Top Banner
(Соңы 2-бетте). №184 (28407) 20 қыркүйек Сенбі 2014 ЖыЛ БейБітшілік, тұрақтылық, өркендеген ел үшін елБасына ерен алғыс айтамыз! ОтБасының Бірлігі – Отанның Бірлігі нұрсұлтан назарБаев: қымбатты отандастар! Баршаңызды елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылған «Мерейлі отбасы» байқауымен құттықтаймын. Менің Жар лығыммен қыркүйектің екінші жексенбісі былтыр «Отбасы күні» мерекесі болып белгіленді. Бақытты балалық шақ пен алаң сыз қарттық, әрбір шаңырақтың шаттығы – «Қазақстан2050» Стратегиясының ең басты мақсаттарының бірі. Отбасы – берекебірліктің қайнар көзі. Отбасының бірлігі – Отанның бірлігі, ағайынның татулығы – Атамекеннің тұтастығы. Біз жас ұрпақтың білімді, дені сау болуы, әрбір некенің мызғымас берік болуы, қарттардың зейнетті өмір кешуі үшін барлық жағдайды жасап келеміз. Бұл демографиялық ахуалға оң әсерін тигізуде. Тәуелсіздік кезеңінде елімізде 6 мил лионнан астам сәби дүниеге келді. Соң ғы жылдары халқымыздың саны 14,8 миллионнан 17 миллионға артты. Тек өткен 1 жылдың өзінде 254 мың адамға көбейдік. Салыстыру үшін айтар болсақ, бұл тұтас Қостанай қаласының халық санымен парапар. Статистика бойынша елімізде әрбір 90 секунд сайын дүние есігін жаңадан ашқан сәбидің іңгәлағаны естіледі. Соңғы 20 жылда елімізде 1000 білім ордасы мен 800 денсаулық сақтау ныса ны салынды. Бұрынсоңды Қазақстанда ешқашан жасалмаған күрделі операция лар қолға алынды. Соның нәтижесінде ел азаматтарының орташа өмір ұзақтығы 70 жастан асты. Біз әлемдегі ең жас ха лықтардың біріміз. Ел тұрғындарының орташа жасы – 26. АҚШта бұл көрсет кіш – 36, Еуропа Одағында 41 жас. Бар лық көрсеткіштер бойынша біз – өсіп, өркендеп келе жатқан жас елміз. Бұл біздің кезінде дұрыс таңдау жасағанымыздың, қазір дұрыс бағытқа бет алғанымыздың айқын көрінісі. қымбатты қазақстандықтар! Салтанатты рәсімге қатысушылар! Мен сіздерді «Мерейлі отбасы» тұңғыш жалпыұлттық байқауының табысты аяқталуымен құттықтаймын! Бұл барлық 17 миллион қазақстандықтардың ортақ салтанаты. Біздің еліміз – бәріміз бірге біртұтас отбасы ретінде құрып жатқан Бейбітшілік пен Келісімнің үлкен де берік Үйі. Онда біздің балаларымыз, немерелеріміз және барлық келер ұрпақ қауіпсіз, молшылықта және әлауқатты өмір сүруі үшін оны ғасырларға арнап тұрғыздық. Әркімнің басында баспанасы, оқуға, денсаулығын нығайтуға, лайықты жұмыс істеуге, дастарқанында ыстық нан болу мүмкіндігін қаладық. Бұл халықта болуы мүмкін ең қымбат дүниелер. Бүгінгі мерекенің терең мәні бар. Біріншіден, жердегі өркениеттің бүкіл хронологиясы – кез келген қоғамның негізі ретіндегі Адамзат Отбасының Ұлы тарихы. Екіншіден, отбасы – өте ұлы құндылық. Мыңжылдықтар мен ғасырлардан бері отбасы әрбір қоғамның ұрпақтанұрпаққа жалғасқан моральдық салттардың, ұлттық дәстүр лердің сақтаушысы болып табыла ды. Үшіншіден, отбасы – өз халқыңа, оның мәдениеті мен тұрмысына деген сүйіспеншіліктің сарқылмас қайнар көзі. Ол атааналар, балалар мен немерелер бақытының призмасы арқылы өтетін патриотизм мен Отанның өркендеуіне деген мәңгілік қамқорлықтың қайнар көзі. Ол ұрпақтардың ғасырлық өзара байланысы. Төртіншіден, ХХІ ғасырда жаһандану дәуірі отбасы мен бақытты неке құндылықтарын прогрестің маңызды шарттары етеді. Оны қазіргі заманғы әлемнің барлық табысты елдерінің тәжірибелері айғақтайды. қымбатты достар! «2050 Стратегиясында» біз әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына ену жөнінде орасан зор мақсат қойдық. Бұл тек ісқимыл жоспары ғана емес. Біз ел болашағының, әрбір отбасы бола шағының бағдарын көрсетіп отырмыз. ХХІ ғасырдың ортасында отбасыларының басым көпшілігі тыныштық пен молшылықта өмір сүрген елдер ең дамыған мемлекеттер болып шықпақ. Олар балаларын тәрбиелеп, оларға сапа лы білім беріп, аға буынға қамқорлық та нытып, саламатты өмір салтын ұстанбақ. Қазақстанды жасампаздандыра және нығайта отырып, қысқа мерзімде ора сан зор жұмыстар тындырдық. Біз елді өзгерттік, бүгінде көзқарастары мен болашаққа ұмтылыстары жаңаша мүлде жаңа буын өсіп келеді. Тәуелсіздік жыл дары ішінде, қиындықтар мен жаһандық дағдарыстарға қарамастан, қазақ стандықтар табысы 16 еседен астамға артты. Мемлекеттің білім беру мен денсаулық сақтауға қаржылай шығын дары 10 есеге ұлғайды. Біз қазақстан дықтардың сенімді жұмысы және лайықты еңбекақылары болуы үшін ин дустрияландыруды жүргізудеміз, жаңа кәсіпорындар салудамыз. Шағын және орта бизнеске қолдау жасау арқылы біз өз істерін жүргізіп жатқан жүздеген мың қазақстандық отбасылары үшін жаңа мүмкіндіктер ашудамыз. Біз тұрғын үй құрылысы бағдар ла масын жүзеге асырып жатырмыз. Бүгінде Қазақстанда жыл сайын шама мен алты миллион шаршы метр тұрғын алаңдар іске қосылады. Бұл өте атап көрсетерліктей цифрлар. Оның үстіне, ХХІ ғасырда әлем бұрынғыдан бетер күрделенуде. Онда не болып жатқанын өздеріңіз қараңыздар! Көптеген елдердің экономика мен мәдениетке мұршалары да жетпей жатыр! Өйткені, онда ең бастысы – Бейбітшілік, Келісім мен Қауіпсіздік жоқ! БҰҰның бағалауынша, әлемде 100 миллионнан астам үйсіздер бар. 12 мил лион бала баспанасыз өмір сүруде. 1,5 миллион адам электр қуаты, су құбыры мен канализациясы жоқ лашықтарда өмір сүруде. Ал бізде соңғы жылдары жүздеген мың отбасы өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартты. Осының бәрі біздің тек өз азаматтарымыздың әл ауқаты туралы ғана ойлап, дұрыс бағыт таңдағанымыздың және бәрін дұрыс жа сап жатқандығымыздың ең бір сенімді дәлелі. Біз бұл жұмыстарды жалғастыра беретін боламыз. Біздің табысты алға басу формуламыз әр отбасының әлауқаты – ол бүкіл Қазақстанның өркендеуі мен та бысы деп аталатын қарапайым ақиқатқа негізделген. мемлекет басшысының «мерейлі отбасы» ұлттық байқауы жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзі «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпазы бИМА- ХАнбеТОВТер отбасына ша- ғын әмбебап автобустың кілтін елбасы өз қолымен табыстады. Мұндай айтулы мемлекеттік ша рада отбасының осынша құрметке бөленіп, абыройы асқақтай түскеніне Бимаханбетовтер әулеті дән риза. Әсіресе, осынау жасқа келгенде Елба сы қолынан сый алып, қуанышқа кенелгеніне отағасы Елтай ақсақал ай рықша шаттанды. «Құрметті, аса қадірлі, мәртебелі Елбасы, айналайын Нұрсұлтан Әбіш ұлы! 83 жасқа келгенде осындай жа рысқа қатысып, Сіздің қолыңыздан сыйсыяпат алу маған – үлкен қуаныш, зор бақыт. Енді алдағы уақытта да еліміздегі әрбір отбасы Отанымызды шын сүйетін ұл мен қыз тәрбиелеп, біздің жолымыздың жұғысты болуын тілеймін. Құрметті көпшілік қауым! Әлемдегі мерейлі де әділетті мемлекет біздің ел, ол – Қазақстан. Әділін айтуымыз керек, барлық мемлекеттің Президентін біздің Елбасымен салыстырғанда айырмасы аспан мен жердей. Бұл – шындық. Сол үшін біз Елбасымен мақтануымыз, қуануымыз керек. Елбасымыздың қамқорлығының арқасында халықтың әлауқаты күнненкүнге артуда», деді Елтай Бимаханбетұлы. Одан әрі сөзін жүректен шыққан жыр жолдарымен жалғады. «Артта қалып қиын күндер жырақ тым, Ата болған өмірімді ұнаттым. Немере мен шөберелер болады, Өте шырын, кәусарындай бұлақтың. Елбасымыз құрметтеп жатқанда, Нақ төрінде тұрғандаймын жұмақтың. Рахмет, Нұреке! Еңбегіңіздің ра хатын көре беріңіз!», деп ізгі тілегін де жеткізді. Бимаханбетовтер отбасы 8 ұлқыз тәрбиелеп, олардан 33 немере мен 10 нан астам шөбере сүйіп отыр. Отағасы Елтай Бимаханбетұлы – мәдениет сала сының ардагері. Түркістан қаласының құрметті азаматы. Тақырыптың жалғасы 3-4-5-беттерде. тағайындау Мемлекет басшысының Өкімімен Олег Алек сандрович Смоляков Қазақстан Республикасы Ұлт тық банкі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. татарстан Президентімен кездесті кеше қазақстан республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы қасым-Жомарт Тоқаев Татарстан Президенті рустам Миннихановпен кездесті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Мейманмен кездесуде Сенат Төрағасы Р.Минни хановқа Татарстанның Астанадағы күндерінің табысты өтуіне тілектестігін білдірді. Қ.Тоқаев Ресей Федерациясының алдыңғы қатардағы әрі экономикалық дамыған субъектілерінің бірі болып табылатын Татарстанмен қарқынды және көптарапты ынтымақтастықты дамытуға Қазақстанның мүдделі екенін атап өтті. Жүздесушілер қазақ пен татар халықтарының байла ныстарын нығайту көптеген жағдайларда олардың ортақ тарихимәдени мұралары мен рухани құндылықтарының тамырластығымен айқындалатынын айтты. Татарстан Президенті Сенат Төрағасын Қазанға келіп қайтуға шақырды. Тараптар Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау Қазақстан мен Татарстанның сыртқы экономикалық байланыстарын ықпалдастыру үшін күшті серпін беретінін атап көрсетті. елбасының арнайы Жар- лығымен, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық- демографиялық саясат жөнін- дегі ұлттық комиссияның ұйым- дастыруымен еліміздің он төрт облысы мен Астана және Алматы қалаларын қамтыған «Мерейлі от- басы» ұлттық байқауы мәреге жетті. кеше елордадағы «қазақстан» орталық концерт залында әр облыс пен Астана және Алматы қалалары бойынша жеңімпаз атанған он алты отба- сын марапаттау салтанаты өтті. үлкен жиынды ашып берген қазақстан республикасының Президенті нұрсұлтан назарбаев отбасы институтын нығайту, қоғамда отбасы құндылығын дәріптеу, мерейлі де сыйлы от- басыларды үлгі-өнеге ету арқылы өскелең ұрпақты ізгілікке тәрбиелеу туралы сөзін төмендегіше өрнектеді. Суретті түсірген ерлан ОМАрОВ. Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауы жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты.
14

20 қыркүйек Сенбі марапаттау 2014 ЖыЛ рәсіміне қатысты ...мүмкін ең қымбат дүниелер. Бүгінгі мерекенің

Aug 22, 2020

Download

Documents

dariahiddleston
Welcome message from author
This document is posted to help you gain knowledge. Please leave a comment to let me know what you think about it! Share it to your friends and learn new things together.
Transcript
Page 1: 20 қыркүйек Сенбі марапаттау 2014 ЖыЛ рәсіміне қатысты ...мүмкін ең қымбат дүниелер. Бүгінгі мерекенің

(Соңы 2-бетте).

№184 (28407)20 қыркүйек

Сенбі2014 ЖыЛ

БейБітшілік, тұрақтылық,өркендеген ел үшін елБасына

ерен алғыс айтамыз!

ОтБасының Бірлігі – Отанның Бірлігінұрсұлтан назарБаев:

қымбатты отандастар!Баршаңызды елімізде тұңғыш рет

ұйымдастырылған «Мерейлі отбасы» байқауымен құттықтаймын. Менің Жар­лығыммен қыркүйектің екінші жексенбісі был тыр «Отбасы күні» мере кесі болып белгіленді. Бақытты балалық шақ пен алаң­сыз қарттық, әрбір шаңырақтың шаттығы – «Қазақстан­2050» Стратегиясының ең басты мақсаттарының бірі.

Отбасы – береке­бірліктің қайнар көзі. Отбасының бірлігі – Отанның бірлігі, ағайынның татулығы – Атамекеннің

тұтастығы. Біз жас ұрпақтың білімді, дені сау болуы, әрбір некенің мызғымас берік болуы, қарттардың зейнетті өмір кешуі үшін барлық жағдайды жасап келеміз. Бұл демографиялық ахуалға оң әсерін тигізуде.

Тәуелсіздік кезеңінде елімізде 6 мил­лионнан астам сәби дүниеге келді. Соң­ғы жылдары халқымыздың саны 14,8 миллионнан 17 миллионға артты. Тек өткен 1 жылдың өзінде 254 мың адамға көбейдік. Салыстыру үшін айтар болсақ, бұл тұтас Қостанай қаласының халық

санымен пара­пар. Статистика бойынша елімізде әрбір 90 секунд сайын дүние есігін жаңадан ашқан сәбидің іңгәлағаны естіледі.

Соңғы 20 жылда елімізде 1000 білім ордасы мен 800 денсаулық сақтау ныса­ны салынды. Бұрын­соңды Қазақстанда ешқашан жасалмаған күрделі операция­лар қолға алынды. Соның нәтижесінде ел азаматтарының орташа өмір ұзақтығы 70 жастан асты. Біз әлемдегі ең жас ха­лық тардың біріміз. Ел тұрғындарының орта ша жасы – 26. АҚШ­та бұл көрсет­кіш – 36, Еуропа Одағында 41 жас. Бар­лық көрсеткіштер бойынша біз – өсіп, өркендеп келе жатқан жас елміз. Бұл біздің кезінде дұрыс таңдау жасағанымыздың, қазір дұрыс бағытқа бет алғанымыздың айқын көрінісі.

қымбатты қазақстандықтар!Салтанатты рәсімге қатысушылар!Мен сіздерді «Мерейлі отбасы»

тұңғыш жалпыұлттық байқауының табыс ты аяқталуымен құттықтаймын! Бұл барлық 17 миллион қазақстандықтардың ортақ салтанаты.

Біздің еліміз – бәріміз бірге біртұтас отбасы ретінде құрып жатқан Бейбітшілік пен Келісімнің үлкен де берік Үйі. Онда біздің балаларымыз, немерелеріміз және барлық келер ұрпақ қауіпсіз, молшылықта және әл­ауқатты өмір сүруі

үшін оны ғасырларға арнап тұрғыздық. Әркімнің басында баспанасы, оқуға, денсаулығын нығайтуға, лайықты жұмыс істеуге, дастарқанында ыстық нан болу мүмкіндігін қаладық. Бұл халықта болуы мүмкін ең қымбат дүниелер.

Бүгінгі мерекенің терең мәні бар. Біріншіден, жердегі өркениеттің бүкіл хронологиясы – кез келген қоғамның негізі ретіндегі Адамзат Отбасының Ұлы тарихы. Екіншіден, отбасы – өте ұлы құндылық. Мыңжылдықтар мен ғасырлардан бері отбасы әрбір қоғамның ұрпақтан­ұрпаққа жалғасқан моральдық салттардың, ұлттық дәстүр­лердің сақтаушысы болып табыла­ды. Үшіншіден, отбасы – өз халқыңа, оның мәдениеті мен тұрмысына деген сүйіспеншіліктің сарқылмас қайнар көзі. Ол ата­аналар, балалар мен немерелер бақытының призмасы арқылы өтетін патриотизм мен Отанның өркендеуіне деген мәңгілік қамқорлықтың қайнар көзі. Ол ұрпақтардың ғасырлық өзара байланысы. Төртіншіден, ХХІ ғасырда жаһандану дәуірі отбасы мен бақытты неке құндылықтарын прогрестің маңызды шарттары етеді. Оны қазіргі заманғы әлемнің барлық табысты елдерінің тәжірибелері айғақтайды.

қымбатты достар!«2050 Стратегиясында» біз әлемнің

ең дамыған 30 елінің қатарына ену жөнінде орасан зор мақсат қойдық. Бұл тек іс­қимыл жоспары ғана емес. Біз ел болашағының, әрбір отбасы бола­шағының бағдарын көрсетіп отырмыз. ХХІ ғасырдың ортасында отбасыларының басым көпшіліг і тыныштық пен молшылықта өмір сүрген елдер ең дамыған мемлекеттер болып шықпақ. Олар балаларын тәрбиелеп, оларға сапа­лы білім беріп, аға буынға қамқорлық та­нытып, саламатты өмір салтын ұстанбақ.

Қазақстанды жасампаздандыра және нығайта отырып, қысқа мерзімде ора­сан зор жұмыстар тындырдық. Біз елді өзгерттік, бүгінде көзқарастары мен болашаққа ұмтылыстары жаңаша мүлде жаңа буын өсіп келеді. Тәуелсіздік жыл­дары ішінде, қиындықтар мен жаһандық дағдарыстарға қарамастан, қазақ­стандықтар табысы 16 еседен астамға артты. Мемлекеттің білім беру мен денсаулық сақтауға қаржылай шығын­дары 10 есеге ұлғайды. Біз қазақстан­дықтардың сенімді жұмысы және лайықты еңбекақылары болуы үшін ин­дустрияландыруды жүргізудеміз, жаңа кәсіпорындар салудамыз. Шағын және орта бизнеске қолдау жасау арқылы біз өз істерін жүргізіп жатқан жүздеген мың қазақстандық отбасылары үшін жаңа мүмкіндіктер ашудамыз.

Біз тұрғын үй құрылысы бағдар­ла масын жүзеге асырып жатырмыз. Бүгінде Қазақстанда жыл сайын шама­мен алты миллион шаршы метр тұрғын алаңдар іске қосылады. Бұл өте атап көрсетерліктей цифрлар. Оның үстіне, ХХІ ғасырда әлем бұрынғыдан бетер күр деленуде. Онда не болып жатқанын өздеріңіз қараңыздар! Көптеген елдердің экономика мен мәдениетке мұршалары да жетпей жатыр! Өйткені, онда ең бастысы – Бейбітшілік, Келісім мен Қауіпсіздік жоқ!

БҰҰ­ның бағалауынша, әлемде 100 миллионнан астам үйсіздер бар. 12 мил­лион бала баспанасыз өмір сүруде. 1,5 миллион адам электр қуаты, су құбыры мен канализациясы жоқ лашықтарда өмір сүруде. Ал бізде соңғы жылдары жүздеген мың отбасы өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартты. Осының бәрі біздің тек өз азаматтарымыздың әл­ауқаты туралы ғана ойлап, дұрыс бағыт таңдағанымыздың және бәрін дұрыс жа­сап жатқандығымыздың ең бір сенімді дәлелі. Біз бұл жұмыстарды жалғастыра беретін боламыз. Біздің табысты алға басу формуламыз әр отбасының әл­ауқаты – ол бүкіл Қазақстанның өркендеуі мен та­бысы деп аталатын қарапайым ақиқатқа негізделген.

мемлекет басшысының «мерейлі отбасы» ұлттық байқауы жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзі

«Мерейлі отбасы» ұлттық бай қауының жеңімпазы бИМА-ХАнбеТОВТер отбасына ша-ғын әмбебап автобустың кілтін елбасы өз қолымен табыс тады.

Мұндай айтулы мемлекеттік ша­рада отбасының осынша құрметке бөленіп, абыройы асқақтай түскеніне Бимаханбетовтер әулеті дән риза. Әсіресе, осынау жасқа келгенде Елба­сы қолынан сый алып, қуанышқа кенел геніне отағасы Елтай ақсақал ай­рықша шаттанды.

«Құрметті, аса қадірлі, мәртебелі Елбасы, айналайын Нұрсұлтан Әбіш­ұлы! 83 жасқа келгенде осындай жа­рыс қа қатысып, Сіздің қолыңыздан сый­сыяпат алу маған – үлкен қуаныш, зор бақыт. Енді алдағы уақытта да елі міз дегі әрбір отбасы Отанымызды шын сүйетін ұл мен қыз тәрбиелеп, біз дің жолымыздың жұғысты болуын тілеймін.

Құрметті көпшілік қауым! Әлемдегі мерейлі де әділетті мемлекет біздің ел, ол – Қазақстан. Әділін айтуымыз керек, барлық мемлекеттің Президентін біздің

Елбасымен салыстырғанда айырмасы аспан мен жердей. Бұл – шындық. Сол үшін біз Елбасымен мақтануымыз, қуануымыз керек. Елбасымыздың қамқорлығының арқасында халықтың әл­ауқаты күннен­күнге артуда», деді Елтай Бимаханбетұлы. Одан әрі сөзін жүректен шыққан жыр жолдарымен жалғады.

«Артта қалып қиын күндер жырақ тым,

Ата болған өмірімді ұнаттым.Немере мен шөберелер болады, Өте шырын, кәусарындай бұлақтың. Елбасымыз құрметтеп жатқанда, Нақ төрінде тұрғандаймын

жұмақтың.Рахмет, Нұреке! Еңбегіңіздің ра­

хатын көре беріңіз!», деп ізгі тілегін де жеткізді.

Бимаханбетовтер отбасы 8 ұл­қыз тәрбиелеп, олардан 33 немере мен 10­нан астам шөбере сүйіп отыр. Отағасы Елтай Бимаханбетұлы – мәдениет сала­сының ардагері. Түркістан қаласының құрметті азаматы.

Тақырыптың жалғасы 3-4-5-беттерде.

тағайындауМемлекет басшысының Өкімімен Олег Алек­

сандрович Смоляков Қазақстан Республикасы Ұлт­тық банкі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

татарстан Президентімен кездесті

кеше қазақстан республикасы Пар ламенті Сенатының Төрағасы қасым-Жо март Тоқаев Татарстан Президенті рустам Миннихановпен кездесті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Мейманмен кездесуде Сенат Төрағасы Р.Минни­хановқа Татарстанның Ас танадағы күндерінің табысты өтуіне тілектестігін білдірді.

Қ.Тоқаев Ресей Федерациясының алдыңғы қатар дағы әрі экономикалық дамыған субъекті лерінің бірі болып табылатын Татарстанмен қарқынды және көптарапты ынтымақтастықты дамытуға Қазақстанның мүдделі екенін атап өтті.

Жүздесушілер қазақ пен татар халықтарының байла­ныстарын нығайту көптеген жағдайларда олардың ортақ тарихи­мәдени мұралары мен рухани құндылықтарының тамырластығымен айқындалатынын айтты.

Татарстан Президенті Сенат Төрағасын Қа зан ға келіп­қайтуға шақырды.

Тараптар Еуразиялық экономикалық одақ ту ралы шартты ратификациялау Қазақстан мен Татар стан ның сыртқы экономикалық байланыс тарын ықпалдастыру үшін күшті серпін беретінін атап көрсетті.

елбасының арнайы Жар-лығымен, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнін-дегі ұлттық комиссияның ұйым-дастыруымен еліміздің он төрт облысы мен Астана және Алматы қалаларын қамтыған «Мерейлі от-басы» ұлттық байқауы мәреге жетті.

кеше елордадағы «қазақстан» орталық концерт залында әр облыс пен Астана және Алматы қалалары бойынша жеңімпаз атанған он алты отба-сын марапаттау салтанаты өтті. үлкен жиынды ашып берген қазақстан республикасының Президенті нұрсұлтан назарбаев отбасы институтын нығайту, қоғамда отбасы құндылығын дәріптеу, мерейлі де сыйлы от-басыларды үлгі-өнеге ету арқылы өскелең ұрпақты ізгілікке тәрбиелеу туралы сөзін төмендегіше өрнектеді.

Суретті түсірген ерлан ОМАрОВ.

Кеше Мемлекет басшысы

Нұрсұлтан Назарбаев

«Мерейлі отбасы»

Ұлттық байқауы жеңімпаздарын

марапаттау рәсіміне қатысты.

Page 2: 20 қыркүйек Сенбі марапаттау 2014 ЖыЛ рәсіміне қатысты ...мүмкін ең қымбат дүниелер. Бүгінгі мерекенің

20 қыркүйек 2014 жылwww.egemen.kz2

Құрметті отандастар! Бүгінде бізге отбасын нығайтуда,

ана мен баланы қорғауда, қарттықты лайықты қамтамасыз етуде неғұрлым тиімді мемлекеттік саясат қажет. Біз құрып жатқан Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы Жалпыға Ортақ Əлеуметтік Жауапкершілік Қоғамы болуы тиіс. Əлеу меттік əл-ауқаттың көптеген көрсет-кіштері бойынша Қазақстандағы жағ-дайдың өзгелерге, тіпті əлемнің ең дамыған елдеріне қарағанда, бір шама жақсы болу фактісі біздің тыныш-тануымызға негіз болмауы керек.

Өкінішке қарай, қоғамда орын алып отырған кейбір қолайсыз фактілерді де көзден таса қылуға болмайды. Əңгіме жыл сайын шамамен мың жарымдай қазақстандық балалардың жетімдікке душар болатыны жөнінде болып отыр. Бүгінде Қазақстанда күтімсіз қалған 34 мыңдай жетім балалар мен басқа да ба-лалар бар. Көбінің ата-аналары тірі. 149 мыңдай баланың даму мүмкіндіктері шектеулі, біздің қолдауымызға зəру. 7 мыңнан астам егде жастағы адам-дар қарттар үйінде тұрады, ал олардың көпшілігінің дендері сау жəне табысты балалары бар. Туған балаларын немесе ата-аналарын тастап кету жағдайын қоғам ұятты көрініс ретінде бағалауы керек.

Бұл – біздің жанымызға жат құбы-лыс. Халқымыз əкені асқар тауға бала-ған, алдын кесіп өтпеген. «Жұмақ – ана-ның табанының астында» деп, анасын сыйлаған. «Бала – бауыр етің» деп, ұр-пағына айрықша қамқорлықпен қараған. Біз қандай жаугершілік заманның өзінде жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған елміз. Ата-анасын қарттар үйіне тапсыра-тын қатыгез ұрпақ пен баласынан жеритін көкек ана бізде ешқашан болмаған. Бұл – біздің дəстүрімізге қайшы, салтымызда жоқ əрекет.

Жастық шақта ата-анаңа не көрсетсең, қартайғанда ұрпағыңнан соны көресің. Бұл – халқымыздың өмірлік қағидасы, ғасырлар бойы мызғымаған отбасылық құндылықтарының негізі. Ата-анаға құрметпен қарап, алаңсыз қарттық сый-лау, ұрпаққа қамқорлық жасау – əрбір адамның қасиетті борышы.

Бізді халық арасында нашақорлық пен алкоголизмнің тарау деңгейі, ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар саны алаң-датпай қала алмайды.

Бүгінде жастар бойында моральдық-өнегелілік жəне рухани құндылықтарды қалыптастыру көкейкесті проблема бо-лып отыр. Тіпті қолайлы деген отбасылар балалары мен жеткіншектері де күмəнді жалған діни ағымдар ықпалына түсіп кетіп жатады.

Бұл уақыттың сын-қатері. Сондықтан олар мемлекет пен қоғамнан жүйелі ша-ралар қабылдауды талап етеді.

Бірінші. Қазақстан Республикасында 2015-2020 жылдарға дейінгі отба сылық қарым-қатынастарды, мо ральдық-эти калық жəне рухани өнеге лілік құндылықтарды нығайту жөніндегі

іс-ша ралардың жалпыұлттық жос парын əзірлеу қажет. Ол қоғамдық бір лес-тіктер дің, БАҚ-тың қатысуымен жұмыс-тардың бүкіл кешендерін қарастыруы тиіс. Президент Əкімшілігі мен Үкіметке екі ай мерзімде ұсыныс енгізуді тапсы-рамын.

Екінші. Президент жанындағы Əйел-дер ісі жəне отбасылық-демографиялық сая сат жөніндегі ұлттық комиссия осы маңызды жұмыстың басты ойлау орталығы мен жан дүниесіне айналуы тиіс. Комиссия құрамын нығайтып, оның жұмысына азаматтық қоғамның беделді өкілдерін қосымша тарту қажет. Осы мəселені ойластыруды Президент Əкімшілігіне тапсырамын.

Үшінші. Отбасылық-некелік қа ты на с-тар, бала құқықтары, бала тəрбиелеудегі ата-аналар жауапкер шілігін арттыру,

қартайған ата-аналарды кəмелет жастағы балалармен қамтамасыз ету туралы заңнамалық базаны одан əрі дамыту. Қарт адамдар жұмысқа тұрғанда, жасы-на байланысты қысым көрсетудің басқа да түрлерінен қорғаудың заңнамалық тетіктерін енгізу мəселесін қарастыру керек. Жетім балаларды асырап алған жəне тəрбиелеп отырған азаматтар үшін қолайлы құқықтық ортаны күшейту қажет. Мұндай отбасылар мемлекет пен қоғамдық бірлестіктердің жан-жақты көмек көрсететін нысанына айналуы тиіс. Жыл сайын жетімдер үйлерінен балаларды асырап алатын адамдар санының өсіп келе жатқаны қуантады. Отбасындағы патронаждық тəрбие, күтім мен қамқорлыққа алу тəжірибесін кеңейту үшін заңнамалық негізді нығайту қажет. Көптеген елдерде қамқорлықсыз

қалған балаларды уақытша орналасты-ратын «қонақжай отбасылар» тəжірибесі бар. Біз де осы тəжірибені ескеруіміз керек.

Төртінші. Отбасын, ананы, ба-ланы жəне адамдардың қарттығын лайықты қамтамасыз етуді қолдау инфрақұрылымын жоспарлы түрде дамыту. Бірінші кезекте қоғамдық негізде Бала құқы жөніндегі уəкіл ин-ститутын құру мəселесін қарастыруды тапсырамын. Қамқорлықсыз қалған жетім балалардың бірегей жалпыұлттық мəліметтер базасын қалыптастыру қажет. Жас отбасыларға, жалғыз басты аналарға, балаларға, қарт адамдарға жан-жақты ықпал жасау жөнінен мемлекет-жеке меншік əріптестігі негізінде жұмыс істейтін институттар желісін дамыту қажет.

Бүгінде біздің елімізде жаңа босанған аналар үшін – «Аналар үйі» дағдарыстық орталықтар желісін құру тəжірибесі бар. Осы бастаманы қолдау қажет. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мекемелерді дамыту – айрықша мəселе. Үкімет пен өңір əкімдері алдына 2015 жыл ішінде мүгедек балаларға арналған арнаулы мектептерді мультимедиялық оқыту құралдарымен, интерактивті тақталармен 100 пайыз жарақтандыруды қамтамасыз етуді тапсырамын.

Бесінші. Отбасылық-өнегелілік құндылықтарды нығайту жөніндегі ақпараттық жұмыстарды күшейту қажет. Қоғамда маскүнемдік пен алкоголизм, темекі шегу мен нашақорлық, отбасылық борышқа жауапсыз қарау, үлкендерді сыйламау сияқты теріс көріністерге төзбестік ахуалын үнемі тудырып оты-ру маңызды. Барлық БАҚ-тарды осы жұмысқа белсенді қосылуға, нағыз ынтымақты жəне топтасқан отбасылар үлгілерін кеңінен көрсетуге шақырамын.

Бүгінде мемлекет адал да лайықты еңбек үшін барынша қолайлы жағдайлар жасауда. Бұл əр отбасы тұрақтылығының өзегі. Бізде жұмыспен қамту əлемдегі ең үздік көрсеткіштердің қатарында. Біздің «2050 Стратегиямыздың» нақ ортасында – Еңбек адамы тұр. Олар нақты іспен – фермерлікпен айналысу-шылар, үй салушылар, автомобильдер құрастырушылар, балаларды оқытып, науқастарды құтқарушылар, астық өсірушілер – басқалардан əлдеқайда бақыттырақ. Тек өзіңнің адал еңбегіңмен тапқаның ғана пайдаға асады. Оның бəрі ғылыммен дəлелденген. Болашақтың өз жұмысына, инновацияларға, индус трия-ландыруға берілген патриоттарда екеніне сенімдімін.

Біздің жеріміз ұлы да үлкен. Ал халық меймандос жəне ізетті. Қонаққа бару-ды, сауда жасауды, жаңа жұмыс іздеуді қалайды. Сондықтан біз жаңа жолдар салудамыз. Біз 40 мың шақырымнан астам автожолдар, 2500 шақырымнан астам теміржолдар салдық. Бұл жұмыс жалғаса беретін болады. Біз ешқашан бұлайша жол салған емеспіз. Мұның бəрі қазақстандықтардың бір-бірімен тығыз араласуы үшін, жол жүріп, сауда жасауы үшін салынуда. Бірде-бір өңір Астанадан алыс болмауы үшін, Қазақстан оның əрбір отбасы мен біздің əрбір азамат үшін барлық ғасырларда да туған жəне қолайлы үйге айналуы үшін жасалуда.

Қымбатты отандастар!«Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса

игі» дейді халқымыз. Əулеттің ізгілікті жолын жалғастырған ұрпақ – ең мерейлі ұрпақ. Бүгін бір ғана отбасы жеңімпаз атанбайды. 16 аймақтық конкурстан үздік шыққан əулеттердің қай-қайсысы да еліміздегі ең мерейлі отбасылар, бар-ша Қазақстанның мақтанышы.

Мен аймақтарды жиі аралаймын. Жақында ғана бірнеше облыста ісса-пармен болып қайттым. Өңірлерде жаңа жұмыс орындары ашылып, халықтың əл-ауқаты көтеріліп, тіршілік қайнап жатыр. Осының бəрі елдегі тұрақтылық пен тыныштықтың арқасында жасалу-да. Шаңырақтағы жарастық та тек қана сыйластық пен татулық арқылы орнай-ды. «Қазақстан-2050» Стратегиясының аясында біз осындай отбасылық құндылықтарды нығайтып, дəріптей түсетін боламыз. Мерейіміз əрдайым үстем болсын! Еліміз даму көгінде жарқырап, жайнай берсін! Басымыз аман, бауырымыз бүтін болсын!

Құрметті қазақстандықтар!Бүгін біз тұңғыш «Мерейлі отба-

сы» жалпыұлттық байқауының фи-налына қатысу үшін жиналып отыр-мыз. Байқау жақындарға деген үлкен сүйіспеншілік пен қамқорлық тура-лы, өмірдің қиындықтарын жеңе білу туралы, лайықты еңбек етіп, отбасы абыройын құрметтеу туралы əдемі де өмірлік хикаялар сыйлады. Байқауға 15 этностың жəне 34 интернационалды отбасылардың өкілдері қатысты. Олар түрлі кəсіптердегі қазақстандықтар – мұғалімдер, дəрігерлер, өрт сөндірушілер, спортшылар, полицейлер, ғалымдар, фермерлер, энергетиктер, мұнайшылар, теміржолшылар, мəдениет қайраткерлері. Əр отбасының тарихы – қазақстандық өмірдің Үлкен энциклопедиясы. Ең бір лайықты да құрметті отбасылар өңірлік байқаулардың жеңімпаздары атанды. Осы отбасылардың əрқайсысы туралы романдар, повестер жазып, фильм дер жасауға болады.

Сөзінің соңында Елбасы байқауға қатысушылардың бəріне алғысын айтып, баршаға бақыт тіледі, отбасы Отанның ошағы болып қала беретінін қадап көрсетті.

«Əрбір отбасы – шағын мемлекет» деп айтып жүрміз. «Отан отбасынан басталады» деген де ұлағатты сөз бар. Мұндай түсінік əрбір отбасының Отан алдындағы жауапкершілігін күшейтіп, жігерін жанитыны сөзсіз. Өйткені, əркімге өз отбасы ыстық, өз отбасы қымбат. Əркім де өз шаңырағының берекесін тасытып, мерейін өсіру үшін өмір сүреді. Сөйте тұра, ел ішіндегі ең бір құрметті, ардақты, берекелі əулеттерге деген қызығушылық, сон-дай болмаққа ұмтылу да адам баласы-на жат емес. Көргенде көз сүйсінетін сүп-сүйкімді немере-шөбересінің орта-сында маңайын шуаққа бөлеп отырған ата-əжелер немесе еңбегі арқылы тек үлкен жетістіктерге жетіп қана қоймай, отбасында да сыйластығы жарасқан ерлі-зайыптылар қандай бақытты.

Біз ел ішінде өнегесі мол отбасылар тіпті де көп деп ойлаймыз. Олардың барлығын бір байқаудың аясында на-сихаттау мүмкін емес шығар. Сол үшін «Мерейлі отбасы» байқауын одан əрі жалғастыру туралы Əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық сая-сат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Махаббат Бекбосынова осыдан екі-үш күн бұрын өткізілген брифингте мəлімдеген болатын. Ал алғашқы байқаудың жеңімпаздарын ма-рапаттау өз дəрежесінде, ел күткендей болғанын да айту маңызды. Осы жерде байқаудың алғашқы екі кезеңіндегі, яғни аудандық жəне облыстық деңгейдегі жеңімпаздарын арнайы комиссия анықтаған болса, үшінші республикалық кезеңнің жеңімпазы интерактивті дау-ыс берудің нəтижесінде анықталғанын қоса кету орынды. Интерактивті дауыс беру жаз бойы жүргізіліп, қыркүйектің басында тоқтатылған еді.

«Қазақстан» орталық концерт за-лында өткен марапаттауға жиналған көрермендер өте көп болды. Елбасы халыққа арнаған лебізін аяқтаған соң, сахнаға байқаудың жеңімпазы атан-ған Оңтүстік Қазақстан облысының Түр кістан қаласынан келген Бима-ханбетовтер əулеті көтерілді. Қара шаңырақтың отағасы, 82 жастағы ақсақал, мəдениет саласының ардагері Елтай Бимаханбетовке Елбасы өз қолымен «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының лауреаты деген атақты жəне Қазақстанда жасалған «ГАЗель» автокөлігінің кілтін тапсырды. Өз кезегінде Елтай ақсақал да осындай əулет мерейін өсіріп, ата-ананың даңқын асырған айтулы байқауды өткізуге жарлық бергені үшін Елбасына алғысын айтты.

Біздіңше, байқауда жеңімпаз атанған отбасылардың ішінде осалы жоқ. Көпшілік үлгі-өнеге аларлықтай жетістігі бар солардың бірі – көп балалы болса, екіншісі – ата кəсіпті жалғастырушылар, оның ішінде теміржолшы, энергетик, педа гогтардың отбасылары, сондай-ақ, өрт сөндірушілер, дəрігерлер, альпи-нистер, мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасылары да бар. Кеште бұл отбасылардың барлығы да марапатталды. Олардың бəрі елімізде шығарылған «Нива» автокөлігіне ие болды.

Кеш еліміздің өнер жұлдыздарының концертіне ұласты. Жұбаныш Жек-сенұлы, «МузАрт» тобы, Қарақат Əбілдина, Жанар Доғалова сынды та-нымал əншілер өнер көрсетті. Ал шара соңында «Қазақстан» орталық концерт залының алдындағы алаңқайға қойылған он алты көліктің жанына жиналған жеңімпаз отбасыларды Елбасы жеке-жеке құттықтап, əрқайсысына жылы лебізін арнады.

ОТБАСЫНЫЅ БІРЛІГІ – ОТАННЫЅ БІРЛІГІ

-----------------------------------------Суреттерді түсіргендер

С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

(Соңы. Басы 1-бетте).

Page 3: 20 қыркүйек Сенбі марапаттау 2014 ЖыЛ рәсіміне қатысты ...мүмкін ең қымбат дүниелер. Бүгінгі мерекенің

20 қыркүйек 2014 жыл www.egemen.kz 3БЕЙБІТШІЛІК, ТЎРАЌТЫЛЫЌ, ҐРКЕНДЕГЕН ЕЛ ЇШІН

ЕЛБАСЫНА ЕРЕН АЛЄЫС АЙТАМЫЗ!Адам – елдіѕ еѕ басты ќўндылыєы

Майра АМАНТАЕВА,Білім жəне ғылым қызметкерлері кəсіподағының төрайымы.

Баланың саналы азамат болып өсуі, мейірімділігі, əлсіздерге қамқор болуы, денсаулығының дұрыс болуы – бəрі-бəрі ата-ананың дұрыс тəрбиесіне байланысты. Сондықтан да, Отанымыздың жақсы адамдарын өсіру жолындағы отбасының рөлі зор. Отбасы дегенде жалғыз ананы ғана ауызға алу бізде жиі кездеседі. Ал шын мəнінде жалғыз ана емес, баланың дұрыс азамат болып қалыптасуына əкенің ықпалы да күшті. Сонымен бірге, отбасындағы ағалары мен апаларының да əсері көп. Баланың ба-уырмал, жанашыр болуы, əсіресе, осы туыстарының əсерімен қалыптасады.

Президенттің осы мəселелердің бəрін ескеріп, отбасы бірлігі мен тəрбиесіне барша елдің, үкіметтің, қоғамдық ұйымдардың на-зарын аударып отырғандығы өте дұрыс іс. Қазір кейбір мемлекеттерде отбасылық құндылықтар жойылып бара жатқанын көріп отырмыз. Мəселен, бір жынысты некелер деген шықты. Бұл – адамгершілік негіздерін бұзуға бағыт алған өрескел істер. Мұндайда халықтың саны өспей, күннен-күнге құрдымға аяқ басары сөзсіз.

Ал бізде, құдайға шүкір, қазір бала саны көбейіп, туудың артып келе жатқанын көзіміз көріп отыр. Тіпті, мектеп-балабақшаларды қанша көп салсақ та олар жет-пей жатыр. Бұл мемлекеттің өсіп, дамып бара жатқанын көрсететін негізгі фактор. Адам – елдің ең басты құндылығы. Осыны көріп, өзім қатты қуанамын.

Табыстылыќ кілті – сыйластыќта

Ербол НҰРҒАЛИЕВ, Шығыс Қазақстан облысы əкімдігі Ішкі саясат басқармасының жетекшісі.

Отбасы құндылықтарына назар аударылып жатқаны өте дұрыс. Өйткені, қай кезде де адам үшін ең бағалы орта – өз отбасы. Отбасын бағаламайтын адамдар болмайтын шығар. Бірақ кейбір жан-дар соның қадіріне жете алмай жатады. Бұл – өте өкінішті жағдай. Аз ғана ғұмырда адам баласы бір-бірімен сыйласып, бір-бірінің қадірін біліп жүруі үшін отбасында мықты тəрбие алған болуы шарт.

«Əке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деп қазақ тегін айтпайды ғой. Əке-шешенің, бауырдың, туған-туыстың қадірін білсең ғана халқыңның қадірін білесің.

Отбасы – адамның рухани қайнары. Біз өз ру-хани қайнарларымызға оралсақ, келешегі мықты ұлт боламыз. Сол үшін бас-ты назарда жас отбасылардың рухани-əлеуметтік жай-күйі тұруы керек деп есептеймін. Олар əлі қалыптасып үлгерген жоқ. Нарық заманының олардың кейбіріне өмірді тек ақшамен өлшетіп жібергені де шындық. Олардың мықты отбасы болып қалыптасуына үлгі-өнеге көрсететін қара шаңырақтар елімізде жетерлік. Біз əрқашан соларды үлгі етуден жалықпайық. «Мерейлі отбасы» байқауы жақсылықтың жаршысы болып қызмет ете берсін.

Мўндай шара жылда ґтуі керек

Алдан СМАЙЫЛ, Мəжіліс депутаты.

Адамның өсуі де, өркендеуі де, қалыптасуы да, бəрі осы отбасындағы тəрбиеге байланысты. Ата-ана балаларын өзара қалай тəрбиелейді, ұлттық тəрбие бере ала ма, бойына адамгершілік қасиеттер сіңіре ала ма, қоғамға, өзінің Отанына, жалпы адамға деген көзқарасын қалыптастыра ала ма? Міне, осының бəрі маңызды.

Абай: «Адамның мінезі өзгермейді деген адамның тілін кесер едім», деген емес пе?! Əрине, адамның өзінің тума, тектік қасиеттері де үлкен рөл атқарады, бірақ соның барлығын бір арнаға салу, адами болмысты дұрыс қалыптастыру – ата-ананың парызы.

Біздің ата-бабаларымыз ешқандай қызық көрген жоқ, ылғи бейнет кешті. Бірақ, сөйте тұра олардың балаларға деген мейірі, өзінің айналасына деген, жалпы адам баласына деген мейірімі ерекше болатын. Қандай қиындық көріп жүрсе де, баланың дұрыс қалыптасуына, дұрыс тəрбие, бойына ұлттық болмысты қалыптастыруға айрықша мəн беретін. Менің көзқарасымша, сол кездегі толқында, одан кейінгі толқында ұлттық қасиеттер бар. Кейін ол ұлттық болмыстар сəл сұйылып бара жатыр. Оның өзіндік себептері де бар. Кеңес кезеңі дедік, кеңестік тəрбие дедік.

Ал бірақ біз қазір тəрбиені мықтап қолға алу кезеңінде тұрмыз. Мына шара соның бір жарқын көрінісі. Осыны ұйымдастыруға ұйытқы болған Елбасына үлкен рахмет!

Їлгілілердіѕ мерейлері їстей берсін

Рысты ОРЫНБЕКҚЫЗЫ, ардагер.

Мен бұл шараға арнайы шақыру билетімен келдім. Өзім тыл ардагерімін. Талай жыл еңбек етіп, өмір көрген біздер, мұндай шаралардың ел үшін қаншалықты маңызды екенін жақсы білеміз. Отбасын қадірлеу, анаға, əкеге құрмет көрсету – үлкен ізеттіліктің белгісі. Ұлы Мұқаң айтқандай, ел боламыз десек бесігімізді түзеу – біздің парызымыз. Ал сол бесік тəрбиесінің белесі отбасында.

Бүгін Елбасының үлгілі отбасыларға өз қолымен автокөліктер кілтін тапсырып, сый-құрметке бөлегенін көзімізбен көріп, тамашаладық. Бұл үшін сондай қуаныштымын. Мұндай отбасыларға деген Елбасының қамқорлығы көптеген отбасы-на үлгі болады деп ойлаймын. Жалпы, отбасы

құндылықтарын бағалай білген, отбасы тəрбиесін бойына сіңірген адам ешқашан жаман болмайды. Оны өмірдің өзі дəлелдеген.

Ал бүгінгідей шара отбасы құндылығының беделін одан ары асқақтата түсті. Мен Елбасына ризамын. Оның еліне, халқына деген қамқорлығына разымын. Алғысым шексіз! Елдің ақжаулықты аналарының бірі ретінде осы байқауға қатысқан барлық мерейлі отбасыларды шын жүрегімнен құттықтағым келеді. Үлгілі отбасылардың мерейлері үстей берсін.

Отанымыздыѕ жетістіктеріне ќуанамын

Фағила ҚАРАҒОЖИНА, 80 жастағы зейнеткер.

Менің жасым 80-ге келді. Татар халқының өкі-лімін, төрт баланың анасымын. Қазақстанда тұр-ғаныма 50 жылдан асты. 40 жылдай сауда саласында еңбек етіп, зейнет демалысына шықтым.

Маған Қазақстанда адам үшін жасалып жатқан жұмыстар ұнайды. Мына, бүгінгі шара да сондайдың бірі деп санаймын. Мемлекеттің отбасыларды қолдап, олардың жақсы үлгілерін халыққа таратып отырғаны өте жақсы іс. Мен өзім жақсы ата-ананың бауырында мейірімділік пен адамгершілікті көріп өскен жанмын. Сондықтан да шығар, қиындық көрген адамды аяп тұрамын. Бір жетім қызды асы-рап, ержеткіздім. Қазір сол қызым сұлулар конкур-

сына қатысып, бірінші орын алды.Баланың бойына не ексең, соның нəтижесін көресің. Мен бүгінгі күні Қазақстанның

жетістіктеріне қуанып, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың істері мен саясатын өте дұрыс деп санаймын. Менің Германияда тұратын туыстарым бар. Солар келіп, қонақ болып кетеді. Астананың сұлулығына, адамдардың жылы қатынасына олар таң қалады. Сіздер бізден əлдеқайда алға кетіп қойыпсыздар деп таңырқайды олар.

Енді Президент балалардың дұрыс тəрбие алуына үлкен көңіл бөліп жатыр. Мына, «Мерейлі отбасы» деген шараның өзі осы мақсатпен өткізілуде деп ойлай-мын. Басқа елдерде мұндай шараның өткізілгенін естіген емеспін.

Бар баќыт отбасынан басталады

Людмила КИРИЛИНСКАЯ,«Шикула» балалар баспасының директоры.

Меніңше, отбасы мерекесі жасалып, оны елдің бірінші басшысының өзі қолдап, қоштап отырғандығының үлкен маңызы бар. Өйткені, барлық адамгершілік құндылықтар жас ұрпақтың санасына отбасында сіңіріледі. Сондықтан бұл ау-қымды шараны елдің болашағын, мемлекеттің ірге-сі нің шайқалмауын көздеген саясат деп ойлаймын.

Біз осы уақытқа дейін адами құндылықтарға көп көңіл аудармай келдік. Əсіресе, кешегі социалистік қоғамдық қатынас өзгергеннен кейін көп нəрсені жоғалттық. Экономикалық дағдарыс жылдарында адами құндылықтар барынша аяққа басылды. Қызы анасын, ұлы əкесін тыңдаудан қалды. Тіпті, олар-

ды түк білмейді, ескі көзқарастағы адам деп санайтын астам пиғыл пайда болды. Ендігі жерде олардың ақыл-кеңестерінің керегі жоқ, тек ақша болса болды деген сияқты жаман əдет қалыптасты. Бұрын жұрттың бəрі таңырқайтын қазақ халқының үлкенді сыйлау, ата-ананы құрметтеу сияқты үлгілі дəстүрлері ұмытыла бастады. Бұлар өзекті өртейтін өкініштер еді.

Бүгінгі күні ел Президентінің бастамасымен сол адами құндылықтардың, жақсы дəстүрлердің бəрі жаңғыртылып, тамаша отбасыларының үлгілері жұртқа көрсетіліп, насихатталып жатыр. Мұны өте пайдалы іс деп санаймын. Əр күн сайын жас ұрпақтың басына жақсы, адами қасиеттерді сіңіріп отырсақ, одан көп нəрсе ұтамыз. Ал мынандай ауқымды шараға бастамашылық танытқан Мемлекет басшысына алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

Рухани инвестицияныѕ жґні бґлек

Жұмагүл СОЛТЫ, жазушы.

Біз – ұлттық негізінен ажырап бара жатқан халықпыз. Ұлттық бастауларымызға оралып, ұлттық болмысымызды қалпына келтіру – қазіргі күннің өзекті мəселелерінің бірі. Соның реті енді келіп жатыр. Оның ретін келтіріп жатқан да Елбасы. Мұндайда рахметтен басқа не айтарсың!

Байқау аудандық, облыстық деңгейлерде өткен еді, енді республикалық деңгейде өтіп отыр. Мұнымен тоқтап қалмай, əрі қарай да жалғаспақ. Ұлағатты ұл, қылықты қыз өсірген саламатты от-басылар насихатталды. Олардың еңбегі, жеткен жетістіктері, отбасындағы сыйластықтары өзгелерге үлгі болатынына сенімдімін. Бірақ, бұл енді тек Ұлттық комиссияның шеңберінде ғана қалып кет-пей, республикалық деңгейдегі барлық ұжымдарда,

жергілікті жерлерде, ауылдарда байқау күйінде болмаса да, басқаша бір мазмұнда ұйымдастырыла берсе, ешкімнің де ұтылмасы анық.

Ұл-қызды отбасы құндылығын насихаттау арқылы тəрбиелеу – келешекке рухани инвестиция құю. Біз, ең алдымен, олардың өзімшіл болмауына барынша күш салуымыз керек деп ойлаймын. Жас отбасылар жалғыз-жарым бала өсірмей, кемінде төрт-бес ба-лалы болып, олар бір-біріне көмек қолын созып, барын бөлісіп жатса қандай ғанибет!

Дер кезінде ўйымдастырылєан байќау

Бейімбет ҮСІПБЕК, Астана қаласы Жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкері.

Біз Елбасының бастамасымен отбасылық құндылықтарды дəріптеп жатырмыз. Осы үшін де Президентке зор алғыс! Бұл дəстүр жалғасуы тиіс. Егер байқасаңыз, қазақ тарихында толық емес от-басы деген ұғым болған емес. Жетім-жесірлерді сол толық отбасылар панасына, қамқорлығына алғаны мəлім. Қазіргідей зар еңіретіп тастап кету фактісі тарихта бар ма? Əйелін, бала-шағасын, ата-анасын тастап кету қазақ үшін сұмдық жағдай санала-тын. Ал қазір мұндай жағдайлар көптеп кездеседі. «Сын түзелмей, мін түзелмейді» дейді халқымыз.

Сондықтан отбасылық құндылықтарды дəріптеген кезде өз ұлтымыздың салт-дəстүрін негізге ала отырып, мақал-мəтелдерін басшылыққа ала отырып жұмыс жасау қажет деп білемін.

Қазақ тарихында атаның, əженің, əке мен шешенің өз орны болған. Əке бала-сына ақыл айту үшін аузы дуалы болуы, ене келінін үйретуі үшін көргенді болуы шарт еді. Ұрпақ сабақтастығы деген сол. Ал аузы арақтан босамайтын əкенің баланың алдында қандай беделі бар? Жастармен бірге ойын-сауыққа қатысатын енені келін тыңдай ма? Бұлар – қазіргі өте нəзік əрі шетін мəселелер. Сондықтан «Мерейлі отбасы» байқауы дер кезінде ұйымдастырылып отыр. Осыдан көпшілік ой түйсе нұр үстіне нұр болар еді.Биігіміздіѕ бірі деп

баєалаймынҚайырбек ҚҰСАЙЫНОВ, кəсіподақ ұйымы төрағасы.

Республиканың барлық өңірінен отбасылық бəйгеде қара үзіп шыққан дүлдүлдерді марапаттап, мадақтап, құрмет көрсету өскен елдің байырғы салт-дəстүрінен тамыры үзілмеген, тағылымы мол жұрттың іс-əрекеті деп бағалар едім. Халқымыз өзінің барлық қуаныш-шаттығын қашанда отбасы, ошақ ұғымдарымен сабақтастырып айтатын болған. Мұның себебі түсінікті. Өйткені, байлық та, бақ та айналып келгенде отбасындағы ынтымақ-бірлікке, тату-тəтті тіршілікке тəуелді.

Ата-бабаларымыздың баяғыда жаңадан шаңырақ көтеріп жатқан жастарға: «Шаңырақтарың берік бол-сын!» деп айтуы, болмаса бір-біріне тілек арнарда: «Отбасың аман болсын, ошағың аман болсын!» деуі

асқан парасаттылықтың, адамгершіліктің өнегесін танытатын пайымдар. Ал енді осы қалыпты қалтқысыз сақтаған халықтың мұндай теңдессіз байлықты аз уақытта жоғалтып алуы əсте мүмкін емес. Елбасы бастап, халық қоштап қолға алынған «Мерейлі отбасы» Ұлттық жобасы сол жолға тыңнан сүрлеу салып отыр. Елбасына осы үшін де үлкен алғыс!

Отбасылар мерекесіне жиналған қауымның жүзінен шаттық, жүрегінен толқу байқалады. Жан-дүниелері айнадай кіршіксіз жандардың мерекесіне ортақтаса алғаныма ризамын. Балаларын адал еңбекке, адамгершілікке, имандылыққа тəрбиелеген отбасылардың өнегелі тірлігін насихаттайтын мемлекеттік шараның бір жылдық болмай, одан əрі жалғаса беретінін естіп қуанып жатырмыз. Бұл да бір жеткен биігіміз деп марқайып қалдық.

Ќыз жауапкершілігі ќашанда жоєары

Тілеубай АХМЕТОВ, байланыс қызметкері.

Елбасы үнемі қыздардың тəрбиесіне көп көңіл бөлу керектігін айрықша бөліп айтады. Өйт кені, келешек ана атанатын, болашақ ұрпаққа жауап-ты бірден-бір тұлға ретінде оларға ер-азамат тарға қарағанда көбірек жауапкершілік артылады. Бұл ғасырлар бойы қалыптасқан халықтық педа го ги ка-ның, дала мəдениетінің ортақ құндылығы саналады.

Өнегелі отбасыларды, көпбалалы, өнерлі от-басыларды насихаттау мақсатында қолға алынған мына шара, əсіресе, өмірдің ащы-тұщысын татпаған өрімдей жастар үшін ауадай қажет деп ойлаймын. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тіке-лей тапсырмасымен «Мерейлі отбасы» Ұлттық кон-кур сының өткізілуі Қазақстандағы қаншама жас

шаңырақтың болаттай берік болуына қызмет ететінін ескерсеңіз, көңілді мұнан да көп көркем ойлар көмкереді.

Елордада тұратын туысқанымыз Кендай Ахметовтің отбасын жеңісімен құттықтап, қуанышына ортақтасу үшін Қарағанды облысы, Балқаш қаласынан арнайы келген жайымыз бар. Жалпы, біздің əулеттен 63 кісі теміржол саласында қызмет атқарған. Ата кəсіпті кейінгі толқыннан да жалғастырушылар табылады. Мұндай мерейлі сəтте Елбасының өзі құттықтап, игі тілекті шын пейілден рия-сыз ақтарып жатқанда, туысқаныңның қолтығынан демеу, марапатына ортақтасу – біздер үшін үлкен парыз.

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.

Сур

етті

түс

ірге

ндер

С.Б

ОН

ДА

РЕН

КО

, Б.О

ТА

РБА

ЕВ

.

Page 4: 20 қыркүйек Сенбі марапаттау 2014 ЖыЛ рәсіміне қатысты ...мүмкін ең қымбат дүниелер. Бүгінгі мерекенің

20 қыркүйек 2014 жылwww.egemen.kz4

...Біз ешқашан бұлайша жол салған емеспіз. Мұның бəрі қазақ-стан дықтардың бір-бірімен тығыз ара ласуы үшін, жол жүріп, сауда жасауы үшін салынуда. Бірде-бір өңір Астанадан алыс болмауы үшін, Қа зақстан оның əрбір отбасы мен біздің əрбір азамат үшін барлық ғасырларда да туған жəне қолайлы үйге айналуы үшін жасалуда.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

НҰРЛЫ ЖОЛ – БƏРІМІЗДІ

Толыбай ЕРЕЖЕПОВ, Жамбыл облысы:– Жамбыл облысынан «Мерейлі отбасы» конкурсында біздің отбасы жеңіп

шыққан еді. Бізді өрт сөндірушілер отбасы деп атайды. Өзім бүкіл саналы ғұмырымды өрт сөндіру ісіне арнап, тілсіз жаумен алысып өткен адаммын. Талай жанды жəне олардың мүліктерін от құрсауынан алып шықтым. Қазір құрметті демалыстамын.

Үш ұлым да өздеріне өмірден өрт сөндіруші қызметін қалады. Үлкен екі ұлым қазір сол қызметтерді атқарып жүрсе, кіші ұлым Көкшетаудағы техникалық институтқа түсіп, өрт сөндірушілер дайындайтын мамандық алуға оқып жатыр.

Мен Елбасының өзі келген шараға қатысқаныма шексіз қуанып тұрмын. Əрбір отбасының қуанышы бүкіл елдің қуанышы екендігі сөзсіз ғой, бүгін біздің тұлпар мінген қуанышымызға бүкіл Қазақстан қуанып тұрғандай. Жаңағы залдан бастап, осы жерге дейін жұрттың бəрі бізді құттықтап жатыр.

Біздің қарапайым отбасымызды осындай дəрежеге жеткізген Елбасы ғой. Сондықтан да біздің Елбасына деген алғысымыз шексіз, аман-сау болып, елімізді жаңа биіктерге көтере берсе екен деп тілейміз. Еліміз аман болып, қарапайым адамдарға жасалатын осындай қуаныштар көп бола берсін.

Асылбек БЕШІМОВ, Атырау облысы:– «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының Атырау облысындағы жеңімпазы

болғанымыз мерейімізді асқақтатты. Отағасы, əкеміз Наурызғали бүгінде 80 жасқа жетіп отыр. Анам екеуі 4 бала өсірді. Қазір бəріміз де мұнай саласында қызмет етеміз. Наурызғали əкеміздің өзі де 47 жыл өмірін мұнай саласына арнаған. Отбасымыздың мұнайшылық өтілі атамыз Бешімнен басталады. Ол алғаш рет 1926 жылы Жылыой ауданындағы Қосшағыл, Төлес кен орындарын ашуға қатысқан. Содан бері əулетіміз мұнай саласынан қол үзбей, тіпті кейінгі буындарымыз, Наурызғали əкеміздің немерелері, біздің балаларымыз да мұнайшы болып келеді.

Астанада болған жиынға əкеміз Наурызғали сəл-пəл сырқаттанып қалғанына байланысты келе алмай қалды. Сондықтан сыйлыққа берілген машинаның кілтін үлкен ұлы ретінде өзім ұстадым. Біз қуаныштан қатты толқып тұрмыз. Елбасының біз сияқты қарапайым отбасының еңбегін жоғары бағалап, бүгін үлкен дəрежелі аренаға шығарып, темір тұлпар мінгізгеніне алғысымыз шексіз.

Əкеміздің тезірек сауығып кеткенін де тілеймін. Бүгін осында əр облыстан жеңімпаз болып келіп, біз сияқты тұлпар мініп жатқан отбасылардың бəріне де бақыт тілеймін. Елімізде осындай қуаныштар көп болсын.

Нұрболат, Гүли СƏНДІБЕКОВТЕР, Батыс Қазақстан облысы:– Батыс Қазақстан облысынан мерейлі конкурстың жеңімпазы болғанымыз

көңіл шалқытады. Біздің отбасымыз – Өзбекстаннан көшіп келген оралмандар отбасы. Өзімнен бастап, келіншегім Гүли жəне 5 баламның бəрі де өнерпаз, түгел қосылып, ауылдық мəдениет үйінің жұмысын жандандырып, атағын алысқа шығарып отырмыз.

Шетелде жүрсек, біз осындай атаққа ілігіп, Президенттің қолынан машина алғандай құрметке бөленуіміз екіталай еді, туған жердің түтіні де ыстық деген осы емес пе? Бұл жерде Елбасына деген алғысым шексіз.

«Өнерлі ел өлмейді, биікке талмай өрлейді» деген бар емес пе, біздің Қазақстан барлық жағынан биікке өрлеп бара жатыр. Бізді «өнерлі отбасы», деп Елбасы сая-сатын жергілікті жерде бұлжытпай жүргізетін облыс, аудан басшылары алақанға салып отыр. Үй де берді, жұмыс та берді. Өзіміз де қолымыздан келгенінше олардың қамқорлығын ақтауға тырысып жатырмыз. «Жайдарман» атты ансамбль де құрдық. Енді, міне, облыстан топ жарып Президенттің өз қолынан ақ тұлпардың кілтін алып отырмыз. Осыдан артық қуаныш бола ма? Нұрсұлтан аға мың жасасын, ол кісіге деген біздің алғысымыз шексіз.

Мақсұт ЖҰМАЕВ, Алматы қаласы: – Зайыбым Ольга Сергеевна да өзім сияқты альпинист-спортшы. Құдай-ау,

біз бағындырмаған шың бар ма əлемде. Қытай, Пəкістан, Непал шыңдарынан асу арқылы ғажайып талай тағдырлармен таныстық, адам аяғы тимеген небір тау-тасты жағалап, тамаша жерлерді көргеніміз өз алдына бір хикая. 8000 метрлік биіктіктегі шыңдарды 14 мəрте бағындырған жайымыз бар екен. Қазақстанның атын альпи-низм саласында алға оздыруға атсалысып жүрген біздердің кəсібімізді одан əрі жалғастыратын сəбилер дүниеге келіп жатыр отбасымызда.

Шаңырақтың шаттығына мəн беріп отырған мына бастамаға бүгін шын жүрегімізден қуанып жатырмыз. Отбасындағы татулық пен берекеге дəл осы біздің Елбасы сияқты көңіл бөліп, жақсылық жасап жатқан басшы жоқ. Құдайға шүкір төбемізде баспанамыз бар. Астымызға, міне, мініңдер деп тағы көлік беріліп жа-тыр. Тегін. Бұдан артық мемлекет қайтіп жарылқайды.

Сүйікті жарым Ольга екеуміз түйдей құрдаспыз, жасымыз 37-де. Кемінде бес бала сүйгіміз келеді. Екі ұлдан кейін үшінші, төртінші, бесінші балалар отба-сы бақытын еселей түсеріне сенімім кəміл. Елордаға көрік беріп тұрған тамаша ғимараттың ішіндегі салтанатты жиынға қатысып отырып, көкейіме көбею керек деген байламды берік түйдім. Елбасы көтерген идеяны сонда ғана жұмыла жүзеге асыра аламыз.

Тұяқ ЕСҚОЖИНА, Алматы облысы:– Адамның жүрегі əрқашан жақсылық жасауға құштар болып тұрады. Меніңше,

адамның жүрегі жақсылық жасағанда тыныштық табатын сияқты. Қаншама адамға қуаныш сыйлап, олардың алғысын алу бір жағынан адамның мəртебесін көтере түспей ме? Бұл тұрғыдан алғанда, «Мерейлі отбасы» байқауының ұйымдастырылуы, оның көптеген адамдарға қуаныш сыйлауы тегін нəрсе емес. Мұны бүгін өтіп, ертең ұмытылатын шаралардың қатарындағы шара деп есептемеймін. Бұл байқау біле-білсе қоғамдағы əрбір жасқа – тəрбие, үлгі-өнеге.

Осы байқаудан ой түйген əрбір жас өнегелі отбасындағы тəрбие балаға ғұмырлық азық болатынын түсінді деп ойлаймын. Осындай игілікті байқауды ұйымдастыруға ұйытқы болғаны үшін Елбасына біздің үлкен отбасымыздың аты-нан алғыс айтқым келеді.

Менің жатсам-тұрсам Алладан тілейтінім, жетім балалар жыламаса екен. Олардың көз жасын көрмесем екем деймін. Əрбір саламатты отбасы жетім бала-ларды асырап алып, олардың саналы азамат болып қалыптасуына атсалысса деп армандаймын.

Ал мына байқауда азды-көпті еңбегіміз еленгені біз үшін зор мəртебе. Еліміздің аспаны ашық болып, адамдары бақытты болсын. Маған тілеулес болған адамдардың барлығына да шын жүректен алғыс білдіремін!

Зейніш МҰҚАШЕВА, Ақмола облысы:– Біз бейбітшіліктің қадірін түсінуіміз керек. Бейбіт елде өмір сүріп, ұрпақ

тəрбиелеп, еңбек етіп жүргенімізге марқаюымыз керек. Өз басым қырық жылдан аса мұғалім болдым. Жалпы, Мұқашевтар əулетінің төрт ұрпағының педагогикалық өтілі – 540 жыл. Біздің əулет жас ұрпаққа сапалы білім, салиқалы тəрбие беруде елімізге қызмет еткеніне, əлі де ететініне өз басым қатты қуанамын.

Адам баласының арманы – қоғамға масыл болмай, оған əйтеуір бір пайдасын тигізу арқылы өзі де көктеу, көркею емес пе? Алты бала өсірдім, тоғыз немерем бар. Өмірдің көптеген белесінен өткенде қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманның куəгері болып отырмын. Мұның өзі мен үшін үлкен қуаныш. Тəуелсіз еліміздің тəуелсіз ұрпақтары өсіп келеді. Енді солардың қоғамды дамытуға атса-лысатын кездері де жақындады. Міне, сол тəуелсіздікте туған балалар отбасының қадірін сезінсе екен.

Отбасы деген жəй ата-ана, ата-əже немесе бала-шаға емес, бұл бір-біріне тығыз байланысты, бір-біріне нұр-шапағатын шашып, өмірлік сүйеу болатын адамдардың ыстық ұясы екенін түсінсе деймін. Міне, біздің отбасымыздың қоғамға сіңірген еңбегі бағаланып жатыр. Бұл үшін біз өте қуаныштымыз. Біз секілді қаншама от-басы бар. Ендігі жерде сол отбасылардың да мерейлі сəтіне куə болатын күндерге жете берейік. Бейбітшілік, татулық, бірлік басты ұстанымымыз бола берсін! Елбасына ризашылығымды білдіремін.

Балаш ТҮСІПҚАЛИЕВ, Ақтөбе облысы:– Біздің болашағымыз – өнегелі отбасы. Сол арқылы мемлекеттің əлеуетін

анықтауға болады. Өз басыма байқаудың «Мерейлі отбасы» деп аталғаны қатты ұнады. Жарнамасының қайта-қайта жасалып, теледидарда, радиода, газет беттерінде насихатталуы жұртшылықты бейтарап қалдырған жоқ. Елеңдескен жұртшылық енді мерейлі, абыройлы отбасы атануға талпынады деп ойлаймын.

Əрине, əркім де өз отбасын абыройсыз санамайды ғой. Дегенмен, осындай деңгейдегі байқаудың ұйымдастырылып, жеңімпаздардың марапатталуы, ең алды-мен, оны сырттан бақылап тұрған адамдарға қатты əсер етіп, өз биігінен де биікке көтерілуге талпындырары сөзсіз.

Бізге келсек, бұл байқауда біз жігерлендік, отбасымның əрбір мүшесі үлкен жауапкершілікті сезінді. Ел-жұртымыздың алдында мерейімізді тасытып жатқан Елбасына зор алғыс, көп рахмет! Ұйымдастырушыларға да ризамыз. Өзім дəрігер болған соң, отбасылық құндылықтарды дəріптеген жандардың барлығына да зор денсаулық тілеймін. Өмірдің барлық белесінен өтіп, өзіңе тиесілі үлесіңді алу үшін ең алдымен мықты денсаулық керек. Байқау жалғаса берсін.

Кендай АХМЕТОВ, Астана қаласы:– «Мерейлі, үлгілі отбасы ретінде танылып, осындай байқауға қатысқанымызға

өте қуаныштымыз. Ал Елбасы берген мына көлікті көріп, көңіліміз одан əрі көтеріліп тұр. Себебі, бұл – біздің отбасымыздың Мемлекет басшысының атынан алып отырған үлкен сыйы. Бұл – біздің отбасымыз үшін үлкен мақтаныш.

«Отбасы мықты болса, мемлекет мықты болады» деген нақыл бар. Біздің Елбасы осыны ескере отырып, бүгінгідей мерекені ұйымдастыруға ұйытқы бол-ды. Отбасы құндылықтарын алға қойып, ел алдында үлгілі отбасылардың мерейін үстеуі – асқан даналық іс. Отбасы мəртебесі мен беделін көтеріп, қоғамдағы отба-сы институтының абыройын нығайтуды көздеген бұл шешім де халық тарапынан биік қолдауға ие болды.

Иə, «Кемеңгер отырған тақ – халықтың маңдайына біткен бақ» деген даналық бүгінде əлемге аты жайылған, экономикасы қарқынды дамыған еңсесі биік еліміз бен сол елдің игілігіне туған біздің Елбасымызға айтылғандай. Ендеше, мен өз отбасымның атынан Президентімізге ел үшін атқарып келе жатқан шексіз, ерен еңбегі үшін алғыс айтамын.

Page 5: 20 қыркүйек Сенбі марапаттау 2014 ЖыЛ рәсіміне қатысты ...мүмкін ең қымбат дүниелер. Бүгінгі мерекенің

20 қыркүйек 2014 жыл www.egemen.kz 5

Жұманғали СƏПИЕВ, Қарағанды облысы:– Қарағанды облысынан конкурста біздің отбасы жеңімпаз атанды. Өмір бойы

кенші болып еңбек еткен мен зайыбым Иринамен төрт ұл тəрбиелеп өсірдік. Соның ішінде Серігім Олимпиада чемпионы болып, қазақ атын əлемге танытты. Қазір ол да үйленіп, екі бала сүйіп отыр.

Мерекеге үлкен отбасымыз тайлы-тұяғымыз қалмай келдік. Елбасының қолынан машинаның кілтін алдық. Мерейтойды ұйымдастырушылардың тəртібі бойынша машина алғандар өздері жүргізе алмаса оны үйлеріне кəсіби жүргізушілер жеткізіп береді екен. Бірақ менің рөлді ешкімге бергім жоқ. Жүргізушілік куəлігім қалтамда, өзім-ақ жүргізіп кетемін.

Мен өзім қарапайым еңбек адамымын. Жұрт қатарлы отбасын құрып, бала-шаға өсірдік. Балаларымды əрқашан адал болып, елдің намысы үшін күресуге үндейтін едім, шүкір, олар менің еңбегімді ақтады. Мына конкурсқа қатысып, облыста бірінші орын алғанымызға қатты қуандық. Осындай керемет мерекені ұйымдастырып, қарапайым адамдарды көтермелеп жатқан Елбасымызға рахметім шексіз. Меніңше, біздің елдің болашағы өте зор, өйткені, бізде барлық халықты бірдей көріп, бəрінің де теңдігі сақталып отырады. Осының өзі, меніңше, нағыз бақытқа бастар жол.

Динара мен Андрей ПАНИЦКИЙЛЕР, Шығыс Қазақстан облысы:– Айналысып жүрген кəсібіміз туралы нақтырақ айтатын болсақ, радиациялық

қауіпсіздік жəне экология институтында жауапты қызмет атқарамыз, радиохимиялық зерттеулер жүргізумен айналысамыз. Ал отбасымызға келсек, төрт бала тəрбиелеп отырмыз. Көпбалалы отбасында тəрбиеленгендіктен, өзіміз де екі-үш баламен шектеліп қалмауға тырыстық.

Баласы көп үйдің бақыты көп деп түйеміз. Біздің осы ойымыздың мемлекеттің мақсатымен үйлескені қандай ғанибет. Бақытты жан екенбіз. Астанадан жаяу-латпай, Қазақстанда құрастырылған су жаңа көлік мініп қайтамыз деген кімнің ойына келіпті?! «Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауы деген белгі басылған аппақ жеңіл машина «Қазақстан» Орталық концерт залы алдындағы алаңда қаздай тізіліп тұрды. Салтанатты жиын аяқталғаннан кейін көліктеріне қол жеткізіп, арқа-жарқа күй кешкен жеңімпаздардың қасына Елбасы келіп, ақ тілегін айтты. Қолымызды қысып, сəттілік тіледі.

Отбасы құндылығын құрмет тұтқан еліміздің ертеңі – балаларымыздың болашағы жарқын боларына шексіз сенген біздің осы бір қуанышты сəтімізді бөліскен барша қауымға, дос-жаранға, туған-туыстарымызға ризашылығымызды жеткізгіміз келеді. Əсіресе, осындай мəртебеге жеткізген Мемлекет басшысына рахмет!

Мейрамбек ƏЛІБЕКОВ, Қызылорда облысы: – Сымбат есімді кішкентай қызымыздың күнделігіндегі: «Мен Нұрсұлтан

Назарбаевпен амандасып, қолын аламын», деген бала қиялына əр ата-ана сияқты біз де əуелі сəби арманы бірден орындала кетеді деп ойлаған жоқпыз. Баланың көңілі періштедей кіршіксіз таза болады емес пе ? Бүгін, міне, сол сəби көңіліндегі ақ желкен арман бізді Сыр елінен Арқаның төсіне тебірентіп жеткізіп отыр. Елбасы көлігіміздің жанына келіп, қуанышымызбен бөлісіп жатыр. Қолымызды қысып, ақ тілегін арнауда. Мұнан асқан адамға қандай бақыт керек.

Республикалық деңгейдегі мерейлі отбасы байқауына бір облыстың атынан додаға түсіп жəне сол сайыста жеңімпаз атанғанымызды естіген жора-жолдаста-рымыз, таныстарымыз хабарласып, телефонның құлағына тыныштық бермеуде. «Қуанышты бөліссең, көбейеді...» деп, бір-бірінің жақсылығына жабыла марқаятын қазақтың лайым мұндай мерекелі сəттері жиі бола бергей деген көкейімдегі тілекті осы шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келген барлық отбасыларға жеткізгім келеді.

Құдай берген жеті перзентіміздің ішінде егіздер, үшемдер бар. Бұл жерде жа-рым Лаураның ана ретіндегі атқарар міндеті орасан зор. Дүниеге сəби əкелген соң ол өзін жəне сол балалардың тəрбиесіне де жауаптымын деп есептейді. Əр қазақ əйелінің мықтылығы жүрегіндегі осы сүйіспеншілігінде шығар.

Нұралы ҚҰЛЫШОВ, Маңғыстау облысы:– «Отан – отбасынан басталады» деп жиі айтылып жатады түрлі жиындарда.

Бірақ, сөз басқа да, соны нақты жүзеге асыру дегенің одан мүлде басқа нəрсе. Еліміздің əр аймағында алты алаштың басын қосып, «Балаларыңа қандай тəрбие беріп жатырсыңдар, олардың ішінде елін, жерін қорғай білетін, шын сүйетін жан-дар бар ма, шаңырағыңдағы шақалақтың жайы қалай?» деп қазіргі ең көкейкесті мəселенің бірі – отбасыға үлкен деңгейде, елдік биіктен мəн берілуін өз басым толық құптаймын.

Бұл орайда, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұстанып отырған саясатын, идеяларын жүзеге асыруға қашанда дайынмын. Бір жағы мұндай шара еліміздің еңсесі түзеліп, өркениетті озық елдердің қатарына қосылып келе жатқанын көрсетеді. Екінші жағынан, ынтымағы жарасқан отбасыларды насихаттаудың өзі үлкен мектеп, өзгелерге өнегелі сабақ болары сөзсіз.

Əйелім Əлия екеуміз екі қыз, бір ұлдан бес немере сүйіп отырмыз. Құдайға мың да бір тəубе, шаңырағымыз сəбилердің шат күлкісіне толы. Адамға аса көп нəрсе керек емес. Аяулы жарың, тəрбиелі ұл-қызың, сүйкімді немерелерінің ортасында денің сау күліп-ойнап тіршілік кешу – адам бақыты осы.

Зейнолла ЖАҢБЫРШИНОВ, Қостанай облысы:– Біздің отбасы 1968 жылдан асыл тұқымды мал өсірумен айналысып келеді.

Осы еңбектің арқасында үлкен жетістікке жеттік. Бес балам, 12 немерем, 1 шөберем бар. Зоотехник, агроном, инженер мамандықтары бойынша балаларымның барлығы да өз маңайымда еңбек етеді.

Олар əжелерінің қолында өсті. Сондықтан «əжелерінің Құдайдан сұрап алған жалғыздары» деп еркелетіп қоямын. Бізде баланы ата-əже тəрбиелейтін жақсы дəстүр бар. Бала мейірімді, көпшіл, ақылды болып өседі. Ата-ана үшін бұл – үлкен мерей. Осы дəстүр бұзылмаса екен деймін. Дəстүр жалғастығы ұлттың болмысының бұзылмауының кепілі.

Қазір өзіміз де немерелерімізді бағып отырмыз. «Балаңның баласы балдан тəтті» деген рас екеніне көзіміз жетті. Отбасымыздың жеңімпаз атанғанына бəріміз қуанышты болдық. Елордаға шақыртып, марапаттағаны үшін Елбасына зор алғысымызды білдіреміз. Осындай байқаулар əрі қарай да жалғасын тауып, лайықты отбасылар жеңіске жете берсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, түтініміз түзу ұшсын! Бастысы барымызды бағалай білейік.

Виктор ТЕРЕНТЬЕВ, Павлодар облысы:– Энергетиктер əулетін жалғастырып келе жатқан отбасы ретінде осын-

дай байқауға қатысып, жеңімпаз атанып отырғанымызға, əрине, біз де өте қуаныштымыз. Ал енді Елбасы қолынан мынандай автокөлікті сыйға алу біз күтпеген құрмет болды. Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысымыз шексіз.

Мəселе бұл көлікті иеленуде ғана емес, оны осындай мерейлі отбасылық байқаудан, əрі Елбасының өзінен алу – біздің отбасы үшін үлкен абырой. Біз бұл жетістігімізді мақтан етеміз. Елбасының біздің отбасыға артқан сенімін бұдан əрі де ақтай түсуге сенім білдіреміз.

Байқауға қатысқан əрбір отбасы Елбасының қамқорлығын сезіне отырып, өздерінің ел келешегін құрудағы жауапкершілігін түсіне түсті деп ойлаймын. Əр отбасы қандай мықты болса, Отанымыздың да іргесі сондай мықты екеніне шүбəм жоқ. Еліміздің мəртебесі жоғары бола берсін! Мемлекет басшысына бүкіл отбасымның атынан тағы да үлкен ризашылығымды білдіре отырып, рахмет ай-тамын.

Руслан ХАРОНҰЛЫ, Солтүстік Қазақстан облысы:– Магомедовтер отбасы ішкі істер органы қызметкерлерінің үлкен əулетінен

тұрады. Біздің отбасымыздың мүшелері 70 жыл бойы ішкі істер органдарында адал қызмет етумен таныла білді. Біздің отбасымыз үшін осы жыл үлкен қуанышты, айрықша жыл болды деп есептеймін.

Мінекей, Елбасының бастамасымен дүниеге келген «Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпазы атанып, зор қошеметке бөленіп отырмыз. Президент аты-нан автокөлікке ие болу – күтпеген таңғажайып сый-сыяпат. Жалпы, бүгін менің қуанышымда шек жоқ. Шаттықтан жүрегім лүпілдеп тұр.

Мені тағы бір қуантқаны – мына Астананың ажары, елордамыздың ерекше келбеті. Мен Ақмола Астана болғалы бұл қалаға келмеген едім, бүгін көріп таң-тамаша қалдым. Жəне де осындай Астанаға келіп, Елбасымен бір жиында болып, одан сый алу қандай керемет!

Одан қалды, Нұрсұлтан Əбішұлының өзі осы жерде əрқайсымыздың жанымызға келіп, хал-жайымызды сұрап, бізді құттықтап шықты. Елбасының кішіпейілдігіне, елге етене жақындығына тағы бір куə болдық. Елбасына шексіз ризамыз. Мұның бəрі біздің сарабдал саясаткер Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегі емей немене?! Біздің Елбасына деген алғысымыз шексіз! Еліміз тыныш, Елбасымыз аман болсын!

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.

БІРІКТІРЕТІН, БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ

Page 6: 20 қыркүйек Сенбі марапаттау 2014 ЖыЛ рәсіміне қатысты ...мүмкін ең қымбат дүниелер. Бүгінгі мерекенің

20 қыркүйек 2014 жылwww.egemen.kz6

ҰЛЫТАУ – ҰЛТТЫҚ

жоқ. Олардың көпшілігі араб-парсы немесе шағатай тілдерінде жазғандықтан, аудармалары көңіл көншітерлік, таралымда-ры жеткілікті дей алмасақ ке-рек. Тіпті, күні кешегі барша-мыз жарыса оқып жүрген, 1910 жылы Қазанда басылып, 90-жыл-дары Алматыда жарияланған Құрбанғали Халидидің «Тауарих хамсасының» («Бес тарих») өзінің шикілігі шығып, қазір қайта дай-ындалу үстінде.

Ресейге қарағанға дейінгі тари-хы мыздың көбі шежіре бойын ша, ауыздан-ауызға көшіп, əр жа ңа буынның жадында сақта лып кел-гені тағы рас. Көшпе лілер дің тү-сінігіне сай, ата-бабаларымыз дың «Жазуға сенген жаңылшақ, оқуға сенген ұмытшақ», деп өзі мен ұр-пағының жадына ғана сенгені тағы өтірік емес. Ол ұрпағының күн -дердің күнінде біреудің ота ры бола-тынын, сөйтіп, олардың жа дындағы тауарихтың қасақана, жос парлы түрде өшірілетінін елдің бə рін өзіндей адал деп ойлай тын қайран бабаларымыз білді ме екен?!

Ал əрбір атаның шежіресі солардың өзіне ғана мəлім дəптер -лерге, қағаздарға жазылып келді. Сондықтан, олар Қ.Халидидің еңбегінде айтылғандай, төбе ба-сына жиналған шежірешілер та-рапынан талқыланып, оң-терісі айтылғанымен, оны құнттап жа-зып отырып, кейін мұқият қайта түзетілгеніне күмəндануға хақы-мыз бар. Осылайша шежірелер де салыстырылмағандықтан, кейде қасақана бұрмаланғандықтан,

анық-қанығы күмəн туғызатындай жағдайда. Ал КСРО кезінде шежіре жазу, оны талқылау мен сараптаудан өткізу, тек ең дұрысын ғана жариялау сынды асыл өнеріміздің өзін жасытып алдық. Күні бүгінге дейін білікті мамандардан құрылған арнайы комиссияның сараптауынан өткен, тарихи дерек ретінде пайдалануға дайын шежіренің болмауы да сондықтан. Тіпті, кəсіби тарихшы-лар шежірені дерек ретінде пайда-ланбайтын, менсінбейтін болды. Одан гөрі бір шетелдік саяхатшы мен саудагердің, не миссионер мен отаршыл шенеуніктің қаңсығын таңсық санадық. Сонау Марко Поло, Рубруктан бастап, кешегі Вяткин, Румянцев еңбектерін тəуелсіз тарихшының парасат-ты, сарабдал сана сүзгісінен өткізіп, төл тарихқа дерек ретінде пайдалануға қайсысы жарам-ды, қайсысы жарамсыз екенін ажыратып, деректанулық сарап-таудан өткізіп жатқан кім бар қазір? Марқұм Қамбар Атабаевтың жалғыз өзі шыр-пыры шығып, қолы жеткен шенеуніктің бəріне кіріп, республикалық БАҚ-тар-дың бəріне мақала жазып, «Дерек-танусыз тарих жоқ, бүкіл шаруаны содан бастайық», деп талай-та-лай ұтымды ұсынысын айтқанда біреуіміз құлақ астық па?!

Тарихи жадымыз неге бұлайша əлсіреді? Өйткені, патшалық Ресей мен КСРО кезінде қазақтың өз тарихын білуге деген сұранысы, құлшынысы болғанымен, мем-ле кеттік тұрғыдан еш қолдау болған жоқ. Қайта отарлаушылар та рихи жадымызды өшіріп, жа-сырып, жабуға бейім болды. Тек ата-бабамыз тарих сергелдеңіне

түскенде жоғалтып алып, сан рет қан төгіп барып қайта алған тəуелсіздігімізден соң ғана төл тарихымызды түгендеуге мүмкіндік алдық. Тек содан кейін ғана төл тарихқа мемлекеттік тұрғыдан қамқорлық жасалып, Тарих жылы, «Мəдени мұра» мемлекеттік бағдарламалары жа-рияланып, жеті жыл бойы Қытай мен Моңғолиядан, Түркия мен Ираннан қазақ тарихының жазба жəдігерлері жинақталды...

«Б і зд ің елд і г ім і з , қазақ жұртының арғы түбі ғұндардан басталады. Ғұндардан кейін көктүріктерге жалғасады. Одан кейін Алтын Орда орнығады. Сөйтіп, хандық дəуірге ұласып, кейін біртіндеп Тəуелсіздікке келіп тіреледі, – деп толғанды Нұрсұлтан Əбішұлы өткен жолы Ұлытауда берген сұхбатында. Елбасының бұл пікірі – қазақ қоғамының өткен 23 жыл ішінде бірсыпыра ілгері озғанының куəсі. Еске түсіріп көрейікші. Осыдан 15-ақ жыл бұрын Тарих жылын жариялағанда, мемлекеттігіміз ді ХV ғасырдағы Қазақ Хандығы-нан əрі асыруға именіп, одан бұрын мемлекеттілігіміз болған деп айту ға ұялатындай халде едік. Басқа ны қайдам, əйтеуір кəсіби тарих шылар солай жазатын. Сен-бесе ңіз, «Қазақ тарихы» журна-лы ның сол кездегі тігінділерін парақ тап көріңіз...

Ел Тəуелсіздігі жарияла-нып, Мемлекеттік рəміздер жа-салып жатқанда төл тарихтың бір топ жанашыры Қазақстан тарихшыларының төл басылымын ашуға кірісті. Сөйтіп, Алматыда-ғы жоғары, арнаулы жəне орта мектептердің ғалым, ұстаздарының

қолдауымен, Тарих жəне этноло-гия институтының қуаттауымен 1993 жылы «Қазақ тарихы» жур-налы дүниеге келді. Бұл басылым бұған дейін басым көпшілігі орыс-ша əрі коммунистік сарынмен, «аға ұлттың» ықпалындағы құлдық санамен жазуға машықтанған отандық тарихшылардың қазақша əрі тəуелсіз көзқараспен жазуы-на игі ықпал жасады. Осы басы-лым қазақтың жеке этнос ретінде дербес ұстанымын, мемлекеттік патриотизмін қалыптастыруға жан аямай қызмет етті. Отандық та-рих терминдерінің, ұғымдарының орнығуына атсалысты. Редакция кəсіби тарихшылар санасына қазақ тілінің сөздік қорында бар, бірақ тарихшы ғалымдар қолданбайтын сөздерді, сөз тіркестерін əр нөмір сайын мысқалдап енгізе берді. Нəтижесінде қазір барлық тарих-шылар 100 пайыз мемлекеттік тілде ойлап, жазбаса да басым көпшілігі ана тілінде емін-еркін жазып-сыза алатын халге жетті.

Төл тарихтың ақтаңдақтары-ның ашылуына журнал бетіндегі деректі мақалалар, сұхбаттар, пікіртерімдер, сауалдамалар 20 жылдай ойтүрткі жасады. Редакция тарапынан жазылатын аңдатпаларда, түйін сөздерде төл тарихтың бұрмаланбауын, та-рихты зерттеуде шежіре, тарихи жыр-дастандар, жер-су атаулары, қазақы ұғымдардың этимологиясы сынды төл деректердің ескерілуін үнемі зерттеушілер қаперіне сала отырып, отандық тарихшылар ортасында тарихты реформалау сияқты тың ойлардың, пікірлердің туындауына себепкер болды.

Елбасы аталған сұхбатында Еуразиялық экономикалық одаққа

күмəнмен қараушыларға өте нақты жауап берді. «Картаға қарайық, Қазақстан құрлықтың дəл ортасын-да орналасқан. Теңізге шығатын жолымыз жоқ. Қазақстанда екі қабатты бір үй салу бағасы Малайзияда сондай 10 үй салу құнымен бірдей, – деді Нұрсұлтан Əбішұлы. – Неге? ...олар теңіздің, мұхиттың жағасында отырған соң тауарын кемеге тиейді де, арзан жолмен жібере салады. Біз мына Қарағандыдан, Жезқазғаннан мысты пойызға тиеп, анау Қара теңіздің жағасына жеткізгенше əр шақырымына ақша төлейміз... Сонда біздің «теңізіміз» не болды? Біздің «теңізіміз» – Ресей террито-риясы. Біздің «теңізіміз» – Қытай территориясы. Осы екі мемлекетті теңіз деп санасақ, біз солардың жағасында тұрмыз. Енді біз осы-лармен сауда-саттық жасамасақ, онда экономикамыз қалай өседі?».

Əр мемлекеттің өз тəуелсіздігін сақтап, одан əрмен қуаттандырып, нығайта түсетін негізгі құралы болады. Біреуде ол құрал қарулы күш болса, екіншісінде экономика, яғни байлық. Ал Қазақстандыкі – шикізат пен мəмілегерлік бол-са керек. Мағжан ақын Абылай бойындағы сол мəмілегерлікті жауының «бірін алдап, бірін ар-бап» деп жырлады емес пе?! Қазіргі Елбасымыз Н.Назарбаев та көпвекторлы экономика, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуразиялық экономикалық одақ, т.б. дегенде, осы мəмілегер лік пен Қазақстан экономикасы-ның болашағын ойлап отыр. Тəуелсіздігіміз баянды болса, əлі-ақ мемлекеттік тіліміз өз күшіне еніп, төл тарихымыз да толығып, молығары анық. Дініміз бен діліміз де күшейіп, иманымыз байып, мінез-құлқымыз түзеле түседі. «Хан біреу болсын, қалғаны оған тіреу болсын!» деген екен алпыс жылдай аттан түспей ел қорғаған Қабанбай бабамыз. Осы саясат-ты біз де ұстансақ, Алла тағала нығметінен құр қалдырмас.

АЛМАТЫ.

Досыбай ШЕРІМҚҰЛОВ,Оңтүстік Қазақстан облыстық Кəсіподақтар кеңесінің төрағасы.

Елбасының бұл сұхбатында ұлтымыздың тарихы мен мем-лекетіміздің қалыптасу жолы, дін мен тіл, мəдениет пен ғы-лым мəселелері жөнінде терең ойлар мен пікірлер жан-жақ ты қозғалып, толыққанды ашыл-ған жəне қарапайым тілмен тиянақталып, халықтың көкей-інде жүрген көптеген сауал-дардың жауабы берілген. Елі міз бен əлемде болып жатқан жайт-тарға терең талдау жасалынған.

Ұлытау – қазақтың бай та-рихындағы алар орны ерекше, əр кезеңде өзіндік рөл атқарған өте қасиетті тау. Ол – қазақ жерінің кіндігі, ту тіккен байтақ ордасы, хандыққа қазық болған, жалпақ жұртқа рухани азық болған киелі мекен.

Мұны Елбасы өз сұхбатында: «Ұлытау деп аталуының өзінің тарихи мəні бар. Қазақтың ен даласының қай шетіне барсаң да, осындай қасиетті жерлер табылады. Шығысқа барсаң – Берел қорғаны бар, Орталыққа келсең – қалмақтармен соғысқан Аңырақай шайқасы өткен жер бар. Батысқа барсаң – Алтын Орданың хандары тұрған Сарайшық сияқты қасиетті ме-кен бар, Оңтүстікке барсаң – Түркістан тұр. Қазақстанда осындай қасиетті жерлер көп. Дегенмен, Ұлытаудың орны бір басқа», – деп жастарды еліміздің тарихын білуге шақырып, ұлттық сананы тəрбиелеу, ұлттық сана-ны қалыптастыру керектігін атап өтті.

Елбасының əр сұраққа бер-ген жауабында, əр жауаптың астарында елдің тағдыры, тəуелсіздіктің тағдыры, біздің мемлекеттің өткені, бүгіні, ертеңі керемет қамтылған. Мəселен, «Жезқазған–Бейнеу» жəне «Арқалық – Шұбаркөл» теміржол магистральдарының тіршілік ке жан бітірер күретамыр іспет тес, еліміздің экономикасын көте-ріп, ел игілігіне пайдаланы ла-тын, халықты жұмыспен қамтып, əл-ауқатын арттыруға зор ық пал ететін кешенді шара екендігі айтылды.

Елбасының киелі мекеніміз, қасиет қонған жеріміз Ұлы-таудағы дін туралы жанға жігер, көңілге демеу сыйлайтын салиқалы əңгімесінде елдегі жəне əлемдегі діндер жөнінде келелі пікір айтылды. Жамағатты бірлікке, қайырымдылыққа, игілікке, ізгілікке үндеді. «Біздің дініміз керемет, басқа діндердің керегі жоқ демеген жөн. Біздің дініміз – өзіміздің дініміз. Бірақ басқаны да үйренуіміз, білуіміз, сыйлауымыз, құрметтеуіміз қажет. Сонда мұсылманның діні де құрметтелетін болады. Дінге бас ұрып жүріп, біз оның теріс жағына түсіп кетпеуіміз керек», – деген пікірін ортаға салды.

Президент Қазақстанның болашағы – қазақ т ілінде екендігін тайға таңба басқандай етіп тағы да айқындап берді.Елімізде мемлекеттік тілдің өз деңгейінде қолданылуына барлық жағдай жасалғандығы, тек өз тілімізді құрметтей білуіміз керек екендігі айтылды.

Сонымен қатар, халықаралық терминдерді қазақ тіліне ау-дару мəселесі туралы өз ойын ортаға салды. Елбасы: «Мен бəрін білемін, біздің жазушы-ларымыз, мəдениет өкілдері «Біздің тіліміз жетімдік көріп келеді, тəуелсіздіктің жиыр-ма жылы ішінде байғұс тіліміз

жетімдіктен шықпай жүр», деп айта береді. «Бақытсызбын» деген адам бақытсыз бола-ды, «бақыттымын» деп жүрсе, бақытты болады. «Тіліміз бар» деп жүрсе, тіліміз бар бола-ды, «тіліміз жоқ» деп жүрсе, тіліміз жоқ болады. Қай-қай-дағыны, ақырзаманды басқа орнатпай, Тіл туралы заңды қолданып, өзімізбен өзіміз қазақша сөйлесуіміз керек. Тілді қолданып, батыл сөйлеуіміз керек. Тілдің майын тамы-зып сөйлеп, басқа жұртқа үлгі көрсетуіміз керек», – деп түйіндеді.

Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық одақ туралы ел ішінде қазақ тілді қауым мен зиялыларды алаңдатып жүрген жайттарды жақсы білетіндігін, толғандырып жүрген өзекті мəселелерді терең сезінетіндігін білдірді. Қазақстан құрлықтың дəл ортасында орналасқан. Оның үстіне теңізге шығатын жолдың жоқтығы жəне ауа райының өзгешелігі Малайзия мен Сингапурға қарағанда зауыт, фабрика салу 5-6 есе қымбатқа түседі жəне тауарды теңізге жеткізіп, Еуропаға барғанша қыруар ақша жұмсалады.

«Сондықтан жақын көр-шілермен экономикалық қарым-қатынас жасау – маңдайымызға жазылған нəрсе. Мұны ешкім шекесі қызғаннан жасамайды. Мүмкіндігіміз осындай, басқа амалымыз жоқ. Сондықтан, экономикалық одақ құрдық. Саяси емес, экономикалық одақ» екенін айтып, «Қазақстан, Ресей жəне Беларусь елдері жи-налып, үш Президент мəселе қараған кезде, біреуі қарсы бол-са, ешқандай шешім қабылдан-байды. Консенсус деген сол», – деп түсіндірді. Қазақстанның тəуелсіздігін өз қолымен жа-сап, қызғыштай қорғап келе жатқан қазақтың бірі ретінде тəуелсіздікке нұқсан келтіретін жағдайға жол бермейтіндігін атап көрсетті.

Соңғы уақытта Ресей мен Украинаның арасында орын алған ахуалдың, соның сал-дарынан экономикалық одақ-қа, біздің экономикамызға ке-летін кері əсерлерді жоққа шығармайтындығын аңғартты. Алайда, Батыс елдері Ресейге санкция салып жатқанымен, ол кедергілердің Қазақстанға тікелей қатысы жоқ екенін ай-тып, «мұның қауіпті жағдайлары да бар, бірақ пайдалы жағын да қолдануға болады... Сондықтан қиын жағдайға қалмау үшін алды-артымызды ойлап қадам жасау керек. Мұның ақырын күтуіміз керек. Дүниеде қандай соғыс болса да, ылғи келіссөзбен бітеді. Ылғи бейбітшілікпен бітеді. Мынау да бітеді. Уақыт деген керемет күш. Уақыт өзі бəрін орнына келтіреді... Қазақстанның болашағы өте жарқын! Біздің балаларымыз бен немерелеріміз бұдан да керемет елде өмір сүреді деп ойлаймын», – деп тұжырымдады.

Осынау күрделі кезеңде Елбасының халқымызды бір-лікке, ерен еңбекке, тыныш-тыққа, байсалдылыққа, сабыр-лылыққа шақырып отыруы оның көрегендігін, даналығын білдіреді. Ұрпақтарға жігер беріп, болашаққа деген сенімді нығайтады.

Біздің өңірдегі кəсіподақ ұйымдары Ұлытау ұлағатын түсіне отырып, ел бірліг і мен ырыс алды – ынтымаққа қалтқысыз қызмет ете береді.

ШЫМКЕНТ.

Тґл тарихымызды тїгендеуші – Тəуелсіздік

Елбасы Н.Назарбаев үстіміздегі жылдың 25 тамызында Жезқазған өңіріне барып, еліміздің экономикасы мен халықтың тұрмыс-тіршілігі үшін аса маңызды «Жезқазған – Бейнеу» жəне «Арқалық – Шұбаркөл» теміржол магистральдарының тұсауын кескені мəлім. Осы сапарын-да ол Қазақ елінің ру-хани орталықтарының бірі – қасиетті Ұлытау жеріне арнайы атбасын бұрып, сұхбат беріп, төл тарихымызға байланыс-ты келелі пікір білдірді.Біз – өз тарихымызды жаңадан

меңгер іп , жүйелеп жатқан елміз. Күлтегін, Иолықтегін, Тоныкөктерден қалған тастағы тарихтың өзі Тəуелсіздік алған соң ғана аударылып, жалпы халыққа та-ныла бастады. Ол аудармалардың бəрі текстологиялық салысты-рулар жүргізілген, мүлтіксіз орындалған дей алмас едік. Одан кейінгі Əл-Фараби, Ж.Баласағұн, М . Қ а ш қ а р и , Қ . А . Я с с а у и , А.Иүгнеки, М.Дулати, Өтеміс қажы, З.М.Бабыр, Қ.Жалайыри с ы н д ы ғ ұ л а м а л а р ы м ы з д ы ң еңбектерімен халық енді-енді ғана таныса бастады. Жалпы жұрттың қолы əлі жете қойған

Əбділдабек САЛЫҚБАЙ,жазушы, «Қазақ тарихы» журналының бас редакторы.

Президентіміз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың Жезқазған өңірінде болып, ел үшін стратегиялық маңызы ерекше тарихи оқиға – «Жезқазған–Бейнеу» жəне «Арқалық–Шұбаркөл» теміржол магистральдарының тұсаукесеріне қатысқаны ту-ралы ақпарат құралдары арқылы жан-жақты ха-бардар болдық. Елбасы осы сапарында байтақ еліміздің киелі де қасиетті жерлерінің бірі – Ұлытауда, Əулиебұлақтың басында «Хабар» арнасына сұхбат берді. Толғанысқа толы сұхбатты мен ерекше көңіл күйде қабыл алдым. Қайталап оқып жүрмін.

Толєанысќа толы сўхбат

Досмұхамед КІШІБЕКОВ, академик.

Президентіміз Нұрсұлтан Əбішұлы осы жолы Ұлытауға ба-рып, өзінің талай қазақ халқының тарихы, мəдениетіне байланыс-ты терең ойларын қозғап, елмен бөлісті. Шынында, Ұлытау қазақ

халқының құтты жері десе де бола-ды. Ол Қазақ елінің кіндігі секілді. Президентіміз өзінің сөзінде осы жерді Қазақстанның орталығы ет-сем бе деген ойда болдым дейді. Бірақ түрлі жағдайларға байла-нысты ол ойымды орындауға реті келмеді дейді. Бұл да рас.

Мен білім қоғамы арқылы

лекция оқып Қарсақпайда, Жезді, Жезқазғанда, содан соң Сəтбаев қаласында да талай болғанмын. Ал Ұлытаудың басына шығып, жан-жағына қарасаң, көз жетпейтін қазақтың шексіз даласы көрінеді. Ұлытауда шықпайтын өсімдік те, жүрмейтін аң да мол болған. Ұлытауда қазақтың киелі ағаш деп есептейтін тіс тазартатын арша деген ағаш та өседі. Тау басында жабайы жуа, сарымсақ та қазан айының аяғына дейін көкпеңбек болып тұрады. Кеңдір деген өзенде балық сыймайтын. Айналасында киік, ақбөкендер жайылып жүретін.

Бұл жерден бір кезде Əмір-Темір де əске рімен өтіп, тасқа белгі қалдырған. Ұлытау қазақ халқының басына түрлі қиындықтар келгенде

осы жерге тоқталып, ақылдасқан. Ұлытаудың жер беті ғана емес, жер асты да байлығы мол жер. Оны бір кезде ағылшын капита-лист бизнесмені Урквард деген кісі шахта қаздырып, руданы қорытып, таза мысты түйеге артып, 400 шақырым жердегі Қармақшы стан-сасына жеткізіп, пойызға салып Петроградқа жеткізіп, одан теңіз арқылы Англияға апарып отырған.

Бұл жермен бір кезде Қаныш Сəтбаев та талай жүрген Қызыл -ордаға жетіп, одан Мəскеуге ба рып, талай ойларға келген. Мəсе лен, ол бір кезде Ер Едіге деген шығарма жазған. Өйткені, Едігенің сүйегі сол Ұлытаудың басында жа тыр. Бұл да қазақ халқының та рихы. Бір кезде ақ жалау ілініп тұра т ын, қазір ол жоқ. Бірақ тастар жатыр.

Нұрекең өзінің сөзінде: «Бір кезде қазақ жеріндегі теміржолдар бір бағытта салынатын», деді. Ол рас. Өйткені, патшалы Ресей ол теміржолдарды қазақ жерінің сый-май жатқан байлығын игеру үшін ғана салған болатын. Мəселен, Арал, Сыр бойында балық сыймай жататын, жағасындағы тоғайларда аң, тіпті, жолбарыстар да болатын. Бірақ ол жолдар қазақтың жерін байыту үшін салынды деп ешкім айтпайды.

Ал қазір жасалып жатқан жол-дар Қазақстан жерін көркейту үшін, дамыту үшін, қазақ халқын жоғарғы деңгейге көтеру үшін салынып отыр. Соның бірі «Жез-қазған – Бейнеу» теміржолы. Бұл жолдың маңызы тек қана қазақ халқының мəдениетін, тарихын көтеру ғана емес, халықаралық деңгейде атақты Ұлы Жібек жолы-нан кейінгі артерия деп түсінеміз. Бұл салынған жолға ақ жол, сəтті болашақ тілеймін.

ҐМІР ЖОЛЫ

Page 7: 20 қыркүйек Сенбі марапаттау 2014 ЖыЛ рәсіміне қатысты ...мүмкін ең қымбат дүниелер. Бүгінгі мерекенің

20 қыркүйек 2014 жыл www.egemen.kz 7

ҰСТАНЫМДАР ҰЯСЫАбызбай АДАМОВ,Ертіс ауданының құрметті азаматы.

Жақында біздің Елбасы қазақтың алтын бесігі – Ұлытау жерінде арнайы берген сұхбатын əуелі «Хабар» арнасы-нан көріп, соңынан «Егеменнен» оқып шықтым. Елбасы жүрегінен шыққан сұхбат əрбір қарапайым адамның көкі ре-гіне қонып, жүрегінің төрінен орын алды. Жүректен шықпаса, жүрекке жет пейді. Елім, жерім дейтін ерлердің кеуде сіне қуаныш орнататын толғанысты мəсе-лелер қозғалды. Ел мен жер тарихы, тіл тағдыры, қазіргі кездегі дін, экономика мен саясат жөніндегі бүкіл қазақтың ойын да жүрген арналы дүниелер жайлы айтып берді. Менің өзім де ел мен жер тарихы жайлы көп оқимын, өзім де жаза-мын, бала кезден үлкендердің айт қанда-рына құлақ түріп өстік. Былтыр Ұлы тау жаққа барып қайттық. Қасиетті жер ге тағ зым етіп, бас идік. Əр қазақ бара тын, тəу ететін жер. Көрген, ойлаған жай лар-ды «Ұлытау сапары» деп жазып шықтым.

Жер – біздің байлық. Еліміз, ұрпа-ғымыз байлық, ғасырлар иірімінен жет кен тіліміз байлық. Елбасы: «Біздің бүкіл тарихымыздан мен екі олжамызды бөліп айтар едім. Оның біріншісі, əрине, ата-бабаларымыз өздерінің қанын төгіп, жанын беріп жүріп, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалған қазақтың қасиетті жері. Тағы бір олжамыз – сол ата-бабаларымыздың арқасында бар бояуымен, сырлы са-зымен осы күнге аман-есен жеткен тұп-тұнық, мөп-мөлдір қазақ тілі», – деді. Атадан балаға мирас болып қал-ған жерімізді əрі қарай гүлдендіріп, көр кейтіп, талан-таражға салдырмай, саясат тың салқынын тигізбей əкеле жат-қан Елбасының саясаты екендігі сөзсіз.

«Кереку Кербез жерімдеЕртістің аққан белінде Ауасы да шөл қандырарЖаныма шипа жерімде»,

– деп біздің жергілікті бір ақын жыр-лағандай, Баянауылда туып, Ұлытау баурайындағы Жезқазған өңірін түлеткен, ғылымда Кеңес Одағын

мойындатып, 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өткен Қаныш Сəтбаев ағамыздың аты Ұлытау баурайындағы Елбасы сұхбатында тағы да аталып, бүкіл Кереку-Баянауылды қуантты.

Тағы да бір толғанып тоқталған мə-селе, əрине, тіл мəселесі. Ертеңін біл-ме ген адам болашағын білмейді. Ел бола мын десең, бесігіңді түзе, дейді Мұх тар Əуезов. Əр халықтың басты бай лығы, баға жетпес қазынасы – оның ана тілі. Өзгеден бұрын өзіміздің ұл-қыз-дар сөйлеулері қажет. Өз тілің ді құр-меттеу, оны білу – біздің əрқайсы мыз -дың асыл парызымыз. Ана тіліне салғырт қарау – өз халқының өткеніне, бүгі ніне, болашағына немқұрайды қарау деген сөз.

Өткен уақытқа шолу жасай отырсақ, Елбасы халқына арнаған сұхбаттарының барлығында тілге, тарихқа, дінге тоқталмай кетпейді. Бұл жолы да со-лай болды. Баяғы бала кезімізден ана сүтімен бойымызға дарыған ана тілінің құдіретіне жетер құдірет жоқ. Өнер мен ғылымның барлығы да халқымызға тіл арқылы келеді. Нұрсұлтан Əбішұлы: «Қазақтың көп дүниелері атадан балаға ауызекі түрде беріліп келген», деді. Біздің қазақтың тарихы негізінен тіл арқылы бүгінге жетті. Тілді бағаламасақ, ол жоғалады, одан кейін халық та өзгеге сіңіп жоқ болады.

Ал Елбасы айтқандай, тек өз тілі-мізбен тұйықталып қалсақ, онда заманның ағымына, өркениеттің көшіне ілесе алмаймыз. Орыс жəне ағылшын тілдері секілді ғылым, білім дамып кеткен тілдермен мемлекеттік тіліміз қатарлассын десек, оны тек қана дамы-татын да, дəріптейтін де өзіміз болуы-мыз керектігін жеткізді. Оны көкірегі ояу, сана-сезімі жоғары жандарға ұғындыра білуіміз керек, əркім тіл жолында қызмет етуі керек дегенді ұқтырды. Мемлекет басшысы ана тілдің тағдыры ел қолында екенін жəне басқа ұлттарға үлгі болу үшін, ең бастысы, өзіміздің таза əрі мағыналы сөйлей білуіміз керек екендігін айтып өтті.

Елбасы экономикалық мəселелер төңірегінде түйінді мəселелерге тоқталды. Қазір кез келген мемлекет

жалғыз қала алмайды. Бір елдің бірінсіз күні жоқ. Осы орайда Украина мен Ресейдің арасындағы саяси ахуал айналасына да əсер етуде. Ағайын арасындағы бірліктің, сыйластықтың жоқтығы неге тірейтініне бұл айқын мысал екенін айтты. Елдің бірлігін, тыныштығын Нұрсұлтан Əбішұлы əрқашан алдыңғы орынға қояды. Тəуелсіздігіміздің баяны да, Мəңгілік Ел болу да жұдырықтай жұмылған бірлікке ғана тəуелді. Осыны зердеден өшірмесек жарады.

Өткенді жаңғыртып, қазір жиі еске аламын. Біздің замандастар Қорабай, Əбілқақ, тағы басқалары да осындай ойда жүреді. Ел мен жер тарихы, еге-мендік, ұлттық тарих жайлы жиі-жиі əңгіме-дүкен құрамыз. Сол əңгіме ле рі-міздің тоқетері Елбасының Ұлытау дағы сұхбатымен жалғасқаны біздер үшін ғанибет. Бəріміздің де ойлайтыны мыз – елдің, халықтың жайы, ертеңгі ғұмы ры екеніне осы сұхбат барысында көз жетті.

Биыл 63 жасқа келдім. Өткенге есеп берер жас. Ұрпақтар жалғасы, үлкен əулет, отбасы, Отан деген ұғым дарды өмірге əкелетін жолдан өттік. Елба-сының Ұлытау төріндегі жүрекжарды сұх батын тыңдап, оқып, одан əрмен ойдан ой қуып, ерекше тебірентті. Оқыдың дар ма, тыңдадыңдар ма деп қатар ластарымнан сұраймын. Жеріміз-дің қадір-қасиеті, оны сақтау, қорғау ке-рек екенін ұқтырды. Тарих қойнауынан сыр тарта отырып, Отан деген ұлы ұғымның тамыры қайдан бастау алаты-нын жеткізді. Қарапайым ғана сұхбат.

Елбасының шежірешідей ата тарихқа өте жетіктігіне, мəдени, ұлттық құндылықтарға шынайы қамқорлығына сүйсінесің. Иə, біз – шынында да тіліміз-ден де, ділімізден де айырыла жаздаған халықпыз. Солтүстік өңірде тұратын біздер оны білеміз. Əлі де тілдің биікке шығатынын, солтүстік өңірлер үшін ана тілдің қасиетін ұғу жетіспей жатқанын осы сұхбатты оқыған адам түсінер.

Елбасы мемлекеттік биліктің прези-денттік кепілдігін қамтамасыз ете оты-рып, бірінші кезекте ел тыныштығын, халық мүддесін алға тартады. Осы

жерде көп болып ақылдасатын, шешетін мəселелер жоқ емес. Өзгелер секілді мені де жастарымыздың кей бөлігінің құқықтық, діни сауатсыздығы көбірек алаңдатады. Əңгіме арасында кейбірінен Конституция баптары жайлы сұрай қалсаң, білмейтіні көрініп тұрады. Болмаса мемлекеттік рəміздеріміздің құрметтелуін алсақ та, көңілге селкеу түсіретін жайлар кездеседі.

Бір аңғарғаным, Отан деген ұлы ұғымның əліппесі білім ошақтарында

терең оқытылуы тиіс деген талап əркез орындала бермейді. Дін сабақтары үстірт оқытылады. Атамыз қазақ «жаста берген тəрбие жас қайыңды игендей» деп текке айтпаған. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі». Ал идеологиямыз, тəлім-тəрбиеміз кем болса, өзгелердің жетегінде кетуіміз, дұрыс жолдан адасу-ымыз, секталардан шынайы дінді айыра алмай қалуымыз оп-оңай.

Павлодар облысы.

Есмұхамбет АЙТМАҒАМБЕТОВ, ардагер-журналист.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назар-баев тың құт дарып, қасиет қонған Ұлы тау өңірінде, Əулиебұлақтың басында ұлт мүддесін əріден ой-лай айтқан аталық сөздерін тыңдап, көріп отырып аса сүйсінген, бойы-ма қанат біткендей болып қуанған миллиондаған қазақстандықтың бірі екенімді зор мақтанышпен атап өтейін. Мақтанышпен деуімнің себебі – жоғарыда аты аталған қасиетті ата-баба қонысында сəті түскен сол тари-хи сұхбат бүкіл мазмұнымен, бүкіл болмыс-бітімімен ұлт мүддесін, мем-лекет мұратын ойлаудың, сол үшін бəйек болып, қам жеудің шын мəніндегі айқын көрінісі, анық үлгісі ретінде əсер етті. Ұлытау, Əулиебұлақ сияқты жер асылының өзі елім деп соққан əр жүректі асқақ ойларға жетелеп, асқар биіктерге қанаттандырып жіберетін қасиетті күш емес пе! Елбасымыздың бойына да сол сұхбат кезінде асыл мұраттар қанат бітіріп, соны шабыт дарытқандай əсер алдық. Елдігіміздің, қазақ жұртының арғы түбі ғұндардан басталатынын айта келіп, Алтын Орданың орнығуын, оның хандық дəуірге ұласуын, содан біртіндей-біртіндей тəуелсіздікке келіп тірелетінін атап көрсетуі ел тарихын зерттеп жазғысы келетін ғалымдарымыз үшін даусыз шындықтың «Жол карта-сы» болып табылатынына күмəн жоқ.

Бүгінгі Қазақстан бүгінгі қазақтар-дың арғы ата-бабаларының жері, ата-баба мекені, қазақ елі – қазіргі қазақтардың ата қонысы. Қазақ ұлты осы жерде, осы ата қонысында барлық қазақы қасиеттерді бойына сіңіріп, өзінің ана тілін, ана сүтімен дарыған салт-дəстүрін, əдет-ғұрпын, қазаққа ғана тəн ұлттық мінезін қалыптастырды. Кең даласының еркін ескен ерке желіне ұқсас еркіндікті аңсады, сонау ерте күннен бастап ерке де еркін болып өсті. Осы орайда француз жазушысы Жеремин де Стальдің «Еркін ұлт қана ұлттық мінезге ие» деп ертеде айтқан данышпандық ойы еске түседі. Кешегі кеңестік дəуірде қазақтар үшін дəл осы ұлттық мінезімізді, яғни ұлттық ерекшелігімізді көрсетуге, дамытуға ерік берілмеді. «Былай жүрсе – арба сынады, былай жүрсе – өгіз өледі» дегеннің кебін кидік. Келін түсіріп, сол тойды қазақ үрдісімен өткізгендер сөзге

қалып жататын. Баласын мұсылман жолымен сүндетке отырғызғаны үшін коммунистік партия қатарынан шығып қалып жапа шеккендерді де көргенбіз. Жуырда ауылда өткен бір үйлену тойының куəсі болғанымыз бар. Үйленген жігіт қазақтың қарадомалақ баласы екен де, келін болып түскен орыс қызы болып шықты. Жігіт жағының да, қыз жағының да ата-аналары қатысып отырды. Той қалай өтер екен, деп тіксіне қарағандар да жоқ емес еді. Бірақ той жақсы өтті. Орыстары орыс-ша, қазақтары қазақша сөйлеп, игі тілектерін білдіргенде, сүйсіне қол шапалақтап қошемет көрсетпеген ешкім қалған жоқ. Əсіресе, қыздың ата-анасы орыс тілінде айтқан лебіз бен ақ ниет əркімнің де ойын дəл басқан еді.

Ұлытау өңіріндегі толғаныс кезін де Мемлекет басшысының мектеп, мұға лім туралы айтқан ұлағатты ойлары ешкімді де бейжай қалдырған жоқ. Əсіресе: «Білімді түрлендіруде, білім беру үрдісін реформалауда зерттеуші мұ-ғалім жаңа формация мұғалімі ретінде ор талық тұлға болып табылады», деген тұ жырымы ұстаз алдына бұрын айтыл-маған мүлде жаңа міндеттер қойып

отыр. Орталық тұлға болу үшін мұғалім ең алдымен зерттеуші бола білуі керек екен. Мұның мəнісі – мұғалім зерттеу-ші лік қасиетті де игеруі керек, демек, өз кə сібін терең білетін ғалым ретінде де кө рі не білуі керек деген сөз. Сондықтан, қа зақ өмірінің асқан білгірі Мағжан Жұ -ма баевтың: «Алты алаштың басы қо -сыл са, төрдегі орын мұғалімдікі», дей-тін көріпкелдік сөзінің күні туды деп есептейміз.

Ұлытау төріндегі ұлағатты сұхбат-тың əр сөзі алтынмен апталып, күміспен күптелгендей əсер етеді. Одан Мəңгілік Ел идеясының өміршең идея екеніне шүбəсіз көз жеткізесің, осы бастама əрқайсымыздың ой-арманымызбен, мақсат-мүддемізбен үндесе кеткеніне сүйсініп, шын риза боласың. Мəселен, Елбасының дін туралы айта келіп, қасиетті Құран талаптарын орындауға байланысты білдірген пікірлері Қазақ -стан дағы мұсылман қауымның еңсесін бір көтеріп тастағаны сөзсіз. Кемтарларға кө мектесіп, бір-бірімізге жанашыр, бау-ырмал болу, үлкенді сыйлап құрмет көр-сету, елді бірлікке шақыру əр мұсылманға тəн қасиет болуға тиіс. «Міне, осындай исламды құрметтеуіміз керек», деп атап

көрсетті Мемлекет басшысы. Мəні зор, мағынасы терең сұхбат

кезінде Елбасымыз мемлекеттік тіл мəселесін де ұмыт қалдырған жоқ. Тіл тағдыры ел иесі болып табыла-тын қазақтардың өз қолында екенін тағы да ерекше атап көрсетті. «Тіл – тектен де күшті алапат. Адам санасы қай ұлттың тілінде сөйлеп түбегейлі қалыптасса, адамның өзі де сол ұлттың жолында өледі», дей келіп, біздің əрқайсымыздың таза əрі мағыналы сөйлей білуімізді талап етті. Елбасы бұл мəселені тегіннен-тегін қозғап отырған жоқ. Қазір жиі байқап жүргеніндей, кейбір мемлекеттік қызметкерлер, тіпті, лауазымды тұлғалар өз ана тілінде жатық сөйлеуге онша мəн бермейді. Бұл, əсіресе, орысша ойлай тұра қазақша сөйлеуге тура келетін жағдайда көрініс береді. Мəселен, орысша сөйлегенде «Я думаю» деген тіркес жиі кездеседі. Соған үйренген кейбір орыс тілді өз қандастарымыз ойын: «Мен ойлаймын», деп бастап, арғы жағын алып кете алмай «жаңағы» деген қыстырма сөзді кем дегенде бес-алты рет қайталай қосып жіберіп, аяғын ешкім түсіне алмай-тындай күйге түсіріп барып тоқтайды.

Дүниеде басқа тіл – шетел тілінде емес, өз ана тілінде сөйлей алмағаннан асқан қорлық бар ма екен!

Келмеске кеткен кеңестік заман отаршылдық қамытын киген сорлы қазақты қорлық атаулының қай түріне болса да көне беруді үйретіп өтті ғой. Кеңестік тəртіптен құтылып, тəуелсіздік алғанымызға ширек ғасырға жуықтап та қалды. Бірақ өз санамызды өзіміз өзгертіп серпілгеніміз, дүр сілкінгеніміз онша білінбейді. Дүкенге барсаң, сатушы қазақ қыз-келіншектерінен керегімізді сұрап алу үшін орысша шүлдір лейміз. Ал олардың кейбіреуі сенің қазақша сұрағаныңа орысша жау-ап беріп тұрса, оған да онша мəн бермей сырт айналамыз. Біз үшін бəрібір сияқ-ты. «Сен қазақсың, мен де қазақ пын, неге қазақша сөйлемейсің?» – деп сұра-маймыз. Өйткені, оған мəн беріп жат -паймыз. Маған бəрібір, деп ойлаймыз.

Қазақтан шыққан тұңғыш ғалым Шоқан Уəлихановтан бастап кешегі Абай, Ыбырай сияқты ұлық тұлға лары-мыздың бəрі қазақ болып туып, қазақ тілінде сөйлеп, түбегейлі қалыптасқан еді ғой. Кешегі Ыбырай бабамыздың орыс тілін бəрімізден жетік біле тұра: «Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық!» – деп қалың қазақты білім-ғылымға қазақ тілінде шақырып өткенін кім білмейді. Данышпан Абайдың араб, парсы, ескі шағатай тілдерін терең біле тұрып, бүкіл даналық сөздерін, тас бұлақтың суындай тап-таза, мөп-мөлдір кəусар өлеңдерін қазақ тілінде жазып қалдырғанын неге мақтаныш етпейміз. Біздің ата тіліміз, ана тіліміз қазақ тілі болмаса, сол Ыбырайлардың, сол Абайлардың өзіміз білетін даналық ой-пікірлері бізге жетер ме еді! Осының бəрі қазақ тілінің құдіреті мен қуатын, көркемдігі мен келістілігін көрсетіп тұрған жоқ па! Сондай тілді құрметтеп, сондай тілдің иесі болғанымызды мақтан ете білуіміз керек.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назар баев -тың «Тіл – тектен де күшті алапат» де-ген сөзді ерекше екпінмен айтуы, міне, содан деп ойлаймыз. Айта бер сең, тізе берсең, Ұлытау төріндегі сұх бат тан алар тағылым да, ұлтымызды ұйыстырар сары алтындай салмақты ой да мұнымен таусылмақ емес. «Алтын шыққан жерді белден қаз» деген ғой. Сол алтынды тереңдетіп қаза беруіміз керек.

АЛМАТЫ.

Биыл тамыз айында мемлекетіміз бен халқымыз үшін маңызы зор елеулі оқиға болды. 22 тамыз күні «Жезқазған–Бейнеу» жəне «Арқалық–Шұбаркөл» екі жаңа теміржол желісі іске қосылды. Осы маңызды теміржол желілерін салтанатты ашу үшін Жезқазған өңіріне арнайы са-пармен барған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атал ған магистральдің ашылуын жылдың ең маңызды əлеуметтік-экономикалық оқиғасы деп атап өтті.

Кґп кґкейіндегіні дґп басќан

Серікбай НҰРҒИСАЕВ, Парламент Мəжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі, экономика ғылымдарының докторы, профессор.

Бұл теміржолдың құрылысы да – тəуелсіздіктің жемісі. Өйткені, басымызда егемендігіміз болмаған заманда, яғни Кеңес Одағы кезінде барлық теміржол Ресейге қарай салынғаны жа-сырын емес. Елбасы осы мəселені де айтып өткен болатын. Мысалы, ол кезде қазақ жерінің бір-бірін қосатын жолдар салынған жоқ. Сондықтан бұл теміржол желісі Жезқазған мен Арқалық өңірінің дамуына қуатты серпін берумен шектелмейді. Осы көлік транзиті елдің əлеуетін арттыруға, шығысы мен батысын қосуға бағытталған.

Сонымен қатар, «Жезқазған–Бейнеу» магистралін іске қосу Орталық Қазақстаннан Ақтау портына, Түрікменстанмен шекараға дейін жəне Парсы шығанағы бағытында ең қысқа теміржол қатынасын құруға мүмкіндік береді. «Арқалық–Шұбаркөл» теміржол желісі Қазақстанның орталығынан Ресейге, одан əрі Батыс Еуропа елдеріне шығуды қамтамасыз етеді. Бастапқыда жүк пойыздары тауарларды таси бастаса, кейін жолаушылар пойызы да аталған теміржол желісімен халыққа қызмет көрсететіні белгілі. Бұл халықтық қуанышқа айналып отыр.

Жезқазған мен Арқалық қалаларына баратын теміржолдардың тұйыққа тіреліп тұрғаны осы уақытқа дейін талай адамды толғандырып келгені анық. Бірнеше мəрте көтерілгені де белгілі. Бұл мəселе жарты əлемді өзіне қаратқан алып империя саналған Кеңес Одағы тұсында да шешілген жоқ. Міне, бұл да жаңа ғасырда, тəуелсіз еліміздің бас-шысы Нұрсұлтан Əбішұлының тікелей бастамасы бойынша іске асқан ірі жобаның бірі.

«Хабар» агенттігіне берген сұхбатында Елбасы елдік жəне тарихи құндылықтарымызды бағалай білу, саяси келісім, жаһандық тұрақтылық, бейбіт-шілікті қорғай білу туралы мəселелер жөнінде ой толғады. Бұл жолы Елбасы сұхбаттасып қана қой-май, сырласты десек, артық айтпағандық болар.

Мемлекет басшысы өз сөзінде жаңа теміржол желісінің іске қосылуы ғұлама ғалым Қаныш Сəтбаевтың мыс кенін табуымен жəне Жезқазған қаласының салынуымен сабақтасып жатқанын атап өтті. Ел экономикасының тұрақтылығы арқасында осындай жобалар іске асып отыр. Осы 1200 шақырымдық теміржолды салуға арналған бұл жоба 500 миллиард теңгені құрайды.

Елбасы Жезқазған өңіріндегі мыс өндірісіне сенім артып отыра беруге болмайтынын айт-ты. Халықтың əлеуметтік жағдайын арттыруда аталған күрежолдардың салынуы ерекше рөл атқаратыны даусыз. Теміржолы бар жəне басқа да инфрақұрылымдық жағдайы бар өңірде енді шағын жəне орта кəсіпкерлік те қарқынды дами бастайтыны анық.

Ұлытау – қазақтың қасиетті мекені. Елдіктің, бірліктің бастау алған тұсы. Тарихи құндылықтары мол жəне табиғаты да ерекше Ұлытау таяу болашақта жұрт назарын өзіне аударатын өңір болатыны сөзсіз. Президент Ұлытау келешекте ту-ризм орталығы болып, халқымыз келіп тəу ететін қастерлі жер болып қала беретініне сенім білдірді.

Елбасы тілдің қасиеті, діннің ел бірлігін сақтаудағы рөлі жөнінде жеке тоқталды. Əлемнің кейбір елдерінде діндер мен діни секталар арасында қақтығыстар болып жатыр. Мемлекет басшысы өз сөзінде дінді шынайы имандылыққа жақындатып, оның жақсы жағын алуымыз керек екенін ескертті. «Құранның қасиетті үкімдерін орындау үшін кемтарларға көмектесу, бір-бірімізге жанымыз ашу, бауырмал болу, үлкенді сыйлау, баланы тəрбиелеп өсіру, Отанды, елді қорғау, бірлікке шақыру арқылы дінді өркендеткен жөн. Сонда діннің мемлекет-ке зор пайдасы, үлкен қамқорлығы болады. Ол елдің басын біріктіреді. Міне, осындай исламды құрметтеуіміз керек», – деді Н.Ə.Назарбаев.

Ал мемлекеттік тілдің дамуы, оның өркендеуі жөнінде Елбасы өз ойларымен бөлісті. Жыл сай-ын мектеп бітірушілердің 80 пайызы ана тіліміз де білім алып жатқанын жеткізді. Өзге ұлт өкіл де-рінің де қазақ тілін білуге, үйренуге деген ынтасы жыл сайын артып келе жатқанына өзіміз де куəміз.

Аталған сұхбатта Елбасы халықаралық жағдай, жаһандық өзгерістерге де мəн берді. Əсіресе, биыл қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақ туралы арнайы тоқталды. Бұл саяси емес, эко-номикалық одақ екенін қадап айтты. Көрші елдер-мен оңтайлы экономикалық қарым-қатынас ор нату мемлекетіміздің əлеуетін арттыруға жол аша тыны анық. Сонда ғана экономикамыз дамып, көш бастаған отыз елдің қатарына енуге мүмкіндік аламыз.

Өз ойын түйіндей келе, Елбасы Н.Назарбаев: «Менің арманым, ойым – Қазақстанның мəңгілік болуы. Сондықтан Мəңгілік Ел деген идеяны ұсындым. Мəңгілік Ел болу үшін бəрін жасап жа-тырмыз», – деді.

Бүгінгі таңда тəуелсіз елдің келешегіне сен-ген Қазақстанның біртұтас халқының саны 17 миллионнан асты. Біздің ортақ мүддеміз бар. Ол – тəуелсіздігімізді нығайта отырып, Мəңгілік Ел құру! Барша халық осы мақсатта бір Тудың астына бірігіп, еңбек ететініне сенімім мол.

Жїректен шыќпаса, жїрекке жетпейді

Ўлттыќ мінез – ўлыќ мўрат

докторы, профессор.

Page 8: 20 қыркүйек Сенбі марапаттау 2014 ЖыЛ рәсіміне қатысты ...мүмкін ең қымбат дүниелер. Бүгінгі мерекенің

20 қыркүйек 2014 жылwww.egemen.kz8

Əріптестік əлеуеті Өшпес даңқ

Сауал салмағы

Сізді не толғандырады?

Сауалы мен жауабы

ПАРЛАМЕНТПАРЛАМЕНТ

Кездесу барысында екі елдің əлеуметтік-экономикалық да-муы жəне Қазақстан мен Таи -ландтың халықаралық жəне өңірлік қауіпсіздік мəселелеріне қатысты көзқарасы талқыланды. Жүздесушілер, сондай-ақ, жа-қын да Сенат жəне Сыртқы істер министрлігінің басшылығы

Аста надағы дипломатиялық кор пустың қатысуымен ұйым-дас тырған «Қазақстан-2050» Стра тегиясының іске асырылуы жəне Қазақстан Республика-сы ның халықаралық қоғамдас-тық тағы рөлі» тақырыбындағы дөң ге лек үстел сəтті өткенін атап көр сетті.

Светлана ЖАЛМАҒАМБЕТОВА,Сенат депутаты.

Бүгінгі күні сайлаушыларды мазалайтын, кезде-сулерде жиі қойылатын сұрақтар бойынша мəселе көтеріп отырмын.

Парламенттің IV се ссия сының ашылуын-да Елбасы «бұл сессия геосаясат тəуекел дерінің тереңдеуімен, сонымен қатар, Украинадағы жағ-дайға байланысты халық ара лық қатынастардың қиындауы мен басталып отыр. Бұл қалып тас қан экономикалық қарым-қатынастарға қатаң түзе тулер енгізеді, бізге де əсерін тигізе ді», деген болатын. Шын дығын да, біз өзара байланыс тымыз. Долларға деген Ре сей рублі бағамының өзге руі теңгеге ақпанда түзету енгізілуінің жанама себепкері болды, бұған жақындағы жанар-жағармайдың (ЖЖМ) қымбаттауын қосыңыз. Ресей МӨЗ-деріне тəуелділіктің салдарынан, яғни өзімізді ЖЖМ-мен қамтамасыз ете алмай отырғандықтан, бензин мен

дизель отынының шекті бағасын көтеру жөнінде шешім қабылдауға мəжбүр болдық.

Бензин бағасының көтері луінің артынан не еретінін біз бұған дейінгі тəжірибеден жақсы білеміз: тағам өнімдері қым баттайды, содан соң ком муналдық қызметтерге тарифтер өседі, қоғамдық көліктерде жол ақысы көтеріледі. Соны мен қатар, Ресейге қарсы эконо микалық санкцияларға байланысты азық-түлік өнімдерінің жəне кейбір тауарлардың тапшылығы байқалғандықтан, олардың қымбаттауы көрініс бере бастады. Қазақстан өзін азық-түлік өнімдерімен толық көлемде қамтамасыз ете алмайтынын жəне бір бөлігін Ресейден əкелетінін ескерсек, онда алда мəселе өткірленуі мүмкін.

Осындай жағдайда Үкі мет тің іс-əрекеті сайлаушы-ларды мазалайды. Сондай-ақ, Елбасы Үкіметке эконо-мика үшін келеңсіз жағдайларды ескертуді, халықтың əл-ауқаты мен Қазақстанның қауiпсiздiгi мəселелерін пысықтауды тапсырды. Бұған енді Үкімет не деп жау ап қатар екен?

Жақсыбай САМРАТ,«Егемен Қазақстан».

Үстіміздегі жылдың мамыр айында «Егеменге» Қорғалжын қорығы мен оның проблема-лары жөнінде мақала жазған едік («ЕҚ», 24.05.2014 ж.). Осы мақалада көтерілген мəселелерді негізге алып жəне ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу кезінде қорықты да табиғи кешен ретінде көрме объектілерінің тізбесіне енгізіп, оған апара-тын жолға жəне Қорғалжын қорығының өзіне де жөндеу жұмыстарын жүргізу керектігін ұсынып, Мəжіліс депутаты Жексенбай Дүйсебаев Премьер-Министр К.Мəсімовтің атына 19 маусымда болған жалпы оты-рыста сауал жолдаған еді. Оған осы өңірден сайланған Талғат Ерғалиев, Жамбыл Ахметбеков жəне т.б. қолдап қол қойған еді.

Енді осы сауалға берілген жауапқа тоқталайық. Ол депу -таттардың қолына 2014 жылдың 18 шілдесінде тиді. Жауаптың бірінші бөлігінде Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының жай-күйі туралы депутаттардың өзі де білетін жайлар айтылыпты. Мəселен, жауапта «Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының барлық аумақтарында кез кел-ген шаруашылық қызметке жəне мемлекеттік табиғи қорық қорының табиғи кешендері мен объектілерінің табиғи келбетін бұзатын өзге де қызметтерге тыйым салуды көздейтін қорық күзетінің режімі белгіленді», делініпті. Сондай-ақ, «Қорықтың аумағымен танысу, құстар мен сүтқоректілерді бақылау мақсатында Қорғалжын қоры -ғының күзет аймағында ақпа -раттық қалқандармен жəне

т а м а ш а л а у а л а ң д а р ы м е н жабдықталған 3 экскурсиялық маршрут жұмыс істейді» , делінген. Қорғалжынды əбден аралап шыққанда мұндай «жабдықталған» дүниелерді көрген жоқпыз. Мүмкін ол болашақта іске асырылатын ша-ралар болар.

Ал енді ЭКСПО-2017 көрме-сінің объектілері қатарына Қор-ғал жынды да енгізуге байланыс-ты біршама қуанышты хабар жазы лыпты. Атап айтқанда, ЭКСПО-ға арналған 5 «этно-ауыл» құру жоспарланып, со-ның бірін Қорғалжында құру енгі зілген көрінеді. Сондай-ақ, белгілі бағыттарға баратын тур -лар қатарына Қорғалжын қоры-ғына бару туристік маршрут ретінде енгізілген екен. Бұл қор-ғалжындықтар үшін өте қуаныш-ты хабар болып отыр. Өйткені, енді Қорғалжынға апаратын жол күрделі жөндеуден өтетін шығар деген үміт бар. Ал қазіргі жолды туристерге көрсету – Қазақстанды ұятқа қалдырар еді.

Енді осы жауаптың соңғы абза-цына көзіміз түскенде көтеріл ген көңіл су сепкендей ба сылып қалды. Өйткені, онда: «Туристік саланы дамыту дың 2020 жылға дейінгі тұжы рым дамасына сəйкес, Астана – Қорғалжын ав-томобиль жолын реконструкция-лау көздел ген», делініпті. Сонда қалай... ЭКСПО 2017 жылы өтсе, оның бір туристік объектісі – Қор ғалжынға апаратын жол тек 2020 жылы жөнделе ме? Бұл сөздер Премьер-Министрдің жауа бын əзірлеген адамның өз жұмысына салғырттығын көр-сетіп тұрғандай. Əйтпесе, тама-ша етіп жөнделген бұл жол кемін де 2016 жылы пайдалануға берілуі керек қой.

Сенаттаєы кездесулерСенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс жəне қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков пен Таиланд Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы төтенше жəне өкілетті елшісі Чан Джулламонның кездесуі өтті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

* * *Сенат депутаттары Икрам Адырбеков пен Мұхтар Алтынбаев Франция əскери-өнеркəсіп кешенінің ең ірі өндірушілерінің бірі болып табылатын «NEXTER» компаниясының басшылығымен кездесті, деп хабар-лады палатаның баспасөз қызметі.Компания өкілдері сенатор-

ларды өз өнімдерімен таныс ты-рып, арнайы техникамен қам та -масыз ету саласы бойын ша қа-зақ стандық тараппен ын ты мақ -тастықтың қазіргі ахуалы туралы

хабарлады. Сенаторлар бүгінгі күні «Қазақстан-2050» Стра те гия-сын іске асыру аясын да өт кізіліп жат қан əртүрлі күш тер дің қару-жа рақ пен əскери тех никасын жаң ғырту саясатын түсіндірді.

Ќымбаттаудыѕ алдын алайыќ

Бақытбек СМАҒҰЛ,Мəжіліс депутаты.

Жау оғынан ықпай, қасқайып кеудесін тосқан батырларды құрметтеу – көнеден келе жат қан дала дəстүрі. Халқымыз өзінің ержүрек ұлдарын қайрат-рухы-мыздың қайнар көзі, ұлттық діліміздің діңгегі деп білген.

Аты аңызға айналған батыр-ларымыз Бауыржан Момышұлы, Сағадат Нұрмағамбетов, Тал-ғат Бигелдинов, Рақымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсеновтің ерен ерліктері Ұлы Отан соғы-сындағы Жеңіске алып келді.

Бүгінгі таңда, тəуелсіздікпен б ірге батырлар даңқын да

асқақ татуға, елдік пен ерлікті бі-ріктіріп, өр, өжет бабалары мыз бен əкелерімізді үлгі тұ туға тиістіміз. Рухани дүние міз кедей леніп, ру-хымыз жалаңаш та нып кетпеуі үшін батыр тұлға лар дың тари-хын түгендеп, тарихи əділ дікті қалпына келтіруге алдымен өзі-міз мүдделік танытқанымыз абзал.

Осы орайда, Ұлы Отан соғы-сында елге танылған даңқты мер-ген Төлеуғали Əбдібековтің есімі бүгінде елеусіз қалып отырғандай.

Мысалы, Кеңес Одағының ба-тырлары снайперлер Ф.Смолачков – 125, В.Зайцев – 255 жауды жойған. Ал Төлеуғали Əбдібеков 396 фашисті, яғни бір өзі батальон-ға жуық жаудың көзін құртқан.

Бірақ оған батыр атағы берілмеді.2007 жылы қазан айында

Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Орталық əскери мұрағатына сұрау салынған, ал 2008 жылдың 18 наурызында жауап келіп, Подольск əскери мұрағаты екі архивтік анықтама салған. Гвардия аға сержанты, снайпер Т.Əбдібековтің ерен ерліктерін растаған.

Хатта мұрағат деректері қолмен көшіріліп, наградалардың қандай ерлігі үшін берілгені тізіліпті. Онда архивтік құжаттар негізінде Т.Əбдібековтің «даңқты жəне теңдесі жоқ снайпер екендігі, 396 гитлершілді жойғандығы, 32 мергенді тəрбиелеп шығар-ғандығы» анық жазылған. Қол қойылған, мөр басылған, бəрі заңды түрде рəсімделген.

Даңқты жерлесіміздің соғыс-тағы асқан ерлігін дəлелдейтін бұдан артық қандай құжат керек?

Жауынгерлік ерліктері үшін ол «Қызыл Жұлдыз», əскери

«Қызыл Ту» ордендерімен, I дəрежелі Отан соғысы орденімен, Ленин орденімен марапатталған. Ұлы Отан соғысында біздің қандасымыздан асқан басқа бірде-бір мерген жайында дерек кездеспейді.

Командование оны Кеңес Одағының Батыры атағына өмір-баяндық анкетада өзінің немере ағасы Кемелбай Насырхановтың репрессияланғанын жасырмай жазғаны үшін ғана ұсынбаған.

Дегенмен, алдағы Ұлы Жеңіс-тің 70 жылдығы еліміздің іздеуі жетпеген ер ұлының таудай атын жарыққа шығарып, мəртебемізді асқақтатады деген үкілі үмітімізді сөндірмейді.

Елбасы Н.Назарбаев «Қазақ-стан-2050» Стратегиясында лайық-ты ұрпақ өсіру мəселесіне, пат-риоттық тəрбиеге баса мəн берді. Осы орайда, Төлеуғали Əбді-бековтей батыр тұлғаның өнеге ерлігі талай жүректерді жаулап, түлектерді баулып қанаттандыра берері сөзсіз.

Кезінде Елбасының ерен еңбегінің арқасында Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қош-қар баев, Қасым Қайсенов сынды хас батырларымыздың жанқияр-лық ерлігі кеш те болса еленіп, Тəу елсіздікпен бірге атағы асқақтады.

Осы орайда айтайын дегенім, ел Үкіметі төмендегі ұсыныстарды қолдап, іске асыру мүмкіндігін қарастырса:

– Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі мергендер даярлайтын құрылымдарының біріне Т.Əбдібековтің атын беру;

– Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында даңқты мерген Төлеуғали Əбдібековті «Халық Қаһарманы» атағына ұсыну.

2012 жылы «Нұр Отан» партиясының қолдауымен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай батырларымыздың тарихын түгендеу, атын дəріптеу, ала алмаған лайықты бағаларын беру мəселесі ақпарат құралдарында кеңінен көтеріліп, игі іс бастал-ды. Енді осы жұмысты лайықты қорытындысына дейін жеткізсек, ел болашағы – жас ұрпақты отансүйгіштік жəне қаһармандық өнегесімен тəрбиелеуге үлкен септігін тигізген болар еді. Əрі бұл халықтар достығына оң ықпал етеді: ұлтымыздың ержүрек батыры Төлеуғали Əбдібеков сол кездегі ортақ Отанымызды қорғады, сол үшін қайталанбас ерлік жасап, жанын қиды.

Бұл бір мен емес, жоғарыда аталған ұсыныстарды қолдап отырған тағы 16 депутаттың да тілек-қалауы.

«Өзіңізге мəлім, қымыз бен шұбат – халқымыздың байырғы ас-сусыны. Ғасырлар бойы қасиетті жылқы мен түйе малын асырау, қымыз бен шұбат дай-ындау жөнінен халқымызда бай тəжірибе қалыптасқан. Қымыз бен шұбат ағзаға өте пайда-лы, туберкулез, бауыр, ішек-қарын, жүйке мен иммундық жүйелердің, жүрек пен қан тамырларының дертіне дауа. Өкінішке қарай, кешегі Кеңес өкіметінің тұсында жылқы мен түйеге, олардан алынатын өнімдерге жасалған қиянат пен солақай саясаттың салдарынан қымыз бен шұбат өндіру ісі бəсеңсіп, ұмыт бола жаздады.

Қазақтың бүгінгідей егемен ел, дербес мемлекет болып отырған тұсында ата-бабамыз-дан қалған кəсіпті жалғастырып, түйе мен жылқы шаруашылғын дамытуға, олардан алынатын шұбат, қымыз сияқты бағалы өнімдерді молайтуға, оны мақтаныш ететіндей ұлттық брендімізге айналдыруға мол мүмкіндігіміз бар.

Бұл мəселені зерттеп жүрген ғалым, профессор Зұлхарнай Сейітұлы қымыз бен шұбатты баптап, əзірлеудің 10 айға дейін алғашқы дəмі мен сапа-сын сақтайтындай технология-сын, оларды ұнтақ түрінде дайындаудың əдістерін ойлап тапқан. Осы сусын-тағамдар бойынша Англиядағы Лондон университетімен, Израильдегі Бен-Гурион университетімен жəне Францияның Монпелье қаласындағы ғалымдармен бір-лесе зерттеулер жүргізіп, нəти-жесінде Еуроодақтың халық ара-лық «Интас» грантына ие болған.

Ғалымдарымыз сапалы қымыз бен шұбат өндіріп, оны ұлттық брендке айналдыру жөнінде «Егемен Қазақстаннан» бастап, бірталай газет-журнал-дарда дабыл қағып, құзырлы органдарға хат жазса да, тиісті қолдаулар табыла қоймады. Кезінде елімізде өкпе ауруларын қымызбен емдейтін 15 шипажай болса, өкімет тарапынан қолдау болмағандықтан, олар біртіндеп жұмыстарын тоқтатып, жабы-лып қалды.

Көршілес Ресейде қымыз өндіретін 80-нен астам агро-фирма, қымызбен емдейтін 48 шипажай жұмыс істейді. Ресей ғалымдары бие сүтінде бола-тын лактоферрин атты ақуыздан қатерлі ісікті емдейтін дəрі жасап жатыр.

Қымыз бен шұбаттың емдік қасиеттеріне Жапония жəне Батыс Еуропа елдері ерек -ше қызығушылық танытуда. Германия бие сүтінен қы мыз дайындап, оның ұнтағы нан түрлі тағамдар мен космети-калық заттар алуды игерген. Ал Түркиядағы қазақ қандас -тары мыз Германияға жылына 1000 тонна қымыз экспорт-тап отырады екен. Бізде бой-күйездік пен нем құрайлы-лық тың, «қолда бар алтынды бағалай алмаудың» орын алып отырғанын байқаймыз.

Ата-бабамыздың аманатына адалдық танытып, ардақтаған асын, сүйсіне ішкен сусында-рын ұлттық брендке айналдыру үшін қымыз бен шұбат жөнінде заң қабылдауымыз қажет. Ол заңда олардың классикалық дайындау үлг ілер і , сүтке қойылатын талаптар, стан-дарттар, физикалық-химиялық жəне иіс-дəмдік қасиеттері, сақтық шаралары жазылуы тиіс. Қымыз бен шұбат өндіретін фермерлерді ынталандыру үшін заңда мемлекеттік жеңілдіктер қарастыру қажет.

«Қазақстан-2050» Страте-гиясында: «Ауыл шаруашылығы өніміне өсіп отырған жаһандық сұраныс жағдайында ауқым-ды жаңғыру керек. Біз эколо-гиялыққа баса назар аудара оты-рып, ұлттық бəсекеге қабілетті брендтер құруға тиіспіз», деген міндет қойылған. Сондықтан, елімізде қымыз бен шұбат өндірісін мемлекеттік деңгейде қолға алып, дамытсақ, бұл Елбасымыз айтқан экономи-камызды əртараптандырудың нақты көрінісі болмақ.

Қымыз бен шұбат жөніндегі заңды қабылдау арқылы ата-бабаларымыздың аманатын ақтап, өмірлерінің нəрі болған сусындарының сапасын сақтап, келер ұрпақтарға мақтанышпен тапсырған болар едік.

Құрметті Кəрім Қажым-қанұлы!

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, қымыз бен шұбаттың халқымыздың сан ғасырлық ұлттық дəстүрлі тағамы, сусы-ны жəне денсаулыққа орасан зор пайдалы екенін, басқа мемлекет-тер аса қызығушылық танытып отырғанын ескере келе, қымыз бен шұбат өндірісін мемлекеттік деңгейде қолға алып, оны ұлттық брендке айналдыру үшін тиісті заң жобасын дайындауға ықпал етуіңізді сұраймыз».

Алдан СМАЙЫЛ,Мəжіліс депутаты.

Əлемнің намысты елдерінің бəрі төл тарихын ардақтаумен келеді. Бүкіл Еуропа, Қытай мен Ресей, түркітектес ұлттардың талайы көне тарихын көкке көтеруде. Ел құраған көсемдерін, жер қорғаған ерлерін көркем фильмдерде құрметтеп, жаһанға жамыратумен келеді. Грек жұртының Александр Македонскийден бастап, барлық қаһармандары кинотуындылар

арқылы адамзаттың асылдарына айналды. Ағылшын корольдері мен Рим жойқындарын да экран-дардан бала кезден көріп келеміз. Бүгінгі қауым Шыңғыс хан мен Сүлеймен сұлтанның фильмі десе, ішкен асын жерге қояды. Корея тарихы теледидар арқылы үздіксіз əспеттеліп жатыр. Бұларға енді «Құбылай» келіп қосылды.

Рухани кеңістігімізде бəрі бар, тек даңқты Тұмарханым мен Күлтегін, Мөде мен Еділ, атақты Алпамыс пен Қамбар, Хақназар

мен Əз Тəуке, қаһарлы Хан Кене жоқ. Ел-жұрт соған ренжулі.

Біздің кино өнеріміздегі тасбақа шабандығымыздың сал-дарынан өзгелер экран да тарихы-мызды бұрмалап, тұлғаларымызды тұқыртуда. Ресейде шығарылған «Поддубный» фильмінде даңқты Қажымұқан əлжуаз түрік балуа-нына айналған.

Осыдан кейін қынжыласың. Көркем өнердің тағдыры қолда-рына берілген мемлекеттік билік орындары мен кино өнеріне тіке-лей жауапты шығармашылық шаңы рақтарға қазақ тарихының Сақ, Ғұн, Үйсін заманындағы тағдыр лы кезеңдерін, тұлғалары мен жойқын ерлерін экранда қайта тірілтуге не кедергі болып отыр? Шығармашылық қабілетсіздік пе, əлде ұлт тарихына немқұрайлылық

па? Бəлкім, рухани сүлесоқтық шығар?

Егер керісінше болса, арғы-бергі тарихымызға деген ұлттық құрмет жүрегімізде шымырлап жатса, халықтың өткенін өнерде өрнектеу перзенттік парызымыз екенін сезіне алсақ, бұл мұрат қана емес, жүзеге асырылуға тиіс міндет екенін жауапкершілікпен түсінсек, атқа қонған 20 жылдан астам уақыттың ішінде Алтын Алтайдан өнген біздің тəлімді ғасырларымыз бен қаһарлы кезеңдеріміз көз ал-дымызда қайта жаңғырар еді ғой. Олай болған жоқ, солай болатын түрі де жоқ. «Қазақфильм» бірлі-жарым, онда да елдің сынына ұшы-раған тарихи фильммен шектелуде.

Е н д і о с ы о л қ ы л ы қ т а н арылу үшін мына шығарма-ш ы л ы қ ш а р а л а р д ы ж ү з е г е

асыру керек деп есептейміз:– Мəдениет жəне спорт ми-

нистрлігінің жанынан тарихшы-лар мен тарихи тақырыпта жазып жүрген қаламгерлерден, белгілі кинодраматургтерден тұрақты жұмыс істейтін сценарий тобы ұйымдастырылуы;

– түркі-қазақ ұлысының алыс-жақын тарихы бойынша түсірілетін фильмдердің нақты тақырыптары мен көлемі айқындалуы;

– осы шығармашылық жұ мыс-қа түркітектес елдердің көрнекті киногерлерінің тартылуы;

– тарихи кинофильмдердің түсірілуіне қажетті қаржының республикалық бюджеттен толық қамтамасыз етілуі қажет.

Бүгінгі елдің рухани өтініші, бізге халық жиі айтатын, қана ғат-тан дырылуға тиіс талап осындай.

396 фашистіѕ кґзін жойєан даѕќты мерген Тґлеуєали Əбдібековтіѕ есімі елеусіз ќалмауєа тиіс

Қолыма қалам алуыма «Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы республикалық əскери мектеп-ин-тернаты мекемесінің жəне генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің тəрбиеленушілері мен ұжымынан келіп түскен өтініштері себеп болып отыр.

Ќолда бар алтынды баєалай алмай отырмыз

Сенатта өткен жалпы отырыста депутат Қуаныш Айтаханов бастаған бір топ депутат қымыз бен шұбат проблемасын көтеріп, Премьер-Министр Кəрім Мəсімовтің атына депутаттық сауал жолдаған бола-тын. Онда былай делінеді:

Жол уаќытында жґнделе ме?

Парламентші пайымы

Халыќ сўранысы ќанаєаттандырылуы ќажетХалықтың рухани талап-тілегі күн өткен сайын артып келеді. Өңірлердегі жүздесулерде көкірегі ояу жұрт: «Тағдырлы тарихымыз бен толағай тұл ғаларымыз неге көркем фильмдер арқылы бүгінгі заманмен қауышпайды?» деп талай-талай сұраған. Анығында, өзінің алыс-жақын тарихын əдебиеті мен кино өнерінде дəріптемеген халық кемде-кем.

Фотокүнделік

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.

Page 9: 20 қыркүйек Сенбі марапаттау 2014 ЖыЛ рәсіміне қатысты ...мүмкін ең қымбат дүниелер. Бүгінгі мерекенің

20 қыркүйек 2014 жыл www.egemen.kz 9 «Егемен Қазақстан» – 95

Сұңғат ƏЛІПБАЙ,Бақберген АМАЛБЕК,«Егемен Қазақстан».

Сапардың екінші күні егемендіктерді Көкшетау қаласының əкімі Жомарт Нұр-ғалиев қабылдады. Мұнда өткен дөңгелек үстел басындағы əңгімеге газет басшы-сымен қатар, бас редактордың орынбаса-ры Самат Мұса, шолушылар Əлисұлтан Құланбай мен осы жолдардың авторы Сұң ғат Əліпбай, газеттің Қараған ды, Сол-түстік Қазақстан, Ақмола облыс тарын-дағы меншікті тілшілері Айқын Не сіпбай, Өмір Есқали, мақаланың тағы бір авто-ры Бақберген Амалбек жəне жер гілікті басылымдардың басшылары қатысты.

Қала əкімі Жомарт Мирасұлы журна-листермен кездесудегі əңгімесін қаланың қысқы дайындығынан бастап кетуінің сырын бастапқыда ұға алмай қалып едік. Сөйтсек, мұның да өзіндік мəні бар екен. Еліміз бен жеріміздің жағдайын жақсы білетін қазақ көсемсөзінің қазіргі хас шеберлерінің бірі Сəукеңнің – Сауытбек Абдрахмановтың кейіннен атап көрсеткеніндей, осы уақытқа дейін Арқаның ақырған аяздарында екі рет жылу желілерінің қатып қалу жағдайын бастан кешірген Көкшетау қаласы қуатты бір жылу-энергетикалық орталыққа зəру болып келеді екен. Мұнда бұл қызметті қауқары шамалы жеке қазандықтар атқарады. Демек, қатал қысқа қапысыз дайындықпен келу, оның ауыртпалықтарына қайыспай қарсы тұрып, қиналмай шығарып салу – Көкшетау қаласының күрделі проблемаларының бірі.

Осындай жағдайға байланысты қызметке келгеніне үш ай ғана болған Көкшетау қаласының əкімі алғашқы жұмысын нақ осы мəселеден бастап жатқан көрінеді.

– Əзірге бұл жұмыс кесте бойын-ша атқарылып келеді. Көмірді Бога тырь кенішінен аламыз. Дəл қазіргі мүмкін-діктерді пайдаланып, екі айлық көмір қорын қалыптастыруға ұмтылыс таны-тып отырмыз. Қазандықтар əзірлігі қатаң қадағалануда. Өйткені, таяудағы күндердің ішінде балабақшалар мен ауруханаларға, басқа да маңызды əлеуметтік мекеме-лерге жылу бере бастаймыз. Дəл қазіргі күндері мазут мəсе лесін шешу үстіндеміз. Қаланың кəріз жүйелерінен су құйылатын канал бітеліп қалған екен, оны ашып дайын дап қойдық. Қала тазалығымен шұғыл данатын ұйымдардың жұмыстарын бақылауға алдық. Жалпы, қалада 154 мың халық бар. Осы халыққа Елбасымыз жүктеген талапқа сай қызмет көрсету үшін қолдан келгеннің бəрін атқарамыз. Қазір көшелерді жөндеу жұмыстары жүруде. Абай көшесі толық жөнделді. Берекелі күздің берерін ел игілігіне ай-налдыру мақсатында ауылшаруашылық жəрмеңкелері тұрақты түрде өткізіледі. Оларда ет, картоп, көкөніс, басқа да азық-түлік өнімдері төмендетілген баға бой-ынша сатылады, – деген əкім мұнан əрі сөздің бетін ірі ауқымды мəселелерге қарай бұрды. Инвестиция тарту жайын, өндіріс пен өнеркəсіпті дамыту мəселесін қамтыды. Көкшетауда «КамАЗ» автокөлігі шығарылады. Мақсат жылына – 1200 автокөлік шығару. Жыл соңына дейін кəсіпорын қуаттылығын 100 пайыздық деңгейге жеткізу мүмкіндігі бар.

Өз кезегінде «Егемен Қазақстанның» басшысы қабылдау үшін алғысын білдіре келе, қала басшылығын газеттің арғы-бергі тарихымен, бүгінгі жағдайымен таныстырып өтті. Соңғы бірқатар жыл-дардан бері газеттің белгілі бір атаулы

уақыт белесіне көтерілген кезде мұндай сапарлардың берік дəстүрге енгенін айта отырып, «Егеменнің» осының алдындағы 90 жылдық торқалы тойында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың газетке жасаған тікелей қамқорлығының нəтижесінде 8 қабатты жаңа ғимараттың салынып, га-зет тарихында тұңғыш рет Мемлекет басшысының келіп құттықтағанын ауыз толтыра айтты. Сонымен қатар, Көкше өңірінде зиялы қауым рухының қашанда жоғары екендігін, олардың үніне құлақ түріп отыру билік иелерінің халықпен жақындасуына əсері барлығын жеткізді.

Қала əкімдігі орналасқан ғимараттың дəл қасында ардақ тұтар асылымыз Шоқан Уəлихановтың ескерткіші орнатылған. Ескерткіштегі бейне тастұғыр табанындағы қара жерге қарағанда төбесіндегі көк аспанмен ерекше жарасымын тауыпты. Ол Көкшенің көк күмбезіне қарай самғай жөнелетіндей əсер етеді. Осының өзінен əсем де мағынаға толы образды байқадық. Мұнда Шоқанның өмірден жас кеткендігі, қара жерге табаны аз тигендігі, үлкен ар-ман бойын кернегендігі, сөйтіп, тұлғасы ешуақытта аласармайтын аспан адамына айналғандығы, қазақ рухының көгінде қанаты талмас қыран секілді əрдайым биікте бола беретіндігі анық айтылып тұр-ғандай. Ұлы ғалымның осы бейнесінің қа-сына келіп басымызды иіп, суретке түстік.

Келесі кездесу Көкше академиясын-да жалғасын тапты. Осында өткен сту-денттер қауымының алдындағы сөзінде газет басшысы Сауытбек Абдрахманов жастарды «Егемен Қазақстан» газетінің тарихы, ел өміріндегі алар орны жəне бүгінгі жағдайымен кеңірек танысты-рып өтті. Жастар – еліміздің ертеңі ғой. Басылым басшысы, шамасы, осы мəселені ескерген болуы керек, жастық шақтың адамға берер мүмкіндіктерінен бастап,

тəуелсіз елімізде қазіргі жүргізіліп жатқан ұлан-ғайыр жұмыстар, «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру ісінің маңызы туралы толғана əңгіме қозғады. Газет тиражының 2000 жылғы 38 данадан қазіргі 200 мың данаға дейін өсуі ең алдымен мемлекеттік тіл мерейі мен маңызының артқандығының белгісі екендігін айтса, Елбасының жуықтағы Ұлытау жерінде берген сұхбатының маңызына тоқтала келе, еліміздің Еуразиялық экономикалық одаққа бірігуі мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың өзекті бір мəселесі екендігін жас тар жүрегіне жеткізді.

«Иə, Еуразиялық экономикалық одаққа бірігу – дамудың ең бір керемет нұсқасы болмауы да мүмкін, бірақ бұл ашық теңізге шығар жолы жоқ біз секілді ел

үшін үлкен қажеттілік. Біздің теңізіміз – іргемізден ашылып отырған үлкен ры-нок. Біз ол беретін мүмкіндіктерді дұрыс пайдаланған жағдайда ғана сауда-саттық ісін дұрыс жолға қоя аламыз. Жері ұлан-ғайыр, табиғи байлығы мол, ал сол рес урс-тармен салыстырғанда адам саны аздық етіп отырған елде, жаһандану үдерісі белең алған заманда бірлесіп тіршілік жасау біздің халық үшін тиімді болмақ», – деді. Көкірегі арманға толы студент жастарға өздерінің қазіргі алтын уақыттарын тиімді де мүлтіксіз пайдалану жөнінде ағалық ақылын айта келе, олардың өмір жолына үлкен сəттілік тіледі.

Көкше академиясында өткен кездесу-ден кейін газет басшысына тығыз тапсыр-ма бойынша Астанаға жол жүруге тура келді де, сапар үстіндегі егемендіктер то бына жетекшілік жасау газеттің бас редак торының орынбасары Самат Мұсаға жүк телді. Мұнан кейін тобымызбен жұбы-мызды жазбай Ақмола облыстық тари хи-өлкетану мұражайына атбасын тіредік.

Бұл мұражай Қазақстандағы ертеден келе жатқан тарихи мекемелердің бірі екен. Оның негізі 1920 жылы қаланыпты. Оның үстіне, 1904 жылы салынған тарихи-архитектуралық ескерткіш ғимаратта орналасқандықтан да алғашқы кірген беттен-ақ өлкенің көне тарихымен кез-дескендей жағымды əсер алып үлгердік. Мұражайдың қорында 77 мыңнан

астам жəдігер сақталған екен. Олардың бірегейлері экспозициялық көрсетілім зал-дарынан орын тепкен. Мұражайда əртүрлі тақырыптарға ұйымдастырылған көптеген залдар бар. Солардың бірі «Абылай хан əлемі» деп аталады. Қасиетті Көкше жері – Абылайдың ақ туы тігілген мекен. Бізді мұражай жұмысымен таныстырған қызметкерлердің қай-қайсысы болмасын өз істерінің білгірлері екен.

Үстіміздегі жылдың 3 қыркүйегі күні Елбасының өзі келіп ашқан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Дос-тық» үйіне де бас сұғып шықтық. Жаңа ғимарат əдемі бір жағажай маңындағы көркем жерден орын теуіпті. Ал жергілікті халықтың айтуы бойынша дəл бұл жер осы-дан біраз уақыт бұрын ғана қара батпаққа

бөккен, қара шалшықты суының иісі мүңкіген қолайсыз бір орын болған екен. Оны тазартып, жағалауды ретке келтіріп, айналасын гүл мен ағашқа көмкергеннен кейін барып, жағажай халық демалатын əдемі орындардың біріне айналыпты.

Көкшетау қаласынан кейінгі сапары-мыз Зеренді ауданында жалғасын тап-ты. Зеренді ауданы өзінің тамаша көркі, əсем табиғаты, жұпар шашқан таза ауа-сы, сондай-ақ, тарихи тұлғаларымен есте қалатын айтулы өңірлердің бірі. 1922 жылы газетімізді басқарған халқымыздың аяулы арыс азаматы Сəкен Сейфуллиннің:

«Ырғалған көкке бойлап қарағайы, Қасында көкжелекті аппақ қайың. Жібектей желмен шарпып төңіректі,Балқытып мас қылады иіс майы»,

– деген атақты жыр жолдары дəл осы Зеренді қарағайларына арнап жазылғандай.

Аудан əкімдігінің мəжіліс залында га-зет оқырмандарының «Егемен Қазақстан» газетінің сапарға қатысқан жұмыс тобы-мен кездесуі болып өтті. Оны Зеренді ау-даны əкімінің міндетін атқарушы Ербол Жүсіпбеков ашып, журналистер мен оқырмандарды газеттің 95 жылдығымен құттықтады. Зеренді өңірінен елімізге та-нымал талай тұлғалы азаматтар шыққан. Егер арыға бармай, тек газет жағдайымен ғана сөз қозғайтын болсақ, Зеренді өңірі – «Егемен Қазақстанда» ұзақ жыл редактордың бірінші орынбасары бо-лып басшылық қызмет атқарған белгілі де білікті журналист Сарбас Ақтаевтың, қазіргі күні газеттің Алматы филиалын басқарып отырған əріптесіміз, елімізге та-нымал ақын Қорғанбек Аманжолдың түлеп ұшқан мекені.

Өз кезегінде сөз тізгінін алған Самат Мұса жиналған қауымды газет жағ да йы-мен, сапардың мақсатымен кеңінен та-ныстырып өтті. Мұнан кейін Əлисұлтан Құланбай, Сұңғат Əліпбай газеттің Ақмола облысы бойынша меншікті тілшісі Бақберген Амалбек өздерінің атқарып отырған қызметтеріне қатысты жұмыстары жайында əңгімеледі.

Əрине, оқырмандар үшін басылым журналистерімен мұндай кездесулердің жиі бола бермейтіні белгілі. Сондықтан

олар өз көкейлерінде жүрген мəселелерді ортаға салып, сұрақтар қойды. Мəселен, Сапар Өтеулин ақсақал «Бұрынғы уа-қыттары «Егеменге» шыққан сын мақа-лалар жауапсыз қалмаушы еді. Қазір олай емес. Сондықтан алдағы уақытта осы мəселе ескеріліп, сіздер – журна-листер өздеріңіз жазған проблемалық мақалаларыңыздың аяқсыз қалмауын қадағалап отырсаңыздар», – деген тіле-гін білдірді. Сондай-ақ, «Егемен Қазақ-станның» бетінде кейде жеке бір адамдарға арналып құлаш-құлаш мақа лалар жазылып жатады. Ал біз үшін «Егемен Қазақстан» өте маңызды газет. Тұтас елдің тіршілігін күйттейтін, ел ішінің мəселесін билікке жеткізетін басты басылым. Сондықтан, жеке адамдар туралы жазуды азай-

тып, оның орнына елге қажетті дүниені берсеңіздер», – деген де ұсыныстар түсті.

Осы сауалдардың барлығына түсінікті жауаптар берілді. Мəселен, журналис-тер тобының жетекшісі Самат Мұса қоғамды демократияландыру бағытында туындаған талаптарға жəне «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» жаңа Заңға сəйкес қазіргі баспасөздің қоғамдағы рөлі бұрынғы ұйымдастырушылық бағытынан ауытқып, ендігі кезекте қоғамды ақпа-раттармен қамтуға қарай ойысып отыр-ғандығын, осыған орай мемлекеттік орган-дар мен компаниялардың газет көтерген мəселелердің барлығына жауап беруге міндетті емес екендігін жеткізді.

Екіншіден, еліміздің көптеген газет-журналдар секілді «Егемен Қазақстан»

да қазіргі уақытта нарық заңы бойынша өмір сүріп, газетті шығаруға жұмсалатын шығындардың елеулі бөлігі редакцияның өз мойнына артылып отырғандықтан, осы шығындарды өтеу үшін ақылы жарнама-лар мен мақалалар ұйымдастыруға тура келеді. Жеке адамдар туралы көлемді мақалалардың жарияланып жатуының да бір сыры осында.

Аудан жастарының өкілі Асқар Əбу-ғалиев жастар мəселесін алға қойды. Оны шешудің бір жолы ретінде жергілікті жер-де шағын жəне орта бизнесті дамытуға көп көңіл бөлу қажеттігін айтып, алдағы уақытта газет журналистері осы мəселеге көбірек мəн берсе, деген тілегін жеткізді. Журналистер мұны орынды ұсыныс ретінде қабылдады.

Бұрын партия, кеңес қызметінде істеген зейнеткер Мұхит Қабдешов журналистер-мен жеке кездесудегі сөзінде Зеренді ау-данында орыс тілінде де, қазақ тілінде де газет шығатындығын, бірақ осы екеуінің жағдайы тең емес екендігін, егер орыс тіліндегі газет аптасына екі рет шығатын болса, қазақ тіліндегі газетті шығару бір ретпен ғана шектелетіндігін, ауданда өмір сүріп жатқан халықтың 70 пайызы қазақтар бола тұрып, осы мəселенің əлі күнге дұрыс шешімін таппағандығын жеткізді. Ардагер қынжылысы орынды секілді. Бірақ біздің ойымызша, осы бір істі облыстың өз деңгейінде, тіпті, аудан деңгейінде де ше-шуге болар еді. Сондықтан біз мұны тиісті жергілікті билік алдына тарта кеткенді жөн көрдік.

Кездесуде сөз алған ауданға аты мəлім айтыскер ақын Күлəш Рахымжанованың сөзі төкпелеткен тілімен, патриотизм мəселесін көтерген үнімен есте қалды.

Кездесу соңында аудан əкімінің міндетін атқарушы Ербол Жүсіпбеков пен аудандық мəслихаттың хатшысы Қайрат Ауғалиев сөз алып, газет жұмысына та-быстар тіледі.

Егер əңгімені тереңнен қозғайтын болсақ, Зеренді ауданында жүзеге асы-рылып жатқан маңызды жұмыстар аз емес. Бұған ауданның алға басқан көрсеткіштері де куə бола алады. Зеренді – көптеген сəтті бастамалардың мекені, облыстағы алдыңғы қатарлы өңір. Əрі мұнда «Егеменнің» оқырмандары да аз емес. Сол оқырмандардың бірі: «Біз газетті жаздырып алғымыз келеді, бірақ оған мүмкіндігіміз бола бермейді, соған бай-ланысты зейнеткерлер үшін газет бағасы төмендетілсе», – деген тіле гін де жеткізді. Бұл мəселені əр аудан өз жағдайына сəйкес, жергілікті зейнеткерлерге жəрдем ретінде өз бетімен шешіп жатса, нағыз қолдайтын бір бастама осы болар ма еді деген ойда қалдық.

Мұнан кейін Көкшенің ең бір көрікті өлкесі болып табылатын Бурабай ауда-нында, оның орталығы Щучье қала-сында болдық. Аудан əкімі Төлеген Ташмағамбетовпен жүздесуден кейін, дөңгелек үстел басындағы кездесу ұйым-дастырылды. Оған аудандық мəслихаттың хат шысы Өтелбай Бейсенов, əкімнің орын-басары Марпуға Нұрпанова, «Бура бай» газетінің бас редакторы Болат Рақышев жəне басқа да бірқатар азаматтар қатысты. Бурабай – елімізге танымал курортты аймақ. Мұнда бір маусымның өзінде 500 мыңнан астам турист келеді екен. Осыған сəйкес, туризмді дамыту күн

тəртібінде тұрған маңызды мəселелердің бірі. «Мұндағы демалыс орындары ең əрі кеткенде 3-4 ай жұмыс істейді. Жылдың ұзақ мерзімінде бос тұрады. Соған сəйкес, баға қымбаттығы туындайды. Осыны ретке келтіру үшін демалыс орындарының пай-далану уақытын ұзартудың мүмкін діктерін шетелдік тəжірибелерге сəйкес қарастыру үстіндеміз», – деген аудан басшылығы өңірдің əлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы бірсыпыра мəселелерді айтып өтті. 75 мыңнан астам халық өмір сүріп жатқан өңірде жетістіктер жағы баршылық. Мал басы мен одан алынатын өнімдер көлемі өсу үстінде. Өнеркəсіп саласында биылғы жылдың бірінші жартысында 9,1 мил-лиард теңгенің өнімі өндіріліпті. Соның ішінде өңдеу өнеркəсібінің үлесі 1,3 есе

өскен. Жарты жылда ауданға 3 825,9 мил-лион теңгенің инвестициясы тартылған. Құрылыс жұмыстарының көлемі 4 465,5 миллион теңгені құрап, өткен жылдың осы мерзіміндегіден 3,1 есе өскен.

Осындай алға басқан көрсеткіштерге көңіліміз толып, сапарымыздың келесі бағыты – Еңбекшілдер ауданына қарай бет түзедік.

Еңбекшілдер ауданы – қазақ халқының əн өнерінің асқан бұлбұлы, əрі ірі айтыскер ақын, композитор атақты Біржан салдың мекен еткен өңірі. Сондықтан да бұл өңірді «Біржан елі» деп атайтын сөз тіркесі əбден қалыптасып қалған. Аудан орталығы – Степняк қаласының сыртынан қарсы алған аудан əкімі Абай Сəдуақасұлымен бірге ұлы өнер иесінің басына барып, тəу етіп, қаланың биік жерінде орнатылған алып ескерткішінің қасында суретке түскеннен кейін мекемелерді аралауға кірістік. Бұл сапарларда аудан əкімінің бірінші орын-басары Серік Шəуенов пен аудан əкімінің орынбасары Орынбасар Ахметова бізбен бірге болды. Алдымен атбасын тірегеніміз – Біржан сал атындағы музыка мектебі. Мектеп директоры Гүлмира Кұртабиева бізді мектептің жетістіктерімен танысты-рып өтті. Музыка мектебінің 3 филиалы бар екен. Олар Үлгі, Сəуле, Қарағайлы ауыл дарында жұмыс істейді. Жалпы, мұнда 95 шəкірт тəрбиелену үстінде. Оларға 11 мұғалім сабақ береді.

Мектеп ұстаздары мен шəкірттерінің өнерлерін тамашаладық. Осында 30 жыл-дан астам жұмыс істеп келе жатқан атақты домбырашы Тастанбек Смағұлов, фор-тепьянодан беруші Татьяна Антонова, домбырадан сабақ беретін Жадыра Құсанова, мектеп шəкірттері 2014 жыл ғы ірі өнер байқауының жеңімпазы Камила Еркебұлан, Мəдина Исақова жəне басқа да оқушылар бізді өз өнерлерімен тəнті етті. Осы жерде өткен мектеп ұжымымен кездесуде тобымыздың жетекшісі, əрі осы ауданның мақтан тұтар түлектерінің бірі, Еңбекшілдер ауданының құрметті азама-ты Самат Мұса сөз алып, егемендіктерді құрметпен қабылдағандықтары үшін жерлестеріне зор алғысын жеткізе келе, газет жағдайына кеңінен тоқталып өтті.

Бұдан кейін аудандағы халыққа қызмет көрсету орталығында болдық. Онда келу -шілерге 164 түрлі қызмет көрсетіледі екен. Орталықта 13 адам еңбек етуде. Келу ші лер-ге барлық жағдай жасалған деуге болады.

Аудандағы орталық мəдениет үйі де Біржан сал атамыздың атымен аталады. Оның директоры Берік Айтмағамбетұлы мұндағы өнерпаздардың еңбектері еленіп отырғандығын, тіпті, Ресей, Түркия секілді елдерге дейін шығып, өз өнерлерін ортаға салғандығын, ендігі кезекте Дубай қаласына бару жоспары тұрғандығын жеткізді. Өнер ұясында 30 шақты адам жұмыс істейді. Мұнда біз «Көкек» ансам -блінің өнерін тамашаладық. Ансамбль атауы Біржан салдың атақты «Көкек» əніне орайлас қойылғандығын пайымдадық.

Жалпы, атақты Біржан салды өмірге əкелген өлке өнерпаздарының мол-дығымен ерекшеленді. Мұнда, тіпті, əу деп салмайтын адам жоқ сынды. Мəселен, аудандық Жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас-шысы Тоты Əбуова əн шырқаған кезде қарындасымыздың əуезді үніне сүйсініп, тіптен тəнті болдық.

Сапардың соңғы күні Мамай ауылына қарай жол тарттық. Сапар барысында аудан əкімінің бірінші орынбасары Серік Шəуенов бізді ауданның əлеуметтік-экономикалық даму жағдайымен таныстырып отыр-ды. Осындай əңгіме барысында соңғы он жылдың ішінде мұндағы өнеркəсіптік өнімнің көлемі 54 есе өскендігін, ауыл шаруашылығындағы өндіріс көлемі 3 есе ұлғайтылғандығын естіп қатты сүйсіндік.

Міне, осындай үлкен жетістіктерге өзіндік үлес қосып отырған, əрі Мамай ауылының түтінінің түзу ұшуына ықпалы мол «Еңбек-Береке» ЖШС-ін атақты Тимирязев академиясының түлегі Асқар Қиықов басқарады екен. Асекең басқарған шаруашылық дəл қазіргі күні 12 мың гектар астық егістігінің əр гектарынан 18 центнер-ден өнім жинауда. Біз мұнда қызыл қырман үстінен түстік. Тау-тау болып үйілген астық кептіріліп, сақтауға қойылуда. Егіс, жиын-терін жұмыстарының барлығы «Джон Дир» комбайндары мен егіс кешендері секілді қуатты техникалармен атқарылады екен. Осының нəтижесінде өнімділік көрсеткіші үнемі жоғары болып, ал кейбір жылдары əр гектардан 30 центнерге дейін алтын дəн жинап, серіктестік қазіргі күні Ақмола облысындағы ең үздік шаруашылықтар қатарында келеді.

Астаналық облыстағы осындай оңды істерді көріп, ажары ашық халықпен кездесіп, қанаттанып қайттық.

АСТАНА – КӨКШЕТАУ – ЗЕРЕНДІ – БУРАБАЙ – ЕҢБЕКШІЛДЕР – АСТАНА.––––––––––––––––

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ,

«Егемен Қазақстан».

Арќаныѕ кербез сўлу Кґкшетауы тамаша табиєаты, таєылымды адамдарымен əсерге бґледі

Биылғы желтоқсан айында «Егемен Қазақстан» газетінің жарық көргеніне 95 жыл толмақ. Осыған орай, газет журналистері еліміздің жекелеген өңірлеріне топ болып іссапарға шығып, бір жағынан жергілікті жердегі жағдаймен кеңінен танысып, екінші жағынан газетті насихаттау шараларын қолға алуда. Осындай са-пар жуықта ғана астаналық облыс – Ақмола жерінде жалғасты. Сапардың бірінші күні «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті, филология ғылымдарының докторы Сауытбек Абдрахмановтың облыс əкімі Сергей Кулагинмен кездесуі осының алдындағы газет нөмірлерінің бірінде жарық көрді.

Көкшетаудағы Ш.Уәлиханов ескерткіші алдында.

Көкше академиясында оқитын студент жастар.

Зерендідегі оқырмандармен кездесу кезінде. Степняктағы музыка мектебінің өнерпаздары.

Page 10: 20 қыркүйек Сенбі марапаттау 2014 ЖыЛ рәсіміне қатысты ...мүмкін ең қымбат дүниелер. Бүгінгі мерекенің

20 қыркүйек 2014 жылwww.egemen.kz10

Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,«Егемен Қазақстан».

Алматы облысы – жер жəннаты Жетісу атанған өлке. Облыстың климаты қолайлы, суы мол, жері шұрайлы. Бұл бізге экономиканың қай саласын болса да дамытуға зор мүмкіндік береді. Бүгін мен сіздерге осы өлкенің дамуы мен болашақ жоспарлары туралы баяндағалы отырмын. Аймақтың бүгінгі тыны-сы қандай? Болашақтағы жоспар-лары қалай құрылған? Не жасалды, алда нендей жұмыстар атқарылады? Сіздермен осы үлкен өңірдің да-муы мен болашағы туралы өзара тиімді үнқатысу болады деп ойлай-мын, деп бастады өз сөзін облыс əкімі. «Осыдан дəл бір ай бұрын облысымызда Мемлекет басшы-сы Нұрсұлтан Назарбаев болғаны өздеріңізге мəлім. Президенттің бұл келуі біз үшін аймақты келешекте əлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамытудың маңызды оқиғасына айналды. Елбасы бірқатар сын-ескертпелер жасады. Сол сын-ескертпелерді түзеу бойынша қалай жұмыс істейтінімізді бүгін сіздер бірінші болып білесіздер. Ол үшін нақты жоспар жасалған. Бұл жос-пар біз жүретін негізгі бағыттарды анықтайды», деді А.Баталов.

Аграрлық секторда бірінші ке-зекте облыстағы пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылатынын айтқан əкім, олар-ды ауыл шаруашылығының айна-лымына салып, инновациялық жаңа технологиялар іске қосылатынын жеткізді. Нəтижесінде ел ырысы ар-татыны мəлім. «Бүгінгі таңда Алматы маңында мемлекеттік қорда бірде-бір жер телімі жоқ. Бəрі жеке меншікте, əрі оның басым бөлігі тиісті қажетке жаратылмай тұр. Осы кезде облыс бойынша 126 мың гектардан астам жер пайдаланылмай жатыр. Көкірек-ке өкініш ұялатары, сол аумақтың 49 мың гектары суармалы жерлер. Сондықтан, егіс алқаптарын тиімді пайдалану мақсатында Жер карта-сын жасауды ойластырып жатыр-мыз. Мұнымен қатар, өңірде қант қызылшасын қайта өсіруді қолға алып, саладағы бұрынғы бүлінгенді қалпына келтіруді көздеп жүрміз», деді облыс басшысы.

Қант қызылшасы ег ілет ін

алқаптар көлемі 14 мың гектарға дейін ұлғайтылады екен. Сондай-ақ, өсірілген əр түп қант қызылшасынан барынша мол өнім алу ісі басты мақсатқа айналған. Сол үшін, бір маусымда 100 мың тоннаға дейін қант өндіре алатын қуатты зауыт салу ісі де жоспарланып қойыпты. Саладағы «жол картасын» орындау мақсатында суландыру инфрақұрылымын қалпына келтіріп, ұзақтығы 4179 шақырымнан астам су арналарын қайта жаңғыртып, кейбір жерлеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жасау жоспарланған. Бұл игі шара суармалы жерлердің өнімін 3-4 есеге дейін көбейтуге мүмкіндік береді екен. Сонымен қатар, 600 млн. текше метр суды үнемдеуге қол жеткізілмек.

Осы кезде облыста 400 мың тон-на жүгері өндіріледі. Оны түпкілікті өңдеп шығару үшін үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында арнайы за-уыт салынған. Ендігі кезекте сол зауыт 800 мың тоннаға дейін жүгері өңдемек көрінеді. Жүгеріні ондай көлемде өсіріп беруге облыстың əлеуеті толық жетеді, деді əкім. «Баршаңыз жақсы білетіндей, апорт алмасы Алматы облысының бренді. Алма алқаптарын қалпына келтіру жұмыстары бүгіннің өзінде басталып кеткен. Жалпы, 2 мың гектарға жуық жерге алманың жаңа көшеттері отырғызылды», деген А.Баталов Алматы облысы шындап келгенде өзін өзі керекті азық-түлік түрлерімен толық қамтамасыз ету-ге қауқарлы екенін айтты. Десе де, бүгінде облысқа 432 млн. доллардың азық-түлігі сырттан əкелінеді екен. Сондықтан, сырттағы жəне ішкі өнім өндіру жолдары мен жұмыстары толық жаңғыртылмақ. Сөйтіп, азық-түлік бағасын арзандатып, оны тұрақтандыруға қол жеткізілмек.

Мұнымен қатар, облыста сүт қабылдайтын пункттер желі сі құ-рылмақ. Осыны айтқан əкім, осы жылы 12 мың малға 32 борда қы-лау алаңын іске қосамыз, деді. Біз-дегі тағы бір маңызды іс, 500 млрд. теңгеден астам нарығы бар Ал-ма ты қаласын ауылшаруашылық

өнімдерімен қамтамасыз ету екенін білесіздер. Оңтүстік аста-на Алматының агломерациялық ядросы екені мəлім. Сондықтан о б л ы с ы м ы з д ы ң ф е р м е р л е р і тұтынушыларға табиғи азық-түлік жеткізіп беруі керек. Осыған орай ірі мегаполис айналасына логистикалық желілер құрылып, өнім сақтайтын арнайы қоймалар салынады. Оларды тиісті орындарға тарату жұмыстары да жолға қойылады. Осы мəселенің бəрін біз кеше ғана Алматы қаласы əкімдігімен бірлесе отырып шештік, деген А.Баталов облыста 860 кəсіпорын жұмыс істеп тұрғанын жеткізді. Солардың азық-түлік тау-арымен айналысатындары өнімнің 70-ке жуық түрін өндіретінін айтты.

Облыс əкімі өңірдегі өндіріс ошақтарының қызметі мен табы-сы жөнінде, сондай-ақ, жалпы жетістіктері туралы айта келіп, мемлекеттік индустриялық-инно-вациялық даму бағдарламасы шең-берінде жүзеге асырылған жобаларға тоқталды. Осынау игі істердің арқа сында дамуға бет алған сала-лар жайлы əңгімелеп, облыстың экономикалық өсімін баяндады. «Қомақты күрделі салым болмай алға жылжу да, еркін даму да болмай-тыны баршамызға аян. Сондықтан Елбасы шағын жəне орта бизнес өндірісіне инвестиция тарту эконо-миканы дамытудағы ең басты мəселе екенін үнемі айтып келеді. Таяуда Алматыда ірі кəсіпкерлермен кезде-су өткіздік. Оларға инвестициялық мүмкіндіктерімізді таныстырып, бірге жұмыс істеуге шақырдық. Өз кезегінде олардың бизнесін еркін дамытуына барлық қолайлы жағдайлар жасайтынымызды, болуы ықтимал барлық кедергі лер ді жоя-тынымызды жеткіз дік. Нəтижесінде қазірдің өзінде бизнесін кеңейтуге ұсыныс жасап жатқандар бар», деп толықтырды сөзін өңір басшысы.

Облыстың трансшекаралық аймақта орналасуы өңірдің жан-жақты дамуына өте қолайлы екенін айтқан əкім, логистикалық желілер мен хаб орталықтары жөнінде жəне транзиттік жолдарды дамыту туралы əңгімеледі. Одан кейін «Қолжетімді

тұрғын үй-2020» бағдарламасы бой-ынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Бұлармен қатар, өңірде туризмді дамыту ісін де назардан тыс қалдырмады. «Асан қайғы ба-бамыз «Жетісу жердің жұмағы. Түгін тартсаң, майы шығады», де-ген екен. Облыстың табиғаты жанға жайлы, флорасы мен фаунасы өте бай. Сондықтан бизнес жүргізуге, туризмді дамытуға қолайлы аймақ. Мұндай қорды пайдаланбау мүмкін емес. Сол себепті туризмді дамытуға баса назар аударып отырмыз. Міне, дəл осы салаға бизнесмен-дер мен олардың идеялары қажет, қаржы салулары керек. Балқаш пен Алакөл көлдері өз инвесторларын күтуде. Бұл мақсаттарды орындауда Елбасының жуырда облысқа келген сапарында жүктеген тапсырмаларын негізге аламыз. Соңғы үш жылда ішкі туристер саны 1,5 есе өсіп, 240 мың адамды құрады. Дегенмен, бұл туристік əлеуеті мол біздің облыс үшін əлі де жеткіліксіз. Бұйыртса, туризм саласы болашақта облыс қазынасына қомақты қаржы əкелетін болады. Əйткенмен, талапқа сай инфрақұрылым жасамай оған қол жеткізу мүмкін емес. Сондықтан, облыста туристік кластер құру жө-нінде арнайы жоспар жасадық. Онда қажетті инфрақұрылымы бар туристік нысандар тұрғызу қарас-тырылған», деп түйіндеді сөзін əкім.

Аймақтағы халықтың əлеумет-тік жағдайы, білім саласы мен меди циналық қызмет жөнінде баян даған А.Баталов, облыстағы инфра құрылымдар еуропалық стандарттарға сай жасалып жатқа-нын жеткізді. Елді мекендерді газ-дандыру шарасы да назардан тыс қалмады. «Екі миллионға жуық халқы бар Алматы облысының даму мүмкіндігі мол. Біз осындай тама ша жерде өсіп-өніп, қызмет етіп жүр генімізді мақтан етеміз. Жетісу топырағы қазақтың талай тарлан ұлдарын дүниеге əкелген. Бұл өңір Елбасымыздың туған жері. Бұл біздің əрқайсымызға үлкен жауапкершілік жүктейді. Сондық-тан, көпэтносты халқымыз береке-бірлікпен Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға барлық күш-жігерін жұмсап, бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолында елі-міздің игілігі үшін қызмет ететін бо-лады», деп аяқтады сөзін А.Баталов.

Брифингтің екінші бөлімінде дəстүрге сай журналистер түрлі сұрақтар қойып, əкім оларға жа-уап берді. Өз кезегіміз келгенде, біз де көкейде жүрген сауалымыз-ды көлденең тарттық. Сондағы біл гіміз келгені Алматы мен Тал-ды қорған арасына қатынайтын жолау шылар пойызының 300 шақы рымға жетпес жолды 10 сағат бойы жүріп өтетіндігі туралы бол-ды. Облыс əкімі бұл мəселе күн тəртібінде тұрғанын айтты. Тіпті, осы баспасөз мəслихаты ның қарса-ңында «Қазақстан темір жолы» компа ниясының президентімен ар-найы жолығып, аталған аралықтағы болат жолдарды сауықтырып, оған қоса қала вокзалын жаңартып алуға келіскенін жеткізді, таяу жылдарда теміржолдар да, онымен жүретін пойыз құрамдары да жаңарып, жыл-дамдығы артатынын қадай айтты.

Жетісу жетістіктерге жетуге ўмтылады

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,«Егемен Қазақстан».

Жалпы, ОСК бүгінгі таңға дейін еліміздің сыртқы саясат ведомствосының ұсынысымен шет елдер мен халықаралық ұйымдардан 129 байқаушыны тіркегені мəлім болды. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкованың мəлі метіне қарағанда, Ортсайлауком ТМД байқаушылар миссиясының 103 байқаушысын аккредит тесе, соның 3-уі халықара лық ұйымдардан (ТМД Атқару комитет інен , ТМД Парла мент аралық Ассамблеясынан жəне Ресей мен Беларусь одағы Парламенттік жиыны), ал қалғаны ТМД-ға мүше сегіз мемлекеттен келіпті. Бұдан басқа, ШЫҰ байқаушылар миссиясынан 4 жəне шет елдер-ден 22 байқаушы аккредиттеуден өткені аталды. Сонымен қатар, Сыртқы істер министрлігінің ұсынысымен үстіміздегі жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 17 мемлекеттен сайлауға байқаушы ретінде қатысатын əрі саяси науқан барысын көрсететін 110 бұқаралық ақпарат құралы тіркеуден өтіпті.

Отырыс барысында сөз алған ОСК мүшесі Лəззат Сүлей менова елімізде байқау шыларға тең құқықтар берілген дігін, сайлаудың жариялылығын қамтамасыз ету үшін байқау-шылардың қатысуы жəне өз бағасын беруі маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, жоғарыда аталған шет елдер мен халықаралық ұйымдардан өзге АҚШ, Германия, Венгрия, Түркия, Нидерланд, Испания жəне Тайланд еліміздегі сайлау барысына қызығушылық танытқан. Сондықтан да сайлаудың жақсы ұйымдастырылып, өз деңгейінде өтуі маңызды.

Орталық сайлау комиссиясы тиісті қау-лыны қабылдасымен, халықаралық байқау-шыларға арнайы куəліктер тапсырылды. Бұдан кейін Қ.Тұрғанқұлов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнайы брифинг берді. Төраға өз сөзінде Парламенттің төртін ші сессиясының ашылуында Мемлекет басшы-сының: «Алдымызда шынайы да ашық сайлау өткізу міндеті тұр», деп атап өткеніне ерек-ше екпін берді. Осыған орай Орталық сай-лау комиссиясы тарапынан сайлау үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін белсенді жұмыс жүргізілуде. Бұл жұмыс тың маңызды бір бағыты – сайлау барысын байқауға халықаралық байқаушылардың қатысуы. Олар сайлаудың заңдылығы, ашықтығы туралы қоғамдық пікірге ықпал ететіні белгілі.

«Сенат сайлауын байқауға қатысатындар бүгінгі күнге дейін тіркелген байқаушылармен шектелмейді деп ойлаймын. Өйткені, сайлау жанама сайлау болғанымен, Сенат сайлауына қызығушылық жоғары екенін көріп отырмыз», деді Қуандық Тұрғанқұлұлы.

Сайлаудың маңызды екі кезеңі өткендігін тілге тиек еткен төраға оның нəтижесінде 53 Сенат депутаттығына кандидат тіркелгендігінен қазіргі кезде сайлауалды үгіт жұмыстары белсенді жүріп жатқандығынан хабардар етті. Оның сөзінен мəлім болғандай, күн сайын республика бойынша 30-дан астам іс-шара жүргізілуде. Бұл орайда қазақстандық БАҚ-тарға жүргізілген мониторинг барысы

көрсеткендей, 2014 жылғы 1 тамыз бен 19 қыркүйек аралығында 580-нен астам материал жарияланыпты. Олардың 102-сі электрондық бұқаралық ақпарат құралдарында көрініс тап-са, 52-сі баспа беттерінде жəне 425-тен астамы интернет желісінде жарияланыпты. 9 канди-дат үгіт іс-шараларын жүргізу үшін өз сайлау қорларын құрғаны да аталды.

Жалпы, үгіт жұмыстары үстіміздегі жылдың 29 қыркүйегінде сағат 24:00-де аяқталатын болады. Дауыс беру күні туралы айтқанда Қ.Тұрғанқұлов Парламент Сенаты депутатта-рын сайлауда дауыс беру, дауыстарды санау жəне оның нəтижесін жариялау 2014 жылғы 1 қазанда таңдаушылардың бірлескен отыры-сында өтетінін, сайлауда мəслихат депутатта-ры дауыс беретінін қаперге салды. Көптеген өңірлерде отырыстар жергілікті уақыт бой-ынша таңғы сағат 10-11-де басталатынын да айта кеткен жөн. Таңдаушылар отырысына облыстың барлық мəслихаттарынан өкілдік ететін сайланған депутаттар санының 50 пай-ыздан астамы қатысқан жағдайда, ол заңды болып саналады.

Таңдаушылар дауысының 50 пайызынан аста-мына ие болған кандидат қана сайланған болып есептеледі. «Мəслихат депутаттары таңдауының нəтижесінде елдің мүддесін білдіретін неғұрлым лайықты кандидаттар анықталмақ. Сондықтан да дауыс беру кезеңінде еркіндік пен құпиялық қағидаттарын мүлтіксіз орындауға тиіспіз», деді ОСК төрағасы. Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары сайлау аяқталған соң хаттама толтырып, таңдаушылар отырысында хабар-лайды. Сайлаудың соңғы нəтижесін Орталық сайлау комиссиясы 7 қазаннан кешіктірмей анықтайтын болады. Ал хабарламасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2014 жылғы 10 қазаннан кешіктірілмей беріледі.

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері та-рапынан қойылған сұрақтарға ОСК мүшелері əрқайсысы өз саласы бойынша жауаптар қатты. Депутаттықтан үміткерлердің жасы бойын-ша белгілі бір шектеулерге қатысты сұраққа жауап қатқан ОСК мүшесі Бақыт Мелдешов кандидаттардың жасына қатысты ешқандай да шектеудің болмайтындығын, тек үміткер сайлау заңнамасына жауап берсе болғаны деген жауа-бын алға тартты. Оның айтуынша, үміткерлердің орташа жасы – 53.

Мəслихаттарды сайлаған халық оларға сенімсіздік танытып, орындарын босатсын деген талап қойса, онда сенаторлар да орны-нан кетуі тиіс пе, деген сұраққа жауап қатқан ОСК мүшесі Лəззат Сүлейменова өздерінің үміттерін ақтамаған депутаттар үшін сайлау-шылар өз пікірін келесі сайлауда ғана біл-діре алатынын алға тартты. Кандидат өз қорын құру арқылы сайлау науқанына ық-палын жүргізбей ме, деген сұраққа жауа бында Л.Сүлейменова үгіт науқанының тиімділі гін арт тыру мақсатында əр кандидатқа осындай мүмкіндік берілгендігімен бөлісті. Алайда сай-лау əрқашанда таңдаушылардың құзырын дағы іс болғандықтан, мемлекет тарапынан бөлі нетін қаржы мен жеке қорындағы қаржының бір-біріне кедергі бола қоймайтындығы көл денең тартылды.

Кеше Орталық комму-никациялар қызметінде Алматы облысының əкімі Амандық Баталов баспасөз мəслиха -тын өткізді. Дəстүрлі шарада өңірдің əлеуметтік-эко номи -калық жетістіктері мен мемлекеттік жəне сала -лық бағдарламалардың жүзеге асырылуы жөнінде айтылды.

Кеше Орталық сайлау комиссиясы күн тəртібінде 2014 жылдың 1 қазанына тағайындалған Парламент Сенаты депутаттарының сайлауына шет мемле-кеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушыларын аккредиттеуге қатысты қаулыны қабылдады. Артынан ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов сайлаудың барысы жайлы арнайы брифинг өткізді.

Сайлаудыѕ шешуші кезеѕі басталды

Ержан БАЙТІЛЕС,«Егемен Қазақстан».

Мына заманда ұжымдасып, қауым-дасып, бір-біріне септесіп жұмыс істемесе болмайды. Себебі, бəсекелестік қызып тұр. Қай салада болмасын тек мықтылар бағаланатын, өз шаруасының білгірлері ғана алдыңғы шепте жүретін шақта өмір сүріп жатырмыз. Жетекке еріп, жүлде алатындардың уақыты өткен. Сондықтан мына күннің ырғағы бейжай жүруге қаратпайды. Ал мықты болмақ үшін күш біріктіру керек.

Осыдан төрт жыл бұрын Қы-зылорда облысында «Сыр медиа»

деген серіктестік құрылды. Алғашында оған облыстық «Сыр бойы» жəне «Кызылординские вести» газеттері біріктірілді. Ал былтыр «Сыр медиаға» жеті аудандық, бір қалалық жəне бір жастар газеті қосылды. Оның сыр-тында, www.kyzylorda-news деген ақпараттық порталы жұмыс жасап тұр. Мұны аз десеңіз, өткен жылы серіктестік барлық заманауи техни-камен жабдықталған баспахана ашты. Осы күні облыс шеңберінде шығатын басылымдардың басым көпшілігі «Сыр медианың» баспаханасында басылып жатыр. Ең бастысы, хан сарайындай ордаға, яғни «Темірбек Жүргенов

атындағы шығармашылық үйі» атты ғимаратқа қоныс аударды. Айта бер-се, Қызылорда облысының ақпараттық кеңістігінде ерекше орын алатын «Сыр медианың» жаңалығы көп. Жақында ғана облыс əкімі Қырымбек Көшербаев жеті аудандық газет пен баспаханаға су жаңа «Нива» автокөлігінің кілтін табыстады. Мұның шығармашылық ұжымдардың жұмысын жетілдіруге ү л к е н ү л е с қ о с а т ы н ы а й қ ы н . «Нарықтық заманның ырғағынан қалмай, бəсекелестікке қабілетті, жалпы жұрт қызығып оқитын газет шығару басты мақсатымыз. Сондықтан аудандық, қалалық, облыстық басы-лымдардың материалдық жəне техникалық жағдайын жақсартуға атса-лысып жатырмыз», дейді «Сыр медиа» ЖШС-нің бас директоры Аманжол Оңғарбаев.

ҚЫЗЫЛОРДА.

Айқын НЕСІПБАЙ,«Егемен Қазақстан».

– Төл тарихымызда өзіндік өшпес ізін қалдырған ардақты бабаларымыз-ды əрқашанда мақтан етеміз. Солардың бірі – аты аңызға айналған Бұқар жырау Қалқаманұлы. Кезінде тамаша дарыны-мен «Көмекей əулие» атанған ардақты жырау бабамыз Алаштың айбынды Абылай ханның ақылшысы болғаны тарихтан жақсы белгілі, – деді облыс əкімі Нұрмұхамбет Əбдібеков құттықтау сөзінде. Бұдан əрі ол ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен кең-байтақ да-ламызды жаудан қорғап қалған батыр бабаларымызға, сол батырлардың ерен ерліктерін дəріптеген жырауларымызға қандай құрмет көрсетсек те артық бол-майтынан атап өтті. «Бүгінгі игілікті шара осындай орынды құрметтің нақты бір көрінісі болып табылады»,– деді ол осы ойға салмақ сала отырып.

Шараға жиналған жер қайысқан халық бұдан кейін С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театры əртістері əзірлеген қойылымға ден қойды. Бұл күні жиналғандар, сондай-ақ, Ботақара кентіндегі қазақ мектебінде Бұқар жы-рау атындағы жыршы-жыраулар сыныбы ашылуының куəсі болды.

Келесі кезекте мəдениет үйінің кең залында Бұқар жырау ауданының

əлеуметтік-экономикалық дамуына ар -налған фильмнің тұсаукесері өткізілді. Осында елімізге аттары мəшһүр ақындар Балғынбек Имашев, Серікзат Дүйсенғазин, Мейірбек Сұлтанхан, Жансая Мусина, Дидар Қамиев жəне Айтбай Жұмағұлов көрігін қыздырған ақындар айтысына кезек берілді. Мұның қабатында жыршы Алмас Алматов пен Бекболат Тілеухан жиналған жұртқа жырдан шашу шашты.

Бір айта кететін жайт, Бұқар жы-рау ескерткішін Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, мəдениет қайраткері, мүсінші Бейбіт Мұстафин жасаған. Ал ескерткіш мүсін мемлекеттік комис-сия ұсынысына сəйкес, бетоннан жа-салып, қола түстес бояумен боялған екен. Мүсіндік композиция барлық техникалық талаптарға сай шыққан. Оның биіктігі 8,4 метр болса, тұғыры 4,2 метрге тең. Ал салмағы 16 тонна тартады.

– Бұл сəулеттік туынды арқылы біз еркіндікке ұмтылу идеясын, Бұқар жыраудың хандарға ақылшы, халқына басшы болған өр рухты өжет тұлға екенін көрсеткіміз келді, – деді ескерткіш авто-ры Бейбіт Мұстафин.

Еске сала кетейік, Бұқар баба мүсінін жасау шаруасы биылғы жылы қолға алы-нып, оның мүсіні үшін республикалық конкурс жарияланған болатын . Нəтижесінде конкурсқа жалпы саны 21 эскиз келіп түскен. Ал арнайы құрылған

комиссия осы жұмыстардың арасы-нан мүсінші Б.Мұстафиннің эскизіне тоқталып, ескерткіш ретінде жасауға лайықты деп таныды.

Сөйтіп, ежелгі Қарағанды жерінде ер тұлғасын танытатын тағы бір сəулет туындысы өмірге келді.

Руслан ИГІЛІК.

Жағымды жаңалық Бəрекелді!

Қарағанды облысында халқымыздың біртуар перзенті – Бұқар жыраудың ескерткіші салтанатты жағдайда ашылды. Келбеті алыстан ақтарылып көрінетін тастұғырдағы асқақ рухты сəулет туындысының тұсаукесер шарасына жергілікті билік өкілдері, өнер жəне мəдениет қайраткерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Бўќар жырау ескерткіші бой кґтерді

Аудандыќ газеттер автокґлікті болды

Кинофестиваль «Киношок» кино-фестивалінің басты жүлдесіне ие бол-ған, режиссер Е.Тұрсыновтың «Шал» филь мімен ашылды. Сонымен қатар, көрермендердің назарына біздің Мем-лекет басшысының естелігінің сарыны-мен түсірілген «Елбасы жолы» киноэпо-пеясынан «Темір тау», «Отты өзен» ди-логиясы ұсынылды. Фильмді рольдердің бірін сомдаған атақты актриса Наталья Орынбасарова таныстырды. Осыған қоса, фильм түсірілімдері Эстониядағы Хаапсалу курортты қалашығында да

жүргендігін атап көрсеткен орынды.Сонымен бірге, С.Құрманбековтің

«Кеш келген махаббат» драмасы, Д.Өмірбаевтың «Студент» фильмі, А.Сатаевтың «Жаужүрек мың бала», бірінші ұлттық толық метражды «Ер Төстік» анимациялық фильмі көрер-мендердің үлкен ықыласына бөленді.

Aшылу салтанатына қатысқан, Қа зақстанның Эстониядағы елшісі Ғ.Қойшыбаев таллиндік көрермендердің қазақ кинематографиясымен кездесуі жақсы дəстүрлердің бірі болып

қалыптасқандығын жəне біздің елдердің көп жоспарлы ынтымақтастығының тікелей нəтижесі болып табылатын -дығын атап өтті.

Фестивальдің құрметті қонағы, қа-зақ стандық продюсер жəне сценарийст Сергей Əзімов ұлттық кинематогра-фияны дамыту жолдары туралы өзінің ойымен бөлісті, сондай-ақ, Балтық кино мектебінде студенттердің жұмыстарын көрумен дөңгелек үстел өткізді.

Барлық күндері кинотеатр залда-рының толық болуы, аталған оқиғаға арналған БАҚ-тағы комментарийлер мен оң пікірлердің жариялану фак ті лері қазақ киносына эстондық көрер мен-дердің қызығушылық таныт қан дығын айғақтап берді.

«Егемен-ақпарат».

Достық дəнекері

Таллиндегі ќазаќ киносыныѕ кїндері Таллиндегі «Артис» кинотеатрында эстондық көрермендерге соңғы жылдары Қазақстанда түсірілген түрлі жанрдағы фильм-дердің бағдарламасы ұсынылды. Қазақстанның Таллиндегі Консул-дығының ұйымдастыруымен Эстониядағы қазақ киносының күндері шеңберінде төрт күн ішінде фильм көрсетілімдері өтті.

Page 11: 20 қыркүйек Сенбі марапаттау 2014 ЖыЛ рәсіміне қатысты ...мүмкін ең қымбат дүниелер. Бүгінгі мерекенің

20 қыркүйек 2014 жыл www.egemen.kz 11

Тастанбек ЕСЕНТАЕВ,Мəдениет жəне спорт вице-министрі.

Соңғы жылдары елімізде са-ламатты өмір салтын ұстанатын ұрпақ қалыптастыру саясаты ке ңінен насихатталып келеді. Бұқаралық спортты дамыту, спорт инфрақұрылымын жетілдіру сын-ды басым бағыттағы маңызды істер болып саналады. Əлбетте, ел спортының қазіргі таңдағы қарымын байқау үшін балалар мен жасөспірімдер спортының қандай деңгейде дамып жатқанына көз жүгірту керек. Өйткені, Қазақстан спортының ертеңгі күндердегі еңсесінің тік болуы балғын спорт-шыларымыздың бүгінгі əлеуетіне байланысты.

«Бүгінгі қазақ спортының аяқ алысы көңілді көншітеді ме, күні ертең дүниежүзілік додаларға үкілеп қосар ізбасарларымыздың дайындық деңгейі қай дəрежеде, болашаққа деген бағыт-бағ да-рымыз қандай?», – деген сұрақ-тарға үстіміздегі жылдың 16-28 тамыз аралығында Қы тай дың Нанкин қаласында өткен ІІ жазғы Жасөспірімдер Олим пиадасының қорытынды нəтижесі толыққанды жауап бер ді деп есептеймін.

Жасөспірімдердің бірінші Олим пиадасы 2010 жылы Синга-пурде өткен еді. Бұл додаға елі-мізден 47 спортшы қатысып, жарыс қорытындысында 2 ал-тын, 2 күміс жəне 2 қола медаль алдық. Жалпыкомандалық бей-ресми есепте Қазақстан командасы 24-орынға табан тіреді. Ал 2014 жы лы Ойындарға Қазақстаннан 51 спортшы барды. Нанкинде күш сынасқан республика құрамасы 15 өңір спортшыларынан құралды. Олардың арасында Алматы облы-сы – 8, Алматы қаласы – 7, Астана қаласы мен Оңтүстік Қазақстан облысының əрбірі – 6 жолдама-дан, Қарағанды облысы 5 жолдама алып, көш бастады. Сөйтіп, біздің спортшылар барлығы 47 лицензия-ны жеңіп алды.

Қазақстан олимпиадалық құрама командасының Нанкинде көрсеткен нəтижесін жетістік деп бағалауға негіз бар. Біздің спортшыларымыз жарыс қоры-тындысында 3 алтын, 1 күміс жəне 4 қола медальдарды жеңіп алып, командалық 21-орынға шықты. Ел құрамасының қор-жынына алғашқы алтынды 58 ки лоға дейінгі салмақтағы дзю-дошы Бауыржан Жауынтаев сал-ды. Ол – Қызылорда облысының ұланы, күрес түрлері бойынша республикалық олимпиадалық даярлау орталығының тəрбие-ленушісі. Бауыржанның жеңіс-ті жолын боксшымыз, əлем жəне Азия чемпионы, бокстан республикалық олимпиадалық даярлау орталығының тəрбие-ленушісі қарағандылық Абы-лайхан Жүсіпов жалғастырды. Ол 60 килоға дейінгі салмақ дəрежесінде əлем чемпионы, ку-балық Алайн Лимонтаны же-ңіп, алтын жүлдеге ие болды. Үшінші алтынды еркін күрес ше бері, Қарағандыдағы Ə.Мол-да ғұлова атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-ин-тернаттың оқушысы Мұхамед Қуатбек əперді. Ол 54 килоға дейінгі салмақта америкалық Да-тон Фиксті ұтып, жеңіс тұ ғы ры-ның ең биік сатысына көтерілді.

Жалғыз күміс медальді құрама командаға боксшы, Ақмола облысының жəне республикалық олимпиадалық даярлау орталы-ғының тəрбиеленушісі Вадим Казаков жеңіп алды. Негізі, бұл жерде қолда тұрған алтын сусып кетті деп айтуға болады. Оның үстіне, финалдық жекпе-жекте төрешілердің де болгар боксшы-сына қарай бұра тартып, дүдəмал шешім шығарғанын да атап өту керек.

Осы Олимпиадада балғын зіл-теміршілеріміз тəуір өнер көр-сетті. Жасұлан Қалиев 77 кило салмақ дəрежесінде алғашқы қола жүлдеге қол жеткізсе, оның табы-сын 63 кило салмақтағы Татьяна Капустина қайталады. Екеуі де

Ақмола облысының жəне ауыр атлетикадан республикалық олимпиадалық даярлау орталы-ғының тəрбиеленушілері. Өкініш-ке қарай, алтын жүлдеден үмітті саналған талантты зілтеміршіміз С.Əбубəкіров жарақат алып қа-луына байланысты Нанкинге бара алмады. Ол осы ойындар алдында Олимпиада чемпио-ны А.Храпатыйды еске түсіруге арналған жарыста 100 килодан ауыр салмақ дəрежесінде əйгілі Илья Ильинмен терезесі тең өнер көрсетіп, жүлдегер атанған еді.

Грек-рим күресінің шебері Евгений Поливадов та үмітті ақтады. Атырау облысының ұланы 69 килоға дейінгі салмақта қола жүлдеге қол жеткізді. Төр тінші қола медальді алған гим насшы қыздарымыз тосын сый жасады. Құрамында Вик тория Гуслякова, Нұрай Құ марова, Əмина Қожахмет, Əлия Молдахметова жəне Дарья Медведева бар көркем гимнастика командасы көпсайыс сынында та-маша өнер көрсетіп, қола жүлделі болды. Бұл саптағы Гуслякова, Құмарова, Қожахмет Астана қала-сынан болса, Молдахметова – Шы ғыс Қазақстан, ал Медведева Солтүстік Қазақстан облысының түлектері. Бұдан бөлек, ауыр ат-летика, бокс жəне ескек есуден 3 спортшымыз 4-ші орынға табан тіреді. Таэквондо, ауыр атлети-ка, бокс, грек-рим күресі, вело-спорт (аралас жарыс) сынды спорт түрлері бойынша бес спортшымыз 5-орыннан табылды. Екі спортшы-мыз семсерлесу жəне ауыр атлети-кадан 6-шы нəтиже көрсетті.

Сонымен, жарыс қоры тын-дысында Қазақстанның олим-пиадалық құрама командасы спорттың 10 түрінен əлемдік көшбасшы елдер алдында бə-секеге қабілетті екендігін көр-сетіп, спорттың 5 түрі бойын-ша түрлі деңгейдегі 8 медальді жеңіп алды. Қазақстан спорттық делегациясының 12 үздік спорт-шысы 3 алтын, 1 күміс жəне 4 қола жүлдені жеңіп алып, бей-ресми кешенді есепте елімізді 21-ші жалпыкомандалық орынға шығарып, алға қойған міндетті орындады.

Егер осы Ойындарды бірін-ші Олимпиадамен салыстырар болсақ, спорттық бəсеке дең гейінің артқанын көреміз. Яғни, 2010 жылғы медальдік есеп көрсеткіші (2+2+2 = 24) 2014 жылғы Олим -пиададағы кешенді есепте 30-шы орын нəтижесін көрсетер еді. Барлық 51 қатысушының арасы-нан ойын дардың түрлі деңгейдегі медаль дарын Қазақстанның жеті өңірінің – Қарағанды, Қызылорда, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қа-зақ стан, Шығыс Қазақстан об-лыстары мен Астана қаласының тəрбиеленушілері жеңіп алды. Бұл жарысқа қатысқан Қазақстан Республикасы спортшыларының жалпы санының 23,5 пайызын құрайды. Жалпы, 22 қатысушы 10 спорт түрі бойынша 1-6 орын-дарды алды, бұл спорттық деле-гацияның жалпы санының 43 пайызына тең. Сараптама көр-сеткендей, команданың жарты-сынан көбі немесе 27 спортшы, яғни 53 пайызы спорттың 14 түрі бойынша бірінші ондыққа енді. Бұл аталған спорт түрлері бойын-ша спорттық ізбасарларды даяр-лау ісіндегі жағымды əлеуетті көрсетеді.

Бокс, күрес түрлері, ауыр атлетика бойынша респуб ли-калық олимпиадалық даяр лау орталығы жəне Астана қала-сының Олимпиадалық даярлау орталығының спорттық ізба-сарлар дайындаудағы сапалы ісі мен тəрбиеленушілерінің спорт тық жоғары көрсеткіштерін атап өткен жөн. Сонымен қатар, республикалық олимпиадалық даярлау орталығының таэквондо, жүзу, байдарка жəне каноэ есу, батутта секіру, қазіргі бессайыс жə не қыздар күресі сынды спорт түрлері бойынша жоспарланған міндеттемелерге (жүлделі орын алу) қол жеткізілмеді. Аталған спорт түрлері бойынша спорттық жарыстарды қайта қарау жəне

сараптама жасаған кезде кейбір спортшыларда жоспарланған міндеттемеге қол жеткізу мүм-кіндігі болды. Мəселен, байдарка есу жарысында Е. Кальцегберг іріктеу жүзулерінен сəтті өтіп, үшінші нəтижемен финалдық сынға (Ресей, Венгрия, Қазақстан) шықты да, соңғы жарыс кезіндегі бұрылыста кенеттен соққан тол-қыннан қайығын аударып алып, Испаниядан кейін төртінші орында қалып қойды. Батутта секіруде П. Алиев іріктеу сынынан үшінші бо-лып өтіп, екінші секірімде барлық қатысушылар арасында үздік ұпай жинап, соңғы финалдық секірісте тепе-теңдігін жоғалтып, жарыс-ты жалғастыра алмады. Негізі, Алиевтің бола шақта халықаралық деңгейде үздік спорттық нəти-желерге қол жеткізетін əлеует -тік мүмкіндігі мол. Қазіргі таңда спортшыға 2016 жылғы Рио-де-Жанейродағы Олимпиадалық ойындарға дайындайтын жоғары білікті бапкерді табу қажеттілігі өткір тұр. Сондай-ақ, таэквондо жарысында Ғ. Серікбайдың жүлде алуға деген мүмкіндігі жеткілікті болған еді. Алайда, ол шиеленісті жекпе-жекте Еуропа чемпионы, голландиялық спортшыны жеңіп тұрып (8:7), финалдық кезеңде Тайпейден келген əлем чемпионы-на тегеурін көрсете алмады (5:16). Бұл жерде Тайпей спортшысының бірінші айналымда бос болып, ал Серікбайдың 15 минуттан кейін екінші жекпе-жекке шығып, соның салдарынан күшін толық қалпына келтіре алмағанын атап өту керек. Нəтижесінде ол 5-орында қалды.

Сараптама көрсеткендей, кейбір спорт түрлері бойын ша рес-публикалық олимпиа далық даярлау орталығы бас шы ларының жүлделі орындар алуды жоспарлаған са-пасыз міндеттемелерін немесе дайын дық жұмыстарына ат үсті қарағандықтарын атап өту керек. Мысалы, жүзуден Д.Говердовский, Е.Дымченко, Е.Русова 20-29-орын аралығында қалып, іріктеу сыны-нан өте алмады. Əйелдер күресінен М.Дүй сенова үш белдесуде ұты-лып, өзінің тобында ең соңғы орында қалды. Қазіргі бессайыс-тан А.Добротов 24 қатысушының ішінде 6-13-орындарға тұрақтады.Аталған спорт түрлерінен біз-дің тəрбиеленушілер дайын дық деңгейі бойынша көш басшылардан көп кейін қалды, соған сəйкес жоғары көрсеткішке қол жеткізетін мүмкіндіктері болмады.

Байдаркада есу, велоспорт жəне қазіргі бессайыс сынды спорт түрлері бойынша жарыс ережелерінің əжептəуір өзгер генін жəне оның спорттық нəтижелерге əсер еткенін де атап өткен жөн.Сондай-ақ, қазақ стандық спорт-шылардың же ке рекордтарға қол жеткізген жанкешті еңбегі мен жеңіске деген құлшыныстарын айта кету керек. Мысалы, үш қарғып секіруден И.Соловьев 32 қа тысушының ішінде 15.31 метр көрсеткішімен 6-орын алды. Оның жеке рекорды - 15.16 метрге тең. Ауыр атлет Ж.Қалиев жеке жетістігін жұлқа көтеруде 1 килоға, серпе көтеруде 11 килоға арттырды. 400 метрге кедергілермен жүгіруде А.Сергеева жеке рекордына қол жеткізіп, 32 қатысушының ішінде 11-орын алды. Боксшымыз, əлем чемпионы Ш.Айқынбай 49 кило салмақта бірінші қарсыласын жеңіп, финалға жолдама беретін жекпе-жекте төрешілердің əді-летсіздігінен əзербайжан бокс-шысынан ұтылды. Ал көркем гимнастикада (топтық көпсайыс) бір спортшымыздың жарақат алып қалғанына қарамастан біз-дің қыздар төрттіктің финалы-на шығып, тұңғыш рет мұндай деңгейдегі жарыста 3-ші жүлдені жеңіп алып, мерейімізді тасытты.

Жүлдеге қол жеткізбесе де, өз мүмкіндіктеріне сай өнер көр-сеткен спортшылар да болды.

Мысалы, спорттық гимнастика-дан Е.Жантықов 32 қаты сушының ішінен 15-орын алды. Жеңіл ат-летикадан спортшымыз үш қар-ғып секіру бойынша А фина-лына шықты жəне 400, 200 м жүгіру, кедергілермен жүгіру, ядро лақтыру жəне найза лақтыру бойынша атлеттеріміз В фина-лына шықты. Үстел теннисінен К.Герасименко 2 рет жеңіп, 2 рет ұтылып, жа рыс тың екінші ай-налымына шық ты. Жағажай волей-болынан жасөспірімдер командасы өз тобында іріктеу сынынан өтті (4 жеңіс, 3 ұтылыс). Семсерлесуден Н.Қасымов 6-орын ал са, мылтық атудан С.Ту дыев 8-ші нəтиже көрсетті.

Сонымен қатар, өз мүмкін-діктерінен төмен өнер көрсет-кен спортшыларды айта кетпес-ке болмайды. Мəселен, жүзуден 20-27-ші орындар аралығында қалып қойдық. Яғни, финалдық жүзу сынына бізден ешкім де шыға алмады. Триатлоннан 33 қатысушының ішінде 32-орынға тұрақтадық. Қазіргі бессайыстан Дроботов жəне Мыльникова 24 қатысушының ішінен сəйкесінше 6:13 жəне 17:22 нəтижелерін көрсетті. Велоспорттан 32 ел-дің ішінде жасөспірімдер 22-ші, қыздарымыз 29-шы орында қалып қойды. Ал садақ атудан 33 қатысушының арасында 31-орын-ды місе тұттық.

Спорт түрлері бойынша жа-рыстарды қайта қарап жə не са-раптама жасаған кезде жекелеген спортшылардың жоспарланған нəтижелерге же те алмау себебі мынада деп есеп теймін. Негізі, спортшылар ды тактикалық-тех -никалық жағы нан дайындау халықаралық деңгейдегі бəсе-келестікке төтеп бере алады деп айтуға болады. Дегенмен, біздің кейбір атлеттер функционалдық тұрғыдан жеткіліксіз дайындалған деп есептеймін. Олар тез ентігіп, шаршайды жəне жарыстың шешуші кезеңінде қалжырап қалады.

Енді Олимпиадалық ойын-да сынды ірі жарыстарға спорт-ш ы л а р д ы ф у н к ц и о н а л д ы қ тұрғыдан дайындау барысында заманауи спорттық медицина мен ғылымға баса мəн беруіміз керек. Өйткені, қазіргі замандағы спорт-ты медициналық ғылымсыз көз алдыңа елестету тіпті де мүмкін емес. Жауапты жарыстарға дайын-дық барысында заманауи ме-дициналық-биологиялық тəсіл-дерді жəне фармакологиялық препараттарды қолдану бойын-ша ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру сынды қадау-қадау міндеттер тұр алдымызда. Асылы, бұл бағытта бүгінгі күндері нақты шаруалардың қолға алына баста-уы тиіс. Атап айтқанда, ғылыми тұрғыдағы оқыту-əдістемелік ор-талық құрылып, оның игілігін спортшыларымыз жақын арада көретін болады.

Жауапты турнирлер өткізу кезеңінде жарысалды жұмыстар жүргізіліп, оған ұлттық федерация-лар мен спорттық ұйымдардың басшылары қатысуы керек деп есептеймін. Мəселен, Нан кин-дегі Ойындарда грек-рим жəне еркін күрес түрлері бойынша Əзербайжан тарапынан ФИЛА-ның бюро мүшесі, ФИЛА-ның қонағы жəне төрешісі жарыс кезінде белсенді түрде жұмыс істеді. Қазақстанның спорт тық делегациясы Нанкинде жаттық-тырушылар қосынының тың-ғылықты жұмысымен, отан сүйгіш -тік командалық рухта жəне үлгілі тəртіп бойынша ерекше көзге түсті.

Жасөспірімдер Олимпиа-дасы ның қорытындысында Ұлт-тық Олимпиада комитетінің өкілі А.Амановтың, сондай-ақ Спорт жəне денешынықтыру істері комитетінің қызметкері М. Сапашевтың өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, ұйым-дастыру жұмыстарына қос қан сүбелі үлестерін атап өткен жөн. Құрама дəрігері Г.Тұрғамбаеваның да еңбегі ауыз толтырып айтар-лықтай. Кə сі би маманның тың-ғылықты ісінің арқасында жа-рыс өткен кезеңде спортшыларға қажетті медициналық препараттар жəне қалпына келтіру құралдарын пайдалану арқылы ұдайы меди-циналық тексеру жүргізіліп отыр-ды.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, Қазақстан спорттық делега-циясы алға қойған міндетті орын-дап оралды.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,«Егемен Қазақстан».

Кəсіпорынның өнімі – құрыш, болат өнімдерін дайындау. Машина жасау, энергетика, көлік, құрылыс, мұнай-газ салаларында қолданылатын негізі материал-дар қолданысқа осы Ақтау темір балқыту зауыты станогынан жол тартады. «Жан бар жерде жазым бар» демекші, не нəрсенің де тозуы, сыр беруі табиғи құбылыс. Темір екеш темір бұйымдардың да өзіндік тот басу, тесілу, майысу, сыну сынды өзіндік бүлінулері болады. Сондықтан, өндіріс орындарында, түрлі кəсіпорындарда бұл өнімдерді жаңасымен алмастыру қажеттігі ту-ындайды, ал құрылыс қарқын алған қазіргі кезеңде белдік темірлерден бастап, өзге де құрылысқа қажетті құрал-жабдықтар сұранысқа ие. Құрылғанына он жыл болған за-уыт өнімдерін өз еліміздің ішкі нарығына ғана емес, экспортқа да шығарып үлгерді. Еліміздің батыс аймағында металды екінші қайтара өңдейтін ірі кəсіпорындардың бірі ретінде танымал зауыттың өнімдерін Иран, Түркия, Біріккен Араб Əмірліктері, Түрікменстан үлкен сұраныспен қабылдайды.

Осылайша, бұрын бізге Ресей, Украина елдерінен əкелінетін өнімдерді енді өзіміз өзгелерге сау далап-сата бастадық.

– Жұмыс жүргізуде жаңа техно-логияларды енгізіп, кəсіби білікті жетілдіріп отыруды, сол сияқты өнім сапасын арттыра түсуді назарда ұстаймыз. 2009 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен телекөпірде өндірісті қайта іске қосу бағытында өндірістік қуаты жылына 400 мың тонна дайын өнім шығаратын жаймалау зауыты іске қосылды. Осындай жаңғырту, əлеуетті арттыру жұмыстарының нəтижесі өз жемісін арада екі жыл өткенде-ақ бере бастады, – дейді зауыт басшысы А.Сүйебаев.

Расында 2011 жылы болат құю өндірісінің көлемі екі есе өсіп, 90 мың тоннадан 180 мың тоннаға жеткен. Осы болат дайындамалар балқыту цехында көлемі 125x125 мм, ұзындығы 6 жəне 12 метрлік үздіксіз құйылған болат өнімдер өндірілсе, өндірістік қуаты жы-лына 400 мың тонналық жайма-лау зауыты арматура, швеллер, двутаврлар мен əртүрлі көлемдегі бұрыштамалар жəне өзге де бұйымдар əзірлейді.

Мені қызықтырғаны болат, құрыш өнімдерін дайындай-тын зауыттың шикізат көзі бол-ды. Сөйтсек, бір кезде жабы-лып қалған көптеген ны сан-дардағы жабдықтар металл қал-дықтары ретінде зауыттың бо-лат балқытатын «қазандығынан» табылуға жарапты, одан басқа өндіріс орындарындағы қажетсіз темір қалдықтарын сатып алып, кəдеге жаратады екен. «Темір Қытай асуда» деп күйінеміз, өзі-міздің темірден «қамыр» илеген зауыттарымызға шикізат көзін та-быстап тұрсақ, қалай болар еді?

Зауытта 520 адам жұмыспен қамтылған, жалақылары орта есеп-пен 120 мың теңге көлемінде, ал ма-мандар 200 мың теңге алады екен.

Қазіргі таңда швейцариялық «SMS Concast» компаниясы жабдығымен жаңа электр қуатымен болат балқыту кешенінің жобасын дайындау жұмыстары жүруде. Ақтау қаласында орналасатын бұл зауыттың құрылысы кезінде 500 адамға жұмыс табылса, іске қосылған соң 1500 адам жұмыс орнын таппақ. Сондай-ақ, жылына 600 мың тоннадан аса болат дайын-дамалар өнімін шығару көзделуде.

Жұмыс қарқынын, өнім сапасын арттыру үшін əлемдік деңгейдегі əріптестерінен үйреніп, отандық өндірісті дамытуға үлес қосу – Ақтау темір балқыту зауыты ұжымының басты мақсаты.

АҚТАУ.

Мемлекеттік мəселе Өзгеріс өлшемі – өндіріс

Ел спортыныѕ ертеѕі ересен

Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың ұдайы көңіл бөлуінің арқасында еліміздегі спортқа жан-жақты жағдайдың жасалып жатқаны белгілі. Соның арқасында Қазақстан кешенді ірі спорттық ша-раларды жоғары деңгейде өткізе алатын жəне спорт-шылары халықаралық ареналардағы додаларда то-лайым табыстарға қол жеткізіп жүрген спорттық державаға айнала бастады.

Темірден «ќамыр» илеген зауыт

Бұл зауытты Маңғыстаудағы металлургияның ошағы деуге болады. Ел экономикасын дамытып, халықтың əл-ауқатын арттыруға, тұрғындарды жұмыспен қамтуға, түрлі қиындықтарды еңсеруге кəсіп пен кəсіпкердің араласуы қажеттігі біліне бастаған кезде-ақ қазығын қаққан зауыт қазір өңірдегі іргелі кəсіпорындардың бірі саналады.

Эльмира МƏТІБАЕВА,«Егемен Қазақстан».

Бұл шара Мемлекет басшы-сы Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауларында атап айтылғанындай, халық денсаулығын жақсарту, ұлттық спорт түрлерін дамыту, саламатты өмір салтын қалыптастыру негізінде жүзеге асы-рылды. Жарысқа компанияға қарас-ты мекемелердің көпшілігі қатысты.

Спартакиаданы ұйымдастыру комитетінің құрамына тəжірибелі мамандар мен есімдері елге кеңінен танымал спорт саңлақтары кірді.

– Былтыр тамыз айында ал-ғашқы спартакиаданы өткізген болатынбыз. Енді міне, биыл да жал ғасын тауып отыр. Мұндай жарыс тың ұйымдастырылғаны өте жақсы. Мекеме арасындағы қарым-қатынасты нығайта түседі, – дейді «Энергетиктердің кəсіподақтар фе-дерациясы» ҚБ кеңесінің төрағасы Оразбек Бекбас.

Додалы жарыста компания құрамындағы ірі кəсіпорындардың он төрт командасы бақ сынасты. Спартакиада шахмат, үстел теннисі, футбол, волейбол жəне армрестлинг тəрізді спорт түрлерінен өтіп, жарыс жеңімпаздары анықталды. Оларға ақшалай қомақты сыйлықтар табыс-талды.

Футбол сайысы бойынша бірінші орынға «Богатырь-Көмір» ЖШС шығып, екінші орынды «АлЭС» АҚ иеленді, ал үшінші орынды «ГРЭС-1» ЖШС алды. Үстел теннисінен əйелдер арасында бірінші орын-ды Е. Ережепова («Богатырь-Көмір» ЖШС) олжалап, екінші орынды Л.Валидина («Ақтөбе ТЭЦ» АҚ) жеңіп алды, ал үшінші орынға Р.Нысанова («ГРЭС-2» АҚ)

көтерілді. Спорттың бұл түрінен ерлер арасындағы жарыс тартыс-ты өтті. Əсіресе, шахмат ойыны көпшіліктің делебесін қоздырды. Əйелдер арасындағы жарыста 50 мың теңге жүлдені қанжығасына «АЖК» АҚ тобының ойыншы-сы Д.Көбегенова байлап, 30 мың теңгені М.Смакова («ГРЭС-1» ЖШС) иеленді. Бұл ойында ерлер арасындағы көрсеткіш бойынша үздіктер қатарына Е.Құрманбаев, Н.Балтабаев, А.Ткачев көтерілді. 80 кило салмаққа дейінгі ерлер арасындағы армрестлинг жарысында бірінші орын С.Сычевке («Богатырь-Көмір» ЖШС) бұйырып, екінші орынға Н.Умержанов («ГРЭС-2» АҚ) шықты, жүлделі үшінші орын-ды А.Күйшіманов («АЖК» АҚ) иемденді. Ал волейбол тартысында бірінші орынды «АЖК» АҚ жеңіп алды, екінші орынға «Богатырь-Көмір» ЖШС шығып, үшінші орынға «ГРЭС-1» ЖШС жайғасты.

– Екінші рет күміс жүлдегер ата-нып отырмыз. Бұл біздің команда

үшін зор жетістік. Қуанышымызда шек жоқ. Көңіл-күйіміз көтеріңкі, өз мекемеміздің намысын лайық-ты қорғадық, – деді «АЖК» АҚ компаниясының ойыншысы М.Кө-бегенов. Жалпы алғанда «Богатырь-Көмір» ЖШС жеңімпаз команда болып анықталды. Оған 400 мың теңгенің сертификаты берілді.

– Біздің жеңіске деген жігеріміз ақталды. Бұл жетістікке кəсіпорын ұжымының қамқорлығы арқасында қол жеткіздік. Алдағы кезде де биіктерден көрінуге тырыса-мыз,– дейді команда ойыншысы Ж.Досымов.

«Шынықсаң шымыр боларсың» демекші, спорт саласы адамның денсаулығына ғана оң əсерін тигізіп қоймайды, сонымен бірге, руха-ни дамуына да мол үлес қосып, қызметтерінде үлкен табыстарға жетуіне ықпал жасайтыны хақ. Мұндай спартакиаданың тек кəсіби спортшылар арасында ғана емес, сондай-ақ, көпшілік ортасында өткізілуі халқымыздың дені сау, ұрпағымыздың болашағы жарқын бо-луына септігін тигізетінін «Самұрық-Энерго» АҚ компаниясы тағы бір дəлелдеді.

Спорт

Жїйріктен жїйрік озар жарысќанда

Астанада жақында «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері арасында басқарма төрағасының ауыс палы кубогы үшін II-спартакиада өтті.

Page 12: 20 қыркүйек Сенбі марапаттау 2014 ЖыЛ рәсіміне қатысты ...мүмкін ең қымбат дүниелер. Бүгінгі мерекенің

20 қыркүйек 2014 жылwww.egemen.kz12

Айқын НЕСІПБАЙ,«Егемен Қазақстан».

«Көп көмегі көл» деген осы. Өткен көктемде тосыннан пайда болған тасқын салдарынан өзен жағалауындағы үйлерді су шай-ып кетіп, мал-жан шығынына дейін зардап шеккен ауылдың арадағы бес-алты ай ішінде адам танығысыз өзгеріп шыға келуі соның жарқын көрінісі бо-лып отыр. Мемлекет тарапынан қамқорлық пен жұртшылықтың ерікті көмек-қолдауы арқасында кешегі қиын жағдайлары тез түзелген жергілікті тұрғындар қай-қайсысының бүгінгі тұр-мыстарына ризалықтары бө-лек. Жаңа мекенжайлар салы-нып, шығын орны толтыры-лып, қа лыпты тіршілік тынысы ескен көкпектіліктердің көсегесі

көгере түсуіне қуанышты бəрі. Сол қысылшаң шақта-ақ , ешкімнің елеусіз қалмауына уəде етіліп, күзге дейін біразы тұрмысқа қолайлы баспана-мен қамтамасыз етілмек сөз толық іске асса, бұлай демес-ке болмайды. Апаттан кейін іле іргетасы қалана бас таған 49 үйдің алғашқы кезегі жа-қында пайдалануға берілуі тұр-ғындардың көңілін өсіріп тас-тады.

Жергілікті жұрттың ортақ шаттығын бөлісуге келген облыс əкімі Нұрмұхамбет Əбдібеков қоныстанушы əр отбасыға іші-сырты сыңғырлаған үйлердің кілтін өз қолынан тапсырды. Оны алдымен алушылардың бірі Асқар мен Бақытжан Мер-ғалиевтер болды. Үш балалы жас отау шаңырағы одан сайын

биіктеп, ырыс-береке ілесе кел-гендей еді. Бұрынғы жатаған қараша үйлерінің орнына кең де келісті төрт бөлмелі қонысқа орнығу ерлі-зайыптылар көңілін босатпай да қалмады.

Мұндайлық қамқорлыққа қалайша жүрегің толқымасын. Бұл үйлердің Елбасының ті-келей тапсырмасы бойынша салынғанын білеміз. Сон дық-тан, ең біріншіден Тұңғыш Президентіміздің біз сияқты қара пайым жандарға деген шынайы жанашырлығына алғысымыз шексіз. Жүктелген міндетті жауапкершілікпен атқара білген жергілікті билік органдарына да ризалығымыз өз алдына бір төбе, – деген Бақытжан Мерғалиева лебізін басқа да қоныстанушылар бір ауыздан қостап, осын-дай ыстық ілтипаттарын жет кізді. Көршілес қоныс тепкен Людмила Гермашева, Галина Гущина , Игорь Шульгин

үйлері де ауыл тұрғындарының талғамына сай қолайлылығымен көзге түседі. Оңаша салынған мал қорасы да жайлы көрінеді. Оларды ра зылыққа бөлеген тағы бір жай – баспанамен қамтамасыз етілумен бірге апат салдарынан келген шы-ғындарына өтемақы толық төленуі екен. Үй-мүлкі, мал басы ысырап болған отбасылардың əрқайсысына 500-600 мың теңге өтелуі арқасында жаңа тұрмыстық заттар, мал сатып алуға мүмкіндік жасалған.

Айта кету керек, үйлерді жобаланған мерзімде пай да-лануға беру үшін Қара ған дыдағы «Аспап» құрылыс фирмасының қосқан үлесі үлкен. Оның құры-лысшылары таяу арада тағы бірнеше баспананы дайын күйінде тарту ету жолында жұ-мыс қарқынын қыздыра түсуде.

Қарағанды облысы,Бұқар жырау ауданы.

Ержан БАЙТІЛЕС,«Егемен Қазақстан».

Аймақ басшысы Елбасының Ұлытау төріндегі ұлағатты сұхбатын «болашақ ұрпаққа жасаған үндеу» деп атап өтті.

– Қазақ тарихындағы осындай киелі жерден шыққан мұндай ой-лар мен сөздер жастарды ата-баба-лар аңсаған жолымен жүруге бас-тауы тиіс деп санаймын. Ол жол – сара жол, Мəңгілік Елдің жолы! Бұл жол – елімізді Мəңгілік Ел ету жолы. Елбасы баршамызға мақсаты айқын, мұраты мағыналы ұлттық идея төңірегіне бірігудің абырой-лы міндетін жүктеді. Сондықтан, еліміздің кемел келешегі мен баян-ды болашағы жолында Стратегияда, белгіленген бағыттарды негізгі ұстаным ете отырып, оны жүзеге асыру барысында ішкі саясаты-мызды идеялық жағынан ұдайы толықтырып отыруымыз аса қажет, – деді ол.

«Қазақстан-2050» Страте-гиясының ел дамуындағы ала-тын орны туралы айтқан облыс басшысы елімізді Мəңгілік Ел ету жолының айқын мақсатына, мағыналы мұратына тоқталды. Ұлттық идея төңірегіне бірігуге бас тайтын Стратегия алдағы күн нің бағытын белгілейтін «саяси ком-пасқа» айналды.

Қырымбек Елеуұлы Елбасының «Мəңгілік Ел» идеясын түсіндірудің, іске асы ру дың маңызын атап өтті. Хал қы мыздың ғасырлар бойы ар-мандаған тəуелсіздікті баянды ету-де, оны Мəңгілік Елге айналдыруда көп ретте жастарға үміт артылады. Жас тардың басын біріктіретін, қанат тандыратын идея осы болуы керек.

Сондай-ақ, Елбасының «Жал-пыға Ортақ Еңбек Қоғамы» иде-ясын насихаттаудың маңызы зор. Адам мақсатына жету үшін бір мамандықты игеріп, оны бүге-шігесіне дейін зерттесе, табысқа жетеді. Аймақ басшысы құқық бұзу шылыққа қарсы тұру, өңірдегі қоғамдық-саяси ұйымдармен жұмыс жүргізу, «Жас ұлан» балалар мен жастар ұйымының жұмысына қатысты пікірін ортаға салды.

Өз баяндамасында Қырымбек Көшербаев Елбасының «Тəуелсіз еліміз үшін ең басты құндылық – тұтастық!» деген тағылымына тоқ-талып, «бірлік бекем болған жерде ұлттық мəдениеттің, ішкі-сыртқы саясаттың орнықты қызмет еткенін көрсетеді», деді.

– Облыс халқының 86 пайызы аймақтағы қоғамдық-құқықтық аху-алды тұрақты деп бағалаған. Құқық бұзушылыққа қарсы мəдениет

қа лыптастыру туралы Елбасы идея-сы айрықша рөл атқарады. Бұл ретте қылмыстың алдын алудың маңызы зор. Біздің облыста бұл мəселеге тұрақты көңіл бөлініп келеді. Ішкі істер министрлігі Қызылорда об-лысын еліміздегі ең қауіпсіз аймақ деп таныды,– деді облыс басшысы.

Сондай-ақ, облыс əкімі «Нұр Отан» партиясы облыстық филиа-лына халықпен жұмыс істеуде белсенді болу керектігін ескертті. Əлеуметтік сауалнамалар əрбір екінші респонденттің алдағы кү-ні жағдайының түзелеріне се-німмен қарайтынын көрсетті. Қоғамдық-саяси жұмыстардың ауқы мын кеңейтіп, іс-шаралар ұйым дастырумен шектелмей, жұмыс тың белсенді формалары – қоғамдық тыңдаулар, халықпен кездесулер ұйымдастыру керек. Партия ұйымдары мүмкіндігі шек-теулі жандармен, жетім балалар-мен, нашақорлармен, ВИЧ дертіне шалдыққандармен, балалары тастап кеткен қариялармен, бұрын сотты болғандармен жұмыс жасаудың арнайы бағдарламасын əзірлеуде бастамашы болуы тиіс.

– Арбаға таңылған жандардың қоғамдық маңызы бар шараларда бір залда бəрімізбен қатар отыру-ын дəстүрге айналдыру керек, – деп атап өтті.

– Қазақ елі тегінде бар текті-ліктің, қанында бар қасиеттің, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасар ұлттық идеологияның алтын тамырына сызат түсірмей, əлем алдындағы абыройын сақтап отыр. Ал осы ұлы құндылықтардың, сараб-дал саясат пен бейбітшіліктің берік тұғырын қалауда, ұлттың дара дəстүрін, сара əдет-ғұрпын дүниеге паш етуде. Тұңғыш Пре-зидентіміз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегін халық ерекше құр меттейді. Олай болса біз жұрт болып жұмылып, ел бо-лып бірігіп Елбасының алға қойған міндеттерін жүзеге асыруға тиіспіз, – деді Қ.Кө шербаев.

Сондай-ақ, облыс əкімі елімізде жасалған ірі реформалардың бірі ор талық атқару органдары пен аймақтардың арасындағы өкілет-тіліктерді бөлудің маңызына, жауап кершілігіне тоқталды.

– Бірақ, жауапкершілікпен қоса кең көлемді мүмкіндіктер де береді. Сол себепті, ең бастысы, сол мүмкіндіктерді дұрыс қолдана білу. Осыны терең ұғынған жағдайда ғана біз Елбасы халық игілігі үшін қойып отырған міндеттерді абырой-мен атқара аламыз, – деді.

Жиында Мəдениет жəне спорт министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин еліміздегі

мемлекеттік саясаттың дін сала-сындағы өзекті мəселелеріне, діни ахуалға тоқталды. Қазақстанда конфессияаралық келісім салтанат құрып, зайырлы мемлекет құру бас-тамасы қолдау тауып келеді. Ең бас-ты заң – Ата Заңымызда «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне əлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам жəне адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары» деп көрсетілген. Мемлекеттің дін саласындағы са-лиқалы саясаты еліміздегі діни ахуалдың тұрақтылығына кепіл болып келеді. Дегенмен, ислам атын жамылған радикалды, кереғар топ тармен жұмыс жүргізу үшін имамдар мен теолог мамандардың біліктілігін арттыру керек. Комитет төрағасы жұртшылыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізетін ақпараттық-насихаттық топтардың дəстүрлі дін құндылықтарын насихаттаудағы еңбегіне баға берді. Əйткенмен, ақпараттық-насихаттық топтардың құрамына зиялы қауым өкілдерін, дінтанушыларды, үкіметтік емес ұйымдарды қосу арқылы оның сапасын арттыруға мəн берілмек. Сондай-ақ, азаматтарға тəуелсіз еліміздің қол жеткізген табыстары түсіністік, рухани келісім арқасында орнағанын ұдайы айтудың ма-ңызы зор. Комитет төрағасы Сыр өңіріндегі діни ахуалдың тұрақ-тылығын атап өтті. Қоғам дамуын тежейтін кертартпалықтың алдын алу үшін насихаттық жұмыс жүйелі түрде жалғаса беруі керек.

– Біз мемлекет пен дін бір-бі-рінен бөлінген зайырлы мемлекетте өмір сүрсек те, имамдардың білімін көтеруіне, əлеуметтік жағдайына көмектесіп келеміз, – деді комитет төрағасы.

Одан əрі сөз алған «Қазақ-станның Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің пре-зиденті Нұрлан Ерімбетов «Қазақ-стан-2050» Стратегиясының Ке-ңес заманындағы ұзақ мерзімді бағдар ламалардан ерекшеліктеріне тоқталды. Қазіргі заманғы кəсіптік бағдар берудің олқы тұстарын сынға алды. Екі-үш дипломның нанын жей алмай, мүлде басқа тірліктің бодау-ында кеткендердің қателігі кəсіптік бағдарды дұрыс алмағанында.

– Жақында əлеуметтік сауална-ма жүргіздік. Респонденттер ең бас-ты құндылық – əділеттілік, екінші орында жемқорлықты ауыздықтау, үшінші орында ғана айлық та-быс деп есептейді екен. Бүгінде халықтың 75 пайызы несиеге өмір сүруге дағдыланып кеткен. Несиеге баспана алуды түсінуге болады, ал несиеге көлік, тұрмыстық техника

алу, той жасау өзін-өзі алдаумен тең, – деді бірлестік президенті.

Сондай-ақ, аты дардай техни-калық оқу орындарының маман даярлаудағы кемшіліктерін баса көрсетті. Осындай көптеген оқу орындары тек диплом таратумен айналысуда. Алдағы уақытта бір көзден қаржыландыруды қолға ала-тын Азаматтық альянстың жұмыс ауқымына тоқталды.

– «Біздің заманның геройы кім?» деген мəселе ойландырады. БАҚ-та шоу бизнес өкілдерінің жеке өмірінің кеңінен насихатталуы өскелең ұрпақ бойына «адам бо-лам десең, əртіс бол» деген тəрбие сіңіруде. Имамдар халықпен етене араласпайды. Сіздер жамағатты мешітте күтіп отырғанда, орта жолда өз насихатын, кітабын, ұста-нымын тықпалағандар оларды түзу жолдан тайдырып əкетіп жатыр. Мені өз басындағы қиын ахуал-ды, кедейлігін, жұмыссыздығын тағдырға жауып отыра беретін жастардың көбейгені алаңдатады. Олар жауапкершіліктен қашады, – деді Нұрлан Кенжебекұлы.

Жиында Білім жəне ғылым министрлігі Жастар ісі комитеті төрайымының орынбасары Еркін Үйсінбаев сөз алып, ел жастары-ның бастамашылдығымен қолға алынған бірқатар игіліктерге тоқ-талды. Жалпыұлттық «Жасыл ел» бағдарламасына қатысқан 200 мыңнан астам жас елдің өркендеуіне өз үлесін қосып келеді.

– Қызылорда облысында тек осы жылдың өзінде 1 мыңнан ас-там адамға жалақы төленіп, бағ-дарламаның байыпты жүзеге асу-ына жағдай жасалды. Өкініштісі, басқа облыстар «Жасыл елдің» жүйелі жұмысы үшін мұндай мүм -кіндік ұсынбай отыр, – деді минис-трлік өкілі.

Оған қоса, Сыр жастарының басқа да мемлекеттік бағдарла-маларға қатысудағы белсенділігін жоғары бағалады. Біздің аймақта жастар ресурстық орталығын құру жұмыстары аяқталды.

Соңғы 2 жылда əлеуметтік жағдайы төмен, бірақ білімге құш-тарлығы бар балаларға арналған об-лыс əкімі грантының саны 363-ке жетті. «Серпін» бағдарламасы бой-ынша басқа өңірлерге білім алуға 420 сырбойылықтар аттанды. Сондай-ақ, металлургиялық өнді рісті дамыту аясында Ресей Үкі ме тінің гранты есебінен Мəскеу, Санкт-Петербург жоғары оқу орын да рында мамандар дайындау жолға қойылды.

Рухани-танымдық тəрбие бе-рудің кейбір мəселелеріне тоқ -т а л ғ а н о б л ы с т ы қ а р д а г е р -лер кеңесінің төрағасы, қоғам

қай рат кері Сейілбек Шаухаманов эко номикалық, тұрмыстық қиын-дықтардың уақытша екенін, рухани тоқыраудың бəрінен де қауіптілігін баса айтты. Қоғамдағы қазақтың са-насына сыймайтын, құлақ естіп, көз көрмеген жағдайлардың орын алуы қалыпты жағдайға айналып барады.

– Нашақорлық, зинақорлық, өсек-өтірік, жемқорлық сияқты санаға орнықпайтын жайттардың белең алуына алаңдаймыз. Мұның ең сорақысы бауыр еті баласы мен ата-анасынан безінгендер дер едім. Қазір еліміздің қарттар үйлерінде 7700 қария зар шегіп жатыр. Əлеуметтік жағдай тұрақталған сайын ата-анасын керексіз еткен-дер саны көбейіп барады. Жетімдер үйіндегі 10 мыңнан астам баланың басым бөлігінің ата-анасының көзі тірі. Некесіз туылған сəбилер саны артып барады. Жер жаһанның 25 еліне 8 мыңнан астам бала сатылып кеткен. Дүниеге келген сəбилердің дімкəс болуы, бозбалалардың əскерге баруға денсаулығы жара-майтыны ойландырмай қоймайды. Еліміз түрме саны жөнінен алғашқы орындардың бірінде. Тек əйелдер отыратын колониялар саны 5-ке жетіпті. Өзіне қол жұмсағандар жө нінен де алдыңғы қатарға шы-ғыппыз. Мұндай фактілерді жүздеп келтіре аламын. Енді не істеу керек? Бұл жағдайдан қалай шығамыз?

Біз бұл мəселелерді қазақ хал-қының салт-санасы, дəстүрі мен мыңжылдықтар бойына жинаған тəжірибесіне сүйеніп шешуіміз ке-рек. Екінші, дінге сүйену арқылы шешеміз. Исламның күш-қуаты арқылы жоғарыда мысалға келтірген сұмдықтарға тосқауыл қоюға əбден болады. Үшінші, өркениетті елдердің жақсы үлгілерін алу, олар-ды өзіміздің ыңғайымызға бейімдеу арқылы жұмыс жүргізу керек.

«Мың өліп, мың тірілген» қазақ-тың төрт ұраны болды. «Аттан, Алаш, Асар, Алас» деген ұрандармен барлық мəселені шешті. «Аттан» дегенде белдеудегі атына мініп, елін қорғауға аттанды. «Алаш» дегенде бүкіл қазақ атқа қонды. Ғасырлар бойы бабасынан қалған атамекеніне көз алартқандарға жерінің шетін бастырмады. «Асар» дегенде барлығы жиылып келіп, шаруаны еңсерді. «Алас» дегенде ел ішіндегі тентектерді, жоғарыда айтылғандай, масқаралыққа бар-ғандарды, ұры-қарыларды ар жа-засына тартқан. Өлімнен де ауыр жазаны қолданатын болғандықтан мұндайға ешкімнің дəті бармаған.

Қазақтың ұрлыққа қарсы қолданған жазасын қазіргі эконо-микалық шара көрулермен са-лыстыра алмайсың. Мəселен,

ертеректе кісен ұрлаған адам ат төлеп құтылатын болған. «Кісен атты қорғайды, ат ерді қорғайды, ер елді қорғайды» деп, ұрлыққа тосқауыл қойған.

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөз бар. Мен бесікті де есік пен терезені де түзейтін уақыт жетті дер едім. Есікті түзе дейтінім, шеттен келген мыңдаған миссионерлер миллиардтаған ақшаны шашып, біздің ұлттық құндылықтарымыздың тас-тал-қанын шығаруда. Бізге кімнің, қандай мақсатпен келіп жатқанын таразылау керек. Терезені түзеу керек дегенді балаларымыз теледи-дардан, интернеттен, газеттерден не оқып, не тоқып жатқанын бақылау керектігіне сүйеніп айтамын.

Əлемдік тəжірибелерден үлгі ретінде тумысынан ақсүйек ағыл-шын халқының өнегесін айтайын. Олар «ағылшынның ұлы құл бол-майды, қызы күң болмайды» деп баласын өжеттікке тəрбиелейді. Немістер «сен ең асыл нəсілсің» деп құлағына құяды. Бізге ба-лаларымызды «Сен қазақ деген ұлы халықтың ұрпағысың» деп тəр биелеуге кім кедергі келтіріп отыр? Психологтардың өзі баланы тұқырту, «сен адам болмайсың» деп төмендету оның болашағына кері əсер ететінін айтады.

Тəрбиеде діннің күшін пайдалану керектігі айқын. Біз іздеген мыңдаған сауалдың жауабын Құраннан табуға болады. Өзіне қол жұмсағандардың бір бөлігінің мұндайға баруына несиені өтей алмауы себеп екен. «Ақшамен ақша жасағандардың» тірлігін халық түсінбей, қарызға белшесінен батып жатыр. Табан ақы, маңдай терінің өтеуін ала алмай қанша адам сандалып жүр. Құранда «адамның еңбекақысын көйлегінің тері кепкенше бер» дейді.

Мемлекеттік жəне ұлттық идео-логияның темірқазығы дін мен дəстүр бола алады. Бүгінгі жиын осы мəселелерді тағы бір мəрте қозғауға, тереңнен қаузауға мүм-кіндік берді, – деді қоғам қайраткері.

Идеялогиялық актив жи-ынын облыс əкімі Қырымбек Көшербаев қорытындылады. «Қазақстан-2050» Стратегиялық бағдарламасын іске асыруда Елбасы «Алаштың анасы» атаған Сыр елінің орнын атап өтті. Күллі қазақтың ашыққанда тойынған, қамыққанда жұбанған, маңдайын тіреген жері – Сырдың бойы екенін тарихшылар айтып та, жазып та жүр. Сондықтан, елдік мұраттар жолындағы бастамаларға қолдау білдірудегі, жүзеге асыру дағы міндеттер айқын болуы тиіс.

Идеялогиялық қызметтің басты міндеті саналы, тəрбиелі, ұлтжанды ұрпақ тəрбиелеу, Елбасы идеяларын жүзеге асыру, еліміздің əлемдегі озық отыздыққа енуіне қызмет ету болып қала бермек.

ҚЫЗЫЛОРДА.

Өңір өмірі

Ўлысты ўйыстыратын ќўрал

«Сыр өңірі, еліміздің басқа өңірлері секілді мемлекеттілігіміздің қалыптасу тарихының талай іздері сақталған аймақ. Қазіргі уақытта өзектілігі айрықша мəнге ие болып отырған идеологиялық мəселелерге қатысты ауқымды жиынның осындай тари-хы мен мұрасы бай өңірде өткізілуінде үлкен мəн бар». Қызылорда облысының əкімі Қырымбек Көшербаев «Қазақстан-2050» Стратегиясының міндеттерін жүзеге асыру мəселелеріне арналған идеологиялық актив жи-ында осылай деді. Ал идеологиялық активке Мəдениет жəне спорт министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, «Қазақстанның Азаматтық альян-сы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Нұрлан Ерімбетов, Білім жəне ғылым министрлігі Жастар ісі комитеті төрайымының орынбасары Еркін Үйсінбаев, аудан əкімдерінің орынбасарлары, қоғамдық ұйымдар өкілдері, ардагерлер қатысты.

Кґкпектініѕ кґсегесі кґгерді

Кеше Қуаныш Сұлтановтың төрағалық етуімен Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Мəдениет жəне спорт министрлігі азаматтарының дін ұстану еркіндігіндегі конституциялық құқықтарын сақтау мен заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі қызметін талқылауға арналған кеңейтілген отырыс өтті. Осы мəселеге орай Мəдениет жəне спорт вице-министрі Марат Əзілханов баяндама жа-сады.Комиссия жұмысына ел

билігінің заң шығарушы, ат-қарушы жəне сот тар мақ та-ры органдарының өкіл дері, білім беру, ғылым жəне мə-дениет ұйымдарының, халық-аралық жəне үкіметтік емес ұйымдардың, діни бірлес тік-тердің өкілдері қатысты.

Отырыста Конституцияда, «Діни қызмет жəне діни бір-лес тіктер туралы Заңында, Аза-маттық жəне саяси құқық тар тура лы халық аралық пактіде, Нə сілдік кемсітудің барлық ны-сандарын жою туралы ха лық-аралық конвенцияда ке піл дік бе рілген азаматтардың ді ни сенім бостандығы кон с титуциялық құқықтарының сақ талуының өзекті мəселелері талқыланды. Комиссия мүшелері діни қа-тынастар саласындағы заң-дылықтың қамтамасыз етілуі мен азаматтардың діни сенім бостандығы құқықтарының сақталуы мəселелеріне ерекше көңіл бөлді.

Дін жəне діни қатынастар саласындағы реттеу мəселесі Қазақстанның мемлекеттік сая-сатында маңызды орынға ие екені атап өтілді. Бұл қоғам-дағы діннің рөлінің өсуі мен де, сондай-ақ, көп конфессия-лы қазақстандық қоғамда кон-фессияаралық татулық пен келісімді сақтау, азаматтар мен жалпы мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігімен де байланысты.

Бұған қоса, сөз сөйлеушілер адамның діни сенім бостандығы құқығының іске асырылуын қамтамасыз ету Қазақстан Рес-публикасының одан əрі де-мократиялық жəне құқықтық даму бағытының бірі болып та-былады деп атап өтті.

Сондай-ақ, Президент жа-нындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия деле гация -сының АҚШ-қа сапа рының нəтижелері туралы ақпарат тың далды. Комиссия төрағасы Қ.Сұлтанов БҰҰ институттары, АҚШ-тың мемлекеттік органда-ры мен ҮЕҰ-ы Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының қыз -меті мен оның құқық қорғау жобаларына оң баға бер генін атап өтті. Осылайша дайын-далған Комиссия ұсы ным-да ры Мемлекет басшысына, Парламент пен Үкіметке ұсы-ны латын болады.

«Егемен-ақпарат».

Конституциялыќ ќўќыќты саќтауєа арналды

Фарида БЫҚАЙ,«Егемен Қазақстан».

Алла сақтап, бұл оқыс оқи ға облыс орталығындағы Амангелді-Ворушин кө ше ле-рінің қиылысында салы нып жатқан жаңа мектеп ғима-ратында орын алды. Об лыс бойынша мемлекеттік сəулет-құрылыс бақылау депар-таментінің жетекшісі Қанат Қашқыровтың мəлім деуінше, мектеп төбесі бетон құю жұ-мыстары техно логиясының бұ зылуынан опырылып түскен көрінеді. Оның айтуынша, мұн-дай қорытындыны дереу келген комиссия өкілдері шығарған.

Сөйтіп, төбесі құлап түскен жаңа мектепті салып жатқан бас мердігерге жобаға сəйкес бетон жабындысын қайта жөндеуге тапсырма беріліпті.

Қайта жөндеуін жөндер-ау, бірақ, бұл мектепке келетін оқушыларды, олардың ата-ана-ларын пайдалануға берілмей жатып опырылып төбесі түскен соң, қандай үрей билейтіні айт-паса да түсінікті ғой.

ПАВЛОДАР.

ОқиғаМектептіѕ тґбесі опырылып тїсті

Page 13: 20 қыркүйек Сенбі марапаттау 2014 ЖыЛ рәсіміне қатысты ...мүмкін ең қымбат дүниелер. Бүгінгі мерекенің

20 қыркүйек 2014 жыл www.egemen.kz 13

Аталмыш шараға «Қазақ газеттері» ЖШС-нің бас дирек-торы – Редакторлар кеңесінің төрағасы Жұмабек Кенжалин, Астана қаласындағы тілдерді дамыту басқармасының бас-тығы Ербол Тілешов, жазу-шы, «Қазақ газеттері» ЖШС-нің Астанадағы ресми өкілі Толымбек Əбдірайым, ақын, журналист Ғабдул-Ғазиз Есен-баев, танымал журналист – ақын Бақытжан Тобаяқов жəне т.б. қаламгерлер, ұлт жанашырлары қатысты.

Шара барысында сөз алған Астана қаласының тілдерді дамы-ту басқармасының бастығы Ербол Тілешов елордадағы мемлекеттік тілдің қолданылу аясы туралы айта келіп, əр қазақ өз ұлтының патрио-ты болуы керек деп жастарды отансүйгіштік пен ұлтжандылыққа үндеді.

Ал, «Қазақ газеттері» ЖШС-нің бас директоры Жұмабек Кенжалин «Қазақ тілді баспасөз а р қ ы л ы ұ л т қ а л ы п т а с а д ы , сондықтан жастар газет-журнал-ды жанына серік ету арқылы жан

азығын табады», дей келе «Қазақ газеттері» серіктестігінің жұмыс барысы туралы айтып өтті.

Студенттер тарапынан қойыл-ған сұрақтар барысында мем-лекеттік тілді қолдау, «Тіл тура-лы» заңға орай ұсыныстар мен тілектер, талантты жастардың баспасөзде жариялануы туралы сөз болды.

Кеш студенттер үшін ой салған, ойландырған жəне есте қалар тағылымды жиын болды.

«Егемен-ақпарат».

Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика жəне саясат-тану факультетінің ұжымы осы факультеттің оқытушысы Ықылас Ожайұлына əкесі

Ожай МОЛҒОЛДАЙҰЛЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Қазақстан Суретшілер одағының басқармасы белгілі мүсінші Марат Өмірсерікұлы ƏЙНЕКОВТІҢ

мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

ПетроҚазақстан компаниясының басшылығы мен ұжымы компанияның вице-президенті Бақытжан Ізтілеуұлы Исенғалиевқа жəне оның туыстары мен жақындарына банк жүйесінің ардагері

Мырзадан Жолдасбекұлы ЖОЛДАСБЕКОВТІҢқайтыс болуына байланысты қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз:

Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: [email protected].Алматы 273-74-39, ф. 341-08-11. Электронды пошта: [email protected].

«Сепе-1» ЖШС өз қатысушыларына 06.10.2014 жылғы сағат 10.00-де Ақмола об-лысы, Атбасар ауданы, Сепе ауылы, Орталық к-сі, 9-үй мекенжайында жалпы жина-лыс өткізу туралы хабарлайды.

Күн тəртібінде мынадай мəселе қаралады:1.«Сепе-1» ЖШС атқарушы органы – директорын сайлау туралы.

АО «АК Алтыналмас», (Жамбылская обл., г. Тараз, ул. Казыбек би, 111, офис 212, БИН 95064000810, Кбе17, ИИК KZ8594806KZT22031329 в Филиале №6 АО «Евразийский банк» г.Алматы), сообщает о принятии Aquila Gold B.V., акционером, владеющим всеми голосующими акциями общества, решения о заключении крупной сделки с АО «Народный сберегательный банк Казахстана».

«АК Алтыналмас» АҚ, (Жамбыл обл., Тараз қ., Қазыбек би к-сі, 111, 212-офис, БИН 95064000810, Кбе17, ИИК KZ8594806KZT22031329 Алматы қ. «Еуразиялық банк» АҚ-тың №6 филиалында), «Қазақстан Халық жинақ банкі» АҚ-пен ірі мəміле жасау туралы шешімді қоғамның барлық дауыс беруші акцияларын иеленуші акцио-нер Aquila Gold B.V. қабылдағаны жөнінде хабарлайды.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Қостанай қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2014-2015 оқу жылында 8, 9-сыныптарда білім алу үшін оқушыларды іріктеу кон-курсына құжаттарды қабылдау мерзімінің ұзартылғанын хабарлайды жəне 10 (11)-сыныптарда білім алу үшін оқушыларды іріктеуге конкурс жариялайды.

Құжаттар 2014 жылдың 11 қазанына дейін мына мекенжайда қабылданады: Қостанай қ., Ы.Алтынсарин көшесі, 118, Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-интернат, тел.: 39-26-21.

Конкурстың кезеңдері 2014 жылғы 26 қазан мен 4 қараша аралығында өткізіледі. Конкурстың өтетін орны мен уақыты туралы ақпарат 17 қазанда www.nis.edu.kz веб-сайтында жарияланады.

Конкурстық іріктеу жөніндегі толық ақпаратты www.nis.edu.kz веб-сайтынан алуға болады.

«Жамбыл облысы əкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ жалпы сомасы 14 783 735,00 теңгені құрайтын Жамбыл облысы бойынша 2014 жылға вакциналарды

қайта сатып алу тендерін өткізетіндігін жариялайды.Сатып алынатын тауарлардың тізімі, олардың саны жəне ерекшеліктері тендерлік

құжаттамада көрсетілген.Тауарлар Жамбыл облысы бойынша жеткізілі тиіс.Жеткізу мерзімі шарт жасасқан сəттен бастап тендерлік құжаттаманың № 1 косымшасы-

на сəйкес.Тендерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы «Кепілдендірілген

тегін медициналық көмек көлеміне байланысты фармацевтикалық қызмет көрсету, дəрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыру жəне өткізу Ережесін бекіту ту-ралы» № 1729 қаулысының 8-9-тармақтарында көрсетілген біліктілік талаптарына сəйкес келетін барлық əлеуетті өнім берушілер жіберіледі.

Тендерлік құжаттама бумасын əлеуетті өнім беруші 2014 жылғы 29 қыркүйекте сағат 11.00-ге дейінгі мерзімді қоса алғанда мына мекенжай бойынша: Тараз қ., Желтоқсан к-сі, 78, № 326 бөлмеден сағат 09.00-ден сағат 19.00-ге дейін немесе [email protected] электронды поштамен алуға болады.

Тендерге қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі 2014 жылдың 30 қыркүйек сағат 10:00-ге дейін.

Тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттер 2014 жылғы 30 қыркүйекте сағат 11.00-де мына мекенжай бойынша: Тараз қ., Желтоқсан к-сі, 78, 2-қабат, мəжіліс залында ашылады.

Əлеуетті өнім берушілер тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде қатысуына болады.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7262) 43-27-49.

КГУ «Управление здравоохранения акимата Жамбылской области» объявляет о проведении повторного тендера по закупу вакцин на 2014 год по Жамбылской облас-ти на общую сумму 14 783 735,00 тенге.

Полный перечень закупаемых товаров, их количество и подробная спецификация ука-заны в тендерной документации.

Товары должны быть поставлены по Жамбылской области.Требуемый срок поставки в соответствии приложении № 1 тендерной документации с

момента заключения договора.К тендеру допускаются все потенциальные поставщики, отвечающие квалификаци-

онным требованиям, указанным в п.8-9 Правил организации и проведения закупа ле-карственных средств, профилактических (иммунобиологических, диагностических, дезинфицирующих) препаратов, изделий медицинского назначения и медицинской техники, фармацевтических услуг по оказанию гарантированного объема бесплат-ной медицинской помощи, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 октября 2009 года № 1729.

Пакет тендерной документации можно получить в срок до 11.00 часов 29 сентября 2014 года включительно по адресу: г. Тараз, ул. Желтоксан, 78, 3-этаж, кабинет № 326, время с 09.00 до 19.00 часов или по электронной почте по адресу: [email protected]

Окончательный срок представления тендерных заявок до 10.00 часов 30 сентября 2014 года.

Конверты с тендерными заявками будут вскрываться в 11.00 часов 30 сентября 2014 года по следующему адресу: г. Тараз, ул. Желтоксан, 78, 2-этаж, зал заседаний.

Потенциальные поставщики могут присутствовать при вскрытии конвертов с тендер-ными заявками.

Дополнительную информацию и справку можно получить по телефону: 8 (7262) 43-27-49.

ХАБАРЛАНДЫРУ«Аршалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі

жəне автомобиль жолдары бөлімі» ММ Аршалы ауданы əкімдігінің жанындағы «Аршалы Су-2030» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кəсіпорны директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

«Аршалы Су-2030» ШЖҚ МКК қызметі аудан аумағындағы коммуналдық жəне тұрғын үй шаруашылығын жəне жергілікті инфрақұрылымның тіршілігін қамтамасыз етудің басқа жүйелерін сумен жабдықтау, кəріз жəне жылумен жабдықтау саласына жəне өзге іс-шаралар қызметтерін жүзеге асыруға негізделеді.

Кəсіпорынның мекенжайы, конкурс өткізу орны мен уақыты: 020200, Ақмола облы-сы, Аршалы ауданы, Аршалы кенті, Мəншүк Мəметова к-сі, 34-үй, телефон: 8 (716-44) 22585; e-mail: gkh_ptyad @mail.ru

Конкурс қатысушыларына талап:Білімі: жоғары. Кəсіпорынның сəйкесетін бейініндегі басшы лауазымдардағы жұмыс

өтілі кемінде 5 жыл, Қазақстан Республикасының Конституциясын жəне «Мемлекеттік кəсіпорындар туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы», «Мемлекеттік мүлік жəне ҚР басқа нормативтік-құқықтық актілері туралы» заңдарын білуі, мүмкіндігінше мемлекеттік тілді білуі.

Құжаттар қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап 15 күнтізбелік күн өткеннен кейін аяқталады.

Қосымша анықтаманы жоғарыда көрсетілген мекенжайдан алуға болады.

ОБЪЯВЛЕНИЕГУ «Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и ав-

томобильных дорог Аршалынского района» объявляет конкурс на занятие вакантной должности директора государственного коммунального предприятия на праве хозяй-ственного ведения «Аршалы Су- 2030» при акимате Аршалынского района.

Деятельность ГКП на ПХВ «Аршалы Су-2030» основывается на осуществлении услуг в области водоснабжения, канализации и теплоснабжения коммунального и жилищного хозяйства и других систем жизнеобеспечения местной инфраструктуры и иных мероприятий на территории района.

Адрес предприятия, место и время проведения конкурса: 020200, Акмолинская об-ласть, Аршалынский район, п. Аршалы, ул. Маншук Маметовой, дом 34, телефон: 8 (716-44) 22585; e-mail: gkh_ptyad @mail.ru

Требования к участникам конкурса:Образование: высшее. Стаж работы на руководящих должностях в соответствующей

профилю предприятия не менее 5 лет, знание Конституции Республики Казахстан и законов «О государственном предприятии», «О государственных закупках», «О го-сударственном имуществе» и других нормативных правовых актов РК, желательно знание государственного языка.

Прием документов заканчивается со дня размещения объявления о проведении кон-курса по истечении 15 календарных дней.

Дополнительную справку можно получить по вышеуказанному адресу.

«Сепе-1» ЖШС серіктестік қатысушыларының жалпы жиналы-сын 06.10.2014 жылғы сағат 10.00-де Ақмола облысы, Атбасар ауда-ны, Сепе ауылы, Орталық к-сі, 9-үй мекенжайында өткізу туралы өз қатысушыларына хабарлайды.

Күн тəртібінде мынадай мəселелер қаралады:1.«Цеснабанк» АҚ-пен бұдан бұрын 10.02.2014 ж. жасалған

№120/0025-14 банктік займ шарты бойынша міндеттемелерін орындау-ды қамтамасыз етуге берілетін «Сепе-2012» ЖШС-ның жарғылық капи-талындағы 99,0% мөлшеріндегі үлесін «Цеснабанк» АҚ-ға кепілге беру.

2. Кепілге берілетін мүлікті соттан тыс сатуға құқықты «Цеснабанк» АҚ-ға беру туралы.

3. «Сепе-1» ЖШС-нің атқарушы органына жоғарыда көрсетілген шартпен мүлікті кепілге беру бойынша мəмілелер жасауға барлық өкілеттіктерді беру.

Медеуским районным судом г.Алматы, по заявлению Исраиловой Эльмиры Урмановны, проживающей по адресу: г. Алматы, Медеуский район, ул. Фурманова, д. 44, кв.5, возбуждено дело об объявлении умершим Исраилова Урмана Усмановича, 08.12.1956 года рождения, уроженца Пролетарского района Ленинабадской области, последнее известное место работы «Автобусный парк №4» г. Алматы. Просим всех лиц имеющих сведения о месте пребывания гражданина Исраилова Урмана Усмановича сообщить об этом в Медеуский районный суд г. Алматы судье Бегайдар Н.С. по адресу: г. Алматы, ул. Нусупбекова, 34, в течение 3-х месяцев со дня публикации.

Алдағы уақытта болатын №4 ашық тендер туралы хабарлама«AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ (бұдан əрі – Банк) келесі тауарларды (жұмыстарды,

қызметтерді) сатып алуға тендер өткізілетіні туралы хабарлайды:– Деректерді корпоративтік сақтау негізінде реттеу жəне басқару есептіліктерін автоматтан-

дыру жүйесі (тендер шарттары мен толығырақ ақпарат Банк сайтында берілген). Тауар Алматы қаласына жеткізілуі (жұмыстар немесе қызметтер орындалуы/көрсетілуі) тиіс. Тендерге тендерлік құжаттамада көрсетілген тендерлік талаптарға сай келетін барлық

əлеуетті жеткізушілер қатыса алады. Тендерлік құжаттама топтамасын [email protected] электронды пошта мекенжайы

бойынша алуға болады. Тендерге қатысуға өтінімдерді əлеуетті жеткізушілер сенімхат бере отырып тендерлік ко-

миссия хатшысына тапсырады. Конвертке салынған, мөр басылған тендерлік ұсыныстарды тапсырудың соңғы мерзімі

2014 жылғы 6 қазанда 17 сағат 15 минутқа дейін, тапсыру мекенжайы: 050004, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Достық д-лы, 180, «Көктем» БО, 8-қабат, 81-бөлме.

Тендер 2014 жылы 7 қазанда Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Достық д-лы, 180, «Көктем» БО, 8-қабат, 81-бөлме мекенжайы бойынша өткізіледі.

Əлеуетті жеткізушілер тендерлік комиссияның шешімі бойынша тендердің өткізілуі кезінде қатыса алады.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы + 7 (727) 258-85-55 (ішкі 1650) телефоны бойынша алуға болады.

Ескерту: Əлеуетті жеткізушіні іріктеу барысында талаптарға сай болу, жобаны іске асы-ру құны мен мерзімі сияқты өлшемдерге басымдық беріледі. Баға ұсынысы өзгеруі мүмкін.

Тілім меніѕ – елдігімніѕ тўєыры

Қазақстан халқының тілдері күніне орай С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Тілім менің – елдігімнің тұғыры» атты мерекелік шара өтті.

Əлмерек əлемі

О.Қауғабайдың «Əлмерек тің бес баласы жəне Еділ – Жай ық» кітабы – Əз-Тəуке хан тұсында өмір сүрген белгілі би Əлмерек жəне оның аңызға айналған бес ұлы мен олардың əйгілі ұрпақтары: Пұсырман, Саурық, Тазабек, Қожеке, Қашаған, Ұзақ, Бура молда, Əубəкір жəне Жақыпберді жайында тарихи эссе. Қазақ тың киелі қарақонысы Қар қараны зерттеп, картаға түсір ген Шоқанның осы өлкеге келіп Əлмерек ұрпақтарына жолығуы мен жүздесулері жайында ой-толғау мен тосын этнографиялық таным жəне Үйсін-Албандағы бір қызықты «Еділ – Жайық» махаббат хикаясы-нан тұрады. Əлмеректі пір тұтқан Дінмұхамед Қонаевтың ата-бабала-ры жайында баяндалады. Сондықтан қаламгер Ораз Қауғабайдың 2001 жы-лы «Қазақпарат» баспасынан шыққан бұл кітабы оқыр мандар сұранысы бой-ынша толықтырылып, биыл екінші рет жарық көріп отыр.

Демеушілік жасаған Жай нақ ба -тыр дың ұрпағы Дəулет Жайнақов екен.

Б.САҒЫРБАЙ.АЛМАТЫ.

Серік ПІРНАЗАР,«Егемен Қазақстан».

Азиадаға негізінен тəуел сіздігі танылған мемлекеттер ғана қаты -са алады. Бұлардың арасында бұл қатардан саналмайтын Тай-вань арал-мемлекеті ғана «Қы тай Тайбейі» деген атау мен қатыс-тырылып жүр.

Қазақстан спортшылары Азия ойындарына еліміз тəуел сіздік алғаннан кейін, 1994 жылы Жапо-нияның Хи росима қаласында өткі-зілген Ойындардан атсалыса баста-ды. Содан бері олар осындай бес аламанға ат қосып үлгерді.

Енді Қазақ елі спорт шыларының бұған дейінгі Азиадаларда қол жеткізген жетістіктеріне қысқаша шолу жасап өтейік. Олар өздері бі рінші рет жалау желбіреткен Хиросимадағы XII Ойындарда 25 алтын, 26 күміс жəне 26 қола, жиынтығы 77 медаль жеңіп алып, 32 мемлекеттің арасында жал-пыкомандалық 4-орынға көтерілді.

1998 жылы Таиланд астанасы – Бангкок абатында дүркіреген XIII Ойындарда 24 алтын, 24 күміс жəне 30 қола, қорытындысы 78 медаль-мен 41 елдің ішінде бəйге белесіне 5-ші болып жетті. 2002 жылы Оңтүстік Кореяның Пусан кентінде керуен керген XIV Ойындарда 20 алтын, 26 күміс жəне 30 қола, жи-ыны 76 медальмен 39 мемлекеттің ортасында 4-орынға жайғасты. 2006 жылы Катар орталығы – Доха шаһарында көрік қыздырған XV Ойындарда 23 алтын, 20 күміс жəне 42 қола, барлығы 85 ме-дальмен тағы да 4-орынға ор-наласты. Ал осының алдында, 2010 жылы Қытайдың Гуанчжоу дуанында бақ таластырған XVI Ойындарда 18 алтын, 23 күміс жəне 38 қола, түгелдемесінде 79 медальмен 5-ші тұғырға та-бан тіреді. Сөйтіп, 5 Ойында 4 жəне 5-орындардан төмен түсіп көрген жоқ. Ал Бангкокта біздің алдымызға алаң иелері – тай спорт-шылары түсіп кетсе, Гуанчжоуда

Иран командасын оздырып алдық. Жалпы, осы Ойындардың бəрінде Қытай құрамасы бірінші орын-ды талассыз жеңіп алып тұрса, Хиросимадан басқаларының бəрінде Корея республикасының спортшылары үздіксіз екінші орынға тоқтады. Демек, қалған Ойындардың бар лығында Жапония командасы үшінші сатыдан көрініп тұрды.

Кеше басталған XVII Азия ой-ындары бағдарламасында спорт-тың 50 түрлі сайыстары бойын-ша күш сыналады. Бұлардың 41-і олимпиялық спорт түрлері болса, қалған 9-ы бұл сапқа қосылмайды. Мұнда 20 мыңға жуық спорт-шы Ойындардың 439 медаль-дар жиынтығын сарапқа салады. Олардың 13 мыңы 45 мемлекеттің олимпиялық коми тетінің мү шелері. Осы сапта Қазақстан де легациясы құрамындағы 420 спортшы, соның ішінде 207 ер кісі, 213 əйел бар. Олар жарыстың 39 түрі бойынша еліміздің намысын қорғайды.

Оның қай өлеңін алсақ та, бүгінгі күннің шындығын сурет-тейтін ақын жүрегінен өткізіп, мəселелерін көзбен көргендей боласың. Ол кейбір ақындар сияқ-ты ұзын-сонар дидактикамен жұртты жалықтырмайды жəне бір айта кетерлігі, Ұ.Есдəулетов өлеңдерінің құрылымы қысқа, тақырыбы да шынайы əрі ойнақы, нəзік иірімдерге бай. Ақын оқиғаны өлеңіне арқау ете оты-рып, бүгінгі күн жайлы батыл сөз қозғайды. Соны өршіл рухпен, уытты тілімен түйреп, оқырманға дəл жеткізе біледі. Олай деуіме, жуырда Л.Н.Гумилев атындағы Еура зия ұлттық университетінде өткен Ұлықбек Есдəулетовтің 60 жасқа толуына орай өткен «Алтайдың алтын тамыры» атты жыр кеші де себеп болды.

Аталмыш кешті айтулы əнші, өнертану профессоры Кенжеғали

Мыржықбай жүргізді. Кешке зия лы қауым өкілдері, ақынның үзеңгілес достары, танымал қалам-герлермен қатар, студент жастар да қатысты. Ақынын ардақтай білетін халық емеспіз бе, ауди-тория ішінде ине шаншар орын қалмады. Жастар жағы да ақын өлеңдерін құмарта тыңдап, көкейдегі сауалдарын қойып, ерекше белсенділік танытты. Кеш барысында ақынның «Қазақия», «Қазақ тілі», «Нұрғисаның аққу-лары», «Қолыңнан не келеді?», «Бұрышқа тұр», «Ме нің фамили-ям» сынды жыр лары көпшіліктің ыстық ықы ласына бөленіп, «Құс жолы», «Көздеріңе ғашықпын» əндері студент жастардың орын-дауында тыңдалды. Содан соң, ақынның атышулы «Қара пима» поэмасы желісінде түсі-рілген фильм көпшілік наза-рына ұсынылды. Боранда үсіп,

аяғы балтырынан кесілген жас баланың тағдыры талай жанның көзіне жас үйірді. Бұл бізге таныс тақырып, қазіргі заманның айқын көрінісі. Əке мен бала пробле-масы. Қоғамымызда белең алған маскүнемдік, ішім дікке құмарлық туралы ащы шын дықты ақын ше-бер бейнелеген.

Кеш соңында Ұ.Есдəулетовке қазақы дəстүрімізге сай, шапан жабылып, сыйлықтар табыс етілді. Белгілі сатирик К.Əмір бектің құр дасқа деген əзіл-қал жыңы жұртты қыран топан күлкіге көмді. Дəулес кер күйші-композитор С.Тұ рыс беков те өзінің кербез-күйін күм бірлете жөнелді.

Қысқасы, бұл кеш жан дү-ниең ді жадыратар əдемі рухани сəт сыйлады.

Раушан ТƏУІРХАНҚЫЗЫ,журналист.

Ўлыќбекті ўлыќтады

Ақын – өнер иесі, сөз шебері. Ол əртүрлі та-рихи кезеңдерді сол за-манда күй кешкендей жан-жүрегімен жырлап, рухы, бүкіл болмыс-бітімімен қабылдай біледі. Солардың бірі қазақтың біртуар ұлы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Алаш» халықаралық сыйлығының лауреаты, Ресейдің «Алтын Есенин» медалін алған, қазақ поэзиясындағы дарынды қаламгер, ақын Ұлықбек Есдəулетов екендігінде дау жоқ.

Жаңа кітап Мерей

Біз – қазақстандықтармыз!

Жұма күні кезекті Азия ойындары жалауын желбіретті. Ол қыркүйектің 19-нан қазанның 4-не дейінгі аралықта «сары құрлық» спорт саңлақтарының сарабдал сайысына айналады. Азия ойындары өзінің бастауын 1951 жылдан алады. Ол Халықаралық олимпиялық комитетінің мұқият бақылап, реттеп отыруы арқылы ойналады.

Ќўрлыќтыѕ басты бəсекесі

Дастан КЕНЖАЛИН,«Егемен Қазақстан» –Инчхоннан.

Азиаданың ашылу салта-наты биыл ғана пайдалануға берілген «Инчхон Арена» ста-дионында өтті. Стадионның өзі 37 000 адамға арналған болса, Ойындардың ашылу салтана-тын осыншама адам тамаша-лады десе болады. Осы жерде жергілікті халықтың Азиадаға деген қызығушылығын да көрдік. Биылғы Азиада Кореяда осы-мен үшінші рет өтіп жатқаны белгілі. Алғашқысы 1986 жылы Сеулде Олимпия ойындарына дайындық ретінде өтсе, екіншісі Пусанда 2002 жылы өткен бола-тын. Енді, міне Таңғы шық елі Инчхонда құрлықтық жарыс-ты үшінші рет қабылдап отыр. Кореяның қай жарысты болма-сын аса ұқыптылықпен, жақсы дайындықпен өткізетінін тағы да көрсетті. Оны Азия ойындарының

ашылу салтанатынан да байқа-дық. Онда жұртшылыққа ко-рей халқының тарихынан сыр шертетін қойылымдар көрсетіліп, қазіргі дамыған кездегі бүкіл дүниежүзіне белгілі жетістіктері ұсынылды. Осы жерде ұйым-дастырушылар жергілікті ха-лықтың Корей түбегін паналап, сол жерде өсіп-өнген кезін, 1884 жылы пошта қызметінің, одан кейін телефон, жүрдек поездың, ұшақтар мен автокөлік өндірісінің дамып, қазірде бүкіл əлемнің мақтанышына айналып жатқанын ұтымды көрсетті. Осыдан ке йін Корея Республикасының пре-зиденті Пак Кын Хе сөз сөй леп, ресми түрде Жазғы Азия ойын-дарының ашылғанын жарияла-ды. Ресми шарадан соң, жарысқа қатысатын елдердің спортшы-лары сап түзеп, кезек-кезегімен стадионның алаңын айналып жүріп өтті. Біздің ел дің делегация-сы 30-шы болып шықты. Ал мемлекеттік туымызды бокс тан

Олим пия ойындары жəне əлем чемпионатының кү міс жүлдегері Əділбек Ниязымбетов алып жүрді.

Азиаданың ашылу салтана-тында көрермендердің көзі-міз ге ыстық көрінген тағы бір кө ріністі айтпай кетпеуге бол-мас. Азиадаға қатысатын ел-дердің делегеция сы бірінен соң бірі ту ұстап шық қанда Сол-түстік Кореяның спортшы ла-рына бүкіл стадион ду-қол ша-палақтап, қошемет көрсетті. Оң-түстіккореялықтар орын да рынан тұрып, жарысқа жан күйерлері келмеген елдің өкіл деріне қан-шама қырғи-қабақ соғыс болса да екі халықтың ара сына еш-кімнің түсе алмайтынын, сол-түстіктегі ағайындарына əлем -дегі жалғыз ғана бауырлары екен дерін танытты.

Биылғы Азиадада спорттың 50 түрінен медальдар жиынтығы сарапқа салынады. Біздің ел соның ішінде спорттың 39 түрінен өтетін жарыстарға қатысады.

Бас-тал-ды! Дода

Кеше Инчхонда XVII Жазєы Азия ойындарыныѕ ашылу салтанаты болып ґтті

Page 14: 20 қыркүйек Сенбі марапаттау 2014 ЖыЛ рәсіміне қатысты ...мүмкін ең қымбат дүниелер. Бүгінгі мерекенің

20 қыркүйек 2014 жылwww.egemen.kz14 www.egemen.kz14

Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №400 ek

Меншік иесі:“Егемен Қазақстан”

республикалық газеті”акционерлік қоғамы

ПрезидентСауытбек АБДРАХМАНОВ

Вице-президент – бас редакторЖанболат АУПБАЕВ

Вице-президентЕркін ҚЫДЫР

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А.

АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 341-08-12.БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kzАлматыда: факс (727) – 341-08-12, электронды пошта – [email protected]

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР:Астана – 8 (717-2) 37-61-21;Ақтау – 8 (701) 593-64-78;Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75;Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70;Атырау – 8 (712-2) 31-74-13;

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91;Қарағанды – 8 (721-2) 43-94-72;Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15;Қызылорда – 8 (701) 772-70-74;Орал – 8 (777) 496-21-38;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11;Павлодар – 8 (718-2) 68-59-85;Тараз – 8 (726-2) 43-37-33;Шымкент – 8 (701) 747-63-01;Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ: Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, [email protected] Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 341-08-11, [email protected]

Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.А

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы

5 қаңтарда Қазақстан Республи касының Мəдениет жəне

ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қа зақ стан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009

Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы201 715 дана.

Нөмірдің кезекші редакторы

Айдар ӨРІСБАЕВ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 7 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921

Газет мына қалалардағы:010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС,050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС,100008, Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 33, «Қарағанды полиграфия» ЖШС,110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС,120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС,130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС,030010, Ақтөбе қ., Смағұлов к-сі, 9 К, «Хабар-Сервис» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС,160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС,140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС,150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ,080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС,090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС,040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы,070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.