Top Banner
Mұхитдин Исаұлы Иман мен дәстүр хикметтері Астана - 2013 1
84

Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

Feb 07, 2018

Download

Documents

leminh@
Welcome message from author
This document is posted to help you gain knowledge. Please leave a comment to let me know what you think about it! Share it to your friends and learn new things together.
Transcript
Page 1: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

Mұхитдин Исаұлы

Иман мен дәстүр хикметтері

Астана - 2013

1

Page 2: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

Исаұлы М. Иман мен дәстүр хикметтері. – Астана, 2013. – 84 бет.

Өмір мағынаға, мәнге айналғанда ғана адамзат тіршілігі өз жолынан адаспай қалыпты дамитыны әмбеге аян. Қалыпты даму үшін де адамға сенім керек. Қоғамымызда болып жатқан әртүрлі оқиғалар, кедергілер, сынақтар адамға сан түрлі ой салып, тіпті сенімге селкеу түсіретінін ескерсек, осы ретте қолдарыңыздағы еңбектің берері мол.

Кітап қалың жұртшылықтың жолдаған сауалдарына жауап ретінде жазылды.

2

Page 3: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

Алғы сөз

Бұл кітапты діни пәлсапалық ойлардың жиынтығы деп түсінген дұрыс. Яғни автор әлем, қоғам, адамды ислам көзқарасы бойынша түсіндіруді мақсат еткен. Бүгінге дейін біздің замандастарымыз дүниетануға материалистік көзқараспен қарап, соны жақтаушылардың сыңаржақ пкіріне иланып келді: Әлем өзінен-өзі жаралған, адам – материяның ең жетілген формасы, өмірдің барлық мақсат-мұраты бұ дүниеде ғана... деген тұғырсыз, тұрлаусыз түсініктердің, жүйесіз шиырынан адасты. Ал, мұндағы әр жеке тақырып сол қара тастай қатты, өлі түсініктерге жан бітіреді, біртіндеп жібітеді. Үмітсіз қалған қара-түнек ойлардың түбіне сәуле түсіреді. Себебі, мұндағы толғанған тақырыптардың негізі – хақ діннен бастау алған. Хақ діндердің көзі Ұлы Жаратушының өзінен бастау алады. Соңғы хақ дін – Ислам діні. Оның қайнар бұлағы - Қасиетті Құран екенін білеміз. Міне, Ислам философиясы илаһи дәнектен тамырланған, оның түгесілмес бұлағынан суғарылған, мәңгі қурамас өміршең көк терекке ұқсайды.

Қолыңызға алған осы кітаптағы әр сөз-сөйлемдерден сол саялы көк теректің жанға рахат әкелер жапырақ сыбдырын сезінгендей күйге бөленесіз. Аллаһтың барлығын дәлелдеген ойшылдар Фараби, Ибн Сина, Ғазали, Ибн Рушдтың жүрекке қона кететін әсерлі пікірлерін дәйек қылып, шабытпен жазылған «Ислам философтарының Жаратушы жайлы дәлелдері» атты еңбек басқа тақырыптарға баратын даңғыл жолды көрсетіп тұрғанға ұқсайды. Әр пенде баласының басты сауалы болған осы ұлы сұрақты автор өз халқымыздың данышпан перзенті хакім Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың Аллаһ Тағала хақында көзқарасы», «Абайдағы тағдыр мәселесі» деген тақырыптар Ислам дінін тіпті жанымызға жақындата түседі. Автордың «Сен жақсылық, жамандықты жаратқан – Құдай, ләкин қылдырған Құдай емес; Байлықты, кедейлікті жаратқан – Құдай, бай қылған, кедей қылған Құдай емес деп нанып ұқсаң болар, әйтпесе – жоқ» деген Абайдың сөзін алып, «иман саласы ғылымында бірнеше кітаппен түсіндіретін тағдыр мәселесін бірнеше сөзге сыйдырған бұл – Абайдың даналығы» деп жазған тұсы бар.

Кітапта атеизммен көкірек көзі байланған оқымыстыларымыз, дінді – мәдениеттің бір саласы деп, мұсылман парыздарын әншейін бір салт-дәстүр деп иландырмақ болатын қара дүрсін, қасаң түсініктерге де Құран аяттарынан жарық түсіріп оятып, қасиетті хадистермен жан бітіріп, рух сарайына көктем лебін әкелгендей күйге бөлейтін «Мәдениет – діннің төл перзенті», «Оразаның ғажайып сырлары», «Қазақ халқының жайнамазы», «Қазақта тәспінің маңызы» сынды әсерлі тақырыптар аз емес.

«Мұсылман болу әсте-әсте» дегендей бұның бәрі сол әсте-әстеге нәр берер мөлдір тамшы болып тамса - ниеттің іске асқаны дер едік, Иншаллаһ!

Абай Мауқараұлы,

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі

3

Page 4: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

I -ТАРАУ

ИМАН МЕН ТАНЫМ, ДӘСТҮР ХИКМЕТТЕРІ

4

Page 5: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

Жүректегі ақиқат бастауы

Адам болмысы күн сайын өзгерісте екені мәлім. Байлауы жоқ өткінші тірлікте адам көңілі әйтеуір бір нәрсені қажет етпей тұрмайды. Адам кейде аласапыран күйді бастан кешетіні анық. Ол үшін ғұмыр бойы іздеген байлығы немесе жиған тергені бір күндері түкке тұрғысыз болып қалатыны бар. Осындай сезімдер неліктен туады? Сыры неде? Сондай-ақ, адамдық борыш дегенді қалай ұғамыз? Осылардың мәнін анықтап берсеңіз ...

Оның түпкі негізі иманда жатыр. Жүрекке бір нәрсе жетпесе ол − Иман. Иман – адам жүрегіндегі асыл қасиеттердің бірі һәм негізгі көкөзегі. Жүрегінде иманы болмаған адам баласының өмірге деген көзқарасы мүлдем бұлыңғыр. Иманнан ада, әдеп, ұяттан жұрдай жан әркез әріпті дұрыс ажырата алмаған шала сауатсыздай дүние тілін де жаңсақ оқиды. Сан жылдар бойы шаш ағарып, көз майын тауысып, кітаптың қыр-сырына терең бойласа да, ішкі әлемі қараңғы болғандықтан қалтарыс-бұлтарысы мың сан қабат өмірдің ақиқатын аңғара алмай әуре-сарсаңға түседі. Өзінше өмірдің мән-мағынасын аңғардым деп жар салып өзгені сендірсе де өзін, жан-жүрегін бәрібір иландыра алмайды. Өйткені, жүрек тек ақиқаттан ғана қанағат тауып жұбана алмақ. Ол әрқашан ақиқатқа құштар тұрады. Сусаған жанның шөлін теңіз суы баса алмайды. Керісінше ішкен сайын сусай түседі. Міне, жүрек те осындай кез-келген нәрсеге бұрыла бермес, Хақпен байланысы бар, тазалықты ғана қалайтын аңсарға толы тірі зат десек еш қателеспейміз. Ғұмырында ақиқатқа аңсары ауған, одан басқаны қаламаған жүректі, теңіз суы секілді гипотезалармен жұбата алмайсыз. Немесе, жүрек – сәби, ақиқат – анасы тәрізді. Балабақшадағы тәрбиеші баланы қанша көтеріп әлдилесе де, оған анасының шапалағы әрқашан майдай жағады. Сабылып таппаған жүректегі ақиқатыңызға сіз тек иманмен ғана жете аласыз. Неге десеңіз жүрек пен иман егіз, бір-бірінсіз ақылға сай өмір сүруі қиын. Сыңары жоқ аққу көкке өрлеп барып өзін жерге қарай тастап жіберуге қашан да құмар тұрады. Жүрек те сол тәрізді. Иманы әлсіз жүрек өзін қоярға жер таппай аласұрып, дел-сал күй кешеді. Өйткені, адам баласының бір жерге тұрақтауы иманмен тікелей байланысты. Иман жүрекке қонақтағанда ғана адам өзінің кім екенін, бұл дүниеге неге келгенін аңғара алады. Бейне бір тумысынан көзі көр, құлағы естімейтін адамның кенеттен көзі мен құлағы ашыла кетіп, іші шаттыққа толып, өмірге таңдана, таңырқай қараған жан секілді өзін мүлдем басқаша сезінеді, өмірге бекерден-бекер келмегенін ұғады. Өзінен миллион есе үлкен Күн мен Ай өзіне берілген қызметшілері екен. Анау қияндағы Құсжолы атты галактика адасқанда жол табар көкке сызылған картасы екен. Мына ғалам өзін жаратқан Ұлы Жаратушысының оқысын, деп, өзі жайлы жазылған кітабы екен-ау. Құранда: «Көктер мен жердің барлығы Оны дәріптейді», дейді. Яғни, бұл аса алып кітаптың кез-келген парағын ашып оқысаңыз, Ол жайлы бітпес сыр шертіп жатқанын ұғасыз. Өйткені, иман – адамның жүрек көзінің нұры. Сол нұр арқылы әлемнің қыр-сырын тани алады. Ал, көзден нұр тайса, бәрінің де біткені. Өйткені, әлем жеті қабаттан тұратын аса ғаламат, алып сарай. Адам баласының өзі де кіші сарай. Ал, әлемді тануы адамның өзін тану деген сөз. Өзін тани алмаған, басқаны да тануға өресі жетпек емес. Сондықтан иман адам деген сарайдың көгіне ілінген Күн секілді нұрлы

5

Page 6: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

шырақ. Күн болмаса әлемнің қараңғылықтан көзі байланатыны іспетті, адамның да жан-сарайының шығысынан таң атпаса түнектің қараңғылық қапасында қалып қояды. Мысалы, сіз шырақсыз еліміздің мұражайын аралап көрсеңіз не біле алар едіңіз? Мына мұражай еліміздің даналығы жайлы сыр шертіп тұр, дей алар ма едіңіз? Керісінше, онда тұрған әрбір затты ұстап, көріп: түр-түсі, ою-өрнегі осындай болса керек,- деп өзіңізше жорамал жасар едіңіз. Тіпті, ондағы «алтын адамды» ұстап көріп, шамасы, бұл темірден жасалған мүсін дерсіз, бәлкім. Ал, шырақ жағылған кезде, сіздің ойлағаныңыздан мүлдем басқаша екенін аңғарасыз. Мұражайға жаңа кіргендей таңдана қарайсыз. Міне, жүрек көзінің нұры болмаған жанның айырмашылығы да сондай.

Бақара сүресінде Аллаһ періштелерге былай дейді: «Мен жер бетіне бір өкіл жасаймын». Яғни, Аллаһтың сипатынан үлгі ала отырып, Оның барлығы мен бірлігін танытатын, жер бетіне иелік ететін, адамзат жаратамын. Ол осылай жаратуы арқылы күллі әлемді адамға бағындырған. Яғни, адамды жер бетінің қолбасшысы етіп жаратқан. Одан кейінгі аятта: «Аллаһ адамға барлық есімдерді үйретті» . Бұл жерде есімдер тек Хазіреті Адамға ғана емес, сонымен қатар барлық адамзатқа үйретілген деген, мағынаны білдіреді.

Хазреті Адамға үйретілген есімдер ғылымның дәні мен дақылы. Яғни, оның қанында барлық нәсіл мен ұлттардың қаны болғаны секілді, оған үйретілген нәрселерде барлық ғылымдардың ұрығы бар еді. Сол ұрықты өсіру, жетілдіру кейінгі ұрпақтың уәзипасы еді. Хазреті Адамның ілімі, періштелердің ілімінен жоғары ілім. Міне, адам баласы әу бастан-ақ ілім білген, яғни, өмірдің бағыт-бағдарын айқын айыра алатын жандар еді. Әрі бұл аятта «бір өкіл жаратамын», демейді. «Бір өкіл жасаймын», дейді. Яғни, Ұлы Жаратушы адамзатқа сипаты жағынан өкілдік етіп жаратылған затқа өзгеріс енгізу мүмкіндігін берген. Яғни, адам баласы жоқтан бар ете алмайды. Бірақ, бар нәрсеге аздап өзгеріс енгізе алады. Мысалы; адамның түр-түсін опперация арқылы өзгерте алады. Қазіргі кейбір ғалымдардың «доли» қойдың көшірмесін, тағы сол секілділерді жасауы, осының дәлелі. Бұлар тек қана көшірме, бар нәрсені себеп арқылы басқа нәрсеге айналдыру ғана. Ал, жоқтан барды жарата алмақ емес. Сондықтан да Ресей мамандары 37 жыл бойы клетканың химиялық жолмен пайда болуын зерттей келе адамның жанды бір клетканы жасай алмайтынын мойындаған. «Тин» сүресінде де Аллаһ ант ете отырып адам жайлы былай дейді: «Расында біз адамзатты ең көркем бейнеде жараттық». Бұл жерде «көркем бейне» адамның тек сыртқы көрінісі емес. Оның жан-дүниесі, ішкі сезімдері, шексіз қабілеттері, ой-санасы, ақылы т.б. бәрін де ең көркем бейнеде жараттық, дейді. Бұдан да артық болып жаратылуы мүмкін емес. Міне, Аллаһ адамға осылай үлкен баға беруде. Яғни, бейне бір аталмыш аятта, оны жер бетіне қолбасшы етіп, мына аятта оған үлкен баға беруі – оған мақтау медалдарын таққаны іспетті. Міне, адам баласы осындай қасиетті болмыс. Оның қасиеттілігіне мына аят дәлел: (Аллаһ) «Оның жаратылысын тамамдап, оған рухымнан үрлеген (жан салған) сәтте, оған сәжде етіңдер!» деді. Бұл жерде, адам жайлы екі мәртебе бар. Біріншісі, Аллаһтың өз рухынан үрлеуі. Бұл аяттан ешкім Аллаһтың рухы, жаны бар екен, деп, шолақ ойлап қалмасын. Бұл аятта Аллаһ адамға үлкен баға беріп, өзгеден ерекше етіп жаратқанын айтады. Екіншісі, періштелерге сәжде еттіру мәселесі сөз етілген. Яғни, өзінің ерекше етіп жаратқан адамына, періштелердің құрмет етіп бас июлерін әмір еткен.

6

Page 7: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

Ендеше, кейбір жандар Аллаһ тағаланың үлкен баға беріп жаратқан адамына неге баға бермейді? Неге зорлық, зомбылық көрсетеді? Ол да өзі секілді жер бетінің кеудесіне медал таққан қолбасшысы емес пе?! Сондықтан да Аллаһқа қарсы шығып, оның жер бетіндегі өкіліне үстемдік еткендерді Аллаһ ұнатпайды. Бұл жайлы Маида сүресінде: «Сондықтан Исрайл ұрпақтарына: Кім кісі өлтірмеген немесе жер бетінде содырлық жасамаған біреуді өлтірсе, ол барлық адамды өлтіргенмен және кімде кім бір адамның өмірін құтқарса (тірілтсе), барлық адамзаттың өмірін құтқарғанмен бірдей, деп, жаздық». Бұл аят адам өмірінің қасиеттілігін тамаша танытқан. Яғни, өмірдің сақталауы үшін әрбір адам, басқа жандардың өмірінің киелігін қабыл етіп, оны сақтауға тиіс. Міне, Ұлы Жаратушы адамға құқықтық маңыз берген. Адам әртүлі жолдармен құтқарылады. Докторлар, экономисттер, қорғаныс күштері т.б. Осылардың ішіндегі ең маңыздысы адамға ақиқатты көрсету. Ұлы Жаратушы адамзатты жер бетіне тек өкіл етіп қоймаған, арнайы елден ерекше етіп, өзінің сөз кітабын жіберген. Жер бетінде қалай өмір сүру керектігін осы кітап арқылы үйреткен. Сол кітап арқылы бізден талап еткені әлем мен Құранды оқу арқылы мағрипатқа жету. Құранда: «Аллаһ өздерін қараңғылықтан нұрға шығарып иман еткендердің досы», дейді. Иман – Ұлы Жаратушыны сүю деген сөз. Өйткені, әлемнің жаратылысының негізі сүйіспеншілік. Рахымдылық пен шапағат. Бір хадисте Ұлы Жаратушының елшісі: «Аллаһты құлдарына сүйдіріңдер, сонда Аллаһ та сендерді сүйеді», дейді. Ал махаббаттың негізінде тану мен білу бар. Адам танымағанын сүйе алмайды. Сондықтан Аллаһ танысын деп, алдымызға жеті қабат көктен тұратын жеті кітапты қойған. Жеңіл болсын, ауыр келмесін деп, өзіне лайық сөзімен Құранды түсірген. Құран мына әлем деген алып кітаптың аудармасы мен түсініктемесі. Ұлы Жаратушы өзінің ерекше жаратқан адамзатты отқа, не болмаса, қайта құрдымға тастасын ба?! Пайғамбарымыздың заманында бір ана дүйім жұрттың арасынан көз жазып қалған баласын шарқ ұрып іздеп, ақырында тауып алады да бар мейірімін төгіп, құшып, аймалай бастайды. Осы бір көрініске куә болған Аллаһ Елшісі жанындағы сахабаларға: «Мына ана, құшағындағы өз баласын отқа тастауы мүмкін бе?,-деп сұрайды. Сахабалар «жоқ»,-деп жауап қатады. Сонда Аллаһ Елшісі: «Мейірімі шексіз Аллаһ та сол секілді. Өзін ерекше етіп, аса мейіріммен жаратқан пендесін отқа тастамайды»,-дейді. Бірақ, осынау Ұлы Жаратушының шексіз махаббаты мен мейірімін теріс қағып, адамдық қасиетті аяққа таптағандар, әлбетте, осы мейірімнен құр қалады. Тин сүресінде: «Расында біз адамзатты ең көркем бейнеде жараттық. Сосын оны ең төменгі шыңырауға тастадық», дейді. Яғни, жер бетіндегі жаратылысқа қолбасшылық етіп, кеудесінде медал таққан кейбір жандар, адамдықты аяққа таптап, адамзатқа қиянат көрсеткені үшін, барлық шен-шекпенінен, адам деген даңқынан айырылып далада қалмақ.

Ұлы Жаратушының бізге жіберген барлық елшілері адамдарға аса мейірімді де рақымды еді. Ал, сол елшілердің ішіндегі барлық адамзатқа жіберген ең соңғы елшісі Хазіреті Мұхаммед (с.а.с.) ең рақымдысы еді. Бұл жайлы бір аятта Аллаһ: «Біз сені әлемдерге рақым етіп қана жібердік», дейді. Иә, ол рақым пайғамбары еді. Мейірімі мен шапағаты, шамамен жиырма бес адамның мейірімен тең болатын. Яғни, сіз халқыңыздың халіне қарап, жаныңыз сыздаса, соны жиырма төрт есе көбейтіңіз. Сонда өзіңізді қалай сезінесіз? Халқыңызды былай қойып, мал-мүліктің соңынан жүгірер ме едіңіз? Керісінше, бұл батпан жүкті көтере алмай, мерт болар

7

Page 8: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

едіңіз. Сондықтан Пайғамбарыздың өмір бақи көзінен жас, жүзінен мұң тарқамаған. Шұғара сүресінде Аллаһ пайғамбарына: «Олар иман етпеді деп қатты мұңайып өзіңді-өзің жеп бітіруге шақ қаласың» дейді.

Иә, Ұлы Жаратушының елшісі де аса мейірімді еді. Ол, сәбидің жылаған дауысын естісе оқып тұрған намазын тезірек аяқтауға тырысатын. Ал, намаз оның көзінің нұры еді. Ол бірде кейбір сахабалардың құс балапанын алып мейіріммен қызықтаған сәтте, анасының шырылдағанын естіп, оларға балапанды тез ұясына қоюды әмір еткен. Ана құстың шырылы оған шаншудай қадалған еді. Міне, осындай Пайғамбар бүкіл адамзаттың бақытын ойлап, ауыр күйзелетін еді. Қазір де оның рухы дәл осындай күй кешуде... Бірде ол сахабаларына: «Сендер менің білгенімді білсеңдер, аз күліп, көп жылайтын едіңдер, тауларға (аулаққа) қашатын едіңдер», деген сөздері осының белгісі. Осындай рақым пайғамбары адамзат жүрек көзінің нұрымен Хақты, ақиқатты танып мәңгілік бір бақытқа ие болуын қалайтын. Өйткені, иманы бар адам бұл фәни ғұмырда бақытсыз болса да бақытты. Бір хадисте Аллаһ Елшісі былай дейді: «Мұсылманның ісі (өмірі) мені қатты қайран қалдырады. Оның күллі ісі ол үшін жақсылық. Бұл тек мұсылманға ғана тән. Оған бір қуаныш келсе, шүкір етеді де, оған бұл қуаныш жақсылық болып жазылады. Ал егер басына бір қиыншылық келсе, сабыр етеді де, ол да оған жақсылық болып жазылады».

Ал, имансыз адам бақыттымын десе де бақытсыз. Өйткені, оның бақыты қараңғыда қолына ұстаған фонар немесе білте шам секілді. Яғни, оның бақыты тек өз айналасын ғана жарық ете алады. Ал, оның болашағы мен өткен шағы қараңғылықпен тұмшаланған. «Өткен ғұмырым өтті, қайта айналып келмес. Болашағым да қараңғы. Осынау тәтті өмірді тастап, жоқтық деген құрдымға құмға сіңген судай болып сіңіп қайта келмеске кете бармақпын»,- дейді. Сондықтан да оның құрдым деген ой-күзінен, жел-құзынан соққан леп бүгінгі көктемін де үсітіп кетіп, жаққан білте шамы бірде қалтырап, бірде талмаусырап тұрмақ.

Ал, иманды адамның жөні мүлдем басқа. Ол өзінің бастауы мен соңы болмаған Ұлы Жаратушының досы екенін анық біледі. Мына қабір атты туннелдің арғы жағында сол Ұлы Досының мәңгілік мызғымас алып сарай салғанына сенеді. Негізінде сырттай қарағанда қабір туннел болып көрінсе де, ол жерде де өмір бар. Бір хадисте қайтыс болған жанның алдынан сол өмірде туыс, таныстары шығып қарсы алып, «аман-есен міндетіңді атқарып келді бе?» дегені жайлы айтылады.

Міне, жүрек көзінің нұры мен нұрсыз жандардың ара-жігі осындай. Негізінде адам баласының жер бетіне келуінің мақсаты да осы иман мәселесіне келіп тіреледі. Өйткені, адамзат өмірге Аллаһты тану үшін келген. Бір аятта Аллаһ: «Мен жын мен адамзатты (Мені танып), тек қана Маған құлшылық етсін, деп, жараттым», дейді. Сол себепті оны жер бетіне халифа, өкіл етіп жаратқан. Иә, адамзат Ұлы Жаратушының жер бетіндегі куәгерлері. Ол өзін тани отырып, Аллаһты таниды. Хадис болуы мүмкін бір сөзде: «Аллаһтың мінезіне ұқсап, Оның мінезінен үлгі алыңдар»,-дейді. Оның мінезіне көп ұқсаған Пайғамбарымыз еді. Ол жайлы сұрағандарға Хазірет Айша анамыз: «Оның мінезі Құран»,-деп жауап берген. Адамзат Аллаһтың мінезіне ұқсамаса, үлгі алмаса жер бетінде бүлік шығады. Бала ата-анасын, кіші үлкенді сыйлаудан қалып, құрлықта құйын, суда ұйық пайда болып, интернеттен бір сәтте тарағандай жер бетіне қараңғылық деген вирус қаптайды. Осыны білген періштелер адамзат жайлы Аллаһқа: «Онда бұзақылық істеп, қан

8

Page 9: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

төгетін біреу жасайсың ба?» деген еді. Яғни, олардың арасынан сені терістейтін, сенің мінезіңе теріс мінезбен жүретін көптеген жандар бар демекші еді.

Ал, өмірдегі толып жатқан құбылыстарға көз салып қарасақ, әсіресе, қазіргі заманда көптеген мұсылмандардың бойынан осындай бұзақылықты, жаман мінезді байқаймыз. Сонда олардың иманы болмаған ба? – деген ой келеді. Ал, кейбір имансыз жандардың бойынан да жақсы мінезді байқаймыз. Бұған қысқаша былай жауап беруге болады: Иманды болып жаман мінез таныту да, имансыз болып жақсы мінезді болу бір басқа. Жақсы мінездің дақылы адамға тумысынан беріледі. Ал, иманды адамның өзі таңдайды. Иман – сол жақсы мінезді Ұлы Жаратушының бергенін қабыл етуі. Имансыздық өзіне келген бар байлықты қабыл етіп, бірақ, сол байлықтың Иесін қабыл етпеуі. Сондықтан да имандының кейбір мінезі, имансыз мінез болғанындай, имансыздың да кейбір сыпаты иман сыпаты бола алады. Имандының жаман мінезді болуы, сол байлықтың өзінде берген Иесін де қабыл етіп, берілген қазынаны жаман жолға жұмсауы. Мысалы, бойындағы жомарттық мінезін, өзін таныту үшін пайдаланып, мал-мүлкін ысырап етуі. Негізінде ол Аллаһтың Кәрим (Жомарт) сыпатын таныту үшін берілген. Білімге деген қабілет те сол секілді. Бір адамның аса ғұлама болуы, Аллаһтың Алим (Ғалым) есімінің көрсеткіші. Бұл сыпаттың бәрі адамға берілген аманат. Ал енді кейбір имандының жаман мінезді болуына келсек, оның мәнісі мынада: Иман екі түрлі болады. Біріншісі: Тақлиди (еліктеу) иман. Екіншісі: Хақиқи (Нағыз) иман. Еліктеу иманы да екіге бөлінеді: 1. Ата-бабасының мұсылмандығына, не болмаса ораз, намаз пайдалы екендігіне қарап иман келтіру. 2. Кейбір жандар сезім-ауанына арбалып, қызығып солай иман келтіреді. Біріншіге келсек мұндай жандардың иманы қаңбақтай қауқарсыз келеді. Оған бір имансыз келіп, Құдай неге адамдардың бірін кедей, бірін бай, бірін сау, енді бірін науқас, көр етіп жаратты?, десе, қалбалақтап жауап бере алмай қалады. Екіншіге келсек; бұлар да ақылмен емес, бірақ, елдің айтқанына қызығып сезіммен қабыл еткендер. Мұндай адамдар дұрыс жолмен үйренсе құба-құп. Ал бірақ, Исламды теріс түсінгендердің қолымен үйренсе, жағдайы қиындау. Өйткені, оларға одан кейін не айтсаңыз да қабыл етпейді. Тек қана өзінің үйреткен адамын ғана тыңдайды. Бейне бір пароль сұраған компютер тәрізді. Олардың кейбіріне Аллаһтың аяты да әсер етпейді. Бұлар да екі түрлі болады. Кейін бойынан сезім тарқаған сәтте бәрін тастап кетеді. Не болмаса ұстазының бойынан бір кемістік байқап қалса, сол сәтте жалт беріп, жат болып кетеді. Иманнан шықпаса да, Исламға деген бұрынғы сезімі жүндей түтіледі. Сол адам бейне Исламның өзіндей. Бұл әншейін сол кісіге деген ғашықтығынан туындайтын нәрсе. Ал ғашықтың көзі көр болады қашанда. Ұстазының дұрысы мен бұрысының жігін ажыратпай, тұтас қабыл етеді. Ол Аллаһқа ма, әлде сол адамға иман етті ме, біз үшін ол жағы беймәлім. Басқа дінге кірген қазақтар да сол сезім-атмосферасына сыйқырланып, басы айналып кіреді. Оларды жәннатқа ертіп барсаң да қабыл етпейді. Бұл – сезім мәселесі.

Ал, адамның жер бетінде Ұлы Жаратушыға өкіл, халифа болуы ақылда. Ақыл деген куәлігі болғаны үшін бізден сан миллион есе үлкен Күн адамға қызмет етеді. Бірақ, сол ақыл жүрекке бағынуы керек. Өйткені, жүректе ар-ождан бар. Онда «әл-мисақ» мөрі бар. Сол мөр ақиқатқа ғана басылады. Сіз сонда ақыл деген куәлігіңізбен әлем кітабына қарағаныңызда «Аллаһу Ахад, Аллаһу Самадты» оқисыз. Яғни, Аллаһ Жалғыз, Ол ешкімге мұқтаж емес, қайта бәрі Оған мұқтаж, деген сөзді

9

Page 10: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

оқисыз. Осыны ақыл жүрекке жібереді. Қуанышы қойнына симаған жүрек мұны тез арада ар-ожданға жөнелтеді. Ар-ождан ұзақ жылай отырып, сол көз жастарын көл етіп, «әл-мисақ» мөрін басып қайта жібереді. Міне, мұны біз «хақиқи иман» (нағыз), дейміз.

Расында да Ұлы Жаратушы адамзатты өзін танып білсін, деп, жер бетіне өкіл етіп жаратты. Бұны адам баласы әлемге қарап аңғара алады. Әлемге көз салайықшы: Барлық әлем өзіне берілген уазипаларымен айналысуда. Мысалы ара тек бал жинайды. Ешқандай ара масаның міндетін атқарып жүргенін байқамайсыз. Барлық жан-жануар, өсімдік, күн, ай тек өзіне жүктелген міндетті ғана атқарып, әлемнің тепе-теңдігін сақтауда. Осылардың біреуін сіз жойып жіберсеңіз, әлемнің тігісі сөгіліп сеңдей бұзыла бастағанын байқайсыз. Бүгінгі күнде адам баласы әлемдегі теңдікті қалай сақтап отыр. Сақтау былай тұрсын қайта кейбіреулер бұл үйлесімділікті бұзумен айналасып жүр. Бұзбаса, Арал қайда кетті? Ол былай тұрсын адамзат жер бетінен көшіп кетіп, жүз жылдан кейін қайта оралатын болса, жер беті масатыдай құлпырғанын көретін едіңіз. Иә, бәрі де адамзат үшін қызмет еткені байқалып тұр. Өзінен үлкен піл әлсіз бір адамға қызмет етеді. Аң патшасы арыстан да, адамдардың айтқанынан шыға алмай циркте мысықтың рөлін ойнап жүр. Тіпті, құс төресі бүркіттің өзі бүркітшіге ермек болуда. Сонда адамның бұл өмірге қандай пайдасы бар? Барлық жан-жануар, құстар, жәндіктер өмірге келе сала өз тірлігін бірден бастап кетеді. Қой төлдесе, қозысы бірнеше сағат өтпей жатып-ақ, аяғынан қаз басып жүріп кетеді. Маймыл да өмірге келген соң аз уақыттың ішінде ағаштан ағашқа секіргенін көресіз. Ал олардың бәрі белгілі бір қалыптан асып кете алмайды. Тез арада аяқ басқан қозы, бірнеше күннен соң аспанда ұша алмайды, Тек адам ғана басқаларға мүлдем ұқсамайды. Оның жүруі үшін жыл керек. Оның өз аяғынан жүргенін үлкейгенге санап тұсау кесер тойын жасау да бар. Ал өмірде бір кірпіш болған сол адам өз кетігіне қалану үшін жиырма, отыз жыл өтеді. Барлық жан-жануар, құстар өмірге келе сала өз тірлігін істейді. Ал адам бойындағы қабілет-қарымды оның өзі өсіруге тиіс. Оны өсіре білсе, солардың бәрін пайдалана алады, солардың істегендерін бір шамасын істей алады. Мысалы, құс болып суда жүзе да алады, ұша да алады. Арыстан болып ерлік көрсете алады, өрмекшідей өрмек те тоқи алады.

Міне, осының бәрін ойға салып саралап қарасаңыз, адамзаттың бұл өмірге текке келмегенін, бұлардың бәрінен де үлкен бір қызмет берілу керек екендігін байқайсыз. Осы тұрғыдан алғанда пайғамбарлар мен кітаптардың рас екенін аңғарасыз. Иә, барлық әлем өз уазипасын өз деңгейінде орындауға тырысып жүр. Ендеше, адамзат та өз міндетін орындауға тиіс. Ол әлбетте, Ұлы Жаратушыны танумен жүзеге аспақ.

10

Page 11: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

Құранның құндылығын қалай түсініп жүрміз?

Өліге Құран бағыштау қаншалықты орынды. «Құран тірілер үшін» деп жатады. Олай болғанда өлілерге Құран бағыштау дұрыс болмағаны ма? Жалпы «Құран тірілер үшін» дегенді қалай түсінуге болады?...

Бұл мәселе бірқатар түсінік беруді қажет етеді, дұрысында Құран тірілер үшін түскен. Өлілерге Құран сауабын бағыштау ғана бар. Құран – адам ғұмырының қайнар көзі, тартылмас кәусары, таусылмас бақыты. Неге десеңіз, Ұлы Жаратушы әлемді жаратқанда бәріне тиісті уәзипа жүктеген. Олар бұл міндетін бағдарлама бойынша санасыз түрде қалтқысыз атқарады, бірақ бізбен бағыттас ғұмыр кешкен жын заты мен адамзатта ақыл, ерік болғаны үшін бағдарламаны олардың өз қолдарына берген. Адамның қаз-қаз басқан сәби тіршілігінен бастап дүниеден өтердегі арулап көмуіне дейінгі аралық Құран кітабында жазылып қойған. Ол кітапта адамның нәпсілік құмарлықтың шырмауынан құтылып, толық адам шыңына жету жолдары көрсетілген яғни әлемде тұрақты дәреже бар. Ал, адамда рухани биіктеу мүмкіндігі бар. Осы кітапта бұ дүниеге неге келдік, қайдан келдік, қайда барамыз өмірдің мән-мағынасы не? деген сауалдарға толықтай жауап бар. Сондықтан да, алғаш рет Құран «оқы!» деп, түскен. Негізінде Құран өлілер үшін оқылып, тірілер үшін төрге ілініп қоюға түспеген. Сізге бір жақыныңыздан хат келсе, оқымай тастай саласыз ба, әлде онда не жазылғанын білуге тырысасыз ба? Немесе, сіз тау арасында сол тығырықтан шығатын жол картасын әкелсе, сіз оны жай ғана ысырып қоя салар ма едіңіз? Құран да осыған ұқсас. Онда Ұлы Жаратушы жер бетіндегі қадірлі қонағына екі өмірде бақытты ғұмыр кешу жолын көрсеткен. Өкінішке орай көптеген адамдар бұдан хабарсыз. Құранда Аллаһ: «Егер осы Құранды бір тауға түсірсек, Аллаһтан қорыққандығынан оның бас иіп, жермен-жексен болғанын көрер едің. Бұл мысалдарды адам баласы ойланып толғансын деп береміз» (Хашыр) дейді. Яғни, Құран толық адамдық шыңға жете алатын қабілеті бар адамға түскен. Егер оның алыптығын есепке алып адамға емес тауға түсірсе, осыншама ауыр жүкті көтере алмай, әрі Аллаһтан қорқып әп сәтте жермен-жексен болар еді. Бірақ, адам баласы жүрек пен санасын Құраннан алыс ұстағандықтан, Құран оған барынша әсер ете алмауда. Ішкі жан-дүниесін Құранға жат етіп, сана мен жүрек әлемінің төрінен сол бір илаһи сөзге орын бермеген адам, әлбетте, Құраннан мақрұм қалып сахарада сарқылған судың орнындай қуарып қала бермек. Ал сарқылмау үшін адамзат Құраннан үнемі үлгі алуы тиіс. Онсыз қайраңда қалған қайықтай қаңсып қалмақ.

Ал өліге Құран бағыштау дегенді қалай түсінеміз?. Бұл мәселе осы заманда көп қозғалып жүрген ауқымды сауалдардың бірі деуге болады. «Өліге ешқандай Құран бағыштауға болмайды». «Жақының өлсе жылауға болмайды». «Қабіріне барып, бата қылуға болмайды». «Ата-анаң, жақының қайтыс болса, қайта еске алуға болмайды». «Мал сойып сауабын бағыштауға болмайды, ата-бабаларымыз солай жасаған болса, ендеше олар бұрыс жолда болған» т.б кілең тиым салушылық. Мұндай тиымды естіген кісінің қара басы шырмалған ойларға одан сайын шырмала түспей ме. Зер салып қарасаңыз, бұлардың бәрі мұсылмандарға ата-балалары мен өткен тарихын ұмытуға жасалған тәсіл екенін аңғаруға болады. Жақының өлсе, үнсіз жерлеп, одан кейін оны қайта еске де алмай, жадыңнан өшіресің. Мұның түп негізі, Ұлы

11

Page 12: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

Жаратушының ақырғы жіберген Елшісі Пайғамбарымыз Хазіреті Мұхаммедті (саллал-лаһу аләйһи уәс-сәләм) һәм оның сахабаларын, одан кейінгі ғұламаларды еске алып, Құран бағыштамайсың деген сөз. Сонда өткенін ұмытқан иісі мұсылман кімнен ғибрат қылмақ?. Ата-бабаның жасаған ізгілікті істерін қалай жалғастырмақ? Егер осындай жалған тиымдар шын мәнінде ислам дінінде бар болса Аллаһ Елшісі мына бір сөзді тектен-текке айтпас болар: (Аллаһ Елшісі еш нәрсені тектен-тек айтпаған) Бірде бір әйел Аллаһ Елшісіне келіп, анасының нәзір оразасы болғандығын алайда соны орындай алмай бұл өмірден өтіп кеткендігін айтады. Аллаһ Елшісі: «Қамқоршысы оның орнына ауыз бекітсін» дейді. Бухари мен Муслимдегі бір хадисте де бір әйелдің бір айлық нәзір оразасы болады. Бірақ өтей алмай өліп кетеді. Сонда оның ұлы (яки қызы) Пайғамбарымызға келіп: «Мен оның орнына ораза ұстасам бола ма?» дейді. Аллаһ Елшісі: «Анаңның қарызы болса өтер ме едің?» деп сұрайды. Ол: «Иә» деп жауап қатқанда Пайғамбарымыз: «Аллаһтың борышын өтеу бәрінен де лайық» дейді. (Бухари, саум: 742; Муслим, сиям: 27).

Ораза тәндік құлшылықтардың бір түрі. Ендеше хадисте біреудің өкіл етіп ұсталған оразаның сауабы қайтыс болған мұсылманға бағышталатынын айтып тұр.

Әбу Дауудтың кітабындағы бір хадисте де бір әйел Пайғамбарымыздан тірі күнінде қажылыққа бара алмаған анасының орнына қажылық парызын өтеу мәселесін сұрайды. Аллаһ Елшісі: «Иә, оның орнына қажылық жаса» деп жауап қатады.

Бұл хадисте де өтелген қажылықтың сауабы өліге бағышталатыны айтылуда. Басқа бір хадисте де: «Өліге (қабірге дейін) үш нәрсе ереді. Отбасы, мал-мүлкі, амалы. Бұлардың екеуі кері қайтып, біреуі қалады. Отбасы мен мал-мүлкі кері қайтып, жасаған амалы өзімен бірге қалады» (Бухари, Риқақ: 42; Муслим, Зуһд: 5). Бұл хадисте қайтыс болған адамның тірі күнінде жасаған амалдарынан яки өзгенің ісіне себепкер болған амалдарынан пайдалана алмақ. Негізі бұған барлық Ислам ғұламалары келіседі Һәм әһли сүниит ғұламаларының барлығы да сонымен қатар тірі адамның амалының сауабы өліге пайда беретінін айтқан. Тек қана Мұғтәзила аталған бұрыс ағымдағылар өліге тірінің дұғасы да, садақасы да пайда бермейтінін айтқан. Алайда, кейбір амал мен жақсылықтардың өліге пайда беретіні хақында ап-айқын аят пен хадистер бар. Мысалы, өліге бата жасау мен истиғфардың (Аллаһтан өлінің кешірілуін тілеу) пайдасы болатынына мына аят дәлел: «Олар кейін келгендер былай дейді: «Раббымыз! Бізді әрі бізден бұрын иман келтірген туыстарымызды кешір! Әрі жүрегімізде иман келтіргенге деген ешқандай өштік қалдырма» (Хашыр сүресі, 10). Бұл аятта Хақ Тағала өмірден өткен мұсылман бауырлары үшін кешірім тілеген мұсылмандарды мақтаған. Егер кешірім тілеудің өліге пайдасы болмайтын болса, Аллаһ Тағала аятында өліге кешірім тілеп, бата қылғандарды мақтамайтын еді.

Өліге оқылған жаназа намазы да оған бата қылып, оның кешірілуін тілеу үшін қойылған. Аллаһ Елшісі де: «Өлінің жаназа намазын оқыған соң оған шынай түрде дұға етіп, бата қылыңдар» дейді (Әбу Даууд, Сунән, Жәнәиз, 59). Пайғамбарымыздың өзі де жаназа намазын оқыған кезде, артынан дұға еткен. Егер бұл намаз бен дұғаның өліге пайдасы болмағанда Аллаһ Елшісі бұлай жасамас та еді, өзгелерге әмір етпес еді.

Енді, Ислам Ғұламаларының көзқарастарына келсек, Әбу Ханифа, Ахмед ибн Ханбәл жәнә сәләф ғалымдарының бір бөлігі ораза ұстау, Құран оқу, зікір ету тәрізді

12

Page 13: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

тәндік құлшылықтардың сауабы өліге жететінін айтады. Сондай-ақ Ханафи, Ханбәли және Шафиғи мен Мәликилердің кейінгі ғұламалары да өлінің жанында оқылған Құран сауабы оған жететінін айтады. Құран оқылғаннан кейін бата қылу істің де абзалдығын айтады. Ханбәлилер бойынша қабірдің жанында Құран оқудың ешбір нұқсандығы жоқ. Олар мына хадиске сүйенеді: «Кімде-кім мазаратқа барып Ясин сүресін оқыса, Аллаһ Тағала сол күні мазарда жатқан өлілердің азабын жеңілдетеді. Сол жердегі өлілердің санындай оқыған адамға сауап жазылады». Басқа бір хадисте: «Кімде-кім ата-анасының басына барып, біреуінің яки екеуінің қабірінің жанында Ясин сүресін оқыса Аллаһ оны кешірім етеді» дейді. (Негізі бұл екі хадис те дайыф). Мәликилер қабірдің жанында Құран оқу мәкрүһ дейді. Өйткені сәләф олай жасамаған. Бірақ кейінгілері өліге Құран оқып бағыштаудың ешбір кемістігі жоқ дейді. Шафиғилердің кейінгі ғұламалары да Құран оқып, бағыштауға болады деп фәтуа берген.

Негізі Аллаһ Елшісінің өзі әр жылдың басында Ухуд шейіттерінің қабірлеріне барып былай дейтін: «Сабыр еткендерің үшін сендерге (Аллаһтан) сау-саламат тілеймін! Дүниенің ең тамаша нәтижесі осы!». Аллаһ Елшісі кейде Бақи мазаратына барып былай дейтін: «Уа, мұсылмандар елінің тұрғындары! Сәлем сендерге! Біздер де иншаллаһ сендермен қауышамыз. Аллаһ Тағаладан бізге де сендерге де кешірім берсін. Ақырет қорқыныштары мен қиыншылықтарынан амандық пен қорғаныш тілеймін» (Муслим, Жәнәиз: 1002). Міне, Пайғамбарымыз өлілерге дауыстап тұрып, бата қылған.

Қазақ халқында ертеден бері өліге көбінесе Ясин сүресі оқылады. Бұл да тегін емес. Аллаһ Елшісі: «Өлілерге Ясин сүресін оқыңдар» деген (Әбу Даууд, Сунән, Жәнәиз 24; Ибну Мәжә, Сунән, Жәнәиз: 4). Ханафилер осы хадиске сүйене отырып «Адам амалдарының сауабын басқасына бағыштай алады. Амалы қырағат, намаз, ораза, садақа, қажылық т.б. барлық түрлерінен болады» деп фәтуа берген. Бірақ Әбу Ханифа, Ахмед ибн Хәнбәл және Имам Мәликтің көзқарасы бойынша Құранды мазар жанында оқу мәкрүһ. Алайда Имам Мұхаммедтің көзқарасы бойынша қабір басында Құран оқуға болады. Тіпті бір хабарда Ахмед ибн Ханбәл да болады деп фәтуа айтып, дәлел ретінде кейбір хадистер мен Ибн Омардан келген хабарды айтады. Ибн Омар қайтыс болар алдында жерлеген соң қабірінің басында Бақара сүресінің басы мен соңындағы аяттарды оқуды өсиет еткенін айтқан.

Пайғамбарымыз қабірге зиярат жасауды насихаттаған. Ақыретті ойлап, тәубесіне келу үшін. Ал қабірге барғанда оны тауап етіп, рухынан тілек тілеп күпірлікке баруға еш болмайды. Әрқашан тепе-теңдік сақталуы тиіс.

Өліні қимай жылау мәселесіне келсек Аллаһ Елшісі ұлы Ибраһим өлгенде жылаған. Себебін сұрағанда ол: «Бұл – Аллаһтың рақымы. Оның құлдарының жүрегіне қойған. Аллаһ рақымды құлдарына ғана рақым жасайды» дейді (Бухари, Жәнәиз, 44). Алайда Құдайға тіл тигізіп, жаман сөздер айтып, бетін жыртып, айқайлап жылауға болмайды. Бұл үлкен күнә.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, хадисте айтылғандай оразаның, қажылықтың сауабы бағышталса неге Құран сауабы бағышталмасын?! Құранда өлінің артынан садақа беру бар. Бірнеше теңгені өлген кісінің атынан садақа етіп берген, сауабы бағышталғанда Құран сөзінің сауабы жетпей қалғаны қалай! Әрі өліге Құдайдан рақым тілеп, дұға жасау бар. Тірінің дұғасы арқылы қабірде азап көріп

13

Page 14: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

жатқан мұсылманның күнәсі кешірілуі мүмкін. Алайда Құран да дұға кітап емес пе? Негізі ең үлкен дұға да осы кітап. Мысалы, Фатиха сүресі толықтай дұғадан тұрады Һәм Аллаһ Тағаланың өзі үйреткен дұғалары тез қабыл болмақ. Онда неге Құран оқып, сауабын бағыштамасқа? Және Құран – кәміл нұр. Ендеше, Құран жеткен қабірдің іші де нұрға толмай ма?

Шын сопы кім?

Сопы дегеніміз кім және оның белгілері қандай болмақ? Шын сопы өзгеден несімен ерекшеленеді? Ислам тарихындағы сопылардың ғұмырынан әңгіме тарқатсаңыз?

Ислами ілімдер тарихына қарай алғашқы кезеңдерде шариғат үкімдері

жазылмаған еді. Бұл үкімдердің (сенім) иғтиқад, ғибадат, қарым-қатынасқа тиісті бөлімдері көп қайталануы және іс-әрекет арқылы жүзеге асуы арқасында көпшіліктің жадында сақтаулы болды. Осы тұрғыдан алғанда шариғаттық үкімдердің жиналуында аса қиындық тумады. Сондықтан да көп ұзамай-ақ діннің заңдылықтары қолға алынып, әр бөлімге қатысты кітап пен трактаттар жазып, тәдуин кезеңі басталды. Фақиһтар құқықты кітапқа төгіп, хадисшілер сүннеттің сақталуын, кәләмшылар ақайд яғни, сенім мәселелерін тәпсіршілер Құран мен Құранның ілімдерін жазумен айналысып Ислам дінінің ақиқаттарын шашау шығармай толықтай жинады. Осы кезде Пайғамбарымыздың рухани өміріне маңызды көңіл бөлген мұтасаууыптар да сол қайнар көздерді пайдаланып тасаууыпқа қатысты ақиқаттарды зерттеп, адамның маңызы, болмыстың негізі, адамзат пен ғаламзаттың ішкі динамикалық күштері тәрізді тақырыптарды назарға алып, заттың сыртқы дүниесін тәржімалауға тырысты. Яғни хадисшілер, фақиһшылар, кәләмшілардың Құран мен сүннет арқылы қойған тәсілдері тәрізді бұлар да сол қайнар көздер арқылы жүрекке терең бойлау, нәпсіні тазарту, рухани өмірге қатысты қысқасы дінді терең түсініп, сезіну тәсілдерін қойды. Мысалы намазды әрбір мұсылман оқығанмен оған терең бойлап, Аллаһ Тағаланы көріп тұрғандай оқи алмайды. Алайда Пайғамбарымыз «Ихсан» шыңын: «Ихсан – Аллаһ Тағаланы көріп тұрғандай құлшылық қылуың, сен Оны көрмесең де Ол сені көруде түсінігіне ие болу» деп түсіндірген. Міне тасаууыпшылар өздерін яки халықты осы дәрежеге жеткізу үшін Құран және хадистерден шығарылған әр түрлі ұстанымдар негізінде мектеп құрды. Бұл мектеп сопылық мектебі еді.

Сопылық ілім хақында Рожер Гаруди Пайғамбарымыздың өнегілік ұстанымының бір көрінісі дей келе тарихтың әкесі аталған Ибн Халдунның «Муқаддимасындағы» тасаууыптың Ислам ішіндегі орнын былай баяндайды:

«Тассауып Ислам ішінен шыққан шариғаттық ілімдердің бірі. Қайнары мынау: Сопылардың жүрген жолдары негізінде сахаба, табиғин және одан кейінгі ұстанған ақиқат жолынан басқа өзге бір жол емес. Құлшылыққа мән беру, түгелдей Аллаһ Тағалаға бет бұрып, дүниенің күйкі тіршілігінен бойын аулақ ұстау, әркімнің артынан жүгірген ләззат, құмарлық, байлықтарға және де мансапқа көңіл аудармау,

14

Page 15: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

елден оқшауланып құлшылық қылу осы жолдың негізін қалайды. Бұлардың барлығы сахаба мен алғашқы заман мұсылмандарының яғни сәләфилердің арасында кең тараған еді. Кейінгі екі ғасырда осы фәни дүниенің нығметтеріне құмарлық артып, адамдар сол дүниенің құмарлығына көп көңіл аудара бастады. Міне осы заманда дүниелік құмарлықтарын тәрк ете алған адамдар сопы деп аталды. Сопылар зүһд өмір сүріп, дүниеден бас тартып тақуалық шыңға көтерілді. Артынан келгендері осы тақуалық жолға арнайы тәсіл жасады. Тасаууыпқа жаңа кірген адам тәухидтің тәжірбесіне жеткенше дейін бір сатыдан келесі сатыға қарай жүрді».

Сол себепті сопылық терминнің «Әһлі суффәден» шыққан деген де ұғым бар. Яғни әһлі суффә Пайғамбарымыздың мешітінің жанында құрма ағаштарынан жасалған баспанада өмір сүрген сахабаларға айтылады. Олар Пайғамбарымыздың жүрген-тұрғанын, сөздерін түгелдей жаттап, өмірлерін содан ілім алуға арнаған жандар.

Сондықтан да тасаууыптың негізі діннің негіздерін мықты ұстанып, әмір мен тиым салғандарына да аса қатаң тиянықтылықпен қарап, шамасы келгенше нәпсілерін ләззаттық сезімдерден аулақ салу.

Тасаууыптың негізгі мақсаты адамды жылы жүрекпен рухани шыңға шығару, жүректің тазаруы және адамның ішкі рухани нәзік сезімдерін биік дәрежеге көтеру болса, тасаууыптың түпкі негізі құлшылықты жалғастырып, сананы иманмен тәрбиелеу, дүние ісінен аулақтау яғни Хақ Тағаланың көркем есімдеріне қарай ояну болмақ.

Тасаууыптың рүкін-тіректеріне келсек, оларды да былайша топтастыруға болады:

1.Теориялық және практикалық жолдар арқылы ақиқи тәуһитке жету.а) Хақ Тағаланың бізге тапсырған Құран сөзін тыңдаумен қатар Оның жаратылыс кітабын да оқып, зер салу.ә) Хақ Тағалаға деген махаббатпен шад-шадымен күй кешіп, Сол Хақ Тағала үшін барлық болмысқа «бауырластық, сыйластық» көзқараспен қарап барлық адамзатпен тіпті күллі жаратылыспен жақсы қарым-қатынас жасау.

Аллаһқа деген махаббаттың екі тірегі бар: Алғашқысы, сыртқы махаббат – әрқашан Алла-Тағаланың ұнатқан істерімен шұғылдану. Екіншісі, ішкі махаббат – ішкі әлемін Онымен байланысы жоқ нәрселерден мүлдем ада ету, харамнан бас тарту.

Хаққа деген махаббат әр адамда әр түрлі болмақ. Ол адамның істеген ізгілігіне, жеткен имани дәрежесіне қарай бөлінбек. Мысалы Аллаһқа жету жолындағы махаббатты алғашқы сатысынан бастап былай бөліп қарастырайық:

1. Жалпының махаббаты. (Бұлар Құран ілімін терең меңгере алмаған, бірақ парыздарын өтеп жүретін жандар) Олар Хақиқи Ахметтің (с.а.с.) көлеңкесінде жақсы түстер көріп, көкжиектен мағрипаттың арайланған сәулесін көріп тамашалайды. Кейде, арғы жағадағы оттардан қорқып дірілдеп, алыстан қол сермейді.

2. Жалқының махаббаты. (Құран ілімін Иллаһи жүрекпен сезінгендер және Құранды еркін меңгерген діни мамандар). Бұлар әрқашан Құранның ашық аясында Пайғамбарымыздың мінезінен үлгі алып, өмірін нұрға бояғандар. Олар әрқашан да төңірегін Пайғамбарымыздың нұрына шомылдырып, ол үшін

15

Page 16: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

ешкімнен ақы сұрамайтын, Аллаһ үшін ғана іс-әрекет ететін, нәтижедегі көрінген жақсылық пен ізгілілікті Аллаһтың ырыс-берекесі, деп, біліп, өздерін Хаққа бел байлап, терең мойынсұнған жандар.

3. Жалпы мен жалқыдан жоғары жандар махаббаты. Олар Мұхаммеди көкте қалықтап, Хаққа фәни болғандар. Олар көкте Оның атын паш етіп, бұлт болып дүркірер, күн болып күркірер, найзағай болып жарқылдар. Жерге жауғанда да тас, топырақ, деп, алаламай бәрін де сүйіспеншілігімен құшағына алып мауқын басқандар. Олардың күрескерлігі сол, әрқашан өзгелер үшін ғұмыр кешіп, шамасы келгенше өзгелерді өзінен артық санау.Бұлар көбіне Илаһи мақсатты өз мақсаттарына негіз етіп, өмірлерін

«фәнәфиллаһ», «бәқафиллаһ» шыңында өткізуге тырысады, атқарар ісін Хақ Тағалаға бағыттап жүреді. Өзгеден бөлек тағы бір қасиеті адамның ажарына қарап жүрегін түсініп, ішкі сезімдерін түсіне алады. Сондай-ақ ғазиз ғұмырын дінге қызмет етуге арнап, күллі адамзатқа Хақ Тағаланы жеткізу жолында аянбай қызмет ететін жандар махаббаты. Осы махаббат махаббаттың шыңы болмақ. Бәлкім мұнан да биік шыңы болуы мүмкін. Ол пайғамбарларға нәсіп етілген болса керек.

Ал сопылық дегеніміз бұл айтылған махаббаттардан алшақ жатқан жеке бір дін емес. Оның түпкі негізі тақуалықта жатыр. Біз айтқан, бізден бұрынғылар айтқан (бастан кешкен) иманда жатыр.

Бірақ жалпы Ислам әлемінде тасаууыпшылардың бағытының бәрі дұрыс болды ма? Жоқ әрине. Ислам фақиһшылары, кәләмшылары тіпті тәпсіршілері арасында бұрыс тәсіл мен қате жолды ұстанған ағымдар болғаны тәрізді тасаууыпшылардардың арасында бұрыс бағытта болған сопылық ағымдар болды. Яғни бұрыс мәзһәб немесе мәзһәпты жоққа шығарғандар болғаны тәрізді сопылық ілімді түгелдей жоққа шығарған яки бұрыс қолданған ағымдардың да тарихта кездескені мәлім.

Мінекей ендеше біздер бүгінгі таңда сопылық ілімді кейбір бұрыс ағымдар ұстанды деп түгелдей жоққа шығаруға асықпай сопылық ілімнің не екенін жақсылап білгеніміз жөн. Сопылық ілімнің ең алдымен қайнар көзі, кәусәр бұлағы – шариғатта жатыр. Шариғат сүт болса сопылық соның қаймағы тәрізді. Сол себепті тасаууып алдымен тәухидті бірінші орынға қойған. Яғни ол орын терең иманмен өлшенбек. Терең иманы болмаған адам сопылық медрессесінің босағасынан аттай алмақ емес.

Шын сопы Қожа-Ахмет Йассауи терең иман жайлы 79-хикметінде былай деп шын сөзін төгеді:

«Тариқатқа шариғатсыз кирганларни,Шайтан келип иманын алур ермиш»,

яғни, «Тариқатқа шариғатсыз кіргендердің,Шайтан келіп иманын алады екен».

Осыған қарап-ақ сопының қандай жан екенін аңғаруға болатындай.Сопының тағы бір міндеті шынайы – намаз. Иман мен намаз егіз. Бірақ иманның

одан артықшылығы сол – иман намаздан бұрын туған. Ендеше парыз намазды орындамаған мұсылман сопылық яғни тақуалық деңгейге жетуі былай тұрсын жөні түзу мұсылман да бола алмайды. Хақ Тағала барлық парыздарды Жебірейіл арқылы

16

Page 17: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

Пайғамбарымызға жеткізген. Ал бес парыз намазды оның қадірі үшін Хақ Тағала Өз Елшісін құзырына алып, бейне бір өз қолымен табыс еткен.

Сопылар өміріне зер салсақ көбіне жұтаң, ғаріп күй кешкен. Яғни мысалы шариғатта бай болып, сарайда өмір сүре аласың. Тек зекетің мен садақаңды берсең болды. Алайда тариқат жолында жүргендер елі аш-жалаңаш жүрген кезеңде олар бұлай рақат ғұмыр кеше алмайды. Олар Хазіреті Әбу Бәкір, Омар, Оспан ибн Афуан өмірлерін өнеге тұту арқылы, мал-мүлкінің барлығын яки басым көпшілігін елге, дін жолына таратып, өздері өте қарапайым өмір кешкен. Сондықтан да олар елді шариғатқа шақырғанмен тариқат жолына шақырмайды. Сопылық мектебіне өз қалауымен ғана кіре алады. Өйткені бұл өте ауыр жол.

Тәспі – қазақ үрдісі

Ислам дінінде Алланы зікір ету үшін немесе Жаратушының тоқсан тоғыз есімін қайталау үшін қазақ халқы тәспіні қолданғанын білеміз. Осы тәспі жөнінде әртүрлі жаңсақ пікірлер де кездесіп жатаны бар. Бірақ біздің сұрайтынымыз ол мәселе емес. Сұрарымыз біздің қазақ халқында осы тәспінің ерекшеліктері қандай?

Қазақта тәспінің орны ерекше. Қазақ үрдісі – іші-сырты інжу-маржан тастармен безендіріліп салынған, көргенді тамсандырып, таң қалдырған ғажап сарай болса, тәспі соның күміс қақпасының алтын тұтқасы. Тәспі – араптың «саббаха» сөзінен шыққан. «Саббаха» – Аллаһты барлық нұқсан атаулыдан пәктеймін деген мағынаны білдіреді. Құранда «Жер менен көктер Оны дәріптеп, күллі нұқсандық пен жаратылысқа ұқсаудан пәктейді», делінген. Пайғамбарымыз былай дейді: «Екі сөз бар. Ол тілге жеңіл, таразыға ауыр, Рахманға сүйікті келеді: Аллаһ күллі нұқсандық пен жаратылыстан мүлдем таза да пәк. Және күллі мадақ – пәк те ұлы Аллаһқа тән». Яғни, тілге өте жеңіл, бірақ, ертең ұлы махшарда адам баласы есепке тартылғанда жақсылық табағын ауыр басып, осынау Ұлы Жаратушының рахымына бөленуіне себеп болатын сөз. Сонымен қатар бұл сөз періштелердің ең жақсы көретін зікірлері. Құранда Ұлы Жаратушы өз атын әлемге паш ететін бір халифа жаратамын деген кезде періштелер: «Онда бұзақылық жасап, қан төгетін біреу жасайсың ба? Ал біз сені дәріптеп, мадақтап, пәктейміз»,-деді». Яғни, сен жер бетіне өзіңе халифа жаратасың ба? Олардың арасында саған қарсы келіп жер бетінде қан төгетін, жердің тепе-теңдігін бұзатын, адамдарды алалап алауыздық жасайтындар да болады ғой. Алайда, біз сенің әлемді жоқтан жаратқан ұлы құдіретті күш екеніңді мойындап, сені үнемі мадақтап, пәктейміз. Яғни, періштелердің бойы нәпсілік құмарлықтан ада болғаны секілді жамандық атаулыдан тілдері де пәк болатын. Олар – әлемдегі бейбітшіліктің символы мен рәмізі.

Міне, ойы – аспандай тұнық, жүрегі даладай дархан атам қазақтың да мінезі осы періштелерге ұқсас. Оның ішкі дәлелінің - бірі қазақтың аузы ашылса көмейі көрінген ақжарқын көңілі болса, сыртқы дәлелі қолындағы тәспісі болатын. Өйткені, бейтанысқа ұзақтан қолында тәспі ұстап көрінген қазақ әрқашан жылылықты білдірген. Неге десеңіз, қолында тәспісі бар адам тілінде осынау жеті қабат әлемді

17

Page 18: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

жеті том кітаптай етіп жаратқан Ұлы Досына деген зікірі мен пікрі бар, деген сөз. Ұлы Жаратушыны ойлаған тірі жанға жамандық жасауы мүмкін емес. Демек, бұл – нағыз момын-мұсылман қазақ. Яғни, қазақта тәспі – бейбітшіліктің рәмзі болып саналған.

Қазақта тәспі тастарының саны отыз үш немесе тоқсан тоғыз болған. Тоқсан тоғыздық тәспі отыз үшке бөлінген. Қазақ бұл сандарға өте мән берген. Өйткені, намаздан кейін «субхан Аллаһ», «әл-хамду лиллаһ», «Аллаһу әкбар», деп, айту – Пайғамбарымыздың сүннеті. Қазақ Ұлы Жаратушыны зікір етуде қателеспейін, Пайғамбарымның жолымен жүрейін, деп, тәспі тастарының санын қатаң қадағалаған. Сонымен қатар үш бөлек отыз үш қосылып Ұлы Жасаушының тоқсан тоғыз есімдерін білдіретін еді. Хадисте Аллаһтың тоқсан тоғыз есімі бар екенін қазақ жақсы білген. Және қазақ тәспі тастарын әр түрлі нәрседен жасаған. Оның ең ішінде мәшһүрі құрма сүйегінен жасалған тәспі. Қазақ құрмаға ерекше ықыласпен қараған. Оның сыры құрманың басым көпшілігі Мекке-Мәдинадан келгендігінен еді. Қажылыққа барғандар қасиетті жерден қастерлеп екі тәбәрік әкелген. Бірі зәмзәм суы, бірі құрма. Құрманың әлі күнге дейін ең жақсысы Мәдинадағы сол заманнан бері өсірілетін Пайғамбар құрмасы. Және Пайғамбарымыз оразада аузын құрмамен ашқан. Пайғамбарымызды терең сүйген қазақ оның аулынан келген құрмаға да өзіне келе алмай сағынған үмбетіне тәбірік етіп жіберген сәлемі секілді қараған. Сол себепті құрмадан жасалған тәспінің орны ерекше еді. Әулие-әжелеріміз құрмадан тәспі тізіп немере қызының мойнына таққан. Немесе, құрметтеп қара шаңырақтың төрдегі керегесіне ілген. Қастерлеп табан астында қалмауын қадалаған. Жазатайым жібі үзіліп шашыла қалса, тастарын түгел табуға тырысқан. Бірақ, ешуақытта ұлылық қасиет деп қарамаған. Қазақтың тәспіні қастер тұтуында жоғарыда айтылғанда екі себеп бар: Біріншісі, тәспінің – күллі әлемнің тізгінін құдыретімен қолына ұстаған Ұлы Аллаһты зікір етуіне арқау болуы, екіншісі, жалпы тәспі құрмадан жасалып сол құрманың Меккеден немесе Пайғамбармыздың аулынан келгендігі мен сол қасиетті жерлер мен Пайғамбарымызға деген сүйіспеншіліктің белгісі болғандығынан еді. Сізге алыстағы ағайыннан немесе құдаңыздан, яки әскердегі балаңыздан хат келсе, оқып лақтыра салар ма едіңіз? Әлбетте, қастерлеп сандыққа немесе жоғарыға қояр едіңіз. Сол секілді қазақ ата-әжем Ұлы Досын серік, ортақ атаулыдан пәктеп, дәріптеп, осыны тәспі арқылы баласы мен немересіне сонау сәби кезден насихаттап бойына сіңіріп отырған. Яғни, тәспі Аллаһты пәктеуде үлкен рөл атқарған.

Ал, қазіргі заманда қазақтың төріндегі тәспінің біреуі жерде жатса, біреуі шаңыраққа ілінді. Яғни, қазақ тәспіге екі түрлі көзбен қарайтын болып бара жатқандай. Бұл күнде тәспі қазақ салтындағы қадір-қасиетінен айырылып барады. Бейбітшіліктің рәмзі атанған тәспілер бұл күнде балалардың ойыншығына айналып отыр. Кейбіреулері дінді білмегендіктен тәспіге «ерекше қасиет» деп қарауда. Мысалы: «Кейбір салихалы кісінің мазарының топырағына аунатса тәспі киелі болады», дейді. Яғни, бірі кемістік, бірі астамдық ұғым.

Ұлы Жаратушы елшісіне кітап беріп, саналы жандарға жіберген. Сондықтан да марқұм Абай: «Ғақыл көзімен қара», дейді. Иә, адам кітап пен әлемге сәулелі санамен қарағанда барып түсіне алады. Атадан мұра қалған тәспімізді жоғалтпайық.

18

Page 19: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

Адам баласы ұйқыда, өлгенде ғана оянады

Адам рухы әу баста уәдеге берік болып, уақыт өткен сайын әр түрлі кедергілердің кесірінен Жаратушысын ұмыта бастайтыны қалай? Неге адам өз мүмкіндігін пайдалана алмай, өмірге не үшін келгендігін бір сәт санасынан шығарып алады...

Аллаһқа иман бүкіл құдайлық діндердің негізін құрайды. Көктен келген діндердің бәрінің де алғашқы негізі Аллаһтың барлығы мен бірлігіне иман келтіруден тұрады. Алдымен осыны қабыл етпей басқа негіздерге өту, иман ету болып саналмайды. Өйткені, Аллаһтың періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, ақырет күніне және тағдырға сену, осы бір Ұлы Жаратушыны қабыл етуіне байланысты.

Аллаһқа иман – діннің негізі. Сондықтан Ислам кәмелетке жетіп ақылы толысқан адам баласына, бүкіл ғаламды жоқтан жаратқан, бастауы мен соңы болмаған Ұлы Жаратушыны қабыл етіп мойынсұнуды парыз еткен. Неге қабыл етіп мойынсұнбасқа. Ұлы Жаратушы жеті қабат ғаламды өзінің ұлылығын паш етіп, қарағанды таң қалдырып тамсандырып, бас айналдыратын аса алып сарай етіп жаратты. Осы бір алып сарайдың бірінші қабатының өзі, әлі осы уақытқа дейін ғалымдардың есебіне жете алмаған сансыз галактикалардан тұратын еді. Ал, жерді адамзатқа бесік етіп жаратты. Әрі оны адам баласына алып дастархан етіп, оның асты-үстін бетін миллион түрлі тағамдармен толтырды. Айды нұр, күнді шырақ етіп жаратты1. Жер бетіндегі өсімдіктер, жан-жануарлар сонымен қоса барлық тіршілік атаулыға жеке-жеке іс істеуді әмір етті. Барлығы да өз істерін істеп, келетін қонаққа даяр күйде еді. Міне осының бәрі дайын болғаннан кейін Ұлы Жаратушы Аллаһ өзінің құрметті қонағы болатын адамзатты жаратты. Аллаһ адамзатқа жер менен көктерді бағындырды. Осынау Ұлы Жаратушының жер бетіндегі халифасы болған қонағына көктегі Күн қол қусырып, қызмет етіп, нұрын төкті. Ай жер-бесіктің тербетілуінің тепе-теңдігін сақтап тұр. Жер де бауырындағы қонағын кеңістікке ұшып кетпеуін қадағалап, жылы жаққа ұшқан аққудай Күннің айналасында Аллаһтың әмірімен жүзіп жүр.

Иә, адам Ұлы Жаратшының жер бетіндегі құрметті қонағы еді. Сондықтан да адам баласы Оны тануға, білуге тиіс. Осыған мәжбүр де. Өйткені, адам баласы бұл ғұмырға келген соң, ұяда қанат қаққан балапандай сон-ау бала жастан өмірді танып білуге тырысады. Сол өмірде бақытқа қол жеткізіп, мақсат-мұратының шыңына шықсам, деп, арман етеді. Ал, өмірді танып білу деген не? Бақыт деген не? Мақсат-мұрат деген не? Біреулер бақыт менің балалығым дер, біреулер бақыт менің даналығым, дер, ал, енді біреулер менің ашқан жаңалығым, дер. Ал, мақсат-мұрат деген де адамның мінезіне қарай өзгермек. Біреулер ана шыңға шықсам, дер, біреулер мына биікке шықсам дер, біреулер жете алмас, біреулер жетсе де, одан биік шыңды байқап тауы шағылмақ. Сол кезде соны арман етіп сарғаяр. Демек, бұған салсақ, бақыт пен арман адамның жан-дүниесі мен ой-санасындағы қиялының ұшқырлығына байланысты өзгеріп тұрмақ. Бірақ, мен өткінші жауындай тез өтетін, тез сөнетін бақыт пен арман жайлы айтып отырған жоқпын. Мен нағыз бақыт пен 1 Нұx сүресі, 7116.

19

Page 20: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

арман жайлы айтып отырмын. Адам баласы өз ойына, өз жан-дүниесіне сай бақыт пен арманға қол жеткіздім десе де, бұл нағыз бақыт пен арманның өзі емес, оның өткінші елесі. Адам жан-дүниесінің жеті қат теріңіндегі ар-ұжданы мен ой-санасының ұшқыр қиялы қанағат тапқанда ғана нағыз бақыт пен арманның шыңына қол жеткізе алады. Ол да шексіздік. Адамның болмысы мәңгілікті, мәңгілік бір бақыттылықты қалайды. Ол фәни бақыттылыққа көңілі жұбанғанмен, тола қоймайды. Оны тек «мәңгілік бақытты өмір», ғана толықтыра алмақ. Мысырдағы перғауындардың денесін мумиялап кейінгі ұрпаққа қалдырулары, кейбір жандардың ұрпаққа аңыз болып қалатындай іске ұмтылулары, осы мәңгілік өмірге деген сезімнің белгісі. Мен өлермін, бірақ, ісім өлмейді, атым өшпейді, ұрпақ мен жайлы айтып жүрсе онда менің өмір сүргенім емес пе? деген өз-өзін жұбатудың көрінісі.

Міне, осылар Аллаһтың барлығының дәлелі. Өйткені, мұндай мәңгі бір бақытты ғұмырды, бастауы мен соңы болмаған мәңгі бар болған біреу ғана бере алады. Ол да болса осы әлемді жоқтан жаратқан Ұлы Жаратушы. Адам баласы Ұлы бір Жаратушыны тауып, Оған мойынсұнғанда ғана нағыз бақытқа қолы жетпек. Ұлы Жаратушы бар болса, бұл да бар болмақ. Ол мәңгі деген сөз, бұдан кейін мен де мәңгі боламын демек. Өйткені, әркім шамасына қарай қонақ шақырады. Ал, Аллаһтың құдіреті шексіз. Әлем Оның құдіретінің шексіздігне дәлел. Ұлы Жаратушы жер бетіне құрметі қонағы етіп жаратқан адамзатты қайта құрдымға, жоқтыққа тастамайды. Егер қайта жоқ, етіп қайта жаратпайтын болса, онда адам бойына мәңгілікке деген сезім-сүйіншісін бермес еді. Ал, сүйінші хабарын беріп қойып, оны іске асырмау Аса Ұлының ұлығына жараспайтын іс. Сондықтан да бұл ғұмырда өзін танып, өзіне ғибадат еткендерге рахым етіп мәңгілік бір сый тарту етеді. Демек бақыт деген – Оның барлығы мен бірлігін танып Оған мойынсұну, арман Оның сыйына қол жеткізу. Сол себепті, Оны тапқан бақытсыз болса да бақытты, ал оны тани алмағандар бақытты болса да, бақытсыз. Оны тану екі түрлі болады. Бірі ғалам деген Ұлы Жаратушының алып кітабын оқи отырып, дәлелдер арқылы ақылмен тану. Келесісі жүрекпен тану. Сондықтан да алғашқы аят, «Жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол, адам баласын ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Ол Раббың аса ардақты. Қаламмен үйреткен. Ол, адамзатқа білмеген нәрсесін үйреткен»,2 деп түскен. Бұл жерде нені оқы дейді? Әлбетте, Ұлы Жаратушының әлем деген кітабын «Раббыңның атымен оқы» деп отыр. Адамзат та Оның бір кітабы. Адам өзін оқи отырып, ұйыған қаннан жаратылғанын табады. Осы ғасырда тапты да. Яғни, өзінің әлсіз екенін, Аллаһтың ұлы екенін, білімі Алладан келгенін біледі. Сонымен қоса «қаламмен үйреткен». Алдымен оқу десе кейін қалам жайлы айтады. Ал, қалам, жазу деген сөз. Яғни, адамзат Аллаһтың кітабын, таратып айтқанда, галактикаларды, жан-жануарларды зерттейсің, оқисың, одан кейін оны қағазға түсіресің. Әр ғасырда жазғаныңды жазғаныңа қосасың. Осылайша Аллаһтың кітабының қыр-сырын терең үйрене аласың, дейтін мағыналар бар бұл аятта.

Жүрекке келсек, Ұлы Жаратушыны іштей сезінген бастау көзі. Кітаптар, ой-өріс пен ақыл-ойлар, философиялық тұжырымдар, сонымен қатар аспан мен көк тіпті барлық жаратылыс атаулы Аллаһты дәл жүрек секілді таныта алмайды. Ұлы Жаратушыны жүрекпен тану, батыс философтарында да көптеп кездеседі. Мысалы, Паскал жұлдыздарға қарап отырып Ұлы Жаратушының ұлылығына қайран қалып 2 Алақ сүресі, 961-5.

20

Page 21: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

еңіреп жылайды екен. Кант та: мен Жаратушыны кітаптарды бір шетке ысырып, жүрегіме құлақ салғаннан кейін барып таптым - дейді. Кейбір әулие адамдар да «мен Оны таудан, тастан, көктен іздеп жүрсем, ол менің жүрегімде екен ғой», деген екен. Иә, жүректің кеңдігінің қасында мына ғаламзат төбе болып қалады. Бірақ, жүрек арқылы тану екінің қолынан келе беретін нәрсе емес. Себебі, бұл мағрифат. Ол жүректің ар-ожданында сақтаулы. Ал, оның Ұлы Жаратушыны тануы, «әлмисақ» тереңінде жатыр. Біз бұл дүниеге келмей тұрып, рухымыз жаратылған кезде, Аллаһ «Мен, сендердің раббыларың емеспін бе»?, - (дегенде) олар: «Әлбетте, (Раббымызсың)» деген. Қиямет күні: «Бұдан хабарымыз жоқ» демеңдер»3, деп сөз алған. Бірақ, бұл дүние емтихан алаңы болған соң бұл уәдені адам баласы ұмытып кетеді. Анығырақ етіп айтсақ, Аллаһ бұл диалогты ар-ожданға қойып, оның сыртын да құмарлық пен нәпсі деген сейфпен қаптап, оны перде еткен. Адам баласы сол сейфтің шифрларын таппайынша, ол құпияны біле алмайды. Сондықтан Хазреті Әли «адам баласы ұйқыда, өлгенде ғана оянады», деп кеткен. Яғни, адам баласы сол құпияны аша алмай құлдилап бұл өмірден өтеді. Бұл өмірден қабір деген төртінші әлемге өткенде кенеттен мастықтан айыққандай өзіне келіп есін жияды. Өйткені, ол жерде құмарлық пен нәпсінің үстемдігі жүрмейді. Ол сонда барып бұрынғы берген уәдесін есіне түсіреді. Бірақ, бәрі де кеш еді. «Ештен кеш жақсы», деген мақал да бұл жерде үнсіз қалады. Ал, бұл ғұмырда нәпсісін жеңе білгендер сол құпияны аша алады. Өйткені, үстемдігінен айрылып тұтқын болған құмарлық, қол қусырып қызмет етіп ар-ожданның есігін айқара ашады. Міне, мұндай бақытты жандар, Ұлы Жаратушының Құран кітабының тілімен әлем деген кітабын оқып, таныса өмірі сәт сайын күрт өзгеріп, ақиқатын айдай танып, бастауы мен соңы болмаған мәңгі бақи бар болған Хаққа қарай сәуле жетпес жылдамдықпен зулай жөнеледі.

Мәңгілік махаббат мәні

Махаббат өмірде әрқандай деңгейде болатынын білеміз. Мәселен, табиғатқа деген махаббат, ананың балаға деген махаббаты немесе ғашықтар арасындағы 3 Ағраф сүресі, 7172.

21

Page 22: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

махаббат. Ең негізгісі Хаққа деген махаббат. Осы махаббаттар жайында хадистерден мысал келтіріп өтсеңіз...

Жаратылыстың мәні мен маңызы шынайы махаббат екені баршаға аян. Рақымдылық пен шапағат адамның қол жетпес бақыты. Одан басқа дүниелік бақытты аңсау, қателік болып саналмақ. Мәселен, бір ғаріп жанға жәрдем көрсетсеңіз, бойыңыздан бір ауыртпалық түскендей сезінбейтін бе едіңіз. Сол сияқты Ұлы Жаратушы рақымдылық етіп бұл ғаламды жаратқанда, барлық жаратылыстың ішіне махаббат пен мейірім-шапағатттың ұрығын сепкен. Аллаһ Елшісі былай дейді: «Аллаһ тағала көктер мен жерді жаратқан күні жүз рақымдылық жаратты. Рақымдылықтың біреуін жерге таратты. Сол арқылы ана баласына, жан-жануарлар, құстар бір-біріне сүйіспеншілікпен қарайды. Тоқсан тоғызын қиямет күніне кешіктірді. Қиямет күні Аллаһ оны осы рақымдылықпен толықтырады». Жер бетінде ананың түн ұйқысын төрт бөлгізетін балаға деген махаббаты, құстың балапаны үшін шырылдап, өзін жыланға құрбан етуі, тіпті жыртқыш аш қасқырдың тапқан азығын өзі жемей бөлтірігіне беруі – сол рақымдылық пен сүйіспеншіліктің белгісі. Бұлар туа біткен қасиет. Абайдың «Махаббатпен жаратқан адамзатты, сен де сүй сол Алланы жаннан тәтті», дегені, жер бетіне жүрек көзімен қарап, сол сүйіспеншілікті танығаны. Осы рақымдылық пен махаббаттың тоқсан тоғызын Аллаһ ақыретте мұсылман достарына сақтаған. Негізінде ақыреттің барлығын жер бетіндегі махаббат іздеріне қарап таба аламыз. Хақ Тағала әлемді махаббатпен жаратқан. Егер ақырет болмаса, бұл ғұмырдағы махаббаттың ешқандай мән-мағынасы қалмай, рақымдылық зұлымдыққа, махаббат қасіретке, ләззат уға, достық дұшпандыққа айналар еді.

Ұлы Жаратушы өзі ерекше жаратқан адамзатты құрдымға тастасын ба?! Пайғамбарымыздың заманында бір ана дүйім жұрттың арасынан балапанын іздеп шырылдаған құстай бәйек болып, баласын іздеп жүреді де аздан соң баласын тауып, бар мейірімен құшып аймалай бастайды. Осы бір көріністі Аллаһ Елшісі көріп, жанындағы сахабаларға: «Мына ана құшағындағы өз баласын отқа тастауы мүмкін бе?» деп, сұрайды. Сахабалар: «Жоқ, әсте тастамайды», деп, жауап қатады. Сонда Ол: «Рақымы шексіз Аллаһ Тағала да сол секілді. Өзін ерекше етіп, аса мейіріммен жаратқан пендесін отқа тастамайды» дейді. Яғни, бір бөлшек махаббаттың қасиетін біліп, әлем көгіне бейбітшіліктің байрағын тіккені үшін, қалған тоқсан тоғыз махаббатты сый-сияпат етіп бермек.

Иә, нағыз махаббат ақыретте болмақ. Аллаһ тағала Құранда былай дейді: «Күдіксіз иман етіп, ізгі амал істегендер жаратылғандардың жақсысы. Олардың Раббыларының қасындағы сыйлықтары: астынан өзендер ағатын Ғадын жәннаттары. Олар онда мәңгі қалады. Аллаһ олардан разы, олар да Аллаһтан разы. Бұл сый-сияпат Раббысынан қорыққан кісіге арналады»4. Яғни, Аллаһтың өзінің жақын досына «разымын», дегені мәңгілік зор махаббаттың белгісі. Адам баласының әлімсақтан бергі нағыз аңсаған арманы осы бір ұлы сүйіспеншілікке ие болуы. Бұл дүниедегі бір бөлшек махаббат тоқсан тоғыздың дақылы тәрізді. Адам оны бағалай, қастерлей білсе, ақыретте нәрлі топарақта өніп, зәулім ағашқа айналған дақылдай алып махаббатқа айналмақ.

4 Бәййіна сүресі, 7-8.

22

Page 23: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

Бірақ, Құдай тағалаға қас қылғандар бұл махаббаттан мақрұм боп құр алақан қалмақ. Өйткені, олар бұл дүниеде берілген бір бөлшек махаббаттың да қадірін білмей аяққа таптағандар. Біреуіне ие бола алмаған жүзіне қалай ие болсын.

Мәжнүн Ләйліге ғашық болғанда оған күллі әлем Ләйлі болып көрінген. Қозы-Көрпеш Баяндардың да махаббаттары әлі күнге ел аузында дастан емес пе? Алайда, осының бәрі жүзден бір сүйіспеншілік қана. Ертең күн тоқсан тоғызы берілгенде қандай болмақ? Ендеше, Абай хакімнің: «Махаббатпен жаратқан адамзатты, сен де сүй сол Алланы жаннан тәтті» деуі тегіннен-тегін айтылмаған болар. Адам жаратылысының мәні Аллаһқа деген махаббатта жатқанын еш ұмытуға болмайды.

Иман мен имандылық хақында

Қазақта иман мен имандылық бір ұғым ба? Осы сөздерді қазақ қалай түсінеді…

23

Page 24: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

Қазақта имандылық сөзі, адамгершілік, ізгілік қасиеттерді білдіреді. Имандылықтың мұндай мағынаны білдіруі қазақтың мұсылман болуынан туындаған. Имандылық сөзі иманнан шыққан. Иман - жүректегі нұр, имандылық соның сыртқы пішіні. Имандылық – Аллаһ Тағалаға иман еткен адамнан туған көркем мінез. Имандылық мінезі әрбір мұсылманның бойынан табыла бермейді. Өйткені, кейбір кәпірдің сипаты кәпір сипаты болмағаны секілді, әрбір мұсылманның сипаты имандылық пен көркем мінезді болуы шарт емес. Атам қазақтың адамгершілік ұғымын имандылық сөзімен беруінде ерекше мән бар. Өйткені, адамгершілік пен имандылық арасында үлкен айырмашылық бар. Адамгершілік – барлық адамның бойында бола алатын адамның адамдық болмысынан туған қасиет. Имандылық – әлемнің Жаратушысы, Ұлы Досына деген иман атты сүйіспеншілігінен туған аса ізгі қасиет. Яғни, әрбір имандылықта адамгершілік бар болса да әрбір адамгершілікте имандылық болмауы бек мүмкін. Сондықтан қазақта имандылық - ауқымы аса кең үлкен пәлсапалық ой-толғамға ие, ерекше мәнді ұғым. Атам қазақ иманын - өз болмысының тірегі мен ар-ожданның асыл тас ақиқаты деп ұққан. Сол себепті атам қазақ жүректен иман шыққаннан кеудеден жан шығуды артық санаған. Оған атам қазақтың мына сөзі куә: «Малым жанымның садақасы, жаным арымның садақасы». Бұл жерде атам қазақтың «арым», деп, отырғаны - иман. «Ұят кімде болса, иман сонда», деуі де, содан қалған. Ар-ұятын сатқан жанға «иманын сатты», арсыз жанға «имансыз», деген сөзбен түйреген. Қазақта мұндай сөз тіркестері толып жатыр. Бұл – атам қазақтың аса иманды момын-мұсылман жан екендігінің белгісі. Яғни, қазақ бар жақсылық ұғымды иман сөзімен, бар жамандық ұғымды имансыз сөзімен айқындаған. Ақиқат осы бола тұрса да, кейбір жандардың атам қазақты аруақтарға табынған, мазарларға сиынған, деулері, неткен жала десеңізші. Өткеніне түңіле қараған ілгеріге үңіле қарап жарытпас. Әруақты сыйлау бар, табыну жоқ. Бүгінгі ұрпақтың кейбірі аруақты сыйлаймын, деп, оған табынып жатса, ол - сол адамның өз кінәсі. Дініне салғырт қарағаннан туған нәрсе. Болмаса, қазақ әрқашан Ұлы Досына беріктігін көрсеткен. Иә, қазақ шыр етіп дүние келген баланың құлағына азан айтып, ажалы жетіп бұл жалғаннан озған жанның да жүзін құбылаға қаратып, жаназасын оқып Ұлы Жаратушының жарлығын бұлжытпай орындауға тырысқан. Құранда сол Ұлы Дос: «Маған берген уәделеріңді орындаңдар, мен де сертімді орындайын. Және Менен ғана қорқыңдар»,-дейді (Бақара). Міне атам қазақ шексіз ұланғайыр далада еркін де азат ғұмыр кешіп, сол Ұлы Досына деген уәдесін орындауға тырысып, тек Жалғыз Жаратушыдан ғана қорқып тағзым етіп, басқа жаратылыс атаулыға бас имеген. Аллаһқа тағзым етіп одан ғана қорыққан бөгделерден қорықпас. Ал, Құдайдан қорықпаған, оған бас имеген сөзсіз бөгделерге бас иеді. Бұл айнымас шындық. Жаратушы адамды жаратқанда өзіне қорған тілер етіп жаратқан. Қазақта орынсыз қорыққан жанға «иманы қалмады», «иманы ұшты», «иманы түршікті», деуі, соның дәлелі. Яғни, «қорықсаң, бір Құдайдан қорық, бөгдеден қатты қорқу, иманды адамға жараспайтын қылық», деген, мағыналар бар мұнда.

Қазақ иман мен имандылықты Пайғамбарымыздан үйренген. Пайғамбарымыз былай дейді: «Мен ең ғажап көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім», деу арқылы әлемдегі имандылықтың қаншалықты маңызды екенін көрсеткен. Сондықтан да Пайғамбарымыз имандылықты жаю жолында өзі бірінші үлгі болған. Ол имандылық пен көркем мінезділікте алдына жан салмайтын теңдесіз жан болатын.

24

Page 25: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

Ол бірде «Мені Раббым тәрбиеледі. Әрі аса көркем түрде тәрбиеледі»,-деген болатын. Негізінде, Аллаһ Тағаланың адамды жаратудағы негізгі мақсаты осы иман мен имандылық. Сондықтан адам баласы Ұлы Аллаһқа иман етіп, оның мінезіне ұқсау керек. Жер бетіндегі адам баласының Аллаһтың мінезіне ұқсауы - осы имандылық бастауы. Пайғамбарымыз «Аллаһтың мінезінен үлгі-өнеге алыңдар»,-дейді. Осы үлгі алу мектебінің негізі Құранда жатыр. Аллаһ Тағала Құранды адамдар иман етіп имандылық жасап, толық адам шыңына жетсін, деп, түсірген. Міне, осы кітапты бізге жеткізген Пайғамбарымыз болғаннан кейін, сол кітаптан ең көп үлгі алған да, сол болатын. Оның мінезі жайлы Хазіреті Айшадан сұрағанда «Оның мінезі – Құран»,-деп жауап береді. Негізінде Хазіреті Мұхаммед (с.а.с.) жайлы Аллаһ Тағала кітабында былай дейді: «Сен аса ғажап көркем мінездесің»,-дейді. Бұл- имандылық. Имандылық – адамгершілік, ізгілік. Құранда «Негізінен иман етіп ізгі іс жасағандар, намазды толық орындап, зекет бергендерге Раббыларының жанында сыйлық бар» (Бақара, 2\277). Бұл аяттағы ізгі істер – имандылық. Аллаһқа мойынсұну – иман, ізгі істер жасау арқылы Ұлы Досқа жақындау – имандылық.

Міне, бұлар діннің негіздері боп саналады. Осы иман мен имандылыққа айырқша көңіл бөлген қазақ бұл екі ұғымды өміріне сіңірген. «Адамның пікірі қандай болса, зікірі сол», деген. Атам қазақтың «иманды адам, иманмен қаптап қойғандай, иман таразыға салды, иманы бетінде үзіліп тұр, иманы жолдас болсын» т.б. иманға байланысты сөз тіркестері оның терең иманды болғанының белгісін білдіретін болған.

25

Page 26: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

Жайнамаз – мұсылмандықтың рәмізі

Сәжде етер жердің таза болуын кеңірек пайымдаған қазақ халқы жайнамазға тазалықтың белгісі ретінде қараған. Оның бетіне өзінің ұлттық өрнектерін және Қағбаның суретін салған. Жайнамазды аяқ асты етпеу де имани дәстүрге айналған. Жалпы қазақ халқында жайнамаздың бұдан басқа да маңызы бар ма?...

Атам қазақта мұсылмандықтың нышаны ретінде жайнамаздың орны ерекше. Қазақ халқы - мұсылман халық. Сол себепті оның салт-дәстүрінің басым көпшілігі мұсылмандық бояумен боялған. Міне жайнамаз да соның бірі. «Намаз» сөзі бізге парсы тілінен енген сөз. Арабшасы «салат». Ол «дұға ету, мадақтау, тағзым ету», деген, мағыналарды білдіреді. Яғни, намаз – адамның осынау жеті әлемнің тізгінін асқан құдыретімен қолына ұстап тәспідей ойнатқан. Ұлы Жаратушыға дұға етіп, оны барлық жаратылыс атаулыдан пәктеп, мадақтап, оның ұлылығының алдында өзінің әлсіздігін мойындап, мойынсұнып, бас иіп тағзым етуі. Демек атам қазақ әрқашан әл-мисақтан бері мұсылман болып Ұлы Досына тағзым етіп келеді. Кейбіреулердің қазақ намаз оқымаған деуі – үлкен қателік. Түркістан, Сайрам т.б шаһардағы мешіттерді қайда қоясыз? Соңғы екі ғасырдағы мұсылмандық тоқырау бізде ғана емес, исі мұсылман әлемінде болған жағдай.

Пайғамбарымыз «Намаз – діннің тірегі», басқа бір хадисында «Намаз – нұр», дейді. Яғни, намаз мұсылман қолына ұстаған шамшыраққа ұқсайды. Намаз - адам баласының тән тазалығы мен жан тазалығы. Намаз - рух азығы мен ар қазығы. Адам баласы намаз арқылы Ұлы Досына тағзым етіп, өзінің пендешілігіне тәубе етеді. Ұлы Досы заңдарын Жебірейіл арқылы жіберсе, ал, намазды жердегі Елшісін құзырына шақырып бейне бір өз қолымен бергендей арнайы ұсынған. Сондықтан да намаз мұсылманның – миғражы саналады. Қазақ намазды пырақ етіп мініп миғражға қарай самғап ұшқан. Намаздың бес уақыт болуы да атам қазақты үлкен ойлылыққа тартқан. Мысалы, бамдат намазы адамның өмірге жаңа туған сәби кезін еске түсіреді. Рауандап атқан таң сәбидің пәктігіне, жаңа оянып сайраған құстар сәбидің тәттілігіне, әсем тыныштық бейбіт өміріне ишарат етеді. Сол секілді бесін намазы адамның қырықтан асып қынабынан шыққан қылыштай қылшылдап тұрған шақтарына ұқсаса намаздыгер уақытында күннің батысқа бет алуы - адам ғұмырының сексенге келіп қураған сексеуілдей селкілдіп таяқ ұстап қабір атты төртінші әлемге бет алып өмір деген кітабының соңғы тарауын да тауысуға айналып бара жатқанын еске түсіріп адам баласын ойлылыққа шақырады. Ақшам намазы адам баласының бұл ғұмырдан өтіп күз келіп жапырағы сарғайып, бейне бір өз қабірінің басында тұрып «Аллаһ үшін не істедің? Артыңда қандай өлмейтіндей із қалдырдың?»,-деп өз-өзінен қабірдегі періштедей сұраққа тартып жатқандай халді елестетеді. Ал, құптан намазындағы айнала қас-қарайып тыныштыққа оранған қараңғы мезгіл - адам ғұмырына қыс келіп, ақ кебінге оранып, халінің не болатыны беймәлім болған қабір әлемін еске түсіреді. Өзінің қандай күйге түсетіне кепілдік бере алмаған атам қазақ осындай сәттерді еске түсірген сайын Ұлы Досына деген сыйынуы мен сүйіспеншілігі арта түсіп, тәуекел етіп отырған. Иә, бұл атам қазақтың жасыл желектей жайылған жайнамазының үстінде туған пәлсапалық терең

26

Page 27: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

ойларының бірі болатын. Осылайша таза жайнамазға ерттеп мінген аттай дәрет алып келіп отырып, кілемге мініп ұшқандай ойының өткірлігі, рухының ұшқырлығымен нәпсінің қара бұлтын қақ жарып ұзақтарға сапар шеккен.

Қазақтың жайнамазы жай бір жайнамаз емес екен. Мұсылман жанның «толық адам» болуына арқау мен асқақ шыңға жетуге қанат болған жайнамаз. Оның «жайнамаз» аталуында сырттай қарағанда перде секілді жай мағына тәрізді көрінсе де сол перденің артында терең пәлсапалық мән-мағыналар жатқандай болады. Әуелі жайнамаздағы «жай» сөзін жай, яғни, найзағай деп алып қарасақ та, бұл сөз негізгі мағынадан қашық болса да бізге намаздың маңызын еске түсіргендей болады. Себебі, намаз арқылы адам яки иман мен толық адам шыңына жетеді. Бұл, әлбетте, нәпсіні жеңіп, оның бар күшін найзағайдай қуатпен тілгілеп ойсыратумен ғана болатын нәрсе. Намаз оқыған адамның жай-күйі әрқашан тыныштық табады. Пайғамбарымыз намаз уақыты келгенде азаншы Билал деген сахабаға: «Қанекей, Билал жанымызды рахатқа бөле! (Жан-сарайымызға су бүркіп, жанымызды жадырат!)»,-дейтін (Әбу Дәуд, Әдәб, 87; Муснәд, 5\64-371). Өйткені, қара су мен қара нан тәннің азығы, ал, ғибадат жанның азығы. Демек, жаны жадырап, көңіл күйі жай, тыныштық табуға арқау болған жай намаз немесе жанға жайлы намаз. Бұл мағыналар негізгі мағынасынан алшақ болғанмен ойға түрткі болу жағынан намаздың рухына жақын мағыналар. Яғни, жоққа шығара алмайсыз. Жайнамаз атам қазақтың намаз атты пырағын ерттеп мініп ғарышқа самғаған - жайы мен мекені. Яғни, тазалық пен пәктіктің мекені. Жайнамаздың дастархандай намаз үшін жайылуы. Негізінде, қазақтың жайылған төрт жайнамаз -дастарханы бар. Әуелгісі, кәдуілгі жайнамаз ол – рухқа жайылған дастархан. Екіншісі, кәдуілгі дастархан. Бұл да Ұлы Ризық берушінің ризығын теріп-жеп оған шүкір еткендіктен жеген тамақ та ғибадат саналуы. Және сол дастарханды жайнамазды ластықтан сақтағаны секілді Ұлы Досының харам еткен нәрсесінен сақтаған. Бұл - ғибадат санасы. Намаз сол ғибадаттың негізі. Үшіншісі, атам қазақтың кең дархан жері. Қазақ сан ғасырлар бойы өз дастарханына бөгделердің қол салуынан қорғаштаса, жат жерден жұтаңдық көріп келген өзгелерге сол дастаханнан орын беріп өле жемей бөле жеген. Атам мұны «адамды сүй, Алланың хикметін сез» қағидасы бойынша істегендіктен бұл іс-әрекеттері ғибадат саналған. Ақырғысы – қазақтың шексіздікке жайылған жайнамаз-дастарханы – көгілдір көк шаңырағы. Яғни, аспан. Берекеттің негізі сол көктен келуі мен атам қазаққа сол көкке қарап Ұлы Досының сипаттарын ойлап оның мінезіне ұқсауына арқау болған жайнамаз-дастарханы. Пайғамбарымыз «Аллаһтың мінезінен үлгі алыңдар»,-дейді.

Жайнамаз үстінде қазақ осынау Ұлы Жаратушыға тағзым ететін болғандықтан, оны құрметтеп жоғарыға жинаған. Кейде тіпті керегеге ілген. Жайнамаз кейде жай ғана матадан жасалса кейде арнайы тоқылып кілемше етіп жасалған. Бірақ, кілемшелерге ою-өрнек салғанмен құс пен аңның суреті салынбаған. Сонымен қатар, жайнамаздың басы мен аяғына өте мән берген. Сәжде қылар бас жағына арнайы сәжде жері екенін білдіретін белгі жасалған. Бұл, шамасы атамның сәжде етер жерімді аяғыммен баспайын деген сақтығы болса керек. Бұл да тазалық пен имандылықтың белгісі. Малайзия мұсылмандары тазалыққа өте жаны құмар. Әсіресе мешіттерін аса мұқият қарағаны сонша, кейде – сәжде етер жерлеріне арнайы

27

Page 28: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

ұзыннан-ұзақ ақ мата төсеп, әтір сеуіп қояды екен. Олар да атам қазақ секілді сол сәжде етер жерлерін баспауға тырысады екен. Жайнамаз – мұсылмандықтың рәмізі. Жайнамаз – тазалықтың белгісі. Пайғамбарымыз «Тазалық – иманның жартысы»,-дейді. Олай болса тазалық – даналықтың белгісі.

28

Page 29: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

«Ұят» сөзін қазақ қалай түсінген?...

Хаким Абай осы Ұят мәселесіне «Отыз алтыншы сөзінде» терең талдау жасаған. Ол ұяттың тікелей иманмен байланыстылығын паш етіп: «Пайғамбарымыз салалаһу һалайһи уәселәмнің хадис шарифінде айтыпты: «Мән лә хаяһун уә лә иманун ләһу» деп, яғни кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ, деген» деп сөзді хадистен бастайды. Яғни, ұят тікелей иманмен қатысты нәрсе екен. Абай сөзін әрі қарай жалғастырып: «Біздің қазақтың өзінің мақалы да бар: «Ұят кімде болса, иман сонда» деген. Енді бұл сөзден білінді, ұят, өзі иманның бір мүшесі екен» дейді. Абай атамыздың осы хадисі Әбу Даууд пен Нәсәидің хадистерінде айтылған. Яғни «Иман жетпістен астам мүшеден тұрады. Ұят та иманның бір мүшесі» дейді (Әбу Даууд, Суннәт, 14; Нәсәи, Иман, 16).

Абай ұятты «надандықтың ұяты», «шын ұят» деп екіге бөлген. Шын ұятты «шариғатқа теріс я ақылға теріс, я абиұрлы бойға теріс бір іс себепті болады» деп түсіндіреді. Бірақ осының өзін «өзгенің бойынан шыққан», «өз бойыңнан шыққан ұят қылық» деп бұны да екіге жарып, талдайды. «Өз бойыңнан шыққан ұят қылықты» «іштен ұят келіп, өзін жазаға тартқан», «адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіп қылған қысымның аты» деп түсіндіреді. Ал, Ислам ғұламалары да ұятты екіге бөледі:

Біріншісі: Болмысқа тән табиғи ұят. Бұл адамның ұятсыз қылықтар жасауына тосқауыл жасайды. Жасай қалса мазалайды. Бұл мұсылман емес адамдарда да болады. Өйткені барлық пенденің бойында ұят бар. Ұят қашанда ақиқатшыл келіп, жалғанға, жасандылыққа басқа да теріс қылықтарға қарсы шығады. Ол адамның бойында тіпті «әлімсақтан» бері бар. Рух жаралғанда Хақ Тағаламен жүздесіп әлімсақтан бері сақталған осы ұят иесі – адам қай кезде ұят қылық жасай қалса Құдай Тағаланы анық таныған ұяты Одан қатты қысылып, тез арада өз иесін «жазаға тарттырады». Сол себепті пенде құпия қылмыс жасап қоғам сотынан құтылғанмен өзінің «ар-ождан сотынан» құтыла алмай, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден қалып азап шегеді. Пенде өзгеге өтірік айтқанмен ұят құзырында бір ауыз жалған айта алмайды. Өйткені Хақ Тағаламен жүздескен ар-ождан Оның құзырында жалғандығын жасыра алмайтындықтан өз иесіне де жалған айтқызбай, ақиқатқа басын игізеді.

Екіншісі: Иманнан туындаған ұят. Бұл Ислам дінінің негізгі бөлігін құрайды. Осы «табиғи ұят» пен «имани ұят» қосылып толысқанда толық ұят әбес қылықтарға қарсы үлкен күшке айналады. Егер табиғи ұят жалғыз қалатын болса, өмірдің ауыртпалықтарын көтере алмай толқын ұрған кемедей құрып кетуі мүмкін. Иә, адам бойындағы осы ұят «Ол Аллаһ Тағаланың өзін көріп тұрғанын білмей ме? (Алақ, 96/14) аятында және де «Сөзсіз Хақ Тағала сендердің төбелеріңнен көріп бақылауда» (Ниса, 4/1) сияқты аяттарда айтылғандай «ихсан» кәусәрін ішпесе, өмірі ұзақ болмайды. Пайғамбарымыздың да (с.а.с) «Ұят – иманнан туындайды» деуінде осы сыр жатыр. Ендеше ұят адам жүрегіндегі сырлы дақыл. Ол иман мен мағрипат қайнарынан сусындап, нәр алса ғана өсіп өнеді. Егер нәпсіқұмарлықтың ұрасына тастап, кірлететін болса, құм басқан шөлдегі дақылдай өнбей, шіріп кетеді. Жүрегіндегі ұяты шіріген адам яки қоғам бұдан соң нәпсіқұмарлыққа тән барлық жаманшылықты жасайды. Бірақ олар бір-бірінен әсте ұялмайды. Ұяламақ былай тұрсын, сол бір адамшылыққа жат қылықтарды «идеал мәдениет» санайды. Ақырғы

29

Page 30: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

Елші (с.а.а) осыған қатысты: «Ұятсыз болсаң, ұялмасаң білгеніңді істе!» дейді (Бухари, Әнбиә, 54; Әбу Даууд, Әдәб, 6; Ибн Мәжә, Зуһд, 17).

Кейбір ғұламалар аят пен хадистерге қарап ұятты мәртебелерге бөлген.Алғашқы мәртебе: Адам өзіне Хақ Тағаланың назарымен қарай бастайды. Яғни

ол өзіне Құдай Тағаланың өлшемімен баға береді. Өзінің жүріс-тұрысында шариғат заңымен жүріп, соған қарай қаракет жасайды. Мұсылман адам өзін осылай бақылауға алуының арқасында жүрегінде терең ұят сезімі ұялайды.

Екінші мәртебе: Хақ Тағаланы жанында сезіне білуі. «Қайда болсаңдар да Ол сендермен бірге» (Хадид, 57/4) биігіне жеткендердің мәртебесі. Осыған қатысты Аллаһ Елшісі былай дейді: «Шамаларың келгенше Аллаһ Тағаладан ұялыңдар! Хақ Тағаладан ұялған адам басы мен басының ішіндегілерін және асқазаны мен асқазанының ішіндегілерін бақылауға алсын! Өлім мен шіруді де естен шығармасын! Ақыретті қалаған пенде бұл дүниенің жалған әсемдігін тастайды. Кімде-кім осылай істесе Аллаһ Тағаладан сонда ғана ұяла алады» (Муснәд, 1/387).

Үшінші мәртебе: «Ең ақырғы аялдама Раббың» (Нәжім, 53/4) мақсатына жету жолында жүрегі мен рухының тереңдіктеріне бойлағандар.

Хаким Абай «Мұндай ұяты күшті адамдар ұйқыдан, тамақтан қалатұғыны да бар, хатта өзін-өзі өлтіретұғын кісілер де болады» дейді. Иә кейде адам бір қателік жасайды да, сол күнәсін көтере алмай, жер басып жүргеннен өлімді артық санайды. Өйткені ол өзінің жаратылыс мақсатынан адасқанын сезеді.

Хаким Абай «Осы күнде менің көрген кісілерім ұялмақ тұрмақ, қызармайды да» дей келіп сөз аяғында «Немесе «пәленше де, түгенше де тірі жүр ғой, пәлен қылған, түген қылған, менікі оның қасында несі сөз, пәленшедей, түгендей мәнісі бар емес пе еді?» - деп, ұялтамын десең, жап-жай отырып дауын сабап отырады. Осыны ұялған кісі дейміз бе, ұялмаған кісі дейміз бе? Ұялған десек, хадис анау, жақсылардан қалған сөз анау. Осындай адамның иманы бар дейміз бе, жоқ дейміз бе?!» деп ар-ұяттың мәнісін ұқтыра алмағандығына қынжылады. Иә, Абай мұны бекерге айтып отырған жоқ. Ұят илаһи мінез һәм Хақ Тағаланың сыры. Бір хадисте ол былайша бедерленген.

Хақ Тағала қиямет күні ғарасат майданында қария кісіні есепке тартып: «Сен неге мына күнәларды жасадың?» деп сұрайды. Әлгі қария да жасаған күнәсін мойындамай, «мен жасаған жоқпын» деп жауап береді. Осы кезде рақымды Хақ Тағала: «Ендеше мынаны жәннатқа апарыңдар» деп жарлық береді. Сонда періштелер таңырқап: «Я, Құдай! Бұл пендеңнің күнә жасағанын Сен білесің ғой» дейді. Аллаһ Тағала оларға: «Иә солай. Бірақ Мұхаммедтің үмбеті болған оның ағарған шашы мен сақалына қарадым. Айыбын бетіне басуға ұялдым» дейді. Осы хабарды Жебірейіл Пайғамбарымызға жеткізгенде жанарына жас толып, жылап жібереді. «Хақ Тағала үмбетімнің ақ сақалдарына азап етуден ұялады да үмбетімнің ақсақалдары күнә істеуден ұялмайды» дейді.

Иә, ұятты Абай хакім иманмен байланыстыра түсіндірген. Иманы кәміл ата-бабаларымыз да «Ұялмағаннан ұял» деп, осы екі сөзден-ақ кемел пайым тудырған.

30

Page 31: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

Миғраждың мәні мен маңызы

Көпшілік бұл түннің қадір қасиетін терең түсінбегендіктен тылсым нәрсе немесе адам ақылы жетпейтін қияли дүние деп қарайды. Ал, ол түн мұсылмандар үшін қасиетті түн екені белгілі. Бұл түннің кереметтілігін жеткізіп берсеңіз...

Миғраж түні – Пайғамбарымыздың (с.а.с) Меккеден Қудусқа, одан кейін жеті қат көк пен жәннатқа шығып, Сидретул-мунтәһәдан өтіп, Аллаһ Тағаланың құзырына қабыл етілуі. Құранда – «Исра», ал хадисте – «миғраж» деп аталады. Исра – түн саяхаты, миғраж – көкке көтерілу. Исра – және Нәжім қысқа түрде беріліп, ал Бухари мен Муслим тәрізді хадис кітаптарда егжей-тегжейлі айтылған.

Миғраждың маңызынан қысқаша сөз қозғасақ, ең мықты көзқарас бойынша, миғраж хижраттан бұрын пайғамбарлықтың он үшінші жылында (м.622), режеп айының 26-сынан 27-сіне қараған түнінде жүзеге асқан. Пайғамбарлықтың 12 жылында болған деген хабарлар да бар. Пайғамбарымыз Меккеде Әбу Талиб қызы Уммиһанидың үйінде тынығып жатқан. Сол кезде Жебірейіл келіп, көкірегін жарып, зәмзәм суымен жуып, иман, хикметке толтырды. Осыдан кейін оны өзімен әкелген Пыраққа мінгізіп, Меккеден Қудустағы Ақса Мешітіне апарды. Ол сол жерде өзін күтіп тұрған барлық пайғамбарларға имам ретінде намаз оқыды. Сосын өзіне берілген миғражға мініп көктерге көтерілді. Бірінші көкте – хазіреті Адам ата, екіншісінде хазіреті Яхия мен хазіреті Иса, үшіншінде – хазіреті Юсуп, төртіншісінде – хазіреті Харун, алтыншысында – хазіреті Мұса, жетіншісінде – хазіреті Ибраһиммен (а.с) кездесті. Одан соң Тағдыр қаламының дыбысы естілетін жерге барды. Жәннат пен жәһаннамды көрді. Ең соңында Сидрәтул-мунтәһәға жетті. «Араб шиесі» деп аталатын бұл ағаш (дұрысын Аллаһ біледі) – жаратылыс ағашы, ұлы Арштың астында жәннат пен көктерді қамтыған (Ұлы Жаратушындан басқа) барлық болмыс атаулының шегі мен шекарасы. Одан әрі қарай болмыс жоқ. Жебірейіл Пайғамбарымызды шығарып салып, сол маңда қалды. Ал, хазіреті Мұхаммед (а.с.а) жалғыз өзі Ұлы Жаратушымен кездесуге мүмкіндік алды.

Аллаһ Елшісінің миғражда үш үлкен сыйлық берілді: Біріншісі, Бес уақыт намаз. Намаз алғашқыда елу уақыт намаз деп бекітілді. Бірақ хазіреті Мұса үмбетіне ауыр келетінін айтқан өтінішіне орай, Пайғамбарымыз бірнеше рет барып, бес уақытқа түсіртті. Ұлы Рақымды Аллаһ намазды беске азайтса да, елу намаздың сауабын кемітпеді. Бес уақыт намазда – елу уақыттық намаздың сауабы бар! Бұдан артық қандай нығмет керек?! Екіншісі, Аллаһ Тағалаға ортақ, серік қоспаған жандардың жәннатқа кіретіні жайындағы сүйінші. Үшіншісі, Бақара сүресінің ең соңындағы екі аяты.

Ұлы Жаратушыдан осы сыйлықтарды алып, ол (с.а.с) Меккеге қайта оралды. Бұның бәрі қас-қағым сәтте өтті. Тіпті, жатқан төсегі де суып үлгермеген. Таңертең Қағбаға барып, Құрайышқа хабар берді. Әлбетте меккелік мүшріктер сенбеді. Кейбір иман келтірген жандар да екі ойлы. Әлдекімдер Әбубәкірге жүгіріп, хабар берді. Әбубәкір: «Егер бұл сөзді ол айтса сөзсіз дұрыс», - деп жауап қатты. Олар «Оны мұндай жағдайда да растайсың ба?», - деді. Ол сонда: «Мен оның бұдан да артқық сөздерін растаймын. Мен оның ертелі кеш көктен әкелген хабарларын, яғни,

31

Page 32: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

пайғамбарлығын растаймын», - дейді. бұл сөздерінен кейін ол «Сыддық» (растаушы) болып аталды. Құрайштың арасында Ақса мешітін көргендер барды. Пайғамбарымыздың миғраждан бұрын барып көрмегенін жақсы білетін мүшріктер оның айтқандарын жоққа шығармақ пиғылмен Ақса мешітінің түр-түсін айтып беруді сұрады. Ал түнде барған Аллаһ Елшісі мешіттің бүге-шүгесіне дейін қайдан білсін. Осы кезде Ұлы Жаратушы Ақса мешітін экраннан көрсеткендей оның көз алдына келтірді. Сол мұғжизалы экранға қарап отырып, мешіттің түр-түсін тәптіштеп айтып берсе де кәпірлерге зәредей әсер етпеді. Бар болғаны: «Жарайды, біледі екенсің», - деді де қойды. Одан кейін: «Ал енді бізге Меккеге келе жатқан керуеннен хабар бер, олар біз үшін өте маңызды, жолда керуендерді көрдің бе?», - деді. «Иә», - деп жауап қатты Пайғамбарымыз. «Пәленшенің керуенін көрдім. Рауһа деген жерде. Жоғалтқан түйелерін іздеп жүр. Жүгінде бір құты су бар екен. Сусаған соң алып іштім де қайта орнына қойдым. Келген кезде сұраңдар, су бар ма екен?», - деп. Олар: «Бұл да бір белгі», - деді. Бұдан әрі керуеннің түр-түсін айтқан соң: «Араларыңдағы пәлен мен түген адам керуеннің басында, боз түйенің үстінде тігілген екі жамылғышымен бірге пәлен күні күн шыққан кезде осында келеді», - деді. Олар: «Бұл да бір белгі», - деді. Сосын сол күні күннің шыққанын күтіп, «жалған» деуге дайын тұрды. Кенеттен бір адам «Күн шықты!» деп айқай салды. Басқа біреу: «Әне керуен де келеді, дәл соның айтқанындай, керуеннің алдында екі адам мен боз түйе бар», - деді. Иман келтіруді орнына Мекке мүшріктерінің айтқаны: «Бұл нағыз сиқыршы» екен деумен ғана шектелді.

Барлық пайғамбарларға Ұлы Жаратушы мұғжизалар берген. Бірақ олар өз елдеріне ғана жіберілген пайғамбарлар. Ал хазіреті Мұхаммед (с.а.с) мұқым адамзатқа пайғамбар етіп жіберілген. Сондықтан оған басқалардан ерекше миғраж мұғжизасы берілген. Пайғамбарлар басшысының Ақса мешітінің оларға имамдық етуі.

Бұл оқиға Аллаһ Елшісінің «Мұң жылы» деп аталған жылдарына сәйкесті. Сол жылдары оның ең маңызды көмекшісі Әбу Талиб пен хазіреті Хадиша өмірден озды. Адам баласына ақиқатты жеткізу үшін бармаған есігі қалмады. Екі маңызды көмекшісі өмірден өткен соң мүшріктер де қатты азғындады. Тіпті, ол (с.а.с) бірде Тайыфқа да барды. Ол жердің адамдары тіл тигізіп, тас лақтырды. Ұлы Жаратушы адамзатқа рақым етіп жіберген, сол үшін де жапа шеккен Елшісінің қиын жылдарындағы мұңын сейілту үшін өз құзырына алып үндесті. Дұха сүресінде Аллаһ Тағала Елшісіне былай дейді: «Раббың сені тастамады да кейімеді. Әрине сен үшін ақырет бұл дүниеден жақсы. Әлбетте Раббың болашақта саған өте мол береке береді де, сен де Оның бергенінен разы боласың». Бұл аятта Ұлы Жараушы былай дегендей: «Елшім! Сен елің мен бүкіл адамзаттың бақыты үшін барыңды салып, Ақиқатты жеткізуге тырысып, сол үшін де халқыңнан зәбір көрудесің. Сен оларды көкке шығарғың келеді. Бірақ олар өздерін шыңырауға, отқа тастайды. Саған гүл шоғын ұсынудың орнына, тас лақтыруда. Олардың сені місе тұтпауы түкке тұрмайды. Өйткені, сен Менің құзырымдасың».

Ол (с.а.с) барлық адамзат пен жындарға жіберілген ақырғы әрі ең үлкен пайғамбар. Хазіреті Мұхаммедке (с.а.с) илаһи патшалықтың барлық жағын көрсету, таныстыру илаһи хикметі бұйырды. Құдреттілігінің барлық қыр-сырын көрсетіп таныстыру үшін, һәм Өзіне қаншалықты жақын екендігін әлемге білдіру үшін

32

Page 33: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

(Аллаһ) Пайғамбарымызды құзырына шақырған. Оның көтерілуін жеті қат көктің тұрғындары ұлық мерекеге ұластырды. Күллі пайғамбарлар мен көктердегі періштелердің қуанышында шек жоқ.

Ұлы Жаратушының Елшісі миғражға түсінде емес өңінде (рухы мен денесі бірге) барған. Бұл қалай болуы мүмкін? деген сұрақ тууы мүмкін. Біріншіден, бұл имани мәселе. Иман негіздерін түсінбеген адам мұны түсіне алмайды. Екіншіден, логикалық жолмен жеткізсек, адам жаяу бір жылдық жерге ұшақ арқылы бірер сағатта бара алады. Бұл көңілге қонады да, Аллаһ Елшісінің аз уақытта Ақса мешітіне баруы, көктерге шығуы ақылға сыймай ма? Һәм бұл жерде айта кететін жайт, саяхат аз ғана минутты алған. Пайғамбарымыздың Ақса мешітіне баруы, сол жерде намаз оқуы, көктерге шығуы, жәннат пен жәһаннамды көруі айлар яки жылдар болуы мүмкін. Бұны қалай түсіне аласыз? Сіз кейде түс көресіз, ол түсіңіз жылдарға созылады. Оянғаныңызда қас-қағым мезгілде ғана өткенін байқайсыз. Өйткені ең ұзақ түс 5-7 секундқа ғана созылады. Уақыт болжамды нәрсе. Біздің жерде бір күн – 24 сағат, ал басқа галактикада бір күн – бір жыл болуы ықтимал. Кейбір әулие адамдардың бір сағатта бір жылдық іс бітірулері осыған айғақ.

Аллаһ Елшісінің (с.а.с) миғражға шығуы ақиқат. Ол осы миғраж арқылы өзінің Ұлы Жаратушының сүйіктісі мен әлемдерге рақым етіп жіберілген пайғамбар екенін танытқан. Сүйікті Елші (с.а.с) көк тұрғындарының соншалық қошаметін көре тұрса да, өзінің күнде жапа шеккен еліне қайта оралды. Бұл да оның рақымдылығының айнымас айғағы.

Ендеше, адамзаттың бейбітшілігі үшін өзін қатерге тігіп, өмірін арнаған ақырғы Пайғамбарға абзал салауаттар айталық мұсылман ағайын!

33

Page 34: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

Оразаның ғажайып сырлары

Ораза барша мұсылманның парызы. Оның ішіп-жеуден тиылу екені анық. Шын мәнінде ораза ұстаудың барлық сыры осы ғана ма. Ашығу барысындағы адамға келетін пайда не? Егер оразаны ас-ауқаттан тиылу ғана деп түсінсек, оның таңғажайып қадірі қайда қалады. Жалпы біз оразаны не үшін ұстаймыз?...

Барша ғаламды жоқтан жаратып, асқан құдыреті мен ұлылығын сол жаратылыс ішіндегі саналыға танытқан Хақ Тағалаға шексіз алғыс, теңдессіз мадақ. Оның ақырзаманда қара қылды қақ жарып, жер бетінің түнегін сейілтіп, рақым нұрын шашқан ғаламның Рақым Нұры – Хазіреті Мұхаммед (с.а.с) пайғамбарына салауат айтып, сәлем жолдаймыз.

Аллаһ Тағала адамзатты Өзіне құлшылық етіп, толық адам шыңына жетсін деп жаратқан. Сондықтан да Ол әу бастан-ақ жұмыр басты пендесіне Өзіне қалай құлшылық қылу керектігін уахи арқылы білдірген. Соның бірі – ораза. Парсы тілінен енген бұл сөздің арабшасы «саум». Саум қазақ тілінде нәпсісін тежеу, тосқауыл жасау мағынасына саяды. Ораза ақырзаман Пайғамбары мен оның (с.а.с) үмбетіне ғана емес, бізден бұрынғылардың бәріне де парыз болған. Бірақ араларында өзгешеліктер бар. Ал біздерге ораза Пайғамбарымыз Мәдинаға хижрат еткен соң, бір жарым жылдан кейін Шабай айының оныншы күні парыз етілген. Құранда «Ей, иман еткендер! Сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз етілді» (Бақара, 2/187).

Ораза – Рамазан айы. Пайғамбарымыз(с.а.у.) былай дейді: «Ислам бес нәрседен тұрады: Аллаһтан басқа құдай жоқ екеніне, Мұхаммедтің Аллаһтың құлы және Елшісі екеніне куәлік ету, намаз оқу, зекет беру, Рамазан оразасын ұстау, шамасы келгендерге қажылыққа бару279 Жалпы Рамазан айы өте мүбәрак ай. Сол айда оразадан бұрын, ең әуелі жер бетіне Құран түскен. Яғни, сол ай бұдан шамамен он бес ғасыр бұрын жер беті қараңғылық шәлісін бүркеніп тұрған шақта, атқан таңдай жарқырап, Пайғамбарымызға уахи келген еді Һәм сол айда мың айдан да қайырлы «қадір түні» бар. Сол түннің қадірін біліп, түні бойы Құдай Тағалаға құлшылық қылып, таң атырған мұсылман шамамен сексен жылдық сауапқа ие болмақ. Сол себепті Рамазан айында жәһаннамның қақпасы жабылып, жәннаттың алтын іспетті алып қақпаларының айқара ашылуының сыры сонда. Иә, Рамазан айында жер бетіне бейне бір жәннаттың қақпаларынан шелектеп нұр құйылғандай, Рақым Тағаланың рақымы төгілмек. Әсіресе, осы бір ерекшелік ораза ұстаған мұсылман өлкелерінде жақсы сезіледі. Байқап қараған жанға Рамазанның алғашқы атқан таңы мүлдем өзгеше атқандай болады. Әсіресе, ақшам одан кейінгі тарапа намаздары, жұлдыздары самсаған түнгі аспандары, таң сәресі бәрі де басқаша болмақ. Бірақ, әлбетте тым құрыса жылына осы айдың өзін бағалай білмегендер, көп сый-сияпаттардан құр қалады.

Хақ Тағаланың бізге парыз еткен оразасында көптеген хикметтер бар. Ораза әуелі адамның нәпсісін тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады. Пайғамбарымыз нәпсімен күресуді «үлкен жиһад» деп атаған. Адам баласының өзгемен күресуі оңай. Бірақ 279 Бухари, Иман, 34.

34

Page 35: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

нәпсісімен күресіп оны жеңуі аса қиын. Мұсылман өз елін жаудан қорғап, солардың қолынан қаза тапса шейіт, жеңсе өле-өлгенше соғыс ардагері атанып еліне құрметтеліп өтеді. Сондықтан бұл «кіші жиһад» аталған. Алайда нәпсімен күрес мүлдем басқа һәм алдыңғыдан қарағанда аса қиын да қауіпті. Адам баласы нәпсісімен күресіп ақырында бейне оның алдында тізе бүксе қоғамның ең жаманы атанып, бүлікшілікке жол ашады. Өйткені ол нәпсісінің айтқанын істеп, ел ішінде парақорлық, зинақорлық т.б күллі жамандыққа барады. Сол себепті нәпсісін пенденің тез арада жеңе қою да қиын. Адам онымен бұл өмірден көз жұмғанға дейін алысып, арпалысып өтпек. Өмірде нәпсісін жеңгендер де кездеседі. Оларды «бұл ғұмырда оянып, «толық адам» шыңына» жеткендер деп атайды. Ондай адамдардың нәпсісі батырдың арғымағына айналады. Алайда соның өзінде адам атын тізгіндеп отырмаса кенеттен лағып кетуі ықтимал. Міне, сондықтан сол нәпсіні арғымаққа айналдыру жолының ең басында жоғарыда айтылған ораза келеді. Яғни, нәпсісін адам баласы аш қалдырғанда ғана тәрбиелей алады. Менмендікке салынып, жүгенсіз кеткен нәпсі бір ай бойы аш қалғанда, әуелде асау аттай тізгінге ерік бермей аспанға шапшып, құтырынып жұлқынғанмен бірте-бірте икемге келе бастайды. Міне сол уақытта пенде өзінің мына жалған ғұмырда қаңбақтай қауқарсыздығын сезініп, ымырт қараңғысында қол байлап, жұртпен бірге тарапаға тұрғанда, іштей әлдебір өзіне беймәлім сезімдердің тұңғиығына батып, Ұлы Жаратушыға тағзым етеді. Осы бір шақтың тәттілігі сол – Рамазан айы аяқталғанда асыр салып қуанғанмен көп ұзамай жүрегінің түкпірінде әлдебір өз ырқынан тыс бір тылсым нәрсенің сол шақты аңсағанын дүрбелең диірмен-дүниенің жетегінде бірде бұлқынып арта қалып, бірде оза шауып кетіп бара жатып кейде аңғарғандай болады. Бірақ пенденің жыл айналып, сол бір тәттілік шаққа қайта қауышуға күрмеуге келмес келте ғұмыры жете ме, жетпей ме ол жағы беймағлұм...

Оразаның ауыз бекіткен адамға ғана емес, сонымен қатар жалпы қоғамға да олжасы бар. Ораза қоғамдағы ауқаттылар мен кедейлердің арасында байланыс құрайды. Кейде дәулетті адам дүниенің қызығына батып, мастықтан айыға алмай күй кешеді. Оған ұғымында аш болу, аштық азабын тарту деген нәрсе болмайды. Сондықтан да қаншама көше бойлап, ат үстінде кетіп бара жатып, қыстың қақаған аязында титтей бала-шағасына бір жұтым ыстық сорпа ішкізудің қамын ойлап, әкесі жүк тасып, анасы аяқ-қолы үсіп, айран-сүт сатып тұрғандарын күнде көрсе де, оның санасына жанашырлықтың сәулесі түспейді Һәм сол көшелерде сан мәрте ескі киімі бойын жылытпай бүрсең қағып, дірдектеп қол ұзатып қайыр сұраған қарт кісілерді де көрген болуы мүмкін. Бірақ ешуақытта жүрегі селт еткен емес. Ал Рамазан айында адам ауыз бекітіп, нәпсілері аш қалып, әлгілердің күйін кешкенде ғана, олардың жай-күйін аңғарып, жаны ашып, мейірімі оянып оларға қол ұшын бере бастайды. Өзінің қауқарсыздығын сезген ол, күндердің бір күнінде мыналар секілді қартаятынын, өлімге бет алатынын сезінеді. Сол кезде оған барлық жоқ-жітіктер мен шарасыз қалған қариялар өзінің өмірдегі ең жақын адамдарындай бола қалады...

Тағы бір оразаның керемет қасиеті жұмыр басты пендені сабырлылыққа баулиды. Кейде адам өзінің алға қойған мақсаттарына тез жеткісі келеді. Бірақ олай емес. Адам бір ағаштан жеміс алу үшін оны бірнеше жыл баптайды. Бүгін егіп, ертең ора алмайсыз. Міне ораза алдағы мақсатына жету үшін адамның бойына төзімділік бітіреді. Өз нәпсісіне тізгін салып, ертеден қара кешке дейін аш қалып, Аллаһ үшін

35

Page 36: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

сабыр ете білген адам, басқа уақытта да сабыр ете біледі. Аллаһ Тағала Құранда: «Аллаһ сабыр еткендермен бірге» дейді. Пайғамбарымыз да: «Әрбір нәрсенің бір зекеті бар. Дене мүшенің зекеті – ораза. Ораза – сабырдың жартысы» деп оразаның қадірін білдірген.

Адам көбіне өзіне берілген сансыз нығметтен басы айналып, Жаратушысын ойлауға мұршасы болмай асып-тасып кетіп жатады. Осындай жолға түспес үшін адамға оразаның пайдасы зор.

Хақ Тағала жалпы жаратылысты адам үшін жаратып, оны жер бетіне халифа етіп, алдына алып дастархан жайып, оның бетін жүз мыңнан астам бір-бірінен өткен тәтті тағамдармен толтырып қойса да, адам «батпан құйрық, неғылған айдалада жатқан құйрық» деуді білмей бейпіл тойымсыз асай береді. Бұлардың бәрі қайда келді, бізге неге берілді деп бір сәт болсын басын ауыртпайды. Бәрі осылай болуы тиіс, бұған лайықпыз дегендей ғапыл ғұмыр кешеді. Ал оразада күн ұзақ бойы нәр тартпай, алдында самсап пісіп тұрған тәтті тағамдарды жей алмай ындыны құрығанда ғана, өзінің шарасыз құл екендігін аңғарып, ырзықтың қадірін сезе бастайды. Ауыз ашарда ғана бір жұтым су ішіп, бүкіл тұла бойы шымырлап қоя бергенде сол су бейне бір жерден емес, басқа тылсым әлемнен келгендей сезінеді. Сонда ғана ол ырзықтың Аллаһ Тағаланың несібесі екендігін тұла бойымен сезініп, терең ықыласпен, бәлкім көз жасы ыршып түсіп: «Аһ! Жаратушы Жаппар Ием-ай! Барлық берген ырыс-берекеңе шексіз шүкір еттім» деп, ақшам намазына ыстық ыждаһаттылықпен қадам басып бара жатады. Үнсіз қадам басып бара жатып азан-тәкбіршінің тәкбірдегі «Аллаһу әкбар» (Аллаһ аса ұлы) сөзі жүрегінің түпсіз тереңде жатқан тылсым әлденеге тікелей әсер етіп, сол әсерден денесін ток ұрғандай тағы бір ыршып, іштей дүр сілкініп, баяғы кісілігінің бәрі қалып, кішілік қалпын бұзбай, басын иіп, именіп, Хақ Тағалаға терең тағзым етіп, намазға тұра бастайды. Оразаның барша сыры осы. Ораза ұстау ішіп жеуден тиылу ғана емес, Аллаһтан кешірім тілеу, жан дүниені иман шуағымен нұрландыру. Бұл ай барша мұсылман тілегінің қабыл болатын айы. Рамазан айы - айлардың берекесі.

36

Page 37: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

Құрбан айттың қасиеті

Бүгінде әр халықтың атап өтер мерекелері, салт- дәстүрлері бар. Кейде тойланатын тойлар бір ұлттың тарихында кездескен оқиғалармен немесе жаңа жыл сияқты мезгілге байланысты мейрамдардың келуімен ерекшеленетіні мәлім. Осылардан мұсылманның ұлық мейрамы Құрбан айттың айырмашылығы неде?...

Қазақта көптеген мейрамдар бар. Сегіз ұлым бір төбе, Ер Төстігім бір төбе дегендей Құрбан айттың басқа мейрамдардан өзгешелігі ол тікелей Алла Тағаланың бастауымен адамға нығмет ретінде берілгендігінде. Құрбан айт - қазақтың қанына сіңіп, сүтімен баланың бойына дарып келе жатқан негізгі алтын қазынасының бірі.

Құрбан айтында атам қазақ Ұлы Жаратушы үшін мал сойып құрбан шалған. Бұл айт – үш күнге созылатын діни мереке. Шамасы қазақта «үш тоғыз», «үш күндік пәни ғұмыр» деген, үштік ұғымдар осыдан қалса керек. Құрбан арабша «жақындау» термин ретінде «Аллаһқа жақындауға арқау нәрсе», деген мағынаны білдіреді. Айт сөзі де «мейрам», деген мағынаны білдіретін араб тілінен енген сөз. Сондықтан осы үш күнде бір-бірлеріңе айттап барып «айттарыңыз құтты болсын», үй иесі де «айтсын, бірге болсын» деген. Бұл үш күн ішінде қазақтың дастарханы жиылмай ашық тұратын болған. Бауырсақ, шелпек пісіріліп, қымыз-қымырандар мол сапырылған. Бір-бірінің үйі мен көрші ауылдарға айттап бару арқылы арасындағы кикілжің мен араздықтардан айығып отырған. Ауқатты қазақ қошқар, атан сойып етіне кедей-кепшік қарық болса, ет пен қымызға тойған балалар қарнын сүтке тойған қозыдай бүлкілдетіп бір шетте сойылған қой мен қошқардың асығын иіріп мәз-мейрам болып жатқан. Иә, бұл атам қазақтың бір-бірін бай-кедей, деп, алаламаған ең бақытты күндерінің бірі еді.

Құрбан айты Пайғамбарымыз Мәдинаға көшкеннен кейін екінші жылында басталған. Сол жылы алғаш рет Пайғамбарымыз екі ракат айт намазын жамағатпен бірге оқыған. Сонымен қатар, құрбан Хазіреті Ибраһимнен сүннеті болатын. Аллаһ пайғамбары Ибраһимге өзі үшін ұлыңды құрбан ет, деп, бұйырады. Ол сонда Ұлы Жаратушының бұйрығын екі етпей ұлын құрбан шалар кезінде Аллаһ тоқтатып, орнына бір қошқар береді. Осылайша Ибраһим пайғамбар Ұлы Жаратушыға деген сенімін дәлелдеп көрсетеді. Иә, Ибраһим пайғамбар аса шыншыл да сенімді әрі қолы кең өте жомарт жан болатын. Ол өз заманында аса бай адам болған. Негізігі байлығы малы болатын. Қой, түйе, сиырларының көп болғаны соншалық – санын ешкім білмейді десем артық болмас. Ол тамағын қонақсыз іше алмайтын. Қонағы болмаса, далаға шығып, кездескен жолаушы жандарды шақырып, бірге тамақ ішетін еді. Яғни, қонақсыз оған ас батпайтын. Бірде оған Аллаһтың арнайы жіберген періштелері адам бейнесіне еніп, оның үйіне қонаққа келеді. Қонақтардың сәлемін алып төрге жайғастырды да дереу бұзау сойып асып алдарына қойып «дәмнен алыңыздар»,-дейді. Дастарханға қол созбаған періштелерді көріп, ол қорқа бастайды. Сол кезде қонақтар өздерінің періштелер екенін айтады. Міне, Ибраһим пайғамбар тамақ ішпейтін періштелерді де мал сойып күткен өте жомарт адам. Бір қызығы ол қонақтар неге тамақ жемейді, деп, қорқып уайымдайды. Тұп-тура тамағын тауыспаған қонағына қарап абыржыған жомарт қазақ секілді. Міне сондықтан да мен

37

Page 38: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

көбінесе осы Ибраһим атамызға қараған кезде атам қазақ ойыма келеді. Неткен мінездері бір-біріне ұқсас. Иә, бұл – момын-мұсылманның дархан мінезі. Құранда «Ибраһим яһуди (еврей) де, христиан да емес. Ол нағыз мұсылман» дейді. (Әли Имран 3\67. Бәлкім Абайдың атын да әу баста шыр етіп дүниеге келгенде сол бір дархан да жомарт атасына ұқсасын деп, ата-анасы Ибраһим, қойған шығар.

Құрбан шалудың қоғамда аса маңызды орны бар. Әуелі Ұлы Жаратушының бұйрығын орындауда оған деген терең мойынсұну бар. Екіншіден, Аллаһ Тағала әлемді адам үшін жаратқан. Маңдай астындағы көз, аспан денелері, ұшқан құс, жүзген кеме, бәрі де адамға қызмет етеді. Міне, адам баласы Аллаһ үшін құрбан шалу арқылы осынау қазына-байлықтың бәрі де Оныкі екенін ісімен дәлелдеп ниет білдіреді. Үшіншіден, Исламда екі айт бар. Бірі рамазан, бірі құрбан айты. Міне осы үлкен айт саналған үш күндік құрбан айтында ауқатты жанның құрбан шалып жағдайы мәз болмағандарға тарату арқылы қоғамда адамдық болмыс пен өзара жәрдемдесу рухын еске түсіріп қайта оятады. Болмаса, Ұлы Жаратушы адамның құрбанына мұқтаж емес. Аллаһ ешкімге мұқтаж емес. Бұл жерде тек ниет қана. Сол себепті атам қазақ діннің жолы бойынша ақсақ, соқыр т.б. секілді мүшесі нұқсан мал шалмаған.

Атам қазақ құрбанға қой, ешкі, қошқар, түйе, сиыр сойған. Ұсақ малды жеке адам шалса, ірі қараны жеті адамға дейін бірігіп, шалып отырған. Жылқы Имам Ағзам жолы бойынша соғыс құралы саналып құрбаннан саналмаған. Негізінде, құрбанның үштен бірі от басына, үште бірі бай болса да туысы мен достарына, үштен бірі жоқ-жітікке таратылуы абзал. Қазақ жалпы осының бәрінің басын қосу арқылы өз үйінде әзірлеп берген. Осы дәстүр түрі қазір де кең тараған. Бұл – достық пен кеңпейілділіктің белгісі. Иә, қазақ әрқашан да Исламның рухы секілді кеңпейіл дархан ғой, шіркін. Қараймын, таңырқаймын да тұрамын. Өйткені, мен кітаптарда жазылған Ислам рухынан ылғи да қазағымның бейнесінен оқимын. Кеңес зұлматы қолынан Құранын алса да, жүрегіндегі иманын алуға күші жетпепті. Ол – қазақтың көркем де кішіпейіл мінезі.

38

Page 39: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

Мәдениет – діннің төл перзенті

Адам ғұмырында ізгі қасиеттерді бойына сіңіруді мақсат тұтары анық. Әр ұлттың бойында да сондай бір адам сүйсінер ерекшелігі бар. Ал мұны мәдениет десек, қазақ тұрмысындағы мәдениет қай тұғырда. Қазақы мәдениет қандай мәдениет...

Мәдениет - жеке тұлға мен қоғамның ар азаттығы мен бақыттылығының айнасы. Бұған адамзат дін арқылы ғана қол жеткізе алады. Дін жоқ жерде көркем мінез бен парасаттылық жайлы сөз қозғау мүмкін болмаумен қатар ақиқи бақыттылық хақында пікір таластыру да қиын. Өйткені, көркем мінез бен мәдениеттің қайнары - ар-ождан. Сол ар-ожданды басқаратын жалғыз нәрсе бар. Ол Ұлы Жаратушмен байланыста тұратын дін.

Қазақ халқының мәдениеті де Хақ Тағаладан келген ақырғы дінмен тікелей байланысты. Қазақтың қара шаңырағында ғасырлар бойы осы ақырғы діннің байрағы желбіреп тұрды. Оны кешегі атеисттік режим де өзгерте алмады. Кеңестік тәртіп құлағаннан кейін көп өтпей-ақ қайта жапырақ жайған бәйтеректей құлпырып сала берді. Өйткені, қазақтың болмысы Ұлы Жаратушының дінінен ажыратып ала алмайсыз. Қазақты “момын”, деп, текке айтпаған. Момын, мумин яғни діні табиғатымен егіз мұсылман халық, деген сөз. Кейбір зиялылардың ұғымында “мәдениет – сол елдің дәстүрі, тілі, әні, жыры, тарихы”, деп, текке айтпаған. Бірақ осы қазынаның сақталар сейфі мен қоймасы – дін. Яки мәдениетті алып бәйтерек десек, дін соның тереңде жатқан тамыры. Қазақтың салт-дәстүрінің басым көпшілігі, мақал-мәтелдері, қанатты сөздері, жыры т. б. бала өмірге келгеннен бастап жерлеу рәсіміне дейін өзінің дінінен бастау алған. Мысалы қазақтың бесік жырын алып қарасақ, “әлди”, деп, басталады. “Әлди” “Аллаһ”, деген сөздің қазақша ассимилацияланған түрі. Бүгінгі алдыңғы толқын зиялы қауымды әжелеріміз осылай тәрбиелеп, кейінгі ұрпаққа өшпес мұра қалдырған. Жасынан әлдиін санасына сіңірген алдыңғы толқын кеңес заманында өссе де, құлағынан әлди деген сөз қашан да жаңғырып тұрды. Сол сықылды мақал-мәтелдер мен қанатты сөздер де Құран мен хадистің мағынасына толы. Егер әлдекімдер қазақ мәдениетін өзінің дінінен бөлек алып қарайтын болса, қазақтың мәдениет табағында дәмсіз қара сорпа ғана қалар еді. Бізде ұлтын сүю, елін сүю иманнан келеді. Пайғамбарымыздың “отанды сүю иманнан”, дегені де сол. Қазақтың діннен бойы мен санасына дарыған мәдениетінің ең басты ерекшелігі сол – жалпы адамзатқа деген сүйіспеншілігі. Елу-алпыс жылдың ішінде қазақ еліне қаншама ұлттар сүргін етіліп келді. Сонда қазағым жатсынбай, адам, деп, бауырына басып, артық үйі барлар үйін, артық үйі жоқтар қоржын тамының жартысын бөліп беруі осының дәлелі. “Адамды сүй, Алланың хикметін сез”, яки “Атаның баласы болма, адамның баласы бол”, деген мәдениет. Бұл нағыз мәдениет. Мұндай жоғары мәдениетті қазақ Пайғамбарынан және соған түскен кітаптан үйренген. Ұлы Жаратушы елшісін күллі адамзатқа пайғамбар етіп жіберген. Ендеше, оның үмбеті де жер бетіндегі адамзатты сүюге тиісті. Адам тұрмақ, бүтін жаратылысты сүю мәдениеті - қазаққа діннен сіңген. Тек қана қазақ емес, Ислам дінін жақсы таныған барша мұсылман әлемге осылай қарайды. Сондықтан дін өзгерсе, мәдениет те түгелдей өзгеріп сала береді. Қазақтың әлдиі, құрбан айты,

39

Page 40: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

жарапазаны, қала берді бүтін болмысы түгел құрдымға бет алады. Ол кезде қазақтың ыңылдаған әні арзан сенімдерге (бүгіндері қаптаған секталарға) қарай ауа бастайды. Пайғамбардан қалған қасиетті шапан мен құт тақия және әженің кимешегі де өзге түске айналады. Тілі де басқа жалған діннің жетегінде кетеді. Бұл бір. Енді, толық мағынасындағы мәдениет пен мәдениетті адам түсінігі қандай болуы керек, дегенге тоқтала кетейік.

Жалпы адамның мақсаты – «толық адам» шыңына шығу. Ұлы Жаратушы адамды осыған лайық етіп жаратқан. Адам тұлға болғандықтан өзі үшін қайраттанумен қатар, өзге жандарды да ынталандыруы керек. Пайғамбарымыз «адамның жақсысы – адамға пайдалысы», дейді. Яғни, адам бойындағы ой-сана мен сезім, ерік күші секілді барлық ізгі қасиеттерін жарыққа шығарып, рухын жаңғыртуы. Ендеше, мәдениет – адамның ізгі қасиет пен дарындылығының өркендеуіне лайық атмосфера, мәдениетті адам да сол аймақта сана-сезімі арқылы биікке өрлей отырып, қоғамға қызмет етуші. Мұндай мәдениетті адамдар елінің зиялысы. Осылар өз күшін сарп еткенде ғана қоғам қараңғылықтан айығады. Әрбір елдің зиялысы мәдениеттің жоғары деңгейдегі “өзгелер үшін өмір сүру” ұстанымын негізгі мақсат тұтады. Бір елдің зиялы қауымы өзгелер үшін ғұмыр кешкенде ғана оның қоғамы мәдениеттің шыңына жете алады. Олардың басты ерекшелігі сол – қашан олар өзін ойлай бастаса, яки тым құрыса аз ғана уақыт өзгелерді ұмытса, бейне бір тынысы тарылған жандай қиналып, олар үшін өмірдің мән-мағынасы болмай қалады. Олар сусыз күні қараң, балық тәрізді. Вампир-қансорғыштар адам қанын сорып қана күн көрсе, бұлар өзгелерге ғұмыр-қанын сорғызып қана өмір сүре алады. Олардың басты мақсаты - басқаларға жан беру. Оларды бақытқа жеткізу. Құрандағы “Бір адамды тірілту күллі адамзатты тірлітумен бірдей”, аяты олардың басты қағидалары. Қоғам дақыл болса, олар соның құнарлы топырағы. Оларды кейде топырақ, деп, елемегендер табылып жатады. Бірақ олар мені елемей қойды-ау деп қынжылмайды, керісінше қайтсем құнарлы топырақ бола алам, деп, бас қатырады. Ал кейбір зиялы болып көрінуге тырысқандар топырақ болуға намыстанып, тас, жартас болып көрінуге қайраттанады. Оларды алыстан қасқайып көрінді демесең, басқа әжетке жарамайды. Бар мақсаты – жұртшылыққа жалт етіп көріну. Иә, әрбір мәдениетті адам артында із қалатындай ғұмыр кешкені абзал. Бірде бір әулие кісі шәкіртімен бір мазардың жанынан өтіп бара жатып, кенеттен жүзіне күлкі ұялайды. Жанындағы шәкірті тосын күлкінің мәнін сұрайды. Бірақ ұстазы айтқысы келмейді. Сонда шәкірті айтпасаңыз осылай да осылай қабірдің жанынан өтіп, қараптан-қарап, күлді деп, шәкірттеріңізге жаямын, деп, қыстап қоймаған соң, ұстазы тіл қатады: “Шәкіртім, мына қабірдегі әйел бұдан үш жүз жыл бұрын қайтыс болыпты. Өзі өмірде жұртқа көп жақсылық жасаған, әрі тақуа жан екен. Бірақ, бір осал жері мойнына таққан моншағын қатты жақсы көріп, көбінесе сонымен әуре болады екен. Бірде сол моншағының жібі үзіліп, жерге шашылып түседі. Әйел еңкейіп моншағын теріп жүргенде, ажалы жетіп сол жерде қайтыс болады. Содан бері қабірде әлгі әйел еңкейіп, моншағын терумен әуре болуда. Мен соған күлдім”, - дейді. Әрі қарай ұстазы ұлағатты сөзін жалғастыра отырып: “Иә, шәкіртім қалай ғұмыр кешсең, солай өлесің, қалай өлсең солай мақшарда қайта тірілесің. Өміріңді өзгелерге арна, сонда ғана қабірің жарық болады. Қабірің жарық болса, иншаллаһ мақшарда қайта тірілгенда Құдайдың рақымына бөленесің. Алайда, өміріңді күйкі тірлікпен, алдау,

40

Page 41: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

арбаумен, жазықсыз жанды қанаумен өткізсең, өлгенде сен де алданасың, қайта тірілгенде білмеймін соғатынын қайда басың”,- деп, түйіндейді.

Ал, дінге келсек, дін – мәдениеттің барлық принциптерін қамтиды. Дін арқылы адам жүрек пен сезім әлеміне жетіп, күллі жақсылық пен парасаттылықтың негізгі қайнар бұлағынан қанып ішуге қолдары жетеді. Ал, сол мәдениетіңіз бен биік парасатыңыз асылында, тек ақиқи діннен ізделуі керек. Дінсіздің парасатты, керісінше мүміннің парасат атаулыдан жұрдай болуы некен-саяқ. Демек, шынайы дін арқылы ғана адам өзінің биік адамдық қасиетін аңғарады.

Ендеше, кейбір тоқырау заманды бастан кешкен қоғамдағы жаңа мәдениет ерекше бір құлшыныс, соны бір иман қарғыны арқылы туады. Ал, мұндай иман мен саф рух құлшынысы болмаған қоғамда, барша ғылым саласы дамып, көкке ұшса да мәдениет бар, деп, айта алмаймыз. Бола қалған жағдайда да ондай мәдениеттің ғұмыры тым келте болмақ.

41

Page 42: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

II ТАРАУ

ИМАН ЖӘНЕ ИСЛАМИ ЗАҢДЫЛЫҚТАР

42

Page 43: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

Иман – біздің бағдаршамымыз

Ислам діні жайында көптеген ғалымдар құнды пікір айтса да көпшілік оны түсінбей басқа секталардың соңына ілесуде. Соның салдарынан жекелеген топтар (секталар) бір отбасына немесе ұлт болашағының дамуына кедергі келтіруде. Қазақ санасына тәлім-тәрбиесі жоқ осындай жалған діннің қоныс тебуі неліктен. Осының емі бар ма?...

Араб тілінен енген «дін» сөзі сөздікте әдет-ғұрып, сый-сияпат, бағыну, есеп беру, мойынсұну, үстемдік, патшалық, жарлық, қабыл етілген құлшылық, шариғат» секілді көптеген мағыналарды қамтиды. Батыс ғалымдары дінді төрт негізге бөліп былайша анықтама берген:

1. Саналық негіз. Адамның өзінен үстем ұлы бір күш пен құдіреттің барлығын ақыл таразысымен өлшеп, саралап қабыл етуі. Бұндай тәңірлік ұғым яки жалпылай айтқанда қасиетті ұғым барлық діндерде бар негіз.

2. Сезімдік негіз. Саналы түрде қабыл етілген ұлы бір күш пен құдретке жан жүрегімен берілген сезім.

3. Құлшылық негіз. Саналы түрде қабыл етілген, жүрекпен берілген ұлы күшке кейбір іс-әрекеттер жасау міндеті.

4. Қоғамдық негіз. Саналық, сезімдік, құлшылық негіздерді бөліскен адамдардың құраған қоғамдық негіз.

Ислам ғұламалары діннің анықтамасын Құран мен Исламның сенімдерін есепке ала отырып былайша берген: «Дін – ақыл иелерін өз еріктерімен ізгілік пен туралыққа жеткізетін иләһи (құдайлық) заңдар жиынтығы».

Жалпы діндер тәңірлік діндер, тәңірлік емес діндер болып екіге бөлінеді: 1. Иләһи тәңірлік діндер. Бұған Яһуди, Христиан, Ислам діндері

жатады. 2. Тәңірлік емес діндер. Бұған аталмыш үш діннен өзге барлық діндер жатады.

Бұндай жалған діндер адамдардың өз саналары арқылы жасалады. Сол себепті кешегі атеизмнің өзі де жалған діндер қатарына жатады. Өйткені, онда Ұлы Жаратушыны жоққа шығару арқылы жеке басқа яки өзін бәрінен үстем санап өзіне табынушылық бар. Олардың да христиандық сенімдегі тәрізді көсемдерінің суреттерін қасиетті санаулары, мавзолей секілді қасиетті орындары. Оған бір барған қажылыққа барғандай құрметті саналулары. Капитал тәрізді қасиетті кітаптары т.б.

Алайда бұның бәрі адамдардың өзіндік сенімдері. Адам сенімін сол сенімінің нағыз Иесіне арнауы қажет. Неге десеңіз адам – ғаламзатта бірден-бір саналы жан. Ол сол санасы арқылы өзіне сұрақ қоймақ. Әлемде бізден өзге жаратылыстың өз қызметі мен мақсаты бар. Бәрінің мақсаты – адамға қызмет ету. Бірақ адам баласының мақсаты не болмақ? Біз бұл дүниге неге үшін, қандай мақсатпен келдік? Және қайдан келдік? Һәм ақырында қайда бармақпыз? Өлімге ме? Ал өлім деген не? Бұл ғұмырға өлу үшін келсек неге күллі жаратылыс бізге қызмет етуде? Ғаламзат адамзатқа бағынғанмен неге адам баласы бақытсыз һәм қауқарсыз әлжуаз? Неге қай уақытта болсын өзінің әлсіздігін сезінген кезде ұлы бір Күшке сиынып, соған арқа сүйегісі келіп тұрады? Ғаламзат маған бағына тұра, мен неге тым құрыса күннің жасындай да өмір сүрмеуім керек? Неге маған ғана ақыл берілген? Өзгеде неге жоқ?

43

Page 44: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

Неге? Неге? Міне адам баласы көкейін тескен осындай сауалдар қанағаттандырарлық жауап бере алмақ емес. Адам шеше алмаған жұмбақтың жауабын діннен ғана табады. Бұндай сұраққа жауап берген дін илаһи (құдайлық) болуы керек. Яғни, дін – өзі мен жалпы жаратылысты жоқтан жаратқан Ұлы Жаратушыдан келуі ләзім. Фарабидың сөзімен айтқанда (ө. 950) «Әлемді жоқтан бар еткен бір ықпал себеп бар. Бұл себеп, барлық әлемнен жоғары тұрған әрі ең алғашқысы». Ендеше, адамның нендей мақсатпен шақырылғанын, діттеген мұраты мен мәңгілік бақытын білетін де Сол. Олай болса, Ұлы Жаратушы сүйіп жаратқан қонағын жауапсыз тастауы әсте мүмкін емес. Ол сол хабарын елшісі арқылы білдірмек. Міне, сол елшісі әкелген хабарды біз «Тәңірлік дін» дейміз.

Алайда, осы тәңірлік діндер қатарына жататын жер бетінде үш дін бар. Ол жоғарыда айтылғандай Яһудей, Христиан, Ислам діндері. Осы діннің үшіншісі Ислам – ақырғы тәңірлік дін. Оның Құран кітабы – тарихтағы өзіне дейінгі адамдардың қолымен бұрмаланған өзге илаһи кітаптарға ұқсамаған жалғыз уахилық кітап. Осы жағынан Құран өзге кітап пен діндерді бағалауда жалғыз құқылы кітап. Себеп – Тәурат пен Інжіл ғасырлар бойы адамдардың бұрмалауына ұшырап, Құранның әлі күнге дейін бір әрпі де өзгертілмей сақталуында.

Міне, қазақ халқының атасы түркілер осы кітапты Ислам орта азияға кірген кезден-ақ жылы қабылдап, қадам басқан. Одан әл-Фараби, Ибн Сина, әл-Хорезми т.б даналар ілім алып, ғылымның өркендеуіне жол ашқаны белгілі. Бергі замандағы Гете, Пушкин, Толстой т.б адамдардың Құранды пір тұтулары тегін емес. Негізі бүгінге дейін Исламды зерттеген өз дініне берік көкірек көзі ашық жандар арасында мұсылман болмағандар өте аз кездескен. Ал өз дінін жақсы танып тұрып, өзге дінді зерттеген көкірек көзі ашық мұсылмандардың арасында өзге дінге өткен ешкім болмаған.

Міне, біздің қазақ халқымыз да ғасырлар бойы осы дінді берік ұстанып келген. Негізі сіз бір ұлттың қанына сіңіп, табиғатына айналған дінін білгіңіз келсе, сіз сол ұлттың мәдениетіне, салт-дәстүріне, әдебиеті мен жыр-дастандарына, мінез-құлқы мен құндылықтарына, мақал-мәтелдеріне, тіпті адам аттарына мән беріп, зерттесеңіз жетіп асады. Міне қазақ халқының осы ерекшеліктерінің тоқсан пайызында Ислам бояуы бар. Қысқасы, қазақтың жалпы құндылықтарының қайнары – Ислам діні. Ал қандай да бір ұлт өзінің құндылықтарының қайнар көзінен айырылып қалса, бәрінен де мақрұм қалмақ. Жетпіс жыл бойы қазақ халқы дінінен көз жазып қалғандықтан мәдинеті мен құндылықтарынан да айырылып қала жаздады. Өйткені, қазақ мәдениеті дене болса, Ислам діні соның рухы. Рухсыз һәм басы жоқ дене қайда барсын?! Жалпы адамның сақталар бес нәрсесі бар. Малы мен жаны, ұрпағы мен ақылы және діні. Шариғат осы бес негізді сақтау үшін қойылады. Егер адам дінінен айырылса қалған төртеуінен де айырылмақ.

Кеңес үкіметі ыдырап, еркіндік алғалы бері қазақ халқы өз дініне бет бұра бастады. Ол атеистік тосқауылдан құтылып, енді ғана ғасырлар бойы аққан өз арнасымен қайта аға бастады. Бірақ қазақ қоғамы түгелдей сол дұрыс Исламға шынымен бет алды ма? Әлбетте жоқ. Осы кезеңде қазақ халқы өз бірлігін жоғалта бастағандай. Өйткені, халықты біріктіретін санадағы идея бірлігі яки жүректегі сенім бірлігі. Ал қазіргі таңда халықтың барлығы түгел дерлік бір сенім мен идеяда ма? Мәселе осында. Атеисттік сенім тарқағаннан кейін оның орнын әр түрлі діндер мен

44

Page 45: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

секталар басты. Шет елдерден әр түрлі дін өкілдері келіп, халықты өз діндеріне баули бастады. Осының нәтижесінде елде әр түрлі ағымдар пайда болды. „Келіннің бетін кім ашшса сол ыстық көрінеді” деген. Қандай дін өкілі келіп діннен хабарсыз қазаққа өз сенімін айтса, әлгі қазақ оған мүлтіксіз сенді. Оның рухани аштығы көп ойлауға бой бермеді. Ақиқатты білмеген соң жалған яки жалған аралас ақиқатты „толық ақиқат” деп ұқты. Сол себепті жүзмыңдаған қазақтар Иегова, христиан, кришна, буддизм, т.б діндерге өтіп кетті.

Қандай да бір миссионер бір елге келгенде міндетті түрде өз сенімін сол елдің құндылықтарымен сәйкестендіріп түсіндіреді. Міне, осы ұстаным бойынша „Абай кришнаид, Абай буддист, Абай нағыз Ахмеди” т.б деп көрсетілуде. Алайда қазақ халқының ата-бабасынан ұстанған діні Ислам еді. Бірақ халық сол діннің өзін дұрыс түсіне алмады. Ел ішінде шииттік, ахмедилік, хизбут-тахрир, радикалдық, фанатиктік ағымдар белең алды. Бұлар да қарап қалмай Абай тәрізді дара тұлғаларды өзінің ағымының мүшесі етіп сайлап алып, өзге ағымдарды жоққа шығара бастады. Осыдан барып ел іші жік-жікке бөлініп, бүліктің басы қылтия бастады. Бұл секталар „Ислам жетпіс үшке бөлінеді, соның біреуі ғана дұрыс жолда” деген хадистегі дұрыс бағытты өздеріне жатқызып ал өзгелерді бұрыс бағытқа жатқызды. Кішкене ғана айырмашылығы үшін бір-бірін ата-жаудай көріп, жауласты да ел ішіндегі дінсіздік яки өзге діндердің іс-әрекеттері және соларға қарай аққан бес жүзмыңға жуық қазақтардың тағдыры олардың негізгі мәселесі саналмады. Алайда Құранда Аллаһ Тағала кітап иелерінің өзін яғни яһудей мен христиандарды бірлікке, татулыққа және үн қатысуға шақырады: “Ей Кітап иелері! Біздің арамызбен сендердің араларыңа бірдей бір сөзге келіңдер; жалғыз Аллаһқа құлшылық етейік, Оған еш нәрсені ортақ қоспайық. Сондай-ақ Аллаһтан өзге бір-бірімізге тәңір тұтпайық” деп айт» (Әли Имран, 3/64).

Басқа аятта. “Кітап иелерімен ең көркем түрде, сыпайылық пен әдептілік сақтап пікір таласыңдар”дейді (Анкабут, 29/46). Құранда өзге дін өкілдерімен осылай үн қатысуға шақырса, бұлар неге Құранның рухынан алшақтап, бір-бірімен жауласпақ. Бұған куә болған қазақ қоғамы қай діннің яки қай ағымның етегінен ұстарын білмей дал болды. Аталмыш секта өкілдері яки қазақтың кейбір белсенді мен сөзге шешендері газет беттері мен телеарнада осы мәселені қозғай келіп, кінәні түгелдей Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасына яки мешіт имамдарының мойнына іліп, осыны батыл ақиқат санап, ақиқатты қаймықпай айтқаны үшін өзін ел проблемаларын шешуде үлкен рол атқарған азаматтардың бірі санағандар да болды. Алайда, өзге дінге өткен қазақтардың бетін қайтарып, иман келтірулеріне себепкер болу, ағымдардың ақ-қарасын ажырату тек қана діни басқарманың ісі емес қой. Құранда Ислам мен ақиқатты тек қана имамдар уағыздасын деген қағида жоқ. Хақ Тағала ман ақиқатты тану ман таныту һәм адамдарға түсіністікпен қарап, бейбіт ғұмыр кешуге ат салысу әрбір мұсылманның парызы. Мінберге шығып алып, мешіт имамдары мен діни басқарманы кінәлау оңай. Ал адамның өзін кінәлауы өте қиын. Ислам насихаты бойынша негізінде әр бір мұсылман қоғамдағы қайшылықтардың басты себебін өзінен іздеуі қажет. Мысалы, үйдегі балаңыз бір күні кришнаид яки Иегова не болмаса хизбут-тахрир мүшесі болып шықса оған кім кінәлі?

45

Page 46: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

Өзге дінге өткен қазақтардың да мұсылман болмауында бірнеше себептер бар. Ол, әуелі оны ақиқат деп ұғып, өз дінін өзге діндермен салыстырып қарамауы, рухына сол діннен жылылық сезінуі, сырттай қараған оларға мұсылмандардың барлығы секталарға бөлініп, бір-бірін алалап көрінуі және соңғысы жалпы Ислам дінінің қазіргі заманда экстремизм, террор діні саналып, оған қара күйе жағылып, қаралануы. Оған дәлел ретінде әдей қолдан жасалған Усама Бен Ладен тәрізді терроисттердің жасаған экстремистік әрекеттерін Құран аяттарымен байланыстыруы. Яғни, Исламдығы „имандылық таныту” мағынасындағы жиһад ұғымын „террор” ұғымына айналдырып көрсетуі. Және оған қосымша әлбетте Исламның ақиқатын және оның Аллаһ Тағаладан жер бетіне бейбітшілік орнату үшін түсірілген дін екендігін таныта алмаған нағыз Құран рухына сай мұсылман қоғамының болмауы. Қайта Ирак, Ауғанстан тәрізді елдерде сунит пен шииттердің бір-бірімен қырық пышақ болулары яки кейбір араб елдерінің „Мәһди жақында келіп, бізді құтқарады” деп қол қусырып қарап отырулары т.б жалпы үш ғасыр бойы мұсылмандардың „Пайғамбарымыздың: „Бір заман келеді. Ол заманда мұсылмандар басқа сайда, Құран басқа сайда жүреді” дегеніндей Құраннан алшақ ғұмыр кешулерін айтуға болады. Бірақ та Исламның: „“Сондықтан Исрайл ұрпақтарына: Кімде-кім кісі өлтірмеген яки жер бетінде содырлық жасамаған біреуді өлтірсе, ол барлық адамды өлтіргенмен және кімде-кім бір адамның өмірін құтқарса (тірілтсе), барлық адамзаттың өмірін құтқарғанмен бірдей деп жаздық” деген ұстанымды дін екендігін кейбір Елбасы тәрізді кісілердің: “Ислам – бұл адамзат тарихы мен мәдениетінің бейбітсүйгіштік, теңдік, әділдік пен төзімділік принциптерін ұстанатын ажырағысыз бөлігі”,(Егемен Қазақстан 14.02.2003) деп жеткізуге тырысқанмен аталмыш себептерге байланысты ондай мұсылмандардың үні әзірге бәсең болып тұр.

Бұған қазақ халқының зиялы қауымын да қосымша айтсақ қателік болмас деп ойлаймын. Бүгінгі таңда халық рухани сұранысын олар қанағаттандыра алмай отыр. Зиялы баяғыша идеясын айтады. Халыққа дін қажет. Ал одан олар бейхабар. Мысалы, бүгінде қазақ халқында көркем әдебиеттің деңгейі өте төмен. Өйткені, жетпіс жыл бойы жазушылар көбінесе дінсіз бағытта жазып, кеңес үкіметінің құндылықтарын жырлап келді. Ал қазіргі таңда сол бағытта жазылған кітапты халық қызығып оқи алмайды. Халыққа жаңа құндылықтарды ұстанған романдар мен өлеңдер қажет. Ол әлбетте діни тұрғыдан болуы тиіс. Ал кейбір зиялылар діни бағыттағы кітап жазуды ұят санайды. Дінді олар әлі де „ескі әдет” деп қарап жүр. Алайда әлемдегі ең мықты деген жазушылардың басым көпшілігі романдарын дінмен қатыстырып жазған жоқ па? Мысалы, Толстойдың „Анна Каренинасы”, Достоевскийдің «Ағайынды Карамазовтары» т.б. Қысқасы зиялы қоғамның да дінге көңіл бөлмеулері тосқауыл себептердің бірі.

Сондықтан да қазіргі таңда қазақ қоғамы яғни қазақ елінде екі қауіп тууы ықтимал.

1. Ел ішінде қазақтың ата-бабасының құндылықтарының қайнары – мұсылмандық дінге жат әр түрлі өзге діндердің белең алуы және атам қазақтың ұстанған мұсылмандығының сунниттік көзқарасына жат бұрыс ағымдардың қауырт өсуі нәтижесінде халықтың өз ара қайшылыққа түсуін кейбір сырт мемлекеттердің өз саясатына айналдыруы. „Бөліп ал да, билей бер”.

46

Page 47: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

2. Аталмыш себептерге байланысты қазақтың бүгінге дейінгі жүзге бөліну проблемасы былай қалып, өз-ара тіпті бір отбасының өзі жеке-жеке секта мен дін өкілдеріне бөлініп, ел ішінің берекесін кетіріп, ыдырауы.

Сондықтан үкімет басындағылар бұл мәселені дереу қолға алғаны абзал. Қазақстан мемлекеті „Зайырлы мемлекет”. Десек те, үкімет бұны „дін проблемасы” ретінде болмаса да, „елдің өзіндік проблемасы” деп қарауына болады. Және бұған ат үстілік етпей, тым болмаса „экономикалық мәселе” деңгейінде көңіл бөлу қажет.

1. Ата заңдағы дінге қатысты бабтарды қайта қарап, екшеу. 2. Қазақ халқының ежелден келе жатқан сунниттік көзқарасын

анықтау. 3. Ол үшін Ислам дінін яки жалпы діндерді зерттейтін ғылыми

зерттеу орталығын ашу.4. Халыққа Құранның рухын түсіндіру. Оны жаратылыс пәндерімен

салыстырып оқуға күш салу. Құран ғаламзат кітабын адамзатқа оқу мақсатымен түскен. Мұсылмандар оның бұл мақсатынан бірнеше ғасыр бойы бейхабар қалған. Мұсылмандар Құранды дұрыс оқығанда ғана бірлікке қол жеткізе алады.

5. Сунниттік бағыттағы мамандар даярлауға көңіл бөлу.6. Мұсылмандар Діни басқармасының құзырын күшейту. Елде қазір

мемлекеттің бақылауындағы Мұсылмандар Діни басқармасы бар. Бірақ одан басқа елде көптеген оған бағынбаған Исламдық діни қор мен ұйымдар бар. Олар өздеріне „Қазақстан зайырлы мемлекет. Сондықтан Діни басқарманың бізге әсері жоқ. Өйткені біз де дәл сондай ұйымбыз” деп қарайды. Билігі болмаса, ол неге ашылды?!

7. Мектеп пен жоғары оқу орындарында дін дәрісін енгізу мәселесін қарау.

Соңғы айтар сөз, атеисттік қапастан құтылып, дін, сенім іздеген бір елде әр түрлі діндер мен секталардың көбейуі табиғи нәрсе. Әрі Ислам дініндегі әр түрлі бұрыс ағымдардың да болуы табиғи нәрсе. Бұл адамның қателесуінен яки өзге дін өкілдерінің дінге іріткі салу мақсатымен тумақ. Бұл – Исламның дінінің дұрыстығына нұқсан келтірмейді. Жалпы ғасырлар бойы Пайғамбарымыз бен сахабалардан мирас болып келе жатқан мұсылмандарда көзқарас бар. Бұл – сунниттік көзқарас. Бұған жер бетіндегі мұсылмандардың тоқсан пайызы яки тоқсан бес пайызы жатады. Қалған бес пайызы ғана бұрыс ағымдарға жатады. Бұлар арам шөптей әр ғасырда бой көрсетеді де, бірі ұзақ, енді бірі қысқа ғұмыр кешеді. Қияметке дейін де бола бермек.

47

Page 48: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

Исламнан бұрынғы өмір немесе тұрақсыз сенім мәселелері

Алғаш ислам діні жер бетіне түспей тұрғанда араб қауымында немес басқа елдерде надандық, зорлық-зомбылық сынды хайуани әрекеттердің көбейгенін кәрі құлақтардан естіп білсек те, жіті мән бермеген сияқтымыз. Ислам діні келмеген дәуірлерде адамзат қалай өмір сүрді? Кімге сиынды?...

Діни еңбекте «Таухид» (Аллаһ Тағалаға ортақ қоспау, оны бірлеу) сенімі шайқалған кезең – қараңғы заман. Жер мен көктің нұры болған Аллаһ сенімі жүрекке ұяламаса, ондай жүректі, рухты, ар-ожданды қара түнек қаптайды» делінген.

Жалпы біз барлық ұлт пен ұлыстарға тоқталмай-ақ алғаш Құран түскен араб қауымына тоқталсақ та жеткілікті. Сол бір замандарда дін, дінге тиісті барлық негіздер жойылып кеткендіктен Араб қауымы қараңғылықтың тауқыметін шеккен еді. Олар Қағбаның айналасындағы 360 пұтқа қатты құрмет көрсетіп, сонымен қоса ағашқа, тасқа, топыраққа, күн мен айға, жұлдыздарға табынатын. Тіпті халуа, сүзбе тәрізді азықтардан пұт жасап табынып, бірақ қарны ашқан сәтінде оларды жеп қоятын. Олар Аллаһ Тағаланың барын білетін. «Біз оларға (пұттарға) бізді тек Аллаһқа жақындатсын деп қана табынамыз» деп айтатын. Сенім өте әлсіз-ді. Сонымен қоса олардың арасында христиан мен ханифтер де бар еді. Ханиф Аллаһтың бір екеніне сеніп, оған ортақ қоспай, хазіреті Ибраһимнің дінінде болған адамдар. Дегенмен олар өте аз болатын.

Ол заманда мейлі аристократ арасында болсын, мейлі төменгі сатыда болсын, әйел затының қоғамда ешқандай маңызы мен рөлі жоқ еді. Бұл тіпті қыз дүниге келісімен басталатын. Бір адамның әйелі ұл туса қатты қуанатын. Ал егер әйелі қыз туса, қылмыс жасағандай есептелетін. Қыздың әкесі болу олар үшін, масқаралық, қарабет болу деп саналған. Көшеге шығып, жұрттың көзіне түсуге ұялатын. «Не істесем екен, енді қайттім, қайдан ғана қыз туды» деп байыз таппайтын. Сондықтан да ол қызын туа сала ешкімге білдірмей өлтіріп, немесе өскен соң біреуге сатқанға дейін өзінің ішіндегі осы азаптан құтыла алмайтын. Мұндайдың алдын алған олар, әйелі босанатын кезде, сахарада елден аулақ жерге бір шұңқыр қазып, әйелін сол жерге апаратын. Қыз туса жерге тірідей көметін.

Ұл туса алып бағатын. «Мейлі, өмір сүрсін» деген шөл адамдары қыздарына күннің қара суығында, аптапты ыстығында қой, түйе бақтырып қоятын. Кейде алты жасқа келгенде туысқандарына апарамын деп әдемілеп киіндіріп, сахараның шексіз шөліне апарып, тірідей жерге көміп тастайтын. Ол туралы Фараздың түп атаса болған Сасаа мұсылман болғанда, өзінің басынан өткенін хазіреті Пайғамбарымызға айтады: «Пайғамбарым! Қараңғылық заманда істеген істерімнің маған бір пайдасы бар ма?». Аллаһ Елшісі: «Не істедің?» - деп сұрайды. Сасаа: «Мен бір күні түйемді жағалтып іздеуге шықтым. Іздеп жүріп сахарада екі шатыр көрдім. Ол екі шатырдың бірінде қарт кісімен кездестім. Біз әңгімелесіп отырғанда әйелі келіп қыз туғанын айтты. Күйеуі оған: «Оны жерге көм», - деді. Мен, олай істемеңдер, мен оны сатып аламын деп араша түстім. Сөйтіп оған боталы екі түйе мен астымдағы түйемді беріп, ол қызды құтқардым. Исламның келуіне дейін осындай 360 нәрестені құтқардым. Бұлардың әрі біріне екі ұрғашы және бір еркек түйе бердім». Аллаһ Елшісі: «Осы жақсылығың үшін Аллаһ Тағала саған Исламды нәсіп етті», - деді.

48

Page 49: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

Бір сахаба Аллаһ Елшісіне келіп, қараңғылық дәуірінің тағылығы жайлы: «Пайғамбарым! Біз қараңғы заманда сәби қыздарды тірідей жерге көметін едік. Менің де бір қызым бар еді. Бір күні мен оның анасына “мынаны жақсылап киіндір, нағашысына алып барамын, дедім»– деп баян ете бастады. Әлбетте әйелі байғұс бұл сөздің астарын жақсы біледі. Еркелетіп, мәпелеп өсірген ботақаны құдыққа тасталып, шарқ ұрып, жанталасып барып, тұншығып өлетінін де анасы сезіп тұр. Алайда, қолдан келер не шара, өйткені, ол заманда әйел затының мұндай тағылыққа қарсы тұрар қауқары да, хұқы да жоқ еді. “Әйелім айтқанымды екі етпеді. Қыз шынымен-ақ нағашысына барамын деп қатты қуанды. Мен оны жетектеп алып кеттім. Алдын-ала қазып дайындап қойған терең шұңқырдың жанына әкеліп, оған шұңқырға қара дедім. Ол еңкейіп қарай бергені сол еді, артынан бір теуіп, шұңқырға түсіріп жібердім. Ол қолымен қармап шұңқырдың аузына жабысты. Шығуға тырысып, жанталасып, “Көкешім-ай, үстің-басың шаң болды ғой”,- деп киімімді қағуға тырысты. Мен оған қарамастан тағы да бір теуіп ішіне түсірдім де, оны тірідей топыраққа көміп тастадым”–деп, әлгі сахаба сөзін тәмәмдады.

Осы оқиға айтылып жатқанда Аллаһ Елшісі мен жанындағылар көз жастарына ие бола алмай еңіреп жылады. Сол жерде отырған біреу: “Ей, пенде, Пайғамбарды мұңайттың”,–дей беріп еді, Рақым Пайғамбары әлгі адамға: “Тағы бір рет айт”,–деді. Ол оқиғаны қайталап айтты. Хақ Пайғамбардың жанарынан аққан жас қасиетті сақалынан төмен сырғыды5.

Біреуге жар болғанда да әйелдің күні күн емес еді. Еркектер оларға бір мүлік ретінде қарайтын. Арабтар қалағанынша үйленетін. Үйленуде белгілі бір шек қойылмады. Ұнамаса дереу тәрк ететін. Бірақ бұл тек арабтарға ғана тән емес, Рум және Сасани империясында да әйелдерге осылай қарайтын. Оларда да әйел затының қоғамда орны жоқ еді.

Қараңғы заманда олардың азғындауына себеп болған шарап еді. Ішіп алған олар сұрқия жамандықтарды жасайтын. Сонымен бірге олардың ішінде шарапқа тыйым салғандар да кездеседі. Олардың бірі болған Қайс ибн Асым шараптың зияндығы туралы: «Өміріме ант етейін, егер мен шарап ішуді қоймасам, малымды жоғалтып, қонақтарды күте алмай, достарымнан айрылып қаламын», - деп қорықты.

Арабтарда шешендік өнер кең тараған. Әсіресе шайырлық өнері. Қараңғылық заманда ақындар зиялы қауымнан саналатын. Ақынның сөзінен екі тайпа соғысып, ақынның бір ауыз сөзінен соғыс тоқтайтын. Мүшайра болып жеңіп шыққанның өлеңі Қағбаға ілінетін.

Әр қоғамдағы секілді арабтарда да өткеннен және келешектен хабар беретін сәуегейлер баршылық-ты. Олардың арабтар арасында бедел иеленгені соншалық, оларды құпия бір күшке ие болған ғажайып адамдар деп бағалап, қатты құрмет көрсеткен. Сондықтан да арабтар бастарына іс түскенде немесе жолға шығатын болса, немесе ауыр науқастанып қалса, я болмаса өткені мен болашақты сұрау үшін сәуегейлерге барды. Өйткені олар сәуегейлердің табынған пұттарының ішіндегі жындармен сөйлесіп, ғайыптан хабар беретініне сенетін.

Осындай қараңғы заманда Аллаһ Тағаладан хазіреті Жебірейіл арқылы хазіреті Мұхаммедке (с.а.с) Құран түсірілді. Ол тек қасиетті бір кітап болып қана қоймай

5 Дарими, Муқаддима.

49

Page 50: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

араб әдебиетінің алғашқы туындысы болып, жазылу тәсілі жағынан ешқандай адамның теңдесі жоқ кітабына айналды. Оның аса ғажайып жазу стилін дос пен дұшпан да қастер тұтып, қабыл етуге мәжбүр болды. Ол тау суындай сарқырап, жан мен тән, ар мен жүректегі кірді тазалап, адамзатқа үлкен бақыт әкелді. Құранның арқасында әйел затына теңдік әперіліп, әке баласына «қыз» деп, «ұл» деп бөліп жармады. Кеше ғана қызын тірідей көміп, міз бақпайтын әке енді бүгін құмырсқаға да аянышпен қарайды... Кеше ғана бір-бірімен қырық пышақ қырқысқан ру мен тайпалар бүгін арасынан қыл өтпейтін дос, бауыр болып жатты. Әке-шешені тыңдаудан қалған бала бүгін ата-анасын қатты құрметтеп, оларға қарсы тіпті «уһ» деп те айтпайтын болды. Әсіресе анаға, әйелге үлкен құрмет көрсетіліп, «Жәннат – аналардың аяғының астында» деп үлкен баға берілді. Осылайша Құран зұлматтың қара түнін қақ жарып, адамзат пен әлемге нұрын шашты.

Дәлел мен дәйек

50

Page 51: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

Аллаһтың барлығын қарапайым дәлелмен түсіндіруге бола ма?...

Әлбетте, болмақ. Біріншіден, әлде бір мұражайға барып ғажайып бір суретке көзіміз түсті делік. Неткен ғажап салынған дейсіз. Басына аппақ сәлде, үстіне көк шапан киіп тарихтан сыр шертіп, ұзаққа көз тастап, паңданған алып тұлғалы, жауырыны кең ақсақалды қарт данадай мына біздің Алатаудың көктемгі суреті. Түрлі-түсті майлы бояумен боялған. Астына «2001 жылы желтоқсанда құрбан болғандарға арналып салынған», деген жазу бар. Бірақ, суретшінің есімі жоқ. Сол кезде біз сол жердің қызметкерінен «мына суретті кім салды?»-деп сұраймыз. Ол сонда: «Мына суретті айтасыз ба? Оның суретшісі жоқ». «Сонда қалай болғаны?». «Кешіріңіз мырзам. Бос сұрақ қойып мені мазаламаңыз. Ол өз-өзінен салынған. Сіз шамасы өнерден хабарыңыз жоқ адам секілдісіз», десе біз қандай күйде болар едік... Міне, осының өзі бізді еріксіз таңқалдырғанда, сол суреттің асылы – Алатаудың өзі-өзінен болуы одан миллион есе таңқаларлық нәрсе емес пе?! Демек, бір суреттің салушысы бар болса, тау мен табиғат деген суреттің сөзсіз суретшісі бар. Оны Аллаһ Тағала, дейміз. Әрі бұл адамның жай қарапайым ақылымен тапқан дәлелі. Осыдан кейін біз Құранға көз салсақ, осы Алатаулар жайлы былай дейді: «Тауларға қарап олар қозғалмай бір орнында тұр, деп, ойлайсың. Негізінде олар бұлт секілді жүреді», дейді (Нәмл). Таудың жүруі – жердің жүруі. Олай болса жер айналады. Ал, бұл кітап бұдан он төрт ғасыр бұрын өмір сүрген оқу-жазу білмеген «умми» адамның қолындағы кітап. Ал жердің қозғалатынын сан ғасырдан кейін барып үлкен жаңалық етіп ашты. Оқу-жазу білмейтін адам мұны қайдан үйренді. Демек, Құран Ұлы Жаратушының кітабы. Сол кітапты бізге әкелген адам сол Жаратушының елшісі. Яғни, ол – пайғамбар. Бұған біз – нақли, яғни, бізге сырттан санамыздан тыс келген хабарлар, дейміз.

Екіншіден төбемізде төңкерілген көкке көз тіктік, делік. Осынау кеңістікте ұшы-қиыры жоқ сан миллард аспан денелері әрқайсысы өзіне тән бағытынан айырылмай ұшқыр жылдамдықпен өз өсінде жүзіп жүр. Құйрықты жұлдыз да шамамен елу жылда бір рет тербелген бесігіміздің жанынан көк ат мінген көлденең қонақтай кербезденіп, керілген садақтай иманы жоқты шошытып өте шығады. Осы аспан денелері де құйрықты жұлдыз да, бір-бірімен мидай сапырылысып жатса да ешуақытта бір-бірімен соқтыққанын көре алмайсыз. Ал, мына қаланың көшелерінде бағдаршам, адамдарында алатаяқ ұстаған сана болса да кейде қақтығысып-соғысып жатады. Тіпті кейде бағдаршам да аз келіп жөнсілтеуші жол көрсетіп жатады. Ал, сонда мына аспан денелері қалай ғана санасыз, бағдаршамсыз өз бағытымен жүріп жатыр. Егер осыларды Ұлы Жаратушы басқарады деп мойындамасаңыз онда сол денелерге сана беруіңізге тура келеді. Екіншіден жай ғана құйрықты жұлдыздың елу жылда елімізге сәлем беруді есептеген Ұлы Жаратушыдан басқа кім? дей аласыз. Міне, осылай шексіздікке дейін жалғастыруға болады...

Енді сол Ұлы Жаратушының бір екендігіне келейік: 1. Ұлы Жаратушы әлемді өз құдіретін паш ету яғни, өзінің ұлы бір Құдай екенін таныту үшін жаратқан. Бір қасиетті хадисте Аллаһ «Мен құпия қазына едім. Көрінуді, танылуды қалап әлемді жаратттым»-дейді. Егер Ұлы Күштің әлемді жаратуы мен басқаруында басқа көмекші болса, мұндай әрекет оның ұлылығына нұқсан келтіретін еді. Яғни, құдайлық күшін жоғалтар еді. Бұл – мүмкін емес нәрсе. Демек Хазіреті Иса оның

51

Page 52: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

ұлы емес, құлы. 2. Бір ауылды екі басшы, бір қаланы екі әкім, бір елді екі елбасы басқара алмақ емес. Әр басшы өз дегенін жасаймын деп әр жаққа тартқылаудан ауыл ауыл болудан қалады. Ал бір ауылды екі басшы бір қаланы екі әкім басқара алмаса, мына әлемді екі құдай қалай басқара алмақ? Құранда «Егер жер мен көктерде құдайлар болса, сөзсіз ол екеуі жермен-жексен болар еді». Демек, әлемның тізгінін қолына ұстаған Ұлы бір Жаратушы жаратқан. Ол – Жалғыз. Ол ешкімге мұқтаж емес. Сондай-ақ бар нәрсені айқындау, жоқ нәрсені айқындаудан әлдеқайда оңай. Мысалы, құрма жемісінің бар екенін анықтау үшін, жер бетінде барлық құрманы көрсетіп әуре болмай-ақ, тек біреуін көрсетсеңіз жетіп жатыр. Ал, енді құрманың жоқтығын дәлелдегісі келген адам, барлық жер бетін, тіпті барлық әлемді шарлап барып қана оның жоқ екендігін дәлелдей алады. Ал бұл – мүмкін емес нәрсе. Ендеше, бар нәрсені айқындау, жоқ нәрседен әлдеқайда жеңіл.

Бір адам бір нәрсені бар екенін нақты дәлелдеген кезде, оған сан мыңдаған адам қарсы шығып дау айтса да, оның шындығына көлеңке түсіре алмайды. Әлгіндегі мысалды алайық: Бір адам әлемде құрманың бар екенін айқындау үшін Арап түбегінен бір құрма әкелсе, соның өзі жетіп жатыр. Ал, енді оған қарсы дау айтып қаланың даңғылы мен алаңын толтырып сан мың адам ереуілге шықса да, оның бар екенін жоққа шығара алмайды. Өйткені, ақиқат - әрқашан да ақиқат. Біреулердің даңқы мен көңіліне қарап, хақ пен ақиқатты жоққа шығаруға болмайды. Бұл - барлық адамзат санасында тұрақты ұғым болып қалыптасқан категория.

Көктөбенің басына біреу алып ақ сарай салып, оның айналасын жүз қақпалы қалың қорғанмен қоршап тастаса, бірақ сол қорғанның жүз қақпасының тоқсан тоғызын елге айқара ашып тастап, тек біреуін ашпаса, сіз сол сарайға бір қақпасы жабық болғаны үшін кіре алмайтын ба едіңіз? Тілі шықпаған балаға да кіре алмайсың, деп, жабық қақпаны көрсетсеңіз, ол сізге сөйлей алмағандықтан қолын созып ашық қақпаларды көрсетер еді. Яғни, ол сарайға бір қақпасы жабық, деп, кіре алмау соншалықты күлкілі нәрсе. Бұл әлем де Ұлы Жаратушының жаратқан сарайы. Бұл аса алып сарайдың жүз емес саң мыңдаған қақпалары бар. Бұл қақпалардың қай қайсынан кірген адам, Ұлы Жаратушыны айқындай, дәлелдей алады. Мысалы, математика бір қақпа. Оның есігінен кіргендер, әлемнің аса ғажап математикалық есептермен салынғандығын анықтайды. Яғни, әлемді ақылы жоқ, көр табиғат емес, ақылы астам Ұлы бір Математиктің жаратқанынына айқын көзі жетеді. Сол секілді басқа ғылым салалары да сондай. Бірақ, бір қақпа ғана жабық. Ол – сол Ұлы Жаратушының бізге көрінбеуі. Міне, жын мен адам шайтандары ылғи жүрегі жаралы жандарға сол қақпаны көрсетіп, анау қақпаны қарасайшы, жабық тұрған жоқ па қалай ғана кіре аласың? дейді. Осыларға ұқсас бір елде атеист мұғалім бірінші сыныптың балаларына былай дейді: «Балалар, Құдай бар болса, қане, көрсетіңдерші? Көрсете алмайсыңдар, өйткені, ол жоқ», депті. Сонда бір бала орнынан тұрып: «Ағай, сіздің ақылыңыз бар ма? Бар болса, қане, көрсетіңізші? депті. Осыған ұқсас тағы бір мысал: Атеист мұғалім бірінші сыныпқа: «Балалар, Құдай жоқ. Болса, қане сендерге кәмпит берсін, бере алмайды өйткені, жоқ, ал, менен сұраңдаршы, міне, сендерге кәмпит»,- деп, кәмпит береді. Сол кезде бір бала тұрып: «Ағай маған кәмпит емес, шекер беріңіз?» деген екен. Екеуі де ләм-мим дей алмаған. Міне

52

Page 53: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

олардың жас баланы да алдай алатын дәлелдері жоқ. Өйткені, тоқсан тоғыз қақпа әркімге айқара ашық. Тіпті, ақыл-санасы әлі толыспаған жас балаға да.

53

Page 54: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

Хақ Тағаланы неліктен көре алмаймыз?

Ұлы Жаратушының бізге көрінбеуінде сыр мен хикметтері Аллаһ бұл ғаламды жын мен адамзатқа емтихан етіп жаратқанында. Яғни, осы жерде кімнің жақсы кімнің жаман екені анықталмақ. Мүлік сүресінің 2 аятында Аллаһ былай дейді: «Ол қайсыларың ең ізгі іс жасай алатындарыңды сынау үшін өлім мен өмірді жаратты». Осылайша адамзат жер бетіне сыналу үшін келген. Оның ең басында да Ұлы Жаратушыны тану келеді. Сондықтан да әрі қарай 3 аятта былай дейді: «Ол, жеті көкті қабат-қабат етіп жаратты. Рахманның жаратуында ешқандай мін таба алмайсың. Қайтадан көз салып қара. Қандай да бір ақау көре аласың ба? Сосын тағы да көзің екі қайтарып қара. Көзің (іздеген ақауын таба алмай) үмітін үзіп, шаршап, қалжырап, саған оралады». Аллаһ жын мен адамның жаратылыс мақсатын баян еткеннен кейін, артынша адамзатты өзін тануға шақырады. Бір кітаптың жазушысы болады да, бір сарайдың салушысы болады да, қалайша әлем деген алып жеті қабат сарай, немесе қалың жеті кітаптың Ұлы Салушысы, Ұлы Жазушысы болмауы мүмкін? Тіпті бұл әлем - кітап болғанда да оның әр бетінде мыңдаған кітап бар. Оның беттерін былай ысырып қойғанда, әрбір әріптерінің өзінде кітаптар бар. Мысалы, Ұлы Жаратушы ғаламды жеті қабат көк етіп жаратқан. Бұл алып жеті кітапты құрайды, деген сөз. Осы заманғы озық техникаға арқа сүйеген ғалымдар, әлем, шамамен сан миллард галактикалардан тұратынын айтады. Одан да көп болуы мүмкін. Ислам ғалымдарының айту бойынша мұның бәрі жеті қабат көктің бірінші қабаты ғана. Одан басқа алты қабат бар. Осы алты кітаптың бірінші кітабының галактика, деген бір бетін ашып қарайықшы. Қаншама кітаптар жазылған. Мысалы, біздің Құсжолы галиктикасы бір бет. Оның ішінде қаншама Күн системасы секілді алып кітаптар бар. Күн жүйесі айналасындағы он екі планета – он екі кітап емес пе? (он екінші планетаны ғалымдар әлі таба қойған жоқ. Бірақ болашақта табатынына көзім жетеді). Немесе, Құсжолы кітабының Жер, деген бетін алайық. Бұған да көз салып қарасақ сан мың кітапты көреміз. Тіпті осы беттің ішіндегі бір әріп болған алма ағашын алайық. Бір кітаптың тарау-тарау беттерін көреміз. Бір беті болған бір жапырағын алып қарап, зерттесек, жеке-жеке тараулардан тұратын кілеткаларды, оның ішінен атом деген сан мың сарайларды көреміз. Оның да галактикалар секілді жүйелерден тұратынын байқаймыз. Сонымен қатар Жердің өзі көптеген кітаптардан тұратын аңғарамыз. Құрлық бір кітап, теңіз өз алдына жеке кітап, таулар, өзендер, көлдер өз алдына жеке-жеке кітаптар. Ал, енді теңіз деген кітапқа терең сүңгіп, үңіліп қараңызшы. Мүлдем басқа планетаға саяхат еткендей боласыз. Өз алдына өзінің тіршілік-тынысы, өмірлік құрылысы бар. Сіз ол жерге тек қана қонақ немесе турист болып қана бара аласыз. Бірақ, ондағы тіршілік иелерімен бірге ұзақ өмір сүре алмайсыз.

Сол секілді жан-жануар, өсімдік атаулы, аспанда ұшқан құстар жеке-жеке әлем, жеке жазылған әрі жазылып жатқан кітаптар. Осының бәрін адам баласы оқып үйренуде. Тіпті бәріне шамасы жетпеген соң, мысалы, тек қана жан-жануар деген бір кітапты, тіпті оның бір тарауын өмір бойы зерттеп соны оқумен ғана өмірін өткізуде. Ұзақ жылдар бойы зерттеген соң ғана кейбір мағлұматтарды бізге жеткізуде. Сол үшін де оған профессор, академик, деген атақ, даңқ берілуде. Бейне бір сол жасағандай оған үлкен құрмет көрсетілуде. Ал, оны жазған Ұлы Жасаушыны

54

Page 55: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

құрметтен, шүкірден тыс қалдырамыз. Бірақ, Ол құрметке, шүкірге мұқтаж емес. Бірақ, жайшылықта суретті қалай салғаны жайлы түсіндірген жанға, құрмет көрсетіліп, суретшіні ұмыту - үлкен ерсі әрі адамдық қасиетке жат нәрсе емес пе?! Сондықтан да Аллаһ «Ол қайсыларың ең ізгі іс жасай алатындарыңды сынау үшін өлім мен өмірді жаратты», деп, бізге хабар берген.

Иә, Жер – кітаптың бір беті ғана, дедік. Оның ашық, айқын және астарлы мағыналары бар. Жер бетіндегілер ашық, айқын мағыналары болса, тау қойнауы, жер астындағы қазыналар бейне бір сырға толы астарлы мағыналар. Мысалы, мұнай астарлы бір мағына. Оны жер астын ұзақ жылдар бойы үңіле оқи отырып қана таба аласыз. Тіпті ащы суды тұщы суға айналдырып егістікті суаруының өзі өзінше бір астарлы мағына. Ойланасың, толғанасың, соныңда барып қол жеткізесің.

Бәрінен де осы алып кітапқа татитын Жерде бір кітап бар. Ол – адам баласы. Иә, адам деген – сыр мен мұңға толы жұмбақ кітап. Әлемді сан айналсаң да оның шешуін таба алмайсың. Өйткені, оның шешуі тек Құранда ғана. Демек, адамның бақыты Құранда.

Енді айтыңыздаршы! Қалай ғана осыншама сарайлар мен кітаптардың Ұлы Салушысы мен Ұлы Жазушысы болмауы мүмкін. Осының бәрін көре тұра біле тұра терістеген бейбақтарға біз не дей аламыз?

Иә, Ұлы Жаратушы: «Ол, жеті көкті қабат-қабат етіп жаратты. Рахманның жаратуынан бір мін таба алмайсың. Қайтадан көз салып қара. Қандай да бір ақау көре аласың ба? Сосын тағы да көзің екі қайтарып қара. Көзің (іздеген ақауын таба алмай) талып саған оралады», дейді. Бұл жерде көз салып қарау, далаға шығып Күнге қарағандай қолыңды көлейгелеп күн сала қарағандай тектен тек қарау емес, әлбетте. Астрономия саласы және т.б. салалармен зерттеу арқылы көз салу. Өмір бойы зертте. Ғасырлар бойы зертте. Сен бәрібір бұл ғаламнан таңырқап өтесің. Ендеше, ей адам баласы, ізгі істегендердің қатарына қосыл. Ынсапты болып ақиқатты қабыл ет! іспетті мағыналар бар бұл аятта. Ұлы Жаратушы ынсапты болып өзіне мойынсұнғандарды дос етіп, мойынсұнбағандарды жазаға тартпақ. Егер ғайыптан Ұлы Жаратушы көрінетін болса, онда жақсы да, жаман да мойынсұнып, емтиханның сыры қалмас еді. Емтиханға талапкерлерді қабылдап, алдарына сұрақ пен жауап қойса, міне, нағыз сынақ осы дей қояр ма едіңіз сіз?

Егер Ұлы Жаратушы бұл ғұмырда көрінсе Оның нұрынан әлем паршаланып жоқ болып кетер еді. Әрі біз Оны көре қоятындай көзіміз де жоқ. Сәуле жылдамдығымен бір миллард қашықтағы жұлдыздарды біз көре аламыз ба? Ол былай тұрсын, атомдардың өзін жалаң көзбен көре алмаймыз. Олай болса, жаратылған нәрсені толық көре алмаған біз, жаратылмаған бастауы мен соңы болмаған Мәңгі Ұлы Жаратушыны біз қалай көре аламыз? Сондықтан Құранда «Көздер Оны көрмейді. Ол көздерді көреді» (Әнғам 6103), дейді.

Хазіреті Мұса: Тұр тауында Аллаһ тағалаға: «Раббым, Сені көрейін», деді.(Аллаһ): «Мені, әсте көре алмайсың; бірақ тауға қара, сонда егер ол орнында тұра алса, сен де Мені көресің», деді. Сонда Раббы тауға шағылысып көрінген сәтте, оны быт-шыт етті. Мұса да талып түсті. Есі кіре сала: «Сен пәксің, Саған тәубе еттім, әрі мен иман еткендердің алғашқысымын», деді» (Ағраф 9143). Иә, бұл өмірде Оны көру мүмкін емес. Бірақ, Хазреті Мұсаның Аллаһтың көрінуін тілеуі,

55

Page 56: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

оның Оған деген аса шексіз махаббатынан туындаған нәрсе. Иә, «Көздер Оны көрмейді. Ол көздерді көреді». Біздің жүргенімізді, тұрғанымызды бәрін көруде. Біз ғана көре алмаймыз. Қаф сүресінде Аллаһ: «Біз оған (адамзатқа) күре тамырынан да жақынбыз», дейді. Яғни, Ол бізге күре тамырымыздан жақын, ал бірақ біз Одан тым қашықпыз (Салыстыруда жаңылыс болмасын), бейне бір Күн секілді. Күн бізге өте жақын. Сәулесімен бізге мейірім төгіп маңдайымыздан сипайды. Денемізді жылытады. Бірақ, біз одан әлдеқайда ұзақпыз. Әлбетте, Ұлы Жаратушыны көктің бір жерінде, деп, ойлау үлкен жаңылыс нәрсе. Оны көкте, деп, те айтуға болмайды. Өйткені, Ол көкте деген сөз; дене бітімі бар, ұзындық, өлшемі бар, мекені бар, заманы бар деген сөз. Аллаһ ондайдан пәк. Ондай сипат жаратылғандарға ғана тән сипат. Ұлы Жаратушының өзіне тән заты бар. Оны біз біле алмаймыз. Ол барлық жерде болумен қатар ешбір жерде жоқ та. Бұл сүннит ғалымдарының көзқарасы. Әрі Ұлы Жартушыны көзге елестету де дұрыс емес. Оны ешкім осындай болуы мүмкін, деп, елестете алмайды. Ол оның елесінің ар жағының ар жағында. Өйткені, сіз не ойлап, көз алдыңызға не елестетсеңіз де, оның бәрі жаратылған нәрселер. Тума көрге мынау қара мынау ақ десеңіз ешуақытта да дәл сол түстерді елестете алмайды. Ендеше, Ол жайлы қалай ойлай аламыз? Сондықтан Оның өзі (заты) жайлы емес, кітабына қарап сипаты жайлы ойлауымыз керек.

56

Page 57: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

Ғұламалар дәлелі

Алланың бар екендігі және дүниенің жаратылу себептерін ғалымдар қалай дәлелдеген? Олардың жаратылыс туралы пайымдаулары, арттағы ұрпаққа қалдырған ізгі ойларынан мысалдар келтірсеңіз?...

Жаратылыс: кейіннен пайда болған, жоқ нәрсенің кейіннен бар болуы, деген сөз. Осы жаратылыстың кейіннен пайда болғаны, әрі оның ұдайы өзгеріске түсіп отыруы, Ұлы бір Жаратушының барлығына бұлтартпас айғақ болып табылады. Өйткені, әлем ұдайы өзгеріске түсуде. Өзгеріске ұшыраған барлық нәрсе кейіннен жаратылған, деген сөз. Яғни, әлем мәңгі бар емес, белгілі бір заманда жаратылып сол кезеңнен бастау алған. Физиканың термодинамикалық заңы бойынша, материя, яғни, әлем зымырандай зырқырап, оқша зулап құрдым мен жоқтыққа қарай бет алып барады. Яғни, әлем күн өткен сайын, тіпті сәт сайын қартайып бейне бір өлімге қарай сапар шегуде. Ал, кәріліктің жастығы бар, жастықтықтың да басы бар, басталар жері бар, деген сөз. Сондықтан да Құранда: «Қиямет сағаты жақындады» (Қамар, 541), дейді. Яғни, қияметтің болуына өте аз қалды, деп, баян етуде. Демек, сан миллард жыл жасаған әлем, соңғы сәттерін санауда. Бірақ оның соңғы сәттері біз үшін екі мың жылдай уақыт шығар, бәлкім...

Ал, енді бастауы мен соңы болып, кейіннен жаратылған нәрсенің сөзсіз бір Ұлы Жаратушысы бар. Өйткені, себепсіз нәтиже, қозғаушысыз қозғалушы, ұстасыз өнер болуы мүмкін емес. Ал, қозғалушыны басқа бар қозғалушы (жаратылыс) түрткі болды, деп, шексіздікке қарай сырғытып кету де мүмкін емес. Тек қана бастауы мен соңы жоқ, мәңгі бақи бар Ұлы Күшке ғана әкеп тірегенде барып қанағаттанарлық жауап аламыз. Оны біз ешкімге мұқтаж болмаған Ұлы Жаратушы, деп, атаймыз. Құранның Ықылас сүресінде: «Аллаһу Самәд», дейді. Яғни, барлық нәрсе оған мұқтаж. Әр нәрсенің бар болуы, жалғасуы Оның әмірімен іске асады. Ол ешнәрсеге мұқтаж емес. Барлық нәрсенің көмек сұрайтын, тілек тілейтін қамқоршысы, тәрбиешісі, ризық берушісі тек қана Ол.

Өркениет дамуында қаншама ғалымдар дүниенің жаратылу сырларын қазбалап ақтарып, ақыры Алланың бар екеніне көз жеткізген. Өздерінің «мүмкіндік дәлеліне» (ықтималдық теориясы) сүйеніп, Фараби, ибн Сина секілді ислам ғұламалары ең көп пайдаланғандары үшін, «Ислам философтарының дәлелі» деп, елге осындай атпен танымал болған. Бұл дәлелді кейінгі толқын келәмшылары да қолданған.

Бұл дәлел, болмыстың мүмкіндік екендігіне қарай отырып, әлемді Аллаһтың жаратқанын табу дәлелі. Мұны қысқаша былай айта аламыз: Әлем мүмкіндік жиынтығы. Әрбір мүмкін нәрсе бар болуы үшін, жоқтан бар болуды таңдаған бір таңдаушыға мұқтаж. Олай болса, бұл әлемнің бар болуы үшін өзін таңдайтын біреуге мұқтаж. Ол – бастауы мен соңы болмаған Ұлы Жаратушы.

Яғни, барлық әлем мүмкіндіктен тұрады. Бар болу мен жоқ болу мүмкіндігі тең. Бір нәрсенің бар болуымен қатар жоқ та болуы мүмкін. Ал, әрбір мүмкін нәрсе болса, өзінен тыс бір себепке мұқтаж. Олай болса, алдымен бар болуды, содан кейін қандай түрде бар болуды таңдаған біреу бар. Бұл қиындау болғандықтан жеңілдетіп мысалмен түсіндіруге тырысайық: Сіз Алматының Ұлттық Кітапханасы секілді алып

57

Page 58: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

бір кітапханаға кіріп, ондағы сөрелерде ұзыннан-ұзақ қаз-қатар орналасқан саң мыңдаған кітаптарды көрсеңіз. Бір кезде сол сөрелердің бергі жағындағы бір үстел, үстінде ашылып жатқан Абайдың өлең кітабын көрсеңіз, сіз былай деп, ойлар едіңіз: Мына кітап бекерден бекер өзінен-өзі жатқан кітап емес. Мұны мына сан мыңдаған кітаптардың арасынан арнайы осы кітапты таңдаған біреу бар, деген тұжырымға барасыз. Яғни, Абайдың өлең кітабының алынып оқылуы мүмкіндіктен тұратын нәрсе. Оның оқылуы мен оқылмауы да тең. Неге десең оқушы оны емес, саң мыңдаған кітап ішінен басқа кітапты да алып оқуы мүмкін еді. Ал, енді осы саң мындаған кітаптың ішінен дәл осы кітап тегін алынды дей аласыз ба? Алдымен осынау кітаптарға қараған, содан кейін олардың арасынан, басқа емес, дәл осы кітапты оқуды ойлап, оны тандаған біреу бар, деген тұжырымға келеміз. Міне, әлем де сол секілді. Оны сансыз болу түрінен, дәл осы түрде таңдап жаратқан біреу бар. Ол да болса, әлемнің Ұлы Жаратушысы.

Бұдан басқа жаратылыстың жаратылу сыры туралы мақсат пен жүйе дәлелі бар. Бұл дәлел алдыңғы екі дәлелден анық, айқын болып келеді. Бұл туралы Құранда көптеген аяттар бар. Әлемге көз салып қарасақ, еш нәрсенің босқа жаратылмағанын, баршасы жүйеленіп жаратылғанын көреміз. Әли Имран сүресінде «Сөзсіз көктер мен жердің жаратылуында және түн мен күндіздің ауысуында, әлбетте, ақыл иелері үшін дәлелдер бар. Олар тік тұрып, отырып және жатқан бойда Аллаһты еске алады. Сондай-ақ, олар көктер мен жердің жаратылуы жайында ойланады да: «Раббымыз! Сен мұны тектен текке жаратпадың, Сен пәксің, бізді от азабынан сақта!» (деп, тілейді), деп, олардың көктер мен жерге қарап ақиқатты ұғатындарын айтады. Өйткені, бұл әлемнің бар болуы, Ұлы Жаратушының барлығына дәлел болғаны секілді, әлемдегі жүйе мен система да Оның жалғыз екендігіне айғақ.

Мысалы, біздің көзіміз бар. Оның болуының да бір мақсаты бар. Көз адамға сұлулықты көру үшін, одан эстетикалық ләззат алу үшін, Аллаһ Тағаланың әсемдігін байқау үшін берілген. Әрі көз өзіне берілген қызметінен басқа қызметке ауысқан емес. Айналып келгенде, адам танымы жете қоймайтын тыс әлем де, барлығы бірігіп адамға қызмет етуде. Бәрі де адамның игілігі мен жақсы өмір сүруі үшін жаратылған. Шыбын екеш шыбын да жаз бойы микробтарды өлтіріп, санитарлық қызмет атқарады да күз түсіп, күн суытқан соң әлде қайда жоғалып кетеді. Сондай-ақ атом, мейлі клетка, жерде жүрген құмырсқа бәріне де берілген бір мақсат бар. Ендеше, былай дей аламыз: әлем белгілі бір мақсат пен система ішінде жаратылған. Ал, мұндай мақсат пен жүйе шексіз ақылды біреудің қолтаңбасы. Демек, әлем Ұлы Ғалым әрі шексіз ақылды Біреудің өнері. Оны біз Ұлы Жаратушы Аллаһ деп, атаймыз.

Құранда мақсат дәлелі және жүйе дәлелімен қоса жәрдем дәлелі деген де бар . Мәселен әлемдегі алыс-жақын жаратылыс атаулы бір-бірімен септесіп, бауырласып жатқанын көреміз. Мысалы, көктемнің жасыл желектеріне көз салайықшы. Дүниенің бәрі абыр-сабыр боп құлпырып өсуіне құрақ ұшып жүгіргенін байқайсыз. Алдымен ту алыстан бұлттар жөңкіліп кеп бейне бір нәрестеге емізікпен сүт бергендей жауын жаңбырын бүркіп өтеді. Оның артынан ана секілді Күн нұрымен сипалап, мәпелеп өсіруде. Жер астындағы бактериялар, шылаушандар т.б. минаралды заттар олардың өсуіне көмектесуде. Бәрі де біртұтасып ғажап өмір сүруде. Мұндай бірлік адамзатта кездессе, кейбіреулер «бұл утопия», деп кері тартар еді. Ал, біз, адамдар қанша

58

Page 59: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

ақылды болсақ та біріге алмай, бөлісе алмай жатамыз. Алысқа бармай-ақ атамыз Абайды алайықшы. Өзі де, әкесі Құнанбай да өмір бойы қазақтың бірлігін аңсап өткен жоқ па?! Ал, бізден тыс мына жаратылыстың ешқандай ақылы жоқ. Әрі біздің биологиялық жаратылысымыз басқа жаратылыстан көп айырмашылығы жоқ. Бейне бір мемлекет секілді. Жүрек елбасы, қалғаны халқы секілді. Бәрі бірігіп, айналайын адамға қызмет етуде. Міне, осылардың аса ғажап үйлесімділікпен бір ырғақпен жұмыс істеуі – Ұлы Жаратушының барлығын көрсетеді. Демек, бүкіл әлем бір-біріне жәрдем ету арқылы Ұлы Жаратушыны паш етуде.

Адамның бейнесі және қар дәлелі жөнінде де көптеген мысалдар келтіруге болады. Қандай да болмасын бір адамның жүзі, ешуақытта да өзінен бұрын өткен миллиондаған адамның ешбірінің жүзіне ұқсаған емес. Бір суретші жүз түрлі адамның суретін салса, оның жүз біріншісі кейбірлеріне ұқсай бастайды. Ал, мың немесе одан да жиі сала бастаса, бір-бірлеріне одан да көбірек ұқсай бастайды. Адам бейнесіне көз салсақ, ондай емес. Мұндайды көр табиғат салды, деу, ақылсыздық. Демек, мұны ең кішкене айырмашылығына дейін біліп ажыратуға күші мен ілмі жеткен біреу бар. Ол Ұлы Жаратушы.

Қар да адам бейнесі секілді. Қардың әрбір ақ түсті кристалында ерекше ою-өрнектер бар. Ал, бір кристалдағы бұл ою-өрнек басқа кристалдардың ешқайсына ұқсамайды. Осы кішкене ғана шектеулі шеңберге шексіз түр-түсті сыйдырған Ұлы Жаратушының құдыреті демегенде не дейсіз?

Иә, барлық әлем өз тілімен Ұлы Жаратушының ұлылығын паш етіп, жар салуда.

59

Page 60: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

Табиғат пен әлемдегі заңдылық

Кейбіреулер дүниені жаратқан табиғат деп өздерінің әр түрлі дәлелдерін келтіріп жатады. Егер жер бетіндегі тіршілік иелерін табиғат жаратса біз табиғатқа табынуымыз керек емес пе? Осы жайлы не айтар едіңіз?...

Табиғат пен әлемдегі заңдылықтар Ұлы Жаратушының жоқтан бар етіп өзін паш еткен өнері мен өзінің барлығы мен бірлігін танытатын тайға таңба басқандай құдырет таңбасы. Ақиқат айдай көрінсе де бір материалистер әлемнің жаратушысы табиғат немесе заңдылықтар, деп, өздерінше тұжырым жасайды. Олардан жер мен көктерді кім жаратты, деп, сұрай қалсаң «табиғат»,-деп жауап қатқанын естисің. Сол табиғат деген не өзі? Табиғат – жанды-жансыз, жан-жануар, от пен су т.б. әлемдегі барлық заттар. Бұл жаралған заттар қалайша өз-өзін жаратпақ. Табиғат жаратушы болуы үшін, бастауы болмауы керек. Алайда, табиғат мүмкіндік әлемінен тұрады. Ал, мүмкіндіктің болуы мен болмауы бірдей деген сөз. Барлығының бастауы болмауы шексіздікті көрсетеді. Бірақ, әлемде көрінген барлық заттар ұшқыр жылдамдықпен құрдымға қарай құлдилап барады. Ендеше, әлемдегі кейіннен пайда болған барлық болмыстың барлығы шексіз емес. Яғни, мәңгілік емес. Демек, олар мүмкіндік әлемінен. Мүмкіндік болса, сөзсіз бір жаратушыға мұқтаж. Ал, жаратушы мен жаратушыға мұқтаж болған заттың бірдей болуы ақылға сыйымсыз, сандырақ нәрсе. Олай болса жаратушыға мұқтаж болғанды жаратқан, ешқашан материя немесе соған ұқсас түрден бола алмайды. Оны жаратқан бастауы мен соңы болмаған бір ұлы күш қана. Ол – Ұлы Жаратушы. Демек, табиғат – жасаушы емес, жасалушы, оюшы емес ою, жаратушы емес, жаралушы. Және де айта кететін бір жайт, егер материя өзін жаратқан күштің өзі болса, қазір сол күш қайда кеткен? Мәңгі бола алмайтын шегі мен соңы бар күштің бастаусыз бола алмайтыны да анық.

Материалистердің айтуынша, адамды да табиғат жаратқан. Адамда рух бар, мыңдаған сезім бар, жаратылыстан ерекше етілген куәлігі ретінде ақылы бар. Табиғатта мұның бірі де жоқ. Яғни, табиғат адамзаттан әлдеқайда төмен. Әлем атты табиғатты ақылға салып көрсек, оның адамға қызметші екенін аңғарамыз. Олай болса, өзінен төмен болған санасыз табиғат өзінен жоғары тұрған иесіне өзінде болмаған нәрсені қалай бермек. Оны жаратып, оған қалай бағынып, қызмет етпек. Мұны қалай қабыл ете аламыз?

Әлемдегі заңдылықтар мен себептер табиғатты жаратты, деген тұжырымдары да бар. Ал, сол заңдылықтар не өзі? Ол – әлемдегі жүйелер жиынтығы. Әлем болмаса жүйе қайдан болмақ? Жүйе – әлемдегі белгілі бір әрекетті білдіретін нәрсе емес пе? Яғни, заңдылықтар көзге көрінбейтін, қолға ұсталмайтын, тек ақылмен білінетін болжамды нәрсе ғана. Мысалы, тартылу күшін алайық. Бұл атау тек қана құбылыстағы бір мәселені анықтау үшін қойылған нәрсе ғана. Болмаса лабороторияда зерттелетін нәрсе емес. Көрілген, сезілген нәрсе нәтижелері ғана. Заңдылықтар бар болғаны үшін әлем солай әрекет етпейді, керісінше, әлемнің әрекетінен заңдылықтар туады. Яғни, материя мен қозғалысты тудырған заңдылықтар мен себептер емес, керісінше заңдылықтар мен себептер материя мен оның қозғалысынан туындайды. Ендеше, заңдылықтар табиғаттың белгілі бір қозғалысынан туындаған әрі сол табиғатқа тәуелді нәрсе. Онда, сол болжамды нәрсе

60

Page 61: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

табиғатты қалай жаратпақ. Әрі өзін қалай жоқтан бар етпек? Заңгер мен заң бірдей бола алмайды. Бір таңқаларлық нәрсе, материалистердің болмыстың барлығына алғаш себеп етіп қабыл еткен осы болжамды заңдылық пен себептерге көздерімен көрмесе де сенулері және Ұлы Жаратушыға бермеген құдыретті осы болжамды себептерге таңулары еді. Олар көздерімен көрмесе де, саналары арқылы заңдылық пен себептерді тауып қабыл етулері мен осынау заңдылық, себеп, табиғатты саналарына салып олардың Ұлы Жасаушысын таба алмайтындары аса таңқаларлық әрі өте қисынсыз нәрсе.

Әрі осы заңдылықтар мен себептер де табиғат секілді кейіннен пайда болған. Бұл екеуі де материяға ұқсап жоқтыққа қарай жұтылып барады. Ғалымдар материяның жүйесінен айырылып, жұлдыздардың шашылып, қияметтің болуына түрткі салатын көптеген себептер жайлы хабар беруде. Ал, ақыры болып құрдымға үкімі шыққандар ешқашан да жаратушы бола алмайды.

Иә, кейбір адам баласы аса ғажайып суретке қарап, Ұлы Суретшінің ұлылығын ұғудың орнына, ұлылықты салынған сол суреттен іздеулері – Ұлы Жаратушыға иман етіп дос болған жандарға аса түсініксіз құйтырқы нәрсе...

61

Page 62: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

Ақыл ақиқаты

Адам ақылы жайында қандай дәлелдеріңіз бар. Ақылдың анықтамасы бар ма? Ақыл жайында ислам ғұламалары қандай ой-пікірлер айтқан?...

Ислам дінінде адамға аса жоғары баға беріледі. Өйткені, әлемнің тізгінін қолына ұстаған Ұлы Жаратушының негізгі тыңдаушысы адам. Ол – жер бетіндегі сол Ұлы Жаратушыны паш ететін, танытатын теңдессіз өкілі. Сол өкілдігінің мөрі – ақыл. Сол мөр арқылы әлемнің жаратылудағы мақсаты мен зат, құбылыстар арасындағы себептерді зерттей отырып, түбінде әлемнің Иесінің барлығы мен бірлігін танытады. Демек, ақыл – әлемнің қыр-сыры мен өзінің кім-екенін, қайдан келгенін, қайда баратынын, кімнің жаратқанын және де міндеті не екенін білуге құмартқан бір күш. Хазіреті Омар ақыл жайлы былай дейді: «Ақыл екі нәрседен тұрады. 1- Матбу (туа біткен ақыл). 2- Масму (Матбу ақылмен қол жеткізген). Яғни, матбу ақыл адамның бойында болған күш. Масму ақыл осы күштің жетілдірілуі Туа біткен ақыл жайлы Аллаһ Елшісі былай дейді: «Аллаһ ақылдан асқақ нәрсе жаратпаған». Масму ақыл жайлы да: «Адам өзін жамандықтардан бойын аулақ ұстап, тура жолға апарған ақылдан артық ешқандай табыс таппаған».

Шәриф Жүржани ақылдың он түсініктемесін береді. Оның кейбірі: 1. Ақыл – жеке өзі материядан тыс, іс-әрекетте материяға жақын гауһар. Бұл жақындық әркімнің «мен»,– деп түсінік берген жеке адам. 2. Ақыл – Аллаһтың адам денесімен бірге жаратқан рухани гауһары. 3. Ақыл – ақиқат пен жалғанды танитын жүректегі нұр. 4. Ақыл – өзі арқылы заттың ақиқаты білінетін нәрсе.

Құранда ақыл етістігі 49 рет берілген. Бұл аяттардың 22-сі, Мадинада 27-сі Меккеде түскен. Бұл аяттар жартысы Меккедегі сенімсіз халыққа, жартысы да Мадинадағы иман еткен қоғамға бағытталып айтылған. Осы, сөз етістіктермен берілген. Етістік – әрекет пен іс-қыймылды білдіретін сөз. Аллаһ ойлап қараңдар, демейді, ұдайы ойланыңдар, әрқашан саналарыңмен саралаңдар, дейді. Қазақтағы «ақпаған су, ойламаған ми сасиды»,– деген мақалға саяды. Аллаһ меккелік сенімсіздерге әлемге көз салып ойланыңдар, саралаңдар иманға келіңдер десе, мәдиналық жайлы білімдеріңді одан әрі өрбітіңдер, дейді. Негізінде бұл аяттар жалпы адамзатқа айтылғандықтан, бүкіл адамзатты әлемге ойланып зер салып қарауларына шақырады.

Құранда ақыл сөзінің синонимдері де берілген. Олардың кейбірін айта кетейік: 1. «Луб»: өте жоғары ақыл. Әрбір «луб» ақыл, бірақ, әрбір ақыл «луб» емес. Луб – әр нәрсенің өзі мен өзегін білдірсе, адамда жүрекке қойылған ақыл. Қиял мен шек-шүбадан ада, саф, қасиетті нұрмен нұрланған нұрлы ақыл. Құранда мұндай зиялы қауым жайлы былай дейді: «Шексіз, көктер мен жердің жаратылуында және де түн мен күндіздің алмасуында әлбетте, «луб» иелері үшін дәлелдер бар» (Әли Имран 3\190). Нұрлы ақылмен нұрлағандардың бірі Абай атамыз еді. «Адамды сүй, Алланың хикметін сез, не қызық бар өмірде онан басқа?!»,– деуі, оның «луб» иесі екенін дәлелі. «Лубке» тағы бір мысал. Мұсылман бір ғалым былай дейді: «Мен бір сапарымда бір христианмен жол серік болдым. Өзі – Хазіреті Исаны Аллаһтың ұлы емес құлы екенін қабыл еткен нағыз таза христиан ғалым болатын. Бір күні түнде қасына бардым. Терең ойға батып үлкен толғаныста отыр екен. Мені көрді де

62

Page 63: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

жүрегінің сол терең сырын маған ақтарып салды. «Досым мына көкке қарашы! Неткен ғажап жаратылған. Бәрі де белгілі бір жүйемен орналасқан. Мен кейбір жандарға таңқаламын. Олар осынау әлемде өмір сүріп қалай ғана Ұлы Жаратушының барлығы мен бірлігін білмейді. Мына шексіз құмнан түйенің ізін көрсең сол жерден түйенің өткенін байқайсың. Бір жерден жазылған кітап көрсең, біреудің жазғанын байқайсың. Ал, мына шексіз әлем Ұлы Жаратушының барлығын ол екеуінен анағұрлым анық етіп, көзге нұқып көрсетіп тұрған жоқ па?! Ол жандар қалай ғана сол Ұлыға иман етпейді»,– деді. Мен оған көптен бері ақиқат дін жайлы қалай айтсам екен, деп, ойға батып жүргенмін. Өйткені, бұл Хазіреті Исаның үмбетінен болған нағыз христиан болатын. Мен оған мына аятты оқыдым: «Аллаһтың көктен жаңбыр жаудырғанын көрмейсің бе? Сол арқылы алуан түрлі жемістер шығардық. Таулардан да ақ, қызыл, қара түрлі-түсті жолдар жасаған. Адамдардан, жан-жануарлардан және ірі жәндіктерден де осыған ұқсас түрде болғандары бар. Құлдарының арасында тек ғалымдар ғана Аллаһтан қатты қорқып (оның ұлылығына қайран қалып) тағзым етеді». Ол таң қалып: «Бұл сөзді Мұхаммед пе айтқан?»,–деді. Мен «жо-жоқ. Оған түскен Құран айтты»,–деп жауап қайтардым. Сонда ол еңсесін көтерді де «күллі әлем маған куә болсын, Мұхаммед – Аллаһтың Елшісі»,–деді. Өйткені, тек ғалымдар ғана әлемді терең біледі. Мұндай жандардың Аллаһқа тағзым етпеулері мүмкін емес. Олар – «луб» иелері.

2. «Фикр» (пікір). Білімді айқындайтын күш. Толғаныс – осы күштің ақыл күші деңгейінде айналуы. Бұл тек адамдарға тән. Толғаныс сонымен қатар жүректе туатын сурет. Сол себепті Аллаһ Елшісі (с.а.с.) «Аллаһтың заты емес, Оның жаратқан жаратылысы жайлы ойланыңдар»,–деген. Өйткені, адам баласы Ұлы Жаратушы жайлы ешқашан да ойлай алмайды. Оның ол жайлы көз алдына елестеткендерінің бәрі де жаратылған қиял суреттері. Тума зағиптың түр-түстің не екені біле алмаса адам баласы бастауы мен соңы жоқ Ұлы Біреу туралы қалай ойлай алмақ. Адамға Оның заты жайлы ойлау – лайық нәрсе емес. Әлемге қарап Оның сипаттары жайында ойлау дұрыс нәрсе. Сол себепті Пайғамғамбарымыз «бір сағат ойлау – бір жылдық нәпіл ғибадат»,-деген.

Ақыл мен сана. Періштелерде де ақыл бар. Бірақ, оларда ақыл тұрақты. Әр періштенің өз мәртебесі бар. Адам ондай емес. Ол ақылы мен санасын пайдалана отырып, көп нәрсеге қол жеткізіп көкке шыға алады. Бірақ, орнымен пайдаланбаса өзін құзға құлатады. Ақыл Адам атамен басталған. Аллаһ Хазіреті Адамға барлық есімдерді үйретіп періштелерден сол жайлы сұрағанда жауап бере алмайды. Хазіреті Адамнан сұралғанда үйреткен заттың аттарын түгелдей баян етеді. Осылайша Адам ата адамның жаратылыс ішінде ең қадірлі екенін дәлелдейді. Періштелердің Адамға сәжде еттіруінің бір сыры да осы ақылда жатса керек... Өйткені, бір қасиетті хадисте Ұлы Жаратушы «Мен құпия қазына едім. Білінуді қалап, әлемді жараттым»,–дейді.

Барлық пайғамбарлар елін ақиқатқа ақылмен шақырған. Сол себепті дінде зорлық жоқ. Бір нәрсеге сенетін адам, біліп барып сенеді. Хазіреті Адамнан кейін келген Нұх пайғабарды алайық. Ол еліне былай дейді: «Аллаһқа құлшылық етіңдер. Аллаһтың жеті көкті қабат-қабат жаратқанын көрмейсіңдер ме? Олардың ішінде айды нұр етіп, күнді шырақ етті»,–дейді. Міне сол заманның адамдарының ақылы қазіргі заманның адамдарынан ешқандай кем болмаған. Нұх елін 950 жыл ақиқат сарайына шақырған. Бірақ, санаулы адамнан басқалары иман етпеген. Оның себебі,

63

Page 64: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

ақылын көр еткен. Құран да олар жайлы: «Аллаһ олардың жүректері мен құлақтарына мөр басқан. Көздеріне де перде тұтылған»,–дейді. Яғни, олар әлем ішіндегі ең бағалы саналған сана деген жақұтын жоғалтып алғандар.

Хазіреті Ибраһим пайғамбарды (с.а.) алайық. Ол өзін құдай санаған Бабыл патшасы Намрудпен айтысады. Намруд оған Раббың жайлы дәлел айт, дейді. Ол «Раббым өмір мен өлімді беруші»,–дейді. Ол: «Мен де өлтіремін де тірілтемін»,–деп (өлімге бұйырылған біреуді қоя беріп, жазықсыз біреуді өлтіреді). Сонда Ибраһим «Расында Аллаһ күнді шығыстан шығарады, сен оны батыстан шығаршы»,–деді. Сол сәтте кәпір ләм-мим дей алмады». Және барлық пайғамбарлар адам баласын ақыл, сана арқылы өздерін жоқтан жаратқан және де осы шағы мен әрбір іс-қимылын жаратып жатқан Ұлы Жаратушыға тағзым етуге шақырған. Яғни, пайғамбарлар иман арқылы адам санасын да азаттыққа шақырады. Ақиқатты ұға алмай, пұттарды құдай еткен сана әрқашан қапаста қалмақ. Адам жаны екі тұрғыда қапас құрсауында қалады. Бірі дінсіздік, әр түрлі идеялық т.б пікір мен сезімдер арқылы санаға соқыр танымды сіңдіру. Бірін де не айтсаң да сенікі бұрыс, менікі дұрыс, деген өзінен жоғары күштің қысымы. Бірінші топтағылар қапаста екенін көбінесе бұл ғұмырда сезбейді. Екінші топ не сезеді я сезбейді. Сезгендер жоғарының бұрыс дұрыс дей алмай, не болмаса зорлықпен қабыл етіп өмір бақи зіл батпан жүк көтеріп жүргендей азапты күй кешеді. Сезбегендерге келсек жоғарының бұрысын да дұрысын да қабыл етіп бейне бір роботтай күн кешеді. Екеуі де азап. Кейбір жандар қапас та болса да азат өмір сүреді. Кейбір жандар азат болса пікірі бөгденікі болған соң азап өмір кешеді. Ақыл мен сана қастерлі нәрсе. Сананы тұтқындау – иесін зынданға тастау, деген сөз. Қоғам өркендегенмен сана дамымаса ол түбінде апатқа ұшырайды. Бір ел он жыл білімсіз қалса, сана-көзін шел қаптайды. Бірақ, білімді ел имансыз болса, ол да құрдымға қарай кетпек. Иманды сана әрқашан иесін Ұлы Жаратушыға қарай тартады. Соның өлшемімен іс-әрекет етеді. Имансыз сана иесін құрдымға қарай тартады. Сөзімді Шәкәрімнің мына өлеңімен аяқтағым келеді.

«Ойлансын ұлан болса сөз ұғарлықАқылдың шолғыншысы – ойқұмарлықТаза талап талпынып ойды айдаса,Байқалар көрнеу, таса, жоқ пен барлық.Азат ақыл ойланбай мида жатса,Шіріп, тозып тартқызар ол бір зарлық».

Иә, ақыл аса қастерлі нәрсе. Ақыл мен сананы аялайық. Аялау – сананы иман шыңына жетелеуден басталады.

64

Page 65: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

Құпия қазына

Адамзаттың қасиеті, оның бойындағы ізгілігі жөнінде аз-маз пікір айтсаңыз? Сондай-ақ, дұғалардың қабыл болуы, иманды адам хақында не айтар едіңіз?...

Иман – осынау жеті қабат көкті бейне бір жеті кітап етіп жаратқан Ұлы Жаратушыны танып, мойынсұнып оған шексіз берілуі мен жүректе оған деген шексіз сүйіспеншіліктің тууы. Осы иманнан туған көркем мінез осы шамшырақтың сыртқа түскен жарығы. Неге десеңіз, көркем мінездің әуелінде сенімділік келеді. Ал, иман деген, сөз «аман» сөзінен туындаған. Яғни, сену, сенімді болу, деген мағынамен қатар төңірегіне сенім көрсету, бейбіт нұрын себелеу, деген, мағынаға да келеді. Сол себепті Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Сенімі болмаған жанның иманы да жоқ»,– деген. Басқа бір хадисінде де «Мұсылманның жүрегі тұп-тура болмайынша, иманы тұп-тура бола алмайды. Тілі тұп-тура болмайынша, жүрегі тұп-тура бола алмайды. Мұсылман көршісіне сенімділік көрсетпейінше, жәннатқа кіре алмайды»,–дейді. Бейне бір иман мен сенімділік егіз секілді. Ал, сенімділік көркем мінездің ішкі ядросы. Демек, иманы бола тұрса да, өмірін қиянат, зұлымдықпен өткізгендер жүректегі иман дақылын жетілдіре алмай, жарым-жан болып күй кешкендер. Сол себепті Пайғамбарымыз пайғамбарлықтан бұрын да халық арасында «Сенім», болып өмір сүрген еді. Ол – жер бетіндегі сенім рәмізі еді. Сенімділік – жеке адамның, қоғамның, тіпті, жер бетінің алып діңгегі. Ал иман – осы діңгектің негізі. Пайғамбарымыз бір хадисінде былай дейді «Үш нәрсе мұнафықтың (екі жүзді) белгісі. Сөзі жалған, уәдесін бұзған, аманатқа қиянат еткен». Яғни, бұлар мұсылмандық сипаттың белгісі емес. Кейде сіз кейбір мұсылман жандардан осы сипаттарды көресіз де, Ұлы Жаратушыға иман еткен адам неге мұндай олқы іс-әрекет жасайды, деп, ойға қаласыз. Мұның сыры мынада жатыр: Иман негізінде асылы бір болса да, екіге бөлінеді. Бірі яқини (нағыз) иман, бірі тақлиди иман. Алдымен яқини иманды түсініп алайық. Яқини иман – иманның негіздерін терең танып, іштей сезіну және оның адам болмысымен тұтасқан мағрипат шыңына жету. Яқинның ең азының өзі жүректі нұрға қарық етіп, көңілдегі күллі шек пен шүбалардың тұманын әп-сәтте сейілтіп, жанның ішкі әлемін бейне бір көктем келгендей шаттыққа кенелтіп, жұпар шашады. Кейбір Құран аяттарында айтылғандай, яқини иман үшке бөленіді: 1 «илма’л-яқин» (ілім) –ап-анық дәлел мен айғақ әлемнің дариясына терең сүңгіп, Ұлы Жаратушының барлығы мен бірлігіне, серік, ортақ атаулыдан мүлдем пәк екеніне көз жеткізіп бұлтартпас дәлелдер арқылы мызғымас сенім мен айнымас айқындықтың шыңына жету. 2. «айна’л-яқин» (анық) – көру, білу, сезу арқылы рухқа талмас қанат байлап самғатып, мағрипат ақиқатына жету. 3. «хаққа’л-яқин» (хақ) – Пердесіз көру шыңы. Яғни, дәлелсіз, пердесіз тікелей ар-ожданға екпіндете келіп, сарқылмас тау суындай сарқыраған және де ішкі-сыртқы сезімдерді түгелдей тұмшалаған мағрипат. Бұл шыңдардың ең төменіне болсын жеткендер «Алланың өзі де рас, сөзі де рас, рас сөз еш уақытта жалған болмас» ақиқатын аңғарады. Міне, бұл – яқини иман. Аллаһ әуелі адамға ақыл-сана берген. Одан кейін оқысын, деп, әлем атты жеті қабат жеті том кітабын ашып алдына қойған. Сол әлемге қарап өзін ақылмен танып, білсін, деген. Бұған біз «ақли дәлел», дейміз.

65

Page 66: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

Біз жоғарыда Аллаһ адамға әуелі ақыл мен сананы одан жеті кітапты бердік дедік. Үшіншіде жарлығын пайғамбарлар арқылы жіберген. Ең соңғы келген пайғамбар Хазіреті Мұхаммедке (с.а.с.) келген алғаш аят «оқы»,– деп түскен. Яғни, әлемді Құран тілімен санаңның таразысына тартып оқы! Сол Құран мына шексіз ғаламның мұғжизалық аудармасы. Әлем кітабы мен Аллаһтың сөз кітабын салыстыра отырып Аллаһты танимыз. Бұл – мағрипат. Ал мағрипаттан махаббат туады. Яғни, осынау Ұлы Жаратушыға, деген, шексіз сүйіспеншілік туады. Осы сүйіспеншілік көктемінен бақыттылық сезім – таңы атады. Мұндай бақытты жандар бұдан кейін өмірін өзінің Ұлы Досының әлем атты ғажайып құдырет таңбасын тамашалаумен өткізеді. Пайғамбарымыз бірде былай дейді «Мен мұсылманның ісіне таң қаламын. Өйткені, оның істерінің бәрі ол үшін жақсылық. Бұл – мұсылманға ғана тән қасиет. Егер оған қуаныш келе қалса, Аллаһқа шүкір етеді де, ол оған жақсылық болып жазылады. Ал, басына қайғы келсе, сабыр етеді де, ол да оған жақсылық болып жазылады». Міне, әлемнің Ұлы Жаратушысы адамзатты өзіне дос болуға шақырады. Сондықтан да Ол өзін тану үшін басымызға ақыл, алдымызға әлем, жанымызға Құран, қолымызға қалам берген. Ол бізге жіберген жарлығын соқыр санамен қабыл етуін ұнатпайды. Өйткені соқыр сана әрқашан иесін жарға, құзға құлатуға даяр. Исламда көптеген бұрыс ағымдардың шығуы осының салдары. Кінә мұсылманшылықта емес, Құранды теріс оқып, бұрыс түсінген соқыр саналы мұсылманда. Исламның сыртқы әшекейіне ұзақтан өзінше ой қорытып, ал ішкі әлеміне бас сұқпаған, сұққысы да келмеген саяз ойлаған мұсылманның кінәсі. Олар – иман мен Исламның рухын ұға алмаған жаралы жандар. Пайғамбарымыз бір хадисында «Бір заман келеді. Ол заманда мұсылмандар бір қойнауда, Құран басқа бір қойнауда болады»,–дейді. Яғни, Құранның мақсаты басқа оны оқыған мұсылмандардың мақсаты мүлдем басқа. Олар – Құранды үйге іліп қойып ешкімге қол тигізбегендер, қол тигізіп оқыса да, қари да болса оның ішінде нендей сыр бар екеніне көңіл бөлмегендер, көңіл бөлсе де, бұрыс түсініп жаңылыс пікір айтқандар немесе Ислам мен иманды кейбір тәндік ғибадаттардың сыртқы ережелерін жатқа білу деп білгендер. Міне, бұл категорияға «тақлиди (еліктеу) иманды» жатқызуға болады. Әлемнің Ұлы Жаратушысы мен оның елшісі бізді тақлиди иман емес яқини (нағыз) иманға шақырады. Аллаһ Елшісі бұл жайлы былай дейді: «Үш қасиет бар. Мұндай қасиетке ие болған жан иманның ләззатын татады. Ол –Аллаһ пен Оның Елшісін бәрінен де артық сүю, адамды тек қана Аллаһ үшін сүю және Аллаһ оны қараңғылықтан құтқарып, мұсылман болғаннан кейін күпірге оралуды отқа түсердей көру». Абайдың «Адамды сүй, Алланың хикметін сез, не қызық бар өмірде онан басқа?!» деуі осыған саяды. Яғни, адамды сүйген оны босқа сүймейді. Зерттеп, танып барып сүйеді. Ал Исламда «өзін таныған Раббысын таниды»,– деген сөз бар. Яғни, адамды тану арқылы, Аллаһтың хикметін сезеді. Оның хикметін сезген соң адамды сүйеді. Бір-бірімен тығыз байланысты. Өйткені, басқа бір өлеңінде «Махаббатпен жаратқан адамзатты, сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті»,–дейтіні бар.

Иә, иман. Иман адамды бақыт шыңына жетелесе, имансыздық адамды шыңырау түбіне сүйрелейді. Жетпіс жыл бойы еліміз кеңес өкіметінің темір құрсауы мен қап-қараңғы тас түнек қапасында қалды. Міне, қазақ халқы осындай ауыр тауқыметті бастан кешті. Негізінде, адам баласының екі еркіндігі бар. Бірі сана, бірі

66

Page 67: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

жүрек. Міне, кеңес өкіметі жер мен қоғам санасын отарлаумен қоймай жүрек әлемін де бодандыққа алып, гүл орнына тұз екті. Ел санасы уланып, жан жүрегі шөккен аралдай тартылып, қу медиен мен ащы да зарлы желі уілдеген сортаң аңызаққа айналды. Айналуы сол-ақ екен, гүл көктемді көркем мінез жылы жаққа ұшқан құстардай әлде жаққа ұшты да сол кеткеннен мол кетіп қайта оралмай қойды. Иманы бар кейбір жанның иманы да құмда қалған кемедей іші-сырты атеисттік құм-күмандарға толып жатты. Бірақ, барлық жаратылыс әлемнің тізгінін қолына ұстаған Ұлы да Құдіретті Аллаһ мезгілі келген сәтте, сол мызғымастай көрінген қалың қамал қапасты жермен-жексен етіп бізге рақымдылық нұрын шашты. Әуелі сол қамалдың қалың қақпасын желтоқсанда құрбан болғандар мен елдің азаттығы үшін жанын беруге даяр екенін дәлелдеген ерлердің ықылас-ниеттерінің қолдарымен ашты. Желтоқсан – сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған елдің жүректерінің терең түбінен тас түнек қараңғылықты қақ айырған таңның сәулесіндей жарып шыққан шынайы да ыстық дұғалары болатын. Құранда Аллаһ «Дұғаларың болмаса Раббыларыңа қандай ерекшеліктерің бар»,– дейді. Иә, осылайша сөзінен жалын, ісінен ұшқын шашқан қазақтың қайратты жастары алаңға шығып іс-қимылымен дұға етті. Дұға – іс-әрекет дұғасы және сөз дұғасы болып екіге бөлінеді. Егін егіп, бейнет төгу – іс дұғасы, бейнеттен соң Аллаһ тағалаға ризық сенен деп оған тәуекел ету сөз дұғасы. Ал, дұғаның қабыл болудың негізгі шарты – ыстық ықылас пен шынайы ниет. Бұзылуы – немқұрайдылық пен рияшылдық. Міне, алаңға шыққан жастардың ниеттері пәк болатын. Олардың ешқайсы да не мақтан, даңқ, не мансап байлық үшін шыққан жоқ етін. Олар азаттық үшін шыққан болатын. Тіпті сол жолда жандарын да пида етті. Ел түгел осыған қатыса алмаса да ұзақтан осы дұғаларға жүректерінен «әмин»,– деді. Сол-ақ екен, мызғымастай көрінген кеңестің шаңырағы ортасына гүрс етіп құлап түсті. Қазақ отар елдің арасында ең жәбір көрген ел атанды. Исламда «жәбір көрген жанның қарғысынан қорық»,– деген сөз бар. Өйткені, Ұлы Жаратушы бәрінен бұрын жәбір көрген жанның қасынан табылады. Бір жағынан қазақ халқы жомарт және аса кеңпейіл ел болатын. Ол – өз жеріне қамығып ауып келген бөгде ұлттың бәрін туысындай бауырына басты. Тіпті әрқашан кешірімшіл болып жамандыққа жақсылық жасап отырды. Ал, кеңпейлділік – Исламның рухы мен өзегі. Қазақ Аллаһтың рахым сипатын әлемге паш етті. Сол себепті дархан жері секілді көңілі әрқашан пәк, дархан болатын. Міне, осының бәрі дұғаның қабыл болуына жасалған дайындық болатын...

Аллаһ қазақ елін, оған қоса көрші елдерді де азат етті. Осылайша елдің жері мен санасы тәуелсіздікке жетті. Бұдан басқа тағы бір тәуелсіздік бар еді. Ол – жүрек, рух тәуелсіздігі. Міне, он жыл болды. Қазақ елі Семей полигоны секілді улардан тазарғаны секілді жүрегінің байтақ әлеміндегі атеисттік полигон улары мен күмандық ащы запырандарынан тазарып, сол жүректерге иман көктемі туып келеді. Сол-ақ екен, көркем мінез құстары жамырып сайрай бастады. Көптеген жандар, әсіресе, жастар жағы лег-легімен ешкім оларға үйретпесе де, мешіттерге өз еріктерімен ағылуда. Намаз оқымаса да намаз оқығандарға қарап ізет көрсетуде. Міне, бұл көрініс – рухани тәуелсіздіктің нышаны.

67

Page 68: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

III ТАРАУ

КӨКІРЕК КӨЗДЕРІ ОЯУ ЖАНДАР

68

Page 69: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

Хазіреті Хадиша

Ислам тарихында аналардың рөлі ерекше. Иманы жүзінен көрінген ізетті, ибалы әйелдер қазақ халқында да көп кездескені белгілі. Осылардың ішінен Хазіреті Хадиша анамызға тоқталып өтсеңіз?...

Исламда мұсылмандарға мінезі мен ғибадаты, аналығы мен мейірім-шапағаты жағынан үлгі болып, Ислам әлемінде өшпестей із қалдырған көптеген әйелдер болған. Оның басында Хазіреті Пайғамбарымыздың зайыбы –Хуайлид қызы Хадиша келеді. Хадиша анамыз – Исламға алғаш кірген әйел. Оның есімінің мағынасы «ерте туған», дегенді білдіреді. Ол – ақылы асқан жан болған. Оның парасаттылығының бір дәлелі Пайғамбарымызға пайғамбарлық келмей тұрған шақта қосылуға ұсыныс жасауы. Өйткені, Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.с.) пайғамбарылықтан бұрын пайғамбар секілді ғұмыр кешкен адам еді. Хадиша анамыз, Пайғамбарымызды бала кезінен таныған. Оның сенімді жан екенін ол да білген еді. Сондықтан да бірде оны өзінің Шамға баратын сауда керуенінің басшысы етіп жіберді. Пайғамбарымыз бұл қызметті қалтқысыз атқарды. Бұл – Хадиша анамыздың оған деген сенімін одан да арттырды. Міне, сауда-сапарынан кейін араға хабаршы салып, оған қосылу туралы ұсынысын білдіреді. Пайғамбарымыз да пайғамбарлыққа тән парасаттылығымен оның ұсынысын қабыл етті. Екіншіден, Хадиша анамыз Меккенің аса бай адамдарының бірі еді. Жасы қырыққа келген бұл әйел жесір болатын. Ол заманда Меккенің үстіне қараңғылық бұлты мен тұманы шүйіліп, тұрған шақта, оның алғашқы күйеуінен қалған мал-мүлкін сақтап қалуы, тіпті қорасын қойға толтыруы оның асқан ақылдылығының арқасында еді. Және оның парасаттылығын Пайғамбарымызға алғаш уахи (Құран) келіп, қорыққан кезде, оған жұбату үшін айтқан мына сөздерінен аңғарамыз: «Аллаһ атымен ант етейін, Раббың сені ешқашан ұятқа қалдырмайды. Өйткені, сен туыстарға қол ұшын беріп, әлсіз жандардың жарасын таңатын, кедейлерге қолда барын аямай, қонақтарды күтетін және ақиқат жолында халыққа жәрдем беретін адамсың». Иә, оның жұбаныш сөздері – пұтқа табынбаған, тек бір Аллаһқа сенген және де Пайғамбарымызды өте жақыннан танитын адамның сөздері. Иә, ол Хазіреті Мұхаммедке (с.а.с.) ет жақын адам еді. Меккенің басқа байлары мен кемеңгерлері оның пайғамбарлығын қабыл етпей, оған қарсы шығып жатса, бұл Құран түскен сәттен бастап-ақ Исламға мойынсұнған жан болды. Иә, оның парасаттылығы – Ислам жолында телегей теңіз дейтіндей қызмет қылды. Ол өзінің бар байлығын осы Ислам жолында, яғни, адамдарды қараңғылықтан нұрға, шыңыраудан шыңға шығу жолында сарп етті. Яғни, бір замандары Меккенің байларының бірі атанған осы әйел бар дәулетін Аллаһ пен оның елшісі үшін жұмсап түгескен. Тіпті дүние саларда кебін сатып аларлық ақшасы қалмаған. Сірә, Аллаһ Елшісі қарыз алып, оған кебін алған болуы керек. Сірә, үлкен әйел үшін, ең лайық өлімі өлгеннен кейін де халі осындай болуы керек еді. Алайда Ол, Исламға кірмей тұрғанда, дәулетімен аты шыққан, халық арасында дастан болған жан еді. Оның осы үлкен байлығы ақырғы тиынына дейін діннің таралу жолына жұмсалды. Бұл – оның адамзатқа көрсеткен ерекше өнегесі.

Хадиша анамыз алпыс бес жасында Хижраттан (Мадинаға көшу жылы) үш жыл бұрын ақ өліммен өтті. Оның ақыретке қайтуы Пайғамбарымыздың

69

Page 70: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

қабырғасына қатты батты. Жұрт оның сүйегін арулап, мазарына қойып жатқанда Пайғамбарымыз қос жанарынан жас моншақтап төгілген еді. Ол сол кезде жаны сыздап, қия алмай зайыбының қабіріне ұзақ қараған еді. Бұдан үш күн бұрын қырық жыл қорған болған немере ағасы Әбу Тәліп қайтыс болған еді. Оның қабір топырағы кеппей жатып, Хадиша анамыздың бұл дүниеден өтуі қайғыға қайғы қосты. Пайғамбарымыз (с.а.с.) қатты мұңайды. Өйткені, Әбу Тәліб оған қырық жыл қорған болса, Хадиша анамыз жүрегінің нәзіктігі, аса сенімділігі, мейіріміділігі, имандылығы және аса парасаттылығымен оның жер бетінде ең үлкен көмекшісі болатын. Елдің бәрі оған қарсы шыққан уақытта, оны алғаш рет растаған Хазіреті Хадиша еді. Жұрт одан безген кезде, ол керісінше, оған жүрегін айқара ашқан етін. Ең қиын шақтарда оның жалғыз ғана жұбанышы бола білді. Иә, Пайғамбарымыздың жанында Хадиша анамыздың ерекше орны бар еді. Ол оны бұл ғұмырдан сан жылдар өтсе де жадынан әсте шығармады. Ұдайы сөз арасында оның мейірімділігі мен парасаттылығы жайлы сөз етіп, оны кейінгі мұсылман жандарға үлгі етіп отыратын. Ол оның туыстарын да ешқашан ұмытпай мейірім-шапағат көрсетіп көмектесіп отыратын. Тіпті ол бір күні өзіне жақын жерден Хадиша анамыздың сіңлісі Халаның үнін құлағы шалып қалады. Шамасы, оның дауысы Хадиша анамыздың дауысына ұқсап кетсе керек, дереу сүйікті жарын есіне алды. Пайғамбарымыздың оған ерекше мән беруінің жөні бар еді. Себебі ол – Исламның ең алғаш күәгері мен сол жолдың ең үлкен қорғаны еді. Әлемнің Ұлы Жаратушысы Аллаһ оның бұл жақсылығын жоққа шығармады. Ол бұл дүниеден өтпей жатып, Жебірейіл періште арқылы сүйінші сәлем жолдады. Бұл оқиға былай болған еді: Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.с.) Хирада болған кездері Хадиша анамыз оған азық әкелетін. Бір күні Жебірейіл келіп «Ей, Аллаһтың Елшісі! Анау саған қарай келе жатқан Хадиша. Қолында да азық толы ыдыс бар. Ол саған келген кезде, оған Раббың және менен сәлем айт! Әрі оны жаннатта інжу-маржаннан салынған бір сарайдың оған берілетіні жайлы сүйіншіле»,– деді. Хадиша анамыздың оған қайтарған сәлеміне көз салып қарайықшы! Неткен парасаттылық! «Ол (Ұлы Рабб) Сәламның өзі, сәлем содан келеді және Жебірейілге де бізден сәлем! Аллаһтың Елшісі саған да Аллаһтың сәлемі мен рақым және берекеті болсын! Және де шайтаннан басқа сәлемді естіген жанның бәріне сәлем болсын!»,– деген еді. Хадиша анамыз Аллаһқа сәлем болсын демеген, керісінше, «Аллаһ сәлемнің өзі»,–деген. Сәлем – Аллаһтың есімі. Ол – бейбітшілік дұғасы. Сондықтан да оны Аллаһқа айту дұрыс емес. Міне, Хадиша анамыз орнымен сәлем қайтаруымен қатар, сәлемді жеткізуші мен шайтаннан басқа естігендерге де сәлем айтып дұға еткен. Бұл – оның парасаттылығы.

Иә, Хадиша анамыз әлемдегі дара тұлғалы төрт әйелдің бірі. Пайғамбарымыз бір хадисінде былай дейді: «Әлемдегі әйелдердің ең ұлысы Мәрям, сосын Фатима, сосын Хадиша сосын Әсия». Осы төрт әйелдің бірі Фатима. Фатима Хадишаның өз қызы. Яғни, әлемде ең ұлы төрт әйелдің біреуі өзі болса, ендігі біреуінің анасы. Басқа бір хадисінде: «Жаннат әйелдерінің ең жақсысы – Хадиша, Фатима, Мәрям және Әсия»,–дейді.

Иә, Хадиша анамыз қияметкен дейін Исламға кіретін әйел затына қайталанбас өнеге. Өйткені, ол Ислам жолына қорған болумен қатар, әйел затына қалай жар болу керек екенін үйретті. Ол – күллі мұсылмандардың анасы. Қиямет болғанға дейін барлық мұсылмандардың сауабы оған жазылады. Осы жағынан алғанда оған ұқсас

70

Page 71: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

еркектерден Хазіреті Әбу Бәкір бар. Сол себепті бұл екеуінің сауабының көлемін бір Аллаһтан басқа ешкім біле алмақ емес. Бәз біреулер Исламда әйел екінші орында келеді,– дейді. Бұған мен «Ұлы Жаратушы адамзатты қараңғылықтан нұрға шығару үшін өз пайғамбарын жіберіп сол арқылы Ислам деген Адам атадан бері келе жатқан қара шаңырақты қайта жаңғыртып есігін елге айқара ашқан. Оның табалдырығынан алғаш рет әйел затынан Хадиша анамыз аттаған. Содан-соң барып артынан еркек кіндіктен Әбу Бәкір кірген. Бұл сізге жетпей ме?,– дегім келеді.

71

Page 72: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

Ислам философтарының Жаратушы жайлы дәлелдерінен мысал келтірсеңіз?

Ислам философиясында Аллаһтың барлығы мен бірлігі аса маңызды имани бір мәселе. Міне сондықтан да Ислам келамшылары мен философтары осы тақырып төңірегінде көп ой қозғаған.

Негізінде Ұлы Жаратушының барлығы мен бірлігі жайлы екі дәлел бар. Оның бірі ақли болса, енді бірі нақли дәлел. Ақли дәлел адам өз санасы арқылы әлемге ой тастап, осынау аса алып ғаламның өз-өзінен пайда бола алмайтынына көз жеткізу. Нақли Ұлы Жаратушының өзінен бізге жіберген кітаптары арқылы білу. Бұл заманда осы кітаптардан бұзылмай өз қалпын сақтаған Құран ғана. Өйткені, ол қияметке дейінгі күллі адамзатқа жіберілген ақырғы илаһи хат-хабар.

Біз бұл жерде Ислам филисофтарының ақли дәлел жайлы пікірлерін ұсынғалы отырымыз. Әуелі әлемге аты мәлім әл-Фарабидан бастайық.

Әл-Фараби дәлелі...

Фараби (ө. 950)Ұлы Жаратушының барлығы жайлы үш дәлел ұсынған. Олар мыналар:

1. Әлемді жоқтан бар еткен бір ықпал себеп бар. Бұл себеп, барлық әлемнен жоғары тұрған әрі ең алғашқысы. Оны бар еткен басқа бір себеп жоқ. Ол өздігінен бар. Ол кәміл де толық. Сондықтан да онда кемістік болмайды. Ол себептердің себебі. Ақыл мен сезім арқылы табиғатқа көз салсақ, онда сәт сайын, сағат сайын өзгерістер болып жатқанына көз жеткіземіз. Міне, осы өзгерістердің сөзсіз бір себебі бар. Ал, әрбір себептің де басқа бір себебі болуы керек. Бұл бір айнымас қағида. Бірақ та шексіздікке қарай бір-біріне жалғаса әсер еткен себептер болуы мүмкінсіз нәрсе. Олай болса бастауы мен соңы болмаған алғашқы ықпал етуші бір себептің бар екені қабыл етілуі қажет.

А, Ә-нің, Ә, Б-ның, Б, В-ның себебі болуы мүмкін. Бірақ, А үшін себеп болуы мүмкін емес. Өйткені, А өз-өзінен бар. Ол үшін де себеп іздейтін болсақ, ақылға сыйымсыз себептер тізбегінен құтыла алмаймыз. Мұны тағы да жеңілдетіп айтайық: Пойызға ең соңғы вагонынан мінген біреу сізден былай, деп, сұраса: мына вагон өздігінен қалай кетіп барады? Сіз оған, әлбетте: Оны алдыңғы вагон тартып бара жатқанын айтасыз. Әлгі адам сізден бұл сұрақты ең алдыңғы вагонның тепловоз тартып бара жатқанын естігенге дейін сұрайды да, ең соңында сол тепловозды не тартып бара жатыр, деп, сұрайды. Сонда сіз: тепловозды ешнәрсе тартпайды, ол ең алғашқы, ол өзін-өзі тартып бара жатыр деп жауап қатасыз. Міне, әлемдегі себептер де сол секілді. Яғни, бүкіл жаратылыс атаулыға алғаш ықпал еткен бір себеп бар. Ал осы себептің бар болуына өзі ықпал еткен бе?,- деген сұраққа «жоқ», деп, жауап қайтарамыз. Өйткені, бір нәрсе бір уақытта әрі қара, әрі ақ бола алмайды. Яғни, ол өз-өзінің бар болуына ықпал етсе, онда ол кейіннен бар болған еді. Ал, кейіннен бар болған нәрсе жаратылысқа ұқсамақ. Сондықтан оның бар болуы материя мен суреттің тыс нәрсе. Оның бар болуы үшін ешқандай мақсат жоқ. Оның барлығы, ешнәрсеге қарыздар да емес. Яғни, Оның бастауы мен соңы жоқ. Мәңгі бар.

72

Page 73: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

Қортындылап айтсақ, ол- себептердің Себебі. Мұндай барлықты біз Ұлы Жаратушы дейміз.

2. Қозғалыс пен қозғалған нәрсе бар. Бұлар бар болған соң, оны қозғайтын бір қозғаушы күштің де болуы керек. Бір қимылдың тууына себепші қозғау күштері болса да, бәрі де ең соңғы бір Қозғаушы күшке барып тірелу зәрулігі бар. Өйткені, қозғаушы күштерді шексіздікке қарай тізу, ой құрдымына апаратын нәрсе. Міне сондықтан да әрбір затты алғаш рет қозғаған осы ең соңғы Қозғаушы күш себеп Ұлы Жаратушы. Негізінде осы қозғау дәлелі, Аристотелдің ой-пікірімен ұқсас, төркіндес келеді. Сондықтан да Фарабидің бұл пікірлері Аристотелдің тұжырымымен сабақтас деуге болады.

3. Бар болуы сөзсіз болған барлық, мәжбүр бар. Оның барлығын терістеген, бүкіл барлықты мүмкіндік барлығы ретінде қабыл етуімізге тура келеді. Бұл мүмкіндік, не жаратылған (бар болғанына қарасақ, сөзсіз жаратылған) немесе жаратылмаған. Ал, жаратылған осы болмыстың бар болуының жалғасы, не бір себеп арқылы немесе өздігінен. Егер бар болуы мен бар болуының жалғасын өздігінен санасақ, онда себеп пен себеп етілуші бір деген сөз. Бұл себеп принципі мен логика қағидалары бойынша теріс. Жаратылыс әрі жаратушы, әрі жаратылушы бола алмас. Ендеше, бар болуы сөзсіз болған мүмкіндіктен тысқары бір барлық бар. Оның бар болуы сөзсіз. Оның бар болмауы мүмкін емес. Барлық нәрсенің алғашқы түрткісі сол. Ол түрден, бөлінуден пәк. Яғни, жаратылғанға ұқсамайды. Оның заты бастаусыз да соңсыз. Ол ешнәрсеге мұқтаж емес. Бөлінуді қабыл етпес. Ақиқат, өзі ғана. Ол өлшеусіз. Онда заман мен мекен жоқ. Дене де емес. Материя мен бейнесі де жоқ. Ұқсасы да жоқ. Барлық нәрсе оның қалауымен ғана бар болған. Сол себепті оның қандай екенін ұғып, білу мүмкін емес.

Ғазали дәлелі...

Ғазали (ө. 1111)Ұлы Жаратушының барлығын дәлелдеу үшін өзінен бұрынғы Ислам Философтарынан басқа дәлелдер қолданған. Негізінде адам баласының ең маңызды мәселесі Ұлы Жаратушының барлығына илану. Міне сондықтан да Ғазали осы тақырып жайлы көп сөз қозғаған. Бұл жерде біз оның кейбір дәлелдерін ғана ұсына аламыз:

1. Ұлы ойшыл Ғазали, адамның өз болмысы, Аллаһтың барлығына бұлтартпас дәлел екенін айтады. Ол: «Адам баласы бір сәт ойға батса, өзінің бар екенін ұғады. Ал адам бар болған соң, оны жаратқан Ұлы бір Жаратушының да бар болуы қажет». Яғни, өзін таныған Жаратушысын да таниды. Өйткені, зергерсіз ою, ұстасыз мүсін болуы мүмкін емес. Мүсін өзін көрген жұртқа бір рет танытса, ұстасын екі рет танытады. Жасалушы бар болса, жасаушы да бар. Жаратылушы бар болса, Жаратушы да бар. Демек, адам баласы өзінің бар екенін ұқса, Жаратушының да бар екенін түйсінбек. Сол себепті Ұлы Жаратушының барлығын қабыл етпеген адам, өзі мен қоса бүкіл әлемді де терістеуіне тура келеді. Ғазалидың бұл пікірі «мен ойлай аламын. Олай болса, мен бармын. Мен бар болғаным рас болған соң, мені жаратқан да бар» деген, Декарттың пікірімен сабақтас.

2. Ғазали, әлемдегі жүйелерге қарап Ұлы бір Жаратушының барлығын дәлелдеген. Яғни, барлық әлем белгілі бір система арқылы бір-бірімен үйлесімділік

73

Page 74: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

құрып тұр. Атомнан ең алып планетаға дейін бәрі де тек өзіне жүктелген міндеттерін орындап жүр. Күн жерге ине жасуындай ғана жақындаса, жер беті түгелдей жанып кетер еді. Сәл ғана ұзаса, жер бетін мұз құрсаулап тастар еді. Демек осы үйлесімділік пен жүйе өзінің құрушысына айқын куәгерлік етеді. Заң болған жерде заңгер де бар. Ал сол заңгер табиғат бола алмайды. Табиғат - санасыз, ойсыз, пікірсіз, көр, соқыр материя жиынтығы ғана. Ол заңгер бола алмайды. Ендеше, осынау жүйелер бізге өзін жасаған Ұлы Заңгерді айдан анық танытады.

Кемел ойшыл Аллаһты Құранға сәйкес етіп түсіндіреді. Аллаһ бір. Оның серігі жоқ. Оның теңдесі жоқ. Барлық нәрсені жоқтан жаратуға күші астам. Басқаларға мұқтаж емес.

Ибн Рушд дәлелі...

Ибн Рушд (ө. 1198) Ұлы Жаратушының барлығына негізгі екі дәлел арқылы баян еткен. Бұлар жәрдем дәлелі мен жаратылыс дәлелі.

Жәрдем дәлелі. Бұл дәлелі де екі негізге топтастыруға болады:а) Айналамыздағы бүкіл болмыс адамның болмысымен тұтас үйлесе алады.ә) Мұндай үйлесімділіктің бәрі де белгілі бір мақсаттармен үндеседі. Демек,

бұларды ерік пен ақыл иесі болған ұлы біреу жасаған. Ол, әлбетте, Ұлы Жаратушы.Бұл - екіге екіні қоссаң төрт секілді бұлтартпас шешім. Өйткені осыншама

ғажайып үндестік пен үйлесімділіктің кездейсоқ тууы мүмкін емес. Мысалы; төрт мезгілдің белгілі бір жүйе арқылы кезекпенен келуі, күн мен айдың адамға қызметі, сонымен қатар күн мен түннің ауысуы, бұлардың бәрі де адам өмірімен үндестік тапқан. Бұлардың бәрі де адам болмысының қажетіне жаратылған. Тіпті мынау жер бетін мекен еткен жан-жануар, ұшқан құстар, тау мен сол таудан сарқырап аққан сулар мен теңіздер бәрі де адам табиғатына лайық етіп жаратылған. От, су, ауа мен топырақтың адам табиғатымен үндесуі Ұлы бір Жаратушының барлығын көрсетеді. Иә, жер беті бір күн от, бір күн тоң болып, күллі азық у болса не істер едік? Қасіретпен бұл фәниден өтер едік. Міне, сондықтан да жәрдем дәлелі Ұлы Жаратушының барлығы мен бірлігіне бұлтартпас айғақ болып табылады. Жаратылыс дәлелі жоғарыдағы филисофтардың пікіріне ұқсас болған соң қайталауды жөн көрмедік.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, Ислам философтары айтқан пікірлерінің қай-қайсысында болмасын, ой таразысына салып қарасақ, ешқандай да олқылық таба алмаймыз. Өйткені, бәрінің де шешуі бір. Ол- Ұлы Жаратушының барлығы мен бірлігі. Иә, Ол жалғыз. Ол ешкімге мұқтаж емес...

Абай дәлелі....

Иман мен көркем мінез әрқашан да адамды ақиқатқа жетелейді. Абайдың қара сөз бен өлеңдерін терең барлап қарасаңыз, оның осы ақиқатқа шақырғанын – діттеген межесі мен аңсаған арманы осы екенін аңғарасыз. Сол себепті Абай әуелі иман, дейді. Абайда иман – Аллаһтың шәриксіз, ғайыпсыз бірлігіне, барлығына және Хазіреті Мұхаммед арқылы жіберген жарлығы мен білдіргеніне мойын сұнып иман ету. Яғни, Ұлы Жаратушының ешқандай серігі болмағанына, оның жалғыз

74

Page 75: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

екеніне, бастауы мен соңы болмаған, мәңгі бар екеніне, одан әрі өз елшісі арқылы бізге кітап жібергеніне қалтқысыз сену. Бірақ, Абай иманды екіге бөледі. Бірі – яқини иман, бірі тақлиди иман. Абайша яқини иман – сенетін нәрсеге санасыз сезіммен емес, ақылдың таразысына салып, саралап, қабыл ету. Бұл жерде яқини иманды кеңірек аша кетейік. Яқини иман – иманның негіздерін терең танып, іштей сезіну және оның адам болмысымен тұтасқан мағрипат шыңына жету. Яқинның ең азының өзі жүректі нұрға қарық етіп, көңілдегі күллі шек пен шүбалардың тұманын әп-сәтте сейілтіп, жанның ішкі әлемін бейне бір көктем келгендей шаттыққа кенелтіп, жұпар шашады. Кейбір Құран аяттарында айтылғандай, яқин үшке бөлінеді: 1 «илма’л-яқин» (ілім) –ап-анық дәлел мен айғақ әлемнің дариясына терең сүңгіп, Ұлы Жаратушының барлығы мен бірлігіне, серік, ортақ атаулыдан мүлдем пәк екеніне көз жеткізіп бұлтартас дәлелдер арқылы мызғымас сенім мен айнымас айқын шыңына жету. 2. «айна’л-яқин» (анық) – көру, білу, сезу арқылы рухқа талмас қанат байлап самғатып, мағрипат ақиқатына жету. 3. «хаққа’л-яқин» (хақ) – Пердесіз көру шыңы. Яғни, дәлелсіз, пердесіз тікелей ар-ожданға екпіндете келіп, сарқылмас тау суындай сарқыраған және де ішкі-сыртқы сезімдерді түгелдей баураған мағрипат. Бұл шыңдардың ең төменіне болсын жеткендер «Алланың өзі де рас, сөзі де рас, рас сөз еш уақытта жалған болмас» ақиқатын аңғарады. Яғни, Аллаһ хақ, жаратылмаған, тумаған, туылмаған. Және Оның сөзі Құран да хақ. Аллаһ Құран кітабы жайлы «Егер құлымызға түсірген Құранның Аллаһтың сөзі екеніне күдіктерің болса, оның сүрелеріне ұқсас бір сүре жазыңдар. Аллаһтан басқа көмекшілеріңді де шақырыңдар, егер сөздерің рас болса. Егер жаза алмасаңдар ешқашан да (қазір де, болашақта) жаза алмайсыңдар. Ендеше, отыны адамдар мен тастардан тұратын кәпірлер үшін жағылған оттан сақтаныңдар»,–дейді (Бақара, 2\24). Міне, Абай Құранның Аллаһтан Жебірейіл періштесі арқылы жіберілген кітап екенін растайды. Абай әрі қарай «Күллі махлұқ өзгерер, Алла өзгермес»,–дейді. Бұл – Ұлы Жаратушының «жаратылысқа ұқсамау» сипаты. Аллаһтан басқа барлық нәрсе кейіннен жаратылған. Ол затында, сипатында және істерінде ешнәрсеге ұқсамайды. Құранда «Оның теңдесі жоқ», – дейді. Егер Ол кейіннен бар болғанға ұқсаса, өзгеге мұқтаж фәни болмыс болар еді. Бұл – мүмкінсіз нәрсе. Бастауы мен соңы болмаған Ол ешқашан фәни болмайды. Міне, Абай, «Аллаһ өзгермес»,–сөзін қайталауы – осыны айқындаудың нышаны. Сол себепті Абай Ұлы Жаратушының бірлігін жаратылғанның бірлігіне ұқсатпауын баса айтады. Бұл, сірә, Семейге келген миссионер Сергеймен дін жайлы пікір таласқанынан туған сақтығы болса керек. Себебі, «құдай үшеу, бірігіп бұртұтас бір болады,– деген христиандардың негізгі пікірі. Сондықтан Абай «әрбір хадиске айтылатұғын бір қадимге тағриф болмайды»,– дейді. Бұл жердегі «хадис» сөзі Пайғамбарымыздың хадисі емес, «кейіннен жаратылған нәрсе»,–деген сөз. «Қадим» – Аллаһқа тән сипат. Бастауы болмаған, деген сөз. Яғни, жаратылысқа (хадис) айтылатын бірді бастауы болмаған қадим Аллаһқа лайық етпеңдер. Ол – бір, алқашқы, жалғыз. Бірақ өзіне тән жаратылысқа ұқсамайтын бір. Яғни, Ол – өлшеусіз. Жаратылыс – өлшеулі. Өлшеулі Иса өлшеусізбен бір тұтас бола алмас. Құдай да бола алмас. Абай Аллаһтан заты хақында ойлаудан бойымызды аулақ ұстап, Оның заты емес сипаттары жайлы ойлауға шақырады. Бұл дәл сунниттердің көзқарасы. Иә, Абай дәл Имам Ағзамдардың жолын ұстанып, бізге жол көрсеткен дара тұлға. Егер біз басқаны

75

Page 76: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

қойып, баяғыда мектеп пен медресеге Абайдың имандық пікірін енгізгенімізде сірә, сырттан фанатизим, кришна т.б. вирустар кірмес пе еді шіркін?! Ештен кеш жақсы демекші, бұл вирустар абайлық антивирустармен тазаланса нұр үстіне нұр болар еді... Абайдың имандық рухына көркеуде кейбір жандар оның сыртқы атмосфералық қабығынан әрі ішкі дәнегіне дендеп, бойлап ене алмаған. Оның жан-дүниесіне тек иманды жан ғана кіріп, кіршіксіз, терең сырын ұға алады.

Абай адамзатты ақиқатты тануға шақырады. Ақиқат –Аллаһ. Ақиқат – әлем мен адамның жаратылыс мақсаты. Құранда Аллаһ «Мен жын заты мен адамзатты өзімді тани отырып өзіме ғибадат, шүкіршілік етсін, деп, жараттым»,–дейді. Міне, Абай адамды иманымен Аллаһтың сипаттарын танып, өзін соның сипаттарына ұқсауға шақырады. Ол «өз пиғылдарыңды соған өз халіңше ұқсатуды шарт қыл. Алла тағала ұқсай алам ба деп, надандықбірлән ол сөзден жиіркенбе, ұқсамақ – дәл бірдейлік дағуасыбірлән емес, соның соңында болмақ», – дейді. Яғни, адамның Оған ұқсауы – Оның ұлылығы мен сипатын жер бетінде таныту, паш ету. Әлемде Ұлы Жаратушының барлық сипаттарының шағылысқан көрінісі бар. Адамда да барлығы бар. Сол себепті адам – кіші әлем. Әлем де – үлкен адам. Яғни, бәрі жұмылып Аллаһтың сипаттарын танытады. Адамның күллі әлемдегі жанды-жансыздан ең басты айырмашылығы – Аллаһ тағаланың сипаттарын жеке өзі таныта алатын қабілетке ие. Бір хадисте «Адам Рахман (Аллаһ) суретінде жаратылған»,–дейді. Яғни, Оның сипаттарын танытуға лайық етіп жаратылған. Адамның Аллаһқа ұқсауы – оның заты емес, сипаты. Аллаһ Елшісі бір хадисте былай дейді. «Аллаһтың мінезінен үлгі алыңдар, соның мінезіне ұқсаңдар»,–дейді. Кейбір ғалымдар Абайдың бұл сөзі Ислам түсінігіне жат, дейді. Керісінше, өмірдің мән-мағынасы мен астары, түбегейлі тамыры осы терең ұғымда жатыр. Бұл – көркем мінез. Адам рухының сарқылуы мен қоғам қайнар көзінің тартылуының мәні осында. Көркем мінездің әуелінде сүйіспеншілік келеді. Бұл – ғылымнан туады. Аллаһты танығаннан туады. Абай «Кім сені сүйсе, оны сүймектік қарыз емес пе?,– дейді. Сені сүйіп жаратқанды неге шексіз сүймеске?! «Махаббатпен жаратқан адамзатты, сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті»,–дейді Абай. Аллаһқа махаббаттың екі тірегі бар. 1. сыртқы махаббат – әрқашан Сүйіктінің ұнатқан істерімен шұғылдану. 2. ішкі махаббат – ішкі әлемін Онымен байланысы жоқ нәрселерден мүлдем ада ету. Бірақ махаббат біреу болса да әркімнің Аллаһқа деген махаббаты әр дәрежеде болады. 1. бұл – бір жығылып, бір тұрған жалпының махаббаты. Олар Хақиқи Ахметтің (с.а.с.) көлеңкесінде жақсы нышанды түстер көріп, көкжиектен мағрипаттың арайланған сәулесін көріп тамашалайды. Кейде, арғы жағадағы оттардан қорқып дірілдеп, алыстан қол сермейді. 2. Бұлар махаббат әлемінің көгершіндері болып көрінген жалқының махаббаты. Бұлар әрқашан Құранның ашық аясында Пайғамбарымыздың мінезінен үлгі алып, өмірін нұрға бояғандар. Олар әрқашан да төңірегін Пайғамбарымыздың нұрына шомылдырып, ол үшін ешкімнен ақы сұраймайтын, Аллаһ үшін ғана іс-әрекет ететін, нәтижедегі көрінген жақсылық пен ізгілілікті Аллаһтың ырыс-берекесі, деп, біліп, өздерін Хаққа бел байлап, терең мойынсұнған жандар. 3. Бұлар жалқыдан да жоғары тұрған жандардың махаббаты. Олар Мұхаммеди көкте қалықтап, Хаққа фәни болғандар. Олар көкте Оның атын паш етіп, бұлт болып дүркірер, күн болып күркірер, найзағай болып жарқылдар. Жерге жауғанда да тас,

76

Page 77: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

топырақ, деп, алаламай бәрін де сүйіспеншілігімен құшағына алып мауқын басар. Иә, Аллаһ адамзатты сүйіп жаратса да, оны сүймегендер, жолында фәни болып күймегендер, бірін-бірі дүниеде кимелеп, орынсыз мойнын бұғып күйбелеңдер. Онсыз жан адасар бағытынан, түңілер атпас алдан бақыты таң, қамба алтын жиса да кебін көйлек, табылар еншісі боп табытынан. «Адамзаттың бәрін сүй бауырым, деп, және хақ жолы осы деп әділетті». Бұл – иманның рухы. Аллаһты сүйген оның әлемдегі ең ардақты етіп жаратқан адамзатын, әлбетте, сүйеді. Мұсылман емес жан болсын. Ондай жанның кәпірлік сипатын емес, адамдық болмысын Аллаһтың ардақтысы, деп, сүйеді. Әділет – әлемнің теңдігін ұстап тұратын тірек. Исламның негізінде әділет бар. Құранның негізігі төрт тақырыбының бірі осы әділдік.

Абайға үңілгенде, ол бізді яқини иманға шақырады. Яқини иманның да соңғы шыңы – жүрек шыңы. Сол себепті Абай ылғи да жүрек, жүрек, дейді. «Ақыл мен хауас барлығын білмейдүр, жүрек сезедүр. Мұтакәллимин мантикин Бекер босқа езедүр». Яғни, ақыл мен сезім мүшелері дәл жүрек секілді Аллаһты біле де сезе де алмайды. Оны білу, тану бір басқа. Бірақ, іштей сезіну мүлдем басқа нәрсе. Оны тек сезгендер ғана ұға алады. Сондықтан Абай «Ақылға сыймас ол Аллаһ, тағрипқа (айқындауға) тілім қысқа аһ!». Біз Абай атамызды көрмегенімізбен мына сөзі арқылы шын мумин болғанын байқай аламыз. Өйткені, Мұтакәллимин, яғни, Аллаһтың тағрипы жайлы зерттеушілер мен мантикин, яғни, қисыншылар қаншалықты Оны ғылым жолымен түсіндіруге тырысса да, жүректің жанында жай әншейін сөз болып қалады дейді. Абайдың мына сөздері– мына ғұмырда оянған жанның сөзі. Оянғандар өмірде өте сирек ілуде біреу. Бұл – жүрек өзегінің терең түкпіріндегі әл-мисақта Аллаһқа күә болған ар-ожданның дауысы.

Иә, Абай. Аллаһты тағрип етсе абайлаған. Артына сөз бұзам деп қарайлаған. Задында телегей теңізді дарияға сыйдыру мүмкін емес. Біз тек қана Абайдың Аллаһ хақында көзқарасын қысқаша айтып өтуді жөн көрдік. Қысқасы, Абайдың дін жайлы трактаттары мен өлеңдері Аллаһты іштей сезінген сарқылмас жүрек бұлағынан аққан сезім кәусары екенін аңғарамыз.

77

Page 78: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

Абай – тірісінде оянған жан

Абайдың «Аллаһ хақында көзқарасы» мақалаңызда «мына ғұмырда оянған жанның сөзі», «оянғандар өмірде ілуде біреу», деген ой айтыпсыз. Мына ғұмырда оянуды кеңірек түсіндіріп берсеңіз екен?».

Иә, Абайдың сол бір сөздеріне оның бұл ғұмырда оянған жан екені аңғарылады. «Ақылға сыймас ол Аллаһ, Тағрипқа тілім қысқа аһ»..., «Ақыл мен хауас барлығын білмейдүр, жүрек сезедүр. Мұтакәллимин мантикин Бекер босқа езедүр». Бұл өзі өте терең мәселе. Өйткені, биік бір шың жайлы дастан жазғысы келген адам сол шыңдай болмаса да, биікті ұзақтан көре алатындай дәрежеде болуы керек. Яғни, бұл – жүрекпен ғана сезе алатын тіл жетпес мағрипат мәселесі.

Әлемді құдыретін паш етіп, жоқтан жаратқан Аса Ұлы Аллаһтың барлығы мен бірлігі жайлы негізінде төрт үлкен дәлел бар. Міне, соның төртіншісі әрі қиыны – жүрек. Анығырақ айтсақ, сол жүректің шексіз тұңғиық тереңінде жатқан ар-ождан. Міне сол ар-ожданда адам рухының Аллаһпен жүздесіп оның өзінің Раббысы екеніне куә болып, бой ұсынып, қол қойған «әл-мисақ» атты келісімі бар. Бұл оқиға адамдар әлі мына фәни ғұмырға келмей тұрғанда Аллаһ күллі адам рухтарын жинап алып «Мен, сендердің Раббыларың емеспін бе?,- деген сәтте олар: «Иә, әлбетте» деген. (Сонда Аллаһ) Қиямет күні: «Бұдан хабарымыз жоқ» демеңдер»,-дейді» (Ағраф, 9\172). Яғни, сол кезде барлық рухтар перде болар тәндері болмағандықтан Аллаһты ашық, айдан анық көріп мойынсұнған болатын. Қазақта әлмисақтан бері мұсылманмын, деген сөз осыдан қалған. Бірақ, ғұмыр емтихан әлемі болғандықтан, бұл ұлы бір сыр болып жүректің ар-ожданында сақталып, адам жадынан өшіріліп тасталған. Міне, осыны еске түсіру үшін адам баласы әлемге көз тастап Аллаһтың барлығын мен бірлігін іздейді. Негізінде мұның бәрі сол «әл-мисақ» келісімін табу үшін. Адам оны табатын болса онда ол бұл әлемнен Аллаһты іздемейді. Міне, осы кезде оның өмірі кенеттен күрт өзгереді де бар ғұмырын сол бір Ұлы Жаратушыға асық болып, соны аңсаумен өткізеді. Абай атамыздың «Жүректің ақыл суаты махаббат қылса тәңрі үшін», «Махаббатпен жаратқан адамзатты, сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті», «Адамды сүй, Алланың хикметін сез, не қызық бар өмірде онан басқа?!»-деуі содан. Яғни, оянған жандар әрқашан күнбағыстың күнге қарап күн кешкені секілді үнемі осынау әлемді жаратқан Ұлы Досына бір сәт те көз алмай қарап күн кешеді. Бұл – өмірдің негізгі мәні десек еш қателеспейміз. Сол себепті фәни ғұмырдың күйкі-тіршілігі олар үшін ешқашан да қызық болып көрінбейді. Олар үнемі өмірде Аллаһтың істерінен хикметін сезумен және де сол хикметін түсіндіруге түрткі әрі сол Ұлы Жаратушының жер бетіндегі халифасы, куәгері болған үшін адамзатты сүюмен өтеді. Иә, олардың бұл ғұмырға деген көзқарасы өзгергені соншалық – көпшілік оны түсінуден қалып, оның қылықтары жұртқа оғаш келе бастайды. Сол себепті Пайғамбарымыздың адамды сырттай қараған жандар «Мынау жынды», демейінше нағыз мұсылман бола алмайды, дейді. Өйткені, олар өзі үшін емес сол «әл-мисақты» естеріне түсіріп адамдарды Аллаһқа нағыз дос етуге тырысып өзгелер үшін өмір сүреді. Адам баласының Ұлы Жаратушыдан жырақ бұл ғұмырда мәңгілік өмір сүретіндей сезінген халдері олардың жанына қатты батып, не

78

Page 79: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

істерін білмей әттеңайлап, балапанын іздеп шырылдаған ана-құстай безек қағады. Дана Абайдың:

Жүрегіңнің түбіне терең бойла,Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла,

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма!»

- деген сөзі осыған дәлел болса керек. Иә, ақиқат әлеміне оянған жандарды қоғам түсінбейді, дедік. Солай да. Бір әулие адам кітабында былай дейді: Бір ауыл үстінен басып, өтіп бара жатқанбыз. Сол ауылдың көшесінен бір бейшара пақыр адамды балалардың тас атып қуалып бара жатқанын көріп, соны арашалап, оларға «неге бұлай жасайсыңдар?»-деп сұрадық. Олар «мынау нағыз жынды. Құдайды көрдім дейді»,-деп жауап қатты. Балалар кетіп, біз әлгі адаммен оңаша қалып жөн сұрастық. Әңгіме арасында бұл ел сені неге жақтырмайды? дегенде, ол: «Иә, жер бетінің тұрғындары мені көзіне де ілмейді. Бірақ, көк әлемінің тұрғындары мені қатты құрметтеп, жоғары бағалайды»-деді. Сонда барып оның – жер бетіндегі Ұлы Жаратушы Аллаһ Тағаланың досы екенін аңғардық. Міне, олардың халі осылай. Халлаж әл-Мансур да осылай құрбан болған. Оның кінәсі «әнәл-Хақ», яғни, «мен Құдаймын», деген сөздері үшін басы шабылған. Негізінде яқини иманның шыңына шыққан адам ешуақытта өзін құдаймын, демейді. Керісінше, өзінің нағыз Ұлы Жаратушының құлы екенін мойындап, Хаққа фәни болады. Өзін құдай санайтындар – тәккаппарлық пен менмендіктің шыңына шыққандар ғана. Ал әл-Мансур Мәжнүннің Ләйліге ғашық болғаны секілді, Аллаһқа шексіз ғашық болған. Мәжнүннің Ләйліге ғашық болғаны сонша – оған барлық нәрсе Ләйлі болған. Ол аспан, жұлдыз, жер тіпті өзін де Ләйлі, деп, санаған. Ләйліден басқаның бәрін ұмытқан. Міне, әл-Мансур да барлық әлемнен Аллаһтың дәлелін көргені үшін бәріне «Аллаһ» деген. Яғни, барлық әлем Аллаһтың куәгерлері. Әрбір зат өзінің барлығын бір рет танытса Жаратушысын екі есе тіпті мың есе танытуда. Әл-Мансур осыны айтпақ болған. Бірақ, мұны қоғам түсіне алмаған. Әлбетте әл-Мансур басы шабыларда өлемін-ау деп ойламаған. Өйткені, Хаққа қауышу мұндай оянған адамдар үшін «Ұлы той» болып есептеледі. Негізінде мұндай дара тұлғалар сырларын паш етуге құқылары жоқ. Бірақ, іштегі жалын лапылдап сыртқа шыққан.

Негізінде оянған жандар үшін бұл ғұмырда ешқандай қызық жоқ. Өйткені, фәни жалғанның жарығы оларға түнде жағылған шырақ секілді болып көрінеді. Олар ылғи да Аллаһқа қауышуды аңсап, қанат бітсе бір сәт кідірмей ұшуға дайын тұрады. Мәуланың сөзімен айтсақ «адам – қамыстан жұлынған сыбызғы тәрізді». Шын иесінен ұзақ қалған соң, үнемі зар қағып, жылайды да тұрады. Оның осы мұң-зары ғұмыр бойы жалғасады. Пайғамбарымыз былай дейді: «Дүниеде жат жұрттық адам секілді өмір кеш. Немесе, жолаушы тәрізді бол. Өзіңді (өлмей тұрып) қабір халқынан сана!». Иә, адам баласы негізінде бұл ғұмырға жат. Оның асыл тұрағы жер беті емес. Рух әлемінен махшар әлеміне өтіп бара жатқан кезде аздап тынығу үшін тұрақтаған жері секілді. Сол себепті «оянған жандар» өздерін бұл жерде жатжұрттық, деп, есептейді. Өйткені, олар сыбызғы секілді Ұлы Иесінен жырақ қалған болатын. Міне, «оянған жандар» бір жағынан Ұлы Досын сағынып зарласа, бір жағынан адамзаттың ертеңін яғни ақыретін ойлап зар илейді. Еліңіз бір кемеге мініп терең ұйыққа қарай бет алып, сіз де оны ұзақтан көрсеңіз, не ойлар едіңіз?

79

Page 80: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

Хазіреті Омар күндердің бір күнінде әлдебір шіркеудің алдынан өтіп бара жатып, ауласынан қарт попты көре сала отыра қалып еңіреп жылайды. Жанындағылар «неге жылайсың?»-деп сұрайды. Сонда ол «Мына қарт сексенге келсе де әлі мұсылман бола алмапты»,-дейді. Яғни, сол қарттың Ұлы Иесін әлі күнге дейін дос бола алмағанына жаны күйзеліп, ертеңі не болады, деп, жылаған. Иә, «оянған жандар» өзі емес өзгелер үшін өмір сүреді. Яғни, олар өзгелерді өмір сүргізу шабытымен ғана өмір сүре алады. Негізінде Исламда жиһад мәселесі де осы. Иә, «адам баласына үлкен уәзипа берілген. Бірақ, адамдар бұдан хабарсыз»,-дейді бір ғалым. Яғни, «Адамды сүй, Алланың хикметін сез...» мәселесі. Бірақ адам баласы қабір атты әлемге өткенде ғана осыны аңғарады. Хазіреті Әлінің «адам баласы ұйқыда, өлгенде ғана оянады» деуі содан. «...Мүтакәллимин мантикин Бекер босқа езедүр». Мүтакәллимин деп отырғаны Ислам сенімін зертеуші ғалымдар. Құран мен хадистерге қарап Аллаһтың барлығы мен бірлігін жүйелеп түсіндіретін ғылым саласы. Мантиқин яғни, қисын арқылы Аллаһтың барлығы мен бірлігін зереттейтін логика ғылымы. Сонда Абай соларға қарап бейне бір «сендер Құран мен хадисті терең түсінген адамдарша, қисынмен қисындырған жандарша ой қорытып езе тұрыңдар. Бәрібір оны жүрекпен сезбейінше терең аңғара алмайсыңдар. Қашан адам баласы оны жүрекке терең бойлап «әл-мисақ» келісімшартын тапқанда барып, Оны да, Құраны мен хадистерін де тани алады», дейді. Жүректегі сол «әл-мисақты» тапқан жандардың бірі Паскал болатын. Ол жұлдыздарға қарап отырып, Ұлы Жаратушының ұлылығына қайран қалып еңіреп жылайды екен. Кант та: Мен Жаратушыны кітаптарды бір шетке ысырып жүрегіме құлақ салғаннан кейін барып таптым – деуі соның айғағы. Иә, «оянған жандар» жайлы қысқаша жауап осындай.

80

Page 81: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

Абай ойларындағы тағдыр талқысы

Абайдың қысқа да нұсқа, қанатты сөздерге толы қара сөздері кейінгі ұрпаққа қалдырған құпия тәрізді. Абай қара сөздердің жиырма сегізінші сөзінде тағдырға қатысты терең пайым, ой-тұжырымдар жасаған . Бұл тақырыпта тағдырға қатысты үш мәселе қозғалған. Әуелгісі Ұлы Жаратушының адам баласының бірін бай, енді бірін кедей етуі, біреуді есті, біреуді есер етуі. Яғни, «біз Құдай Тағаланы ғайыбы жоқ, міні жоқ, өзі әділ деп иман келтіріп едік. Енді Құдай Тағала бір антұрғанға еңбексіз мал береді екен. Бір Құдайдан тілеп, еңбек қылып, пайда іздеген кісінің еңбегін жандырмай, қатын-баласын жөндеп асырарлық та қылмай кедей қылады екен. Ешкімге залалсыз бір момынды ауру қылып, қор қылады екен. Қайда бір ұры, залымның денін сау қылады екен. Әке-шешесі бір, екі баланың бірін есті, бірін есер қылады екен». Бұл Исламдағы иман негіздерін тану ғылымының терең мәселесі. Абай осының өзінен Ұлы Жаратушының әділдігін аңғарасың, дейді. Біреуге аз, біреуге көп беруі Аллаһтың әділдігіне қайшы емес. Біріншіден, біреуге көп, біреуге аз беру арқылы Ұлы Жаратушы өзінің «толық еркі» бар екенін танытады. Әлемнің тізгінін қолында ұстаған Аллаһ мүлкін қалаған жағына жұмсайды. Оған мына қазынаңды мына жерге, ана бір дәулетіңді ана жаққа жұмса, дейтін сенің қауқарың жоқ. Өйткені, дүние-мүлік Аллаһтікі. Сосын адамдар Аллаһқа алдын ала беріп қойған бір нәрсесі болса, онда Оған наразылық айта алар еді. Әділетсіздік біреудің құқы табанға тапталғанда болады. Екіншіден, адам баласына берілген себеп мүмкіндіктерін де ұмытпау тиіс. Себептер Аллаһтың қойған заңы. Мысалы, біреуге атасынан мирас қалады, енді біреу жаман мінезді адам болса да, бірақ мал табу қабылеті өзгеден үстем болуы мүмкін. Сонымен қатар, Аллаһ кейбір жанға лайық болып тұрса да оған ешнәрсе бермейді. Бір әлсіз хадиста: Аллаһ дүниені қалағанына, ілімді қалағанға береді», дейді. Және дүние жалпы жақсылық емес. Ол залал да болуы ықтимал. Бір кедейді байлық тура жолдан тайдыратын болса, ондай байлықтың не қажеті бар. Енді біреуге жарлылық тура жолдан ауытқытар болса, онда оған байлықтың болғаны жақсы. Міне, осыны білген Жаратушы біреуге береді, біреуге бермейді. Небір адамдар бар, байлыққа масаттанып, өзін үстем санап, терең шыңырауға шықпастай болып құлаған. Мұндай залымға дүние азабын ауырлату үшін беріледі.

Кейбір момынның ауру болуы, залымның сау болуы да осы секілді. Құдайым, неге мені ауру еттің, өзгеге денсаулық бердің? дей қоятындай ешкімнің дау айтар құқы жоқ. Егер Аллаһтың саған бергендерінің қарымы ретінде бір нәрсе бергеніңде, онда қарсылық көрсетіп, әділ бол, дей алар едің. Бірақ, Құдай сақтасын, бұлай деуге ешкімнің құқы жоқ. Негізінде Аллаһ адамзатты жоқтан жаратып, тас етіп, жәндік етіп жаратпай, адам етіп жаратып күллі әлемді иелігіне берген. Абайдың сөзімен айтсақ «жансыз жаратқандарынан пайда алатұғын жан иесі хайуандарды жаратып, жанды хайуандарды пайдаланатұғын ғақылды инсанды жаратыпты». Яғни, адамда ақыл бар, өзгеде бұл жоқ. Осының бәрін көре тұра, оған қарсылық білдіріп, неге маған бір көз, оған екі көз бердің, деу, әдепсіздікке жатады. Әрі бұл дүние мәңгілік мекені емес. Сондықтан Аллаһ бұл жерде бір көзіңді алса, ақыретте сабыр еткенің үшін, тамаша сый-сыяпат береді. Негізінде, бұлар имани мәселелер. Сондықтан иман етпеген жан мұндай тақырыптарды түсіне алмайды. Әрі қарай тағдырға қатысты

81

Page 82: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

мәселе былай өрбиді: «Тамам жұртқа бұзық болма, түзік бол деп жарлық шашып, жол салады екен. Түзікті бейіске шығарамын, бұзықты тозаққа саламын деп айта тұра, пендесінің біреуін жақсылыққа мейілдендіріп, біреуін жаманшылыққа мейілдендіріп, өзі құдайлық құдіретімен біреуін жақсылыққа бұрып, біреуін жамандыққа бұрып жібереді екен. Осының бәрі Құдай Тағаланың ғайыпсыз, мінсіз ғафур рахимдығына, әділдігіне лайық келе ме?» Әлбетте, лайық келеді. Міне осы сұрақтарға Абай нақты былай жауап берген: «Сен жақсылық, жамандықты жаратқан – Құдай, ләкин қылдырған Құдай емес, байлықты, кедейлікті жаратқан Құдай, бай қылған, кедей қылған Құдай емес, деп, нанып, ұқсаң болар, әйтпесе – жоқ». Иман саласы ғылымын зерттеушілердің бірнеше кітап етіп жазған мәселені бір ауыз сөзге сыйдырған бұл да Абайдың даналығы. Иә, Құранда да «Аллаһ біреуді тура жолға салса ешкім оны тайдыра алмайды. Ол кімде-кімді қисық жолға тастаса ешкім оны тура жолға сала алмайды»,-дейді. Хадиста да Пайғамбарымыз: «Жүректер Аллаһтың саусақтарының арасында, қалаған жағына бұрады»,-дейді. Бірақ бұл сөздерді теріс түсінгендер «адам баласының еркі жоқ, робот секілді», деп, ойлап қалуы әбден ықтимал. «Адамның басы – Алланың добы», деген жаңсақ ұғымды сөз де тағдырды біле алмаудан туындаған сөз. Бұл мәселені ұғу үшін алдымен мына негізді білу қажет. «Толық ерік» және «мысқал ерік». Ұлы Жаратушының еркі өзіне тән толық, кәміл. Адамның еркіне келсек болмашы бір мысқал ғана. Егер Аллаһ адамға осы ерікті бермегенде, адам да өзге әлем секілді санасыз қалар еді. Енді «жақсылық, жамандықты жаратқан – Құдай, ләкин қылдырған Құдай емес» сөзіне келейік. Аллаһ Тағала адамға екі жол берген. Бірі жақсылық, шыңы жаннат. Бірі жамандық, түбі жаһаннам. Бейне бір бұл екеуі бірі шыңға, енді біреуі шыңырауға қарай тартатын екі түйме секілді. Бір адам мысқал еркімен жақсылық түймесін басса, Аллаһ та толық еркімен соны жаратады. Енді бірі жамандыққа түймесін басса Аллаһ та соны жаратпақ. Бірақ Аллаһ ол екеуіне зорлықпен ықпал жасамайды. Қалауын өз еріктеріне қалдырады. Яғни, жақсылық та жамандық та бейне бір сарайдың электр шырақтары секілді. Сол шырақтардың бәрін алдын ала дайындаған Аллаһ Тағала. Адам жақсылық шырақтың түймесін басса, бүкіл сарай жарыққа бөленеді. Бірақ, сол түйме басылғаннан кейін де барлық электр қуатты жүргізіп, сарайға жарық берген Аллаһ Тағала. Мысқал еркімен жамандық түймесін басқан адам да, мені жолдан тайдыр дейді. Аллаһ та өз заңы бойынша тайдыру ісін жаратады. Бірақ Аллаһ жақсылық түймесін басқанға разы, жамандық түймесін басқаннан разы болмайды. Барлық істі жаратушы Аллаһ, бірақ таңдаған ісіне мейіл еткен адамның өзі. Құранда «Сендер өздеріңді өзгертпейінше. Аллаһ сендерді өзгертпейді» дейді. Яғни, Ұлы Жаратушы қараптан қарап, бұзық елді түзік ел етпейді. Түзік елді де бұзық ел етпейді. Азаттықты берген Құдай, байлық пен мансапты да беріп, ел түзелер, деп, үйде жатуға болмайды. Әркімнің ақысы кәсіп еткеніне қарай. Бұл Аллаһ Тағаланың қойған бұлжымас заңы. Елдің үлкені мен ақсақалы жиылып бірігуге бет бұруға мейіл етсе, Аллаһ та оларды солай бұрады. Яғни, жаратады. Елдің берекесі кетіп, әркім өз жайын күйттей бастаса, Аллаһ өзінің қойған заңы бойынша бастарына залым біреуді әкеліп зар илетеді. Өйткені, ел солай қалаған еді. Бірақ, Құранда «Әрбір жақсылық Аллаһтан, әрбір жамандық да адамның өзінен»,- дейді. Яғни, жақсылық түймесін басқан адам, мұның бәрін жасаған менмін, дей, алмайды. Жамандық түймесін өз қалауымен басқан адам да, мұны Аллаһ Тағала жасатты, дей, алмайды. Сондықтан

82

Page 83: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

жақсылық жасаған адамның мақтануға құқы жоқ, жамандық жасаған адамның да мен емес деп қашып құтылуға сылтауы жоқ. Абай «ауруды жаратқан Құдай, ауыртқан Құдай емес»,-деп, қандай тамаша айтқан. Яғни, бір адам Құдайдың қойған заңымен жүрмей, қыста желең тер күйінде далаға шығып ауырса, Құдайым-ай, бұл ауруды қайдан ғана беріп едің? деуге құқы бар ма?. Ауруға себеп болған өзі, бірақ, сол ауруды жаратқан Аллаһ Тағала. Иә, «адамды сүй, Аллаһтың хикметін сез, не қызық бар өмірде онан басқа?!» деп сол Абай хакім айтқандай, Аллаһтың әрбір ісі хикмет пен даналыққа толы. Әлемді жоқтан жаратқан Ұлы Дос ешуақытта хикметсіз іс жасамақ емес.

83

Page 84: Иман мен дәстүр хикметтеріdin-almaty.gov.kz/uploads/9.pdf · Абайдың төл ойларымен де түсіндіре білген. «Абайдың

МазмұныИман мен дәстүр .................................................................... 1 хикметтері ............................................................................... 1 Алғы сөз ................................................................................... 3 Жүректегі ақиқат бастауы ...................................................... 5 Құранның құндылығын қалай түсініп жүрміз? ................ 11 Тәспі – қазақ үрдісі ............................................................... 17 Ислам дінінде Алланы зікір ету үшін немесе Жаратушының тоқсан тоғыз есімін қайталау үшін қазақ халқы тәспіні қолданғанын білеміз. Осы тәспі жөнінде әртүрлі жаңсақ пікірлер де кездесіп жатаны бар. Бірақ біздің сұрайтынымыз ол мәселе емес. Сұрарымыз біздің қазақ халқында осы тәспінің ерекшеліктері қандай? ............. 17

АДАМ БАЛАСЫ ҰЙҚЫДА, ӨЛГЕНДЕ ҒАНА ОЯНАДЫ ............................................ 19 Мәңгілік махаббат мәні ........................................................ 21 Иман мен имандылық хақында ........................................... 23 Қазақта иман мен имандылық бір ұғым ба? Осы сөздерді қазақ қалай түсінеді… ................................................ 23 Жайнамаз – мұсылмандықтың рәмізі ................................. 26 Сәжде етер жердің таза болуын кеңірек пайымдаған қазақ халқы жайнамазға тазалықтың белгісі ретінде қараған. Оның бетіне өзінің ұлттық өрнектерін және Қағбаның суретін салған. Жайнамазды аяқ асты етпеу де имани дәстүрге айналған. Жалпы қазақ халқында жайнамаздың бұдан басқа да маңызы бар ма?... ..................... 26 Оразаның ғажайып сырлары ............................................... 34

ҚҰРБАН АЙТТЫҢ ҚАСИЕТІ ............................................................................................ 37 Бүгінде әр халықтың атап өтер мерекелері, салт- дәстүрлері бар. Кейде тойланатын тойлар бір ұлттың тарихында кездескен оқиғалармен немесе жаңа жыл сияқты мезгілге байланысты мейрамдардың келуімен ерекшеленетіні мәлім. Осылардан мұсылманның ұлық мейрамы Құрбан айттың айырмашылығы неде?... ........ 37 Мәдениет – діннің төл перзенті ........................................... 39 Аллаһтың барлығын қарапайым дәлелмен түсіндіруге бола ма?... ............................................................................ 51 Хақ Тағаланы неліктен көре алмаймыз? ............................ 54 Ғұламалар дәлелі .................................................................. 57 Алланың бар екендігі және дүниенің жаратылу себептерін ғалымдар қалай дәлелдеген? Олардың жаратылыс туралы пайымдаулары, арттағы ұрпаққа қалдырған ізгі ойларынан мысалдар келтірсеңіз?... ............................... 57 Адамның бейнесі және қар дәлелі жөнінде де көптеген мысалдар келтіруге болады. Қандай да болмасын бір адамның жүзі, ешуақытта да өзінен бұрын өткен миллиондаған адамның ешбірінің жүзіне ұқсаған емес. Бір суретші жүз түрлі адамның суретін салса, оның жүз біріншісі кейбірлеріне ұқсай бастайды. Ал, мың немесе одан да жиі сала бастаса, бір-бірлеріне одан да көбірек ұқсай бастайды. Адам бейнесіне көз салсақ, ондай емес. Мұндайды көр табиғат салды, деу, ақылсыздық. Демек, мұны ең кішкене айырмашылығына дейін біліп ажыратуға күші мен ілмі жеткен біреу бар. Ол Ұлы Жаратушы. .............................................................................. 59 Табиғат пен әлемдегі заңдылық .......................................... 60 Ақыл ақиқаты ........................................................................ 62 Құпия қазына ........................................................................ 65 Ислам философтарының Жаратушы жайлы дәлелдерінен мысал келтірсеңіз? ........................................................ 72 Әл-Фараби дәлелі... ............................................................. 72 Ғазали дәлелі... ...................................................................... 73 Ибн Рушд дәлелі... ............................................................... 74 Абай дәлелі.... ........................................................................ 74 Абай – тірісінде оянған жан ............................................... 78

АБАЙ ОЙЛАРЫНДАҒЫ ТАҒДЫР ТАЛҚЫСЫ .............................................................. 81

84