This document is posted to help you gain knowledge. Please leave a comment to let me know what you think about it! Share it to your friends and learn new things together.
Transcript
2014
9 +20°..+18°+8°.. +6°
–
–
Бейсенбі, 11 қыркүйек күні сағат 10.00-11.00 аралығында Аста-на қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айгүл СЕГІЗБАЕВА бұқарамен тікелей тілдесуге шығады.Толғандырып жүрген сауалдарыңыз болса, 55-68-23, 55-68-24 телефондары-на хабарласуға немесе алдын ала astana-akshamy.kz сайтына жазуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, былтырғы жәрмеңкеде жетісулықтар 400 тоннадан астам өнім ұсынған бо-латын. Атап айтқанда, 193 тонна көкөніс, 110 тонна пияз, 50 тон-надан аса алма, 17 тоннаға жуық күріш, 7 тоннадай балық, 3 тонна бал, сондай-ақ 60 тоннадан аса ет және т.б. көптеген өнім түрлерін әкелген еді. Ұйымдастырушылардың айту-ынша, Алматы облысынан келетін биылғы жәрмеңкеге жиын-терін науқанының нағыз қызған шағына тап келгендіктен, жеміс-жидек, көкөністі молынан алып келеді.
Бес жылдан бері дәстүрге айналған жәрмеңкеде ішіп-жемнен бөлек, қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан әсем бұйымдар сатылады.
Ал, өңірлердің үздік шығармашылық ұжымдары мен өнер шеберлерінің гала-концерті жәрмеңкенің көркін келтіріп, думанын қыздырады.
4
Оған елорданың әлеуметтік-гуманитарлық саласын-да қызмет көрсететін басқармалардың ресми өкілдері шақырылды. Олар мүгедек бала тәрбиелеп отырған отба-сыларды қоғамға бейімдеп, денсаулығын сақтау мен білім беру тұрғысында атқарылып жатқан түрлі әлеуметтік шараларға шолу жасады.
– Отбасы күні қарсаңында ортақ тағдыр тоғыстырған ата-аналардың басын қосып, атқарылып жатқан қайырымдылық істердің ауқымымен таныстырдық. Дүниеге кемтар болып келген сәбидің күйігі ауыр, бұл өмір бойына тартатын тауқымет. Алайда, олар жалғыз
емес. Отбасында мүгедек сәби тәрбиелеп отырған ата-аналарға жан-жақты қолдау көрсетіп, олардың оқшау өміріне өзгеріс енгізуде оң істер жалғасын табуда. Біздің бірлестік алғашқы құрылған күннен бастап 700-ге тарта қайырымдылық акциясын өткізді. Бұған қоса, 30 тонна киім үлестіріп, мың жарым балаға қоларба сыйладық. Дегенмен, осындай санаттағы отбасыларға әлеуметтік, психологиялық, құқықтық және медициналық мәселелер жөнінде кеңес ауадай қажет, - дейді қоғам төрайымы Қамқа Жасанова.
Айгүл УАЙСОВА
Қала әкімі аппараты баспасөз қызметінің мәліметінше, БРТ дегеніміз – арнайы салынған жол-дармен жүретін жүрдек автобустар жүйесі. БРТ әуежайды, «ЭКСПО» қалашығын, Әбу Даби Плазаны және жаңа теміржол вокзалын қосатын болады.
Жаңа жүйе бетон жабынды арнау-лы трассадан, тіршілікті қамтамасыз
***
***
***
Жаңа оқу жылында елорда мектептерінде 103000 оқушы білім алуда.
«Конгресс холл» сарайында отбасы күніне арналған «Әзіл әлемі» атты мерекелік концерт қойылады. Басталуы: 20.00
Қала мэрі Сергей Собянин Останкино саябағында Еуропадағы ең үлкен скейт саябағын ашты. Оның аумағына гүлзарлар егілді, спорт алаңдары, хоккей корты салынды.
Қытайдың солтүстік-батысындағы Нинся-Хуэй автономиялық ауданындағы химиялық кәсіпорындардың бірінде ауаға аммиак жайылып, 33 адам уланып қалды.
Никарагуа астанасы әуежайының маңына шағын метеорит құлап, диаметрі он екі, тереңдігі бес метрлік шұңқыр пайда болды. Қазір метеорит құлаған жерде арнаулы комиссия жұмыс жүргізіп жатыр.
АҚШ-та алапат дауыл елдің батысындағы алты жүз мың үйдің тұрғындарын жарықсыз қалдырды. Келеңсіз оқиға Мичиган және Иллинойс штаттарының аумағында болған. Аса қатты соққан желдің жылдамдығы сағатына 112 шақырымға жеткен.
ету кешендерімен жабдықталған жабық стансалардан, қауіпсіздік жүйелерінен, жолақысын электрон-ды төлеу құрылғыларынан, эскала-торлар мен лифтілерден, сондай-ақ депо мен жылжымалы құрамнан тұрады.
Негізгі жолдан бөлек салына-тын БРТ автобустары жүретін арнаулы жолдар жабық жолаушы-
лар стансаларымен және жерас-ты өткелдерімен жабдықталады. Нақтыланған қозғалыс уақыты аралығында бағыт ерекшелігіне сәйкес жолаушылар сыйымдылығы аса үлкен автобустар жүретін бола-ды. Жолақысын төлеу және тексеру метродағы төлем жүйесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Ж а р ы с қ а ж а с о т б а с ы -лар, танымал қазақстандық с п о р т ш ы л а р, « Б ол а ша қ » бағдарл амасының стипен-д и а т т а р ы м е н т ү л е к т е р і және басқа лар атса лысты. Басқосудың ашылу салтана-тында қауымдастық мүшесі, спорт шебері Айдар Махме-тов сөз сөйледі. «Спортпен шұғылданып өскен ұрпақ пен ұл-қыздарын спортқа баулыған отбасы ғана мемлекеттің мықты тірегі бола алады. Біз салауат-ты өмір салтын ұстанып қана Мәңгілік ел болуға, биіктерге ұмтыла аламыз. Сондықтан осындай отбасылық, спорттық шара лардың маңызы зор» деді ол.
Шара барысында, әсіресе, квест ойыны қатысушыларды қат ты қызықтырды. Жаңа креативті ойын ой еңбегімен қ а т а р д е н е ш ы н ы қ т ы р у қ и м ы л д а р ы н қ а м т и д ы екен. Ойын шарты бойын-ша конкурс қатысушылары командаларға бөлініп, әртүрлі интерактивті тапсырмаларды орындап шығады. «Болашақ» бағдарламасының түлегі Рус-там Тоқмағамбетов «Маған бұл ойын өте ұнады. Өзім үнемі спортпен айналысуға, әріптестеріммен футбол, волей-бол ойнауға тырысамын» дейді. Басқа да қатысушылар осын-дай іс-шараларды жиі өткізу қажеттігін атап өтті.
Ша ра ға жо ға р ы с ы н ы п оқушылары мен мұғалімдер қ а т ы с т ы . А л к е ш і м і з д і ң құрметті қонақтары ретінде Қазақстан Республикасы оқу ісінің үздігі , халықаралық , республикалық байқаулардың лауреаты, ақын, «Керуен сазы» ұлт аспаптар оркестрінің және «Үкілі домбыра» ансамблінің жетекшісі, мектебіміздің музы-ка пәнінің мұғалімі Қайырғали Әбішев, елге кеңінен танымал бәріміз сүйіп тыңдайтын ке-ремет әндердің авторы, ақын Қалқаман Сарин, атажұртқа Қытайдан бір айға ғана бұрын қо н ы с а уд а р ғ а н т а н ы м а л әнші Айнұр Қажымолдақызы және «Қазақстан» ұлттық а р н а с ы « П а р л а м е н т »
бағдарламасының жүргізуші редакторы Ғабит Ұзақбай сын-ды аға-апаларымыз отбасыла-рын ерте келді.
Өнегелі отбасылар бүгінде өздерінен өрбіген ұрпақтарын адал еңбекпен үлкен өмірге жетелеп, өнерге икемдеп келе жатқандарын оқушыларымызға әсерлі жеткізе білді. Кеш ба-рысында Қайырғали Әлкенұлы 46 жыл отасқан зайыбы екеуі өнерлер і мен тә н т і қ ы лса , Қ а л қ а м а н а ға м ы з д ы ң қо с құлыншағы Әсел, Айнұрдың ә к е л е р і н і ң ж ү р е к ж а р д ы өлеңдерін нақышына келтіре оқыды.
Бота БОЛАТОВА,№70 мектеп-лицей
оқушысы
– Кеше елордада басқа аймақтардан келіп, тіркеусіз жүрген көліктерді анықтау мақсатында арнайы рейд жүргізілгені белгілі. Мұндай шара алғаш рет ұйымдастырылып отыр ма?
– Жол қозғалысы ережелері мен көліктерді мемлекеттік тіркеу жөніндегі ереже бойынша, белгілі бір аумаққа екі айдан астам уақытқа тұрақтауға барған кез кел-ген азамат өзінің көлігін жергілікті жол полициясы басқармасына уақытша тіркеуге қоюға міндетті. Осы талаптың қаншалықты орындалып жатқанын анықтау мақсатында біз алғаш рет рейд жүргіздік.
– Бүгінде Астана қаласында өзге аймақтардан келіп,
уақытша тіркеуге тұрған қанша көлік бар?– Соңғы көрсеткіштер бойынша, Астана қаласы ІІД
ЖПБ тіркеуінде жалпы саны 283,5 мың көлік құралы бар екен. Солардың 2 мыңы ғана уақытша тіркеуге қойылған.
Алайда, соңғы күндерде жүргізілген рейд барысында қалада өзге аймақтардан келіп алып жайбарақат жүрген көліктердің саны анағұрлым көп екеніне көзіміз жетті. Заң мен ереже талаптарына сәйкес, ондай көліктердің жүруіне рұқсат етілмеуі тиіс. Бірақ, көпшілік көлік иелері аталмыш талаптарды білмейтіндерін айтып жатты.
– Жалпы, осы жұмыстар барысында қанша тәртіпбұзушылық тіркелді? Тіркеусіз жүрген көлік иелеріне қандай шара қолданылды?
– ІІД ЖПБ қызметкерлерінің рейд барысында әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 461 бабының 2 тармағына сәйкес, 70 көлік жүргізушіге тиісті шара қолданылды. Заң бойынша, тәртіпке сай тіркеуге тұрмай, көлік жүргізген азаматтарға 10 айлық есептік көрсеткіш, яғни 18 520 теңге көлемінде айыппұл салынуға тиіс. Соған сәйкес, анықталған тәртіп бұзушыларға жалпы сомасы 1 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.
Нәзира САЙЛАУҚЫЗЫ
,
Осы жоспарға сәйкес отыз сегіз заңды тұлғаның, он бірі – 2014 жылы, жетеуі – 2015 жылы жә н е ж и ы р м а с ы 2 0 1 6 ж ы л ы жекешелендіруге беріледі.
Толық ауқымда жекешелендіру оң нәтиже берері сөзсіз. Өйткені, жергілікті атқарушы органдар бейінсіз активтер мен негізгі қызмет бағытына қатысы жоқ міндеттерді атқарудан босайды. Сондай-ақ, коммуналдық кәсіпорындар саны да қысқарып, сол арқылы жергілікті
Ойын барысын баяндасақ, Хабаровск қаласынан келген команда оңайлықпен берілген жоқ . Негізгі уақытта есеп 2:2 болды. Қосымша таймда қарсыластар есепті өзгерте алмады. Сөйтіп, бұл ойынның жеңімпазы матч соңындағы буллит соғумен анықталды. Бұл сында алаң иелерінен Най-джел Доус мергендігімен танылып, екінші ойында қатарынан «Барыстың» ұпай қоржынын толтыруға септігін тигізді.
Ал, кеше «Барыс» Владивосток тың «Адмирал» командасымен кездесті.
Ертең «Витязь» командасын қабылдайды. Матч «Қазақстан» спорт сарайында сағат 19.00-де басталады.
Ғалым ҚОЖАБЕКОВ
атқарушы органдар қызметінің тиімділігі артады. Бұған қоса, қала экономикасындағы осыған дейін мемлекеттің қатысуымен құрылған кәсіпорындардың орны босап, шағын және орта бизнестің дамуы-на қосымша серпін береді. Со-нымен қатар, мемлекеттік мүлікті сату арқылы бюджетке қосымша түсім түседі.
Қ а з а қ с т а н Р е с п у б л и к а -сы Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Жол дау ын-
д а ж е р г і л і к т і а т қ а р у ш ы органдарға стратегиялық мәнге и е е м е с кә с і п о р ы н д а р м е н қызмет көрсет у мекемелерін жеке меншікке өткізу туралы айтылған еді. Осыған байланыс-ты мемлекеттің қатыс у ымен құ рылған заңды т ұлға л арды бәсекелік ортаға өткізу баста-лады.
Қ а з і р г і у а қ ы т т а А с т а н а қаласының әкімдігі бәсекелік ортаға он бір комму на л дық заңды тұлғаны өткізді. Оларды жекешелендіруден бюд жетке 244,7 млн теңге қаржы түспек.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығымен қыркүйектің үшінші жексенбісі «Қазақ-стан халқы тілдерінің күні» деп белгі-
ленген. Осыған сәйкес республика көле-мінде қазақ тілін кеңінен насихаттау назарға алынып, жыл сайын Қазақстан халқы тілдерінің фестивалін өткізу дәс-
Басқосуды мұражай директоры Алма Алтыбаева сөз сөйлеп ашып, көпшілікті мерекемен құттықтады. «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ашылған бұл кешен екі гектар жерді алып жатыр. Мұнда еліміздің тарихымен де, мәдениетімен де танысуға мүмкіндік бар. Мұражай жәдігерлерінің қатарына жыл сайын әр өңірдегі жаңа нысандардың макеті қосылып отырады. Сонымен қатар, әр өңірдің кешегісін айшықтайтын ескерткіштердің өзі үлкен маңызға ие екенін айтуымыз керек.
Мерейтойымызға орай, астаналықтар арасында патриоттық, отансүйгіштік сезімді қалыптастыра түсу мақсатымен түрлі шараларға ұйытқы болуды жоспар-лап отырмыз. Мұражай төрінен «Қазақ үйін» ашуымыз осы сөзімнің куәсі дер едім. Сондай-ақ, әрбір қонағымызға ұлттық тағам дарымыздан дәм татуға да жағдай жасамақпыз. Үш жылдан кейін елордада өтетін «ЭКСПО» халықаралық көрмесіне арнап павильон ашу да ойы-мызда бар» деді Алма Қуандыққызы.
Жиын барысында ақын, Сәкен Сейфул-лин мұражайының директоры Несіпбек Айтұлы, сатирик Көпен Әмірбек, Мәжіліс депутаты Галина Баймұқанова және
-
-
Алдымен барған мекемеміз – ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы болды. Бұл мекеменің мәжіліс залында орналасқан Елтаңбаның жасалуы белгіленген стандартқа сай болмай шықты. Әрі ректордың кабинетіндегі Мемлекеттік Туды да тексерушілер дұрыс орна-ласпаған деп тапты. Мекеменің бірінші басшысына ескерту хаты берілді. Аталған кемшіліктерді олар бір күннің ішінде жөндеуі тиіс. Себебі, Үкіметтің қаулысы бойынша, ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын ауыстыру бір жұмыс күнінің ішінде жүзеге асырылуы керек.
Бұдан кейін Астана қаласы бойынша Жылжымай-тын мүлік орталығына жол тарттық. Бұл мекеменің маңдайшасында тұрған Елтаңбаның өңі кетіп, мүлде қарайып кетіпті. Ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Гүлжан Елубаеваның айтуынша, елдігімізді айшықтайтын мемлекеттік рәміздерге әр азамат, әр мекеме құрметпен қарауға тиіс. Егер мекемеде ілінген рәміздер бүлінсе, өңі кетсе, дереу жаңасына ауыстырылуы керек. Көнерген нұсқасын көрінген жерге тастауға болмайды. Қолданылған Мемлекеттік Ту аяқ астында қалмас үшін өртеу жолымен жойылуға тиіс.
Ал, Есіл-бассейндік инспекциясы мекемесіндегі мемлекеттік рәміздерді қолданылу барысы мүлдем заңға сәйкес келмейді. Тіпті, мекеме басшысының кабинетінде қойылған Тудың бір жағы ғана көк болып шықты.
Заң бұзушылыққа жол берген барлық мекеме бас-шыларына арнайы ескерту жасалып, хат жолданды. Олар бір жұмыс күнінің ішінде аталған кемшілікті жоюлары керек. Егер бұл талап орындалмаса, ма-териал Астана қаласының сотына жіберіледі. Егер заң бұзушылық расталса, мекеме 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл төлеуі мүмкін.
Қымбат НҰРҒАЛИ
түрге айналды. Елордамыздағы биылғы XVI қалалық фестивальдің ашылу салтана-ты 5 қыркүйекте «Астана» ұлттық сурет галереясында өтті.
Бұл шараға зиялы қауым өкілдері, ҚР Парламент Мәжілісінің және Астана қа-лалық мәслихатының депутаттары, арда-герлер, мемлекеттік мекемелердің, ұлттық-мәдени орталықтар мен «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының, «Қазақ тілі» қоғамының, үкіметтік ұйымдардың басшылары, мектеп оқушылары мен ЖОО-ның студенттері, Астана қаласындағы 68\665 әскери бөлімінің құрмет-қарауыл ротасының сарбаздары қатысты.
Мемлекеттік тілдің мәртебесін асы-рып, қоғамдағы рөлін арттыру, қолданыс аясын кеңейту, ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған мерекелік концертке Қ.Қуанышбаев атын-дағы мемлекеттік академиялық Қазақ музыкалық драма театры әртістерінің қатысып, әдеби қойылымдар көрсетті. Бауыр жан Исаев, Маржан Арапбаева, Жаңабай Өтегенов сынды жас әншілер жиылған жұртшылыққа әсем әуен тарту етті. Сондай-ақ, «Наз» би театрының биші лері сахнада қазақтың көркем биін мың бұрала билесе, айтыстың ақтаңгер ақын дары Балғынбек Имашев пен Әсем Ере жепқызы айтысып, ұлтымыздың ұла-ғатын, жалпы қазақ руханиятының көкей-кесті мәселелерін жырларына арқау етті.
Қуат ҚИЫҚБАЙ
ы
ң кі
здің суға інің аңа
«АТАМЕКЕНДЕ» АШЫЛГАН«КАЗАК YЙI»
басқа да қонақтар сөз сөйлеп, «Атаме-кен» кешенінің қазіргі қоғамдағы мәдени-рухани маңызы, жайында ойларын білдірді. Көпшілік үлкен экраннан ашық аспан астындағы мұражайдың тыныс-тіршілігіне арналған бейнероликті тамашалады.
Дөңгелек үстел отырысы «Қазақ үйі» атты этно-ауылдың ашылу салта-натымен жалғасты. Үйдің іші ұлттық жәдігерлермен толтырылған. Астана қаласы Суретшілер одағының жаңа ны-санға арнап ұйымдастырған «Қазағым
– ұлы елім» атты көрмесі де айрықша әсер сыйлайды. Ондағы картиналар халық тарихы мен шежіресін, болмысы мен құндылығын көркем бейнелермен әспеттейді.
Мерекелік шаралар соңында көпшілік мұражайға экскурсия жасап, концерттік бағдарламаны тамашалады. Сонымен қатар, кешеннің белсенді қызметкерлері мен бірқатар БАҚ өкілдеріне Алғыс хаттар табыс етілді.
Асхат РАЙҚҰЛ
Ж ы л ы ж а й с а лу, о л ж е рд е өсірілген өнімдерді халыққа та-рату қыруар жұмысты талап етері сөзсіз. Жеке кәсіпкер Болатбек Жолановтың бір жыл бұрын жер сатып алып, биылғы жаз жартылай құрылыс жұмыстарын жүргізген 2,7 гектар жерінде 8 бірдей жылы-жайы жұмыс істеп тұр. Күніне қияр мен қызанақты қоса есептегенде 350-420 килограмм өнім беретін жұмыс орнында 34 адам қызмет етеді.
Ж ы л ы ж а й д а н ж и н а л ғ а н өнімдер ешқандай алыпсатар мен дел да л дарсыз базарға т ікелей жеткізіледі. Кәсіпкер сөзіне се-нер болсақ, сұраныс мол. Себебі, б ұ л же рде ө с і р і л ге н ө н і м де р автоматтандырылған қондырғысыз, ешқандай химиялық қоспасыз, тек күннің қуатымен, қара топырақтың құнарымен мерзімінде пісіп жетіледі. Шаһардың шалғай шетіндегі жылы-жайда израильдік тамшылатып суару технологиясы қолданылады. 5200 шаршы метр аумақтағы өсімдіктерді суару үшін 5 күнде 10 тонна су жұмсалады екен.
Бұл істі Болатбек Жоланұлы осыдан он жыл бұрын ойға алған
Осынау науқан кезінде ақша мен бағалы қағаздарды, заңды т ұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесін, басқа адамға рәсімделген және Қазақстан аумағынан тыс жердегі жылжымайтын мүліктерд і
заңдастыруға болатынын айтқан вице-ми-нистр алымды жария ету үшін алым сомасын аударуға бюджеттік сыныптауыштың арнаулы коды ашылғанын хабарлады. Код нөмірі – 206110.
Мүлікті заңдастыру үшін қажет бола-тын құжаттардың тізіміне тоқталған ол мүлкін заңдастырғысы келгендер жергілікті әкімдіктерде құрылған арнаулы комиссияға өтініш беру қажеттігін еске салды. Оған қоса, жеке куәліктің көшірмесін ұсынуы тиіс.
Жылжымайтын мүлікті жария еткен жағдайда, нысанның құ рылыс нормала-ры мен қағидаттарына сәйкестігі туралы сарапшының аттестатталған қорытындысы болуы қажет.
Қазақстан аумағынан тыс жерде орналасқан мүлікті жария ету үшін азаматтар Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұрынғы Салық комитеті) аумақтық бөлімшелеріне барғандары жөн.
Ал, жарғылық капиталда қатысу үлесі
үшін – құқық белгілеуші құжаттың нотариус куәландырған көшірмесі, бағалы қағаздарды жария ету үшін – меншік құқын растайтын құжаты, мүліктің сатып алынғанын немесе бағалау құнын растайтын құжаты, мүлікті жа-рия еткені үшін алынатын алымның төленгенін растайтын құжаты болуы керек. Ақшаны заңдастырғысы келгендер екінші деңгейлі банктер мен «Қазпоштаға» баруы қажет.
Брифингте сөз сөйлеген әділет министрінің орынбасары Бақытжан Әбдірайым акция ая-сында еліміздің әділет органдары жүргізіп жатқан жұмыстармен таныстыра келе, заңға қатысты ең жиі қойылатын сұрақтарға жа-уаптар дайындап, «Электрондық үкімет» порталына жолдағандарын жеткізді.
Еске сала кетейік, мүлікті жария ету-ге өтінішті қабылдау – 2015 жылдың 15 қарашасына дейін, ал капиталды жария ету 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасатын болады.
Қымбат НҰРҒАЛИ
Фл о р и д а ш тат ы н ы ң О рл а н до қаласында іссапармен жүргенде жылыжайда бақша баптаудың қыр-сырымен танысады. Алғашқыда аязы ақырған, қысы қытымыр, жазы жай-сыздау Арқаның төсіне жылыжай салу өзінің де, жақындарының да сенімсіздігін тудырады. Бұл жерге шалғай жерден тонналап топырақ тасу, көкеністі мелдектете суару бастапқыда ауырға соққанымен, ерінбей еңбек етуінің еш еместігін, қарекетінің халыққа қажеттігін ұғып, өз қаражатына құ рылыс жұмыстарын жүргізіп, талмай та-
лаптанады. Бүгінде сол табан ақы, маңдай терінің жемісін жеп жатқан жайы бар.
«Мұнда негізінен Голландиядан әкелінген қызанақтың «Мая» атты ерекше түрі өсірілуде. Қызанақтың ерекше түрі бір маусымда, яғни, үш айда 2 метрге дейін өсіп, әр түптен 10-12 килог рамм өнім беред і . Келесі маусымда орнына басқа көшет отырғызылады. Үздіксіз өнім алу науқанын ойластырып жатырмыз. Келесі жыл дың та-мызына дейін осындай он шақты жылыжай саламыз. Алдағы уақытта
тағы басқа да жылыжайларды іске қосып, лимон, құлпынай секілді жеміс-жидектерді өсіру ойымызда бар. Қызанақ пен қияр өсірілетін ж ыл ыжайл ар санын арт ырып, Ас тана х а л қ ын ж ыл он екі ай бойы жеміс-жидекпен, көкөніспен қ а м т а м а с ы з е т і п о т ы р ғ ы м ы з келеді» дейді Болатбек.
Оның айтуына қарағанда, жы-лыжай өнімдері қара халықтың қа лтасы көтерет індей орташа бағамен базарға шығарылады. Ал түскен пайда бөлігі жылыжайда жұмыс істейтін жұмысшыларға
үлесті түрде бөлінеді. Болашақта барынша бейіл д і жұ мыс іс теу ү ш і н м е м л е к е т т а р а п ы н а н көмек көрсетілсе, ойластырған шаруаларының алға басатынына бек сенімді екенін де жасырмады.
Біздің қала тұрғындары үшін м ұ н д а й б а с т а м а н ы ң а у а д а й қажет тігін айт тық . Осы кү нге дейінгі ат қарыл ған жұ мыс тар к е л е ш е к т е б е л г і л е г е н м о л мақсаттардың бір бөлігі ғана. Күз мезгілінде алыс-жақыннан алып-сатарл ар арқ ыл ы жет кізілет ін жеміс-жидек пен көкөніс бағасы көптің көкейінде жүрген түйткілді мәселе. Біздің айтпағымыз, «алыс-т а н а р б а л а ғ а н ш а , ж а қ ы н н а н д о р б а л а н ы ң » жо с ы ғ ы м е н ө з өңіріміздің құнарлы топырағында қаулап өсіп-өнген өнімді тұтынсақ, саннан да, сападан да ұтылмас едік.
– К ө р г е н і к ө п , е с т і ә ң г і м е тыңдағымыз келгенде сіздерді төңіректеп отыратынымыз рас. Астанада ат төбеліндей ғана ақылшы ағаларымыз бар екенсіздер. Сіз сол зиялы қауымның алдыңғы легімен 2000 жылы елордаға қоныс тептіңіз. Ел тарихын былай қойғанда, қала тарихы көз алдыңызда өтіп жатыр.
Осы қала сіздің өміріңізге қандай ықпалын тигізді?
– Расында, Астанаға көшіп келгеніме биыл, міне, он төрт жыл болыпты. Содан бері не бітірдім, не істедім?.. Өзім де оңашада осылай жиі ойланам. Әрине, қыруар жұмыс атқарылды... Оны Қайрат Жұмағалиевтің маған арнаған екі өлеңінен аңғаруға болады. Бірін 2001 жылы жазыпты:
Отырмын өзім жайланып,Бекіндім осы ойға анық.Бірте-бірте АстанаБарады «Мырзатайланып», -
депті... Айтса айтқандай, Астанаға келе сала Еуразия ұлттық университетінің де, Астананың да мәртебесіне айтарлықтай жұмыс атқардық. 2008 жылы туған күнімде Қайрат ақын тағы да:
Өзің деп жүрегімді жырлатайын,Атыңды туған елмен бірге атайын.Ұлтыңды ұлықтаған қайраткерсіңДүние тұрғанша тұр, Мырзатайым, -
депті. Қайран Қайрат-ай! Әппақ, ақ көңіл, кіршіксіз, жаны таза адам еді ғой! Осы бір өлең жолдарында қазақтың атақты ақыны Қайрат Жұмағалиев менің Астанаға, туған еліме, ұлтымызға деген кіршіксіз көңілімді анық жеткізген тәрізді.
– Біз көп жағдайда жанымызда жүрген жақсы адамдарды бағалай алмай жатамыз. Өмірден өткен с о ң т ұ л ғ а н ы ң б о й ы н д а ғ ы с ы м е н о й ы н д а ғ ы с ы н с а р қ ы п алмағанымызға, көбірек әңгімелесіп, тереңірек танып үлгермегенімізге өкінеміз. Осылай талай жақсыдан қол үзіп, алдыңғы ізден көз жазып қалып жатқанымыз рас. Сіз қалай ойлайсыз, рухани сабақтастықты жалғау үшін бүгінгі уақта не істеуге болады?
– Қазақтың тірісінің бәрі жаман, өлісінің бәрі жақсы. Біз жанымыздағы жақсыны тірісінде бағалай білгеніміз ж ө н . Ө з б а с ы м т ә л і м б е р г е н ұстаздарымды ерекше бағалаймын әрі мақтан тұтамын. Менің университетте оқытушы болып қалғаныма себепкер болған бірден бір кісі – адамзаттың бағына туған ұлы жазушы Мұхтар Әуезов. Сол кісі біздің курсқа үш жыл қатарынан лекция оқыды. Ондай курс ҚазҰУ-дың тарихында болған емес. Бірінші курста Мұхаң қазақ халқының ауыз әдебиетінен, екінші курста «Абайтану» мен қырғыздың Манасынан лекция оқыды. Үшінші курста КСРО халықтары әдебиетінен сабақ берді. Осы күні ойлаймын ғой, сол кезде қолымызда қазіргідей дикта-фон болса, ұлы ұстаздың лекцияларын жазып алсақ, келешекте тозбайтын, көнермейтін, таптырмайтын рухани азық болар еді. Әуезов лекция оқығанда аузымызды ашып тыңдайтынбыз, әттең, лекциясы жазылмай қалды. Жазушы кез келген жиында төрде отырып, сөйлеп жүрді. Олар да жазылмады, сақталмады. Өйткені, құрал болған жоқ. Өкінішті-ақ. Сол секілді кезінде Өзбекәлі Жәнібековпен бірталай жыл қызметтес болдық. Ол кісінің өзгелер біле бермейтін бір қасиеті – сөзге ше-шен еді. Әңгімешіл кісі еді. Алматының тарихын керемет білетін. Жырдай қылып айтқанда, аузыңды ашып
АСТАНАДАН АБАЙ М]МЫРЗАТАЙ ЖОЛДАСБЕКОВ:
тыңдайсың. Сол кісіге: «Өзеке, сықиып галстук тағып, қызметпен жүре береміз бе? Сіз білгенді өзгелер біле бермейді. Алматы, Алматының адамдары, зиялы-лар туралы әңгімелеріңізді цикл-цикл қылып студияға жаздырып қоя берсек қайтеді» дедім. Және талай айттым. Сонда Өзекең: «Сен қайдағыны ай-тады екенсің, оған уақыт қайда?» деп ренжитін. Міне, сол әңгіме Өзбекәлінің өзімен бірге кетті. Ол кезде телеарнаны марқұм Сағат Әшімбаев басқаратын. Бұл мәселені Сағатқа да тапсырған едім. Тележурналистер асай-мүсейін арқалап талай келді. Оларға да: «Менен басқа жұмыстарың жоқ па?» деп, жолатпап-ты... Осындай-осындай олқылықтың орнын толтырайын деп 2000 жылы Еуразия университетіне ректор болып келгеннен кейін бір жұмысты бастамақ болдым. «Патриоттық тәрбие ке-рек, сендер патриот болуларың ке-рек» деп айта бергеннен біз жастарға патриоттық тәрбие бере алмаймыз. Соны іспен көрсетсек дедім. Сөйтіп, құны екі жарым миллион доллар тұратын үлкен телестудия кешенін алып, жастардың студиясын ашқым келді. Университеттен хабар түсіріп, елге таратып, жастардың тәрбиесімен айналыссақ дедім. Телеарналардың бірімен ортақтасамыз деп жоспарладық. Бірақ ол көп уақыт, көп күш-жігер талап ететін жұмыс еді. Сондықтан, университеттің ішкі өз студиясына айналдырдық. Кейін Ақселеуді қасыма
алған соң есебін тауып, елордаға келген көргені көп, зиялы, қайраткер азамат-тарды студияға шақырып, әңгімесін жаза берейік деп шештік. Олардың өмір туралы, бүгінгі қоғам, ұлт, заман туралы тебіреніс, толғаныстарын түгел жазып алып отырсақ дедік. Сөйтіп жүргенде қалаға Әбдіжәміл ағамыз келіп қалды. Әбең өзі анау-мынауға көне бермейтін адам ғой. Одан бір тележурналистің жеті минөт сұхбат алдым дегенін естіген емеспін. Әбекеңе хабарласып халін сұрадым. «Қалада қанша күн боласыз?» дедім. Ол кісі емханада жататынын айтты. Артынан емханаға бардым. «Әбе, ешкім сай-тан емес, кеше өзіңізге қамқорлық жасаған, еліміздің бағына туған Әуезов, Мүсірепов, Мұқанов, Әбділдә ағамыз – бәрі кетті. Артында кітаптары ғана қалды. Өз бейнелері, ойлары, кейінгі ұрпаққа айтар өсиеті, ақылы жазылма-ды. Мен бір студия аштым. Соны сізден бастайын деп отырмын. Сіз келісім беріңіз, мәшине жіберемін. Ақселеу қасыңызда отырады. Шаршасаңыз, қоя қоямыз. Сіз өз аузыңызбен тебіреніп отырып, өзіңіздің өмірбаяныңызды айтыңыз» дедім. Әбекең бірден көне қоя ма, алдында көнбеді. «Не керегі бар» деді. Денсаулығын сылтауратты. Бірақ қанша қырсығып бақса да қоймай отырып, ақыры көндіріп, бірнеше күн бойы Нұрпейісовті сөйлеттік. Ұмытпасам, бір апта бойы Әбдіжәміл Нұрпейісовті мәшинемен алып кетіп
жүріп, жеті жарым сағаттық әңгімесін жаздық. Тұлғаның өз сөзінің желісімен өмірбаяндық әңгімелер жаздым. Оны кейін «Асылдарым» дейтін кітабыма енгіздім. «Егемен Қазақстан» газетінің де алты санына жарық көрді. Содан соң кітап болып шықты. Сол тұста Мұхтар Құл-Мұхаммед мәдениет министрі еді. Әңгімелерді түгел оқып болғаннан кейін маған телефон шалды: «Мырзаға, сіз біздің журналистика, ру-ханият саласында төңкеріс жасадыңыз. Нұрпейісовтің жан-дүниесін аштыңыз. Біз білмеппіз, ол керемет кісі екен ғой. Осы жазба арқылы өзімен тұстас қазақ интеллигенциясының жай-күйі, біраз тұлғаның бейнесі ашылған» деді.
– Нұрпейісовтің бейнежазбасы қазір қайда?
– Өзімде.– Бір құндылықты сақтап отыр
екенсіз ғой?– Иә, заманында одан да құнды
нәрсеге айналады ғой деп ойлаймын.– Ал содан кейін басқа тұлғаларды
жаза алмадыңыз ба?– Жаза алмадым, өйткені, ол
қызметтен кетіп қалдым. Менен кейін оны жалғастырайын деген адам болған жоқ.
– Жалпы, ұрпақ тәрбиелеуде тұлғатану үлкен рөл ойнайды ғой.
– Иә.
– Осы тұлғаларға тоқталғанда біз олардың еткен еңбегіне, жеткен жетістігіне, өнеріне баға беруіміз ке-рек пе, әлде тұлғалық болмыстың бір қыры ретінде күнделікті тіршілігін, пендешілігін – бәрін-бәрін жасырмай жазуымыз қажет пе?
– Мұндайды Бельгер көп жазып жүрді. Содан кейін, естеріңде шығар, Қадыр Мырзалиев те жаза баста-ды, кітап қылып шығарды. Мен оны қолдамаймын. Қолдамайтыным – адам баласының бәрі пенде. Пенде болған соң оның істеген ісінің, сөйлеген сөзінің бәрі бірдей адамзатқа үлгі бола беруі мүмкін емес. Елге танылған тұлғалардың уақ-түйек әңгімесін қазбалап жүруді мен дұрыс деп есептемеймін. Мәселен, Әуезов адам баласы ғой. Әуезовтің отба-сы, туғандары төңірегінде әңгіме болма-ды дейсің бе? Болды ғой кезінде. Әуезов пен Мұқановтың қарым-қатынасы қандай болғанын біз де білетін едік қой. Ал енді осыны қазбалаудың қандай қажеті бар?.. 2001 жылы мен, Ақселеу, Қойшығара – үшеуміз бірігіп, «Елтұтқа» дейтін кітап жаздық. Неге жаздық ол кітапты? Оқулықтар бар еді. Бірақ олардың ең үлкен кемшілігі – қазақ халқының тарихын саясатқа айналдырып жүрді. Ол кеңес заманы-нан, империя заманынан сіңіп қалған біздің қателігіміз еді. Ал өркениетті елдердің бәрі сүйенетін тәжірибе бой-ынша, ұлттың тарихын, елдің тарихын жасайтын – тұлғалар. Ол кітаптың
атын «Елтұтқа» болсын деп, Ақселеу тапты. Кешегі ғұндар заманынан бергі елімізге тұтқа болған, осы елді, байтақ ұлы даланы басқарған, мемлекет құрған, оның руханиятына өлшеусіз еңбек сіңірген, қол бастаған, сөз бастаған ірі-ірі қайраткерлердің көбін біз осы кітапта қамтуға тырыстық. Сол кітап 2002 жылы еліміздегі ең көп оқылатын кітап аталды. Жер-жерден ел сұрап қоймаған соң ол кітапты өткен жылы қайта шығардым.
Сондықтан, кез келген жер-ден сығалап, кемшілік іздеп, белгілі тұлғалар төңірегінен әңгіме шығарғысы к е л г е н д е р д і к і н м е н д ұ р ы с д е п есептемеймін.
– Сіз Еуразия университетінде р е к т о р б о л ы п о т ы р ғ а н т ұ с т а Күлтегін ескерткішінің көшірмесі ә к е л і н д і . С о н д а ғ ы к ө з д е г е н мақсатқа жеттіңіздер ме? Күлтегін ескерткішін ұлттық идеологияның, тәрбиенің қайнарына айналдыра алдық па?
– Еліне, халқына адал қызмет етіп жүрген ініміз Иманғали Тасмағамбетов Президентпен келісіп, Моңғолия жақпен тіл табысып, 2001 жылы сонау шалғайдағы Күлтегін ескерткішінің көшірмесін алып келді. Ондағы мақсат не? Күлтегін кім бұл? Ол – кешегі әлемді аузына қаратқан, үш ғасыр дүниенің төрт бұрышын биле-ген Түрк қағанатының қолбасшысы. Ол – құлдырап, қаусап қалған Түрк қағанатын қайта көтеріп, қайтадан үлкен мемлекетке айналдырған атақты ел билеуші Құтлық (Елтеріс) қағанның баласы. Ал Түрк қағанаты – түрік халықтарының мемлекеті, соның ішінде біздің, қазақ халқының тікелей ата-
бабаларының қағанаты еді. Демек, Күлтегін қазақ халқының байырғы замандағы ірі тұлғасы, қолбасшысы еді. Сондықтан, оның ескерткішін әкелудегі мақсат, біріншіден, жастарға патриоттық тәрбие беру болса, екіншіден, тарихымыздың түпкі басы қайда жатқанын дәлелдеу еді. Сол үшін Күлтегін ескерткішінің көшірме нұсқасын әкеліп, университетіміздің қақ төріне орналастырдық. Оның бағасын біліп, Елбасымыз өзі келіп, ескерткішті ашып берген болатын, оны өзің де білесің.
– С о л е с к е р т к і ш б і з д і ң идеологиямыздың тұтқасына айна-ла алды ма?
– Күлтегін ескерткіші келгеннен кейін «Түркі өркениеті» деген үлкен халықаралық конференция өткіздік. Сол ескерткіш тұрған залдың қабырғасын айнала Күлтегін жырынан үзінділер жазғызып, Түрк халықтары жазуының тарихы музейін ашқан жоқпыз ба?! Университеттің бірінші курсына қабылданған студенттердің сол музейден өтуі міндеттелді. Сту-денттерге Күлтегін, түркі тарихы туралы лекция тыңдатуды жолға қойдық. Оның бәрі қазір қаншалықты жүзеге асып жатқанын білмеймін. Бірақ өз заманында осы ескерткіш арқылы жастарға тарихын ұқтырып, рухын оятуға қыруар жұмыс жасалды. Мен жалпы бұл ескерткіш босқа тұр деп ойламаймын. Күлтегін ескерткіші
бүгінде еліміздің айбарына, халқымыздың рухына айналды.
– Жуырда Президентіміздің патриоттық тәрбие беру үшін тари-хи фильмдер түсіруді міндеттегенін білесіз. Осы жайында не айтасыз?
– Біз тұтас тарихы жазылмаған елміз. Ендігі жерде қазақ тарихы толық, тұтас жазыла қояды деп ойламаймын. Өйткені, қазіргі тарихшылардың көбі қазақ тарихының белгілі бір кезеңдерімен ғана айналысады. Ал тұтас қазақ та-рихын анық білетін, соны тұтас жаза алатын адамды қазір мен көріп отырған жоқпын. Мұндай игілікті істі атқара алатындардың ең соңы – Бекмаханов еді. Бекмахановқа жаздырған жоқ. Са-ясат жаздырмады. Империя қазақтың байтақ тарихын көрсеткісі келмеді, өткені жоқ ел деп көрсеткісі келді. Сөйтті де Қазақстанның тари-хын өзгелер жазды. Өзге ұлттың өкілдері айналысты онымен. Олар еуроцентристік бағытта жазды. Сондықтан, ол біздің шы-найы тарихымыз бола алған жоқ.
Империялық саясат Қазақты қ ұ р а ғ а н х а н д а р ы м ы з б е н билерімізді, ел қорғаған батыр-ларымыз бен ақын жыраулары-мызды, халықтың сөзін сөйлеген дана кемеңгерлерімізді өзімізге жау қып көрсетті. Біз соған амалсыз иландық. Сол шовинистік саясаттың кесірінен біз өз тарихымызға өзіміз ие бола алмай қалдық. Бұл, түптеп келгенде, нәрестені анасының уызынан айырғанмен бірдей еді. Басқаны айтпағанда, хандық заманы-нан да ұрпақты иландыратын ештеңенің қалмауы халықты тарихынан айыру, тұлдыр қылу саясатының салдары еді. Бұған ешбір қазақтың кінәсі жоқ.
Жириновский секілді сұрқиялардың сандырағынан, Путин секілділердің қазақтың мемлекеті болмаған дейтін сөзінен мен бүгін шошимын. Тегі бір, атасы бір Украинаны тас-талқан қылып жатқан елдің пиғылынан қорқамын. Қазақтың басына қайта бұлт төнбесін деп Аллаға мың қайтара жалбырана-мын...
– Сонымен, Мырзатай аға, сіз Астанаға келгелі он төрт жылдың жүзі болыпты. Ақселеу ағамыз «көз алдымызда орысқол Ақмола қазақи Астанаға айналып келеді» деп, жас-тарды жігерлендіріп отырушы еді... Сіздер де осы қаланың қазақтың ұлттық рухани ордасына айналуына көп еңбек сіңірдіңіздер ғой.
– Иә, рас, біз осында алғаш келгенде қызметті Еуразия университетінен бастаппыз. Ол тұста бұл оқу орны пе-динститут пен құрылыс институтының қосылуынан құрылған, әлі жоғары оқу орнының дәстүрі қалыптаспаған мекеме екен. Бір-екі жылдың ішінде мен осы университеттің деңгейін көтердім. Сол университеттің деңгейімен бірге Астананың ғылым, білім, интеллектуалдық деңгейі көтерілді. Мен осында жүзден астам Қазақстанның атақты ғалымдарын әкелдім. Екі жылдың ішінде 200-дей ұстазға пәтер бергіздім. Олар осында үлкен
ғылымның әр саласындағы мектептерін қалыптастырды. Бұл – бір. Екіншіден, Президент осы университетті ұлттық университетке айналдыру керек деп еді, мен жер-жерден қазақ руханиятын көтеретін азаматтарды шақырдым. Олардың басы Ақселеу болды, оны білесіңдер. Көптеген мамандар келді. Астанада айтыстың деңгейін көтердім. 2001 жылы халықаралық айтыс өткіздім. Содан кейін университетте қазақтың руханиятын көтеретін бірқатар мамандықтар аштым. Мысалы, айтыс ақындарын даярлайтын бөлім аштым. Оны терең зерттейтін зертхана аш-тым. Оған жер-жерде айтысып жүрген жас талапкерлерді жинадым. Қазіргі айтысып жүрген жастардың көбі осы Еуразия университетінен шықты. Бірақ
мен кеткеннен кейін айтыс мамандығы да, зертхана да жабылды... Еуразия университетінде Түркология кафедра-сын аштық. Орхон ескерткішінің толық атласын, Батыс Түрк қағанатының атласын шығардық. Соның нәтижесінде Еуразия университеті Қазақстандағы түркология ғылымының орталығына айнала бастады.
– Ақселеу ағамыз айтқандай, «үш ғасыр толғатқандағы» атлас па?
– Иә, Ақселеу марқұм тұсаукесерде:
«Осы атласқа түркология ілімі үш ғасыр толғатты» деп еді. Бұл екі атлас та түркітануға қосылған өте елеулі еңбек болып шықты.
Жалпы, Астана бүгінде ғайыптан пай-да болған қиял қаласы секілді, аз уақыттың ішінде әлемді таң қалдырып отыр. Бұл – Назарбаевтың көрегендігінің, көзсіз батырлығының нәтижесі. Аз ғана жылдың ішінде осындай Астана салған елді әлемнің тарихы білмейді. Біз Астанамызбен мақтана білуіміз керек. Астанаға тік тұрып қызмет ету – кез келген астаналықтың, қазақстандықтың парызы. Көптің бірі ретінде мен де солай қызмет етіп келемін. Кезінде Еу-разия университетіне мектепті «Алтын белгімен» бітіргендерді жинап алып келген едім. Қазір «Алтын белгімен» бітіргендердің тең жартысы осы оқу ордасына келіп түсіп жатыр. Жақсы дәстүр жалғасын табуда. Бұл үлкен бақыт деп ойлаймын.
Тағы бір айтқым келгені, «Бәйтерек» монументі ашыларда, Ақселеу екеуміз бәйтерек туралы аңызды жазып бер-ген едік. Ал 97 метр биіктіктегі, яғни Бәйтеректің ең биігіндегі «аялы алақан» Ақселеу марқұмның идеясы болатын. 2005 жылы қазақ тарихындағы тұңғыш Ақорда ашылғанда Әбіш, Ақселеу үшеуміздің атымыздан сөз сөйлеп, бата берген едім.
Қайбір жылы Президентке: «Біздің тарихымыз жазылмады. Ең болмаса, тәуелсіздік алғаннан бергі тарихы-
мызды жүйелеп, жаза берейік те» деп, ұсыныс айтқан болатынмын. Өйткені, қазірдің өзінде тәуелсіз елімізге қатысты көп нәрсе жойылып бара-ды. Кітапханаларға барып, қарасаңыз, газет-журналдарымыздағы ең қажетті, сақталуға тиіс деген тұстар ойылып-ойылып алынған. Жастар өзіне керекті мақаланы газеттен жыртып алып, қоймай жатыр. Сондықтан, көп нәрсе жойы-лып кетпей тұрғанда Қазақстанның тәуелсіздік шежіресін жасауға кірісу керек деп едім. Елбасы қолдап, қазір сол кітаптың 40 томы шықты. «Нұр Отан» партиясы Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығында әдейі ырым қылып, сол шежірені облыстарға таратқызған бола-тын. Биыл, құдай қаласа, сол шежіренің тағы он томын шығарып, жалпы елу
томдықтың тұсауын кескелі отырмыз.Одан кейін тағы бір біткен іс, Аста-
надан үлкен қақпа ашамыз, оны қалай атаймыз деп бізді шақырғанда: «Мәңгі ел босағасы» болсын деген едім. Өйткені, Түрік қағанатын тұрғызған Бу-мын бабамыз бен Естеми бабамыздың арманы Мәңгі ел орнату болатын. Сол кездесуде Несіпбек пе, Төлен бе – біреуі «мәңгі» деген сөздің екінші мағынасы бар ғой, одан да «Мәңгілік ел» болсын
деді. «Мәңгілік ел» ескерткішіне де со-лай үлесімізді қостық. Таяуда ашылған ұлттық тарих музейінің алдындағы субұрқақ жанындағы сақ көсемдері ескерткішінің де авторы менмін.
Құдайға шүкір, Астанаға қызмет істеп жүрміз, жиындарға қатысып тұрамын. Бала-шаға жанымда, үйіміз Есілдің жағасында. Астанада екі шөберелі болдық. Екеуінің атын Әлихан, Елхан деп өзім қойдым. Аға деп, әлі ел іздеп тұрады. Бұдан артық қандай бақыт керек адамға?! Осы қалаға келгелі біраз кітаптарым шығыпты. «Сөзді ұғатын кез келді», жаңағы «Елтұтқа», атлас-тар. Одан кейін «Асылдарым» деген кітабым шықты. Сегіз томдық жинағым басылып, жарық көрді. Екі күй, біраз әндер шығардым.
– «Ұлбике» пьесасын жаздыңыз.– Иә, «Ұлбикені» жазып, сахналадық.
Осының бәрі де – аяулы Астананың шапағаты.
– Бұл қала, расында, сіздің жемісті шығармашылық өміріңізге арқау болып отыр екен. Ендігі арманыңыз қандай? Нені аңсайсыз?
– Осы ұлы далада арғы-бергі заманда мектеп те, университет те, академия да болмаған. Бірақ әрқайсысы бір өзі мектеп, бір өзі университет, бір өзі ака-демия бола алатындай даналар туған. Мәселен, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Абай... Кешегі өткен Мұқағали... Қазақ табиғатынан шешен халық, көсем халық, айтқыш халық, тапқыш
халық. Біз осы шешендігімізден айырыла бастадық қазір. Тіліміз шұбарлана бастады. Теледидардағы бағдарламаларды қарап отырсаң байқайсың, жаңа сөз жасаушылар көбейді. Бұнымен әсіресе журналис-тер әуестенуде. Тіл, сөз ғасырлар бойы қалыптасады. Абай болу керек.
Жалпы, мен жаңа заманның Абайы туса екен деп армандаймын. Туады деп ойлаймын. Қазақтың бұрынғы ұлы қасиеттерін, шешендігін, көсемдігін, даналығын, ақылдылығын сақтап, ары қарай дамыту үшін не керек? Төле бидің мектебі керек. Абай мектебі керек. Сондай екі мектеп Астанадан ашылса деймін. Егер осындай қазақтың игі қасиеттерін кейінгі ұрпақтың бойына дарытуға жұмыс істейтін
даналық мектебі ашы-лар болса, мен бар, Әбіш бар, Төлен бар – бәріміз сонда жүрер ме едік. Балаларға білгенімізді ай-тып, үйретіп, даналыққа, көсемдікке, шешендікке баулысақ, қанеки. Қазіргі ең үлкен арманым – осы.
– Б і з , ж а с т а р бойкүйездікке салынып,
кейде уақытты дұрыс пайдалана алмай жатамыз. Ал сіздің толқын, сіздің қатарластарыңыздың көбі жанталасып жұмыс істеп, қыруар тірлікке шырмалып отырады. Сіз де қай кезде сұхбат алсақ та, жаңа идея, жаңа ой айтып отыратын қалпыңыздан жаңылған емессіз. Осының сыры неде?
– Қазақта сөз бар ғой, «көре-көре көсем боласың, сөйлей-сөйлей шешен боласың» деген. Бұл өмірде көрген-білгенің артып, жасың ұлғайған сайын кейінгі ұрпаққа айтарың да артып, жаңа ойлар туа бере ме деп ойлай-мын. Мен өз басым, мысалы, отбасым үшін көп шаруа істемейтін адаммын. Кейде осы мен Отан үшін туған адам шығармын деп ойлаймын. Өйткені, шынымен де күні-түні ойлатыным елдің жайы. Бәріміз де солай ойлауы-мыз керек. Өйткені, тәуелсіздік, елдің болашағы жалғыз Президентімізге ғана керек емес, бәрімізге керек. Ел болашағы – бәріміздің ұрпағымыздың болашағы. Алғаш тәуелсіздік алған ала-сапыран жылдары Президентіміздің жанында болдым. Ел деп, жер деп, ол кісінің ұйқысының шала болып жүргенін көрдім. Біз де өз мойнымызға міндет артып, азды-көпті елге еңбек сіңіруге, қол ұшын тигізуге тырыстық. Алдына үлкен мақсат қойып, ұлы мұраттар ұстанған елде ешқашан шаруа бітпейді. Қазақтың кез келгені ұлтының қамын ойлауы керек. Адам болған соң, артыңда белгі қалу керек. Жатсаң жата бересің, «жалқау жатып семіреді».
Президентіміздің кешегі Ұлытаудың төрінде, Әулиебұлақтың басында отырып толғанғаны бәріміздің де жүрегімізді қозғады, тебірентті. Бұл шын мәніндегі қазақтың тізгінін ұстап, көшін бастаған кісінің қазаққа арнайы айтылған сөзі болды. Тарихи сөз! Елбасының жанайқайы! Қалың қазақ осы бір сөздің байыбына барып, түп тереңін түсінсе деп тілеймін. Өйткені, кешегі Әз Төледен, Қазыбек, Әйтеке билерден, Бұқар жыраудан, Абайдан кейін қазақтың санасына сіңіріп, арғы-бергіні, келешекті қамтып осылай айтқан өзге кісі болған жоқ. Елбасының өзін де тебіренткен, қалың қазағын да тебіренткен асыл сөздің қадіріне жете білсек екен деймін.
Жақында дастархан басында «Нұр Астана» мешітінің молдасы отырған елге уағыз айтты. Баршамыз ұйып тыңдадық. Тіпті, кейбір меймандар көңілдері босап, көздеріне жас та алды. Әңгіме арқауы – ата-ананы сыйлау, өмір берген осынау жандардың алдындағы өсіп келе жатқан ұрпақтың парызы мен қарызы жайында. Дін өкілі Құран Кәрімнен мысалдар келтіре ойларын әр сәт сайын түйіндеп, жетелі жанның санасына жетердей көп жайларды сөз етті
Ақша мен байлық қана мұрат бола бастаған бүгінгі заманның ең бір көкей-кесті мәселесі – Тургенев жазған әке мен бала, ана мен ұрпақ проблемасы екені даусыз. Оның ақиқаттығына қарттар үйіндегі көздері жәудіреп отырған қазақ қарияларын көргенде көз жеткізесің... Осыдан оншақты жыл бұрын елді дүр сілкінтіп, мұңайта қалған «Қара кемпір», «Қара шал» әндері неге екені белгісіз мүлдем айтылмайтын болды. Әсілі, бұл әндердің ата-ананың алдындағы қарыз бен парыз жайында ойлантатын, кейбір жаны қатыгез балаларға ескерту жасай-тын құдіретті күші бар еді...
К ә с і п к е р л і к п е н а й н а л ы с ы п жүргеніме жиырма екі жыл болды. Астанамен бірге есейіп, кәсібімді дөңгелетіп келемін. Өткен қыста біз көрші тұрғындармен бірге әжептәуір қиыншылық көрдік. Су келетін, кететін құбырлар тозып, тесілді, жылу келетін жүйе шіріп, жертөле қыстай бу мен ыстық суға толып, әбден есіміз кетті.
Көктем келе ПИК өкілін шақы-рып, бір-бірімізге қол дау көрсе-тейік деп меморандум жазып, соған қол қой дедім. Күнде «ертеңмен» арада екі ай уақыт өтті . Ақыры, мө рін баспады.
«Жазған құлда шаршау бар ма?» Біз тозған жылу жүйесінің бөлшектерін айырбастау үшін 200 мың теңгеге құбырлар сатып алдық. ПИК төрағасы оны өз күшімен айырбастауға уәде берді. Соңынан қалмай жүріп, онда
Еліміз, жеріміз – аман, тұрмысымыз – жақсы. Халықтың басым бөлігі не кием, не ішем демейд і . Жа лпақ тілмен айтсақ, «тамақ тоқ, көйлек көк, уайым жоқ». Дегенмен, қанша айтсақ та, арамызда тұрмысы нашар адамдар кездесіп жатады. Мысалы, көп балалы отбасылар, жұмысқа жа-рамсыз мүгедектер дегендей.
Менің Ш.Жетпісов деген көршім бар. Инсульт алып, бір аяқ, бір қолы-ның жаны кетіп, сал болып қалды. Қызы екеу і бір бөлмені жа л дап тұрады. Зейнетақысы – аз. Онысы комму на л д ық төлемдерге зорға жетеді. Міне, мұндайлар қоғам тара-пынан көмекке зәру.
Мен өзім Ұлы Отан соғысы арда-герімін. Ұлы Жеңістің 65 жыл ды-ғында Қазақс танның өнер кәс іп кор порациясының басшысы Кә дір-бек Мейрамбеков маған ай сайын 30000 теңге қосымша зейнетақы тағайындады және әлі күнге дейін алып келемін. «Жетім көрсең, жебей жүр, қол ұшыңды бере жүр» деген қазақ мақалы бар. Айтпақ ойым, қа ламыздағы қа лта лы, бақуат ты адамдар жоқ-жітіктерге көмек беріп жатса, нұр үстіне нұр болар еді. Біз-дің аз ғана қайырымдылық ісіміз – мұқтаж жандардың бір жыртығына жамау.
Сейілбек УСИН,Ұлы Отан соғысы ардагері
Менің күйеу балам Нұрболым мен оның туған ағасы Нұрланның әкелері Тұрсынбай құдамыз 75-тен асып, сыр-қаттанып, төсек тартып жатқанда ке-реметтей күткені бар. Осы екі ұлының әкесін жас баладай әлпештеп, нәрестедей баққанын көріп, көзіме талай жас кел-ген. «Шіркін, бала болсаң, осы екі аза-маттай бол» дегем тебіреніп. Нұрлан мен Нұрболдың әкелерін қажымай- талмай, ешбір қабақ шытпай баға білген азаматтықтары мен жоғары адамгершіліктері тағы бір жайларды қаперіме оралтқан... Жазушы Махмұт Қасымбеков туған анасы кәріліктен жүре алмай қалғанда, оны жас нәрестедей қолына алып көтеріп жүріпті... Әйгілі ақын Қайрат Жұмағалиевтің анасын қалай пір тұтқанын, қалай баққанын білуші едім. «Анасы бар адамдар ешқашан қар таймайды» деген жыр жолдары сол абзал ақындікі еді-ау... Аға ұрпақтың арасында ата-анасын тәңіріндей сыйлаған мұндай мысалдар жетеді... Әңгіме бүгінгі жастар жайында. Баршасын кінәлау жөн болмас, десек те, қарттар үйінде осы заманда қаракөз
қариялардың көбейіп кеткені солардың кінәсі демей көріңіз. Бүгінгі толқын неге қатыгез?! Мүмкін, мектепте, оқу орын-дарында ата-ананы сыйлау, құрметтеу жайында аз айтылатын болар. Жаңағы Қайрат молда секілді жиналған жерде әкені құрметтеу, ананы сыйлау жай-ында уағыздар көп айтыла бермейтін шығар. Жеткізіп айта алмай жүрген жай да бар шығар. Теледидардан ата-анасына қол салған, тіпті, өмірлерін қиып жіберген тасжүректер жайын-да да айтылып, көрсетіліп қалады. Жамандықты жариялаудың екі жағы бар. Бірі – аяныш, өкініш сезімдерін тудырса, екіншісі – «мұндай да бола-ды» дегенге саятын насихат іспетті. Кеңес дәуірінде қоғамдағы бұндай ке леңсіздіктер жария түрде айтылмай-тын. Мүмкін, санасыз жандарға теріс ұғымдар беретін осындай мысалдарды қалың елге айтудың қажеті болмас та. Таяуда республикалық газеттердің бірі «жерден жеті қоян тапқандай», туған қызын бір жыл бойына зорлап келген қазақ жайында жазды. Ұлтымыздың рухын түсіретін, жанын жүдететін мұндай оқиғаны қалың елге айтпаса да болар еді... Қазақтың қа нында жоқ надандықты, надандық емес-ау, айуан-дықты несіне жаңалық етті екен ол басылым... Ұрпақтың аза бас таға нын, мейірім мен адамшылықтың тоза бастағанын хабарлағысы келді ме?.. Ақылым – алтау, ойым жетеу болды...
Қадир-Аллаһ Құран Кәрімде ата-анасын сыйламаған, оны құрметтей алмағандарға кешірім болмасын ескертеді.
Мені қазақ секілді дегдар ұлттың қазіргі жас толқын перзенттерінің ата-ананың, үлкеннің алдындағы бо-рыштарын қасиеттей алмауы ойлан-тады, жанымды жүдетеді. Мүмкін, Парламентімізге «Ата-ананы сый-лау, бағу туралы» заң қабылдау ке-рек шығар. Сіз не ойлайсыз, ойлы оқырман?!
Смағұл РАХЫМБЕК,жазушы
қоймаға сыймай жатқан соң қалалық әкімдікке хабарластым.
да уәдені әзер алдым. Содан үш ай өтті. Шыдамның да шегі бар емес пе? Құбырлар
Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары Ри-шат Уәлиханұлы Тұрдыбеков келіп жиналыс өткізді. Әңгімемізді тыңдап, дұрыс шешім қабылдады. Жұмысын таза, сапалы атқаратын бригада бөліп, олар 7 күннің ішінде жылу жүйесін толық жөндеп берді. Қоймадағы бөлшектерді түгел жөнімен жұмсады. Осы-лайша, су келетін желіні бір бөлек, жуынды шығатын трассаның құбырын бір бөлек айыр-бастап берді. Бұл жұмыстардың бәрін «Астана су арнасы» мекемесі атқарды.
Былай қарағанда күнделікті қарапайым шаруа болғанымен, жоғарыдан басшылар нұсқау бермегенде жағдай қалай болар еді деп ойлаймын. Сондықтан, әр адам өз ісіне жауапкершілікпен қарап, қала игілігі үшін атқарылатын істе ұйымшылдық танытуы керек әрі мұндай шаруаларды бірлесіп шешкенде ғана іс нәтижелі болады.
Бейсембек ӘЛКЕНОВ, «Согласие-Келісім» ЖШС директоры
«Астана қаласы мәслихатының ап параты» ММ Астана қаласы мәс лихаты аппаратының мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Рес публикасының Заңы мен Ар-намыс кодексі нор ма ларын бұзу мәселелері бойынша хабарлау үшін сенім телефоны нөмірін хабарлайды: 55-66-35
Облыс аумағында тұратын кандидаттарға қойылатын жоғары талаптар шеңберінде, Астана қалалық сотында Қазақстан Республикасының жергілікті сотта-ры судьяларының бос қызмет орындарына орналасуға арналған конкурсқа қатысатын кандидаттардың араласатын ортасын, моральдық адамгершілік бейнесін айқындау мақсатында жиналыс өткізіледі.
Осыған байланысты, жұртшылықтың кандидаттарға қатысты өз пікірлерін білдіруге болатындығын хабарлаймыз.
Пікірлер мен ұсыныстарды Астана қаласы, Сауран көшесі, 32, Астана қалалық со-тына немесе Астана қалалық сотының www.astana.sud.kz сайтына жолдауға болады.
5915 28.10.2009
5916 28.10.2009
5917 29.10.2009
5918 30.10.2009
5919 30.10.2009
5920 30.10.2009
5921 30.10.2009
5922 - 02.11.2009
5923 03.11.2009
5924 03.11.2009
5925 03.11.2009
5926 03.11.2009
5927 03.11.2009
5928 04.11.2009
5929 04.11.2009
5930 04.11.2009
5931 - 04.11.2009
5932 - 04.11.2009
5933 04.11.2009
5934 05.11.2009
5935 05.11.2009
5936 05.11.2009
5937 05.11.2009
5938 05.11.2009
5939 06.11.2009
5940 06.11.2009
5941 - 10.11.2009
5942 10.11.2009
5943 - 10.11.2009
5944 10.11.2009
5945 10.11.2009
5946 10.11.2009
5947 11.11.2009
5948 11.11.2009
5949 11.11.2009
5950 12.11.2009
5951 12.11.2009
5952 - 12.11.2009
5953 13.11.2009
5954 13.11.2009
5955 13.11.2009
5956 16.11.2009
5957 16.11.2009
5958 17.11.2009
5959 19.11.2009
5960 - 19.11.2009
5961 19.11.2009
5962 20.11.2009
5963 - 20.11.2009
5964 20.11.2009
5965 20.11.2009
5966 20.11.2009
5967 23.11.2009
5968 23.11.2009
5969 23.11.2009
5970 24.11.2009
5971 25.11.2009
5972 25.11.2009
5973 26.11.2009
5974 26.11.2009
5975 26.11.2009
5976 30.11.2009
5977 30.11.2009
5978 30.11.2009
5979 - 01.12.2009
5980 01.12.2009
5981 01.12.2009
5982 02.12.2009
5983 - 02.12.2009
5984 02.12.2009
5985 02.12.2009
5986 02.12.2009
5987 02.12.2009
5988 03.12.2009
5989 03.12.2009
5990 03.12.2009
5991 03.12.2009
5992 04.12.2009
5993 - 04.12.2009
5994 07.12.2009
5995 07.12.2009
5996 07.12.2009
5997 07.12.2009
5998 08.12.2009
5999 09.12.2009
Астана қалалық ардагерлер кеңесі Ұлы Отан соғысы ардагері
Ысқақов Қойбағар Исақанұлын (13.09.1924 ж.) 90 жылдық
мерейтойымен шын жүректен құттықтайды. Зор денсаулық,
Астаналық мәдениет және дема-лыс саябағында ұйымдастырылған Олимпиада күніне 8000-ға жуық қала тұрғыны жиналды. Бұл атаулы күн бүкіл әлем елдерінде белсенді тойланады. Шара мақсатының бірі – олимпиадалық құндылықтарды құнттау, олар: достық, бірлік, жетістік.
Аталмыш шараны Халықаралық О л и м п и а д а к о м и т е т і н і ң қолдауымен ҚР Ұлттық олимпиада комитеті, Мәдениет және спорт
министрлігі және Астана қаласы Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы ұйымдастырды. Тарих-та алғашқы Бүкіл әлемдік Олимпи-ада күні 1948 жылы 23 мамырда өткізілген екен. Бастапқыда ма-рафон ретінде өткен шара кейін ауқымын кеңейтіп, бірнеше спорт ойындарын қамтыған.
О л и м п и а д а к ү н і н с а л т а -натты түрде мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ашып берді. Ол шараға қатысушыларды құттықтап,
ілтипатын білдірді. Өз сөзінде «Елімізде бұқаралық спорт түрлері жан-жақты жанданып келеді . Мемлекет мәртебесін, ұлт намы-сын айқындайтын көрсеткіш ол – спорт. Спорттағы жетістіктер әлем алдындағы беделімізді арт-тыра түсті. Спортқа ден қойған адамдардың көбеюі бізді қуантады» деді.
«Бүкіл әлем Олимпиада күнін атап өтіп жатыр. Біз сіздермен бірге Олимпиада тарихын жасаудамыз. Бұл шараға қатысуға достарыңызды шақырыңыздар. Қозғал, зертте, жаңалық аш! Спортпен өмір –
жарқын» деген ХОК президенті Томас Бахтың сөзін Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Виктор Абаимов жеткізді.
Олимпиада күні дәстүр бойынша жүгіруден жарыс өтті. 800 метр қашықтықта 8-11-сынып оқушылары мен колледж студенттері жүгірді. Қатысушылардың көптігінен әрбір оқу орнының оқушылары өзара сайысқа түсті. Орта есеппен шараға бір мектептен 30-40 шақты бала қатысты. Жеке жүгіру екі кезеңде, ұлдар және қыздар арасында ұйымдастырылды.
Мүмкіндігі шектеулі спортшылар 100 метр аралықта қоларбаға оты-
рып жарысты. Осы сайыста озық болған Құрбанәлі Әбуов мұндай шаралар мүгедек жандардың өмірге деген құлшынысын артты-ратынын айтты.
Ал, депутаттар, чемпиондар, журналистер және студенттер 1200 метрге жүгірді.
Жарыс жеңімпаздарына олим-пиада символикасы басылған фут-болка мен демеушілер сыйлықтары табысталды және ХОК Президенті Томас Бахтың қолтаңбасы бар сертификаттармен марапатталды.
Орынбек ӨТЕМҰРАТ
Елордамыздағы денсаулық сақтау басқармасы мен Саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығының бас тамасымен өткіз ілетін жыл сайынғы аталмыш акция жаппай жүгіруден бастау алды. Қажымұқан Мұңайтпасов пен Мағжан Жұмабаев көшелерінің қиылысындағы Ауған соғысы ардагерлерінің ескерткішінен бас талып, «Жерұйық» саябағында саябыр тапқан жаппай жүгіруге 4000-ға тарта қала тұрғындары белсене қатысты. Сондай-ақ, саябақ ішінен ашылған қалашықтарда медициналық мәселелерге қатысты сұрақтарына
тұрғындар мен қонақтар диабет пен басқа да ауруларға жедел тестер-ден өтіп, қан қысымдарын өлшетіп, ақпараттық білім беру материалдары-мен танысып, адам саулығына арналған ақыл-кеңестерге құлақ түрді. Бұл жерде тек қана медициналық немесе дене шынықтыру жаттығуларымен шектеліп қалмай, 200 адам флэшмобқа қатысты. Сондай-ақ, эстрада әртістерінің, көркемөнерпаздық ұжымдар мен мәдени орталық өкілдерінің өнерін тамашалады.
Саламатты өмір салтын ұстануға қоғамның, жастар мен егде тартқан адамдардың назарын аудару үшін респу-блика көлемінде ұйымдастырылатын осы акцияға өткен жылы 1,5 миллион адам қатысқан. Ал бұл көрсеткіш биыл одан да асып түсуі ықтимал.
«Әлеуметтік бағдарлама бойынша ұйымдастырылатын мұндай шара теріс әдеттерден, ретсіз тамақтанудан сақтандыру, семіздік ауруының алдын алу, өз денсаулығыңды сақтау, «ауы-рып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеу» амалы» дейді Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының
орынбасары Сәбит Әбдірайымов.1 9 9 9 ж ы л д а н б а с т а п
республиканың барлық ауданда-рында жастар мен егде жастағылар үшін жыл сайын аталып өтетін шынайы мерекеге айналған «Денсаулық фестивалі» саламат-ты өмір салтын, таңертеңгілік және өндірістік жаттығуды насихаттап, денсаулықты сақтау мәселелерінен хабардар қылу және спорттың әр түріне қызықтыру мақсатында алдағы жылы да жалғасын таба бермек.