Top Banner
“МЫҢ БІР МАҚАЛ, ЖҮЗ БІР ЖҰМБАҚ” сайысы
32

мақал мәтел сайысы

Mar 19, 2017

Download

Education

nurbolat84
Welcome message from author
This document is posted to help you gain knowledge. Please leave a comment to let me know what you think about it! Share it to your friends and learn new things together.
Transcript
Page 1: мақал мәтел сайысы

“МЫҢ БІР МАҚАЛ,ЖҮЗ БІР ЖҰМБАҚ”

сайысы

Page 2: мақал мәтел сайысы

Ойын 7 кезеңнен тұрады:

І. Мақал - мәтел сайысы ІІ. Мақал - сөздің мәйегі

ІІІ. Мақал - мәтелдер сайысы (көрініс түрінде) IV. Кім тапқыр? V. Жұмбақ өлеңдер VI. Ойлан, ізден, тап VII. Өтірік өлеңдер VIII. Жаңылтпаш сайысы

Page 3: мақал мәтел сайысы

І кезең. Мақал -мәтел сайысы Кім көп біледі?

Page 4: мақал мәтел сайысы

ІІ кезең. Мақал - сөздің мәйегі

Page 5: мақал мәтел сайысы

1. Жалғыздың үні шықпас, Жаяудың шаңы шықпас.2. Қырық кісі - бір жақ, Қыңыр кісі - бір жақ. 3.Білімдіге дүние жарық, Білімсіздің күні кәріп.4. Әдепті бала - арлы бала, Әдепсіз бала - сорлы бала.5.Бірлігі жоқ ел тозады, Бірлігі күшті ел озады.6.Сумен ойнама, батарсың, Отпен ойнама жанарсың.

Page 6: мақал мәтел сайысы

7. Қына тасқа бітеді, Білім басқа бітеді.8. Дос жылатып айтады, Дұшпан күлдіріп айтады.9.Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас.10.Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі білім біл.11.Ақыл – бастан, Асыл – тастан.12. Тіл тас жарады, Тас жармаса, бас жарады.

Page 7: мақал мәтел сайысы

ІІІ кезең. Мақал мәтелдер айтысы (көрініс түрінде)

Page 8: мақал мәтел сайысы
Page 9: мақал мәтел сайысы

Шыңдары шырқау,Көшіп жүр бір тау.

Жайған жастық сөгілді,Аппақ мамық төгілді.

Page 12: мақал мәтел сайысы

Суды жақсы көреді,Одан шықса өледі.

Екі жеңдей құлағы,Дыбыс сүзіп тұрады.

Page 13: мақал мәтел сайысы

Жасыл болып, жыпырлап өнеді,Сары болып, үзіліп түседі.

Жас кезінде қара орман,Жыл озған сайын ағарған.

Page 14: мақал мәтел сайысы

Егіздер кезікпейді бір - бірімен,Арасы екі - ақ елі бір - бірімен.

Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,Мінсең қанат, еті - тамақ.

Page 15: мақал мәтел сайысы

Ұшында бір қамшы,Уы бар сұр қамшы.

Білімнің нәрін тереді,Балаға тәлім береді.

Page 16: мақал мәтел сайысы

V кезең. Жұмбақ өлеңдер

Page 17: мақал мәтел сайысы
Page 18: мақал мәтел сайысы

10

10

10

20

20

30

30

30

20

19с

Page 19: мақал мәтел сайысы

“Қараңғыда тапқаныңды ханға берме,

Жарықта тапқаныңды жанға берме.

Мағынасы: Еңбекпен тапқаныңды орынсыз шашпа!

Page 20: мақал мәтел сайысы

Кісі болар баланың кісіменен ісі бар,Кісі болмас баланың болып келер іші тар.

Мағынасы: Болашақта жақсы азамат болатын бала кіш- кентайынан көпшіл, кеңпейіл болып келеді.

Page 21: мақал мәтел сайысы

Өзін - өзі сыйлаған ер бақытты,

Өзін-өзі билеген ел бақытты.

Мағынасы:Адам әуелі өз қадірін білсе ғанаел мен жер қадірін де біле алады.

Page 22: мақал мәтел сайысы

“Аяз би” ертегісінен Уәлі байдың Меңді дейтін қызы: “Өзімнен ақылы ас-қан кісіге барам”,-деп, дәмелі болып келген жігіттердіңбарлығына пышақ, қайрақ, тәрелке, гауһар тас беріп жі-береді. Айттыра келген бай балалары мұны түсін-бейді. Ал Жаман деген кедей жігіт болса, осы заттардыжәне құралды сұратып алады. Қайрақты төске қойып бал-ғамен ортасынан бөледі, тәрелкені уатады, пышақты же-тесінен сындырып, гауһар тасты қақ жарады.Жаман қыз жұмбағын қалай шешеді?

Page 23: мақал мәтел сайысы

“Қарт пен тапқыр жігіт”

ертегісінен Баяғыда бір қарт адам болыпты. Бір күні шаһарға барып,үйіне қайтып келе жатқанда, оған бір жігіт жолығады. Жі-гіт жөн сұрасады, барар жолы бір болғаннан кейін: - Ата, жолды қысқартайық,- дейді. Қарт: Жол қалай қысқарады?- деп сұрайды. Жігіт: Жолдың қысқаруы оңай, екеуміз бірімізді-бірімізкезек арқаласақ болғаны,- деп жауап берді. Қарт ішінен: “Япырм-ай, ат – матымен мені бұл қалай арқалайды, мен қалай арқалаймын?”-деп ойлап, жігіт сө-зін түсінбейді. Сонда жол қысқарту деген не? Оны қалай қысқартуға болады?

Page 24: мақал мәтел сайысы

Мұнан кейін қарт пен жігіт орылмаған, бірақ пісіп тұрғанегінді көреді. Сонда жігіт: Ата, мына егін сіздің елдікі ме, иесін білесіз бе?-дейді. -Иә, біздің елдікі, иесін де білемін. -Олай болғанда, бұл өзі желініп қойған егін бе, әлде желін-беген егін бе?-дейді. Қарт жігіттің бұл сұрағына тағы түсінбейді.

Page 25: мақал мәтел сайысы

Қарт пен жігіт жолшыбай бір елге кездеседі. Бұл елде бір адам дү-ниеден өтіп, оны жерлегелі жатыр екен. Жігіт қарттан: Бұл өзі мүлде өлген кісі ме, жоқ өлмеген кісі ме?–деп сұрайды. Сонда қарт шыдай алмай: Өлмесе жерлеуге апармайды ғой! – деп жігіттің бетін қайырып тастайды.

Page 26: мақал мәтел сайысы

Жұмбақпен айтылатын шешендік сөз.

а) Бір күні Нұралы хан Сырымды сынағысы кеп одан:“Өтірік деген не? Шындық деген не? Өтірік пен шын-дықтың арасы қанша?”-деп сұрапты. Ханның сұрағын естіген Сырым езу тартып, күліпті де,қолының 4 саусағын тегіс жазып, көзі мен құлағының аралығына қойыпты. Бұдан кейін оң құлағын ұстап, оң көзін нұсқапты. Не айтқаны?

Page 27: мақал мәтел сайысы

Жұмбақпен айтылатын шешендік сөз.

а) Бір күні Нұралы хан Сырымды сынағысы кеп одан:“Өтірік деген не? Шындық деген не? Өтірік пен шын-дықтың арасы қанша?”-деп сұрапты. Ханның сұрағын естіген Сырым езу тартып, күліпті де,қолының 4 саусағын тегіс жазып, көзі мен құлағының аралығына қойыпты. Бұдан кейін оң құлағын ұстап, оң көзін нұсқапты. Не айтқаны?

Page 28: мақал мәтел сайысы

Жұмбақпен айтылатын шешендік сөз.

а) Бір күні Нұралы хан Сырымды сынағысы кеп одан:“Өтірік деген не? Шындық деген не? Өтірік пен шын-дықтың арасы қанша?”-деп сұрапты. Ханның сұрағын естіген Сырым езу тартып, күліпті де,қолының 4 саусағын тегіс жазып, көзі мен құлағының аралығына қойыпты. Бұдан кейін оң құлағын ұстап, оң көзін нұсқапты. Не айтқаны?

Page 29: мақал мәтел сайысы

ә) Малайсары қария Сырымға былай деп бата беріпті: Кеудең тола бауыр болсын, Арқаң тола жауыр болсын. Үйіңнің сыртынан дүбір кетпесін, Құлағыңның сыртынан сыбыр кетпесін. Батаның мәнін терең түсінбейтін адам бұл батаның Мәнін түсінбеуі де мүмкін. Бірақ өзі батыр, ақылы асқанСырым бұны жақсы түсінген. Ал, сендер қалай түсінесің-дер?

Page 30: мақал мәтел сайысы

VII. Өтірік өлеңдер

Page 31: мақал мәтел сайысы

VIII. Жаңылтпаш сайысы

Page 32: мақал мәтел сайысы

Назарларыңызға рахмет!