Top Banner
2003 жылғы сәуір айынан шыға бастады AQPARAT QOǴAM SELF-MADE WEEKENG РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖАСТАР ГАЗЕТІ №10 (176) қараша 2018 жыл www.kazmkpu.kz E-mail: [email protected] facebook.com/qyzdaryniversiteti vk.com/qyzdaruniver qyzdar_yniversiteti QYZDAR ÝNIVERSITETI 3-бет 6-бет 7-бет 8-бет ҒАЛЫМНАН ҒИБРАТ БАЙЫРҒЫ ҚАРА ЕСЕПТЕРМЕН ҚАУЫШТЫРҒАН ҒАЛЫМ ДӘУІР ТАЛАБЫ ТУДЫРҒАН ДӘРІС БІРІНШІЛІКТЕ БАҒЫ ЖАНДЫ АҢДАТПА ТҮРКІ ӘЛЕМІН ЗЕРТТЕУ – РУХАНИ БРЕНД AQPARAT Қазақ мемлекеттік қыздар пе- дагогикалық университеті мен Түр- кияның Нийде Өмер Халисдемир университеті бірлесіп латын графи- касына негізделген қазақ әліпбиін үйретуге байланысты бірнеше тың жобаны жүзеге асырмақ. Бұған Түркия тарапы нақты қолдау көрсетуге мүдделі және арнайы жұмыс тобы құрылатын болады. Бұл туралы қос жоғары оқу орындарының басшылары арасындағы келіссөз нәтижесінде белгілі болды. Екіжақты ынтымақтастықтың және әріптестікті нығайтудың өзекті мәселелерін талқылау бары- сында қосдипломды білім беру бағ- дарламаларын іске асыру жайы да айтылды. Толығырақ 3-бетте. Ақпараттық-имидждік жарияланымдар бойынша құрылымдық бөлімдер мен факультеттер рейтингі* (қараша, 2018 жыл) Орын Құрылымдық бөлім / Факультет атауы Kazmkpu.kz ин- тернет-ресурсын- дағы ақпараттық жарияланым саны «Qyzdar Ýnıversıteti» газетіндегі имидждік жарияланым саны Республикалық, аймақтық БАҚ- тағы имидждік жарияланым саны Профессор- оқытушылардың БАҚ-тағы жарияланым саны Университеттің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларындағы ақпараттық жарияланым саны Барлығы 1. Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті 10 4 5 3 30 52 2. Педагогика және психология факультеті 8 3 0 2 24 37 3. Ғылыми жұмыстар және инновация жөніндегі департамент 6 0 7 - 18 31 4. Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі департамент 6 2 2 - 18 28 5. Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті 5 1 1 5 15 27 6. Жаратылыстану факультеті 3 2 2 2 9 18 7. Физика-математика факультеті 3 1 1 2 9 16 8. Өнер және мәдениет факультеті 3 2 0 1 9 15 * Құрылымдық бөлімдер мен факультеттердің ақпараттық-имидждік жарияланымдары бойынша рейтинг нәтижесі Баспасөз және қоғаммен байланыс бөліміне ұсынылған ақпараттар мен БАҚ бетінде жарық көргенді растайтын мәліметтер бойынша шығарылды. Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады. Бұл – жай ғана әдемі афоризм емес. Шын мәнінде, немістердің, италиялықтардың немесе үнді халықтарының жылнамасына көз жүгіртсек, олардың мыңдаған жылды қамтитын төл тарихындағы ұлы жетістіктерінің дені осы елдер қазір мекен етіп жатқан аумақтарға қатыстылығы жөнінде сұрақ туындайтыны орынды. Әрине, ежелгі Рим деген қазіргі Италия емес, бірақ италиялықтар өздерінің тарихи тамырымен мақтана алады. Бұл – орынды мақтаныш. Сол сияқты, ежелгі готтар мен бүгінгі немістер де бір халық емес, бірақ олар да Германияның мол тарихи мұрасының бір бөлшегі. Полиэтникалық бай мәдениеті бар ежелгі Үндістан мен бүгінгі үнді халқын тарих толқынында үздіксіз дамып келе жатқан бірегей өркениет ретінде қарастыруға болады. Бұл – тарихқа деген дұрыс ұстаным. Сол арқылы түп тамырымызды білу- ге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның күрмеулі түйінін шешуге мүмкіндік туады. Қазақстан тарихы да жеке жұрнақтарымен емес, тұтастай қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан қарағанда түсінікті болуға тиіс. Оған қажетті дәй- ектеріміз де жеткілікті. Біріншіден, қосқан үлестері кейінірек сөз болатын протомемлекеттік бір- лестіктердің дені қазіргі Қазақстан аумағында құрылып, қазақ ұлты этноге- незінің негізгі элементтерін құрап отыр. Екіншіден, біз айтқалы отырған зор мәдени жетістіктер шоғыры даламызға сырттан келген жоқ, керісінше, көпшілігі осы кең-байтақ өлкеде пайда болып, содан кейін Батыс пен Шығысқа, Күнгей мен Теріскейге таралды. Үшіншіден, кейінгі жылдары табылған тарихи жәдігерлер біздің бабала- Құрметті әріптестер! Қымбатты жастар! Баршаңызды Ұлы даланың ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүрек- тен құттықтаймын! Қазақ елі 1991 жылғы 16 желтоқсанда дербестігін әлемге жариялап, жаһанға паш етті. Көне түріктің бөрілі байрағының мұрагері – Көк Байрағымызды БҰҰ- ның төрінде желбіреттік, әнұранымызды әлем көгінде әуелеттік, Елтаңбамызды мәңгілік мөрге айналдырдық. Төл теңгемізді енгізіп, Ата Заңымызды қабылда- дық, айбыны асқан Қарулы Күштерімізді құрып, шекарамызды шегендедік. Біз 15 ғасыр бұрын Күлтегіннің даналық ескерткішінде жазылған «Мәңгілік Ел» ұғымын жалпыұлттық идеяға айналдырдық. Әр ұлт, әр халық үшін егемендік- тен артық қастерлі де қымбат ештеңе жоқ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіздік турасында: «Алтай мен Атыраудың, Сырдария мен Есілдің арасындағы еліміздің жылнамасы алтын Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті: ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ рымыздың өз заманындағы ең озық, ең үздік технологиялық жаңалықтарға тікелей қатысы бар екенін айғақтайды. Бұл жәдігерлер Ұлы даланың жаһандық тарихтағы орнына тың көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Тіпті, қазақтың кейбір ру-тайпаларының атаулары «қазақ» этнонимінен талай ға- сыр бұрын белгілі болған. Осының өзі біздің ұлттық тарихымыздың көкжиегі бұған дейін айтылып жүрген кезеңнен тым әріде жатқанын айғақтайды. Еуропацентристік көзқарас сақтар мен ғұндар және басқа да бүгінгі түркі халықтарының арғы бабала- ры саналатын этностық топтар біздің ұлтымыздың тарихи этногенезінің ажырамас бөлшегі болғаны туралы бұлтартпас фактілерді көруге мүмкіндік берген жоқ. Сонымен бірге ұзақ уақыттан бері біздің жерімізде өмір сүріп келе жатқан көптеген этностарға ортақ Қазақстан тарихы туралы сөз болып отырғанын атап өткеніміз жөн. Бұл – түрлі этностардың көптеген көрнекті тұлғалары өз үлестерін қосқан бүкіл халқымызға ортақ тарих. Бүгінде төл тарихымызға оң көзқарас керек. Бірақ қандай да бір тарихи оқиғаны таңдамалы және конъюнктуралық тұрғыдан ғана сипаттаумен шектелуге болмайды. Ақ пен қара – бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Бұлар өзара бірлескенде жеке адамдардың да, тұтас халықтардың да өміріне қайталанбас реңк береді. Біздің тарихымызда қасіретті сәттер мен қайғылы оқиғалар, сұрапыл соғыстар мен қақтығыстар, әлеуметтік тұрғыдан қауіпті сынақтар мен саяси қуғын-сүргіндер аз болмады. Мұны ұмытуға хақымыз жоқ. Көпқырлы әрі ауқымды тарихымызды дұрыс түсініп, қабылдай білуіміз керек. Біз басқа халықтардың рөлін төмендетіп, өзіміздің ұлылығымызды көрсетейін деп отырғанымыз жоқ. Ең бастысы, біз нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз. Сонымен, Ұлы даланың жеті қырына тоқталайық. (Жалғасы 2-бетте). әріппен жазылған ардақты күн. Жер бетінде мыңдаған ұлыстар мен ұлттар бар, біз дербес мемлекет құру бақытына ие болған 193 ұлттың біріміз. Адам басына бақыт- тың қонуы бір бөлек, сол бақытты бағалай білудің жөні – бір бөлек» деген ұлағатты сөзі бүгінгі әрбір отандасымыздың жүрек түкпірінде орын алғаны ләзім. Осыдан 27 жыл бұрын тарихи таңдау жасап, мемлекеттік дербестігін жариялаған Қазақстан Республикасы бүгінде беделі биік, айбыны асқақ мемлекет. Ынтымақты ұран, тату- лықты ту еткен бейбіт халқымыздың тәуелсіздік жылдарындағы табысы – Мемле- кет басшысының салиқалы саясаты мен ішкі бірліктің нәтижесі. Рухы биік, намысы үстем бабаларымыздың сан ғасырлар бойғы мақсаты – азаттықты аялау болса, біздің асыл мұратымыз – Тәуелсіздіктің тұғырын баянды етіп сақтау. Осынау мерейлі күн- мен құттықтай отырып, баршыңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, толайым табыс тілеймін! Гаухар АЛДАМБЕРГЕНОВА, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры Университет ректоры Гаухар Алдамбергенованың Тәуелсіздік күніне орай құттықтауы
8

QYZDAR ÝNIVERSITETI - kazmkpu.kzkazmkpu.kz/wp-content/uploads/2018/12/КАРАША-2018-1.pdf · Физика-математика факультеті 3 1 1 2 9 16 8. Өнер және

Aug 29, 2019

Download

Documents

ngohanh
Welcome message from author
This document is posted to help you gain knowledge. Please leave a comment to let me know what you think about it! Share it to your friends and learn new things together.
Transcript
Page 1: QYZDAR ÝNIVERSITETI - kazmkpu.kzkazmkpu.kz/wp-content/uploads/2018/12/КАРАША-2018-1.pdf · Физика-математика факультеті 3 1 1 2 9 16 8. Өнер және

2003 жылғысәуір айынан

шыға бастады

AQPARAT

QOǴAM

SELF-MADE

WEEKENG

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖАСТАР ГАЗЕТІ№10 (176)

қараша2018 жыл

www.kazmkpu.kz E-mail: [email protected] facebook.com/qyzdaryniversiteti vk.com/qyzdaruniverqyzdar_yniversiteti

QYZDAR ÝNIVERSITETI

3-бет

6-бет

7-бет

8-бет

ҒАЛЫМНАН ҒИБРАТ

БАЙЫРҒЫ ҚАРА ЕСЕПТЕРМЕНҚАУЫШТЫРҒАН ҒАЛЫМ

ДӘУІР ТАЛАБЫТУДЫРҒАН ДӘРІС

БІРІНШІЛІКТЕБАҒЫ ЖАНДЫ

АҢДАТПА

ТҮРКІ ӘЛЕМІН ЗЕРТТЕУ – РУХАНИ БРЕНД

AQPARAT

Қазақ мемлекеттік қыздар пе-дагогикалық университеті мен Түр-кияның Нийде Өмер Халисдемир университеті бірлесіп латын графи-касына негізделген қазақ әліпбиін үйретуге байланысты бірнеше тың жобаны жүзеге асырмақ. Бұған Түркия тарапы нақты қолдау көрсетуге мүдделі және арнайы жұмыс тобы құрылатын болады. Бұл туралы қос жоғары оқу орындарының басшылары арасындағы келіссөз нәтижесінде белгілі болды. Екіжақты ынтымақтастықтың және әріптестікті нығайтудың өзекті мәселелерін талқылау бары-сында қосдипломды білім беру бағ-дарламаларын іске асыру жайы да айтылды.

Толығырақ 3-бетте.

Ақпараттық-имидждік жарияланымдар бойынша құрылымдық бөлімдер мен факультеттер рейтингі* (қараша, 2018 жыл)

Орын Құрылымдық бөлім / Факультет атауы

Kazmkpu.kz ин-тернет-ресурсын-дағы ақпараттық

жарияланым саны

«Qyzdar Ýnıversıteti» газетіндегі имидждік

жарияланым саны

Республикалық, аймақтық БАҚ-тағы имидждік

жарияланым саны

Профессор-оқытушылардың

БАҚ-тағы жарияланым

саны

Университеттің әлеуметтік

желідегі ресми парақшаларындағы

ақпараттық жарияланым саны

Барлығы

1. Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті

10 4 5 3 30 52

2. Педагогика және психология факультеті

8 3 0 2 24 37

3. Ғылыми жұмыстар және инновация жөніндегі

департамент

6 0 7 - 18 31

4. Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі

департамент

6 2 2 - 18 28

5. Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті

5 1 1 5 15 27

6. Жаратылыстану факультеті 3 2 2 2 9 18

7. Физика-математика факультеті

3 1 1 2 9 16

8. Өнер және мәдениет факультеті

3 2 0 1 9 15

* Құрылымдық бөлімдер мен факультеттердің ақпараттық-имидждік жарияланымдары бойынша рейтинг нәтижесі Баспасөз және қоғаммен байланыс бөліміне ұсынылған ақпараттар мен БАҚ бетінде жарық көргенді растайтын мәліметтер бойынша шығарылды.

Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады. Бұл – жай ғана әдемі афоризм емес.

Шын мәнінде, немістердің, италиялықтардың немесе үнді халықтарының жылнамасына көз жүгіртсек, олардың мыңдаған жылды қамтитын төл тарихындағы ұлы жетістіктерінің дені осы елдер қазір мекен етіп жатқан аумақтарға қатыстылығы жөнінде сұрақ туындайтыны орынды. Әрине, ежелгі Рим деген қазіргі Италия емес, бірақ италиялықтар өздерінің тарихи тамырымен мақтана алады. Бұл – орынды мақтаныш. Сол сияқты, ежелгі готтар мен бүгінгі немістер де бір халық емес, бірақ олар да Германияның мол тарихи мұрасының бір бөлшегі. Полиэтникалық бай мәдениеті бар ежелгі Үндістан мен бүгінгі үнді халқын тарих толқынында үздіксіз дамып келе жатқан бірегей өркениет ретінде қарастыруға болады.

Бұл – тарихқа деген дұрыс ұстаным. Сол арқылы түп тамырымызды білу-ге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның күрмеулі түйінін шешуге мүмкіндік туады.

Қазақстан тарихы да жеке жұрнақтарымен емес, тұтастай қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан қарағанда түсінікті болуға тиіс. Оған қажетті дәй-ектеріміз де жеткілікті.

Біріншіден, қосқан үлестері кейінірек сөз болатын протомемлекеттік бір-лестіктердің дені қазіргі Қазақстан аумағында құрылып, қазақ ұлты этноге-незінің негізгі элементтерін құрап отыр.

Екіншіден, біз айтқалы отырған зор мәдени жетістіктер шоғыры даламызға сырттан келген жоқ, керісінше, көпшілігі осы кең-байтақ өлкеде пайда болып, содан кейін Батыс пен Шығысқа, Күнгей мен Теріскейге таралды.

Үшіншіден, кейінгі жылдары табылған тарихи жәдігерлер біздің бабала-

Құрметті әріптестер!Қымбатты жастар!Баршаңызды Ұлы даланың ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүрек-

тен құттықтаймын!Қазақ елі 1991 жылғы 16 желтоқсанда дербестігін әлемге жариялап, жаһанға

паш етті. Көне түріктің бөрілі байрағының мұрагері – Көк Байрағымызды БҰҰ-ның төрінде желбіреттік, әнұранымызды әлем көгінде әуелеттік, Елтаңбамызды мәңгілік мөрге айналдырдық. Төл теңгемізді енгізіп, Ата Заңымызды қабылда-дық, айбыны асқан Қарулы Күштерімізді құрып, шекарамызды шегендедік. Біз 15 ғасыр бұрын Күлтегіннің даналық ескерткішінде жазылған «Мәңгілік Ел» ұғымын жалпыұлттық идеяға айналдырдық. Әр ұлт, әр халық үшін егемендік-тен артық қастерлі де қымбат ештеңе жоқ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіздік турасында: «Алтай мен Атыраудың, Сырдария мен Есілдің арасындағы еліміздің жылнамасы алтын

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ,Қазақстан Республикасының Президенті:

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ

рымыздың өз заманындағы ең озық, ең үздік технологиялық жаңалықтарға тікелей қатысы бар екенін айғақтайды. Бұл жәдігерлер Ұлы даланың жаһандық тарихтағы орнына тың көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

Тіпті, қазақтың кейбір ру-тайпаларының атаулары «қазақ» этнонимінен талай ға-сыр бұрын белгілі болған. Осының өзі біздің ұлттық тарихымыздың көкжиегі бұған дейін айтылып жүрген кезеңнен тым әріде жатқанын айғақтайды. Еуропацентристік көзқарас сақтар мен ғұндар және басқа да бүгінгі түркі халықтарының арғы бабала-ры саналатын этностық топтар біздің ұлтымыздың тарихи этногенезінің ажырамас бөлшегі болғаны туралы бұлтартпас фактілерді көруге мүмкіндік берген жоқ.

Сонымен бірге ұзақ уақыттан бері біздің жерімізде өмір сүріп келе жатқан көптеген этностарға ортақ Қазақстан тарихы туралы сөз болып отырғанын атап өткеніміз жөн. Бұл – түрлі этностардың көптеген көрнекті тұлғалары өз үлестерін қосқан бүкіл халқымызға ортақ тарих.

Бүгінде төл тарихымызға оң көзқарас керек. Бірақ қандай да бір тарихи оқиғаны таңдамалы және конъюнктуралық тұрғыдан ғана сипаттаумен шектелуге болмайды. Ақ пен қара – бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Бұлар өзара бірлескенде жеке адамдардың да, тұтас халықтардың да өміріне қайталанбас реңк береді. Біздің тарихымызда қасіретті сәттер мен қайғылы оқиғалар, сұрапыл соғыстар мен қақтығыстар, әлеуметтік тұрғыдан қауіпті сынақтар мен саяси қуғын-сүргіндер аз болмады. Мұны ұмытуға хақымыз жоқ. Көпқырлы әрі ауқымды тарихымызды дұрыс түсініп, қабылдай білуіміз керек.

Біз басқа халықтардың рөлін төмендетіп, өзіміздің ұлылығымызды көрсетейін деп отырғанымыз жоқ. Ең бастысы, біз нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз.

Сонымен, Ұлы даланың жеті қырына тоқталайық.(Жалғасы 2-бетте).

әріппен жазылған ардақты күн. Жер бетінде мыңдаған ұлыстар мен ұлттар бар, біз дербес мемлекет құру бақытына ие болған 193 ұлттың біріміз. Адам басына бақыт-тың қонуы бір бөлек, сол бақытты бағалай білудің жөні – бір бөлек» деген ұлағатты сөзі бүгінгі әрбір отандасымыздың жүрек түкпірінде орын алғаны ләзім. Осыдан 27 жыл бұрын тарихи таңдау жасап, мемлекеттік дербестігін жариялаған Қазақстан Республикасы бүгінде беделі биік, айбыны асқақ мемлекет. Ынтымақты ұран, тату-лықты ту еткен бейбіт халқымыздың тәуелсіздік жылдарындағы табысы – Мемле-кет басшысының салиқалы саясаты мен ішкі бірліктің нәтижесі. Рухы биік, намысы үстем бабаларымыздың сан ғасырлар бойғы мақсаты – азаттықты аялау болса, біздің асыл мұратымыз – Тәуелсіздіктің тұғырын баянды етіп сақтау. Осынау мерейлі күн-мен құттықтай отырып, баршыңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, толайым табыс тілеймін!

Гаухар АЛДАМБЕРГЕНОВА,Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры

Университет ректоры Гаухар Алдамбергенованың Тәуелсіздік күніне орай құттықтауы

Page 2: QYZDAR ÝNIVERSITETI - kazmkpu.kzkazmkpu.kz/wp-content/uploads/2018/12/КАРАША-2018-1.pdf · Физика-математика факультеті 3 1 1 2 9 16 8. Өнер және

2 SAIASAT №10 (176)қараша

2018 жылQYZDAR ÝNIVERSITETI

Kazmkpu.kz: Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына орай Қыздар университетінің ұжымы үндеу қабылдады.

(Басы 1-бетте)

І. ҰЛТ ТАРИХЫНДАҒЫ КЕҢІСТІК ПЕН УАҚЫТ

Біздің жеріміз материалдық мәдениеттің көпте-ген дүниелерінің пайда болған орны, бастау бұлағы десек, асыра айтқандық емес. Қазіргі қоғам өмірінің ажырамас бөлшегіне айналған көптеген бұйымдар кезінде біздің өлкемізде ойлап табылған. Ұлы даланы мекен еткен ежелгі адамдар талай техникалық жаңа-лықтар ойлап тауып, бұрын-соңды қолданылмаған жаңа құралдар жасаған. Бұларды адамзат баласы жер жүзінің әр түкпірінде әлі күнге дейін пайдаланып ке-леді. Көне жылнамалар бүгінгі қазақтардың арғы ба-балары ұланғайыр Еуразия құрлығындағы саяси және экономикалық тарихтың беталысын талай рет түбегей-лі өзгерткені туралы сыр шертеді.

1. АТҚА МІНУ МӘДЕНИЕТІАтқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы

жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі.Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне ти-

есілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыста-ры жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағын-да қолға үйретілгенін дәлелдеді.

Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабалары-мыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты.

Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мәдениетінің де негізін қалады. Бес қаруын асынған салт атты сар-баз айбарлы көшпенділер империялары тарих сахна-сына шыққан дәуірдің символына айналды.

Ту ұстаған салт атты жауынгердің бейнесі – батырлар заманының ең танымал эмблемасы, сонымен қатар атты әскердің пайда болуына байланысты қалыптасқан көшпенділер әлемі «мәдени кодының» айрықша элементі.

Автокөлік қозғалтқыштарының қуаты әлі күн-ге дейін аттың күшімен өлшенеді. Бұл дәстүр – жер жүзінде салт аттылар үстемдік құрған ұлы дәуірге де-ген құрметтің белгісі.

Біз әлемнің барлық түкпіріне ежелгі қазақ жерінен тараған осынау ұлы технологиялық революцияның жемісін адамзат баласы ХІХ ғасырға дейін пайдала-нып келгенін ұмытпауға тиіспіз.

Қазіргі киім үлгісінің базалық компоненттері Дала өркениетінің ерте кезеңінен тамыр тартады. Атқа міну мәдениеті салт атты жауынгердің ықшам киім үлгісін дүниеге әкелді. Ат үстінде жүргенде ыңғайлы болуы үшін бабаларымыз алғаш рет киімді үстіңгі және астыңғы деп екіге бөлді. Осылайша кәдімгі шалбар-дың алғашқы нұсқасы пайда болды.

Бұл салт атты адамдардың ат құлағында ойнауы-на, ұрыс кезінде еркін қимылдауына мүмкіндік берді. Дала тұрғындары теріден, киізден, кендір мен жүннен, кенептен шалбар тікті. Содан бері мыңдаған жыл өтсе де, киімнің осы түрі өзгере қоймады. Қазба жұмыста-ры кезінде табылған көне шалбарлардың қазіргі шал-бардан еш айырмасы жоқ.

Сонымен қатар бүгінгі етіктердің барлық түрі көшпенділер атқа мінгенде киген жұмсақ өкшелі сап-тама етіктің «мұрагерлері» екені белгілі.

Ат үстінде жүрген көшпенділер тақымына басқан сәйгүлігіне неғұрлым еркін мініп жүруі үшін биік ер-тұрман мен үзеңгіні ойлап тапты. Бұл жаңалық салт атты адамның ат үстінде қаққан қазықтай мығым оты-руына, сонымен бірге шауып бара жатып, қолындағы қаруын еш қиындықсыз және неғұрлым тиімді қолда-нуына мүмкіндік берді.

Бабаларымыз шапқан аттың үстінен садақ тарту-ды барынша жетілдірді. Соған байланысты қарудың құрылымы да өзгеріп, күрделі, ыңғайлы әрі қуатты бола түсті. Масағына қауырсын тағылып, металмен ұшталған жебе берен сауытты тесіп өтетін көбебұзарға айналды.

Қазақстан аумағында өмір сүрген түркі тайпала-ры ойлап тапқан тағы бір технологиялық жаңалық – қылыш. Оның оқтай түзу немесе иілген жүзі – ерекше белгісі. Бұл қару ең маңызды әрі кең таралған соғыс құралына айналды.

Сарбаз бен оның мінген атын қорғауға арналған сауытты да алғаш рет біздің бабаларымыз жасаған. Еуразия көшпенділерінің айрықша маңызды әскери жаңалығына баланған мұздай темір құрсанған атты әскер осылайша пайда болды. Отты қару пайда бо-лып, жаппай қолданысқа енгенге дейін атты әскердің дамуы біздің дәуірімізге дейінгі І мыңжылдық пен біздің дәуіріміздің І ғасыры арасында көшпенділердің ұзақ уақыт бойы бұрын-соңды болмаған жауынгерлік үстемдік орнатуын қамтамасыз еткен жасақтың ерек-ше түрі – айбарлы атты әскердің қалыптасуына ықпал етті.

2. ҰЛЫ ДАЛАДАҒЫ ЕЖЕЛГІ МЕТАЛЛУРГИЯ

Металл өндірудің амал-тәсілдерін табу тарихтың жаңа кезеңіне жол ашып, адамзат дамуының барысын түбегейлі өзгертті. Сан алуан металл кендеріне бай қазақ жері – металлургия пайда болған алғашқы орталықтардың бірі. Ежелгі заманда-ақ Қазақстанның Орталық, Солтүстік және Шығыс аймақтарында тау-кен өндірісінің ошақтары пайда болып, қола, мыс, мырыш, темір, күміс пен алтын қорытпалары алына бастады.

Ата-бабаларымыз жаңа, неғұрлым берік металдар өндіру ісін дамытып, олардың жедел технологиялық ілгерілеуіне жол ашты. Қазба жұмыстары барысында табылған металл қорытатын пештер мен қолдан жасалған әшекей бұйымдары, ежелгі дәуірдің тұрмыстық заттары мен қару-жарақтары бұл туралы тереңнен сыр шертеді. Осының бәрі ежелгі замандарда біздің жеріміздегі дала өркениеті технологиялық тұрғыдан қаншалықты қарқынды дамығанын көрсетеді.

3. АҢ СТИЛІБіздің ата-бабаларымыз қоршаған ортамен етене

өмір сүріп, өздерін табиғаттың ажырамас бөлшегі са-

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ,Қазақстан Республикасының Президенті:

наған. Бұл басты тұрмыс қағидаты Ұлы даланы мекен-деген халықтардың дүниетанымы мен құндылықта-рын қалыптастырды. Өз жазуы мен мифологиясы бар Қазақстанның ежелгі тұрғындарының озық мәдениеті болды.

Олардың мұрасының жарқын көрінісі, көркем бол-мысы мен рухани байлығының айшықты белгісі – «аң стилі» өнері. Жануарлар бейнесін тұрмыста пайдалану адам мен табиғаттың өзара байланысының символына баланып, көшпенділердің рухани бағдарын айқындап отырған.

Олар жыртқыштардың, негізінен мысық тұқымдас аңдардың суретін көбірек қолданған. Егемен Қа-зақстанның символдарының бірі – жергілікті жануар-лар әлемінде сирек кездесетін тұрпаты текті қар бары-сы екені кездейсоқ емес.

Бұл ретте, аң стилі бабаларымыздың айрықша жоғары өндірістік тәжірибесі болғанын көрсетеді. Олар оюлап кескіндеуді, металмен жұмыс істеудің тех-никасын, соның ішінде, мыс пен қоладан балқымалар жасаудың және құймалар құюдың, жайма алтын дай-ындаудың күрделі әдістерін жақсы меңгерген.

Жалпы, «аң стилі» феномені әлемдік өнердегі биік белестердің бірі саналады.

4. АЛТЫН АДАМБіздің түп-тамырымызға жаңаша көзқараспен

қарауға жол ашып, әлемдік ғылым үшін сенсация саналған жаңалық – 1969 жылы Қазақстанның Есік қорғанынан табылған, өнертанушы ғалымдар арасын-да «қазақстандық Тутанхамон» деген атқа ие болған «Алтын адам».

Бұл жауынгер талай тылсым құпияның бетін ашты. Біздің бабаларымыз әлі күнге дейін өзінің асқан көр-кемдігімен тамсандыратын аса жоғары деңгейдегі көркем дүниелер жасаған. Жауынгердің алтынмен апталған киімдері ежелгі шеберлердің алтын өңдеу техникасын жақсы меңгергенін аңғартады. Сонымен бірге бұл жаңалық Дала өркениетінің зор қуаты мен эстетикасын әйгілейтін бай мифологияны паш етті.

Дала халқы өз көсемдерін осылайша ұлықтап, оның мәртебесін күн секілді құдірет деңгейіне көтеріп асқақтатқан. Қорымдағы сән-салтанатты жасау-жаб-дықтар ежелгі бабаларымыздың зияткерлік дәстүр-лерінен де мол хабар береді. Жауынгердің жанынан табылған күміс кеселердің бірінде ойып жазылған таң-балар бар. Бұл – Орталық Азия аумағынан бұрын-соң-ды табылған жазу атаулының ішіндегі ең көнесі.

5. ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ БЕСІГІҚазақтардың және Еуразияның басқа да

халықтарының тарихында Алтайдың алар орны ерекше. Осынау асқар таулар ғасырлар бойы Қазақстан жерінің тәжі ғана емес, күллі түркі әлемінің бесігі саналды. Дәл осы өңірде біздің дәуіріміздің І мыңжылдығының орта шенінде Түркі дүниесі пайда болып, Ұлы дала төсінде жаңа кезең басталды.

Тарих пен география түркі мемлекеттері мен ұлы көшпенділер империялары сабақтастығының айрықша моделін қалыптастырды. Бұл мемлекеттер ұзақ уақыт бойы бірін-бірі алмастырып, орта ғасырдағы Қазақстанның экономикалық, саяси және мәдени өмірінде өзінің өшпес ізін қалдырды.

Орасан зор кеңістікті игере білген түркілер ұланғайыр далада көшпелі және отырықшы өркениеттің өзіндік өрнегін қалыптастырып, өнер мен ғылымның және әлемдік сауданың орталығына айналған ортағасырлық қалалардың гүлденуіне жол ашты. Мәселен, орта ғасырдағы Отырар қаласы әлемдік өркениеттің ұлы ойшылдарының бірі – Әбу Насыр Әл-Фарабиді дүниеге әкелсе, түркі халықтарының рухани көшбасшыларының бірі Қожа Ахмет Ясауи Түркістан қаласында өмір сүріп, ілім таратқан.

6. ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫЕліміздің географиялық тұрғыдан ұтымды, яғни

Еуразия құрлығының кіндігінде орналасуы ежелден әртүрлі мемлекеттер мен өркениеттер арасында транзиттік «дәліздердің» пайда болуына септігін тигізді. Біздің дәуірімізден бастап бұл құрлық жолдары Үлкен Еуразияның Шығысы мен Батысы, Солтүстігі мен Оңтүстігі арасындағы сауда және мәдениет саласындағы байланыстардың трансконтинентальды желісіне – Ұлы Жібек жолы жүйесіне айналды.

Бұл жол халықтар арасындағы жаһандық өзара тауар айналымы мен зияткерлік ынтымақтастықтың қалыптасып, дамуы үшін орнықты платформа болды.

Керуен жолдарын мінсіз ұйымдастырып, қа-уіпсіздігін қамтамасыз еткен Ұлы дала халқы ежелгі және орта ғасырлардағы аса маңызды сауда қатына-сының басты дәнекері саналды. Дала белдеуі Қытай, Үнді, Парсы, Жерорта теңізі, Таяу Шығыс және славян өркениеттерін байланыстырды.

Алғаш пайда болған сәттен бастап, Ұлы Жібек жолы картасы, негізінен, Түрік имерияларының ау-мағын қамтыды. Орталық Еуразияда түркілер үстемдік құрған кезеңде Ұлы Жібек жолы гүлдену шегіне жетіп, халықаралық ауқымда экономиканы өркендетуге және мәдениетті дамытуға септігін тигізді.

7. ҚАЗАҚСТАН – АЛМА МЕН ҚЫЗҒАЛДАҚТЫҢ ОТАНЫ

Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың «тарихи отаны» екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Қарапайым, бірақ бүкіл әлем үшін өзіндік мән-маңызы зор бұл өсімдіктер осы жерде бүр жарып, жер жүзіне таралған. Қазақстан қазір де әлемдегі алма атаулының арғы атасы – Сиверс алмасының отаны саналады. Дәл осы тұқым ең көп таралған жемісті әлемге тарту етті. Бәріміз білетін алма – біздегі алманың генетикалық бір түрі. Ол Қазақстан аумағындағы Іле Алатауы баурайынан Ұлы Жібек жолының көне бағыты арқылы алғашқыда Жерорта теңізіне, кейіннен бүкіл әлемге таралған. Осы танымал жемістің терең тарихының символы ретінде еліміздің оңтүстігіндегі ең әсем қалалардың бірі Алматы деп аталды.

Қазақстан аумағындағы Шу, Іле тауларының етегінен әлі күнге дейін жергілікті өсімдіктер әлемінің жауһары саналатын Регель қызғалдақтарын бастапқы күйінде кездестіруге болады. Бұл әсем өсімдіктер

Қазақстанның ежелгі астанасы халқымыздың рухани орталығы ғана емес, сондай-ақ, бүкіл түркі әлемі үшін киелі орын болып саналады.

4. ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЕЖЕЛГІ ӨНЕР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МУЗЕЙІ

«Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейін ашуға толық мүмкіндігіміз бар. Оған озық өнер мен технология үлгілерін – аң стилінде жасалған бұйымдарды, «Алтын адамның» жарақтарын, жылқы-ны қолға үйрету, металлургияны дамыту, қару-жарақ, сауыт-сайман дайындау үдерісін көрсететін заттарды және басқа да жәдігерлерді жинақтауға болады. Онда Қазақстан жерінен табылған құнды археологиялық ескерткіштер мен археологиялық кешендердің экспо-зициялары қойылады. Бұл заттар тарихи дәуірлердің қандай да бір кезеңіндегі әртүрлі шаруашылық салала-рының даму үдерісін көрсетеді.

Сонымен қатар «Ұлы даланың ұлы өркениеттері» атты жалпыұлттық тарихи реконструкциялар клубын құрып, соның негізінде Астанада және Қазақстанның өзге де өңірлерінде ежелгі сақтар, ғұндар, ұлы түр-кі қағандарының дәуірі және басқа да тақырыптар бойынша фестивальдар өткізуге болады. Бұған қы-зығушылық білдірген адамдарды тарта отырып, осы тақырыптар аясындағы жұмыстарды бір мезгілде жүр-гізуге болады.

Ежелгі Отырар қаласының бірқатар нысандарын – үйлері мен көшелерін, қоғамдық орындарын, су құ-бырларын, қала қамалының қабырғалары мен тағы да басқа жерлерін ішінара қалпына келтіретін туристік жоба да қызықты болмақ.

Осының негізінде білімді дәріптеуге және туризмді дамытуға баса мән берілуі қажет.

5. ДАЛА ФОЛЬКЛОРЫ МЕН МУЗЫКАСЫ-НЫҢ МЫҢ ЖЫЛЫ

Бұл жоба аясында бізге «Дала фольклорының антологиясын» жасау керек. Мұнда Ұлы дала мұра-герлерінің өткен мыңжылдықтағы халық ауыз әдеби-етінің таңдаулы үлгілері – ертегілері, аңыз-әфсанала-ры, қиссалары мен эпостары жинақталады.

Сонымен қатар қазақтың қобыз, домбыра, сыбызғы, сазсырнай және басқа да дәстүрлі музыкалық аспаптарымен орындауға арналған маңызды туындылар топтамасын – «Ұлы даланың көне сарындары» жинағын басып шығару қажет.

Ұлы Даланың фольклоры мен әуендері заманауи цифрлық форматта «жаңа тыныс» алуға тиіс. Бұл жо-баларды жүзеге асыру үшін көшпенділердің бай мұра-сын жүйелеуге қабілетті ғана емес, сондай-ақ оның өзектілігін арттыра алатын отандық және шетелдік кәсіби мамандарды тарту маңызды.

Біздің мәдениетіміздің негізгі сюжеттерінде, кей-іпкерлері мен сарындарында шекара болмайды, сол себепті оны жүйелі зерттеп, бүкіл Орталық Еуразия кеңістігі мен барша әлемде дәріптеуге тиіспіз.

Ауызша және музыкалық дәстүрді жаңғырту қазір-гі заманғы аудиторияға жақын әрі түсінікті форматта болуы керек.

Атап айтқанда, көнерген сөздер мен мәтіндерді су-реттерімен қоса беруге, айқын видеоматериалдар фор-масында ұсынуға болады. Музыкалық дыбыстар мен әуендер табиғи аспаптармен ғана емес, олардың зама-науи электронды нұсқалары арқылы да шығарылады.

Сонымен қатар фольклорлық дәстүрдің ортақ та-рихи негіздерін іздеу үшін Қазақстанның түрлі өңір-лері мен өзге елдерге бірнеше іздеу-зерттеу экспеди-цияларын ұйымдастыру қажет.

6. ТАРИХТЫҢ КИНО ӨНЕРІ МЕН ТЕЛЕВИЗИЯДАҒЫ КӨРІНІСІ

Қазіргі замандағы халықтардың тарихи та-ным-түйсігінде кино өнері ерекше орын алады. Жал-пы халықтың санасында фильмдердегі жарқын кино-образдар іргелі ғылыми монографиялардағы деректі портреттерден гөрі маңыздырақ рөл атқарады.

Сондықтан тез арада Қазақстанның өркениет та-рихының үздіксіз дамуын көрсететін деректі-қой-ылымдық фильмдердің, телевизиялық сериалдар мен толықметражды көркем картиналардың арнайы циклін өндіріске енгізу керек.

Аталған жобалар кең халықаралық ынтымақтастық аясында отандық және шетелдік үздік сценаристерді, режиссерлерді, актерлерді, продюсерлерді және заманауи кино өндірісінің басқа да мамандарын тарту арқылы жүзеге асырылуға тиіс.

Қызықты әрі мелодрамалық сарындармен қатар, көрермендер үшін танымал фэнтези және шытырман оқиғалы блокбастерлердің элементтерін қоса отырып, жаңа тарихи теле-кино туындылардың жанрларын ба-рынша кеңейту қажет.

Осы мақсатпен Ұлы даланың бай мифологиялық және фольклорлық материалдарын пайдалануға бола-ды.

Ұлт қаһармандарын үлгі тұту үрдісін қалыптасты-руға жол ашатын сапалы балалар фильмдері мен муль-типликациялық сериалдарды аса қажет ететін өскелең ұрпақтың да талғамына ерекше назар аудару керек.

Біздің даңқты батырларымыз, ойшылдарымыз бен ел билеушілеріміз – тек Қазақстан ғана емес, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша еліктеуге лайықты тұлғалар.

ҚОРЫТЫНДЫОсыдан бір жарым жыл бұрын менің «Болашаққа

бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақалам жарыққа шықты.

Жоғарыда аталған жобаларды «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде қарастырамын.

«Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының жаңа компоненттері ата-бабаларымыздың көп ғасырлық мұрасының цифрлық өркениет жағдайында түсінікті әрі сұранысқа ие болуын қамтамасыз ете отырып, оны жаңғыртуға мүмкіндік береді.

Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы.

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫбіздің жерімізде Тянь-Шань тауларының етегі мен шөлейт даланың түйісер тұсында пайда болған. Қазақ топырағындағы осынау қарапайым, сондай-ақ ерекше гүлдер өз әдемілігімен көптеген халықтың жүрегін жаулап, біртіндеп бүкіл әлемге тарады.

Бүгінде жер жүзінде қызғалдақтың 3 мыңнан астам түрі бар, олардың басым көпшілігі – біздің дала қызғалдағының «ұрпағы». Қазір Қазақстанда қызғалдақтың 35 түрі өседі.

ІІ. ТАРИХИ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ

Көтерілген мәселелер жан-жақты ой елегінен өт-кізіп, терең зерделеуді талап етеді. Сондай-ақ біздің дүниетанымымыздың, халқымыздың өткені мен бү-гінінің және болашағының іргелі негіздеріне тікелей қатысты.

Бұл жұмысты бірнеше ірі жобалар арқылы бастауға болады деп ойлаймын.

1. АРХИВ – 2025Тәуелсіздік жылдарында халқымыздың өткенін

зерттеуге қатысты ауқымды жұмыстар атқарылды. Еліміздің тарихи жылнамасындағы ақтаңдақтарды қайта қалпына келтіруге жол ашқан «Мәдени мұра» бағдарламасы табысты іске асырылды. Бірақ, бабаларымыздың өмірі мен олардың ғажап өркениеті жөніндегі көптеген деректі құжаттар, әлі де болса, ғылыми айналымға түскен жоқ. Олар әлемнің бүкіл архивтерінде өз іздеушісі мен зерттеушісін күтіп жатыр.

Сондықтан ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасын жасауымыз қажет деп санаймын.

Бұл жобаны жүзеге асыру барысында тарихшылардан, деректанушылар мен мәдениеттанушылардан құрылған арнайы топтардың отандық және шетелдік ірі архивтермен өзара жүйелі әрі ұзақ мерзімді ықпалдастықта болып, іздеу-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне баса мән беру керек.

Қай жағынан болсын, бұл маңызды жұмыс мемлекет есебінен атқарылатын «академиялық туризмге» айналмауға тиіс. Архив деректерін тек жи-нақтап қана қоймай, барлық мүдделі зерттеушілер мен қалың жұртшылыққа қолжетімді болуы үшін оларды белсенді түрде цифрлық форматқа көшіру қажет.

Өз тарихына деген мақтаныш сезімін ұялатып, отаншылдық тәрбие беру мектеп қабырғасынан басталуға тиіс. Сондықтан мектептер мен барлық өңірлердегі өлкетану музейлерінің жанынан тарихи-археологиялық қозғалыстар құру маңызды. Ұлт тарихын санаға сіңіру барша қазақстандықтардың бойында өз бастауларына деген ортақтық сезімін қалыптастырады.

2. ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ЕСІМДЕРІКөпшіліктің санасында тарихи үдерістер, негізі-

нен, тұлғаландыру сипатына ие болатыны белгілі. Көптеген халықтар өз елінің ерекше елшісі сынды ұлы бабаларының есімдерін мақтан тұтады.

Мысалы, өткен дәуірлердегі Тутанхамон, Конфу-ций, Ескендір Зұлқарнайын, Шекспир, Гете, Пушкин және Джордж Вашингтон сияқты дүние жүзіне белгілі тұлғалар бүгінде «өз мемлекеттерінің» баға жетпес символдық капиталы саналады әрі сол елдердің ха-лықаралық аренада тиімді ілгерілеуіне септігін тигізіп отыр.

Ұлы дала Әл-Фараби мен Ясауи, Күлтегін мен Бейбарыс, Әз-Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар шоғырын дүниеге әкелді.

Сондықтан, біз біріншіден, атақты тарихи тұлғаларымыз бен олардың жетістіктерінің құрметіне ашық аспан астында ескерткіш-мүсіндер қойылатын «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашуымыз керек.

Екіншіден, мақсатты мемлекеттік тапсырыс ұйымдастыру арқылы қазіргі әдебиеттегі, музыка мен театр саласындағы және бейнелеу өнеріндегі ұлы ойшылдар, ақындар және ел билеген тұлғалар бейнесінің маңызды галереясын жасауды қолға алу қажет.

Сондай-ақ бұл жерде классикалық қалыптан тыс, баламалы жастар өнерінің креативті әлеуетін де пай-даланудың мәні зор. Осыған орай, бұл іске тек отан-дық қана емес, сонымен бірге шетелдік шеберлер мен шығармашылық ұжымдарды да тартқан жөн.

Үшіншіден, еліміздің тарихи кезеңдерін кеңінен қамти отырып, «Ұлы Дала тұлғалары» атты ғылыми-көпшілік серияларды шығарып, тарату жұмыстарын жүйелендіру және жандандыру қажет.

Бұл бағытта қазақстандық ғалымдармен қатар шетелдік мамандар да тартылатын халықаралық көпбейінді ұжым құруға болады. Нәтижесінде, біздің қаһармандарымыздың өмірі мен қызметі жөнінде тек еліміздегілер ғана емес, сондай-ақ шет елдегілер де білетін болады.

3. ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ГЕНЕЗИСІҚазақстан – күллі түркі халықтарының қасиетті

«Қара шаңырағы». Бүгінгі қазақтың сайын даласынан әлемнің әр түкпіріне тараған түркі тектес тайпалар мен халықтар басқа елдер мен өңірлердің тарихи үдерістеріне елеулі үлес қосты.

Осыған байланысты, «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» атты жобаны қолға алу қажет. Бұл жоба аясында 2019 жылы Астанада Түркологтардың дүниежүзілік конгресін және әртүрлі елдер музейлерінің экспозицияларына ежелгі түркі жәдігерлері қойылатын Түркі халықтарының мәдени күндерін ұйымдастыру керек. Сондай-ақ, Википедияның үлгісінде Қазақстанның модераторлығымен Түркі халықтарына ортақ туындылардың бірыңғай онлайн кітапханасын ашу да маңызды.

Сонымен қатар жаңа облыс орталығы ретінде Түркістанды дамыту барысында оның халықаралық аренадағы беделін жүйелі түрде арттыру қажет.

Page 3: QYZDAR ÝNIVERSITETI - kazmkpu.kzkazmkpu.kz/wp-content/uploads/2018/12/КАРАША-2018-1.pdf · Физика-математика факультеті 3 1 1 2 9 16 8. Өнер және

AQPARAT 3№10 (176)қараша2018 жыл QYZDAR ÝNIVERSITETI

Kazmkpu.kz: Қыздар университетінің 2 мыңнан астам студенті латын графикасында диктант жазды.

УНИВЕРСИТЕТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің бұйрығымен «5В010200 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне берілді.

Аталған мамандық бірнеше жыл қатарынан Аккредиттеу және рейтинг бойынша тәуелсіз агенттіктің және Білім сапасын қамсыздандыру бойынша қазақстандық тәуелсіз агенттігінің жыл сайын жүргізетін рейтингінде бірінші орынды иемденіп, көш бастап келеді. Сонымен қатар білім беру бағдарламалары бойынша Халықаралық аккредитациядан алғаш өткен мамандықтың бірі.

«Мектепке дейінгі және бастауыш білім кафедрасына екі мамандық бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің берілуі Қыздар университетінің ұжымы үшін зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік болып отыр», – деп атап өтті кафедра меңгерушісі Тұрсынай Байназарова.

АҚЖОЛТАЙ

ҒЫЛЫМ

ТАҒЫЛЫМ

Жаратылыстану факультетінің Биология кафедрасында Түркияның Ақдениз мемлекеттік университетінің PhD докторы, профессор Ахмет Ақсой мен Ресейдің Томск мемлекеттік университетінің профессоры Абдигали Бакибаев биология, химия салалары бойынша дәріс және практикалық сабақтар өткізді.

Қазан айының 15-28 күндері аралығында жүргізілген шарада Ахмет Ақсой «6М011300 – Био-логия», «6D011300 – Биология» мамандықтарында оқитын білімгерлерге «The morphology and anatomy of medicinal plants», «Cultivation of medicinal and aromatic plants», «The effects of Climate Change on the medicinal and aromatic plants: a case study of Dorystoe-chas hastate Boiss. And Heldr.ex Bentham», «Poma The genus helichrysum Mill.: An ethnobotanical, biological and phytochemical review» және «The use of Medicinal and Aromatic Plants in Insect Control» тақырыптарында дәріс оқыды.

Ал, Абдигали Бакибаев «5В011200 – Хи-мия», «5В060600 – Химия», «6М011200 – Химия», «6М060600 – Химия» және «6D060600 – Химия» мамандықтарында оқитын білімгерлерге «Бетулин және оның туындылары – өсімдік ресурстарында биологиялық активті заттар лидері», «Биополиметр-лер: бүгіні мен ертеңі», «Органикалық синтезде ЯМР спектроскопиясының практикалық маңызы», «Фар-мацевтика өндірісі үшін шикізатты тиімді өндіру тех-нологиялары», «ТМУ инжинирингті химия-техно-логиялық орталығының химияның өнеркәсіптеріне қажеттілігі» тақырыбында дәріс оқыды.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық уни-верситетінің студенттері Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдар-ламалық мақаласын жүзеге асыру аясында аға буын өкілдерімен кездесті.

«Менің таңдауым – менің болашағым» тақырыбында ұйымдастырылған басқосуға Алмалы аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, аудандық жастарға адамгершілік және патриоттық тәрбие беру комиссиясының өкілдері, Қыздар университетінің оқытушылары мен студенттері қатысты.

Жаратылыстану факультеті ұйытқы болған шараның мақсаты – ұрпақтар арасындағы сабақтастықты дамыту, бүгінгі қоғамдағы жастардың рөлі туралы аға буынның пікірі мен салихалы ойларын насихаттау. Сонымен қатар студенттерді үлкенді құрметтеуге, ардагерлерді ардақтауға және ұлтжанды болуға тәрбиелеу.

Жиын барысында оқу орнының білімгерлері бүгінгі таңда қандай мамандық сұранысқа ие екендігі турасында, жастардың бойында нендей қасиеттер болуы қажеттігі жайында және қазіргі таңда неге бейімделу керектігі туралы өз ойларын ортаға салды.

ҒАЛЫМНАН ҒИБРАТ

АЛДЫҢҒЫ ТОЛҚЫН АҒАЛАР...

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС БІЗГЕ БЕРІЛДІ!

Ұлы дала елінің сан ғасырлық мұрасын ұрпақ санасына сіңіру, Ұлт тарихының өзекті мәселелерін кеңінен насихаттау, жастардың ұлт тарихына деген көзқарастарын қалыптастыру еліміздің басты мақсаттарының бірі болу керек. Әбу-Насыр әл-Фараби бабамыз: «Тарихты білмей өткенді, қазіргі жағдайды білу, болашақты болжау қиын» деп бекер айтпаса керек. Осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы дала елінің жеті қыры» атты мақаласы халық көкейінде жүрген талай-талай дүниелерді дөп басып айтқандығы сөзсіз. Бұл мақала әлемдік өркениетке өлшеусіз үлес қосқан Түркі жұртының қарашаңырағы болған Қазақстанның сан мың жылдық тамырлы тарихының кеткенін келтіріп, кемтігін толтыратын игі бастама болары айдан анық. Кез келген ұрпақтың өкілі өзінің бабасының қандай болғанын көріп, байтақ тарихын сезініп, онымен мақтануы керек. Өзіңнің ұлтыңның, халқыңның төл тарихымен мақтана білу үшін, әуелі сол тарихты оқып-біліп, өзгеге жеткізе білу де – ардың ісі. Мақаланың кіріспе сөзінде Елбасы «Біз басқа халықтардың рөлін төмендетіп, өзіміздің ұлылығымызды көрсетейін деп отырғанымыз жоқ. Ең бастысы, біз нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз» деп атап өтті. Шынында да төл тарихымыздың зерттелмеген қатпарлары, ашылмаған тұстары жетіп артылады. Тіпті, Қазақ хандығын қалыптастырған тайпалардың XV ғасырда осы Ұлы далада жоқ жерден пайда болмағаны анық. Қазақтың кейбір ру тайпаларының атаулары «қазақ» этнонимінен талай ғасыр бұрын белгілі болған. Осының өзі біздің ұлттық тарихымыздың көкжиегі бұған дейін айтылып жүрген кезеңнен тым әріде жатқанын айғақтайды.

«Көпшіліктің санасында тарихи үдерістер, негізінен, тұлғаландыру сипатына ие болатыны белгілі. Көптеген халықтар өз елінің ерекше елшісі сынды ұлы бабаларының есімдерін мақтан тұтады. Мысалы, өткен дәуірлердегі Тутанхамон, Конфуций, Ескендір Зұлқарнайын, Шекспир, Гете, Пушкин және Джордж Вашингтон сияқты дүниежүзіне белгілі тұлғалар бүгінде «өз мемлекеттерінің» баға жетпес символдық капиталы саналады әрі сол елдердің халықаралық аренада тиімді ілгерілеуіне септігін тигізіп отыр» деп Елбасының ой түйіндеуі өте қисынды. «Елдің елдігін ер білдіреді, ердің ерлігін ел білдіреді» дегендей, тарихты тұлғалар жасайды. Мемлекеттерді ел тарихында қалған тұлғалар арқылы іздейді. Біз де өз тарапымыздан осы тұлғаларға байланысты ХVІ – ХХ ғасырлардағы Орталық Азияның саяси тарихындағы қазақтардың рөлі мен орнын зерттеуді қолға алып жатырмыз. Бүгінгі таңда тәуелсіз бес мемлекеттен тұратын Орталық Азияның саяси аренасындағы Қазақстанның көшбасшылық рөлін тарихи тұрғыдан негіздеу үшін осы елдердегі халықтардың өткен дәуірлердегі, әсіресе ХVІ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі саяси тарихына назар аудару керек. ХVІ ғасырдың екін-ші жартысы мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Орталық Азия аумағындағы өзбек, қырғыз, түрікмен, қарақалпақ секілді түрік тілдес халықтардан құралған Қоқан, Хиуа хандықтары мен Бұқар әмірлігі сияқты мемлекеттерге қазақ хандары мен сұлтандарының,

Ұлт ұлыларын ұмытпайдыбилері мен батырларының ұстанымдары тікелей ықпал жасаса, ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап Ақпан төңкерісіне дейін патшалық Ресейдің жүргізген отарлық саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстарға да қазақтардың ықпалы ерекше әсер еткен. Сондай-ақ, Қазан төңкерісінен кейін Орталық Азияның саяси тарихында терең із қалдырған Түркістан автономиясы (Түркістан Мұхторияты) мен Түркістан АКСР-нің құрылуына да қазақтардың рөлі басым болған. Осы аталған тарихи кезеңдердегі Орталық Азияның саяси тарихындағы қазақ тұлғаларының рөлі мен ықпалы отандық тарих ғылымы тарапынан толық зерттеле қойған жоқ. Кезінде бүкіл Мауреннахрды бағындырып Бұқар хандығын құрған шайбанидтер отырықшы халықтар – тәжіктер мен сарттарды билеуге шамасы келмегендіктен қазақ билеушілерімен билікті бөлісуге және бірлесіп билеуге де қарсы болмады. Құрамына шайбанидтер мемлекетінің аумағы да кіретін жаңа мемлекет құруға талпыныс жасаған қазақтар өз билігін бүкіл Орталық Азияға жаюға ұмтылды. Отандық тарихта қазақ мемлекеттілігі ХІХ ғасырда Ресей империясының тарапынан жойылған қазақ хандығымен шектеледі. Бірақ деректерге назар аударсақ бұл тұжырымның қате екенін, қазақтардың мемлекеттілік институттары Орталық Азияда өз жалғасын тауып отырғанын дәлелдейді. Сондай мемлекеттердің қатарына Орталық Азиядағы Қоқан және Хиуа хандықтарын жатқызуға болады. Өкінішке орай осы мемлекеттер қазіргі таңда да қазақтардың санасында «жаулаушы», «тонаушы», «қанаушы» және тағы басқа да жағымсыз жақтарымен үлкен қорқыныш туғызады. Қазақ қоғамында мұндай көзқарастың қалыптасуы кешегі ресейлік, одан кейінгі кеңестік идеологтардың жүргізген «жемісті» жұмыстардың нәтижесі екені бүгінгі таңда белгілі болып отыр. Әйтпесе, ХІХ ғасырдың бас кезінде Қазақ хандығын жойып, қазақ даласының батысы мен солтүстігін және шығысын жаулап алған Ресей империясы Оңтүстік Қазақстанға басып кірген кезде патшалық билік өзіне қарсы Қоқан мен Хиуа хандықтарының қарсылығын туғызды және орыстармен күресте Жетісу өлкесі мен Сыр бойын мекендеген қазақтар осы қос хандықтың саяси одақтасына айналды. Яғни, оңтүстік қазақтардың мұндай қадамға баруы Қоқан және Хиуа хандықтарындағы халықтарымен бірге ортақ дін, әдет-ғұрып, салт-дәстүр және тілдері жақын болып, олармен туысқандық байланыста болды. Әсіресе, қазақтар Қоқан хандығының саяси тарихында ерекше рөл атқарды. Бұл хандықтың құрылуының өзі қазақтардың тікелей атсалысуының нәтижесінде жүзеге асқан. Атап көрсететін болсақ, ХVІІІ ғасырдың бас кезінде көрші жатқан Жоңғар хандығының қазақ даласына жасаған жойқын шабуылдарының салдарынан Ұлы жүз бен Орта жүз қазақтары Сырдариядан өтіп, Ходжент, Самарқанға көшсе, Кіші жүз қазақтары бұл кезде Хиуа мен Бұхараға өтіп кетеді. Осындай қиын-қыстау уақыттарда отырықшы халықтар мекендеген аудандарға көшіп барған қазақтар жергілікті халықтармен біріге отырып, жоңғарларға қарсы төтеп беру үшін басым көпшілігі қазақтар болып табылатын мұсылмандардың конфедерациялық мемлекетін құрады. Осылайша ХVІІІ ғасырда

Ферғанаға жер ауып келген халықтардың басым көпшілігі қазақтар болып табылды. Олар Қоқан хандығының негізін құрап, Шағанақ көлі мен Ташкенттің аралығындағы таулы аудандарды мекендеді. Қоқан хандығының атты әскерінің дені қазақтардан тұрды. Әсіресе, қазақ руларының ішінде қыпшақ рулары жауынгер, ұйымдасуы жағынан мықты болған. Олар Қоқан хандығының саяси ісіне белсенді түрде араласып, хандарды қалауы бойынша өздері сайлап немесе ықпалдарына көнбегендерді тақтан тайдырып отырған. Жалпы алғанда қыпшақ рулары ХІХ ғасырдың аяғына дейін өзбектерге сіңбей, қазақ халқының бір бөлшегі ретінде өмір сүргенін Қоқанда болған орыс зерттеушілерінің еңбектерінен таба аламыз. Сондай-ақ, қазақтардың көптеген игі жақсылары мен рубасшылары Қоқан және Хиуа хандықтарының жоғарғы лауазымдықтарында қызмет атқарып, мемлекеттің саяси өміріне етене араласып отырды. Мысалға, шектілердің биі Әзберген Хиуа ханының кеңесшісі болса, құлан қыпшақтардан шыққан Мұсылманқұл Қоқанның ханы Худоярдың қайын атасы ретінде көп жыл бойы Қоқанды жеке-дара билеген. Мұнан басқа сары үйсіндерден шыққан беклербегі Әмірқұл, Кенесарының ұлы Сыздық сұлтан және тағы басқа ірі тарихи тұлғаларды жатқызуға болады. Сол кезеңде Хиуаны билеген Батыр сұлтан мен оның ұрпақтары, Кіші жүздің ханы Әбілқайыр мен оның ұрпақтары, одан кейінгі қоңыраттардан шыққан әулеттердің тарихы әлі толық ашылмай жатыр. ХХ ғасырдың басында қалыптасқан жаңа саяси күш – түркі-мұсылман зиялылары (интеллигенциясы) Орталық Азияның Ресей империясының отарлық бұғауынан босанып шығып, тәуелсіз мемлекет ретінде дамуының бағдарламасын ұсынды. Бұл жолы да аталған процесте қазақ зиялылары жетекші рөл атқарды. Қазақ зиялылары Орталық Азиядағы, кеңірек алғанда Ресей империясындағы саяси процестерге жіті араласып отырды. 1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс кезінде қазақ зиялылары аса белсенді қызметімен көрінді. 1917 жылғы қос революция кезінде қазақ зиялылары барша Орталық Азия халықтарына ортақ жаңа түрік мемлекетін – Түркістан Мұхториатын (Түркістан ав-тономиясын) құрады. Бірақ, өкінішке қарай, көрнекті қазақ қайраткерлері – Мұстафа Шоқай мен Мұхамед-жан Тынышбаев басқарған аталған автономия Ресей тарапынан қарулы күшпен қиратылды. Кеңес дәуірінің алғашқы кездерінде қазақ зиялылары Орталық Азиядағы жетекші саяси күш ретіндегі өз ықпалын сақтап қалды. Тұрар Рысқұлов, Нәзір Төреқұлов, Сұлтанбек Қожанов сынды қазақ зиялылары Түркістан Республикасының саяси тәуелсіздігін алуда, жергілікті халықтардың құқықтарын қалпына келтіруде, білім беру, сауаттандыруды іске асыруда, аштықпен күрес жүргізуде Орта Азия елдерінің тарихында елеулі орын алды. Жалпы алғанда Орталық Азияда өткен дәуірлерде орын алған оқиғалар мен құбылыстар қазақтардың осы өңірдің тарихында аса белсенділік танытқандығына тарих куә.

Берік ЖҰБАНЫШЕВ,Тарих кафедрасының аға оқытушысы, тарих

ғылымдарының кандидаты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының басты мақсаты – төл тарихымызды бір жүйеге келтіру. Бұл мақаланы оқи отыра Алтай мен Атыраудың арасын, Ертіс пен Есілдің жағасын мекендеп, Қаратаудан Ұлытауға дейінгі ұлы даланы жайлаған ұлтымыздың ұлылығына, бабаларымыздың батырлығына тағы көзіміз жетті. Біздің бабаларымыз адамзат өркениетіне атқа міну мәдениетін енгізіп, болатты балқытып, темірден түйін түйіп, дала заңы бойынша өмір сүрген. Тауында жатқан тасын түртсең тарихы сөйлейтін даламыздан «Алтын адам» табылып, Ұлы Жібек жолы өтті. Ал асқаралы Алтай – Түркі әлемінің алтын бесігі.

Ұлы Жібек жолы еліміздің географиялық тұрғыдан ұтымды, яғни Еуразия құрлығының кіндігінде орналасуы ежелден әртүрлі мемлекеттер мен өркениеттер арасында транзиттік «дәліздердің» пайда болуына септігін тигізді. Біздің дәуірімізден бастап бұл құрлық жолдары Еуразияның шығысы мен батысы, солтүстігі мен оңтүстігі арасындағы сауда және мәдениет саласындағы байланыстардың желісіне айналды. Бұл жол халықтар арасындағы жаһандық өзара тауар айналымы мен зияткерлік ынтымақтастықтың қалыптасып, дамуы үшін орнықты платформа болды. Керуен жолдарын мінсіз ұйымдастырып, қауіпсіздігін қамтамасыз еткен Ұлы дала халқы ежелгі және орта ғасырлардағы аса маңызды сауда қатынасының басты дәнекері саналды. Дала белдеуі Қытай, Үнді, Парсы, Жерорта теңізі, Таяу Шығыс және славян өркениеттерін байланыстырды. Алғаш пайда болған сәттен бастап, Ұлы Жібек жолы картасы, негізінен, Түрік империяларының аумағын қамтиды. Орталық Еуразияда түркілер үстемдік құрған кезеңде Ұлы Жібек жолы гүлдену шегіне жетіп, халықаралық ауқымды экономиканы өркендетуге және мәдениетті дамытуға септігін тигізді.

Осыдан бес-алты ғасыр уақыт бұрын жаңа теңіз жолдарының ашылуы негізінде және Орталық Азияда орын алған бірқатар саяси әлеуметтік себептерге байланысты халықтарға ғасырлар бойы қызмет етіп келген осы көне жолдың тіні үзіліп кеткен еді. Қазақстанның тәуелсіздік алуы және әлемдік деңгейдегі үлкен саяси әлеуметтік себептерге байланысты бұл жолды қайта жаңғырту ісі енді міне, сенімді түрде қолға алынып отыр.

Нұрсипа КАРМЕНОВА,География және туризм кафедрасының профессоры

Кенжекей ТІЛЕУБЕРГЕНОВА, География және туризм кафедрасының доценті

Ұлы Жібек жолын жаңғыртадыМемлекет басшысы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында халқымыздың

бабадан балаға мирас болып келе жатқан дәстүрлерін дәріптеуге, ұлттық сананы қалыптастыруға жете мән беріп отыр. Бұл – болашақтың басты бағдары болуы тиіс. Мақалада төл тарихымызға терең мән берілген. Біздің өткеніміз тек ұлтымыздың, оның болашағының негізі болып қана табылмайды, сонымен қатар әлемдік өркениеттен орын алатындығын дәлелдей түседі. Мысалы, жылқыны алғаш қолға үйретіп, оны үй шаруашылығы мен соғыста көлік ретінде пайдалану, аттың үстінде отыру үшін ыңғайлы киім түрін қолданысқа енгізу және түрлі металдан қару-жарақтар жасау арқылы әлемдік қолданысқа жол ашты. Бір бұл ғана емес. Қазақ даласы өсімдіктер мен жеміс-жидектердің отаны болып табылады. Және олар тек осы өлкеде ғана кездеседі. Олардың қатарында дала қызғалдағы мен Сиверс алмасын атап өтсек болады. Яғни, ұлан-байтақ аймақ тек өзіндік тарихымен ғана емес, табиғи немесе қазба байлығымен де ерекшеленетінін атап өткен абзал. Біздің даламыз әлем өркениетінде өзіндік орны бар екендігінің тағы бір айғағы – «Алтын адам» мен Ұлы Жібек жолы. «Тарихи сананы жаңғырту» атты мақаланың екінші бөлімінде өткен мен болашақты тоғыстыра отырып, аталған рухани құндылықтарды жаңғырту орайында жақсы ұсыныстар келтірілген. Атап айтқанда, «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» атты басымдықта атқарылған біраз істер бар екендігін айтқым келеді. Себебі, XXI ғасыр технология дәуірі болғандықтан, төл тарихымызды, белгілі тұлғаларды кино, мультфильм немесе комикстер арқылы жаңғыртудың, насихаттаудың маңызы зор. Бұл бастама әлемнің көптеген елдерінде жолға қойылған.

Мысалы, АҚШ-тың «Құдіретті Тор», Ресейдің «Иван Царевич және сұр қасқыр» немесе Лев Толстойдың «Анна Каренина» атты поэзиялық романына түсірілген фильмдер мен мультипликациялық туындылар қабылдауға жеңіл әрі тарихи оқиғалар желісінде жасалынған.

Алдымызда тұрған ендігі міндет – Мемлекет басшысы анықтап берген басымдықтарды іске асыруға қоғам болып жұмылу. Бұл ауқымды жұмысқа баршамыз бір кісідей атсалысып, өз үлестерін қосса, көздеген мақсатқа қол жеткізу жеңілдейтіні анық. Ең бастысы, ел дамуы мен тарихымызды танудың жаңа кезеңі жолында әрқайсымыздың аянбай еңбек еткеніміз абзал.

Ажар ЧАКИБАЕВА,Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті деканының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Болашақтың басты бағдары

Бұл туралы қос жоғары оқу орындарының басшылары арасында келіссөз нәтижесінде белгілі болды. Екіжақты ынтымақтастықтың және әріп-тестікті нығайтудың өзекті мәселелерін талқылау барысында қосдипломды білім беру бағдарламаларын іске асыру жайы да талқыланды. Жиында Қыздар университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова

РУХАНИЯТ

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика-лық университеті мен Түркияның Ний-де Өмер Халисдемир университеті бір-лесіп латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін үйретуге байланысты бірнеше тың жобаны жүзеге асырмақ. Бұған Түркия тарапы нақты қолдау көрсетуге мүдделі және арнайы жұмыс тобы құрылатын болады.

Альрамина НҰРӘЛІ,«Qyzdar Ýniversiteti»

Түркі әлемін зерттеу – рухани бренд

білім ордалары арасындағы қарым-қатынастың артып келе жатқандығын атап өтті.

– Өмер Халисдемир университеті Түркиядағы іргелі әрі ірі жоғары оқу орындарының бірі. Бұл білім ордасы біздің университетпен тығыз қарым-қатынаста. Десе де бүгінгі күн талабына сәйкес ынтымақтастықты одан ары қарай дамытуға қос тарап та мүдделі. Бүгінгі

сапарымыздың басты мақсаты осыны көздеп отыр, – деді Г. Алдамбергенова.

Жиын соңында сөз алған Өмер Халисдемир университетінің ректоры Мухсин Кар Қыздар университетінің басшысына сапары үшін ризашылық білдіріп, кездесу нәтижесін жоғары бағалады. Ол білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету мәселелеріне қатысты келіссөздердің маңызды нәтижелеріне тоқталып, оның оң қарқынын баяндады.

– Биылғы жылдың қазан айында сіздердің университеттеріңіз ұйымдастырған Халықаралық Түркі әлемі зерттеулері симпозиумы өте жоғары деңгейде өтті. Түркі әлемін зерттеу – рухани бренд. Жаһандық күрестің ортасында тұрған түркі халықтарының мүдделерін ортақтастыру арқылы бірлігі мен тыныштығын сақтап, ынтымақтастығын әртараптандыра отырып нығаюын, тарихтағы түркі халықтарына жасалған зұлымдықтың, қырғын мен мәдени геноцидтерді пайдаланбауын қамтамасыз етуіміз керек. Мың пікірден гөрі ортақтасып шешкен бір пікір артық. Біздің бүгінгі басқосуымыз симпозиум аясында көтерілген бүкіл мәселелерді шынайы түрде талқылап, нақты нәтижесін шығаруға мүмкіндік берді.

Менің ойымша, өте ауқымды әрі тиімді кездесу өтті, – деді М. Кар.

Сонымен қатар сапар аясында университет делегациясы Қазақ-түрік мәдени білім беру орталығында болды. Нийде Өмер Халисдемир университетінің базасында ашылған бұл орталық болашақта Қазақстан мен Түркия жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты үйлестіре отырып, халықаралық ғылыми-зерттеу жөнінде ғылыми конференциялар өткізеді, бірлескен бағдарламалар дайындап, қос елдің ғалымдары ғылыми еңбектер жазады және ортақ зерттеулер жүргізеді. Сондай-ақ қазақ-түрік мәдени білім беру орталығы алдағы уақытта бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша жоғары білікті мамандар дайындауды көздеп отыр. Бұл бастама оқытушылар мен студенттер үшін өте пайдалы болмақ. Орталық жұмысымен танысқан Гаухар Алдамбергенова Нийде Өмер Халисдемир университетінің ректоры Мухсин Кар мырзаға Қыздар университетінің имидждік өнімдері мен еліміздің тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктері жайындағы кітаптарды сыйға тартты.

(Алматы – Нийде – Алматы)

«Қазақтардың және Еуразияның басқа да халықтарының тарихында Алтайдың алар орны ерекше. Осынау асқар таулар ғасырлар бойы Қазақстан жерінің тәжі ғана емес, күллі түркі әлемінің бесігі саналды».

(«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласынан)

«Дәл осы өңірде біздің дәуіріміздің І мыңжылдығының орта шенінде Түркі дүниесі пайда болып, Ұлы дала төсінде жаңа кезең басталды».

(«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласынан)

Page 4: QYZDAR ÝNIVERSITETI - kazmkpu.kzkazmkpu.kz/wp-content/uploads/2018/12/КАРАША-2018-1.pdf · Физика-математика факультеті 3 1 1 2 9 16 8. Өнер және

4 TÁÝELSIZDIK JÁNE ELBASY №10 (176)қараша

2018 жыл--

QYZDAR ÝNIVERSITETI

Kazmkpu.kz: Қыздар университетінде «75 жыл – 75 кітап» марафоны бастау алды.

75 ЖЫЛ – 75 ДЕРЕК

1945 жылдың қаңтар айынан бастап Қыздар институтының студенттері Гоголь көшесіндегі ғи-маратта (бұрынғы Харьков авиация училищесінің оқу ғимаратында) оқыды.

Институттың бастапқы жылдарында Фи-зика-математика факультетіне М. Жылқыбаев, Тіл-әдебиет факультетіне С. Барманқұлов, Тарих факультетіне А. Жаманқұлов басшылық жасады.

1944 жылы институттың үш факультетінде қызмет еткен ең алғашқы 20 оқытушының бесеуі ғылым кандидаты, сегізі аға оқытушы, жетеуі оқытушы болды.

Бiз ата-бабаларымыздың аңсар-арманына қол жеткiзiп, мыңжылдықтың түйiскен тоғысында тәуелсiз мемлекет құрдық. Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ

Өткенге үңілсек, Еуразия даласын ат тұяғымен дүбірлеткен даңқты Ғұн мемлекетінің негізін қалаған Мөде қаған, тұтас Еуропаны Рим боданынан азат еткен Еділ патша, туысқан түркі халықтарының басын біріктіріп, іргелі ел еткен Бумын, Елтеріс-Құтлық, Елетміш қағандардың біздің төл тарихымызда алатын орны ерекше. Үш ғасыр бойы салтанат құрған Түркі қағанаты заманында халық дәріптеп осы үшеуіне ғана «Ел ханы» деген атақ берген. Бұлардың қай-қайсысы да халқының бағына туып, сол жолда саналы ғұмырын сарп еткен, көне заманнан бүгінгі ұрпаққа тағылымы жеткен тұлғалар. Халқымыз Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Елбасы деп атайды. Бұл – халықтың жүрегінен, ықыласынан, ризашылығынан шыққан сөз. Елбасы – бүгінде елдігіміздің символы, бірлігіміздің алтын арқауы, тұтастығымыздың, абыройлы ел болғандығымыздың белгісі. Қай елде болса да замана жүгін түсіне біліп, оны көтере алатын, тәуекелі мол азаматқа, дара тұлғаға сұраныс ерекше болатыны тарихтан белгілі. Оларға тән терең ой, кемел ақыл, биік рух, қайрат пен қабілет түрлі тарихи сынақтан шығудың қисынын тауып, елін өрге сүйреуге жол ашқан. Үндістанда – Джавахарлал Неру, Түркияда – Мұстафа Кемал Ататүрік, Сингапурда – Ли Куан Ю, Малайзияда Махатхир Мохамад елдерінің жаңа жолының көшін бастаған дара тұлғалар болды. Сондай заңғар тұлғалардың бірі әрі бірегейі, жеке-дара бітім-болмысымен, бөлек табиғатымен әлемді мойындатқан саясаткер, көшбасшы – еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Ел тарихын әйгілі тұлғалар арқылы тану мүмкіндігі тәуелсіздік жемістерінің бірі екені сөзсіз. Рас, тарихи дамуға халық болмысы негіз болады, жеке тұлғаның өзі халықтың арасынан шығады. Қазақстанға тәуелсіздік алып беру және оны әрі қарай дамыту Елбасымызға оңайға соқпады. Өйткені, ел тәуелсіздігінің баянды болуы мен болашақтың кемелділігін қамтамасыз ету жолындағы артылар жүкті абыроймен көтеру, халық сенімін ақтау, тәуелсіздікті тұғырлы ету, Қазақстанды әлемдік қауымдастықтағы терезесі тең елдер қатарына қосу батыл шешімдер қабылдауды қажет етті. Өз заманында тарыдай шашылған қазақ руларын бір тудың астына жинаған Абылай ханның қызметі қандай болса, жас мемлекетіміздің негізін қалауда Елбасымыздың еңбегі де соған пара-пар болатын. Айбарлы Абылай аңсаған асқақ арманға, ұлы мұратқа бүгінгі ұрпақ жетті. Байтақ өлкеміздің шекарасын заман талабына сай халықаралық нормалармен бекітіп, әлемдік қауымдастықты мойындаттық. Сол арқылы көршілерімізбен мәңгілік достыққа, өзара тиімді сауда-экономикалық, мәдени байланыстарға негіз қаладық. Бұл күнде ешқандай елдің Қазақ жеріне қатысты дауы жоқ. Ең бастысы, біз бабалар аманат еткен киелі жерімізде құрған мемлекетімізде ынтымағымызды сақтай білдік. Соның арқасында берекелі бірлігіміз төрткүл дүниеге мәлім болды. Есілдің бойына ел қондырып, еңселі Ордамызды орнаттық. Арқа төсіне әсем Астана салып, әлемге Қазақстан деген абыройлы мемлекет ретінде танылдық. Қазіргі жасампаз Қазақстан іргесі берік, ынтымағы мығым, төрт құбыласын тегіс мойындатқан Тәуелсіз мемлекетке айналды. Егемен Қазақстанның мемлекеттік тетіктері өркениетті елдердің озық тәжірибелерін пайдалана

Мызғымас мемлекеттің архитекторыБүгінде жаңа тұрпаттағы жасампаз Қазақ елінің жаңғыруынан бастап, мемлекеттік дамудың дариялы жолындағы табыстар-дың толайымын өз отандастарымыз ғана емес, барша әлем жұртшылығы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байла-ныстыратыны ақиқат. Ел Президентінің мызғымас мемлекеттің жарқын үлгісі – «Мәңгілік Ел» құрудағы өлшеусіз тари-хи еңбегі халықтың шынайы құрметі мен шексіз сенімінің қадірлі өнегесіне айналды.

Әділхан ШОРАБЕК,Медиа департаментінің директоры

отырып, өтпелі кезеңнің ерекшеліктері мен саяси, ұлттық жағдайларға байланысты қалыптасып құрылды. Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшылығына келген алғашқы сәттен бастап халықаралық және ұлтаралық мәселелер шиеленісінің шешуін асығыстыққа салмай, уақыттың талабына, қазақстандық жолдың ерекшелігіне үйлестіре, жан-жақты мүдделердің түйісу нүктесін таба білудегі даралығымен бірден әлем назарын аударды. 80-жылдардың аяғы мен 90-жылдардың басы бұрынғы Одақ құрамындағы елдердің азаттыққа ұмтылған уақыты еді. Ол заман қазіргі посткеңестік кеңістіктегі басқа да елдер сияқты, Қазақстан үшін де үлкен бетбұрыстардың бастауы болды. Жұртшылықтың санасына қайта құру және қоғамдық жаңғыру тәрізді идеялар сіңе бастаған сәтте халық мұндай жұмысты істей алатын көшбасшысын дәл таныды. 1991 жылы 1 желтоқсанда қазақстандықтар демократиялық, өркениеттік жолмен тұңғыш рет Президент сайлады. Бұл қазақ тарихында бұрын-соңды болмаған оқиға болатын. Сол күні байтақ еліміздегі сайлау учаскелеріне халық жаппай ерекше үмітпен ағылып, сайлауға қатысқандардың 98,78 пайызы Назарбаевты жақтап дауыс берді. Халық ықыласына бөленген Назарбаев кемел келешекке батыл қадамдар жасап, сарабдал саясат жүргізіп, елдің әрдайым биік асуларды бағындыруының басында тұрды.

Қазақ халқында бағзы замандардан бері «Жер-ұйық» ұғымы қалыптасқан. «Желмаясына мініп, Жерұйығын іздеген» Асан Қайғының идеясы халқы-мыздың ғасырлар бойғы аңсаған арманына ұласты. Бабаларымыз төрт құбыласы тең, қазығы берік, мамыражай тіршілігі бар мемлекет құруды, іші мен сырты бүтін мәңгілік ел болуды мұрат етті. Бүгінгі жаһандану дәуірінде ұлтымыздың болашағына қа-тысты ұлы бағдар ретінде еліміздің рухын көтеретін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын Елбасы жария етті. Бүгінгі жаһандану дәуірінде «Мәңгілік ел» идеясы – бағзы болмысымыздың, асыл тұрпатымыздың заманауи қайта жаңғыруының, озық, қуатты ел болып гүлденуіміздің кепілі. Елбасымыз айтып кеткендей, біздің ортақ мүддеміз – тұрақты, біртұтас және өркендеген Қазақстан құру, Мәңгілік ел болу.

Тәуелсіздік – біздің ғасырларға созылған асыл арманымыз, теңдесі жоқ жетістігіміз. Егемендіктің елең-алаң шағында Елбасы: «Күшіміз – жауапкершілікте. Бірлігіміз – әралуандықта. Еркіндігіміз – келісімде. Абыройымыз – игілікте. Қауіпсіздігіміз – ашықтықта. Тәуелсіздігіміз – серіктестікте. Болашағымыз – бүгінде», деп айтқан болатын. Сол кезеңде Мемлекет басшысы халқымыздың дүниетанымының түпкі мәнін тап басып, оның ең асыл қасиеттеріне жүгінді. Бүгінде бұл құндылықтар бізді алға сүйрейтін шамшырақ іспеттес. Президент алға қойған зияткерлік реформасының тағы бір ұтымды тұсы – болашағы біртұтас ұлтты, яғни Қазақстанды одан әрі дамытуда қоғамды «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы төңірегінде топтастыру әдісі. Елдің өркендеуі мен тәуелсіздігі, азаматтық теңдік, еңбексүйгіштік, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік, әділдік, заңның басымдығы, отбасы және дәстүрлер – бұл құндылықтардың бәрі мемлекетіміздің тұрақтылығы мен өсіп-өркендеуінің тұғырлы іргетасы екені сөзсіз.

Бірлік арқылы тұрақтылыққа, тұрақтылық арқы-лы жасампаздыққа жол бастау – біздің айнымас қағидамыз. Тарих бір орында тұрмайды, талай апатты жағдайлардан, қиян-кескі ұрыстар мен жаугершілік, отарлық қыспақтар және ашаршылық пен қуғын-сүргін нәтижесінде орын алған демографиялық күйзелістен ұлттық қасиетін жоғалтпай шыға алған қазақ халқы өз тәуелсіздігіне қол жеткізді. Ендігі жердегі міндет әлемдік өркениеттер төріндегі өз орнымызды табу. Бұған жетудің негізі баршаға ортақ «Мәңгілік ел» идеясы төңірегінде топтасу. Мәңгілік ел дегенді – мемлекеттің ғасырлар тоғысында, ірі державалар арасындағы бәсекелестікке төтеп беріп, өзіндік қорғаныс саясатын ұстану деп түсінуге болады. Осы ақиқат біздің баршамызды бір мақсат, бір мүдде жолында Елбасының төңірегіне бірігіп қызмет етуге жетелейді. Этностар ынтымағы мен достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Қазақстан халқының татулығы – біздің ең басты байлығымыздың бірі. Осыдан бірнеше жыл бұрын қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің 20 жылдығы декла-рациясында Елбасы туралы: «... Қазақстан мемле-кеттілігінің негізін қалаушы – еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықты жарқын істерге жұмылдыру, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайту, бүкіл халықаралық қоғамдастықтың риза-шылығы мен құрметіне ие болған жаһандық және өңірлік бейбіт бастамалардың авторы ретінде елдің сыртқы саяси бағытын дәл айқындау ісіне орасан зор үлес қосты», деп жазылған. Бұл – Мемлекет басшысының қызметіне берілген саяси баға болса, ел халқы Елбасына деген ықыласты ақжарма тілегімен, отаншыл жүрегімен, ақыл-ойымен, күш-қуатымен, өнерімен, жеткен жетістіктерімен білдіруде. Елбасы бастаған көшке ерген жұрт елде жүргізіліп отырған сындарлы ішкі және сыртқы саясаттың арқасында саяси және әлеуметтік сілкіністерге ұшырамай, әлем басынан өткеріп отырған экономикалық дағдарыстарды нақты еңсеретініне сенімді. Данагөй халқымызда «Бақ берерде елге ырыс қонады, ұстанған жолы дұрыс болады» деген ұлағатты сөз бар. Ел болып еңсе көтергелі бері ширек ғасырдан астам уақыт өтті. Бір адамның өмірімен өлшегенде аз уақыт емес. Бұл жастағы қажырлы, өскелең, ұқыпты жігіттің тас шай-нап, мұз бүркетін кезеңі. Аллаға шүкір, іргеміз бекіді, ірі екенімізді таныттық. Ырыс – ынтымаққа, ынты-мақ – бірлікке ұласып жатыр. Келешегіміздің кемел көкжиегін айқындауға септесетін жаңа Жолдауда жоспарланып отырған мақсат-міндеттерді іске асыру елдегі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімге тікелей байланысты. Мұны Елбасымыз ерекше атап көрсетті. Әрбір қазақстандық азамат осы ақиқатты саналы түрде ұғынса ғана жұмылған жұдырықтай болып, «Біз – Қазақстан азаматымыз, қазақстандық халықпыз» деп, бірігіп іс-қимыл жасайды, бейбіт елде бірге өсіп-өнеді. Жетістік – кеңесе білген жерде, бірлік пен тірлік бар жерде. Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» іс қылғанда ғана Қазақстан құт пен берекенің, ынтымақ пен ырыстың ошағына айналмақ.

Пан Ги МУН,Біріккен Ұлттар Ұйымының бұрынғы Бас

хатшысы:

– Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне қатысушылардың барлығына сәлем жолдау мен үшін зор абырой. Мен Президент Н.Назарбаевқа және Қазақстан Республикасының Үкіметіне осын-дай аса қажетті үнқатысуға бүкіл әлемнен діни ли-дерлерді жинағаны үшін алғыс айтамын. Толерант-тылық, құрмет, бүкіл адамзаттың өзара түсіністігі мен тең құқылы болуы сияқты жалпыадамзаттық құн-дылықтар барлық діннің өзегі болып табылады, сон-дай-ақ, ол Адам құқықтарының бүкіләлемдік декла-рациясында бекітілген. Қандай болмасын дін жолын ұстанатын адамдарды бейбітшілікке және лайықты өмірге ұмтылыс біріктіреді. Үлкен бір отбасының мүшелері сияқты біз ортақ проблемалармен және қауіп-қатерлермен бетпе-бет келеміз, барлық дінге сенушілер ортақ іске өз үлесін қосқан жағдайда ғана оларды еңсеру мүмкін болмақ.

Абдулла ГҮЛ, Түркия Республикасының 11-ші Президенті:

– Әр сапарымда өркендей түскеніне куә болып жүрген Астана қаласы – Қазақстанның динамизмі мен Президент Назарбаев мырзаның көрегенділігін бейнелейтін ең үлкен туынды. Астананың құрылыс жұмыстарына түрік компаниялары мен жұмысшыларының да үлес қосуын түрік-қазақ ынтымақтастығының ең әсем нышандарының бірі ретінде бағалаймыз.

Си ЦЗИНЬПИН,ҚХР Төрағасы:

– Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шарала-ры жөніндегі кеңестің бастамашысы – Нұрсұлтан Назарбаев. Біз оның үлкен саяси көрегендігі мен аймақтық қауіпсіздік пен әлемдегі бейбітшілікті қамтамасыз етуді өзінің парызы санайтын қасиеті-не тәнтіміз. АӨСШК-ні құру туралы идеяны алғаш рет Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында жария еткен болатын. Бұл бастама бүгінде өз өміршеңдігін дәлелдеп, Азия елдері арасында беделі биік, абыройы асқақ, ауқымды ұйымға ұласты.

Ильхам ӘЛИЕВ,Әзірбайжан Президенті:

– Әзірбайжан мен Қазақстанды көп ғасырдан бері жалғасып келе жатқан достық, тату көршілестік пен ынтымақтастық байланыстырады. Мен осы жақсы дәстүрлерге негізделген біздің мемлекетаралық қа-рым-қатынасымыз тату халқымыз бен елдеріміздің игілігі үшін болашақта да дамиды деп сенемін.

Александр ЛУКАШЕНКО, Беларусь Республикасының Президенті:

– Біз әр жолы Астанада болғанда, өзімізге әлдене алуға тырысамыз. Бұл қалада озық технология, қызғылықты архитектуралық ойлар бар. Қазақстанды біз Беларусь үшін ең тиімді және перспективалы серіктес ретінде танып келеміз. Сіздің елде біз үшін әртүрлі жобаларды жүзеге асыруға ешқандай проблема жоқ. Бұл ынтымақтастығымыздың деңгейі жоғары екенін көрсетеді.

Ангела МЕРКЕЛЬ, ГФР Канцлері:

– Жауапты міндеттерді әрі қарай атқаруыңызда Сізге зор табыстар мен сәттілік тілеймін. Экономика-лық, қоғамдық және саяси реформаларды жүргізуде Қазақстан бұдан былай да Германия тарапындағы қолдауға сенім арта алатын болады.

Дэвид КЭМЕРОН, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен

Корольдігінің бұрынғы Премьер-министрі:

– Мен ең алғаш Сіздің елге сапармен келгеніме қуаныштымын. Біздің екіжақты қатынастарымыз жаңа деңгейге көтерілетінін зор қуанышпен атап өткім келеді. Оған елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік туралы келісім айқын дәлел болады. Қазақстан бүгінде Сіздің басшылығыңызбен қарқынды дамып келеді. Қазақстанның ықпалы алдағы уақытта да арта беретініне сенімдіміз. Біздер Ауғанстан бойынша бірлескен жұмысты белсенді түрде дамытудамыз. Қазақстан бұл мәселеде маңызды және оң рөл атқарады. Қазақстанның болашағы зор, ал Ұлыбритания осы болашақтың маңызды бөлігі бола алады.

Елімен етене Елбасы

Page 5: QYZDAR ÝNIVERSITETI - kazmkpu.kzkazmkpu.kz/wp-content/uploads/2018/12/КАРАША-2018-1.pdf · Физика-математика факультеті 3 1 1 2 9 16 8. Өнер және

төлеу жүйесі қайта қаралатынын алға тартты. Сондай-ақ Жолдау жолдарынан біз биыл Білім және ғылым министрлігінің әкімдіктермен бірлесе отырып, тиісті Жол картасын әзірлейтінін де білдік. Мұның бәрі өскелең ұрпақтың білімі мен тәрбиесін жақсарта түсуге бағытталған нақты қадамдардың бірі екені анық.

Жолдау арқылы біз, сондай-ақ

республикада Назарбаев Университет секілді тағы бір іргелі жоғары оқу орны ашылғалы жатқанынан хабардар болдық.

Нұрсұлтан Назарбаев сонымен бірге жоғары оқу орындарында кездесіп қалатын сыбайлас жемқорлық деректері жөнінде айтып өтті. Президенттің айтуынша, тек нарыққа төтеп бере алатын жоғары оқу орындары

5ZERDE№10 (176)қараша2018 жыл QYZDAR ÝNIVERSITETI

Kazmkpu.kz: Қазақстан жас ғалым-педагогтарының қауымдастығы «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасына ұсыныстар дайындады.

75 ЖЫЛ – 75 ДЕРЕК

1945 жылдың 13-қыркүйек күні институттың ректорлық қызметіне Тұрсын Мырзабекова тағайындалды.

1945 жылғы қыркүйекте институтта жаңадан География факультеті ашылды.

Құрамында бір ғана География кафедрасы бар факультеттің алғашқы деканы әрі кафедра меңгерушісі болып Н. Баяндин тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа кезекті Жолдауына ерекше ден қойып, мұқият тыңдап шықтық. Мазмұны еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму бағытының өзекті мәселелеріне арналған бұл құнды құжатта ұрпақ тәрбиесі мен мұғалімдер қауымына қатысты да өте бағалы ойлар мен тың тұжырымдар айтылды. Атап айтқанда, бізді Мемлекет басшысының келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылдауы керектігі туралы байламы айрықша қуантты. Елбасы өзінің сөзінде аталған заңның мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлерін жемісті еңбек етуге ынталандыратын барлық тетіктерді қарастыруы тиіс екенін атап көрсетті. Мұның ықпалында оқу орнындағы барлық жүктемені қысқартып, қызметтен тыс тексерістерден арылту тапсырылды. Соның ішінде мұғалімдерді елді мекендердегі барлық жұмыстарға қоғамдық негізде тарта беруді тоқтату керектігі ашып айтылды. Иә, барлық жерде сайлауды өткізетін, оның барлық қиындықтарын көтеріп, үгіт-насихат науқанын жүргізуші болып табылатын мұғалімдер екені де рас.

Президент өз сөзінде енді саладағы біліктілік талаптары, оқыту әдіснамасы, тәрбиешілер мен балабақшадағы өзге де қызметкерлердің еңбегін

Дамудың тетігі – білімдеғана қалуы керек. Олардың арасындағы бәсеке таза кәсіби біліктілік тұрғысында жүруі тиіс. «Жаһандық университеттермен ынтымақтастықты жалғастырып, Назарбаев Университеттің тәжірибесі бойынша әлемнің үздік топ-менеджерлерін тарту керек», – деді Елбасы.

Президент Жолдауда Үкіметке білім мен ғылымға қаржыландыруды арттыруды да жүктеді. Бізде қазір ғылымның ақсап тұрғаны рас. Мұны Елбасы дөп басып айтты. Ал әлемдегі дамыған елдердің көшінен қалмай жүру үшін ең алдымен ғылымды дамытуға тура келеді. Даму қашанда ғылымға байланысты. «Бес жылдың барысында білімге, ғылымға және денсаулық сақтауға арналған шығыстарды барлық көздерден елдің ішкі жалпы өнімінің 10 процентке дейін жеткізу керек» деген тұжырымды Мемлекет басшысы сондықтан да алға тартты.

Қорыта айтқанда, Президент өзінің Жолдауында дамудың тетігі де, негізі де ғылымда, білімді ұрпақта жатқанын тайға таңба басқандай етіп айтып берді.

Жаңагүл СҰЛТАНОВА,Тәрбие және әлеуметтік мәселелер жөніндегі

департамент директоры, PhD

БІЛІМЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Елбасы білім беру жүйесін одан әрі жаңғырту мәселесі жөнінде кеңес өткізді.

Жиын барысында отандық білім беру жүйесін биылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жол-даудың бағыттарына сай одан әрі жаңғыртудың өзекті мәселелері талқыланды.

«Біздің барлық даму жоспарларымызда ғылым саласына зор мән беріледі. Ғылымның жағдайы білім деңгейіне тікелей байланысты. Егер білім беру жүйесін оның алғашқы сатысынан бастап дамытпасақ, елеулі нәтижеге қол жеткізе алмаймыз. Бұл үдерісте Білім және ғылым министрлігі басты рөл атқарады», – деп атап өтті Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев 2022 жылдың аяғына дейін кем дегенде 75 мың орынға арналған студенттік жатақхана салу жөніндегі тапсырманың уақтылы орындалуы маңызды екенін айтты.

«Педагогтар мәртебесі туралы» заң жобасы-ның Парламентке қашан жолданатыны бел-гілі болды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Педагогтар мәртебесі туралы» заң жобасын әзір-леу жұмысы қалай жүргізіледі? Заң жобасын әзірлеуде педагогтардың қазіргі мәртебесін кең ауқымда зерттей отырып, талқыға мұғалімдер мен сарапшыларды шақыру жоспарларыңызда бар ма? Заң жобасын Парламентке қашан жолдайсыздар?», – деп сұрақ қояды «Ашық үкімет» порталында Жазира Тоғанбаева есімді тұрғын Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке.

Бұл сұраққа жауап берген Білім және ғылым министі аталмыш заң жобасын әзірлеу мақсатында жұмыс тобы құрылып қойғанын жария етті. Министрдің айтуына қарағанда, жұмыс тобына ғалымдар, мұғалімдер, заңгерлер, депутаттар мен кәсіподақ көшбасшылары енген.

Министрдің хабарлауынша, заң жобасының тұжырымдамасы сарапшылық қорытынды алу үшін аккредиттелген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қауымдастықтарына және ұлттық кәсіпкерлік палатаға да жіберілген.

«Мемлекет басшысының Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру және Жалпыұлттық жоспарға сәйкес, заң жобасы ҚР Парламентіне 2019 жылдың наурыз айында жолданады», – дейді Е. Сағадиев.

Келер жылы ҰБТ тапсыру форматы сол күй-інде қалады, дегенмен бірқатар қосымша өз-герістер бар.

Бүгінде Білім және ғылым министрлігі тарапынан 2019 жылы ҰБТ-ны ұйымдастыру мен өткізу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. 2019 жылдан бастап жоғары оқу орнына ақылы не-гізде түсу үшін ҰБТ жылына 4 рет (қаңтар, наурыз, маусым-шілде, тамыз) өткізіледі және алғашқысы қаңтардағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтінім 2018 жылғы 1-15 желтоқсан аралығында қабылданады. ҰБТ-ны сәтті тапсырған оқушылар ЖОО-ға ақылы негізде түсе алады. Сондай-ақ, шет тілін терең меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттары бар оқушылар «Шет тілі» пәні бойынша ҰБТ-дан босату нормасы енгізілуде.

«Айта кету керек, қаңтар, наурыз және тамыз айларында ҰБТ тапсырған талапкерлер білім беру гранттарына үміткер бола алмайды, ол ЖОО-на ақылы түрде түсу мүмкіндігіне ие болуы үшін қарастырылған, ал грантқа таласу үшін маусым-шілде айларында өтетін ҰБТ-ға қатысуы қажет. Және де қаңтар, наурыз айларында ҰБТ тапсырған оқушылар маусым-шілде айларындағы негізгі ҰБТ-ға қатыса алады», – деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, 2019 жылдың қаңтар, наурыз, тамыз айларында ҰБТ тапсыратын талапкерлер тестті ақылы түрде тапсырады және оның әр тапсыруы 2242 теңгені құрайды. А. Аймағамбетовтың сөзіне қарағанда, 2019 жылдан бастап білім гранттары білім беру бағдарламаларының топтары бойынша тағайындалатын болады. ЖОО-ға қабылдау кезінде талапкерге түскен мамандығы бойынша нақты білім беру бағдарламасын таңдау мүмкіндігі беріледі.

ЗАҢ ЖОБАСЫ ПАРЛАМЕНТКЕҚАШАН ЖОЛДАНАДЫ ?

ҰБТ-ДА ӨЗГЕРІСТЕР БОЛАДЫ

ЕЛБАСЫ Е.САҒАДИЕВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

АҚОРДА

ЗАҢ

БІЛІМ СЫНАҒЫ

Тәуелсіздік алғаннан кейін, Елба-сы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің сын-дарлы саясатын кезең-кезеңмен жүр-гізіп келеді. Сол жылдары алдымен экономиканы сауықтыру мен шетелден инвестициялар тартуды жолға қойды. Ал бүгінде экономика саласы белгілі бір жетістіктерге жеткен қазіргі заман-да, қоғамымыздың рухани және әлеу-меттік саласын одан әрі өркендетуге баса мән беріліп, өткен жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жарияланды. Әрине, бұл бір ғана сәттік шара емес, ол – өткен мен болашақты байланыстыратын, ұлт руханиятының бірегейленуіне қозғаушы күш беретін даму мен өрлеудің тұжырымдамасы.

Осы орайда Елбасының «Қа-зақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұр-мыс сапасын арттыру» атты биылғы Жолдауының не-гізгі өзегі де – қоғамның әлеуметтік саласына айрықша назар аудару. Кіріспе бөлімде алдымен, тәуелсіздік алғаннан кейінгі саяси-экономикалық жетістіктеріміз тілге тиек етіле келе, халықтың әл-ауқатын арттыра-тын негізгі мәселелер былайша жіктелген: тұрмыс са-пасын арттыру; өмір сүруге жайлы орта қалыптасты-ру; азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат; тиімді сыртқы саясат; әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үдерістеріне атсалысуы.

Шындығында да, елдің дамуы мен өркендеуінің өлшемдері экономикаға байланысты. Осы тұста ха-лықтың әл-ауқатының өсуіне басымдық бере оты-рып, мүмкіндігінше, оны бірте-бірте жақсарта түсу – елімізді дамыған 30 елдің қатарына енгізудің негізгі шарты. Сонау 1991 жылдардағы құлдыраған эконо-мика кезеңіндегі халықтың әл-ауқатын еске алсақ, әлеуметтік хал-ахуалдың айтарлықтай және кезең-ке-зеңмен жақсарып келе жатқандығының куәсі боламыз. Бұл Жолдаудың түпкі мақсаты – қарапайым халықтың табысын келесі кезек бойынша тағы да арттыра оты-рып, өмір сүрудің өзіндік бір ыңғайлы ортасын қалып-тастырумен келіп жалғасып жатыр.

Осы 2019 жылға арналған Жолдаудың өзіндік ерек-шеліктерін былайша жинақтап көрсетуімізге болады:

Біріншіден, қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік және рухани келбеті мәселелері жарыспалы түрде қатар қозғалғанмен, алдымен, халықтың әл-ауқатының негізгі нысанға алынуы; екіншіден, «экономиканың дамуы – рухани өрлеу

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған әр Жолдауында айтылып келе жатқан маңызды мәселелердің бірі – бәсекеге қабілетті ұрпақ дайындау. Бұл мәселені қозғаған кезде оның негізі интеллектуалды ұлтты тәрбиелеу болып табылады.

Осыған орай, зияткер ұлтты қалыптастыруда, ұрпақ тәрбиелеуде педагогтардың маңызды рөл атқаратынын ескере келіп, Елбасы 2019 жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажеттігін айтып өтті. Бұл құжатта мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті шараларды қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауға тиіс екендігін атап көрсетті.

Ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, жұмысшы да, егін салған диқан да, мал баққан шопан да, әлем кеңістігін бағындырған ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алатыны белгілі. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беретін ұстаздық қызмет ең сұранысқа ие мамандықтардың бірі болып есептеледі.

Игіліктің бастауы

Жарқын болашаққа жол ашады

– әлеуметтік қолдау» мәселелерінде өзіндік бір сабақтастықтың сақталуы. Мәселен, мұнда «Рухани жаңғыру» идеясы да көрініс тапқан. Оны бағдарламалық құжаттың: «2014 жылы еліміздің инфрақұрылымын жаңартатын «Нұрлы жол» кешенді бағдарламасын іске асыруды бастадық. Үш жыл бұрын «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын жарияладық. Содан кейін еліміздің Үшінші жаңғыруына кірістік» деген тұстарынан байқау-ымызға болады.

Үшіншіден, болашақта атқары-лар істердің тек стратегиялық жалпы жобасы емес, қай салаға, қандай атқа-рылар жұмыстарға нақты қанша ақша бөлу керектігі көбірек айтылады және үкіметке оны орындау тапсырылады.

Оның біраз көрсеткіштері халықтың әл-ауқатына ар-налғандығы баршамызға белгілі.

Айта кетейік, Елбасы өз сөзінде: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жаппай қолдауға ие болып, қоғамдағы жаңғыру үдерістеріне зор серпін берді» деп атап өтті. Бұл бағдарламаға, әсіресе қоғамымыздың зиялы қа-уымы барынша қолдау көрсете білді. Осыған орай, бағдарлама жарияланғаннан кейін Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті де «100 жаңа оқу-лық» аясында игілікті шаралар өткізіп отыр. Бұл жерде университет кітапханасының атқарар міндеті зор. Бү-гінде кітапханамыз аталған оқулықтарға ашық көрме дайындап қойғандықтан, оқытушылар қауымы мен студенттеріміз, докторанттарымыз бен магистрантта-рымыздың да арасында сұраныс жоғары болып тұр. Сондай-ақ кітапханамыздың оқу залында Жолдауды насихаттауға байланысты іс-шаралар өткізілді.

«Үкімет өңдеу секторындағы экспорттаушыларға қолдау көрсетуге баса мән беруі қажет. Біздің сауда са-ясатымызда селқостық болмауға тиіс» деген Елбасы-ның тұжырымына сәйкес, «Рухани жаңғыру» бағдар-ламасын, 2019 жылға арналған Жолдауды насихаттау және оны іске асыру барысында да елімізде, тіпті сая-сатқа бейтарап қарайтын адамдар тобында да, ешқан-дай селқостық болмауы тиіс екендігі белгілі жайт. Бұл – Жолдаудағы: «Әрбір қазақстандықтың еліміздегі өз-герістер үдерістеріне атсалысуы» деген бөліміне сай келетін белсенді іс-қимыл.

Бақытжамал БАҒАШАРОВА,Ғылыми кітапхана директоры

Болашақ ұстаздарды дайын-дайтын жоғары білім беру оқу орындарының бірі – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті. Соның ішінде Физи-ка-математика факультетінде «5В010900 – Математика», «5В011100 – Информатика», «5В060200 – Информатика», «5В070300 – Ақпараттық жүйелер» және «5В011000 – Физика» мамандығы ойынша педагог кадрлар даярланады. Еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін жоғары білім беру ісінде оқу орындарының маман дайындау сапасына қатысты талаптар күннен-күнге күшейтіліп келеді. Мамандардың сапалы білім алуы олардың мектептен алған білімдеріне тәуелді болатыны белгілі.

Елбасының Жолдауында 2019-2021 жылдарда республикалық бюджеттен жыл сайын 96 миллиард теңге бөлініп, бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбекақысы орта есеппен 35 пайызға артатындығы айтылды. Бұл ұстаздар қауымын халықаралық стандарттарға сай білім беріп, интеллектуалды ұлтты тәрбиелеуге одан әрі жұмылдыратыны сөзсіз деп санаймыз.

Гүлнәзия ТҮГЕЛБАЕВА,Физика кафедрасының доценті,

химия ғылымдарының кандидаты

Келешек кепіліМемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолда-

уында жоғары білім беру ісінде оқу орындарының маман дайындау сапасына қатысты талаптардың күшейтілуін, оқу бітірген студенттердің жұмыспен қамтылуын, жалақысы жоғары жұмысқа орналасуын атап өткен болатын. ХХІ ғасырдағы ақпараттық-тех-нологиялық түбегейлі өзгерістер білім мекемелері мен әрбір тұлғаға деген талапты арттыра түсті.

Бүгінгі күні кәсіби шеберлік, кәсіби құндылық – кез келген маманның қоғамдағы сұранысы мен ор-нын анықтайтын басты принцип. Әсіресе, кітапхана саласы ақпараттық және білім орталығы ретінде ақпа-ратты беру мен табу, іздестіруге тікелей байланысты. Оның жолдарын білуде кітапханашы мамандар бірін-ші кезекте жоғары ақпаратты біліммен қаруланған өз ісінің шебері болуы керек. Кітапханашылар үшін ең маңыздысы – жеке тұлғалық коммуникативті қасиет, оқырмандармен қарым-қатынас жасай білу. Кітапхана мейірімділікке, гуманизмге қызмет ететін орын ретін-дегі ұғым қалыптасуы үшін, онда мейірімді, жақсы тәрбиеленген, өз ісіне шексіз берілген кәсіби маман-дар жұмыс істеуі тиіс.

Қазақстанда жоғары білімді кітапханашыларды Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық универ-ситетінің Кітапханатану және библиография кафе-драсында 1956 жылдан бері «Кітапханатану және библиография» кафедрасы «Өнер және мәдениет» факультетінің құрамында «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша даярлап келеді. Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылып, бітіруші түлектер-ге «Кітапхана ісінің бакалавры» академиялық дәреже-сі беріледі де, олар республиканың әртүрлі жүйедегі (жоғары оқу орындары, мектеп, лицей, гимназия, кол-ледж) кітапханаларында жұмыс атқара алады. Кафе-драның ғылыми-зерттеу жұмысы кітаптану, кітапха-натану мен библиографиятанудың өзекті мәселелерін зерттеуге, кітапхана мамандарын сапалы, уақыт тала-бына сай, жоғары деңгейде дайындауға бағытталған. Сондай-ақ, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті білік-ті мамандар даярлау, өз мамандықтарын жетік меңгер-ген, жұмыс жасауға қабілетті, тұрақты кәсіби өсуге

дайын, әлеуметтік және оңтайлы кадрларды даярлау талабын іске асыруда. Оның дәлелі ретінде, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті мен Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы ара-сында дуальды білім беру жүйесі аясында атқарылып жатқан жұмысты атап өтуге болады. Дуальды оқыту жүйесі бойынша оқыту білім алушыларға кәсіби білік-тілікті, дағдыларды, іскерліктерді тікелей жұмыс ор-нында меңгеріп, жан-жақты кәсіби дамуына мүмкін-дік беріп, түрлі жүйелердің – білім, ғылым, өндірістің өзара байланысын және білім беру жүйесінің сапасын арттыратыны сөзсіз.

«ЖОО – жұмыс беруші» байланысын күшейту мақсатында ҚР Ұлттық кітапханасында «Кітапханатану және библиография» кафедрасы ашылып, ЖОО-ның кітапханалық факультеттері студенттерінің теориялық және тәжірибелік дайындықтарын қатар жүргізетін оқу-тәжірибелік орталығына айналып отыр. Бүгінгі күннің талабы – кітапхана мамандығының кәсіптік деңгейінің жоғарылығы десек, ұжымда кітапхана жетекшілерінің білімін жетілдіру де жауапты міндеттің бірі екені сөзсіз. Кітапханашы өмір бойы оқуда, ізденісте болуы шарт, ол – оның кәсіби міндеті. Себебі кітапханаға түсетін әрбір жаңа ақпарат маманнан белсенділікті және оны іс-тәжірибеде қолдана білуді талап етеді. Кітапхана – оқырманның жүрегіне кітап арқылы жол табатын мекеме, талабы мол пайдаланушы мен шексіз сан түрлі ақпараттар арасындағы дәнекер көпір, пайдаланушылар үшін сан түрлі сұрақтар жауабының ортасы, сан қилы мәліметтердің киелі ордасы, білім дариясына бағытталған рухани мекен. Еліміздің кітапханалары өз қызметіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу арқылы өзіндік электрондық ресурстарын толықтырып қана қоймай, басқа да отандық, әлемдік ақпараттар ресурстарына кіру мүмкіндігін қарастырып, нәтижелі пайдалануда. Себебі қазіргі таңда ақпарат кеңістігі мен оның мүмкіндігі қандай шексіз болса, оған деген сұраныстың да еселей түскендігі осының дәлелі. Ал осы айтылған қыруар жұмыстар – кәсіби кітапханашылардың елімізді өркендетуге жұмсаған толассыз еңбегінің жемісі.

Гүлмира НҰРЖАНОВА,Кітапханатану және библиография

кафедрасының меңгерушісіАйзада БАЙДАРОВА,

магистр-оқытушы

«Назарбаев зияткерлік мектеп-терінің оқыту жүйесі мен әдісте-месі мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт болуға тиіс. Бұл мектеп білімін реформалаудың қо-рытынды кезеңі болады.

Білім сапасын бағалау жүйесі халықаралық стандарттарға негіз-делуге тиіс».

(Жолдаудан)

«Келесі жылы «Педагог мәрте-бесі туралы» заңды әзірлеп, қабыл-дау қажет деп санаймын.

Бұл құжат мұғалімдер мен мек-тепке дейінгі мекемелер қызмет-керлері үшін барлық игілікті қа-растырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауға тиіс».

(Жолдаудан)

«Жоғары білім беру ісінде оқу орындарының маман да-йындау сапасына қатысты та-лаптар күшейтіледі... Жоғары оқу орнының табыстылығын ба-ғалаудың басты критерийі – оқу бітірген студенттердің жұмыспен қамтылуы, жалақысы жоғары жұмысқа орналасуы».

(Жолдаудан)

Page 6: QYZDAR ÝNIVERSITETI - kazmkpu.kzkazmkpu.kz/wp-content/uploads/2018/12/КАРАША-2018-1.pdf · Физика-математика факультеті 3 1 1 2 9 16 8. Өнер және

6 QOGAM №10 (176)қараша

2018 жылQYZDAR ÝNIVERSITETI

Kazmkpu.kz: Қыздар университетінде «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» атты акция өтті.

К а л и ф о р н и я университетінің (University of California, Riverside) профессоры Леонард Наннидің (Leonard Nunney) Америка, Еуропа және Оңтүстік Кореяда жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде адамның бойы неғұрлым ұзын болса, соғұрлым рак ауруына шалдығу қаупі жоғары болатыны анықталыпты. «Ол адамның бойы ұзын болған сайын оның денесіндегі клеткалар санының көп болуына байланысты» деп қарапайым тілмен түсіндіреді профессор. Оның осы тақырыптағы ғылыми мақаласын аталған саладағы майталман мамандар жоғары бағалап, басқа емес, Англияның атақты «Proceedings of the Royal Society B» атты ғылыми журналы жариялапты.

Бұл дегеніміз бойы ұзын болған сайын адам жаман ауруға жақын болады екен деген сөз емес, әрине. Тек бойы ұзын адамдардың денесіндегі клеткалар саны бойы ұзын еместерден қарағанда көбірек болуына байланысты салыстырмалы түрде сондай болуы ықтимал екенін алға тартып отырған ғылыми тезис қана.

Десек те, ойды ой қозғайды демекші, «мына менің менің бойым ұзын ба еді, ұзын емес пе еді» деп, ойланатын көп нәрсенің ішінде енді бойым жайлы ойланып қалдым.

Әйгілі тарихшы Рене Груссе 1938 жылы жарыққа шыққан «Ұлы дала империялары» деген еңбегінде Ұлы дала ұғымын әлемдік тарихнамаға алғаш енгізсе, Елбасы әр кезеңдегі сөздерінде Ұлы даланың халқымыздың рәміздік киелі нысаны болғанын әйгілеп келеді. Сондықтан Ұлы дала ұғымы бүгінде Қазақстанның ұлттық кодына айналып үлгерді.

Мақалада Мемлекет басшысы Ұлы даланың қастерлі қасиеттеріне, сан түрлі қырына айрықша тоқталыпты. Шынтуайтында, Ұлы дала – кеңістіктің атауы, оның ауқымы өте кең. Алтайды кіндік жұрт санайтын алтай тілі тобына жататын ұлыстардан бастап, Байкалдан Балқанға, Мажардан Моңғолияға дейінгі алып аумақты жайлаған халықтардың бәрінің дерлік түп-тамыры, генезисі Ұлы даладан бастау алып жатыр.

Сонымен қатар Ұлы дала – өркениеттің атауы! Ал өркениеттің қатпары мен қыры, қасиеті мен қазынасы көп болары анық. Ендеше, Елбасы мақалада қазақ халқы қастерлі санайтын «жеті» санын ырымдап, символикалық мағынада қолданғандай әсер қалдырды. Көкті – жеті қат аспанға, текті – жеті атаға, байлығы мен мұрасын – жеті қазынаға, жаһанды жеті жұртқа теңейтін бабаларымыздан жеткен жеті саны мақалада Ұлы даланың жетістіктері мен адамзат тарихына қосқан сүбелі үлесін әдемі жүйелеп тұр.

ЖЕЛІДЕГІ ЖАЗБАДархан ҚЫДЫРӘЛІ,

Халықаралық Түркі академиясының президенті

Аскар УМАРОВ,Генеральный директор

МИА «Казинформ»

Порою задумываешься какая глубокая древность лежит в нашей казалось бы повседневной жизни. Сейчас вот многие семьи в Астане, да и вообще в Центральном и Северном Казахстане заготавливают мясо на зиму – согым. Вялят его на морозе. А жи-вет в российском Кузбассе древний тюркский народ шорцы, которых осталось около 12 тысяч человек. И вяленное мясо на зиму у них называется – «согым». Кстати, хакасы тоже заготавливают мясо на зиму называя согым. Опять же любимый казахами, кыргызами, ногайцами, узбеками талкан, чаще кото-рый делают из проса или ячменя, тоже производят шорцы называя толкан. Только деляют из ячменя, просо там не растет. До Кузбасса многие сотни километров и тысячи лет...

БатырханҚҰРМАНСЕЙІТ,

шығыстанушы

ТАҒЫЛЫМ

МЕРЕЙ

АЙТАЙЫН ДЕГЕНІМ...

Дәл осы үлгідегі есеп-жұмбақтар, бәлкім, аға буынның есінде болар? Қателеспесек, сонау 90-жылдары үйде «Қазақтың байырғы қара есептері» деген кітап болатын. Сол кітапты қызықтап, парақтап отырып, жоғарыдағыдай есеп-жұмбақтар оқитын едік. Соның қаншасын шешіп-шешпегеніміз есімізде қалмапты. Бірақ есептің берілу формасы ұнайтын. Тұрмыстық атаулар мен қазақтың салт-дәстүрі математикалық тілмен сөйлегенде, рахаттанып отырып ойланып, есептеп, жазып-сызып жататын едік.

Ерназардың 9 ұлы болыпты. Тоғыз ұлына бір үйдің тоғыз қызын әперіпті. Әр келінінен 9 немере, әр немереден 9 шөбере, әр шөбереден 9 шөпшек көріпті. Ерназардың тұқымы қанша?

беттен ары аудара алмады. Себебі, мұнда қазақтың қаншама көне сөздері, қазақы өлшем-бірліктерін, мақал-мәтелдерді, астарлап айтылған пайымдарды орыс тілінде жеткізе алмады» деген болатын бір сұхбатында. Одан бөлек, тұңғыш рет жарық көрген «Алгебра 7» оқулығы авторларының бірі. Тұңғыш «Математика терминдерінің түсіндірме сөздігін» баспадан шығарған. 1985 жылы математика есептерін шығарудың халықтық педагогикасын алғаш рет пайдаланып, сегіз ережені ұсынушы әрі телеарнадан дәріс оқыған болатын.

Ғылым, білімнің ортасында жүрген Советбай Елубаевты замандастары кітапхана, мұражай, талантты оқушылар мен жетім балаларға қамқоршы ретінде де жақсы таниды. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, оқырман қауымға үлгі болар деген мақсатпен ғана ол кісінің біраз қайырымды істерін айтып өтейік. Мәселен, Астанадағы Тұңғыш Президент мұражайы, Астанадағы педагогикалық

әкеледі. Ескендір Аппаққа: «Елің үшін туған сен де батыр қыз екенсің! Мен де батырмын! Маған тұрмысқа шық!» дейді. Аппақ: «Халық екі жарылып тұрады. Бір жағында сенің, екінші жақта менің елім тұрады. Маған ақ жібектен 108 желбіршекті қосетек көйлек тіктіресің. Етегінің бір жағын сенің, бір жағын менің елімнің қыздары көтеріп жүреді. Осыған келіссең, саған тұрмысқа шығамын» деп шарт қояды. Аппақ неге 108 желбіршекті қосетек көйлек тіктірді? Осының астарын іздедім. Киіз үй керегесінің қиюласып, біріккен жерін «көк» деп атайды. Керегелер айқасып келе-келе қысқарып, сағанаққа тіреледі. Сағанақ – керегенің қысқарған жоғарғы бөлігі. Сөйтсем, 108 деген сағанақтың саны екен. Қазақта «Сағанағы сарқ, қағанағы қарқ» деген содан қалған. Аппақ Ескендірге «сағанақпен қазақтың шаңырағын көтересің» деп талабын астарлап жеткізген екен. Бір жұмбақ-есептің астарында тұтас бір тағдыр жатыр.

«Өзіңді-өзің жаттай сыйла, жат жаныңнан түсінсін» дейді. Білім мен ғылымның ордасы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде де ұлағатты ұстаздар жетіп артылады. Міне, сондай тұлғаның бірі – Педагогика және психология факультетінің Теориялық және практикалық психология кафедра-сының профессор міндетін атқарушы, психология ғылымдарының кандидаты, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері Мариям Бапаева мерейлі жасқа толып отыр.

Мариям Құрманғалиқызын қазақтың психология ғылымында тұлға мәселесін ұлтымыздың өз ерекшеліктеріне, даралығына сәйкес қарастырған бірегей ғалым һәм аталған ғылым саласының білгірі десек артық айтқанымыз емес. Тұлға сөзі психология ғылымында өзінің өмір жолын белгілей алатын, қайталанбас даралық ерекшелігін сезінетін субъект ретінде қарастырылады. Ол адам ұғымынан гөрі нақты мағынаға ие. Өйткені, адам тұлғалық сипатты иелену үшін өз «менін» өзге «меннен» ажыратып, есейіп, өз бетінше дербес әрекет ету мүмкіндігін ашуы керек. Біз сөз етіп отырған кейіпкеріміз осындай мәселенің мән-жайын теориялық тұрғыдан зерделеп, өзінің атқарып жүрген қызметін ғылымға айналдырып, жоғары оқу орны студенттерінің тұлғасын қалыптастырып,

Ұстаз. Ғалым. Тұлға«Жер мен көктің желпініп арасында, Желігесің, түсесің қара суға. Құйын қуған қаңбақтай аласұра, Ей, өмі-рім, зымырап барасың ба?» деп ұл-тымыздың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев жырлағандай, өмір – кәдім-гі баспалдақ іспеттес. Төменнен бас-тап, жоғарыға көтеріле береді. Киіз туырлықты қазақта «Бағаласаң тірі кезде бағала» деген жақсы сөз бар. Талай-талай ізгі жолды басып өткен, ізетті ақылымен, парасатты пайымымен, маңдай тері еңбегімен, елге елеулі болып жүрген аға-апаларымызды біз құрмет тұтпасақ, кім тұтады.

жетілдірудің қыр-сырын қазақ психологиясына үлес қылып қосты. «Жоғары мектепте психологиялық білім беруді жетілдірудің ғылыми-теориялық негіздері» атты кандидаттық диссертациясын қорғаған ғалымның бұл зерттеуі бүкіл психологтар арасында үлкен сұранысқа ие болып, жиі оқылатын ғылыми еңбектер қатарынан көрінді. Бүгінде де жүйелі түрде қолданысқа ие. Мариям Құрманғалиқызы тұлға психологиясын зерттеп, ұлт тұлғасын жасап шығару үшін қойылатын критерийлері мен талаптарын талдап, авторлық оқулықтары мен оқу құралдарында және ғылыми-әдістемелік еңбектерінде жариялап жүр. Атап айтқанда, ғалымның «Балалар психологиясынан танымдық жаттығулар мен тапсырмалар», «Жалпы психология», «Л.С. Выготский. Баланың жас ерекшеліктері және кемтар бала психологиясы туралы таңдамалы еңбектер», «Психологияны оқыту әдістемесі», «Жоғары мектепте психологиялық білім беру процесін жетілдіру», «Психологиялық менеджмент», «Тұлға психологиясы», «Даму психологиясы» және «Психологияны оқытудың белсенді әдістері» атты еңбектері мен екі электронды оқулығы жарық көрді. Тұлға дәрежесіне көтерілу үшін адамның бойында әрекет, өнімділік, белсенділік сынды қасиеттер болуы тиіс. Аталған қасиеттердің барлығы да М. Құрманғалиқызының бойынан табылады. Ол ұжым арасында үлкен құрметке ие, оның белсенді өмірлік позициясы бар және ішкі қажеттілікке байланысты таңдау жасай біледі, үнемі өзін-өзі және өзгелерді жетілдіру үшін түрлі әдіс-тәсілдерді мең-геріп, өз мінез-құлқын реттеп отырады. Осындай қасиеттерге ие оған қарап бой түзеген көп жандардың қатарында өзім де бармын. Мерейлі жасқа абыроймен жетіп отырған ұстаз студенттерге парасаттылық пен даралықты, еңбекқорлық пен жауапкершілікті үлгі етіп келеді. Ұлтымыздың ұлы ақыны Абай бүкіл шығармашылығында «Нағыз адам», «Толық адам» қандай болу керек деген сауал төңірегінде ой толғап әрі оған жауап береді. «Әуелі бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңінде:

«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,Сонда толық боларсың елден бөлек», – дейді.

Мариям Бапаевамен сұхбаттасқан сайын Абайдың осы бір өлең шумағы еріксіз еске оралады. Бұған себеп те жоқ емес. Өйткені, ол ғұмырының көп жылын ертең

ел анасы болатын а з а м а т т а р д ы тәрбиелеп, дара оқу орнының өсіп-өркендеуіне үлес қосып келеді.

Асқаралы жасқа келіп отырған ұстаз 1981 жылы Қаскелең п е д а г о г и к а л ы қ у ч и л и щ е с і н «Мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісі» м а м а н д ы ғ ы бойынша үздік бағамен аяқтайды. Білімін одан әрмен жалғастыру мақсатында сол жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының студенті атанады. 1985 жылы Мектепке дейінгі тәрбие факультетінің Педагогика және психология бөлімін үздік дипломмен аяқтап, аталған оқу орнына оқытушы болып қызметке қабылданады. Қырық жыл бойы ұлағат ұясында шәкірт тәрбиелеп келе жатқан Мариям Құрманғалиқызы студенттерге білім мен тәрбие беріп қана қоймай, жас буынды тұлға етіп дамытуға өлшеусіз үлес қосып келе жатыр.

Қандай кезең болса да ақылын аямайтын абзал ұстаздардың өнегесі біз үшін әрқашанда керек. Жақсы ісің болса асырған, жаманыңды жасырған нар тұлғалар кейінгі ізін басып келе жатқан іні-қарындастары һәм шәкірттері үшін сарқылмас дария. Ендеше, Мариям Құрманғалиқызының еңбек жолы біздерге өнеге. Оның зияткерлік әлеуеті мен кісілік келбеті Абай айтқан «Толық адам» ұғымымен сабақтас. Мерейтой қарсаңында ұрпақ тәрбиелеуде сөзімен де, ісімен де үлес қосып келе жатқан ұстазға зор табыс тілегіміз келеді.

Қарлығаш ШАЙЖАНОВА,Теориялық және практикалық психология ка-

федрасының доценті, психология ғылымдарының кандидаты

Байырғы қара есептермен қауыштырған ғалымОл кезде бала болғандықтан, кітаптың авторына назар аудармаппыз. Бірақ сол кітаптың «байырғы» деген атауының өзі біздің есімізде ерекше қалғанын білемін. Қаншама уақыт өткен соң осы кітаптың авторы алдымыздан өзі шығатынын білмеппіз. Дегенмен, сіз жоғарыдағы жұмбақтың шешімін тапқанша, біз сол кітаптың авторын оқырманға таныстыра отыруды жөн санадық.

Советбай Елубаев – жарты ғасырдан астам ғұмырын ғылым мен білім беруге арнап, осы жолда 4 монография, 70 оқулық, оқу құралдары, балаларға арналған 200-ден астам кітапша жазып, 1500-дей ғылыми педагогикалық және тәрбиелік мазмұнды мақалалар жариялаған. Ғалым, терминолог, қаламгер, ақын, суретші, этнолог, тарихшы және фотограф сынды бірнеше мамандықты игерген құрметті ұстаз, педагогика ғылымының кандидаты, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Физика-математика факультетінің доценті, ҚР білім беру ісінің үздігі, Ы. Алтынсарин атындағы төсбелгі иегері, белгілі әдіскер, математик-ғалым.

Қазақтың байырғы қара есептерін жинап, олардың құрылымын, шығару жолдары мен қазақтың математикалық мәдениетін зерттеп, тұңғыш рет 1996 жылы «Қазақстан» баспасынан кітап етіп шығарған. «Осы кітабымды қытайлар сұрап келгенде бермедім. Тіпті, орысшаға аударамын деген кісі он

мұражай, Алматыдағы Кітап палатасы, Өскемендегі «Үміт» жетім балалар үйі, Талғар қаласындағы №3 мектеп-интернат сияқты мекемелерге бұл кісі қарайласып, қолұшын созып келеді.

1986 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика-лық институтының жанынан сырттай оқытатын, Орта Азия мен Қазақстанда бірінші «Математика-инфор-матика» мектебін ашқан. Сол кездері ол мектептен кеңестік 5 республикадан 100-ге жуық оқушы білім алып шығады.

Бүгінде сексеннің сеңгіріне шыққан математик-ғалым бір басылымға берген сұхбатында «Ахмет Байтұрсынұлын көпшілік тілші-ғалым ретінде ғана таниды, ал оның математикадан 3 том еңбек жазғанын көпшілік біле бермейді» дегенін оқығанымыз бар.

Ол Мемлекеттік сыйлыққа ие болған «Орысша-қазақша терминологиялық сөздіктің (2-том), 12 томдық Қазақ Совет Энциклопедиясының авторларының бірі. Математик-ғалымның айтуынша, қазақ қыздары да логикаға мықтылығы жағынан жігіттерден кем түспейтін көрінеді. Оған мына бір мысал дәлел сияқты.

Аты аңызға айналған Ескендір Зұлқарнайын Қазақ еліне шабуыл жасаған. Бірде түс мезгілінде Ескендір қалың қолымен демалып жатқанда, қазақтың Аппақ деген қайсар қызы Ескендірдің қонысын шауып кетеді. Зұлқарнайынға уәзірлері «жалғыз қыз келіп, шауып кетті» дейді. Жендеттер қызды патшаға ұстап

* * *С. Елубаевтың 80 жылдығына орай Қазақ

мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Әлемдегі ақпараттық білім беру кеңістігі бәсекеге қабілетті ұстаз қолында» атты жас ғалымдардың республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Осымен алтыншы рет өтіп отырған дәстүрлі жиында есімі елге белгілі ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен ғылыми қызметкерлер еліміз бен әлемдегі соңғы ғылыми-зерттеу нәтижелерін талқылап, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды білім беру, ғылым және бизнесте тиімді қолданылуын саралады. Сондай-ақ, басқосуда оң мотивация, идеялар алмасу және кәсіби байланыстар орнатуды қалыптастыру да назардан тыс қалған жоқ. Конференция жұмысы «Қазіргі заманғы білім беру саласындағы ақпараттық технологияларды пайдалану мәселелері мен болашағы», «Орта және арнайы орта білім берудегі оқытудың заманауи технологиялары мен құралдары» және «Қашықтықтан оқытуды әдістемелік қамтамасыз ету мәселелері» атты бағыттар бойынша ұйымдастырылды. Сонымен қатар жиын барысында Советбай Елубаевтың «Толағай толғам. Педагогикалық тағылым» кітабының тұсаукесері өтті. Кітапта бала тәрбиесіне арналған жаңашыл ойлар мен пікірлер, автордың өлеңдері және әріптестерінің естеліктері берілген.

Әсел ДАҒЖАН

Осы сөзді өзімізге өзіміз, бірімізге біріміз жиі бол-маса да, ара-тұра айтып жүретініміз бар. Бұл сөздің қашан және қалай пайда болғаны, кім айтқаны бел-гісіз, әйтеуір, санамыздан берік орын алғаны рас. Бір жерге кешіксек «қазақпыз ғой» дейміз, ақталып. Әйтеуір, бойымыздағы кемшілік атаулының бәрін осы бір ауыз сөзбен жуып-шайғымыз келіп тұрады. Өкініштісі, кемшілікті өзіміздің іс-әрекетімізден, әдетімізден, тәрбиемізден іздемей, «қазақпыз ғой» дей салуды хош көреміз.

Таяуда бір жиын-тойға бармақшы болып дәл уақытында жету үшін ертерек шығып едім, таныс құрбым басқосудың кеш басталатынын хабарлап, ерте барып қоюымнан сақтандырғандай болды. «Неліктен кеш басталады?» деп едім, «Қазақпыз ғой» деп бір күліп алды. Күн болса жексенбі еді. Ертең жұмыс аптасы. Бәлкім, ел-жұрт ертерек жинала ма дегенім ғой. Құрбымның әлгі сөзіне ойланып қалдым. Сонда қазақ болсақ, баратын жерімізге міндетті түрде кешігіп баруымыз керек пе? Кешігу, уақытымен келмеу жалпы ұлтымызға тән қасиет болғаны ма? Ерте барсақ, қазақ болмай қаламыз ба? Неліктен осындай түсінікпен өмір сүріп келеміз, осы жөнінде ойландық па?

Санамызға сіңісті болып кеткен бұл түсінікті өзгерту үшін біз ең алдымен өзгенің де, өзіміздің де уақытымызды қадірлеп үйренуіміз керек. «Қазақпыз

«Қазақпыз ғой»ғой» деген сөзді бойымыздағы мінді ақтап алу үшін емес, тек жақсы мағынасында қолдансақ, қанеки. Мысалы, «Қазақпыз ғой, қазақша сөйлесейік» десек, әбден жарасымды болар еді. Қазақ болсақ, салт-дәстүрімізді білейік, ұлтымыздың рухани байлығын игерейік, бір сөзбен айтқанда жақсы қасиеттерді бойымызға сіңірейік. Сондықтан пендешілікпен жасалатын қылықтарды ұлтпен байланыстырып «қазақпыз ғой» деп ақтап алуға тырысу — жараспас. «Қазақпыз ғой» деп, баратын жерімізге кешігу – ұлтымыздың емес, өз кемшілігіміз деп қабылдасақ, дұрысы сол болар.

Бәрін осы бір сөзге жаба салу қашанда оңай. Өйткені ол жауапкершіліктен құтылудың бір жолы іспетті. Ал сонда өзіміздің іс-әрекетімізге деген жауапкершілігіміз қайда қалады? Бір ұлттың өкілі болғаныңмен бойыңдағы кемшілік-міндеріңді ұлтыңа тели салу жөн бе? Шынтуайтына келгенде, бір жерге кешігіп бару – әр адамның жеке әдебіне қатысты мәселе емес пе? Бұдан қазақтың бәрі сондай екен деген ұғым тумауы керек. Мысалы, арамызда кешігуді білмейтін, уақытпен жүретін қазақтар да бар.

Бүгінде «Қазақпыз ғой» дегеннің өзі ұлттық психологиямыздың бір көрінісіне айналған тәрізді. Өйткені басқа ұлттардан осы тектес сөзді ести

қоймасымыз анық. «Орыспыз ғой» немесе «кәріспіз ғой» деген адамды көрдік пе? Сондықтан әр адам өз бойындағы кемшілігін ұлтынан емес, алдымен өзінен іздесе дейсің. Иә, әр ұлттың өзіне тән менталитеті болады. Мұны да есепке алмауға болмас. Бірақ сонда да, алдымен өзіміз түзелсек, өзімізді өзіміз шыңдап жетілдірсек, бойымыздағы міндерімізден бірте-бірте арылсақ, ұлтымыздың ілгері қарай қадам басуына қосқан үлесіміз болмас па?

Қалай болғанда да, біз заман талабына сай өмір сүруді үйренуіміз керек. Өйткені тап осы заман арқаны кеңге салатын заман емес. Бүгінгі заман бәрімізден жинақылықты талап етіп отыр. Жинақы болсақ, уақытымызды бағалауды үйренсек, көп мәселеде сан соғып қалмасымыз анық. Байқасақ, «қазақпыз ғой» деген сөздің өзі көбіне-көп уақытқа байланысты қолданылады екен. Кешігу, әлдебір шаруаны уақытылы орындамау, уәделескен мерзімді сақтамау, емханаға дер шағында қаралмау және т.б. өзекті мәселелер аз емес. Бірақ бір ескеретін жайт, бұлардың барлығы тұтас ұлттың емес, әр адамның өз бойындағы мініне байланса керек. Осы тұрғыдан келгенде «қазақпыз ғой» дегеннен гөрі, өз бойымыздағы міндерімізді бір таразылап алсақ артықтық етпес.

Дәуіржан ТӨЛЕБАЕВ,журналист

Page 7: QYZDAR ÝNIVERSITETI - kazmkpu.kzkazmkpu.kz/wp-content/uploads/2018/12/КАРАША-2018-1.pdf · Физика-математика факультеті 3 1 1 2 9 16 8. Өнер және

7№10 (176)қараша2018 жыл QYZDAR ÝNIVERSITETI

SELF - MADE

Kazmkpu.kz: Фырат университетінің профессоры Ерджан Алкая «Түркі тілдері мен әдебиетінің өзекті мәселелері» тақырыбында дәріс оқыды.

ТОПЖАРҒАН

ӨНЕР

БІЛІМ

Қазақстан жастарының жетекшісі болған, бел-гілі мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібеков ансамбль репертуарымен танысып, алғашқы квартетке ат қою керек екенін алға тартады. Сол тұста бұл квартеттің орындауында «Алақай», «Сатушы қыз», «Студенттердің қоштасу әні» сынды Ескендір Хасанғалиевтің және Әсет Бейсеуовтің әндері шырқалып жүрген еді. Осындай әсем әндерге көңілі толған Өзбекәлі ағамыз «өзі айдай жарқырап, гүлдей жайнаса, нұр үстіне нұр болмас па?» деп өнер ұжымын «Айгүл» атандырған екен. Кейіннен Марат Балтабаевтың жетекшілігімен «Айгүл» вокалды-аспаптық ансамблі болып қайта жанданды. Алғашқы қадамынан-ақ халық сүйіспеншілігіне бөлен-ген топтың ұлт өнерінің дамуына қосқан үлесі ұшан-теңіз. Әндері классикаға айналды. Әнші-сазгер Ескендір Хасанғалиевтың жетекшілік етуімен құрылған квартет дүниенің түкпір-түкпірін аралап, еліміздің абыройын асқақтатқан болатын. Бұл – «Айгүлдің» «алтын дәуірі» еді. Осы сәттен өнер ұжымының шығармашылық шарықтауы мен дүниежүзілік гастролі басталған болатын. Ансамбль Ленин комсомолы сыйлығына ие болып, «Халықтың шығармашыл ұжымы» атағына ие болды және «Алло, біз таланттарды іздейміз» бүкілодақтық телеарна байқауының лауреаты атанды. 70-ші жылдары «Айгүлдің» аруларының есімі Кеңес Одағына кеңінен таралды. Домбыра, қобыз, асатаяқ, шертерді бас, ритм, соло гитара сынды аспаптарға қосуымен ерекшеленген топ ГДР, Югославия, Польша, Франция, Жапония, Египет, Моңғолия сынды елдердің сахналарында өнер көрсетеді. Бір кездері аты дүркіреп шыққан «Айгүл» вокалды-аспаптық квартетінің құрамында алғашында Ағайша Исағұлова, Құрманай Омарова, Марфуға Жүнісова, Гүлнар Бегалиева, Дина Ерғалиева, Жібек Оспанова өнер көрсетсе, вокалды-аспаптық ансамблінде Сақыпжамал Ұзақбаева, Меңсұлу Жексембекова, Ақмарал Артыкова, Зәуреш Әлібекова, Гүлзада Бехтелова, Айгерім Дайырбаева, Қарлығаш Нұр-тазина, Роза Ерназарова-Алисова және Галина Қарамолдаева сынды өнерпаздар болды. Ансамбль мүшелерінің барлығына ҚР Мәдениет қайраткері атағы берілді. Әрқайсысы қазір ардақты ана, аяулы жар, асыл әжеге айналған. Қыздар университетінің 70 жылдық мерейтойына тарту ретінде «Айгүл» вокалды-аспаптық ансамблінің «Қазақтың ару қыздары» атты ән жинағы жарық көрді. Оған ансамбль репертуарындағы қазақ композиторларының 9 әні кірген. Олардың қатарында «Қазақтың ару қыздары», «Үшқоңыр», «Тек қана қыздар», «Ардақты ұстаз», «Толағай», «Су тасушы қыз», «Жетісу» және «Өз елім» сынды танымал әндер мен Нұртуғанның «Қанеки, тілім сөйлеші» атты термесі бар. Ансамбль 2009 жылы «Алтын дауыс» фестивалінің, 2010 жылы Түркияның Адана қаласында өткен «Түркі әлемі» фестивалінің лауреаты атанса, 2011 жылы «Алтын микрофон» конкурсының

Аңызға айналған «Айгүл»»Өзіндік орындаушылық шеберлігімен, ерекше талғампаздығымен таныл-ған «Айгүл» вокалды-аспаптар ансамблін көзіқарақты қауымның барлығы біледі. Өнер ұжымы 1968 жылғы 8-наурызда Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының жанынан ашылды.

және «Nauryz jam» жастар фестивалінің жүлдегері атанды. Қазіргі күнде «Айгүл» вокалды-аспаптар ансамблінің құрамы қайта жаңартылып, репертуа-ры жаңа әндермен толықтырылды. Ұлттық сарынды сақтай отырып, заманға лайық дүние жасау – бүгінгі «айгүлдіктердің» басты мақсаты. Жаңа құрам екі жыл ішінде қазақ, түрік, ағылшын тіліндегі жаңа әндерді репертуарына еңгізді. Биылғы жылдың қазан айында Халықаралық түркі әлемі зерттеулері симпозиумы аясында өткен «Түркі әлемі» фестивалінде жанды дауыста ән шырқап, жиын қатысушыларының қызығушылығын тудырды. Университет ректоры Гаухар Алдамбергенова жарты ғасырлық тарихы бар ұжымға әрқашан қолдау көрсетіп, жаңа сахналық киімдер тіктіріп берді. Топ құрамында 6 ару бар. Атап айтқанда, әнші Ақтоты Төлеуғалиева, синтезатор аспабында Бақыт Жайынбаева, бас гитарада Мейіргүл Тазабекова, гитарада Меруерт Құрақбай, Айгерім Ағайдарова және ұрмалы аспапта Виктория Гриджан.

«Жаңа ақпараттық қоғамның өркениетті, прогресшіл бағытына сай, терең білімді, өзгерісті жағдайға тез бейімделгіш, өзге елдердегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік өрелі ұрпақты тәрбиелеу – бүгінгі қоғамның талабы. Осы орайда «Айгүл» вокалды-аспаптар ансамблі де бәсекеге қабілетті, заман талабына сай ұжымдардың бірі деп айтуға болады. Өйткені елу жыл халық жадында жүрген ұжымның халыққа, жастарға берері әлі де көп. Қыздардың музыкаға деген сүйіспеншілігі, аспаптарда шебер ойнауы, қазақ өнеріне деген махаббаты ерекше. Дайындық барысында олардың құлшынысына қарап, өзім жетекшілік ететініме қуанамын. Аруларымыз өте биязы, инабатты, сыпайы. Бұл – бір жағынан қыздардың отбасында көрген тәрбиелері болса, екінші жағынан Қыздар университетінің қыз тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетіндігінің дәлелі», – дейді ансамбльдің көркемдік жетекшісі Талғат Темірғалиев.

Ия, әсем ән мәнерімен, сахнадағы өзіндік бітім-болмысымен, ерекше дауысымен көзге түскен

«Айгүл» ансамблі жастарды өнерге, жан-жақтылыққа, сұлулыққа, музыканы сүюге тәрбиелейтіні сөзсіз. Топтың жеке әншісі Ақтоты Төлеуғалиева Өнер және мәдениет факультетінің белсенді студенті. Ол өз ойын былайша сабақтайды: «Аты аңызға айналған ансамбльдің бүгінгі мүшесі ретінде, ұжымның ошағын сөндірмей, керісінше жандандырып, жаңаша қырынан көрсетуді мақсат тұтамын. Мұндай тарихы терең ұжымның мүшесі болудың өзі үлкен жетістік. Сондықтан да ұжымда өнер көрсету мен үшін үлкен маңызға ие». Ал гитарашы Меруерт қазіргі таңда университетте магистратурада білімін жалғастыруда.

«Мен топ құрамына 2014 жылы кастинг арқылы қабылдандым. «Айгүл» ансамблімен бірге үлкен белестерді бағындырғым келеді. Ұжым құрамында өнер көрсете түсу үшін магистратурада білімімді жалғастырудамын. Өйткені, мен үшін «Айгүл» үлкен маңызға ие», – деп өз ойымен бөлісті Меруерт.

Ансамбльдің синтезатор аспабында ойнайтын Бақыт ансамбльдің өркендеуіне өз үлесін қосқысы келетінін алға тартады.

«Есімдері «Айгүлдің» тарихында қалған Галина Қарамолдаева, Сақыпжамал Ұзақбаева апаларымыз сияқты мен де ансамбль тарихында қалғанымды қалаймын. Екінші курста оқып жүрсем де, ансамбльдің дайындығына бару, концерттерге қатысу еш қиындық тудырмайды», – дейді Бақыт.

Уақыт талабына сай жанданып өзіндік өрнегін қалыптастырып келе жатқан «Айгүл» вокалды-аспаптар ансамбліне биыл 50 жыл толып отыр. Бұл өткенге көз тастап, тарихты зерделейтін уақыт. Өнер ұжымының жарты ғасырлық мерейтойына және Қыздар университетінің 75-жылдығына орай ансамбль Арман Бексұлтанның «Қазақтың ару қыздары» атты әніне бейнебаян түсіруді жоспарлап отыр. Бүгінде «айгүлдіктер» аталған ауқымды шараларды жоғары деңгейде атап өту үшін қызу дайындық үстінде.

Айкерім БИТАНОВА,Шығармашылық бөлімінің басшысы

Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің ұйытқы болуымен оқытылып жатқан таңдау пәнінің мақсаты – Қазақстанның ежелгі дәуірден XX ғасырдың басына дейінгі кезең тарихын студенттерге жүйелі түрде оқыту, Шығыс пен Батыс мәдениеттерінің диалогы ауқымындағы бүгінгі Ұлы дала тарихының қайталанбас ерекшелігі мен маңыздылығын анықтайтын ғылыми тұжырымдарды зерделеу. Сондай-ақ, төл тарихымыздағы Мәңгілік ел идеясының тарихи бастаулары мен оның түрлі тарихи кезеңдеріндегі ерекшеліктері мен құндылықтары негізінде мемлекеттік идеологияны жүзеге асыру қарастырылған.

Аталған пән Қазақстан тарихының теориялық-методологиялық тұжырымдарына негізделген. Курстың хронологиялық шеңбері еліміздің ежелгі дәуірден XX ғасыр басына дейінгі қалыптасқан тарихи кезеңдерімен анықталған.

– «Ұлы дала» ұғымын eліміздeгі бaрлық халықтар қacтeрлeйтін жeтeкші идeя рeтіндe түсіндіріп оның ғылыми нeгіздeмecін жacaп арнайы оқыту уақыт талабынан туындап отыр. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында ұлтымыздың ұлылығын ұлықтайтын ұғымдарды орынды көтерді. Елбасы белгілеген міндеттердің үдecінeн шығу үшін біздер, педагогтар не істеуіміз керек? Ол үшін білімді, caуaтты, ұлттық caлт-дәcтүрі мeн тaрихын, мәдeниeті мeн әдeбиeтін, тілі мeн дінін тeрeң ұғынғaн мамандарды дaярлaп, cолaр aрқылы бaршa Қaзaқcтaн хaлқының дaму пeрcпeктивacын қaлыптacтыруымыз

Дәуір талабы тудырған дәрісҚазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің оқу үдерісіне «Ұлы дала тарихы» пәні енгізілді.

Нұрзина ҚАЙРАТҚЫЗЫ,«Qyzdar Ýniversiteti»

Шараға Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Болатхан Сарбасов арнайы қатысып, өңірдегі мектеп оқушыларына университеттің арнайы таныстырылымын көрсетті. Ол кәсіби бағдар беру жұмысы барысында жиналғандардың сұрақтарына жан-жақты толық жауап берді.

Байқауға Көкжота орта мектебінің құрметті түлегі ретінде шақырылған Б. Сарбасов қазылық жасады. Қарымды қаламгер Оралхан Бөкейді еске алу, қазақ халқының әдеби, мәдени қазыналарын кеңінен насихаттау, дарынды оқушыларды анықтау және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында ұйымдастырылған сайыс екі кезең бойынша өтті.

– Өмірден ерте кеткенімен, артына мол әдеби мұра қалдырған Оралхан Бөкей ұлттық көркемөнерімізде өзіндік орны бар ірі суреткер. Жазушы шығармалары сол кезеңнің өзекті проблемаларын көтеріп, оны өз замандастарының образдары арқылы шешіп бере алған маңызды туындылар дейміз. Оралхан Бөкей прозалық шығармаларында замана көрінісін, замандастарының әр алуан жарқын да жайсаң бейнесін жасай білді, қаламгер өзіндік ерекшелігімен әдебиетімізге үлкен үлес қосты. Оның қаламынан туған туындыларды оқырман жылы қабылдады, жұртшылықтың рухани азығына айналды, – дейді шара ұйымдастырушылары.

Болашақ бүгіннен басталады

Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкжота орта мектебінде «Рухани жаңғыру» жобасы аясында жазушы, драматург, қоғам қайраткері Оралхан Бөкейдің 75 жасқа толуына орай «Оралхан оқулары» көркем сөз оқу шеберлерінің аудандық байқауы өтті.

Санжар АМАНТАЙ,«Qyzdar Ýniversiteti»

Еліміздің жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткен дәстүрлі білім сайысының мақсаты – талантты әрі білікті жас мамандарды анықтау және оларға қолдау көрсету. Сондай-ақ, арнайы және инклюзивті білім беру саласында ғылыми-пе-дагогикалық қызметкерлерді дайындау бойынша бірегей білім беру кеңістігін құру. Олимпиадаға Қазақстанның барлық аймағынан келген 11 топ қатысты. Командалар үш кезең бойынша өзара сынға түсіп, білімдері мен біліктілігін паш етті. Сайыстың алғашқы кезеңінде студенттер белгілі бір тақырып аясында эссе жазса, екінші айналымда дайындап келген ғылыми жобаларын қорғады. Ал үшінші турда «Құқық және экономика негіздері» пәнінен тест тапсырмаларын орындады.

– Университет қабырғасында үздік білімдерімен дараланып жүрген студенттер республикалық байқауда да сенімді толық ақтап, шығармашылық қарым-қабілетін жоғары деңгейде көрсете білді. Атап айтқанда, олимпиада барысында білімгерлер аутизм дертіне шалдыққан балалардың құқығын қорғау бойынша арнайы жобаны қорғады. Ол қазылар алқасы тарапынан бағаланып, жоғары ұпай берілді, – деп атап өтті топ жетекшісі, Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің Құқық және басқару негіздері кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ақмарал Қожабекова.

КАЛЕЙДОСКОП

Білім бәйгесінде топ жарды

Қазақ мемлекеттік қыздар педаго-гикалық университетінің «Құқық және экономика негіздері» маман-дығында оқитын студенттерінен құралған «Реформатор» тобы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемле-кеттік университетінде өткен X респу-бликалық пәндік олимпиадада жалпы командалық есепте 2-орын алды.

Республикалық балалар мен жасөспірімдерге арналған «Қазақстан патриоты» әскери-патриоттық журналының мұрындық болуымен ұлттық валютамыз – теңгенің 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған сайыстың мақсаты – жас ұрпақтың патриоттық рухын шыңдап, олардың еліміздің экономикалық әл-ауқатын арттыруға үндеу.

Сайысқа еліміздегі 3-25 жас аралығындағы жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Байқау шарты бойынша қатысушылар төл теңгенің 25 жылдық мерейтойына орай А-4 көлемінде сурет салып, теңгенің тарихи мән-маңызы, тәуелсіздік жылдарында елдің экономикасы мен әлеуетінің дамуы жайлы шығарма жазды. Сонымен қатар ұлттық валютаның ұлт болмысын ашуға, ұлттық идеология мен патриоттық тәрбиеге қосатын үлесін поэзия тілінде шеберлікпен ашып көрсетті.

Қыздар университетінің Кәсіптік білім кафедрасының студенттері республикалық, халықаралық байқауларға үнемі қатысып, жүлделі орындарға ие

Ұстаз еңбегі ақталдыҰстаздың еңбегі еленіп, жетістігі бағалануы тиіс. Ал, шәкірт-тері «жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар» шығып, бағы жанса нұр үстіне нұр болмақ. Қазақ мемлекеттік қыздар педагоги-калық университетінің Әлеуметтік-гуманитарлық факуль-тетінің 3-курс студенті Әйгерім Әсемхан «Ұлттық валюта – ұлт мақтанышы» атты республикалық шығармалар, сурет-тер және поэзия байқауында бірінші орынға ие болды.

қaжeт. Дәл оcы көзқaрac тұрғыcынaн қaрaғaндa eліміздің жоғары оқу орындарында білім алып жатқан жастарды заманға сай оқытып қана қоймай, олардың ұлттық caнa-ceзімін қaлыптacтыратын арнайы пән ашу мәceлecі туындaп отыр. Қоғамдық ойдың қозғаушы күшіне, ұлт идеологиясының негізіне айналуы тиіс «Ұлы даланың тарихы» пәні оқу үрдісіне осы мақсатта енгізілді, – деп атап өтті Қыздар университетінің ғалымдары.

Пән 15 тақырыптан тұрады. Тақырыптарда Ұлы дала тарихы пәні және оның рухани жаңғыру мен тарихи сананы қалыптастырудағы орны, Түркі мәдениетінің дүниетанымдық мәні және көшпенділердің әлемді түйсінуінің ерекшеліктері, Ұлы Жібек жолы Еуразия құрлығындағы мемлекеттер мен өркениеттердің мәдени сұхбаттастығы мен экономикалық байланыстарының алғышарты, қазақ халқының этногенезі мен ұлттық коды туралы тың деректер қамтылған. Сонымен қатар Ұлы даладағы тәуелсіздік үшін күрес және ұлттық бірлік пен бірегейлік идеялары, әскери өнердің қалыптасуы мен даму эволюциясы және Ұлы даланың ұлы тұлғалары жайындағы іргелі зерттеу еңбектер де топтастырылған.

– Пәнді оқыту барысында ұлттың өзіндік ерекшелігі мен бай рухани тарихын айғақтайтын оқиғаларға жете назар аударылады. Бабадан балаға мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны сақтай отырып, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп табыстау сияқты асыл қасиеттер осы пән шеңберінде жүзеге асырылады. Бұл бастама – болашақ мамандардың білім деңгейін көтерумен қатар, мемлекеттілікті нығайту, жаңа қазақстандық патриотизм мен ұлттық құндылықтар негізінде тарихи сананы қалыптастыру сынды өміршең идеяларды жүзеге асыруға септеспек, – дейді факультет ұстаздары.

Қазіргі күнде аталған пән бойынша арнайы оқу құралы дайындалып жатыр. Оған белгілі ғалымдар мен сала мамандары жұмылдырылған.

болып келеді. Соның нақты бір айғағы осы сайыс. Жарыс барысында «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығында оқитын Әйгерім Әсемхан өзінің шеберлігін барынша паш етіп, үздік атанды. Оның жеткен жетістігі бір бұл ғана емес. Студентіміз жақында Венгрияда өткен халықаралық плэнерге қатысып, жеңіске жеткен болатын.

Айта кетейік, студентті «Ұлттық валюта – ұлт мақтанышы» атты республика-лық байқауға Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің доценті Рамазан Мизанбаев дайындады.

Рахия ДАРМЕНОВА,Кәсіптік білім кафедрасының меңгерушісі,

педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Әлеу-меттік-гуманитарлық факультетінің студенттері Қазақстанның Қор биржа-сының (KASE) жобаларына белсенді атсалысуда.

Қаржылық сауаттылығын

арттырды

Атап айтқанда, биылғы жылы «Биржалық серпін» жобасына қатысуға оқу орнының «Есеп және Аудит», «Экономика» мамандықтарында оқитын студенттер шақырту алып, ерекше белсенділіктері және қаржылық сауаттылықтары үшін арнайы сертификатқа ие болды. Сондай-ақ, жоба қорытындысы бойынша ұйымдастыру барысындағы белсенділігі үшін факультет деканы Жамал Әшірбекова мен «Экономика және бизнес» кафедрасының қаржы магистры Динара Қалыбекова арнайы «Алғыс хатпен» марапатталды.

– Байқау нәтижесі бойынша сауда көлемі 2 332,3 млн. теңгені құрады. Бұл жобаға қатысқан барлық студенттер көрсеткіші. Жобаның ең үлкен тиімді тұсы ең жоғарғы инвестициялық портфель жинаған студенттерге бірнеше ірі қаржы мекемелерінде төленетін, кепілдендірілген тәжірибеден өту мүмкіндігі беріледі және кей жағдайларда жұмыспен қамту мәселесі де қарастырылады, – дейді факультет оқытушылары.

Page 8: QYZDAR ÝNIVERSITETI - kazmkpu.kzkazmkpu.kz/wp-content/uploads/2018/12/КАРАША-2018-1.pdf · Физика-математика факультеті 3 1 1 2 9 16 8. Өнер және

Мысли о законе и порядкеОбщественный порядок – это просто организо-

ванное насилие.Анатоль Франс

Сначала наведи порядок среди сильных, потом наведи порядок среди слабых; сначала наведи по-рядок в большом, потом наведи порядок в малом; сначала наведи порядок в своей жизни, потом при-води к порядку других.

Чжугэ Лян

Мысли о городахГород – это люди, а не стены.

ФукидидЛюбовь к тому или иному городу обусловлена

чувствами, которые в нем пришлось испытать, а не самим городом.

Марлен Дитрих

Если хочешь по-настоящему узнать город, надо ходить пешком.

Андре Моруа

Мысли о выгодеНикакие деньги не бывают помещены выгод-

нее, чем те, которые мы позволили отнять у себя обманным путем, ибо за них мы непосредственно приобретаем благоразумие.

Артур ШопенгауэрБлагородный человек ставит на первое место

долг. Сначала проявляет долг, затем приобретает выгоду, поэтому людям не надоедают его приобре-тения.

Конфуций

8 WEEKEND №10 (176)қараша

2018 жыл

Бағасы келiсiм бойынша. Таралымы – 1000 дана.

Тапсырыс №1206

Жарияланған мақаладағы автор пiкiрi редакция ның көзқарасын бiлдiрмейдi.

Редакцияға түскен қолжазба қайта рылмайды, үш компьютерлiк беттен асатын материалдар қабылданбайды.

«Qyzdar Ýniversiteti»-не жарияланған мақала көшiрiлiп басылса, сiлтеме жасалуы мiндеттi.

ҚҰРЫЛТАЙШЫ:

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің

Медиа департаменті

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:

Бас редакторЖандар АСАН

МЕКЕНЖАЙЫ:050000, Алматы қаласы,

Әйтеке би көшесі, 99Байланыс телефоны:

8 (727) 237-00-07 Газет «Qyzdar Ýniversiteti» газеті редакциясының компьютерлік

орта лығында беттелді. «Дәуір» РПК ЖШС баспасында басылды.

Мекен-жайы: Алматы қ., Ш. Қалдаяқов к., 17

Байланыс телефоны: 8(727) 273 12 04Газет Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлiгiнде

16.03.2012 ж. қайта тiркелiп, №12345-Г куәлiк берiлген.

ДизайнерГүлчаһра ЖЕКСЕНБИ

ФототілшіДәурен АБДИЛЬДИН

QYZDAR ÝNIVERSITETI

QYZDAR ÝNIVERSITETI

THOUGHTS

БІЛГЕНІҢ БІР ТОҒЫЗ

СПОРТ

QÝ NEWS

Ел ішінде ұмытылып бара жатқан әйелдердің әсіресе қыздардың бас киімдеріне байланысты «Бер-гек кигізу» деп аталатын дәстүр бар. Бергек дегеніміз – өте әдемі, әшекейлі, әдемілеп тігілген, сәукелеге ұқсас тамаша бөрік, қыз бөрікке ұқсайтын әдемі бас киім.

Қазақ әйелдерінің бас киімдері жас айырмашылық пен әлеуметтік жағдайына байланысты бір-бірінен көп ерекшеленеді. Атаулары да алуан түрлі. Біз ұмыт болған, ең көне түрлерін атайтын болсақ: бергек, жырға, сәукеле, шілтер, бүркеніш, шылауыш.

Бергек деген атау – берік деген сөзден алынған. «Басы берік болсын» деген ниет. Қыздарға құда түсіп, үкі тағуға барған кезде, бергектің төбесіне шоқпардай үкі тағып, қыздың құлағына сырға салып, басына бергек кигізіп кетеді. Ол – сырға тағу дәстүрі. Құда түскеннен кейін үкі тағуға барғанда атқарылады, яғни сол жолы үкі тағылған бергек дейтін бас киімді кигізіп кетеді. Бергек дейтін бас киімді киген қыз далаға шыққаннан кейін, басқа көрші қолаңдар, басқа жігіттер: «Басы берік екен», «Басына бергек киіпті», «Құда түскен қыз екен» – деп бірден таниды.

Белгілі этнограф Болат Бопайдың айтуынша, қыз бергекті шешкеннен кейін, ұзатылу тойында сәукеле киеді. Сәукеле, ұзын, биік боп тігіледі, киіз үй формасында болады. Төбесіне үкі қадалады. Оны алтын, күміс зер жіптермен, әртүрлі әдемі асыл жібек жіптермен әшекейлеп тігеді. Сәукелені алтын жіппен тігуі – қыздың басы ардақты болсын, алтындай, қымбатты болсын, құнды болсын дегені. Күміс зер жіппен тігуі – қыз салмақты болсын, орнықты болсын

Бергек кигізу дәстүрі

Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі департаменттің мұрындық болуымен «Ұлпан» асханасында ұйымдастырылған шараға университеттің 100-ден астам студенті қатысты. Олардың басым бөлігі 1-курс білімгерлері.

Шара барысында Алматы қаласындағы Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінде аспаздық шеберлігін меңгерген, аталған оқу орнының «Арнайы пәндер» мамандығының оқытушысы Айнұр Керімбекова және өндірістік оқыту шебері Азат Керімбеков бойжеткендерге мейрамханалық сервис пен тағам дайындаудың қыр-сырын түсіндіріп, дастарханда отыру мәдениетін тәжірибе жүзінде көрсетті. Сонымен қатар мамандар түрлі жеміс бөліктерін түрлендіріп ыдысқа безендіру әдістері мен қазіргі таңдағы заманауи сұранысқа ие үш қатпарлы және құлпынай дәмімен қаймақты коктейль сусындарын жасаудың құпияларымен бөлісті. Шеберлер тағамдардың сапасымен қатар, оны ұсыну және безендіру ерекшелігіне, денсаулыққа пайдалылығына басымдық беру жайына да назар аударды.

«Асхана – қолынан бал тамған қыз-келіншектердің ордасы. Тағам дайындау – мамандық емес, ол – өнер. Қыздар университетінің бүгінгі студенттері ертең ана атанып, бір шаңырақтың алтын қазығына айналады. Бойжеткендер оқу орнында алған білімін тәрбиемен, аспаздық өнердің қыр-сырымен ұштастыра білсе нұр үстіне нұр болмақ. Алдағы уақытта да бұл шараны өткізу дәстүрге айналады», – деп атап өтті шара ұйымдастырушылары.

Шеберлігін шыңдадыҚазақ мемлекеттік қыздар педагогика-лық университетінде «Be Unique in the kitchen» атты жас аспаздарға арналған шеберлік сыныбы өтті.

Альрамина НҰРӘЛІ,«Qyzdar Ýniversiteti»

Алматы қаласының Спорт комитетінің «Спорттық Алматы» бөлімі ұйытқы болған дәстүрлі сайыстың мақсаты – жастардың денсаулығын нығайтып, спорттық шеберлігін шыңдау және олардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Қазақтың Спорт және туризм академиясының кешенінде өткен жарысқа 16 команда қатысып, бақтары мен баптарын сынады.

– Барша азаматтардың денсаулығын нығайту – жарқын болашаққа апаратын алтын сүрлеу десе де болады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында дене шынықтыру мен спортты дамытуға айрықша көңіл бөлу қажеттігіне басымдық берген болатын. Қазіргі таңда осы бағытта ауқымды мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, жүзеге асырылуда. Бүгінгі жас ұрпақтың

Турнирде табандылық таныттыҚазақ мемлекеттік қыздар педагогика-лық университетінің құрама команда-сы волейболдан Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткен турнирде екінші орын алды.

білімді де білікті, сапалы азамат болып жетілуі тәлім-тәрбие беретін ұстазға, ата-анаға, өскен ортасына тікелей байланысты. Сондықтан да біздің алдымызда тұрған басты мәселенің бірі – салауатты өмір салтын насихаттау, – дейді турнир ұйымдастырушылары.

О л и м п и а д а л ы қ жүйеде ұйымдастырылған сайыстың финалында Қыздар университетінің командасы Спорт және туризм академиясының құрамасымен кездесті. Тартысты өткен ойында педагогикалық оқу орнының аяқ доп шеберлері қарсыластарына 2:0 есебімен есе жіберіп, турнир кестесінің екінші сатысынан орын алды. 3-орынға Алматы Энергетика және байланыс университеті ие болды. Спорт бәсекесінде жеңіс тұғырына көтерілген командалар мен жекелей қатысушыларға Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар

табыстады. Айта кетейік, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің құрама командасын жарысқа Дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушысы С. Нұрпейісов дайындады.

дегені. Ал жасыл жіптерді істетуі – ол ұрпақты болсын, көңілі жай болсын, өмірлі-ғұмырлы болсын дегені. Көк жіп пайдалануы – сол үйде бейбітшілік болсын, тіршілігі болсын, ұрыс-керіс болмасын, жамандық болмасын, жақсылық болсын дегені.

Сәукеле – тек сәндік үшін киілетін бас киім емес,

бұлғақтап өскен оң жақтағы өмір мен ақ босаға аттар арасындағы қимас та, қызықты сәттің ескерткіші, жаңа өмірге жасалар қадам. Өмірінде бір-ақ рет киілетін сәукеленің әйел заты үшін киімдері ішіндегі ең асылы ғана емес, оның жұбайлық өміріндегі елеулі кезінің естен кетпес ыстық сәті екені түсінікті. Сондықтан қалыңдыққа сәукеле кигізудің орны бөлек. Ол – ерекше бір салтанат. Бұған қ ұ д а - қ ұ д а ғ и л а р шақырылады. Шашу шашылады. Ақ бата арналады. Сәукелелі

келіншек ажарлы да, базарлы көрінеді. Оны жұрттың бәрі көруге ынтық. Оның көрімдігі де соған лайық болу керек. Сәукеле байғазысының бағасы да олқы болмайды.

Дайындаған Жарас КЕМЕЛЖАН(«Jas Qazaq» газетінен алынды)

Дәстүрлі спорт жарысына Алматы қаласындағы 11 жоғары және орта арнаулы оқу орындарының 24 студенті қатысып, өзара мықтыны анықтады. Олар 8 топқа бөлініп, жарысты олимпиадалық жүйемен жалғастырды.

Қыздар университетінің атынан қатысқан М. Қалықбай жарыс жолында жылдамдығы мен шеберлігін паш етіп, қарсыластарынан басымдық танытты. Десе де финалда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенті Гаухар Алмағамбетоваға ұпай есебімен жол беріп, екінші орынға табан тіреді.

Жалпыкомандалық есеп бойынша 1-орынға әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті ие болса, 2-орынды Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің спортшылары қанжығасына байлады. Ал 3-орын Нархоз университетіне бұйырды.

Біріншілікте бағы жанды

Жарыс қатысушыларына «КИМЭП университеті» акционерлік қоғамының президенті Чан Йан Бэнг алғыс білдіріп, сый-сияпат көрсетті. Спорт бәсекесінде «жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар» шыққан командалар мен жекелей қатысушыларға дипломдар мен кубоктар табысталды.

Айта кетейік, Медиана Қалықбай бүгінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2-курсында білім алады. Бойжеткен үстел теннисінен Қазақстан Республикасының спорт шебері. Оны жарысқа Дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушысы А. Кухаренко дайындады.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагоги-калық университетінің Педагогика және психология факультетінің 2-курс студенті Медиана Қалықбай КИМЭП университеті ректорының кубогы үшін үстел теннисінен өткен ашық бірін-шілікте 2-орынды иеленді.

Қазақ эстрадасының жұлдызы, Қа-зақстан Республикасының еңбек сіңір-ген қайраткері, Қыздар универси-тетінің түлегі Гүлнұр Оразымбетова оқу орнының студенттерімен кездесті.

«Өнер – менің өмірім»

Өнер және мәдениет факультетінің «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығының 4-курс студенті Гүлмарал Қансұлтанованың дипломдық жұмысын қорғау аясында ұйымдастырылған кеш барысында әнші Қыздар университеті қабырғасында өткізген студенттік кезеңіндегі қызықты оқиғалары жайлы айтып, студенттер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

«Алматыдай әсем қаладағы Гоголь көшесімен өтіп бара жатып, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің жанынан өткенде өмірімнің ең бір аяулы да қызықты сәттері көз алдыма елестейді. Есіме өнерге баулыған ұстаздарым, құрбы-құрдастарым түседі. Артта қалған студенттік жылдарға оралғандай әсер аламын. Бұл қарашаңырақтың орны бөлек. Мен үшін де, сіздер үшін де. Сондықтан да барды бағалап, бүгінгі сәттеріңіздің қадірін түсіне біліңіздер», – деді ол.

Жиында Өнер және мәдениет факультетінің деканы Гүлнұр Өмірбаева өнер иесіне ізгі лебізін білдіріп, университет ұжымының атынан сый-сияпат көрсетті.

Кеш соңында Гүлнұр Оразымбетова жұрт-шылық арасында кеңінен танымал болған бірнеше әнін орындап, жиналғандардың ыстық ықыласына бөленді.