This document is posted to help you gain knowledge. Please leave a comment to let me know what you think about it! Share it to your friends and learn new things together.
Transcript
145 23
-10°.. -8°-14°.. -12°
12
–
–
Ермек Әмірханұлы Аманша-ев С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің фи-лология факультетін тәмамдаған, филология ғылымының кандида-ты. Қазақстаның еңбек сіңірген қайраткері.
Әр жылдары Қазақстан Республи-касы Премьер-министрі кеңсесінде жұмыс істеген, Мәдениет комитетінің төрағасы, ҚР Мәдениет министрінің орынбасары, ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрі, Астана қаласы әкімінің орынбасары, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм»
ұлттық компаниясының президенті лауазымдарында қызмет еткен.
Елорда басшысының өкімімен Аида Ғалымқызы Балаева Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды.
Нұрәлі Әлиев Абай атындағы Қазақ ұлттық университетін экономи-ка және қаржы мамандығы бой-ынша, Пеппердин университетін (бизнес-әкімшілендіру) және Имадек университетінің магистратурасын (бизнес-әкімшілендіру) тәмамдаған.
Әр жылдары «Нұрбанк» АҚ төрағасының бірінші орынбасары,
Басқарма төрағасы және директорлар кеңесінің төрағасы лауазымдарын-да қызмет атқарған. 2008 жылдың желтоқсанынан 2013 жылға дейін «Қазақстанның Даму банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбаса-ры, «Транстелеком» АҚ басқарма төрағасы қызметінде болған.
Елорда басшысының өкімімен Қанат Таңатарұлы Сұлтанбеков Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды.
Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі
- А й м а н Қ о ж а б е к қ ы з ы , с і з Президенттің елорданы ауыстыру бас-тамасын қолдап, Астанаға бірінші бо-лып келген мәдениет қайраткерлерінің бірісіз. 1998 жылы Астанада Музыка академиясының негізін қалап, оның рек-торы бола тұра, осы күнге дейін талай талантты музыкант пен композитордың жұлдызын жақтыңыз. Сіздің ерен еңбегіңіз лайықты бағасын тауып отыр, - деді Астана әкімі.
Өз кезегінде Айман Мұсақожаева Әділбек Жақсыбековке тұрақты қолдауы мен елорданың рухани орта-сын дамыту мен қалыптастыру бойын-ша бірлескен жұмысы үшін алғысын білдірді.
Айман Мұсақожаева - ҚР Халық әртісі, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, Астананың құрметті азама-ты, ҚР мемлекеттік сыйлығының және «Қазақстанның Еңбек Ері» атағының иегері, халықаралық байқаулардың лауреаты. Айман Мұсақожаеваның есімі «ХХ ғасырдың 2000 көрнекті му-зыканты» атты дүниежүзілік құрметті тізімге енгізілген.
Өзбекстан Республикасында парламент сайлауы аяқталды. Алдын ала жа-рия етілген мәлімет бойынша, парламенттің төменгі палатасы Олий мәжіліс сайлауына сайлаушылардың 88 пайызы дауыс берді, яғни, сайлауға 18 млн адам қатысты.
Кеше Беларусь президенті Александр Лукашенко жұмыс сапарымен Украинаға барды. Киевте Беларусь басшысы Украина президенті Петр Порошенкомен келіссөздер жүргізіп, күн тәртібіндегі өзекті, сондай-ақ, халықаралық маңызды мәселелерді талқылады.
Жапонияда елдің орталық бөлігінде қардың қалың түсуі салдарынан 3,6 мыңнан астам үй электр жарығынсыз қалды. Сондай-ақ, қатты соққан бораннан тоқсан үш әуе кемесінің ұшуы кейінге қалдырылды. Хонсю аралының солтүстік-шығысына қатынайтын «Синкансэн» жүйрік пойызының қозғалысына да қиындық туды.
Қырғызстан билігі ақша айырбастау орындары АҚШ валютасының бағамын өз беттерінше көтеріп, алпыс сомға жеткізгендіктен, оларды таяу арада жауып тастау мүмкін екендігін жеткізді. Дегенмен, Ұлттық банк төрағасы Толқынбек Абдығұлов «алаңдауға негіз жоқ, жағдай бақылауда» деп, халыққа басу айтып отыр.
Елордада қазан-қараша айларында бизнес саласында
10400 сервистік қызмет көрсетілді.
«Қазақстан» орталық концерт залында Қазақстан-дағы Грузия елшілігінің ұсынысымен «Мандарин» кинофильмі көрсетілді.
Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық Қазақ музыкалық драма театрында балаларға арналған Жаңа жылдық ертеңгіліктер ұйымдастырылады. Басталуы: 10.00, 12.30, 15.00, 17.00-де.
Конгресс-холда Шәкен Аймановтың жүз жылдығына арналған киноконцерт өтеді. Басталуы: сағат 19.00-де.
Өткен он бір айда қаланың Әкімшілік полиция қызметкерлері алпыс мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Атап айтқанда, ұсақ құқық бұзушылық, тыныштықты бұзу, алкогольдік ішімдіктер ішу және қоғамдық орындарда мас күйде жүру, тыйым салынған жерлерде темекі шегу және абаттандыру ережелерін бұзу сияқты келеңсіздіктер азаймай отыр.
2014 жылғы қаңтар-қараша айларында Астана аумағында қыл-мыстардың алдын алу, жолын кесу және болдырмау бойынша қоғам-дық орындар мен көшелерде, со-
нымен қатар саяжай алаптарында, сондай-ақ азаматтар көптеп жина-латын басқа да жерлерде 647 жер-гілікті рейд өткізілді. Іс-шаралар барысында 18 746 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Отыз екі мың нан астам адам аумақтық ішкі іс тер басқармасына жеткізілді. Оның 5733-і – кәмелетке толмаған бала.
Қаладағы қоғамдық тәртіпті қорғау ға құ рамында жоғары оқу орындарының студенттері, «консьерж қызметі», ІІБ арда-герлері, мемлекеттік емес күзет құрылымдары қызметкерлері, тағы да басқа адамдар бар тоғыз жүзден
астам қоғамдық құрылым өкілі қатысады. Олар тоқсаннан аса қыл-мыстың бетін ашып, он мыңнан аса әкімшілік бұзушылықты тіркеді.
Елордада қоғамдық тәртіпті сақтауды, жол және қоғамдық қауіпсіздікті бақылауды қамтамасыз ету мақсатында 694 бейнебақылау камерасы тәулік бойы жұмыс істейді. Жыл басынан бері олардың көмегімен 500-ден аса қылмыс ашылды, 49 мыңдай әкімшілік құқық бұзушылық пен 25 мыңдай жол қозғалысы ережелерін бұзу жағдайы анықталды.
Сағи ОРАЛ
- Дәстүрлі шаралармен қатар бірқатар өзге шараларды өткізуді де көздеп отырмыз. Атап айтқанда, осы жылы «Мен қазақстандықпын» жастар форумы мен жалпы қалалық ұлттық ойындар форумы да өтпек, - деді Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Л.Құсайынова.
Ол үшін қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы мерейлі мере-кеге жұртшылықты молынан тар-тып, мемлекеттік органдар мен ірі ұжымдық өндірістік кәсіпорындар арасында шығармашылық фестиваль ұйымдастырады.
Айту керек, ҚХА еліміздің ха-лықаралық беделін өсіріп, Қазақ-станды ұлтаралық дауларды келі-сіммен шешетін мемлекет ретінде әлемге таныта білді. Сондықтан, ассамблеяның ұлтаралық татулықты, бейбітшілік пен келісімді сақтауға қосқан үлесі өте жоғары бағаланады. Қазіргі таңда оның құрамында үш жүз елу адам бар.
Жұма ҒАЗИЕВ
3www.astana-akshamy.kz
Бетт
і дай
ынд
аған
: Таң
атар
ТӨ
ЛЕУҒ
АЛИ
ЕВ. Д
ерек
көзд
ері:
www.
asta
na.k
z, ww
w.in
form
.kz
Мүмкіндігі шектеулі бала-ларға, көпбалалы және тұр-мысы төмен отбасының ба ла ларына арналған қайы-рымдылық шараға Астана қаласының Есіл ауданындағы мүгедектер қоғамы мен Қызыл Ай қоғамы Астана қалалық филиалының өкіл-дері де қатысып, мереке қар-саңында мүгедек бала ларға қолдау көрсетті.
Қырғыз мәдени орта лы-ғының төрағасы, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі Ш.Исмаиловтың айтуынша, аталмыш шара-ны ұйымдастырудағы бас-ты мақсат – «Бейбітшілік және келісім жол картасы» жобасының аясында мүм-кін дігі шектеулі бала қайларға
қайырымдылық көр сету арқылы елімізді мекен деген барлық ұлттар арасындағы бірлікті сақтау, қоғамдық, этника және мәдени келісімді, ұйымдар арасындағы байла-нысты дамыту.
Шара барысында Аста-надағы мүмкіндігі шектеулі 30 балаға жаңа жылдық қойылымдар көрсетіліп, әртүрлі сыйлықтар тапсы-рылды. Сондай-ақ, олар тәттіге толы дастарханнан дәм татты.
Мереке соңында балалар бейбітшілік және келісім символы ретінде ескерткіш кітапқа өз қолтаңбаларын қалдырды.
Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ
Шараға есеп және аудит, құқықтану, аударма ісі, туризм, қонақ үй шаруа-шылығын ұйымдастыру және қызмет көрсету, сондай-ақ есептеу техникасы мен бағдарламамен қамтамасыз ету мамандықтары бойынша оқитын студенттер қатысты. Астаналық ар-дагерлер өздерінің өмір жолы туралы тебірене әңгімелей отырып, жас ұрпақтың отаншыл азамат болып қалыптасуының өзектілігіне тоқталды.
Майдангер Шәріпбай Төлепов отаншыл болу дегендi туған қаласы мен елiн көркейту жолында нақты да күнделiктi iстер істеп, өз жерлестерi мен отандастарына қолдау көрсету деп ұғынатынын айтты. Ардагер Балтабай Сүлейменов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы «Нұрлы жол – болашаққа бас-
тар жол» атты жаңа Жолдауындағы айтылған буындар бірлігі, ұрпақтар сабақтастығы туралы ойын ортаға салды. Біздің жастарымыздың жаңа, тәуелсіз елде өсіп келе жатқанын, ол ардың басым бөлігі 90-шы жылдардағы этносаралық соғыстар мен қақтығыстарды, күйреуді көрмегенін, сондықтан да жас буынның көпшілігі Қазақстандағы тұрақтылық пен қолайлы өмірді со-лай болуға тиіс деп қабылдайтынын айта келе, ардагер бүгінгі жастардың еліміздегі ұлтаралық татулықты дамытуға үлес қосуы керектігін жеткізді.
Шайзат ӘЛМАҒАМБЕТОВ,Д.Қонаев атындағы университет
колледжінің оқытушысы
Сенат депутаты В.Н.Редкокашин бастаған әр саланың басшылары жолдаудың мән-мағынасы тура-сында сөз қозғады.
– Дағдарыс кезіндегі Елбасының бұл Жолдауы еліміздің ғана емес, бүкіл әлемнің ортақ қазығушылығын танытқан алғашқы бастама болды. Бұл – келешек ұрпақтың өз жерінде жайлы өмір сүруіне бағытталған үлкен жоба, - дейді сенатор. Жиынға шағын және орта бизнес өкілдері, мұғалімдер ұжымы, жоғары сынып оқушылары қатысты.
Сонымен қатар, Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Т.А.Момышев, Аста-на қалалық саяси кеңес мүшесі М.Б.Меңдібаев, Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат ко-митеті төрағасының орынбасары Т.Б.Қазанғап Жолдауға байланысты баяндама жасады.
Бағлан ОРАЗАЛЫ
«Астана» еліміздің чемпионы ретінде алдағы жылы УЕФА-ның Чемпиондар лигасында өнер көрсететіні белгілі. Осыған орай команданың құрамы мен дайындығына ерекше мән берілетіні сөзсіз. Анталияда 10-20 желтоқсан аралығында өткен жаттығу жиынына биыл команда сапында ойнаған футболшылардың бәрі дерлік қатысып, сондай-ақ бірқатар жаңа ойыншылар да бапкерлердің қарауынан өтті. Олардың арасынан қақпашы Михаил Голубничий мен қорғаушы Берік Шайхов клубқа қабылданды. Ал осы жиынға клубтың жастар командаларынан шақырылған бірнеше жас ойыншылардың кейбірі жаңа маусымда негізгі құрамға қосылуы да мүмкін.
Ғалым ҚОЖАБЕКОВ
– Елордада «Жасөспірім» жедел профил актика лық іс-шарасы қолға алыныпты. Мұның маңыздылығы қандай?
– Иә, «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы кешегі күннен басталды. Бұл шара 24 желтоқсанға дейін жалғасатын бо-лады. Негізгі мақсат - жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу және жолын кесу, балалар мен жасөспірімдердің заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта тұрғын үйден тысқары орындарда болу фактілерін анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ жаөспірімдерді қоғамға жат әрекетке тартатын ересек адамдарды анықтау.
– Бізде түнгі уақытта көшеде жүретін балалар мен жасөспірімдер қаншалықты жиі ұшырасады? Бүгінге дейін қандай шара қол-данылды?
– Әрине, қала баласының қыды-рымпаз, кезбелеу болатыны рас. Мыса-лы, осы жылдың өзінде қаңтар айынан бері кәмелет жасқа толмағандар заңды
өкілдерінсіз беймезгіл уақытта үйде отырмай, ойын-сауық орындарында жүргені үшін 2 мыңнан астам ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
– Ал бүгінгі «Жасөспірім» жедел шарасы бойынша қандай жұмыс жүргізіледі?
– Іс-шара аясында ювеналдық поли-ция қызметкерлері прокуратура, Білім басқармасы, Астана қаласы бойын-ша балалардың құқықтарын қорғау департаменті, Астана қаласы бойынша
жастар саясатын қолдау мемлекеттік қоры және басқа да үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп жастар көп жи-налатын жерлерде, мысалы, бақтар, ойын-сауық орталықтарында, үйлердің аулалары мен компьютерлік клубтарда рейд жүргізеді.
– Нақты айта кетесіз бе, әкімшілік құқық бұзушылық заңы бойын-ша жасөспірімдер үшін қай мезгіл бейуақыт болып саналады?
– Иә, басшылыққа алынған қол-даныстағы әкімшілік құқық бұзу шылық кодексі бойынша түнгі 23.00 мен таңғы 06.00 аралығында кәмелетке толмағандарға бейсауат жүруге тыйым салынады. Рейд осы уақыт аралығын нысанаға алады.
Айта кететін жайт, рейдтен бөлек бұл күндері полиция қызметкерлері мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерімен бірлесіп барлық қалалық мектептерде оқушылар үшін құқық тақырыбы бо-йынша дәрістер мен дөңгелек үстелдер өткізеді.
Жолдауда қамтылған жеті ба-ғытты жіліктеп айта келе, Қар-жы министрі Бақыт Сұлтанов: «Отандастарымыз түрлі шығын-дарды қысқартып, қол да ба-рын үнемдеуге көшкені абзал. Өңірде қалыптасқан геосаяси, геоэкономика лық жағдайлар осыған итермелейді» деп мә-лім деді. Бас қаржыгердің мәлі-метіне сенсек, Ресей эко номи-касындағы тұрақсыздық бізге де әсер етпей қоймайды. Ал әлемдік на р ы қ т ы ң шат қ а я қ тау ы н ы ң алғашқы белгілері ел бюджетін ықшамдауға алып келді.
«Біз осы бюд жет жобасын Парл амен т те қараған кезде ағымдағы жыл дың бюд жетін 200 млрд теңгеге қысқарттық, келесі жылы да біраз шығыстарды қысқартамыз. Елбасы осындай сыртқы экономиканың проблема-лары бізге де әсер ететінін алдын ала білгендіктен Ұлттық қордан қаражатты экономиканың өсуіне көмек беру үшін жіберіп отыр» деді Бақыт Сұлтанов. Алдағы үш жылда Қазақстанның барлық салалық әлеуетін жетілдіруге Ұлттық қордан 9 млрд доллар бөлінеді.
«Жолдауда айтылған әлеуметтік міндеттердің орындалуы – эконо-мика дамуының кепілі. Ал қазіргі экономиканың негізгі тетігі – шағын және орта бизнес. Біз Елба-сының осы экономикалық саяса-тына келгенде бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруымыз керек» деп атап өтті Серік Жақсыбеков.
Ал Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов пен болгар этно-мәдени бірлес-тігінің төрағасы Олег Дымов Президенттің Жолдауында ай-тылған өзекті тақырыптарға тоқ-тала келе, Қазақстандағы бей біт қатар заманның орнауына Елба-сының ықпалы зор екенін айтты. Сондай-ақ, олар Қазақстандағы қауіпсіздік мәселесі мен халықтар арасындағы достық, татулық тура-лы да сөз қозғап, Елбасының сая-сатын қолдайтындарын жеткізді.
Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ
Жол дауд ың мақсат-міндет і жүйелі түсіндірілген жиынға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дулат Құсдәулетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Светлана Қадырәлиева, Мамандандырылған балалар үйінің бас дәрігері Гүлнар Құлышева және болгар этномәдени бірлестігінің төрағасы Олег Дымов қатысты.
«Қазақстандықтардың алдында үлкен жауапты жұмыс тұр. Елбасының тапсырмасын орындау – бәріміздің ортақ міндетіміз. Және осы бағытта жұмыла жұмыс істеуіміз – ертеңімізге деген сеніміміз. Қазіргі уақытта әлем елдеріне экономикалық дағдарыс қаупі төніп тұр. Көптеген мемлекет-терде жұмыстан қысқарту сияқты мәселелер орын алып жатыр. Ал біздің елдегі жағдай – қалыпты. Осы теңдікті, тыныштықты сақтап қалуымыз үшін
Елбасы нұсқаған жолмен жүруіміз керек. Бас құжат – тығырықтан алып шығар, болашаққа бастар жол» деп ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дулат Құсдәулетов Жолдау жүктеген міндеттерге кеңінен тоқталды.
Мамандандырылған балалар үйі-нің бас дәрігері Гүлнар Құлышева Жолдаудың өз салаларына қатысты жағын қарастырып, ақ халаттыларға Елбасының ана мен бала денсау-лығына, елдегі адамдардың өмір сүру жасының ұзақтығына көп кө-ңіл бөліп отырғандығын жеткізді. Сондай-ақ, шілде айынан бастап еңбекақылары 28 пайызға жоға ры-лайтынын атап өтті.
Жолдаудың басым бағыттары жө-нінде сөз сөйлеген баяндамашылар жиылған көпшілікпен пікір алмасып, ойларын ортаға салды.
Орынбек ӨТЕМҰРАТ
Басқосуда Парламент Сенатының де-путаты Серік Жақсыбеков сөз сөйлеп, Елбасының Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауының маңызы мен мәнін әңгімеледі. «Президент әлемнің алдын-да тұрған экономикалық, әлеуметтік сын-қатерлерді ескеріп, дәстүрлі Жолдауын жұртшылық назарына ертерек ұсынғанын айтуымыз керек. Жылдың бас құжаты са-налатын Елбасы сөздерінен алдағы жылғы дамуымыз бен ілгерілеуіміздің жоспарын айқын ұғындық. Жолдаудағы «Нұрлы жол» бағдарламасы біздің еліміздің қадамына серпін берері сөзсіз. Бұл халықтың әл-ауқатын бұрынғыдан да жақсартып, дамыған отыз елдің қатарына қосылар күнді жақындата түседі. Көпшіліктің көкейіндегі түйткіл тұрғын үй еді. Осы орайда, Мемлекет басшысының мына сөзін қайталағым келеді: «...Жалға берілетін тұрғын үй құрылысына көзқарасты қайта қараған жөн. Мемлекет әлеуметтік жалдамалы баспананы салып, оны тұрғындарға сатып алу құқын бере отырып, ұзақ мерзімді жалға ұсынады. Баспананы тікелей, делдалдарсыз және несиеге барынша төмен пайызбен ұсыну оның сатып алу құнын арзандатуға мүмкіндік береді. Бастапқы жарнаның болмауы мен
ипотека үшін төмен пайыздар баспананы қазақстандықтардың көптеген жіктері үшін қолжетімді ете түседі. Сондықтан 2015-2016 жылдар ішінде жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды қосымша 180 миллиард теңге сомасында ұлғайтамыз». Өте төмен пайызды несиелер талайдың бас-паналы болуына септеседі деген үміттеміз. Қазірдің өзінде жас отбасылардың жас мөлшері отыз беске дейін ұзартылып, көңілді жай таптырғаны рас» деді Серік Рыскелдіұлы. Сенат депутаты Жолдау жолдарындағы өзге де мәселелерге кеңінен тоқталып, жан-жақты саралады.
Жиында Парламент Мәжілісінің депу-таты Мәулен Әшімбаев, Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Әлихан Смайылов, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының орынбасары Арыстан Қабыкенов және Әзербайжан этномәдени бірлестіктерінің төрағасы, «Тұран-таймс» газетінің бас ре-дакторы Видади Салахов ойларымен бөлісіп, пікірлерін білдірді.
Кездесу соңында Республикалық ақпарат то бы ның мүшелері қоғамдық қабылдау өткізіп, азаматтардың жеке мәселелеріне назар аударды.
ҚР Ішкі істер министрінің орын-басары Рашид Жақыпов және Қазақстанның еңбек сіңірген қай-раткері, болгар этномәдени бір-лестігінің төрағасы Олег Дымов Жолдауда Президент жүктеген тапсыр маларға жеке-жеке тоқталып, оның мән-маңызына назар аударды.
Жиынды жүргізіп отырған «Астана –Теплотранзит» АҚ басқарма төрағасы Айтмұқан Жұмабаев өз сөзінде Елбасының кезекті Жолдауында еліміздің жаңа экономикалық саясатының жай-жапсары кеңінен сөз болғанын айта келіп, бұл әлемдік дағдарыс кезеңінде еліміздің әрі қарай даму бағытын айқындайтынын жеткізді.
–Елбасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен су және жылу-мен қамтамасыз ету желілерінің инфрақұрылымдарын жаңғырту жөнінде нақты тапсырма берді. Оған инвестиция тарту мәселесіне де Елбасы айрықша назар аударды. Демек, тұрғындардың тұрақты тіршілігін қамтамасыз етіп отырған
үшін Ұлттық қордан 9 млрд доллар бөлініп отыр. Соның ішінде әлеу-меттік инфрақұрылым мен жолдардың құрылысы маңызды рөлді иеленіп отыр. Дамыған ел дегеніміз – бәсекелестікке төтеп бере алатын ел. Осыған бәріміз сай болайық» деді А. Соловьева.
Сонымен бірге ол баспана алу мәсе ле сін де қозғап, 35 жасқа дейінгі аза маттарға мемлекеттен тұрғын үйді жалға алуға мүмкіндік беретін, бұйыртса келесі жылы қабылданатын бағдарлама шарттарымен таны-стырды. Оның айтуынша, аталмыш бағдарламаға сәйкес сондай үйлерде айына 37 мен 77 мың теңгенің арасындағы қаржыны төлеп тұруға болады. Сондай баспананың 20 пай-ызы бұрын еш категорияға жатпаған
Сенатордың айтуынша, осы мақ-сатты көздеген жоғарғы палата екі апта бұрын қайта қаралған «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңын қабылдап, Мәжіліске жіберген. «Бұл заң Парла-мент депутаттарының сүзгісінен өтіп, қабылданатын болса, осы саладағы көптеген түйткілдер түйіні шешіледі деп ойлаймын» деді ол.
Жолдауда көрсетілген су және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын жаңғырту ісі туралы да пікірін қоса кеткен В. Редко-кашин Астанада бұл тарапта атқарылар жұмыс ауқымы мол екендігін атап өтті. Әсіресе, оң жағалаудағы әбден ескірген желілерді ауыстыруға қомақты қаржы керек екенін жеткізді. Оның сөзінше, аталмыш жұмыстар әр жыл сайын 100 млрд теңгені қажет етеді.
Сондай-ақ, Парламентте бірқатар заң жобалары бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын, бұл заң жобалары халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағыт талғанын айтқан ол соның ішінде азаматтардың белгілі категорияларын баспанамен қамтуға мүмкіндік беретін заңға өзгерістер енгізілгенін сөз етті. «Астанадағы құрылыс қарқыны жа-ман емес. Мұнда басқа аймақтарға қарағанда тұрғын үйлер көптеп салы-нуда. Соған қарамастан күллі халықты баспанамен қамту мүмкін болмай отыр. Осы мәселені шешу үшін ел Президенті ұсынып жатқан тұрғын үй саясатының барлық тетіктерін іске қосуымыз керек. Соның ішінде өздерін тек жақсы жағынан көрсеткен құрылыс компанияларымен байланысты үзбей, беделді шетелдік компаниялар мен инвесторларды бұл іске тартуымыз қажет» деді В. Редкокашин.
Елбасы өзінің әр Жолдауында шағын және орта бизнесті қолдау ша-раларын қозғайды. Экономиканы алға жылжыту ісінде үлкен рөл атқаратын осы салаға тоқталған сенатор дамыған елдерде шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 60-80 па-йызды құрайтынын айтты. Бізде шағын және орта бизнесті экономиканың негізгі күшіне айналдыру үшін не істелініп жатқанын сөз еткен ол шағын және орта бизнесті тексеруге мора-торий жарияланғанын, Елбасының тапсырмасымен кәсіпкерлік істі өркендетуге биылдың өзінде 100 млрд теңге бөлінгенін, соның қомақты бөлігі Астана кәсіпкерлеріне берілгенін еске алды.
Оның Мәжілістегі әріптесі Әсима Бимендина: «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты
Жолдауы аса маңызды, қазіргі уақыт үшін өте қажетті стратегиялық құ-жат. Ел экономикасын өркендету, дамыған мемлекеттердің қатарынан лайықты орын алу үшін Жолдауда айтылған барлық тапсырмаларды орындау күллі қазақстандықтардың міндеті» деп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарына тоқталды. Алдымыздан шығып тұрған түйткілді мәселелерді де жасырма-ды. Қазіргі таңда елімізде апатты жағдайда тұрған 180 мектеп пен үш ауысымда оқытатын 104 мектеп барын, 540 мың бала балабақша кезегінде тұрғанын айтқан ол Елбасы орта білім берудегі түйткілдерді шешу үшін қосымша 70 млрд теңге, балабақша тапшылығын азайту үшін 20 млрд теңге бөлуге тапсырма бергенін ай-тып өтті. Жекеменшік балабақшалар есебінен мектепке дейінгі білім беру мекемелері санын толтырмасақ, бұл мәселені шешу оңай болмайтынын жеткізіп, басты мәселелердің бірі – балабақшаларды білікті кадрлармен қамту жайын қозғады.
Одан бөлек, ғылым мен экономика салаларын ұштастыратын және сәйкес кадрларды даярлайтын 10 жоғары оқу орнының материалдық-техникалық базасын қалыптастыру мақсатында 2017 жылға дейін 10 млрд теңге бөлінетінін, Ұлттық қордан берілетін осынау комақты қаржының бейбе-рекет жұмсалмауын қадағалауына алған «Нұр Отан» партиясының Мәжілістегі фракция мүшелерінен комиссия жасақталғанын жеткізді.
Энергетика министрлігінің Эколо-гия лық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспек-ция комитетінің төрағасы Талғат Момышев Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру бағыттарына тоқталса, Ин-вестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті төрағасының орын-басары Талғат Қазанғап «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауынан туындаған жаңа экономикалық саясат Қазақстанда біртұтас экономикалық нарықты құруға бағытталып отыр-ғанын, ол макроаймақтарда хабтар құру жолымен іске асырылатынын жеткізді. Солтүстікте – Астана, шығыс және орталықта – Өскемен, батыста – Ақтөбе, оңтүстікте – Алматы және Шымкент қалалары хабтарға ай-налатынын айтқан ол бұл мақсатта атқарылатын жұмыстармен және хаб-тар елге не беретінімен таныстырды.
Аманғали ҚАЛЖАНОВ
осы сала айтарлықтай алға басатыны сөзсіз, – деді ол.
Жиында сөз алған Ішкі істер ми нистрінің орынбасары Рашид Жақыпов Жолдаудың еліміз үшін стратегиялық маңызы мен халықтың әл-ауқатын жақсартудағы рөлін атап өтті. Оның айтуынша, Пре-зидент Жолдауда әлемдік дағдарыс жағдайындағы қазақстандықтардың даму бағыты айқын көрсетілген. Бұл әр азаматтың ертеңіне деген сенімін нығайта түседі.
Ал болгар этномәдени бірлес-тігінің төрағасы Олег Дымов Жолдау жүк теген міндеттер мен іргелі істерді атқару үшін ел аза-маттары жұмыс істеу қажеттігін, жаһандық сынақ кезінде «жұмыла көтерген жүк жеңіл» болатынын жеткізді. «Елбасы бірлігіміз бен этносаралық келісімді өзіміз сақ-тауға тиіс екенімізді, тұрақтылық пен келісім ең алдымен отбасылық әл-ауқат, қауіпсіздік екенін атап өтті. Ендеше, біз де Елбасы үмітін ақтап,
ауызбірлікпен алға ұмтылуымыз керек» деді ол.
Республикалық ақпараттық топ мүшелері қатысқан осындай кездесу түстен кейін «Алау» мұзайдыны сарайында өтті. Елорданың спорт мекемелері мен кәсіпорындары қыз-меткерлері қатысқан жиында Мем-лекет басшысының «Нұрлы жол - бо лашаққа бастар жол» атты Жол-дауында көрсетілген мақсаттар мен міндеттердің орындалуы жөнінде ҚР Парламент Сенатының депутаты Серік Жақсыбеков баяндады.
Сенатор Елбасының биылғы Жол-дауы маңызды кезеңде жариялан-ғанын, бұл құжатта еліміздің дамуын жаңа үрдіспен болашаққа бастай-тынын атап өтті. Сонымен қатар Мем лекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың айқындаған мақсат-тары мен міндеттерін орындау үшін барша қазақстандықтардың қай салада, қай істе болса да жұмысты жұмыла жүргізуге үндеді.
Ғалым ҚОЖАБЕКОВ,Қымбат ТОҚТАМҰРАТ
Алдымен сөз алған халық қалау-лысы жаңа Жолдау «Қазақстан – 2050» стратегиясының заңды жал-ғасы болып отырғанын айтып, сол арқылы ел дамуының жаңа кезеңіне бағыт алғанымызды жеткізді. Кейбір статистикалық деректерге тоқталған ол жыл сайын елімізге 12,5 млрд дол-лар көлеміндегі қаржы инвестициялар түрінде тартылатынын, бұл көрсеткіш бойынша Ресей, Түркия, Бразилия, Мексика секілді мемлекеттерден озып отырғанымызды, бұған Елбасының салиқалы саясатының арқасында қол жеткізгенімізді атап өтті.
«Алдымызда дамыған 30 ел дің қатарына кіру мақсаты тұр. Сон-дықтан экономикамызды өрлету
азаматтарға берілмек. Жалпы, елде баспана тапшылығын азайту үшін жыл сайын тұрғын үйдің 6 млн шар-шы метрін пайдалануға беру көзделіп отыр.
Гүлмира Серғазина елде электр энергиясы мен газ тапшылығын азай-ту мақсатында атқарылар жұмыстар жайын баяндады. Соның ішінде жаңа дан тартылатын желілер бағытын айтып өтті.
Асқар Бегманов болса, көліктік-логистикалық инфрақұрылымын дамыту ісіне тоқталды.
Кездесу соңында баяндамашы-лар колледж ұстаз дары мен оқушы-ларының сұрақтарына жауап берді.
Өз қайшылығы мен қиыншылығы өзіне жететін, оның үстіне отаршылдықтан елеулі өзгеріске ұшыраған, түрлі жағымсыз қасиеттерге ие болған замандастарын көрген Абай 1889 жылы жазған «Ішім өлген, сыртым сау» атты өлеңіндегі: «Кісі алдында кірбеңдеп, Шабан, шардақ (дәрменсіз – Ә.Б.) және шау (тосырқап, тоқырап қалу – Ә.Б.) Мұндай ма едің ана күн, Мұның қалай, батыр-ау?» деуі де, осыдан үш жыл кейін жазған «Тоғызыншы сөзінде»: «Мен өзім тірі болсам да, анық тірі де емеспін. Әншейін осылардың ыза-сынан ба, өзіме-өзім ыза болғанымнан ба, яки бөтен бір себептен бе? - еш білмеймін. Сыртым сау болса да, ішім өліп қалыпты. Ашулансам, ызалана алмаймын. Күлсем, қуана алмаймын, сөйлегенім өз сөзім емес, күлгенім өз күлкім емес, бәрі де әлдекімдікі» деп тебіренуі де, өзін «бір жүрген қуыс кеудемін» деуі де негізсіз емес болатын.
Осындай себептерден де Абайдың өз кезіндегі қазақ қоғамы туралы ой-тұжырымдары ащы да шындық, әрі аса тағылымды. Ол бұрын-соңды қазақ ойшылдарының ішінде қоғамды қоршаған әлеммен салыстыра отырып, даланың дана перзенті ретінде таныды. Оның топшы-лауында дүниеде, оның ішінде қоғамда қозғалмайтын, өзгермейтін еш нәрсе жоқ. Бұған «Жиырмасыншы сөзінде»: «Дүние бірқалыпты тұрмайды, адамның қуаты, ғұмыры бірқалыпты тұрмайды. Әрбір мақұлыққа Құдай тағала бірқалыпты тұрмақты берген жоқ. Енді көңіл қайдан бірқалыпты тұра алады?» дегені дәлел бола алады. Бұл арада Абай қоғам мен табиғатты тұтас алып, олардың дамуында бірқалыптылық жоқ, бұл заңдылық деген ой жатыр.
Абай қоғамды тарихи құбылыс ретінде тани отырып, адамның тағдыры соған бай-ланысты, әркім өз ортасының туындысы, адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жа-ман болса, оның замандасы кінәлі деді. Сол себепті «Жетінші сөзінде» ол: «Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықпен орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады» деп дүниені білуге, тануға болатындығын, адам баласының жануарлар дүниесінен айырмасын атап көрсетеді. Мұнымен шектелмей Абай Құдай тағала адам жанын хайуанның жанынан ірі жаратқан деп адам баласының жаратылысының бөлек екенін ескертеді. Сондықтан ол объективтік дүниенің көрінбей тұрған сырын адамның бес сезімі арқылы қабылдауға болатынын, алайда, ол үшін көкіректе сәуле, көңілде сенім болуын ұсынады. Санасыз, сезімсіз құр көзбен көргендіктің хайуан малдан несі артық, алайда «осы күнде хайуаннан да жаманбыз. Хайуан білмейді, білемін деп таласпайды. Біз түк білмейміз, біз де білеміз деп надандығымызды білімділікке бермей таласқанда, өлер-тірілерімізді білмей, күре тамырымызды адырайтып кетеміз» деп жазды. «Қырық үшінші сөзінде» Абай
салдарларын ашып береді. «Надандық – білім-ғылымның жоқтығы, дүниеден ешнәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік хайуандық болады. Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады. Залымдық – адам баласының дұшпаны» деп білімсіздік пен залымдықтың адам-ды әлеуметтік топтан айырып, хайуандар, тіпті жыртқыштар әлеміне қосатынын айтады. Бұдан ащы айту мүмкін емес. Ғұлама пікірінше, бұлардың бірден-бір емі қайратты, тұрлаулы, әділет істің алды-артын байқарлық білім, ғылым болмақ. Та-рих талай рет дәлелдегендей, дүниедегі болмысты жетілдіруші, қиынды жеңілдетуші, құбылыстың құпиясына үңіліп, сырын ашушы – ғылым. Сонан соң надандық, еріншектік пен залымдықты жеңбек адамның ізгілікке ұмтылысында жатыр дейді.
«Жиырма төртінші сөзінде» Абай: «Біздің қазақтың достығы, дұшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мал іздеуі, өнер іздеуі, жұрт тануы ешбір халыққа ұқсамайды. Бірімізді біріміз аңдып, ұрлап, кірпік қақтырмай отырғанымыз» болмаса «Жүз қараға екі жүз кісі сұғын қадап жүр ғой, бірін-бірі құртпай, құрымай тыныш таба ма?» деп күйіне отырып, «Жоқ, қазақ ортасында да ұрлық, өтірік, өсек, қастық қалып, өнерді, малды түзден, бөтен жақтан түзу жолмен іздеп, өрістерлік күн болар ма екен?» деп армандайды, терең толғанады. Осымен байланысты Абай өзінің «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңінде адам баласына «Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ» деп бес дұшпаннан алшақ болуды, «Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым – ойлап қой» деп оған «бес асыл іске» жақын болуды, жаманнан жиренуді, жақсыдан үйренуді ұсынды.
Абайдың сан салалы, бірақ жүйелі ойларында талаптың рөлі ерекше. «Он алтыншы сөзінде» ол қазақтың құлшылығым құдайға лайық болса екен деп қам жей қоймайтынын, тек жұрт қылғанды
біз де қылып, жығылып, тұрып жүрсек болғаны дейтінін, тілін жаттықтырып, дінін тазартып, ой-ланып, үйреніп әлек болмайтынын, білгенім осы, енді қартайғанда қайдан үйрене аламын дейтін талапсыздарды аяусыз сынға алады. Ал «Қырық төртінші сөзінде» ол: «Адам баласының ең жа-маны – талапсыз» деп, талап қылушылардың да, талаптың өзінің де түрлі-түрлі болатынын, олардың «қайсысының да соңына түссең, бірінен-бірі өнерлі, тұрлаулырақ келеді» дейді. «Отыз сегізінші сөзінде» «Талап, ұғым махаббаттан шығады. Ғылым-білімге махаббаттандырмақ әлгі айтылған үшеуінен (адамдық, ақыл, ғылым - Ә.Б.) болады. Ғылым-білімді әуелі бастан бала өзі ізденіп тап-пайды. Басында зорлықпенен яки алдауменен үйір қылу керек, үйрене келе өзі іздегендей болғанша. Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпенен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам бола-ды» деп талап туралы ойын осылай түйіндейді. Абай бес асыл істің ішінде талапты жайдан-жай бірінші қойып отырған жоқ. Ол – еңбек, терең ой, қанағат, рақым сияқты әлеуметтік әрекет пен адами қасиеттерге ие болудың, адам баласын алға жетелеудің туы, пәрменді әлеуметтік күші.
Өмірде адам баласы үшін қажетті қасиеттер мол-ақ. «Адамшылықтың алды – махаббат, ғаділет, сезім. Бұлардың керек емес жері жоқ, кіріспейтұғын да жері жоқ. Ол – жаратқан Тәңірінің ісі. ...Бұл ғаділет, махаббат, сезім кімде көбірек болса, ол кісі ғалым, сол ғақил. Біз жа-нымыздан ғылым шығара алмаймыз, жаралып, жасалып қойған нәрселерді сезбекпіз, көзбен көріп, ақылмен біліп» деп Абай «Қырық бесінші сөзінде» осы қасиеттерді тану жолын нақтылай түседі. Ол мұнымен шектелмей «Он жетінші сөзінде» ғылымның жолы тек тазалықта жатқандығын, жаны пәк, ізгілігі мол жан ғана ғылымды игере алатынын, сонымен қатар оның жолының ауыр екенін, оған «Ынсап – ұят, ар – намыс, сабыр, талаптың» қажет
адам сыртқы дүниені танығанда «Көзбенен көріп, кұлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады» деп алғашқы ойын сабақтай түседі. Ал хабарлардың «ұнамдысы ұнамды қалпымен, ұнамсызы ұнамсыз қалыппен әрнешік өз суретімен көңілге түседі. Ол көңілге түсіруші бағанағы бес нәрседен (көз, құлақ, қол, тіл, мұрын – Ә.Б.) өткен соң, оларды жалғастырып, көңілде сурет-темек» деп ойшыл қоршаған ортаны та-нып, білуді – адамның парасатты парызы санаумен бірге оның адамның тәрбиеленуі мен қалыптасуындағы рөліне ерекше назар аударады. Ол «Он тоғызыншы сөзінде»: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді бола-ды. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады» деп, әлеуметтанулық тілмен айтқанда, адамның әлеуметтену үдерісін аңғартады. Абайдың әлеуметтану ғылымынан хабардар екенін өзінің әрі інісі, әрі ең сүйікті шәкірті Шәкәрім Құдайбердиевке ағылшынның атақты әлеуметтанушысы Герберт Спенсердің шығармаларын оқуды ұсынуынан байқауға болады.
Қазақ қоғамының қайшылықты көріністерін барынша таныған, замандастарының артық-кемін де тамаша білген Абай әлеуметтік ортадағы келеңсіз көріністерді тіл құдіреті жеткенше әшкерелейді. Адамдардың ішкі жан дүниесін, оның қатпар қатпар астарын, қысқа ақыл, жай көзге таныта бермейтін жұмбақ сырларын шебер сөзбен өрнектеді. Мысал үшін «Сегіз аяқ» («Алыстан сермеп») атты өлеңін алайық:
Тасыса өсек,Ысқыртса кесек,Құмардан әбден шыққаны.Күпілдек мақтан.Табытын қаққан,Андығаны, баққаны.Ынсап, ұят, терең ой,Ойлаған жан жоқ, жауып қой, - деп «жа-
рым адамның» әлеуметтік келбетін барынша шеберлікпен бере алды.
Өз ұлтын бұрын соңды Абай-ша сүйе білген де, қиыншылығына күйіне білген де ешкім болмағанына дау жоқ. Ірінің қуанышы да, реніші де ұсақ болмайды. Сон-дай ақ, ұлы адам ұлттық деңгейде де қала алмайды. Олай болса, ол ұлы бола алмас еді. Сондықтан Абай адамның сергектігін, көкірек көзінің ояулығын ойлады. Онсыз өмір сүрудің қиындығын, мал табудың ауырлығын түсіндірді. «Алтыншы сөзінде»: «Көкірегі, көңілі тірі болса, соны айтады. Өзің тірі болсаң да, көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың. Адал еңбекпен ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла алмайсың» дейді.
Жалпы адамзат қоғамының тағдырын ойлай отырып, Абай өз ортасының әлемдік өркениеттен қалып отырғанының себептерін нақты атап көрсетті. «Отыз сегізінші сөзінде»: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек. Әуелі – надандық, екінші – еріншектік, үшінші – залымдық деп білесің» дей отырып, бұлардың да ішкі себеп-
екенін өсиет етті. Сол сияқты ғылым-білімді игерудің құдіретті кілтін «Он жетінші сөзінде» қайрат, ақыл және жүрек деп, осы үш бірлік адамзатты білім шыңына шығаратынын атап көрсетеді.
А д а м б а л а с ы н а т ә н қ а ж е т т і қасиеттерді атағанда Абай олардың қазақ қоғамының тұтастығына игі ықпал ететінін, сол қасиеттер негізіндегі қалыптасқан бірліктің беріктігіне сенді. Ол: «Біріңді, қазақ, бірің дос, Көрмесең істің бәрі бос» деп, ұлттық бірлікке, ішкі татуластыққа, ынтымақтастыққа үндеді. Оның ойынша, елдің жақсы, ж а м а н б о л у ы о н ы ң ы н т ы м а қ берекесіне байланысты, ел берекелі болса – жақсы жайлау, ол бір – көл.
«Алтыншы сөзінде» халықтың бірлігі туралы құнды-құнды ойларға жете-леп, бірліктің қандай елде болатынын, қайтсе тату болатындықты ашып айта отырып, Абай халық арасында «бірлік – ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен» дейтіндерді сынады. «Малыңды беріп отырсаң, атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жалданып бірлік қылады! Бірлік малға сатылса, антұрғандықтың басы осы» дейді.
Абай қазақ қоғамы өзінің рухани дамуында түбегейлі өзгерісті қажет етіп отырғанын терең түсінді және сондай өзгеріс жасауға ынта қойды. Сондықтан дамудың табиғи еркін жолына түсе алмаған өз халқының көрші елдерден кенже қалғандығына қынжылады. «Екінші сөзінде» ол өз елін көрші жатқан аймақтармен, көрші халықтармен салыстыра оты-рып, олардың артықшылықтары өнерлерінде, кәсібінде, сауда-саттықпен айналысуында екенін айтады. «Еңбек етіп, мал табудың да жөнін солар біледі, салтанат, әсем де соларда» деп өзге елдердің өнегісін үлгі ете отырып, «Оның бәрі – бірін-бірі қуып қор болмай, шаруа қуып, өнер тауып, мал тауып, зор болғандық әсері» екенін атап көрсетеді. Ал «Орысқа айтар сөз де жоқ, біз құлы, күңі құрлы да жоқпыз» деп налиды.
Өз заманының бар қайшылығын терең түсініп қана қоймай, Абай оның даму жолындағы қозғаушы әлеуметтік-экономикалық амалдарға да тоқталады. Ол қоғамда бола-тын өзгерістерді адам еңбегімен байланыста қарады. Қазақтың жаманшылыққа үйір бола беретінінің мәнді бір себебін оның жұмысының жоқтығынан көрген, адамды-адам еткен еңбек екенін жақсы білген ойшыл адамның тәрбиесінде, оның қалыптасуында еңбектің маңызына
ерекше көңіл бөлді. «Төртінші сөзінде» «Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ – өнерсіз иттің ісі. Әуелі құдайға сиынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды» деп адал еңбекке үндеді, еңбек сүюшілік қасиеттерді кеңінен насихаттады. «Жиырма тоғызыншы сөзінде» қазақтың не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтын, іске татырлығы жоқ мақалдары барын айта отырып, Абай «Әуелі «Жарлы болсаң, арлы болма» дейді. Ардан кеткен соң, тірі болып жүргені құрысын. Егер онысы жалға жүргенінде жаныңды қинап, еңбекпен мал тап деген сөз болса, ол ар кететұғын іс емес. Тыныш жа-
тып, көзін сатып, біреуден тіленбей, жанын қарманып, адал еңбекпен мал іздемек – ол арлы адамның ісі» екенін атап көрсетті. Ал «Отыз жетінші сөзде» «Сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала артық» деп кесе айтып, «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың, адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың» деп еңбек еткен адам айрықша бағаланды.
Абай қоғам өміріндегі игілік пен дәулет біткеннің бәрін жасаған адам еңбегі, ал барлық жаманшылық, тіпті халықтың артта қалушылығы еңбексіздіктен деп санады. Оның пай-ымдауынша, ел еңбекпен көркейеді, елдің шырқын бұзатындар еңбек етпейтін арамтамақтар, еңбексіз жатып ішу адам баласын аздырады. «Сегіз аяқ» деген өлеңінде «Тамағы жоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын», «Еңбек қылсаң ерінбей, тояды қарның тіленбей» дей отырып, ұлы ойшыл білуді, тіпті ілгері басу, жоғары өрлеу, жетілу сықылды әлеуметтік қасиеттерді жетілдіруде еңбектің рөлін айрықша бағалады. «Түбінде баянды еңбек егін салған, Жасынан оқу оқып, білім алған», - деп Абай еңбек туралы ойын түйіндеп, адал еңбегін сауған қолөнер иесін қазақтың әулиесі деп жоғары бағалады.
Осы жерде бір мәселеге тоқтай кетсек. Кейбір тарихты зерттеушілер Абайдың еңбек етуді, кәсіп, сау-да жасауды насихаттағаны үшін оны бүгінгі нарық заманының экономисі еткен. «Қазақстан тарихының» үшінші томының 539-бетінде жазылған «Еңбекші бұқараның өмірін жақсарту жол-дарын Абай ең алдымен қоғамның экономикалық негізін өзгертуде деп білді», «Қоғамның экономикалық
дамуындағы қолөнердің маңызы мен орны туралы Абай былай деді» болма-са «Абай Қазақстан экономикасының гүлденуі үшін сауданы одан әрі дамыту қажет деп санады» деген субъективтік демдеулерді түсіне алмадық. Бұлай Абайды кәсіпқой экономист етудің керегі жоқ еді. Онсыз да Абай ұлы, халқының мүддесін, қамын ойлаған данышпан.
Ойшыл Абай адам болмысының өте күрделі екенін, оның еңбекпен бірге білім мен ғылымның арқасында ғана адамгершілік пен имандылық қасиеттерді өз бойларына жұғысты е т у г е м ү м к і н д і к а л а т ы н ы н ө з замандастарының қайсысынан бол-са да жақсы білді, терең түсінді. Сондықтан ол адам білім арқылы өз ақыл ойын, дарын қабілетін, та-ным түсінігін, рухани өресін үнемі, тоқтаусыз жетілдіре түсуі, оған бойындағы бар күш – жігерін мақсатты түрде жұмсап отыруы қажет деп сана-ды. Оның «Ғылым таппай мақтанба» деуі де, жасы қырықтарға келгенде «Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре тұра тексермедім» деп өкінуі де әсте жайдан жай емес еді.
О с ы л а й қ а з а қ қ о ғ а м ы н ы ң қараңғылықтан шығар жолын Абай ғылымнан да іздеді. Ал түгелдей дерлік ғылым-танымға бағышталған 1896 жылы жазылған «Отыз сегізінші сөзінде» Абай: «Әуелі, адамның а д а м д ы ғ ы ғ а қ ы л , ғ ы л ы м д е г е н нәрселермен» деп бастап, шынайы ғалым жайлы ойларын ортаға са-лып, ғылымның мәні мен мағынасын, адамзат өміріндегі маңызын толғаулы пайымдаулар арқылы ашып береді. Осы сөзінде «Адаспай тура іздеген хакімдер болмаса, дүние ойран болар еді», бүкіл адам баласы ісінің негізі «осы хакімдердің жасаған, таратқан істері» деп атап көрсетеді. Абайдың «Әрбір ғалым – хакім емес, әрбір хакім – ғалым» деген сөзінде де үлкен мән бар. Осы ойларын жалғастыра
келе Абай «Біз ғылымды сатып, мал іздемек емеспіз. Мал бірлән ғылым кәсіп қылмақпыз. Өнер – өзі де мал, өнерді үйренбек – өзі де ихсан (жақсылық). Бірақ ол өнер ғадаләттан шықпасын, шарғыға (діни заң) му-афих (үйлесімді) болсын. Адамға хәлінше ихсанды болмақ – қарыз іс. Бірақ өзгелердің ихсанына сүйенбек дұрыс емес» деп жазды. Бұл осыдан төрт жыл бұрын жазылған «Оныншы сөзіндегі» «Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған на-маз, тұтқан ораза, қылған хаж ешбір
ғибадат орнына бармайды» де-ген ойдың заңды жалғасы бола-тын. Ал өнер, ғылымды қайдан үйренуге, білуге болады деген сұраққа да Абай өзінің «Жиырма бесінші сөзінде»: «Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да – бәрі орыста тұр. Зарарынан қашық болу, пайда-сына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек керек. Оның себебі олар дүниенің тілін білді, мұндай болды. Сен оның тілін білсең, көкірек көзің ашылады. Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі оныменен бірдейлік дағуасына кіреді, аса арсыздана жалынбайды. Дінге де жақсы білгендік керек. ... Орыстың ғылымы, өнері – дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі» деп орыс-тан оқығандардың басқалардан артық, жақсы кісі болып шығып жатқанын, сондықтан «барыңды салсаң да , балаңа орыстың ғылымын үйрет! Мына мен айтқан жол – мал аяр жол емес» деп бала-ны оқытуды, одан малды аямауды насихаттады.
Абайдың ұлылығы сол – орыс-ша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да – бәрі орыс-та дей отырып, орыстың тілін, оқуын, ғылымын біле отырып, оның «залалынан қашық болуды» үйретеді, ойсыз бас шұлғи беру-ден сақтандырды. Абайдың осы ойы бүгінгі жаһандану заманында шетелдік ғылым-білімді үйретуде, еуропалық үлгілерді қабылдауда оның қайсысы бізге пайдалы, қайсысы зиян деген мәселелерде табылмас тағылымды-ақ.
Абай ғылым-білімді насихаттау-мен шектелген жоқ, оның жолының қиын, соқпақты екенін кім-кімнен болса да терең ұғынды. Өзінің «Отыз екінші сөзінде» ғылым қолға түсу үшін оған шын берілу
керектігін, оны игерудің жолын жан-жақты әрі санамалап оты-рып, шегелеп тұрып жеткізген. Абайша, ғылым-білімді үйренуге талап қылушыларға қойылатын біраз шарттар бар, соларды білмек керек, онсыз іздеген табылмайды, оқыған жұқпайды. Ұлы ойшыл әуелі білім-ғылым табылса, оны іске жаратар едім, дүниенің бір нәрсесіне керек болар деп ой-лауды, сол үшін ғылым-білімнің өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет
деп білсең және әр білмегенді білген уақытта көңілде бір рахат нәтиже деп түсінуді ұсынады. Одан әрі Абай: «Егер дін көңілің өзге нәрседе болса, білім-ғылымды бір-ақ соған себеп қана қылмақ үшін үйренсең, ондай білімге көңіліңнің мейірімі асырап алған шешенің мейірімі секілді болады.... Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқайды» деп ықылас пен ынтаның ерекше екенін атап көрсетеді. Сонан соң «Екінші – ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек. Бахасқа (бақталастық) бола үйренбе, азырақ бахас көңіліңді пысықтандырмақ үшін залал да емес, көбірек бахас адамды түземек түгіл, бұзады» деп ғылым-білімді тек бақталастық мақсатта үйренсең, оның адам бала-сын жолдан шығаратынын ескертеді. Абай осылардың барлығын сақтау үшін адамда ақылды, арды ұстарлық беріктік, қайрат керектігін айтып бар ойын түйіндейді. Бұл – ғалымдыққа ғана емес, «үйретуден жалықпау» қағидасын ұстанған ұстаздың адамның
асыл қасиеттерін тәрбиелеуге ұсынған таптырмас тағылымы. Ал «Он бесінші сөзде»: «Ақылды кісі мен ақылсыз кісінің, менің білуімше белгілі бір парқын көрдім. Әуелі пенде адам бо-лып жаратылған соң, дүниеде ешбір нәрсені қызық көрмей жүре алмайды, сол қызықты нәрсесін іздеген кезі өмірінің ең қызықты уақыты болып ойында қалады. Сонда есті адам, орынды іске қызығып, құмарланып іздейді» дей отырып, ал егер кісі орнын таппай, не болса сол бір баян-сыз, бағасыз нәрсеге қызығып, құмар болса, ол өмірінің қызықты, қымбатты шағын итқорлықпен өткізіп алады деп сақтандырады. Сондықтан да ол «Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәрте, болмаса жұмасында бір, ең болма-са, айында бір өзіңнен өзің есеп ал!», – деп түйіндейді. Ал «Отыз жетінші сөзінде»: «Үмітін үзбек – қайратсыздық. Дүниеде ешнәрседе баян жоқ екені рас, жамандық та қайдан баяндап қалады дейсің? Қары қалың қатты қыстың артынан көгі қалың, көлі мол жақсы жаз келмеуші ме еді!» деп жамандықтың да өзгеретініне, жақсылықтың да ауылының алыс емес екеніне сеніммен қарайды.
Ұлы Абай заманынан бері талай уақыт өтті. Көп нәрсе өзгерді. Бүгінгі ұрпақ тәуелсіздік дәуірінде өмір сүруде. Алайда осыдан ғасырдан астам уақыт бұрын айтылған қоғам дамуының қозғаушы әлеуметтік-экономикалық амалдары – еңбек, бірлік, кәсіп, сауда, өнер-білім туралы ой-тұжырымдары қазіргі Қазақстан жаңаруының да аса маңызды фактор-ларына айналып отырғаны шындық. Мұнсыз тәуелсіз мемлекетімізді т ұғырл ы ет е ал маймыз. Бұл – Мәңгілік ел төріне шығарар нұрлы жолымыздың да ажырағысыз асыл атрибуттары.
Б ұ л т ұ р ғ ы д а : « . . . « Қ а з а қ » газетінің үшінші редакторы – Ж.Ә.Жәнібеков туралы қалың жұрт түгілі, оқығандар да аз біледі» дейді алаштанушы ғалым Дихан Қамзабекұлының өзі.
А л а й д а , б ұ л а т қ а р ы л ғ а н қызметтің құнсыздығынан, еткен еңбектің аздығынан емес. Сәті тумағандықтан.
Ал бүгін «Алаш қайраткері Жанұзақ Жәнібековтің журналистік және публицистік қызметі» атты зерттеуді жазып бітіру бақыты Еуразия ұлттық университеті теле-радио және қоғаммен байланыс кафедрасының аға оқытушысы, жас зерттеуші Эльмира Ерікқызының еншісіне бұйырыпты.
Ж а ң а ж ұ м ы с т ы ң қ а л а й басталғаны жөнінде сұрағанымызда: «Ғылыми жетекшім, алаштанушы-ғ а л ы м Қ а й р а т Ө м і р б а й ұ л ы тақырып таңдағанда: «Алаш қайраткерлерінің бірі – Жанұзақ Жәнібековтің мұралары толық зерттелінбеген. «Қазақ» газетіне басшылық жасаған Ж.Жәнібеков те – М.Дулатов, М.Жұмабаев секілді алаштықтардың есімдерімен қатар айтылуға лайық есім. Оның мұраларын мұрағаттардан іздеп, тиянақтылап зерттеп, жарыққа шығару керек» деп кеңес берген. Кейін мені Жанұзақ Жәнібековтің ұрпағы Маяш Сәлімқызымен таныс-тырды. Алаш арысының ұрпағы Маяш Сәлімқызы өзінің жеке фотомұрағатында сақталып кел-ген Жанұзақ атасының бұдан 100 жылға таяу бұрын түскен суретін берді. Орайы келгенде осы еңбектің жарық көруіне алаш қайраткерінің ұрпақтары атынан қолдау көрсеткен М а я ш С ә л і м қ ы з ы н а ш е к с і з алғысымды білдіргім келеді» дейді жас ғалым Эльмира Ерікқызы.
Хош, сонымен аға ғалымның жол көрсетуімен жас зерттеуші Жанұзақ Жәнібеков туралы ізденіске түсіпті.
Бұл жұмыстардың нәтижесі «Балаларыңызды келешек заман
үшін үйретіңіздер. Осы заманымыз – келешек заманның айнасы» деп өткен жаңашыл, білімдар Жанұзақ Ж ә н і б е к о в т і ң 1 2 5 ж ы л д ы ғ ы қарсаңында көріне бастады.
Енді, міне, алаштану, тұлғатану, ағартушылық іліміндегі кітаптардың қатары жаңа есімді жарқыратып көрсеткен тағы бір дүниемен толығып отыр. Ізденуші ең бас-ты ғылыми жаңалық ретінде мұрағаттан алаш қаламгерінің 1908 жылы Қазан қаласында басылған «Айна» және осы қалада 1909 жылы жарық көрген «Балалар бәдуәмі» жинақтарының табылғанын ата-ды. «Айна» – 24 беттен тұратын ағартушылық бағытта жазылған әдеби-публицистикалық еңбек екен.
«2012 жыл болатын, мұрағаттан о с ы « А й н а » к і т а б ы н т а у ы п алып, алаштанушы-ғалым Дихан Қамзабекұлына қуанышым қойныма сыймай көрсеткенім есімде. Ол кісі менен өте қуанып: «Мен Петербургтағы мұрағаттан мына-дай бір шумақ өлең кездестірдім, жазып алшы» деп, ішінде Жанұзақ деген бір ауыз сөзі бар өлеңді оқып берген еді» дейді жас ғалым.
Белгілі ғалым, алаштанушы Қайрат Сақ үнемі шәкірттеріне: «Бұдан жүз жылдан астам уақыт бұрын бір кітап шығару – бір қала салғанмен бірдей. Бір кітапты та-уып, ғылыми айналымға енгізу – бір қала ашқанмен бірдей» деп отырады екен. Ұстазы, ғылыми жетекшісі осы сөзді айтып, қанаттандырғаннан кейін жас ғалым өз жұмысын абы-роймен жазып бітіруге барын са-лыпты.
Ж а н - ж а қ с ы і з д е н і с т е р і н і ң арқасында жарық көрген кітап үлкен тұлғалардың да қуанышын туғызған.
А л а ш қ а й р а т к е р і Ж а н ұ з а қ Жәнібековтің ұрпақтары да жүйелі еңбек үшін разылығын білдіруде.
Нәзира БАЙЫРБЕК
Жанұзақ Әлжанұлы – Алаш қозғалысының қайраткері. 1889 жылы Қызылжар қаласында туған. Шығармашылықпен ерте айналысқан. 1908 жылы Қазанның «Шәраф» баспасынан «Айна» атты ағартушылық өлең жинағын, 1909 жылы «Ағайынды Кәримовтер» баспасынан «Балалар бәдуамы» жинағын шығарады. Осы жылдары (1908) «Шәраф» баспасынан «Жұмбақ пен мақалдар» атты ұлт мұрасын жа-риялап, руханияттың құнтталуына ерекше үлес қосқан. 1912 жылы Петропавл типографиясына қызметке тұрады. 1913 жылы Орынборға келіп, «Қазақ» газетіне корректор болып жұмысқа орналасады. 1915 жылы Н.Күзембайұлымен бірігіп Орынбордан «Құран құралы» атты еңбек жариялайды. Қаламы төселіп, білікті журналист дәрежесіне көтеріледі. 1917-1919 жылдары ұлт тағдыры шешілетін барлық саяси істерден шет қалмайды. 1917 жылы 14 желтоқсанда Орынборда Алаш партиясының Торғай облыстық комитеті ашылғанда (төраға Ә.Бөкейхан) соның қазынашысы болып сайланады. Осы жылы «Еркін дала» ұйымына мүшелікке өтеді. 1918 жылы «Қазақ» газетінің редакторы болады. Шебер көсемсөзші ретінде халықтың рухын көтеретін, көзін ашатын мақалалар жазады. «Сыртқы хабарлар», «Алаш құрбандары», «Ғұсманлы түріктері», «Кәріс мұсылмандары», «Қара жүз қажы яки Қорғанский», «Тыңшылар», «Құран құралы», «Талапкер қазақ қызы», «Бағбастан ханым мектебі», «Түрік тілінің ірі ғалымы В.В.Радлов», «Аттан, Алаш азаматы!», т.б. мақалаларында қазақтың саяси дәрежесіне қозғау салатын ой айтады…
Жанұзақ Жәнібеков өмірінің соңына дейін саналы қызмет етіп, күрескерлік танытып өткен. 1937 жылдың 28 шілдесінде ұсталып, 13 қыркүйекте атылған.
Ұлт тарихында орны бар тұлға туралы, өкінішке қарай, тәуелсіздікке дейін де, одан кейін де сөз етілген жоқ. Тек түрлі энциклопедияда там-тұм ақпарат қана болды. Жас зерттеуші, жазушы Эльмира Ибраеваның еңбегі осы олқылықтың орнын толтырды деуге толық негіз бар.
Менің бала күнімнен есімде қалғаны Жанұзақ ата жайында біздің отбасымызда, әсіресе, үлкендер жағы ауыз ашпауға тырысатын. Айтылса да, сыбырлап қана үрке айтылушы еді. Анам өмір бойы әскери киім киген адамдарды көрсе, тұла бойы тітіркеніп, қорқып өтті.
Жанұзақ атам қолына қаламын ерте алған, шығармашылықпен 12-14 жасынан бастап айналысқан деседі. Біз Жанұзақ Жәнібековтің үш қызынан тараған ұрпақтары қаламгер атамыз туралы көп нәрсе білмей өстік.
Кейіннен тыныштық заман орнағанда анамыз әкесі жайында кейбір уақиғаларды есіне алып, әңгімелеп беруші еді. Жанұзақ атаны 1936 жылы 28 шілдеде НКВД-лықтар сағат түнгі 3-тің кезінде келіп, үстіндегі жатарда киер киімімен тұтқындап алып кеткен екен. Бұл Степняк қаласында еді. Көп ұзамай нағашымыз келіп, НКВД-лықтар Мәриям әжені (Жанұзақ атаның жары) және үш қызын келіп алып кететінін, Мәриям әжені «халық жауының» әйелдерін тұтқындайтын лагерьге, үш қызын жан-жақтағы балалар үйіне таратып жіберетінін айтыпты. Сонымен, бір түннің ішінде қашуға бел буып, нағашымыз Мәриям әже мен қыздарын арбаның үстіне тізіп жатқызып, үстіне шөп үйіп, түнімен жүріп отырған, ал күндіз тау-тасты сағалап, тығылып жатып-ты. Күн-түн өтіп, Петропавлға жеткен, осы қалада Жанұзақ ата тұтқында екен. Биік қақпа, қақпаның үстіңгі жағы бірнеше орам тікенекті темірмен тағы қоршалған. Соның арғы бетінде – біздің Жанұзақ ата. Сылдырлаған көп шынжыр даусы естілген кезде Мәриям әже қақпаға жақындайды. Бұл тұтқындардың түрме ауласына серуенге шығатын кезі екен. Екі кіші қызын екі иығына тұрғызып, Мәриям әже қыздарына әкелерін көрсетуге ұмтылады. Осы кезде түрме қарауылдары мылтықтың дүмімен әйелді кеудесінен нұқып, аулақ қуады.
Жанұзақ Жәнібековке «контрреволюциялық ұйымның мүшесі болған, кеңес өкіметіне қарсы үгітпен шұғылданды» деген айып тағылып, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша НКВД басқармасы «үштігінің» №6 қаулысымен 1937 жылы 13 қыркүйекте 58-10, 58-11-баптары бойынша ату жазасына кесілген.
«Халық жауының» отбасы бұл қалада көп тұрақтамай оңтүстікке ауады. Қыздары есейгеннен соң не тұрақты жұмысқа қабылданбай, не қоғамдық шараларға араласа алмай, шеттетіліп қала берді.
Ұрпақтарын қатты жабырқататын жай – атаның қай жерге жерленгені жөнінде бір дерек кездестіре алмадық. Дегенмен, жүйелі зерттеу жұмысының қолға алынғаны қуантады.
Мысалды алыстан іздеудің қажеті жоқ. Биыл 20 қарашада Щорс көшесінде «Mercedes-Benz Sprinter» автокөлігі өрт ке оранды. Электр сымдардың қысқа тұйықталуы салдарынан моторға от ұш қындаған. Осыған ұқсас себептермен Тілендиев даңғылының бойында «Lada Granta» және Сарыарқа даңғылы мен Кенесары көшелерінің қиылысында «Toyota Avalon» автокөліктері зардап шекті.
Есте сақтайтын бір жәйт, алаңғасарлық көліктің тілсіз жауға душар болуына әкеп соғады. Әдетте, көліктегі техникалық ақаулықтан бірінші кезекте тез балқитын бөлшектері жанады немесе көптеген жүргізушілер майдың деңгейін тексергеннен кейін тез тұтанғыш шүберек сияқты нәрселерді капот астында тастап кетеді.
Ауа температурасының күрт төмендеуі, қардың көп түсуі, боран мен желдің күштілігі салдарынан қыс мерзімінде машина жүргізу қиындайды.
Суық, аязды күндері көлік оталмайды. Амалсыз бензинге арнайы қоспа қо суға тура келеді. Сондай кезде жанармай бір түрлі жабысқақтанып, карбюра-тор пен мо тордағы цилиндрді бүлдіре бастайды, оның да салдары өртке ұрындыратыны жасырын емес.
Көлік салонының ішінде немесе капотқа үңіліп тұрып шылым шеккенде шоқ түсіп кетсе, қызып тұрған қозғалтқышқа мотор майы тамып кетсе немесе шоқ түсіп кетсе де өрт бұрқ етуі мүмкін.
Қыс мезгіліндегі автокөлік өртінің тағы да мынадай себептері бар:
-қатып қалған қозғалтқышты жылыту мақсатында бензин оттық пайдалану;
«Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ (Астана қаласы, Бейбітшілік к-сі, 11, e-mail: [email protected]) 2015 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні (бұдан әрі – ТМККК көрсету бойынша қызметтер) таңдау рәсімін (бұдан әрі – рәсім) өткізу туралы хабарландырады:
медициналық көмек түрлері бойынша: дәрігерге дейін гі медициналық көмек, білікті медициналық көмек, маман дандырылған медициналық көмек, жоғары маман-дандырылған медициналық көмек;
медициналық көмек нысандары бойынша: стацио-нарлық көмек, стационарды алмастыратын көмек, амбулаториялық-емханалық көмек: алғашқы медициналық-санитариялық көмек және консультациялық-диагностикалық көмек, жедел медициналық көмек, қалпына келтіру емі және медициналық оңалту.
ТМККК көрсету жөніндегі қызметтер Астана қаласынның аумағында көрсетілуі тиіс.
Рәсімге қатысуға арналған өтінімдер және нысанда-ры «www.densaulуk.astana.kz» интернет-ресурсында орналасқан қоса берілген құжаттардың тізбесін әлеуетті қызметтер берушілер «Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ Астана қаласы, Бейбітшілік к-сі, 11, мекен-жайы бойынша № 404 кабинетке ұсынады.
Рәсімге қатысуға арналған өтінімдерді және оларға қоса құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі 2014 жылғы 29 желтоқсанындағы сағат 18.00 минутқа дейін.
Рәсімге қатысуға арналған өтінімдер 2014 жылғы 30 желтоқсанында сағат 12.00 минутта мына мекен-жай бой-ынша: Астана қаласы, Бейбітшілік, 11, № 416 кабинетте қаралатын болады.
Қосымша ақпаратты және анықтаманы мынадай теле-фондар арқылы алуға болады: 8 (7172) 55-68-41, 55-74-85.
«Астана қаласының Қаржы басқармасы» ММ 2014 жылдың 20 желтоқсандағы № 144 (3201) «Астана Ақшамы» газетіндегі ақпараттық хабар-ламада келесі өзгерістер енгізеді; «Аукционның өткізілетін уақыты: 2015 жыл «6» қатарда сағат 10.00-ден сағат 17.00-ге дейін» деген сөздерін «Аукционның өткізілетін уақыты: 2015 жыл «7» қаңтар сағат 10.00-ден сағат 17.00-ге дейін» деген сөздерге ауыстырылсын.
-жанармаймен қамтамасыз ету жүйесінің герме-тизация сының әлсіреуі нәтижесінде бензиннің булануы;
-электр, газ дәнекерлеу жұмыстары ке зінде сақтық шараларына немқұрайлы қа рау;
-аккумулятордың қатты қызу салдарынан тұтануы;электр сымдарға шамадан тыс мөлшерде жүк
түсіру, сапасыз қосымша құрылғыларды орнату (сигнализация, тұманға қарсы фарлар, магнитола, салонның тюнингі және т.б);
-Суытқыш сұйықтық – тосолдың құра мында эти-ленгликоль болғандықтан 145 С0 дейін қызып кетсе, одан да өрт шығуы әбден мүмкін.
Егер өрт шығу қаупінің бар екенін сез сеңіз, бірден мынадай әрекеттерге көшіңіз:
-автокөлікті тоқтатыңыз;-жолаушыларды түсіріңіз;-қозғалтқышты өшіріңіз;-капоттың құлпын босатыңыз, бірақ ашпаңыз;-101 қызметіне қоңырау шалыңыз-дереу өртсөндіргішті пайдаланыңыз, алайда
қозғалтқышта өршіген өртті өшіру үшін ешқашан да су шашпаңыз;
Ең абзалы – өрттің алдын алып, сақтық шараларына мұқият болу.
Е.ДАВЫДОК, Сарыарқа ауданының ТЖ басқарма бастығы,
1. «Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Астана қаласының аумағында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
2. Басқармада ведомстволар жоқ.3. Басқарма Қазақстан Республикасының Конституциясына және
заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.6. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген
болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Басқарма өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiпте Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтiледi.
9. Басқарманың орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Сарыарқа даңғылы, № 13.
10. Мемлекеттiк органның толық атауы:«Астана қалсының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды
реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі.11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.12. Басқарманың қызметiн каржыландыру Астана қаласының
бюджетiнен жүзеге асырылады.13. Басқармаға кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Басқарма функция-
лары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Басқарманың миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функцияла-ры, құқықтары мен мiндеттерi
14. Басқарманың миссиясы: Астана қаласының қоршаған ортасын қорғау және табиғатты пайдалануды реттеу саласында мемлекеттік басқару, экологиялық теңсіздік және тұрып жатқан тұрғындар үшін қолайлы орта құру болып табылады.
15. Міндеттері:1) экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи экологиялық
жүйелерге арналған шаруашылық және басқа да қызметтердің зиянды әсерлерін болдырмау, биологиялық әртүрлікті сақтау және табиғатты пайдалануды ұтымды ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдау;
2) қоршаған табиғи ортаға антропогендік әсер деңгейін төмендету;
3) қоршаған ортаға, халқының өмірі мен денсаулығына арналған басқару, шаруашылық, инвестициялық және басқа да қызметтермен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 Жарлығын іске асыру мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайда-лануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін жүргізсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары В.Л. Крыловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім Ә. Жақсыбеков
Астана қаласы әкімдігінің2014 жылғы «10»11
№205-1871 қаулысынақосымша
жоспарланатын әрекеттерге талдау мен бағалау жүргізу;4) табиғатты пайдалануды тиімді басқару мен реттеу жөніндегі
жұмысты ұйымдастыру үшін қаланың экологиялық жағдайын жан-жақты және объективті зерделеу, қорытындылау және талдау;
5) тұрғындардың экологиялық мәдениеті мен білімін арттыру.16. Функциялары:1) Астана қаласының мәслихатында кейіннен бекіту үшін
қоршаған ортаның ластануына (ауаның ластауы, қалдықтарды орналастыру, сақтау және көму, ағынды сулар мен т.б. ластайтын заттарды тастау) арналған төлем мөлшерлемесінің есебін құрастыру;
2) өз құзыреті шегінде қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар береу, оларда қоршаған ортаға эмиссияларға лимиттер белгілеу;
3) салық органдарына қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем жүргізушілер және салым нысандары туралы мәліметтерді дайындау және ұсыну;
4) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ведомствоаралық комиссияның қызметін ұйымдастыру;
5) гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру;
6) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқару органы қызметін атқаруды қамтамасыз ету;
7) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқару органы функциясының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Ережемен қарастырылған құзыретке сәйкес қызмет көрсетуге тарифтерді, бағаларды келісу;
8) қатты-тұрмыстық қалдықтарды жинақтау, тасымалдау, сұрыптау және қайта өңдеуді жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жұмысын заңнама және үйлестіру құзіреттілігі шеңберінде жүзеге асыру;
9) тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу жүргізуді қамтамасыз ету;
10) өз құзіретінің мәселелері бойынша Қазақстан Респу-бликасында қызметті жүзеге асыратын таяу және қиыр шет елдерімен, халықаралық ұйымдармен, сонымен қатар заңды тұлға-бейрезиденттермен өзара қарым-қатынаспен және ынтымақтастықты ұйымдастыру;
11) болжамды мақсатты құжаттарды жинақтауды жүзеге асыру, қаланың басымдықтарын анықтау және табағатты қорғау іс-шараларын жоспарлау;
12) табиғатты қорғау объектілерінің құрылысын және қайта құру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
13) табиғатты қорғау іс-шаралары, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғаудың басқа да мәселелері бойынша шартты міндеттерді тиісінше орындамау бөлігінде Астана қаласы әкімдігінің (бұдан әрі - Әкімдік) атынан талаптық арыз ұсыну және талапкер ретінде шығу;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте табиғи ресурстарды беру және табиғатты пайдалануға беру туралы шешім қабылдау;
15) қаладағы экологиялық ахуалдың жай-күйі туралы және Басқарма қызметтерінің басқа да бағыттары бойынша есептер дайындау;
16) экологиялық ахуалды жақсартуға, сондай-ақ аталған мәселелер бойынша қоғамды ақпараттандыруға бағытталған ғылыми-практикалық іс-шаралар өткізу (конференциялар, семинар-лар, мәжілістер, «дөңгелек үстел» басындағы отырыстар және т.б.);
17) тиісті аумақта орналасқан табиғи объектілердің жай-күйі туралы халықты хабардар етуді жүзеге асыру;
18) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
19) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында ғылыми-
зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру;
20) экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етумен, жинақтау, тасымалдау, көму және кәдеге жаратуды қоса отырып, тұтыну және өндіріс қалдықтарын басқару бойынша жұмыстардың орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
21) өз құзыреті шегінде қалдықтарды басқару бағдарламасын келісу;
22) қалдықтардың түзілу көлемін азайтуға, олардың қайта немесе балама түрде пайдалану деңгейін жоғарылату, көмуге жатқызылатын қалдықтар көлемін қысқартуға бағытталған экономикалық ынталар-ды және іс-шаралар әзірлеу;
23) коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жиналу норма-ларын әзірлеу және Астана қаласының мәслихатына бекітуге ұсыну;
24) жасыл желектерді есепке алу, күтіп ұстау және тізілімдемесін жүргізуді ұйымдастыру;
25) жасыл желектермен қамтылған жер учаскелерін пайдалануға рұқсаттарды келісу;
26) қаланың жасыл желектерін күтіп-ұстау, қорғау және көгалдандырылатын аумақтарды абаттандыру бойынша уәкілетті органның фукнцияларын орындауды қамтамасыз ету;
27) жасыл желектерге залал келтіру құнын бағалауды есептеу және жасыл желектерді кесу және қайта отырғызуға рұқсат беру;
28) Астана қаласының санитарлық-қорғау аймағын («жасыл бел-деу») қоса отырып, қаланың жасыл желектерін ағымдағы күтіп-ұстау және қорғау бойынша жұмыстардың орындалуын ұйымдастыру;
29) жалпы пайдаланудағы жерлерде көгалдандыру объектілерінің салу, қалпына келтіру және абаттандыру бойынша тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асыру;
30) жалпы пайдаланудағы жерлерде салынған, қайта құрылған көгалдандыру және абаттандыру объектілерін қабылдау бойынша қабылдау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру;
31) жасыл желектерді түгендеуді және орман патологиялық зерттеуді жүзеге асыру;
32) табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыру кезінде балама және қалпына келетін энергия көздерін пайдалану;
33) өз құзыреттілігі шеңберінде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу;
34) бассейндік кеңестер жұмысына қатысу;35) қоршаған ортаны қорғау саласындағы инвестициялық
жобаларды әзірлеу және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсыну;
36) Басқарма құзіретіне жататын мәселелер бойынша нормативтік-құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге қатысу;
37) арнайы табиғатты пайдаланудың экономикалық тетігін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
38) өз құзыреттілігі шеңберінде шаруашылық етуші объектілерінің мемлекеттік экологиялық сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу;
39) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезінде қоғамдық тыңдаулар ұйымдастыру;
40) өз құзыреті шегінде табиғат қорғау іс-шаралары жоспар-ларын келісу;
41) сараптамалық жұмыстар жүргізуге қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындайтын және қызмет көрсететін сыртқы сарапшыларды (жеке және заңды тұлғаларды) тарту;
42) су қорын пайдалану мен қорғау және жер қойнауын пайда-лану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
43) барлау немесе өндіруге байланысы жоқ жер асты құрылыстарын салу және (немесе) қолданысқа беру, жалпыға таралған пайдалы қазбаларды барлау, өндіру немесе қосарланған барлау және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығы кепілінің келісім шартын тіркеуді жүзеге асыру;
44) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттарды жасасау, тіркеу және сақтау;
45) барлау немесе өндіруге байланысы жоқ жер асты құрылыстарын қолданысқа беру және (немесе) құрылысы және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіруге келісім шарттардың қызметін орындау және тоқтатуды қамтамасыз ету;
46) барлау немесе өндіруге байланысы жоқ жер асты құрылыстарын қолданысқа беру және (немесе) құрылысы және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіруге келісім шарттарды жаңарту туралы шешім қабылдау;
47) жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды құруды, қолдану мен пайдалануды келісу;
48) 50 текше метрге дейін суды пайдаланатын су пайдаланушы-ларды есепке алу;
49) жер үсті көздерінен су ресурстарын пайдалануға төлем мөлшерлерін әзірлеу;
50) өсімдік және жануарлар дүниесін қорғауды қамтамасыз ету;51) сирек кездесетін және жойылу қаупі бар жануарларды ин-
тродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, сондай-ақ жасанды көбейту бойынша қызметті ұйымдастыру;
52) екі және одан да көп облыс аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулау, сондай-ақ сирек кездесетін және құрып бара жатқан жануарлар түрін қоспағанда, жануарлар әлемін пайдалануға рұқсат беру;
53) қаланың коммуналдық меншігіндегі су шаруашылық құрылыстарын басқару, оларды қорғау бойынша шараларды жүзеге асыру, сондай-ақ иесіз су шаруашылығы құрылыстары анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында қарастырылған тиісті тәртіптемелерді өткізу;
54) өзен арналарын реттеу үшін өзен түбін, сутоғандарын лайдан және қоқыс қабаттарынан тазарту бойынша түптереңдету жұмыстарының орындалуын қамтамасыз ету;
55) жағажай белдемі, жасанды суайдындар мен суайдындардың аумағында экологиялық шаралар жүргізу;
56) аңшылық алқаптардың резервтік қорында және балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде қорғауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
57) балық шаруашылығы учаскелерінің шекараларын белгілеу, ұйықтарды (ұйықтық учаскелерді) ашу және жабу;
58) ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы су айдын-дарын және (немесе) учаскелерін паспорттауды жүргізу;
59) рекреациялық балық аулау аймағын белгілеу;60) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан
Республикасының заңнамасымен Басқармаға жүктелген басқа да өкілдіктерді жүзеге асыру.
17. Құқықтары мен мiндеттерi:1) Астана қаласының әкіміне Басқарманың ұйымдастыру-
әдістемелік және материалдық-техникалық қызметін жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;
2) қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану, табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыру мәселелері жөніндегі Астана қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдерінің және Әкімдік қаулыларының орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
3) бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджет шегінде бюджеттік қаражатты пайдалануға;
4) қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану мәселесі бойынша, табиғатты қорғау іс-шараларын өткізуге арналған шарттар мен келісім-шарттарды жасасуға;
5) өз құзыреттілігі шеңберінде заңнамамен және нормативтік құжаттармен белгіленген мерзімдерде Басқарма қызметін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар, кәсіпорындар, ұйымдар мен жеке тұлғалардан қажетті ақпараттар мен мәліметтерді сұратуға және алуға;
6) қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманы бұзу нәтижесінде келтірілген зиян мөлшерін (анықтауға қатысуға) белгілеуге және тиісті мемлекеттік органдарға қорытындысын жіберуге;
7) мемлекеттiк экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардың қорытындылары негiзiнде өз құзыретi шегiнде кәсiпорындарды, құрылыстар мен өзге де объектiлердi салуға немесе реконструкциялауға тыйым салуға немесе рұқсат беруге;
8) өз қызметі туралы ақпаратты таратуға, қаланың аумағында орналасқан табиғи объектілердің жай-күйі туралы халықты хабар-дар етуге;
9) қоршаған ортаны қорғау мәселелері және экологиялық таза, қалдықсыз, ресурс үнемдеуші табиғатты қорғау технологияларды енгізу бойынша конференциялар мен семинарларды ұйымдастыруға және өткізуге;
10) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу барысында қоғамдық тыңдаулар ұйымдастыруға;
11) өз құзыреті шегінде мемлекеттік, сот органдарында Басқарманың және Әкімдіктің мүддесін талап қоюшы, жауапкер ретінде өкілдік ету;
12) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға және Басқарманың қызметкерлерімен жемқорлыққа қарсы заңнамаларын сақтауға дербес жауапты болатын басшысы жүзеге асырады.
19. Басқарма басшысын Астана қаласы әкімінің өкімімен қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. Басқарма басшысының өкiлеттiгi:1) Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын
және басқа да қызметкерлерінің міндеттерін анықтайды және жауапкершілік деңгейін белгілейді;
2) Басқарма қызметкерлерін қызметке қабылдайды және қызметтен босатады;
3) өз құзыреті шегінде Басқарма қызметкерлерінің орында-уына міндетті бұйрықтар шығарады және олардын орындалуын қадағалайды;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлеріне көтермелеу шараларын және тәртіптік жазалар қолданады;
5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыретінің шегінде мемлекеттік органдарда және ұйымдарда сенімхатсыз Басқарма атынан өкілдік етеді;
6) шарттарды жасасады және қол қояды, сенімхаттар береді;7) оның құзыретіне қатысты басқа мәселелер бойынша шешімдер
қабылдайды.22. Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн
қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
23. Басқарма басшысы орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.
4. Басқарманың мүлкі24. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару
құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.Басқарманың мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз
қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
25. Басқармаға бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма, өзiне бекiтiлген
мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату27. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi:1) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы
«Астана Эко-Полигон НС» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;2) Астана қаласы әкімдігінің «ЖасНұр» өндірістік-шаруашылық
кәсіпорны» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Х а л ы қ а р а л ы қ « Э К С П О » көрмесін насихаттауға арналған жарыстың басты мақсаты да елдің болашағы саналатын жастарға нақты бағыт сілтеу болатын. 14-17 жасар жасөспірімдердің арасынан бірінші орынды, яғни, «ЭКСПО-2017» кубогын №8
балалар және жасөспірімдерге арналған спорт мектебі иелен-се, күміс және қола жүлделер «Астана-1964» командасының екі құрамасына берілді. Сайыс соңында жүлдегерлерге медальдар мен 2017 жылы Астанада өтетін халықаралық көрменің құрметіне
жасалған арнайы сыйлықтар салта-натты түрде тапсырылды.
Сонымен қатар, «Астана ЭКС-ПО-2017» ұлттық компаниясының өкілдері бұл турнирді қаладағы балалар мен жасөспірімдер ара-сында жыл сайын өткізіп тұруға уәде берді.
Қазақстан жастар құрамасы ал-дын ала тартылған жеребе бойын-ша «С» тобына түсіп, Оңтүстік Африка Республикасы, Литва және Тәжікстан құрамаларына қарсылас атанды.
Дода 16-25 қаңтар аралығында өтеді. Әр топтан бірінші-екінші орын алған құрамалар және
нәтижесінің жоғарылығына қарай барлық топта үшінші келгендердің екі үздігі ширек финалға шығады.
« А » т о б ы н д а Б е л а р у с ь , Түркіменстан, Эстония, Фин-ляндия құрамалары болса, жеребе Молдова, Қырғызстан, Ресей және Латвия құрамаларын «В» тобына салып берді.
ЖАСТАРЫМЫЗ «ДОСТАСТЫҚ КУБОГЫНА»
АТТАНАДЫ
АЛТЫН ТҰҒЫРДА – АБЗАЛ
ҚАП, ҚАРМАҒЫМ, ҚАП!
О л қ ы с қ ы ж ә н е н е г і з г і бағдарламада да көш басында бол-са, қысқа бағдарламада екінші, негізгі бағдарламада үшінші нәтиже көрсетіп, күмісті иеленген Данияр Әділовте – 130,26 ұпай. Ал қола жүлдеге 128,78 ұпаймен Артур Панихин қол жеткізді. Панихин қысқа бағдарламада үшінші, негізгі бағдарламада екінші көрсеткішке ие болды. Бұл жарыстан ұлттық
құрама көшбасшысы Денис Тен босатылған еді.
Қыздар арасында өткен сайыста Қазақстанның үміттілерінің бірі саналатын Элизабет Тұрсынбаеваға тең келер спортшы табылмады. Ол 180,46 ұпай жинап, 109,77 ұпайы бар Айза Мамбекованы екінші орында қалдырды. Қола жүлде Ре-гина Глазманға бұйырды.
Алдын ала өтініш жіберген 5 ко-манда жарысқа түгелдей қатысты. 2012 жылғы халықаралық және Астана қаласы әкімдігі «ЖасНұр» ө н д і р і с т і к ш а р у а ш ы л ы ғ ы бекіткен қағидаларға сәйкес үш секторға бөлініп екі жарым сағат сайысқандар арасынан балықты ең бірінші ұстаған, яғни, небары төртінші минутта қармағына о л ж а і л і н г е н « Б а р а к к у д а » командасының мүшесі Жақсылық
С ы з д ы қ о в к ө р е р м е н д е р д і жарыстың алғашқы қызығына бөледі.
Сайыс қорытындысы бойынша, Астана қаласының шаруашылық басқармасының «Астана» ко-мандасы В.Краев пен Э.Горейстің арқасында жалпы командалық есепте бірінші және екінші орын-ды иеленді. Ал үшінші орын Ж.Сыздықовтың тәжірибесімен «Бараккуда» командасында кетті.
Сондай-ақ, қатысушылар «Ең бірінші балық аулағаны үшін», «Ең ірі балық аулағаны үшін», «Ең кіші балық аулағаны үшін» және «Ең жас балықшы», «Ең егде балықшы» атты диплом-дармен марапатталды. Жарыс соңында бірінші және екінші орын алған спортшылар шведтік мұз бұрғы иеленсе, үшінші үздік атанған қатысушыға балықшы құралы берілді.