Top Banner
288

УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

Sep 10, 2021

Download

Documents

dariahiddleston
Welcome message from author
This document is posted to help you gain knowledge. Please leave a comment to let me know what you think about it! Share it to your friends and learn new things together.
Transcript
Page 1: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің
Page 2: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

УДК 94 (574)ББК 63.3 (5 Қаз)С 17

Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»

бағдарламасы бойынша жарық көрді

Сақ Қ.С 17 Алаш мұрасы./ Қ. Сақ. – Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2014,

– 288 бет. ISBN 978-9965-22-481-2

Тəуелсіз қазақ елі тарихында, мəдениеті мен əдебиетінің қа-лыптасуы мен даму үрдісінде ХХ ғасырдың басында жарық көр-ген Алаш баспасөзі мен көсемсөзінің орны айрықша екенін ұлт зиялылары бесенеден біледі. Соған қарамастан, кешегі кеңес дəуі-рінде бұл тақырып жабық болған себепті оның зерттелуі еліміз тəуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін ғана кеш қолға алынды. Қазақ-стан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ə.Назарбаевтың бастамасымен жəне жаныашырлығымен жүзеге асқан «Мəдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында Алаш қозғалысына қа-тысты құнды мұрағат материалдары, Алаш көсемсөзшілерінің мұралары жинақ болып жарық көруде. Соларды зерттеп, зерделеу негізінде жазылған еңбекте қазақ сөз өнерінің жарқырап жанған тұсы – ХХ ғасыр басындағы Алаш баспасөзі мен көсемсөзінің тари-хы, таным, тағлым, тəжірибесі терең талданады. Елдік мүддені ту етіп көтерген Алаш зиялыларының жанкешті еңбектері мұрағат материалдары негізінде тарих қойнауынан аршып алынады жəне бүгінгі күнмен сабақтастырыла қарастырылып, өміршеңдік мəн-маңызы айшықталады.

Көпшіліктің қолы жете бермейтін соны мəліметтер, тың толғам, талдауларға құрылған еңбек гуманитарлық сала ғалымдарына, елі-міз жоғары оқу орындары журналистика факультеттері мен бөлім-дерінің профессор-оқытушыларына, студенттерге, сондай-ақ ұлт руханиятын қастерлейтін жалпы оқырманға арналады.

УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз)

ISBN 978-9965-22-481-2© Сақ Қ., 2014© «Қазығұрт» баспасы», 2014

Page 3: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

3

АЛҒЫ СӨЗ

Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсап-армандаған ел егемен-дігіне қол жеткізіп, өз алдына дербес, Тəуелсіз Қазақстан мемлеке-тінің іргетасы қалана бастағанына биыл жиырма екі жыл. Бұл та-рихи өлшем таразысына салғанда қас-қағым сəт көрінгенмен де, адам өмірімен салыстырып қарағанда едəуір уақыт. Бұдан жиыр-ма екі жыл бұрын дүниеге келген сəби – бұл күнде есі кірген ер жігіт. Соған ұқсас осы мезгіл ішінде халқымыздың ой-санасында да үлкен-үлкен өзгерістер болуда. Ең бастысы, бірнеше ғасырға созылған отаршылдық езгі салдарынан қанымызға сіңе бастаған кұлдық психологиядан арылуға деген талпыныстың өзі – үлкен жетістік. Соның нəтижесінде халқымыз ұлт ретінде өзін-өзі танып қана қоймай, сонымен бірге жасампаздық қырымен сыртқы елдер-ге танылуға мүмкіндік туып отырғанын бөле айтқанымыз лəзім.

Тарихы жоқ ел болмайды. Елдің ертеңі бүгіннен басталады де-сек, ол – дау жоқ, кешегінің жалғасы. Ендеше ел болашағын ойлау-ды өткенімізді біліп, бүгінімізді танудан бастағанымыз құба-құп. «Тарихты бірін өзіміз ұнатып, құптайтын, ал келесісін «жағымсыз» санап, бойымызды аулақ салатын үзік-үзік оқиғалардың жиын-тығы деп пайымдамау керек. Яғни, өткенімізді тұтас күйінде, ешқандай боямасыз, қоспасыз, қаз-қалпында қабылдағанымыз лəзім. Ал өткен жылдар шежіресін үнемі əрі бұрмалаусыз зер-делеп отырудың жөні бөлек. Мұның өзі өткендегі тəжірибенің жақсысынан үйрену үшін, ескі қателіктерді қаулата бермес үшін, жаманнан жирену үшін қажет», – дейді бұл турасында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Жадымызда жатталсын, татулық дə-йім сақталсын» деген тарихи еңбегінде.1

1 Назарбаев Н.Ə. Жадымызда жатталсын, татулық дəйім сақталсын // Егемен Қазақстан, 1998, 16-қаңтар.

Page 4: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

4

Қолдарыңызға тиіп отырған еңбек, міне, осындай талап-тілек тұрғысынан, заман сұранысына сай жазылды. Баспасөз қай уақыт-та да қоғамдық өмірдің айнасы, шығып тұрған заманының шынайы шежіресі екендігі белгілі. Оған Алаш басылымдарының тағдыр тауқыметі мен көтерген көкейкесті мəселелерін тарата талдау ба-рысында тағы да көзіміз айқын жетті. Айталық, «Қазақ» газеті-нің ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамдық өмірі тарихынан алар орны – өз алдына бір төбе. Ол əдебиетіміз бен мəдениетіміздің гүлденіп дамуына ғана емес, ұлттық ой-сананың бүр жарып, азаттық идеясының лаулап жануына, ел тəуелсіздігі жолындағы ғасырларға ұласқан ұлы күрестің қанат жайып, ақырында жеңіске жетуіне қосқан үлесі орасан зор басылым. Бұл – ешқандай дəлел-деуді тілемейтін, таласы жоқ, тарихи шындық.

Кезінде «қазақтың еңкейген кəрі, еңбектеген жасына түгелімен ой түсіріп, өлім ұйқысынан оятып, жансыз денесіне қан жүгіртіп, күзгі таңның салқын желіндей ширықтырған, етек-жеңін жиғызған «Қазақ» газетінің»1 тарихи құны жоғары.

Біріншіден, газет материалдары XX ғасырдың алғашқы жиыр-ма жылында қазақ даласында көрініс тапқан қоғамдық үрдістер-дің деректемелік көзі ретінде аса қымбат.

Екіншіден, ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалысының қа-лыптасып, даму арнасында дүниеге келген басылым ел бостан-дығы жолындағы күрес идеологиясының ұясы болуымен де ба-ғалы. Ендеше екі жақты қыспаққа – отарлық езгі мен феодалдық мешеулікке қарсы күресте шынығып, шыңдалған қазақ зиялыла-рының ұстанған жол, мақсат-мұраттарын анықтауға «Қазақ» мате-риалдары мүмкіншілік береді деген сөз.

Үшіншіден, Алаш көсемдерінің там-тұмдап жинаған өмірлік мəні зор бай тəжірибелері мен тəлім-тəрбиесінен өнеге алу үшін де бүгінгі ұрпақтың басылым мұраларымен танысуы ауадай қажет.

Төртіншіден, газет тігінділерін парақтау арқылы бүгінде ұмы-тыла бастаған халқымыздың ықылым заманнан келе жатқан ата салт, озық дəстүрлерін жете біліп, терең игеруге мүмкіншілік туа-ды. Ол, сөз жоқ, соңғы кездері рухани жұтаңдыққа ұшыраған ой-сананың қайта көктеуіне, бүр жарып, қанат жая өркендеуіне септігін тигізетініне сеніміміз мол. Осы қырынан келгенде, «Қа-зақ» бір ғана ұлттық баспасөз тарихын білу үшін, яғни журналис-терге ғана қажет басылым емес, ол – берісі тарихшыларымыз бен əдебиетшілерімізге, керек десеңіз, барша жұртымызға керек асыл қазына.

1 Əуезов М. Ахаңның елу жылдық тойы //Ақ жол, 1923, 4-ақпан.

Page 5: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

5

Ə.Бөкейханов, А.Байтұрсынов жəне М.Дулатов сынды халқы-мыздың біртуар ұлдары басшылық еткен басылымға сол кез-дегі қазақ оқығандарының, көзі ашық, көкірегі ояу зиялы азаматта-рының үн қатпай қалғаны некен-саяқ. Осыдан-ақ газеттің арқа-лаған жүгінің қаншалықты ауыр əрі жауапты болғандығын аң-дау қиын емес. Алдымен, патша үкіметінің, кейін келе кеңес өкіметінің газет соңынан тал түсте шырақ ала түсіп, ізін андуы, жөн-жосықсыз айыпқа тартуы, ақыр соңында үні жұрт құлағына жетпестей тар қапаста «құлыпталып» ұсталуы бекерден-бекер емес-тін. «Қазақ» кезінде халқының көзі, құлағы һəм тілі қызметін атқарды. Ал осы үшеуі аман тұрғанда халықтың ақыл-есін жаулап алу босқа төгілген термен тең екендігін жақсы үғынған отаршыл пиғылдағы елдің «көсемдері» «Қазақ» секілді ұлттық басылымдар мен оларға сөз жазушы азаматтардың үнін өшіру арқылы ойлаған мақсаттарына қол жеткізуге тырысып бақты. Белгілі бір дəрежеде ол армандары орындалды да. Қазіргі мəңгүрттік дертінің ел ішінде дендеп тұруы, тіліміз бен дініміздің нашар халі, керек десеңіз, ел тəуелсіздігіне деген жұрт ынта-жігерінің енжарлығы сол сепкен ұрықтың жемісі демегенде, не дейміз?!

Аурудан құлан-таза айығудың амалы – оның неден болғанын біліп, соған қарай ем қолдануда екенін «Қазақ» қаламгерлері оқырмандарына жиі ескертеді. Олай десек, кезінде соқыр сая-сат салдарынан жөн-жосықсыз жабылып қалған ұлттық рухани бұлақтардың көзін ашып, шөліркеген жұртына сусынын қандыра қызмет етуіне мүмкіншілік туғызсақ, ел рухының тірілуіне септігін тигізерінен үмітсіз емеспіз, сеніміміз мол.

Еңбекті жазу барысында Алаш баспасөзінің, əсіресе «Қазақ» га-зетінің тағдыр-тауқыметін, арғы-бергі тарихын тұтас қарастырып, күні бүгінге дейін белгісіз, айтылса да, жартыкеш баяндалып кел-ген бірсыпыра мəселелерге терең зерттеу жүргізуге тырыстық. Атап айтқанда, апталықтың шығу тарихы, шығарушылары мен тұрақты авторлары жəне жер-жерден хабар-ошар жазып тұрған тілшілері туралы газет тігінділері мен мұрағат материалдары негі-зінде шындық тұрғысында ғылыми пайымдаулар жасалынды. Бұ-лардың əрқайсысы жеке-жеке тарата əңгімелеуді талап етеді.

Мұрағат материалдарына жүгінсек, Алаш азаматтары «Қазақ» газетін шығаруға сегіз жылдай дайындық жұмыстарын жүргізген-дігі байқалады. Оған сонау 1905 жылы Қоянды жəрмеңкесінде 14500 адам қол қойған Қарқаралы петициясы айқын дəлел. Сол арыз-тілекте қазақ тілінде бейресми газет шығаруға рұқсат ету

Page 6: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

6

жөнінде патша үкіметінен арнайы талап етілген бап бар екендігі бұрыннан белгілі жай. Белгісіз болып келгені – халқымыздың азат-тық жолындағы күрес тарихынан ойып тұрып орын алатын осынау наразылық құжатты Ə.Бөкейханов, А.Байтұрсынов жəне Ж.Ақбаев сынды ардақты Алаш азаматтары ұйымдастырғаны. Бұл жөнінде Ə.Бөкейхановтың «Семипалатинский листок» газетінің 1905 жылғы 8-желтоқсанда жарық көрген Ресей мемлекеті земскі жəне қалалық қоғам қайраткерлерінің съезінде жасаған баяндамасында нақты мəліметтер келтірілген. Ендеше, кейіннен «Қазақ» қаламгерлерінің ұйытқысы болған тап осы топ сол кезден бастап-ақ жалпыұлттық газет шығару идеясының жетегінен ұстап, соны жүзеге асыру жо-лында көп ізденісте болған деуімізге толық негіз бар.

Кітапта ұлттық бейресми баспасөзіміздің қалыптасып, даму дəуірінен біраз мағлұматтар келтіріледі. Оған да тегін тоқталып отырғанымыз жоқ. Сол арқылы, біріншіден, «Қазақ» газетін басқа басылымдармен салыстыра қарастыруға қол жеткізсек, екіншіден, олардың арасындағы байланыстарды анықтауға мүмкіншілік туды. Мəселен, «Серке» газетінің тарихынан қысқаша мəлімет келтіре отырып, оның «Қазаққа» қатысты жоқ еместігін дəлелдей түстік. Алғашқы басылымда тырнақалды туындылары жарияланған көр-некті қайраткер М.Дулатовтың журналистік-редакторлық қызметі кейіннен «Қазақта» жалғасын табатындығы соның бірден-бір кепілі. Ендеше бұл екі басылымды идеялас, бір мақсатта жарық көрген, егіз газеттер деп қарастырсақ, негізсіз болып шықпайды. Олай десек, ұлттық бейресми баспасөзіміздің алғашқы қарлығашы саналатын «Серке» газетін «Қазақтың» ізашары, алғашқы үлгісі деп бағалаған лəзім.

Еңбекте «Қазақ» газетінің қаржыландырылу көздері туралы осы күнге дейін айтылып келген кейбір пікірлердің шындыққа қайшы екендігі дəлелденді. Газет жарияланымдары мен мұрағат материал-дары негізінде апталықтың үш түрлі жолмен қаржыландырылғаны алғаш рет ғылыми айналымға енгізіліп отыр. Біріншісі əрі негіз-гісі – газетті жаздырып алушылардан түскен қаражат. Екінші-сі – басылымда жарияланып тұрған жарнамалардың төлем ақысы. Үшіншісі – апталық жанынан құрылған «Азамат» серіктігі мүше-лерінің жарналарынан құралған сома. Соңғысы, негізінен, «Қазақ» баспаханасын сатып алуға жұмсалынған. Бұлардан бөлек газет ерекше қиыншылыққа ұшыраған кездері, дəлірек айтсақ, бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуымен ел əл-ауқатының күрт нашар-лап, нəрсе-қараның қымбаттауы себепті апталықты жаздырып алу-

Page 7: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

7

шылар қатарының кемуімен байланысты жеке кісілер тарапынан да жəрдемпұл жиналып, кəдеге жаратылып отырғанын айта кету керек. Бірақ, ондай жанашыр адамдардың тізімі газетте міндетті түрде жарияланып, қосқан қаржылай көмектері қайда пайдаланы-лып жатқандығы туралы үнемі есеп беріліп тұрғанын да ескер-ген жөн. Ендеше «Қазаққа» кімдер қандай көмек көрсетті, қанша қаржы бөлді деген даулы сұрақтарға газет тігінділерінің материал-дары жауап береді деген сөз. Оған еңбекті жазу барысында толық көз жеткізіп, кейбір зерттеушілер айтып жүргендей, апталық жеке байлардың идеясы негізінде, солардың құрылтайшылық етуімен, яғни қаржысымен жарық көрмегеніне көз жетті, ол халықтың қолдауымен, соған арқа сүйеген Алаш азаматтарының жанкешті еңбектері мен жоқтан бар жасай білген шебер ұйымдастырушылық қабілеттерінің арқасында дүниеге келіп, үздіксіз шығып тұрғаны нақты деректермен дəлелденеді.

Газеттің шығарушылары мен тұрақты авторлары турасында да осы күнге дейін беймəлім болып келген біраз шындықтың пер-десі түріледі. Басы ашық мəселе, апталықтың алғашқы дайынды-ғынан бастап, алты жылға таяу ғұмырында ыстық-суығына бір-дей қарылған, бар жауапкершілігін мойындарына алып, түгел қиын-шылығын көтерген, ең алдымен, Ə.Бөкейханов, А.Байтұрсынов жəне М.Дулатов сынды Алаш ардақтыларының үштігі екендігі талас туғызбайды. Осы күнге дейін ғылыми айналымда болып келген, бірі Семей түрмесінде жатқандықтан, екіншісі Самараға жер аударылғандықтан М.Дулатов пен Ə.Бөкейханов газеттің алғашқы дайындық жұмыстарына қатыса алмады деген пікірдің шындыққа қайшы келетіндігі дəлелденіп отыр. Əсіресе, көрнекті қалам қайраткері М.Дулатовтың «Қазақтағы» басшылық жəне шығармашылық қызметі жөнінде терең зерттеу жүргізу арқылы ол анықтала түсті. Алаш арысының «Қазаққа» сіңірген еңбегі жеке алып қарастырылуы дұрыс тандау болды. Нəтижесінде апта-лық табалдырығын шəкірт болып емес, белді жетекшісі ретінде аттаған, қаламы ұшқыр, ойы жүйрік журналистің осынау қыз-меті А.Байтұрсынов пен Ə.Бөкейхановтың газетке сіңірген еңбек-терімен қатар қойылып бағалану керектігі нақтылана түсті.

Сонымен қоса, апталықтың соңғы үш нөміріне редакторы ре-тінде қол қойған, басылымда бай шығармашылық мұрасымен із қалдырған, газеттің бүгінге дейін беймəлім болып келген көрнекті өкілдерінің бірі – Жанұзақ Жəнібекұлының журналистік қызметі жөнінде алғаш зерттеу жүргізілуі де, сондай-ақ, «Қазақтың» тұрақ-

Page 8: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

8

ты авторлары туралы толымды мағлұматтар беріліп, жер-жерден хат-хабар жазып тұрған тілшілерінің аты-жөндері мен туындыла-рынан мəлімет келтірілуі де еңбектің құндылығын арттыра түсетін тұс деп білеміз.

«Айқап» пен «Қазақ» неге айтысқан?» деген бөлімде, аты ай-тып тұрғандай, ХХ ғасыр басында ұлттық сана ұйытқысы болған қос басылым арасында туындаған түрлі пікірталас тақырыбы бүгінгі уақыт талабына сай жаңаша зерттелініп, зерделенеді. Оған мұрағат деректері мен газет-журнал тігінділері материалдарын негізге ала отырып, объективті түрде баға беруге көп көңіл бөлінді. Атап айтсақ, екі басылым арасында айтыс туғызған мəселелер жер жөнінде, яғни отырықшылық пен көшпенділік норма ту-расында, бас қосу хақында жəне қазақ жазуын қалыптастыруға қатысты түрлі көзқарастарынан туындағаны айқындалды. Мұның өзі XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамының қаншалықты күрделі болғандығын түсініп, біліп, сол кезеңдегі ең көкейтесті мəселелердің баспасөзде қалай көрініс тапқанын толық тануға мүмкіншілік берді.

Сондай-ақ, «Қазақ» газеті материалдары негізінде қазақ зиялы-ларының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі кезіндегі ұстаған ба-ғыттары мен мақсат-мұраттары жəне атқарған қызметтері кітап-тың «Он алтының ойраны» бөлімінде жан-жақты талданатынына оқырман назарын аудартқымыз келеді.

Айрықша тоқталуды қажет ететіні, жоғарыдағы мəселелердің қай-қайсысын қарастырған кезде де оның тарихи мəнімен бірге жазба əдебиетімізге, соның ішінде ұлттық журналистикамыздың дамуына қосқан үлесі мен рөлін анықтауға ерекше көңіл бөлі-ніп отырды. Соның нөтижесінде «Қазақ» газетінің жанрлық жаңа-лықтары, сөз саптау мəнері, оның бүгінгі қаламгерлерге үлгі болар-лық өнегелі жақтары жан-жақты сөз болып, еңбектің мамандыққа қатысты құндылықтарын айқындай түсті.

«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні болады» демекші, ойы-мызды қорыта айтсақ, «Қазақ» газетін XX ғасырдың алғашқы жиырма жылындағы қазақ қоғамдық өмірінің шынайы шежіресі, ұлттық сананың ұйытқысы жəне жаңа үлгідегі қазақ баспасөзінің негізін қалаған энциклопедиялық басылым деп бағалауға əбден болады. Сол кезеңде «Қазақтың» жеті өлшеп, бір пішер шешімінсіз, басылым басқармасының жетекшілігінсіз бірде-бір уақиға болмады десек, ол – соның дəлелі. «Аталы жұртымыздың, ауданды ұлтымыздың əруақты аты» өшпесін əрі «киргиз» болып

Page 9: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

9

шатаспасын деген мақсатта «Қазақ» деп ат қойған газеттерінде Алаш азаматтары «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара» халқының қамы үшін аянбай қызмет етті. Олардың «білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген аталы сөзді алдарына тұтып, бақша баққан бағбандай, тер төге еткен еңбектері зая да кеткен жоқ. «Қазаққа» деген игілік нəрсені енгізу жолында» қызмет еткен, «Сырттан жамандық болса, күзетші орнына жұмсалған» газет өз заманында халықты қараңғылық қамауынан адастырмай жарыққа алып шыққан бағдаршам дəрежесіне көтерілді. Оған халқымен қауышуды күтіп, мұрағаттарда сарғайған газет тігінділерінің кез келген бетін тілге тиек ету арқылы көз жеткізу аса қиын емес. Олардың əрқайсысы тарихымызды «ақтаңдақтардан» арылтып, ұлт руханиятының алтынмен жазылар бір-бір парағы болуға əбден лайық.

Əрине, бұдан «Қазақ» тек тарихымызды танып білу үшін ғана керек басылым екен деген ұғым тумауы керек. Оның бай мұрасынан бүгінгі тірлігімізбен үндес, əлі де қоғамдық мəн-маңызын жой-маған көптеген дүниелерді кездестіруге болады. Олардың ішін-де ел егемендігінің іргетасы қаланып жатқан бүгінгідей алма-ғайып заманда жолсыздан адаспай, өз соқпағымызды тауып жүріп кетуімізге жол көрсетіп, ақыл қосатын құндылары да көп. Сөзіміз жансыз еместігін білдіру үшін бір ғана мысал келтірейік. Газеттің 1917 жылғы 226-санында «Ел еркі өзінде» деген бас мақала жарияланған. Авторы көрсетілмесе де, сөз саптау мəнеріне қа-рап, мақаланың М.Дулатов қаламынан туғандығын айыруға бо-лады. Онда айтылар ойдың бүгінгі күнмен үндес, əлі де құнын жоймағандығын дəлелдеу үшін мақаланың өзін сөйлетіп көрейік: «Хакімдердің айдауынан, хакімдердің түрткісінен басқа түк көр-меген біздің қазақ не берсе, хакім береді, не істесе, хакім істейді деп мұрнын тескен тайлақтай жетекшіл болып қалған. Əлі де болса əркімнің жетелеуіне қараса, онда бостаншылықтың игілігін дұрыс көре алмайды. Өз тіршілігін өзі істеп, өз шаруасын өзі жөндеп, өз күнін əркім өзі көрген сияқты бостаншылық болған соң əр жұрт өзіне керек істің бəрін өзі істеу керек».

Міне, Алаш азаматының халқына арнау сөзі, артында қалдыр-ған аманаты. «Айтылған айтқан жерде, жазылған жазған жерде құр сөз күйінде қалып, іс жүзінде көрінбесе, онан түк өнбейді». Осы-ны жадымызда ұстап, «бұл бостаншылық – көп жұрттың ер жетіп, іс білген-білмегеніне емтихан» екенін ұмытпаған жөн шығар. Ал «жібекті ұстай алмаған жүн етеді» дегендей, ұстай білмесек,

Page 10: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

10

жақсы нəрсе жаманға айналуы оп-оңай екенін естен шығаруға, əсте де, болмайды.

Елбасының 2013 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында елі-мізді бəсекеге қабілетті дамыған отыз елдің қатарына қосу идеясы көтеріліп, оны жүзеге асырудың нақты жолдары белгіленіп берілді. Бəсекеге қабілеттілік еліміздің саяси-экономикалық жағынан ғана емес, рухани, мəдени өсуімен де қамтамасыз етілуі тиістігі өзінен-өзі түсінікті. Осы орайда, ХХ ғасыр басында халқымыздың азаттығы жолындағы ұлы күресте қаламын қару еткен Алаш зиялыларының ой-толғамдары ұлттың бəсекеге қабілеттілігін арт-тыру идеясымен өзектес екенін есте ұстағанымыз жөн. «Білекті бірді, білімді мыңды жығатын» уақыт туғанын ұққан Алаш кө-семдері заманына қарай амалын іздестіріп, емге дауа ретінде Абай жолын қазақ даласына біржола орнықтыруға ұмтылғанын ұмытпауымыз керек. Ол – білім, ғылым, өнер жолы. Бұл ретте Елбасының бəсекеге қабілеттілікті арттыру жолында білім мен ғылымды дамытуға аса мəн беріп отырғанын Алаш зиялыларының дүниетаным, көзқарастарымен біртұтас байланыста қарастыруға болады.

Өкінішке қарай, Кеңес дəуірі кезінде Алаш көсемдерінің ұлт мұраты жолындағы ұлы идеялары əдейі ұрпақ санасынан жуы-лып-шайылып, біржола өшірілуі үшін ұмыт қалдырылып, құнды мұралары қолданыстан мақсатты шығарылып тасталғаны белгілі. Оған еліміз тəуелсіздігін алғаннан кейін ғана қолымыз жете баста-ды. Алайда өтпелі кезеңнің қиындықтары кесе-көлденең тұрып, көп іс атқарылмай қалды. Алаш зиялыларының құнды мұралары, соның ішінде мерзімді баспасөзде жарық көрген бүгінгі күнмен өзектес көсемсөздері толық жинақталып, жүйеленіп, талданып, жариялануы тиіс еді. Рас, бұл бағытта ішінара жұмыстар жүзеге асырылғанын жоққа шығаруға болмайды. Бірақ, ол тым жеткіліксіз екенін айтуға тиістіміз. Оған төмендегі дəлелдермен айқын көз жеткізе аламыз.

«Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті жарияланымдары іріктеліп бір-бір кітап болып шығуы еліміз рухани өмірінде, отандық қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласы үшін қандай олжа болғанын көзіқарақты оқырман жақсы біледі. Олардан қан-шама ғалымдар өз тақырыптары бойынша құнды мəліметтер алып, отандық ғылым көкжиегін кеңейтуге пайдаланғаны дə-лелдеуді қажет етпейді. Ал сол кітаптар аталған басылымдар жа-рияланымдарының үштен бірін ғана қамтығанын екінің бірі біле

Page 11: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

11

бермейді. Ол газет-журнал тігінділерін түгендеген де кісі жоқ. Сол үшін де отандық жəне шетел мұрағаттарынан шарқ ұрып іздестіру жұмыстарын жалғастыру ауадай қажет. Бұл да күн құрғатпай қолға алуды тіленіп тұрған мəселе. Олай етпесек, тозып, жоғалып кету салдарынан құнды жəдігерлерімізден біржола айырылып қалу қаупі айқын сезіледі. Осындай тынымсыз ізденістің нəтижесінде аталған басылымдар жарияланымдарының қосымша жинағын шығару – күн құрғатпай қолға алуды күтіп тұрған өзекті мəселе. Мұндай тез арада жарыққа шығаруды тіленіп тұрған басылым жа-рияланымдары жеткілікті.

Қазақтың жалпыұлттық демократиялық бағыттағы төл басы-лымдары – «Қазақ газеті», «Серке» газеттерінің еліміздің мəдениет тарихындағы, өркениет көшіндегі орны орасан зор екеніне ешкім дау туғыза алмайды. Бірақ, сол аса құнды жəдігерлеріміздің түп-нұсқасын іздеген кісі жоқ.

Еліміздің жəне шетелдердің архивтерінен там-тұмдап жинап, араб əліпбиіндегі мəтіндерін қазіргі жазуымызбен сөйлетіп, ғылыми айналымға енгізу – аса зəру міндет екені талас туғызбайды. Екінің бірінің қолы жете бермейтіндіктен, оны жүзеге асырмай, ұлттық идеяның мазмұны мен құрылымын байыта түсетін аса құнды жəді-герлеріміз ел игілігінен тыс қалып қоя ма деген қаупіміз бар. Оған жол бермеу үшін аталған іс-шараларды күн құрғатпай қолға алу аса қажет деп есептейміз.

Сонымен бірге, Алаш көсемдерінің өнегелі өмірлерін, шығар-машылық шеберліктерін жан-жақты ашып көрсететін ғылыми ең-бектер жазу, белгілі бір тақырыптағы құнды мұралары негізінде хрестоматиялық оқулықтар даярлау, олардың басылып шығып, оқырман сұранысын қанағаттандыруын құнттау міндеті тұр алды-мызда.

Алаш көсемдерінің мерзімді баспасөз беттерінде, түрлі ғылы-ми басылымдарда жарияланған құнды мұраларында ұлттың бəсе-кеге қабілеттігін арттыру идеясы жинақталған. Соны ғылыми ай-налымға енгізу, зердеге тоқып, ұрпақ санасына сіңіру уақыт тала-бы деп білеміз.

Жаһандану кезеңінде Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық, саяси жəне рухани-мəдени тұрақты дамуының ұлттық моделін жа-сауда сөзсіз ескерілуге тиіс сөз өнерінің көркем əдебиетпен тығыз байланысты салмақты бір саласы – қазақ көсемсөзінің Алаш пуб-лицистикасы атты нақты бір кезеңіне терең зерттеу жүргізу қоғам-дық мəн-мазмұнымен маңызды.

Page 12: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

12

Алаш публицистері араласпаған мəселе, олардың еңбектерінде қамтылмаған тақырып жоқ десек, артық айтқандық болмайды. Бір сүйсінерлігі жəне өнеге алуға болатындығы, не туралы жазса да ұлттық мүдде бірінші орынға қойылады. Ұлт саясаты, ұлт эконо-микасы, ұлт идеологиясы: тілі, ділі, діні, ұлт өнері мəселелері ту-ралы ой-толғам, пікірталас, көзқарастары бүгінгі күнмен өзектес, өміршеңдігімен ерекшеленеді. Мəселені көтеріп қана қоймай, оны жүзеге асыруға ұйытқы бола білулерінде де үлгі, өнеге мол. Кезінде қазақ жастарын жаппай оқуға ұмтылдырып, білім-ғылым жолына салып, өнер үйренуге жетелеген алаш көсемсөзінің негізгі мұраты – ұлттың бəсекеге қабілеттілігін арттыру идеясы болғаны дəлелдеуді қажет етпейді. Ол өз жемісін бергені де белгілі. Қаныш Сəтбаев, Əлкей Марғұлан, Мұхтар Əуезов, т.б. əлем мойындаған таланттардың ғылым, өнер көгіне көтерілуі, зердеге тоқып қараса-ңыз, сөзіміздің жаны бар екенінен сыр шертеді. Бұл жөнінде Мұхтар Əуезовтің өзі былай деп нақты жазады: «Қазақ» газетінің сүтін еміп өскен бір буын осы күнде пікір-білім жолында бұғанасы бекіп, іс майданына шығып отырса, кейінгі жас буын Ахаң салған өрнекті біліп, Ахаң ашқан мектепті оқып шыққалы табалдырығынан жаңа аттап, ішіне жаңа кіріп жатыр». Бұдан түйетініміз, Алаш публи-цистикасы мектеп болып қалыптасып, қазақ жастарының рухани өсіп, кемелденуіне негіз болғандығы айдай анық. Өкінішке қарай, кешегі кеңестік тоталитарлық қоғамда сол мектептің есігі тарс жа-былып, бітеулі болды. Тек ел тəуелсіздігі жария етілгеннен кейін ғана Алаш азаматтары ілімі негізінен ішінара сусындауға қолымыз жете бастады. Ендігі жерде сол асыл қазынамызды ұрпақ қажетіне толық жарату аса көкейтесті мəселе деп білеміз.

Алаш публицистері ұлт азаттығы, қазақ елінің бостандығы жо-лында қаламды қару етіп, ұлы күрестің көрігін қыздырды. Өздерінің от жалынды шығармалары арқылы ұлт рухын тірілтті, қалың ұйқыдағы ұлттық сананы сілкіп оятты, жас ұрпақты білім, ғылым, өнер жолына бастап, рухани өрлеу даңғылын айқындап берді.

Қазақ даласында Абай мектебін қалыптастырған – Алаш публицистикасы. Сол мектептің үздік шəкірті М.Əуезовтің шығармашылық ізденісіне негіз болған, ұлы суреткерлік жолға жетелеген – Алаш мектебі. Бұл жай айтыла салған сөз емес, жүйелі негізі бар ғылыми қағида. Ендеше, Кеңес дəуірі кезінде саяси, идеологиялық мақсатпен əдейі жабылған Алаш мектебінің есігін айқара ашып, бай қазынасын ел мұратына жарату көкейтестілігі ешқандай талас тудырмауы керек. Əсіресе, бүгінгідей ұлттың

Page 13: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

13

бəсекеге қабілеттігін арттыру идеясы өзекжарды болып тұрған уақытта сол идеяның қайнар көзі есебінде де зəрулігі айшықтала түседі.

Бүгінгі таңда журналистика мен публицистиканың теориялық, тəжірибелік, ғылыми-əдістемелік мəселелері сындарлы түрде қайта талқыдан өткізуді қажет етеді. Кешегі кеңес дəуіріндегі көп-теген қағидалар қазір жарамсыз болып қалды. Жаңа теориялық ілімдер туа қойған жоқ. Шет елдер ғалымдарының ғылыми тұжы-рымдарын ешқандай електен өткізбей, көшіріп қажетімізге жара-ту тəуелсіз еліміздің рухани əлеміне кейде қайшы келіп жатады. Сондықтан оған бой үйрете беру қауіпті. Көзсіз еліктеу түбі – өкініш. Алаш публицистикасы – қазақ көсемсөзінің діңгегі. Алаш баспасөзі – қазіргі Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдарына үлгі. Осыны теориялық жағынан тарата талдау, дəйекті тұжырым түю, дəлелді байламдар жасау – уақыт талабы.

Алаш публицистикасын тарата талдау, ең алдымен, қазақ кө-семсөзінің табиғатын ашуға мүмкіндік береді. Ол өз кезегінде қоғамдық пікір тұтқасын қолында ұстаған ел игі жақсыларына дұрыс шешім жасау үшін бағыт-бағдар бола алады. БАҚ қызмет-керлеріне бағдаршам міндетін атқарады. Болашақ журналис-тер даярлайтын жоғары оқу орындары профессор-оқушылары үшін аса қат оқу-əдістемелік құралға айналады. Сонымен бірге, Алаш публицистикасының тек журналистер мен көркем əдебиет өкілдеріне ғана емес, қазақ ғылымының басқа салалары маманда-рына да берері мол. Қарапайым оқырманға рухани азық ретінде де тигізер пайдасы орасан зор.

Сонымен бірге, ел тарихында айшықты орын алатын Алаш қозғалысы кезеңін зерттеуде ХХ ғасыр басында жарық көрген қазақ баспасөзі мен көсемсөзінің рөлін ешбір ғалым жоққа шығара алмайды. Солай бола тұра салиқалы жиындарда Алаш баспасөзі мен ондағы көсемсөздің мəн-маңызын бағалау жағы қалыс қала беретіні түсініксіз. Ал, шын мəнінде, қазақ көсемсөзінің тегеурінді күшінсіз Алаш қозғалысы соншалықты кең ауқымды тарихи нəти-желерге қол жеткізе алар ма еді? Əрине, жоқ. Біз бұлай дегенде Алаш қозғалысы мен Алаш көсемсөзін таразының екі басына са-лып, қайсысының салмағы артық екенін өлшеп-пішуден аулақпыз, керісінше, бірін екіншісінен ажыратуға болмайтын бір бүтін құбы-лыс екеніне көз жеткізу мұратын көздеп отырмыз.

Алаш қозғалысын зерттеуші ғалымдар оның тарихы 1905 жылғы қазақ даласының түкпір-түкпірінен Ресей патшалығы озбырлығына

Page 14: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

14

қарсы жазылған арыз-тілектен (петициядан) бастау алатындығына тоқталады. Мəселен, алаштанушы ғалым М.Қойгелдиев өзінің «Алаш қозғалысы» атты тарихи еңбегінде осы тұжырымды сол қоз-ғалыстың басы-қасында болған Алаш зиялыларының көсемсөз-деріне жүгіне отырып, дəлелді түрде дəйектейді. «Ұлттық интел-лигенцияның дербес саяси күш ретінде белсенді қоғамдық күрес-ке араласуы 1905 жылдан басталады», – деп жазады аталған ең-бегінде көрнекті тарихшы ғалым. – Ол жөнінде Ə.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, Х.Ғаббасов сияқты қайраткер-лердің кезінде айтқан пікірлерін келтіруге болады. Бірақ біз бұл мəселенің дау туғызбайтын шындық екендігін ескере отырып, тек М.Дулатовтың айтқан пікірімен шектелуді жөн көрдік. Ол «Қа-зақ» газетінде 1913 жылы былай деп жазған еді: «1905 жылдан бері біздің қазақ жұрты да бас пайдасын қолға ала бастады. Сол бостандық жылдарында Семей облысының оқыған басшылары көзге көрікті іс қылып, жұртқа көсемдік пен жөн-жоба көрсеткені үшін алды абақтыға жабылып, арты айдалып, қалғандары сенімсіз болып қалды».1

Осы тарихи тұжырымын көрнекті ғалым аталған кітабының екінші парағында бұлтартпас деректермен тапжылмастай етіп шегелейді. «Сонымен, 1905 жыл қазақ азаттық қозғалысының өрлеу, жаңа сапаға көтерілу кезеңін бастап берді, ал саяси күрес болса, ең алдымен, патшаға, орталық билікке петиция жазып тап-сыру түрінде көрінді. Отарлық тəуелдіктегі қазақ елінің мұқтажын білдірген арыз-тілектер батыста Оралда, орталықта Қарқаралыда, оңтүстік-шығыста Жетісуда, басқаша айтқанда, кең қазақ дала-сының барлық аймақтарында жазылды. Жетісу облысы Лепсі уезі қазақтары дайындаған петицияға 1000 адам2, арнайы делегация арқылы Петербургтегі үкімет орындарына тапсырылған Орал жə-не Торғай облыстары қазақтары жазған петицияға 44 адам3, ал бел-гілі Қоянды жəрмеңкесінде өмірге келген Қарқаралы петициясына 14,5 мың адам4 қол қойған еді».5

1 Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы: – Алматы: Санат, 1995, 92 б.;2 Тынышпаев М. История казахского народа. – Алма – Ата, 1993, стр. 27;3 Қараңыз: 1905 жылы Орал һəм Торғай облысының Петерборға де-

путат болып барған изгу ишанларының һəм биларының, дин һəм жер туғрасындағы һəр министрларға ұсынған сузларидур. – Орал: К.М. Тух-ватуллин баспасы, 1905, 28-30 б., 42-43 б.;

4 Брайнин С., Шафиро Ш. Очерки по истории Алаш – Орды. – Алма – Ата – Москва, 1935, стр. 96;

5 Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы: – Алматы: Санат, 1995, 94-96 бб.;

Page 15: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

15

Жоғарыда келтірілген дерек, дəйектерге жүгінер болсақ, қазақ зиялыларының басшылығымен пəрмен алған Алаш қозғалысы Ре-сей патша үкіметінің зорлық-зомбылығын əшкерелеген петиция-лардан бастау алатынына көз жеткіземіз. Бұлай дегенде, аталған арыз-тілектердің тарихи мəн-маңызын айқындау қаншалықты қа-жетті болса, олардың жазылу ерекшеліктерін, басқаша айтқанда, шығармашылық болмысын, яғни жанрлық, пішіндік табиғатын айқындау да соншалықты құнды. Өйткені, сонда ғана ұлтымыз үшін теңдесі жоқ жауһар жəдігердің қымбат бағасы толық берілері хақ.

Осы орайда, ғылыми талдау желісін жаңа арнаға бұрып, мəселе мəнісін терең аңдатуға қам жасап көрейік. Тарих ғылымы секілді кешегі кеңестік тоталитарлық қоғамда публицистикатану ғылымы да қағажу көріп, белгілі бір өлшемдер аясынан шықпай, аяғы тұсалған аттай, қадамын жаза алмай, тар өріске қамалып келді. Оның себебін сұрасаңыз, жауабымыз дайын. Белгілі публици-стикатанушы ұстазымыз, профессор Т.Амандосов: «Публицисти-ка – өмірдің сырлы суреті. Публицистика арқауы – шындық»,1 – деген ой түйеді. Бұдан мынадай ғылыми тұжырым жасауға бола-ды. «Публицистика арқауы – шындық» болғандықтан, оны зерт-теу – қоғамдық өмірдің ақиқатын ашумен бірдей деген сөз. Ал кешегі кеңестік əкімшілік-əміршілдік жүйе шындықтың салта-нат құруына пейілді болмағандығын тарихшы қауымға айтудың өзі артық. Осы себептен қазақ публицистикасына, əсіресе, Алаш публицистикасы кезеңіне объективті түрде жан-жақты ғылыми талдау жасап, тарихи бағасын беру мəселесі жабулы қазан қал-пында қалып келді. Еліміз егемендігін алып, сөз жəне баспасөз бостандығы Ата заңымызда нақтыланғаннан кейін ғана бұл ба-ғытта тыңғылықты зерттеулер жүргізуге қадамдар жасала баста-ды. Тыңға түрен салғандай жаңа ғылым саласының қордаланып қалған мəселелері біз күткендегіден əлдеқайда көп екені біртіндеп қылтиып бой көрсетіп келеді. Публицистиканың теориясына, əдіс-темесіне, тарихына қатысты əлі анықталмаған, айқындалса да əлі көмескі, кешенді түрде егжей-тегжейлі зерттеуді тіленіп тұрған мəселелер жетіп артылады.

Осы жерде жоғарыда əңгіме өзегі болған Алаш қозғалысының бастау көзі болып табылатын кең-байтақ қазақ даласының əр өңі-рінен қалың бұқара қол қойған арыз-тілектер жай-жапсарынан əңгіме өрбітсек, сөзіміздің жаны бар екеніне көзіңіз жете түседі.

1 Амандосов Т. Публицистика – дəуір үні. – Алматы, 1979, 7 б.

Page 16: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

16

Біріншіден, тілге тиек еткен арыз-тілектер мəтіні осы күнге дейін толыққанды қолымызға тимей келеді. Қоянды жəрмеңкесі пети-циясы мазмұнымен азды-көпті таныс болғанмен, 14500 адам қол қойған түпнұсқасын қолмен ұстап, көзбен көрген кісі жоқ. Ал, Орал, Жетісу жұртының арыз-тілектерінің мазмұнымен таныс та емеспіз. Ал олар ұлттық мұрағатымызда көздің қарашығындай сақталып тұруға тиісті құнды ұлттық мұра екендігіне ешкімнің дауы болмауы керек. Ендігі жерде сол қымбат жəдігерлеріміздің түпнұсқасын Ресей мұрағаттарынан шарқ ұрып іздеп тауып, елі-мізге алдырту елдігімізге сын болғалы тұр.

Екіншіден, аталған арыз-тілектердің шығармашылық табиға-тын айқындау күн тəртібінде қала бермек. Біздіңше, олар – публи-цистикалық өнер туындылары. Олай деуге публицистика туралы ғалымдар тұжырымдары тірек бола алады.

Халықаралық терминдердің қазақша баламасын жасауда шаша-сына шаң жұқтырмайтын шоқтығы биік тұлға Ахмет Байтұрсын-ұлының көсемсөз деген баламасы «публицистика» терминінің табиғатын толық ашып бере алады. Көсемсөздің алғашқы анық-тамасын берген ғұлама ғалым: «Көсем сөз əлеумет ісіне басшылық пікір жүргізетін сөз болғандықтан да көсемсөз деп аталады. Кө-сем сөз кезіндегі əлеуметке керек іске мұрындық болып істеу ыждағатымен айтылады. Əлеуметтік, шаруашылық, қазыналық, мектептік, соттық, саясаттық, тағысын тағы сондай қоғамшылық істерін түзету, жаңалау, өзгерту керек болған кезінде халықты соған көсем сөз арқылы ұйытып, көбінің миына қондырып, кө-ңіліне сіңіреді»,1 – деп публицистика табиғатынан терең сыр тарқатады.

А.Байтұрсынұлы анықтамасын негізге алсақ, əңгіме өзегі бо-лып отырған арыз-тілектер көсемсөз жүгін арқалайтындығына ешқандай күмəніміз қалмайды. Публицистиканың ішіндегі эпис-толярлық жанрдағы туындылар деп қорытынды жасауға əбден бо-лады.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келгенде, асылы, Алаш қозғалысы мəселелері көтерілген жерде Алаш баспасөзі мен Алаш көсемсөзіне тоқталмай өту тарихқа қиянат болатынын түсінетін мезгіл жетті. Тарихшыларымыз баспасөз жарияланымдарын құн-ды дереккөз ретінде пайдалану үстінде сол бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық мəн-маңызын ашу, ұлт тарихындағы орнын анықтау жағын ұмыт қалдырмаса екен деген тілегіміз

1 Байтұрсынов А. Шығармалары – Алматы: Жазушы, 1989, 223-224 бб.

Page 17: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

бар. Бұл қырынан келгенде тарихшы ғалымдармен бірігіп жүзеге асыруды қажет ететін кезегін күткен мəселелер шаш-етектен. Айталық, қазан төңкерісіне дейін жарық көрген қазақ баспасөзі тігінділерін толық түгендеген күні бүгінге дейін тірі жан жоқ. Оны айтасыз, «Серке» газеті секілді ұлттық баспасөзіміздің алғашқы қарлығаштарының түпнұсқасын қолмен ұстап, көзбен көрген ға-лымды біз білмейді екенбіз. Ал қолымыз жетпей жүрген газет-журнал нөмірлерінде құнды деректердің жарияланбағанына кім кепіл? Олай екен, алтыннан да бағалы ұлттық мұраларымызды түгел жинақтамай жанымыз жай таппауы тиіс. Жай жинап қана қоймай, академиялық кітап етіп құрастырып, хрестоматиялық оқулық түрінде қалың оқырманға ұсыну, жүйелі ғылыми талдау-лар негізінде құнды тұжырымдар жасау арқылы тарихтан бүгінгі ұрпақтың сабақ алуын қамтамасыз ету – ұлт болашағын ойлаған, еліне қалтқысыз қызмет етемін деген ғалымдар алдында тұрған басты парыз.

Page 18: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

18

БАРДЫ БАҒАЛАЙ БІЛЕЙІК

Оқырман қауым, сүйінші! Көптен күткен көз қуанышы-мыздай боларлық дүние – «Дала уалаятының газеті» атты жаңа кітап «Ғылым» баспасынан өз оқырманына жол тарт-ты. Бұл туынды – мұнан бұрын дəл осы тақылеттес атпен əрі тура осылай безендіріліп шығарылған 3 кітаптың жалғасы, яғни 4-кітап. Осылай бола тұра соңғысының жүгі алдыңғы үшеуіне қарағанда əлдеқайда ауыр. Оны кітапты қолына алып қараған көзіқарақты оқырман бірінші беттегі айқындамада (аннотация) айтылған: «Дала уалаятының газетінде» жария-ланған қазақ елінің саяси өмірі, шаруашылығы, мəдениеті, тарихы жайындағы нұсқалар сол қалпында беріліп отыр», – деген сөздерді оқып-ақ пайымдар. Еңбектің мезгілінен көп кеш (əрине, «игілікті істің ерте-кеші болмайтынын» білеміз) жарық көріп жатқанының сырын да осыдан іздеген оң болар. Кешегі кеңес империясының кезінде адамды ой-лау қабілетінен айырып, ұлттық сананы қалың ұйқыда ұстау бір орталыққа бағындырылған елді басқарудың оңай жолы болып келгенін бүгінде кім білмейді. Оған жетудің бір жолы шындықты шыңырауда тұншықтыру екенін де ұқтырудың жөні жоқ. Олай десек, патша үкіметінің ресми газеті болғанына қарамастан, XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы қазақ даласы шындығының айнасы іспетті «Дала уалаятының газеті» бетіндегі қазақ елінің сая-си өмірі, шаруашылығы жайындағы жарияланымдардың халқымызға неге кешіктіріліп ұсынылып отырғаны өзінен-өзі түсінікті болып шықпай ма?

Page 19: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

19

Кітап жайлы сыр шертпес бұрын оның құрастырушы-авторы жайында бір-екі ауыз сөз айтпай кетсек, оны əлеумет кешіре қоймас. Өйткені біз білетін Үшкүлтай апайдың əр кітабын асыға күтіп, оның қолындағы еңбектерін асыл қазынасының қатарынан санайтын жанашыр, тілеулес оқырмандары республикамыздың түкпір-түкпірінде жетіп артылатынын жақсы білеміз. Тіпті, олардың қатары Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ баспасөзі мен басылымдарын зерттеуші шалғай шетелдік ғылымдармен толығып келе жатқанынан да хабарымыз бар. Олардың бірқатары есімін кітаптары арқылы танып-білгенмен, ғалым-ананың тағдыр-талайынан беймəлім екенін жасыра алмаймыз. Бəлкім, бұл əлдекімдерге оңтайлы болып келген де шығар. Өйткені бүкіл саналы өмірін арнап, тірнектеп жиған дүниелерін орта жолда өз қажетіне жарата қоятын дайынға тап «жолы болғыштар» үшін Ү.Сұбханбердинаның есімінің елге елеусіз болғаны қолайлы емес пе? Өйтпесе, сіздің пəлен еңбегіңіздің маған мынадай жəрдемі болды дегенді қағазға түсіруге қимаса да, ауызша алғыс сезімін білдіріп жатса, ала жаздағы еңбегінің жемісін күзде көрген диқаншыдай апайдың да көңілі марқайып, бір жасап қалар еді-ау! Қайдан, əзірге ол болмай тұрған жоқ па? Оны айтасыз, керек кезінде «мынауыңыз халықтың ісі екен, ертеңгі ұрпақтың асыл қазынасына айна-луына қолқабысымызды аянбаспыз» деп уəдені үйіп-төгіп, артынан түк көрмеген кісідей айналып шыға келетіндерді қайтесіз. Əрине, біз көпке кір жағудан аулақпыз.

Үшкүлтай апаймен жақын танысуым осы «Дала уалаяты-ның газетінің» төртінші кітабын даярлау үстінде болған-ды. Рас, бұдан бұрын университетте оқып жүрген кезімізде бір рет арнайы шақырып, «Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ баспасөзі» деген тақырыпта дəріс тыңдағанымыз бар-тын. Бір жүздесуден кісіні толық танып-білуге болмайтыны белгілі. Енді соның орнын толтыруға мүмкіндік туғанына іштей қуанғам да. Əрі осы тақырып мені де қызықтыратындықтан, кітапты əзірлеуге көмек сұрағанда бірден келіскенмін.

Шаң басқан архив тігінділерінен төрт жылғы газет ма-териалдарын іріктеп, құнды дегендерін араб емлесінен ки-

Page 20: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

20

рилл жазуына көшіріп, баспаға əзірлеу сырт көзге ғана оңай секілді болғанмен, шындығында, «инемен құдық қазғандай» ауыр жұмыс екен. Оның сыры архивтегі материалдар тым ескі əрі дұрыс сақталмай көмескі тартып кеткені себепті əрбір сөзді дұрыс оқу көп қиындық туғызатынын бастан өткізген кісі болмаса, өзгелер түсіне бермейді. Кейде бір сөз үшін бірнеше сағат тесіліп отыруға тура келетіні болады. Оған төзімділігі мол, қолға алған ісіне аса жауапкершілікпен қарайтын, аз нəрсемен атақ алуды емес, өмірінің соңында өлмейтұғын мұра қалдыруды көздейтұғын кісі ғана шыдас бере алатыны белгілі. Осыдан-ақ біздің елімізде библиогра-фия саласында еңбектеніп жүрген маман-ғалымдардың не себепті тым аз екенін аңғару қиын соқпаса керек. Апайдың бойынан осы қасиеттермен қоса туған халқына деген ерек-ше сүйіспеншілігін танып, тəнті болғанымыз бар. Оған қолымызға түскен бірнеше қойын дəптерін парақтап оты-рып көзіміз жеткен. Жан баласына айтпай, жеке архивінде атадан қалған тəбəріктей мұқият сақтаған бұл дүниелер кезінде қолды бола қалса, «халық жауы» атанып, қуғын-сүргінге ұшырауына бірден-бір себеп болған болар еді. Бізді таң қалдырғаны, осыны біле-сезе тұрып, нар тəуекелмен бас-ты бəйгеге тіккен қаршадай ғана қазақ қызының ерен ерлігі болды. Сонау 50-жылдардың басындағы дауылды кезеңде (тарихта бұл тұс жеке басқа табыну зұлматының екінші кезеңі ретінде белгілі) Қазан, Мəскеу, əсіресе, Ленинградтағы М.Е.Салтыков-Шедрин атындағы мемлекеттік кітапхана қорларын қопара ақтарып, кезінде аттарын ауызға алудың өзі қорқынышты болған Алашорда өкілдерінің материал-дарын жинап, қағазға түсіріп, оны үйінде сақтауын ессіз ерлік демей, енді не дерсіз?! Əсіресе, Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ зиялыларының қарашаңырағы іспетті «Қазақ» газетінің тұңғыш картотекасын жасап, қолына түскен бірді-жарымды түпнұсқаларды сол кездегі Қазақ КСР Ғылым академиясының Орталық Ғылыми кітапханасына əкеліп та-быстауын қалай бағаласақ та артық болмайтыны анық. Ора-йы келгенде апайдан қырағы көз құзғындар қорыған, жан баласы көрместей құлыптауда ұсталынған бұл дүниелерді

Page 21: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

21

қалай қолға түсіргенін сұрағанымыз бар-тын. Сөйтсек, «кү-зетшілер» алдында айласын асырған екен. Іздеген тақы-рыбын басқаша алып, соның арасында өзіне қажетті бұйым-дарын қойын дəптеріне түсіре берген. Ал ол араб емлесінде жазылғандықтан, бұл жазудан мақұрым кірген-шыққанды қадағалап отырғандардың көзінен таса қалса керек. Қазір ой-лап отырсақ, қазақшалап айтқанда, апайды бір құдай сақтап қалған. Əлде əруақты Алаш азаматтарының рухы қорғап, қолдады ма екен.

Бұған қарап, Үшкүлтай апайдың жолы жеңіл, айы оңынан туыпты деп əсте де ойлауға болмайды. Он жасында қатыгез тағдыр əкеден айырып, жетімдік қасіретін тартқызғаны аз-дай, 1937 жылы жеке басқа табыну зұлматының құрығына іліккен əке соңынан «халық жауының қызы» атандырып, қуғын-сүргінге ұшыратқанын қайтерсіз.

Алайда, бұл жай жас қызды жасытпай, керісінше, жігерін жанып, əке жолын жалғастыруға қамшылағандай болды. Кейіннен оқуын тəмамдағаннан кейін қалған саналы өмі-рінің барлығын кезінде əкесінің қолынан көрген қазақтың алғашқы басылымдарын іздеп-тауып, туған халқына қайтару жолына арнауы осы жайдан сыр шертсе керек.

Еңбегі жеміссіз де болмады. Ғылыми-зерттеу мақалала-рын ауызға алмағанда, «Айқап» бетіндегі мақалалар мен хат харарлар (1961), «Қазақтың төңкерістен бұрынғы мерзімді баспасөзіндегі материалдар» (1963), «Қазақ кітаптары» (1986), «Дала уалаятының газеті»: əдеби нұсқалар (1 т. – 1989, 2 т. – 1991, 3 т. – 1992), «Ғашықнаме» сынды кітаптары халқымыздың рухани қазынасына айналды. Бұлардан бө-лек, өз алдына бір төбе дерлік дүниесі – «Бүркеншік аттар көрсеткіші» ұзақ жатып барып, өткен жылы жарық көргені баршамызға мағлұм. Бұл еңбек кезінде атын жазуды айта-сыз, атауға тыйым салынған қазақтың біртуар ұлдарының жасырын есімдері жөнінен сыр шертетінін оқырман қа-уым жақсы біледі. Ол да ұзақ жылғы ізденістің, зерделі зерттеудің нəтижесі екеніне ешкім күмəн келтірмесе ке-рек. Мұны аз көрсеңіз, апайдың тікелей жетекшілігімен əрі қанатымен су сепкен қарлығаштай шырылдап талай есік-

Page 22: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

22

тің табалдырығын тоздыруымен, рухани қазынамызда орны үңірейіп тұрған асыл мұраларымыз «Айқап» журна-лы мен «Қазақ» газеті беттеріндегі құнды материалдар жи-нағы басылымға əзірленіп жатқанын құлаққағыс етсек те, апайдың ерен еңбегі айқындала түседі. Осы арада осының барлығы не үшін жəне кім үшін керек деген заңды сауал туа-ды. Атақ-абырой, ел алдында арзан бедел алу үшін десеңіз əбден қателесесіз. Өйткені мұның біріне де апай қызыққан емес. Рас, 1964 жылы Қазақ КСР Ғылым Академиясының тіл білімі институты мен М.О.Əуезов атындағы əдебиет жəне өнер институтының біріккен Ғылым кеңесінде Қа-зақ КСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Е.С.Ысмайыловтың жетекшілігімен «Қазақтың революция-дан бұрынғы мерзімді баспасөзі жəне көркем əдебиет» деген тақырыпты кандидаттық диссертация қорғағаны бар. Онда да жас талапкерлерді адаспай танып, қолтығынан демеп, жол көрсетіп жүретін Əлкей сынды əз-ағаның қамшылауы себеп болған еді. Əрі ол кісіні қатты сыйлайтындықтан жалтара алмаған. Енді ойлап отырса, ұлылардың ұлылығын таныта-тын бұл да бір қасиет екен ғой. Əйтпесе, сол жолы Əлкей Хақанұлы жас қыздың атақ алуынан бұрын сол арқылы халықтың ауызға алынбай жүрген мол қазынасының елге таныла бергенін қалаған болар, сірə. Оны енді біліп жүр. Ол кезде бұл туралы сөз қозғау мүлде мүмкін емес екенін алдыңғы буын ағалар мен апалар ұмыта қоймаған шығар.

Міне, басты бəйгеге тігіп, көз майын тауыса ұзақ жыл-дар еткен еңбегінің өтеуі. Басқа біреу болса, осыншама тер төктім, қаншама кітабым жарық көрді деп еңбегін пұлдап, атақ қалдырмай алып алушы еді. Ал апай үшін мұндай қы-лық мүлде жат. Халықтан асқан төреші жоқ, кімнің кім екенін уақыт анықтап береді, менің онда не шаруам бар деп түйіп, алаңдамай жұмысын жалғастырып келеді. Тіпті, кейде «мынауыңыз ақымақтық қой» деп аздырушылар да кездесіп қалады. Əсіресе, бүгінгідей нарық заманында «бір тиын пай-да келтірмейтін» істен алыс жүретіндер үшін мұнысы есінен адасқандық секілді көрінетін болса керек, олардың қатары көбейіп келеді. Олар пайда тұрмақ, кей кітаптарын шығару

Page 23: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

үшін қалтасынан қаржы шығарып жүргенін, əрине, білмей-ді. Ал мұны құлақтары шала қалса, тағы қандай сөз айтаты-нын кім білсін. Сөйтсе де, мұнысы рас. Үшкүлтай апайдың бар кітабы «Ғылым» баспасынан жарық көріп жатқанын оқырманы жақсы біледі. Ал бұл баспада қаламақы тақыл-тұқыл, қаражат жетіспей жататыны бесенеден белгілі. Де-мек, кітап шығарып, күреп табыс тауып жатпағаны өз-өзінен түсінікті. Осы орайда, осының барлығы неге керек деген сауалға жауап іздеген болып едік. Сөйтсек, атадан қалған асыл мұрадан сусындаған ұрпақ өсіріп, халқымыздың руха-ни байлығын арттыра беру үшін қажет екен. Оның тиынмен емес, термен келетіні белгілі.

Қолымызға тиген жаңа басылым, «Дала уалаятының га-зеті» атты 4-кітап, міне, сондай ұзақ жылғы еңбекпен, термен келген дүние. Оның беттеріндегі осы күнге дейін көбімізге беймəлім болып келген дүниелер тарихымызды ақтаңдақтан арылтып, егемен еліміздің іргесін түзеп, мəдениетіміз бен ғылымыздың дамуына қосар үлесі теңдессіз десек, артық ба-ғалағандық болмайды. Оған еңбекті қолына алып, онымен жақынырақ танысқан оқырман оңай көз жеткізеді.

«Еңбегіне қарай зейнеті» дейді халық даналығы. Жұрты-мыздың жоғын жоқтап, жыртығын жамап, жолы жіңішке болса да атанжілік азаматтарымыздың орнын жоқтатпай жүрген апайдың еңбегін ескеретін күн жаңа туған секілді. Мұны осыған дейін орталықтың кінəсінен көріп келсек, енді таяқтың бір басы өзімізге тиетін кез келді. Еңбегіне лайық құрмет көрсетіп, халық қадірлілерін асқақтатып алақанда ұстау өркениетті елге тəн қасиет болса керек. Ел болуды ойласақ, мұны да есте ұстаған артық болмас.

«Қазақ» газеті,

1994 жылдың тамызы.

Page 24: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

24

«АЙҚАП» ОЙЛАРЫҢДА БАР МА?»

Осы атпен 1915 жылы «Қазақ» газетінде жарық көрген қазақ мəдениеті мен əдебиетінің көрнекті өкілі Бейімбет Майлиннің мақаласын арқау етіп, əңгіме бастауымыздың өзіндік себебі бар. Алаш ардақтысы аталған еңбегінде ұлт зиялылары назарын «Айқап» журналына аудару мақсатын тұтса, жүз жыл өткеннен кейін де оның өзектілігін жойма-ғанына көз жеткізгіміз келеді.

Биылғы жылдың қаңтар айында «Айқап» журналының шыққанына 100 жыл толғанын екінің бірі біле бермейді. Соның салдары болса керек, оны атап өтіп жатқан ел көрінбейді. Рас, Астанадағы «Аманат» пікірсайыс клубы даталы күнге орай «Қазақ баспасөзі: кешегісі мен бүгіні» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырғанын айтуға тиістіміз. Аталған шара туралы ақпарат жариялаған республикалық «Айқын» газеті 2011 жылдың 8-қаңтар күнгі санында: «Айқап» жур-налына – 100 жыл! Мұны «Аманаттан» басқа кім ескеріп жатыр?» – деп мəселе көтерді. Бірақ оған үн қатқан бірде-бір қазақ зиялысын байқамадық. Соны ескеріп, кезінде Бейімбеттей ұлт жанашыры жоғары бағалаған басылымның мерейтойы елеусіз қалар ма екен деген қауіпті сейілту үшін қолымызға қалам алып, еліміздегі маңдайалды жоғары оқу орындарының бірі саналатын Л.Н.Гумилев атындағы Еура-зия ұлттық университетінің журналистика жəне саясаттану факультеті алдағы сəуір айының 15-жұлдызында «Айқап» журналы мен «Қазақстан» газетінің 100 жылдық мерейтой-ларына орай «Мерзімді баспасөз: адамзаттық құндылықтар мен елдік мүдде мəселелері» атты тақырыпта ғылыми-тео-риялық жəне тəжірибелік конференция өткізуді ұйғардық.

«Елу жылда – ел жаңа, жүз жылда – қазан» дейді қазақ даналығы. Мұның философиясы, меніңше, мынада. Елу жыл-да ұрпақ жаңарады. Жүз жылда сол жаңарған ұрпақ-тың төккен тер, еткен еңбегі өз жемісін береді. Осыдан жүз жыл бұрын жарық көрген «Айқап» журналы тігінділерін қайыра парақтап, жарияланымдарына көз сүзгенде түйген ой осы.

Page 25: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

25

Қош. Енді əңгімені «Айқап» журналының аты неге со-лай аталғанына қарай бұрайық. Бұл туралы басылымды шы-ғарушылар мен тұрақты авторларынан артық ешкім айта ал-масы анық. Сондықтан сөз кезегін соларға берелік.

Басылымның «Айқап» аталуының себебі мен алдына қойған мақсаты туралы журналдың 1911 жылғы 11-санында мынадай түсінік беріледі: «Айқап» деген сөз – қазақтың төл сөзі, ол ғасырлар бойы мəдениеттен, білімнен кенже қалған бүкіл қазақ халқының өкініші ретінде алынды. «Ай, қап!» деп санымызды соқтық, енді ел қатарына қосылайық деген үнді білдіреді».

Осы ойды журналдың тұрақты авторларының бірі Бақыт-жан Меңдібеков «Газеталарымыз туралы» атты мақаласын-да (1912, №6) бүй деп шегелейді: «Ай, қап! Əттеген-ай, іс өтіп кеткен екен ғой, біз ұйықтап жатқанда, басқалар соққан желден, аққан судан пайдаланып жатқанда, біздің мұндай халде болуымыз жарамас деп, өткен іске өкініп қойған есім боларға керек».

Ал Халиолла Ғабдолжалилов деген автор журналдың 1911 жылғы 2-санында жарияланған «Айқап мағыналары» деген мақаласында «Айқап» этнонимінің үш түрлі мағынасына тоқталады: «Ай-қап – болмай қалған іске өкіну жəне қараңғы түнді жарық еткен ай жəне оның қабы (сауыты), халықты айқап-шайқап аралау».

Бұл жөнінде журнал жарияланымдарын араб (төте) жа-зуынан кəдімгі қазіргі жазуымызға аударып, жинақ етіп құрастырған белгілі библиограф-ғалым Ү.Сұбханбердина (марқұмның жаны жұмақта шалқысын) аталған жинақтың «Қазақ баспасөзі тарихынан» атты алғысөзінде: «Соңғы екі ұғым Ғабдолжалиловтың ой-қиялының жүйріктігінен туған дүние болса керек, бірақ нақтылы шындыққа жа-наспайды. «Айқап» деген ұғымның мəніне тұңғыш рет көңіл бөліп, тұжырымды ой түйген журналдың редакторы М.Сералин», – деген пікір білдіріп, «Айқаптың» тұңғыш са-нында жарияланған бас мақаладан мынадай үзінді келтіреді: «Біздің қазақтың «əй, қап!» демейтұғын қай ісі бар? Газет шығармақшы болдық, қолымыздан келмеді. Пұлы барла-

Page 26: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

26

рымыз ынтымақтаса алмадық. Пұлы жоқтарымыз ынтымақ-тассақ та, ақшасыз істің жөні табылмады. «Қап, пұлдың жоқ-тығы, қолдың қысқалығы-ай» дедік. Жақсы жерлерімізді қолда сақтау үшін қала салмақ болдық. Басымыз қосылмады. Қолайлы жерлер қолдан кетті. «Қап, ынтымақсыздығымыз-ай» дедік. Болыс, би, ауылнай боламыз деп таластық, қыры-лыстық. Жеңілгеніміз жеңген жағымызға: «ендігі сайлау-да көреміз, қап, бəлем-ай!» дедік. Осындай біздің қазақтың неше жерде «қап» дегізген қапияда өткен істеріміз көп бол-ған соң журналымыз да өкінішімізге лайық «Айқап» болды».

Осы жерде аты туралы толық мағлұмат алған журналдың «заты қандай болды екен?» деген заңды сұрақ туындайды. Енді соған жауап іздеп көрелік.

«Айқап» – 1911 жылдың қаңтарынан бастап 1915 жылдың қыркүйек айына дейін, алдында айына бір мəрте, 1912 жыл-дан айына екі рет үзбей шығып тұрған тұңғыш қазақ журна-лы. Троицк қаласындағы «Энергия» баспаханасында басы-лып, байтақ қазақ даласына кең тараған басылымның бас ре-дакторы да, шығарушысы да – алты Алашқа аты мəлім жазу-шы һəм журналист, көрнекті көсемсөз шебері Мұхаметжан Сералин. Бұл жөнінде Санкт-Петербург қаласындағы Орта-лық мемелекеттік тарих мұрағатында төмендегідей дерек сақталғанын Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ баспасөзі тари-хының бас зерттеушісі Ү.Сұбханбердина алғаш жалпақ елге жария етеді: «1910 жылы 18-январьда берілген куəлік бо-йынша Орынбор губерниясының Троицк қаласында шыға-тын қазақ журналына Қостанай облысы, Шұбар болысы, №5 ауылының қазағы М.Сералинге редакторлық етуге жəне шығарушы болуға рұқсат берілді». Журналдың алғашқы са-нында жарық көрген беташар мақала соңында «басқарушы, бастырушы М.Сералин» деп қол қойылуының сыры да сон-да. Осы жарияланымда көсемсөзші басылымның шығу та-рихымен көзіқарақты оқырманды қысқа да нұсқа танысты-рады: «Құрметті оқушылар! Алдыңызға үшбу журналымды саламын, кішкене екен деп қоңыраймаңыздар! Газет һəм журнал халық үшін екендігіне шəк айту жоқ. Халықтың қай дəрежеде алға кеткендігі халық арасында таралған га-

Page 27: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

27

зет-журнал һəм кітаптардан білінеді. Заман ғылым заманы болған соң əрбір жұрт қатарынан кейін қалмас үшін ақша аямай кітап-газет һəм журнал бастырып, халыққа тара-тудың ыждақатында», – деп бір қайырып, одан əрі қазақ баспасөзі тарихынан көпті хабардар қылады. 1907 жылы ІІ Мемлекеттік Думаның жиынымен Шаһмəрдан Қосшығұлов «Серке» газетін шығарғанын, бірақ ұзаққа бармай, үкімет тарапынан тоқтатылғанын, сол жылы Троицкіде Есмағамбет Айманбаев «Киргизская газета» атты орысша-қазақша бір газет шығарып, оның да бір саны жарық көргеннен кейін жабылып қалғанын өкінішпен баяндайды. Сөйтеді де қазақ намысын қайрайды: «Мен тағы талап етіп, осы кішкене жур-налды шығармақ үшін халқыма жармастым. Жұртқа атақ шығарып, білім сату үшін емес, бəлки дəулет иесі ағалар мұны көрген соң ойға қалмас па екен деген ниетпен. Қолда пұл жоқ. Жұрт болып жұртшылық етпесе, əлбетте, бұл жур-нал да қазақтың дүниеге шығара алмаған ісінің бесіншісі бо-лар да қалар. Қазіргі үміт халықта».

«Айқаптың» бес жылға таяу уақыт үзбей жарық көргеніне қарап Алаш ардақтысының үміті ақталғанын аңғару қиын емес. Əрине, Ресей патша үкіметінің қатаң бақылауын қалт-қысыз қамтамасыз еткен цензураның қатал қыспағы астын-да журналды ай құрғатпай осыншама мерзім шығарып тұру оңайға түспегені түсінікті. Оған бір ғана дерекпен көз жеткізуге болады. Жоғарыда тілге тиек еткен «Қазақ баспасөзі тарихынан» атты еңбегінде Ү.Сұбханбердина Орынбор губернаторының Ішкі істер министрлігіне 1911 жылғы 3-қыркүйекте жолдаған мəліметін алғаш ғылыми айналымға енгізеді. Онда «Айқаптың» 1911 жылғы 6-са-нында жарық көрген корреспонденция үшін журналдың редакторы М.Сералинге 100 рубль айыппұл немесе бір ай абақты кесілгендігі баяндалады. Əлгі «кінə» тағылған жа-рияланым қызығушылығымызды арттырып, онымен таныс-қанымызда, бар болғаны, «Оян, қазақ» кітабы үшін Міржа-қып Дулатовтың 1911 жылдың 2-маусымында Семей қала-сында түрмеге қамалғандығы жалпақ жұртқа жария етілген екен. Сонымен бірге Алаш арысының қолындағы татар,

Page 28: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

28

қазақ газет-журналдарын, ұлтымыздың ақын, жазушылары Абай Құнанбаевтың, Ахмет Байтұрсыновтың, Ғұмар Қара-шевтың кітаптарын жандармның алып кеткені туралы де-ректер патша шенеуніктеріне ұнамай қалғанын байқадық.

Мұндай тырнақ астынан кір іздеу, патшалық билік тара-пынан журнал жұмысына түрлі кедергілер келтіру басылым тарихында көптеп ұшырасқанына кəрі тарих куə.

«Кез келдің заманында журнал «Айқап»,Білгендей шөлдегенін жұрттың байқап.Жасаған ұзағынан сүйіндіріп,Кетсе екен Еділ, Жайық – бəрін шайқап», –

деп журналмен алғаш қауышқандағы жүрекжарды қуаны-шын «Айқаптың» 5-санында өлеңмен жеткізген Б.Құсайынов ақынның шаттығы бар оқырманына ортақ екені күмəн туғыз-байды. Ол қуаныштың себебі де түсінікті. Оны журналдың тұрақты авторларының бірі М.Мақұловтың:

«Қуандым журналыңды білгеннен соң,Майданда шабысыңды көргеннен соң.Дертім бар, дəрменім жоқ, мен бір ғаріп,Сөз қостым көңіл танып тұрғаннан соң», –

деген жыр жолдарынан дөп басып тануға болады. «Дертім бар, дəрменім жоқ, мен бір ғаріп» – сол заманда отарлық езгі-ден мерт болуға шақ тұрған қазақ күйі. Осындай қысылтаяң кезеңде санасы сансыраған, адасқан елге ой салып, бағыт-бағдар беруді міндетіне алған басылым – «Айқаптың» құтты қадамы қалың қазақты қуандырмай қоймайды.

Журналдың аз уақыттың ішінде оқырман жүрегін жаулап алуына тұрақты авторлар құрамының биік парасат, ұшқыр ой, жүйрік қалам, жанкешті еңбектері ықпалын тигізгені та-лас тудырмайды. Бұл ретте əуелі əр кезде журналдың хатшы-сы қызметін абыроймен атқарған Сұлтанмахмұт Торайғыров пен Əкірам Ғалымовтың ерен еңбектерін айрықша атап өткен лəзім. Солармен қатар журналдың тұрақты авторла-

Page 29: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

29

ры: Ə.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Көпеев, Б.Қаратаев, Ғ.Қарашев, Ш.Құдайбердиев, М.Жұмабаев, Б.Майлин, Ж.Сейдалин, Б.Сырттанов, С.Сейфуллин, т.б. Алаш арыстарының «Айқапта» жарияланған құнды мұралары тақырып ауқымдылығымен, ұтқыр ой, тартымды тіл, ұшқыр қиял, құнды деректерімен көңіл төрінен орын иемденеді. Осыдан-ақ «Айқаптың» ұлттық журналистика тарихында ғана емес, қазақ қоғамы дамуындағы, мəдениеті мен əде-биеті, жалпы руханиятындағы орны айшықты екені анық та-нылады.

Осы жерде айрықша атап өтуді тіленіп тұрған «Айқап-тың» қазақ журналистикасына қосқан тағы бір жаңалығы бар. Журнал басшылығы ұлт баспасөзі тарихында тұңғыш рет қазақ қыздарын тілшілік қызметке тартады. Басылым-да тырнақалды туындылары жарық көрген Сақыпжамал Тілеубайқызы, Мəриям Сейдалинова, Күлəйім Өтегенқы-зы – қазақ қыздары арасынан шыққан алғашқы журналистер. Олардың есімдерін ұлықтап, ел журналистикасына жаңалық енгізген ерен еңбектерін бағалау – уақыт еншісіндегі мəселе. Бір ауыз сөзге сыйдырып айтсақ, бүгінде еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарында халыққа қалтқысыз қызмет етіп жүр-ген қазақ қыздары сарбаздары мен сардарларының бастауы «Айқаптан» арна тартады.

Қаймана қазаққа қатысты «Айқап» көтермеген мəселе кемде-кем. Журналдың тақырып ауқымы өте кең. Профессор Б.Кенжебаев «Қазақ баспасөзінің тарихынан мəліметтер» атты еңбегінде журнал материалдарын мазмұнына қарай мынадай бөлімдерге бөлген:

«1. Саяси-əлеуметтік мақалалар; 2. Əдеби шығармалар, əдебиет мəселелері;3. Қазақ арасындағы оқу-ағарту ісінің жай-күйі жəне

маңызды мəселелер;4. Ана тілі, əліппе, емле мəселелері;5. Қазақ əйелдерінің жайы, бостандық, теңдік мəселесі;6. Дəрігерлік, агротехникалық кеңестер, ғылым табыстары;7. Ішкі-сыртқы хабарлар;8. Тілші хаттары, жауап хаттар».

Page 30: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

30

Қазақ баспасөзі тарихын, əсіресе, Қазан төңкерісіне де-йінгі кезеңін зерттеуге ерен еңбек сіңірген ұлағатты ұстаз, ғибраты мол ғалымның аталған кітабы 1956 жылы жарық көргенін ескерсек, оның бағасы еселеп арта түседі. Өйткені, ұлттық мұраға қырғи-қабақ танытқан отаршыл саясаттың өктемдігі артып тұрған уақытта жеке басына қауіп төнерін біле тұра, саналы түрде тарихи тақырыпқа қалам тарту ерлікпен пара-пар іс екенін бүгінгі жас біле бермейді. Со-нымен бірге саясат салқыны салдарынан ғалым еңбегінде лажсыздықтан біраз шындықтың шымылдығы түрусіз қал-ғанын айтуға тиістіміз. Айталық, «Айқап» журналы мате-риалдарының мазмұн жіктелісін бүгінде мынадай тақырып-тармен толықтыру талабы туындайды:

1. Отарлық езгіге қарсы күрес тақырыбы; 2. Ұлт азаттығы мəселесі;3. Қазақ жерін ішкі Ресейден қоныс аударушылардан

сақтап қалу жолдары;4. Ұлттық сананы ояту мəселесі; 5. Ұлт тілін, діні мен ділін қорғау, көркейту мəселелері.Журнал материалдарымен терең танысу барысында түй-

ген бұл тұжырымдарымыздың шындығына «Айқап» жария-ланымдарын оқыған əрбір жан көз жеткізе алады.

Бірер мысал келтірейік. Журналдың редакторы М.Сера-лин былай деп жазады: «Қазақ осы күнде қалың орманға кі-ріп адасқан адам секілді. Қалай жүрсе жөн боларын білмей дағдарған кезі. Олай-былай жүріп еді, жол табылмады. Енді тоқтап, тың тыңдап, қайдан қандай дыбыс шығар деп құлағын салып тұрған кезінде əркім шама-қадірінше, адасқанына айғайлап дыбыс беретін сықылды. Үнін шығарып, ойын айтуға міндетті».1 Бұдан отарлау саясаты шарықтау шегіне жетіп тұрған кезде бес жыл бойына үзбей шыққан жалғыз журнал «Айқаптың» тарыққан елге, адасқан қазаққа жол басшы, бағыт-бағдар беруші болғанын байқау қиын емес. «Айқаптың» 1911 жылғы 5-санында жарық көрген «Біздің қазақ баласына не қылса да басқа жұрттарға теңелу хақында

1 «Айқап». – Алматы: Қазақ энциклопедиясы Бас редакциясы, 1995, 31 б.

Page 31: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

31

біраз кеңес» деген мақалада, аты айтып тұрғандай, ХХ ғасыр басындағы қазақтың ең көкейтесті мəселесі – теңдікке қол жеткізу арманы дараланып, айшықталады да, соның жолда-ры сараланады.

1913-1918 жылдары Орынборда шыққан «Қазақ» газе-тінің зерттеушісі жəне апталық жарияланымдарының энци-клопедиялық жинағын құрастырушылардың бірі болған-дықтан, мына мəселеге оқырман назарын аудартуға тиісті-мін. Кезінде Бейімбет Майлин: «Қазақ» көзіміздің қара-сы болғанда, «Айқап» ағы емес пе еді», – деп жоғары бағалаған қос басылымды бір-біріне қарсы қойып, ұпай тү-гендеушілерге жол беруге болмайды.

Мақаламызды Бейімбет Майлиннің «Айқап» ойларыңда бар ма?» деген жанашыр пікірімен бастап едік. Енді сол сөзбен ойымызды қорытындылағанды жөн көріп отыр-мыз. Алаш арысы «Айқап» журналын мегзеп айтса да, ар жағынан «өткізіп алып, қап-ай деп сан соғуды қазақ қойдың ба?» дегенді ымдап тұрғандай көрінеді.

Осы орайда, «Айқапта» көтерілген мəселелердің бүгінгі таңда да өзектілігін, яғни журнал материалдарының өмір-+шеңдігін айтпау қиянат болар еді. Айталық, журналдың 1913 жылғы 15-нөмірінде жарық көрген «Қазақтың қазіргі халі» атты мақалада Бейімбет Майлин көтерген мəселе – қазір де көкейтесті. Алаш арысы қазақ тіршілігіндегі əдет-ғұрыптың кемшілік, кері кеткен жақтарын сынап-мінеп, олардың білім-сіздіктен, кəсіпсіздіктен туатынына тоқталады. Қазақтың қыз ұзату тойында, өлімге ас беріп, еске алуда үлкен шы-ғынға бататынын айыптап, оның орнына халықты пайдалы іске, оқу-ағарту жұмысын дұрыс жолға қоюға, мектеп-мед-ресе салуға, газет-журнал, кітап алдырып оқуға қаражат шығаруға шақырады.

Қазақты қап-ай деп өкінуден арылту мақсатын көздеп «Айқапты» шығарған М.Сералиннің мына пікірі де көңіл төрінен орын иемденеді, көкейтестілігімен құнды: «Біздің ілгергі-келешек күніміз де, бұл дүниеде күн көріп, жұрт қатарлы тұруымыз да жалғыз-ақ нəрсеге тіреледі. Ол – оқу. Мұнан былайғы заманда оқып, өнер білмесек, өнерлі халыққа

Page 32: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

32

жалшы болудан басқа бізге ешбір де орын қалмайды. Біз жұртшылық болып оқушы-талапкерге жəрдем бермесек, оқығандарымыз көбейе алмайды». Дəл бүгінгі күннің өзекті мəселесін көтеріп тұрғандай əсерге бөлейді. Қазіргі жастар мен сауданы кəсіп еткен, тек баюды ғана мақсат тұтқан бай-манап, бизнес өкілдеріне ой салса игі.

Мұндай құнды ойларды «Айқаптың» əр нөмірінен мо-лынан ұшыратарыңызға бəс тігеміз. Ендеше, журнал жа-рияланымдарын ұлттық құнды мұрамызға айналдырып, қажетімізге жаратудан жаңылмайық.

«Егемен Қазақстан» газеті,

2011 жылдың 12-сəуірі.

«ҚАЗАҚСТАН» ГАЗЕТІН ТІРІЛТКЕН ҚҰНДЫ ЖИНАҚ

ХХ ғасырдың басында қазақ зиялылары ұлт сөзін сөй-лейтін тəуелсіз басылым шығаруға бірнеше мəрте талаптан-ды. 1907 жылы шыққан «Серке», «Қазақ» газеттері бірер санынан кейін тоқтап қалса да, осы үлкен ниеттің, таудай талаптың тамшыдай нəтижесі еді. Күллі қазақ даласына: «Газет – халықтың көзі, құлағы һəм тілі» деп ұрандап, ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынұлы 1913 жылы «Қазақ» газетін шығарғанша, кең-байтақ қазақ сахарасында жаршының рөлін атқарған – «Айқап» журналы мен «Қазақстан» газеті.

1911-1913 жылдар аралығында əуелі Бөкей ордасында, кейіннен Орал қаласында шығып тұрған қазақтың тұңғыш басылымдарының бірі «Қазақстан» – екі жарым жылдай уақыт барынша жүйелі шығып тұрған, мерзімді басылым ретінде толық қалыптасқан алғашқы қазақ газеті.

Біздің ойымызша, «Қазақстан» газетінің ерекше тоқталып айтатұғын бірнеше ерекшелігі бар.

Біріншіден, газеттің атауы «Қазақстан» болуы – басылым-ды шығарушылардың қазақ халқын дербес ел, ерікті мем-лекет ретінде қалыптастыруды мақсат тұтқанын көрсетеді.

Page 33: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

33

Патшалы Ресейдің отарлық езгісінде тұншыққан, «қазақ» деген өз атауы айтылмай, «киргиз, киргиз-кайсак» деп бұр-маланған ұлттың озық ойлы азаматтары осыдан жүз жыл бұрын «Қазақстан» деген атауды тарих сахнасына алғаш рет батыл шығарып, ресми жария етті. Алаш арыстарының ар-маны арада тура 80 жыл өткенде жүзеге асты. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің сессиясын-да өз тəуелсіздігін жариялаған қазақ мемлекетінің атауы «Қазақстан Республикасы» болып бекітілді.

Екіншіден, «Қазақстан» газеті сол кезеңдегі өте прогрес-сивті идеяларды көтерген, халыққа өнер-білім жолын ұсын-ған, отырықшылыққа шақырған, нақты кəсіби кеңес берген озық ойлы басылым болды. Газет мақалаларында көтерілген мəселелердің арада бір ғасыр өткенде де өте өзекті екендігі анық көрінеді.

Үшіншіден, «Қазақстан» газеті бір ғана бөкейліктің не-месе Қазақстанның батыс өңірінің мəселелерімен шектел-мей, күллі қазақ жұртының түйткілді түйіндерін тап басып танып, тұтас қазаққа ортақ жəйттерді көтерді. Газет редак-циясына хат жазған авторлардың əр өңірден болуы, басы-лымды қаржылай қолдаған демеушілердің де əр қиырдан шығуы «Қазақстан» газетінің сол кездегі қазақ жұртының ортақ басылымы болғанын көрсетеді.

Төртіншіден, «Қазақстан» газетінің бастауында тұрған Ғұмар Қараш, Елеусін Бұйрин, Шəңгерей Бөкеев, Бақытжан Қаратаев, Сейітқали Меңдешов, Ғабдолғазиз Мұсағалиев, т.б. Алаш арыстары – күллі қазақ мойындаған ағартушы тұл-ғалар. Олардың «Қазақстан» газетін шығарудағы қажыр-қайратынан бөлек ұлты үшін еткен еңбегі де жетерлік.

Əрине, қазақ баспасөзінің бастау-бұлағында тұрған ал-ғашқы басылымдар туралы зерттеулер баршылық. Соның ішінде осы басылымдарда жарияланған мақалаларды топ-тап, жинақ етіп шығару да қолға алына бастағаны құптарлық іс. Соңғы жылдары Алаш баспасөзінің жарияланымдарын жинақ етіп шығару жүйелі қолға алынуда. Бұл іске, əсіресе, астаналық ғалымдармен бірге өңірлердегі зерттеушілер атсалыса бастағаны қуантады. Мысалы, Оңтүстік Қазақ-

Page 34: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

34

стан облысындағы Саяси қуғын-сүргін құрбандары мұра-жайының директоры Ханбибі Есенқарақызы апамыздың мұрындық болуымен «Ақжол» газеті мен «Таңшолпан» журналының материалдары бірнеше том болып жарық көрді. Орал қаласындағы бір топ азаматтың құрастыруымен қолдарыңызға тиіп отырған «Қазақстан» жинағы да қазақ баспасөзінің тарихын зерттеушілерге, жалпы көпшілікке ерекше құнды еңбек болары талас туғызбайды.

Бұл жинақтың бірнеше ерекшелігі бар: Біріншіден, жинақта «Қазақстан» газетінің Ресей мұра-

ғаттарында сақталған он алты санының ксерокөшірмесі түгел берілген. Бұл – сол кездегі «Қазақстан» газетінің толық көрінісін, құрылымын, сипатын көз алдымызға əкеледі. Зерт-теушілерге де алысқа ұзамай, өз үйінде отырып-ақ түпнұсқа газет тігіндісімен танысуға мүмкіндік береді. Айта кету ке-рек, осы кезге дейін шыққан жинақтарда мақала мəтіндері аударылып қана берілетін.

Бұл жинақтың тағы бір құндылығы – кітапта «Қазақстан» газетін шығарушылар туралы да барынша мəлімет берілген. Сонымен бірге, осы кезге дейін «Қазақстан» газеті туралы жазылған азды-көпті зерттеу еңбектердің біразы осы жинақ-қа топтастырылған.

Түйіндеп айтқанда, осыншалық құнды жинақты құрас-тырған азаматтардың еңбегі жоғары бағалауға əбден лайық.

ҚАЙТА ТІРІЛГЕН «ҚАЗАҚ»

Араға жетпіс жыл салып «Қазақ» газеті халқымен қайта қауышты. Омбы атқару комитетінің Орынбор кеңесіне бер-ген нұсқауы бойынша 1918 жылдың қыркүйегінде тосыннан тоқтатылған басылымның кезекті 266-нөмірі өзінің шыға бастағанына 80 жылдық мерейтойына орай жалғаса жарық көріп отыр. Бұл тек газет оқырмандарының ғана емес, иісі қазақ жұртының, қала берді алты Алаштың ортақ тойы, мерекесі десек қателеспейміз. Өйткені, осыдан ғасырға жуық уақыт бұрын қалың ұйқыда жатқан қазақ даласын,

Page 35: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

35

ұлы Мұхаң, Мұхтар Əуезов сөзімен айтқанда, «маса болып шағып, өлі денесіне қан жүгірте» дүниеге келген «Қазақтың» қайта тірілуін қазақтың қай баласы қуанбай қарсы алсын?! Оның үстіне, оған халқымыздың ғасырлар бойы аңсай күткен тəуелсіздік тізгінінің өз қолымызға іліккен күні қол жеткізіп отырғанымыз қуанышымызды еселей түсері де заңды.

Өкінішке қарай, ұзақ уақыт бойы түрлі айыптаулар-мен архив «зынданында» шынжырлап ұсталып, халқынан қол үзіп қалған «Қазақты» көпшілік оқырманның біле бер-месі ғажап емес. Мұның өзі кешегі империялық аурудан айықпаған, тоталитарлық жүйенің қазақ халқына тигізіп кеткен көп залалының бірі десек, ешкім дау туғыза қоймас. Сөйтсе де, ақиқат хақтығын істейтінін тарих тағы дəлелдеді. Қаншама күйе жағылып, қараланғанына қарамастан, «Қазақ» халқының алдында ақ күйінде қалды.

Алдымен, басылымды таныстырып кеткеннің артықтығы болмас. «Қазақ» – қоғамдық-саяси жəне əдеби газет. 1913 жыл-дың ақпан айынан 1918 қыркүйегіне дейін аптасына бір мəрте, 1915 жылы жұмасына екі рет Орынбор қаласында үзбей шығып тұрған. Кей жылдары 8 мың данаға дейін көбейтіліп, басылып шыққан басылымның таралым айма-ғы да кең. Газет материалдарына жүгінсек, əрісі Түркия-дан, берісі Санкт-Петербург, Мəскеу, Уфа, Ташкент қалала-рынан, сонымен қоса, қазақ даласының барлық облыстары-нан тұрақты жаздырып алушылар болған. Бір ғажабы, сол кездің өзінде басылым жер-жерде тілшілерін ұстаған.

Басылым басшылары туралы сөз қозғағанда алдымен ауызға халқымыздың біртуар ұлдарының бірі – Ахмет Байтұрсыновтың есімі ілігетіні айтпаса да түсінікті. Ол заңды да. «Қазақ» газетінің сүтін еміп өскен бір буын осы күнде пікір-білім жолында бұғанасы бекіп, іс майданы-на шығып отырса, кейінгі жас буын Ахаң салған өрнекті біліп, Ахаң ашқан мектепті оқып шыққалы табалдырығын жаңа аттап, ішіне жаңа кіріп жатыр», – деп заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Əуезов жоғары бағалағанындай, Ахаңның газеттің аяғынан тік тұрып, жұрт қызметіне жара-уына қосқан үлесін ешкім жоққа шығара алмайды.

Page 36: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

36

Осы орайда, басылымның басқармасында Ахаңмен қа-наттаса қызмет еткен тағы кімдер болды деген заңды са-уал туады. Оған дерекке жүгіне жауап беруге тиіспіз. Қазіргі Санкт-Петербург қаласындағы Орталық мемлекеттік архив қорында (қор №776, 21-тікпе, мəлімет ғалым-библиограф Ү.Х.Сұбханбердіқызының архивінен алынды) Ішкі Істер ми-нистрлігінің рұқсат қағазы сақталған. Құжаттың рухы мен сипатын толық сақтау үшін аудармай, сол қалпында бергенді жөн көреміз. «Согласно циркулярному распоряжению от 9 декабря 1905 года за №14508 уведомляю Главное Управле-ние, что мною одновременно с этим разрешаю киргизию №8 аула Кызылжингильской волости Тургайской области Мус-тафе Ахметовичу Уразаеву под ответственным в полном объеме, редакторством киргиза №5 аула Тусульской волос-ти Тургайского уезда Ахмета Байтурсынова в г.Оренбурге еженедельную газету на киргизском языке, под названием «Казах» (Киргиз)».

Осындағы екінші кісінің аты танымал болса да, алғашқы-сының есімі қалың оқырманға осы күнге дейін белгісіз бо-лып келеді. Газеттің бірінші нөмірінен бастап «бас жазу-шы» – А.Байтұрсынов, «бастырушысы» – М.Оразаев деп қол қойылып, атап көрсетіліп отырғандығына қарамастан, зерттеушілердің оған мəн бермей өте шығып жүргендері көңіл қынжылтады. Əйтпесе, терең үңілген кісіге осының өзінен талай сыр ұғуға болатындығы айтпаса да түсінікті.

Газеттің екінші редакторы қызметіне Міржақып Дула-тов 1914 жылдың 19-мамырдағы Жоғарғы баспасөз басқар-масының Орынбор губернаторына жолдаған бұйрығы бо-йынша ресми түрде тағайындалған. Алайда, оның қызметі газет жарық көрген күннен бастау алады. Ол апталықты шығару жолында өзге басқарма мүшелерімен бірге барлық қиындықты бөлісумен қатар, газет бетінде мақала, сын, əң-гіме-өлеңдерді молынан жариялаған. Шығармаларының бі-рінде патша үкіметінің отаршыл саясатын шенесе, екіншісін-де халықты оқытудың жолын іздеп, озық мəдениетті елдер-ден үлгі-өнеге үйренуді ұсынады. Халқымыздың тарихынан деректер береді, ел ішіндегі керітартпа мінездер мен əдет-

Page 37: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

ғұрыптарды əжуалайды. Қысқасы, оның газет қызметін-де аянбай еңбек еткендігін дəлелдейтін материалдар жетіп артылады.

Бұдан басқа Ə.Бөкейханов, Ш.Құдайбердиев, М.Жұма-баев, Ж.Аймауытов, т.б. əрқайсысының еңбегі жеке бағалау-ды талап ететін ұлы тұлғалардың газет ісіне білек сыбана атсалысқандарын ауызға алсақ, басылым маңызының еселей артатынына күмəніңіз қалмайды.

Олардың қазақ жұртының саяси-əлеуметтік өмірінің ең түйінді мəселелеріне арнап жазған мақалалары апталықта көптеп жарық көрген. Бұл да зерттеушісін күткен ірі тақы-рыптардың бірі екендігіне талас жоқ.

Қорыта айтқанда, Қазан төңкерісіне дейін көзі ашық, кө-кірегі ояу алғашқы қазақ зиялыларының күшімен шығып тұрған «Қазақ» газетінің тəулсіз Қазақстанның тарихын, мəдениеті мен əдебиетін жəне шаруашылық жайларын қай-та зерттеп, толықтыруда орны бөлек. Апталықты қайта жаң-ғыртып, тірілтіп отырғандағы мақсат та содан туындайды. Алдағы уақыттарда бүгінгі күнмен үндес, маңызын жойма-ған материалдарды іздеп тауып, қайта жариялап отыру ойы-мызда бар. Сонымен бірге «Қазақ» жолымен ел тіршілігіне араласып, көкейтесті мəселелерді көтеріп, жұрт қызметіне жарауды талап етіп отырмыз. Жолымыз оңынан болып, ісі-міз алға басып жатса, сөнгеннің жанып, өлгеннің тіріліп жатқаны емес пе, ағайын?!

«Жас Алаш» газеті, 1993 жылдың 29-ақпаны.

Page 38: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

38

ШЫҢЫРАУДАН ШЫҚҚАН ШЫНДЫҚ Бүгінде ғой, əйгілі Қазан төңкерісіне дейін бес жыл бойы

үздіксіз жарық көріп, халқының шын мəніндегі қамқоршысы бола білген, сол кездегі қоғамдық өмірдің айнасы іспетті «Қазақ» газеті туралы сөз айту онша қиынға түспей тұрғаны. Ал осыдан отыз-қырық жыл бұрын ол жөнінде сыр ақтармақ түгілі, атын атаудың өзі оңай болмағанын алдыңғы буын болмаса, кейінгі жас қайдан білсін? ХХ ғасырдың 50-жыл-дары қаралы жеке басқа табыну зұлматының екінші кезеңі болып тарих сахнасының төрінен орын иемденгені белгілі. Жай халықты айтпағанда, атағы берісі алты Алашқа, əрісі əлемге əйгілі деп жүрген атанжілік азаматтарымыздың өзі жөнсізден-жөнсіз қуғын-сүргінге ұшырап, зəбір-жапа шек-кені сол аласапыран заман ызғарын көз алдыңызға елес-теткендей болмай ма?

Осындай шаш ал десе, бас алатын уақытта басты бəйгеге тігіп, халық қамына қызмет ету екінің бірінің қолынан келе бермегендігі баршамызға аян. Сөйтсе де, көп ішінде бір құ-ла демекші, ел арасынан шыққан, жұрт мақсаты үшін қиын-дығына көніп, ауыртпалығын мойнымен көтеруге белді бе-кем буған азаматтар да кездеспей қалмайды. Егер соның бірі қазақтың қарапайым ғана қаракөз қызы болса, оған қалай қайран қалмассыз.

Иə, дəл солай. Бүгінгі біздің кейіпкеріміз – Үшкүлтай Сұбханбердіқызы ол кезде Қазақ КСР Ғылым Академия-сының Орталық ғылыми кітапханасында жəй ғана библио-граф болып қызмет істейді екен. Сөз орайы келгенде айта кеткеннің артықтығы болмас, қолдағы алтынды бағалай біл-мейтін халық емеспіз бе, ғалымның елге сіңірген есепсіз еңбегінің қадірін əлі күнге бағалай алмай жүргеніміз соның бір көрінісі демеске амалымыз жоқ. Əйтпесе, еңбегіне сай атақ алмай, қызметі де сол күйінде қалып келе жатуын не-мен түсіндіруге болады? «Ештен де кеш жақсы» демекші, бəлкім бұл олқылықтың орны бүгінгі тəуелсіздік тұсында толтырылар. Ол пайғамбар жасындағы ғалым үшін емес, оның жолын қуған кейінгі жас буын үшін үлгі болар еді.

Page 39: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

39

«50-жылдары алғашқы басылымдардың библиография-сын дайындап жүргенімде «Қазақ» жариялаған материалдар-ды да қоса жинаған едім. Əрине, ол кезде бұл басылымның бағы ашылады деп ойлаған емеспін, олай ойлаудың өзі қылмыспен бара-бар уақыт-тұғын», – деп есіне алады сол бір аласапыран кезең туралы библиограф-ғалым газетіміздің алғашқы санында жарияланған естелігінде. Осыған қарап, Ү.Сұбханбердіқызының «Қазақтың» жуық арада ақтала қой-майтынын біле тұрып, оған соншама уақытын бөлуіне не се-беп болды екен деген ойға қаламыз. Сөйтсек, оның сыры да жоқ емес екен. Бұл басылымның қазақ баспасөзі тарихында орны ерекше екенін енді біле бастадық. Жас ғалымды от-пен ойнауға жетелеген бірінші себеп осы болса, екіншіден, отызыншы жылдары жазықсыз жазаға ұшыраған Алаш аза-маттарының бірінің перзенті болғаны əсер етсе керек. Өзі-нің айтуынша, əкесі Сұбханберді мұғалімдік қызметпен қоса қазақ баспасөзі тарихын зерттеумен де айналысқан екен. Кейіннен əдеттегідей «халық жаулары» қатарында айыпталып, жазаға тартылған уақытта артында қалған мол мұрасы, оның ішінде Қазан төңкерісіне дейін шыққан қазақ басылымдарының тігінділері де бар, өртелініпті. Соны көзден кешірген қаршадай қыз бертініректе сол мұраны қай-та қалпына келтіріп, əке жолын жалғастыруға, оның амана-тын ақтауға бүкіл ғұмырын арнапты.

Бұл жолда алған асулары да аз емес. Оған библиограф-ғалымның 1961 жылы «Айқап» журналының бетіндегі мақалалар мен хат-хабарлар», 1963 жылы «Қазақтың ре-волюциядан бұрынғы мерзімдік баспасөзіндегі материал-дар», 1986 жылы «Қазақ кітаптары», 1989 жылы «Дала уа-лаяты» газеті: «Əдеби нұсқалар» атты жарық көрген биб-лиографиялық көрсеткіштері куə. Бұл дүниелердің қай-қайсысы да бір кісінің бүкіл ғұмырына татырлық, халқы-мыздың ғасырлар бойғы рухани азығына айналар құнды қазына екеніне ешкім дауласа қоймас. Сөйтсе де, ғалым апа-мыз шаршап-шалдығуды білмей, бір мезгіл демалыс дегенді ұмытып, қолға алған ісін екі есе жігермен жалғастырумен келеді. «Дала уалаяты» газетінің екінші, үшінші томын жа-

Page 40: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

40

рыққа шығарып, төртінші томын баспаға əзірлеп үлгерген библиографтың тағы бір үлкен шаруаның тізгінін ұстап оты-руы соның дəлелі. Қайтсін, жиі-жиі жанын мазалап, көңіл түкпірінде жүрген мəселенің пісуі жеткен уақытты ұтқызып алмауға асығады да. Оның сыры да түсінікті. Сонау елуінші жылдары қолмен көшіріп алып, көзінің қарашығындай сақтап келген «Қазақ» газетінде жарияланған материалдар библиографиясын халқымен қайта қауыштыру о бастағы асыл арманы емес пе еді? Кеш те болса соған мүмкіндік туып жатса, оған қалай асықпасын. Оның үстіне, бұл ең-бегі осы күнге дейін жарияланып үлгерген дүниелерінің шоқтығы боларына күмəні жоқ. Ол рас та. Өйткені, бұл ба-сылым болашақта қазақ рухани мұрасының төрінен орын иемденетініне Үшкүлтай апай атар таңдай, шығар күндей кəміл сенеді.

Міне, қолымызға тиіп отырған «Қазақ» газеті библио-графиялық көрсеткішінің тарихы осылай болып келеді. Бұл еңбек тасада қалған бай мұрамызды игеруге жасалынған алғашқы қадам екендігімен де құнды. Сонысымен де «Ғы-лым» баспасы басып шығарған кітапты жыртығымызды жамап, жоғымызды бүтіндеп тұрған қымбат қазына деп бағалауымызға əбден болады. Оның үстіне, кітап өз ісінің шебері, кəнігі библиографтың қолынан өткенін ескерсек, құнының еселей артарына күмəніміз қалмайды. Əсіресе, көр-сеткіштің ірілі-ұсақты 18 тармаққа таратылып түзілуі көңі-лімізден шыққандығын жасыра алмаймыз. Осылай ету ар-қылы библиограф газетке жарияланған материалдарды орна-ластырудың тиімді жолын игерген. Тақырып-тақырыпқа бө-лінген туындылар əрі оқырман қызығушылығын арттырса, əрі уақыттарын тиімді пайдалануларына септігін тигізеді. Оған бір ғана «Самодержавияның аграрлық саясаты жəне қоныс аудару қозғалысы» атты тақырыпты тілге тиек ету арқылы көз жеткізу қиынға түспейді. Бұл тақырып осы күн-ге дейін тарихымызда орны ақтаңдақ болып келе жатқан мəселелердің бірі екендігі белгілі. Ендігі жерде олқылықтан арылуды ойласақ, Қазан төңкерісіне дейін жарық көрген газет-журналдардың шоқтығы – «Қазақ» басылымына да көз

Page 41: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

41

жүгіртеріміз даусыз. Сонда көрсеткіштің осы тақырыппен берілген мақалалары көзімізге оттай басылып, оңай жерден олжаға кенелгендей күй кешеріміз хақ.

Кітаптың екінші бір құнды жері – жарияланған материал-дардың тақырыптарымен қоса қысқаша мазмұнына түсінік-теме берілуі. Бұл библиографтың кітапты баспаға дайын-дамас бұрын көп ізденіп, жалықпай еңбектенгендігін көр-сетеді. Əр материалды көз майын тауыса оқып шығып, маз-мұнын қағазға түсіру айтуға жеңіл болып көрінгенмен де, анығында ауыр жұмыс екенін онымен шұғылданған кісі жақсы біледі. Ал тақырыбы белгілі туындыны іздеп тауып, қажетке жарату көп қиыншылыққа түспейтіні белгілі. Сол себепті библиографиялық көрсеткіш көмегімен ойға алған ісін орындауға көңілі ауған оқырманның кітап авторына алғыстан басқа айтары болмасына шүбəміз жоқ.

Кітапта «Қазақпен» қатарласа жарық көрген «Алаш», «Сарыарқа» газеттерінде жарияланған материалдардың да библиографиялық көрсеткіші қоса берілген. Бұл басылым-дардың да осы күнге дейін дұрыс зерттеу көрмей, көпшілік қауымға беймəлім болып келе жатқаны белгілі. Осыны жан-дүниесімен түсініп, олқылықтың орнын толтыруды ниет еткен ғалым еңбегін қалай бағаласақ та жарасады. Мұны шаң басқан архивтерде саусақтың ізі түспей, көмулі жатқан қымбат қазыналарды игеріп, халқына қайта қайтаруды өмір-лік мұратына айналдырған библиографтың құнды дүниесі деп білеміз. Бір əттеген-айы, үш басылымды жалғыз кітапқа тоқайластырмай, бөлек-бөлек басып шығарған орынды бо-лар ма еді деп ойлаймыз. Аталмыш газеттердің қай-қайсы-сының да оның жүгін көтеретінін айтып жату артық болар. Бұл оқырманға əрі оңай, əрі түсінікті тиер еді.

Мұны бүгінгі нарық қыспағынан өкпесі тарылып, күн көрісі қиындап отырған баспа орындарының амалсыздықтан тапқан жолы деп түсінеміз. Қағаз, қаржы тапшылығы артып, күнкөріс қымбатқа түсіп отырған уақытта кітап шығарудың өзі ерлікпен пара-пар екені белгілі. Сол себепті де мұны кемшілікке санамаймыз.

Page 42: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

42

Тұтастай алғанда, Қазан төңкерісіне дейін араб емлесінде жарық көрген қазақ жазба нұсқаларын жинап-теріп жария-лауға, оларды зерттеп, халқына танытуға бүкіл саналы өмірін арнап жүрген библиограф-ғалым Үшкүлтай Сұбханбер-діқызының тағы бір құнды туындысы дүниеге келді деп ұялмай айтуымызға əбден болады.

«Қазақ» газеті,1993 жылдың сəуірі.

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ЖАЙЫ

Ғасырдан ұзақ ғұмыры бар қазақ баспасөзі тарихының əлі де болса, терең зерттей түсуді қажет ететін тұстары бар-шылық. Əсіресе, Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңін заман сұранысына сай қайта қарау – уақыт талабы. Өйткені оның күні кешеге дейін ғылыми тұрғыдан біржақты бағаланып, түрлі кедергілер салдарынан кемшін зерттеліп келгені бү-гінде ешкімге де жасырын емес. Оның, біздіңше, бірнеше себебі бар:

Біріншіден, Қазан төңкерісі қарсаңындағы қазақ мерзімді баспасөзі негізінен ұлттық мəселелерді көтеріп, елдің біртұ-тастығы мен шынайы бостандығы жолындағы бірден-бір күрес құралына айналуы кешегі кеңестік тоталитарлық жүйе-нің сіреспе таптық идеологиясына қайшы келгендігінен еді. Осы себептен де мұндай бағыттағы басылымдарға та-рихи шындық тұрғысынан зерттеу жүргізуді мұрат тұтқан ғалымдардың алдынан түрлі тосқауылдар күтіп тұрды. Тіпті «ұлтшылдықтың көрінісі» деп те айып тағылып, сыналып-мінеліп, қуғын-сүргінге ұшыраған кездері де жоқ емес.

Қазан төңкерісіне дейінгі газет-журналдардың толыққан-ды зерттеу жүзін көрмеуінің екінші себебі – айналасы он-он бес жылдың ішінде екі мəрте əліпбиімізді (графикамыз-ды) өзгерткен, алдымен, арабшадан латыншаға (1929), одан кириллица жазуына (1940) көшірген үстемшіл орталықтың тілімізге əдейі жасаған қиянат, қастандығынан туындайды.

Page 43: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

43

Бұл да, сөз жоқ, тарихи жəдігерлерімізді игеруді ауырлата түскен қиындықтардың бірі. Алдыңғы екі жазудан қол үзген кейінгі ұрпақ үшін мұрағат материалдарын түпнұсқалық негізде оқып, кəдеге жарату бұл күнде аз қиындық келтіріп отырған жоқ. Оған ұлтымыздың рухани мұрасы болып табы-латын архив қазыналарына күні кешеге дейін жол жабық бо-лып, екінің бірінің қолы жете бермегендігін қосыңыз. Мұны аз санасаңыз, ондай қымбат асыл қазыналарымыз бір жерде жинақталып ұсталынбай, əр қиырда шаң басып, шашылып жатуы да аз кедергі емес екені белгілі. Бұл жайлар бүгінгі күні де толық шешімін тауып отыр деп айта алмаймыз.

Дегенмен, қазір заман өзгерді, соған сай талап-тілек те жаңа арнаға бұрылды. Бүгінде қай мəселеге де ел тəуелсіз-дігі тұрғысынан қарап, егемен еліміздің қажетіне қарай оң шешім жасауға мүмкіндік тууда. Осы себептен де ел тарихы-на қатысты айтылмай не бұрмаланып келген тұстарымызды айқындап, əділін айтып, ақиқаттың салтанат құруына қолғабысымызды тигізсек деген ниет уақыт талабынан ту-ындайды.

Осы күні ұлттық сананы ояту, соның бір бұтағы – Отан-сүйгіштік қасиетті тірілту жəне сол арқылы тəуелсіз еліміз-дің жарқын болашағы үшін барша жұртымызды бір тудың астына біріктіру – мемлекеттік деңгейде күн тəртібінде тұр-ған өзекті мəселелер. Осыған қалай қол жеткізіп, қайтсек баянды етеміз деген сауал төңірегінде Елбасымыздан бас-тап, Отанымыздың барлық саналы азаматы ойланып-толға-нуда. Соның бір жолы ретінде өткенімізді танып-біліп, оның кесапатқа толы залалды тұстарының тамырына қайта көктеместей етіп балта шауып, тарихтан тағылым алу ар-қылы болашаққа қадам басу керектігі алға тартылуда. Тə-уелсіз еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың «Егемен Қазақстан» газетінің 1998 жылдың 16-қаңтарында жарияланған «Жадымызда жатталсын, тату-лық дəйім сақталсын» деген тарихи еңбегі осылайша түйін түюімізге негіз берді. Қолдарыңызға тиіп отырған еңбектің зəрулігі, міне, осындай талап-тілектерден туындайды. Түйіп айтсақ, ол мынадай мəселелерді қамтиды:

Page 44: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

44

Біріншіден, Алаш баспасөзі – XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамының шежіресі, дəлірек айтқанда, 1907-1925 жылдар аралығындағы халқымыз бастан кешкен күрделі кезеңнің айнасы. Ендеше, оған тыңғылықты зерттеу жүргізу арқылы Қазан төңкерісі қарсаңындағы қазақ даласының қайшылыққа толы тарихи жағдайын жан-жақты айқындап, терең тани түсуге мүмкіндік туады деген сөз. Сондай-ақ, басылым материалдары арқылы сол кездегі ұлттық азат ойдың басты арналарын танып-біліп, олардың басы-қасында болған қазақ зиялыларының ұстанған жол, мақсат-мұраттарын анықтауға жол ашылады. Сонымен бірге ұлттық сананың ұйытқысы бола білген Алаш баспасөзінің «пікір тайқазанында» əбден піскен халқымыздың өсіп-өркендеуіне қатысты негізгі идеялар егемен еліміздің іргетасы қаланып жатқан бүгінгі күні де қоғамдық мəн-маңызын жоғалта қойған жоқ. Оны зердемізге тоқып, игілігімізге жарату да – уақыт талабы.

Екіншіден, Ахмет Байтұрсыновтың сөзімен айтқанда, «газет əдебиет тобына жататын нəрсе болғандықтан жа-зылған сөздер мағына жағынан толымды, көңіл жағынан қонымды, тізуі тəртіпті, сын алдында сымдай боларға тиіс»1 десек, осы қағида алдарына тартылған туы болған, одан бірде-бір ауытқымаған Алаш баспасөзінің бүгінгі журналис-тер қауымы үшін үлгі аларлық өнегелі тұстары ұшан-теңіз. Оның үстіне, ұлы Мұхаң, Мұхтар Əуезовтің «Шолпан» журналының 1923 жылғы 4-5 нөмірлерінде жарияланған «Қазақ əдебиетінің қазіргі дəуірі» деген мақаласында бе-рілген баға бойынша, «жазба əдебиетте Абайдан соң аты аталатын – «Қазақ» газеті» болуы да ол туралы терең тал-данған еңбектің қажеттігін байқатады. Сонымен бірге, «тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деп шырылдап, тілімізге төнген қауіпті сейілтіп, оның таза сақталып қа-луына газет-журнал арқылы жанұшыра əрекет еткен Алаш азаматтарының ізгі істерінен өнеге алу да – уақыт сұранысы. Ол бүгінде мемлекеттік мəртебе алған тіліміздің көсегесін көгерту үшін ауадай қажет.

1 «Қазақ» газеті, 1917, №216.

Page 45: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

45

Үшіншіден, Алаш баспасөзі, соның ішінде, əсіресе, «Қа-зақ» газеті – төл журналистикамыздың дамуына тигізген ықпал-əсері орасан зор басылым. Оны теориялық жəне прак-тикалық жағынан байытып қана қоймай, журналистерді бау-лу мектебіне айналғанын ешкім теріске шығара алмайды. Осы орайда, Алаш зиялылары шоғырынан шығып, əлемге танылған, сол арқылы қазақ халқының атын дүниежүзіне паш еткен, ұлы Мұхаңның, Мұхтар Əуезовтің мына пікірі сөзімізді жандандыра түсері хақ:

«Қазақ» газетінің сүтін еміп өскен бір буын осы күнде пікір-білім жолында бұғанасы бекіп, іс майданына шығып отырса, кейінгі жас буын Ахаң салған өрнекті біліп, Ахаң ашқан мектепті оқып шыққалы табалдырығынан жаңа аттап, ішіне жаңа кіріп жатыр».1 Біздіңше, сол «табалдырығынан жаңа аттап, ішіе жаңа кіріп жатқан» буын – бүгінде журна-листика мамандығына баулыну үстіндегі жас шəкірттеріміз. Ендеше, бұл тақырып Алаш баспасөзінің қадір-қасиетін танып-білу үшін ғана емес, сонымен қатар осы күнгі ұлттық журналистикамыздың қанатын кеңге жая өркендеуіне қосар үлесі мол болғандықтан да жете зерттеуді қажет етеді.

«Қазақ» газетінің осыған дейінгі зерттелуі жайына тоқ-талсақ, оны шартты түрде үш кезеңге бөліп қарастыруға бо-лады. Бірінші кезеңі – газет шығып тұрған уақыттан өзінің «тұзы кем болғанша, артық болсын» дейтін сүйікті нақылы мен «қазақ ауылын қазан сыпыртқысымен аршып шығу» де-ген атақты ұраны арқылы танымал Голощекин Қазақстанға келгенге дейінгі аралықты (1913-1925) қамтиды. Осы уақытта жарық көрген еңбектер негізінен газеттің атқарған қызметін шынайы бағалап, оны оқырманға таныстыру, жан-жақты на-сихаттау мазмұндас болып келеді. Оған газеттің «бас жазу-шысы» Ахмет Байтұрсыновтың, «екінші жазушысы» Міржа-қып Дулатовтың «Қазақта» жарық көрген мақалалары мен кейіннен баспа бетін көрген естеліктерін жəне сонымен қатар С.Асфендияровтың, М.Əуезовтің, Т.Рысқұловтың осы басылымға берген оң бағалары мен ой-пікірлерін жатқызуға болады. Екінші кезеңін кешегі кеңестік əкімшілік-əміршіл-

1 Əуезов М. Ахаңның елу жылдық тойы //Ақ жол, 1923, 4-ақпан.

Page 46: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

46

дік жүйе тұсында жарық көрген зерттеу еңбектер құрайды. Бұл кезде «ұлтшыл-алашордашыларға» қарсы күрес науқаны өрт болып, жалын құшып тұрғандықтан тарихи шындық қаз-қалпында баяндалмай, бұрмаланып көрініс табады. Тіпті ақиқат ауылынан бұра тартып, біржақты қаралауға жол бер-ген туындылар да жоқ емес.

«Қазақ» газетін кеңес өкіметіне жау қылып көрсетіп, оны сынап-мінеуді мақсат тұтқан мақалалар 1925 жылдан жарық көре бастаған. Осы жылдың 5-мамырында Орын-борда шығатын «Еңбекші қазақ» газеті «Қазақстанда қан-дай газеттер болды?» деген мақала жариялайды. Оның ав-торы – белгілі жазушы Сəбит Мұқанов. Осы мақалада «Қазақ», «Сарыарқа», «Жас азамат», «Бірлік туы» секілді бейресми ұлттық басылымдарға алғаш қысқаша анықтама беріліп, «олардың барлығы 25-октябрь төңкерісінен кейін кеңеске қарсы газеттер» ретінде жабылғандығы хабардар етіледі. Арада дəл бір жыл өткеннен кейін аталмыш газет-те Ə.Байділдəұлының «Баспасөз күніне» деген мақаласы жарық көрген. Мақала мақсаты – заман талабына үн қату. Сондықтан оның сарынынан Қазан төңкерісіне дейін қазақ баспасөзі қалыптасып болмаған, оның дамуына тек кеңес дəуірінде ғана айқара жол ашылды деген жалаң партиялық ұрда-жық ұранның салқын лебі есіп тұр: «Жұрттың көбіне белгілі, төңкерістен бұрын қазақта оңған баспасөз болмаған. ...Бардың өзі молдалар мен байлардың қолынан əрмен аспай-тын», – деген жолдардан соны аңғарасыз.

Осы мақалада күні кешеге дейін біржақты қаралаудан көзін ашпаған Қазан төңкерісі қарсаңындағы бірқатар басы-лымдарға алғаш рет «байшыл-ұлтшыл, алашордашыл» деген «кінə» тағылады. Бұл ретте сол кезең тынысын əрі мақала авторы қаламның «ұшқырлығын» əсіресе-бейнесіз жеткізу үшін мақаладан үзінді келтірейік: «Бұлардың (Қазан төңкерісіне дейінгі газет-журналдардың – С.Қ.) бірлі-жа-рымы болмаса, көбінің бағыты «Қазақ» газетінің бағытына ұқсас, ұлтшылдық бағыт болды. Көбі: «ұраным, қорғаным, сен, Алаш! Жолыңа құрбандық мал мен бас» деп, едəуір айбындады. «Алаш» үшін құрбандыққа бастарын байлады.

Page 47: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

47

Бірақ тап тартысы күшейіп, Октябрь төңкерісі қанаттанған кезде көбі кімнің «құрбаны» екендіктерін көрсетті. Байға, жуанға болысып, октябрьге қарсы шықты».

Міне, осындай айыптаулар Қазан төңкерісіне дейінгі ба-сылымдардың, соның ішінде, ең алдымен, «Қазақ» газетінің басына қара бұлт болып үйіріліп, қазақ баспасөзі тарихының «ақтаңдақ» беттеріне айналуына негізгі себеп болғаны бар-шамызға мағлұм.

Бұдан екінші кезеңдегі зерттеулердің баршасы біржақты «Қазақты» сынап-мінеп, қаралау бағытында болыпты де-ген ұғым тумауы керек. Жоғарыдағы айыптауларды, амал жоқ, қайталай отырып, «Қазақтың» артық тұстарын айтып қалуды мақсат тұтқан қаламгерлер де жоқ емес. Бұл қатарда Б.Кенжебаев, Қ.Бекхожин сынды ғалым-зертеушілердің есімдерін атауға болады. Сонымен бірге, көрнекті қалам қайраткері С.Мұқановтың 1932 жылы жарық көрген «XX ғасырдағы қазақ əдебиеті» деген кітабынан да таптық иде-ология талаптарына сай, саяси айыптау тұрғысында жазыл-ғанына қарамастан, қазақ баспасөзі тарихына қатысты кейі-ніректе жарық көрген еңбектерге енбей қалған бірқатар со-ны деректер мен оң пікірлерді кездестіруге болады. Соны-мен бірге, апталықтың ұлтымызға еткен қызметін аша түсуі де кітапты ауызға алуымызға себеп болып отыр: «Айқапта» шала піскен мəселелерді («Қазақ» – С.Қ.) дұрыстап пісірді. Көмескі пікірлерді айқындады. Сонымен қатар, «Қазақпен» қазақтың тілі туды. Таза қазақ тілінде шыққан баспасөз «Қазақ» газеті ғана болды. «Қазақ» газетінің тілінен өрбіп, қазақша оқу құралдары шықты (53-бет)», – деген жолдар-дан бүгінгі біздің ұғымымызға қайшы келмейтін тарихи шындықтың тұңғыш рет пердесі түріледі. Аталмыш еңбектің екіші қайтара жарық көрмей, архив қапасында «құлыпталып» ұсталынып келуінің басты себебі де сондықтан деп білеміз.

«Қазақ» газеті зерттелуінің сөз болып отырған екінші кезеңінің еншісіне қазақ баспасөзінің тарихын зерттеуде алғашқылардың қатарынан ойып тұрып орын алатын тұлғалы ғалымдар – Б.Кенжебаев пен Қ.Бекхожиннің де еңбектері енеді. Олардың зерттеулері бүгінгі талап тұрғысынан шын-

Page 48: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

48

дықты бүркемелегендей болып көрінгенмен, кезінде ағынға қарсы тоған іспетті тоталитарлық жүйенің тар шеңберіне сыймай, сіреспе таптық идеологияның сынына ілігіп, қара-ланып отырғанын ұмытпауға тиіспіз. Оған төмендегідей дəлелді деректер бар.

Қазақ баспасөзінің тарихын, оның ішінде «Қазақ» газетін зерттеушілер турасында сөз қозғағанда есімін айрықша атау-ға тиісті тұлға – белгілі əдебиеттанушы ғалым Бейсембай Кенжебав. Оның бұл саладағы қызметі – өз алдына жеке зерт-теуге лайық толымды еңбек. Біз бір ғана қырына тоқталайық. Б.Кенжебаев – қазақ баспасөзі тарихы тақырыбында тұңғыш рет арнайы еңбек жазып, тыңнан түрен тартқан, соқтықпалы соқпақсыз өмір жолының ыстығына да күйген, суығына да тоңған, алайда, алған бағытынан қайтпаған үлкен ғалым, ай-тулы азамат.

Ғалымның «Қазақ баспасөзінің тарихынан» атты тари-хи очеркі – осы салада баспа бетін көрген алғашқы кітап. Бір қарағанда, еңбек замана үнімен сарындас, таптық идео-логия тұрғысынан, марксизм-ленинизм классиктерінің шы-ғармалары негізінде жазылғандай көрінуі ғажап емес. Сөйт-сек, оның астарлы мəн-мағынасы да жоқ емес екен. Зерттеу-шінің онсыз да айтыла-айтыла əбден жауыр болған саяси ай-ыптауларды қайталай отырып, бір кездері қалың қазақтың қамқоршысы болған газет-журналдардың, тым болмаса, аты ұмыт болмай, жаңа ұрпақтың құлағына сіңе берсін дегенді мақсат тұтқанына төменде көзіңіз жетеді.

Мұны партияның «шаш ал десе, бас алатын» шолақ бел-сенділері де байқамай қалмапты. Алдымен, «Əдебиет жəне искусство» журналының 1951 жылғы 7-нөміріне Ж.Сəрсеков деген сыншысымақтың «Тарихи шындық бұрмаланбасын» деген мақаласы атойлап аттан салады: «Бейсембай Кен-жебаев жолдастың «Қазақ баспасөзінің тарихынан» деген кітапшасы да қате-кемшіліктен сау емес» – деп, ə дегеннен, ғалымды сын қамшысының астына алатындай, кітаптың не жазығы бар еді дейсіз. Сөйтсек, Қазан төңкерісіне дейінгі біраз басылымның атын атап, түсін түстеп қойғаны «қате-кемшілік» болып шығыпты. Соның бірі – біздің зерттеу объ-

Page 49: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

49

ектімізге айналып отырған «Қазақ» газеті. Осы үшін зерт-теушіге «қазақ ұлтшылдарының органы «Қазақ» газеті ту-ралы да жалпыға белгілі оның буржуазияшыл-ұлтшыл газет болғандығынан басқа түк те айта алмайды (78-бет)» деген «кінə» тағып, айыптайды. Міне, сол заман сынының сиқы. Мұны тиісерге қара таппағанның дəл өзі демей, енді не дейсіз? «Аузы қисық болса да бай баласы сөйлесіннің» кері ғой бұл.

Аталмыш еңбекті қаралап жазған сынның екіншісі Қа-зақстан коммунистерінің орталық органы – «Социалистік Қазақстан» газетінен (1951 жылдың 17-қарашасындағы са-нында) орын тебеді. «Қазақ баспасөзінің тарихын зерттеудегі өрескел қателер» деген, атының өзі айыптап тұрған мақа-ланың авторлары – Б.Қорқытов, Ə.Досбаев деген компар-тия «белсенділері». Мұнда алдыңғы мақалаға қарағанда тағылған «айыптың» салмағы едəуір зілді, сөзі өктем əрі өтімдірек. «Б.Кенжебаев буржуазияшыл-ұлтшыл бағыттағы газеттер («Қазақ», «Серке» т.б.) жөнінде құлшына баяндай-ды: алашордашылардың 13 газетінің атын тізеді. Бұл – бұл ма, автор алашордашылардың орталық органы «Сарыарқа» газетінің совет үкіметіне, оның ұлт саясатына қарсы жазған контрреволюциялық, жалақорлық мақаласынан бір құлаш цитата келтіреді. Сөйтіп, контрреволюциялық идеяға трибу-на береді», – деген айыптауда қаншама зіл жатыр десеңізші. Бұл деген сөз уақтысында бір ғана зерттеуші-ғалымның емес, ол бастап берген ғылым жолының алдына тартылған ор болғандығын бізден гөрі алдыңғы буын ағалар жақсы білуге тиіс.

Үшінші кезеңі – еліміз егемендікке қол жеткізіп, тəуел-сіздігіміздің тұғыры нығайып жатқан бүгінгідей, қазақтың өз қолы өз аузына жеткен уақытта туған туындылардан тұрады.

Сонау сексен бестің (1985) сəуір лебімен ілесе кеңестік тоталитарлық жүйе шытынап, үкілі үкімет – демократия мен жариялылықтың арасында өшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілгендей күйді бастан кештік. Еңбектерін айтасыз, атта-рын атауға қатаң тыйым салынып келген ардақты Алаш

Page 50: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

50

азаматтарының бірінен соң бірі «ақталып», арамызға қайта оралуын солай қабылдадық. Сол ұлы дүрмектің ішінде Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ зиялыларының мінбері, шы-ғарушыларымен қоса өзі нақақ жаланың құрбаны болған «Қазақ» газетінің халқымен қайта қауышуы да бар.

Содан бергі уақытта «Қазақ» газеті туралы біраз зерттеу еңбектер дүниеге келіп үлгеріпті. Атап айтқанда, Ү.Сұбхан-бердинаның, М.Қойгелдиевтің, Ө.Əбдіманатовтың, Ж.Нұс-қабайұлы мен Қ.Аллабергеннің жəне сонымен бірге газет туралы азды-көпті мəлімет беретін Ғ.Ахмедов пен К.Нұр-пейісовтің оқырман көз қуанышына айналған Алаш қозға-лысы мен баспасөзіне арналған кітаптары жоғары бағалану-ға əбден лайық.

Əсіресе, библиограф-ғалым Үшкүлтай Сұбханбердина-ның «Қазақ» газетінің халқымен қайта қауышуына қосқан үлесі қомақты екенін бөле айтқанымыз жөн. Зерттеуші бұл игілікті іспен 1956 жылдан бері айналыса бастаған екен. Сол кезден газет тігінділерін тартып, басылым материалдарының картотекасын түзуге көз жұма кірісуі – ерлікке пара-пар іс. Жеке басқа табыну зұлматының ызғары басылды дегенмен де, үстемшіл орталықтың өктемдігі жүріп тұрған мезгілде мұны қолға алу отпен ойнаған көбелектің күйін көз алдыңызға келтіреді. Бар айырмасы, ғалымның оған саналы түрде бар-ғандығы. Осындай ерлік пен өрлікті паш ететін жанкешті еңбегінің арқасында кешірек болса да қолымызға тиген «Қазақ», «Алаш», «Сарыарқа» газеттерінің мазмұндалған библиографиялық көрсеткішін қалай бағаласақ та артық бол-майды. Бұдан басқа да екінің бірінің қолы жете бермейтін архив материалдарын ғылыми айналымға енгізіп, қазақ мер-зімді баспасөзіне қатысты құнды-құнды дүниелер тудырып жүргені көзіқарақты оқырманға етене таныс. Ал 1997 жылы жарық көрген, Қазақ энциклопедиясы Бас редакциясында ба-сылып шыққан, «Қазақ» газеті материалдарының іріктелген мəтіндік жинағы осынау қызметінің ұшар биік шыңы деп бағаланарына ешбір күмəніміз жоқ. Оған құрастырушы ав-торларының бірі ретінде қатысқанымды өзім мақтаныш са-наймын.

Page 51: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

51

«Қазақ» газеті туралы соңғы кездері республикалық бұ-қаралық ақпарат құралдарында да аз айтылып, кем жазы-лып жүрген жоқ. Атап айтқанда, М.Əнесұлының, Ө.Əбді-мановтың, Р.Əлмұқановтың, М.Бекбосыновтың, А.Бениг-сеннің, С.Дəуітұлының, америкалық ғалым, түрік қызы Б.Де-низдің, М.Жармұхамедовтің, А.Мектеп пен Қ.Əбіштің, Г.Міржақыпқызының, Б.Момынованың, А.Сармурзин мен М.Қойгелдиевтің жəне Ф.Оразаевтың, т.б. республикалық газет-журнал беттерінде жарық көрген естелік-зерттеулері, мақалалары осы тақырып турасында сөз қозғайды, өзін-дік пікірлерін білдіреді. Бұл еңбектердің «Қазақ» газеті-нің қадір-қасиетін тани түсу үшін қомақты үлес болып табылатындығын ерекше айтуға тиіспіз. Сонымен бірге олар-дың барлығын бірдей ғылыми негізде шындық тұрғысынан жазылған дүниелер деп қабылдау дұрыс болмайды. Арасын-да ақиқатты бұрмалап көрсетіп, өз пайдасын көздеген ту-ындыгерлер де жоқ емес. Оған еңбегіміздің тиісті жерінде тоқталатын боламыз. Сондықтан бұл еңбектерді сыни тұр-ғыдан елеп-екшеп барып қажетке жарату керектігін назарда ұстаған дұрыс.

Міне, көріп отырсыздар, «Қазақ» газетін зерттеуге бай-ланысты осыған дейін де аз жұмыс жасалынбапты. Осының өзі – еңбекке арқау болған тақырыптың көкейтестілігі мен қоғамдық сұранысқа ие болып отырғандығының тағы бір дəлелі. Бірақ, бұдан «Қазаққа» қатысты мəселе сарқа жы-зылып, ақырғы нүкте қойылыпты деген ой тумауы керек. Ол – біздің де мақсатымызда жоқ, болашақтың шаруасы, өйткені, «Қазақ» – тарихы күрделі, көтерген мəселелері қомақты да көкейтесті əрі жан-жақты, талай ғылым саласы-на, сондай-ақ, барша жұртымызға рухани мол азық боларлық энциклопедиялық басылым. Оны философтарымыздан бас-тап, тарихшы, саясаттанушы, экономист, этнограф, фило-лог, өнертанушы, т.б. ғалымдарымыз жұмыла зерттегенде ғана терең де толық игеруге мүмкіншілік туады деп білеміз.

«Қазақ үні» газеті,1993 жылдың сəуірі.

Page 52: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

52

«ҚАЗАҚТЫҢ» ТАҒДЫР ТАУҚЫМЕТІ

XIX ғасырдың екінші жартысына қарай, дəлірек айтсақ, 1863-65 жылдары Черняевтің əскері Əулиеата, Шымкент, Түркістан қалаларын жаулап алумен, қазақ даласын толық қоластына қаратқан патшалық Ресей əкімшілігінің алдында ендігі жерде осынау байтақ өлкені «игеру» міндеті тұрды. Ол тарих жүзінде екі жолмен жүзеге асырыла бастады. Əуелі, ұлтымыздың ұлы ғалымы Ш.Уəлиханов тап басып көрсеткендей, «қазақтарда орыс əкімшілігінің бекітуінсіз хан болу мүмкін еместігі туралы пікір қалыптастыру»1 мақсатын көздей отырып, біраз «жетістіктерге» қол жеткізді. 1822 жылғы дала қазақтарын басқару туралы жаңа ереже – «Сібір қырғыздары туралы жарғының» қабылдануы соның алғашқы «жемісі-тін». Бұл жарғы бойынша, «патша үкіметі қазақ даласын еркін иемденіп, хандық билікті жойып, аға сұлтандыққа ауа бастады».2 Ал ол отаршыл саясаттың қазақ жерін жүгендеп ұстауына мүмкіндік туғызды.

Алайда, соған қарамастан, қазақ даласының хандық дəре-жедегі саяси тəуелсіздігін біржола жойған бұл реформаның өзі, көп ұзамай, отаршыл Ресей патшалығының тақиясына тар келе бастайды. Əсіресе, Арғынғазы Əбілғазиев пен Ке-несары Қасымов сынды аға сұлтандардың бас көтеруі, тіпті Кенесары бастаған көтерілістің ұлт-азаттық күреске ұласуы оны өзгерту талабын алға тартқан-ды.

1868 жылы 21-қазанда патша өкіметі бекіткен «Орал, Торғай, Ақмола жəне Семей облыстарын басқару жөніндегі Уақытша Ереженің» дүниеге келуінің басты себебі де сол болатын. Оны «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 8-қаңтарда жарияланған «Тарихи жыл» деген мақаласында Міржақып Дулатов «ақтабан шұбырынды» заманының зардап-залалы-мен қатар қойып қарастырады.

Оның себебі, «бөлшекте де билей бер» саясатының пай-дасынан дəм татып қалған патша өкіметі осы жарлығы ар-

1 Валиханов Ш.Ч. Собрание сочинений в пяти томах. – Алма-Ата, 1985, т. 4, стр. 115.

2 Мұқанов С. XX ғасырдағы қазақ əдебиеті: – Алматы: Қазақстан, 1932, 21 б.

Page 53: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

53

қылы тұтас жатқан қазақ даласын тоз-тозын шығарып бөл-шектеп, оларға өздеріне тікелей бағынатын басшылық жасау жүйесін таңған болатын. Бұл деген сөз, бір жағынан, қазақ халқының тұтастығына қазылған ор, екінші жағынан, отар-шыл күштің үстем саясатына ашылған даңғыл жол екендігін тарих дəлелдеп берді емес пе?

Ұлы империялық ауруға шалдыққан Ресей патшалығы-ның қазақ даласын отарлауда ұстанған екінші жолы бірінші-сінен де гөрі анағұрлым қауіпті əрі анағұрлым кеселді бо-лып келді. Бұл жергілікті жұртты орыстандыру арқылы ұшы-қиырсыз қазақ жерін империяның географиялық құрамды бө-лігіне айналдыруды мақсат тұтқан патшалық əкімшілік үшін «ең сенімді» жол болды. Ол Орталық Ресейден орыс шаруа-ларын қазақ даласына қоныс аудару арқылы жүргізілді. Мұны қолға алғанда патша үкіметі мынадай үш түрлі пайда ойлады:

Біріншіден, «қара шаруа переселендерін сыртқа көбірек жіберіп, Орталық Ресейдегі жер дағдарысынан құтылмақ болды».1 Екіншіден, ол отандастарының алдындағы абырой-беделін асырып, жақсыатты көрініп қалу үшін де ұтымды саясат еді. Үшіншіден, өз қандастарының қоластындағы ел территориясына кең жайыла орналасып, жергілікті жұртты тықсыра, қоян-қолтық аралас отыруы отарлау саясатын ба-тыл əрі қалауынша, емін-еркін жүргізуге қолайлы жағдай туғызады деген мысық тілеуі де жоқ емес-тін. Басқаша айтқанда, қоныс аударушы орыс шаруаларын қазақ даласын «игеруде» өзіне саяси-əлеуметтік тірек ете отырып, түпкі мақсатына тезірек қол жеткізуге күш салды. Сол себептен де переселен мəселесіне ерекше мəн беріп, оны шұғыл да ауқымды жүргізіп отыруға тырысып баққан. Оны мынадай статистикалық мəліметте айқын аңғартады. 1917 жылға дейін Қазақстанның 45 млн. гектарға жуық жер көлемі қа-зақтардың игілігінен казак-орыс əскерінің, қоныс аудару-шы орыс жəне басқа еуропалық шаруалардың, сондай-ақ патшалық мемлекет мекемелерінің пайдалануына өткен.2

1 Аспандиярұлы С. Қазақ тарихының очерктері. – Алматы: Қазақстан, 1932, 21 б.

2 Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы: Санат, 1995, 50 б.

Page 54: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

54

Ал ол кесіп алынған жерлер топырағы құнарлы, ең шұ-райлы аймақтар екендігі бесенеден белгілі.

Бұл процесс, əсіресе, XX ғасырдың басында өте жоғары қарқын алады. Мəселен, 1896-1905 жылдар аралығында Ақ-мола, Торғай, Орал жəне Семей облыстарына 294 296 ша-руа қоныс аударса, ол 1906-1910 жылдары 770 000 жанға өскен.1 Оның соңы қазақ облыстары тұрғындарының ұлттық құрамына да кері əсерін тигізбей қоймады. Тарихшы-ға-лым М.Қойгелдиев жоғарыдағы еңбегінде 1905 жылмен салыстырғанда, 1910 жылға дейінгі қоныс аударушылардың қатары екі еседен артық өссе, есесіне, жергілікті жұрттың үлес салмағы 12,9 пайызға кемігендігін тарихи деректер-мен дəлелдейді. Бұл отарлау саясатының осы үшінші жолын құныға қолға алған Ресей патшалығының шын мəнінде қазақ жерінің тізгінін уысында ұстап отыруға қол жеткізгендігін көрсетеді. Осылайша, көлемі ұшан-теңіз өлкенің табиғи байлықтарын тонап, ал халқын отарлау саясатының құрбан-дығына айналдыруға мықты негіз қаланған еді.

XX ғасыр қазақ даласы табалдырығын, міне, осындай ауыр жағдайда, түнере аттады. Ғасыр басында қазақ халқы-ның тарихи тағдыры қыл-көпірдің үстінде тұрды. Бір жағы-нан, Ресей империализмінің пəрменді отарлау саясаты, екін-ші жағынан, ортағасырлық мешеуліктен арыла қоймаған, ескі, күні өткен феодалдық қатынас қатар қыспағына алған ұлтымыздың болашағына үлкен қауіп төнді.

«Қазақ» газеті басқармасы кейінірек мұны «түнерген-тү-нерген қара бұлттарға» теңеп жазды. Апталықтың алғашқы санында жарияланған оқырмандарға арнауында:

«Төңірекке қарасақ, түнерген-түнерген қара бұлттар көрі-неді. Түбі қандай белгісіз. Не боларын білмейміз. Нұр болып жауып, жерімізді көгертіп, несібемізді молайтар ма, болма-са, дауыл боп соғып, үй-ішімізді шашып тастар ма? Көзіміз бұған жетпейді. Жалаң аяқ, жалаң бас, жеңдеріміз киюсіз, етектеріміз жиюсыз, ашылып-шашылып, қамсыз жатқан ха-лықпыз», – деп жазып, ғасыр басындағы еліміздің басына төнген қауіпті жайды бейнелі түрде бүркемелей жеткізді.

1 Тұрсынбаев А.Б. Из истории крестьянского переселения и Казахста-не. – Алма-Ата: Издательство АН КазССР, 1950, стр.34.

Page 55: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

55

Міне, осындай «тар жол, тайғақ кешуге» тап болып, хал-қымыздың тағдыры тығырыққа тірелген тарихи кезеңде азаттық күреске қазақ қоғамы үшін мүлдем жаңа саяси-əлеу-меттік күш – ұлттық интеллигенцияның араласа бастауы заңдылық та болатын. Олардың бірі «Маса» болып шағып, екіншісі «Оян, қазақ!» деп жар салып, қалың ұйқыда жатқан елін түртіп оятып, көкірек көзін ашуға, етек-жеңін жиғыза, өз қам-қаракетін өзіне жегізуге үн тастап, дабыл қақпасқа амалдары да қалмаған. Сонымен ғана шектелмей, «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн боламды» ойлағанда «сол амалға кіруге жұртқа мұрындық болатын нəрсенің бірі – га-зет» (А.Байтұрсынов) деп біліп, жалпыұлттық басылым шы-ғару идеясын жүзеге асыруға ұмтылған.

Бұл идея сонау 1905 жылғы Қоянды жəрмеңкесінде 14 500 адамның қолы қойылып, Петербургке жіберілген əй-гілі Қарқаралы петициясынан бастау алатынына тарих куə. Сол арыз-тілекте патша үкіметінің алдына қойылған не-гізгі талаптардың қатарында қазақтардың «ағымдағы қажет-тіліктерін айқындау үшін қазақ тілінде газет шығару керек-тігі»1 алға тартылған болатын. Бұл Петербург, Омбы, Том, Орал, Троицк жəне басқа да қалалардағы қазақ зиялылары-на ой тастаған соны бастама болды. Соның нəтижесінде XX ғасырдың алғашқы онжылдығында бірқатар бейресми төл басылымдар дүниеге келе бастады.

Оның алғашқысының бірі – «Серке» газеті. Ол 1907 жылы 28-наурызда Петербургте шығып тұрған татардың «Үлфəт» газетінің қосымшасы болып, Мемлекеттік думаның депутаты, мұсылмандар партиясы жетекшілерінің бірі – Шаһмəрдан Қосшығұловтың басшылығымен, Əбдірашид Ибрагимовтың редакторлығымен жарық көрген.

Бұл жөнінде қазақ баспасөзінің тарихын зерттеуге қо-мақты үлес қосқан, тұлғалы ғалым Б.Кенжебаев мынадай мəліметтер келтіреді: «Үлфəт» газетінің редакторларының бірі «Нажат» (Азаттық) деген журналға былай деп жазды: 1906 жылдың ақырында «Үлфəттің» қазақ оқушыларына ар-

1 Брайнин С. Шафиро Ш. Очерки по истории Алаш-Орды, приложение №1, Каркаралинская петиция. – Алма-Ата. – Москва, 1935, стр. 95.

Page 56: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

56

нап қазақ тілінде «Серке» атты екі жетілік газет шығаруға қарары болды. Келесі жылы март айының басында сол га-зеттің жариялануы шықты. Артынша, 28-мартта бірінші са-ны шықты. Ол «Үлфəт» газетінің қосымшасы болып шық-ты. Газет шыққан соң бірер күн өткеннен кейін полиция келіп, қала начальнигінің «Серке», «Үлфəт» газеттерінің ұсталғаны туралы əмірін оқып, басқармада бар даналарын жинап алып, құлыптап кетті. Екінші күні тиісті орындардан себебін сұрағанымызда, олар: «Серке» газетіндегі кейбір мақалаларда қазақ халқын үкіметке қарсы үгіттеу бар. Со-дан ұсталды деп жауап берді».1

Осындағы «қазақ халқын үкіметке қарсы үгіттеу бар» деп айыпталған «кейбір мақалалар» ардақты Алаш азаматы Міржақып Дулатовтың «Жастарға» деген өлеңі мен «Біздің мақсатымыз» атты мақаласы екендігі бүгінде баршамызға белгілі болып отыр. Олай десек, бұл басылым мен «Қазақ» газеті арасында тығыз байланыс бар екендігіне көз жеткіземіз. Жақаңның, Міржақып Дулатовтың «Серкеден» бастау ала-тын журналистік қызметі кейіннен «Қазақта» жалғасын та-бады. Осы басылым арқылы бір кездері жастардың, соның ішінде өзінің алдына қойған мақсат-міндеттерді жүзеге асыруға білек түре, белсенді түрде атсалысады.

Ендеше, екі басылымның да ұстанған жол, бағыт-бағ-дары, мұраты бір болды деп қабылдауымызға толық негіз бар. Олай десек, бүгінде ұлттық бағыттағы бейресми, саяси-демократиялық баспасөздің алғашқыларының бірі деп баға-ланып жүрген «Серке» газетін «Қазақтың» ізашары деп қарастырсақ негізсіз болмайды.

Дегенмен, бұл екі басылымның аралығында аттай жеті жыл уақыт бар екендігін ұмытуға болмайды.

Осы мезгіл ішінде қазақ баспасөзінің тарихы тағы да бірнеше басылымға толықты.

«Серкеден» сəл ертерек Троицк қаласында «Қазақ газеті» дүниеге келді. Бірақ, оның да ғұмыры қысқа болды. Араб жəне кирилл емлесімен екі тілде – орысша-қазақша жарық

1 Кенжебаев Б. Қазақ халқының XX ғасыр басындағы демократ жазушылары. – Алматы: Қазмем, 1958, 26 б.

Page 57: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

57

көріп, бір санынан кейін шығарылуын тоқтатты. Мұның ізін суытпай қазақ оқығандары Том қаласында да газет шығару ісін қолға алған-ды. «Дала» газеті – соның жемісі. Алай-да, ол да жөргегінде тұншықтырылып, бір-ақ саны шығып, алдыңғы басылымдардың кебін киген. Осыдан-ақ патшалық əкімшіліктің қоластындағы «бұратана» жұрттардың мəде-ниетінің «гүлденіп дамуына» қандай «үлес» қосқанын аң-ғару көп қиындыққа түсе қоймас. Бұдан да отаршыл озбыр саясаттың иісі мүңкіп тұрған жоқ па?

Соған қарамастан, ұлттық бейресми басылым шығару ісі біржола тоқтап қалуы мүмкін емес еді. Патша үкіметінің оны ауыздықтап ұстауға 4-5 жыл ғана шамасы жеткен. Алғашқы орыс революциясынан кейінгі реакция жылда-рында біраз саябыр тапқан ұлттық бейресми газет-журнал шығару идеясы, оның есесіне, революциялық өрлеу жылда-ры (1910-1912) қайта маздап жанады. Соның нəтижесінде қос бірдей төлтума басылым дүниеге келгені баспасөз та-рихынан белгілі. Оның бірі – 1911 жылдың 11-қаңтарынан Троицк қаласында шыға бастаған қазақтың тұңғыш жур-налы «Айқап» та, екіншісі – оның ізін ала əуелі Бөкей ор-дасында, 5-санынан бастап Орал шаһарында жарық көрген «Қазақстан» газеті.

Əсіресе, «Айқап» журналының дүниеге келуі ұлттық бас-пасөзіміздің тарихында айрықша атап өтуге тиісті ерекше оқиға болды. Оны қазақ қоғамы аса қымбат, жүрекжарды қуаныш сезіммен қарсы алды. Журналдың қалың ұйқыда жатқан туған халқын сілкіп оятып, етек-жеңін жиғыза, ілгері басуына жолбасшылық еткен қызметін кейінірек «Қазақ» газеті төңірегіне топтасқан Ə.Бөкейханов бастаған Алаш азаматтары да жоғары бағалап, жылы қабылдаған. Сөйтіп алғашқы кезде журнал жұмысына бір кісідей атсалысып, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара» қызмет етіскен. Оған «Айқапта» жарияланған Ə.Бөкейханов, А.Байтұрсынов жəне М.Дулатовтың мақалалары – айқын дəлел. Алайда, бұл бірлесе қызмет етулерінің ғұмыры ұзақ болмаған. Күн өте келе жоғарыда аты аталған Алаш ардақтылары азаттық жолындағы күресте бір ғана журналмен шектеліп қалуға

Page 58: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

58

болмайтындығына көздері жетіп, жаңа басылым шығару идеясының жетегінен ұстайды. Оған, біздіңше, екі түрлі се-беп болған.

Біріншіден, ғасыр басында қазақ қоғамында екі саяси ағымның пайда болуы соған итермелеген. «Оның бірі – діни-ұлттық деп аталуы мүмкін жəне оның мұраты қазақтарды басқа мұсылмандармен діни тұрғыдан біріктіру. Екінші-сі – батыстық бағыт, олар қазақ даласының болашағын кең мағынадағы батыстық мəдениетті жүзеге асырумен байланы-стырады. Алғашқысы, шамасы, үлгі ретінде мұсылман, татар партияларын алар, ал екіншісі оппозициялық орыс партиясын, соның ішінде халық бостандығы партиясын алар», – деп жаза-ды ол ағымдар турасында, өзі осы соңғы топтың жетекшісі болған, көрнекті қоғам қайраткері Ə.Бөкейханов.1

Бір ескерерлік жай, бұл екі ағымның арасында үлкен жік туып, ол идеялық қақтығысқа ұласты деуге ешқан-дай негіз жоқ. Рас, кейбір мəселелер бойынша пікір алалы-ғы кездесіп отырған. Бірақ, ол мақсат-мұраттарының ұштас-пайтындығынан емес, соған жетуде таңдаған жолдарының əртүрлілігінен туындайтынын көреміз. Мəселен, осы екі ағымның ең алғашқы айтысқа түскен мəселесі – қазақ тілінің əліпбиін қалыптастырудағы түрлі көзқарастары. Мұндағы басы ашық нəрсе – екі жағы да қазақ тілінің таза сақталып, өсіп-өркендеуін құптап, қолдайтындығы. Бірақ соны жүзе-ге асыруда екі түрлі жолды таңдауы талас туғызған. Ал-дындағы ағымдағылар сол кезде қолданыста жүрген қадым жазуды өзгертпей пайдалануды қолдап, олай етпесек, түрік тілдес халықтардың тұтастығына сызат түсіріп аламыз де-ген пікірде болса, кейінгі ағымдағылар онымен келіспеген. Қазақтың өз жазу үлгісі болу керектігін айтып, оны тез арада құрастыру міндетін алдарына тартқан. Бұл жөнінде кейіннен тарихшы-ғалым С.Асфендияров өзінің «История Казахстана (с древнейших времен)» деген еңбегінде былай деп жазады:

«Одна часть, группировавшаяся вокруг журнала «Ай-кап» (М.Сералин, Д.Сейдалин) стояла на пантюркистской

1 Букейханов А. Киргизы (Казахи о русских до 1917 года). – Оксфорд, 1985, стр.9.

Page 59: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

59

позиции блока с татарской буржуазией, за оъединение всех тюрков. Она выдвигала требования оседания казахского населения и стояла за развитие татарских новометодовых школ. Другая группировалась вокруг газеты «Казах» на-чавшей выходить в 1913 г. (А.Букейханов, А.Байтурсынов, М.Дулатов). Эта часть требовала развития казахского языка, считая что «блок с татарами» приведет к ассимиляции (т.1, стр. 275)».

Жазу үлгісі туралы айтыс «Қазақ» газеті шықпай тұрып-ақ бастау алған пікірталас болатын. Ол қазақтың маңдайына біткен жалғыз журналы «Айқап» бетінде өрбиді. Журналдың 1912 жылғы 4 – 5-сандарында жарияланған А.Байтұрсынов-тың, 8-нөмірінде жарық көрген М.Дулатовтың мақалала-ры – соның дəлелі. Олар «араб əріпінен қазақтың тіліне, ды-быс жүйесіне негіздеп əріп алу, соған сүйеніп оқу құралдарын жазып, мектеп тілін қазақшаландыру» мəселелерін көтереді. Бірақ бұл пікірлеріне журнал басшылығы қолдау көрсете қоймаған. «Батысшылдық бағыттағы» Алаш азаматтарының өз алдына жеке басылым шығаруларына түрткі болған себеп те, міне, осы болса керек.

Кейіннен осы пікірталас «Қазақ» пен «Айқаптың» ара-сын ушықтыра түскен себепті араағайын ретінде (екі басы-лымға да тең жазып тұрғандықтан) басу айтқан көрнекті қалам қайраткері Б.Майлин «Қазақ» газетінің 1915 жылғы 138-санында жарияланған «Айқап» ойларында бар ма ат-ты мақаласында: «Бұл екеуінің кейбір пікірлерінің біріне-бірі қиғаштығы, ол туралы бірсыпыра сөздің болып өт-кендігі оқушыларға белгілі. Бірақ ол тақырыпта араларын-да дұшпандық жоқ. Себебі екеуінің де мақсаттары бір еді. Сондықтан бір жағын кіріптарлық етуге орын жоқ. «Ай-қаптың» басқармадан болған бір кінəсі – емле қиғаштығы. Емле туралы өнегені татардан алмай-ақ, əзірге бір емлемен бара тұруымыз жөн еді», – деп жазуы жоғарыдағы пікір-леріміздің негізсіз еместігін дəлелдейді.

«Қазақ» газеті дүниеге келуінің екінші себебі – əрине, ақ-параттық сұраныстың арта түсуі. Айына бір мəрте, ал екінші жылынан (1912) бастап айына екі рет жарық көріп тұрғанына

Page 60: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

60

қарамастан, қоғамдық өмір өзгерістерімен ілесе, дер кезінде хабар таратып, пікір бөлісіп отыруға бір журнал тарлық ете бастаған. Яғни, «жарты айлық шабандылығы» «Айқаптың» аяғына тұсау болып оралған-ды. Осы «олқылықтың» ор-нын толтыру мақсатында, сондай-ақ, өздерінің алға тұтқан мұраттары мен ұстанған жол, бағыт-бағдарларын қалың қа-зақ жұртына кең тарата жеткізіп, үзбей насихаттап отыру үшін «батысшылдар» «Қазақ» газетін шығаруға ден қояды.

Сонымен, шын мəніндегі «халықтың көзі, құлағы һəм ті-лі» боларлық басылым шығару идеясының жүзеге асуына 8 жылдай уақыт (1905-1913) керек болды. Осы мезгіл ішінде, бір жағынан, бірінші орыс революциясы əсерімен қоғамдық-саяси қызметке қызу араласа бастаған қазақ зиялыларының жетекші тобы айқындала түссе, екінші жағынан, олардың отаршылыққа қарсы азаттық күресте əбден ысылып, мол тəжірибемен қарулануына мүмкіншілік туды. Соның нəти-жесінде бұл топ 1913 жылдың басына қарай қазақ қоғамы үшін саяси күрестің мүлдем жаңа құралы – жалпыұлттық сая-си басылым шығару идеясын жүзеге асырды. Шын мəнінде ұлттық сананың ұйытқысы бола білген, сөйтіп «өз ісімен өзіне мəңгілік ескерткіш тұрғызған» (М.Əуезов) «Қазақ» га-зеті осылайша дүниеге келген болатын.

Жалпы, «Қазақ» газеті шыға бастаған 1913 жыл қазақ бас-пасөзі тарихында өнімді жыл ретінде аталып өтілуге əбден лайық. Уақытша тоқтап тұрған «Қазақстан» газеті қайта тірілсе, сонымен бірге, қыркүйек айынан бастап Петропавл қаласында екі тілде (қазақ, татар) бір жыл бойы шығып тұрған «Ешім даласы» газетінің дүниеге келуі де осы жыл-дың еншісінде.

Осылайша, 1913 жылы төрт бірдей басылым қазақ да-ласына үн таратып отырғанын байқаймыз. Олар – «Айқап» журналы мен «Қазақстан», «Ешім даласы» жəне «Қазақ» газеттері. Осылардың ішіндегі ең ұзақ шыққан əрі таралымы молы, сонымен қатар, мазмұны бай, көтерген жүгі жағынан ең құндысы – «Қазақ» газеті. Мұны біз тұрмақ, кезінде осы басылымды жер-жебіріне жеткізе сынап-мінеген қаламгер-лер де мойындап, ашығын жазбасқа лаждары қалмағанды-

Page 61: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

61

ғын зерттеу еңбегіміздің кіріспе бөлімінде атап өткен бо-латынбыз.

«Қазақ» газеті 1913 жылдың 2-ақпанынан 1918 жылдың 16-қыркүйегі аралығында аптасына бір мəрте, ал 1915 жылы жұмасына екі рет жарық көріп, барлығы 265 нөмірі басы-лып шыққан. Ұлттық мерзімді баспасөзіміздің қалыптасу дəуірінде мұндай ұзақ уақыт үзбей жарық көріп тұрған бей-ресми басылым жоқ. Оның үстіне, шығып тұрған уақытында қазақ даласында болған тарихи оқиғалардың шынайы ше-жіресіне айналып, ұлттық азат ойдың ұясы қызметін қоса атқаруы газет құндылығын еселеп арттыра түседі. Бұл қы-рынан келгенде, «Қазақты» ұлттық сананың ұйытқысы бо-ла білген басылым деп бағаласақ, əсіре айтып, ауаға жайыл-ғандық болмайды.

Ұлтымыздың ұлы ойшыл ақыны Шəкəрім Құдайберді-ұлының «Қазақ» газетінің жарық көруіне байланысты апта-лықтың 5-санында жарияланған халқына жүрекжарды құт-тықтауында жырмен өрнектелетіндей:

«Үмітті Орынбордан бала туды, Қолына жарық сəуле ала туды. Мақсаты қараңғыда жүрген жұртын Ойлайды тура жолға қаратуды», –

деген үмітпен өмірге келген «Қазақ» газетінің Орынбор қа-ласында жарық көруінің өзінде үлкен мəн бар.

Бұл жөнінде тарихшы-ғалым М.Қойгелдиев өзінің «Алаш қозғалысы» деген еңбегінде біраз жайдан сыр ағытады. Біз ғалымның төмендегі ой-пікірлерін толық қолдай отырып, оның басқа да себебі болғандығын айта кеткенді жөн санай-мыз.

Орынбор XX ғасырдың басына қарай күрт дамып, гүлден-ген қалаға айналды. Ол Орта Еділ сағасы мен Орал өңірінде Қазаннан кейінгі мəні ірі саяси жəне сауда, сонымен қатар, мəдени орталық болып қалыптасты. Оған Қазақстан мен Орта Азияны өз империясының географиялық құрамына енгізуден дəмелі патшалық монархияның бұл шаһарды

Page 62: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

62

«ұлы қақпа» ретінде пайдаланғаны қатты əсер етсе керек. Осы себептен де бұл қалаға бірсыпыра еркіндіктер беріліп отырған. Соның бір ғана дəлелі ретінде 1906 жылдан бас-тап татар тілінде онға тарта газет-журнал шығаруға рұқсат етілгендігін ауызға алсақ та, оған айқын көз жеткіземіз.

Міне, осындай дамыған баспа мəдениеті бар қаланы қа-зақ зиялылары газет шығару үшін оңтайлы көріп, қалап ал-ғаны, əрине, ұтымды таңдау болған. Ол дəлелдеуді қажет етпейді.

Осыған қоса басылым басқармасы газетті Орынбор-да шығаруды ойлағанда тағы да бір мақсат көздеген де-сек, қателеспейміз. Ол осынау «қақпа-қаланы» патшалық отаршылыққа қарсы күресте өз пайдаларына жарату міндеті болатын. Əрине, бұл турасында ашық айтуға ол кезде мүл-дем мүмкін еместігі белгілі. Бірақ газеттің тұспалдап жазыл-ған материалдарымен мұқият танысқан кісі оны айқын аңға-рады. Мəселен, апталықтың 1918 жылғы 258-санында жария-ланған «Орда гербі (таңбасы)» деген мақалада біраз жай-дан сыр тарқатылады. Онда газеттің екінші санынан бастап маңдайшасынан тұрақты орын алған Орда суретінің мəн-мағынасына түсініктеме беріледі. Сол арқылы апталықтың ұстанған жолы, мақсат-мұраты мен атқарған қызметтері толық ашылып, айқындала түседі. Оған мақаланың өзін сөйлету арқылы көз жеткізіп көрейік: «Киіз үй – киіз туырлықты қазақ халқы. Үйдің түндігі ашық, есігі жабық болуындағы мағына: түндік жарық кіретін жол, есік – түрлі заттар кіретін жол дегендік. Жарық жолы ашық, еркін болсын, түрлі зат-тар кіретін жол есігі еркін болмасын делінген еді. Түндіктен түсетін жарыққа өнер-ғылым енгізілген еді. Түндік күн-батыс жағынан ашылуы өнер-ғылым Еуропа жағында күшті болған себепті қазақ ішіне Еуропа ғылым-өнері таралсын деген мағына еді. Үйдің есігі «Қазақ» деген сөзден жасалған. Ондағы мағына «Қазақ» газеті қазақ жұртына əрі мəдениет есігі болсын, əрі жат жұрт жағынан күзетшісі болсын делін-ген еді. Қазаққа деген игілік нəрсені енгізу жолында газет қызмет етсін, сырттан келетін жамандық болса, күзетші ор-нында газет қызмет қылсын делінген еді».

Page 63: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

63

Осы жолдарды оқи отырып, басылым басқармасының газетті Орынборда шығаруды қалағандағы екінші бір мақ-сатының тамырын ұстағандай боламыз. Ол жоғарыда айтыл-ғандай, тек көрші отырған екі ел арасын ғана емес, Еуро-па мен Азия секілді қос құрлықты қосып тұрған үлкен мəні бар қаланы қазақ игілігіне жарату міндетінен туындаған деуімізге толық негіз бар. Бұл шаһар, бір жағынан, қазақ да-ласына еніп жатқан мəдениет пен ғылым-өнердің қақпасы болса, екінші жағынан, отаршыл озбыр саясаттың қамалына айналғаны белгілі. Осыны жақсы түсінген Алаш азаматта-ры сол «қақпаға» «Қазақты» күзетші етіп қойып, халыққа пайдалы нəрсені енгізіп, залалдысы болса, тосқауыл қоюды өз міндеттеріне санап, ел қорғаушысы болған осынау қыз-меттерін газет арқылы жүзеге асыруға атсалысқандығы кө-рінеді.

Бұл іс-əрекеттері, əрине, отаршыл əкімшіліктің көңілінен шықпағандығы айтпаса да түсінікті. Олар тұрмақ, бұған халқымызбен аралас-құралас отырған, түбі бір татар туыс-тардың кейбір қалталы байлары, оқымыстылары да жылы қабақ таныта қоймаған. Өйткені олардың өз есептері де жоқ емес-тін. Бұл сырлары кейіннен 1917 жылғы ақпан төңкерісі жеңіске жеткеннен соң ашылады. Осы жылдың 1-13 мамыр аралығында Петербург қаласында өткен жалпы мұсылман съезінде татар депутаттарының жетекшісі Ахмед-бек Салықов өз отандастарының атынан үш рет сөз алып, соңғы мəрте сөйлегенде ішке бүккен сырды ашып салады: «Қазақ, сарт, кавказдықтарға федерация болуға жібермеу ке-рек. Олар бөлінсе, Россия қолында Еділ бойындағы татарлар қалмақшы. Жəне де қазақ пен Түркістан жақтарында бос жер көп. Олар бөлінсе, жерімен бөлінеді. Онда бізге пайда жоқ. Егер де бөлінбей тұрса, онда жері жоқ татарлар қазақ пен Түркістан жеріне көшіп барып, жер алады».1 Бұдан кейбір татар оқымыстыларының Ресей патшалығының қазақ дала-сын отарлай түсуіне кетəрі болмағандығын көреміз. Керек десеңіз, өз пайдалары үшін белгілі бір дəрежеде оны қолдап та отырғандығы аңғарылады. Басылым басқармасының га-

1 Тілеулин Ж. Жалпы мұсылман съезі //Қазақ, 1917, №232.

Page 64: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

64

зеттің 1917 жылғы 214-нөміріндегі: «Газет һəм кітаптарды өзімізде болмаған соң, Хусайнов баспаханасында бастырып отырғанымыз оқушыларымызға мағлұм. Газет пен кітап-тарды бастыру үшін біреудің баспаханасына қарауда қанша қолайсыздық, қанша қиыншылық барлығына басынан өт-керген адам болмаса, басқалар түсініп жете алмайды. Газет пен кітаптарды мезгілімен шығару үшін талай жүз салып кішірейесің, талай жалынып-жалпаясың. Газет шығарғаннан бері біреу баспаханасына телміру, дəмі таңдайға татырлық болды», – деп жазуы да татар байларының отаршылыққа қарсы күресіп жатқан Алаш азаматтарына қаншалықты қол-дау көрсетіп отырғандығын байқатады.

Апталықтың патшалық əкімшілік тарапынан көрген қоқан-лоққы, құқайы – өз алдына жеке бір əңгіме. Бұл жө-нінде «Ахмет Байтурсунович Байтурсунов» деген естелік-еңбегінде Міржақып Дулатов бірталай мəлімет келтіреді: «Поэтому то и дело производилось в редакции обыски, то и дело А.Байтурсынова таскали к губернатору или жандарм-скому начальнику на допросы. В 1914 году за помещенную в №80 «Казаха» передовицу, где А.Б. критиковал только что выработанный М.В.Д. проект положения об управлении Киргизском краем, оренбургский губернатор Сухомлинов оштрафовал А.Б. как редактора на 1500 руб. И в случае его несостоятельности постановил заменить штраф арестом А.Б. на 3 месяца. Утрата 1500 руб. была равносильна закрытию газеты, поэтому А.Б., несмотря на слабость своего здоровья, заявил полиции, что он согласен сидеть, но платить штраф не может. 20 октября А.Б. посадили в тюрьму. Пишущий эти строки подал телеграммы в разные города, известив друзей А.Б. о случившемся. В адрес редакции посыпались перево-ды по телеграфу, А.Б. не просидел и 4-5 дней, по внесению штрафа был освобожден. «Казах» и после этого подвергался штрафам на разные суммы, доходившие иногда до 3000 руб. (1916), и всегда отзывчивые читатели аккуратно вносили штрафы, не доводя дела до ареста А.Байтурсынова или за-крытия газеты».

М.Дулатовтың бұл келтірген мəліметтерін мұрағат мате-риалдары да растайды. Патшалық əкімшіліктің жоғарғы

Page 65: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

65

билік орындары жергілікті басқару мекемелеріне «Қазақ-тың» əр қадамын қатаң бақылап, кішкентай күдік туса бол-ды, өздеріне баяндап, «қылмысына» қарай аяусыз жаза-лау жөнінде арнайы тапсырмалар беріп отырған. Мəселен, Ішкі істер министрлігі жанындағы баспасөз жөніндегі Бас Басқарманың бастығы граф Татищев 1913 жылғы 26-қыр-күйекте Орал облысы Əскери губернаторына мынадай мазмұндағы аса құпия құжат жолдаған: «Имея в виду, что газета «Казах», по-видимому, принимает за последние вре-мя нежелательное направление, Главноме Управление счи-тает долгом просить Ваше Превосходительство сделать за-висящее расположение о тщательном наблюдений за наз-ванным изданием и о привлечении редактора его к судебной ответственности в каждом случае нарушения изданием уго-ловных законов».1

Ал жергілікті əкімшілік болса, осынау бақылаушылық жəне қаралаушылық қызметіне мұндай тапсырма берілмей тұрып-ақ, білек сыбана кірісіп кеткен болатын. Жоғарыдағы архив құжатына қоса тіркелген Орал облыстық əскери гу-бернаторының 1913 жылдың 17-қыркүйегінде баспасөз жө-ніндегі Бас Басқармаға жолдаған мəліметі – соның дəлелі. Онда «Қазақ» газеті 18-нөмiрінің аудармасын қоса жіберіп отырғанын баяндай келіп, əскери губернатор мынадай пікір біддіреді: «...со своей стороны, данное повременное изда-ние («Қазақ» – С.Қ.) я признаю крайне вредным для много-численного киргизского населения временно управляемой мною области, равно как и для проживающих в ней татар».

Осындай қара ниеттегі лауазым иесіне жоғарыдағыдай арнайы тапсырманың берілуі, отқа май құйғандай, қуана қарсы алынатындығы айдан анық.

Мұнымен ғана шектелмей, баспасөз жөніндегі Бас Бас-қарма «Қазақты» тырп еткізбей бақылап отыру үшін Орын-бор облысының генерал-губернаторы Сухомлиновты да осы-нау аса құпия маңызды «жұмысқа» тартады. Аталған архив

1 Санкт-Петербург қаласындағы Орталық мемлекеттік архиві 776-к., 16-іс (архив материалдарын ізгі ниетпен қолымызға берген библиограф-ғалым Ү.Сұбханбердинаға алғысымыз шексіз.

Page 66: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

66

мəліметі бойынша 1913 жылы 22 қазанда оған жолданған аса құпия құжатта жоғарыдағы Орал облыстық əскери губер-наторының пікірі қаз-қалпында баяндала отырып, мынадай нақты өтініш білдіріледі: «В виду сего, Главное Управление просит Ваше Превосходительство сделать зависящее распо-ряжение о возможно тщательном наблюдении за упомяну-тым изданием, и о привлечении редактора его к судебной от-ветственности в случаях обнаружения в содержании какого либо нумера нарушения уголовных законов».

Əрине, мұндай арнайы жолданып тұрған өтініш-тапсыр-малар асыра орындалып отырған. Оған төмендегі деректер дəлел.

Бұл жөнінде «Қазақтың» «екінші жазушысы» – Міржа-қып Дулатов апталықтың 1917 жылғы 239-нөмірінде жа-рияланған «Қазақ баспаханасы» деген мақаласында былай-ша еске алады: «Жер аудару» деген мақала басылған 9-нөмі-рінен бастап, кешегі өзгеріске шейін (мұнда 1917 жылғы ақпан төңкерісі туралы айтылып отыр – С.Қ.) тергеу, тексе-ру, тінту, абақты, штрафтан «Қазақтың» көзі ашылған жоқ. Дəл Николай түсіп, өзгеріс болардан бес-алты күн ғана жа-уыз хакімдер «Қазақты» тағы да тексеріп, біржола жабуға айналып тұрғанда өздері су түбіне кетті».

Газет бір емес, екі мəрте – жарық көрмей тұрып жəне бас-падан басылып шыққаннан кейін қайта тексеріліп отырған. Оған мына мəліметтер дəлел бола алады. «Қазақтың» 1914 жылғы 31-тамыздағы 76-санында бас мақаланың орны ашық қалдырылып, ол басылым басқармасының кінəсінен болмағандығы ескертіледі. Ендеше əскери цензураның кесі-рінен екендігі күмəн келтірмесе керек. Бұл алдын ала тек-серудің тигізген залалы болса, оның бір емес, бірнеше рет айыпқа тартылып, редакторының тұтқындалып отырылға-нын дəлелдейтін деректер – артынан болатын бақылаудың зардабы.

Оған бір ғана мысал, жоғарыда газеттің 1914 жылғы 80-санында жарық көрген бас мақала үшін тартқан жазасын тілге тиек ету арқылы көз жеткізгендей болдық. Көрсетілген айыппұлы төленгеннен кейін абақтыдан босатылған А.Бай-

Page 67: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

67

тұрсынов істі біттіге санап, қарап отырмаған. Өзінің жөнсіз жазаланғандығын, газеттің айып төлеуі заңға қайшы келе-тіндігін дəлелдеп, күрестің жаңа жолын бастайды. Жоғарғы билік мекемелеріне, соның ішінде Мемлекеттік Сенатқа жолдаған шағым-арыздары сол жайынан сыр шертеді. «Ах-мет Байтұрсыновтың Орынбор губернаторына, Ішкі істер министріне, Сенатқа жазған арыздары (Санкт-Петербургтегі Мемлекеттік – С.Қ.) мұрағат құжаттарында сақтаулы тұр. Бұл арыз-өтініштерін тебіренбей оқу мүмкін емес. Меру-ерттей əдемі жазумен, орыс тілінде, бір қатесіз əрі дəлелді жазылған арыздан елім деп еңіреген аяулы азаматтың жан дауысы естілгендей!» – деп жазады бұл жөнінде осынау құны жоғары құжаттарды қолымызға ұстатқан библиограф-ғалым Ү.Сұбханбердина «Қазақ, Алаш, Сарыарқа» атты библиографиялық көрсеткішінің алғы сөзінде.

А.Байтұрсынов бастаған ісін аяғына дейін жеткізіп, ақы-рында жеңіп шығады. Жоғарыдағы архив құжатында Се-нат 1915 жылдың 9-желтоқсанында осы мəселе бойынша істі қарап, мынадай себептермен Орынбор генерал-гу-бернаторының жоғарыдағы үкімін бұзу туралы шешім шы-ғарғаны айтылады: «В жалобе Правительствующему Сена-ту Байтурсынов объясняет, что путем помещения упомя-нутой выше статьи он преследовал только цель разъяснения киргизам проекта нового закона об устройстве их быта, ука-зывая кроме того, что инкриминируемая статья была про-смотрена военной цензурой и снабжена дозволительной надписью (астын сызған – С.Қ.), проситель ходатайствует о сложении с него взыскания.

Принимая во внимание... Правительствующий Сенат на-ходит распоряжение Оренбургского губернатора лишенным правильных оснований, а потому определяет таковое отме-нить. О чем, для исполнения и объявления просителю, а рав-но в разрешение рапорта от 8 декабря 1914 года за № 7514».

«Қазақтың» əрбір материалы жарық көрмей тұрып та əскери цензураның тексеруінен өтіп отыратындығына бұл құжат та айқын дəлел. А.Байтұрсыновтың Сенат алдында Орынбор генерал-губернаторының сағын сындырып, жеңіс-

Page 68: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

68

ке жетуінің басты себебі де сондықтан. Яғни, жазықсыз жазаға ұшырауына түрткі болған мақаланың алдын ала цензураның тексеруінен өткендігін тілге тиек ету арқылы «айыпталушыдан» айыптаушы жағына шыққан. Осының өзі газетті шығарушылардың саяси сауаттылығы мен отарлау-шыларға қарсы күресте əбден ысылып, мол тəжірибе жинақ-тағандықтарын танытады.

Газет өзінің алты жылға таяу ғұмырында, қолымыздағы мəліметтер бойынша, бес рет айып тартып, редакторы əр-түрлі мерзімге абақтыға жабылған. Атап айтқанда, 1913 жылғы 9-нөмірінде басылған «Жер аудару», 1914 жылдың 78, 79, 80 жəне 90-нөмірлерінде жарық көрген «Алашқа», «Россиядағы ұйымшылдық», «Закон жобасының баяндама-сы» жəне «Бұ қалай?» деген мақалалары үшін апталық 50 сомнан 1500 сом аралығында айып тартып, төлей алмаған жағдайда, редакторы 2 айдан 2 жылға дейін айдалып, абақ-тыға жабылатындығы жөнінде жарлық шығарылғанын жоға-рыдағы архив материалдары растайды.

Бұдан басқа 1916 жылы да газеттің айып тартқаны тура-лы деректер ұшырасады. Бұл жөнінде кейіннен Жақаң: «Ка-зах» и после этого подвергался штрафам на разные сум-мы, доходившие иногда до 3000 руб. (в 1916 г.)»,1 – деген мəлімет келтірсе, оны газет тігінділерінің материалдары да жоққа шығармайды. «Қазақтың» 1917 жылғы 215-санын-да «Штраф туралы» деген хабар жарияланған. Онда 1916 жылғы 25-июнь жарлығына байланысты қара жұмысқа алынған қазақ жігіттерінің апталық айыпқа тартылыпты де-ген хабарды естіп, жəрдем ақша жібергендері туралы хатта-рынан үзінді келтіріледі: «Қазаққа» 3 мың сом штраф түсіпті, жайшылықта да халқымыздың көз-құлағы еді, оның үстіне, биылғы 25-июнь жарлығы бойынша алынған біздердің қа-мымызды көп қайғырып, хал-жағдайымызды жазып, елімізге амандығымызды білдіріп, елдің амандығын бізге жеткізіп, біздің көңілімізді ашып отырған жалғыз газетіміз еді, біз жəрдем жібереміз», – деген жолдарды оқып, соған көзіміз жете түседі. Бірақ, ол айып газеттің қай нөміріне жəне не

1 Дулатов М. Шығармалары. – Алматы: Ғылым, 270 б.

Page 69: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

69

үшін таңылғандығын дəл əзір дəлелді дерек болмауы себепті анықтай алмай отырмыз.

Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ баспасөзі тарихында ең шоқтығы биік басылым – «Қазақ» газеті. Оған апталықтың ұстанған жол, мақсат-мұратын жəне шын мəніндегі «халық-тың көзі, құлағы һəм тілі» бола білген қызметін тілге тиек ете отырып көз жеткізгендей болдық. Ол өзге басылымдарға қарағанда мейлінше ұзақ, мерзімді əрі жиі шығып тұрады. Сонымен бірге, таралымы мол жəне таралым аймағының кең болып келуі де оның құндылығын арттыра түседі. Бұл жөнінде газеттің 1914 жылғы 45-нөмірінде мынандай дерек жарияланған: «Қазақ» газетасын 10 облысқа қараған киіз туырлықты қазақ байдың баласынан 1913 жылдың ішін-де алдырып тұрғандардың есебі мынау: Торғай – 694, Се-мей – 612, Ақмола – 582, Сырдария – 327, Орал – 301, Жеті-су – 157, Ішкі ордалық – 136, Ферғана – 30, Самарқан – 8, Закаспий – 5, өзге жерлерден: Орынбор – 37, Уфа – 14, Қа-зан – 13, Қытай қазағы – 10, Петербург – 9, Түркия – 5, Мəс-кеу – 3, Томск – 3 һəм басқа шаһарлар – 57».

Бұдан қазақ даласын ғана түгел шарлап қоймай, шет ел-дерге де кең жайылған «Қазақ» газетінің таралымы 3007 да-на болғандығын көреміз.

Бұл – алғашқы жылғы көрсеткіші. Ол кейінгі жылда-ры, дəлірек айтсақ, 1915 жылы бір жарым мыңға дейін кемігенімен, соңғы екі жылында, яғни 1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейін, қазақтың өз қолы өз аузына жеткен уақытта, қайтадан күрт өсіп, өзінің шарықтау шегіне жеткен. Жоғарыдағы еңбегінде М.Дулатовтың: «газета перед закры-тием имела свою собственную типогафию, большой запас бумаги, небольшую библиотеку, тираж превышал 8000», – деп еске алуы – соның дəлелі.

Жоғарыда «Қазақ» газеті тарихының бірқатар келелі мə-селелеріне тереңірек тоқталып, жан-жақты зерттеу жүргізу-ге көңіл қойдық. Енді оның осы күнге дейін мəн берілмей келе жатқан, назар аударылса да, біржақты талқыға салынып, сыңаржақ пікір туғызылып жүрген көлеңкелі тұстарынан да сыр тарқаталық.

Page 70: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

70

Бұлай дегенде, əуелі əңгімені газеттің жабылу тарихы мен одан кейінгі тағдыр талайы туралы тың деректер негізінде ой бөлісуден бастаған артық болмас. М.Дулатовтың жоғарыда келтірген мəліметтеріне қарағанда, газеттің материалдық та, моральдық та жағдайы жабылу қарсаңында өте жақсы болғандығын көреміз. Мұны газет тігінділерінің материал-дары да толық растайды.

Апталық ғұмырының ең бір шырайлы да шұрайлы мез-гілі – 1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейінгі кезең. Осы соң-ғы бір жарым жылдық уақытында (1917 жылғы ақпан төңкерісінен газет жабылған 1918 жылдың 16-қыркүйегіне дейін) газет шын мəнінде, өз сөзімен айтқанда, «қазақ-қыр-ғызға қызмет һəм басшылық ету» міндетінде болған. Ұсақ-түйектен бастап, ұлтымыздың ұлт ретінде сақталып қана қоймай, өсіп-өркендеуіне негіз қалайтын мəселелердің бар-шасы, соның ішінде қазақ халқының өз алдына автономия-лы ел болып өркениетті елдер қатарына ұмтылу жолындағы қыруар іс-шаралар, ең алдымен, осы басылым бетінде тал-қыға салынып, содан кейін шешімін тауып отыруы – соның бұлтартпас дəлелі. Бұл қырынан келгенде «Қазақтың» «төр-тінші билік» тізгінін берік ұстағаны көрінеді. Оған газет тігінділерінің тарихи да, таным-тағылымдық та мəні орасан зор материалдарын тілге тиек ете отырып көз жеткізу көп қиындық келтірмейді.

Газет қызметінің осынау дəрежеге көтерілуі оған деген сұранысты да, сөз жоқ, арттыра түскен. Жер-жерден оның шығарылуын жиілету туралы өтініш-тілектің ағылып келе бастауы сол жайынан сыр шертеді. Мəселен, Орал уезі, Қарашығанақ қазақтарының жиылысы «болған өзгерістің, болып жатқан һəм болашақ уақиғалардың, комитеттер ашу-дың (уақытша билік жүргізетін – С.Қ.) жұртқа тиімділігі, уч-редительное собраниеге даярланудың һəм оған қандай кісі-лерді жіберу жайын сөз қылып, аяғында халықтың қамсыз қалмай, жете біліп, түсіністікпен іс қылу шарасын сөйлесу һəм бет-бетімізбен жамырама болмас үшін «Қазақ» газетін, тым болмаса, жұмасына үш рет шығаруды лайық»1 көріп,

1 Қазақ, 1917, №225.

Page 71: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

71

басылым басқармасына өтініш білдіруі – соның бір ғана дəлелі.

Бұл мəселе 1917 жылдың 1-сəуірінде Орынборда бастал-ған қазақ халқының тұңғыш съезінде де талқыға салынып, апталықтың 1917 жылғы 226-санында жарияланған Мадияр-дың «Қазақ съезі» мақаласында жазылғандай: «Қазақ» газеті жиі шықсын» деген шешім шығарылған болатын. Осыған байланысты басылым басқармасы тарапынан газет арқылы мынадай түсініктеме беріледі: «Съезде баспасөз мəселесі қараларда, «Қазақ» газетін екі һəм онан да жиі шығару жағын кеңеспес бұрын, типографиямен сөйлесіп едік, харіп тізушілер жоқ деп, жетісіне екі басып бере алмайтынын айт-ты. «Ортақ өгізден оңаша бұзау артық» дегендей-ақ, қалай да болса, газетті жиі шығару жағына қам қылмай, қарап отырмаймыз».

Бұдан газетті жиі шығару ісі тек баспаханаға байланыс-ты қаңтарылып тұрғандығы көрінеді. Осыны оқырмандар құлағына құйып, мəн-жайды түсіндіру мақсатында жазылып, газеттің 1917 жылғы 214-нөмірінде жарық көрген «Баспаха-на туралы» деген мақаласында М.Дулатов алты Алаштың жігерін жанып, намысын қайрай түседі: «Баспахана жайын сөз қылып отырғанымыз біздің газет басылатын Хусаинов баспаханасы сатылайын деп тұрғанын «Уақыт» газетінен оқып көргендерің де бар шығар. Аламын деп тұрған адам-дар бар. Саудалары келіссе, баспахана мұсылман қолынан я яһуди, я орыс қолына көшпек. Яһуди я орыс қолына көшкен соң газет һəм кітап бастыру ісі не күйде болар? Ол жағы қараңғы. Мұсылман қолынан кеткен соң мұсылманша жағы нашарлар деген қауіп бар. Солай болған соң осы бас-пахананы яһудиге жібермей, қазақ болып қам қылып, алып қалу қолымыздан келмес пе?» – деген қаламгер сөзі аяқсыз қалмай, жер-жердегі оқырмандар тарапынан қызу қолдау та-бады. Тіпті, сонау қиырдағы Қытай мемлекеті қоластындағы қазақтар да апталықтың 222-нөмірінде үн қатқан: «Қазақ» басқармасының баспахана туралы жазған сөзіне ішіміз еріп, Қытай қоластындағы Күнес елінің қазақтары «Аза-мат серіктігіне 600 сом жібердік. Алаш ұранды қазақ бала-

Page 72: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

72

сы «ау!» десіп қолға алған істен біз де құр қалмалық дедік. Алаш туының астына біз де қосылдық. Қараңғы бір шет жерден біздер қосылғанда, басқа көзі ашық, көңілі сергек қай қазақ қарап қалар дейміз. Бүтін алты Алаш болып бір баспаханаға ие бола алмаса, қанша ноғайға күлкі болмаймыз ба?!» – деген жолдар оқырмандар намысын қайрай түскен.

«Көп түкірсе – көл» деген. Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Көпшіліктен қызу қолдау тапқан іс шешімін таппай қоймай-ды. Көп ұзамай, алты жылғы арманы болған баспахана са-тып алу бақыты «Қазақ» газетін шығарушылардың қолына келіп қонады. Бұл кезде басылымның «бас жазушысы» (бас редакторы) қызметін мойнына алған (А.Байтұрсыновтың бү-кілресейлік құрылтай жиылысына депутаттыққа кандидат болып, ел басқару жұмысына араласа бастауына байланыс-ты) М.Дулатов апталықтың 1917 жылғы 239-санында оны былайша сүйіншілете хабарлайды: «Жаңа арада «Азамат» серіктігі атына «Қазақ» газеті үшін 30 мың сомға баспахана алдық. Баспахананың екі машинасы бар, орысша харіптері мол, саймандары түгел құрулы. Мұсылманша харіпті Қа-заннан алдырғалы тұрмыз, заказ беріп қойдық. Сөйтіп, бар-лығы 40 мың сомға түскен қазақша һəм орысша басатын баспаханамыз болды. Көптен «көңіл жетсе, қол жетпей ай-налып бастан бұлт кетпей» жүретін еді, сəті бүгін түсті, қуа-ныштымыз!»

Бұл – қазақ халқы тарихындағы тұңғыш баспахана. Бүгін-де дəулетті де сəулетті полиграфия өндірісіміздің тарихы осы-лай бастау алса керек-ті. Өкінішке орай, бұл да – əлі күнге дейін зерттелінбей келе жатқан тақырыптың бірі. Осы уақытқа дейін баспахана ісінің тарихы Қазан төңкерісімен, соның «жеткізген жетістіктерімен» байланыстырыла оқытылып кел-се, енді оның тамырын əріден іздеуді уақыт талап етеді.

Осы орайда, мынадай заңды сауалдар туады: Сол «Аза-мат» серіктігінің пұлымен «Қазақ» үшін сатып алынған баспахананың кейінгі тағдыры қалай болды? Апталық жа-былғаннан кейін ол кімнің қанжығасында кетті? Қазақ игі-лігі үшін жаратылды ма? Бұл сауалдар жауап бере кетуді қажет етеді.

Page 73: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

73

Республикалық «Ана тілі» газетінің 1992 жылғы 7-ма-мырында жарияланған, «Газет – халықтың көзі, құлағы һəм тілі» деген мақаласында М.Əнесұлы ол жөніңде мына-дай мəліметтер келтіреді. 1919 жылы жазда Қазақ Төңкеріс комитеті құрылады да, Бөкей Ордасына орналасқан ұлт-халкомның қазақ бөлімшесі түгел Орынборға көшеді. Онда оларды Төңкеріс комитетінің баспасөз органын шығару мін-деті де күтіп тұрады. Сондықтан, көп ұзамай, бұл мəселе Төңкеріс комитеті ұйымдастырған Орынбордағы қазақ ұйым-дары мен қайраткерлерінің біріккен мəжілісінде талқыға салынған. Оған комитет мүшелері Ахмет Байтұрсынұлы, Əмірғали Меңдешұлы, Мұхамедияр Тұңғаншин, Əлихан Бө-кейханұлы, Бегімбетұлы, Шапқат Бекмұхамедұлы, ақпа-рат бөлімінің меңгерушісі Алма Оразбаева, əскери істер жөніндегі өлкелік комиссариаттан Б.Меңдешов пен Өтеге-нов қатысады. А.Байтұрсынұлы мəжілістің төрағасы, Меңде-шов хатшысы болып сайланған. Күн тəртібінде екі: 1. Ко-митет газетін; 2. Кітап-брошюраларын шығару мəселесі қаралған». Осы мəжілісте «Қазақ» газеті баспаханасына қатысты мəселе де талқыға салынған. Бұл жөніндегі автор келтірген мəліметтерді қаз-қалпында баяндайық: «Қазақша қаріптердің жетіспеуіне байланысты Орынбор губерниялық Халық Шаруашылығы Кеңесінен олар пайдаланып жүрген Торғай облыстық баспаханасын бүкіл құрал-жабдығымен қайтарып беруін сұрау жөнінде шешім қабылданады.

Газеттің бұдан кейінгі тағдыры зерттеушілерге біршама мəлім. «Ұшқын» бір жылдай шығып тұрады да, соңына «Еңбек туы», «Еңбекшіл қазақ», «Еңбекші қазақ» болып ауысып, «Социалистік Қазақстанға» дейін ұласты. Көмескі болып келгені – оның бастауында Ахаңның тұрғандығы һəм Торғай баспаханасының, демек, «Қазақ» газетінің хан талауға түскен құрал-жабдығын пайдаланғаны еді».

Ғалым мұндай ой-толғамдарға Орал облыстық мемле-кеттік архивінде сақталған құжаттармен таныса келе байлам жасаған екен. Оған, біз білетін, «Қазақ» газетінің жабылу та-рихы да қайшы келмейді. Патшалық Ресей үкіметі тұсында небір «тар жол, тайғақ кешуді» бастан өткерген, бірақ, соған

Page 74: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

74

қарамастан, тоқтамай шығып тұрған басылымның біржола жабылуы мемлекет билігі большевиктер қолына көшумен байланысты іске асты. Омбы атқару комитетінен 1918 жыл-ғы 4-наурызда Орынбор Совдепіне жолданған телеграм-ма – соның бұлтартпас айғағы. Онда былай деп жазылған: «В виду того, что киргизский орган партии Алаш – «Казах» является контрреволюционным, открыто выступает против Советской власти, организуя Алаш-Орду, просим немедлен-но закрыть газету».1

Бұл үкім жарыққа шыққан кезде «Қазақ» газеті «боль-шевиктер ылаңынан» онсыз да уақытша тоқтап тұрған бо-латын. «Январьдың 17-сінен бері большевиктің кесірінен «Қазақ» тоқталып тұрды», – деген басылым басқармасының апталықтың 261-нөміріндегі ескертпесі соны дəлелдейді.

Осы мақалада газеттің 1918 жылғы 17-қаңтарда шыққан 260-санынан кейін 6 айдан аса уақыт кідіріс жасап, кезекті 261-нөмірі 23-шілдеде жарық көруінің себебі Орынбор қала-сының большевиктер қолына қарап тұрғандығының салда-рынан екендігі айтылады.

Осы жылдың 20-маусымында Орынбор атты казактары-ның күшімен қала большевиктерден тазартылуына байла-нысты газеттің жұмысы қайта жолға қойыла бастаған. Осы-дан кейін оның 4 нөмірі жарық көрген. Соңғы 265-нөмірі 16-қыркүйекте басылып шыққан. Оның материалдарымен танысқан кісі газеттің біржола жабылуы төтеннен болған оқиға екендігінен хабардар болады. Басылым басқарма-сының: «Енді газет жұмысы реттеліп келеді. Мезгілінде шығып тұрады. Бұрынғы тілшілерімізден өтінеміз, əр елде болып жатқан уақиғадан кешіктірмей хабар жазып тұрула-рыңызды», – деген оқырмандарға соңғы арнауы сол жайы-нан сыр шертеді.

Бірақ, бұл үміттері ақталмапты. Қаланы қайта басып ал-ған большевиктер бұл жолы күрес майданын басқаша «қыз-дырады». Олар баянды жеңіске қол жеткізу үшін жаңаша амал-əдістер ойлап табады. «Халықтың көзі, құлағы һəм

1 Победа Вел. Окт. революции в Казахстане и образование КазССР, документ №46. – Алма-Ата, 1947, стр.95.

Page 75: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

75

тілі» қызметін атқарушы «ондаған контрреволюциялық деп табылған ұйымдарды, қоғамдық баспасөз органдарын жауып»,1 жол бастар серкесінен айырылған қараңғы елді емін-еркін, қалауынша билеп-төстеуге бет қойғанына тарих куə.

«ҚАЗАҚ» – ӨЗІН-ӨЗІ ҚАРЖЫЛАНДЫРҒАН ГАЗЕТ

Апталықтың зерттеу жүзін көрмей, көлеңкеде қалып келе жатқан мəселелері баршылық. Соның бірі – «Қазақтың» қар-жылық көзі. Бұл турасында біріне-бірі кереғар əртүрлі пі-кірлер ғылыми айналымда жүр. Біз соларды сын тезінен өт-кізіп, өз ой-толғамдарымызды ортаға салғанды жөн көріп отырмыз.

Кешегі кеңес заманында жарық көрген еңбектерде «Қа-зақ» газеті, ең алдымен, «байшылдығымен» айыпталып кел-гендігі баршамызға белгілі. Ондай пайымдауға сенсек, бұл басылымды қазақтың жекелеген қалталы байлары қаражат шығындап, жарық дүниеге əкелген болып шығады. Осы пікірді алғаш қоздатқан белгілі жазушы Сəбит Мұқанов екенін қолымыздағы дерек алдымызға жайып салады. Ол 1932 жылы жарық көрген «XX ғасырдағы қазақ əдебиеті» деген кітабында: «1913 жылы февральдан бастап Орынборда «Қазақ» газеті шықты. Бұл газетті шығару үшін қазақ байла-ры 7 жыл даярлық жасады. Оған мынадай дерек бар», – деп «Айқап» журналының 1911 жылғы 11-санында жарияланған басылым басқармасының ашық хатына жүгінеді. Бұл хатта 1906 жылы 28-мамырда бірінші мемлекеттік думаға депутат сайлау үшін Ақтөбе шаһарында Торғай облысының сайлау-шылары мəслихат құрғандығы, осы жиында газет шығару үшін қаржы жинау туралы келісім болып, бұл іс Смайыл қажы Жаманшаловқа тапсырылғандығы жөнінде мəлімет бар. Осыған арқа сүйеген жазушы сонда жиналған қаржы (ол аз да емес, 5000 сом мөлшерінде) осы «Қазақ» газетін шығаруға жұмсалынды дегенге əкеп тірейді.

1 Песикина Е.Н. Народный комиссариат по делам национальностей и его деятельность в 1917 – 1918 гг. – М., 1950, стр.74.

Page 76: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

76

Осы пікірді белгілі қоғам қайраткері, тарихшы С.Асфен-дияровтың 1936 жылы жарық көрген «Национально-осво-бодительное восстание 1916 года в Казахстане» деген ең-бегінен кездестіреміз. Ол жоғарыдағы деректі қайталай оты-рып: «Узнав об этом, а также о том, что Жаманшаловым (известный казахский миллионер гор. Троицк) собрано нес-колько тысяч рублей, Сералин обратился к нему с просьбой отпустить ему эти деньги на издание журнала. Жаманшалов не дает определенного ответа и наконец, после долгих про-волочек, объясняет, что решено издать газету не в Троицке, а в Оренбурге, а потому он денег Сералину дать не может (с.55)», – деп жазды. Рас, мұнда осы қаржы анық «Қазақ» газетін шығару үшін жұмсалынды деген сөз жоқ. Бірақ солай болуы ғажап емес деген автор емеурінін тану қиын емес.

Бір көңіл аударарлығы – осы деректер біздің алдымызда-ғы зерттеушілердің назарынан тыс қалып келгендігі. Ал оның анық-қанығына жетуді ғылым талап етеді. Онсыз «Қазақ» газетінің дүниеге келу тарихы мен оның сан-салалы қызметінің мəн-мазмұны ашылып, ақиқаттың салтанат құ-руы қиын. Осы себептен де жоғарыдағы пікірдің, яғни бұл басылымды шығаруға «Троицк қаласында тұратын қазақтың атақты миллионері С.Жаманшалов жинаған қаражат жұмса-лынды» деген болжамды ойдың қаншалықты шындық екен-дігіне тоқталмай кетуте болмайды.

Олай десек, алдымен, ол еңбектердің жазылған уақытын еске түсіре өткенді артық көрмейміз. 1932 жəне 1936 жыл-дары жарық көрген бұл кітаптардың 1928 жылдан бастала-тын бай-кулактарға қарсы күрестің қаулап тұрған мезгілінде баспаға дайындалғаны бекерден-бекер болмаса керек. Бұдан осы бір саяси науқанның идеология саласында да өрт бо-лып, жалын құшып тұрғанын байқауға болады. Осындай «күйіп» тұрған уақытта жоғарыдағы зерттеушілердің партия сойылын соғудан басқа амалдары да қалмаған. Осы себеп-тен де өздерінің зерттеу еңбектерін 1929 жылғы Қазақстан өлкелік партия комитеті V пленумның шешімдеріне сəйкес жазып шыққандары көзге ұрып тұр. Жазушы С.Мұқановтың жоғарыдағы кітабында жазылғандай, онда: «Қазіргі қазақ

Page 77: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

77

əдебиеті – негізін де ескі байшыл, ұлтшылдардың, алашор-дашылардың əдебиеті. Сондықтан байшыл, ұлтшыл əде-биеттің сырын ашып, əдебиеттегі, жалпы көркем өнердегі оның ықпалымен қатты күресу керек» – деген нақты нұсқау берілген-ді. Оны орындау үшін, əуелі, Қазан төңкерісіне де-йінгі қазақ баспасөзіне тағылған нақақ жала, кінəларды (бай-шыл, ұлтшыл деген) дəлелдеп, жұрттың көзін жеткізу керек емес пе? Осы мақсаттарын орнына келтіру үшін қолдарына түскен деректердің анық-қанығын айқындамай жатып, оң-ды-солды қажеттеріне жаратуға асыққандары байқалады. Соның нəтижесінде «Қазақ» байлардың қаражатымен жа-рық көргендіктен солардың сөзін сөйледі, сондықтан бай-шыл басылым болды деген қорытынды келіп шығады. Оның соңы «байлар, байшыл оқығандар кеңес өкіметіне қарсы шыққанда таптық мақсаты қайшы келген соң қарсы шықты» деген пікір туғызбай қоймайды. «Қазақ» газетінің жарты ғасырдан астам уақыт қараңғы қапаста үні туған халқының құлағына жетпей «құлыпталынып» ұсталып келген деп тағылған айыптаудың бірі, міне, осы «кінəсі».

Бүгінгі күні де арамызда осындай пікірді, яғни «Қазақ» қалталылардың қаражаты негізінде шығып тұрған деген ой-ды қолдап қана қоймай, оны тірілтуді мақсат тұтқан зерт-теушілер жоқ емес. Мəселен, 1993 жылы қайта тірілген «Қазақтың» 266-санында жарық көрген, Оразайдың Ахметі-нің Мұхамедрахымы қол қойған «Газеттің шығу тарихы-нан» атты мақалаға сенетін болсақ, «Қазақ» газеті «...жеке кісілердің жиған қаржы-қаражаты есебінен шығып тұрған. Газеттің шығуына өзге ел игі жақсылары да өз шама-шар-қынша үлес қосқан болар, бірақ оның мөлшерін нақты айта қою қиын. Ахмет ишан Оразайұлы берген қаржы бір мың сомның көлемінде», – болып шығады. Бұл – бұл ма, осы ой одан əрі өрбіп, екінші бір автордың айтуы бойынша, «Қазақ» газетін шығару идеясы Ахмет Оразаевтікі болғанын, сол Ахмет ауылында Міржақып Дулатов болғанда осы кісі та-рапынан идеяның мақұл тапқанын жəне Оразаев Ахметтің газетті шығаруға қаржы беріп, құрылтайшылық еткенін газет тігіндісі де, Орынбор генерал губернаторлығының

Page 78: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

78

құжаттары да дəлелдеп отырғанға»1 ұқсайды. Бір əттеген-айы, мұны газеттің қайсы тігіндісіне жəне қандай құжатқа сүйеніп жазып отырғандығын автор нақты ашып айтпайды.

Нəтижесінде өзге зерттеушілерді де шатастырып, тура жолдан адастырмай қалмайды. Осыдан келіп «... негізінен «Қазақ» газетінің тікелей дайындығының ауыртпалығын кө-тергендер Мұстафа Оразаев пен Ахмет Байтұрсынов. Газеттің шығаруына алғашқы дайындықтар басталып, жұмыс қызған шақта Əлихан Бөкейханов Самараға жер аударылған бола-тын (1909), ал Міржақып Дулатов Семей түрмесінде жатқан-ды»,2 – деген күмəнді қорытынды келіп шығады.

Осы пікірлер шындыққа жанаса ма? Жоқ. Қолымыздағы мəліметтер оларды құптай қоймайды. Əсіресе, газеттің қаржы көздері туралы мүлде бөлек тұжырым жасауға не-гіз береді. Бір əттеген-айы, əлгіндегідей «Қазақ» қазақ қалталыларының қаражатымен жарық көріп тұрды де-ген пікір қазанын қайнатушылар, тым болмаса, басылым тігінділерінің өзі бұған не дейтініне мəн бермеген. Соның салдарынан газет тігінділерінің материалдары мен оны зерттеушілердің (жоғарыдағы) пікірлері, бірінің сөзін бірі қолдамай тұрғандығын байқау көп қиындыққа соқпайды. Бұған көз жеткізу үшін енді деректерге жүгіне отырып əңгіме өрбітейік: «Қазақ» газеті – əуелі, тез ойланып, тез дүниеге шыққан істің бірі. Шығаруға бел байлағанда қолдағы пұлымыз небəрі 750 сом еді», – деп жазады А.Бай-тұрсынов «газеттің бірге толып, екіге аяқ басқан күні» ба-сылым басқармасының атынан оқырманға арнау сөзінде. Мұнда, яғни апталықтың 1914 жылғы 2-ақпанындағы са-нында жарық көрген бас мақалада жоғарыдағы қалталылар қосты деген қаражат туралы бір ауыз сөз жоқ. Газетке көмек берушілердің əрдайым есімдерін атап, алғыс сезімдерін білдіріп, қолдағы қаржының бір тиынына дейін есеп беріп отырған Алаш азаматтарының оларды ұмыт қалдыруы мүмкін емес қой. Олай деуге ешқандай негіз жоқ. Мұны архив деректері де растайды. 1916 жылы Ресей ішкі істер

1 Оразаев Ф.М. Қазақ қайта шыға ма? //Қазақ əдебиеті, 1993, 29-қаңтар. 2 Əбдіманов Ө. «Қазақ» газеті. – Алматы: Қазақстан, 1993, 36 б.

Page 79: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

79

министрлігі рухани істер департаментінің вице-директоры ерекше тапсырмалар чиновнигі Тарановский құпия қатынас хатында «Каспий» газетінің хабарлауына сүйеніп, қазақтар «Қазақ» газетіне өткен жылы 1600 сом ақша жинап беріп, материалдық қолдау жасаған көрінеді деп, бұл деректің қаншалықты шындыққа сəйкес екендігін анықтап, депар-таментке баяндауын өтінеді. Осы қатынасқа жауап ретінде жазылған құжатта: «Уведомляю Ваше превосходительство, что редактор газеты «Казах» Ахмет Байтұрсынов начал из-давать свою газету 2-го февраля 1913 года имея в своем распоряжении капитал лишь в сумму 750 рублей»,1 – деп көрсетіледі.

Бұдан «Қазақ» байлардың қолдауымен, солар бөлген қа-ражат есебімен шығып тұрды деудің ешқандай қисынсыз екендігі көрінеді. Осы пікірді газет тігінділерінің материал-дары да тірілте түседі. Мəселен, басылым жанынан ашылған «Азамат» серіктігінің мақсаттарын түсіндіріп, апталықтың 1913 жылғы 42-нөмірінде оқырмандарға газет басқармасының үндеуі ретінде жарияланған «Алаш азаматтарына» деген мақаладан біраз жайдың сырына қанамыз. «Баспасөздің əуе-лі керектігін түсініп, білу қажет. Екінші, білгеннен кейін бас-пасөзбен жұрттың пайдалану жағын ойлап іс қылу керек. Бас-қа жұрттарға қарасақ, олар мұндай істерді екі түрлі жолмен жүргізіп жатыр. Бір жолы – пұл міндетін пұлы барлар алып, жазу міндетін қалам ұстаушылар алып, істеп жатқан жол. Екінші жолы – баспасөзбен халықтың пайдалануын ойлаған адамдар көп сомалы болмаған соң, аз сомаларын құрастырып, жиып, біріктіріп, күштерін қосып, серіктесіп іс қылып жа-тыр, – деп бір қайырып алып, мақала соңынан «Ашушылар» деп қол қойған Ахаң мен Жақаң одан əрмен қарай өздерінің жанына батқан біраз шындықтың шымылдығын түреді. – Əуелгі жолмен іс жүргізуге: пұл міндетін көтерерлік қазақтан байлар шықпады. Байлар жомарттық қылмады деп қарап отыруға бола ма? Екінші жолмен іс жүргізуге ойлап тұрмыз. Қазақтың кесек сома шығарарлық байлары аз болғанмен, аз сомасымен, адамгершілігімен серіктікке жарайтын азаматта-ры аз емес».

1 Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы: – Алматы: Санат, 1995, 151 б.

Page 80: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

80

Осы жолдарды оқи отырып, «Қазақ» қазақ байларының қолдауымен, солардың қаржысымен шықты, сондықтан да солардың сойылын соқты дейтін пікірсымақтардың да қате екендігін көреміз. Сонымен бірге: «А.Оразаев газет шы-ғаруға қажетті қаржының басым көпшілігін жинап берген соң, медресе «Ғалияда» оқып жүрген баласы Мұстафаны «Қазақ» газетінің бастырушысы етіп тағайындады, газет барлық жағынан түгелдей сол кісінің жауапкершілігіне тапсырылады. Газеттің ірге теуіп орнығуына А.Оразаев ке-йінірек қаржысымен де, мақалаларымен де көмек көрсетіп отырған»,1 – деген пікірдің бас-аяғы түгел шындыққа жанаса бермейтіндігін айтуды ғылым талап етеді.

Осы ойымызды «газеттің аяғын нық бастырып, жүргізіп жібермек» мақсатында ашылған сол «Азамат» серіктігіне кірген алғашқылардың тізімі негізінде жандандыра түскіміз келеді. Осынау абыройлы да азаматтық іске қолдау көрсет-кендер кімдер еді? «Қазақтың» 1914 жылғы 56-санында жа-рияланған тізім бойынша, олардың ішінен бүкіл қазаққа таныс есімдерді тағы да кездестіреміз. Олар: «М.Дулатов, А.Байтұрсынов, Бадрисафа Байтұрсынова, Арғынғазы Бош-таев, Ғабдолла Нүсіпбаев, Əлихан Бөкейханов, Мұхаметжан Тынышбаев, Əубəкір Алдияров, Бірмұхамбет Алдияров, Медеу Оразбаев, Қаражан Үкібаев, Шəкəрім Құдайбердиев, Ғабдікен Құнанбаев, Тұрағұл Құнанбаев, Жəмила Бөленова, т.б.». Бұл қатардан жоғарыда аты аталған, қаржылай көмек беріп, газеттің құрылтайшысы болды деген қазақ байла-рының есімдерін кездестіре алмайсыз. «Азамат» серіктігі қиналған кезде, қаржы тапшылығынан «Қазақтың» жабы-лып қалу қаупі артқан тұста, оны аман алып қалу үмітімен қолға алынған соңғы амал болғаны дəлелдеуді қажет етпейді. Осындай қиын сəтте, газеттің өмірі саудаға түсіп тұрған кезде қолұшын бермеген байлардан не үміт, не қа-йыр? «Серіктікке кіретін азаматтарға лайықталғаны бір басына жүз сом» екен. Осыны ауырсынған ауқаттыларды əкеліп басылымның бас демеушісі, жарылқаушысы етіп көрсеткіміз келеді. Бұл əдеп, əділеттіліктің ауылына топырақ

1 Жармұхамедов М. «Қазақ» газеті// Қазақ əдебиеті, 1989, 8-қыркүйек.

Page 81: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

81

шашқандық болып шықпай ма?! Оның үстіне, газеттің шы-ғарушысы осы мезгілден бастап «Азамат» серіктігі деп жа-зылады да, Мұстафа Оразаевтың есімі аталмайды. Оның «Азамат» серіктігіне мүше болып кірмеуі де ойландырады. Бұл болашақ зерттеушілердің назарында болуға тиісті жай.

Осы орайда, газеттің қаржыландыру көздері туралы өз ой-толғамдарымызды ортаға сала кеткенді артық көрмейміз. Бұлай дегенде, алдымен, «Қазақтың» өзін-өзі қаржылан-дырған басылым болғандығын айтқан лəзім. Біздіңше, газет-тің қаржыландырылу көзі – екеу. Біріншісі əрі негізгісі – ба-сылымды жаздырып алушылардан түскен қаражат. Екінші-сі – газетте жарияланып тұрған жарнамалардың төлемақы-сы. Осы ойымызды газеттің 1915 жылғы 139-санында жарық көрген мына материал да растай түседі. «Газета сомасы екі түрлі ақшадан құралатын еді: бірі – алушылар төлейтін ақша, екіншісі – ығлан (жарнама – С.Қ.) берушілер төлейтін ақша».

Газетке жазылу бағасы «бір жылға – 3 сом, жарты жылға – 1 сом 75 тиын, үш айға – 1 сом» болған. Одан басқа əр саны көтерме сауда бағасымен 5 тиыннан сатылып отырған. Ал ығлан (жарнама) бағасы: «Бір рет басуға – 1-бетте пе-тит жолы 20 тиын, 4-бетте – 15 тиын. Бір реттен артық бағасы келісуінше» болғандығын газеттің əр нөмірінің маң-дайшасынан тұрақты орын тепкен хабарландырудан оқып білеміз. Осыған қарап та газет шығынын қандай қаражат көзі толықтырып отырғанын анықтауға болатындай. Қосып-алуды білетін кісіге таралымы 3 мыңнан 8 мыңға дейін же-тетін басылымның қаражат жағынан өзін-өзі толық қамта-масыз ете алатындай жағдайда болғандығын есептеп шығару көп қиындыққа түспесе керек.

Рас, газетті қаржыландырудың басқа да жолдары қа-растырылып отырған. Бірақ, олардан ауыз толтырып айтар-лықтай жəрдем болмаған. Бұл жөнінде газеттің 139-санында жарияланған мəлімет былайша сыр шертеді: «Бұл екеуінен басқасы (жоғарыдағы екі қаржыландыру көзінен – С.Қ.) əлдеқалай түсетін, болар-болмасы неғайбыл ақша еді. Біздің газетіміздің жоғарғы айтылғаннан басқа «Азамат жарнала-

Page 82: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

82

рынан құралған сомасы бар. Ол – газеттің «алды – дария, арты – жар болған кезінде керек болар деген қосардағы ат сықылды сома». Демек, бұл да – əлгіндегідей газет-ке жəрдем қолын созып, қаражат шығынын өтеуге пəлен пұл көмек берді деп жүрген жарылқаушылардың шын мə-нінде болмағандығын, ерен жомарттық жасамағандығын айғақтайтын дəлел. Олай болса, ондай ойдың жетегіне ерген зерттеушілер өзі бір шатасып, жұртты екі адастырып, ақиқат алдында қиянат жасап жүргенін ауызға алмай тұра алмай-мыз.

Осы жерде мына мəселені де оқырман назарына ұсын-ғанды жөн көрдік. Газет о бастан-ақ жаздырып алушы-лар қаражаты есебінен жарық көре бастаған деуге толық негіз бар. Бұл жөнінде мынадай дəлел келтіруге болады. «Қазақтың» 1913 жылғы 28-санында М.Дулатовтың «Қай жерде қалай?» деген мақаласы жарияланған. Сонда Жақаң: «Өткен январь жұлдызының ақырында, «Қазақ» шықпай тұрып, шығады деген хабар болған соң, Павлодар дуанын-да жатып «Қазаққа» алушы қарастырдым; 4-5 күннен соң хабарды есіткен Павлодар қазақтары өздері келіп жаздыра бастап, аз күннің ішінде 150-дей алушы болды», – деп хабар-лайды. Осыдан екі мəселенің шындығына қануға болады. Əуелі, жарық көрмей тұрып-ақ газеттің жаздырып алушыла-ры болғандығын, яғни «Қазақ» солардан жиналған қаражат негізінде басылып шыққандығын айғақтайды. Екіншіден, жоғарыда келтірілген газеттің алғашқы дайындық жұмысы-на бірі айдауда, екіншісі абақтыда жатқандықтан Ə.Бөкей-ханов пен М.Дулатов қатыса алмады деген пікірдің шын-дыққа жанаса бермейтіндігін аңдатады.

Əуелгі мəселені талдағанда алты жылдық ғұмырында «Қазақтың» əрқилы кезеңдерді бастан өткергенін ұмытуға болмайды. Алғашқы екі жылында, яғни 1913-1914 жылда-ры жаздырып алушыларының молдығынан (3 мың дана – ол кездің көрсеткішімен жоғары таралым) газет өз шығынын өзі ақтап, қаржы тапшылығына душар болмағандығын бай-қаймыз. Басылымның басына мұндай қиыншылықтың үйірі-луі 1915 жылдың еншісіне тиеді. Осы жылдың басынан га-

Page 83: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

83

зет аптасына екі мəрте шығуға көшеді. «Газетаны жетісіне екі рет шығарғандағы мақсат жұртпен жиірек тілдесу, көбірек кеңесу, тезірек хабар беру еді», – деп сыр тарқатады бұл жөнінен апталықтың 1915 жылғы 139-нөмірінде ба-сылым басқармасы. Осы игі қадам басылым қызметінің өрісін кеңейтіп, жұмысын жандандыра түседі деп күтілген екен. Алайда, өкінішке орай, ол керісінше көрініс табады. Қиындықтың үлкені газетті жаздырып алушылар қатарының күрт кемуінен туындайды. Жоғарыдағы апталық жарияла-нымынан: «Бастапқы жылдары газета алушылардың саны үш мыңға жеткен соң, сол шамалы алушылар болып тұрар, бірер мың сом ығланнан түсер, екі мəрте шығаруға тəуекел етіп көрейік деген бір талап еді. Іс орайы ойлағандай болма-ды. Алушылар һəм ығлан берушілер саны ойлаған шамадан табылмады», я болмаса «Газет алғашқы шыққан жылы алу-шылар 3 мыңнан астам болды. Келесі жылы 3 мыңға таяу болды. Биыл мың алты жүзге түсіп қалды», – деген жолдар-ды оқып, соны ұғамыз. Осыған қоса, бұл мəліметтерден мы-надай ой қорытындылауға да болатындай, газет алғашқы екі жылында өз шығынын өзі, сырттың көмегінсіз өтеп тұрған болуы керек. Əйтпесе, екі рет шығаруға тəуекел етпес те еді ғой.

Қолдағы деректерге сүйенсек, газетке жəрдем етушілер-дің пайда бола бастауы да осы 1915 жылдың еншісінде. «Қазақтың» сол жылғы 30-қыркүйектегі 151-санында алғаш рет газетке көмек берушілердің тізімі жарияланған. Оның алғы сөзінде: «Ойламаған жерден «Қазақ» төтенше шығынға ұшырап, халі ауырлағанын байқаған азаматтар азды-көпті көмек берісті. Бұлар көмектерін əрқайсысы айрықша əр уақытта жіберген еді. Біз бəрін жиып, бір-ақ жариялап отыр-мыз», – деген түсініктеме берілген. Ендеше, газетке кім, қанша жəрдем берді деген даулы сұрақтың жауабын осы тізімнен іздеген жөн болар. Оның осындай құндылығын ескеріп, оқырманға қаз-қалпында, толық ұсынғанды жөн көреміз: «Есенқұл қажы Маманов – 100 сом, Ғайнижамал Есен-құл қажы жамағаты – 100 сом; Тəңірберген қажы Тұрысбе-ков – 429 сом; Айтмұхамбет Тұрысбеков – 100 сом; Хожа

Page 84: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

84

Ахмет Маманов – 50 сом; Баймұхамет Тұрысбеков – 50 сом; Құдайберген Тұрысбеков – 20 сом; Егеубек Жиенба-ев – 10 сом; Ғ.Əлібеков – 150 сом; Хұсайын Үкенов – 25 сом 50 тиын; Жолымбет Тұрымбетов – 25 сом; Ерназар Жауқашаров – 20 сом; мұғалім Нығметолла Күзебаев – 15 сом; Нұғман Қанатбаев – 5 сом; Өмірұлы Патешов – 5 сом; Тілеген Бадырақов – 5 сом... Барлығы – 1274 сом 40 тиын».

Осы тізім газеттің бұдан кейінгі 152, 153-сандарында жалғасын тауып, барлығы 255 адамның аты-жөні басы-лымның қамқоршылары ретінде тарих болып хатталады. Олардың əлеуметтік құрамы əртүрлі. Бұл тізімнің ішінен байды да, қажыны да, орта шаруа мен кедейді де, ақыр со-ңы студенттерді де кездестіреміз. Демек, «Қазақ» белгілі бір əлеуметтік таптың немесе топтың құзырындағы емес, жалпыұлттық басылым болды деуге толық негіз бар. Со-нымен бірге бұл дерек те жоғарыдағы басылым белгілі бір байлардың қаражатымен жарық көріп тұрды деген пікірлердің қисынсыздығын одан сайын дəлелдей түседі, өйтпесе, ол кісілердің де аты-жөні осы тізімнен орын табар еді ғой.

ГАЗЕТТІ ШЫҒАРУШЫЛАР ТУРАЛЫ ШЫНДЫҚ

Бұл мəселенің де күмəнді, көлеңкелі тұстары жоқ емес. Осыған дейінгі зерттеу еңбектерде біріне-бірі кереғар пікір-лер, дəлелсіз «тон пішушілер» кездеспей қалмайды. Ол өз кезегінде көпшілік қауымды шатастырып, теріс тұжырым туғызбай тұрмайтыны айдан анық. Сондықтан бұл мəселеге де айрықша назар аударып, мəн-маңызына қарай арнайы тоқталуды жөн санадық.

Кешегі кеңес заманындағы кейбір зерттеушілер еңбек-терінде «Қазақ» – байлардың, байшыл оқығандардың баспа-сөзі» деп кінəланып, сыналып-мінеліп келгеніне еңбектің алдыңғы бөлімінде дəлелді деректер келтірдік. Оның негіз-сіз айыптау екендігінен сыр тарқаттық. Өйткені бұл газет таптық күрестің қаруы болған жоқ. Ол ұлттық біртұтастық

Page 85: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

85

бағытында, ел бостандығы, теңдігі, тəуелсіздігі жолында отаршыл күшке қарсы бітіспес күрес жүргізді. Сол майданда жұртты жікке бөлмей, керісінше, бір тудың астына «Алаш» ұранымен біріктіріп, елдікті сақтап қалуға, өркениетке ұм-тылуға жұмылдыра білді. Сол үшін патшалық əкімшілік та-рапынан қатаң бақылауда болып, бір емес, бірнеше мəрте таяқ та жеді. Кейіннен ит салып айтақтаушылардың жөн-жосықсыз жазғырып, беталды қаралауынан ұзақ уақыт «қы-зыл су» тасқынының тозақ отына қарылып келді. Алай-да, ақырында ақиқат хақтығын істеді, «өтіріктің арты – бір тұтам» екендігі тағы да дəлелденді. Шындық салтанат құрды. Дей тұрсақ та, «Қазақ» туралы шындық толық та сарқа ай-тылды, ол түрлі қырынан жан-жақты зерттеліп, зерделенді, тиесілі бағасын алды деуге əлі ертерек. Тұманды мəселенің бірі – газеттің шығарушылары туралы түрлі пікірлердің етек алуы.

Бүгінде қазаққа «Қазақ» газетін мақтайтын күн емес, оны-мен мақтанатын уақыт келіп жетті. Осының тамырын ұстап, мəнісін дəл басып аңғарған қайсыбір зерттеушілер оны өзінің əулетінің, қала берді өзінің зерттеу объектісіне айна-лып отырған автордың жеке еңбегінің жемісі əрі жеңісіне айналдырғысы келетіндігі қылаң беріп қалатындығы жасы-рын емес. Біздіңше, ол ғылымда жат құбылысқа саналуға тиіс. Олай десек, бұл мəселенің де ақ-қарасын ашып, ортақ бір пікірге келетін кез келді ғой деген ой туады.

Жоғарыда «Қазақ» газетін шығару идеясы Ахмет Оразаев-тікі болғанын, сол Ахмет Оразаев ауылына Міржақып Ду-латов барғанда осы кісі тарапынан идеяның мақұл тапқанын жəне Оразаев Ахметтің газетті шығаруға қаржы бөліп, құрыл-тайшылық еткенін» ауызға алған автордың мақаласын тілге тиек еткен едік. Енді осында айтылған ойдың оң-солын анық-тауға көңіл қоймасқа амалымыз қалмайды. Өйткені мұның дұрыс-бұрысын айқындап алмай, басылымның болмыс-біті-мін танып, оның мақсат-мұратын анықтауда жəне бағасын бе-руде қателікке ұрынуымыз ғажап емес.

Əуелі, газетті шығару идеясына тоқталайық. Жоғарыда-ғы автордың айтуынша, «мұндай идея Ахмет Оразаевтікі»

Page 86: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

86

болып шығады. Ал осыған тарихи деректер не дейді? Қо-лымыздағы мəліметтерге қарағанда, «халықтың көзі, құлағы һəм тілі» боларлық газет шығару идеясы тым əріден бас-талады. Бұл орайда, белгілі тарихшы М.Қойгелдиевтің «Алаш қозғалысы» деген еңбегіндегі: «Ə.Бөкейханов жəне А.Байтұрсынов бастаған белсенді топ жалпыұлттық газет шығару ісін 1905 жылдан бастады (144-бет)», – деген пікірін толық қолдаймыз. Оны тарихи деректер растайды. 1905 жылы Семей облысы Қарқаралы уезіндегі Қоянды жəрмеңкесінде 14500 адам қол қойған Қарқаралы петициясында бейресми газет шығару идеясы да болғандығы баршамызға белгілі. Сол петицияны ұйымдастыруда, қолымыздағы мəлімет бо-йынша Ə.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Ж.Ақбаев жəне басқа сол кездегі белсенді қазақ интеллигенттері жетекшілік рөл атқарған. Демек, газет шығару идеясының авторлары да со-лар деуімізге толық негіз бар.

Осыны мына деректер де қуаттай түседі. «Семипалатин-ский листок» газеті 1905 жылғы 8-желтоқсандағы санында: «Ə.Бөкейханов 17-қазан (1905 жылғы Қазан манифесі тура-лы айтылып отыр – С.Қ.) жəне одан кейінгі уақытта қазақ тілінде газет шығармақ болып жəне өз жерлестерімен келе жатқан сайлау, сондай-ақ, басқа да өзекті мəселелер жө-нінде пікір алысу үшін далаға кетті», – деп жазды. Осы маз-мұндағы мəліметті архив материалдарынан да кездесті-реміз. Мəселен, далалық облыстардың генерал-губернато-ры міндетін атқарушы генерал Тихоменов 1910 жылғы 4-ақпанда ішкі істер министрлігіне жолдаған хатында А.Бай-тұрсыновтың «Кент болысының басқарушысы Кəрібай Матаевқа үкімет саясатына қарсы мазмұндағы газет шығару үшін Ə.Бөкейхановтың атына ақша аударуды тапсырған-дығы»1 туралы ақпар береді. Осыған қарап та, газет шығару ісінің қашан жəне кімдердің басшылығымен бастау алаты-нына көз жеткізу қиын емес.

Осы орайда, газеттің алғашқы санынан 41-нөміріне де-йін «бастырушысы» ретінде қол қойып отырған Мұстафа Оразаевтың бұл басылымға сіңірген еңбегі, қосқан үлесі

1 Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы: – Алматы: Санат, 1995, 144 б.

Page 87: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

87

қанша деген заңды сауал туады. Бұған кесіп жауап беру қиын. Осы қызметке, яғни газеттің «бастырушысы» бо-лып, ол 1913 жылдың 5-қаңтарында Ахмет Байтұрсыновпен бірге тағайындалған екен. Оның дəлелі – Санкт-Петербург қаласындағы орталық мемлекеттік тарихи архив қорында сақталған Жоғарғы Баспасөз Басқармасының мəліметі. Құ-жаттың құнсыз еместігін ескеріп, оны аудармай қаз-қал-пында жариялағанды жөн көрдік: «Согласно цикулярному распоряжению от 9 декабря 1905 года за №14508 уведомляю Главное Управление, что одновременно с этим разрешаю киргизу №8 аула Кзылжингильской волости Тургайской об-ласти Мустафе Ахметовичу Уразаеву под ответственным в полном объеме, редакторством киргиза №5 аула Тусуп-ской волости Тургайского уезда Ахмета Байтурсунова в г.Оренбурге еженедельного газету на киргизском языке, под названием «Казах» ( Киргиз»)».

Осы мəліметке қарап, мынадай ой түюге болатын секілді. «Қазақ» жарық көретін кездің қарсаңында А.Байтұрсынов, Ə.Бөкейханов, М.Дулатов үшеуі де патша жендеттерінің сенімсіздігіне ұшырап, бірі абақтыда, қалған екеуі жер ауда-рылуда жүргендігі белгілі. Бұл олардың газет шығару ісіне кедергі келтірмегені түсінікті. Осы қиындықтан шығу үшін олар жергілікті əкімшіліктің сеніміне ие, оқыған-тоқығаны бар, азды-көпті өздерімен пікірлес М.Оразаевпен бірігіп іс жүргізу жөнінде келісімге келген болуы мүмкін деген ой ту-ады. Мұнан басқа, сол кезең жағдайында, тығырықтан шы-ғатын дұрыс жолды көріп те отырғанымыз жоқ. Осының өзі олардың саясат ауылынан мол тəжірибе жинақтап, сол кездің өзінде ысылған, тісқақты саясаткерлер дəрежесіне дейін көтерілгендіктерін дəлелдей түссе керек. Ал мұндай жағдай орыс баспасөзінің тарихында кездесетінін ескерсек, сөзіміз жансыз еместігі аңғарылады.

Рас, М.Оразаевтың «Қазаққа» қосқан қызметін, əсіресе, жоғарыдағы себептермен оның жарық көруіне тигізген игі əсерін жоққа шығара алмаймыз. Оның осы рөлінің өзі – жоғары бағалануға лайық еңбек. Мұны мойындау керек. Сонымен бірге əсіре қызығушылықпен оның қызметін жо-

Page 88: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

88

ғарылатып көрсетіп, «газет шығару идеясының авторы, «Қазақтың» қаражат шығынын көтерген құрылтайшысы» деген пікір қалыптастыру қамындағы зерттеушілердің ой-толғамдарымен келісу де қиын. Бұл – тарихи шын-дықты бұрмалағандық. Егер тарихқа ешкімнің өктемдігі жүрмейтіндігі рас болса, онда мұны біз көзден таса қалдыр-ғанмен де, келер ұрпақ оған кешіріммен қарамайтындығын осы арада айта кеткен лəзім. Өйткені, «Қазақ» – бүгіннің ғана емес, атадан қалған тəбəрік секілді ұрпақтан-ұрпаққа аманат болып қалдырылып отыратын халқымыздың мəңгілік мұрасы. Осы жерде мынадай ой туады. Шын мəнінде халықтың көзі, құлағы һəм тілі қызметін атқар-ған «Қазақтың» құны есепсіз жоғары. Ол – тарихи қым-бат қазына ғана емес, бүгінгі əрі ертеңгі ұрпақты ата-бабаларымыздың өр рухымен жалғастырып тұрар аспалы алтын көпір. Оның бағасы күн өткен сайын еселеп арта бер-месе, бір мысқал да кемімейтініне көзіміз айқын жетеді. Осы себепті де бұл басылымды өз пайдасына қарай бұра тартып, өз есебін түгендегісі келетін зерттеушілер кеше де табылып еді, бүгін де баршылық, ертең де болмай қалмаса керек. Олай десек, осынау болмысымен зерттеушілердің ынта-ықыласын туғызып, айналасына үйіре түскен басылымның тарихынан бастап, арқалаған жүгі, көтерген мəселелеріне дейін анықтауға мүмкіншілік беретін, арнайы бір ғылыми конференция ұйымдастырылып, ғалымдардың ортақ бір пікірге келуі уақыт қажеттілігінен туындайды. Ондай жиын ұйымдастырыла қалса, «Қазаққа» қатысты талқыға салатын даулы мəселелер жетіп артылады. Соның бірі – газеттің шығарушылары туралы мəселе. Бұл турасында біз былайша ой қорытқымыз келеді. Басылымды жарыққа шығару дайындығының бар ауыртпалығын арқалаған жəне оның мерзімді əрі мазмұнды шығып тұруына қаржысымен де, қаламымен де қызмет еткен азаматтар – ең əуелі, жоғарыдағы үш арыс – халқымыздың біртуар перзенттері Əлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Ду-латов. Бұл үшеуінің қай-қайсысының да «Қазаққа» қосқан үлестері қомақты, сіңірген еңбектері ұшан-теңіз. Олардың

Page 89: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

89

бұл қызметтерінің бірін жоғары, екіншісін төмен қоя қарас-тыруға мүлде болмайды.

Əрине, бұдан «Қазақ» тек аталған үш арыстың күшімен ғана, басқа ешкімнің көмек-қолғабысынсыз жарық көріп тұрыпты деген ой тумаса керек. Мұндай пікірмен сол аза-маттардың өздері де келіспес еді. Олар осынау игілікті істерінің шын жанашыры халық екенін, ел-жұртқа арқа сүйеп, іс тізгінін қолдарына алуға тəуекел еткендіктерін ешқашанда естерінен шығарған емес. Оны əркез естеріне алып, оқырман назарына ұсына, жұрт талқысына салып отырған. Мəселен, газеттің 1915 жылғы 101-нөмірінде жарияланған «2-февраль» деген бас мақала – соның бір ғана дəлелі. Мұнда газеттің екіден үшке аяқ басқан құтты қадамы қалың оқырмандарының ортақ қуанышы екендігі айтылып, ол ел азаматтарының қолдау көрсеткен іс-əрекеттерінің жемісі екендігі баян етіледі: «Тəңірі асыраған тоқтыны бөрі жемес» деген. Тəңірден соңғы күшті халық қой. Ха-лық қолдаған іс анау-мынаудың қастығымен өшпейтінін көзбен көріп, қолмен ұстағандай болдық. Соған көзі жетіп, «Күштіге сыйынсаң Құдайға сыйын» деген, əуелі, Құдайға сыйынып, екінші, Құдайдан соңғы күшті халыққа сүйеніп, «Қазақ» алдағы жасына аяқ басты», – деген жолдардан соны айқын аңғарамыз. Осы ой апталықтың 1914 жылғы 49-са-нында жарық көрген бас мақалада былайша нақтылана түседі: «... («Қазақты» шығаруды – Қ.С.) бастауға себепкер біздер болсақ та, жүргізуге себепкер болған – жұртқа кірген саңылау, яғни жұрт ішіндегі саңылаулы, саналы адамдар».

Осы орайда, сол айтылып отырған «саңылаулы, саналы адамдар» кімдер жəне олар газетке қандай көмек көрсе-тіпті деген заңды сауалдар туады. Оған жауапты газет тігін-ділерінің өзінен іздеген жөн болар. Өйткені, ұлтымыздың ұлы жазушысы М.Əуезов «Істеген ісімен өзіне тұрғыз-ған ескерткіш – мəңгілік ескерткіш» деп бағалаған басы-лымның өз тарихын өзі жазып қалдырғанын ұмытуға бол-майды.

Апталықтың 1914 жылғы 45-нөмірінде жарияланған «Оренбург, 9-январь» деген бас мақаладан мынадай мəлімет

Page 90: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

90

кездестіре аласыз. Алғашқы бір жылында «Қазақта» қала-мымен қызмет еткен «Алашқа аты білінген білімді аза-маттарға тəңірі жарылқасын айта» отырып, басылым бас-қармасы мақала соңында олардың аты-жөнін тізуді де ұмыт қалдырмапты. Олар: «Ахмет Байтұрсынов, Əлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, доктор Əубəкір Алдияр, доктор Арғынғазы Поштаев, доктор Халел Досмұхамедов, доктор Дəулетше Күсебағалиев, доктор Банкеевич, присяж-ный поверенный Райымжан Марсеков, инженер Мұхаметжан Тынышбаев, қазақшыл Қасенғали (Тоқберлинов – С.Қ.), студент Есенғали Қасаболатов, шежіреші Шəкəрім Құдай-бердин, Ғабдулғазиз Мосы, Ғұмар Қарашев, Жұмағали Ті-леулин һəм басқалар» екенін оқып білеміз.

Бұл газеттің алғашқы бір жылындағы қалам қайраткер-лерінің, яғни хат-хабар, мақала жазып тұрған тұрақты авторларының тізімі. Ал олардың қатары кейінгі бес жы-лында үсті-үстіне толығып, еселеп артып отырғаны еш-қандай күмəн келтірмесе керек. Оған газеттің алты жылдық тігінділерінің материалдарын көзден көшіріп, арнайы жи-нақ етіп құрастыру барысында көзіміз айқын жеткен. Атап айтқанда, жоғарыдағы тізімді Жүсіпбек Аймауытов, Сəбит Дөнентаев, Жиһанша Досмұхамбетов, Мағжан Жұмабаев, Бейімбет Майлин, Сұлтанмахмұт Торайғыров жəне Мұста-фа Шоқай сынды халқымыздың маңдайалды біртуар ұлда-рының есімдері толықтыра түсуге тиіс.

Бұлардан басқа да есімдерін əлі ел танып біле бермейтін, кезінде алдыңғы көшке ілесе қаламымен халқына қызмет еткен қаламгерлер қаншама. Іріктеп айтар болсақ, Жүсіпбек Басығарин, Мырзағазы Есболов, Жанұзақ Жəнібеков, Ыс-пандияр Кенжин, Смағұл Найманқожаұлы, Уəлихан Омаров жəне Жиенғали Тілепбергенов секілді Алаштың ардақты ұлдарының газетке сіңірген еңбектері де арнайы зерттеуді қажет етеді.

Сонымен бірге, жер-жерден хабар-ошар жазып тұрған тұрақты тілшілерінің болуы да газеттің Қазан төңкерісіне дейінгі басқа басылымдардан артықшылығын айқындай түседі. Көбіне олардың аттары аталмай, газет редакциясы-

Page 91: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

91

на жолдаған материалдары «Тілшілерден» деген тұрақты айдары арқылы топтастырылып беріліп отырған. Деген-мен, апталықтың алты жылдық тігінділерін ақтарып оты-рып, олардың бірқатарының есімдерін анықтауға мүмкін-шілік туды. Атап айтқанда, Ақмолада К.Қарсақбаев, Ақтөбе уезінде Уəлихан Омарұлы, Жетісуда Кеңесбай Үмбетбаев, Қызылжарда Жиенғали Тілепбергенов, Қытай жерінде Қасенбай Қожамияров, Қостанай уезінде Асылбек Ташбайұлы, Павлодарда Шəріп Ақпаев, Омбыда Х.Бек-жанов, Темір уезінде Спандияр Кенжин, Торғайда Жүсіп Темірбеков жəне Шымкентте Сүлеймен Қорғанбаев секілді тілшілері болғандығын газет материалдары растайды. Бұл да – алғаш рет зерттеу жүзін көріп отырған мəселенің бірі.

Жалпы, қорыта айтқанда, артында өшпес те өлмес, мол мұра қалдырған «Қазақ» газетінің «пікір тайқазанында» сол кездегі саңылаулы, саналы Алаш азаматтарының үн қатпай қалғаны некен-саяқ. Бұл қырынан келгенде де апта-лықтың құндылығы еселеп арта түсетіні талас туғызбаса керек. Сол себептен де оны Қазан төңкерісіне дейінгі қа-зақ зиялыларының мінбері, ұлттық азат ойдың ұясы деп бағаласақ артық айтқандық болмайды. Оған киіз туырлықты қазақтың қамқоршысы, отаршылыққа қарсы күресте көш-бастаушысы болған, 1917 жылғы ақпан төңкерісінен ке-йін Алаш туын тік ұстап елдіктің ұйытқысына айналған «Қазақтың» қалам қайраткерлерінің басылымдағы бай шы-ғармашылық мұраларынан сыр тарқата, талдай отырып көз жеткізу көп қиындық келтірмейді.

Бұлай дегенде, ең алдымен, газеттің идеялық жетекшіле-рі Əлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсыновтың есімдері ауызға алынуы керектігі – басы ашық мəселе. Алайда, бұл арада олар жөнінде сөз қозғаудың ретін көріп отырғанымыз жоқ. Өйткені зерттеу еңбегіміздің кіріспе бөлімінде тілімізге тиек еткен М.Қойгелдиевтің «Алаш қозғалысы» деген зерттеу еңбегі мен Ө.Əбдімановтың «Қазақ» газеті» атты кітабында олардың «Қазақтағы» қызметі мейлінше кең қам-тылып, толық айтылған. Сондықтан оларды қайталаудан гөрі, аталмыш еңбектерде шет қалған «Қазақтың» басқа

Page 92: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

92

көрнекті қаламгерлерінің басылымдағы басшылық жəне шығармашылық қызметтеріне талдау жасағанды жөн көріп отырмыз.

МІР ОҒЫНДАЙ МІРЖАҚЫП

Алғашқы нөмірінен бастап соңғы санына дейін «Қазақ-пен» біте қайнасып, бірге жасасқан, оның бар ауыртпалығын «бас жазушысы» А.Байтұрсыновпен бірдей тең бөлісе арқа-лаған газеттің «екінші жазушысы» – Міржақып Дулатов. Көрнекті қалам қайраткерінің шығармашылық қызметі сан-салалы. Оны дарынды ақын, талантты жазушы, кемел ау-дармашы жəне бірқатар оқу құралдарының авторы ретінде жетік білеміз. Сонымен бірге журналистік қызметі өз ал-дына бір төбе. Бірақ, осы күнге дейін оның бұл қызметі терең зерттеліп, толық ғылыми айналымға енді дей алмай-мыз. Ал, мұнсыз жұрттың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, аз өмірінің тек ащысын көріп өткен қайраткердің бүкіл болмы-сын танып, білу мүмкін емес. Өйткені, өзге қызметтерінің бəрін түйіндеп, бір мақсатқа жұмылдырып отырған осы «өз заманының шежіресін жазатын» публицистке тəн журна-листік болмысы емес пе? Оған жалынды журналистің өмір-баянын тілге тиек ете отырып та көз жеткізуге болады.

М.Дулатов 1885 жылы 25-қарашада қазіргі Қостанай облысы, Жанкелдин ауданы, «Қызыл бел» совхозының Сарықопа деген жерінде дүниеге келген. Əкесі Дулат өз заманының оқыған, сауатты адамы болған. Етік тігіп, ер-тұрман жасаған өнерлі жан екен. Шешесі Дəмеш – Торғай уезіне аты мəлім Қараман байдың қызы. Өте келбетті, та-лайлар сөз салып, қолы жетпеген қас сұлудың өзі болған. Көркіне сай өлең айтып, домбыра тартқан, ақыл-парасаты мол ел анасы болыпты. Міржақып екі жасқа келгенде ана-сынан айырылған. Он екі жасқа толғанда əкесі қайтыс болған. Сөйтіп, жастайынан жетім қалған бала тез есейеді. Ағасы Асқардың көмегімен əуелде ауыл молдасынан қара танып, 1897 жылы Торғайдағы екі кластық орыс-қазақ учи-

Page 93: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

93

лищесіне оқуға түседі. Одан ауыл мұғалімі деген атақ алып шығады. Калған білімді зейінді, зерек Міржақып өз бетімен оқып игерген.

Публицистік қызметі 1906 жылы Петерборда екі саны шығып, өкімет тарапынан тұтқындалып, өртелген «Серке» газетінде «Жастарға» деген өлеңі мен «Біздің мақсатымыз» атты публицистикалық мақаласы жариялануымен баста-лады. Бұл газет татардың «Үлфəт» атты апталығының қо-сымшасы ретінде жарық көрген. Ол 1905 жылы 26 мау-сымда Ахмет Байтұрсынов, Əлихан Бөкейханов жəне басқа да қазақ оқығандары Қоянды жəрмеңкесінде бас қосып, Петербордағы кіндік хүкіметке қазақ халқының атынан арыз-тілек жібергенде қойылған он бір түрлі талаптың бірі – қазақ тілінде газет шығару талабымен басылған бо-луы мүмкін. Қазақ халқының саяси-мəдени өмірінде үлкен мəні бар бұл оқиға Міржақып сияқты ел-жұртының қамын жеген азаматтарды одан əрі топтастырып, қайрап, шыңдай түсті. Осыдан кейін Міржақыпты жатса да, тұрса да хал-қының, ұлтының болашағы толғантады. Өнер-білімнен кен-же қалған, сахарада көшіп-қонып, мал бағып, қыс күйлі, жаз жайлы басқа тілегі жоқ, бейқам жатқан қараңғы еліне қарлығаштың қанатындай су сеуіп, көңіліне сəуле шашуды мұрат тұтады. Оның 1909 жылы Қазан қаласында жарық көрген «Оян, қазақ» атты өлеңдер жинағын оқып отырып, осыны аңғаруға болады. Міржақыптың есімін күллі қазаққа танытқан бұл кітап халық арасына тез таралып, көпшіліктің өтініші бойынша келесі жылы Уфа қаласында екі рет баспа жүзін көреді. Бірақ кітаптың төңкерісшіл рухтағы идеясы, күреске шақырған үні патша өкіметіне ұнамайды. Сөйтіп, халықтың кемшілігін сынап, оқу-білімге үндеген, бірлікке, еңбек етуге шақырған автор идеясы жандарм басқармасы тарапынан қылмыс деп саналып, жауапқа тартылады. Ол жөнінде журналистің өзі «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 233-санында былай жазады: «Оқушыларға мағлұм «Оян, қазақ» атты өлең кітабымды ескі өкімет шам көріп, «қазақ оянып кетеді» деп қорқып, 1911 жылы мені сотқа берді. Сол себепті жыл жарымнан артық абақтыда жатып шықтым».

Page 94: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

94

Бір ғажабы, алты жарым ай түрме қапасын көріп, бір жыл Петропавловскіге саяси көзқарасы үшін жер аударылған Дулатовты бұл жай мұқалтпай, керісінше, шыңдай түседі. Ол айдауда жүрген кездерінде де уақытын босқа өткізбей ізденумен болады. Петропавлда жергілікті əкімшілік мекеме орындарында аудармашы бола жүріп, жазудан қол үзбейді. Мəселен, Троицкіде белгілі ақын-журналист Мұхамеджан Сералиннің жетекшілігімен қазақтың тұңғыш журналы «Ай-қап» шыға бастағанда қуанышын білдіріп, 1911 жылғы 4-са-нында:

Бұл хабар қуандырар елді байтақ, Керегін баспасөздің келген байқап. «Серке» ...Жасасын ғұмырлы боп, енді «Айқап», –

деп өлеңмен құттықтайды. Сөйтіп оның жұмысына арала-сып, өлеңдері мен мақалаларын үзбей жіберіп отырады.

1913 жылы Орынборға айдаудан босанып келгеннен кейін бұрыннан пікірлес ағасы Ахмет Байтұрсынұлымен бірлесіп таза қазақ емлесімен «Қазақ» атты бейресми газет шығаруды қолға алады.

Оның 1918 жылдың қазан айында соңғы саны шығып, тоқтағанға дейінгі мезгіл ішінде газетте жүздеген көсемсөз үлгілері, өлең-жырлары мен сын-мақалалары жарық көрген. Осыдан-ақ бұл кезді оның журналистік шеберлігінің шындалған тұсы деп қарауымызға əбден болады. Осы мезгілде жазған дүниелерін оның журналистік қызметінің бірінші – Совет өкіметі орнағанға дейінгі кезеңінің қомақты туындылары деп қарастыруымыз керек.

Оның журналистік қызметінің екінші – Кеңес өкіметі тұсындағы кезеңі 1920 жылы «Ақ жол» (Ташкентте шы-ғып тұрған) газетіне араласқан мезгілден басталады. Бұл уақыттарда ол аудармашылықпен айналыса жүріп, бойын-дағы бар қуат-күшін, публицистік барша талантын жаңа өмірді құру ісіне жұмсайды.

1926-28 жылдары Міржақып Дулатұлы «Еңбекші қазақ», «Ауыл тілі» газеттерінде əдеби хатшы болып қызмет жа-

Page 95: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

95

сайды. Бұл жылдар – оның шығармашылығында жемісті із қалдырған өнімді еңбек жылдары. «Еңбекші қазақта» оның қаламынан туған «Баспасөзіміз не күйде?», «Хош келдің, Наурыз!», «Қазақ-қырғыз тарихы туралы» сияқты көп-теген мақалалары жарияланды. Қысқасы, осы уақыттары қаламынан туындаған шығармаларын оның журналистік қызметінің екінші кезеңіндегі туындыларының ішіндегі құндысы əрі құнарлысы деп қарауымызға əбден болады.

1928 жылдың аяғында Міржақып Дулатұлын советтік құ-рылысқа қарсы жасырын əрекет етті деген қарармен ОГПУ қызметкерлері тұтқынға алады. Сөйтіп, ату жазасына кесіп, кейіннен оны он жыл бас бостандығынан айырумен алма-стырып, Соловецк лагеріне айдайды.

Өмір бойы үкімет тарапынан қудалау көрген Міржақып Соловецк лагерінде айдауда жүргенде де Əлихан Бөкей-ханұлы, Ахмет Байтұрсынұлымен хат-хабар жазысып, мəн-жайды ұғынысып отырған. Мысалға, Əлихан Бөкейхан-ұлын – Қыр баласы, Ахмет Байтұрсынұлын – А.Б., Халел, Жанша Досмұхамбетұлдарын – Екі Дос, Мұхтар Мырза-ұлын – Ұзын Мұхтар деп сақтық үшін толық аты-жөнін айтпай, өзара түсінісіп отырған. Бұл хаттарды пайдаланған жеке мүліктерімен бірге 1935 жылы 5 қазанда Міржақып Дулатұлы лагерьдің лазаретінде қайтыс болған соң, се-мьясына қайтарған. Əкеден қалған тəбəріктей болған бұл дүниелерді Гүлнəр апай Міржақыпқызы жарты ғасырдан астам уақыт бойы аман сақтап келіпті. Қазір де сол кісінің жеке архивінде сақталуда.

Міне, дүниенің тұщысынан гөрі ащы дəмін көп тартқан, XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ даласындағы əлеуметтік өмірдің көкжиегінде жарқырай жанған шырақтардың бірі дарынды ақын, алғыр ағартушы, қажырлы қайраткердің өмір жолы осылай өтіпті. Оның өмірбаянынан бір байқалатыны – бар саналы өмірін журналистік қызметіне арнағандығы. Жай арнап қана қоймай, бүгінгі журналистерімізге бай тəжірибе-сін мұра етіп қалдырып кеткендігі. Мəселеге осы тұрғыда келгенде қайраткердің, ең алдымен, журналистік қызметін бөле айтып, өзге қызметтерінен айрықша қарастырғанымыз

Page 96: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

96

дұрыс секілді. Оның қолымызға түскен публицистикалық сарындағы бай шығармашылық мұраларын жеке-жеке тілге тиек ету арқылы да осыған көз жеткізе түсеміз.

«Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты. Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп,Қазағым, енді жату жарамас-ты».

Бұл – осыдан сексен жыл бұрын өз заманына орай айтыл-ған сөз. Небəрі жиырма үш жастағы ақынның халқы үшін азап шегуі. Публицистикалық сарынға толы азаматтық пози-циясының басы.

1909 жылы Қазанда жарық көрген Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ» атты өлендер жинағы түгелдей осы сарын-да жазылған. Онда ғашықтық, лирикалық тақырыптағы өлеңдер жоқ. Тақырыбы айтып тұрғандай, тіке халықтың өнерге, білімге құлшынуын, озық елдермен иық теңестіруін армандаған ақ ниет, шынайы тілегі жырланған.

Ақын халқына өмірдің ағысын ұқтыруға ой жіберіп, жол нұсқайды. Дəуір шындығын бұра тартпай, сол қалпында айтады. Қазақ елінің Россия мемлекетіне қосылғанын да табиғи құбылыс санайды. Бірақ патшаның озбырлығына қынжылады:

«Патша айтқан, əділдікпен билеймін деп, Дініне һəм жеріне тимеймін деп. Оқ атпай, қылыш шаппай бағынған соң, Қалайша қадіріңді білмеймін деп. Қалдырып осылардың һəммесін де, Шығып тұр біздің тұста бұл күнгі заң», –

деп, кезіндегі уəде-шарттың бұзылғанын, зорлықтың бар-ған сайын артып, елдің тозып бара жатқанын жырлай-ды. Əділдікті көксейді. Əділетсіздіктің себеп-салдарына ой жібереді. Туып отырған қайшылықты дəлелдеуге ты-рысады, халыққа оның сыр-сипатын ұқтырғысы келеді.

Page 97: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

97

Түп-төркінін ашады. Сөйтіп, жинақтың «Сөз басында»: «Əркім өз қолында барына жомарт болғаны секілді, мен де аз мағлұматымша бишара халқымызға пайда келтірмек мақсатымен осы кітапты жаздым» деп айтқанындай, өз хал-қадірінше халқына қызмет етуге ұмтылады.

Кітап халық арасына тез тарап, авторына зор бедел əкеле-ді. Оның айғағы ретінде сол кездері Троицкіде шығып тұрған «Айқап» журналының 1912 жылғы 1-санында жарияланған мына бір деректі тілге тиек етуге болады: «Өткен 23-де-кабрьде Семейпалат окружной соты Меряхуп Дулатовтың ісін қарады... Окружной сот кешкі сағат 7-де Меряхуп Ду-латовты уголовный уложение 1-3-ші статьясының 6-пункті бойынша айыпты деп тауып, бір жыл крепостке хүкілі етті. Соттан бұрын жарым ай түрмеде отырғаны есеп емес...».

Мұны оқыған қазақтың көзі ашық интеллегенциясы ақынның қайғысына ортақтасып, үн қатады. Мəселен, 1911 жылы жазылған «Тұтқын» деген өлеңінде дарынды ақын Мағжан Жұмабаев:

«Қайғыланба, сорлы тұтқын, еш кетпес Күн батқанмен, таң атпайтын түн жетпес.Ер жүректі азаматтың басына Бұл жалғанда нелер келіп, не кетпес?» –

деп жырлап, рухани серіктестік танытқан. Сол секілді Ах-мет Байтұрсынов та оның зердесі мен кісілігін терең сезініп, 1912 жылы Қазан қаласында жарық көрген «Маса» деп ата-латын екінші жинағында оған «Ақын ініме» деген өлең ар-нап, былайша тебіренеді:

«Жай жатсаң жаңылмайсың, адаспайсың, Күресте кім кетпейді ғапыл, інім. Ат қойған аз-көбіне қарамастан, Ақылға біздер жарлы пақыр, інім».

«Зер қадірін зергер таниды», – демекші, кейіннен Міржақып та Ахмет Байтұрсыновтың ақындығын пір тұтып, азаматты-ғына басын иіп, «Сөз ақыры» деген өлеңін жолдайды. Онда:

Page 98: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

98

«Ақын аз Байтұрсынов Ахметтей,Сөзі алтын, мағынасы меруерттей. Оқыған ғибрат алып жас жігіттер,Һəммесі өз халқына қызмет еткей», –

деп оның талантты қарымын жоғары бағалап, сол кездегі қазақ жастарына одан ғибрат алып, еліне қызмет етуін ті-лейді. Творчестволық осы байланыс мақсаттары ортақ, ар-мандары бір қос алыпты бір-бірімен жақындастырып, ке-йіннен бірігіп күресуге (бұл жерде «Қазақ» газетінде бірге істеген кездерін айтып отырмыз) алып келеді.

Міржақып Дулатовтың ойы ұшқыр, қаламы жүйрік жур-налист ретінде танылуына оның «Қазақ» газетінде Ахмет Байтұрсыновпен бірге еңбек еткен кезеңі ерекше із қалды-рады. Бірақ, бұл оның публицистік қызметі «Қазақ» газеті шыққанға дейін болған жоқ деген ұғым туғызбауы ке-рек. Оның «Оян, қазақтан» басқа 1910 жылы жарық көрген «Бақытсыз Жамал» романы мен 1913 жылдың басында Орын-борда басылған «Азамат» атты публицистикалық сарындағы өлеңдер жинағын айтпағанның өзінде, 1911 жылдан бас-тап Троицкіде шығып тұрған «Айқап» журналына арала-са бастаған кезін журналистік қызметінің кемелденген тұсы деп қарауға əбден болады. Журналда оның өлеңдері мен мақалалары үзбей жарияланып тұрған. Сан-салалы ғылымнан хабары бар, табиғат берген дарынды ол сол кезден бастап-ақ қазақты толғантқан мəселелермен ұштастырып, журналистік қабілетін шыңдай түскен. Оның Айқапта» жарияланған «Хан Абылай», «Қапастағы ұрының мінəжаты», «Жазу тəртібі», тағы басқа мақала, өлеңдерін оқи отырып, осылай ой түюге толық хұқымыз бар. Мəселен, оның «Жазу тəртібі» де-ген мақаласы Азамат Алашұлы деген бүркеншік атпенен журналдың 4-5-сандарында жарық көрген. Онда автор Ахмет Байтұрсынұлының қазақ жазуындағы арабтың артық əріпте-рін алып тастауын, жіңішке дауысты дыбыстарды білдіруге арналған қосымша белгі – «дəйекше» енгізуін қуаттайды. Сөйтіп: «А.Б. (Ахмет Байтұрсынұлы – автор) ноғай жазу-шыларын жатырқағандықтан емес, қазақ тілінде қанша ды-

Page 99: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

99

быс болса, сонша белгі көрсетіп, артық харіптерді кеміткен. Сонымен қазақша жазу-оқуды оңайлатқан. Сынаушы да осы арасын көздеуге керек еді, – дей келіп, – А.Б.-ның жазу тəр-тібін ұнатқанымен басқа қосарым мынау: қазақ əліппесіне «Ф» мен «X» да кірсе екен деймін. Таза қазақ сөзінде болма-са да қазақ тіліне кірген араб, парсы сөздерінде һəм Ахмет, Мұхамеджан, Фазыл... деген секілді қазақ аттарында бұл екі харіф көп ұшырайды. «Ф» мен «X» əліппеге кіргенменен, жазу тəртібіне қиыншылық келтірмейді. Естілуінде де, жазылуын-да да бұлардан айыра алмастай ұйқас харіфтер жоқ», – деген өміршең ұсыныс айтады. Мақаланың құндылығы да осында. Тағы бір ерекшелігі, ол таза қазақ тілінде жазылған. Ал тіліміз бір жүйеге келіп, толық қалыптасып болмаған, демек, ноғай татар, араб, парсы, орыс тілдерін араластырып, «алабажақ» күй кешіп жүрген кез үшін бұл үлкен жетістік. «Айқап» журналында жарияланған өзі шұбар тілді материалдардың ішінде мұның жеңіл оқылып, көзге жылы ұшырайтыны да сондықтан.

Дей тұрсақ та, айналадағы тіршіліктен бейхабар, ұйқыда жатқан елі үшін жарық сəуле, шам болып жанған жалынды журналистің публицистік шеберлігін толық таныта алған тұсы – «Қазақ» газетін шығаруға атсалысқан кезі. Жоға-рыдағы еңбектерін ескерсек, XX ғасырдың басында қазақ əдебиетіне тасқынды бір арна болып қосылған жас ақынның «Қазақ» газетіне құралақан келмегендігін байқаймыз. Жазу-шылық қырынан танылған, газет-журнал ісіне араласып үл-герген, қаламы ұшқыр, ойы жүйрік журналистің апталық табалдырығын шəкірт болып емес, белді бір азамат ретінде аттағанына көз жеткіземіз.

М.Дулатовтың газеттің екінші редакторы қызметіне рес-ми түрде бекітілген уақыт – 1914 жылдың 19 мамыры. Осы турасында архивте сақталынған Орынбор генерал-губерна-торының Ішкі істер министрлігі жанындағы баспасөз жө-ніндегі Бас Басқармаға сол күні жолдаған 2732-нөмірлі іс-қағазында былай делінеді: «Согласно циркулярному распо-ряжению от 5 декабря минувшего года за №7022, уведом-ляю Главное Управление; что мною одновременно с этим

Page 100: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

100

разрешено обязанности второго ответственного редактора, в полном объеме, издаваемой в г.Оренбурге, образованным издательским товариществом «Азамат» еженедельной газе-ты на киргизском языке «Казак», ...киргизу 1 аула Сары-ко-пинской волости, Торгайского уезда и области Мир-Якубу Дулатовичу Дулатову.1

Осы дерекке қарап, М.Дулатовтың «Қазақтағы» қызметі газет шыққан уақыттан емес, кейіннен басталады екен деген ұғым тумауы керек. Бірақ, өкінішке қарай, сондай да пікір қалыптастырып жүрген зерттеушілер жоқ емес. Əрине, ол қателескендік болып шығады. Көрнекті қалам қайраткерінің апталыққа сіңірген еңбегі ол жарық көрмей тұрып-ақ бастау алатынына жоғарыда нақты деректер келтірген болатын-быз. Оны мына мəліметтер де айқындай түседі. «Жұлдыз» журналының 1990 жылғы 6-нөмірінде жарияланған «Ардақ-тап өтем əкемді» атты Міржақыпқызы Гүлнар апайдың естелігі көзіқарақты оқырманға етене таныс болуға тиіс. Сондағы мына бір дерек еріксіз назар аудартады: «1913 жылы аңсап күткізген Міржақыптың Орынбордан жазған хаты келді. Жүрегіміз орнына түсіп, бірсыпыра тынышта-лып қалдық. Міржақып хатында амандығын білдіріп, Семей түрмесінде бір жарым жыл отырып, енді құтылғанын жа-зыпты». Бұл – ақынның немере қарындасы (ағасы Асқардың қызы) Ботаның естелігі. Одан əрі сол хаттың мəтіні алғаш рет ғылыми айналымға енгізіледі. Естелік сонысымен де құнды. Хатында ардақты Алаш азаматы Семей түрмесінен босанып шыққаннан кейін із жасырып, Түркістан жəне соған таяу Қырнақ қыстауында қазақ, өзбек, қырғыз ағайындар орта-сын паналағанын жəне болашақ газет шығару үшін қаражат жинаумен айналысқандығын тілге тиек ете келіп: «1913 жылдың бас кезінде Орынборға келдім, сондағы ғалым-жазушы, өзімнің ұстазым əрі ағам Ахмет Байтұрсыновқа барып сəлем бердім. Ұзақ кеңесіп, қазақ халқына арнап га-зет шығармақ болдық. Бұл пікірімізді Əлихан Бөкейханов ағамыз толық қолдады. «Іске сəт» деп жұмысқа кірістік.

1 Санкт-Петербург қаласындағы Орталық мемлекеттік архиві 776-қор., 21 тікпе, 16-іс.

Page 101: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

101

Үкімет орындарының есігін тоздырып жүріп, əзер дегенде рұқсат алынды. Түркістанда жиналған мол қаржыны, Уфа-дағы «Ғалия» медресесі шəкірттерінің қосқандарын осы игі іске бағыштадық. Редакцияға қолайлы үй қарастырып, оны да таптық. Редакция құрамы, оның мүшелерін белгіледік. Шығарушы бас редакторы Ахмет Байтұрсынов, екінші ре-дакторы мен болып газетімізді «Қазақ» деп атап, шығара бастадық»,1 – деп біраз жайдан хабардар етеді.

Бұл хаттың деректік мəні орасан зор. Ол мынадай ой-толғамдарға жетелейді. Əуелі М.Дулатов Семей түрмесінен мерзімінен бұрын қашып шыққан болуы мүмкін деген бол-жамды пікір туғызады. Өйтпесе, 1911 жылдың шілде айын-да тұтқындалып, 19 ай абақтыға кесілген қаламгер қалайша 1912 жылдың аяғына қарай Түркістаннан табылады?

«Қазақ» газетінің 1917 жылғы 247-санында жарияланған жандармдық деректерде оның тұтқындалу мерзімі былай-ша көрсетілген: «М.Дулатов 1911 жылы июль ішінде абақ-тыға жабылды. 103 һəм 129-статьялар бойынша айып-талып, Семей окружной судының үкімі бойынша 19 ай крепоста отырды». Осыған қарап есептейтін болсақ, онда қаламгердің абақтыдан босанатын уақыты 1913 жылдың екінші айына келіп жығылады. Алдыңғы тарауда тілге тиек етілген «Газеттің шығуына алғаш дайындықтар басталып, жұмыс қызған шақта Міржақып Дулатов Семей түрмесінде жатқан болатын» деп, оны бұл жұмыстан қалыс қалдыратын автор пікірі осындай есептеуден туса керек. Алайда, оның шындығы басқаша екендігіне көз жеткізіп отырмыз. Қалай болғанда да, ардақты Алаш азаматы 1912 жылдың соңына қарай азаттыққа шығып, «Қазақтың» дайындық жұмысына белсене араласқаны – дау туғызбайтын ақиқат. Ал оның абақтыдан қашып шығуы мүмкін дейтініміз, жоғарыдағы хат мазмұнынан туындайды. «Семеймен қош айтысып, ізімді білдірмеуге тырысып, Түркістан қаласына жеттім, жасырын күнкөрісте болғандықтан, сіздерге хабар жеткізе алмадым. Түркістан жəне оған таяу жердегі «Қырнақ» қыстағында

1 Санкт-Петербург қаласындағы Орталық мемлекеттік архиві 776-қор., 21 тікпе, 16-іс.

Page 102: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

102

қазақ, өзбек, қырғыз ағайындардың арасын паналап, 1913 жылдың басына дейін сонда болдым», – деген жолдар сон-дай ойға жетелейді. Олай болмаса, абақты мерзімін толық өтеп шыққан кісінің із жасырып, жасырын күнкөрісте бо-лып, жырақтағы Түркістан жерін паналап несі бар? Иек астындағы елінде тұра бермеді ме? Бұл əлі де болса, зерттеп, зерделей түсуді талап ететін қаламгер өмірінің бір жұмбақ тұсы.

М.Дулатов үш жыл бойы газеттің екінші редакторы қыз-метін атқарды. Ал 1917 жылдың 14-қыркүйегінен бастап бі-рінші редакторы міндетін де мойнына алған. Бұл жөнінде газеттің сол күнгі 243-нөмірінде жарияланған Жақаңның «Ашық хаты» біраз жайдан сыр тарқатады: «Жалпы қазақ съезі Учредительное собраниеге (Бүкілресейлік – С.Қ.) Тор-ғай облысынан депутат белгілегенде списокке мені екінші қылып көрсеткен еді. Мен төменгі себептер бойынша спи-соктан шығамын һəм тасқа түспеймін», – дейді ол бұл хатын-да. Содан соң оның басты себебі ретінде «Қазақ» газетіндегі басшылықты алға тартады: «Ахмет һəм мен екеуміз де депу-тат бола қалсақ, газет иесіз қалар. ...Бір кісі бір іске жарай-тын болса да аз болмас. Халыққа қызмет етемін деген кісіге бəрі бір: депутат бол, газет шығар...»

Осы жолдарды оқи отырып, Алаштың ардақты ұлының азаматтық шешіміне, өнегелі ісіне еріксіз тəнті боласыз, жаныңыз жадырайды. Оның: «Өзгеміздің бəрі сай болып, жалғыз депутатқа қарап тұрған іс жоқ. Депутаттықты таң-сық көріп, атағына қызығып яки бəсеке үшін баратын кісі болмасқа тиіс. Екі қазақ таласып, бір орысқа олжа болсақ, онан тапқан абыройға түбінде ие табылмай жүрмесін. Осы-ны əркім ескерсе екен», – деген өтініш-уағызының бүгінгі күні де қоғамдық мəн-маңызы жойыла қойған жоқ, құны жоғары.

Ол – газет жұмысын ұйымдастыруға қатысып, оған жетек-шілік етумен бірге қаламымен де аянбай қызмет көрсеткен, жүйрік ойлы публицист. «Қараңғы қазақ көгінде» жарық жұлдыз болып жанған жалынды журналистің «Қазақтағы» шығармашылық қызметі де – бөле айтуға тұрарлық, толым-

Page 103: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

103

ды еңбек. Оның газеттің əр нөміріне дерлік мақала, өлең я əңгімесі жарияланып тұрған. Тіпті, кейде екі-үш туынды-сы бір санында қатар жарық көріп, оқырманын тəнті ет-кен кездер де жоқ емес. Мұндай жағдайда журналистер-ге тəн инабаттылықты сақтап, бүркеншік аттарын кəдеге жаратқандығы көрінеді. Сонымен қоса, ол «қырағы көз» патшалық цензурадан із жасыру үшін де керек болған. «Мадияр», «Арғын», «Тургайский», «Азамат», «Қауіп Қа-теров», «М.Д.», «Түрік баласы» деп қол қойған материал-дар – «Қазақтың» ең бір құнды жарияланымдары. Бұлар М.Дулатовтың бүркеншік аттары екені бүгінде толық анық-талып отыр. Мəселен, алдыңғы үшеуінің төркіні жөнінде автордың өзі былай деп, төрт жол өлең шумағы арқылы құлаққағыс етеді:

«Болады Тургайский уалаятым, Тайпам – арғын, мадияр – асыл затым. Бұл сөздің мүхаррирі һəм наширы Дулат-оғлы Мир-якуб – өзім атым».

Ал «Азамат» осы аттас өлеңдер жинағы шыққаннан кейін, «Қауіп Қатеров» айдау, абақтыда жүрген кезінде, «М.Д.» қысқарту əдісі арқылы жасалған бүркеншік аттары екендігі ешқандай күмəн келтірмейді. Мұндай ат таңдау тəсілдері қазақ журналист, жазушыларының творчествосында оты-зыншы жылдарға дейін кең қолданылып келген өнімді жол екенін айта кету лəзім. Ал «Түрік баласы» деген бүркеншік аттың М.Дулатовқа қатысты екендігін деректанушы-ғалым Қ.Атабаев өзінің «Қазақ баспасөзі – Қазақстан тарихының дерек көзі» деген еңбегінде дəлелдеген.1

Жалынды журналист өз шығармашылығында XX ғасыр-дың бас кезінде қазақ қоғамында қалыптасқан қайшылыққа толы күрделі əлеуметтік-рухани ахуалды терең жəне то-лық бере алған. Ол қандай күрделі тақырыпқа барса да жəне қандай жанрда жазса да сол тарихи кезеңдегі қазақ шын-

1 Атабаев Қ. Қазақ баспасөзі – Қазақстан тарихының дерек көзі. – Алматы: Қазақ университеті, 2000, 229-230 бб.

Page 104: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

104

дығын терең меңгеріп, оның ең өзекті мəселелерін жанынан өткізіп отырып жазған. Сондай күрделі мəселелердің бірі қазақ даласына орыс шаруаларының жаппай көшіп келіп қоныстануы, соған байланысты өлкеде саяси жағдайдың шиеленісе түсуі болды. Осы тақырыпта жазылып, газеттің 1914 жылғы 30-санында жарияланған «Қоныстану жəне қа-зақтар» деген мақаласында журналист ащы шындықтың шымылдығын түреді. Бұл процестің себеп-салдарын талдап, оны түсіндіруге тырысады. Ол қоныс аударған орыс шаруа-ларына: «Неге келдің деп өкпелеуге болмайды. Басы артық жерге ақсүйектер мен байлар ие болып, қатын-баланың күн көруі қиынға айналып, бұзауын арқандап бағатын болса, пəлен жерде жақсы жер бар деп қуса, мұжық сияқты қазақ та аумас па еді», – дей келіп, мəселені ушықтырып отырған отарлау саясатын пəрменді жүргізуші Ресей патшалығы екендігін əшкерелейді. «Көршілер тату болса, екі жағына да пайдалы. Мұны өкімет те, жұрт та ескеретін жұмыс», – деген қорытынды жасайды. Осыдан Міржақып Дулатовтың адамгершілігі мол, демократияшыл журналист екенін тануға болады. Ол күнкөріс қамымен жер ауып келген орыс шаруаларының халін қазақ кедейлерінің жағдайымен тең салыстыра қарайды. Сөйтіп, дау-жанжал туғызып отырған тығырықтан қалай шығуға болатыны жөнінде мың ойланып, басын ауыртады. Ақырында екі жақ үшін де татулықтың керектігін насихат етеді.

Сол кездегі қазақ саяси өмірінің, қоғамдық ойының ең белсенді өкілдерінің ұлттық басылым төңірегінде тоғысуы кездейсоқтыққа жатпаса керек. Оларды мұнда тоғыстырған, əрине, XX ғасырдың бас кезінде қазақ жерінде қалыптасқан саяси жəне əлеуметтік ахуал, соның нəтижесінде ұлттық мүдделердің бұрын болмаған дəрежеге көтерілуі болды. Творчестволық мүмкіндіктері мол А.Байтұрсыновтың, Ə.Бөкейхановтың жəне М.Дулатовтың «Қазақ» газетінде тоғысуы оларға сол тарихи кезеңдегі қазақ қоғамының ең өзекті мəселелерін белсенді публицистика тіліменен бүкіл қоғам алдына қойып, оларды қоғам болып шешу жұмыстарын қарастыруға мүмкіншілік тудырған еді. Та-

Page 105: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

105

рихи тұрғыдан алғанда бұл қазақ қоғамы үшін жаңа руха-ни күш болатын. Бірақ бұл мəселеге байланысты шындық мұныменен шектелмесе керек. Біздің түсінігімізше, ең негізгі шындық сол – Міржақып үшін газет те, творчестволық ең-бек те түпкілікті мақсат жолындағы құрал ғана болатын. Оның газет бетінде жарияланған көлемді дүниелерінен бас-тап, кішкене хабарларына дейін сол негізгі мүддеге қызмет етеді. Отаршылдық озбырлық пен ортағасырлық мешеу фео-далдық тəртіптер үстемдік құрған қазақ қоғамын ояту жəне өзгерту жолындағы бұл айтулы еңбек оны 1917 жылға дейін ұлт-азаттық қозғалыстың рухани басшыларының біріне ай-налдырғаны да рас.

Міржақып Дулатұлының «Қазақ» газетіндегі өндіре жаз-ған тақырыбының бірі – халқымыздың өзінен бұрынғы ірі-ірі тарихи тұлғаларына алғашқы болып қалам тербеп, шын асылын тани білгендігі. Оның ұлы Абай мен Шоқан жай-лы жазған көлемді ғұмырнамалық очерктері бүгінгі күні «абайтану», «шоқантану» аталатын ғылым салаларының бастауында тұрған сүбелі үлес екендігін бұрын айттырмай келсе, енді ғана сəті түсіп, ауызға алуға мүмкіндік туып отыр. Мəселен, ол апталықтың 1914 жылғы 48-санын-да жарияланған, ұлы ақынымыз Абайдың өліміне он жыл өтуіне байланысты жазған «Абай» атты мақаласында: «...1904 жылы июнь айының басында Омскіге барғанымда Абай өлеңдерінің жазбасын алғаш Ахмет Байтұрсыновтан көрдім. Сонда Байтұрсынов айтты: «Естуімше, Абай өз өлеңінің басылып шығуын тілемейді һəм бастыруға ешкімге рұқсат бермейді екен. Күз Қарқаралы қаласына барамын, сонда əдейі бұрылып Абайға сəлем беремін, танысамын һəм өлеңдерін бастыру жайынан сөйлесемін», – деп. Ахметке Абайды көруге нəсіп болмады. Абай өмірі күзге жетпей, сол июньнің 23-інде опат болады», – деп жазып, екі шындықтың шымылдығын түреді. Біріншіден, бұл арқылы біз Абайдың кейбір жұмбақ мінезін аңғара түссек, екіншіден, оның есімі сол кездері жұрт арасында кең таныла қоймағанын байқаймыз. Олай болса, Абай есімін кең далаға тегіс тара-тып, оның құнды да құнарлы шығармашылық мұрасын исі

Page 106: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

106

қазақтың ортақ қазынасы ету керек болды. Осы міндетті журналист өз мойнына алса, бұл да бір оның халқының қамын жеген азаматтық болмысын танытатын қасиеті екені даусыз.

Міржақып Дулатовтың бұл туындысын осы күнгі газет жанрларының очерк түріне, атап айтқанда, портретті очерк-ке жатқызуымыз керек. Өйткені, онда да жанрдың осы түрі талап ететін элементтер толық сақталған. Мəселен, көркем портретті очерктің тек өзіне ғана тəн ерекшеліктері өмірдің нақты фактілеріне, оқиғаларына сүйенетіндігі, кейіпкердің аты-жөні, болған оқиғаларының орны – барлығы өмір шын-дығымен сайма-сай келетіндігі болса, осы талаптар мұнда да орындалған. Енді соған кезімізді жеткізейік: «Əдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіш Абай сөзі, Абай аты болар-ға керек. Абайға шейін қазақта қолға алып оқырлық, шын мағынасында жазба əдебиеті дерлік бір нəрсе болған жоқ еді. Абайдың бізге қымбаттығы да сол. Бəлки, мұнан кейін Абайдан үздік, артық ақындар, жазушылар шығар, бірақ ең жоғарғы, ардақты орын Абайдікі. Қазақ халқына сəуле беріп алғашқы атқан жарық жұлдыз – Абай... Абайдың өлген кү-нінен қанша алыстасақ, рухына сонша жақындармыз», – деп жазыпты журналист. Енді осында əлгінде айтқан өмір шындығы, кейіпкер болмысы азаматтық пафоспен, асқан шабытты публицистикалық сарынмен əңгімеленіп отырған жоқ деп кім айтады?

Көркем портретті очеркке қойылатын тағы бір талап – оның баяндауы ширақ болғаны, жазылу əдісі жағынан зерт-теуге жақын келуі керектігі екен. Осы жағынан келгенде де мақаланың очерк жанрына жақын екендігін бағдарлаймыз. Сондай-ақ, баспасөз жанрының бұл түрі жайлы сөз жазғанда факті жəне жазушы фантазиясынан бұрын типтендіру проб-лемасы айтылатынын білеміз. Бұл мəселе де материал-да қажетінше қамтылған. «Үнемі бұл күйде тұрмас, халық ағарар, өнер-білімге қанар, сол күндерде Абай құрметі күннен-күнге артар. «Бірінші ақынымыз» деп қабірін халқы жиі-жиі зиярат етер, халық пен Абай арасы күшті махаб-батпен жалғасар. Ол күндерді біз көрмеспіз, бірақ біздің

Page 107: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

107

рухымыз сезер, қуанар...» – деген жолдар соның айғағы болса керек. Абай образын осы уақытқа дейін дəл осылай типтендіріп, қысқа əрі құнды етіп бейнелей суреттеген жазушының екеуі болса – бірі, біреуі болса өзі емес пе? Бұл публицистің журналистік қаламын жазушылық өнерімен ұштай түскен шығармашылық қабілетінің жан-жақтылығын байқатады.

Шоқан жөніндегі апталықтың 1914 жылғы 56 санында жарияланған «Шоқан Шыңғысұлы Уəлиханов» атты мақа-ласы да терең ойшылдығымен ерекшеленеді. Журналист мақаланы бастамас бұрын: «Шоқанды һəм оның шығарған кітабын жалпы қазақ түгіл, оқығандар арасында білушілер өте сирек болса керек. Соның үшін «Қазақ» арқылы жұртты Шоқанның өзі һəм кітабымен таныстырғым келеді», – деп оқырманға мақсатын түсіндіре кетеді. Сөйтіп, Шоқанның істеген игі істеріне, шығармаларына шолу жасайды: «Шо-қанның кім екенін қазақтың білмеу себебі – оның опаты-на биыл 49 жыл өтті. Қазақ сияқты, өнер-білімнің асылын танымаған, қаламмен қызмет етушілердің қадірін білмеген жұртқа 49 жыл – ұмытарлық көп заман. Қылышынан қан тамған батыр болмаса, оқушысы жоқ біздің қазақ ғылым жолында еңбек сіңірушілерді тез ұмытқыш келеді!» – деп өзі куəсі болған шындыққа қынжылыс танытады. Бірақ кү-дері үзілмейді. «Заман өткен сайын халықтың көзі ашы-лып, əдебиеті гүлденіп, матбуғаты жайыла бастаған кезде естен шыққан Шоқандардың артында қалдырған сөзі қайта тіріліп, кім екендігін білдірмей қоймайтынына» сенеді. Шы-ғарманың соңында «міне, қазақ үшін сол дəуір 50 жыл де-генде туып отыр» деп қуанады. Мақала көркем тілмен, терең ойлау сезіммен жəне болашақты болжай білетін публицис-тік сарынмен жазылған.

Міне, журналист армандаған, соған жетуге мақсұт тұт-қан күн де туды. Бүгінде Шоқанды білмейтін қазақ жоқ шығар. Дей тұрсақ та, мірдің оғындай журналистің «Шоқан Шыңғысұлы Уəлиханов» атты ғұмырнамалық очеркін қо-лына алып, оқып шыққан кісі болса, танымының бір саты өсе түсетіні сөзсіз.

Page 108: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

108

М.Дулатовтың «Қазақта» жарық көрген толып жатқан мақала, өлең жəне тағы басқа туындаларын түгел атап, же-ке-жеке талдау – арнайы бір зерттеудің жүгін арқалауға тұрарлық еңбек. Біз оның бірқатар еңбектеріне ғана тоқталу арқылы журналистік шығармашылығы мен газеттегі үлес салмағының қаншалықты салмақты екендігін аңғартуды мақсат тұттық.

«ҚАЗАҚТЫҢ» АҚЫРҒЫ РЕДАКТОРЫ

«Қазақ» газетіне қатысты енді бір зерттелініп, тиісті ба-ғасын алуға тұрарлық тұлға – Жанұзақ Жəнібекұлы. Ол газеттің 1918 жылғы 261-263 сандарына редактор ретінде қол қойған. Осымен қоса газетте үзбей жарияланып тұрған туындыларына қарап, қаламы ұшқыр, ойы жүйрік журна-лист екендігінен сыр түйеміз. Солай бола тұрса да, қалам қайраткерінің шығармашылық мұрасы зерттеушілер наза-рынан тыс қалып келе жатқаны өкінішті-ақ жай.

Біз қаламгердің өмір жолы мен Қазан төңкерісінен кейінгі тағдыр-талайынан сыр тарқататын мəліметтерді кездестіре қойған жоқпыз. Сөйтсе де, оның «Қазаққа» сіңір-ген қызметіне, шығармашылық бай мұрасына қарап, қазақ журналистика тарихында аты аталынып, өзіндік орнын ием-денуге тиісті тұлға екендігіне көзіміз жете түседі.

Ж.Жəнібекұлының «Қазаққа» жарияланған еңбектерінің тақырып аясы кең жəне мейлінше меңгерілген. Мəселен, алғашқы жарық көрген «Сыртқы хабарлар»,1 «Ғұсмани түріктері»2 жəне «Кəріс мұсылмандары»3 деген еңбектерін-де қазақты бодандыққа ұстаған Ресей мемлекетінің сырт-қы саясатынан мəліметтер келтіріліп, талдау жасалынады. Алғашқы мақаласының арқауы Ресей мен шетел мемле-кеттерінің арасында қарым-қатынасқа құрылса, кейінгі екі еңбегі Түркия мен Ресейдің жаулығына, түріктер мен қа-

1 Қазақ, 1914, №48,53.2 Бұл да сонда, 1913, №26.3 Бұл да сонда, 1915, №128.

Page 109: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

109

зақтар жəне жалпы мұсылмандардың саяси жағдайы ту-ралы мəселелерге арналады. Бұл шығармаларының қай-қайсысының да тілі жатық, ойы орамды əрі авторлық пікір, пайымдауларға бай.

Публицистің қаламына арқау еткен екінші бір тақырыбы ел ішіндегі тыңшылар мен бас пайдасын халқының қамынан жоғары қойған «жүзіқаралардың» бетпердесін түріп, кінəсін мойнына қоя айыптауға құрылған. Газеттің 1917 жылғы 228-нөмірінде жарық көрген «Қара жүз қажы» яки «Корган-ский» деген мақаланың авторлары – Тілеулин Жұмағали, Жəнібеков Жанұзақ, Турин Ысмайыл. Бұл еңбекте «Кор-ганский» деген бүркеншік атты жамылып, жеке басының қамы үшін елін сатып, патша өкіметіне астыртын қызмет еткен Дүйсенбай қажының іс-əрекеті əшкереленді. Сонымен бірге, газеттің осы санында жарияланған «Тыңшылар» деген өзінің жеке мақаласында татардың кейбір газет тілшілерінің қазаққа істеп отырған келеңсіз қылықтарының сырын ашып, оны ауыздықтау жөнінде ой айтады. Қазақ пен татар арасындағы мəдени қарым-қатынас мəселелеріне тоқталады.

Ж.Жəнібеков қаламынан туған туындылардың бірсыпы-расы түркі халықтардың ортақ тарихы мен тілін жəне оны зерттеуші ғалымдардың еңбектерімен таныстырып, талдай бағалауға арналады. Соның ішінде қомақтысы – «Түрік тілі-нің ұлық ғалымы В.В.Радлов» деген апталықтың 1917 жыл-ғы 214-санында жарық көрген естелік мақаласы. Атының өзі-ақ айтып тұрғандай, бұл еңбекте ұлы ғалымның өмірбаяны мен мол шығармашылық мұрасы сөз болады. «Тегі, түсі бөлек» болғанмен, қазақ негіз боларлық көп қымбат бұйым-дарды қойнына салып, бағып-қағып, ардақтаған баласын Алаш азаматы танып тұрғаны жөн», – деп ой қорытады.

Мақала атышулы ғалымның 80 жасқа толу мерейтойы-на орай жазылған. Көрнекті зерттеушінің көне түркі тілі-нің, соның ішінде, қазақ тілінің төркінін танытатын құны өлшеусіз, бай қазыналарымызды қағазға түсіріп, мəн-маңы-зын анықтап, бүгінгі күнге қаз-қалпында жетуге қосқан үле-сі қомақты, орны орасан зор. Осыны қаламгер жан-жақты баяндай отырып, басты-басты еңбектерімен қалың қазақты

Page 110: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

110

таныстырады: «1812-жылы Монғол жеріне барып Орхон өлкесіндегі ескі түркі жазуларын тауып оқиды. Ол жазу-лар оқылған соң түркі жұртының тарихында көп көмескі нəрселердің беті ашылып, тарих ғылымдарының кейбір қате сөздері құнын жояды. ...Қырғыздың «Манасы», қазақтың Шыңғыс, Көкше, Едіге, Тоқтамыс, Ертарғын, Орақ-Мамай-лар туралы жазылған көп сөздері бар. Қазақ тіліне керек толық мағлұмат оның сөздерінен табылады», – деген жол-дар сол жөнінде сыр шертеді. Еңбек ұлы ғалымның өмірі мен шығармашылық қызметін жалаң баяндау, құрғақ тізуге құрылмаған. Ол авторлық ой-толғаммен ұштасып, жанды бейне, тылсым дүниеге ұласа суреттелінеді. Бұл қырынан келгенде журналист қаламының əбден ұшталып, табаны қыз-ған жүйріктей, төселе шапқанын көреміз. «Орхон жазулары осы күнгі қазақ тілімен жазылған екен десек, бұған өкпе ай-тушы елдер болар деп қоя тұрдым. Бірақ Радлов кітаптарын оқығанда түркі тілдерінің ішінде ең бай ел қазақ елі екені айқын көрінеді», – деген жолдардан қаламгердің биік өресін, білімділігі мен біліктілігін жəне көңілге түйгені мол, көкірек көзі ашық, ұлтжанды азамат екенін айнытпай танисыз.

Қалам қайраткерінің «Қазақ» газетінде жарық көрген шығармаларының ішіндегі шоқтығы биігі – «Алаш құрбан-дары» деп аталатын туындысы. Апталықтың 1918 жылғы 262-нөміріне жарияланған еңбекті тебіренбей оқу мүмкін емес. Баспасөз жанрларының бірнешеуінің жүгін бір өзі арқа-лап тұрған, əрі корреспонденция, əрі репортаж үлгісінде, публицистикалық сарында жазылған туынды оқырманның жандүниесін баурап, көңіл шіркінді мың түрлі құбылтады. Мақаланы оқи отырып, автормен бірге біресе жаныңыз шырқырай күйінеді, біресе халқының қамы үшін басын бəйгеге тіккен Алаш азаматтарының іс-əрекеттеріне қаны-ғып, көңіліңізге жылылық ұялайды. Міне, журналист шебер-лігінің тылсым күші, тəлім алар мол тəжірибесі.

Еңбек екі бөлімнен тұрады. Біріншісінде Алашорда үкіме-тін қорғайтын Семейде атты-жаяу милиция құрылғандығы баяндала келіп, соның басшысы Қазы Нұрмұхамедұлының большевиктер қолынан оққа ұшқандығы жария етіледі.

Page 111: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

111

«Алаш жолында құрбан болған жас бағланның» жантүрші-герлік өлімі мақала авторының ғана емес, барша қазақтың ортақ қайғысына айналғаны əдемі өрнектеледі. Қаламгердің осы көріністі, жұрттың ішкі сезім, жан толқынысы иірімдерін айнытпай қағазға түсіріп, газеттің қалың оқырманына мөл-дірете жеткізуі – хас шеберліктің белгісі. «Марқұмның жол-дастары ботадай боздап, басын құшақтап шуласты. Көрген-естіген жан қайғырды. Ертеңіне халық көп жиналып, жана-засы шығарылды.

...Қабірге қойып, құран оқылып болғаннан кейін Шəкəрім ақсақал халыққа қарап сөз сөйледі: «Əлеумет! Мынау жат-қан кім, білесіңдер ме? Бұл – ұлты үшін шыбын жанын құрбан қылған Алаш азаматының тұңғышы. Мұны өлді демең-дер. Бұл күнгі һəм мұнан соңғы «ұлтым!» деген азаматтар мына мен сияқты болып «ұлтым!» деңдер» – деп, өзінің ұлтшылдығын сөзбен емес, іспен көрсетті. Марқұмның аты да Қазы еді, қазы-би деген сөз, қазы билігін айтып кетті.

Қарағым, Қазы, өліміңе өкінбе! Арманың жоқ! Құдай алдында да, жұрт алдында да сенің орның бөлек. ... Құдай тағала Алашқа шын ұл бергеніне бүгін ғана көзім жетті. Алпыс жасқа келгенде мұндай ұлт үшін құрбан болатын азаматты көремін деген үмітім жоқ еді. Көрдім, енді бүгін өлсем де арманым жоқ...» – деді.

Жиылған жұрт еңіреп жылап жіберді», – деген жолдар-ды оқып отырған əр оқырман өзін оқиғаның ортасында тұрғандай сезінеді. Бұл – репортаж жанры арқалайтын жүк. Мұнда ол шебер орындалған, əдемі өрнектелген.

«Қаралы жиында сөз алған ақын Міржақып Дулатов:

«Хош, бауырым, жолдасым!Армансыз сенің өз басың.Қабыл болып құрбаныАлашты құдай оңдасын!» –

деп келетін өлең шумақтарын оқығанда жиналған халық қамығып, көңілі босап, көзіне жас алды, – деп жазады ав-тор. – Бұлардан кейін Райымжан, Жанғали қажы, Мұстақым

Page 112: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

112

сөз сөйледі. Ақырында қазының бірге оқып жүрген жол-дасы Жүсіпбек еңіреп тұрып: «Жан бауырым, жолдасым! Хош бол! Жасаған алдыңды өзіңе, артыңды бізге қайырлы қылсын! Талаптандың, талпындың, оқып қатарға кірдің. Бұл күнде мынадай мезгілсіз қазаға душар болдың. Өкінбе! Ұлтың үшін туып едің, ұлтың үшін өлдің. Кеудеңде бір-ақ арманың кетті, ешкімге оқ атып, қылыш суыра алмай, жазықсыз оққа ұштың. Тым болмаса ұлтыңның бақытының шетін көре алмай кеттің...» – деп көзінің жасын тыя алмай, сөзін əзер тоқтатты».

«Бұл жолдарды тебіренбей оқу əсте мүмкін емес». Ав-тордың осынау қайғылы оқиғаны қағазға түсіргендегі мақсаты да осыған сайса керек. Яғни, Алаштың алғашқы құрбанының өнегелі ісін жастарға үлгі етіп, халықтың ру-хын көтеруге бағыштаған.

«Алаш аман болса, бұл тұңғыш құрбан ұмытылмас, та-рихта аты қалар. Бірақ біздің бұдан үлгі алып, жүргенімізді соның жүргеніндей қылуымыз керек», – деген авторлық түйін сол жайынан сыр шертеді.

Туындының құнды бір тұсы – Қазы Нұрмұхамедұлының өмірбаянынан біраз мəліметтер келтірілуі. Бұл – тарихи де-рек, өткенімізді танып-білу үшін таптырмайтын мəлімет.

Еңбектің екінші бөлімінде «Алаш туын көтеріп, ел жігі-тін бастайтын, соғыс ғылымын оқыған, бірнеше жыл со-ғыста болып, тəжірибе көріп ысылған ... штабс-капитан Нұ-ғыман Сарбөпеұлының «атты-казактар» қолынан тапқан жантүршігерлік қазасы» баяндалады. Жай ғана баяндалып қоймай, оқиға құдды бір көз алдыңызда өтіп жатқандай бей-нелі көрініс табады. Оқырманға түсінікті болу үшін автор кейіпкерінің өткен өмірінен қысқаша мəліметтер келтірумен əңгіме бастайды. Александр атындағы кавалериялық учили-щеде əскери білім алған Нұғыман Сарбөпеұлы, əуелі, қытай шекарасында №553 жаяу полкта, кейіннен неміс фронтын-да қызмет етеді, бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысады. Большевик лаңы басталған уақытта Мəскеуге келіп, ондағы-лардың үлкен қызмет ұсынғанына қарамастан бас тартып, Орынборға жетеді. Бұл шаһар большевиктер қолына қарап

Page 113: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

113

тұрғандықтан уақытша Ақтөбенің 1-Бөрте болысы, 3-ауы-лында бой жасыра тұруға мəжбүр болады. Оқиға осы жер-де өрбиді. Алаш милициясына қызмет етуді ойлап, Семейге жетудің қамымен жүргенде атты-казактар «штабқа жүріңіз» дейді. Бұл «жарайды» деп, штаб деген жерлеріне барса, өзінің алданып қолға түскенін сезіп, бармағын шайнайды. Əлгі келгендер атты-казактар екендіктері анық болғанмен, азғырылып большевик болған, бұралқы атты казактар екен.

Сол арада Нұғыманды жалаңаштап, қамшымен сабап, мылтықтың дүмімен ұрып, ең соңында алты мылтықпен бір басып, өлді деп тастап кетеді. Бірақ ол кезде Нұғыман тірі екен. Соңынан жамағаты Зинаятта Рамазанованың ішкі киімінен басқасын, алтын-күміс нəрселерін – бəрін əлгі за-лымдар ауылға келіп, жұрдай қылып тонап алып кетіп бара жатқанда кеудесін сүйретіп, ауылға қарай жер бауырлап келе жатқан Нұғыманды көріп, тағы қылыштың астына алып, мылжа-мылжа қылып, қарнын тіліп, басын шауып, кө-зін шығарып, ит көрмеген қорлықты көрсетіп өлтіреді».

Қалың қазақтың қайғысына айналған қаза қаламгердің де қабырғасын қайыстырғаны анық. Бірақ, ол ашуын ақылға жеңдіреді:

«Қыршын жас, қаһарман сарбаз Нұғыман марқұмның өліміне шын жүрегімізбен қайғырып, жеңіл болсын айтып, құдайдан артында қалғандарына сабыр сұраймыз», – деп елді сабырлыққа, қазаның соңын күтуге шақырады. Өзі құр қол қалмай, Алаш құрбанының артында аңырап қалған жама-ғатына қаражат жағынан жəрдемін көрсетеді. «Нұғыман марқұмның опатын естіп қайғырып, бет сипап, дұға қылып қойғанмен, азаматтық борышымнан құтыла алмайтын ретті көріп, ауыр қайғы үстіне жұрдай болып бар мүлкінен айыры-лып қалған Зинаятта ханымға һəм емшек баласына өзімнен 100 сом, қарамағымдағы қазақ оқығандарға ашқан «Еркін деле» пұлынан 200 сом қаражат жібердім. «Аш қазақтарға жəрдем» комитетінен де біраз нəрсе бердім», – деп жазады бұл жөнінде автор.

Еңбектің, біріншіден, тарихи құжат ретінде құны жоғары. Екіншіден, қалам қайраткерінің журналистік болмысын та-

Page 114: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

114

нытуымен бағалы. Осыған қоса қазақ журналистикасының репортаж жанрының қалыптасуына сүбелі үлес қосқан шы-ғармалардың бірі деп қарауға əбден болады.

Қорыта айтқанда, Жанұзақ Жəнібекұлының «Қазақ» га-зетіндегі журналистік қызметі – зерттеушісін күткен тақы-рыптың бірі. Бұл қазақ баспасөзі тарихын зерттеушілерге ой тастауға тиіс.

Басқа да есімдерін əлі ел танып біле бермейтін, еңбектері зерттеу жүзін көрмей келе жатқан, газетке қаламымен де, қаржысымен де көмегін тигізген қаламгерлер қаншама.

Осы орайда, жоғарыда аты аталған Алаш азаматтары-ның қай-қайсысының да «Қазақ» газетіне қосқан үлестері қомақты екендігін тілге тиек етпей тұра алмаймыз. Олардың əрқайсысының осынау басылымға сіңірген еңбегіне жеке-жеке тоқталып, терең зерттеу жүргізетін болсақ, өз алдына бір-бір бұлақ бастауы алдымыздан тартылатынына ешбір шүбəміз жоқ. Ал бұлақтар қосылып, ол мұхитқа барып тоғы-сатыны белгілі жай. Мұны да солай қабылдағанымыз жөн шығар.

«АЙҚАП» ПЕН «ҚАЗАҚ» НЕГЕ АЙТЫСҚАН?

Кезінде қалың қазақ еліне көздің ағы мен қарасындай қа-тар қызмет еткен бұл екі басылымды бір-біріне қарсы қойып қарастыруға мүлдем болмайды. Рас, кейбір мəселелерде пікір алалығы кездеспей қалмаған. Бірақ, ол мақсат бөтендігінен емес, соған жетуде ұстанған жолдарының əртүрлілігінен туындап отырған деуімізге толық негіз бар. Бұл турасын-да кезінде көрнекті қалам қайраткері Бейімбет Майлиннің «Қазақ» газетінің 1915 жылғы 138-санында жарияланған мақаласында: «Бұл екеуінің кейбір пікірлерінің біріне-бірі қиғаштығы, ол туралы бірсыпыра сөздің болып өткендігі оқушыларға белгілі. Бірақ ол тақырыпта араларында дұш-пандық жоқ. Себебі екеуінің де түп мақсаттары бір еді», – деп жазуы сөзімізді тірілте түседі.

Бір кереметі, араларында қанша талас-тартыс болғанына қарамастан, бұл екі басылымның бірінің сөзін екіншісі сөй-

Page 115: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

115

леп, бірін-бірі қолдап отырғаны коңіл аудартпай қоймайды. Бұдан оларды шығарушылардың жеке бас қамынан бұрын ұлт мақсатын биік қоя білген азаматтық болмыстарын жете тани түскендей боласыз. Оған бір ғана мысал, «Қазақ» газетінің 1915 жылғы 148-санында «Айқап» тоқталуы» деген мақала жарияланған. Онда «қазақтың айналдырған жалғыз журналының бірнеше жыл шығып тұрып, ересек болған соң тоқталып қалғанына» қапалы екендіктерін білдіре оты-рып, «Қазақ» басқармасы «Айқапта» жарияланған жур-налды шығарушылардың оқырмандарына соңғы арнауын газеттерінде көшіріп басуды өздерінің азаматтық борыш-тары санайды. Ал «айқаптықтар» болса, өз кезектерінде журналдың қаражат тапшылығынан жабылатындығына өкініштерін білдіре келіп, газет төңірегіндегілерге мына-дай тілек-баталарын береді: «Журналды шығарғандағы мақсатымыз халыққа жол көрсетпек еді. Газеташылық, журналшылдық қазақ жігіттерінің қолынан келетін жұмыс екендігін сыпат етпек еді. Біз бұл мақсатымызға жеттік. Ендігі жұмыс оқыған жастардың мойнында.

Біз надан боп өсірдік Иектегі сақалды. Біз болмасақ, сіз барсыз, Желкілдеп шыққан жас шөптей Үміт еткен достарым, Сендерге бердім батамды

(Алтынсарин сөзі)».

Осы жолдарды оқи отырып, бұл екі басылым арасын-да елеулі идеялық қақтығыс болмағандығына көзіміз жете түседі. Бірақ, соған қарамастан, күні кешеге дейін ол екеуінің біріне-бірі қарсы қойылып зерттелініп келгені, ащы болса да, тарихи шындық. Оны зерттеушілер кінəсінен емес, уақыт талабынан, яғни сіреспе таптық идеология зардабынан туған олқылық деп қабылдаған лəзім.

«Айқап» пен «Қазақ» арасында туындап отырған айтыс-тартыс туралы алғашқы пікірлерді көрнекті мемлекет жəне

Page 116: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

116

қоғам қайраткерлері Т.Рысқұлов пен С.Асфендияровтың тарихи тақырыпта жазған еңбектерінен кездестіреміз.1 Бір айта кетерлік жай, өздері өмір сүрген уақыт талабына қай-шы екендігіне қарамастан, олар бұл мəселеге объективті түрде баға беруге тырысқан. Алайда, үстемшіл орталықтың өктем саясаты салдарынан ол бастама жөргегінде тұншық-тырылады.

Бертінірікте бұл тақырып өзгеше өң ала бастаған. Екі ба-сылым арасындағы пікірталасты таптық мүдделерінің қай-шылығынан деп түсіндіруге тырысушылық уақыт талабынан туындаған амал-əрекет болатын. Бұл жөнінде алғаш пікір біл-дірген көрнекті ғалым Б.Кенжебаев екендігін зерттеушінің 1950 жылы жарық көрген «Қазақ баспасөзінің тарихынан» деген еңбегінен оқып білеміз. Онда осы тақырыпқа қатысты татардың «Уақыт» газетінің 1915 жылғы 9-шілдедегі санын-да жарық көрген Нығметолла Күзембаевтың «Айқап» жур-налы хақында» деген мақаласынан үзінді келтіре отырып, ғалым негізгі талас туғызған мəселелер жерге орналастыру, съезд шақыру жəне əліпби түзу жөнінде болғанын дөп ба-сып көрсетеді. Алғашқы мəселе бойынша, яғни жерге ор-наластыру турасында туындаған пікірталасқа былайша си-паттама береді: «Жер мəселесі жөнінде «Айқап» журналы-ның маңында болғандар татарлардың əсерімен жерге отырық-шы болуды қуаттады, «Қазақ» газеті маңында болғандар қала болмауды қуаттады. Асылында, бұл екі түрлі пікір, екі түрлі ұсыныс қазақ арасындағы негізгі екі таптың пікірі, мүддесі еді. Мұның біріншісі қазақтың кедейлері мен жарлы-жақыбайларының пікірі, мүддесі еді де, екіншісі қа-зақтың ірі байларының пікірі, мүддесі еді (астын сызған біз автор)».2

Мұндай тұжырым сол бір «күйіп» тұрған жеке басқа та-быну заманының талабынан туындағаны ешбір дəлелдеуді қажетсінбейді.

1 Рысқұлов Т. Избранные труды. Алма-Ата, 1984, 159-160-стр. Асфендияров С. История Казахстана (с древнейших времен), – Алма-Ата – Москва, 1935, т.1, 225 стр.

2 Кенжебаев Б. Қазақ баспасөзінің тарихынан. Алматы: Қазмембас, 1950, 20 б.

Page 117: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

117

Оны айтқанда зерттеуші басқаша мақсат көздеген бо-луға тиіс. Елуінші жылдардың басына қарай үстемшіл орта-лықтың өктем саясаты ушығып тұрған уақытта «алашор-дашыл, байшыл, ұлтшыл» деген «айып» арқалап, тар қапас-та «кұлыпталып» ұсталынған «Қазақ» газетін ақтап алу мүмкін еместігін жете түсінген ғалым, біздіңше, өзгеше амал-айлаға көшкен. Ол кезінде көздің ағы мен қарасындай болған қазақтың бір газет, бір журналының алғашқысын ақтап ала алмасына көзі жеткеннен кейін, тым болмаса, тура келген тажал залалынан екіншісін аман сақтап қалу үміті болатын. Сол мақсатын жүзеге асыру үшін ғалымның екі басылым арасындағы айтыс-тартысты тіліне тиек етпесіне амалы да қалмаған. Оның жемісі де жоқ емес. Нəтижесінде, «Айқап» ақталынып», қазақ баспасөзінің тарихынан сылы-нып тасталынбай, ғылыми айналымда қалуына айқара жол ашылғандығына тарих куə (біз бұл жерде журналдың кезінде азды-көпті зерттеліп, тіпті диссертациялық жұмыс-тың объектісі болғанын айтып отырмыз). Мұның өзі кезін-де ғалымның үлкен жеңісі, ғылымның айтулы жетістігі бол-ғандығы күмəн келтірмейді. Күні кешеге дейін ол журнал бабалар рухын кейінгі ұрпақпен байланыстырып тұрған бірден-бір аспалы алтын көпір қызметін атқарып келсе, ол – зерттеуші еңбегінің жемісі. Сол үшін де қаламгерге халқының алғыстан басқа айтары болмасқа тиіс.

«Айқап» пен «Қазақ» арасындағы айтыс-тартысқа қатысты жоғарыдағыдай пікір, яғни оған таптық тұрғыдан баға беріп, журналды «ақтау» үшін газетті «құрбандыққа шалу» бағыты кейінгі зерттеушілер еңбектерінде де жалғасын тауып, көз-жұмбайлықпен көшіріліп беріліп отырылды.

Соның салдарынан қазақ баспасөзі тарихына қатысты оқулықтарда «буржуазияшыл ұлтшылдар өз табының тү-бегейлі мүддесін қорғап, демократиялық басылымдарға қарама-қарсы өздерінің баспасөз органын құруға кірісті. Қоғамдық өмірдің мəселелері жөнінде «Айқап» журналына кереғар Орынбор қаласында 1913 жылы февральда «Қазақ» газеті шыға бастады. Журнал кейде «Қазақ» газетімен айты-сып, буржуазияшыл ұлтшылдар («Қазақ» төңірегіндегілер –

Page 118: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

118

С.Қ.) байлардың мүддесін қорғайтынын əшкереледі»,1 – де-ген сыңаржақ пікір қалыптастырылып келді. Ол бүгінгі күн талабын қанағаттандыра алмайтыны былай тұрсын, оған қайшы келетіндігі айтпаса да түсінікті.

Өкінішке қарай, осынау көкейтесті мəселе қазақ баспасө-зіне қатысты соңғы уақыттарда жарық көріп жатқан зерттеу еңбектерде де тиісті бағасын алмай, қалыс қалып отырған-дығы қынжылтпай қоймайды. Ал оған заман талабына сай ақиқат тұрғысынан зерттеу жүргізіп, бағасын беру күн тəрті-бінде тұрған өзекті мəселелердің бірі деп білеміз.

Сонымен, «Айқап» пен «Қазақ» неге айтысқан? Көрнекті ғалым Б.Кенжебаевтың жазуынша, оның үш түрлі мəселе бойынша өрбитініне жоғарыда тоқталдық. Атап айтқанда, жерге орналастыру, съезд шақыру жəне əліпби түзу жөнінде екі басылым басшылығы бір пікірге келе алмаған. Ол – тари-хи шындық. Оны газет-журнал тігінділерінің материалдары да растайды.

Екі басылым арасындағы айтыс-тартыс неден ушыға түскенін көрсететін «Қазақ» газетінде мынадай бір мəлімет жарияланған:

«Қазақ» та, «Айқап» та өз бетімен келе жатқан кезде сəт-сіз күні басталған басқосу мəселесі шыға келді», – деп жа-зады ол жөнінде М.Дулатов апталықтың 1914 жылғы 51-нөмірінде жарық көрген «Айқап» журналы» деген мақа-ласында.

Бұған қарап, журнал мен газет шығарушылары арасын-да осы басқосу мəселесі көтерілгенге дейін ешқандай келіс-пеушілік болмапты деген ұғым тумауы керек. Олай ойлау қателескендік болып шығады. Өйткені, бұл екі топтың ара-жігін аша түскен мəселелер «Қазақ» газеті жарық көрмей тұрып-ақ бой көрсетіп үлгергеніне «Айқап» материал-дары куə. Оның бетінде жарияланған Ə.Бөкейхановтың, А.Байтұрсыновтың жəне М.Дулатовтың жер туралы, қазақ жазуы қақындағы мақалалары журнал басшылығы тарапы-нан қолдау таппауы салдарынан Алаш азаматтары жеке ба-

1 Бекхожин Х. Қазақ баспасөзі тарихының очеркі (1860-1958) – Алматы: Мектеп, 1981, 49 б.

Page 119: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

119

сылым шығару мақсатына ойыса бастағаны ғылыми жұмы-сымыздың бірінші тарауында таратыла зерттелінген бола-тын. Сондықтан оған бұл арада тоқталмаймыз.

Əйтсе де, екі басылым арасындағы айтыстың шарықтау шегіне жетіп, сыртқа сыр алдырған тұсы басқосу мəселесіне тікелей қатысты. Ол былайша өрбиді:

«Айқаптың» редакторы М.Сералин журналдың 1913 жылғы 4-5 сандарында алғашқылардың бірі болып ағым-дағы мəселелерді талқылап шешу үшін жалпықазақ съе-зін шақыру жөнінде мəселе көтереді. Оған журналдың 10-санында Райымжан Мəрсеков, 13-санында Жұбекен Тілеубергенов, 16-санында Барлыбек Сырттановтар үн қата-ды. Соған байланысты А.Байтұрсынов апталықтың 1913 жылғы 18-нөмірінде жарияланған «Басқосу турасында» де-ген мақаласы арқылы «Қазақ» газеті төңірегіндегілердің пікірін білдіреді. Онда «басқосу қанша керек болғанмен, оған қолайлы кез еместігін» ескерте келіп, Ахаң күрестің бас-қаша жолын таңдау жөніндегі пікірін былайша жеткізеді: «Қазақтың керегін өзге жолмен сөйлей тұралық, бұрынғыдай емес, қазақта қазір бір журнал, бір газет бар, сыйғанынша со-лар арқылы кеңеселік, сыймағанын хатпен сөйлесуге бола-ды. Съезде сөйлесіп, кеңескенмен, түбі барып істеушілерге тіреледі. Ісімізді істеушілер, жоғымызды іздеушілер көбей-се, ойлаған пікір, көздеген мақсатқа жан бітіп тірілмекші».

Алайда, көрген-түйгені мол, отаршылдарға қарсы күрес-те бай тəжірибе жинақтап, əбден ысылған қаламгердің сөзі «Айқап» тарапынан қолдау таппайды. Журналдың 13-15-нөмірлерінде Жиһанша Сейдалиннің оған қарсылық білдерген ашық хаты жарияланады. Онда ол Ахаң басқара-тын «Қазақ» газеті төңірегіндегілердің съезд шақыруға ке-ліспегендіктерін халық қамынан гөрі, жеке пайдасын жо-ғары қойғандық деп бағалап, оларға тіл тигізе, тас атады: «Съезд туралы сөз бола қалса, бетегеден биік, жусаннан аласа жұмыс жүргізеді. Осы Указ бойынша съезд шақырып, өздерінің мектеп, клуб, пансион, түрлі серіктік ашу, жерге орналасу, қала сияқты істерін жүзеге асырып жатқан ел-дер бар», – деп қалайда басқосу керектігін алға тартады.

Page 120: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

120

Мұндай қаралау, əрине, «Қазақ» басқармасының шамына тимей қалмаған. Көп үзамай, газет бетінде Ə.Бөкейханов пен А.Байтұрсыновтың бірін-бірі толықтырған жауап хат-тарының жариялануы – соның дəлелі. Екі мақаланың да мазмұны бір, ол съезд шақыру мəселесінің буынсыз жерге пышақ сұққанмен бірдей екендігін түсіндіруге саяды. Бірақ, жазылуы əрқалай. Қос публицистің сөз саптау мəнері бөлек-бөлек.

Алдымен, пікірталастың хас шебері Ə.Бөкейхановтың апталықтың 1913 жылғы 24-санында жарық көрген ашық хатын талдап көрейік. Туынды азаматтық пафоста, өткір де өр рухта өрнек тапқан. Əдемі теңеу, ел-жұртқа мəшһүр мы-салдарды тиімді пайдалана білуі күрделі ойды қарапайым жеткізудің құрал-жабдығына айналған. Сондай-ақ, оның «қырағы көз» патшалық цензураның алдында айласын асыруға қызмет еткендігі де публицистің шығармашылық шеберханасының биік деңгейін тайға таңба басқандай айқын танытады.

Жауап хат бос байбаламға құрылмаған. Əр сөзінде мəн-мағына бар. Айтылған ой артынан міндетті түрде дəлелденіп отырады. Мəселен, «Басқосу – пайдалы, басқосу – мақсат, бірақ бас қосқаннан табылар пайда өлшеулі. Басқосуды Жиһанша бекер қампитады. «Сабасына қарай піспегі», өстіп басқосуды өз орнына салайық», – деген ой-тұжырымын мынадай уəждермен жеріне жеткізе дəлелдеп береді: «Жи-һанша болыс басына екі кісі басқосуға жимақ. Бірінші һəм екінші думаға қазақ депутат сайлағанда болыс басына екі выборщик болған. Біздің Семей облысының выборщигі 184 еді. Семей облысының қазағы бар он облыс қазағының бестен біріндей. Жиһанша сөйтіп басқосуға тоғыз жүз кісі жимақ. Бас қосатын жері – Оренбург. Бұл болмайтын іс емес пе? Тоғыз жүз қазақ қазақ жерінің бір шетіне жиыла ма? «Істің ең қиын жері хакімнен рұқсат алу, іздену, үркітпей, шошытпай жақсы қалыппен сөйлесу» дейді Жиһанша мыр-за. «...Үркітпей, шошытпай» сөйлесемін деген бола ма? Өзі бұрыннан үркіп, шошып тұрса, əуелі қазақ съезіне келе жа-тып, үркемін, шошимын деп пікір қылса:

Page 121: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

121

«Сен қозы текке қарап жүре алмайсың, Соқтықпа маған десем тіл алмайсың. Мойныңды қазір жұлып алайын ба, Суымды неге былғап ылайлайсың» –

демей (Байтұрсынов А. «Қырық мысал») ме өзі үйден үркіп шыққан мырзалар.

Осы өткен июнь аяғында Мəскеуде приказчик съезі бо-лып, ақырына жетпей қуылды. Біздің қазақ басқосуы бұл приказчик съезі емес. Қазақ болып бас қоссақ, кемшілікте отырған жетім жұрт үкіметпен екі араны сөз қылмай қой-маймыз, мұны осы күнгі газета тілінде «политика» дейді. Политика – үкіметке таздың бөркін алғанмен бір есеп.

Қазақ съезі не қазақ жиылмай, не жиылған кісіні сөй-летпей, бұл күнде жақсы басқосу болмай, арамтер болып тарқайды. Бас қосқанда сөйлейтін сөздің бəрі сөйленіп, қағазға жазылып, мінеліп, түзетіліп, даяр болмақ шарт. Басқосу төрт-бес-ақ күн болмақ. Бұрыннан жұртқа жария-ланып, жұрт пайдасы осы деген сөзге басқосқан жерде бата қылмақ. Осы бата қылған сөзді жұрт болып іс қылмақ ке-рек».

Бұл жолдардың кім-кімді де ойландырмай қалмасы хақ. Ой тиянақты, оны жеткізуде бір мін жоқ. Қаламгердің публицистік шеберлігі еріксіз өзіне тəнті етеді. Əсіресе, сөз саптау мəнері көңіл төрінен орын тебеді. Ойды астарлап, бүркелемей баяндау, оны оқырманға сыры қанық теңеулер арқылы бояуын бұзбай, қаз-қалпында жеткізе білу – екінің бірінің қолынан келе бермейтін өнер. Мұнда ол толыққанды көрініс тапқан, шебер пайдаға асырылған. Бір ғана мысал, «Политика» – үкіметке таздың бөркін алғанмен бір есеп» деген бірауыз сөзде қаншама мəн-мағына жатыр десеңізші! Мұндай теңеу – бұрынды-соңды қазақ жазба əдебиетінде кездеспеген құбылыс. Ол тек тапқырлықты ғана емес, те-рең білімділікті, біліктілікті жəне сөздің парқын білетін па-рықтылық пен парасаттылықты талап етеді.

Мақала биік азаматтық рухта жазылған дедік. Оны мына жолдар тайға таңба басқандай айқын аңғартады: «Болатын

Page 122: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

122

басқосудан қашпаймын, болмайтын басқосуға арамтер бол-маймын. Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын». Бұл жолдарды тебіренбей оқу мүмкін емес. Елін, жерін, туған тілін сүйген ұлдың жүректен шыққан сөздері жүректерге жылылық ұя-латады. Міне, қаламгер шығармашылығының тылсым күші. Публицист шеберлігінің шоқтығы биік екендігін танытатын мұндай сөз саптау мəнері – бүгінгі журналистер бойынан та-была бермейтін, өнеге аларлық, үлгілі өрнек.

Ə.Бөкейхановтың ізін ала Ж.Сейдалиннің ашық ха-тына Ахаң да жауап жазып, өзіндік пікірін білдірген. Кө-семсөз шеберінің апталықтың 1913 жылғы 30-санында жарияланған «Құрметті, Жиһанша мырза!» атты туын-дысы қазақ баспасөзіне жаңа бір үлгі алып келуімен де аса бағалы. Біздіңше, оны ұлттық журналистикамыздың тарихындағы фельетон-мақаланың алғашқы нұсқаларының бірі ретінде қарастырған жөн. Əрине, бұлай дегенде біз белгілі əдебиет теоретигі Б.Томашевскийдің сонау жиыр-масыншы жылдары жазып қалдырған: «Жанрды жіктеу өте қиын. Жанрлардың ара-жігі тарихи тұрғыдан ғана ажыратылады. Оның дұрыстығы, дəлдігі нақтылы бір та-рихи кезеңге ғана байланысты болуы ықтимал»,1 – деген пікірін негізге ала отырып, ой түйгенімізді ашық айтуға тиістіміз. Рас, туындының кейбір тұстары бүгінгі талапқа сай фельетон жанрының фельетон-мақала түріне қойылатын шарттарды толық орындамай тұруы мүмкін. Бірақ, тұтас алып қарағанда, оның бітім-болмысынан соған тəн ерек-шеліктердің лебі есіп тұрғанын байқамай қалу мүмкін емес. Шығарма, «біріншіден, өз заманының толғағы жеткен, кө-кейтесті əлеуметтік мəселесін публицистикалық үнмен ба-яндау сарынында сөз еткен. Екіншіден, көркем əдебиет, сатира мен юмор элементтерін бірдей қамтыған. Сөйтіп, сатиралық шығарма ретінде оқушының эмоциясына, сезі-міне əсер етеді, ал публицистикалық шығарма ретінде оның логикалық ой-парасатына əсер етеді». Көрнекті ғалым, белгілі сатира зерттеушісі Т.Қожакеев белгілеп берген осы

1 Томашевский Б. Теория литературы М.: Госиздат, 1928, 158-162 стр.

Page 123: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

123

шарттарды орындауына қарап жəне қалам қайраткерінің: «осы екі фактордың тоғысуы фельетонға үлкен күш береді, оның жанрлық ерекшелігін белгілейді»1 деген ғылыми тұжырымын ескерсек, бұл туындының қазақ баспасөзі тарихындағы алғашқы фельетон-мақаланың бірі екендігіне көз жеткізе түсеміз.

Фельетон-мақаланың фельетонның өзге түрлерінен ерек-шеленіп тұратын талаптарының бірі, автордың жоғарыдағы еңбегінде көрсетілгендей, «қоғамдық мəні зор проблемалық мəселеге, қорытындыланған ой-пікірге, үлкен идеяға негіз-деліп жазылуында» екен. А.Байтұрсынов қаламынан туған туындыда бұл талап толық орындалған десек, қателеспейміз: «Сіздің де, біздің де ойлағанымыз – қазақтың азып-тозба-сына қызмет ету. Тілегіміз қазақ халқы басқа халықтармен қатар жұрт қалыбында ғұмыр шегуге басқаларға теңелсе екен деген. Сол үшін əркім білгенін, қолынан келгенін істеп жатыр. Сіз съезд жасаймын деп жатырсыз. Біздер «домо-строй» (жаңалыққа қарсы пікір жазылған орыс кітабының аты) кəкір-шүкірді қазақшаға аударып, арзан нəрселер жа-зып, газета-мазета шығарған болып, тырбанып жатырмыз. Соның бəрін қазақтың көзі ашылып, көкірегіне сəуле кіруіне себепкер бола ма деп істеп жатырмыз», – деген жолдардан көтеріліп отырылған мəселенің жүгі ауыр екендігін тану көп қиындық келтірмейді. Мұнда мысқыл да жоқ емес. Соны-мен бірге, фельетон жанрының бұл түрінде «Идея ерекше шабытпен, көркем элементтермен, сатиралық пафос, ин-тонациямен, публицистикалық əуез үнмен берілуі» шарт екенін ескерсек, бұл да шығармада толық көрініс тапқан: «Орыстың мақалы айтқандай, «Ұжмаққа барғым келсе де, күнəларым жібермейді» деп, қазақ үстіне ұжмақты бір күнде-ақ орнатқым келеді, бірақ қолымнан келмейді. Ар-зан нəрселермен қазақ жұмысы бітті деп, «гүл жастанып» көсіліп, рахаттанып қарап жатқаным жоқ. Білгенімше, қолымнан келгенінше істеп жатырмын. Бірақ ұсақ іс істеп жүргеніміз, зор іс істеп жатқан сізге айып көрінетін шығар. Бай жарлының кедейлігін бетіне басады. Сұм аңқаудың аң-

1 Қожакеев Т. Сатиралық жанрлар. Алматы: Мектеп, 1983, 101 б.

Page 124: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

124

қаулығын бетіне басады. Іскер жалқаудың жалқаулығын бетіне басады. Өзіңіз қымбат нəрсе жазған соң, арзан нəрсе жазғанымды бетіме басып отырсыз. Өзіңіз күндіз дамыл, түнде үйқы көрмей, жұрт жұмысында жүрген соң, менің «гүл жастанып» көсіліп, рахаттана жатқанымды бетіме ба-сып отырсыз. Өзіңіз буыныңыз өсіп, бұғанаңыз қатып, ер жетіп, есіңіз кіріп, ақылыңыз толысқан соң, емшек табы ернінен кетпеген шəкірттердің балалығын бетіне басып отырсыз. Өзіңіз чиновниктің жылтыр түйме, жан қылышын жұрт үшін құрбан қылып, чиновниктігін қимай, 20-сыншы числомен жалование (жалақы – С.Қ.) алып отырған адам-дардың чиновниктігін бетіне басып отырсыз. Көкіректі керіп, көкке карап күпірініп, күйініп əркім-ақ сөйлер. Бірақ маңызы қанша? Мағынасы не? Аю маймылға айтқан екен:

Маймылжан, бір азырақ етсең төзім, Менің бар жалғыз ауыз айтар сөзім. Əуре боп балаларыңды сынағанша Абайлап қарашы əуелі өзіңе-өзің! –

деп. Кекесін сөйлеп кеміткендей асқан-тасқан ешнəрсе жоқ.

Қай-қайсымыздың да істеген ісіміз шамалы ғой. Бай кедейді кекетсе, байып отырып етуші еді. Олай болғанда, арзан нəрсе жазушыға қымбат нəрсе жазған адам күлуі тиіс еді. Сіздің не жөнмен кекесін сөйлеп кемітіп отырғаныңыздың мəнісін біле алмадым», – деген жолдар соның нақты дəлелі. Мұнда ой жалаң берілмейді, туындыгер айтысып отырған автор пікірлерімен келіспейтіндігін жай білдіріп қана қоймай, оның теріс екендігін сатира күшімен əшкерелейді, жеріне жеткізе сынап-мінейді. Əсіресе, кейіпкерінің өз мінін өзіне қарсы қолданып, ар-ождан сотына тартуы мұнда ұтымды шыққан.

«Өзіңіз чиновниктің жылтыр түйме, жан қылышын жұрт үшін құрбан қылып, чиновниктігін қимай, 20-числомен жа-лование алып отырған адамдардың чиновниктігін бетіне ба-сып отырсыз» деген сөйлеммен-ақ оған айқын көз жеткізуге

Page 125: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

125

болады. Қаламгер мұны бекерден-бекер жазып отырған жоқ. Онда үлкен мəн-мағына бар. Оны біреу білер, біреу білмес, бірақ кейіпкердің өзі жақсы түсінуге тиіс. Ол содан бір жыл бұрын болған оқиғаны қозғап отыр. Бұл жөнінде кейіннен тарихшы-ғалым С.Асфендияров мынадай мəліметтер келті-реді: «Когда в 1912 году происходили выборы в 4-го Гос. Думу, казахи Троицкого уезда Оренбургской губернии, со-седного с казахским областями, имели право выборов в Гос. Думу. Когда выборщики от Оренбургской губерний соб-рались для выбора депутатов в Думу, среди татарских вы-борщиков произошел раскол. Часть «прогрессивной» татар-ской буржуазии, группировавшейся вокруг газеты «Уақыт» выступила против кандидата крупной татарской буржуазии Еникеева, требуя дать место в Думе казаху (после 1907 года, как сказано выше, в Думе казахов не было).

Этот маневр давал возможность провести депутата каза-ха. Русские выборщики также поддержали это требования. Казахи выдвинули кандидатуру Сейдалина. Но Сейдалин отказался менять свою карьеру крупного царского чиновни-ка на звания депутата Гос. Думы и отказался от своей канди-датуры. Со своими приверженцами он голосовал за канди-датуры Еникеева, Еникеев и прошел в Думу».1

Көрнекті қалам қайраткері А.Байтұрсынов сол оқиғаны есіне сала отырып, қарсыласына үлкен айып тағады. Оны баттитып көрсетпей, астарлы мағынада, сатираның уыт-ты тілімен жеткізе білуі – оның журналистік шеберлігінің үлгілі де өнегелі бір қыры.

Сатира зерттеушісі Т.Қожакеевтің жоғарыдағы еңбегінде жазылғандай, фельетон-мақалаға қойылатын тағы бір та-лап, автор «пікірін дəлелдеу үшін тарихтан мысалдар, сая-саттан деректер келтіру арқылы фактіден саяси-əлеуметтік терең қорытынды шығаруы, ой түйіндеуі» керек екен. Бұл шарт та тілге тиек етіліп отырған туындыда қалыс қалмаған. Ахмет Байтұрсынов көтеріліп отырған мəселенің саяси-əлеуметтік мəні жоғары екендігін егжей-тегжейлі баяндай

1 Асфендияров С. Национально-освободительное восстание 1916 года в Казахстане. Алма-Ата: Казкраизд., 1936, 65 стр.

Page 126: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

126

келіп, «съезге шақырған адамдар тойға шақырған секілді болмай», оған үлкен жауапкершілікпен қарау керектігін кеңес етеді. Жай ақыл айтумен ғана шектелмей, оған тарих-тан мысалдар келтіре отырып, сөзіне жан бітіреді: «Сіздің съезіңіз, хатыңыздың сөзіне қарағанда, қазақтардың сходта-ры, чрезвычайный съездері сияқты яки губернатор, генерал-губернаторлардың жасаған съездеріндей болмақшы. Бұлай болады деп съезд жеңілдету үшін айтатын шығарсыз, он облыстың қазағынан болыс басыңа екеуден шақырған съезд сход я чрезвычайный съездей болмас. Ең болмағанда ге-нерал съездеріндей болар. Генерал съездері қазақтың не игілігіне болып, қазақ не керегін алып, не кемтігі толғанын мен білмеймін. Ол заман қазақтың көңілін аулап, ауанына қарап іс ететін заман еді. Крижановский, Кауфман, Колпа-ковский заманы – тай ноқталаған сықылды іс қылатын за-ман. Ноқталағанша һəм ноқталағаннан кейінгі істелетін істер басқа-басқа.

...1907 жылы Дала уалаятының генерал-губернаторы На-дыров съезд жасады. Сол съезде қазақтың осы күнгі керек деп отырған нəрселерінің бəрі болмаса да бірсыпыралары-ақ айтылды. Бірақ, бұл күнге шейін қазақтың сұрағанынан қолына тиген ешнəрсе жоқ. Жұрттың көбі ойлап жүр – қазақ тілегі хүкіметтің құлағына тимей жатыр, хүкімет қазақтың мұңын білмей жатыр деп. Олай ойлау – қате. Керегін қазақ-тың өзі қандай білсе, хүкімет һəм сондай біледі. Қазақтың тілегін хүкімет бермей тұрса, білмегеннен емес, беруші мен алушының есебі тура келмегеннен», – деген жолдар арқылы елдің көкірек көзін ашып, саяси сауатын арттыра түседі. Қоғамдағы күрделі əлеуметтік теңсіздіктің тамы-рын іздегенде оның мəні тереңде жатқандығынан ой қоз-датады. Сөйтіп, ел жағдайының жақсаруына жоғарыдан бас-қарылатын үстемшіл билік жүйесінің ынталы емес екендігін танытып, оны халықтың өзі талап ете бастағанда ғана орны-на келтіруге болатындығын кеңес етеді.

Жауап хатының соңында каламгер былайша ой түйін-дейді: «Съезд турасында айырма сөз қыр баласы Бөкейханов һəм менен шығып тұрған көрінеді. Басқалардың бəрі жануға

Page 127: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

127

түскен пышақтай жалаңдап тұрған көрінеді. Шеттеп жүрген біз болсақ, қосылдық, енді алалық жоқ. Жалғыз-ақ, айта-тын сөз мынау: құр аты съезд болмай, съезд сияқты бол-сын. ...Съезде де балгер сөзі сияқты дəлелсіз құр мынау былай, анау олай десек, мұның дəлелі қайда демей ме? Сондықтан даярмыз деген мырзалардың дайындығын ат ерттеліп, киімін киіп, тойға жүруге дайындаған даярла-ныс емес, съезге алып келіп салатын дəлелді докладтары даяр деп ұғамыз». Бұл жолдардан елім деп еңіреген ердің жан дауысын естігендей боласыз. Мұнда ой ерекше инто-нациямен, публицистикалық əуезді үн, сатиралық пафоспен беріледі. Сол арқылы туындының фельетон-мақала түрінде жазылғанына көзімізді жеткізе түседі.

Басқосу туралы пікірталас – «Айқап» пен «Қазаққа» жар-ты жылдан аса уақыт «азық» болған тақырып. «Пікірталастан шындық туады» демекші, оның прогрессивтік мəні де жоқ емес. Соның нəтижесінде ғасыр басындағы қазақ дала-сының көкейтесті де күрделі мəселелерінің тұңғыш рет пердесі түріліп, жұртқа баян болуына қол жеткізілді. Ол өз кезегінде қазақ қоғамын қалың ұйқысынан түртіп оя-тып, ұлттық сананың бой түзеуіне аз əсер етпегені даусыз. Сонымен бірге, оның қазақ журналистикасының дамуы-на да əсерін тигізіп, оған жаңа леп, жаңа тыныс, жаңа түр ала келгенін де бөлек айтуға тиістіміз. Ұлттық баспасөзіміз осыдан бастап журналистиканың жауынгер жанры фелье-тон, айтыс (полемика) секілді түрлерімен байытылды. Тек түр жағынан ғана емес, мазмұндық жақтан да жаңа сапаға көтерілді. Осыған дейін газет-журналдар əдебиет, мəдениет, өнер-ғылым мəселелеріне көбірек көңіл бөліп келсе, ендігі жерде қоғамдық-саяси мəселелерді төтесінен қойып, оның оң шешілуіне күш жұмылдыра бастауы үлкен ілгерілеушілік деп бағалануға тиіс. Мұның қазақ баспасөзінің тарихында міндетті түрде аталып өтілуі керек.

Кез келген нəрсенің екі жағы болады. «Айқап» пен «Қа-зақтың» айтысы азаттық үшін бірден-бір күрес құралына ай-налып отырған баспасөздің беделін түсіріп, қоғамдық күшті əлсірете түскені – мəселенің екінші қыры. Мұны Алаштың

Page 128: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

128

көзі ашық, көкірегі ояу азаматтары да жақсы түсінген. Сон-дықтан оны ушықтыра бермей, қандай шартпен болса да келісіп тезірек доғаруға тырысқандықтары байқалады. Жоға-рыдағы Ахмет Байтұрсынов мақаласының соңғы түйіні – соның дəлелі. Бұған апталықтың 1914 жылғы 51-санында жарияланған «Айқап» журналы» деген еңбегінде М.Дулатов та үн қосады. Ол екі басылым арасындағы айтыстың неден басталып, қалай өрбігендігін баяндай келіп, былайша ой түйіндейді: «Айқап» əлі де болса «Қазақ» туралы жазаты-ным бар десе, қағазда тіл жоқ, не жазса да, шыдайды. Тым асқынып бара жатқан соң «Айқапқа» берген жауабымыздың алды-арты осы. Құдайға шүкір, бір-бірімізді қажаудан басқа да ермегіміз бар ғой. Үмітсіз емеспіз, «Айқап» жолдасымыз орынсыз аузынан көбігін шаша бермес, енді тоқталар деп».

Екі басылым арасындағы басқосу туралы айтыстың асқынып, бас араздыққа ұласып бара жатқаны басқа да қазақ оқығандарын алаңдатпай қоймаған. «Қазақтың» 1914 жылғы 89-санында жарияланған жер-жерден келген хаттар соны айғақтайды. Мəселен, Оралдан Елбаласы деген бүр-кеншік атпен хат жолдаған қаламгер: «(«Айқап» – С.Қ.) Əлихан Самарда отыр. Қазақ жайын білмейді...» деген Бақытжан төренің бетке басқан сияқты сөзін жазып отыр. Былтыр қыстай «Самарда отыр» деп талайлар Самардың ба-сын ауыртып еді. Ақырында Самарда отырмағандардың да ел жайын қанша білетіндігі мəлім болды. «Əлиханға не қыл дейсіздер?» – деп басу айтады.

Əсіресе, о баста осы басқосу туралы мəселенің көтерілуі-не себепші болып, «Айқапта» (1913, 10-санында) алғашқы-лардың қатарында үн қатқан Райымжан Марсековтің арааға-йын ретінде оған тоқтау сала жазған, апталықтың 1914 жылғы 45-санында жарық көрген «Газеталарға сөз жазушыларға» деген мақаласы салмақты да салиқалы. Сондай-ақ, ол осы пікірталасты қорытындылап, қайсысы дұрыс, я болмаса, бұ-рыс дегенге тең төрелік айтқандығы байқалады.

Ендеше мақаланың өзіне сөз берейік: «Айқап» «Басқосу» деп сөз бастады, оған қарсы «Қазақ» өз ойын айтты. Пайдалы емес демеді, əлі мезгілі емес қой, сөзімізді жиылыс қылмай,

Page 129: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

129

баспамен сөйлессек қайтеді деп сақтық айтты. Бұл сақтық сөзді барып «Айқап» аққу мен шаянға апарып соқтырды, онан əрі барып маймыл шықты. Білген кісіге сөз аяқталған секілді, Ахмет мырза: «Басқосудың ашылатын рұқсаты бол-са, біз дайын» деді. Онан артық тағы не керек? Жоқ, ол жет-пеген, съезд турасында əңгімелерін жаңа бастағандары бар көрінеді. Енді «Басқосу» деп ауызға алу бекер, алатын кісі рұқсатын алсын да, ал мінекей, енді келіңіздер деуге жөні бар. Қашаннан бері бір съездің сөзінен басқа нəрсе көрмей отырмыз. Бұл съезд əңгімесімен əуре болып жүргенде өзге сөз сөйленбей қалып бара жатыр».

Қазақ журналистикасының тарихында есімі ойып тұрып орын алуға лайық тұлға – ірі заңгер, ойы жүйрік журналист Р.Марсеков осы мақаласында бүгінгі журналистер үшін де өнегесі мол пікірлерін ортаға салады: «...газетаға жазғанда, біздің ойлауымызша, əркім ортаға өз білгенін айтып, көпке пайда келтіремін, біреу ойламағанды біреу табады деген оймен жазуы керек. Жазудың мағынасы жұрт қамы, ел сөзі болу керек. Біздің «Айқаптағы» жазушылар журналдың бетін сахараның даласындай қылып, даланы күңірентіп дау-ласқысы келетінге ұқсайды.

Жазушының міндеті ол емес. Жазғанда біреуді қемітпей, мұқатпай, ешкімге тіл тигізбей, сыпайы жазу лайық. «Айқап-тың» бір нөмірінде біз көрдік, «А»-мен басталып, «С»-мен аяқталған сөзді. Онан соң тағы ас ішіп отырған уақытта оқылса, жүрек айнып, құсарлық сөздер көрінеді.

Ол жетпесе, біздің қадірлі мырзаларымыз Əлихан, Ах-мет, Міржақыптың хүкімет жағынан тұтқынға алынғанын олардың бетіне басқандай қылады.

Бұл заманда ондай іс білгендер бетке баспайтын нəрсе-лер. Олар не үшін тұтқында болғанына көз жіберу керек: Жамандық қылды ма, бұзақы, сотқар болды ма? Жоқ. Жұрты үшін қайғырып, елі үшін күйініп жүрген ерлерге ондай іс батырдың басына соғыста салған жарадай болып, батырлық, қаһармандықтың белгісі деп атаймыз біз.

Жазушы ортаға білімін салсын. Басқа жұртта сөз талас-тырғанда бірін-бірі дəлелмен жығады. Біреуді-біреу кеміт-

Page 130: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

130

пей сөйлеседі. Кемітуге басы лайық емес адамдарды кемге санаймын деу – өзі жетпегендік».

Міне, журналист этикасы, оның атқарар қызметі мен оны жүзеге асырудың жолдары. Ардақты Алаш азаматының ой-тұжырымдары бүгінгі оқытылып жүрген журналисти-ка негіздері мен оның этикасы пəндерінің мазмұнына сай емес деп кім айта алады? Əрине, сай келеді. Ендеше оны неге мамандар даярлау ісінде игілікке жаратпасқа? Бұл да, өкінішке қарай, бүгінге дейін қалыс қалып келе жатқан «ақтаңдақтың» мыңнан бірі.

Дүниеде екі əділ сыншы бар: бірі – халық, екіншісі – та-рих. Бұл екеуінің тезінен өтпеген нəрсенің ғұмыры ұзақ бол-майды. «Айқап» пен «Қазақ» арасындағы басқосу туралы айтыстың қорытындысын өмірдің өзі шығарды. Көкірек кө-зі ояу көптеген қазақ оқығандарының көңілі біртіндеп соңғы басылым жағына ауа бастауы «Қазақ» төңірегіндегілердің бұл мəселе турасында ұстанған жолының дұрыстығын айқындай түседі. Сонымен бірге «Қазаққа» басшылық ет-кен үштіктің съезді шақыруға таңдаған уақыттың қолай-сыз екендігін, оның пісіп-жетілмегендігін жəне оған жоға-рыдан рұқсаттың берілмейтінін тап басып көрсеткен ше-шімдерінің шындыққа айналуы соны нақты дəлелдеп береді. Бұл жөнінде Торғай губернаторының басқосуға рұқсат бермегендігі туралы татардың «Уақыт» газеті тарат-қан хабардың анық-қанығына көз жеткізе келіп, басы-лым басқармасы атынан апталықтың 1913 жылғы 35-са-нында жарияланған «Басқосуға рұқсат берілмепті» деген мақалада мынадай анықтама беріледі: «Съезд деген сөз басталған кезде заманның түріне қарап, тынымы осылай болады дегенімізде, жұрттың көбі жаратпай, құр əншейін сарыуайым, сары қайғы, тартыншақтық, қорқақтық деп, бірсыпырасы құр алауыздылық, ұйым бұзарлық, сөз жарыс, ерегіс деп, кейбіреулері съезді біз керек қылмағандай көріп, кейбіреулері жұрттан съезді біз бейне бір қызғанатындай көріп еді. Біздің онымыз бұл айтқандардың бірі де емес еді. ...біздің міндетіміз білгенімізді айту еді ғой, айтарымызды айттық, мойыннан борыш түсірдік, ...айтқанымызды алма-

Page 131: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

131

са, біз-ақ жұрт ауанымен бола қоялық деп, сөз көбейіп бара жатқан соң, сөзді қысқарту үшін біз де съезшілерге қосылып, қолдан келген көмегімізді істеуге бел байлап едік.

Жиһанша мырза Сейдалин Торғай губернаторынан рұқсат сұраған екен. Рұқсат берілмепті. «Уақыт» басқармасынан қайдан шыққан хабар екендігін сұрастырып едік. Олар бұл хабарды «Русское слово» газетасынан алған екен. «Русское словоның» хабарлары ұшқалақ болушы еді деп, оған қанағаттанбай, нағыз анығын білетін орындардан сұ-рап, əбден анығына жеттік. Рұқсат сұрағаны да, рұқсат берілмегені де рас екен». Бұл жолдар ешқандай түсіндіріп, талдауды қажетсінбесе керек. Онсыз да барлық жай алақан-ға салғандай айқын баяндалып отыр деп білеміз.

* * *

XX ғасырдың басында қазақ елінің ең көкейтесті де өзекті мəселесі – жер мəселесі болды. Оны ұлттық сананың ұйытқысы бола білген «Қазақ» газетінің «бас жазушысы» Ахмет Байтұрсынов апталықтың 1914 жылғы 48-санын-да жарияланған бас мақаласында «қазақтың тірі я өлі болу мəселесіне» теңейді. Ол тегін де емес еді.

Он тоғызыншы жүз жылдықтың соңына қарай қарқын алған орыс шаруаларының қазақ даласына қоныс аудару «науқаны» жаңа ғасырдың алғашқы он жылында шарықтау шегіне жетті. Цифр тілімен сөйлесек, «столыпиндік рефор-маны іске асыру барысында жыл сайынғы көшіп келушілер саны 140 мың адамнан асып жығылып отырды. Қоныс аударушылардың бестен бір бөлігі жат елге сіңісіп кете алмай, кейін қайтып, қалғандары жайғасып, иеліктеріне шаруашылық жер алып, осында мəңгіге қоныстанып жатты. Тарихшылар берген бағаға сайсақ, ол кездерде Қазақстанға келгендердің ұзын-ырғасы бір миллион 200 мың адамнан асады. Бұл саясат «жергілікті халықты орыстандыруды жəне отарлаудың барлық өлшемдеріне сəйкес олардың иелігіндегі

Page 132: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

132

жерді Ресей тəжіне түпкілікті бекітіп алу мақсатын көздеп»1 жүргізілгендігіне тарих куə. Соның салдарынан қазақ халқы бұрынғыдан да бетер өзінің шұрайлы жерлерінен көптеп айырыла бастайды. «Егер 1893 жылдан 1905 жылға дейін, яғни 12 жылдың ішінде қазақ халқынан 4 миллион деся-тинадан артығырақ жер тартып алынса, 1906-1912 жыл-дар аралағында 17 миллион десятинадан астам жер тартып алынған».2

Сырттың суық та сұқ қолымен жасалынып, ел басына төнген бұл қасірет кезінде халық кабырғасына қатты батқандығы айтпаса да түсінікті.

«Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның сада-ғасы» деп білетін ел үшін бұл маңдайдан тиген соққыдан ауыр əсер етті. Жұрт қатты састы. Шабындығынан, жайлау, қыстауынан, атақонысынан айырылған ауыл-аймақ қайда барарын білмей сахарада сандалып қалды. Тығырықтан шығудың жолын таппай, сеңдей қозғалды. Осының бəрі, сөз жоқ, топ бастаған серкедей, елін соңынан ерткен Алаш ардақтылары – қазақтың көзі ашық, көкірегі ояу оқыған-тоқығандарына үлкен жүк арқалатты. Олар елді қорғап, жерді сақтап қалу жолындағы осынау жауапкершілігі мол міндеттерін қолдарындағы жалғыз қаруы баспасөз арқылы атқаруға күш салды. Баспасөз сол кезең жағдайында қазақ елінің бірден-бір билік құралы болды. Өкінішке қарай, бұл турасында да осы күнге дейін жете айтылмай келеді. Ал шындығында, Қазан төңкерісіне дейінгі ұлттық бейресми басылымдардың осы қызметінің өзі олардың қадір-қасиеті мен құндылықтарын еселеп арттыра түсетінін ешкім теріске шығара алмайды.

«Қазақ» газетін шығарушылар жер мəселесіне айрықша көңіл аударып, оған бірінші мəселе ретінде қарағанына жоғарыда нақты дəлел келтірген болатынбыз. Бірақ, соған қарамастан, басылым басқармасы оған қатысты өз ой-пікір-лерін ортаға салуға асықпайды. Бұл жөнінде тек газеттің

1 Назарбаев Н.Ə. Жадымызда жатталсын, татулық дəйім сақталсын //Егемен Қазақстан, 1998, 15-қаңтар.

2 Қазақ КСР тарихы, 5 томдық. – Алматы: Ғылым, 1982, 3 т., 418-б.

Page 133: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

133

10-нөмірінен бастап, яғни газет басылып шыққаннан соң, 2 ай өткеннен кейін алғаш рет толыққанды сөз етеді. Оның себебі жөнінде сол нөмірінде жарық көрген «Жер мəселесі» атты бас мақалада мынадай түсінік беріледі: «Біз бұл туралы бұрын жазған жоқ едік. Жазбағанда ұмытып кеткендіктен яки керексіз деп білгендіктен емес. Əркім жер деген сөзді жеңіл түсініп жүрген секілді. Бұл – терең ойлап, тексере қарайтын іс. ...Біздің мақсатымыз жер хақындағы ойымыз-ды бастан-аяқ түгел баяндап жазбақ һəм жазылған сөзді бекітетін толымды дəлелдер келтірмек. Біздің жер хақында жазуға асықпай жатқанымыз да сол».

Осы мақалада жер мəселесі турасында «Айқап» журна-лын шығарушылармен бір пікірде емес екендіктері туралы да алғаш рет ауызға алынады: «Бұл күнде əркім өзі істеген ісін ұнатып жүр. Қала салғандар қала болуды, қала болмағандар көшпелілікті мақтап жүр. Көлденең ақылшылар ақылға са-лып, қала болған жұрт қандай, болмаған жұрт қандай, қа-зақ қала болмаса, бар жақсы жерінен айырылып қалады, сондықтан осы күндері өздері жер кестіріп, қала болу керек дейді. Осы айтылғандардың бірі де қазақ жері турасында толымды дəлел келтіріп, қазақтың халін һəм жерінің жайын жете білгендігін көрсеткен жоқ. Екі жылдан бері «Айқап» журналы қала болу керек деп жазды. Қала болған қазақ оған қарап қала болған жоқ, болмаған жұрт артық қобалжыған жоқ», – деп біраз жайдан сыр тарқатады.

Бұдан жер мəселесі жөнінде екі түрлі пікір туындап отырғанын байқауға болады. Оның бірі – қала салып, оты-рықшылыққа көшу, екіншісі – көшпенділік жолын таңдау. Мұны шешу жеңіл шаруа емес екендігі айтпаса да түсінікті. Ол ат төбеліндей қазақ зиялыларын ғана емес, барша жұр-тымызды ойландырып, толғандырған аса маңызды мəселе болды. Осындай жолайрықта тұрған сəтте дұрыс жолды таңдай білу «жеті өлшеп, бір пішуді» талап етті. Мұның кім-кімге де аз жауапкершілік жүктемегені белгілі. Бұл жө-нінен апталықтың 1914 жылғы 48-санында жарық көрген «Аңдаспаған мəселе турасында» деген мақаласында Ахмет Байтұрсыновтың: «Қазіргі қазақ мəселесінің ең зоры – жер

Page 134: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

134

мəселесі. Бұл турасында түсініп жетпей қателесіп, қазақты теріс жолға салғанымыз бес миллион адамның обалын мой-нымызға жүктейміз. Сондықтан бұл турада қазаққа ақыл айтқанымыз қазақ та һəм басқалар да қате ұқпастай етіп, анықтап, ашып сөйлескеніміз абзал», – деп жазып, оған үлкен мəн бере қарағаны да сондықтан болатын.

Бұл уақытта «Айқап» төңірегіндегілер отырықшылыққа көшуді, мұжықтармен бірге егін нормасымен жер алу-ды дұрыс деп тауып, оны тез арада жүзеге асыру жөнінде үгіт-насихат көрігін қыздырып жатқан болатын. Мəселен, журналдың 1912 жылғы 1-санында жарық көрген басы-лымның осы жылға арналған жоспарлы мақсатнамасында: «Айқап» журналының алдымен қолға алатын мəселесі, былтырғыдай, жер мəселесі болды, яғни алты Алаштың баласына егін шаруашылығына қолайлы жерлерде қала са-луды қуаттап, халыққа шамадан келгенінше осыны түсінді-ру», – деп көрсетіп, өздерінің тандаған жолдарын оқыр-мандарға хабардар етеді. «Айқаптықтардың» мұны екі түрлі себеппен қолдайтындықтары байқалады. Біріншіден, қазақтың ең шұрайлы жерлері мұжықтарға бекітіліп беріліп жатқандықтан, отырықшылыққа көшсе, жергілікті жұрт та өз үлесін иемденіп қалар деген үміттен туғандығы көрінеді. Яғни, оны жерден айырылмаудың бірден-бір тура жолы деп қабылдағандықтан еді. Екіншіден, егін нормасымен жер алып, қала салып отыру – цивилизации үлгісі, яғни қазақты мəдениеттендірудің ең қолайлы жолы деп түсінгендіктен болатын.

Ал «Қазақ» газеті төңірегіне топтасқан Алаш ардақтыла-ры бұл мəселеге басқаша қарады. Олар мал нормасы мен егін нормасын қатар қойып, салыстыра қарастырып, көшпенділікпен күнелтіп келген халық үшін оның қайсы-сының пайдалы я залалды екенін саяси-экономикалық жағы-нан талдап, таңдауға айрықша көңіл бөледі. Осы мақсатта көптеген мақалалар жазып, оның бірінде заңдық негізде, екіншісінде ғылыми тұрғыда, үшіншісінде саясат жолы бо-йынша мəселенің оң-солын анықтауға ерекше мəн береді.

Атап айтқанда, «Үшінші дума һəм қазақ», «Көшпелі һəм отырықшы норма», «Қазақ һəм жер мəселесі», «Сусағанның

Page 135: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

135

түсіне су кіреді», «Жер жұмысына дін жұмысын қыстыр-малау», «Аңдаспаған мəселе турасында», «Жер жалдау», «Он төрт тоғыз бола ма?» т.б. туындыларда осынау өзекті мəселе жан-жақты сөз болады.

Бұл еңбектердің қай-қайсысы да құнды дүниелер болып табылады. Оның кез келгенін алып қарасаңыз да, жазылуы жағынан болсын, мазмұны тұрғысынан дейсіз бе, я болмаса тақырыпты талдау, оның мəн-маңызын ашып қазақ түсінігіне сай қарапайым түрде жеткізе білу, соны жүзеге асыруда тілдік құралдарды ұтымды да əсерлі пайдалану жəне бастағы ойды шашыратып алмай, қысқа да нұсқа əрі бояуын қандыра баяндаулары еріксіз өзіне тəнті етеді. Алаш азаматтарының сөзден өрнек өріп, ғажайып ғимарат тұрғыза білген ұсталық шеберліктерінің шоқтығы биік екендіктерін айқын аңғаруға мүмкіндік туады. Ендеше, бұл қырынан келгенде де «Қазақ» газетін бүгінгі журналистерге де үлгі, өнегесі мол үлкен тəжірибе мектебі деп бағаласақ, қателеспейміз.

«Қазақ» басқармасы не себепті қалың қазақ елінің мал нормасымен жер иемденіп, отырықшылық тұрмысты емес, көшпенділік өмір-салтын таңдауын қалады? Бұл – тыңғы-лықты зерттеу жүргізіп, толыққанды жауап беруді талап ететін сауал. Ол үшін мəселені терең түсініп біліп, оның ба-йыбына жету қажеттілігі туады.

Газет материалдарына жүгінсек, патшалық Ресей əкімші-лігі тарапынан қазақ жеріне салынған ең алғашқы құрық 1891 жылдың 25-наурызында бекітілген «Дала Ережесі» болып шығады. Ол бойынша «көшпелі қазақ отырған жер – қазынанікі» деп белгіленіп, 120-бабында «бұл жер срок-сыз көшпелі қазақ пайдасында болып тұратындығы» атап көрсетілгендігіне қарамастан, сол баптың қосымшасында баяндалғандай, «қазақ пайдасынан артық жер қазына ке-регіне алынып», қоныс аударушыларға бөлініп беріле баста-ған болатын. Ендеше, бұл қазақ жері неғұрлым көбірек артық деп табылса, соғұрлым көп аймақ орыс отаршылдарының қолына көшеді деген сөз еді. Осыны түсіндіре келіп, апта-лықтың 1913 жылғы 9-санында жарияланған өзінің «Үшінші дума һəм қазақ» деген мақаласында ардақты алаш азаматы

Page 136: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

136

Ə.Бөкейханов мəселенің зандық негіздегі мəн-мағынасын ашып көрсетуге күш салады.

Осы ойы «Айқаптың» 1913 жылғы 11-санында жариялан-ған Ж.Сейдалиннің «Азып-тозып кетпеске не амал бар» деген мақаласына жауап ретінде «Қазақтың» 1913 жылғы 24-нөмірінде жарық көрген «Ашық хатында» одан əрі жалға-сын тауып, терең талданады. Қалам қайраткері 1908 жылғы 9-июньде жарияланған столыпиндік жер реформасының «заң емес, тек ереже ғана екендігінде» тоқтала отырып, оның міндетті түрде орындалуы керек еместігі жөнінен сыр тарқатады. Ол ереже бойынша жер алуда екі түрлі норма: егін, яғни отырықшылық нормасы – əрбір ер адам басына 15 десятинадан, мал, яғни көшпелілер нормасы – жан басына 15 десятинадан деп белгілеген болатын. Бұл, шындап кел-генде, қазақ халқын тонау еді.

Ə.Бөкейханов осы жағына баса назар аударып, халқын арандап қалмаудан сақтандырады. Жергілікті əкімшіліктің жоғарыдағы реформаны сылтау етіп қазақ қыстауларын тар-тып алып жатқандықтары заңсыз екендігінен сыр шертеді: «Қазақ 15-тен надел алмаса, қыстау, егін-жай, пішендік, ары-ғынан қу, айда деген закон қайда?» – деп, оның қазақ жерін мəңгілік қазақтардың пайдалануына бекітіп берген 1891 жылғы «Далалық ережеге» қайшы келетіндігін тілге тиек етеді. Сөйтіп, қазақтың өз құқығын өзі талап етіп, өз қамын өзі жемесе, ешкімнің оған жақсылық ойлап отырмағанын былайша астарлап жеткізеді: «Жүз түйені бір бұралқы ит құйрығына тіркесе, осы ит Ташкент барса, жүз түйенің жетекшілдігі емес пе? Өзің түйедей жетекшіл болсаң, саған не ақыл керек», – деп жұртының қараңғылығына өкпе-наз айтады, жігерін жанып, намысын қайрайды.

Басылым басқармасы атынан апталықтың 1913 жылғы 20-нөмірінде жарияланған «Көшпелі һəм отырықшы нор-ма» деп аталатын проблемалық мақала да жер мəселесіне арналған. Оның авторы көрсетілмеген, бірақ жазылу стиліне, сөз саптау мəнеріне қарап, А.Байтұрсыновтың қолтаңбасын тану көп қиындық келтірмейді.

Көрнекті қалам қайраткері мақаласында қазаққа жер бө-ліп беру «қамымен» жүргізіліп жатқан отаршыл озбыр сая-

Page 137: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

137

саттың құйтырқы əрекетінің бетпердесін ашып көрсетіп, жеріне жеткізе əшкерелеп береді. Оған мысалды алыстан іздемей-ақ: «Өткен 11-июньде думада айтылған сөздерден мағлұм болды, қай пікірдің дұрыс-бұрысы. Депутаттар қазақ жері жолсыз алынып жатыр дегенде, переселен управле-ниесінің бастығы Глинко қазақ жерін қандай жолмен алып жатқандығын көрсету мақсатында отырықшы норманы қазаққа не үшін шығарғандарын жасырмай, ашып айтып берді», – деп, жоғары лауазымды чиновниктің аузынан шық-қан сөздермен дəлелдеп береді.

Бұл – бір оқпен екі қоян шалудың дəл өзі. Сол арқылы, бір жағынан, алданып келген халқына шындықты айтуға қол жеткізсе, екінші жағынан, «қырағы көз» патшалық цензураның алдында айласын асырып, аузына құм құяды. Өйткені олар жоғары шенді үкімет адамының сөзін басқа біреу айтқан болса, істі насырға шаптырар еді, ал бұл жолы оған ештеңе дей алмасын қаламгер жақсы білген. Сөйтіп одан екі түрлі пайда тапқан.

Көтеріліп отырған мəселенің мəн-жайына қанып, қай басылымның ұстанған жолының дұрыс, я бұрыс екенін анықтау үшін Глинко сөзінің орны бөлек. Ендеше мақала-ның өзін сөйлетіп көрейік: «Біздің қазақ турасында істеп отырған ісіміз болды. Біздің жолымыз екеу-ақ. Бірі – қазақ-тан артық жерді алу. Екіншісі қазаққа тиісті жер беріп ор-наластыру. Қазақтан артық жерді алып жатырмыз, артық жерді алсын деген закон бойынша қазаққа жер беріп ор-наластырып жатырмыз, өздерінің тілегі бойынша. Қазаққа істеп отырған жолсыздық емес, ебіміз, əдісіміз бар. Қазаққа тиісті жер беріп орналастыру турасында думаға закон жо-басын кіргізбей отырмыз. Енгізбей тұрғанымыздың мəнісі мынау: көшпелі қалпында жер беріп орналастырсақ, қазаққа көп жер тиеді, арттырарлық жер аз болмақшы. Оны дума арқылы законмен бекітіп, қазаққа берген соң ала алмаймыз. Қазақ жері қазақтан көп артылып қалу үшін, яғни пересе-лендерге қазақтан жерді көбірек алу үшін біз əдіс істеп отырмыз. Əдіс қылу – жолсыздық емес, ептілік. Біз ми-нистр советінен ептілік етуге рұқсат алып, қазақты ебімізге

Page 138: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

138

түсіруге қайырмалап едік, топ-тобымен топырлап түсіп жа-тыр. Ол істеген ебіміз мынау еді: қазаққа отырықшы болып жер алуға ырза болсаңдар, сендерге де мұжықпен қатар 15 десятинадан еркек басына жер береміз дедік. Айтуымыз-ақ мұң екен, қазақтар отырықшы нормамен жер бер деп жабыла сұрап жатыр. Өткен жылда отырықшы нормамен қазақтарға 700 мың десятина жер бердік», – дейді ол депутаттарға бер-ген есебінде шімірікпестен.

Міне, қазақтарға жер бөліп берумен айналысушы қоныс ау-дарушылар басқармасы бастығының сөзі. Оны қорытқанда, біріншіден, «артық жер алынсын» деген заң талабына сай қазақ жері «жолмен» таланғанын көреміз. Екіншіден, ол қазақтың өз тілегі бойынша, оның «сұранысын қанағаттан-дыру» мақсатында алынған құйтырқы саясат екеніне қана-мыз. Осыдан келіп, отырықшы норманы қазақтар жер ал-ғанын патшалық əкімшілік не үшін қуаттағандығы өз-өзі-нен түсінікті болып шығады. Осының бетпердесін түре, түсіндіре отырып публицист: «Тісі шыққан балаға шай-нап берген ас болмас» деген, тісі шыққан адамдарға ай-тылып отырған сөз ғой. Переселен чиновниктері – алушы, қазақтар – беруші. Алушыға көп алғаны жағымды, берушіге аз бергені жағымды. Қазақ əуелден осыны ойлау керек еді... Берушіге – бес көп, алушыға – алты аз, жағымдысын ойлаңдар» – деп оқырманға ой тастайды. Кесіп-пішіп шешім айтпайды, оны əркімнің өз қалауына қалдырады. Осыны пікірталас көрігін қыздырып жатқан өзге жазушылардан да талап етеді: «Алашқа аты шыққан адамдар! Көсемдіктеріңді адаспай, түзу істеңдер. Сендер адассаңдар, аттарыңмен ел адасады. Арттарыңнан ергендердің обал-сауабына сіздер қаласыздар», – деп мəселенің жауапкершілік салмағын сез-діреді.

«Қазақ» газетінің жер мəселесі турасында ұстанған жо-лын, мақсат-мұратын анықтауда апталықтың 1914 жылғы 54-санында жарияланған басылым басқармасы атынан «бас жазушысы» жазған «Қазақ һəм жер мəселесі» деген проблемалық мақаланың да орны бөлек. Байтұрсынов мұнда халқымыздың ғасырлық мəнге ие көкейтесті мəселесін же-

Page 139: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

139

ріне жеткізе талдап, алақанға салғандай тарата баяндап бере-ді. Осынау күрделі мəселе қазақтың жалпақ тілімен қысқа да нақты көрініс тауып, түсінікті түрде оқырман назарына ұсынылады.

Мақалада жоғарыда сөз болған егін жəне мал нормасы-ның ара-жігі одан сайын айқындалып, қайсысының қазақ-қа пайдалы екендігі былайша таразыға салынады: «Қазақ-тардың адамдарының санын қосып санап, үйлерінің санына бөлгенде, яғни орта санын алғанда үй басына алты жаннан келеді. Оның үшеуі еркек, үшеуі əйел болады. Мал нормасы-мен жан басына 15 десятинадан беретін жерден егін норма-сымен ер басына ғана 15 десятинадан жер береді. Қысқасын айтқанда, мал нормасының жері егін нормасының жерінен екі есе көп болмақшы. Мəселен, егін нормасымен 3 еркекке 15 десятинадан санағанда үй басына 45 десятинадан келсе, мал нормасымен еркек-əйелі бар жан басына 15 десятина-дан санағанда үй басына 90 десятина келмекші. 45 көп пе, 90 көп пе?». Бұл сауалға жауап беру көп қиындық келтірмейді. Оқырманға осылайша мəселенің түпкі мəніне қануына жағ-дай туғызылуы – публицист шеберханасының үйренуге ла-йық, өнегелі үлгісі.

Одан əрі туындыда отырықшы нормамен жер алуды жақтаушылардың түрлі пікірлері келтіріліп, оның əрқайсы-сына жеке-жеке дəйекті түрде жауап беруге көңіл бөлінеді: «Кейбіреулер мал нормасы болса, жаман жер қалдырып, жақсы жерді алмақшы деп біледі. Бұл дұрыс емес. Кілең малға деп шығарған Щербина нормасын, яғни 24 аттық мал-ды егін салады деп (үкімет) 12 аттық малға түсіріп отыр. Ол егінді салуға жақсы жер керек емес пе? Олай болса, егер егін нормасымен жер алмасаң, жақсы жеріңді аламыз дегендері жолсыз.

Егін нормасымен алсақ, жерді оңашалап бірыңғай ала-мыз дейтіндер бар. Мұны айтушылар не жөнмен айтатында-рын білмейміз. Инструкцияда айтылған қазаққа қалдыратын жерлер һəм мұжыққа алынатын жерлер через полос болмай, бірыңғай болсын деп. Олай болса, қазақты орынсыз бөліп, орыс арасында қалдыру жолсыз. Ал тіпті қазақ пен орыс жа-

Page 140: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

140

наспай, оңаша жер алады деу, ол да бекер сөз», – деп жұртты орынсыз пікірлерге еріп, адасушылыққа салынып, арандап қалмаудан сақтандырады.

Енді не істеу керек? Тығырықтан шығар жол бар ма? Бұл сауалдар ардақты Алаш азаматын да ойландырып, тол-ғандырмай қалмаған. Жоғарыдағы жайларды ерінбей егжей-тегжейлі талдай келіп, мақала соңында мынадай түйін түюі сол жайынан сыр шертеді: «... мал нормасымен жер алғанда қазақтан бір жүз үй орысқа артылса, егін нормасы-мен алғанда қазақтан екі жүз үй орысқа жер артылмақшы. Бұлай болса, егін нормасымен жер алса, қазақ арасына орыс екі есе көп кірмекші. Переселен чиновниктері егін норма-сымен жер алсаң, жеріңді алмаймын, əйтпесе аламын десе, онысы жолсыз. Қазақ ешнəрсені білмейді деп істеп отырған қиянаты. Законы бар, жолы бар мемлекеттің ішінде отыр-мыз, жолсыздық істейтін чиновниктер болса, жолға жүгіну керек демей, зорлығына көн деп қалай айтармыз? Мал нор-масымен күн көргіш жерді малға есептеп шығарып отыр. Ол жерден бір қойлық жер ауыстырып, жолсыз алса, бір қойын ауыстырып алғанмен бір есеп. Бір қойыңды біреу ауыс-тырып алса, іздемейсің бе? Ауысқан малын іздей алмаған адам малға ие бола ала ма? Сөздің қорытуы мынау, осы күні егінмен күн көріп отырған қазақ егін нормасымен жер ал-сын. Малмен күн көріп отырған мал нормасымен жер алуы тиіс. Жолсыз бір қойлық жерін ауыстырып алса, бір қойын алғандай іздеу керек», – деп шындықтың шымылдығын түре отырып, газеттің ұстанған жолын, бағыт-бағдарын анықтап береді.

Бұдан «Қазақ» газетін шығарушылардың егін нормасы-мен жер иемденіп, отырықшы қалыпқа көшем деушілерге біржола қарсы болмағандығын көреміз. Егер жер жағдайы-ның ыңғайына қарап, егін егіп, күн көре алатынына көзі же-тіп отырған кісі болса, сол жолды тандауы дұрыс екендігіне шүбə келтірмейді: «Қазақ жерінде отырықшы норманы алу керек, нағыз жері жақсы қазақтар я жерді арықпен суаратын қазақтар» деп кесіп-пішіп, оған келте жауап береді.

Сөйтсе де, басылым басқармасы қазақта ондай суарма-лы, жайлы жерлердің тым тапшы екендігіне аландаушылық

Page 141: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

141

білдірмей қоймайды. Сондықтан оның егін шаруашылығына қолайсыздығын құрғақ сөзбен емес, жер қыртысын зерт-теп жүрген ғалымдардың пікірімен дəлелдеуге ден қояды: «Туралығын айтатын адамдардың қазақ жерін білетіндері қазақ даласы малдың жері дейді. Шудалы түйе, жабағылы қойдың жері деп профессор Верпер айтады. Көктің дымын жерге түсіру амалын тапқанша, қазақ даласы егін жері бола алмайды деп профессор Богданов айтады. Оның айтуынша, қазақты алақандай жерге арқандап отырғызамыз дегені – адасқандық. Қазақты егінші қылып жарытпас, малынан айы-рып кедей кебін кигізер (Россия европейская и азиатская, допол. к 1 тому)», – деп, ғылым жүзінде қазақ даласының мал шарушылығына қолайлылығын тілге тиек етеді. Осы-ны жұртқа жеткізу мақсатында басқарма атынан жазылып, «Қазақтың» 1914 жылғы 46-санында жарияланған «Жер жұ-мысына дін жұмысын қыстырмалау» деген мақаладан ар-дақты Алаш азаматтарының жанайқайын естігендей бола-сыз: «Рас, қазақ жерінің жақсысы да бар екені. Бірақ, ондай жерлер тіпті аз һəм ондай жерлердің көбін алып та қойды. Бұл күндегі жақсы деп жүрген жерлерінің жақсылығы ша-малы. Ол жерлерден 15 десятинадан жер алып, қала болып күн көру қиын. Бұл күнде қазақ жерінде казағы бар, орысы бар егін салып, байып отырса, оған қарап топшылап, егінмен күн көруге болады деп айтуға болмайды. Жердің қазіргі молшылығында жүздеп, екі жүздеп егін салғандар, əрине, байыр. Қазақтың да, мұжықтың да күні десятинаға түскенде байымақ түгіл, күн көретініне көзіміз жетсе, біз де қазақтарға қала бол деп ақыл берер едік. Оған көзіміз жетпейді, 15-тен жер алып, қала болса, кедей болатынына көзіміз жетеді. Жер-дің молшылығында жан-жағындағы қазақтың жерін еркінше жалдап отырып, мұжықтар егіні шықпаған жылы қазынаға қарап, балапандай аузын ашып, асыра деп шулайды. Сол шулауға қазақ та түседі. Егін егу жайын қазақ мұжықтан артық білмейді. Өз ауқатымен тамағын асырай алмай, басқа-ның қолына қарап телмірсе, қазақ жұмысы біткені. Өлімтік андыған қарақұс пен қарғалар қазақ үстінде тойып сонда тойлайды», – деп басқа төнгелі тұрған қауіп-қатердің алдын алуға, халқын өзіне-өзі көр қазбауға шақырады.

Page 142: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

142

Осы ой кейінірек «Шаруашылық өзгерісі» деп аталатын газеттің жеті нөмірінде тізбектеліп (сериялы) жарияланған көлемді туындыда одан сайын терең талданып, жан-жақты ашыла түседі. Мақаланың жазылу мақсаты да со-дан туындаған болуы керек. Мұнда немістің Ф.Лист жəне К.Бокер сынды экономист-ғалымдарының еңбектерін арқау ете отырып, қаламгер қазақ шаруашылығының табиғи даму барысын зерттеп, оны жілік-жілікке бөліп тарата талдап береді. Онда «шаруашылықтың бір сатысынан екіншісіне өту үшін ұзақ ғасырлар қажет болғанын, дүние секірмелі түрде емес, эволюциялық жолмен бірте-бірте өзгеретінін» оқырман назарына аударады. Сондықтан, ғасырлар бойы көшпенді тірлік кешіп келген қазақ халқының мал шаруа-шылығының отырықшылыққа көшкені пайдалы деп, бірер жылдың ішінде егін шаруашылығына өзгерту мүлдем мүм-кін еместігін, оның соңы халықтың жерінен айырылып, ке-дейленіп қана қоюмен шектелмей, ашаршылыққа ұшырап, қырғын табуына əкеп тірейтіндігін қам көңілмен жеткізе баяндайды. Халықты содан сақтандырады.

Осында айтылған ойдың растығын тарих бір емес, бір-неше рет дəлелдеп беріп отырған жоқ па? Кешегі кеңес заманындағы коллективтендіру науқанының салдарынан болған ашаршылық нəубеті халқымыздың қабырғасына қатты батып, ғасырлық қасіретіне айналып отыруы – соның бұлтартпас айғағы. Оның салған жарасы əлі де толық жазы-лып кете қойған жоқ. Соған қарамастан, «жығылған күреске тоймайды» дегендей, тағы да ат басын ескі жолға бұрып отырған сыңайлымыз. Бүгінгі ауылдың ауыр халі, оның күннен-күнге тозып, аштық-жалаңаштықтың тақсіретін тар-тып отыруы сол Алаш азаматтарының айтқан ақыл-кеңесін орындамағандықтан, яғни шаруашылықтың эволюциялық емес, секірмелі (революциялық, реформалық) жолмен өзге-ріске ұшырауынан туындаған қиыншылықтар демеске ла-жымыз қалмайды. Ендеше, газет материалдарының бүгінгі күні де қоғамдық мəн-маңызы жойыла қоймағандығына, Алаш азаматтарының ақыл-кеңестерінің əбден орынды əрі орындалу керек екендігіне көз жеткіземіз.

Page 143: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

143

Жоғарыда «айқаптықтардың» қазақ егін нормасымен жер алса, ертерек отырықшылыққа көшіп, ал ол өз кезегінде елдің мəдениеттенуіне айқара жол ашар еді деген пікірде болғандығына тоқталған едік. «Қазақ» газетінің қаламгерлері ондай ой-толғаммен келісе алмайды. Жоғарыда келтірілген «Жер жұмысына дін жұмысын қыстырмалау» деген авторы көрсетілмеген, біздіңше «бас жазушының» қаламынан туған мақалада ол былайша көрініс табады: «Қала бол деушілердің көбі қазақ көшуін қойса, қазақ даласына мəдениет туын тігіп орнар еді» дейді. Мəдениет деген жақсы. Бірақ жақ-сы нəрселердің қолға түсуі оңай болмайды. ...Переселен чиновниктері 15-тен жер кесіп беріп, қала-қала қылып отырғызса, мəдениетті жұрт болып дүрілдеп кетесіңдер деген сөз – қазақ қазір еуропаша киініп ала қойса, Еуропа адамдарының істегенін істеп кетер еді деген сияқты сөз. Ешнəрсені үйретпей, еуропаша киіндіріп, Лондон я Парижге қазақты апарып қоя берсе, тапса малай болар, таппаса аштан өліп қалар. Хүкімет біздің 20-ғасырда көшіп жүргенімізден ұялса, бізге жаман жерді жақсы жер орнына тұтынарлық ғылымын үйретіп, білдіріп алып, қала бол десін. Сонда қала болмасақ, біз үшін ұялсын. Оны істемеген хүкімет өзінің істемегеніне ұялмаса, қазақ көшіп жүруінен ұялатын жөні жоқ. Қазақ көшіп жүрсе, еріккеннен көшіп жүрген жоқ, мал баққаннан көшіп жүр. Жері малдың жері болған соң, мал бақпасқа шарасы жоқ, жаман жерді жақсы жер орнына тұтынарлық амалын тапқанша. Мəдени боламын деп 15 де-сятина жерге қамалып, малдан айырылып, егінмен күн көре алмай, судың бір жиегінен алыс кетіп, екінші жиегіне жете алмай, суға батқандардың күйіне түсіп, бітіретініміз аз бо-лар».

Құлақ құрышын қандырып, көңіл тұшындырар бұл жол-дардан қаламгердің дүниетанымының кеңдігі мен ой-са-насының жоғарылығын ғана емес, журналистік шебер-лігінің биік дəрежеде екендігін танисыз. Соншалықты күр-делі мəселені оқырман түсінігіне сай қарапайым мысал арқылы тілмен жеткізе білуі – хас шеберліктің белгісі. Ойды шұбалаңқы емес, қысқа да нұсқа əрі əдемі өрнектермен,

Page 144: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

144

майын тамыза ақ қағазға түсіру – асқан талантты тұлғаның қолынан келер құдіретті өнер. Осының бəрі мақалада то-лыққанды көрініс тапқан. Ол сонысымен де құнды. Міне, журналист шығармашылығының өнеге аларлық, үлгілі мек-тебі.

Сөз етіп отырған мақалада жер мəселесінен туындап, ел ішінде індет болып таралып жатқан тағы бір халық қасіретінің бетпердесі түріліп, жұртқа жария етіледі. Ол жер жұмысына дін жұмысының қыстырмалануы бола-тын. Туындының бас тақырыбы дəл осылай аталуының өзі оған басылым басқармасының ерекше маңыз беріп отырғандығын танытса керек. Ой бос байбаламмен емес, орыс миссионерлерінің есептерінен мəліметтер келтіріліп, дəлелді деректер негізінде өріледі: «Алтай һəм қазақ мис-сионерлерінің 1893 жылғы отчетында («Православный бла-говестник»! 1894, № 7, 8, 9) айтады: 1893 жылы қазақтан шоқынған – еркек-əйелі бар 69 кісі. Христиан дінін оңай қабыл еткіштер – жарлылар; қалың қазақтың ішінен шығып, қалаларға келіп малайлыққа жалданғандар. Бұлар бірте-бірте орыс тілін біліп, орыстың ғұрпымен, дінімен таныса-ды. Сонан соң христиан дініне икемдеп бұрмалаушы əуел бастан қожалары болады деп». Мұндай дерек пен дəйектеме кім-кімді де ашындырмай тұрмайды. Қаламгер ел ішіне ден-деп енгелі түрлі кеселдің түп-төркінін ашып көрсетіп, оған сақтықпен қарауды кеңес етеді. Сөйтіп, оған басқа басқа, жоғары билік органы сенат жиылысының өзі айрықша көңіл бөліп, дем беріп отырғандығын былайша жайып салады: «Қазақты отырықшы қылғанда христиан дінін түбінде қабыл етерлік жағы да көзделсін деген сенат жиылысы ұнатып, жер министрі қабылдаған бір істі өткен нөмірде «Уақыт» газета-сынан көшіріп бастық.

Сенат мақсұты табылу үшін, əуелі, қазақтарды мұжық-тармен біріктіре отырғызу керек. Екінші, қазақ саны орыс санының жартысынан аспасқа керек. Солай етсе, орыс-тардың қазақтардан саны басым болмақ. Саны басым болса, орыстардың сөзі де, тіршілік ісі де басым болып, қазақтар христиан дініне көшпек».

Page 145: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

145

Бұдан патшалық Ресей əкімшілігінің қазақ даласын отар-лауда небір құйтырқы əрекеттерге барып, қолдан келге-нінше айлаларын асырып баққандарын байқаймыз. Байтақ өлкені Ресейдің құрамдас географиялық аймағына айнал-дыру үшін жерін басып алу жеткіліксіз екендігін біліп, енді халқын аздырып-тоздырып, өз дініне енгізу саясаты-мен түпкі мақсаттарына қол жеткізу жолын таңдапты. Сол үшін егін нормасы дегенді шығарып, қазақты жерінен бір айырып, сонан соң бөліп берген алақандай жеріне сыйғыза алмағандықтан малынан екі айырып, үшіншіден, егін егіп көрмеген əрі құнарсыз жер тап болған елдің шаруашылығын күйзелтіп, мейлінше қайыршылануына əрекет етіпті. Ол, жо-ғарыда айтылғандай, жұрттың азып-тозып, амал жоқ, қоныс аударушыларға жалданып, солардың тілін үйреніп, дініне кіруіне алып келеді деп үміт етіліпті. Осының тамырын дəл басып көрсеткен қалам қайраткері тілге тиек етіп отырған мақаласында мойынға салынған құрықтан құтылудың жол-дарын да қарастырмай қоймайды: «Сенаттың айтып отырған бір қазаққа екі мұжық келсе дегені бір қазақты екі орыс ұстап отырып шоқындырады деген сөз емес. Тіршілік шар-уасы жүзінен қазақ мұжықтан төмен болып əлсіреп барып, христиан дінін қабыл алады дейді. Олай болғанда қазақ жар-лы болмас жағын көздеу керек. Қазақ телміріп басқалардың қолына қарайтын күйге жетпеске керек. Оған жетпес үшін оқу-өнер, кəсіп үйренерге керек. Мəдениетке бірте-бірте сол жолмен жетісуге керек. Оны істеуге мал бағу жағынан оралғы болатын ешнəрсе жоқ. Мал баққан Швейцарияның мəденилігі һəм қалалары ешкімнен кем емес. Переселен чиновниктерінен бата алып, 15 десятинадан жер алып, сонда ғана қала салып отыруға болады деген – қате пікір», – деп ой түйеді. Сөйтіп, «Айқап» жəне татар газеттерімен айты-сып жүрген тақырыптың түпкі мəнінен сыр суыртпақтап, өздерінің ұстанған жолдарының дұрыстығына оларды да ұйытады. А.Байтұрсыновтың аталған мақаласында көші-ріліп басылған татардың «Уақыт» газетінің «қазақтың оты-рықшы болғаны хүкіметке пайдалы, қазақтарға зарарсыз іс кой деп бұрын біздер, яғни ноғай газеталары, қазақтар

Page 146: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

146

қала болындар деп ақыл беруші едік һəм соңғы жылдар-да əуелі переселен чиновниктерінің айтқан ақылы, екінші, ноғай газеталарының берген ақылы, қазақ оқығандарының («айқаптықтардың» С.Қ.) сөздері қамшы болып, қазақтардың көбі отырықшы болуға сұранып, бірсыпыралары отырықшы боламыз деп мұжық нормасымен жер кестіріп те алып еді. Мұнан былай біз, ноғай газеталары, қазақтың жер туралы ісіне тіл қатып кіріспейміз, өйткені жер жұмысына тиіссіз басқа жұмыс кірісіп тұр, ол – миссионерлік жұмыс» деп жа-зуы – соның айғағы. Оған мақаласының соңында публицист: «Ноғай бауырларымыздың газеталары бұрын қазақтың ол жайын білмей, енді ғана байқап, бұрынғы жөнінен бет бұрып шықтық деп тұр. «Адасқанның айыбы жоқ қайтып үйірін тапқан соң», – деп жазып, түсіністікке қол жеткізгеніне шүкіршілік етеді.

Қорыта айтқанда, «Айқап» пен «Қазақ» арасындағы жер туралы пікірталас патша əкімшілігі тарапынан таңылған көшпелі жəне отырықшы нормаға қатысты туындағанын кө-реміз. Екі басылымның да ойлаған мақсаттары бір болды. Ол қайткенде де қазақ жерін отаршыл күштің қолжаулығына айналудан қорғап қалу мұраты болатын. Бірақ, оған жету-де екі жолды таңдапты. Журнал қаламгерлері (М.Сералин, Ж.Сейдалин, Б.Қаратаев т.б.) патша үкіметінің Қазақстанды отарлау саясаты мен толассыз қоныс аударушылар легінің екпінінен қаймығып, қазақ жерін сақтап қалудың бірден-бір дұрыс жолы келімсектер сияқты 15 десятинадан жер кестіріп алып, отырықшылық тұрмысқа көшу деп ұғынып, соны уағыздап, бұл істе өздері де үлгі көрсетті.

Ал, «Қазақ» газеті төңірегіне топтасқан Алаш азамат-тары бұл мəселеге басқаша қарады. Олар кешегі кеңес дəуірінде кейбір зерттеушілер дəлелдеуге тырысқандай, отырықшылық тұрмысқа қарсы шығып, таптық мақсат көз-деген жоқ. Отырықшы норманың отаршыл мазмұнын ашып көрсетіп, аңқау елді алдап, қақпанына түсіруді көздеген құйтырқы саясаттың сырын түсіндіруге күш салды. Олардың газетте жарияланған туындыларынан мынадай түйін түюге болады:

Page 147: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

147

– Əрбір елдің өмір сүру ерекшелігі шаруашылығына байланысты болып келеді. Ал шаруашылыққа жер, ауа, су секілді табиғи ресурстар тікелей əсер етеді. Ол ғасырлар бойы қоршаған ортаны игеру барысында қалыптасады, дамиды. Оны озбыр əкімшіліктің немесе жеке адамдардың қалауы бойынша аз уақыттың ішінде жаңа сапаға көтерем деу, біріншіден, бос қиял, екіншіден, халықты қырғыншылыққа ұшырататын соқпақ. Сол себептен де оған жол беруге бол-майды. Ондай өзгеріс үлкен дайындықты жəне көп уақытты талап етеді;

– Қазақ қоғамының мешеулігі, мəдениеті мен өнер-ғылы-мының кенже қалуы мал шаруашылығымен айналысқанды-ғынан емес, құлдық қамытын мойнына кигізген отаршыл озбыр саясаттың зорлық-зомбылығы салдарынан. Əлемдік тəжірибе көрсетіп бергендей, мал шаруашылығымен ай-налысу арқылы да көсегесі көгеріп, мəдениеті гүлденіп отырған елдер бар (Австралия, Швейцария т.б.). Ендеше отырықшылыққа көшіп те мал өсіруге, мал өнімдері арқылы да қоғамдық байлық жасауға болады деген сөз.

– Осылардан таратып айтқанда, жердің құнарына, ауа райына қарай шаруашылық құру, яғни «жердің түріне қарай мал өсіруге қолайлы, жерде мал бағатын, егінге жақсы жер-де егін егетін қала болу керек».

– Патша əкімшілігі шығарып отырған қос норманың бірін таңдағанда, қайсысы кімнің пайдасын көздейтіндігін біліп болмай, қадам басу адасушылыққа душар етеді. Ал оның соңы жақсылыққа апарып соқпайды. Сондықтан қа-зақтың бас адамдары, əуелі сіздер адаспаңыздар. Адас-пас үшін ақылдасып, ойланып, ынтымақпен іс етіңіздер. Екінші, қазақтың байлары, күштілері жарлы-жақыбай, на-шарларыңды жермен теңгеріңіздер. Бір асауға да бол-са құлдық дейтіндер көбінесе солардан болады. Сөйтіп, олар (патшалық əкімшілік – С.Қ.) өзіне жағымды жағын көздегенде, қазақтар да өзіне жағымды жағын көздеуі тиіс» дегенге келіп саяды.

Міне, «Қазақ» газетінің жер турасындағы ұстанған жо-лы, бағыт-бағдары. Бұдан күні кешеге дейін біржақты сы-

Page 148: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

148

налып-мінеліп келген басылымның «байшылдық» ауруы-на шалдықпағанын, яғни таптық тартыс күресінің көрігін қыздырмағандығын, оның есесіне жалпыұлттық мақсаттар жетегінде қазақ елінің біртұтастығы мен саяси-экономикалық жəне мəдени болмысы жағынан өсіп-өркендеуі жолында қызмет еткендігін дөп басып танимыз.

Бұл жолы да қай басылымның ұстанған жолының дұ-рыстығын өмірдің өзі дəлелдеп берген болатын. Көп ұза-май жер-жерден егін нормасымен жер алып, отаршыл əкімшіліктің құрған қақпанына іліккен қазақтардың алда-нып, арандап қалғанын білдіретін хат-хабарлардың газет редакциясына қарай ағылып келе бастауы сол жайынан сыр шертеді. Оларды оқып, о бастан-ақ оқырмандарына ашық білдірген «Қазақ» қаламгерлерінің күдіктері расқа айналғанына көз жеткізесіз. Мəселен, апталықтың 1913 жылғы 27-санында жарияланған «Қала болған қазақтар жайынан» деген тілші хабарында Қапал уезінен 64 үй Қарамола деген жерден жер кестіріп алып, отырықшылыққа көшкендігі айтылады. Бірақ, соған қарамастан, мəдениеті гүлденіп, тұрмысы жақсарып кетпегендігін тілге тиек ете келіп, бастарына түскен ауыртпалық былайша баяндала-ды: «Енді хүкімет кісілері бұларға өз беттеріңмен жеке қала болып отыра алмайтын көрінесіңдер. Сондықтан сіздерді құрдың боғындай бытыратып он үйден орыс қалаларына қосамыз, яки орыстарды сендердің қалаларыңа орналасты-рып, соларды басшы қыламыз. Сол уақытта сендер олардан көріп, дүниеде қалай тұру керек екендігін үйренесіңдер деп жатыр. Бұлар жаз жайлауға шығып жүр еді. Енді мұжық болған қазақтарға жайлаудың керегі жоқ, олардан жайлау алынады» деген сөз шыққаннан бері бұлардан салы суға кетіп, сасып тұр».

Мұндай мазмұндағы мақала, хат, хабар-ошарлар газет тігінділерінің беттерінде көптеп кездеседі. Оның барлығын бірдей тізіп, талдап жатудың қажетін көріп отырғанымыз жоқ. Оларда жоғарыда келтірілген газет қаламгерлерінің материалдарында айтылатын күдіктер толық расқа айналып, басылым басқармасының ұстанған жолының дұрыстығы

Page 149: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

149

дəлелденеді. Оған мына бір мысалмен де көз жеткізуге əбден болады.

«Айқап» пен «Қазақ» арасындағы айтыс, белгілі бір дə-режеде, бұл екі басылым төңірегіндегілердің өмір сүруде ұстанған бағыттарының да көрінісі болатын. «Айқап» журналының 1913 жылғы 20-нөміріндегі жарияланымдар-дан 1910 жылы Орал облысы, Орал уезі, Жымпиты жəне Шідерті болыстарындағы бір топ қазақ отбасылары Б.Қаратаевтың бастауымен 15 десятинадан жер кестіріп алып, Қаратаев поселкесін құрып, отырықшы тұрмысқа көшкендігіне қанамыз. Алайда, тек малмен күнелтіп келген ауыл тұрғындары егін шаруашылығын игеріп кете алмай, көп ұзамай, қала тіршілігінен қаша бастағаны байқалады. Оған орыс қалаларын басқаруға арналған заңдық билік жүйесінің қазақ тіршілігіне қайшы келетіндігі де əсер еткен болса керек.

Осыған байланысты «Қазақ» газеті 1914 жылғы 91-са-нында «Бұ қалай?» деген хабар жариялап, мəселенің анық-қанығына жетуге көңіл бөледі: «Бақытжан Қаратаев қаласында төрт-бестен-ақ үй қалды, қазақ көшіп кетті деген бір хат алдық, Қаратаевты тастап кеткен қазақ жері мұжық-қа беріліп, енді Бақытжан хохолға ақсақал болады» дейді.

Жымпиты, Шідертіге бас болып Бақытжан 1910 жылы 15-тен жер алғанда, бұларға (Бақытжан қаласына) таңдама жер, өзгеден артық енші тисе, халық өзі соқаға құл болса, бұл Бақытжан қаласынан бар қазақ неге үрікті?» деп сауал қоя, шындықтың шымылдығын түріп, ақиқатты астарлап жеткізеді.

Орталықтың отарлау саясатының сырын ашатын мұндай хабар-ошардың қазақ еліне кең жайыла таратылуы, əрине, ресми билік орындарына ұнай қоймағаны түсінікті. Орын-бор генерал-губернаторы Сухомлиновтың Б.Қаратаевтың шағымын негізге ала отырып, мұндай хабар «қырғыздардың (қазақтардың – С.Қ.) арасында жалған жəне тексерілмеген сөздер таратып, үкіметке қарсы жаулық сезімдерді қозды-руды» көздейді деп тауып, 1915 жылғы 13-наурыздағы №1481 қаулысымен газет редакторы А.Байтұрсыновты екі

Page 150: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

150

жетіге тұтқындау немесе оған 50 сом айып төлету тура-лы шешім шығаруы1 – соның бұлтартпас дəлелі. Осыдан-ақ, «Қазақ» газеті ұстанған жолының, бағыт-бағдарының туралығына, соны жүзеге асыруда көрген қиянаты мен бас-тан кешкен тауқыметінің молдығына көзіміз айқын жете түссе керек.

Екі басылым арасында айтыс туғызған үшінші мəселе – қазақ жазуы жөніндегі пікірталас. Ол «Қазақ» газеті жарық көрмей тұрып-ақ «Айқап» бетінде көрініс тауып, соның өзі апталықтың дүниеге келуінің бір себебі болғандығын, оған кейіннен бірқатар қаламгерлердің үн қатқанын ғылыми жұ-мысымыздың бірінші тарауында, дəлірек айтсақ, «Газеттің шығу тарихынан» атты бірінші бөлімінде кеңірек тоқталған болатынбыз. Сондықтан оны бұл арада қайталаудың ретін көрмей отырмыз.

«ОН АЛТЫНЫҢ ОЙРАНЫ»

Апталықтың күні кешеге дейін қараланып келуінің тағы бір себебі 1916 жылғы патша жарлығына қатысты көзқарасына байланысты болды. Бір назар аударарлығы, халқымыздың тарихында ерекше із қалдырған осынау оқиға тұсында ұлттық демократиялық интеллигенцияның бұған дейінгі алауыздықтан арылып, бір жолды таңдауы қоғамдық ой-сананың едəуір ілгерілегендігін айқындап берген еді. Ол заманына қарай амалын қарастырудан туған жол бола-тын. Көзі ашық, көкірегі ояу қазақ зиялылары «білекті бірді, білімді мыңды жығатын» кез келіп жеткенін жақсы түсінді. Сондықтан, мұздай қаруланған патша əскеріне қарсы ашық шайқасқа шығу халықты орынсыз шығынға ұшыратып, қырғын келтіретінін алдын ала сезіп-біліп, күрестің басқаша тəсілін таңдаған болатын. Ол əдістің негізгі белгісі ұлттық саяси тұтастық жəне негізгі мақсаттар үшін, яғни ел теңдігі мен бостандығы жолында саналы, ұйымдасқан əрекетке көшу екендігін халыққа түсіндіріп жеткізу мұраты еді. Осы

1 Санкт-Петербург мемлекеттік архиві, 776-қ., 21 т., 16-іс.

Page 151: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

151

жолда қалың қазақ елінің ұлттық санасын ояту арқылы са-уатын арттыру міндетін бірінші кезекте алдарына тартыпты. Апталықтың 1917 жылғы 212-санында жарияланған «Тарихи жыл» деген публицистикалық мақаласында М.Дулатовтың: «Қазақ баласы енді оянбасаң, мəңгіге шейін ұйқың ашыл-май, қараңғыда, құлдықта, тістегеннің аузында, ұстағанның қолында кеткенің», – деп жазуы сол жайынан сыр тарқа-тады.

1916 жылғы патша жарлығының зорлық-зомбылығына қатысты, оның халқымыздың тарихынан алатын орнын анықтау мақсатында жазылған ең алғашқы туынды бо-лып табылатын осы мақаласында М.Дулатов көтерілістің жылнамасын жасауға ниет танытады. Қалам қайраткерінің оны халқымыз бастан кешірген тарихи кезеңдермен, атап айтқанда, «қазақ қалмақтың жауласқан заманы; ақтабан шұбырынды; Ресейге бағынған шағымыз; Кенесары за-маны; Қоқан заманы; 1868 жылғы жаңа заңның шығуы» секілді тарихи оқиғалармен тең қойып қарастыруы – оған ерекше маңыз беріп отырғандығының айғағы. Туындының құндылығы да сонда. Сонымен бірге ғасырлық мəнге ие осынау оқиғаның шынайы шежіресі, алғашқы əсермен ақ қағазға түсірілген қысқаша тарихы болуы да оның бағасын арттыра түсері анық. Мақаламен танысу арқылы төтеннен туған патша жарлығының тып-тыныш отырған елге кенет-тен өрт тигендей əсер еткендігін, қаншама зардап-залал алып келгендігін бейне бір оқиға ортасында болғандай көз алдыңыздан өткізесіз: «айдап өргізіп, иіріп жусатып күнелт-кен төрт түлік малына қатерлі он екі жылда бір айналып, көбінесе тегін кетпейтін сұм қоянды (қоян жылын – С.Қ.) аман өткізіп, өткен жаз қазақ байдың баласы пейілі кеңіп, байға жарлы теңеліп, жайлауында жадырап, өзінше өзінен бақытты жұртты білмей, рахат ғұмыр өткізіп, тып-тыныш жатқанында өрттен шошып оянғандай бір күйге ұшырады. Халқын бір уыс қылды, кең дүниесін тарылтты, жүрегіне найзадай тиді», – деген жолдар қаламы ұшқыр, ойы жүйрік журналистің əрі өткір пікірлі публицистің шығармашылық шеберханасының шоқтығы биік екендігін тайға таңба бас-қандай айқын танытады.

Page 152: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

152

Бұдан Ресей патшалығының қоластындағы «бұратана» жұрттардан қара жұмысқа жігіттер алу жөніндегі «25 июнь» жарлығының төтеннен туып, жорта асықтырылып, халықтың апшысын қуыра, жанын ышқынтып, қысымшылықпен ор-нына келтірілмек болғанын байқаймыз. Десек те, қазақтан солдат алу мəселесі ел үшін жаңалық емес-тұғын. «Қазақ» газеті бұл турасында содан үш жыл бұрын мəселе көтеріп, əсіресе, бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуына байла-нысты 1914-1915 жылдары жеріне жеткізе жазып, оқырман талқысына салып келген болатын.

Əскер тақырыбында «Қазақта» жарық көрген тырнақ ал-ды туынды – «Қазақтан солдат ала ма?» атты Қыр бала-сы, яғни Ə.Бөкейханов жазған мақала. Ол апталықтың 1913 жылғы 13-санында басылып шыққан. Мұнда публи-цист жер мəселесіне əскер мəселесін қосып шатастырып, қараңғылық қармауындағы қалың елін алдап-арбап, құрған қақпанына түсіру əрекетіндегі отаршыл озбыр саясаттың бетпердесін түріп, əшкерелейді. Соған көндігіп, мойны-на қамыт кигізіліп жатқанымен шаруасы жоқ көнбіс жұр-тының іс-əрекетіне реніш білдіреді: «Қала болып жер кесті-ріп алсақ, солдат алмайсың ба?» деп сұрап, төрелер «сол-дат алынбайды» деп бір жапырақ қағаз берсе, бейшара қазақтар жаудан мал айырғандай қуанады. «Солдат алмай-мын, – дейді ғой, – солдат алмаса болды» деп тоғытқан қой-ша ұйытқып барса қайтпасқа кіріп кеп кетеді», – деп жа-зып, халқының басындағы ауыр жайды қынжыла баяндай-ды. Тек сынап-мінеп қана қоюмен шектелмей, тығырықтан шығар жолды іздестіргенде, озбырлыққа қарсы күресте заңды қару ету керектігін алға тартады: «Қазақтан солдат алынбасын деген закон бар, войнский уставтың 42-статья-сында жазған: «Түркістан һəм Ақмола, Семей, Жетісу, Орал, Торғай қазақтары солдаттықтан азат (Свод законов Рос-сийской империи, т.ІV, изд. 1897)» деп 1834 жылы Ақмола аға сұлтаны – Сұлтан Қоңырқұлжа Құдайменде баласы Петерборға барған. Сонда Қоңырқұлжа айтқан: «Патша сол-дат алады деп, қазақ халқы қорқып уайымдайды», сол се-бептен қазақтың корқыныш жұмысын ашып бер деп сұраған

Page 153: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

153

соң, правительство Қоңырқұлжаға қағаз берген: «Қазақтан бұл күнде солдат алынбайды, келер уақытта да қазақ халқы солдаттан азат. Осы қалпымен жүрсе де, егін, сауда қып, өз еркімен кент қалыбына түссе де деген» деп мəселенің заң жолы бойынша қалай шешілгендігінен нақты дəлелдер келтіреді. Сөйтіп, осы заңдар күшін жоймайынша, қазақтан солдат алынбайтындығын, сондықтан оны жер кестіріп алу, т.б. мəселелермен шатастыруға болмайтындығын кеңес етеді. Мақала тек мазмұны жағынан ғана емес, сонымен бірге жазылу стилі тұрғысынан да құнды. Мұндағы басты ерекшелік ой ықшам жəне нақты дəлелдермен оқырман на-зарына ұсынылады. Əсіресе, заңдардан үзінділер келтіріліп, олардың қайдан алынғандығына сілтемелер жасалынып отыруы туындының ғылыми құндылығын арттыра түсері даусыз. Осы қырынан келгенде мақаланы ғылыми стиль-де жазылған төлтума туындылардың қатарына жатқызсақ, қателеспейміз.

Қазақтан əскер алу мəселесі бұдан кейін де «Қазақ» шы-ғарушыларының назарынан тыс қалмаған. Халықты толған-дырып отырған жайға қатысты əркез көңіл аударып, мəсе-ленің алдын алу міндетінде болғандықтары байқалады. Мəселен, апталықтың 1914 жылғы 60-санында жарияланған «Қазақтан солдат алына ма?» деген мақаласында М.Дулатов қала болып отырған кейбір қазақ ауылдарынан əскерге адам алынып жатқандығынан нақты деректер келтіре оты-рып, оның заңсыздық екендігін ашына жазады: «1912 жылы Павлодар абақтысы арқылы Өскемен қаласындағы дисци-плинарная ротаға бір топ жазалы солдаттар айдалып өтті, солардың ішінде бір қазақ солдат бар екен, сонымен таны-сып сөйлестім. Бұл Тобол губерниясында крестьяндыққа жазылып, қала болған Атығай Сəрсембай деген қазақтың ба-ласы. ...Егер Закон бойынша қазақтан солдат алынбайтыны анық болса, бұл істеп отырғандары жолсыз екендігі онан да анық болмай ма? ...Біздің қазақтың жолдыға да, жолсызға да тырп етпей, мойынсұнып отыратыны осыдан да көрініп тұр емес пе?» – деп шындықтың шымылдығын түре, өз құқығын өзі қорғай алмай жүргендердің жігерсіздігін айыптайды, на-мысын қайрайды.

Page 154: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

154

«Газеталардан» деген тұрақты айдармен басылым бас-қармасы атынан апталықтың 1915 жылғы 153-санында жа-рияланған «Қазақтан солдат алу» деген бас мақаладан осы-нау көкейтесті мəселенің жылдан-жылға ушығып келе жатқандығын көреміз. Мұнда орыстың «Русское слово», «Биржовые ведомости», «Утро России», «Новое время» га-зеттерінде жарық көрген мақалалар негізінде қазақтан сол-дат алу мəселесіне патшалық əкімшіліктің қызығушылық таныта бастағандығы алғаш рет ауызға алынады. Бұл мəселе думада да сөз болып жатқандығы айтылып, депутаты бол-маған себепті ондай хабарлар қазақ жұртының құлағына жетпей жүргендігі баяндалады.

Газеттің келесі санында «Қазақтан солдат алу туралы» деген проблемалық мақала жарық көрген. Онда «бұратана» елдерден əскерге адам алу мəселесін переселен мекемесінің бастығы Глинко да қолдап отырғандығынан мəлімет кел-тіріледі. Ұзынқұлақтан естулері бойынша, өкімет дайындап жатқан қазақтан солдат алу туралы заң жобасы мемлекеттік негізгі заңның 87-бабы бойынша қабылдануы мүмкін екен-дігі тілге тиек етіліп, оған мынадай түсініктеме беріледі: «Бұл 87-інші деген статья – мемлекеттік негізгі заңның ста-тьясы. Ол статьяда айтылған: «Дума тарап кеткен кезеңде қалыптан тысқары керегі болып, тəртіп шығару керек бол-са, ол туралы закон жобасын министрліктер төте патшаның өзіне жолдауға ықтиярлы» деп. Бірақ бұл сияқты тəртіптер Г.Дума жиналғаннан кейін екі айдың ішінде Г.Думада қаралуға тапсырылмаса, яки Г.Дума мен Г.Совет қабыл ет-песе, закон күшінен айрылады деген».

Мақалада сонымен бірге қазақтан солдат алу мəселесіне мұсылман депутаттары мен мұсылман газеталары да теріс қарамайтындығы айтылады. Олардың мұндай мақсатты көз-деп отырғандары егер қазақтан солдат алынса, үкімет бер-мей отырған депутаттықты, муфтилікті, земствоны жəне жер тандауын өздеріне берер əрі əскерге алынған жігіттер жер көріп, мəдениет жоғарылауына жол ашылар деген игі тілектен екендігі түсіндіріледі. Бірақ соғыс кезінде олардың айтқандарының бірі де келмейтіндігі, ол қазаққа пайда емес,

Page 155: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

155

залал келтіретіндігі былайша дəлелденеді: «Бірден осы со-ғыс тұсында қазақтан солдат алғанын қуаттау – зор ұлығу. «Уақыт» газетасы айтады: «Үйден өрт шыққан кезде əйнек сынғанына қарамайды» деп. Ол рас. Бірақ қазақтан солдат жинау соғыс үшін елден тері-терсек, темір, шойын, мыс жи-наудай деп ойлау да жарамайды. Қазақтан солдат шықса, бесіктегі баладан бастап, тоқсандағы шалға дейін алынсын демес. Пəлендей деп жас мөлшері көрсетілер. Ол жастың дəл анығын білдірерлік метірке қайда? Қазақтың жасын бі-лу – нағыз былықпа іс. Рас, қазақта посемейной список де-гені бар екені. Ондағы жастың бірі де дұрыс емес. Ауыл-найлар кімнің неше жаста екенін сұрамастан сыртынан жаза салады. Өйткені оның жасына қарап тұрған қазақ арасында бұрын жұмыс жоқ. Ауылнай һəм болоснойлардың жазуын-ша өз партиясы болса, 20 жастағы 40-та болып шығуы, қарсы партия болса, 40 жастағы 20-да болып шығуы оп-оңай».

Бұдан Алаш азаматтарының аурудың алдын алу қамында болғандықтарын көреміз. Бұл мақала 1915 жылдың 22-қа-занында жарық көріпті. Бірақ, соған қарамастан, осында көтерілген мəселенің арада бір жыл өтпей-ақ шындыққа айналуы «Қазақ» қаламгерлерінің көрегендік болмысын ай-қындап берсе керек.

Əскерге шақыру жөніндегі əртүрлі алыпқашпа сөз 1916 жылдың басына қарай қазақ елі құлағын түрген ең көкей-тесті мəселелердің біріне айналады. Соған байланысты «Қа-зақ» газеті орыс жəне татар басылымдарының хабар-ошар, пікірлерін жариялап отырумен шектелмей, ендігі жерде оның қаншалықты рас-өтірігін айқындап, анық-қанығына жету мақсатын да алдарына тартады. Əсіресс, төртінші дума ашылу қарсаңында оның қажеттілігі еселеп арта түскен. Соған байланысты мəселенің мəн-жайына қанып, жұрттың өтініш-тілегін депутаттарға жеткізу мақсатында арнайы топтың Петербургке аттанғандығы газеттің 1916 жылғы 168-нөмірінде былайша хабарландырылады: «Бүгін, 9-фев-ральда Г.Дума ашылады. ...Хүкімет Думаның бұл мəжілісіне соғысқа қатысы бар бірсыпыра закон жобасын кіргізбекші. Бұлардың ішінде қазақтан солдат алу жобасы болуы да ық-

Page 156: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

156

тимал. Қазақтан солдат алады деген сыбыс күзден бері ес-тіліп келеді. Қазақтан қазір, осы соғыс үстінде, солдат алу мүмкін еместігі, қазақ халқы қамсыз жатқандығы, анық жасын білерлік метірке жоқтығы һəм басқа себептері де газетімізде кезінде жазылған еді. Думада өзімізден де-путат жоқтығы, солдаттық мəселесі секілді зор мəселені қатесіз шешетін, қазақ жайын білетін депутаттардың кемдігі де айтылған еді. Бірақ газет жүзінде ғана жазылған сөз, айтылған тілек тиісті орындарға өздігінен жетпейтіндігі белгілі. Бұл тілектерге ие болып, жалпы жұрт қара көрсетіп, қам қылғандығы көрінбейді. Тағдырға тапсырылып, жай жатқан түрі бар. Солдаттық туралы қазақ халқының пікірін, тілегін хүкіметке, Думаға жеткізу үшін олармен сөйлесіп, жай-жапсарды түсіндіру үшін əр облыстан бірер өкіл баруы тиіс еді. Бұл істі қалың қазақтан күту қашпаған қашардың уызына қарағандай болатын болған соң, Дума ашылуға қарсы, Самардан Əлихан Бөкейханов, Орынбордан Ахмет Байтұрсынов, Ақтөбе уезінен Нысанғали Бегімтаев 3-фев-ральда Петроградқа жүріп кетті».

Бұдан кейін газеттің төрт нөмірінде қатар бас мақала ор-нына Петроград хаттары жарық көрген. Апталықтың «Бас жазушысы» қаламынан туған бұл хаттарда халықтың құ-лағын елеңдетіп тұрған солдаттық мəселесі егжей-тегжейлі зерттелініп, анық-қанығы күн құрғатпай қалың оқырмандар назарына ұсынылады. «Солдат алар ма?» деп атаған алғашқы хатында көрнекті қалам қайраткері күзден бергі қазақтан əскер алу жөнінде заң жобасы жасалынып жатыр деген алыпқашпа сөздің шындыққа жанаспайтындығын хабарлай-ды. Ол 1914 жылдың шілде айында, соғыс басталардың нақ алдында соғыс министрі тарапынан Министрлер Кеңесіне ұсынылған анықтамадан (докладная записка) туындап жүр-геніне тоқталады. Бірақ, ол анықтама керісінше мақсатта, яғни қазақтан солдат алмау жөнінде болғандығын, соған келтірілген көп дəлелдердің ішінде қазақ казарма тұрмысына шыдамайтындығы айтылғандығын жазады. Əйтсе де, қауіп сейілгенін көңілге тоқ санап, қол қусырып қарап отыруға болмайтындығын, түбінде заң шығуы ықтималдығын дума

Page 157: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

157

депутаттарының аузынан шыққан сөздермен тарқата баян-дай келіп, алдын ала соның қам-қаракетінде болу керектігін оқырмандар назарына ұсынады.

Қалған Петроград хаттары енді не істеу керек деген сауалға жауап беруге арналған. Мəселен, «Не істеуге?» де-ген екінші хатында А.Байтұрсынов соғыс кезінде бұрынды-соңды əскерге шақырылмай келген жұрттардан солдат алу дұрыс еместігі, онымен мүлде келісуге болмайтындығы жөнінде мəселе көтереді. Ал соғыстан кейін алам десе, оған қарсылық таныту олжа əпермейді. Одан гөрі, қалай жə-не қандай əскерге алатындығы турасында талас туғызған пайдалы деп түйін түйеді. Сөйтіп, əскердің түрлерімен та-ныстырып, соның қайсысы оңтайлы екендігін көпшілік талқысына салады. Үш түрлі əскердің: жаяу əскер, кавале-рист жəне атты қазақ болудың бірін тандағанда, соңғысының ел тұрмысына жақындығын тарата талдай келіп, «түбінде əйтеуір əскерліктен құтылмайтын болған соң, казак секілді (əскер – С.Қ.) болуды қаламайтын қазақ жоқ шығар десек, адаса қоймаспыз», – деп басылым басқармасының пікірін ашық білдіреді. Оның себебін «солдаттың (жаяу əскердің) жүрісі жаяу, тұрысы казармада, кавалеристің жүрісі атты, тұрысы казармада, казактың жүрісі атты, тұрысы үйінде» болуынан тарқата түсіндіріп береді. «Өгізді қойшы – өлген қойшы, түйелі қойшы – тұрған қойшы, жаяу қойшы – жатқан қойшы, атты қойшы – екпіні қатты қойшы» екендігін, сон-дықтан да атты казак болудың пайдалылығын, ал атты ка-валерист болуға казарма ауасы қазаққа жақпайтындығын, ол көкірек ауруына душар ететіндігін құрғақ сөзбен емес, белгілі ғалымдардың пікірлерімен дəлелдеп, ұстанған жол-дарының дұрыстығына айқын көз жеткізуге тырысады.

Хатта көтерілген екінші мəселе халықтың тілек-ұсыны-сын дума депутаттарына дер кезінде жеткізіп тұру жолдарын іздестіруге саяды. Бірер адамның өтініші халық тілегі болып шықпайтындығы, оның заңдық күші болу үшін «жұрт орта-сынан сходпен сайлап, думаға жіберген депутаттардың ау-зынан шығуы», я болмаса, «жұрт аузынан сходта приговор-ға жазылып барған сөз» болуға тиістігі тəптіштеп түсіндірі-

Page 158: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

158

леді. Сол себепті күнілгері қам-қаракетін жеп, қазақтан сол-дат алу туралы заң жобасының дума табалдырығын аттамай тұрып-ақ өз өтініш-тілектерінің депутаттар колында бо-луын халқына уағыз етеді. «Қолымыздан келетін жағымен тілегімізді Думаға жеткізіп қалу – қазақ біткенге қажет іс. Мұны қалғып-мүлгіп отырып өткізіп алып, қамсыз қалған қазақтар балаларының һəм онан кейінгі ұрпақтарының ка-зармада шіріп, азып-тозуына себепкер болып, көрінде ты-ныш жата алмас, талай күрсініп, күңіренер», – деген жолдар кім-кімді де толғандырмай тұрмайды. Халқым деп соққан жүректен шыққан сөз жүрек төрінен орын иемденеді.

Осы хатында Ахаң бұған дейін де «Қазақ» газеті бетінде бір емес, бірнеше рет көтерілген метірке түзету мəселесіне қайыра соғып, оны толық шешпей тұрып, қазақтан солдат алынуы барып тұрған əділетсіздік болатындығын құлаққа-ғыс етеді: «Қазақтан əскер алудың алдында метірке түзелуі тиіс. Метірке түзету жұмысы духовные собраниедей (муф-тиліктей) қиянатсыз істейтін мекемеге тапсырылмаса, қия-натқа үйреніп қалған мекемелерге тапсырудан қолайсыз шатақ істер шығып, халық ылаңға түсуі ықтимал», – деп үл-кен қауіптің алдын алуға, жұрттың əділетсіздік құрбанына айналмауына амал қарастырады.

Сонымен, қаһарлы патша əмірі шығар күн де жақындай бастады. «Қазақ» газетін шығарушылар күн көзін тор-лай бастаған қара бұлттың түсі суық екендігін күнілгері сезіп-біліп, алдағы дауылдан халықтың қамсыз қалмауын сақтандыру жолында жан аямай қызмет еткендігін көреміз. Олар халық басына үйірілген қара бұлтты дауылға айнал-дырмай, қалайда саяси жолмен бетін қайтару қамында қолдарынан келгенінше күресіп бақты Бірақ, амал не, пат-ша үкіметінің қазақ елінен əскерге адам алу не алмау мəсе-лесін халықтың өзімен ақылдаспай-ақ шешуді ұйғарып, оны шұғыл түрде жүзеге асыруға көшуі отаршыл озбыр саясаттың тағы да бетпердесін айқара түріп, əлем алдында əшкерелеп берген болатын.

Бұратана халықтардан майдан жұмысына адам алу тура-лы 1916 жылы 25-маусымдағы патша жарлығы ел күтпеген

Page 159: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

159

тосын оқиға болды. Ол жөнінен кейіннен сол бір суық ха-барды елге жеткізу міндетін мойнына алған ардақты Алаш азаматы М.Дулатов былайша есіне түсіреді: «1916 жылғы маусым жарлығы шыққан кезде Орынборда едім. Ахмет Байтұрсынұлы сол жаз Торғай уезіндегі санақ қызметіне кетіп, «Қазақ» газетін мен басқарып тұрдым. ...Бір күні төбеден түскен жайдың оғындай июнь жарлығы сарт ете түсті. Бұл жарлықтың бізге жайдың оғындай көрінуі қазақ еліне оның əсері қандай болатындығын сезгендігімізден еді. Бұл жарлықтың қазақ арасына қалай тарайтыны, қазақ елі не күйге ұшырайтыны көз алдымызға елестей қалды. ...«Қазақ» басқармасына қазақ жерінің тұс-тұсынан телеграммалар, хаттар жауа бастады. Ол кезде «Қазақ» газетін қазақ елінің көбі көз-құлағындай көретін. Сондықтан құр телеграм-ма жіберу, хат жазумен ғана қойған жоқ, жан-жақтан сау-лап ел адамдары Орынборға ағыла бастады. Елде не болып жатқанын, хатқа, телеграммаға жазуға болмайтын сөздерді солар əкеліп отырды. Қазақ даласы күңіренді».

Осындай халықтың арқасына аяздай батқан қаралы ха-бар – патша жарлығының ойламаған жерден тосыннан жа-риялануының өзіндік себептері де жоқ емес-тін. Бұл туралы «Қазақтың» көрнекті қаламгерлері сол бір сұрапыл заман-да үн қата қоймағанмен, кейіннен, ақпан төңкерісі жеңіске жетіп, ел тізгіні қолдарына тиген уақытта көкіректерінде қатталған, көңілге түйген ойларын ортаға салмай қалмаған. Апталықтың 1918 жылғы 258-санында жарық көрген «Орын-бор, 1-қаңтар» деген бас мақаладан біраз жайдың сырына қанамыз.

300 жылдан астам уақыт Ресей секілді алып мемлекетті жұмса – жұдырығында, ашса – алақанында ұстап келген Рома-новтар тұқымының тақтан түсуі бірінші дүниежүзілік соғыс салдарынан болды. Патшалық монархия өзі қазған орға өзі құлады. Ол соғысқа билігімді күшейтем, байлығымды молай-там деп кірсе де, күн өте келе ол үміті ақталмайтынына көзі жете бастады. «Суға кеткен тал қармайды» дегендей, сасқан тұсы да осы кез болды. «Зор соғыстың салмағы да зор. Оны көтеруге көп күш керек. Жайшылықта керек қылмайтын

Page 160: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

160

халық күшін, халық ісін керек қыла бастады. ...(Оны) земство-лар қолға алып, хүкімет далада қалып қоятын болды. Мұны көріп, тіпті керексіз болып, босқа қалармын деген хүкіметке қауіп кіре бастады. ...(Сол себепті) соғысты тоқтатпақ ни-етке кірісті. Бірақ соғысты тоқтату да оңай бола қоймады. Соғыс басталған жылы, август ішінде Англия, Франция һəм Россия араларында жасалған, онан кейін Жапония мен Ита-лия да қол қойған уағда бойынша, аталған патшалықтардың ешқайсысы жаумен бөлініп шығып бітім жасамасқа тиіс, ішінен бүліншілік шыққан патша ғана одақтарынан бөлек өз бетімен бітімгершілік жасауға ықтиярлы болды. ...Сөйтіп, бітім жасаудың жалғыз-ақ шарасы болды. Ол – мемлекет ішінен бүліншілік шығарып, соның сылтауымен бітім жасау. Соғысты тоқтатуға олай да, былай да жол қарап, Романовтар хүкіметінің ақырында тоқтаған шарасы іштен бүліншілік шығару болды. Бүліншілік өте зор болып кетсе, басу қиын болар деп ол жағынан да қорықты. Ептеп шамалы бүліншілік шығару жаһұтымен бұратаналарды соғыс жұмысына алмақ болып, 25-июнь жарлығын шығарды. Ол жарлықты жорта асықтырып, жұрттың апшысын қуырып, жанын ышқынтып, қысымшылықпен орнына келтірмек болып, телеграмма-мен хабарландырды. Ондағы есептері бұратаналар соғыс жұмысынан қорқып, жарлыққа көнбейміз, адамдарын бер-мейміз деп бунт шығарып, бүліншілік жасар деген еді». Ба-сылым басқармасының мұндай тұжырымы шындыққа жа-наспайды дей алмаймыз.

Міне, мəселенің түп мəні. Саяси шолу осылай жазылса керек-ті.

Ойы орамды, тілі жатық, пікірі дəлелді. Көтеріліп отырған мəселе қанша күрделі болса да, қысқа да нұсқа əрі көңілге қонымды түрде берілген. Бұл біліктілікті, шеберлікті қажет етеді.

Əлгіндегідей суық оймен суыт жүргізілген солақай сая-сат салдарынан «жұрт сеңдей соғылған, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылып, «əне келеді, міне келеді» деп өлім жазасына бұйырылған үкімнің орнына келуін күткен тұтқындай болып тұрған» алмағайып уақытта халыққа жол-

Page 161: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

161

жөн көрсету сол кезде шын мəнінде қазақтың қамқоршысы-на айналған «Қазақ» газеті басқармасына жеңіл соқпаған-дығы түсінікті. «Өз өмірімізде басымызға тумаған ұлы дағ-дарысқа ұшырадық, – деп жазады ол жөнінде кейіннен М.Дулатов: – Қайтпек керек? Не істейміз? Елге не айтамыз? Біздің басшылығымыз қандай болмақ керек? Елдің риза-лықпен көнгісі келмейтіні, балаларын бергісі келмейтіні, «соғыс», «солдат» деген сөздерден өлердей қорқатыны, патша үкіметіне сенімі жоқтығы белгілі. «Көнбе, берме» дейміз бе? Оның түбі не болады? Немізге сеніп, «көнбе» дейміз? Көнбейтін күшіміз қайда? ...Міне, біздің басымыз-ды дал қылған, миымызды ашытқан, дағдарысқа қалдырған сұраулар осылар еді. Қайткенде де бізге бұл жолдың біріне түспеске болмады. Ол кезде 1916 жыл еді. Жиһан соғысының қызып тұрған шағы еді. Ресейдің таяқ жеп, халқының ша-руашылығы күйзеліп, патша үкіметіне наразылық күннен-күнге күшейіп, саяси партиялардың төңкерістен үміт етіп те тұрған шағы еді. Бірақ, ондай төңкеріс қашан болады, қалай болады? Ондай төңкеріс бола қалғанда қазақ жұрты көнбей, қарысып отырып, соған аман-есен жете ала ма? Бұған біздің көзіміз жетпеді. Төңкеріс жолында қазақ жұрты құрбан болып-ақ кетсін деуге дəтіміз шыдамады. Сондықтан біз екінші жолды қаладық, көну керек дедік».1

Басылым басқармасы осы шешімін газеттің 1916 жылғы 8-шілдеде жарық көрген бас мақаласы арқылы дүйім жұртқа жария етеді. Бұл күні кешеге дейін зерттеушілер «...қазақ буржуазияшыл ұлтшылдарының газеті («Қазақ» – С.Қ.) өзін ұлтын сатқан орган ретінде көрсетті. ...Ол халықты патшаның указын орындауға, патша ағзамының алдында құрдай жорғалап, қазақтарды дереу шақыру пунктіне ке-луге үндеді»,2 – деп, оңды-солды айыптауға негіз болған əйгілі мақала болатын. Ендеше, апталық жарияланымда-рын тарата талдай отырып, қаншалықты патша «сойылын соққандығын» айқындамасқа амалымыз қалмайды.

1 Дулатов М. Он алтының ойраны //Еңбекші қазақ, 1926, 145.2 Бекхожин Х. Қазақ баспасөзі тарихының очеркі (1860-1958) –

Алматы: Мектеп, 1981, 51 б.

Page 162: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

162

«Соғыс», «солдат» деген сөздерден онсыз да үрейі ұшып, берекесі қашып тұрған жұртқа қара жұмысқа алу жөніндегі жарлықтың келіп шүйлігуі жағдайды тіпті ушықтыра түске-ні айтпаса да түсінікті. Осындай қысқа күнде қырық түрлі хабар тарап, елді сеңдей сапырыстырған уақытта көзсіз көбелектей отқа ұмтылған жұртты тыныштандырып, са-бырлылыққа шақыру қалайша «өз ұлтын сатқандық» бо-лып шығады? «Малым – жанымның, жаным – арымның садағасы» деп білетін халық үшін əсіресе ауыр тигені қара жұмысқа алады деген сөз болды. Газеттің жоғарыдағы 188-санындағы бас мақалада бұл жайлы, оның ел намысы-на тиетіндігі туралы былайша ашық жазылады: «Мынадай қырғын соғыста мал шығынынан тартынбай, əскерлікке алам десе де, ақылдасып барудан тайынбастай болып жүрген қазақ халқы бүгін қара жұмысқа алатын жарлық шыққанға дағдарып, таңырқап қалдық. Қазақ секілді іргелі жұрт өз-гелер қатарында соғыс майданында қару-жарақ асынып, мемлекет қорғауға лайық еді, қатарда жоқ қара жұмысқа байлануды кемшілік санаймыз».

Мұнда өздерінің үш жыл бойғы жазып келген əскер тақырыбындағы қыруар еңбектерінің еш болғандығына наразылықтарын білдірумен қатар, ел намысын жерге тап-тағанмен бірдей екендігін айтып, айыптау бар. Алайда, құрығы ұзын патша əміріне қарсы шығып, опа табар жол жоқ. Өйткені: «Қашып жан сақтауға болмайды. Қысқа ақылмен қашатын жігіт болса, елде бүліншілік болады. Бұл күнде соғыс уақыты, тəртіп қатты, қашқындардың арты-нан қуғыншы отряд шығып, елді һəм артында қалған əке-шешесін, қатын-баласын шулатқаннан, шаруасын күйзелт-кеннен басқа өнер нəрсе жоқ». Осы себептен де патша жарлығын орындамасқа амалымыз қалмайды деген қалың қазақ еліне түсіндіру шаралары бар. Соны көпшілік қауымға жеткізуді ел ақсақалдары мен жұрт жақсыларынан өтінген тілектері берілген.

Мақала соңында автор: «Жұрт қара жұмысқа алғанын кемшілік көреді екен, олай болса, жарлықты орнына келті-ріп, адамын жұмысқа жіберіп отырып, ал жарлығыңды

Page 163: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

163

орындадық, бірақ бізге бұл лайық емес еді, бізді теңгеріп əскерлік қызметіне ал деп сұрағаны оң болады. Жаяу сол-дат боламыз дей ме, атты казак боламыз дей ме, ол еркі халықтың өзінде. Бұл туралы біздің пікіріміз халыққа белгілі», – деп əлі де болса, үмітті үзуге болмайтындығын ауызға алып, үркіп, тулаған ел-жұртты тыныштандырғысы келеді. Сеңдей сапырылысқан халқына басу айтып, ақылға шақырады. «Қазақ қаламгерлері патшаның сөзін сөйлеп, сойылын соқты» дегендей айыптаулар осыдан шығарылып, айтылып келген болса керек. Ол əділеттік болып шықпайды.

«Қазақ» газеті қаламгерлерінің 1916 жылғы қанды оқи-ғалар кезіндегі атқарған қызметтерін төртке бөліп қарас-тырған жөн. Олар: 1. Патшалық əкімшіліктің бұйрық-жар-лықтарынан туындайтын құйтырқы саясатын елге талдап түсіндіріп отыру; 2. Ел ішінде түсіндіру жұмыстарын жүргі-зіп, халықтың бас амандығы жолында күресу; 3. Жігіттерді қара жұмысқа алу кезінде жіберілген кемшіліктерді, яғни қара басының пайдасын халық қамынан жоғары қойған «ел пысықтарын» əшкерелеп, сынап-мінеу; 4. Майдан шебіне алынған жұмыскерлердің күйін күйттеп, қам-қаракетін жеу, олардың арасында болып, керек-жарағын түгендесіп, хал-жағдайларын жариялап тұру.

Апталық тігінділерін ақтарып отырып, басылым басқар-масының осы талап-міндеттер үдесінен шыға алғандығына көз жеткізу көп қиындық келтіре қоймайды. Алдымен, жоғары билік орындарының бұйрық-жарлықтарын қандай мақсатта жариялап отырды деген сауалға жауап іздесек, оның өзіндік мəн-мағынасы да жоқ еместігін байқауға бо-лады. Патша жарлығының қатаң екендігін, оның жолында əкімшілік ештеңеден тайынбайтындығын танытуға мүм-кіншілік туған еді. Бір ғана мысал, газеттің 1916 жылғы 207-нөмірінде «Торғай облысы Ырғыз һəм Торғай уездерінің бас хакімінің бұйрығы» деген жарияланымды алып қарайық. Мұнда үкім қысқа да нұсқа: бітірудің ең ақырғы срогы – 15-январь 1917 жыл. 15-январьдан кейін шақыруға келме-ген еркек жанның бірі қалмай жасын айыру үшін қаралады һəм жасы 19 бен 31 арасында болып, шақыруға келмегендер

Page 164: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

164

ауру-сырқауына қарамай, патша жарлығынан бас тартқаны үшін тегіс судқа беріледі» деген бұйрық реті келген соң ай-тыла салған сөз емес, шындығында облыс тұрғындарының басына төнген нəубет болатын. Бұл жөнінде басылым басқармасы атынан жазылған, апталықтың 1917 жылғы 214-санында жарияланған «Военное положение» деген мақалада біраз жайдан сыр тарқатылады. Автор (аты-жөні көрсетілмеген, біздіңше, А.Байтұрсынов) Сенатқа түсірген патша жарлығын қаз-қалпында келтіре отырып, Ырғыз, Торғай жəне Қостанай уездеріне военное положе-ние орнағанын оқырмандарға хабардар етеді жəне оның не жарлық екеніне жан-жақты түсініктеме береді.

Осында военное положениенің елге тигізетін зардап-залалының ең үлкені жай соттың əскери сотпен алмаса-тындығына байланысты екендігі ауызға алынады: «Қазан-нан Ырғыз, Торғай уездеріне баратын военный суд шығайын деп жатқан көрінеді. Военный судтың жай гражданский суд-тан айырылатын толып жатқан жігі бар. Военный судтың жазасы күшті, ісі шапшаң. Жай судтай следство жасау жоқ. Тергеу, тексеру қысқа. Құрылған жерінен тысқары болса, айғақтарды сұрамасқа ықтиярлы. Жазу-сызу аз. Хүкімді тез орнына келтіру қажет десе, ол хүкімінің үстінен риза алмасқа ықтиярлы. Военное положение соғыс заңында болған соң, созып отыру жоқ. Ұмар-жұмар іс бітіру бола-ды. Түркістанда военный суд құрылып, бүліншілік шыққан жерлерінің халқы тергеуде. Талай адамдар жазасын тартып та қойды», – деген жолдар жоғарыдағы Торғай облысы бас хакімінің бұйрығы түбі осылай болып жүрмесін дегенді ескертіп тұрғандай. Кейіннен Ақтөбе қаласында өткен митингіде Торғай облысының вице-губернаторының «Бірде-бір қырғыз (қазақ – С.Қ.) тірі қалмаса да, патша бұйрығы орындалатын болады»1 деген сес көрсетуі ондай қауіптің негізсіз еместігін тайға басқан таңбадай айқын аңғартады.

Бұдан басылым басқармасы жоғарғы билік мекемелерінің бұйрық-жарлықтарын, қарарлары мен сот шешімдерін жа-

1 Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік комитетінің архиві, 75754 іс, 100 п. 1 т.

Page 165: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

165

риялай отырып, оларды өз қажеттеріне жарату мақсатын көздегендіктерін көреміз. Сол арқылы жұрттың көзін ашып, ненің не екенін түсіндіру, елді еліртушілердің сөзіне еріп, арандап қалмауларына жол-жөн көрсету қам-қарекетінде болғандықтары байқалады. Бұл сол кезең жағдайында ха-лықты қырғынға ұшыратпай, аман сақтап қалудың бірден-бір дұрыс жолы болғаны дəлелдеуді қажет етпейді.

«Қазақ» қаламгерлерінің сынықтан сылтау іздеп отырған патша үкіметінің қылышынан қан тамған солақай сая-сатына қарсы халықты жаппай қырылудан аман сақтап қалу жолындағы күресінің екінші тармағы ел ішіне барып түсіндіру жұмыстарын жүргізумен, газет арқылы үндеулер таратумен жалғасады. Осы бағытта қолға алған іс-шаралары халық өкілдерінің басын қосып, осынау ел басына түскен ауыртпалықты жеңілдетуі мүмкін деп күтілген мəжіліс өткізуден басталады. Торғай, Орал, Ақмола, Семей жəне Жетісу облыстары қазақтарының қатысуымен 9-тамыз күні Орынборда өткен мəжілісті ұйымдастыруға «Қазақтың» бас жазушысы А.Байтұрсынұлының үлкен еңбек сіңіргеніне мына бір дерек дəлел.

«Туркестанские ведомости» газетінің 1916 жылғы 28-шіл-дедегі санында: «Губернатор Тургайской области пригласил к себе редактора киргизской газеты «Казах» и имел с ним обстоятельную беседу о призыве мусульман на оборони-тельные работы. По этому поводу местная киргизская ин-теллигенция имело общее собрание, в котором участвовали также известные киргизские общественные деятели и пред-ставители общественных организации», – деген хабар жарық көрген. Осыған қарап мəжіліс «Қазақ» қаламгерлерінің басшылығымен өткендігін көреміз. Апталықтың 1916 жылғы 192-санында жарияланған мəлімет бойынша, осы жиында 18 баптан тұратын талап-тілек алдыға тартылған болатын. Олардың негізгілері мыналар: «1.Солтүстік уездеріндегі қазақ жігіттерін келер жаңа жыл – бірінші январьға дейін, оңтүстік уездер халқын 1917 жылғы 15 мартқа дейін алмай кешіктірсе екен. 2. Ең əуелі 19 бен 31 арасындағы жастардың үштен бірі ғана алынса екен. Алғанда 19 жастан бастап алуы

Page 166: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

166

тиіс. Өйткені бұл жастағылардың көбі үйленбегендер бо-лады... 3. Бір үйдегі шаруа басқаратын алынатын жастағы бір жігіт қалса екен (егер сол үйдің басқа еркектері 17-де, яки 50-ден аспаған болса). 4. Шаһар медреселерінде оқып жүрген шəкірттер қалсын... Алынған жігіттер отыз кісіден қостас болсын. Əр қосқа бір переводчик һəм он қосқа бір молда сайлансын...»

Бұдан М.Дулатовтың жоғарыдағы тілге тиек етілген «Он алтының ойраны» деген мақаласында: «...неше түрлі сыл-таумен (жарлықтың орындалуын – С.Қ.) соза түсу жағын ескеріп отырдық» деп жазатынындай, мəжілістің сол мақ-сатта ұйымдастырылғанына көз жеткіземіз. Ел қамын терең ойлаған Алаш азаматтарының бұл əрекетінен нəтиже де жоқ емес. Патшалық əкімшіліктің қазақтан қара жұмысқа алу жұмысын 15-қыркүйекке кейін шегеруі соның жемісі бола-тын. Торғай облысы губернаторының жоғарыдағы талап-тілекке орай 25 тамызда «Отказать, отсрочка предоставлена только до 15 сентября»,1 – деген шешім шығаруы – соның айқын айғағы.

1916 жылдың шілде айының орта тұсынан бастап бүткіл қазақ даласында өте ауыр жағдай қалыптасты. Бір жағынан, патша жарлығына қарсы халық наразылығы ушыға түссе, екінші жағынан, патша үкіметінің үкімін қайтсек те орны-на келтіреміз деп қаһарланған жергілікті билік мекемелері күшке көшуге дайындалып жатты.

Міне, осындай өлкені өрт құшып тұрған аласапыран уақытта, кейіннен Алаш ардақтысы М.Тынышбаев дөп ба-сып көрсеткендей, ат төбеліндей көзі ашық қазақ зиялы-лары екі оттың ортасында қалды. Біріншіден, патшалық əкімшілік оларға көтерілісті ұйымдастырушылар ретінде сезіктене қарап, бақылауды, қысым көрсетуді күшейте түссе, екіншіден, қарапайым халық та олардың патша əміріне қарсы ашық күреске шыққан көтерілісшілерді қолдамауын кері түсініп, түрлі өсек-аяңға бой алдыра бастайды.

1 Сапаргалиев Г. Карательная политика царизма в Казахстане (1905-1917). – Алма-Ата: Наука, 1966, 91 стр.

Page 167: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

167

Лай суда балық аулауды əбден əдеттеніп алған ел ішіндегі орта бұзар пайдакүнемдерге керегі де осы болатын. Олар он-сыз да жалындап тұрған отты одан сайын құшырлана көсей түсіп, бүлінген елден бүлдіргі таппаққа əрекеттеніп баққан. Газеттің 1917 жылғы 239-нөмірінде жарияланған «Қазақ баспаханасы» деген мақаласында М.Дулатовтың: «Жəбірді жаудан көргеніміз жоқ, жақыннан көрдік. Ағайынның ша-ғымымен абақтыға жатқан ақынның (А.Б.) айтқаны бар:

«Еш нəрсе емес абақтыға жапқаны, Қиын емес дарға асқаны, атқаны. Маған қиын осылардың бəрінен Өз аулымның иттері үріп қапқаны».

Бізге ең қиыны, жанымызға батқаны жаудың жақыннан шыққаны болды. Ол күндері біз көрген қорлығымызды ха-лыққа жариялап шыға алмайтын едік. Күзетші-тыңшы көп еді. Біз жетім едік, жалғыз едік. Жолдасымыз жоқ еді. Ха-лыққа көрініп, қызмет етейін деген азаматтар ақшаға ар-иманын сатқан жүзіқаралардан қаймығып, жарыққа шыға алмайтын еді», – деп жазуы сол жайынан сыр тарқатады.

Осы мақалада сондай халық қамын өз пайдасына мансұқ еткен жүзіқаралардың кесірінен газет 1916 жылы да əкімшілік орындарының тінту, тексеруіне ұшырағанынан нақты де-ректер келтіріледі. Оны архив материалдары да жоққа шығармайды. 1916 жылғы 19-шілдеде Орынбор генерал-губернаторының атына Орал губернаторынан телеграмма келіп түскен. Онда Ілбішін уезіндегі 6-ауылда 7-шілде күні Қажығалым Аулымбердиев деген молданың басқаруымен өткен мəжілісте қазақтардың соғыс жұмысына адам бер-меу жөне үкімет орындарына тізім жасатпау туралы шешім қабылдағаны жəне сол жиында молданың əскерге адам бер-меуге шақырған Бөкейхановтың хатын оқығаны жөнінде ақпар алынғандығы айтылған. Телеграммада, сондай-ақ, айтылған уездің басқа да ауылдарында болып өткен бас-қосуларда «Қазақ» газетінің қызметкерлері Байтұрсынов пен Дулатовтың да есімдері айтылып, оларға қазақтың ылғи да кеңес алуға барып тұратындығы көрсетіледі».

Page 168: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

168

Мұндай шағым-арыздың аяқсыз қалмайтындығы айтпа-са да түсінікті. Жоғарыдағы мақалада Орал губернаторының телеграммасына орай 1916 жылы 12-тамызда Орынбор жан-дарм мекемесінің бастығы полковник Кошинцевтің Орын-бор губернаторына берген 8680-нөмірлі құпия анықтама-сынан мəліметтер келтіріледі. Онда аты аталған «Қазақ» қаламгерлеріне тағылған айыпқа қатысты мынадай дерек-тер бар: «1.Орал губернаторының телеграммасында Бай-тұрсынов 25-июнь жарлығына қарсы қазақты құтыртты дейді. Бірақ ол 23-майдан август басына шейін Торғай уезінде мал есебін алып жүрді. Торғай уезінде ондай іс істегені естілмеді. 2...Орал губернаторының телеграммасы бойынша, 30-июльде Дулатовтың пəтерінде һəм «Қазақ» басқармасында тінту болды. Бірақ 25-июнь жарлығына қарсы қазақты құтыртқандай ешнəрсе табылмады. Ə.Бөкейханов туралы Самар жандарм мекемесіне білдірдім. Самар жан-дарм мекемесінің бастығынан хабар алдым, Бөкейхановты сыртынан бақылап жүрміз деген»...

Осылайша, əкімшілік мекемелерінің қатаң бақылауында болған «Қазақ» газеті қаламгерлерінің патша жарлығына қарсы ашық күреске шыққан көтерілісшілерді қолдай қой-мауы қарапайым халық тарапынан да түсінбеушілік туғызған. Сол себептен де басылым басқармасына өздерінің ұстаған жолдарын айқындап, көпшілік қауымға дұрыс жеткізіп оты-ру үшін көптеген хат-хабар, мақалалар мен үндеулер жа-зып таратуларына тура келеді. Олардың барлығына бірдей тоқталып, талдап, жатпай-ақ, Алаш азаматтарының осынау халық басына түскен зар замандағы атқарған қызметтерін «Қазақ жұртына», «Алаштың азаматы» жəне «Торғай һəм Ырғыз уезінің халқына» деп аталатын үш бірдей үндеу жа-риялауларынан-ақ толық тануға болады деп білеміз.

Үндеу қоғамның көкейтесті мəселесіне орай көпшіліктің назарын өзіне аудару үшін белгілі бір əлеуметтік топтың не-месе жеке тұлғалардың халқына арнауы екендігі белгілі. Қа-зақ баспасөзінің қалыптасу дəуірінде мұндай əдіс-тəсілдің алғаш рет қажетке жаратылуынан-ақ «Қазақ» басқармасы-ның, атап айтқанда, Ə.Бөкейханов, А.Байтұрсынов пен М.Ду-

Page 169: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

169

латовтардың қолдарынан келгенінше халқына адал қызмет етуден аянып қалмағандарына көзіміз жете түседі.

Апталықтың 1916 жылғы 192-нөмірінде жарық көрген «Қазақ жұртына» деген алғашқы үндеулері ел арасында өздері-нің аттарын жамылып, жаңсақ пікірмен елді еліртіп жүрген алаяқтардың бетпердесін түріп, əшкерелеу мақсатында жа-зылған. Газет арқылы көпшілік қауымды олардың сөзіне сеніп, арандап қалмауға шақырады. Апталықтың 8-шілдедегі 188-нөмірінде жарияланған патша жарлығына қарсылық қылмай, көну керек деген пікірінің «жеті рет өлшеніп, бір рет пішілген» шешім екендігін былайша шегелеп жеткізеді: «...Патша жарлығына қарсылық қылмай орнына келтіру керектігін газетіміз арқылы алты Алашқа жариялау жолын-дамыз. Біздің мұнан басқа бүгіп отырған сырымыз, ақы-лымыз жоқ. Хатпен кісі пікірін жұртқа тегіс жая алмайды. Жұртқа тегіс тарайтын неше мың болып жұмасына басылып шығатын газеттегі сөз екендігі əркімге таныс болған шығар. Сондықтан газеттегіден басқаға сенбеңдер һəм көнбе деп біз жазды деген хатқа екі бастан сенбеңдер. Біз ондай сөзді айт-паймыз».

Ал не себепті көну керек деп отырғандарын газеттің дəл осы нөмірінде жарияланған «Алаштың азаматына» деген екінші бір үндеулерінде жан-жақты ашып көрсетіп, ұстанған жолдарының дұрыстығына оқырман көзін жеткізе түседі. Мұнда талдап-түсіндірудің ұтымды жолы таңдалған. Ол қара жұмысқа жігіттерді бермеуден туатын қиыншылықтар мен патша жарлығына көнуден келетін ауыртпашылықты қатар қойып салыстыру əдіс-тəсілі болатын. Осы арқылы қайсысы дұрыс екендігін оқырманның өз таңдауына қалдыруы туын-дының асқан шеберлікпен жазылғандығын танытады.

Сонымен, көнгенде келер қиыншылық пен көнбей, қар-сыласқаннан туар ауыртпашылықтың қайсысы халыққа жеңілдеу тиеді деген сауалға Алаш ардақтыларының бер-ген жауабы мынадай: «Көнгенде, шаруаға кемшілік те ке-лер, барған жігіт қазаға да, бейнетке де ұшырар, бірақ елдің іргесі бұзылмас. Ал көнбегенде, хүкімет құр өкпелеп қана қоймас, күш жұмсар, ол күшті законға сүйеніп істер», – дей

Page 170: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

170

отырып, оған нақты мысалдар келтіреді. Торғай, Орал об-лыстарында бірлі-жарым писерлеріне зиян келгенін сылтау-ратып елге əскер шығарылғанын, көптеген кісілер абақтыға жабылып, əскери сотқа тапсырылғанын, ал Жетісу облысын-да арыз-шағым айтқандар таяққа жығылып, тұтқындалып, қорлыққа ұшырап отырғанын қалың қазақ еліне құлаққағыс етеді. Мұны аз көріп, қарсыласуын жалғастыра берсе, ел-елге жазалаушы отряд шығатынын, онда елдің берекесі кететінін, бас пен малға əлегі бірдей тиіп, елдің іргесі бұзы-латындығын тəптіштеп түсіндіріп береді. «Міне, біздің екі ауырлық дейтініміз осы. Бірі – барса, шаруаға кемшілік келіп, алынған жігіттер аз қазаға, бейнетке ұшырағаны, екіншісі бармаймын деп қарсылық қылса, елге келетін зор бүліншілік. Осы ауырлықтың жұрт қай жеңілін тандау ке-рек», – деп түйін түйіледі.

Көп ұзамай, соңын ойламай «отқа май құйғандардың» кесірінен ел іші тынышсыздана бастаған тұста Алаш ардақ-тылары халқын ақылға шақырған тағы бір үндеу жария-лайды. Жан толқынысынан шыққан, газеттің 1916 жылғы 195-нөмірінде жарияланған «Торғай һəм Ырғыз уезінің халқына!» деген арнауларын тебіренбей оқып шығу, əсте, мүмкін емес. Осынау ел қасіретін сəл де болса жеңілдету мақсатында бастарын тауға да, тасқа да ұрған ардақты Алаш азаматтарының жанайқайы ешкімді бей-жай қалдырмайды.

Жоғары азаматтық рухта жазылған үндеу-басылым басқармасының ашу-ызаға булыққан, неден болса да та-йынбастай тулаған жерлестеріне соңғы арнауы. Бұдан кейін кеш болатынын олар жақсы түсінді. Сондықтан жандарын жегідей жеген жайларды түгел ақтарып, қалай болғанда да тура келген апат тасқынынан ел-жұртын аман алып қалу қамында жан сала əрекеттенгендері байқалады. Сөздің құ-дірет-күші де осы жерде сезіледі. Алаш азаматтарының қолындағы жалғыз қаруы – баспасөз. Сол арқылы елге та-ралған жанайқай – жүректен шыққан сөздері кімді де бол-сын ұйытып, жан тебірентпей тұрмайды: «Бұл хатты жазу-шы біздер – өз балаларың, өз тумаларың. Жанымыз ашиды, қабырғамыз қайысады. Біздің ата-ана, туған-туыстарымыз

Page 171: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

171

іштеріңде. Бізді қазақ баласы, қанына тартады, жаны аши-ды десеңдер, тіл алыңдар! ...Біз газет арқылы болсын, ауыз-ша да болсын, бұрын сан рет айтқанбыз, көнбесеңдер, елге бүліншілік болады, əскер шығады, түбінде алмай қоймайды дегенбіз. Сол айтқанымыз, міне, келді. Бұған біздің көзіміз бұрыннан жеткен. Əлі де болса, бізді осы елдің баласы екен дейтін болсаңдар, біздің ең соңғы, қысылғандағы ақы-лымызды алыңыздар! Түбінде іс өткен соң өкінгеннен пайда жоқ. Өлген тірілмейді, өшкен келмейді», – деген жолдардан олардың азаматтық борыштарын барынша адал атқарғанын аңғарамыз.

«Қазақ» газеті көрнекті қаламгерлерінің ел басына сын болған сол бір тарихи кезеңдегі енді бір атқарған қызмет-тері патша жарлығымен қара жұмысқа алынған қазақ жі-гіттерінің қам-қарекетін жеуге арналады. Оның өзі екі ба-ғыттан тұрады. Біріншісі – осынау қарбалас кезеңде өз пай-дасын күйттеген «сауысқан-қарғалардың» өлексе іздеген ісін əшкерелеп, сын тезіне салу жолындағы амал-əрекеттері. Екіншісі – майдан тылындағы қазақ жұмыскерлерінің жай-күйін анықтап, жыртығына жамау болу, хал-жағдайларын елге білдіріп тұру бағытындағы ерен еңбектері.

Алғашқы мəселе туралы айтқанда, басылым басқармасы ел қамын жегенсіп, өз пайдасын көбірек ойлап жүрген «жұрт жақсыларын» сынап-мінеуді басты тақырыптарының біріне айналдырғанын көреміз. Апталықтың 1916 жылғы 195-нөмірінде жарық көрген «Елді еліртушілер» деген мақа-ласында М.Дулатов: «Істің ар жағын қойып, бер жағымен болып отыр. Жұрт түбінде не боларымен бұлардың жұмысы жоқ. Суды лайлап жіберіп, балық ұстауларына оңай жол табылды. Бұрын жұрт жұмысына тиын шығармайтындар бұл күнде жұрт ісіне мыңнан шығарамыз деп отыр. Солар-дың көбі бұрын жеп үйреніп қалған дағдылы ауыздар-дан асып, жұрт жұмысына қанша жұмсалар екен. Көбі-ақ атқамінерлердің қалтасының бұрыштарында қалып қояты-ны шексіз», – деп қарапайым халыққа шындықты жазып, солардың жеміне айналмау жөнінде ой тастайды. Осы маз-мұндас апталықтың 1916 жылғы 198-санында жарық көр-

Page 172: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

172

ген «Біздің ел» деген екінші бір мақаласында қанша ай-тылып, жазылып жатқанына қарамастан, құлқынының құлы болған «ақсақал-қарасақалдардың» құрған торына қара шаруалардың қалайша топырлап түсіп жатқанына нақты деректер келтіреді: «Торғай қазақтары 40 мың сом-мен төрт адамды патшаға жіберуге қаулы қылып тарқады. ...жұрт басы аман қалатын жолға мал аямайтыны рас, бірақ халықтың дағдаруын пайдаланып, бір айлық жолға кісі басы 10 мың сомнан қаражат алуы – біздің қазақтың ғана қолынан келетін іс. Бір кісіге мың сом да азық болуға жараса керек еді, бір мың сом бір кісіге бір айда күніне 33 сом. 9 мыңға жол болсын! Ізденушілердің мұнысы «ертең қиямет бола-ды, малдың не керегі бар» деп Қожа Насрединнің жалғыз қойын алдап жегеннің кебі емес пе?!» – деп, аңқау елге арам-за молда болғандарды əжуə етеді, жұртты жемқорлардан сақтандырады.

Осындай ел ішіндегі жеке бас пайдасын халық қамынан жоғары қойып, тонын айналдырып киген «сужұқпастардың» типтік образын жасауда апталықтың 199-нөмірінде басыл-ған «Ішік кайырлы болсын!» деген туындының орны бөлек. М.Дулатов қаламынан туындаған шығарма төл əдебиетіміз-ді байытқан тұшымды сатиралық əңгімелердің бірі десек, қателеспейміз. Ол диалогқа құрылған. Жұрт қаржысын жеке бастарының қажетіне жаратып, оңай олжаға белше-ден батқан қос «жарылқаушының» əңгімесінен сол кездегі атқамінерлердің бейнелі образын бұлжытпай танисыз. «Ой, шырағым-ай, жұрт жарықтықтың арқасында бір бүтінделіп қалалық та» деген Қожекеңнің (əнгіме кейіпкері) ақыл-кеңесіне Тоқаш мырзаның: «Сіз əлі жұрт арқасында киініп қалалық деп отырсыз, осындағы газетші қулар ...бізді кінə-раттап жатыр, ...сонша ақшаны қайда жұмсадыңдар десе, елге не дейміз?» – деп қобалжушылық танытуы, оған Қожекеңнің: «Шырағым, Тоқашжан, сен əлі баласың ғой, біз мұндайды көп көргенбіз, оның не қысылатыны бар. Адвокатқа бердік, переводчик, чиновниктерге бердік дейміз, ретін таппаймыз ба», – деп жауап қайыруы – өмір шындығынан шынайы көрініс. Осылайша, ел «игі жақсыларының» типтік образын

Page 173: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

173

жасау арқылы сол кездегі қазақ қоғамы бой алдырған ауру-кеселді сын тезіне сала түзету – шығарманың басты мақсат-мұраты. Ол сонысымен де құнды.

Апталық қаламгерлері қара жұмысқа алынатын қазақ жігіттерінің қам-қаракетін күнілгері ойлап, толғана баста-ған. Патша жарлығы жарияланған күннен көп өтпей-ақ га-зеттің 189-нөмірінде жарық көрген «Оренбург, 15-июль» деген басылым басқармасы атынан жазылған бас мақала – соның айғағы. Мұнда майдан тылына алынғалы отырған ел азаматтарының керек-жарағы жөнінде алғаш рет сөз қоз-ғалады. Олардың бас амандығы жолында не істелінуі ке-рек деген сауалға жауап іздестіріледі. Оқырман қауымды осы туралы ойлануға шақырады: «Жоғарыда айтқан ретше үйден сайланып шығу бай балаларының қолынан келеді. Бірақ жұрттың бəрі бірдей емес. Жалаңаш-жалпы кедей-лер көп. Міне, осылардың күні қараң. Бұларға қарасу, кем-кетігін жетістіру – жұртқа зор борыш», – деп ел-жұрттың алдында тұрған нақты міндеттерді белгілеп береді. Қазақ жұмыскерлерінің қал-жағдайын ойластыруды бұдан кейін басылым басқармасы басты назарында ұстап отырған. Оған газеттің əр нөмірінде дерлік жарық көріп тұрған материал-дар дəлел бола алады Мəселен, «Орынбор, 8-октябрь» деген бас мақалада бұл мəселе екінші бір қырынан талқыға салы-нады. Ұзынқұлақтан естулері бойынша, кей жерлерде ауру-сырқаулы адамдар да тізімге ілініп кетіп жатқандықтары жө-нінен хабардар екендіктерін айтып, басылым басқармасы он-дай келеңсіздікті қатты айыптайды. Сонымен бірге метірке жоқтықтан қазақ жігіттерінің жасын айыру ісі қиыншылыққа ұшырап, сақалын саудаға сатқандардың «пысықтығымен» 19 бен 31 жастан тысқарылар да қара жұмысқа жегіліп ке-тіп жатқандығына наразылық танытады. Бұл жөнінде га-зет бетінде, сонау 1914 жылдан бастап-ақ мəселе көтеріліп, оған жол бермеу туралы қанша айтылып, жазылып келгеніне қарамастан, оны еститін құлақ, орнына келтіретін басшылық болмағаны, дау жоқ, Алаш азаматтарының ашу-ызасын ту-ғызбай қоймаған. Сөйтсе де, ашуды ақылға жеңдіріп, кеш те болса кемшіліктерді түзетуге уақыт барлығын кеңес етіп, ел

Page 174: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

174

қамын, жер жайын ойлаудан бір танбаулары олардың биік азаматтық болмыстарын айқындай түседі.

Жоғарыдағы кемшіліктердің анық-қанығын айқындауда М.Дулатов қаламынан туған, газеттің 204-санында жария-ланған «Орынбор» деген мақаланың орны бөлек. Қаламы жүйрік журналист мұнда өзі көрген, куəсі болған жайға оқырман назарын аударады: «Ақтөбе уезінің Тұзтөбе болы-сынан алынған 260 һəм екінші Бөрте болысынан алынған 291 жұмысшы Орынбор келіп жатыр еді. 30-октябрь күні бұларды Оршаға жөнелтпек екен, олар жатқан баракқа ба-рып жолықтым. Бұларды Ақбұлақта қарап алған комиссия ауруына һəм жасының артық-кеміне онша ілтипат етпеген көрінеді. Мысалы, 2-Бөрте қазақтарынан Қалыбай Отар баласы – құлақ-тілсіз, Сұлтанғали Əли-баласы – көкірек ауру, Кенжебай Айтуған баласының көзі көрмейді, Ерғали Биміш баласы – теңге қотыр», – деп, ел тізгінін қолына ұс-таған атқамінерлердің мінін дəлелді түрде беттеріне басады. Ол жігіттердің Орынбордағы əскери дəрігерге тексеріліп, елдеріне қайтуларына рұқсат алғандықтарын хабардар етеді. Бұл, сөз жоқ, Алаш азаматының араласуымен қол жеткен əділеттік. Бірақ, ол жөнінде бұл арада ештеңе ай-тылмауы авторының оңай олжа іздеген, атаққұмар адам емес, халқының қамын жеген азаматтық болмысын паш етіп тұрғандай əсер қалдырады.

Мақалада қара жұмысқа ылғи кедей-кепшіктің алынға-нына наразылық білдіріліп, «байлар малымен, оқығандар білімімен, атқа мінгендер пысықтығымен» аман қалып отырғандығы заң жолымен де, шариғат жолымен де əділет-тік емес екендігі жеріне жеткізіле сыналып-мінеледі. «Жаз-дыкүні ақсақалдары «ізденеміз» деп Орынбор келгенде осы кетіп бара жатқан кедейлердің бұзау-торпағын сатқызып, ақшаларын өз балаларын қалдыру жолына жұмсағаны ұмы-тылған.

Бұл жігіттердің ішінде жалаңаш кетіп бара жатқандары бар. Бұлардың бай ағайындары қайда? Жұрттың жұрттығы қайда? Шынымен-ақ, қазақтан қайыр-ықсан көтерілгені ме? «Құдайдың үйін көрген» бұл елдің қожа-болыстары

Page 175: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

175

қайда? Тым болмаса, осы жұмыс тақырыпты нəпсілерін ауыздықтайтын реті бар емес пе еді», – деген жолдар-дан халқының қамын ойлап аһ ұрған азаматтың үнін есті-гендей боласыз. Осыдан кейін: «16-жылдың оқиғасы – ұлт-шылдардың байшылдық пердесінің шетін ең алғаш түрген оқиға. ХХ ғасырдың басынан бастап қазақ байларынын со-йылын соғып, бірақ сол сойылды жалпы «қазақ» атынан соққан ұлтшылдар байшыл екенін еңбекші бұқараға 1916 жылы ең алғаш көрсетті. Жалпы қазақ емес, қазақтың байла-рын ғана басқаратындығын, еңбекші бұқараның көтерілісіне олардың жүрегі жібімейтіндігін 1916 жылы айқын дəлелде-ді. Ұлтшыл ақындардың қаламы байлардың мақсатында ғана қозғалып, ақындық бұлағы байлардың мақсатында ғана құйылатынын, еңбекші бұқараға түскен қиындық оларға бит шаққандай көрінетіндігін де 1916 жыл көрсетті»1, – деген пікірмен қалай келісесіз? Ол көрінер көзге жала жапқандық, шындықтың өңін айналдырып айтып, аққа күйе жаққандық екендігін жоғарыдығы мəліметтер толық дəлелдейді.

1916 жылғы 25-маусым жарлығын жалғыз қарсы алған басылым – «Қазақ» газеті халқымыз бастан кешірген сол бір сұрапыл заманның шынайы шежіресі болуымен де аса бағалы. Шын мəнінде бүкілелдік ұйымдастырушы орталық-қа айналған басылымның назарынан тыс қалған мəселе жоқ. Оның төңірегіне топтасқан қазақ зиялылары тек үгіт-шілік-насихатшылық жұмыстармен ғана айналысып қоймай, керек жерінде жұрт ортасынан табылып, халық қамы үшін қол күштерін де аянып қалмағандарына – апталық матери-алдары айғақ. Олар қысқа күнде қырық түрлі хабар таратып, не істерін білмей сеңдей соғылысқан халықтың ес жиюы-на қолқабыс етумен бірге, қара жұмысқа алынып жатқан жігіттерге қандай киім, жолға қандай азық керегінен бас-тап, майданға барып орналасқаннан кейінгі жағдайлары, олардың елімен байланысы секілді істеріне түгелдей бас-шылық етіп отырған. Тіпті, керек десеңіз, оларға тиісті үкімет мекемелерінің назарын аударып, қолдарынан кел-ген жəрдемдерін аямағандықтарын дəлелдейтін деректер жеткілікті.

1 С.Мұқанұлы. ХХ ғасырдағы қазақ əдебиеті, 67 б.

Page 176: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

176

«Қазақ» газеті 1916 жылдың 22-қазандағы бас мақала-сында «жұмысқа алынғандардың жабдығында болу мінде-тіне» байланысты жұрт алдында екі түрлі талапты тартады. Оның бірі жігіттерге барған жерінде бас-көз болып, олардың мұң-мұқтажын тиісті орындарға жеткізіп тұратын орыс жəне қазақ тілдеріне бірдей, білімді жігіттердің керектігі болса, екіншісі, қазақ жұмыскерлерінің хабарын біліп, артынан ке-рек-жарағын жеткізіп тұратын адамдардың қажеттігі еді.

Апталықтың 1916 жылғы 204-санында жарияланған хабар бойынша қазақ жігіттерін қара жұмысқа алу науқаны қызған шақта басылым басқармасының белді өкілі Ə.Бөкейханов Петербургтегі мұсылман фракциясы жанындағы бюро-да қызмет етіп жүрген жерінен Мəскеуге келеді. Сөйтіп, Мəскеу арқылы өтіп жатқан қазақ жұмыскерлерінің қал-жағдайын біліп, қайда бөлінгендері туралы хабарларын алып, солардың керек-жарақ, мұң-мұқтажына байланысты əкімшілік мекемелердің есігін тоздыра келіссөздер жүргізіп, нақты жəрдемдер көрсетілуіне қолқабысын тигізеді. Мəсе-лен, Земскі Одағы Бас комитетінің төрағасы князь Львов-пен болған келіссөздер нəтижесінде осы комитеттің жаны-нан қара жұмысқа алынған «бұратана» жұрттардың бөлімін ашуға қол жеткізеді. Бұл бөлім тікелей майдан тылындағы жұмыскерлердің жағдайын жақсартумен айналысып, көпте-ген игілікті істер атқарған.

Осынау сауабы мол істе Алаштың арыс азаматы жалғыз болмаған. Оның жанында қазақтың көкірек көзі ояу, оқы-ған жастары бірге қызметте болып, арқалаған жүгін тең бөлісе көтеріп əкетіскен. Атап айтқанда, Мұстафа Шоқай, Мырзағазы Есболов, Тел Жаманмұрынов, Мұса Сейдалин жəне Бекентаев сынды асыл азаматтардың осынау сын са-ғаттарда атқарған қызметтерін бөле атау керек.

Кейіннен бұл топты ардақты Алаш азаматы М.Дулатов толықтырады. Апталықтың 1916 жылғы 215-ші, 1917 жыл-ғы 229-сандарындағы жарияланымдарға жүгінсек, ол 1917 жылдың 5-ақпанында Минскідегі Земск жəне қала одақтары жанынан ашылған бұратаналар бөлімінің төрағасы Ə.Бөкей-ханов пен оның орынбасары М.Есболовтың шақыруымен

Page 177: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

жолға шығады да, Минскіге наурыз айының басында жетеді, сөйтіп сол жақтан «Қазақ» газетіне материалдарын жолдап, қазақ жігіттері мен ел арасындағы байланысты дұрыс жолға қояды.

Ə.Бөкейханов бастаған топ осылайша 1917 жылдың шіл-де-тамыз айларына дейін майдан тылындағы қазақ жігітте-рінің қасы-басында болып, мойындарына алған міндеттерін адал атқару жолында аянбай қызмет еткендіктеріне – га-зет материалдары айғақ. Бір ғана мысал, қара жұмысқа алынғандарға байланысты «Қазақ» газетінің 244-нөмірінде жарияланған ең соңғы мақалаға көңіл қоялық. Онда Мин-скіден майдан тылындағы жігіттердің ең ақырғы тобы-мен елге оралған Серік Жиенбайұлының есебі берілген: «28 шілдеде Минскідегі бұратана бөлімі жабылды. ...Бұл күнде Мəскеу мен Петроградтан басқа қалаларда бұратана жұмысшылары жоқ. Мəскеу һəм басқа қалалардан жинаған ауру, өлген бұратаналардың списіктері Тургайский облас-ной управаға тапсырылды», – деген жолдардан Алаш азамат-тарының бұл жұмысқа үлкен жауапкершілікпен қарап, оны аяғына дейін тиянақты түрде орындап шыққандығына көз жеткіземіз. Бұл – елдік үшін, елдің ертеңі үшін болған, жан-кештілікпен жүргізілген күрестің жарқын көрінісі. Оның басы-қасында «Қазақ» газеті басқармасы жəне солардың маңайына топтасқан қазақ зиялылары тұрды. Бұл жөнінен кейіннен ұлы Мұхаң, Мұхтар Əуезов А.Байтұрсыновтың 50 жылдық мүшелтойына арналған мақаласында: «Қазақ» газетінің 1916 жылғы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер білімі, саясат жолындағы қажымаған қайраты біз ұмытқанда да, тарих ұмытпайтын істер болатын», – деп жазуы дəл, əрі жоғары берілген баға. Біз зерттеу еңбегімізде соған толық көз жеткіздік деп білеміз.

Page 178: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

178

«ҚАЗАҚТЫҢ ТІРІ Я ӨЛІ БОЛУ МƏСЕЛЕСІ»

Қай заманда да жер дауын бірінші орынға қойған қазақ халқы үшін ата-бабадан қалған бай мұра – ұланғайыр дала-ны көздің қарашығындай сақтап қалу ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында ең өзекті мəселеге айналды. Бұл жөнінде Қазан төңкерісіне дейін, шын мəнінде, «халықтың көзі құлағы һəм тілі қызметін» абыроймен атқарған «Қазақ» газетінің 1913 жылғы 13-сəуірдегі санында жарияланған «Жер мəселесі» атты бас мақалада: «Бұл күнде қазақ қаже-тінің арасында ең біріншісі – жер мəселесі», – деп жазылуы бекер емес-тін. «Басқармадан» деп қол қойылған мақала ав-торы, біздіңше, Ахмет Байтұрсынұлы. Олай деуімізге екі түрлі уəжіміз бар. Біріншіден, басқарма атынан жарияланған материалдардың дені А.Байтұрсынұлы қаламынан туында-ғаны талас тудырмауы тиіс. Екіншіден, тілге тиек етіп отырған мақаладағы сөз орамдары мен жер мəселесін көтер-ген жəне астына Ахаңның «А.Б.» деген бүркеншік аты таң-баланған «Аңдаспаған мəселе» турасында» деген екінші мақаладағы сөз саптау мəнері бірі-бірімен үйлесіп, бір қолдан шыққанын соқырға таяқ ұстатқандай, анық аңғартады. Алаш ардақтысы «Жер мəселесі» мақаласында: «Қазақ қажетінің ең біріншісі – жер мəселесі, – деген пікір айтады. – Əркім жер деген сөзді жеңіл түсініп жүрген секілді. Бұл терең ой-лап, тексере қарайтын іс», – деп өрбітіп, жер мəселесінің ма-ңызын айшықтап берсе, «Аңдаспаған мəселе» турасында» атты мақаласында осы ойды: «Қазіргі қазақ мəселелерінің ең зоры – жер мəселесі. Бұл – қазақтың тірі я өлі болу мəселе-сі, – деп түйіндеп, мынадай қорытынды жасайды: Бұл тура-сында түсініп жетпей қателесіп, қазақты теріс жолға сал-ғанымыз – 5 миллион адамның обалын мойнымызға жүктеге-німіз. Сондықтан бұл турасында қазаққа ақыл айтқанымыз қазақ та һəм басқалар да қате ұқпастай етіп, анықтап ашып сөйлегеніміз абзал»1. Екі мақалада да мəселенің көтерілуі мен оны жеткізу жолдары жəне ой үйлесімдігі біріне-бірі

1 Байтұрсынов А. «Аңдаспаған мəселе» турасында. // Қазақ, 1914, 31-қаңтар.

Page 179: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

179

қатты ұқсап, сөз жүйесі қайталанып тұрғандықтан да бір қолдан шыққаны еш талас туғызбауы тиіс.

ХХ ғасыр басында қазақ даласында жер мəселесінің осын-шалықты ушығуының себебін іздегенде оған толыққанды жа-уапты Алаш публицистикасынан табарымыз хақ. Осы орайда, публицистиканың тарихи құндылығы туралы құнды ой туа-ды. Ұстазымыз, профессор Т.Амандосовтың: «Публицисти-ка – өмірдің сырлы суреті. Публицистика арқауы – шындық... Публицистика – адамдар арасындағы əлеуметтік, саяси-эко-номикалық, өндірістік, ғылыми жəне рухани, тағы басқа құ-былыстарын, өмір фактілерін байыптап түсіндіріп береді»1, – деген ғылыми тұжырымын негізге алсақ, қазақ көсемсөзінің ел тарихын түгендеудегі мəн-маңызы айшықтала түседі. За-ман тарихы, қоғам шындығы, өмір шежіресі болғандықтан да көсемсөзді тарихшылар ғылыми зерттеулеріне дерек көзі ретінде пайдаланып, тарихи қорытынды жасауға негіз етіп жүргені жаңалық емес. Айталық, Алаш қозғалысы тарихын терең қазып, көзіқарақты оқырманға құнды еңбектер ұсынған алаштанушы ғалымдар М.Қозыбаевтың, К.Нұрпейісовтің, М.Қойгелдиевтің, т.б. зерттеушілердің еңбектерінде Алаш баспасөзі жарияланымдарының басым орын алатынын ешкім жоққа шығара алмайды. Оның себебі де түсінікті. Өйткені, «публицистика нақтылы өмірден орын алып отырған мəнді оқиға-фактілер төңірегіндегі пікірді қозғап, сол туралы дұрыс ұғым қалыптастыруға ықпал жасайды. Яғни, публицисти-ка – фактінің, нақты оқиғаның жанры».2 Бұдан түйер ой – нағыз көсемсөз шеберлері өз заманы мен қоғамының тыныс-тіршілігін өшпестей етіп қаз-қалпында тасқа қашап жазып, ұрпаққа аманаттап қалдыратын тұлға болғандықтан да олар-дың еңбектерін тұнған шежіре деп қарастыруға болады.

Публицистиканың тарихи құндылығын айшықтайтын ғылыми тұжырымымызды Алаш көсемсөз шеберлерінің жер туралы жеріне жеткізе жазған публицистикалық құнды еңбектері дəлелдейді.

1 Амандосов Т.С. Совет журналистикасының теориясы мен практика-сы. – Алматы: Мектеп, 1978. – 128 б.

2 Қожакеев Т. Жас тілшілер серігі. – Алматы: Рауан, 1961. – 127 б.

Page 180: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

180

«Қалмақтармен ұзақ та сұрапыл ұрыстардан кейін, əке-лер қанының өтеуімен азат етілген атамекенін өз меншігі деп есептеген қазақтар орыстың қарамағына кіргенде, ол мемле-кет халық меншігіне қол сұға қояды деп ойлаған жоқ еді. Ал сол кезде-ақ орыс мемлекеті ешқандай дəлел-себепсіз күштінің құқы жүреді деген қағидаға сай, барлық қазақ жері мемлекеттік меншік болып танылады деген заңды бекітіп, соның нəтижесінде қазақ даласына (орыс шаруаларының – С.Қ.) қоныс аудару қозғалысы басталды. Ең шұрайлы жер-лер қоныс аударушыларға кертіліп біріліп, ең нашар жер-лер қазақтарға қалды. Əрине, жердің бұлай сапалық жəне сандық жағынан азаюы малшы қазақтардың тұрмыс халіне əсер етпей қойған жоқ. Соңғы кездері халықтың айрықша байқала түскен жарлылануы да дəл осы ешқандай төлемсіз жəне байырғы халықтың шаруашылығына айқын зиян кел-тіре отырып, шұрайлы жерлерді күшпен тартып алумен тү-сіндіріледі»1.

Бұл – Семей облысы, Қарқаралы уезі қазақтарының Пат-шалық Ресейдің Министрлер Кеңесі төрағасына 1905 жылдың 26-маусымында жолдаған атақты арыз-талаптан (петиция-дан) үзінді. Тарихта Қарқаралыдағы Қоянды жəрмеңкесіне қатысушылар қол қойған арыз-талап болып таңбаланған пе-тицияның «мəтінін профессор М.Қ.Қойгелдиевтің орыс тілі-нен қазақ тіліне аударған»2 нұсқасынан алынған үзінді отар-лау саясатының салдарынан əбден ушыққан жер мəселесі ту-ралы халықтың жанайқайынан сыр тарқатады. Сонысымен де əрі тарихи шынайы дерекке негізделіп жазылғандықтан да оны публицистикалық мұра деп қарастырған дұрыс.

Өкінішке қарай, аталған атақты арыз-талаптың түпнұс-қасы осы күнге дейін табылмағаны көңілге қаяу салады. Бұл туралы Алаш қозғалысы құжаттары мен материалдары жинағын құрастырушылар: «Нақты құжаттың түпнұсқа-сы табылмады. Құжаттың қазақ тіліндегі мəтіні болуы мүм-

1 Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. – Алматы: Алаш, 2004. – 489 б.

2 Бұл да сонда, 488 б.

Page 181: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

181

кін»,1 – деп жазып, зерттеушілер назарын аудартқанын орын-ды ескертпе деп есептейміз. Арыз-талаптың түпнұсқасы та-былмағандықтан оған қол қоюшылардың саны туралы дерек-терде бірізділік байқалмайды. Мəселен, жоғарыда сілтеме жасалынған жинақтың өзінде бір жерде: «Подлинная за под-писками 12767 лиц»2, – деп көрсетілсе, екінші жерде: «Летом грамадное совещание было устроено в Семипалатинской обл. Каркаралинскому у. На Куяндинской ярмарке, здесь подпи-сались 14,5 тысячи человек под знаменитой петицией»3, – де-ген дерек келтіріледі. Осы дерек Алаш публицистикасы-на талдау жасаған өзге бір ғылыми еңбекте: «Қарқаралы петициясының мəтінінде Ахаң қолтаңбасы айқын көрінеді. А.Байтұрсынов дайындаған саяси құзырхатқа 16500 адам қол қойып Санкт-Петербургке жіберілді»4, – деп беріледі. Үш түрлі дерек үш түрлі санды көрсетеді. Қайсысы шындыққа сай? Бұл сұраққа жауап беру болашақта тарихшылар енші-сіндегі міндет деп білеміз. Ел тарихында аса зор мəнге ие құжат туралы деректің алуан түрлі болуы оған көлеңке тү-сіріп қана қоймай, сенімсіздік туғызады. Сондықтан тари-хи құжат туралы деректі бірізділікке түсіру маңыздылығы айтпаса да түсінікті. Жалпы, ел тəуелсіздігі жолындағы ұлт-азаттық күрес шежіресінен ойып тұрып орын алатын құны өте қымбат тарихи жəдігеріміздің түпнұсқасын іздеп та-уып, ел мұрағаты мен музейлерінен орын сайлайтын болсақ, ұрпақ танымы мен тағылымын арттыруға үлес қосқан іс бо-лар еді. Бұл да келешек зерттеушілер назарын өзіне аударуы тиіс.

Тарихшылар Алаш қозғалысы тарихы осы Қоянды жəр-меңкесіне қатысушылар атынан даярланып, 12767 кісі қол қойған (бұл жерде жоғарыда сілтеме жасалынған Алаш қозғалысы құжаттары мен материалдары жинағындағы дерекке жүгініп отырмыз), 1905 жылғы 26-маусым күні

1 Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. – Алматы: Алаш, 2004. – 488 б.

2 Бұл да сонда, 39 б.3 Бұл да сонда, 52 б.4 Жақып Б. Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары. –

Алматы: Білім, 2004. – 166 б.

Page 182: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

182

Санкт-Петербургке, Ресей Министрлер комитеті төрағасына жолданған атақты арыз-талаптан бастау алады деген қоры-тындыға келеді. Осы ғылыми тұжырымды негізге ала оты-рып, біз де Алаш публицистикасы тарихын сонымен бай-ланыстыра қарастырғанды дұрыс санаймыз. Бұл турасында «Алаш публицистикасын кезеңдеу мəселелері» атты бөлімде арнайы терең əңгіме өрбітілетін болғандықтан, ол туралы əңгімені осымен əзірге шектейміз.

Қаймана қазақтың көкейтесті мəселелерін паш еткен мұн-дай арыз-талаптар қазақ даласының барлық өңірінен сан мыңдаған кісілердің қол қоюымен Патшалық Ресей өкіметіне тұс-тұстан жолданғанын назардан тыс қалдыруға болмай-ды. Алаштың көрнекті көсемсөз шебері М.Тынышбаевтың 1905 жылы 19-қарашада Санкт-Петербургкте Автономис-тер одағы құрылтайында жасаған «Қазақтар жəне азаттық қозғалысы» атты баяндамасында: «Сын Отечества» газетінің 11-қарашадағы санында Семей жəне Павлодар уездері қазақ-тары мен татарлары атынан (граф Виттеге жоданған) зорлық-зомбылыққа өткір қарсылық көрсеткен жəне үкіметтің уəде-сіне сенімсіздік танытқан телеграмма жарияланған.

Ақмола облысы қазақтары да бастарына төнген түрлі қа-уіп-қатерге қарамастан, табанды əрекет танытты. Осы қоз-ғалыста қазақтар арасынан бюрократиялық тəлкекке қатты ұшыраған Дала өлкесі тұрғындары айрықша күш көрсетті, 25 мыңнан аса кісі əртүрлі арыз-талаптарға (петицияға) қол қойды. Енді генерал Сухотинге барлық қазақ тұрғындарын Сібірге жер аударып, жансыз далаға патшалық етуден басқа жол қалмады. Семей облысындағы халықтық қозғалыс Же-тісуға жетті: «Лепсі қазақтары үкіметтің сасық саясатына қатты қарсылық танытып, өз талаптарын білдірген, 1000 кісі қол қойған арыз-талаптарын жолдары... Бұлардың арасынан, əсіресе, Орал жəне Торғай облысы қазақтары қозғалысын айрықша атап өтпеуге болмайды (Орыс тілінен аударған – С.Қ.)»1, – деп жазып, атақты Қоянды жəрмеңкесі арыз-тала-бынан басқа да наразылық шаралы көп болғаннан мəлімет келтіреді.

1 Тынышбаев М. Таңдамалы. Избранное. Құрастырған жəне алғы сөзін жазғандар Г.Жүгенбаева мен Б.Байгалиев. – Алматы: Арыс, 2001, – 30 б.

Page 183: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

183

Аталған арыз-талаптардың қай-қайсысы да жер мəселесін бірінші орынға қойғаны дəлелдеуді қажет етпейді. Өйткені, қазақ халқының экономикалық жағдайы жермен тығыз бай-ланысты болатын: «Мал күйлі болса, қазақ та күйлі, өріс шұрайлы болса, қазақтың жүзі де шырайлы. Мұнда дала – малды, мал – қазақты асырайды»1, – деген ұстаным тіршілік заңына айналған еді. Осыны негізге ала отырып даярланған құзырхатта Қоянды жəрмеңкесіне қатысушылар Ресей Ми-нистрлер комитеті төрағасына жер мəселесіне қатысты мы-надай батыл талаптар қояды: «...4. Дала өлкесін отарлау жүріп жатыр. Жыл өткен сайын қазақтардың иелігіндегі жер азайып келеді. Қоныс аударушылар телімдеріне деп ең шұрайлы жерлер мен тұщы сулы алқаптар тартып алынуда. Сондықтан да қазақтар иеленіп отырған жерлерді олардың (қазақтардың – С.Қ.) меншігі деп тану шарт.

5. Мемлекеттік мүлік басқармасы Дала өлкесінде қазы-наның иелегіне жер бөлу үстінде қазақтарды өздерінің ата-баба қыстауларынан қуып шығуда. Осы тұрғыда, жерді ме-желеп бөлу кезінде қазақтардың өз қонысынан қуылмағаны, олардың тікелей қатысуымен қазына жері мен екі арадағы қашықтық шамасын өздері анықтайтын қорғаныс белдеулері қалдырылуы қажет.

6. Қазіргі «Далалық Ереже» қазақ өмірінің бүгінгі қалпы-на сəйкес келмейді. ...Сондықтан да қазақтардан құралған депутаттардың қатысуымен «Далалық Ереже» өзгертілуі қажет».2

Əрине, Қарқаралыдағы Қоянды жəрмеңкесіне қатысушы-лар атынан даярланған арыз-талап мəтінін жеке тұлғалар əзір-легені дау туғызбайды. Алаштанушы ғалым С.Өзбекұлының зерттеуіне жүгінсек, Ахмет Байтұрсынов пен Жақып Ақбаев-тың осы міндет төрінен көрінгеніне көз жетеді.3 «Ақаңның 50 жылдық тойы» атты портретті очеркінде М.Əуезов те, аталған арыз-талапта Ахмет Байтұрсынұлының қолтаңбасы бар екенін

1 Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. – Алматы: Алаш, 2004. – 488 б.

2 Бұл да сонда, – 490-491 бб.3 Өзбекұлы С. Арыстары Алаштың. – Алматы: Жеті жарғы, 1998. – 28 б.

Page 184: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

184

ашып көрсетеді: «1905 жылы Қарқаралыда Ахаңмен біраз оқығандар бас қосып, кіндік үкіметіне қазақ халқының аты-нан петиция жіберген. Ол петициядағы аталған үлкен сөздер. Бірінші – жер мəселесі, қазақтың жерін алуды тоқтатып, пере-селендерді жібермеуді сұраған. ...Петициядағы тілек қылған ірі мəселелер қазақ баласының дертті мəселелері болғандықтан, Ахаңдар бастаған іске қыр қазағының ішінде тілеулес кісілер көп шыққан, көпшіліктің оянуына себепші болған».1 Бұл жол-дар жоғарыда біз айтқан «арыз-талаптардың қай-қайсысы да жер мəселесін бірінші орынға қойған» деген пікірдің негізсіз емес екенін дəлелдейді.

Қоныс аударушы орыс шаруаларын орналастыру үшін қазақтың ең шұрайлы жерлері тартып алынып жатқанын айыптаған шағым-арыздар жеке кісілер атынан да хат бо-лып кіндік үкіметке жолданғанын мұрағат материалдары айғақтайды. Мəселен, Ақмола облысы Көкшетау уезі Жылан-ды болысының тұрғындары Мұстафа Илинов пен Байдүйсен Оразаевтың атынан Ресей Жер ісі жəне мемелекеттік меншік министріне жолданған жерді əділ бөлу туралы өтініш хат сақталған. Хатта өтініш иелерінің сөздерін қағазға түсірген демалыстағы казак Алексей Портняжев екені жазылған. Со-нымен бірге хат иелерінің өтініш сұрауымен Василий Глу-хов деген азамат қол қойғаны айтылады.2

Біздің назарымызды өзіне ерекше аудартқаны – хаттың жазылған мезгілі. Арыз-тілек 1901 жылдың 4-сəуірінде жолданғаны – оның мəн-маңызын арттыра түсетін дерек. Де-мек, Алаш публицистикасы кезеңі 1905 жылдың 26-маусы-мындағы атақты Қоянды жəрмеңкесіндегі арыз-талаптан емес, осы жеке тұлғалардың хаттарынан бастау алады де-ген сөз. Бұл «Алаш публицистикасын кезеңдеу мəселелері» бөлімінде таратыла талданатын болады.

Қос беттік шағын хатта қазақ даласындағы жер мəселе-сінің түйткілді жайлары таратыла баяндалады.

1 Əуезов М. Ақаңның 50 жылдық тойы. // Ақ жол. 1923 жылдың 4-ақ-паны.

2 Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. – Алматы: Алаш, 2004. – 26 б.

Page 185: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

185

«Есте жоқ ерте заманнан пайдаланып келе жатқан жер-лерімізді тартып алу кейінгі кездері жыл сайынғы əдетке айналды. Бізге беймəлім өлкелерден көшіп келіп жатқан қоныс аударушы шаруаларға жер кесіп беру салдарынан біздің қоныстарымыз тарылып барады, оның есесіне жер-ге деген қажеттілігіміз еселеп өсу үстінде: жан жəне мал саны артуда, бұрын тұтынып көрмеген қажеттіктер тууда, мысалы, қыстап шығу үшін өзімізге нан, малымызға жем-шөп дегендей, оның үстіне, салықтың түр-түрі үздіксіз өсіп барады (орысшадан аударып, алғаш пайдалануда – С.Қ.)», – деп басталатын шағым хатта жиырмасыншы жүз-жылдық табалдырығынан жаңа аттаған қазақ халқының ауыр күйі ашық айтылады. Бұдан əрі хат иелері жергілікті жұрт орыс қоныс аударушыларына жасалынып жатқан жақ-сылықтардың бірін де көрмей отырғандығын, оларға ең құ-нарлы жерлер бөлініп берілсе, өздері сусыз-нусыз, тау-тас-ты жерлерге ығыстырылу үстінде екенін айыптап: «Бізге қазірдің өзінде өмір сүру өте қиындап кетті, ал осы талғажау етіп отырған жерлерімізден айырылсақ, онда күйіміз не бо-лады?!» – деген мұң-зарларын сыртқа тоғытады.

Шағын хатта қаймана қазақтың қайыршылық күйге тү-суінің, жылдан-жылға жатақтардың (малсыздардың) көбе-йіп бара жатуының себебін жердің тарылуынан деп дəл түсіндіріледі. Отарлау саясатының «нəтижесін»: «Біздің атақонысымыз болған жерлерде Максимовка (1890), Вла-димировка (1878), Новгородок (1897) жəне басқа да ауыл-дар (поселкелер) пайда болды. Өткен 1900 жылы жазда мемлекеттік іс жүргізші Уминов-Велицкий Тақыр-Жыланды (Жалтыр) қыстағындағы қоныс аударушыларға бөлінген жер маңайынан бізге қарайтын Жалтыр-Су қыстағын кесіп алды», – деп, деректерге жүгіне отырып, нақты дəлелдейді.

Жер мəселесіндегі осындай əділетсіздіктерді ашық айып-таған хат иелері Ресей министрінен өтініштерін аяқсыз қалдырмай, қамқорлық танытуын сұрайды: «Жоғары мəр-тебелім, Сізден қоныс аударушыларға алынады деп қарас-тырылып жатқан Жалтыр-Су, Үй-тас қыстақтары мен Кү-тем-Қыс (Бұлақ зират), Жан-тамыр, Шетен-Адыр, Өр-шие-

Page 186: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

186

лі (Ур-челі) өзендерін, Новгородтан Қара-суға дейінгі ара-лықты біздің меншігімізде қалдыруға тапсырма беруіңізді сұраймыз. Бар өтінеріміз осы. Онсыз тіпті тарлық көріп, өмір сүруіміз мүлдем қиындап кетеді», – деген жолдар де-ректілігімен жəне жиырмасыншы жүзжылдық басындағы қазақтың мүшкіл халін баян етуімен құнды. Осынысымен де публицистиканың ауыр жүгін арқалап тұрған туынды деп қарастырғанымыз тарихи əділеттіліктің салтанат құруы, яғни аты аталған азаматтардың бастарын бəйгеге тіккен еңбектерін бағалау деп білеміз.

Алаш азаматтарының жер мəселесі туралы публицис-тикалық еңбектерін талдағанда көрнекті қоғам қайраткері Мұхаметжан Тынышбаевтың 1905 жылдың 20-маусымын-да Ресей Министрлер комитетінің төрағасына жазған хатын бағаламау қиянат болар еді. Санкт-Петербург қаласындағы І Александр атындағы Теміржол транспорты институтының студенті қазақ халқының басына түскен ауыртпалықты ашы-на жазып, метрополия тарапынан зорлық-зомбылықтың тоқ-татылуын талап етеді. Жас қайраткер көтерген қазақтың көкейтесті мəселелерінің ішіндегі ең соқталысы – жер дауы. Бұл жөнінде заңсыздықтың етек жайғанын былай дəлелдеуге тырысады: «Уақытша ереженің» (1868 жылы қабылданған қа-зақ даласын басқару туралы заңдық күші бар құжаттың – С.Қ.) 125 жəне 129-тармақтары бойынша қазақтардан бос жатқан артық жерлерді ғана алуға болады. Құрылыс салынып жатқан, бау-бақша егілген, басқа да игерілген жерлер жеке меншікке теңестірілген. Ал, шын мəнінде, бізден ең тəуір жерлер: қыстаулар, жайлаулар, шабындықтар, құрылыс жəне бау-бақша орындары тартып алынуда. Қазақтардың мұндай жерлері артық жəне бос жатыр деп айтуға ауыз бармайды. Қазір ондай жерлер басқаларға бөлініп берілуде, соның сал-дарынан жерден тапшылық көрген қазақтар оған көнгісі келмей, қарсылық танытуда, нəтижесінде бітпейтін дау-да-май, ұрыс-керіс, тіпті өлім-шығын орын алуда» (Орысшадан алғаш аударылып пайдалануда – С.Қ.).1

1 «Қазақ» газеті. Құрастырушылар: Ү.Сұбханбердина, С.Дəуітов, Қ.Сахов – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. – 20 б.

Page 187: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

187

Көсемсөз қоғамдық маңызды мəселені көтеріп қана қой-май, оны шешудің жолдарын іздестіруімен де бағаланаты-нын ескерсек, М.Тынышбаевтың эпистолярлық публицис-тикасында бұл жай қалыс қалмаған: «Біз, қазақтар, есте жоқ ерте замандардан өз жерімізді иеленіп келеміз. Орыс қоластына өз еркімізбен, еш қантөгусіз өткенде ең құнды жерімізден айырылу үшін, əділетсіздік пен зорлық-зомбы-лықты көру үшін емес, арамызда тыныштық жəне бейбіт за-ман орнасын, қысымшылықтан қорғасын деп қамдандық. Сондықтан да тарихи əділеттілік қыстаулар мен жайылым-дарды, шабындықтарды келімсектерге беретін аудан шека-расынан шығарып тастауды талап етеді. Егер бос жатқан артық жерді қоныс аударушылар қажетіне беру лажсыз ке-рек болса, ондай жерлер қазақ қоғамының шешімімен, тек солардың келісімімен жайлаулардан бөлінуі тиіс»1, – деген жолдар ХХ ғасыр басында қазақ даласында аса күрделене түскен жер мəселесін шешудің нақты тетіктерін ұсынуымен құнды.

Орысшадан қазақ тіліне алғаш аударып, тұңғыш ғылы-ми айналымға біз енгізіп отырған М.Тынышбаевтың эпис-толярлық жанрдағы тырнақалды туындысы тарихи шындық-ты жайып салуымен ерекшеленеді. Жиырма бес жасар сту-денттің қалың елі қазағының қамын жеп, батыл қадам жа-сауы – Министрлер комитетінің төрағасына ұлт намысын жыртып, хат жолдауы тарихи ерлік деп бағалануы тиіс.

Тілге тиек етіп отырған тарихи хатында публицист жаңа жүзжылдық басында «қазақтың тірі я өлі болу мəселесінің» соншалықты ушыға түсуінің түпкі себебін дөп басып тани білген. Ол – метрополияның отарлау саясатын заңдастыру мақсатында 1868 жылы 21-қазанда патша өкіметі бекіткен «Орал, Торғай, Ақмола жəне Семей облыстарын басқару жөніндегі Уақытша Ереже».

Алаш ардақтысы Міржақып Дулатов кейіннен «Тарихи жыл» атты маңызы айрықша мақаласында: «Қазақ халқының өткен дəуіріне айналып қарасақ түрлі тарихи зор уақиғалар, өзгерістерді бастан кешіргенін көреміз:

1 Бұл да сонда, – 21 б.

Page 188: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

188

– Қазақ-қалмақтың жауласқан заманы;– Ақтабан шұбырынды;– Россияға бағынған шағымыз;– Кенесары заманы;– Қоқан заманы;– 1868 жылғы жаңа заңның шығуы»,1 – деп жазып, осы

«Уақытша Ереженің» күшіне енуін «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманымен тең қоюы бекер емес-тін. Ұлы империялық кеселге шалдыққан Ресей патшалығы осы заңды негізге ала отырып, орыс шаруаларының қазақ дала-сына жаппай қоныс аударуын қолға алды. Бұл ұшы-қиырсыз қазақ жерін империяның географиялық құрамдас бөлігіне айналдыруды көздеген патшалық əкімшілік үшін аспаннан іздегені жерден табылғандай жол болды. Мұны шұғыл əрі ауқымды жүзеге асыру арқылы патша үкіметі мынадай үш түрлі пайда тапты:

Біріншіден, «қара шаруа переселендерін сыртқа көбірек жіберіп, Орталық Ресейдегі жер дағдарысынан құтылмақ болды».2

Екіншіден, ішкі Ресейдегі етек алып бара жатқан шар-уалар көтерілісін осылай тұншықтырып, елдегі саяси ты-ныштықты қамтамасыз ету арқылы отандастары алдында жоғалып бара жатқан абырой-беделін қайтарып, жақсыатты көрініп қалу үшін де ұтымды саясат еді.

Үшіншіден, жəне бұл ең негізгісі, орыс шаруаларының қоластындағы ел территориясына кең жайыла орналасып, жергілікті жұртты тықсыра қоян-қолтық аралас отыруы отар-лау, яғни орыстандыру саясатын батыл əрі қалауынша емін-еркін жүргізуге қолайлы жағдай туғызады деген мысық тілеуі күткендегіден да артық «жемісін» бере бастады. Оған мынадай тарихи мəліметтер айқын дəлел. «1917 жылға де-йін Қазақстанның 45 млн. гектарға жуық жер көлемі қазақ-тардың иелігінен казак-орыс əскерінің, қоныс аударушы

1 «Қазақ» газеті. Құрастырушылар: Сұбханбердина Ү., Дəуітов С., Сахов Қ. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. – 356 б.

2 Аспандиярұлы С. Қазақ тарихының очерктері. – Алматы: Қазақстан, 1932, – 21 б.

Page 189: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

189

орыс жəне басқа еуропалық шаруалардың, сондай-ақ, пат-шалық мемлекет мекемелерінің пайдалануына өткен».1 Бұл кесіп алынған жерлер топырағы ең құнарлы, сулы да нулы, шұрайлы аймақтар екендігі бесенеден белгілі.

Қара шекпенділердің қазақ даласына сеңдей тоғытылуы, əсіресе, ХХ ғасыр басында өте жоғары қарқын алды. Мы-салы, 1896-1905 жылдар аралығында Ақмола, Торғай, Орал жəне Семей облыстарына ішкі Ресейден 294296 шаруа қоныс аударса, ол 1906-1910 жылдары 770 мың жанға өскен.2 Əрине, бұл жағдай қазақ облыстары тұрғындарының ұлттық құрамына кері əсерін тигізгені даусыз. Тарихи дерекке жүгінсек, 1905 жылдан 1910 жылға шейін қоныс аударушы келімсіктердің қатары екі еседен артық өссе, оның есесіне, жергілікті ұлттың үлес салмағы 12,9 пайызға кеміген.3

Алаш қайраткерлерінің публицистикалық мұралары пат-шалық Ресей өкіметінің қазақ даласына мақсатты түрде жүр-гізіп отырған осындай отарлау саясаты зардаптарын ег-жей-тегжейлі талдап, жеріне жеткізе жазып, əшкерелеуімен бағалы. Жоғарыда халық наразылығының нақты көрінісі ре-тінде метрополияның зорлық-зомбылығына қарсы жолдан-ған арыз-талаптар көптігі туралы мəлімет келтірген М.Ты-нышбаевтың 1905 жылғы 15-қарашада Санкт-Петербургте ұйымдастырылған Автономистер құрылтайында жасаған «Қазақтар жəне азаттақ қозғалысы» атты баяндамасынан үзінді келтірген болатынбыз. Эпистолярлық публицисти-ка үлгісіндегі осы тарихи еңбегінде Алаш қайраткері отар-лау саясатының ойранына айналған қазақ даласы мүшкіл жағдайының себеп-салдарын айқара ашып көрсетеді. «Одақ мүшелеріне (бұл жерде əңгіме Автономистер одағы туралы – С.Қ.) Ресейде əлі таныла қоймаған халық өкілдерімен жұмыс істейтін болғандықтан қазақтар туралы, оларды басқару жүйесі туралы, қазақ даласындағы жағдайдың басты себебіне айналған саяси, рухани, діни жəне экономикалық қаналу ту-

1 Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы: Санат, 1995, - 50 б.2 Тұрсынбаев А.Б. Из истории крестьянского переселения в Казахстан.

– Алма-Ата: Издательство АН Каз ССР, 1950, – 34 с.3 Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы: Санат, 1995.

Page 190: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

190

ралы мəлімет бере кетуді дұрыс санаймын»,1 – деп бастала-тын баяндамасында публицист ХХ ғасыр басындағы Алаш баласы басындағы тауқыметті тарата талдайды.

Осы жерде аталған Автономистер одағы туралы қысқаша мəлімет келтіре кеткенді дұрыс көреміз. Бұл қоғамдық-саяси ұйым Ресей империясы құрамындағы ұлттар мен ұлыстардың еркіндігін қамтамасыз ету үшін поляк ғалымы Б.А.Бодуэн де Куртенэнің ұйымдастыруымен ХХ ғасыр басында, нақты айтсақ, 1905 жылдың қарашасында құрылған. Одақтың құ-рылуы Ресей империясы қоластындағы халықтардың еркін-дік жолындағы күресте бірігуіне ықпал еткен ірі саяси оқиға болды. Жалпыресейлік мұсылман қозғалысы атынан А.Ибраимов, А.Топчибашев, С.Жантөрин секілді қайрат-керлер қатысқан. 1905 жылдың 19-қарашасында ұйымдас-тырылған жəне М.Тынышбаев баяндама жасаған Автоно-мистер құрылтайына поляк, əзербайжан, армян, грузин, бе-лорус, украин, еврей, латыш, татар, қазақ халықтары атынан 83 өкіл қатысқан. Құрылтай Ресей империясы халықтарының барлығы бірдей Республика негізінде мемлекет құруға қа-тысуы тиіс деген қаулы қабылдаған. Олар Ресей əр ұлттың дербес автономиялық басқаруын қамтамасыз ететін федера-циялық мемлекет болуы қажет деп санаған. Сол үшін де «ав-тономистер» саяси қуғын-сүргінге ұшыраған.2

М.Тынышбаевтың баяндамасы танымдық маңызы өте жоғары тарихи деректерге негізделуімен жəне қара қылды қақ жарған əділ əрі өткір тілде жазылуымен оқушысын еліктіріп, елітіп əкетеді. Мұны публицистің шеберлік қыры ретінде қарастыруымызға əбден болады. Сөзіміз құрғақ бол-мауы үшін баяндамадан тағы үзінді келтірсек, оған көзіңіз анық жетеді: «Ақмола, Семей, Жетісу, Торғай, Орал, Сыр-дария, Каспийдің бір бөлігі, Самарқан жəне Ферғана об-лыстары мен Əмудария бөлімін, Астрахан губерниясының қазақ-қайсақ аталатын Бөкей ордасын мекендейтін қазақ

1 Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. – Алматы: Алаш, 2004. – 47 б.

2 Қазақстан: ұлттық энциклопедия. – Т.1. – Алматы: Қазақ энциклопе-лиясының Бас редакциясы.

Page 191: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

191

көшпенділері 1897 жылғы жалпыхалықтық санақ бойынша 4 100 000 жан деп есептеліп, Ресейде 6-орынды иемденеді (1-великоростар – 55,7 млн., 2-малоростар – 22,5 млн., 3-по-ляктар – 8 млн., 4-беларустар – 5,9 млн., 5-еврейлер – 5 млн.).

Əрине, бұл сан шындыққа толық сəйкес емес: кейінгі уақытқа дейін қазақтарда метірке деген болмаған, ол қазір де көп жерде жоқ. Санақ кезінде қазақтар біржола босат-қанына қарамастан үкімет əскери борышкер етуге əзірлік жасауда деп қорқып, балаларын жасырып қалды. Торғай облысы əкімшілігінің бұрынғы кеңесшісі И.Крафт қазақтар 6 миллион деп санайды. Қазақтардың тарихы мен тұрмыс-тіршілігінің білгірі саналатын Я.Я.Полферов 5,5 милли-он деп есептейді, меніңше, осы сан шындыққа жанаса-ды (орысшадан аударған – С.Қ.)»,1 – деген жолдар тарихи деректілігімен құнды.

Тарихи баяндамасында Тынышбаев қазақ халқы үшін ең маңызды мəселе, сөз жоқ, жер дауы екенін: «Жер мəселе-сі – қазақтар үшін, сөз жоқ, ең маңыздысы», – деп жеткізіп, Алаш жерінің талан-таражға түсіп жатқандығы туралы шындықты құрылтайға қатысушылар алдына жайып сала-ды. Орыс тіліне жетік публицист стиліне тұщына қану үшін қазақшаға аудармай үзінді келтірейік: «Лет 20 тому назад местные администраторы-генералы, по выражению Я.Я.Полферова, «кликнули клич», и доклады о колониза-ции киргизских (казахских – С.Қ.) степей стали поступать один за другим. По ходатайству губернаторов переселенцам предоставляли всякого рода льготы, чтобы только они пона-ехали и заняли богатый, сказочный край; и вскоре пересе-ленческие обозы в безчисленном количестве потянулись по степным дорогам, разыскивая удобные места для поселений. С проведением Сибирской железной дороги волна пересе-ленного движения увеличилась. Правительство отбирает все новые и новые участки, туземное населения фактически лишается удобных земель, годных для пастбищ и земледе-лия. Киргизы жмутся друг к другу; из-за земель происходят

1 Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. – Алматы: Алаш, 2004, – 47 б.

Page 192: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

192

«споры», драки и убийства. Киргизов обвиняют, что они от скотоводства не переходят к земледелию, но в предоставляе-мых в их распоряжение голых степях и песках не могут жить не только люди, но и звери. Теперь районы пастбищ силь-но сократились, благодаря чему киргизы уже принуждены оставить привычку частых передвижений для поправления скоты. Леса, под защитой которых зимою паслись стада на подножном корму, уже отняты. Собирать сенные запасы на зиму неоткуда. Снежные бураны в степи, гололедица и падеж скота стали учащаться, и статистика прогрессивного падения скотоводческого хозяйства киргизов прямо-таки невероятна. Земледелием заниматься больше почти негде. Отсюда понятно, почему теперь киргизский народ идет та-ким быстрым темпом по наклонный поголовного обнища-ния и принужден повторить в скором времени историю пов-семестных голодовок и вымирания не менее несчастных со-седей – башкир.

...Вот в общих и кратких чертах политика правительства, приведшая весь, киргизский народ в состояние поголовного бесправного степного пролетариата!».1

ХХ ғасыр басында жер үшін күрес не себепті «қазақтың өлі я тірі болу мəселесіне» айналғанына М.Тынышбаев ба-яндамасында толық жауап беріліп тұрғандықтан да одан мейлінше молырақ үзінді келтіруге тырыстық. Автордың мəселені құрғақ баяндамай, деректерге жан бітіре сөйлеуі, мəселенің мəнісін терең зерттеп, жан-жақты аша білуі, сезім қылын шертетін сөздерді ұтымды пайдаланып, авторлық по-зициясын айқын білдіруімен бірге өз ойын көпшілік пікіріне айналдыра алу қабілеті көсемсөз өнерінің хас шебері екенін көрсетеді. Ең бастысы, тұла бойында тұнған талантын туған елінің қамы үшін еңсере пайдаланып, «басқа пəле – тілден» деп тосылып қалмай, батыл ойын ортаға салуға саналы түрде баруы көсемдік табиғатын танытады.

Жиырмасыншы жүзжылдық елең-алаңында Алаш пуб-лицистері жер мəселесін қоғам талқысына салудың бар мүм-

1 Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. – Алматы: Алаш, 2004, – 50-51 бб.

Page 193: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

193

кіндігін сарқа пайдаланғанына кəрі тарих куə. Ел сөзін сөйлеп, ұлт сойылын соғатын баспасөз, қазіргі тілмен айт-қанда, бұқаралық ақпарат құралы əлі шыға қоймаған заман-да ол оңай болмағанын бүгінде екінің бірі біле бермейді. Қалың елі қазағына сөзін жеткізер ақпарат құралы жоқ деп қол қусырып қарап отырмай, қазақ зиялысы шарқ ұрып жол іздеп, түрлі амал-əрекет қамында болғаны ұлт тарихында бағаланбақ тұрмақ, айтылмай келеді. Абай ақынның əйгілі «Қара сөздері» сондай ізденістің жемісі екеніне ешқандай шүбəміз жоқ. Ұлт ұстазы «Бірінші сөзінде»: «... енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз?» деп өзіне-өзі сұрақ қойып, оған мынадай жауап берген жоқ па еді: «Ақыры ой-ладым: осы ойыма келген нəрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзіміздікі дедім де, ақыры осыған байландым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ».1 Осы жолдарды оқып отырғанда, егер Абай заманында «Айқап» не «Қазақ» ба-сылымы шығып тұрған болса, осы сөздер сөзсіз солардың бетінен ойып тұрып орын алып, бұдан да басқа қаншама публицистикалық құнды мұра еншілейтін едік-ау деген ой туғанын жасыра алмаймыз. Бұдан мынадай түйін түюге бо-лады: Абайдың «Қара сөздері» жалпыұлттық баспасөзі пай-да бола қоймаған қазақ қоғамы үшін ой салудың дара амалы деп қарастыруға зерттеушілер баса назар аударса дейміз.

Жоғарыда əңгіме өзегі болған арыз-талаптар, жеке кісі-лердің шағым хаттары мен түрлі жиындарда көпшілік талқысына салынған баяндама, ой толғаулар «...кезіндегі əлеуметке керек іске мұрындық болып істеу ыждағатымен айтылған» (А.Байтұрсынов)2 көсемсөз үлгісі деп қарастыр-ған тарихи əділеттік болар еді.

Осы орайда, тəуелсіз еліміздің мемлекеттік «Мəдени мұра» бағдарламасы аясында қолымыз жетіп жатқан мұра-ғат материалдарының ішінен мына бір дерек сонылығымен назарымызды өзіне аударды. Алаш қайраткерлері отарлық

1 Құнанбаев Абай. Қара сөздері. Алматы: Көшпенділер, 2007, – 3-4 бб.2 Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1989. – 223 б.

Page 194: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

194

езгіден қазақ халқын азат ету үшін, соның аясында жылдан-жылға күрделене түскен жер мəселесін шешу мақсатында 1905-1906 жылдардың өзінде саяси партия құрып күресу тал-пынысын жасағанын мұрағат материалдары растайды. Татар-дың «Əл-ғаср-ул-жадид» басылымының 1906 жылғы бірінші санында жарық көрген «Орал қаласында» атты мақаланы «Алаш қозғалысы құжаттар мен материалдар жинағын» құрастырушылар алғаш рет татар тілінен қазақшаға ауда-рып, жариялаған. «Орал қаласында тұрушы қазақ халқының қадірменді адамдары өзара бас қосып, бірнеше жиналыстар өткізіп, көп пікірлесіп, бүкіл Руссия халқы мүддесін қорғаған «Конституциялық демократиялық партия» секілді ұйым құруға шешім қабылдады»1, – деп басталатын мақалада ол ұйымның «Қазақ конституциялық демократиялық партия-сы» деп аталғаны туралы ақпарат беріліп, оқырманға партия бағдарламасы ұсынылады. Бағдарлама: «І. Азаматтардың негізгі еркіндіктері», «ІІ. Патшалық қалпы», «ІІІ. Халықтың өзін-өзі билеуі», «ІV. Сот», «V. Дін», «VІ, Жер», «VІІ. Алым-салықтар», «VІІІ. Жұмысшылар», «ІХ. Мемлекеттер» атты 9 бөлімнен жəне «Партия жарғысынан» тұрады.

Мақалада «Қазақ конституциялық демократиялық пар-тиясының мүшелері мыналар» деген қорытынды жасалып, төмендегі кісілердің аттары көрсетіледі: «Сұлтан Бақытжан Қаратаев, Ғабидолла Бердиев, Мірəлі Бақтыгереев, Ихсан Тоқбердиев, Халел Досмұхамедов, Нұрəлі Ипмағамбетов, Мұхамедəлі Мұқанов, Ғабдолкəрім Рахымбердиев, Ізбасаров Үмітəлі Дүйсембин».2

Осы орайда, мақала мəтінін жариялаған жинақтың «Ес-кертпелер» бөлімінде құрастырушылар келтірген мына мə-ліметтер де қызығушылығымызды арттырды: «Конститу-циялық-демократиялық (кадеттер) партиясы («Народная свобода» партиясы деп те аталған) 1905 жылдың қазанында құрылып, 1917 жылға дейін Ресей империясындағы ең не-

1 Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. – Алматы: Алаш, 2004. – 55 б.

2 Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. – Алматы: Алаш, 2004. – 61 б.

Page 195: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

195

гізгі партиялардың бірі болған. Партияның көрнекті өкіл-дері П.Н.Милюков, А.И.Шингаров, В.Д.Набоков т.б. «Речь» газеті мен «Вестник партии народной свободы» журна-лын шығарып тұрған, – дей келіп, құрастырушылар тө-мендегі құнды деректерді ғылыми айналымға еңгізеді. – 1905 жылы желтоқсанда Қазақстанның либералды-демократия-лық қозғалысының өкілдері Ə.Бөкейханов, Б.Қаратаев, Ж.Ақбаев, А.Байтұрсынов жəне т.б. Орал қаласында өткен бес облыстық делегаттық съезінде «Қазақ конституциялық-демократиялық партиясын құру» əрекетін жасайды. Ə.Бө-кейханов 1906 жылы қаңтар айындағы Бүкілресейлік съез-де кадет партиясы ОК-нің мүшелігіне сайланған. Конститу-циялық-демократиялық шеңберде қазақ ұлтына автономия алуды үміт артқан Ə.Бөкейханов кадет партиясы мен қазақ интеллигенция өкілдерінің саяси-идеялық алшақтығын тү-сінгеннен кейін 1917 жылы ақпан төңкерісінен кейін партия қатарынан шыққан».1

Алаш арысы Ə.Бөкейхановтың «Қазақ» газетінде жа-рияланған «Мен кадет партиясынан неге шықтым?» де-ген мақаласына жүгінетін болсақ, оның кадет партиясы мүшелігінен бас тартуына түрткі болған үш себептің бірі жер мəселесі екендігіне көз жеткіземіз: «Кадет партиясы жер адамға меншікті болып берілсе де жөн дейді. Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса, башқұртша көрші мұжыққа са-тып, бір аз жылда сыпырылып, жалаңаш шыға келеді»,2 – де-ген жолдар соған нақты дəлел. Мақаланы оқи отырып, кадет партиясы жер туралы мұндай шешімге кейіннен келгенін, ал басында басқаша болғанын бағамдау қиын емес. Алаш көсемінің: «... жол айырылғаны биыл ашыққа шықты. Мен сонан соң қазаққа Алаш партиясын ашуға тырыстым. Мұны мен июльдегі жалпықазақ съезінде айтқан едім», – деп жа-зуы соны меңзейді. Олай десек, Алаш арысының кадет партиясына мүше болуының жəне «Қазақ коституциялық-демократиялық партиясын» құруға талаптануының басты

1 Бұл да сонда, – 494 б.2 Қазақстан: ұлттық энциклопедия. – Т.1. – Алматы: Қазақ энциклопе-

лиясының Бас редакциясы, 1998, – 268 б.

Page 196: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

196

себебінің бірі қазақ жерін қайткенде де отарлық озбырлық-тан қорғап қалу мақсатынан туындағаны талас туғызбауы тиіс. Жоғарыда тілге тиек еткен татардың «Əл-ғаср-уа-жəдид» басылымында жарық көрген «Орал қаласында» атты мақала-да жария етілген «Қазақ конституциялық-демократиялық пар-тиясы» бағдарламасы сөзіміздің жаны бар екенін айғақтай түседі. Аталған бағдарламаның «Жер» деп аталатын алтын-шы бөлімінде төмендегідей талаптар алға тартылады:

«Қазақ халқының жері мен суы мəңгілік өздерінікі жəне оған ешкімнің ортақтығы жоқ делініп негізгі заңға жазыл-сын.

Қазақтардың жері қазына жері жəне ол жерге орыс мұжық-тары орналассын деген заңдар бұзылып, жоқ қылынсын.

Қазақтардың жерін өздерінің рұқсатынсыз орыстар мəң-гілік ала алмайтындай болсын. Орыс мұжықтарының жері өздерінің отырған жерлерінде кеңейтілсін».1

Алаш публицистерінің жер мəселесіне байланысты көп-шілік талқысына салып, пікірталас барысында іріктеліп, сұ-рыпталған ой-тұжырымдары осы талаптармен түйінделеді десек, қателікке жол бермейміз.

Рас, қазақтың ұлан-байтақ даласын сақтап қалу жолын із-дегенде Алаш публицистерінің арасында пікір қиғаштығына ұрынған кездері де жоқ емес. Дəл осы мəселеде Алаштың кө-зінің ағы мен қарасындай болған қос басылым – «Айқап» жур-налы мен «Қазақ» газеті арасында пікірталас көрігі қызғанын жасыруға болмайды. Екеуі екі жолды нұсқап, насихат еткеніне «Айқап» пен «Қазақ» материалдары жинағына енген жария-ланымдар арқылы көз жеткізу қиын емес. Оны «Ұлттық сана ұйтқысы» атты монографиямыздың «Айқап» пен «Қазақ» неге айтысқан?» бөлімінде егжей-тегжейлі талдап, мейлінше толық ашып, тиісті бағасын бергендіктен, бұл жерде зерттелінген жайтқа қайта соғуды артық санап, аталған еңбегімізге сілтеме жасаумен шектелеміз.2

1 Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. – Алматы: Алаш, 2004. – 58-59 бб.

2 Сақ Қ. Ұлттық сана ұйытқысы. – Алматы: Қазақ университеті, 2000, – 114-137 бб.

Page 197: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

197

Бұл ретте мына мəселеге айрықша мəн берген дұрыс. Кеңес дəуірінде кейбір зерттеушілер «Айқап» пен «Қазақ» арасындағы жер туралы пікірталасты олардың таптық мүддені көздеген ұстанымдарының салдары деп қарастырғанын ес-тен шығаруға болмады. «Жер мəселесі жөнінде «Айқап» журналының маңында болғандар татарлардың əсерімен жерге отырықшы болуды қуаттады. «Қазақ» газеті маңында болғандар қала болмауды қуаттады. Асылында, бұл екі түрлі пікір, екі түрлі ұсыныс қазақ арасындағы негізгі екі таптың пікірі, мүддесі еді. Мұның біріншісі – қазақтың кедейлері мен жарлы-жақыбайларының пікір, мүддесі еді де, екіншісі қазақтың ірі байларының пікір, мүддесі еді»,1 – деген ғылыми тұжырым – соның нақты дəлелі.

Осы орайда, шындықтан ауылы алыс мұндай жаңсақ көз-қарас қайдан туғанының төркінін дөп басып танып алмай, кеңес кезіндегі зерттеушілерді беталды қаралаудан аулақ болған абзал деген ойымызды ортаға салғанды жөн көреміз. Біздіңше, жоғарыда келтірген ғылыми тұжырымды айтқанда зерттеуші мынадай мақсат көздеген болуы тиіс. Елуінші жылдардың басында кеңестік тоталитарлық қоғамды билеп-төстеген үстемшіл орталықтың өктем саясаты жел үрлеген өрттей өршіп тұрған уақытта «алашордашыл, байшыл, ұлтшыл» деген «айып» арқалап, қуғын-сүргін жалынында қақталған «Қазақ» газетін ақтап алу мүмкін еместігін жете түсінген ғалым еріксіз басқаша амал-əрекетке барған. Ол кезінде көздің ағы мен қарасындай болған Алаштың бір газет, бір журналының алғашқысын қорғап қалу мүмкін еместігіне көзі жеткеннен кейін, тым болмаса, екіншісін аман сақтау жолын іздеген. Сол мақсатын жүзеге асыру үшін екі басылым арасындағы пікірталасқа жүгінген, ол ойы жемісін де бермей қалмаған. Нəтижесінде, «Айқап» жур-налы «ақталып», кеңес дəуірі кезінде қазақ баспасөзі тари-хынан сылынып алынып тасталынбай, ғылыми айналымда болғанына кəрі тарих куə. «Айқап» журналы Алаш арыста-ры есімдерін атауға қатаң тыйым салынған кездің өзінде

1 Кенжебаев Б. Қазақ баспасөзінің тарихынан. Алматы: Қазмембас, 1950, – 20 б.

Page 198: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

198

азды-көпті зерттеліп, тіпті ғылыми диссертациялық жұмыс объектісі болғаны – соның нақты дəлелі. Ендеше, осы-ның өзі кезінде ғалымның үлкен жеңісі, қазақ журналис-тика ғылымының айтулы жетістігі болған деп жоғары ба-ғалауға əбден лайық. Алаш азаматтары ақталғанға дейін ол журнал Алаш рухын кейінгі ұрпаққа жалғастырып кел-ген бірден-бір алтын көпір болса, дау жоқ, ол зерттеуші Б.Кенжебаев еңбегінің жемісі.

Алаш азаматтары түгел ақталып, олардың қаймана қазақ қамын жеп жазған асыл мұралары шаң қапқан мұрағат қоймаларынан қотарылып алынып, жинақ болып жарық көріп, ұрпақ көз қуанышы, жан қуатына айнала бастаған бүгінгі нұрлы заманда тарихи шындық салтанат құруы ке-рек. Ол «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті арасындағы жер мəселесі туралы пікірталасқа да қатысты. Екі басы-лым жарияланымдары мен мұрағат материалдарына жүгі-нетін болсақ, бұл екеуінің төңірегіндегілердің жер тура-лы көзқарастарында ешқандай таптық ұстанымдарының табы байқалмайды. Басқаша айтқанда, «Айқап» қазақтың кедейлері мен жарлы-жақыбайларының, ал «Қазақ» ірі байлардың мүддесін көздемегені айдан анық. Екеуінің де «бас жазушыларының» ойлаған мақсаттары бір болды. Ол қайткенде де қазақ жерін отаршыл күштің талан-таражынан қорғап қалу қамы болатын. Бірақ, оған қол жеткізу үшін екі жолды таңдапты. «Айқап» журналының басы-қасындағылар (М.Сералин, Ж.Сейдалин, Б.Қаратаев т.б.) патшалық Ре-сей үкіметінің қазақ даласын отарлау саясаты мен толассыз қоныс аударушылар легінің екпінінен қорқып, қазақ жерін сақтап қалудың бірден-бір дұрыс жолы келімсектер сияқты 15 десятина жер кестіріп алып, отырықшылық тұрмысқа көшу деп санап, соны уағыздап, бұл істе өздері де үлгі көр-сетті.

Ал «Қазақ» газеті төңірегіне топтасқан Алаш азаматта-ры бұл мəселеге басқаша қарады. Олар отырықшы болуға біржола қарсы шығып, таптық мақсат көздеген жоқ. Орталық əкімшіліктің айлакерлікпен ойлап тауып, əдіскерлікпен қа-зақ даласына енгізген отырықшы норманың отаршыл маз-

Page 199: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

199

мұнын ашып көрсетіп, аңқау елді арбап-алдап, қақпанға тү-сіруді көздеген құйтырқы саясатты əшкерелеуге күш салды.

«Айқап» пен «Қазақ» арасындағы жер туралы пікірталаста антогонистік қайшылық жоқ екенін архивтен алынған мына материал да айғақтайды. «Айқап» журналының жер мəселесі туралы ұстанымын қалыптастыруда ерекше ықпал еткен ірі қоғам қайраткері Бақытжан Қаратаевтың 1910 жылдың 30-қыркүйегінде Алаш ардақтысы Əлихан Бөкейхановқа жазған хатының көшірмесі табылды. Ол Жетісу облысы басқармасының аудармашысы Барлыбек Сыртановтан 1910 жылы тінту кезінде тартып алынған құжаттар арасында сақ-талған. Орыс тілінде жазылған хат: «Қадірлі Əлихан! Орал қаласында сенімен жолыға алмай қалғаныма қатты өкінемін. Сөйтсем, сен мұнда екі рет болыпсың, екеуінде де мен қырға шығып кетіппін. Өте өкінішті» (Аударған – С.Қ.)1, – деп басталады. Бұған қарап, екі қайраткер арасында ешқандай араздық жоқ, керісінше, достық ықылас бар екенін байқау қиын емес.

Жер мəселесі туралы кеңес сұраған хатында Б.Қаратаев жеке басының шаруасын емес, қалың елі қазағының басын-дағы ауыр жағдайды деректерге жүгіне отырып жария етеді: «Қоныстандырушы мекеме Орал уезіне қарасты жеті болыс-тан қоныс аударушылар үшін 47 жер телімін алып үлгерді. Ол алынған жерлер – ең жақсы қоныстар, олардың ішінде тұрғын үйлері бар қыстаулар да бұзылып алынуда. Кей қыстаулар бұйрықпен бұзылып жатса, кейбіреулері төңірегіндегі егін егетін, шөп шабатын жерлерді қоныс аударушыларға беріп қойғандықтан қолайсыз күйге ұшырап, қирау үстінде. Орал жəне Темір уездері қазақтары қоныстандырушы мекеменің барлық талаптарына, барлық зұлымдықтарына бас шұлғып көніп отыр. Шағымданатын жан жоқ, шағымданған күннің өзінде ол қанағаттандырылмайды. Ол аз болса, қазақтың «бас адамдары» орыс үкіметі өкілдерінің ұйғарымымен салтанатты түрде сатылатын басқарма, ауыл басшысы, ха-лық биі секілді қызметтер үшін ешқашан бітпейтін сай-лаулардан қолдары босамайды. «Бас адамдардың» жаны

1 ЦГУ РУ. Ф.И. – 461.Оп.1. Д.1026. Л. 27-30.

Page 200: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

200

ашымай басқаруының салдарынан сайлау қазақ халқының санасын, жанын, өмірін жаулап алғаны соншалық, ұлттың сақталуы, дін, жер мəселелері ойларына кіріп-шығар емес. Есесіне, қоныстанушыларға жерлеріміз бірінен кейін бірі кетуде, «бас адамдарымыз» жерлерімізді тонаушыларды көзсіз мақтап-мадақтап, жерді қорғап қалам деушілерге кінə тағып, басшылыққа қарсы шығушыларды ақымаққа санап, айыптаудан жаңылар емес»1, – деген жолдарды тебіренбей оқу мүмкін емес. ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының басындағы ауыр жағдайды жаны шырқырай шы-найы жеткізген Қаратаевтың хатын эпистолярлық жанрда жазылған құнды публицистикалық мұра деп қарастырған лəзім. «Көсемсөз əлеуметке басшылық есебінде айтылатын сөз болғандықтан жұрт ісіне мəні зор болады. Басшылығы дұрыс болса, əлеуметті түзейді, теріс басшылық қылса, əлеуметті адастырады. Солай болған соң көсемсөз жазып, əлеуметке басшылық қылатын адам көпті көрген көсем, білімді адам боларға керек»,2 – десек, тілге тиек етіп отырған хат осы талаптарға толық жауап береді.

Қаратаевтың өзінің көзі жетпеген мəселенің мəн-жайын терең түсініп білу үшін қазақ жеріне қоныс аударушыларды орналастыруды тоқтату жолында күрес көрігін қыздырған Алаш қайраткері Ə.Бөкейхановтан кеңес сұрауы «əлеуметке дұрыс басшылық ету» мақсатынан туғандығы айтпаса да түсінікті. «Жан сырымды тек саған ғана жайып салып отыр-мын. Өйткені, меніңше, тек сен ғана халыққа жетекшілік етуге лайықтысың. Сен ғана халық үшін адал еңбек еттім деп айтуға құқылысың», – деген жолдар сол жайынан сыр шертеді.

ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының көкейтесті мəсе-лесін талқыға салған хатында Қаратаев Шідерті болысының басқарушысы Андижан Жұбаналиевпен бірге жер ісі жə-не жерге орналастыру Бас басқармасына Шідерті болысы қазақтарына жеке меншіктері етіп жер кесіп беріп, отырық-шылыққа көшкендерін тіркеу туралы өтініш жолдағанда-

1 ЦГУ РУ. Ф.И. – 461.Оп.1. Д.1026. Л. 27-30.2 Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1989, – 224 б.

Page 201: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

201

рын жеткізеді. Столыпин үкіметінің аграрлық саясатын қолдамайтынын, алайда Шідерті болысының 15 мың деся-тина жерін қоныс аударушылардан сақтап қалу үшін амал-сыз сондай қадам жасауға мəжбүр болғандығын тілге тиек етеді. Оның үстіне, отырықшылық тұрмыс қазақ халқының күйреуге соқтырған көшпенді өмірін өзгертіп, мəдени соқ-паққа сала ма деген үміті де жоқ емес екендігін білдіреді. «Татарлар жаңа өмір аясында ояну үстінде. Олардың ізін ала қазақтар да отырықшылыққа көшіп, жеке меншікке жер кесіп алуға міндеттелу нəтижесінде оянуы керек. Міне, менің пікірім осындай. Мүмкін мен қателесетін шығармын. Маған хат арқылы жауап бер. Мен сенің пікіріңді қадірлеймін жəне Шідерті ісінде маған басшылық етуіңді сұраймын. Бұл жер кесіп алып, ата қонысты сақтау жөнінен барлық қазаққа үлгі болар еді. Маған хат арқылы өзіңнің кеңестеріңмен көмекке кел», – деген жолдар «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетіне сəйкесінше идеялық жетекшілік еткен қос қайраткер ара-сында бас араздық немесе тап тартысы болмағанына айқын көзімізді жеткізеді. Өкінішке қарай, біздіңше, бұл хат Əли-хан Бөкейхановтың қолына тимеген болуы керек. Оған қайтарылған жауапты жəне «Айқап» пен «Қазақ» басы-лымдары материалдары ішінен ол туралы бірде-бір мəлімет таба алмаған себепті сондай түйін жасаймыз. Бұдан егер дер кезінде Əлихан Бөкейханов тарапынан жауап берілген бол-са, онда екі басылым арасындағы жер туралы пікірталас ту-мас та еді-ау деген қорытынды келіп шығады.

Алаш публицистерінің жер туралы жеріне жеткізе, егіле жазған еңбектері қоғамдық пікір туғызу арқылы қоғамдық санаға ықпал етудің жарқын үлгісін көрсетті.

1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейін қазақ даласының əр облысында ұйымдастырылған құрылтайларда қаралған жер мəселесі туралы пікірлердің бір жерден шығуы соның жемісі болатын. Осы ғылыми тұжырымымыздың тарихи шынайылығына көз жеткізу үшін бірінен-бірі шалғай жат-қан екі облыстың, атап айтқанда, Торғай жəне Жетісу об-лыстары қазақтарының құрылтайына салыстырмалы талдау жасасақ та жеткілікті.

Page 202: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

202

Орынбор қаласында 1917 жылдың 2-8-сəуір аралығында ұйымдастырылған Торғай облысы қазақтары құрылтайы-ның «6. Аграрлық мəселелер» туралы шешімі:

«І. Мемлекет керегіне қазақтан жер алынатын болса, əуелі қазақтың өзіне жеткілікті жер беріліп, артығы алынсын.

ІІ. Учредительное собранияда жер мəселесі шешілгенше бұл күнге шейін мұжық орнамаған учаскелер, мұжық жа-мансынып тастап кеткен жерлер, отрубной, оборочный ста-тиялар, мал бағуға деп һəм монастырский участке деп алған жерлердің бəрі бұрынғы иелеріне (қазаққа) қайтарылсын. Законсыз ұзын срокпен арендаға берілген мал бағатын учас-келер де иелеріне қайтарылсын. Қымыз ішуге ашылған ауруханаларға алынған жерлер иелеріне қайтарылсын. Жаңадан алуға жоба жасалған жерлерге енді мұжық жазу тоқтатылсын.

ІІІ. Жер алу Дала уалаяттарында һəм Түркістанда тоқ-татылсын. Алуға жоба жасалған жерлердегі қазақтардың қыстауы көшірілмесін. Айрықша қазына мүлкі саналған ор-ман ішінде кеткен қазақтың егіндік, пішендік һəм жайылы-мына жаңадан бөлік бөліп, бұрын жасалған шекара түзетіліп, қазақтан орынсыз алынған егіндік-пішендігі қайтсын. Бұл ағаштардың арасындағы шөбін қазақ тегін шапсын һəм қыс мал жаюға ерік берілсін. Қазақтың өзі қорыған ағашы өзіне қалсын. Ағаш маңындағы кедей қазақтарға қора-қопсы салуға ағаш берілсін»,1 – деген талаптарды алға тартады. Осы ұйғарым Верный қаласында 1917 жылдың 12-23-сəуір аралығында өткен Жетісу облыстық қазақ съезінің «11. Облыстағы жер мəселесі» туралы шешімінде былай көрініс табады:

«1. Облыс сырттан қоныс аударушылар үшін мүлде жа-бық деп саналсын.

2. Бұдан кейін шаруаларға, казактарға жəне басқа қоныс-танушыларға жер бөліп беру тоқтатылсын.

1 «Қазақ» газеті. Құрастырушылар: Сұбханбердина Ү., Дəуітов С., Сахов Қ,. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998, – 377 б.

Page 203: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

203

3. Мемлекеттік мүлік басқармасы тарапынан əлі де бол-са қоныстандырылмаған қосалқы, алым төленетін жəне т.б. жерлер қырғыздарға қайтарылсын»1.

Көріп отырсыздар, екі облыс қазақтары құрылтайының жер мəселесі туралы қарарлары бір-біріне толық сəйкес ке-леді. Бұл – басқа облыс құрылтайларына да қатысты ортақ құбылыс. Осылайша, облыстық қазақ құрылтайларының барлығында талқыланып, жер мəселесі туралы арнайы қа-былданған қарарлар Орынбор қаласында 1917 жылдың 21-26 шілдесінде өткен жалпықазақ съезінде халық өкілдері-нің ортақ бір шешімге келуге негіз болғаны еш талас туғызбайды. Оған съездің «ІІІ. Жер мəселесі» туралы 14 пунктен тұратын қаулысымен танысу арқылы көз жеткізу қиын емес:

«1. Қазақ халқы өзіне еншілі жерге орнығып болғанша қазақ жері ешкімге берілмесін.

2. Қазақ даласында жарамды жер аз болғандықтан қазақ пайдасынан алынып кеткен мынадай участкалар қазақтың өзіне тоқтаусыз қайтарылсын: дворянский, скотоводческий, торгово-промышленный, курортный, моностырьский, пере-селен орнықпағандар, отрубтар, оброчный статиялар, жай адамдарға «показательный поля» деп берілген, бірақ расын-да жоқ нəрселер һəм гарнизондарға беріліп, бұл күнде олар кеткеннен кейін яки сəл азайғаннан кейін босаған жерлер.

3. Бос участкелерге жазылу тез тоқтатылсын.4. Переселен орныққан участкелерде олқы бос тұрған

сыбаға жерлер қазақтың өзіне тоқтаусыз қайтарылсын.5. Қазақтан алған қыстаулар егер қожалары əлі көшпеген

болса, қазақтың өзіне қалсын. Келген мұжықтарға қайтадан бөліс қылып, өзге участкелерден жер əперілсін.

6. Айрықша қазына мүлкіне деген тоғайлықтардағы қа-зақ шабындығы өзіне қайтарылсын. Қазақ малы қазына ағаштарының беткейіне жайылуға рұқсат болсын.

7. Бүкіл мемлекетке дақылы болмаған айрықша қазына ағаштары земство қарауына берілсін.

8. Жер хақында қазақ өз алдына жер жобасын жасасын.1 ҚР ОМА 9-қ. 1-т. 51-іс. 1-8 п.

Page 204: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

204

9. Жер мəселесі туралы басқа саяси партиялармен келісу еркі Учредительное собранияда қазақ депутаттарына беріл-сін.

10. Қазаққа жер берілгенде негізгі өлшеуге қазақ облыс-тарына мал бағу һəм мал бағу, егін салу үшін лайықталған Щербина нормасы алынсын, əр жердің ретіне қарай.

11. Бөкейлік қазақтары басқа көрші қазақ облыстарына лайықтаған норма бойынша өздерінің отырған жерлерінен жер алсын.

12. Түркістан қазақтарына жер берудің үстіне жеткілікті су да берілсін.

13. Қазақ халқы жермен ортақ пайдалансын (ру, ауыл, болыс болып), яғни земельная община болсын (Ферғанадан келген екі өкіл жерді ортақ пайдалануға қарсы болды, əркім-нің жер еншісі бөлек болсын деді).

14. Земельная община яғни ортақ жердің ауданын шама-лау жергілікті жер мекемелері (Земельно-строительное уч-реждение) еркінде болсын»,1 – деген талаптары облыстық қазақ құрылтайларының жер мəселесі туралы қарарларын негізге алып даярланғаны бірден байқалады. Ең бастысы, алғашқы жалпықазақ құрылтайына қатысқан «Ақмола, Се-мей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарының һəм Бөкейліктердің өкілдері»2 жер туралы мəселеде алауыз-дық танытпай, бірауыздан ортақ шешімге келуі Алаш пуб-лицистерінің ұзақ уақыт мəселенің мəнісін егжей-тегжейлі терең түсіндіріп, қоғамдық пікір қалыптастыру арқылы қоғамдық санаға ықпал ету бағытындағы жанкешті еңбек-терінің нақты жемісі деп бағалаған лəзім.

Жер мəселесі туралы қазақ зиялыларының шешімі бір жерден шыққанына 1917 жылдың 2-5-тамыз аралығында Ташкент қаласында өткен Түркістан аймағы қазақтарының жалпы жиналысы қаулысы да айқын дəлел бола алады. Қаулының «3. Жер-су, переселен орыстар туралы» бөлімі

1 «Қазақ» газеті. Құрастырушылар: Сұбханбердина Ү., Дəуітов С., Сахов Қ,. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998, – 405-406 бб.

2 Бұл да сонда, – 405 б.

Page 205: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

205

18 талаптан тұрса, оның 14-і жоғарыда тілге тиек етілген жалпықазақ құрылтайының «Жер мəселесі туралы» талап-тарымен толық сəйкес келіп, тіпті сөзбе-сөз қайталанады.1 Ал, қосымша төрт тармағы Түркістан аймағының мынадай ерекшеліктерінен туындайды: «15. Ақмешіт һəм Қазалы уезінің пайдасын ойлағанда, Сырдарияның бас жағынан арық шығару тоқтауы тиіс.

16. Перовск, Қазалы уездеріндегі қазақтардың халін əз-де тұтып, қазынаның қаражатымен əдейі осы үшін барған инженерлердің жобасымен қазақтарға су шығарылып беріл-сін. Суды жинап пайдаланатын үлкен көл-тоғандар соғу ке-рек.

17. Ферғана қырғыздарының жер мəселесі өздерінің бі-рінші облыс жиналысындағы қаулыларына лайық шешілсін.

18. Шу дариясының орташығындағы переселен мұжық-тар пайдасына Шудың бар суы ашылып қойып, төмендегі Сырдария мен Ақмола облыстарының қазақтары құралақан қалып тарығуда. Бұл қазақтарға керекті су тоқтаусыз төменге ағызып жіберілсін».

Алаш публицистерінің қазақ жерін көздің қарашығын-дай сақтау туралы құнды ой-пікірлері «Алаш» партия-сы бағдарламасына да негіз болған. «Қазақ» газетінде жа-рияланған «Алаш партиясы бағдарламасының жобасы» соған анық көзімізді жеткізеді. Мұнда да жоғарыда сөз болған жалпықазақ құрылтайының «Жер мəселесі тура-лы» шешімдері жолма-жол қайталанады. Сондықтан бағ-дарлама жобасының «Х. Жер мəселесі» бөлімін толық ба-яндамай, «Жоба жасаушылар: Əлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдес Ғұмаров, Есен-ғали Тұрмұхамедов, Ғабдолхамит Жүндібаев, Ғазымбек Бірімжанов»2 секілді Алаш қайраткерлері маңыз берген мы-на мəселеге айрықша тоқталғанды жөн көреміз: «Жер зако-нында жер сату деген болмау, əркім өзі пайдалану. Пайда-

1 Түркістан аймағы қазақ-қырғыздарының жалпы жиналысы мен қабылдаған қаулылары. // «Бірлік туы» газеті, 1917, №6.

2 Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. – Алматы: Алаш, 2004, – 441 б.

Page 206: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

206

сынан артық жер сатылмай, земствоға алыну. Жердің кені, астығы, байлығы қазынанікі болып, билігі земство қолында болу», – деген талап тарихи маңызымен қоса өміршеңдігі-мен құнды.

Мəселе мəнісін терең түсіну үшін, алдымен, Алаш қайрат-керлері мұндай талапты неге алға тартып отырғандығының сырына үңілген дұрыс. Оған жауапты «Қазақ» газетінде «Бортаң» деген бүркеншік атпен жарияланған «Жер жал-дау» деген мақаладан табамыз. Біздіңше, «Бортаң» – Алаш қайраткері Хайреддин Болғанбаевтың бүркеншік аты.

Көрнекті көсемсөз шебері қаламынан туған мақала ма-ңызын газет басшылығының мына лиді (анықтамасы) ай-қындайды: «Қала болушылар ер басына 15 десятинаны бұрынғыдан еркін, пайдалы деп алған жоқ, аз да болса, атамекенін қимағандықтан алған секілді еді. ...Енді бүгін кө-ріп отырмыз өрісі тарылғандар бір күндік ақшаға қызығып, жерлерін орысқа жалдай бастапты. Мұнысы үкімет қазаққа 15 десятина көп екен, міне, өздері артық жерін сатып, жал-дап жатыр деуіне дəлел үшін бе, жоқ, құдай береке беріп, жерлері өсіп кетті ме, өздері біледі. Бұл келіспеген істен өзге қала болғандар да сақтансын деп басқармаға келген мына бір хатты басамыз».1

Хат авторы Х.Болғанбаев Ақтөбе уезі Бөрте болысының 3-ауылында өзі куə болған келеңсіз жайды əшкерелеп, жалқау қазақтың аңқау мінезін өткір сынап-мінейді: «Был-тыр осы ауылдың атқамінер отағасылары мен бірсыпыра ілкім жастары мешіт салуға жаратамыз деп 300 десятина жерді бір орысқа арендаға берген еді. Бірақ онан бері бір жыл заман өтті, не ақша, не мешіттің қайда екенін білген кісі жоқ. Енді биыл тағы да мешітті сылтау қылып, жұрттың ризалығынсыз 25 десятина жерді арендаға беріп отыр, – деп нақты дерекке жүгініп, маңызды қоғамдық ойды ортаға са-лады. – Бұған риза болмаған бірсыпыра адамдар бастапқы кезде олай қыламыз, бұлай қыламыз деп жүр еді, бір күні

1 «Қазақ» газеті. Құрастырушылар: Сұбханбердина Ү., Дəуітов С., Сахов Қ,. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998, – 112 б.

Page 207: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

207

əлгі атқамінерлер бір мал сойып, етке тойғызған екен, қар-қындары сонымен басылыпты. Сорлы қазақ бір күн етке тойса, жүз жылғы пайдасын ұмытатын жазған ғой».

Əрине, алыстан ойлап тірлік етпей, бір күндік пайдаға мəз болған қазақтың бұл кер мінезі опық жегізбей қалмайды. Болғанбаев мақаласында оны дөп басып, ашып көрсетеді: «Бүгін мешіт салам деп ұлтарақтай жерін сатып бітіріп алып, ертең бала-шағасын асырау үшін елдің еркегі маңайындағы қара шекпеннің малын бағып, көшесін сыпыруға кеткенде ол мешітке кім кіріп құлшылық қылмақшы. Мына сатқан жердің бір шеті ауылдың іргесіне тиіп тұр. Жұрттың осы күні аз да болса, қара-құрасы бар. Бүгінге шейін сол аз малдарын осы сатқан жерлеріне жайып отыратын еді, енді мұнан соң қозы-лағына шейін арқандап отырып бақпаса, қалай бағады? Күн сайын орыстың егініне малын түсіріп по-трав (айып – С.Қ.) төлеп отырғанын көрерміз əлі. Міне, осы күнгі алған ақшаның қызығын сонда көрер жұрт», – деген жолдар оқырманға ой салғаны анық.

Жерді кірмелерге жалға берудің болмай қоймайтын зар-даптарын жалпақ елге жария ете отырып, оны тоқтатуға күш салған Алаш публицистері еңбектерінің тарихи маңызы орасан зор. Сонымен бірге, өміршеңдік мəнін де жоғары бағалауға тиістіміз. Тəуелсіз еліміздің жиырма жылдық та-рихында жерге байланысты мəселелер туындамай қалған жоқ. Жерді жекеменшікке сату туралы заңның үлкен пі-кірталас туғызып барып қабылданғанын білеміз. Оның дұрыс я бұрыс болғанының бағасын келер ұрпақ берері хақ. Кейінгі кезде жерді қытайлықтарға жалға беру туралы даулы мəселе БАҚ-тан көрініс тауып жүр. «Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды» деген қазақ мақалына жүгін-сек, оның бекер əңгіме емес екенін бағамдауға болады. Осы тұста Алаш көсемдерінің ХХ ғасыр басында – қазақ тағдыры қыл көпірдің үстінде тұрған қилы кезеңде қаламдарын қару етіп, ұлан-байтақ даланы жаппай қоныс аударушылардан қорғап, сақтап қалуға мұрындық болған публицистикалық мұраларын қазір де ел игілігіне жаратар болсақ, көп ұтысқа шығар едік деген ой туады. Ол үшін Алаш публицистерінің

Page 208: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

208

жер мəселесі туралы жазғандарын жиып-теріп, құрастырып, жинақ етіп басып шығарып, жерге жауап беретін мемле-кеттік қызметкерлер қолына ұстатып, міндетті түрде бас-шылыққа алуын талап ету, жалпы халықтың етене танысу-ына мүмкіндік туғызу ауадай қажет. Тарихтан сабақ алып, қателікке бой алдырмай, болашаққа тура жол табу өрке-ниетті елдің төл ұстанымы болуға тиіс. «Өткен жылдар шежіресін үнемі əрі бұрмалаусыз зерделеп отырудың жөні бөлек. Мұның өзі өткендегі тəжірибенің жақсысын үйрену үшін, ескі қателіктерді қаулата бермес үшін, жаманнан жи-рену үшін қажет»,1 – дейді бұл турасында Тəуелсіз еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ə. Назарбаев.

Қорытындылай келгенде, Алаш публицистері қаламда-рына арқау болған ХХ ғасыр басындағы ең өзекті мəселе қазақтың құны өлшеусіз байлығы – ұлан-байтақ даласын сақ-тап қалу қамы болғанына зерттеу барысында көз жеткіздік. Ұлтымыздың рухани ұстазы Ахмет Байтұрсынов айрықша анықтама берген «қазақтың тірі я өлі болу мəселесінің» мə-ніне мейлінше терең бойлап, себеп-салдарын толық ашуға тырыстық.

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басында қазақ дала-сында жер мəселесінің осыншалық ушыға түсуінің бірден-бір себебі – патшалық Ресей өкіметінің отаршыл озбыр сая-сатының салдары. Алыстан көздеген əртүрлі айла-амалда-рының нəтижесінде қазақтың құнарлы жерлерін білдірт-пей, біртіндеп жаулап ала бастаған метрополияның зұ-лым саясатын əшкерелеп, оның сырын қаймана қазаққа түсіндіруде Алаш зиялылары публицистикасының тарихи маңызы орасан зор. Ел басына қиын-қыстау кез туғанда сөз өнерінің жауынгер саласы – публицистика алғы шепке шығып, əлеуметке басшылық жасауда айрықша рөл атқаратынына Алаш публицистерінің бай мұрасы айғақ.

Халықтың сөзін сөйлеп, сойылын соғатын ұлттық баспа-сөздің жарық көруіне айрықша ықпал еткен Алаш публи-цистикасы қазақ мұңын мұңдайтын газет-журнал шықпай

1 Назарбаев Н.Ə. Жадымызда жатталсын, татулық дəйім сақталсын // Егемен Қазақстан, 1998, 16-қаңтар.

Page 209: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

209

тұрған кезде эпистолярлық жанр үлгісінде көрініс тауып, қо-ғамдық ойдың бірден-бір қозғаушы күші болғаны туралы ал-ғаш айналымға енгізіп отырған ғылыми тұжырымымыздың мəн-маңызы айрықша. Бұл арқылы ХХ ғасырдың елең-алаңында отарлық езгіге қарсы халық наразылығын паш еткен, патшалық Ресей өкіметінің айылын жиып, амалсыз қалың қазақтың талабымен санасуына мəжбүрлеген құ-зырхаттардың (петициялардың) тарихи маңызын жоғары бағалаумен бірге олардың жанрлық табиғатын айқындау қажеттігіне көз жеткіздік. Қалам қару орнына жұмсалып, ұлт-азаттық күрестің соны соқпағы ретінде тарихта өшпес із қалдырған, қазақ даласының түкпір-түкпірінен сан мыңдаған кісінің қол қоюымен орталыққа бірінен кейін бірі жолданып, метрополия алқымынан алған арыз-талаптар – эпистолярлық жанрда көрініс тапқан Алаш публицистикасының күш-қуа-тын паш еткен тарихи туындылар. Зерттеу барысында құ-зырхаттарды Алаш қайраткерлері даярлағаны жəне жеке тұлғалар тарапынан да шағым-хаттар жазылғаны мұрағат материалдары негізінде дəлелденді. Шынайы деректерге құрылуы мен қоғамдық маңызды мəселелерді, соның ішінде ең өзектісі болып табылатын қазақ жері туралы шындықты көтеріп, қоғамдық пікір туғызу арқылы қоғамдық санаға ықпал етуі, ең бастысы, елді елең еткізіп, еліктіріп, елітіп əкететін əсерлі де өткір тілде жазылуы аталған тарихи ту-ындыларды хат үлгісіндегі публицистикалық мұра деп ба-ғалауымызға толық негіз береді.

Алты Алашқа аты мəлім ардақтыларымыз Алаш баспасө-зі жарық көргенге дейін қоғамдық маңызды ақпараттарды, танымы мен тағылымы мол ой-толғауларын əртүрлі жолмен ұрпаққа аманат етіп қалдырғанын жадымызда ұстағанымыз жөн. Соның жарқын үлгісі – хакім Абайдың «Қара сөздері». Осы орайда, егер «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті Абай заманында шыққан болса, сөз жоқ, ақынның бұдан да басқа бай публицистикалық мұрасын еншілер едік деген ғылыми тұжырымымыздың жаны бар деп санаймыз.

Алаш баспасөзінің пайда болуы жер мəселесінің қыры мен сырын, қалың қатпарларын түгесе жариялап, көзіқарақты

Page 210: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

210

оқырманға шынайы ақпарат берумен бірге қоғамдық ма-ңызды ой туғызып, пікірталас арқылы ақиқатқа көз жеткізіп, санаға сіңіруге қалам қайраткерлері мүмкіндігін арттырғаны зерттеу барысында дəйекті түрде дəлелденді деп есептейміз.

АЛАШ КӨСЕМСӨЗІНДЕГІ БІЛІМ ҺƏМ ҒЫЛЫМ ТАҚЫРЫБЫ

Алаш көсемсөзінің тақырып ауқымы өте кең. Қазан төң-керісіне дейінгі қазақ зиялыларының көтермеген мəселесі кемде-кем. Қай тақырыпқа қалам тартса да, Алаш азамат-тарының елдік, ұлттық мүддені бірінші орынға қойып, шырайын келтіре жазатындығы – бүгінгі егемен ел қалам-герлеріне үлгі-өнеге. Сондай оқырман санасына ой сала, ел болашағының жарқын болуын көксей жазылған тақырып-тың бірі – білім мəселесі.

Білім адам баласы даму эволюциясының қай кезеңінде де маңызды мəнге ие. Білім-ғылымсыз қоғамның ілгері басуы мүмкін еместігі екібастан белгілі. Ел тəуелсіздігінің алғаш-қы мүшел жасымен орайлас Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы жобасының кең көлемде талқыланып жатуы да бекер емес. Қазақ мемлекетінің болашағы қандай болмақ деген сауалға осы тұжырымдама жауап беруге тиіс. Өйткені білім – қон-дырма. Қоғам дамуының ертеңі – бүгінгі білім беру жүйесіне байлаулы. Дұрыс таңдау жасасақ, тəуелсіз еліміздің көсеге-сін көгертуге негіз жасаймыз. Қателессек, онда үлкен өкі-нішке ұрынамыз. Сондықтан да бұл мəселеде өте абай болғанымыз, асығыс шешім жасамай, жеті рет өлшеп, бір пішкеніміз жөн болар еді.

Осы орайда, қазақ елі мен жері отарлық езгісінен жапа шеккен, құрып кету қаупін бастан кешкен XX ғасырдың басында ұлт қамын ойлап, бастарын тауға да, тасқа да соққан ардақты Алаш азаматтарының ұрпаққа білім беру турасындағы ой-толғам – көсемсөз үлгілерін қайыра жады-мызға салғаннан ұтарымыз көп.

Page 211: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

211

XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ елін, жерін патшалы Ресейдің толықтай билеп алуына байланысты сол тұста қазақтың ірі қалалары саналатын Ташкент, Орал шаһарларында патша өкіметінің жергілікті əкімшілік орын-дарының жеке ресми органдары ретінде жергілікті ұлт ті-ліндегі алғашқы газеттер шыға бастады. Əрине, бұл басы-лымдар қайткен күнде де қазақ халқының қамын ойлап, оның əлеуметтік-шаруашылық жəне мəдени-ағарту тілектерін ес-кергендіктен шығарылған жоқ, қайта патша өкіметінің отар-лау саясатын күшейте түсу, оның бұйрық-жарлықтарын жергілікті халықтың ана тілінде жариялап, сөзсіз орындату, сондай-ақ, оның ресми көзқарастарын тұрғындар арасына кеңінен таратып, қоластындағыларды шексіз бағындырып ұстау мақсатымен шығарылған-ды.

Алайда, патшалық Ресейдің осындай жымысқы саяса-тына қарамастан, Қазақстанда ұлт тіліндегі өз баспасөзінің тууы халықтың санасын оятып, мол рухани байлыққа ие бо-луына елеулі түрде əсер етті.

Қазақ баспасөзінің тұңғышы «Түркістан уалаятының га-зеті» сол кезде Ресей империясының шеткі аймағы болып саналатын Түркістан губерниясының орталығы Ташкент қаласында 1870 жылдың 28 сəуірінен орыс тілінде шығатын «Туркестанские ведомости» газетіне қосымша ретінде айы-на төрт рет (екі саны өзбекше, екі саны қазақша) жарық көре бастады.

Газеттің редакторы ұлты башқұрт болса да, қазақтың намысын қорғап, сойылын соққан, орыс жəне Шығыстың көп тілдерінде еркін сөйлеген, Түркістан генерал-губерна-торының тілмашы болған ізгі ниетті азамат Шахмардан Мирасұлы Ибрагимов болды. Онымен бірге басылымның аудармашысы əрі əдеби қызметкерлері болып Хасен Жа-нышев, Заманбек Шайхы Əлібеков, Жүсіп Қазыбековтер жұмыс істеді.

«Түркістан уалаяты газетінің» ресми жəне ресми емес бөлімдері болды. Ресми бөлімінде патша өкіметінің бұйрық-жарлықтары жарияланып, үкімдері түсіндірілсе, ресми емес бөлімде отырықшылық, егіншілік, мал шаруашылығы, сау-

Page 212: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

212

да, ішкі-сыртқы жағдайлар, əдебиет, мəдениет, білім, ғылым, өнер, жəне əйел теңдігі мəселелері қаралды. Сонымен бірге қазақтың тағдырына қатысты саяси жағдайлар да ішінара көтеріліп отырды. Оған газет беттерінде жарияланған «1731 жылы Қазақстанның Россияға бодан болуы» туралы мақала мен қазақ даласындағы Кенесары хан, Сырым, Исатай-Ма-хамбет батырлар бастаған азаттық көтерілістердің жазылуы айғақ. Оның үстіне, тікелей патша жарлығымен қазақтардың ең шұрайлы жерлерінің орыс переселендеріне күшпен тар-тып алынып беріліп жатуы жөнінде материалдардың жа-риялануы редакция қызметкерлерінің ұстанған бағыт-бағ-дарларын көрсететін еді. Қазақ тілінде шығатын газеттің 1882 жылы ешбір себепсіз жабылып қалуы да осындай істерге байланысты сияқты.

«Түркістан уалаятының газетінде» жоғарыда айтылған жайлардан басқа тарих пен этнография, археология жəне тағы да басқа мəселелерге қатысты материалдар, сонымен бірге, ауыз əдебиетінің үлгілері де жарияланып тұрды. Тұңғыш га-зет өз оқырмандарын қазақтың біртуар перзенттері Шоқан, Ыбырай, Абайлардың өмірі жəне еңбек жолымен таныстыр-ды мүмкіндік жасады.

Басылым беттерінен орыс жəне еуропа халықтарының өнері мен мəдениеті, ғылым, білімі жайында да жарияланған материалдарды табуға болады. Ал, түрлі проблемаларға арналған ғылыми мақалалар, егіншілік, агрономия, вете-ринария, зоотехника туралы ақыл-кеңестер өз алдына бір төбе. Мұнда орыс журналистикасының əсерімен заметка, корреспонденция, мақала, фельетон, очерк сияқты баспасөз жанрларының түрлері пайда болды.

Жалпы алғанда, Алаш баспасөзінің қарлығашы – «Түр-кістан уалаятының газеті» қазақ халқының мəдени өмірінде елеулі оқиға болған мерзімді баспасөздің тууы мен қалып-тасуында айтарлықтай елеулі рөл атқарды, болашаққа жол салды. Бұл туралы «Туркестанские ведомости» газетін шы-ғарушылардың бірі, орыс ғалымы Г.Остроумовтың: «Петр ведомостарының» XVIII – XIX ғасырларда орыстар үшін қандай маңызы болса, «Түркістан уалаяты газетінің» де

Page 213: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

213

қазақтар мен өзбектер үшін сондай маңызы болды» деген газеттің Алаш тарихындағы орнын жоғары бағалаған пікірін толық құптауға болады.

«Түркістан уалаятының газеті» оқу-білім жөнінде, оның маңызы туралы материалдарға да орын беріп, қазақтарды ғылымға қызықтыра білді. Мысалы, 1870 жылғы 10 жел-тоқсан күнгі нөмірінде күн тұтылатындығын, оның се-беп-салдарын жазды. Екіншіден, осы мақалада телеграф жұмысы жайлы баяндай келіп, ол арқылы қиыр шеттен жылдам хабар алуға болатыны, сол кезде Орта Азия мен Ресейдегі 25 қала аралығында осындай телеграф байланысы орнатылғаны жəне қай қалаға телеграмма жіберудің қанша теңге тұратыны хақында ақпарат берілген.

Басылым «Ғылым хабары» деген айдармен ғылым мен тех-ника жаңалықтарын, Түркістан өлкесі таулы аймақтарында (Алматы, Ташкент төңірегінде, Түркістанда) жер сілкінгенін үзбей хабарлап тұрды. Шармен аспанға ұшу, қар мен жаң-бырдың пайда болу сыры, аспан əлемі планеталары тура-лы түсініктер, ғылыми болжамдар жарияланды. Əлемдік даңқты саяхатшы Магелланның жердің шар тəрізді екенін дəлелдегені туралы еңбекті қазақшаға аударып басты. «Түр-кістан уалаяты» газеті ғылымның жетістіктерін баяндап, дəлелдеумен ғана шектелмеген. Жас жеткіншектерді оқуға, білімге шақырарлық саналы азаматтардың хаттарын жария-лап тұрған жəне балаларды қалай оқыту мəселесін, оның тиімді жақтарын талдап, түсіндіруге талпынған. Бұған мы-сал ретінде «Əр хилы хабарлар» деген айдармен берілген материалдар арасында кездескен Хасенов деген автордың мына бір шағын мақаласын алайық:

«Ең бастан балаға əптиек, құрандарды шығарып, бұдан соң бөтен бірнеше араб, парсы кітаптарын оқытқанда, өзі жа-зуды біліп кетеді деген ақылмен біздің мұсылман жұртының молдалары бес жыл, он жыл оқытқан баласына оқып, жазу-ды əзер-əзер түсіндіреді. Кейбіреулері сақалы шыққанша оқып, ешнəрсе түсінбей де кетеді. Балаға өз тілінде оқыту керек. Сонан соң оны жаздырып үйрету керек. Ең бастысы бөтен жұрттың жазуын, оқуын өз ықтиярымен, я біреудің

Page 214: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

214

оқытуымен білейін десе, жолға түскен адамға адаспақ жоқ дегендей. Жолын көрген соң ыждағат қылса біліп кетеді».

Мұнда мағынасы түсініксіз құран мен əптиекті, араб, парсы тілдерін оқыту жас балаға ауыр тиетінін автор дұрыс аңғарған. Сонымен бірге, ол молдалардың қабілетсіздігін, бес-он жыл оқытса да шəкіртіне мардымды білім бере ал-майтынын астарлап сынайды. Сөйтіп дүмше молдалардың болмыстарын ашып, бет-бейнесін əшкерелейді.

1888-1902 жылдар аралығында Омбыда «Акмолинские областные ведомости» газетіне қосымша ретінде аптасына бір рет шығып тұрған «Дала уалаятының газеті» сол тұста халқымыздың əдебиеті мен мəдениетін, тұрмыс-тіршілігін қалың жұртқа танытуға айрықша маңыз берген бірден-бір басылым болды. Алдымен «Особое прибовление к «Акмо-линским областным ведомостям» деген атпен шыққан газет қосымшасы 1894 жылдан «Киргизская степная газета» жаны-нан «Дала уалаятының газеті» деген атпен жарық көре бас-тады. Газеттің соңғы саны 1902 жылы наурыз айында ба-сылып, содан кейін «Сельскохозяйственный листокке» ай-налды. Газетте əр жылдары редактор болғандар: И.Козлов, К.Михайлов, Г.Абаза, А.Попов, Д.Лавров. Газеттің қазақша қосымшасын шығару ісін басқарушылар: Ешмұхамед Аблай-ханов, Дінмұхамет Сұлтанғазин, Рақымжан Дүйсембаев.

Өзінің бағдарламасына сəйкес газет ресми түрде патша үкіметінің бұйрық-жарлықтарын, заң-закондарын, əкімші-лік басқару істерін жариялайтын басылым болды. Сол кез-дегі басқа газеттер сияқты «Дала уалаятының газеті» де ресми жəне ресми емес бөлімдерден тұрды. Соңғы бөлімде көбінесе көпшілікке пайдалы, ғылымға, білімге қатысты мақалалар жариялады. Бұл газет үкімет тарапынан шыққан ресми басылым болғанымен, бостандықты, тендікті көксе-гені, прогресшіл көзқарастары үшін Сібірге жер аудары-лып келген адамдардың ықпалымен халық газетіне айнал-ды. Бұл ретте газетке дұрыс бағыт берген Г.Н.Потаниннің, Н.М.Ядринцевтің, Л.К.Чермактың рөлі аса зор.

«Дала уалаятының газеті» басқа жергілікті газеттерге қа-рағанда қазақ бұқарасының тұрмысын, оның шаруашылық

Page 215: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

215

жағдайын, мəдени тіршілігін толығырақ көрсетіп отырған басылым болды. Бұрынғы Сібір губерниясына қараған Се-мей, Ақмола, Тобыл, Жетісу қазақтары өнер-білім жаңалық-тарын алғаш рет осы газеттен оқу мүмкіндігіне ие болды. Газет қазақ жұртшылығын орыс халқының əдебиетімен таныстырды. Оның бетінде А.С.Пушкин, Л.Н.Толстой, М.Ю.Лермонтов, Д.Н.Мамин-Сибиряк, Г.И.Успенский шы-ғармаларының, И.А.Крыловтың мысалдарының қазақ тілін-дегі алғашқы аудармалары басылып тұрды. Сондай-ақ, газет-те қазақ елінің тұрмысын, əдебиетін, мəдениетін зерттеуші орыс ғалымдары өздерінің мақала-хабарларын жиі бастыр-ды. Г.Потанин, А.Алекторов, А.Ивановский, А.Добролюбов, В.Обручев, Н.Патуносов, Н. Ильминский, т.б. қазақ елінің тарихына, этнографиясына қатысты материалдармен қатар қазақ халқының ауыз əдебиеті нұсқаларын жинап бастыруда пайдалы жұмыс істеді.

Газет негізінде жергілікті отаршылдық-əкімшілік орын-дардың ресми органы болғанымен, халықты өнер-білімге, мəдениетке шақырып тəрбиелеуде едəуір рөл атқарды, қазақтың жазба əдеби тілінің дамуына зор ықпал жасады. Оның бетінде қазақ тілінде бұрын болмаған публицисти-каның, ғылыми стильдің негізі қаланды, аударма тəжірибе-сінің алғашқы қадамы жасалынды, араб графикасына негіз-делген қазақ жазбасында тұңғыш рет тыныс белгілері қол-данылды.

Газет қазақ халқының қоғамдық əлеуметтік ой-пікірін оятуға, мəдени, əдеби дүниетанымын қалыптастыруға, кеңейтуге едəуір əсер етті. Саяси-экономикалық мəселелер-мен қатар оқу-ағарту ісінің жай-күйі, өнер мен білімнің пайдасы, орыс мəдениетінің жетістіктері, қазақ əдебиетінің хал-қадірі, қазақ зиялылары мен ғалымдарының өмірі жа-йында бірқатар тарихи құнды мақалалар, хабарлар жа-рияланды. Ұлтымыздың алғашқы ағартушы-ұстазы Ыбырай Алтынсариннің, қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уəли-хановтың, классик ақын Абай Құнанбаевтың қоғамдық-саяси көзқарастарының қалыптасуына XIX ғасырдың екін-ші жартысындағы Еуропа əдебиеті мен мəдениеті ықпал еткені туралы кеңінен жазылды.

Page 216: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

216

Ш.Уəлихановтың туғанына 60 жыл толуына арналып газет-тің 1894 жылғы 18 санында жарияланған қазақ баспасөзінде алғашқы болып саналатын портретті очеркте ғалымның жан-жақты білімді, адамгершілігі мол, ғылым жолына берілген адам болғандығы былайша суреттеледі: «… Шоқан Уəлиханов ғылым, өнер иесі, халықтың ғадет заңын біліп, даңғыл, биік жолға шықса да өзінің туған жайын жатырқамай һəм ұмыт-пады. Тағы да ғалым өнерінің қымбат екенін біліп, құрмет тұтып, өзінің халқын бек жақсы көрер еді. Лəйкін Россия халқының қорғап, қоршап болысқанымен Азия халықтары ілгері басып һəм надандықтан құтылар ма деп ойлар еді».

Алаш игілігі үшін аянбай еңбек еткен дарындардың бірі – қазақ халқының тұңғыш ағартушысы, жазушысы, жаңашыл Ыбырай Алтынсарин туралы да газет бетінде портретті очерк, мақала, хабарлар жарияланып, оның өзі жазған өлеңдері де басылып тұрды. Ы.Алтынсариннің қайтыс болғаны тура-лы берілген қаралы хабарда «қырдың кең даласының ар-тықша туған баласы» Ыбырайдың ерекше дарындылығы, білімпаздығы, В.Григорьев, Н.Ильминский сияқты орыстың білімді адамдарының көмегімен жəне өздігінен ізденіп бі-лім иесі болғаны, өзінің туған халқына пайдалы аса мол мұ-ра қалдырған қайраткер екендігі жазылады. Газет бетінде Ыбырайдың «Қазақ хрестоматия» оқулығына кірген бірне-ше əңгіме, өлеңі жарияланған. «Балғожа бидің баласына жазған хаты» деген өлеңі газетте «Нұржан бидің оқудағы баласына жазған хаты» деген атпен Қылышбаев Абдрахман-ның қолы қойылып берілген.

«Дала уалаятының газеті» құндылықтарының бірі – ұлты-мыздың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өзі барда жария-ланған өлеңдері. Айталық, газеттің 1889 жылғы 7-санында басылған Абайдың «Жаздыгүн шілде болғанда» деп баста-латын өлеңі «Семей оязы, Шыңғыс елінің қазағы Ибраһим Құнанбай ауылының Бақанас өзенінде Көпбейіт деген жер-ге қонып жатқандағы түрі» деген тақырыппен берілген. Өлең-нің аяғында «Кісіден үйреніп жаздым, Көпбай Жанатай-ұлы» деп жазылғанына қарап, Абай мұрасын басылымға кім жолдағанын білуге болады.

Page 217: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

217

Ақын бұл өлеңін 1886 жылы жазғаны белгілі. Абайдың кейінірек басылған жинақтарында өлең Мүрсейіт қолжазба-сымен 1909 жылы жарық көрген негізінде берілген. Екі нұсқада елеулі айырмашылық бар. Жарлы-жақыбайдың ауыр тұрмысы бейнеленетін кейбір тұстары газетте біраз қысқартылғаны байқалады. Мəшһүр-Жүсіп Көпеевтің сол жылғы газеттің 48-санында жарияланған мақаласында: «Бұл өлең тек Құнанбаевтардың өмірі мен байлығын суреттеу-ге арналған, өлең халықтың тұрмысын жақсарту сияқты пайдалы нəрсеге шақырмайды», – деген сын пікір жазғаны сол себептен секілді. Сонымен бірге аталған мақаласында М.Ж.Көпеев Абайға əкесі Құнанбай өлгенде ас бермеді, қазақтың бұрыннан келе жатқан əдет-ғұрпын, дəстүрін бұз-ды деп кінə тағады. Құнанбай асына деп арналған малды Абайдың сатқызып, ақшасын орыс мектептерінде оқитын қа-зақ балаларына бергізгенін Мəшһүр-Жүсіп Көпеев ұнатпай қабылдайды.

1911 жылдың қаңтарынан 1915 жылдың қыркүйек айына дейін Троицк қаласындағы «Энергия» баспаханасынан айы-на бір мəрте үзбей шығып тұрған «Айқап» журналы – білім мен ғылымды насихаттап таратуда елеулі рөл атқарған ба-сылым. Қазақтың тұңғыш қоғамдық-саяси жəне əдеби жур-налы ұлтымыздың ұлы ойшылдары Шоқан Уəлихановтың, Ыбырай Алтынсариннің, Абай Құнанбаевтың ағартушылық идеяларын ілгері дамытуымен бағалы.

«Айқап» журналының бас редакторы, көрнекті қалам қайраткері Мұхаметжан Сералин басылым төңірегіне өзімен ниеттес көрнекті ақын-жазушыларды, қоғам қайраткерлерін топтастырды. Журналдың жауапты хатшысы қызметін 1911-1912 жылдары Əкірам Ғалимов, 1913-1914 жылдары Сұлтанмахмұт Торайғыров атқарды. Басылым беттерінде үн қатпаған Алаш азаматтары кемде-кем. Олардың арасында білім-ғылым тақырыбында қалам тербемегені жоқтың қасы.

«Айқап» журналының қазақ тарихындағы орнын көрнек-ті алаштанушы ғалым Мəмбет Қойгелдиевтен артық беру қиын: «Айқап» журналының қазақ тағдыры мен тарихында қалдырған ізінің маңызын аңғару үшін екі мəселені терең

Page 218: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

218

түсінуіміз қажет. Олар – ұлтшылдық пен ағартушылық. Осы екі мəселені жетік түсінбей, қазақ тарихын тану қиын. Еуро-па елдері ХVІ – XVІІ ғасырларда ағартушылық бағыттарда идеология жүргізді. Англия XVІ ғасырда, Германия XVІІ ғасырда ағартушылық бағыт ұстанды. Оларда бұл идеоло-гия жүз, екі жүз жылдап жүргізілді, олардың ағартушылары репрессияға ұшыраған жоқ. Ал қазақ даласында «Оян, қазақ!» ұранын ұстанған ағартушылық идеология бар бол-ғаны жиырма жылға ұласты. Ресейдің отары болған қазақ даласының ағартушылары үлкен қиындық, қысым көрді, репрессияға ұшырап, көз жұмды. Дегенмен осы жиырма жыл-дың өзінде-ақ Алаш зиялыларының атқарған жұмыстары кез келген ел халқын таңғалдырады. Мұндай аз уақыт, қиын заманда Еуропаның ешбір елі бұлардың жасаған ер-лікке бергісіз еңбектерін қайталай алмайды. Осы ретте зия-лыларымыздың «Айқап» журналын жарыққа шығаруы – ағартушылық жұмыстардың жеделдеп, елдің санасын оя-тып, ұлт-азаттық идеологияның қалыптасуына үлкен үлес қосқанын ерекше атап өтеміз. Бұл басылым аз ғұмырда халықты ұлт-азаттық көтеріліске тұрғыза білді десек, артық айтқандық емес».

Журнал ұрпақ тəрбиесіне жəне білім, ғылым мəселелері-не шын мəнісінде демократиялық тұрғыдан көңіл бөлді. Бұл іске мұрындық болу үшін журнал жұмысына М.Сералин өзі сияқты мұғалім, жазушы, ақын, публицистерді тартты.

«Айқап» қазақты отырықшылыққа көшіруді мəдениет, ғылым мен білім мəселелерімен байланыстыра үгіттеді. М.Сералин орыс халқының ғылымын, өнерін, тілін үйренуді үгіттеді, ол үшін мектеп ашу қажет деген идеяны таратты. «Бұл 4-5 үйдің қолынан келетін іс емес, кедейлердің баласын алыс жерге жіберіп оқытуға жағдайы келмейді. Сондықтан бір жерге қала болып жиналудан басқа ем жоқ. Ал 50-60 үй бір жерде жиналып отырса, оларға орталарынан молда (мұғалім) ұстап, бала оқыту оңай. Сонда өкімет тарапынан орыс-қазақ мектебін аштыруды талап етуге болады», – деген көзқараста болды.

М.Сералин XX ғасырдағы қазақ ағартушыларының дəс-түрін жалғастырып, мектеп ашу, бала оқыту жөнінде нақ-

Page 219: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

219

тылы ұсыныстар жасады. «Біздің ілгері келешек күнімізде бұл дүниеде күн көріп, жұрт қатарлы тұруымыз жалғыз-ақ нəрсеге тірелген. Ол – оқу. Мұнан былайғы заманда оқып, өнер білмесек, өнерлі халыққа жалшы болудан басқа бізге ешбір де орын қалмайды. Біз жұртшылық болып оқушы та-лапкерлерге жəрдем бермесек, оқығандарымыз көбейе ал-майды», – деп жазды ол.

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Айқапта» жарияла-ған «Қазақ өкпесі» мақаласында заманында мемлекеті, ғы-лымы, өнері болған қазақтың «алтыбақан алауыздықтан» əлсіреп, Ресейге қосылғанын, надандыққа, өнерсіздікке бой алдырғанын, елсізді елдіге теңгертетін ғылым мен өнер қуған қазақтың аздығын өкіне жазып, қазақ дертінің емін дөп басып танытады.

«Айқап» журналы қазақ əйелдерінің қоғамдағы орнына да жан-жақты тоқталады. «Адам баласының тəлім-тəрбиесі анадан ауысады, бүкіл адамзатты тəрбиелеуші – ана», – деп олардың үйдегі, отбасындағы рөлін өте жоғары бағалады. Журнал осы мəселені көтере отырып, қазақ əйелдері қата-рынан алғаш тілшілер тартты. Солардың тұңғышы – Сахып-жамал Тілеубайқызы. Ол журналдың 1911 жылғы 7-санын-да қазақтың ер балаларды оқытып, қыз балаға онша көңіл бөлмейтінін, олардың қалың малға сатылып, сүймеген ада-мына еріксіз ұзатылатынын ашына жазып, əшкерелейді. «Қазақ қыздарының аталарына» атты мақаласын: «Ер бала-ны оқытасыз да, бізді оқытпайсыз, қыздар оқыса бұзылады дейсіз. Бұзылған əйелдер оқығаннан бұзыла ма екен. Оқу адамды бұза ма екен? Біле білсең қыз баланы көбірек оқыту керек. Қыз бала түбінде бала-шағаның анасы болады. Ана на-дан болса, балаға жақсы өнеге бере алар ма?! Қыздарыңызды көбіне жəбірге ұстап бересіз, ұстап бергеніңіз сол, 14-15 жастағы қыздарыңызды 50-60 жастағы шалға бересіз. Екеуі тең бе, тең емес пе, оған қарамайсыз. Шырылдатып ұстап бересіз. Егер де тең болса, 14-15 жастағы ұлдарыңызға 50-60 жастағы кемпірді неге алып бермейсіз?», – деп қорытады. Бұл мақала сол кезде қазақ даласын дүркіреткен ұлы жаңа-лық ретінде қабылданғанын айтуға тиістіміз.

Page 220: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

220

Журнал қазақ тіршілігіндегі əдет-ғұрыптың кері кеткен жақтарын сын тезіне салып отырды. «Қазақтың қазіргі ха-лі» деген мақалада елді кері тартатын кесапаттың алыстан келмейтінін, оның ағайын арсындағы кəдімгі дау-жанжал, ұрлық, өтірік-өсек сөзден тарайтынын, бұл кемшіліктер-дің білімсіздіктен туатынын оқырманға алақанға жайып сал-ғандай егжей-тегжейлі түсіндіреді. Алаш арысы Бейімбет Майлин журналдың 1913 жылғы 15-санында жариялаған мақаласында қыз ұзату, келін түсіру тойында, өлімге ас беріп, еске алуда қазақтың үлкен шығынға бататынын ай-ыптап, оның орнына халықты пайдалы іске, оқу-ағарту жұ-мысын дұрыс жолға қоюға, мектеп-медресе салуға қаражат шығаруға шақырады.

Журналдың 1911 жылғы 5-санында жарияланған «Біздің қазақ баласына не қылса да басқа жұрттарға теңелу хақында біраз кеңес» деген мақалада оқу ісін дұрыс жолға қою үшін көптеген шараларды жүзеге асыру керектігі айтылады. Қазақ шəкірттерінің хал-жағдайының тым нашар екендігіне тоқтала отырып, автор көпшілікті оларға көмектесуге шақырады. Білім беру мəселесін шешу үшін оқу құралдарын шығару, қазақ тілінің əліппесін жасау, жазу жұмысын бір ережеге бағындыру туралы бірсыпыра ойларын ортаға салады.

Алты жылға таяу ғұмырында, шын мəнінде, қазақтың «көзі, құлағы һəм тілі» бола білген «Қазақ» газеті де білім, ғылым мəселелеріне айрықша маңыз беріп, бірінші қатарда ұстағаны еш дəлелдеуді қажет етпейді. 1913-1918 жылдар аралығында Орынбор қаласында аптасына бір мəрте, 1915 жылы жұмасына екі рет шығып тұрған басылымның «бас жазушысы» Ахмет Байтұрсынұлының білім тақырыбында жазған мақалалары əдістемелік жағынан құнды.

«Қазақша оқу жайынан» деген мақаласында ұлы ағар-тушы күні бүгінге дейін құнды болып табылатын мынадай тұжырым жасайды: «Мал бағатындар мал бағуын жақсы білерге керек, ел бағатындар ел бағуын жақсы білерге ке-рек. Бала оқытатындар бала оқытуын жақсы білерге керек. Бала оқытуын жақсы білейін деген адам, əуелі, балаларға үйрететін нəрселерін өзі жақсы білерге керек, екінші, бала-

Page 221: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

221

ның табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам боларға керек. Оны білуге баланың туғаннан бастап, өсіп жеткенінше тəнімен қатар ақылы қалай кіретін жолын білерге керек. Баланың ісіне, түсіне қарап, ішкі халінен хабар аларлық болу керек. Ол үшін бала турасындағы ғылымды білерге керек».

Қазақ жастарының ардақты тəрбиешісі аталған Ахмет Байтұрсынұлы «Оқыту жайынан» деген мақаласында: «Оқу жұмысының үш жағы үш нəрсеге тіреледі: бірі ақшаға, бірі құралға, бірі мұғалімге. Осы үш тіреуі бірдей тең бол-са, оқу қисаңдамай, ауытқымай, түзу жүреді. Ол үшеуі тең болмағандағы оқу жұмысы аумалы жүк сияқты орнықсыз. Жүгі ауған көштің жүрісі өнбейді. Орнықты оқу болмай, қалт-қалт етіп оқытқан оқу білім үйретіп жарытпайды. Жоғарғы айтылған оқу жұмысының үш тіреуі де біздің қазақта бұл күнде сай емес», – деп, күні бүгінге дейін толық шешілмей келе жатқан мəселенің мəнісін ұқтырады.

А.Байтұрсынов «Қазақ» газетінің 1913 жылғы 15 тамызда-ғы санында «Орысша оқушылар» деген бас мақала жария-лайды. Ұлы ағартушы сол мақаласында оқу-білімнің қажет-тігін елдің экономикалық жағдайымен байланыстырып дə-лелдейді: «Қазақ жерінде өндіріс жоқ, шикізатын сатады, ал сол шикізаттан жасалған өнімді 2-3 есе қымбат түрде сатып алады. Бұл – надандықтан келген кемшілік», – дейді. Сөй-теді де «надандықты» туындатып отырған себепті ашып көр-сетеді. Ол қазақ жерінде сапалы мектептердің аздығынан екендігімен дəлелдейді. Сонымен бірге, мектептерде бала оқытатын мамандардың өте тапшы екендігі де зиянын тигі-зіп отырғанын тілге тиек етеді. «Қазақ халқы қараңғы деген-де, кінə халықта емес, сол қараңғылықтан құтқаратын мүм-кіндіктердің жоқтығында екендігін тəптіштеп түсіндіреді.

Оқу-білім-ғылымның қоғамдық мəн-маңызын едəуір ұқ-қандай болдық. Ал оның мазмұны қандай болмақ керек де-ген сауалға жауап іздегенде, оның да Алаш көсемдерінің на-зарынан тыс қалмағанына əбден қандық.

Ұлт ұстазының 1914 жылы 9 мамырда «Қазақ» газетінде «Бастауыш мектеп» атты көлемді проблемалық мақаласы жарияланады. Мұнда автор қазақтың бастауыш мектептері

Page 222: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

222

қандай болуы тиіс деген мəселе көтереді. Ұлы ағартушының бастауыш мектеп миссионерлік саясаттан аулақ болуы ке-рек деген тұжырымы күні бүгінге дейін маңызын жоймай келеді. Бастауыш мектеп бесжылдық болсын, алғашқы үш жылда балалар тек ана тілінде оқып, кейінгі екі жылында өзге тілдерді үйренсін деген ұсынысы қазір де өте өзекті.

«Көңілге ұнамды мектептің түрі біздің ойымызша мынау: бастауыш мектеп оқуы қазақ үшін бес жылдық боларға тиіс. Əуелгі үш жылда балалар кілең қазақ тілінде үйретілетін нəрселер: оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, есеп, жағрафия, шаруа-кəсіп, жаратылыс жайлы»,1 – деп ой толғайды қазақ мектебінің іргетасын қалаушылардың бірі де бірегейі Ах-мет Байтұрсынұлы. Көтеріліп отырған мəселе – бүгін де өзекті. Ұлы ұстаз «əуелгі үш жылда балалар кілең қазақша оқуы керек», – деген ұлағатты сөзді босқа айтып отырған жоқ. Мұнда үлкен гəп бар. Бастауыш мектепте баланың тілі ұшталады, сана-сезімі қалыптаса бастайды. Баланың бұл кездегі халін жас шыбыққа теңеп айтсақ, түсініктірек болады. Жас шыбықты қалай майыстырсаңыз, солай қарап өседі. Үлкейіп өскеннен кейін тал-теректі түзете алмайсыз, адамның табиғаты да соған ұқсас. Ендеше тəуелсіз еліміздің тұлғалы азаматын қалыптастыруды бастауыш мектептен бас-тап қолға алмасақ, кейін кеш болды. Осы орайда Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы жобасының 4-бап, 3,1-тармақшасындағы мынадай байламмен келісу қиын: «І саты – бастауыш білім беру, 1-4 сыныптар. Оқудың ұзақтығы – 4 жыл. Оқу 6 жас-тан басталады. Бұл жас баланың ақыл-ойының дамуы мен əлеуметтік даярлығы үшін мейлінше қолайлы кезең бо-лып табылады. Білім мазмұны шетел тілі мен информатика негіздерін ерте үйрену арқылы байытылатын болады. (Астын сызған біз – Қ.С.).2 Бұл деген сөз дүбəрə ұрпақ тəрбиелеп, іштен шыққан жау жаман демекші, онсыз да туған анасын танымай, іштен ірітіп жүрген мəңгүрттер қатарын көбейтуге қолайлы жағдай туғызғанмен бірдей ғой.

1 Бұл да сонда, – 99-100 бб.2 ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының

жобасы //Егемен Қазақстан, 2003, 26-желтоқсан.

Page 223: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

223

Біздіңше, еліміз тəуелсіздікке қол жеткізген кезде оған тіпті де жол беруге болмайды. Тұжырымдама қабылданар кезде бұл да ескерілуге тиіс.

Оқудың мəн-маңызы мен ішкі мазмұнын айқындап бе-румен бірге Алаш публицистері мектеп керектерін де тəп-тіштеп жазуды ұмыт қалдырмаған. Бұл жөнінде «Мектеп керектері» атты мақаласында Ахмет Байтұрсынұлы мына-дай ой-түйін жасайды: «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һəм сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білімді біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең əуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім. Екінші – оқыту ісіне керек құралдар қолайлы һəм сайлы болуы шарт. Үшінші мектепке керегі – белгіленген программа. Керексіз нəрселерді үйретіп, балалардың өмірін босқа өткізбес үшін, үйретілген тиісті білімді кем үйретпес үшін мектепке үйрететін нəрселердің кесімі-пішімі болуға тиіс. Сол пішім программа болып аталады.1

Кесек-кесек үш мəселе. Бүкіл білім беру жүйесі, оның ілгері даму тетігі осыларға байланысты. Елімізде білім-ғылымды жетілдіреміз десек, осы үш мəселеге назар ауда-рып, оңтайлы жағдай туғызу үшін тиісті шараларды қолға алатын күн жеткен секлді. Соған үміт артамыз.

Ұлт ұстазының: «Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай həм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кəсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек», – деген өсиеті əрқашан жадымыздан шықпауы керек.

Алаш баспасөзінің киесі – «Қазақ» газетінде XX ғасыр-дың басында «Оян, қазақ» деп атой салған Міржақып Дула-товтың «Қазақ жайы» деген мақаласы жарық көрген. Сон-да оқырман талқысына салған мына ой көңілге қонады: «Бұрын бізге ғылым да, өнер де қажет емес еді. Кең дала-да еркін жүріп, еркін тұрып, мал бағып, бар керегіміз мал-дан табылып, басқа нəрселерді керек қыла қоймаушы едік.

1 Сұбханбердина Ү., Дəуітов С., Сахов Қ. Қазақ газеті. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы Бас редакциясы 1998, 101 б.

Page 224: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

224

Заманында сол қалпымыз жайлы да, жақсы да еді. Заман қазір де сол қалыпта болса, қазаққа ғылым мен өнер керек болмас еді. Адам ғылым мен өнер үшін жаратылған емес, ғылым мен өнер адам үшін шыққан, адамның өзі тіршілігіне керек болған кезде ойлап тапқан нəрселер. Не нəрсені де адам керегі болса, іздеп жоқтайды, керегі жоқ нəрсені кісі жоқтамайды.1

Мұнда мəн берген кісіге маңызды екі мəселе бар. Бірін-шіден, қазақ даласында ғылым мен білімнің кенже да-муы жергілікті халықтың оларға бейімі жоқтықтан емес екендігін аңдатады. Тек оған деген қажеттілік болмаған. Ал қажеттілік туса, қазақтың қай салада да бейімдік жағынан көп ұлттан көш ілгері екенін өмір дəлелдеп келе жатқан жоқ па? Екіншіден, «адам ғылым мен өнер үшін емес, ғылым мен өнер адам үшін қызмет етуі керек» деген ой – терең түсініп, түйсінуді қажет ететін қисынды тұжырым. Ендеше, бұл екі жай да қазір қызу талқыланып жатқан «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасын» бекіту кезінде ескерілгенін қалар едік.

«Балам» деген жұрт болмаса, «Жұртым» дейтін бала қайдан шықсын. «Балам» деп бағып, оқытып, адам қылған-нан кейін «Жұртым» деп танымаса, сонда өкпелеу жөн ғой», – деп жазыпты ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Қазақ» газетінде жарияланған «Орысша оқушылар деген мақаласында.2 Тауып айтылған ұрымтал сөз. Дəл қазіргі қа-зақ оқығын-тоқығандарының басындағы жай. Бізде сыртқа табынушылық басымдау боп көрінеді. Өзіміздегі барды бағалай білу жағы кемшін тартып жатады. Онсыз да арып-ашып, тек елге деген сүйіспеншілік сезіммен, перзенттік ақ-адал көңілмен маңдай терін моншақтатата төгіп еңбек етіп жүрген ұстаз, ғалымдардың қыруар қызметін көзге ілмей, бірсыдырғы сынап-міней бергеннен ұтарымыз қайсы? Өзің-дікі өзекке теппейді. Сырттың жарылқамасы тағы белгілі.

1 Сұбханбердина Ү., Дəуітов С., Сахов Қ. Қазақ газеті. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы Бас редакциясы 1998, 32-33 бб.

2 Сүбханбердина Ү., Дəуітов С., Сахов Қ. Қазақ газеті. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы Бас редакциясы 1998, 59-60 бб.

Page 225: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

225

«Баланы ұлша тəрбиелесең – ұл болмақшы, құлша тəрбие-лесең – құл болмақшы», – деп жазады жоғарыда аталған мақаласында Ахмет Байтұрсынұлы. Ойландыратын, ойда ұстайтын мəселе.

«Заман талас-тартысқа айналды. Жағаласпай ешкім қа-тардан орын қалыспайды. Басқалармен тізелесуге, тарты-суға, жарысуға оқу-білім керек. Надан жұрт оқымысты, білімді жұртпен қатар тіршілік ете алмайды, есігінде жүріп азып-тозып кетеді. Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниеден сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні қараң, келешегі тұман».1 Осыдан тоқсан жыл бұрын баспасөзде жарияланған көсемсөз осылай толғайды. Авторы – көрнекті көсемсөз шебері Міржақып Дулатұлы. Көтерілген мəселе – күні бүгінге дейін көкейтесті. Тара-тып баяндауды қажет етпейтін өзекжарды мəселе. Бір ғана бөле айтуды қажет ететіні – бүгінгі бұқаралық ақпарат құ-ралдарында білім-ғылымға осындай үгіт-насихат жетіс-пейтіндігі. Бізде қазақ білім-ғылымының бүгінгі жеткен же-тістігін Кеңес дəуірінің табысы ретінде қарастыру басым, ал оның ар жағындағы Алаш азаматтарының ерен еңбегі ескеріле бермейді. XX ғасырдың басында қазақ қоғамын дүр сілкіндіріп, үлкен серпіліс туғызған ұлттық ой-сана жары-лысы Тəуелсіздік таңы боп атқан XXI ғасырда да жалғасын табуы ауадай қажет.

АЛАШ БАСПАСӨЗІНДЕГІ ТЕРМИН МƏСЕЛЕЛЕРІ

Баспасөзге артылар міндеттердің бірі – тіл тағдырына, болашағына үн қосу, оның дамуына ықпал ету, «тіл – қару» деген ұстанымды жүзеге асыру. БАҚ жаңа сөз қолданыстарын таратып қана қоймайды, оны қалыптастыруда да маңызды рөл атқарады.

1 Сұбханбердина Ү., Дəуітов С., Сахов Қ. Қазақ газеті. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы Бас редакциясы 1998, – 69-70 бб.

Page 226: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

226

Тілдің толыққанды қызмет етуіне терминологиялық лек-сиканың дамуы тікелей əсер етеді. Терминология мəселесі тілші-ғалымдардың ғана шешетін мəселесі деп біржақты қарауға болмайтыны анық. Бұл саланы жетілдіру жұмысына тілші-ғалымдармен бірге түрлі ғылым саласының маманда-ры, аудармашы, қаламгерлермен бірге БАҚ өкілдері де ат-салысуда.

Тіл мəселелерін шешу тақырыбы қазақ баспасөзі пайда болған кезден бері күн тəртібінен түскен емес. Тіл бола-шағына алаңдамаған, тіл тақырыбын айналып өткен бірде-бір басылым жоқ десе де болады. Алғаш жарық көрген ба-сылымдарымыздың бірі «Дала уалаятының газетінде» жа-рияланған Асылқожа Құрманбаевтың мақаласында: «Тіл қай халықтың болса да ғылым мен өнерге жетілуіне қажетті ең күшті құралдардың бірі болып табылады. Тек өзінің тілін таза сақтай білген жəне дамыта білген халық қана жарқын болашағынан үміт күте алады жəне құрметке бөленеді», – деп тіл мəселесіне айрықша маңыз берілуі – соның нақты дəлелі.

Қазақ тілінің əлеуметтік өмірдегі қолданылу аясы кеңей-генін тілдік айналымда жұмсала бастаған терминдерден де көруге болады. Қоғамда болған келелі өзгерістер тер-минология саласына үлкен міндеттер жүктеп отыр. Қазақ тілі мемлекеттік тіл тұғырына көтерілгелі оның қолданылу ауқымы да кеңейе түсуде. Тілдің шын мəнінде ғылым тіліне айналуы үшін түрлі саладағы орыс тілінен, орыс тілі арқылы енген шетелдік терминдерді қазақыландыру, балама табу сияқты күрделі істер атқарылуда. Бұл тілдің өміршеңдігін қамтамасыз ететін шаралардың бірі болып табылады.

Бүгінгі күні де терминология мəселесі мемлекеттік тіл саясатының маңызды бір саласы ретінде назар аудартуда. Еліміз егемендігін алғалы бері ұлттық терминологиялық қор жасалу керектігі сөз болуда. Термин шығармашылығы жан-данып, көптеген салалық терминологиялық сөздіктердің тү-зілуі, Мемлекеттік терминкомның «Терминологиялық ха-баршы» бюллетенінің шығуы бұл шараның өріс ала баста-ғанын көрсетеді. Терминология мəселесіне арналған дөң-

Page 227: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

227

гелек үстелдер мен ғылыми конференциялардың, семинар-лардың да біраз мəселені шешуге əсері тиюде.

Ғылыми ұғымды білдіру – терминдердің негізгі қызметі. Қандай да болсын ғылым саласымен тығыз байланысты ұғымдар жүйесі – терминдерге берілетін анықтама алуан түрлі. Жалпы, «термин» атауын латыннан қазақшаға аударғанда «шек», «шекара» деген мағынаны білдіреді екен. Рим ми-фологиясында «Термин – шекара құдайы» делінуі сонымен байланысты болса керек.

«Тілдің ілгері басып өсуі үшін оның емлесі мен термин мəселесі дұрыс шешілмей болмайды. Болмайтын себебі сол: өркендеп алға барған тілдің түрлі тарауының бəрі де сол ем-ле, терминологиямен сабақтасады да отырады», – дейді қа-зақ тіл білімінің ғылыми-теориялық негізін қалаушылар-дың бірі профессор Қ.Жұбанов.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында пайда болып, ХХ ға-сырда мейлінше кең өріс алған қазақ баспасөзі көптеген жаңа сөздердің жасалуына, таралуына жəрдемші болумен қатар, олардың саралануына, жіктелуіне жетекші де болды. Сонымен бірге баспасөздің жұртшылыққа көп тарауы сол жаңа сөздердің жазу тілінен ауызекі тілге ауысуын, көшуін тездетті. Шынында да, кез келген жаңа сөздің алғашында құлаққа тосын, көзге қораш болып тұратыны бар. Алайда, тіл нормаларынан ауытқымай, сауатты жасалған термин-дер уақыт өте келе сөздік қорымыздан орын алып, сіңісіп кететіні жасырын емес.

ХХ ғасырдың басында А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамед-ұлы, Н.Төреқұлов, Ж.Күдерин, Е.Омаров, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов т.б. қазақ зиялылары қандай да бір ғылымды үйрену, ең алдымен, терминнен басталатынын жете түсінген. Олар түрлі сала бойынша оқу құралдары мен ғылыми, ғылыми-көпшілік еңбектер жазып, қазақ терми-нологиясын шын мəнінде ұлттық негізде қалыптастыруға көп үлес қосқаны белгілі. Ал бұдан кейінгі кезеңдерде, яғни отызыншы жылдардан бастап терминология саласы кеңестік тіл саясатына сəйкес жүргізілгенін көреміз. Яғни, кеңес халықтары тілдерінің терминологиясы арасындағы

Page 228: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

228

айырмашылықтарды мейлінше азайту қағидаты негізге алынғаны белгілі.

Қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығаштары «Түркістан уалаятының газеті» мен «Дала уалаятының газеті» беттерінде ғылым мен техника жаңалықтары жайлы алғашқы деректер жарияланып отырғандықтан, қазақ тілінде термин қалып-тастыру осы басылымдардан бастау алған деуге толық негіз бар.

«Түркістан уалаятының газеті» шығарушылары кірме ұғымдарды халыққа түсіндіру мақсатында қазақ тіліндегі сөздерді қолдану арқылы көптеген терминдерді аударып, мағынасын беруге тырысып бағады. Мысалы, поезды «темір арба» деген баламамен береді де, оны «ұзынша келген, тұс-тұсында əйнегі бар үйлер, кейбірінің ішінде пеші бар, жып-жылы болып тұрады, темір арбаға ат жекпейді, судың буының күшімен жүреді. Бір локомотив деген темір арбаның алдында алып жүретұғын арбасы болады» деп түсіндіреді. Түркістан өлкесінде тұңғыш рет ашылған почта-телеграф қатынасы туралы хабарламада телеграф, оның қызметі жай-лы мынадай мағлұмат беріледі: «2-ші май айында Түркістан уалаятында хабар алып тұратұғын телеграф деген сым темір қылмаққа рұқсат шықты».

Термин жасауда аударманың рөлі айрықша, ол термин-жасам көздерінің бірі ретінде бағаланады. «Түркістан уалая-ты» газетінің материалдары негізінен аударма болғандықтан жаңа ұғымдарды көпшілікке түсіндіру, тарату, термин сөз-дерге балама табуда газет шығарушылары үлкен ізденіс та-нытқан.

Газетте баламасы əлі қалыптаспаған, түрлі нұсқада қол-данылған сөздер көптеп кездеседі. Мысалы, өнерпаз сөзі бірде «һөнарманд» – «білгіш һөнарманд адамдардың ара-сында арқансыз шарменен ең бұрын аспанға ұшып шыққан осы кісілер екен»; бірде «өнерман» – «өнерман осы күнде от арбасы жүріп, от кемесі жиырма күншілік жерді бір күнде алады» деп жазылады. Сондай-ақ, терминдік мəндегі сөздер бірде түпнұсқадағыдай жазылса, енді бірде фонетикалық өз-герістерге ұшырап қолданылғанын көреміз: «Струой төренің

Page 229: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

229

Бұхарға барып келгенін бұрынғы казитте сөйлеп едік», не-месе «...əртүрлі сөздер, ақпарлар жазылар бұл газет орысша-дан басқа сартша, қазақтарға қазақша болып жазылар».

Орыс тілінен енген шетелдік көбінесе əскери-əкімшілік терминдер қазақ тілінің заңдылығына лайықталып алынған. Бұларға переводчик, полковник, помощник, совет, управление, титулярный советник, надворный советник, начальник, во-енный, приговор сияқты көптеген терминдер жатады: «...пе-рауотчик Жүсіп Қазыбек баласын Түркістан жұртында қа-зақша жəне сартша газетті шығарушыға жəрдемші қылып»; «Қазан жұрты жиналып, Богданоуич деген палкауникке көп алда разы айтып, сым темірменен қағаз салды депті»; «Уременной саует жəне ордадағы ушаскоуой мекеме жəне ставкадағы памсайский управление бұлар бəрі де біліпті».

Газетте оқу, білімнің пайдасы туралы ағартушылықты насихаттайтын материалдармен бірге халыққа пайдалы ме-дицина, ветеринария салаларынан да кеңестер беріліп оты-рады. Осыларға қатысты дəрігер сөзі «дəрігер», «лоқылар», «тайып», «доктор» сияқты нұсқаларда қолданылған. Мы-салы, «Дəрігерлер келіп қарап, молда Абдулланың жара-сы тым-ақ жаман екен депті»; «Лоқылардан лұқсат алып, сүйегін қорғасыннан қылған сандыққа салып, Хиуаға қарай алып кетіп бара жатыр екен»; «...тайыпке қаратып, ақыл сұрауға келген адам бірнеше айдың ішінде үш жүз кісі бо-лыпты»; «Одан соң сұлтанды Құлжа қаласына алып келіп, дəрі беріп, есіне келтіреміз деп, докторға қаратып, қанша қиналса да, ештеме қыла алмай, сөйтіп Əбіл ұғлы өтіпті».

Аурухана сөзі «Түркістан уалаятының газетінде» ауру-лар қоятұғын үй: мысалы, «Піл бағушыны аурулар қоя-тұғын үйге апарып қойыпты»; немесе аурулар жататын үй: мысалы, «Осы соңғы жолы Самарқанд барғанымда мұсылман еркек, ұрғашыдан елу кісі үшін жасалған ау-рулар жатқан үйді көрдім» сияқты нұсқаларда кездессе, «Дала уалаяты газетінде» аурухана сөзі бірде «кеселхана», бірде «науқасхана» түрінде кездесіп отырады: «Кеселха-на хисасында да қате, өсек сөздер айтып жария қылады, науқастанған қазақтар кеселханаға барып жатса, тірі болып

Page 230: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

230

шықпайды дейді»; «Қазақтар бұл өсек сөздерге иланып, науқасханаға барып жатпайды, яки қашан науқастары қатты болып асқынғанда ғана келіп науқасханаға жатады». Бұл мысалдардан қазіргі кездегі əдеби тілімізге сіңісіп кеткен аурухана сөзінің осы кеселхана, науқасхана сөздерін негізге алып, соның үлгісінде жасалғанын көруге болады. Ал ауру-ды емдету, қаратуға байланысты сөздер «ауруды бақтыру», «ауруын дəрігерлерге бақтыру», «үшкіріп бақтыру» сияқты нұсқаларда кездеседі: «Мұнан бұрын газеттерде Хиуа ханының диуанбегі Мəтнияз Петербор қаласында ауруын дəрігерлерге бақтыруға барып, сол жерде өлді деп жазып едік»; «Ташкентте ауруларды үшкіріп бағатын бір молда бар».

Шетелдік терминдердің дыбыстық өзгеріске ұшырап, икемделіп қолданылуы – барлық тілде кездесетін құбылыс. Тіліміздің фонетикалық заңдылықтарына сəйкес өзгеріске ұшыраған, бірақ бұқаралық ақпарат құралдарында бірыңғай қолданылып жүрген көптеген сөздер бар. Олардың қолда-нылуы жайлы белгілі тілші-ғалым Ш.Сарыбаев былай дейді: «Терминдердің жазылу мəселесі де өз алдына бір проблема. Мұнда да кейбір ақпарат құралдары пошта, минөт, кілə, за-уыт, т.б. кірме атауларды жазу ережелерімізге қайшы келетін, сөздерді айтылуынша, естілуінше жазу тəжірибесіне көшіп алды. Егерде біз осы үлгіні басшылыққа алып аутомат, уа-гон, уелесипет, уалейбол деп жазатын болсақ, терминдерді қолдану берекетсіздігіне (анархияға) тап болып, жазу прин-циптерімізден айрылып қаламыз». Бұл да əлі шешімін табу-ды қажет ететін мəселелердің бірі.

«Түркістан уалаятының газетінде» жаратылыс құбылыс-тарынан түсініктер, ғылым жаңалықтарынан хабарлама-лар да беріліп отырады. Табиғат құбылысы жайлы: «Жер сілкінгенде дүбірі күншығыстан күнбатысқа қарай кеткен-дей болып көрінді»; «Жиырма сегізінші декабрьде ерте-менен он сағат соғып, жиырма минут өткен соң Ташкент-те жердің қатты тарс етіп қимылдағаны естілді» сияқты нұсқалар кездеседі. Ал «Дала уалаятының газеті» жер сіл-кінісін былайша түсіндіреді: «Һəмма жердің қабығының

Page 231: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

231

əртүрлі теңселіп, қозғалғанын жердің сілкінгені деп атай-ды». Бұдан мынаны байқауға болады. Жазудың алғашқы кезеңінде сөйлем ұзақ, шұбалаңқы болып, кей сөздер бірін-бірі қайталап, бірі жетпей, бірі артылып, айтар ойдың дəлдігі төмен болып жатады да, уақыт өте келе ой нақтыланып, сөз де ширай бастайды. Бір сөзбен айтқанда, жаңа сөздер туып, мағыналары айқындалып, тұрақтауы жазу əсерінен жылдам-дай түсетіні байқалады.

ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ қоғамы-ның əлеуметтік жəне əкімшілік құрылысын бейнелейтін, терминдік мəнге ие болған «əкім», «болыс», «ауылнай», «старшын», «майыр», «жандарал» сияқты орыс тілінен ен-ген сөздер орын ала бастады. Заң термині де «Түркістан уа-лаятының газетінде» жүйесіз қолданылған, бірде заң – «Заң бойынша жиырма ат ұстаса керек», бірде закон – «Құрама оязында да законнан тысқары қылған іс тақырыпты пал-кауник Сауинков Омар Мыржұман баласын тергеуде еді», бірде түпнұсқадағыдан фонетикалық өзгешелікте закүн деп жазылған: «Егерім, бұл жұртқа келген соң дұнғандардан бір бұзық іс шықса, орыс закүніменен тергеліп сұрасын». Ал Шымкент уезінің тұрғыны Мəделіқожа деген ақынның Сыр-дария облысының əскери губернаторы Кауфманның Хиуаға барғаны тақырыпты шығарған өлеңінде: «Хан бауында Кауф-ман бір ай жатты, Қарайғанын үйретіп закүн-заңға» деп қос сөз түрінде берілген. Сондай-ақ, бір сөйлемнің өзінде қазақша-орысша қатар қолданылған нұсқалар да кездеседі: «Осы копияны алған соң, орыс заңын білмеген кісілер амалсыздан, закон білген кісілердің алдына барса керек»; «Келмеген даугер мен жауапкерге келмегендері үшін айып, штраф салмайды».

Ғалым С.Исаевтың «Қазақ мерзімді баспасөзі тілінің да-муы» деген еңбегіндегі: «…Октябрь революциясына дейінгі мерзімді баспасөзде, жалпы жазба əдебиетте тіл құрылысы майданында екі түрлі бағыттың болғаны байқалады. Оның бірі – жазба тілде көне кітаби тіл дəстүрін барынша сақтап, оның үстіне араб, иран тілдерінің элементтерін мейлінше көбірек қолданып, əдеби тілдің аясын тарылтып, жазба тіл-

Page 232: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

232

ді штампқа айналдыру əрекетіндегі бағыт болса, екінші оған қарама-қайшы əдеби тілдің өрісін кеңейтуді көздеп, тілге жаңа элементтерді кіргізуден қашпай, оның ішкі мүм-кіндіктерін толық пайдаланумен бірге қажет деген жерде ше-тел тілдеріндегі сөздерді батыл қолданып отырған бағыт», – деген ғылыми тұжырымымен əбден келісуге болады.

«Түркістан уалаятының газеті» мен «Дала уалаятының газетінде» кітаби (шағатай) тіл элементтері басым бол-ды. Ауызекі сөйлеу тілі мен жазу-сызудағы айырмашылық ағарту ісіне үлкен қиындық келтірді. «Дала уалаятының газеті», «Айқап», «Қазақстан», т.б. мерзімді басылымдар мен кейбір баспа өнімдері тіліне халықтық тіл элементтері дендеп ене бастағанымен, ескі жазба тілге тəн кейбір нор-малар сақталып отырды. Оның бірнеше себептері болды. Солардың негізгілері бір жағынан дінге, екінші жағынан, жазудағы ортақ дəстүрлі норманы сақтау дегенге саяды.

«Түркістан уалаятының газеті» мен «Дала уалаятының газетіне» «дербес газет дəрежесіне жеткен қазақ тілінде шығарылған басылымдар» деп жоғары баға берген қазақ баспасөзі тарихын алғашқылардың қатарында зерттеген ғалым Х.Бекхожин өзінің «Қазақ баспасөзі тарихының очеркі» атты тарихи еңбегінде: «Бұл газеттер патша үкіметі қойған міндеттер мен мақсаттарға, оның отаршылдық сая-сатын жүзеге асыруға, Қазақстанда капиталистік қатынас-тарды орнықтыруға қызмет еткенімен, объективтілік тұр-ғыдан қарағанда, қазақтың тілі мен жазба əдебиетін қалып-тастыруда, ұлттық мəдениеті мен экономикасының тари-хын жазу жөнінде белгілі дəрежеде айтарлықтай рөл атқар-ды» деп қорытынды жасайды.

Қазақ баспасөзі тарихындағы алғашқы басылым «Түр-кістан уалаятының газетінде» тіл мəселесіне арналған мақа-лалар саны аз болды, өйткені оны көтеруге мүмкіндік бол-мады. Ал «Дала уалаятының газеті» бетінде қазақ тілінің сол кездегі хал-жағдайы, оның болашағы, қазақ жазуын жетілдіру жолдары сияқты түбегейлі мəселелер көтеріліп, пікірталас ұйымдастырылып отырды. Тіл тазалығы мəселесі де ең бірінші осы басылымда көтерілді. Газеттің тұрақты

Page 233: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

233

авторларының бірі Б.Əдікұлы 1888 жылы басылымның 23-нөмірінде жариялаған мақаласында: «Оқуға жақсы кітап-тарды қазақша қылып, анық қазақ тілімен шығарса, халыққа пайдалы болар еді. Бұл уақытта қазақ араларында оқылып жүрген кітаптар Қазанда һəм басқа шəһəрлерде басылған… қазақтарға онша анық емес, түрікше, ноғайша, сартша ара-лас тілдермен жазылған», – деп тың мəселе көтереді.

Тіл тазалығына қатысты мəселе көтерілуі газет тілінің, стилінің жақсаруына біршама игі əсерін тигізді. «Дала уа-лаяты газетін» 1894 жылғы 27-санында жарық көрген ма-қалада: «Өзге һəр түрлі керексіз тілдердің орнына қазақтың тілін көтеріп, ілгері бастырып, молайтпақ, орыстың оқу-ын үйренбек қазақ халқының өнерлі, оқымысты, біліс адам-дарының міндетті жұмысы болса керек. Мұндай қадірлі жұмысқа дала уалаятының қазақша газеті жəрдем қылса жарайды. Өзге һəр түрлі бөтен тілдерді араластырмастан қазақтың таза тілдеріменен жазып, үлгі көрсетіп тұрса жарар еді», – деп газетті көпшілікке үлгі көрсетер, тілдің тазалығын сақтап, дамытатын бірден-бір құрал ретінде қарастырады.

Қазақ тілінің мүмкіндігін пайдаланып, басқа тілдерден енген сөздерден іргені аулақ салу керек деген біржақты принципті ұстану мүмкін еместігін газет авторлары да мо-йындайды. Басылым жетекшілерінің бірі Д.Сұлтанғазин: «Əлбетте, қазақ тіліне қай жұрттың тілінен болса да сөз қосуға қарсы келгеніміздің орны жоқ жəне мүмкін емес», – дейді. Сөйтеді де, басқа тілдерден енген сөздерді транскрип-циялау мəселесіне орай оны 2 топқа бөліп қарау керектігіне тоқталады: 1-топқа қазақ тіліне ертеде кіріп, оның фонети-калық заңына бағынып, өзінің о бастағы тұлғасын өзгертіп, қазақтың төл сөзіндей болып кеткен сөздерді жатқызады. 2-топқа қазақ тіліне кейін, көбінесе жазба тіл арқылы енген, əлі түпнұсқасы ұмытылмаған сөздерді жатқызады да, бұл жөнінде олардың сол тілдердегі жазылу дағдысын сақтау керек деген принципті ұсынады. Бұл пікірді сол кездегі қа-зақ халқының сауаттылық дəрежесін, жазу мəдениетінің аздығын, тілдің заңдылықтарын көрсететін грамматика оқулықтарының жоқтығын ескеріп, бірден-бір дұрыс ай-

Page 234: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

234

тылған пікір деп бағалағанымыз лазым. Термин сөздерді алудағы бұл принциптің қазіргі күнде де кейбір ғалымдар тарапынан қолдау тауып отырғаны тегін емес.

«Дала уалаятының газеті» қазақ жазуын жүйеге келтіру жөнінде мəселе көтеріп, сөзжасам заңдылықтарын аяқасты етпей, терминологиялық лексика жасаудың алғашқы ны-шандарын баспасөз бетінде көтерді.

Баспасөздің пайда болуымен байланысты публицистика-лық стиль қалыптаса бастады. Публицистика стилі өз кезе-гінде қазақ тілінің ғылыми стилінің пайда болуына қадам жасады, яғни газет бетінде кейбір ғылыми баяндамалар, та-рих, этнография саласынан жазылған очерктердің үзінділері (аудармалары) басылды, ғылыми терминология жасау əре-кеті пайда болды. Бұл газетте сонымен қатар іс-қағаздары үлгілерінің алғашқы негізі қаланды.

Алғашқы басылымдар журналистика жанрларының қа-лыптасуына ғана емес, сонымен қатар, қазақ тілінің сөздік құрамын толықтыруда, терминдердің тұрақталуында да ма-ңызды рөл атқарды. Бұл кезеңдердегі баспасөз тілінде кітаби тіл элементтері, түркі тілі, шет ел тілі, жергілікті сөздер де кездеседі. Өйткені, қазақ əдеби тілінің ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы сөздік құрамы үш қабаттан тұрды: негізгі – жалпы халықтық қазақ тілі лексикасы, екінші топта – араб-парсы сөздері, үшінші топта – орыс сөздері.

Атақты тіл мамандары І.Кеңесбаев пен Ғ.Мұсабаев қазақ даласында кітаби тілдің қолданыс аясының тарылуына əсер еткен фактор ХІХ ғасырдың екінші жартысында дүниеге келген «Дала уалаятының газеті» деген қорытынды жасай-ды. Бұл газеттің тілі қарапайым оқырманға түсінікті болды. Кітаби тілдің кейбір элементтері сақталғанымен, қазақтың жаңа əдеби тілін қалыптастыруда бұл басылымның көп пай-дасы тиді.

«Дала уалаятының газеті» материалдары негізінде қа-зақ тілінің сөздік қоры жаңа сөздермен толығып, қазақ сөздерінің терминдік дəрежеге көтерілуіне жағдай жасал-ды. Араб, парсы, орыс сөздерін қалай алу керектігі жайлы ойлар ортаға салынды. Кірме сөздердің қолданылуы тура-

Page 235: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

235

лы алғашқы қазақ баспасөзінің тілі мен стилін зерттеуші ғалым Б.Əбілқасымовтың мына тұжырымының жаны бар: «Түркістан уалаятының газетіне» қарағанда, одан он жыл-дай кейін шыққан «Дала уалаятының газетінде» араб-парсы сөздерінің көбірек қолданылғанын байқаймыз. Оның себебі, біріншіден, газет ресми орган болғандықтан, онда ресми материалдардың көп болуымен байланысты, орыс сөздеріне халыққа түсінікті балама іздеймін деп еріксіз араб-парсы сөздерін кіргізіп жіберуінен деп ойлаймыз».

Ұлттық баспасөз тарихындағы елеулі оқиғалардың бірі – қа-зақ тілінде мерзімді шығып тұрған тұңғыш журнал «Айқап-тың» жарық көруі болды. Басылымның беташар нөмірінде жарияланған бас мақалада айтылғандай: «Газет һəм жур-нал халық үшін шығарылады. Халықтың қай дəрежеде алға кеткендігі – халық арасында таралған газет-журнал һəм кітаптардан білінеді», – десек, «Айқаптың» жарық көруі қазақ мерзімді баспасөзінің дамуындағы ілгерілеушілікті көрсетеді. Ол қазақ əдеби тілінің қалыптасуына айрықша ықпал еткен басылым ретінде де жоғары бағалануға лайық.

«Қазақ иісі шығып тұрған», «тілі қазақ тілі, һəм əңгімесі қазақ пайдасы» (Сəбит Мұқанов) болған революцияға де-йін ұлт тілінде шыққан жалғыз журнал «Айқаптың» бас-пасөзіміздің тарихында алатын орны айрықша. «Таудан үлкен, тастан ауыр секілді» іс бастаған журналдың шы-ғарушысы əрі редакторы Мұхаметжан Сералин: «Матбұ-ғат дүниесінде газет һəм журналдың жұртқа бұл кезде ас пе-нен су секілді керекті зат екендігіне ешкім таласпайды. Аз да болса біздің қазақтан да бір газет пен бір журнал шығып, қолдарынан келгенше міндетті жұмыстарын атқарып тұр. Матбұғат, əсіресе, жұрттың тілін сақтауға, түзелуіне қызмет етеді, мұны да əркім біледі», – деп басылымның беташар мақаласында алға қойған мақсатын жалпақ жұртқа жария етеді.

Басылымдағы қоғамдық-саяси, мəдени, əдеби мəселелер, тіл тазалығы, ғылым, ағарту, əйел теңдігі сияқты күрмеуі көп құбылыстар жайынан жазылған мақалалардан оның өз кезеңінің шын мəніндегі айнасы бола білгенін көруге бо-

Page 236: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

236

лады. Профессор Қ.Бекхожин «Қазақ баспасөзінің даму жолдары» еңбегінде: «Айқап» журналы қазақ публицис-тикасы мен журналистикасын ілгері дамытты, оның бе-тінде журналистік жанрлар қалыптаса түсті, журналистік профессияның үлгі-өнегесі көрсетілді», – деп басылымның қазақ журналистикасы тарихындағы орнын айшықтап берді. Журнал ел өміріндегі ең өзекті мəселелермен бірге қазақ тілін дамыту, оның заңдылықтарын сақтау сияқты замана талабымен үндес тақырыптарды кеңінен қозғап отырды.

«Айқап» журналының материалдарын қарастыра отырып, термин сөздерге балама табу ісінің едəуір ілгері озғанын байқау қиын емес. Еркін аударма, сөзбе-сөз аударма түрле-рін кеңінен қолданған журнал авторлары терминдерді оқыр-манға түсінікті етуге тырысқан. Айталық, «…өзінің сұра-ғанын қабыл етуін ашықтан жазып қағаз берді. Мұндай қағаздарды хүкімет адамдары ултиматум деп атайды», – де-ген сөйлемнен «ультиматум» сөзінің мағынасын түсіндіруге мəн берілгеніне көз жеткізе аламыз. Мұндай мысалдар жур-нал жарияланымдарында көптеп ұшырасады.

Термин дегеніміздің өзі белгілі бір ғылым мен техника са-ласында қолданылатын арнайы лексика екені белгілі. Тілші-ғалымдармен бірге түрлі саладағы мамандар да термино-логия мəселесі төңірегінде өз ой-тұжырымдарын білдіріп, осы саланың өркендеуіне үлестерін қосуда. Осы орайда қазақтың ғылыми терминологиясының дамуына үлкен үлес қосқан ғалым, Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының атақты «Əдебиет танытқыш» еңбегінде жарияланған мына тұжырымы аса құнды: «Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау. Мұның бəріне жұмсай білетін адамы табылса, тіл шама-қадырынша жарайды. Бірақ тілді жұмсай білетін адам табылуы қиын... Сондықтан сөзден жасап сөз шығару деген əркімнің қолынан келе бермейді жəне шығарғандардың да сөздері бəрі бірдей жақсы бола бермейді».

Қоғамда болып жатқан түбегейлі өзгерістер, ғылым мен техниканың қарқынды дамуы, жаңалықтар легі жаңа ұғым-

Page 237: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

237

дар мен атауларды тудыруда. Ғылыми-техникалық прогрес-тің өмірімізге дендеп енуі тілімізде жаңа терминдердің пайда болуының бірден-бір көзі болып табылды. Өйткені, өмірдің қай саласын алып қарасақ та оны терминсіз елестету мүмкін емес, ал бұл өз кезегінде ұлттық терминология сала-сына жаңа міндеттер қояды.

Кез келген жаңалық, жаңа сөздер, терминдер ақпарат құралдары арқылы тарайтыны белгілі. Осыдан-ақ алғашқы қазақ басылымдарының термин сөздерді қалыптастырудағы рөлі қаншалықты айшықты болғанын бағамдауға болады.

ХVІІ ғасырдағы түрік жазба ескерткіші – «Əбілғазы ханның Түркі шежіресі жəне оның тілі» деген еңбегінде ғалым Б.Əбілқасымов: «Қазіргі əдеби тілімізде қарындас сөзі ер адам тарапынан өзінен жасы кіші қыз балаға ай-тылады, ал Шежіреде ол ағайын, тума деген бұдан кең мағынада қолданылған», – деген тұжырым жасайды. Көне түркілік қабатқа жататын қарындас сөзі «Дала уалаятының газеті», «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінде де негізі-нен осы мағынасында қолданылған: «Егер мұсылман қа-рындастарымыз бұл өтінішімізді қабылдаса, орыс сайлау-шылары да қарсы келмес еді деген үміт бар. Олар да қазақ қандас қарындасымыз еді, бұлар депутатсыз қалып барады, жолымызды берелік деп айта алмады».

Журналда араб-парсы тілінен енген біраз сөздер қазақ тілінің фонетикалық ерекшелігіне сəйкес өзгеріске ұшыраған түрінде де, араб-парсы нұсқасында да кездесіп отырады. Олар: əйел-ғаял, айып-ғайып, үкімет-хүкімет, əскер-ғаскер, үкім-хүкім, ақыл-ғақыл, əдет-ғадет, ақиқат-хақиқат т.б.

«Айқап» журналының жарияланымдарынан тілімізде бұ-рыннан бар сөздердің мағыналық өрісінің кеңіп, терминдік мəнге ие болғандарын да кездестіруге болады. Мысалы, «үгіт» сөзі байырғы тілдік қолданыста түркі тілдерінің көп-шілігіне тəн «кеңес беру, ақыл айту, нұсқау» мағыналарын білдірсе, «Айқапта» белгілі бір саяси-əлеуметтік мəселені көпшілікке түсіндіру үшін жүргізілген əрекетті білдіретін жаңа терминдік мəнде жұмсалған.

Қазақтың мерзімді баспасөз тіліне революциядан бұрын орыс тілінен кірген сөздің саны анағұрлым көп. Ол сөздер

Page 238: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

238

көптігімен ғана көзге түсіп қоймайды, олардың қолданылу аясы, қызметі де жоғары екендігін көрсетеді, яғни олардың көбі-ақ актив сөздерге айнала бастады. Сондай-ақ, олар қазақ тілінің қосымшаларын (жалғау, жұрнақтарды) жамы-лып қолданылған.

Журналда кейбір мекеме, ұйым аттары аударылмай, түге-лімен дерлік орысша қолданылғанын байқауға болады. Мы-салы, «Государственный совет бұл законды қарап, муафық көрмеген соң, қабылдамады»; «уездный һəм областной земля устройственный комиссия жасамақ»; «землядела – земляустройствоның бас мекемесі»; «Народный сотты жоқ етсек, болыстық, ауылнайлық қалады», т.б. сөйлемдар мен сөз тіркестері жиі ұшырасуы – соның айғағы.

Басылымда кейбір кірме сөздердің араб-парсы жəне орыс тіліндегі нұсқалары қатар қолданылып отырады. Мы-салы: «Əрине, біздің класымыздың терезелері ашық, һəм күндізгідей жарық»; «Əр сыныпқа өзіне басқа бөлмелі бір пəтер алынып, парталар істелді. Қазірде 4 сыныпта бір жүзден бала оқиды». Заң атауы да «заң», «закон», «низам», «қанун», «қанұн» түрінде жүйесіз кездесіп отырады: «Тіл болса за-коны боларға керек»; «Қазақ жерін алу турасында шыққан низам, бұйрықтарды қазақ білсе, осындай жер көшірулер азаяр еді деймін»; «Молдалар… үй ішінің істерін қарай бас-таса, жаза кесетін қанун судьяға беріліп, орнынан түсіп қалу һəм абақтыға жабуға жаза кесіледі». Сонымен қатар, кей атаулардың бір мақаланың ішінде, тіпті бір сөйлемнің ішінде де аралас кездесіп отыратынын ішінара кездестіруге болады. Мысалы: «Мың сегіз жүз алпыс сегізінші жылда жаңа закон шығып, заң өзгерілді»; «Баршаңызға мағұлым үшінші июнь қанұны бойынша, жоғарыда айтылған 3 июнь законы бойынша».

Мүше деген сөз журналда ағза деп те: «екінші, бұл думаның ағзаларының көбі қара жүздерден болайын деп тұр», немесе орыс тіліндегі нұсқасы бойынша: «Г.Дума члені» яғни аудармасыз қолданылып отырғанын көреміз. Сонымен қатар, кейбір мақалалардың ішінде қазіргі жазба əдеби тілімізде қолданып жүргендей, мүше деген нұсқасы

Page 239: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

239

да кездесіп қалады: «Мектептің əртүрлі істерін қарау үшін бірнеше кісіден…мүшелері бар».

Журналда сол кездегі сөйлеу тіліне тəн «лəкин», «ликин», «іликин», «иликин», «уа», «һəм» сияқты бірсыпыра шы-лаулар да қолданылып отырған: «…тіліміз басқа туғанда-рымыздың тілдерінен көп ала-дүр. Іликин əдеби жағынан қарағанда»; «Иликин халқымыз рас сөзді ортаға салғанға журналымызға ашу етпес деп ойлаймын»; «Ликин арасын-да жаңа сөздер де көп», «Бұлардың əрқайсылары бай һəм мəшһүр адамдар болған»; «Су үшін жасалған нəрселерді, егілген ағаш уа егіндерді».

Журналдың тағы бір ерекшелігі – баспасөздің қажеттігін, маңыздылығын халыққа түсіндіру мақсатында əртүрлі тəсілдерді қолданғандығы. Мысалы, «Б., Қ., С.-лардың ара-сында өрбіген жұмбақ əңгіме» атты туынды ерекше бір фор-мамен – диалог түрінде берілген. Мұнда Б. жаңа журналдың дүниеге келуін қараңғы үйдің бір терезесінің ашылғанына теңейді. «Айқап» халықтың ілгері басып көзін ашуға, на-шарды əлдіге теңгеруге; естімегенді есіттіруге, кемдікті тол-тыруға, қиын нəрсені оңай қылуға себеп болатынын Қ. мен С.-ға түсіндіреді. Қойдың кенесі сықылданып күнін өткізіп жүруден аулақ боп, халыққа қызмет қылуға, үлгі көрсетуге, қажет болса, ол үшін құрбандыққа баруға үндейді.

Өткен ғасырдың басынан бастап қазақ елінде болған түрлі саяси, экономикалық, технологиялық өзгерістер, жаңалықтар ана тілімізде қаншама жаңа терминдердің қалыптасуына се-бепкер болды. Баспасөзде жүйелі қолданылуы арқасында көптеген жаңа сөздер мен сөз тіркестері айналымға түсті.

Алғашқы басылымдар арқылы тыңнан жасалған талай терминдер көпшілікке тарап, қазақ тілінің терминдік қорын байытты. Сонымен бірге, мерзімді баспасөз терминжасам амалдарын жетілдіре түсуге зор ықпал етті.

Қорыта айтқанда, фонетикалық, грамматикалық, лексика-лық ауытқуларға жол бергеніне қарамастан, «Айқап» жур-налы қазақ тілін татар, парсы, араб тілдерінен тазартып, қазақтың саф алтындай таза, өзіндік тілін қалыптастыруда елеулі рөл атқарды.

Page 240: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

240

ХХ ғасырдың басында қазақ жұртының тарихын, мəде-ниетін, салт-санасын, саяси-əлеуметтік жағдайын батыл сөз еткен басылымдардың ішіндегі ең беделдісі А.Байтұрсын-ұлы басқарған «Қазақ» газеті болды десек қателеспейміз. «Қазақ» – өз заманында халықтың рухын оятып, санасы-на сəуле түсірген, оның көзі, құлағы һəм тілі бола білген қоғамдық-саяси жəне əдеби газет. Басты мұраты халық-тың сауатын ашып, тəуелсіздік жолында күресуге үндеген, сол арқылы ұлттық идеяны насихаттай білген газеттің қа-зақ мəдениеті мен əдебиеті тарихынан алатын орны айы-рықша.

Газеттің алғашқы нөмірінде жарық көрген басылым бас-қармасының беташар мақаласында айтылған: «Аталы жұртымыздың, ауданды ұлтымыздың аруақты аты деп газетіміздің есімін «Қазақ» қойдық. Ұлт үшін деген істің ұл-ғаюына күшін қосып, көмектесіп, қызмет ету қазақ баласы-на міндет… Жол ұзақ, ғұмыр қысқа, қолдан келгенін ғұмыр жеткенінше істеп кетелік. Малша оттап, асап ішіп, халық үшін қам қылмай, қарын тойғанына мəз болып, мал өлімінде өлмейік», – деген жолдардан апталық шығарушыларының ұстанған бағыты мен көздеген мақсаты айқын көрінеді.

Сөзден сөз туғызудағы тілдің құзіретін А.Байтұрсынов қазақ тілінің терминологиясын дамытуға барынша жұмсады. Тіл ғылымының белгілі маманы Ш.Құрманбайұлы «Терми-нолог» деген мақаласында Ахаңның терминология саласы-на сіңірген еңбегін былайша саралап шығады: «Біріншіден, Ахмет Байтұрсынұлы бір топ терминдерді ғана емес, бүкіл бір ғылым саласындағы арнаулы ұғымдардың атау-лар жиынтығын, дəлірек айтқанда, терминдер жүйесін жасаған. Екіншіден, қазақ əдебиеттану ғылымының негізін салған, тұңғыш əдебиет теориясын жазған ғалым осы ғылым саласының ғылыми терминологиясын да жасаған. Үшіншіден, қазақ тіл білімі, əдебиеттану сияқты жеке ғылым салаларының ғылыми терминологиясының негізін қалаумен бірге əдістеме, тарих жəне этнографияға, жалпы мəдениетке қатысты көптеген терминдер жасаған. Төртіншіден, қазақ тілінің сөзжасам тəсілдерін анықтап, оларды өзінің тер-

Page 241: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

241

минжасам тəжірибесінде кеңінен пайдаланған. Бесіншіден, жекелеген ғылым салаларының ғана емес, бүкіл қазақ тер-минологиясының қалыптасуына тікелей əсер еткен айрық-ша тұлға. Алтыншыдан, ХХ ғасырдың басындағы қазақ тер-минологиясын қалыптастыру мен дамытудың бағыт-бағда-рын айқындаушы».

А.Байтұрсынов өз өмірбаянында «Қазақ» газетінің тер-мин сөздерді түзу, қалыптастыру, айналымға түсіру про-цесіндегі үлесін: «…қазақ жазба тілін лексикалық шұбар-лықтан, басқа тілдердің синтаксистік ықпалынан тазарту-мен; …проза (іс-қағаз, публицистика, ғылыми жазба тіл) тілін кітаби тіл арнасынан стилистикалық өңдеу, қазақ сөздеріне термин жасау арқылы халықтың жанды тілдерінің арасына көшіру істерімен айналыса бастадым. Бұлар өзім жасаған оқулықтар жəне өзім редакциялаған «Қазақ» газеті арқылы іске асты», – деп көрсетеді.

Авторларын таза қазақ тілінде жазуға шақырған газеттің тіл тазалығына, қазақша жазу дағдысын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлгені оны сол тұстары жарық көрген басы-лымдардан ерекшелеп тұр. А.Байтұрсынұлы атақты «Əде-биет танытқыш» деген еңбегінде тіл тазалығына қатты ден қояды: «Біз сияқты мəдениет жемісіне жаңа аузы тиген жұрт өз тілінде жоқ деп мəдени жұрттардың тіліндегі даяр сөздерді алғыштап, ана тілі мен жат тілдің сөздерін ара-ластыра-араластыра ақырында ана тілінің қайда кеткенін білмей айрылып қалуы ықтимал. Сондықтан мəдени жұрт-тардың тіліндегі əдебиеттерін, ғылым кітаптарын қазақ ті-ліне аударғанда пəн сөздерінің даярлығына қызықпай, ана тілімізден қарастырып сөз табуымыз керек. Сонда біздің əдебиетіміздің тілі таза болады».

Осы қағиданы басшылыққа алған газет шығарушылары орыс, араб, парсы тілдерінен енген сөздерді бейберекет пайдалана бермей, мүмкіндігінше қазақ сөзін термин етіп қалыптастыруға тырысқанын көруге болады. Дегенмен де, «Қазақ» газетінің бетінде де араб-парсы, орыс тілдерінен ен-ген, орыс тілі арқылы шет тілдерден кірген кірме сөздер, сөз тіркестері ішінара кездесетінін жасыруға болмайды.

Page 242: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

242

Белгілі тіл ғалымы Ө.Айтбаев «Қазақ сөзі» деген еңбегінде «Қазақ» газетінің бетінде қолданылған кірме сөздерді екі топқа бөліп қарастырады: а) қазақ тіліне араб-парсы тілінен келген кірме сөздер; ə) орыс тілінен жəне орыс тілі арқылы енген шет тіл сөздері. Араб-парсы сөздерінің өзін: 1) Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін бойына сіңіріп, мүлде қазақылана кіріккен сөздер (ереже, əскер, қызмет, əкім т.б.). 2) Фонетикалық өзгеріске онша түспей, дербестігін сақтау-ға тырысқан сөздер (мактаб – мектеп, сыныф – сынып, класс)», – деп жіктейді. Шығыс халықтары тілінен қазақ лек-сикасына ауысқан бұл сөздердің сіңісіп кеткені соншалық, олар қазіргі кезде де солай қолданылып жүр.

«Қазақ» газетіндегі қолданылған атауларды белгілі алаштанушы-ғалым Б.Момынова мынадай тақырыптарға бөліп қарастырады: 1) əлеуметтік-тарихи категориялар мен ұғымдарды білдіретін атаулар (жұрт, ел, алаш, халық, ұлт, нəсіл, общество т.б.); 2) мемлекеттік құрылысты білдіретін атаулар (мемлекет, хүкімет, совет, кеңес, автономия, ғаскер, шекара, одақ т.б.); 3) əкімшілік жүйеге қатысты атаулар (би, болыс, бай, старшин, хакім, төре, падша, генерал-губерна-тор, министр, пристав, управа, председатель, член, ішкі істер министрі (кеңесі), собрание); 4) заң, сот жүйесіне байланы-сты атаулар (заң, би, хұқық, арыз, куə, жаза т.б.); 5) саясатқа байланысты атаулар (социализм, большевик, саясат, ішкі саясат, сыртқы саясат); 6) соғыс, əскери атаулар (казак, орыс-казак, зеңбірек, соғыс ғылымы); 7) оқу-білім, мəдени салаға байланысты атаулар (халық ағарту, бастауыш мектеп, ұлттық мектеп, ұлттық əдебиет); 8) дін ұғымына қатысты атаулар (Алла, Мұхаммед, Құдай, молла, қажы, зекет, ораза, намаз)». Ғалымның жазуынша, «Қазақ» газеті бетіндегі оқу-білім, халық ағарту саласына қатысты атаулар үш деңгейде көрінеді. Яғни, ертеден келе жатқан араб-парсы сөздері, сол тұста тілімізге екпіндеп ене бастаған орыс сөздері жəне ав-торлар қолтумасы – жаңа қолданыстар мен сөз тіркестері» (Момынова Б., 93, дисс.). Сондай-ақ, орыс сөздері арқылы жасалған атаулық тіркестер (переселен законы, народный судья) де кеңінен қолданылған.

Page 243: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

243

«Қазақ» газеті жарияланымдарында орыс тілінен енген сөздердің біразы қазақ, орыс тілдерінде қосарланып кездесіп отырса, енді біреулері сол күйінде аударылмай, -ский, -ный, ний қосымшаларымен берілген: Кабинетский жерлер, госу-дарственный совет, Түркістанский край, Государственная дума. Ал, мектеп, мұғалім сөздерінің орысша да, қазақша да нұсқалары қатар кездеседі: «Мұғалім қандай болса, мектебі һəм сондай болмақшы», «Қарқаралыдағы городской школға учитель болып сайланды». Бұл сөйлемдерге қарап, ана тілінде оқытылатындарын – мектептер, орыс тілінде білім беретіндерін – школдар деп, бір-бірінен айыру мақсатында осылай қолданған болар деп ойлаймыз. Мына бір сөйлемдер мен сөз тіркестері соған дəлел бола алады: «Осы кезде қазақ балалары оқуды екі түрлі бастап жүр. Біреулері оқуды ауылдағы мектептен бастайды, екіншілері орыс школасы-нан бастайды»; «Түркістан маңында тұрған учительдер һəм мұғалімдер».

«Қазақ» газетінде жарияланған: «Біздің мемлекет қуа-ты – Россия патшасының қоластындағы тамам жұрт құрдас-тығы, тамам бұратана жұрт орыспен құрдас»,– деген жолдар-дағы құрдас сөзінің мағынасы бір жылы туған, құрбы мағы-насынан өзгеше бірлік, теңдік, азаттық, тəуелсіздік деген ұғымда қолданылып тұр.

Апталықта жарық көрген «Қазақ əскерге алыну мəселесі» деген мақалада əскердің түрлерін жаяу əскер, атты əскер деп көрсетіп, жаяу əскер орысша солдат деп аталады, атты əскердің өзі екі түрлі болады, кавалерист, казак деп тал-дап, əскери терминдерге қатысты мағлұмат береді. Сондай-ақ, мақаладағы запас сөзінің мағынасы да қазаққа жақын тақырыптан алынып, бейнелі түрде түсіндірілген. Автор оны бұрын пішенін шаппай күнелткен уақыттағы қорық мағынасында сипаттайды: «Қорықты қыстан қысылғанда жейтін. Запастағы солдат соғысқа ғана шақырылады», – деп əдемі түсіндіреді.

Газет жарияланымдарынан алынған: «Бұл күнде «Сары-арқа» газетінің шығарушысы һəм областной комитет ағза-сы»; «Учитель һəм мұғалімдердің Союзға ағза болып кіру-

Page 244: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

244

лері жөн» деген мысалдардан ағза сөзінің мүше, яғни коми-тет мүшесі, союзға мүше болу мағынасында қолданылға-нын көруге болады. Ағза – əъза араб тілінен аударғанда мүше, дене мүшесі; қоғам, жиналыс мүшесі, қатысушы де-ген мағынаны білдіреді.

«Қазақ» газеті бетінде егу, доктор, чума, құрт (құрт ау-руы) деген терминдер көптеп ұшырасады. Микроб сөзі ауру құрты деп түсіндіріледі. Көкірек ауруы – туберкулез, ауруға қарсы қару қылу (əдісі) – ауруға қарсы тұру, иммунитет мағынасында қолданылған.

Ұлт үшін деген істің ұлғаюына күшін қосып, көмектесіп, қызмет ету қазақ баласына міндет деп санаған «Қазақ» газетінің редакторы мен оның айналасындағы топтың қазақ термин сөздерін жасауға көп үлес қосқаны ақиқат. Қазақша ойлауға, ойлаған ойын қазақша жазуға бірсыпыра адам-ды үйреткен басылымдағы мақалаларда қазақша-орысша нұсқалары жарыса қолданылған атаулар кездесіп отырады: Мүше, ағза, член; жиылыс, жиналыс, собрание; заң, низам, закон; мемлекет, государство; Министрлер кеңесі, Министр-лер советі.

Қазақ баспасөзінің тұңғышы «Түркістан уалаятының газетінде» поезд отарба деп қолданылғанын жоғарыда жазғанбыз. «Қазақ» газетінде ол негізінен поезд, кейде отар-ба түрінде, ал теміржол шойын жол түрінде жазылып, кейде темір көше деген нұсқасы кездесіп қалады. Мысалы, газет-тің 1918 жылғы 258 санында жарияланған «Орынбор ха-барларында» «Самар үстіндегі темір көше залалданған, түзетіліп жатыр» деген сөйлем бар. Алайда, бұл нұсқа жазба əдеби тілімізге енбей, теміржол сөзі сіңісіп кетті.

Терминжасамның түрлі жолдары бар. Соның негізгі тəсіл-дері – аударма жəне жаңадан сөз жасау. «Қазақ» газетінің басты мақсаттарының бірі тіл тазалығы үшін күрес болды. Оны тілдің ішкі мүмкіндіктерін пайдалана отырып жасалған, газет арқылы тарап, қалыптасқан терминдерден көруге бо-лады. Мысалы, қоғам, кеңес, тілші, төраға, кеден, сондай-ақ, одақтық шарт, одақтас мемлекеттер сияқты сөз тіркестері. Ал ашық хат «Қазақ» газетінің алғашқы кезеңінен бастап

Page 245: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

245

қолданылса, «Айқапта» жалаңаш хат (Досмайыл қажыға жалаңаш хат) түрінде де кездеседі.

Қазақ тілінің дамуы мен ғылыми терминдердің қалып-тасып, айналымға енуіне, тіл тазалығының сақталуына «Қазақ» газетінің тигізген əсері, қосқан үлесі мол бол-ды. А.Байтұрсынов қазақ сөзін ескі, жаңа деп талғамай, жергілікті сөз екен деп, ол жағына қатал қарап, қашып тұрмай, сөз байлығымызды сарқа пайдалануға шақырған. А.Байтұрсыновтың принципін басшылыққа ала отырып, тер-мин сөздерге ұлттық тілде балама табу ісінде ана тілінің сөз байлығын сарқа пайдалану – тілдік қорымыздың толығуына өлшеусіз үлес қосатыны сөзсіз.

«Қазақ» газеті – қазақ баспасөз тарихында ерекше ор-ны бар басылым. Ол басқа газет-журналдарға қарағанда ұзағырақ шығып тұрды жəне қоғамдық өмірге де белсене араласты. Басылым беттерінен орын алған саяси, əлеуметтік тақырыптағы мақалалардан олардың авторлары ұстанған бағыт, көздеген мақсаттары айқын көрінеді. Бұл басылым-да, сондай-ақ, жарнама үлгілері, басқа да мерзімді басылым-дарға шолу сияқты баспасөзге тəн элементтер алғаш қолда-нысқа енгенін ескерген жөн.

ХХ ғасырдың бас кезінде жарық көрген газет-журнал-дардың сапалық өзгеріске ұшырауы заңды да. Терминолог ғалым Ө.Айтбаев «Қазақ сөзі» деген еңбегінде сол кездегі газет-журналдарға мынадай баға береді: «Қазақтың жаз-ба əдеби тілін, оның жақсы дəстүрлерін əрі қарай дамыту-да, жалпыхалықтық тілдің кейбір стильдік тармақтарын қалыптастыруда, оның терминологиялық лексикасын жа-сауда орасан зор қызмет атқарды. Бұл газет-журналдар бет-терінде журналистік жаңа жазу үлгісі, əдебиеттің əртүрлі жанрлары қалыптаса бастады. Публицистика тіліне тəн көптеген термин сөздер мен терминдердің, грамматикалық единицалардың тұрақталуына осы кезеңдегі баспасөз тілінің əсері зор болды».

«Қазақ» газеті бетінде қазақ тілінің ішкі резервтерін пай-далана отырып жасалған жүздеген терминдер (пəн сөздері), жаңа қолданыстар алғаш баспа жүзін көрді жəне олардың ба-

Page 246: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

246

сым көпшілігі тілімізге əбден сіңісіп, қалыптасып кетті, күні бүгінге дейін белсенді қолданылып келеді. «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналының бетіндегі материалдарды зерттей отырып, бұл екі басылымда орыс тілінің қолданылуында ерекшелік барын анықтадық. «Айқапта» жарияланған ма-қала авторлары орыс сөздерін именбей батыл қолданып отырса, ал «Қазақ» газеті мұны барынша саралап, қажетіне қарай пайдаланғанын байқадық. Сондай-ақ, «Қазақ» газеті «Айқап» журналына қарағанда таза əдеби тілмен жазылған, кітаби тіл элементерін аз қолдануға тырысқан.

ХХ ғасыр басында ел өмірінде белең алған өзгерістер саяси, əлеуметтік, мəдени жаңалықтар легін əкелді, баспа ісі дамып, газет-журналдар саны арта түсті, қазақ тілінде термин түзу ісі де қарқындады. Жаңа атауларды жасап, қолданысқа түсіру, көпшілікке тарату, қалыптастыру проце-сінде баспасөздің атқаратын рөлі ерекше екені дау тудыр-мады. Алғашқы басылымдар өмірде белең алып отырған оқиғаларға ілесіп, халыққа түсіндіру мақсатында жаңа атау-ларды енгізуге талап қылды. Сол кездегі қазақ қоғамындағы əлеуметтік-саяси өзгерістер нəтижесінде орыс тілінен қаулап енген жаңа сөздер тасқынына «Қазақ» газетін шығарушылар шама-шарқынша тосқауыл қойды. Əйтсе де, ақпаратты же-дел тарату талабы мен қазақ баспасөзінде дəстүр қалыптасып үлгермеуі газет бетінде көптеген орыс сөздерін амалсыздан қолдануға мəжбүр етті. Соған қарамастан, «қазақ тілінде шыққан «Айқап» журналы, «Қазақ» газеті тіл жағынан «Дала уалаятының газетіне» қарағанда, жалпыхалықтық тілге тағы бір басқыш жақындай түсті».

«Қазақ» газетінің тағы бір ерекшелігі ол араб жазуын қазақ тіліне икемдеген А.Байтұрсынов əліпбиі негізінде шықты. А.Байтұрсыновтың араб графикасына негізделген жазу үлгісі латынға көшкенге дейін қолданылғаны белгілі. 1914 жылы Орынбор қаласында қазақ əліпбиіне біраз өзге-рістер енгізген съезд өтті. Сонда А.Байтұрсыновтың үлгісі прогрестік мəні бар жазу деп табылды. Бұл жазу кезінде халықты жаппай сауаттандыруда, сондай-ақ, баспа өнімдерін шығару ісінде де көп қызмет етті.

Page 247: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

247

Ал 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынборда өткен Жалпы қазақ съезі: «Мектеп кітаптары болсын, өзге баспасөздер болсын, бəрі де «Қазақ» емлесімен жазылсын» деген қаулы шығарады. «Дұрыс емле менен қате емлені айыруға менің ойымша бұлай қарау керек шығар деймін: тіл табиғатына қарай емлені ыңғайлау ма? Жоқ, емле түріне қарай тілді ыңғайлау ма? Мен ойлаймын, емле – жазу үшін шығарған нəрсе, жазу – тіл үшін шығарған нəрсе. Олай болса тіл-ді бұзып емлеге ыңғайлау емес, емлені тілге ыңғайлау керек», – деп жазған М. Дулатов осы пікірін былайша шегелейді: «Екі жылдың ішінде «Қазақ» газетасының тілі, емле туралы қылған қызметі көзге көрінерлік болды. Екі жылдың ішінде орта есеппен 20 мың дана «Қазақ» нөмірі та-рады, жаңа сөйлеммен 15-тей кітап шықты, бұлар 45 мың да-надай бар… Бұл емлені тосырқап түсінбейміз, оқи алмадық деген ешкімді естігеніміз жоқ».

А.Байтұрсыновтың қаламынан туған көптеген термин-дер күні бүгінге дейін оқулықтарда қолданылып келе жа-тыр. Əсіресе халықтық тіл негізінде жасалған лингвистика терминдері тіл мамандарының назарын ерекше аудара-ды. Қазақ тіл білімінде қолданылып жүрген зат есім, сын есім, бастауыш, баяндауыш, дыбыс, буын, жұрнақ, жалғау, сөйлем, сөйлем түрлері сияқты т.б. көптеген терминдер өз ана тіліміздің сөздік қорын мəңгілік байытуымен құнды.

А.Байтұрсынұлы ұстанған ең басты принцип – термин жасауда қазақ тілінің өз мүмкіндігін барынша сарқа пайда-лану. Сонымен бірге жазған мақалалары мен «Тіл – құрал», «Тіл – жұмсар» тəрізді еңбектерінде кездесетін програм-ма, фонетика, морфология, синтаксис, синод, дума, шко-ла, председатель, министерство, петиция сияқты сөздерге қарағанда, ол реті келген жерде өзге тілдің, əсіресе, орыс тілінің сөздік қорындағы керекті сөздерді пайдаланудан да қашпаған. Бұған қазақ тіл ғылымының майталманы, академик Рəбиға Сыздық: «А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытовтар термин шаруасына барғанда, алдымен ғылымның ең төменгі са-тысы – мектеп оқулықтарының мұқтажын өтеу мақсатын

Page 248: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

көздеді… Бұрын тіл білімі ғана емес, жалпы ғылым салала-ры дүниеге келмеген, олардан бейхабар қазақ жұртшылы-ғына, оның ішінде шəкірт балаларға арналғандықтан, алғашқы ғылыми танымдардың (ұғымдардың) мейлінше түсінікті болуын көздеп, əрі грамматикалық, фонетикалық ұғымдардың атауларын қазақша беруге болатынын ескеріп, алғашқы лингвистикалық терминдерге қазақ тілінің өз мүмкіншіліктерін пайдаланды», – деп өз көзқарасын ашық білдірді.

А.Байтұрсынов – ғылымды ұлт тілінде дамытуға, ғылым тілінің ұлттық сипатын арттыруға барынша күш жұмсаған ғалым. Ұлт Ұстазы «Қазақта жазу-сызу болмаған соң, жал-ғыз-ақ табиғаттың закөніне ерген, сондықтан тілі азбаған» деп халықтық лексиканы терминжасамда ұтымды пайдала-на білді. Оның ұсынған терминдерінің сəтті де өміршең болуы бұл іске шығармашылықпен қарағанын көрсетеді. Соның арқасында дүниеге келген терминдер ұлттық тілдің сөздік қорын байытуға зор үлес қосты.

«Қазақ» бұрын да халық газеті еді. Бізге аманат еді. Біз кешегі тар заманда халықтың аманатын ауырсынып, бей-нетінен қашып, жолда қалдырғанымыз жоқ, шамамызша жүргіздік», – дейді өз мақсат-міндеттерін адал атқарған ба-сылым басқармасы. «Қазақтың еңкейген кəрі, еңбектеген жасына түгелімен ой түсіріп, өлім ұйқысынан оятып, жан-сыз денесіне қан жүгіртіп, күзгі таңның салқын желіндей ширықтырған, етек-жеңін жиғызған «Қазақ» газеті» (М.Əуе-зов) өз заманының ең түйінді деген мəселелерін көтеріп, халыққа «жол көрсетіп, жөн сілтеп, басшылық айта білді». М.Əуезов «Ақаңның елу жылдық тойы» деген мақаласында: «Ақаң ашқан қазақ мектебі, Ақаң түрлеген ана тілі, Ақаң салған əдебиеттегі елшілдік ұран – «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласы-на істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын деуі оған берген əділ баға.

Page 249: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

249

МƏҢГІЛІК ЕЛ ФОРМУЛАСЫ

Алдыңғы жылы ел мерейін үстем еткен Қазақстан Тəуел-сіздігінің жиырма жылдық мерейтойының ең бір шарықтау шегі төрткүл дүниеге қазақ атын танытқан асқақ Астана-да ашылған «Мəңгілік Ел» кешені болғаны баршамыздың есімізде. Мəңгілік ел болу – мың өліп, мың тірілген қазақ халқының асқақ арманы. Арада бір жыл өткенде сол арман асқарын бағындырудың бас бағдарламасы жасалып, жер жаһанға жария етілуі санамен ойлап білген кісі көңіліне зор қуаныш əрі үлкен мақтаныш сезімін ұялатады. Қазақстан Республикасы тұңғыш Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағы-ты» атты Қазақстан Халқына жолдауымен тұтас танысқан-нан кейін түйген ой осы болды.

Тарихи жолдаудың көптің көңіл төрінен орын иемденуі-нің, меніңше, екі түрлі негізі бар. Біріншіден, алдыңғы Жолдаулардан айырмашылығы – Ел Тəуелсіздігі мерейлі мерекесіне арналған салтанатты жиында жария етілуі жұрт қуанышын еселей түсті. Екіншіден, Елбасының өз сөзімен айтқанда, «2030 стратегиясының мерзімінен бұрын орындауға қол жеткен параметрлерінің қорытындыларын шығару үлкен абырой» болғаны ел мерейін тасытты. Та-рихи жолдауда: «Ел 20 жыл бойы егемендігіміз бен сая-си салмағымызды нығайтуға жұмыс істеді. 20 жыл өткен соң бұл мақсатқа қол жетті. Қалыптасу кезеңі табысты аяқталды. Біздің алдымызда Қазақстанның тұтастығын сақтай отырып дамыту міндеті тұрды. Біз жоспарлағаннан да асыра орындадық, – деп қорытынды жасаған Елба-сы сөзін нақты деректермен дəйектеп берді. – Тұңғыш рет тарихта біздің мемлекетіміз халықаралық дəрежеде танылған нақты шекарасын белгіледі. 14 мың шақырым мемлекеттік шекара межеленді. Жан басына шаққанда ішкі жалпы өнім 1998 жылғы 1500 доллардан 2012 жылы 12 мың долларға жетіп, 7 еседен астам өсті. Соңғы 15 жылда халықтың саны 14 миллионнан 17 миллион адамға дейін өсті. Соңғы бес жылда ана өлімі шамамен 3 есе азайды,

Page 250: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

250

бала туу көрсеткіші бір жарым есе өсті. Өмір сүру ұзақтығы 70 жасқа дейін ұлғайды. 2012 жылдың қорытындысы бо-йынша, ішкі жалпы өнімнің көлемі жағынан біз əлемнің 50 ірі экономикасының қатарына кіреміз».

Бұл Елбасы тілге тиек еткен негізгі нəтижелердің бір парасы ғана. Ал санамалай берсек, оның қатары еселене береріне ешкімнің күмəні тумасы анық. Сарыарқа төрінде күн санап көркейіп өсіп, Алаш атын əлемге паш еткен асқақ Астананың өзі неге тұрады!

Сонымен, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі жаңа сая-си бағыты бағдарлануының бір себебі «Қазақстан-2030» стратегиясының орындалуымен байланысты екеніне көз жеткендей болды. «Қазақстан-2050» стратегиясы – «Қазақ-стан-2030» стратегиясының жаңа кезеңдегі үйлесімді да-муы. Осыған орай, ұлттың 2050 жылға дейінгі жаңа сая-си бағытының жобасын ұсынамын», – дейді Елбасы бұл жөнінде.

«Мықты мемлекет күнкөріс саясатымен емес, жоспар-лау саясатымен, ұзақ мерзімді дамумен жəне экономикалық өсумен айналысады». Тарихи жолдауда күллі əлемге паш етілген осы тұжырым – «Қазақстан-2050» стратегиясын қабылдаудағы екінші себеп екені еш талас туғызбайды.

Ал үшінші себеп Елбасының: «Жаңа сын-қатерлерді лайықты қабылдау үшін ендігі жерде 2030-стратегиясының аясы жеткілікті емес. «Басқарылатын болжамдау» қазіргі тұрақсыз кезде мемлекеттер дамуының маңызды тетігіне айналуда», – деген салмақты тұжырымынан туындайды. «2050 жыл – жай бейнелі дата емес. Бұл бүгінде əлемдік қауымдастық бағдар ұстап отырған нақты мерзім. Біріккен Ұлттар ұйымында 2050 жылға дейінгі өркениеттер дамуы-ның жаhандық болжамы əзірленді. 2050 жылға дейінгі бол-жамдық баяндаманы Дүниежүзілік азық-түлік ұйымы жа-риялады. Қытай өзі үшін дəл осындай стратегиялық жос-парлау көкжиегін айқындап алды», – деп қарастырады тари-хи Жолдауда.

«2050 стратегиясы» – Тəуелсіз Қазақстанның XXI ғасыр-дың ортасына дейінгі даму межесін айқындайтын бас бағ-

Page 251: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

251

дарлама. Оның ең негізгі мақсаты – «2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған эканомиканың жəне жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру». Соның нə-тижесінде «Қазақстан XXI ғасырдың ортасына қарай əлем-дегі ең дамыған 30 елдің қатарында болуға тиіс». Бұл та-рихи Жолдау айқындаған, барша қазақстандықтардың жа-уапкершілігін еселей арттыратын биік меже. Егер біздер-мен бəсекелес елдердің қол қусырып қарап отырмай, күн құрғатпай даму үстінде, алға ұмтылу талабында екенін ескерсек, онда ол межеден шығу жүгі өте ауыр екенін ба-ғамдау қиын емес.

«2050 стратегиясында» ел мерейін үстем ететін осынау биік мақсатқа жету жолдары тарқатыла талданады, нақты айқындалады.

Қазақстан дамуының, бүгінгі жеткен жетістіктеріміздің ең негізгі кілті еліміздегі тұрақтылық пен татулықта екенін Елбасы егемендігіміздің елең-алаңынан бері талмай айту-мен келеді. Тарихи Жолдауында: «Əлеуметтік қауіпсіздік жəне азаматтарымыздың бақуаттылығы. Бұл – қоғамдағы тұрақтылықтың ең жақсы кепілі, – деп тағы да еліміздегі тыныштық пен татулықтың сақталуына аса маңыз береді. – Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады. Бұл тарих заңы. Сондықтан қазақтардың бірлігі – елдігіміздің кілті, ең бас-ты мəселесі. Қазақты ешуақта сырттан жау алған емес. Қазақ əлсіресе, алауыздықтан əлсіреген, күшейсе, бірліктен күшейген. Үйдің берекесі қабырғасының қиюымен емес, теңінің жиюымен, отбасындағы сыйластықпен, татулықпен кіреді. Мемлекет те солай.

Үдеудің сыры – бірлікте,Жүдеудің сыры – алауыздықта.

Бабаларымыз тірі болу үшін бір болса, біз əрдайым ірі болу үшін бір болуымыз керек», – деген жолдарды тебірен-бей оқу мүмкін емес.

Əңгіме ауаны тарихи Жолдаудың идеологиялық мығым-дығына қарай ойысқандықтан, ойымызды шегіне дейін ше-

Page 252: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

252

гелей жеткізуді жөн көрдік. Біздіңше, «2050 стратегиясы-ның» алдыңғы «2030 стратегиясынан» басты айырмашы-лығы да, артықшылығы да осында. Оның табиғи заңдылығы да жоқ емес. Бұдан 15 жыл бұрын тəй-тəй басқан Тəуелсіз Қазақстанның экономикалық қуаты тым əлсіз болатын. Ел алдында халықтың əл-ауқатын көтеру міндеті тұрды. Сондықтан бірінші орынға экономикалық мүдде шықты. Идеологиялық мəселелер кейінге шегерілді. Қазіргі Қазақ-стан жағдайы мүлде бөлек. Ел экономикасы қарқынды да-мып, халқымыздың тұрмысы көш ілгері түзелді. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Бірақ тек материалды байлық адам-дарды бақытты ете алмайтынын өмір көрсетіп берді. Ендігі жетіспейтіні – рухани байлық. «2050 стратегиясы» осы ол-қылықтың орнын толтыру жолын айқындауымен де аса бағалы. Жолдаудың «Ұлттық интеллигенцияның рөлі» атты бесінші бөліміндегі Елбасының: «Біз мемлекеттігіміздің ру-хани мəселелер экономикалық, материалдық мəселелерден ешбір кем бағаланбайтын даму кезеңіне келіп отырмыз», – деп тұжырым жасауы – сөзіміздің жаны бар екенінің нақты дəлелі.

Осы орайда, Жолдауда ұлт зиялыларына айрықша маңыз беріліп, ерен жауапкершілік жүгін арқалатып отырғаны да көңіл төрінен орын иемденгенін жасырғымыз келмейді. Өйткені, Елбасы дəл айтқандай, «Рухани дамуда негізгі рөлге əрқашан интеллигенция ие». Сондықтан да, «интел-лигенция қалыптасқан мемлекет кезеңінде жалпыұлттық құндылықтар жасауда алдыңғы қатарлы күш болуы керек».

Жалпыұлттық құндылықтар дегенде, ең алдымен, ұлт зиялыларының көңілін мемлекеттік тіл мəртебесіне ие ана тіліміздің жадау жағдайы алаңдататынын еш жасыра ал-маймыз. Жолдауда бұл мəселе бойынша да көңілге медет боларлық бағыт-бағдар айқындалып, нақты тапсырмалардың берілуі жанымызға жаққанын айтуға тиістіміз.

«Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндеті-міз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып да-мыту, – деген тұжырымды алдымызға тартқан Елбасы оны жүзеге асырудың жолдарын да нақты айқындап береді. – Біз

Page 253: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

253

2025 жылдан бастап əліпбиімізді латын қарпіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мəселе. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз жəне бұл əлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғы-зады».

Расында да, жазуымызды латын қарпіне көшіру қажетті-гі əбден пісіп-жетілгенін ешкім жоққа шығара алмайды. Ол, ең əуелі, тіліміздің айрықша дыбысталу жүйесін қалпына келтіру үшін ауадай қажет. Екіншіден, түбі бір түркі жұр-тымен бірлігімізді арттыру үшін аса маңызды. Ендеше осы қажеттіліктерді ескере отырып, жаңа жазуға көшу ту-ралы дау-дамайды доғарып, ана тілімізге шақтап əліпби жасақтап, күн құрғатпай оны мемлекеттік құзырлы комис-сия деңгейінде бекітіп, нақты іске кіріскеніміз құба-құп бо-лар еді.

Осылайша, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», есі кіріп, етегін жапқан жұрт екенімізді танытып, ауыз-біршілігімізді арттырып, бір жұдырық болып жұмыла кіріс-сек қана ісіміз ілгері басатынын есте ұстағанымыз жөн шығар. Сонда ғана Жолдауда айқындалған: «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады. Осылай Тəуелсіздігіміз бүкіл ұлтты ұйыстыратын ең басты құндылығымыз – туған тіліміздің мерейін үстем ете түседі», – деген ұлт мұраты жүзеге асарына сеніміміз мол.

«Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан оған бей-жай қарамайық. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мəніндегі мемлекеттік тіл мəртебесіне көтерілгенде, біз елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз», – деген жолдар «2050 стратегиясының» тарихи маңызын айшықтай түсері даусыз.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келгенде, Алаш көсемсөзін зерттеуші ретінде байқағаным, Алаш идеясы мен Елбасы Жолдауы арасындағы тарихи сабақтастыққа көз

Page 254: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

254

жеткізгендей болдым. Ол – қазақ жұртын Мəңгілік Ел ету идеясы. «Біз болашаққа көз тігіп, тəуелсіз елімізді «Мəңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. «Қазақстан-2050» стратегиясы осынау мəңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. Тəуелсіз елді өз қолымен құрған буыннан басталған ұлы істерді кейінгі ұрпақтың лайық-ты жалғастыратынына кəміл сенемін. Бабаларымыздың ер-лігі, бүгінгі буынның ерен істері жəне жас ұрпақтың жа-сампаздығы арасында сабақтастық болса ғана біз Мəңгілік Ел боламыз.

Мен ХХІ ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» болары-на сенемін. Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.

Аңсарлы азаттығымыз бен тəу етер тəуелсіздігіміз баян-ды болсын! Мəңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дəуірлерге жол ашсын!» – деп, тарихи Жолдауы арқылы төрткүл дүниеге паш еткен Елбасы тұжырымы соның айқын айғағы.

«Егемен Қазақстан» газеті, 2013 жылдың 2-наурызы.

АМАНДОСОВ ƏЛЕМІ

Тауман Салықбайұлы Амандосов! Бүкіл қазақ журналис-теріне етене таныс, жақын да жылы естілетін есім. Өйткені еліміздің БАҚ өкілдерінің бірнеше буыны ұлағатты ұстаз дəрісін тыңдап, оның маңдай тер, ерең еңбегі сіңген білім ордасы – ҚазМУ-дің журналистика факультетінде оқу бақытына ие болды. Бар саналы ғұмырын сарп етіп, толағай теңіз ізденістен туған ғылыми-теориялық еңбектері қазіргі таңда құны жоғары, шəкірттерінің қолынан түспейтін асыл дүниелерге айналды.

Ұстаз. Ғалым. Қаламгер. Қайраткер. Амандосовтың төрт тағаны. Айтуға ғана жеңіл, ал тереңіне бойласаңыз шеті жоқ шексіз дария. Сондықтан да ол жайлы сарқып айтпақ

Page 255: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

255

тұрмақ, бетінен қалқып баяндаудың өзі біршама ыждағатты ізденуді, моншақтата тер төгуді қажет етеді.

Екінің бірінің қолы жете бермейтін бұл биікті алу, əрине, Тау-ағаға оңай соқпағанын былайғы жұрт жетік біле бермейді. Балалар үйінен бастау алатын шырғалаңға толы өмір жолы оны əбден сынақтан өткізіп барып, шығармашылық атты мəңгілік дүние кілтін қолына ұстатты. Оған келер жылы асқаралы алпыс жыл толғалы тұр. 1942 жылы қазіргі Атырау қаласында шығып тұрған облыстық «Социалистік құрылыс» газетіне əдеби қызметкер болып еңбекке араласқан кезінен былай қарай ол журналисти-кадан бір елі ажырамай, қаламгерлікті өмірлік серігі етті. Ғалымның хаты өлмейтіндігін Амандосов шығармашылығы тағы да айқын дəлəлдеп берді.

1946 жыл – жиырма бес жастағы Тауман ағаның өміріндегі ең бір шешуші жыл. Осы жылы ол талайлардың биік арманы – атақты ҚазМУ-дің филология факультетінің журналистік бөліміне оқуға түсті. Соғыс жаңа аяқталып, елдің тұрмыс-тіршілігі əлі түзеле қоймаған жұпыны кез.Балалар үйінен шыққан шəкіртке оқу оңайға соқпағаны айтпаса да түсінікті. Бағына қарай, Қазақстан Компартия-сы Орталық Комитеті жанындағы партия тарихы институ-тында кіші ғылыми қызметкер атқаратын аудармашылық жұмыс табылып, оқуын еңбекпен ұштастыруына тура келді. Сол кездегі атақты аудармашылар С.Бəйішев, Ж.Жантөрин, Қ.Сағындықовтардың ақыл-кеңесін тыңдап, тəжірибе жи-нақтап, кеңес жазушыларының бірқатар шығармаларын қазақ тіліне аударуы – талантты аудармашы Амандосовтың алғашқы айтулы табысы еді. 1950 жылы оқуын үздік дип-ломмен тəмамдаған жас маманды ҚазМУ аға оқытушы етіп өзіне алып қалуы да тегін емес-ті.

Тауман Салықбайұлы 1952-54 жылдар аралығында ҚазМУ-дің сырттай оқу жөніндегі проректоры қызметін абы-роймен атқарды. Сөйтіп, қазақтың кəсіпқой журналистерінің ішінен мұндай лауазымға алғаш қол жеткізген талант ие-сі болып тарихта аты қалды. 1955 жылы «Қазақ кеңес əде-биетіндегі халықтар достығы идеясы» деген тақырыпта кан-

Page 256: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

256

дидаттық диссертациясын сəтті қорғап, бірінші оппоненті М. Əуезовтен бата алды.

Ғалымдықты ұстаздықпен ұштастырған, жүректе түйіс-кен қос арнаны шығармашылықпен ұштаған, сол арқы-лы еліне қаламгерлікпен қоса танылған Тау-ағаның қайрат-керлік қызметі де көңіл көншітпей қалмайды. Журна-лист Амандосовтың 1958 жылдан 1966 жылға дейін қазақ білімінің қарашаңырағы ҚазМУ-дің филология факуль-тетінің, алдымен, бір жыл деканның орынбасары, одан кейін атандай тоғыз жыл тапжылмай деканы қызметін абыроймен атқаруы – айрықша əспеттеп айтуды қажет ететін елеулі еңбек. 1966 жылы Тауман Салықбайұлының ұсынысымен филология факультеті құрамындағы журна-листік бөлімі негізінде ҚазМУ-де алғаш журналистік фа-культеті ашылды. Ол осы факультеттің тұғыш деканы бо-лып сайланып, осынау абыройлы міндетті 1971 жылға дейін үлкен жауапкершілікпен, толымды табыстармен атқарды. 1969 жылы факультетте телерадио кафедрасының ашылуы-на ұйытқы болып, оған жетекшілік жасаса, 1971 жылдан өз ұсынысымен ашылған қазақ журналистикасы кафедрасының профессоры болып қызмет етті. Ал 1976 жылдан өмірінің соңғы сəтіне дейін замандастары Амандосов кафедрасы атап кеткен журналистік шеберлік жəне əдеби редакция-лау кафедрасының меңгерушісі міндетінде де үлгілі өнеге көрсетті. Журналистиканы өмірінің мəні етіп қалап алған Амандосов бар саналы ғұмырын ҚазМУ-дің журналистік факультетінің қалыптасып, дамуы жолына арнады.

Ғалым Амандосовтың ғылыми еңбектерін еңсеріп айту да оңай шаруа болмай тұр. Тауман Салықбайұлы – Қазақ кеңес журналистикасының тарихы мен теориясын жəне алғашқы публицистерінің шығармашылығын зерттеп, зерделеген, осы бағытта 100 баспа табақтан артық ғылыми еңбек жариялаған қайраткер ғалым-қаламгер. 1982 жылы Мəскеуде МГУ-дың профессоры əлемге əйгілі ғалым Ясен Николаевич Засурскийдің жетекшілігімен «Қазақ публицистикасының тарихы, өркендеуі жəне проблемалары» атты докторлық дис-сертация қорғап, Қазақстанда журналистік теориясы бойын-

Page 257: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

257

ша тұңғыш ғылым докторы, профессор атағын алған сұңғыла ғалым, ардақты ұлт азаматы. Журналистика факультеті студенттеріне арнап шығарған «Қазақ кеңес баспасөзінің жанрлары» атты қазақ тіліндегі тұңғыш оқулықтың авто-ры. Сонымен бірге, 11 монографияның, соның ішінде күні бүгінге дейін студенттердің қолынан түспейтін «Публици-стика – дəуір үні», «Газет жанрлары», «Журналист жəне өмір» атты айтулы оқу құралдарының иегері. Сондай-ақ, əлі маңызын жоя қоймаған «Совет журналистикасының тео-риясы» оқулығымен шəкірттер алғысына бөленген ардагер ұстаз.

Тауман Салықбайұлы 1970 жылы Ереванда өткен Азия мен Африка елдері журналистерінің симпозиуымы-на қатысып, қазақ елі атынан жалпақ əлемге сөз арнады. Қазақстан Журналистер одағының ІІ, ІІІ, ІV, V съездерінің делегаты болып сайланып, 1972 жылдан бастап осы одақ басқармасының мүшесі болды. Көп жылдар бойы одақтың ең беделді Алматы бөлімінде жетекшілік етті. Осы ұйым жа-нынан журналистік шеберлік университетін ұйымдастырып, оның ректоры ретінде қазақ журналистикасының қарыштап дамуына сүбелі үлесін қосты.

Тауекеңнің шəкірттері мыңдап саналады. Ұстаздықты тек білім берумен шектесек, қателескен болар едік. Мұны бір ғана қыры десек, одан басқа да өлшем таразысы болуға тиіс қой. Киім киіс, жүріс-тұрыс, мінез-құлық – бар мəнері, болмысымен шəкірт жанын жаулап, оны адами өмір сүруге баули алатын оқытушы ғана ұстаз атануға əбден лайық. Біз білетін Амандосов сондай жандар қатарынан болатын.

Мұнтаздай таза киіміне қыл түсірмей күтіп киетін, жаны жайсаң ұстазға шəкірттері қызыға қараушы еді.

Ағайдың ерекше қасиеті, шəкірттерін бір көргеннен-ақ танитындығы еді. Сыртқы пошымын ажырата білумен ғана шектелмейтін. Ішкі жан дүниесін, таланты мен талабын тапжылтпай танитын. Бұл да тума дарын иесінің ерекше қасиеті екендігіне енді көзіміз жетіп жүр. Таукең бірінші курс студенттеріне «Журналистикаға кіріспе» деген пəннен сабақ беретін. Семестр соңында сынақ алатын. Сондағы

Page 258: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

258

бағалары шəкірттерінің болашағын айқындап қойғандай дəл берілетініне тəнті болмай көріңіз. Ол өте жақсы деп жоғары бағалаған балалар бүгінде ел сенімін ақтап жүрген журна-листер.

Таукең менің диплом жұмысымның жетекшісі болды. Бұл 1990 жылдың жазы еді. Арада жетпіс жылдай уақыт салып, ардақты Алаш азаматтарының бірінен кейін бірі ақталып, өшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілгенде, мəре-сəре болып жатқан уақыт. Қайта құру, жариялылықтың лебі есіп, ой санадағы дүбір қоғамдық құбылыстағы қым-қиғаш оқиғалармен астасқан тұс.

Осының бəрі Тауекең секілді сыртқы əсерді жандүние-сімен сезініп, жүрегіне жақын қабылдайтын шығармашы-лық адамдары үшін оңай соқпағаны белгілі. Жетекшім жүрек сырқатымен қалалық кардиология ауруханасына жа-тып қалды.

Диплом жұмысының тақырыбын «Міржақып Дулатов-тың журналистік қызметі» деп бекітіп алған болатынмын. Алаш ардақтысының Қазақстан Компариясы Орталық Комитеті құрған арнайы комиссиясының шешімімен 1989 жылы 28 маусымда толық ақталып шыққаны баршаға аян. Бірақ, бай шығармашылық мұрасы əлі зерттелмек тұр-мақ, жинақталып үлгермеген елең-алаң кез-тұғын. Қол жеткен мұрағат материалдарымен танысып, сол кездегі А.С.Пушкин атындағы жəне Ұлттық ғылым академиясы-ның кітапханасының сирек қолжазбалар қорында сақталған ХХ ғасырдың басындағы газет-журнал тігінділеріндегі жа-рияланымдарын жинап, өзімізше талдап, диплом жұмы-сымды жазып бітірдім де, жетекшіме ауруханаға апарып бердім. Бұл жұма күні болатын. Ол толық танысып шығуға үш күн керегін айтып, жетекші пікірі үшін дүйсенбіде келуімді тапсырып шығарып салды.

Келіскен уақытта ауруханадағы Тауекеңнің палатасына кіргенімде жетекшім мені ерекше ықыласпен жылы қарсы алды. Қолыма қалам-қағаз алдым, сосын шеттегі орындық пен үстелді нұсқады. Өзі бөлмені ары-бері кезіп, ұзақ ойла-нып жүрді де, бір мезгілде жаз дегендей белгі берді:

Page 259: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

259

– Өртенген қара ормандар, – деп бір тоқтады да, тағы да ойланып тұрып, – сыңсыған үн, – деп сөзін жалғады. Бөлмені тағы да үнсіздік басты. Ол өз ойымен əуре. Апырмау, пікір деген бұлай жазылмаушы еді ғой деймін іштей қобалжып. Ол ойымды оқып қойғандай, сөйлемді жалғастыра жазуға ишарат етті де, былай деп іліп əкетті:

– Алып ұшқан жүрек лүпілі осы жас студентті толғанта-ды, ойландырады. Талай ардақтар, талай данышпандар өртенген тоғайдың қасіретті халін көріп, қайғырады, жанын ауыртады. Сөйтіп, өртенген орманның шалағай жыртық жапырағын қайта көктеуге əрекет етеді, ұмтылады.

Осы сөздерден кейін ол менің арқамнан мейірлене қағып, ағалық ризалық сезімін білдірді де, пікірінің қалған бөлігін тездетіп айтып шықты.

Ал, өртенген қара ормандар, сыңсыған үн халқымыздың ұстаз көңілінде шер боп қатқан тағдыры, талай тарихының образды көрінісі екендігін кейін ұқтым.

«Ана тілі» газеті, 2001 жылдың 29-қарашасы.

ТАПҚЫР СӨЗДІҢ ТАРЛАНЫ

Қазақ сөз өнерінің саңлағы Зейнолла Қабдоловтың дəрі-сін тыңдау бақыты бізге бұйырмады. Біз деп қазіргі əл-Фара-би атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде 1983-1990 жылдары оқыған студенттерді айтамын. Осыған дейін ол оқып келген «Əдебиет теориясы» пəнінен сабақты біздер-ге белгілі əдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдары-ның докторы, профессор Жанғара Дəдебаев берді. Десек те, сөз зергері Зейнолла ағаны өзімізге ұстаз тұтып өстік. Оның екі себебі бар. Біріншіден, Жанғара аға Зекеңнің сүйікті шəкірті деп еститінбіз. Ендеше, ұстазымыздың ұстазы бізге де ұстаз деген сөз. Екіншіден, ұлт ұстазы атанған Ахмет Байтұрсынұлынан кейін қазақтан шыққан көркем əдебиет теоретигінің «Сөз өнері» оқулығын жатқа оқып, санамызға

Page 260: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

260

сіңіріп өстік. Ендеше, Əуезовтің ұлы шəкіртін өзімізге ұстаз санауға толық хақымыз бар деген сөз.

Тағдырдың сыйы болар, Зейнолла ағамен бірнеше рет жол түйістіргенін өмірімдегі ең бір тағылымды сəттер деп бағалаймын. Екі эпизод санамда жаңғырып отыр.

Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғы-лыми Кеңесінде Зекеңнің орны айрықша болды. Сол кеңеске журналистика факультеті профессор-оқытушыларының өкі-лі ретінде 2004-2008 жылдары мүшелік мəртебесіне ие бол-дым. Сонда байқағаным, Зейнолла аға қатысқан Ғылыми Кеңестің сойы бөлек болатын-ды. Əсіресе, сөз зергері жоғары мəртебелі мінберге шығып сөйлеген күндері ғылыми жиын шуақтанып, нұрланып сала беретін...

Бір жолғы сөзі əлі есімнен кетпейді. Ел Тəуелсіздігі күні қарсаңында-ау деймін, ел ағасының сөзін айтуға Зекең Ғылыми Кеңес төріне көтерілді. Əдетте өзара пікір таласты-рып, сөз жарыстырып отыратын зал бір сəтте сілтідей тынып, мінберге бар есіл-дерті ауып, телміре қарады. Болмысын-да ұзақ сөйлеп, көптің уақытын ұрлап, санасын сабылтуға жаны қас академиктің ондыққа дөп тигізіп, қысқа да нұсқа сөйлеудің хас шебері екенін ел жақсы біледі. Бұл жолы да дəл солай болды.

– Барымызды бағалай білейік, бауырлар, – деп сөз баста-ған Зекең ел тəуелсіздігінің алғашқы он-он бес жылындағы жетістігін екі ауыз сөзге сыйғызып, сығымдап айтумен жиналғандардың жүрегін жаулап, көңіл төрінен тұғырлы орын алды. – Мен кеше ғана тотыдайын таранған Астана-дан келдім. Сонда бір мəртебелі жиында сөйлеген сөзімді Сіздерге арнап қайталағалы тұрмын. Ел тəуелсіздігі бізге не берді дегенге əркім əрқалай жауап беріп жүр. Мен тəуелсіздіктің қаймана қазақ үшін қадірін үш-ақ мысалмен жеткізгім келеді.

Біріншіден, байтақ жеріміздің дəл кіндігінен Астанадай еңселі қала тұрғызу бақытына ие болдық. Бұл – сан ғасырдан кейін қазақ қалауын жүзеге асырған Елбасының ерлігі.

Екіншіден, көршілеріміз көз алартпастай етіп, кең-байтақ жеріміздің шекарасын нақтылап, оны қымтап бекітіп алдық.

Page 261: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

261

Үшіншіден, төрткүл дүниенің төрт бұрышына тарыдай шашылып, қазақ қалпынан айырыла бастаған қандас ба-уырларымызды ата-жұртқа шақырып, тарихи əділеттіктің салтанат құруына қам жасап жатырмыз. Əлемде түрлі се-бептермен шетел асқан отандастарын тарихи мекеніне ар-найы мемлекеттік бағдарламамен қолдау көрсетіп шақырып жатқан үш-ақ ел бар екен. Соның бірі – Қазақстан! Мұны экономикасы жаңа көтеріліп келе жатқан жас мемлекет үшін, сөз жоқ, үлкен жетістік деп санаймын.

Ғылыми Кеңес мүшелерінің рухы көтеріліп, ду қол шапалақтап, қошемет көрсетуінен көптің көңілдегі сөзі айтылғанын ұқтым. Жүректен шыққан сөз жүректі жаулай-ды деген осы шығар. Зекеңнің сондағы нұрлы жүзі, бипаз қимылы, тау бұлағындай сыңғырлаған əсем қоңыр даусы кино кадрларындай мəңгілік жадымда сақталып қалды.

Көрнекті қаламгердің «Менің Əуезовім» көркем шығар-масын жазып жатқан тұс болатын. Алматы төріндегі «Ала-тау» шипажайында демалып жатқан əрі ұстаз, əрі дека-нымыз Намазалы Омашұлына қазақы дəстүрмен сəлем бере бардық. Сөйтсек, Зейнолла аға да сонда атақты рома-нын жазу үстінде екен. Шипажай аумағына кіргеніміз сол еді, таудың таза ауасын сіміріп, таңғажайып табиғатын та-машалай серуен құрып жүрген Зекең қарсы алдымыздан шыға келді. Жамыраса амандасқанымызға сүйсінген болу керек:

– Елбасына келген аса мəртебелі меймандарды Əбіш (сол кезде еліміздің Мемлекеттік хатшысы қызметіндегі Əбіш Кекілбаев ағамызды айтып тұр) осылай қарсы алушы еді, – деді əзілге салып, костюмінің жеңінен шығып тұрған қолын ішіне тартып. – Жүріңдер, мен сендерді Намазалы ініме ертіп барайын. Аздап тыныстап, əңгіме-дүкен құрайық.

Сөйтті де, жауабын күтпестен жолды өзі бастады. Шипажайдың көңіл өсірер кең бөлмесінде қос ұстазы-

мыздың айыз қандырар əңгімесін тыңдап, жанымыз кіріп, жүрегіміз алып-ұшып, қуанып отырмыз. Табан астында кең жайылған дастарханның əңгімесін Зекеңнің өзі жүргізіп отыр.

Page 262: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

– Сендер осы екеуара деген əңгімені естулерің бар ма? Жүздеріңнен естімегендерің байқалып тұр. Олай бол-са, тыңдаңдар, – деп, ешқашан естен кетпес əңгіменің тетігін ағытты. – Көрші пəтердегі үш қыздың абыр-сабыр дайындығына, сыбыр-күбір əңгімелеріне қызыққан бойжет-кен шыдамы таусылған соң не болып жатқанын сұрамай ма? Олар ағынан жарылып, үш жігітті қонаққа шақырғандарын айтып, масаттанады. Онда мені де қосып алыңдаршы деп қиылып, бұл да дайындық жұмысына кіріседі.

Айтқан уақытта үш жігіт келеді. Дастархан əңгімесі қызып, көңілді отырыс ортасынан ауған кезде төрт қыз үш жігітті бөліске сала бастамай ма? Сонда төрт қыздың апалы-сіңлісінің кенжесі былай деп сөз тауып кеткен екен: «Апалы-сіңліге – дара-дара, қалғандарына – екеуара».

Екеуара деген сөз содан қалған. Сөз саптауларына қара-сам, мынау Қайрат пен Темірғали (ақын, «Қазығұрт» баспа-сының директоры Темірғали Көпбаевты айтып отыр) бір жердің жігіттері секілді. Сондықтан екеуі екеуара, ал Ба-уыржан ақын («Қазақ энциклопедиясы Бас редакциясы-ның» директоры Бауыржан Жақыпов) жеке-дара сөйле-сін, – деп ішек-сілемізді қатырып, тауып айтудың хас шебері екеніне тағы да көзімізді жеткізіп, тəнті еткені есімнен кетпейді.

Расында да, Зейнолла аға тапқыр сөздің тарланы еді. Оған ел ішінде жүрген «Зекең айтты» деген ұтқыр сөздің көп-тігі куə.

«Ұлт TIMES» газеті,2012 жылдың 22-қарашасы.

Page 263: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

263

МАҒЖАН МЕН СƏКЕН ТУРАЛЫ ТОЛЫМДЫ ЕҢБЕК

Журналистиканың қай қоғамда да арқалайтын жүгі ауыр. Əрқашан шындықтың талабынан шығатын, əділдікті ту қы-лып ұстап, ақпарат жинайтын, оны тұла бойынан сіңіріп, жан-жүрегімен жұртқа жария ететін мамандық иесінің қызығы мен шыжығы мол еңбегі атан түйеге жүк болар-дай салмақты екенін көкірек көзі ояу жан айрықша сезініп-түйсінері хақ. Журналистиканың қоғамдағы орны жайлы Қазақстан телерадио корпорациясы қызметкерлерімен кез-дескен кезінде Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың мы-надай құнды пікірді тілге тиек еткені бар: «Мемлекет қауіпсіздігі үшін бұқаралық ақпарат құралдарының күші елдің қарулы күштерінен де күшті. Сондықтан да журна-листер халыққа жоқ, санаға сақ болсын. Ұлттың рухани ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «газет – халықтың көзі, құлағы һəм тілі» деген қанатты сөзімен төркіндес пікір төл мамандығымызға берілген жоғары баға болуымен ғана емес, бет алысымызды бағамдайтын бағдаршам екендігімен де аса маңызды».

Əңгімені журналистиканың жай-жапсарын баяндаудан бастап отырғанымызда бір мəн бар. Осы жұрт Тұрсекеңнің, Тұрсынбек Кəкішұлының о баста таңдап алған мамандығы журналистика болғанын біле ме екен? Білсе, қазақтың маң-дайына біткен киелі шаңырақ – Əбу Наср əл-Фараби атындағы ұлттық университеттің журналистика факультеті түлегінің еңбек жолы журналистикадан бастау алатыны кө-біне айтылмай, қалыс қала беретіндігі қалай? Ағайындар-ау, шындығына келсек, журфак шəкіртінің таудай талабы мен бармақтай бағы өзі таңдаған төл мамандықпен тығыз байла-нысты екенін кім жоққа шығара алады? Оқып жүріп аты алты Алашқа мəлім «Лениншіл жас» (қазіргі Жас алаш) газетінің бөлім мегерушісі қызметін абыроймен атқарғанын, кейіннен Қазақтың мемлекеттік оқу педагогикалық баспасының аға редакторы міндетін мүлтіксіз орындағанын айтпағанда, бүкіл саналы ғұмыры қазақ журналистикасы ғылымымен

Page 264: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

264

тығыз байланысты, егіз өріліп келе жатқаны сөзіміздің жаны бар екенінің нақты айғағы. Бір «Садақтың» өзі неге тұрады? Қолжазба журналдың ізіне шырақ алып түсіп, жоғалтып ала жаздаған құнды мұрасын халқымен қайта қауыштыруы ғылымға қосылған жаңалық, əлі бағасын келер ұрпақ берер, ерлікке пара-пар еңбек десек, əсіре айтып, ауа жайылғандық болмас. Бұдан басқа да қазақ баспасөз тарихын толықтыра түгендеуге сүбелі үлес болып қосылған ерен еңбектерін зерттеп, зерделеу болашақ еншісіндегі міндет деп білеміз.

Журналистиканың кең өрісі, шығар биігі публицистика екені бесенеден белгілі. Көсемсөз – біздің пайымдауымызша, сөз өнерінің қос қанатты бірегей тумасы. Бір қанаты – нақты дерекке құрылатындығы десек, екінші қанаты – шалқар шабытқа негізделетіндігі. Осы екі қасиет Тұрсекеңнің тұла бойынан молынан табылады. Əз-ағаның терге малынған еңбек жолынан терең бойлап сыр ұқсақ, оған айқын көзіміз жете түседі. Қаламгерді көсемсөз шебері еткен журналисти-ка болса, айтулы ғалым деңгейіне көтерген – публицистика. Бұл пікірімізбен бас кейіпкеріміз келіспейді деп əсте ойла-маймыз.

Түгел талдап жатпай-ақ, баспадан жарық көруіне үлесіміз бар еңбегі – Мағжан мен Сəкен ғылыми эссесі жайлы сыр суыртпақтасақ та көзіңізді айқын жеткізе аламыз. Бұл кітап айрықша публицистикалық пафоспен, қалың оқырманын ерекше елітіп, еліктіріп əкетер көркемдік қуатпен жазылуы-мен ғана емес, құнды ғылыми дерек, дəйектерді ортаға салу-ымен бағалы дер едік.

Осы орайда, кезекті бір кандидаттық диссертация талда-нып жатқан Ғылыми Кеңесте қорғауға ұсынылған еңбектің бір міні – публицистикалық стильде жазылуы деген сынға қарсы Тұрсекеңнің мынадай бір уəж айтқаны ойға орала-ды: «Айналайындар-ау, ғылым кімге, не үшін жазылады? Ізденушінің жаңалығын көптің білуі үшін, қажетіне жарату үшін емес пе. Ал ол публицистикалық стиль арқылы жүзеге асса ше? Ендеше əлгіндегі пікір айтушының таңып отырған міні ғылыми жұмыстың кемшілігі емес, артықшылығы дер едім. Бір қалыптан шыққандай қасаң тілмен жазылған еңбек

Page 265: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

265

кімге керек, кім оқиды оны? Одан да жұрт қызығатындай ойы орнықты, анық та əсерлі болып қағазға түсірілсін, бұл публицистиканың арқалайтын жүгі, сонда еңбектің қайтарымы да молырақ болары хақ». Көңілге қонымды ескертпе ғалымдар тарапынан қолдау тауып, мəйегі бар сөз негізге алынғаны-ның осылайша куəсі болған жағдайымыз бар.

Тілге тиек етіп отырған еңбектің бізді тəнті еткен тағы бір құнды тұсы – автордың ғылым үшін шындықтың ал-дында бас июі, ақиқатқа тағзым етуі. Ол үшін өзін жазғыру-дан да бас тартпайды: «...менде болсын, не Сəкенді зерттеп, кітап жазғандарда болсын еш кемдік, қателік жоқ демеймін. Біздің, əсіресе, Сəбит Мұқанов, Есмағамбет Ысмайылов, Серік Қирабаев, Рымғали Нұрғалиев, менің Коммунистік идеологияға бой алдырып, онсыз да қызыл Сəкенді онан əрі қызылдандыра түсуіміз аз болған жоқ. Сəкеннің кеңес үкіметін басқаруда партия тарапынан жасалып жатқанды түсіне алмай талай бұлаңдағанын, Алаш қозғалысына қатысқан ағаларына жалтаңдай қарап, қажетті жерінде демесін жасағанын, большевиктік тор қыспақтан шықпақ болып бұлқынғанын көріп отырып көрмедік, біліп отырып айтпадық, қызыл бояуды баттита жағу қажет деп таптық».1

Біздер, баспасөз тарихын зерттеушілер біржақтылыққа ұрынудан аса абай болғанымыз лазым. Оның ауадай қажеттігін ғылым дəлелдеумен келеді. Бұл жөнінде ел тəуелсіздігінің елең-алаңында, өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының орта белінде жазған кандидаттық диссерта-циямда дұрыс бағыт ұстанғаныма қазір қуанып отырған жайым бар. Онда мынадай ой түйіндеппін: «Олардың (ке-ңес дəуіріндегі ғалымдардың) зерттеулері бүгінгі талап тұр-ғысынан шындықты бүркелемегендей болып көрінгенмен, кезінде ағынға қарсы тоған іспетті тотаритарлық жүйенің тар шеңберіне сыймай, сіреспе таптық идеологияның сыны-на ілігіп, қараланып отырғанын ұмытпауға тиістіміз».2 Осы

1 Кəкішұлы Т. Мағжан мен Сəкен: Ғылыми эссе. – Алматы: Қазақ университеті, 1999, 26-27 б;

2 Сақ Қ. Ұлттық сана ұйытқысы: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2000, 9-10; б;

Page 266: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

266

ойды Мағжан мен Сəкен авторы одан сайын нақтылап, шеге-лей түседі. Жоғарыда тілге тиек еткен кемшілік сырын мы-надай нақты дерекпен соқырға таяқ ұстатқандай айқындап береді: «Бұған айрықша əсер еткен себеп жоқ емес. Тар жол, тайғақ кешу орыс тілінде жарияланар алдында, 1984 жылы З.С.Кедринаның Д.А.Қонаев басқарып отырған Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетіне Ұлттар достығына зия-ны тиетін кітап деп мəлімдеме жасауы, оның пенделік жол-мен қабылдануы, жандайшап болған хатшы Н.Жанділдин əкімшілік жолмен Сəкен даңқына тосқауыл қоймақ болған əрекеті Сəкеншілердің артығырақ сілтеуіне себепкер бол-ған еді. Оның алғашқы көрінісі Сəбит Мұқановтың 1964 жылы 23 мамырда мерейтой үстінде əлеуметтік ашу қысып жасаған баяндамасы болды: «Қайталап айтқанда, шегелеп тұрып айтқанда, нығырлап негіздеп тұрып айтқанда, қазақ совет əдебиетінің негізін қалаушы бірден-бір Сəкен Сей-фуллин болды, – деген тезисті тістене тұрып айтқаны тегін емес-ті. Осы позиция кейінгі зерттеулерге кілт, аттанар өріс болды. Оған əркім əр тараптан əкеп өз бояуларын қосты. Соның ішінде мен жаққан алқызыл бояулар, ойлар аз бол-маса керек».1

Əрине, бір мақаламен көлемі жиырма сегіз баспа табақ еңбектің, онда да дерегі мен дəйегі, талдауы мен ой түюі арнайы ғылыми-зерттеуге жүк болатын кітаптың бар қадір-қасиетін толық ашып берем деу бос əурешілік болар еді. Біз оны алдымызға мұрат етіп алғанымыз жоқ. Мақсатымыз Тұрсекеңнің жеке-дара зерттеуді, зерделеуді қажет ететін, кейінгі жас ұрпаққа үлгі алар тəжірибесі, берер өнегесі мол, ізденіске толы журналистік жəне публицистік тұлғасынан сыр түю, ой өрбіту болатын. Бұл бағытта атқарылар іс жа-ңа басталып келеді деп түйіп, оның жалғасын табарына се-німіміз бек кəміл екенін білдіргіміз келеді.

1 Кəкішұлы Т. Мағжан мен Сəкен: Ғылыми эссе. – Алматы: Қазақ университеті, 1999, 26-27 б.

Page 267: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

267

ҚАЙРАТКЕР КӨСЕМСӨЗІНІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

Көрнекті мемлекет қайраткері Д.А.Қонаевтың көсемсөз мұрасын зерттеу – тіленіп тұрған тақырып. Алатаудай алып тұлғаның ғылыми публицистикалық еңбектерінің библио-графиясын түзіп, ғылыми айналымға енгізу өз алдына жеке зерттеуді қажет етеді. Ал көпшілік алдында сөйлеген сөздері мен съезд, пленум, конференцияларда жасаған баяндамала-ры, шетелдерде жоғары деңгейдегі дипломатиялық іссапар барысында ортаға салған ойлары мен оқыған дəрістері, отандық жəне шетел БАҚ-тарына берген сұхбаттары мен сараптамалық-талдамалы жанрларда жарияланған еңбектері, қарапайым еңбекшіден бастап, əлемдік деңгейдегі ірі тұл-ғалармен жазысқан хаттары, күнделіктері мен естеліктері жинастырылып, ғылыми зерттеу объектісіне айналса, тари-хи тұлғаның табиғи болмысын терең танумен қатар еліміздің бір дəуірінің шынайы шежіресіне қануға айқара жол ашы-лар еді.

Бүгініміз кешегіміздің баласы десек, осы күніміз бола-шақтың атасы екенін ұмытпайық. Бұдан түйетін ой ерте-ңімізді болжап білу өткенімізді терең тану арқылы бү-гінгі бағындырған биігімізді бағалаумен байланысты дегім келеді.

Шындықтың бетіне тура қарап айтсақ, біз өткенімізді, əсіресе, қазақ тарихының ең бір күрделі тұсы Кеңсе өкіметі үстемдік құрған кезеңді ел тəуелсіздігі елең-алаңында азаттың дүрбісімен қарап, мейілінше əділ бағасын беріп, жетістіктерінен тəжірибе жинақтап, кемшіліктерін қайта-ламау үшін тарихи сабақ алуға тиісті едік, өкінішке қарай, оны жүзеге асырмадық. Халқымызда ештен, кеш жақсы де-ген дана сөз бар. Кеш те болса, соны қолға алуымызға тура келеді. Өйткені өткеннен сабақ алмай, болашаққа адаспай қадам басу қиын екенін ұғынатын мезгіл болды.

Осы орайда, өткенді танып білу мен бүгінді бағамдауда сөз өнерінің алдыңғы шептен табынатын жауынгер сала-сы – көсемсөздің атқарар рөлі айрықша екенін қадап айту парызымыз. Өйткені көсемсөз тек шындықты арқау етеді.

Page 268: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

268

Ол дерекке құрылады. Ақиқаттан ауытқымау оның ба-сты қағидасы. Əлем публицистика деп биік бағалайтын өнерге көсемсөз деп ғажап балама тапқан ұлт ұстазы Ах-мет Байтұрсынұлынан асырып айта алмаймыз: Көсем сөз шешен сөз сияқты əлеуметке айтқанын істету мақсатпен шығарылатын сөз. Шешен сөзден мұның айырылатын же-рі – шешен сөз ауызша айтылады, көсемсөз жазумен айты-лады. Көсем сөз əлеумет ісіне басшылық пікір жүргізетін болғандықтан да көсемсөз деп аталады. Көсемсөз кезіндегі əлеуметке керек іске мұрындық болып істеу ыждағатымен айтылады».1

Теңіздің дəмі тамшысынан білінеді дейді атам қазақ. Алатаудай асқар азамат Дінмұхамед Қонаев көсемсөзінің құндылығын сезіну үшін «Ақиқаттан аттауға болмайды» атты кітабына тіл бітірсек жеткілікті. Естелік-эссе жанрын-да жазылған еңбек құндылығынан сыр тарқатып, мейлінше мол мағлұмат алу мақсатында кітап аңдатпасын (аннота-ция) толық келтіргенді жөн көрдік: Халқымыздың аяулы перзенті, аса ірі мемлекет қайраткері, үш мəрте Социалистік Еңбек Ері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1992 жылы шық-қан «Өтті дəурен осылай» деп аталатын естелік-эссесін көзі тірісінде түгелдей қайта қарап, оқырман талап-тілегіне сай толықтырулар жасай келіп, кітаптың атын «Ақиқаттан аттауға болмайды» деп өзгертіп еді. Мұнда өз өмірінің беймəлім беттерін ғана емес, өз заманының ірі тұлғалары Сталиннің, Маленковтың, Булганиннің, Хрущевтің, Косы-гиннің, Брежневтің, Андроповтың, тіпті Горбачевтің көп-шілікке жұмбақ сырларын ашып, Қазақстанның елу жылдық экономикалық, мəдени жəне əлеуметтік тыныс-тіршілігін жан-жақты əңгімелеп береді. Оның игі жақсылары туралы да шет қалмайды. Кезінде жылы жауып қойылған Теміртау оқиғасын, Семей полигонын, Арал мəселесін, Желтоқсан зар-даптарын, сондай-ақ, тілге, дінге, ділге қатысты көкейтесті сұрақтардың жауабын алға тартады. Ұлттық сана, əдет-ғұрып, салт-дəстүр туралы ой-толғамдарын ортаға салады. Кешегі Кеңес өкіметінің күйреу себептерін талдап, қазіргі

1 Байтұрсынов А. Шығармалары.– Алматы: Жазушы,1989. – 223-224 бб.

Page 269: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

269

экономикалық дағдарыстан шығу жолдарына барлау жа-сайды.

Аңдатпаны кітаптың «Автордан» деп аталатын алғы сөзінде көрнекті мемлекет қайраткері Д.А.Қонаев мына-дай ақпараттармен толықтырады: «Өтті дəурен осылай» деп аталған кітабымда, жасыратыны жоқ, көбірек елек-тен өтіп, апыр-ай, ашып айтпапты-ау, сонша неге тартын-ды екен деп, оқырманды екіұшты ойға қалдыратын тұс аз кездеспейді. Бұ жолғы басылымда соны ескердім. Қолдау көрсеткен ағайынның қозғау сала білетініне көз жетті. Сая-сат деген алды тұман, арты жар əлемнің азу тісі алты қарыс алпауыттарының талайын көзіммен көргем, аралас-құралас болған адаммын. Қағыс естідім бе деп тайсақтамай бар білгенімді, бар көргенімді əсіре қызылсыз алдарыңызға жайып салып отырмын. Ондай шытырман оқиға, қым-қуыт мəселе аз емес. Ақиқатын, əділдігін арға аманат деп, тəуекелге бел байладым».

Осы жерде автордың «Өтті дəурен осылай» атты кітабы-на байланысты исі қазақты былай қойғанда, іргелес қырғыз туғандар, өзбек ағайындар, қарақалпақ бауырлар үсті-үстіне хат жазып жатса, Ресей, Татарстан, Башқұрт жерінен, тіпті сонау Түркия, Алмания, Иран, Қытай, Монғолия жеріндегі қандастар үн қатып, тілек қосады. ...Менің көмешімді оқыған баспагерлер ал кеп қолқа салсын. Аударып басайық дейді. Ондай тілекті кешегі Кеңес Одағының құрамындағы болған елдер ғана айтып қойған жоқ, азуы ай білеген АҚШ, ақырын жүріп, анық басатын Корея, жаңалыққа құлағын түрік ұстайтын Италия, айтпайтын, айтса екі сөйлеу қанында жоқ Алмания өз тілдерінде шығарып та үлгерді», – деген көңіл қуанышын сыртқа тоғытқан жан сыры біз тілге тиек етіп отырған көсемсөз туындысының құндылығын айшықтай түсері анық.

Аса көрнекті мемлекет қайтаркері көсемсөзінің айрық-ша құндылығы – көпшіліктің қолы жете бермейтін тари-хи маңызы орасан зор деректерді алдыңызға жайып сала-тындығы. Бір-екі нақты мысал келтірейік.

Тілге тиек етіп отырған кітапта қазақтың қос алыбы – Қаныш Сəтбаев пен Мұхтар Əуезовтің қалай қуғын-сүргін

Page 270: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

270

зардабына ұшырағанын нақтылайтын құнды дерек бар. Дінмұхамед Ахметұлы былай деп жазады: 1950 жылдың 26-желтоқсанында «Правда» газеті «Қазақстан тарихи мəсе-лелерін маркстік-лениндік тұрғыдан көрсетейік» деген та-қырыппен мақала жариялап, онда тарих ғылымындағы, соның ішінде Кенесары Қасымов қозғалысын бағалауда жіберген елеулі қателік атап көрсетілген-ді. Шаяхметов соны мегзеп отыр. Жұмекең аз-кем үнсіздіктен соң былай деді: ...Сəтбаев кезінде Алашорда үкіметінің сөзін сөйлеп, намысын жыртқан адам. Қызметіндегі, міне, осындай елеу-лі кемшілігі үшін Сəтбаевты орнынан алу жөнінде бюро шешім қабылдады.1

Мұны неге тəптіштеп жазып отырғанын автор кітаптың кейінгі бір беттерінде былай нақтылайды: «Соңғы жыл-дардың көлемінде кейбір газеттер мен журналдарда жа-рияланған мақалаларда менің Қ.Сəтбаевқа деген көзқара-сым онша дұрыс болмапты-мыс деген пікір ара-тұра шаң беріп қалады. Бұл түбірімен қате. Адам аласынан сөз ала-сы жаман. Сөз шаласынан ұпай түгендеп жүретін кей-біреулердің қаңқуы бұл. Мен Қаныш Имантайұлына əрқа-шан құрметпен қараған жанмын, соңынан шырақ алып түсе-тіндей ол кісінің жақсылығынан басқа, жаманшылығын көрген емен. Қаншама жылдар бойы биік мінберден сөз сөйледім, соның бірде-бірінде ол кісі туралы артық сөз айтқан емеспін. Сəтбаев орнынан алынып, Ғылым академиясы-ның президенттігіне кімді сайлаймыз деген кезде, менің атымды атап, ақ батасын берген сол кісі». 2

Сөйтеді де, 1955 жылы ҚазССР Министрлер кеңесінің төрағалығына тағайындалысымен Қанекеңнің екінші рет ҰҒА президенті болып сайлануына республика басшыларын дегеніне қалай көндіргенін былай келтіреді: «Хрущевтің қабылдауынан кейін Қазақ өкілеттігіне қайтып келдік. Басқа жұмысқа ауысуыма байланысты Ғылым академиясының президенттігіне кімді сайлаған жөн? Осы мəселе төңірегінде ұзақ отырдық. Брежнев жас физиктің есімін атады. Мен оған

1 Қонаев Д. Ақиқаттан аттауға болмайды. – Алматы: Санат, 1994.–130 б.2 Бұл да сонда, 155 б.

Page 271: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

271

келісім бермей, Қаныш Имантайұлы Сəтбаевтың кандидату-расын ұсындым. – Халық таныған адам. Ел жағдайын біледі. Ғалымдар зор құрметпен карайды. Жəне осы академияның іргесін қалап, шаңырағын көтерген тұңғыш прези дент. Іскер. Ойшыл, – деп өз ұсынысымнан қайтпай отырып алдым.

Пономаренко мен жағына шығып: Леонид Ильич рай-дан қайтып, ұсынған кандидатураңызды қайтып алғаныңыз жөн бе деймін. Дінмұхамед Ахметұлы бізден гөрі ол кісіні көбірек біледі. Жақсылығын асырмай, жамандығын жасыр-май айтып отыр. Осы тоқтамға келіссек қайтеді, – деді. Лео-нид Ильич: Бұл мəселе жөнінде Орталық Комитеттің бюро-сы не дейді. Бюро қалай шешеді, солай болсын, – деді.

Бюро менің ұсынысымды мақұлдады, Қаныш Имантай-ұлы Қазақ КСР Ғылым академиясының президенттігіне қайта сайланды».1

Осыған ұқсас М.Əуезовтің 1950 жылдары саяси қуғын-сүргінге ұшырауының себеп-салдары туралы мынадай тың деректер де ел тарихын түгендеуде маңызды болып санала-ды: «М.Сужиков Қазақстан Компариясы Орталық Комите-тінің идеология жөніндегі хатшысы боп тұрған 1951-1954 жылдары басқасын былай қойғанда, халықтың өзі тудырып, өзімен бірге жасасқан озық үлгідегі эпостық жырлары ақыры өзіне сор боп шықты. Орталық Комитет ауыр мін тағып, түкке алғысыз етерліктей қаулы қабылданды. Онда осыған тікелей қатысы бар көптеген ғалымдардың, тарихшылардың, филологтардың, тіпті тұтас бір ғылыми ұйымдардың зерт-теу жұмыстары жоққа шығарылды. Оның бер жағында көр-кем əдебиетіміздің беткеұстар қаламгерлері мен олардың таңдаулы туындыларын соққыға жықты. Мəселен, Мұхтар Əуезовтің Абай жайлы романы тас-талқан болды, 1953 жылы маусым айындағы бір нөмірінде «Казахстанская прав-да» газеті өзінің салақұлаш редакциялық мақаласында оны адам төзбес ащы тілдеулерге барды. Газеттер мен журналдар тырнақ астынан кір іздеп, түймедейді түйедей ғып көрсетуге тырысса, көпшілік бас қосқан жиындарда жөн-жосықсыз беттен алып, төске шапқандар, шаужайдан алып, аяқтан

1 Қонаев Д. Ақиқаттан аттауға болмайды. – Алматы: Санат, 1994.–154 б.

Page 272: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

272

шалғандар жетіп артылатын. Артынан, жоғарыда аталған халық жаулары табан астынан тұтқындалып, абақтыға айда-лып жатты. Бұлтсыз күнгі найзағайдың зəре-құтты кетіргені сонша, М.Əуезов, А.Жұбанов жəне басқа да аяулы азаматтар туған елін тастай қашып, орталықтағы дос-жарандарын па-налай тұруға мəжбүр болды.1

Сонымен ғана шектелмей, Мəскеуде жан сауғалап жүр-ген М.Əуезовтің үстінен арыз-шағым үдей түскенін автор кітабында егжей-тегжейлі толық баяндайды. «Бірде мені Орталық Комитеттің бірінші хатшысы Шаяхметов шақырт-ты, – деп бір қайырып алып, екеуара болған əңгімені қаз-қалпында есіне түсіреді: Əуезов не істеп жүр қазір? – деп сұрады. – Қандай шаруамен айналысып жүргенін біле ал-мадым, сірə, жаңа роман жазып жатқан шығар, – деп шы-нымды айттым. Хатшы əңгімені əріден бастады. – Про-фессор Бекмахановтың жайын, əрине, жақсы білесіз. Қазақ КСР-інің тарихын бұрмалап, елді адастыруға тырысты. Кенесары Қасымұлының қозғалысын дəріптеуге дейін бар-ды. Міне, осындай əрекеттері үшін Кеңестің əділ соты ұзақ жылға бас бостандығынан айырды. Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Жұмалиев жəне басқалар соның кебін киіп, жазасын алды. Сырт естуімше, Əуезов те бүйректен сирақ шығарып, бір басына ие бола алмай жүрген көрінеді. Баяғы əуенге басып, бұрынғы қателіктерін қайталай бас-тапты. Қазақстаннан іргесін аулақ салып, біржола Мəсеуге көшіпті, – деді. Ол бұған енді не айтар екенсің дегендей қабақ асты түйіле қарап алды да, сөзін сабақтады. – Əуезовті академиктер құрамынан аластау керек, – деп берік байла-мын айтты».2

Ер басына алмағайып күн туғанда қол қусырып, қарап отыру азаматтыққа жараспайтынын ұққан Дінмұхамед Ахметұлының мына ерлігін ұрпақ жадында жаңғыртуға тиіспіз: «Орталық Комитеттен салым суға кетіп шықтым. Не істеу керек? Жазықсыз жандар жөн-жосықсыз жапа шегe бермек пе? Оларға қорған болар жан табылмағаны ма?

1 Қонаев Д. Ақиқаттан аттауға болмайды. – Алматы: Санат, 1994.–134 б.2 Бұл да сонда, 141 б.

Page 273: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

273

Қайда барып, кімге барып шағынарсың? Тыңдай қояр құлақ бар ма?

Осындай ой жетегімен үйге келдім де, жолға жинал-дым. Ертеңіне əй-шайға қарамастан Мəскеуге ұштым. Шешінген судан тайынбайды. Шаяхметовпен ақыры бетті ашып алдық. Жарылар бас жарылды. Мекіре балықтың басы тасқа тимей қайтпайды. Не де болса, жығылсам нардан жығылайын. Орталыққа барып, өз ойымды айтайын. Тым құрыса, қазақтың бір өр тұлғасы үшін кеудені оққа тоссам өкінбен. Мəскеуге барған бетте КОКП Орталық Комитеті-нің ғылым бөлімінен бір-ақ шықтым, болған жайды түгел ба-яндадым. Жəне өз пікірімді бүкпесіз алға тарттым. Əуезов жайлы позициямды ақыры қорғап шықтым. Осы əңгіме кейін, 1954 жылы Қазақстан Жазушыларының съезінде сөз болды. П.К.Пономаренко өз сөзінде арнайы тоқталып, менің аты-жөнімді атаған тұста, Орталық Комитеттің нұсқа-уын орындаудан бас тартып, Əуезовті қалай қорғап қалғанымды айтқанда жəне бұл істе зор принциптілік əрі табандылық танытты деген кезде, жасыратыны жоқ, кайран қалдым. Бұл əңгімені Пономаренко қайдан естіп жүр де-ген сұрақ қашан анық-қанығын білгенше мазалады. Əуезов жайында Пантелеймон Кондратьевичке тіс жарғаным жоқ. Кейін білдім, ол кісі бар жайды КОКП Орталық Комитеті-нің ғылым бөлімінде істейтін жауапты қызметкерлерден біліпті».1

Қонаев көсемсөзінің құндылығына қану үшін, əрине, бір ғылыми мақала аздық етеді. Ол үшін толымды зерт-теу қажет. Бір ғана естелік-эссесімен терең танысу бары-сында қаншама маңызды мəлімет, ой олжалағанымызды тұжырымдап жеткізсек, кітаптың мына құндылықтары ұлт тарихы мен мəдени мұра қазынасы бола алатынына иманы-мыз кəміл:

Біріншіден, бір дəуірдің айнасы болумен құнды. Кітап тарихи тұлғаның жеке өмір жолын ғана баяндамайды, Д.А.Қонаев билік құрған кезеңнің шынайы шежіресін алды-ңызға жайып салады.

1 Қонаев Д. Ақиқаттан аттауға болмайды. – Алматы: Санат, 1994.–142 б.

Page 274: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

Екіншіден, естелік-эсседе кешегі КСРО атты алып мем-лекеттің билік эшелонында қолтаңбасы бар қаншама тари-хи тұлғалардың портреттері сомдалған. Олар туралы бұған дейін білетінімізден бір артықшылығы, портретті очерктер қазақ мүддесі тұрғысынан нақты деректерге жүгіне отырып, көркем өрнектеледі.

Үшіншіден, сөз жоқ, қалайық-қаламайық, қазақ тарихы-ның бір кезеңі болып қалатын кеңес заманының жетістік-тері мен кемшін тұстарын қатар өрген кітап тарихи тəжіри-бе, сабақ алу үшін құнды мұра болып табылады.

Төртіншіден, аузы дуалы, сөзі уəлі көсем тұлғаның өмір-ден түйіп айтқан ақыл-кеңес, ой-тұжырымдары бүгінгі жəне болашақ ұрпақтың игілігіне жаратса, ұтарымыз көп болаты-нына еш шүбəміз жоқ.

Бесіншіден, көсемсөз өнерін мықтап игеріп, шоқтығы биік ұйымдастырушылық қарымын бұл салада да тайға таңба басқандай анық танытқан тума таланттың толағай тəжіри-бесі бүгінгі шенді-шекпенділерге үлгі-өнеге болуымен құнды. Кешегі Алаш арыстары мəртебесі биік лауазым-дарда жүріп те қаламнан қол жазбай, қоғамдық келелі мəсе-лелерге ой тастап, халыққа шыр-пыр боп түсіндіру жұ-мыстарымен айналысқанын бүгінгі биліктегілер ұмытпауға тиіс.

Алтыншыдан, өтіріктің арты бір тұтам, шындықтың тү-бінде жеңіске жететінін дəлелдеумен бұл кітаптың құны ар-тық. Алты Алаштың арысы Д.Қонаевтың өз сөзімен айтсақ, «Ақиқаттан аттауға болмайды».

Page 275: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

275

АҚСЕЛЕУ СЕЙДІМБЕК ЖƏНЕ БАҚ ФУНКЦИЯСЫН ЗАҢДАСТЫРУДЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ ХАҚЫНДА

Алаш ардақтысы Ақселеу Сейдімбек туралы сөз қозғал-ғанда, бар саналы ғұмырын қазақтың ұлттық құндылықта-рын түгендеуге арнаған асыл азаматтың журналистік жəне көсемсөзшілік қызметін айтпай, айналып өту қиянат болар еді. Ақаңның БАҚ-ты ұлт қажетіне жарату туралы ойлары ылғи да ХХ ғасыр басындағы ұлт көшбасшылары – Алаш көсемдерінің пікірлерімен ұштасып жататын. Саналы ғұмы-рының соңғы күндері «Астана ақшамы» газетіне бер-ген сұхбатында қазақ телевизиясын шетелдік экспансия-дан құтқару туралы өте өзекті мəселе көтереді де, əлемге əйгілі Əуезовтің «ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген қанатты сөзін жаңа заман талабына сай «ел боламын десең, телевизияңды түзе» деп қабылдау керек деп корытады. Сөйтеді де, кейбір БАҚ басшыларының телеарна жекеменшік құзырында екендігін тілге тиек етіп, ойына келгенін істегісі келетіндігін, бірақ оған жол беруге болмайтынын былай дəлелдейді: «Телеарна біреудің жекеменшігі болуы мүмкін, бірақ соны көріп отырған халық оның жекеменшігі емес қой. Ендеше халықпен санасуы тиіс, сондай заңды талап қойылуы керек. Бұл кезінде ұлтымыздың рухани ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы мəселе етіп көтерген қисын (теория). Оған сəл кейінірек тоқталатын боламыз.

Қазақстан Тəуелсіздігін алғаннан бергі уақытта елімізде-гі бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі түбірімен өзгерді. Ең алдымен, бір партияның қолшоқпары болудан босатылды. БАҚ-қа меншіктің алуан түрлілігі қамтамасыз етілді. Ата заңымыз – Қазақстан Конституциясында сөз жəне баспасөз бостандығына кепілдік берілді. Цензураға тыйым салынды. Қысқасы, демократиялық бағыт үрдіс алды.

Дей тұрсақ та, ел журналистикасының əлі шешімін тап-паған мəселелері де жоқ емес. Айталық, бұқаралық ақпарат құралдарының функциясы қандай болуы керек деген сауал-ға əркім əрқалай жауап беріп жүр. Біреулер оның ақпарат-тық қызметін алға тартса, кейбіреулер көңіл көтеретін, се-

Page 276: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

276

йілдік, жарнамалық функцияларын бірінші орынға қояды. Осындай алуан түрлі түсініктің салдарынан бүгінгі күні еліміздегі БАҚ алабажақ күй кешуде.

Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев «Қазақстан-1» телеарнасы журналистерімен кездесуінде бұқаралық ақ-парат құралдары қызметін қарулы күштермен қатар қойып қарастырып, ел қауіпсіздігі үшін кейінгісінен гөрі алдың-ғысының рөлі басым екендігін тілге тиек еткені бекер емес. Ақпараттық қауіпсіздік – қазір күн құрғатпай дұрыс шешуді қажет етіп отырған көкейтесті мəселе.

Осы орайда, еліміздің тұңғыш президенті Н.Назарбаев-тың жоғарыда тілге тиек еткен жүздесуде журналистерге ар-нап айтқан: «Халыққа жақ, санаға сақ болыңдар», – деген ата-лы сөзі көңіл төрінен орын алады. Бұл тұжырымдама – сонау ХХ ғасырдың басында қазақ журналистикасының негізін қалаған Алаш азаматтарының көзқарастарымен сабақтаса ұштасып жатқан қағида. Əсіресе, төл журналистикамыздың тұңғыш теоретигі Ахмет Байтұрсыновтың тұжырымдары-мен өзектес. Осыдан-ақ Алаш азаматтары ілімінің өмір-шеңдігін аңғаруға əбден болады.

Ахаңның, Ахмет Байтұрсыновтың ұйғарымынша, БАҚ-тың басты қызметі – халықтың көзі, құлағы һəм тілі болу. Басқаша айтқанда, мемлекеттік өзге билік тармақтары секілді журналистика да халыққа қызмет етуші дербес əлеуметтік институт. Қазір БАҚ кімге қызмет ету керек де-ген сауал қоғамдық келелі мəселе болып тұр. Оған əркім əрқалай жауап беріп, елді адастырушылық байқалады. Билік тармақтарын айтпағанда, БАҚ-қа құрылтайшы болып отырған жеке кісілердің мүддесін көздеп отырған топтар журналистерге билік жүргізгісі келеді. Бұл түптің түбінде өкіндірмей қоймайды. Сондықтан оның алдын алып, БАҚ-тың фунциясын заңдастыру уақыт талабы деп білеміз.

Осы орайда, Ахмет Байтұрсынұлы іліміне жүгінсек, БАҚ халыққа төмендегідей қызмет түрлерін көрсетуі тиістігі анықталады. Ең алдымен, ақпарат таратушылық қызметі алға тартылуы тиіс. Ол қоғамда, əлемде болып жатқан шын-дықты жариялауға негізделгені жөн. Сонда ғана халық оның

Page 277: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

277

пайдалысынан нəр алып, залалдысынан сақтанып тұра ала-ды.

Екінші, журналистер – жол бастаушы. Басқаша айтқанда, қоғамдық пікір қозғаушысы. БАҚ арқылы халықтың алдына түсіп, жол көрсетіп, жөн сілтеп, жол басшылық жасайды.

Үшінші, БАҚ – халыққа білім таратушы. Журналистер осыны əр кез есте ұстап, елдің білімінің артуына адал қызмет етуге міндетті екенін ұмытпағаны жөн.

Төртінші, журналистер – халық өкілі, ендеше соның жо-ғын жоқтап, мұңын зарлап, сойылын соғушы.

Міне, журналистердің атқаруға тиіс кəсіби міндеттері. Біз-діңше, БАҚ туралы заң мен журналистердің кəсіби этика-сы осы ілімнің негізінде түзілгені жөн. Ақпараттық қауіп-сіздік мəселесі сонда ғана дұрыс шешім табарына күмəні-міз жоқ.

СЕРАҒА

«...Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» арда азаматтың бірі – Серік Əбдірайымұлы. Сегіз қырлы, бір сырлы та-лант иесі қаламынан туған ел тұтқасы – биік тұлғалар ту-ралы туындылары ұлт көсемсөзінің құнды қазынасы болып, қазақ публицистикасы тарихынан ойып тұрып орын ала-рына ешқандай күмəніміз жоқ. Атап айтқанда, Д.Қонаев, А.Асқаров, Н.Тілендиев, З.Қабдолов, Қ.Мұхамеджанов, Ө.Жолдасбеков, Т.Амандосов, Т.Қожакеев, С.Бердіқұлов, Т.Жанұзақов, Қ.Найманбаев, З.Нұрқаділов, О.Бөкей, С.Əшімбаев, т.б. елдік – егемендік тарихымызда аттары ал-тын əріппен жазылатын алыптар туралы портретті очерк-тері мен сыр-сұхбаттары мезгілі өткеннен кейін қап-ай деп сан соғатын қазақтың бір кемтігін бүтіндеп, болашақ ұрпаққа аманат етілген құнды мұра десек, асыра сілтеп, ауа жайылғандық болмас.

Əсіресе, Серағаның қалың қазағы еркелетіп Димаш атап кеткен Дінмұхамед Қонаевтың атандай елу жыл ел ағасы болғанда халқына қалтқысыз қызмет еткен ерен еңбегін

Page 278: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

278

ұрпақ санасына сіңірудегі қайраткерлігі мен ізгілікпен көмкерілген қызметі – айрықша атап өтуді талап ететін шы-ғармашылық өнегесі.

Серік Əбдірайымұлы – Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев-тың «Өтті дəурен осылай», «Ақиқаттан аттауға болмай-ды» атты қос кітабын орысшадан қазақ тіліне аударған қаламы қарымды тəржімəші. Аударманың төте, балама жəне еркін түрлері болатынын еске салсақ, осының ішіндегі ең күрделісі – еркін аударма. Өйткені мұнда аудармашы автордың шығармасын аударылатын тілдің төл туынды-сына айналдыруға міндеттеледі. Əр тілдің өзіндік тылсым табиғаты, сөз қолдану, сөйлем құрау əдіс-тəсілдері болаты-нын ескерсек, бұл əсте де оңай шаруа емес. Қос кітапты оқып отырғанда олардың аударма екені еш байқалмайды. Құдды, о баста қағазға қазақша түсірілгендей, ешқандай кібіртіксіз, жеңіл əрі əсерлі оқылады. Қос кітаптың титул бетінде: «Орысшадан еркін аударма жасап, қазақша нұсқасын жазған Серік Əбдірайымұлы» деп жазылмаған болса, олардың ау-дарма екенін оқырман білмес те еді. Ендеше аударма ерек-ше шеберлікпен орындалып, аса сəтті шыққан деген сөз. Осының өзі – үлкен өнер. Қаламгердің күндіз күлуден, түнде ұйқыдан қалып, жарғақ құлағы жастыққа тимей, маңдай терін сорғалата еткен еңбегінің өтемі.

Көрнекті қалам қайраткерінің Алаш Димашының есі-мін ұрпақ жадында жаңғырту мақсатындағы ерен еңбегі осы-мен ғана шектелмейді. «Елу жыл ел ағасы» атты кітаптың шығуына да жанын жалау етіп, бастамашыл болып қана қоймай, бар жүгін арқалағаны ел жадында. Қонаев атындағы халықаралық қордың вице-президенті қызметінде жүріп те Алаштың арда ұлының есімін мəңгілік есте қалдыру мақсатында қыруар еңбек сіңіргеніне көпшілік куə. Тек сол қызметті су тегін, еңбекақысыз, қоғамдық негізде атқарғанын екінінің бірі біле бермейді. Қаламгердің «Самғау» атты кітабына енген сұхбатта: «Сіз халықаралық Д.А.Қонаев қорының вице-президенті ретінде оның болашағын қалай елестетесіз? Айтқандай, мұнда жалақы алып қызмет істейсіз бе?» – деген сұраққа, Сераға мынадай жауап қайырады:

Page 279: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

279

«Қор 1993 жылы 6-ақпанында тұсаукесерін өткізді. Оған Димаш Ахметұлының өзі қатысып, қордың қоғам алдын-дағы, ел алдындағы міңдетін айқындап берген-ді. Бас-ты мақсат – тəуелсіздігімізді нығайту жолында еліміздің эко-номикалық, əлеуметтік жəне мəдени өміріне барынша ат-салысу. Облыстардағы, шет елдердегі Д.А.Қонаев қорлары дербес қоғамдық ұйым ретінде қалыптасқан, өз істерінде осы мақсатты басшылыққа алып келеді. Өзіме қатысты ай-тар болсам, қор құрылған күннен қоғамдық негізде қызмет атқарып келемін».

Табаны күректей 16 жыл жалақысыз қызмет атқару – екінің бірінің қолынан келе беретін іс емес. Осы орайда, Серағаның осыншалықты шын көңілімен, шығарға жаны қалмай, Д.А.Қонаевтың рухын аспандатуға адал еңбек етуі-нің сыры неде деген сауал туындауы заңдылық. Ет жақын туғаны я Ел ағасы билікте болған кезіңде қамқорлығын көрген, не болмаса қоластында шапағатына бөленген жан болса, бір жөн. Оның бірі де емес. Сонда не? Біздіңше, оның сыры мынада. Бұл жөнінде Сераға «Самғау» атты кітабында жан сырын былай ақтарады: Ар ойлап, дүниеге бой алдыр-маған екі Адам болса, соның бірі – елі еркелетіп Димаш атаған, Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев. Шүкір, шыққан тауы биік болды. Бір кісідей биліктің шыңына көтерілді. Бірақ, кісілігін ұлықтыққа жеңдірмеген жəне кім десеңіз, сонда да осынау абзал жанның есімі еріксіз еске түседі. Халықаралық Д.А.Қонаев қорының вице-президенті – осы кітап авторының əңгімесі де ізгілік жолды мұрат тұтып, өшпес ізін қалдырған текті кісінің екінің бірі біле бермейтін асыл қасиеттері хақында. Сөз ұғар оқырман осы үзіндіден-ақ қаламгердің Ел ағасы бойындағы екі қасиетті: арлылы-ғы мен тектілігін пір тұтып, өзіне рухани ұстаз санағандық-тан қысылтаяң шақта жанынан табылғанын пайымдаған бо-лар.

Серағаның сонау 1986 жылы Горбачев пен Колбиннің солақай саясаты салдарынан үйқамақта жападан-жалғыз қалған Димаш Ахметұлы Қонаевтың қасынан табылуы – ұлт намысын жыртқан азаматтық болмысын айшықтайтын

Page 280: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

280

тұс. Сол бір қиямпұрыс кезең туралы кейіннен «Өтті дəурен осылай» атты естелік кітабында Д.Қонаев былай деп жа-зады: «Жалғанда жалғыздық жаман екен. Ертелі-кеш ты-ным болмайтын телефондар сап тыйылды. Күні кеше ғана құрдай жорғалап, алдыңнан қия өтпей, қисынсыз жерден қиялай келіп сəлем беруге құштар əріптестерім, мені пір тұтып, ұстаз санаған қайран шəкіртсымақтарым біздің үйді айналып өтетінді шығарды. Тіпті базбіреулері аттанға ұран қосып, онсыз да лап еткелі тұрған шаланы үрлеуге асықты».

Əйгілі Желтоқсан көтерілісінен кейін əпербақан билік атой салған қазақ ұлтшылдығына қарсы күрес жалыны лаулап тұрған уақытта ақиқатқа араша түсудің өзі отпен ойнағанмен бірдей екенін бастан кешкен жан болмаса, сырт кісінің сезінуі қиын. Оңтүстік өңірінен басшылық қызметке тартылушылар қатары тым көбейіп кеткен деген сылтау-мен «Өнер» баспасының бас редакторлығынан қуғында-лып, Орталық комитет жанындағы партия тарихы инсти-тутына аудармашы болып жер аударылып келген Сераға мұны жақсы түсінді. Түсіне тұрып, саналы түрде соған бар-ды. Оны «Самғау» атты кітабында: «Отқа май құюшылар көбейді. Аз күнгі абыройға малданып, ардан аттап, аузы-на келгенді құсқан ағайындарға тоқтау айтар жан табыла қоймады. Ер басына күн туып, ел ішін алатайдай бүлдіріп, шырқын кетіре бастаған қысылтаяң шақта бəрімізге қара басымыздың амандығы қымбат боп шықты. Соны өзім ай-рықша құрмет тұтатын Нұрғиса Тілендиев ағама барып ай-тып едім, ұзақ үнсіз отырып:

– Сонда ойың не? – деп сұрады əңгіменің басын ашып алғысы келіп.

– Жығылғанды жұдырықтамас болар. Тым құрыса мына төбесінен жай түскендей есеңгіреген халқыңызға кешегі Елбасы ретінде Колбиннің қаралаған сөзіне Сіз не айта-сыз? Ағы қайсы, қарасы қайсы? Неге қаралаушы сөйлейді де, айыпталушы жұмған аузын ашпайды? Соған журналис-тік намыс «Сен ай қарап жүрсің ба?» деп маза бер-мейді. Жолықтырыңызшы, – деп қолқа салдым», – деп есіне алады.

Page 281: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

281

Сұхбат жанрының сардары Серағаның «Ақиқат айтыл-май қалмайды» деген тақырыпта сол кезде үй қамақта отырған Д.Қонаевпен сыр-сұхбаты «Қазақ əдебиеті» газе-тіне осылай даярланғанын кейінгі ұрпақтың білгені дұрыс. Ел ағасына 108 сұрақ əзірлеп, оның үштен бірінің жауа-бын қаз-қалпында ақ қағазға түсіріп, басылымға басуға апарған Серағаның да, нар тəуекелге басып, оны тоқтатпай жариялауға белді бекем буған газеттің сол тұстағы бас ре-дакторы Оралхан Бөкейдің де ісі – көзсіз ерлікпен пара-пар, болашақ ұрпақ, əсіресе, жас журналистер үлгі тұтарлықтай өнеге.

Əрине, жазушы, журналист, публицист, аудармашы, бас-пагер, қайраткер, ұстаз, тəлімгер Серағаның сан қырлы та-лантын жан-жақты ашу, тарата талдау, бағасын беру, ғы-лыми тілде айтқанда, Серіктануға бойлап ену – болашақ еншісіндегі мəселе. Бұл жолы алдымызға ондай мақсат қойып отырғанымыз жоқ. Əз-ағаның бір ғана ерлігін еске алып, халқына қалтқысыз қызмет еткен азаматтық болмы-сын паш етуді парыз санадық.

«Жас қазақ» газеті, 2010 жылдың 24-қыркүйегі.

ТЕЛЕӨНЕР ТУРАЛЫ ЕҢСЕЛІ ЕҢБЕК

Қолымызға тиген Теледидар өнері атты кітапты тап-жылмай тұтас оқып шығып, айрықша күйге бөлендім. Білім мен білігім еселеніп, құнды пікір, ой олжаладым.

Пайда ойлама, ар ойла,Талап қыл артық білуге.Артық білім кітапта,Ерінбей оқып көруге, –

деген ұлы Абай сөзінің хақтығына тағыда көз жетті, көңіл сенді.

Page 282: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

282

Кітап авторы – Тəуелсіз Қазақстанға ғана емес, төрткүл ТМД елдеріне танымал теледидиар тарланы Сұлтан аға Ора-залы. Көлемі 34,5 баспа табақ, сапалы қағазда шығарылған, көркем безендірілген, мазмұны бай, аппараты толық талапқа сай жасақталған кітап «Фолинант» баспасынан жарық кө-ріпті. Бұл баспаның ғажап кітаптар шығаратынын бұрын да білетінбіз, мынау – соның айрықша жарқын үлгісі. Құнды кітаптың көзіқарақты оқырман қолына тиюіне бастамашыл болып, аса қамқорлық танытқан «Қазақстан» республика-лық телерадио корпорациясы акционерлік қоғамы басшы-лығына оқырман алғысы шексіз боларына еш шүбəміз жоқ.

Қош. Түр-тұрпаты көңіл төрінен орын тепкен кітаптың енді ішкі мазмұнынан сыр тарқатып көрелік.

Бес бөлімнен тұратын кітаптың əр тақырыбы мен мұнда-лап тұрғанын көріп, көңіл толды.

«Сұңғыла сөздің Сұлтаны» атты бірінші бөлімде, аты ай-тып тұрғандай, сөзі мен ісі жарасқан, шығармашылықтың да, қайраткерліктің де шыңына шыққан, қазақ теледидарының тарланы туралы Елбасыдан бастап, ел игі жақсыларының, Қазақстан ғана емес, əлемдік деңгейде сөзінің салмағы бар өнер марқасқаларының шынайы лебіздері топтастырылып берілген. Барлығын сөйлетпей-ақ, екі ірі қалам қайраткерінің Сұлтекең туралы пікірінен үзінді келтірсек те, теңіздің тұщы дəмін татуға болады.

«Сұлтан інім, қырғыз, қазаққа дəнекер болған өзіңдей жігіттер көбейе берсін. Сені көптен білемін. Мені елуге келді деп Алматыдан іздеп келгеніңе дəн ризамын. Мен əлемдік теледидардың құдіретін білемін. Сондай өнердің тұтқасын ұстап, биік мəдениетпен іс тындырып жүрген өзіңдей жігіт-тер көп емес. Келгеніңе көп рахмет», – деп сөз арнапты заманымыздың заңғар жазушысы Шыңғыс Айтматов 1978 жылдың желтоқсан айында «Қазақстан» телеарнасының «Сұхбат» бағдарламасына берген сұхбатында.

Ал, алты Алашқа аты мəлім ақиық ақын Фариза Оң-ғарсынова бүй деп жар салады жарты əлемге: «Қазақ теле-дидарының негізін қалауға еңбегі сіңген екі адам болса, біреуі осы – Сұлтан Оразалы...

Page 283: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

283

Тірідей көрге түсе жаздаған ана тіліміздің туын көтеріп, алғаш мəселе қоюға батылы барған кім?! Ол – Сұлтан Ора-залы!

О дүниелік болып кеткен айтыс өнерін Алланың өзімен келіскендей қайта тірілткен кім?! Осы – Сұлтан Оразалы!».

Оқырманын олжаға кенелткен кітаптың екінші бөлімі «Өмірмен өзектес өнер» деп аталады. Мұнда қандай құнды мұра жинақталғанын автор былай аңдатады: «Дүниеге кел-ген күннен бастап, еліміздің эфирінде отыз жылдай жалғыз жанған «Қазақстан» телеарнасы жаңа өнерге тəн өсіп-өркендеудің, қалыптасудың барлық жолдарынан өтті. Біз тағдырдың жазуымен соған куə болдық. Жай ғана сырт көз бақылаушы емес, отына күйіп, суығына тоңған, сол ұзақ уақыт ішінде оның қаз тұрып, қадам басуына, қалыптасып, өзіндік бетін табуына шама-шарқымызша тер төккен адам-ның біріміз. Кітаптағы мақалалар, сұхбаттар мен ой-толға-ныстар, естеліктер, телесценарийлер мен телепьесалар те-ледидар тарихының əр кезеңінде жазылған, сол уақыттың талғамы мен талабына сай туғандықтан жарияланған уақы-ты мен жерін көрсетіп отырдық».

Бұдан түйер ой мынау: Телеэкранның барлық жанрын-да үш жүзге жуық əдеби сценарий жазып, бірнеше мың ірі хабарларға редакция жасаған, одан бөлек өзі авторы болма-са да, шығармашылық ұжымның басшысы ретінде əдебиет, өнер, мəдениет саласындағы жүздеген телехабарлардың экранға шығуына ойын, білімін, уақытын, күш-жігерін аян-бай жұмсаған қазақ теледидары тарланының бай тəжрибе-сі – бүгінгі жəне болашақ журналистерге, сөз жоқ, бағасы теңдессіз үлгі-өнеге. Автордың кітапты қалың оқырманға таныстыру мақсатында жазған «Бастау» атты естелік-эссесін оқып шықсаңыз, соған көзіңіз анық жетеді.

Автор бүй деп ағынан жарылады: «Қайда жүрсең де қы-зық пен тауқымет астасып жатады. Бірақ кешкен ғұмы-рыңның қауызы мен дəнін аршып қарағанда, сөз жоқ, уақыт желі қауызын ұшырып, еккен, терген дəнің ғана қалады. Оның салмағы мен нəрі сенің тіршілігіңнің мəнін анықтаса керек.

Page 284: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

284

Бір жерде, бір қызметте тапжылмай өткізген жиырма жыл көп пе, аз ба? Əрине, жас ғұмыр үшін өте көп еді. 1967 жылы МГУ-дің тележурналистика кафедрасының меңгерушісі, теледидардың үлкен білгірі Р.Борецский деген профессор-мен жолыққанымда, ол:

– О, сіз үш жылдан бері теледидарда істеймін дейсіз бе? Бұл көп уақыт, өте көп уақытыңыз кетіпті əрі үлкен шыдамдылық жасапсыз, – деп өзі де таңырқап мені де таңырқатқаны бар. Ал сол қазандай қайнап жатқан теле-дидар тіршілігіне жиырма жыл өміріңді арнауды қалай бағаласақ екен?!»

Риторикалық сұраққа жігерлі жастық шағының жиыр-ма жылын арнаған Сұлтан Шəріпұлының «Қазақстан» теле-арнасының тарихында алтын əріптермен хатталған құнды төл туындыларының атын атап, түсін түстесек те толық жауап табасыз. Кезінде ұлттық жаратылысымызға тəн құндылығымен көрермен көңіл төрінен орын иемденген «Қымызхана», «Кек», «Отырар ойраны» атты көп сериал-ды телеқойылымдар, «Сұхбат», «Кездесу», «Сахна» тəрізді əдеби-публицистикалық туындылар, халық санасын оятқан «Айтыс», «Халық қазынасы» сынды хабарлар, кейінгі жыл-дары түсірген Қазақ зиялылары туралы антология деректі фильмдер топтамасы жұртшылықтан жоғары баға алды. Бұл телетуындылар жарыққа шыққан сайын миллиондарды көгілдір экран алдына байлап, қазақ теледидарының абырой-ын асқақтатты. Əдебиет пен өнердің өзекті мəселелері туралы қазақ сөз өнерінің алыптарымен, əлемнің отызға жуық елінің даңқты ақын, жазушы, өнер қайраткерлерімен салиқалы əңгіме қозғаған, қазір де Алтын қорда сақтаулы тұрған «Сұхбат» сериясымен көрсетілген хабарлар көрерменнің қай ұрпағының болсын таным, тағылым көкжиегін кеңейтетіні даусыз. Сұхбат сериясы көгілдір экраннан берілгеннен он жылдан кейін белгілі эстон журналисі Урмас Оттың «Теледидарлық танысулар» атты телехабары көрермен көзайымына айналды. Көптеген сыйлықтар алған, Орталық теледидардан берілген. «Теледидарлық танысулар» хаба-

Page 285: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

285

ры мен «Сұхбаттың» ұқсастығы көп. «Бұған таңырқайтын ештеңесі жоқ, – деп жазады сұңғыла сөздің Сұлтаны «Ба-стау» атты эссесінде. – Урмас Отт эстон теледидарында дик-тор болып істеді. Ол кезде бауырлас республикаларда теле-хабарлар алмасып, бір-бірімізге барып келу жағы жиі бола-тын. Сонда тілін түсінбесек те, ұлттық теледидардың хабар-ларына, олардың ерекшеліктеріне қатты көңіл бөлуші едік. Бір елде табылған жақсы тəсіл екінші елдің теледидарына көшіп, дамып, төл туындысындай сіңісіп кететіні жаңалық емес».

Қазақ тіліндегі тұңғыш оқулық алты Алашқа аты мəлім ағартушы Ыбырай Алтынсариннің Қазақ хрестоматиясы екені баршамызға белгілі. «Теледидар өнері» – қазақ теле-журналистикасы тарихында сондай мəнге ие туынды десек, асыра бағалап, ауа жайылғандық болмас. Олай дейтініміз, осыған дейін ұлттық телеарналар тарихы мен көгілдір экран теориясына байланысты ана тілімізде бірді-екілі еңбек жа-зылғанымен, мына кітаптың жөні бөлек. Еңбектің басты ерекшелігі жəне құндылығы да сонда, үшінші жəне төртінші бөлімдерінде телетуындылардың сценарийлері тұтас əрі толық берілген. «Телетеатр – өнердің жаңа түрі» ата-уын алған үшінші бөлімде Қазақ теледидарында қойылған телепьесалардың, ал «Қазақ зиялылары туралы антология» атты төртінші бөлімде, аты айтып тұрғандай, ұлтымызға рухани тұтқа болған алыптар туралы деректі фильмдердің сценарийлері топтастырылған. «Отырар ойраны», «Мені миссис деп ата!», «Өлім фабрикасы», «Дала даналары», «Абай – қазақтың ұлы биі», «Парасат майданы» т.б. теле-туындылар – уақыт сынынан өткен, қай кезеңде де құнын жоймайтын, өміршеңдігімен құнды асыл мұралар.

Кітап байтақ еліміздің журналистер даялайтын жоғары оқу орындары үшін хрестоматиялық оқулық болуымен бағалы. Шəкірттеріміз салмақты да салиқалы еңбекпен та-нысу барысында көгілдір экранның таңғажайып та тылсым сырына терең бойлап, білім көкжиектерін кеңейтумен бірге біліктерін арттыру мүмкіндігіне ие болады. Студиялық

Page 286: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

сабақтарда кітапқа енген сценарийлер бойынша қойылымдар түсіріп, тəжірибе жинақтай алады. Сонымен бірге, сценарий жазу өнерінің қыр-сырына қанып, шығармашылық ізденістің соны түрін игеруге ұмтылатын болады. Бұл кітап əлі талай тележурналистің игілігіне жарары сөзсіз.

Page 287: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

МАЗМҰНЫ

Алғы сөз ............................................................................................. 3Барды бағалай білейік ......................................................................18«Айқап» ойларыңда бар ма? ............................................................24«Қазақстан» газетін тірілткен құнды жинақ ................................. 32Қайта тірілген «Қазақ» .................................................................... 34Шыңыраудан шыққан шындық ...................................................... 38«Қазақ» газетінің зерттелу жайы .................................................... 42«Қазақтың» тағдыр тауқыметі .........................................................52«Қазақ» – өзін-өзі қаржылындырған газет ......................................75Газетті шығарушылар туралы шындық .......................................... 84Мір оғындай Міржақып ...................................................................92«Қазақтың» ақырғы редакторы .....................................................108«Айқап» пен «Қазақ» неге айтысқан? ...........................................114«Он алтының ойраны» ...................................................................150«Қазақтың тірі я өлі болу мəселесі» .............................................178Алаш көсемсөзіндегі білім һəм ғылым тақырыбы ......................210Алаш баспасөзіндегі термин мəселелері ......................................225«Мəңгілік ел» формуласы ..............................................................249Амандосов əлемі .............................................................................254Тапқыр сөздің тарланы ...................................................................259Мағжан мен Сəкен туралы толымды еңбек ..................................263Қайраткер көсемсөзінің құндылықтары .......................................267Ақселеу Сейдімбек жəне БАҚ функциясын заңдастырудың өзектілігі хақында ................................................275Сераға ..............................................................................................277Телеөнер туралы еңселі еңбек .......................................................281

Page 288: УДК · 2016. 10. 3. · УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің

Кітапты шығаруға жауапты –«Қазығұрт» баспасының директоры

Темірғали КӨПБАЕВ

Қайрат САҚ

АЛАШ МҰРАСЫ

Редакторы Жұлдыз ƏБДІЛДАТех. редакторы Дарико ОМАРҒАЛИЕВА

Суретшісі Жəмилə АЙДОСБеттеген Ниязбай ОРАЗЫМБЕТОВ

ИБ № 426Басуға 15.08.2014 ж. қол қойылды.

Қалыбы 84×1081/32. Офсеттік басылым.Қарiп түрi Times New Roman. Шартты баспа табағы 15, 0.

Таралымы: мемлекеттік тапсырыс бойынша 2000 дана + баспаның тапсырысы бойынша 200 дана. Тапсырыс №

«Қазығұрт» баспасының компьютер орталығында теріліп, беттелдi.«Қазығұрт» баспасы, 050009, Алматы қаласы,

Абай даңғылы 143, 405-офис. Телефон (факс): 8(727) 394-42-86

e-mail: [email protected]