Top Banner
Сертификат тапсырыс үшін, анкета Облыс, аудан, ауыл___Атырау облысы, Атырау қаласы № Мектеп: Ф.Досымова атындағы №12 орта мектебі Пән мұғалімі: Орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәні мұғалімі Аты-жөні: Жаунбай Қырмызы Нұралқызы. Cайтқа шыққан сабақтар тізімі: 1. Ел ордасы-Астана.Сөйлем мүшелерінен өткенді қайталау. 2. Оқшау сөздерді қайталау 3. Жай сөйлемнің түрлерінен өткенді қайталау Мекен Жайы: Облыс, аудан, ауыл: Атырау облысы, Атырау қаласы Көше аты: Махамбета Үй номері, пәтер номері: 111 Индексі(Міндетті түрде)____ 060007 ____ Байланыс тел?+77789062039 3-күн 3-сабақ Жаунбай Қ.Н. Сабақтың тақырыбы: Ел ордасы-Астана.Сөйлем мүшелерінен өткенді қайталау. Сілтеме Қазақ тілі 8 сынып «Қазіргі қазақ тілінен жаттығулар жинағы», Қ.Шәукен , А.Макеев, Атырау, 2006ж. Жалпы мақсаттар Оқушылар лексикалық тақырыпты еске түсіре отырып,сөйлем мүшелерін қайталайды.Оқушыларды ұлттылыққа,тапқырлық пен алғырлыққа, шеберлікке тәрбиелеу. Оқушылардың тілін,сөздік қорын дамыту. Оқыту нәтижесі Оқушылар өздерін еркін ұстай отырып,ойларын еркін жеткізеді.Оқушылар мәдениетті,ұқыпты сөйлеуге жаттығады. Негізгі идеялар Теориялық білімді практикамен ұштастыру,ойларын тиянақты жеткізе білу. Тапсырмалар 1.Мәтінмен жұмыс,сөздік жұмысы 2.Талдау – табыс кілті. 3.Жұмбақ сөз.
27

45minut€¦  · Web view2015-01-13 · Сертификат тапсырыс үшін, анкета. Облыс, аудан, ауыл___Атырау облысы, Атырау қаласы№

Aug 01, 2020

Download

Documents

dariahiddleston
Welcome message from author
This document is posted to help you gain knowledge. Please leave a comment to let me know what you think about it! Share it to your friends and learn new things together.
Transcript
Page 1: 45minut€¦  · Web view2015-01-13 · Сертификат тапсырыс үшін, анкета. Облыс, аудан, ауыл___Атырау облысы, Атырау қаласы№

Сертификат тапсырыс үшін, анкетаОблыс, аудан, ауыл___Атырау облысы, Атырау қаласы№ Мектеп: Ф.Досымова атындағы №12 орта мектебіПән мұғалімі: Орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәні мұғаліміАты-жөні: Жаунбай Қырмызы Нұралқызы.

Cайтқа шыққан сабақтар тізімі:1. Ел ордасы-Астана.Сөйлем мүшелерінен өткенді қайталау.

2. Оқшау сөздерді қайталау

3. Жай сөйлемнің түрлерінен өткенді қайталау

Мекен Жайы:Облыс, аудан, ауыл: Атырау облысы, Атырау қаласыКөше аты: Махамбета Үй номері, пәтер номері: 111Индексі(Міндетті түрде)____ 060007____Байланыс тел?+77789062039

3-күн 3-сабақ Жаунбай Қ.Н.Сабақтың тақырыбы:

Ел ордасы-Астана.Сөйлем мүшелерінен өткенді қайталау.

Сілтеме Қазақ тілі 8 сынып «Қазіргі қазақ тілінен жаттығулар жинағы», Қ.Шәукен , А.Макеев, Атырау, 2006ж.

Жалпы мақсаттар

Оқушылар лексикалық тақырыпты еске түсіре отырып,сөйлем мүшелерін қайталайды.Оқушыларды ұлттылыққа,тапқырлық пен алғырлыққа, шеберлікке тәрбиелеу. Оқушылардың тілін,сөздік қорын дамыту.

Оқыту нәтижесі

Оқушылар өздерін еркін ұстай отырып,ойларын еркін жеткізеді.Оқушылар мәдениетті,ұқыпты сөйлеуге жаттығады.

Негізгі идеялар

Теориялық білімді практикамен ұштастыру,ойларын тиянақты жеткізе білу.

Тапсырмалар

1.Мәтінмен жұмыс,сөздік жұмысы

2.Талдау – табыс кілті.

3.Жұмбақ сөз.

4.Оқулықпен жұмыс.

Page 2: 45minut€¦  · Web view2015-01-13 · Сертификат тапсырыс үшін, анкета. Облыс, аудан, ауыл___Атырау облысы, Атырау қаласы№

5.Тест тапсырмасы.Кейінгі тапсырмалар

Картамен жұмыс

Рефлексия

Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті

2 минут

1 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныппен сәлемдесу.

Сыныптың оқушыларын 3 топ бойынша отырғызу (алдын-ала оқушыларды 3 топқа –түстер бойынша бөлемін).

Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу.

Оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.Бағалау көрсеткішімен таныстыру.

Ортақ бағалау парағы

Топ мүшелерінің номері

1

(0-2 ұпай)

2

(0-3 ұпай)

3

(0-3 ұпай)

4

(0-3) ұпай

Жалпы

1

Мұғаліммен сәлемдесу.

Оқушылар түстер бойынша бөлініп, өз үстелдерінің басына жиналады.

Оқушылар бағалау критерийлерін ескере отырып, жақсы бағалануға ұмтылады. Белсенді қатысады. Сабақтың мақсатына жетеді.

Әр топтың жетекшісі өз тобының жоқ оқушылары туралы мәлімет береді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбымен және

Page 3: 45minut€¦  · Web view2015-01-13 · Сертификат тапсырыс үшін, анкета. Облыс, аудан, ауыл___Атырау облысы, Атырау қаласы№

8 минут

23

Жалпы бағалау критерийлері:

1. Өткен сұрақтарға дұрыс, әрі нақты жауап беруі;

2.Мәтінді дұрыс аударылуы;

3. «Жұмбақ сөз»,тест тапсырмасының дұрыс орындалуы.

4. Картамен жұмыс тапсырмасының дәлдігі, нақтылығы.

Тапсырмалардың бағалау критерийлері:

1-тапсырма.Білім.

0 ұпай – мүлдем орындамаған;

1 ұпай – жүйелі аудармаған;

2 ұпай- дұрыс аударған.

2-тапсырма. Түсіну бөлімі.

0 ұпай –мүлдем орындамаған;

1 ұпай – 1 тапсырманы ғана дұрыс орындаған;

2 ұпай – барлық тапсырманы қатесіз орындаған.

3-тапсырма. Қолдану бөлімі.

0 ұпай –мүлдем орындамаған;

1 ұпай – сөйлеу үлгісі бойынша жауабы толық емес;

мақсатымен танысады.

Оқушылар жалпы бағалау критерийлерімен танысады.

Содан соң әр топтың алдына тапсырмалардың критерийлері таратылады.

Page 4: 45minut€¦  · Web view2015-01-13 · Сертификат тапсырыс үшін, анкета. Облыс, аудан, ауыл___Атырау облысы, Атырау қаласы№

12 минут

2 ұпай - тапсырмаға нақты жауап берген.

4-тапсырма. Талдау бөлімі.

0 ұпай -мүлдем орындамаған;

1ұпай – 1 ғана тапсырманы дұрыс орындаған;

2 ұпай – 2 тапсырманы дұрыс орындаған

5-тапсырма. Жинақтау бөлімі.

0 ұпай – мүлдем орындамаған;

1 ұпай – 1-2 ғана жауабы дұрыс;

2 ұпай – 3 сұраққа дұрыс жауап берген;

3 ұпай – барлық жауаптары дұрыс.

9-11- өте жақсы 6-8 – жақсы

5-7 - қанағаттанарлық 0-4-төмен қанағаттанарлықсыз

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

1) Сөйлемнің грамматикалық негізін қай мүшелер құрайды?

2) Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің айырмашылығы неде?

1.Білу.

А) Мәтінді толық оқу.

Оқушылар өткенді еске түсіріп сұрақтарға жауап береді

Оқушылар мәтінді оқып,мәтін мазмұнымен танысады.Сөздік жұмысын жүргізеді.Содан соң мәтінді орыс тіліне аударады.

Page 5: 45minut€¦  · Web view2015-01-13 · Сертификат тапсырыс үшін, анкета. Облыс, аудан, ауыл___Атырау облысы, Атырау қаласы№

9 минут

5 минут

Ә) Аудару

Б)Сөздік жұмысы.

• Рәмізі сияқты – считается как символ

• Көз алдымызға елестейді – представляем себе, ассоцириуется

• Аты әлемге әйгілі – стало известным всему миру

• Қасиетті өлке – священный край

• Нәзік - нежный

• Іскерлік – бизнес

• Зәулім – высотный

• Әсерлі - впечатляющий

2. Түсіну.

2.5.1. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер.

• Астана қаласында болдың ба?

• Астана туралы не білесің?

• Астана қаласы қандай орталыққа айналды?

• Астана қаласына барғың келе ме?

2.5.4. Төменде берілген эпитеттердің қай қатарын Астана сөзімен тіркестіре

Оқушылар оқулықтағы тапсырмаларды өз беттерінше орындайды.

Дәптерлеріне жазып алады.

Оқушылар сөйлеу үлгісі

бойынша карта арқылы

шағын әңгіме құрастырады.

Оқушылар асты сызылған

Page 6: 45minut€¦  · Web view2015-01-13 · Сертификат тапсырыс үшін, анкета. Облыс, аудан, ауыл___Атырау облысы, Атырау қаласы№

2 минут

5минут

жазуға болады?

А) жас, көрікті, нәзік, ерекше.

Ә) әсем, өзгерген, тамаша, зәулім.

Б) Таза, әсерлі, сүйкімді, ұлттық.

3.Қолдану.

Картамен жұмыс. Картадан Қазақстанның ірі-ірі 10 қаласын атау. Олардың жер көлемін салыстырыңдар. Астанаға жақын, алыстығын айтып беріңдер. Сөйлем мүшелеріне талдау.

Сөйлеу үлгісі: алдымен…..баруға болады; жолшыбай…..қалалар бар; ….керемет екен; …. араладым; ….таң қалдым; ….бірге …. қыдырайық; саяхатымның соңында ....араладым; … бұрын көрмеппін; … көргім келеді.

4.Талдау.

1) Асты сызылған сөздерге сұрақ қойыңдар. Сөйлемнің қандай мүшесі екенін анықтаңдар. Сол сөздерді қатыстырып, сөйлем құраңдар.

Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз. Тәуелсіздік – ұлы қуаныш, жетістік. Халқымыз тек бейбітшілікті тілейді. Халқымыз Президент Жолдауын түгел оқып танысты. Мен Қазақстанның болашақта экономикасы дамыған өркениетті, бай мемлекет болғанын қалаймын.Астана іскерлік және мәдени

сөздерге сұрақ қояды, сөйлем

мүшесіне талдайды.

Көп нүктенің орнында

жасырылып тұрған сөзді

топпен талқылап,ақылдасып

тауып,2тілге аударады.(орыс

және ағылшын тілдеріне)

Тест тапсырмасын

орындайды,орындап болған

соң бір-бірінің

Page 7: 45minut€¦  · Web view2015-01-13 · Сертификат тапсырыс үшін, анкета. Облыс, аудан, ауыл___Атырау облысы, Атырау қаласы№

2минут

орталыққа айналды.

2) Жұмбақ сөз.

Жолдасын таппаған ер азады,

қордасын таппаған ... азады.

... кірді тазартса, оқу миды тазартады.

... – ырыстың бұлағы.

... – көзі жұмыққа арзан, көзі ашыққа – маржан.

(Әр топ берілген тапсырмамен танысып, ойланып, жұппен ақылдасып, топта талқылайды).

5.Жинақтау. Тест тапсырмасы.(Әр топқа тест тапсырмасы үлестіріледі,орындап болған соң әр топ бір-бірінің жұмысын тексереді)

1) Тұрлаулы мүшелердің екеуі де сан есімнен болғанда қойылатын тыныс белгісі.

а) қос нүкте;

b) сызықша;

c) үтір;

d) көп нүкте

2) Толықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.

а) Сәуле кеше келді.

тапсырмаларын дұрыс жауап

парағымен тексереді.

Page 8: 45minut€¦  · Web view2015-01-13 · Сертификат тапсырыс үшін, анкета. Облыс, аудан, ауыл___Атырау облысы, Атырау қаласы№

b) Ол шешесіне хат жазды.

c) Сымбат – үлгілі қыз.

d) Баласы тиянақты екен.

3) Қимыл-сын пысықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.

а) Асқар төрге қарай барды.

b) Әкем сөзімді үндемей отырып тыңдады.

c) Жарқын кеше үйіне барып қайтты.

d) Ерте тұрып, кеш жат.

4) Бастауыштан кейін дұрыс қойылған сызықшаны табыңыз.

а) Көрмес – түйені де көрмес.

b) Көрмес – түйені де – көрмес.

c) Көрмес түйені де көрмес.

d) Көрмес түйені де – көрмес.

5) Берілген сөйлемдегі анықтауышты табыңыз:

Анар сыныптағы үлгілі қыз.

а) Анар

b) сыныптағы

c) үлгілі

d) қыз.

Сұрақтарға жауап береді.

Оқушылар өздеріне өздері баға береді.

Оқушылар орындарынан тұрып, қош айтысады.

Page 9: 45minut€¦  · Web view2015-01-13 · Сертификат тапсырыс үшін, анкета. Облыс, аудан, ауыл___Атырау облысы, Атырау қаласы№

Сабақты қорытындылау.

Мәтін бойынша сұрақтар қойылады.

Бағалау.

Мұғалім: Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Мұғалім: Олай болса, бүгінгі сабақта кім өте жақсы жауап бергенін бағалайық. Ол үшін әркім өз бағыттау парағына назар аударып, кестені толтырамыз.

Үйге тапсырма беру.

«Астана» туралы шағын шығарма жазу.

Мұғалім: Бүгінгі сабаққа белсене қатысқандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!

3-күн 2-сабақ Пән мұғалімі: Жаунбай Қ.Сабақтың тақырыбы:

Оқшау сөздерді қайталау

Сілтеме Қазақ тілі 8 -сынып Қазақ тілі А.Ш.Бектурова, Ш.К.Бектуров, Алматы «Атамұра» 2004ж

«Қазіргі қазақ тілінен жаттығулар

Page 10: 45minut€¦  · Web view2015-01-13 · Сертификат тапсырыс үшін, анкета. Облыс, аудан, ауыл___Атырау облысы, Атырау қаласы№

жинағы»,Қ.Шәукен ,А.Макеев, Атырау,2006ж.Жалпы мақсаттар

Бағдармалалық материалдарды меңгеру деңгейін бақылау, өзіндік ой-пікірін қалыптастыру; материалдық негізгілерін таңдап беру; тілдік, мәнерлік қасиеттерін көркемдік бейнелерді меңгерту; Танымдық белсенділігін арттыру; пәнге қызығушылығын дамыту; Оқушыларды ұйымшылдыққа, тиянақтылыққа, білімнің қажеттілігін терең ұғына білуге тәрбиелеу;

Оқыту нәтижесі

Өздерін топта еркін ұстай отырып,өзіндік ой-пікірі қалыптасады.

Негізгі идеялар

Теориялық білімді практикамен ұштастыру,ойларын тиянақты жеткізе білу, тілдік, мәнерлік қасиеттерін көркемдік бейнелерді меңгеру.

Тапсырмалар

1. Нені біліп, нені меңгеру керек.2. Сен қалай ойлайсың?3. Ойларын жинақтау.

Кейінгі тапсырмалар

Әр топқа тақырып беру, сол тақырып бойынша оқшау сөздерді кірістіріп,

диалог немесе сахналық қойылым көрсету.

Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті

2 минут Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныппен сәлемдесу.

Сыныптың оқушыларын 3 топ бойынша отырғызу (алдын-ала оқушылар 3 топқа пазл бойынша бөлінген; жақсы оқитын оқушылардан әр топқа топ басшысы сайланған.

Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу.

Оқушыларды бүгінгі сабақтың

Мұғаліммен сәлемдесу.

Оқушылар пазл бойынша бөлініп, өз үстелдерінің басына жиналады.

Page 11: 45minut€¦  · Web view2015-01-13 · Сертификат тапсырыс үшін, анкета. Облыс, аудан, ауыл___Атырау облысы, Атырау қаласы№

1 минут

тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.Бағалау көрсеткішімен таныстыру.

Топ мүшелерінің номері

1

(0-3 ұпай)

2

(0-2 ұпай)

3

(0-3 ұпай)

4

(0-2 ұпай)

Жалпы

ұпайы

123

Жалпы бағалау критерийлері:

1.Өткен тақырыпты толық меңгеруі және сол тақырып бойынша сұрақтарға жауап беруі.

2.Белгілі тақырып бойынша жүйелі диалог құруы немесе сахналық қойылым көрсетуі.

3.Деңгейлік тапсырмалардың дұрыс орындалуы.

Тапсырмалардың бағалау критерийлері:

1-тапсырма.Нені біліп,нені меңгеру керек?

0 ұпай - мүлдем жауап бермеген;

1 ұпай– 3 сұраққа дұрыс жауап берген;

2 ұпай -10 сұраққа дейін қатесіз жауап берген;

3 ұпай - барлық сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушыға қойылады.

2-тапсырма. Сен қалай ойлайсың?

Оқушылар бағалау критерийлерін ескере отырып, жақсы бағалануға ұмтылады. Белсенді қатысады. Сабақтың мақсатына жетеді.

Әр топтың жетекшісі өз тобының жоқ оқушылары туралы мәлімет береді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбымен және мақсатымен танысады.

Page 12: 45minut€¦  · Web view2015-01-13 · Сертификат тапсырыс үшін, анкета. Облыс, аудан, ауыл___Атырау облысы, Атырау қаласы№

8 минут

12 минут

(деңгейлік тапсырмалар)

0 ұпай -мүлдем орындамаған;

1 ұпай -жартылай орындаған;

2 ұпай -толық орындаған.

3-тапсырма.Ойларын жинақтау(сұрақ-жауап).

0 ұпай -мүлдем орындамаған;

1 ұпай -2 сұраққа жауап беруі;

2 ұпай – 4 сұраққа жауап беруі;

3 ұпай – 6 сұраққа жауап беруі.

4-тапсырма.

0 ұпай – мүлдем орындамаған;

1 ұпай- тақырыпқа сай келмеуі;

2 ұпай – тапсырмалары толық,әрі жүйелі орындалған.8-10- қызыл түсті қағаз – «5» өте жақсы6-7 – жасыл түсті қағаз – «4» жақсы4-5 – сары түсті қағаз – «3» қанағаттанарлық3- ақ түсті қағаз – «2» төмен қанағаттанарлықсыз.

1.Нені біліп, нені меңгеру керек.Оқшау сөздер деп нені айтамыз?Оқшау сөздер сөйлем мүшесі бола ала ма?Оқшау сөздердің сөйлемге қатысы қандай?Қаратпа сөз деп нені айтамыз?Қаратпа сөзді бастауыштан қалай

Оқушылар өткенді еске түсіріп сұрақтарға жауап береді

Берілген тапсырманың орындалуымен мұқият танысып, топқа берілген тапсырма бойынша әр оқушы дәптеріне қысқаша жауабын жазып алады. Әр оқушы тапсырманы өз бетінше ойланады және жазады.Мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқушылар жұптасып бір бірімен ой

Page 13: 45minut€¦  · Web view2015-01-13 · Сертификат тапсырыс үшін, анкета. Облыс, аудан, ауыл___Атырау облысы, Атырау қаласы№

ажыратуға болады?Қаратпа сөздердің жасалуы, құрамы, орын тәртібі, тыныс белгілері туралы не айта аласың.Қыстырма сөз деп қандай сөзді айтамыз?Қыстырма сөздің қаратпа сөзден айырмашылығы қандай деп ойлайсың? Қыстырма сөз дегеніміз не?Қыстырма сөздің қаратпа сөзден айырмашылығы неде деп ойлайсың?Қыстырма сөздердің жасалуы мен құрамы, орын тәртібі мен тыныс белгілері туралы не айта аласың?Одағай сөздер қандай жағдайда қолданылады?Одағай сөздер тұтас сөйлемге қандай мағына үстейді?Одағайдың сөйлемдегі орын тәртібі мен тыныс белгілерін айтып беріңіздер.- Сұрақтарға жауап беріп болған соң, деңгейлеріне қарай топқа бір-бірден ынталандыру үшін смайлик тарату.

2. Сен қалай ойлайсың?1-деңгей.1-топ. 1-тапсырма.Сөйлемдерді көшіріп, қаратпа сөздердің астын сызу,сол сөздерді қатыстырып диалог құрау.- Әже, ана кісілер не істеп жүр?- Ей, Бұқар, Шалқұйрық атым астымда, Сарыарқаның сары белін қақ жарып, жалғыз өзім жортып келеді екенмін.2-топ. 1-тапсырма.Сөйлемдерді көшіріп, қыстырма сөздердің астын сызу,сол қыстырма сөздерді қатыстырып,сөйлем құрау.

бөліседі.Мұғалімнің бағыттауы бойынша топта жұмыс істейді, яғни топта талқылап, сыни ойланып, бір шешімге келеді. Бір-бірін оқытады. Өздерін реттейді.Ақылдасады. Қате пікірлерді өздері дұрыстайды,тақтаға шығып,жауаптарын айтады.

Өздеріне түртіп алады.

Page 14: 45minut€¦  · Web view2015-01-13 · Сертификат тапсырыс үшін, анкета. Облыс, аудан, ауыл___Атырау облысы, Атырау қаласы№

8 минут

- Байқауымша, абай ақыныңыз да көзі ашық, көкірегі тұнық кісі болған-ау, сірә.- Үшіншіден, сырғаның қай түрі де бауырға, өт қабынуына әсер етеді деген пікір бар екенін ескертеміз.3-топ. 1-тапсырмаСөйлемдерді көшіріп, одағай сөздердің астын сызу.- Уа, би інім, жүрісің суыт көрінеді, қайдан келесің? - деп сұрады Досбол амандықтан соң.- Ей, не істер ең сен өкімет болсаң?

2-деңгей.1-тап. 2-тапсырма.Сөйлемдердің ара жігін ажыратып, тиісті тыныс белгісін қойыңдар. (қаратпа сөздер)- Ал құрметті Темір аға сезіп отырмын сырыңды- Жүріп барам ақан аға хатыңыз ба- Өзім барып әкеле қояйын, қайда жүр екен өзі жануар... деп мияулап сөйлеген сығырайған шал айнала қарады.

2-топ. 2-тапсырма.Сөйлемдердің ара жігін ажыратып, тиісті тыныс белгісін қойыңдар. (қыстырма сөздер)- Алайда түрлі жыртқыш аңдарды будандастыру арқылы жаңа тұқым алу тәжрибесі көптен бері жүргізіліп келеді- Ә мүмкін жауын жауып егін жаппай шығар- Сөз ұшқыны әрине Нұрқаттың өзінен тараған3-топ. 2-тапсырмаСөйлемдердің ара жігін ажыратып, тиісті тыныс белгісін қойыңдар. (одағай сөздер)

Оқушылар берілген тапсырмаларды орындайды.

Топтың жауабына сай әр түрлі түсті қағаздар таратылады. Оқушылар өздерін өздері баға береді.

Жүргізуші оқушылардың жауап беруін қадағалайды.

Ең жақсы сөйлеген ойыншыны

Page 15: 45minut€¦  · Web view2015-01-13 · Сертификат тапсырыс үшін, анкета. Облыс, аудан, ауыл___Атырау облысы, Атырау қаласы№

5 минут

- Ойбай бізде не қауқар бар- Қап мынаның баласы- Апыр-ау бұл кімнің қызы болды екен

3. Ойларын жинақтау.1-кесте№ сұрақ жауап1. Қаратпа деген немене,Сөзбе, әлде сөйлем бе? 2. Тұрақты орны бола ма,Қаратпаның сөйлемде? 3. Қай тұлғалы қай сөздерҚаратпа болып келеді?Мысалмен сипаттап,Кім оны айтып береді? 4. Қандай тыныс белгісін,Қаратпа керек етеді? 5. Талдағанда сөйлемді,Қаратпа қайда кетеді? 6. Сөз бөлшегіне талдап көр,Қаратпада қанша жұрнақ бар?Түбірін тауып байқап көр,Неше түрлі онда мағына бар?

2-кесте№ сұрақ жауап1.Қыстырма деген немене,Сөзбе, әлде сөйлем бе? 2. Тұрақты орны бола ма,Қаратпаның сөйлемде? 3. Қай тұлғалы қай сөздерҚаратпа болып келеді?Мысалмен сипаттап,Кім оны айтып береді? 4. Қандай тыныс белгісін,Қыстырма керек етеді?

бағыттау парағына белгілеп қояды.

Оқушылар сұрақ –жауап әдісі бойынша жауап береді.

Page 16: 45minut€¦  · Web view2015-01-13 · Сертификат тапсырыс үшін, анкета. Облыс, аудан, ауыл___Атырау облысы, Атырау қаласы№

2 минут

5минут

2минут

5. Талдағанда сөйлемді,Қыстырма қайда кетеді? 6. Сөз бөлшегіне талдап көр,Қыстырмада қанша жұрнақ бар?Түбірін тауып байқап көр,Неше түрлі онда мағына бар?

3-кесте№ сұрақ жауап1.Одағай деген немене,Сөзбе, әлде сөйлем бе? 2. Тұрақты орны бола ма,Одағайдың сөйлемде? 3. Қай тұлғалы, қай сөздерОдағай болып келеді?Мысалмен сипаттап,Кім оны айтып береді? 4. Қандай тыныс белгісін,Одағай керек етеді? 5. Талдағанда сөйлемді,Одағай қайда кетеді? 6. Сөз бөлшегіне талдап көр,Одағайда қанша жұрнақ бар?Түбірін тауып байқап көр,Неше түрлі онда мағына бар?

4.Қорытындылау. Әр топқа тақырыптар беріледі: 1-топ «Жарнама», 2-топ «Теледидар», 3-топ «Мұражай». Әр топ өз тобының атына сай диалог немесе сахналық қойылым көрсетеді.

Бағалау.

Оқушылар топпен топтасып, талқылап бір шешімге келеді. Содан соң әр топ ортаға шығып диалог немесе сахналық қойылымын көрсетеді.

Page 17: 45minut€¦  · Web view2015-01-13 · Сертификат тапсырыс үшін, анкета. Облыс, аудан, ауыл___Атырау облысы, Атырау қаласы№

Мұғалім: Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Мұғалім: Олай болса, бүгінгі сабақта кім өте жақсы жауап бергенін бағалайық. Ол үшін әркім өз бағыттау парағына назар аударып, кестені толтырамыз.

Рефлексия.

-Сабақ ұнады ма?

-Қандай тапсырма орындаған ұнады?

-қандай тапсырма орындағанда қиындық келтірді?

Үйге тапсырма:Оқшау сөздерді пайдалана отырып шағын шығарма жазу.

Мұғалім: Бүгінгі сабаққа белсене қатысқандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!

Оқушылар жапсырма қағазға өз ойларын жазып, тақтаға шығып іледі.

Үй тапсырмасын жазып алады.

Оқушылар орындарынан тұрып, қош айтысады.

Page 18: 45minut€¦  · Web view2015-01-13 · Сертификат тапсырыс үшін, анкета. Облыс, аудан, ауыл___Атырау облысы, Атырау қаласы№

2-күн 1-сабақ Пән мұғалімі: Жаунбай Қ.Сабақтың тақырыбы:

Жай сөйлемнің түрлерінен өткенді қайталау

Сілтеме Қазақ тілі 8 сынып ,Алматы «Мектеп» 2004ж.

«Қазіргі қазақ тілінен жаттығулар жинағы»,Қ.Шәукен ,А.Макеев, Атырау,2006ж.

Жалпы мақсаттар

Оқушылардың жай сөйлемнен алған білімдерін тиянақтау,бір жүйеге келтіріп қорыту, теориялық білімін практикамен ұштастыру. Ойын түрлері арқылы оқушылардың ізденімпаздық, тапқырлық қасиеттерін шыңдау, шығармашылыққа баулу, ойларын тиянақты жеткізе білуге дағдыландыру. Оқушыларды адамгершілікке, ізеттілікке, әдептілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Оқыту нәтижесі Оқушылар өздерін еркін ұстай отырып, ойларын тиянақты жеткізеді, тапқырлық қасиеттерін шыңдайды.

Негізгі идеялар Теориялық білімді практикамен ұштастыру,ойларын тиянақты жеткізе білу.

Тапсырмалар 1.Қайта бағыттау сұрақтары

2.Ойлан-жұптас-талқыла

3.Талдау-табыс кілтіКейінгі тапсырмалар

Сергіту сәті

Сызбамен жұмыс

Page 19: 45minut€¦  · Web view2015-01-13 · Сертификат тапсырыс үшін, анкета. Облыс, аудан, ауыл___Атырау облысы, Атырау қаласы№

Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті

2 минут

2 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныппен сәлемдесу.

Сыныптың оқушыларын 3 топ бойынша отырғызу (алдын-ала оқушылардың үлгерімі бойынша 3 топқа –түстер бойынша бөлінген; жақсы оқитын оқушылардан әр топқа топ басшысы сайланған.

А)Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу.

Ә)Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.Бағалау көрсеткішімен таныстыру.

Ортақ бағалау парағы

Топ мүшелерінің номері

1

(0-3 ұпай)

2

(0-3 ұпай)

3

(0-3 ұпай)

4

(0-3 ұпай)

Жалпы

ұпайы

123

Бағалау көрсеткіштері:

1-тапсырма. 3 ұпай – 5сұраққа толық,әрі нақты жауап беруі;

2 ұпай – 3-4 сұраққа жауап беруі;

1 ұпай – 1-2 сұраққа жауап

Мұғаліммен сәлемдесу.

Оқушылар түстер бойынша бөлініп, өз үстелдерінің басына жиналады.

Дәптерлеріне орындаған үй жұмыстарын тексертеді.

Оқушылар бағалау критерийлерін ескере отырып, жақсы бағалануға ұмтылады. Белсенді қатысады. Сабақтың мақсатына жетеді.

Page 20: 45minut€¦  · Web view2015-01-13 · Сертификат тапсырыс үшін, анкета. Облыс, аудан, ауыл___Атырау облысы, Атырау қаласы№

6минут

беруі.

2-тапсырма. 3 ұпай – жүйелі әңгіме құруы, тақырыпты ашуы;

2 ұпай- Орташа жауап беруі;

1 ұпай – Әңгімесі нақты емес.

3-тапсырма. 3 ұпай –Сөйлем мүшесіне және сөз құрамына қатесіз талдауы;

2 ұпай – Жай сөйлем түрлерін ажырата алуы,сөйлем талдауында 1 қате жіберуі;

1 ұпай – Сөйлем мүшесін талдауда 2 қате жіберуі.

4-тапсырма. 3 ұпай – Сызба бойынша сөйлемдердің дұрыс құрастырылуы;

2 ұпай – Сызба бойынша 1 қате жіберуі;

1 ұпай – Сызба бойынша ауытқып кетуі.

14-15- «5»

10-13 – «4»

6-9 – «3»

5-«2»

1. Қызығушылықты ояту сатысы

Әр топтың жетекшісі өз тобының жоқ оқушылары туралы мәлімет береді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбымен және мақсатымен танысады.

Оқушылар жауап береді.

Оқушылар өткенді еске түсіріп

Page 21: 45minut€¦  · Web view2015-01-13 · Сертификат тапсырыс үшін, анкета. Облыс, аудан, ауыл___Атырау облысы, Атырау қаласы№

10 минут

«Кім жүйрік?» ойыны. Ауызша үш топтың әрқайсысына 5 сұрақтан қойылады (қайта бағыттау сұрақтары).

Сұрақтар: І топқа: 1. Сөйлем деп нені айтамыз,мысалдарымен дәлелдеп көріңіз. 2. Сөйлем айтылу мақсатына қарай неше топқа бөлінеді? 3. Толымды сөйлемге мысал келтіріп, ережесін айтып беріңіз. 4. Тұрлаусыз мүшелерді атап беріп, мысал келтіріңіз. 5. Сіздің ойыңызша жайылма сөйлем дегеніміз қандай сөйлем, оған мысал келтіріңіз. ІІ топқа: 1. Құрмалас сөйлем мен жай сөйлемнің айырмашылығы неде? Мысалмен дәлелдеп көріңіз. 2. Жақты сөйлем деп қандай сөйлемді айтамыз? 3. Атаулы сөйлемге мысал келтіріп, ережесін айтып беріңіз.4. Жалаң сөйлем мен жайылма сөйлемнің айырмашылығы неде? Мысал келтіріңіз. 5. Оқшау сөз деп нені айтамыз, оларға нелерді жатқызуға болады? тыныс белгісі, мысал. ІІІ топқа: 1. Жай сөйлем деп қандай сөйлемді айтамыз және оның түрлері қандай? 2. Жақсыз сөйлем мен жақты сөйлемнің айырмашылығы неде деп ойлайсың? Мысалмен дәлелдеп көр. 3. Толымсыз сөйлем мен толымды сөйлемнің ұқсастығы неде?Жасалу жолдары қандай?. 

сұрақтарға жауап береді

Берілген тапсырманың орындалуымен мұқият танысып, топқа берілген

Page 22: 45minut€¦  · Web view2015-01-13 · Сертификат тапсырыс үшін, анкета. Облыс, аудан, ауыл___Атырау облысы, Атырау қаласы№

10 минут 4. Тұрлаулы мүшелерге қандай сөйлем мүшесін жатқызуға болады?5. Мысал келтіре отырып, одағайдың ережесін айтып,түрлеріне тоқталып кетіңіз. 

Сұрақтарға жауап беріп болған соң, деңгейлеріне қарай топқа бір-бірден ынталандыру үшін смайлик тарату.

2.Ойлан-топтас-талқыла.

1-топ. «Шағын,орта және үлкен бизнес»

2-топ. «Баспасөз- өмір айнасы»

3-топ. «Мемлекеттік өнеркәсіп»

Бірінші өз топтарыңа берілген тапсырмамен танысып, ойланып, ақылдасып, топта талқылайсыздар.Содан соң постер жасайсыздар.

3. «Талдау- табыс кілті» (Деңгейлік тапсырмалар) 

І деңгей. Тапсырма: Сөйлем мүшесіне талда (баяу орындайтын оқушыларға таратылады).1-топ.

1.Бір күні біздің үйге қапсағай денелі дәу қара келді. 2.Жомарт мектептің жоғарғы қабатына

тапсырма бойынша әр оқушы дәптеріне қысқаша жауабын жазып алады. Әр оқушы тапсырманы өз бетінше ойланады және жазады. Мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқушылар жұптасып бір- бірімен ой бөліседі. Мұғалімнің бағыттауы бойынша топта жұмыс істейді, яғни топта талқылап, сыни ойланып, бір шешімге келеді. Бір-бірін оқытады. Өздерін реттейді. Ақылдасады. Қате пікірлерді өздері дұрыстайды, постер жасап, қорғайды.

Page 23: 45minut€¦  · Web view2015-01-13 · Сертификат тапсырыс үшін, анкета. Облыс, аудан, ауыл___Атырау облысы, Атырау қаласы№

5 минут

5 минут

1 минут

көтеріліп келеді. 2-топ. 1.Сұлтан жайлауды екі күн аралады. 2.Сабақ оқу – оқушының міндеті. 3-топ.

1. Мен онымен емін-еркін сөйлестім. 2. Кеш болғанын білмей қалыппын. 

ІІ деңгей. Тапсырма: Сөйлем мүшесіне талда, жай сөйлем түрін ажыратыңыз (орташа орындайтын оқушыларға таратылады). 1-топ. 1.Оның үйге қайтадан барғысы келді. 2.Бізге әзірге уақытты ұту керек. 2-топ. 1.Менің туыстарыма баруыма тура келді. 2.Туған жердің табиғатын ауызбен айтып жеткізе алмайсың. 3-топ. 1.Олар орманға қарай асығыс аттанды. 2.Кешке қатысуға менің құлқым болмады. 

ІІІ деңгей. Тапсырма: Сөйлем мүшесіне, жай сөйлем түріне, сөз құрамына талда (тез орындайтын оқушыларға таратылады).1-топ. 1.Ауылға біз түске таман жеттік 2.Оқушылар мектепке ерте жиналды. 2-топ. 1.Біз дүкенді аралап көп жүрдік. 2.Ағай бізді өзенге алып келді. 3-топ. 1.Оқушылардың қасында әнші апай жүр еді. 2.Ол барлық сұраққа тез жауап берді.

Оқушылар берілген деңгейлік тапсырмаларды орындайды.

Топтың жауабына сай смайлик таратылады. Оқушылар өздеріне өздері баға береді.

Бұл ойында әр топтан 1 оқушыдан шығып,тапсырманы орындайды.

Әр топтың көшбасшысы оқушылардың жауап беруін қадағалайды.

Ең жақсы

Page 24: 45minut€¦  · Web view2015-01-13 · Сертификат тапсырыс үшін, анкета. Облыс, аудан, ауыл___Атырау облысы, Атырау қаласы№

2минут

2минут

4. Сергіту сәті. «Оң қол, сол қол, қос қол» ойыны. (Жақты, жақсыз, атаулы сөйлемдерге байланысты). 1.Сен ер жеттің. 2.Біздің ашық сөйлесуіміз керек. 3.Менің айтқым келмеді. 4.Долы боран. 5.Қалың орман. 6.Тоғай. 7.Күн жылынды. 8.Сенің қайтқаның дұрыс. 9.Менің барғым келмейді. 

5. Cызбамен жұмыс .Әр топқа тақырыптар беріледі: 1-топ «Ана тілі», 2-топ «Халық», 3-топ «Туған жер». Әр топ өз тобының атына сай сызба бойынша құрмалас сөйлем құрастырады.1. -.-.-.-.-.-. ___________ __________ , _______ _______ . 

2. -.-.-.-. _________ ________ , ________ --------- ________. 3. ------- -.-.-.-.-. ________ , -.-.-.-.-. --------- ________ .

Бағалау.

Мұғалім: Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Мұғалім: Олай болса, бүгінгі сабақта кім өте жақсы жауап бергенін бағалайық. Ол үшін әркім өз бағыттау парағына назар аударып, кестені толтырады.

Рефлексия.

сөйлеген ойыншыны бағыттау парағына белгілеп қояды.

Тақырыптар бойынша оқушылар сызбамен жұмыс жасайды.

Оқушылар бағыттау парағын толтырып, бір-бірінің ұпай сандарын қосып,жалпы ұпай санын шығарып,смайлик арқылы бағалайды.

14-15- «5»

10-13 – «4»

6-9 – «3»

Page 25: 45minut€¦  · Web view2015-01-13 · Сертификат тапсырыс үшін, анкета. Облыс, аудан, ауыл___Атырау облысы, Атырау қаласы№

-Сабақ ұнады ма?

-Қандай тапсырма орындаған ұнады?

-қандай тапсырма орындағанда қиындық келтірді?

Үйге тапсырма: Көркем әдебиеттен жай сөйлемнің әрқайсысына екі мысал жазып, сөйлем мүшесіне талдау.

Мұғалім: Бүгінгі сабаққа белсене қатысқандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!

5-«2»

Оқушылар орындарынан тұрып, қош айтысады.

Сертификат тапсырыс үшін, анкета

Облыс Атырау

Мектеп №12 Ф.Е. Досымова атындағы орта мектепПән мұғалімі қазақ тілі мен әдебиетіАты-жөні Жаунбай Қырмызы Нұралқызы

Мекен Жайы: Атырау қаласы

Облыс, аудан, ауыл_________________________Көше аты Махамбета Үй номері, пәтер номері 111Индексі(Міндетті түрде)_ 060007

Байланыс телефондар+7 (778) 906 20 39

Жарияланған сабақтар тізімі:

1. Ел ордасы-Астана.Сөйлем мүшелерінен өткенді қайталау.

2. Оқшау сөздерді қайталау

Page 26: 45minut€¦  · Web view2015-01-13 · Сертификат тапсырыс үшін, анкета. Облыс, аудан, ауыл___Атырау облысы, Атырау қаласы№

3. Жай сөйлемнің түрлерінен өткенді қайталау

Page 27: 45minut€¦  · Web view2015-01-13 · Сертификат тапсырыс үшін, анкета. Облыс, аудан, ауыл___Атырау облысы, Атырау қаласы№