліп, жеңімпаздар анықталған.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

Page 5: 75 (3132) 2014-07-10

5www.astana-akshamy.kz

Т ү р к и я , Ә з е р б а й ж а н , Өзбекстан, Яку тия, Алтай, Тү ркіменстан, Қырғызстан, Татарстан, Башқұртстан және Қазақстан сынды он төрт елдің өнерпаздары қатысқан фес-тивальді Астана қаласы мәс-лихатының хатшысы Сансызбай Есілов сөз сөйлеп ашты. Көп-шілікті мерекемен құт тық таған ол Астананың шын мә нінде, тәуелсіз еліміздің мәң гілік идеяларының ең басты тұ ғырларының бірі екенін баса айтты. «Сондықтан е л о рд а де ге н де, е ң а л д ы -мен оның тарихын емес, бас шаһардың дамуын, еліміздің бір тұтастығындағы рөлін айтамыз. Бұл ретте, Астана тойы қатардағы мереке емес, ел болып есейген мемлекетіміздегі көп жылғы ырыс пен берекенің әр жылғы өлшемі, ел еңбегінің нақты жемісі. Ел-басы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында бүгінде көптеген игі істер жүзеге асырылды. Елорда күнінің дәстүрлі шараларының бірегейі – «Астана-арқау» – осынау жобаның жалғасы.

Қа лың жұ ртшылық асыға күтетін мерекедегі бұл фести-валь түбі бір түркі халықтарының ұлттық музыкасын насихаттау-ды, жаңғырт уды, ұ рпақ жа-дына сіңіруді көздейді. Бұл – туыс қан ұлттардың арасын жақындастырып, ел болу ға ұйыстыра түсетіні анық. Со-нымен қатар, түркі халқының музыка мәдениетінің көкжиегін кеңейтеді. Әр ұлттың өзінен басқа ешкім еншілей алмас дү-ниесі – рухани құндылықтары. Біздің жан-жүрегімізге терең

«Астана Операның» салтанатты тө-рінде үлкен қарбалас. Әлемнің аты озған опера театрлары өз қойылымдарындағы басты партияны орындауға аттай қалап алатын белгілі сопрано, классикалық музыка әлемінің танымал әншісі Анна Нетребко концерт алдында репетиция жасап жатыр. Апырай, әлемдік сыншы-ларды қайран қалдырып, даусының саф тазалығына, күш-қуаты мен ерекше әуе-зіне қоса, сахнадағы кербездігіне қарап, «ән айтатын Одри Хёпберн» атанған әнші қайда деп төңірекке көз салдық. Тізесінен келетін кең көйлек киген, бұрымын желкесіне буып қойған Анна оркестрдің сазына құлақ түріп, арасында «мені де тыңда» дегендей көмейден шыққан күміс әнін төгіп жіберіп, алысқа шабатын жүйріктей атқақтап тұрғандай әсер қалдырды. Кеудеде толқыған сезімді шығарғысы келгендей әнші екі қолын әсем тербеп, бүкіл жан-тәнімен ән са-лып тұр ғандай. Құлағымыздан еніп, бо йы мызды шымырлатқан әуен алысқа жете лейді, көзіміз – Аннада. Осыншама құ ді рет талдырмаш жанның бойында қалай жиналған? Әншіге қос қанат біт-кендей сахна төрінде қалықтап, қайта қон ғандай. Кенет әдемі әуен кілт үзіліп, Анна даярлығын аяқтап, асығыс басып сахна сыртына бет алды. Тәтті елестен айырылып қалған біздерге бұрылып бір қарады. Ізінен еріксіз ердік.

Анна көп күттірген жоқ. Зерлі көйлегін киіп, шашын әдемілеп түйіп журналис-термен кездесуге қайта шықты. Кон-

церт басталуына аз ғана уақыт қалды. Осындайда көп сауал қоя саласың ба?! Дегенмен, Аннаның Астанаға алғашқы сапарынан алған әсерін біліп алдық. Ке-ремет! Ал «Астана Опера» ғимаратының салтанаты, үздік акустикасы әншіні таң қалдырыпты. Жайдары мінезді астана-лықтарға, театрдың құрақ ұшқан қызмет-керлеріне алғысы ерекше екен. Анна дан Пласидо Доминго, Дмитрий Хворос-тов скиймен бірге және жеке берген кон-церттері жайлы, өзі тұрақты қонағы болып табылатын Зальцбург өнер фестивалі туралы, немістің «Дойче граммофон» студиясында жазған соңғы альбомы мен әлемнің бірнеше еліндегі хит-парадтардың шыңына шығарған классикалық музыка альбомдары туралы білгіміз келді...

Сонымен, соңғы қоңырау соғылып, Астана күні құрметіне арналған әлем жұлдыздарының гала-концерті басталып та кетті.

Бұл күн жұлдыздар жауған күн болды. Концерттің алғашқы бөлімде Анна Не-требко мен тенор Ахмед Агади кезекпе-кезек өнер көрсетіп, белгілі опералардан ария орындады. Келесі бөлімде Франция әдебиеті мен өнері орденінің иегері Вадим Репин ХҮІІІ-ХХІ ғасырларда скрипкаға арналып жазылған шығармаларды орын-дады. Айта кететіні, мықтылардың ең мық тысына көрсетілетін құрмет Ва-дим Репинге көрсетілген екен. Ол 1736 жылы жасалған Гварнери дель Джезудің «Lafont» скрипкасында ойнау құрметіне ие болған.

Аталмыш шараға тұрмысқа шыққалы жатқан бойжеткендер ғана емес, қа-лыңдық атануды арман еткендер және осы бір керемет сәтті еске алу үшін той көйлегін қайта киген жас келіншектер қатысты. Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған шеруде арнайы фотосессия түсіріліп, түрлі ойындар ойнатылды. Шараға қатысушыларға қойылған басты талап – қалыңдық пен оны қолдауға кел-ген жақындарының бір стильде киінуі.

– Бүгін қала мерекесі қарсаңында жаңа жу рналымыздың т ұсауын

кескелі отырмыз. Осыған байланыс-ты ерекше шара, яғни, мерекелік қалыңдықтар шеруін өткізуді жөн көрдік. Мақсатымыз – қатысуға ниет білдірген ғашықтардың басын қосу, жалғыз басты жандардың өмірлік серігін жолықтыруына мүмкіндік жа-сау. Бұл бастама дәстүрге айналады деп ойлаймын, - дейді «Жас отау» журналының бас директоры Қанат Аяғанов.

Қалыңдықтар шеруіне қатысу-шылардың қуанышында шек жоқ.

«Мен бұл шара жөнінде ғаламтордан естіп, білдім. Өзім биыл ғана отбасын құрғанмын. Астана тойы қарсаңында осынау сәтті ұмытылмастай өткізу үшін келіп отырмын. Аппақ көйлек киген арулар бүгінгі тойдың сәнін келтіріп, елдің назарын ерекше аударды деп айта аламын. Лайым, астанамыздың әрбір тұрғыны бақытты болсын деп тілеймін» дейді мерекелік шеруге шыққан елордалық ару Жанат Алпыс-баева.

Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ

– Шеттен келген қонақтар «Сазген сазы» ансамблінің сүйе-мелдеуімен өздерінің бірнеше шығармаларын және қазақ өнеріне тиесілі туындыларды орындады. Түркі жұртының ұмыт бола бастаған аспаптар, ән-күйлер, жыр-термелерінің бәрі «Астана-арқау» арқылы қайта жаңғыруда. Мұны фестивальдің жетістігі деуге де болады. Тағы бір қуантатыны, осы бірегей кешке жыл санап қызығушылық та артып келеді. «Астана-арқаудың» көкжиегі кеңейе түсер уақыт әлі алда деп білемін.

бойлап, рухымызды асқақтатып, арман биігіне қанат қақтыратын нәзік те алып күші – музыка. Осы орайда, сан ғасырлық тарихы бар біздің асыл мұрамыз жоғары деңгейде қастерлеуге лайық. Осындай бірегей музыканың

бір мұрагері – Қазақ елі» деді мәслихат хатшысы С.Есілов.

Кешке келген қонақтар өзде-рінің ұлттық төл өнері мен ха-лықтық музыкасын паш етіп, тыңдарман қауымды тамсандыр-ды. Түркі жұртының ән-күйінен шашу шашып, баба дәстүрін

ардақтады. Биылғы фестивальге бұрын келмеген бірқатар түркі тектес елдерден де өнерпаздар қатысты. Ал Моңғолия мен Қалмақия елінің өкілдері түркі тілдес халыққа жатпағанымен, қонақ ретінде өнер көрсетті.

Ал Қазақстан тарапынан дәс-түрлі әншілер мен қыл қобыз-шылар, сыбызғышылар және фольклорлық «Сазген сазы» ансамблі мерекенің көрігін қыздырады.

Асхат РАЙҚҰЛ

Айгүл УАЙСОВА

Page 6: 75 (3132) 2014-07-10

– Бала кезімнен музыкаға ғашық едім. Таңнан кешке дейін ән салатын-мын. «Айқайлай бермеші, басты ау-ыртып жібердің!» деген көрші үйдің ұлдарынан басқа әніме ешкім аса на-з а р а у д а р а б е р м е й т і н ( к ү л і п е с к е а л д ы ) . О н б і р і н ш і с ы н ы п т а н к е й і н мамандық таңдау керек. Ал, мені тек ән қызықтырады. Консерваторияға түсейін десем, музыкалық мектепте не колледже оқымағанмын. Бір күні Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында музыка-педагогикалық факультет барын естіп, бірден Алматыға жол тарттым. Кейіннен оқушыларға ән-күйден сабақ бердім, домбыра мен вокал үйірмелерінің жетекшісі болдым. Балалармен жұмыс

– «Шабыт» өзіме өнерлі жастардың бас қосатын поэзия мерекесіндей көрінеді. Күз келсе, сонда асығамыз. Е т е н е а р а л а с ы п , ш ы ғ а р м а ш ы л ы қ тұрғыда табысамыз. Ол – Астанамен бірге өсіп келе жатқан бәйтерек сияқты. Мұнда сезілетін әдеби орта шабыттан-дырады, серпін береді, алға жетелейді, рухани байытады.

2008 жылы қатысып, лауреат бол-дым. Мен қатысқан жылы қазылар а л қ а с ы н ы ң т ө р а й ы м ы Ф а р и з а Оңғарсынова апамыз болған еді. Кеш соңында оның «Жыл сайын үздіктерді анықтаймыз. Бірақ, кейіннен оларды таппай қаламыз» деген сөзі қайсымызға б о л с а д а қ а м ш ы д а й т и г е н і р а с . . . Өмірбаяныңа «Шабыт» фестивалінің лауреаты» не болмаса «жеңімпазы» деген бір тіркес жалғанады енді, бірақ ақындарға «О, бұл «Шабыттың» жүлдегері ғой!» дегізерліктей құдіреті бар деп айта алмаймын.

Небір фестиваль, мүшәйралардың жеңімпазымын деп кеуде соғып, өзіңді ақынмын деу – қателік . Ақынның ақындығын халық мойындайды, бағасын да халық береді.

– Әнге деген қызығушылығым жеті жасымда оянды. Әкем м е н і К ө к ш е т а у б а л а л а р шығармашылығы үйіндегі во-к а л ү й і р м е с і н е ж а з д ы р д ы . «Айгөлек», «Ақ көгершін» сияқты көптеген ән байқауларына қатысып, жүлделі орындардан көріндім. Санкт-Петербургте өткен «Болашақ ғаламшар» байқауында үшінші орынға и е б о л с а м , Н о в о с і б і р д е г і Дельфийлік ойындардан ал-тын медаль әкелдім. Былтыр жетекшім «Аялаған Астана» жобасы басталғалы жатқанын, оның жеңімпазы Артектегі «Жаңа толқын-2013» бала-лар байқауында ел намысын қорғайтындығын айтты. Іріктеуге

6www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Маржан АРАПБАЕВА, «Жас қанат-2002» байқауының дипломанты, әнші:

«Жас қанат» маған өнер есігін ашты

Қалқаман САРИН, халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, ақын:

Мен үшін «Шабыт» – поэзия мерекесі

істеу өте ұнайтын, бірақ мұғалімдік менің қолым еместігін ішім сезетін. Бірдеңе жетпей тұратын. Жүрегім әнді аңсайтын. Сөйтіп жүргенімде, ойда жоқта мейрам-ханада ән айтуға шақырды. Келістім. Сол сәттен дауысымды эстрадаға жетілдіре бастадым. Халық әндері, поп-музыка, джаз... Бір сөзбен айтқанда, репертуарым жан-жақты еді. Онымен де тоқтамадым. Ешкімге ұқсамайтын, өз әнімді орындағым келді. Италия әншісі Лаура Паузинидің әнін орысшаға аударып, оранжировка жасайтын адамды іздедім. Таныстарым маған Қайрат Жәнібековке жолығуға кеңес берді. Дауысымды естіген соң: «Үлкен сахнаға шыққың келе ме? Мысалы, мен сені «Жас қанат» байқауына ұсынар едім. Бұған қалай қарайсың?» деп сұрады. Бұл сөздер мені бірден еліктірді. Көңілімде үміт сәулесі жарқ ете қалды. Бірақ, ондай байқауға қатысу үшін қомақты қаржы керек болар деп ойладым да, «Жоқ. Бұл менің жолым емес» деп қысқа қайырдым.

Болат БАТЫРБАЕВ, «Аялаған Астана» республикалық балалар байқауының былтырғы жеңімпазы:

«Аялаған Астана» мамандық таңдауыма көмектесті

қуана-қуана қатыстым. «Япыр-ай» мен «Ямайка» әндерін орын-дап, 200-ге жуық баланың ішінен жартылай финалға шықтым, ары қарай финал... Бір жыл өтсе де, сол кезде алған әсерім әлі есімде. Бойымда қобалжу, тікелей эфирдегі көрсетілім, өнерімізді бағалап отырған танымал аға - әпкелер. Оған қоса, оркестрдің сүйемелдеуімен жанды дауыста ән орындайсың. Сахнада бір өзің емес, кәсіби музыканттармен бірге өнер көрсету ғажап екен әрі үлкен жауапкершілік жүктейді. Ең басты-сы, бұл байқау маған мамандық таңдауыма көмектесті. Болашақта Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетіне оқуға түсіп, өнер жолын қусам деген арманым бар.

Дай

ында

ған:

Мәд

ина Ж

АҚЫ

П

Әлгі әңгімеден соң, біраз уақыт өтті . Ұмытып та кеттім. Бір күні Қайрат телефонмен ха-барласып, «Жас қанаттың» қ а т ы с у ш ы с ы б о л у ы ң м е н құттықтаймын!» деді . Сту-дияда жазылған әнді режис-сер Александр Пономаревқа тыңдатқан екен. Ол кісі мені конкурсқа қосыпты. Осылайша мен «Жас қанатта» ән салып, өнер адамдарының көзіне түстім. Дипло-мант атандым. Жеңімпаздар арасынан мені байқаған қазылар алқасы «Азия да-уысы» фестиваліне шақырды. Шанхайда өткен халықаралық ән байқауынан жүлделі үшінші орынмен оралдым. «Славян базары» байқауында екінші орынға ие болдым. Елге «конкурстық әнші» деген атпен таныла бастадым. Ойлап отырсам, менің бағымды ашқан – «Жас қанат». Сол арқылы алдымнан өнер есігі ашылып, үлкен сахнаға аяқ бастым.

Page 7: 75 (3132) 2014-07-10

7www.astana-akshamy.kz

27.06.2014 255/36-VАстана қаласы

27.06.2014 245/36-VАстана қаласы

27.06.2014 247/36-VАстана қаласы

27.06.2014 258/36-VАстана қаласы

Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы

№ 258/36-V шешімінеқосымша

№ 105-1089Астана қаласы 02.07.2014

Page 8: 75 (3132) 2014-07-10

8www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

27.06.2014 259/36-VАстана қаласы

27.06.2014 260/36-VАстана қаласы

27.06.2014 261/36-VАстана қаласы

Астана қаласы мәслихатының2014 жылғы 27 маусымдағы

№ 260/36-V шешімінеқосымша

Астана қаласы мәслихатының2014 жылғы 27 маусымдағы

№ 261/36-V шешіміне қосымша

27.06.2014 262/36-VАстана қаласы

Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы

№262/36-V шешімінеқосымша

Page 9: 75 (3132) 2014-07-10

9www.astana-akshamy.kz

27.06.2014 263/36-VАстана қаласы

Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы

№ 263/36-V шешіміне қосымшасы

27.06.2014 264/36-VАстана қаласы

27.06.2014 265/36-VАстана қаласы

Астана қаласы мәслихатының2014 жылғы 27 маусымдағы

№ 265/36-V шешіміне қосымша

27.06.2014 266/36-VАстана қаласы

27.06.2014 267/36-VАстана қаласы

27.06.2014 269/36-VАстана қаласы

27.06.2014 270/36-VАстана қаласы

Page 10: 75 (3132) 2014-07-10

10www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

:

Page 11: 75 (3132) 2014-07-10

11www.astana-akshamy.kz

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

Ò

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

Ò

1.26.02.2004 8701-727-57-17

2.14.12.2012

39-59-998701-523-21-28

3.02.06.2011

32-89-548701-989-04-11

4.14.02.2002

68-07-348701-58836-56

5.12.12.2002

68-07-348777-256-98-90

3230

1850

№ 107-1090Астана қаласы 02.07.2014

Астана қалалық ардагерлер кеңесі Ұлы Отан

соғысының ардагері Мұқатай ҚҰСАЙЫНОВТЫ

90 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтайды.

Зор денсаулық, отбасына тыныштық тілейді.

Page 12: 75 (3132) 2014-07-10

12www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Елорда мерекесіне ат шалдырып кел-г е н ө з б е к , т ә ж і к ұ л т т а р ы ө к і л д е р і н і ң өнері тойдың шаттығын әрледі . «Ұзын сирақтарына» қарамай секіре билеп, дабыл қағып думандатқан ала шапандыларды қызықтаған қонақтар да аз емес. Ән ырғағымен белдесіп, алысқан ағайындарымыздың өнерін көрермен фотосуретке түсіріп әлек.

Қ о л ө н е р б ұ й ы м д а р ы н ы ң к ө р м е -жәрмеңкесінің саудасы қызу жүрді. «Қазақы тақияның өрнегі қандай әдемі!» деп тамса-нады арулар.

О ң т ү с т і к Қ а з а қ с т а н ө ң і р і н і ң қолөнершілері киіз басудан шеберлік сы-ныбын өткізді. Олар түтілген қой жүнін ши бетіне орналастыра жүріп, киіздің пайдалы қасиеттері жайында әңгімеледі. Қызығушылық танытқан елордалықтар қазақ ауылындағы тіршілікке бір сәт еніп кеткендей күй кешті. Шебер Таңшолпан Ібіжанова бұл өнердің әжесінен дарығанын айтады.

Мерекенің думанын асырған – бүлдіршіндер. Ұлттық нақышпен әрленген алаңқай балалардың күлкісімен, ойынымен думанға толды.

Әзірлеген: Асхат РАЙҚҰЛ

«Бұлғары садақ, бұқар жай,Тарта алмасам маған серт!» Бел күшіме шыдамай,Беліңнен кетсең саған серт!деген қазақ батыры адырнаны кере

тартып, сұр жебені нысанаға дәлдей қадады.

«Ат жалында» атты шабандоздар

думаны. Тұлпар тізгіндеген жігіттер

шапқыншылық жылдарындағы қазақ

батырларының ерліг ін айшықтады.

Найзаласудың, қылыштасудың, жам-

бы атудың ғажап үлгілерін көрсетті.

Ауыздықпен алысқан сәйгүлік үстіндегі

қынама белбеу байлап, бес қаруын түгел

асынған айбоз ұлдардың айқасы делебемізді

қоздырып, сонау бір ғасырды көз алдымызға

әкелгені рас.

Алматылықтардың Астана тойына тартуы.

Ағаш шебері Нұржан Ділманов шәкірттерімен

шеберлік сыныбын өткізді. Ұлттық аспаптың 53

түрін жасайтын шебер жұмысты шеберханада

жасаған бір бөлек, халықтың алдында жасаған бір

бөлек екенін айтады.

Күй күмбірімен ортекені ойнақтатқан

домбырашының өнері көпшілікті тәнті етті.

Өзен үстінде қатарынан үш күн бойы өткен классикалық музыка кештерінде арнайы жасалған орындықтардың бірде-біреуі бос қалмады. Ал өзен үстіндегі сахнада орналасқан оркестрге, оның орындаушыларына қарап тіптен көңілің аспандай түседі екен. Концерттер күнде кешкі сағат тоғызда басталды. Содан түн ортасына дейін классикалық музыка үні Есіл ағысымен әуелеп кете берді.

Қ а з а қ с т а н н ы ң х а л ы қ ә р т і с і , М е м л е к е т т і к с ы й л ы қ т ы ң л а у р е а т ы , «Қазақстан камератасы» мемлекеттік оркестрінің көркемдік жетекшісі Гауһар Мырзабекова бастаған өнерпаздар қалың көрерменді керемет әсерге бөлегеніне көз жеткіздік. Құрманғазының «Балбы-рауын», Штраустың «Радецкий марш», Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас», Моцарттың «Рондо в турецком стиле» және басқа да симфониялық әуендері орындалғанда тыңдарман көңілі Есілдің толқынымен үндесіп, тамаша шабытқа кенелгені сөзсіз. Шолпан Оңғарова, Мұса Керімбаев, Еркебұлан Сапарбаев және Мұрат Нарбеков сынды солистердің құйқылжытып салған әндері түнгі елорда-ны тербетіп тұрғандай әсер берді.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ