Top Banner
Адилова Маржан Бозшаевна Ақтөбе қаласы, №52 негізгі мектептің география пәнінің мұғалімі Сабақтың тақырыбы: Аустралияның табиғат зоналары Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Аустралияның табиғат зоналарының қалыптасуы, органикалық дүниесінің таралу ерекшеліктері мен себептері туралы түсініктер беру. Дамытушылық: оқушылардың өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге және қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру. Тәрбиелік: оқушыларға экологиялық тәрбие беру және ізденімпаздыққа баулу. Көрнекіліктер: дүниежүзінің табиғат зоналар картасы, мультимедиялық проектор, суреттер Сабатың типі: дәстүрден тыс сабақ Сабақ түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары, сұрақ – жауап, картамен жұмыс Сабақ барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, бағалау парағын тарату ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. «Кім көп біледі?» ойыны 1. Аустралияның ең үлкен өзені? (Муррей Дарлинг сағасымен) 2. Кеуіп қалған өзен арнасы қалай аталады? (Крик) 3. Аустралиядағы жаз айындағы ең жоғарғы температура? (+ 52,8ºС) 4. Аустралияның ең суық айы? (шілде) 5. Аустралияның ең көп бөлігін қандай климаттық белдеу алып жатыр? (тропиктік белдеу) 6. Аустралияның ең ірі көлі? (Эйр)
13

45minut  · Web view8. Ағылшындық ақынның есімімен аталатын шеткі нүктесі? (Байрон) 9. Аустралияны ашқан голландтық

Jul 05, 2020

Download

Documents

dariahiddleston
Welcome message from author
This document is posted to help you gain knowledge. Please leave a comment to let me know what you think about it! Share it to your friends and learn new things together.
Transcript
Page 1: 45minut  · Web view8. Ағылшындық ақынның есімімен аталатын шеткі нүктесі? (Байрон) 9. Аустралияны ашқан голландтық

Адилова Маржан Бозшаевна

Ақтөбе қаласы, №52 негізгі мектептің

география пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Аустралияның табиғат зоналары

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Аустралияның табиғат зоналарының қалыптасуы, органикалық дүниесінің таралу ерекшеліктері мен себептері туралы түсініктер беру.

Дамытушылық: оқушылардың өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге және қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру.

Тәрбиелік: оқушыларға экологиялық тәрбие беру және ізденімпаздыққа баулу.

Көрнекіліктер: дүниежүзінің табиғат зоналар картасы, мультимедиялық проектор, суреттер

Сабатың типі: дәстүрден тыс сабақ

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары, сұрақ – жауап, картамен жұмыс

Сабақ барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, бағалау парағын тарату

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. «Кім көп біледі?» ойыны

1. Аустралияның ең үлкен өзені? (Муррей Дарлинг сағасымен)2. Кеуіп қалған өзен арнасы қалай аталады? (Крик)3. Аустралиядағы жаз айындағы ең жоғарғы температура? (+ 52,8ºС)4. Аустралияның ең суық айы? (шілде)5. Аустралияның ең көп бөлігін қандай климаттық белдеу алып жатыр? (тропиктік белдеу)6. Аустралияның ең ірі көлі? (Эйр)7. Қандай портты қала ағылшын жаратылыстанушысының есімімен аталады? (Чарльз Дарвин)8. Ағылшындық ақынның есімімен аталатын шеткі нүктесі? (Байрон)9. Аустралияны ашқан голландтық теңізші? (В.Янсзон)10. Материкте қанша артезиан алабы бар? (33)

ІІІ.Жаңа сабақ

а) Қызығушылықты ояту

Су ішпейтін жануар

Page 2: 45minut  · Web view8. Ағылшындық ақынның есімімен аталатын шеткі нүктесі? (Байрон) 9. Аустралияны ашқан голландтық

Аборигендер тілінде коала «су ішпейді» деген мағынаны білдіреді. Оған эвкалипттің жас жапырақтарындағы ылғал жеткілікті болғандықтан, су ішпейді.Табиғаттағы зоналық құрлықтағы климаттық жағдайға яғни жылу мен ылғалдың ара қатынасына тәуелді. Сырт көзге табиғат зоналары өсімдік жамылғысы арқылы бірден ажыратылады. Сондықтан табиғат зоналарының аттары өсімдіктің сипатына сәйкес келеді. Мысалы, саванналар сирек ормандар т.б.Аустралияның табиғат зоналары орналасу жағынан оңтүстік жарты шардың басқа материктерімен ұқсас болып келеді. Бірақ зоналар алып жатқан ауданы мен тіршілік дүниесінің құрамы жөнінен үлкен айырмашылық жасайды. Бұл айырмашылық Аустралияның басқа материктерден өте ертеде бөлініп кетуіне байланысты. Сондықтан материкте басқа еш жерде кездеспейтін эндемик өсімдіктер мен жануарлар тіршілік етеді.

Мағынаны тану кезеңі

ә) Мәтін мен картаны пайдалана отырып, кестені толтыру

Page 3: 45minut  · Web view8. Ағылшындық ақынның есімімен аталатын шеткі нүктесі? (Байрон) 9. Аустралияны ашқан голландтық

Зообақ.

Оқушыларға жануарлар мен өсімдіктердің суреттері тарпатылады. Суреттегі жануар мен өсімдіктің атын айтып, қосымша мәліметтер беріледі. Мәлімет берген оқушыға 1 ұпай беріледі.

Үйректұмсық – басында үйректің тұмсығына ұқсайтын тұмсығы бар, денесін қысқа жүн басқан. Олар өзендерге жақын жерасты індерінде тіршілік етеді. Әдетте олар таңертең және кешке серуендейді.Үйректұмсық өзінің ескек секілді жалпақ құйрығымен суды шалпылдатып, қорегін іздеп сүңгиді. Личинка, ұлу, кішкентай балықтарды қорек етеді және тапқан жемтігін жақ астығындағы қалтасына жасырады.

Page 4: 45minut  · Web view8. Ағылшындық ақынның есімімен аталатын шеткі нүктесі? (Байрон) 9. Аустралияны ашқан голландтық

Ехидна –Аустралияда ең көп тараған жабайы жануарлардың бір түрі. Ол сырттай қарағанда кірпіге ұқсайды, денесін тікенектер жапқан, кірпі секілді жұмырлана қалады, қалың бұта тоғайында тіршілік етеді, құмырсқалармен қоректенеді.

Кенгуру. Қалталылардан кенгурудың 17 түрі өседі. Кейбіреуінің бойы 2 метрге жетеді.Ұсақ кенгурулар да кездеседі. Өте ірі кенгурулардың балалары кіп –кішкене болып туады, небары 3 см-дей. Ұрғашы кенгуру өз балаларын қалтасында жарты жыл немесе одан да көп уақыт өсіреді. Кенгуру нашар көреді, бірақ жақсы естиді. Кенгурудың елтірісіне қызыққандар оны азайтып жіберген. «Кенгуру» - «түсінбедім» деген ұғымды білдіреді.

Коала. Коала аюы – эвкалипт жапырағын жеп күнелтеді. 1 ағашты жеп біткенше түспейді, егер қажетті жапырақ болмаса коала аштан өледі, басқа азық жемейді. Жапырақта ылғал жеткілікті болады. Аустралиялық тайпа коаланы «су ішпеу» деп атайды. Бойы 1 метрден аспайды, ал салмағы 10 кг. жуық. Жаңа туылған баласының ұзындығы 2см., ал салмағы 5 г. болады. 5-6 ай сүт емеді. 2 жылда бір рет балалайды. Коаланың тамаша қасиеті ешқашан ашуланбайды, егер қауіп төнсе, көздерін алдыңғы екі аяғымен жауып алып, жылай бастайды.

Динго- Аустралиядағы бірден –бір жыртқыш жануар. Бірнеше мың жыл бұрын Тынық мұхитының аралдарынан әкелінген жыртқыш ит деген жорамал бар. Динго – жалғыздық және еркіндік символы болып саналады.

Page 5: 45minut  · Web view8. Ағылшындық ақынның есімімен аталатын шеткі нүктесі? (Байрон) 9. Аустралияны ашқан голландтық

Қара какаду. Тотықұстар арасында әлемдегі ең үлкен тұмсық иесі – қара какаду. Тұмсығының ұзындығы -10 см. «Какаду» сөзі - малай тілінде «какатуа» «тістеуік» деген мағынаны білдіреді.

Тотықұс. Әлемде тотықұстардың 350-ден аса түрі кездеседі. Бүгінгі таңда 72 түрі мен 142 түр топтары халықаралық табиғат қорғау кеңесінің Қызыл кітабына еніп үлгерген. Аустралияда тотықұстарға арналған арнайы мектптер бар. Онда құстарды сөйлетіп үйретеді. Гиннестер рекордтар кітабына енген Жако есімді тотықұс 400 сөз біліп, бірнеше тілде толық сөйлемдерді еркін айта алған.Атақты тотықұс, бірнеше тілде толық сөйлемдерді еркін айта алған. Атақты тотықұс 31 жасында 2007 жылы қайтыс болған. Тотықұстардың өмір сүру ұзақтығы кейде 50-60 жыл, кейде 100 жылға созылған.

Лирақұйрық. Құйрығын жазғанда пішіні лира деген

музыка аспабына ұқсайтын болғандықтан лирақұйрық

деп аталған. Әртүрлі дыбыстар шығара алады, жәндіктер

мен құрттармен қоректенеді.

Вомбат. Шөлдерде суырға ұқсас жер қазатын шөп

қоректі жануар. Қалталылар деп аталу себебі,

қарынында әдеттегі тіршілік жағдайларына

бейімделмеген жаңа туған төлін салып жүретін тері

қалтасы болады.

Page 6: 45minut  · Web view8. Ағылшындық ақынның есімімен аталатын шеткі нүктесі? (Байрон) 9. Аустралияны ашқан голландтық

Эвкалипт. Эвкалипт ағашы ауыр әрі тығыз сүрегі өте берік болады. Ағаштың биіктігі 100 метр, тамырының ұзындығы 30 метр. Ол әсіресе кеме жасау ісінде жоғары бағаланады. Эвкалипт ағашынан жасалған телеграф бағаналары ұзаққа шыдайды. Жапырақтарынан шипалы эфир майы алынады. Эвкалипт тез өседі және ылғалды көп талап етеді. Эвкалипті «безгекке қарсы» ағаш деп атайды, эвкалипт өскен жерде батпақ болмайды, сондықтан безгекті қоздыратын маса ұрығының өсуіне жағдай болмайды. Эвкалипттің ұзын тамыры суды насос сияқты сорады, сондықтан оны «насос ағаш» деп атайды.

Бөтелке ағашы. Бөтелке ағашының биіктігі 15 метр,

диаметрі үш метрді құрайды.Шығыс Аустралияда өсетін

бұл ағашты жергілікті халық жақсы көреді. Құрғақшылық

кезінде ағаш жапырағы малға азық ретінде пайдаланылады.

Ағаш діңі - ауыз судың қайнар көзі.Ағаш діңінің жоғары

жағында тәтті шырын жиналады. Ағаштың тұқымын

қуырып та, шикілей де асқа пайдаланады. Жас ағаштың

тамыры өте дәмді боландықтан асқа тағам ретінде

пайдаланылады.

Шөп ағаш. Шөп ағаштың діңі түзу, әрі айтарлықтай жуан болып өседі. Оның ұшар басында астық тұқымдастардағыдай, жан – жағына тікірейіп өсетін ұзын, жіңішке жапырақтардан тұратын жұмсақ шөмеле орналасады. Белінде белбеуі бар, қолында найза ұстаған, «қара нәсілді әскерге» ұқсайды, сондықтан оны «қара нәсілді адам» деп те атайды. Шөп ағаштан қою сары шырын алынады.

ІҮ. Ой толғаныс.

Бекіту сұрақтарына жауап беру.

1.Скрэб дегеніміз не?

Скрэб – тікенекті акация мен эвкалипттен құралған ну бұта.

Page 7: 45minut  · Web view8. Ағылшындық ақынның есімімен аталатын шеткі нүктесі? (Байрон) 9. Аустралияны ашқан голландтық

2.Аустралия Одағының мемлекеттік елтаңбасында не бейнеленген?

Аустралия Одағының мемлекеттік елтаңбасында эму түйеқұсы мен кенгуру бейнеленген.

3. Үлкен суайрық жотасындағы табиғат зоналары?

Үлкен суайрық жотасындағы табиғат зоналары: ылғалды тропиктік ормандар және ылғалды субтропиктік ормандар

4. «Налларбор» сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді? (ағашсыз)

5. Шаңды дауылдар мен құйындар не деп аталады? (Вилли-вилли)

6. Қандай ағаштың жапырағында тез тұтанатын эфир майы көп болады? (эвкалипт)

7. Австралияның «өлі жүрегі» қай жер? (Эйр көлінің айналасы, өйткені жылдық жауын –шашын мөлшері 100 мм)

8. Суккулентті өсімдіктер дегеніміз не? ( бойына ылғал жинайтын өсімдіктер)

9. Қай табиғат зонасында ксерофиттер өседі? (тропиктік шөлдерде)

10. Қандай табиғат зонасында эвкалипт, акация ағаштары басым? (саванналар сирек ормандарда)

Ү. Қорытынды.

Аустралия - үлкен қазына, үлкен қорық. Өсімдік, жануарлар дүнпиесі алуан түрлі. Басқа материктерде құрып кеткен, тек Аустралияда сақталған эндемик өсімдіктер мен жануарлар бар. Мысалы: үйректұмсық, ехидна, коала, кенгуру, эвкалипт, шөп ағашы, бөтелке ағашы.б.Аустралиялықтар жануарлар дүниесін, материк табиғатын өте жақсы көреді, оларды қорғап, көбейтіп отырады. Оны мынадан байқауға болады: олардың тиындарында 5 центте –ехидна, 10 центте – лирақұйрық, 20 центте – үйректұмсық бейнеленген. Аустралия Одағының мемлекеттік елтаңбасында эму түйеқұсы мен кенгуру бейнеленген.Аустралияда қорғауға арналған кешендер саны мыңнан асады. Соның ішінде Улуру, Үлкен Тосқауыл рифі, Какаду тәрізді ұлттық парктер дүние жүзіне әйгілі.

Page 8: 45minut  · Web view8. Ағылшындық ақынның есімімен аталатын шеткі нүктесі? (Байрон) 9. Аустралияны ашқан голландтық

ҮІ.Бағалау. Бағалау парағын толтыру

№ Оқушыныңаты-жөні

Кім көп біледі?

Кестемен жұмыс

Картамен жұмыс

Зообақ Ой толғаныс

Бекіту сұрақтары

Бағалау

Өзін – өзі бағалау.Әрбір тапсырмаға толық жауап -1 ұпай

ҮІІ. Үйге тапсырма: Аустралия мен Африканың табиғат зоналары және органикалық дүниесінің ұқсастығы мен айырмашылығына талдау жасау.

Page 9: 45minut  · Web view8. Ағылшындық ақынның есімімен аталатын шеткі нүктесі? (Байрон) 9. Аустралияны ашқан голландтық